АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Газет тiлiн зерттеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                  

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

ГАЗЕТ ТIЛIН ЗЕРТТЕУ

 

 

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

 

      КIРIСПЕ

 

  1. ТАРАУ.

1.1. Газет тілі лексикасының ерекшеліктері

1.2. Қазақ газеттерінің ағартушылық

 бағыттағы қызметі

1.3. Қазақ газеттерiнiң ақпарат тарату, үгiт-насихат

жүргiзу саласындағы қызметi

 

  1. ТАРАУ.

2.1. Әлеуметтiк факторлардың газет құрылымына тигiзетiн әсерi

2.2. Әлеуметтiк факторлардың газет типтерi мен

олардың лексикасын қалыптастыруға тигiзетiн ықпалы   

2.3. Газеттiң iшкi құрылымына тән лексикалық ерекшелiктер

2.3.1. Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық құлылымы

2.3.2. Газет тақырыптарының лексика-семантикалық ерекшелiктер

2.3.3.Газет жанрларының тiлдiк ерекшелiктерi

2.3.4. Бас мақала және оның лексика-стилистикалық құрылымы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

КIРIСПЕ

 

         Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Газет тiлiнiң қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала. Алғашқы басылымдар мен бүгiнгi күнгi газеттер тiлi әр түрлi аспектiлерде қарастырылып келедi. Сондықтан да газет лексикасының қабаттары әр қабатқа сай ерекшелiктер, газет тiлiндегi жаңа қолданыстар, сәтсiз баламалар мен ұтымды атаулар, олардың әдеби тiлдi дамытудағы рөлi мен қызметi туралы мәлiметтердiң болуы көп жылғы зерттеулердiң жемiсi болмақ.

         Зерттеудiң мақсаты: Газет тiлiн зерттеу қажеттiгiн тудыратын факторлар сан алуан. Газет тiлiн зерттеу арқылы жалпы қазақ тiлiнiң даму бағытын, деңгейiн аңдауға болады. Газет тiлi құрылымы мен жүйесiне сай жиi қолданылатын тiлдiк бiрлiктердi сөзге тән өзге де ерекшелiктер аясын айқындау және  олардың жасалу жолдарын сипаттау барысында сөзжасамдық амал-тәсiлдерге тоқталу қажеттiлiгi туындайды.

         Зерттеудiң әдiстерi: Газет-ақпарат жеткiзiп, үгiт-насихат тарататын орган. Оның аталмыш қызметтерi бұқара, әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты. Сондықтан да газет тiлiн әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты, газет тiлiн әлеуметтiк  лингвистикамен ұштастыра зерттегенде он нәтижеге қол жеткiзуге болады.

         Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Бүгiнгi күнде қазақстан аумағында газет-журналдар, телеканалдардың бәрiн қоса есептегенде жалпы саны 356 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Соның iшiнде газеттер туралы мәлiметтерге көңiл аударғанда, олардың саны мен түрлерiнде, типтерiнде бiрқатар сапалық та, сандықта өзгешелiктер пайда болғанын аңғардық. Айталық, газеттердiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес түрлерi пайда болған. Бiрақ, мемлекеттiк емес қазақ газеттерi саны мен сапалық көрсеткiшi жағынан әлi де өз деңгейлерiне жете алмай жатқанын аңғару қиынға түспейдi. Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылығықтар болады. Бұл айырмашылықтар сөз қолданыста (арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар, тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiктер жоқ.

         Зерттеудiң теориялық, практикалық маңызы: Қазақ публицистикасы стилiнiң пайда болып, қалыптасып, дамуындагазет тiлiнiң, олар атқарған, әлеуметтiк-қоғамдық қызметтерi түрлерiнiң (ағартушылық, ақпараттық, әдеби тiлдi жетiлдiру) әсер-ықпалы мол екенiн бiлемiз.

         Зерттеу-жұмысының құрылымы: Сонымен бiрге, газет лексикасының құрылымы мен жүйесiне тән ерекшелiктердi тану, оның құрылысына (айдар, тақырып, жанр кейбiр мәтiндiк ерекшелiктерiне) тоқталу, сондай-ақ газет лексикасының типтерiн қоғамдық-саяси лексика, бағалауыштық лексика, бейтарап сөздер қатарын анықтау, оларға тән тiлдiк қабаттарға тарихи-сементикалық талдаулар жасау.

         Жұмыста, сондай-ақ, тiлдiк жүйе мен құрылым, оларға тән парадигмалық және синтагматикалық қатынастардың газет лексикалы деңгейiнде көрiнуi негiзделедi, талданады.

  1. ТАРАУ.

 

1.1. Газет тілі лексикасының ерекшеліктері

 

         Мәдениеттің ең маңызды жансерігі жазу арқылы өркениет жемісі саналатын газеттер сөйлейді. Газет — халықтың рухани, мәдени өмірінің айнымас бөлшегі. Газеттің жалпы адамзат тарихындағы, жекелеген халықтар мәдениеті мен тарихындағы алатын орны айрықша маңызды. Сондықтан болар қазақ тілші-ғалымдары газет тілі мәселесін назардан тыс қалдырған емес.

         Лингвист-ғалымдар арасында қазақ баспасөзінің тілі жөнінде алғаш арнайы зерттеу еңбек жазған Н.Қарашева болды (1). Бұл зерттеуде «Айқап» журналы тілінің граматикалық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.

         Баспасөз тілін зерттеуге арналған екінші еңбек — Б.Әбілқасымовтың кандидаттық диссертациясы (2). Әдеби тілді зерттеуге байланысты жазылған ғылыми ізденістер қатарына қосылған бұл сүбелі еңбекте газет тілінің фонетикалық-орфографиялық жүйесі, лексикасы, грамматикалық ерекшеліктері барынша жан-жақты қамтылып, талданған. Кейін аталған диссертациялық еңбек жеке кітап болып жарық көрді.

         Газет тілі С.Исаев зерттеулерінің де нысаны болды (3,4). Көрнекті тілші-ғалымның зерттеулерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы мерзімді баспасөз тілі грамматикалық тұрғыдан олардың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктері ашыла отырып талданады және тіл мәдениеті мәселелері қамтылды.

         Сондай-ақ, А.Алдашева «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» (1991) атты кандидаттық диссертациясында 1970-1990 жж. аралығындағы мерзімді басылымдар тіліндегі жаңа қолданыстарға шолу жасайды. Газет тіліндегі жаңа қолданыстарды талдауға арналған енді бір кандидаттық диссертация зерттеуші Қ,Қадырқұловтың еңбегі екенін де айта кету керек.

         Жекелеген газеттер тілі бойынша «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы жүйелеген Б.Момынованың зерттеу-еңбегі бар (5). Ал О.Бүркітовтың «Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі» (Алматы, 1996) атты кандидаттық диссертациясы осы ізденістердің қатарын толықтыра түсті. Әрине, аталған еңбектерден өзге көптеген ғылыми мақалалар арқауы да газет тілі болғанын ескере кеткен жөн.

         Орыс тіл білімінде газет тілі туралы К.И.Былинский (Язык газеты. М., 1996), В.Г.Костомаров (Руский язык на газетной полосе. М., 1971), И.П.Лысакова (Тип газеты и стиль публицистики. Л.,1989), Г.Я.Солганик (Лексика газеты. М., 1981), т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

         Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар қазақтың мерзімді басылымдарының алғашқы қарлығаштары (ДУГ, ТУГ) туралы ғалым С.Исаев былай дейді: «…Әуелгі кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз тілі жазба әдеби тілдің өзіндік ерекшеліктері орныққан нормалары бар, жүйелі тілдік өрнектерімен, публицистикалық мазмұнына сай сөз тігісімен сипатталатын тұрақты көрінісі ретінде бірден қалыптасып кете алмады. Біздің байқауымызша, оның басты себебі, революциядан бұрынғы газет-журнал шығару ісінің тарихы онша терең, мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге бұл мәселені, жалпы баспа ісінің қазақ қауымы үшін жаңалық болумен, баспа ісінің көршілес татар, башқұрт, өзбек халықтары өкілдерімен тығыз қарым-қатынас болумен, алғашқы газеттердің, негізінен, аударма органдар болумен және маман да сауатты журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты» (6, 64).

         Ғалым-зерттеушіБ.Әбілқасымов алғашқы қазақ газеттерінің программасы жөнінде әңгіме қозғай келіп: «Ол программа бойынша газет жоғарғы ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтармен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай-ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас сауда т.б.) туралы хабарларды таратуға» тиісті болғанын тілге тиек етеді. Патша үкіметі сөз жүзінде осылай дей тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де көксеген жоқ. Шын мәнінде оның көздегені — үкімет жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындаттыруды қамтамасыз ету, жергілікті халықты басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриархалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу, сондай-ақ қазақтың өз тілін дамыта отырып, сол кездің өзінде «патша үкіметінің орындастыру саясатына зиянын тигізе бастаған» шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылдық саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады» — дейді (7, 13).

         Әйтсе де алғашқы қазақ газеттері мен кейінірек жарық көрген «Қазақ» сынды ұлттық басылымның халықтың мәдени, рухани, қоғамдық және әлеуметтік санасын қалыптастырудағы ықпал-әсері шексіз.

         «Дала уәләятінің газеті» екі бөлімнен ( ресми және ресми емес) тұрды.»Бұйрықтар жазылатын бөлегінде» патша үкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарға қатысты бұйрық-жарықтары аударылып басылып отырды, ал «Бұйрықтан басқа сөздер жазылатын бөлегінде «: ел басқару, егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын асылдандыру, сауда хабары, мәдениетке ұмтылу (мектеп ашу, дәрігерлік жәрдемді күшейту, әдебиетті, қазақтың ана тілін дамыту) мәселелері көтерілді» (7,14).

         Ал «қазақ» газетіне сол тұстағы қазақ қауымының көкірек көзін ашқан материалдар жүйелі жарияланып отырды. Соның ішінде көркем әдебиет үлгілері, ағартушылық бағыттағы, салт-дәстүрге байланысты жазылған мақалалар газеттің негізгі ұстанған бағытынан хабардар етеді. Танымдық ауқымы мол материалдар халықтың көзін ашуға, оқуға, білімге үндеп, мәдениетке шақыру мақсатын көздеді. Атап айтсақ: » Қазақтың тарихы » ( Түрік баласы, Қ., 1913, N7,9); «Жазу мәселесі » (А.Б.Қ., 1913, N34,35, 36); » Школдарда ана тілімен оқыту» (Арысұғлы, Қ., 1914, N48); «Қазақ мактабы» (Қ., 1914, N116); «Школдарда ана тілімен оқыту» (Қ., 1915, N117); «Бала тәрбиесі» ( Жаңа Байбақты, Қ., 1915, N119); » Емле туралы» ( Н.Күзембаев, Қ., 1915, N116); «Жазу мәселесі», «Бастауыш мактаб»(Қ., 1914, N 61), «Қазақтың бас ақыны» (А. Б.Қ., 1913, N42,43); «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан» (М.Д.Қ., 1914), т.б.

         Жалпы қазақ газеттерінде жарияланған материалдардың маңызы мен мәнін ескере отырып, газеттің қоғамдық өмірінде алатын орны мен қызметін үш бағытта топтастыруға болады:

  • қазақ газеттерінің халық санасын ояту үшін атқарған ағартушылық бағыттағы қызметі;
  • ақпарат жеткізу мен үгіт-насихат жүргізу бағытындағы қызметі;
  • әдеби тілді, сөздік қорды сан және сапалық жағынан толықтырудағы, байытудағы қызметі.

 

1.2. Қазақ газеттерінің ағартушылық

 бағыттағы қызметі

 

         Жоғарыда айтып өткеніміздей, газеттің ағартушылық бағыттағы қызметінің бастау алар тұсы — алғашқы қазақ газеттерінің шыққан — «Қазақ» газетінің уақытымен тұстас келді. Өйткені, «Газет — халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші»(8, 10).

         «Қазақ» газетінің осы салада айрықша көрінуі оның бас шығарушысы А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Бүгінгі күні А.Байтұрсынұлы қалдырған мұралар жан-жақты сараланып, бағасын алып жатқан кезде Ахаң ағартушылығы жеке зерттеудің үлесіне тиесілі екені даусыз. Торғайда мектепте сабақ беріп жүріп, қазақ балаларын оқыту үшін не керек, не жетіспейді, қалай оқыту тиімді деген қаптаған сауалдардың біраз жауабын газет арқылы шешуді мақсат тұтуы тар жол, тайғақ кешулерден өте отырып, «халықтың құлағы, көзі һәм үні» (өз сөзі) болған «Қазақ» газетін ашуға ұласады. Ауылда ондаған баланың сауатын ашқан «Қазақ» арқылы мыңдаған өнер-білімге сусағандардың көкірек көзін ашу қиын да болса жемісті көрінеді. 1914 жылы: «Елу-алпыс балаға арнап берген сабақтан алты миллион қазақты алаламай істеп отырған ісімді артығырақ көремін», — деуі, соның айғағы.

         «Бір сөзбен айтсақ, ұстаздықты ұлттық мүддеге бағындырып, ағартушылықты планетарлық масштабта қарайды; өз халқы білім жарысына түсетін күнді жақындатты» (9, 32). Оның ағартушылық қызметінің нәтижесі М.Дулатов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин сынды ұлт зиялыларының тәрбиеленуі арқылы анық көрінді. Жалпы А.Байтұрсынұлы ағартушылық қызметінің үш қырын былайша көрсетуге болады:

         Біріншіден, Абайтұрсынұлы орысшы немесе татар, ноғай молдалары оқытып жүрген мұсылманша оқу түрлерін санамалай келе, қазақ баласы үшін ең алдымен білім ана тілінде берілуі міндетті екенін айтады.

         Әрі ұстаз, әрі ағартушы ретінде А.Байтұрсынұлының көңілін бөліп, қатты алаңдатқан екінші мәселе-мектептің құрылымы, оқыту жүйесінің мәселелері. Ол: «Бұл күнде қазақша оқуда кемшілік көп. Әуелі, оқу құралы, кітаптар жоқ. Ноғайша оқу құралдары қазаққа үйлеспейді. Екінші, қазақ мектебіне түзелген бағдарлама жоқ, онсыз оқу бір жөннен шықпайды. Үшінші, бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалімдер аз», — деп, осындай оқуға ауыртпалықтар әкеліп, бөгет жасап отырған қиындықтарды шешудің нақты шараларын белгілейді.

         1913 жылы Ахаң «Қазақ»-тағы «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі, балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек», — дейді. Келесі бір санында «Оқу жайынан» сөз қозғағанда, сандық, статистикалық мәліметтерді тізіп бере отырып: «Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша хат танитын еркек әрбір жүз кісіден алтау, орысша хат танитын әрбір мың кісіден сатау. Қазақша хат танитын әйел әрбір үш жүз кісіден біреу, орысша хат танитын әрбір төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақта оқудың тіпті аздығын көрсетеді…

         Қазақ халқында бұл күндегі орысша һәм қазақша оқу жайы осы. Мұнан былай оқу һәм оқыту мәселесі «Қазақта» түгел жазылып тұрмақшы», — деп бітірелі сөзін.

         «Мектеп керектері» деген мақаласында осы ойын одан әрі жалғастыра түсіп, қазақ даласында оқу жүйесі қалай, қандай болу керектігін былайша көрсетеді:

         «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы, құралсыз іс істелмейді һәм құрал қандай болса істелген іс те сондай болмақшы… Үшінші, мектепке керегі — белгіленген программа. Керексіз нәрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбес үшін, балалардың күші жетпейтін алысқа сүйреп кетпес үшін бастауыш мектепте үйренетін нәрселердің кесім-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады» — дейді (10, 252-272).

         Жалпы осы тұста ағартушылық қызмет атқару сол кездегі әрбір оқыған азаматтың парызы, әрбір жарық көріп жатқан кітап пен мерзімді басылымдардың қай-қайсысының болмасын төл міндеті сынды еді. Газет арқылы бұл қызметті мыңдаған адамға, қалың бұқара қауымға көрсету мүмкіндігі туды.

         «Қазақтағы оқу-білім, халық ағарту саласына қатысты атаулардың басты ерекшелігі — тілімізге ертеден еніп, әбден қалыптасып кеткен арабизмдермен қатар орысша сөздердің де жарыса қолданылуы. Бұлай болуы заңды да. Өйткені,сол кезде қазақ даласында оқудың, оқытудың екі түрі бар еді. Бірі — діни, ескіше, қазақша оқу, яғни школа, гимназия жүйесі еді. Осы екі саланың бір ізге түсіп қалған терминдеріне қоса газет тұтқасын ұстаған А.Байтұрсынұлы сынды ағартушылар қазақтың төл сөздерін көптеп енгізіп отырған.

         Қазақ даласындағы оқу жүйесінің өткен ғасырлардағы тарихы күні бүгінге дейін толық зерттелген емес. Ертеректе жазылған Н.Сәбитовтың (Мектебы и медресе у казахов. Алма-ата,1950), Т.Тәжібаев (Просвищение и школы Казахстана  во   ІІ половине ХІХ в. Алма-Ата, 1962) кітаптарін айтпасақ, бұл салада іргелі зерттеулер жоққа тән. Осындай зерттелінуі жетімсіз тақырыпқа, яғни педагогика тарихына тiлдiк жағынан келiп, олқылықты бiршама толықтырған ғалым – профессор Р.Сыздықова болды. Ғалым Абай шығармаларының тiлiн сөз еткен монографиясында «Адамзаттық сипаттағы оқу-ағарту мен ғылым-бiлiмге қатысты сөздер» деген атау енгiзiп, көптеген атаулардың тарихи даму процестерiн талдайды. Зерттеушiнiң көрсетуiнше, тiлiмiзде күнi бүгiнге дейiн қолданылатын мектеп сөзi – ХIХ ғасырдың жемiсi. Оған дейiн бүкiл Шығыс әлемiнде барлық оқу орны медресе деп аталған. Ал татар жұрты, Орта Азия халықтары бiрте-бiрте сауат ашып, мәдениетке қол арта бастаған кезде мектеп сөзi жиi қолданысқа түсiп едi, мiне, содан берi тiлiмiздiң сөздiк қорынан берiк орын алып келдi.

