ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Философия және психология факультеті
Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Мамандығы 050502 – Саясаттану
Қарағанды 2011
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Мазмұны
1 Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық ұйымының ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ тарихы.. 7
1.1 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы. 7
1.2 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымы және қызметі
1.3 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының.
Қазақстанмен байланысының басталуы және қалыптасуы..
2 Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық Ұйымы жӘне Қазақстан: саяси стратегия.
2.1 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы стратегиясы..
2.2 Қазақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы.
2.3 Қазақстанның демократиясындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының рөлі
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
|
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Бұл ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар, ортақ мақсаттар мен ортақ міндеттер біріктіреді, бәрінен бұрын – осы өңірді анағұрлым қауіпсіз, анағұрлым өркендеген өңірге айналдыруға деген ұмтылыс біріктіреді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау алдымен қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген.
Қазіргі кезде еуропалық мемлекеттер арасында біріккен қаупсіздік кеңістігін құру жолын іске асырудың нақты шараларына көшу қажеттілігі туындап отыр.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс-қызметіне қатысушы елдердің мәртебелері тең және олар ешқандай да шарттық міндеттемелермен байланысты емес. ЕҚЫҰ-ның шеңберіндегі шешімдер құқықтық міндетке ие емес, саяси сипатта және консенсус арқылы қабылданады.
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ерекше орын алады.
Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен неғұрлым терең ынтымақтастық жасауға мүдделі. Еуропалық Одақ (ЕО) елдері де Орталық Азия мемлекеттерімен, әсіресе, Қазақстанмен өзара байланысқа баса назар аударады. Олардың бірегей тиісті ұстанымы 2007 жылы маусымда ЕО саммитінде қабылданған “ЕО және Орталық Азия: жаңа әріптестік стратегиясы” атты құжатта көрініс тапты.
Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007 жылғы 29-30 қарашада Мадридте қабылдаған Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуі туралы шешімі біздің еліміздің халықаралық тұрғыдан танылуының, сапалық жаңа деңгейге көтерілуінің айқын айғағы болды.
Қазақстанның төрағалығы – бұл, бірінші кезекте, өзінің саяси тарихында тұңғыш рет салмақты халықаралық легитимизация мен өзінің ұмтылысына қолдау көрген барлық Қазақстан халқының жетістігі.
Қазақстан халқы іштегі және сырттағы сындарға қарамастан, таңдап алынған саяси және экономикалық даму бағытынан таймаған елімізге қолдау көрсетіп, өзінің ақылмандығын айғақтады.
Нақ Қазақстан халқы еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының басты тірегі және негізгі бенефициары болып табылады. Қазақстанның тапсырысы ел басшылығының ғана бастамасы емес, бірақ қоғамдық консенсустың көрінісін білдіреді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық саяси жүйені одан әрі дамытуға ықпал етіп, іс жүзінде қоғамдық-саяси өмірімізді еліміздің одан әрі демократиялануы жағына қарай жүйелі реформалауға бағытталған ішкі интенциямызбен үйлеседі.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне мүмкіндік берілуі туралы көптен күткен шешім Қазақстан қоғамындағы психологиялық құштарлықты жоғарылатып, реформалар үдерістерінің қуатты катализаторы, одан әрі либерализациялау мен ашықтыққа бағытталған жолдың дұрыстығының қосымша қуаттаушысы болады.
Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың жаңаша тануы – елдегі экономикалық табыстардың, қоғамдағы тұрақтылықтың, жалпыұлттық консенсустың жемісі. Мұның барлығы Қазақстан Республикасын ұзақ мерзімді перспективада демократиялық және саяси жаңғыртудың негізгі және құнды құрамдастары.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бергі аса қысқа мерзім ішінде халықаралық қатынастардың тең құқылы субъектісіне айналды және нарықтық экономикасы, ыңғайлы инвестициялық климаты, демократиялық институттары мен азаматтық қоғамның шешуші жүйесі бар ел ретінде Еуропаның саяси алаңында үйлесімді дамып келеді.
Еуропалық қауыпсіздік және ынтымықтастық ұйымының адамдарды сатумен күресу, жеңіл және ату қаруларын заңсыз айналымына шектеулерін қоюда рөлі маңызды болып келеді. Бұл қоғамның атқаратын қызметтері мен міндеттері бейбітшілік пен ынтымақтастықты қөздейді, осы себепті дипломдық жұмыстың өзектілігі байқалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қалыптасу тарихын және Қазақстандағы ЕҚЫҰ-ң рөлін, ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынас мәселелерін ашып көрсету.
Алға қойылған мақсаттарын орындау үшін, келесі міндеттер қаралады:
ЕҚЫҰ-ң қалыптасу тарихын зерттеп, әр кезеңдегі іс-әрекеттерін орындалу реті бойынша жүйелеу;
ЕҚЫҰ-ң құрылымы мен ондағы өзгерістерін, атқаратын қызметін көрсету;
Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ң байланысын, саяси стратегиясын көрсету;
Мадридтегі Қазақстанның төрағалығы жөніндегі шешімінің Қазақстан үшін маңыздылығын ашып айту.
Зерттеу объектісі болып Еуропалық Қауыпсіздік және Ынтымықтастық Ұйымының іс әрекетіне байланысты қабылданған заң күші бар құжаттар және бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізілген шаралар.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы демократия, бейбітшілік және адам мен қоғам бостандығы, Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы саяси байланыстар, сонымен қатар қайта өрлеуде, қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның өз тарапынан жаңа шешу жолдарын ұсынуы болып табылады.
Дипломдық жұмыс құрлымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі болып Қазақстан Республикасының нормативты-құқықтық актілері, шетел және отандық ғалымдар мен экономистердің еңбектері, интернет жаңалықтары қаралды.
1 Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық ұйымының ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ тарихы
1.1 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы
ЕҚЫҰ – қауіпсіздікті қолдайтын ұйымдардың ішіндегі ең ауқымдысы, ең жас және тұрақтылыты қолдау аясындағы потенциалы жоғары ұйым. ЕҚЫҰ қауіпсіздікке байланысты сұрақтарды кеңінен қамтиды, олардың негізгісі: адам құқығы мен бостандығын қорғау, сонымен қатар экономика мен экология саласындағы ынтымақтастық және саяси, әскери сұрақтар да маңызды болып табылады ЕҚЫҰ – ң негізгі мақсаты осы сұрақтардың шешімін табу.
ЕҚЫҰ-ның басқа еуропалық қауіпсіздік институттарынан бірегейлігі – оның БҰҰ Жарғысының VІІІ Тарауының астарындағы өңірлік келісім болып табылатын Еуропадағы қақтығыстарды ескертудің алдын алудың, дағдарыстарды реттеудің және қақтығыстардан кейін қалпына келтірудің басты құралы ретінде құрылған бірден-бір ұйым екендігінде. Бірақ, ЕҚЫҰ-ның қызмет көрсету аймағы тек Еуропамен ғана шектелмейді, бейнелеп айтар болсақ, бұл ұйымның қызмет аясы “Ванкуверден Владивостокқа” дейінгі аралықты қамтиды. [1,б.41]
ЕҚЫҰ-ның қаруландыру және қарусыздандыру әрекететін бақылау саласындағы мүмкіндіктері және оның экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастыру саласындағы рөлі, адам құқығының қорғалуы қарастырылды. Осыған қарамастан кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша ұйымның қаржылық, институционалды және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері ұйымға қатысушылардың барлық қауіп түрлерінен қорғау кепілдігін қамтамасыз етуде жеткіліксіз деп қаралды. Қауіп түрлерінің келесі типтері анықталды:
- «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесі барлық мемлекеттерді қамтиды, бірақ осыған қарамастан іс-жүзінде тиімді шешімдерін қабылдауға қабілетсіз»;
«Негізінен жалғыз ұйым осындай кепілдеме бере алады ма, және жаңа жүйеде басымды орын ала алады ма? Менің ойым бойынша жауап біртекті – бола алмайды».
Осыған қарамастан не себепті ЕҚЫҰ-ның қалыптасуы Еуропа үшін қауіпсіздік ұйымы ретінде маңызды орын алады?
Біріншіден, жаңа қауіпсіздік концепциясын іске асыру үшін алғашқы қадамдарын бастау қажет, ал олар барлығына ортақ. ЕҚЫҰ қағидаларына жататындары:
- демократия;
- адам құқықтарын қорғау;
- заң ұлықтылығын сақтау;
- нарықтық экономика,
- әлеуметтік әділеттілік және қоршаған ортаны сақтаудағы жауапкершілігі, бұл ұғымдар барлық қатысушы мемлекеттер арасында түсінігін табады.
Екіншіден, ЕҚЫҰ-ның негізі – барлық қатысушы мемлекеттер арасында тепе-теңдікті сақтау, бұл барлық мемлекеттерді бірдей орынға қояды, мұнда олардың экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі қарастырылмайды, осыдан бұл жағдай кең пікір таласуға, оның ішінде экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, әскери одақ тек жеке мемлекеттің әскери күшін біріктіретіндіктен, ортақ жауға қарсы қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз ете алмайды. Өз алдында бірігу үшін қарсылас жау өзіне одақтастар іздейді, бұл ірі топтар арасында ауызбіршілікті бәсеңдетеді. Қоғамдастар ұлттық мұраны негізге ала отырып, өздерінің белсенділігімен жеке мүдделерінің бірігуіне әкеледі, осыдан сенімділік пен айқындылық туындайды. Осыдан бұл қоғам қарулы емес құралдарға толығымен сүйенгендіктен олар ұйымдастырылған агрессияға қарсы шыға алмайды. Олар қоғамдас елдердің құлдырау кезінде әлсіз, сондықтан арты соғысқа әкеледі.
Төртіншіден, ЕҚЫҰ – жалпы еуропалық жалғыз қауіпсіздік ұйымы. 1990 жылдардан кейін ұйымның мүмкіншіліктерін арттыратын жаңа құрылымдары пайда болды. Оған Тұрақты кеңес, Варшавадағы адам құқығы және демократиялық институт Бюросы, қайшылықтырды болдырмау орталығы және аз ұлттар ісі бойынша Жоғарғы комиссар жатады.
Сонымен қоса олар Батыс Еуропадағы көпшілік қақтығыс орындарына бақылаушы топтарды жіберді, олар дау-дамайды бейбіт жолмен шешу үшін және барлық орын алған жағдайларды анықтау мақсатында қызмет етті. Сонымен бірге ЕҚЫҰ «аймақтық келісім» бойынша БҰҰ жарнасының сегізінші бөліміне сәйкес глобалды қауіпсіздік ұжымы жүйесіне енгізілген. Бірақ бұл шаралардың көпшілігі әсерсіз. [2,б.65]
ЕҚЫҰ бастапқыда өз жұмысын Хельсинскиде АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен барлығы 33 мемлекет мүше болып табылатын ұйым ретінде, яғни Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) болып құрылудан бастады. 1975 жылғы 1 тамызда халықаралық ынтымақтастықтың жаңа қағидаттарының негізін салып, қорытынды актіге қол қойды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық кеңесі “қырғи қабақ соғыс” кезеңінде бір-біріне қарсы тұрған блоктар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жөніндегі форумның қызметін атқарды.
Еуропадағы жан-жақты қамтитын қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру идеясының өзі бірнеше ғасырлар бойы билеп келе жатыр. Аббат Сан-Пьер 1713 жылдың өзінде-ақ «Еуропада мәңгілік бейбітшілік орнату» жобасын ұсынған. Бұл жоба бойынша Еуропа мемлекеттері арасында одақтық келісімдер жасалады, сонымен қоса территориялық даулардан бас тарту және барлық келіспеушілік сұрақтарын халықаралық үш жақты сотта қаралу көзделді. [8,б.17]
Француз ойшылы, жазушы Жан Жак Руссо барлық қиындықтарды жеңу Еуропа Республикасын құру деп түсіндіргенімен, Еуропаның ол кезде бірігуге дайын еместігін іштей білетін. Ресей империясының белгілі ойшылы С.Ю.Витте Еуропада бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату үшін, Ресей, Франция және Германия мемлекеттерінің арасында Ұлы Одақ құру деп түсіндірді.
Жалпыеуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аумағындағы кейбір ойлар 1814-1815 жылдары Вен конгресінде де талқыланған болатын. Осы ойларды іске асыру 1815 ж қыркүйекте Ізгі Одақтың құрылуынан бастау алды. Одақтың негізгі мақсаты әлемдік тәртіптің беріктілігі мен тұрақтылығын бақылау еді, себебі Еуропалық монархия қорқынышты үрейді ең алдымен ішкі төңкерістен көрді.
1919 ж Ұлттар Лигасының құрылуы Еуропадағы қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуының әрекеті болды. Бұл ұйымның іс-әрекетінің негізі ретінде қаралған қағидалар әсерсіз еді, сондықтан мемлекетаралық қайшылықтардың реттелмеуі және агрессияға қарсы әсерлі әдістерінің болмауы, құрылғаннан-ақ тұрақсыз екені уақыт сынынан өтпегенінен көрінді.
Екінші дүниежүзілік соғыс бейбітшілікті сақтау мен агрессияға қарсы тұрудың қажет екенін көрсетті. Бұл ой Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 ж жарғысында өз орнын алды. БҰҰ-н құру барысында Ұлттар Лигасының қайғылы іс-әрекеті ескерілді. Нәтижесінде ұжымдық қауіпсіздіктің негізі болатын әмбебап халықаралық ұйым пайда болды. БҰҰ-ң жарнасының сегізінші бөліміне сәйкес әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын және аймақтық қауіпсіздіктің мәселелерін шешетін, сонымен қатар БҰҰ-ң тірегі болатын аймақтық ұйымдарды құру көзделген болатын.
Басқа да елдер әсіресе КСРО БҰҰ-ң декларациясы шарттарының аясындағы ұсыныстарына, оны шынайы жүргізу жолдарына белсенді қолдау көрсетті. Берлинде өткен АҚШ, Ұлы Британия және Франция министрлері кеңесінде (25 қаңтар-18 ақпан 1954 ж) кеңестер жағынан Еуропада 50 жыл аралығына ұжымдық қауіпсіздікті орнату туралы келісім шарттың жобасы ұсынылды, оған барлық еуропа елдерінің қолдары қойылғанда, тұрақты жұмыс жасайтын ұйымдық құрылымына сүйенетін еді. Ұсыныс бойынша батыс елдері, Германия демократиялық Республикасын мойындағанымен, Германия Федеративтік Республикасын Солтүстік атлантика ұйымы мүшелігіне бөгет болды деп санады. Сонымен атар еуропалық қауіпсіздік мәселелерін шешуде, батыс блогы атынан Америка Құрама Штаттары қолайсыз деп табылды. Ал Венгрияда, Польшада белгілі оқиғалар орын алғандықтан және Берлин қабырғасы көтерілгендіктен жалпы жоба ұмытылды.[4,б.26]
Алпысыншы жылдардың екінші жартысында қайшылықтар басылғандықтан, Батыс пен шығыс арасында байланыстар жаңғырғандықтан, КСРО жан-жақты Варшава келісім шарты ұйымының атынан ұсыныс жасады, онда еуропа қауіпсіздігі сұрақтары бойынша жиналыс өткізу туралы, ол жерде салтанатты түрде еуропада орнатылған шекараларды растайтын және Батыс пен Шығыс арасында кеңінен экономикалық және саяси байланыстардың негізін қалайтын ұсыныстың (құқықтың сипаты бар) қабылдануы қаралған.
1969 ж бұл ұсынысқа сақтықпен қарайтын НАТО , осындай жиналысқа белгілі шарттар бойынша қатысуға дайын екенін білдірді. Оған келесі жағдайлар жатады: АҚШ пен Канаданың толық мүшелігі, Берлин құқықтық статусының расталуы, Еуропада ядролық емес қарусыздандыру мәселелерін талқылау және адам құқытары сұрақтарын жиналыс тәртібінде қарау.
1970 жылдардың басында келіспеушіліктер шешілді, Кеңес одағы АҚШ пен Канада жиналысына қатысуына келісім берді. Берлин бойынша төртжақты келісімге қол қойылды, келісім бойынша ГФР, ГДР, Польша, Чехославакия және Кеңес Одағы арасында шекаралардың мәңгі сақталуы және күшті пайдаланудан бас тарту туралы шарттар жасалды. КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық (ОСВ 1) қарулануды шектеу туралы келісімсөздің басталғаны және Р.Никсон мен Л.И.Брежневтің 1972 ж мамыр айындағы кездесуінің жоғары деңгейде өтуі қолайлы жағдайлар туғызды.
Алғашқы келіссөздері 1972 ж 22 қарашада Хельсинки (Диполи) қаласында орын алды да 1973 ж 8 сәуірде Хельсинкиде қорытынды кеңес ұсыныстары қабылданған соң аяқталды («Көк кітап» атымен белгілі ), мұнда үш кезеңде жүргізілетін жиналыстың практикалық аспектілері егжей-тегжейлі анықталған, олар: оның күн тәртібі, қатысушылар құрамы , жүргізілу орны, мерзімді және ережелі қаржыландыру тәртібі. Жиналыстағы шешім қабылдау әдістері ретінде қорытынды ұсыныстардың консенсус қағидасы бекітілді.
ЕҚЫК (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі) алғашқы келіссөз жүргізу кезеңі Хельсинкиде 1973 ж шілде айының 3 мен 9 аралығында өткізілді, 35 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысты, оның ішінде барлық Еуропа елдері (Албаниядан басқа), Америка Құрама Штаттары және Канада болды, «Көк кітапты» бекітті және өз үкіметтерінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша пікірлерін ортаға салды. Келіссөз жүргізілгенде кең ауқымды қатысушылардың болуы сол кезден-ақ ЕҚЫК-ң блоктар аралық сипатын білдірді. Ол туралы Хельсинки қорытынды кеңес ұсыныстарында айтылған ережелердің 1- бабында былай деген: «Жиналысқа қатысқан барлық мемлекеттер дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде, теңдей қатысады. Жиналыс қарулы одақтардан тыс жүргізіледі».[5,б.56]
Екінші кезең 1973 ж 18-қыркүйектен бастап, 1975 жылдың 25-шілдесіне дейін Женевада өтті, ол жиналыстың қорытынды құжаттарымен жұмыс жүргізілуге арналды.
Үшінші кезең ЕҚЫК келіссөздерінің 1975 ж 1-тамызда Қорытынды актіге қол қоюымен аяқталды, ол мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы үлесті салмақ еді және халықаралық қайшылықтарды шешуге бет бұрды.Сол 1975 ж қол қойылған Хельсинки келісім шарты аясында дипломатиялық қатынастарды дамыту жалғасын тапты.
Осылайша «Хельсинки процесі» басталуының негізі қаланды, ол жалпы Еуропа үшін сол кезде алғанда қолайлы қауіпсіздік моделінің шет жағасын белгілеу амалдарының бірі болды.
1975 ж Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің Қорытынды актіге қол қоюы екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан саяси және территориялық нәтижелерін бекітті, жалпы Еуропалық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жолында маңызды қадам болып табылды, Батыс пен Шығыстың ядролық теңдігін сақтау бойынша қалыптасқан жағдайлардың жауабы ретінде қаралды. Егер «Үшінші елде» қарулы қақтығыстар шектелген және локалды болып келсе, Еуропада «темір тормен» бөлінген қарсылас қарулы блоктар арасында кез-келген ірі, көлемді күшпен таласу адамзатты ұжымдық өзін-өзі өлтіру қаупіне әкеледі. Осыдан Еуропа мемлекеттерінің және АҚШ пен Канаданың континентте өздерінің жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру шешімі қабылданды.
Хельсинки қорытынды актісі он қағиданы бекітті («Хельсинки ондығы» деп аталды), маңыздылығы өте жоғары саналды, оларды қатысушы мемлекеттер мойындауға міндеттенді, барлық қатысушы мемлекеттерге, олардың саяси экономикалық және әлеуметтік жүйесіне және олардың шамасы, географиялық орналасу жағдайына, экономикалық даму сатысына қарамастан қағида бәріне бірдей. Әрбір бектілген декларация баптарын қатысушы мемлекттер құрметпен қарауға міндеттенді. «Хельсинки ондығы» келесі қағидалардан тұрады:
- Тәуелсіздік теңдігі, тәуелсіздікке тән құқықтарын қадірлеу
- Күшті немесе қауіптену күшін пайдаланбау
- Шекараның сақталуы
- Мемлекеттің территориялық бүтіндігі
- Келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеу
- Ішкі істерге араласпау
- Адамның құқықтарын және бостандық негіздерін қадірлеу, оған еркін ойлау, дінге берілу, өзіндік көзқарастары мен ар-ұят бостандығы жатады
- Ұлттардың теңдігі және өз тағдырын шешу құқықтары
- Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық
- Халықаралық құқықтары бойынша міндеттерін адал орындау
Іс – жүзінде «жасырын соғыс» толығымен аяқталмастан бұрын қабылданған Хельсинки қағидаларының маңызы зор болды, себебі олар жай ғана БҰҰ-ң жарлығының негізгі жағдайларын қайталамай, сонымен бірге оны дамытатын, Еуропа континентінде қатысушы мемлекеттердің бейбіт өмір сүру жолдарын толығымен ашып көрсетті. [6,б.61]
ЕҚЫК Қорытынды актісінде істі жүргізу салалары бекітілген, олар толығымен мемлекетаралық қатынастар шеңберін қамтиды және Хельсинкиде «қоржын» атауына ие болды. Ал қазіргі кезде «өлшемдер» деп аталады.
