АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ежелгі түркілердің көршілес елдермен қарым — қатынастары (6-8 ғғ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Тарих факультеті

 

 

Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы кафедрасы

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Ежелгі түркілердің көршілес елдермен қарым — қатынастары (6-8 ғғ)

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3

 

1. ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ

1.1 Саяси байланыстар ………………………………………………………………………….8

1.2  Қытай жылнамалары түркілер туралы…………………………………………15

          

2 ТҮРКІ – СОҒДЫ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………………25

 

3 САСАНИЛІК ИРАН МЕН ВИЗАНТИЯ ТҮРКІЛЕРДІҢ    СЫРТҚЫ

САЯСАТЫНДА ………………………………………………………………………………..34

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………….50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

     Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген халық өзінің ұлттық тарихын тереңінен зерттеп-зерделеуге ұмтылыс жасайды. Патшалық, кейін Кеңестік дәуір тарихшылары түркі халқының бай тарихи мұраларын зерттеуде сыңаржақты пікір қалыптастырды.

         Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрмаланып тарих бетінде ақтаңдаққа ұрынған жәйттерді қайта қолға алды. Сондықтан біз қарастырғалы отырған көне түркілердің көршілес орналасқан Қытай империясымен жүргізген саяси, экономикалық, мәдени байланыстарындағы бай тарихи мұраларды бітіру жұмысының тақырыбына арқау етіп отырмыз. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен өзекті мәселе екенін атқымыз келеді.

        Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің, ол құрған мемлекеттің тарихы: түріктер неліктен пайда болды, сосын тіпті де өз жұрағаттары болып табылмайтын көптеген халықтарға атын беріп, неге құрып кетті? – деген сауалға келіп құяды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай талпыныстар жасалса да одан ешбір нәтиже шықпады.

Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан, көне түріктер саны аз болған, сол себепті де Қытай мен Иранға қоныстас көрші болуы олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек, осынау елдердің әлеуметтік және саяси тарихы бірге өріліп, байланысып кеткен, сондықтан да оқиғалар желісін қалпына келтіру үшін біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс қалдырмауға тырыстық.

        Тақырыптың зерттелу деңгейі.Көне түркілер мен Қытай арасында,ы қарым-қатынас жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірң тарихшылар еңбектерінен көрініс тапты.

       Оның ішінде Н.Я.Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды.[1] ш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің, қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған.

          Қытай хроникаларының материалдарына ауқымқы тарихи филологиялық түсініктемелер берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақ сондай ертедегі зерттеулерді араб деректемелерін қоса отырып Абель Ремюза, Ст.Жюльен жүргізген [2]. Оларда түріктердің, эфталиттнрдің тарихы Орта Азия мен Қазақстанда манихей, будда діндерінің таралуы қарастырылады. Орталық және Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жасауға ашатын қытай деректемелерін басып шығару өз кезінде одан әрі жалғастырылды. Қытай және Византия деректерін салыстыру негізінде Э.Шаванн (1903) УІ-УІІІ ғасырлардағы Жетісудың батыс түріктерінің тарихын зерттеді[3]; Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия және Византия арасындағы өзара қатынастар мен мәдени алмасуды жеңілдету ісінде батыс түріктерінің атқарған рөлін анықтады: Сюань Цзанның маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп берді, Сыма Цяннің “тарихи жазбаларын” аударуды жүзеге асырып, оған ауқымжы тарихи түсініктемелер жазды. Біршама уақыт өткен соң да Грот (1921) хуннулар туралы тарауды аудару және олар туралы неғұрлым толық текстологиялық мәліметтер келтіру үшін Сыма Цяннің шығармасын қайтадан қолға алады.[4]

        Жазбаша (көне түрік және қытай) деректемелеріне жүгіне отырып, А.Н.Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялық қоғамның ерте феодалдық қатынастар жүйесіне ұласуын айқындады. Ол сондай-ақ У-УІІ ғасырлардағы соғды қоныстанушылығының рөлі мен маңызын және оның Түрік қағанатымен өзара қатынасын анықтады.[5]

        Н.Я.Бичуриннің жақсы дәстүрін жалғастыра отырып, Н.В.Кюнер Орталық Азия халықтары туралы қытайдың құнды хабарларының үлкен топтамасын жариялады. Түріктер туралы тарихи мәліметтердің қытай тілінде екі томдық жинағы шығарылды. [6]

        Ертедегі және алдыңғы орта ғасырлардағы Қазақстан жөніндегі қытай деректерінің хабарлары тартылды. Оларға үйсіндер, Түрік қағанаты кезіндегі түріктер, түркештер, қарлұқтар жөнінде Ю.А.Зуев [7]7[] жасаған талдау жемісті болып шықты. Қытай жылнамаларынан аудармалардың жариялануы, әулеттік хроникалардың мәліметтерін ежелгі түрік ескерткіштері мен генеологиялық аңыздардың материалдарымен, сол сияқты антик дәстүрімен салыстыру ертедегі Қазақстанның этникалық үрдістерінің, саяси оқиғалары мен тарихи географиясының кейбір жақтарын жаңаша түсінуге мүмкіндік берді.

        Көне түрік жазуын зерттеу ісінде С.Е.Маловтың еңбектерінің маңызы ерекше. Ғалымдардың ежелгі түрік ескерткіштерінің материалдарына негізделген зерттеулерінің нәтижелері түрік қағанаттары шеңберінде болған этногенетикалық үрдістердің Орталық Азия мен Сібірдің түркі тілдес халықтарының қалыптасу тарихына өте елеулі ықпал жасағанын көрсетті.[8]

        С.Г.Кляшторный монографиясында ежелгі түріктердің руналық текстерінен алынған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа деректемелердің материалдарымен салғастырылып, қол жеткен нәтижелер Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық тұрғыдан да, деректеметану тұрғысынан да қорытылған. Түріктер тарихын талдап жасаумен бірге, кангюй проблемасы, Жетісуға соғдылардың қоныстануы соншалықты мұқият зерттелді.[9]

        Л.Н.Гумилев түрік халықтарының тарихы жөніндегі кітаптарының жарыққа шығуын да атап өту қажет. Олар хунну державасы мен ежелгі түріктердің мемлекетіне арналған. Сол әлеуметтік-саяси көшпелі қауымдастықтардың пайда болу, даму және жойылу заңдылықтары зерттеледі. Автор кең көлемді тарихи проблемаларға (хуннулар мен түріктердің саяси өміріне, олардың тұрмысына, дініне, мәдениетіне), сондай-ақ екі дәуір – ертедегі дәуір мен орта ғасырлар шебіндегі Ішкі және Орталық Азия көшпелілерінің географиялық орналасуына зор көңіл бөлген.[10]

        Қазақстанның аса көрнекті ғалымы, ағартушы, саяхатшы, этнограф, Қазақстанның, Орта және Оралық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші Ш.Ш:Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына қарай 5 томдық Шығармалар жинағының жаңа басылымы жарыққа шықты.[11]

        Мерекелік 1985 жылы Алматыда ЮНЕСКО шеңберінде “Орта ғасырлардағы Орталық Азиядағы мәдени-тарихи үрдістер” деген халықаралық конференция өткізілді. Онда УІІІ-ХУІІ ғасырларда Орталық Азияда болып өткен этно-мәдени үрдістерге, аймақтың көшпелі және отырықшы халқы өркениетінің әлеуметтік-экономикалық базасы мен олардың арасындағы өзара қатынастарға, мемлекеттік құрылыс сипатына, мәдениеттердің өзара байланысы мен өзара ықпалына баса назар аударылды.

        Қытай жылнамаларының материалдарын ғылыми айналымға енгізу, ертедегі және ортағасырлық Қазақстанның түрік тайпаларының тарихын талдап шешу жалғастырылды (В.С.Таскин, А.Г.Малявкин, Ю.А.Зуев, И.Рахевильц, А.Ш.Қадырбаев).[12]

        С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың жазбаша деректемелер мен археологиялық деректердің бай материалына сүйеніп жазған “Қазақстан ш мыңжылдық жылнамасы” деген кітабының шығуы Қазақстан тарихнамасында елеулі құбылыс болды. Ғалымдар Қазақстанның шығыстанушы-тарихшылары мен археологтарының халықаралық үлкен қоғамдастығы жетістіктерін қорыту еңбегін өз мойнына алған. Қазақ халқы этногенезінің жалпы үрдісін авторлар 2-3 мың жыл бойы халықтың екі тобының: үнді-европалық және орталық-азиялық топтарының өзара әсері мен қосылуы деп көрсетеді.[13] Сондай-ақ бүгінгі таңда қазақ-қытай қатынасына байланысты еңбектерді жазған Мұхамедханұлы Н [14], Мыңжан Н [15], Қинаятұлы З [16] есімдерін атауға тиіспіз. Аталған авторлар еңбектері бітіру жұмысының мазмұнын ашуда үлкен көмекші құрал болды.

        Деректік негізі. Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Таң әулеті билік еткен кезеңге (618-907) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. “Таң әулетінің ескі тарихын” (“Цзю Таншу”) Қытайдың бөлшектенуі кезінде – автордың тобы, ал “Таң әулетінің жаңа тарихын” (“Синь Таншу”) да Сун дәуірінде (1043-60) Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны Суян Сю (1007-72) бастаған авторлар ұжымы жазған. Таң әулетінің тарихы жөніндегі екінші еңбек біріншісінен жаңсақтықтар мен қателер көп табылуына байланысты жазылған. Хроникаларда батыс түріктер, түркештер, олардың этногенезі, Батыс түрік қағанатының, Түркеш қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер берілген.

Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды. Ертедегі дәуір мен б.з. УІІІ ғасырына дейінгі Орталық Азия тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихыныңнегізі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық жасауға болады, бұл әсіресе үйсіндердің, қаңлылардың, ежелгі түріктердің, түркештердің, қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.

        Орталық Азияға саясатшылардың жазбалар жанры Таң әулеті билеген кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты деректеме болып қала береді. “Сянь Таншу” мен “Цзю Таншуда” Жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының маршруттары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстықкөл суреттелген. Алайда олардың ішінде буддаға тауап етуші Сюань Цзан (шамамен 596-664) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол жазған шығарма “Ұлы Таң әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы жазбалар” (“Да Таң Сиюйцзи”) деп аталады және Сюань Цзанның Орта Азия арқылы ндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген.

        Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.

        Біздің заманымыздағы   мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазбаша ескерткіштерінің құны баға жеткісіз.

Түрік авторлар жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар – автохтондылығымен, яғни жерлекті сипатта болуымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленеді – автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындағы этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге неғұрлым дәл түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше құнды ежелгі түр текстері табылды.

 Деректеметануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің зор маңызы бар.

        Ең алдымен түрік хандары Күл-тегін (732) мен Білге қаған (735) құрметіне қойылған ескерткіштер – Кошоцайдам құлпытастарын атап өту керек. Бұл жазбалардың авторы, басқа да  көпшілігіндегі сияқты, қаған әулетінен шыққан Йолығ-тегін болған, ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Осы екі ескерткіш басқа да руна жазбаларының бәрі дерлік салыстырылатын өзінше бір өлшемдерге айналды. Тоныкөк ескерткіші (шамамен 716), Құлшора құрметіне орнатылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошоцайдамның мәнерлі тексі негізінен Шығыс түрік қағанаты жөнінде мәліметтер береді.

Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері тарихының оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи-географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық прроблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең құндысы – “он оқ” (он жебе) халқы, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, кенгерестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер.

        Елтеміш Білге қаған (747-759) құрметіне жазылған эпитафия болып табылатын Селенга тасы (яғ,и Шине Усу ескерткіші) орхон есерткіштеріне жатады. Бұл жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне билік еткен қыпшақтар уақыты жағынан бірінші рет ауызға алынады. Елтеміш қағанның түріктермен, түркештермен, қарлұқтармен және басмылдармен өзара қатынастарының тарихы да баяндалады.

        Батыс түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі мәдени тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған ое екі жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір айқын – УІІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі тегінде, УІ-УІІ ғасырлар шегі болуы ықтимал.

        Қорыта айтқанда ежелгі түрік ескерткіштерінің алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы мәселелерін талдап шешуге айқын жарық беретін деректеме ретіндегі маңызы бағалау қиын.

         Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті.УІ-УІІІ ғасырлар аралығындағы көне түріктер мен қытай елі арасындағы қарым-қатынасты қарастыру үшін біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойдық:

—       УІ-УІІІ ғасырлардағы түріктердің мемлекеттіліктің ерте түрлері жөніндгі мәселеге ден қою;

—       УІ-УІІІ ғасырдардағы қытай тарихын хронологиялық деңгейде түркі қағанаттарымен өзара саяси байланысын баяндау;

—       Түркі қағанатынан батыс қағанатының бөлініп шығу барысын Қытай мемлекетімен туындаған саяси қайшылықтар негізінде талдау;

—       Көшпелілердегі феодалдық қарым-қатынастың ертеректегі түрлерін көрсету;

  • Түрік-қытай арасындағы мәдени қарым-қатынасындағы Жібек жолының рөлін айқындау;
  • Қытай деректеріндегі Түркілержайлы мағлұматтарға талдау жасау,
  • Түркі –соғды қатынастарының ерекшеліктері,
  • Сасанилік Иран және Византиямен қарым-қатынасындағы Түркілердің рөлін ашып көрсету

       Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ

 

1.1   Түркілер мен Қытайлар арасындағы саяси қарым-қатынасы

 

            545 жылы Ұлы түркілер мемлекеті құрылғаны белгілі. Құрылған кезеңінің алғашқы жылдарынан бастап түркілер мемлекеті мен Қытай мемлекеті арасында тығыз саяси қарым-қатынас орнады.545 жылы Солтүстік Қытайда Шығыс Вэй империясымен Шығыс Вэй империясы соғысты. Батыс Вэй императоры қарсыласына қарсы соғыста одақ іздеп, түркілер мемлекетіне елші жібереді. Түркілер қағаны Бумын Батыс Вэй астанасы Чаньанға көп сыйлықпен елшілер жіберіп, одақ құруды қабылдады.

        Бумын қаған түрік елінің ата жауы болып келген аварлар (жужандар немесе жуань-жуань) қағаны Анағұйдың қызына үйленбекші болып, ханға сөз салу арқылы аварлармен арада жанжал тудырады. Анағұй келісім бермеді. Өзіне тәуелді түркілер қағанының бұл қылығына қаһарланды. Бұл жағдай Бумынның Батыс Вэй мемлекетімен жасаған одағын жандандырып, аварларға қарсы көмек сұрауға итермеледі. Нәтижесінде, 551 жылы Бумын Анағұйға тосыннан шабуыл жасап, толығымен жеңді. Бумын Елхан лауазымын алады [1].

         Кейінгі жылдары да түркілер мен аварлар арасындағы қақтығыстар тиылмады. 555 жылы Батыс Вэй территориясына көшіп барған аварларды Батыс Вэй императоры түркілерге ұстап берді. Өйткені Батыс Вэй басшысы    империясына қарсы соғыста түркілерге үлкен үміт артқан еді. Батыс Вэй мемлекетінің көмегімен түркілер аварларды тарих сахнасынан жойып жіберді. Бұл оқиға Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдардың алғашқы ширегінде орын алды.

            УІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, түркі мемлекеті территориясы шығысында Кәріс түбегінен, батысында Каспий теңізіне дейін, оңтүстігінде Алашань, Гоби шөлдерінен, солтүстігінен Байкал теңізіне дейін созылды.

            Түрік сөзінің деректерде жиі кездесуі, көрші өркениеттер жүйесіндегі түркілер елінің басым салмағын көрсетеді. Вэй-Чжоу мемлекеті де өз қарсыластарымен соғыста Түрік қағанатына үлкен мән беріп, үміт артты.

Батыс Вэй мемлекетінде  557 жылы Вэй әулетінің соңғы императоры тақтан тайып, орнына басқа әулеттің келуімен, мемлекет Вэй-Чжоу деп аталған еді. Вэй-Чжоу мемлекеті де шығыстағы Бэй-Ци мемлекетін құлатуды көздеді. Осы жолда екі император да Мұқан қағанға ханшаларын айттыруға елшілер жіберді. Мұқан қаған Вэй-Чжоу мемлекетімен одақ құруды қалады

         Және келесі жылдары да бұл одаққа адалдығын сақтады. Ал Вэй империясы да өз тарапынан одақ тәртіптерін орындап отырды. Атап айтқанда олар түріктер еліне жыл сайын 100 мың тең жібек мата беріп тұрды[10,75].

572 жылы Мұқан қаған қайтыс болды. Оның інісі, әрі мұрагері Тобохан Чжоу империясымен қатынасын үзбеді. Сонымен бірге Ци  империясымен де бітім жасады. Тобой ханның ”тек оңтүстегі екі бала (Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз”,- деген сөзі тарихта сақталған. Көп мөлшерде Чжоу және Ци мемлекетттері өз тәуелсіздіктерін сақтап қалу үшін Түрік қағанатына көп мөлшерде алым-салық төлеп тұрған түркілер мемлекетінің басым күшін мойындағанын байқаймыз.

             576 батыс Чжоу мемлекеті шығыс Цилер мемлекетін қирата жеңеді. Ечен қаласында қоршауда қалған Ци императоры 577 жылы тағын Тао Юань-Узунь деген князьге беруге мәжбүр болады.Түрік ханы Вэй-Чжоу тым күшейіп кете ме деген қауіппен жеңілген әулет жағына шығады. 578 жылы Тобохан Қытайға баса көктеп кіріп, Чжоу әскерінің күл талқанын шығарады.                

          Алайда Вэй-Чжоу басшысы көлгөсір сыйлықтар жіберіп, Тобоханды өз жағына шығарады. Нәтижесінде Тобохан түркілер еліне қашып келген Ци әулетінің соңғы өкілі  Гао-Шаоны Чжоу мемлекетіне қайтарады. 581-588 жылдары Суй әулетінің негізін қалаушы жауынгер-генерал Ян Цзянь Чжоу әулетін құлатқаннан кейін, бытырап кеткен қытайды өз билігінің астына бағындырады. 581-618 жылдары Суй әулетінің жүргізген реформалары империяның экономикалық әскери өрісінің күшеюіне әкелді[2].  

582-603 жылдары қағанаты құлдырап, орнында Шығыс түрік және Батыс түрік қағанаттары құрылды.

       604 жылы Суй әулетінің құдірет күші тасып, гүлденіп тұрған шағында, оның негізін салған Ян Цзянь дүние салды. Оның орнында таққа баласы Ян Гуан Ян-ди деген атпен таққа отырды. Батыс түрік қағанатының территориясы Алтай, Сібір жерінен бастап, Амудария өзені мен Еділ-Жайық өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл қағанаттың жеріне негізінен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс жері енді.