         Әрине, ата-бабаларымыздың ҮIII-IХ ғасырдан бастап тұтынған араб жазуы, араб оқуы, ислам дiнi халықтың сөйлеу тiлiнде терең iз қалдырды. Мектеп, кiтап, медресе сияқты сөздердi талай ғасыр бұрын-ақ екiнiң бiрi бiлiп, ұғынғаны дау туғызбайды. Мактаб – мектеп, китаб – кiтап түрiнде өзгерiп, дыбыстық түрленуi де бұл атаулардың көнелiгiн, ертеден тiлiмiзде қолданылып келе жатқанын көрсетедi.

         Өзге бiр тiлдiң жүйесiн бiлмеген адам өз ана тiлiндегi бөгде, кiрме сөздердi бiрден түстеп, тани алмайды. Ол сөздердi шет тiлден енген десе, тiптi қарсылық бiлдiруi де мүмкiн. Бұл кейбiр өзге тiлдiк элементтердiң басқа тiлге әбден құлаққа сiңген көне сөздер, мәселен, мектеп пен кiтап түбiрлес, туыстас сөздер десе, екiнiң бiрi сене бермейдi. Шын мәнiнде, арабтың кәтәбә етiстiгi «жазу» деген ұғымды бiлдiредi. Ал ендi осы етiстiктен ( жазу тұлғасы) туындаған (китаб) – кiтап (яғни “жазылған”), (мактаб) – мектеп (яғни “жазатын орын”), мактуб (“жазылған хат”, “арнау хат”), осы сөздiң көпше түрi –“Мактубат” атты Ы.Алтынсариннiң кiтабы барлығы белгiлi. Өз кезегiнде, мәселен, кiтаптан – мактабатун – “кiтапхана” туындайды. Дел осындай жолмен араб тiлiнiң “оқыту”, “зерттеу” мәндi дәрәсә етiстiгiнен, әрине, араб топырағында дәрiс және медресе сөздерi туындады. Ал, олар екi дара, бiр-бiрiмен байланысы жоқ екi лексема ретiнде тiлiмiзде баяғыда-ақ орныққан.

         Ал ендi “Қазақ” газетiнде оқу-ағарту, бiлiм, ғылымға қатысты орыс тiлiнен енген атауларға келсек, олардың табиғаты мүлде өзгеше екенiн көремiз. Бұлардың қазақ тiлiне ауысқанына салыстырмалы түрде алып қарағанда аз-ақ уақыт болған. Сондықтан да бұл неологизмдердiң басым көпшiлiгi халыққа түсiнiксiз болғандықтан, газет шығарушылары көп жағдайда оларға анықтама берiп, түсiндiрiп отырады. Мысалы: Қазақ iшiнде әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға программа (жосық) көрсетiлсе екен деген өтiнiштер келедi (“Қ”., 1913, Т 1); Керексiз нәрселердi үйретiп, балалардың өмiрiн босқа өткiзбес үшiн, үйретерге тиiстi бiлiмдi кем үйретпес үшiн бастауыш мектепте үйрететiн нәрселердiң кесiм-пiшiм болуға тиiс. Сол пiшiм программа деп аталады (11, 252).

         “Қазақ” газетiнде актив қолданылған оқу-ағартуға қатысты атауларды шолып өткенiмiзде, көзге түскен тағы бiр ерекшелiк-қазiргi тiлiмiзде қолданыс тауып жүрген көптеген тiркестердiң оның бетiнде алғаш пайдаланылып, орныққандығы. Оларға: халық ағарту, бастауыш мектеп, ұлт мектебi, ұлт әдебиетi, жаңа жолдың оқуы, оқу кiтабы, оқыту ғылымы т.с.с. сөз тiркестерi жатады. Мысалы: Европа мактаптарында оқыб шыққандар “ұлт адабиат мактаптарын” ашды (“Қ”.,1916, N 164); Қазақша оқу кiтабтары жаңа қана көрiнiб келедi, тәртiпбен оқытарлық мұғалiмдер аз, оқу программасы жоқ, салған мактабтар жоқ, мұғалiмдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бiрдей жеткiлiктi етерлiк жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететiн даримұғалимун жоқ (“Қ”., 1913, N 15); Жас буынды келер заманға дайарламақ үшiн ұлт мактабы негiзiн құру, елжiреген жас жүрекке биiк идеал жарығын салу үшiн ұлт адабиатын гүлдендiру iсiне, уақыты келер, бiз де талпынармыз  Қарқаралы қазақ ортасында салынған 22 болос ел қарайтын бiр қала болса да, мұнда тәртiптi мактаб ашып, тәжiрибелi мұғалiм алдырыб бала оқыту жоқ едi (“Қ”., 1915, N 153).

         Осы тарихи жағдаймен сол кездегi ағартушылардың еңбегi арқасында өз заманындағы жазба тiлдiң нақты көрсеткiшi болып табылатын “Қазақ” газетiнде оқу-ағарту саласына қатысты атаулар үш деңгейде, үш қабатта кездесетiндiгiн мына 1-таблицадан байқауға болады:

 

 

1.3. Қазақ газеттерiнiң ақпарат тарату, үгiт-насихат

жүргiзу саласындағы қызметi

 

         Газет тек ақпарат жеткiзудiң көзi ғана емес, ол өзi жеткiзiп отырған ақпаратына қалың оқырманды, көпшiлiктi сендiру мен сол көздеген мақсаты бағытында тәрбиелеу жүгiн де қоса ала жүредi. Осы тұрғыдан келгенде газет ұжымдық үгiтшi, насихатшы және ұйымдастырушы қызметiн де атқара алады. Газеттiң сан қырлы қызметiн дөп басып, дәл таныған  А.Байтұрсынұлы кезiнде “газета – халықтың көзi, құлағы һәм үнi” екенiн мерзiмдi басылымдар қызметiнiң сан қырын танып барып айтқаны ақиқат.

        Алғашқы қазақ газеттерiнiң дүниеге келуiне себептердiң ең негiзгiсi патша администрациясының бұйрық-жарлығын жергiлiктi әкiмдерге өз тiлiнде жеткiзу болғанын айтып өткенбiз. Екiншi жағдай қазақ буржуазиясының ана тiлiнде газет шығару туралы талабы екенiн ғалым Б.Әбiлқасымов өз еңбегiнде былайша көрсетедi. “… Осы газеттерде бәрi жұртқа мәлiм болмақ үшiн генерал-губернатордың әр түрлi бұйрығы жазылар және жаңа қабарлар, сауда тақырыпты жазылар және Ташкентте уа өзге шаһарларда болған әр түрлi сөздер уа қабарлар жазылар”(2, 8).

      “Түркiстан уәләятiнiң газетi” де осы бағытта ұстанды. Программасы (әрi мiндетi деуге болады) алдыңғы газеттер айырмасы жоқ бұл басылымның негiзгi мақсаты жергiлiктi халаққа Түркiстан генерал-губернаторы мен облыстық әскери губернаторлардың бұйрықтарын, сот орындарының шешiмдерiн т. б. Осы сынды ресми мәлiметтердi жеткiзу едi. Аталмыш басылымдар газет атаулының төл қызметi саналатын ақпарат жеткiзушi функциясын билеушi тап мүддесiне сай хабарлар жеткiзу, қалың көпшiлiк ниетiн соған лайық етiп бағыттау сияқты насихаттық рөлiн қал-қадерiнше атқарды. Байқағанымыздай, алғашқы екi газет те белгiлi бiр дәрежеде әлеуметтiк топтардың мүддесiн ойластырудан барып дүниеге келген. Кез келген басылым билеушi топтың, таптық, жеке шығарушының, әлеуметтiк топтың мақсаты жолында қызмет атқаратындығын әрi жалпы газет атаулының әлеуметтiлiгiн, қоғам мен саясат мүддесiн көздеген қажеттiлiк тудыратын құбылыс екендiгiн осыдан көруге болады. Сондықтан да газеттiн әлеуметтiк ортамен байланысы социолингвистикалық аспектiде жеке зерттеулердiң нысаны боларлық мәселе.

 

     Қазақ қауымы үшiн қызмет көрсеткен «Қазақ» газетi ақпараттарының тақырыптары сан түрлi болды. Бiрақ тақырыптардың, газетте көтерiлген әр алуан күрмеулi мәселелердiң келiп тоғысар тұсы – қазақ жағдайы едi. Өйткенi, газет шығарушыларының ұстанған жолы, дiттеген мақсаттарының өзi қазақ жағдайын жақсарту, көзiн ашу, ұлт ретiнде қалыптастыру, ол үшiн қазақ зиялылары қандай ұлт жұмысын атқару керектiгiн саралап алу сынды әлеуметтiк маңызы зор мәселелерден тұрды. Ал газеттегi «Iшкi жағдай», «Сыртқы хабарлар», «Европа соғысы», «Г. Дума», «Думадағы қазақ мәселесi», «Жер жұмысына дiн жұмысын тықпалау» т.б. сынды тақырыптар сөзiмiздiң айқын дәлелi бола алады.

      Газеттiң ақпарат жеткiзушi, үгiт-насихат саласындығы қызметi тағы да Ахаң есiмiмен байланысты. «Газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi. Адамға көз, құлақ, тiл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газетi жоқ жұрт, басқа газетi бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тiлi жоқ мақау, көзi жоқ соқыр сықылды» («Қазақ», 1998, ), — деуi, газеттiң әлеуметтiк-қоғамдық өмiр саласындағы алатын орнын, қызметiн нақты бағалаудан туындаған.

        1913-1918жж. «Қазақ» газетi шығып тұрған уақыты М.Әуезов «Қазақ» газетiнiң дәуiрi» деп атады. Бiр дәуiрдiң бар салмағын арқалаған «Қазақ» газетiнiң М.Әуезов тарапынан бұлайша бағалануы бүгiнгi таңдағы ондаған газеттер атқарар қыруар шаруаны, басылым атаулының қоғам алдындағы атқаруға тиiстi қызметiн жалғыз әрi қал-қадерiнше мүлтiксiз атқаруымен тығыз байланысты деп есептеймiз. Осылайша «Қазақ» газетi ұлт үгiтшiсi, халық жаршысы дәрежесiне көтерiле алды.

      Одан кейiнгi уақытта қазақ газеттерiнiң қоғам өмiрiндегi қызметiнiң салмағы жыл санап арта түспесе, кемiген емес. Айталық, 1940-1945 жылдар әрбiр азаматты Отан соғысында жеңiске жұмылдыруда қазақ басылымдары аз рөл атқарған жоқ. Бұл тұстағы газеттердiң қоғамдық-әлеуметтiк қызметiнiң тiл тұрғысынан зерттелуi де өз кезегiн күтiп жатқан мәселе десек, қателеспеймiз.

      ХХ ғасырдың 50-жылдарында газеттердiң ақпараттық, үгiт-насихаттық бағытында жүргiзiлген қызметтерi жандана түстi. Нақ осы жылдары совет қоғамы, соның iшiнде газеттерге деген көзқарас аса саясаттандырылды. Мұның өзi газеттiң қоғамдық-саяси лексикасы қатар 

 

 

лексикасы қатарының өсуiне қатты әсер еттi. Бұл тұстағы әдеби тiл сөздiк қорының молаюы терминдердiң көбеюiмен тiкелей байланысты болды. Осы жылдары қабылданған термин сөздер табиғаты туралы қазiргi кезде әр түрлi пiкiрлер болуына қарамастан, негiзiнен, жемiстi жылдар деп есептеймiз. Жалпы бөгде тiлден сөз қабылдау, әсiресе, термин сөздер қатарының жасалу принциптерi А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов сынды тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушылардан бастап, бүгiнгi күнi академик Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев т.б. көптеген ғалымдарымызды толғандырып келе жатқан аса күрделi мәселе. Бұл өзi – бiр ұшығы тiл тазалығы үшiн күреспен, соның iшiнде газеттiң тiл тазалығы үшiн күресiмен сабақтасып, тiл мәдениетiмен шектесiп жататын, ұсыныс-тiлек көп те, оңай шешiлер тұсы аз тiлшi-ғалымдарды әлi де толағай толғанысқа түсiретiн тiл жағдайының талма тұстарының бiрi.

      Ал 1960-70 жылдары тiлiмiзде қалыптасқан қоғамдық-саяси лексика элементтерi, оларға тән грамматикалық ерекшелiктер, жасалу жолдары, семантикалық топтар Р.Барлыбаев еңбегiнде мерзiмдi басылымдардан алынған тiлдiк фактiлерге сүйене отырып, жақсы баяндалған (12).

          Тек қосып айтар болсақ, бұл тұста шығып тұрған басылымдардың баршасы жалғыз идеологиялық мақсатқа, коммунистiк үгiт-насихатқа, саясатқа бағындырылды. Социализм бесiгi атанған КСРО жетiстiктерi мен жеңiсiнен халықты хабардыр ету, социализмдi нығайту, кемелденген социализмге жету үшiн аянбай еңбек етуге құлшындыру, үгiттеу, насихаттау – совет басылымдарының негiзгi қызметi болды.

       Жалпы газет атаулыға тән төл ерекшелiк осы үгiт-насихат қызметiн атқару барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген басылымдар – елiмiз тарихының әр күнi, айы мен жылының жылнамасы iспеттi.

      Снымен бiрге, газеттер үгiт-насихат жүргiзу арқылы, яғни төл функциясын iске асыру барысында тiлдiң әр кездегi күй-қапынан да хабардар етедi. Сондықтан да газет насихаттаушы үгiт жүргiзушi, ақпарат жеткiзушi ғана емес, тiлдiң диахрондық күйiнен де хабардар ететiн құрал деймiз. «Белгiлi бiр кезеңде белгiлi бiр тiлдегi жеке сөздердiң, мейлi олар белгiлi бiр сөз табына жатсын, даму бағыты сол тiлдi жалпы алғандағы түгел сөздiк құрамының даму бағытын айқындай алады», — деген Р.А.Будагов сөзi (13, 51) әр жылдары

жылдардығы мерзiмдi басылымдар тiлiнiң сөздiк құрамы тiлдiң диалектикалық дамуының бiр көрiнiсi бола алатындығын байқатса керек.

    Сонымен, ойымызды жинақтай айтсақ, газет – халықтың рухани, мәдени-саяси өмiрiнен ақпарат беретiн, сол ақпаратты өз бойында жинақтаушы, сақтаушы ғана емес, тiл дамуынан, оның диалектикасынан нақты хабардар ететiн де аса қуатты құрал болып табылады.

 

Ескi оқу жүйесiне қатысты атаулар

(араб-парсы сөздерi)

Жаңа оқу жүйесiне

қатысты атаулар (орыс сөздерi)

Қазақтың төл сөздерiмен берiлген тұлға

Қазiргi қазақ тiлiнде орнығып қалған атаулар

мектеп

школа

 

мектеп

Мұғалiм, молда

ушител

оқытушы

а) мұғалiм

ә) ұстаз

б) оқытушы

(көп жағдайда жоғары оқу орнына қатысты)

медресе

 

 

медресе

пән

 

 

пән

 

гимназиа

 

гимназия

 

степендиа

 

степендия

оқу

 

халық ағарту

халық ағарту

халыққа бiлiм беру

 

 

бастауыш мектеп

бастауыш мектеп

 

 

ұлт мактабыы

ұлттық мектеп

 

педагогика

бала оқыту

ғылымы

педагогика

 

программа

жосық

программа

бағдарлама

оқу китабтары

 

оқу құралдары

оқулықтар

оқу құралдары

 

методика

оқыту ғылымы

әдiстеме

даримұғалимун

семинариа

 

училище

(педагогикалық)

китаб

кiнеге

 

кiтап

сыныф

класс

басқыш

(төменгi, жоғарғы)

класс, сынып

жылдық

 

студент

шәкiрт

студент

Шәкiрт

 

оқушы

оқушы

шәкiрт

 

Ғалым-зерттеушi А.Алдашева Ахмет Байтұрсынов ағартушылығы жайында былай дейдi: «Қазақ ұғымына сыртқы нысаны, айтылуы (план выражения), iшкi мазмұны (план содержания) беймәлiм аталымдарды халықтың ұлттық бiтiмiне тән образды ойлау, логикалық ойлау қалыбынан өткiзiп барып жазба тiлге ұсынған Абайтұрсынұлы бiлiм мен ғылымның таралуына мүмкiндiгiнше ыңғайлы жол ашты, ағартушылық iстi барынша жедел өркендетуге үлес қосты» (12, 13).

         Қосып айтар болсақ, газеттi шығарушылардың халықты ағартуға қатысты iзгi ойларын басылым бүкiл халыққа таратуда, жеткiзуде, халықты сол бағытта үгiттеуде тапсырмас құрал болды.

         Осылайша, алғашқы аударма басылымдар «Дала уәләятiнiң газетi», « Түркiстан уәләятiнiң газеттерi», бiрегей болмыс-бiтiмдi тұлға А.Байтұрсынұлының ойсанасына сай тұңғыш ұлттық басылым «Қазақта» газеттердiң ағартушылық саладағы қызметi, әсiресе, анық көрiндi. «Қазақтың» бұл саладағы қызметi мақсатты, жоспарлы түрде жүргiзiлгендiгiн жоғарыда келтiрiлген мысалдардан аңғаруға болады.

         Сонымен, алғашқы қазақ газеттерiнiң ағартушылық қызметi бiртiндеп жалпы газет атаулыға тән басты қасиет, төл функция саналатын ақпарат тарату мен үгiт-насихат жүргiуге түбегейлi ауысты. Газет бұл қызметiнде журналистер, ғаымдар, саяси лидерлер мен халықтың қалың бөлiгi – оқырмандарға арқа сүйейдi.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАРАУ.