Бірінші қоржынға, яғни әскери саясат өлшеміне – саяси қауіпсіздігі және қару-жарақтарын бақылау, қайшылықтардың алдын алу және оларды шешу сұрақтары жатады.
Екінші қоржынға, яғни экономика-экологиялық өлшеміне – экономика, ғылым, техника және қоршаған ортасаласындағы қарым қатынастар бойынша мәселлерін қамту жатады.
Үшінші қоржынға, яғни адамдық өлшеміне – гуманитарлық және басқа да (ақпараттар, мәдениет, білім беру) саласын, сонымен бірге адам құқықтары бойынша ынтымақтасуы жатады. [7,б.58]
Осылай келе Қорытынды акт Батыс пен Шығыс арасындағы тіресу жағдайында компромис болып, екі блок мемлекеттері арасында ұзақ мерзімді ынтымақтасу негіздерін қалады, бірақ олар сол кезде алаңдаушылық білдіруімен болды. Көптеген Еуропа елдерінде екіжақты келісім шарт пен мәмлелер міндетті түрде қорытынды актіне сілтемеушілік беріліп қол қойылған. Ынтымақтастық бойынша екіжақты комиссиялар құрылған, әр-түрлі бағытта жалпыеуропалық жиналыстары өткізіле басталды.
Кеңес Одағында шетелдіктердің келуін, шетел журналистерінің жұмыстарын және т.б. жеңілдететін жағдайлар мен нормативтік актілер қабылданды. Қабылданған құжаттар Еуропа мемлекеттері қатынастары арасындағы қалыптасқан терең сенімсіздіктерін жоймады, бірақ та оларды шешу жолының жаңа амалын ұсынды. Құжаттың басты кемшілігі ретінде қаралатыны онда тек саяси жағдайлардың болуы және оны орындамау немесе бұзуға қарсы шаралар қарастырылмаған.
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің екінші кезеңі ХХ ғасырдың 90 жылдарын қамтыды.80-90 жылдар аралығында Еуропада фундаментальді саяси өзгерістер жүрді, жасырын соғыстан шығуға алдын – ала сілтемелері туындады. 1989-1990 жылдары Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде саяси биліктің ауысуы және Германияның бірігуі, Варшава келісім шартының тарауы және 1991 ж Кеңес Одағының тарқауы әлемнің биоөрістік жүйесінің жойылуына әкелді. Әлемдегі саяси күштердің орындарының ауысуына байланысты Еуропа үкіметі алдында Шығыс Еуропа қауіпсіздік саласында қалыптасқан вакумды толтыруға бағытталған және еуропа қатынастары тұрақтылығын қамтуға арналған құрылымын қалыптастыру міндеттері жүктелді. Бұл мақсатқа жетуге қатысты әр — түрлі қолайлы жолдардың түрлері айтылды.
80 жылдардың соңында Кеңес Одағы «жалпы Еуропа үйі» жобасын ұсынды, оның мағынасы Еуропада «жан-жақты ынтымақтасу негізінде жаңа мемлекетаралық қатынастар түрін қалыптастыру еді». «Қайта құру» КСРО-да саяси ойлары өзгеріске ұшырады, жасырын соғыс дәуіріне тән болған идеологиялық және әскери саясаты қайшылықтарын шешуге бағытталған негіздерін қалыптастырған. Сол кезде-ақ ЕҚЫК-сін «Еуропалық БҰҰ» түріне ұқсастырылып өзгерту ойы кең көрініс алды, Ол түгел еуропа үшін шекарасыз кеңістік орнатып майдансыз қауіпсіздік жүйесі қызмет көрсететін құрылымды қарастырды. [8,б.62]
Жаңа Еуропалық тәртіпті орнатуда 1989 ж Франция президенті Ф.Миттеранның ұсынған кеңейтілген Еуропалық конфедерациясы туралы ой-пікірі маңызды орын алды, бейбітшілік пен қауіпсіздік ісі диалогын сақтауда олардың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін континенттегі барлық мемлекеттері ынтымақтасуын қажет етеді. Сонымен бірге Франция пікірі бойынша, бұл конфедерация Еуропа одағынсыз құрылу мүмкін емес, ол барлық еуропалықтар үшін «тарту өрісі» ретінде қаралады. Ол өз іс-әрекетінде икемділік пен прагматизм жолын ұстауын қажет етеді, ешбір жағдайда басқа институттар қызметтерін алмастырмай және аймақта қалыптасқан басқа да ынтымақтастық түрлерін жоққа шығармауы тиісті. Болжау бойынша конфедерацияға қатысушы мемлекеттерде демократия дамуы және тұрақтылық деңгейі міндетті түрде біркелкі болуы шарт емес, өйткені бұл жаңа құрылымның негізгі мақсаты осындай айырмашылықтар арасында пайда болатын мәселелерін шешу.
Солтүстік Атлантикалық Одақ өз алдында «Еуропадағы барлық ұлттар арасында жаңа қатынастар» құрылуы туралы ниетін жариялады. 1990 ж альянсқа қатысушы мемлекеттері саммитінде қабылданған Лондон декларациясында ұйымның жұмысының саяси бөлігін күшейту туралы жағдайлары бекітілген. Жасырын соғыс жылдары жаулары болып келген шығыс Еуропа елдеріне альянс «достық қол ұшын» бере бастады. [10,б,22]
1990 ж 19-21 қараша айында Парижде өткен ЕҚЫК-не қатысушы елдердің басшылары мен үкіметтерінің арнайы жиналысы Еуропада жасырын соғыстың өше бастауының алды болды. Бұл жиналыс аясында өткен алғашқы «жоспардан тыс» отырысы болды, өйткені Венада қабылданған шешімге сәйкес, келесі жоғары деңгейдегі кездесу 1992 ж Хельсинкиде өтуі тиісті еді. Оған Еуропадағы қарқынды саяси өзгерістер итермеледі, осыдан соң ЕҚЫК жүйесінде құрылымдық қайта құрылуы болды, саяси процестерге әсер ететін, шынымен тиімді қызмет етуші ұйым ретінде тарихи мүмкіндігі қалыптасты.
Саммитте қабылданған жаңа Еуропаға қатысты Париж хартиясы құжаттары, 22 елдің келісілген декларациясы, Еуропадағы жай қарулы күштер туралы келісім шарты, идеологиялық, саяси, ұйымдастырушы және әскери алдын ала жағдайын тудырды, ол Еуропада келешекте ЕҚЫК аймақтық қауіпсіздік құрылымына айналды.Еуропадағы «Шығыс» және «Батыс» бастапқы географиялық мағынаға ие бола бастады. [11,б.59]
Еуропадағы Батыс –Шығыс сызығы бойынша блоктың аяқталуы, сонымен қоса жасырын соғыс заманының өтуі де, өкінішке орай Еуропа континентінде тұрақтылық пен беріктікті қамтамасыз ете алмады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропа қауіпсіздігінде жаңа қауіптер туындай бастады. Оның бәрі ең алдымен Югославияның, Кеңес Одағының тарауынан басталды, территориялық келіспеушіліктердің өршуі, коммунистік елдердің экономикалық жағдайларының нашарлауы қауіптің басталуына себеп болды. Кеңес одағы мен Югослаияның құлау негізінде пайда болған көптеген елдер ЕҚЫК-ң құрамына кірді.Сондықтан 90 жылдардың басында жиналыстың басты міндеті қайшылықтардың алдын-алу, мемлекетаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу болды. Қарулы қақтығыстар мен адам өлшемін бақылауда жиналыстың маңызды әрекеті болды. [12,б.59]
1991 ж 10-қыркүйек пен 4-қазан аралығында ЕҚЫК-ң адамдық өлшемінің 4 қорытынды конференциясы өтті. Онда адам құқығына, бостандығына, демократияға, және заңдылыққа байланысты мәселелер қаралды.
Ал 1992 ж Хельсинкидегі жиналыс өте жоғары деңгейде өтті. ЕҚЫК-ң форумнан трансаймақтық ұйым болуына бастау болған «уақыт үзілісін шақыру» құжаты қабылданды. Хельсинки саммитінде ЕҚЫК-ң төрағалық лауазымы бекітілді, ол жиналыстың іс-әрекеті туралы сұрақтарға, ондағы мәселелерге байланысты консультациялар беріп отыруы тиіс еді.
Стокгольм кездесуінде (14-15 желтоқсан 1992 ж) ЕҚЫК-ң бас хатшысы лауазымы бекітілді.
1993 ж министрлер кеңесінің Римдегі кездесуінде ЕҚЫК-ң күнделікті оперативтік мәселелерін шешетін Тұрақты комитеттің құрылуы туралы шешім қабылданды.
Ал 1994 ж желтоқсанда Будапештте өткен кездесуде ЕҚЫК мүшелері ХХІ ғасырда қауіпсіздіктің моделі қандай болу керек екенін талқылады.Мұндай модель құру үшін ЕҚЫК-ң ұйымға айналуы керек еді. Қатысушы мемлекеттер ЕҚЫК аймағында соғыс әрекетерінің тұтануы тоқтамағанын, адам құқықтарының бұзылуын айтып өз реніштерін білдірді. Будапешт саммитінде «қауіпсіздіктің соғыстық-әлеуметтік аспектілеріне қатысты өткізілу кодексі» бекітілді.Ақыр соңы қатысушы мемлекеттер ЕҚЫК-ң рөлінің өсуі ЕҚЫК-н Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына өзгерту деп тапты. ЕҚЫК ЕҚЫҰ-на ауысқанымен оның іс-әрекеті, институттары өзгермейді деді.
Осы Будапештегі саммитте 1995 жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕҚЫК-ін өзінің жарнамасы және құқықтық базасымен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) ауыстыру туралы шешім қабылданды.
ХХІ ғасырдың қауіпсізідік моделдерін талқылау 1995 ж желтоқсанда ЕҚЫҰ-ң Лиссабон саммитінде жалғасын тапты.Лиссабон кездесуінде «ХХІ ғасырдағы Еуропа үшін қауіпсіздіктің жалпы және кең ауқымды модельдері» декларациясы қабылданды.
1995-1996 жж «Үш шоғырлас шеңберлер» сценариі жасалды, осыған сәйкес «шағын шеңбер» Батыс Еуропа Одағы, «орта шеңбер» Солтүстік Атлантика Одағы және «үлкен шеңбер» Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы араларында тығыз әрекеттесуі қарастырылған.
Лиссабон саммитіндегі мәселелер 1999 ж ЕҚЫҰ-ң Стамбул саммитінде жалғасын тапты.Осы саммитте ХХІ ғасырдың қауіпсіздік моделдерін талқылау қорытындысы жасалды және Еуропа қауіпсіздігінің Хартиясы қабылданды.. Сонда 30 қатысушы мемлекеттер Стамбул декларациясын қабылдап, Еуропадағы қарулы-күштер келісім құжатына қол қойды. [12,б.162]
Барлық қатысушы мемлекеттердің басшылары демократиялық, біртұтас, ЕҚЫҰ құру туралы жария етті. Ондағы қатысушы мемлекеттер бір-бірімен бейбітшлікте тұрады, ал адам мен қоғам бостандықта, қайта өрлеуде, қауіпсіздікте. Бұл мақсатқа жету үшін келесі қадамдарды қабылдау керек еді:
Қаупсіздік платформасын қабылдау, ол ЕҚЫҰ-мен басқа да дүниежүзілік ұйымдардың байланысын нығайту мақсатында ынтымақтастыққа негізделген;
Бейбітшілік сақтау жолдары бойынша, ұйымның қауіпсіздікке деген көзқарасын ашып көрсету бойнша ЕҚЫҰ-ң рөлін дамыту;
Жедел экспертті көмек көрсету және ынтымақтасу топтарын құру, ол ЕҚЫҰ-ың жергілікті орындары көмек сұраған жағдайда тез жауап беру түрінде ірі масштабты азаматтық операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді;
Заңның басымдылығын сақтауға және құқықтық тәртіпті реттеуге көмектесу мақсатында полиция іс әрекеттерін кеңейту;
ЕҚЫҰ операцияларын тез орындау және жоспарлау мақсатында оперативтік орталық құру;
ЕҚЫҰ айналасындағы әлеуметтік кеңес беру процесін күшейту, ол ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі тұсында Әзірлеу комитетін тағайындау жолымен іске асырылады;
2000 ж кездесу Венада өтті, онда «Оңтүстік Шығыс Еуропадағы ЕҚЫҰ рөлі туралы» декларациясы қабылданды және оның шешімі бойынша адамдарды сатумен күресу, жеңіл және ату қаруларын заңсыз айналымын шектеу туралы құжат мақұлданды. Негізгі баптары бойынша министрлер арасында ауызбіршілік болмағандықтан, қорытынды жалпы саяси құжаты қабылданбады – министрлер декларациясы.
2001 жылғы кездесу Бухарест қаласында өтті. Кездесу қорытындысы бойынша министрлік декларациясы қабылданды, онда терроризммен күресу бойынша іс-жүргізу жоспары, саяси диалог жүргізу форумы ретінде ЕҚЫҰ рөлін күшейту туралы құжаты, аймақтық мәселелері бойынша үндеу. [16,б.5]
2002 жылдың 12-маусымында Халықаралық Лиссабон конференциясы өтті, «Терроризмді болдырмау және онымен күресу туралы» қорытынды құжаты қабылданды, онда терроризмге қарсы тұру кезінде халықаралық және аймақтық ұйымдардың рөліне баға берілді.
2003 жылдағы кездесу Нидерландының Маастрихт қаласында өтті. Әскери — саяси қауіпсіздік саласында шешімдері бекітілді (артық қару-жара қорларын жою, жылжымалы зенитті-зымыран кешендерінің таралуын бақылау, жеңіл және ату қарулар саласында бақылауын жақсарту туралы). 2003 жылдан бастап Ресей және көптеген ЕҚЫҰ мүшелерімен түсінбеушіліктер орын алғандықтан, саяси декларациялар қабылданбады. Маастрихте АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Ресей 1999 ж Стамбул келісімдерін (Приднестровья және Грузиядан өз әскерлерін шығаруы) орындауға міндетті және бұл жағдай декларацияда көрсетілуге тиіс деп мәлімдеді.Ресей құжаттың қабылдауына жол бермеді.[13]
2004 жылғы кездесу София қаласында өтті және ол Украинадағы «сарғылт төңкеріспен» тұтас келгендіктен “Қорытынды құжат” тағы да қабылданбады.
2005 жылы Любляне (Словения) қаласында өткен шетел министрлер басшыларының кеңесі нәтижесіз аяқталды, қорытынды декларация қабылданбады.
Ресей мен басқа да ЕҚЫҰ мүшелері арасында тартыстар жалғасын алды, онда Приднестровьядан әскерлерін шығаруын талап етеді және коммерциялық емес ұйымдар туралы заң жобасы қабылдануы айыпталады. Бұл жоба бойынша мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Ресей өз алдында ЕҚЫҰ жұмысына сын айтумен сөз қайтаруда. Соңғы кездері ЕҚЫҰ бақылаушылары өз іс-әрекетінде ТМД қатысушы мүшелері арасында жүргізілетін сайлау мониторингін объективті емес деп көрсетті.
2006 жылдың 5-желтоқсанында өткізілген ЕҚЫҰ кездесуінде Сергей Лавров алғаш рет , егер ұйым өз іс-әрекетін жүргізуде адам құқықтарын қорғау мониторингісінен әскери — саяси және экономикалық ынтымақтастыққа назарын аудармаса, Ресейдің мүшеліктен шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.
2007 ж қазан айында Ресей, Армения, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ЕҚЫҰ жұмысына резолюция жобасын ұсынды. Оған сәйкес демократиялық институттар және адам құқығы бойынша бюросы жұмысына шектеу қойды. 30 -қарашада ЕҚЫҰ саммит жұмысы қорытындысы бойынша бұл резолюция қабылданбады.
2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Испания шетел және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Морантинос төрағалық лауазымына ие болды.
Ал 2008 жылдан бастап Финляндия шетел және ынтымақтастық министрі Александр Стубб төрағалық лауазымын қабылдады.
Соңғы министрлер кеңесі 2008 ж 29-30 қарашада Мадрид қаласында өтті. Онда ЕҚЫҰ төрағалық ету лауазымына 2009 ж –Греция, 2010 ж – Қазақстан, 2011 ж –Литва мемлекеттері бекітілді.
ЕҚЫҰ жұмысын ашып көрсету үшін келесі бөлімде оның құрылымы мен қызметтеріне дәлірек тоқталамыз.
1.2 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымы және қызметі
ЕҚЫҰ саммиттерінде келесі ғасырға қауіпсіздік моделі құрылуы туралы пікірталастар жүргізілді, бірақ оның жұмыстары іс-жүзінде алғашқы қалпынан жылжымады. Барлық қатысушылар бір көзқарасқа ортақ келді, ол «Еуропа күнделікті кедесетін қауіпсіздік мәселелері, оның жаңа түрлері мен тәуекелдерін шешуде ауқымды қамтылуын қажет ететінінде».
ЕҚЫҰ — Еуропа қауіпсіздігінің жаңа архитектурасын құраушы негізгі ұйымы болып қарастырылды, осыған қатысты белгілі тәжірибе жинақтап, оны төрт бағыт бойынша дамытуда:
- дағдарыс жағдайларын алдын-алу және ескерту;
- дағдарыс жағдайларын шиеленістірмеу мақсатында жасанды әрекеттерін қолдану;
- дағдарысты шешу жолдарын табу;
- дағдарыстан соң қалпына келтіру шаралары (Босня және Герцоговина жағдайлар үлгілеріндегідей).
Ұйымның институттары мынандай болып келеді. ЕҚЫҰ-ның тұрақты Кеңесі мүше мемлекеттердің өкілдерінен тұрады әрі іс жүзінде ЕҚЫҰ-ның басты атқарушы органы болып табылады. Кеңес те, Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум да жалпыеуропалық қауіпсіздікке байланысты әскери мәселелерді талқылау және шешім қабылдау үшін аптасына бір рет Венада Веналық «Хофбург» конгрес орталығында бас қосып, тиісті мәселелерді жіктеп, жіліктеп, талқылап отырады. Әсіресе, осындай отырыстарда Қауіпсіздік пен сенім саласындағы Шараларға тікелей қатысты мәселелерге басымдық беріліп отырады. Ынтымақтастық жөніндегі форум болса, қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер және ЕҚЫҰ аумағындағы жанжалдарды шешу мәселелерімен айналысады. Өз кезегінде жыл сайын Прагада өткізілетін ЕҚЫҰ-ның Экономикалық форумы ұйым аясындағы мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсер ететін экономикалық және экологиялық проблемаларды талдайды.
ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесулерінде осы ұйымға мүше елдер басшылары жиналып, тиісті мәселелерді талқылап отырады. ЕҚЫҰ-ның осындай саммиті оған мүше мемлекеттер немесе үкіметтер басшыларының кезеңдік кездесуі болып табылады. Саммиттердің басты міндеті – ұйымның саяси бағыттарын және даму бағдарларын ең жоғары деңгейде айқындау.
Жоғары дәрежелі кездесулер өтпейтін жылдары Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі шақырылады. Бұл кеңес ЕҚЫҰ бас хатшысын үш жылдық мерзімге сайлайды. Оның басты қызметі ұйым төрағасын ұйымдастырушылық жағынан қолдау болып табылады. Бас хатшының кеңесі ЕҚЫҰ-ын операциялық қолдауды жүзеге асырады.
Іс жүзінде ЕҚЫҰ-ны төраға басқарады. Төраға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бірінің сыртқы істер министрі болып табылады. Төраға сыртқы істер министрлері кеңесінде және жоғары дәрежедегі кездесулерде қабылданған шешімдердің орындалуына жауап береді. Ол ЕҚЫҰ әрекеттерін үйлестіреді.
ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының құрамы шамамен 300 депутаттан тұрады. Олар ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заң шығарушы билігі атынан келеді. Ассамблеяның басты мақсаты – парламенттік бақылау мен ұйым әрекетіне еуропалық депутаттарды тарту. [7,б.21]
Демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі Бюро өз болмысы жағынан ЕҚЫҰ-ның ұйымға мүше мемлекеттерде адам құқығы мен іргелі демократиялық бостандықтың сақталуына жауап беретін басты бөлімшесі болып табылады. Бюро сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның «жауапкершілік аумағында» демографиялық құрылымдардың дамуына көмектеседі.
Өз кезегінде БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл ЕҚЫҰ мемлекеттерінде бұқаралық ақпарат құралдарының даму ахуалын назарда ұстайды және сөз бостандығы бұзылған елдер жайында мүше мемлекеттердің үкіметтеріне ескерту береді.