          Енді, Батыс түрік қағанаты мен Қытай империясы арасындағы саяси қарым-қатынасқа шолу жасайық. Ян-дидің билік құрған жылдары Сүй әулетінде үлкен дағдарыс болды. Өйткені, бұл билеуші мемлекеттің сыртқы саясатын барынша шиеленістірді. Бірнеше жылға созылған және т.б. көрші мемлекеттермен кореямен соғыс мемлекет экономикасын құлдыратты. Ян-дидің қарапайым халық алдында беделі төмен болды. Өйткені ол халыққа тек өз билігін мойындату шараларын жүргізді.  Сондықтан да, бұл әулетке қарсы пайда болған күштер төңірегіне халықтың көп бөлігі аз уақытта жиналып, мемлекеттің өз ішінде азамат соғысы басталды. Бұл қатынас барысында Ян-ди саясатына тек шаруалар емес, басқа сословие өкілдері де қарсы шықты[3].

        Сүй әулеті өз билігін қорғауға бар күшін шоғырландырғандықтан, түркілермен саяси байланыс баяулады. Яғни, қытайлар алдыңғы әулеттердің қиын-қыстау кездерде түркілерді өз жағына шығару саясатын Сүй әулеті билеушілерінің жүргізбеуі, бұл әулеттің аз өмір сүруінің басты себептерінің бірі болды. Нәтижесінде, Сүй әулеті 618 жылы құлады. Осы жылы Ли Юань өзін Гаоцзу императорымын деп жариялап, Таң әулетінің негізін салды.

Дерктерге сүйенсек, Сүй әулетінің құлауына түркілердің әсері зор болған. Түркілер Ли Юаньнің таққа ие болуына көмектескен.

         Шығыс түрік қағанатының хандары – Шиби-қаған мен Ел қаған Қытай елінде болып жатқан саяси оқиғаларға белсене қатысуға тырысқан. Түркі қағандары Қытайдағы бір-біріне қарсы пайда болған күштердің бір-біріне айдап салу саясатын жүргізеді. Бұл саясатты іс жүзінде жүргізу барысында түркілер әуел баста билік жүргізуші императорды қолдаса да қолдау көрсетуден бас тартпаған. Өйткені, түрік билеушілері мемлекетінің күшеюі үшін бытырап жатқан Қытайды қалаған. Ғұндар дәуірінен басталған Қытай қаупі түркілер заманында да тыйылмаған, керісінше, өрши түскен[4].

           Енді, Батыс түрік қағанаты мен Қытай мемлекеті арасындағы саяси қатынастарға толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, Қазақстан территориясында құрылған Батыс түрік қағанаты бітіру жұмысымыздың өзегі. Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахнасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 ж.ж) мен Тон қағанның қағандық құрған кезеңдері.

            Жегу қаған тұсында қағанаттың шығыс шекарасы Алтайға дейін жетті. Тон қаған өзінің қыстық резиденциясын Суяб қаласына көшірді. Суяб Шу өзенінің бойында орналасқан аса ірі сауда — өнеркәсіп орталығы болды (қазіргі Тоқмақ қаласының маңы). Ал, жаздық резиденциясы Исфиджаб маңындағы Мыңбұлақ қаласына көшірді (қазіргі Түркістан қаласының маңы). Қағандардың жаңа жорықтары нәтижесінде қағанат шекарасы Амударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушка дейін жетті[5]. Жорықтар нәтижесінде күшейіп, әбден байыған тайпа үстем таптары Тон қағаннан мемлекетте орналасқан деспоттық тәртібі қарсылық білдіретін дәрежеге жетті.

             Сөйтіп, қаған ішінде билікке талас қақтығыстары басталады. Бұл қақтығыстар мемлекеттің сыртқы саясатына кері әсерін тигізді. 630-634 жылдары мемлекет Орта Азия территориясындағы иеліктерінен айырылды. Сонымен бірге мемлекетте көп жылдарға созылған саяси дағдарыс басталды.

Билікке талас күрес нәтижесінде мемлекет екі конфедерацияға бөлінеді: дулу және нушуби. Тон қаған өз билігін нығайту мақсатында Қытаймен жүргізілген келіссөздерге үлкен мән береді. Қытай шарттарын сөзсіз орындап отырды. Сөйтсе де, ол тәуелсіздігін сақтап, өлер алдында түрік салтына сай, інісі Ышбарі Төлістадты таққа отырғызды.

           Ышбыр қағанның билікке келуімен дулу мен нушуби тайпалары өздерін өздері басқаруға қол жеткізіп, дулының бес тайпасы мен нушубидің бес тайпасы бір бастықтан алады. Бұл бастықтар Ашина руынан емес, жергілікті тайпалар тегінен болған. Екі одақтың шекарасы болып Шу өзені белгіленеді.

            Бірақ, мемлекеттегі бұл келісім негізінде орнаған тыныштық көпке созылмады. Оқ ала алмаған тайпалар көсемдері наразылықтарын білдіреді.  Таңдаушылар қатарына қорлықтар, яғма, қыпшақтар, басмылдар, сол сияқты ғұндардың ұрпақтары шумилар мен шаталар кірмей қалады. Мемлекетте бір-біріне қарсы екі күш төңірегінде дулулар мен нушибилер шоғырланып, Ышбара қаған билік еткен кезеңнің екінші жартысында тағы да жанданады. Ышбара ханнан нушуби тобынан болуы дулулар наразылығын өршіте түсті[6].

         638 жылы шүйе мен шуми тайпаларын басқарып жүрген кітад “Ірбіс Дулыхан” деген атпен дулу тобын басқаруға шақырылады. Осы басшының қолынан 639 жылы Ышбара қаған қаза табады. Ышбара қаған қаза болғаннан кейін аз уақыт ішінде таққа бірнеше қаған отырады. Осы қағандардың ішінде нушубилер Қытайдың қолдауымен, Ышбара ханның немересі – Ірбіс Шегуханды сайлайды. Осы хан тұсында Батыс түрік мемлекеті мен Қытай арасындағы шиеленіскен қатынас қайта жанданады.

        Атап айтқанда, бұрын ұсталып қалған қытайлардың бәрі үйлеріне қайтуға рұхсат алады. Қытайға тиісті алым-салық жіберіліп, некелесуге ханшайым жіберуін сұрайды. кітадқа қарсы шабуыл жасайды, бірақ нушубилер жеңіледі.

         646 жылы Ірбіс Жегуй хан арадағы одақты Тон үйінен шыққан ханшайымен некесін бекіту үшін Чаньанға елшілер аттандырады. Бірақ император ханшайым үшін бес қаланы: Куга мен Хотанды, Қашғар мен Чжубоканы (Жаркент маңында), Чунлинді (бұл да сол жерде) сұрайды. Бұл бес қала бұрын Қытай империясы қоластында болып, Куга 630 жылы, Хотан 632 жылы, Қашғар мен Жаркент 635 жылы батыс ханының қарауына оралған еді.

          Хан бұл шартты орындамай, келіссөзді үзіп, одақты бұзды. Осы кезде сахнаға дулылар шығады. Кезінде кіден жабғы шені мен күллі шығыстағы жерді бақылаушының қызметін алған, Халлығ деген лақап атпен тарихта аты қалған дулылардың басшысының рөлі өсті. Дәлірек айтсақ, Халлығ дулылар басшысы болып тағайындалады. Халлығтың таққа келуімен, нушуби мен дулу арасындағы қақтығыс өршиді[7].

           640 жылы құрамында ондаған мың түркі жауынгері бар қалың қол Қытай мен түркілер қолбасшыларының бірккен басшылығымен шөл даланы басып өтіп, гүлденген Тұрфан еліне кіреді. Вэй-тай аяқ астынан қайтыс болады.

          Гаочан бекінісін аз мезгілде басып алады. Гаочан бекінісінің жедел алынуы жергілікті халықтың рухын түсірді. Жиырма екі қала соғыссыз берілді. Бұдан біз түркілердің Қытай мемлекетінің сыртқы саясатында шешуші рөл ойнағанын көреміз. Тарихшылар бұл соғысына түркілердің үлкен ерлікпен шайқасқанын баса көрсетеді.Түркілерге қарсы 641 жылы Сянто ханы Инан шабуыл жасайды. Инан Тайузун императордың Тань-Шань тауына дәстүрлі құрбан шалу сапарына атанғаннан кейін, өзіне қарасты күллі тайпаларды жинап, түркілерге үлкен соққы береді.

           Бұл шайқастан кейін, Тайузин Инан императормен саяси байланысты үзеді. Яғни, бұл жағдай түркілер мен Қытай мемлекеті арасында берік одақ болғанын дәлелдейді. Көп кешікпей қытайлар Сеянто хандығынан кегін алады. 646 жылы ұйғырлар шапқыншылығынан әлсіреген Сеянто ордасын қытай әскері талқандап, көп бөлігін қырып жібереді. Қалғаны тұтқындалады[8].  

          Ірбіс Шегуйхан өзін таққа отырғызған он оқ түріктерінің үміт-сенімін ақтамайды. Отырықшы иеліктер оның қолынан сырғып шығып кетеді де, империяның әскері қағанаттың шекарасына тақалып келеді. Осы көршіліктен ешбір қайырым болмайтынын тайпалар көсемдерінің бәрі айдан анық көреді.

Ірбіс Шегуйханның қуғын-сүргінінен империяның иелігіндегі жерге қашып кеткен чуйе мен чуми тайпалары туған жерімен тәуелсіздігін қайтып алуға ұмтылды. Олардың байырғы көсемі Халлығ болатын.Қағанат шебінен қашып шығып, Тайцзун қызметіне тұрған Халлығ, тезарада іскерлігімен көзге түсіп Тичжоу соғыс округін (Бесбалық) басқаруға ие болады. Бірақ осынау мансапқұмар қолбасшы империяның шекара офицері дәрежесін місе тұтпайды да, Тайцзун өлгеннен кейін, тек Бесбалықты ғана емес, Тұрфанды да азат етуді алдына мақсат етіп қойған бір құпия қаскүнемдікке қатысқан болып шығады.

            Қаскүнемдік дәл кезінде ашылады, бірақ қылмыс әлі жасалмағандықтан да, Халлығ баласы Тиейіңді аманат ретінде “гвардияда қызмет ету үшін” Чаньанға аттандырады. Тиейін Қытайда аз уақыт болады. Ол әкесіне рұқсат алып келіп, оған шығысты жайына қалдырып, Батыс қағанатына тезірек кетуге кеңес береді.Бұл шабуыл әрекеті Қытайда ойластырылды ма, әлде азаттыққа ұмтылудан туды ма немесе осы дәлел бірге себеп болды ма – оны ашып айту мүмкін емес. Тұтас бір орданың империя уәлилерін бейхабар қалдырып кете қойғанына сенудің өзі қиын, бірақ қалай болған кезде де, ол әйтеуір әлгілер бақылайтын шептен өткеннен кейін, Халлығ өзін Ышбарахан (қыт. Шаболо-хан Хэлу) деп жариялайды да, 651 ж. жазында “Дулыханның бұрынғы жерлерін” (кі) басып алады.

          Бірақ 651 ж. оңтүстікке баратын жолды арабтар, шығысқа баратын жолды империялықтар жауып тастағанды. Тохарстанды кі билеп тұрған, солтүстіктен шабуылдатып Ышбарахан келеді, ендеше ашық бір-ақ жол – батысқа баратын жол ғана қалады, өйткені Еділ мен Терек бойындағы хазарлар әлі түркіттер билігін білмеуші еді. Шынында да УІІ ғ. Орта шенінен бастап, Каспий жағалауынан дербес Хазар қағанаты пайда болған, оны Ашиндер әулеті басқарған.

            Осынау хан әулетінің УІІ ғ. орта кезінде өмір сүрген мүшелерінің бәрі белгілі болғандықтан да, шығарып тастау әдісін қолдансақ, Хазарияда Ірбіс Шегуйханның мұрагері таққа отырғанын мойындатуға тура келеді. Бұл кезде Хазарияда Батыс қағанатынан бөлініп кеткен болатын. Ал, Ышбарахан мен он оқтүріктің хазарды ойлауға пұрсаты болмай жатқан.

          Ышбарахан түріктердің тілегенін – ішкі тыныштық пен сыртқы соғысты тауып береді. Біріншіден, ол он тайпа көсемдерінің құқын танып, бекітіп, дулыларға “чур” лауазымын, ал нушевилерге ”йегін” лауазымын береді. Ол өзі мен өзінің жасауылына арнап, “Мың бұлақ” алқабынан бекіністі қала салдырады, ал баласына “Баһадүр-жабғы” лауазымын береді яғни Батыс қағанатының екінші билеушісі етіп қояды.

            Ышбарахан түркіттер мен он оқ түріктерінің өзара көптен күткен мәмлеге-ымыраға қарсылықсыз хан деп таниды. Бұл ымырашылдық өздерінің басшылығын орнатуға ұмтылған чүйе, чуми және чумугунь тайпаларының мақсатына кереғар келеді. Бұл тайпалардың талабын өз халқының негізгі бұқарасының есебінен емес, өзге жолмен қанағаттандыру үшін кенет шапқыншылық империямен соғысты тудырады.

            562 жылдың бастапқы кезінде Лан Гян-фанның қолбасшылығымен 20 мың қытай әскері және Киби Хэли бастаған 50 мың теле сарбазы Жонғарияға жөнелтіледі. Соғыс жоспары мейлінше мұқият жасалады. Ұзақ соғыс жүргізуге азық-түлігі жетпейтін Ышбараханды, теле сарбаздары тез қимылмен тысқырып тастауы көзделеді. Көшпелі тайпаларға, оның ішінде чуйе мен чумилерге кешіріммен қарау жағы тапсырылады, Ышбараханның өзі басты жау деп танылады.

         Көшпелілерді қуып тастап, бөрілерге яғни түркіттерге бүйідей тиюге әмір етіледі, қытайлар түркіттерді “түп-тамыр”, ал басқа тайпаларды “бұтақтар мен жапырақтар” деп атаған.

             Өзінің әдепті, иманжүзді қасиетінің арқасында Тайцзун қоластындағы елді, оның ішінде көшпелілерді де өзіне тәнті етіп қоятын, ал бірақ Гаоцзун көшпелілерге деген жаңа қарым-қатынасты, дәстүрлі менмендікке толы бұрынғы қатынасқа айырбастаған еді. Көшпелілер өздерінің бөтен жұрт екенін тағы сезеді де, оның зардабы дереу, қолма-қол көріне бастайды.

       656 ж. ұйғырлар, яғни теле тайпалары – юаньге, бауегу, сиге, пугу және тунлолар көтеріліске шығады. Оларды марқұм болған көсемнің қарындасы Бисуду ханша бастайды. 662 ж. бас кезінде көтеріліс жанышталады. Бисуду қашып құтылады, бірақ қытай әскері қыстың қатты суығынан орасан көп шығынға ұшырайды.

             Жаулап алынған жерлерді ұстап қалу мәселесі бұрын болып көрмеген дәрежеде шиеленіседі. Тіпті Қытайдың өте мол материалдық және адамдар қорының өзі жаңадан басып алынған жерлердегі гарнизондарды ұстап тұруға жеткіліксіз болып шығады. Гаоцзун үкіметінің қолынан келген ең үлкен іс – төрт бөлімдерімен қамтамасыз ету болады. Осынау “төрт гарнизон” Куча, Қашғар, Хотан мен Тоқмақта орналасқан еді де, Қытай сарайының ісін қамтамасыз етіп тұруы керек-ті.

            Күллі бағындырылған облыстар төрт уәлилікке бөлінген еді, оның екеуі шығыста, екеуі батыста болатын. Батыс түркіттерінің жері солтүстік-батыс уәлилігіне енген-ді. Осы бір аудандарды тікелей басқаруға мүмкіндіктері болмағандықтан, қытай үкіметі шын берілгендігін іс жүзінде көрсеткен түркіт сұлтандарының көмегіне сүйенеді. Дулы тайпаларының жер-суы Мишеге, нушевилер жер-суы – Бучженге сеніп тапсырылады.  Бірақ осынау дарынсыз билеушілердің бодандары арасында ешбір беделі болмайды, қанша күш-жігер жұмсағанымен олардың сеніміне кіре алмайды.

            Рас, көшпелі бексымақтар мен отырықшы иеленушілредің шатағы оңай басылып тасталатын, бірақ екі хан бір-біріне қарсы айла-шарғылар жасап, ел арасын шиеленістіріп жібергені сондай, ақырында Қытайдың қыруар еңбекпен жасаған табыстары зая кетеді. Бучжень 664 ж. Кучаға жазалау жорығын жасаған кезде Мишені көтеріліс жасауды ойлады деп айыптап, өсек таратады. Қытай қолбасшысы Су қарауындағы қойшыға дейінгі күллі “жұртты” жазалап, қырып салады. Бұл дулылардың ашу-ызасын өршітеді, бірақ олар өздерінің Қытай алдында дәрменсіз екенін біліп, Тибетпен байланысады, бұл сосын “Батыс өлкедегі” күштердің ара салмағын түбірінен өзгертіп жібереді.

Мишенің кегін жоқтап, орталық Тянь-Шаньды мекендейтін гунюз тайпасы көтеріледі. Олар теле тайпасы Янь-манмен және тибеттіктермен одақтасып, империя әскеріне қарсы шабуыл жасамақ болады, бірақ қақтығыста беті қайтады. Осыған ілі-шала 663 жылы көктемінде Гун-юэ Хотан мен турфандағы Қытай гарнизондарын шауып кетпек болады, бірақ тағы да сәтсіздікке ұшырайды.

Ақырында 664 жылы Гун-юэні империялықтар біржолаты жеңеді. Тянь-Шаньнің теріскей бетіндегі сайын дала мен оңтүстік пен батыстағы қалалы — көгалды  импери құрамына оп-оңай кіре салады, бірақ империя олардың ідет-ғұрпына -, тұрмыс-салтына тиіспейді.

Шет елден көмек бола ма деген үміттен ештеңе шықпайды: Хорасанды бағындырған арабтар содан кейін қаруын оңтүстікке қарай бұрады. 662 жылы олар Кабулды алады, ал 664 жылы Пенджабқа бұзіп-жарып кіреді де Орта Азияны жаулап алуды келешен күндерге қалдырады. Тянь-Шань тайпалары қыспаққа қалады да, олардың көсемі ашин Таң империясына адал ниетпен қызмет ете береді. Бұл жағдай жұртқа өзгерместей болып көрінеді. Бірақ 667 жылы Бучжен қайтыс болады да, империялықтар оның орнына қоятын адам таба алмайды, ал оның орнын басатын кісіге зәрулік күннен-күнге аса түседі.