 

2.1. Әлеуметтiк факторлардың газет құрылымына тигiзетiн әсерi

 

         «Қай тiлдiң болмасын лексикалық жүйесiн тек сол тiлдiң сөздiк құрамының iшкi даму заңдылығы нәтижесi деп қарауға болмайтыны белгiлi. Бұлай ету әлеуметтiк фактордың әсерi мен ықпалын елемегендiк болар едi. Сонымен қатар аталған мәселеге бұлайша қарау тiлдiң құрамдас бөлiктерi: фонетика, морфология, синтаксистердiң iшкi даму заңдылықтарын лексикаға формальды (механикалық) түрде таңа салушылыққа әкелiп соғады. Әдетте, фонетикадағы, синтаксистегi өзгерiстердi қоғам дамуының бiр ғана кезеңiмен байланыстыра қарауға болмайды. Ал лексика болса, аталғандардан өзгешелiгi, әлеуметтiк өмiрдiң дамуымен тығыз байланысты. Мәселен,қоғамда өндiрiстiң, шаруашылықтың, өнер мен ғылымның, техниканың т.б. дамуы мен ондағы жаңалықтар тiкелей сол халық тiлiнiң сөздiк құрамында iз қалдырып отырады. Ал тiлдiң фонетикалық, морфологиялық, синтаксиситiк құрылымдарындағы өзгерiстер оның тарихи даму барысында бiртiндеп пайда болады да, ал лексиканың дамуында шешушi рольдi әлеуметтiк фактор атқарады.(12, 20-21).

         Тiлдiң лексика саласының өзгергiштiгi, оның қоғамдық-әлеуметтiк ортамен тығыз байланыстылығы өте ертеден байқалған. Айталық, Антика дәуiрiнде-ақ, әр әлеуметтiк топтың өзiне ғана тән, етене жақын, өзi анық түсiнетiн тiлi барлығы белгiлi болған: «Рассказывают, что Пифагор, разговаривая с детьми применялся к детской речи, беседуя с женщинами, приспособливался к ним, обрящаясь к юношам – к юношам»(14, 101).

         Әлеуметтiк топтар тiлiндегi айырмашылықтарды бүгiнгi күнi «әлеуметтiк диалектiлер» терминiмен атайды. Негiзiнен, бұл «әлеуметтiк диалектiлер» жалпыхалықтық тiлден лексикасы арқылы ерекшеленетiнiн, кәсiптiк-лексикалық жүйелер, топтық және корпоративтiк лексикалар, әр түрлi ұжымдарға тән жаргондар, әлеуметтiк топтарға тән шартты (жасырын) тiлдер болатындығын ғалымдар айтып жүр.

         Орыс тiлiндегi Қазан төңкерiсiне дейiнгi әлеуметтiк топ өкiлдерi арасындағы тiл айырмашылықтары туралы М.Кольцов, А.В.Десницкая, А.Д.Швейцер, Л.П.Крысин еңбектерiнде баяндалған. Олар революцияға дейiн орыс көпестерiнiң өз «тiл» болғандығын, интеллигенция бiр-бiрiмен олардан өзгеше тiлдескенiн, қарапайым халық, яғни жұмысшы мен жұмысшы мен шаруаның өзге топ өкiлдерiне ұқсамайтын тiлi болғандығын жазады.

         Орыс тiлiндегi Қазан төңкерiсiне дейiнгi әлеуметтiк топ өкiлдерi арасындағы тiл айырмашылықтары туралы М.Кольцов, А.В.Десницкая, А.Д.Швейцер, Л.П.Крысин еңбектерiнде баяндалған. Олар революцияға дейiн орыс көпестерiнiң өз “тiлi” болғандығын, интеллигенция бiр-бiрiмен олардан өзгеше тiлдескенiн, қарапайым халық , яғни жұмысшы мен шаруаның өзге топ өкiлдерiне ұқсамайтын тiлi болғандығын жазады.

         Қазақ тiлiнде дәл осындай әлеуметтiк топтар тiлiнiң бөлiнiсi болды дей алмаймыз. Бiрақ оқығандар тiлi (кiтаби) мен қара халықтың тiлi арасында жiктелiс болғандығын да жоққа шығаруға болмайды. Бұл жiктелiс сөйлеу тiлiндегi осындай құбылыс жөнiнде, тiл мен қоғам, тiлдiң қызмет ету сферасындағы рөлi, аймақтық, әлеуметтiк типтерi туралы К.Аханов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Хасенов, т.б. ғалымдар еңбектерiнде сөз болады (15).

         Әлеуметтiк факторлардың тiлге тигiзер әсерiн әлеуметтiк лингвистика зерттейдi. Бұл әлеуметтiк лингвистика (“социолингвистика”) терминiнiң орыс тiл бiлiмiне батыстан келгендiгiн, тiл саласына оны 1952 жылдан бастап енгiзген америкалық ғалым Х.Карри екендiгiн А.Д.Швейцер өз еңбегiнде атап өтедi (16,3). Тiл бiлiмiндегi бұл бағыт, қазiргi ТМД елдерi тiл бiлiмiнде, негiзiнен, кеңес өкiметi кезiнде өрiс алған.

         Сол тұста әлеуметтiк лингвистика мәселелерiн көтерген ғалым-зерттеушiлер Е.Д.Поливанов, Г.В.Винокур, Я.Шафир, Р.О.Шор, Н.М.Карпинский, В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, т.б. Кеңестер Одағында әлеуметтiк лингвистиканың негiзiн қалаған ғалымдар болып саналады.

         Ал қазақ тiл бiлiмiнде диалектiлiк ерекшелiктер, кәсiби сөздердi зерттеуге арналған ғылыми жұмыстар тiлдiң әлеуметтiк жағын қамтитын бiраз проблемаларды шешкенмен, әлеуметтiк лингвистика табиғатын, оның тiлге тигiзер әсерiн жете қамти алмады.

         Қазақ даласында ғасыр басында болған дүмпулер қазақ халқының әлеуметтiк құрамына көп өзгерiстер әкелдi. Өркениеттiң алғашқы қадамдары қала мен ауыл, баспасөз бен ресми-iс қағаздар тiлi, ауызекi сөйлеу тiлi мен әдеби тiлдiң ара-жiгiн ашып, салмақтап, сапалық өзгерiстерге түсiрдi. Қоғамдағы өзгерiстер интеллигенция тiлiне де әсер етпей қоймады. Бiрақ бұл өзгерiстер әлеуметтiк лингвистика тұрғысынан нақты бағасын алған жоқ. Қазақ тiл бiлiмiндегi осы тұстағы зерттеулер негiзiнен кiрме элементтер, тiлдегi варваризмдер көрiнiсi төңiрегiнде өрбiдi. Олардың шығу себептерi, төркiнi, әлеуметтiк тұрғыдан, әлеуметтiк өзгерiстердiң адам ойы мен ойлауына, санасына тигiзер әсер ықпалы тұрғысынан бағаланбады.

         Ал орыс тiл бiлiмiнде аталмыш проблемаға байланысты 1960-жылдардан бастап “Язык и общество” атты мерзiмдi жинақ шығып тұрды, сондай-ақ, аталмыш саланың проблемалық мәселелерiне арналған В.А.Аврорина, Ю.Д.Дешериев, А.Д.Швейцер, Л.В.Никольскийлер, т.б. монографиялық еңбектер жарық көрдi(17).

         Әлеуметтiк лингвистика бүгiнгi таңда пәнаралық бағыт алуда.

Өйткенi, тiл мен әлеуметтiк факторлардың арасындағы байланысты тану үшiн, бiр-бiрiне әсер ету себептерiн ұғыну үшiн тiл бiлiмiнiң, әлеуметтiк лингвистиканың жетiстiктерiн пайдалану керек. Әсiресе, қоғамның құрылымы, әлеуметтiк жағдай, тiлдiң қоғамдық қызметiнiң аясы, оның әлеуметтiк рөлi, әлеуметтiк нормасы сияқты ұғымдар тiлдiк заңдылықтардың табиғатын ашуда аз рөл атқармайды. Тiлдiң әлеуметтiк тұрғыдан дифференциациялануында қоғамның әлеуметтiк-психологиялық жүйесi ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан әлеуметтiк лингвистика табиғатын жете түсiнуде ойлау, сана, сезiм, қалып (установка), қажеттiлiк, қызығушылық, мотив сынды ұғымдарды орнымен пайдаланудың маңыздылығы зор.

         Әлеуметтiк лингвистика аясында қоғамның әлеуметтiк-таптақ құрылысымен байланысты стратификация және тiлдiк қарым-қатынас кезiндегi ситуация, тiлдесушi жақтардың рөлiн белгiлейтiн ситуативтi вариациялар да қарастырылады. Ситуативтiлiк функционалдық стилистика мен әлеуметтiк лингвистиканың арасын жақындастыра түседi. Себебi, кез-келген стилистикалық мәннiң, лексикалық қолданыстың астарында әлеуметтiк ақпарат, хабар, мәлiмет жатады.

Әлеуметтiк лингвистиканы әлеуметтiк-практикалық қажеттiлiк тудырады. Сондай қажеттiлiктiң бiрi – қоғамдық ақпарат пен үгiт-насихат құралдарының фунционалдық қызметiн және олардың қоғамның әр түрлi деңгейiне, тiлдiк ортаға тигiзер тиiмдi әсерiн анықтау, зерттеу.

И.П.Лысакованың айтуынша: “… Вречи любого человека всегда отражаются его социально-классовая принадлежность, возраст, образование, род занятий, место жительство, пол, обстановка, форма, тема, цель, характер общения” (18,18).

Сондай-ақ, әлеуметтiк диалектiлердi газет тiлiнде пайдалану кейiпкер ортасын дәл суреттеуде, олардың мiнез-құлық ерекшелiктерiн, көңiл-күйлерiнiң нәзiк тұстарын ашуда шешушi рөл атқарады. Мысалы: “Нұрлан Жұбатов. Көк базарда машина жүгiн реттеушi: Барлық радионы тыңдаймын. Солай. Кiрiп-шығып жатқан машиналар саябырсыған кезде қабылдағыштан жақсы ән берiп жатқан арнаны ұстай қоямын: Нашар музыка болса, басқасына ауыстыра саламын. Жаңалықтар тыңдап неғыламын, бар жаңалық базарда емеспе? …”

Немесе: “Арман Жолдасұлы, АлМУ-дiң студентi: Мен, жалпы, радионы тұрақты тыңдамаймын. Анда-санда Қазақ радиосының, Радио СIТУ-дiң, NS-тiң құттықтаулары болмаса”.

“Арыстанбек Тұраров, студент:  Ұнайды. Сәрсенбi күнi түнгi үште махаббат қоңырауын тосады ғой, сол арқылы сүйетiн қызыма сөз айтсам, естiптi. Содан берi екеумiздiң жұбымыз жазылған емес, содан берi  NS-тi жақсы көремiн”.

Айнахан Жәутiкова, зейнеткер: “Үйдегi бес сомдық радионы тыңдаймын балам. Қазақ радиосы дейсiң бе? Соңғы кездерi қазақ әндерiн жақсы берiп жүр. Сенбi сайын берiлетiн Айгүл қызымның “Тiл мен дiл” хабарын асыға күтемiн. Бiр-екi рет қатысуға ниет қылып едiм, ала алмадым телефонмен” (ЖА., 22.09.98).

Бұл кейiпкерлердiң әрқайсысының сөздерiнен күнкөрiс көздерi, кәсiбi (бар жаңалық базарда емес пе); тiлден ығыса бастаған сөздермен сөйлеуi (бес сомдық радио); кiрме сөздердiң жаңа қабатын араластыра сөйлеуiнен (Радио СIТI, NS), әсiресе жас ерекшелiктерiн анық байқауға болады. Келтiрiлген мысалдардағы: Жаңалықты тыңдап неғыламын, тұрақты тыңдамаймын, тiл мен дiл хабарын асыға күтемiн – газет кейiпкерлерiнiң танымдық деңгейлерiн хабардар етедi. Бiр-екi рет қатысуға ниет қылып едiм, ала алмадым телефонмен – сөйлемнiң құрылысы өзгеше болып келуi хабарға қатысушының әлеуметтiк ортасы мен жасынан мәлiмет бередi.

         Газеттерде, бүгiнгi күн тұрғысынан алғанда, орта деңгейге, яғни көпшiлiкке арналған газеттерде, әрi автор, әрi кейiпкер ретiнде танылатындар: әйелдер мен ер адамдар, жұмысшылар мен қызметшiлер, жастар мен қарттар, зиялылар мен қайраткерлер. Кейде газет материалдарына қарап отырып олардың тiлдерiнен әлеуметтiк айырмашылықтарды аңғару қиынға түседi. Оның себебiн газет материалдарының редакциялануынан iздеген жөн шығар. Екiншiден, әлеуметтiк факторларды есепке алу газеттiң әсер етушiлiк төл қызметiн iске асыруда таптырмас құрал екендiгiн журналистер қауымының  әлi де болса жете түсiнбеуiнен туындаған мәселе деп ұғу керек. Сонымен қатар, кейбiр кездерде газет типтерi, газет жанрлары ерекшелiктерiнiң сақталмайтындығы да байқалады. Бұл да әлеуметтiк факторды ескермеуден туындайтын жағдай.

Осы тұста басын ашып айта кететiн бiр мәселе, ол — әлеуметтiк лингвистиканың қазақ тiл бiлiмiнде көбiне орыс тiлiнiң қазақ тiлiне тигiзетiн әсерi мен ықпалы төңiрегiнде өрбiгендiгi, осы мәселе төңiрегiнде топтастырылуы — әлеуметтiк лингвистиканың өзге қырларының ашылуына ұмтылмаудың басты себебi деп ойлаймыз. Оның түпкiлiктi зерттеу, әлеуметтiк лингвистикаға тән күрделi мәселелерге  бару – болашақтың iсi.

Газет лексикасындағы кейiпкерлердiң тiлiнен олардың айырмашылықтарын анықтауға болады, тiптi жас мөлшерiне байланысты газет типтерiнде бiр-бiрiмен шатыстыруға келмейдi. Айталық, “Ұлан” мен “Жас алаш” немесе “Ұлан” мен “Егемендi Қазақстан” газеттерiндегi айдар, тақырып, жанрларының өзiнен ақ тiлдiк айырмашылықтар көрiнiп тұрады. Тiптi газет атауындағы “ұлан” сөзi қазiргi тiлiмiзде қолданыс аясы кеңiген сөз деп ұғыну керек. Газет аты ретiндегi “ұлан” мектеп жасындағы балаларға арналған басылым, яғни жас мөлшерi 8-13 жас шамасындағы жасөспiрiмдерге берiлген жас мөлшерi, ал Призидент гвардиясында қызмет етушiлердi де ұландар деп атағанымызға бiраз жылдың жүзi болды. Әйтсе де екеуi екi газет типiне тән лексема десек, қателеспеймiз. Бұл құбылыс бiр сөздiң мағыналық жағынан байығанын байқатады.

Жас мөлшерiндегi айырмашылық ұлғайған сайын тiлдегi айырмашылықтар да айқындала түседi. Балабақша жасындағы сәби мен жасөспiрiмнiң я болмаса студенттiң, қарт пен жастың арасындағы тiлдiк ерекшелiктердi олардың ойлау деңгейлерi мен сөз қолданыстарынан-ақ ажыратуға болады. Себебi, М.М.Бахтин айтқандай: “Все слово пахнут определенным человеком, поколением, возрастом, днем и часом” (19,106).

Газет уақыт пен мезгiл, фактi мен деректер нақты көрiнедi. Мысалы, “Қазақ” газетi бетiнде әр нөмер сайын “Орынборғ, 17 октябр” сынды бас мақалалардың болуы сөзiмiздi айғақтай түседi. Дәл сол күнi болған маңызды, мәндi нендей жаңалықтан, көтерiлген өзектi мәселеден хабардар етедi. Ал сол фактiнi жеткiзушi тiлдiк қолданыс пен тiлдiк құрылымдар – сол сәттегi тiлдiк ахуалдың жай-күйiнен ақпарат беретiн лингвистикалық факторлар. Мәселен, мына мәтiн ұзiндiсiне назар аударалық: “Тек Ираннан келген 200 отбасының көшi кейiнге шегерiлдi. Барлық оралмандарға берiлетiн жәрдемақы әр облыстың бюджетiнде сақтаулы. Ол 860 миллион теңгенi құрайды. Атап өтетiн бiр кемшiлiк: Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Н.Коржованың республикалық бюджетте қаржыны жергiлiктi бюджетке бөлiп жiберуi болды. Ал жергiлiктi бюджетте қаржы табу күрделi мәселе. Сондықтан агенттiк үкiметке 1999 жылы оралмандарға бөлiнген қаражатты республикалық бюджетте қалдыру жөнiнде өтiнiш жасады” (ЖА., 22.09.98).

Мұндағы еңбек, қаржы, Иран (ел атауы) сияқты бейтарап лексика элементтерiмен қатар жәрдемақы, оралман, отбасы сынды жаңа қолданыстар қатары, сондай-ақ, әкiмшiлiк атауы ретiнде еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, үкiметi сөздерi мен сөз тiркестерi, министр, миллион, бюджет, республика, облыс сиқты кiрме элементтер тiлдiң күй-қалпынан хабардар етсе, жыл, мезгiл, адам аттары – тарихи фактiлер. Яғни, мәтiн үзiндiсiн оқи отыра, тарихи оқиғаның куәгрiне айналып, белгiлi бiр уақыттағы қоғамдық ахуалға байланысты мәлiметтерге де қанығуға болады.

 

 

2.2. Әлеуметтiк факторлардың газет типтерi мен

олардың лексикасын қалыптастыруға тигiзетiн ықпалы   

 

         Әлеуметтiк лингвистиканың газетке, оның тiлiне тигiзер әсерi газет типтерi арқылы көрiнедi. Өйткенi, газет белгiлi бiр таптың, әлеуметтiк топтың, қоғамдық-саяси ұйымдардың идеологиясын жүргiзедi. Әлеуметтiк топтар арасындағы айырмашылық неғұрлым айқын болған сайын газет типтерi де бiр-бiрiнен еркiн ажыратылатын болады. Олардың айырым белгiлерi, ара-жiктерi ашылғаннан кеiн ғана әр түрлi оқырман аудиториясына арналған газеттердiң лексикасындағы ерекшелiктерiн тану мүмкiндiгi молая түспек.

