«Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу
сабақтарын өткізуді ұйымдастыру»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 |
||
|
|
||
1 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………………….. |
7 |
||
|
|
||
1. Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында ұйымдастыру аспектілері…………………………………………………………………. |
7 |
||
|
|
||
1.2 Оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде жұмыс қабілеті мен арнайы жылдамдық — күш қасиет шеберлігіне машықтандыру………………….. ….. |
19 |
||
|
|
||
1.3 Машықтану үрдісінде футболшыларды ептілікке дағдыландыру…. |
27 |
||
|
|
||
2 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ |
40 |
||
|
|
||
2.1 Инновациялық технологияларды қолдана отырып футболшылардың жұмыс қабілетін арттыру жұмыстары ………………….. |
40 |
||
|
|
||
2.2 Оқу-жаттығу сабақтарында футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері……………………………………………………………………………………………. |
54 |
||
|
|
||
2.3 Оқу-жаттығу процесінде футболшылардың дене қабілеттерінің даму нәтижесі………………………………………………………………………………….. |
60 |
||
|
|
||
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………. |
67 |
||
|
|
||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….. |
68 |
||
|
|
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы — футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол – атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс – қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір құрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой – осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Зертеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жас футболшылардың жасы бойынша ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік негіздерін ашып, іс-тәжірибелік құндылығын дәлелдеу.
Зерттеу нысанасы. Жалпы білім беру мен спорт мекемелеріндегі оқыту- машықтандыру процесі.
Зерттеу пәні. Балалар мен жасөспірім футболшылардың дене дайындықтарына баға беру.
Зерттеу гипотезасы.Жасөспірім футболшылардың оқыту-машықтандыру процесіндегі жылдамдық және жылдамдық-күш қабілеттерін тәрбиелеуге арналған әдіс-тәсілдерді біркелкі пайдалануымыз керек. Өйткені жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сүйене отырып, мотивациялық қалыптасулары арқылы жалпы дене дамуына әсер ете аламыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оқыту- машықтандыру процесіндегі жылдамдық және жылдамдық-күш қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған әдіс-тәсілдерді жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалану.
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге болады. Оқыту деп – шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық элементтерін, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды меңгеру – оқытудың негізігі мазмұны – техникалық әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл – басқару әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
ә) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне, күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу—жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан құрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90 –шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігн қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берлілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген.
Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.
1 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында жылдамдық қасиеттерін дамыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу
Жылдамдықтың даму сатысы көбінесе күш-жылдамдық қасиетіне байланысты. Әсіресе бұл көріністі спорттық ойын түрлерінен байқауға болады. Берілген қозғалыс қасиеті туралы В.М.Зациорскийдің айтуынша [1,2] «Жұмыс көлемінің ұзақтығымен қатар оны жоғары деңгейде орындауына ықпал етеді» деген.
Зерттеулердің бірқатары жылдамдық қабілетін бас мидың көмегімен, яғни жүйке жүйелерімен байланыстырады. Олай болатын себебі жүйке жүйелерінің қозғыштығы спортшылардың қозғалыстарына, қимыл-әрекеттеріне жауап береді. Жылдамдық қозғалысы кезінде спортшылардың психологиялық даярлығы маңызды роль атқарады [3,4,5,6].
Көп мамандардың, жылдамдықтың даму жолындағы негізгі факторларды зерттеуі, басқада спорт түрлерімен шиеленіскен.
Ғалымдардың жылдамдық қабілетін зерттеудегі көрсеткіштері оның бірқатар факторларға тәуелділігінде. Шешуші факторларға-буындардың қозғалмалдылығы (антогонист бұлшық еттерінің созылуы), аяқ және қадамдардың ұзындығы, спорттық техника мен итеріліс күші жатады [7].
Жылдамдық факторларының зерттеу көрсеткіштері жылдамдықты тәрбиелеуге жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табуға әкеп соқты. Осы бағытта зерттеу жүргізу әсерімен, әр түрлі спорт түрлері, соның ішінде футбол ойынындағы жылдамдықты дамытуда, осы қабілетті танып-білуге септігін тигізеді [8].
В.М.Зациорский [1] жылдамдық кабілетінің жеңіл және бірыңғай
түрлерін бөліп көрсеткен. Жеңіл түрлеріне:
— қозғалыс реакциясының латенттік уақыты;
— жылдамдықтың жекелей қозғалысы;
— қозғалыстың біркелкілігі:
Бірқатар зерттеулердің көрсеткіштері [9,10,11] жылдамдықтың жай түрлері, әсіресе қозғалыс реакциясының латенттік уақыты жылдамдық қозғалысының көрсеткіштерімен сәйкес келмеуінде, яғни олардың бір-бірінен бірыңғай тәуелсіздігін көрсетеді.
Қ.И. Адамбеков [12,13] өз практикасында, кешенді түрлердің көрінуін екі фазаға бөледі:
1) жылдамдықтың өсу фазасы,
2) біркелкі жылдамдық фазасы.
|
Т.М. Нетто [14] жоғары дәрежелі және алғашқы сатыдағы спортшылар арасында зерттеу өткізген. Зерттеу барысында, максималды жылдамдық пен шаршауға қарсылық (төзімділік) мүмкіншіліктері анықталды. Зерттеу жұмысы, бұл көрсеткіштердің бір — бірінен тәуелсіздігін және олардың дамып отыратындығын көрсетті.
М.А.Годик [15] жылдамдық көрсеткіштерінің негізгі төрт формасын бөліп көрсеткен:
- әр түрлі белгілерге (сигнал) жедел назар аудару;
- жекелей локальды қимыл — қозғалыстарды орындау;
- тез арада жасалатын қозғалыстарды орындай алу;
- жылдамдықтың максималды қозғалысы.
Жоғарыда аталған төрт форма, бір — бірінен тәуелсіз және қатал түрде бірыңғай амал – тәсілдермен дамып отырады.
Р.Р. Аманбаев, Е.К. Адамбеков [16,17] жүгіру кезіндегі жылдамдықтың динамикалық құрылысын мына факторлардың көмегімен анықтап білді:
- старттық реакция уақыты және спорттық жылдамдық;
- жүгірушінің тез арада максималды жылдамдыққа жетуі;
- максималды жылдамдық пен оны көрсете алу қабілеті.
Н.Г. Озолин [18,19] қисық жылдамдықтың үш бөлігін анықтап берді:
- 15-30 метр аралығындағы старттық жылдамдык;
- максималды жылдамдықпен жүгіру немесе 50-70 метр аралығында бірыңғай төзімділігіне мінездеме беруінде;
3) жоғарыдағы құжаттарға сүйене отырып, спортшылардың жылдамдық қабілеттеріне келесі компоненттердің қосылуын айтып өткеніміз жөн:
- жылдамдық реакциясы;
- спорт кезіндегі жылдамдық жиынтығы;
- максималды жылдамдық деңгейі;
- шаршауға қарсылық немесе максималды жылдамдықты ұстау.
Жылдамдық қасиетінің бұл формалары бір — бірінен ерекше болуына орай, олардың дамуына арнайы әдіс — тәсілдерді пайдалану керектігін білдіреді.
Жылдамдық реакциясынан басқа мүмкіншіліктер күш қозғалысының көмегімен анықталып, онымен тығыз байланыста екендігін ескерген жөн.
Мамандарының зерттеулері бойынша [20,21,22,23,24,25], футболдағы жылдамдық мынадай формалармен айқындалады:
- Реакция уақыты;
- Старттық жылдамдық;
- Старт алу кезіндегі жылдамдық;
- Техникалық тәсілдерді орындау кезіндегі жылдамдық;
- Ойлау жылдамдығы;
- Бір орыннан козғалу мен бәсеңдеу жылдамдығы;
- Дистанциялық жылдамдық;
- Бір қимылдан екіншіге ауысу кезіндегі жылдамдық.
Спорттық ойындарда жылдамдық — дифференциялық және бірыңғай қимыл — қозғалыс қасиеті болып саналады. Бірыңғай болып есептелуі, оның иілгіштік, спринтерлік қабілеті, бір орыннан тез қозғалуы, ептілік пен басқа да қимыл — қозғалыс реакциялары сияқты бірқатар компоненттерден кұрылуында.
Футболдағы жылдамдық дифференциясы стандартсыз жағдайлар мен түрлі формалардың көрінісімен айқындалады.
Олар: ойыншының алаңда доппен және допсыз қозғалыстары;
- ойыншының допқа ұмтылуы немесе орнын ауыстыруы;
- қарсыласынан озып, қақпаға ұмтылуы және т.б.
Ал қорғаушыда бұл қасиет шабуылшыны аңду барысында, уақытында немесе дер кезінде допты тартып алу кезінде байқалады. Сонда да ол алаңдағы ең жақсы спринтер болып саналмайды. Ойын барысындағы жылдамдықтың шешуші факторы болып, ойыншының жағдайды алдын ала сезе білуі, жан -жақты реакциясы және ойын барысына қарай жылдам қимыл — қозғалыстар жасай алуы болып табылады .
Футболшылардың жылдамдық қабілеті басқа спортшыларға қарағанда едәуір жоғары екені мәлім. Футболдағы теке — тірес жағдайларында, едәуір уақытты жоғарғы жылдамдықта өткізіп, барлық жағдайда допты меңгере білулері, сонымен қатар өте қиын тактикалық амалдарды шешуі тиіс.
Футбол ойыны бірыңғай қимыл — қозғалыстармен, соның ішінде жылдамдық қабілеті кіретін бірегей спорт түрлерінің қатарына жатады.
Барлық ғылыми — әдістемелік туындылар, жылдамдық қабілетін балалық және жасөспірім кезеңінде тәрбиелеуге негізделген [26].
Жылдамдық қасиетінің жас ерекшелігі мектеп жасындағы балалар ағзасының сәйкестігімен түсіндіріледі. Яғни иннервациялық механизм қозғыштығы (қозғалыс аппаратын реттейді), зат алмасу процесінің мүмкіншіліктері.
Жүйке жүйесінің қозғыштығы, бұлшық еттерінің созылу және босау қасиеттерінің жылдамдығы осы жастағы балаларға тәуелді. Олардың қимыл -қозғалыстарының қарқындылығы өте жоғары дәрежеде.
В.П.Филин [24] балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді зерттеу нәтижесінде: 7 жас пен 16 жас аралығында максималды қимыл — қозғалыс мүмкіншілігі 1,5 есе өсетіндігін анықтады. Бұл ұлғаю тұрақсыз, әсіресе 7-9 жас шамасында қимыл-қозғалыс мүмкіншілігі 0,3-0,1с аралығында 6 қимыл жасалады,ал 10-11 жаста жылдық өсімі бәсеңдеп 0,1 -0,1 с аралығында 2 қимыл жасалады, жылдық өсімі қайтадан 12-13 жаста байқалады. 0,3-0,1с аралығында 4 қимыл жасалады, 14-15 жаста «жылдық өсімі кенеттен тоқтайды.
Қ.И.Адамбеков [12] көпжылдық лабороториялық зерттеулердің негізінде, жылдамдықтың қарқынды даму кезеңі 13-14 жасқа дейін деген тұжырымға келді. Көптеген зерттеулер жас ерекшеліктерінің өзгерістеріне, оның ішінде жылдамдық қозғалыстарына бағытталады.
А.А.Кирилов жылдамдық қабілетіндегі өзгерістер 8-9 жас шамасында баяулап, 10-12 жаста жоғарылайтынын дәлелдеген. Дәл осы кезде жылдамдықты тәрбиелеу өте тиімді. Ал 13-14 жаста бұл көрсеткіш ары қарай өсуін жалғастырады, бірақ жасөспірімдердің ағзасындағы басқа өзгерістердің әсерінен, жылдамдық қозғалысы баяулап, баланың қимыл-қозғалысы қиындай түседі. 15-17 жас қарсаңында бұл көрсеткіш жоғарылап, баланың қимыл-қозғалысы ерекшелене түседі.
И.М.Яблоновскийдің пікірінше [27], бала немесе жасөспірім өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары толықтай жақсарып, дами түседі. Ол толықтай қозғалыс актіне және барлық қимыл комплекстеріне тәуелді. Мамандардың зерттеу көрсеткіштері, адам баласы өскен сайын, яғни жасына-жас қосқан сайын оның жылдамдық қабілетінің дамуы нашарлай түсетіндігін, әсіресе 100 м-ге жүгіру кезінде, одан соң жылдамдық-күш қабілеті, ұзындыққа және биіктікке секіру кезінде, кейінірек бұлшық ет күшінің даму қарқыны бәсеңдейтінін дәлелдеген. Соған байланысты автордың айтуынша күнделікті жаттығу процесі осы құбылыстарды біраз уақытқа шегеретінін айтқан. Ғалымның пікірінше, жылдамдық қабілетін тәрбиелеудің ең қолайлы уақыты 9-11 жас пен 13-15 жас шамасы, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің айырмашылықтары, яғни табиғи дарын мен қарапайым балалардың спорттық шеберліктерін шыңдауға сүйенетіндігін ерекше атап өткен.
В.С.Фарфелдің «мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалыстарын
басқару» мен «спорт физиологиясы» еңбектерінде мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозалыстарын зерттеу арқылы, жас ерекшеліктерінің маңызды динамикалық дамудағы негізгі физиологиялық қабілеттерін анықтады. Жас ерекшелігіндегі өзгерістер жылдамдық қасиетінің, оның ішінде «қисық» жылдамдық түрімен ұштастырылады [28].
Әсіресе 7-8 жастан 13-14 жасқа дейінгі балаларда біржақты қозғалыс жылдамдығы өте тез өсетіндігін айтады. Одан соң бұл көрсеткіштер баяулап, балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерінің, жылдамдық қабілетінің дамуына мінездеме береді.
Бұл қасиет жасөспірімнің 13-14 жасына таяу, жоғарғы деңгейге жетеді.
Келесі жылдары өсу көрсеткіштері баяулайды немесе мүлдем тоқтайды.
В.С.Фарфелдің лабороториялық зерттеулері, 13-14 жас шамасында жасөспірімнің анотомиялық және физиологиялық құрылымы, яғни қозғалыс анализаторының дамуы аяқталады деп көрсетеді.
А.А.Межов, К.Д.Байбулов өз еңбектерінде [29] жасөспірімнің жылдамдық қасиеті 10-12 жаста қарқынды дамып, кейінгі жылдары даму көрсеткіші төмендейді, ал 14-16 жаста күш қабілеті өте жақсы дамиды.
Автордың айтуынша күш пен жылдамдықтың ең тиімді даму кезеңі жасөспірімдік шақ деп анықтама береді.
В.П.Филиннің [24] зерттеулері 100 м қашықтыққа жүгіру кезіндегі максималды жылдамдықтың динамикалық жас ерекшеліктеріндегі өзгерістеріне арналған. Автордың айтуынша балалар мен жасөспірімдердің максималды жылдамдығының қарқындылығы 13-18 жас аралығында байқалады. Ал 14 жастағы жасөспірімнің максималды жылдамдығы 13 жастан әлде қайда жоғары. Бұл кезеңдегі өсу деңгейі 24 см /с құрайды. Ал бұл көрсеткіш 14-15жаста — максималды деген- 51см /с көрсетеді. 16 жастан өсу қарқыны бәсеңдеп, жылдық деңгейі — 16 жаста 33 см /с кұраса, 17 жаста -24 см /с, 18 жаста бар болғаны 15 см /с . Максималды жылдамдықтың жалпы деңгейі 13-18 жаста-22% тең.
А.А.Кириллов [25] 12-18 жастағы балалармен жасөспірімдердің жүгіру мүмкіншіліктерін зерттеп, спортпен шұғылданбайтын мектеп оқушыларының 100 м жүгіру кезіндегі көрсеткіштерінің жоғарылайтынын анықтады. Онда алғашқы 30-40 м аралығында максималды жылдамдық өсіп, 100 м қашықтықтың соңғы 10-20 метрінде төмендейтінін көрсетті.
В.П.Филиннің зерттеулері мектеп оқушылары мен жасөспірім спортшылардың жылдамдық деңгейі мектеп қабырғасында бірқалыпты өсіп отырады деген. Жоғарғы қарқындағы өсу процесі 16-18 жас аралығында байқалады. (максималды жылдамдық жылына орта есеппен 0,65м /с жетеді)
Спорт түрлеріндегі жылдамдық дамуының жас ерекшелік динамикасы, дене қабілеттерінің, бірыңғай даму деңгейімен байланысады. Бұл көрініс баскетбол ойынында анықталып, жасөспірім баскетболшылардың жылдамдықтарының даму деңгейлерін ашып берді.
Бұл көрсеткіштердің даму сатысы жыл сайын өсіп отыратын байқатты. Мысалға: 60 м жүгіру кезінде 12-13 жастағылардың көрсеткіші — 15,9% дейін жақсаратынын және осы жас аралығында өзгеріп отыратыны байқалды. 12-13 жаста-4,5% жақсарса, 13 жастан 14 жасқа дейін 3,8%-ға өсетінін көрсетті. Ең көп өзгерістер 14 жастан 15 жасқа дейінгі шамада (5,7% ) байқалады. Осыдан кейінгі жас кезеңдерінде орташа жылдамдық өсім баяулап, көрсеткіштер 15 -16 жас — 1,4%, 16-17 жас — 12%-ды құрайды. Жасөспірім баскетболшылардың жылдамдық көрсеткіштері 12-15 жас аралығында қарқынды өсетінін білдік. 15-17 жаста бұл дене қабілетінің калыптасып, тұрақтылығын көрсетеді.
Жасөспірім баскетболшылардың бұл дене қабілеті, спортпен шұғылданбайтындарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы: 13-14 жастағы баскетболшылар 60 м жүгіру қашықтығын, орта есеппен 9,13с — 9,49с жүгіріп өтеді. Ал спортпен шұғылданбайтын жасөспірімдер 10,2 — 9,8с жүгіреді.
Жылдамдықтағы шапшаңдық қимылының даму деңгейін әр түрлі мамандықтағы спортшылардың 15 — 30 м қашықтыққа жүгіру кезіндегі ерекшеліктерін көрсек жасөспірім спортшылардың жылдамдық деңгейлері жыл сайын өсіп отыратындығын байқауға болады. Сонымен қатар спорт түрлеріне қарай, жылдамдық көрсеткіштері де әр түрлі екендігін білеміз.
Берілген зерттеу жұмысын ескере отырып, мектеп жасындағы балалар мен
жасөспірімдердің әр түрлі спорттағы шеберліктерін шыңдау барысындағы,
жылдамдықтарының даму белгісі-онтогенез заңдылықтарымен сәйкес деген
тұжырымдама жасаймыз. Бұл дене қасиетінің жеке көрсеткіштері жасөспірім
кезден-ақ үлкен адамдардың деңгейіне жетеді. Жасөспірімдердің жылдамдық өсу деңгейінің қарқындылығы, олардың жүйке жүйелерінің қозғыштығы мен ағзаларының икемділігіне байланысты.
Спортпен систематикалық түрде шұғылдану әсері, жылдамдықтың дамуына биологиялық заңдылықтар бойынша өзгеріс әкеледі.
Дұрыс бағытталған педагогикалық әсер, бұл дене қасиетінің дамуына, жоғарғы деңгейге жетуіне септігін тигізеді.
Сондықтан балалар мен жасөспірім спортшылардың жылдамдықтарьқ спортпен шүғылданбайтындарға қарағанда өте жоғары және тұрақты болып келеді. Соған байланысты жылдамдықтың дамуына жас ерекшеліктеріне қарай тиімді, дұрыс бағытталған педагогикалық жұмыс жүргізілуге тиіс.
Сонымен катар дұрыс бағытталған педагогикалық шара жасөспірімдердің жастық даму сатысындағы кейбір жылдамдық тоқталымдарын бәсеңдетеді, яғни жасөспірім спортшының жылдамдық қабілетін дұрыс қалыптастырады.
Әдебиеттерге шолу, көптеген авторлардың ойлары мен ғылыми -әдістемелік тұжырымдамалар: қимыл — жылдамдық жаттығуларымен айналысатын орта мектеп жасындағы балалардың, қимыл-жылдамдық реакцияларын шыңдауы, басты мақсат деген тұжырымдамаға келеді.
Жылдамдықты дамытуда, шапшаң қимыл жаттығулары өте тиімді. Бұл жаста күш — жылдамдық жаттығуларын пайдалану да өз септігін тигізеді. Көптеген авторлардың айтуынша ең бастысы жылдамдықты дамытуда оның барлық түріне шыңдау болып табылады.
Негізгі міндеттерді шешумен қатар шұғылданушылардың жан — жақты дене дайындықтарын толықтай қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс бағытталған жаттығу процесін даярлау. Басты мақсат олардың таңдаған спорт түріне қарай, сол спортқа тиімді дене қабілеттерін тәрбиелеу.
Қ.И. Адамбеков пен С.И. Қасымбекованың [30] айтуынша, алғашқы даярлық сатысында жылдамдықты тәрбиелеуге, зор назар аударылуы тиіс, өйткені бұл жастарда қимыл — қозғалыс қарқындылығының жоғары болуында.
Балалар, жасөспірім ұл — қыздарға қарағанда тез қимылдар жасай алады, оны С.Н.Қасымбекова [31] зерттеулері көрсетті. Мысалы: жасөспірімдердің қысқа қашықтыққа жүгіргендегі, жүгіру қадамдарының жиілігі, ересек спортшылардан қалыспайтынын көрсетті.
Яғни, қысқа уақыт аралық жаттығулар (жылдамдық мінездемесінде) жасөспірімдердің жүрек — қантамырлар жүйесімен сәйкестігін әсіресе моторлық жүйенің жақындығын көрсетеді.
Алғашқы спорттық мамандандыруды шешу мақсатымен Г.Р. Амреновтың [32] екі жылдық зерттеу жұмысы барысында, мынадай міндеттер атқарылды: алғашқы спорттық мамандандыру бөлімінде оқу — жаттығу процесінің рационалды мүмкіншіліктерін анықтау, жылдамдық және жылдамдық -күш қасиеттерінің әдістемесіне негіздеме беру.
Зерттеу жұмысына ЖӨСМ — де шұғылданатын 11 — 12 жастағы 66 жасөспірім қатысты.
Зерттеушілер үш топқа бөлініп, зерттеу барысында әр топқа 293 оқу -жаттығу сабағы өтілді. Бірінші топқа — спорт мектебінің бағдарламасы бойынша жүргізілді, екінші топ — жылдамдықты, жылдамдық — күш қабілеті мен бұлшық ет күшін тәрбиелеуде, қозғалыс және спорт ойындарын, дене қабілеттерін дамытуда маңызды роль атқаратын ойын жаттығуларымен айналысты.
Жылдамдық, күш, төзімділікті тәрбиелеудегі жаттуғылардың қатынасы. жалпы оқу — жаттығу бөлімінің 50:25:25% мөлшерін кұрады.
Алғашқы спорттық мамандандыру зерттеу топтарын салыстыру кезінде, оларды жылдамдық, жылдамдық — күш, бұлшық ет күштері сияқты дене қасиеттерінің өсуін байқадық. Бірақ маңызды өзгерістер екінші топтан көріне бастады. Екі жылдық зерттеу жұмысының арасында осы топтың жылдамдық даму деңгейі 60 м қашықтыққа жүгіру кезінде көрінді. Сөреден қозғалу -10,1%, 20м жүгіруде — қозғала келе — 13,1% болса, шапшаң қимылдарының реакциясы — 32,1% өсті. Бірінші топтың көрсеткіштері — 9,7; 26,3%, ал үшінші топта- 9,4; 10,3; 34,1% құрады,
Спорттың басқа түрлерімен қатар, алғашқы спорттық мамандандыру кезінде, таңдалған спорт түріне қарай, дене қасиеттерін дамытуға арналған арнайы дайындық жаттығуларын кеңінен пайдаланған тиімді.
Алғашқы спорттық мамандандыру кезеңіндегі маңызды. жағдайдың бірі, балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс деңгейлерінің қарқындылығы мен ағзаның жекелей вегетативтік жүйелерінің жайбарақат қалыптасуын ескере отырып дене жаттықтыру ауыртпалықтарын дұрыс беру.
Жылдамдықты тәрбиелеудің негізгі амалы, максималды жылдамдықпен орындалатын жаттығулар. Бұл жаттығулар мынадай талаптарға жауап берулері керек:
— жаттығулар шұғылданушылармен меңгерілуі тиіс;
-жаттығулар техникасы, максималды жылдамдықпен орындалатындай жағдайда болу;
-оның ұзақтығы, шаршауға қарамастан жаттығуды бастан аяқ бір қалыпты орындай алу.
|
Жылдамдықты тәрбиелеу тәсілдерінің қатарында негізгі ойынды қайталау жаттығулары алады. Бұл тәсілдің мақсаты — оқу — жаттығу кезінде өз көрсеткішінен артық максималды шапшаңдықты көрсету. Бұл талапқа барлық дене жаттығуларының компоненттері бағынышты: жүгіру ұзақтығы, демалыс интервалдары, қарқындылық, қайталау саны. Қашықтық ұзындығы жылдамдықтың шапшаң қозғалысы кезінде де төмендемеуі және қайталаулардың арасындағы үзілісті көбірек беруі, оның себебі толық қалпына келуін қамтамасыз ету. Бір жағынан үзілістің қысқа болуы тиіс, өйткені орталық жүйке жүйесінің қозуы төмендемеу керек, ал екінші жағынан үзілістің ұзақ болуы — вегетатив функцияларының қалпына келуін қадағалайды. Жоғарыдағы айтылған жағдайларды ескере отырып, жылдамдықты тәрбиелеу жұмысын тоқтату үшін, бар — жоғы қашықтықтағы жылдамдық шапшаңдығын төмендету керектігін байқадық.
