АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері

 

«Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..3

 

І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен тарихы……………………………………..5

1.1. Футболшыларды оқыту — жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық қағидалары…………………………………………………………………………………………………….8

1.2. Жүктеме мен демалыс жаттығу процесінің өзара байланысты компоненті……………………………………………………………………………………………………14

1.3. Футболшылардың дайындық әдістемесі………………………………………………….17

 

ІІ-бөлім. Футболшыларды дайындау әдісі мен ойын жүйесі және оған берілетін педагогикалық сипаттама……………………………………………………………………………..34

2.1. Футболшыларды дайындағаңда оқыту және жаттығу принциптерін жүзеге асыру……………………………………………………………………………………………………………39

2.2. Футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері………………………………………..48

2.3. Оқу-жаттығу процесін жоспарлаудың алғы шарттары……………………………..56

2.4.  Жарысты ұйымдастыру және жүргізу маңыздылығы………………………………62

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол — тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.

Футбол — атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.

Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана — жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс — қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.

Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.

Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой — осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.

Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.

Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.

Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.

Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан құрама командасы Азия құрылығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.

Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.

Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.

Зерттеудің тәжірибеге қажеттігі. Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берлілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.

Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.

 

І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен тарихы

 

Біздің елімізде футбол 18-ғасырдың 70 жылдарынан бастап пайда болды. Ресейдегі алғашқы футбол ойындарын ұйымдастырушылары ағылшын жұмысшылары. Сол уақытта ағылшын жұмысшылары мен алғашқы футбол клубтары құрылды: «Нева», «Невка», «Невакий», «Виктория». Одан кейін Харьковтегі ауылшаруашылығы машиналары заводында «Гальферах — Саде», Одессада «Британ атлетикалық клубы» құрылды.

1887 жылы Петербургте алғашқы футбол командасы құрылды «Кружок любителей спорта». 1901 жылы Петербург футбол лигасы құрылды, олардың мүшелері арасында біріншілік өткізіле бастады. Москвада футболдың пайда полуы «Сокольскийдегі футбол үйірмесімен» байланысты. 1909 жылы Москва футбол лигасы құрылыды.

1911   жылы  бүкіл  Россиялық  футбол  одағы  ұйымдастырылды.  Келесі жылы-ақ оның құрамына Петербург, Москва, Киев, Одесса, Харьков, Тверь, Севастополь және Николаев кірді. 1912 жылдың аяғында бұл одақ 52 клубтың одағын біріктірді, ал бір жыл өте — 138 клубты құрады.

1912 жылы Ресей Халықаралық футбол федерациясына мүше болып енеді. Ресейдің футбол тарихында Петербург пен Москва қалаларының кездесуі ерекше орын алады. Осы қалалардың арасындағы алғашқы ойын 1907 жылы 2:0 есебімен Петербург командасының жеңісімен аяқталды. 1917 жылға дейін көптеген кездесулерді Петербург командасы жеңіп келді. 1912-1914 жылдары Ресейде күшті командалар болып: «Уштобе», «Коломяги», «Нарва», «Спорт» (Петербург), «Клуб спорта — Орехово», «Сокольнический клуб спорта», «Новотреева», «Мамантовка» (Моссква), Харьковтың, Одессаның, Тверьдің және Киевтің жекелеген командалары болып саналады.

1912-1914 жылдары Владивостокта, Ириутсиде, Омекус-Казаньда, Саратовта, Самарада және басқа қалаларда футбол командалары пайда бола бастады.

1912 жылы Ресей біріншілігінің бірінші ойыны өткізіліді. Финалда Москва мен Петербург командалары кездесті. Кездесу жеңімпазды анықтай алмады. Есеп (2:2). Ойынды қайта ойнауда 4:1 есебімен Петербургтің құрама командасы жеңіске жетті.

Орыс футболшылары алғаш халықаралық аренаға 1910 жылы шықты. Праганың «Коринтиакс» командасы қонаққа келген болатын. 1911 жылы Москваға Берлиннің командасы, ал Петербургке Англияның олимпиадалық командасы келді. Ол уақытта футболдың техиикасы мен тактикасының қыр-сырын білмейтін орыс футболшылары шетелдіктерге өз дәрменінде қарсылық көрсете алмай, көбінше қонақтар ұтысқа жетті.

1912 жылы Ресей футболшылары Олимпиадалық ойындарға қатысты. Бірақ Ресей футболшыларының Олимпиадаға дайындықтары нашар болатын. Команданың құрылысы Москва және Петербург командаларынан іріктеп алынған 18 ойыншыдан тұрды. Ресейден шығар кезде бірде бір оқу жаттығу житынын өткізбеді, ол аз десе көптеген ойыншылар бірін бірі танымайтын еді. Нәтижесінде бірінші олимпиадалық ойында Ресей футболшылары футболшыларына 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осы жылдың күзінде Ресей құрамасы Венгрияға 0:12 есебімен ұтылды.

Шетел футболшыларына осылай жеңілуіне қарамастан, бұл кездесулер орыс футболшыларының тәжірбиесінің өсуіне септігін тигізді. Олар сол кездегі ойынның техникасы мен тактикасының мейлінше жетілгендігімен танысты, осының нәтижесі келесі халықаралық ойындарда байқала бастады. 1913 жылы Ресейге келген Норвегия командасы Москва командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалып, Ресей құрама командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. «Спорт» Ресей командасы Будапешттің құрама командасын 3:2 есебімен жеңді. 1913 жылы Ресей құрама командасы Швеция және Норвегия құрама командаларымен 2:2, 1:1 есебімен тең ойын көрсетті.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін футболдың бұқаралығын арттыруға көп жағдайлар жасалынды. Кіші қалалар мен ауылдарда жаңа командалар пайда бола бастады.

Футбол жарыстары дәстүрлі футбол қалаларында ғана өтпелі ауылдарда да өте бастады. Тверь, Орел, Воронеж, Смоленск, Саратов қалалары арасында қала аралық жарыстар өткізіліп отырды. Сол кездегі командалардың ешқайсысында жаттықтырушы болған емес, оның қызметін футбол секциясының төрағасы немесе команда капитаны атқарып отырды. Жаттығудың барлығы қақпаға доп тебумен шектелетін, дене-күш дайындығы қолданылмайтын, ал тактикалық жаттығу жоқ болатын.

1922 жылы Поволжья, Урал, Украина және Москва құрама командаларының қатысуымен арнайы ел біріншілігі өткізілді. Финалдық ойында Москва командасы Украина командасын 8:0 есебімен тізе бүктірді. Сол жылы бірінші рет халықаралық кездесу өтті. «Замоскворецкого клуб спорта» командасы Финдердің жұмысшы спорт одағының (ТУЛ) комадасын қабылдап 7:1 есебімен ойсырай жеңді.

1923 жылы дене тәрбиесі Кеңесі құрылғаннан кейін қалалардың футбол біріншілігі ұйымшылдықпен өткізіле бастады. Футбол командаларының саны да өсе бастады. Петроградта 46 ұйымның өз командалары болса, Москвада 30-ға жетті. 1923 жылы 1-ші Бүкіл Россиялық дене тәрбиесі мерекесінде үлкен қалалармен қатар Башкирия және Закавказье, Иркутск, Иваново, Гомель, Ярославль командалары да қатысты. Сол жылы Кеңес футболшылары Москва және Ленинград командалырының ойыншыларынан құралған команда күшті кәсіпқой Норвегия және Швеция командаларына емтихан тапсырды. Ресей Федерациясының бірінші шет елге шығуы ойдағыдай болды. Олар Норвегия командасын 3:2 есебімен жеңіп және сол кездегі күшті клубтардың бірі «Ослоны» 4:1, Швецияда Стокгольм құрамасымен 5:5 тең ойнап Швеция құрама командасын 2:1 есебімен жеңді.

1924 жылы алғаш рет РСФСР біріншілігі өткізілді. Ақтық ойында Ленинград командасы Москваиы жеңді. Осы маусымда II Бүкілодақтық дене тәрбиесі мерекесінде футбол ойыны үлкен қызыққа бөледі. Бұл жарыста Украина құрама командасы ойынның жоғары деңгейін көрсетті. Жартылай финалда олар Закавказье құрама командасын 4:0, ақтық ойында РСФСР -ді 2:1 есебімен жеңді.

И.Беца, шабуылшылар Б.Татушин, А.Исаев, Н.Симонян, С.Салонников, А.Ильин, Э.Стрельцов, В.Иванов және Р.Рыжнин сияқты футболшылар болды.

1957 жылы КСРО құрама командасы. Кубок Жюля Рим кубогі жолындағы жарысқа түсті (Элем чемпионаты).

Алдын-ала өткізілген ойындарға 48 команда қатысты. КСРО құрама командасы Польша және Финляндия құрама командаларымен бір топта ойнады. Бұл командаларды жеңіп, біздің футболшылар 1958 жылы 16 команда қатысатын финалдық турнирге жолдама алды.

Финалдық ойын ережесі бойынша бірінші ойындар төрт командадан тұратын топтарда айналым жүйесі бойынша бір айналымнан тұратын. Әр топтан жеңіп шыққан екі команда ширек финалға жолдама алатын. Ширек финалдан бастап ойын шығып қалу жүйесі бойынша ойналатын.

КСРО құрама командасы Австрия, Англия, Бразилия құрама командаларымен бір топта өнер көрсетті.

Алғашқы Англия командасымен ойында біздің футболшылар 2:0 есебімен жеңіп тұрып ойын аяғында қарсыластарына ойынды теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Есеп 2:2. Австрия құрама командасын 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін КСРО құрама командасы ең күшті қарсыласы Бразилия құрама командасымен кездесті. Ойын 2:0 есебімен Бразилия футболшыларының пайдасына шешілді. Қорытындысында IV топта Англия және біздің футболшылар 3 ұпайдан жинады, доп айырмасы да 4:4 бірдей болып қосымша ойын өткізілді. Ширек финалға жолдама алу үшін ойын Гетеборгте жалғасын тапты. Тоғыз күннің ішінде өте күшті командалармен төрт ойын өткізгеніне қарамастан КСРО футболшылары Англия командасын 1:0 есебімен жеңіп ширек финалға шықты. Ширек финалда КСРО командасы Швеция командасына 0:2 есебімен ұтылды.

Әлем чемпионы болып бірінші рет, бүкіл дүние жүзін өздерінің жоғары техникасымен және өздеріне ғана тән ойындарымен тамсандырған Бразилия командасы жеңіп алды. Әлем бірінші рет Пеле, Диди сияқты былғары доптың үлкен шеберлерін өз көздерімен көрді. Бразилиялықтар бұл чемпионатта барлық командаларға таңсық 1+4+2+4 жүйесін қолданылды. Бұл жүйе футбол тактикасына төңкеріс жасап, әлем командаларының барлығы осы жүйеге көше бастады.

Спорттық дайындық процесі барысында футболшыларда дағдыларды игеру мен меңгеру сапалары қалаптасады. Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы ағзаның барлық жүйелеріне әсер етуге болады. Спорттық дайындық дегеніміз — құралдарды және әдістерді пайдалана отырып футболшылардың жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуін атаймыз.

 

1.1. Футболшыларды оқыту — жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық қағидалары

Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге болады. Оқыту деп — шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық элементтерш, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды меңгеру — оқытудың негізігі мазмұны — техникалық әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл — басқару әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.

Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер сапалары.

Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді:

а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру

э) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелері)

б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.

в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды ретінен іске асыру арқылы шешіледі.

Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне, күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды әсер етуіне қарай іріктелінеді.

Футболшының оқу-жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа бөлінеді: 1) жарыстық, 2) арнайы дайындық, 3) жалпы дайындық.

Жарыстыру жаттығулары — бұл ережеге толық сәйкес футбол ойынының біртұтас қозғалыс іс-әрекеттері.

Арнайы дайындық — жарыстыру қимыл-әрекеттің элементтерінен тұратын нұсқаулары, сондай-ақ сипаты жағынан ұқсас жаттығулар жиынтығы.

Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы футбол дайындығы жаттығуларымен анықталады. Олар футболшыларға қажет дағдылар мен сапаларды дамытуға ықпал жасайтындығын есептей отырып іріктеледі.

Өз кезегінде арнайы дайындық жаттығулары жуықтатылған және дамытушы болып екіге бөлінеді. Жуықтатылған жаттығулар негізінен қозғалыс техникасының формаларын игеруге септігін тигізеді. Дамыту жаттығуларының басты міндеті дене-күш сапаларын дамытуға арналған.

Жалпы жетілдіру жаттығулары футболшылардың жалпы дайындығына бағытталған.

Жалпы дайындық жаттығулары көмегімен футболшылардың қозғалыс дағдыларын, негізгі дене-күш дайындығының дамуына тиімді түрде әсер етуге болады.

Футболшылардың оқу-жаттығуындағы қолданылатын жаттығулары негізгі және қосалқы болып екіге бөлінеді.

Негізгі жаттығуларға жататындар:

а) Қозғалыс сапаларының жалпы және арнайы дамуына арналған жаттығулар.

б) Допты игерудегі техниканы оқыту және жетілдіру жаттығулары.

в) Тактикалық әдістерді, комбинацияларды және ойын жүйесін үйрету және жетілдіру жаттығулары.

Қосалқы жаттығуларға жататындар:

а) Шартты рефлекстің жаңа жүйесінің құрылуына, ағзаның негізгі қозғалыс дағдысын іске асыруға арналған жаттығулар.

б) қозғалыс дағдысының бөлшектерііне жақын немесе сәйкес арнайы жаттығулар.

в) Ағзаның функционалды мүмкіншілігінің кеңеюіне және қозғалыс дағдысының қалыптасуына септігін тигізетін спорттың басқа түрлерінен алынған жаттығулар.

Қолданылатын жаттығулардың жалпы көлемін көбейткеннен бір ғана жаттығуды қолдану арқылы бірнеше міндетті шешу маңызды.

Шұғылданушылардың ағзасына жаттығулардың және басқа да құралдардың тиімді әсер етуіне табиғи күш пен гигиеналық факторлардың тигізер септігі зор. Әрине бұл жерде берілнтін жүктеме мен демалыстың алмасуы, өз уақытында тамақтануы, ұйқы режимі, тұрмыс және еңбек гигиенасы маңызды роль атқарады.

Жоғарғы спорттық жетістікке жетуді міндет қойған футболшы үшін, өз мүмкіншілігін барынша сарқып қолдану заң болып табылады. Бұл футболшы спорттық жүктемені орындау кезінде, шығармашылық ұмтылысын көрсете отырып, прогрессивті формалары мен әдіс құралдарды мейлінше көп пайдаланылады.

Футболда үлкен жетістік, басқа да спорт түрлеріндегідей, жалпы және арнайы дайындық бірлігін сақтаған жағдайда да мүмкіншілік туғызады.

Жалпы дайындық жаттығуы кезінде спорттық мамандықты басты мақсат етіп қоймайды, ал жоғарғы көрсеткішке жету алдағы уақыттың межесін сипаттауға болады.

Арнайы дайындық процеесінде таңдаған спорт түрінің жетілуі үшін уақыт пен күштің бөлінуі сипатталады.

Футболшы жаттығуында жаттықтырушы жалпы және арнайы дайындық бірлігін сақтай отырып, жалпының ішінде арнайы, арнайының ішінде жалпы деп ұғынып жан-жақты дайындықтың қағидасын қатаң сақтауы тиіс.

Жалпы және арнай дайындықтың ара қатынасын іздестіру, жаттықтырушы, дэрігердің, ғылыми қызметкердің және спортшының шығармашылық іс-әрекетінің үздіксіз талабы.

Футболшының жаттығуы — бұл үздіксіз жарыс пен оқудың және демалыстың алмасып отыруының жыл бойғы процесі. Футболшылар арасында сабақ пен жарыс көбінесе қалпына келмеген жағдайларды өтеді.

Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибе көрсеткендей сабақ пен жарыс ағзаны өз қалпына келмеген жағдайда өте беруге жіберіледі және көп жағдайда жарыстың осындай режиміне бейімдеу ақырында футболшы ағзасының жұмыс қабілетінің көбеюін байқатады. Спортшы жарысқа қысқартылған демалыс күндері (2-3 күн) арқылы қатысуы мүмкін, бұл оның жыл бойы өтетін жарысқа қатысуына дайындығын өсіреді.

Жалпыға белгілі адм ағзасы — динамикалық жүйе, ол тез арада стандартты жағдайға тез бейімделіп, жүктеменің біртіндеп өсуіне немесе кемуіне көндігеді. Осындай стандартты жұмыс жағдайында дәрежесі үлкен жүктеменің футболшы ағзасына орташа, орташа-аз болып көрінеді. Жоғары дәрежелі футболшының таңертеңгілік стандартты жаттығуын жасау, ойын алдындағы дене қыздыру жаттығуларының ролі футболшының ағзасын жарыс алдындағы ұрыс дайындығына келтіре алмайтын болды. Жүктемені біртіндеп көбейту мен жүктемені барынша сарқып қолданудың ара-қатынасын қайта өзгертуді талап ете бастады. Бұдан шығудың жолы табылды, кезеңдерде стресстік жүктемені қолдану, ағзаны тепе-теңдік қалпынан шығаруға әкеліп соқтырады. Одан кейін орта және аз мөлшерде жүктемені қолдану арқылы ағзаның қалпына келуіне және жоғары қалпына келуіне жағдай жасауға болады. Бұлардың барлығы біртіндеп жүктемені үлғайту және динамикалық толқын тәрізді сипаттағы жаттығулар өзара байланыста болады.

Футболшыларды дайындау кезінде жаттығу жүктемелердің біртіндеп және барынша көп ұлғаюына қойылатын талаптарды шешу үшін жүктемені жаттығу кезінде және ойын арасында толқын тәрізді өсуін нақты бөлу қажет.

Төмендегі жағдайларды қарастыру керек:

Спорттық жүктемені көтерген кезде ағзаның бұдан да жоғары жүктемені қабылдау дайындығы;

Жарыста ағзаның барлық ресурстарын жұмылдыру үшін жаттығудың дағдылы емес құралдарын пайдалану;

Қайта қалпына келтіруді процесін жылдамдату үшін қалпына келтіру жаттығуларын және құралдарын кеңінен қолдану;

Жаттығу жүктемесінің біртіндеп және барынша көбейту талаптары жұмыс бірлігі мен қайта қалпына келтірудің органикалық өзара байланысына сүйенеді.

Іс тәжірибе жүзінде бұл талапты пайдалану жаттықтырушыдан жақсы ілімдік және тәрбиелік дайындықты, жаттығу өткізуге жақсы жағдай туғызу және футболшылардың жалпы және спорттық режимді қатаң сақтауды көздейді.

Спорттық жүктеменің және демалыстың, шалдығу мен қайта қалпына келтіру процесінің өзара әсерін есепке ала отырып, спорттық жүктеменің көлемі мен қарқынын дұрыс бөлу үшін футболшылар жаттығуына толқын тәрізді жүктемені қолдану тиімді.

Футболшылардың жаттығу процесінің негізгі заңдылығына оның циклдік сипаты жатады. Апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жарыс кестесінің тығыздығына байланысты кезеңдік жүктемені азайту, жаттығудың кезеңдері мен сатыларына байланысты көлемді және қарқынды жаттығулардың өзара әсері, жаттығуды жоспарлауды қажет етеді.

Жаттығудың дайындық кезеңінде жаттығулар жарыс кезеңіне қарағанда үлкен көлемде орындалады. Дәл осындай кезде жаттығудың қарқыны жарыстық кезеңде дайындық кезеңіне қарағанда айтарлықтай жоғары болады.

Апталық және ойын аралық кездегі екпінді сипаттағы циклдер, көлемі аз және қарқыны аз жаттығу циклдерімен алмасып отырады. Дәл осындай болып ай аралық және жылдық циклдерде белгілі бір жүйемен алмасып отырады.

Спорттың дамуы, спорттық жаттығуларды өткізу кезінде жаңа қағидалардың пайда болуына әсер етті. Олардың негізділері: мамандану, жан-жақтылық, біртіндеп, қайталануы, жекешелік.

Мамандану қағидасы. Футбол шеберлігін игеруде бастапқы ролді атқарады. Мамандану жаттығуы футболда жаттығудың көп пайзын қарастырады (80%) олай дегеніміз ойын дайындығы бұл жерде — жеңуші фактор және оны ешқандай басқа жаттығулармен қуыстыруға болмайды. Қосымша жаттығулар қолданылған кезде футбол ойыны талабына сай, негізгі қозғалыс дағдысына өзара әсер ететін жаттығу құралдарына көңіл бөлінеді. Мамандандыру жаттығуына жол жан-жақтылық қағидасын іске асыру арқылы өтетінін естен шығармау тиіс. Бұған арнайы дайындық бағытындағы арнайы жаттығуларды іріктеумен, сондай-ақ жалпы және арнайы дайындықтың ар-қатынасы арқылы қол жеткізуге болады.

Мамандандыру қағидасының балалармен сабақ өткізу кезінде маңызы зор. Футболға балаларды ерте жастан (7-8 жас) тартуға болады. Футболмен айналысу балалардың дене дамуына және олардың денсаулығына жақсы әсер етеді.

Жан-жақтылық қағидасы құрамына адам ағзасының барлық жүйесінің өзара байланыс заңдылығы, олардың орталық жүйке жүйесімен, оларды басқаратын ми орталығы енеді. Жаттығу кезінде адам ағзасының барлық жүйелері біртұтас бірігіп жұмыс атқарады. Тек дидактикалық талаптарды ғана оқу-жаттығу үш жағынан қарастырылады: психика жаттығуы, вегативті және қозғалыс функциясы.

Футболшының жан-жақты дайындығы — спорттық мамандықтың негізі болып табылады. Жан-жақтылық қағидасы дене-күш, тактикалық, техникалық, психологиялық және ілімдік дайындықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Біртіндеу қағидасы жаттығу кезіндегі жүктемені біртіндеп көбейту және азайту, жасалынатын жаттығудың көлемі мен қарқынын ұлғайту, жас ерекшелігі, өткізілу кезеңдерін сақтау, сабақты өткізуді дұрыс ұйымдастыруды қарастырады.