  Мерзiмдi басылымдарды типтестiруге байланысты әр түрлi пiкiрлер орын алған. Зерттеушi С.М.Гуревич басылымдарды төрт түрлi типке жiктейдi (общезначимый, соцциальный, профессионально-отраслевой, национально-территориальный) (20,138), ал А.Г.Бочаров беске бөледi (целевое назначение, отражаемая сфера деятельности, родовая принадлежность, характер аудитории, характер изложения) (21,32). Зерттеушi В.В.Бакшин болса, басылымдарды типтеудiң санын алтыға жеткiзедi (административно-территориальное деление, целевое назначение, возраст читателей, национално-языковые особенности, периодичность и время выхода) (22,28).

         Бiз осылардың арасынан зерттеушi В.В.Бакшиннiң таптастыруын ойға қонымды екенiн есте ұстап, соны негiзге ала отырып қазақ газеттерiнiң мынадай типтерi бар деп есептеймiз:

  1. Жалпылама тип – бұл категорияға қазақ даласындағы алғашқы басылымдар мен тұңғыш әрi бiрегей жалпы ұлттық мәселелердi көтерген газет “Қазақты” жатқызамыз. Айталық, “Қазақ” өз кезiнiң барша түйiткiлдi тұстары, қазақ халқының ең басты өмiрлiк позициялары, сондай-ақ кәсiби, мәдени, әлеумет мәселелерi жан-жақты талданған энциклопедиялық басылым болды. Бүгiнгi күнi әр түрлi газет типтерi арқалап жүрген салмақты жүктi бес жыл бойына белi қайыспай көтерген жалпыхалықтық деңгейдегi аталмыш газет қазақтың таза “қара тiлiнде” (кiтаби тiлмен емес) сөйлеуiмен де бағалы, құнды. Бүкiл қазаққа арналғандықтан, сол тұстағы қазақ қауымының сауаттылық деңгейi ескерiлгендiктен, оның бетiнде ойды жеткiзуде күрделi сөлемдерден гөрi ауызекi сөйлеу тiлiне жақындатып, қарапайымдандырып жеткiзуге тырысушылық басым болып келедi. Бiрақ тiлi жұтаң десек, шындықты бұрмалағандықтан болар едi, газет шығарушылары тiл көркемдiгiн де назардан тыс қалдырмаған. Сол тұстағы қазақ ұғымына сай келмейтiн, жаңа қолданыстар мен атауларды қарапайым тiлмен, аналитикалық тәсiлдi қолдана отырып барынша нанымды түсiндiрiп отырған. Көптеген термин сөздердi тiлiмiзде қалыптастыруы жолындағы, тiлдiк қоды жаңа ұғым, атаулармен молайтудағы, әдеби тiл стильдерiнiң дамуындағы атқарған қызметi орасан зор.

Газеттiң осы аталған типiне республикалық басылымдардың басты-бастылары, атап айтқанда, “Егенмен Қазақстан”, “Жас алаш” сындыларын да қосамыз.

  1. Кәсiптiк-салалық – бұл категоияға жататын басылымдар қатарына “Қазақстан мұғалiмi”, “Заң газетiн”, “Сақшы”, “Атамекен”, “Қазақ әдебиетi”, “Ауыл” газеттерiн жатқызамыз. Аталған басылымдарда көбiне кәсiпке, өнеркәсiптiң белгiлi бiр саласына байланысты күрделi мәселелер көтеретiн ғылыми мақалалар, очергтерге орын берiледi де, соған байланысты арнаулы лексика элементтерi – терминдер көбiрек ұшырасады.
  2. Оқырмандардың жас ерекшелiктерi ескерiле отырып жарыққа шығатын газеттер қатарына “Ұлан”, “Жас алаш” жатады. Бiрi – жасөспiрiмдерге, екiншiсi жастарға арналған бұл басылымдардың негiзгi мақсаты жас ұрпақты тәрбиелеу, идеялық дұрыс бағыт беру. “Жас алаш” газетiнiң осы ұстанған бағытына сәйкес қоғамдық-саяси лексикаға элементтерiмен қатар әсер етушi лексиканың молдығын байқауға болады. Ал “Ұланда” балалар тiлiне тән лексемалар, соларға лайықталған айдарлар, көркем әдебиет стилiнiң балаларға арналған поэзия, проза жанрлары материалдарын жиi ұшыратамыз.
  3. Шығу жиiлiгiне қарай газеттердi күнделiктi, апталық басылымдарға жiктеуге болады. Республикамызда шығатын газеттердiң көпшiлiгi, атап айтқанда, “Егемен Қазақстан”, “Жас алаш”, т.б. күнделiктi басылымдар болса, “Ана тiлi”, “Қазақ елi”, т.б. аптасына бiр рет шығады.
  4. Шығу уақытына қарай газеттердiң екi түрi бар. Ол – кешкiлiк және қалыпты нормамен немесе күнiне бiр рет шығатын газеттер. Кешкiлiк газеттерге «Алматы ақшамы”, “Астана ақшамы” басылымдары жатады. Шығу уақытымен ерекшеленетiн газеттер – осылар. Бұларды әр түрлi әлеуметтiк ортаның адамдары кешкi жұмыстан соңғы дамылдау мезгiлiнде оқиды. Ал, негiзiнен, көпшiлiк басылымдар қалыпты нормамен шығады.
  5. Әкiмшiлiк-рерриториялық бөлiнiс бойынша шығатын газеттерге республикалық, облылтық, аудандық газеттер жатады. Облыстық және аудандық газеттерде жергiлiктi жерлерге тән тiлдiк ерекшелiктер молынан кездесетiнiн айта кеткен орынды.

    Соңғы жылдары газеттер жаңа әлеуметтiк факторлар әсерiне байланысты жоғары, орта және төменгi деңгей басылымдары болып бөлiне бастады. Айталық, “Егемен Қазақстан” жоғары деңгейдегi оқырманға: үкiмет адамдары мен зиялыларға; “Жас алаш”, “Заман Қазақстан”, “Қазақ елi” басылымдары орта: бүгiнгi қоғамның барлық деңгейiне, яғни қалың көпшiлiкке арналып шыға бастады. Аталған газеттердiң кей бiрiнде бас мақаланың болмауы, алғашқы беттерiнен бастап күрделi проблемалық материалдардың қарапайым, ауызекi сөйлеу тiлiмен жазылуы, әдеби норманы бұзып, кейде варваризмдердi қолдана отырып баяндалуы, оқырмандарды көбiрек тарту мақсатында шетелдiк үлгiмен төменгi деңгей өкiлдерiне арналған әр түрлi атақты адамдар өмiрiне байланысты өсек-аяңдар немесе ойдан шығарылған, дерек-көзi күмәндi фактiлердi беруi – солай деуге мәжбүр еттi. Әлеуметтiк факторлар сол жағдайға итермелеп отыр дер едiк. Өйткенi, осындай тәсiлдер арқылы газеттер таралымын көбейтедi, қаржы табуға мүмкiндiк алады. Сонымен бiрге, қынжылыспен айтуға тура келтiнi: осы факторлар қоғам мүшелерiнiң бiлiм дәрежесi, бiлiктiлiк деңгейiнiң төмендеп бара жатқанының нақты көрсеткiшi болатындығы әрi басылымдардың сол деңгейге ыңғайлануының байқалатындығы.

    Көп тиражды және салалық газеттер өз аудиториясының тiлiгiн қанағаттандыру барысында кәсiби-салалық және әлеуметтiк-топтық жаңалықтарды көбiрек қамтиды. Яғни, газет текстерi көбнесе терминдердiң, сапалық кәсiби сөздердiң жиi қолданылуымен ерекшеленiп тұрады. Мысалы, “Қазақстан мұғалiмi” газетiнде оқу-бiлiм, педагогика саласына байланысты атаулар мен оқу методикасы (әдiстемелiк) терминдерiн, сөз тiркестерiн молынан ұшыратуға болады:  Сабақ жоспары, күнделiктi тапсырма, үй жұмысы, сынып жұмысы, сынып жетекшiсi, көрнекi құрал, Жоғарғы және орта бiлiм беру министрлiгi, математикалық олимпиада, тест әдiсiн пайдалану, т.б.

    Сондай-ақ, көп тиражды “Егемен Қазақстан” газетi, негiзiнен, қоғамдық-саяси, басқарушы органдардың газетi саналатындықтан әрi оқырманы сан қилы әлеуметтiк ортаның адамдары (қоғам қайраткерлерi, зиалы қауым өкiлдерi, ауыл адамдары, түрлi мамандық иелерi) болғандықтан, әр түрлi салалық терминдер, кәсiби сөздер, ғылыми техникалық терминдер, қоғам мен экономика саласына байланысты атаулар, әсiресе, қоғамдық-саяси лексика элементтерiн көп қолданады. Осы типтi газеттер экономика мен қоғамдағы түрлi өзгерiстердiң тiлдегi бейнесi, катализаторы ретiнде, сондай-ақ қоғамдағы кез келген үлкендi- кiшiлi өзгерiстердiң лексикада тез байқалатындығының айқын дәлелi ретiнде танылады.

    Жалпы газет типтерi болуының түп-төркiнi әлеуметтiк себептермен байланыста әрi публицистикалық стильдiң функционалдық ерекшелiктерiмен сабақтастықта қарастыру қажет. Осы жерде газеттiң қалың бұқараға әсер етушiлiк және ақпарат жеткiзушiлiк қызметi назардан тыс қалмаса, құба-құп. Ол үшiн газеттiң өзiне тән лексикасы, кейбiр грамматикалық категориялары (стандарт, штамп) айқындалуы қажет. Әрине, газет лексикасы, оған тән грамматикалық құрылымдар тiл бiлiмiнiң заңдылықтары, тiлдiк құбылыстары мен лексика түрлерiнен басы бүтiн бөлiнiп қарамайтындығын, олай болуы мүмкiн де еместiгiн айта кету керек.

 

 

 

 

 

2.3. Газеттiң iшкi құрылымына тән лексикалық

ерекшелiктер

2.3.1. Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық

құлылымы

 

 

         Газет айдарлары (рубрикалар) – газеттiң iшкi құрылымынан хабардар ететiн, оны танытатын басты компоненттерiнiң бiрi. Айдарлар қызметi жағынан негiзi және бiр ғана газет типiне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлар да ұшырасады.

         Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бiр ғана мәселеден хабар бередi. Мысалы, “Қазақ” газетiнде “Сыртқы хабарлар”, “Iшкi хабарлар”, “Оқшау сөз”, т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының шығу тегiн (iшкi, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңғартып тұр. “Қазақ” газетiндегi “Сыртқы хабарлар” айдары қазiргi газеттердiң көбiне тән “Шетел жаңалықтары” рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары “сыртқы” сөзiнiң орнына “шетел” сөзiн пайдаланса, әрине, оқырманға түсiнiксiз болар едi. Яғни, бұл жерде оқырманның қабылдау деңгейiне лайықты “сыртқы” лексемасы таңдалынып алынып отыр. “Қазақ” әуелi “Европа”, “Азия” және олардағы түрлi “падшалықтар” туралы сериялы танымдық бағытта жазып, ондаған мақалалардан кейiн ғана “Европадан хабар” атты айдар пайда болды. Мұның өзi газеттiң бiраз уақыт дайындық iспеттi жасаған iс-әрекетiнiң нәтижесi, оқырман көзқарасы көкжиегiнiң кеңи түскенiнiң көрiнiсi, газет лексикасында оқырманның әлеуметтiк деңгейiне байланысты өзгерiс пайда болғандығының айғағы.

         Бiрнеше газет типтерiне ортақ рубрикалар мемлекеттiк дәрежеде көтерiлген саяси, әлеуметтiк мәселелердiң газеттерде насихатталуы барысының көрсеткiшi сынды дүниеге келiп отырады. Айталық, 1980-жылдардағы газеттерге партия, оның саясаты, мемлекет басшыларының позицияларынан туындайтын, әр түрлi көзқарастарды аңдарлардың көбi бейтарап лексика элементтер қатысуымен жасалған, құрылыс қарапайым. Мысалы, “Сьезд мiнберiнен”, “Делегаттар сөйлейдi”. Бiрнеше газет типтерiнде ұзақ жылдар бойы мезгiл-мезгiл көрiнiп отыратын айдарлардың бiрнешеуiне тоқталайық. Мәселен, “Алтын орақ”, “Алтын дән”,

“Егiн орағы-…” деп аталады. Бұлардың алдыңғы екеуi бағалауыштық қасиетке ие болса, соңғысы бейтараптанған лексикалық элементтерден тұрады. Бейтараптанған лексикалық элементтер туралы М.Белбаева былай дейдi: “Барлық стильде бiрдей қолданыла беретiн стильдiк бейтарап сөздердiң тобына негiзгi сөздiк қордағы сөздер енедi. Мысалы: тау, жер, су, үй, киiм, жүру, тыңдау, сөйлеу, ақ, қара, көк, мен, сен т.б. Стильдiк бейтарап сөздер күнделiктi өмiрде жиi және жалпылама қолдану қасиетiмен сипатталады” (23,63). Яғни, бейтараптану үшiн бағалаушылық қасиет болмау керек екен. Затқа, оның сапасы мен санына, iс-әрекетке айтушы немесе жеткiзушi баға бермейдi, жай ғана хабарлайды. Мұндай бейтараптанған айдарлардың құрамы көбiне қарапайым, сөз, сөз тiркесi түрiнде болады. Мысалы: “Тәртiптiк кеңес iс үстiнде” (Ж., 19.09.98) дегенде, тәртiптiк кеңес iсiне баға берушiлiк, бағалау тұрғысында көзқарас бiлдiру қасиетi мүлде жоқ, информация ғана берiп тұр. Көзқарасты бейтараптандыру, уақыт пен көлем жағынан ұта түсу мақсатынан туындаған мұндай синтаксистiк құрылымдар газет бетiнде жиi қолданылады. Оған мысал ретiнде “Бүгiнгi номерде”, “Бүгiнгi оқитындарыңыз”, “Баспасөз баршаға”, т.б. айдарларды келтiруге болады. Газетте, жарнамада жиi кездесетiн эллипсистенген сөйлемдерден өзгеше болып келедi.Өйткенi, контекст iшiндегi (бұл жерде кең көлемдегi контекс) элллипсис сөйлем мәнi өзiнiң алдындағы немесе өзiнен кейiн келетiн бiрнеше сөйлем арқылы, сол сөйлемдердiң мазмұны арқылы ашылады, толығады.

         Ал зерттеушi З.Ш.Әдiлова кейбiр тiлдiк конструкцияларды неғұрлым динамикалы конструкциялармен алмастырудың нәтижесiнде эллипсистенген тұлғалар пайда болады деген ой айтады (24). Газет тiлi айдарларында кездесетiн эллипсис тұлғалар табиғаты осы пiкiрмен сабақтасып жатыр. Қазақ газеттерiнiң, сонымен бiрге көркем шығармалар тақырыптары мен жарнамалардың эллипсис түрiнде келуiн тек орыс тiлiнiң әсерi деп қабылдай салғаннан гөрi, эллипсис тұлғалар тудыратын бояу астарымен, тiлдiк үнеммен де байланыстырған орынды.

         Жоғарыда келтiрiлген мысалдардағы бейтарап лексикамен берiлген айдарларға қарама-қарсы бағалауыштық мәндегi айдарлар саны да жеткiлiктi. Мысалы: “Оқшау сөз”, “Серке сөз”, “Денi саудың – жаны сау” (АА.,1998), т.б.

         Бiр ғана газетке тән арнайы айдарларға “Жетiсудың” сауалнамасы” сынды қолданысты мысалға кетiрер едiк (Ж.,1998ж).

         Айдарлар тiлiнiң синтаксистiк құрылысы, айтып кеткенiмiздей, аса күрделi болмайды. Мысалы:

  1. Кейде адам аттары атау тұлғада тұрады: “Абай және бiз” (Ж.,13.08.98). Сондай-ақ, абстрактiлi ұғымға құрылған “Ата жұрт – алтын бесiк” айдарларын да осы аталған құрылысқа жатқызуға болады.
  2. Атаулық тiркес түрiндегi келетiн айдарлар “Қазақтағы” ең өнiмдi әрi ең ұтымдылары болған деп есептеймiз. Атаулық тiркес терминi ғалым, профессор С.Исаевтың қаламына тән. Мысалы: “Оқшау сөз”, “Серке сөз”, “Қазақ” газетiндегi “кезекшi” айдарлар, яғни қолданыстан үнемi түспеген рубрикалар. “Серке сөз” айдарымен Мiржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, кейде Әлихан Бөкейханов қаламынан туындаған мақалалар берiлiп отырған. Кейiн дәл осы құрылым сол күйiнде “Ана тiлi” апталығында қайта түледi. Қазiр көптеген басылымдар бетiнен ұшыратуға болады.

               Осы үлгiдегi айдарлар: “Ұсыныс хат”, “Жұмыр жер”

     (Ж.,13.08.98), “Суыт хабар” (Ж., 18.08.98), “Ақжолтай хабар”

     (Ж., 18.07.98), “Сүйiншi дана” (АТ., 13.09.91). т.б. Мысалы, (Жұлдыз                                                     жорамал” (ЕҚ., 29.09.98) айдары кез келген басылымда кездеседi, себебi де жоқ емес, мақсат – оқырманды тарту, қызықтыру. Осы көрсетiлген рубрикалардың iшiнде “Суыт хабар”, “Ақжолтай хабар” сиақты тiркестерде бағалаушылық сипат басым. Қалғандары – бейтараптанған. Сондай-ақ “Оймақтай ой” (ЕҚ., 17.07.98) айдары экспрессивтi-эмоционалды лексикаға құрылған. Осы типтес “Сөз төркiнi”, “Өткiр сұрақ”, “Жаңа басылым” – “Ана тiлi” апталығында жиi ұшырасатын айдарлар.

