АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

 

 

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы

 

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………

 

1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ.                                               

  • Саяси-дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы…………………
  • Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының құқықтық негіздері………………………………………………………………………………………

 

2 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ.

2.1 ҚР мен ЕО-тың экономикалық қатынастарының қалыптасуы………..

2.2 Сауда байланыстары және ТАСИС бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық……………………………………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы сыртқы саясатының мазмұны мен бағыттары оның мемлекеттік саясаты, идеологиясы, ұлттық мүдделері мен экономикалық даму потенциалымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, әлемдік саясатқа жол ашылғаннан бастап, мемлекет алдында әлемдік ынтымақтастықты дамуға байланысты көптеген міндеттер пайда болды. ҚР-ның Елбасы мәлімдегендей, тәжірибе мемлекетіміздің қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретін түрлі дағдарыстық жағдайлардың алдын ала отырып, дұрыс жол таңдағанын дәлелдеді, және де Президенттің 2006 ж. Жолдауына сәйкес Қазақстанның дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті қойылды/1/. Қазақстанның бүгінгі күнгі даму деңгейін қалыптастыруда жүзеге асырылған бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформалар мен барлық мемлекеттермен бейбіт қатынастар орнатуға негізделген көпвекторлы сыртқы саясаттың ықпал еткені белгілі.

     «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» құжатында Елбасы әлемдік қауымдастыққа ену саясатын дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың қозғаушы күші болып табылатын, нарықтық жүйенің басты орталықтары – АҚШ, Жапония, Еуропа және Қытай серіктестігінің мүмкіндіктерін басты назарға ала отырып жүргізу қажеттігін атап өткен болатын/2/.

     Президент Қазақстанның стратегиялық бағыттарының ішінде Еуропалық Одақ елдерімен байланысқа баса назар аударды. Елбасының айтуынша, Қазақстанның ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасында таяу уақытта бүкіл Еуропа мемлекеттерінің атынан басқа өлкедегі мемлекеттермен байланысқа түсетін Еуропалық Одақтың маңызы зор. Әсіресе, экономикалық саладағы мүмкіндіктерді пайдаланып қалу қажеттігі көрсетілді/3/. Өз кезегінде бұрынғы Сыртқы істер Министрі Қ. Тоқаев ҚР-ның сыртқы саясаты жөніндегі Консультативтік кеңесінің 4 мамыр 2002 ж. өткен алғашқы отырысында: «Қазақстан екі құрлықта да мүмкіндіктері зор ірі еуразиялық мемлекет болып табылады, және де ҚР-ның көпжақты, көпвекторлы сыртқы саясатында басымдықтары бар»/4/деп мәлімдеді.

     ҚР-ның сыртқы саясат тұжырымдамасында еуропалық бағыт тұрақты басымдыққа ие. Осыған байланысты, Қазақстанның ЕО елдерімен қатынастарының қалыптасуына, әсіресе, саяси-дипломатиялық, экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың дамуына жанжақты талдау жасаудың маңызы өте зор. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығының кең көлемде жүзеге асуы ҚР-ның сыртқы саяси және экономикалық бағытының рационалдық, практикалық құрамдас бөлігі болуымен де байланысты. Бұл өз кезегінде ЕО-тың, ҚР-ның сыртқы саясатындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарының қалыптасуының бастапқы кезеңінде-ақ республика басшылығы ЕО әр мемлекеттің сыртқы саясаты стратегиясын жасауда есепке алынуға тиіс саяси және экономикалық күш екенін түсінді. Еуропалық Одақ мемлекеттердің экономикалық және саяси ірі бірлестігіне айнала отырып, әлемдегі интеграциялық үрдістердің үлгісі қызметін атқарады. Таңдап алынған даму бағытының дұрыстығын дәлелдейтін жетістіктер Еуропада жүзеге асқан болатын.

     Қазақстан Республикасының Еуропамен ынтымақтастығын арттыруға ең алдымен мемлекетіміздің Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің түүйіскен тұсында орналасуы негіз болады. Екіншіден, ЕО бүгінгі таңда әлемнің басты экономикалық орталықтары мен сауда-экономикалық ынтымақтастық бірлестіктерінің бірі болып табылады. Еуропа – бұл, ең алдымен, энергетикалық шикізаттың тұтыну нарығы, Қазақстан экономикасы үшін капиталл мен инвестицияның экспорты, ғылым, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының жоғарғы деңгейі.

      Өз кезегінде Қазақстан Республикасы геосаяси орналасуымен, Еуропа мен Азияны байланыстырушы көлік дәлізі, табиғи байлықтары, әсіресе, көмірсутекті шикізат пен тау-кен саласымен Еуропалық Одақтың назарын аударып отыр. Қазақстанда барланған мұнай мен газдың бай қорларының болуы ЕО-тың негізгі мақсаттарын айқындап берді. Сәйкесінше, Қазақстанның Еуропалық Одақ елдеріне энергетикалық ресурстар жеткізуші ретіндегі Орталық Азия өлкесіндегі рөлі күннен күнге артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, мемлекетіміз бен Еуропалық Одақ айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан ЕО-тың стратегиялық серіктестіні болса, ЕО ірі сауда серіктесі және инвесторы болып табылады. 2000 ж. бастап ҚР мен ЕО арасындағы қатынастар екіжақты ынтымақтастықта жаңа бағыттардың пайда болуымен сипатталатын «жаңа кезеңге» аяқ басты. Бұл Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісімде бекітілді.

      Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақстан мен Еуропалық одақтың байланыстарының қалыптасуы мәселесінің тарихнамасына байланысты С.Нурдавлетова// жан-жақты зерттеу жүргізді. Батыстық тарихнамада зерттеуші М. Олкотт Еуропалық Одақ пен Каспий өлкесінің байланыстарын зерттесе, Дж. Бонин ЕО мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы мәселесіне талдау жасайды. Р. Барыльский, Г. Фуллер, Д. Андерсон Каспий мәселесіне байланысты зерттеулер жүргізсе, профессор Г. Глисон білім беру саласы мен бүгінгі таңдағы Орталық Азия өлкесіндегі қалыптасқан жағдай мен даму тенденцияларын басты назарға алады. Зерттеуші А. Рар Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы қарымқатынастың салыстырмалы талдауын береді. Жалпы алғанда, батыстық авторлар ортаазиялық мемлекеттердегі қоғамды демократияландыру, энергоресурстарды Еуропаға жеткізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін көтереді… 1990 ж. аяғында Батыс Еуропа мен АҚШ университеттерінде Орталық Азияны зерттеу орталықтары қалыптасқан болатын. Еуропалық зерттеу орталықтары мен институттарының ішінде «Француздық Орталық Азияны зерттеу институты», британдық «Халықаралық қатынастардың корольдық институты» және «Стратегиялық зерттеулердің халықаралық институты», «Германияның сыртқы саясаты қоғамы» т. б. атауға болады/нурдав9-10/.

     2000-2007 жж. ресейлік авторлар еуропалық интеграцияны кешенді талдау, Ресей Федерациясы, Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің (соның ішінде Қазақстан) байланыстары мәселелеріне баса назар аударады. О. В. Буторин/123/, В. В. Журкин/124-125/, М. В. Каргалова/126/, М. М. Максимова/127/ Ю. В. Шишкова/128/ т.б. еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ресей, ЕО, ТМД арасындағы ынтымақтастық, еуропалық интегрция мәселелері қарастырылады. Профессор Ю. А. Борко/129/ өз еңбектерінде ЕО мен ТМД елдерінің сауда-экономикалық саладағы байланыстарына талдау жасайды.

     (Енсебаева)Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуына байланысты қазақстандық тарихшы, саясаттанушы зерттеушілердің көптеген еңбектері жарық көрді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ байланыстарының қалыптасу тарихы мәселесі әлі де зерттелу үстінде.

     Қазақстандық зерттеушілердің ішінде Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелеріне байланысты Қ. Тоқаевтың бірқатар еңбектері жарық көрді. Автор Қазақстан мен Еуропалық Одақтың байланыстарын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы баяндайды. ҚР-ның сыртқы саясаты бойынша алғашқы жалпылама еңбектердің бірі – 1997 ж. жарық көрген «Под стягом независимости» кітабы. Еңбекте егемендіктен кейінгі бес жылдағы сырқы саясаттың қалыптасуы мен Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену үрдісі баяндалады.

     Сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарды зерттеуде Қ. Тоқаевтың «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» (2000) монографиясының маңызы зор. Еңбекте жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық факторлар туралы баяндалады. Әсіресе, тәжірибелік және ғылыми-саяси қызығушылықты монографияның Қазақстанның халықаралық ұйымдармен, соның ішінде, Еуропалық Одақпен байланыстары қарастырылатын тарауы туғызады. Автор өзінің «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы» атты монографиясында елдің жаңа мыңжылдықтағы сыртқы саяси бағытын айқындай отырып, ұзақ мерзімді дамубағытында негізгі қызыңушылықты Еуропалық Одақ туғызып отыр. Еліміз үшін ЕО-тың саяси диалогты дамытуға дайындығының тәжірибелік маңызы зор деп көрсетеді/45.34-35/. Қ. Тоқаев еңбектерінің ішінде Қазақстан Европалық Одақтың байланыстары мәселесіне арналған мақаланы бөліп көрсетуге болады. Мақалада екіжақты экономикалық байланыстардың талдауы мен келісімдік-құқықтық негізінің қалыптасқан жағдайы қысқаша қарастырылады/46/.

     Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, стратегиялық мақсаттары мен негізгі міндеттері, принциптері мен басымдық бағыттары, Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасын даярлауда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қосқан үлесі, т. б. мәселелер Г. Б. Ханның/47,48/ басшылығымен шыққан ұжымдық еңбектерде жарық көрді.

     Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтары мен бағыттарын геосаяси тұрғыдан зерттеу тайваньдық ғалымы Чжен Кун Фу/49/ еңбектерінде жарияланды. Сыртқы саясат пен қоғамдық пікір, Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдерінің өзара байланыстары ҚХР зерттеушісі Сюй Хоэй-Фан/51/ еңбектерінде баяндалады.

     Қазақстанда бүгінгі күнде еуропалық интеграция мәселелерін зерттеумен айналысатын профессор Ж. У. Ибрашев басқаратын мектеп қалыптасты. Еуропалық интеграция мәселесін зерттеумен К. И. Байзакова, И. Л. Бурнашов, Ф. Т. Көкеева сынды ғалымдар айналысады. Қазақстандық зерттеушілер кейбір еңбектерінде ҚР мен ЕО-тың ынтымақтастығының жекелеген аспектілеріне ғана тоқталып өтеді. ҚР мен ЕО-тың екіжақты байланысы ынтымақтастығының жалпы мәселелері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасы оқытушыларының жекеленген мақалалары мен ұжымдық еңбектерінде жарық көрді. Соның ішінде негізгі еңбектер Ж. У. Ибрашевтың редакторлығымен шыққан «Еуропалық Одақ және Орталық Азия»// атты жинаққа енгізілді. Ұжымдық монографияда алғаш рет Еуропалық Одақтың ТМД елдеріндегі қызметі мен бағыттары, жалпы тенденцияларды талдау мен салыстыру мәселелері көтерілді/57/. Г. Ш. Жамбатырова мен И. А. Черныхтың «Еуропалық Одақ және Орталық Азия» атты бөлімінде ЕО мен Орталық Азия мемлекеттері арасында өзара қарым-қатынастардың орнауы мен ынтымақтастықтың саяси-құқықтық негіздері қарастырылған. Каспий мұнайын тасымалдау мен қауіпсіздік, экологиялық мәселелер И. А. Черных тарауында көтеріледі. ЕО мен ҚР-ның өзара байланыс мәселелері М. Ш Ғұбайдуллина еңбегінде жарық көреді/65/.

     Орталық Азия аймағындағы демократия мен демократиялық институттарды дамыту бойынша Еуропалық бағдарлама мәселесі К. Н. Макашеваның//, Тасис және Темпус бағдарламаларының қызметі Ф. Т. Көкееваның// еңбегінде жарық көреді. Ұжымдық монографияның кемшілігі – еңбекте наша тасымалдау мәселесі толық қарастырылмайды.

     Зерттеуші М. Т. Лаумулин// монографиясының жекеленген тарауында ҚР мен ЕО-тың байланыстарының қалыптасу тарихын қарастырады. Аталмыш мәселені ЕО-тың экономикалық, саяси және стратегиялық мүдделері тұрғысынан ашып көрсетеді. Еуропалық Одақтың құрылуы мен еуропалық интеграцияның қалыптасу мәселелеріне байланысты еңбектер кеңестік кезеңде жарық көрді. Нақты ҚР мен ЕО-тың екіжақты қарым-қатынасына байланысты 2003 ж. зерттеуші Э. Т. Еңсебаеваның «Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында» диссертациясы, 2007ж. жоғарыда аталған С. М. Нұрдавлетованың диссертациясы жарық көрді. Э. Т. Еңсебаева өз зерттеуінде ҚР мен ЕО арасындағы саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды зерттейді. С. М. Нұрдавлетова еңбегінде 2000-2007 жж. экономикалық мәселесі тереңірек зерттеледі. Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы мәселелеріне   КИСИ, Қазіргі саясаттың халықаралық институты, т.б. орталықтар да зерттеу жүргізеді.

     Бітіру жұмысының деректік қоры. (нурд)Бітіру жұмысының деректік негізін құрайтын деректерді сипаты бойынша бірнеше топқа сыныптауға болады. Деректердің бірінші тобын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен халықаралық құқықтың негізгі принциптерін қамтитын құжаттар құрайды. Бұл ең алдымен, ҚР-ның сыртқы саяси бағдарының қалыптасу үрдісінің концептуалдық және құқықтық негізі болып табылатын ҚР Конституциясы/5/. Осы жерде Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектісі ретіндегі барлық құқықтарының егемендігін растайтын заңнамалық актілерді де атауға болады.

