АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: География пәні сабақтарында модульдік технологияны қолдану

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 тарау.

1.1 Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы 

1.2 Географиялық карталарды білімнің көзі

ретінде қолдану

 

2 тарау

2.1 Физикалық география сабақтарында орындалатын (6,7,8) орындалатын практикалық жұмыстар

2.2 Экономикалық география курстарында орындалатын практикалық жұмыстар (9,10,11)

2.3 Бағдарлы оқытуда практикалық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері (10,11)

 

3 тарау.

3.1 География пәнінен ҰБТ  дайындауда практикалық тәсілдердің орны

3.2 Кәсіби бағдар алу барысында  практикалық тәсілдердің қалыптасуының әсері

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат — білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген [1], Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ.

Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі — М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады. Модуль дегеніміз — үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімін оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларың материалына бірнеше рет қайта оралтып, жұмыс істеуге болады. М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын педагогилық-психологиялық тұрғыдан сараптасақ, оның бірнеше тұстарын көреміз:

— оқушыңың жеке танымдық қабілеттерінің дамуына жасалады;

— есте сақтау, ой қорыту қабілеттері дамиды;

— оқушының оқуға деген ынтасын, ерік-жігерін оятады;

— оқушының сөздік қорын, жазба шығармашылыққа дамытады;

— өз бетімен білім алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде білуге үйретеді.

География пәні сабақтарында модульдік технологияны қолданудың кең мүмкіндігі туады. Тіптен, тұтастай пәнді осы техика бойынша жүргізуге болады. Модульдік оқыту технологиясын оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып қазіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін  қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдіс мұғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер туғызады, Біріншіден оқушы таным процесінің объектісіне емес, субъектісіне, білім мен ақпараттың көзіне емес, оқудың ұйымдастырушы яғни, «дирижерына» айналады. Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын — ала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функция атқарады.

 

1 тарау.

1.1 Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы

 

География ғылымы өзінің даму жолында үш кезеңнен өтті.

  1. Баяндаушы (описательный) кезең.
  2. Түсіндірмелі (объяснительный) кезең.
  3. Қазіргі конструктивті өзгертуші (конструкгивно-преобразовательный) кезең.

Конструктивті география — табиғат пен қоғам арасындағы әрекетті түсіндіретін, табиғатты ұтымды пайдалану жолдарын қарастыратын бағыты. Географияның бұл бағытын зерттеген ғалымдарға И.Г.Герасимов, B.C. Преображенский, В.В. Максаковский, В.М. Лаппо, т.б. жатады. Конструктивті географияның зерттеу сферасы бүгінгі танда кешеңді физикалық географиямен тығыз байланысты. бұл дәстүрлі жоспарлау алдындағы картографиялау және табиғи ландшафтардың инвентаризациясы (тізімге алу), олардың қайта өзгеруі, қолданылуы, сақталынуы, территориялық жіктелу іс-шаралар сияқты негіздері.

Кейінгі кезде географтар тораптар, қалалар, рекреациялық аудандар, табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесін жобалауға арналған көптеген әдістемелер, нұсқаулар, кепілдемелер, нормалар және ережелер әзірлеуге кірісті. Мұндай жобалаудың мысалы ретінде табиғатты қорғаудың аймақтық кешенді сызбанұсқаларын қарастыруға болады.

Конструктивті географиялық зерттеулерде маңызды орынды бағалау алады. Кез келген шаруашылық іс-әрекеті үшін геожүйенің пайдалылық дәрежесін анықтауды технологиялық бағалау деп атайды. Мұндай бағалау географиялық жоспарлау мен жобалауда кеңінен қолданылады.

Антропогеңді әсер етудің салдарына қатысты экономикалық және экономикадан тыс бағалау бар. Экономикалық бағалау деп экономикалық іс-әрекет ауқымындағы салдарды бағалауды, сондай-ақ түрлі салдардың бүтіндей айқындалуын (мысалы, шығынның алдын алу немссс орнын толтыру, адам денсаулығын, табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалған шығын) түсінеміз. Түрлі әрекеттерде пайда болатын салдардың экономикадан тыс бағамы бағалаудан басқа (аурудың көбеюі немесе азаюы) кез келген түрде анықталады. Ол әлеуметтік, медициналық, биологиялық және биоэкологиялық салдарды қамтиды.

Географиялық жоспарлау мен жобалаудың барлық кезендері үшін географиялық болжаудың рөлі зор.

Болжау — географиялық жүйелердің болашағы, олардың негізгі қасиеттері мен ауыспалы күйлері туралы ғылыми ұсыныстар. Болжау болжанатын геожүйелердің тарихын білу мен оның болашақ даму тенденцияларының сараптамасына негізделген.

Қазір болжау тәжірибесі гидрология, метеорология және климатология сияқты гсографиялық ғылымдарда кеңінен тараған. Олар геофизикалық үрдістерді сандық анализге негізделген әдістер жүйесін құрайды. Географиялық болжау практикасына аса қажет кешенді болжау әдістері, яғни болашақ табиғи кешендер, аймақтық өндірістік кешендер, аймақтық жүйелердің даму болашағын алдын ала айту.

Болжауды құруда жалпы географиялық зерттеулер мен (салыстырмалы, тарихи және т.б.) қатар жеке әдістер де қолданылады, мысалы аналогиялар (ұқсастық) әдісі мен экстраполяциялық әдісі. Математикалық модельдеудің жаңа әдістері маңызды болып келеді. Болжау жасау үшін кең әрі нақты ақпарат қажет. Сондай-ақ болжанатын геожүйелердің элементтерінің арасындағы байланысты жетік білу, олардың өзгеру зандылықтарын да жақсы білу қажет.

Соңғы жылдары географтардың айрықша зейіні мониторинг жүйесін жасауға, яғни, геожүйелердің жағдайларын бақылау мен бағдарлауға бағытталып отыр. Мониторинг деректері жобаланған, жоспарланған сипаттамалардың даму жүйесінің қатты ауытқуларын уақытында байқауды немесе оның қызмет ету режиміндегі қауіпті бұзылуларды дер кезінде анықтауға арналған. Жүйеге әсер ететін факторлар деректері мұндай ауытқулардың себебін табуға немесе ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі танда жер бетіндегі болып жатқан өзгерістерге, экологиялық апаттарға әсер етуші басты фактор — антропогендік фактор. Ландшафтқа антропогендік әсердің артуына байланысты ландшафтанушылардың алдында тек теориялық-методологиялық жағынан емес, табиғатты дұрыс пайдалану мәселесі қойылып отыр.

Қазақстан жерінде антропогендік әсерлер салдарынан Ландшафтың табиғи келбеті түбегейлі өзгеріп, ландшафтаралық ішкі байланыстар бұзылуда. Ландшафтаралық байланыстардың бұзылуы адам өміріне, оның денсаулығына, жергілікті жер климатының өзгеруіне әкеліп, экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Бұл өз кезегінде қоршаған ортадағы табиғи кері әсерлердің күрт өсуіне, топырақ эрозиясына құм көшуіне, олардың тұздалуына, жайылымдардағы өсімдіктер жамылғысының күрт нашарлауына және т.б.жағдайларға әкелді. Мұндай ауыр экологиялық жағдайдың қалыптасуы, негізінен, бұл жерлерде антропогендік әсерлердің шамадан тыс дамуының нәтижесінде, соны мен қатар табиғатты үнемді пайдаланудың ғылыми тұрғыдан қарастырылмауы, ауыл шаруашылығының күрделі де тез дамып отырған салаларына және де кен өндіруде интенсивті жолдың дамуын дұрыс баға берілмеуінен болып отыр. Сондықтан біз жер ресурстарын бағалаудың ландшафтық-экологиялық тәсіліне көңіл бөлуіміз керек.

 

1.2 Географиялық карталарды білімнің көзі

ретінде қолдану

География сабағын оқытуда оқушыға ең бірінші картамен жұмыс жасай білуіне үлкен мән берілуі керек. Өйткені, оқушының пәнге деген қызығушылығын, географиялық ұғымдарды терең меңгеруіне жол ашу үшін осы бастапқы курста географиялық білім беруде картамен жұмыс жарауына баса назар аударуды қажет етеді.

Бұл мақсатқа жету оқушыны тек білім көзімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге картамен жұмыс жасай білуін практика жүзінде іске асыру.

Географиялық карталардың атқаратын рөлі.

  1. Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
  2. Карта — саяхат, жррықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
  3. Карта — географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
  4. Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі.

Қорыта айтқанда, карта оқушының ойы мен көзқарасын ары қарай дамытып жетілдіретін көмекші құрал болуы тиіс.

Қартамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:

  1. Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау).
  2. Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру.
  3. Кескін картамен жұмыс жасау. (Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру.)
  4. Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру.

Міне, сонда ғана оқушының география пәніне деген қызығушылығы артып, өз бетінше терең білім алуына жол ашылады.

Енді «Карталарды мазмунына және масштабына қарай жіктеу» тақырыбын оқытудың әдістемелік үлгісіне тоқталайық.

Сабақтың мақсаты.

Картаға түсірілетін әрбір құбылыстар, нақты нысандар оның мазмұнын құрайтынын, масштабына қарай бірнөше топқа бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Пландар мөн карталарды құрастыруда ғарыштан түсірілетін суреттің кеңінен қолданылатынын, олардың жер бетін егжей-тегжей бейнелейтінін түсіндіру.

Оқушыға өз бетімен карта сызба жасату арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушының картамен, кескін картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар.

Глобус, топографиялық, тақырыптық карталар.

Сабақтың барысы.

Үй тапсырмасын сұрау.

1-сәті. 1-2 оқушы тақтада сызылған тапсырмаларды орындайды.

1-оқушы:

а) берілген градус торының (бірнеше карталардың градус торлары беріледі) қандай карталарға қатысты екенін анықтайды;

ә) жарты шарлар картасынан немесе глобустан Астана қаласының координатын анықтайды.

2-оқушы:

а) өзіңді жер жағдайына сипаттама беретін маман ретінде сана. Құрылысшылар қайда бағыт алып барады? Саған тек сол жердің градус торы ғана берілген

50° с. е-73° с. е 47° с. е-75° с. е.

ә) Қазақстанның физикалық картасымен глобустың меридиандары мен параллельдері қандай градус сайын жүргізілетінін салыстыр.