Адам ағзасында қозғалтқыш күш болады, әрбір жаңа жұмысты атқару үшін қозғалтып отыруда. Дегенмен ағзаның барлық жүйесі жаңа жұмысты атқару үшін бірдей жылдамдықпен қосыла бермейді. Әсіресе орталық жүйке жүйкесі абайлап және біртіндеп қимыл жасауды талап етеді. Спорттық жаттығуда ағзаның осы ерекшелігі ескерілмесе, жағымсыз жағдайларға әкеліп соқтырады (жарақат алу, ағзаның тырысуы т.б.)

Футболшылардың оқу-жаттығуында біртіндеу қағидасы спорттық жүктемені біртіндеп көтеру және азайту, оқу аралық және оқу-жаттығу циклінде, футболшылардың көпжылдық жаттығу циклі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе біртіндеу қағидасы іске асыру кезінде спорттық жүктемені орнықтыруға көп көңіл бөлу қажет. Жаттығу жүктемесін біртіндеп көтеруді бір қалыпты процесс деп қарастыруға болмайды. Футболшылардың спорттық жаттығуларында жүктеменің өсуі көбінесе толқын тәрізді және сатылы болып келеді. Көптеген жағдайда күшті толық қалпына келтіру үшін жүктемені кезеңдеп азайтуға тура келеді, өйткені алдағы жүктемені жоғары деңгейге көтеруді есепке ала отырып.

Біртіндеу қағидасы спорттық форманың құрылуы мен дамуының негізіне енгізілген. Спорттық жүктеменің берілуі, футболшының функционалды мүмкіншілігіне сай келмесе ол тек қана жағымсыз әсер етіп ғана қоймай, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

Қайталау қағидасы органдар мен жүйелердің өзгеруі, қайта құрылуы және жетілуі үшін шартты рефлекторлық байланыстардың құрылуына маңызды физиологиялық талаптарды бекітеді. Спорттық жетістік өсіп отыруы үшін, футболшы алған білімі мен дағдыларын бекіту керек. Ал бұған жету үшін жұмыс пен демалысты алмастыра отырып меңгерген әдістерді көп рет қайталау қажет. Бұрын меңгерілген біраз ұмыт болған техникалық әдістер мен тактикалық комбинацияларды толық бекіткенге дейін қайталау қажет. Сабақ кезінде футболшы көп рет қайталау арқылы қимыл қозғалыстарды терең түсіне отырып, ойын барысында әдістер мен комбинацияларды сенімді қолдануға жаңа нұсқалар туындайды.

Жаттығулардың қайталау саны футболшының дайындық деңгейіне, оның жас ерекшелігіне, жаттығу сипатына сабақ өткізуге жасалған жағдайына байланысты анықталады. Сондай-ақ өз-өзін бақылау мен дәрігерлік бақылаудың көмегі қолданылады. Оқу-жаттығуды және жарыстарды жүйелі түрде өткізу қайталау қағидасы іске асыруды қамтамасыз етеді.

Жекешілдік қағидасы спорттық жаттығуда шұғылданушы ағзасының мүкіншілігі мен оларға қойылатын талаптардың сәйкестігін сақтауды ескертеді. Бұл қағиданы іске асыру үшін, жаттығу кезіндегі жүктеме, дене-күш жаттығуларының іріктелуі, олардың қарқыны мен ұзақтығының орындалу әдістемесі, шұғылданушының жас шамасына қарай, оның функционалдық мүмкіншілігінің шамасы сәйкес болуы тиіс.

Жаттығудың жекешілдігі футбошшылардың спорттық шеберлігінің дамуын жылдамдатуға, сондай-ақ тиімділігін арттырып, олардың спорттық іс-әрекеттірін ұзартады.

 

1.2. Жүктеме мен демалыс жаттығу процесінің өзара

байланысты компоненті

Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме. Дене тәрбиесінің құралдары және әдістерінің негізгілерінің бірі болып «жүктеме» болып саналады. Жүктеменің барынша үлкен, орташа, аз және басқа да сатылары болып бөлінеді. Жүктеме — жай қалыптағы жағдаймен салыстырғанда, ағзаның қызмет атқару кезіндегі қосымша берілетін жаттығулар, сондай-ақ қиындық дәрежесінің көбеюі. Дене жаттығуларының тиімділігі заңды түрде олардың жүктеме өлшеміне байланысты. Осыдан барып тиянақты түрде сараптау мен бағалау, жүктемені таразылау және реттеу қажеттігі туындайды.

Жүктеменің «ішкі» және «сыртқы» жақтары. Дене жаттығуларын орындау барысында жүктеменің көрсеткіші бір жағынан атқарылып жатқан жұмыстың көзге көрінетін сыртқы көлемі (жаттығудың жасалу ұзақтығы, атқарылып жатқан жұмыстың дене-механикалық түсінік көлемі, алынған қашықтық, қозғалыс жылдамдығы т.с.с.) екінші жағынан — ағзадағы қызмет атқару және солармен байланысты органдардың ілгерлеуі; (жүрек соғысының деңгейі, өкпе желдеткіші, ауа жүлуы, қан көлемінің минуттық соғуы және т.б.). Біріншісі шартты түрде айтқанда «сыртқы» жағына жатады.

Жүктемені дене тәрбиесі процесінде реттеуді бақылауда екі жақтың да маңызы бар.

Жүктеменің көрсеткіші «сыртқы» жүктеменің орындалуына қарай межеленеді, ағзаның жауап беру реакциясы сонымен салыстырылып, соған сәйкес жүктеме есептелінеді. Жүктеменің «ішкі» көрсеткіші жаттығу кезіндегі олардың орындалу барысында қызмет атқару дәрежесін жұмылдыру және ағзаның соған бейімделуі арқылы жүктеме мүмкіншілігінің мақсаттылығы анықталады. Бұл көрсеткіштерде жүктеме ғана көрсетілмей, сондай-ақ ағзаның оған жауап беру реакциясы айқындалады. Сонымен дене-күш жаттығуларын орындау барысында жүктеменің тиімділігін бағалауда «сыртқы» және «ішкі» жақтарын бірлестіріп қарауды қажет етеді.

Ағзаның бірдей бастапқы қалып қатынасында жүктеменің «ішкі» және «сыртқы» жақтары белгілі бір мөлшерлікте болады: жүктеменің сыртқы жақтарының көлемі қызмет атқару көрсеткіштерімен байланысты; сыртқы көлем жағынан жүктеме көп болған сайын ағзадағы қызмет атқару қызметі де артады; біріншісі азайса екіншісі де азаяды. Бірақ-та ағзаның бастапқы қалпы бірдей болмаған жағдайда да ағзаның алдын-ала дайындықтың және әртүрлі шапшаңдықтың бір мөлшерлігі байқалмайды. Жаттығудың жүйелі түрде жасалу нәтижесінде жұмыс қабілетінің ұлғаюы жүктеменің «сыртқы» жақтары біртіндеп «ішкі» жақтарына қарағанда кеми береді (мысалға, белгілі бір қашықтыққа белгілі бір жылдамдықпен көп рет қайталанып жүгіру, сабақтан сабақ сайын жүрек қан тамырларының қызмет атқару қызметін жұмылдыру кеми береді, бұл дегеніміз денеге түсетін жүктеме азая береді, ағза осыған бейімделе береді).

Жүктеменің көлемі және орындау қарқыны. Жүктеменің көрсеткіші оның көлемі мен қарқынына байланысты. «Жүктеме көлемі» жаттығу барысында немесе бірнеше жаттығуды орындауда жұмыс санынынң қорытындысының уақытқа қатынасы (жұмыс деп тек механикалық емес, сондай-ақ физиологиялық және жалпы қозғалыс түсінігінде).

«Жүктеме қарқыны» жұмыс жиілігі мен дәрежесінің уақытқа орталықтандырылуы. Көлемнің өлшемі және қарқындылығы жаттығу түріне қарай анықталады, сондай-ақ жүктеме белгілі бір жаттығуды немесе жаттығудың әлденеше жиынтығына қарай басталады.

Жекелеген жаттығулардағы жүктеменің көлемі мен қарқыны. Егер де футбошының әрбір жаттығуына әсер етуші фактор ретінде қарастыратын болсақ, онда жүктеме көлемі бәрінен бұрын созылмалы әсер етуге, ал қарқыны күш әсеріне жатады. Тәжірибе жүзінде олардың көрсеткіші көбінесе төмендегідей болады.

Көлемінің көрсеткіштері              Қарқынының көрсеткіштері

«сыртқы жағынан»

Жаттығу кезіндегі уақыт немесе     Қозғалыс жылдамдығы қашықтықты

қашықтықтағы жүгіріп өткен          бағындырғандағы жылдамдық.

шақырым (циклдік және арлас

жаттығулар).

Көтеру кезіндегі жалпы салмақ       Көтерудің әртүрлі салмағы (бір қи-

(мысалы, штангамен жаттығу         мылдағы көрсеткіш).

жасау).

Қозғалыстың жалпы саны               Қозғалыс ырғағы.

(циклдік әрекет жасау,

қайталау).

Жаттығу жасау уақытындағы         Жұмыс қуаты (мехеникалық

дене жұмысының саны                    өлшемде кгм/с).

(механикалық өлшемде кгм.)

 

«ішкі жағынан»

Жаттығудың жалпы пульстік          Жаттығудың соғу қарқыны (жаттығу-

бағасы (ЖТС жаттығу жасау           дағы тамыр соғуының бағасы оның

уақыты бастапқы деңгейдегі           уақытындағы қатынасы).

қатынасы).

Жаттығудың энергетикалық           Жаттығудың энергетикалық қарқыны

бағасы (жаттығу барысындағы       (жаттығудың энергетикалық бағасы

энергияның қосынды шығыны)      оның ұзақтығының қатынасы).

Аталған көрсеткіштер жүктеме туралы аз ғана ақпарат береді. Жүктеменің көлемі мен қарқынының көрсеткішін анықтау оңай шаруа емес, бұл әлі шешілмеген мәселе. Бұл көрсеткіштерді есептеу кешені олардың көлемі және қарқынын анықтау қажет. Дене тәрбиесі процесінде олардың өлшемдері өзгеріп отырады.

Дене жаттығуларын орындау кезінде жүктеменің көлемі мен қарқынының өзара қатынасы кері пропорционалды болады: жүктеменің көлемі көбейген сайын, орындау қарқыны кемиді, және керісінше, орындау қарқыны көбейген сайын оның көлемі кемиді. Бұл қатынас жоғарыдағы графикте жақсы байқалады. Әртүрлі қуаттағы жаттығуларға кейбір сипаттамалар (әртүрлі авторлардың көрсеткіштері бойынша).

Жаттығудың жиынтығьшдағы жүктеменің қосынды мөлшерлері.

Бір жаттығуды қайталау кезінде немесе бірнеше бір типтік жаттығуларды орындау кезінде жүктеменің көлемі және қарқыны қосындысының «сыртқы» жағынан бағалау, егер де олар әр бөлек жағдайда өлшелінген көрсеткіштері көрсетілген жағдайларда салыстырмалы түрде күрделі емес. Бұл үшін қосылатын жүктемелерді қосса жеткілікті. Бұған қарағанда бірнеше немесе әртүрлі сипаттағы жаттығулардың жүктемесін қосу күрделірек. Бұл жағдайда жүктеменің қосынды көлемі бэрінен бұрыс «сыртқы» жағынан барлық жаттығуларға жұмсалған уақыт жиынтығына байланысты. Бірақ-та жүктеменің жалпы көлемдегі алынған көрсеткіші, тек қана ол туралы жуық шаманы ғана айқындайды (мысалға, бір сағат жүгіру мен бір сағат гимнастикалық жаттығуларға жұмсалғанда екеуін қосуға келмейді, сондықтанда оларды қосқанда бұл жаттығуды жасаудағы жүктеменің жалпы көлемін бағалай алмаймыз). Сол сияқты кеңінен қолданылатын әртүрлі жаттығулардың жиынтық көрсеткіші, сабақтың моторлы тығыздығы сияқты (сабақтың жалпы уақытындағы жаттығулар мен айналысудың уақыт пайызы). Дегенмен жүктеменің қосарлы жиынтықтары өздерінің тәжірибелік маңызын жоғалтпайды. Олардың «ішкі» жағының жүктемесінің қосындысымен біршама пайдалы ақпарат беруі мүмкін. Жүктеме қарқынының қосындысы мен көлемінің мөлшері жаттығу орындау барысында бір-біріне ұқсас, сондай-ақ керісінше тепе-тең болады; жүктеменің қосынды көлемі неғұрлым кем болса, жүктеменің жалпы қарқыны соғұрлым аз болады.

 

1.3. Футболшылардыц дайындық әдістемесі

Оқытудың және жаттығудың мақсаттары. Сабақтың негізгі мазмұны болып, отанды қорғауға және шығармашылық қызметке қажетті адамның жан-жақты дене дамуы мен санасының жетілуі болып саналады.

Бірақ футбол тәрбиесінде тәжірибесінде, жоғарғы көрсеткішті қуалып, жаттығу мен оқытудың сауықтыру бағыты шығып, тәрбиелік сипаты жоғалады. Осындай бір жақты көзқарас ереже бойынша қайғылы әрекеттерге әкеп соқтырады.

Футбол шеберлігін меңғеру тірегі болып, футболшының денсаулығының, оның жақсы дене дайындығы, жоғарғы ерік-жігер сапалары болып саналады.

Оқыту және жаттығу процесінде томендегі талаптар шешіледі:

а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапалары жетіледі

б) Спортшы ағзасының функциопалдық мүмкіншіліктері кеңейеді (тыныс алу, жүрек-қан тамырларының және басқа да жүйелердің)

в) Спорттық жұмыс қабілеттігін сақтау және көтеру

г) Спорт облысындағы білімін кеңейту, өзін-өзі бақылау және гигиена дағдылары бойынша сіңіру

д) Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, тәртіпті сақтау, белсенділік және сезімталдылық.

Осы талаптарды жаттығу барысында ретімен шешу адам ағзасының өте кең мүмкіншілігін жоғары спорттық жетістікке жету үшін толығымен пайдалануға мүмкіншілік туғызады.

Қарсылас командалардың шеберлік деңгейінің үздіксіз өсуіп отыруы футболшы дайындығыныд барлық жақтарына күн сайын талапты күшейтіп отыруды қажет етеді.

Футболшылардың дайындығына қойылатын талаптардың іске асыру жолында, жаттығудың педагогикалық қағидаларын және бірінші кезекте ғылыми басқарудың заңдарын қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады.

Оқыту мен жаттығудыц құралдары.

Футбошшылардың оқыту мен жаттығу құралдары болып дене жаттығулары, гигиеналық факторлар және табиғат күші болып саналады.

Дағдыны қалыптастыру жэые жетілдіру дене жаттығуларын жүйелі түрде орындау барысында іске асады. Олар копжақы, оларды таңдау, оқыту және жаттығу процесі барысында қойылады.

Дене жаттығулары күштің көбеюіне, қозғалысты үйлестіруде, жылдамдықты, төзімділікті және ептіліктің жақсаруына септігін тигізеді. Сондай-ақ жүрек-қан тамырларының қызметі, тыныс алу және ағзаның басқа да жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілеттің, жүктемеден кейін қайта қайта келу процесінің жылдам өтуіне де ссптіғін тигізеді. Әрбір жаттығу көп немесе аз мөлшерде кейбір дағдылар мен сапаларға әсерін тигізеді. Сондықтан да дене жаттығулары әсер ету жағдайына қарай таңдап алынады.

Футболшылардың жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа бөлінеді: 1) жарыстыру, 2) арнайы дайндық, 3) жалпы дайындық.

Жарыстыру жаттығулары — бұл біртұтас қозғалыс әрекеті болмаса олардың жиынтығы, ережспі сақтай отырып футбол ойынындағы қозғалыстардын тұратын қимыл қозғалыстар.

Арнайы дайындық — жаттығуларына жарыс қимылдарының элементтері кіреді, олардың нұсқалары, сондай-ақ іс-әрекеттегі қозғалыс, формасы мен сипаты жағынан айтарлықтай ұқсас байқалатын қабілеттіліктер (ойын қозғалыс және комбинациялар).

Арнайы дайндық жаттығуының құрамы футбол ойнының мақсаттылығына қарайды. Сондай-ақ бұл жаттығулар ойынға нақты тиісті емес. Бұл жаттығулар дағдылар мен сапалардың дамуына әсер етуіне мейлінше бағытталуын қамтамасыз етеді. Өз негізінде арнайы дайындық жаттығулары арнайы дайындық және дамыту болып бөлінеді. Дайындық жаттығулары негізінен қозғалыс техникасын меңгеруде мүмкіндік туғызады. Дамыту жаттығулары дене-күш сапаларын дамыту үшін арналған.

Жалпы дайындық жатгығулары — футболшылардың жалпы дайындығына бағытталған. Оларға әртүрлі жаттығулар өзінің әсер ету жағынан арнайы дайындық дайындық жаттығуына ұқсастай, бірақ олардан өзгеше. Жалпы дайындық жаттығуларының көмегімен дене тәрбиесінің жан-жақты мақсаттары тиімді түрде және негізгі дене сапаларын, футболшылардың қозғалыс дағдыларын шешуге болады.

Футболшылардың жаттығуында қолданылатын барлық жаттығулар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі жаттығуларға жататындар:

а) Қозғалыс сапаларының арнайы дамуына және жалпы жетілуіне арналған жаттығулар

б) Допты игеру техникасын үйрету және жетілдіру жаттығулары

в) Тактикалық әдістерді, комбинацияларды және ойын жүйелерін үйрету және жетілдіру жаттығулары.

Көмекші жаттығуларға жататынындар:

а) Шартты рефлекстің жаңа жүйелерінің құрылуына септігін тигізетін жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қозғалыс дағдысына ағзаның функционалды мүмкіншіліғінің кеңеюі

б) Қозғалыс дағдысының қалыптасуына және ағзаның функционалды кеңеюіне септігін тигізетін басқа спорт түрінің жаттығулары.

Табиғаттың күші және гигиеналақ факторлар жаттығушылардың ағзасына жақсы әсерін тигізуге септігін тигізеді. Сондай-ақ жүктеме мен демалыстың кезектесіп алмасып отыруы, уақтылы тамақтану, ұйқы мөлшері, тұрмыс және еңбек гигиенасы маңызды роль атқарады.

Оқытудың және жаттығудың әдістемесі.

Оқу мен жаттығуды құру кезінде, шұғылданушылардың ерекшеліктерінен санасын меңгеретін сабақтың мүмкіншілігін ескере отырып әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Оқыту және жаттығу процесінде томендегі әдістемелік топтар бізге белгілі:

  1. Көрнекілік әдісі: жаттығуларды схемада көрсету, кинограмма, жарыстар мен оқу материалдарып көрсету.
  2. Сөздік әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, нұсқалар, ескертулер, сендіру, лекция, баяндама.
  3. Тәжірбиелік әдістемесі: жаттығулар, олардың нұсқалары (әдістердің бастапқы оқытылуы, тұтас немесе бөлшектеп), көп рет қайталау әдістемесі, кезектесіп, аралық ойын және жарыстыру әдістемесі.

Оқыту процесінде жаттықтырушының көрсетіп және түсіндіруі әдістемесі үлкен орын алады.

Көрсету арқылы жаттығудың орындалуынан мағлұмат алады. Көрсетуге бірқатар талаптар қойылады. Көрсету кезінде жаттығу барлық шұғылданушыларға анық көрінуі тиіс, сондықтан да жаттықтырушы шұғылданушыларға ыңғайлы орынды таңдайды. Жаттығуды көрсету кезінде асықпай, анық және мазмұнды, оқушылардыц назарын мейлінше маңызды элементтерге аудару қажет. Допты аяқпен екпіндеп келіп соғу кезінде тірену аяғының допқа қалай қоюын анық көрсету, допты соғатын аяқтың қозғалысына сипаттама беру қажет. Нақты көрсетілсе де, әдісті бірдей меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да көрсету түсіндірумен байланысты болуы керек. Көрсету және түсіндіру бір-бірін толықтырып отырады. Допты табанның сыртқы үстірт жағымен алып жүруді үйрету кезінде тек қана көрсету ғана жеткілікті, өйткені бұның алдында табанның ішкі жағымен алып жүруді үйреткен болатын. Дайындығы жақсы футболшылармеп шұғылданғанда, өздеріне таныс материалдарға негізделген жағдайда, жаңа техникалық және тактикалық іс-әрекеттерді түсіндірудің өзі жеткілікті.

Сабақ өту кезінде жіберілген қателерді түзету барысында түсіндіру әдістемесі қолданылады. Сабақтың соңында түсіндіру арқылы шұғылданушыларды сапасына маңызды сәттерді бекітеді.

Көрнекілік және сөздік әдістемесі арқылы оқытып жатқан материал туралы жалпы түсінік беріледі. Ойынның техникасын және тактикасын толық меңгеру үшін, тәжірибелік әдістемені қолдануды қажет етеді. Мысалға іс әрекетті немесе қозғалысты көп рет қайталаған жағдайда келесі әдістерді қолданады:

а) Жаттықтырушының бір немесе басқа қимылдарды көрсетуі (мысалы, допты тоқтату т.б.)

б) Жаттықтырушының берген нұсқауы бойынша көрсетілген қимылдың қатесін түзеу арқылы орындау.

в) Меңгерілген қимыл-қозғалыстың автоматтандырылған дағдыға айналғанға дейін футболшылардың қайталауы.

г) Қимылды күрделендіру, оған жаңа элементтерді енгізу (мысалы, тактикалық комбинациялар т.б.).

Ойынды меңгеру кезінде шұғылданушыларды нақты қозғалыс дағдылары қалыптасады. Сондықтан әрбір әдіс қозғалыс дағдысының қалыптасу сатыларына сәйкес оқытылады.

Әдісті үйретуде төмендегідей жүйелілік сақталады:

а) Әдіспен танысу

б) Әдісті жеңілдетілген жагдайда үйрету

в) Әдісті ойынға жақын жағдайда жетілдіру

г) Ойын барысында әдісті бекіту.