     Деректердің екінші тобына Еуропалық Қауымдастықтың негізін құрайтын құжаттар: Париж келісімі – Көмір мен болаттың Еуропалық бірігуі туралы келісім (ЕОУС), Рим келісімдері – Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) және Атомдық энергия жөніндегі Еуропалық қауымдастық (Еуратом) туралы келісімдер, Бірыңғай еуропалық акт, Маастрихт, Амстердам және Ницца Келісімдері жатады/8-14/.  Аталған құжаттардан бөлек екінші топқа ӘлФараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық Құжаттау орталығының Еуропалық Одақтың халықаралық қызметіне байланысты материалдары енеді/15-17/. Маңызды деректердің бірқатарын Еуропалық Комиссияның ресми баспа органы болып табылатын ТАСИС ақпараттық бюросындағы әр жылдық баяндамалар, анықтамалық құжаттар, ТАСИС бағдарламасының мақсаты, міндеттері мен шарттарына байланысты материалдар мен ақпараттар, т.б. құжаттар құрайды//.

     Үшінші деректер тобына ҚР мен ЕО-тың екіжақты қатынастарын реттейтін дипломатиялық құжаттар мен ЕО Комиссиясының құжаттары жатады//. Деректердің төртінші тобын Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің ішківедомстволық құжаттары мен ҚР-ның СІМ мұрағатының материалдары//, т. б. құрайды.

     Деректердің бесінші тобына Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың мүшемемлекеттерінің мемлекеттік және саяси қайраткерлерінің жоғарғы дәрежедегі кездесулер, конференциялар мен жиналыстардағы баяндамалары мен арнаулары жатады. Бұл деректер тобы екі жақты ынтымақтастық мәселелеріне байланысты саяси қайраткерлердің ресми позициясы мен көзқарастарын айқындауға көмек береді.

     Алтыншы топтағы деректерге мерзімді басылым беттері мен Халықаралық ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі материалдар енеді. Газет-журналдардағы ақпараттық материалдар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық ынтымақтастығы мәселесіне қатысты жаңалықтарды кешенді талдауға септігін тигізеді.

     Деректердің жетінші тобын белгілі бір мәліметтерді сандық және фактілік растайтын статистикалық жинақтар құрайды//. Бұл материалдар Қазақстан мен мүше мемелекеттердің экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметтерді қамтиды және екіжақты сауда, инвестициялық қатынастардың сипатын ашып көрсетеді. Деректер мен материалдардың Қазақстан ЕО-тың экономикалық ынтымақтастығының дамуы үрдісін зерттеуде маңызы зор.

         Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысынының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық ынтымақтастығының дамуын зерттеу. Осы мақсатқа жетуде төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың дипломатиялық қатынастарының орнауының негізгі кезеңдерін қарастыру;
  • ҚР мен ЕО ынтымақтастығының құқықтық негіздерін айқындау;
  • Экономикалық қатынастардың қалыптасуы, бағыттары мен сипатын анықтау;
  • Екіжақты сауда байланыстарын талдау;
  • ҚР мен ЕО арасындағы ТАСИС бағдарламасы аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуын зерттеу;
  • ҚР мен ЕО ынтымақтастығының даму жоспарын айқындау;
  • Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағыттың тұрақтылығын көрсету; т. б.

     Бітіру жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Бітіру жұмысының методологиялық негізін мәселенің зерттелу объектісін ғылыми және объективті бағалауға мүмкіндік беретін жалпы методологиялық принциптер құрайды. Бұл ең алдымен, объективтілік және тарихилық принциптері. Тарихилық принципі зерттеудің мақсаты мен бағытын анықтап, тарихи құбылыстарды пайда болуы мен даму барысында зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихилық принципін зерттеу объектісі мен оның орнын айқындауға септігін тигізетін объективтілік принципі толықтырады.

     Бітіру жұмысын жазу барысында тарихи құбылысты белгілі бір жүйе шеңберінде қарастыруға мүмкіндік беретін жүйелілік тұрғының негізгі ережелері қолданылды. Деңгейлік-секторлық тұрғы экономикалық қатынастардың эволюциясын кешенді талдауға мүмкіндік береді. Елбасы және тағы басқа қайраткерлердің баяндамаларын талдауда мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері қолданылды. Қойылған міндеттерді орындауда салыстырмалы тарихи талдау, құжаттарды зерттеу секілді жалпы ғылыми тәсілдер де көмегін тигізді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық ынтымақтастығының дамуын зерттеуде тарихи баяндау, талдау, болжау тәсілдері де қолданылды. Мәселенің көпаспектілігі жұмысты баяндаудың мәселелік-хронологиялық тұрғысын қолдануды қажет етеді.

         Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы жұмыстың мақсат-міндеттерімен тікелей байланысты. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы жеке мәселе ретінде толық зерттелген жоқ. Бітіру жұмысында Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағыттың үлгісі Еуропалық Одақпен байланыстарының қалыптасу сатылары қарастырылып, экономикалық ынтымақтастықтың дамуы жеке мәселе ретінде талданады. Зерттеу барысынды кең көлемдегі деректер мен материалдарға талдау жасалынып, жүйелі баяндалады. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығының даму перспективасына жеке баға беріледі. Осы мәселеге қатысты жүргізілген тарихи ғылыми зерттеулердің нәтижелері қолданылады. Және Қазақстан мен Еуропалық Одақтың бүгінгі күнгі экономикалық байланыстарына бойынша жаңа мәліметтер ғылыми айналымға енгізіледі.

     Бітіру жұмысының практикалық маңызы – жұмыста қолданылған материаладар тарихшы, саясаткер, экономист және т. б. мамандардың қызығушылығын туғызады.

     Бітіру жұмысының хронологиялықтерриториялық шеңбері. Бітіру жұмысында Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасының басталуынан, яғни ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалар баяндалады. ҚР мен ЕО арасындағы екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен келісімдердің мәні мен маңызы талданады.

     Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарауды қамтитын негізгі, қорытынды бөлімдер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың құрылымы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың орнауынан бастап, бүгінгі күнге дейін жүзеге асып келе жатқан экономикалық байланыстар мен оқиғалар негізінде құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ

 

  1. 1 Саяси-дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы

 

     Орталық Азия аймағының бүгінгі таңда барлық дерлік халықаралық қауымдастықтар үшін маңызы артып келеді. Соның ішінде Еуропалық Одақ та аталмыш аумақтағы экономикалық қатынастарға айрықша мән беріп отыр. Оның бірнеше себептері бар. Энергоресурстарға тәуелді Еуропалық Одақ Таяу Шығыстағы мұнай қорларына балама энергетикалық қайнар көздерді іздеуге тырысады. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемдік қауымдастыққа танылуы, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу үрдісі жас мемелекетіміздің жаңа мыңжылдықтағы маңызды даму тенденцияларын көрсетеді.

     Қазақстан Республикасының еуразиялық кеңістіктегі шекаралар түйісінде орналасуы мен геосаяси орналасуы мелекетімізді әлемдік қатынастарға белсенді араласуын міндеттейді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарында елде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды өзгерістер орын алды. Негізгі заңның қабылдануы Қазақстанның егемендігін нығайтуда қажетті саяси-құқықтық шарттарды қалыптастырып, тиімді сыртқы саяси бағдарды жүзеге асырудың алғышарттарын жасады//.

     Осылайша, қазіргі қалыптасқан жағдай сыртқы саяси бағдарда көпвекторлы ынтымақатастық пен серіктестікті дамыту қажеттілігін айқындап отыр. Қазақстан үшін тиімді бағыттардың бірі – еуропалық вектор екені белгілі. Соғыстан кейінгі Еуропа территориясында қалыптасқан жоғары дәрежелі интеграция үрдісіне баса назар аудара отырып, Елбасы Н. Ә Назарбаев 1995 ж. осы бағытты стратегиялық және ұзақ мерзімді деп көрсете отырып, Еуропалық Одақтың Қазақстанның дамуында қосар үлесін ерекше атап өткен болатын//.

     Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың екіжақты ынтымақтастығының дамуына ерекше назар аударылып отыр. Қазақстанның сыртқы саясатында ҚР мен ЕО арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды қалыптастыру басым бағыттардың біріне айналды.      Өз кезегінде Қазақстан Республикасы геосаяси орналасуымен, Еуропа мен Азияны байланыстырушы көлік дәлізі, табиғи байлықтары, әсіресе, көмірсутекті шикізат пен таукен саласымен Еуропалық Одақтың назарын аударып отыр. Қазақстанда барланған мұнай мен газдың бай қорларының болуы ЕО-тың негізгі мақсаттарын айқындап берді. Сәйкесінше, Қазақстанның Еуропалық Одақ елдеріне энергетикалық ресурстар жеткізуші ретіндегі Орталық Азия өлкесіндегі рөлі күннен күнге артып отыр. Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастықты арттыру республикада өңдеуші өнеркәсіп, ауылшаруашылығы салаларын дамыту мен банк және қаржы жүйесінің жалпы құрылымын, еңбек пен қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     1993-1995 жж. Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасымен өзара қарым-қатынасы тұжырымы қалыптасты. Ол бастапқы кезеңде саяси демократияландыру мен экономикалық либерализациялауды қолдау, заң шығару және т.б. салаларды басқару стратегиясын жүзеге асыруда кеңес беру секілді басымдықтарға негізделді//. 1993-2000 жж. аралығында екі жақ та өздерінің мақсат-міндеттері мен мүмкіндіктерін толық айқындап үлгермегенімен, бүгінгі таңда Еропалық Одақ Орталық Азия мен Қазақстанда «бақылаушы» рөлінен «қатысушы» рөліне көшті. Алғашқы жылдары ЕО пен бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер арасындағы саясаттың қалыптасуы, ЕО-тың жалпы стратегиясының негіздері, жекеленген Еуропа мемлекеттерінің саяси, экономикалық мүдделерінің ЕО-тың жалпы саяси бағдарымен үндесуі қандай болады және қалай жүзеге асады деген сұрақтардың туғаны жасырын емес. Сол сияқты Еуропада да ТМД-дағы демократиялық және нарықтық қайта құрулар туралы толық шынайы түсінік қалыптаспады.

     Еуропалық Одақ пен Орталық Азия және Қазақстанмен қарым-қатынасы үрдісін шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1994-1999 жж. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Еуропалық Одақтың Орталық Азия мен Қазақстандық стратегиясы төмендегідей бағыттардан тұрады:

  • Орталық Азия мен Қазақстандағы ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру;
  • түрлі демократиялық жаңашылдықтар мен нормаларды қабылдау;
  • жаңа демократиялық республикаларға нарықтық қатынастарға енуде экономикалық көмек көрсету және сыртқы экономикалық ба ланыстарын реттеу.

     Жоғарыдағы мақсаттарға аталмыш бағыттарды пайызсыз несие мен қарыз түріндегі мемлекетаралық келісімдерді бекіту жолымен қаржыландыру арқылы қол жеткізілді. ЕО қаржылық көмекпен қатар халықаралық және еуропалық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, Еуропарламент, Еуропалық комиссия, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Комиссариаты, Еуропа Кеңесі және т.б.) көмегімен ішкі саяси жағдайдың мониторингін жүргізді. Көптеген орталық азиялық республикалар ЕО-тың жүргізілуге тиіс Еуропалық стандарттарға сай реформалар үшін қаржылай көмек беріліп отырғандығымен келісті. Осы жерде Бұрынғы КСРО құрамындағы республикаларға көмек көрсетуге бағытталған «ТАСИС» бағдарламасын атап өтуімізге болады.

     Батыстан телінген идеология республикалардың ішкі саяси жағдайына тұрақтандырушы ықпалын тигізді. Демократияның батыстық стандарты көптеген белгілері бойынша мемлекетке қарсы күштерді ұйымдастырушы болып табылатын діни ренессанс үрдісін бастауға мүмкіндік берді//.

     Үшінші «жаңа кезең» (2004 ж. – бүгінгі күнге дейін) Еуропалық Одақтың Орталық Азия мен Каспий аймағына саяси бағдарлануымен ерекшеленеді. Қазір ЕО наркотрафик пен заңсыз көші-қон, діни экстремизм мен басқа да заманауи үндеулердің алдын алуда маңызды рөл атқаратын Орталық Азияға қатысты өз стратегиясын анықтады.

     Атап өтетін бір жайт, 11 қыркүйек 2001ж. АҚШ-дағы оқиғадан кейін Еуропалық Одақ орталықазия аймағына қатысты саясатын қайта қарап, аймақтық ынтымақтастыққа баса назар аудара бастады. Осыған сәйкес ЕО тың көмек көрсету стратегиясына өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде ТАСИС техникалық бағдарламасы жасалынды. 2002-2004 жж. бағытталған индикативті бағдарлама Орталық Азия аймағымен өзара байланыста кешенді бағыт енгізу бойынша ЕО-тың қабылдаған жаңа бастамаларын қамтитын алғашқы бағдарлама болды.

     Қазақстанның қазіргі жағдайы көпжақты ынтымақтастық пен серіктестіктің тиімділігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының еуропалық істерге қызығушылығы да негізсіз емес. Ең алдымен Қазақстан Батыс Еуропадағы жоғары дәрежедегі интеграцияға мән беріп отыр. Екінші себебі, ҚР-ның бір бөлігінің еуропалық континентте орналасуы болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан экономиканы қалпына келтіру, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мен жеке сыртқы саясатты жүргізуде ЕО-тың көмегі мен тәжірибесіне қызығушылық туғызды.