Сыныптан сұрақ-жауап алу.

  1. Меридиан және параллель сызықтары деген не? (Мұғалім апельсинді шамамен мысалға алып аршып меридиан сызығының бейнөленуін көрсетеді. Ал параплель сызықтарын апельсинге жіп тарту арқылы көрсетеді. Бұны олар параллель мен меридиан сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы екенін оқушылар айтады.)
  2. жер бетіндегі әрбір нүктенің географиялық жағдайы (ендік және бойлық) қандай географиялық координаталармен белгіленеді?
  3. Меридиан және параллель сызықтарының көмегімен картадан географиялық координаттарды қалай анықтауға болады?
  4. Қазақстан аумағы қандай ендік пен бойлықтың аралығында орналасқан?
  5. Мына аталған елдер: Қазақстан, Қытай, Жапония, Бразилия, Аустралия, Ұлыбритания қандай ендікте орналасқан?

2-сәті. Оқушылардың білімін бағалау (ауызша және жазбаша тақтада жауап берген оқушылар біліміне баға қойылады).

Оқушылар бір-біріне баға беріп, қажетті жерін өздері толықтырады. Оқушылардан көйін үстаз өз пікірін айтады.

Жаңа материалды игеру.

Муғалім әңгімесі. Картаға түсірілген жер бетіндегі нысандар меи құбылыстар оның мазмүнын құрайды.

Мазмұнына қарай карталар 2 топқа бөлінеді. Олар: жалпы геогра фиялық карталар және тақырыптық карталар. Карталардың 2-3 түр тақтаға ілініп өзіндік ерекшелігіне тоқталады.

Оқушылар географиялық карталарды дұрыс оқи алуы үшін қажет деген бірнеше ережелерді дәптерге жазады:

— картаның тақырыбын оқи білу;

— масштабын анықтау;

— шартты белгілерімен танысу;

— шартты белгісі арқылы картаның мазмұнын анықтау.

Енді карталар масштабына қарай қалай жіктелетіні жөнінде әңгімелейді. Масштаб барлық карталарда керсетіледі. Енді тақтадағы мына сызбаға көңіл аударайық. Оқушылар тыңдай отырып сызбаны дәптерлеріне көшіреді.

Мұғалім енді Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасын және дүние- жүзінің саяси картасын тақтаға іліп, Қазақстан аумағының қанша есе кішірейтілгені жөнінде әңгімелейді.

Оқушыларды оқыту барысында олардың білімдерін бір жүйеге келтіруте қажетті шарттар — мұғалімнің оқу материалын жүйелендіруі мен оқушылардың өтілген материалды өз бетінше жүйелендіре білуі.

Географиядан оқушылардың білімін кестелер мсн сызбалар арқылы жүйеге келтіру қолайлырақ. Кестелер мен сызбалар арқылы оқушылардың білімін жүйеге келтіру әдісін, мүмкіндігінше, өтілген материалды жалпы қайталауға арналған арнайы сабақтарда пайдаланған жөн. Ал, модульдік оқыту технологиясымен жұмыс істсйтін мұғалімдер «Кіріспе бөлімінде пайдаланса да болады.

Кестелер мен сызбалар арқылы жұмысты мұғалім әр түрлі әдістермен жүргізе алады. Кейбір кестелер мен сызбаларды дайын түрінде беруге болады, ал кейбіреулерін оқушылармен бірігіп толтырған пайдалы. бұл жағдайда бүкіл сыныптың оқуға деген белсенділігі артады.

Бұл ұсынылып отырған кестелер мен сызбаларды география кабинетіне тұрақты стенд етіп жасап қойса да болады.

 

Географиялық карта және оның мектеп географиясындағы элеменггері.

 

 

Мысал:

-15-12-5-14 = 46.

3+4+5+12+16+14+8+1-63

63-46-17:12-1,4 жылдық орташа температура.

 

Сабақтың тақырыбы. Атмосфера.

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ауа t-ың айлық, тәуліктік, жылдық орташа температурасына есептер шығарта отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, график сыза білуге, жылдам есептеуге үйрету.

Сабақтың түрі. Сарамандық сабақ.

Әдісі мен тәсілі. Есептеу, график сызу, таблица толтыру, жел өрнегін сызу.

Сабақтың барысы.

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. II. Сарамандық жұмыс тапсырмалары.
  3. Тапсырма. Сұрақ-жауап.
  4. Атмосфера дегеніміз не?
  5. Муссон деген не?
  6. Атмосфераның маңызы.
  7. Бұлттың түрлері.
  8. Ауа құрамы.
  9. Жауын-шашын түрлері.
  10. Жел дегеніміз не?
  11. Тапсырма. Есептер.
  12. Қаныққан ауадагы су буы мөлшерін, яғни, төменде көрсетілген t-pa тәуелділігі неше грамм?

-20 С-? (1) ОС-? (5) +20 С-? (17)4-10 С-? (9)

  1. Жел өрнегін сызыңдар.

НІ-6 күн ОІН-4 күн С-8 күн

О-7 ОБ-3 күн СШ-7 күн

СБ-9 күн Б-4 күн

Жауабы: 1 күн=0,5 см.

Ш-6=3 см ОШ-4 күн-2 см С-8 күн-4 см

О-7 күн=3,5 см ОБ-Зкүн=1,5 см СІП-7 күн=3,5 см

СБ-9 күн=4,5 см Б-4 күн=2 см

  1. Тапсырма.

Биіктігі 40 м төбенің ба-сында барометр 758 мм    

с.б көрсетіп түрса, онда төбенің етегіндегі

атмосфералық қысым          

                                         қанша мм с.б тең болады?

                                         Жауабы: 40:10=4 758+4=762

Төбенің етегіндегі атмосфе-ралық қысым  762 мб тең.

Жылдық орташа t-ны есептеп шығарып, графигін сызыңдар.

I

ІІ

III

IV

V

VI

VIІ

IX

X

XI

XII

Жылдық орташа t

-15°

-12°

+3°

+4°

+5°

+12°

+16°

+14°

+8°

+1°

-5°

-14°

 

 

 

2 тарау

2.1 Физикалық география сбақатрында орындалатын орындалатын практикалық жұмыстар

Мақсаты. Білім беру. Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Атмосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

  1. Дамыту. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік. Климаттың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі.

  1. Климаттық карта. 4. Сөзжұмбақтар.
  2. Үлестірмелер. 5. Асықтар, қоржын.
  3. Атлас.

Түрі. Қайталау сабақ (жинақтау).

Типі. Жарыс сабағы

Әдісі. Топпен жұмыс. Жекелей және жалпы сыныппен.

Сабақтың бағдарламасы.

  1. Білім сайысы.
  2. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешу.
  3. Оқушылардың өздері құраған сөзжұмбақтарын шешу.
  4. Адасқан обьектіні табу.
  5. Картамен жұмыс.
  6. Қазақтың ауа райы туралы болжамдарынан мысалдар келтіру.
  7. Мақал-мәтел жарысы.
  8. Тест тапсыру.
  9. Toп басшыларының жарысы. «Жорға.»
  10. Қорытынды.
  11. Жалпы қорытынды. Оқушылар білімін бағалау.
  12. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру. Кабинеттің, сынып оқушыларының сабаққа дйындықтарын тексеріп, сабақты бастау.
  2. Бұрынғы өткен материалдарды қайталау жұмыстары.

Білім сайысы.

  1. Атмосфера қандай қабат және оның құрамы?
  2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
  3. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
  4. Атмосфералық қысымды немен өлшейміз?
  5. Тәуліктік, айлық, жылдық орташа температураларды қалай өлшейміз?
  6. Қаныққан және қанықпаған ауа дегеніміз не?
  7. Су буының конденсациясы дегеніміз не?
  8. Тұман қалай пайда болады?
  9. Бұлт дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
  10. Жауын-шашын қандай бұлттардан жауады?
  11. Шық пен қырау қай жыл мезгілдерінде түседі?
  12. Жел дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
  13. Бриз бен муссон желдерінің ұқсастығы.
  14. Ауа райы дегеніміз не?
  15. Климаттың ауа райынан айырмашылығы.
  16. Жазғы күн тоқырау кашан болады?
  17. Күн мен түннің теңелуі.
  18. Қысқы күн тоқырау қашан болады?
  19. Атмосфералцқ жауын-шашын дегеніміз не?
  20. Қар жамылғысының қалындығын немен өлшейді?

2.1. Желдің жылдамдығын және бағытын кандай құрал арқылы анықтайды?

  1. Шаш гигрометрмен не өлшейді?

 

Білім берудің негізгі мақсаты — өзінің жауапкершілігін сезіне алатын, берілген тапсырмаларды уақтылы, дұрыс, тиянақты орындайтын қажетті ақпаратты іздеп, с9рыптай алатын оқушы даярлау. Жалпы білім беретін мектептегі 7-сыныптың «Материктер мен мұхиттар» географиясын оқыту барысында көптеген топонимикалық атаулар кездеседі. Мен кейінгі екі жылда осы пәндегі әрбір материкте кездесетін топонимикалық атауларға тоқталып, оның шығу тарихын жаздырып отырамын, соңында «Алтын қақпа» ойыны арқылы қорытынды жасаймын. Сабақ уақытында үлгермеуіміз мүмкін, сондықтан, қосымша сабақтар арқылы үйретуге тырысамын. бұл оқушының өзі айтып тұрған сөздің қандай мағына беріп тұрғандығын білумең қатар, пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттырады. Кейбір сөздердің аталу себебін өздеріне анықтатуға тырысамын. Оқу барысында пайдаланған материалдарды Облыстық білім жетілдіру институтына білім жетілдіру курсына барған кезде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, география ғылымының кандидаты К.Каймулдинаның лекция материалдарынан пайдаланып жүрмін. Алдымен оқушыларға топонимика қандай ғылым екенін айтамын.

«Топонимика» сөзі гректің «топос» — мекен, жай, «ономо» -ату есім деген сөздерінен шыққан. Яғни, жер, су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым. Материктердің және мұхиттардың атаулары әр түрлі тарихи оқиғаларға және табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойылған.

Еуразия материгін өткен кезде кездесетін топонимикалық атаулар.

  1. Еуропа — «эреб» түнек, бату.
  2. Азия — «шығыс» деген мағынаны береді.
  3. Такла-Макан — «макан», мекен, жай. «Тарк» — тасталып кеткен жер (тарк).