Адам құқығын сақтау мәселесімен айналысатын ЕҚЫҰ құрылымдары аясында Ұлттық азшылық істері жөніндегі Бас комиссар бюросының (Гаага) алар орны да ерекше. Бұл құрылым континенттегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қатер үйіретін этникалық жанжалдарды ертерек ескертумен және ЕҚЫҰ мүше мемлекеттері арасында қатынасты орнықтырумен шұғылданады.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының ұйымдық құрылымында Сенім мен қауіпсіздікті күшейту жөніндегі шаралардың орны бөлек. Бұл бағдарлама Еуропа континентінде ахуалды асқындырмау және өзара сенімді қалыптастыру үшін жасалған. Оның аясында бұған дейін мынандай құжаттар қабылданған болатын: Еуропадағы кәдімгі қару-жарақ көлемін белгілейтін Еуропадағы кәдімгі әскери күштер жөніндегі Шарт, мүше мемлекеттердің бір-бірінің әрекеттерін, әсіресе, қауіпсіздік саласындағы әрекеттерін өзара қадағалауға мүмкіндік беретін «Ашық аспан» туралы Шарт, Сенім мен қауіпсіздікті күшейту жөніндегі Шаралар аясында төраға Дейтон бейбіт келісімінің бірқатар баптарын орындауды бақылау жөніндегі өзінің жеке өкілдерін тағайындайды.
ЕҚЫҰ-ға қатысты ішкі татуласу мен арбитраж жөніндегі Конвенцияға қол қойған мүше мемлекеттер арасындағы жанжалды жағдайлар мен дауларды реттеу үшін Татуластыру мен арбитраж Соты құрылды. Ол Женевада орналасқан.
ЕҚЫҰ-ның Орталық аппаратында 370 қызметкер жұмыс істейді. Бұған ұйымның түрлі миссиялары мен жобаларында жұмыс істеп жатқан 1000-нан астам халықаралық қызметкерлер мен сол миссиялар жүзеге асып жатқан аумақтағы елдердің 2000 азаматын қосыңыз.[6,б.38]
Демократиялық институтар мен адам құқықтары Бюросы ЕҚЫҰ-ң адам құқықтарын бақылау мониторингі және ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің демократиялық бостандығы бойынша негізгі бөлімшесі болып табылады. Бюро сонымен қатар ЕҚЫҰ қарамағындағы демографиялық институттардың дамуына көмектеседі. Өз кезегінде обстандық сұрақтары бойынша тағайындалған төраға ЕҚЫҰ –ға мемлекеттердің кіретін бұқаралық – ақпарат құралдарының дамуын қадағалайды және қатысушы-мемлекеттерге сөз бостандығының бұзылуына байланысты алғашқы ескертулерін айтады. Мұндай ескерту 2002 ж Түркменстанға берілген болатын.
ЕҚЫҰ құрылымының аймағында адам құқығын сақтау сұрақтарымен айналысатын аз ұлттар істері бойынша Жоғары комиссар бюросына назар аударған жөн. Бұл бөлімше әлемдегі тұрақтықтылықты бұзатын қауіп-қатерге, этникалық қайшылықтарға байланысты ескертпелер береді және ел арасында бейбітшілікті, ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің арасында достық қарым- қатынасты орнатумен айналысады. [12]
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұйымдық құрылымында басты орынды қауіпсіздіқ пен сенімділікті нығайту шаралары алады. Бұл бағдарлама Еуропа бөлігінде бір-біріне деген сенімділікті нығайту мақсатында жасалған. Бұл бағдарлама аумағында келесі құжаттар қабылданған:
ДОВСЕ (Еуропа қарулы күштері жайындағы келісім шарт), Еуропадағы келісуші елдер арасында жай қаруларына шектеулерін қоятын;
«Ашық аспан» туралы келісім шарт, қатысушы елдер арасында бірі-бірінің әрекеттерін бақылауға мүмкіндігін береді, әсіресе қауыпсіздік саласында. Қауыпсіздікті және сенімділікті арттыру бойнша шарттар аясында, атқарушы төрағасы өзінің жеке өкілеттерін Дейтон бейбітшілік келісімін орындалуын қадағалау үшін тағайындайды. Келіспеушілік жағдайларын және қатысушы мемлекеттер арасындағы дауды шешу үшін ЕҚЫҰ қатысты ішкі арбитраж және татуластыру бойынша конвенцияға қол қойғандарға арналып Женева қаласында орналасқан арбитраж және татуластыру бойынша сот құрылған. [16,б.4]
ЕҚЫҰ –ң негізгі іс – жүргізу барысында келесі ресми тілдер танылады:
- ағылшын тілі;
- неміс тілі;
- испан тілі;
- француз тілі;
- итальяан тілі;
- орыс тілі,
ЕҚЫҰ –ң бюджеті 2008 ж шамамен €164 168 200 евроны құрады.
ЕҚЫҰ мүшелерінің құрамы күннен-күнге көбейіп келеді, өйткені бұл ұйымның негізгі құрылу мақсаты қауіпсіздік пен бейбітшілікті орнату. Қазіргі ЕҚЫҰ құрамын 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1 — ЕҚЫҰ мүшелерінің құрамы
Мемлекеттер |
Кірген уақыты |
Мемлекеттер |
Кірген уақыты |
Австрия |
25 маусым 1973 |
Македония |
12-қыркүйек 1995 ж |
Әзірбайжан |
30-қаңтар 1992ж |
Мальта |
25 – маусым 1973 ж |
Албания |
19 маусым 1991ж |
Молдавия |
30-қаңтар 1992 ж |
Андора |
25-сәуір 1996 ж |
Монако |
25 – маусым 1973 ж |
Армения |
30 қаңтар 1992 ж |
Нидерланды |
25 – маусым 1973 ж |
Белорусия |
30 қаңтар 1992 ж |
Норвегия |
25 – маусым 1973 ж |
Бельгия |
25 – маусым 1973 ж |
Польша |
25 – маусым 1973 ж |
Болгария |
25 – маусым 1973 ж |
Португалия |
25 – маусым 1973 ж |
Босния және Герцеговина |
30-сәуір 1992 ж |
Ресей |
25 – маусым 1973 ж |
Ватикан |
25 – маусым 1973 ж |
Румыния |
25 – маусым 1973 ж |
Венгрия |
25 – маусым 1973 ж |
Сан-Марино |
25 – маусым 1973 ж |
Ұлыбритания |
25 – маусым 1973 ж |
Сербия |
25 – маусым 1973 ж |
Венгрия |
25 – маусым 1973 ж |
Словакия |
1-қаңтар 1993 ж |
Грекия |
25 – маусым 1973 ж |
Словения |
24-наурыз 1992 ж |
Грузия |
24-наурыз 1992 жж |
АҚШ |
25 – маусым 1973 ж |
Дания |
25 – маусым 1973 ж |
Тәжікстан |
30-қаңтар 1992ж |
Ирландия |
25 – маусым 1973 ж |
Түркменстан |
30-қаңтар 1992ж |
Исландия |
25 – маусым 1973 ж |
Түркия |
25 – маусым 1973 ж |
Испания |
25 – маусым 1973 ж |
Өзбекстан |
30-қаңтар 1992ж |
Италия |
25 – маусым 1973 ж |
Украина |
30-қаңтар 1992ж |
Қазақстан |
30-қаңтар 1992ж |
Финляндия |
25 – маусым 1973 ж |
Канада |
25 – маусым 1973 ж |
Франция |
25 – маусым 1973 ж |
Кипр |
25 – маусым 1973 ж |
Хорватия |
24-наурыз 1992 ж |
Қырғызстан |
30-қаңтар 1992ж |
Черногория |
22-маусым 2006 ж |
Латвия |
10-қыркүйек 1991 ж |
Чехия |
1-қаңтар 1993 ж |
Литвия |
10-қыркүйек 1991 ж |
Швейцария |
25 – маусым 1973 ж |
Лихтенштейн |
25 – маусым 1973 ж |
Швеция |
25 – маусым 1973 ж |
Люксембург |
25 – маусым 1973 ж |
Эстония |
10-қыркүйек 1991 ж |
ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалатын қызметтері үш өлшемді қамтиды. Олар: адамзаттық, әскери-саяси және экономикалық-экологиялық қауіпсіздік мәселелері. ЕҚЫҰ-ның осы мәселелер бойынша атқаратын жұмысы да ауқымды: оған қару-жарақты бақылауға алу, алдын алу дипломатиялық қарым-қатынас орнату, сенімділікті нығайту, сондай-ақ экономикалық және экологиялық мәселелер, адам құқықтары және демократияландыру, сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің сайлау үдерісін қадағалау да кіреді.
1.3 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
Қазақстанмен байланысының басталуы және қалыптасуы
Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы байланыстар тарихына қарап отырсақ, оның тұрақты түрде қарышты дамып келе жатқанын көремiз. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 ж қаңтар айында мүше болды. ЕҚЫҰ -ға енгеннен бастап, Қазақстан оған мүше елдермен ынтымақтастық байланыстарды күшейтуде бірізді қағидатты ұстанымды басшылыққа алуда.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынастарын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Алғашқысы – 1994-1997 жылдар, бұл – ықпалдасу іргетасының қаланған кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ашылуы болды.
Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы желтоқсан айында Будапешт (Венгрия) қаласында өткен кезекті жиыны өте маңызды. Сол жолда тәуелсіз Қазақстанның Президенті 55 (ол кезде Черногория әлі мемлекет болып жарияланбаған) мемлекеттің басшылары қатынасқан жиында тұңғыш рет сөз сөйлеп, жаңа саяси жағдайдағы жаңа мемлекет – Қазақстанның Еуропа мен Азия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен даму үдерістерін қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын ортаға салған. Дәл осы жиын үстінде Қазақстан үшін маңызды келісімге қол қойылып, елдің мәртебесі көтерілген еді. Ол – жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісім болатын. Өзімізді жаңадан әлемге таныстырып жүрген тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл келісім Қазақстанның мәртебесін көтеріп еді. Үлкен сахнаға АҚШ Президенті Б.Клинтон, Ұлыбритания Премьері Дж.Мейджор, Франция Президенті Ф.Миттеран, Ресей Президенті Б.Ельцинмен бірге Нұрсұлтан Назарбаев көтеріліп, Еуропа тарихында тұңғыш рет осындай кепілдік келісіміне қол қойылды деген сөздер жария етілгенде, дамыған елдер қатарына қосылармыз деген сенім де нығая түскен. [21]
Сол 1994 жылы Будапеште қол қойылған келісімнің Қазақстан үшін маңызы бүгінде артып тұр. Болашақта да оның қажеттілігі арта түсері хақ. Осыдан кейін, 1995 жылы Қазақстанға кепілдігін Қытай үкіметі жариялады.
Міне, осындай жақсы нышаннан басталған ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынасымыз жылдан жылға өзінің ауқымын кеңейте түсуде. Қазір ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясымен біздің Парламент тығыз қатынаста. Қазақстан делегациясы әр уақытта белсенділік көрсетіп, өзінің мемлекет мүддесіндегі ұсыныс-пікірлеріне ЕҚЫҰ-ның назарын аударып отырады.
1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.
Ал ЕҚЫҰ мен әрі қарайғы ықпалдастықтың артуына 2003 жылы аталған меморандумға қатысты хаттамаға қол қою оң әсерін тигізсе, 2004-2006 жылдар қарым-қатынастардың нағыз жанданған тұсы болды. 2004 жылдың сәуір айында ЕҚЫҰ төрағасы – Болгарияның сыртқы істер министрі Соломон Пасси келіп, оның сапары кезінде Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының жаңа басшысы И.Викки өз жұмысына кірісті.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық, әскери-саяси және гуманитарлық қызметінің үш өлшемін ілгері жылжытуға үлес қосқан бірқатар іс-шараларды жүргізді.[22]
Қазақстан Астанада ЕҚЫҰ басшылығының, Ұйымға қатысушы мемлекеттер, академиялық және діни топтар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2006 жылғы 17-18 мамырда ЕҚЫҰ-ның адамдарды сатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясын және Алматыда “Мәдениетаралық, дінаралық және этносаралық түсіністік” кеңесін өткізді. ЕҚЫҰ шеңберінде алғаш рет, әсіресе, жаһандану, жаңа қыр көрсетулер мен қатерлер жағдайында тұрақтылықтың басты факторларының бірі ретінде толеранттылықтың маңызы және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуын өрістету үшін ЕҚЫҰ-ның әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі ерекше атап көрсетілді.
Айта кетсек әскери-саяси өлшем саласы бойынша Венада 2006 жылғы 29 мамыр — 2 маусым аралығында Қазақстанның төрағалық етуімен Еуропадағы кәдуілгі қарулы күштер туралы шартқа (ЕКҚКШ) арналған 3 конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырылуын оған қатысушылар жоғары бағалады. Ал соңғы жылдар ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің Орталық Азия бағытын дамыту қажеттігі туралы идеяны дәйектілікпен ұсынып келеді. Осының нәтижесінде өзінің тарихы және даму ерекшелігі бар өңірге Ұйым тарапынан лайықты назар аударылуда.
2007 жылдың 21-маусымынан бастап ҚР ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Орталық ЕҚЫҰ Орталығы болып атауы өзгердi.2008 жылдың маусым айынан бастап франциялық А. Кельчевски Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын басқарып отыр. Тек соңғы екi жылдың iшiнде екiжақты байланыстар айтарлықтай деңгейде дами түстi. Маңызды iссапарлар мерзiмдiк ретiне қарасаңыз оған көз жете түседi. 2007 жылғы сапарларға назар аударайық. 22-23-қантар — Қазақ делегациясы құрамындағы ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты өкiлдiгi, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және қазақстандық экологиялық үкiметтiк емес ұйымның өкiлдерi Венадағы ЕҚЫҰ-ның «ЕҚЫҰ аймақтарындағы қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн және тұрақты дамуды қамтамасыз етудiң бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су ресурстарын басқару» Экономикалық және экологиялық форумына қатысты. 22-23-ақпан – қазақстандық парламенттiк делегация Сенаттың Төрағасы Қ.Тоқаевтiң басшылығымен Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының қыс мәжiлiсiне қатысты. ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетiнiң мәжiлiсiнде Қ.Тоқаев сөз алып, ЕҚЫҰ-ның қызмет үдерiсiне ҚР-дың өз үлесiн қосуға әзiрлiгiн бiлдiрдi. ПА және ұлттық парламенттiк делегациялардың басшылары кезектi ЕҚЫҰ ПА 17-шi мәжiлiсiн 2008 жылы Қазақстанда өткiзу жөнiндегi Қазақстанның ұсынысын бiрауыздан қолдап, сондай-ақ бұл шешiмде парламентаралық сұхбат пен ынтымақтастықты дамытуға және ЕҚЫҰ-ның басты мақсаттарына жету жолындағы шараларға Орта Азияны жан-жақты қатыстыру қажеттiгi атап өтiлдi.
10-11-сәуiр – ЕҚЫҰ-ның Төрағасы, Испания Корольдiгiнiң сыртқы iстер және ынтымақтастық министрi Мигель Анхель Моратинос Қазақстанға сапар жасады. Сапар аясында ол ҚР Президентi Н.Назарбаев, ҚР Сенаты мен Мәжiлiсi төрағалары Қ. Тоқаев және О.Мұхамеджановпен, Премьер-министр К.Мәсiмов, Сыртқы iстер министрi М.Тәжин және Қорғаныс министрi Д.Ахметовпен кездестi. Келiссөздер барысында ҚР және ЕҚЫҰ мен Испания арасындағы ынтымақтастық, ҚР-дың ЕҚЫҰ төрағалығына өтiнiмi және мемлекеттегi және жалпы Орта Азиядағы қоғамдық және саяси ахуал жөнiндегi мәселелер талқыланды.
16-18-мамыр – Қазақстан делегациясы құрамындағы Орталық сайлау комиссиясы, Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталығы, Әдiлет министрлiгi, СIМ және Польшадағы ҚР елшiлiгiнiң өкiлдерi Варшавада жыл сайын өтетiн ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегi Кеңсесiнiң (ДИАҚК/ЕҚЫҰ) кезектi «Демократиялық қоғамдастықтағы тиiмдi қатысу және өкiлдiк» атты семинарына қатысты. Қазақ делегациясының ресми өкiлдерi үш жұмыс мәжiлiсi аясында азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды дамыту, заң үстемдiгiн, сөз және БАҚ еркiндiгiн, ұлттық азшылықтардың құқықтарын және әйелдер үшiн теңдiктi қамтамасыз ету мәселелерiн талқылады. Атап айтқанда, бiрiншi мәжiлiс барысында Қазақ делегациясының басшысы форум қатысушыларын ҚР Президентi Н.Назарбаев ҚР Парламентi Палаталарының бiрлескен мәжiлiсiнде жариялаған ҚР Ата Заңына енгiзiлетiн өзгерiстер жобасымен таныстырды. Семинар барысында ҚР делегациясы ДИАҚК/ЕҚЫҰ-ның директоры К.Штрохальмен бейресми сұхбат жүргiздi. 23-мамыр – Қазақ делегациясы құрамындағы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң орынбасары Ә.Бiрәлиев, Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң төрағасы Б.Оспанов, сондай-ақ Чех Республикасындағы ҚР елшiлiгiнiң дипломаттары Прагадағы «ЕҚЫҰ аймақтарындағы қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн және тұрақты дамуды қамтамасыз етудiң бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су ресурстарын басқару» атты ЕҚЫҰ-ның XV Экономикалық және экологиялық форумына қатысты. Форум жұмысы барысында Қазақ делегациясы Еуропалық және Азиялық тұрақты даму үрдiстерiн бiрыңғай Еуразиялық үрдiске қосу жөнiндегi бастаманы, сондай-ақ 2012 жылғы Үшiншi Әлемдiк тұрақты даму басқосуды Қазақстанда өткiзудi ұсынды.22-маусым – ҚР Президентi жанындағы адам құқығы жөнiндегi комиссияның төрағасы С.Тұрсыновты, ОСК және Омбудсман офисi мүшелерi Варшавадағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтерiне iссапармен барды.
25-27-маусым – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесiнiң отырысында сол кездегi Мәдениет және ақпарат министрi Е.Ертiсбаев сөз сөйлеп, БАҚ бойынша заңнаманы жетiлдiру мен ақпараттық қамсыздандыру саласындағы жаңартулар жөнiнде баяндады. Сонымен қатар Е.Ертiбаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришанбомен, БАҚ еркiндiгi жөнiндегi ЕҚЫҰ өкiлi М.Хараштимен және ЕҚЫҰ жанындағы делегация басшыларымен кездестi. 10-12-қыркүйек – ЕҚЫҰ жанындағы Бельгия Елшiсiнiң (Б.де Кромбрюгге), Словакия Елшiсiнiң (П.Лизак) және Швеция Елшiсiнiң (В.Бард Брингус) Астана және Алматы қалаларына iссапары барысында ҚР Парламентi Сенатында, Президент Әкiмшiлiгiнде, СIМ және ОСК-да кездесулер өттi. 5-6-қараша – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры Астанаға iссапар жасап, Президент Әкiмшiлiгiнде, Адам құқығы жөнiндегi комиссиясында, Жоғарғы Сотта, СIМ-де және ОСК-да кездесулер өткiздi. Кездесудiң мақсаты 2007 жылғы 30-қазанда басылып шыққан 2007 жылғы 18-тамызда өткен Парламенттiк сайлауға бақылау жасау жөнiндегi ДИАҚБ миссиясының қорытынды есебiн таныстыру, сондай-ақ тиiстi есепте көрсетiлген ұсыныстар негiзiнде одан әрi өзара ықпалдастықтың жолдарын (follow-up) талқылау болды. 29-30-қараша – ҚР Сыртқы iстер министрi М.Тәжиннiң басшылығымен қазақстандық делегация Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ Сыртқы iстер миистрлерi кеңесiнiң 15-шi мәжiлiсiнiң жұмысына қатысты. Күн тәртiбiнiң басты мәселелерiнiң бiрi Ұйымға төрағалық ету туралы Қазақстанның өтiнiмi жөнiнде ортақ келiсiмге келу болды. Келiссөздер нәтижесiнде 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуi туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. СIМК тиiстi шешiмi мәтiнiнен оны орындауды кейiнге қалдырудың айқын немесе жасырын механизмдерi, қандайда бiр талаптар алынып тасталды.