Жылдамдықтың, жоғарғы көрсеткіштерінің негізгі жағдайы болып орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы. Бұл көріністі біз тек шұғылданушы шаршамаған кезде көре аламыз. Сондықтан болар жылдамдық жаттығуларын көбінесе сабақтың алдыңғы жағына қояды. Ал апталық микро циклде оларды демалыстан кейінгі бірінші немесе екінші күнге жоспарлайды.
Практикада жылдамдыққа жүгіруді шыңдау үшін шапшаңдық — күш және күш жаттығуларын пайдаланған жөн. Тек, шапшаңдық — күш жаттығуларын пайдалансақ, максималды күштің өсу деңгейін көтере аламыз; оның себебі, шапшаң қимылдардың жүйке бұлшық ет аппаратына әсері қысқа мерзімде болуында. Көлемді күш жаттығуларын бергенде, шапшаң қимылдардың уақытша төмендеуін ескеру қажет.
«Жарылыс күшін» шыңдауға бұлшық ет жұмысын реттеуші жаттығулар қолданылады. Жарылыс күші — шапшаңдық — күш және шапшаңдық қабілеттерінің негізгі арқауы болып табылады.
Көбінесе бұл шапшаң биіктікке секіру арқылы тереңдікке секіру жаттығулары.
Жылдамдықты дамытуға бірқатар авторлар келесі тәсілдерді ұсынады:
- жылдамдық- күшті даярлау немесе динамикалық талпыныс тәсілі;
- қайталау жаттығуларын максималды жоғарғы қарқында орындау тәсілі;
- жылдамдық жаттығуларын орындау кезінде жағдайды жеңілдету тәсілі;
- жылдамдық жаттығуларды орындау кезінде жағдайды ауырлату тәсілі.
В.М.Зациорский [1] мен В.П.Филиннің [24] ұсыныстары бойынша ең алдымен жеке факторларды дамыту, яғни максималды шапшаң қимылдарды анықтау. Жылдам қимылдарды орындау кезіндегі жоғарғы күшті көрсететін динамикалық күшті шыңдау.
Алғашқы спорттық мамандандыру кезіндегі оқу-жаттығу процесін тиімді бағыттау жөніндегі сұрақтар [24,12] мен алғашқы сатыдағы тереңдетілген жаттығулар жөнінде методистер мен жаттықтырушылардың арасында соңғы жылдары түрлі спорт түрлері, қозғалыс және спорт ойындарынан басқа, дене қабілеттерін шыңдауға арнайы бірыңғай даярлау дәрістерін оқу-жаттығу бағдарламасына қосу керектігі туралы көзқарас қалыптасты. Олардың ойынша бұл дәріс балалар мен жасөспірімдердің таңдаулы спортында маңызды роль атқаратынын айтады.
Жылдамдықты тәрбиелеу барысында, жаттығу орындау арқылы бұлшық еттердің демалысына назар аудару керек. Шұғылданушылардың бұлшық ет сезімі, яғни бұлшық еттердің бекімділігі мен демалыс арасындағы айырмашылығын білулері өте қажет. Осыған сүйене отырып жаттығуды орындау кезіндегі қосымша және қарқынды демалысты қарастыратын «контрастты» мүмкіншіліктер тәсілін пайдаланған жөн.
Ғалымдар мен мамандардың ойларынша спорт саласында жасөспірім мен балалардың дене қабілеттерін тәрбиелеу процесіндегі маңызды орында жылдамдық — күш кабілетін тәрбиелеу алады. Осы қабілеттердің жоғарғы деңгейі, спорттың жоғарғы көрсеткіштеріне жетуге ықпал етеді.
«Жылдамдық — күш қасиеті» терминінің астарында адамның аз уақыт ішіндегі жоғары қарқынды талпынысы жатыр.
Жылдамдық — күш қасиетінің көріну дәрежесі бұлшық ет күшінің үлкендігіне байланысты. Сонымен қатар жүйке — бұлшық ет талпыныс концентрациясының қаншалықты жоғарылығы мен функционалды ағза мүмкіншілігіне де байланысты.
Жылдамдық — күш қасиетінің жоғарғы мүмкіншіліктері, шұғылданушылардың физикалық және техникалық дайындықтарына, олардың уақыт және кеңістіктегі өзін — өзі ұстау қабілеттеріне ықпалын тигізеді.
Жылдамдық — күш жаттығулары қарапайым жылдамдық немесе күш жаттығуларына қарағанда өте тиімді және жан — жақты болып келеді. Ол жылдамдық пен күш қасиеттерін аз уақыт ішінде жоғарылатады. Дәрігерлердің мәліметтері де жасөспірім ағзасына, қысқа уақыт аралық жылдамдық -күш талпыныстары тиімділігін растайды [33].
Ю.М. Арестовтың [34] айтуынша ағзаның морфологиялық және функцияналдық даму кезіндегі жылдамдық — күш дайындығының әсері жасөспірім спортшының дене қабілетінің дамуы мен функционалды мүмкіншіліктерінің жақсаруына зор ықпалын тигізеді.
Жылдамдық — күш қасиетінің түрлі формаларының арасында ең көп тарағаны — секіру жаттығулары екен.
Дене қабілеттерін дамытуда, балалар мен жасөспірім спортшылардың оқу — жаттығу процесіндегі секіру жаттығуларына айрықша көңіл бөлінеді.
Негізгі қабілетке мінездеме бере отырып, секіруді орындау кезінде көптеген мамандар «секіргіш» (прыгучесть) терминін жиі қолданады.
1940 жылы В.И. Дьячковтың [35] «жүгіріп келіп, биіктікке секіру» кітабында спортшының секіруде жоғарғы көрсеткішке жетуіне «секіргіштік» қасиет маңызды роль атқарады. Яғни бұл қасиет секірушінің тұлғасына көтерілу күшінің әсерін жеткізеді.
Бірқатар зерттеулер «секіргіштік» — бұл бірыңғай физикалық қабілет екенін анықтады.
Көптеген мамандар ересек спортшылардың бұлшық ет күші «секіргіштік» компонентке тәуелді деген тұжырымдамаға келді [36,37].
Бірқатар зерттеулер секіргіштік компоненттердің, бұлшық ет жиырылу
жылдамдығы мен қимыл координацияларының қатынасымен байланыстырады.
Ал біз В.М.Дьячковтың көзқарасына сүйендік. Онда секіргіштік —
бірыңғай қасиет, яғни жүйке — бұлшық ет «жарылысы» деп мінездеме берілген.
Ол өз кезегінде секірушінің мүмкіншіліктеріне, бұлшық еттерінің жиырылуы
мен кейбір бұлшық ет топтарының үлкен күштерінің талпынысы мен жауап беруі.
Ю.В.Верхошанскийдің [38] пікірінше, жылдамдық -күш жаттығуларының мүмкіншіліктері күш, жылдамдық және жекелей қабілеттерден туындауы, жылдамдық, күш, төзімділік сияқты дене қасиеттерімен бірқатар болуына әкеп соқты. Өйткені ол жаттығу кезінде өзіне ғана тән, адекватты әдіс — тәсілдерді талап етеді.
Қ.И.Адамбеков [39] анықтағандай, секіргіштікке әсер ететін жылдамдық -күш қабілетімен адамның бірқатар мүмкіншіліктеріне абсолюттік бұлшық ет күші, динамикалық «жарылыс» күшін көрсете алуы және жүйке бұлшық ет аппараттының реактивтік көрсеткіштері жатады.
Секіру кезіндегі спортшының «жарылыс» күшін көрсету мүмкіндігі мен
секіру көрсеткіштерінің қатынасы анықталды. Абсолюттік бұлшық ет күші мен максималды динамикалық талпыныс арасындағы байланыстың жетістік көрсеткіштері бірқалыпты еместігін көрсетеді.
I;Г.А.Уманов [40] зерттеулері көрсеткендей, шұғылданушылардың (секіргіштік) жылдамдық — күш дайындығына қарай, олардың жалпы және арнайы дене қабілеттерінің дайындығын білуге болатынын айтады. Секіргіштік Даму деңгейін анықтайтын негізгі факторларға, спортшылардың жыныстық, жас ерекшеліктері мен қимыл — қозғалыстардың қарқындылығын айтады. Секіргіштік көбінесе аяқтың бүгу — жазу күшіне байланысты. Бірақ секіргіштікті дамыту үшін, жылдамдық пен күш қабілеттерін қатар дамытқан жөн.
Кейбір авторлардың айтуынша жылдамдық — күш қасиетінің даму деңгейі, екі аяқпен итеріліп биіктікке секіру көрсеткіштеріне байланысты екенін көрсетеді.
Бірақ Р.М.Рухватулиннің пікірінше, жобамен 80 баланың (10 — 12 жас шамасында) бір орыннан биіктікке секіру көрсеткіштері, 50м қашықтыққа жүгіру мен аспаға тартылу көрсеткіштерімен сәйкестендіріледі.
Үш түрлі секіруге салыстыру жасадық:
- яғни отыру қалпында, қолдардың еркін қимыл — қозғалыстары;
- бір орыннан ұзындыққа секіру;
- негізгі қалыптан жоғары секіру.
Зерттеу барысында авторлар ең тиімді көрсеткіш деп, отыру қалпында қолдардың еркін қозғала секіруі деген шешімге келді. Ал екіншіге негізгі қалыптан жоғары секіру тиімділігін айтып өтті.
Мектеп оқушыларының жылдамдық-күш қасиетінің жас ерекшеліктеріндегі динамикалық дамуын көптеген зерттеу жұмыстары шет қалдырған жоқ.
С.В.Каледин [41] зерттеулері мектеп жасындағы балалардың жүгіріп келіп биіктікке секіру көрсеткіштері үзілмей өсіп отырады, әсіресе 16-17 жаста жоғарғы деңгейге жететіндігін көрсетеді.
А.А.Гужаловский зерттеулері балалар мен жасөспірімдердің жылдамдық-күш қасиетінің даму деңгейін көрсетеді. Әсіресе бұл қасиеттің дамуының жоғарылауын 12-15 жасқа туралайды.
В.П.Филин [24] өз жұмысында секіргіштіктің дамуы жыл сайын өсіп отырады, жасөспірімдерде 16-18 жаста, ал қыз балаларда 13-15 жаста максималды денгейге жететіндігін көрсеткен. Ең көп дәрежеде өсу көлемі балаларда — 9-10 мен 13-14 жас болса, қыздарда 9-12 мен 14-15 жас аралықтарын қамтиды. Ал 15 пен 17 жас шамасында секіргіштік көрсеткіштері тұрақтанып, 18 жасқа карай бірегей өсуін байқаймыз.
К.М.Уманов [40] зерттеуі көрсеткендей ер адамдардың секіргіштік қасиетінің дамуы 20 жасқа дейін, ал әйел адамдарда -16 жасқа дейін дамитындығын көрсетеді. Автор, зерттелінушілердің жастық-жыныстық, деңгейлес топтағы секіргіштік дамуына, бой ұзындығы мен аяқ ұзындықтарының көрсеткіштерінің әсер етпейтінін дәлелдеген. Сонымен қатар адамның антропометриялық көрсеткіштері де (дене, аяқ ұзындығы) әсер етпейтінін атап өтуіміз керек.
Т.М.Антонованың [42] ойынша, жылдамдық -күш қасиетінің дамуы 7 жас пен 17 жас аралығын қамтиды деген.
В.П.Филиннің [24] мәліметтеріне сүйенсек, жылдамдық — күш каоілетінің даму сатысы (бір орыннан биіктікке секіру корсеткіштеріне қарай) 8- 12 жасшамасында. Ал 13 жастан жылдамдық — күш қасиетінің даму деңгейі әрдайым өсіп отырады, 14-15 жаста өсу көрсеткіші жоғарғы нәтиже береді.
Одан кейінгі жылдарда жылдамдық — күш қасиетінің абсолюттік өсу көрсеткіші төмендейді. Қыздарда жылдамдық — күш қабілетінің өсуі 8-12 жас аралығын қамтиды. Ең жоғарғы өсімді — 10 жаста, ал ең төменгісін 18 бен
19 жас аралығында байқаймыз. Келтірілген мәліметтерді ескере отырып, 8 жас пен 15 жастағы балалардың секіргіштігінің өсу деңгейі жылына орта есеппен 2,8 см-ге, қарқынды өсу мерзімі 10-13 жас шамасында байқалады.
Жас ерекшеліктеріне байланысты секіргіштік қабілетінің дұрыс қалыптаспауына, зерттеу кезіндегі мағлұматтардың жетіспеуі, зерттеушілер санының аздығы, өлшеу тәсілдерінің нашарлығы, табиғи немесе әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі ықтимал.
Жылдамдық-күш қасиетінің жас ерекшелік динамикалык дамуын анықтау үшін, түрлі спорт ойындарындағы бірыңғай дене қасиеттеріне мінездеме беру арқылы даму деңгейлерінің қатынасына зерттеу жүргізу.
В.П. Филин [24] зерттеулері көрсеткендей баскетболшылардың жылдамдық-күш қасиетінің дамуы 12-17 жас шамасында 48,11 % өсетінін, жылдық өсімнің орташа көрсеткіші — 4,35 см құрайды. Бірақ өсу деңгейі бірқалыпты емес. Ең көп өсу деңгейі 12-13 жаста байқалады, яғни бұл| көрсеткіштер баскетбол ойынының алғашқы кезеңінде білінеді. Осы кезеңде бір орыннан биіктікке секіру көрсеткіші 6,37 см өседі, яғни 14, 09 % құрайды. 13-14 жаста көрсеткіш 4,39 см-ге жоғарылайды. (8,52% ). 14-15 жаста өсім 5,17 см (9,32% ) құрайды. Бұдан кейінгі жылдары өсу көрсеткіші 15-16 жаста (3,77 % ) байқалады.
Барлық жас ерекшелік кезеңдерде статистикалық тұрғыда өзгерістерді байқауға болады (15-16 жас аралығынан басқа). Осыған байланысты, жасөспірім баскетболшылардың бір орыннан биіктікке секіру көрсеткіші жылдан-жылға жақсарады. Бірақ жасөспірім баскетболшылардың кейбір жас ерекшелік кезеңдері олардың спортпен шұғылданбайтын құрбыларының көрсеткіштеріне ұқсас келеді. Екі топтың да жылдамдық күш қабілеттері 12-
13 жас пен 14-15 жас шамасында өсуін байқауға болады.
Зерттеу көрсеткіштері бойынша футболшылар мен басқа спорт
түрлерінің шұғылданушыларының жылдамдық-күш қасиетінің жалпы даму кезеңі деп 11 жас пен 19 жас аралығын айтады.
Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп отырады. Мысалы: жеңіл атлетика 1 1-12 жасар жасөспірімдердің бір орыннан ұзындыққа секіру көрсеткіштері -230 см-ге, баскетболшыларда -215см, волейболшыларда -211см, ал футболшыларда -190 см-ге тең. Биіктікке секірудегі көрсеткіштердің орташа өлшемі- 52 см, волейболшылар мен баскетболшыларда -45см, жеңіл атлетика- 44 см, футболшыларда — 38 см-ді көрсетеді. Ал үш дүркін секіруде жеңіл атлеттердің (жүгірушілер мен секірушілер) көрсеткіштері басым- жүгірушілерде — 530 см,
секірушілерде -680 см, ал футболшыларда -450 см.
Зерттеу жұмысы жасөспірімдердің түрлі спорт ойындарындағы жылдамдық-күш қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтады. Жоғары көрсеткішке жеңіл атлеттер, одан кейін баскетболшылар мен волейболшылар, соңынан футболшылар ие болды.
Жасөспірім спортшылардың мамандықтары мен спорттық дәрежесіне сай, олардың жылдамдық-күш қасиеттерінің дамуына тұжырымдама жасай келе, бұл қасиеттің үзілмей дамып отыратындығына көз жеткіздік және де жеңіл атлеттер, баскетболшылар мен волейболшылардың көрсеткіштері өте жоғары (футболшыларға қарағанда). Яғни бұл спорт түрлеріндегі дене қабілеттерін тәрбиелеу әдіс-тәсілдері өте жақсы деген бағаға жауап бергендігі.
Осыған байланысты біздің алдымыздағы басты міндет, жылдамдық-күш қасиетін тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді дамыту. Яғни 10 жастан 12-13 жасқа дейінгі жасөспірімдерді. Оның себебі бұл қасиеттің осы кезеңде — қарқынды дамуында.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып, дәл 12-13 жасқа дейін қимыл функцияларының дамитынын білуге болады. Яғни қимыл анализаторларының дамуы, жас ерекшелік заңдылықтарына тәуелді. Ал бұл даму құбылысы біраз жылдар бойы қалыптасады.
Түрлі спорт ойындарымен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің бұлшық ет күштерінің жылдамдығы, жылдамдық-күш қасиетінің дамуы, олардың жыныстық, жастық, таңдаған спорт түрі мен жаттығу тәсілдері сияқты негізгі факторлармен байланысы болады.
Жасөспірім спортшылардың жылдамдық және жылдамдық-күш қасиеттерінің деңгейі орта білім алу мектеп қабырғаларындағы дене шынықтыру бағдарламасы бойынша айналысатын балалар мен жасөспірімдердің деңгейінен әлдеқайда жоғары. Барлық спорт түрлерінде дене қасиеттерінің даму деңгейі әр түрлі. Бұл жағдайды шұғылданушылардың таңдаған спорт түріне, жаттығу тәсілдері мен оқу-жаттығу процесінің көлеміндегі айырмашылықтармен түсіндіруге болады.
Жоғарыда айтылған барлық мағлұматтарға сүйене отырып, мынадай шешімдер жасауға болады:
- Барлық ғылыми — әдістемелік әдебиеттер мен мамандардың бір ауыздан жасөспірім футболшылардың оқу -жаттығу процесінде жылдамдық және жылдамдық-күш дайындықтарын жақсарту туралы шешімге келді. Яғни бұл қасиеттерді нақ осы кезеңде тәрбиелеген жөн.
- Жасөспірім футболшылар бірыңғай себептермен жылдамдық пен жылдамдық-күш кабілеттерінің көрсеткіштерімен жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол сияқты спорт ойындарының спортшыларынан артта қалды, яғни футбол мен басқа спорт түрлерінің оқу-жаттығу бағдарламасындағы айырмашылықтар.
З.Тәрбиелік және тәжірбиелік зерттеу жұмыстарында жасөспірім футболшылардың жылдамдық және жылдамдық -күш қабілеттерін тәрбиелеу туралы нақты дәлелдер мен ұсыныстар берілмеген. Айтылған дене қасиеттерінің пайдалы және тиімді сұрақтары саусақпен санарлық.
Жасөспірім футболшылардың, яғни 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің жылдық және көпжылдық оқу-жаттығу процесіндегі жылдамдық-күш қасиетінің бірқалыптылығын (динамикасын) анықтау.
Жасөспірім футболшылардың оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезеңіндегі жылдамдық -күш жұмысының көлемін анықтау.
Жаттығуларды қайталау кезінде олардың арасындағы демалыс кезеңін анықтау.
Жылдамдық және жылдамдық-күш жаттығуларының микроцикл, мезоцикл және макроциклдегі жалпы көлемін анықтау.
- Арнайы құрылған зерттеу жұмыстары 4-8 жыл аралығында көптеген авторлар жас ерекшелік заңдылықтарына сүйене отырып, жеңіл атлеттер, баскетболшылар, волейболшылар мен футболшылардың күш, жылдамдык-күш, жылдамдық кабілетінің өсу деңгейін танып білді. Бірақ жасөспірім футболшылардың жылдамдық -күш қасиеті мен оқу-жаттығу құралдарының өзгерісі толық зерттелінбеді.
Ал өткізілген зерттеу жұмыстары оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудағы, спортшылардың жылдық цикліндегі жылдамдық пен жылдамдық-күш қасиеттерін тиімді анықтауға келмейтіндігін айтып өткен жөн.
Спорттық дайындық процесі барысында футболшыларда дағдыларды игеру мен меңгеру сапалары қалаптасады. Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы ағзаның барлық жүйелеріне әсер етуге болады. Спорттық дайындық дегеніміз – құралдарды және әдістерді пайдалана отырып футболшылардың жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуін атаймыз.
1.2 Оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде жұмыс қабілеті мен арнайы жылдамдық — күш қасиет шеберлігіне машықтандыру
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге болады. Оқыту деп – шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық элементтерін, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды меңгеру – оқытудың негізігі мазмұны – техникалық әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл – басқару әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
ә) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне, күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Футболшының оқу-жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа бөлінеді: 1) жарыстық, 2) арнайы дайындық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары – бұл ережеге толық сәйкес футбол ойынының біртұтас қозғалыс іс-әрекеттері.
Арнайы дайындық – жарыстыру қимыл-әрекеттің элементтерінен тұратын нұсқаулары, сондай-ақ сипаты жағынан ұқсас жаттығулар жиынтығы.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы футбол дайындығы жаттығуларымен анықталады. Олар футболшыларға қажет дағдылар мен сапаларды дамытуға ықпал жасайтындығын есептей отырып іріктеледі.
Өз кезегінде арнайы дайындық жаттығулары жуықтатылған және дамытушы болып екіге бөлінеді. Жуықтатылған жаттығулар негізінен қозғалыс техникасының формаларын игеруге септігін тигізеді. Дамыту жаттығуларының басты міндеті дене-күш сапаларын дамытуға арналған.
Жалпы жетілдіру жаттығулары футболшылардың жалпы дайындығына бағытталған.
Жалпы дайындық жаттығулары көмегімен футболшылардың қозғалыс дағдыларын, негізгі дене-күш дайындығының дамуына тиімді түрде әсер етуге болады.
Футболшылардың оқу-жаттығуындағы қолданылатын жаттығулары негізгі және қосалқы болып екіге бөлінеді.
Негізгі жаттығуларға жататындар:
а) Қозғалыс сапаларының жалпы және арнайы дамуына арналған жаттығулар.
б) Допты игерудегі техниканы оқыту және жетілдіру жаттығулары.
в) Тактикалық әдістерді, комбинацияларды және ойын жүйесін үйрету және жетілдіру жаттығулары.
Қосалқы жаттығуларға жататындар:
а) Шартты рефлекстің жаңа жүйесінің құрылуына, ағзаның негізгі қозғалыс дағдысын іске асыруға арналған жаттығулар.
б) қозғалыс дағдысының бөлшектерііне жақын немесе сәйкес арнайы жаттығулар.
в) Ағзаның функционалды мүмкіншілігінің кеңеюіне жәнек қозғалыс дағдысының қалыптасуына септігін тигізетін спорттың басқа түрлерінен алынған жаттығулар.
Қолданылатын жаттығулардың жалпы көлемін көбейткеннен бір ғана жаттығуды қолдану арқылы бірнеше міндетті шешу маңызды.
Шұғылданушылардың ағзасына жаттығулардың және басқа да құралдардың тиімді әсер етуінетабиғи күш пен гигиеналық факторлардың тигізер септігі зор.Әрине бұл жерде берілнтін жүктеме мен демалыстың алмасуы, өз уақытында тамақтануы, ұйқы режимі, тұрмыс және еңбек гигиенасы маңызды роль атқарады.
Жоғарғы спорттық жетістікке жетуді міндет қойған футболшы үшін, өз мүмкіншілігін барынша сарқып қолдану заң болып табылады. Бұл футболшы спорттық жүктемені орындау кезінде, шығармашылық ұмтылысын көрсете отырып, прогрессивті формалары мен әдіс құралдарды мейлінше көп пайдаланылады.
Футболда үлкен жетістік, басқа да спорт түрлеріндегідей, жалпы және арнайы дайындық бірлігін сақтаған жағдайда да мүмкіншілік туғызады.
Жалпы дайындық жаттығуы кезінде спорттық мамандықты басты мақсат етіп қоймайды, ал жоғарғы көрсеткішке жету алдағы уақыттың межесін сипаттауға болады.
Арнайы дайындық процеесінде таңдаған спорт түрінің жетілуі үшін уақыт пен күштің бөлінуі сипатталады.
Футболшы жаттығуында жаттықтырушы жалпы және арнайы дайындық бірлігін сақтай отырып, жалпының ішінде арнайы, арнайының ішінде жалпы деп ұғынып жан-жақты дайындықтың қағидасын қатаң сақтауы тиіс.
Жалпы және арнай дайындықтың ара қатынасын іздестіру, жаттықтырушы, дәрігердің, ғылыми қызметкердің және спортшының шығармашылық іс-әрекетінң үздіксіз талабы.
Футболшының жаттығуы – бұл үздіксіз жарыс пен оқудың және демалыстың алмасып отыруының жыл бойғы процесі. Футболшылар арасында сабақ пен жарыс көбінесе қалпына келмеген жағдайларды өтеді.