Осы жерде Тарим өзені жатыр, өзен осы жерден бірнеше жыл аққаннан кейін, адасып, арқасын басқа жаққа бұрып кеткен екен. Халық та осы кезде бұл жерді тастап, жаңа өзен арнасына қарай көшеді.

  1. Үндістандағы «Tap» шөлі — жазық деген мағынаны береді.
  2. «Қызылқұм» — түсіне байланысты аталады. Тағы бір мағынасы — грунт суы жер бетіне жақын жатуы мүмкін.
  3. Қызыл теңіз, Қара теңіз — балдырлардың түсіне байланысты..
  4. Моңғолиядағы «Гоби» шөлі моңғол тілінде «Гов» — гасты және сортаңды шөл.
  5. Қарақұм — мал жайылымына қолайлы, өсімдік өсетін жақсы жер.
  6. Аққұм — мал жайылымыыа жарамсыз, ең құнарсыз құм.
  7. Шпицберген — «шпиц» — шың, «берг» — тау, шыңды тау.
  8. «Қашғар» — парсының «қаш» — тас, «ғар» — тау деген сөзінен шыққан.
  9. Монблан — «блан» — аң, басында қар мен мұз жатыр.
  10. Польша — славяндардың поляне тайпасының аты.
  11. Мадрид — арабша «құрылыстық ағаш».
  12. Осло — «ос» — саға, «ло» — өзен аты.
  13. Пиреней — қыратты биіктіктер.
  14. Джомолунгма — тибетше «таулардың ана құдайы».
  15. Месопатомия — грекше екі өзен аралығы.
  16. Хуанхэ — сары өзен.
  17. Дунай — поляк тілінде — терең өзен, таситын өзен. Африка материгіндегі топонимикалық атаулар.
  18. Африка материгінің солтүстік аудандарында мекендеген «афригия» деген, бербер тайпасының атынан шыққан. . 1. Африка — «фраге» — аяз, «афригея» — аязсыз.
  19. Ливия — ежелгі Греция кезеңінде «Либу» тайпасы өмір сүрген.
  20. Алжир — араб тілі. «Аль-джазаир» — аралдар деген сөз, өйткені, қала алғаш төрт аралда құрылған.
  21. Эфиопия — ежелгі грек тілінде «айтос», «эйтос» — күйген, «oпe» — бет мағынасында.
  22. Марокко бербер тілінде «мароккуш» — бекітілген деген сөз.

 

Мектептің өмірмен байланысын нығайту мақсаттарының бірінші сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін өлкетану жұмысының апасына байланыстылығы.

Мектептегі өлкетану жұмысының мазмұны және оны жүргізудің тәсілдері өмір талабына сәйкес түрлі практикалық жұмыстарды шешуде оқушылардың мүмкіндігін арттырады. Ғылым — білімнің әр түрлі тарауларынан ақпарат беріп, практикалық жұмыстарды іешуге араластырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірге қажетті іскерлікпен қаруландыру. Сонымен қатар, оқушыларға жан-жақты оқу-тәрбие беру міндетін тиімді шешуде географиялық лкетану үйірмесі де өнімді жұмыс атқарып келеді.

Мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар өлкетану жұмысында кеңінен пайдаланып, тереңдетіп отырады. Мысалы, табиғатқа саяхатқа шыққанда түрлі практикалық жұмыстар жасап, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі. әр түрлі практикалық жұмыстарды жүргізу арқылы олардың ақыл-ойы жетіле түседі, теориялық білімдерін іс жүзіне асыруға йренеді. Мұның өзі географиялық білімдерін тереңдете түсуіне, еографиялық құралдарды пайдалана білуді үйретеді. Ал, кейбір қарапайым құралдарды өздері жасап алуға үйренеді. Біз бұл мақалада, өлкетану жұмысында географиядан жүргізілетін практиалық жұмыстардың кейбір түріне тоқталамыз. Бұлар мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ал, кейбіреулерін өлке зерттеу кезінде жүргізетін болады. Қалай болғаңда да географиялық білімді іс жүзіне, тәжірибеге асыру болып абылады.

Практикалық жұмыстар көп, біз солардың төмендегі бірнеше түрлеріне тоқталамыз.

  1. Табиғатқа саяхатқа шыққанда келген жерінің географиялық адресін білу. (Жергілікті жердің ендігі мен бойлығын анықтау.)
  2. Күннің биіктігін өлшеу.
  3. Азимут арқылы жол табу, жан-жақты бағдарлау.
  4. Кез келген заттың биіктігін және қашықтығын арнаулы құралсыз-ақ өлшей білу.
  5. Қиықтап (засечка) өлшеу арқылы, т.б. өздері бара алмайтын нүктенің қашықтығын өлшеу.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған практикалық жұмыстарды шешуге оқушылардың географиядан басқа пәндерден алған білімдерін айдалануға да тура келеді. Мұның өзі мектепте пәнаралық айланысты күшейтуді талап етеді. Сонымен қатар, өлкетану жұмысында көптеген пәндерден алған білімдері өзара ұштасып отырады.

  1. Келген жерінің географиялық адресін анықтау.

Картадан кез келген нүктенің координатын табуға болады. Бұл туралы 5-сыныпта «Физикалық география курсында» толық көрсетіледі. Ал, саяхатқа шыққанда келіп тоқтаған жеріміздің адресін радио арқылы хабарлау керек болса қалай хабарлауымыз керек?

Ол үшін, ең алдымен, тұрған жеріміздің жергілікті ендігін табу керек. Оны «Темірқазық» жұлдызы арқылы табамыз. Осы жерде «Темірқазық» жұлдызы жайында қосымша мәлімет келтіруге болады. Мысалы, қазақ атаулының күллісіне мәшһүр «Темірқазық» жұлдызы ғылым тілінде Кіші Аюдағы «а» дейтін жұлдыз. Дүние полюсіне жақын (1°-тай) тұрғандықтан оны, көбінесе, «Полярная звезда» деп атайды. Арабша-орысша сөздіктен оның арабша аты Құтыб екенін көреміз. «Темірқазық» аты тіпті ертеден келеді. Махмұд Қашқарй 1072-1074 жылдарда шығарған «Диуани лұғат ат-түрк» деген кітабында «Темірқазық» аспанның кіндігі, яғни темір шеге, аспан әлемі сол шегені айналып тұрады, деп жазған. Сонымен, «Темірқазық» жұлдызының солтүстік жартышарда жақсы көрінетінін оқушылар жақсы біледі. Ол солтүстік полюсте тас төбеден көрінеді, оның биіктігі 90°-қа тең, олай болса солтүстік  полюстің ендігі де 90°-қа тең болады. Ал біз тұрған жерде ол горизонт үстінде тұрады, ал экваторда горизонт сызығының жиегінде көрінеді. Яғни «Темірқазық» жұлдызы солтүстікке жүрген сайын биіктей береді-де, оңтүстікке қарай жүрген сайын төмендей береді. «Темірқазық» жұлдызының көкжиектен биіктігі градус арқылы белгіленеді. Оны эклиметр деп аталатын бұрыш өлшеуіш құрал арқылы өлшейді. бұл кәдімгі мектеп транспортирінен жасалған қарапайым құрал. Транспортирдің ортасына 0° белгіленіп, оның екі жағына 90°-қа дейін қойылады. Транспортирдің табанының қақ ортасынан жіп тартылып оның ұшына жүкше тағылады. бұл транепортирді тік ұстау үшін қажет. (Эклиметрді солтүстік полюсте, экваторда қалай ұстауды көрсету керек.) Солтүстік полюсте транспортирдің жібі 90°-ты көрсетеді, демек бұл солтүстік полюстің ендігі 90°-қа тең деген сөз. Ал, экваторда 0°-қа тең бслады. Енді өзіміздің тұрған жердің ендігін табуға кірісеміз. Кеш түскенде «Темірқазық» жұлдызына қарата транспортирді көздеп тауып аламыз (ол үшін алдын ала эклиметрді (транспортирді) дәл көздеп жаттығу керек). Эклиметрдің жібінің көрсеткен градус мөлшері тұрған жеріміздің ендігі болып шығады. Сөйтіп тұрған жердің ендігін эклиметр арқылы оңай табуға болатыньш білдік. Жергілікті ендікті бұдан басқа құрылысы күрделілеу трубкалы эклиметр деп аталатын құралмен де білуге болады.

Бірақ жолға алып шығуға өте ыңғайлы және құрылысы өте қарапайым болғандықтан эклиметрдің алғашқы түрін пайдаланған жөн.

Енді тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Ол үшін сыныпта өткен географиялық білімді еске түсірейік. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

— күн мен түннің ауысуы не себепті болады?

— жер өз білігін неше сағатта толық бір айналып шығады?

— жер бір сағатта неше градусқа айналады?

— бір минутта, төрт минутта, отыз минутта неше градусқа айналады? .

Жауап: Жер 24 сағаттың ішінде 36°-қа айналады. Бір сағатта неше градусқа айналатынын білу үшін 360°:24 = 15°, яғни бір

 

сағатта 15°- қа айналады. Бір минутта бір градустың 1/4-не, яғни 15′-ке айналады. Төрт минутта бір градусқа айналады. 24 са-ғат = 1440 м:360°=4 минут. Отыз минутта — 7° 3 -ке айналады. Сөйтіп, жер шары батыстан шығысқа қарай 1°-ты 4 минутта айналып өтеді. Сондықтан біздің тұрған жерімізде талтүс (12) болғанда, бізден 1° батыста жатқан жерде төрт минуты кем 12 болады да, бізден 1° шығыста жатқан жерде 12-ден 4 минут кетеді. Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз. Жер бетіндегі екі нүктенің арасы 1°-қа тең болса, олардың уақытының айырмасы 4 минутке тең. Жер бетіндегі екі нүктенің арасы 15°-қа тең болса, олардың уақытының айырмасы бір сағатқа тең. Жер шары батыстан шығысқа қарай айналғандықтан, Мәскеудің шығыс жағында жатқан қалалар мен ауылдардың уақыты Мәскеу уақытынан алда болады да, батысында жатқан қалалар мен ауылдардың уақыты артта болады.