  1. Қос сөз түрiндегi айдарлар: “Өлең-жыр” (“Қазақ”), “Ақшам-ақпарат” (АА., 21.08.98), “Нарық-саясат”, “Көшi-қон” (Ж.,18.08.98), т.б. компоненттерi мағыналарын жоғалтпаған дербес сөздердiң қосарлануының нәтижесiнде пайда болған. Бiрақ мұндай айдарлар кез келген сөздердiң қосарлануынан жасалмайды, компоненттерi көбiне қоғамдағы актуальды құбылыстар мен ұғымдар атаулары болып келедi де, күрделi сөз қосарлану нәтижесiнде екi сөздiң де негiзгi семаларын жинақтап бере алады. “Сөзбе-сөз” (А., 10.08.98) айдарларында айтар ойды дәл, нақты, айнытпай берiп тұрғандығынан хабардар ететiндей экспрессия бар.
  2. Септiк жалғауларымен келген айдарлар: а) Жатыс септiк жалғауымен: “Республикалық қазақ тiлi қоғамында” (АТ.,30.05.91), “Жергiлiктi ұымдарда” (АТ., 16.05.91), “Тiл тағлымы университетiнде” (АТ., 09.05.91), “Тәртiптiк кеңесте” (Ж.,18.09.98), “Жол плициясында” (Ж., 18.08.98), “Дөңгеленген дүние үйiңiзде”, “Бiр шаңырақ астында” (АТ., 07.03.91), “Жұмыр жерде теңбiл доп” (Ж., 18.07.98), т.б. Осы сынды айдарлар баяндалатын оқиғаның, болған немесе болатын iстiң мекенiн бiлдiредi.

ә) Шығыс септiк жалғауымен: “Басқармадан” (“Қазақ”), “Басқарма қоржынынан”, “Ел аузынан” (АТ., 30.05.91), “Аулақтан сұхбат” (АТ., 21.03.91), “Көңiлден шыққан көрiктi сөз” (АТ., 03.01.91), “Оқырман хаттарынан” (АА., 10.08.98), т.б.

б) Барыс септiк жалғауымен: “Оқырман назарынан”(АТ., 14.01.91), “Қаламдастарға құлаққағыс” (АТ., 28.02.91), “Талдықорған облаткомының назарна” (АТ.,14.02.91), “Республикалық “Қазақкiтап” кiтап саудасы бiрлестiгiнiң назарына” (АТ.,14.01.91), “Ана тiлiне” хат” (АТ.,07.01.91), “Қазақ ССР Жоғары Кеңесi сессиясының назарына” (АТ., 13.08.91), “Шаңыраққа – 50 жыл” (Ж.,18.08.98), “Бiлгенге маржан” (АТ., 21.03.91). Барыс септiгi қатысуы арқылы жасалған эллипсис тұлғалардың оларға деген зәрулiк пен тiлдiк үнемдеу заңы нәтижесiнен туындайтындығын аңғаруға болады. Сондықтан да, бiздiң ойымызша, кейбiр зерттеулер айтып жүргендей, эллипсис тұлғалардан тек қана оыс тiлiнiң әсерiн iздей берудiң жөнi жоқ. Айталық, “Бiлгенге маржан” конструкциясы орыс тiлi әсерiмен дүниеге келдi деп қалай дәлелдеуге болады. Керiсiнше, ұлттық колорит, ұлттық бояу анық байқалады дер едiк. Өйткенi, қабылдаушы (адресат) осы айдардың мәнiн анық түсiнуi үшiн қазақтардың психологиясы мен мәдениетiнен хабардар болуы тиiс.

         Ал “Баспа сөз – баршаға” сөйлемiндегi баяндауыш қызметiн барыс септiгi тұлғасындағы сөз атқарып тұр. Дәл осындай конструкциялы эллипсистенген сөйлемдер жайында зерттеушi Ж.Жақыпов былай дейдi: “Барыс септiгi жалғанған сөздер iс-әрекеттiң, қимылдың барып тiрелер жерiн, аяқталар тұрағын, кiмге, неге бағытталғанын, арналғанын, мақсатын бiлдiредi. Демек, хабарды берушi мен қабылдаушы барыс септiгiнiңосы мағынасына сүйенiп сөйлемдi ой ағымымен толықтырады” (24,97). Яғни, Баспасөз — баршаға” толық күйiнде “Баспасөз баршаға арналады” болуы тиiс едi. Қазақ тiлiнде ықшамдалған “Ит – тойған жерiне, ер – туған жерiне” т.б. осындай тiлдегi актуальданған сөйлемдер, трансформациялық процестердi профессор Р.С.Әмiров сөйлеу талабымен байланыстырады (25, 8-9). Эллипсистенген сөйлем құрылысы өзгерiске ұшырайтыны анық, ал осы процестiң газет айдарларында көбiрек  байқалуы газет тiлiнiң ықшамдалуға, үнемге икемдi болып тұруынан деп ұғамыз. Мұндай сөйлемдердегi түсiп қалған элементтi ой екпiнi арқылы толықтыруға болады.

         Айдарды сұрыптай келе, ресми хабарларды танытатын айдарларда әлi де болса орыс тiлдiк элементтердiң молдығын байқадық. Мысалы, “Ана тiлi” апталық газетiнiң 1991 жылғы, яғни алғашқы шыққан жылғы нөмерлерiндегi айдарлардың бәрi дерлiк эмоционалды-экспрессивтi реңктегi лексикамен берiлген: “Құнан қойдың құнындай”, “Жердiң тiлi – елдiң тiлi”, “Бiлгенге маржан”, “Айтылмаса сөз өледi”, “Жарыққа түтiн түтеткен”, “Толғауы тоқсан туған тiл”, “Бiр бәйтерек бұтағамыз”, “Тiл бұзарлар тұғыры”, “  Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла!”, “Төл әлiппе ата жазуымызды үйренейiк”, “Бiр шаңырақ астында”, “Алтынның сынығы”, “Қаз-қалпында”, “Алты алаштың ардағы”, “Атақты адамдар өмiрiнен”, “Серке сөз”, “Тоқсан тараулы түркiтану”, “Сүйiншi дана”, “Көзiмнiң қара шығындай”, “Өткiр сұрақ”, “Ақылдасайық, ағайын”, “Қырық қатпарлы түркiтану”, “Қарға тамыр ел едiк қашаннан-ақ”, “Ата жұрт – алтын бесiк”, т.б.

         Сондай-ақ, хабар мәндi “Жергiлiктi ұйымдарда”, “Тәржiмелiк тәжiрибелер”, “Жиған-терген”, “Ел аузынан”, “Жазылған жайдың жалғасы”, “Қаламдастарға құлаққағыс” және ресми тiл эелменттерi басым болып келетiн “Республикалық “Қазақкiтап” кiтап саудасы бiрлестiгiнiң назарына”, “Ана тiлiне” хат”, “Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi сессиясының назарына”, “Республикалық “Қазақ тiлi” қоғамында”, “Халық депутаттары Қызылорда облыстық кеңесiнiң назарына”, “Қазақ КСР өнеркәсiп және Халыққа бiлiм беру министрлiктерiнiң назарына”, “Республикалық “Қазақ тiлi” қоғамының көшпелi кеңейтiлген пленумына” деген айдарлар санының молдығы газет атқаратын төл функция – хабар берудiң – ең жинақы түрде айдарлар арқылы анық көрiнетiндiгiн тануға мүмкiндiк бередi.

         Келтiрiлген мысалдардағы айдарлардың көбi экспрессивтi-эмоционалды болып келедi, ал, ресми элементтермен келген рубрикалар аз ұшырасады. Яғни, газет айдарларының мазмұны, мәнi, лексикасы оның типiне бағындырылып тұр.

         Бiздiң байқағанымыздай, экспрессивтi-эмоционалды лексика бiрлiктерiмен жасалған айдарлар денi әр нөмiр сайын қолданылған “кезекшi” рубрикалар. Мысалдар “Ана тiлi” апталығының 1991 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары арасындағы нөмiрлерiнен алынады.

         Ендi “Егемен Қазақстан” газетiнiң 1998 жылғы 17 шiлде күнгi айдарларына назар аударайық:”Призидент почтасынан”, Сұхбат”, “Шарайна”, “Қазақстан Республикасының заңы”, “Тәртiптiк кеңесте”, “Алыпқашпа сөздiң ақиқаты”, “Семинар”, “Дiн – дәстүр дiңгегi”, “Ғалым. Ғылым. Ғасыр”, “Дөңгеленген дүние үйiңiзде”, “Замандас”, “Оймақтай ой”. Айдарлардың өзiнен-ақ бұл газеттiң типiн аңғаруға болады, олар түгелдей дерлiк қоғамдық-саяси лексика элементтерiнен құрылған. Тек “Оймақтай ой”, “Дөңгеленген дүние үйiңiзде” айдарларына ғана эмоциялық мән үстемеленiп тұр. “Дөңгеленген дүние үйiңiзде” айдарымен апталық теледидар программасы берiледi. Бұл мысалдардан газет типiнiң газет айдарына әсерi, қоғамдық-саяси басылым болғандықтан, оқырманның ой-өрiсi, деңгейi, әлеуметтiк сұранысы мен олардың ненi талап ететiндiгiн түсiнiп, соны қанағаттандыруға бағытталнанын көремiз.

         “Жетiсу” газетiнiң бiр күнгi (1998 жылғы тамыздың 18-i күнгi) нөмiрiнде: “Ресми хабарлар”, “Бiздiң миллионерлер”, “Көшi-қон”, “Қосымша табыс көзi”, “Жүрген аяққа жөргем iлiнедi”, “Тарихтың ащы сабақтары”, “Бiратар”, “Жол полициясында”, “Шаңыраққа-70жыл”, “Суыт хабар”т.б. сынды рубрикаларды кездестiрдiк. Жоғарыда айтқанымыздай, газеттiң осы типiне тән лексикалық ала-құлалық, стильдiк әртүрлiлiк бұл газет бетiнде әбден орын алған, өйткенi газет типi, типiне байланысты аудитория сұранысы осы. Оқырман құрамы әр алуан, оның деңгейi мен әлеуметтiк сұранысы да сан түрлi. Айталық, “Ресми хабарлар”, “Көшi-қон”, “Қосымша табыс көзi”, “Тарихтың ащы сабақтары”, “Жол полициясында” қоғамдық-саяси лексиканың қатысымен “Суыт хабар” ауызекi

сөйлеу стилi негiзiнде жасалған. Демек, газеттегi хабарлар мазмұнына айдар атаулары семантика-стилистикалық тұрғыдан бағынышты.

                   Айдарлар негiзiнен төл тiлдiк элемент арқылы жасады да, кiрме сөздердiң проценттiк мөлшерi өте аз болып келедi. “Ана тiлi” газетiндегi 1991 жылғы 40-қа  жуық айдардың 36-сы таза төл тiлдiк элементтерден құралғанын келтiрген мысалдардан анық көруге болады.

                   Синтаксистiк құрылысы жағынан айдарлар көбiнше сөз тiркесi күйiнде келедi де: тәртiптiк кеңесте, оймақтай ой, ел аузынан, алтынның сынығы, тiл бұзарлар тұғыры, сүйiншi дана сияқты тiркестерде байланысу тәсiлдерiнiң барлық түрi қамтылған. Аяқталған ойды бiлдiретiн сөйлем түрiндегi айдарлар да бiршама: Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла; Төл әлiппе ата жазуымызды үйренейiк; Ақылтасайық, ағайын; Айтылмаса сөз өледi; Дiн – дәстүр дiңгегi; Жүрген аяққа жөргем iлiнедi, т.б.

 

2.3.2. Газет тақырыптарының лексика-семантикалық

ерекшелiктер

        

         Мәтiндегi айтылатын ойдың жиынтығы тақырып арқылы көрiнедi. Ал ондағы айтылатын ойдан хабар беруi тақырыптың номинативтiк функциясы болып табылады. Сонымен бiрге мәтiндегi айтылатын ой мен жеткiзiлетiн хабарға баға беруi әрi осы баға берушiлiк қасиетiнiң нәтижесiнде мәтiндi қабылдау (восприятие) функциясы iске асады.

         Жалпы газет тақырыбы мен айдарларын тiлдiк тұрғыдан талдау газеттiң хабар жеткiзу және әсер ету функциялары ескерiле отырып жүргiзiледi.

         Тақырыптар құрлысы жағынан қарапайым не күрделi құрылымды болып келедi. Күрделi тақырыптардың бiрнеше түрi бар. Айталық, бiрнеше деңгейлiк тақырыптар болады. Мысалы:

“Ата Заң – асыл мұраттар бастауы (1)

30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конститутциясының  күнi”(2) (ЕҚ., 29.09.98).

Мысалыға келтiрген тақырыптың 1-деңгейi контекстуалды лексика, 2-деңгейi бейтарап лексика элементтерiнен құрылған контекстуалды сипаттағы хабар мәндi сөйлем. Мұндай деңгейлiк тақырыптар кейiнгi кезеңнiң жемiсi, өйткенi алғашқы басылымдар мен “Қазақта” күрделi структуралы тақырыптарды кездестiргенiмiз жоқ.

“Армысың, алаш азаматы”

“Ана тiлiне” ен таққан 110 мың 163 оқырман” (АТ., 03.01.91) –тақырыбы әсер ету лексикасымен берiлген.

Мақалалардың ақпараттан хабардар ететiн тақырыптары номинативтiк функция атқарады әр оқиғаны, хабарды, бағалайды. Бұл жағынан тақырыптардың тiлдiк бiрлiк – сөз атқаратын қызметке ұқсас.

Ендi тақырыптардың қызметi мен сөз функциялары арасындағы ұқсас және айырым тұстарын қарастырайық. Сөздiң функциясы (қызметi) үш жақта болатыны белгiлi: а) коммуникативтi; ә) номинативтi; б) эстетикалық. Бұлардың әр қайсысына жеке-жеке тоқтала кетсек, сөздiң коммуникативтiк қызметi сөздiң қарым-қатынас және хабарласу құралы болуында, номинативтiк функциясы заттың атауы болуында, эстетикалық функциясы ойды көркем жеткiзу болатындығында. Ал, тақырып атауы болып тұрған сөз немесе сөз тiркесi, сөйлемшелер бiр ғана мағына беру арқылы номинативтiк қызмет атқарады. Тiптi осы қызметiмен бiрге баға берушiлiк жүгiн де көтередi. Оның баға берушiлiк қызметi оқырманды мәтiндi қабылдауға, дұрыс түсiнуге даярлайды. Осы даярлық жүгiзу барысында сөздiң апелятивтiлiгi iске қосылады. Апелляция бiреуден қолдау, кеңес күту деген мағына беретiнi белгiлi. Әрине, бұл газет атаулының қызмет сферасының бiрi әсер етуден туындайды. Яғни, әсер ету қызметiнiң нәтижесi қандай дәрежеде болғанын пайымдау үшiн қабылдаушыдан қолдау күтедi. Тақырыптың апеллятивтiк қызметi көбне лексикалық және синтаксистiк элементтер комплексiнiң фпаза түрiнде берiлуiмен жүзеге асады.: “Шындықты жасыра алмайсың”, т.б.

Тақырыптың номинативтiк қызметiнiң сөздiң номинативтiк қызметiнен ерекшелiгi неде? Номинатив сөз (атау сөз) – тiлдiк белгi (Ф. Де Соссюр боынша – языковая знак) немесе тiл бiлiмiнде сигнификат терминiнен газет тақырыбының басты айырмасы оның белгiлi бiр заттың биологиялық, табиғи байланысы жоқ акустикалық бейнесi емес, керiсiнше, тақырыптан туындайтын оймен, оның мазмұнымен тiкелей байланысты, өзге деңгейдегi атау болуында. Келтiрiлген соңғы мысалдағы тақырыптың екi деңгейi қосылып, бiр ғана номинативтiк қызмет атқарып (оқырман) әрi өзiн-өзi анықтап, өзiн-өзi бағалап (алаш азамат, “Ана тiлiне” ен таққан – сонымен бiрге жағымды ассоциация тудырып тұр), мәтiндегi айтылар ойдың жиынтығы болып тұр. Мәтiндегi хабар осы газет пен оған жазылған оқырмандар жайында, ой солардың төңiрегiнде өрбидi.

Кейде экспрессиялық мәндi синтаксистiк құрылым түрiнде келедi: “Нанды қадiрлейiк!” т.б.

Газет бетiндегi көптеген тақырыптар мен тақырыпшылар керi бағалауыштық (отрицательная) жағымсыз лексикадан тұрады. Дәл осындай тақырыптарда ауызекi сөйлеу лексикасы элементтерi анық бiлiнедi және бағалауыштық лексемалардан тұрады: “Озғанбайша тонау”, т.б. Байқағанымыздай, тақырыптардың мұндай тобы ауызекi сөйлеу тiлiне жақын. Олар тура және жанама мағынадағы тұрақты тiркестер және трансформацияланған сөздер түрiнде де келедi. Себебi, ғалым В.Д.Девкиннiң айтуынша: “Для обиходной лексики особенно типичны  слова с отрицательной оценкой, в то время как слов положительной семой немного” (26, 160).

Айтулы даталар мен оқиғалардан хабардар ететiн, мағыналық-құрылымдық бiрлiкпен тұтасқан “Ертең – халақаралық әйелдер күнi” (АТ., 07.03.91), “Бүгiн жеңiс күнi” (АТ., 09.05.91) секiлдi тақырыптар қоғамдық-саяси лексика элементтерi қатысымен жасалып, хабарлы, лептi сөйлем түрлерiнде келедi.

Кейде тақырып, тақырыпша, мәтiн – бәрi  мағыналық-құрылымдық бiрлiктi, бiр ғана тұтастықты танытады. Мұндайда бәрiнiң мағыналық бiрлiгiн, құрылымы жағынан тұтастығын танытып, басын бiрiктiрiп тұратын ұйытқы не болмаса тiрек сөз (ключевое слово) болатындағын байқадық. Төмендегi мысалдағы “тiл” лексемасы сондай сөз:

“Сылбырдың аты шылбырына сүрiнедi

Самарқаулық пен селқостықтың салдарынан “тiл шаруашылығы” кенжелеп келе жатқан Қазақ КСР Қаржы және Сауда министрлiктерiнiң қазiргi қалпы туралы қысқаша осылай деуге болады” (АТ., 1991).