29-қыркүйек – 10-қазан – Варшава қаласында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның (ЕҚЫҰ ДИАҚБ – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқығы жөнiндегi бюросы) Ұйымға қатысушы мемлееттердiң адам өлшемi саласындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде жыл сайынғы кезектi кеңесi өттi. Форумның жұмысы барысында ҚР мемлекеттiк органдарының өкiлдерi, Парламент Сенатының депутаттарымен қоса Жоғарғы Сот, Әйелдер және жанұя-демографиялық саясаты жөнiндегi ұлттық комиссиясы, Адам құқығы жөнiндегi комиссиясының өкiлдерi әртүрлi бiрлескен сессиялары шеңберiнде ресми баяндама жасап, сонымен қатар көптеген пiкiрталастар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысып, адам өлшемiнiң әралуан аспектiлерi бойынша мемлекеттiң ұстанымын түсiндiрiп қорғады.15-16-қазан – ЕҚЫҰ-ның Қазiргi төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушiлiкке және дискриминацияға қарсы дербес өкiлi О.Орхун Астана қаласына ресми сапармен келiп қайтты. Iссапар шеңберiнде О.Орхун мұсылмандардың жағдайы жөнiндегi есептi дайындау мақсатымен Бас прокуратура, Адам құқығы жөнiндегi ұлттық орталығы, Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiктерiнiң басшыларымен кездестi. 4-5-желтоқсан – Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-шi Сыртқы iстер Министрлерi Мәжiлiсi (СIММ) өттi, оған Сыртқы iстер Министрi М.Тәжиннiң басшылығымен қазақстандық ресми делегациясы қатысты. СIММ шеңберiнде Министр ЕҚЫҰ Бас Хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының Президенттi Ж.Соареш және АҚШ, Грузия, Кипр, Нидерланды, Норвегия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания делегация басшыларымен бiрқатар екiжақты кездесулер өткiздi.
Қазақстанның сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағытын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде Батыс Еуропа, Еуропалық Одақ институттарының саяси және экономикалық ықпалды күш болып табылатындығы пайымға алынды, сөйтіп, мұны мемлекеттің сыртқы саясат стратегиясын әзірлеу барысында ескеру керек болды. Содан бері Қазақстанның сыртқы саясатында Еуроодақпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлініп келеді. [23]
Қазақстан – Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы аса ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Италия, Франция, Нидерланды, Ұлыбритания және Германия қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары болып табылады. Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық экспорттың құрылымында мұнай және мұнай өнімдері, жай металдар, ауыл шаруашылығы, химия өнімдері және минералдық өнімдер, тігін бұйымдары және т.б. басым.
2009-2011 жылдарға есептелген “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдардармасын табысты іске асыру, қазақстандық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін едәуір дәрежеде арттыруға мүмкіндік береді, ол азаматтардың әл-ауқатын көтеруге және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге тиіс. [23]
Бағдарламада алға қойылған міндеттерге байланысты мынадай сұрақтар туындауы мүмкін: Біз неге еуропалық стандарттарға ұмтылуға тиіспіз? Қазақстан өз ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жолмен дамып отырған жоқ па? Иә, бұл солай, Қазақстанның өз даму жолы, саяси және мемлекеттік құрылымы мен көп ұлтты, көп конфессиялы қоғамда тұрақтылықты және азаматтық келісімді қамтамасыз етуінің өзіндік үлгісі бар.
Ел тәуелсіздігінің он бес жылдығы қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы” атты кітабының жарық көргені белгілі. Онда мемлекетіміздің қалыптасу тарихы, қайта жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшеліктері сипатталған. Тәуелсіздік жылдары тарихты аса зор жауапкершілікті өз мойнына алатын нақты тұлғалар жасайтынын айқын дәлелдеді. Осыны айтқан кезде, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған республикамыздың елордасы – Астана қаласының рөлін атап көрсеткіміз келеді. Осы ретте Петр І “Еуропаға терезе” ретінде негізін қалаған Петербург қаласының кезінде еуропалық елдермен толыққанды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда қаншалықты маңызды болғаны еске түседі. [23]
Еуропалық мәдениетке және еуропалық стандарттарға ұмтылушылық ондаған жылдармен емес, ғасырлармен өлшенеді. “Петр І Еуропаға терезе ашты” деген тіркес біздің әрқайсымызға таныс. Өз кезегінде біздің қазақ ағартушылары – ғалымдар мен жазушылар еуропалық мәдениетті Ресей арқылы таныды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев орыстың ғылымы мен мәдениеті дүниенің кілті екендігі және оны тану арқылы халқымыздың өмірін едәуір жеңілдетуге болатындығы туралы жазды.
Бұл ретте Еуропаға бағдар алуымыздың Ресейдің немесе қандай да бір басқа елдің тарихына еліктеуден туындап отырмағанын, оның еліміз бастан кешкен нақты тарихи жағдайдан туындағанын есте ұстаған жөн. Қазақстан басқа елдерге экспортталатын шикізат ресурстарының орасан зор қорына – көмірсутегіне, түсті, қара және сирек кездесетін металдарға, астыққа, мақтаға, жүнге ие екені мәлім. Сондықтан “Еуропаға жол” шикізатымызды экспорттау үшін де, сондай-ақ еуропалық елдерден жоғары сапалы бұйымдар импорттау үшін де қажет. Демек, мемлекетіміздің және қоғамның осы кезеңдегі міндеті, бейнелеп айтқанда, “Еуропаға терезені айқара ашуды” ғана емес, сондай-ақ Еуропаға жолды кедергісіз және шұғыл бұрылыстарсыз жалғастыруды қамтамасыз етуден тұрады. Егер бұл жол болмаса немесе ол кедір-бұдырлы әрі көптеген кедергілерге тап келсе, онда ресурстарымыздың, тауарлар мен өнімдеріміздің бағасы едәуір төмен болады және Қазақстанның тактикалық та, стратегиялық та міндеттері мен мақсаттарын орындауы қиындайды.
Біздің осыған дейінгі және қазіргі Еуропаға ұмтылысымыз озық тәжірибе мен білімді зерттеу, сапалы техниканы зерделеу, жасау, азаматтық қоғам құру, адам құқықтарын құрметтей білу және қоғамның басқа да проблемаларын шешу ниетінен туындады. Әлемдік үдерістердің жаһандануы осы міндеттерге қол жеткізуге ықпал жасайды және біз қазақстандық қоғамды дамыту мен жетілдіру үшін қажет қымбат уақытты уыстан шығарып алмауға тиіспіз. Осыған байланысты басқа елдермен өзара түсіністік пен ынтымақтастық көпірін салуды қамтамасыз етуде Конституция ел Парламентіне едәуір рөл бергенін атап айтқан орынды. Мысалы, ел Парламенті соңғы 10 жылдың ішінде 500-ден астам халықаралық келісімдерді ратификациялады, ал бұл – елдің сыртқы саяси қызметіне қосылған зор үлес. [23]
Қазақстан Парламенті Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен (ЕКПА) белсенді ынтымақтасуда. Бұл ынтымақтастық Еуропа Кеңесі басшылығының атына Қазақстан Республикасы Парламенті біздің елімізге арнаулы шақырылушының не Парламенттік Ассамблея жанындағы байқаушының мәртебесін беру туралы өтініш жолдаған кезден, яғни 1997 жылдан басталды. Қазақстан Парламенті мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге 2004 жылғы сәуірде қол қойылғаннан бері қос тарапты әріптестік неғұрлым берік негізге ие болды.
Еуропалық Одақтың Қазақстанмен өзара қатынастары көп жағынан мұнай-газ секторындағы өзара мүдделермен (Еуропалық Одақтың “Мұнай мен газды Еуропаға тасымалдау” – ИНОГЕЙТ мемлекетаралық жобасы), сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын өңірдегі көліктік-коммуникациялық жолдардың (“Еуропа – Кавказ – Азия” көлік дәлізі – ТРАСЕКА) стратегиялық маңыздылығымен айқындалады. Өзара іс-қимылды дамытудың басым бағыты екі тарапты сауда және қазақстандық өнімнің Еуропа рыноктарына қол жеткізуін қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, ынтымақтастық жылдары Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасына 35 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Еуропалық Одақ инвестицияларының үлесі Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің жартысынан астамын (53%) құрайды.
Қазақстан Парламентінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен тығыз ынтымақтастығының нәтижесі 2008 жылғы 28 маусым – 2 шілде аралығында Астанада Парламенттік Ассамблеяның жыл сайынғы 17 сессиясын өткізу болды, оған Еуропаның, Азия мен Американың 50-ден астам елінен 500-ден астам делегат қатысты. Сессия Қазақстанның осы ұйымдағы беделін нығайтты. Өкілді халықаралық форумды өткізу біздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміз қарсаңындағы елеулі емтихан болды.[21]
2008 жылғы 29 шілдеде аталған ұйым Парламенттік Ассамблеясы сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев “парламенттік дипломатияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бүкіл кеңістігінде сенім мен өзара түсіністік ахуалын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқаратынын” атап өтті. Сонымен қатар, ол “Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайлана отырып, ұйымды тең құқықты үнқатысу, оң тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді іздестіру үшін форум ретінде нығайтуды өзіне мақсат етіп қоятынына” қатысушылардың назарын аударды. [3]
Тұтастай алғанда, аталған ұйым Парламенттік Ассамблеясының 17 сессиясының өткізілуіне Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының басшылығы жоғары баға берді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Йоран Леннмаркер 17 сессиядағы сөзінде Қазақстан атына көптеген жылы сөздер айтты және ол еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағасының орнын алатын кезін асыға күтетінін, өйткені, мұның Еуропа мен Орталық Азияның арасындағы байланыстарды күшейте түсуге ықпал ететінін атап өтті.
2010 жылы ЕҚЫҰ-ның және 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының болашақ төрағасы ретінде Қазақстан осы екі ірі ұйымның күн тәртібінің өзекті тармақтары ретінде мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысу, төзімділікті нығайту және мүше елдердің кемсітушіліктің барлық нысандарына қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін жалғастыру мәселелерін қосуды жоспарлап отыр.
Шын мәнінде Қазақстан дін бостандығы жөніндегі нормативтік базаны – БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕКПА халықаралық стандарттарын сақтайды. Атап айтқанда, біздің мемлекеттік органдар өз қызметінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған 1981 жылғы 25 қарашадағы “Дін немесе сенім негізінде төзбеушілік пен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы декларацияның”, 1992 жылғы 18 желтоқсандағы “Ұлттық немесе этностық, діни және тілдік азшылыққа жататын адамдардың құқықтары туралы декларацияның” қарарлары мен адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі басқа да халықаралық құжаттарды ұстанады.
Осылайша, Қазақстанның конфессияаралық және ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі, оның ядролық қарудан бас тарту және ядролық қарусыз әлемді қолдау, терроризм мен экстремизмге қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі бастамалары Еуроодақ стандарттарына толығымен сай келеді және сөз жоқ, оларды Еуропаға қазақстандық жол ерекшеліктеріне қосуға болады. [24]
Қазақстан, Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы қауіпсіздіктің “жаңа қатерлеріне”: терроризмге, жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға, заңсыз көші-қонға және есірткі трафигіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ауқымды оң нәтижелерге жеткізе алады. Осы орайда Қазақстан тарапының шақыруы бойынша Еуропалық Одақ өкілдері 2004 жылғы қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) жұмысына және 2006 жылғы маусымда АӨСШК ІІ саммитіне байқаушылар ретінде қатысты.
Қауіпсіз, тұрақты және өркендеген Орталық Азияны құру үдерісінде, өңірдің тартымдылығын, оның ішінде экономикалық тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның әлеуеті мен құралдарын пайдалану маңызды міндет болып табылады. Ағымдағы жылғы қыркүйекте Парижде “Еуропалық Одақ – Орталық Азия” форумының тұсау кескенін атап өткен жөн. Оған Қазақстан делегациясы да қатысты. Париж форумы ЕО мен Орталық Азия арасындағы 2007-2013 жылдарға арналған жаңа әріптестік стратегиясындағы қауіпсіздікке баса назар аударды. Бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдар көшбасшылары қатысқан “ЕО – Орталық Азия үштігі” уәжіндегі форумның және министрлер консультациялары барысында бірлескен қызметтің нақты бағыттары пысықталды. Және бұл мәселелер бір жағынан терроризм мен экстремизмге, адам саудасына, қарудың, сезімтал материалдардың, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, екінші жағынан энергетика мен экология саласындағы өзара ынтымақтастыққа да қатысты.[25]
Бұл ретте биік ар-ожданның аржағында ЕҚЫҰ-ны құруға негіз болған жалпы адами құндылықтар мен қағидаттардың тұрғанын ұмытуға болмайды. Және қазіргі заман талаптарын ескере отырып, “Еуропаға жол” бағдарламасына орай ЕҚЫҰ шеңберінде және оның игілігі үшін 2009-2011 жылдар ішінде біз шешуге тиіс болатын басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді қазірдің өзінде айқындау қажет.
Қазақстанда қабылданған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасына әлемдік лидерлердің берген пікірлері оң екендігін атап өткен орынды және олар осы бағдарламаның аспектілерін талқылауға дайын. Атап айтқанда, Франция Президенті Н.Саркози, Латвия Президенті В.Затлерс, ЮНЕСКО-ның атқарушы директоры К.Мацуура, Еуропа Одағының Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы комиссары Х.Солана және басқа да мемлекет қайраткерлері “Еуропаға жол” бағдарламасын қолдайтындықтарын айта келіп, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде Қазақстанға жүктелетін зор жауапкершілік пен оның Еуропа елдерімен жақындасуының кең мүмкіндіктерін атап көрсетті.
Біздің ойымызша, бағдарламаны одан әрі іске асыру Қазақстанның барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарының белсенді әрі мақсатты түрдегі іс-қимылдарына байланысты. Осыған орай “Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңының жобасында еліміздің халықаралық беделін нығайта түсу үшін ірі халықаралық іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар көзделген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты 5,3 миллиард теңге сомасында шығыстар (2009 жылы – 1 миллиард теңге, 2010 жылы – 3,1 миллиард теңге, 2011 жылы 1,1 миллиард теңге) көзделіп отыр. Әрине, бұл тек жоба еді, ал ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің 2 сәуірде болып өткен кезекті отырысында қатысушы мемлекеттер
Бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі әртараптандыру және сайлау үдерістерін жетілдіру бұл ретте біз үшін маңызды мәселелер болып табылады. Осыны негізге ала отырып, “Сайлау туралы” Конституциялық заңға, “Саяси партиялар туралы” және “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары Парламентке енгізіледі.
Сонымен қатар, елімізде Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының әзірленуіне орай Парламент Сенатында 2009 – 2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды.
Ал енді бірінші бөлімді қорытындылайық:
ЕҚЫҰ – қауіпсіздікті қолдайтын ұйымдардың ішіндегі ең ауқымдысы, ең жас және тұрақтылыты қолдау аясындағы потенциалы жоғары ұйым.
ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалатын қызметтері үш өлшемді қамтиды. Олар: адамзаттық, әскери-саяси және экономикалық-экологиялық қауіпсіздік мәселелері.
Қазақстанның Ұйымға кіруі жалпыеуропалық үдерістерге белсенді қатысуға деген ұмтылыстан туындаған қадам болып табылады. Бүгінгі таңда еліміз ЕҚЫҰ-мен өзара қарым-қатынаста жоғары деңгейге қол жеткізіп отыр.
2 Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық Ұйымы жӘне Қазақстан: саяси стратегия
2.1 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы стратегиясы
Соңғы жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық шараларына қатысқан Қазақстанның ұстанымы жан-жақты таныстырылып, түсіндіріліп келді. Осы уақыт аралығында еуропалық саясаткерлердің Қазақстанда, сондай-ақ жалпы Орталық Азияда болып жатқан демократиялық үрдістерге байланысты пікірі өзгеріске ұшырады.
Орталық Азияның бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік саясат шеңберінде алып отырған маңызы күннен-күнге артып келе жатыр. Бұл ретте, әсіресе, біздің еліміздің ерекше рөлін атап өтуге болады. Салиқалы сыртқы саясатымызбен, бейбіт те берекелі болмысымызбен бүкіл жаһандағы елдердің назарына іліктік. Орталық Азия аймағының салмағын тек біздің Еуропадағы әріптестеріміз ғана емес, сонымен қатар басқа жағрафиялық кеңістіктегі елдер де жақсы сезінеді. Еуропа Одағының қабылдаған жаңа стратегиясы бар. Ол біз мекендеп жатқан аймақтың әлемдік ықпалдастықтағы жаңаша маңызын, өзіндік орнын тиісінше ескеріп отыр. Бұл тек энергетикалық шикізат көздері ғана емес, сонымен қатар транзиттік, транспорттық әлеует, лаңкестікпен күрес, қазіргі жаңа қауіп-қатерлердің алдын алу сияқты басқа да халықаралық көкейкесті мәселелерді қамтиды. Сондықтан Орталық Азияға осы күні дүниежүзінің ықыласы айрықша болып тұр. ЕЫҚҰ шеңберінде қабылданатын қандай да бір шешім оған мүше 56 елдің арасындағы келісімнің нәтижесінде ғана болуы мүмкін. Бұл ұйғарым, сөз жоқ, біздің еліміздің сыртқы саясатына берілген шынайы баға десек, қателеспейміз.
Ал енді ЕҚЫҰ-ң Азия елдеріне қатысты стратегиясымен , оның саяси мәнімен танысайық.[26]
2007 ж Германияның астанасы – Берлин қаласында Еуропалық Одақтағы Германия төрағалығының бастамасымен «ЕО үштігі – Орталық Азия елдері» деген тақырыпта аталған елдердің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кезекті кездесуі болып өтті. Оған еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Марат Тәжин бастаған делегация қатысты.
Осының алдыңғы жылдың наурыз айының соңында Астанада өткен осы уәждегі кездесудің нақты қорытындысы секілді болып өткен бұл жолғы басқосуда Германия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азия елдерінен келген делегацияларды 21-22 маусымдағы Брюссельдегі Еуропалық Кеңес мәжілісінде қабылдаған Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне қатысты 2007-2013 жылдарға арналған стратегиясымен таныстырды.
Өз сөзінде Штайнмайер Еуропа елдері мен Орталық Азия республикалары арасындағы қарым-қатынас ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқанын, әлемнің алып ұйымдағы көптеген елдердің көзқарастарын үйлестіріп, ретке келтіруге бағытталған мұндай бірыңғай стратегиялық құжаттың бірінші рет қабылданып отырғандығын атап көрсетті. Ал оның қабылдануына Орталық Азия елдерінің Еуропа, Азия, Ресей және Оңтүстік Азия арасында қолайлы орналасуымен қатар, өсіп келе жатқан өскелең мүмкіндіктері себеп болған. Оның үстіне энергетикалық қауіпсіздікті қазіргі заманның өткір мәселелерінің қатарына қосып отырған Еуропалық Одақ елдері үшін өздерін мұнай және газбен қамтамасыз етуде араб елдері мен Ресейден тыс қосымша көздердің қажет екені айдан анық. [22]
«Жаһандану барысында әлем бетпе-бет келіп отырған көптеген проблемалар Еуропа мен Орталық Азияға да бірдей қатысты және бірлесіп шешуді қажет етеді. Қауіпсіздік және өңірлік экономикалық даму мәселелері Еуроодақтың Орталық Азияның әрбір елімен, олардың географиялық орналасуларын ескере отырып, тығыз ынтымақтастық жасауын талап етуде» делінген қабылданған стратегияның кіріспе бөлімінде.
Осыған орай Штайнмайер стратегия аясында Еуропалық Одақ баса назар аударатын мәселелерге тоқталып өтті. Олар – сыртқы істер министрлері деңгейінде тұрақты өңірлік диалогты қалыптастыру; Орталық Азия елдерінде «Еуропаның білім беру бастамашылдығын» іске қосу және «электрондық Жібек жолын» дамытуға қолдау білдіру; «Заңның үстемділігі жөніндегі еуропалық белсенділікті» нығайту; Орталық Азия елдерімен «энергетикалық диалогты» тұрақты жүргізіп отыру және басқа да мәселелер. Құжатта осы мәселелерді жүзеге асыруға ұмтылыс таныту үрдісінде Еуроодақтың тең дәрежелі үнқатысы қағидатын басшылыққа алатындығы атап көрсетілген.
Ең алдымен еуропалық әріптестерді Еуропалық Одақтың Брюссель саммитінен бастау алған тұжырымдаманың қабылдануымен құттықтаған Марат Мұхамедқазыұлы «бірауыздылық азды көбейтеді, келіспеушілік (алауыздық) үлкенді бұзады» деген неміс мәтелін еске ала келе, Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты стратегияны қабылдауда бірізділік танытқанын атап көрсетті. Сондай-ақ, стратегия жобасын Орталық Азия елдерінің қатысуымен талқылаған «Астана үдерісі» «Берлинге сәттілік» әкелгендігін бейнелей айтты.
Қазақстан Еуропалық Одақ көмегін ұзақ мерзімдік стратегиямен біріктіретін, әрі өңірлік және екі жақты қадамдардың арасындағы теңгерімді қарастырған жаңа көзқарастықош көрді. Бұл ұстанымды Астанада өткен кездесуде айтылған болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрі стратегияға қатысты бірнеше ескертулері мен пікірлерін ортаға салды. [27]
М. Тәжиннің пікірінше, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық Ауғанстанды қалпына келтірумен, заңсыз көші-қонмен және есірткі тасымалы секілді өзге де қатерлерге қарсы күреспен шектелмеуі тиіс. Қазақстан жаһандық этносаралық және дінаралық үнқатысудың қағидаттық жақтаушысы ретінде стратегияның Шығыс пен Батыс арасындағы диалогқа айрықша назар аударуын қалайды.