     Еуропалық Одақ саясатының қазақстандық бағытында экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңызы өте зор. Соның ішінде елдегі жүзеге асырылған жекешелендіруді қолдау мен кәсіпорындарды қайта құруға назар аударылды. Бұл кіші және орта кәсіпорындарды дамыту мен қаржылық құрылымдарды модернизациялаумен байланысты болды. ТАСИС бағдарламасы бойынша Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құруда бірқатар шаралар жүргізілді. ЕО-тың Қазақстанға қатысты саясаты бастапқы кезеңнен-ақ республиканың өлкедегі еуропалық қаржылық және саяси институттарды біртіндеп нығайту, мемлекеттік үлгілерді демократияландырумен байланысты ішкі саяси үрдістерді пайдалануға негізделген жалпыеуропалық стратегияға қосылуымен байланыстырылды. ЕО пен ҚР-ның ресми байланысы 3 наурыз 1992 ж. басталады. Бұл күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұрынғы вице-президент Ф. Адрияссен басқарған Еуропалық қауымдастық Комиссиясының делегациясын қабылдады. Кездесу барысында екі жақ та тікелей байланыстар орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді. 1992 ж. соңында Алматыда ЕО-тың  ТАСИС бағдарламасы аясында ҚР-на техникалық көмек көрсету жөніндегі Координациялық Бюросы ашылды. Кейінірек, ЕО Комиссиясы мен Қазақстан Үкіметі ТАСИС бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасы болып табылатын «Қаржыландыру жөніндегі Меморандумға» қол қойды//.

     Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастар 2 ақпан 1993 ж. орнатылды. 1-2 ақпан 1993ж. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Брюссель қаласына ресми іссапары болды. Нәтижесінде Еуропалық Комиссия Президенті Ж. Делормен келіссөздер жүргізілді.

     15 қазан 1993 ж. ҚР делегациясы Брюссельде текстильді өнім саудасына байланысты келісім жасасты. Аталмыш келісімді жүзеге асырудың 1 қаңтар  1994 жылдан 31 желтоқсан 1995 жылға дейінгі келісімі жасалды, ал 1 қаңтар 1996 ж. бастап келісім тағы да 3 жылға ұзартылды.  

    ҚР мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастарының қалыптасуының маңызды сатыларының бірі — Бельгия Корольдығында 15 сәуір 1993 ж. Қазақстан Елшілігінің ашылуы болды. Қазақстанның Брюссельдегі дипломатиялық өкілдігі ЕО-пен саяси және экономикалық байланыстарды тереңдету, ЕО-тың Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізуге берілетін көмегін мобилизациялау, ЕО институттарымен тұрақты байланыстарды нығайту, т.б. мәселелерін көтерді. Елшіліктің ашылуы ҚР мен ЕО-тың тиімді ынтымақтастығын дамытуда жаңа қадам болды.

     Алайда, ҚР мен ЕО-тың одан кейінгі байланыстарын айқындайтын басты оқиға ҚР-ның Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 19 қаңтар 1994 ж. Бельгия Корольдығындағы ҚР Елшілігіне ЕО тұсындағы ҚР-ның Өкілдігі қызметін жүктеу мен ҚР-ның Бельгия Корольдығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. М. Қырбасовты Өкілдіктің басшысы етіп тағайындауы болды. Бұл оқиға екіжақты қатынастарға қажетті дипломатиялық негізді жасады.

     ҚР мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауында маңызды рөлді ЕО-тың ҚР-дағы дипломатиялық өкілдігінің ашылуы болды. 1994 ж. қарашада Алматыда Р. Кремердің басшылығындағы Еуропалық Комиссияның Өкілдігі ашылды. Р. Кремер 1994 ж. желтоқсанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевқа сенімділік грамотасын тапсырды.

     Осылайша, 1994 ж. соңына қарай Қазақстан мен Еуропалық Одақтың толыққанды ынтымақтастығын дамытудың барлық – экономикалық, саяси және дипломатиялық алғышарттары мен шарттары қалыптасы. ЕО бұрынғы Кеңес Одағы территориясындағы Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты саясатының стратегиясын айқындады. Ол қажеттілікке байланысты орталық азиялық аймақ немесе жекеленген мемлекеттерге бағытталып, бейімделіп отырды//.

      Өз кезегінде, Қазақстан ЕО-пен байланыстарын жоғарғы деңгейге көтеру, ҚР-ның Бельгиядағы Елшілігін ашу, ынтымақтастық және техникалық көмек жөніндегі бағдарламаны қабылдау, олардың барлығын жүзеге асырудың қажетті шарттарын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол себепті ЕО Қазақстанды  өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруда саяси еріктілігінде немесе объективті экономикалық шарттарында кемшілігі жоқ ең белсенді серіктестердің бірі ретінде таныды.

     Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың келесі байланыстары біршама сәтті дамытылды. Осы кезеңде Қазақстан өзара тиімді қатынастарға негіз болған халықаралық келіссөздер мен келісімдер жасады. 1995 ж. қаңтарда Президент Н. Ә. Назарбаев пен ЕО Кеңесінің Басшысы Ж. Сантер 1 шілде 1999 ж. күшіне енген Серіктестік пен Ынтымақтастық жөніндегі Келісімге (СПС) қол қойды. Құжаттарды бекітудегі өз сөзінде Қазақстан Президенті ТМД елдері төрт еркіндік: тауар, жұмыс күші, қызмет пен капиталдың еркін қозғалысына негізделген  Европалық Одақ үлгісін қабылдауы керек деп көрсетті. «Біз Еуроодақтан XXI ғасырға бағытталған экономикалық және саяси интеграцияның барынша тиімді үлгісін көреміз» деді//.

     ЕО-ның ҚР-мен дипломатиялық қатынастар орнатудағы басты мақсаттарының бірі – тоталитарлық саяси жүйеден демократиялық ашық қоғамға өту және аймақтағы тұрақтылықты сақтау үрдісіне ат салысу болды. Қазақстандық-еуропалық қатынастардың қалыптасу барысын талдай отырып, төмендегідей қорытындылар жасауға болады. ҚР Үкіметі Еуропадағы интеграциялық үрдістерді жақсы қабылдайды. ҚР мен ЕО-тың екіжақты байланыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. ҚР мен ЕО-тың экономика, энергоресурстар саласындағы ынтымақтастығы ҚР-ның сыртқы саясатының  басым бағыттарының бірі болып табылады. Еуропалық интеграция Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін аймақтық интеграцияның озық үлгісі болып саналады. ҚР мен ЕО байланыстарының қалыптасу кезеңінің аяқталуы жаңа кезеңмен алмасады. 2002 ж. 6-8 мамыр аралығында Астанаға ЕО-тың Техникалық Комиссиясының делегациясы ЕО Елшілігін астанаға көшіруге байланысты мәселелерді кешенді бағалау мақсатында келді.Бұрынғы Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев кездесу барысында ЕО-пен байланыстардың  Қазақстан үшін маңызын ерекше атап өтті//.

     ҚР мен ЕО қатынасының дамуына ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2000 ж. маусым және 2002 ж. қарашадағы Брюссельге сапары ықпал етті. Іссапар барысында Елбасы ЕО-пен байланыс Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты екендігін айтып өтті//. 2000 ж. кездесуде екіжақты келісімнің жағдайы мен даму болашағы және оны стратегиялық серіктестік жағдайына көшіру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында текстильді өнімдер саудасы жөніндегі екіжақты келісімдерге өзгерістер енгізу туралы Келісімге қол қойылды. 2002 ж. кездесуде ЕО штаб-пәтерінде ҚР Үкіметі мен ЕО атомдық энергияға қатысты келісімге қол қойды.

     2003 ж. қазанда Қ. Тоқаевтың Брюссельге сапары барысында Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығының жаңа бағыттары белгіленді. Ал, 2004 ж. Еурокомиссия мүшесі  К. Паттен  Қазақстанға сапарында ЕО Қазақстанды аймақтағы көшбасшы мемлекет және маңызды геостратегиялық серіктес ретінде танитынын мәлімдеді//.

     15 қаңтар 2007 ж. Астанада Сыртқы істер Министрі М. Тәжин ЕО-қа мүше мемлекеттер Елшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі жақ қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың дамуы мен келешегі, халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, аймақтық саясат пен энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды/79/.

     ЕО өкілдері тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда үлкен өзгерістер болғандығын және бүгінгі күнде Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналғандығын атап өтті. Бенита Ферреро-Вальднер Астанадағы 19 қазан  2006 ж. кездесуде айтқандай: «Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономикалық дамуы экономикалық реформалар мен қаржылық көмектің жоғары сапалығына байланысты үлкен жетістікке айналды. Қазақстан мемлекетті шеберлікпен басқару және ядролық қарудан бас тарту үлгісімен әлемдік сахнада жоғарғы тұрғыдан көрінді»/75/.

     Осылайша, Қазақстан мен ЕО байланыстарының қалыптасу кезеңі аяқталып, жаңа деңгейге көшті деп айтуымызға болады. 2000-2007 жж. ҚР мен ЕО арасында түрлі келісімдерге қол қойылды. Жалпы алғанда, ҚР мен ЕО қатынастары – ЕО-тың тәжірибесі мен даму мүмкіндіктерін мемлекеттік қызмет жүйесін нығайтуда қолдану, дағдарыстық құбылыстардың алдын авлу, құрылымдық қайта құру, экономиканы либерализациялау мен тұрақтандыру, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялану мен нарықтық құрылымдарды реформалау сынды жалпы сипаттағы бағыттарға ие.

     М. Тәжин айтқандай, біз динамикалық экономика мен халықаралық қауымдастықта берік позицияға ие күшті және тұрақты мемлекетті құрдық. Таңдалған басымдықтар мен  мақсаттарға қол жеткізудегі реттіліктің дұрыстығын, Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қосқан зор үлесін Қазақстанды әлемдік деңгейде құрметту мен бағалау дәлелдейді. Бүгінде Қазақстан күрделі аймақтық геосаяси жағдайда сәтті дамудың үлгісі болып отыр. 2006 жылға қорытынды жасай отырып, М. Тәжин ең басты жетістік Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын тұрақтылықпен қамтамасыз ететін ЕО елдерімен серіктестіктің жаңа сапасы болып отыр деп көрсетеді//.

     Сонымен қатар, Қазақстан ЕО-тың Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа стратегия дайындау процесіне белсенді қатысқандығын атап өтуге болады. ГФР СІМ статс-министрі Г. Эрлер 2006 ж. шілдедегі іс-сапарында: «Біз Қазақстанның сыртқы істер Министрлігінен аталмыш концепция бойынша мәліметтерді қамтитын құжатты алдық»//, — деп мәлімдеді.

     2007 ж. Еуроодақтың басшылығындағы Германия орталықазиялық бағытты дамытуды мақсат етіп қойғаны белгілі. Стасминистр ЕО-тың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын дайындайтығын және Қазақстанның жаңа концепциямен белсенді айналысып жатқанын атап көрсетті. Г. Эрлердің айтуынша жаңа стратегия Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мен аймақтық ынтцымақтастықты дамытуға бағытталады//.

     ҚР мен ЕО ынтымақтастығын дамытуда қауіпсіздік, терроризм және басқа қауіптерге қарсы күрес мәселерін қарастырудың да ықпалы тиді. 2003-2007 жж. 15 жоба жоспарланып, қаржыландыру мөлшері көбейтілді (36,5 млн. евро). Еуроодақ жобаларды жүзеге асыру механизмдерін дайындау жұмыстарын жүргізді.

     ЕО аймақтағы экономика дамуының әртүрлі деңгейіне түсінушілікпен қарайды және аймақтық ынтымақтастықтың негізі ретінде Қазақстанға баса назар аударады. Осы тұста Президент Н. Ә. Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру туралы идеясы қызығушылық туғызады. Қазақстанның ЕО-тың жекеленген мүше мемлекеттерімен де қарым-қатынасы тұрақты дамытылуда.

     Қазақстан-герман қатынасы. Германия Федеративті Республикасы —  әлемдегі дамыған экономикасы, қоғамдық және саяси қатынастардың демократиялық жүйесі, жоғарғы деңгейдегі демографиялық, ғылыми-техникалық, мәдени және әскери дамуымен ерекшеленетін қуатты мемлекет. 31желтоқсан 1991 ж. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекеттердің бірі. ГФР мен КСРО арасындағы 1990 ж. көршілестік, серіктестік, ынтымақтастық Туралы Келісім негізінде барлық саладағы ынтымақтастықты дамыту принциптері мен міндеттеріне сүйене отырып, Германия ТМД мемлекеттері, соның ішінде Қазақстанмен де тығыз байланыс орнату бағытын белгіледі. Келісім-шарт  Қазақстандағы неміс ұлтының ұлттық, тілдік және мәдени құндылықтарын одан әрі дамытуға септігін тигізді.

     Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 11ақпан 1992 ж. орнады. Бұл мемлекетаралық байланыс пен халықаралық сахнадағы өзара әрекеттестікті 1 тамыз 1975 ж. Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды Актісі мен 21 қараша 1990 ж. жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясының негізгі принциптері мен ережелеріне сай дамытуға мүмкіндік берді.

     Алматы мен Берлинде екі елдің Елшіліктері, Германияның ірі қалаларында бас консульдықтар мен консульдықтар ашылған. Екі ел арасында саяси және экономикалық байланыстар дамытуға мүмкіндік беретін сенімдік қатынастар орнады. Екі жақты саудаэкономикалық ынтымақтастық өзара мүддеге негізделген. Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы Басты серіктесі болып табылады. ГФР-ның Қазақстан үкіметінің нарықтық экономика жағдайында тұрақты экономикалық дамуын қамтамсыз етуге бағытталған саясатын қолдауы  Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты факторы болып табылады. Біріккен кәсіпорындар саны жағынан Германия әлем елдерінің ішінде Қытай мен Түркиядан кейінгі үшінші, еуропалық мемлекеттер арасында бірінші орынды иеленеді.