Радио арқылы Мәскеу уақыты 12 деп хабарлағанда 30° шығыс бойлықта декреттік уақыт 12 болады да, күн арқылы белгіленген дәл уақыт 11 болады. Мұның мәнісі 1930 жылы маусымның 16 күні КСРО-да уақыт бір сағат алға жылжыды (сағаттың стрелкасы бір сағат алға жылжыды). Сондықтаң декреттік уақыт бойынша сағат жергілікті уақыттан әр уақыт бір сағат алдан есептелінеді. Сонымен жергілікті уақыт пен декреттік уақыттың айырмасын білдік.

Тағы да мынадай сұрақтар қойылады. Мәскеу уақыты бойынша сағат 12 болғанда 15°, 45°, 60° шығыс бойлықтарда сағат неше болады ?

Жауап: 15° ш.б. — сағат 11; 45° ш.б. — сағат 13; 60° ш.б. — сағат 14.

Себебі, әрбір 15 градуста бір сағат айырма жасайды, Мәскеу 30° шығыс

бойлықта жатыр. (Дәлірек алғанда 37,5° ш.б.) Ал, осы кезде біздің тұрған жерімізде шамамен сағат 15 болады десек, қандай меридианда тұрған болып шығамыз?

75° шығыс бойлық болып шығады. (Мәскеу уақытымен есептегенде.) Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз. Тұрған жершіздің бойлығын уақыттың айырмашылығы арқылы табады. Демек, Мәскеудің (37,5° ш.б.) не Санкт-Петербургтегі (Ленинградтағы) Пулков меридианының (30° ш.б.) уақытымен өзіміздің тұрған жеріміздің дәл күн уақытын білуіміз керек. Мәскеу уаңытын радио арқылы қадағалап білеміз де, оны шын күн уақытына айналдырамыз. Осы екі уақыттың айырмасын табу арқылы жергілікті жердің бойлығын анықтаймыз.

Енді тұрған жердің талтүстегі дәл күн уақытын табу керек. Ол үшін мектеп жанындағы географиялық алаңда жергілікті меридианның бағытын қалай тапқанымызды еске түсірейік. Енді біз тұрған жеріміздің жергілікті меридианын табуға кірісеміз. Өйткені сол тапқан жергілікті меридиан арқылы талтүстегі дәл күн уақытын, яғни күннің горизонттан жоғары ең биікке көтерілген кезін, талтүсті оңай біле аламыз.

Тұрған жеріміздің жергілікті меридианын оқушыларға бұрыннан таныс, құрылысы өте қарапайым гномон деген құрал арқылы табамыз гномон — көлеңке арқылы бағытты көрсететін қазық немесе қада). Оқушылардың назарын сағатқа аудармау керек себебі, біздің елімізде күндізгі сағат 12-де түс болып жетпейді (декреттік уақыт бойынша).

Бұдан әрі жетекші, күннің горизонт үстіндегі биіктігінің күнұзағына өзгеріп отыратындығы туралы оқушылардың біліміне сүйеніп, гномонды қалай бақылау керектігін айтуға тиіс.

Гномон.

Гномон биіктігі 1,5 м болатын қада. Қаданы жіп арқылы тіктеп алып жерге қағады да, одан түскен көлеңкеден сәл кішірек етіп айналасына шеңбер сызады. Таңертең қаданың көлеңкесі ұзын болады да, ол сызылған шеңберден шығып кетеді (ОА).

Күн неғұрлым биікке көтерілген сайын, көлеңке де соғұрлым қысқара береді. Көлеңкенің шеті шеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді мұқият байқау керек

(ОА3, сол жерге қазықша қағылады. Күн барған сайын биікке көтеріле береді де, қаданың көлеңкесі шеңбердің ішіне кіреді (ОА2). Бұдан кейін көлеңке қайтадан ұзара бастайды, түс қайтады. Көлеңкенің шеті щеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді тағы да мұқият байқау керек (ОА3). бұл бізге қажетті екінші байқау болады. Демек, түс кезінде көлеңкенің А1 және А3 нүктелерінің аралығында бір жерде болғандығы көрінеді. Талтүстегі көлеңкенің бағытын табу үшін А1 А3 нүктелерінің арасын түзу сызықпен қосып, ол түзу сызықты дәл етіп екіге бөлу керек. Дәл бөлінген нүктеден түзу сызық, не болмаса жіп тарту керек. Сол жиі бойынша ақ сырға боялған рейка қойса да болады. Осы сызық талтүстегі ең қысқа көлеңкенің бағытын көрсетеді. Ол әр уақытта солтүстікке бағытталады. Демек, біздің жергілікті жеріміздің меридианы осы болып шығады, яғни солтүстікті көрсететін бағыт.

Мұны бағыттарды айыру үшін де қолданады.

Онан кейін қол сағатты радиомен белгілеп алып оны бір сағат кейін шегереміз. Сонда біздің сағатымыз 30-меридианның дәл күн уақытын көрсетіп тұрады. Талтүс жақындаған кезде гномон арқылы көлеңкенің жергілікті меридианға жақындап келе жатқанын байқаймыз. Көлеңке жергілікті меридианға тура түскенде бізде талтүстегі уақытты көрсетеді. Дәл осы кезде сағат бойынша уақытты белгілейміз. Уақыт бұл кезде 11 сағат 52 минут көрсетті дейік, бұл тұрған жеріміздің жергілікті талтүстік күн уақыты. Ал Мәскеу уақытымен белгілеп алған сағат 9-ды көрсетіп тұр, айырма 2 сағат 52 минут, Бұдан мынадай қорытынды жасаймыз, бізде талтүс Мәскеуге қарағанда 2 сағат 52 минут бұрын болады. Бір сағатта 15° айырма барын, 4 минутта 1° айырма жасайтынын еске алып градустық шаманы табамыз.

 

Экваториалды күн сағаты.

 (2 сағат х 15° = 30°; 52 м:4 = 13 градустық шама 43°.) Сонда біздің тұрған жеріміз 30° меридианда жатқан Мәскеуден 43С шығыста жатқанын білеміз. 30°+43° = 73° шығыс бойлық, яғни біз 73° ш.б. тұрмыз.

Сонымен жергілікті жердің бойлығын табу үшін Мәскеудің дәл уақытымен жергілікті жердің дәл уақытын біліп, оның арасындағы айырманы табамыз. Ол үіпін кәдімгі сағатпен гномон қажет болды.

Жергілікті дәл уақытты, қолдан оңай жасап алатын күн сағаты арқылы білген анағүрлым жеңіл болады. Күн сағатын пайдаланғанда гномон арқылы талтүстік көлеңкені қадағалап жат-пай-ақ, кез келген уақытты пайдалана беруге болады.

Енді күн сағатынъщ құрылысына тоқтайық. Экваториалды күн сағаты. Көлемі 30 см х 20 см болатын кішкене екі тақтаны ақ сырмен бояп алып екі топса арқылы бірімен-бірін бекітеді. Беткі жағына диаметрі 25 см болатын шеңбер сызылады да оны 24 бөлікке бөліп сағаттың циферблатын жасайды. Қақ ортасына ұзындығы 20-25 см-дей таяқша орнатады (бұл гномон-таяқша). Таяқша Темірқазық жұлдызына қаратылып орнатылады да, 12 цифры солтүстік бағытқа қарсы жазылады, Цифрларға таяқшадан түскен көлеңке бағдарша есебінде болады да, көлеңкенің көрсеткен уақыты жергілікті уақыт болып табылады. Циферблатты тақтайшаның бетін 90°-тан жергілікті жердің ендігін көрсететін бұрышты алып тастағандағы шама градусымен орнату керек, Сағат биіктігі бір метр таяққа орна-тылады. Күн сағатынын, екінші түрі горизонталды күн сағаты.

Горизонталды күн сағаты.

Енді күн сағаты арқылы кез келген уақыт бойынша жергілікті жердің бойлығын оңай табуға болады. Радио арқылы қол сағатты дұрыстап алып оны бір сағат кейінге шегереміз. Күн сағатының көрсеткен уақытына қарап, біздің қолымыздағы сағат пен күн сағатының уақытының бірдей емес екенін байқаймыз. Екеуінің арасындағы айырманы табамыз да оны 15-ке көбейтеміз, не төртке бөлеміз.

Сөйтіп, тұрған жеріміздің Мәскеуден градус бойынша қанша қашықтықта жатқанын табамыз. Егер тұрған жеріміз Мәскеуден шығыста жатса оған Мәскеу мерңдианын қосамыз, ал батыста жатса Мәскеудің меридианынан тапқан градус шаманы алып тастаймыз. Мысалы, Мәскеу уақытымен күн сағаты 11 болғанда (декреттік уақыт 12 болғанда) біздің тұрған жерімізде күн сағаты 1 сағат 30 минутты көрсетті дейік. Тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Уақыттың айырмасы 2 сағат 30 минут. Бір сағатта 15° айырма барын білеміз, Мәскеуден қашықтық градустық шама 37,5° градус. (2 сағат х 15°=30°; 30:4 = 7,5.) Біз Мәскеуден шығыста жатырмыз, олай болса, Мәскеудің бойлығына қосамыз. Сонда 75° шығыс бойлықта тұрған болып шығамыз.

Мұндай жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар сыныпта географиялық координат бойынша өткен практикалық жұмыстарды бекіте түседі және алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға үйренеді. Осы әдістер арқылы әркім өзінің келген жерінің жергілікті географиялық координаттарын тауып алуға болады.

Кеңес Одағы ыдырап, Казақстан тәуелсіз өз алдына дербес мемлекет болғанына биыл он жыл толады. Осы тарихи саяси маңызды оқиғаға байланысты Қазақстаннын дүние жүзі елдер қауымдастығында алатын орны өзгерді. Халыкаралық және жергілікті шеңбердегі объективті саяси-әлеуметтік және экономикалык жағдайлар мемлекетіміздің географиялық орнына айтарлықтай жана ерекшеліктер әкелді. Соған орай, елімізде жаңа геосаяси, зкономикалық, демографиялык, геоэкологиялық мәселелер туындады. Осы мәселелердін оқу-танымдық маңызы зор, оны оқушыларға ұғындыруда мектептегі география курсынын алатын рөлі айрықша.

Қазақстанның географиялық орны (геосаяси жағдайы). Кез келген мемлекет сырткы және ішкі геосаясатын өзінін географиялық кеңістіктегі орны мен жеріндегі табиғат байлығына сүйене отырып жүргізеді. Ондай болса, еліміздің географиялык кеңістіктегі орны қандай?