Әдіспен танысу. Оқудың бұл сатысында шұғылданушылар әдіс туралы нақты түсінік алулары керек. Назар қозғалыстың маңызды бөлігіне аударылады. Қозғалысты ұғыну үшін кинограммалар, схемалар, макеттер т.б. қолданылады. Шұғылданушылар әдісті өз бетінше орындамай тұрып, олар оны дұрыс жасалуына көңіл аударуы қажет. Үйренген әдісті қайталау кезінде оның дұрыс орындалуын жүйелі түрде бақылап отыру керек. Жаттықтырушы шұғылданушылардың әрбір бөлшекті орындауын қадағалайды. Әрбір жіберілген қатені тез арада түзетуі қажет.

Әдісті үйрену барысында біртұтас және бөлшектеп оқыту әдістемелері қолданылады. Жеңіл қимылдар әдісі негізінен біртұтас орындалады, ал күрделі қимылдар бөлшектеніп жасалынады.

Біртұтас орындау барысында әдіс элементтерге бөлінбей бірден орындалады. Егер де допты екпіндеп келіп табанның алқымымен тебуді үйрету керек болса, онда жаттықтырушы басында екпіндеп келуді, одан кейін тірек аяғын қоюды, содан кейін барып аяқты допқа тигізуді үйретпей-ақ, бірден әдісті біртұтас көрсетіп, оларды орындауға шақырады, соңынан жіберілген қателерді бөлшектеп көрсетеді.

Оқытудың біртұтас әдісі кезінде қозғалыстың құрылымы сақталады. Ойынның техникасының әдістерін оқыту кезінде осы әдіс негізгі болып саналады.

Бір немесе басқа әдістерді бөлшектеп оқыту кезінде әрбір элементті жеке одан кейін оларды бірігуі және біртұтас меңгерілуі қарастырылады. Бірақ-та элементтерді бөлек меңгере отырып, оларды біртұтас етіп қосу өте қиын, олардың орындалу сипаты өзгереді. Допты екпіндеп келіп табанның алқымымен тебуді бөлшектеп үйрету кезінде бір орында тұрып допты тебетін аяқты сермей алмайсын, ол екпіндеп келгенде ғана үйлесімін табады. Егерде әдісті бір орында жасатып, аяқты сермеуді назардан тыс қалдырса, ол дұрыс меңгерілмейді, соның салдарынан оны қайта оқыту үшін көп уақыт кетеді. Сондықтан да бөлшектеп оқыту әдісін қолдануда күрделі әдістерді үйрену кезінде абай болған жөн.

Әдісті жеңілдетілген жағдайда үйрету.

Оқытудың бұл кезеңінде шұғылданушылар қозғалыстың құрылымын дұрыс меңгеруі қажет. Сондай-ақ шұғылданушылардың алдына қойған мақсатты қатаң сақтауы қажет: алғаш бастапқы қалыпты дұрыс ұстану, қозғалыста дененің қай мүшелері жұмыс атқаратынын анықтау, олардың бағыты және үйлесімдігі, содан кейін барып қозғалыстың үйлесімді түрде орындалуы, қозғалыстың нақтылығы, олардан кейін барып әдістің басқа жақтарына талап қойлыды. Әдісті орындау кезінде оған жағдай жасалынуы керек, ешқандай кедергі болмауы керек.

Техникалық әдістерді немесе тактикалық өзара қимылдарды оқыту кезінде орындау жағдайын нұсқалау бастапқы қалыпты өзгерту, арақашықтықты, әдісіті орындаудағы бағыт, әріптестер саны өзгеруі мүмкін.

Шұғылданушылар оқу процесінде жиі қате жібереді. Жіберілген қатенің сипатына қарай жаттықтырушы оны түзетуде әртүрлі әдістерді қолданады: керекті фазаларға назарды аудару, әдісті бөлшектеп үйрену, қайталап көрсету, түсіндіру т.б. Оқытудың және жаттығудың барлық кезеңдерінде шұғылданушыларға жекелей көңіл бөлу маңыздырақ.

Ойынға жақын жағдайдайьшдағы әдісті жетілдіру.

Жеңілдетілген жағдайдағы технишкалық әдістерді меңгергеннен кейін, бұл әдістер күрделенген жағдайда жетілдіріледі.

Бұл жағдайда әдістерді басқа әдістермен әртүрлі байланыста болған жағдайларда, әртүрлі күш жұмсау, жылдамдықты, дәлдікті орындау, қарсыласымен әртүрлі ауа райы жағдайында көп рет қайталау қолданылады. Қақпаға допты соғуды жетілдіру әртүрлі қалыпта орындалады (ұшып келе жатып, қозғалыста, қарсылық көрсету кезінде) басқа байланыста басқа әдістермен (тоқтатып соғу, алып келе жатып соғу, допты алып келе жатып — алдау қимылы — соққы) арнаулы жабдықтарды қолдану арқылы. Жағдайды біртіндеп күрделендіру керек. Бірақ та жаттығудың біржақтылығын және артық қайталаудан аулақ болу керек.

Ойындағы әдісті бекіту.

Әдістер түпкілікті ойын барысында бекітіледі. Бұл кезеңде оқу ойындары маңызды қызмет атқарады. Әрбір оқу ойыны алдында нақты мақсатты анықтау қажет. Жаттықтырушы бұл жағдайда өз назарын техникалық әдістердің дұрыс орындалуына ғана аудармай, сондай-ақ ойынды жағдайында тактикалық жағынан дұрыс орындалуын қадағалайды.

Оқу және жаттығуды ұйымдастыру формалары.

Футболшыларды оқыту және жаттығудың негізгі формасы болып есептелінеді. Бұл жерде жаттықтырушының жетекшілігімен әр алуан әдістерді қолдана отырып өткізетін топтық және жекелік сабақтар.

Футболшылармен өткізілетін сабақтарға қойылатын талаптар төмендегідей:

  1. Жаттықтырушының жалпы оқыту және жаттығу жоспарына сәйкес сабаққа қойылатын мақсат тиянақты болуы керек.
  2. Сабақ футболшыларды тәртіпке, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу керек.
  3. Сабақты футболшылар сапалы түрде және орнықты етіп қозғалыс дағдыларын және қозғалыс сапаларын қажетті дәрежеде дамытуды меңгере алатындай жағдайда құру қажет.
  4. Әрбір жеке алынған сабақ жалпы сабақ тізбегінің бір бөлшегі болуын қажет етеді.
  5. Сабақтың мазмұны футболшылардың ден-күшінің дамуына, олардың білім шеберлігін кеңейту және дағдыларды игеру талаптарына жауап беру керек.

Сабақ құрылымы үш бөлімнен тұрады:

Дайындық, негізгі және қорытынды. Әрбір бөлімнің өз мақсаттыр бар.

Дайындық бөлімде сабақтың мазмұны мен мақсаты түсіндіріледі. Сабақтың негізгі бөлімінің мақсаты табысты шешуге көмек беретін арнайы жаттығулар. Дайындық бөлімінің мазмұны түпкілікті түрде сабақтың негізгі бөліміне бағынышты. Егер де сабақтың негізгі бөлімі техникалық әдістерді үйренуге арналған болса, онда дайындық бөлімдегі жаттығулар аса қарқынды болмауы тиіс. Атап айтатын болсақ денені босаңсытатын, сіңірлерді созу, техникалық әдістерді орындауға мүмкіндік беретін буындарға жаттығулар жасау көп қолданылады. Осындай мақсатпен ойын жаттығуларын пайдалануға болады. Бұл бөлімдегі жаттығулар шұғылданушыларды көп шаршатпайтын, көңіл-күйге қатты әсер етпейтіндей болуы тиіс, өйтпеген жағдайда техниклық әдістердің астарын қабылдауғы кері әсерін тигізуі мүмкін.

Негізгі бөлімде өтілетін сабақтың негізгі мақсаты: техника және тактиканы меңгеру, футболшылардың ерік-жігерінің дайындығын көтеру т.б.

Қорытынды бөлімде ұйымдасқан түрде сабақты тамамдайды. Шұғылданушылардың ағзасы бастапқы жай қалыпқа келтіріледі. Қорытынды бөлімде жай жүгіріс, жүру, босаңсу жаттығуларын қолдануға болады. Осы жерде жіберілген қателерде нұсқау, қорытындысы, алдағы ойын туралы хабарлама беріледі.

Әрбір сабақ процесінде жүктеменің біртіндеп көбеюі мен төмендеуі қағидаларын, жаттығу мен демалыстың алмасуын қадағалау маңызды. Осы қағданы сақтау жаттығуларды дұрыс таңдауға, олардың орындалу тізбегін сақтайды.

Өзінің мақсаты мен оқу әдістемесі ұқсас сабақтар кешенді және тақырыптық болып екіге бөлінеді.

Кешенді сабақ.

Кешенді сабақ бүкіл оқу жылы бойы өткізіледі. Жаттығудың мақсатын шектеулі мерзімде шешу қажет болған жағдайда оның алатын орны маңызды. Бұл әсіресе жарыс аралығының жиілігіндгі негізгі жаттығу кезеңінде қолданылады.

Кешенді жаттығудың төрт түрі болады:

а) Дене-күш, техникалық және тактикалық дайындық

б) Ден-күш және техникалық дайындық

в) Ден-күш және тактикалық дайындық

г) Техникалық және тактикалық дайындық.

Тақырыптық сабақ.

Әрбір тақырыптық сабақта бір мақсат шешіледі: ден-күш, техшкалық немесе тактикалық дайындық.

Дене-күш дайындығы сабағы. Дене-күш дайындығы сабағында, дене-күш сапаларын жетілдіретін жаттығулар мазмұны құрайды. Дене-күш дайындығы сабағы жыл бойы өткізіледі, бірақ олардың мазмұны, жылдық циклдің, осы болмаса басқа кезеңдерде қойылған талапқа сай жасалынады. Дене-күш дайындығына жылдық циклдің дайындық кезеңінде көп көңіл бөлінеді, әсіресе оның басында.

Дене-күш дайындығы сабағында жалпы және арнайы күш дайындығының мақсаттары шешіледі. Егер де сабақтың мақсаты — жалпы дене-күш дайындығы болса (мысалы, күш жылдамдық дайындығы) онда оның мазмұны төмендегідей болуы мүмкін: қыздырыну, ауыр салмақтарды көтеру жаттығулары, қайталап жүгіру, жылдамдықты арттырып жүгіру, сөреден шығу, секірулер, қол добы ойыны,қорытынды жүру және жүгіру. Арнайы дене-күш дайындығы сабағында мазмұны төмендегідей болады: доппен қыздырыну, допты аяқпен ойнату, жоғарыда ілінген допты баспен секіріп жету, доппен алаңның ортасынан айып алаңына дейін жүгіріп қақпаға доп соғу, ойын жаттығуы «Допқа талас», жүгіру және жүру.

Ойын техникасы сабағы. Ойын техникасы сабағында техникалық әдістерді меңгеруге бағытталған жаттығулар және ойын әдістерін жетілдіру орындалады. Сабақ жаттығудың бір жылдық циклі бойы өткізіледі, оны ашық алаңдарды және жабық залдарда жаттықтырады.

Ойын техникасы сабағы дайындық жаттығуларынан өрбиді, стандартты жағдайларда доппен жаттығу, күрделендірілген ойын жағдайында мына схема бойынша; иілгіштікті дамытатын жаттығулар, доппен өз бетінше жаттығу, қақпаға қорғаныс тосқауылдардан өтіп доп соғу, 5×5 бөлініп ойын жаттығулары.

Ойын тактикасы сабағы. Сабақтың мазмұнын ойындағы тактикалық іс-әрекеттің жетілуіне бағытталған жаттығулар құрайды. Сонымен бірге ойын тактикасы сбағында жаңа және таныс комбинациялардың және ойын жүйелері жетілдіріледі. Ойын тактикасы сабағы дайындық кезеңінің аяқ шегінде және жарыстық кезең бойы өткізіледі. Тактика сабағы көбінесе футбол алаңында өтеді.

Тактика сабағының мазмұны мынадай болуы мүмкін: доппен қыздырыну, жүптасып бір-біріне доп ұзату, үштікте тұрып, орын ауыстырып допты алып жүру, «қорғанысқа қарсы шабуыл» ойыны, екі жақты ойын, қорытынды жүру және жүгіру.

Топтық және жекеше сабақтар.

Сабақтар топтық және жекеше болуы мүмкін. Өкінішке орай эзірше сабақтар командада топпен өткізіледі. Жекеше сабақтар өте сирек өткізіледі, негізінен оны аптасына бір рет өткізілуі тиіс. Футболшының жекеше жаттығуы барысында жаттығудың құралдары мен әдістемесін мейлінше негізделген түрде таңдау, олардың шұғылданушыға әсерлеуін қадағалауға, футболшының жеке ерекшеліктеріне қарай футболшының шеберлігін дамыту және жетілдіру жағдайлары жасалынады. Бірақ та футболдағы командалық ойын сипаты ойын процесі кезінде ойыншылардың өзара әрекетіне талапты күшейтуді көздейді, топтық міндеттерді шешу, өзінің жеке қабілетін командада қолдануды мақсат етеді.

Топтық сабқтарда, әсіресе жарыстыру элементтері басым жерде тәрбие мәселесі мейлінше табысты шешіледі.

Жеке жаттығуды ұйымдастыру кезінде осыны есте сақтау керек. Бұл мәселелерді дұрыс шешу үшін топтық және жекеше сабақтардың тепе-теңдік жағдайын қатаң сақтау қажет. Бұл жерде топтық сабаққа бөлінетін уақыт жекеше сабақтан гөрі айтарлықтай көп болуы тиіс. Жылына 200 сағат бөлінетін болса соның 30 сағаты жекеше сабаққа бөлінеді. Сонымен бірге футболшы топтық сабақтан кейін (20-30 минут) уақытын өз бетінше жаттығуға арнайды. Ал топтық жаттығу процесінде жаттықтырушының нұсқауы бойынша өздерінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі жаттығуларды орындайды.

Жекеше жаттығудың мақсаты — футболшы шеберлігінің жетілдірудің қарқынын жылдамдату.

Жекеше жаттығудың мақсаттары:

а) Футболшылардың даму деңгейі және ерекшелігін және оның ойын мамандануын ескере қозғалыс сапасын және дағдысын жетілдіру

б) Дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығының кемшілігін толтыру

в) Жаттығудағы лажсыз демалыстағы жіберілген сапаларды қалпына келтіру

г) Жарыстағы арнайы міндеттерді шешу, психологиялық тұрғысын көтеру және дағды қажеттіліктерін меңгеру.

Өздерінң нақты мақсаты мен міндеттерін жаттығудың жекеше жоспарында көрсетіледі.

Жаттығуды жекешелендіру жүктеме мөлшерін берудегі қателікті болдырмауға мүмкіндік береді.

Жекеше жаттығудың негізгі формасы болып футболшының өз бетінше дайындығы болып саналады. Жекелей жаттығудың құрамы болып, дайындықтың жан-жақты жетілуше іріктелген арнайы жаттығулар: дене-күш, техникалық, тактикалық және психологиялық түрлері болуы мүмкін.

Жекелеген сабақтың құрамын іріктеу кезде жұптсасып жасау, көбінесе арнайы сабақ өтетін орынсыз өткізетін мүмкіншілігін қарастырған жөн.

Жекелей жаттығуда ойын және жарыстыру әдістерінің үлесі аз қолданылады.

Өз бетінше дайындалу үшін арнайы жабдықтардың маңызы зор. Олардың қатарына жататындар:

а) Батут, нысана, ілінген доптар, өтетін бағаналар;

б) Гимнастикалық қондырғылар, штангалар, гантельдер, нығыздалған доптар, қарғымақтар, эспандерлер, барьерлер;

в) Футбол, теннис, волейбол, баскетбол доптары;

г) Білек динамометрі, соққыны есептейтін құралдар, полидинамометрлер;

д) Тензометриялық тұғырнамалар, электронды соғу қабырғалары, допты беру үшін автоматикалық құралдар.

 

 

Дене-күш дайындығы

Дене дайындығы — ойын-жаттығу прцесінің маңызды бөлімі. Дене-күш дайындығы — дене қабілетін тәрбиелеу процесі, ағзаның функционалды мүмкіншілік деңгейі мен жалпы дененің байланысы. Дене-күш дайындығы арнайы және жалпы болып екіге бөлінеді.

Жалпы дене дайындығы — футболшы дене-күшінің жан-жақты ерекшелігін, жалпы жұмыс қабілетін арттыру міндеттерін шешеді. Негізгі құрамы болып жалпы жетілдіру жаттығулары және әртүрлі спорттағы адам ағзасына жалпы әсер ететін жаттығулары саналады.

Жалпы дене дайындығының жан-жақты жетілу мақсатына қолданылатын көп жаттығулардың біразы сол немесе басқа сапалардың дамуына бағытталған. Ұзақ қашықтыққа ойлы-қырлы жермен жүгіру төзімділікті дамытуға бағытталған, қысқа қашықтықтарға жылдамдықты арттырып жүгіру жылдамдықты дамытады, ал гимнастикалық жаттығулар ептілікті дамытады. Бұл жаттығулар сабаққа құрамдас бөлігі болып кіреді, ал кейбір жаттығулар таңертеңгілік жаттығуларға жатады.

Арнайы дене дайындығы мақсаты — футболшыларға тән дене сапаларының және функционалды мүмкіншіліктерінің дамуы және жетілуі.

Футболшының қызметі әрдайым іс-әркеттің орындалу қарқынының өзгеріп отыруымен сипатталады. Жоғары қарқындағы бұлшық еттердің жұмыс істеуі, кезеңдермен белсенділігі төмен жеңіл жаттығулармен алмасып отырады. Жылдамдықты үдетіп жүгіру, секіру, жұлқып жүгірулер, бір қалыпты жеңіл жүгіріспен, жүрумен, тоқтап барып және бағытын өзгертіп орындаумен, қарқыны және орындаумен алысып отырады. Бұл іс-әрекеттер вегативті процесс кезіндегі дене-күш жүктемесінің белгілі мөлшерінің функционалды көрсеткіштердің ілгерлеуімен шығарып салынып, бірінші кезекте зат алмасу, тыныс алу, қан айналуды реттеу үшін қажет.

Бірақ та футболшының ойын әрекеті тек секіру, жүгіру және жүруден ғана тұрмайтынын естен шығармау қажет. Футболшының қозғалысы өте күрделірек. Қатты теке-тірес жағдайында, шектен тыс жалдамдықта қимылдап және ұзақ уақыт бойы, футболшы мүмкіндіксіз қалыпта (жатып сырғып, секіріп, бір тірек жағдайында) доппен тиімді түрде иемдену, лезде күрделі тактикалық шешім қабылдау жағдайлары жиі кездеседі. Футболшылар допты қаншама жақсы игерсе және ойлы түрде алаң үстінде жылжыса, соншама футбол ойыны қызықты болады. Сондықтан да футболшылардың дене-күш дайындығы олардың ойындағы қозғалыс сипатына сай, сондай-ақ техникалық және тактикалық шеберлікті жетілдірудің фундаменті болып саналады.

Дене-күшінің белгілі сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулары көмегімен соған бағыттас кейбір техникалық әдістерді жетілдіруге болады. Бұл үшін сипаты жағынан және құрылымы техникалық әдістерге ұқсас немесе олардың бөлек элементтеріне жуық арнайы жаттығулар қолданылады.

Жылдық жаттығу циклінде бастапқыда жалпы дене-күш дайындығын іске асырып, одан кейін соның негізінде арнайы дене-күш дайындығын өткізу ұсынылады. Көпжылдық футбол сабағы процесінде жалпы және арнайы дене дайындығының ара қатынасы өзгеріп, спорттық шеберліктің өсу мөлшеріне қарай ара салмақ арнайы дайындыққа ауа бастайды.

Футболшылардың жалпы және арнайы дене дайындығында басты рольде күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділік ойнайды. Осы дене сапалары футболшының қозғалыс мүмкіншілігінің деңгейін көрсетеді. Дене сапасын тәрбиелеу — жаттығу процесінің ажырамас бір бөлігі.

 

Күшті тәрбиелеу

Адамның күші, оның сыртқы қарсыласты немесе қарсы әрекетті бұлшық ет арқылы жеңу мүмкіншілігі.

Футболшы әр уақытта өз салмағымен және доптың салмағымен жұмыс атқарады. Осыған байланысты ол негізінен, өз дене салмағының және доптың инерциясын бағындыру үшін өз күшін қолданылады.

Қозғалыстың басталуы, жылдамдықты арттыру, тоқтату, қозғалыстың бағытын өзгерту, секіру, доппен соққы беру. Міне осы әрекетттерде футболшының күші айқындалады. Көріп отырғандай барлық жағдайда ол динамикалық сипатта болады. Осыдан барып, ойын әрекетінің сипаты, күштің ойындағы деңгейін анықтайды. Көптеген зерттеулер барысында, қарсылықты бағындыру көрсеткіші кем болған сайын және бұлшық еттің жұмыс істеу жылдамдығы көп болған сайын, максималды күштің маңызы аз болады.

Футболшыға қысқа мерзім ішінде іске асыру үшін белгілі бір күш деңгейі болуы немесе «динамикалық күш» қажет. Күш деңгейін көтерудің екі факторы белгілі: бұлшық ет қызметнінің ұлғаюы және жүйке бұлшығының бейімділігі. Футболшылардың күшінің көбеюінің көпжақтылығын қарастырсақ. Барлық бұлшықеттер морфологиялық тұрғыда кешенді болып құрылады, олар бірнеше бумақтан, олардың әрқайсысы көптеген талшықтардан тұрады. Әрбір талшық жүйке тамырынан күш алып қозғалыс бірлігін құрады (ҚБ). Осы морфологиялық ерекшелігіне байланысты бұлшық еттердің жиырылуы біртұтас немесе бөлекше талшық топтарымен іске асырылады. Бұлшықеттердің қозғалу мүмкіншілігі бүтіндей емес, кейбір көлемдегі ҚБ қозғалысты реттейтін бұлшық еттің маңызды тірегі болады. Футболшы бұлшық ет аралық және ішкі бұлшық ет тепе-теңдігін іске асырса, ол онда өзінің денесін және допты жақсы меңгереді.

Біз күшті өзіндік-күштік жаттығулар арқылы дамытатын болсақ, бұл жағдайда ауыр салмақты көтеруде максималды салмақтың 60-70% пайызын көтерген жөн. Аптасына үзбестен 4-5 рет жаттығатын болса 1,5-2 сағаттан 2-6 ай уақыт қолдану керек.