          Империяның таңдаулы әскері өз тәуелсіздігін қаһармандықпен қорғап жатқан Кореяға қарсы ұрыс салады. Тап сол сәтте күштердің ара-салмағын батыл өзгертіп, ойынға жаңа бәсекеші келіп кіріседі. Тибет – Таң империясының бақталасы ретінде нық теңестіріп шыға келеді. Жаңа соғыс Қытайдың бүкіл батыс шекарасын қамтып, лапылдап жана жөнеледі де тездетіп Тәрім өңіріне тарайды.

 

1.2 ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫТАЙ ЖЫЛНАМАЛАРЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР

 

             Түріктер мен соғдылар, парсылар мен гректер үшін соншалық пйдалы болған сауда-саттықтан, енді жібектің шығатын көзі — Қытайдың не табатынын байқап көрелік. Бейнеткеш қытай шаруалары осынау құнды тауарды өндіргенімен, оны өздері мүлде пайдаланбады десе де болғандай еді, өйткені алым-салық көп еді және олар ұдайы жиналып отыратын. Жібекке айырбастап алынатын бай жиһаз патша сарайының қажетін қанағаттандырудан артылмайтын және ішкі базарда елеулі роль атқармайтын.

             Мұның үстіне олар шетке шығарылатын жібектен едәуір арзан болатын, сол себепті де Қытай үшін бұл сауда, тұтас алғанда, зиянды болатын. Бірақ Бэй-Чжоу үкіметі осы жағдайды өзгерте алмады, дұрысы, өзгертуге жүрегі дааламады[9], өйткені оның саяси табыстары түгелімен түсріт хандарының іс-әректтеріне тәуелді еді. Бэй-Ци мен Тогон түркіттердің көмегі арқасында ғана талқандалған, ал бұған қоса ол енді Оңтүстік Қытайды бағындыруға тиіс, ал бұл іс тылың қамсыз болмаса – мүмкін емес.

             Сонымен бірге естен шығармайтын бір нәрсе, Бэй-Чжоу әулетінің тегі қанша айтқанмен, қытайдан емес, сәнбиден шыққан және Солтүстік Қытайдың аса ірі жер иеленушілеріне айналып, қытайланып кеткен сәнбидің текті дәулетті адамдарына сүйенеді. Баяғы “бұрымды” тобалардың ұрпақтары өздерінің тілі мен әдет-ғұрпын ұмытып кеткенін, байырғы қытайлар үшін олардың жексұрын жабайылар, өздерін құлдыққа салғандардың жұрағаттары екенін айтудың қажеті де бола қоймас.

            Бэй-Чжоу үкіметінің сыртқы саясат бағдары да қытай жұрты үшін тым ерсі көрінеді. Құны аса қымбатқа түсетін түркіттермен одақ та әулеттің әлі де дала дәстүрінен қол үзбегенін байқатады. Бұны былай қойғанда, даосизм мен буддизм қудалау осынау ықпалы күшті ұйымдарды оппозиция қатарына итермеледі. Ақырында халқы қыруар көп Бэй-Ци патшалығын қосып алу империядағы қытайлық элементтерді күшейе түсті. Бірақ толысып пісіп келе жатқан оқиғаларда Гуаньлун тобы аталатын ұйым шешуші роль атқарды[10].

              Вэй әулеті құлайтын сұмдық қатал кезде, көптеген бай дәулетті қытай үйлері Шаньдуннен Шэнсидегі Юйвынь Тайға көшіп барып, Гуаньчжун мен Лунси облыстарында орнығып қалған болатын. Олар бұл арада жергілікті қытай шенеуніктерімен, помещиктермен көршілік, этникалық бірлік пен туысқандық байланыс негізінде ынтымақтасып кетеді де, мекенжайлары – Гуань-(Чжун) мен Лун (си) атымен Гуаньлун атанып кетеді. Ақыры Бэй-Чжоу монархтары кезінде “гуаньлундықтардың” көсемі бала императордың атасы (шешесі тарапынан), қолбасшы Ян Цзянь болады. Ян Цзянь “ызақор, ешкімге сенбейтін және кітапты жақтырмай, тек қулық-сұмдықпен қимыл-әрекет жасайтын кісі екен; ол жұртты өзінен қолқатын күйге түсіреді, сол себепті де оның әмірі тез де дәл орындалатын болған, ал өзі қажымай-талмай, ертеден кешке дейін мемлекет істерімен шұғылданған”[11].

          Оның бірдеңені саяси жағынан ұнату, ұнатпауы өзі арқа сүйеген орта арқылы аынқталып отырған. Ел ішінде ол әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартатын шараларды жүзеге асырады, ал көршілеріне келгенде, қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберуді ұнататын болған.

     563 ж. Ян Цзянь саясат бағытын өзгертуге тырысады да, түркіттермен жанжал тудырады. Ол мұны мынадай дәлелмен негіздейді: “Түркіт сабаздары сый-сияпатты да, жаза-сазаныдакөздеріне ілмейді, бастықтарын онша сыйламайды және көп жағдайда тәртіпті, жөн-жобаны сақтамайды. Оларды жөнге салу қиын емес.

      Ендеше олардың құдырет-күші жөніндегі көп сөздер бос былшыл. Осындай қылығы арқылы, олар аналардың елшілеріне үкіметті мейлінше жомарт сый-сияпат көрсетуге ынталандырғысы келеді, сондағы үміті өздері ана жаққа баратындай болса, соның жазасын тарту, солар жөнінен бір сыбыс жетсе болғаны, үрейлері ұша бастайды. Дұшпандар сырттай қарасақ ержүрек болып көрінеді, ал шын мәнінде оларды жәукемдей салу оңай. Енді бүгін, менің ойымша, бұрынғы және соңғы жіберілген елшілердің бәрінің басын шабу керек”[12].

       Алайда бұл сөздер сол кездегі ақиқат шындықты емес, “Гуаньлун тобының” программасын білдіреді. Түркіттердің ауыр атты әскері, қытай жаяу әскерінен әлдеқайда оңтайлы-ұшқыр болған мұның үстіне ертедегі көшпелілердің бір өзгешелігі – маңдайдан соққы беру шеберлігіне жетілген еді. 578-579 ж.ж. қақтығысу түркіттердің соғыстағы басымдығын айдан анық етіп көрсетуге тырысады, бірақ мұнысы шындыққа сәйкес келмейтін тәрізді. Бірақ оның ең маңызды қағидасының бірі – түркіттерге сыйлық, яғни жібек маталарын бермеу жөніндегі ұсынысы. Бұл шара түркіт хандарының экономикалық қуатын шын мәнінде кемітіп, сонымен бірге қытайдың өз ішіндегі алым-салықты азайтуға жағдай туғызар еді[13].

         Сөйтіп “ Гуаньлун тобы” елді экономикалық және саяси жағынан тұйықтап тастауға ұсыныс жасайды. Бұл программаны император қайтарып тастайды, бірақ Ян Цзянь күтуден жалықпайтын, ал уақыт оның қызметін атқарып жатқан. Түркіттердің талабы мен қытайлардың күш-қуаты, Бэй-Чжоу әулетіне адал сәнбилік элементтердің әлсірей беруіне сәйкес күшейе түсті. 581 ж. көктемінде қытай бекзаттары үкіметке қарсы бүліншілік туын көтереді де, оларға халықтың қалың бұқарасы қосылады.

         Осынау сәтті Ян Цзянь соңғы император, тоғыз жасар баланы өзінің пайдасына тақтан бастартуға мәжбүр етуге пайдаланады. Көп ұзамай бақытсыз бала өлтіріледі, ал Юйвынь тұқымы, түп-тұқиянымен құртылады, осыдан кейін бүліншілік те басылады. Жаңа әулет Сүй атағына ие болады.

“Қытай” партиясының түпкілікті жеңіске жеткеніне қарамастан, Ян Цзянь толып жатқан сәнбилік бай-бағыландарды қатты ашындырып жіберуден тайсалады. Ол арнаулы жарлықпен “алдыңғы әулеттің күллі дәрежелері мен лауазымдары бұрыңғыша күшін сақтайды” – деп тағы да тиянақтап қояды.

           Қытайланған сәнбилік бай-бағыландар түгелімен аман қалады, бұл жәйт Қытайдың бұдан кейінгі өз тарихын да, сол сияқты Кіндік Азияның да тарихын анықтайды. Ян Цзянь азамат соғысына ұрынғысы келмейді, әлгі жарлық болмаса, соло соғыс сөзсіз туып кетер еді, ал, оның алдыңғы аса маңызды екі саяси міндет тұрады: Оңтүстік Қытайды бағындыру, ол 580 ж. оңай жүзеге асырылады, сосын түркіттерді күйрету еді. “Гуаньлун тобының” көсемдері күні бұрын болжағанындай емес, соңғы міндетті орныдау әлдеқайда ауыр болып шығады[14].

         Сауда саттық қазандай қайнап жататын және тиімді болатын, бірақ шынайы шаруашылықпен күн көретін халық бұқарасына қызмет етпейтін, тек сән-салтанат жиһаз мүліктеріне мұқтаж, әлеуметтік сатының биігіндегі бай-бағыландарға қызмет етеді. Қытайлар, мәселен, Ираннан тек өз патшайымдары үшін аса қымбас тұратын, қас пен көз сүрмелерін алдыратын, сол сияқты вавилон кілемдері сирек кездесетін мүлік еді.

Ақырында қытайға Сирияның табиғи да жасанды асыл тастары, Қызыл теңіздің інжу-маржандары, Сирия мен Мысырдың маталары, Кіші Азияның есіртпе нашалары жеткізілетін. Бірақ сауданың ең маңызды мүлкі жібек болатын, ол Европаға Августың заманынан бері түсіп тұратын. Византияның жібекке деген мұқтаждығы аса зортұғын, өйткені ол хан сарайы мен ақсүйектердің қажетіне ғана емес түз тағыларымен қарым-қатынаста мәселенки, көмекші әскер жалдаған кезде валюта есебінде пайдаланылатын.

… 629 жылы буддалықтар тауап етуші Сюань-Цзян “Будданың қасиетті сүйектерін көрп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін” Қытайдан ндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халықаралық жолмен жүрді[15].

Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, “Ұлы Айдаһар шағылдары” деген атпен мәлім тұзды шөлден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері “Мөлдіреген Көгілдір көлге” жеткен.

Оны “Қайнаған көл” деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Көлді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыс шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: “Бұл жаткерліктердің жылқылары тамаша екен.

Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жүмсақ бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мігіп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес”[16].

Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа “қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек” алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі өнімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады.

            Бұл жолдың қашан “іске қосылғаны” туралы сұраққа осы кезге дейін түрлі жауап қайтарылады. Егер “Жібек жолының” жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыт жағынан б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға барып тіреледі. ІІ-У ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Тянь-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен “Яшма қақпалары бекетіне” беттеген. Осы арада бір жол айрылап, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашғарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына; Оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, ндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл – “оңтүстік жол” деп аталатын жол; “солтүстік жол” Қашғариядан Ферғанаға және одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хаманданға, Сирияға барған.

         УІ-УІІ ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды. Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан УІІ ғасырда қауіпті болды. шіншіден, түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегінделер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерле тұтынушылар болатын[17].

            Сөйтіп, бұл басты жолға айналды да елші және сауда керуенінің негізгі көпшілігі УІІ-ХІУ ғасырларда осы жолмен жүрді. Жібек жолының бұл бағыты бір орнында тұрақтап қалған жоқ. Ғасырлар ішінде белгілі бір учаскелері мен тармақтары алма-кезек мейлінше үлкен маңыз алып, керісінше, басқаларымен жүріс тоқтап қалды. Ал, олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырауға ұшырады. Мәселен, УІ-УІІІ ғасырларда негізгі бағыт Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас аңғары —  Шу аңғары – Ыстықкөл ойпаты, Шығыс Түркістан болды.

568 жылы Константинопольге император ІІ Юстинианның (565-576) сарайына түрік қағаны Дизабулдан соғдылық Маниах бастаған елшілік келді, Маниах, Қытай шежірешілерінің айтуынша, “… түріктерді үйретіп, бағыттап отырғандардың” бірі болған. Алайда бұл жолы түріктерде, соғдыларда жібекпен көп мөлшерде сауда жасауға байланысты ортақ мақсат көздеді. Ол бұлардың екеуіне де орасан көп кіріс келтіретін еді.

Жібектің бір бөлігі Қытайдан келіп түсетін, басқа бөлігі Шығыс Түркістан қалалары мен соғдының өзінде дайындалатын, бұл орайда оны өндірудің өскені сонша, оны өткізу өткір мәселеге айналды. Оны жібекті ірі тұтынушы – Византияға сатуға парсылардың кедергі жасауы тереңдете түсті. Оған өте нақты себептер болды, өйткені жібек Византияға дейін жетсе, “онда бірнеше жылдан кейін Евфратта сансыз көп жалдамалы армия тұрар еді де, оған тойтарыс беруге иранның бүкіл күші жетпес еді”.

… Қытайлар Цзуйлань деп атаған Құлан қаласы “түріктер елінің Мәуереннахр жағындағы шекарадағы сүйкімді қалашық” ретінде белгілі. Жол нұсқаларға қарағанда ол Тараздың шығыс жағында ХУІІ фарсах жерде жатыр және Құлан ауылының шығыс шетінде орналасқан Луговое қаласының жұртына сәйкес келеді. Құланнан әрі шығыс жақта бір-бірінен төрт фарсах жерде Мирки және Аспара қалалары тұрған. Жолдан бөлінген бір тармақ Сарыққа, сонан соң “түрік қағанының қонысына” және қырмырауға барады. Қырмыраудан шыққан жол Жетісудың аса ірі қалаларының бірі Невакетке — Қытайша Синчэнге апарады.

Бұл атаудың екеуі де жаңа қала деп аударылады. Невакет түрік қағандарының ордасы ретінде және соғдылардың қаласы ретінде белгілі[18].

        Ал енді Жібек жолы бойындағы сауда, тауар алмасу жөнінде сөз ететін болсақ, археологиялық қазба жұмыстарынан табылған мәдени ескерткіштер бұл тұрғыда сөзімізге арқау болады. Талғар қаласының жұртынан шетелдік бұйымдардың қызықты олжалары табылды. Бұл – көмбе, оның құрамына ішкі жағы ұзақ жасау нышаны саңырау құлақ түріндегі медальондармен көмкерілген бала мүсіндерінің оймышталып жасалған бейнелерімен безендірілген қытайдың төрт фарфор тостағаны кіреді.

         Ыдыстардағы нышандар ер баланың дүниеге келуін (төрт бала) және бірлікті – “и туань хотцы” (бір толық бала) тілеу деп те түсіндіріледі. Көмбеде фаянц тостағанның сынықтары да болды. Ішкі жағында, қызыл түске люстрмен жасалған тау және теңіз пейзажы көрінісінде отырған он бір ер кісі мен бір әйел бейнеленген. Барлық кейіпкерлер алтындатылған әсем киім киінген алты мүсіннің киімі қызыл, алтауында – алтынмен әдіптелген қара киім.

       Адамдардың басына алтын нұр шашылып тұр. Еркектердің бет әлпеттері мұрындарының етті және қастарының қою болуымен ерекшеленеді. Он еркектің шашы қырылып тасталған. Сегізінің мұрты бар. Тостағанның сыртқы жағында нақ сол адамдардың мүсіндері екі қатарға бейнеленген. Оларды Қара түс арасындағы аждаһаның қабыршақты ақ денесі бөліп жатыр. Тостағанның сыртқы түбінде иероглифтер жазылған соқпақша таңба бар[19].

        Көмбе құрамына кіретін үш мыс табақтың фрагменттері де сол кездегі деп саналады. Сондай-ақ жиырма жылдай уақыт бойы кең көлемді зерттеулер жүрзізіліп жатқан Отырарды қазу жұмыстары кезінде Қытайлық заттар табылды. Бұл – шиыршық атып жатқан жолбарыс немесе барыс бедерленіп бейнеленген нефрит қапсырма. Бейненің иконографиясы оның Қытайда шығарылғанын дәлелдейді. Жыртқыш мүсінін көрсету дәстүрлі аспан аждаһалары “Лун” және аждаһа сияқты қасиетті “ақ жолбарыстар — Байху” бейнелеріне өте ұқсас. Мұндай “жолбарысты қапсырма – регалиялардың” ертедегі үлгілері Чжоу дәуірінің Чжанго кезеңіне жатады.

Қапсырмалардың жасалған уақыты — Таң немесе Сун дәуірі. Сонымен жоғарыда айтынған мәселені қорытар болсақ, көне түркілер кезеңінде Қытай мемлекеті арасындағы сауда-саттық тауар айналымы Жібек жолы бойындағы қалаларды қызу жұмыс істегенін көрдік және біз оны нақты деректік негіздер, археологиялық мәліметтер барысында дәлелдеуге тырыстық

         618 жылы тек Қытай ғана емес, бүкіл Азия үшін шұғыл бұрылыс датасы болды. Ұлы қолбасшы әкім және саясатшы Ли Ши – минь Александр Македонский тәрізді, мәдениеттері әртүрлі елдерді жаулап алып қана қоймай, “өркениетті” Қытайды жабайы көшпелілірге қарсы қоятын ежелгі түсінікті тығыз ынтымақтасып бірлесу ұғымымен алмастырып, осынау мәдениеттерді туыстастырғысы келеді. Оған дейін мәдени алыс-беріс бей-берекет өз бетімен жүріп жататын, 618 ж. бастап оны саналы түрде жүргізіп, қолдап қостайды. Буырқанған уақыт енді басталған іске медеу болады: Суй жауыздығынан қашқан қыруар көп қытай түркіттердің өріс-қонысында тұрақтап қалады да, өздерінің меймандос қожайындарымен туыстасып кетеді.

            Ержүрек жауынгер Ли Юаннің туы астында көптеген саһара сайыпқырандары барып жиналады. Бұлар кімдер — қытай ма, түрік пе? – деген бос сұрақты қоймай, оларды қызметке қабылдай берген. Олар үлбіреген нәзік қытай қыздарына үйленіп, жаңа тағдыр-талайынан көңілдері байыз тауып, ендігі өмірінің мән-мағынасын әскери қызмет пен сарай төңірегіндегі мансаптан іздейтін. Сөйтіп империя құрылып, “табғаш” халқы көбейе береді, хош, сонымен Ұлы қамал тікелеп айтсақ та, жанамалап айтсақ та, бұзылып ашылып қалады[20].

