АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Фирманың бағалы қағаздар портфелінің табыстылық деңгейiн жоғарылату жолдары

Мазмұны

 

 

Кiрiспе………………………………………………………………………………………………5

        

 

         I бөлiм. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ және оны басқарудың теориялық аспектілері……………………………….8

1.1. Шаруашылық субъектісінің қорларының қайнар көздерінің құрылуы……………………………………………………………………………………….8

1.2. Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары және ішкі қаржыландыру әдістері……………………………………………………………….10

1.3. Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік саясат………………………………………………………………………………………….13

1.4. Шаруашылық субъектісінің қаржы көздерінің ұтымды басқару жүйесі…………………………………………………………………………………………17

 

II бөлiм.  ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН және қаржы ресурстарын пайдалану жағдайын талдау………….25

  • Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiн талдау………………………………………………………………………………………..25
  • Шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды тиiмдi пайдалануды талдау…………………………………….33
  • Шаруашылық субъектісінің маржинкалды табысты талдау………………………………………………………………………………………..48

 

III бөлiм.  ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ табыстылық  деңгейiн жоғарылату жолдары……………………62

  • “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттерін және табыстылық де гейiн жоғарылатудың мәселелерi мен перспективалары……………………….62
  • “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттік саясатын және табыстылық деңгейiн жоғарылату жолдары……………………………………………………63

 

Қорытынды………………………………………………………………………………….65

Пайдаланған  әдебиеттер…………………………………………………….66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко­но­микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.

Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты  Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо­микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай­тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік­тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес­керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле­мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].

Өндiрiстiк  өткiзу  жабдықтау және  қаржылық қызмет салаларынан кәсiпорындардың қаржы нәтижелерi туралы көрсеткiштер жүйесi аяқталған ақшалай бағалауға ие болып отыр. Қаржы нәтижелерiнiң аса маңызды көрсеткiштерi қаржы нәтижелерi туралы есепте айқын берiледi.

         Қаржы нәтижелерi көрсеткiштерi кәсiпорын шаруашылығының абсолюттi тиiмдiлiгiн көрсетедi. Белгiлi уақыт мезетiндегi ағымдағы қаржы нәтижелерiн көрсетудiң маңызды формасы кәсiпорын табысы болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң N5 стандартына сәйкес “Табыс – бұл  активтердiң көбеюi немесе мiндеттемелердiң азаюы”.

         Бүкiл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәлiметтер қаржылық есептiң маңызды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Қазақстандық есеп стандарттары бойынша бұл  мәлiметтер “Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiнде” қамтылған. Табыстылықтың өзiн-өзi қаржыландыру, ұдайы өндiру, еңбек ұжымдарының әлеуметтiк мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Табыстың есебiнен банк, бюджет, басқа субъектiлер алдындағы мiндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық көрсеткiштерi кәсiпорынның өндiрiстiк қаржы қызметтерiн бағалаудағы аса маңызды көрсеткiш болып табылады. Ол оның iскерлiк белсендiлiгiнiң және қаржы тұрақтылығының дәрежесiн сипаттайды. Табыстылық көрсеткiштерi арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейi және кәсiпорын активтерiне салымдардың тиiмдiлiгi анықталады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты — “Оңтүстiк Құс” Ашық Акционерлiк Қоғамының қаржы нәтижелерiн  талдау.

Дипломдық жұмыста қаржылық тұрақтылықтың өзектi мәселелерi қарастырылған.

Шымкент құс фабрикасы Шымкент қаласы және жақын аудандардын құс және құс өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында 1963 жылы құрылған.

²Оңтүстiк Құс² Ашық Акционерлiк Қоғам Шымкент қаласын және облыс көлемiн құспен және құс өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында, “XXI- партсъезд” атындағы совхоздың құс фермасы негiзiнде құрылған.

         Ол Шымкент қаласының солтүстiк-батысындағы 12 шақырымында орналасқан. Бастапқы құрылысы 80 мың бас құс; аналық бастар цехы 10 құсханадан (жерде ұсталынатын), жас балапандар цехы 5 құсханадан құрылған ал, балапан ашып шығаратын инкубация цехы 1962 жылдың наурызында iске қосылды.

         Екiншi кезектегi құрылысын: 12 құсханадан тұратын өндiрiс, 11 құсханадан тұратын жас балапандар цехы және қосымша цехтар (жұмыртқа қоймасы, құс сою цехы, жем қоймасы) 1967 жылы салынып бiттi. Жылдық өндiрiсiнiң көлемi 50 мың дана жұмыртқа өндiруге есептелiнген, құрылыс жұмыс күшi 250 мың бас орташа мекиен құс басын құрады.

1978 жылдан бастап бiрнеше жылдан берi фабрикада қайта құру жұмыстары iске асырылып жатыр. Құсханалар қайтадан құрылып, кеңейтiлуде және құс бастарын көбейту мақсатында инкубатор цехында жем қоймасындағы жабдықтар қазiргi заман талабына сай жабдықтар мен ауыстырылып жатыр.

1980 жылдан бастап бiрнеше жылдар аралығында фабрикада көптеген өндiрiс объектiлерi жөндеуден өттi. Жаңадан жылыту цехы, витаминдiк шөп ұнтағын шығаратын цех, ет-сүйек ұнтағын және жұмыртқа ұнтағын шығаратан цехтар салынып, iске қосылды.

Табиғи газбен жұмыс iстейтiн жылыту қазаны құрылып, iске қосылды. Лаборатория жаңа жабдықтармен жарақтандырылған. Сонымен бiрге жұмыртқа салатын қорап жасау цехы, жұмыртқа ұнтағын дайындау цехы, витаминдi шөп ұнтағын дайындау және ет-сүйек ұнтағын дайындау цехтары да осындай жабдықтар мен жабдықталған. Фабрикада тұрғын үйлер қажеттi газбен, су, электр жарығымен қамтамасыз етiлген.

Құсханалар құрылды және кеңейтiлдi, құстарды өсiру және ұстау технологиясы тереңдетiлдi. Сонымен қатар, әлеуметтiк-мәдени-тұрмыс объектiлерi де шетте қалған жоқ-ол 350-ден аса пәтер, “Птицевод” мәдениет сарайы, медициналық стационар, монша-сауна, шаштараз, сауда орны, асханамен бiрге нан жабу цехы, мұсылмандар мешiтi және христиандар шiркеуi ашылды.

         1990 жылдан бастап, құс шаруашылығына қажеттi ең жаңа заманға сай техника мен технологиялық жабдықтарға қол жеткiзумен қатар әлемге әйгiлi Еуропа және Америка шет ел фирмалармен серiктестiк тығыз қарым қатынас орнақты. Көне жыбдықтардың орнына: 6 құсханаға Германиядағы “Меллер” фирмасының жаңа заманға сай автоматтандырылған жабдықтары Бельгияның “Петерсим” фирмасының инкубаторы құрылып және Исландияның “SILFUTUN” фирмасының жабдықтармен жаңартылған жұмыртқа салатын қорап жасау өндiрiс бойынша қазiргi цехтар жұмыс жасауда. Сонымен бiрге Голландияның “Мейн” фирмасынан шұжық жасау цехының жабдықтары мен осы фирманың тез мұздататын агрегат тоңазытқыштары бар.

АҚШ, Ресей, Үндi өндiрiстерiнiң жем құрамын жылдам, тез арада анықтайтын жабдықтары және АҚШ-тың “Элиза-тест” өндiрiсi сияқты таптырмайтын ерекше жабдықтармен ветеринарлық және зоотехникалық зерханалары қамтамасыз етiлген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлiм.  ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ және оны басқарудың теориялық аспектілері

 

1.1. Шаруашылық субъектісінің қорларының қайнар көздерінің құрылуы

 

       Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шарушылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.

       Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуымен, өндірістік-шарушылық қызметін қаржыландыруға шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

       Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралың заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі – жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктерінің мынадый нысандары белгіленген:

  • толық серіктестік;
  • сенім серіктестік;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  • қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
  • акционерлік қоғам;

    Толық серіктестіктің  пайдалы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді, сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

       Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республмкасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттары тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым (тұлға) акционерлік қоғам деп танылады.

       Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандағы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды тартумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акцичлар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), лоардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді. Акционерлеу механизмі «Қаржы рыногің тарауында неғұрлым тоық жазылған.

     Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады.Бұл секторға кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:

  • шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
  • жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар.Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:

  • республика меншігіндегі кәсіпорындар – республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
  • коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;

      Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Жедел басқару құқығындағы  мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Еншілес кәсіпорын- өз мүлкінің есебінен басқа мемлекетік кәсіпорын құрған заңды тұлға.

Экономикалық кооперативтік секторы  бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының біріболып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.

 «Өндірістік кооператив туралың заңда өндірістік кооператив  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.

Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік еооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай  өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.

   Тұтыну кооперативі  сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады.

   Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері- ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түрі болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.   

Корпорация қорларының, яғни ақша қорларының пайда болуы шаруашылық субъектісі пайда болғаннан бастап іске асады.  Осыған сәйкес кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын қалыптастырады.

Жарғылық капитал дегеніміз – корпорацияның жекеменшік қорларының негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай көрінісі.

Корпорация қорларының қайнар көзінің біріне қосымша капиталдар кіреді. Бұл қор негізгі қорларды қайта бағалау

Нәтижесінде мүліктің құнының өсуінің есебінен, эмиссиялық кіріс /акцияның номиналды бағасынан сату бағасының жоғарылауы/ және тағы басқалар есебінен құрылады.

Корпорация қорлары жалпы ішкі және сыртқы көздерден құрылуы мүмкін. Корпорация қорларының ішкі көздерден құрылуы корпорация түсіміне, яғни пайдасына байланысты болады. Ал түсім корпорацияның кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінде пайда болады:

  • өндірілген өнімді өткізуден түскен кіріс;
  • қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындаудан түскен кірістер;
  • мүліктерді қолданудан түскен кірістер;

Бұл кірістер корпорацияның есеп айырысу шотында көрсетіледі. Түсім бұл ең алдымен өндірістегі шығындарды жабудың қайнар көзі болып табылады. Түсімнің пайдадан айырмашылығы ол салық және басқа да шығындарды шегермеген кездегі жалпы пайда. Ал пайда корпорацияның шаруашылық қызметінің  соңғы мақсаты және нәтижесі болып табылады.

Пайдадан барлық салықтар ұсталынған соң, ол корпорацияның өзінің игілігіне жұмсалады. Пайдадан резервтік капитал және тағы басқа резервтер мен тұтыну және жинақ қорлары қалыптасады.

Резервтік капитал – бұл кәсіпорынның кейбір жағдайларына байланысты құрылған ақша қорлары. Бұл кәсіпорын банкроттық жағдайға душар болса, немесе төтенше жағдайлар және т.б. жағдайларға арналған капитал. Корпорацияда резервтік капиталдың болуы корпорация қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтудың маңызды шарты болып табылады.

Жинақ қоры — өндірісті дамытуға бағытталған ақша қорлары. Бұл қорларды пайдалану кәсіпорын  даму саясатымен тікелей байланысты.

Тұтыну қоры — әлеументтік қажеттілік, өндірістік саладағы емес объектілерді қаржыландыру және т.с.с. бағытталған ақша құралдары.

Валюталық қор – бұл корпорацияның даму саясаты  үшін өнімдерді экспортқа шығару нәтижесінде валюталық түсім алу мақсатында корпорацияларда қалыптасады.

Осындай жоғарыда аталған қорлардың нәтижесінде корпорацияның даму саясаты қалыптасады.

 

 

1.2. Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары және ішкі қаржыландыру әдістері

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы ретiнде ғана қарастырып қоймайды,сонымен бiрге мақсатты ақша қорлары түрiндегi олардың материалдық iске асуын баса көрсетедi.Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесi болып келедi.Олардың қалыптасу көздерi ж/е қорлардың өздерi бұл көздердi бiрiктiрушi ұлттық шаруашылықтың тиiстi буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек,қаржы ресурстары-бұл жалпы iшкi өнiм құнының бiр бөлiгiн,атап айтқанда,ақша нысанындағы таза табысты бөлу ж/е қайта бөлу процесiнде жасалынатын мемлекеттiң,шаруашылық жүргiзушiсi субъектiлердiң ж/е халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары,олар ұлғаймалы ұдайы өндiрiс пен жалпымемлекеттiк қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге арналған.

Қоғамдық жалпы өнiм мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуiнiң басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негiзгi орынды таза табыс (пайда,қосылған құнға салынатын салық,ақциздер,кеден төлемдерi,Қоғамдық мүдделерге төленетiн жарналар нысанындағы) ж/е амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар.Қаржы қорлары (қорланым,босалқы қор)- қаржылық әдiспен қалыптастырылған,белгiлi бiр қажеттiлiктердi қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.

Бiрiншiден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздрiн,шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мұндай қаражаттарды жасау мүмкiндiктерiн түсiнедi

Екiншiден, қаржы ресурстары-бұл қорлардағы,яғни ақша қаражат тарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылғанң қаражаттар,сондай – ақ әлi мақсатты белгiлi бiр бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.Мысалы, ақша қаражаттарының бiр бөлiгiнiң алғашқыда қор сипаты болмайды, — бұлар шаруашылық оргындардың олардың шаруашылық әрiптестерi тарапынан келiсiмшарттарды, өзара шарттарды ж/е шаруашылық жүргiзудiң басқа шарттарын бұзғаны үшiн алатын айыппұлдары,өсiмдерi,тұрақсыздық төлемдерi. Мұндай қаражаттардың түсуiн күнi бұрын есепке алу мүмкiн емес.

«Қаржы ресурстарың ұғымындағы оның екi жағын ажырата бiлген жөн:

1.Шаруашылық жүргiзу практикасында «қаржы ресурстарыныңң ұғымы деп мемлекеттiң,кәсiпорындардың қарамағындағы белгiлi бiр кезеңдегi барлық ақша қаражаттарының кiрiстерi мен қорланымдарының жиынтығын,яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын,ақша қаражаттарының резервтерiн айтады.Бұл шаруашылық жүргiзудiң шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсiлдеме. Расында, кәсiпорынның банктегi оның шотындағы белгiлi бiр күндегi ақша қаражаттары, олар кәсiпорынның меншiктi немесе қарыз қаражаттары болып келетiндiгiне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол сеiлдi мемлекеттiк бюджетте шоғырланған кiрiстер,қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейiнгi бөлудiң нәтижесi болып табылатындығына қарамастан мемлекеттiң әрбiр нақты күндегi қаржы ресурстары болып саналады.

 

 

 

Қаржы ресурстары

 

Жалпы қоғамдық өнiм

c

v

m

Материалдық шығындар

Қажеттi өнiм

Қосымша

өнiм

ӨЗIНДIК ҚҰН ШЫҒЫНДАР

Аморти-

зация-

лық

ауда-

рымдар

Айна-

лым-

дағы

қара-

жаттар

Мате-

риал-

дық шы-

ғындар

құра-

мын-

дағы тө-

лемдер

Ұлттық табыс

Әлеуметтiк қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтiк салық)

Таза

табыс

(пайда)

Халықтан алынатын салықтар Қарыздар мен лотереялар

Ерiктi жарналар

Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық,акциздербасқалары)

Роялти,бонустар

Табиғи ресурстар үшiн төлемдер

Баждар,лицензиялар үшiн төлемдер

Тiркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорына төленетiн төлемдер

Сыртқы

экономикалық

қызметтен түсетiн түсiмдер

 

Мемлекеттiк мүлiктi сатудан (жекешендiрiлуден) түсетiн түсiмдер

 

Сыртқы көздерден түсетiн түсiмдер (қарыздар,трансферттер,гранттар)

               

 

Сурет-1. Қаржы ресурстары

 

  1. Егер жиынтық өнiмiнiң (c+v+m) материалдық-заттық және ққұндық құрылымына,оның бөлiнiсiне ж/е бұл процестегi орнына сүйенсек,онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрiнедi.Егер қайталама есептiң элементiн шығарып тастасақ, онда “қаржы ресурсының” ұғымы тiкелей мемлекет пен кәсiпорындарда оларға жүктелiнген функцияларды орындау үшiн шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнiм мен ұлттық табыстың бiр бөлiгiн бiлдiредi.

Мемлекеттiң қаржы ресурстары көлемiнiң динамикасы мен құрлысының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесiнде қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге ж/е өсуi интенсивтi факторлармен шарттасылған көздердiң үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткiзетiндiгiн дәлелдейдi.

Корпорацияның қаржы ресурстары – бұл өндірісті кеңейтумен байланысты, ағымды және жалпы шығындарды қаржыландыруға арналған корпорацияның қаржылық міндеттерін орындауға арналған жекеменшік және сырттан жұмылдырылған ақша қорлары болып табылады.

Капитал – айналым процесінде болатын өндіріске салынған қаржы ресурстарының бір бөлігі. Корпорацияда қаржы ресурстары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі – жекеменшік қаржылыар, сыртқы – заемдық қаржылар, несиелер.

Ішкі қаржылар жекеменшік қаржылық ресурстар арқылы қалыптасады. Ішкі қаржылар пайда және амортизациялық қорлар есебінен құрылады. Корпорацияның пайдасының тек белгілі бір бөлігі ғана кәсіпорынның өз игілігіне қалады. Осы пайда кәсіпорында ары қарай оны басқаратын субъектілер арқылы қалыптастырады. Жинақ қорына бағытталған пайда өндірісті дамытуға, кәсіпорынның  мүлігін көбейтуге арналады. Тұтыну қорына бағытталған пайда әлеументтік міндеттерді шешуге қолданылады.

Амортизациялық аударымдар – бұл ішкі қаржыландырудың көзі болып табылады, яғни бұл негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозу құныгның ақшалай көрінісі. Осылардың негізінде амортизациялық қор құрылады.

Кәсіпорындарды ішкі қаржыландыру көздерінен басқа жұмылдырылған немесе сыртқы болып бөлінеді.

Ссудалық капитал – корпорацияларға несие, заем түрінде, әр түрлі мерзімге берілетін қаржы көзі.

Қаржылық ресурстар кәсіпорындарда өндірістік және инвестициялық қызмет процесінде қолданылады. Олар үнемі қозғалыста болады, және ақшалай түрде болады. Кәсіпорындар өзінің қаржы тұрақтылығын және нарықтық шаруашылықта орнықты орын табу мақсатында қаржы ресурстарын түріне және уақытына қарай бөледі. М ұның бәрі кәсіпорында қаржыны басқаруға, яғни қаржы менеджеріне тікелей байланысты болады.

Қазіргі нарықтық экономикода корпорация сырттан қаржы алғаннан гөрі, өзін-өзі қаржыландырған әлде-қайда тиімді. Осыған байланысты корпорация қаржысын ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді: шаруашылықтың өз бетінше жұмыс істеуі, өзін-өзі қаржылық материалдық жауапкершілік қызмет нәтижесіне қызығушылық, қаржы резервін құру және т.б.