Арнайы зерттеулер мен іс-тәжрибе көрсеткендей сабақ пен жарыс ағзаны өз қалпына келмеген жағдайда өте беруге жіберіледі және көп жағдайда.жарыстың осындай режиміне бейімдеу ақырында футболшы ағзасының жұмыс қабілетінің көбеюін байқатады. Спортшы жарысқа қысқартылған демалыс күндері (2-3 күн) арқылы қатысуы мүмкін, бұл оның жыл бойы өтетін жарысқа қатысуына дайындығын өсіреді.
Жалпыға белгілі адм ағзасы — динамикалық жүйе, ол тез арада стандартты жағдайға тез бейімделіп, жүктеменің біртіндеп өсуіне немесе кемуіне көндігеді. Осындай стандартты жұмыс жағдайында дәрежесі үлкен жүктеменің футболшы ағзасына орташа, орташа-аз болып көрінеді. Жоғары дәрежелі футболшының таңертеңгілік стандартты жаттығуын жасау, ойын алдындағы дене қыздыру жаттығуларының ролі футболшының ағзасын жарыс алдындағы ұрыс дайындығына келтіре алмайтын болды. Жүктемені біртіндеп көбейту мен жүктемені барынша сарқып қолданудың ара-қатынасын қайта өзгертуді талап ете бастады. Бұдан шығудың жолы табылды, кезеңдерде стресстік жүктемені қолдану, ағзаны тепе-теңдік қалпынан шығаруға әкеліп соқтырады. Одан кейін орта және аз мөлшерде жүктемені қолдану арқылы ағзаның қалпына келуіне және жоғары қалпына келуіне жағдай жасауға болады. Бұлардың барлығы біртіндеп жүктемені ұлғайту және динамикалық толқын тәрізді сипаттағы жаттығулар өзара байланыста болады.
Футболшыларды дайындау кезінде жаттығу жүктемелердің біртіндеп және барынша көп ұлғаюына қойылатын талаптарды шешу үшін жүктемені жаттығу кезінде және ойын арасында толқын тәрізді өсуін нақты бөлу қажет.
Төмендегі жағдайларды қарастыру керек:
Спорттық жүктемені көтерген кезде ағзаның бұдан да жоғары жүктемені қабылдау дайындығы;
Жарыста ағзаның барлық ресурстарын жұмылдыру үшін жаттығудың дағдылы емес құралдарын пайдалану;
Қайта қалпына келтіруді процесін жылдамдату үшін қалпына келтіру жаттығуларын және құралдарын кеңінен қолдану;
Жаттығу жүктемесінің біртіндеп және барынша көбейту талаптары жұмыс бірлігі мен қайта қалпына келтірудің органикалық өзара байланысына сүйенеді.
Іс тәжрибе жүзінде бұл талапты пайдалану жаттықтырушыдан жақсы ілімдік және тәрбиелік дайындықты, жаттығу өткізуге жақсы жағдай туғызу және футболшылардың жалпы және спорттық режимді қатаң сақтауды көздейді.
Спорттық жүктеменің және демалыстың, шалдығу мен қайта қалпына келтіру процесінің өзара әсерін есепке ала отырып, спорттық жүктеменің көлемі мен қарқынын дұрыс бөлу үшін футболшылар жаттығуына толқын тәрізді жүктемені қолдану тиімді.
Футболшылардың жаттығу процесінің негізгі заңдылығына оның циклдік сипаты жатады. Апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жарыс кестесінің тығыздығына байланысты кезеңдік жүктемені азайту, жаттығудың кезеңдері мен сатыларына байланысты көлемді және қарқынды жаттығулардың өзара әсері, жаттығуды жоспарлауды қажет етеді.
Жаттығудың дайындық кезеңінде жаттығулар жарыс кезеңіне қарағанда үлкен көлемде орындалады. Дәл осындай кезде жаттығудың қарқыны жарыстық кезеңде дайындық кезеңіне қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Апталық және ойын аралық кездегі екпінді сипаттағы циклдер, көлемі аз және қарқыны аз жаттығу циклдерімен алмасып отырады. Дәл осындай болып ай аралық және жылдық циклдерде белгілі бір жүйемен алмасып отырады.
Спорттың дамуы, спорттық жаттығуларды өткізу кезінде жаңа қағидалардың пайда болуына әсер етті. Олардың негізділері: мамандану, жан-жақтылық, біртіндеп, қайталануы, жекешелік.
Мамандану қағидасы. Футбол шеберлігін игеруде бастапқы ролді атқарады. Мамандану жаттығуы футболда жаттығудың көп пайзын қарастырады (80%) олай дегеніміз ойын дайындығы бұл жерде – жеңуші фактор және оны ешқандай басқа жаттығулармен қуыстыруға болмайды. Қосымша жаттығулар қолданылған кезде футбол ойыны талабына сай, негізгі қозғалыс дағдысына өзара әсер ететін жаттығу құралдарына көңіл бөлінеді. Мамандандыру жаттығуына жол жан-жақтылық қағидасын іске асыру арқылы өтетінін естен шығармау тиіс. Бұған арнайы дайындық бағытындағы арнайы жаттығуларды іріктеумен , сондай-ақ жалпы және арнайы дайындықтың ар-қатынасы арқылы қол жеткізуге болады.
Мамандандыру қағидасының балалармен сабақ өткізу кезінде маңызы зор. Футболға балаларды ерте жастан (7-8 жас) тартуға болады. Футболмен айналысу балалардың дене дамуына және олардың денсаулығына жақсы әсер етеді.
Жан-жақтылық қағидасы құрамына адам ағзасының барлық жүйесінің өзара байланыс заңдылығы, олардың орталық жүйке жүйесімен, оларды басқаратын ми орталығы енеді. Жаттығу кезінде адам ағзасының барлық жүйелері біртұтас бірігіп жұмыс атқарады. Тек дидактикалық талаптарды ғана оқу-жаттығу үш жағынан қарастырылады: психика жаттығуы, вегативті және қозғалыс функциясы.
Футболшының жан-жақты дайындығы – спорттық мамандықтың негізі болып табылады. Жан-жақтылық қағидасы дене-күш, тактикалық, техникалық, психологиялық және ілімдік дайындықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Біртіндеу қағидасы жаттығу кезіндегі жүктемені біртіндеп көбейту және азайту, жасалынатын жаттығудың көлемі мен қарқынын ұлғайту, жас ерекшелігі, өткізілу кезеңдерін сақтау, сабақты өткізуді дұрыс ұйымдастыруды қарастырады.
Адам ағзасында қозғалтқыш күш болады, әрбір жаңа жұмысты атқару үшің қозғалтып отыруда. Дегенмен ағзаның барлық жүйесі жаңа жұмысты атқару үшін бірдей жылдамдықпен қосыла бермейді. Әсіресе орталық жүйке жүйкесі абайлап және біртіндеп қимыл жасауды талап етеді. Спорттық жаттығуда ағзаның осы ерекшелігі ескерілмесе, жағымсыз жағдайларға әкеліп соқтырады (жарақат алу, ағзаның тырысуы т.б.)
Футболшылардың оқу-жаттығуында біртіндеу қағидасы спорттық жүктемені біртіндеп көтеру және азайту, оқу аралық және оқу-жаттығу циклінде, футболшылардың көпжылдық жаттығу циклі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе біртіндеу қағидасы іске асыру кезінде спорттық жүктемені орнықтыруға көп көңіл бөлу қажет. Жаттығу жүктемесін біртіндеп көтеруді бір қалыпты процесс деп қарастыруға болмайды. Футболшылардың спорттық жаттығуларында жүктеменің өсуі көбінесе толқын тәрізді және сатылы болып келеді. Көптеген жағдайда күшті толық қалпына келтіру үшін жүктемені кезеңдеп азайтуға тура келеді, өйткені алдағы жүктемені жоғары деңгейге көтеруді есепке ала оытырып.
Біртіндеу қағидасы спорттық форманың құрылуы мен дамуының негізіне енгізілген. Спорттық жүктеменің берілуі, футболшының функционалды мүмкіншілігіне сай келмесе ол тек қана жағымсыз әсер етіп ғана қоймай, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Қайталау қағидасы органдар мен жүйелердің өзгеруі, қайта құрылуы және жетілуі үшін шартты рефлекторлық байланыстардың құрылуына маңызды физиологиялық талаптарды бекітеді. Споттық жетістік өсіп отыруы үшін, футболшы алған білімі мен дағдыларын бекіту керек. Ал бұған жету үшін жұмыс пен демалысты алмастыра отырып меңгерген әдістердікөп рет қайталау қажет. Бұрын меңгерілген біраз ұмыт болған техникалық әдістер мен тактикалық комбинацияларды толық бекіткенге дейін қайталау қажет. Сабақ кезінде футболшы көп рет қайталау арқылы қимыл қозғалыстарды терең түсіне отырып, ойын барысында әдістер мен комбинацияларды сенімді қолдануға жаңа нұсқалар туындайды.
Жаттығулардың қайталау саны футболшының дайындық деңгейіне, оның жас ерекшелігіне, жаттығу сипатына сабақ өткізуге жасалған жағдайына байланысты анықталады. Сондай-ақ өз-өзін бақылау мен дәрігерлік бақылаудың көмегі қолданылады. Оқу-жаттығуды және жарыстарды жүйелі түрде өткізу қайталау қағидасы іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жекешілдік қағидасы спорттық жаттығуда шұғылданушы ағзасының мүкіншілігі мен оларға қойылатын талаптардың сәйкестігін сақтауды ескертеді. Бұл қағиданы іске асыру үшін, жаттығу кезіндегі жүктеме, дене-күш жаттығуларының іріктелуі, олардың қарқыны мен ұзақтығының орындалу әдістемесі, шұғылданушының жас шамасына қарай, оның функционалдық мүмкіншілігінің шамасы сәйкес болуы тиіс.
Жаттығудың жекешілдігі футбошшылардың спорттық шеберлігінің дамуын жылдамдатуға, сондай-ақ тиімділігін арттырып, олардың спорттық іс-әрекеттірін ұзартады.
Жүктеме мен демалыс жаттығу процесінің өзара байланысты компоненті.
Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме.Дене тәрбиесінің құралдары және әдістерінің негізгілерінің бірі болып «жүктеме» болып саналады. Жүктеменің барынша үлкен, орташа, аз және басқа да сатылары болып бөлінеді. Жүктеме – жай қалыптағы жағдаймен салыстырғанда, ағзаның қызмет атқару кезіндегі қосымша берілетін жаттығулар, сондай-ақ қиындық дәрежесінің көбеюі. Дене жаттығуларының тиімділігі заңды түрде олардың жүктеме өлшеміне байланысты. Осыдан барып тиянақты түрде сараптау мен бағалау, жүктемені таразылау және реттеу қажеттігі туындайды.
Жүктеменің «ішкі» және «сыртқы» жақтары
Дене жаттығуларын орындау барысында жүктеменің көрсеткіші бір жағынан атқарылып жатқан жұмыстың көзге көрінетін сыртқы көлемі (жаттығудың жасалу ұзақтығы, атқарылып жатқан жұмыстың дене-механикалық түсінік көлемі, алынған қашықтық, қозғалыс жылдамдығы т.с.с.) екінші жағынан – ағзадағы қызмет атқару және солармен байланысты органдардың ілгерлеуі; (жүрек соғысының деңгейі, өкпе желдеткіші, ауа жұтуы, қан көлемінің минуттық соғуы және т.б.). Біріншісі шартты түрде айтқанда «сыртқы» жағына жатады.
Жүктемені дене тәрбиесі процесінде реттеуді бақылауда екі жақтың да маңызы бар.
Жүктеменің көрсеткіші «сыртқы» жүктеменің орындалуына қарай межеленеді, ағзаның жауап беру реакциясы сонымен салыстырылып, соған сәйкес жүктеме есептелінеді. Жүктеменің «ішкі» көрсеткіші жаттығу кезіндегі олардың орындалу барысында қызмет атқару дәрежесін жұмылдыру және ағзаның соған бейімделуі арқылы жүктеме мүмкіншілігінің мақсаттылығы анықталады. Бұл көрсеткіштерде жүктеме ғана көрсетілмей, сондай-ақ ағзаның оған жауап беру реакциясы айқындалады. Сонымен дене-күш жаттығуларын орындау барысында жүктеменің тиімділігін бағалауда «сыртқы» және «ішкі» жақтарын бірлестіріп қарауды қажет етеді.
Ағзаның бірдей бастапқы қалып қатынасында жүктеменің «ішкі» және «сыртқы» жақтары белгілі бір мөлшерлікте болады: жүктеменің сыртқы жақтарының көлемі қызмет атқару көрсеткіштерімен байланысты; сыртқы көлем жағынан жүктеме көп болған сайын ағзадағы қызмет атқару қызметі де артады; біріншісі азайса екіншісі де азаяды. Бірақ-та ағзаның бастапқы қалпы бірдей болмаған жағдайда да ағзаның алдын-ала дайындықтың және әртүрлі шапшаңдықтың бір мөлшерлігі байқалмайды. Жаттығудың жүйелі түрде жасалу нәтижесінде жұмыс қабілетінің ұлғаюы жүктеменің «сыртқы» жақтары біртіндеп «ішкі» жақтарына қарағанда кеми береді (мысалға, белгілі бір қашықтыққа белгілі бір жылдамдықпен көп рет қайталанып жүгіру, сабақтан сабақ сайын жүрек қан тамырларының қызмет атқару қызметін жұмылдыру кеми береді, бұл дегеніміз денеге түсетін жүктеме азая береді, ағза осыған бейімделе береді.).
Жүктеменің көлемі және орындау қарқыны. Жүктеменің көрсеткіші оның көлемі мен қарқынына байланысты. «Жүктеме көлемі» жаттығу барысында немесе бірнеше жаттығуды орындауда жұмыс санынынң қорытындысының уақытқа қатынасы (жұмыс деп тек механикалық емес, сондай-ақ физиологиялық және жалпы қозғалыс түсінігінде).
«Жүктеме қарқыны» жұмыс жиілігі мен дәрежесінің уақытқа орталықтандырылуы. Көлемнің өлшемі және қарқындылығы жаттығу түріне қарай анықталады, сондай-ақ жүктеме белгілі бір жаттығуды немесе жаттығудың әлденеше жиынтығына қарай басталады.
Жекелеген жаттығулардағы жүктеменің көлемі мен қарқыны
Егер де футбошының әрбір жаттығуына әсер етуші фактор ретінде қарастыратын болсақ, онда жүктеме көлемі бәрінен бұрын созылмалы әсер етуге, ал қарқыны күш әсеріне жатады. Тәжрибе жүзінде олардың көрсеткіші көбінесе төмендегідей болады.
Көлемінің көрсеткіштері. Қарқынының көрсеткіштері.
«сыртқы жағынан»
Жаттығу кезіндегі уақыт немесе Қозғалыс жылдамдығы қашықтықты
қашықтықтағы жүгіріп өткен бағындырғандағы жылдамдық.
шақырым (циклдік және арлас
жаттығулар).
Көтеру кезіндегі жалпы салмақ Көтерудің әртүрлі салмағы (бір қи-
(мысалы, штангамен жаттығу мылдағы көрсеткіш).
жасау).
Қозғалыстың жалпы саны Қозғалыс ырғағы.
(циклдік әрекет жасау,
қайталау).
Жаттығу жасау уақытындағы Жұмыс қуаты (мехеникалық
дене жұмысының саны өлшемде кгм/с).
(механикалық өлшемде кгм.) «ішкі жағынан»
Жаттығудың жалпы пульстік Жаттығудың соғу қарқыны (жаттығу-
бағасы (ЖТС жаттығу жасау дағы тамыр соғуының бағасы оның
уақыты бастапқы деңгейдегі уақытындағы қатынасы).
қатынасы).
Жаттығудың энергетикалық Жаттығудың энергетикалық қарқыны
бағасы (жаттығу барысындағы (жаттығудың энергетикалық бағасы
энергияның қосынды шығыны). оның ұзақтығының қатынасы).
Аталған көрсеткіштер жүктеме туралы аз ғана ақпарат береді. Жүктеменің көлемі мен қарқынының көрсеткішін анықтау оңай шаруа емес, бұл әлі шешілмеген мәселе. Бұл көрсеткіштерді есептеу кешені олардың көлемі және қарқынын анықтау қажет. Дене тәрбиесі процесінде олардың өлшемдері өзгеріп отырады.
Дене жаттығуларын орындау кезінде жүктеменің көлемі мен қарқынының өзара қатынасы кері пропорционалды болады: жүктеменің көлемі көбейген сайын, орындау қарқыны кемиді, және керісінше, орындау қарқыны көбейген сайын оның көлемі кемиді. Бұл қатынас жоғарыдағы графикте жақсы байқалады. Әртүрлі қуаттағы жаттығуларға кейбір сипаттамалар (әртүрлі авторлардың көрсеткіштері бойынша).
Жаттығудың жиынтығындағы жүктеменің қосынды мөлшерлері.
Бір жаттығуды қайталау кезінде немесе бірнеше бір типтік жаттығуларды орындау кезінде жүктеменің көлемі және қарқыны қосындысының «сыртқы» жағынан бағалау, егер де олар әр бөлек жағдайда өлшелінген көрсеткіштері көрсетілген жағдайларда салыстырмалы түрде күрделі емес. Бұл үшін қосылатын жүктемелерді қосса жеткілікті. Бұған қарағанда бірнеше немесе әртүрлі сипаттағы жаттығулардың жүктемесін қосу күрделірек. Бұл жағдайда жүктеменің қосынды көлемі бәрінен бұрыс «сыртқы» жағынан барлық жаттығуларға жұмсалған уақыт жиынтығына байланысты. Бірақ-та жүктеменің жалпы ыкөлемдегі алынған көрсеткіші, тек қана ол туралы жуық шаманы ғана айқындайды (мысалға, бір сағат жүгіру мен бір сағат гимнастикалық жаттығуларға жұмсалғанда екеуін қосуға келмейді, сондықтан-да оларды қосқанда бұл жаттығуды жасаудағы жүктеменің жалпы көлемін бағалай алмаймыз). Сол сияқты кеңінен қолданылатын әртүрлі жаттығулардың жиынтық көрсеткіші, сабақтың моторлы тығыздығы сияқты (сабақтың жалпы уақытындағы жаттығулар мен айналысудың уақыт пайызы). Дегенмен жүктеменің қосарлы жиынтықтары өздерінің тәжрибелік маңызын жоғалтпайды. Олардың «ішкі» жағының жүктемесінің қосындысымен біршама пайдалы ақпарат беруі мүмкін. Жүктеме қарқынының қосындысы мен көлемінің мөлшері жаттығу орындау барысында бір-біріне ұқсас, сондай-ақ керісінше тепе-тең болады; жүктеменің қосынды көлемі неғұрлым кем болса, жүктеменің жалпы қарқыны соғұрлым аз болады.
1.3 Машықтану үрдісінде футболшыларды ептілікке дағдыландыру
Оқытудың және жаттығудың мақсаттары. Сабақтың негізгі мазмұны болып, отанды қорғауға және шығармашылық қызметке қажетті адамның жан-жақты дене дамуы мен санасының жетілуі болып саналады.
Бірақ футбол тәрбиесінде тәжрибесінде, жоғарғы көрсеткішті қуалып, жаттығу мен оқытудың сауықтыру бағыты шығып, тәрбиелік сипаьы жоғалады. Осындай бір жақты көзқарас ереже бойынша қайғылы әрекеттерге әкеп соқтырады.
Футбол шеберлігін меңгеру тірегі болып, футболшының денсаулығының, оның жақсы дене дайындығы, жоғарғы ерік-жігер сапалары болып саналады.
Оқыту және жаттығу процесінде төмендегі талаптар шешіледі:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапалары жетіледі
б) Спортшы ағзасының функционалдық мүмкіншіліктері кеңейеді (тыныс алу, жүрек-қан тамырларының және басқа да жүйелердің)
в) Спорттық жұмыс қабілеттігін сақтау және көтеру
г) Спорт облысындағы білімін кеңейту, өзін-өзі бақылау және гигиена дағдылары бойынша сіңіру
д) Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, тәртіпті сақтау, белсенділік және сезімталдылық.
Осы талаптарды жаттығу барысында ретімен шешу адам ағзасының өте кең мүмкіншілігін жоғары спорттық жетістікке жету үшін толығымен пайдалануға мүмкіншілік туғызады.
Қарсылас командалардың шеберлік деңгейінің үздіксіз өсуіп отыруы футболшы дайындығының барлық жақтарына күн сайын талапты күшейтіп отыруды қажет етеді.
Футболшылардың дайындығына қойылатын талаптардың іске асыру жолында, жаттығудың педагогикалық қағидаларын және бірінші кезекте ғылыми басқарудың заңдарын қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады.
Оқыту мен жаттығудың құралдары.
Футбошшылардың оқыту мен жаттығу құралдары болып дене жаттығулары, гигиеналық факторлар және табиғат күші болып саналады.
Дағдыны қалыптастыру және жетілдіру дене жаттығуларын жүйелі түрде орындау барысында іске асады. Олар көпжақы, оларды таңдау, оқыту және жаттығу процесі барысында қойылады.
Дене жаттығулары күштің көбеюіне, қозғалысты үйлестіруде, жылдамдықты, төзімділікті және ептіліктің жақсаруына септігін тигізеді. Сондай-ақ жүрек-қан тамырларының қызметі, тыныс алу және ағзаның басқа да жүйелерінің, спотттық жұмыс қабілеттің, жүктемеден кейін қайта қайта келу процесінің жылдам өтуіне де септігін тигізеді. Әрбір жаттығу көп немесе аз мөлшерде кейбір дағдылар мен сапаларға әсерін тигізеді. Сондықтан да дене жаттығулары әсер ету жағдайына қарай таңдап алынады.
Футболшылардың жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа бөлінеді: 1) жарыстыру, 2) арнайы дайндық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары – бұл біртұтас қозғалыс әрекеті болмаса олардың жиынтығы, ережені сақтай отырып футбол ойынындағы қозғалыстардын тұратын қимыл қозғалыстар.
Арнайы дайындық – жаттығуларына жарыс қимылдарының элементтері кіреді, олардың нұсқалары, сондай-ақ іс-әрекеттегі қозғалыс, формасы мен сипаты жағынан айтарлықтай ұқсас байқалатын қабілеттіліктер (ойын қозғалыс және комбинациялар).
Арнайы дайндық жаттығуынң құрамы футбол ойнының мақсаттылығына қарайды. Сондай-ақ бұл жаттығулар ойынға нақты тиісті емес. Бұл жаттығулар дағдылар мен сапалардың дамуына әсер етуіне мейлінше бағытталуын қамтамасыз етеді. Өз негізінде арнайы дайындық жаттығулары арнайы дайындық және дамыту болып бөлінеді. Дайындық жаттығулары негізінен қозғалыс техникасын меңгеруде мүмкіндік туғызады. Дамыту жаттығулары дене-күш сапаларын дамыту үшін арналған.
Жалпы дайындық жаттығулары — футболшылардың жалпы дайындығына бағытталған. Оларға әртүрлі жаттығулар өзінің әсер ету жағынан арнайы дайындық дайындық жаттығуына ұқсастай, бірақ олардан өзгеше.Жалпы дайындық жаттығуларының көмегімен дене тәрбиесінің жан-жақты мақсаттары тиімді түрде және негізгі дене сапаларын, футболшылардың қозғалыс дағдыларын шешуге болады.
Футболшылардың жаттығуында қоданылатын барлық жаттығулар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі жаттығуларға жататындар:
а) Қозғалыс сапаларының арнайы дамуына және жалпы жетілуіне арналған жаттығулар
б) Допты игеру техникасын үйрету және жетілдіру жаттығулары
в) Тактикалық әдістерді, комбинацияларды және ойын жүйелерін үйрету және жетілдіру жаттығулары.
Көмекші жаттығуларға жататынындар:
а) Шартты рефлекстің жаңа жүйелерінің құрылуына септігін тигізетін жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қозғалыс дағдысына ағзаның функционалды мүмкіншілігінің кеңеюі
б) Қозғалыс дағдысының қалыптасуына және ағзаның функционалды кеңеюіне септігін тигізетін басқа спорт түрінің жаттығулары.
Табиғаттың күші және гигиеналақ факторлар жаттығушылардың ағзасына жақсы әсерін тигізуге септігін тигізеді. Сондай-ақ жүктеме мен демалыстың кезектесіп алмасып отыруы, уақтылы тамақтану, ұйқы мөлшері, тұрмыс және еңбек гигиенасы маңызды роль атқарады.
Оқытудың және жаттығудың әдістемесі.
Оқу мен жаттығуды құру кезінде, шұғылданушылардың ерекшеліктерінен санасын меңгеретін сабақтың мүмкіншілігін ескере отырып әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Оқыту және жаттығу процесінде төмендегі әдістемелік топтар бізге белгілі:
- Көрнекілік әдісі: жаттығуларды схемада көрсету, кинограмма, жарыстар мен оқу материалдарын көрсету.
- Сөздік әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, нұсқалар, ескертулер, сендіру, лекция, баяндама.