            Қытайда жергілікті атаулы нәрсенің бәріне қызығушылық күшейеді. Қытай-түрік сөздігі жасалады, бірақ, бір өкінішті жері, ол сақталмайды. Таң әулетінің алдында ғана өткен Бэй-Чжоу әулеті заманынан бастап, император оркестрі әртүрлі халықтардың, оның ішінде түріктердің де музыкасын ойнайтын болған, біз қарастырып отырған дәуірде жұрт оны әбден мойындаған еді. Адамдар ұдайы алмасып, араласып жататын: УІІ ғ. 20-шы жылдары Чаньанда 10 мың түрік семьясы тұрған. Олардың киімі мен Әдет-ғұрпы қытайдың асыл тектілеріне ұнайды.

           ІІ ғ. Римде гермен мәнеріне, УІІІ ғ. Византияда хазарлар мәнеріне қалай еліктесе, мұнда күллі түрік нәрселері сәнге айналды. Жыл өткен сайын көшпелілердің әдет-ғұрпына деген сән етек алып, ақырында сарай маңындағылар мен тектілердің тұрмысына сіңіп кетеді. Той-томалақтарда жатжерлік музыка ойналып жатқанда “шетелдік тағамдар” тартылатын болған. Түрік киімі – сол жағынан ілгектеліп, белі белбеумен қынай буылатын, жағалы жасыл немесе қоңыр шекпен Таң дәуірінде үйреншікті киімге айналады.

           Бірақ қытайларға бәрінен де гөрі киіз үй көбірек ұнайды, ол қыс кезінде, УІІ ғ. қытай үйлерінен тұруға әлдеқайда қолайлы болады.

Киіз үйдің артықшылығын ақын Бо Цзюй-и (772-846) келістіре суреттеген. Қытай бекзаттары киіз үйлерді ауласына тігіп қойып қысты күні сонда тұрады екен. Бо-Цзюй-и киіз үйді “көгілдір” деп атайды, тегі, түріктер бейнесін білдіретін түр-түсті әдейі алған тәрізді.

Бұл бастаухат ғылыми қолданымға таяуда ғана енгендіктен, біз оның үзіндісін келтіргенді жөн көрдік:

Көк Ордамен қоштасу

   Ұмытқан жоқ қарлы қыстың дірілін,

    Ұмытқан жоқ ақ боранның гуілін …

   Көрдім ғой мен Көк Ордамнан ірәтті.

   Желпіп мені жел құйыннан қорғайтын,

    Бірақ қылғып жұтар еді ақ боран

   Сол шырақ қой мені жылытып сақтаған [21].

        Орта ғасырдағы көптеген өлеңдер сияқты, бұл өлеңнің де қос мәні бар: тура және аллегориялық. Көктемнің еліткіш иісі мен құбылмалы уақыттан жыл мезгілінің ауысуы ғана емес, көшпелілірмен қарым-қатынастың шиеленісіп кеткені де аңғарылады. Империялық саясатқа әманда оң қабағымен қараған, бұрынғы үлкен шенеунік Бо Цзэюй-и бәрі де орны-орнына келіп, көрші жабайылармен бейбіт өмір қалпына түсетініне кәміл сенеді. Мұнда ол империялық саясаттың негізгі бағытын поэтикалық образдармен береді.

       Сөйтіп, Таң империясы дүниежүзілік маңызға ие болғысы келеді. Бұл оның содан былайғы саясатын, бұрын болып көрмеген гүлденіске жетіп, қанды істермен күні бітетінін анықтап береді. Бүкіл бастамалар сияқты, Қытай мен даланы біріктірудің де астары бартұғын: Таң монархтары жұрттың бәріне бірдей сүйенгісі келеді, бірақ сын-сынақ сәтінде оларды ешкім қолдамай қояды. Командирлердің жаужүректігі мен сарбаздарының қайтпас қайсарлығы арқасында Таң монархтары жеңістен жеңіке жетеді, бірақ содан олардың мемлекеті тек әлсірей береді. Шын мәнінде олардың қоластындағы жердің бәрі қарудың күшімен бағындырылған еді. Бірақ олардың жеңілгендерге мейірімді болуы, таңғажайып сұлулықты бағалап, алыс қиырларды сүюі – ол дәуір мәдениетінің атақ-даңқын қастерлеп, ғасырларға жайып жібереді.

        Сонымен, Суй (589-618), ал содан соң Тан (618-907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі сияқты құдіретті мемлекеттің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (ндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының (түрік қағанаттары), шығыстағы адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да айысты: пілдер патшасы сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымның дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы – мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталады; сәйгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінеді;

Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқандқа жақын жердегі Кушания қонысындағы үйдің қабырғаларына салынған әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде – түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.

Әрбір халықтың бір нәрсесімен атақты да даңқты екенін ақындар былайша суреттейді:

Біліп қойғын, арабтардан өлеңде ешкім озбайды,

   Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең,

Ем-домымен жан-дүниеңді ұозғайды.

Сауық-сайран үнділердің мекені,

Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді,

Сурет салса Қытай өзара өрнегімен, әрімен,

Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың

Қашан да артық бәрінен.

Сөйтіп, қолданбалы өнерде[22]

        Сөйтіп қолданбалы өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндемеде товарлардың, мәдени үлгілермен өлшемдердің шығыс және батыс елдеріне таралуымен қатар, музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, ортағасырлардағы өзінше бір “эстрада” өріс алды. Қызықты ойын-сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды.

Бұл өнерге тілмәш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ — “дене қимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұғады”,-деп жазды Эразм Роттердамский.

        Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы түрік оркестрлерімен толықтырылып отырған. Олар “сарайдағы салтанатты рәсімдерде де сарайдағы ресми емес салтанаттарда да” ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын ақсүйектерінің бірі Сюань – цзуньнің отыз мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының сябқа жақын жердегі өз ордасында елшілер қабылдауының суреттелуі сақталған. “Қаған, — деп жазады осы рәсімді көзімен көрген буддалық тауап етуші Суань-Цзянь —  шарап қойып, музыка бастауға әмір берді … Осы уақыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жат жерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен ол да, құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа бөледі”.

     Таң Қытайында ең көп тарағаны Батыстың — Шығыс Түркістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болғаны мәлім. Кучанің, Қашғардың, Бұхара мен Самарқанттың, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүрлері ресми қамқорлық арқылы қытайдың музыкасымен және музыкалық дәстүрімен ұштасып кетті[23].

        Түрік актерлері қытайдың хореографиялық мәдениетне көп үлес қосты. Барлық әртістерден бишілер – жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйгілі болды. “Батыстың секіргіш билерін” әдетте Ташкенттен келген, иран үлгілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. “Шаш биін” алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған.

       Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарында зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар “құйындай ұйтқыған Батыс қыздары” биін де орындады, онда ал қызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздары секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрды.

        Жібек жолы бойындағы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындағы өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар – Таң заманының биші жігіттері мен қыздары, бет перде киген актерлер түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамблдер бейнеленген терракоталар жиынтығы. Бұл әртістер көпшілігінң бет-әлпеті Орта Азия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшаның, Афрасиабтың, Топырақ қаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджикентте – биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындағы Кедер қаласын қазған кезде Х-ХІ ғасырлардағы әртістің саздан жасалған бетпердесі табылды[24].

          Көне түркі және Қытай мәдениеті жөнінде сөз қозғағанда біз көне түркілердің бізге дейін жеткен жазу-сызуын айтпай өту мүмкін емес. Батыс түрік қағандығындағы ру-тайпалардың өзара диаклектілік айырмасы болғанымен, олар біріңғай түркі тілінде сөйлейді. Осы кезде бұлардың арасында орхон жазуы кең таралып, жазу мәдениеті жарыққа шықты. Кейінгі заманда сол дәуірден қалған орхон жазуымен жазылған тас жазулар көп жерден табылды. Оны тұңғыш рет оқыған атақты дат ғалымы Томсон еді. Осы тас ескерткіштердің ең бастысы УІ-УІІІ ғасырлардан қалған .ш ескерткіш түрік қағаны Могиланның (Білге қағанның), оның туғаны Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпы тастарына жазылған жазулар.

       Бұл ескерткіштер әдеби жанр жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Бұл ескерткіштің бірі Тоныкөк ескерткіші. Тоныкөк – Білге қағанның қайын атасы және әйгілі әскери маман. Ол жас кезінде он үш жыл Жұңғоның астанасында тұрып тәрбие алған. Ол осы ескерткішті 716-жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан соң бұл ескерткіш оның моласының басына қойылды. Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша: “Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлық елінің Сабек тайпасынан шыққан адам”. ХІІІ-ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып, кейін Шыңғысханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататұнға осы Тоныкөктің ұрпағы екен[25].

        Жұңғоның жазба деректерінің дәлелдеуінше, УІІ ғасырдың басында батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген будда ғұламасы және Жұңғоның атақты саяхатшысы Шуан Заң өзінің саяхат естелігінде: “Түрік елінің жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған, оның жазба нұсқалары солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады. Олар бір-біріне жазба кітаптар қалдырап отырады. Сөйтіп әдеби білім үздіксіз жалғасып, өрісі кеңейе береді”, дейді. Кейінгі кездерде қазақ даласынан табылған көне түркі тіліндегі көптеген ескерткіштер жоғарыдағы жазба мәліметтерді даусыз дәлелдермен толықтырып отыр.

“Тайпин Хуаниұйжи” жинағында: “Түріктер бие сүтінен жасалған қымызды ішіп қызып алған соң, ән шырқап, бір-бірімен өлең айтысады” деп жазылған. Біз бұдан қазақ өмірінің барлық саласында кең жайылып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақындар айтысының мұнан мың жыл бұрынғы батыс түрік қағандығы дәуірінен бері келе жатқан дағдылы дәстүр екендігін байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2      ТҮРКІЛЕРДІҢ СОҒДЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.

 

   VI – XI ғасырларда, яғни Қазақстан тарихының ерте Орта ғасыр кезеңінде немесе түркі дәуірінде Еуразия даласында кеңінен қоныстанды. Түрік, Түргеш, Ұйғыр қағанаттарын, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерінің құрған ашина, түргеш, басшыл, қарлұқ, қимақ, қырғыз, оғыз, қыпшақ тайпаларын жалпылама түркі тектес тайпалар деп атаймыз.

   Түркілердің этностық және тілдік қалыптасу аймағының көне ошағы Еуразия құрлығының шығыс бөлігімен – батыста Алтайдан шығыста Хинганға дейінгі аймақты алып жатқан Орталық Азиямен және Оңтүстік Сібірмен тығыз байланысты. Түркілер жері территориялық жорықтарының ең кең көлемде жүргізілген шағында (576 ж) Маньчжуриядан Кимерийлік Боспорға (Керчен бұғазы) дейін, Енесейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтып жатты.

   Түркі қағандары Орта Азия мен Оңтүстік – шығыс Еуропа тарихына елеулі ықпал еткен саяси және мәдени мұра қалдырған алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды.

    Түркілердің бұл алып аймақта көрші өркениеттерден де, басқа таулы, далалы тайпалардан да алыстамай, олармен араласып жатқаны анық. Көші – қон үрдістерінің бағыттары біресе баяулап, біресе қайда жанданып бүкіл ұлы даланы қамтыды. Бұл аймақтағы жоғарыда көрсетілген тайпалардың жоғары дәрежедегі жылжымалылығымен анықталатын, дисиональды, яғни бір аумақпен ғана шектеліп қалмайтын сипаты ұлы даладағы этногенетикалық үрдістердің айырықша бір ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар бұл түркі тілдес тайпалық одақтар мобильділігімен жаңадан пайда болған тайпалық топтар құрамын да жеңіл бейімделіп, жанданып отырды. Үлкен хранологиялық кезеңдер шеңберінде алып қарағанда бұл үрдістердің ортақ заңдылыққа – түркі тілдес топтардың шығыстан батысқа ығысуына бағынғандығын көреміз [26].

 551 жылы көне түріктердің 4 негізгі тобы ашина руының көсемдігімен жаңа саяси құрылымының құрамына еніп, Орталық Азиядағы арханикалық империялар кезеңін (VI – IX ғғ) бастады [27].

  Түркілер тарихының бұл жаңа кезеңі басқарушы және бағынушы топтардың бөлініп шығу үрдісінің жеделдетілуі сияқты өзгеріске ұшыраған әлеуметтік жағдайлар негізінде дамыды. Бұл кезең шығыс Иран елдерімен саяси және этникалық байланыстардың жаңа деңгейінің шарты болды. Түркілердің этногенез ошағының батысқа қарай жылжуы барысында әлеуметтік – саяси құрылымдары ұқсас, түркі, ұйғыр қағанаттары, түргеш, қарлұқ, қырғыз, қимақ мемлекеттері құрылып тарихтағы өз орындарына ие болып жатты [28].                             

  Ерте ортағасырлық мемлекеттер ішіде ру – тайпалық бөлінуге, жекешеленуге алғаш рет біртұтас империялық идеология қарсы бой көтерді. Біртұтас империя шеңберінде бірдей әдеби тіл мен жазу, материалдық мәдениет, саяси — әлеуметтік жазбаша қорлар пайда болып, түркі империясы тарағаннан кейін де қолданыста болып келді.

 Түрік қағанатындағы билеуші әулеттің ішіндегі 20 жылға созылған, өзара билікке бөлінуіне, Орта Азияда Батыс Түрік қағанатының, Моңғолияда Шығыс Түрік қағанатының құрылуына алып келді. Батыс түрік қағанатының Шегу (611-618) жыл Тон Ябғу (618-630) қағандары тұсында гүлденуі территориялық отарлау кезеңіне айналды. Шегу қаған Алтайды қағанаттың шығыс шекарасы етіп, билігін бүкіл Тарым бассейніне, Шығыс Памирге кеңейтті.

 Тон Ябғу қысқы сарайын Суябқа – Шу өзенінің бойындағы ірі сауда – қолөнер орталығына (қазіргі Тоқтамақ қаласының маңындағы Ақ – бешім қалашығы) жазғы сарайын, Исфиджаб маңындағы Мыңбұлаққа (қазіргі Түркістан қаласының маңында) орналастырды [29].

 Жаңа жорықтар қағанат шекарасын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін кеңейтті. 634 жылы билікке Нушибилерге сүйенген Елтерес қаған келді. Ол “он ақ” әскери — әкімшілік жүйесін жандандыруға тырысты. Жаңа реформалар ру басыларын (ырқын мен горлар) қағанға тікелей тәуелді етті. Сонымен қатар, — “оқты” басқаруға қаған отбасының мүшесі – Шад жіберілді, оның ру басыларымен ешбір туыстық байланысы болмады [30]. Осылайша жергілікті көсемдердің билігі шектелді. Ал қоғамының әскери – саяси күші тайпаларды бағынышта ұстауға жетпеді. Сондықтан 638 жылы дулу тайпалары Шадын қаған етіп жариялады. Қанды қақтығыстардан кейін дулу мен Нушиби тайпалыры екіге бөлініп, шекараларын Іле өзені арқылы белгіледі. 640-657 жж 17 жылға созылған тайпааралық күрес Жетісуға қытайлардың баса көптеп енуіне алып келді. “Он оқ” елі жеңіліп, Нивар Ышбара Ябғу қаған (Қытай деректерінде Ашина Хелу) тұтқындалып, 2 жылдан соң, 659 жылы сонда қайтыс болды.

Таң қытай – империясы батыс түрік тайпаларын қаған руынан шыққан “қуыршақтармен” билеуге тырысты. VII ғасырдың аяғында түркілердің толастамаған күрестерінің нәтижесінді Үш – елін бастаған түргештер батыс түркілердің тәуелсіздігін қалпына келтіріп. Түргеш қағанатын құрды.

Бұл кезде Орталық Азияда Шығыс Түрік қағанатының да қайта жандануымен және Орта Азияны араб жаулапалушылығымен аяқталған жаңа саяси жағдай қалыптасты.

        Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатынан ерекшеленді. Егер Шығыста көшпенді өмір басым болса, батыста халықтың көшпелілігі отырықшы болды, егіншілікпен, қолөнер, саудамен айналысты. Батыс түркілердің мемлекеті шығысқа қарағанда феодалдық қатынастары дамыған мемлекет болды.

        Ерте ортағасырлық қалалық және жер өңдеу мәдениеті Батыс Түрік қағанатында Соғдылықтардың қатысуымен қалыптасты.

Түркі елінің мәдениетінің дамуына б.ғ.д. ІІ ғасырда ашылған Қиыр жіне Таяу Шығыс елдерінің арасындағы Керуен жолы үлкен рөл атқарды. Бұл қатынастарды суреттеген алғашқы құжаттар Орта Азиялық Иран диалектілерінің бірінде жазылған заттай ескерткіш. Ол В.Хеннингтің анықтауы бойынша, IV ғасырға жатады. Оны Булунузур маңынан саяхатшы Штейн тапқан. Бұл құжаттардың тілі кеңінен (VIIғ) Орта Азиядан табылған буддизм, христиан, Манихей діни әдебиетінің ескерткіштерінің тіліне ұқсас [31]. Ол тіл ғылымда ХІ ғасырдағы мұсылман ғалымы Бируни айтқандай, Түркістанның мұсылмандықты қабылдауына дейінгі екі әдеби тілдің біреуінің айтуымен “Соғдылық” тіл деп аталған [32].

Бируни соғдылықтар мен хорезмдіктердің күнтізбелері туралы мәлімет беріп, бұндағы терминдер Орта Азиядан табылған ескерткіштердің терминдеріне ұқсас екендігін анықтаған [33].

        Иранды зерттеген француз ғалымы Готоның пікірі бойынша соғды тілі Самарқандықтан Қытайға дейінгі барлық аудандарда тараған [34].

Қытай деректері де “Мұсылман әдебиеттері де соғдылықтардың, араб жаулап алушылығына дейін, Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Солтүстік Қытайда – Ұлы Жібек жолында өздерінің сауда – жер өңдеу отарларын құрғандығын айтады [35].

        V-VII ғғ Талас өзені (түркі деректерде Аргу елі) Шу мен Іле өзені бойындағы соғдылық отарлау ол жерлердегі ондаған қалалар мен елді мекендердің бой көтеруіне себепші болды. Соғдылықтардың Жетісуға, әсіресе Шу даласына көптеп келуі VII – VIII ғасырларға келеді. Ол кездің қоныстары археологиялық қазбалармен жартылай ашылған. Бұл қалалар Орта Азияның ертеортағасырлық қалаларынан көлемі жағынан еш кем түспейтін. Олардың орталығы Цитадельден және тығыз қаланған Шахристаннан тұрды. Шахристанға Рабад – қолөнер – сауда ауданы жалғасты. Кешкалар – бекітілген усадьбалар бау – бақшамен, жүзім ағаштарымен қоршалып, бір – бірімен 50-100 м жерде орналасты. Қала маңындағы жыртылатын егіс алқаптары да жолдармен қоршалды.