Тақырып, тақырыпша және мәтiн арасын мағыналық жағынан тұтастыра байланыстырып, ұйытқы болып тұрған тiл шаруашылығы немесе тiл сөзi. Ол мәтiнде өте жиi қолданылады.

Келтiрiлген мысалда тақырыпты тақырыпша анықтап, мағынасын ашып тұр.

Тiрек немесе ұйытқы сөз мәтiндегi ой жүгiн арқалайды, текст жеткiзуге тиiстi мағына оның семантикасына топтасады, сондай-ақ осы сынды ұытқы сөздердiң әлеуметтiк өмiр мен тiлге қатыстылығы деңгейi тең дәрежеде болады. Ұйытқы сөздер белгiлi бiр уақыт аралығына, кезеңге тән типологиялық атаулар, заманға сай оқиғалардан хабар беретiндей мағызға ие лексемалар. Құрамы жағынан жеке сөз я болмаса сөз тiркесi түрiнде болады. Мысалы:

“Сыбайлас жемқорлық жойылады –

оған мен кепiлдiк бере аламын, — дейдi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi әскерлер қолбасшысы, генерал-лейтенант Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов мырза” (ЕҚ., 17.07.98), — дегенде, “сыбайлас жемқорлық” тiркесi – бүгiнгi күннiң әлеуметтiк “ауруларының” бiрi, коррупцияның баламасы, қоғам өмiрiнiң тiлдегi көрiнiсi, сондықтан да әлеуметтiк лингвистика үшiн де, лингвистикалық талдаулар үшiн де маңызды тiлдiк фактор, тақырып пен мәтiндегi айтылар ойды бiлдiруге әлеуетi жететiн синтез сөз.

         Тақырыптар фразелогиялық тiркестерден болғанда газет тiлi шырайланып, қасандықтан арылып, өңi кiрiп, қысқа да нұсқа сөйлеудiң үлгiсiн, журналист тiлiнiң шұрайлылығын танытады. Айталық, “Абылай аспас сары бел” (АТ., 25.04.91) – осы сөзiмiздiң дәлелi. Мұндай ұтымды, ұлттық ойсанаға лайықталған, ұлттық менталитеттi танытатын тақырыптар “Ана тiлi” апталығының алғашқы жылғы сандарында молынан ұшырасады.

         Газет тiлiнде бағалауыштық лексиканың басым түсiп жататындығы жөнiнде ғылыми ортада қалыптасқан пiкiр бар. Бағалауыштық сипат газет мәтiндерiн ғана емес, тақырып, тақырыпша сынды басылымның iшкi құрлысын танытатын атрибуттарын да қамтиды. Баға берсе сөйлеу, бағалауыштық сипат газет атаулының бүкiл өн-бойына тән болады да, ол газеттiң төл функциясының бiрi әсер ету, елiктiрумен ұштасады. “Алтыннан да ардақты”, “Ай аттары да – асылымыз”, “Бiр өлеңi бiр елдiң мұрсындай”, “Құнан қойдың құнындай”, т.б. (АТ 1991) – тақырыптары “Ана тiлi” газетiнiң ғасыр басындағы “Қазақтың” болмыс-бiтiмiмен барлық жағынан үндестiгiн, дәстүр жалғастығы мен мақсат-мүдде бiрлiгiн танытумен бiрге газет тiлiнде метафораны қолдану ерекшелiгiн, оны басылымның мақсатына бағындыра пайдаланудың және баға бере сөйлеудiң үлгiсiн де көрсетiп тұр.

         Метафора – мәтiндегi ойды жинақтап, түйiндеп беруде таптырмас құрал. Ал, оның қоғамдық-саяси лексика элементтерi көп қолданылатын, ресми стилi басым деп саналатын газет тiлiндегi атқарар қызметi мұнымен ғана шектелмейдi.

         Әр газет типтерiне қарай жағымды мәндi және жағымсыз  бағалауыштық сипаттағы сөздер түрлiше қолданылады. Мысалы, “Ана тiлi” апталығы сияқты жалпыұлттық газеттерде жағымды мәндi сөздер тұрақты тiркес түрiнде көбiрек қолданылса, қоғамдық-саяси басылым саналатын “Егемен Қазақстанда”, кезiндегi “Социалистiк Қазақстанда” жағымсыз бояулы, керi бағалауыштық лексика метафоралар мен ауызекi сөйлей тiлi элементтерiн қолдану арқылы жасалады, олар өзге қоғамдық құрылымды сынап-мiнеу, өмiрдiң жағымсыз тұстарын ашу құралы болды, сонымен бiрге олардың қызметi газет ұстанған бағытқа, мақсаты мен мүддесiне бағындырылып отырады. “Буржуазиялық өмiрдiң сиқы” сияқты 1970-80 жылдары кең қолданылған, бара-бара стандартқа, тiптi кейiнiрек штампқа айналған тiркестi солардың қатарына жатқызуға әбден болады. Осындай құбылыс “Қазақ” газетi тақырыптарында былайша көрiнiс берген: Тозған рәсiм азап, Елдi елертушiлер, .т.б.

         Cоңғы жылдары қоғамымыздың демократиялануы барысында басқарушы органдары, үкiмет iс-әрекетiн сынауда қазақ газеттерi ауызекi сөйлеу тiлi элементтерi көбiрек пайдалана бастады. Мысалы, “Мемелекеттiк бюджеттi сүндеттеу” (ЖА., 1999, ақпан). Бұл газет тiлiнде ауызекi сөйлеу тiлi әсерiнiң жоғалмағанын керiсiнше, арта түскенiн байқатады, сонымен бiрге кейбiр газеттер құрылымындағы, олардың типтерiндегi өзгерiстерден де хабар етедi.

         Әсер ету, елiктiру сөздерiмен келетiн “Ана тiлiне жазылыңыздар!”, “Үмiтқұлдай басшың болсын!”, “Қаһарманымызды қадiрлей бiлейiк!” (АТ., 09.05.91) тақырыптары газеттiң әсер ету, үгiттеу функциясын үнемi еске салып отырады.

         1970-80 жылдары газет тақырыптары интернационалдық сөздер қатарының молдығы, ресми стильдiң кең етек алуы, сондай-ақ, газет жанрларының аса саясаттандырылуымен, газет тiлiнiң ауызекi сөйлеу тiлiнен барынша алшақтай түскендiгiмен ерекшеленедi. Сол тұста жарық көрген “Тiл мәдениетi және баспасөз” (1968), “Сөз өнерi” (1978), “Өрелi өнер”(1976) жинақтарында баспасөз тiлiне қатысты әр түрлi мәселелер талдау обьектiсi болды. Осы жинақтардағы С.Исаевтың “Мерзiмдi баспасөзде жиi ұшырасатын стильдiк қателер жөнiнде”, Н.Демесiнованың “Баспасөз тiлiнде көптiк жалғауын қолдану ерекшелiктерi” , Н.Уәлиевтiң “Қосымшаны да құнтпен қолдансақ” атты мақалаларында баспасөз тiлiне қатысты, әдеби тiл мен оның нормасы, тiл мәдениетiне қатысты түйiндi мәселелер көтерiлгенiн айта кету керек.

         Газет тақырыптарының синтксистiк құрылысына назар сала отырып, олардың жеке сөз, сөз тiркесi, сөйлемшелер, сондай-ақ  сөйлем түрiнде келетiнiн аңғардық.

         Газет айдарларына қарағанда кiрме сөздер арқылы жасалған тақырыптардың көбiрек кездесетiндiгi байқалды.

         Қазiргi газеттердiң бәрiнде дерлiк екi немесе деңгейлi тақырыптар ұшырасатындығын атап өткенбiз. Ал әр деңгейдiң атқарар қызметiн мына схема арқылы байқауға болады: Жалпы мәселе – жеке мәселе – нақты проблема.

         Мысалы:

         “Емдеу баланысын бақылау (1-деңгей)

         дәрiгер жауапкершiлiгiн арттырды (1-деңгей)

         Елiмiздегi денсаулық жүйесiн реформалау бағытында жүзеге асырылған басты оқиға – мiндеттi медициналық сақтандырудың (бұдан әрi ММС) енгiзiлуi. Одан берi де екi жыл өттi. Қашан да жаңалықтың өмiрге енуi, орнығып кетуi оңай емес. Мiне, осы екi жыл ненi көрсеттi, қиындықтар қандай, не нәрсеге қол жеттi? Облыстық ММС қорының директоры Амантай Сапарғалиұлы Бұршақбаев осы төiректе өз ойын ортаға салды:” (3-деңгей) (Ж., 18.07.98).

         Кейде екi деңгейлi тақырыптардың 1-деңгейi салдарын, ал 2-деңгейi себебiн бiлдiредi:

         “Шипагер” дауы сотқа жеттi (1)

сөйтiп, жекешелендiру заңынан бұзылған айғағы ашылды.” (2)

         я болмаса: “Оңтүстiк пен солтүстiктi жалғастырған (1)

                           Мойынты-Шу темiр жолына 45 жыл” (2)

         Немесе: “Анкара деклорациясына қол қоюшылар (1)

         Баку-Жейхан мұнай құбыры КТК-ның баламасы емес екенiн мәлiмдедi” (2) (ЕҚ., 03.10.98) мысалдарындағы 1-деңгейлер жалпылама мағынаны бiлдiрсе, ал 2-деңгейлерi нақтылыққа құрылған, тiптi мағыналық сегменттерге (Баку-Жейхан// КТК ) бөлiп беру нәтижесiнде актуальдылығы артып, тақырып мағынасы ашыла түседi. Құрылысы осындай тақырыптар газет тiлiнде де, жарнама тiлiнде де өте тиiмдi, әсiресе оқырман назары мен зейiнiн аударуда ұтымды болып келедi.

         Сұрақ-жауап түрiндегi тақырыптар – сұраққа жауап беру, кейде риторикалық сұрақтар қою арқылы көтерiлiп отырған проблемаға оқырман назарын аудара түсу – газеттiң көпшiлiкке әсер ету функциясын жандандыра түсетiн фактор. Мысалы:

“Қала әкiмi қысым жасаса

кәсiпкер қайтiп күн көрер?” (“Заң газетi”, 04.10.98).

Газет тақырыптары беретiн экспрессия мәтiнге әсер етпейдi. Мәтiн жанрлық тегiн сақтап, соған лайықты жазыла бередi.

 

 

2.3.3.Газет жанрларының тiлдiк ерекшелiктерi

 

Қазақ тiл бiлiмiнде газет жанрлары жеке зерттеле қойған жоқ, көбiнесе көркем әдебиет жанрлары шеңберiнде қарастырылып жүргенi белгiлi. Ал көркем шығарма тiлiн талдау негiзiн Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М..Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Балақаевтар қалыптастырған болса, одан әрi жетiлдiре түскен Р.Сыздықова, Х.Кәрiмов, Б.Шалабаев т.б. ғалымдар болды. Әсiресе, көркем мәтiнге лингвистикалық талдау жүргiзудi арнайы мәселе етiп көрген, ғылыми еңбек арнап, оқу құралын жазған Р.Сыздықова мен Б.Шалабаевтар дер едiк. Ғалымдардың бiрлесе еңбек етуi нәтижесiнде “Көркем текстi лингвистикалық талдау” атты оқу құралы жарыққа шықты(27).

         Осы еңбекте көркем текстi талдау схемалары бiрдей еместiгi айтылады. Бiздiң байқауымызша, газет жанрларын, мәтiндердiң лингвистикалық тұрғыдан талдауда да бiркелкi схема болуы мүмкiн емес. Өйткенi газет бетiнде қамтылатын мәтiндердiң өзi бiркелкi емес, жанр түрлерi де сан түрлi. Жалпы, газет жанрларын, мәтiндердiң талдау үшiн әдеби тiл жүйесiн жетiк бiлу, әр стиль ерекшелiгiн толық түсiну қажет. Бұл жөнiнде академик Л.В Щерба: «Көркем шығарманы түсiну үшiн тар тiлдiк шеңберде қалуға да немесе тек интуицияға сүйенiп шығарманың идеясы туралы жайдақ пiкiр айтуға да болмайды”, — дейдi. (27,6). Осы айтылған пiкiр газет жанрларын, газет мәтiндерiне лингвистикалық талдау жасаған кезде бағыттаушы ұстаным ретiнде басшылыққа алынса, құба-құп болар едi. Газет мәтiндерiне тiлдiк талдау Б.Шалабаев, Р.Сыздықовалар айтқандай, алғашқы сатыдан, яғни, мәтiннiң сөздiк құрамынан, сөздердiң мағыналық өзгерiстерiн ашып алудан басталуы тиiс. Ал газеттердегi сөз мағыналарында болатын өзгерiстер әлеуметтiк фактордың ықпалына тiкелей тәуелдi болғандықтан, сыртқы факторлар әсерiмен ұштастыра қарастырылуы қажет. Айталық, жергiлiктi жерлерден келiп түсетiн оқырман хаттары, сондай-ақ арнаулы тiлшi мақалалары, ресми хабарлар, әр қилы күрделi, күрмеулi, шешуi қиын мәселелер жөнiндегi материалдар, қысқасы, газет араласатын қоғам өмiрiнiң барлық саласына байланысты жазылған әр қилы мәтiндер болады. Олардың сөздiк құрамы да белгiлi бiр сызылған схема бойынша қаыптаспайды, әртүрлi болады.

         Газеттiң негiзгi жанрлары ретiнде хабар (информация), шетелдiк корреспонденция, есеп, үгiт-насихат мақалалары проблемалық мақала, очерк, сұхбат (интервью), репоптаж, фельетон, пiкiр (рецензия) есептеледi. Осы аталған жанрлардың бәрiне ортақ ерекшклiктер:

  • фактiге, нақты дереккөзге сүйенетiндiгi;
  • фактiлер мен деректердiң жаңа болуы;
  • деректер мен фактiлердi дәл жеткiзетiндiгi;
  • оперативтiлiгi;
  • оқырманды сендiрiп, әсер ете алатындығы.

Газет жанрлары лингвистикалық тұрғыдан қазақ тiл бiлiмiнде арнайы зерттелмегенiн айттық. Ал орыс журналистикасында газет жанрларын талдауға арналған зерттеулер жетiп артылады. Мәселен, солардың бiрiнде: “Все в газете – передовая статья и корреспонденция, репортаж и очерк – должно быть публицистично, то есть исполнено большого общественно-политического смысла в наилучшей литературной форме”,- делiнген (28, 5). Бұл пiкiрден газет материалдарына қойылатын басты критерийдi тануға болады. Ендi әр жанрға тән сөздiк құрамды танып алуға талпыныс жасайық.

         Хабар жанры – алғашқы қазақ газеттерi ДУГ, ТУГ, сондай-ақ, “Қазақ” газеттерiнде молынан ұшырасқан газет жанры. Аталмыш басылымдарды хабарлар көлемi шағын болып келедi. Хабарға негiз болатын фактiлер қоғам үшiн маңызды, соны, оқырман көзқарасына әсер етерлiктей дәрежеде болуы тиiс. Ондай хабарды жеткiзушi тiлдiк құрал ретiнде кез келген жанр негiзiн құрайтын әдеби және сөлеу тiлi элементтерi қатысады, қоғамдық-саяси лексика алынуы шарт емес. Осының өзiнен-ақ хабарға тән конструктивтiк принциптi тануға болады. Мысалы:

         Дипломаттар сыртқы саясат мәселелерiн талқылады

         Жуырда Сыртқы iстер министрлiгi алқасының кезектi мәжiлiсi болып өттi, деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметi. Дипломаттар Қазақстан сыртқы саясатының, соның iшiнде Каспий проблемасы төңiрегiндегi жағдай туралы өзектi мәселелердi және оларды реттеу жөнiндегi бұдан былайғы iс-әрекеттердi қарады. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн айқындаумен байланысты осынау үлкен геосаяси проблеманы шешу барысында бiздiң елiмiздiң ұлттық мүдделерiн қорғау жөнiндегi мақсатты жұмыстың қажеттiгi атап көрсетiлдi. 1997 жылдың мамырында Алматыда Қазақстан жағының бастамашылығы бойынша Каспий жағалауы мемлекеттерi сыртқы iстерi министрлерi орынбасарлары деңгейiнде Каспийдiң құқықтық мәртебесiн анықтау жөнiндегi арнаулы жұмыс тобының алғашқы мәжiлiсi болды. Қазiргi кезде тараптар Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы қазақстандық нұсқа негiзге алынған Конвенцияның бiртұтас жобасын талдап жасауға кiрiстi.

         Алқа Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы осы жылғы шiлдеде Президент Н.Назарбаевтың Мәскеуге жұмыс сапары кезiнде қол қойылған “Жер асты қазбаларына егемендiк құқықты жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң жiгiн ажырату туралы” келiсiмнiң айрықша маңызын атап көрсеттi.

         Министрлiк алқасы Каспийдiң құқықтық мәртебесi туралы Конвенцияны әзiрлеу барысында Каспий жағалауындағы барлық мемлекеттердiң айқындамаларын жақындастыру мақсатында олардың бәрiмен келiссөз процесiн белсендi ету жөнiнде шаралар белгiледi.

         Алқа мәжiлiсiнде сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық академиясының ректоры М.Жолдасбеков дипломатиялық қызмет үшiн кадрлар даярлау туралы ақпаратпен таныстырды.

         Дипломаттардың күш-жiгерi 1998 жылғы 14 қыркүйекте Сыртқы iстер министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде Президент Н.Назарбаев алға қойған маңызды жаңа мiндеттердi жүзеге асыруға жұмылдыратын болады (ЕҚ.,10.10.98).