Футбол тәжірибесінде әдетте ауыр салмақты көтеру арқылы күшті дамыту үшін 40-50% пайыздық салмақпен 1-1,5 ай қолданылады, іс жүзінде күшті көбейтпей, бұлшық ет тепе-теңдігін нашарлатады. Мұндай жаттығу міндетті түрде абсолюттік күштің көбеюіне әкеп соқтырып, кейбір келеңсіз жағдайлар туғыздырады. Бірншіден футболшының өз салмағы өсіп кетеді. Екіншіден ішкі бұлшық ет және бұлшық ет аралық тепе-теңдік нашарлайды. Бұл ауыр салмақпен жаттығу жасау процесінде бұлшық еттің өзінде морфологиялық өзгеріс болуы мүмкін. Үнемі мықты сыртқы әсерді көтеруге бұлшық ет талшықтары қарсы тұрады. Осыған байланысты бір жағынан ұзақ уақыт жаттығу ықпалынан кейбір талшықтар әрбір сыртқы тітіркендіргіштіктерге бірлесе жауап береді.

Біз бір немесе басқа қозғалысты ҚБ қатысуын нақты бақылауға мүмкіндігіміз бар. Күш түсіру жаттығуларына дейін футболшыға техникалық әдісті «солға жалған қозғалыс жасап, оңға допты алып кету»-ге ұсыныс жасайық. Бұл қозғалысты барынша беріліп жасаған уақытта аяқ бұлшық етінің 50% ҚБ қызмет жасайды. Футболшының ұзақ уақыт бойы үлкен салмақты көтеру жаттығуларынан кейін сол техникалық әдісті қайталауда ҚБ 50% пайыздан жоғары болады. Бұдан техникалық әдістің өзі де нашар орындалады және энергия көп жұмсалады. Осыдан барып, біз күшті көбейтіп футболдың ең басты компонентінің бірі допты алып жүрудің техникасын нашарлатып аламыз. Ақырында, күштің өсуі спецификалық іс-әрекеттерді орындау кезінде өз пайдасын тигізеді. Сондықтан да күшті дайындау құралдарын таңдау кезінде қозғалыстағы күштің пайдалану жерін анықтау қажет. Шын мәнінде футболшылар штангамен отырып тұрғанда, жүлқып көтеруде, аяғымен тіреп көтергенде, сыртқы күштің көп әсеріне және қарқынына және құрылымы жағынан да жарыстағы жүктемеде көп қарсылық көрсетеді.

Зерттеулер көрсеткендей, бұлшық ет «жылдам» және «баяу» ҚБ-тұрады. Сондықтан жаттығудың бағыты кейбір топ тамсықтарының белсенділігін арттырады. Нәтижесінде күш салмағы артық болуы мүмкін.

Күштің жоғарғы деңгейі жылдам қимылда тиімді әсер етеді. Шұғылданушы оны аз уақыт ішінде көрсеткен кезде, футбол тәжірибесінде допты соғу кезінде ол анық байқалады. Көп жағдайларда бұлшық еттері жақсы дамыған футболшылар, бұлшық еттері аз мөлшерде дамыған футболшыларға қарағанда допты соғу біршама әлсіз болады. Бұлай болу себебі, бұлшық-ет аралығының тепе-теңдігінің бұзылуынан. Допты соққан кезде санның артқы бұлшық еттерінің қызметі жаттығудың соңында аяқ допқа тиер кезде қосылады, бұл санның алдыңғы жағындағы бұлшық еттердің артқа сермеу қызметіне кедергі жасамау үшін жасалады.

Футболшының ойын процессіндегі әрекетінде күшті қысқа уақыт ішінде көрінуі талап етіледі. Әр түрлі секіру жаттығулары (ұзындыққа екпінді келіп және бір орнынан секіру, классикалық үш дұркін секіру, биіктікке секіру және әсіресе тереңдікке секіру, адам 70-100 см биіктіктен секіріп, лезде әлде — бір қимыл жасау) жарылғыш күштің өсуіне мейлінше тиімді құрал болып есептелінеді.

Бірақ-та жаттығу кезінде тереңдікке секіру биіктігін 110 сантиметрден аспауы керек, өйтпеген жағдайда амортизация фазасы көп мөлшерде өсіп, күштің жоғары көрсеткішке теріс әсер етеді. Зерттеулер, динамикалық күш жаттығуы, қарсылықты бағындыру сипатындағы мейлінше динамикалық күштің өсуіне жағымды әсер етеді. Бұл жағдайда ереже бойынша құрылымы жағынан жарыстағы жұмыс режиміне ұқсас болып келеді.

Аяқ бұлшық еттерін дамыту жаттығулары.

  1. Бір орыннан ұзындыққа секіру (бір дұркін, екі — үш дүркін)
  2. Жүгіріп келіп ұзындыққа және биіктікке секіру
  3. Екпіндеп келіп үш дүркін секіру
  4. Оң аяққа және сол аяққа ыршып секіру
  5. 70-100 см биіктіктен секіріп түсіп, жұлқа жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру
  6. 70-100 см биіктікте қойылған кедергілерден секіріп жұлқа жүгіру, ұзындыққа секіру, гимнастикалық орындыққа секіріп шығу
  7. 70-80 см биіктікте қойылған кедергіден екі аяқпен секіру, бір-бірінің ара-қашықтығы 10-150 см, гимнастикалық орындыққа секіріп шығу
  8. 70-100 см биіктікте қойылған кедергіден секіріп түсіп ұзындыққа секіру, күлап бара жатып баспен допты соғу(мата үстіндегі ілінген допты)
  9. Жоғары секіріп барып мата үстіндегі 200-220 см биіктікте ілінген допты баспен соғу.
  10. Екі аяқтап секіру, сондай-ақ тізені көкірекке тартып, оң және сол аяқпен.
  11. Бір аяқты гимнастикалық орындықтың үстіне қойып жүтіру. Жүгіру кезінде бір аяқ орындық үстіне түседі, екінші оның аралығында (ақсаңдап жүгіру). Келесі қайталауында аяқты ауыстыру. Барлығы 4-5 орындық.

Бір орында секіру және ыршып секіру, әсіресе бірінші күндернде 5-6 рет орындаудан аспау керек, осыны есте сақтау керек. Көп рет секіруді қайталаған кезде амортизация фазасы ұлғайып, соның салдарынан жарылғыш күші азаяды, жұмыс күш төзімділігі жағына өзгеріп кетеді.

Тереңдікке секіру жаттығуының бастапқы кезінде міндетті түрде екі аяққа қону керек, түсетін жүктеменің көптігінен, тобық және тізе буындары жарақат алып қалуы мүмкін. Бірақта, барлық жағдайларда назар амортизация фазасының азаюына салынады, сондықтанда жерге қонғаннан кейін мейлінше тезірек жүгіріп немесе секіріп кету керек. Кей кездерде күшті тәрбиелеу үшін жаттығудың бөлігін емес, барлық сабақты арнайды, 40-50 секунд жаттығулары орындалады. Бұл үшін 7-8 секіру түрлерін таңдап алынады, олардың әрқайсысы (2-3 кезектен) орындалады. Мысалға 15-12 адамнан тұратын топ жаттығуды орындайды. Toп болып жаттығуды орындау уақыты 1, 1,5 минут бірінші орындаған ойыншы екінші қайталау келгенше демалып қалады. 7-8 жаттығуда 14-12 рет секіреді, оған 10-15 минут уақыт белсенді демалысқа беріледі. Бұл сабақ 2 сағатқа созылады, көп уақыт демалысқа кетеді.

 

Ауыр салмақты көтеру арқылы күшті тәрбиелеу әдістері

Ауыр салмақты көтеру футболшылар жаттығуында негізгі бұлшық ет топтарын тәрбиелеуде кеңінен қолданылады. Бірақ та дәрежелі футболшылармен жұмыс істегенде штангисттердің классикалық қимылдарын жүйелі түрде қолдануға болмайды. Салмақтық көрсеткіші бұл жерде спецификалық бұлшық етпен бұлшық ет тобының қажетті өзара байланысын бұзбау қажет және қозғалыстың спецификалық қозғалыстың құрылымын сақтайды. Осыған байланысыты өз салмағының 3-5% пайызын құрайтын белбеу мен жилеттерді қоданылған тиімді.

Зерттеу нәтижесінде динамикалық күшті дамыту кезінде максималды салмақтан 20% пайыз төмен салмақ қолданған тиімді екені дәлелденді. Мысалға футболшылар орта есеппен 100 кг. салмақты иығына салып отырып тұрады. Оларға оптималды салмақ 18-20 кг. болады. Бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы артады. Қозғалысты бар күшті жұмсап орындаған жөн.

Салмақ орнына құм толтырылған рюкзакті қолданылған жақсы. Олар біріншіден қозғалыс формасына кедергі жасамайды, екіншіден бір уақытта топтағы барлық шұғылданушылар жаттығуды бір мезетте орындайды, үшіншіден штанганы пайдаланған кезде футболшылар штанганың білек темірінің иықты ауыртатынынан көңіл-күйлері бұзылып жаттығудың тепе-теңдік құрылымын нашарлатады.

Максималды салмақтан 20% салмақпен жасалатын жаттығулар.

  1. 6-8 см биіктіктегі тірену жүйесінен аяқтың ұшымен көтеру және қайта түсіру.
  2. Секіріп жүгіріс.
  3. Бір орнында тұрып аяқтан аяққа секіру.
  4. Гимнастикалық орындықтан оң және сол аяқпен кезектесіп серпіліп жоғары секіру.
  5. Дене салмағын бір аяққа салған қалыптан секіріп аяқты ауыстыру.
  6. Жылдамдықты арттырып жүгіру 10-15м.
  7. Секіру арқылы алға жылжу («лезгинка»).
  8. Екі аяқта алға секіру («кенгуру»).
  9. Гирді қолға үстап жартылай отырған жағдайдан секіру.
  10. Гимнастикалық орындықтан секіріп түсіп екі аяқпен жерден серпіліп жоғарыда ілінген допты баспен соғу.

Футболшылар жаттығуды орындау кезінде барлық жылдамдықты қосуды қадағалау қажет. Жаттығулар арасындағы үзілісті 2-3 мин. дейін созу керек, бұл жаттығулар ауыр соғады және бір жасағанда 6-10 реттен қайталанады. Жаттығуды орындау тізбек әдісімен, болмаса айналмалы жаттығу принципі бойынша жасалынады. Ерекше назар жақындар кезіндегі үзіліске, сондай-ақ тізбек арасындағы үзіліске аудару керек.

 

Футболшылардың ойын әрекетіндегі тұлға бұлшық етінің қызметі

Футболшылардың ойын әрекеті тұлғаның жақсы жетілген (арқаның және іштің) бұлшық еттері болғанын қалайды. Бірақ та иық белдеуінің бұлшық еттерін ұлғайту міндетті емес. Иық белдеуінің бұлшық еттері қимыл жасауға кедергі болады. Бұл жағдайда ойыншылар денемен алдау қимылын нашар орындайтын болады. Жақсы жетілген бұлшық еттер күрделі қозғалыстарды жасауға септігін тигізіп және бір тіректі жағдайда тепе-теңдікті сақтайды. Сондықтан да футболшылар осы топтағы бұлшық еттердің дамуына көп көңілді тек арнайы сабақта емес, сонымен бірге таңертеңгілік гимнастикада бөлулері керек.

Тұлғаның бұлшық еттерін жетілдіру жаттығулары.

  1. 1. Отырған жағдайда аяқтары бекітілген денені бүгіп жазу (қол, желкеде, көкіректе).
  2. Гимнастикалық ағаш ат үстінде 1 жаттығуды қайталау.
  3. Кермеде асылып тұрып аяқты көтеріп кермыс тигізу.
  4. Жүптаса бір-біріне арқаларын беріп салмағы 8-10 кг нығыздалған допты сол, оң жағынан беру, бастың үстінен аяқ арасынан беру.
  5. Арқада жатып, аяқты көтеріп оны бастан асыра оңға және солға бұру.
  6. отырып немесе тұрып салмағы 18-20 кг рюкзакпен бұрылу және еңкеюді орындау.

Жаттығуды орындау барысында, қозғалыстар жылдам, ойын әрекеті сияқты орындалуына көңіл аудару қажет. Күш сапасын жетілдіру үшін арнайы сабақтар өткізілуі тиіс, ал алдағы жүктемеден кейін ауырламай тұрып, ағза «жирылыс» жұмысына дайын кезде орындау қажет.

Күшті өз деңгейінде ұстап тұру үшін жарыстың кезеңдерінде жаттығулар беріледі, 10 күнде бір рет. Бұл сабақтарды өткізбесе сапасы нашарлайды.

Сонымен, төмендегідей қорытында жасауға болады:

  1. Шамадан тыс өз бетінше күшті дамыту жаттығуларымен айналысу футболшылардың тепе-теңдік мүмкіндігінің нашарлауына экеп соқтырады.
  2. Футболшылардың күш дайындығы белгілі бір деңгейге дейін және белгілі бір бағытта орындау нәтижесінде қозғалыстың жылдам орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Күштің көбеюі бұлшық еттің салмағына қарай емес, бұлшық ет аралығымен ішкі бұлшық еттердің тепе-теңдігі жағдайында байланысты болады.

 

Жылдамдықты тәрбиелеу

Жылдамдық деп — адамның аз уақыт ішінде жасағын қозғалыс әрекетінің қабілетін айтамыз.

Жылдамдықтың байқалатын төрт формасы бар:

  1. Уақыт реакциясы
  2. Жалғыз қозғалыс уақыты
  3. Қозғалыстың максималды жиілілігі
  4. Қозғалыс басындағы жылдамдық.

Футбол ойынында жылдамдық — бұл тек қана тез қимылдау емес, сонымен бірге ойлау жылдамдығы және доппен жұмыс істеу жылдамдығы. Футболдық көзқараста жылдамдық көзқарасынан уақыт пен кеңістікті үту еркін қимылдау кеңістігінде тактикалық міндеттерді шешу.

Футболда қақпаға дейінгі қысқа жол көп жағдайларды түзу сызық бойы болып саналмайды. Мақсатқа жету үшін — қақпаны дәл көздеу үшін ойыншы алаң үстінде әріптесінің және доптың орналасуына байланысты орын ауыстырып отырады. Өз кезегінде бұл орын ауыстырулар жекпе-жек жағдайында атқарылады. Футболшы кенеттен үлкен жылдамдықта қозғалыс бағытын өзгертуге көбінесе бір терең жағдайында әлде бір техникалық әдістерді орындауға әр уақытта дайын болуы керек. Осыған байланысты олардың дене салмағының түсетін ортасы төмен болуы тиіс.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей футболшылардың жылдамдық сапасы төмендегілерден тұрады:

  1. Жай жағдайдағы жылдамдығы
  2. Күрделі жағдайдағы жылдамдығы
  3. Екпіндеп барып жылдамдықты арттыру
  4. Жылдамдық шыңы
  5. Жұлқып тоқтау жылдамдық әрекеті
  6. Техникалық әдісті орындаудағы жылдамдығы
  7. Бір әрекеттен екінші бір әрекетке ауысу жылдамдығы.

Осы әрбір жіктелген жылдамдық футболшының ойын іс-әрекетінде ерекше орын алады. Сондай-ақ жылдамдықтың барлық формасы бір-бірінен тәуелді емес. Әрбір жылдамдық түрі арнайы бағыттағы жұмысты талап етеді.

Жай жағдайдағы жылдамдық.

Бұл жағдайлар.

а) 11-метірге айып добын орындау, ойыншылар, айып алаңның сыртын да тұрып, берілуі қақпадан қайтқан допты қайта соғуға ұмтылса, басқалары өз қақпасын қорғауға ұмтылады.

б) Шабулшының алдында тұрып қорғаушы, егерде шабуылшы допты өзінен сәл алшақтау жіберіп алса, сол допты алып қоюға ұмтылады.

Бұл жағыдайда қозғалыс бағыты алдын — ала белгілі, ал қозғалысқа белгі ретіндедопңа аяқ тиген кез. Бұл жағыдайда орнынан жылдамдық алуға байланысты белгі берілген уақыттан, аяқ бұлшық еттерінде белсендік пайда болғанға дейін қозғалыстың басталу уақытты барынша орнынан қозғалғанға дейін есепке алынады.

 

ІІ-бөлім. Футболшыларды дайындау әдісі мен ойын жүйесі және оған берілетін педагогикалық сипаттама

 

Футбол — спорт ойындарына жатады, себебі бұл ойынның өзіне тән заңдары мен ойын ережесі бар және нақты ұйымдастыру жүйесі бар. Демек, ойналған ойынды талқылаған кезде, біз оның негізгі қорытындысын айта отырып, футбол ойынының жүйесін белгілейміз. Мұның бәрі футбол ойынының негізгі заңдары мен принциптеріне жатады және футбол ойынының үйренуіне талаптар қояды. Футбол ойынының негізгі заңдары мен принциптері.

Ойында екі қарсылас команда болғаннан кейін әрқайсысы жеңу үшін жанын салып, соған жетуге тиімді жолдар іздеп, негізгі принциптерді қолдана білу керек, демек, жеңіске жету, бір жағынан допқа ке болып қарсылас қақпаға енгізу, екінші жағынан осыны қарсылас командаға орындатпау. Ойын барысында шабуыл мен қорғану екі командаға тән. Шабуыл мен қорғануды ойын фазасы деп айтады. Бұл екі фазаның екеуі де ойынның негізі. Бір ойында әр команда орта есеппен алғанда допқа 120-150 рет ие болады, демек, бір команда осынаша рет шабуылға немесе қорғануға мүмкіншілігі бар.

Ілімдік және тәсілдемелік зерттеу үшін өткен ойынды талқылау әр команда алдына қойылатын талап, ал ойын жүргізу әдістерін жаңарту немесе арттыру үшін керек. Сондықтан ойын фазалары /шабуыл-қорғану/ кіші бөлшектерге бөлініп — ойын кесінділері деп аталады. Ойын барысында командаларға қысқа уақыттың ішінде бірнеше ойын жүргізу әдістерін пайдалануға талап қойылады. Оған: ұйымдастыру, жүргізу және шабуы; аяқтау, шабуылдан қорғануға өту,қақпаны қорғау жатады.

Фазалар мен ойын бөлшектері бірнеше ойын көріністерінен тұрады.

Ойын көрінісі — бірнеше нақгылы ойын қимылдарынан тұрады. Қысқа уақыттың ішінде футболшы алдына қойылған талаптарды орындау керек.

Ойын заңы бойынша көріністер бірнеше рет қайталана береді. Сондықтан жаттығу жүргізген кезде осы ойын жүргізу әдістеріне үйреткенде әр фазалар қанша бөлшектерден немесе көріністерден тұратынын белгілеп алып, жаттығуларды сол ойын көріністеріне жақындатқан дұрыс.

Төреші ойынды тоқтатқан кездегі тағы бір көрініс — стандартты ойын қозғалысы деп аталады, /допты қойып қақпаға тебу, лақтыру, айып добын ойынға қосу/. Бұл көрініс қимылдары ойын тәртібінде белгіленген. Ойын фазалары, бөлшектері, көріністерінің белгі-категориясын жасай отырып, ойынның бар зандарын көрсетеді.

Ойын көріністерін футболшылар жекелей немесе ұжыммен орындайды. Ол көріністер бірнеше қимылдардан тұрады. Негізгі фазаларға сәйкес, футболшы шабуыл немесе қорғану қимылдарын орындайды.

Ойын қимылдарының физиологиялық негізі — қалыптасқан динамикадан, ал динамикалық қалыптасу әр түрлі факторлардан тұрады. Олар ойынның аландағы жағдайында және ойыншының организмінің ішкі процестерін және бар жинақталған қарым-қатынастарды көрсетеді. Әр футболшының ойын қимылдарын, ойын тәсілдерін шебер орындауы және оны дер кезінде сыртқы күштерді және отырып, ойын көріністерінде орыңдай білуі. Ойын жүргізу әдістерінің жағынан қарағанда, футболшы ойын қимылдарын, психологиялық процестері және мидың жұмысына қарай ойын көріністерінде неғұрлым дұрыс жолдарын шеше білу.

Бұл ойынның негізгі екі компоненті, әр ойыншының шеберлігін және айқындығын көрсетеді.

Фугбошының аландағы ойынының қимылдары екі бөлімнен тұрады: алаңдағы ойыншылардың шабуыл және қорғану қимылдары .

Футболшыларды дайындау процесінде шеберлік пен дағды тәрбиеленеді. Шеберлік пен дағдының ең биік шыңына жету үшін жатығуларды бірнеше рет қайталау керек, сонда ғана тек шеберлік пен дағдыны тәрбиелеп қоймай, сонымен қатар барлық мүшелердің дамуына мүмкіндік туғызады. Спорттық дайындық дегеніміз көптеген факторларға, оның ішінде құралдарға, әдістерге және жағдайға байланысты процесс.

Демек, футболшының дайындығын дамытуды оқыту, /үйрену/ және жаттығу түрінде қарастырған жөн.

Оқыту дегеніміз көбінесе бастапқы кезеңде футболшыларға ойын тәсілдерін үйрету және шеберлік пен дағдыны, бір жүйеге келтіру процесі. Ал оқытудың негізгі мазмұны ойын тәсілдерін: қарапайым өзіндік, топтық және командалық ойын жүргізу әдістері мен қозғалыс мүмкіншіліктерін үйрету болып табылады.

Жатығу дегеніміз — дайындық процесінің жалғасы, оның негізгі мақсаты — үйреткен тәсілдерін, шынықгырудың түрлерін арттыру және оны баяңды ету. Ал спорттық жаттығу дегеніміз бір жүйемен тәсілдемелердің түрлерін басқарып, дайындық жұмысын жүргізу.

Оқыту және жаттығуды көп жылдық арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс деп білу керек. Бұл екі процестің арасында еш белінбейтін біртұтас педагогикалық негіз бар. Себебі оқыта, үйрете отырып біз бір кезеңде жаттықтырамыз, ал жаттықтыра отырып, үйретіп оқытамыз.

Оқыту және жаттықтыру процесі спортшыны тәрбиелеу негізінен тұрады. Себебі оқыта және жаттықтыра отырып, футболшылардың мінез құлқын, психологиялық негізін, ерекшеліктерін тәрбиелейміз.