- Тәжірбиелік әдістемесі: жаттығулар, олардың нұсқалары (әдістердің бастапқы оқытылуы, тұтас немесе бөлшектеп), көп рет қайталау әдістемесі, кезектесіп, аралық ойын және жарыстыру әдістемесі.
Оқыту процесінде жаттықтырушының көрсетіп және түсіндіруі әдістемесі үлкен орын алады.
Көрсету арқылы жаттығудың орындалуынан мағлұмат алады. Көрсетуге бірқатар талаптар қойылады. Көрсету кезінде жаттығу барлық шұғылданушыларға анық көрінуі тиіс, сондықтан да жаттықтырушы шұғылданушыларға ыңғайлы орыныд таңдайды. Жаттығуды көрсету кезінде асықпай, анық және мазмұнды, оқушылардың назарын мейлінше маңызды элементтерге аудару қажет. Допты аяқпен екпіндеп келіп соғу кезінде тірену аяғының допқа қалай қоюын анық көрсету, допты соғатын аяқтың қозғалысына сипаттама беру қажет. Нақты көрсетілсе де, әдісті бірдей меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да көрсету түсіндірумен байланысты болуы керек. Көрсету және түсіндіру бір-бірін толықтырып отырады. Допты табанның сыртқы үстірт жағымен алып жүруді үйрету кезінде тек қана көрсету ғана жеткілікті, өйткені бұның алдында табанның ішкі жағымен алып жүруді үйреткен болатын. Дайындығы жақсы футболшылармен шұғылданғанда, өздеріне таныс материалдарға негізделген жағдайда, жаңа техникалық және тактикалық іс-әрекеттерді түсіндірудің өзі жеткілікті.
Сабақ өту кезінде жіберілген қателерді түзету барысында түсіндіру әдістемесі қолданылады. Сабақтың соңында түсіндіру арқылы шұғылданушыларды сапасына маңызды сәттерді бекітеді.
Көрнекілік және сөздік әдістемесі арқылы оқытып жатқан материал туралы жалпы түсінік беріледі. Ойынның техникасын және тактикасын толық меңгеру үшін, тәжірибелік әдістемені қолдануды қажет етеді. Мысалға іс әрекетті немесе қозғалысты көп рет қайталаған жағдайда келесі әдістерді қолданады:
а) Жаттықтырушының бір немесе басқа қимылдарды көрсетуі (мысалы, допты тоқтату т.б. )
б) Жаттықтырушының берген нұсқауы бойынша көрсетілген қимылдың қатесін түзеу арқылы орындау.
в) Меңгерілген қимыл-қозғалыстың автоматтандырылған дағдыға айналғанға дейін футболшылардың қайталауы.
г) Қимылды күрделендіру, оған жаңа элементтерді енгізу (мысалы, тактикалық комбинациялар т.б.).
Ойынды меңгеру кезінде шұғылданушыларды нақты қозғалыс дағдылары қалыптасады. Сондықтан әрбір әдіс қозғалыс дағдысының қалыптасу сатыларына сәйкес оқытылады.
Әдісті үйретуде төмендегідей жүйелілік сақталады:
а) Әдіспен танысу
б) Әдісті жеңілдетілген жағдайда үйрету
в) Әдісті ойынға жақын жағдайда жетілдіру
г) Ойын барысында әдісті бекіту.
Әдіспен танысу. Оқудың бұл сатысында шұғылданушылар әдіс туралы нақты түсінік алулары керек. Назар қозғалыстың маңызды бөлігіне аударылады. Қозғалысты ұғыну үшін кинограммалар, схемалар, макеттер т.б. қолданылады. Шұғылданушылар әдісті өз бетінше орындамай тұрып, олар оны дұрыс жасалуына көңіл аударуы қажет. Үйренген әдісті қайталау кезінде оның дұрыс орындалуын жүйелі түрде бақылап отыру керек. Жаттықтырушы шұғылданушылардың әрбір бөлшекті орындауын қадағалайды. Әрбір жіберілген қатені тез арада түзетуі қажет.
Әдісті үйрену барысында біртұтас және бөлшектеп оқыту әдістемелері қолданылады. Жеңіл қимылдар әдісі негізінен біртұтас орындалады, ал күрделі қимылдар бөлшектеніп жасалынады.
Біртұтас орындау барысында әдіс элементтерге бөлінбей бірден орындалады. Егер де допты екпіндеп келіп табанның алқымымен тебуді үйрету керек болса, онда жаттықтырушы басында екпіндеп келуді, одан кейін тірек аяғын қоюды, содан кейін барып аяқты допқа тигізуді үйретпей-ақ, бірден әдісті біртұтас көрсетіп, оларды орындауға шақырады, соңынан жіберілген қателерді бөлшектеп көрсетеді.
Оқытудың біртұтас әдісі кезінде қозғалыстың құрылымы сақталады. Ойынның техникасының әдістерін оқыту кезінде осы әдіс негізгі болып саналады.
Бір немесе басқа әдістерді бөлшектеп оқыту кезінде әрбір элементті жеке одан кейін оларды бірігуі және біртұтас меңгерілуі қарастырылады. Бірақ-та элементтерді бөлек меңгере отырып, оларды біртұтас етіп қосу өте қиын, олардың орындалу сипаты өзгереді. Допты екпіндеп келіп табанның алқымымен тебуді бөлшектеп үйрету кезінде бір орында тұрып допты тебетін аяқты сермей алмайсын, ол екпіндеп келгенде ғана үйлесімін табады. Егерде әдісті бір орында жасатып, аяқты сермеуді назардан тыс қалдырса, ол дұрыс меңгерілмейді, соның салдарынан оны қайта оқыту үшін көп уақыт кетеді. Сондықтан да бөлшектеп оқыту әдісін қолдануда күрделі әдістерді үйрену кезінде абай болған жөн.
Әдісті жеңілдетілген жағдайда үйрету.
Оқытудың бұл кезеңінде шұғылданушылар қозғалыстың құрылымын дұрыс меңгеруі қажет. Сондай-ақ шұғылданушылардың алдына қойған мақсатты қатаң сақтауы қажет: алғаш бастапқы қалыпты дұрыс ұстану, қозғалыста дененің қай мүшелері жұмыс атқаратынын анықтау, олардың бағыты және үйлесімдігі, содан кейін барып қозғалыстың үйлесімді түрде орындалуы, қозғалыстың нақтылығы, олардан кейін барып әдістің басқа жақтарына талап қойлыды. Әдісті орындау кезінде оған жағдай жасалынуы керек, ешқандай кедергі болмауы керек.
Техникалық әдістерді немесе тактикалық өзара қимылдарды оқыту кезінде орындау жағдайын нұсқалау бастапқы қалыпты өзгерту, арақашықтықты, әдісіті орындаудағы бағыт, әріптестер саны өзгеруі мүмкін.
Шұғылданушылар оқу процесінде жиі қате жібереді. Жіберілген қатенің сипатына қарай жаттықтырушы оны түзетуде әртүрлі әдістерді қолданады: керекті фазаларға назарды аудару, әдісті бөлшектеп үйрену, қайталап көрсету, түсіндіру т.б. Оқытудың және жаттығудың барлық кезеңдерінде шұғылданушыларға жекелей көңіл бөлу маңыздырақ.
Ойынға жақын жағдайдайындағы әдісті жетілдіру.
Жеңілдетілген жағдайдағы технишкалық әдістерді меңгергеннен кейін, бұл әдістер күрделенген жағдайда жетілдіріледі.
Бұл жағдайда әдістерді басқа әдістермен әртүрлі байланыста болған жағдайларда, әртүрлі күш жұмсау, жылдамдықты, дәлдікті орындау, қарсыласымен әртүрлі ау райы жағдайында көп рет қайталау қолданылады. Қақпаға допты соғуды жетілдіру әртүрлі қалыпта орындалады (ұшып келе жатып, қозғалыста, қарсылық көрсету кезінде) басқа байланыста басқа әдістермен (тоқтатып соғу, алып келе жатып соғу, допты алып келе жатып — алдау қимылы — соққы) арнаулы жабдықтарды қолдану арқылы. Жағдайды біртіндеп күрделендіру керек. Бірақ та жаттығудың біржақтылығын және артық қайталаудан аулақ болу керек.
Ойындағы әдісті бекіту.
Әдістер түпкілікті ойын барысында бекітіледі. Бұл кезеңде оқу ойындары маңызды қызмет атқарады. Әрбір оқу ойыны аддында нақты мақсатты анықтау қажет. Жаттықтырушы бұл жағдайда өз назарын техникалық әдістердің дұрыс орындалуына ғана аудармай, сондай-ақ ойынды жағдайында тактикалық жағынан дұрыс орындалуын қадағалайды.
Оқу және жаттығуды ұйымдастыру формалары.
Футболшыларды оқыту және жаттығудың негізгі формасы болып есептелінеді. Бұл жерде жаттықтырушының жетекшілігімен әр алуан әдістерді қолдана отырып өткізетін топтық және жекелік сабақтар.
Футболшылармен өткізілетін сабақтарға қойылатын талаптар төмендегідей:
- Жаттықтырушының жалпы оқыту және жаттығу жоспарына сәйкес сабаққа қойылатын мақсат тиянақты болуы керек.
- Сабақ футболшыларды тәртіпке, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу керек.
- Сабақты футболшылар сапалы түрде және орнықты етіп қозғалыс дағдыларын және қозғалыс сапаларын қажетті дәрежеде дамытуды меңгере алатындай жағдайда құру қажет.
- Әрбір жеке алынған сабақ жалпы сабақ тізбегінің бір бөлшегі болуын қажет етеді.
- Сабақтың мазмұны футболшылардың ден-күшінің дамуына, олардың білім шеберлігін кеңейту және дағдыларды игеру талаптарына жауап беру керек.
Сабақ құрылымы үш бөлімнен тұрады:
Дайындық, негізгі және қорытынды. Әрбір бөлімнің өз мақсаттыр бар.
Дайындық бөлімде сабақтың мазмұны мен мақсаты түсіндіріледі. Сабақтың негізгі бөлімінің мақсаты табысты шешуге көмек беретін арнайы жаттығулар. Дайындық бөлімінің мазмұны түпкілікті түрде сабақтың негізгі бөліміне бағынышты. Егер де сабақтың негізгі бөлімі техникалық әдістерді үйренуге арналған болса, онда дайындық бөлімдегі жаттығулар аса қарқынды болмауы тиіс. Атап айтатын болсақ денені босаңсытатын, сіңірлерді созу, техникалық әдістерді орындауға мүмкіндік беретін буындарға жаттығулар жасау көп қолданылады. Осындай мақсатпен ойын жаттығуларын пайдалануға болады. Бұл бөлімдегі жаттығулар шұғылданушыларды көп шаршатпайтын, көңіл-күйге қатты әсер етпейтіндей болуы тиіс, өйтпеген жағдайда техниклақ әдістердің астарын қабылдауғы кері әсерін тигізуі мүмкін.
Негізгі бөлімде өтілетін сабақтың негізгі мақсаты: техника және тактиканы меңгеру, футболшылардың ерік-жігерінің дайындығын көтеру т.б.
Қорытынды бөлімде ұйымдасқан түрде сабақты тамамдайды. Шұғылданушылардың ағзасы бастапқы жай қалыпқакелтіріледі. Қорытынды бөлімде жай жүгіріс, жүру, босаңсу жатығуларын қолдануға болады. Осы жерде жіберілген қателерде нұсқау, қорытындысы, алдағы ойын туралы хабарлама беріледі.
Әрбір сабақ процесінде жүктеменің біртіндеп көбеюі мен төмендеуі қағидаларын, жаттығу мен демалыстың алмасуын қадағалау маңызды. Осы қағданы сақтау жаттығуларды дұрыс таңдауға, олардың орындалу тізбегін сақтайды.
Өзінің мақсаты мен оқу әдістемесі ұқсас сабақтар кешенді және тақырыптық болып екіге бөлінеді.
Кешенді сабақ.
Кешенді сабақ бүкіл оқу жылы бойы өткізіледі. Жаттығудың мақсатын шектеулі мерзімде шешу қажет болған жағдайда оның алатын орны маңызды. Бұл әсіресе жарыс аралығының жиілігіндгі негізгі жаттығу кезеңінде қолданылады.
Кешенді жаттығудың төрт түрі болады:
а) Дене-күш, техникалық және тактикалық дайындық
б) Ден-күш және техникалық дайындық
в) Ден-күш және тактикалық дайындық
г) Техникалық және тактикалық дайындық.
Тақырыптық сабақ.
Әрбір тақырыптық сабақта бір мақсат шешіледі: ден-күш, техникалық немесе тактикалық дайындық.
Дене-күш дайындығы сабағы. Ден-күш дайындығы сабағында, дене-күш сапаларын жетілдіретін жаттығулар мазмұны құрайды. Дене-күш дайындығы сабағы жыл бойы өткізіледі, бірақ олардың мазмұны, жылдық циклдің, осы болмаса басқа кезеңдерде қойылған талапқа сай жасалынады. Дене-күш дайындығына жылдық циклдің дайындық кезеңінде көп көңіл бөлінеді, әсіресе оның басында.
Дене-күш дайындығы сабағында жалпы және арнайы күш дайындығының мақсаттары шешіледі. Егер де сабақтың мақсаты – жалпы дене-*күш дайындығы болса (мысалы, күш жылдамдық дайындығы) онда оның мазмұны төмендегідей болуы мүмкін: қыздырыну, ауыр салмақтарды көтеру жаттығулары, қайталап жүгіру, жылдамдықты арттырып жүгіру, сөреден шығу, секірулер, қол добы ойыны,қорытынды жүру және жүгіру. Арнайы ден-күш дайындығы сабағында мазмұны төмендегідей болады: доппен қыздырыну, допты аяқпен ойнату, жоғарыда ілінген допты баспен секіріп жету, доппен алаңның ортасынан айып алаңына дейін жүгіріп қақпаға доп соғу, ойын жаттығуы «Допқа талас», жүгіру және жүру.
Ойын техникасы сабағы. Ойын техникасы сабағында техникалық әдістерді меңгеруге бағытталған жаттығулар және ойын әдістерін жетілдіру орындалады. Сабақ жаттығудың бір жылдық циклі бойы өткізіледі, оны ашық алаңдарды және жабық залдарда жаттықтырады.
Ойын техникасы сабағы дайындық жаттығуларынан өрбиді, стандартты жағдайларда доппен жаттығу, күрделендірілген ойын жағдайында мына схема бойынша; иілгіштікті дамытатын жаттығулар, доппен өз бетінше жаттығу, қақпаға қорғаныс тосқауылдардан өтіп доп соғу, 5 х 5 бөлініп ойын жаттығулары.
Ойын тактикасы сабағы. Сабақтың мазмұнын ойындағы тактикалық іс-әрекеттің жетілуіне бағытталған жаттығулар құрайды. Сонымен бірге ойын тактикасы сбағында жаңа және таныс комбинациялардың және ойын жүйелері жетілдіріледі. Ойын тактикасы сабағы дайындық кезеңінің аяқ шегінде және жарыстық кезеңбойы өткізіледі. Тактика сабағы көбінесе футбол алаңында өтеді.
Тактика сабағының мазмұны мынадай болуы мүмкін: доппен қыздырыну, жұптасып бір-біріне доп ұзату, үштікте тұрып, орын ауыстырып допты алып жүру, «қорғанысқа қарсы шабуыл» ойыны, екі жақты ойын, қорытынды жүру және жүгіру.
Топтық және жекеше сабақтар.
Сабақтар топтық және жекеше болуы мүмкін. Өкінішке орай әзірше сабақтар командада топпен өткізіледі. Жекеше сабақтар өте сирек өткізіледі, негізінен оны аптасына бір рет өткізілуі тиіс. Футболшының жекеше жаттығуы барысында жаттығудың құралдары мен әдістемесін мейлінше негізделген түрде таңдау, олардың шұғылданушыға әсерлеуін қадағалауға, футболшының жеке ерекшеліктеріне қарай футболшының шеберлігін дамыту және жетілдіру жағдайлары жасалынады. Бірақ та футболдағы командалық ойын сипаты ойын процесі кезінде ойыншылардың өзара әрекетіне талапты күшейтуді көздейді, топтық міндеттерді шешу, өзінің жеке қабілетін командада қлдануды мақсат етеді.
Топтық сабқтарда, әсіресе жарыстыру элементтері басым жерде тәрбие мәселесі мейлінше табысты шешіледі.
Жеке жаттығуды ұйымдастыру кезінде осыны есте сақтау керек. Бұл мәселелерді дұрыс шешу үшін топтық және жекеше сабақтардың тепе-теңдік жағдайын қатаң сақтау қажет. Бұл жерде топтық сабаққа бөлінетін уақыт жекеше сабақтан гөрі айтарлықтай көп болуы тиіс. Жылына 200 сағат бөлінетін болса соның 30 сағаты жекеше сабаққа бөлінеді. Сонымен бірге футболшы топтық сабақтан кейін (20-30 минут) уақытын өз бетінше жаттығуға арнайды. Ал топтық жаттығу процесінде жаттықтырушының нұсқауы бойынша өздерінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі жаттығуларды орындайды.
Жекеше жаттығудың мақсаты – футболшы шеберлігінің жетілдірудің қарқынын жылдамдату.
Жекеше жаттығудың мақсаттары:
а) Футболшылардың даму деңгейі және ерекшелігін және оның ойын мамандануын ескере қозғалыс сапасын және дағдысын жетілдіру
б) Дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығының кемшілігін толтыру
в) Жаттығудағы лажсыз демалыстағы жіберілген сапаларды қалпына келтіру
г) Жарыстағы арнайы міндеттерді шешу, психологиялық тұрғысын көтеру және дағды қажеттіліктерін меңгеру.
Өздерінң нақты мақсаты мен міндеттерін жаттығудың жекеше жоспарында көрсетіледі.
Жаттығуды жекешелендіру жүктеме мөлшерін берудегі қателікті болдырмауға мүмкіндік береді.
Жекеше жаттығудың негізгі формасы болып футболшының өз бетінше дайындығы болып саналады. Жекелей жаттығудың құрамы болып, дайындықтың жан-жақты жетілуіне іріктелген арнайы жаттығулар: дене-күш, техникалық, тактикалық және психологиялық түрлері болуы мүмкін.
Жекелеген сабақтың құрамын іріктеу кезде жұптсасып жасау, көбінесе арнайы сабақ өтетін орынсыз өткізетін мүмкіншілігін қарастырған жөн.
Жекелей жаттығуда ойын және жарыстыру әдістерінің үлесі аз қолданылады.
Өз бетінше дайындалу үшін арнайы жабдықтардың маңызы зор. Олардың қатарына жататындар:
а) Батут, нысана, ілінген доптар, өтетін бағаналар;
б) Гимнастикалық қондырғылар, штангалар, гантельдер, нығыздалған доптар, қарғымақтар, эспандерлер, барьерлер;
в) Футбол, теннис, волейбол, баскетбол доптары;
г) Білек динамометрі, соққыны есептейтін құралдар, полидинамометрлер,
д) Тензометриялық тұғырнамалар, электронды соғу қабырғалары, допты беру үшін автоматикалық құралдар.
Дене-күш дайындығы.
Дене дайындығы – ойын-жаттығу прцесінің маңызды бөлімі. Дене-күш дайындығы – дене қабілетін тәрбиелеу процесі, ағзаның функционалды мүмкіншілік деңгейі мен жалпы дененің байланысы. Дене-күш дайындығы арнайы және жалпы болып екіге бөлінеді.
Жалпы дене дайындығы – футболшы дене-күшінің жан-жақты ерекшелігін, жалпы жұмыс қабілетін арттыру міндеттерін шешеді. Негізгі құрамы болып жалпы жетілдіру жаттығулары және әртүрлі спорттағы адам ағзасына жалпы әсер ететін жаттығулары саналады.
Жалпы дене дайындығының жан-жақты жетілу мақсатына қолданылатын көп жаттығулардың біразы сол немесе басқа сапалардың дамуына бағытталған. Ұзақ қашықтыққа ойлы-қырлы жермен жүгіру төзімділікті дамытуға бағытталған, қысқа қашықтықтарға жылдамдықты арттырып жүгіру жылдамдықты дамытады, ал гимнастикалық жаттығулар ептілікті дамытады. Бұл жаттығулар сабаққа құрамдас бөлігі болып кіреді, ал кейбір жаттығулар таңертеңгілік жаттығуларға жатады.
Арнайы дене дайындығы мақсаты – футболшыларға тән дене сапаларының және функционалды мүмкіншіліктерінің дамуы және жетілуі.
Футболшының қызметі әрдайым іс-әрееттің орындалу қарқынының өзгеріп отыруымен сипатталады. Жоғары қарқындағы бұлшық еттердің жұмыс істеуі, кезеңдермен белсенділігі төмен жеңіл жаттығулармен алмасып отырады. Жылдамдықты үдетіп жүгіру, секіру, жұлқып жүгірулер, бір қалыпты жеңіл жүгіріспен, жүрумен, тоқтап барып және бағытын өзгертіп орындаумен, қарқыны және орындаумен алысып отырады. Бұл іс-әрекеттер вегативті процесс кезіндегі дене-күш жүктемесінің белгілі мөлшерінің функционалды көрсеткіштердің ілгерлеуімен шығарып салынып, бірінші кезекте зат алмасу, тыныс алу, қан айналуды реттеу үшін қажет.
Бірақ та футболшының ойын әрекеті тек секіру, жүгіру және жүруден ғана тұрмайтынын естен шығармау қажет. Футболшының қозғалысы өте күрделірек. Қатты теке-тірес жағдайында, шектен тыс жалдамдықта қимылдап және ұзақ уақыт бойы, футболшы мүмкіндіксіз қалыпта (жатып сырғып, секіріп, бір тірек жағдайында) доппен тиімді түрде иемдену, лезде күрделі тактикалық шешім қабылдау жағдайлары жиі кездеседі. Футболшылар допты қаншама жақсы игерсе және ойлы түрде алаң үстінде жылжыса, соншама футбол ойыны қызықты болады. Сондықтан да футболшылардың дене-күш дайындығы олардың ойындағы қозғалыс сипатына сай, сондай-ақ техникалық және тактикалық шеберлікті жетілдірудің фундаменті болып саналады.
Дене-күшінің белгілі сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулары көмегімен соған бағыттас кейбір техникалық әдістерді жетілдіруге болады.Бұл үшін сипаты жағынан және құрылымы техникалық әдістерге ұқсас немесе олардың бөлек элементтеріне жуық арнайы жаттығулар қолданылады.
Жылдық жаттығу циклінде бастапқыда жалпы дене-күш дайындығын іске асырып, одан кейін соның негізінде арнайы декне-күш дайындығын өткізу ұсынылады. ЩКөпжылдық футбол сабағы процесінде жалпы және арнайы дене дайындығының ара қатынасы өзгеріп, спорттық шеберліктің өсу мөлшеріне қарай ара салмақ арнайы дайындыққа ауа бастайды.
Футболшылардың жалпы және арнайы дене дайындығында басты рольде күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділік ойнайды. Осы дене сапалары футболшының қозғалыс мүмкіншілігінің деңгейін көрсетеді. Дене сапасын тәрбиелеу – жаттығу процесінің ажырамас бір бөлігі.
Аяқ бұлшық еттерін дамыту жаттығулары.
- Бір орыннан ұзындыққа секіру (бір дүркін, екі – үш дүркін)
- Жүгіріп келіп ұзындыққа және биіктікке секіру
- Екпіндеп келіп үш дүркін секіру
- Оң аяққа және сол аяққа ыршып секіру
- 70-100 см биіктіктен секіріп түсіп, жұлқа жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру
- 70-100 см биіктікте қойылған кедергілерден секіріп жұлқа жүгіру, ұзындыққа секіру, гимнастикалық орындыққа секіріп шығу
- 70-80 см биіктікте қойылған кедергіден екі аяқпен секіру, бір-бірінің ара-қашықтығы 10-150 см, гимнастикалық орындыққа секіріп шығу
- 70-100 см биіктікте қойылған кедергіден секіріп түсіп ұзындыққа секіру, құлап бара жатып баспен допты соғу(мата үстіндегі ілінген допты)
- Жоғары секіріп барып мата үстіндегі 200-220 см биіктікте ілінген допты баспен соғу.
- Екі аяқтап секіру, сондай-ақ тізені көкірекке тартып , оң және сол аяқпен.
- Бір аяқты гимнастикалық орындықтың үстіне қойып жүгіру. Жүгіру кезінде бір аяқ орындық үстіне түседі, екінші оның аралығында(ақсаңдап жүгіру). Келесі қайталауында аяқты ауыстыру. Барлығы 4-5 орындық.
Бір орында секіру және ыршып секіру, әсіресе бірінші күндернде 5-6 рет орындаудан аспау керек, осыны есте сақтау керек. Көп рет секіруді қайталаған кезде амортизация фазасы ұлғайып, соның салдарынан жарылғыш күші азаяды, жұмыс күш төзімділігі жағына өзгеріп кетеді.