         Хабардағы өзектi мәселе, геосаяси проблема, мақсатты жұмыс, бiртұтас жоба, егемендiк құқық тiркестерi құрамындағы эпитеттер сапалық әрi бағалауыштық қызмет атқарып тұрса, бүкiл мәтiнге эффект берiп тұрған – геосаяси проблема дер едiк. Ресми тiлмен жазылған мәтiн мен тақырыпты мағына жағынан ұштастырып тұрған – сыртқы саясат мәселелерi – ұйытқы сөз тiркесi. Мәтiн лексикасы негiзiн қоғамдық-саяси лексика элементтерi құрайды, соның iшiнде мекеме атауларының, мемлекет атауларының үлес салмағы көбiрек: Сыртқы iстер министрлiгi, сыртқы саясат ведомствосы, сыртқы iстер министрлерi ректоры, мәжiлiс, жақ, тарап, келiсiм, айқындамалар, ақпарат, нұсқа, құқықтық мәртебе, т.б. Саясаттану ғылымына тән сыртқы саясат, геосаяси пролема, ұлттық мүдде, мемлекеттiк айқындамалар сияқты терминдер кездеседi. Шаралар белгiледi, маңызын атап өттi стандарттық тiркестерi газет тiлiнiң ерекшелiгiн танытса, бастамашылығы – жаңа қолданыс. Газеттегi публицистикалық сарынды танытып тұрған штамп “деп хабарлайды … баспасөз қызметi”. Хабар арқылы екi бiрдей жаңалыққа – сыртқы саясат және кадр даярлау – қанығуға болады әрi екеуi де қоғам үшiн маңызды, мемлететтiк деңгейдегi мәселелер болып тұр.

         Мәтiнде эмоциялық реңкте жұмсалған сөздер жоқ, ауыз екi сөйлеу тiлiнiң элементтерi ұшыраспайды. Бұл хабардың ресми лiгiн, маңыздылығын тағы да нақтылай түсетiн тiлдiк фактор. Терминдерге анализ жасалмаған, себебi: “Газета информирует и воздействует, но не занимаеся отраслевым анализом в строгих терминах и корректной доскональности” (29,48). Сонымен бiрге, газет типiне, оған тән стиль мен лексика түрiне, сол арқылы хабар мәтiнiне қойылар талап аталмыш газет оқырмандары деңгейiне, яғни жоғары деңгейге лайықталғандықтан да осы қалыптағы қолданыстар таңдалынып отыр.

         Хабарда оқырман көзқарасына әсер ету мақсатына бағалауыштық лексика элементтерi көп жұмсалған: өзектi (мәселе), құқықтық (мәртебе), геосаяси (проблема), мақсатты (жұмыс), бiртұтас (жоба), егемендiк (құқық), айрықша (маңыз), маңызды (жаңа мiндеттер), т.б.

         Мәтiнде алқа мәжiлiсiнде талқыланған, қаралған мәселелер күн тәртiбiндегi реттiлiкпен берiлген. Ал нақтылықты, дәлдiктi 1997 жылдың мамырында, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы осы жылғы 6 шiлдеде, Президент Н.Назарбаев, “Жер асты қазбаларына егемендiк құқты жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң жiгiн ажырату туралы” келiсiм, 1998 жылғы 14 қыркүйекте Сыртқы iстер министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсi тiркесiмдерi арқылы бiлуге болады.

         Кез келген газет жанры, соның iшiнде үгiт-насихат тақырыбына жазылған мақалаларың ғылыми, зерттеу және арнаулы оқулық материалдарынан өзгешiлiгi – көлем шектеулiгi. Өйткенi, газет материалдарында клише, стандарт, штамптарды көп пайдалану, факультатив сөздер мен лексиканың өзге түрлерiн ұштастыра қолдану, ұғым атауларын нақты пайдалану, сол арқылы ойды айқын жеткiзу алдыңғы орынға шығады. Әсiресе, ұғым атауларының мақалаларда нақты, өз орнымен қолданылуы маңызды. Айталық, мақаланың басында бiр атау белгiлi бiр ұғымды бiлдiрсе, одан әрi дәл сол сөз арқылы мақаланың iшiнде басқа ұғым таңбаланып жатса, жеткiзiлуге тиiстi ой өзiнiң айқындылығын жоғалтады, сөйтiп көп вариантылық, жарыспалылық сияқты газет тiлiнде жиi ұшырасатын лингвистикалық ақаулар пайда болады.

         Күрделi конструкцияларды газет мәтiнiнде пайдаланудан бас тартудың жиi кездесуi әлеуметтiк факторды ескеруден туындайды. Сонымен бiрге газет тiлiнiң халық тiлiне жақындауын, қабылдауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етедi. Айталық, кеңес өкiметi орнаған алғашқы жылдардан бастап ауызша газет түрлерiнде қысқа да нұсқа, оқырман оңай, қиналмай қабылдайтындай мәтiндер пайдаланылған. Бұл жөнiнде профессор Н.Омашев кәдiмгi газет материалдарының газеттiң аталмыш түрiне лайықтап “кiтап тiлiмен де, газет тiлiмен де жазылмай, әрi кеткенде жұрт алдында оқылатын лекциялар мен сөйленетiн сөздер сияқты әдеби үлгiде құрылуы тиiс” болғандығын айтады (30, 49).

         Мына бiр шағын мақала мәтiнi осы ойды жалғастырады:

         Ең арзан газеттердiң бiрi

         “Жетiсу” газетi менiң көп жылдан бергi серiгiм, сырласым. Өзiм осы облыста туып-өсiп, еңбек жолын бастағалы берi үзбей оқып, облыс, ел жаңалығын бiлiп тұрамын. Олменiң дағдылы iсiме арналған, әр санын асыға күтемiн.

         Бұрынғы жылдарға қарағанда көлемi де, қамтитын материалы да кеңейдi. Олбыс республикадағы iрi олбыстың бiрiне айналды. Газетте аудан, ауыл өмiрiнен мектептегi келелi iстерден, ұстаздар, ауыл ақындарының жаңа туындылары, әдебиет мәселесi қазiргi өмiр көрiнiсi жайлы мақалалар басылып тұрады. Жергiлiктi тiлшiлердiң жазғандары да үзбей жарияланады. Республика өмiрiнен, алыс-жақын елдердегi көнiл аударар жаңалақтар да бiрiлiп тұратын болды.

         Әсiресе зенеткерлерге газетке жазылуда жеңiлдiк мол, басқа басылымдардан жазылу бағасы әлдеқайда төмен.

         Мен зейнеткер мұғалiм ретiнде “Жетiсуға” жазылғандар, зейнеткер мұғалiмдер, өкiнбейсiңдер, рухани азық аласыңдар демекпiн! (Ж., 10.10.98).

         Мақала тақырыбы арқылы ең арзан газеттердiң бiрi деп баға бере сөйлеудiң өзiнен-ақ оқырманды тарту, елiктiру, қызықтыру қызметтерi iске қосылады да, келелi iстер, әдебиет мәселесi, көңiл аударар жаңалықтар тiркесiмдерi арқылы газет материалдарының “образы” пайда болады, одан әрi өкiнбейсiңдер, рухани азық аласыңдар етiстiктерiндегi үндеу, шақыру сарыны әсер ету функциясын мүлтiксiз атқарады.

         Көлемi – шағын. Күрделi синтаксистiк құрылымдар болып саналатын құрмалас сөйлемдер жоқ. Керiсiнше, сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiнiң молдығы байқалады: әдебиет iсi, ауыл ақындарының өлеңi, келелi iстер, т.б. Мол және төмен анықтауыштарын бiр сөйлем iшiнд қатар қолдану газетке баға берудiң, оның әсерiн, бояуын қалыңдатып, үгiттеудiң тиiмдiлiгiн арттыра түскен.

         Проблемалық мақалалардың да көп жағдайда көлемi шектеулi, мемлекеттiк деңгейдегi мәселелердi көтеретiнiне қарамастан, қалың көпшiлiкке арналады да, оқырманның жас мөлшерi, мамандықтары, әлеуметтiк жағдайлары, көзқарас айырмашылық-тары есепке алына бермейдi.(30,532).

         Шетелдiк хабарлар жай хабар, танымдық материалдар түрiнде келедi және қоғамдық-саяси өмiрге баса көңiл аударыла отырып жазылады. Жоғарыда аталып кеткен ерекшелiктер бұл жанрға да тән.

         Ғалымдар шетелдiк корреспонденциялардың үш түрiн атайды:

         а) жай ғана хабарлама түрiндегi;

         ә) бiр ел немесе халық өмiрiнде болған саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық құбылыстар туралы; фактiлер өткен өмiр мен бүгiнгi күннен қоса алынып, танымдық деңгейде жазылады;

         б) саяси корреспонденция – қоғамдық-саяси өмiрге көңiл бөлiне отырып жазылатын мақала. Шет елдiк корреспонденция материалдарының iрi саяси және қоғам қайраткерлерi сөздерiнен алынған дәйексөздер пайдаланылады. Шетелдiк корреспонденциялары қоғамдық пiкiр қалыптастырудың тиiмдi тәсiлi болғандықтан, бағалауыштық лексиканың жағымды, жағымсыз түрлерiне тән тiлдiк элементтер қалыптастырады. Iрi халықаралық форумдар, мемлекетаралық iссапарлар, жоғарғы деңгейдегi кездесулер, өзге мемлекеттiң әлеуметтiк, қоғамдық өмiрiндегi өзгерiстер туралы көзқарастардың синтезi болғандықтан, бұл жанр, негiзiнен, қоғамдық-саяси лексика мен терминдер, интернационал сөздер мен экспрессивтi, эмоционалды лексика бiрлiктерi араластыра отырып жазылады.

         Жалпы газет жанрларын бұлайша бөлудi шарттылық санайтын ғалымдар да бар. Өйткенi, журналист аталып кеткен мақалалардың бiрнеше түрiн, оларға тән тiлдiк ерекшелiктердi, қасиеттердi қарастыра отырып, бiр ғана материал жазуы да ықтимал, бұл – оның құзырындағы нәрсе.

         Әр түрлi мәдени, экономикалық жаңалықтар, ресми деңгейдегi шаралар туралы есеп бере жазылған маериалдарда болып өткен оқиғаларға баға беру сипаты басым болып келедi. Бейтарап лексика элементтерi қатыстырыла отырып жазылған мұндай материалдарда оқиғаның қайда, қашан, қалай өткендiгi кезегi мен, рет-ретiмен хабарланады.

         Экспрессияға құрылған, оқырманға әсер ету, елiктiру функциясын мүлтiксiз атқаратын репортажда оқиғаға қатысушылар пiкiрiне иек артады да, сол пiкiрдi нақтылай түсетiн фактiлерге сүйенедi.

         Сұхбат (интервью) тiлi газетiндегi әдеби нормадан ауытқу, кәсiби, диалект, арготизмдер мен жаргондар көп кездесетiн жанр саналады. Өйткенi, интервьюде информатордың әлеуметтiк деңгейi, ойлауы, кәсiбi, ортасы көрiнуi тиiс.

         Соңғы жылдары тiлшi ғалымдар мәтiндi “таза лингвистикалық” не “әдебиеттiк” тұрғыдан талдаудан гөрi осы екi саланың күш бiрiктiре отырып зерттеуiн жөн көредi. Бұл кезiнде белгiлi ғалым В.В.Виноградов айтқан мына пiкiрмен ұштасып жатыр: “По моему глубокому убеждению, исследование “языка” (или лучше, стилей) художественной литературы должно составить предмет особой филологической науки, близкой к языкознанию и литературоведению, но вместе с тем отличной от того и другого”(31,4).

         Айталық, әсер ету, хабар беру, қозғаушы лексика публицистикаға да, көркем әдебиет стилiне де тән. Р.О.Якобсонның пiкiрiнше, бiр мәтiн көлемiнде оның сипатына қарамастан, тiлдiң барлық функциясы, атап айтқанда: коммуникативтiк, әсер етушiлiк, экспрессивтiк, эстетикалық т.б. көрiнiс бередi. Мәтән авторының алдына қойылған мақсатына байланысты, әдетте, аталған функциялардың бiрi алдыңғы орынға шығады, ал қалғандары сол жетекшi функцияға бағынады. Ал “Мәтiн – тек ақпарат берудiң ғана көзi емес, мұнда сол ақпараттың сипаты, бағалануы қоса жүретiн лингвистикалық категория” (32,69).

         Тiлдi коммуникативтiк мақсатта пайдаланғанда, В.Т.Бобылевтiң айтуынша, “… главную роль играет само содержание сообщения и употребление тех или иных языковых средств определяется принципом целесообразности, т.е. тем, насколько точно передается смысл сообщения, данными языковыми средстваммми, насколько соответствует от ситуации общения и т.п.” – екенi есте болу керек (33, 77).

         Публицистикада жазу мәнерi журналистiң еркiндегi нәрсе. Солай дей тұрғанмен де,  көркем әдебиеттегiдей әр алуан сөз қолданысы газет жанрларының бәрiне тән  емес екендiгi ақиқат. Журналист  өзi көтерiп тұрған мәселеге кейiпкерiнiң “көзқарасына”, оның баға беруiне көп көңiл аударады. Белгiлi бiр оқиғаның оқырманға тигiзер  әсерi, оның   қабылдануы қандай дәрежеде болатындығын да назардан тыс қалдырмайды.

  “Әдетте, көркем әдебиетте өзге тiлдiк  элементтер автор тiлiнде кемде-кем кездеседi, ал кейiпкер тiлiнде шет тiлдiк сөздердiң орын алуы өмiр шындығын беру үшiн де, стильдiк мақсатты көздей де жұмсалады” (34,36). Ал публицистикада реалийдi таныту үшiн, қоғамды сипаттау, саяси көзқарасты бiлдiру мақсатында бөгде тiлдiк элементтердi журналис өз сөзiнде қолдануға кейде мәжбүр болатындығын алдыңғы келтiрiлген мысалдардан байқадық.

  Сонымен, қорыта айтсақ, газет жанрлары тек ақпарат жеткiзу функциясымен шектелiп қалмай, болған оқиға, әр түрлi жағдайларға байланысты ұоғамдық құбылыстарға баға берумен ерекшелiнедi. Яғни, сөздерде бағалауыштық сипат болады. Бұл сипат газет жанрлары сөздiк құрамының басты ерекшелiктерiнiң бiрi деп түсiну қажет. Үгiт-насихат, проблемалық мақала, шетелдiк корреспонденцияларда қоғамдық-саяси лексика элементтерi, терминдер тiлдiк құрал ретiнде пайдаланылады. Бiрақ, терминдердiң мән-мағынасын ашып, түсiндiрiп беру газет жанрларында көп кездеспейдi. Түсiндiрiп беру әдiсi алғашқа газеттерде молынан ұшырасады, өйткенi ол кездегi оқырманның бiлiм, таным деңгейi, талап пен сұранысты өтеу нәтижесi сол кездегi газет құрылымына әсер еткен.

  Сонымен бiрге, газет жанрларының көлемi шектеулi болуы себептi стандарт тiркестер, штамптар мiндеттi түрде кездесiп отырады. Ал есеп жанрында бейтарап лексика қатары мол ұшырасады. Кейде журналист сөз қолданысының бiркелкi болмауы өмiрдегi реалийлердi нақты жеткiзуге, сол арқылы оқырмандардың белгiлi бiр тобына әсер етуге бағындырылады, бұл газет жанрларының көркем әдебиет жанрлары канондарынан алшақтап кетуiне, өздерiне ғана тән заңдылықтар түзуiне, соған байланысты көркем әдебиеттен бөлiп қарауға әкеледi.

         

2.3.4. Бас мақала және оның лексика-стилистикалық

құрылымы

 

         Газет жанрлары теориясында бас мақала мәселесi назардан тыс қалған емес. Өйткенi, бас мақала мемлекет жүгiзiп отырған идеологияны, ұстанған саяси позицияны айқындайтын белгiсiмен, директивалық, бағыт сiлтеушiлiк сипатымен ерекшеленедi. КСРО-ның билеушi партиясы Орталық Комитетiнiң 1922 жылғы нұсқауында былай делiнген: “Передовая и вторая статьи должны давать руководство, направление, намечать основную линию поведения. Передовица и подпередовица – не разговоры, не рассуждения, а политическое указание, директива” (35,255-256).

         Бұл дәйексөздегi бас мақаланың директивалығының астарында мақалалардың хабарды жеткiзу формасы, мәтiн мәнi, мағынасы көбiрек есепке алынғандығы байқалып тұр. Бұлай болуының басты себептерiнiң бiрi бас мақала болсын, өзге газет жанрларының басқа түрi болсын, олардағы материалдардың саяси астары болуында едi. Осы саяси астар мәтiндегi тiлдiк бiрлiктердiң де идеологиялануына қатты әсер етедi.

                   Жалпы газет атаулының белгiлi бiр топ, мемлекет, жеке адамның саяси көзқарасы мен позициясын бұқараға жеткiзудегi, үгiт-насихат таратудағы қызметi бас мақалалар арқылы анық көрiнедi.

                   Бас мақала – газет ұстанатын идеялық бағыттың айнасы.

Бас мақала маңызы кеше де, дәл бүгiн күнi де актуальды, себебi, мемлекет тұтынып отырған идеология, ол ұстанған стратегиялық бағыт, оларды iске асырудың тиiмдi жолдары, құнды пiкiрлер мен нұсқаулар мақаланың аталмыш түрi арқылы газеттерде күн сайын көрiнiс беруi – басты саясатты iске асырдың тиiмдi тәсiлi. Әсiресе, бұл ұстаным мемлекеттiк басылымдарда, республикалық деңгейдегi, айталық, “Егемен Қазақстан”, “Жас алаш”, “Заман-Қазақстан”, “Заң газетi”, т.б. сынды органдар арқылы елге, қалаң оқырманға танылуы керек. Бiрақ, байқауымызша, кейбiр газеттер бұл тенденцияны, осы бағытты жоғалтып отырған сыңайлы. Одан орталық басылымдар ұтты ма, ұтылды ма деген сауалға жауап беру үшiн, бас мақала табиғатына үңiлiп көрелiк. Ол үшiн өткен жылдардағы газеттер материалдарын негiз етiп ала отырып, бүгiнгi газеттер материалдарымен салыстыру арқылы стильдiк талдау, лексикалық анализ жасау қажет.