Еуразия құрлығының дәл географиялық кіндігінде орналасқан Қазақстан — Орталық Азияның ірі мемлекетінің бірі. Құрлықты коршағаы мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитынан —3600 шақырым, Тынық мұхитынан —3890, Үнді мұхитынан —3360, Атлант мұхитынан —5040 шақырым. Қазақстан Еуразия құрлығының 5,2% жерін алып жатыр.

Қазақстан мемлекеті белгілі ағылшын географы сэр X. Макиндер пікірінше (1904) «тарихтың географиялық өсінде» орналасқан. Қазақстан арқылы Жапония мен Қытайдан Франция мен Германияға баратын ең қысқа трансконтинентальды жол өтеді. Ресейден Үнді мұхитының жылы теңіздеріне шығатын қыска жол да Қазақстан жерінен өтеді. Сондықтан бүгін дүние жүзіндегі ірі державалар — Ресей, АҚШ, Кытай, Ұлыбритания, Иран, Жапонияның геосаяси және экономикалық көзқарастары Қазақстанға келіп түйісіп отыр.

Қазақстан Республикасының ауданы 2715,1 мың шаршы шақырым екені белгілі. бұл дүниежүзіндегі 9-керсеткіш, жер шарындағы ең үлкен деген 10 мемлекеттің бірі; батыстан шығысқа карай 2925 шақырымға созылады — Каспий теңізі жағалауынан Алтай мен Жоңғар Алатауына дейін, солтүстіктен оңтүстікке —1600 км — Батыс Сібір ойпатынан Тянь-Шань тауларына дейінгі аумақты қамтиды.

Қазақстанның солтүстіктегі киыр нүктелері Москва, Қазан, Кемеров, Братск қалаларынын ендігінде (55°22 с.е.) жатса, оңтүстігіндегі нүктелері — Мадрид, Ыстамбұл, Баку және Хонсю аралынын ендігінде жатыр. Республиканың басым бөлігі қоныржай белдеудің орталық және онтүстік ендіктерінде, қиыр оңтүстігі ғана өтпелі субтропикалық белдеуге кіреді.

Мемлекеттік шекарасы. Кеңес Одағы құрамында болғанда еліміздің мемлекеттік шекарасы болмаған еді, ол шартты түрде әкімшілік шекара бойымен әтетін. Қазақстанның әкімшілік-территориялық шекарасы о бастан казақ халқының тарихи орнықкан ареалымен жүргізілген. Еліміздің шекара аймағыида еліміздің 14 субъектісіңің 11-і орналаскан, мұнда Республика халқының 87-90% қоныстанған. Шекара аймағында мемлекеттің стратегиялық манызы бар ірі өндіріс орындары шоғырланған.

Дербестік алуына байланысты Қазақстан жаңа геосаяси мәртебеге ие болды. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Ираң мемлекеттерімен шектеседі.

Республиканың жалпы шекарасының ұзындығы —15000 шақырым болса, оның құрлықтық шекарасы -11750 шақырым, ал сулысы 3310 шақырымды кұрайды.

♦ Ресей мен Қазақстан шекарасының ұзындығы -6160 км;

♦ Қырғызстан мен Қазақстан шекарасының ұзындығы —1053 км;

♦ Өзбекстан мен Қазақстан шекарасының ұзындығы —2153 км;

♦ Туркменстан мен Қазақстан шекарасының ұзындыгы —400 км.

Аталған мемлекеттермен Қазақстан өз шекарасын бұрынғы ішкі әкімшілік шекара бойымен ешбір қорғаусыз ашық күйінде ұстап отыр. Бірақ, Түрікменстан 1999 жылы мемлекеттік шекарасын күшейту мақсатында арнаулы жарлық шығарды, соған сәйкес Қазақстанмен арадағы шекараға арнаулы бақылау-тексеру пункттерін қойды (1). бұл шешім, әрине, шекараға демаркировка жасалатынын нұсқайды.

Осы көршілес мемлекеттермен шекара туралы екі жақты түсінушілік болға-нымен анда-санда дау-дамайдың белең алып қалуы байқалады. Оған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада орын алып отырған жағдайлар куә.

Жазық жер бетіндегі шекара сызығын жүргізу қандай қиын болса, таулы аймақта оны белгілеудің өз қиындығы бар. Мысалы, бүкіл түркі әлемінің киелі шыңы — Хан тәңірінде Қытай, Қырғызстан мен. Қазақстаннын. шекаралары түйіседі, Осы шынды үш мемлекет арасында бөлу туралы еліміздің сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Республика Парламентіне арнаулы жобаны ұсынған еді (3). Бірақ депутаттар бұны қабылдамай тастады. Шындығында, бұрынғы Одақ құрамында болғанда Хан тәңірі шыңы түгелдей дерлік Қазақстан иелігінде еді. Заңды бекітпегені дұрыс шешім болды.

Оңтүстік шекара аймағына көз салсақ, Қазақстан Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанмен шектеседі. Мұсылман елдері болғандықтан, басқа шекара аймағымен салыстырғанда мұнда арадағы этникалық, мәдени, тарихи, демографиялық байланыстардың күре тамыры тереңде жатыр.

Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанның геосаяси жағдайында ортақ ұқсастықтары бар. Біріншіден, барлығының да экономикасы пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, қара және түсті металдар, көмір, т. б.) игеруге және монокультуралы аграрлы өндіріске (бидай, мақта, күріш) негізделген.

Осы көршілес елдермен арадағы достастыкты нығайту мақсатында 1944 жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан мемлекетаралық кеңес құрғақ, бірақ оның шешімдері толық жүзеге аспай отыр. Оның басты себебі, республикалардағы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, есеп айырысудағы және салық төлемі саясатындағы алшақтықтардың болуы.

Қазақстанды Өзбекстан мен Қырғызстан жеріне Ауған мен Тәжікстаннан ваххабит экстремистерінің дүркін-дүркін еніп кетуі аландатады. Осы жағдай оңтүстік шекараны күшті бақылауға алып, күзетуге итермелеп отыр.

Оңтүстік-шығыс аймақтағы шекара алпауыт Қытай мемлекетімен өтеді (1538 шақырым). Жоғарыда айтылғандай, 1992 жылдан бастап осы елмен арадағы әріптестік баиланыстар қайтадан өріс алды. Осының арқасында Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық сауда-экономикалық байланыстарға енуіне еркін мүмкіндік алады. Жапония мен Корея республикаларынын ғылыми-техникалық жетістігі жоғары, ақша-каражаты мол елдер. Осы мүмкіндіктерді біздік елдің табиғат байлығымен ұштастырса, әр ел өзіне тністі пайдасын алған болар еді. Бірақ, бұл ынтымақтастық әрекеттері Азиядағы саяси тұрақтылыққа әбден тәуелді.

Қазіргі кезде географияда ғылыми және практикалық ізденістер, көбінесе, тәсілдеу арқылы орындалады. Оқу, білім беру жүйелерінде де оның маңызы артып келеді. Тәсіл ісі қай жерде болмасын кеңінен қолданады. Сабақ, беру, үйрету, есеп шығару — бәрі де әр түрлі тәсілдермен орындалатыны көптеген педагогтерге, ғалымдарға мәлім. Әсіресе, бір нәрсені белгілі тәсілмен оңай есептен шығаруға да мүмкіндік бар. Географияда, тағы басқа ғылым салаларында, көбінесе, экономикада, «болжаум жұмысы өркендеп келеді. Себебі, алдын ала болжаған кезде көптеген адамға, қоғамы залал келтіретін құбылыстардан азат етіледі, оған қарсы шаралай орындауға мүмкіндік туады.

Судың мөлшерін алдын ала есептеп шығаруға арналған аса құнды тәсіл — ол жеке гидрограф тәсілі. Айтылған тәсілдің әр түрлі математикапық жолмен өзгерген синтетикалық формулалары баршылық. Өзгерістердің көпшілігі коэффициенттер ендіру арқылы жақсаруда. Жақсарту әдістерін кіргізген авторлар осы мақала дайындағандардың бірі. Енді айту керек, бұл тәсілді 1932 ж. АҚШ ғалымы Шерман ойлап тапқан. Оның бұл тәсілді табуына ұйытқы болған білікті ғалымдар Бернард, Маккарти, Львович, Барис, Коммонс және т.б. ізденістері болғанды. Бұл болжау тәсілі жедел шығарылып, тұтынушыларға жеткізіліп отырады, яғни, жаңбырдан таситын тасқынды осы жолмен есептеудің негізі болды. Көбінесе, шетел өзендерінің тасқындары болжанатын. Сөз етіп отырған жеке (единичный) гидрограф тәсілі, оның басты заңдылықтары төмендегідей [3,5,6,7]:

1) жеке гидрограф — ағыс беретін жауыннан пайда болады (25,4 мм), жауын аумағы барлық өзен алабына біркелкі, бір мезгіл уақытында түсуі — басты шарт. Сондықтан мұндай гидрографты жеке гидрограф деп атап кетті;

2) үнемді n дюйм жауындардан құралған гидрографты өзен алабына біркелкі, бір уақыт аралығында жауған жауын мөлшерін жеке гидрограф кординттарын n-ге көбейтсе болғаны;

3) үнегуіді жауындардан жиналған гидрограф, ол жауын өзен алабына біркелкі түскен жауындардан тұрғанды жиналып келетін уақыты бірнеше бөліктерден тұрады яғни, әр кезде жауған жауыннан жиналған жеке гидрографтар қосындысы.

Егерде гидрографты жеке-жеке жауыннан құралған гидрографтар қосындысы деген қағиданы ұстансақ, онда жеке гидрограф әсер ететін функцияның ұқсастау сипаттамасы болмақ (жеке гидрограф әсер ететін функцияға қарай жақындайды, 1-ге тең дара уақыт нөлге шейін өзгерген жағдайда).

Жеке гидрографты ең оңай табу әдісі сол гидрографты анықтау арқылы шығады [3,5]; ол үшін алдымен, дара уақытта жауатын жауын мөлшері есептелінеді, содан соң жауынға тең гидрограф жалпы ағыс көлеміне бөлінеді. Бұдан басқа тәсіл S — қисық сызығын (жеке гидрограф интегралын) анықтаған кезде пайда болады: ұзақ жауыннан құралған гидрограф, оның ординаттары жалпы ағыс көлеміне бөлінеді, одан соң құрастырылған гидрограф сандық дифференциаланады [3,5,6].