Тереңдікке секіру жаттығуының бастапқы кезінде міндетті түрде екі аяққа қону керек, түсетін жүктеменің көптігінен, тобық және тізе буындары жарақат алып қалуы мүмкін. Бірақта, барлық жағдайларда назар амортизация фазасының азаюына салынады, сондықтанда жерге қонғаннан кейін мейлінше тезірек жүгіріп немесе секіріп кету керек. Кей кездерде күшті тәрбиелеу үшін жаттығудың бөлігін емес, барлық сабақты арнайды, 40-50 секунд жаттығулары орындалады.Бұл үшін 7-8 секіру түрлерін таңдап алынады, олардың әрқайсысы (2-3 кезектен)орындалады. Мысалға 15-12 адамнан тұратын топ жаттығуды орындайды. Топ болып жаттығуды орындау уақыты 1, 1,5 минут бірінші орындаған ойыншы екінші қайталау келгенше демалып қалады. 7-8 жаттығуда 14-12 рет секіреді, оған 10-15 минут уақыт белсенді демалысқа беріледі. Бұл сабақ 2 сағатқа созылады, көп уақыт демалысқа кетеді.
Ауыр салмақты көтеру арқылы күшті тәрбиелеу әдістері.
Ауыр салмақты көтеру футболшылар жаттығуында негізгі бұлшық ет топтарын тәрбиелеуде кеңінен қолданылады. Бірақ та дәрежелі футболшылармен жұмыс істегенде штангисттердің классикалық қимылдарын жүйелі түрде қолдануға болмайды. Салмақтық көрсеткіші бұл жерде спецификалық бұлшық етпен бұлшық ет тобының қажетті өзара байланысын бұзбау қажет және қозғалыстың спецификалық қозғалыстың құрылымын сақтайды. Осыған байланысыты өз салмағының 3-5% пайызын құрайтын белбеу мен жилеттерді қоданылған тиімді.
Зерттеу нәтижесінде динамикалық күшті дамыту кезінде максималды салмақтан 20% пайыз төмен салмақ қолданған тиімді екені дәлелденді. Мысалға футболшылар орта есеппен 100 кг. салмақты иығына салып отырып тұрады. Оларға оптималды салмақ 18-20 кг. болады. Бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы артады. Қозғалысты бар күшті жұмсап орындаған жөн.
Салмақ орнына құм толтырылған рюкзакті қолданылған жақсы. Олар біріншіден қозғалыс формасына кедергі жасамайды, екіншіден бір уақытта топтағы барлық шұғылданушылар жаттығуды бір мезетте орындайды, үшіншіден штанганы пайдаланған кезде футболшылар штанганың білек темірінің иықты ауыртатынынан көңіл-күйлері бұзылып жаттығудың тепе-теңдік құрылымын нашарлатады.
Максималды салмақтан 20% салмақпен жасалатын жаттығулар.
- 6-8 см биіктіктегі тірену жүйесінен аяқтың ұшымен көтеру және қайта түсіру.
- Секіріп жүгіріс.
- Бір орнында тұрып аяқтан аяққа секіру.
- Гимнастикалық орындықтан оң және сол аяқпен кезектесіп серпіліп жоғары секіру.
- Дене салмағын бір аяққа салған қалыптан секіріп аяқты ауыстыру.
- жылдамдықты арттырып жүгіру 10-15м.
- Секіру арқылы алға жылжу («лезгинка»).
- Екі аяқта алға секіру («кенгуру»).
- Гирді қолға ұстап жартылай отырған жағдайдан секіру.
- Гимнастикалық орындықтан секіріп түсіп екі аяқпен жерден серпіліп жоғарыда ілінген допты баспен соғу.
Футболшылар жаттығуды орындау кезінде барлық жылдамдықты қосуды қадағалау қажет. Жаттығулар арасындағы үзілісті 2-3 мин. дейін созу керек, бұл жаттығулар ауыр соғады және бір жасағанда 6-10 реттен қайталанады. Жаттығуды орындау тізбек әдісімен, болмаса айналмалы жаттығу принципі бойынша жасалынады. Ерекше назар жақындар кезіндегі үзіліске, сондай-ақ тізбек арасындағы үзіліске аудару керек.
Футболшылардың ойын әрекетіндегі тұлға бұлшық етінің қызметі.
Футболшылардың ойын әрекеті тұлғаның жақсы жетілген (арқаның және іштің) бұлшық еттері болғанын қалайды. Бірақ та иық белдеуінің бұлшық еттерін ұлғайту міндетті емес. Иық белдеуінің бұлшық еттері қимыл жасауға кедергі болады. Бұл жағдайда ойыншылар денемен алдау қимылын нашар орындайтын болады. Жақсы жетілген бұлшық еттер күрделі қозғалыстарды жасауға септігін тигізіп және бір тіректі жағдайда тепе-теңдікті сақтайды. Сондықтан да футболшылар осы топтағы бұлшық еттердің дамуына көп көңілді тек арнайы сабақта емес, сонымен бірге таңертеңгілік гимнастикада бөлулері керек.
Тұлғаның бұлшық еттерін жетілдіру жаттығулары.
- Отырған жағдайда аяқтары бекітілген денені бүгіп жазу (қол, желкеде, көкіректе).
- Гимнастикалық ағаш ат үстінде 1 жаттығуды қайталау.
- Кермеде асылып тұрып аяөты көтеріп кермыс тигізу.
- Жұптаса бір-біріне арқаларын беріп салмағы 8-10 кг нығыздалған допты сол, оң жағынан беру, бастың үстінен аяқ арасынан беру.
- Арқада жатып, аяқты көтеріп оны бастан асыра оңға және солға бұру.
- отырп немесе тұрып салмағы 18-20 кг рюкзакпен бұрылу және еңкеюді орындау.
Жаттығуды орындау барысында, қозғалыстар жылдам, ойын әрекеті сияқты орындалуына көңіл аудару қажет. Күш сапасын жетілдіру үшін арнайы сабақтар қткізілуі тиіс, ал алдағы жүктемеден кейін ауырламай тұрып, ағза «жирылыс» жұмысына дайын кезде орындау қажет.
Күшті өз деңгейінде ұстап тұру үшін жарыстың кезеңдерінде жаттығулар беріледі, 10 күнде бір рет. Бұл сабақтарды өткізбесе сапасы нашарлайды.
Сонымен, төмендегідей қорытында жасауға болады:
- Шамадан тыс өз бетінше күшті дамыту жаттығуларымен айналысу футболшылардың тепе-теңдік мүмкіндігінің нашарлауына әкеп соқтырады.
- Футболшылардың күш дайындығы белгілі бір деңгейге дейін және белгілі бір бағытта орындау нәтижесінде қозғалыстың жылдам орындалуын қамтамасыз етеді.
- Күштің көбеюі бұлшық еттің салмағына қарай емес, бұлшық ет аралығымен ішкі бұлшық еттердің тепе-теңдігі жағдайында байланысты болады.
Жылдамдықты тәрбиелеу.
Жылдамдық деп – адамның аз уақыт ішінде жасағын қозғалыс әрекетінің қабілетін айтамыз.
Жылдамдықтың байқалатын төрт формасы бар:
- Уақыт реакциясы
- жалғыз қозғалыс уақыты
- Қозғалыстың максималды жиілілігі
- Қозғалыс басындағы жылдамдық.
Футбол ойынында жылдамдық – бұл тек қана тез қимылдау емес, сонымен бірге ойлау жылдамдығы және доппен жұмыс істеу жылдамдығы. Футболдық көзқараста жылдамдық көзқарасынан уақыт пен кеңістікті ұту еркін қимылдау кеңістігінде тактикалық міндеттерді шешу.
Футболда қақпаға дейінгі қысқа жол көп жағдайларды түзу сызық бойы болып саналмайды. Мақсатқа жету үшін – қақпаны дәл көздеу үшін ойыншы алаң үстінде әріптесінің және доптың орналасуына байланысты орын ауыстырып отырады. Өз кезегінде бұл орын ауыстырулар жекпе-жек жағдайында атқарылады. Футтболшы кенеттен үлкен жылдамдықта қозғалыс бағытын өзгертуге көбінесе бір терең жағдайында әлдебір техникалық әдістерді орындауға әр уақытта дайын болуы керек. Осыған байланысты олардың дене салмағының түсетін ортасы төмен болуы тиіс.
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей футболшылардың жылдамдық сапасы төмендегілерден тұрады:
- Жай жағдайдағы жылдамдығы
- Күрделі жағдайдағы жылдамдығы
- Екпіндеп барып жылдамдықты арттыру
- Жылдамдық шыңы
- Жұлқып тоқтау жылдамдық әрекеті
- Техникалық әдісті орындаудағы жылдамдығы
- Бір әрекеттен екінші бір әрекетке ауысу жылдамдығы.
Осы әрбір жіктелген жылдамдық футболшының ойын іс-әрекетінде ерекше орын алады. Сондай-ақ жылдамдықтың барлық формасы бір-бірінен тәуелді емес. Әрбір жылдамдық түрі арнайы бағыттағы жұмысты талап етеді.
Жай жағдайдағы жылдамдық .
Бұл жағдайлар.
а). 11- метірге айып добын орындау, ойыншылар, айып алаңның сыртын да тұрып, берілуі қақпадан қайтқан допты қайта соғуға ұмтйлса, басқалары өз қақпасын қорғауға ұмтылады.
б). Шабулшының алдында тұрып қорғаушы, егерде шабуылшы допты өзінен сәл алшақтау жіберіп алса, сол допты алып қоюға ұмтылады.
Бұл жағыдайда қозғалыс бағыты алдын – ала белгілі, ал қозғалысқабелгі ретіндедопңа аяқ тиген кез.Бұл жағыдайдаорнынан жылдамдық алуға байланысты белгі берілген уақыттан, аяқ бұлшық еттерінде белсендік пайда болғанға дейін қозғалыстың басталу уақытты барынша орнынан қозғалғанға дейін есепке алынады.
2 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Инновациялық технологияларды қолдана отырып футболшылардың жұмыс қабілетін арттыру жұмыстары
Футбол — спорт ойындарына жатады, себебі бұл ойынның өзіне тән заңдары мен ойын ережесі бар және нақты ұйымдастыру жүйесі бар, Демек, ойналған ойынды талқылаған кезде, біз оның негізгі қорытындысын айта отырып, футбол ойынының жүйесін белгілейміз. Мұның бәрі футбол ойынының негізгі заңдары мен принциптеріне жатады және футбол ойынының үйренуіне талаптар қояды.
Футбол ойынының негізгі заңдары мен принциптері.
Ойында екі қарсылас команда болғаннан кейін әрқайсысы жеңу үшін жанын салып, соған жетуге тиімді жолдар іздеп,негізгі принциптерді қолдана білу керек, демек, жеңіске жету, бір жағынан допқа ке болып қарсылас қақпаға енгізу, екінші жағынан осыны қарсылас командаға орындатпау. Ойын барысында шабуыл мен қорғану екі командаға тән. Шабуыл мен қорғануды ойын фазасы деп айтады. Бұл екі фазаның екеуі де ойынның негізі.Бір ойында әр комаңда орта есеппен алғанда допқа 120-150 рет ие болады, демек, бір команда осынаша рет шабуылға немесе қорғануға мүмкіншілігі бар.
Ілімдік және тәсілдемелік зерттеу үшін өткен ойынды талқылау әр команда алдына қойылатын талап, ал ойын жүргізу әдістерін жаңарту немесе арттыру үшін керек. Сондықтан ойын фазалары /шабуыл-қорғану/ кіші бөлшекгерге бөлініп – ойын кесінділері деп аталады. Ойын барысында командаларға қысқа уақыттың ішінде бірнеше ойын жүргізу әдістерін пайдалануға талап қойылады. Оған: ұйымдастыру, жүргізу және шабуы; аяқтау, шабуылдан қорғануға өту,қақпаны қорғау жатады.
Фазалар мен ойын бөлшектері бірнеше ойын көріністерінен тұрады.
Ойын көрінісі — бірнеше нақгылы ойын қимылдарынані
тұрады. Қысқа уақыттың ішінде футболшы алдына қойылған талаптарды орындау керек.
|
|
|
|
Ойын заңы бойынша көріністер бірнеше рет қайталана береді.,
Сондықтан жаттығу жүргізген кезде осы ойын жүргізу әдістеріне
үйреткенде әр фазалар қанша бөлшектерден немесе көріністерден
тұратынын белгілеп алып, жаттығуларды сол ойын керіністеріне
жақындатқан дұрыс.
Төреші ойынды тоқтатқан кездегі тағы бір көрініс — стандар-
тты ойын қозғалысы деп аталады, /допты қойып қақпаға тебу,
лақтыру, айып добын ойынға қосу/. Бұл көрініс қимылдары ойын
тәртібінде белгіленген. Ойын фазалары, бөлшектері, көріністерінің
белгі-категориясын жасай отырып, ойынның бар зандарын
көрсетеді.
Ойын көріністерін футболшылар жекелей немесе үжыммен орындайды Ол көріністер бірнеше қимылдардан тұрады. Негізгі фазаларға сәйкес, футболшы шабуыл немесе қорғану қимылдарын орындайды.
Ойын қимылдарының физиологиялық негізі — қалыптасқан динамикадан, ал динамикалық қалыптасу әр түрлі факторлардан тұрады. Олар ойынның аландағы жағдайында және ойыншының организмінің ішкі процестерін және бар жинақталған қарым-қатынастарды көрсетеді. Әр футболшының ойын қимылдарын, ойын тәсілдерін шебер орындауы және оны дер кезінде сыртқы күштерді және отырып, ойын көріністерінде орыңдай білуі. Ойын жүргізу әдістерінің жағынан қарағанда, футболшы ойын қимылдарын, психологиялық процестері және мидың жұмысына қарай ойын көріністерінде неғұрлым дұрыс жолдарын шеше білу.
Бұл ойынның негізгі екі компоненті, әр ойыншының шеберлігін және айқындығын көрсетеді.
Фугбошының аландағы ойынының қимылдары екі бөлімнен
тұрады: алаңдағы ойыншылардың шабуыл және қорғану қимылдары .
Футболшыларды дайындау процесінде шеберлік пен дағды тәрбиеленеді. Шеберлік пен дағдының ең биік шыңына жету үшін жатығуларды бірнеше рет қайталау керек, сонда ғана тек шеберлік пен дағдыны тәрбиелеп қоймай, сонымен катар барлық
мүшелердің дамуына мүмкіндік туғызады. Спорттық дайындық дегеніміз көптеген факторларға, оның ішінде кұралдарға, әдістерге жә-не жағдайға байланысты процесс.
Демек, футболшының дайындығын дамытуды оқыту, /үйрену/ және жаттығу түрінде қарастырған жөн.
Оқыту дегеніміз көбінесе бастапқы кезеңде футболшыларға ойын тәсілдерін үйрету және шеберлік пен дағдыны, бір жүйеге келтіру процесі. Ал оқытудың негізгі мазмұны ойын тәсілдерін: қарапайым өзіндік, топтық және командалық ойын жүргізу әдістері мен қозғалыс мүмкіншіліктерін үйрету болып табылады.
Жатығу дегеніміз — дайындық процесінің жалғасы, оның не-гізгі мақсаты — үйреткен тәсілдерін, шынықгырудың түрлерін арт-тыру және оны баяңды ету. Ал спорттық жаттығу дегеніміз бір жүйемен тәсілдемелердің түрлерін басқарып, дайындық жұмысын жүргізу.
Оқыту және жаттығуды көп жылдық арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс деп білу керек. Бұл екі процестің арасында еш белінбейтін біртұтас педагогикалық негіз бар. Себебі оқыта, үйрете отырып біз бір кезеңде жаттықтырамыз, ал жаттықтыра отырып, үйретіп оқытамыз.
Оқыту және жаттықтыру процесі спортшыны тәрбиелеу не-гізінен тұрады. Себебі оқыта және жаттықтыра отырып, футбол-шылардың мінез кұлқын, психологиялық негізін, ерекшеліктерін тәрбиелейміз.
Сонымен қатар оқыту-жаттығу процесі әрине бапкерге /жаттықтырушыға да/ байланысты. Бұл педагогикалық процесте жаттықгырушы негізгі орталық фигура болып саналады. Сондықтан жагтықтырушы әр өтетін сабаққа мұқиат дайыңдалу керек және өзінің, білімін күнделікті көтере, арнайы кәсіпқойлық жаңалықтарды біле отырып, тәжірибе жүзінде пайдалана білуі тиіс.
Оқыту және жаттығу жұмысының міндеттері
Футбол жаттығу сабақтарына қойылатын міндеттер дене шынықтыру процесінің негізінен туған. Сабақтың мазмұны негізінен гармоникалық жан-жакты адамды дамыту және ішкі, сыртқы денешынықтыру мүмкіндігін арттыру, шаруашылық жұмыс. пен Отанды қорғауға жастарды дайындау болып табылады.
Кейбір жаттықгырушылар тек жоғарғы нәтижеге жетуді ғана мақсат тұтып футболшылардың денсаулығының жақсаруына және дене пішінінің дұрыс қалыптасу жағынан жеткіліксіз назар аударады. Сондықтан біржақты жаттығу жұмыстары нәтижесінде қолайсыз жағдай туғызуы әбден мумкін.
Футболшының шеберлік шыңына жетуі үшін ең алдымен денсаулығы, дене шынықтыру мүмкіншілігі, тәртібі моральдық жағынан жоғары болуы шарт.
Футболшыларды оқыту жене жаттықтыру процесінде мынандай міндеттер қойылады:
а/ Қозғалыс және дағды мүмкіншілігін арттыру жолдары;
б/ Ағзаның функдионапдык /қызметтік/ мүмкіншілігін арттыру /дем алу, жүрек, ішкі құрылыс жүйелері/;
в/ Спортшының жұмыскерлік қабілетін сақтау жөне арттыру;
г/ Спорттағы арнайы білімін арттыру. гигиеналық және өзіндік бакылау тәсілдемелерін үйрету;
д/ Футболшыны жұмыс қабілетіне, сана сезімге, белсенділікке және тәртіптілікке тәрбиелеу.
Осы айтылған міндеттерді жаттығу процесінде біртіндеп шешсе, адам ағзасында үлкен мумкіндіктің ашылуына ықпал етеді. Футболшылардың шеберлігін жылдан-жылға арттыру үшін ең: аддымен ғылыми-педагогикалык принциптерді сақтау керек, оның негізгі заңдарын және осы принциптерді іс жүзінде қалай пайдаланудың жолдарын білген дұрыс.
Жалпы жаттығулардың көлемін көбейтіп орындағанда көптеген мақсаттарды шешуге болады.
Сонымен қатар табиғаттың сыртқы күштері мен гигиеналық факторлар футболшылар ағзасының функцияларын жақсартуға мүмкіндік туғызады және дене шынықтыру ауыртпашылығы мен демалыс, тамақтану, ұйқы, жұмыс және тұрмые гигиеналық талап-тарды пайдалану, ұйқы режимін дұрыс сақтауға көмектеседі.
Оқыту және жаттықтыру арнайы ұйымдастырылған процесс болғаннан кейін ол негізгі дидактикалық принциптерге сәйкес бо-луы және негізгі оқыту процестің заңцарына бағалануы керек.
Оқыту және жаттығу процестеріне негізінен тәрбиелеу, сапа-лық, белсенділік, көрнектілік жүйелік қолайлы принциптерден тұрады. Бұл принциптер бір-біріне тығыз байланысты.
Жоғарыда айтылған принциптердің ішіндегі оқыту мен жат-тығу процесінде басты принциптердің бірі — тәрбиелеу принциптері екені мәлім. Себебі футболшыларды ойын тәсілдеріне, ойын жүргізу әдістеріне денесін шынықтыру арқылы дайындау, ең ал-дымен жастардың мінез-кұлқын, сана-сезімдерін тәрбиелеуіміз қажет. Демек, жаттықтырушы адам арнайы оқыту және жат-тықтыру процесінде тек үйретіп, ойыншылардың шеберлігін арт-тырып қана қоймай, сонымен қатар нақтылы қойылған тәрбиелеу жұмысының мақсаттарында орындауға тиіс.Бұл арада жаттықтырушының өз жұмысына қалайша көңіл аударып, жаттығу сабақтарын нақтылы белгіленген уақыттан кешікпей уақытында өткізуіне, өз ісін сүюіне, жоғарғы мәдениеттілікпен өзіне қатаң талап қоюына педагогикалық әдептілікті сақтауы ерекше көңіл бөлінуі аса қажет.
Оқыту және жаттығу процесінде жаттықтырушы дұрыс тәрбиелік принциптерді сақтап, сабақ жүргізген бетте ғана оқшылардың өз күштеріне сенімділігі артып, спорттық шеберлігі әрі қарай арттыруына жағдай туғызады.
Дене шынықтыру асықпай, біртіндел, жақсы педагогикалық және дәрігерлік бақылауды ұйымдастыратын болса, сонда ғана футболшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туады.
Ойын тәсілдері дегеніміз нақты мақсаттарды табысты орындауға мүмкіншілік жасайтын ойын тәсілдері түрлерінің жиынтығы.
Тәсілдердің түрлерін ойын жүргізу құралы деп білу керек, себебі футболшы ойын тәсілдерінің түрлерін неғұрлым көп біліп, оны әртүрлі жағдайда қолдана білсе, қарсылас команданы жеңуге көп үлес қоса алады және ойын тәсілдерін шебер қолдана білген ойыншылар футболшының жан-жақгы дайындығын арттыруға көмектеседі.
Ойын тәсілдері футболдың жүз жылдан астам уақыт ішінде дамуына байланысты көптеген езгерістерден өтті. Оның эвалюциялық дамуының, негізінен, алғанда мынандай ерекшіліктері бар: ойында аз пайдаланатын тәсілдердің түрлері. мүлдем азайтылды, оның ішінде допты табанымен тоқтату, желкемен ұру орнына шебер ойыншылар, көбінесе допты аяқтың сыртқы жағымен тебу, кеудемен және санмен тоқтату, допты қолмен лақтыру /қақпашының ойын тәсілдері/, қарсылас ойыншыны алдап өту секілді қимылдарды көбейтті.
Бүгінгі заманда футбол ойынының тәсілдері көптеген қозғалыстардың биомеханикалық жүйелерінен тұрады және ойын үстінде жұмыс істеп шығарған қуатты тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Жылдамдық пен сенімділік, қарапайым және пайдалы ойын тәсілдері — бүгінгі футболға қойылатын талап-тардың негізі.
Ойын тәсілдерін топтастыру
Ойын тәсілдерін топтастыру дегеніміз — тәсіл түрлері мен топ-тарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.
Ойынның маңызына байланысты, тәсілдер екі үлкен бөлімнен тұрады: аландағы ойыншының және қақпашының ойын тәсілдерді. Әр бөлім екі бөлімшеден тұрады, олар: жылжу, /алаңда жүгіру, жүгіру және секіру, тоқтату, бұрылу/, доппен ойнау тәсілдері. Бөлімшелер нақты ойын тәсілдерінің түрлерінен және әдістерінен тұрады. Жылжу тәсілдерінің түрлерін аландағы ойыншылар да, қақпашы да пайданалады. Жеке тәсілде әдістер өзіндік ерекше-ліктерден тұрады. Жалпы қозғалу тетіктерін сақтай отырып, тәсіл түрлерімен олардың ерекшеліктерінің бір-бірінен аз болсада айырмашылықтар бар екенін ескерген жөн. Тәсіл түрлерін әртүрлі жағдайда орындау футбол ойынының оданда әрі қарай үлкен негізі бар екенін көрсетеді. Футбол ойынының тәсілдерін бір қалыпқа бір жөнге келтіріп топтастыратын материалды тез еске сақтап, олардың түрлерін оқыту және дамыту барысына көмектеседі.
Бөлімдер
Бөлімшелер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Футболшыларды дайындағаңда оқыту және жаттығу принциптерін жүзеге асыру. Ойын жүргізу кезінде қозғалу тәсілдері әртүрлі жағдайда, түрлерде қолданылады.Мысалы, ойын үстінде футболшы қозғалу жылдамдығын ауыстырып отырады, ол жәй жүрістен бастап, ең үлкен жылдамдыққа дейінгі аралықты қамтуы тиіс. Сонымен қатар футболшының қозғалу тәсілдері секірудең, аялдамадан және айна-лудан ауысып келіп отырады. Қозғалу тәсілдерінің түрлері доппен шебер ойнауға да байланысты. Қозғалу тәсілдерінің жинағын дұрыс пайдалана білсе, футболшы ойын жүргізу әдістерін де онын ішіңде допқа ие болу үшін дұрыс орын таңдап алу және қарсылас команданың ойыншысын дер кезінде табуды шебер түрде орындай алады.
Жүгіру — қозғалу тәсілінің негізгі әдісі. Жүгіру арқылы ойыншы алаң үстінде әртүрлі қимылдар жасайды. Бұған допсыз және допты алып жүріп жүгіру де жатады.
Футбол ойынында жүгірудің мынадай тәсілдері қолданылады: жәй жүгіру, артымен, алға қарай жүгіру, аяқты қиыстырып және бір-біріне қосып жүгіру.
Жәй жүгіруді — ойыншылар тік бағытпен қозғалған кезінде және қарсылас ойыншыдан босанып ойынды әрі қарай жүргізу
пайдаланады. Жәй жүгіріс деп аталған себебі қозғалу жүйесі- фазасы ұшу және тірелуден тұрады, демек оның негізгі түрі жеңіл атлетиканың жүтіру түрінен өзгеше.