Бас мақала алғашқы қазақ газеттерiнiң iшiнде “Қазақта”” тұрақты және жүйелi түрде кездеседi. Бұл газеттегi бас мақалалардың авторлары сол тұстағы саяси және қоғам қайраткерлерi А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейхановтар едi. Газет шығарушылар үшiн бас мақалалар өз позицияларын елге таныту мен жеткiзудiң өте оңтайлы тәсiлi болды. Алғашқы жылдардағы газет сандарында бас мақалалар қазақ тiлiнiң ұлт үшiн маңыздылығы, қазаққа газет не үшiн керектiгiн талдап түсiндiруге; ұлт болып қалу үшiн атқарылар тiрлiктер қай бағытта, қалай жүргiзiлуi тиiс; оқыту, ағарту, мектеп, оның құрал-жабдықтары; мүфтилiк, жер, земство мәселелерi; орыс патшалығындағы саяси оқиғалар, олардың қазаққа қатысты тұстарын талдау; Мемлекеттiк Дума, Думадағы қазақ депутаттары, ондағы бұратана ұлттарға, қазаққа қатысты мәселелердiң көтерiлуi; дүниежүзiлiк соғыс, қазақ жiгiттерiн майданға жiберу; Алаш өкiметi,Алаш партиясы,жерлi автономия, т.с.с. тақырыпты болып, сол кездiң өзектi-өзектi мәселелерiн көтеруге арналғап отырған. Бас мақалалардың тақырыптарынан-ақ, “Қазақ” газетiнiң қазақ халқы үшiн саяси бағдарлама, ұстаным ұсынып, саяси-экономикалық күрестiң алғышарттары мен негiздерiн насихаттап отырғанын аңғару қиынға соқпайды. Өзге материалдарға қарағанда, бұл мақалалар арнаулы редакторлық сүзгiден өтiп отырғанын тiлдегi әр түрлi саяси терминдер, ресми атаулар, лауазым аттарының көп кездесуiнен, мекеме, партия атаулары, соларға қатысты қоғамдық-саяси сөздер қатарының молдығынан байқаймыз. Қазақтың көшбасшы саяси қайраткерлерi, тұлғалары жазған бұл бас мақалалар жалпы көпшiлiктен гөрi санаулы топқа, ендi-ендi қалыптаса бастаған Алаш зиялылары мен оларға ниеттестерге арналған. Цензура назарына ең көп iлiнген осы мақалаларда: “Бiзден болмаған себептермен бұл мақала алынып тасталды” деп, кейбiр бас мақалалардың орнына ештеңе де жазылмастан ақ бет күйiнде, орны бос қалдырылып, газет уақтылы шығарылып отырған. Яғни, бас мақалалардың маңыздылығын, олар көтерер жүктiң алғашқы жалпыұлттық басылымды шығарушылар жақсы түсiнген.

         Бұл дәстүр кеңес өкiметi жылдарында одан әрi жалғасын тауып, орнығып, тiптен ерекше күнделiктi өмiрде бұлжымас қағидаға айналып, олар “Правда”, “Социалистiк Қазақстан”, “Казахстанская правда” сынды газеттердегi бас мақала-нұсқауларда өрiлiп отырғанын бiз жақсы бiлемiз, соның нәтижесiнде бас мақалалар одан әрi идеологияландырылып, көтерер жүгi ауырлай түстi.

                   Орыс тiл бiлiмi мен журналистикасында бас мақалалар мәселесi және оның тiлi Г.Я.Солганик, И.П.Лысакова еңбектерiнде зерттелiндi. Ал қазақ тiл бiлiмiнде жалпы газет тiлi, оның құрылымының бiр құрамдас бөлiгi ретiнде бас мақалалар проблемасы арнайы зерттеу нысаны болған емес.

                   Кеңес өкiметi жылдарындағы бас мақала тақырыптары сан алуан: “Интернационалдық тәрбие идеологиялық жұмыстың айбынды буыны” (СҚ., 13.01.63); “Ленинше, коммунистерше екпiндi еңбек етейiк” (СҚ., 24.01.80); “Еңбек тәртiбi” (СҚ., 22.01.80), т.б. материалдар айтулы даталарға арналып отырған.

Бұл тақырыптардағы эмотивтiлiк ойланайық, үйренейiк, еңбек етейiк  етiстiктерiнiң  қатысымен жасалған. Әрине, бұдан сол кездiң бас мақала тақырыптарының бәрi бiрдей ұран тектес болып келген деген ой тумауға тиiс. Бiрақ, күрделi сөйлемдердi, адамдардың ойсанасына әсер ететiн эмотивтi құралдарды, ұрандарды, үндеулердi жиi қолдану сол дәуiрдiң идеологиялық ұстамдарын қалыптастыруға, жүзеге асыруға қызмет еттi. Аталмыш мақала түрлерiнде қоғамдық-саяси лексика, түстi.

                   Бас мақала – ұжымдық шығармашылықтың жемiсi, ол арналатын аудитория (адресат) та аса үлкен ұжым, тұтас қоғам десек болғандай. Осы ерекшелiк оның тiлiне де әсерiн тигiзiп, бас мақала лексикасында жеке авторлық қолданыстан гөрi әлеуметтiк мәнi байлаулы, таныс, дәстүрлi тiлдiк қолданыстар, жалпықолданыстық лексика элементтерi, сондай-ақ кiтаби, жазба тiлдiк формалар мен конструкциялар жиi ұшырасады, ал iшiнара сөйлеу тiлiнiң бiрлiк-белгiлерi (вкраплениялары) аз-аздап пайдаланылады.

Бас мақалалардың кейде бiр жанрдың шеңберiне сыймайтын кездерi де болады. Ондай жанрлық шеңбер ұлғайып, эмоциялық, бағалауыштық, кейде ауызекi сөйлеу тiлiнiң элементтерi кiрiседi.  Ал директивалық, нұсқаулық ақпаратты жеткiзу барысында бiртектi, канондық сипат танытып, ресми стиль басым түсiп жатады.

                   Бас мақаланың стильдiк құрамы да әр түрлi болып келiп, жалпы ережелер, үндеу текстерi фактi, мысал, цифрлармен, информациялармен толықтырылады. Мұндай жағдайда аталған директивалық, публицистикалық, информативтiк факторлардың үлес-салмағы тең болуы, арасалмағы сақтаулы мiндеттi емес.

                   Бас мақала тқырыптары жанрлық ерекшелiктерiне қарай сан алуан болады. Оларда саясат, өндiрiс, қоғам өмiрi, идеология, мәдениет, әлеуметтiк өмiр сипаттары, т.б. қамтылуы лексикалық қолданыстардың әркелкiлiгiне, кейбiр ала-құлалықтардың болуына жол ашқанмен, қарапайым элементтердiң қатыспауына, олардың әдеби тiлдiк нормалармен қатар қолданбауына қатты көңiл бөлiнiп отырады. Оның обьективтi себептерiнiң бiрi -–бас мақалаларда, жоғарыда айтып кеткендей, ұсақ проблемалар көтерiлмейдi, негiзiнен, мемлекеттiк, жоғары, аса жоғары деңгейдегi саяси, идеологиялық мәселелер әңгiме арқауы болады. Сондықтан, бас мақалаларда қолданыс аясы тар арнайы лексика, жергiлiктi тiлдiң сөйлеу ерекшелiктерi, жаргондар, арготизмдер, бiр сөзбен айтқанда, әдеби тiл мөлшерi шеңберiнен шығып кететiн элементтер қолданысы шектелiп, олардың мөлшерi барынша қатаң сақталуы негiзгi талаптардың бiрiнен саналады. Яғни, әдеби тiл нормасына сай келмейтiн сөздер бас мақаланың сөздiк құрамына енбейдi.

                   Cонымен, қорыта айтсақ, бас мақаланың газет құрылымындағы айрықша орны оның мәтiндiк мазмұнымен тiкелей байланысты.

                   Бас мақала жоғары деңгейдегi, яғни мемлекеттiң жүргiзiп отырған идеологиясын, саяси бағытын танытуға тиiс газеттiң ерекше жанры болып табылады. Ресми тiлмен жазылғандықтан, қарапайым тiлдiк элементтер, окказионал сөздердiң қолданыс аясы шектеулi, терминдер нақты өз мағынасында қолданылады.

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

         Қазақ қоғамы дамуының бiр жарым ғасырдан астам уақыты газеттен, баспасөзбен тығыз байланысты. Газет қазақ халқына ағартушылық, ақпарат жеткiзу, үгiт-насихат жүргiзу салалары бойынша қызмет көрсетумен бiрге ұлт тiлi, ұлттың әдеби тiлiмен оның стильдiк тармақтарын қалыптастырып, дамыту барысында баға жетпес iстер атқарды.

                   Қазiргi Қазақстан Республикасында түрлi ақпарат тарату органдары ( газет, теледидар, радио) жұмыс iстелдi. Соның iшiнде радио мен теледидар сынды ұшқыр (мобильдi) ақпарат тарату органдарымен жарыса өз қызметiн атқарып, келе жатқан газеттiң орны ерекше.

                   Газеттер қазiргi кезде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес деп үлкен топқа бөлiнедi. Соның iшiнде бүгiнгi күн талабына, халықаралық деңгейге сай келетiн iргелi республикалық органдар тiлдiк зерттеулердiң нысанасы бола алады.

                   Газет тiлiн бөлшектелген түрде емес, тұтас жүйе және  құрылым ретiнде қарастыру алдыңғы аталып өткен бөлшектiк зерттеулер нәтижелерiне сүйене отырып атқарылатын iс. Әлеуметтiк ортаның газет тiлiне әсерi нәтижесiнде газет типтерi пайда болды. Алғашқы қазақ газеттерi универсалды басылымдар болды, өйткенi олардың бетiнде қазақ қауымы үшiн өзектi деген проблемалардың бәрi де көтерiлiп отырды. Қазiргi таңда сол алғашқы басылымдардың атқарған қызметiн ондаған саалалық, сан-түрлi деңгейлiк газеттер жеке-жеке атқарып келедi.Олардың әрқайсысының лексикасында айырмашылықтар байқалып отырады, әсiресе, салалық және оқырмандардың жас мөлшерi ескерiлетiн басылымдар тiлiнде бұл айырмашылықтар нығырақ көрiнедi.Бұара -әлеумет пен газет арасында тығыз байланыстың болуы оның тiлiне үнемi ықпал етiп отырады. Сондықтан да алғашқы газеттер, 1920-50 жылдардығы басылымдар тiлiне тән кейбiр тiлдiк тәсiлдер бүгiнгi таңда, оқырман деңгейiнiң жоғарлауына сәйкес, қолдана бермейдi. Газет тiлiндегi диалектiлiк ерекшелiктердiң қолданылуы мен негiзгi тенденцияларының себептерi ашылады.

                   Әдеби тiлдi дамытудағы, ақпарат таратудағы қызмет түрлерi, даму жолдары, ауытқулар газет лексикасының жүйесi мен құрылымын бөлшектеп емес, тұтастай алып қарағанда ғана толық ашылады. Бұл өркениетпен бiрге дамитын, қызмет аясы кеңи беретiн газет пен оның тiлiн зерттеу iсi тiл бiлiмiнiң iргелi бiр тармағы болып қала беретiндiгiн, зәрулiгiн жоғалтпайтындығын байқатады.

                   Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылықтар болады. Бiрақ бұл айырмашылықтар сөз қолданыста ( арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар, тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiк жоқ. Оған тiлдiк талдаулар жасау барысында көз жеткiзуге болады. Эллепсис тұлғалы тақырып, айдар атаулары болуынан, сатылы тақырыптардың кездесуiнен ұұсастықтар байқалады.

                   Сонымен қорыта айтсақ, газет жанрлары тек ақпарат жеткеiзу функциясымен шектелмей, болған оқиға, әр түрлi жағдайларға байланысты қоғамдық құбылыстармен баға берумен ерекшеленедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

  1. Қазақ энциклопедиясы баспасы. 1998.
  2. Н.Қарашева. Грамматические особенности языка казахской публицистики начала ХХ века ( на материале журнала “Айкап”).Дисс. канд. Фил. наук. Алматы. Ата.1959.
  3. С.Исаев. Қазақтың мерзiмдi баспасөз тiлiнiң дамуы.Алматы. Қазақстан – 1983.
  4. С.Исаев. Қазақ әдеби тiлiнiң совет дәуiрiнде дамуы. Алматы. 1973.
  5. Б.Момынова “Қазақ” газетiндегi қоғамдық-саяси лексика. Алматы, Арыс. – 1998.
  6. К.И.Белинский. Язык газеты. Москва, — 1996.
  7. В.Г.Костомаров. Русский язык на газетной полосе. Москва.-1971.
  8. И.П.Лысакова Тип газеты и стиль публицистики. Ленинград, — 1989.
  9. Г.Я.Солганик. Лексика газеты. Москва, 1981.
  10. Мемлекеттiк тiл: бүгiнi мен болашағы. Астана. Елорда, — 1998.
  11. Н.Сабитов. Мектебы и медресе у казахов. Алматы. 1950.
  12. Т.Тажибаев. Просвещение и школы Казахстана во II половине ХIХ в. Алма-Ата, — 1962.
  13. А.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы. 1994.
  14. А.Алдашева. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. Алматы, Арыс.1998.
  15. Р.Барлыбаев. Қазақ тiлiндегi қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1978.
  16. А.Р.Будагов. Проблемы развития языка. М-Л. 1984.
  17. Антология кинизма. Отв. Ред. А.А.Тахо-Годи.М., 1984.
  18. К.Аханов. Тiл бiлiмiне кiрiспе. Алматы. 1965.
  19. Т.Қордабаев. Жалпы тiл бiлiмi. Алматы. 1983.
  20. А.Д.Шверцер. Вопросы социологии языка в современной американсой лингвистике. Ленинград., 1971.
  21. М.М.Бахтин. Вопросы литературы и эстетики. Москва.1975.
  22. А.Г.Бочарев. Основные принципы типологии современных советских журналов. II ВМГУ, сер.х, журналистики, 1973,3.
  23. В.ВБакшин. Типологические особенности газетного оформления II ВМГУ, сер.х, журналистика 1977,1.
  24. М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейiсов. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы. Алматы, 1968.
  25. О.Бүркiтов. Қазақ әдеби тiлiнiң публицистикалық стилi (мерзiмдi баспасөз материалдары бойынша). Канд. Дисс. Автореф. Алматы. 1996.
  26. А.Алдашева. Лексика новооброзования в современнов казахском литературном языке (на материале периодической печати 1976-1991гг.) АКД.Алма-Ата.1992.
  27. М.Оразова. Қазақ тiлiнiң семантикасы. Алматы,1991.
  28. Тiл мәдениетi және баспасөз. Алмалы. Ғалым.-1968.
  29. Р.Сыздықова. Сөз құдiретi. Алматы. Санат- 1997.
  30. Айқап. Алматы, Қазақ энциклопедиясы. –1995.
  31. Т.Амандосов. Верныйдағы большевиктiк тұғғыш қазақ газетi, Алматы, 1959.
  32. Т.Айдаров. Қазақ тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi. Алматы, 1975.
  33. Жазушы және сөз мәдениетi. Алматы.1983.
  34. Қазақ әдеби тiлi тарихының проблемалары.Алматы.1987.
  35. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар.Алматы. 1991.
  36. А.Сармурзин, М.Қойгелдиев. Қазақтың жарық жұлдызы (“Қазақ” газетiнiң шығу тарихынан) II “Жұлдыз”, 1990,9.
  37. К.Мусаев Лексикология тюркских языков. М.1984.
  38. С.Исаев. Қазақ тiлi жайында ойлар. Алматы.1997.
  39. М.Балақаев. Баспасөздiң тiл мәдениетi туралы II Тiл мәдениетi және баспасөз. Алматы, Ғылым. – 1968.
  40. М.Балақаев. Қазақ әдеби тiлi және оның нормалары. Алматы.1984.
  41. Р.Сыздықова, Б.ШҮалабаев. Көркем текстi лингвистикалық талдау. Алматы, Мектеп,1998.
  42. Б.Кенжебаев. Қазақ баспасөзiнiң тарихынан (тарихи очерк). Алматы. 1950.
  43. Ү.Субханбердина. Алматы, Ғылым, -1989-1996.(1-5 кiтап).
  44. Ө.Әбдiманов. “Қазақ” газетi Алматы, Қазақстан. 1993.
  45. Айқап. Алматы, Қазақ энциклопедиясы. – 1995.
  46. И.Әбiлдаева. “Социалистiк Қазақстан” газетi Ұлы Отан соғысы жылдарында. Алматы. 1964.
  47. Ш.Құрманбайұлы. Қазақ лексикасының терминденуi. Алматы. Ғылым, 1998.
  48. Х.Досмухамедов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, Арыс – 1998.
  49. Ә.Бөкенханов. Шығармалары (“Қазақ” газетiне жарияланған мақалалары) Алматы, Қазақстан – 1994;
  50. Ж.Әлмашұлы, Н.Төреқұлұлы (ғылыми-публицистикалық толғау). Алматы, Жетi жарғы, — 0996.
  51. Х.Кәрiмов. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы (методикалық нұсқау). Алматы. 1988.
  52. Т.Қордабаев. Қазақ тiл бiлiмiнiң мәселелерi. Алматы.1991.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шартты қысқартулар

                   АТ – “Ана тiлi” газетi.

                   АА – “Алматы ақшамы” газетi.

                   ЕҚ – “Егемен Қазақстан” газетi.

                   СҚ – “Социалистiк Қазақстан” газетi.

                   ЖА – “Жас Алаш” газетi.

                   ЛЖ – “Лениншiл жас” газетi.

                   Заман-Қаз. – “Заман-Қазақстан” газетi.

                   Қ – “Қазақ” газетi.

                   Т – Түркiстан” газетi.

                   ДУГ – “Дала уалаятының газетi”.

                   ТУГ – “Түркiстан уалаятының газетi”.

                   ҚТТС – Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi. Алматы, Ғылым. – 1974-1986.