Көптеген су жинайтын өзен алаптарында жүргізілген бақылау материалдарын өңдеу негізінде эмпирикалық формулалар шығарылды. Ол формулалар гидрографтың параметрлерін және өлшемсіз жеке гидрографтардың параметрлерін (гидрографтардың бәрі жеке гидрографтардан шыққан, ол үшін гидрограф ординаттарын максималды ординаттарға және оның абсцистерін ауырлық ортапықтың абсцисіне бөлу арқылы) су жинайтын алаптың сипаттамаларымен байланыстырады.

Осы айтылған жеке гидрографтар түсініктемесі негізінде жасалған тағы да басқа өзгертіліп жетілдірілген модельдер баршылық [3,4,5,6,7]. Соның бірі — Дуг атты ғалымның моделін сараптап көрейік. бұл модель су жинайтын өзен алабын изохрон жүйесі бойынша n бөліктерге бөлінген, оның әр бөлігі тіке канал (арық) ретінде моделденген (канап тікелей су шығынымен және судың көлденең ағысының ауданымен байланыстырылған) және сопақша (түзу сызық) түрінде су қоймасында моделдендірілген (су қоймасы су шыға берісіндегі көлеммен және су шығынымен байланыстырылған). Тіке каналмен су аққан кезде гидрографтар трансформацияға ұшырамайды, тек қана ағыс уақыты сәл өзгереді екен. Ал су қоймасына су кіргенде трансформацияланады, егер де, қойма n=1 болған жағдайда. Яғни, су жинайтын алап элементтер тізбегі бо-лып, гидрографты ығыстырады, көшіреді және трансформациялайды. Жалпы айтқанда, моделге апынған су қоймасы ондағы су көлемі мен су шығыны т. арасындағы пропорциалық қатынасты білдіретін коэффициенттер әр түрлі болып келеді. Гидрографтың түріне (формасына) әсер ететін функцияны Дуг төмендегідей етіп көрсетеді:

 дельта функция; Т — гидрографтың жалпы жылжу уақыты (уақыт су жинайтын алаптың жоғары басынан өлшенеді); — изохрондар арасындағы аудандар бөлісі; n — каналдың немесе су қоймасының ұзындығы сызықша етіп бөлінген саны.

Жоғарыдағы (1) формуланы қолдануға қолайлы етіп өзгертті. Сол үшін каналдарды және су қоймаларын шартты түрде бірдей қабылдау керек деді Дуг, сөйтіп, мына түрге (1) айналдырды.

Р(m n -1) — Пуассон бөлісі; m=(t-)і

Алаптардан жинапып ағатын жер беті суларына бақылаулар жүргізіп, содан соң ол материалдарды өңдеу нәтижесінде, сол алаптарға арнап біраз эмпиризмдік формулалар ұсынылған. Бұл табылған формулалар жеке гидрографтардың және өлшемсіз жеке гидрографтардың параметрлерін (n және і.) алаптардың сипаттамаларымен байланыстырды. Сөйтіп, аталмыш формулалар — жеке гидрографтардан табылған. Ал ол үшін жеке гидрографтардың ординаттарын, яғни, өздерінің ең биік ординатына бөліп, ал абцистерін ауырлық центріне бөлу арқылы табады.

Бұл моделден де басқа моделдер бар. Тек олардың ең бастысы  бір-бірімен ұқсастығы, алапта көрініс беретін гидрометеорологиялық құбылыстардағы сараптау арқылы сол моделдерге керекті мәліметтерді табиғат заңдылықтарымен байланыстырып, қолданбалы математиканы қолдану арқылы кез келген өзеннің ағыс бойының нүктесіне арнап гидрографты есептеп шығару. Моделдер жиналған мәліметтерге әр түрлі мән береді. Мысалы, алапта су жиналу процестері, алаптың физикалық-географиялық сипаттамасы, оның бетінде жиналған ағын суының тидрограф жасалатын нүктеге жету жылдамдығы, су шығыны, тағы да басқа параметрлері әр түрлі дәрежеде қолданылады. Соның нәтижесінде моделдердің біреулері су мөлшерін 80-90 пайыздық болжауға көмек береді. Жоғары деңгейдегі болжаулардан келетін пайда өте көп. Егер де тасқын кезінде алдын-ала, күніге, сағат сайын оның апдында болатын, өтетін су (тасқын) мөлшерін есептеп, мемлекетке беріп отырсақ, табиғат апатынан халық, шаруашылықтар аман қалып отырар еді. Сондықтан, мұндай географиялық ізденістер өте құнды әрі паидалы. Ондай гидрографтарды есептеу, жасау қиын жұмыс. Ол үшін мамандар математикадан, әсіресе, оның қолданбалы сапасынан білімі болғаны абзап.

«ТМД физикалық географиясы»

Әте ежелгі адамдар айналасын танып білуден бері дамып келе жатқан география ғылымының өзге ілімдердің ішінде алатын орны ерекше. Сол замандардан бері талай даму кезеңдерінен өтіп, методологиясы да өзгеріп отырды. Жаратылысты, қоғам мен табиғаттың ара қатынасын зерттеуші басты ілім болғандықтан, анықтаушы рөл атқаратыны анық. Қазір оның сан саласы бар: картография, биогеография, геоморфология, топырақтану, халықтар географиясы, лимнология. Физикалық және экономикалық география болып екі үлкен бөлімге де бөлінген. Мұндағы физикалық география – жергілікті жерді, географиялық ландшафтарды, толықтай географиялық қабық пен Жер ландшафтарын, оның құрылымдарының дамуы жайлы білімдөр жиынтығы. Ол географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын біртұтас күрделі табиғи кешен ретінде зерттейді. Оның салалары географиялық кешенді құрайтын компоненттерді қарастырады. Физикалық географияның негізгі мақсаты — табиғат жайлы жинақталған өте көп мәліметті еңгізу.

Физикалық географиялық заңдылықтардың жергілікті жер мысалында байқалуы — аймақтық физикалық географияның нысанасы ТМД физикалық географиясы географияльіқ білім беру жүйесінде алдыңғы қатарда. ЖОО-да оқылатын бұл курс, бұл аумақ табиғаты жайлы білім қалыптастырып, оның түрлілігін аша түседі және жалпы физ.географиялық заңдылықтарды түсінуге жол ашады. бұл тұстағы маңызды бірлік — пән бойынша жүрпзілетін практикалық сабақтар. Олар ТМД аумағыңың физикалық географиясынан нақты білім беріп, мұғалімді бфлашақ жұмысына профессионалды түрде дайындап, сабақтарға нақты материал жинақтайды. Практикалық сабақтың басты міндеті — ТМД физикалық географиясы курсы бойынша студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне үйретіп, фактіге негізделген материалды нық меңгерту. Олар мынадай мақсаттарға тәуелді: лекцияда алынған білімді тереңдету, кеңейту, сонымен қатар, оларды бекіту, географиялық орта дамуындағы заңдылықтарды анықтап шығару; ТМД физикалық теографиясы бойынша өз оетінше жұмыс істеу біліктілігін меңгерту; физикалық география бойынша әр түрлі жұмыстардың техникасын меңгеру.

Географиялық заңдылықты меңгеру процесі жалпыланған терең білімді қажет ететін күрделілігімен ерекшеленеді. Географиялық заңдылықты түсіну үшін студенттерді салыстыру, сәйкестендіру, себеп байланыстарын табу, жалпылау сияқты маңызды тәсілдерге үйрету керек. Ал, біліктілік біліммен үздіксіз байланыста қалыптасады. Білім көздері географиялық ақпаратты әр түрлі жеткізеді. Географияда картамен және оның мәнін, математикалық негізін, шартты белгілерін ақпаратты жеткізу тәсілдерін анықтау бойынша танысуға көп көңіл бөлінеді.

Жалпы, ТМД физикалық географиясы курсы боиынша студенттерден талап етілетін негізгі біліктіліктер мыналар болып табылады:

— құрамына табиғаттың бүкіл компоненттерін, табиғи ресурстарды, табиғаттың антропогендік өзгерістерін саралау, сол сияқты экологиялық жағдай мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге баға беру кіретін жекелеген физикалық-географиялық аймақтарға кешенді табиғи сипаттама беру;

— ғылыми, оқулық, анықтамалық және библиографиялық әдебиетпен, негізгі картографиялық құралдармен (тақырыптық және жалпы географиялық карталармен, географиялық атластармеь т б ) жұмыс істей білу;

— әр түрлі карталарды, графиктерді, кестөлерді, анықтамалық материалдарды салыстыра саралау негізінде жекелеген аумақтардың қысқаша компоненттік немесе кешенді сипаттамаларын дайындау;

— климаттық карта-схемаларды дайындай білуді, негізгі климаттық элементтерді саралауды, агроклиматтық ресурстарды бағалау.

Біліктілікті қалыптастыру — кез келген мұғалімнің жұмыс тәжірибесіндегі күрделі мәселелердің бірі. Оның бір себебі — белгілі бір біліктілікке ие болу білімді меңгеруден объективті түрде қиынға соғады және бұл жағдайда мұғалімнен әдістемені жетік білу мен мақсатты жұмысы талап етіледі.

Қарастырылып отырған фнзикалық географияның практикалық сабақтары өзіндік ерекшеліктеріне сай тиімді ұйымдасқан түрде өту үшін жаңа технологияларды пайдаланылуы міндетті.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпа-рагтандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. бұл міндеттерді шешу үшін ЖОО-ның әр мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батьіл жол ашарлық жаңашыл идеялар мен ғылыми еңбектер ендіру қажет.

Осы күнде пайдаланылып жатқан жаңа әдістер оқу процесінде жаңа технологиялар мен компьютерлендіруді талап етіп отыр.

Жоғары квалификациялы географ-мамандарды дайындаудың өзіндік спецификасы бар. Оның мәні тек белгілі бір қажет білім мен біліктілік комплексін игеру ғана емес, айналаны кеңістіктік тұрғыдан қабылдау, жүріп жатқан құбылыстар мен процестердің көптүрлілігі мен жүйелілік сипатын түсінуді қалыптастыруда. Сондағы практикалық сабақтар танымдық функция, дүниетанымның негізін қалап, шығармашылықты дамыту барысында компьютер, аудиовизуалды құралдарды пайдалану «Оқудағы жаңа ақпараттық технологиялар» деген атаумен енген ЖОО-дағы педагогикалық міндеттерді шешуде бұлардың орны ерекше, өйткені сабақ жүргізу сапасын, студенттердің білім деңгейін көтеру перспективасы ашылады. Тәлімгерлердің оқуға деген мотивін көтереді, танымдық әрекетті активтендіреді, ойды, шығармашылық қабілетті дамытып, қазіргі ақпараттанған қоғамда өз орнын белгілеуге көмектеседі.