 

 

1.3. Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік саясат

Корпорацияның даму саясаты сатысында ең алдымен корпорацияның капиталы жеткілікті деңгейде болуы қажет. Капитал жеткілікті болса, онда корпорация болашақта өзінің дамуын қалыптастырады. Қаржы менеджменті саласынан қарағанда, капитал – бұл корпорацияның ақшалай, материалдық және материалдық емес түрдегі жалпы қорларының құны болып табылады. Корпорация капиталының экономикалық маңызына қарай отырып, капитал келесі сипаттарды алады:

1/ корпорация капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады;

2/ капитал корпорацияға кіріс әкелетін қаржы ресурстарын сипаттайды;

3/ капитал корпорацияның даму саясаты үшін маңызды фактор;

Корпорация капиталы әр түрлі болады: жекеменшік капитал, заемдық капитал, өндірістік капитал, негізгі капитал, айналым капитал, ұлттық, шетелдік, акционерлік, мемлекеттік және т.б.  Ең негізгі корпорацияның каитал түрі үш түрде болады.

Корпорация капиталы:

  • ақшалай түрдегі капитал /ақшалай капитал/;
  • өндіріс түріндегі капитал /өндірістік капитал/;
  • тауар түріндегі капитал /тауар капиталы/;

Яғни бұл корпорацияның айналым процесі кезінде болады. Жалпы корпорацияның капиталы айналым процесінде дұрыс жұмыс істеп, корпорацияға кіріс әкелсе,  кәсіпорын дамиды. Осының нәтижесінде корпорацияның даму саясаты қалыптасады. Корпорацияның даму саясаты – кәсіпорындарды дамыту мақсатында жасалатын барлық іс-әрекеттер мен әдістер жиынтығы, яғни арнайы стратегия.

Корпорацияның даму саясатының негізінде қаржылық стратегия құрылады. Сонымен қатар, акционерлік қоғам, және т.б. көптеген кәсіпорындарда дивиденттік саясат қалыптасады. Жалпы «дивиденттік саясатң термині акционерлік қоғамдағы пайданы бөлумен байланысты. Әрине бұл тек акционерлік қоғамда ғана емес, сондай-ақ, ұйымдық-құқықтық формасына байланыссыз барлық кәсіпорындарда болады.Дивиденттік саясаты пайда үлесінің өнделу механизімі деп түсінуге болады.

Дивиденттік саясаттың негізгі мақсаты-корпарацияның стратегиялық дамуын қамтитын және кәсіпорынның нарықтық құның максималдандыратын, яғни меншік иелерінің пайдалану қажеттілігін қалыптастыру.

Дивиденттік саясатты өндеуде үш негізгі бағыт пайда болады:консервативті, копералисті, агрессивті.Бұлардың әр қайсысына дивиденттік саясаттың белгілі типі сай келеді.

Осы жоғарыда аталған саясаттың дұрыс жұмыс істеуі үшін корпорациядағы қаржы менеджерлері жұмыс істеуі қажет. Ол келесі этаптарды қарастырады:

  1. Дивиденд саясатын өңдеуді анықтайтын негізгі факторларды анықтау;
  2. Дивиденттік саясаттың типін таңдау;
  3. Таңдалған дивиденттік саясат типіне сәйкес пайданы бөлу механизмін өңдеу;
  4. Бір акцияға дивиденттік төлем деңгейін анықтау;
  5. Дивиденттік саясат тиімділігін бағалау;

 

 

 

 

Кесте 1

Акционерлік қоғамның дивиденттік саясатының негізгі типтері.

 

Дивиденттік саясатты анықтайтын негізгі бағыт:

Қолданылатын дивиденттік саясаттың типтері:

Консервативті

1/ дивиденд төлемінің қалдық саясаты

2/ дивиденд төлемінің көлемінің тұрақты саясаты

Компромисті

3/ дивиденд төлемінің белгілі бір кезеңге қосымша төлемімен есептегі тұрақты минималды саясат

Агрессивті

4/ дивиденд деңгейінің тұрақты саясаты

5/ дивиденд көқлемінің тұрақты өсу саясаты

 

Дивиденттік төлем деңгейін анықтау келесі формуламен жүргізіледі:

ДТД = ДТҚ – АТ / АС

мұндағы: АС –акция саны

ДТҚ – дивидент төлеу құны

АТ – акцияны меншік иесімен жұмылдыру бойынша дивиденттік төлем құны

Сонымен дивиденттік саясат – пайданы басқарудық жалпы саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

 

        Кәсіпорының іскерлік белсенділік көрсеткіштері.

Кәсіпорының іскерлік белсенділігі мен қызмет тиімділігін бағалау сол кәсіпорының жалпы  қаржысының   жағдайын  бағалаудың қорытындысы    этапы    болып   табылады.

Кәсіпорының іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен    оның қаражат айналымының жылдамдылығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорының өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорының қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық  күшінің артқандығын көрсетеді.

Кәсіпорының іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне келесі коэффициенттер жатады:

1/ капиталдың жалпы айналымдылық көэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің  толық циклі болатындығын көрсетеді:

 

Коа = ДN / АК

Коа — — капиталдың жалпы айналым коффициенті

        ДN  — өнім сатудан түскен табыс

АК – авансталған капитал /есепті кезеңдегі орташа баланс валютасы/

  2/ негізгі құралдардың айналымдылығы – бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорының есепті кезеңіндегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды:

ҚҚ = СТТ / НҚОҚ

ҚҚ –қор қайтарымы

СТТ – сатудан түскен түсім

НҚОҚ – негізгі құралдардың орташа құны

  Бұл коффициент жоғары болған сайын, кәсіпорының шығындар азая түседі, керісінше төмен болған сайын өнімді сатудан түскен түсімнің жеткіліксіздігін немесе осы активтер түрлеріне көп қаржы бөлінетіндігін көрсетеді.

  3/ меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті:

Кос = ДN / СК

Кос – меншікті капиталдың айналымдылық коффициенті

СК  — баланс бойынша меншікті капиталдың есепті кезеңіндегі орташа шамасы /жыл басы +жыл соңы / 2/.

  Бұл коффициент корпорациядағы сатудың артықтығын немесе жетіспеушілігін анықтайды, салынғане меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, кәсіпорының меншік иелері тәуекелділік етіп салып отырған ақша қаржыларының белсенділігін көрсетеді.

  4/ Ағымдағы активтер /мобильдік қаржылар/ және айналым капиталының айналымдылық коффициенті:

КотаN / Тас

Тас – ағымдағы активтің орташа шамасы

Тас = ЖБ+ЖС /2

  Кез-келген корпорацияда айналымдылық процесін жылдамдатуға тырысу қажет. Айналым уақытын қысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей шаруашылық аралық байланстырудың жақсаруы, жүк тасу өзара есеп алмасу мен құжат айналымын тездетумен қол жеткізуге болады.

  5/ материалдың айналым құралының айналымдылық коэффициенті:

Кзо = SN  / Зс

SN  — сатылған өнімнің толық өзіндік құны

Зс – материалдық өндірістік қордың орташа құны

  Мұнда неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендегі өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғандығын немесе дайын өнімге деген сұранысын төмендегенін көрсетеді.

  6/ дайын өнімнің айналым коффициенті:

Коr  = Дn / r

r- баланс бойынша есепті кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.

  Бұл дайын өнімнің айналым жылдамдығын корсетеді /2,3 рет/ және т.б.

  7/ дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті:

Код/з = ДN  / ДЗ

ДЗ – дебиторлық қарыздардың есепті кезеңіндегі орташа шамасы

  Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Ол көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.

  8/ кредиторлық карыздардың айналымдылық коффициенті :

Кок/з = ДN  / КЗ

КЗ – кредиторлық қарыздың орташа шамасы.

Бұл коэффициенттің өсуі – корпорацияның борышты төлеу жылдамдығының артқандығын, төмендеуі – несиеге тәуелді екендігін

 

Кәсіпорының нарықтық белсенділік көрсеткіштері.

Кәсіпорының нарықтық белсенділігін келесі негізгі көрсеткіштер сипаттайды:

  1. акцияға тү.скен табыс;
  2. акция құндылығы;
  3. дивидентті төлеу коффициенттері және тағы басқалары.

Акцияға түскен табыс – инвестор акция сатып алғанда әрқашан дивидент түрінде алатын болашақ табысты қарастырып отырады.  Өйткені: компанияның табысы дивиденттер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан және келешекте акцияның нарықтық құнын көтеруге бизнес болғандықтан, инвесторлар әрқашан акцияға табыстылық коэффициентіне қызығушылық білдіреді:

ДчА = ДЧ  — ДВ ПР.А/ Ао

     ДчА – бір акцияға түскен таза табыс

  ДЧ  — таза табыс

          ДВ ПР.А – айрықша акциялар бойынша дивидент

  Ао – айналымдағы жай акциялар саны

Акцияның құндылығы:

Ца = Рц ач

Рц – акцияның нарықтық бағасы

Дивидент төлеу коэффициенті:

Кдв = Дав / Дач

Дав  — бірінші акцияға түскен дивидент

    Дач – бір акцияға түскен таза табыс

  Акцияның нарықтық бағасы – бұл оның қазіргі сату және сатып алу бағасы. Ол сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы әсерімен қалыптасады.

Акция курсы = дивиденттер / несие пайызы * 100

Несиелік пайыз ретінде ҚР-ның Ұлттың Банкінің кооммерциялық банктерге қаржы ресурстарын сатудың есептік мөлшерлемесі алынады.

Дивидент нормасы= бір акцияға түскен дивиденд / бір акцияның нарықтық бағасына.

 

 

1.4. Шаруашылық субъектісінің қаржы көздерінің ұтымды басқару жүйесі

Өнеркәсіптік өндіріс бірнеше факторларға байланысты болады: техниканың жағдайы, еңбек күші, нарық капиталы және т.б. Барлық осы факторлардың арасында нақты тепе-теңдік болуы қажет, бірақ өндірістік факторлардың комбинациясының әрқайсысында нашар элементі болуы мүмкін, қалғандарының дамуына кері әсерін тигізетін. Қазіргі жағдайда өнеркәсіп үшін мұндай нашар элемент капитал болып отыр.

          Біздің өнеркәсіптер тек қаржы жағынан қиындық шекпейді. Сондай-ақ, оған кері әсерін нарық сыйымдылығының жетіспеушілігі және өнімнің жоғары құндылығы тигізеді. Бұл екі фактор  қаншалықты маңызды болса да, капитал салымына туынды болады.

          Нарық сыймдылығы сатып алушының қаржысымен анықталып қоймай сондай-ақ, сатылатын өнімнің құндылығының жоғарылығын көрсетеді. М. өнім құны төмен болған сайын нарық сыйымдылығы жоғары болады немесе керісінше жоғарғы құн нарық сыйымдылығын азайтады. Өнімнің арзандауы нарықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Өнім өндіру процесінде өнеркәсіптік қаржы тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды. Сонымен нашар сериалы өндіруді көбейту өзіндік құнының төмендеуіне әкеліп соғады бұл процесті іске асыру үшін қажетті капитал керек.

          Бизнес ақшадан басталады, тоқтаусыз ақшаны қажет етеді және ақша табу үшін жұмыс істейді. Сондықтан қаржылық менеджменттің маңызды проблемасы ұдайы өндіріс шығындарын жабу және табыс табу жолдарын табу үшін кәсіпорынның қаржы көздерінің ұтымды жүйесін құру. Ол үшін екі маңызды сұрақты қарастыру қажет – қаржы көздерінің ұтымды жүйесі және дивиденттік саясат.

          Екі көрсеткіштің қарым-қатынасы қаржы көздерінің жүйелілігіне байланысты, яғни кәсіпорынның капиталының қалыптасуы түскен табыстың дивидентке бөліну мөлшері мен меншікті құралдардың таза рентабелділігіне байланысты. Меншікті құралдардың рентабелділігінің жоғары болуы бөлінбеген табыс мөлшерін ары қарай дамытуға әсерін тигізеді. Кәсіпорыннның дамуына меншікті құралдардың мөлшерден көп болуы әсер етеді және акционерлерге кәсіпорынға төнетін қауіптің болмауына көздерін жеткізіп, клиенттер, партнерлар және кредиторлар сенімін арттырады. Кәсіпорының заемдық құралдарын төмендетуге болмайды. Кәсіпорын қарызы администрация мен акционерлер арасындағы конфликті күшейтеді. Кәсіпорын басшылары мен акционерлер арасындағы қарама-қайшылық меншікке көзқарасты өзгертеді.

          1-шіден, басшылар кәсіпорындардың табысында өз үлесін өз пайдасына жұмсайды. Бұл жағдай акционерлерге ұнамауы мүмкін.

          2-шіден, басшылар кәсіпорынмен өз өмірін байланыстыра отырып, оның өсуіне бар күшін сала отырып, табыстың өсуіне көп көңіл бөледі. Сондықтан басшылар өздеріне тәуекелге төтеп беретін акционерлерді таңдайды.

          3-шіден, кәсіпорынның басшыларының басқару уақыттары белгіленген болғандықтан, қысқа мерзімді жобаға  кәсіпорының ұзақ мерзімді стратегиясына зиян келтіре  отырып көңіл көп бөледі. 

         Нарықтық экономика кезеңінде бұл қарама-қайшылықты реттейтін механизм бар. Мысалы, бухгалтерлік есеп жүйесі, аудит және есеп берулер, осының көмегімен акционерлер кәсіпорындағы  басқару процесін бақылап отырады. Басшыларды кәсіпорын акциясының мүшесі ете отырып, ынталандыруға болады. Бұл кәсіпорынның ішкі механизмінің акционерлер мен басшылардың қарым-қатынасы, сондай-ақ сыртқы механизм де бар. Олар қаржы өнім және еңбек нарықтары. Кәсіпорын қарыздары басшыларды банкроттыққа ұшырамауға, жұмыстан босатылмас үшін, білгір, бейімделгіш, пысықтықты талап етеді. Жұмыссыз қалудың қаупін төндірмес үшін кәсіпорын басшылары кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жақсарту амалдарын іздеу керек.

         Енді акционерлер мен кредиторлар арасында конфликтің себебін қарастырамыз. Бірінші себеп, дивиденттік саясат. Дивиденттің өсуі бөлінбеген табыстың кемуі, меншікті құралдардың заемдық құралдарға қарағанда төмендеуіне әсер етеді. Сондай-ақ қайта кредит алуға және артық акция шығаруға мәжбүр еткізеді. Бұл банкир үшін қауіп тудырады және өзі берген ссуда үшін девольвацияға әкеліп соғады.

         Екінші себеп, қарыздың өте үлкен деңгейінде банкроттыққа ұшырау қауіпі туады. Қауіпті жоспарларды таңдай отырып «ва-банкң — ке баруға мәжбүр болады. Кредиторларды бұл жағдай қанағаттандырмайды.

         Үшінші себеп, егер облигация эмиссиясы кезінде инвесторлардың тиімді жағдайларына жаңа заемдық құралдар жұмылдырылады, ал алдыңғы шығарылған облигациялар курстың төмендеуіне ұшырауы мүмкін.

 

1.4.1. Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiнiң мәнi, мазмұны

Табыс өз қызметтерiн тиiмдi орындай алуы үшін келесiдей негiзгi шарттар қажет болады:

  1. Жуықтаудың белгiлi бiр дәрежесiнде, өнiм бағасы еңбектiң қоғамдық қажеттi шығындарын көрсетуi тиiс және ол сондай-ақ еңбек өнiмдiлiгiнiң үздiксiз өсуi мен өзiндiк құнның төмендеуiн ескеруi қажет.
  2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнiмнiң өзiндiк құнын анықтау жүйесi ғылыми негiзделген болуы керек..
  3. Табысты бөлу (тарату) механизмi белсендi роль атқаруы керек және өндiрiстiң дамуы мен оның тиiмдiлiгiн арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиiс.
  4. Табысты тиiмдi пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесiнде (амортизациялық  аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемi, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдерi, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлерi, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкiн.

Бiрақ табыстың абсолюттi мөлшерi кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң тиiмдiлiгiнiң емес,  экономикалық тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшiне жатады. 500 мың теңгелiк табыс кәсiпорынның салынған капиталының мөлшерi және қызметiнiң ауқымы бойынша әр түрлi  көлемнiң  табысы болуы мүмкiн. Сәйкесiнше бұл  соманың салыстырмалы деңгейi айтарлықтай деңгейде бiрдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін  кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн  сипаттайтын және табыстылық деңгейiн көрсететiн рентабельдiлiктiң әр түрлi көрсеткiштерi жататын табыстылықтың салыстырмалы  көрсеткiштерi қолданылады.

Кәсiпорынның табыстылық көрсеткiштерiнiң өсуiне шаруашылықты  жүргiзушi субьектiнiң өзi де, мемлекет те мүдделi. Сондықтан әр кәсiпорында табыстылықтың абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштерiне  жүйелi түрде  талдау жасау қажет.

Табыстылық көрсеткiштерiн талдау  мiндеттерiне мыналар жатады:

  • табыстылықтың абсолюттi көрсеткiштерiнiң жоспарының орындалуын бағалау;
  • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерiн зерттеу;
  • табысқа әсер ететiн факторларының әсерiн анықтау және сандық өлшеу;
  • табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  • табыстың өсу резервтерiн анықтау;
  • кәсiпорынның даму перспективаларын ескере отырып, табысты тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасау;
  • табыстылықтың (рентабельдiлiктiң) әр түрлi коэффициенттерiн және олардың деңгейлерiне әсер етушi факторларды зерттеу.

 

1.4.2. Шаруашылық субъектісінің  табыстылық көрсеткiштерiнiң ролi мен атқаратын қазметi.

 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсiпорының шарушылық қызметiнiң жалпы сипаттамасын таза кiрiс мөлшерiмен қаржы жағдайы көрсеткiштерi бередi. Көп пайда алу ғана маңызды емес, оны дұрыс пайдалануды да бiлу қажет.

Кәсiпорынның қызметiнiң қаржы нәтижелерi есептiк кезеңдегi меншiктi капитал көлемiнiң өзгеруiнен көрiнiс табады. Кәсiпорынның меншiктi капиталды үздiксiз өсiрудi қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi қаржы нәтижелерi көрсеткiштер жүйесi арқылы бағаланады. Кәсiпорын қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң аса маңызды көрсеткiштерi бухгалтерлiк есеп берудiң N2 формасында келтiрiледi. Оларға жататындар: өткiзуден болған кiрiс (зиян); бөлiнбеген кiрiс (зиян). N2 форманың мәлiметтерi бойынша келесi қаржы нәтижелерiнiң көрсеткiштерi есептеп шығарылуы мүмкiн: қаржы және басқа да операциялардан болған кiрiс (зиян), салық салынғанға дейiнгi кiрiс, салық салынғаннан кейiнгi кiрiс.  N2 форманың барлық аталған көрсеткiштерi бойынша өткен жылғы мәлiметтер де келтiрiледi.

Ықшамдалған түрде бұл  түсiнiк 1995 жылы 26 желтоқсандағы “Бухгалтерлiк есеп туралы” заң күшi бар ІР Президентiнiң 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делiнген: “Табыстар – бұл  есептiк кезеңдегi активтердiң Үлғаюы немесе  мiндеттемелердiң азаюы”. Белгiлi бiр шығындар шығармай әдетте қажеттi табыстарды алу мүмкiн емес. Оз кезегiнде, табыс алмай кәсiпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтiк  мәселелердi шешу мүмкiн емес.