     ГФР мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығын дамытудың болашағы зор. Бұл неміс және қазақ экономикалық жүйелерінің бірін-бірі толықтырушы құрылымына байланысты.

     Қазақстан-француз қатынастары. ҚР-ның әлемдегі барлық мемлекеттермен теңқұқықтық және өзара тиімді қатынастарды дамыту мен нығайтуға бағытталған сыртқы саясатында әлемдік саясат, экономика мен мәдениеттің негізгі орталығы – Еуропамен ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Қазақстан Еуразияның кіндігінде орналаса отырып, сыртқы саясатта барлық еуропалық мемлекеттермен байланыстарды дамытуды мақсат етеді. Солардың ішінде дамыған елдердің бірі Франция болып табылады. Францияның әлемдегі дәрежесі жоғары екендігі сөзсіз.

     Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 7 қаңтар1992 ж. таныды, ал  25 қаңтар 1992 ж. екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Франция Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуда негізгі басымдықты ҚР-на береді. Франция үкіметі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбавтың ұлтаралық қатынастар саласындағы қызметі мен Азиядағы өзара сенім мен шаралар жөніндегі кеңесті шақыру бастамасын, сонымен қатар, Халықаралық терроризмге қарсы бірлік аясындағы ынтымақтастықты дамытудағы үлесін өте жоғары бағалайды. Ядролық мемлекеттердің ішінде Франция Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін берді. Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстардың негізгі қағидалары достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісім-шартта көрсетілген. Аталмыш келісімге қол қою, Францияның Қазақстанға ядролық қауіпсіздік кепілдігін беруі, ел басшыларының тұрақты байланыстары, әлемдік және аймақтық мәселелерге байланысты позицияларының жақындығы екі жақты қатынастардың жоғарғы деңгейі мен ерекше сипатына дәлел бола алады.

     Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ірі атақты француз фирма, банктері мен компанияларының өкілдіктері жұмыс істеп келеді. Франциямен саудаэкономикалық ынтымақтастықта арттыру Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі болып табылады. Францияның қуатты экономикалық даму потенциалы мен алдыңғы қатарлы технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Қазақстан Франциядан машина жасау, электроника, фармацевтика мен агроөнеркәсін кешені өнімдерін сатып алады.

     Қазақсан-британ қатынастары. Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесінің бірі, «үлкен сегіздік» мүшесі және ядролық держава болып табылады. Ол ТМД мемлекеттеріне баса назар аударады. Осы аймақтағы Қазақстанға ірі мұнай мен газ қорларының иесі ретінде үлкен басымдық береді. Ұлыбританияның Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретіндегі маңызы екі жақты қатынастарда саяси және экономикалық мәселердің болмауымен ерекшеленеді.

     Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты британ сыртқы саясатының маңызды міндеттері төмендегідей;

  • Каспий аймағындағы позицияларын нығайту;
  • либералдық реформаларды қолдау;
  • Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық құрылымдағы қызметін бақылау;
  • діни радикализмнің таралуына жол бермеу.

     Қазақстан өз тарапынан Біріккен Корольдікке нарықтық экономика, өнеркәсіптік ноу-хау, демократияны қалыптастыру тәжірибесіне қызығушылық білдіреді. Ұлыбритания ҚР-ның тәуелсіздігін 1 қаңтар 1992 ж. мойындады, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 19 қаңтар 1992 ж. бекітілді. Екі мемлекет те еркін нарық пен сауда, экономиканың либерализациясы жағдайындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Әсіресе инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамытылуда. Ұлыбритания экономикасына АҚШ-тан кейінгі әлемдегі ең көп инвестиция тартылады. Сәйкесінше Ұлыбританияның бай инвестициялық тәжірибесі Қазақстанның инвестициялық саясатын жүзеге асыруда үлкен қызығушылық туғызады.

 

  1. 2 ҚР мен ЕО ынтымақтастығының құқықтық негіздері

 

     «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, Еуропалық экономикалық қауымдастық пен Атомдық энергия, сауда мен коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық қауымдастық арасындағы» 18 желтоқсан 1989 ж. келісім-шарт ҚР мен ЕО арасындағы қарымқатынастардың негізін салған басты құжат болып табылады//.

     Сонымен қатар, Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қою мен оны ЕО-қа мүшемемлекеттердің ұлттық парламенттері ратификациялағанға дейінгі аралықта жасалған Сауда және онымен байланысты мәселелер жөніндегі ҚР мен ЕҚ уақытша келісімі//, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін алғаш рет қол қойған халықаралық құжат болып табылатын Еуропалық энергетикалық хартия// ЕО мен ҚР ынтымақтастығының құқықтық негіздерін құрайды.

     1993 ж. «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық экономикалық қауымдастықтың текстильді өнімдер жөніндегі келісімі»//, 1999 ж. «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық экономикалық қауымдастықтың көмір мен болат және болат өнімдерінің саудасы жөніндегі келісімі»// секілді екі жақты келісімдер, және жаңа 2002 ж. келісім//,  2000 ж. «ҚР Үкіметі мен ЕҚтың атомдық энергия мен басқарушы ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімі»// және оны алмастырушы жаңа  2002 ж. келісім// Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құрайды.

      Алайда ЕО мен ҚР арасындағы ең басты құжат Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісім болып табылады. 23 қаңтар 1995 ж. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев пен ЕО Комиссиясының басшысы Ж. Сантер Брюссельде осы келісімге қол қойды. Бұл Келісімді Парламент 1997 ж. мамырда ратификациялады және ол 1 шілде 1999 ж. күшіне енді//. Бұл ҚРның сыртқы саясатындағы дипломатияның жалпы еуропалық маңызы бар ірі жетістіні болып саналады.

     Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім ҚР мен ЕО-ның саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған негізгі екіжақты келісім болып есептеледі. Келісімнің негізгі мақсаттары: ЕО мен ҚР-ның саяси қатынастарын дамытуда қажетті құрылымды қамтамсыз ету; Қазақстанның демократияны нығайту мен экономиканы дамытудағы қызметін қолдау; сауда мен инвестицияландыруға ықпалдасу; заң шығару, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми, технологиялық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты дамыту.

     Аталмыш келісім Қазақстанның халықаралық және сауда қатынастарындағы маңызды құжат болып табылады. Келісімнің маңызы ең алдымен, ЕО-тың әлемдік экономика мен саясаттағы рөлі, экономикалық қуаты мен әлеуметтікэкономикалық дамудың көп ғасырлық тәжірибесімен айқындалады. Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасының қалыптасуын заңдастыру одаққа мүше мемлекеттермен екіжақты байланыстарды арттырудың да маңызды шарты болып табылады. Сонымен бірге келісімге қол қою ҚР мен ЕО арасындағы байланыстың келесі кезеңі – салалық сипаттаға келісімдерді бекітуге жол ашты. Келісімді бекіту экономикалық ынтымақтастықты дамытуда саяси және құқықтық маңызы зор.  Құжат мәтінінде екі жақтың компанияларына ұлттық жүйені қамтамасыз ету міндеті көрсетілген. Қазақстандағы шикізат көздерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуге, жалпы несиелік нарықтарды қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

     ЕО мен ҚР байланыстарын дамытуда Келісім мәтініне енгізілген Кеден істеріндегі ынтымақтастық жөніндегі қаулының маңызы зор. Қаулы еркін сауда туралы Келісімге қол қою мен Қазақстанның жалпыеуропалық нарықтық үрдістерге қосылуының негізін құрайды. Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісім мәтіні: негізгі мәтін мен тоғыз бөлімді құрайтын жүз баптан; келен мәселелеріндегі әкімшілік органдар арасындағы өзара әрекеттестік жөніндегі қаулы; үш қосымша мен қорытынды актіден тұрады. Келісімнің бастапқы мерзімі – он жыл. Көрсетілген мерзімнен кейін келісім Қазақстан мен ЕО тоқтатпаса, автоматты түрде ұзартылады. Келісім көрсетілген уақыт аралығында толықтырылып, оған өзгертулер енгізуге болады.

      Аталмыш құжатта ҚР мен ЕО қатынастарының жаңа тұжырымдамасы берілген. Тұжырымдаманың негізгі мәні өзара тиімділік пен теңқұқықты серіктестік болып саналады. Келісімнің негізгі міндеті – Қазақстанға нарықтық экономикаға өтуде ықпалдасу және ЕО елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатға жәрдемдесу. Келісімнің негізгі мақсаттары:

 — саяси мәселелерді  талқылау барысында тығыз саяси қатынастарды қалыптастыру;

 — сауда, инвестициялық және экономикалық байланыстарды қалыптастыру мен дамыту;

 — өзара тиімді экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми, технологиялық және мәдени ынтымақтастықты дамытудың негізін салу;

 — ҚР-дағы демократияны нығайтуға байланысты іс-шараларды қолдау және дамыту.

     Келісімнің І Бөлімі екі жақ арасындағы қатынастар негізделетін жалпы принциптерден тұрады. Сонымен қатар, БҰҰ Жарғысы, Хельсинки Қорытынды Актісі мен Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында көрсетілген демократия, халықаралық құқық пен адам құқықтарын құрметтеу туралы мәлімденеді.

     Келісімнің ІІ Бөлімі екі жақтың саяси диалогының формасы, сипатын айқындайды. Саяси салада Келісімге сай саяси диалог пен халықаралық мәселелердің барлық спекторлары бойынша консультациялар жүйесі қалыптастырылады. Саяси диалогтың негізгі мақсаты ҚР мен ЕО арасындағы саяси байланыстарды нығайту болып табылады.    

     Келісімге сай саяси диалог үкімет мүшелері, нақты айтқанда, сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асады. Саяси байланыстың ынтымақтастық Кеңес шеңберінде жүргізілуі ЕО-тың әлемдік саясат жөніндегі қызметін реттеуді күшейтеді. Ерекше маңызды мәселерді қарағанда, Қазақстан Парламенті мен Еуропалық Парламент депутаттарынан жұмысшылар мен арнайы топтар құрылады.

     Келісімнің ІІІ Бөлімінде ҚР мен ЕО-тың сауда ынтымақтастығы туралы айтылады. Осы бөлім бойынша сауда саласында екі жақ бірбіріне барынша тиімді жүйені қамтамасыз етуге міндеттеледі.  Бұл ең алдымен, Қазақстан импортына ЕО кедендік тарифтерінің төменгі көрсеткіштерін қолдануды білдіреді. Ішкі нарықтағы импорттық тауарларды  жүзеге асыру шарттарына байланысты ішкі заңдар мен ережелерге сай екі жақ бірбіріне ұлттық жүйені қамтамасыз етеді. Сол себепті Қазақстан тауарларына ЕО-тың ішкі нарығында ЕО елдерінен келетін тауарлардан  жоғары салықтар салынбайды.

     IV Бөлім кәсіпкерлік пен инвестициялауға арналады. Келісім ЕО инвестицияларын Қазақстанға тарту мен ЕО елдеріндегі қазақстандық шаруашылық субъектілердің инвестициялық қызметіне тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік береді. Нақты айтқанда, бұл бөлім инвестиция мен өзара көмекке тұрақты және қолайлы жағдай қалыптастыру талаптарын қамтиды.

     V Бөлім заң шығару саласындағы ынтымақтастыққа арналады. Бұл бөлім бойынша, ҚР мен ЕО заң шығарудағы ұқсастықтары тығыз экономикалық байланыстар орнатудың маңызды шарты екенін көрсетеді. Кедендік, кәсіпкерлік, салық, интеллектуалдық меншік құқықтары, еңбекті қорғау, қаржылық қызмет, бәсекелестік ережелері, мемлекеттік сатып алулар, адам денсаулығы мен өмірін сақтау, Қоршаған ортаны қорғау т. б. сынды салалардың құқықтық шарттары екі жақтың құқықтық жақындасу үрдісін реттейді.

     VI Бөлім ҚР мен ЕО ынтымақтастығының экономикалық саласын қамтиды. Аталмыш бөлімнің сауда және экономикалық ынтымақтастық саласын сәтті дамытуда маңызды рөл атқарады. Келісім аясындағы ынтымақтастық экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен  Қазақстанның дамуын жеделдетеді. Нақты айтқанда, Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім ЕО мен ҚР ынтымақтастығының салаларын айқындайды. Осы мақсатта келісім екі жақтың экономикалық ықпалдастығының жалпы құқықтық шеңбері мен басым бағыттарын төмендегі салалар бойынша айқындайды: индустриалды ынтымақтастық, инвестицияларды тарту мен қорғау, мемлекеттік қамсыздандыру, таукен ісі және шикізат, ғылым және технология, білім беру және оқыту, ауыл шаруашылығы, энергетика, қоршаған орта, көлік, ғарыш, пошта қызметі мен телебайланыс, қаржылық қызметтер, аймақтық дамыту, әлеуметтік ынтымақтастық, туризм, шағын және орта кәсіпкерлік, ақпарат және байланыс, т.б.

     VII Бөлімде мәдени ынтымақтастық мәселесі, ал VIII Бөлімде Қаржылық ынтымақтастық шарттары көрсетіледі. Келісім құқықтық негізді бекітіп, экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын нақтылайды. Қаржылық көмек ТАСИС бағдарламасы аясында жүзеге асады. ТАСИС бағдарламасы ҚР мен ЕОтың экономикалық және саяси байланыстарын дамытуға бағытталған. IX Бөлімде ҚР мен ЕО арасындағы Келісімнің институционалдық, жалпы және қорытынды ережелері көрсетіледі. Келісім бойынша, осы келісімнің ережелерін жүзеге асуын қамтамасыз ететін және бақылайтын үш орган бекітіледі, олар – Ынтымақтастық Кеңесі, Ынтымақтастық Комитеті және Парламенттік Ынтымақтастық Комитеті.