Жаңа технологиялар.

  1. Сабақ жүргізудегі көрнекілікті қамтамасыз етеді.
  2. Оқу ақпараттарьін қысыңқы түрде жеткізу, жылдамдық пен ақпарат тығыздығы жоғарылай түседі.
  3. Бақылауға қиын не мүлдем келмейтін құбылыстар, нысандар, процестерді жан-жақты көрсетеді.
  4. Техникалық құралдарды кешенді түрде пайдалана отырып, еш қиындықсыз бір түрінен екіншісіне ауыса алу мүмкіндігі туады.
  5. Студенттерді техникалық құралдармен таныстыруға болады. Интерактивті және аудиовизуалды құралдарды географияда —

1) табиғат пен қоғам дамуындағы заңдылықтарды көрсететін илистрацияларды талап ететін материалды бекітуде; 2) компьютерін өз бетінше жұмыс барысында қолдануға болады. Қазіргі таңда білім беру кеңістігінде оқытудың интерактивті залдарының түрлі жиынтығы бар: гипермәтін, жоғары сапалы графиктер, слайдтар, видеороликтер. бұл құралдар электронды мультимедиалы баспалар атауына ие. Оларды дайындап іске асыру үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану тиімді. MS Power point бағдарламасы көмегімен берілетін материал — экранда немесе мониторда көрсетілетін тақырыбы, логикасы бойынша байланысқан информациялық объектілердің бірізділігі деп түсіну керек.

Информаииялық нысандар дегеніміз — көріністер (слаид) мен видео кәріністер, сурет, фото, график, кесте, диаграммалар және мәтіндер мен фрагменттер. Көптеген географиялық нысандар: жазық немесе тау массивтері, теңіз, мұхиттарды өзіндік күйінде көрсетуге келмейді. Бұндай жағдайда демонстрациялық құралдар түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді және слайдтармен жұмыстың эффективтілігі оларға қосымша кесте, сызбаларды толықтырғанда жоғарылай түсетіні анықталды.

Презентация құрылмасының бағдарламасы (яғни, компьютерлік, мультимедиалық) Microsoft Office құрамына кіретін Power Point абаққа көрнекіліктерді араластыра, басымдық, тұстарын максималды түрде керсетіп, жетіңкіремейтін жақтарын тегістеи отырып қолдану арқылы материалдарды дайындауға мумкіндік береді. Бұл графикалық бағдарлама көмегімен еш қиналмай қосымша материлдар мен тезистер, ескертулерді мөлдір қағазбен сүйемелдеп көрсетуге болады.

Медиаобъектілердің ерекше категориясы — интерактивті карталар мен карта-схемаларға көңіл бөлу қажет. Географияны оқытудың интерактивті тәсілдерінің жаңа түрі бір жағынан географиялық карта қасиеттеріне ие болады, яғни ерекше тіл — шартты белплерді қолдана отырып, жер бетінің кішірейтілген масштабтағы көрінуі болып табылады. 2-ші жағынан, оларда геоақпараттық жүйелерге жақындататын жаңа қасиет — картаның мазмұнын өзгерту мүмкіндіп бар Мысал үшін, «ТМД табиғат зоналары» интерактивті картасы. Алғаш экранға шыққанда бұл ТМД-ның физ-географиялық карта-схемасы. Бірақ бұл карта-схеманың үстіне табиғат арналары шекарасын жүргізуге болады, әйткенмен, картада тек таоиғат зоналары көрікетін болады. бұл балалардың назарын айтылып жатқан мәселеге аударуға мүмкіндік береді.

Телекоммуникациялық желілердің рөлін ерекше атап өту керек. Географияны оқытуда жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын кешенді қолдану жүйесінде Интернеттің маңызы артып отыр. Интернеттің ресурстары мен мүмкіндіктерін географ мұғалім өз жұмысында пайдалана алады. Онда:

— ақпарат ресурстары WWW;

— E-mail (электронды пошта) — ды бөліп қарастыруға болады. Білім берудің міндеттері өзгеріп тұрған заманда, студентті ақпаратқа қанықтыру емес, қоғамда өз орны бар жеке тұлға қылып, білікті маман дайындап шығару үшін осы мақсаттарға сай ең тиімді тәсілдер, ең жаңа құралдар қолданылу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Экономикалық география курстарында орындалатын практикалық жұмыстар

Қазіргі кезде география пәні мұғалімдерінің өз жұмысында көпте тен оқытудың техникалық құралдарын және оқушылардың өмірін (теледидар, радио, газет-журнал арқылы күнделікті келіп отыратын мәліметтерді қолдануына мүмкіншіліктері көп. Сонымен қатар, басқа да көрнекілік құралдары мен формалары ығыстырылып қалады. Aл географиялық білімді меңгеру барлық көрнекілік құралдар мен мүмкіндіктер үйлесімді қолданылған жағдайда ғана сәтті болады.

Осы орайда оқытудың тиімді құралы ретінде сандық көрсеткіштерді айтуға болады.

Географияға байланысты нақты деректер келтіруде кез келген аймақтың халық санының орташа тығыздығын, қаңтар мен шілде айла рының орташа температураларын анықтауда, биікгік бойынша қысым ылғалдылықты анықтауда, түрлі елдердің шаруашылық салаларының дамуына салыстырмалы сипаттама беруде, т. б. көптеген мәселелерге байланысты нақты көрсеткіштер келтіруде сандық көрсеткіштердің алатын орны зор.

Көп жағдайда сандық көрсеткіштер оқушылардың өз бетімен географиялық ұғымдарды түсінуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар түрлі қима, диаграмма, графикгерге талдау жасай отырып, әр түрл мәселелерге қорытынды бере алады.

Мектепте оқытылатын физикалық және экономикалық география пәндері бойынша қолданылатын сандық көрсеткіштерді жалпы тері топқа бөліп қарастыруға болады.

  1. Жекеше кездесетін сандар — тонна, шақырым, киловатт-сағат пайыз сияқты, т. б.
  2. Шығарылатын кейбір қарапайым есептер.
  3. Диаграмма, график, қима, картограмма, картодиаграммаларды сызу арқылы берілген сандық көрсеткіштер мөлшері.
  4. Әр түрлі мәселені топтастыръщ көрсететін статистикалақ кестелер.

Сандық көрсеткішпен жасалатын жұмыстың бірінші тобына мысал келтірейік. Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Меңделеев кестесіндегі 110 элементтің 99 бар екендігі анықталған. ТМД-дағы хромның — 94,2 %, бариттің — 81,7 %, фосфориттің-64,7 %, молибденнің — 29,3 %, мыстың — 28,4 %, бокситтің — 22,1%. асбестің- 20,1 %, марганецтің — 13,0 %, көмірдің — 11,9 % қоры республика үлесіне кіреді.

Индонезия жылына 4,5 мың тонна шай жинаса, Үндістан 375 мың тонна, Цейлон 220 мың тонна, Қытай 150 мың тонна шамасында шай жинайды екен.

Сандық көрсеткішпен жұмыстың екінші тобы география курстары бойынша шығарылатын қарапайым есептерге тоқталамыз. Мысалы. жер шары жалпы 360°-қа бөлінген болып есептеледі. Егер жер шары өз бөлігінен 24 сағатта бір айналатын болса, бір сағатта 15°-қа жылжиды.

Сарамандық жұмыс

Мен өз әріптестеріме 9-сыныптағы «Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары» деген тақырыптағы сарамандық жұмысты өткізудегі өз тәжірибемді ұсынып отырмын.

Сарамандық жұмыста белгілі бір аумақтың халқының тығыздығын анықтау және Қазақстанның ұлттық құрамының кестесін пайдаланып, диаграмма құрастыру жұмыстары жүргізілді. Сабақта оқушылардың теориялық білімін одан әрі кеңейту, Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы, көп ұлтты мемлекет екендігі және орналасу тығыздығы туралы білімдерін толықтыру мақсат етіп қойылды.

Сонымен катар, статистикалық материалдарға талдау жасау, қорытынды шығара білу, графиктер мен диаграмма құрастыру, демографиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру тәсілдері сабақтың дамытушылық әрекеттеріне орайластырылып отырды.

Сабақ тарих, математика, әдебиет пәндерімен өзара байланыста етті.

Көрнекілігі.

  1. Е.Ахметов, Н.Кәрменова, Ш.Көрімбаева, Б.Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметгік географиясы.
  2. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік нұсқау.
  3. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Жұмыс дәптері.
  4. Е.Қаженбаев. Географияны оқыту әдістемесі.
  5. География және табиғат. №3, 2003.
  6. I. Ұйымдастыру. Сыныпты топқа бөлу.
  7. II. Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл».
  8. Оқушылар, Қазақстан туралы не білесіндер?
  9. «Демография» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Осы сұрақтар жайлы бір-біріңмен ой бөлісіп талқыландар, пікірлесіндер. Әр топ өздерінше талдап болған соң, көшбасшыға сөз береді.

1 топ.

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруғa арналған тапсырма

Нұсқау

1. Картаны сипаттау жоспарын пайдалана отырып, «халықтар тығыздығы» атты картаға талдау жаса.

Атлас, оқу-лық. 13-бет,

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу:

а) 1-диаграммада берілген мәліметтерді пайдаланып, — 1989 және 1999 жылдардағы халық санағын салыстырып, халық санының азаю себебін түсіндіріңдер;

ә) халық санының өсу динамикасы кестесіне талдау жасандар және статистикалық мәліметтер бойынша диаграмма құрыңдар;

б) қала және ауыл халқының арақатынасы туралы өз ойыңды айт. Ол қалай өзгерген, қаңяай себептерге байланысты. Кестедегі дерекгер бойынша диаграмма құрастыр.

Қолдарыңнан келе ме?

Қазақстан халқының тығыздығы картасы бойынша халықтың ең тығыз жене ең аз қоныстанған аудандарын анықтау.