Сонымен қатар оқыту-жаттығу процесі әрине бапкерге /жаттықтырушыға да/ байланысты. Бұл педагогикалық процесте жаттықгырушы негізгі орталық фигура болып саналады. Сондықтан жаттықтырушы әр өтетін сабаққа мұқият дайыңдалу керек және өзінің, білімін күнделікті көтере, арнайы кәсіпқойлық жаңалықтарды біле отырып, тәжірибе жүзінде пайдалана білуі тиіс.

 

Оқыту және жаттығу жұмысының міндеттері

Футбол жаттығу сабақтарына қойылатын міндеттер дене шынықтыру процесінің негізінен туған. Сабақтың мазмұны негізінен гармоникалық жан-жақты адамды дамыту және ішкі, сыртқы денешынықтыру мүмкіндігін арттыру, шаруашылық жұмыс пен Отанды қорғауға жастарды дайындау болып табылады.

Кейбір жаттықтырушылар тек жоғарғы нәтижеге жетуді ғана мақсат тұтып футболшылардың денсаулығының жақсаруына және дене пішінінің дұрыс қалыптасу жағынан жеткіліксіз назар аударады. Сондықтан біржақты жаттығу жұмыстары нәтижесінде қолайсыз жағдай туғызуы әбден мумкін.

Футболшының шеберлік шыңына жетуі үшін ең алдымен денсаулығы, дене шынықтыру мүмкіншілігі, тәртібі моральдық жағынан жоғары болуы шарт.

Футболшыларды оқыту жене жаттықтыру процесінде мынандай міндеттер қойылады:

а) Қозғалыс және дағды мүмкіншілігін арттыру жолдары;

б) Ағзаның функдионапдык /қызметтік/ мүмкіншілігін арттыру /дем алу, жүрек, ішкі құрылыс жүйелері/;

в) Спортшының жұмыскерлік қабілетін сақтау және арттыру;

г) Спорттағы арнайы білімін арттыру гигиеналық және өзіндік бакылау тәсілдемелерін үйрету;

д) Футболшыны жұмыс қабілетіне, сана сезімге, белсенділікке және тәртіптілікке тәрбиелеу.

Осы айтылған міндеттерді жаттығу процесінде біртіндеп шешсе, адам ағзасында үлкен мүмкіндіктің ашылуына ықпал етеді. Футболшылардың шеберлігін жылдан-жылға арттыру үшін ең аддымен ғылыми-педагогикалық принциптерді сақтау керек, оның негізгі заңдарын және осы принциптерді іс жүзінде қалай пайдаланудың жолдарын білген дұрыс.

Жалпы жаттығулардың көлемін көбейтіп орындағанда көптеген мақсаттарды шешуге болады.

Сонымен қатар табиғаттың сыртқы күштері мен гигиеналық факторлар футболшылар ағзасының функцияларын жақсартуға мүмкіндік туғызады және дене шынықтыру ауыртпашылығы мен демалыс, тамақтану, ұйқы, жұмыс және тұрмыс гигиеналық талаптарды пайдалану, ұйқы режимін дұрыс сақтауға көмектеседі.

Оқыту және жаттықтыру арнайы ұйымдастырылған процесс болғаннан кейін ол негізгі дидактикалық принциптерге сәйкес болуы және негізгі оқыту процестің заңдарына бағалануы керек.

Оқыту және жаттығу процестеріне негізінен тәрбиелеу, сапалық, белсенділік, көрнектілік жүйелік қолайлы принциптерден тұрады. Бұл принциптер бір-біріне тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылған принциптердің ішіндегі оқыту мен жаттығу процесінде басты принциптердің бірі — тәрбиелеу принциптері екені мәлім. Себебі футболшыларды ойын тәсілдеріне, ойын жүргізу әдістеріне денешынықтыру арқылы дайындау, ең алдымен жастардың мінез-құлқын, сана-сезімдерін тәрбиелеуіміз қажет. Демек, жаттықтырушы адам арнайы оқыту және жаттықтыру процесінде тек үйретіп, ойыншылардың шеберлігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар нақтылы қойылған тәрбиелеу жұмысының мақсаттарында орындауға тиіс. Бұл арада жаттықтырушының өз жұмысына қалайша көңіл аударып, жаттығу сабақтарын нақтылы белгіленген уақыттан кешікпей уақытында өткізуіне, өз ісін сүюіне, жоғарғы мәдениеттілікпен өзіне қатаң талап қоюына педагогикалық әдептілікті сақтауы ерекше көңіл бөлінуі аса қажет.

Оқыту және жаттығу процесінде жаттықтырушы дұрыс тәрбиелік принциптерді сақтап, сабақ жүргізген бетте ғана оқшылардың өз күштеріне сенімділігі артып, спорттық шеберлігі әрі қарай арттыруына жағдай туғызады.

Дене шынықтыру асықпай, біртіндел, жақсы педагогикалық және дәрігерлік бақылауды ұйымдастыратын болса, сонда ғана футболшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туады.

Ойын тәсілдері дегеніміз нақты мақсаттарды табысты орындауға мүмкіншілік жасайтын ойын тәсілдері түрлерінің жиынтығы.

Тәсілдердің түрлерін ойын жүргізу құралы деп білу керек, себебі футболшы ойын тәсілдерінің түрлерін неғұрлым көп біліп, оны әртүрлі жағдайда қолдана білсе, қарсылас команданы жеңуге көп үлес қоса алады және ойын тәсілдерін шебер қолдана білген ойыншылар футболшының жан-жақты дайындығын арттыруға көмектеседі.

Ойын тәсілдері футболдың жүз жылдан астам уақыт ішінде дамуына байланысты көптеген өзгерістерден өтті. Оның эволюциялық дамуының, негізінен, алғанда мынандай ерекшіліктері бар: ойында аз пайдаланатын тәсілдердің түрлері, мүлдем азайтылды, оның ішінде допты табанымен тоқтату, желкемен ұру орнына шебер ойыншылар, көбінесе допты аяқтың сыртқы жағымен тебу, кеудемен және санмен тоқтату, допты қолмен лақтыру /қақпашының ойын тәсілдері/, қарсылас ойыншыны алдап өту секілді қимылдарды көбейтті.

Бүгінгі заманда футбол ойынының тәсілдері көптеген қозғалыстардың биомеханикалық жүйелерінен тұрады және ойын үстінде жұмыс істеп шығарған қуатты тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Жылдамдық пен сенімділік, қарапайым және пайдалы ойын тәсілдері — бүгінгі футболға қойылатын талаптардың негізі.

 

Ойын тәсілдерін топтастыру

Ойын тәсілдерін топтастыру дегеніміз — тәсіл түрлері мен топтарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.

Ойынның маңызына байланысты, тәсілдер екі үлкен бөлімнен тұрады: аландағы ойыншының және қақпашының ойын тәсілдерді. Әр бөлім екі бөлімшеден тұрады, олар: жылжу, /алаңда жүгіру, жүгіру және секіру, тоқтату, бұрылу/, доппен ойнау тәсілдері. Бөлімшелер нақты ойын тәсілдерінің түрлерінен және әдістерінен тұрады. Жылжу тәсілдерінің түрлерін аландағы ойыншылар да, қақпашы да пайданалады. Жеке тәсілде әдістер өзіндік ерекшеліктерден тұрады. Жалпы қозғалу тетіктерін сақтай отырып, тәсіл түрлерімен олардың ерекшеліктерінің бір-бірінен аз болсада айырмашылықтар бар екенін ескерген жөн. Тәсіл түрлерін әртүрлі жағдайда орындау футбол ойынының оданда әрі қарай үлкен негізі бар екенін көрсетеді. Футбол ойынының тәсілдерін бір қалыпқа бір жөнге келтіріп топтастыратын материалды тез еске сақтап, олардың түрлерін оқыту және дамыту барысына көмектеседі.

Ойын тәсілдері

Алаңдағы ойыншылар

Бөлімшелер

Допқа ие болу тәсілдері

Тебу

Жүгіру

Тоқтату

Секіру

Алып жүру

Тоқтату

Алдау тәсілдері

Айналу

Тартып алу

Әдістер

Қақпашы

Жылжу тәсілдері

Допқа ие болу тәсілдері

Үстап алу

Қағып алу

Допқа қарай

Ұмтылу

Допты ауыстыру

Алаңдағы ойыншылардың тәсілдері

Әдістердің түрлері

Қолданылған жағдайлар

 

2.1. Футболшыларды дайындағаңда оқыту және жаттығу

принциптерін жүзеге асыру

Ойын жүргізу кезінде қозғалу тәсілдері әртүрлі жағдайда, түрлерде қолданылады.Мысалы, ойын үстінде футболшы қозғалу жылдамдығын ауыстырып отырады, ол жәй жүрістен бастап, ең үлкен жылдамдыққа дейінгі аралықты қамтуы тиіс. Сонымен қатар футболшының қозғалу тәсілдері секірудең, аялдамадан және айналудан ауысып келіп отырады. Қозғалу тәсілдерінің түрлері доппен шебер ойнауға да байланысты. Қозғалу тәсілдерінің жинағын дұрыс пайдалана білсе, футболшы ойын жүргізу әдістерін де онын ішіңде допқа ие болу үшін дұрыс орын таңдап алу және қарсылас команданың ойыншысын дер кезінде табуды шебер түрде орындай алады.

Жүгіру — қозғалу тәсілінің негізгі әдісі. Жүгіру арқылы ойыншы алаң үстінде әртүрлі қимылдар жасайды. Бұған допсыз және допты алып жүріп жүгіру де жатады.

Футбол ойынында жүгірудің мынадай тәсілдері қолданылады: жәй жүгіру, артымен, алға қарай жүгіру, аяқты қиыстырып және бір-біріне қосып жүгіру.

Жәй жүгіруді — ойыншылар тік бағытпен қозғалған кезінде және қарсылас ойыншыдан босанып ойынды әрі қарай жүргізу пайдаланады. Жәй жүгіріс деп аталған себебі қозғалу жүйесі — фазасы ұшу және тірелуден тұрады, демек оның негізгі түрі жеңіл атлетиканың жүтіру түрінен өзгеше.

Егер жақын қашықтыққа /спринт/ жүгіретін спортшы адымының ұзындығы 2-2,5 м болса, ересек футболшылардың орта есеппен алғандағы адым ұзындығы 1,3-1,5 м дейін жақын қашықтыққа жүгіретін спортшы адымының қайталау тездігі секундына 4-4,5 болса, футболшылардың қайталау тездігі секундына 5,1-5,5 адым мөлшерінде.

Артқа қарай жүгіру. Бұл тәсілді, көбінесе қорғаныс шебіндегі ойыншылар қолданады, олар допты тартып алу және қарсылас ойыншыларға ойнатпай дер кезінде иемдену үшін пайдаланады. Бұл жүгіру түрінің негізгі қимылдары екі аяққа түседі. Артқа қарай жүгірудің негізгі ерекшеліктері аяқ адамының ұзындығы қысқа, көп адымнан тұрады және ұшу мерзімі онша көп емес. Себебі, аяқты артқа қарай аударған кезде санның иілуі кедергі келтіреді.

Ойын шарты бойынша кейбір кезде артқа қарай жүгіру жылдамдығы үдеуі керек. Ескеретін бір жағдай жылдамдықты арттырып, артқа қарай жүгірген кезде ойыншы құлап қалуы мүмкін, себебі дене ауырлығы орталығының салмақталмағаны.

Аяқты қайшылап жүгіру — жүгіру бағытын өзгерту кезінде немесе оңға, солға қарай жұлқынып және айналып жүгірген кезде қолданылады. Бұл жүгірістің түрі өзіне арнайы тән қимылдардың бірі, сонымен қатар ойыншы жүгірістің басқа түрлерін қосымша пайдалануына болады.

Ұшу мерзімі-бұл жүгірудің түрінде өте қысқа.

Бір жақ бүйірмен аяқты бір-біріне тигізіп жүгіру. Ойын жүргізу әдістерін дұрыс ұйымдастыру /мысалы, ойыншы қарсыласын ойнатпау үшін/ бұл жүгіру тәсілі көбінесе бастапқы қимылдың бір бөлімі /фаза/ ретінде қолданылады. Ойынның барысына және әртүрлі қозғалу тәсілдеріне байланысты.

Бір жақ бүйірмен аяқты бір-біріне тигізіп жүгіру кезінде тізе аздап бүгілу керек. Бірініші адым аяқпен қозғалыс жаққа қозғалады. Күш негізінен қозғалыс жағына көбірек салынуы керек.

Секіру — ойыншылар пайдаланатын қозғалыс тәсілдерінің бірі, бұл тәсілді, көбінесе ойыншыны тоқтату және айналу үшін пайдаланады. Секіру, сонымен қатар доп тебудің, допты тоқтатудың түрлері аяқпен, кеудемен, баспен және алдап өту тәсілдерін орындаған кезде қолданылады. Ойын барысыңда секіру алға, біржаққа, жоғары және бірнеше қосымша бағыттағы қозғалыста қолданылады. Бірақ ойынның өзі, көбінесе алға немесе жоғары секірудің ең жоғары көрсеткіштерін талап етпейді. Оның жоғарғы көрсеткіштері: футболшының; өзіңдік ерекшелігіне және икем-ділігіне байланысты. Секірудің түрлері итеру, ұшу және жерге түсу мерзімдерінен /фаза/ тұрады.

Секірудің екі түрлі әдісі бар: бір аяқпен және екі аяқпен итерілу. Екі аяқпен итерілу. Секіру алға, жоғары, бір жаққа қарай қозғалыстардан тұрады. Оның негізгі ерекшелігі ойыншы бір аяқпен белсенді түрде аяқтың алға серпіліс жасап, денесінің ауырлық түсетін орталығын секірген жаққа аударуы керек. Секірудің биіктігі және бағыты ойынның жағдайына байланысты. Секіріп болғаннан кейін бір немесе екі аяқпен түседі. Жерге аяқтың табаны немесе ұшы тиген кезде қысқа серпіліс келесі орындалатын қимылдарды тез және жақсы орындауға көмектесді. Одан басқа дененің ауырлығы түсетін орталығында да байланысты.

Допты жоғары секіріп баспен ұрған кезде әрине секіру биіктігі неғұрлым еңселі болу керек.

Екі аяқты біріктіріп жоғары секіру және біржаққа, немесе аралас бағытта орындауға болады. Екі аяқпен итеріліп секірудің алдында ойыншы алдымен тізесін төмен қарай бүгіп, жоғары секірердің алдында қолдың және дененің көлемі мен жоғары қарай ұмтылып секіреді. Итеру, ұшу және жерге түсу кезеңдері бір орыннан секіргенге ұқсас.

Аялдау тәсілі ойын барысында өте көп қолданылады. Себебі, қозғалу бағытын өзгерту үшін және бір қимылдан басқа қимылға тез ауысу үшін алдымен аялдау, немесе тоқтату тәсілін пайдалану керек.

Аялдаманың екі түрлі әдісі бар: секіріп және алға ұмтылып тоқтау.

Секіріп тоқтатудың негізгі әдісі-көп биіктемей секіріп, алға қарай ілгері аяққа күш түсіру, көбінесе екі аяқтап тоқтауды, секіруді пайданалуға болады.

Алға қарай ұмтылып аялдаудың /тоқтау/ алдында кейінгі аяқты алға шығарып, өкшемен жерге түсіп, аяқтың үшына қарай салмақты ауыстырып барып тоқтау. Тоқтағаннан кейін әр түрлі бағытпен қозғалуды жалғастыра беру керек. Сондықтан аялдаудың біткен қимылы келесі қозғалысты бастауға дайын болу.

Бұрылу арқылы футболшылар жылдамдықгы жоғалтпай жүгіру бағытын өзгертіп отырады. Бір орында бұрылғаннан кейін негізінен келесі қимылда бастауға дайын болуы керек. Сонымен қатар, бұрылу арқылы көптеген ойын тәсілдері, оның ішінде допты тебу, тоқтату, алып жүру және алдап өту тәсілдері орындалады.

Бұрылудың бірнеше түрлері бар: аяқты жылжытып бұрылу, секіріп және дене салмағы түскен аяқ арқылы бұрылу.

Алаңдағы ойыншының тәсілдері екі түрден тұрады: қозғалу және допқа ие болу.

Алаңдағы ойыншылар көптеген ойын әдістерін, олардың түрлерін және әртүрлі қозғалыс тәсілдерін пайдаланады. Оның ішінде допты тебу, тоқтату, алып жүру, алдап өту, допты тартып алу елеулі мәнге ие. Сонымен қатар, допқа ие болу тәсілдерінің бір түрі — допты қолмен ойынға қосу /ойын тәртібі бойынша доп бір бүйірінен аланның сыртына шықса/. Футболшы алаңда орындайтын міндетіне байланысты ойын тәсілдерін әртүрлі көлемде орындайды.

Допты тебу футбол ойынының негізгі тәсілі. Бұл тәсілдер ойын барысында аяқпен және баспен әртүрлі жағдайда орындалады. Ұру және тебу тәсілдерінің арнайы бағыты, онын негзгі міндеті доп ұшқан кезде ұшу бағыты және ұшу жылдамдығы /ең жоғары жылдамдық/ сақталуға тиіс. Ұшу жылдамдығы тебулін бастапқы доппен тиістіру /аяқ немесе бас/ жылдамаығына және екі қоспаның қатынасына. сәйкестігіне де байланысты. Екі қоспанының бір-біріне байланыстылығы өзгермейді де, доптың ұшу жылдамдығын арттыру үшін тебу немесе ұру жылдамдығының түйінін көбейту керек.

Допты аяқпен тебу — табанның ішкі жағымен, сыртқы жағымен ортасымен және табанның сыртқы көтерідген жағымен тебу, табанның ұшымен ұшымен, өкшемен тебу. Қозғалыссыз жатқан допты, домалап келе жатқан немесе ұшып келе жатқан допты әртүрлі бағытта, бір орында қозғалыста секіріп, айналып және құлап тебуге болады.

Ұру және тебу тәсілдері көп болғанымен, оларды іріктеп жанжақты қорытынды жасағанда, негізгі бірнеше қозғалу кезендерден тұрғанын көресіз.

Бірініш кезең — дайындық кезеңі допқа ұмтылып жүгіру. Ұмтылып жүгіру үлкендігі, оның жылдамдығы футболшылардың дербес өзгешеліктеріне және ойын жүргізу мақсатына байланысты. Бірақ қай жағдай болса да допты тебу тәсілі алдын-ала белгілеген аяқпен орындалуы керек. Оны іс жүзінде орындау үшін ақырғы тірелетін аяқтың адым ұзындығын үлкейтіп немесе кішірейтіп барып орындайды. Ересек футболшылардың адымы орта есеппен алғанда 130-150 см.

Допқа ұмтылып жүгіру бастапқы тебу жылдамдығын ұлғайтута әсер етеді. Дайындалу кезеңі — тебетін аяқты сермеу және тіреу аяққа салмақ аудару. Жүгірудің ақырқы адымында кейінгі аяқпен итерілген кезде ең маңызды кіші кезең — тебетін аяқты сермеу орындалады.

Тебетін аяқты дұрыс сермеу үшін акырғы адымдык, ұзынырақ болуы тиіс. Қалған адымдарға қарғанда 35-45-ке дейін орта есеппен 200-250 см. болады. Тіреу аяқ доптың он жағына, немесе сол жағына қарай қойылады.

Жұмыс кезеңі — допты тебу, ұру және аяқты ары қарай сермеп тоқтату. Тебу қимылы тіреу аяқты қойған уақыттан басталып, санның алға қарай бүглуі. Санмен балтырдың арасындағы үш бұрыш сақталады. Аяқтың табан мен сан қозғалысынан артта қалуынан аяқтың барлық ауыр орталығы жамбасқа түседі. Тебудің алдында сан тоқтауы байқалады /Чхандзе бойынша/. Қимыл сандарының біртінден ауысуы /үлкен массаға қарай/ сан кіші массалар /табан мен жіліншілік / жылдамдықты арттырады және допты тепкен кезде сан мен сирақтың алға тез арада жылжу допты тебуге әсер етеді.

Допты тебудің алдындаы табанды және тізені қатайту керек. Тебетін аяқтың қатты тетікке айнатуы, ұратын мүшелерді массаға айналдырады.

Допты тебудің алдында ұратын аяқтың табаны доптың деңгейін өзгертеді. Доп қысымы ұлғайуы жылдамдығы аяқпен доптың бір-біріне қарым-қатынасы нөлге теңелген кезде болады. Содан соң доптың ішкі күштері қысымдыққа қарсыласып, бұрынғы алғашқы қалпына /деңгейіне/ қайта оралады және жылдамдығы одан сайын үдейді, бірақ тебетін аяқтың алғашқы жылдамдығынан әлдеқайда аз болады. Қалған қуат деформация мен жылуға беріледі.

Футбол добы белгілі тығыздық, деформациядан тұрады. Деформация кезеңі және қалпына келу уақыты 0,008 және 0,013 сек. аралығында болады. Табан мен доптың бір-біріне тиісу мезгілін неғұрлым көп уақыт арасында сақтаса, сонда доптың ұшу жылдамдығы тебу күшіне байланысты /Ғ/ және оның жұмыс уақыты /Т/ сөйтіп, жұмыс кезеңі аяқты ілгері доптың ұшу бағытына қарай сермеумен аяқталады. Тебетін аяқтың қозғалысы доппен бірге болады. Аяқты сермеу үлкен серпіліс күшпен /FT/ доптың ұшу жылдамдығын арттырады. Сонымен доптың ұшу бағытын көрсетеді.

Аяқталу кезеңі — бұрынғы алғашқы қалыпқа келу және келесі қимылға дайындық. Мұндай жүйелі қимылдау әр түрлі допты тебу және ұру тәсілдеріне байланысты. Жоғарыда айтылған тәсілдемелік нұсқауларды дұрыс пайдалана біліп, оны орындаса, сонда допты әр түрлі тәслімен қатты күшпен орындауға көмектеседі. Бірақ ойын жүргізу әдістеріне байланысты ойын үстінде допты тебу кезеңдері аз уақыттың аралығаңда тербелмелілігін және бұлшық еттің жиырылуын талап етеді. Сонымен қатар допты тебу түрлері арнайы өзіндік ерекшеліктерден тұрады.