        VI – VIII ғасырлардың өзінде – ақ Шу даласында Соғдылықтар, түркілер, сириялықтар, парсылар негізін қалаған 18 ірі қалалар және көптеген қоныстар болған [36]. Оларды 630 жылы Жетісуда болған Қытай саяхатшысы Сюань Цзань былай деп сипаттайды: “Түссіз мөлдір көлден (Ыстық көл) Солтүстік – батысқа 500 м жүргенде Суй (Суяб) қаласына келдік Бұл қаланың айналасын қосқанда көлемі 6-7 м. Бұнда әр елдің саудагерлерімен араласып Хулар (Соғдылықтар) өмір сүрді. Топырағы қызыл сұлы мен жүзім өсіруге қолайлы. Адамдары жүннен тоқылған киім киеді. Суядтен батысқа қарай тұра жүрсе әрқайсысын ақсақалдары басқаратын он шақты жекелеген қалалар бар. Ол бір – біріне тәуелді болмаса да, бәрі түркілерге бағынады [37].

Осы сөздермен саяхатшы Талас қаласында суреттейді. Сюань Цзань бақылауларын қорытындылап: “Суяб қаласынан Кушан князьдігіне дейінгі мемлекет Соғды деп аталды, оның тұрғындары да соғдылар деп атады”, дейді. Бұдан көрінетіндей “Сюань Узан Жетісулық қалалр мен Соғды тұрғындарының арасынан этникалық өзгешелік таппаған. Ал “Алқаптарды өңдеушілер мен пайда қуғандар (көпестер мен қолөнершілер) саны тең”, деп көрсетуі Соғдылық қалалардың тек сауда – қолөнер саласында ғана емес, аграрлық бағытта дамығандығын байқатады, ол археологиялық қазбалармен де дәлелденген.

        Орта Азияда керуен жолдары біртіндеп оңтүстіктен солтүстікке, Лоб – Нор маңынан Хотан, Яркентке, одан ары таулар арқылы Ауғаныстанға шығатын болып жоғарлады. Бұған сәйкес халықтардың бұл саудаға қатысу деңгейі де өзгерді. Мұсылмандықты қабылдағанға дейін – ақ. Шығыс пен Батыс арасында делдалдық рөлі Иран, Ауғаныстан тұрғындарынан соғдылықтарға, Солтүстікке қарайғы елдерге көшті. Батыс Түрік қағанатында, VII – VIII ғасырлардағы қағандардың билігі шығыстағындай берік болмады. Әскери – тайпалық топтар арасындағы қатаң күрес қағандарды жиі “қуыршақ” билеуші етті: Бұндай жағдайда мықты бекіністері, әскери топтары, сауда – дипломатиялық байланыстары бар соғдылық қалалар орны жоғары қойылды. Олар ішкі және сыртқы қақтығыста “Үшінші күш” ретінде шешім қабылдау мүмкіндігін иеленді. Түркі қағандары өздерінің соғдылық тұғындарын тат, яғни басыбайлы, алым – салық төлеуші деп атады [38]. Бірақта соғдылықтардың батыс түркілерінің арасындағы беделі өте күшті болды деуге негіз бар, себебі олардың қол астында мемлекеттің барлық экономикалық тыныс – тіршілігін, ақша айналымын бақылау мүмкіндігі болды. Түркі астаналарынан табылған. VIII ғасырға созылған тиындар соғды тиындегі аңыздарды баяндайды, соғды шеберханаларында соғылған.

М.Қашқаридің мәліметіне қарағанда түркілер соғдыша, Соғдылар түрікше сөйлей білген. Бұған Бұғұт жазуы (VI ғасыр жатқызылады, Монғолиядан табылған) және Жетісудағы, Талас өзені маңынан табылған керамикалардағы, жартастардағы жазулар, сондай – ақ Тараз, Суяб қалаларын қазу барысында табылған, VII ғасырға жататын жергілікті теңгелердегі жазулар дәлел бола алады [13, 11-12; 47; 51-52]. Сонымен түркілер жеріндегі соғдылық жазу буддистік, хрестиандық, манихейлік діни мәтіндерді жазуда қолданылған. Кейіннен соғды жазуын батыста араб, шығыста тибет әліпбиі ығыстырды. Бұл жазу мүлдем өшкен жоқ, оның негізінде Ұйғыр әліпбиі бөлініп шықты. М.Қашқари ұйғыр жазуы туралы былай деп жазады. “Ұйғырлардың тілі таза түрікше… Олар 24 әріптен құралатын жазуды пайдаланады. Кітап пен хат – хабарды сол жазу мен жазады. Бұл жазуды мұсылман дініне кірмеген ұйғырлар мен шындардан басқа қазір ешкім білмейді” [39].

        Ұйғыр жазуы әріптері жоғарыдан төмен қарай және жолдары солдан оңға қарай орналасқан. VIII – XIII ғасырлардағы түркі тайпаларының будда дінін уағыздаушы топтары көп қолданған. Бірақ, ислам дінін қабылдауына байланысты араб графикасы ығыстырылып шығарды. Ұйғыр жазуын XIII ғасырда моңғолдар қабылдаған, ал моғолдардың ықпалымен ұйғыр әліпбиі Мальчжур жазуының да негізіне алынды.

        Ұйғыр жазуы ескерткіштерінің тілдік ерекшелігін талдай келе ғалымдар бұл тек ұйғыр тайпаларының ғана емес, сондай – ақ түркі, түргеш, басмыл, қарлұқ және басқа  VIII – XIII ғасырлардағы Шығыс Түркістанды мекендеген түркі тектес тайпалардың тілі болса керек деп тапшылайды [40].

Ұйғыр жазуымен будда, манихейлік, хрестиандық уағыздар, сондай – ақ Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеттерінің түрлі заң құжаттары, жылнамалар, сәуегейлік болжаулар т.б. жазылған. Діни шығармалар соғды, тибет тілдерінен түркі тіліне аударылған.

        Ұйғыр аудармашылары діни мәтіндердің жергілікті халыққа ұғынықты болуы үшін күш салып, сол үшін көне түркі мақал – мәтелдерін, қанатты сөздерін жиі қолданған, сонымен бірге діни аударма шығармаларда көне түркілердің фольклоры негіздері басшылыққа алынғаны байқалады.

        Зороастра діні б.з.д. VII – IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасқан. Оның ғұрыптық тәжірибесі ғаламның төрт элементін – суды, атты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аңғаруға болады. Бұлар – мұнара сияқты құрлыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралар мен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған.

Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастра дінінің конондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы тараған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда отқа, текке, бабаларға, жануарларға – қойға, жылқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.

Бұл дінге байланысты олжалар оссурилерге – сүйекті қыш жәшіктерге, кеспектерге, өлікті жер бетіндегі корхана наус – сағаналарға, қойып жерлеген жерлерден табылды [41].

        Зороастра дінін Қазақстан қалаларына VI-VII ғасырларда соғдылар әкелген. Зороастра дінімен байланысты мәдениеттің көп жақтары Қазақстан қалаларында, онда ислам келгеннен кейін де кездесе берді. Алайда ислам Шығыста христиан дінін де, будда дінін де, зороастра дінін де, жергілікті діндерді де ығыстырып шығарды.

Жібек жолының бойымен келесі бір дін – манихей діні таралған. Ол ІІІ ғасырда Иранда пайда болған. Ол жалпы алғанда зороастрашылық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихет діні – миссианшылдық, ал зороастрадан – сәуегейшілік ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған .

        Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте отырықшы  тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Турфан алқабынан табылған. Манихейлік “Екі негіздің қасиетті кітабы” деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап “он оқ елінде (нанымды) ояту үшін” “Арғу, Талас (Алтын Арғу – Талас ұлуше”) қаласында жазылды делінген, бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр [42].

        Манихейліктер қоғамы Тараздан өзге Баласағұн, Шағылбалықта, өмір сүрген. Тараз қаласынан манихей астралогиялық құдайының символы – айдың суреті бар қола медальон табылған. Тараздағы ортағасырлық зираттардан өлікті киіміммен жерлеу ғұрпы байқалады.

        VII ғасырда Батыс Түрік қағаны Шығыстағы барлық манихейлердің ең құдіретті қамқоршысы деп есептелінеді. VII – VIII ғасырларда  бүкіл Азия бойынша уағыздалғанымен, ол тек ұйғыр мемлекетінде ғана бекініп қалды.

Осылайша, мұсылмандыққа дейінгі көшпенді – түркі тайпалары мен қалалық – соғдылықтар арасындағы мәдени байланыс, Сасанидтік Иранның мәдениетінің Далаға ықпалы көрінді. Шығыс Иран халқы түркі қағандарынан саяси тәуелді бола тұра, ченунік, мәмілегер, дін таратушылар рөлінде Иран мәдениеті мен түркі мәдениетінің араласып, сабақтасуына әсерін тигізіп отырды.

        Түрік мәдениетінің эволюциясын Иран факторынсыз түсіну мүмкін емес. VIII – IX ғасырларда түркі мәдениетінің қалыптасуын, дамуын көне түркі көпестері мен кірме элементтердің (негізінен Ирандық) байланысынан, кейінгінің басымдылануынан көреміз. Нақ осы Иран халықтары түркілерді исламға тартты, ол арабтардың өзімен түркілердің терең байланыстары байқалмады, қожалардың екеуін салмағанда. Араб мәдениеті Қазақстанға парсылар арқылы енді.

        1968 жылы Монғолиядан Түрік қағанатының алғашқы кезеңінің эпиграфиялық жалғыз ескерткіші – Бугыттық соғды тілінде жазылған тас плита табылады.Онда қасқырдың астында қол — аяғы жоқ бала бейнесі бейнеленген еді.

        Түрік аңызы боынша, VI ғасырда Қытай тарихшыларының жазбалары бойынша да, «Үлкен батпақты жерде өмір сүрген» түркілердің ата – бабалары көрші тайпаларының қысымымен қуылған еді. Тек он жастағы бала ғана қасқырдың асырап қалуымен аман – есен қалады. Жаулардан тығылып жүргенде баланы ақыры өлтіреді. Сол кезде қасқыр Турфанның солтүстігіндегі тауларға қарай (Шығыс Тянь – Шань) қашады екен. Сол таулардың бір үңгірінде қасқыр әлгі баладан он перзент табады. Ұлдары өсіп – жетілген соң Турфан қыздарына үйленеді. Амина деген немересі жаңа тайпаның басшысы болып оған өз атын береді. Кейін келе амина руынан шыққан бйлеушілер өз қарамағындағыларды Алтайға жылжытып, сол жердің халықтарын өздеріне бағындырып түрік атауын қабылдайды.

        Аңызда, Қытай деректеріде түркі тайпаларының шығу тегін Шығыс Тянь – Шаньмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, кейінгі ғұн тайпалары ІІІ – ІV ғасыр басында Тянь – Шаньнің солтүстігін мекендеп, ІV ғасыр аяғында Турфанға ығыстырылған ол жерде 460 жылға дейін өмір сүрген екен. Сол жылы хуань – жуаньдар (аварлар) шапқыншылық жасап, олардың билігін жояды да, оларды Алтайға ығыстырады. Олардың ішінде амина руының ұрпақтары да болған. Алтайда түрік – амина тайпалары аварларға темір дань түрінде салық төлейтін, ірі тайпа бірлестігін құрды. Бұл мезгілде Орта Азия өңірін мекен еткен теле тайпалары жожан хандығына қарсы аттанады. Бұл хабарды естіген түріктердің атына тайпасының бастығы Бумын теле тайпаларына саны жағынан аз болса да, тұтқиылдан шабуыл жасап, елу мың үйлік телені өзіне бағындыра алады. Олардың жеңу себебінің бірі, қару – жарақтарының көп болуында. Оларды өзінің тіректі әскері етіп, күшейте түскен Бумын жожан қағаны Анағұйдың қызын айттыруға кісі салады. Бұғане жамданған Анағұй қаған Бумынға елші жіберіп: «Сен менің темірімді соғатын құлымсың, бұл талапты қойуға қайтып батылың барды» деп даттайды. Оған ашуланған Бумын Анағұйдың елшісін өлтіріп тастайды сонымен бұлардың арасында наразылық туылады, 551 жылы Бумын, гложан хандығының әскерлерін талқандайды, жеңілісіне ұшыраған Анағұй өзін өлтіреді, 552 жылы Бумын өзін «ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтеред. [43]

         ІV ғасырдың аяқ кезінде Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған десек, осы бір елдер тарихының қысыл – таяқ жәйіттері, біз сөз етіп отырған кезеңде түрік мемлекетінің тағдырымен байланысты болғаны өзінен — өзі түсінікті. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды, өйткені сол кезге дейін Ортатеңіз мәдениеті мен қиыр қиыршығыс мәдениеті бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді. Шетсіз – шексіз далалар мен заңғар таулар Шығыс пен Батыстың қарым – қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, темір үзеңгіні жасау және арбау орнына теңдеу әбзелдерін ойлап табу, керуендердің шөлдер мен асулардан көп қиналмай оңайырақ өтулеріне жағдай жасады. Сол себепті де VІ ғасырдан бастап Қытайлар Константинополь базарының қарқымен санасуына, ал Византиялықтардың Қытай патшасы найзагерлерінің санын есептеп отыруына тура келеді.

        Міне осындай жағдайға ұшыраған түріктер тек арадағы дәнекер рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге өз мәдениетін де дамытып, оны Қытай, Иран, Византия, Үндістан мәдениетіне қарсы қоюңа болады деп еспетеген. Осынау өзгеше дала мәдениетінің сүйек сіңді дәстүрлерімен, терең тамырлары бартұғын, бірақ біз онымен, отырықшы халықтар мәдениетіне қарағанда, болмашы дәрежеде ғана таныспыз. [44]

              В.В.Бартольд айтқан еді, ол, жалпы, Э.Шаванның еңбегін төмен бағалаған «огорлар» ол Оарл өңірінің угорлары деп, өз еңбегінде бұл мәселені М.И.Артамонов анықтап береді[i]

        Араб, қытай деректерінде пайдалана отырып, Шығыстанушылар Н.Я.Бичурин, В.В.Григорьев, В.В.Радлов және Н.А.Аристов қарлұқтар біршама құнды материалдар жинақтап, кейбір бағалы пікірлер айтады. Н.Я.Бичурин қытай жылнамалаырндағы қарлұқтар тұралы материалдарды жинақтап жүйеге келтірсе, В.В.Григорьев кейбір араб деректері арқылы Қарахандар мемлекетінің негізін құраған қарлұқтар болды деп тұжырым жасайды. В.В.Радлов және Н.А.Аристов өз еңбектерінде қарлұқтардың тарихи – географиялық мәселелеріне көбірек тоқталды.

        Қарлұқтарды зерттеуде маңызды кезең ХХ ғасырдың алғашқы жартысы болды. Осы кезеңде бұл тақырып бойынша В.В.Бартольд, А.Ю.Якубовский және А.Н.Бернштам терең ізденіс жұмыстарын жүргізді.

        Қарлұқтардың тілін зерттеуде А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, А.К.Боровнов, Н.А.Баскаков ал этнографиялық мәселелрін қарастыруда А.К.Писарик, Б.Х.кармышева және антропологтар Д.В.Ошанин, О.Исмағұлов еңбектерін атап өтуге болады.

        Қарлұқтар мәселесін зерттеуде шетелдік авторлар көрнекті орын алады. Олардың ішінде ХІХ ғасыр А.Бронс, И.Маркворт, Ф.Хирт, Э.Шаванн, Х.Ховманд, ал үстіміздегі ғасыр В.Минорский, О.Прицан, Х.Френк және И.Ечедиді айтуға болады.

        Түрік қағанаттары кезеңіндегі қарлұқтар туралы алғашқы мәліметтер қытай жылнамаларында кездеседі. Мысалы, «Синь Тан Шу» «Үлкен тасбақаның» кітаптар жинағы энциклопедиясында т.б. қарлұқ тайпаларының географиялық тұрғыдан орналасуы, саяси оқиғаларға араласуы туралы деректер баршылық.

 

 

 

3 САСАНИЛІК ИРАН МЕН ВИЗАНТИЯ  ТҰРКІЛЕРДІҢ

СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДА

 

         Ежелгі түріктер тарихи аренаға VІ ғасырдың орта шенінде шыққан. VІІ ғасыр аяғында оның шекарасы шығыста Қытаймен, батыста Византиямен шектесті. Дала империясы – түрік қағанатының құрылуы – «түрік әлемі» деген ұғымды туғызып, Қазақстан мен Евразияның басқа елдердің тарихында жаңа кезең ашты.

          460 жылы түріктерді Жуаньдар(аварлар) бағындыратын қазіргі Түркістанға қоныс аударады. Түріктер Шығыс Түркістанға болған жылдары өзінің құрамына жаңа этникалық топты қысып алып, жергілікті тұрғындармен араласып кетті. III ғасыр 460 жылға дейін түріктер қоныстанған аумақта түріктердің тілі мен мәдениетіне ықпаллл еткен иран және тохар тұрғындер басып болды. Тап осы жерде түрік-соғды байланыстары басталды, ол ежелгі түрік  мемлекеттігі мен мәдениетінің барлық саласына зор ықпал етті .

         VI ғасырдың екінші жартысында «түркі» тілдері бірінші рет жазбаларға түсіріліп, кеңінен таралады. Соғдылар оны түрік десе, олардың көптік жалғауы арқылы-тургут, «түріктер» болды. Соғдылардың нұсқасын қытайлар алды, сөйтіп түркілер мен қытай арасындағы елшілік және жазба қарым-қатнастар алғашында соғдылар мен соғды жазбасы арқылы жүзеге асырылды. «Түрік» терминнің кейін византиялықтар, арабтар, сириялықтар қабылдап, санспритке, әртүрлі иран тілдеріне, тіпті тибет тіліне еніп кетті.