Энергетикалық қауіпсіздікте біз экспорттық бағыттарды, жеткізушілер мен тұтынушыларды, энергия көздерін әртараптандыру секілді ортақ мүддемен бірігеміз. Бұл ретте, еуропалық инвесторлардың Орталық Азияға келуі секілді орталықазиялық инвесторларға да еуропалық энергетикалық инфрақұрылымдарға тең құқылы жол ашу қағидасын жүзеге асыру маңызды.
Қазақстан Еуропалық Одақтың мұнай-газ рыногындағы қатысуын өңдеу және бөлу саласында нығайтуға қызығушылық білдіреді.[28]
Қазақстан ЕҚЫҰ-ң стратегиясының экологиялық басымдықтарын қолдады. Шекаралық өзендерді басқару проблемасы өңір мен оның экономикалық ықпалдастығына кедергі жасайтын ең өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Мұнымен қатар, М.Тажин Қазақстан назарды Каспий мен Арал теңізінің, сондай-ақ көптеген шекаралық өзендердің проблемаларына аудару қажеттігін шып айтты.
Біздің ел өңірлік экономикалық жүйелерді біртіндеп теңестіруге бағытталған, ырықтандырылған реформаларды көтермелеу жөніндегі Еуропалық Одақтың жоспарын қолдайды.[21]
Қазақстан ауыл шаруашылығында, көлік және логистикада, құрылыс пен металлургияда, туризм, химиялық және тоқыма өнеркәсібінде өңірлік кластер құру идеясы үлкен әлеуетке ие деген пікірді ұстанады.
Осының бәрінің кілті – Орталық Азия өңірінде еуропалық стандарттарды енгізуде Еуропалық Одақ шешуші мәнге ие болатын, электрондық жібек жолын құру болмақ, деді Марат Тәжин өз сөзінде.
Министр өзінің сөзінің соңына таман Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына қатысты басымдықтар Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясының шешуші ережелерімен үндесетіндігіне тоқталды. Біз Ұйымды тиімді басқару үшін қажетті тәжірибе мен ресурстарға иеміз және ЕҚЫҰ-ның қазіргі қажеттіліктерге бейімделуі мен нығаюына салмақты үлес қосуға әзірміз.
Жалпы, осы басқосу барысынан Еуроодақ басшылығының, әсіресе, Орталық Азияға қатысты стратегия қабылдануына түрткі болып отырған Одақтағы Германия төрағалығының (Одаққа төрағалық ету мұнда алты ай сайын кезек бойынша ауысып отырады. Күні кеше тізгін Португалияның қолына тиді) Орталық Азиямен, соның ішінде Қазақстанмен де ынтымақтастыққа ынталы екендігін байқады. Соның бір дәлелі Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің қазақстандық журналистер алында мәлімдеме жасап, шағын сұхбат беруі болды. Онда министр Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы үдемелі дамып келе жатқан үлкен ел деп танитындарын білдірді.
Сапар соңынан Марат Тәжин өткен кездесуде жобаны талқылау кезінде айтылған ұсыныстардың стратегияда көрініс тапқандығын, сонымен қатар Еуропалық Одақ тарапынан Орталық Азияға жасалатын 2007-2013 жылдар аралығындағы қаржылай қолдаудың 750 миллион долларға дейін өсетіндігін, білім беру саласында еуропалық стандарт деңгейінде көмек көрсетілетіндігін айтып өтті. Сондай-ақ «ЕО үштігі – Орталық Азия» уәжіндегі министрлер кездесуін 2007 жылдың 25-26 қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы аясында өткізу келісілгендігін жеткізді.[23]
Сонымен, Еуроодақ Орталық Азияға қатысты осы өңір елдерінің қатысуымен өз стратегиясын қабылдап, оны жария етті. Мұның өзі экспорт саясатын белсенді жүргізіп, Еуропамен сауда-экономикалық қатынастарын жылдан жылға ұлғайта түскен Қазақстан үшін пайдалы бола ма деген үлкен үміт бар. Дегенмен, тізгін ауысқанымен алып ұйымның Орталық Азияға қатысты саясаты да жүйелі қазір жүйелі арнаға түсті десек қателеспеген болар едік.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы көп салалы құрылым. Оның жүзеге асырып отырған негізгі үш бағыты бар. Бірінші бағыт – әскери бағыт. Мұнсыз біз бұл орасан зор кеңістіктегі тұрақтылық жайында сөз қозғай алмаймыз. Осы орайда Қазақстанның айтары көп. Баршаға мәлім, Елбасымыздың көреген шешімімен біздің еліміз кезінде ядролық қару-жараққа өз қалауымен тоқтау салған болатын, шын ниетімен дүниежүзіндегі төртінші ядролық әлеуетті жойып жіберді, сонымен бірге әлемдегі ең ірі ядролық полигонды өз еркімен жауып тастады.
Айта кетсек, Семей полигоны жабылған соң, бірқатар басқа полигондар да тыншып қалды. Мысалы, «Невада» үнсіз қалса, «Лобнор» да бәсеңсіді.
Күні ертең, төрағалық тізгінін иемденген соң Қазақстан жағының осы жайтты тереңдеп зерттеуіне, қажет болса, тіпті біржолата тыныштандыру мәселесін қоюына құқығы бар ма деген сұрақтар баршаны ойландыратыны анық. Әрине бір жылдың ішінде бүкіл дүниені өзгертеді деп айтуға болмайды, бірақ саясаттың бағытына қолдан келгенше ықпал етері сөзсіз. Себебі 2009 жылы үштіктің құрамында болу, ал 2010 жылы төрағалықты қолға алу үлкен жетістік [29]
Қазақстан саяси реформаларды жүзеге асырған кезінде ЕҚЫҰ институттарының пікіріне құлақ асқаны белгілі. Осы ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуы мемлекетімізге тек оң әсерін тигізетініне кәміл сенеміз.
2.2 Қазақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы
Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды.
Ең баянды бақыт – еліңнің бақыты. Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де – мемлекетіңнің мәртебесі. Американ демократиясының атасы Т.Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет бақытқа ұмтылуға тиіс екенін айтқан. Осы тұрғыдан қарағанда 2007 жылғы 30 қараша Қазақ елінің баянды бақытқа жету жолындағы басты белестердің бірі болып саналарына біз кәміл сенеміз. Мадридтегі кеңесте 2009, 2010, 2011 жылдардағы үш төраға ел белгіленді. 2009-да – Грекия, 2010-да – Қазақстан, 2011-де – Литва төрағалық етеді. Қатарынан үш жыл төрағалық ететін үштіктің құрамында тұру арқылы біз ЕҚЫҰ басшылығында да қатарынан үш жыл боламыз. “ЕҚЫҰ тәртібі бойынша ондағы төрағалық – үштіктің төрағалығы, іс басындағы, бұрынғы және болашақ төраға қатар басшылық жасайды. Шынтуайтында, мәселе Қазақстанның үш жыл бойы ЕҚЫҰ басшыларының бірі атқаратын міндеттерді толыққанды түрде жүзеге асыратындығы жайында болып отыр”, дейді осы шаруаны жеріне жеткізу жөнінде Елбасы тапсырмасын мүлтіксіз атқарып шыққан азаматымыз – сыртқы істер министрі Марат Тәжин.[30]
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған.
Сонымен қатар, осы шешім Қазақстан үшін ерекше сын болып табылады және заңдар мен құқық қолдану практикасын ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі қажырлы жұмысты талап етеді. Мадрид саммитінің шешімі демократиялық реформалардың елеулі стимулы және қозғаушы күші болады деп ойлаймын.
Мәселен, бірнеше жылдар бойы елімізде әртүрлі комиссиялар жұмыс істеді. Олардың ішіндегі ең соңғысы (Мемлекет басшысы төрағалық еткен Демократиялық бағдарламаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия) осындай пікірталастардың қорытындысын шығарып, еліміздің Парламенті қабылдаған конституциялық реформалар топтамасын дайындады. Ал 2007 жылғы 14 қарашада Парламент Мәжілісінің шешімімен Қоғамдық палата құрылды. Ол барлық мүдделі тараптарға мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму проблемасы тұрғысынан өз көзқарастарын білдіруге және оларды шешу тетіктерін айқындауға мүмкіндік беретін қоғамдық Үнқатысу алаңы болып табылады.
ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде Қазақстан 1992 жылғы Хельсинки құжатына және 1994 жылғы Будапешт құжатына сәйкес Ұйымның қызметіне үкіметтік емес ұйымдардың ашық түрде қатысуының базалық қағидаттарын және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның мандатын сақтауды қолдайды. Сондай-ақ, Қазақстан гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға және ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық елдер үшін маңызы болуы мүмкін тиісті тәжірибені бөлісуге мүдделі. Біздің ел Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроны және оның қолданыстағы мандатын сақтайтынын және оларға нұқсан келтіретін қандай да бір әрекеттерді қолдамайтынын мәлімдейді.[31]
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының діни төзімділік және дін бостандығы жөніндегі үш жеке өкілінің мандаттарын ұзартуды да мақұлдап отыр. Бұл қағидаларды алға ілгерілетудегі біздің тәжірибеміз өзгеге үлгі болып табылады. Республикамыз әлемнің негізгі конфессияларының рухани көшбасшыларын бір шаңырақтың астына жинап, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін екі рет, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның төзімділік жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесін өткізді. Еліміз “Өркениет альянсымен” достасушылар тобының мүшесі болып табылады.
Атап айтқанда, біз ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы қақтығыстан кейінгі реттеу үдерісіндегі рөлін күшейтуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Бұл жерде, ең алдымен, осы ел үшін басым деп табылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жедел шараларды қабылдау қажеттігі туралы айтылып отыр.
Қазақстан өзінің экономикалық реформаларды ілгерілетуімен, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің күрделі экологиялық проблемаларын шешудегі табысты тәжірибесімен мақтана алады.
Қазақстанның белсенді ұстанымы, оның ЕҚЫҰ-ның құндылықтарына адалдығы еліміздің Ұйымға төрағалық етуге қол жеткізуін қамтамасыз етті, сондай-ақ осы функцияларды атқарғаннан кейін де еліміз ықыласты ынтымақтастықты жалғастыра беретін болады. ЕҚЫҰ-ның белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан біздің ортақ Ұйымымыздың болашағы үшін жоғары жауапкершілікті толық сезінеді. Біз ЕҚЫҰ-ның өзгермелі өмір шындығына бейімделіп, өзінің әлемдік деңгейдегі беделін сақтай алатынына, Солтүстік Атлантика және Еуразия кеңістіктерін жалғастыратын жаңарған үнқатысу алаңына айналарына үміттіміз. Қазақстан осы міндеттерді іске асыруға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде және “Үштікке” қатысушы ел ретінде де өз үлесін қосуға әзір. Қазақстанның Сыртқы істер министрі. Қазақстан ТМД мемлекеттері атынан ұсынылған ортақ кандидат болып табылады. Мұның үстіне, біздің өтінішімізді ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің дені қолдап отыр. [32]
Біздің еліміз өзінің геосаяси ауқымы жөнінен бірегей болып табылатын осы Ұйымға төрағалық етуге дайын әрі оған қауқарлы да. Өйткені, ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокка дейін созылып жатыр. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес құрылған ол Еуропадағы дағдарысты жағдайларды ертерек ескеріп, алдын алудың, бар қақтығысты жағдайларды реттеп, одан кейінгі қалпына келтірудің басты құралдарының біріне айналды. ЕҚЫҰ-ның басты назарында қару-жарақты бақылауда ұстаудан бастап, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікке дейінгі алдын алу дипломатиясы, сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту, адам құқықтары, сайлауларды байқау сияқты мәселелердің кең ауқымы тұр. Қазақстанның осы негіздемелік бағыттардың әрқайсысы бойынша әлемге айтар сөзі, ұсынар ұсынысы бар деп есептеймін.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімізді – әлемдік қоғамдастықтың еліміздің экономикалық дамуын ғана емес, елдегі демократиялық өзгерістерді де бағалай білгендігі деп қабылдаған жөн. Ұйым мүшелері біздің демократиялық құндылықтардан бас тартпайтынымызды көріп және оған сеніп отыр. Осының өзі – үлкен табыс. Еліміз қазір қазақстандық нақтылықпен қатар, демократияның еуразиялық моделін салу үстінде. [33]
Көбiне төрағалық туралы шешiм Қазақстанның демократиялық қоғам құрудағы және нарықтық экономиканы ырықтандырудағы айқын жетiстiгiн мойындау болып табылады. ЕҚЫҰ қатысу – елдерiнiң консенсусы саяси тұрақтылық пен сыртқы саяси бағыттың айқындылығын қамтамасыз еткен елiмiздiң сыртқы және iшкi саясатын мойындауға негiзделген. Бiрнеше себептерге байланысты бұл тарихи және теңдессiз шешiм. Осылайша, ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркi азиялық ел басшылық жасайды. Әдетте ЕҚЫҰ төрағалары қатарында Еуроодаққа мүше не үмiткер атанған Батыс Еуропа мемлекеттерi басым болған. Мұндай жоғарғы дәрежелi орынға бұрын ТМД елдерiнiң ешқайсысы үмiткер де бола алмады. Қазақстанның төрағалығы туралы шешiм Ұйымға қатысушы барлық елдiң шынайы теңқұқылы екенiн дәлелдедi. Жалпы алғанда өңiрлiк беделдi форумдардың бiрiнiң төрағасы статусы Қазақстанды жаңа әлемдiк жүйеде жаңа деңгейге көтеретiнi сөзсiз. Орта және ұзақ мерзiмдi перспективада бұл басқа да халықаралық құрылымдардың шеңберiнде, ең алдымен БҰҰ, сондай-ақ АҚШ, Еуропа мен Азияның жетекшi елдерiмен қарым-қатынаста Қазақстанның беделiне оң ықпалын тигiзедi.Ендi өткен 2008 жылғы iссапар қорға көз тiгелiк.28-29-қаңтар – ҚР делегациясы ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық форумның 1-шы жартысында қатысты. 6-7-наурыз – Ашгабад қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық форумға дайындық конференциясы өттi.21-22-сәуiр – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өттi.
Аталмыш iс-шараға ЕҚЫҰ Хатшылығының, Ұйымда бұрын төрағалық еткен мемлекеттер Сыртқы iстер министрлiктерiнiң өкiлдерi, еуропаның зерттеу және бiлiм беру орталықтарының басшылары қатысты. Дөңгелек үстел нәтижелерi бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдалынды. 16-мамыр – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбына қатысты Сыртқы iстер министрлерiнiң орынбасарлары деңгейiнде қазақстан-ресей екiжақты кездесуi өттi. 1-2-маусым – Хельсинки қаласында (Финляндия Республикасы) ЕҚЫҰ-ға төраға елдер «Квинтетiнiң» (Испания, Финляндия, Грекия, Қазақстан және Литва) Сыртқы iстер министрлерiнiң кездесуi өттi.29-маусым – 3-шiлде – кезеңiнде Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның 17-шi жыл сайынғы Парламенттiк ассамблеясының сессиясы өттi.Қазақстан ЕҚЫҰ-да 2010 жылы Төрағалық етуi шеңберiнде осындай көрнектi жиналыстың Астанада ұйымдастырылуы, парламентаралық байланыстардың тереңдетiлуiне және елiмiздiң аймақтық және ғаламдық ауқымда беделiнiң өсуiне зор үлесiн қосты. Бұл шара ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асырылуына және ЕҚЫҰ-ның халықаралық алаңында көшбасшылық рөлiн арттыруына ықпал етедi. Сессияның салтанатты ашылуында ҚР Президентi Н.Нзарбаев, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Мәжiлiс Төрағасы А.Мусин және ЕҚЫҰ ПА Президентi Г.Леннмаркер сөз сөйледi. Ассамблеяның соңғы жұмыс күнiнде Португалияның өкiлi Ж.Соареш ЕҚЫҰ ПА Төрағасы болып, ҚР Парламентi Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Төраға орынбасары жоғарғы лауазымдарына сайланды. Сессия жұмысында Еуропаның, Азияның, Американың 50-ден астам елдерiнен 500-ден астам делегаты және халықаралық, парламенттiк ұйымдардың өкiлдерi қатысты.
Экономистердің айтуы бойынша осынау халықаралық беделді Ұйымға төраға болу Қазақстанның экономикасын дамыта түсуге қосымша серпін береді. Аймақтардың экономикасын арттыруға бағытталған түрлі үдерістің бағдарламаларымыздың іске асуына, тезірек алға жүруіне бұл мұрындық болатыны да анық. Сондай-ақ оның құрылымдық сапасын жақсартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға қосымша күш берері сөзсіз.
Ауыз су секілді әлеуметтік мәселелердің де өз шешімін табуына ықпал ететіні күмәнсіз. Өйткені, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көбінің экономикалық даму дәрежесі жоғары, әлеуметтік тұрғыдан үлкен жетістіктерге жеткен.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қазақстандық дипломатияның ірі жеңісі болды
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Дегенмен, әлемдік қоғамдастық қуаты жағынан дүние жүзінде төртінші орын алатын ядролық қаруға ие Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында үйлесімділіктің болуына мүдделі еді. Осыны ескерген Қазақстан сыртқы саясатында стратегияның өзегі саналатын көпжақты әріптестікті таңдады.
ЕҚЫҰ өзінің бірегей географиялық үнқатысу алаңында осыған ерекше үміт артты. Сондықтан жетекші Батыс елдерінің Ұйымға кіруге шақыруын Қазақстан Еуропақауіпсіздігінің жаңа архитектурасын құруға бағытталған қадам ретінде қабыл алды. Әрі ол тең құқықтық жағдайында болды және онда бөле-жаратын желі жоқ еді. [22]
2003 жылы кандидатурасын ресми ұсынған кезден бастап қазақстандық дипломатия объективті және субъективті қиындықтарға қарамастан, ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа өтінішті жалғастыра берді. Жасыратыны жоқ, айтарлықтай қолдау болғанымен, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға саяси көшбасшы болу ниетіне бірқатар елдер, олардың ішінде ықпалды мемлекеттер тарапынан жекелеген скептицизмдер орын алды. Бұлар ЕҚЫҰ-ға ешқандай қатысы жоқ формальды түрдегі талаптар еді.
Қалыптасқан осындай қиын және қатал цейтноттық жағдайлардан қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы екіжақты және көпжақты күрделі келіссөздер жүргізу арқылы өзінің ұлттық мүдделерін толық сақтай отырып, алға қойған мақсатына жетті. Қазақстанның кандидатурасына шамалы кедергілер болғанымен, “еуроспективтік” болжамдар ақталмады. Сондай-ақ оның “ескі” және “жаңа” мүшелері арасындағы қарама-қайшылық салдарынан туындайтын ЕҚЫҰ-ның ішкі өткір дағдарыстары да салқынын тигізбеді.
Қазақстанның беделді Ұйымды басқару құқығына ие болуы, оған қатысушылар арасында өзара түсіністікпен қарап, қолдау білдіруі – ЕҚЫҰ үшін мәртебе. Мән-мағынасы бойынша Қазақстан Республикасының кандидатурасынан бас тартуға қандайда бір себеп-салдар жоқ еді. ЕҚЫҰ ережесінде төрағалыққа кандидаттарды таңдау критерийлері мазмұндалмаған, сонымен қатар, үміткер мемлекеттен бас тарту әлі кездеспеді. Ал Қазақстанның өтінішін бастапқы кезде-ақ Ұйымға мүше елдердің басым көпшілігі қолдады, қатысушы мемлекеттердің ешқайсысымен алынбайтын пікір алшақтығы болған жоқ.
Қазақстандық дипломаттар төрағалыққа оңды шешім қабылдануы үшін ауқымды бәтуалық тұғырнама құра отырып, саяси құралдардың барлығын іске қоса білді. Бұған Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі 16 жыл ішінде жүргізген сыртқы саяси бағыты қызмет етті.
Қазақстанның төрағалық етуінің еліміздің сыртқы және ішкі саяси мәселелеріне қосатын үлесі ерекше болмақ. Қазақстан өзін халықаралық қауіпсіздік проблемаларын шешуге, көпжақты ынтымақтастық пен өзара тиімді интеграцияны дамытуға белсенді қатысушы, жақтаушы ретінде көрсетті. Әлемдік қоғамдастық Астананың жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қарусыздану және қаруды таратпау режімін нығайтуға, сондай-ақ Ауғанстан мен Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға, лаңкестікпен, діни экстремизммен күресті күшейтуге, мәдени және дінаралық үнқатысуды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап келеді. [28]
Біздің еліміздің қазіргі кездегі жетістігі әлемдік ерекшеліктерді ескере отырып, мәдени өркениеттілікке толеранттылықпен қарау, теңқұқылық үнқатысуға бейімделу, бір-біріміздің мүддемізді қорғауға ұмтылу, адам құқы арасындағы өзара байланысты жандандыру және қауіпсіздікті нығайтумен сипатталады. Міне, осылар қазақстандық дипломатияның ЕҚЫҰ жанындағы саяси көшбасшылық өкілеттілігін жүзеге асыруда негізгі сапалық іс-шаралары болады.