Табыстылықтың көрсеткiштер жүйесi ең алдымен  қаржылық нәтижелердiң абсолюттi көрсеткiштерiнен  тұрады, олар: өнiмдi (жұмыс, қызметтi) өткiзуден  алынатын табыс; салық салынғанға дейiнгi дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсiпорын қызметiнiң соңғы қаржылық нәтижесi болып  табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған  түрде шаруашылық жүргiзудiң нәтижесiн, жанды және затқа айналған еңбектiң өнiмдiлiгiн көрсетедi. Оны кейбiр экономистер экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi қатарына жатқызса, ендi бiреулерi оны кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiне жатқызады. Бiздiң ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткенi табыстың  абсолюттi  сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға  мүмкiндiк бермейдi.

Нарық жағдайында табыстың ролi айтарлықтай артты. Озiмiз бiлетiндей жоспарлы-директивтi экономика жағдайында оның ролi төмендетiлген болатын. Табыс (пайда) табу кез-келген кәсiпорынның мақсатты функциясы (қызметi) ретiнде төмендетiлдi. Нарықтық  экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни  кәсiпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенiң шешiмiн анықтайды: ненi, қалай және кiм үшін өндiру керек?  Табыс табу кез келген кәсiпорынның қызмет етуiнiң мақсаты болып  қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуының көзi болып табылады. Бұл  принцип өнiмдi өндiрудегi шығындардың толық ақталуын және кәсiпорынның өндiрiстiк-техникалық базасының кеңеюiне негiзделедi. Бұл  әр кәсiпорын өзiнiң ағымдағы және күрделi  шығындарын өзiнiң меншiктi қаржы көздерiнен жабатындығын бiлдiредi. Уақытша қаржы тапшылығы кезiнде, оларға деген қажеттiлiк, егер бұл  ағымдағы шығындар болса, олар банктiң қысқа мерзiмдi ссудаларымен және коммерциялық несиелерiмен, сонымен қатар капитал салымдары банктiң ұзақ мерзiмдiк несиелерiмен жабылуы мүмкiн.

Табыс есебiнен, сондай-ақ кәсiпорынның бюджет алдындағы,  банктер мен басқа да кәсiпорындар, ұйымдар алдындағы мiндеттемелер орындалады. Сонымен, табыс кәсiпорынның өндiрiстiк және қаржылық қызметiн бағалаудағы негiзгi көрсеткiшi болып табылады.

Ол оның iскерлiк белсендiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын  сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейi мен осы кәсiпорынның активтерiне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролi ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдерiндегi арнайы әдебиеттерде табыс қызметi туралы мәселе жөнiнде бiрыңғай пiкiр жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейiн қызметтi жатқызады. Бiздiң ойымызша, ол тек екi қызмет атқарады:

  • мемлекеттiк бюджет табысының көзi;
  • кәсiпорын мен бiрлестiктердiң өндiрiстiк және әлеуметтiк даму кезi.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бiрлiгi, табысты шаруашылықты жүргiзушi қоғамның, кәсiпорын  ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделерi байланысатын элементi ретiнде көрсетедi. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерiнiң маңыздылығы көрiнедi, оның ( тәжiрибелiк) шешiлуi шаруашылықты жүргiзушi субьектiнiң тиiмдiлiгiнiң алынған және оның иелiгiнде қалатын табыс көлемiне қажеттi тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.

 

1.4.3. Шаруашылық субъектісінің   қызмет нәтижелерiн қалыптастыру моделi

Кәсiпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуiнiң экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсiпорынның табыстылығы абсолюттiк және салыстырмалы көрсеткiштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттi  көрсеткiшi – бұл  табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдiк арнайлы әдебиеттерде “ табыстар” ұғымы келесiдей түрде анықталады:

 “Табыстар дегенiмiз – қаржының келуi немесе активтер құнының өсуi, не болмаса пассивтердiң азаюы түріндегi есептi кезеңдегi экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл  акционерлер салымдарының  есебiнен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуiне әкеледi”.

Өндiрiстiк, өткiзу, жабдықтау және  қаржылық қызмет салаларынан кәсiпорындардың қаржы нәтижелерi туралы көрсеткiштер жүйесi аяқталған ақшалай бағалауға ие болып отыр. Іаржы нәтижелерiнiң аса маңызды көрсеткiштерi қаржы нәтижелерi туралы есепте айқын берiледi.

         Іаржы нәтижелерi көрсеткiштерi кәсiпорын шаруашылығының абсолюттi тиiмдiлiгiн көрсетедi. Белгiлi уақыт мезетiндегi ағымдағы қаржы нәтижелерiн көрсетудiң маңызды формасы кәсiпорын табысы болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң N 5 стандартына сәйкес “Табыс – бұл  активтердiң көбеюi немесе мiндеттемелердiң азаюы”.

         Бүкiл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәлiметтер қаржылық есептiң маңызды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Іазақстандық есеп стандарттары бойынша бұл  мәлiметтер “Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiнде” қамтылған. Табыстылықтың өзiн-өзi қаржыландыру, ұдайы өндiру, еңбек ұжымдарының әлеуметтiк мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Табыстың есебiнен банк, бюджет, басқа субъектiлер алдындағы мiндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық көрсеткiштерi кәсiпорынның өндiрiстiк қаржы қызметтерiн бағалаудағы аса маңызды көрсеткiш болып табылады. Ол оның iскерлiк белсендiлiгiнiң және қаржы тұрақтылығының дәрежесiн сипаттайды. Табыстылық көрсеткiштерi арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейi және кәсiпорын активтерiне салымдардың тиiмдiлiгi анықталады.

         “Іаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп” N3 бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес осы есепте мiндеттi түрде қамтылуға тиiс көрсеткiштер жүйесi бар:

  1. Өнiмдi (жұмысты, қызметтi) өткiзуден түскен кiрiс. Мұнда дайын өнiмдi, меншiктi жартылай фабрикаттарды, өндiрiстiк және ауылшаруашылық өнiмдерiн, сатып алынған бұйымдарды, өнеркәсiптiк және өнеркәсiптiк емес сипаттағы, құрылыс, ғылыми-зерттеу, және басқа да жұмыстар мен қызметтердi өткiзуден түскен кiрiстер көрсетiледi. Кiрiс өнiмдердi, жұмыстарды, қызметтердi сатудан түскен түсiм ретiнде анықталады (ІІС және акцизсiз).
  2. Өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құны. Мұнда есептiк кезеңде өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құнына енгiзiлген шығындар сомасы көрсетiледi.
  3. Жалпы пайда (кiрiс) – есептiк кезеңде кәсiпорынмен алынған кiрiс. Ол өнiм өткiзуден түскен түсiм мен өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.
  4. Кезең шығындары. Мұнда келесi шығындар көрiнiс табады:

а) жалпы және әкiмшiлiк шығындар, яғни кәсiпорында басқарумен және жалпы өндiрiстi ұйымдастырумен байланысты шығындар;

ә) өткiзу бойынша шығындар – маркетинг және өнiмдi өткiзу бойынша басқа да шығындар;

  1. Негiзгi қызметтен түскен кiрiс негiзгi қызметтен түскен кiрiстер мен болған зияндарды көрсетедi.
  2. Негiзгi емес қызметтен түскен кiрiс – негiзгi қызметпен байланысты емес операцияларды iске асыру нәтижесiнде кәсiпорынмен алынған пайда (зиян) – курстық айырмашылықтар, құнды қағаздар бойынша дивидентер, жалгерлiк ақылар, экономикалық санкциялар, айыппұлдар түрінде төленген және алынған сомалар.
  3. Корпоративтiк табыс салығы. Өз қызметiнен пайда табатын барлық заңды тұлғалар корпоративтiк табыс салығын төлеуге мiндеттi.
  4. Салық салынғаннан кейiнгi жай қызметтен алынған кiрiс (зиян).
  5. Төтенше жағдайлардан алынатын кiрiс (зиян)- стихиялық, табиғи апаттардан алынған кiрiстер мен зияндар.
  6. Таза кiрiс (зиян) есеп беру кезеңiнде алынған қорытынды кiрiстi (зиянды) көрсетедi. Ол негiзгi қызметтен алынған кiрiс пен корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.

Кәсiпорын қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң талдаудың теориялық базасы, меншiк формасына қарамастан, барлық кәсiпорындар үшін нарықтық экономика жағдайындағы кәсiпорындардың шаруашылық механизмiн бiрiңғай моделi қабылданған. Ол, нарықтық экономика жағдайында әрекет ететiн барлық кәсiпорындардың мақсатының, қаржы нәтижелерi көрсеткiштерiнiң, салық салу жүйесiнiң бiртұтастығын көрсетедi.

         Нарық жағдайындағы кәсiпорынның қызметiнiң қаржы нәтижелерiн қалыптастыру моделi итерациялар мен есептеулердi қамтиды.

1-шi итерация. Өнiм өткiзуден түскен жалпы кiрiстi анықтау.

2-шi итерация. Өнiм өткiзуден түскен табысты анықтау.

3-шi   итерация. Іаржы және басқа да операциялардан түскен кiрiстi анықтау.

4-шi итерация. Жалпы баланстық пайданы анықтау. Бұл  пайда негiзгi, қаржы және басқа қызметтерден түскен пайдалардың алгебралық қосындысы ретiнде анықталады. Баланстық пайда кәсiпорынның барлық шаруашылық қызметiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн анықтайтын көрсеткiш.

5-шi итерация. Кәсiпорынның өзiне қалатын, немесе таза кiрiстi анықтау. Таза кiрiс баланстың пайдадан салықтарды алу арқылы анықталады. Салық салу мақсатында кiрiс салық заңдылықтарына, стандарттарына сәйкес түзетiледi.

6-шы итерация. Бухгалтерлiк балансқа енгiзiлетiн бөлiнбеген кiрiстi анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлiм.  ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН және қаржы ресурстарын пайдалану жағдайын талдау

 

 

2.1 Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiн талдау

 

 Нарықтық экономика жағдайында кәсiпорынның  шаруашылық қызметiнiң негiзгi және түпкi мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткiштi талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бiрiншi абсолюттi көрсеткiшi өнiмдi (жұмыс, қызмет) өткiзуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен мiндеттi төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерiмдерi және баға шегерiмдерi алынып тасталып көрсетiледi.

Іаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есептiң осы бабы  бойынша негiзгi қызметтен түсетiн табыс көрсетiледi.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнiмдер мен тауарларды өткiзуден  түсетiн табыс алады, оның мөлшерi өнiм өндiру деңгейiмен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнiм өткiзуден түсетiн табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар  қалдықтарының және сатып  алушының жауапты сақталуындағы тиелiп жiберiлген тауарлардың өзгерiстерi белгiлi бiр әсер етедi. Тауарлы- материалдық  құндылықтардың азаюы немесе керiсiнше өсуi бiрiншi жағдайда өткiзуден түсетiн табыс сомасының өсуiне, екiншiде – азаюына әсер етедi.

Кәсiпорында өнiмдi өткiзуден түскен табыс жоспарланған тауар өндiрiсiнен және бұйымдардың (дайын өнiмдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлiгiнiң қалдықтарының өзгерiсiнен шығуы керек. Бiрақ өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс көлемi жоспарының төмендеуi, ауыспалы тауарлы материалдық қорлардың тым артуы есебiнен болатын жағдайлар да кездеседi.

Өтпеген өнiмнiң қалдықтары келесi себептерге байланысты құралады. Дайын өнiмнiң бiр бөлiгi оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлiк партиясының көлемiне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнiмнiң қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуiне кәсiпорынның қаржы қызметiнiң көңiл аударуы қажет. Өнiм шаруашылық байланыстарының үзілуiне байланысты өткiзiлмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкiн. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнiмдiр өндiрушi  кәсiпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер тауар ретiндегi өзiнiң өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнiм қалдықтары бола  алмайды. Бұл  сондай-ақ кейбiр салалардың өнiмдерiне,  мысалы, электроэнергетика, көлiк, байланыс салаларына да қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнiм тиелiп жiберiлiп сатып алушыға келiп түседi, бiрақ сатып алушы заңды негiзде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебi жабдықтаушының жеткiзу шарттарын  сақтамағандығынан болуы мүмкiн.

Есептеу әдiсiне көшу өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс оған келiп түскен сомасының мөлшерi бойынша емес, оның тиелiп жiберiлген көлемiмен анықталуына әкелдi. Бұл  талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келiп түсуiне көңiл бөлмеуi тиiс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бiр бөлiгiн сатып алушылардың  уақытында төлемейтiнi белгiлi. Бұл  жағдайда ақшалардың түспеуi  жабдықтаушыға байланысты емес. Өкiнiшке орай бұл  жағдай әдетке айналған. Төлемеушiлiк көлемi азайған жоқ, алайда кәсiпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға  тауарды тиеп берудi тоқтау, оны есеп айырысудың аккредитивтi  нысанына ауыстыру, төлемсiздiктi өндiрiп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиенi толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиелiп жiберiлген өнiмдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргiзу төлем мерзiмi өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнiмдер үшін есеп айырысудың бұл  нысаны көптеген кәсiпорында қолданылады. Алайда оның кемшiлiктерi де бар :

  1. бiрiншiден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиiмдi;
  2. екiншiден, белгiлi бiр дәрежеде өндiрiлген өнiм сапасын бақылау төмендейдi, әсiресе егер жабдықтаушы кәсiпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
  3. үшіншiден, тұтынушы төлем жүргiзгеннен кейiн, тауарды қажеттi санынан аз алуы мүмкiн (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетiн шикiзаттар мен материалдар сатып алу жүргiзiлген уақытта).

Табыстылықтың екiншi абсолюттi көрсеткiшi – жалпы табыс. Ол өнiмдi өткiзудiң қаржылық нәтижесiн бiлдiредi және негiзгi қызмет нәтижесiнде өнiмдi өткiзуден түскен табыс пен өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны арасындағы айырма ретiнде анықталады.

Жалпы  табысқа әсер ететiн маңызды  фактор өндiрiстiк өзiндiк құн, сондықтан оның төмендеуiне оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi.

Көптеген кәсiпорындарда өзiндiк құнды  баптар бойынша  талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын iздестiретiн  экономикалық қызметтiң бөлiмшелерi  болады. Бiрақ белгiлi бiр мөлшерде бұл  жұмыс, инфляциясының әсерi және шикiзат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуiмен өзiнiң маңызын  төмендетедi. Бағаның күрт өсуi және кәсiпорынның меншiктi айналым қаражаттарының жетiспеуi жағдайында өзiндiк құнның төмендеуi нәтижесiнде  табыстың өсiмi мүмкiн емес.

Шаруашылық жүргiзудiң тұрақты  экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуiнiң негiзгi жолы – материалды шығындар бөлiгiнде өзiндiк құнды төмендету. Бұл , әсiресе шикiзат құнының үлес салмағы өнiмнiң өзiндiк құнында өте жоғары болып келетiн өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тiгiн, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсiпорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсiмiн пайдалы қазбаларды шығарудың өзiндiк құнын төмендету нәтижесiнде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл  негiзiнде шығару көлемiн өсiру арқылы болуы мүмкiн.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзiндiк құн деңгейiмен анықталатын өндiрiс және өнiмдi  өткiзу көлемi шешушi мәндiлiкке ие болады.

Заттай түрде өнiмдi өткiзу көлемiнiң өсуi табыстың өсуiне әкеледi. Сұранысқа ие өнiмдердi өндiрудiң өспелi көлемiне күрделi салымдар көмегiмен қол жеткiзуге болады, бұл  табыстың әлдеқайда өнiмдi жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндiрiстi кеңейтуге бағытталуын талап  етедi. Бұл  жол, қазiргi кезде көптеген кәсiпорындардың инфляция, бағаның өсуi және Ұзақ мерзiмдi несиелерге қол жетiспеушiлiгiне байланысты қиын немесе мүлде мүмкiн емес. Күрделi капитал салымдарын жүргiзуге қаржылары мен мүмкiндiктерi бар кәсiпорындар, егер инвестиция  рентабельдiлiгiн инфляция қарқынынан жоғары Үстаса, онда бұл   кәсiпорын өз табысын нақты өсiре алады.

Өндiрiс және өнiм өткiзу көлемiн өсiруге әкелетiн айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделi шығындарды талап етпейдi. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсiпорындардың шикiзат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлiгi бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушiлiгi және де талап етiлетiн алдын ала төлем жүргiзу кәсiпорынның қаржысының көп бөлiгiн айналымнан тыс әкетедi. Төлем жүргiзбеудiң себептерi тек айналым қаражаттарының жетiспеуi ғана емес, сонымен бiрге төмен қаржылық есептiк тәртiп, банк жүйесi жұмысындағы кемшiлiктер және де вексельдiк  айналымның дамымауы да болып табылады.

Кәсiпорын табысы бағаның өсу есебiнен жоғары қарқынмен өседi. Бағаның өсуi өзiнше терiс фактор болып табылмайды. Егер өнiмге деген сұраныстың өсуi мен шығарылатын өнiмнiң техника-экономикалық параметрлердiң және тұтынушылық қасиетiнiң жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелдi болады.

Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерiн анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептiң  мәлiметтерi бойынша келесi талдау кестесiн құруға болады.

Жалпы табыстың нақты көлемi жоспарланған көлемiн 1768 мың теңгеге көп.

Бұл  ауытқуға келесi факторлар әсер еттi:

  • өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк құны;
  • өнiм бiрлiгiнiң бағасы;
  • өткiзiлген өнiм көлемi (саны);
  • өткiзiлген өнiм құрамындағы құрылымдық өзгерiстер.
 

 

 

 

 

2 кесте

Кәсiпорынның қаржы нәтижелерi

 

Көрсеткiштер

2007

2008

       ауытқу

Абс.

%

1.

Өнiмдi (жұмыс, қызмет)

өткiзуден түсетiн табыс

257516

268020

10504

104,1

2.

Өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны

226827

236478

9651

104,3

3.

Жалпы табыс

( 1 қатар – 2 қатар)

30689

31542

853

102,8

4

Кезең шығандары

20142

44746

24604

222,2

5

Негiзгi қызметтен түскен кiрiс (3қатар-4қатар)

10547

-13204

-23751

*

6

Негiзгi емес қызметтен түскен кiрiс

2640

145

-2495

5,5

7

Таза кiрiс (5қатар+6қатар)

13187

-13059

-26246

*

 

 

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерiн анықтау керек. Олардың есебi келесi түрде жүргiзiледi.

 

1.Өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнының өзгерiсiнiң әсерi, өткiзiлген өнiмнiң нақты өзiндiк құнынан  өткiзiлген өнiмнiң нақты көлемiнiң жоспарлы өзiндiк құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

 

                П 8 = S Q lН ×S iН  — SQ lН S lЖ .

 

Q lН  — өткiзiлген өнiмнiң нақты көлемi;

 

S iН  — өнiм бiрлiгiнiң нақты өзiндiк құны;

 

S lЖ  — өнiм бiрлiгiнiң жоспарлы өзiндiк құны.

 

Осылайша табылған сомада шикiзат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия  тарифi бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерiстерi бар. Бұл  фактор кәсiпорыннан тәуелсiз болғандықтан, iшкi талдау барысында оны дербес фактор ретiнде көрсету дұрыс.

Өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуi немесе өсуi кезiнде жалпы табыс сәйкесiнше өседi немесе азаяды. Бiздiң мысалда артық шығындалу болған, бұл  жалпы табыс көлемiн 9651 мың теңгеге төмендеттi (236478-226827).

  1. Жалпы табыстың нақты көлемiнiң жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерiсiнiң әсерi келесi формула бойынша есептеледi:

                 П Ц = SQ iН × Р iН — S Q iН P iЖ 

 

Мұндағы : Р iН және  P iЖ  — өнiм бiрлiгiнiң сәйкесiнше нақты және жоспарлы бағасы.

 Басқаша айтқанда, бұл  фактордың әсерiнiң мөлшерi өнiм өткiзуден түскен нақты түсiмнен жоспарланған мөлшердi алып тастау жолымен анықталады.

3.Өткiзу көлемiнiң өзгерiсiнiң жалпы табыс ауытқуына әсерiн анықтау үшін алдымен өткiзу көлемi бойынша жоспардың орындалу дәрежесiн анықтау керек. Табыс көлемi осы факторға тiкелей үйлесiмдi  тәуелдi болғандықтан, жоспарлы табысты өткiзу көлемi бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Арнайы әдебиеттердi оқып-зерттеу, тауар өнiмдерiн өткiзу көлемi және оның құрамындағы құрылымдық өзгерiстер сияқты факторлардың табысқа тигiзетiн  әсерiн талдау тұрғысында, онда пiкiр таластары жүргiзiлетiндiгiн көрсеттi.

  Есептеу үшін өткiзiлген өнiмнiң көлемiн әр түрлi бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткiзу бағасымен өндiрiстiк өзiндiк құны бойынша. Өткiзiлген өнiмнiң көлемi бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу   кезiнде әр қалай бағалау, пайдаға әсерiн анықтау кезiнде айтарлықтай ауытқуларға әкеледi. Бiрiншi әдiс экономистермен терiске шығарылған, өнiмдi өткiзуден түсетiн табыстың өзгеруi өткiзудiң физикалық көлемiнде ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерiстерге байланысты өткiзiлген рентабельдiлiгiне де әсер етедi. Іазiргi кезде бағалар күнделiктi   күрделi өзгерiстердi  бастан кешiруде, сондықтан бiздiң көзқарасымыз бойынша бағалау әлдеқайда дәлелдi болып табылады.

Жалпы табысқа тауарлы өнiмдердi өткiзу көлемiнiң өзгерiсiнiң әсерi келесi есеп арқылы анықталады:

 

  1. N ЖC =   × 100

Мұндағы:   N ЖC —  өндiрiстiк өзiндiк құны бойынша өткiзу

                          көлемi жоспарының орындалу деңгейi;

                          S Н, SЖ — өткiзiлген өнiмнiң сәйкесiнше нақты

                           және жоспарлы өндiрiстiк өзiндiк құны.        

 

  1. П П =  

 

Мұндағы   П П — тауарлы өнiмдi өткiзу көлемiнiң табысқа

                        тигiзетiн әсерi;

П Ж — жоспарлы жалпы табыс.

 

Бiз талдап отырған кәсiпорын тауарлы өнiмдi өткiзу бойынша жоспарды 4,1%-ға асыра орындады (268020/257516×100)-100,

Талдау жұмысының теориясы мен тәжiрибесiнде, өткiзiлген өнiм құрамындағы құрылымдық өзгерiстердiң  жалпы табысқа әсерiн есептеудiң екi тәсiлi бар:

  • “өткiзiлген өнiмнiң нақты көлемiне жоспар бойынша” есептелiнген, алынуға тиiстi жалпы  табыс сомасын өткiзу көлемi бойынша жоспардың орындалу коэффициентiне түзетiлген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерiмен салыстыру арқылы;
  • “өткiзу көлемiнiң өзгеруi” факторының әсер ету соммасын “өткiзiлген өнiмнiң нақты көлемiнiң жоспар бойынша” есептелiнген және алынуға тиiстi табысының көрсеткiштерi арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсiлi).

Тәжiрибеде екiншi тәсiл жиi қолданылады, өйткенi бұл  фактор әсер ету көлемiн есептеуге  дейiн өткiзу көлемiнiң өзгерiсiнiң әсерiн анықтайды. “ Өткiзiлген өнiмнiң нақты көлемiнiң жоспар бойынша” есептелiнген, алынуға тиiстi жалпы табыс сомасы осы екi факторлардың жиынтық әсерiн сипаттайтын болғандықтан, бұл  сомадан өткiзу көлемiн қолданудың әсерiн шегеру арқылы өткiзiлген өнiм  құрамындағы құрылымдық өзгерiстерiнiң пайдаға тигiзетiн әсерiн анықтайды.

Құрылымдық  өзгерiстер  нәтижесiнде  жоспармен салыстырғанда жалпы табыс 561  мың теңгеге кем алынған.

Бiздiң ойымызша, бұл  фактордың әсерiн нақты өткiзiлген өнiмнен жоспар бойынша  алынуға тиiстi табысты, есептi жылы өнiмдi өткiзу көлемi бойынша жоспардың орындалуын  ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.

Бiздiң мысалымызда құрылымның өзгеруi жалпы табыстың ауытқуына терiс әсерiн тигiздi, яғни оның мөлшерi 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелерi  3- кестеде көрсетiлген.

Жоспардан тыс жалпы табыс келiсiм бағалары мен өнiмдi өткiзу көлемiнiң өсуi нәтижесiнде  алынып отыр. Егер кәсiпорын өнiмнiң өзiндiк құнының өсуiне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткiзiлген өнiмнiң құрамындағы құрылымдық өзгерiстер болмаған жағдайда жалпы табыс 561 өсетiн едi. Жалпы табыстың өндiрiстiк өзiндiк құнының өсуi нәтижесiнде азаюын – кәсiпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретiнде  сипаттауға болады. Елеулi кемшiлiктерге 2006 жылы талданып отырған  кәсiпорынның өткiзген өнiмiнiң құрамында болған  құрылымдық өзгерiстер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнiм сұрыпталымы мен өндiрiлетiн және өткiзiлетiн өнiмдердiң құрамында болатын құрылымдық өзгерiстерiн талдауға басты назар аударуы қажет.

 

 

 

                                                  3 — кесте

Жалпы табыстың ауытқуына негiзгi факторлардың әсерi

 

N

       Көрсеткiштер

Сомасы,

мың тг

Жоспарлы

Табысқа % -бен

1.

Өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құнының  өсуi

+9651

+ 4,3

2.

Келiсiлген бағалар деңгейiнiң өсуi

+ 3434

+77,7

3.

Өнiмдi өткiзу көлемiнiң артуы

+ 10504

+ 4,1

4.

Өткiзiлген өнiм құрамындағы құрылымдық өзгерiстер

— 561

— 12,7

 

    Жиыны:

+ 23028

+73,4

 

Егер әрине нарықта оларға деген  сұраныс болса, кәсiпорынға өнiмнiң жоғары рентабельдi түрлерiн өндiру мен сату тиiмдi болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың өзгеру себептерiн анықтау кезiнде, В.А. Маличет  ұсынған талдау әдiстемесiн қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркiн болған кезде және де  олардың деңгейi нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерiсi туралы ақпараттар алу қажеттiгi пайда болады. Кәсiпорын өнiм есебiн екi түрлi бағамен, яғни нарықтағы қазiргi және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргiзбейдi. Осының бәрi экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзiм  аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстерi туралы мәлiметтердiң болу қажеттiлiгiн тудырады. Мұндай мәлiметтер ең алдымен кәсiпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлi деңгейлердегi экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.

Бiздiң мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексi 1,05-тi құрайды. Бағаның өсуi жалпы табысқа әсер етуi тиiс.

Жалпы табыстың өзгеруiне әсер етушi негiзгi факторларға  келесi өзгерiстер жатады:

  • өткiзiлген өнiмдердiң бағасының өзгеруi;
  • өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өзгеруi;
  • өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерiсi.

Олардың есептi жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигiзетiн әсерiн анықтау үшін, келесi аналитикалық 3-кестенi құрамыз.

Осы мәлiметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетiлген факторлардың жалпы табыстың өзгеруiне тигiзген әсерiн анықтайық:

1.Бағаның өсуi табысқа қалай әсер еткенiн анықтау үшін, есептi жылы өнiмдi өткiзуден түскен табысты өткен жылдың еркiн сатылу бағасымен (ІІС және акцизсiз) қайта есептеп, содан кейiн оны есептi жылдың еркiн сату бағасымен (ІІС және акцизсiз) есептелген өнiмдi өткiзуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендiгiн (өскенiн немесе кемiгендiгiн) және сәйкесiнше табыстың да өзгерiсiн көрсетедi.

                                         4 — кесте

Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигiзетiн әсерiн анықтау үшін қажеттi алғашқы мәлiметтер

 

N

  Көрсеткiштер

өткен жылға

Есептi жылғы

1.

Өнiмдi (жұмыс, қызметтi) өткiзуден түскен

257516

268020

2.

Өткiзiлген өнiмнiң (жұмыс, қызмет) өндiрiстiк өзiндiк құны

226827

236478

3.

Жалпы табыс (1 қатар – 2қатар)

30689

31542

4.

Баға индексi

1,00

1,05

5.

откiзiлген өнiмнен (жұмыс,қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен

245253

255257

 

Есептi жылдағы өнiмдi өткiзуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:

               268020/1,05=255257

Бағалардың өзгерiсi және оның жалпы табысқа әсерi:

  268020-255257 = 12763 мың теңгенi құрады.

Кәсiпорынның еркiн сату бағасының өсуi есебiнен түскен  есептi жылдағы қосымшы табыс 12763 мың теңгенi құрайды.

2.Өткiзуден түскен табыстың әсерiн келесi жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткiзiлген  өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы табысының деңгейi тұрғысынан алатын болсақ,  онда оның абсолюттi сомадағы өсiмi немесе азаюы өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өсуi немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиiс.

Бiздiң мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнiмдi өткiзуден түскен табыс 2,8%-ке ((31542/30689*100=102,8); 102,8-100 = 2,8) көбейдi. Нәтижесiнде өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өсуi есебiнен жалпы табыстың 853 мың теңге көп алынуына әсер еттi. Есептеудi, былтырғы өнiмдi сатудан түскен табыстың 1 теңгесiне шаққандағы жалпы табысты,  өнiмдi сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуiне көбейту арқылы  жүргiзуге болады.

3.Өткiзiлген өнiмнен алынған табыстың 1 теңгесiне шаққандағы шығындар деңгейiнiң ықпалы, есептi  жылы өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың 1 теңгесiне шаққандағы шығындардың нақты деңгейi мен өткен жылғы шығындар деңгейi арасындағы айырмасы ретiнде анықталады және бұл  айырманы есептi жылдағы  салыстырмалы бағамен есептегендегi өнiмдi өткiзуден алынатын нақты табысқа көбейтедi. Нәтижесi шығынның кемуi немесе артуы кему есебiнен жалпы табыс көлемiнiң қаншалықты өзгергенiн көрсетедi. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392]×22075 = (0,7699-0,8482)×22075 =-0,0783×22075 =-1728 мың теңге.  Өткiзiлген өнiмнен алынатын табыстың 1 теңгесiне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесiнде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өстi. Жалпы табысқа шығындардың тигiзетiн ықпалының дәл осы нәтижесiн, есептi жылдағы нақты шығындардың өнiмдi өткiзуден алынған табыстың өсу (кему) индексiне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.

Өнiмнiң өзiндiк құны осы сомаға кемiген және сәйкесiнше бұл  жалпы табыстың өсуiне әкеледi.

Табыстылықтың келесi абсолюттi көрсеткiшi – негiзгi қызметтен алынған (түскен) табыс.  Ол сальдоланған қаржылық нәтиженi бiлдiредi және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретiнде мына формула бойынша анықталады:

                       Д Н  =  Д  Ж —  Р  К  . 

 

Мұндағы :       Д Н  — негiзгi қызметтен алынған табыс;

 

                 Д  Ж – жалпы табыс;

 

               Р  К  —  кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемi қаншалықты көп және өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнына кiрмейтiн тұрақты шығындарды бiлдiретiн кезең шығындары қаншалықты аз болса негiзгi қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негiзгi  қызметтен алынатын табысқа жүргiзiлетiн талдауды жоғарыда аталған көрсеткiштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздiксiз байланыста жүргiзу қажет.

Өндiрiстiк өзiндiк құнның калькуляция баптары бойынша мәлiметтерi коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айналмалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты,  жалпы табыс көлемiн маржиналды табыс көлемiмен теңестiруге және оны талдаудың прогрессивтi әдiсiн қолдануға болады.

Келесi тақырыпта бiз, бұл  көрсеткiштiң мәнiн оның нарықтық экономикадағы ролiн қарастырамыз және маржиналды (жалпы) табысты прогрессивтi әдiс арқылы талдай отырып, негiзгi қызметтен алынатын табыстың өзгеруiне әр түрлi факторлардың тигiзетiн әсерiн анықтаймыз.

 

 

2.2 Шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды тиiмдi пайдалануды талдау

 

 Табыстылықтың  салыстырмалы көрсеткiштерiне нарықтық экономика жағдайындағы кәсiпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды тиiмдi пайдалану сияқты мүмкiндiктерiн  анықтайтын, осы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштерi жатады. Олар кәсiпорын қызметiн түрлi бағытта белгiлейдi және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделерiне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттерi салыстырмалы талдау мен кәсiпорынның қаржы жағдайын бағалаудың  мiндеттi элементтерi болып табылады, өйткенi олар кәсiпорын табысын қалыптастырудың факторлық  ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткiштер.

 Табыстылық көрсеткiштерi 3 топқа бөлiнедi:

  • жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтерi;
  • өнiмдер;
  • ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсiмi) негiзiнде есептелетiн табысытылық көрсеткiштерi.

Кәсiпорын активтерiн (мүлкiн) пайдалану тиiмдiлiгi – берiлген кәсiпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешiмдер қабылдауда қажеттi әрi маңызды белгiлердiң бiрi болып саналады.

Кәсiпорын мүлiктерiнiң (активтерiнiң) тиiмдiлiгiн өлшеудiң бiрден-бiр дұрыс, танылған әрi кең тараған қорытындылаушы көрсеткiштерiнiң бiрi – табыстылық коэффициентi, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетедi. Активтердiң табыстылық деңгейiн капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсiпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентiне талдау жүргiзушiлер:

  • басқару тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi;
  • кәсiпорынның инвестициялау мақсатында қажеттi табысты

   жеткiлiктi түрде ала алу қабiлетiн көрсететiн өлшеуiш;

  • табыс болжау әдiсi;
  • шешiм қабылдау және бақылау құралы ретiнде пайдаланады.

Басқару тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi ретiнде, авансталған капиалдың табыстылық   деңгейi  оның  сапасының  индикаторы болып табылады. Кәсiпорынның инвестициялауға қажеттi табысты жеткiлiктi көлемде алу мүмкiндiгiн бiлдiретiн өлшеуiш ретiнде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейi кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi  қаржылық тұрақтылығының сенiмдi көрсеткiшi болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзiмдi несиелер, заем берушiлердiң үлкен назарына ие болады.

Бұл  көрсеткiштi табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиiмдiлiгi сонда, ол кәсiпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Бұл  болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердiң тиiмдiлiк деңгейi, кәсiпорындарда инвестициялық шешiмдер қабылдауда, қаржылық  жоспарлауда, үйлестiруде, сондай-ақ шаруашылық қызметi мен оның нәтижесiн бақылау мен бағалауда маңызды роль  атқарады.  ¶лгiлi басқарылатын кәсiпорын, табыстың  қалыптасуын, оның әрбiр орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесiнше осы нәтижелер негiзiнде бөлiмше басшыларына сыйақылар берiледi. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттiлiгiн бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледi және бұл  есептер, шешiмдер қабылдауда негiз болып табылады.

Барлық активтердiң тиiмдiлiк деңгейi (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледi:

 

         Д а 

 

Талданып отырған кәсiпорын мәлiметтерi бойынша кәсiпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициентi, 5- кестеде берiлген мәлiметтермен сипатталады.

 

                                                             5 – кесте.

Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейi , %

 

N

    Көрсеткiштер

Өткен жыл

Есептi  жыл

Ауытқуы

  (+ , -)

1.

Таза табыс, мың теңге

13187

-13059

-26246

2.

Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал= баланс валютасы)

182963

425973

+243010

3.

Жалпы активтердiң табыстылық  деңгейi (авансталған капиал), %

0,07

*

*

 

Кәсiпорын 2006 жылы 13059 мың теңге зиянмен аяқтағандықтан, осы жыл бойынша табыстылықтың салыстырмалы көрсеткiштерi анықталмайды. Алайда бұл  көрсеткiштiң деңгейiн бiлу жеткiлiксiз. Оның қандай факторлардың есебiнен құрылғанын және активтердiң табыстылық деңгейiн өсiру және сақтау үшін бұл  факторлардың сенiмдiлiгiн талдау, әлдеқайда  маңызды болып табылады.

Арнайы әдебиеттерде бұл  көрсеткiш деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi фокторларға және оларды есептеуге қатысты екi түрлi көзқарас кездеседi. Факторларды сандық және сапалық етiп бөлу және активтердi есептеу, дәстүрлi көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына  есептелiп, 2-ге бөлiнген, активтердiң орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсiпорынның таза табысы жатқызылады.

Бұл  екi фактордың талданып отырған көрсеткiш бойынша алынған ауытқуға ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есептi жылға жалпы активтер бойынша активтердiң қосымша табыстылық коэффициентiн есептеймiз. Одан өткен жылғы  табыстылық коэффициентiн алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерiсiнiң ықпал ету мөлшерiн анықтаймыз. Бұл  екi фактордың жиынтық әсерi, өткен жылғы мәнiмен салыстырғанда жалпы активтердiң табыстылық деңгейiнiң оң нәтижелi  ауытқуын берiп отыр (-2,99+4,02=+1,03).

Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерiн бұл   әдiстеме бойынша өлшеу бiршама қате, себебi оны есептеудiң математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдiксiз болғанына қарамастан, ол көрсеткiштiң  экономикалық мазмұнына жауап бермейдi. Таза табыс бойынша барлық активтердiң табыстылық деңгейi – (қаражатты тарту көздерiне тәуелсiз) активтер құнының  бiрлiгiнен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бiрлiгi алынғанын көрсетедi. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсiпорын кеңейген сайын және оның өндiрiстiк потенциялы өскен сайын, соғұрлым  активтер тиiмдiлiгi төмен болады. Керiсiнше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейi жалпы активтердi пайдалану тиiмдiлiгiне тәуелдi болуы тиiс. Осы түсiнiктердi қарастыра келе, бiз екiншi көзқарас әлдеқайда ғылыми негiзделген және дұрыс деп есептеймiз. Және  оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, iскерлiк белсендiлiгi көрсеткiштерiнiң бiрi болып саналатын өнiмдi өткiзуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екiншi көзқарасты қолдаушы мамандар,жалпы активтердiң табыстылық деңгейiнiң өзгерiсi келесi бiрiншi қатарлы факторлардың әсерiнен болады деп есептейдi :

  • кәсiпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткiштерiнiң бiрi – өткiзiлген өнiмнiң табыстылық деңгейi;
  • жалпы активтердiң айналымдылығы.