         Түрік деп аталған тілде сөйлейтін мейлінше ірі тайпалар бірлестігі оғыз тайпаның одағы еді, ал қытай жазбаларында теле деген атаумен белгілі. Түріктерге тілі ұқсайтын жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік-батыс сақтардың, үйсіндердің, қалылардың, фин-угор тайпаларының ұрпақтары және аварлар түрік қағанатының құрамына енді, ал енбегендері батысқа қарай қашты. Павольже, Адрантика теңізінің жағалауы мен Солтүстік Павольждағы көптеген ғұн тайпаларын өз ордасының қатарына қосып алған аварлар 558-568 жылдары Византияның шекарасына басып кіріп, Дунай алқабына өңірінің мемлекетін құрып, Орталық Европаның елдерін талай мәрте қаңыратып кетті. Ал орталық Е вропаға кеткен фин-угор тайпалары кейіннен венгер халқының қалыптасуына ықпал етті. [45]

         Отырықшы тайпалар байлығына ие болу үшін түріктер Орта Азияға қарай ұмтылады. Бұл арада олар қарауындағы жерлері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейін ссозылып жатқан эфталиттермен кездеседі. 561-563 жылдары түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрады. 564 жылы иранның тағы Хосроу Акумирвон, эфталиттерден аса маңызды стратегиялық Тохорстан облысын тартып алады. 587 жылы Бұхара түбінде түріктер эфталиттерден негізгі күшінің күл- талқанын шығарады. Иран мен Батыс түрік қағанатының саяси ықпал жасау аймақтарының шекарасы Амудария болады. [46] Түріктер мен олардың билігінде болған соғдылар Византиямен тікелей сауда байланысын орнатуға ынтызар еді. Иран бұған кедергі жасайды. 568 жылы соғды көпесі Мониах түрік қағанының елшілігін Констонтинопольге бастап барады, онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасады. Парсылар империя мен қағанаттың өзара одақ құруына мейлінше қарсы болады. Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын теңге салық төлеп тұрады, және олардың сауда –саттығына кедергі жасауды міндетіне алады. Осыдан кейін түрік әскері Аммудариянын арғы бетіне жетіледі. Бұл жәйт византия- түрік одағына әсер етеді. 571 жылы Истеми Терістік Кавказды алып, Баспарға шығады. Оның ұлы Түрік санф Кернтті басып алып, Қырым жеріне енеді, бірақ көп ұзамай Нарты аралдан кетіп қалады. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 жылы Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады.Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.  [47]

       Түрік қағанатындағы өзара қырқыс кезеңі (582-593) 603 жылы Батыс түрік қағанатының бөлініп шығуымен аяқталады, Шығыс Түркістанның қоғамды аймақтарынан бастап Аммударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейін созылып жатқан байтақ жер осынау Қағанат қарауына көшеді

      Ежелгі дәір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күре тамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Егер «Жібек жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ — ІІ мыңжылдықтарда басталған.

         «Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды.

         Орта Азия үшін VI ғасыр экономикалық және мәдени өрлеу дәуірі болады. Қалалар өсіп, баий береді, егін шаруашылығы, қол өнері мен сауда –саттық өркендеп, гүлдене түседі. Сол заманда соғдылар нағыз тәжірибелі және епті көпес-делдалдар қызметін атқарды. Олар ежелгі Ұлы жібек жолын пайдаланып, Қытай мен Жерорта теңізі арасында тиянақты байланыс орнатады. Бірақ сауда-саттыққа жужандардың қанталапай қарақшылығы, эфталиттердің ұдайы көршілермен үздіксіз жүргізген соғыстары кесірін тигізеді.     

         Эфталиттер мен Солтүстік Қытай патшалықтарын күйреткеннен кейін, түріктер саяси ғана емес, экономикалық құдыретке де ие болады, өйткені Батыс пен Шығысты қосып жатқан Ұлы Жібек Жолы солардың қолына келіп түседі.

        Орта Азияда керуендер тыныс алатын. Ең ірі аялдама- тасымал пукттің бірі Пайекнт болатын. Жол одан әрі Хорасан арқылы Рей мен Хамаданнан өтіп, Византия бекініс Несевия арқылы Сирия мен Константинопольға қарай кететін. Сауда-саттық қазандай қайнап жататын және тиімді болатын, бірақ шынайы шаруашылықпен күн көретін халық бұқарасына қызмет етпейтінтек сән- салтанат жихаз- мүліктеріне мұқтаж, әлеуметтік сатының биігіндегі бай-бағландарға қызмет ететін. Бірақ сауданың ең маңызды мүлік жібек болатын,      

    Ол Европаға Августтың заманынан бері түсіп тұратын. Византияның жібекке деген мұқтаждығы аса зортұғын, өйткені ол хан сарайы мен ақсүйектердің қажетіне ғана емес, түз тағыларымен қарым-қатнаста, мәселенікі көмекші әскер жалдаған кезде валюта есебіне пайдаланылатын.  [48]

        Юстинианның бүкіл әлемді билемек болған Византия үкіметін тіпті ағышын-сакс корольдіктерін де қоса, Европаның барша мемлекетерімен елшілік байланыс жасап тұруға мәжбүр етеді. Тарту- таралғыға, парамен сатып алуға, жауынгерлер жалдауға қисапсыз жібек қажет болды. Византия жібек үшін Европадан одақтастарды да, жалдамаларды да, кез келген товарды да, құлдарды да алып отырады. Византияда жібек алтынмен, асылтастармен бірдей бағаланатын. [49]

        Бірақ Византияны осынау аса бағалы матамен жабдықтайтын күретамыр Солтүстік Иран үстімен өтетін, сол себепті де сасанидтер үкіметі керуен саудасын бақылауды бір сәтте өз қолынан шығарған емес. Шикі жібектің басым бөлігін өңдеу үшін өздеріне алып қалып, ирандықтар өз бұйымдарын өздері қойған бағамен батыс елдеріне әрдайым сатып тұрүға зор мүмкіндік алған.                         

        Византия империясын әлсірету үшін парсылар, әлбетте тауар айналымын ұлғайтуға емес, Византиядан ақшаны саумалап неғұрлым көп алып, оны саяси жәнеәскери жағынан қылжыратпақ болып, жібектің нарқын қымбаттата түсуге тырысады. Тауар айналымын ұлғайтудың Иранға зәредей де пайдасы болмайтын, өйткені Византия жібектің бағасы қандай болған күнде де, оны Европа базарына қайта сатып, есесін қайтарып алар еді, бұл оның әскери күшін өсіре түсуге көмегін тигізеді. Сондықтан да парсылар жібек бағасын қымбаттатып қоймай, сол сияқты батысқа шығаратын жібектің санын да шектеп онымен сауда жасау ісін мұқият өлшеп қояды.

        Әрине, Византия бұл қиянатты жағдайға төзе алмайды, өйткені жібекке артық ақша төлеу арқылы ол өзінің ата жауы Иранды күшейтеді ғой. Көп соғыстың ара-арасында ес жиған кездері Констан тинопольдік патша сарайы ел ішінен мемлекет жауларының қолына қанша алтын зая кетіп жатқанын қынжыла отырып көреді. Бірақ экономикалық кіріптарлықтан құтылуға жасалған әрекеттен ештеңе де шықпайды. 531 жылы шамасында Юстиниан, Африка көпестері делдалдық роль атқарып, жібекті Үнді мұхиты арқылы тасу ісін ж?нге салса деген тілек айтып, Эфиопиямен келіспекші болады, бірақ парсылардың үнді порттарындағы ықпалының күштілігі сондай, эфиоптер олардан жібек сатып алудың монополиясын тартып ала алмайды, ал 532 жылы жасалған бітім сауда- саттықтың үйреншікті тәртібін қалпына түсіреді. [50]

          540 жылы Иранмен рада басталған жаңа соғыс Юстинианды арнаулы жарлықпен жібектің бағасын кемітуге мәжбүр етеді, бірақ парсы көпестеріне жібекті осынау бағамен саттыруға ешбір мүмкіндік болмайды. Соның салдарынан Сириядағы жібек тоқитын манифактуралар шикізат жетпей, тоққтап қалады. 570 жылы Ануширван Иеменді басып алып, Византияның Қызыл теңіз бен Үнді мұхиты рақылы шығысқа баратын жолын біржолата жауып тастайды. Тап сол кезде тарих ойнына жаңа кейіпкер- Түрік қағанаты шығады. Түріктердің алым- салық ретінде Қытайдан орасан көп жібек алатынын біз жоғарыда айтқанбыз.

          Эфталиттерді талқандағаннан кейін, соғдылар түркі ханының боданына айналды. Олар көтеген бері Шығыста да, Батыста да жылпос делдал және көпес ретінде әйгілі болғанды. Эфталит қожайындарын түркіттерге алмастырғаннан олар ұтпаса, ұтылған жоқ, себебі олар Азияның ішкі облыстарына ешбір кедергісіз және ештеңеден қауіптенбей-ақ бара беретін болады. Өздерінің басы артық жібектерін сатуға ұмтылған түріктер сияқты, жібекпен сауда жасау ісін мейлінше кеңейтуге соғдылар да мүдделі тұғын.

           Сонымен соғды көпестері эфталиттердің күйретілгенін өздерінің баюының басы деп есептегені әбден дұрыс еді. Шынында да Қытайға баратын жол ашық та қауіпсіз болатын, ол түркіттердің өздері тонап алған немесе салықтан түскен жібектерін қайда қоярын білмейтін, сол себепті де арадағы дәнекер- делдал бұрын болып көрмеген дәрежеде байып кете алар еді. Міндет тек жібекті Византияға жеткізу ғана, бірақ ол жөнінде парсы шахымен келісу керек. Істеми хан өз тарапынан жаңа бодандарының тілегін орындауға тырысады, себебі бұл оның көңілдес- жақындарының мүдделерімен келген. Сондықтан хан Маниах деген соғдының өзін Хосрой, Ануширванға, шалымды соғдылар қолында жиналып қалған мол жібек қорын Иран арқылы алып өтуге рұқсат сұрау үшін, өкілетті елші етіп жіберу  жөніндегі тілегін шын ықыласымен мақұлдайды. Елші тіпті парсы саудаға қатысу жөнін яғни жібекті сатып алып, оны Батысқа апарып қайта сатуға ұсыныс жасайды. Мұндай шараны жүзеге асырған күнде соғдылар тауар бағасы жөнінен аздап шығындалса да, оның айналымын молйтып, пайдаға шаш-етектен келер еді.

          Әлбетте, парсы үкіметі мұндай мәлімге көнбес еді, өйткені бүкіл жібек қорын Византияға өткізіп жіберетін болса, енді бірнеше жылдан кейін Ефрат бойында жалдамалы әскер қара құмдай қаптап кетер еді де, оған тойтарыс беруге күллі Иранның күш-қуаты жетпес еді. Ал , жібекті ел ішінде пайдаға асырайын десе, оған Иран жұртының сатып алу қабілетінің төмендігі бөгет болды. Иизантия императорының батыс саясатын жүргізу үшін жібек қалай қажет болса, парсы шахы жібекті сатып алып, өзінің шығыс саясатын жүргізуге қажет алтыннан айырылды.

         Одақтас ханы мойнына арта салған ауыр жағдайдан Хосрой құтылу жолын табады. Эфталит Катулфтың кеңесімен, әкелген жібектің ақысы төленеді де, ол табанда елшінің көзінше өртеледі. Бұл сағдыларға парсылардың кәзіргі қалыптасқан жағдайды өзгертуге жол бермейтін ін көрсетеді. Соғдылар дереу ханға келіп, арыздарын айтады, сосын хан бұл тартысты реттеуге белбайлайды. Ол Иранға түркіттерден құралған жаңа елшілікті жібереді. Бірақ бұл елшілер де құралақан қайтады. «Жығылғанға- жұдырық» дегендей түркі елшілері белгісіз бір аурудан қаза табады; олардың үшеуі ғана қайтып оралады.

         Бұл кезде Маниах, Иранмен жасалған одақты бұзып, Византиямен қарым-қатынас жасау жөнінде ханды азғырып қойған еді. Алайда жібекті Каспий теңізін айналып өтіп, Кавказ арқылы тасу әрі қымбат, әрі қауіпті болатын: түркіт найзагерлерінен қорқып қашқан угорлар көпестер керуенін оп-оңай тонап-талап, жусатып салар еді. Иран арқылы жол төте де жеңілтұғын. Сол себепті де Істеми хан егес-тартысты қару күшімен шешпекші болады. Ол елшілерге у беріп өлтіреді деп жариялап, жұрт көзіне кек қайтарушы болып көрінеді. [51]

          Өзі бастаған соғыстың қиындығын түсінген ханодақтас тапқанша асығады. Ол Константинопольге  сол  баяғы Маниахты бас етіп елшілер жібереді, оған император Юстинианмен сауда жөніндегі шарт қана емес, Иранға қарсы одақ жасауға тапсырма беріледі. Маниах Константинопольға Кавказ арқылы барады. Олонда дер кезінде келген екен. 568 жылы Лангобардтар Италияға басып кіреді, ал император Юстин ІІ естиярлықтанытып, юстинианның тұсында империяның қаржысын тауысып бітірген батыс саясатын жүргізуден бастартады. Оның үстіне Персияға қарсы соғыстың басталмауы мүкін емес, ендеше қуатты одақтасты елемеуге тағы болмайды. Сол себепті де император түркіт елшілігін зор ынта-ықыласпен қабылдайды, одақтастық ниетін дәйектеу үшін 568 жылы тамызда, кейін қайтатын Маниахпен бірге шығыс шахарларының қолбасшысы Земарх Киликийцті жібереді. Істеми хан византиялық елшіні жылы жүзбен қарсы алады және өз ойының шын екенін дәледеу үшін оны Иранға қарай беттегенәскермен бірге жүруге шақырады.

           Хостройдың соғысқысы келмейді. Таос өзені алқабында түркіт әскері парсы елшілігін кездестіреді, бірақ хан той кезінде Земархты парсы елшілерінен жоғары, құрметті орынға отығызады да, мұның көзінше аналарды ашықтан-ашық кінәлайды. Парсы елшілері Иранға соғыс хабарын алып, қайтып келеді. Осыдан кейін хан Зермахты жөніне жібереді, сөйтіп ол Константинопальға Маниахты баласымен және өкілетті елші – түркіт Тагма – Тарханмен бірге қайтып келеді. Маниахтың өзі бұл кезде дүние салған еді, ал бірақ Византия мен қанағат одағы өзін жасаушыдан кейін де өмір сүріп, Иранмен жауласу ісі сияқты, мұра ретінде Хазар хандарына ауысады, ал Иранға деген жаулық сезімі, парсы патшаларын араб халифаттары алмастырғанға дейін жалғаса берді.

         Соғыстан шығуына ресми себеп болған нәрсе – Істеми ханның, парсылар эфталиттерге беріп келіген алым – салықты енді мұның өзіне төлеуі керек деген талабы еді. Бұны шахтың қабылдамайтыны анық тұғын. Хан діттеген жеріне дәл соғады. Түркіт атты әскері Амудариядан жеделдете өтіп, Журжанадағы Сирдің бұрын парсылар қарауында болған қалалары мен порттарын басып алады. Бірақ парсылардың сонау V ғасыр эфталиттерге қарсы тұру үшін салынған шекаралық бекіністер тізбегі өте алмайтын бөгетке айналды. Шабул екпіні басылып қалады да, 569 жылы түркіттер Соғдианға қайтып келеді. Осы мен соғыс әрекеттері аяқталады, өйткені Істеми хан Шахиншахтың жақсы жаттыққан тұрақты әскеріне ұрынып, басын жарып алудан сақтанғанды. Византияның енді көп ұзамай Месопатамияда соғыс бастап, парсы әскерін қари әкететін білетін хан әзірше эфталиттер мұрасын бөлісу жөнінде келісуге тырысады. 571 жылдың шарты бойынша, Хосрой, Анушерван, Синдті, Бост, ар – Рохадж (Арахозия), Забулистан, Тохаристан, Дардистан мен Кабулистандарды алады. Бұған эфталид сұлтаны Фагониш – Чаганианның мұралық меншігі де парсыларға қарайды. Түркіттер еншісіне Соғдиана тиеді.

         Бітім шартын жасау Хосрой Ануширван үшін табыс болады. Біріншіден, ол патшалығының шекарасының шығысқа қарай өзінен бұрынғылардың бәрінен де алыс шепке жылжытады, екіншіден, ол армяндары көтеріліс жасап, грузиндері византиялықтарға беріліп, Арапстандағы эфиоптар белсенділік көрсетіп жатқан, ақырынды 572 жылы Византия әскері қаптап келіп, Низибті қамап алған батыс соғысына өз күшін босатып, жұмылдыруға мүмкіндік табады. Өзінің әбден үйретілген әскерін батысқа шұғыл жөнелткен Хосрой, соғыс әрекеттерінде тез өзгеріс жасап, 573 жылы Даруды алады. Шынын айтсақ, бұл жеңіске жеткен үшін ол ылажысыздан тоқтап қалған түркіттерге борштар болатын: түркіттер өзінің ата жауы аварлармен даланың Сабадан Донға кейінгі жерін басып алады да, Істемихан енді әскер бетін оңтүстіктен батыс?а қарай бұрады. Сонымен 567 және 571 жылдары арасында түркіттер бүкіл Солтүстік Кавказды қаратады да, Босфор маңындағы Византия империясының иеліктерімен барып шектеседі. Бәлкім олар өздерінің әрі досы, әрі кеңесшісі болып жүрген соғды көпестеріне жаңа керуен жолын ашқысы келген шығар. [52]

         Парсылар мен аварлар қысқаштай қысқан Византия ханымен одақтастыққа шап беріп, айырылмай қояды. Жақын жылдар ішінде түріктерге Евтихий, Иридон, Павел Кликкийский, Анангаст бастаған елшіліктер жіберіледі. Енді осынау одақ бекіп, батыс пен шығыс арасындағы көпір салынып бітетіндей болып көрінеді, бірақ оқиғалар басқа аранамен ағады.

         553 жылы Византияның өз жібек өнеркәсібі болады. Жібек құртының ұрығын, Прокопий Кесарийскийдің айтуынша, Константинопольға екі христиан сопысы әкелді, ал Феофон Византийскийдің сөзіне сенсек – бір парсы таяқтың ішін үңгіп, соған салып әкелген. Н.В.Пигулевская ол Соғды қалаларынан алынған деп шамаласа, Феофанға сілтеме жасайтын М.Е.Массон ұрық Журжаннан әкелінген деген пікір айтады. Жібек құртын өсіру Константинополь мен Бейрутте, Тир мен Антихояда дамиды. VI ғасырдың аяқ кезінде жібек сатып алу ісі Византия үшін бұрынғы мән маңызынан айырылады, сөйтіп түркіттердің жібек монополиясына ие болу жөніндегі үміті үзіледі. Бәсеке күшейгеннен кейін, олар жібек бағасын арзандатпай тұра алмайды, бұл саудадан түскен пайда азая түседі.

         Түрік қарым – қатынасының салқындауына жібек саудасындағы бәсекелестікпен бірге авар мәселесі де әсер етеді. 568 жылғы шарты бойынша Византия аварлармен бітімге келіп, одақ жасаспау туралы міндеттенген болатын, сол себепті де авар елшілгі Юстинге бітім жасауға және Паннонияны қаратып алуға рұқсат сұрай келгенде, олардың беті қайтарылады. Бұған қарамастан, аварлар Паннонияны басып алып, византиялықтарды жеңеді, олар сосын 570 жылға бітім жасауға мәжбүр болады.