      Келісім екі экземплярда және қазақ, дат, голланд, ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, грек, португал тілдерінде құрастырылған. І Қосымшада ҚР-ның артықшылықтарының индикативті тізімі беріледі. ІІ Қосымша Қауымдастық Ескертулерін, ІІІ Қосымша Интеллектуалды, өнеркәсіптік және коммерциялық құқықтарды қорғау жөніндегі Конвенцияны қамтиды. Хаттама кедендік ынтымақтастық аспектілерін қамтитын он бес баптан тұрады. Жалпы алғанда, Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты байланыстардың негізін салды. Біріншіден, аталмыш келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстан мен Еуроодаққа мүше елдердің арасындағы тығыз ынтымақтастыққа негіз қаланды. Екіншіден, Еуроодақтың ҚР-да нарықтық экономика, азаматтық қоғам мен демократиялық мемлекет қалыптастыруына бағытталған Еуропалық Одақ саясатының негізгі міндеттері, салалары мен құралдары анықталды. Үшіншіден, қазақстандық және батысеуропалық компаниялардың кәсіпкерлік қызметінің дамуына қолайлы жағдай қалыптастырылды. Төртіншіден, Қазақстан өнімін Еуропа нарығына біртіндеп шығаруға мүмкіндік туды.

     2004 ж. басталған ЕО-ты кеңейту ҚР мен ЕО-тың екі жақты байланыстарының келісімдік-құқықтық негізін жаңа жағдайға бейімдеу қажеттілігін туғызды. Осы мақсатта 30 сәуір 2004 ж. Брюссельде ҚР мен ЕҚ-қа мүше мемлекеттер арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша арнайы қаулыға қол қойылды. Жаңа ережелер бойынша, қаулы шарттары жаңа он мүше мемлекеттерге де қол жетімді болды. Қаулыға еуропалық жақтан басшылық еткен Ирландияның Тұрақты өкілінің орынбасары Елші П. Гуннинг пен Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі Бас директорының Орынбасары М. Ли, ал Қазақстан жағынан К. В. Жигалов қол қойды/158/.

     Келісімнің ережелерін одан әрі жүзеге асыру Қазақстаннның ЕО-қа қатысты сыртқы саяси және экономикалық басымдықтарын орындауға септігін тигізеді. Қазақстан өз кезегінде ЕО-тың «Кеңейтілген Еуропа» Бағдарламасы мен Көршілестік жөніндегі Еуропалық саясатқа араласуға қызығушылық танытты.

     Энергетика саласындағы өзара түсіністік жөніндегі Меморандум мен Ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 2006 ж. желтоқсандағы келісім ЕО пен ҚР ынтымақтастығының құқықтық негізін құрайтын соңғы екі құжат болып табылады. Меморандум Қазақстанның Каспий аймағындағы ірі табиғи газ бен мұнайды өндіруші рөлін растайды. Меморандум энергетикалық қауіпсіздік пен өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту секілді маңызды аспектілерді қамтиды. Осы екі құжат ҚР мен ЕО-тың энергетикалық саладағы конструктивті ынтымақтастығының құқықтық негізін қалады.

 

2.1 Экономикалық қатынастардың қалыптасуы және ТАСИС бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық

     Енсеб.Еуропалық Одақ бүгінгі таңда әлемдегі ең басты экономикалық орталықтар мен сауда-экономикалық бірлестіктердің бірі болып табылады. XXI ғасырда Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мемлекеттің экономикалық басымдықтарын жүзеге асырумен байланысты екені белгілі. Сонымен бірге, Қазақстан мен Еуроодақтың экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселесінің маңыздылығын әлемдік экономиканың жаһандану үрдісі мен халықаралық қатынастарының даму эволюциясында экономикалық компонент үлесінің артуы дәлелдей түседі. Қазақстан республикасының экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты ұзақ мерзімді стртегиялық бағдарламасы шеңберінде қарастырылады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан қазір оның әлеуметтік дамытуға бағытталған екінші кезеңінде болып саналады.

     Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту саяси және экономикалық салалардағы интеграциялық үрдістерді дамытудың негізгі алғышарты. Бұл туралы Елбасының 2000 ж. маусымда Еуропаға сапарында айтылған болатын. Қазақстан Франция Президенті Ж. Ширак, ЕО Комиссиясының Басшысы Р. Проди, НАТО-ның Бас хатшысы Д. Робертсонның пікірінше, аймақтағы жағдайды тұрақтандырушы және аймақтық ынтымақтастықты дамытушы қабілеттерге ие. Мұның барлығы Қазақстанның Еуропа елдері саясатындағы жоғары ролін дәлелдей түседі/203/.

     Кездесу барысында Еурокомиссияның Басшысы Р. Проди екі жақты саудаинвестициялық байланыстардың болашағы зор екендігін айтып өтті. Р. Проди сонымен қатар, демократия мен нарықтық қатынастарға өту маңыздылығын көрсетті. ЕО-тағы бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасу үрдісінің тәжірибесі берік және мызғымас экономикалық интеграцияға ұмтылған егемен Қазақстанның қызығушылығын туғызады. Осы үрдістердің негізгі мәнін түсіну республиканың ЕО және оның мүшелерімен экономикалық, қаржылық ынтымақтастықты дамытудың тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді. Жаһандану үрдісі Қазақстанның алдына да жаңа талаптар қояды. Бүгінгі таңдағы ҚР алдынды тұрған міндеттердің бірі әлемдік экономикалық қауымдастыққа енудің қажетті шарттарын қалыптастыру. Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен ЕО ҚР-ның экономикасын қалпына келтіру мен тұрақты дамытуға бағытталған экономикалық ынтымақтастықты айқындайды/137.69/.

     Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі салаларына: инвестиция, сауда, біріккен кәсіпорындар мен шағын және орта бизнесті дамыту жатады. Еуроодақтың инвестициясын тартудың көлемі мен құрылымы елдегі қолайлы инвестициялық жағдайдың қалыптасуымен байланысты. Қолайлы инвестициялық жағдайды қалыптастыруда инвестициялық саясатты реттеуші заңдардың маңызы зор. Бүгінгі күні Қазақстанда 27 желтоқсан 1994 ж. «Шетелдік инвестициялар жөніндегі» және  28 ақпан 1997 ж. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөніндегі» заңдар өз күшінде. Бірінші заңмен шетелдік инвестицияларды қорғаудың қажетті кепілдіктері, ұйымдастыру және жүзеге асыру формалары анықталса, екінші заң тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесін қалыптастырды. Инвестициялық жағдайды жақсарту мақсатында Индустрия және сауда министрлігі 2002 ж. «Инвестициялар туралы» заң жобасын дайындады/енсеб62-63/.

     Қазақстанның инвестициялық саясатын 13 желтоқсан 2000 ж. құрылған ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Шетелдік инвестициялауды мемлекеттік реттеудің жаңа бағыты ҚР Президенті тұсындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрылуы болып табылады/205.29/. 6 желтоқсан 2002 ж. өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің Басшысы Ж. Лемьер инвестициялық жағдайдың көптеген салаларына шетелдік инвесторлардың берген оң бағасы және Қазақстан экономикасының сапалы өсімі, жүргізіліп жатқан саясаттың артықшылықтары жөнінде атап өтеді/206/.

     Қазақстандағы Еуроодақ инвесторларының құқықтары Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімнің «Инвестицияны қолдау және қорғау» туралы 46-бабымен реттеледі/137. 71/. Шетелдік инвестициялардың Қазақстан экономикасына белсенді тартылуы 1992 ж. екіжақты негіздегі экспорттық несиелер түрінде жүзеге асты. Инвестициялардың көп бөлігі 1992-1994 жж. берілді. Республикаға алғашқы несиелерді Германия және Австрия үкіметтері берді/70.193/. Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметтері бойынша, ТМД елдеріне тартылған барлық инвестицияның төрттен бір бөлігі Қазақстанның үлесіне тиеді. Еуропалық инвестициялаудың ерекшелігі оның экономиканың шикізаттық секторында шоғырлануы болып табылады. Инвестицияның 47,5% мұнай-газ кешеніне, 24,1% түсті металлургияға, 4,4% қара металлургияға, 4,3%  энергетикалық кешенге, 3,4% тамақ өнеркәсібіне тартылды/205.29/.

     Еуропа елдері республикада біріккен және шетелдік фирмалар мен компаниялардың қалыптасуы мен қызмет етуінде маңызды рөл атқарады. ҚР Агенттігінің статистикалық мәліметтері бойынша, 2001 ж. Қазақстанда Еуропаның 33 мемлекетінен 1036 кәсіпорын, оның ішінде 764-і  Еуроодақтың мүше мемлекеттерінің кәсіпорындары болып саналады. Атап айқанда, Германияның 228, Ұлыбританияның  212, Нидерландының 81, Италияның 60, францияның 39 кәсіпорындары жұмыс істейді/207.140/.

      Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдеріндегі біріккен кәсіпорындар қызметі 1991 ж. құрылған JOP (Joint Venture Programme) бағдарламасы арқылы реттеледі/208/. Қазақстан үкіметі шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше мән береді. Жеке меншік секторды дамытуда ЕО-тың Тасис бағдарламасы аясындағы қаржылық көмегінің маңызы зор. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы ынтымақтастығы 1993 ж. басталды. 1998 жылдан бері төрт жыл ішінде Қазақстанда Еуроодақтың бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі отыздан астам жобалар жүзеге асты. Алғашқы және маңызды жобалардың бірі «Кәсіпорындарды қолдау Қорына көмек акциясы» мен «Іскерлік байланыстар Орталығында консультациялық бөлімді құру» болып саналады. Еуропалық жақтың негізгі міндеті орта және шағын бизнес жөнінде оқыту, кеңес беру/210.7/.

     Еуроодақтың шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі ірі жобаларының бірі «Қаржыландыру көздеріне кіру» бойынша, екі жарым миллионнан астам АҚШ доллары несие түрінде бизнескурс тыңдаушыларына бөлінді. Бизнескурстар кәсіпкерлік ортада үлкен қызығушылық туғызды. Мысалы, Тараз, Астана және Ақтөбе қалаларында шағын кәсіпорын жұмысшыларына арнайы оқу курстарына қатыстырылды. Таразда 56 практикант оқытылып, 40 бизнес-жоспарлар жасалынды. Олардың  33-і  2000 ж.  1,7 млн. доллар көлемінде қаржыландырылды. Ақтөбеде арнайы тренингтен 34 практикант өтті. Ұсынылған жобалардың ішінде жетеуі жалпы құны 870 мың доллар көлемінде қаржыландырылды/211.11/.

     Астананың іскер әйелдер Ассоциациясының кәсіпкерлері арнайы курстарды өту барысында банктерден несие алу үшін сауатты бизнесжоспарларды құруды үйренді. Ұсақ менеджерлер мен кәсіпорын басшыларын оқыту барысында шағын және орта бизнес саласы біршама дамытылды/210.7/.

     Жұмыссыздарды көптеп тарту мақсатында Еуроодақ «бизнесинкубаторды» ұйымдастыру жөніндегі жобаны жасады. Бұл жоба 2001 ж. Алматы және Ақтөбе облыстарында жүзеге аса бастады. Өз ісін ашуға ниет білдірген фермерлерге кепілдіксіз несие беру ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, Тасис бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 1800 адам арнайы курстардан өтті/енс67/.

     (нурд) «ТАСИС» бағдарламасы дегеніміз – негізгі мақсаты ТМД елдеріне нарықтық экономика мен демократиялық қоғамға өтуде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсетуге бағытталған ЕО-тың техникалық көмек бағдарламасы. Техникалық көмек көрсету Еуроодақпен экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі. Бағдарлама республика экономикасы мен әлеуметтік салалардың негізгі секторларын қамтып, Еуропалық нарыққа жол ашады. Бағдарлама аясында салық, экология, ауыл шаруашылығы, энергетика, мемлекеттік басқару және білім салаларындағы жобалар қаржыландырылады.

     Бағдарламаны жоспарлау төрт кезеңді қамтиды. Бірінші кезең ұзақ мерзімді Индикативті бағдарламаны даярлау кезеңі. Индикативті бағдарламаны арнайы құрылған Комитет мүшелері талқылағаннан кейін, Еуропалық Комиссия мен серіктес елдер өкілдері қол қояды. Екінші кезеңде жылына екі рет дайындалатын Қазақстан бағдарламасы жасалды. Үшінші кезеңде қаржыландыру бойынша ұсыныстар қаралады. Соңғы кезеңде тендер мен келісім шарттар жасалады/193/. 1992 ж. соңында Алматыда ЕО-тың Координациялық Бюросы ашылды. Еуроодақ Комиссиясы мен Қазақстан үкіметі қол қойған «Қаржыландыру жөніндегі меморандум» ТАСИС бағдарламасын іске асырудың бастамасы болып табылады/194/. Жалпы алғанда, ТАСИС бағдарламасы аясында 1993-2005 жж. шағын және орта бизнесті қолдау, жекешелендіру және құрылымдық қайта құру жобалары бойынша Қазақстанға 200 млн. евро көлемінде көмек берілді/33.3/.

    (Енс) Коммерциялық ұйым Евробакқа бүгінгі күні елуден астам компаниялар мүше болып табылады. Соның ішінде өз қызметін Қазақстанда жүргізетін: «Бритиш Газ», «Эни Аджип», «ЭйБиЭн», «Амро Банк Казахстан», «Люфтаганза» және т.б. атауға болады/212/. Евробактың құрылу мақсаттары ҚР мен Еуроодақ арасындағы бизнес саласын дамытуға көмек көрсетуге негізделген болатын. Қазақстандағы Еуропалық бизнесассоциацияның қызметі республикадағы еуропалық бизнес пен коммерцияны дамытумен байланысты. Евробак, сонымен қатар, ақпараттық орталық қызметін де атқарады. Евробак Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірге консультацияларға белсенді қатысып, ассоциация мүшелеріне көптеген мүмкіндіктер береді/213.10/.