 

Бұл  көрсеткiштердiң арасындағы өзара байланыс келесi түрде берiлуi мүмкiн:

Жалпы активтердiң табыстылық деңгейi – өткiзiлген (сату) өнiмнiң табыстылығы – активтер айналымдылығы.

 

Шынында :

 =  =

 

Басқаша айтқанда, кәсiпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбiр теңгесiнен алынған таза табысы, өнiмдi өткiзу табыстылығына (сату) және кәсiпорын активтерiнiң айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

Формула жалпы активтердiң табыстылық деңгейiн жоғарылату жолдарын көрсетедi: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерiнiң айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керiсiнше,  сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсiпорынның төмен iскерлiк белсендiлiгi, өнiмдi өндiру  шығындарын азайту немесе өнiм бағасын өсiру, яғни сату табыстылығын өсiру негiзiнде теңестiрiлуi (орны толтырылуы) мүмкiн.

Авансталған капиталдың (жалпы активтердiң) табыстылық деңгейiнiң өзгеруiне жоғарыда аталған факторлардың тигiзетiн әсерiн талдау үшін келесi аналитикалық кестенi құрамыз.

6 — кесте

Авансталған капиталдың (жалпы активтер – баланс валютасы) табыстылық деңгейiндегi болған ауытқуға, активтер айналымдылығы мен өнiмдi өткiзу табыстылығы коэффициентiнiң өзгерiсiнiң тигiзетiн ықпалы

 

N

Көрсеткiштер

2007

2008

Өткен жылға қарағандағы

ауытқуы

   (+,-)

Оның iшiнде

коэффициенттер

өзгерiсi есебiнен

сату

табыс-

тылығы

активтердiң

айналымды

лығы

 А

         Б

    1

   2

     3

    4

    5

1.

Таза табыс,

мың теңге

13187

-13059

-26246

   х

   Х

2.

Өткiзуден түскен табыс

30689

31542

+853

   х

   Х

3.

Жалпы активтердiң орташа жылдық

құны, мың теңге

182963

425973

+243010

   х

   Х

4.

Жалпы активтердiң (авансталған капитал)табыс-

тылық деңгейi,

% (1 қатар:3қ×100)

0,07

*

*

*

*

5.

Откiзiлген

өнiмнiң табыс-

тылық коэффи-

циентi %

(1 қатар: 2қ×100)

5,12

*

*

   х

    Х

6.

Активтердiң

айналымдылық

қоэффициентi

(2қ : 3қ )

0,17

0,07

-0,10

   х

    Х

 

  Бiрiншi қатардағы факторлар тiзбектеп ауыстыру әдiсiмен есептеледi. Есептi жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициентi мен сату  табыстылығының коэффициентi бойынша шартты көрсеткiш ретiнде активтердiң табыстылық деңгейiн (ДУ) аламыз.

Осы көрсеткiштi және кестеде келтiрiлген өткен және есептi жылғы активтер табыстылығы деңгейiнiң көрсеткiшiн (авансталған капитал) пайдалана  отырып, бiрiншi қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейiн есептеймiз. Бiздiң мысалымызда ол келесi мәлiметтермен сипатталады:

  • өткiзiлген өнiмнiң табыстылық коэффициентiнiң өзгерiсi
  • жалпы активтердiң айналымдылық коэффициентiнiң өзгерiсi

Сонымен қатар, жалпы активтердiң табыстылық деңгейiнiң артуына өткiзiлген өнiмнiң табыстылық коэффициентiнiң өсуi оң әсерiн тигiзiп отыр, ал активтердiң айналымдылығының бәсеңдеуi, оның жылдам төмендеуiне әкелiп соқтырды.

Факторды егжей-тегжейлi талдау үлестiк қатысу (коэффициент) тәсiлiмен жүргiзiледi. Ол үшін үлестiк қатысу коэффициенттерi, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейiнiң төменгi қатарлы факторлар  өзгерiсiнiң абсолюттi сомасына қатынасы ретiнде есептеледi.

Осылайша жалпы  активтердiң табыстылық деңгейi (авансталған капитал) немесе қызметтiң барлық түрлерiнiң табыстылық коэффициентi (жалпы табыстылықтың) кәсiпорынның өз қызметiн қаншалықты тиiмдi және табысты жүргiзетiнiн көрсетедi.

Тәжiрибеде ағымдағы активтердiң табыстылығы деп аталатын көрсеткiш кеңiнен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бiр теңгеден кәсiпорын қанша табыс алатынын көрсетедi:

 

      Д Т.А =   .

 

Мұндағы Т а – ағымдағы активтердiң орташа көлемi.

Акционерлiк компания құқығында жұмыс iстеушi кәсiпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейiн бағалаудың, яғни акционерлiк капиталды тиiмдi пайдаланудың негiзгi көрсеткiшi болып, кәсiпорынның таза табысының оның меншiктi капиталына пайыздың қатынасы есептеледi. Бұл  көрсеткiш- меншiктi капиталдың табыстылық коэффициентi немесе мөлшерлемесi деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

 

         Д СК = .

 

Мұнда Д СК – меншiктi капиталдың табыстылығы;

          Д Ч  —  таза табыс;

          С К  —  меншiктi капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткiш болып табылады. Жак Ришар : “ бұл  көрсеткiштi жеке кәсiпорынның қызметiн талдаудың түрлi жақтарын үйлестiрушi, негiзгi көрсеткiш деп айтуға да болады”, — деп жазады. Дәл осы көрсеткiш биржада акционерлiк компаниялардың акцияларына баға  белгiлеудi бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және мақала авторлары кәсiпорындардың  тиiмдiлiгi, бәсекелестiгi және табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткiштi пайдаланады.

Меншiктi капиталдың табыстылық коэффициентi (мөлшерлемесi) бұл  өнiмдi (жұмыс, қызмет) өткiзуден түскен табыстың меншiктi капиталдың  айналымдылық көрсеткiшiне  көбейтiндiсiнiң нәтижесi. Ол келесi формуламен есептелiп шығарылады:

                  ДСК =    х  .

Мұнда Д N – өнiмдi (жұмыс, қызмет) өткiзуден түскен табыс (түсiм).

Шетелдiк арнайы әдебиетте меншiктi капиталдың табыстылық деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi факторларды талдаудың түрлi әдiстемелерi ұсынылған. Жак Ришар келесi формуланы ұсынады:

 

                ДСК =   х   х  х  х .

 

                 (1)      (2)     (3)     (4)     (5)

 

 

                         ЖТ (жалпы

                         табыстылық)

 

Мұнда :  ДВ – жиынтық немесе жалпы табыс (таза табыс +

             кредиторларға төленген пайыздар);

 

             А – активтер құны ( авансталған, жалпы, жиынтық

                   капитал).

Формуладан көрiп отырғанымыздай меншiктi капиталдың табыстылық коэффициентi (1) сату көлемiнiң табыстылығын (2) барлық активтердiң айналымдылығына (3) (жиынтық,, авансталған, жалпы капитал), меншiк иелерiнiң табысының жалпы табыстағы салыстырмалы үлесiне (4) және қаржылық құрылым  көрсеткiштерiне көбейткенге тең.

Бұл  формула батыста кеңiнен қолданып жүрген Дюпонның әйгiлi формуласымен  үйлеседi. Ол жеке компанияның қаржылық есебiн талдау барысында қолданылатын, табыс көрсеткiшiн акцияларға қарапайым аналитикалық жiктеу болып табылады:

 

             ДСК =   х   х  х  х .

Мұндағы: Д С К—  меншiктi капиталдың табыстылығы;

 

              Д  Ч —  таза табыс;  

 

              Д N  —  өнiмдi өткiзуден алынған табыс;

 

              А    —   активтер құны;

 

              С К  —  меншiктi (акционерлiк) капитал.

 

Дюпон формуласындағы көбейткiштердiң әрқайсысы дербес көрсеткiш болып табылады. Осы формуланы пайдалана отырып  талдау жүргiзушi, тiзбекке қосылған  факторлардың қайсысы акционерлiк капиталдың  табыстылық деңгейiне ең жоғары дәрежеде ықпал еткенiн айта алады: өткiзiлген өнiмнiң әрбiр теңгесiнен көбiрек таза табыс алу, активтердi әлдеқайда тиiмдiрек пайдалану немесе кәсiпорынның жиынтық (авансталған, жалпы) капиталының құрылымдық өзгерiсi.

Осындай тәуелдiлiктердi зерттеу, қызмет нәтижесiн жақсарту үшін кәсiпорынның қаржы тетiктерiн  пайдалану мүмкiндiгiн және қаржылық жағдайын бағалауда үлкен дәлелдеушi күштерге ие болады. Яғни, басқа да осындай жағдайларда, акционерлiк капиталдың қайтарымдылығы, жиынтық капиталдың құрамындағы  қарыз қаражаттарының үлесi көбейген кезде өседi.

Меншiктi капитал мен барлық активтердiң табыстылық деңгейi көрсеткiштерi арасындағы айырма  кәсiпорынның қаржыландыру көздерiн ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетiн пайыздарға қарағанда көбiрек табыс әкелсе, онда айырма меншiктi капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкiн. Бұл  жағдайда  кәсiпорын иелерi, меншiктi капиталдың табыстылық коэффициентiн (ставкасын) өсiру мақсатында, әрине қарыздарға (несиеге) назар аударады: қаржылық оқулықта мұны “тетiк нәтижесi” деп атайды.

Іарызға байланысты кәсiпорын иесiнiң iс-әрекетi екi негiзгi элементтiң ықпалында болады.

Бiрiншi элемент – бұл  салық салынғаннан кейiнгi өндiрiс табыстылығының (рентебельдiлiгiнiң) нормасына байланысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесiнiң салыстырмалы деңгейi.

Іарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесi, кредиторлар табысының қарыз капиталына қатынасы ретiнде, келесi формула бойынша анықталады:

 

      Д =  =

Кәсiпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық мөлшерлемесi, таза табыстың (салық төленгеннен кейiн) активтердiң жалпы массасына қатынасы ретiнде анықталады:

            ДА  = .

 

Мұнда :   Д А – активтердiң табыстылығы (инвестицияланған

                        капитал);

              Д Ч  — таза табыс;

 

              С Н – салық мөлшерлемесi;

 

               А    —  активтер;

 

               1 – СН – салық мөлшерлемесiнiң компанияға әсерi

 

Негiзiнде, мысалы кәсiпорынның жаңа қарыздары болмаған жағдайда, берiлген кәсiпорын салық салынғаннан кейiн  15%-ға тең өндiрiс табыстылығына  ие  болады, бұл  кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған байланысты, кәсiпкер, құны төмен ақшаларды iске қосу арқылы меншiктi капиталдың  табыстылық мөлшерлемесiн өсiру мақсатында, қарыз капиталы мен тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсiпкер бұл  жағдайға назар аударуы  мүмкiн, себебi қаржылық  шығындар азаяды және салықтық үнемдiлiк байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесi келiсiм-шарт нормасы болып табылмайды (бiздiң мысалымызда 10 пайыз), себебi берiлген норма салықтық үнем үлесiне қысқарады.

Мысалы, егер салық мөлшерлемесi 50%-ға тең болса, онда 10%-дың келiсiм-шарт мөлшерлемесiне сәйкес келетiн нақты мөлшерлеме 5%-ға тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесi:

           10% × (1 – 0,5) = 5%-ға тең.

°рине, салық салынғаннан кейiн өндiрiс табыстылығы (рентабельдiлiгi) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бұндай арақатынас негiзiнде, қарыз  көбейген сайын қарыз мiндеттемелерiнiң табыстылық мөлшерлемесiне тигiзетiн әсерi арта түседi деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандай тетiк нәтижесi математикалық формуласында (44) көрсетiлуi мүмкiн, оның жеңiлдетiлген нұсқасы келесiдей түрде болады:

      Д А = ЭР(1-СН)+[ЭР(1-СН)-П(1-СН)]х.

              Мұнда :  ДА—   активтер (капитал) табыстылығы;

                           ЭР – эксплуатациялық табыс (салықтар мен

                                   пайыздарды төлегенге дейiн);

                           П –   ссудалар бойынша келiсiм-шартта

                                   көрсетiлген жылдық пайыз мөлшерлемесi;

                           СН –  салық салу мөлшерлемесi;

                            Д  —  қарыз мiндеттемелерi;

                            СК – инвестицияланған меншiктi капитал.

Екiншi капитал экономикалық белсендiлiктiң салыстырмалы жоғары деңгейлi тұрақтылығын көрсетедi. Берiлген формула бойынша егер салық төленгеннен кейiнгi инвестицияланған капитал активтерiнiң табыстылық коэффициентi мен салық төленгеннен кейiнгi пайыз мөлшерлемесi арасындағы айырма оң болса, онда тетiк нәтижесi де оң болады. Егер активтердiң табыстылық деңгейi қарыз қаражаттарына төленетiн  пайыздарға қарағанда аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсiпорын  қызметiне керi әсер  етедi деп бағаланады. Меншiктi капиталдың тиiмдiлiгiн арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөнiндегi сұрақтарды шешуге мүмкiндiк беретiн “тетiк нәтижесiнiң” формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиiс. Талдау жүргiзушi түрлi көрсеткiштердi пайдалана отырып меншiктi капиталдың табыстылық мөлшерлемесiн өсiру жолдарын көрсетедi.

Меншiктi капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететiн Жак Ришар мен Дюпонның формуласына келетiн болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебi активтер құнының меншiктi капиталға қатынасымен () анықталатын соңғы көбейткiш авансталған (жиынтық, жалпы) капиталдың құрылымын  сипаттамайды, ол жиынтық капиталдың меншiктi  капиталдан қанша есеге көп екенiн көрсетедi. Бұл  формулалардан меншiктi табыстылық  коэффициентiнiң осы қатынасқа  тура пропорционалды тәуелдiлiгiн көруге болады: ол неғұрлым жоғары болса, меншiктi капиталдың табыстылық мөлшерлемесi соғұрлым көп болады. Бiрақ, жиынтық және меншiктi капиталдың арақатынасы меншiктiң шоғырлану (тәуелсiздiк, автономия) коэффициентiмен шектелуi тиiс, оның мөлшерi 0,5-тен кем болмауы тиiс. Олай болмаған жағдайларда кәсiпорын өзiнiң қаржылық  тәуелсiздiгiн жоғалтып алуы мүмкiн. Бiздiң ойымызша, меншiктi капиталдың табыстылық  деңгейiнiң  өзгеруiне әсер етушi факторларды талдау үшін жоғарыда аталған меншiктi капиталдың табыстылық мөлшерлемесiнiң формуласы (ДСК=×) , сондай-ақ “тетiк нәтижесiнiң” формуласы жеткiлiктi болады. Бiз жиынтық капиталдың (авансталған, жалпы) табыстылық коэффициентi мен меншiктi  капиталдың табыстылық коэффициентiнiң өзара байланысын анықтау қажет деп ойлаймыз. Осы мақсатпен қаржылық талдау тәжiрибесiнде келесi формуланы қолдануды ұсынамыз:

               Да=  =  x   x .

  Мұнда:  — авансталған капитал құрылымын  сипаттайды, оның мөлшерi 1-ге тең, ал — қатынасы  меншiктiң шоғырлану (тәуелсiздiк, автономия) коэффициентiнiң деңгейiн көрсетедi. Кәсiпорын активтернiнiң  табыстылығы – бұл  өнiмдi өткiзуден алынған табыстылық пен () меншiктi капиталдың айналымдылық коэффициентiнiң ()  көбейтiндiсiнiң нәтижесi және кәсiпорынның тәуелсiздiк коэффициентi болып табылады. Тәуелсiздiк коэффициентi неғұрлым жоғары болса, активтердiң табыстылық коэффициентiнiң деңгейi соғұрлым көп болады, себебi соңғысы капиталдың қаржылық құрылымына тура пропорционалды тәуелдi.

Табыстылықтың маңызды салыстармалы көрсеткiшiнiң бiрi бұл  өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейi болып табылады. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражаттарының  қалдығы мен негiзгi құралдардың орташа құнына қатынасы ретiнде есептелiп шығарылады. Сонымен, өндiрiстiк қорлар құны, сәйкесiнше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негiзгi құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiн талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған факторлық талдау әдiстемесi, көрсеткiштiң алғашқы формуласын, табыстылық деңгейiн қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиiмдiлiгiн арттыру және өндiрiстi интенсивтендiрудiң барлық сапалы сипаттамасы бойынша жiктеудi қарастырады. Деңгейдi талдаудың факторлық үлгiсi келесi түрде ұсынылады:

 

=  

 

 Мұнда :  — өткiзiлген өнiмнiң еңбекақы сыйымдылығы;

 

 — өткiзiлген өнiмнiң материал сыйымдылығы;

 

 — өткiзiлген өнiмнiң амортизация сыйымдылығы;

 

— негiзгi өндiрiстiк қорлар бойынша өнiмнiң қор

       сыйымдылығы;

 — айналым қаражаттары бойынша  өнiмнiң қор

        сыйымдылығы (айналым қаражаттарының

        бекiту коэффициентi);

Д Ч — таза табыс;

 

F   — негiзгi құралдардың орташа құны;

 

Е —  материалдық айналым қаражаттарының орташа

      қалдықтары;

 — өткiзiлген өнiмнiң (сатудың) табыстылық

       деңгейi;

— толық өзiндiк құн бойынша өткiзiлген өнiмнен

       алынған табыстың 1 теңгесiне шаққандағы

       шығындар.

7- кесте

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi көрсеткiштер

N

   Көрсеткiштер

Символдар

2007

2008

  А

               Б

  В

     1

   2

1.

 Таза табыс , мың тг.

  ДЧ

13187

-13059

2.

Өткiзуден алынған табыс (түсiм) (акциз және қосымша құн салығынсыз), мың тг.

  ДN

257516

268020

3.

Негiзгi қорлардың жылдық орташа құны, мың тг.

   ±

108712

447788

4.

Материалды айналым қаражаттарының орташа жылдық қалдықтары, мың тг.

  Е

123283

172634

5.

Өндiрiстiк қорлардың жылдық орташа құны (3 қатар+4 қатар), мың тг.

  ±+Е

231995

620422

6.

Өнiмнiң қор сыйымдылық коэффициентi (3 қатар:2 қатар)

  К ФN

4,22

1,67

8.

Өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы табыс – өткiзiлген өнiмнiң табыстылық коэффициентi (1 қатар:2қатар),тг.

   Д NЧ

0,05

0,06

9.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейi(1қатар: 5қатар)×100%

   ДФ

0,060

*

 

Өнiмнiң  табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негiзгi қорлардың қор қайтарымдылығы мен негiзгi құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтерi  бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестiк шығындары неғұрлым төмен болса), өндiрiстiк құралдардың табыстылық деңгейi де соғұрлым жоғары болады. Жекеленген факторлардың өндiрiстiк  қорлардың табыстылық деңгейiне тигiзетiн ықпалының сандық бағасы тiзбектеп ауыстыру әдiсi бойынша анықталады.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейi есептi жылы 6 %-ды құрады.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң (рентабельдiлiгi) өзгеруiне ықпал етушi факторлардың әсерi келесi есептеулер бойынша  тiзбектеп ауыстыру әдiсiмен анықталады:

  • өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы таза табыстың көбеюi осы көрсеткiштiң 2,82 пунктке өсуiне әкеледi
  • қор сыйымдылығының көбеюi, яғни негiзгi өндiрiстiк қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың  табыстылық  деңгейiнiң 1,27 пунктке төмендеуiне әкелдi мұндағы
  • материалдық айналым қаражаттарын бекiту коэффициентiнiң азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң 0,02 пунктке өсуiне әкеледi. Осылайша факторлар бойынша өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң жалпы өсiмi 1,57 пункттi құрайды, ол өткен жылғы  мәлiметтермен салыстырғанда бұл  көрсеткiш деңгейiнiң жалпы өзгерiсiне сәйкес келедi.