Төрағалық етудің қазақстандықтардың пайдасына шешілуіндегі негізгі факторлардың бірі Қазақстан сыртқы саясаты мақсатының айқындығы және ЕҚЫҰ қызметінің қағидаттары, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметіндегі үш өлшемнің барлығы бойынша міндеттемелерді мүлтіксіз орындауы және Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының ЕҚЫҰ институттарымен (ДИАҚБ, ВКНМ, ЕҚЫҰ ПА) жауапты өзара іс-қимылда жұмыс істегендігінде жатыр.
ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылық ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебек 2007 жылғы қазанда Астанаға сапары кезінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ институттары арасындағы ынтымақтастықты үлгі болатын тәжірибе деп атады. ЕҚЫҰ жоғарғы комиссары, сондай-ақ қазақстандық тараппен жобаларды ұйымдастыру жөніндегі өзара іс-қимылды белсенді түрде жалғастыруға ынта танытып, қоғамда этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы ұлттық міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етуге дайын екендігін білдірді.
Мұндай мысалдар көрініп тұр. Қазақстан ЕҚЫҰ қызметін орталықазиялық бағытта дамыту қажеттігі туралы идеяны ілгері жылжытады. Нәтижесінде өзінің тарихы мен даму ерекшелігі бар аймаққа Ұйым тарапынан назар аударыла бастайтын болады. 2006 жылғы 29 наурызда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Карл де Гухт Қазақстанға сапары кезінде: “ЕҚЫҰ үшін Орталық Азия – ерекше маңызды аймақ, ал өз кезегінде Қазақстан Орталық Азиядағы ерекше маңызды ел болып табылады”, – деп атап өтті.
Бүгінде Қазақстан сапалық тұрғыдан Орталық Азияның барлығына даму мен тұрақтылықты жаңғыртудың үлгісі болып отыр. Сондай-ақ ол ЕҚЫҰ-ның аймақтағы негізгі әріптесі болып табылады.
Қазақстан экономикалық қиындықтарды бастан өткізген Орталық Азия елдеріне ЕҚЫҰ-ның нақты және тәжірибе жүзінде көрсеткен көмектерін түсінеді. Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі М.Тәжин өзінің 2007 жылғы 30 сәуірде Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің арнаулы отырысында сөйлеген сөзінде: “Орталық Азиядағы қажеттілікті шоғырландыруда біз көршілеріміз үшін ерекше маңызы бар ЕҚЫҰ жобаларын бюджеттен тыс тең қаржыландыруға дайынбыз. Екіжақты қатынастар аясында Қазақстан аймақ елдеріне де, Ауғанстанға да белсенді қолдау көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Қырғыз Республикасына көлемі 100 миллион доллардың қаржылай көмегін көрсетуге дайын екенін білдірді. Донорлық көмекті ЕҚЫҰ-ның жобалық қызметі арқылы көрсету Ұйым қызметіне Орталық Азияны тартуға ықпал ететіндігіне біз сенімдіміз”, – деп атап көрсетті. [33]
2006 жылғы 14 қарашада Венада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Г.Леннмаркер: “Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Орталық Азияны Ұйым қызметіне тартуда маңызды элемент болады, әсіресе жанжалдарды реттеу, адам құқығын қорғап, адам саудасы мен есірткі трафигіне қарсы іс-қимыл жасауға қатысты”, — деп мәлімдеді.
Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенді ұстанымы оның беделі мен мүмкіндігіне, сондай-ақ төрағалық бойынша оң шешім қабылдануына толық сәйкес келеді. Қазақстанның бастамашылығы өркениетті әлемдегі аса өзекті проблемаларды қозғайды. Бұл Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру идеясына да және жаһандық дінаралық және конфессияаралық үнқатысуды дамытуға да қатысты.
Қазақстан көпжақты құрылымдарға (ТМД, ШЫҰ, ЭҚҰ, ЕурАзЭҚ) жетекшілік жасауда үлкен ұйымдастырушылық және саяси тәжірибе жинады. Бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде оның жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік береді. ЕҚЫҰ-ға азиялық балама – Қазақстанның бастамашылығымен құрылған АӨСШК-ге 15 жыл бойы жетекшілік жасап келе жатуының ерекшелігі аз болмаса керек.
Біздің еліміз ЕҚЫҰ төрағалығына қол жеткізу арқылы қазақстандық дипломатия өзінің икемді ұстанымы мен үйлесімділігін дәлелдеді, ұлттық мүддені берік ұстап қана қоймай, Ұйымның созылмалы дағдарыстан шығу мүмкіндігін жасап берді.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде сақтау қажеттілігінің анық түсінеді, сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның халықаралық беделін өсіруде және қауіпсіздікке қатысты өткір проблемаларды шешуде оның мүмкіндігін пайдалану қажет деп біледі. ЕҚЫҰ-ны реформалаудың қажеттілігі Қазақстан өз кандидатурасын Ұйым төрағалығына ұсынғанда байқалды.
Бұдан басқа Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның халықаралық және жалпыеуропалық кеңістік аясында жоғарыда көрсетілген мәселелер негізінде ауқымды және тиімді іс-қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін халықаралық кеңістік мүддесіне үндестіреді, ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесін де жаһандық деңгейде қосымша хабар тарататын табиғи арна қызметін атқарады.
Қазақстан төрағалығы Орталық Азияда қауіпсіздікті, тұрақтылықты қалыптастырушы маңызды фактор болады; ЕҚЫҰ аясында теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін көлік-транзиттік үнқатысуды дамытып, Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды шешуде негізгі рөлдің бірін ойнайды, экономикалық дамудың қарқынын арттырады, сондай-ақ аймақтағы интеграцияны дамытуға қосымша серпін береді.
Мадридтегі жетістікті Қазақстан көшбасшысы Н.Назарбаевтан бастап, қазақстандық дипломатияның түрлі үлгідегі, бұған қоса форин-оффис, парламенттік дипломатия және МЕҰ-лер желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық, басқа да азаматтық қоғам институттары тең бөліседі.
Астананың ЕҚЫҰ төрағалығына берген өтінішінің қанағаттандырылуы – Қазақстан дипломатиясының бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді.
Қазақстанның төрағалығы біздің елімізге ғана емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне тиімді. 2006 жылы 27 наурызда өзінің Астанаға сапарында ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы, Бельгия сыртқы істер министрі Карел де Гюхт «Орталық Азия аймағында жетекші бір мемлекет болуы керек, ол мемлекет аймаққа өз ішінен экономикалық даму нәрін дарытып, бүкіл аймақтың тұрақтылығына ықпал етуі керек» деп мәлімдеді. Сонда ол «Қазақстан Орталық Азия аймағында ең маңызды ойыншының бірі болғандықтан, ол ЕҚЫҰ төрағалығына толықтай үміткер бола алады» деген еді. Гюхттың баса аударған мәселесінің бірі еліміздегі толеранттық жайы еді. Ол: «Бүкіл әлемде өркениеттер соғысы байқалып отырғанда Қазақстанда төзімділік ахуалы қалыптасқан», – деп атап көрсетті. Осы орайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы осы заманғы ең басты қатерлер мен қауіптерге жедел және салмақты жауаптарға кепілдік беретінін айтып өткім келеді. [31]
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету – жалпақ тілмен айтқанда, чемпиондар лигасында ойнау. Бұл – біздің еліміздің жеткен жетістіктерінің, бағындырған биіктерінің оң бағалануы. Яғни айналамыздағы көршілеріміз бізге қарап бой түзеп, үлгі-өрнектерімізді өнеге етіп алып, тиесілі жерінде кәдесіне жаратып жатса, одан артық не нәрсе бар?! Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлінің қандай екенін біз емес, басқалар айтып отыр. Қандай да бір тың үрдістің көшбастаушысына жұрт ерекше сын көзімен қарайды. Өз пайымдауымызша, ЕҚЫҰ шеңберінде жүріп жатқан демократиялық үрдістерді біздің аймақта әрі қарай жалғастыратын болсақ, бұл – ұйымға ғана емес, өзге өңірдегі елдерге де пайдалы.
– Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жолы жеңіл өтті дей алмаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі – ең алдымен біздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше еңбегінің, халықаралық беделінің, саяси ерік-жігері мен ұмтылысының айғағы болып табылады. Шетелдің қауымы ол кісінің нақты нарықтық қатынастарды өмірге енгізу, саясатта кең ауқымды демократия орнықтыру, Азия мен Еуропада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін қандай күш-жігер жұмсағанын және ойдағы ісін қалай жүзеге асырғанын жақсы біледі
Төрағалық Қазақстанға да көп нәрсе береді.
Біріншіден, Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, оны жүзеге асыру жолында тер төгеді.
Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі.
Үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді.
Төртіншіден, дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, елімізге сенім деңгейі артып, достарымыз көбейеді.
Бесіншіден, Қазақстанның халықаралық беделі арта түседі. Яғни беделі бар елге әрқашанда сыйласымдылық ілтипаты білдіріледі. Беделі бар елдің аты жүреді, сөзі өтеді.
Сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан да төрағалыққа “құр қол” келейін деп отырған жоқ. Қазақстанның гүлденуін қамтамасыз ететін халқының бірлігі, ынтымағы, ұлтаралық татулық, дінаралық, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі де ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіне енуге әбден лайық. 2010 жылға әзірлік барысында біздің мемлекеттік құрылымдарымыз халықаралық қатынастың жаңа мектебінен өтіп, мол тәжірибе жинақтайды, қызметкерлеріміз, мамандарымыз өседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тынысы кеңейеді, қанаты алысқа сермеледі. ЕҚЫҰ-ның жұмысын барлық елдердің қауіпсіздігін, ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатына жұмылдырып, беделін көтеруге біздің ел өзінің үлесін қосуға мол әзірлікке кірісіп те кетті. [26]
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Қазақстан мемлекеттегі ел тұрмысына байланысты өсу, өркендеу өлшемдеріне жаңа талап, жаңа сапа беретіні де анық. Бұл оқиға қазіргі кездегі біздің дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген нақты мақсатымызбен үндес. Яғни, алда тұрған міндеттер ұлан-асыр.
Қазақстанның адам құқығын, еркіндігін, жемқорлықтан арылар тазалығын қамтамасыз ететін жаңа шаралардың жүзеге асырылуына бүкіл халық болып жұмылу – алдағы кезеңнің ең абыройлы келбеті болмақ.
Қорыта айтқанда, Мадрид шешімі Еуропа елдеріне қаншалықты қажет болса, Қазақстанның мемлекет ретінде күшейіп, жаңарып, болашақ үшін жаңа тыныс алуына да соншалықты қажет.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, бірінші кезекте, біздің еліміздің жалпы бірдей стандарттарға, әсіресе, адами өлшемдерге сәйкес болуын, сондай-ақ мемлекетіміздің саяси жүйесін жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде Парламенттің саяси жүйені одан әрі реформалауға қосатын үлесі қомақты. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тарихымызға алтын әріптермен жазылып қана қоймай, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді, тұтастай алғанда, әлемдік қоғамдастықты тұтастырып, шоғырландыру ісіне жаңа леп әкеледі деп сенемін.
2.3 Қазақстанның демократиясындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының рөлі
Бұл күнде “демократия” деген сөз кең қолданысқа ие болып тұр. Саясат термині ғана емес, ауыз-екі әңгімеде де жиі пайдаланылып жүр. Билікке көңілі қалса болды, жұрттың көбі бізде демократия жоқ, деп шыға келеді. Жиналыста, әкімдермен кездесуде нақтырақ сөйлеңіз десе болды, ашу шақырып, бізде еркіндік жоқ, ауызға қақпақ қою қашан тоқтайды, деп реніш білдіреді. Өйткені олар демократия дегенді сөз бостандығы деп түсінеді. Шындығында, демократияның мәні адамның ауа жайылып, аузына келгенін айту емес. Оның мәні басқаша: демократия қоғамдағы адамдардың қалыпты өмір сүруін жалпы заң негізінде ретке келтіріп, адамдардың өркениетті тәртіпке мойынсұнып, олардың жеке құқығы, еңбек ету, өсіп-өну, ризық жинау, оқып білім алу, ұрпақ өсіру, мәдениетке, ғылым-білімге мүмкіндік алуын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын қоғамды басқарудың тарихи қалыптасқан жүйесі. [34]
Демократиялық жүйе әзірше адам баласы ойлап тапқан, мойындаған, барынша оңтайлы деп танылған бір форма ғана. Ол үнемі жаңғыру, даму, жетілу, оңтайлану үстінде. Сондықтан да демократияны халық өзіне жақын тартып, оның қалыптасуына ынталы болып отыр. Әр ел демократияға өзінше айдар тағып, өзіндік атау беріп жатыр. Орыс көршілеріміз болса, “егеменді демократия” деген термин енгізіп, өз елінің демократиялық жүйесін Ресейдің суверенитетімен тікелей байланыстыруда. Былайша айтқанда, қандай демократия болмасын, ол өз елінің менталитетін, халқының тарихи дәстүрін ескере отырып, елдің егемендігін нығайтуға қызмет етуге тиіс, сырттан танылған демократияның нендей түрі болмасын көп ұлтты, көп конфессиялы, байырғы өз дәстүрі бар Ресей жағдайында тамыр жаймайды деп отыр. Ал дүние жүзіндегі ең алып ел – АҚШ болса, біздің демократия тарих сынынан өткен, өзін өмірде толық ақтаған, бүкіл әлемге қолайлы “әмбебап демократия” (универсиальная демократия) деп есептейді. Бүкіл ішкі-сыртқы саясатын АҚШ осы идеяға бағындырып отыр. Өзінің айтулы, әмбебап демократиясын жер шарына насихаттап қана қоймай, оны басқа елдерге таратуды яғни экспорттауды Американың мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде қабылдап отыр.
Біздің елімізде де демократиялық үрдісті дамытуға қоғам құштар болып отыр. Мұны сезінген билік те көпшілік үніне құлақ асып, Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрып, ол бір жыл бойы жұмыс істеді. Оның соңғы отырысына Елбасының өзі қатысып, жұмыс топтары жинақтаған ұсыныстар негізінде өз тұжырымдарын ортаға салды.
Елбасы мемлекеттік комиссияның көптеген ұсыныстарына қолдау көрсетті. Комиссияның жалпы жұмысына қанағаттандық сезімін білдірді. Елдің болашақ жүйесінің кескін-келбетінің нобайы анықталғанын атап өтті.
Президенттік басқару жүйесін Парламенттің өкілеттіктерін барынша кеңейтумен, өркениетті сот жүйесін құрумен толықтыруды қолдады. Саяси партиялардың рөлін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеруге байланысты заңнамалар әзірлеп, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізудің қажеттігін басып айтты.
Саяси жүйені жетілдіруге байланысты, қоғамды одан әрі демократияландыру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында, халықтың жергілікті бас қосуларында бұл бағытта көптен ойлар айтылып, талап-тілектер қойылған-ды. Олар негізінен мемлекеттік басқару жүйесі бүгінгі күйде қала ма, Парламенттің мәртебесін қалай көтеруге, сайлау жүйесін қалай жетілдіруге, халықтың билікке сенімін қалай арттыруға болады, билік пен халықтың, байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты қалай жоюға болады, халықтың әл-ауқатын жақсарту мүмкін бе, мүмкін болса, ол кімге әрі неге байланысты, қоғамдағы жемқорлық пен парақорлыққа қалай тосқауыл қоюға болады, биліктің бүгінгі құрылымы оңтайлы ма, әлде басқару жүйесінің оралымсыздығы қоғамның дамуына кедергі болып отырған жоқ па?
Демократияны талап етушілер бұл күнде көбейіп тұр. Тоталитаризм шекпенінен шыққан халықтар үшін бұл заңдылық. Еркіндікті, бостандықты сарғайып күткендер енді оның шама-шарқын бағамдай да алмай отыр. Тәуелсіздік алдық, қыспақтан құтылдық, енді адамша еркін өмір сүруіміз керек дейді. Мұны кейбіреулер бас-аяғы жоқ, шетсіз-шексіз еркіндік, деп түсінеді, адам ойына не келсе, соны істеуге, нені қаласа, соны айтуға құқылы деп пайымдайды. Демократияны осылай деп ұғады. Шынында бұл демократияның мәнін қарадүрсін, сыңаржақ әрі тұрпайы түсінушілік болып табылады. Олар Цицеронның: біздің бәріміздің еркін болуымыз үшін, заңның құлы болуға тиіспіз, деген сөзін ескермейтін секілді. Бізде заң бәрінен де жоғары тұруы тиіс. Біз ережемен емес, заңмен өмір сүруіміз қажет. [34]
Өмір қажеттілігі дүниеге келтірген демократия әлі де сынға ұшырауда. Әр халықтың, әр ұлттың менталитетіне, тарихи дәстүріне, өмір салтына орай оны жетілдіру, нақты жағдайға бейімдеу қажет болып отыр. Бұл демократияның түпкі мәніне нұқсан келтірмейді. Демократияның түрі көп, сыртқы көрінісі сан-алуан (многолика), бірақ оның түпкі мәні (сущность) біреу: қоғамның жасампаз тіршілігін қамтамасыз ету, соның құралы болу. Американың “әмбебап демократиясы”, батыстың либералдық демократиясы Африка құрлығында, араб, мұсылман елдерінде бірден тұрмысқа еніп, топырағына бейімделіп кете алмайды. Өйткені бұл ел халықтарының тарихи даму жолы, тұрмыс салты, ежелгі дәстүрі анау дамыған елдердегідей емес, олардан өзгеше.
Мұны күрт өзгертуге болмайды, батыстық демократияның даңғыл жолына олар бірден түсе алмайды. Ол үшін уақыт керек, тарихи белестерден өту керек, өркениеттің жаңа сатыларына аяқ басу қажет. Бұл бір күннің, бір жылдың ісі емес. Демократияны күштеп таңумен, экспорттаумен тарихи қалыптасқан дәстүрді өзгерту қиын.
Рас, біздегі демократияның да дамуы кейбіреулерді қанағаттандырмайды. Батыстағы демократия бізге осы қазір қажет пе? Қазақстан көп ғасыр үзілістен соң өз тәуелсіздігін алып, өз мемлекеттігін жаңадан қалыптастыра бастағанына 15 жылдан енді асты. Осы уақыт ішінде елде көп шаралар жүзеге асты. Президенттік басқару жүйесі қалыптасты, биліктің үш тармағы өмірге келіп, тәп-тәуір жұмыс істей бастады. Елдің экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсара түсті. Бірақ әлі істелмеген шаруалар көп. Әрине, демократиялық үрдіс елімізде кең етек жаюға тиіс. Биліктің үш тармағы бір-бірін тежеп, өзара тепе-теңдікті сақтап, жөнсіздік пен озбырлыққа бір-бірін жібермей, өзара ықпалдастықта өмір сүруге тиіс. Сондықтан да елімізде әкімшілік реформасын жүргізу, саяси жүйені жетілдіре түсу өмір талап етіп отырған мәселе екендігі сөзсіз. Бұған Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның әзірлеген нақты ұсыныстары дәлел бола алады.
Ең бастысы – демократиялық үрдісті толық қабылдап, оны күнделікті басшылыққа алатын демократиялық сананы қалыптастыру қажет. Сонда ғана қоғамда демократия салтанат құрады.
Бұл бірер жылдың ісі емес. Ол тиісті уақытты, ұзақ мерзімді талап етеді.
Мемлекеттік комиссия ұсынған жобалардың негізінде заңнама немесе Конституцияға өзгерістер енгізумен демократияландыру үдерісі аяқталмайды. Бұл алғашқы қадам ғана. Ең бастысы – демократиялық үрдісті, демократиялық сананы қоғам өміріне біртіндеп берік енгізу, яғни демократиялық дәстүрді, демократиялық қағидаттарды қалыптастыру, оларды өмірде мүлтіксіз жүзеге асыру. Бұл жазылмаған заңға айналуы тиіс.
Міне, сонда ғана біз нағыз зайырлы, демократиялық ел боламыз. Қазір бізде осыған қарай алғашқы қадам жасалды. Оны жүйелі түрде, асығыстыққа, науқаншылдыққа ұрынбай, салиқалылықпен жүзеге асыру биліктің де, қоғамның да басты парызы екендігі сөзсіз.
Қазақстанда демократия өте жылдам дамы келе жатқанын айта кеткен жөн. Мұндай қарқын кейбір елдерде баяу дамуда. Алысқа бармай ақ АҚШ-ты алайық. Мысалға Американың Теннеси штатында афроамерикалық 127 жыл дегенде Конгресске әрең өткен.
Қай мемлекет болса да, өздерінің заңдарын күнделікті қарап, жетілдіруге жұмыс жасайды. Біз де сондай жұмыс жасап жатырмыз. Черчилльдің сөзі бар: «Демократия ел басқарудың ең үздік жүйесі емес, бірақ адамзат одан асқан жүйені ойлап тапқан жоқ» деген. Расында, Черчилльдің сөзі өте дұрыс. Демократиядан артық мемлекеттік жүйені әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Сондықтан осы демократияның заңдарымен өмір сүруіміз керек. Политтехнология деген құрал, не әдіс барлық өркениетті мемлекеттерде, саяси партияларда бар. Әр түрлі бірлестіктер бар, мемлекеттік емес ұйымдар бар. Демократия деген ол – халықтың билігі. Халық белгілеген мына біздің Конституцияда көрсетілген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей, еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды кейін мемлекеттік органдарға береді. Сөйтіп, мемлекеттік органдарды, мемлекеттік билікті халық сайлайды. Президентті сайлайды. Депутаттарын сайлайды. Ол – әділ.