Егер жақын қашықтыққа /спринт/ жүгіретін спортшы ады-мының ұзындығы 2-2,5 м болса, ересек футболшылардың орта есеппен алғандағы адым ұзындығы 1,3-1,5 м дейін жақын қашықтыққа жүгіретін спортшы адымының қайталау тездігі секун-дына 4-4,5 болса, футболшылардың қайталау тездігі секундына 5,1-5,5 адым мөлшерінде.
Артқа қарай жүгіру. Бұл тәсілді, көбінесе қорғаныс шебіндегі ойыншылар қолданады, олар допты тартып алу және қарсылас ойыншыларға ойнатпай дер кезінде иемдену үшін пайдаланады. Бұл жүгіру түрінің негізгі қимылдары екі аяққа түседі. Артқа қарай жүгірудің негізгі ерекшеліктері аяқ адымының ұзындығы қысқа, көп адымнан тұрады және ұшу мерзімі онша көп емес. Себебі, аяқты артқа қарай аударған кезде санның иілуі кедергі келтіреді.
Ойын шарты бойынша кейбір кезде артқа қарай жүгіру жыл-дамдығы үдеуі керек. Ескеретін бір жағдай жылдамдықты артты-рып, артқа қарай жүгірген кезде ойыншы құлап қалуы мүмкін, се-бебі дене ауырлығы орталығының салмақталмағаны.
Аяқты қайшылап жүгіру- жүгіру бағытын өзгерту кезінде не-месе оңға, солға қарай жұлқынып және айналып жүгірген кезде қолданылады. Бүл жүгірістің түрі өзіне арнайы тән қимылдардың бірі, сонымен қатар ойыншы жүгірістің басқа түрлерін қосымша пайдалануына болады.
Ұшу мерзімі-бұл жүгірудің түрінде өте қысқа.
Бір жақ бүйірмен аяқты бір-біріне тигізіп жүгіру. Ойын жүргізу әдістерін дұрыс ұйымдастыру /мысалы, ойыншы қарсыласын ойнатпау үшін/ бұл жүгіру тәсілі көбінесе бастапқы қимылдың бір бөлімі /фаза/ ретінде қолданылады. Ойынның ба-рысына және әртүрлі қозғалу тәсілдеріне байланысты.
Бір жақ бүйірмен аяқты бір-біріне тигізіп жүгіру кезінде тізе аздап бүгілу керек. Бірініші адым аяқпен қозғалыс жаққа қозғалады. Күш негізінен қозғалыс жағына көбірек салынуы керек.
Секіру- ойыншылар пайдаланатын қозғалыс тәсілдерінің бірі, бұл тәсілді, көбінесе ойыншыны тоқтату және айналу үшін пайда-ланады. Секіру, сонымен қатар доп тебудің, допты тоқтатудың түрлері аяқпен, кеудемен, баспен және алдап өту тәсілдерін орын-даған кезде қолданылады. Ойын барысыңда секіру алға, біржаққа, жоғары және бірнеше қосымша бағыттағы қозғалыста қолданылады. Бірақ ойынның өзі, көбінесе алға немесе жоғары се-кірудің ең жоғары көрсеткіштерін талап етпейді. Оның жоғарғы көрсеткіштері: футболшының; өзіңдік ерекшелігіне және икем-ділігіне байланысты. Секірудің түрлері итеру, ұшу және жерге түсу мерзімдерінен /фаза/ тұрады.
Секірудің екі түрлі әдісі бар: бір аяқпен және екі аяқпен итерілу.Екі аяқпен итерілу.Секіру алға, жоғары, бір жаққа қарай қозғалыстардан тұрады. Оның негізгі ерекшелігі ойыншы бір аяқпен белсенді түрде аяқтың алға серпіліс жасап, денесінің ауыр-лық түсетін орталығын секірген жаққа аударуы керек. Секірудің биіктігі және бағыты ойынның жағдайына байланысты. Секіріп болғаннан кейін бір немесе екі аяқпен түседі. Жерге аяқтың та-баны немесе ұшы тиген кезде қысқа серпіліс келесі орындалатын қимылдарды тез және жақсы орындауға көмектесді . Одан басқа дененің ауырлығы түсетін орталығында да байланысты.
Допты жоғары секіріп баспен ұрған кезде әрине секіру биіктігі неғұрлым еңселі болу керек.
Екі аяқты біріктіріп жоғары секіру және біржаққа, немесе аралас бағытта орындауға болады. Екі аяқпен итеріліп секірудің алдында ойыншы алдымен тізесін төмен қарай бүгіп, жоғары се-кірердің алдында қолдың және дененің көлемі мен жоғары қарай ұмтылып секіреді. Итеру, ұшу және жерге түсу кезеңдері бір орын-нан секіргенге ұқсас.
Аялдау тәсілі ойын барысында өте көп қолданылады. Себебі, қозғалу бағытын өзгерту үшін және бір қимылдан басқа қимылға тез ауысу үшін алдымен аялдау, немесе тоқтату тәсілін пайдалану керек.
Аялдаманың екі түрлі әдісі бар: секіріп және алға ұмтылып тоқтау.
Секіріп тоқтатудың негізгі әдісі-көп биіктемей секіріп, алға қарай ілгері аяққа күш түсіру, көбінесе екі аяқтап тоқтауды, се-кіруді пайданалуға болады.
Алға қарай ұмтылып аялдаудың /тоқтау/ алдында кейінгі аяқты алға шығарып,өкшемен жерге түсіп, аяқтың ұшына қарай салмақты ауыстырып барып тоқтау. Тоқтағаннан кейін әр түрлі бағытпен қозғалуды жалғастыра беру керек. Сондықтан аялдаудың біткен қимылы келесі қозғалысты бастауға дайын болу.
Бұрылу арқылы футболшылар жылдамдықгы жоғалтпай жүгіру бағытын өзгертіп отырады. Бір орында бұрылғаннан кейін не-гізінен келесі қимылда бастауға дайын болуы керек. Сонымен қатар, бұрылу арқылы көптеген ойын тәсілдері, оның ішінде допты тебу, тоқтату, алып жұру және алдап өту тәсілдері орындалады.
Бұрылудың бірнеше түрлері бар: аяқты жылжытып бұрылу, секіріп және дене салмағы түскен аяқ арқылы бұрылу.
Алаңдағы ойыншының тәсілдері екі түрден тұрады: қозғалу және допқа ие болу.
Алаңдағы ойыншылар көптеген ойын әдістерін, олардың түрлерін және әртүрлі қозғалыс тәсілдерін пайдаланады. Оның ішінде допты тебу, тоқтату, алып жүру, алдап өту, допты тартып алу елеулі мәнге ие. Сонымен қатар, допқа ие болу тәсілдерінің бір түрі — допты қолмен ойынға қосу /ойын тәртібі бойынша доп бір буйірінен аланның сыртына шықса/. Футболшы алаңда орын-дайтын міндетіне байланысты ойын тәсілдерін әртүрлі көлемде орындайды.
Допты тебу футбол ойынының негізгі тәсілі. Бұл тәсілдер ойын барысында аяқпен және баспен әртүрлі жағдайда орындалады. Ұру және тебу тәсілдерінің арнайы бағыты, онын негзгі міндеті доп ұшқан кезде ұшу бағыты және ұшу жылдамдығы /ең жоғары жылдамдық/ сақталуға тиіс. Ұшу жылдамдығы тебулін бастапқы доппен тиістіру /аяқ немесе бас/ жылдамаығына және екі қоспаның қатынасына. сәйкестігіне де байланысты. Екі қоспанының бір-біріне байланыстылығы өзгермейді де, доптың ұшу жылдамдығын арттыру үшін тебу немесе ұру жылдамдығының түйінін көбейту керек.
Допты аяқпен тебу — табанның ішкі жағымен, сыртқы жағымен ортасымен және табанның сыртқы көтерідген жағымен тебу, табанның ұшымен ұшымен, өкшемен тебу. Қозғалыссыз жатқан допты, домалап келе жатқан немесе ұшып келе жатқан допты әртүрлі бағытта, бір орында қозғалыста секіріп, айналып және құлап тебуге болады.
Ұру және тебу тәсілдері көп болғанымен, оларды іріктеп жанжақты қорытынды жасағанда, негізгі бірнеше қозғалу кезендерден тұрғанын көресіз.
Бірініш кезең — дайындық кезеңі допқа ұмтылып жүгіру. Ұмтылып жүгіру үлкендігі, оның жылдамдығы футболшылардың дербес өзгешеліктеріне және ойын жүргізу мақсатына байланысты. Бірақ қай жағдай болса да допты тебу тәсілі алдын-ала белгілеген аяқпен орындалуы керек. Оны іс жүзінде орындау үшін ақырғы тірелетін аяқтың адым ұзындығын үлкейтіп немесе кішірейтіп барып орындайды. Ересек футболшылардың адымы орта есеппен алғанда 130-150 см.
Допқа ұмтылып жүгіру бастапқы тебу жылдамдығын ұлғайтута әсер етеді.
Дайындалу кезеңі- тебетін аяқты сермеу және тіреу аяққа салмақ аудару. Жүгірудің ақырқы адымында кейінгі аяқпен итерілген кезде ең маңызды кіші кезең- тебетін аяқты сермеу орындалады.
Тебетін аяқты дұрыс сермеу үшін акырғы адымдык, ұзынырақ болуы тиіс. Қалған адымдарға қарғанда 35-45-ке дейін орта есеппен 200—250 см. болады. Тіреу аяқ доптың он жағына, немесе сол жағына қарай қойылады.
Жұмыс кезеңі — допты тебу, ұру және аяқты ары қарай сермеп тоқтату. Тебу қимылы тіреу аяқты қойған уақыттан басталып, санның алға қарай бүглуі. Санмен балтырдың арасындағы үш бұрыш сақталады. Аяқтың табан .мен сан қозғалысынан артта қалуынан аяқтың барлық ауыр орталығы жамбасқа түседі. Тебудің алдында сан тоқтауы байқалады /Чхандзе бойынша/. Қимыл сандарының біртінден ауысуы /үлкен массаға қарай/ сан кіші массалар /табан мен жіліншілік / жылдамдықты арттырады және допты тепкен кезде сан мен сирақтың алға тез арада жылжу допты тебуге әсер етеді.
Допты тебудің алдындаы табанды және тізені қатайту керек. Тебетін аяқтың қатты тетікке айнатуы, ұратын мүшелерді массаға айналдырады.
Допты тебудің алдында ұратын аяқтың табаны доптың деңгейін өзгертеді. Доп қысымы ұлғайуы жылдамдығы аяқпен доптың бір-біріне қарым-қатынасы нөлге теңелген кезде болады. Содан соң доптың ішкі күштері қысымдыққа қарсыласып, бұрынғы алғашқы қалпына /деңгейіне/ қайта оралады және жылдамдығы одан сайын үдейді,бірақ тебетін аяқтың алғашқы жылдамдығынан әлдеқайда аз болады. Қалған қуат деформация мен жылуға беріледі.
Футбол добы белгілі тығыздык, деформациядан тұрады. Деформация кезеңі және қалпына келу уақыты 0,008 және 0,013 сек. аралығында болады. Табан мен доптың бір-біріне тиісу мезгілін неғұрлым көп уақыт арасында сақтаса, сонда доптың ұшу жылдамдығы тебу күшіне байланысты /Ғ/ және оның жұмыс уақыты /Т/ сөйтіп, жүмыс кезеңі аяқты ілгері доптың ұшу бағытына қарай сермеумен аяқталады. Тебетін аяқтың қозғалысы доппен бірге болады. Аяқты сермеу үлкен серпіліс кұшпен /ҒТ/ доптың ұшу жылдамдығын арттырады. Сонымен доптың ұшу бағытын көрсетеді.
Аяқталу кезеңі— бұрынғы алғашқы қалыпқа келу және келесі қимылға дайындық. Мүндай жүйелі қимылдау әр түрлі допты тебу және ұру тәсілдеріне байланысты. Жоғарыда айтылған тәсілдемелік нұсқауларды дұрыс пайдалана біліп, оны орындаса, сонда допты әр түрлі тәслімен қатты күшпен орындауға көмектеседі. Бірақ ойын жүргізу әдістеріне байланысты ойын үстінде допты тебу кезеңдері аз уақыттың аралығаңда тербелмелілігін және бұлшық еттің жиырылуын талап етеді. Сонымен қатар допты тебу түрлері арнайы өзіндік ерекшеліктерден тұрады.
Доптың ұшу жолының ерекшеліктері
Допты тебу негізінде екі түрде орындалады: тік және айналдыра ұру /кесіп ұру/,
Допты тік тепкен кезде оның ұру тербелісі доптың ортасынан өтеді, немесе соның жанынан.
Ал айналдыра немесе кесіп тепкен кезде допқа оң, немесе сол жағына қарай табаны тию керек.
Тік ұруды тәжірибе жүзінде барлық түрде жүргізуге болады. Бірақ табанның сыртқы жағымен ұрған кезде бірталай қиындық тудырады. Кесіп ұрған кезде, көбінесе табанның ішкі жағымен, әсіресе табанның ішкі жоғары жағымен тепкен кезде өте ықтималды.
Доптың ұшу жолы тепкен кезде аяктың допқа тиген күшіне байланысты. Доп төмендеп, немесе тік ұшу үшін доптың орта шебінен тебу керек, демек көлденең жалпақтыкқа байланысты. Егер допты тепкен кезде ұратын күш тіке өсті ауыстырса, онда ұшу бағыты да өзгереді. Демек, доп оң, немесе сол жақ көлденең жалпақтықпен ұшады.
Ал егер тебу күші көлденең өстің төменгі жағына түссе, онда ұшу бұрышы өзгереді. Тіке немесе көлденең өсті айналдыра тебу күші түссе, онда доптың ұшу бағыты мен бірге ұшу бұрышы оңға жоғары немесе солға жоғары болады. Доптың ұшу жолы әлдеқайда кесіп тұрған кезде езгереді. Бұл кезде тебу бағыты доптың ортасынан емес, сыртынан өтіп, доп айналымын көбейтеді. Ол -көлденең өспен /допты қатты айналдырып/, тіке өспен /төмендетіп кесіп тепкен кезде/ және өсті төмендетіп /жоғары қарай тебу/.
Ұшу бағытында доп айналып, әуе кедергісіне ұшыраған кезде, оның алдындағы жолын біршама өзгертеді /магнуса эффектісі/.
Егер доп айналымы тіке өспен ұшса, онда доп айналдыратын жаққа бет бұрады. Ал, доп жерге тиіп қатты айналымға ұшыраса, ұшу бағыты өзгереді. Доптың ұшу бағытын, ерекшелігін білген футболшының ойын жүргізудегі шеберлігін арттырады.
Допты табанның ішкі жағымен тебу. Бұл ойын тәсілі, көбінесе допты команда әріптесіне қысқа және орта қашықтыққа бағыталғанда және жақын қашықтықтан көздеген жерге тепкенде пайдаланылады. Осы ойын тәсілінің негізгі ерекшеліктерін қарастырайық /1 суретте берілген/. Допқа ұмтылып жүгіру, допты
І-сурет. Табанның — ішкі жағымен тебу.
көздеп тебетін бағыт бір сызықка орналасқан. Ұратын аяқтың сер-пілуі ең ақырғы жүгіру адымына байланысты. Тебу қозғалысы бір уақытта балтырдың сыртқа қарай бұрылысынан сыртқа және жоғары қарай бағытталып, тік бұрыш жасап, доптың ұшу бағытына қарай қозғалады. Доп табанның ортасымен және ішкі жағымен тебіледі.
Допты табанның ішкі жағымен тебудің ең бір ерекшелігі — доп түзу ұшады, себебі табан мен доптың тию көлемі үлкен, бірақ ұру күші басқа тебу тұрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
Табанның ішкі жоғары жағымен тебу.Көбінесе, «орта» және алыс бағытқа, алаңның әр жерінен көздеп тепкен кезде қолданылады. Допқа ұмтылып жугіру 45° аралығында өтеді /допқа қатысы бойынша/. Кейбір футболшылардың ерекшелігіне байланысты 30° — 60° аралығыңда болуы ықтимал. Тебетін яқтың серпілуі жоғары қарқынды мөлшерге жақын. Тіреу аяқтың тізесі аздап бүгіліп, доптың сыртқы жағына қойылады. Дене салмағын аздап тіреу аяққа қарай түсіру керек. Тебу қозғалысы сан алға қарай қозғалып балтырдың тез қимылымен аяқталады. Тебер кезде аяқты дайындау керек. Табанның жоғары ортасымен тепкен кезде де осындай талаптар қойылады /2-3-4 сурет/. \
2-сурет. Табанның ішкі жоғары жағымен тебу
3-сурет. Табанның жоғары ортасымен тебу
4-сурет, Табанның сыртқы жоғары ортасымен тебу
Допқа ұмтылып жүгіру бағыты, көздеген жер және доп бір сызық аралығында орналасу керек. Тіреу аяқ, өкше мен доп бір сызыққа қойылады. Тепкен кезде тіреу аяғы мен аяқтың ұшына қарай қозғалту керек. Белгіленген өс доп пен тізенің аралығын біріктіріп, допты тепкен кезде тіке бағытын жоғалтпау керек. Мұндай талап допты теуіп ары қарай шығарып салу қимылында да сақталады. Доп пен табанның бір-біріне біраз орын алып жалғасуы допты тура ұруға көмек етеді. Бірақ бір жағдайды ұмытпау керек, тепкен кезде аяқтың ұшын төмен қарай созу керек. Мұндай жағдайда кейбір уақытга аяқтың ұшы жерге тиіп жарақаттануы ықтимал. Соған байланысты тебу күші және оның өсері төмендейді.
Допты табанның сыртқы жағымен тебу. Бұл тәсіл, көбінесе, допты кесіп тепкен кезде қолданылады.
Қимыл жүйесі допты табанның ішкі және сыртқы жағымен тепкенге ұқсастығы бар. Бұл тәсілдің ерекшелігі — балтыр мен табанды ішкі жаққа бұру керек.
Допты аяқтың ұшымен /бармақпен/ тебу, көбінесе дайындықсыз, ойламаған жерден көздеген жерге допты бағыттап ұрғанда қолданылады /5 сурет/.
5-сурет. Табанның ұшымен тебу
Тебу қозғалысына қойылатын негізгі шарт — аяқтың ұшын жоғары қарай тарту керек.
Қозғалыссыз жатқан допты тебу, көбінесе айып допты ойынға қосқанда, ойын басталарда және қақпашының алаңынан допты ойынға қосқанда қолданылады. Жоғарыда айтылған доп — тебу тәсілдеріне сәйкес және бір-біріне қатысы бар. Бар өзгешілігі -допқа ұмтылып жүгіру кезінде жылдамдықты ауыспалы әдістермен орындау.
Домалап келе жатқан допты тебу тәсілі қозғалыссыз жатқан допты тебуге ұқсас. Тәсілдің негізгі ерекшелігі сол доптың қозғалыс жылдамдығы мен тебетін адамның жылдамдығына біртұтас болу керек. Допқа ұмттылып бағытталу қозғалыстары келесі тәсілдерден: допқа қарсы, ойыншыдан қашып, оң жақпен, сол жақпен және басқадай түрлеріннен тұрады. Айтылған бағыттамалар тіреу аяқтың қай жағынан қайталанып көрсетіледі. Егер доп ойыншының алдына қарай домалап бара жатса, онда тіреу аяғы бір жаққа қарай қойылады,
Ойыншыға қарай домалаған допты тебердің алдында тіреу аяғы допқа жетпей койылады. Доп оң жақтан немесе сол жақтан келетін болса, онда допты жақын аякпен тепкен дұрыс,
Домалап келе жатқан допты тебудің қай түрі болса да доптың қозғалу жылдамдығына қарай тіреу аяғы қойылады /6-7 сурет/.
6-сурет, Өкшемен тебу
Төмендеп ұшқан допты тебу тәсілдері домалап келе жатқан
допты тебу тәсіліне ұқсас. Доптың ұшу бағыты тіреу аяқтың
қойылуына байланысты. Одан басқа ұшып келе жатқан допты
бұрылып, өзінен асырып және жерге тигізбей тебу тәсілдері бар.
Олардың барлығы жоғарыда айтылып кеткен тәсілдердің негізіне
ұқсас.
Допты баспен ұру — ойын жүргізу барысында ең бір керекті тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл ойында бір мақсатқа жету үшін, допты қақпаға енгізу үшін және әріптес футболшыға допты беру үшін қолданылады.
Көбінесе, ойында допты маңдайдың ортасымен ұрады. Бірақ ойынның әртурлі өзгерістеріне қарай әр түрлі ерекшеліктері болуы мүмкін. Оның ішінде маңдайдың оң жақ, немесе сол жағымен ұруына болады.
Допты аяқпен тепкендей, допты баспен ұрудың өзі де үш кезеңнен тұрады. Ол дайындық кезеңі — серпілу. Бұл үшін дене мен басты артқа қарай шалқайту керек. Доп ұратын адамның алдына
қойылатын талаптар, ең алдымен допқа ұмтыла жүгіру, содан соң бір немесе екі аяқпен итеріліп секіру болып табылады.
Жұмыс кезеңі — допты ұру және қозғалыспен шығарып салу.Ұру қимылы денені тез арада қайта жөнге келтіруден тұрады.Допты ұру уакыты дене және бас фронтальды жазықта болады да, бұл жағдайда бастың ең үлкен жылдамдығымен өтеді,сондықтан допты ең үлкен күшпен ұруға көмектеседі.
Аяқталу кезеңі — бастапқы қалпына қайта оралып, келесі қимылға /қозғалысқа/ дайындалу. Қозғалыс аяқталғаннан кейін дене қимылы аялдап тоқтайды. Бұл кезде алға қарай денені қатты имеу керек, себебі келесі орындалатын қимыл мен қозғалысқа дайын болуы керек.
Маңдайдың ортасымен ұру, оның ішінде секірмей, бір орында тұрып, аяқтың арасы 50-70 см адымнан тұру керек. Серпілу қозғалысын орындағанда ойыншы денесін артқа қарай шалқайтып, артқы аяғын иіп, дене салмағын сол аяққа түсіреді. Адамның қолы, шынтағы аздап иілуте тиіс /11 сурет/.
11-сурет. Маңдайдың ортасымен ұру
Ұру қимылы кейінгі аяқтың қайта иіліп, дененің тік жағдайға келіп, баспен допты алға қарай ұруымен аяқталады.
Маңдайдың ортасымен секіріп ұру алдында алдымен бір
12 сурет . Маңдайдың ортасымен секіріп ұру немесе екі аяқпен жоғары итеріліп секіруден, содан соң денені, басты артқа шалқайтып, тез арада допқа ұмтылып ұрудан тұрады. Секіру- дайындық кезеңге жатады. Ұру қимылы ең жоғары секірген жерден басталады. Бұл кезде ойыншы өзінің секіру күші мен доптың ұщу бағытын есепке алу керек. Допты ұру ең жоғары секіру жерден орындалады /12 сурет/.
Допты тоқтату тәсілдері
Допты тоқтату тәсілдеріне қойылатын негізгі талаптар — допты тоқтатып, оған ие болу. Негізгі шарт — доптың домалап келе жатқан жылдамдығын азайтып немесе ұшып келе жатқан допты ұру үшін келесі қимылға дайындалу. Допты тоқтату ұғымын, негізінде допты қабылдау немесе допқа ие болу деп түсіну керек. Демек, допты тоқтату тәсілдерін футболшы орындаған кезде, мұнда түгел тоқтату емес, ойын қимылына дайыңдық жасау, өзіне керек жағдай туғызу деп білу керек.
Допты аяқпен, денемен және баспен тоқтатуға болады. Оның топтастыруы 4 кестеде берілген.
Допты аяқпен тоқтату көбінесе ойын барысында қолданылатын негізгі тәсіл. Бұл тәсілде әр түрлі әдістеріді қолданып істейді.
Дайындық кезеңі — бастапқы қимылды бастау үшін дене салмағы тіреу аяққа түседі. Аяқтың тізесі аздап иілулі болуы керек. Допты тоқтатып, аяқты алға қарай немесе ұшып келе жатқан доптың алдына қарай бағыттау керек.
Жұмыс кезеңі /негізгі/ — допты тоқтатып, аяқтың бұлшық еттері, буындары доптың қозғалысын тоқтату үшін бос ұстау керек. Соңда доп қозғалысы аялдап келіп тоқтайды. Тербеліс жолы доптың ұшу жылдамдығына байланысты. Егер доптың ұшу жылдамдығы аз болса, онда допты тоқтату аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлері бос күйінде болуға тиіс, артқа қарай иілу қозғалысын орыңдамаса да болады.
Тоқтату және допқа аякты тигізіп, аяқты артқа қарай тарту-доптың жылдамдығын азайтып, біржолата тоқтатуға жағдай туғызады.
Аяқтау кезеңі — бастапқы қалыпқа келіп, келесі қимылға дайын болу.
Дене салмағының ортасы токтайтын аяққа қарай көшеді де, келесі қимыл допрты тебуден немесе әріптес ойыншыға допты бағыттау сияқты орындалатын ойын тәсілдерінен тұрады.