         Саясат жағынан қайта топтасуға осынау екі жәйт жеткілікті болады. Түркіттер Еділ бойындаға жаңа бағындырылыған тайпалар арасында тұратын, олар осы уақытқа дейін түркіттер ауыр атты әскеріне тең келетін жау болмағандықтан да бағынған еді. Аварлардың аяқ астынан күшейіп кетуі түркіт қағанаттары жауларын, ең әуелі құтырғыларды өзіне тарататын орталыққа айналды, сөйтіп түркіттердің өзіне қауіп төнеді. Бірақ аварлар әлі де гепидтар мен, гректер мен соғысудан қолы тимей жатқан кезде және соғыстың қалай бітетіндігінің өзі күмәнді болып тұрған кезде, түркіттер әлсіз дұшпандарына көңіл аудармаса да болатын еді. Ал енді аварлар Византиямен бітімге келіп, бір қауіптен құтылып қуатты мемлекет құрып алған шақта, түркіттер бұған алаңдамай тұра алмады. Шынында да 576 жылы келеген Валентиннің елшілігі, бұрынғыға қарағанда, мүлде басқаша қабылданады.

         Елшіні сегіз елшіліктің біреуінің сұлтаны Турксанф қабылдайды (бұл кезде түрік мемлекеті ұлы ханға бағынатын сегіз еншілі аймақтан тұратын). Валентиннің сәлем – сауқат сөзіне ол былай деп жауап қатады: «әлгі он тілмен бір алдауды қолданатын рулар сенсіңдер ме?». Осынау сөзден кейін ол он саусағымен аузын басып, сөзін сабақтай түседі: «Менің мына аузымдағы он саусағым секілді, руымдық сізде де не көп – тіл көп, соның біреуімен сіздер мені, екіншісімен менің құлдарым вархониттерді алдайсыздар… Сіздердің патшаңыз менімен дос көңілден сөйлесіп алып, менің қожасынан қашқан құлдарым вархониттермен (ол аварларды айтады Л.Г.) келісім шарт жасаған үшін, тиісті кезінде жазасын тартады. Бірақ вархониттер түріктердің (түркіттер – Л.Г.) боданы ретінде менің қалған кезімде өзіме қайтып келеді… Румдықтар, сіздер осы менің Византияға баратын елшілерімді, маған: «осыдан басқа жол жоқ деп, неге тек Кавказ арқылы жүргізесіздер?» мұны сіздер ана жол қиын болғандықтан, мені Рум облыстарына шабуыл жасаудан бас тартады деп әдейі жасайсыздар. Алайда мен Данапр өзенінің қайда екенін, Истрдің қайта барып құятынын, Эврдің қай жермен ағатынан, әлгі вархонит құларымның қандай жолмен Рум империясына өткенін айдан анық білемін. Маған сіздердің күш – қуатыңызда белгілі. Күн шашырап шығатын жерден бастап, батыс шекетеріне дейінгі бүкіл ғалам маған бас иіп, тәжім етеді. О, бақытсыз байғұстар, ана алаң жұрты мен ұтырғырлар тайпасына қараңыз шы оларда бір кездері күш – қайратты бойларына симай құтырып, өз қуаттарына сеніп, жеңіліп көрмеген түрік халққына қарсы тұруға дәті шыдап еді, бірақ одан не пайда, жоқ үкіметке алданып, жер соғып қалды. Енді олар біздің боданымызда, құлақ кесті құладырымыз болып жүр. [53]

         Бұл текст бізге түркі саясатындағы бет бұрысты түсіндіреді, бірақ Менандрдың баяндауындағы Турксанф сөзінің дәлелі тіпті де толық емес. Дүниенің бәрінен құлақдар болып отырған Түрксанфтың, Византияның аварлармен бітімге келуімен себебі гректердің Дунай бойында қатты жеңіліп қалуымен байланысты екенін білмеуі мүмкін емес. Валентин мұны ақтау үшін дәлелді об – оңай – ақ табар еді, бірақ мұның орнына ол өзінің жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік беретін елші ережесінің Турксанфтың әкесімен ескі досы екенін т.б. еске алады. [54]  Қысқасы, ол өзін кінәлі кісідей көреді. Оның себептерін араб тарихшылары Табари мен Саалиби түсіндіреді. Хосрой Ануширванның соғыстарын сипаттай отырып, олар Византиялықтарға жорықтан қайтып келгеннен кейін, Хосройдың хазарларға барып (яғни батыс түріктерге – Л.Г.) олардың сазайын бергенін хабарлайды. Саалибиде бұл хабардың датасы жазылмаған, бірақ ол Антииохияны алғаннан кейінгі уақытқа қойылған; Табари болса, бұл арада оқиғаның мезгілін реттеп қоймай, баяндай береді. Шынында 575 жылы византиялық елшіліктерді түркіттер өте жақсы қабылдайтын, бірақ 575 жылы Иран мен Византия өзара бітімге келеді де, Хосрой босаған әскерлерімен өз жауларымен одақтастарын кеткен есебін қайтарады. Түркіттер болса 570 – 576 жылдар арасында солтүстік Каваказды бағындырудан қолы тимейді. Олардың жәрдемі мен Византия қойған Гуаран Багратид Картли тағына ие болады. (575 ж.) олар Византияға сеніп, ту сыртынан соққы тиеді деп ойламайды.

         Міне осындай ахуал тұрғысынан қарасақ Турксанфтың ашуланғаны түсінікті болады. Қатынастың үзілгені дереу іш жүзінде көрінеді. 576 жылы түркіттер ұтырғылардың қолдауымен Босфорды басып алады, «осы әрекеттен түріктердің (түркіттер) румдықтарға қарсы күрес жүргізіп жатқаны белгілі болады». Түріктердің шабуылы осымен тоқтап қалмайды. Олар бұзып – жарып Қырымға кіреді, бірақ шамасы одан тықсырылып тасталынған тәрізді. Бұдан кейін түркіттер Византияға Батыс Кавказ арқылы жетуге ұмтылады, алайда Солтүстік шекарасы Кавказ қырқасымен өтетін Эгриси хандығының қарсылығына ұшырайды. Олар сөйтіп, Кавказдың арғы бетіне өте алмайды да, 80 – ші жылдардың бас кезінде көптеген тұтқындарын қырып тастап, түркіттер кейін шегініп кетуге мәжбүр болды. Олар тек Солтүстік Кавказ жазықтары мен Дағыстанның Дербентке дейінгі тау бөктерлерін де бекініп қалып қояды. Византияға енді түрік қауіпі төнбейтін болды.

           Иранға жорық.   Соғыс қарсаңында. Өтірік көнгені үшін сый-сыяпат ретінде берілетін қытай жібегін соғды көпестері арқылы сатып, тек бөгетсіз баий беруі үшін ғана Қара-Сор Түрік бәсекелестерін өлтіріп, немере інісі мен оның қолдаушыларын- өз руластарының көзін құртады. Алайда баюдың бұл жолы содан он жыл бұрынғы, ұлы жанжалдың алдындағы кезден жіңішкеріп, тарыла түседі. Иран мен Византия қасарысқан бетінен қайтпай, қатал соғысты жүгізіпжатты, парсы шахы тым болмаса, басы артық бір керуенді Константинопольге өткізіп жібереді-деп тіпті ойлауға да болмайтын еді. Түріктер мен гректердің ресми түрде соғыс жағдайында болуы бұл ақуалды қиындатып жібереді. Рас, бұл соғыс 7 жылдан бері талас тарқан, бірақ бітім шартының болмауы елшіліктер алмасу ісіне бөгет жасады. Иранға қарсы соғыс әрекетін реттеп сәйкестендіріп отыру ісін қиыдатады. Ал одақтасу гректерге де, түркіттерге де қажет еді, өйткені екеуінің жауы да ортақ, мақсат-мүдделері де ортақ еді.

         Егер Иран бөгетін бұза алатын болса, жібек византия ақсүйектерінің шеберханаларына судай болып ағар еді, сонда герман конунгтер-Қолбасы көсемдерінен әскер жалдап алуға қаражат табылар еді де, бәлкім, Византия Европадағы жетекшілік рөлін сақтап қалар еді. Ондай  күн  туса, Соғдиана алтынға келер еді, түркілер арасында топтардың құрылу процесі жеделдеп, ел-феодалдық мемлекетке айналар еді, Фирдаусидің сөзімен айтсақ, Ираннан бітұтам балауыз ғана қалар еді. Ішкі дүлдалардың соғыс қағанат тәнін қаңырата жыртып жатқан кезде, Түркі хандары сыртқы саясатты белсеніп жүргізе алмайтын, ал бірақ тыныштық арнаса болды    ,«Жібек жолының» проблемасы бірден 1-ші орынға шығатын, сонымен бірге Византиямен келісімге келу қажетті пайда болар еді, өйткені өзара келісім жасалған әскери әрекеттердің сәтсіздікке ұшырайтыны күні бұрын белгілі болған.

    Ресми одақ құрылмайды, бірақ дәнекерші-делдал грузин патшасы Гуарам Багратид табыла кетеді де, соның көмегімен 589 жылы күллі иранға қарсы күштердің басы біріктіріледі, соның арқасында «жаулары Персияны садақтың екі басын қосатын адырна секілді тұйықтап тастайды.» [55]  Ойға алынған бұл әрекет тым қиын болса да, үміт үзу жөн еместі. Өзінің ұзақ тарихында Иран бірде күш-құдыреті артып, атақ-даңқтың асқарына шықса, енді бірде сол биіктен құлап, күл-паршасы шығып жатады. Оның VI ғасыр күші мен мүмкіншіліктерін тиісінше бағалау үшін, біз оның тарихын тым болмаса жеке жортып бір шолып шығуымыз керек.

         Ахеменидтер империясы тіпті зауалды  330 дейін-ақ естеліктің қалдығына айналады. Ассирияның дәстүр негізінде құрылған сол мемлекет тек тежеусіз әскери билік орнатуға ұмтылады, бұл тұрғыдан қарағанда, ол өзінен бұрынғы қандыжол мемлекеттен де асып түседі. Сонымен бірге өкіметті нығайту қажеттігі Ксеркс пен оның мирасқорларын Шахин шахтың діни басшы екенін мойындағысы келмеген басқа дінді ұстанушыларға да, сол сияқты Заратушыраның нағыз қайсар ізбасарларына да қарсы діни қудалауды (Ксеркстің девтерге қарсы жазуы) бастауға мәжбүр етеді. [56]  

         Саяси, идеологиялық және экономикалық түйіндер жыл өткен сайын шиеленісе береді, Сол себепті де аргироспидтердің күмістей жылтырауы азия халықтарына әуелгі сәтте ғасырлық езгіден азат етудің шұғылалы күніндей болып көрінгеніне таңқалуға болмайды. Бірақ көп ұзамай ұйымдасқан өктемдіктің орнын жүгенсіз зарлық басқаны, ал диадохтардың, пасаргадбилеушілерінен ешбір артықшылығы жоқ екні, бәлкім,тіпті олардан да жаман екені анықталады. Бірақ соған қарамастан, ескі тәртіпті ешкім де аңсамайды. Сириялықтар мен мысырлықтар гректерге бейімделіп алады, ал тізгінсіз топас билік аздырып-тоздыра алмаған шығыс иран халқы басқыншыларға қарсы күреске көтеріліп, оларды жеңіп шығады. Парфилип найзагер салттылар құрған болатын, сондықтан да ежелгі 7 румен бірге осынау 240 әулет текті бекзаттар қатарына қосылады. Өздерінің тосын жеңісін бекіту үшін, парфяндардың көп нәрсені гректкрден үйренуіне тура келеді, сөйтіп майдандағы айқаста жеңіліп қалған Эллинизм өздерін жыққан жеңімпаздар дүние танымына бойындағы бары мен нәрін дарытады. Олар налия мен геммаларға (безендірілген ою-өрнекті тастар)сүйсіне қарап, Платонды құмарта оқиды, Эврипид трагедияларын көріп, қол соғады, сөйтіп өз қамал-сарайларының ішіне кірісімен, қалың халықтың бұрынғы құлданушыларға деген өшпенділігін       «азат етушілер мен қорғаушыларына» қарсы бағыттанғысы келетінін ұмытып кетеді. [57]

          Әуелгі Сасанидтердің әскери жолы сәтті болады. Шығыста-Бехрудқа дейін Иран, Батыста-Ифратқа дейінгі Месопотамия, Солтүстікте- кавказдың Дербетке дейінгі арғы беті солардың қолдарына көшеді. Парсы патшалығы империяға айналады, бірақ оның құрамына кірген халықтар өздеріне тән қоғамдық құрлысын сақтап қалады. Дейлемнің таулық тұрғындары мен Иран араптары- өздерінің рулық көсемдерін Месопатамия қалаларының христиандық, еврейлік және гипостикалық қауымдары өзінің басқармаларын, ал армяндар шахин-шах қамқорлығындағы патша өкіметін сақтайды.

        Сасанидтер тұтас бір мәдени әлемнің көшбасшы болып шыға келеді, міне осы жағдай тепе-тең дәрежеде олардың күшінің де, әлсіздігінің де көзі болады. Бірінші жағынан алғанда, сасанидтер империясында сол заманның ірі мемлекетіне қажет шарттардың бәрі де: дамыған егін шаруашылығы мен жаяу әскер құрайтын азат шаруа қауымы, әскердің командалық құрамы мен әкімшілік сұрыпталып алынатын текті бекзаттар негізінен пәрменді атты әскерді құрайтын қалған ақсүйектер қауымы- бәрі бар еді. Шығыс Иран мен Ирактың көшпелі тайпалары мен мал шаруашылығының өнімдері мен көмекші жеңіл атты әскерді беріп тұратын, ал Дейлемнің батыр жаулықтары шахиншахтарға тек әскери олжа үшін ғана шын көңілден қызмет ететін. [58]            

         Ақырында айтарымыз, Месопатамия қалаларында қол-өнер мен сауда-саттық өркен жайып тұрған еді. Зейін-зерде саласы түгелдей парсылар қолында тұғын және дін қызметкерлері-мобеттер мен ханшалар арасында бөлінетін. Сырттай қарағанда, осының бәрі өте  жақсы көрінетін, ал шын мәнінде бәрі жаман болатын, өйткені бұл ахуалдың екінші жағы бартұғын. Шах өкіметін қоса есептегенде, осынау тізілген топтардың бәрінің бейбет жолмен шешуге келмейтін, ымыра-мәленні білмейтін, қарама-қайшы мүдделері болатын және Иранның сорына осы таптардың бәрі де өздерін- өздері қару күшімен қорғай алатын, құдірет-қуатты мол топтар еді.

        Шах үкіметі, әйтуір өкімет деп есептелсек жетті деп, сонымен шектеліп қалмай, қайта теңеусіз билік жүргізуге тырасады, демек ол ерте ме, кеш пе, байлығының демін қарбытып, қамтып алған, тәж-тақта бай бекзаттардың айтқанына көніп, айдағанына жүретін, дәрменсіз шахтыың отырғанына ынтызар ақсүйектермен ұстасып, тартысып қалуға тиіс болатын. Сосын зороастролық діни қызметкерлермен одақтасу, ол христиандарды гностикалық секта мәзһхабтарды, еврей қауымын діни қудалау саясаты деген сөз еді, ол халықтың тап осы топтары экономикалық жағынан бәрінен де мықты болатын, өйткені сада-саттық солардың қолында еді. Ақша алу жағынан да, оларды сырттағыбасты жауы-Византияға қарсы пайдалану үшін де маңызы бар одақ жасау үшін, индифферентизм- янтарлық және толық төзімділік позициясында тұруы керек еді, ал олай болса, зороастралық дін қызметкерлері қарсы шыға бастайды.Тау мен дала тайпалары сөз жүзінде шахтың айтқанынан шықпайтын, ал іс жүзінде толығынан тәелсіз болуға тырысатын, ендеше, олардан аздап та болса алым-салық жинау үшін, күш қолдану керекті. Қысқа қайырсақ алтын тақтан айырылып қалмауы үшін, бірде -бір  күшейіп кетпес үшін шахин шах ұдайы одақтастар іздеп, оларды ұдайы өзгертіп отыру қажет еді.

     Сонымен бірге жоғарыда айтылған топтар шах өкіметімен ғана емес, өзара күресіп те жататын. Христиандар от ғимараттарын бұзып, парсылар арасында Тауратты уағыздауға ұмтылатын және олар шахтың сол істі жасауға рұқсат беруін талап ететін. Жаяу әскерді құрайтын азат шаруалар ақсүйектерге өштұғын, тау тайпалары дала тұрғындарымен, парсылармен т. б.жауығып жататын. Міне, осындай көп топтардыбасқару үшін, шахтың өзінің күші мен қаржысы болуға тиістұғын, ал алғашқы кездері ондайы аз болғаннан кейін, тәж-таққа жиі-жиі Бахрам Гур, Болат, Джамаска сияқты ақсүйектер ұсынған қолжаулық билеушілер ие болады.

        Шахиншахтардың ішіндегі ең тамашасы Навад, маздақшылар қозғалысын қолдап, текті бекзаттардың өктемдігіне қарсы күресті ұйымдастыруға тырысады, бірақ ол көнекті қаршығаға айырбастап,қоя жаздайды, өйткені маздақшылар ақсүйектерді біраз сілкілеп алғаннан кейін, өздерінің мүддесі үшін өздегілердің бәрімен күресуге бел буған жаңа партия болып ұйымдасады.  Таққа Хосрой Нуширван келіп отырар алдында істің жалпы нобайы тап осындай еді. Ол өлер шақта осының бәрі түбірімен өзгереді. Егер Хосройға дейін жалпы иран мәдениетіне әр-алуан мәдениет типтерін механикалық түрде қоса салу ғана емес, оларды табиғи түрде игеру процесі ұдайы жүріп, ол бірегей мәдениеттің әралуан түрлерін жасаса VI орта кезінен бастап, сол баяғы бір диалектикалық процес келеғап құбылысты туғызады. Сол уақытқа дейін белсенді болып келген топтар жоғалып, аман сақталып қалған топтар сол жоғалғандар есебінен нығайып шыға келеді.