Сайлау заңнамасын және сайлау жүйесін қалыптастыру – өте күрделі процесс. Әлі де түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалау жалғастырылып жатқан Қазақстанда, соңғы он жыл ішінде сайлау жүйесі егемен және тәуелсіз мемлекет құрудың ерекшеліктеріне сай қалыптастырылып келеді. Бұл істе өзіміздің тәжірибемізбен қатар беделді халықаралық ұйымдардың, ең алдымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ), ұсынымдары да ескерілуде. [35]
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің қалыптасу тарихы еліміздің тәуелсіздік алуымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда біздің сайлау жүйемізді республика азаматтарының конституциялық сайлау құқықтарын сайлауларды әлемде жалпы мойындалған демократиялық стандарттарға сәйкес өткізу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қағидаттар, институттар мен құқықтық нормаларға негізделген жүйе деп бағалауға болады.
Демократиялық институттарды қалыптастыру мен дамытуды мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарының бірі ретінде айқындаған Қазақстан демократиялық құқықтар мен адам бостандықтары саласындағы маңызды саналатын бірқатар халықаралық құжаттарды мойындады. Олардың ішінде, сөз жоқ, ең маңыздысы – 1990 жылы қабылданған ЕҚЫҰ Азаматтық өлшем жөніндегі конференциясының демократиялық сайлаулар стандарттарын анықтайтын Копенгаген Кеңесі құжаты.
ЕҚЫҰ-ға мүше ел ретінде біздің республикамыз сайлау заңнамасын жетілдіру бағытында ұдайы жұмыс жүргізіп келеді, және бұл үрдіс үзіліссіз сипатқа ие. Шынтуайтқа келгенде, өткізілген әрбір сайлау науқаны заңнаманы одан әрі жетілдіруге өзіндік үлес қосып отырады.
Сайлау технологияларын жетілдіру ісінде халықаралық тәжірибені саралау және оның озық үлгілерін ескеріп отыру өте маңызды. Біздің бүгінгі сайлау заңнамамыздағы көптеген қағидалар демократиялық дәстүрлері ежелден қалыптасқан елдерде қолданылып отырған сайлау құқығы нормаларын жан-жақты зерделеудің және оларды өз еліміздің заңнамасына бейімдеудің нәтижесінде енгізілген.
Республиканың сайлау жүйесі осы жылдар ішінде әлемдік қауымдастыққа өзінің сайлау жүйесін жетілдіру бағытында кең ауқымда тәжірибе алмасуға ашық екендігін дәлелдеп келеді және сайлау құқығы саласында қызмет ететін көптеген халықаралық ұйымдармен сайлау заңнамасы мен сайлау құқығының тұғырнамалық мәселелерін талқылауға белсене қатысуда.
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен және ұйымдармен сайлау жүйесін жетілдіру бағытындағы ықпалдастығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ЕҚЫҰ) ерекше орын алады.[36]
Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы – ЕҚЫҰ-ның ең танымал институттарының бірі. Бұл халықаралық орган адам құқықтарының қамтамасыз етілуіне, демократияның дамуына және заң үстемдігінің орнауына ықпал етуге жауапты құрылым болып табылады. Бюро сайлауларды байқауда, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың қалыптасуына ықпалдастық жасауда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар ол адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау бойынша сарапшылардың семинарлары мен кеңестерін өткізу жөніндегі форум ретінде де мәлім.
Ол сондай-ақ ақпарат алмасу орталығы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жасаудағы дәнекер болып табылады, ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы миссияларына және үйлесімді көмек бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсетіп отырады.
ЕҚЫҰ құрылғаннан бергі жылдары ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің демократиялық сайлаулар ұйымдастыру және өткізу бойынша міндеттемелерін іске асыру барысы жөнінде жан-жақты да құнды мағлұматтар жинақтап, талдап, әлем қауымдастығы назарына ұсынғаны белгілі. Қазақстан Республикасы да бұл үрдістен тыс қалған жоқ.
1999 жылғы президенттік сайлаудан бастап, ЕҚЫҰ Миссиясы Қазақстанның шақыруымен елімізде өткізілген жалпымемлекеттік ауқымдағы барлық дерлік сайлауларды байқауға қатысты.
Әрбір сайлау науқанын байқау нәтижелері бойынша ЕҚЫҰ Миссиясы қорытынды есеп дайындайды да, онда, әдетте, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар беріліп, ДИАҚБ сарапшылары анықтаған сайлау үдерісін ұйымдастыру барысындағы ЕҚЫҰ Копенгаген құжаты қағидаттарына сәйкессіздіктер нұсқалып отырады.
ЕҚЫҰ-ның көптеген ұсынымдары “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңда кезең-кезеңімен іске асырылып отырғандығын айта кеткен артық болмас.
Яғни, бұдан бұрын өткізілген сайлау науқандары, оларды отандық, халықаралық байқаушылардың бағалауы және өз тұжырымдарында ұдайы еліміздің сайлауды ұйымдастыру мен өткізу саласындағы белгілі бір демократиялық жетістіктерін атап өтіп отыруы мемлекетіміздің қазіргі заман үрдісіне сай, демократиялық әрі тұрақты сайлау жүйесінің қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті деуге әбден болады.[25]
Бұл ретте 2007 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша науқанын да атап кеткен жөн. Орталық сайлау комиссиясының осы саяси науқанды табысты өткізу үшін жауапкершілігінің деңгейі орасан зор болатын. Өйткені, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы сайлауы халықаралық және отандық байқаушылардың жоғары бағасын алғаны белгілі. Оның үстіне республика Конституциясына енгізілген тұғырнамалық өзгертулерге байланысты парламенттік сайлау алғаш рет пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша өтетін болды.
Осыны ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясы әртүрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметін бүкіл сайлау рәсімдерін Конституция мен сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес өткізуге жұмылдырды. Нәтижесінде сайлау науқанының барлық кезеңдерін жоғары деңгейде ұйымдастыруға қол жетті және мұның өзі қазақстандық, сондай-ақ халықаралық байқаушылардың тарапынан сайлау үдерісін ұйымдастыруда айтарлықтай ілгерілеушілік бар деген оң бағаға ие болды.
2007 жылдың қазан айының соңында таратылған қорытынды есепте ЕҚЫҰ Миссиясының Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі сарапшылары да осындай баға берген, онда сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің 78 аспекті бойынша оң пікір айтылған.
Қазақстан Республикасының заңнамалық негізіне енгізілген оң өзгерістер қатарында Мәжіліс депутаттары санының 77-ден 107-ге дейін артуы, сондай-ақ сайлауалды үгіт науқаны аяқталғаннан бастап сайлау қорытындылары жарияланғанға дейінгі кезеңде бұқаралық жалпы жиындар өткізуге тыйым салуды алып тастау аталған. Орталық сайлау комиссиясының және басқа да сайлау комиссияларының қызметі кәсіби, ашық деп бағаланған. ЕҚЫҰ байқаушыларының пікірінше, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өз қызметін белсенді, айқын әрі жария жүргізген. Комиссияның барлық отырыстарына саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен байқаушылар шақырылып отырды және бұл бүкіл сайлау үдерісінің ашық та анық болуына айтарлықтай әсер етті.[28]
Байқаушылар сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау үдерісін регламенттеу, ақпараттық веб-сайтты ұдайы жаңартып отыру, сайлаушыларды, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқытудағы ауқымды бағдарламаларды іске асыру, сайлауға ақпараттық қолдау көрсету жөніндегі, соның ішінде электрондық дауыс беру және сайлаушылар тізімін нақтылау мәселелері бойынша да, ұйымдасқан жұмысын атап өткен.
Әсіресе, қорытынды есепте Орталық сайлау комиссиясы мен ЕҚЫҰ Миссиясы арасындағы ықпалдастық деңгейі, сайлау органдарының еліміздің сайлау үдерісін жетілдіруге мүдделі тараптардың барлығымен ынтымақтастыққа ұмтылысы жоғары бағаланғанын атап өткен жөн.
Сондай-ақ ЕҚЫҰ сарапшылары төменгі қатардағы сайлау комиссияларының дайындық деңгейіне, олардың жұмыстарының ұйымшылдығы мен мейлінше ашықтығына жоғары баға берді. Қорытынды есепте: “Аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің жоғары кәсіби деңгейі мен сайлау заңдарының нормаларын жақсы білетіндіктері ЕҚЫҰ байқаушыларына үлкен әсер қалдырды”, – деп атап көрсетілген.
Есепте сайлаушылардың тізімін анықтау жөніндегі жұмыс: жергілікті билік органдары мен сайлау комиссияларының тиісті іс-әрекеттері, Орталық сайлау комиссиясын сайлаушылар он-лайн режімінде өздерінің тіркелген-тіркелмегендерін тексере алатындай сайлаушылардың деректер қорын веб-сайтқа орналастырғаны, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінде тіркелгендері туралы сайлаушыларға қосымша ақпарат ұсыну үшін жедел телефон желілерінің ашылуы көңіл аударарлық жағдай ретінде аталған.ЕҚЫҰ сарапшыларына электрондық дауыс беру жүйесін кең көлемде көру мүмкіндігін бергенін ерекше атап өткен жөн.
Миссияның қорытынды есебінде: саяси партиялар мен кандидаттарды тіркеу рәсімдерінің ымырашылдығы мен тазалығы; сайлауға қатысатын саяси партиялардың өздерінің сайлауалды үгітін, сайлау науқандарын қалыпты жағдайда, кең көлемде және әкімшілік килігусіз өткізгені, ал бұқаралық ақпарат құралдарының барлық партиялардың қызметін жария етіп отырғаны; сайлауға байланысты шағымдарды қараудың тазалығы; прокуратура органдарының азаматтар мен ұйымдардың шағымдары мен өтініштерін қараудағы белсенді рөлі; Ортсайкомның республиканың барлық сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелері туралы деректерді веб-сайтта орналастыруы оң аталып көрсетілген.
Сондай-ақ ЕҚЫҰ сарапшыларының дауыс беру үдерісіне берген жоғары бағаларын атап өтуге борлады.. Байқаушылардың тұжырымдары бойынша, олар болған сайлау учаскелерінің 94 пайызында дауыс беру қолайлы және тыныш ахуалда өтті және жақсы ұйымдастырылды деп танылды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл көрсеткіш 2005 жылы 92 пайызды, ал 2004 жылы 87 пайызды құраған. [36]
Бұдан басқа, ЕҚЫҰ Миссиясының тұжырымы бойынша сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлаушылар электрондық дауыс беру ресімін дұрыс пайымдағандарын көрсетті, ал электрондық дауыс беру жүйесінің өзі жаңылыссыз жұмыс істеді.
Сонымен қатар Миссия сайлау үдерісіндегі кейбір ілгерілеушілікке қарамастан, сайлау алдындағы кезең мен кейбір дауыс беру аспектісі бойынша сайлау ЕҚЫҰ-ның бірқатар міндеттемелеріне сәйкес келмейтінін атап көрсетті.
Жеке алғанда, сарапшылар сайлау науқанын ұйымдастыруда орын алған, сайлауға әкімшілік етуге қатысты кемшіліктерді, сондай-ақ үгіт науқаны кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметіндегі, дауыстарды санау мен сайлау қорытындыларын шығару кезіндегі кемшіліктерді атайды. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы қорытынды есепке талдау жүргізуде және біздің пайымдауымызша, ЕҚЫҰ Миссиясының есебінде көрсетілген кейбір қорытындылармен келісе алмайтындығымызды айтқым келеді.
Мысалы, есепте Мәжіліс депутатына кандидаттар үшін соңғы он жыл республика аумағында тұрақты тұру цензі жөніндегі Қазақстан заңнамасының нормасы азаматтардың мемлекеттік орындарға қол жеткізу құқықтарына негізсіз шек қояды, Қазақстанда пікір алуандығының дамуына бөгет жасайды деген пікір келтірілген.
Бұл ценз біздің еліміздің экономикалық және саяси даму ырғағы мен қарқынын есепке ала отырып белгіленген. Біздің ойымызша, саяси шамшылдығы бар республика азаматының елде тұрақты тұруы және елде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында болуы, сөйтіп сайлаушылар мүддесін білуі керектігі толық қисынды.
Оның сыртында, бұл бүкіләлемдік тәжірибе және осыған ұқсас шек қоюлар бірқатар шет елдерде қарастырылған. Оның ішінде, АҚШ, Канада, Финляндия, Норвегия сынды елдер мен ежелгі демократиялық дәстүрлері бар кейбір басқа да мемлекеттерді атап көрсетуге болады.
Сайлау заңдарына отырықшылық цензін енгізуге ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерде демократиялық сайлау өткізу бойынша Варшава міндеттемелері де тыйым салмайды. Әр түрлі елдерде 1 жылдан 14 жылға дейінгі отырықшылық цензі барын есепке алсақ, қазақстандық заң нормасы жалпы танылған аяға толығымен сыйып тұр.
Қазақстан заңнамасының біздің шетелдік әріптестеріміздің сынына ілінген тағы бір нормасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың барлығы саяси партиялардың мүшелері болу керектігі. ДИАҚБ сарапшыларының пікірлері бойынша, бұл азаматтардың тәуелсіз кандидат ретінде жеке лауазымдарға қол жеткізу құқықтарын жоққа шығаруға әкеліп соғады.
Мұндай тұжырым аралас, не мажоритарлық сайлау жүйесіне қатысты айтылса, әділ болған болар еді. Біздің елде пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі нәтижесінде Парламент Мәжілісіндегі орындар үшін тек саяси партиялар ғана күреседі және сайлаушылар жеке кандидаттар үшін емес, саяси партиялар мен олардың сайлау алдындағы тұғырнамалары үшін дауыс береді. Сондықтан, біздің пікірімізше, жеке кандидаттың сайлауға қатысуы практикалық мәнін жоғалтады, ал саяси партияның өкілі ретінде сайлауға қатысу мүмкіндігі, керісінше, кеңейеді.
ЕҚЫҰ Копенгаген құжатының қағидалары ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерге азаматтардың не жеке өзі, не саяси партияның өкілі ретінде саяси және мемлекеттік лауазымдарға қол жеткізу құқығын құрметтеуді міндеттей отырып, сайлау жүйесін таңдау құқығын беретінін атап көрсеткен жөн.
ЕҚЫҰ сарапшыларының пікірі бойынша, сайлауға қатысқан саяси партияның Парламент Мәжілісінде өкілдік алуына қазақстандық заңнамада қойылған 7 пайыздық тосқауыл да плюрализмді қосымша шектеу болып табылады.
Осы мәселе бойынша жалпыәлемдік тәжірибеге қайта жүгінсек. Ол көптеген елдерде әр түрлі сайлау шектері қойылғанын көрсетіп отыр. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның мүшелері болып табылатын көптеген елдерде әр түрлі – 3-тен 10 пайызға дейінгі сайлау шектері қолданылады. Біздің заңнамамызда көрсетілген 7%-дық көрсеткіш артықшылық ретінде қабылданбауға тиіс. [35]
ЕҚЫҰ Копенгаген құжатының ережелеріне қайшы сәйкессіздіктердің бірі ретінде ДИАҚБ сарапшылары Мәжілістің 107 депутатының ішінен тоғызының Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайлануы деп есептейді. Бұл ретте олар Копенгаген құжатының 7.2-тармағына сүйенеді, онда: “барлық мандаттардың, ұлттық заң шығару органының кемінде бір палатасында, бүкілхалықтық сайлау барысында кандидаттардың еркін жарыспалылығы объектісі болуы үшін жол береді” делінген.
Алайда, осы мәселеде Қазақстанның да сол Копенгаген құжатының 31-тармағына негізделген нақты дәлелі бар, онда: “Қатысушы мемлекеттер, қажет болған жағдайда, аз ұлттарға жататын адамдардың адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыруда және оларды пайдалануда басқа азаматтармен толық шамада тең болуына кепілдік беру мақсатында арнайы шаралар қабылдайды” делінген.
Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне 9 депутатты сайлау құқығын беру, сайлау квотасы мен оларды сайлау үшін қолайлы тәртіп белгілеу – бұл біздің мемлекетіміздің аз ұлттарға олардың сайлау құқықтарына кепілдік беру мақсатында қабылдап отырған арнайы шараларының бірі. Осылайша, заңнамаға тиісті нормаларды енгізу арқылы Қазақстан Копенгаген құжатының аз ұлттар туралы тиісті қағидаларын іске асырып отыр.
Ал Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін біздің мемлекетіміздің аумағында тұрып жатқан 130-дан астам этностық топтарды білдіретін және этносаралық әрі дінаралық келісімді қамтамасыз ететін институт ретінде бекіткен.
Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибеге қатысты айтар болсақ, әлемнің 17 елі парламенттерінің төменгі палаталарында аз ұлттар өкілдігіне квота көзделгені туралы фактіні атап көрсеткен жөн.
Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген жаңа қағидалар ЕҚЫҰ-ның белгілі бір алаңдаушылығын туғызып отыр, оның ойынша, олар партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының партия басшылығынан тәуелділігін, оған шамадан тыс бақылауға мүмкіндік бере отырып, күшейтуі мүмкін.
Алайда, ЕҚЫҰ өкілдерімен бірлескен консультациялар мен жұмыс кездесулерінің шеңберінде бірнеше мәрте атап көрсетілгеніндей, дауыс беру үдерісінде барабар жүйені пайдалану кезінде сайлаушылар өз дауыстарын партиялық тізімге енгізілген жекелеген кандидатқа емес, оны ұсынған саяси партияға береді.
Тиісінше, депутат өз саяси көзқарастарын өзгерткен және өзі сайланған партия қатарынан шыққан жағдайда, оның осы партияға дауыс берген сайлаушылардың мүдделерін білдіре алмайтыны толық негізді.
Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Варшава міндеттемелері партия өзінің партиялық тізімі бойынша жеңген депутатты осы кандидаттың партия мүшелігінен ерікті түрде шығуына байланысты мандатынан айыруды талап етуі мүмкін жағдайды қарастыра отырып, мынаны белгілейді: “Бұл жағдайда мемлекеттерде, олар “жабық тізімдер” бойынша сайлау жүйесін пайдаланғанның өзінде сайлауға қатысу үшін кандидаттарды ұсыну құқығына ие партияларды немесе басқа да ұйымдарды өз партиялық тізімдерінің ішінен кандидаттарға берілген мандаттарға билік етушілер ретінде қарастыруға негіздер бар”, бұл Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасында да көрсетілген.
Дегенмен, біз ЕҚЫҰ сарапшыларының тұжырымдарын тағы да бір рет мұқият талдап, саяси партиялардың депутаттық мандаттарды алуы мен бөлуі тәртібіне қатысты мәселелерді зерделеуді жоспарлап отырмыз.
Сайлау үдерісі саласындағы қазақстандық сарапшылар мен ЕҚЫҰ сарапшылары арасында пікірталас туғызған тағы бір себеп Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы партияларға сайлау комиссияларында тең құқылы өкілдік етуіне кепілдік беруге тиіс екені туралы ЕҚЫҰ Миссиясы Есебінің қағидалары болып табылады.
Бұл ретте осы ұсынымның сол немесе өзгеше нысанда біздің еліміздегі сайлауды байқау қорытындылары жөніндегі барлық есептерінде дерлік болатынына қарамастан, ЕҚЫҰ оны іске асыру тетіктерін ұсынбайды.
Дегенмен, саяси партиялардың сайлау комиссияларындағы өкілдігін қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға норма енгізілді, оған сай аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Осылайша, сайлау заңнамасы саяси партиялардың мүдделерін ескеретін, сондай-ақ сайланатын мүшелердің қажетті кәсіби деңгейін қамтамасыз ететін сайлаукомдар құрамын қалыптастырудың демократиялық нысанын белгіледі.
Өкілдерін сайлаукомдар құрамына мәслихаттар сайламаған партиялардың тарапынан сайлау комиссияларының қызметін бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстарға жауап ретінде 2007 жылы сайлау заңнамасы тағы да бір нормамен толықтырылды, оған сәйкес “сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып, өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы”.
Осы норманың енгізілуін ЕҚЫҰ сарапшылары оң бағалады және, біздің ойымызша, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметін саяси партиялардың тарапынан бақылаудың пәрменді тетігін бекітті.
2007 жылғы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ Миссиясы болған кезеңде “Сайлау” ААЖ-ның қызмет көрсетуші мамандары ЕҚЫҰ-ның техникалық сарапшылары Марсин Сиеслак пен Дуглас Джонстың барлық сұрақтарына толық және негізді жауаптарын берген болатын, ал олар жүйенің мәлімделген талаптарға тұтастай сәйкестігін мойындаған еді.