 

Доптың ұшу жолының ерекшеліктері

Допты тебу негізінде екі түрде орындалады: тік және айналдыра ұру /кесіп ұру/.

Допты тік тепкен кезде оның ұру тербелісі доптың ортасынан өтеді, немесе соның жанынан.

Ал айналдыра немесе кесіп тепкен кезде допқа оң, немесе сол жағына қарай табаны тию керек.

Тік ұруды тәжірибе жүзінде барлық түрде жүргізуге болады. Бірақ табанның сыртқы жағымен ұрған кезде бірталай қиындық тудырады.

Кесіп ұрған кезде, көбінесе табанның ішкі жағымен, әсіресе табанның ішкі жоғары жағымен тепкен кезде өте ықтималды.

Доптың ұшу жолы тепкен кезде аяктың допқа тиген күшіне байланысты. Доп төмендеп, немесе тік ұшу үшін доптың орта шебінен тебу керек, демек көлденең жалпақтыққа байланысты. Егер допты тепкен кезде ұратын күш тіке өсті ауыстырса, онда ұшу бағыты да өзгереді. Демек, доп оң, немесе сол жақ көлденең жалпақтықпен ұшады.

Ал егер тебу күші көлденең өстің төменгі жағына түссе, онда ұшу бұрышы өзгереді. Тіке немесе көлденең өсті айналдыра тебу күші түссе, онда доптың ұшу бағыты мен бірге ұшу бұрышы оңға жоғары немесе солға жоғары болады. Доптың ұшу жолы әлдеқайда кесіп тұрған кезде өзгереді. Бұл кезде тебу бағыты доптың ортасынан емес, сыртынан өтіп, доп айналымын көбейтеді. Ол -көлденең өспен /допты қатты айналдырып/, тіке өспен /төмендетіп кесіп тепкен кезде/ және өсті төмендетіп /жоғары қарай тебу/.

Ұшу бағытында доп айналып, әуе кедергісіне ұшыраған кезде, оның алдындағы жолын біршама өзгертеді /магнуса эффектісі/.

Егер доп айналымы тіке өспен ұшса, онда доп айналдыратын жаққа бет бұрады. Ал, доп жерге тиіп қатты айналымға үлыыраса, ұшу бағыты өзгереді. Доптың Ұшу бағытын, ерекшелігін білген футболшының ойын жүргізудегі шеберлігін арттырады.

Допты табанның ішкі жағымен тебу. Бұл ойын тәсілі, көбінесе допты команда әріптесіне қысқа және орта қашықтыққа бағыталғанда және жақын қашықтықтан көздеген жерге тепкенде пайдаланылады. Осы ойын тәсілінің негізгі ерекшеліктерін қарастырайық /1 суретте берілген/.

1-сурет. Табанның — ішкі жағымен тебу

 

Допқа ұмтылып жүгіру, допты көздеп тебетін бағыт бір сызыққа орналасқан. Ұратын аяқтың серпілуі ең ақырғы жүгіру адымына байланысты. Тебу қозғалысы бір уақытта балтырдың сыртқа қарай бұрылысынан сыртқа және жоғары қарай бағытталып, тік бұрыш жасап, доптың ұшу бағытына қарай қозғалады. Доп табанның ортасымен және ішкі жағымен тебіледі.

Допты табанның ішкі жағымен тебудің ең бір ерекшелігі — доп түзу ұшады, себебі табан мен доптың тию көлемі үлкен, бірақ ұру күші басқа тебу түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.

Табанның ішкі жоғары жағымен тебу.Көбінесе, «орта» және алыс бағытқа, алаңның әр жерінен көздеп тепкен кезде қолданылады. Допқа ұмтылып жугіру 450 аралығында өтеді /допқа қатысы бойынша/. Кейбір футболшылардың ерекшелігіне байланысты 300 — 600 аралығыңда болуы ықтимал. Тебетін яқтың серпілуі жоғары қарқынды мөлшерге жақын. Тіреу аяқтың тізесі аздап бүгіліп, доптың сыртқы жағына қойылады. Дене салмағын аздап тіреу аяққа қарай түсіру керек. Тебу қозғалысы сан алға қарай қозғалып балтырдың тез қимылымен аяқталады. Тебер кезде аяқты дайындау керек. Табанның жоғары ортасымен тепкен кезде де осындай талаптар қойылады /2-сурет/.

2-сурет. Табанның ішкі жоғары жағымен тебу

 

Допқа ұмтылып жүгіру бағыты, көздеген жер және доп бір сызық аралығында орналасу керек. Тіреу аяқ, өкше мен доп бір сызыққа қойылады. Тепкен кезде тіреу аяғы мен аяқтың ұшына қарай қозғалту керек. Белгіленген өс доп пен тізенің аралығын біріктіріп, допты тепкен кезде тіке бағытын жоғалтпау керек. Мұндай талап допты теуіп ары қарай шығарып салу қимылында да сақталады. Доп пен табанның бір-біріне біраз орын алып жалғасуы допты тура ұруға көмек етеді. Бірақ бір жағдайды ұмытпау керек, тепкен кезде аяқтың ұшын төмен қарай созу керек. Мұндай жағдайда кейбір уақытга аяқтың ұшы жерге тиіп жарақаттануы ықтимал. Соған байланысты тебу күші және оның өсері төмендейді.

Допты табанның сыртқы жағымен тебу. Бұл тәсіл, көбінесе, допты кесіп тепкен кезде қолданылады.

Қимыл жүйесі допты табанның ішкі және сыртқы жағымен тепкенге ұқсастығы бар. Бұл тәсілдің ерекшелігі — балтыр мен табанды ішкі жаққа бұру керек.

Допты аяқтың ұшымен /бармақпен/ тебу, көбінесе дайындықсыз, ойламаған жерден көздеген жерге допты бағыттап ұрғанда қолданылады.

Тебу қозғалысына қойылатын негізгі шарт — аяқтың ұшын жоғары қарай тарту керек.

Қозғалыссыз жатқан допты тебу, көбінесе айып допты ойынға қосқанда, ойын басталарда және қақпашының алаңынан допты ойынға қосқанда қолданылады. Жоғарыда айтылған доп — тебу тәсілдеріне сәйкес және бір-біріне қатысы бар. Бар өзгешілігі -допқа ұмтылып жүгіру кезінде жылдамдықты ауыспалы әдістермен орындау.

Домалап келе жатқан допты тебу тәсілі қозғалыссыз жатқан допты тебуге ұқсас. Тәсілдің негізгі ерекшелігі сол доптың қозғалыс жылдамдығы мен тебетін адамның жылдамдығына біртұтас болу керек. Допқа ұмттылып бағытталу қозғалыстары келесі тәсілдерден: допқа қарсы, ойыншыдан қашып, оң жақпен, сол жақпен және басқадай түрлеріннен тұрады. Айтылған бағыттамалар тіреу аяқтың қай жағынан қайталанып көрсетіледі. Егер доп ойыншының алдына қарай домалап бара жатса, онда тіреу аяғы бір жаққа қарай қойылады.

Ойыншыға қарай домалаған допты тебердің алдында тіреу аяғы допқа жетпей койылады. Доп оң жақтан немесе сол жақтан келетін болса, онда допты жақын аякпен тепкен дұрыс,

Домалап келе жатқан допты тебудің қай түрі болса да доптың қозғалу жылдамдығына қарай тіреу аяғы қойылады /3-сурет/.

3-сурет. Өкшемен тебу

 

Төмендеп ұшқан допты тебу тәсілдері домалап келе жатқан допты тебу тәсіліне ұқсас. Доптың ұшу бағыты тіреу аяқтың қойылуына байланысты. Одан басқа ұшып келе жатқан допты бұрылып, өзінен асырып және жерге тигізбей тебу тәсілдері бар. Олардың барлығы жоғарыда айтылып кеткен тәсілдердің негізіне ұқсас.

Допты баспен ұру — ойын жүргізу барысында ең бір керекті тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл ойында бір мақсатқа жету үшін, допты қақпаға енгізу үшін және әріптес футболшыға допты беру үшін қолданылады.

Көбінесе, ойында допты маңдайдың ортасымен ұрады. Бірақ ойынның әртурлі өзгерістеріне қарай әр түрлі ерекшеліктері болуы мүмкін. Оның ішінде маңдайдың оң жақ, немесе сол жағымен ұруына болады.

Допты аяқпен тепкендей, допты баспен ұрудың өзі де үш кезеңнен тұрады. Ол дайындық кезеңі — серпілу. Бұл үшін дене мен басты артқа қарай шалқайту керек. Доп ұратын адамның алдына қойылатын талаптар, ең алдымен допқа ұмтыла жүгіру, содан соң бір немесе екі аяқпен итеріліп секіру болып табылады.

Жұмыс кезеңі — допты ұру және қозғалыспен шығарып салу. Ұру қимылы денені тез арада қайта жөнге келтіруден тұрады. Допты ұру уакыты дене және бас фронтальды жазықта болады да, бұл жағдайда бастың ең үлкен жылдамдығымен өтеді,сондықтан допты ең үлкен күшпен ұруға көмектеседі.

Аяқталу кезеңі — бастапқы қалпына қайта оралып, келесі қимылға /қозғалысқа/ дайындалу. Қозғалыс аяқталғаннан кейін дене қимылы аялдап тоқтайды. Бұл кезде алға қарай денені қатты имеу керек, себебі келесі орындалатын қимыл мен қозғалысқа дайын болуы керек.

Маңдайдың ортасымен ұру, оның ішінде секірмей, бір орында тұрып, аяқтың арасы 50-70 см адымнан тұру керек. Серпілу қозғалысын орындағанда ойыншы денесін артқа қарай шалқайтып, артқы аяғын иіп, дене салмағын сол аяққа түсіреді. Адамның қолы, шынтағы аздап иілуте тиіс /4-сурет/.

4-сурет. Маңдайдың ортасымен ұру

 

Ұру қимылы кейінгі аяқтың қайта иіліп, дененің тік жағдайға келіп, баспен допты алға қарай ұруымен аяқталады.

Маңдайдың ортасымен секіріп ұру немесе екі аяқпен жоғары итеріліп секіруден, содан соң денені, басты артқа шалқайтып, тез арада допқа ұмтылып ұрудан тұрады. Секіру — дайындық кезеңге жатады. Ұру қимылы ең жоғары секірген жерден басталады. Бұл кезде ойыншы өзінің секіру күші мен доптың ұшу бағытын есепке алу керек. Допты ұру ең жоғары секіру жерден орындалады.

 

Допты тоқтату тәсілдері

Допты тоқтату тәсілдеріне қойылатын негізгі талаптар — допты тоқтатып, оған ие болу. Негізгі шарт — доптың домалап келе жатқан жылдамдығын азайтып немесе ұшып келе жатқан допты ұру үшін келесі қимылға дайындалу. Допты тоқтату ұғымын, негізінде допты қабылдау немесе допқа ие болу деп түсіну керек. Демек, допты тоқтату тәсілдерін футболшы орындаған кезде, мұнда түгел тоқтату емес, ойын қимылына дайыңдық жасау, өзіне керек жағдай туғызу деп білу керек.

Допты аяқпен, денемен және баспен тоқтатуға болады. Оның топтастыруы 4 кестеде берілген.

Допты аяқпен тоқтату көбінесе ойын барысында қолданылатын негізгі тәсіл. Бұл тәсілде әр түрлі әдістеріді қолданып істейді.

Дайындық кезеңі — бастапқы қимылды бастау үшін дене салмағы тіреу аяққа түседі. Аяқтың тізесі аздап иілулі болуы керек. Допты тоқтатып, аяқты алға қарай немесе ұшып келе жатқан доптың алдына қарай бағыттау керек.

Жұмыс кезеңі /негізгі/ — допты тоқтатып, аяқтың бұлшық еттері, буындары доптың қозғалысын тоқтату үшін бос ұстау керек. Соңда доп қозғалысы аялдап келіп тоқтайды. Тербеліс жолы доптың ұшу жылдамдығына байланысты. Егер доптың ұшу жылдамдығы аз болса, онда допты тоқтату аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлері бос күйінде болуға тиіс, артқа қарай иілу қозғалысын орыңдамаса да болады.

Тоқтату және допқа аяқты тигізіп, аяқты артқа қарай тарту-доптың жылдамдығын азайтып, біржолата тоқтатуға жағдай туғызады.

Аяқтау кезеңі — бастапқы қалыпқа келіп, келесі қимылға дайын болу.

Дене салмағының ортасы токтайтын аяққа қарай көшеді де, келесі қимыл допты тебуден немесе әріптес ойыншыға допты бағыттау сияқты орындалатын ойын тәсілдерінен тұрады.

Тоқтату тәсілдері жоғарыда айтылғандай тебу тәсілдеріне ұқсас әдістерден тұрады. Олар: допты табанның ішкі жағымен, табанмен, табанның жоғары жағымен, санымен тебуге негізделген.

 

2.2. Футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері

Ойын жүргізу әдісі деп өзімділік, коллективтік ойынды ұйымдастыруды, ойыншылардың бір-бірімен қарым-қатынастарын, алдын ала жоспар бойынша белгіленген әдістерді қолданып, жеңіске жетуді айтады.

Ойын жүргізу әдістерінің негізгі мақсаты оптималды құралдарды пайдалана отырып, шабуыл және қорғаныс қимылдарын жүргізу.

Ойын жүргізу әдістерін команданың алдына қойылатын мақсатына, ойыншылардың күш алмауына, алаңның және ауа райының жағдайы мен ерекшелігіне байланысты таңдалып алынады.

Ойын барысында шабуыл мен қорғаныс қайталанып отырғаннан кейін, қорғануды және шабуылды ұйымдасқан түрде өткізу қажет.

Ойын жүргізу әдістерін дұрыс іріктеп, дұрыс қолдана білсе, онда команда алдына қойған мақсатты шеше алады.

Қарсылас команданың ойынның жоспарын жоққа шығаруды білген ойыншыларды және жалпы команданың ойын жүргізу әдісін дұрыс пайдалана білгені.

Қандай ойын жүргізу әдістерін жаттықтырушы пайдаланып жоспарласада, оның дұрыс шешілуі әр ойыншының өзімділік шеберлігіне байланысты.

Сондықтан, ойын жүргізу әдістері ең алдымен ойыншылардың алдын ала жоспарланған ойларынан шығады. Демек, ойын тәсілдерін шебер орындай білген команда ойыншылары жоспар бойынша белгіленген ойын жүргізу әдісін қолдана біледі.

Көбінесе ойын жеңісін футболшылардың дайындығына байланыстырады, бірақ дұрыс қолданылған ойын жүргізу әдістері команданы жеңіске әкелуге көп мүмкіндігі бар.

Ойын жүргізу әдістері қарсылас командалардың дене шынықтыру шеберлігіне, психологиялық дайындығына қарамастан үлкен маңызы бар.

Сондықтан ойын жүргізу әдістерін ойынды дұрыс қолдану үшін күнделікті оқу-жаттығу процесінде дайындық жасалу керек. Команданың әрбір ойыншысы ойын жүргізу әдістерін, тек дұрыс пайдаланып қоймай, оны дер кезінде ауыстырып, шебер қолдана білу керек. Демек ойын жүргізу әдісі шабуыл мен қорғау шебіндегі өтетін күрес деп білу керек.

 

Ойыншылардың қызметтері /функциялары/

Ойынды дұрыс ұйымдастырып, жеңіске жетуі үшін аландағы ойыншылады дұрыс орналастырып, әр қайсысының алдына жеке міндет қойылу керек. Қазіргі заманның ойын жүргізу әдістерін. Дұрыс пайдалануда ойыншылардың өздеріне арнайы белгіленген орны және міндеті болуға тиіс. Сонымен бірге футболшы ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай отырып, шабуыл яки қорғаныс шебі болып, бірден ойнай білуі шарт және ойын міндеттерін өте жақсы әрі шебер орындағаны дұрыс. Сондықтан ойыншылар орындайтын өз міндеттеріне қарай кақпашы, екі кабаттағы /оң, сол/ қорғаушы, орта қорғаушы, ортаңғы шептегі ойыншылар, оң немесе сол жақ қанаттағы шабуылшылар және ортаңғы шабуылшы болып бөлінеді.

Күрделі және қиын жағдайда, көбінесе допқа қарай кимыл жасап, допқа қарай жылжып, тартып алу керек.

Допқа қарай қимыл жасал тартып алу тәсілін қолданғанда қарсылас ойыншыдан 1,5-2 м қашықтықтан ертерек допқа ие болуға болады. Бұл тәсілді, көбінесе қарсылас ойыншының оң немесе сол жақтан алдап өтуіне қарсы қолданылады. Алыста орналасқан допты жартылай «шпагат» жасап, немесе «шпагат» жасай допты ұрып тоқтатып тартып алуға болады. Допты теуіп жібергенде көбінесе табанның ұшымен ұрған дұрыс ол тез және аз уақыт алады.

Ал допты тоқтатып тартып алу үшін, табан доптың бағытына бөгет болуы керек.

Допты жылжып тартып алу — тәсілін допқа ие болу үшін 2м қашықтықтағы допқа ие болу үшін қолданылады. Допты тартып алу қарсылас ойыншыдан аттап бір бүйірден орындалады. Шабуыл жасаған ойыншы допқа қарай ұмтылып жайлап сырғанап, допқа тосқауыл қояды.

Қарсылас ойыншыны иықпен итеріп допқа ие болу тәсілі ойын тәртібіне сәйкес орындалады.

Допты лақтыру — тәсілі аландағы ойыншыға ойын тәртібі бойынша, аланның оң немесе сол қанатынан сыртқа шыққан допты ойынға қосу үшін орындалады. Шебер футболшылар допты 25-30 м қашықтыққа лақтыру үшін арнайы дайындық жасауы керек, ол үшін қозғалыс дағдысын және қолдың күштерін арттыру арқылы жоғарғы нәтижеге жетуге болады.

Допты лақтырар алдында кол саусақтарын суретте көрсеткендей дұрыс ұстау керек, содан соң бірінші дайындық кезеңінде артқа қарай денені шалқайтып, содан соң бастапқы қалыпқа келген бетте қолмен дене салмағын алға қарай ұмтылдырып, допты лақтыру керек /бұл тәсіл суретте көрсетілген/.

 

Қақпашының ойын тәсілдері

Қақпашының ойын тәсілдері алаңдағы ойыншылардың ойын тәсілдерінен өзгеше. Себебі ойын тәртібі бойынша айып алаңында қақпашыға қолмен ойнауға болады.

Қақпашының ойын тәсілдеріне мынадай әдістер жатады: ұстау, қағып жіберу, допқа ұмтылып секіру т.б. Ойынның көрністеріне, ойыншылардың айып алаңында орналасуына байланысты түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана алады. Сонымен қатар қақпашы ойынның жағдайына байланысты аландағы ойыншылардын қолданылатын ойын тәсілдерін түгел пай-далана білуі керек.

 

Қақпашы

Қақпашының ойыны әр алуан да күрделі. Сондықтан оның дайындығына дене шынықтыру, ойын жүргізу әдістеріне, ойын тәсілдеріне үлкен талаптар қойылады.

Кақпашы бойы 1,75 см-ден биік, дене шынықтыру дайындығы, жылдамдығы, жоғары, реакциясы тез ойыншылардан іріктелінеді. Сонымен қатар қақпашы батыл, икемді, биіктікке жақсы секіріп, аланда орын таба алатын доптың ұшу бағытына, жылдамдығына, траекториясын шұғыл жауап бере алатын және соған сәйкес тез шешімге келетін ойыншьшар болуға тиіс.

 

Қорғаушылар

Оң және сол қанаттағы /шептегі/ қорғаушылар тек қорғану шебінде ғана ойнап қоймай, сонымен қатар шабуылға да белсенді қатыса білуі керек. Қозғалыс жұмыс күрделі болғандықтан қорғаушылардың күш пен жылдамдығы иілгіштігі және төзімділік дайындығы жоғары болуға тиіс. Қорғаушылар жерде, ауада да күресе білумен қатар ойын тәсілдерінің түрлері және ойын жүргізу әдістерін шебер орындау өте қажет.

Оң және сол қанаттағы шеткі қорғаушыларға қойылатын — талаптар:

а) өзіне белгіленген зонада ойнау;

б) қарсылас ойыншыға жақыннан қорғаныс әрекеттерін жасау;

в) жоғарыдағы доптарға таласа білу

г) өз әріптестерін ауыстыра білу, керегінде қақпашының орнында ойнай білу;

д) тебілген немесе қарсылас ойыншыларға бағытталған доп қарсылык көрсете білу, т.б.

Шеткі қорғаушыларға шабуыл жасағанда қойылатын талаптар

а) допты қарсылас ойыншыдан тартып алған сәтте әріптесін шабуыл шебіне тез және дұрыс бағыттай білу;

б) қақпашы допқа ие болған сәтте оң және сол қанатта тұру және дұрыс ашыла білу;

в) қарсылас ойыншыға білдіртпей тез шабуылға шыға білу.

Ортадағы қорғаушылар

Алаңның орталығындағы шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылар ең басты шешуші міндет атқарады. Heгe десеңіз, бұл ойыншылар алаңның ең бір қауіпті жерін өзіне қойылған міндеттерді атқаратын болады. Сондықтан бұл ойыншылар жоғарғы және төменгі бағытта ұшқан доптарға таласа отырып ойын тәсілдері мен ойын жүргізу әдістерін шебер орындай білу керек. Сонымен қатар шабуылға шыкқан кезде қорғаныс шебін бұзбай сақтай біліп дер кезінде допты өз әріптестеріне бағыттап ал мүмкіндік туған кезде қақпаға дәл соғуға дайын болуға тиіс.