     Қазақстан үшін Еуроодақпен инвестициялық секторда өзара әрекеттесудің экономикалық қана емес, саяси маңызы да зор. Шетелдік инвестицияны республика экономикасында тиімді қолдану Қазақстанның шет мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығының басты бағыты болып саналады. 1993-2002 жж. ҚР 18 млрд. Доллар көлемінде инвестиция алды, оның 86%-ы шикізаттық, ал небәрі 6%-ы өңдеуші салаға жұмсалды/214/.

  • Кесте

Еуропалық Одақ елдерінен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың түсуі

 

Мемлекет

1993-1999 жж.

2000 ж.

2001 ж. бірінші кварталы

Көлемі, млн АҚШ дол.

Жалпы көлемнің пайызы

Көлемі, млн АҚШ дол.

Жалпы көлемнің пайызы

Көлемі, млн АҚШ дол.

Жалпы көлемнің пайызы

Австрия

20,4

0,2

0,4

0,0

0,0

0,0

Бельгия

162,7

1,7

7,6

0,3

0,5

0,0

Ұлыбритания

1220,1

12,5

464,2

16,9

99,2

8,3

Германия

191,6

2,0

68,8

2,5

14,4

1,2

Дания

1,2

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Ирландия

24,1

0,2

3,3

0,1

0,9

0,1

Италия

146,4

1,7

351,0

12,8

79,9

6,7

Нидерланды

283,8

2,9

109,9

4,0

38,9

3,3

Франция

116,6

1,2

34,1

1,2

11,0

0,9

Швеция

9,1

0,1

1,0

0,0

0,2

0,0

Барлығы

2176

22,5

1040,3

37,8

245

20,5

 

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстан экономикасына инвестиция салуының маңызды салаларының бастысы мұнай-газ секторы және түсті металлургия болып табылады. Осы салаға инвестиция тарту объективті қажетті үрдіс. Бұл республика экономикасының нарықтық шаруашылыққа бағытталу қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Соңғы жылдары Еуропалық Одақ елдерінің Каспий аймағы мен энергоресурстарына қызығушылығы артып отыр/72.294/.

     Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің ішінен ең басты инвестициялық серіктес ретінде: Ұлыбритания, Италия, ГФР, Франция және Нидерланды елдерін  бөліп көрсетуге болады. Еуропалық Одақ мемлекеттерінің арасында Қазақстан экономикасына иинвестиция салушы көшбасшы мемлекет Ұлыбритания болып саналады. Ол ҚР-ның жалпы шетелдік инвестициясының 16,9%-ын құрайды. Екінші орында Италия – 12,8%, үшінші орында Нидерланды – 4,0%, төртінші – Германия – 2,5% т.б./215.70-71/.

      Бүгінгі таңда Ұлыбритания Қазақстанның барлық салалардағы ынтымақтастығының маңызды серіктесі болып саналады. Екі жақты қатынастар экономика және сауда саласында тұрақты дамып келеді. 1993-2001 жж. британ инвестициясының көлемі 1783,5 млн. АҚШ доллары, яғни жалпы инвестицияның 51,2%-н құрайды. 2001ж. бірінші кварталында  британ инвестициясының көлемі 99,2 млн. доллар, 40,4%-ын құрады/215.70-71/.Осылайша, Ұлыбритания Қазақстанға инвестициа салушы басты мемлекет болып бірінші орында тұрды. Ұлыбританияның басты көмектерінің бірі «Ноу-Хау» қорының жобалары аясында жүзеге асырылды. Қор Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне демократия мен нарықтық экономикаға өтуде техникалық қолдау көрсету мақсатында құрылған болатын. Қор өз міндеттерін қаржы және жекешелендіру салаларында біліктілік пен тәжірибе алмасу, осы саладағы британ компанияларының инвестициясын қолдау түрінде іске асырады. Қазақстан қордың көмегіне сүйенуші ТМД мемлекеттерінің ішінде үшінші орында келеді/43/471/.

     «Ноу-Хау» қорының аясында қаржы, энергетика т. б. салаларда тоқсаннан астам жобалар қарастырылуда. Қаржылық қызмет саласында қор бухгалтерлер мен салық инспекторлары, коммерциялық банк қызметкерлерін даярлау ісімен айналысуда. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экономикалық қатынастар тікелей капиталл салу, біріккен кәсіпорындарды құру және жобаларды жүзеге асыру секілді кең ауқымды қарым-қатынастарды  қамтиды. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі секторларына энергетика, таукен өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік инфрақұрылым, көлік және байланыс т.б. жатады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тоқсаннан астам қазақбритан біріккен кәсіпорындары тіркелген.  Олардың ішінде «Шағала», «Крокерс ЛТД», «Ақсай», «Контект Трансфер ЛТД», «Фараб», «Рэнк Ксерокс ЛТД» т.б. фирмалар мен компанияларды атауға болады.

     Сонымен қатар, Қазақстанға 1992-2001 жж. Германия федералды үкіметі 115 млн. ДМ көлемінде несие бөлді. «Гермес» несиелік жүйесі бойынша берілген несиелер мемлекеттңк инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Қазақстанда несиелер шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығын дамыту, мамандарды қайта даярлау мақсаттарында қолданылады/44.443/. Екіжақты экономикалық байланыстардың қиындықтарына қарамастан, соңғы кезде ірі герман концерндерінің Қазақстанға қызығушылығы артып отыр. Герман бизнесінің басым бағыттарына машина жасау, электротехникалық, химиялық өнеркәсіптер мен текстильді индустрия салалары жатады. Қазақстанда шамамен 115 біріккен,  90 германдық кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар негізінен экономиканың мұнайгаз, минералды шикізат, көлік және байланыс, құрылыс, қаржы және полиграфия салаларын қамтиды.

     Қазақстан-француз эконономикалық байланыстары жыл сайын дамып келеді. Инвестициялық салада Францияның үлесі төмен. Мәселен, 1993-2001 жж.Франция Қазақстан экокномикасын инвестициялау көлемі 161,7 млн. долларды құрады. 2001 ж. бірінші кварталында Қазақстан экономикасына 11,0 млн. француз инвестициясы салынды. Жалпы көрсеткіштер  бойынша, Еуропалық Одақ елдерінің ішінде инвестициялау көлемі жағынан Франция алтыншы орынды иеленеді/215,70-71/. Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығын дамытуда  елдегі қырықтан астам фирмалар мен компаниялардың үлесі зор.

     1997 ж. бастап Қазақстан мен Италияның екіжақты байланыстары қарқынды дами бастады. Бүгінгі күні Италия Еуроодаққа мүше серіктес мемлекеттердің ішінде алғашқы орындарды алады. Италияның тікелей инвестициялары 1993-2001 жж. көрсеткіш бойынша 595,5 млн. АҚШ доллары, яғни 17,1%-ды құрайды/215,70-71/. Қазақстанда жетпістен астам біріккен қазақитальян кәсіпорындары тіркелген. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, химиялық өнеркәсіп өнімдерін шығару, дәрілік препараттар мен тұтыну тауарлары т.б. өнімдерді шығару салаларын қамтиды//.

     Қорыта айтқанда, Еуроодаққа мүше мемлекеттермен көпжақты қатынастарды дамытудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы зор. Қазақстан бұл қатынастарды халықаралық аренадағы ұлттық мүддемен байланысты ұзақ мерзімді басымдық ретінде қарастырады. Қазақстан мен Еуроодақтың ынтымақтастығында бірінші орынға экономикалық байланыстар шығады. Экономика Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуының ұзақ мерзімді даму болашағына тікелей ықпал жасайды.

 

  1. 2 Сауда байланыстары және энергоресурстар мен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

Енсе. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы сауда секторын реформалауда туындаған мәселелердің  бірі жеке сыртқы сауда  стратегиясын қалыптастыру, Еуроодаққа мүше мемлекеттермен көп жақты сауда байланыстарын қалпына келтіру, әлемдік шаруашылыққа интеграциялану мен әлемдік нарыққа шығудың тиімді жолдарын ідестіру болды. Қазақстанның сыртқы сауда саясаты сол кезеңде ТМД және шетелдік  мемлекеттермен сауда байланыстары жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Жаһандану және интеграция шарттарында қалыптасқан жағдай сауда бүгінгі таңдағы әлемдік экономиканың басты даму тенденцияларының бірі екендігін көрсетіп отыр. Қазақстанның сыртқы экономикалық кеңістігін кеңейту және дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасының әлем елдері, соның ішінде Еуроодақ мемлекеттерімен сауда-экономикалық байланыстарны нығайтуды міндеттейді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ өзара ынтымақтастықта тиімді байланыстарды жүзеге асырады. Өзара тиімді сауда байланыстарын дамыту осы стратегияның басым бағыты ретінде айқындалды. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты Еуроодақ елдерімен сауда байланыстарын тереңдетуге бағытталған. Сауда екіжақты ынтымақтастықтың негігі түрі болып отыр.

     Еуропалық Одақ пен бұрынғы КСРО-ның сауда мүдделері алғаш рет 18 желтоқсан 1989 ж. бекітілген «Сауда, коммерциялық және саяси ынтымақтастық жөніндегі келісімде» көрініс тапты/139.12-31/.  Келісімде сауда және экономикалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылған. Келісімге сәйкес екі жақ бір-біріне өзара қолайлы жүйе қалыптастыруға тырысады. Аталмыш келісім КСРО мұрагері ретіндегі ТМД елдеріне Еуропалық Қауымдастық нарығына жол ашты. Келісімге сәйкес екі жақ сауда мен коммерциялық ынтымақтастықтың тұрақты дамуына септігін тигізуі тиіс.

     Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастық Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде жүзеге асады. Еуроодақтың Қазақстанды нарықтық экономикалы мемлекет ретінде мойындауы Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында жаңа сапалы өзгерістерге жол ашты. Екіжақты сауданың маңызы Қазақстанның нарықтық экономикасының еркіндігімен тікелей байланысты. 9 қазан 2000 ж. Еуропалық Кеңес республика экономикасын нарықтық деп таныды/222,4-5/.

     Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру дайындығы 1996 ж. қаңтардан жүргізіле бастады. БСҰ-на кіру Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының стратегиясынан бастау алады және елдің әлемдік экономика мен халықаралық саудаға интеграциялануына бағытталады. Бұл республика үшін көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтар береді. Қазақстанның БСҰ-на кіруі сыртқы саясаттағы басымдықтардың бірі. Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімдегі саудаға қатысты баптар БСҰ баптарына негіделеді.

     Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы А. Ваддамс Еуроодақтың мәселеге қатысты позициясы туралы айтқан сөзінде Қазақстанның ұйымға кіруін ЕО қолдайтындығын мәлімдейді/132/. Қазақстанның сауда ұйымына кіруі қазақстандық өндірушілерге әлемдегі ірі елдердің нарығына жол ашады. Еуропалық Одақ Қазақстанмен сауда байланыстарын тереңдетуге мән беріп отыр.  ЕО Қазақстанның Ресейден кейінгі ірі экономикалық және сауда серіктесі болып отыр/42.144-145/. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2000 ж. 1999 ж. салыстырғанда қара металл, цинк, алюминий экспорты өсті. Қазақстан Еуропаға мұнай және мұнай өнімдері, қара металл, мыс,  т.б. шикізаттар мен минералды өнімдер, астық шығарады. Қазақстандық өнімдерді негізгі тұтынушылар: Германия, Ұлыбритания, Италия, Нидерланды және Франция/38/.

     Еуроодақтың ҚР-ның сыртқы саудасындағы үлесі 1995 ж. 17,8%, 1998 ж. – 27,9% ды құрады. 2002 ж. Еуроодақтың Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы үлесі 19,8%-ды көрсетті/225,7/. Қазақстанға Еуропа мемлекеттерінен көбінесе машина, техникалық жабдықтар жеткізілсе, ЕО өз кезегінде энергетикалық ресурстар, мұнай мен газға мүдделі болып отыр.

2.Таблица

ҚР-ның ЕО-ға мүше мемлекеттермен сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері (қаңтар-ақпан, 2002 ж.)/227/.

 

Мемлекеттер

Тауарайналым

Экспорт

Импорт

Барлығы млн АҚШ дол.

Жалпы көлемнің пайызы

Барлығы млн АҚШ дол.

Жалпы көлемнің пайызы

Барлығы млн АҚШ дол.

Жалпы көлемнің пайызы

Австрия

30,5

0,3

3,2

0,1

27,3

0,6

Бельгия

27,5

0,3

1,4

0,0

26,1

0,6

Ұлыбритания

253,5

2,5

96,4

1,7

157,1

3,7

Германия

508,4

5,1

131,8

2,3

376,6

8,8

Грекия

39,2

0,4

24,3

0,4

14,9

0,0

Дания

16,7

0,2

0,8

0,0

15,9

0,4

Ирландия

16,8

0,2

7,3

0,1

9,5

0,2

Италия

716,5

7,1

563,4

9,7

153,1

3,1

Испания

25,7

0,3

5,3

0,1

20,4

0,5

Люксембург

4,0

0,0

0,09

0,0

4,0

0,1

Нидерланды

140,4

1,4

81,8

1,4

58,6

1,4

Португалия

1,6

0,0

1,4

0,0

0,02

0,0

Финляндия

66,9

0,7

22,0

0,4

44,0

1,1

Франция

83,3

0,8

16,1

0,3

67,2

1,6

Швеция

54,7

0,5

12,2

0,2

42,5

1,0

Барлығы

1986,5

19,8

967,6

16,7

1018,9

23,9

 

     Кестеден көріп отырғанымыздай, Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания Қазақстанның басты сауда серіктестері болып саналады. Италияға Қазақстан элекртлік құрылғылар, механикалық жабдықтар, мыс және оның қорытпалары экспортталады. Импорттың көп мөлшерін құрылыс жабдықтары, электр құрылғылары, киім, аяқ киім, тері, қыш, химиялық және фармацевтикалық өнімдер, т.б. құрайды. ҚР мен Италия арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына 1992 ж. құрылған қазақстандық-итальяндық сауда палатасы мен өнеркәсіптік-экономикалық ынтымақтастық, айырбас жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы ықпал етеді.