Алайда, Миссияның Қорытынды есебінде 2007 жылғы сайлауда пайдаланылған электрондық дауыс беру жүйесінде ЕҚЫҰ-ның өткен сайлауды байқауы кезінде атап көрсеткен кемшіліктері сақталғанын атаған.
Осыған сүйене отырып, жүйенің жекелеген бөлшектері өзгеріске ұшыраған жағдайда және сайлау іс-шараларына дайындық кезеңінде оны сертификаттауға қатысты заңнамалық актілерге түзетулер енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.
Дегенмен, “Сайлауды байқау және электрондық дауыс беру” тақырыбында өткен ЕҚЫҰ жұмыс кездесуінің шеңберінде (Варшава, 2007 жылғы 22-23 наурыз) электрондық дауыс беру жүйелерінің жабдықтарын халықаралық ұйымдардың сертификаттауы қажеттігі туралы мәселелер қызу талқыланғанымен, қазіргі уақытта мұндай жабдықтарды тәуелсіз сертификаттау бойынша мамандандырылған халықаралық ұйымдардың жоқ екенін ескеру керек.
Сонымен қатар электрондық сайлау жүйесін жетілдіру және дауыс беру нәтижелерін қағаз жүзінде растауды енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
“Сайлау” ААЖ-ын пайдалану кезінде дауыс беру құпиясын қамтамасыз етуге қатысты айтар болсақ, сайлаушыны тіркеу рәсімі дауыс беру рәсімінен бөлек жүргізілетінін атап көрсету қажет, яғни тіркеу – учаске компьютерінде, ал дауыс беру автономды құрылымды-сенсорлы экраны бар дауыс беруге арналған терминалды пайдалану арқылы жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүргізіледі. Алайда, ЕҚЫҰ сарапшыларының электрондық дауыс беру құпиясын сақтау проблемасына қатысты алаңдаушылығын түсіне отырып, жүйені одан әрі жаңғырту барысында әзірлеушілер сайлаушыны тіркеу үдерісін дауыстарды қабылдау мен санау үдерісінен бөлек жүргізуге мүмкіндік беретін техникалық іс-шараларды көздеді.
Алайда, ЕҚЫҰ Директоры Кристиан Штрохальдің: “тұтастай алғанда, Қазақстандағы парламенттік сайлауда әділ сайлау науқанын өткізу үшін барлық жағдайлар жасалды” деген сөздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс өз жалғасын табуда. Әйтсе де, біздің осы жұмысты ұйымдастыруда жеткілікті тәжірибеміз бен нақты нәтижелеріміз бар екені сөзсіз.
ЕҚЫҰ есебімен алғашқы танысудың өзінен-ақ біз білікті барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын құру, сайлау заңнамасы нормаларының қолданылу тәжірибесін жетілдіру, барша сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру сияқты мәселелерде бірлесіп атқаратын жүйелі жұмысты жедел жалғастырудың қажет екендігін түсініп отырмыз.
Жуырда Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-мен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның Қорытынды есебінде қамтылған ұсынымдарды ескере отырып, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде жұмыс жоспарын қабылдауға ниет білдірді. [29]
Ортсайлауком мен ЕҚЫҰ сарапшыларының деңгейінде жұмыс іс-шараларын өткізу мерзімдері мен орны жөнінде келісу рәсімдері ағымдағы жылдың қараша айының аяғында басталады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған байқау жөніндегі миссиялардың ұсынымдарын, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сайлау ұйымдастырушылардың ұсыныстарын қарау жөніндегі Ортсайлауком жанындағы жұмыс тобының қызметі жаңғыртылатын болады.
Өзінің Қорытынды есебінде ЕҚЫҰ Миссиясы Қазақстанның халықаралық және жергілікті сайлау байқаушыларын тарту жөніндегі ЕҚЫҰ алдындағы өз міндеттемелерін орындағаны туралы қорытынды жасады. Копенгаген құжаты мен ЕҚЫҰ-ның демократиялық сайлау өткізу жөніндегі міндеттемелерінде: “шетелдік, сонымен қатар ұлттық байқаушылардың қатысуы сайлау өткізілетін мемлекеттер үшін сайлау үдерісінің беделділігін арттыруы мүмкін” деп атап көрсетілген.
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-мен қалыптасқан әріптестік қатынастардың деңгейін жоғары бағалайды және өзара тиімді ынтымақтастықтың жемісті боларына және біздің еліміздің сайлау тәжірибесінде оң көрініс табарына сенімді.
Қазақстанның демократиясы жайлы ЕҚЫҰ – ға мүше елдердің басшыларының ойын білу артық болмас еді. Мәселен, Алси Хастингс, Хельсинки комиссиясының тең-төрағасы былай деген: “Қазақстан халықаралық аренаға шықты. Елдегі саяси реформа мен экономикалық өсімге өзге мемлекеттер қызыға қарайды. Демократиялық жолды таңдап алған қазақ елінде өзгерістер көп. Айналдырған 15-16 жыл ішінде Қазақстан демократиялық үрдістерді дамыта білді. Айта кету керек, АҚШ сияқты дамыған елдердің өзі, демократия құру үшін жүздеген жылдар бойы маңдай терін төгіп келеді”. [36]
Ал Йоран Леннмаркер, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының экс-төрағасы: “Мен өз басым Қазақстанның 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін асыға күтудемін. Менімше, Қазақстан басшылық еткен жылы Еуропа мен Азия арасы жақындай түседі. 2010 жылы екі құрлық арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық қалыптасады деген ойдамын. Сондықтан да мен ОБСЕ-ні Қазақстан басқару керек деп ойлаймын. Кезінде мен Қазақ елінің кандидатурасын қызу қолдағанмын. Қазақстан төрағалық еткен жылы Ауғанстанда саяси тұрақтылық орнап, демократия дами түседі деген үміттемін”-деп айтты.
ЕҚЫҰ талаптарының аясында жасалып жатқан демократиялық үрдістер ең алдымен біздің өз ішіміздегі даму ахуалымызды айқындау үшін керек, сондай-ақ болашақ ұрпақтарымыз үшін қажет. Қазақ халқы қай заманнан да демократиялық құндылықтарды құрмет тұтып, көкке көтеріп келген. Ендеше, бұл құбылыс біздің табиғатымызға жат емес.
Қорытынды
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздікті қолдайтын ұйымдардың ішіндегі ең ауқымдысы, ең жас және болашағы зор, тұрақтылыты қолдау аясындағы потенциалы жоғары ұйым.
ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалатын қызметтері үш өлшемді қамтиды. Олар: адамзаттық, әскери-саяси және экономикалық-экологиялық қауіпсіздік мәселелері.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы байланысты, дәлірек айтқанда ЕҚЫҰ -ң Қазақстандағы стратегиясын, зерттей отырып төмендегідей қорытындылар жасадық:
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға мүше болып қабылдануы, Қазақстанның 1975 жылғы Хельсинк қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдерістерге еркін қатысуға, тәжірбие алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты, аймақтақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты, экономикалық реформалар жүргізу, адам құқықтарын қорғау, аймақтық қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді.
ЕҚЫҰ-мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік және Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөнінде, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен өзара түсіністік меморандумдары қабылданды. Өзара түсіністік меморандумына негізделіп, демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын, соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда.
Еуропадаға қауіпсіздік ұйымы мен Қазақстан арасындағы байланыстың басталуын және ары қарай өрбуін зерттей келе келесі қорытындыларды жасауға болады:
Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы желтоқсан айында Будапешт (Венгрия) қаласында өткен кезекті жиыны өте маңызды болды. Дәл осы жиын үстінде Қазақстан үшін маңызды келісімге қол қойылып, елдің мәртебесі көтерілген еді, ол– жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісім болатын.
1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.
Қазақстан Астанада ЕҚЫҰ басшылығының, Ұйымға қатысушы мемлекеттер, академиялық және діни топтар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2006 жылғы 17-18 мамырда ЕҚЫҰ-ның адамдарды сатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясын және Алматыда “Мәдениетаралық, дінаралық және этносаралық түсіністік” кеңесін өткізді. ЕҚЫҰ шеңберінде алғаш рет, әсіресе, жаһандану, жаңа қыр көрсетулер мен қатерлер жағдайында тұрақтылықтың басты факторларының бірі ретінде толеранттылықтың маңызы және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуын өрістету үшін ЕҚЫҰ-ның әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі ерекше атап көрсетілді.
Соңғы жылдар ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің Орталық Азия бағытын дамыту қажеттігі туралы идеяны дәйектілікпен ұсынып келеді. Осының нәтижесінде өзінің тарихы және даму ерекшелігі бар өңірге Ұйым тарапынан лайықты назар аударылуда.
Қазақстан Парламентінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен тығыз ынтымақтастығының нәтижесі 2008 жылғы 28 маусым – 2 шілде аралығында Астанада Парламенттік Ассамблеяның жыл сайынғы 17 сессиясын өткізу болды, оған Еуропаның, Азия мен Американың 50-ден астам елінен 500-ден астам делегат қатысты. Сессия Қазақстанның осы ұйымдағы беделін нығайтты. Өкілді халықаралық форумды өткізу біздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміз қарсаңындағы елеулі емтихан болды.
Ал енді ЕҚЫҰ-ң Қазақстандағы стратегиясына келсек, Қазақстан ЕҚЫҰ-ң стратегиясының экологиялық басымдықтарын қолдайды. Айта кетсек, Семей полигоны жабылған соң, бірқатар басқа полигондар да тыншып қалды.
Біздің еліміз өзінің геосаяси ауқымы жөнінен бірегей болып табылатын осы Ұйымға төрағалық етуге дайын әрі оған қауқарлы да.
Қазақстанның төрағалығы туралы шешім Ұйымға қатысушы барлық елдің шынайы тең құқылы екенін дәлелдеді. Өйткені, ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокка дейін созылып жатыр.
Жалпы алғанда өңірлік беделді форумдардың бірінің төрағасы статусы Қазақстанды жаңа әлемдік жүйеде жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Орта және ұзақ мерзімді перспективада бұл басқа да халықаралық құрылымдардың шеңберінде, ең алдымен БҰҰ, сондай-ақ АҚШ, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен қарым-қатынаста Қазақстанның беделіне оң ықпалын тигізеді.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады.
Қазақстан өзінің экономикалық реформаларды ілгерілетуімен, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің күрделі экологиялық проблемаларын шешудегі табысты тәжірибесімен мақтана алады.
Біз ЕҚЫҰ-ның өзгермелі өмір шындығына бейімделіп, өзінің әлемдік деңгейдегі беделін сақтай алатынына, Солтүстік Атлантика және Еуразия кеңістіктерін жалғастыратын жаңарған үнқатысу алаңына айналарына үміттіміз. Қазақстан осы міндеттерді іске асыруға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде және “Үштікке” қатысушы ел ретінде де өз үлесін қосуға әзір.
Қорыта айтқанда, Мадрид шешімі Еуропа елдеріне қаншалықты қажет болса, Қазақстанның мемлекет ретінде күшейіп, жаңарып, болашақ үшін жаңа тыныс алуына да соншалықты қажет.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, бірінші кезекте, біздің еліміздің жалпы бірдей стандарттарға, әсіресе, адами өлшемдерге сәйкес болуын, сондай-ақ мемлекетіміздің саяси жүйесін жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде Парламенттің саяси жүйені одан әрі реформалауға қосатын үлесі қомақты. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тарихымызға алтын әріптермен жазылып қана қоймай, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді, тұтастай алғанда, әлемдік қоғамдастықты тұтастырып, шоғырландыру ісіне жаңа леп әкеледі деп сенемін.
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
- Кортунов А.В. СБСЕ и перспективы создания системы коллективной безопасности в Евразии. – в кн. Кортунов А.В.Россия и Запад: модели интеграции. М., РНФ-РОПЦ, 2002
- Иванов И.С. Новая российская дипломатия. Десять лет внешней политики страны. – М., 2002. – 382 с.
- Киссинджер Г. Нужна ли Америке внешняя политика? / Пер. с англ. под ред. В.Л. Иноземцева. – М., 2002. – 352 с.
- От Хельсинки до Будапешта: история СБСЕ/ОБСЕ в документах (1973–1994), М.: Наука, 1997
- Ghebali V.-Y. L`OSCE dans l`Europe post-communiste, 1990-1996. Vers une identite paneuropeenne de securite. – Bruxelles. – 741p.
- Смутс М. Международные организации и неравноправие государств. Международный журнал социальных наук. Ноябрь, 1995
- Гольдин Г.Г. ОБСЕ и Приднестровье. – Учебное пособие. Г.Г. Гольдин, В.В. Матяш – М., Дип. Академия МИД РФ, 2000
- Киссинджер Г. Дипломатия / Пер. с англ. В.В. Львова. – М., 1997. – 848с.
- Рахманинов Ю.Н. ОБСЕ в XXI веке: на пути к новой модели безопасности, США: Экономика. Политика. Идеология, №5, 1997 С. 44-51
- Ротфельд А. Формирование новой европейской системы безопасности, Мировая экономика и международные отношения, №6, 1998, С. 20-28
- Щербак И.Н. Меры доверия и новая архитектура европейской безопасности, США: Экономика. Политика. Идеология, №3, 1991 С. 52-59
- ОБСЕ: управление процессом перемен в новом столетии, Ежегодник СИПРИ 2000. Вооружения, разоружение и международная безопасность. – М., 2001. – С. 212-219.
- The Netherlands and the Organization for Security and Cooperation in Europe in 2003: Role and Direction. — 2002. – 56 p.
- Piotr Switalski. The OSCE in the European Security System: Chance and Limits. 1997. – 62 p.
- Бухарестская декларация Совета министров. Бухарест, 3-4 декабря 2001 г. // www.osce.org
- Десятая встреча Совета министров ОБСЕ. Порту, 6-7 декабря, 2002. // www.osce.org
- Ежегодный доклад о деятельности СБСЕ за 2008 год // osce.org
- Cooperation entre l`Organisation des Nations Unies et l`Organisation pour la securite et la cooperation en Europe. Assamblee generale des Nations Unies, 6 fevrier 2003.
- Speech by J. Flis, M.P. Parliamentary secretary for ministry of foreign affairs at the conference “Twenty years of the Final Act of Helsinki –Towards a new European Security Model”, Moscow, 17-18 July 1995.
- Speech by President Clinton to the people and leaders of Germany at the Schauspielhaus. Berlin. 13 May 1998. // www.usembassy.der.
- Сергей Дьяченко. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары. Қазақстан Республикасы – Еуропамен бірге // Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайты //www.kisi.kz.
- Досым Сатпаев ЕҚЫҰ-ға төрағалықтың Азияға өтуі. //Егемен Қазақстан газеті №63-64 (25461) 14 ақпан сенбі 2009 жыл.
- Қазақстан Республикаысының президенті мен Қазақстан республикасы үкіметінің актілер жинағы №37, ҚР мемлекеттік бағдарламасы «Еуропаға жол», Астана 2008.
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі А.Ж. Шпекбаевтың Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының Астана қаласындағы Орталығының Басшысы Александр Кельчевскиймен кездесуі туралы баспасөз релизі. //Ішкі істер министрлігінің сайты http:www.mvd.kz.
- Дмитрий Перцев. Что даст ОБСЕ Астане // информационная газета gazeta.kz.
- Леонид Соколов. По всем направлениям безопасности // газета «Казахстанская правда», № 152 от 2.12.2008 г.
- Татьяна Костина. На основе консенсуса // газета «Казахстанская правда», № 108 от 4.05.2008 г.
- Қазақстан республикасы мен еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық //Сыртқы істер министрінің сайты portal.mfa.kz.
- Марат Тәжин. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіндгі баяндамасы //Сыртқы істер министрінің сайты portal.mfa.kz.
- Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Әлем алдындағы биiк бедел // «Егемен Қазақстан» газеті №80 25 наурыз 2008 ж.
- М. Тәжин. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық жұмыстарының барысы және ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы жұмыстардың басталуы.// inform.kz 4 сәуір 2008 ж .
- Д. Қалетаев. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төраға ретінде Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікті бірегей диалог алаңына айналдыру үшін аталған ұйымның беделін пайдаланады. //inform.kz 28 наурыз 2009 ж.
- Нұртай Әбіқаев. Қазақстаyға келетін қауіптің жолын кесуге ЕҚЫҰ әлеуетін белсенді іске қосуға ниеттеніп отыр. //inform.kz 20 ақпан 2009 ж
- Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты. Демократиялық дамудың дәйегі // «Егемен Қазақстан» газеті №125-126 (25523) 07 сәуір сейсенбі 2009 ж.
- Йоран Леннмаркер. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Еқыұ ауқымын кеңейтеді //www.dmk.kz, 28-желтоқсан 2008 ж.
- Кәмшат Тасболатова. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Еуропаға тиімді //www.massagan.com, 8 – қаңтар, 2009 ж
Қосымша 1
ҚР Сыртқы істер министрі М. Тәжиннің ЕҚЫҰ ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 16- шы кездесуінде сөйлеген сөзі
(4 желтоқсан 2008, Хельсинки)
Құрметті Төраға мырза!
Құрметті әріптестер!
Ханымдар мен мырзалар!
Фин төрағалығына және Министр Александр Стуббқа Хельсинкидағы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар келе жатқан Грек төрағалығына сәлемімді жеткізіп, Министр Доре Бакоянниске бұл жауапты қызметті атқаруда сәттіліктер тілегім келеді.
Соңғы уақытта әлемнің бет бейнесі айтарлықтай өзгерді. Бұл біздің ұйымға да қатысты мәселе.
Осы жағдайларда өзара түсіністікті нығайту және халықаралық мәселелерді қарастыруда бір пікірде болу өте маңызды. Сол арқылы біз ЕҚЫҰ жауапкершілігі кеңістігіндегі серіктестікті нығайтуға қажет оң сенім шараларын түзуге жағдай жасай алатын боламыз.
Үстіміздегі жылы қазан айында Қазақстан «Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы өркендеу» атты Батыс және Мұсылман елдері сыртқы істер министрлері конференциясын өткізді. Алғашқы рет әлемнің елуден аса әртүрлі мәдени конфессиялық бағыттағы елдері біздің пікірімізше, саяси сұхбат алаңының бастамасы болып табылатын қорытынды құжат — «Астана декларациясын» қабылдады.
ЕҚЫҰ күн тәртібін және төрағалық стратегиясын дайындау мақсатында біз «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық.
Мақсатымыз Еуропа елдерімен қарым қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару, заңдарымызды жетілдіруде еуропалық үлгілерді қолдану, алдыңғы технологияларды, басқару және институттық даму тәжірибелерін тарту болып табылады.
Үстіміздегі жылы қараша айында біз сайлау, саяси партиялар және БАҚ туралы заңдарға өзгерістер енгізуге Парламентке ұсыныс жасадық.
Бұл қадамдарды біз негізгі міндеті Ұйым әрекетінің барлық үш өлшемін дамыту негізіндегі тең құқылы сұхбатқа ашық, қауіпсіздік жөніндегі ірі аймақтық ұйым ретінде ЕҚЫҰ-ны нығайту мен сақтау болып табылатын төрағалығымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Үш өлшем аралығындағы үйлесімділікті қалпына келтіру бірінші кезектегі тапсырма деп білеміз.
Құрметті Төраға !
Бүгін күн тәртібіндегі негізгі мәселе Ұйымның орындылығы мен оның қазіргі жағдайға бейімделу мүмкіншілігі болып табылады. Бізге екі мәселені анықтап алу керек: ЕҚЫҰ бөлінбейтін біртұтас қауіпсіздік қағидаларын қамтамасыз ететін құрал бола ала ма немесе ғаламдық қауіпсіздік жүйесінде статист рөлін ғана атқаратын болады ма?
Ұйымның қос стандартты қолданатындығы және селективтілігі туралы кінәлаулардан арылуымыз қажет. Оның тиімділігін арттыратын шаралардың жеткіліксіздігі көрінуде.
ЕҚЫҰ ның қолда бар құралы оның ішінде далалық қызмет әрекеттерін жақсарту маңызды. Далалық қызметтердің тапсырмаларды орындау кезінде айқындаушы бағыт қабылдаушы мемлекеттер ұстанымдары болуы қажет деп есептейміз.
Сонымен қатар, ЕҚЫҰ ның соғыстан кейінгі Ауғанстанды қалпына келтіру сияқты мәселелерде ШЫҰ және ҰҚШҰ сынды аймақтық құрылымдармен серіктестікті нығайтуы қажет деп есептейміз.
Бұл айтылғандар Еуропа қауіпсіздігі үшін жоғары деңгейде өткізілудегі кездесуге пайдалы екендігінің куәсі.
Осыған байланысты Еуропа қауіпсіздігі жөніндегі құжат дайындау туралы Ресей бастамасын қолдайтындығымызды білдіргіміз келеді.
ЕҚЫҰ Еуроатлантикалық кеңістікте жалпы қауіпсіздік сәулетін нығайту мәселелерін шешудегі жақсы алаң болып табылады
Назарларыңызға рахмет!