          Топ сол VI ғасыр орта кезінде сасанидтер монархиясының жойылуына әкеп соққан бетбұрыс байқалады. Біріншіден, уақытша болса да маздақшылардың жеңісі ақсүйектердің күш-қуатын әлсіреткені сондай, олар енді ешқашанда өздерінің бұрынғы жағдайын қайтарып ала алмас еді. Екіншіден, 531 жылы маздақшыларды талқандау азат шаруалардың дербес маңызын толығынан жояды, өйтекні олардың ең белсенді бөлігі террор кезінде қаза тапқан ьолатын. Үшіншіден, Анугизада көтерілісінің сәтсіздікке ұшырауы Ирандағы христиан қауымын біржолата қансыратып, есеңгіретіп тастайды да, сол кезден бастап Христиан шахиншахтың адал қызметтесіне айналады. Сол сияқты өздеріне екі рет ажал қауіпі төңіп келгенін (Маздақ пен Анумзададан) бастарынан кешірген зороастралық дін қызметкерлерінің, енді туралап  келген өлімнен өздерін тек қатал өкімет қана құтқаратынына көздері жетеді, Иранда дінді алмастыру ісіне өлім жазасына кесілу қатері негізінде, тыйым салынатына сәйкес, үкімет ұстаған позиция толығынан мобедтердің көңіліне қонады, өйткені анайы діндердің көшілігіне жат саналатын проземетизм- жаңа дінге иіруді уағыздау, зороастралық діни жүйеге де мүлде жат болатын.

          Дейлемиттер, армяндар мен арабтар Хосрой мен Хормизд патшалық құрып тұрған кездері өздерінің бұрынғы дербестігінің басым бөлігінен айырылып, мемлекет ішіне белсенді роль атқарудан қалған еді. Билеуші талантынан марқұм қалмағанын мойындасақ та, осының бәрі Хосрой Нуширванның айрықша домалағының арқасында жасалған еді оның себебі, шахишах ақырында қажетті күш пен құранды, яғни, әскерлерді өз қолына алғанды, бұрын-соңды, мұндай сапалы әскер бұрынғы парсы патшаларының бірде-бірінде болмаған еді.

       Жаңа жол жасақтар емес, кәсіби армия болатын. Ол заманда соғыс тағдырын атты садақшылар шешетін, ал кезелгенін мүлт келтірмейтін мергендігі кісіге көп жылдық жаттығулар арқасында ғана келетін. Үздіксіз жаттығулар мен жиілеткен жорықтар талапты жастарды тәртіппен, жолдастық рухымен берік топтасқан соқа сарбаздарға айналдыратын. Осы күшке табан тіреп, Хормизд шах дәулетті бекзаттарға қарсы күрес ашады.     

          Византия Иранға қарсы 589 жылы жазында Иранның жағдайы қатты шиеленісіп кеткен еді. Батыс шекарада Византиямен бітпейтін соғыс жүріп жатқан. Содан біраз уақыт бұрын ғана Мартиропольді жаулап аған парсылардың кейбір табыстарына қарамастан, Назибия маңындағы Сисавран түбінде жеңіліп қалғаннан кейін, олардың халі нашарлай түскен.Византиялықтар Мартиропльді қоршауға алып, Мартипольдің шығысындағы Нимфия өзені бойындағы Онба бекінісін бұзғанды. Сол кездері баябан шөлден 2 арап майысы- Қисық, Аббас пен Көккөз Әмір шапқыншылығы басталған. Олар Ефратқа дейінгі елді жағалай талап-талап, өткен-кеткен керуендерден баж алым-салығы түсетін баждарды жыпылдап құртқанды, мұның ауытпашылығы сәіресе парсыларға қатты батқанды.

           Бір мезгілде «Хазар жолымен» яғни Дарьял шатқалы арқылы Армения мен Азербайжанға түрік-хазар әскері болса-көптеп кірсе, шығыстан «Қытай түріктерінің» басышы, иран шахы Хормиздің ағасы Саве шах жортуылға шыққанды. Одақтастар,тегі, Иаранда саяси дағдарыс болатынын сезген тәрізді. Шахиншах Хормизд  өзі патшалық еткен уақытының көбін ақсүйектермен күреске арнайды, жазаланған адамдар саны қыруар-13 мыңға жетеді. Ирандағы ақсүйектер әскери ілікке жататын болғандықтан да, әскердің командалық құрамы жазаланған кісілердің тысқандраынан іріктеліп алынатын, ендеше әскердің соғысу қабілеі әлсіреп, мемлекет шекарасының бұрынғыдан нашар күзетілетіні түсінікті болса керек. Фирдауси, Хормизд ел халінің мүшкіл екнін айтатын кеңесті сипаттағанда, төтенше бір қиын жәйттің суретін салады: Марзбаны еңкейіп барып., «Біздің бәріміз жиналып мобедке тұрмаймыз, ал сен мобедтер мен хатшыларды өлтірдің, сөйтіп, заң мен дінен қиғаш кеттің»- дейді.// 

        Алайда аман қалған мобед аса қажет ақылды айтады. Ол дереу даулы облыстарды беріп, Византиямен келісімге келуге, ал арабтарға азық-түлік жіберіп оларды шегіндіріп тастауға ұсыныс жасайды. Олжаға батқан Хазарлар талап алған заттарынан айырылып қаламыз ба деп қорқып, парсылардың алдарына түсіп, өздері-ақ қаша жөнеледі. Жалғыз ғана қаіпті жау- ол Сове-шах: «Түрік Жойқынның арғы жағынан келсе, онда мүдіруге болмайды.» [58]    Хазарлар көрші елдерге шабуыл жасап отыратын, тіпті Дайнаверге дейін жетіп, оған ашуланған Набада (Навада І, Парсы ханы 488-531 ж.ж) Фируза ханының ұлы, оған қарсы 12 мың әскері бар жасақ жібереді. Ол Аррон территориясына жетіп, ар-Рас және Ширван өзенінің арасына енді. Оның артынан Набад та енді. Ол Арранда Байланак және Бердаа қаласын құрды. Әлемнің ең басты қаласы. Набалу қаласы- Хазар қаласы еді. Ануширван (Хосров І Ануширван, Иран ханы 531-579) Арменияның барлық территорияларын жаулап алып, көптеген қалалар орнатты.Ануширван түрік ханына хат жібереді, онда бейбітшілік жөнінде. Хат арқылы оның қызын әйелдікке сұрайды. Түрік өз қызын Ануширванға келіп, одан өзі де келді. Олар Баршалиде кездесіп көп тойлады. (одан кейін Ануширван түріктердің сұрайды) « Екі ел арасында қоршау орнатқан дұрыс, себебі рұқсатсыз ешкім-ешкімге кірмеу үшін» — дейді Ануширван. Қоршауды Ануширван орнатты. Мұхит жанында қоршау таулы болды, ені-300 шынақтай, Ануширван темірден қамал жасады. [59]

     Ғұндар, хазарлар, аварлар, түріктер, мадьярлар, печенегтер, оғыздар, қыпшақтар, моңғолдар,  қалмақтар өздерінің Қазақстан жері арқылы батысқа жаппай жылжуында өздерін қалдырды.

      Түріктер, эфталиттер, аварлар жөніндегі бірден-бір дерек көзі Менандр Протектордың (VIғасыр) еңбегінде сақталған. Менандр түріктер жайлы көптеген құнды мәліметтер қалдырып кетті. Менандрдың Византияға барған соғды көпесі Маниахтың және Земарх елшісінің елшілік сапарлары туралы жазған мәліметі өте қызықты. [60]

         Феофилокта Симокат (VII ғасыр) түріктер жөнінде бірнеше дерек келтіреді.Мысалы, түрік қағанының Византия императорына жазған хаты (598ж) Феофан Исповедник «Хронография» деген еңбегінде (810-814ж.жазылған) бұлғарлар, хазарлар және түріктер жөнінде өте жақсы жазып қалдырады. Барлық хронологиялық уақыты өте дәлдікпен берілген. [61]

        Қорыта келгенде айтарымыз, Еуразия даласында  бүгіндегі тәрізді саяхат жасау сауда қылу, дипломатиялық сапарлар адамдардың алыс қиырларға қоныс аударылуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын айқындала түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуында қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмытылған. Солардың бірі-«Ұлы Жібек жолы» болып табылады. Осынау Ұлы Далада өшпес іздерін қалдырып, аттарын Қытайдан Европаға дейін паш етіп тұркілер терең тарих қойнауына кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

            УІ ғ. аяқ кезінде Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған десек, осы бір елдер тарихының қысыл-таяң жәйттері, біз сөз етіп отырған кезеңде түрік мемлекетінің тағдырымен байланысты болғаны өзінен-өзі түсінікті. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды, өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен қиыр шығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді.      Шетсіз-шексіз далалар мен заңғар таулар шығыс пен батыстың қарым-қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, темір үзеңгіні жасау және арба орнына теңдеу әбзелдерін ойлап табу керуендердің шөлдер мен асулардан көп қиналмай, оңайырақ өтулеріне жағдай жасады. Сол себепті де, УІ ғасырдан бастап қытайлар Константинополь базарының нарқымен санасуына, ал Византиялықтардың қытай патшасы найзагерлерінің санын есептеп отыруына тура келді.

       Міне осындай қал-ахуалға ұшыраған түріктер тек арадағы дәнекер рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге өз мәдениетін де дамытып, оны Қытай, Иран, Византия, Үндістан мәдениетіне қарсы қоюға болады деп есептеген.

       Қазіргі уақытта көне түрүктердің көркем өнері жөнінде көп жаңалықтар айтылуда. Түріктердің қоғамдық тірлігі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, еншілік – таспиқтық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік үрдісі, сол сияқты көрші елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады.

       Жұңғо жылнамаларының айтуынша, батыс түрік қағандығының Орта жазықтағы Сүй, Таң патшалығымен қарым-қатынас, барыс- келісі жиі болып отырған. Тіпті одақтық және бағыныштылық байланыс орнатысқан кездері де болған. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас батыс түрік қағандығының шығыс түрік қағандығынан бөліну қарсаңында-ақ басталған еді. 581 жылы Сүй патшалығының патшасы У-ди өз елшісі Июан Жуңды бәрі бас ту көтеріп, бірге (аратүрікке) жіберіп, батыс түріктің Дарту қағанымен байланыс жасап, сәлем-сауқат жолдаған. Бұдан соң Дарту қаған да Сүй патшалығына елші жіберген.

       584 жылы батыс түріктің Дарту қағаны өз адамдарын бастап Сүй патшалығына барып жолығып тарту тартқан. 586 жылы Сүй патшалығы батыс түрік қағандығына күнтізбе тарту еткен.

   Жоғарыда айтылған жәйттерге қарамастан, көне түріктер қоғамы түскен жол құрып бітудің жолы болатын. Өйткені даланың өзінде және оның шекараларында туған қайшылықтар икемге, игеріп алуға келмейтін қайшылықтар еді.

        Сын-сынақ сағаттарында түз халқының басым көпшілігі хандарын қолдап-қоштамай қойған, міне бұл 604 ж. қағанаттың Батыс және Шығыс қағанаттары болып бөлінуіне, 630 және 659 ж. оның дербестігін жоюға (бірақ ол 679 ж. қайта орнатылды) ал, 745 ж. халықтың құрып кетуіне әкеліп соқты. Әрине, бұл сол халықты құраған адамдардың бәрі түгелдей қырылып қалды деген сөз емес. Олардың бір бөлегі даладағы өкіметті билеп қалған ұйғырларға бағынса, көпшілігі шекарадағы қытай әскерлерінің арасына барып бой тасалады. 756 ж. осынау соңғылары Таң әулетінің императорына қарсы көтеріліске шықты. Түріктердің қалғаны, өзге көтерілісшілермен бірге оған белсене қатысты да, кейін қырып салынды. Бұл халықтың да, сол дәуірдің де шын мәніндегі ақыры біткен жері болды. 

         Дегенмен, бүгіндегі тәрізді саяхат жасау сауда қылу, дипломатиялық сапарлар адамдардың алыс қиырларға қоныс аударылуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын айқындала түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуында қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмытылған. Солардың бірі-«Ұлы Ж»бек жолы» болып табылады. Осынау Ұлы Далада өшпес іздерін қалдырып, аттарын Қытайдан Европаға дейін паш етіп түркілер терең тарих қойнауына кетті.  Алайда, артына бай мұра қалдырды.  Бізге қалдырған ең қымбат мұрасы ежелгі түркілер мекендеген, алып держава құрған киелі, құтты туған жеріміз-қасиетті Қазақ жері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә д е б и е т т е р    т і з і м і

 

1.Бичурин  Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. т. І-ІІІ. М., 1950.

2.Қазақстан тарихы т. І. Алматы 1996., 505 — бет.

3.Гумилев Л.Н. Византия түпкі материалдарының негізінде Бірінші түрік қағанатындағы ұлы жанжал,- Византийлік шежіре, 20 том, 1961. 97-бет.

4.Гумилев Л.Н.  Көне түріктер. Алматы 1994.

5.Бернштам А.Н. Салидный социальный строй орхоно-енисейских тюрк УІ-УІІІ в.в. М-Л; 1946. 87-бет.

6.Кюнер Н.В. Оңтүстік Сібір, Орталық Азия және Қиыр Шығыс халықтары жөніндегі қытай хабарлары. М., 1961. 85-б

7.Зуев Ю.А. К этнической историй усуней. //Известия. А.Н.КазССР; 1960, С. 4

8.Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л., 1951, С.78

9.Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунический памятники как источник по историй Средней Азии. М., 1964ғ С.185

10.Гумилев Л.Н. Хунну. М., 1960. С.197

11.Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т.І-5, А., 1984-1985.

12.Қадырбаев М.К. Древняя  культура Центрального Казахстана. А., 1966. 17-20 б.

13.Кляшторный С.Г., Сұлтанов Т.И. Казахстан. Летопись трехтысячилетии. А., 1992. С.181

14.Мұхамедханұлы Н. ХУІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары (ХУІІІ ғасырдың 2-жартысы – ХХ ғасырдың басы). –Алматы: Санат, 1996. – 128 б. //78,85-93 б.

15.Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.

16.Қинаятұлы З. Жылыған жылдар шежіресі (Тарихи көркем публицистика). – Алматы: Мерей, 1995. – 297 б.

17.Иностранцев К.А. Хунну және ғұндар. Л., 1926. Гумилев Л.Н. Хұндар. А.,1998.76 б

18.Шан Юэ, Қытай тарихының очерктері, М., 1959.

19.Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л., 1951, С.78

         Гумилев Л.Н. Түріктердің УІ-УІІІ ғасырлардағы үлесті-сатылы жүйесі          (мемлекеттіліктің ерте түрлері жөніндегі мәселеге), — Советтік этнография, 1959, №3.

20.Махаева А.Ш.  Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2000. 8-9 б

21.Марғұлан А.Х. Қазақ киіз үйі мен оның жабдықтары, — “Антропологиялық және этнографиялық ғалымдардың УІІ Халықаралық конгресі”, М., 1964.

22.Мелиоранский П.М., Күлтегінге арналған ескерткіш, СПб., 1899.

23.Корш Ф.Е., Түрік тайпаларының ең көне халықтың өлеңі, СПб., 1909.

24.Гумилев Л.Н. Маршак Б.И. Хван М.Ф. Көне түріктер жөніндегі талас,-“Бүкілодақтық географиялық қоғамның этнография жөніндегі баяндамалары”, №1 (4), Л., 1965. Иностранцев К.А. Хунну және ғұндар. Л., 1926.

25.Грумм-Гржимайло Г.Е., Тарихи мерзім аралығында Орталықтағы Азияда шөл далалардың өсіп, жайылымдықтар мен мәдени егістік жерлердің құрып кетуі, — “Мемлекеттік географиялық қоғамның Хабарлары”, 65-т., 1933, 5-шығ. 26. Гумилев Л.Н., Тибеттің көне тарихындағы аңыздар және шындық — “Әлем мәдениеті тарихының хабаршысы”, 1960, №3.

  1. Григорьев В.В. Шығыс немесе Қытай Түркістаны, СПб., 1873.
  2. Лубо-Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь. //Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. 1956, №1, 33-б. Гумилев Л.Н. Түріктердің УІ-УІІІ ғасырлардағы үлесті-сатылы жүйесі (мемлекеттіліктің ерте түрлері жөніндегі мәселеге), — Советтік этнография, 1959, №3.
  3. Ма Юн. Шелковый путь в Востока на Запад. // Курьер ЮНЕСКО, 1984, июль. 22-б.;
  4. Гумилев Л.Н. Н.Я.Бичуриннің еңбектеріндегі Әлемдік тарих жағдайынан алғандағы қытайдың хронологиялық терминологиясы — Чебоксары 1960. 64-бет. 31. Гумилев Л.Н. Хунну. М., 1960. С.197
  5. Григорьев В.В. Шығыс немесе Қытай Түркістаны, СПб., 1873.
  6. Қинаятұлы З. Жылыған жылдар шежіресі (Тарихи көркем публицистика). – Алматы: Мерей, 1995. – 297 б.

34.Меликюв А.М. Тюрки  в среднеазиатском междуречье в У1-У111 вв. (по археологическим и писменным источниками). Авто реф. С., 2001. Стр. 11-13. 35.Акишев К.А., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алма – Ата, 1972. Стр. 82.

36.Байпаков К.М. Некоторые вопросы изучения средневековых городов Южного Казахстана // Новая АН КазССР. Серия «Общестенных наук». А., 1975. № 5, стр. 32.

  1. Кляшторный, Султанов С.Т. Летопись трехтысячилетии. Стр. 106-108

38.Наршахи. История… стр. 21-24.

39.Смирнова О.И. Очерки    стр. 94.

40.История Туркменской ССР. Ашхабад, 1957. Т-1. Книга 1. Стр. 117-120

41.Джаликов А. Соц…. Стр. 19-21.

42.Руденко С.И. К вопросу о фермах скотоводческого хозяиство и кочевниках // Теоретическое общество СССР. Доклад по отделу этнографии. Вып. 1. 1967. Стр. 6.

43.История Таджикского народа. Дуушанбе, 1975. Стр. 150-160

44.Исторрия Узбекского ССР. Стр. 159

45.Культурные связи народов Средней Азии и Кавказа. М., 1990. Стр. 17-38

46.Табари // История Узбекистана в источниках. Часть 2. Т., 1986. Стр. 64

47.Бернштам А.Н. Согдинская… стр. 34-36

  1. Кляшторный, Султанов С.Т. Летопись трехтысячилетии.

49.Гумилев Л. стр. 4-5

50.Артомонов М.И. Хазарлардың ежелгі…

51.Нұртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана. А., 2000. Стр. 23-24

52.Гумилев Л.Н.

53.Байпаков К.М., Нуршанов А. Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан. А., 1992.

54.Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории тюркских народов Средней Азии.Т 5. М., 1968

55.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А., 1994

56.Кляшторный, Султанов С.Т. Летопись трехтысячилетии.А., 1992

57.Қазақстан тарихы. Т 1. А., 1996

59.Белазури. Китаб фузунии булдан (Книга завоевании стран)

60.Маликов А.М.  Тюрки в среднеазиатском междуречье вҮІ-ҮІІІ вв.