     Германиямен сауда қатынастары Италиямен салыстырғанда баяу қарқынман дамыды. Әсіресе, Германияның 2000-2001 жж. Сада айналым үлесі төмендеді/27.97/. Германия Қазақстан үшін шикізаттық ресурстарды тұрақты тұтынушы ғана емес, жоғарғы технологиялық деңгейі, бай тәжірибесімен маңызды. Қазақстан Германия үшін ТМД-дағы көпжақты ынтымақтастықтың серіктесі ретінде рөлі зор/25.112-113/. Негізінен, Қазақстаннан Германияға мұнай шикізаты, ферроқорытпа, мыс, хром рудалары мен концентраттары, феррохром, түсті металл, көмір т. б. экспортталады. Ал Германиядан Қазақстанға гербицидтер, дәмдеуіштер, азық-түлік, машина жасау өнімдері, электротехникалық құралдар, жиһаз, т. б. жеткізіледі. Қазақстан-француз сауда байланыстарының дамуына Үкіметаралық қазақстандық-француздық топ пен сауда палатасының маңызы зор. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2000 ж. Францияға сапары қорытындысында  Елбасы қазақ-герман байланыстарының жарқын болашағы мен жоспарлары туралы атап өтеді/33.259/.

     Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ арасындағы өзара тиімді сауда байланыстарын дамыту мақсатында Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде құрылған «Қазақстан Республикасы –Еуропалық Одақ» атты сауда және инвестиция, көлік және энергетика бойынша Комитет жұмыс істейді. Комитет отырыстарында ҚР мен ЕО-тың макроэкономикалық дамуы, сауда ынтымақтастығының жағдайы, түрлі келісімдер жұмысын бағалау, интеллектуалдық меншік т. б. мәселелер талқыланады.

     Бүгінгі таңда Қазақстан мен Еуроодақтың сауда байланыстарында қазақстандық болатты ЕО мемлекеттеріне арнайы келісім бойынша экспорттау саласының маңызы артуда. Келісім-шарттарына байланысты 2000-2001 жж. Қазақстан болатына Еуропалық Одақ Комиссиясы тағайындаған арнайы квоталар заңдастырылды. Ол бойынша, еуропалық нарыққа жылына 80 мың тонна болат өнімдерін шығару көзделді/енс91/.   

     22 шілде 2002 ж. Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Комиссия өкілдері, Экономика және сауда министрі М. Есенбаев пен Бас директордың сауда жөніндегі орынбасары Р. Аббот ҚР мен ЕО арасында болат саудасы жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Жаңа келісімге сәйкес ЕО Қазақстаннан шығарылатын болат өнімдерінің жекелеген түрлеріне экспорттық квотаны 2002 ж. 34%- ға (108 мың тонна), ал 2003 және 2004 жж. 2,5%- ға көбейтілді. Нәтижесінде 2004 ж. болат өнімінің экспортын 113,5 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланды/228/.

     26 наурыз 1999 ж. Еуропалық Комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасы уылдырық және басқа да балық өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттаушы мемлекеттер тізімінен шығарылған болатын. Бұл шешім ЕО Комиссиясының эксперттерінің «Балқашбалық» АҚ, «Атыраубалық» және «Әміров және К» кәсіпорындарындағы тексеру нәтижесінде жасалған ескертулермен байланысты болды/229/. Бұл кемшіліктер түзетіліп, 2001 ж. Қазақстан аталмыш тізімге қайта қосылды.

     Қазақстан республикасынан Еуроодаққа мүшемемлекеттерге текстиль өнімдері «ҚР мен Еуропалық Экономикалық Қауымдастық арасындағы текстиль өнімдерінің саудасы жөніндегі» 15 қазан 1993 ж. келісімге сәйкес экспортталады. 1999 ж. түзетулер бойынша, Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстанның текстиль өнімдерінің 161 категориясын экспорттау шешімі қабылданды/231/. Қазақстан Республикасының импорттық өнімдеріне үй құстары мен жануарлары, сиыр, қой еттері, балық, сүт, май, сыр, сүзбе, жемісжидектердің кейбір түрлері т.б. жатады.(енс)

     (нур59б) 29 қараша 2002 ж. Брюссельде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Еуропалық Комиссия Президенті Романо Продидің кездесуі болды. Кездесуде Қазақстан мен ЕО-тың экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды/160/.  6 желтоқсан  2002  ж. өткен Президент тұсындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесі отырысында елдегі жұмыс істейтін батыстық компания басшыларымен бірге сауда және инвестиция мәселелері қаралды/181/. Жалпы алғанда,  2003 ж. Қазақстан мен ЕО-қа мүше мемлекеттер арасындағы тауарайналым 4,04 млрд. Долларды құрады. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда 31% жоғары көрсеткіш. Экспорт 1,985 млрд. Доллар, ал импорт  2,056 млрд. Долларға жетті. ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері бойынша, темір және болат прокаттарының ЕО мемлекеттеріне (Испания, Грекия, Франция, Ұлыбритания, Италия) экспорты 2003 ж. 28,7 млн. доллар, ал импорт (Финляндия, Ұлыбритания, Германия, Бельгия, Италия, Швеция)  — 3,4 млн. долларды құрады/181/.

      Еуропалық Одақтың жаңа 10 мемлекетке кеңеюінен кейін,  2004 ж. Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Брюссельде ҚР-ның тұрақты өкілі К. Жигалов пен ЕО басшылығының өкілі Анн Андерсон 2004 ж. мамырда Текстильдік өнімдер саудасы жөніндегі Қазақстандық-Еуропалық үкіметаралық келісімге қол қойды. Аталмыш келісім бойынша Қазақстанға 150ден астам текстиль өнімдерінің түрлерін экспорттауға мүмкіндік берілді/184/. 28 мамыр 2004 ж. Брюссельде ҚР үкіметі мен ЕО арасында болат өнімдерінің экспортына қатысты екіжақты бақылау жүйесін орнату жөніндегі жаңа келісім бекітілді. Құжат Қазақстандық экспортталушы металлургия өнімдеріне ЕО тарапынан берілген сапа сертификатын заңдастырады/184/.

     2005 ж. 9 айда ЕО-пен сауда көлемі 60,1%-ға артып, 11,5 млрд. Долларға жетті. Бұл Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттерінің көрсеткіштерінен әлдеқайда артық. 16 мамыр 2005 ж. «ҚР – ЕО» Парламенттік ынтымақтастық Комитетінің  5-ші Отырысы өтті. Отырыста ҚР-ның Индустрия және сауда жөніндегі вицеминистрі Ж. Айтжанова басты мәселе ретінде ЕО мен Қазақстанның сауда байланыстарын дамыту мәселелерін көтерді. Еуропалық серіктестерді Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру шарттары қызықтырды/185/.

     Еуропалық Одақ пен Қазақстан ынтымақтастығы Кеңесінің 7-ші кездесуінде (19 шілде, 2005 ж. Брюссель) Қазақстанның БСҰ-на кіру міселесі тағы да көтерілді. Сыртқы істер Министрлігі мәліметтері бойынша, 2005 жылдың қорытындысы ҚР мен ЕО-тың тауарайналымы 7,5 млрд. Долларды құрайтындығын көрсетті. Оның ішінде Италия – 33,8%, Франция – 16,9%, Германия – 12,2% тауар айналымы үлесін көрсетеді. Жаңа валюта евроның айналымға енуі Еуроодақтың халықаралық жүйедегі позициясы мен рөлін өзгертті. ЕО-та жаңа валюталық зонаның қалыптасуы Қазақстан экономикасы үшін де жаңа байланыстарға мүмкіндік береді. 2005 ж. Астанада Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде комитеттердің сауда ынтымақтастығы жөніндегі отырыстары болып өтті. 26 қарашада инвестиция, сауда, энергетика және көлік комитеттерінің 5-ші отырысында екіжақты сауда байланыстарын дамыту және келісім-шарттарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды/180/.

     Жалпы алғанда, Еуроодақ мемлекеттерімен сауда байланыстарын кеңейту Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттарының негізгісі болып табылады. Оның маңыздылығы Қазақстанның БСҰ-на кіру жоспарымен байланысты артып отырғандығы белгілі. ЕО Қазақстанның сыртқы сауда байланыстарында маңызды орын алады. Жоғарыдағы талдаулар республиканың экономикалық секторында және елдің сыртқы сауда айналымында ЕО мемлекеттерінің үлесінің артып отырғандығын көрсетеді. Еуроодақ елдерімен сауда байланыстарын одан ары жақсартуда баға және маркетинг жөніндегі келісімдермен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда ынтымақтастығы екіжақты қатынастардың басымдық сипатын анықтаушы басты фактор болып табылады. ҚР мен ЕО-тың осы саладағы ынтымақтастығы Қазақстанның экономикалық дамуы мен құрылымдық реформаларды жүзеге асыруына, ЕО мемлекеттерімен байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан мен ЕО-тың сыртқы сауда байланыстарын жақсартуда Еуропалық Одақтың Қазақстанды нарықтық экономикалы мемлекет ретінде тануының маңызы жоғары(нур64-65).

     Қазақстан мен ЕО-тың экономикалық ынтымақтастығында ЕО-қа мүше мемлекеттердің инвестициясын тартуда мұнай-газ секторы мен түсті металлургия салаларының рөлі зор. Қазақстан экономикасының аталмыш салаларына инвестиция тарту объективті қажетті үрдіс болды. Бұл республика экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіндегі табиғи байлықтарды өндіру қажеттілігмен байланысты қалыптасты. Соңғы жылдары Еуроодақ мемлекеттерінің Каспий аймағы мен оның энергоресурстарына қызығушылығы айқын білініп отыр. Бұл сонымен қатар, еуропалық мемлекеттерінің сыртқы саясат стратегиясында біртұтас Еуропаны құру, жалпыеуропалық энергетикалық стратегияны жасау, әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің артуы мен азиялық қаржы нарығының дағдарысы мәселелерімен тікелей байланысты.

     Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы энергоресурстар саласындағы байланыстар айтарлықтай позитивті дамыды. 17 желтоқсан 1994 ж. жасалған Еуропалық энергетикалық хартия жөніндегі келісім  ҚР Президентінің 18 желтоқсан 1995 ж. Жарлығымен ратификацияланды. Келісімге Қазақстан жағынан бұрынғы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі В. В. Кармаков қол қойды. Бұл көмір өнеркәсібі, электроэнергия, табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері мен атомдық энергетика материалдарын өндіру салаларын қамтитын көпжақты құжат болып табылады. Аталмыш келісім Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануы мен сауда-экономикалық мүдделерін, құқықтарын қорғауға т.б. мүмкіндік берді/18/.

     Бүгінгі таңда Еуропада мұнай қажеттілігі артып отырғандығы белгілі. Еуропа мемлекеттері еуропалық газ жүйесін каспий кеңістігімен жалғастыру мәселесін көтеріп отыр. Батыс Еуропа қолданатын мұнайдың 55% сырттан әкелінеді. Мамандардың есептеуі бойынша, 2012 жылға қарай мұнай импортына тәуелділік — 65%, 2020 ж. 80%-ға артады деп болжануда.  Сол себепті Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азия мен ТМД-дағы ең ірі сауда серіктесі болып отыр.

     Қазіргі таңда ЕО-тың саясаты Орталық Азия мен Каспий территориясындағы позициясын нығайту мен кеңейтуге бағытталып отыр. ЕО Қазақстанды Батысқа энергоресурстар мен табиғи байлықтар жеткізуші ел ретінде қарастырады. ЕО мемлекеттеріне шығарылатын өнімдері құрылымында мұнай мен мұнай өнімдері, металл, химиялық, минералдық өнімдер басым болып табылады. Қазақстанның геосаяси жағдайын бақылау болашақта осы аймақтағы Ресей, Қытай және Ислам мемлекеттерінің ықпалын әлсірету секілді геосаяси міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан айқындалған мұнай қоры жөнінен әлемдегі он мемлекеттің тізіміне енеді. Болашақта Қазақстан осындай қорымен әлемдегі ең ірі көмірсутектерін өндіруші мемлекет болуы мүмкін/нур66-67/.

     29 қараша 2002 ж. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Еуропалық Комиссия Президенті Р. Продидің кездесуінде Қазақстан басшысы мемлекеттің энергоресурстар мен көлік жөніндегі  біріккен жұмыстарға қызығушылығын білдірген болатын/187/. 2005 ж. Қазақстан Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Бағдарлама мұнай өндіруді игеру мен мұнай магистральдарының жүйесін құруға және отандық мұнайөңдеуші, мұнайхимиялық индустрияны дамытуға бағытталған. Мұнайгаз секторы Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы. Барланған мұнай мен газ қорлары жөнінен Қазақстан әлемде 13-ші орынды алады. Қазақстанның мұнай-газды аудандарының жалпы аумағы – 1.698.000 шаршы шақырымды құрайды. Онда 160-тан астам мұнай көздері бар. Өндірілуші шикізат қоры 2,8 млрд. тонна мұнай мен 3трлн. текше газды құрайды. 43,6%  мұнай мен 51,4% газ Атырау облысында өндіріледі.