 

Ортаңғы шептегі ойыншылар

Қазіргі замандағы футбол ойынында ортаңғы шептегі ойыншыларға көп талап қояды, себебі олар өз міндетін неғұрлым шебер және дұрыс орындаса соғұрлым команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі артады. Сондықтан осы шеттегі ойыншыларға қойылатын негізгі талаптар — дене шынықтыру дайындығының өткен тәсілдерін орындаудың және ойын жүргізу әдістерін шебер меңгерудің деңгейінде болуы. Ортадағы ойыншылар, шабуылшылар мен қорғаушылардың ойынын біріктіріп, бір тұтас топтастыруға мүмкіндік туғызады. Демек, оларға қойылатын негізгі міндеттердің бірі — ортадағы ойыншылар қорғаушылардың да, шабуылшылардың да міндеттерін бірдей дәрежеде шебер орындай білуі. Сондықтан ортадағы ойыншыларға шабуыл шебінде төмендегідей талаптар қойылады:

а) қорғану шебінен шабуылға тез шығу және шабуылды арттыру;

б) алаңның ортасын жіті бақылау және өз әріптестерінің допқа неғұрлым ұзақ уақыт ие болуы;

в) шабуылдың аяқталуына қатысу;

г) алыстағы және жақындағы әріптестерімен бірауыз болуы;

д) алаңның оң немесе сол жақ бетінен ойламаған жерден тез уақыттың ішінде допты әріптестеріне жеткізіп, шабуыл шебін күшейту.

Ортадағы ойыншылардың қорғаныс шебінде ойнауына қойылатын талаптар:

а) тез ұйымдастырылған қарсылас команданың шабуылына тосқауыл ұйымдастыру;

б) қарсылас ойыншыны бақылауға алып, ойнашау;

в) тебілген немесе ауыстырылған допқа тосқауыл қою;

г) ойыншыларға ауыспалы көмек көрсету.

Ортаңғы футболшылар көбінесе ойын жүргізу әдістерін жоспарлі.і, түрлі қозғалыс өзгерістерімен орындайтын ойыншылар, іріктеледі.

Шабуылшылар

Оң және сол жақ шеттегі ойыншылар басқа да футболшыл сияқты жылдам, икемді, төзімді болуы керек. Бұл футболшылардың ең бір ерекшеліктері — қарсылас ойыншыларға қарағанда қозғалғыш, ойын ырғағын біресе арттырып, біресе төмендете білетіндігі. Сонымен қатар шабуылшылар жоғарғы немесе төмей ұшып келе жатқан допқа ие болу үшін жақсы әрі күшті секі білуге тиіс. Бұлар ойын тәсілдерін тез арада жоғары жылдамдықпен орындай білуге /тебу, допқа ие болу, алдау, алып жүр; т.б./ және батыл, белсенді болулары қажет.

Шететгі шабуылшыларға. қойылатын талаптар:

а) «ойыннан шығу»-ойын тәртібін бұзудың ең шеткі жағынан жақындап және артқа қарай жылжып, шабуыл жасауға дайындалу;

б) алаңның оң немесе сол жақ қанатымен шабуыл жасап, допты ортаңғы шабуылшыларға жеткізу;

в) өз әріптестерімен шабуыл шебінде ойнай білу;

г) шабуылды аяктауғ»а көмектесу.

Егер шабуыл әрі қарай дамымай, қарсылас команда шабуылға шыққан бетте, қорғаушылар ойын әдістерін орындай білуі қажет.

 

Ортадағы шабуылшылар

Бұл футболшылардың алдына қойылатын негізгі талап — шабуылды алаңның ортасымен шебер жүргізе отырып, допты қақпаға енгізу.

Ортадағы шабуыллшылар әр түрлі әдістерді пайдалана отырып аланның оң және сол жақ бетімен қақпаға қысқа жол тауып, допты нысанаға дәл түсіруге тиіс. Батылдық, белсенділік және күрестен қорықпау — осының бәрі ортадағы шабуылшыларға тән.

 

Қақпашының ойынды жүргізу әдістері

Қазіргі заманымызда футбол ойынының дамуына қарай қақпаны қорғау үшін қақпашыға үлкен де күрделі талаптар қойылады. Қақпашы қорғау шебіндегі ойыншылардың барлық қорғаныс қызметгерін ұйымдастырып, бақылай білуге міндетті.

Қақпашының ойын жүргізу әдістеріне қорғануда, шабуылда және әріптес ойыншылардың ойынын ұйымдастыру жатады. Қақпашыға қойылатыи негізгі талап — қақпаны нысанадан қорғау, ал орыңдайтын қозғалыс әдістері:

  1. Орынды дұрыс талғау. Қақпашының орнын дұрыс табу әдістері қарсылас ойыншылардың қақпаға тепкен добына тез жауап беруге мүмкіндік туғызады. Бірақ допқа ие болған команданың допты қай бағытқа тебетінін білу және оған қарсы тосқауыл қою, әрине қорғаушының шеберлігіне де байланысты.
  2. Қарсылас ойыншылардың шабуыл бағытын және допты қай бағытқа тебетінін білу.
  3. Өз ойынының нашар және мықты тұстарын білу. Қақпашының қақпадан шығып ойнау әдістері ойын барысында жиі кездеседі. Бірақ ойын тәртібі бойынша кақпашының қолымен тек ойын алаңында ғана ойнауға тиіс болғандықтан алыстан ұшып келе жатқан бұрыштан соғылған немесе тебілген допқа ұмтылып ұстау, қағып жіберу, алмастыру сияқты ойын тәсілдерін пайдаланып ойнайды.

Қақпадан шығып ойнау мынадай жағдайда орындалады, егер:

— қақпадан шығып ойнау өте қажет болса;

— қақпашы ұшып келе жатқан допқа ие болатындығына кәміл сенсе;

— шабуылшылар алаңнын бір жақ бетінен допты ортаға қарай тепкен бетте.

Қақпашының қақпаны тастап кете алмайтын жағдайы, егер:

— допқа ие болатынына нақтылы сенбесе;

— шабуылшыға қарсы қорғаушылар допты тартып алуға әрекет жасаған кезде;

— айып алаңында көп ойыншы жиналып қалған сэтте.

Қақпашыныың шабуылды ұйымдастыру әдістері

Қақпашыға қойылатын басты талаптардың бірі — шабуылды ұйымдастыру, оның ішінде өз алаңынан допты ойынға теуіп қосу.

  1. Комбинациялық допты өз әріптес қорғаушыларына бағыттап, оны жерден қайта алып, жоғары қарай алаңның ортасынан асыра теуіп жеткізу. Бұл әдісті дұрыс орындау үшін қақпашымен қорғаушылар жаттығу сабақтарында жиі қайталағаны дұрыс.
  2. Допты ашылған әріптес ойыншыға бағыттау. Неғұрлым допты алысқа бағыттайтын болса, соғұрлым шабуылды қарсылас команданың қақпасына жақындатуға мүмкіндік туады.

Бірақ қақпашы негізгі ойын заңдарын білуге тиіс. Ол неғұрлым допты жақын қашықтыққа бағыттайтын болса, соғұрлым допты жоғалтпаута мүмкіндік көбірек болады. Сондықтан қақпашылар көбінесе допты қолмен немесе аяқпен өзінің әріптестеріне оң немесе сол жақ қанатқа қарай бағыттап жеткізіп, допты ойынға қосады да, шабуылды бастайды.

Шабуылды ұйымдастыру үшін кейінгі кезде қақпашылар допты қолмен 30-40 м қашықтыкқа тура лақтырып өз әріптестеріне тура жеткізетін болды /бұл әдісті орындағанда қақпашы ең алдымен өзіне қойылатын талаптардың ішінде, команданың алдында тұрған жоспарды бұлжытпай орындауға міндетті. Бұл ойынның және өз әріптестерінің ойынға беретін жауабына шабуылшылардың қарсылас ойыншылармен күресте жеткен жеңіске немесе жеңіліске байланысты. Қақпашы өз кақпасы алдында неғұрлым сақтануды ойластыруға тиіс /әсіресе допты қолмен ойынға қосқан кезде/. Қақпашы ойын жүргізу әдістерін әрі қарай дамыту үшін ойынды тура және өз уақытында тез бастап, қақпашының ойын алаңында ойнай білуін, өз әріптестерімен ойынды жүргізе білуін, ойынның жүргізу бағытын түсіну, демек қорғану және шабуыл шебіне ұйымдастырушы болуын ұйымдастыру қажет.

Шабуылшының ойын жүргізу әдісгері деп команданың допқа ие болып, шабуыл шебін ұйымдастыруын, допты қақпаға енгізуін айтады. Шабуылшылар неғұрлым ойын тәсілдерін шебер орындап, аз уақыт ішінде шабуылды ұйымдастыра біліп, жеңіске жету үшін ойын қаарқынын жеделдете білу, қорғаушылардың ойынына қиындық түсіреді.

Сондықтан шабуылшылардың ойын жүргізу әдістері үшке бөлінеді: өзімділік, топтасқан /топтық/ және командалық.

Өзімділік ойын жүргізу әдістері дегеніміз — футболшының арнайы қозғалыс қимылдары, қарсылас ойыншыны алдап өтуі немесе әріптесіне допты уақытында бағыттауы. Бірақ бұл қозғалыс қимылдарын шабуылшылар өте қиын жағдайда орындайды, себебі қорғаушылар олардың алдына тосқауыл қойып, ойнатпауға әрекет жасайды.

Допсыз қозғалыс қимылдарының ішінде: ашылу, қарсылас ойыншының назарын басқаға аудару, алаңның бір бөлімінде ойыншылардың санын көбейту көбірек қолданылады.

Футболшы ашылу үшін орынды дұрыс тағайындап, келесі қозғалыс қимылға дайын болуы керек. Ол үшін :

  1. Қарсылас ойыншыға білдіртпей, аз уақыт аралығында-орындау;
  2. Басқа әріптес ойыншылардың қозғалыс қимылдарына-қиындық жасамау;
  3. Доппен келе жахқан әріптес ойыншы тым жақындап, бөгет жасамау;
  4. Ойыннан шығып кетіп, ойын тәртібін бұзбау үшін ойын басына бақылау жасау қажет.

Қарсылас ойыншының назарын аудару — өз әріптесіне өзімділік қозғалыс мүмкіндігін туғызу үшін футболшылар бір орыннан екінші орынға әрдайым ауысып отыру аса қажет. Ол үшін мынадай жағдайды естен шығармау керек:

  1. Бір орыннан екінші орынға ауысқан кезде қарсылас ойыншылар нақтылы сенуі керек.
  2. Орын ауыстыруды орыңдаған кезде жылдамдықпен орындалса, қарсылас ойыншылар бұл қозғалыс қимылына тез жауап бере алмай, абдырап қалады, сондықтан бұл әдістерді жәй, женіл жүгіріп қана орындаған дұрыс.
  3. Қарсылас ойыншының назарын аудару үшін бірнеше варианттарды қолдану керек.

Алаңның бір бөлімінде қарсылас командаға қарсы ойыншылардың санын көбейту әдістері, көбінесе шабуылшылардың немесе қорғаушылардың санын көбейтіп, сол алаңның шабуыл немесе қорғаныс шебін күшейту үшін қолданылады. Адам саны арқылы қарсылас ойыншыны жекпе-жек ойында жеңуге комбинациялар арқылы және түрлі әдістер арқылы жетуге болады.

Доппен қозғалыс әдістерін орындау үшін допқа ие болу керек және ие болған бетте допты алып жұру, алдау, тебу, ұру, тоқтату, оны өз әріптесіне алмастыру тәсілдерін орындау арқылы жүргізеді. Бір топ ойыншылар қосылып орындайтын ойын жүргізу әдісін комбинация деп атайды.

Комбинация дегеніміз — екі немесе бірнеше ойыншылардың алдын-ала белгіленген ойын жүргізу әдісі. Комбинацияларды ойыншылар көбінесе стандартты жағдайда орындайды /допты лақтырып ойынға қосқанда, ойын добын ойынға қосқанда немесе орындағанда, қақпашының алаңынан допты ойынға қосқанда т.б./. Әрбір комбинациялар бірнеше варианттардан тұруы мүмкін. Комбинацияларды орындауға жалпы нұсқаулар:

  1. Жатгығу сабақтарында ойын жүргізу әдістерінің комбинациялары үйрету үшін ең алдымен оның негізгі принциптері мен мазмұнын және құрылымын білу қажет:

Ойын жүргізу әдістері — деп өзімділік, топтасқан немесе коллективтік ойыншылардың ойын қимылдарын, қозғалыстардың бәрі қарсылас комаңданы жеңуге арналған футболшылардың бір-бірімен қарым-қатынасы және алдын ала жоспарланған жоспар бойынша жүргізілетін ойын қозғалыстарын айтады.

Ойын жүргізу әдістерінің ең бастапқы мақсаты оптималды 5 түрде ойын құралдарын, әдістерін шабуыл немесе қорғау шебінде дұрыстау. Әрбір ойын жүргізу әдістерін ойынның алдында қойылған мақсатқа және команданың дайындығына байланысты іріктеледі. Сонымен қатар алаңның, ауа райының өзгеруіне де байланысты өзгеріп отырады.

 

2.3. Оқу-жаттығу процесін жоспарлаудың алғы шарттары

Футболшылар жатгығуын басқаруының негізгі элементі реітінде жоспарлаудың ролі жылдан-жылға артып отыр. Ол жеке ойыншының, тұтас команданың спорттық шеберлігінің үздіксіз өсуін қарастыруы қажет.

Оқу-жаттығу процесін жоспарлауда мынаны ескеру қажет: команда міндеттері мен жұмыс шарты, өткен жоспарлардың орындалу нәтижелері, сабақтастық пен болашақтық. Жоспар шынайы және нақты болуы қажет. Жоспарлаудың бірнеше түрі бар:

  1. көп жылдық жоспар
  2. бір жылдық жоспар
  3. бір айлық, апталық, бір күндік жоспар.

 

Көпжылдық жоспарлау

Жаттығудың болашаққа арналған жоспарлауы — футболшылардың көпжылдық жаттығуларының, алдыңғы қатарлы тәжірибелерінің, ғылыми зерттеулер нәтижелерінің мәліметтерін талдау негізінде бірқатар жылдарға арнап жоспар жасау процесі, бұл футболшылардың шеберлігін белгілі бір мерзім ішінде арттыру бағдарламасы.

Бұл жоспарлауды команда үшін де, жеке футболшы үшін де жасайды. Бірінші жағдайда ортақ көпжылдық жоспар, ал екінші жағдайда жеке жоспар жасалады.

Ортақ жоспар тұтас команданың болашақ істерін бағдарлайды.

Бұл жоспарда командадағы футболшылардың барлығына бірдей қойылатын талаптар ғана қарастырылады. Жеке жоспарда әр футболшыға лайықты нақты талаптар қарастырылады. Ортақ және жеке жоспарлар бір-біріне сәйкестендіріліп жасалады.

Ортақ көп жылдық жоспардың төмендегідей бөлімдері болуы қажет:

  1. комаңданың қысқаша сипаттамасы
  2. көп жылдық жаттығудың мақсаты мен негізгі міндеттері
  3. дайындық сатылары және олардың ұзақтығы
  4. әр сатыдағы негізгі жарыстар
  5. жаттығу процесінің әр сатыдағы негізгі бағыттары /негізгі міңдеттері және әр сатыдағы олардың үлесі/
  6. Әр сатыдағы сабақ, жарыс, демалыс уақыттарын бөлу.
  7. Әр жылдағы спорттық-тәсілдік көрсеткіштер
  8. Спортшы дайындығын сйпаттайтын негізгі сипаттамадіар мен көрсеткіштер
  9. Команда кұрамындағы өзгерістер
  10. Бапкерлік және дәрігерлік бақылау
  11. Сабақ өткізілетін орындар, құрал-жабдықтар

Көп жылға арналған жоспарларда спорттық-тәсілдік көрсеткіштер ретінде бақылау жатгығуларының түрлері қолданылады. Олар футболшы дайындығының өзгерістерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

 

Бір жылдық жоспарлау

Бұл жоспарлау бір жылға және болашақтық жоспарға оның бөлігіне сәйкес жасалады. Жаттығу жоспарын жасауда және оны жүзеге асыру процесіңде спорттық жаттығудың және оны басқарудың негізгі принциптерін, команданың өткен жылдардағы жаттығуларын талдау қорытындыларын басшылыққа алады.

 

Бір жылдық жаттығуды кезеңдерге бөлу

Футбол командаларының жаттығуы жыл бойы жүргізіледі және оның циклдық сипаты бар. Жаттығудың жылдық циклы үш кезеңге бөлінеді: дайыңдық, жарыс, өтпелі.

Дайыңдық кезеңі әрбір жылдық циклда сабақтар мен сайыстардың қайта басталу уақытынан бірінші жоспарлы жарысқа уақыт аралығын қамтиды. Жарыстық кезең бірінші жоспарлы кезеңнен соңғы жарысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Өтпелі кезең жоспарлы жарыстар аяқталған сэттен жаңа жылдық циклдағы сабақтар мен жарыстар басталғанға дейін уақытты қамтиды.

Дайындық және жарыстық кезендер жеке сатыларға бөлінеді олардың әрқайсысының өз міндеттері, арнайы амалдары,спорттық жүктемелерін дамыту жолдары және дайындық тәртібі бар. Әр сатыдан келесі сатыға өту үшін дене дайыңдығы, функционалдық және психологиялық дайындықтар жүргізіледі. Әр сатыдағы дайындық жаттығудың жоғары деңгейіне жету жолында қолайлы жағдайлар туғызады.

Дайындық кезеңіңде футболшылардың тәсілдік және тактикалық дайындықтары, дене және ерік-жігер дайындықтары жетілдіріледі.

Сабақ басталар алдында тыңғылықгы түрде дәрігерлік тексеруден өткізіледі.

Дайындық кезеңі екі сатыға бөлінеді — жалпы дайындық және арнайы дайындық. Жалпы дайындық сатысында футболшылардың жан-жақты дайындығына басты назар аударылады. Бұл сатыдағы жаттығудың негізгі формалары-бағыттары әртүрлі арнайы топтық және жеке-жеке өткізілетін сабақтарды дене дайындығын тәсілдік және тактикалық дайындықтармен біріктіре отырып жүргізу.

Сабақтарда күш, төзімділік, ептілік қасиеттерін дамытатын жаттығуларға көп мән беріледі. Көп жұмыс көлемін орындау нәтижесінде бұл сатыда организмнің барлық жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері кеңейіп, артады.

Жарыстық кезеңде жоспардағы жарыстар мен оларға дайындық басты орында тұрады. Дегенмен дене дайындығын, тәсілдік және тактикалық дайындықтарды жетілдіру сабақтарына да үлкен мән беріледі. Жарыстық кезеңде спорттық формаға ие болу және сақтау үшін, әрбір ойында жұмыс істеу қабілетінің жоғары болуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады.

Оқу-жаттығу процестерінің өзіне тән заңдары бар, оның негізгі заңы педагогикалық принциптер. Футболдағы қолданылатын принциптер мазмұны бар, жинақталған жалпы тәртіпке бағыну керек, себебі бұл принциптер жаттығу жұмысын бағыттап отырады. Ол ең алдымен жаттығу сабақтарының мазмұнына, қолданылатын құралдарға және жоспарлау тәсілдемелері мен жаттығуды ұйымдастыруға әсер етеді. Негізгі принциптерді дұрыс пайдаланып жаттығу жұмысын арттыра білсе, сенда орындалған жұмыстың тәрбиелік тұрғыдағы жақсы жағын көруге болады. Мысалы, жаттығу жұмысы жан-жақты, күнделікті өтуі, ауыртпашылықтың артуы, ететін сабақтың ауыспалы циклының өзгеруі. Осының бәрі ең ақырғы көзделінген мақсатқа жетуге әсері үлкен.

Футболдағы спорт жаттығу сабағы сонымен қатар өтетін жердің жағдайына да байланысты. Ең алдымен материалдық базасы /футбол алаңы, спорт жиынтығы/ қолданылатын бұйымдар мен оқу құралдары /медициналық көмек, мед. іріктеу, спорт дәрігерімен бірігіп жұмыс істеу/, әлеуметтік жағдай /күн тәртібін сақтау, жаттығу уақыты, орта мектеп пен футбол мектептерінің арасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен бапкерлердің арасындағы қарым-қатынастар т,б./ дұрыс болуы тиіс. Мұның бәрін күнделікті жаттығу сабағын өткізгенде ескеру керек.

Жасөспірім футболшылардың дайындығын ұйымдастыру, басқару жөне ойьш тәсілдерін үйрету.

Қазіргі заманымызда футбол ойынының артуына байланысты футболшыларды бірнеше жыл бойы дұрыс жаттықтырып дайындау және дайындық жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін ең алдымен жұғымды ұйымдастыру жұмысын және тәсілдемелерді дарынды жас балаларды іріктеу жұмысын дұрыс жолға қоя білу керек.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі алдына қойған мақсаты, ең алдымен:

  1. Жасөспірім балаларды дұрыс іріктеу, оған іріктеу тәсілдерін қолдану.
  2. 2. Іріктеп алынған балаларды ойын тәсілдеріне үйрету.

Бір мақсаттарды орындау үшін зерттеу барысында келесі ғылыми-зерттеу тәсілдемелері қолданылады:

  1. Бар әдеби қорды оқып зерттеу.
  2. Сұрау анкеталарын үлестіріп, оның қорытындысьш шығару.
  3. Педагогикалық бақылау.
  4. Педагогикалық эксперимент.
  5. Жиналған ғылыми материалдары, математикалық-статистика тәсілдемелерін пайдаланып қорытынды шығару.

Көптеген ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген футбол саласындағы ғалымдар футбол ойынын 8-10 жастан бастап шұғылданған дұрыс деп дәлелдеген, оның ішінде В.В.Варюшин, В.А.Выжтин, Я.Палфаи, К.Адамбеков, шетел зерттеушілері Ханц-Хеддергот т.б.

Сонымен қатар, «іріктеу барысында ең алдымен келешегі бар жасөспірім балаларды футбол ойынына маңызды ерекшеліктеріне дене құрылысына, денсаулығына, ұғымдылығына, ой-ілтипатының тезділігі, психологиялық, анатомия-физиологиялық ерекшелігіне назар аудару керек», — дейді профессорлар Л.П.Матвеев, В.П.Филин.

«Футбол келешегі» деген ұтымды жалпы айтқанда, әлеуметтік жағдайды қарастыратын факторлар деп білуге болады және ол бүкіл қоғамның жетістіктегімен жастарды тәрбиелеу және қауым арасында футболдың дамуы. мен спорт шеберлігін арттыру.

Ал, «Футбол келешегі» қысқа түсінігі спортшылардың бір жоғарғы деңгейіне жеткені және қойылған мақсатты шеберліктің жоғарғы сатысына көтеріліп ұйымдастыру дайындығы мен жаттығу, дайындалу жұмысы жүргізіледі.