   Тәжiрибеде қаржылық  салымдардың табыстылығы  деп аталатын көрсеткiш те қолданылады, ол бiрлескен кәсiпорындарда үлестiк  қатысудан  және құнды қағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық  салымдардың орташа құнына қатынасы ретiнде анықталады:

 

       =       +    

 

Іаржы салымдарының табыстылық деңгейi  кәсiпорынның инвестициялық қызметтi қаншалықты тиiмдi жүргiзетiнiн көрсетедi.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл  көрсеткiшпен қатар басқа да көрсеткiш қолданылады, ол кәсiпорындарға инвестицияланған қаржыларды  пайдалану тиiмдiлiгiн және бұл  инвестицияларды  басқару “шеберлiгiн” сипаттайды. Көрсеткiш келесi формула бойынша есептеледi:

 

                      Д И = .

 

 Мұнда :       Д И – инвестиция табыстылығы ;

                     С К – меншiктi капиталдың орташа мөлшерi;

                     Д О —  ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа

                               мөлшерi.

Бұл  көрсеткiш кейбiр жағдайда, таза табыс пен  несиелер бойынша пайыздар төлемiн, ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер мен меншiктi капитал сомасына бөлу арқылы келесi формула бойынша анықталады:

                   Д И = .

 

Мұнда: ПК – несиелер бойынша пайыздар төлемiнiң                          сомасы.

Мына формула бойынша  инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалай отырып, компания активтерi тек меншiктi капитал  есебiнен ғана емес, сонымен бiрге қарыздар берген инвестор-кредиторлар есебiнен де қаржыландырылатынына көңiл бөлiнедi. Сондықтан да таза табыс құрамына несиелер бойынша төленетiн пайыздар сомасы да енгiзiледi.

Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткiш – бұл  негiзгi қызметтен алынатын табыс, ол келесi формула бойынша анықталады:

                 Д Д О = .

 

  Мұнда :  Д ДО – негiзгi қызметтен алынатын табыс;

 

               SN    —  өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк

                         құны;                                                    

               PП    —  кезең шығындары.

Мына бөлшектiң бөлiмi өткiзiлген өнiмнiң толық өзiндiк құнын құрайды.

Бұл  көрсеткiш тек қана кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң тиiмдiлiгiн ғана емес, сонымен қатар бағаның  құрылу процестерiнiң тиiмдiлiгiн көрсетедi.  Оны өткiзiлген өнiмнiң жалпы көлемi бойынша да, және оның жеке түрлерi бойынша да есептеу дұрыс болып табылады.

Өнiм бiрлiгiнiң табыстылығы, сату бағасы мен өнiмнiң (бұйымның) өзiндiк құнының арасындағы айырманың жекелеген өнiмнiң өзiндiк құнына қатынасы ретiнде, келесi формула бойынша анықталады:

                       Д ПО  = .

Мұнда :

                   Д ПО  — жекелеген өнiмдердiң табыстылығы;

 

                   Р      —  өнiм бiрлiгiнiң бағасы;

 

                    S     —  өнiм бiрлiгiнiң толық өзiндiк құны.

 

Өнiм бiрлiгiнiң табыстылығы, жекелеген өнiмдердi өндiру мен өткiзудiң, өткiзiлген өнiмдердiң қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа тигiзетiн ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиiмдiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi. Бұл  көрсеткiш коммерциялық құпия болып табылады және де ол,  басқарушылық талдауды жүргiзу барысында қолданылады.

Негiзгi қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бiр көрсеткiшi – бұл  өткiзiлген өнiмнiң табыстылығы. Бұл  көрсеткiш өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы таза табыстың мөлшерiн көрсетедi. Ол келесi формула бойынша анықталады:

 

                         Д NЧ = .

 

 Мұнда : Д N – өнiмдi (жұмыс, қызмет) өткiзуден алынатын

                   табыс.

 

Жалпы өнiмнiң, бұйым топтары мен оның жекеленген түрлерiнiң табыстылығы, өнiмнiң сол немесе  басқа түрлерiн өндiрудiң табыстылығын (зияндылығын) салыстырмалы талдауда, әсiресе өнiмдердiң өте көлемдi ассортиментiн шығарушы кәсiпорындарда өте маңызды  көрсеткiш болып табылады.

­Өнiмнiң  табыстылығының модификацияланған  көрсеткiшi – бұл  сату көлемiнiң табыстылығы, ол мына формула бойынша анықталады:

              Д ВN = .

 

  Мұнда :  Д ВN —  сату көлемiнiң табыстылығы ;

 

              Д В  —   жалпы табыс;

 

              Д N  — өнiмдi ( жұмыс, қызметтi) өткiзуден алынған

                       табыс (түсiм).

Сату көлемiнiң табыстылық  деңгейiне өткiзiлген өнiмнiң құрылымының, оның өзiндiк құнының және өнiмдi сату бағаларының өзгерiсi ықпал жасайды.

Жекелеген өнiмдер табыстылығының сату көлемiнiң жалпы табыстылығына әсер ету бағасын, Новосибирск Мемлекеттiк экономика және басқару академиясының ғалымдары ұсынған талдау әдiстемесiн қолдану арқылы  белгiлеугi болады (9), ол бойынша талдау келесi жүйеде жүргiзiледi:

  • жалпы өткiзу көлемiндегi әрбiр өнiм түрінiң үлес салмағы анықталады;
  • өнiмнiң жекелеген түрлерiнiң табыстылығының  жеке көрсеткiштерi есептеледi;
  • жеке бұйымдар табыстылығының, оның орташа деңгейiне ықпалы, барлық өткiзiлген өнiмдер үшін, жеке табыстылықты жалпы өткiзу көлемiндегi бұйымдардың үлесiне көбейту арқылы анықталады;
  • шығарылатын бұйымның жеке табыстылығының өзгеруiмен байланысты ықпал, есептi кезең табыстылығы мен базистiк кезең табыстылығы  арасындағы айырманы есептi кезеңдегi бұйым үлесiне көбейту арқылы анықталады;
  • құрылымдық фактордың тигiзетiн ықпалы, базистiк кезеңдегi табыстылықты, есептi кезең мен базистiк кезеңдегi бұйымдардың үлес салмақтарының арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.

Талдау жүргiзудегi негiзгi ақпарат базасы – бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi болғандықтан, талдаудың бұл  түрі тек өнiм түрлерi бойынша  шығындардың аналитикалық есебiн жүргiзу барысында ғана мүмкiн болады. Мұндай талдау өткiзiлген өнiмдердiң  қалыптасқан  құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа жекелеген өнiмдердi өндiру мен сатудың тигiзетiн ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиiмдiлiгiн бағалауға  мүмкiндiк бередi.

Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельдiлiгiнiң) өзгеруiне өзiндiк құн деңгейi мен сату бағасы әсер етедi. Бұл  факторлардың әсерi тiзбектеп ауыстыру әдiсiмен есептеледi.

Жеке бұйымның табыстылығын  арттырудың  негiзгi фактор  оны шығарудың өзiндiк құнын төмендету  болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша өзгеру себептерiн талдауға басты назар аударылуы тиiс, сонымен бiрге баға қалыптасуының  дұрыстығын зерттеуге де көңiл бөлiнедi.

Табыстылық  көрсеткiштерiнiң үшіншi тобы ақша қаражаттарының таза ағымының құйылуы  негiзiнде есептеледi.

Соңғы көрсеткiштер кәсiпорынның   кредиторлар, қарыз берушi және акционерлер алдында қолма-қол ақша қаражаттарымен өз мiндеттемелерiн орындауы жөнiнде мәлiмет бередi. Іолма-қол  ақшалардың ағымы негiзiнде есептелетiн табыстылық   нарықтық  экономикасы дамыған елдерде кеңiнен қолданылады. Оның  артықшылығы бар, себебi ақша ағымдарымен жүргiзiлетiн операциялар өндiрiстiң қарқынды түрінiң маңызды белгiсi және кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық “кiнәратсыздығының” басты нышаны болып табылады.

 

 

  • Шаруашылық субъектісінің маржинкалды табысты талдау

 

     Нарықтық экономикаға өту өндiрiс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды қайта қарауды және оның прогрессивтi әдiстерiн ендiрудi талап етедi. Осы мақсатта ІР бухгалтерлiк есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегi шығындарды есепке алуда “директ-костинг” жүйесi бойынша ұйымдастыру тәжiрибесi көңiл аудартады. Бұл  жүйе АІШ-та пайда болған.  Оның негiзгi идеялары “Өндiрiстiк есептiң Ұлттық қауымдастығының бюллетенiнде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған американдық зерттеушi И.Н. Гарристiң мақаласында айтылған. Директ-костингтi нақты енгiзу АІШ-та 1953 жылы  iске асты, сол кезде бухгалтерлердiң Ұлттық  қауымдастығы осы әдiстiң сипаттамасын жариялады. Ұлыбританияда бұл  әдiс “ маржиналь-кост”, ал Францияда —  “маржиналдық бухгалтерия” деп аталады”, — деп жазған  В.И. Ткач және М.В. Ткач. Директ-костинг жүйесiнiң негiзiнде “Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу – директ-костинг жүйесiнiң бiрiншi ерекше белгiсi”, — деп  бiздiң ғалым, профессор С.С. Сатыбалдин тұжырымдайды.

Айнымалы шығындарға  өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне байланысты өзгеретiн тiкелей шығындар жатады: шикiзат және негiзгi материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндiрiстiк персоналдың жалақысы, тиiстi төлемдерiмен бiрге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бiрқатар басқа да үстеме шығындар.

Тұрақты шығындарға әкiмшiлiк, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады. “Тұрақты  шығындар кезеңдiк шығындар болып есептеледi және бұйымдар арасында бөлiнбейдi, олар тура нәтижелерге жатқызылады”.

Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтiлген бақылауды талап етедi. Тұрақты шығындардың мөлшерi тұрақты болып қалады және өндiрiс көлемiне пропорционалды өзгермейдi, мысалы, жал төлемi, несиенi пайдаланғаны үшін пайыздар, негiзгi құралдарға есептелген амортизация, кәсiпорын басшысының жалақыларының кейбiр түрлерi және басқа да шығындар.

Тұрақты шығындар бiрдей уақыт аралығында бiрдей сомамен есептеледi. Оларға кәсiпорын және оның бөлiмшелерi бойынша смета есептеледi. Ескерiлген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негiзiнде кәсiпорынның шаруашылық нәтижесiне әр бөлiмшенiң салымын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қарағанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тәуелдi емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резервi өндiрiс көлемiнiң өсуiнде жатыр. Шығарылған өнiм көлемi қаншалықты көп болса, өнiм бiрлiгiне тұрақты шығындар соншалықты аз келедi.

Шығындарды тұрақты және өзгермелi деп жiктеу бiршама сипатта екенiн айта кетен жөн, себебi  шығындардың бiр бабы әр түрлi жағдайда өндiрiс көлемiне тәуелдi немесе тәуелсiз болуы мүмкiн. Мысалы, кәсiпорын қызметiнiң саласын кеңейту, тиiстi қызмет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiнiң жұмыс көлемiн ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлiмi, жоспарлау- өндiрiстiк бөлiмi және т.б.). Бұл  жағдайда белгiлi бiр кезеңде басқару аппаратын Үстау шығындарының өсуi пайда болады, ол шығындар белгiлi бiр кезеңде тұрақты ретiнде қарастырылады.

Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнiм шығару көлемiнiң тұрақсыздығына тәуелсiз бiр кезеңнен екiншiге өзгеру байқалуы мүмкiн (мысалы, жал төлемiнiң өсуi, материалдар мен тауарларды сақтау бойынша шығындардың көбеюi және т.б.). Басқа бiр жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндiрiстi ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты фактәорлардың салдарынан өндiрiс көлемiнiң өзгеруi кезiнде өзгерiссiз қалмайды. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулi) өзiндiк құнды есептеу мақсатында жүргiзiледi. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни “директ-костинг” жүйесi кезiнде өнiмнiң толық  өзiндiк құнын калькуляциялау әдiсi қолданылмайды. Бiздiң елiмiзде бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандартына көшпес бұрын, толық өзiндiк құнды есептеу және калькуляциялау жүйесi кеңiнен тарады, ал  “директ-костинг” жүйесi iс жүзiнде қолданылмайды.

Бухгалтерлiк есептiң N3 “Іаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп” стандартының мазмұны ІР-да шығындарды есептеудi ұйымдастыру “директ-костинг” жүйесi бойынша жүргiзiлуi керек екендiгiн куәландырады. Бұл  есепте тұрақты шығындар, өндiрiстiк өзiндiк құнға жатқызылмайтын және кәсiпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең шығындарына жатқызылған. Жыл бойы бұл  шығындар  субьектiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiнiң шоттарының Бас жоспарындағы 821 “Жалпы және әкiмшiлiк шығындары”, 831 “Пайыздар бойынша  шығындар” және 811 “Тауарларды өткiзу бойынша  шығындар” шоттарында жинақталады.

Бұл  жүйенiң мәнi арнайы әдебиетте бiржақты қөзқарас жоқ екенiн атап өту керек. Бұл  авторлар “директ-костинг” – бұл  өндiрiс шығындарының есебiнiң жүйесi деп есептейдi. С.С. Стуков оны “өндiрiстiк шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлiгiнде есептi жүргiзу” деп атайды. Басқа авторлар  “директ-костинг” жүйесiн калькуляциялау әдiсiне жатқызады. С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: “Бiздiң көзқарасымыз бойынша, осы жүйенiң мазмұны әлдеқайда дұрысырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындардың өзiндiк құнын калькуляциялау болып табылады”, дегенмен  осы сiлтеме алынған  оның  монографиясының  тарауы “Директ-костинг” жүйесi бойынша өндiрiс шығындарының есебi және өнiмнiң өзiндiк құнын  калькуляциялау” деп аталады. Осы жүйенi калькуляциялаудың бiр әдiсi деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач “директ-костинг” терминiнiң орыс тiлiндегi дұрыс  аудармасы “қиылған өзiндiк құн” емес, “пропорционалды өзiндiк құн” деп есептейдi. В.Ф. Палий өз еңбегiнде “директ-костинг” жүйесiн “тiкелей шығындар бойынша калькуляциялау” деп, ал С.А. Стуков “ шектелген өзiндiк құнды есепке алу әдiсi” деп атайды.

Соңғы сiлтеменiң  тұжырымы мынадай, яғни автор “директ-костинг” жүйесi өндiрiс шығындарын есептеудiң және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың бiртектi әдiсi деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл  жүйе кезiнде  өндiрiс шығындарының есебi және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейдi.

Бiз қарастырып  отырған мәселе бойынша бiрнеше авторлардың көзқарастарын келтiрдiк. Бiздiң көзқарасымыз бойынша “директ-костинг” жүйесi, өндiрiс шығындарының есебiн және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялауды бiрге  байланыстырады.

“Директ-костинг” жүйесiн қолдану белгiлi бiр қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп жiктеу, тiптi нақты кәсiпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкiн емес, ол қызметтiң өзгермелi жағдайларына байланысты қарастырылуы тиiс. “Директ-костинг” жүйесiн қолдану барысында  калькуляциялау және баға белгiлеу үшін өнiмнiң толық өзiндiк құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келедi. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды, себебi  өндiрiс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептiк жолмен анықталады.  “ Сонымен қатар, — деп жазады профессор В.К. Радостовец – шығындарды  тұрақты және өзгермелi деп бөлу есептiң бақылау және талдау мүмкiндiктерiн күшейтедi, ұтымды шешiм қабылдауға ықпал етедi”. Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу  шарттылығының  кемшiлiктерi “директ-костинг” жүйесiнiң аналитикалық артықшылықтарымен жабылады, олардың негiзгiлерi:

  1. шығарылған өнiмдердiң сұрыпталымы мен табысын үйлестiру;
  2. жаңа өнiм бағасын анықтау, кәсiпорынның өндiрiстiк қуатының өзгеру нұсқаларын есептеу;
  3. өндiрiс тиiмдiлiгiн бағалау (жартылай фабрикаттарды алу);
  4. қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру тиiмдiлiгiн бағалау және тағы басқалар болып табылады.

“Директ-костинг” жүйесi – бұл  шығындарды  олардың түрлерi, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебiнен, өндiрiстiк қызмет нәтижелерiнiң есебiнен, сонымен бiрге шығындар мен нәтижелерiн талдау және басқару шешiмдерiн қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндiрiстiк) есеп жүйесi. С. С. Сатыбалдиннiң ойынша бұл  жүйе кезiнде “өндiрiстiк және қаржылық  есеп интеграциясы” орын алады,  бұл  “директ-костинг” жүйесiнiң екiншi ерекшiлiгi болып табылады. Бұл  көзқараспен С.А.Николаева келiспейдi, ол “бұл  жүйе бойынша өндiрiстiк есеп қаржылық  есептен бөлек және онымен бiрлесе ұйымдастырады”- деп санайды. С.С. Сатыбалдин бұл  жүйе қаржы жүйесiнен жеке ұйымдастырылуы мүмкiн екенiн мойындағын және олардың интеграциясына негiзделген “директ-костингтiң” харрисовтық жүйесiн дұрыс көрсетедi. Американдық оқулықта оны “есеп жүргiзудiң монистикалық жүйесi” деп те атайды. “Оның мәнi – деп жазады С.С. Сатыбалдин өндiрiстiк және қаржылық  есептен жазулары жалпы жүйеге келесi жолмен бiрiктiрiледi, өндiрiстiк есептiң iшкi операциялары бас кiтапта  көрсетiледi. Өндiрiстiк шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа “құн-көлем-пайда” мәлiметтерiнiң тәуелдiлiгi түрiнде берiледi…. Бiрақ  бұл  жүйенiң американ ғалымының көзқарасы бойынша белгiлi бiр  кемшiлiктерi бар. Олар мыналар: бiрiншiден, өндiрiстiк және қаржылық есептiң сипаты мен мақсаты әр түрлi, сондықтан оларды бiрiктiру дұрыс емес. Есептi өндiрiстiк және қаржылық деп бөлу негiзiнде коммерциялық құпияны сақтауда  жатыр”.

Профессор С.С. Сатыбалдин, АІШ–та тәжiрибе алмасуда болып, осы мәселенi терең және жан-жақты зерттедi.  Ол бiздiң көзқарасымызша “директ-костинг” жүйесiнiң  ерекшелiктерiн дұрыс көрсеткен. Ол оның  үшіншi белгiсi деп өнеркәсiптiк фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесiн атайды, оның негiзгi моделi келесi түрде көрiнедi:

  1. Өнiмдi өткiзуден түскен табыс – 14416.
  2. Айнымалы шығындар – 7089.
  3. Маржиналды табыс – 7327.
  4. Тұрақты шығындар – 4925.
  5. Негiзгi қызметтен алынған табыс – 2402.