     Көмірсутектері көздерінің негізгі қорлары Қазақстанның Атырау облысы аумағында шоғырланған. Өлкедегі тауарайналымның жалпы көлемі 2711,9 млн. АҚШ долларын құрайды. Облыста 75-тен астам кен көздері бар, олардың 39-ы игерілуде, 7-де дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ірі кен орны Қашағандағы мұнай қоры 7 млрд. тонна деп бағаланады. Атырау облысындағы ірі кен орындары: Тенгіз (800 млн. тонно мұнай қоры), Королевское (55.1 млн. тонна), және Кенбай (30.9 млн. тонна). Бүгінгі таңда Қазақстан ЕО-қа мұнай тасымалдаушы үшінші мемлекет болып табылады.

     2005 ж. тамызда Энергетика және табиғи ресурстар министрі В. Школьник Нидерланды мемекетіне ресми іс-сапармен барды. Гаагадағы келіссөздер 2005 ж. Астанаға Энергетика Вице-премьер-министрі Я. Бринкхорст пен Сыртқы істер министрі Б. Боттың келуіне алғышарт жасады. 2006 ж. ҚР мен ЕО арасындағы энергетикалық диалогтың маңызын арттыруға бағытталған бірқатар ісшаралар жүзеге асырылды. Осы бағыттағы маңызды оқиғалардың бірі Еуроодақтың энергетика жөніндегі Комиссары А. Пиебалгстың Қазақстанға сапары болды. Кездесу барысында А. Пиебалгс «Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық саладағы жетістіктерін жоғары бағалайтындығын», атап өтті/188/.

     Қазақстан Республикасының Брюссельдегі Елшілігі Еуропалық Парламентпен жоғары деңгейде семинар өткізу келісімін жасасты. Нәтижесінде 20 маусым 2006 ж. Брюссельде «ҚР мен ЕО-тың энергетика саласындағы серіктестігі» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы бойынша жоспарлардың жаңа сапалық деңгейге өтуіне зор ықпалын тигізді. Семинарға Еуропалық Одақ жағынан А. Пиебалгс, Еуропалық Парламенттің Бірінші вице-президенті А. Видал Квадрас Рока, Энергетика жөніндегі Комитеттің Басшысы Дж. Чичестер және тағы басқа депутаттар қатысты. Ал, Қазақстан жағынан Энергетика Министрі Б. Ізмұхамбетов пен «ҚазМұнайГаз» басшылығы, сонымен қатар, Қазақстанда жұмыс істейтін ірі еуропалық мұнайгаз компанияларының басшылары қатысты. Олардың қатарында «Шелл», «Тоталь», «Эни Групп», «Бритиш Газ», «Эксон Мобил», «Шеврон Тексако», «Лукойл» сынды компаниялар бар/188/.

     Семинардың негізгі мақсаты ҚР мен  ЕОтың энергетика саласындағы стратегиялық серіктестігі жөніндегі идеяны соңғы кездерң маңызы артып отырған Еуропалық Парламент деңгейінде негіздеу. Энергетика мәселесі, сонымен бірге, 7 сәуір 2005 ж. Алматыда өткен «Үштік-ЕО-ОА» форматындағы Сыртқы істер Министрлерінің орынбасарларының отырысында талқыланды.

     Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны Теңгіз Каспий жағалауында орналасқан. Теніздегі мұнай қоры шамаман 6-9 миллиард баррельге бағаланады. Халықаралық жетекші компаниялардың бірі «Шевронмен» келісім-шарт нәтижесінде 1993 ж. «Тенгізшевройл» біріккен кәсіпорны құрылып, 40 жыл ішінде 20 млрд. Доллар көлемінде инвестиция енгізді. Энергодиалогты кеңейту барысында Брюссельдегі ҚР Елшілігі «ҚР – ЕО энергодиалогы» атты ынтымақтастықтың жеке бөлімшесін құру жөніндегі мәселемен айналысты. Соның ішінде маңызды мәселелердің бірі көлік байланысы туралы жаңа жобалар қарастырылды. Мәселені талқылау барысында Еуроодақтың сараптамалық топтарының төрт отырысы ұйымдастырылды. «Галилео» спутниктік байланыс жобасына Қазақстанның қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. «Еуропалық ғарыштық апталықтың» қорытындылары талданды. 19 шілде, 2005 ж. өткен ҚР – ЕО ынтымақтастық Кеңесінің 7- ші отырысында энергеика мәселесі тағы да көтерілді/189/.

     Қазақстан үшін Еуроодақтың көліктік инфрақұрылымды дамытумен байланысты «ТРАСЕКА» және «ИНОГЕЙТ» атты жобаларын жүзеге асыруға қатысудың маңызы зор. «ТРАСЕКА» («ЕуропаКавказАзия» тарнспорттық дәлізі) жобасы Транскавказ және Трансбалкан дәліздрін одан ары дамыту мақсатында жасалды. Бұл жобалардың қазақстандық мұнай-газ ресурстарын еуропалық нарыққа тасымалдауда маңызы жоғары болып табылады.  Аталмыш көліктік дәліздерді дамыту Каспий аймағындағы мқнай өндірудің артуы мен Ақтау теңіздік сауда портын қайта құрумен байланысты өзектілікке ие болып отыр. ТРАСЕКА бағдарламасы Орталық Азия елдерінің теміржол саласын қолдау болып саналады.

     ТРАСЕКА Орталық Азия-Кавказ-Еуропа көліктік дәлізінің ашылуы мен жүктің еуропалық нарыққа кедергісіз өтуі жүйесін құруды мақсат тұтады. Қазақстанның маңызды транзит ретінде қатысуы Ұлы Жібек Жолының маңызын арттыра түседі. ТРАСЕКА жобасының аясында:

 — Бургас және Варна (Болгария);

 — Бургас (Болгария) және Александраполис (Грекия);

 — Бургас және Влера (Албания);

 — Констанца (Румыния) және Триест (Италия), — порттары арқылы мұнай тасымалдау мүмкіндіктерін қолдану жөніндегі шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Көрсетілген бағыттарды пайдалану Босфор және Дарденелла бұғазындағы жүк тасымалдау мәселесін шешіп, Қазақстанның мұнай ресурстарын Еуропаға тасымалдауды кеңейтуге жол ашады/190/.

     Бүгінгі таңда, ТРАСЕКА бағдарламасы бойынша техникалық қолдау жөніндегі 39 зерттеу 57,405 млн. евро сомасында, инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі 14 инвестициялық жоба 52,300 млн. евро көлемінде қаржыланды/191/. 1995 жылдан бастап, Қазақстан 15-тен астам техникалық қолдау жобаларына қатысты. Олардың қатарында «Көлік секторындағы менеджментті оқыту», «Көліктің заңнамалық реттеуші құрылымы», «Орталық Азия теміржолдарын қайта құру мен байланыс мәселелерін зерттеу», «Орталық Азия темір жолдарының телекоммуникациясы» т. б. ірі жобалар бар. Осындай ірі жобалардың бірі – Ақтау қаласында 2000 жылдың жазында басталды. Жобаның мақсаты – Ақтау теңіз сауда порты терминалын қалпына келтіру. Жобаны инвестициялауға 2 млн. евро жоспарланды. ТРАСЕКА бағытының солтүстік бөлігі стратегиялық маңызы зор Ақтау теңіз сауда порты арқылы өтеді.

     Тамыз 2000 жылдан бастап жоба аясында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде жаңаланған құрылғылар мен теміржол терминалы Ақтау – Баку – Ноушахр бағыты бойынша жүк тасымалдау мәселесін шешуге ықпал етті. 2001 жылы жаңа кешеннің ашылуына ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев пен бірқатар мемлекеттер қатысты. Ашылу салтанатында Президент теңіз сауда кешенінің Қазақстан мен Каспий бойы мемлекеттерімен сауда байланыстарын дамытудағы маңызын атап өтті. (192). Бұл жоба Орталық Азия, Кавказ бен Европаны байланыстыратын көлік жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Өз кезегінде Еуроодақ өкілдері еуропалық және әлемдік нарыққа жол ашатын Қазақстан экономикасындағы Ақтау теңіз портының ерекше маңызын атап өтті.

     Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамытуға бағытталған бағдарламалардың бірі – «ИНОГЕЙТ». Бұл Транскавказдық жүйедегі қазақстандық мұнайды тасымалдау модульдерінің интеграция шарттарын айқындайтын, Еуропаға мұнай мен газды халықаралық тасымалдау жөніндегі бағдарлама. Бағдарламаны мемлекетаралық деңгейде жүзеге асыру мақсатында «Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың институтционалдық негіздері жөніндегі» келісім қабылданды. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарт аясында 2005 жылдың 26 қарашасында инвестиция, сауда, энергетика және көлік жөніндегі комитеттің 5-ші отырысы өтті. Онда ЕО мен ҚР арасындағы энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Отырысқа еуропалық комиссияның ҚР-дағы бұрынғы басшысы – Аллан Ваддамс, Еурапалық Комиссия мен ҚР-дағы Еуропалық Комиссия өкілдігінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. /180/ Сонымен қатар Қазақстан үшін Еуроодақпен энергетика саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор болып табылады. Осы бағытта ҚР Үкіметі мен Парламенті тиісті шараларды қабылдады. ҚР Парламенті Еуроодақ пен ҚР арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді ратификациялады. Аталмыш келісімді жүзеге асыру ядролық энергияны бейбіт қолдану саласындағы байланыстарды кеңейтуге, заманауи ядролық технологияларды өнеркәсіпке енгізу және қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан сонымен қатар Еуропалық одаққа мүше мемлекеттермен электр энергиясы мен қуатының нарығын қалыптастыру саласындағы байланыстарын кеңейтуде. ҚР Үкіметі электр энергетикалық секторды реформалау жөнінде белсенді шараларды қабылдады. Сарапшылардың болжауы бойынша, Қазақстанның электроэнергия экспорты болашақта 100 млн. кВт. құрайды. Осыған байланысты электр энегиясы мен қуатының жалпы нарығы тетіктерін қалыптастыру жөніндегі интеграциялық ынтымақтастықтың маңызы артып отыр.

     Сонымен бірге Қазақстан Энергетикалық Хартия Келісімін жүзеге асыруға қатысады. Қазақстан келісім-шарттың басқа мүшелерімен біріге отырып, энергетикалық хартия шеңберіндегі Транзит жөніндегі қаулыға ұсыныстар даярлайды. Қаулыны жүзеге асыру қазақстандық мұнай-газ ресурстарын әлемдік нарыққа тасмалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал Еураодақ үшін Қазақстан мұнай өнімдерін шығарушы және Еуропада өндірілетін өнеркәсіп пен ауылшаруашылық тауарларын импорттаушы болып табылады. Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасы үшін негізгі ірі несие беруші болып табылады. Бұл байланыстардың Қазақстан үшін стратегиялық маңызының артуына болашақтағы энергетика саласындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді. Қазақстандағы мұнай мен газдың бай қорлары Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің қызығушылығын тудырып отыр. Сонымен қатар Қазақстан өнімдері үшін Еуропалық нарықтың да маңызы зор.

     «Біздің мақсатымыз – энергоресурстарды өндіруші, транзиттік елдер мен тұтынушылар арасындағы байланыс арқылы өзара тиімді серіктестікті дамыту. Теңдіктің маңызды бөлігі – энергоресурстарды тасымалдау. Осы тұста Қазақстан Транскаспийлік-Трансқаратеңіздік транзиттік дәлізін дамытуға және Адесса – Броды – Плоцк мұнай тасымалына күшті саяси қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. Осылайша, маңызды бағыттарды диверсификациялау Қазақстан және басқа да өндірушілер үшін экспорттық бағалырдың артуына ықпал етеді. /190,129/.

     Сонымен энергетика – Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының екіжақты ынтымақтастығының негізгі салаларының бірі болып табылады. 2006 жылы шілдеде өткен «ҚР – ЕО» ынтымақтастығы Кеңесінің 8-ші отырысында ЕО мен Қазақстан энергетика жөніндегі «Жасыл кітаптың» жаңа редакциясының қабылдануымен осы саладағы екіжақты қатынастар тұрақты интенсивті сипатқа ие болды деп атап өтілді. 2006 жылы мамырда ЕО-тың энергетика жөніндегі коммиссары А. Пиебалгстың Қазақстанға, Энергетика және минералды ресурстар министрі Б. Ізмұхамбетовтың Брюссельге сапары болды. Олардың қатысуымен «Еуропалық Одақ пен ҚР арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік» семинары болып өтті. Қарашада Еуроодақ пен Каспий және Қаратеңіз елдері арасындағы энергетика жөнінде 2-министрлік конференция өтті.

     Қазақстан «Баку – Тбилиси – Жейхан» құбыр жолына қослу туралы келісімді бекітті. Сонымен қатар Транскаспийлік құбыр жолы мен «Одесса – Броды – Плоцк – Гданьск» жобасына қызығушылық танытып отыр.188. Еуроодақ Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде таниды, Қазақстан мұнай, газ, көмір мен уранның бай қорына ие. Бүгінгі таңда республикамыз Еуроодақ елдеріне жалпы сомасы 10 миллиард доллардан астам энергоресурстарды экспорттайды. Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан Еуроодақ үшін энергоресурстар саласындағы маңызды аймақ болып табылады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы желтоқсандағы сапары барысында Брюссельде энергетика саласындағы өзара түсіністік жөніндегі Меморандум мен ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда қолдану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. Бұл – Еуроодақ пен ҚР арасындағы энергетикалық диалогтың стратегиялық сипатқа ие бола бастағанын дәлелдейді.