2.2 Оқу-жаттығу сабақтарында футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері
Ойын жүргізу әдісі деп өзімділік, коллективтік ойынды ұйымдастыруды, ойыншылардың бір-бірімен қарым-қатынастарын, алдын ала жоспар бойынша белгіленген әдістерді қолданып, жеңіске жетуді айтады.
Ойын жүргізу әдістерінің негізгі мақсаты оптималды құралдарды пайдалана отырып, шабуыл және қорғаныс қимылдарын жүргізу.
Ойын жүргізу әдістерін команданың алдына қойылатын мақсатына, ойыншылардың күш алмауына, алаңның және ауа райының жағдайы мен ерекшелігіне байланысты таңдалып алынады. Ойын жүргізу әдістерінің топтастыру кестесі 5 суретте беріліп отыр.
Ойын барысында шабуыл мен қорғаныс қайталанып отырғаннан кейін, қорғануды және шабуылды ұйымдасқан түрде өткізу қажет.
Ойын жүргізу әдістерін дұрыс іріктеп, дұрыс қолдана білсе, онда команда алдына қойған мақсатты шеше алады.
Қарсылас команданың ойынның жоспарын жоққа шығаруды білген ойыншыларды және жалпы команданың ойын жүргізу әдісін дұрыс пайдалана білгені.
Қандай ойын жүргізу әдістерін жаттықтырушы пайдаланып жоспарласада, оның дұрыс шешілуі әр ойыншының өзімділік шеберлігіне байланысты.
Сондықтан, ойын жүргізу әдістері ең алдымен ойыншылардың алдын ала жоспарланған ойларынан шығады. Демек, ойын тәсілдерін шебер орындай білген команда ойыншы лары жоспар бойынша белгіленген ойын жүргізу әдісін қолдана біледі.
Көбінесе ойын жеңісін футболшылардың дайындығына байланыстырады, бірақ дұрыс қолданылған ойын жүргізу әдістері команданы жеңіске әкелуге көп мүмкіндігі бар.
Ойын жүргізу әдістері қарсылас командалардың дене шынықтыру шеберлігіне, психологиялық дайындығына қарамастан үлкен маңызы бар.
Сондықтан ойын жүргізу әдістерін ойынды дұрыс қолдану үшін күнделікті оқу-жаттығу процесінде дайындық жасалу керек. Команданың әрбір ойыншысы ойын жүргізу әдістерін, тек дұрыс пайдаланып қоймай, оны дер кезінде ауыстырып, шебер қолдана білу керек, Демек ойын жүргізу әдісі шабуыл мен қорғау шебіндегі өтетін күрес деп білу керек.
Ойыншылардың қызметтері /функциялары/
Ойынды дұрыс ұйымдастырып, жеңіске жетуі үшін аландағы ойыншылады дұрыс орналастырып, әр қайсысының алдына жеке міндет қойылу керек. Қазіргі заманның ойын жүргізу әдістерін. Дұрыс пайдалануда ойыншылардың өздеріне арнайы белгіленген орны және міндеті болуға тиіс. Сонымен бірге футболшы ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай отырып, шабуыл яки қорғаныс шебі болып, бірден ойнай білуі шарт және ойын міндеттерін өте жақсы әрі шебер орындағаны дұрыс. Сондықтан ойыншылар орындайтын өз міндеттеріне қарай кақпашы, екі кабаттағы /оң,сол/ қорғаушы, орта қорғаушы, ортаңғы шептегі ойыншылар, оң немесе сол жақ қанаттағы шабуылшылар және ортаңғы шабуылшы болып бөлінеді.
Күрделі және қиын жағдайда, көбінесе допқа қарай кимыл жасап, допқа қарай жылжып, тартып алу керек.
Допқа қарай қимыл жасал тартып алу тәсілін қолданғанда қарсылас ойыншыдан 1,5-2 м қашықтықтан ертерек допқа ие болуға болады. Бұл тәсілді, көбінесе қарсылас ойыншының оң немесе сол жақтан алдап өтуіне қарсы қолданылады. Алыста орналасқан допты жартылай «шпагат» жасап, немесе «шпагат» жасай допты ұрып тоқтатып тартып алуға болады. Допты теуіп жібергенде көбінесе табанның ұшымен ұрған дұрыс ол тез және аз уақыт алады.
Ал допты тоқтатып тартып алу үшін, табан доптың бағытына| бөгет болуы керек,
Допты жылжып тартып алу – тәсілін допқа ие болу үшін 2м қашықтықтағы допқа ие болу үшін қолданылады. Допты тартып алу қарсылас ойыншыдан аттап бір бүйірден орындалады. Шабуыл жасаған ойыншы допқа қарай ұмтылып жайләп сырғанап, допқа тоскауыл қояды .
Қарсылас ойыншыны иықпен итеріп допқа ие болу тәсілі ойын тәртібіне сәйкес орындалады.
Допты лақтыру – тәсілі аландағы ойыншыға ойын тәртібі бойынша, аланның оң немесе сол қанатынан сыртқа шыққан допты ойынға қосу үшін орындалады. Шебер футболшылар допты 25-30 м қашықтыққа лақгыру үшін арнайы дайындық жасауы керек, ол үшін қозғалыс дағдысын және қолдың күштерін арттыру арқылы жоғарғы нәтижеге жетуге болады.
Допты лақтырар алдында кол саусақтарын суретте көрсеткендей дұрыс ұстау керек, содан соң бірінші дайындық кезеңінде артқа қарай денені шалқайтып, содан соң бастапқы
қалыпқа келген бетте қолмен дене салмағын алға қарай ұмтылдырып, допты лақтыру керек /бұл тәсіл суретте көрсетілген/.
Қақпашының ойын тәсілдері.
Қақпашының ойын тәсілдері алаңдағы ойыншылардың ойын тәсілдерінен өзгеше. Себебі ойын тәртібі бойынша айып алаңында қақпашыға қолмен ойнауға болады.
Қақпашының ойын тәсілдеріне мынадай әдістер жатады: ұстау, қағып жіберу, допқа ұмтылып секіру т.б. Ойынның көрністеріне, ойыншылардың айып алаңында орналасуына байланысты түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана алады. Олардың барлығы суретте көрсетілген.
Сонымен қатар қақпашы ойынның жағдайына байланысты аландағы ойыншылардын қолданылатын ойын тәсілдерін түгел пай-далана білуі керек.
Қақпашы
Қақпашының ойыны әр алуан да күрделі. Сондықтан оның дайындығына дене шынықтыру, ойын жүргізу әдістеріне, ойын тәсілдеріне үлкен талаптар қойылады.
Кақпашы бойы 1,75 см-ден биік, дене шынықтыру дайындығы, жылдамдығы, жоғары, реакциясы тез ойыншылардан іріктелінеді. Сонымен қатар қақпашы батыл, икемді, биіктікке жақсы секіріп, аланда орын таба алатын доптың ұшу бағытына, жылдамдығына, траекториясын шұғыл жауап бере алатын және соған сәйкес тез шешімге келетін ойыншьшар болуға тиіс.
Қорғаушылар
Оң және сол қанаттағы /шептегі/ қорғаушылар тек қорғану шебінде ғана ойнап қоймай, сонымен қатар шабуылға да белсенді қатыса білуі керек. Қозғалыс жұмыс күрделі болғандықтан қорғаушылардың күш пен жылдамдығы иілгіштігі және төзімділік дайындығы жоғары болуға тиіс. Қорғаушылар жерде, ауада да күресе білумен қатар ойын тәсілдерінің түрлері және ойын жүргізу әдістерін шебер орындау өте қажет.
Оң және сол қанаттағы шеткі қорғаушыларға қойылатын -талаптар:
а/ өзіне белгіленген зонада ойнау;
б/ қарсылас ойыншыға жақыннан қорғаныс әрекеттерін жасау;
в/ жоғарыдағы доптарға таласа білу;
г/ өз әріптестерін ауыстыра білу, керегінде қақпашының орнында ойнай білу;
д/ тебілген немесе қарсылас ойыншыларға бағытталған доп қарсылык көрсете білу, т.б.
Шеткі қорғаушыларға шабуыл жасағанда қойылатын талаптар а/ допты қарсылас ойыншыдан тартып алған сәтте әріптесін шабуыл шебіне тез және дұрыс бағыттай білу;
б/ қақпашы допқа ие болған сәтте оң және сол қанатта тұру және дұрыс ашыла білу;
в/ қарсылас ойыншыға білдіртпей тез шабуылға шыға білу.
Ортадағы қорғаушылар
Алаңның орталығындағы шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылар ең басты шешуші міндет атқарады. Неге десеңіз, бұл ойыншылар алаңның ең бір қауіпті жерін өзіне қойылған міндеттерді атқаратын болады. Сондықтан бұл ойыншылар жоғарғы және төменгі бағытта ұшқан доптарға таласа отырып ойын тәсілдері мен ойын жүргізу әдістерін шебер орындай білу керек. Сонымен қатар шабуылға шыкқан кезде қорғаныс шебін бұзбай сақтай біліп дер кезінде допты өз әріптестеріне бағыттап ал мүмкіндік туған кезде қақпаға дәл соғуға дайын болуға тиіс.
Ортаңғы шептегі ойыншылар
Қазіргі замандағы футбол ойынында ортаңғы шептегі ойыншыларға көп талап қояды, себебі олар өз міндетін неғұрлым шебер және дұрыс орындаса соғұрлым команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі артады. Сондықтан осы шеттегі ойыншыларға қойылатын негізгі талаптар — дене шынықтыру дайындығының өткен тәсілдерін орындаудың және ойын жүргізу әдістерін шебер меңгерудің деңгейінде болуы. Ортадағы ойыншылар, шабуылшылар мен қорғаушылардың ойынын біріктіріп, бір тұтас топтастыруға мүмкіндік туғызады. Демек, оларға қойылатын негізгі міндеттердің бірі — ортадағы ойыншылар қорғаушылардың да, шабуылшылардың да міндеттерін бірдей дәрежеде шебер орындай білуі. Сондықтан ортадағы ойыншыларға шабуыл шебінде төмендегідей талаптар қойылады:
а/ қорғану шебінен шабуылға тез шығу және шабуылды арттыру;
б/ алаңның ортасын жіті бақылау және өз әріптестерінің допқа неғұрлым ұзақ уақыт ие болуы;
в/ шабуылдың аяқталуына қатысу;
г/ алыстағы және жақындағы әріптестерімен бірауыз болуы;
д/ алаңның оң немесе сол жақ бетінен ойламаған жерден тез уақыттың ішінде допты әріптестеріне жеткізіп, шабуыл шебін күшейту.
Ортадағы ойыншылардың қорғаныс шебінде ойнауына қойылатын талаптар:
а/ тез ұйымдастырылған қарсылас команданың шабуылына тосқауыл ұйымдастыру;
б/ қарсылас ойыншыны бақылауға алып, ойнашау;
в/ тебілген немесе ауыстырылған допқа тосқауыл қою;
г/ ойыншыларға ауыспалы көмек көрсету.
Ортаңғы футболшылар көбінесе ойын жүргізу әдістерін жоспарлы, түрлі қозғалыс өзгерістерімен орындайтын ойыншылар, іріктеледі.
Шабуылшылар
Оң және сол жақ шеттегі ойыншылар басқа да футболшыл сияқты жылдам, икемді, төзімді болуы керек. Бұл футболшылардың ең бір ерекшеліктері — қарсылас ойыншыларға қарағанда қозғалғыш, ойын ырғағын біресе арттырып, біресе төмендете білетіндігі. Сонымен қатар шабуылшылар жоғарғы немесе төмей ұшып келе жатқан допқа ие болу үшін жақсы әрі күшті секі білуге тиіс. Бұлар ойын тәсілдерін тез арада жоғары жылдамдықпен орындай білуге /тебу, допқа ие болу, алдау, алып жүр; т.б./ және батыл, белсенді болулары қажет.
Шететгі шабуылшыларға. қойылатын талаптар:
а/ «ойыннан шығу»-ойын тәртібін бұзудың ең шеткі жағынан жақындап және артқа қарай жылжып, шабуыл жасауға дайындалу;
б/ алаңның оң немесе сол жақ қанатымен шабуыл жасап, допты ортаңғы шабуылшыларға жеткізу;
в/ өз әріптестерімен шабуыл шебінде ойнай білу;
г/ шабуылды аяктауғ—а көмектесу.
Егер шабуыл әрі қарай дамымай, қарсылас команда шабуылға шыққан бетте, қорғаушылар ойын әдістерін орындай білуі қажет.
Ортадағы шабуылшылар
Бұл футболшылардың алдына қойылатын негізгі талап — шабуылды алаңның ортасымен шебер жүргізе отырып, допты қақпаға енгізу.
Ортадағы шабуыллшылар әр түрлі әдістерді пайдалана отырып аланның оң және сол жақ бетімен қақпаға қысқа жол тауып, допты нысанаға дәл түсіруге тиіс. Батылдық, белсенділік және күрестен қорықпау — осының бәрі ортадағы щабуылшыларға тән.
Қақпашының ойынды жүргізу әдістері
Қазіргі заманымызда футбол ойынының дамуына қарай қақпаны қорғау үшін қақпашыға үлкен де күрделі талаптар қойылады. Қақпашы қорғау шебіндегі ойыншылардың барлық қорғаныс қызметгерін ұйымдастырып, бақылай білуге міндетті.
Қақпашының ойын жүргізу әдістеріне қорғануда, шабуылда және әріптес ойыншылардың ойынын ұйымдастыру жатады. Қақпашыға қойылатыи негізгі талап — қақпаны нысанадан қорғау, ал орыңдайтын қозғалыс әдістері:
- Орынды дұрыс талғау. Қақпашының орнын дұрыс табу
әдістері қарсылас ойыншылардың қақпаға тепкен добына тез жауап беруге мүмкіндік туғызады. Бірақ допқа ие болған команданың
допты қай бағытқа тебетінін білу және оған қарсы тосқауыл қою,
әрине қорғаушының шеберлігіне де байланысты. - Қарсылас ойыншылардың шабуыл бағытын және допты қай бағытқа тебетінін білу.
- Өз ойынының нашар және мықты тұстарын білу. Қақпашының қақпадан шығып ойнау әдістері ойын барысында жиі кездеседі. Бірақ ойын тәртібі бойынша кақпашының қолымен тек ойын алаңында ғана ойнауға тиіс болғандықтан алыстан ұшып келе жатқан бұрыштан соғылған немесе тебілген допқа ұмтылып ұстау, қағып жіберу, алмастыру сияқты ойын тәсілдерін пайдаланып ойнайды.
Қақпадан шығып ойнау мынадай жағдайда орындалады, егер:
-қақпадан шығып ойнау өте қажет болса;
-қақпашы ұшып келе жатқан допқа ие болатындығына кәміл сенсе;
-шабуылшылар алаңнын бір жақ бетінен допты ортаға қарай тепкен бетте.
Қақпашының қақпаны тастап кете алмайтын жағдайы, егер:
-допқа ие болатынына нақтылы сенбесе;
-шабуылшыға қарсы қорғаушылар допты тартып алуға әрекет жасаған кезде;
-айып алаңында көп ойыншы жиналып қалған сәтте.
Қақпашыныың шабуылды ұйымдастыру әдістері
Қақпашыға қойылатын басты талаптардың бірі — шабуылды ұйымдастыру, оның ішінде өз алаңынан допты ойынға теуіп қосу.
- Комбинациялық допты өз әріптес қорғаушыларына бағыттап, оны жерден қайта алып, жоғары қарай алаңның ортасынан асыра теуіп жеткізу. Бұл әдісті дұрыс орындау үшін қақпашымен қорғаушылар жаттығу сабақтарында жиі қайталағаны дұрыс.
- Допты ашылған әріптес ойыншыға бағыттау. Неғұрлым
допты алысқа бағыттайтын болса, соғұрлым шабуылды қарсылас
команданың қақпасына жақындатуға мумкіндік туады.
Бірақ қақпашы негізгі ойын заңдарын білуге тиіс. Ол неғүрлым допты жақын қашықтыққа бағыттайтын болса, соғұрлым допты жоғалтпаута мүмкіндік көбірек болады. Сондықтан қақпашылар көбінесе допты қолмен немесе аяқпен өзінің әріптестеріне оң немесе сол жақ қанатқа қарай бағыттап жеткізіп, допты ойынға қосады да, шабуылды бастайды.
Шабуылды ұйымдастыру үшін кейінгі кезде қақпашылар допты қолмен 30-40 м қашықтыкқа тура лақтырып өз әріптестеріне тура жеткізетін болды /бұл әдісті орындағанда қақпашы ең алдымен өзіне қойылатын талаптардың ішінде, команданың алдында тұрған жоспарды бұлжытпай орындауға міндетті. Бұл ойынның және өз әріптестерінің ойынға беретін жауабына шабуылшылардың қарсылас ойыншылармен күресте жеткен жеңіске немесе жеңіліске байланысты. Қақпашы өз кақпасы алдында неғұрлым сақтануды ойластыруға тиіс /әсіресе допты қолмен ойынға қосқан кезде/. Қақпашы ойын жүргізу әдістерін әрі қарай дамыту үшін ойынды тура және өз уақытында тез бастап, қақпашының ойын алаңында ойнай білуін, өз әріптестерімен ойынды жүргізе білуін, ойынның жүргізу бағытын түсіну, демек қорғану және шабуыл шебіне ұйымдастырушы болуын ұйымдастыру қажет.
Шабуылшының ойын жүргізу әдісгері деп команданың допқа ие болып, шабуыл шебін ұйымдастыруын, допты қақпаға енгізуін айтады. Шабуылшылар неғұрлым ойын тәсілдерін шебер орындап, аз уақыт ішінде шабуылды ұйымдастыра біліп, жеңіске жету үшін ойын қаарқынын жеделдете білу, қорғаушылардың ойынына қиындық түсіреді.
Сондықтан шабуылшылардың ойын жүргізу әдістері үшке бөлінеді: өзімділік, топтасқан /топтық/ және командалық.
Өзімділік ойын жүргізу әдістері дегеніміз — футболшының арнайы қозғалыс қимылдары, қарсылас ойыншыны алдап өтуі немесе әріптесіне допты уақытында бағыттауы. Бірақ бұл қозғалыс қимылдарын шабуылшылар өте қиын жағдайда орындайды, себебі қорғаушылар олардың алдына тосқауыл қойып, ойнатпауға әрекет жасайды.
Допсыз қозғалыс қимылдарының ішінде: ашылу, қарсылас ойыншының назарын басқаға аудару, алаңның бір бөлімінде ойыншылардың санын көбейту көбірек қолданылады.
Футболшы ашылу үшін орынды дұрыс тағайындап, келесі қозғалыс қимылға дайын болуы керек. Ол үшін :
- Қарсылас ойыншыға білдіртпей, аз уақыт аралығында-
орындау; - Басқа әріптес ойыншылардың қозғалыс қимылдарына-
қиындық жасамау; - Доппен келе жатқан әріптес ойыншы тым жақындап, бөгет
жасамау; - Ойыннан шығып кетіп, ойын тәртібін бұзбау үшін ойын
басына бақылау жасау қажет.
Қарсылас ойыншының назарын аудару — өз әріптесіне өзімділік қозғалыс мүмкіндігін туғызу үшін футболшылар бір орыннан екінші орынға әрдайым ауысып отыру аса қажет. Ол үшін мынадай жағдайды естен шығармау керек:
- Бір орыннан екінші орынға ауысқан кезде қарсылас ойыншылар нақтылы сенуі керек.
- Орын ауыстыруды орыңдаған кезде жылдамдықпен орындалса, қарсылас ойыншылар бұл қозғалыс қимылына тез жауап бере алмай, абдырап қалады, сондықтан бұл әдістерді жәй , женіл жүгіріп қана орындаған дұрыс.
- Қарсылас ойыншының назарын аудару үшін бірнеше варианттарды қолдану керек.
Алаңның бір бөлімінде қарсылас командаға қарсы ойыншылардың санын көбейту әдістері, көбінесе шабуылшылардың немесе қорғаушылардың санын көбейтіп, сол алаңның шабуыл немесе
қорғаныс шебін күшейту үшін қолданылады. Адам саны арқылы
қарсылас ойыншыны жекпе- жек ойында жеңуге комбинациялар арқылы және түрлі әдістер арқылы жетуге болады.
Доппен қозғалыс әдістерін орындау үшін допқа ие болу керек және ие болған бетте допты алып жүру, алдау,тебу, ұру, тоқтату, оны өз әріптесіне алмастыру тәсілдерін орындау арқылы жүргізеді. Бір топ ойыншылар қосылып орындайтын ойын жүргізу әдісін комбинация деп атайды.
Комбинация дегеніміз — екі немесе бірнеше ойыншылардың алдын-ала белгіленген ойын жүргізу әдісі. Комбинацияларды ойыншылар көбінесе стандартты жағдайда орындайды /допты лақтырып ойынға қосқанда, ойын добын ойынға қосқанда немесе орындағанда, қақпашының алаңынан допты ойынға қосқанда т.б./. Әрбір комбинациялар бірнеше варианттардан тұруы мүмкін. Комбинацияларды орындауға жалпы нұсқаулар:
- Жатгығу сабақтарында ойын жүргізу әдістерінің комбинациялары үйрету үшін ең алдымен оның негізгі принциптері мен мазмұнын және құрылымын білу қажет:
Ойын жүргізу әдістері — деп өзімділік, топтасқан немесе коллективтік ойыншылардың ойын қимылдарын, қозғалыстардың бәрі қарсылас комаңданы жеңуге арналған футболшылардың бір- бірімен қарым-қатынасы және алдын ала жоспарланған жоспар бойынша жүргізілетін ойын қозғалыстарын айтады.
Ойын жүргізу әдістерінің ең бастапқы мақсаты оптималды 5 түрде ойын құралдарын, әдістерін шабуыл немесе қорғау шебінде дұрыстау. Әрбір ойын жүргізу әдістерін ойынның алдында қойылған мақсатқа және команданың дайындығына байланысты іріктеледі. Сонымен қатар алаңның, ауа райының өзгеруіне де байланысты өзгеріп отырады.
2.3 Оқу-жаттығу процесінде футболшылардың дене қабілеттерінің даму нәтижесі
Футболшылар жатгығуын басқаруының негізгі элементі реітінде жоспарлаудың ролі жылдан-жылға артып отыр. Ол жеке ойыншының, тұтас команданың спорттық шеберлігінің үздіксіз өсуін қарастыруы қажет.
Оқу-жаттығу процесін жоспарлауда мынаны ескеру қажет: команда міндеттері мен жұмыс шарты, өткен жоспарлардың орындалу нәтижелері, сабақтастық пен болашақтық. Жоспар шынайы және нақты болуы қажет. Жоспарлаудың бірнеше түрі бар:
- көп жылдық жоспар
- бір жылдық жоспар
- бір айлық, апталык., бір күндік жоспар.
Көпжылдық жоспарлау
Жаттығудың болашаққа арналған жоспарлауы — футболшылардың көпжылдық жаттығуларының, алдыңғы қатарлы тәжірибелерінің, ғылыми зерттеулер нәтижелерінің мәліметтерін талдау негізінде бірқатар жылдарға арнап жоспар жасау процесі, бұл футболшылардың шеберлігін белгілі бір мерзім ішінде арттыру бағдарламасы.
Бұл жоспарлауды команда үшін де, жеке футболшы үшін де жасайды. Бірінші жағдайда ортақ көпжылдық жоспар, ал екінші жағдайда жеке жоспар жасалады.
Ортақ жоспар тұтас команданың болашақ істерін бағдарлайды.
Бұл жоспарда командадағы футболшылардың барлығына бірдей қойылатын талаптар ғана қарастырылады. Жеке жоспарда әр футболшыға лайықты нақты талаптар қарастырылады. Ортақ және жеке жоспарлар бір-біріне сәйкестендіріліп жасалады.
Ортақ көп жылдық жоспардың төмендегідей бөлімдері болуы қажет:
- комаңданың қысқаша сипаттамасы
- көп жылдық жаттығудың мақсаты мен негізгі міңдеттері
- дайындық сатылары және олардың ұзақгығы
- әр сатыдағы негізгі жарыстар
- жаттығу процесінің әр сатыдагы негізгі бағыттары
/негізгі міңдеттері және әр сатыдағы олардың үлесі/ - Әр сатыдағы сабақ, жарыс, демалыс уақыттарын бөлу.
- Әр жылдағы спорттық-тәсілдіқ көрсеткіштер
- Спортшы дайындығын сипаттайтын негізгі сипаттамалар
мен көрсеткіштер. - Команда кұрамындағы өзгерістер.
- Бапкерлік және дәрігерлік бақылау.
- Сабақ өткізілетін орындар, құрал-жабдықтар.
Көп жылға арналған жоспарларда спорттық-тәсілдік көрсеткіштер ретінде бақылау жатгығуларының түрлері қолданылады. Олар футболшы дайындығының өзгерістерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Бір жыддық жоспарлау
Бұл жоспарлау бір жылға және болашақтық жоспарға оның бөлігіне сәйкес жасалады. Жаттығу жоспарын жасауда және оны жүзеге асыру процесіңде спорттық жаттығудың және оны басқарудың негізгі принциптерін, команданың өткен жылдардағы жаттығуларын талдау қорытындыларын басшылыққа алады.