Маржиналды табыс – бұл  өнiмдi өткiзуден түскен табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма (14416-7089). Екiншi жағынан, ол – тұрақты шығындар мен негiзгi қызметтен түскен табыс сомасы (4925+2402). Бұл  жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкiндiк бередi, оның есептi жiктеу үшін маңызы зор.

Көп сатылы есептер кем дегенде екi бөлiмнен тұрады: жоғарғысы маржиналды табысты, ал төменгiсi  негiзгi қызметтен түскен табысты көрсетедi.

“Директ-костинг” жүйесi бойынша жасалған табыс туралы есепте айнымалы  шығындардың, өткiзу бағасының және өткiзiлетiн өнiм санының өзгеруi салдарынан  негiзгi қызметтен түскен табыстың өзгерiске ұшырағаны көрiнедi. Жүйеде алынатын ақпараттар баға  мен көлемнiң ең тиiмдi  әдiстерiн табуға, негiзгi қызметтен түсетiн табыс көлемiн болжауға мүмкiндiк бередi. Бұл  “директ-костинг”  жүйесiнiң төртiншi ерекшелiгi болып табылады.

Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың  өткiзiлген өнiм көлемi, маржиналды табыс және негiзгi қызметтен түскен табыспен өзара байланысын анық  көрсету үшін графикалық әдiстi пайдаланамыз. Декорт координатының  тiгiнен (“у” белгiленетiн ордината осi) өзiндiк құн және өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың мәлiметтерiн, ал көлденеңiнен (“х” белгiленетiн абцисса осi) – табиғи өндiрiлген өнiм саны туралы мәлiметтердi келтiремiз.

Кәсiпорын икемдi сұранысқа ие болатын бiр атаулы өнiм өндiредi делiк. Келесi ақпараттар негiзiнде график құрамыз. Өнiм бiрлiгiне келетiн өзгермелi шығындар – 9 теңге, iскерлiк белсендiлiктiң мүмкiн болатын  маңызды көлемi – 10-нан 70 мың данаға дейiн бұйым, осы көлемдегi тұрақты шығындар – 450 мың теңге, өзгермелi шығындар – 630 мың теңге, жалпы шығындар – 1080 мың теңге, өткiзiлген өнiм бiрлiгiнiң бағасы – 24 теңге. Өнiм өндiрудiң қандай көлемiнде, өткiзуден  түскен табыс өнiмнiң толық өзiндiк құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткiзудiң қауiптi көлемiне қалай қол жеткiзедi деген сұрақ туады. Егер өнiмдi өткiзуден алынған нақты табыс, оның толық өзiндiк  құнынан жоғары болса, онда кәсiпорын негiзгi қызметтен табыс алады, ал егер керiсiнше болса, онда шығынға ұшырайды.

Зияндық нүктесiн анықтау үшін (өндiрудiң қауiптi көлемiнiң  нүктесi, немесе “өлi нүкте”) өзiндiк құн, өткiзу көлемi және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететiн келесi негiзгi теңдеудi пайдалануға болады:

 

                  ДN = VO+С + Д О.

 

Мұнда : ДN – өнiмдi өткiзуден түскен табыс;

                VO   —   айнымалы шығындардың жалпы сомасы:

            С   —  тұрақты шығындар;

            Д О —  негiзгi қызметтен түскен табыс.

Өндiрiс көлемiнiң қауiптi нүктесi үшін теңдеу келесi түрде болады:                  ДN = VO

Егер өткiзуден түскен табысты өнiм бiрлiгiнiң сату бағасы (Р) мен сатылған бiрлiктер санының (g) көбейтiндiсi ретiнде, ал өзгермелi шығындардың жалпы  сомасын өнiм бiрлiгiнiң айнымалы шығындары  мен  өткiзiлген өнiм бiрлiгiнiң санына көбейтiндiсi ретiнде көрсететiн болса, онда мынадай толық теңдеу шығады:

                  Р × g = С+ V × g .

 

Мұнда      Р  — өнiм бiрлiгiнiң сату бағасы; 

               V  — өнiм бiрлiгiне келетiн айнымалы шығындар;

                     g   — сатылған бұйым бiрлiктерiнiң саны;

               С  — тұрақты  шығындар.

 

Бұл  теңдеу қажеттi  көрсеткiштерi алу үшін негiзгi теңдеу болып табылады.

  1. Өндiрiстiң қауiптi көлемiн  есептеу.

    P×g = C+V×g ;      P×g — V×g = C;        g ( P — V) = C;

 

                          g  = =

Мұнда : g —  өнiм өндiру көлемi ( бұйым бiрлiктердiң саны );

d-өнiм көлемiне келетiн маржиналды табыс, теңге.

Барлық  өнiмдердiң маржиналды табысы, түсiм мен айнымалы шығындар сомасының арасындағы айырма  ретiнде анықталады.

Жоғарыда келтiрiлген мәндердi орнына қойып, “өлi нүкте” немесе орнын толтыру  нүктесiн анықтаймыз:

 

                      g  = ==30000

Есеп, өндiрiстiң қауiптi көлемi 630 мың өнiм бiрлiгiн құрайтынын көрсетедi.

  1. Өнiмдi өткiзуден түскен табыстың (түсiмнiң) қауiптi көлемiн есептеу.

Бұл   көрсеткiштi анықтау үшін өндiрiстiң қауiптi көлемiнiң теңдеуi қолданылады. Осы теңдеудiң оң жақ және сол жақ бөлiгiн бағаға (р) көбейту арқылы қажет формуланы аламыз:

 

g  = ;        g х Р  = х Р=  ;                     ДN=;

ДN=;                     ДN=;                              ДN=;

 

Мұндағы шартты белгiлiр алдыңғы қабылданғандарға сәйкес. Сандық белгiлердi қойып, iзделiп отырған көрсеткiштiң көлемiн табамыз:

 

ДN =  =      =   =  = 720000.

 

“Өлi нүктеде” өткiзiлген өнiмнен түскен табыс (түсiм) 720 мың теңгенi құрайды.

  1. Тұрақты шығындардың қауiптi деңгейiн есептеу.

Есептеу үшін қауiптi нүктедегi өткiзiлген өнiмнен  түскен табыстың бастапқы формуласы қолданылады:

                        ДN = VO+С.

 

Бұдан:   С= ДN – VО = P x g -V× g = g ( P-V), яғни  С = g × d

 

Бiздiң мәлiметтер бойынша өндiрiс көлемiнiң қауiптi нүктесiндегi тұрақты шығындар көлемiн анықтаймыз:

 

   C = g x d = 30000 x 15 = 450000 теңге

Бұл   формула қолайлы, себебi ол егер маржиналды табыс деңгейi  бағаға немесе өнiмдi өткiзуден түскен табыс көлемiне қатысты пайызбен берiлген кезде  тұрақты шығындардың көлемiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Онда есептеу формуласы мынадай болады:

С= gx = 450000 теңге

  1. Өткiзудiң қауiптi бағасын есептеу.

Өткiзу бағасы өткiзуден түскен табыстың берiлген көлемiне және бiрлiгiне есептелген тұрақты және  айнымалы шығындар деңгейiне негiзделiп анықталады:

 

      Д О = C + V O  немесе

      P x g = C + V × g  бұдан

 

      Р = =  + = + V.

Сандық мәндердi орнына қойып, өткiзудiң қауiптi бағасын анықтайық:

 

   Р=+ V= + 9 теңге = 15+ 9= 24 теңге

 

Егер маржиналды табыс көлемi мен түсiм арасындағы арақатынасы белгiлi болса (немесе өнiм бiрлiгiне келетiн маржиналды табыс көлемi мен өнiм бағасы арасындағы  қатынас), онда бұйымның ең төмен бағасын мына формула бойынша анықтауға болады:

 

                Р = = == =24

 

  1. Ең төменгi маржиналды табыс деңгейiн есептеу.

Егер тұрақты шығындардың көлемi және өнiмдi өткiзуден түскен табыстың күтілетiн көлемi белгiлi болса, онда ең төменгi табыстың түсiмге қатысты %-ға деңгейi келесi формуламен анықталады:

 

 d   % — пен алғанда  ДN == х100= 62,5%

           62,5 × 720 000 × 100 =  450 000  теңге.

Графикалы келтiрiлген есептер, кәсiпорын 30 мың бұйымды жалпы сомасы 720 мың теңгеге өткiзiп, шығындарды толық жабатынын және  өндiрудiң “ қауiптi” көлемiне қол жеткiзетiнiн көрсетедi.

 

Dn,S

 

 

 

 

 

2000

1800                                                        Dn

1600                                                  

1400                                             Табыстар        

1200                                              аймағы S

1000                             K

800                                               V0

600

  • — шығындар Іауiпсiздiк С

200    — аймағы               аймағы (алаңы)  

 

 

 

       0   10    20   30   40   50   60   70   80            g

                                   х , g

 

Табыс  және шығындар, түсiм, өндiру көлемi көрсеткiштерiнiң арақатынасының графигi

Графикке қатысты шартты белгелер:

ДП – өнiмдi өткiзуден түскен түсiм;

S   — өткiзiлген өнiмнiң толық өзiндiк құны;

VО – жалпы айнымалы шығындар;

C  —  тұрақты  шығындар;

g  —  өнiм бiрлiгiнiң саны, мың дана;

К —  өндiрiстiң қауiптi көлемiнiң нүктесi

График көмегiмен, көрсетiлген қаржы нәтижелерiнiң, өндiрiс көлемi мен өнiмдi өткiзуге тәуелдiлiгiне келесiдей  түсiнiктеме  берiлуi мүмкiн. Түсiм мен өзiндiк құн (сызықтары) түзулерi қиылысқан кезде (өндiрiс көлемiне сәйкес келетiн “К” нүктесi – 30 000 дана) зиянсыздық жағдайына қол жеткiзiледi, себебi осы нүктедегi 720 мың теңге  (30 000 × 24) көлемiндегi жалпы табыс, 450 мың тг, көлемiндегi  тұрақты шығындар мен 270 мың теңге (30 000 × 9 тг) айнымалы  шығындарды өтеуге жеткiлiктi болып табылады. Осы нүктеден төмен, өткiзу көлемiнде кәсiпорын барлық шығындарды  өтей алмайды, яғни оның қаржылық нәтижесi зиянды болады, керiсiнше, қауiптi көлемнен жоғары деңгейде қаржылық нәтижесi оң, яғни кәсiпорын қызметi табысты болады.

Графикте шығындар аймағы өндiрiс көлемiнiң қауiптi нүктесiнiң сол жағында, ал табыстар аймағы – оң жағында орналасқан. 10 мыңнан 70 мыңға дейiн бұйымдар шеңберiнде релеванттық қатарды бағалай отырып, 30 мың бiрлiк бұйымнан артық өткiзiлген немесе шығарылған әрбiр өнiм бiрлiгi, кәсiпорындарға айнымалы шығындарды алып тастағандағы өткiзу бағасына тең болатын 15 теңге маржиналды табыс (24-9) әкеледi деп қорытынды жасауға болады. Бұл  табыс нақты  сомадан тұрақты шығындар көлемiмен ажыратылады. Өнiмнiң өзiндiк құнын айнымалы шығындар негiзiнде есептеу әдiсiн қолдану, тұрақты шығындары күрделi есептеуден  құтылуға, өткiзуден түскен табыс пен маржиналды табысты  салыстыруға, өткiзiлген өнiмге келетiн барлық тұрақты шығындарды есептеп шығаруға және айнымалы шығындар бойынша қоймадағы дайын өнiмнiң қалдығын бағалауға мүмкiндiк бередi. Негiзiнен бұл , ағымдағы жылғы тауарлардың сатылмауына байланысты мүмкiн болатын тәуелдiлiктен ойдағыдай өтуге және де осы сомаға табыс пен салықты азайтуға мүмкiндiк бередi.

70 мың бiрлiк өнiм өткiзгенде негiзгi қызметтен түсетiн табыстың абсолюттiк көлемi 600000  теңгенi құрайды (70000 × 24)-(450000 + 70000 × 9) = (168000 — 108000).

Нақты өлшеммен алғандағы өткiзуден түскен жоспарлы табыс көлемiнiң (70000 бiрлiк) өткiзуден  алынған табыстан артуы, орнын толтыру нүктесiнде  40000 бiрлiктi құрайды (70000- 30000). Бұл  арту, яғни асып кету  “қауiпсiздiк аймағы” деп аталады, себебi ол жұмыстың зиянсыздығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн өткiзуден алынған табысты  сипаттайды.  10000 – нан  30000 бiрлiк  аралығындағы әрбiр өткiзiлген өнiм бiрлiгi зиян әкеледi, өйткенi бұл  өткiзу көлемi жалпы шығындарды жабуға жеткiлiксiз болып табылады.

Өндiрiстiң қауiптi көлемiнiң  мөлшерiне келесi бiрiншi реттегi факторлар өзгерiсi әсер етедi:

  • өнiм бiрлiгiнiң бағасы;
  • өнiмнiң бiрлiгiне шаққандағы айнымалы шығындар;
  • тұрақты шығындар.

Өткiзiлген өнiм бiрлiгiнiң  бағасының төмендеуi нақты өлшемдегi өткiзу көлемiнiң көбеюiнiң  қажеттiлiгiн  анықтайды, яғни шығындарды өтеу үшін орнын толтыру нүктесiнiң көтерiлуiн анықтайды.

Егер қарастырылып отырған мысалда бағаны 24 теңгеден 21 теңгеге дейiн төмендетсе, онда орнын толтыру нүктесi 37 500 бiрлiкке ()  тең болады.

10 мыңнан 70 мың бiрлiкке дейiн мүмкiн болатын өткiзудiң релеванттық интервалын сақтау кезiнде қауiпсiздiк аймағы тарылады және 40 мың емес, 32,5 мың бiрлiктi құрайды (70 000 – 37 500), яғни өткiзу кезiнде кәсiпорын тек 37501 бiрлiктен бастап негiзгi қызметтен табыс алады. Бағаның өсуi орнын толтыру нүктесiне керi әсерiн тигiзедi. Ол зиянсыздық деңгейiн төмендетедi. Мысалы, егер кәсiпорын өнiм бiрлiгiн 29 теңгеден сатса, яғни 5 теңгеге немесе 20,8%-ға  өсiрсе, онда өндiрiстiң қауiптi көлемi 22 500 бiрлiктi құрайды. Басқаша айтқанда, егер өзгермейтiн шығындар кезiнде бағаны 5 теңгеге көтерсе кәсiпорын 7500 бұйымға  аз сатады. Өнiм бiрлiгiне  шаққандағы айнымалы шығындардың өзгеруi мен өндiрiс көлемiнiң қауiптi нүктесi  тiкелей өзара байланысты: осы шығындардың өсуi “ өлi нүктенiң” көтерiлуiне әкеледi.  Егер  қарастарылып отырған мысалда өнiм бiрлiгiне шаққандағы айнымалы шығындар 9 теңгенiң орнына 12 теңгенi құраса , яғни 33,3 %-ға өссе, онда өндiрiстiң қауiптi көлемi 37500 бiрлiкке тең болады.

Тұрақты шығындар өзгерiсiнiң бағыты қарастырылғын айнымалы шығындарға  ұқсас болып келедi.

Тұрақты шығындардың көлемiнiң өзгерiсiнiң қауiптi көлемге әсерi  келесi формула бойынша анықталады:

 

      D g =   — = .

 

Осы формуладан көрiп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсiмi қауiптi көлемiнiң өсуiне әкеледi және керiсiнше. Басқаша айтқанда, өткiзуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуi үшін өнiмнiң белгiлi бiр көлемiн қосымша сату қажеттiлiгi туады, яғни белгiлi бiр көлемде қосымшы өнiм сатылуы керек.

Осы мысалды одан әрi қарастыра отырып, мысалы жал төлемiнiң өсуiне байланысты тұрақты  шығындардың 10 %-ға өсуi қауiптi көлемге қалай әсер ететiнiн  анықтайық. Мәлiметтердi жоғарыда келтiрiлген формулаға қойып, жаңа, өскен тұрақты  шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс iстеу үшін ғана, қосымша 3000 өнiм бiрлiгiн сату қажет екендiгiн анықтаймыз.

Керi тұжырымдама да дұрыс болады, яғни тұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық  нүктесiн төмендетудiң және кәсiпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың  бiрден-бiр әдiсi болып табылады. Осылайша, 30000 өнiм өткiзiп, кәсiпорын шығынсыз жұмыс iстейдi. Бiр өнiмге  шаққандағы тұрақты шығын мөлшерi 15 теңгенi (450000:3000) құрайды. Өндiрiстiк қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден  6000 бұйымды сатып алғысы келедi.

Кәсiпорын тапсырысты, оны орындаудан қосымша табыс алатын жағдайда ғана қабылдауы тиiс, 8 – кесте.

 

                           8– кесте

Іосымша тапсырысты қабылдаудың экономикалық мақсатқа сайлығын  бағалау

 

N

       Көрсеткiштер

 есептеу

  сомасы, мың тг.

1.

Өнiмдi өткiзуден түскен табыс

 600 х 20

  120

2.

Айнымалы шығындар

 600 х 9

   54

3.

Тұрақты  шығындар

      —

  —

4.

Негiзгi қызметтен түскен табыс

 120-54

   66

 

Көрiп отырғанымыздай, сатып алушы ұсынған баға кәсiпорынның өнiмдi өткiзу бағасынан  төмен болғанына  қарамастан, осы тапсырысты қабылдау негiзгi  қызметтен  66000 тг көлемiнде қосымша табыс алуды  қамтамасыз етiп отыр. Оның қалыптасу көзi тұрақты  шығындарды азайту болып табылады (45000:36000 = 12,5 тг.), ол бiр өнiмге 12,5 теңгенi құрайды.

Нарықтық факторлардың әсерiнен қауiптi көлемiнiң өзгеруiн қарастыра отырып, бiз шығынсыз жұмыс iстеуге қол жеткiзу туралы айтып отырмыз. Алайда кез келген кәсiпорынның мақсаты – негiзгi қызметтен, табыс алу.

Табыстылықты талдауды логикалық түрде жалғастыра отырып, бiрiншiден, өткiзуден түскен табыстың қандай көлемiнде кәсiпорын үшін қажет негiзгi қызметтен түсетiн табысты алуға болатынын, екiншiден,  тұрақты шығындардың деңгейiнiң өзгеруi қаржы нәтижелерiне қалай әсер ететiнiн анықтайық. Бiздiң мысалымызда 30 000 өнiмдi өткiзу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бiр өнiмдi артық сату ең аз  табысты  алуға мүмкiндiк бередi. Есептi кезеңде 40000 өнiм сатылды делiк. Негiзгi қызметтен түскен табыс 150 мың теңгенi құрайды. (40000 × 24 – 40000 × 9 – 450000 = 960000 – 360000 — 450000).

Кәсiпорын басшылары табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-ға өсуi үшін өткiзу көлемiн қаншаға өсiру керек екендiгi туралы мәселе қояды.

Бұл  сұраққа жауап беру үшін келесi формуланы қолданамыз:

 

                       gпл  = .