Футболшылардың келешегі мынандай талаптардан тұрады: Бүгінгі күні ойнайтын келешегі бар ойыншылар дегеніміз, шеберлігі жоғары ойыншылар, республиканың құрама командасына кандидат және бұл ойыншылар дүние жүзілік шебер ойыншылардың талабына сәйкес болу керек. Сонымен қатар, дүние жүзілік, республикалық жарыстарда жақсы ойынмен көзге түсетін жас футболшылар.

— Жақын келешегі бар ойыншылар дегеніміз, олимпиалық төрт жылдық мерзімінде шеберлігімен көзге түсетін жас футболшылар. Жақын келешегі бар футболшылардың мінездемесінде олардың жасына лайықты талаптарды, жаттығу және жарысқа қатысқан уақытты, жалпы дене шынығу дайындығын ескеру керек.

Потенциалдық келешегі бар ойыншылар дегеніміз, жасөспірім спорт мектептерінде, олимииалық спорт мектептеріңде және жоғарғы спорт мектептерінде, орта мектептердегі жаттығып жүрген жас футболшыларды атаймыз.

Келешегі бар футболшыларды дайындау кезінде оны негізінен ұйымдастыру. Тәсілдемелік негізі бар, бір жүйеден бір-біріне қатысы бар процесс.

Бұл процестің ең маныздысы жас футболшыларды дайындау, ғылыми:

— тәсілдемелермен қамтамасыз ету материалдық-техникалық базасы, кадрлар және информациялық арттыру және халық арасында тарату мен тәрбиелеу жұмысы.

Педагогикалық бақылау мен эксиерименті 1990-1993 жылдары Алматы қаласыңдағы №3 қалалық спорт мектебінде және №4 мектеп-интернатында оқитын «Намыс» футбол клубының балаларымен тәжірибе сабағының барысында өткізілді. Педагогакалық зерттеуде 100-ден астам 8-10 жасар жасөспірім футболшылар қатысты.

Сұрау анкетасының қорытындысын шығарғанда көптеген балалар футбол ойынын «Өте жақсы көрем» — деп 55 процент жауап берді, денсаулығымды түзету үшін деп 20 процент, футбол арқылы әлеуметтік жағдайымды келешекте дұрыстау үшін — 10 процент, «Атақты шебер футболшы болғым келеді» — деп жүзден 15 процент жауап берді.

Футбол мамандарына белгілі ойын тәсілдері мен ойын жүргізу әдістерінін түрлері өте көп. Сондықтан ойын тәсілдерін аз уақыттың ішіңде үйрету үшін оларды дұрыстап топтастырып және орындаған кезде жіберілетін қателерді алдын-ала біліп оны түзеткен дұрыс.

Сонымен қатар, тәсілдердің үйрену кезегін дұрыс білу өте қажет. Ең алдымен:

  1. Допты алып жұру;
  2. Допты табанның ішкі жағымен тебу;
  3. Допты табанның ішкі жағымен тоқтату;
  4. Допты табанның сыртқы жағымен тебу және тоқтату;
  5. Допты ойын тәртібін бұзбай қолмен лақтыру;
  6. Допты баспен ұру және тоқтату.

Ойын тәсілдерін топтастыру дегеніміз — тәсілдердің түрлері мен топтарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.

Ойынның өзінің маңызына байланысты тәсілдері екі үлкен бөлімнен тұрады: алаңдағы ойыншының және қақпашының ойын тәсілдері. Әр бөлім екі бөлімшеден тұрады, олар: жылжу /алаңда жүгіру және секіру, токтау. бұрылу/, доппен ойнау тәсілдері. Бөлімшелер нақты ойын тәсілдерінің түрлерінен және әдістерінен тұрады. Жылжу тәсілдерінің түрлерін аландағы ойыншы да, қақпашы да пайдаланады. Жеке тәсіл түрлері мен әдістері ерекшеліктерден тұрады. Жалпы қозғалу механизмдерін сақтай отырып, тәсіл түрлері мен олардың ерекшеліктері бір-бірінен азда болса айырмашылықтары бар. Тәсілдің түрлерін әр түрлі жағдайда орындау футбол ойынының оданда әрі қарай үлкен негізі бар екенін көрсетеді.

Футбол ойынының тәсілдерін бір қалыпқа, бір жөнге келтіріп топтастыру өтетін материалды тез еске сақтап, олардың түрлерін оқыту және дамыту процестеріне көмектеседі.

Педагогикалық эксиерименттің жемісті өткенін білу үшін жыл басында және тәжірибе сабақтарының аяғында тексеру жаттығуларын өткіздім. Ол жаттығуларға допты алысқа тебу, қолмен лақтыру, ойын-тәсілін тексеру, жаттығу жиынтығын өту: 10 м. жүгіру /сек/. допты алып жұру /сек/, 12 м. аралықтағы үш тіреуді айналып допты алып жұру /сек/, 10 м. қашықтыққа жүгіріп допты дәл тебу /сек/, жаттығу жиынтығының өту уақыты /сек/, ойын ұпайларын санау және жалпы жаттығу жиынтығына кеткен уақыты.

Сонымен, педагогикалық экспериментіне қорытынды шығара отырып, жасөспірім футболшыларды іріктеуді 8 жастан бастап ұйыдастырған дұрыс деп дәлелдеп және ойын тәсілдерін үйретуді және басқа да футбол мамандары үсынған тәсілдерді үйрену кезегін сақтай отырып, олардың шеберлігін тексеру үшін, ұсынылып отырған тексеру жаттығуларын пайдаланған дұрыс деп білемін.

 

Психологиялық дайындық

Ойын қозғалыстарын, ойын жүйесі мен комбинацияларын игеру оны әрі қарай дамыту.

Ойын қозғалыстарын игеріп дамыту — күрделі де көп уақытқа созылатын процесс және әр ойыншыға үлкен талап қойылады, сонымен қатар төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді.

Ойын тәсілдерін және ойын жүргізу әдістерін игеру, оны әрі қарай арттыру, ойында немесе жаттығу сабақтарында болсын бір-біріне байланысты.

Футболшылардың алаңдағы ойын қозғалыстары әрине ойын тәсілдерін игеруіне байланысты. Ең алдымен ойын тәсілдерін футболшы дұрыс орындауға үйренген тәсілдерін көп уақыта игеріп ойынды дұрыс пайдалана білу керек. Демек, ойын тәсілдерін неғұрлым көп білсе, соғұрлым ойыншының шеберлігі жоғары болады. Сондықтан, жаттығу сабақтары жеке жаттығулар ойынның қозғалыстарына сәйкес және жақын бояуы керек.

Ойын жүргізу әдісін білетін ойын тәсілдерін құрал ретінде дұрыс пайдалана білуі керек. Сондықтан, ойын жүргізу әдісі бөлек қаралмайды, тәсілдермен бірге қатысы бар деп қарау керек.

Әріптес бір коллективтегі футболшылардың алаңдағы қарым-қатынасын дамыта отырып, олардың ой қабілетін, творчестволық мүмкіншіліктерін арттырамыз, Ойындағы қолданылатын комбинациялар команданың ерекше стилін көрсетеді және ойыншылардың бір-бірінің арасындағы қарым-қатынасын жақсартады.

Ойын жүргізу әдісін және тәсілдерін игерудің ең жоғарғы шыңы -ойын жүйесін игеру, себебі, әр ойын жүйесінің өзінің ерекшелігіне қарай футболшылардың шеберлігіне үлкен талап қойылады, ал ол шеберліктің артуы бір саты болса да жоғары көтереді.

Ойыншылардың творчестволық мүмкіншіліктерін арттыру.

Футболшы күрделі ойын көрінісінде жеңіске жету үшін, ол тек ойын тәсілдерін игеріп оны дұрыс творчестволық жағынан пайдалана білмесе, ол ойынның шеберлігі әрі қарай өспейді. Бұл жерде біздің айтып отырғанымыз, әр футболшы шебер болғанымен әріптес командадағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы болып, қарсылас команданың алдына қойған мақсаттарын дер кезінде түсіне білу. Тәжірибесі көп футболшылар алдын-ала болатын ойын көріністерін болжап, оған қарсы қолданылатын ойын қозғалыстарын аз уақыттың ішінде шеше біледі,

Ойын жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне дайындалуға берілетін тәсілдемелер

Футболшылардың ойын қозғалыстарын арттыру жолындағы ең бір негізгі тәсілдемелік жолдардың бірі ойын-синтез, ойын-белшектері -анализ-ойын — синтез схема түрінде қарастырып көрейік.

Бұл схема бойынша негізгі — ойын деп білу керек, одан кейін қайталау, арттыру және ойынды ең жоғарғы мөлшерінде қарау-синтез.

Көп уақыт аралығында үйрену, арттыру процестері тез өзгеріп отырады және төрт бөлімнен тұрады:

— ойын қозғалыстарына үйрену;

— жеке футболшының алаңдағы қозғалысы және командалық комбинациялар;

— алаңдағы қозғалыс пен комбинацияларды шебер игеру;

— ойынды ұйымдастыруды игеру және арттыру.

 

2.4. Жарысты ұйымдастыру және жүргізу маңыздылығы

Футбол жарысы оқыту — жаттығу процесінің негізігі бір бөлімі. Себебі жарыс арқылы ойыншылардың жаттығу сабағына қызығып қатысуына және бүкіл қауым арасында дамуына үлкен әсері бар. Футболшы жарысқа қатысу арқылы өзінің шеберлігі мен дене шынығуына, психологиялық және функционалдық өзгерістерге жете алады. Жарыс арқылы ойыншының ойын тәсілдерін, ойын жүргізу әдістерін шебер орындай алатынын және дене шынығу дайындығын білуге болады. Демек, жарыс қортындысы оқу-жаттығу процестерінің қалай өткендігіне баға беруге мүмкіндік туғызады.

Жарыс арқылы футболшылардың күш жігерін, белсенділігін тәрбиелеуге болады және коллективтің, оқу орнының, жұмыс орнының, клубының алдында жауапкершілігін арттыруға әсері зор

Ашық алаңда өткізілетін жарыс орындары адамның денсаулығына да өте жақсы әсер етіп, организмнің барлық құрылыс орнын жақсартады.

Сонымен қатар жарыс арқылы футбол ойынын халық арасына енгізіп таратуға және жанкүйерлерді тәрбиелеуге де үлкен қатысы бар.

Футболшыларды тәрбиелеу жолында төрешілер ең алдымен педагогикалық тәрбиелік тәсілдемелерді пайдаланып, ойын тәртібін дұрыс шолып көздеуі керек. Жоғарыда айтылған барлық ңұсқаулар жарыстың дұрыс өтуіне және футболшылардың ойын барысында өзінің шеберлігін дұрыс пайдалана отырып,жарысқа қандай дайындалып келгенін көрсетуге жағдай туғызады.

Жарыс түрлері қойылған алдағы мақсатқа байланысты негізгі немесе қосалқы болуы мүмкін.

Негізгі жарыстарға спорттың негізгі бекітілген мемлекеттік классификацияға байланысты және белгіленген жоспар мен ойын кестесіне сәйкес болу керек.

Негізгі жарыстарға — жоспарланған жарыстар жатады, оған:

— чемпионаттар мен біріншіліктер;

— кубок жарысы;

— іріктеу жарысы;

— қосалқы жарыстарға;

— тексеру жарысы;

— жолдастық кездесу жарысы;

— қысқа мерзімде өтетін жарыстар.

Жарысты жоспарлау негізінен спорт және дене тәрбиелеу жүйесінің мақсатына сәйкес болу керек. Олар: республикалық, облыстық, қалалық немесе дене шынықтыру коллективтердің арасында болуы керек.

Сонымен қатар халықаралық ойындар немесе жарыстар да жоспар арқылы өткізіледі. Мысалы, дүние жүзілік, европалық, азиялық жарыстар, чемпионат, кубок ойындары, қысқа турнирлер өткізіледі. Өтетін жарыстардың бәрі қалалық, аудандық, облыстың, республикалық, халықаралық футбол федерациялары, одақтары ассоциаларының бақылауымен және ұйымдастыруымен өткізіледі. Мұндай бақылау мен басқару жарыстардың бір-біріне қайшылас болып, қайталанбауына көмектеседі.

Ойын кестесі немесе жарыс жоспары жәй ғана өтетін жарыстардың тізімі ғана емес, сонымен қатар терең ойдан шыққан спорт ұйымдардың футболды әрі қарай дамыту жоспары деп білу керек. Бұл жоспарларда көбінесе төрт жылдық мерзімге белгіленуі және барлық өткізетін спорт ұйымдарына заң ретінде қолдануы керек.

Жарыс жүйесі үш негізгі түрде өткізіледі: айналмалы және бір немесе екі жеңілістен кейін жарыс ойынынан шығып кету және аралас бірінші және екінші жарыс жоспарын пайдаланған болса.

Айналма жүйесі — жарысқа қатысушы командалар бір-бірімен бір рет немесе жарыс екі айналмадан тұрса, екі рет кездесу керек (мысалы, республикалық чемпионаттар). Бұл жүйені қолданудың бір жақсы ерекшелігі командалардың күш сайысын, дайындығын нақтылы дұрыс білуге мүмкіндік туғызады. Көп жылдық жарыс өткізудің тәжірибесі бойынша екі айналмадан тұрған дұрыс деп есептілінеді.

Айналма жүйесі бойынша жарысқа қатысқан командалардың жеңіп алған орындары ұпай арқылы белгіленеді. Жарыста қай команда ең көп ұпай жинаған болса, сол команда жарыс жеңімпазы деп есептелінеді, ал егер жарыстың аяғында екі команда бірдей ұпай жинаған болса, ол үшін (қосымша ойын өткізілгенде, немесе екі команданың арасындағы өткізілген ойындардың нәтижесі кіргізген немесе өз қақпасына жіберген доптардың санын ескерулері керек), бірақ бұл аталған ескерулер алдын ала белгілінген жарыстың жоспарына сәйкес болу керек.

Айналма жүйесімен өткізілетін ойындар алдын ала бәсекелес командалардың арасында іріктеу санымен өткізіледі. Әр команданың кезекті санымен ойын кестесі құрылады.

Егер жарыс бір айналмадан тұратын болса онда ойын екі команданың арасында тізімде бастапқы тұрған команданың алаңында өтілуі керек. Ал екі айналмадан тұратын болса, онда екінші кезектегі алаңда өткізіледі

Ойын кестесін үш жолмен құруға болады:

Бірінші жолы — командалардың жарысқа қатысатын санына қарай ең жақын тұрған тақ сандарын жалпы қатысатын командалардың санына қарай вертикалды сызық өткізілінеді. Мысалы, егер 6 команда ойнайтын болса оған жақын жүп саны 5, демек бес вертикалды сызық сызу керек. Ал 10 команда ойнайтын болса, онда 9 тақ санына, тоғыз вертикалды сызық сызылу керек.

Вертикалды сызықтың төменгі санынан бастап, оң және сол жағына командалардың нөмір сандары жазылып, бір жағына тақ, ал бір жағына жүп сандары жазылып отырылады (кестені қара).

Бұл сандар графикалық жазуға бастапқы мысал ретінде беріліп отыр. Ойын кестесіне бірінші ойындарды белгілеу үшін бірінші нөмірден бастап вертикалды сызықтың айналасына сағаттың жүріс бағытына қарама-қарсы сызықтардың өсуіне қарай қатысатын командалардың нөмірлерін тізімдеп жазып шығу керек. Басқа ойын күндерін белгілеп жазу үшін иректелген сызықпен вертикалды сызықтың араларын толтырып жазу керек,

Немірлер бірінен соң бірі қайталанып, сандардың өсу қатарымен вертикалді сызықтың оң жағына түсіп жазылады.

 

Қорытынды

 

Жасалған зерттеу жұмыстары футбол ойынының шығу тарихы, оның әр кезеңдегі даму сатылары, сол сатылардығы өткізілген оқу-жаттығулардың өткізу әдістемелері қарастырылды. Футбол ойынының әрбір даму сатыларында футболшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әртүрлі жағдайларды болғаны байқалады.

Футбол — атлетикалық ойын түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Ойын барысында футболшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функционалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Футбол ойынының негізгі екі коллектив арасындағы күрес болғандықтан, олардың ойыншыларының жалпы мақсаты — жеңіс, жеңіске деген ұмтылыс коллективтік іс-әрекетіне өзара көмекке, жолдастық және достық сезімін тәрбиелейтіні белгілі болды.

Футбол ойынының алғашқы даму сатысында XIX- ғасырдың басында, спорттық әдіс лене тәрбиесінің дамуына ықпал жасайтыны таныла бастады.

Соғыстан кейінгі жылдардан бастап футбол клубтарында жаттықтырушылар жұмыс атқара бастады. Сол жылдары футбол клубтарының арнайы оқу-жаттығу жоспарлары құрылды. Ойын техникасы мен тактикасына басты назар аударылды.

1950 жылдардың басында футболшылардың жаттығу процестері циклдік сипатта болды.

Жаттығу процесін жоспарымызда апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жұмыстардың өткізілу жиілігіне байланысты, кезеңдегі жүктемені түсіру, жаттығудың кезеңдері мен этаптарында олардың көлемі және қарқынының өзара байланысын ескеріп отырды.

Оқу-жаттығу процесінде дене-күш дайындығын жетілдіру сабағында, өзара әсер ететін жүктемені әрбір футболшыға жекеше жоспар құру арқылы іске асыру қажеттігі туындады. Бұл жерде әр футболшының жеке ерекшеліктеріне, олардың дене-күшінің деңгейіне қарай жоспар жасалынды.

Жеке жаттығудың негізгі форрмасы болып, жаттықтырушы және дәрігердің бақылауымен футболшының өзінше дайындығы саналады. Жекелей жаттығудың құрамына: дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтарын тәрбиелейтін арнайы іріктелген жаттығулар енеді.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, тактикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және футболшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы футболшылардың оқу-жаттығу процесінің ары қарай дамуы теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздегі бағытта болуды көздейді.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

  1. Верхошанский Ю.В. Основы специалыюй силовой подготовки в спорте. -М., Физкультура и спорт, 1977. — 215 с.
  2. Волков Н.И., Зациорский В.М., Разумовский Е.А., Черемисинов В.Н. Применение математической теории планирования экспериментов для поиска оптимальной методики тренировки. Теория и практика физической культуры. 1968, № 7.
  3. Волков Н.И., Несен Э.Н., Осипенко А.А„ Корсун СИ. Биохимия мышечной деятельности. — Киев, Олимпийская литература, 2000. — 503 с.
  4. Годик М.А., Скоморохов Е.В. Критерии и величина анаэробных алактатных возможностей у футболистов. // Теория и практика физической культуры. — 1978, № 8.
  5. Годик М.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. Москва, Физкультура и спорт, 1980. — 136 с.
  6. Годик М.А. Педагогические основы нормирования и контроля соревновательных и тренировочных нагрузок. Дисс. доктора пед. наук. — М., 1982. — 373с.
  7. Годик Марк, Ангел Шишков. Контрол и управление на тренировичного и състезателного натоварване във футбола. София, Медицина и физкултура, 1983. — 277 с.
  8. Годик М.А. Спортивная метрология. Учебник для институтов физической культуры. Москва, Физкультура и спорт, 1988. — 192 с.
  9. Голомазов С, Чирва Б. Футбол. Теоретические основы и методика контроля технического мастерства. Москва, Физкультура и спорт, 2001 г.
  10. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. Москва, Физкультура и спорт, 1966.
  11. Зациорский В.М., Алешинский С.Ю., Якунин Н.А. Биомеханические основы выносливости. — М., ФиС, 1982. — 205 с.
  12. Зеленцов А.М., Лобановский В.В. Моделирование тренировки в футболе. — Киев, Здоровья, 1985.
  13. Зеленцов А-М-, Лобановский В.В., Ткачук В.Г., Кондратъев А.И. Тактика и стратегия в футболе. — Киев, Здоровья, 1989. — 190 с.
  14. Илиев И. Лонготудинальные наблюдения отдаленного эффекта тренировки в условиях среднегорья у гребцов. — В книге: Особенности тренировки спортсменов в условиях среднегорья. — Фрунзе, Киргизский ГУ, 1987, с. 51-
  15. Карпман В.Л., Бслоцерковский З.Б., Гудков И.А. Исследование физической работоспособности у спортсменов. — М., Физкультура и спорт, 1974. — 96 с.
  16. Кузнецов В.В. Специальная силовая подготовка спортсмена. — М.: Советская Россия, 1975. — 208 с.
  17. Люкшинов Я.М. Искусство подготовки высококлассных футболистов. Москва, Физкультура и Спорт, 2003 г.
  18. Мак-Комас А.Дж. Скелетные мышцы (строение и функции). Киев, Олимпийская литература, 2001. — 407 с.
  19. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. — М., Фис, 1977.
  20. Мохан P., Глессон М, Гринхаф П.Л. Биохимия мышечной деятельноетщ и физической тренировки. Киев, Олимпийская литература, 2001. — 295 с.
  21. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера. Наука побеждать, профессия — тренер. — Москва, ACT, Астрель, 2002.
  22. Полишкис М.С., Выжгин В.А., Сагасти P.P. Технико-тактическая подготовка квалифицированных футболистов. Учебное пособие. — М., ГЦОЛИФК, 1989.
  23. Сарсания С.К, Селуянов В.Н. Физическая подготовка в спортивных играх (хоккей на траве): Учебное пособие. — М: ГЦОЛИФК, 1990. — 97 с.
  24. Селуяное В.П., Сарсания С.К., Сарсания К.С Физическая подготовка футболистов. — «ТВТ Дивизион», Москва, 2004. — 191 с.
  25. Спортивная физиология: Учебник для ин-тов физической культуры /Под ред. Я.М. Коца. — М.: Физкультура и спорт, 1986. — 240 с.
  26. Суслов Ф.П., Гиппенрейтер Е.Б. Подготовка спортсменов в горных условиях. Москва, Терра Спорт, 2000. — 1175 с.
  27. Уилмор Дж.Х., Костим Д.Л. Физиология спорта. — Киев, Олимпийская литература, 2001.
  28. Футбол: Учебник для институтов физической культуры. Под редакцией Полишкиса М.С., Выжгина В.А. — М.: Физкультура.