Бір жылдық жаттығуды кезеңдерге бөлу.
Футбол командаларының жаттығуы жыл бойы жүргізіледі және оның циклдық сипаты бар. Жаттығудың жылдық циклы үш кезеңге бөлінеді: дайыңдық, жарыс, өтпелі.
Дайыңдык кезеңі әрбір жылдық циклда сабақтар мен сайыстардың қайта басталу уақытынан бірінші жоспарлы жарысқа уақыт аралығын қамтиды. Жарыстық кезең бірінші жоспарлы кезеңнен соңғы жарысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Өтпелі кезең жоспарлы жарыстар аяқталған сәттен жаңа жылдық циклдағы сабақтар мен жарыстар басталғанға дейін уақытты қамтиды.
Дайындық және жарыстық кезендер жеке сатыларға бөлінеді олардың әрқайсысының өз міндеттері, арнайы амалдары,спорттық жүктемелерін дамыту жолдары және дайындық тәртібі бар. Әр сатыдан келесі сатыға өту үшін дене дайыңдығы, функционалдық және психологиялық дайындықтар жүргізіледі. Әр сатыдағы дайындық жаттығудың жоғары деңгейіне жету жолында қолайлы жағдайлар туғызады.
Дайындық кезеңіңде футболшылардың тәсілдік және тактикалық дайындықтары, дене және ерік-жігер дайындықтары жетілдіріледі.
Сабақ басталар алдында тыңғылықгы түрде дәрігерлік тексеруден өткізіледі.
Дайындық кезеңі екі сатыға бөлінеді — жалпы дайындық және арнайы дайындық. Жалпы дайындық сатысында футболшылардың жан-жақты дайындығына басты назар аударылады. Бұл сатыдағы жаттығудың негізгі формалары-бағыттары әртүрлі арнайы топтық және жеке-жеке өткізілетін сабақтарды дене дайындығын тәсілдік және тактикалық дайындықтармен біріктіре отырып жүргізу.
Сабақтарда күш, төзімділік, ептілік қасиеттерін дамытатын жаттығуларға көп мән беріледі. Көп жұмыс көлемін орындау нәтижесінде бұл сатыда организмнің барлық жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері кеңейіп, артады.
Жарыстық кезеңде жоспардағы жарыстар мен оларға дайындық басты орында тұрады. Дегенмен дене дайындығын, тәсілдік және тактикалық дайындықтарды жетілдіру сабақтарына да үлкен мән беріледі. Жарыстық кезеңде спорттық формаға ие болу және сақтау үшін, әрбір ойында жұмыс істеу қабілетінің жоғары болуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады.
Оқу-жаттығу процестерінің өзіне тән заңдары бар, оның негізгі заңы педагогикалық принциптер. Футболдағы қолданылатын принциптер мазмұны бар, жинақталған жалпы тәртіпке бағыну керек, себебі бұл принциптер жаттығу жұмысын бағыттап отырады. Ол ең алдымен жаттығу сабақтарының мазмұнына, қолданылатын кұралдарға және жоспарлау тәсілдемелері мен жаттығуды ұйымдастыруға әсер етеді. Негізгі принциптерді дұрыс пайдаланып жаттығу жұмысын арттыра білсе, сенда орындалған жұмыстың тәрбиелік тұрғыдағы жақсы жағын көруге болады. Мысалы, жаттығу жұмысы жан-жақты, күнделікті өтуі, ауыртпашылықтың артуы, ететін сабақтың ауыспалы циклының өзгеруі. Осының бәрі ең ақырғы көзделінген мақсатқа жетуге әсері үлкен.
Футболдағы спорт жаттығу сабағы сонымен қатар өтетін жердің жағдайына да байланысты. Ең алдымен материалдық базасы /футбол алаңы, спорт жиынтығы/ қолданылатын бұйымдар мен оқу құралдары /медициналық көмек, мед. іріктеу, спорт дәрігерімен бірігіп жұмыс істеу/, әлеуметтік жағдай /күн тәртібін сақтау, жаттығу уақыты, орта мектеп пен футбол мектептерінің арасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен бапкерлердің арасындағы қарым-қатынастар т,б./ дұрыс болуы тиіс. Мұның бәрін күнделікті жаттығу сабағын өткізгенде ескеру керек.
Жасөспірім футболшылардың дайындығын ұйымдастыру, басқару жөне ойьш төсілдерін үйрету.
Қазіргі заманымызда футбол ойынының артуына байланысты
футболшыларды бірнеше жыл бойы дұрыс жаттықтырып дайындау
және дайындық жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін ең алдымен
жұғымды ұйымдастыру жұмысын және тәсілдемелерді дарынды жас балаларды іріктеу жұмысын дұрыс жолға қоя білу керек.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі алдына қойған мақсаты, ең алдымен:
- Жасөспірім балаларды дұрыс іріктеу, оған іріктеу тәсілдерін қолдану.
2, Іріктеп алынған балаларды ойын тәсілдеріне үйрету.
Бр мақсаттарды орындау үшін зерттеу барысында келесі ғылыми-зерттеу тәсілдемелері қолданылады:
- Бар әдеби қорды оқып зерттеу.
- Сұрау анкеталарын үлестіріп, оның қорытындысьш шығару.
- Педагогикалық бақылау.
- Педагогикалық эксперимент.
- Жиналған ғылыми материалдары, математикалық-статистика тәсілдемелерін пайдаланып қорытынды шығару.
Көптеген ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген футбол саласындағы ғалымдар футбол ойынын 8-10 жастан бастап шұғылданған дұрыс деп дәлелдеген, оның ішінде В.В. Варюшин, В.А. Выжтин, Я. Палфаи, К. Адамбеков, шетел зерттеушілері Ханц-Хеддергот т,б.,
Сонымен қатар, «іріктеу барысында ең алдымен келешегі бар жасөспірім балаларды футбол ойынына маңызды ерекшеліктеріне дене құрылысына, денсаулығына, ұғымдылығына, ой-ілтипатының тезділігі, психологиялық, анатомия-физиологиялық ерекшелігіне назар аудару керек», — дейді профессорлар Л.П. Матвеев, В.П. Филин.
«Футбол келешегі» деген ұтымды жалпы айтқанда, әлеуметтік жағдайды қарастыратын факторлар деп білуге болады және ол
бүкіл қоғамның жетістіктегімен жастарды тәрбиелеу және қауым арасында футболдың дамуы. мен спорт шеберлігін арттыру.
Ал, «Футбол келешегі» қысқа түсінігі спортшылардың бір жоғарғы деңгейіне жеткені және қойылған мақсатты шеберліктің жоғарғы сатысына көтеріліп ұйымдастыру дайындығы мен жаттығу, дайындалу жұмысы жүргізіледі.
Футболшылардың келешегі мынандай талаптардан тұрады: Бүгінгі күні ойнайтын келешегі бар ойыншылар дегеніміз, шеберлігі жоғары ойыншылар, республиканың құрама командасына кандидат және бұл ойыншылар дүние жүзілік шебер ойыншылардың талабына сәйкес болу керек Сонымен қатар, дүние жүзілік, республикалық жарыстарда жақсы ойынмен көзге түсетін жас футболшылар.
-Жақын келешегі бар ойыншылар дегеніміз, олимпиалық төрт жылдық мерзімінде шеберлігімен көзге түсетін жас футболшылар. Жақын келешегі бар футболшылардың мінездемесінде олардың жасына лайықты талаптарды, жаттығу және жарысқа қатысқан уақытты, жалпы дене шынығу дайындығын ескеру керек.
Потенциалдық келешегі бар ойыншылар дегеніміз, жасөспірім спорт мектептерінде, олимииалық спорт мектептеріңде және жоғарғы спорт мектептерінде, орта мектептердегі жаттығып : жүрген жас футболшыларды атаймыз.
Келешегі бар футболшыларды дайындау кезінде оны негізінен ұйымдастыру. Тәсілдемелік негізі бар, бір жүйеден бір-біріне қатысы бар процесс.
Бұл процестің ең маныздысы жас футболшыларды дайындау, ғылыми:-тәсілдемелермен қамтамасыз ету материалдық-техникалық базасы, кадрлар және информациялық арттыру және халық арасында тарату мен тәрбиелеу жұмысы.
Педагогикалық бақылау мен эксиерименті 1990-1993 жылдары Алматы қаласыңдағы N3 қалалық спорт мектебінде және N4 мектеп-интернатында оқитын «Намыс» футбол клубының балаларымен тәжірибе сабағының барысында өткізілді. Педагогакалық зерттеуде 100-ден астам 8-10 жасар жасөспірім футболшылар қатысты.
Сұрау анкетасының қорытындысын шығарғанда көптеген балалар футбол ойынын «Өте жақсы көрем» — деп 55 процент жауап берді, денсаулығымды түзету үшін деп 20 процент, футбол арқылы әлеуметтік жағдайымды келешекте дұрыстау үшін — 10 процент, «Атақты шебер футболшы болғым келеді» — деп жүзден 15 процент жауап берді.
Футбол мамандарына белгілі ойын тәсілдері мен ойын жүргізу әдістерінін түрлері өте көп. Сондықтан ойын тәсілдерін аз уақыттың ішіңде үйрету үшін оларды дұрыстап топтастырып және орындаған кезде жіберілетін қателерді алдын-ала біліп оны түзеткен дұрыс.
Сонымен қатар, тәсілдердің үйрену кезегін дұрыс білу өте қажет. Ең алдымен:
- Допты алып жүру;
- Допты табанның ішкі жағымен тебу;
- Допты табанның ішкі жағымен тоқтату;
- Допты табанның сыртқы жағымен тебу және тоқтату;
- Допты ойын тәртібін бұзбай қолмен лақтыру;
- Допты баспен ұру және тоқтату.
Ойын тәсілдерін топтастыру дегеніміз — тәсілдердің түрлері мен топтарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.
Ойынның өзінің маңызына байланысты тәсілдері екі үлкен бөлімнен тұрады: аландағы ойыншының және кақпашының ойын тәсілдері. Әр бөлім екі бөлімшеден тұрады, олар: жылжу /алаңда жүгіру және секіру, токтау. бұрылу/, доппен ойнау тәсілдері. Бөлімшелер нақты ойын тәсілдерінің түрлерінен және әдістерінен тұрады. Жылжу тәсілдерінің түрлерін аландағы ойыншы да, қақпашы да пайдаланады. Жеке тәсіл түрлері мен әдістері ерекшеліктерден тұрады. Жалпы қозғалу механизмдерін сақтай отырып, тәсіл түрлері мен олардың ерекшеліктері бір-бірінен азда болса айырмашылықтары бар. Тәсілдің түрлерін әр түрлі жағдайда орындау футбол ойынының оданда әрі қарай үлкен негізі бар екенін көрсетеді.
Футбол ойынының тәсілдерін бір қалыпқа, бір жөнге келтіріп топтастыру өтетін материалды тез еске сақтап, олардың түрлерін оқыту және дамыту процестеріне көмектеседі.
Педагогикалық эксиерименттің жемісті өткенін білу үшін жыл басында және тәжірибе сабақтарының аяғында тексеру жаттығуларын өткіздім. Ол жаттығуларға допты алысқа тебу, қолмен лақтыру, ойын-тәсілін тексеру, жаттығу жиынтығын өту: 10 м. жүгіру /сек/. допты алып жүру /сек/, 12 м. аралықтағы үш тіреуді айналып допты алып жүру /сек/, 10 м. қашықтыққа жүгіріп допты дәл тебу /сек/, жаттығу жиынтығының өту уақыты /сек/, ойын ұпайларын санау және жалпы жаттығу жйынтығына кеткен уақыты.
Сонымен, педагогикалық экспериментіне қорытынды шығара отырып, жасөспірім футболшыларды іріктеуді 8 жастан бастап ұйыдастырған дұрыс деп дәлелдеп және ойын тәсілдерін үйретуді және басқа да футбол мамандары ұсынған тәсілдерді үйрену кезегін сақтай отырып, олардың шеберлігін тексеру үшін, ұсынылып отырған тексеру жаттығуларын пайдаланған дұрыс деп білемін.
Психологаялық дайындық
Ойын қозғалыстарын, ойын жүйссі мен комбинацияларын игеру оны әрі қарай дамыту.
Ойын қозғалыстарын игеріп дамыту — күрделі де көп уақытқа созылатын процесс және әр ойыншыға үлкен талап қойылады, сонымен қатар төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
Ойын тәсілдерін және ойын жүргізу әдістерін игеру, оны әрі қарай арттыру, ойында немесе жаттығу сабақтарында болсын бір-біріне байланысты.
Футболшылардың аландағы ойын қозғалыстары әрине ойын тәсілдерін игеруіне байланысты. Ең алдымен ойын тәсілдерін футболшы дұрыс орындауға үйренген тәсілдерін көп уақыта игеріп ойынды дұрыс пайдалана білу керек. Демек, ойын тәсілдерін неғұрлым көп білсе, соғұрлым ойыншының шеберлігі жоғары болады. Сондықтан, жаттығу сабақтары жеке жаттығулар ойынның қозғалыстарына сәйкес және жақын бояуы керек.
Ойын жүргізу әдісін білетін ойын тәсілдерін құрал ретінде дұрыс пайдалана білуі керек. Сондықтан, ойын жүргізу әдісі бөлек қаралмайды, тәсілдермен бірге қатысы бар деп қарау керек.
Әріптес бір коллективтегі футболшылардың алаңдағы қарым-қатынасын дамыта отырып, олардың ой қабілетін, творчестволық мүмкіншіліктерін арттырамыз, Ойындағы қолданылатын комбинациялар команданың ерекше стилін көрсетеді және ойыншылардың бір-бірінің арасындағы қарым-қатынасын жақсартады.
Ойын жүргізу әдісін және тәсілдерін игерудің ең жоғарғы шыңы -ойын жүйесін игеру, себебі, әр ойын жүйесінің өзінің
ерекшелігіне қарай футболшылардың шеберлігіне үлкен талап қойылады, ал ол шеберліктің артуы бір саты болса да жоғары көтереді.
Ойыншылардың творчестволық мүмкішшліктерін арттыру
Футболшы күрделі ойын көрінісінде жеңіске жету үшін, ол тек ойын тәсілдерін игеріп оны дұрыс творчестволық жағынан пайдалана білмесе, ол ойынның шеберлігі әрі қарай өспейді. Бұл жерде біздің айтып отырғанымыз, әр футболшы шебер болғанымен әріптес командадағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы болып, қарсылас команданың алдына қойған мақсаттарын дер кезінде түсіне білу. Тәжірибесі көп футболшылар алдын-ала болатын ойын көріністерін болжап, оған қарсы қолданылатын ойын қозғалыстарын аз уақыттың ішінде шеше біледі,
Ойын жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне дайындалуға берілетін тәсілдемелер
Футболшылардың ойын қозғалыстарын арттыру жолындағы ең бір негізгі тәсілдемелік жолдардың бірі ойын-синтез, ойын-белшектері — анализ-ойын — синтез схема түрінде қарастырып көрейік.
Бұл схема бойынша негізгі — ойын деп білу керек, одан кейін қайталау, арттыру және ойынды ең жоғарғы мөлшерінде қарау-синтез.
Көп уақыт аралығында үйрену, арттыру процестері тез өзгеріп отырады және төрт бөлімнен тұрады:
- — ойын қозғалыстарына үйрену;
- — жеке футболшының алаңдағы қозғалысы және комаңдалық комбинациялар;
- — алаңдағы қозғалыс пен комбинацияларды шебер игеру;
- -ойынды ұйымдастыруды игеру және арттыру.
Қорытынды
Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында ұйымдастыру аспектілеріне жасалған зерттеу жұмыстары футбол ойынының әр кезеңдегі даму сатылары, сол сатылардығы өткізілген оқу-жаттығулардың өткізу әдістемелері қарастырылды. Футбол ойынының әрбір даму сатыларында футболшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әртүрлі жағдайларды болғаны байқалады.
Футбол – атлетикалық ойын түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Ойын барысында футболшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функуионалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Футбол ойынының негізгі екі коллектив арасындағы күрес болғандықтан, олардың ойыншыларының жалпы мақсаты – жеңіс, жеңіске деген ұмтылыс коллективтік іс-әрекетіне өзара көмекке, жолдастық және достық сезімін тәрбиелейтіні белгілі болды.
Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында ұйымдастыру дене тәрбиесінің дамуына ықпал жасайтыны таныла бастады.
Жаттығу процесін жоспарымызда апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жұмыстардың өткізілу жиілігіне байланысты, кезеңдегі жүктемені түсіру, жаттығудың кезеңдері мен этаптарында олардың көлемі және қарқынының өзара байланысын ескеріп отырды.
Оқу-жаттығу процесінде дене-күш дайындығын жетілдіру сабағында, өзара әсер ететін жүктемені әрбір футболшыға жекеше жоспар құру арқылы іске асыру қажеттігі туындады. Бұл жерде әр футболшының жеке ерекшеліктеріне, олардың дене-күшінің деңгейіне қарай жоспар жасалынды.
Жеке жаттығудың негізгі форрмасы болып, жаттықтырушы және дәрігердің бақылауымен футболшының өзінше дайындығы саналады. Жекелей жаттығудың құрамына: дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтарын тәрбиелейтін арнайы іріктелген жаттығулар енеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, такттикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және футболшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.
Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында ұйымдастыру маңызы футболшылардың оқу-жаттығу процесінің ары қарай дамуы теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздегі бағытта болуды көздейді.
Қолданылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 ж. 24 маусымдағы №774, ҚР халқының Президенттік сынаққа дене дайындығы туралы қаулысы.
- ҚР халқын дене тәрбиесі мен спорт жабдықтарымен сауықтыру бағдарламасы. Алматы қ., Республикалық баспахана кабинеті-1997ж.
- Қазақстан Республикалық Президентінің 12-наурыздағы №1570, 2001-2005 жж. ҚР дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы үкіметі.
- 2001-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы спорт резервтерін дайындау жүйесін жүзеге асыру, республикалық мақсатты кешенді бағдарламасы.
- Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі М. 1979 ж.
- Матвеев Л.П. Спорт жаттықтырушының негіздері М. 1987 ж.
- Матвеев Л.П. Спорттың жалпы ілімі М. 1997 ж.
- Романов В., Жасөспірім боксшыларды дайындау М, Д және С, 1979 ж.
- Чудинов В.А. Бастаушы боксшының дене тәрбиесі М., Д және С, 1986.
- Қазақ боксшылары (Тарих деректі басылым) Ер-Дәулет, Алматы-1999ж.
- Остьянов В.Н. Гайдамак И.И. Бокс. Оқу мен жаттығу. Киев, Олимпиадалық әдебиет. 2001 ж.
- Бокс. Энциклопедия. М., 1998 ж.
- Сафьянов Н. Цхвирашвили Б. Қазақстан Рингінің жұлдыздары. Алматы «Қаржы-қаражат», 1998 ж.
- Дене тәрбиесін әдістемелік нұсқаулар (IIбасылым)М. «Жоғары мектеп» 1993ж.
- Президент Н.Ә.Назарбаевтың студент жастарға үндеуі. Алматы 5 қаңтар 1998 ж.
- Қазақстан Республикасы үкіметінің 1995 ж. 24 қарашадағы № 1593., Қазақстан Республикасы Президентінің үкімі 1995 ж. 4 мамырдағы № 2261, «Қазақстан Республикасындағы көпшілік спортты дамытудағы көкейтесті шаралар туралы» және ҚР халқын дене тәрбиесі мен спортпен жүйелі айна-лысуға тарту туралы қаулысы.
- Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 ж. 24 маусымдағы № 774, «ҚР халқының Президенттік сынаққа дене дайындығы» туралы қаулысы.
- ҚР халқын дене тәрбиесі мен спорт жабдықтарымен сауықтыру бағдарламасы. Алматы қ., Рес-публикалық баспахана кабинеті — 1997. Жоғарғы оқу орындары студенттерінің Қазақстан Республикасы Президентінің 12-наурыздағы № 1570, «2001-2005 ж.ж. ҚР дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарлама-сы туралы» үкімі.
- «2001-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы спорт резервтерін дайындау жүйесін жүзеге асыру» республикалық мақсатты кешенді бағдарламасы.
20.Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі М. 1979
- Матвеев Л.П. Спортжаттықтырушының негіздері М. 1987
- Матвеев Л.П. Спорттық жалпы ілімі М. 1997
- Джероян Г.О. Боксшының тактикалық дайындығы — М., «Д және С» 1987 ж.
- Романов В. «Жасөспірім боксшыларды дайын-дау— М, «ДжәнеС» 1979
- Романенко М.И. Боксшының шеберлігін (жүзе-ге асыру негіздері) М. «Д және С» 1989.
- Чудинов В.А. Бастаушы боксшының дене тәрбиесі М., «ДжәнеС» 1986
- Қазақ боксшылары (Тарихи деректі басылым) Ер-Дәулет, Алматы-1999
- Остьянов В.Н. Гадамак И.И. Бокс. Оқу мен жат-тығу. Киев, Олимпиадалық әдебиет 2001 ж.
- Бокс. Энциклопедия. М., 1998 ж
- Сафьяно Н., Ихвирашвили Б. Қазақстан Рингінің жұлдыздары. Алматы «Қаржы-қаражат» 1998 ж.
- Дене тәрбиесінен әдістемелік нүсқаулар (II-басылым) М «Жоғары мектеп» 1993
- Бокс (жыларалық), М, «Д және С» 1996ж.
- Нұрмаханов Ә. Боксшы болғың, келе ме? — Алматы: «Санат», 1994.
- Галковский Н.М.. Катулин А.З., Чионон Н.Г. Борьба классическая и вольная. М, ФиС, 1952 г.
- Гончаров Г.В., Сорокин Н.Н. Борьба. М, ФиС, 1940 г.
- Гомер., Иллиада. Пер. Н.М. Минского — М, 1935 г. с. 330.
- Крутьковский В.К. Спортивная борьба. Справочник — М,ФиС, 1955 г.
- Кун Л. Всеобшая история физической культуры и спорт — М, ФиС, 1982 г.
- Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции — М, 1957 г.
- Мягченков Н.И. Классическая и вольная борьба. Справочник-М, ФиС, 1984 г.
- Туманян Г.С. Спортнвная борьба — 1985 г.
- Купцов А.П. Спортивная борьба — 1978 г.
- Байдосов Қ. Қазакша күрес — 1987 ж.
- Кобланов Ж.Н. Спортты күрес әдістемесінің негіздері -1992 ж.
- Чесноков Б.М. Спортивная борьба. Справочник — М: ФиС, 1954 г.
- Гуков Л.К. Пособие по классической борьбе. Минск, 1983 г.
- Ленц А.Н. Спортивная борьба. М, ФиС, 1964 г.
- Пилоян Р. А. Узловые вопросы многолетней подготовки бор-цов: Методическое пособие. — М.: МОГИФК, 1988. — 28 с.
- Петрунев А. А., Вишневский В. А. и др. Подготовка квалифицированных борцов классического стиля. — Красноярск: Изд-во Красноярского университета, 1988. — 200 с.
- Платонов В. Н. Адаптация в спорте. — Киев: Здоровья, 1988. — 216 с.
- Платонов В. Н. Современная спортивная тренировка. — Киев: Здоровье, 1980. — 284 с.
- Пойманов В. П. Рационализация согіряженной тренировки технико-физической направленности борцов высокой квали-фикации: Автореф. дисс. … к. п. н. — Л., 1982. — 20 с.
- Прохорова М. В., Семенов А. Г, Посошков И. Д. Воспитатель-ный потенциал греко-римской борьбы: Учебное пособие. — СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1998. — 249 с.
- Прохорова М. В., Семенов А. Г, Посошков Н Д Греко-римс-кая борьба в спортивном движении студенческой молодежи: Учебно-методическое пособие. — СПб.: Изд-во СПбГУЭФ. 1997. — 147 с.
- Прохорова М. В., Семенов А. Г, Посошков Н Д Спортивная борьба: достижения, проблемы, перспективы: Учебное посо-бие. — СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1999. — 293 с.
- Семенов А. Г, Давидян Г А., Посошков И. Д. Греко-римская борьба в Ленинграде — Санкт-Петербурге. 1989—1995 гг.: Справочник. — СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1996. — 198 с.
- Семенов А. Г, Посошков И. Д, Максимов А. В. Сборная Рос-сии, СССР, СНГ по греко-римской борьбе на олимпийских играх: Учебно-методическое пособие. — СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997. — 66 с.
- Спортивная борьба / Под ред. А. Н. Купцова. — М.: ФиС, 1976. — 424 с.
- Спортивная борьба: Учебник для институтов физической культуры. Под ред. А. П. Купцова. Главы III—IV. — М.: ФиС, — С. 56-135.
- Спортивная борьба: Учебник для ИФК / Под ред. А. П. Куп-цова. Глава VIII. — М.: ФиС, 1978. — С. 251-256.
- Станков А. Г и др. Иңдивидуализация подготовки борцов. — М.: ФиС, 1984. — 240 с.
- Тараканов Б- Н Оценка технико-тактического мастерства: Учебное пособие. — Л.: ГДОИФК, 1989. —,24 с.