 

Мұнда:  Д ПЛО —  негiзгi қызметтен түскен табыстың жоспарлы

                     сомасы

                    gпл   —       жоспардағы  табыс сомасын алуды қамтамасыз

                            ететiн сату көлемi.

 

Берiлген формула маржиналды табысты тұрақты шығындар мен негiзгi қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретiнде анықтаудан шығады.

Ол үшін формуланың оң және сол жағын өнiм бiрлiгiне есептелген маржиналды табыс  өлшемiне көбейту керек:

                        gпл х (Р-V)= С+Д ПЛО .

Келтiрiлген формулаға белгiлi мәлiметтердi орынын қоя отырып, негiзгi қызметтен түскен табыс сәйкес 5 % және  10%-ға өскендiгiн жоспарлы сату көлемiмен анықтаймыз:

 

  а)  g ПЛ1 = = == 40500  бiрлiк;

 

 

 ә) g ПЛ2 = = == 41000  бiрлiк;

 

Негiзгi қызметтен алынатын табысты 5 %-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнiм (500× 24), ал 10%-ға – жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнiм өткiзу керек (1000×24).

Яғни өнiм көлемiнiң 1,25%-ға  ( ) өсуi негiзгi қызметтен табыстың 5-ке өсуiн қамтамасыз етедi, ал өткiзудiң 2,5%-ға () өсуi негiзгi қызметтен  түскен табысты 10%-ға арттырады.

Егер кәсiпорын өнiмнiң бiр емес, бiрнеше түрiн өткiзетiн болса, онда кәсiпорын үшін зиянсыздық  нүктесi құндық түрiне келесi формула бойынша  анықталады.

                        К = C ×

Мысалда  бұл  720 мың теңгенi  құрайды:

           (450000 := ).

“Шығындар – шығару (өткiзу) — табыс” арақатынасын талдау әдiсi маркетингтiк талдауда өнiмнiң аз көлемiн жоғары бағаман немесе көп өнiмдi  төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкiн.

Кәсiпорын үшін тиiмдi вариантты таңдау осы арақатынасты талдау процесiнде  жүргiзiлетiн есептеулердi қажет етедi. Шығындарды өнiм көлемiмен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкiн емес, себебi бұл  жағдайда қойылған сұраққа жауап алынбайды. Сондықтан “шығындар – шығару(өткiзу)-табыс” арақатынасын  талдау басқа салалармен қатар маркентингтiк талдауда да қолданылады.Жоғарыда айтылған “директ-костинг” жүйесi және оның  негiзiнде iске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгiлерi болып табылады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешiмдерiн қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесiне  қол жеткiзуге мүмкiндiк  бередi. Бұл  жүйеде басты көңiл ресурстар шығындарының өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тәуелдi  жағдайды зерттеуге бөлiнедi, бұл  кәсiпорынның қаржы жағдайын тұрақтандыру бойынша тез және икемдi шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Оның ең маңызды жағы – өнiмнiң өзiндiк құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жұмысын, есеп және бақылауды  жеңiлдетуге  мүмкiндiк бередi: өзiндiк құн “әлдеқайда анығырақ” болады, ал жеке шығындар – жақсырақ  бақыланатын болады.

Бұл  жүйе, тұрақты шығындардың көлемiн жоспарлау мен нормалаудың негiзделу мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi, себебi осы  шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетiледi.

Бұдан басқа “директ-костинг” жүйесiнде тұрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебi өзiндiк құнды бақылау кезiнде стандартты шығындар немесе икемдi бюджеттер  жиi қолданылады. “ Директ-костинг” жүйесiнде “стандарт-кост” жүйесiн пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемдi бюджеттер негiзiнде өндiрiстiк қуаттың жұмысқа жүктелунiң әр түрлi деңгейлерi үшін тұрақты шығындардың әр түрлi деңгейлерiнiң қойылуы жатыр.

”Директ-костинг“ жүйесi кезiнде келесi  басқарушылық шешiмдердi қабылдауға болады: ең жоғары маржиналды табыс белгiсi бойынша өндiрiстiк бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгiлi бiр бағамен сататын жаңа өнiмге баға белгiлеу мәселесi бойынша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзiнде өндiру немесе шеттен сатып алу бойынша; қосымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.

”Директ-костинг“ жүйесiн пайдалану кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi маржиналды табысты кәсiпорын бойынша да, жеке өнiмдер  бойынша да қолдануға  басты назар аударады. Ол рентабелдiгi жоғары өнiмдердi жақсы анықтауға мүмкiндiк бередi, себебi  сатылу бағасы мен  айнымалы шығындардың сомасы арасындағы айырма тұрақты шығындарды өнiмдер арасында бөлу нәтижесiнде қозғалмайды. Ол сондай-ақ нарықтың өзгермелi жағдайларына жауап ретiнде, өндiрiстi тез қайта бағыттауға мүмкiндiк беретiн ақпараттарды алуды қамтамасыз етедi.

”Директ-костинг“ жүйесi шығындарды талдау мен табыстарды үйлестiрудiң теориялық негiзi болып табылады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебiн, өзiндiк құнды калькуляциялау, шығындар мен қаржы нәтижелерiнiң талдауын бiрiктiретiн өндiрiстiк және қаржы  есебiнiң бiрiккен  жүйесi. Сондықтан оны “өзiндiк құнды басқару жүйесi” немесе “кәсiпорындарды басқару жүйесi” деп атайды. Іазiргi кезде, бiздiң  елiмiзде  нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бухгалтерлiк есептi реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргiзудiң жаңа жағдайларында кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн  көтеруге мүмкiндiк беретiн, осы жүйенi  қолданудың мүмкiндiгi және дұрыстығы туындады.

Осы жүйенi пайдалану, талдаушының назарын тек айнымалы шығындарды ғана емес, сонымен бiрге, сметалық есептеулерде келтiрiлген баптары  шегiнде кезеңдiк шығындарды төмендету ресурстарын анықтау және сол арқылы кәсiпорынның негiзгi қызметтен алатын табысын арттыруға , аударуға мүмкiндiк бередi.

Кәсiпорын мүлкiне салынған әрбiр теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтiредi. Жасанды көрсеткiш пен жоспар үшін жұмыс iстеу келмеске кетедi. ААҚ  “Оңтүстiк Құс” кәсiпорынның 2007-2008 жылдық қаржы-шаруашылық қызметiн талдау 9-шi кесте көрсетiлген.

 

9-кесте

ААҚ  “Оңтүстiк Құс” кәсiпорынның 2007-2008 жылдық қаржы-шаруашылық қызметiн талдау кестесi.

 

Көрсеткiштер

Бiрлiк өлшемi

Өткен жыл

Есептегi жыл

Ауытқу (+, -)

Өсу қарқыны             %

1. Өткiзуден (сатудан түскен табыс)

Мың.тг.

357349

268020

-89329

75

2. Өнiмнiң өзiндiк құны

Мың.тг.

308046

263478

-71568

77

3. Жалпы табыс

Мың.тг.

49303

31542

-17761

63

4. Кезеңдiк шығындар

Мың.тг.

36908

44746

7838

122

5. Салық салынғанға дейiн табыс

Мың.тг.

12395

-13204

-25599

106

6. Рентабельдiк  

%

3,5

7. Орта тiзiм саны

Адам

450

502

52

111,6

8. Енбек өнiмдiлiгi

Мың.тг.

794,1

533,9

-260,2

62,3

9. Негiзгi құралдардын орташа жылдық құны

Мың.тг.

15239

42807

27568

280

10. Кор сиымдылыгы

Мың.тг.

20

8,5

-11,5

42,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III бөлiм.  ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ табыстылық  деңгейiн жоғарылату жолдары

 

 

3.1. “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттерін және табыстылық де гейiн жоғарылатудың мәселелерi мен перспективалары

 

Табыстылықтың  салыстырмалы көрсеткiштерiне нарықтық экономика жағдайындағы кәсiпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды тиiмдi пайдалану сияқты мүмкiндiктерiн  анықтайтын, осы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштерi жатады. Олар кәсiпорын қызметiн түрлi бағытта белгiлейдi және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделерiне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттерi салыстырмалы талдау мен кәсiпорынның қаржы жағдайын бағалаудың  мiндеттi элементтерi болып табылады, өйткенi олар кәсiпорын табысын қалыптастырудың факторлық  ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткiштер.

 Табыстылық көрсеткiштерi 3 топқа бөлiнедi:

  • жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтерi;
  • өнiмдер;
  • ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсiмi) негiзiнде есептелетiн табысытылық көрсеткiштерi.

Кәсiпорын активтерiн (мүлкiн) пайдалану тиiмдiлiгi – берiлген кәсiпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешiмдер қабылдауда қажеттi әрi маңызды белгiлердiң бiрi болып саналады.

Кәсiпорын мүлiктерiнiң (активтерiнiң) тиiмдiлiгiн өлшеудiң бiрден-бiр дұрыс, танылған әрi кең тараған қорытындылаушы көрсеткiштерiнiң бiрi – табыстылық коэффициентi, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетедi. Активтердiң табыстылық деңгейiн капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсiпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Кәсiпорын 2006 жылы 13059 мың теңгеге аяқтады. Алайда бұл  көрсеткiштiң деңгейiн бiлу жеткiлiксiз. Оның қандай факторлардың есебiнен құрылғанын және активтердiң табыстылық деңгейiн өсiру және сақтау үшін бұл  факторлардың сенiмдiлiгiн талдау, әлдеқайда  маңызды болып табылады.

Арнайы әдебиеттерде бұл  көрсеткiш деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi фокторларға және оларды есептеуге қатысты екi түрлi көзқарас кездеседi. Факторларды сандық және сапалық етiп бөлу және активтердi есептеу, дәстүрлi көзқарас болып табылады.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейi есептi жылы 6 %-ды құрады.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң (рентабельдiлiгi) өзгеруiне ықпал етушi факторлардың әсерi келесi есептеулер бойынша  тiзбектеп ауыстыру әдiсiмен анықталады:

  • өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы таза табыстың көбеюi осы көрсеткiштiң 2,82 пунктке өсуiне әкеледi
  • қор сыйымдылығының көбеюi, яғни негiзгi өндiрiстiк қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың  табыстылық  деңгейiнiң 1,27 пунктке төмендеуiне әкелдi мұндағы
  • материалдық айналым қаражаттарын бекiту коэффициентiнiң азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң 0,02 пунктке өсуiне әкеледi. Осылайша факторлар бойынша өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң жалпы өсiмi 1,57 пункттi құрайды, ол өткен жылғы мәлiметтермен салыстырғанда бұл  көрсеткiш деңгейiнiң жалпы өзгерiсiне сәйкес келедi.

 

 

 

3.2. “Оңтүстiк құс” ААҚ  дивидеттік саясатын және табыстылық деңгейiн жоғарылату жолдары

 

          “Оңтүстiк құс” ААҚ қаржы нәтижелерiн талдай келе келесi тұжырымдарға келдiк:

Өткен 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жыл зиян анықталды. Кәсiпорынның табыстылық деңгейiн жоғарлату үшін:

  1. қаржы нәтижелерiне терең талдау жүргiзiп, пайданың өсу резервтерiн есептеу қажет;
  2. табыстылықты жоғарлатудың негiзгi резервi – өндiрiстiк ақау мен ысырапты азайту, болдырмау. Бұл мақсатта бiрте-бiрте жаңа технологияны өндiрiске енгiзу қажет.
  3. кәсiпорынның негiзгi қорларын, басқа да активтерiн барынша тиiмдi пайдалану.

Жоғарыда көрсетiлген факторлардың жалпы табыстың өзгеруiне тигiзген әсерiн анықтайық:

  1. Бағаның өсуi табысқа қалай әсер еткенiн анықтау үшін, есептi жылы өнiмдi өткiзуден түскен табысты өткен жылдың еркiн сатылу бағасымен (ІІС және акцизсiз) қайта есептеп, содан кейiн оны есептi жылдың еркiн сату бағасымен (ІІС және акцизсiз) есептелген өнiмдi өткiзуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендiгiн (өскенiн немесе кемiгендiгiн) және сәйкесiнше табыстың да өзгерiсiн көрсетедi.

Есептi жылдағы өнiмдi өткiзуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:

               268020/1,05=255257

Бағалардың өзгерiсi және оның жалпы табысқа әсерi:

  268020-255257 = 12763 мың теңгенi құрады.

Кәсiпорынның еркiн сату бағасының өсуi есебiнен түскен  есептi жылдағы қосымшы табыс 12763 мың теңгенi құрайды.

  1. Өткiзуден түскен табыстың әсерiн келесi жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткiзiлген  өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы табысының деңгейi тұрғысынан алатын болсақ,  онда оның абсолюттi сомадағы өсiмi немесе азаюы өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өсуi немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиiс.

Бiздiң мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнiмдi өткiзуден түскен табыс 2,8%-ке ((31542/30689*100=102,8); 102,8-100 = 2,8) көбейдi. Нәтижесiнде өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өсуi есебiнен жалпы табыстың 853 мың теңге көп алынуына әсер еттi. Есептеудi, былтырғы өнiмдi сатудан түскен табыстың 1 теңгесiне шаққандағы жалпы табысты,  өнiмдi сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуiне көбейту арқылы  жүргiзуге болады.

  1. Өткiзiлген өнiмнен алынған табыстың 1 теңгесiне шаққандағы шығындар деңгейiнiң ықпалы, есептi жылы өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың 1 теңгесiне шаққандағы шығындардың нақты деңгейi мен өткен жылғы шығындар деңгейi арасындағы айырмасы ретiнде анықталады және бұл айырманы есептi жылдағы  салыстырмалы бағамен есептегендегi өнiмдi өткiзуден алынатын нақты табысқа көбейтедi. Нәтижесi шығынның кемуi немесе артуы кему есебiнен жалпы табыс көлемiнiң қаншалықты өзгергенiн көрсетедi. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392]×22075 =(0,7699-0,8482)×22075 =-0,0783×22075 =-1728 мың теңге.  Өткiзiлген өнiмнен алынатын табыстың 1 теңгесiне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесiнде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өстi. Жалпы табысқа шығындардың тигiзетiн ықпалының дәл осы нәтижесiн, есептi жылдағы нақты шығындардың өнiмдi өткiзуден алынған табыстың өсу (кему) индексiне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.

Өнiмнiң өзiндiк құны осы сомаға кемiген және сәйкесiнше бұл  жалпы табыстың өсуiне әкеледi.

Кәсiпорын табысы бағаның өсу есебiнен жоғары қарқынмен өседi. Бағаның өсуi өзiнше терiс фактор болып табылмайды. Егер өнiмге деген сұраныстың өсуi мен шығарылатын өнiмнiң техника-экономикалық параметрлердiң және тұтынушылық қасиетiнiң жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелдi болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Кәсiпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуiнiң экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсiпорынның табыстылығы абсолюттiк және салыстырмалы көрсеткiштермен сипатталады

Кәсiпорын 2008 жылы 13059 мың теңгеге аяқтады. Алайда бұл  көрсеткiштiң деңгейiн бiлу жеткiлiксiз. Оның қандай факторлардың есебiнен құрылғанын және активтердiң табыстылық деңгейiн өсiру және сақтау үшін бұл  факторлардың сенiмдiлiгiн талдау, әлдеқайда  маңызды болып табылады.

Арнайы әдебиеттерде бұл  көрсеткiш деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi фокторларға және оларды есептеуге қатысты екi түрлi көзқарас кездеседi. Факторларды сандық және сапалық етiп бөлу және активтердi есептеу, дәстүрлi көзқарас болып табылады.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейi есептi жылы 6 %-ды құрады.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң (рентабельдiлiгi) өзгеруiне ықпал етушi факторлардың әсерi келесi есептеулер бойынша  тiзбектеп ауыстыру әдiсiмен анықталады:

  • өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы таза табыстың көбеюi осы көрсеткiштiң 2,82 пунктке өсуiне әкеледi
  • қор сыйымдылығының көбеюi, яғни негiзгi өндiрiстiк қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың  табыстылық  деңгейiнiң 1,27 пунктке төмендеуiне әкелдi мұндағы
  • материалдық айналым қаражаттарын бекiту коэффициентiнiң азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң 0,02 пунктке өсуiне әкеледi. Осылайша факторлар бойынша өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiнiң жалпы өсiмi 1,57 пункттi құрайды, ол өткен жылғы  мәлiметтермен салыстырғанда бұл  көрсеткiш деңгейiнiң жалпы өзгерiсiне сәйкес келедi.

   “Оңтүстiк құс” ААҚ қаржы нәтижелерiн талдай келе келесi тұжырымдарға келдiк:

Өткен 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жыл зиян анықталды. Кәсiпорынның табыстылық деңгейiн жоғарлату үшін:

  1. қаржы нәтижелерiне терең талдау жүргiзiп, пайданың өсу резервтерiн есептеу қажет;
  2. табыстылықты жоғарлатудың негiзгi резервi – өндiрiстiк ақау мен ысырапты азайту, болдырмау. Бұл мақсатта бiрте-бiрте жаңа технологияны өндiрiске енгiзу қажет.
  3. кәсiпорынның негiзгi қорларын, басқа да активтерiн барынша тиiмдi пайдалану.

 

 

 

 

 

     Пайдаланған әдебиет

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауы // Оңтүстік Қазақстан 10 наурыз, 2009 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсатың атты Жолдауы // Оңтүстік Қазақстан ғ22-23 (18436) 9 ақпан, 2008 жыл
  3. ҚР Президентiнiң заң күшi бар Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi жарлығы, 26 желтоқсан, 1995 ж, N
  4. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет жайлы 1993 ж. бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңы. ғ7 бухгалтерлiк есеп стандарты.
  5. Бухгалтерлiк есеп стандартына әдiстемелiк нұсқаулар. Қазақстан Республикасы – 1997ж.
  6. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопастность и улу÷шение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
  7. Шермет А.Д. Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.-М.:ИНФРАМ, 1995.
  8. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В у÷ебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности. Под обù. ред. В.И.Стражева -Минск: Высшая школа,1995.
  9. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устой÷ивость предприятия в условиях инфляции.-М.: Изд-во «Перспективаң, 1995.
  10. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. – М.: АО «ДИСң, «МВ-Центрң, 1994.
  11. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
  12. Баланов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: учебн.пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
  13. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учнебное пособие. Издательство «ДИС, НГАЭ и У, 1997.
  14. Марканьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ – И.: «ПРИОРң, 1996.
  15. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. – К.: Торгово-издательское бюро ВHV, 1993.
  16. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Перваz редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
  17. Тасмағанбетов Т.А., Радостовец В.К. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп. Алматы, «Экономикаң 2006.
  18. Кондраков П.Н. “Бухгалтерский учет, анализ хоз.деятельности и аудит”,Москва,1994 г.
  19. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева З.К. “Аудит и анализ финансовой деятельности”,Алматы, “Іаржы-қаражат”,1998г.
  20. Дюсембаев К.Ш. “Аудит и анализ в системе управления финансовами”,Алматы,Экономика,2000 г.
  21. Бухгалтер бюллетенi 2000 жыл N
  22. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности.- М.: Финансы и статистика, 1995.
  23. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. –К.: Торгово-издательское бюро BHV, 1993.