Оқулық.

12-бет.

 

 

 

Жұмыс дәптері.

1-кесте.

12-бет.

 

1-кесте.

 

 

 

Атлас, оқу-лық. 13-бет.

 

 

 

 

2 топ

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналған тапсырма

Нұсқау

2-Диаграммаңы пайдалана отырып, халықтың қай салада көп жұмыс істейтінін анықтап, оның себебін түсіндіріңцер.

Оқулық.

17-бет.

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.

а) 2-кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, адамдардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығын диаграмма түрінде көрсет;

ә), 3-кестедегі деректерді пайдаланып, халықтың жас ерекшелігі бойынша халық санының диаграммасын құрындар;

б) осы диаграммаға талдау жасаңдар.

Қолдарыңнан келе ме?

1. Кестедегі деректер бойынша өз облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың халқының өзгеруіне талдау жасан, диаграмма құрастырыңцар.

Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері

2-кесте.

13-бет.

3-кесте.

13-бет.

 

 

Кесте.

 

 

3 топ

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналган тапсырма

Нұсқау

Астана мен Алматы қалаларына салыстырмалы сипаттама беру.

Оқулық.

174-бет.

15-кесте.

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.

а) 15-кестедегі мәлімеітерді пайдалана отырып, халықтың ұлттық құрамы туралы және оған әсер ететін себептер туралы өз ойыңды айт;

ә) 15-кестедегі деректерді пайдаланын, халықтың ұлттық құрамының өзгеруі туралы график құрастырындар;

б) Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қон динамикасы бойынша берілген мәліметтерге талдау жасап, қорытынды шығарыңцар.

Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері.

 

 

16-бет.

4-кесте.

Қолдарыңнан келе ме?

Кулагино селосының ұлттық құрамы туралы пікірлеріңді айтып, кестедегі дерек бойынша диаграмма құрастырыңдар.

Кесте.

 

Оқушының ой-өрісін дамытуға арналған тапсырма.

Қосымша әдебиеттермен және оқулықпен жұмыс «Ғалымдар не айтады?», «Жаңа терминдер».

Жаңа ұғым

Түсініктеме

Туу

 

Өлім-жітім

 

Табиғи өсім

 

Вңбек ресурсы

 

Миграция

 

Эмиграция

 

Агломерация

 

 

Атлас, кескін картамен жұмыс.

  1. Кескін картаға:

а) 300 мыңнан 1 млн-ға дейін тұрғыны бар; ә) 100 мыңнан мыңға 200 дейін тұрғыны бар қалаларды белгілеу.

  1. Халықтың ең сирек және ең тығыз орналасқан аймақтар белгілеу.

Үйге оқулықтағы §3, 4 тапсырылып, оқушыларға сабаққа қатысқанына байланысты баға қойылады.

 

2.3 Бағдарлы оқытуда практикалық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері

Жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын құраушы тұжы-рымдамалық-нормативтік құжаттарға сәйкес Ы.Алтынсарин атын-дағы Қазақ Білім академиясы қызметкерлері жоғары сатыдағы (10-11 сыныптар) қоғамдық-гуманитарлық мектептер (сыныптар) үшін — 25 және жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектеп-тер (сыныптар) үшін — 21 оқу бағдарламапарын дайындап, оның алғашқы нұсқасы 2000 ж. жарияланған болатын (03.03 2000 ж. ҚР БжҒМ-ң №179 бұйрығы). 1996 жылғы Үкімет қаулысымен шыққан мақсатты бағдарламаға сәйкес осы 2000 жылы бекітілген бағдарлама бойынша 2001 жылдан бастап екі бағыт бойынша 10-11 сыныптарға арналған жаңа буын байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жазыла бастады. Оқулықтарды баспадан шығару ҚР «Мемлекеттік тапсырыс туралы» Заңына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асты. Мектептің жоғары сатысына арналған жаңа буын байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері тендер бойынша ұтып алған «Мектеп» және «Жазушы» баспаларынан 2001-2004 ж. аралығында шығарылып, республикадағы Білім министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген тірек мектептерден тәжірибеден өткізіле бастады.

Тірек мектептерден келіп түскен сын-ескертпелерге сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары қайта өңделіп (18.10.2005 ж., бұйрық №672) бекітілді. Мұнда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарда география пәнінің аптасына 2 сағат (10-сыныпта — 1 сағ., 11-сыныпта — 1 сағ.) көлемінде оқытылады. Ал жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәні аптасына 4 сағат (10-сыныпта — 2 сағ., 11-сыныпта — 2 сағ.) уақыт берілген. Осыған орай бүгінгі таңда «Мектеп» баспасынан 10-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дайындалып, ол алдағы оқу жылында жаппай мектептерге енгізілмек (06. 01,2006 ж., бұйрық №6 ). Мысалы, география пәні бойынша оқу процесіне екі бағыт бойынша төмендегідей оқулық және оқу-әдістемелік кешендер ұсынылып отыр.

География пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалдарының мазмұны ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік сана-сезімін дамыту сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың басым бағыттарына негізделіп берілген. Ал жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқу материапдарының мазмұны оқушыларының қызығушылығы мен қабілетін қанағаттандыру мақсатында неғұрлым тереңірек беріліп, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мазмұнымен сабақтастыққа бағытталған.

Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігі, оның мұғалімдер мен оқушыларға арнапған оқу құралдарынан тұратын оқу-әдістемелік кешен түрінде шығарылуында.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің типтік оқу жоспары құрылымындағы білім беру мазмұнының өзгермелі (вариативті) бөлігінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептерге (сыныптарға) аптасына 3 сағат уақыт белінген. Демек, әр мектеп өздерінің жұмыстық оқу жоспарында 10-11 сыныптардағы қолданбалы курстар үшін 1-3 сағатқа дейінгі уақытты пайдалана апады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт шеңберіндегі оқыту бағдарлары география-биологиялық, география-биология-экологиялық, биология-химиялық, математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, физика-технологиялық және т.б. болуы мүмкін. Осыған сәйкес әр пән мұғалімдері өздерінің таңдаған (мы-салы, география пәніне қатысты: картография негіздері, Қазақстанның геоэкологиясы, әлеуметтік экологияға кіріспе және т.б.) қолданбалы курстарының бағдарламапарын дайындап, оқу материалдарының мазмұнын іріктейді. Ол жергілікті оқу орнының педагогикалық кеңесімен бекітіліп, оқу орнының құрылтайшыларымен келісіледі. Содан кейін ғана оны оқу процесінде пайдалануына болады.

Бағдарлы оқыту «Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспарында» көрсетілген адамзат дамуын қамтамасыз ететін ұлттық білім беру жүйесін құру және оны әлөедік білім кеңістігіне кіріктіру мақсатын жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз.

 

3 тарау.

3.1 География пәнінен ҰБТ  дайындауда практикалық тәсілдердің орны

Қазақстандық білім беру саясатының басты міндеті — мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның көкейкесті әрі келешегі мен сұраныстарына сәйкес іргелі де сапалы білім беру. Балаларды, жастарды тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясат Елбасы жолдауында көрініс тапқан.

Осының бөрі рухани-адамгершілігі мол, шығармашыл, белсенді дамушы тұлғаға деген әлеуметтік сұранысты арттыра түсе Мектептегі тәрбие үрдісін жақсарту шараларының қажеттілігі қoғaмымыздың дамуындағы күнгейлі және көлеңкелі бетбұрыстарға байланысты болып отыр. Бір жағынан, қоғам өмірінің әр саласындағы демократиялық үрдістер нығаюда, мәдениеттер диалогының үстінде. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа белсенді түрде кірігу

Білім беру оқушы тұлғасын мақсатты түрде, педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған рухани, интеллектуалдық және дұрыс дамуын қамтамасыз ету үрдісі деп қарастырылады. Мұндағы негізгі нәрсе — тұлғаның қалыптасуы, оның құрамына кіретіндігін оқыту (тәжірибе, білім, білік, дағды беру), тәрбиелеу (тұлға әлеуметтендіру үрдісі ретінде), ағарту (мәдени жағынан байыт Білім беру педагогика үрдісінде ұғынудың, білімнің және тәжірибенің жиынтығы саналады. Осылайша, әлеуметтік-белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мақсаты жаңаша толыығып, оның практикалық, өмірлік бағыттары күшейеді. Ақпаратты өздігінше игеруге, біліктілікті меңгеруге қабілетті тұлғаны қалыптастыр; басымдылық беріледі. Аталған мақсаттарға жетудің міндеті білім берудің тұлғалық бағытын күшейту болып табылады.

Н.И. Пирогов «Өмір мәселелері» деген әйгілі мақаласы адамгершілік пен білім берудің өзара байланысы туралы әлі күнге дейін маңызды мәселені қозғаған. Ол адамның мәні — рухы дамуына, ақыл-ойы мен адамгершілік табиғатына ден қойды.

И.А. Ильиннің де көптеген мақалаларындағы ой-пікірлері осыған келіп тоғысады. «Рухтан, ардан, сенім мен мінездемені үзген білім, — деп жазды ол, — адамды қалыптастырмай; керісінше, бүлдіреді, болмаса оның қолына өмірге қажетті мүмкіндіктерді, техникалық біліктілікті беріп қояды да, имансыз, арсыз, сенімсіз әрі мінезсіз жан оларды зұлымдыққа пайдалана, ұяты жоқ білімдіден гөрі сауатсыз, бірақ адал, қарапайым ең артық екенін біржола мойындап, бекіту керек, сенім мен ұяттан ада жалған «білімділік» ұлттық мәдениетті жасамай, зымиян өркениетке ерік береді».

Дәл қазір, үшінші мыңжылдықтың басында біз адамның рухы, жан, тән тұтастығының қаншалықты бұзылғанын көріп отырмыз. Адам өзі табиғаттың бөлшегі екенін ұмытып, оған сана (қылмыскерлікпен зиян келтірді. Өркениеттің ізгілікке жат, жақын салдарлары күн санап көбеюде. Әлеуметтанушы Ю. Рюриі жазғандай, адамзаттың төбесінде үш дамокл семсері ілулі тұр: атом апаты, экологиялық апат және «адамдардың адамгершіліктен айырылуы.

 

3.2 Кәсіби бағдар алу барысында  практикалық тәсілдердің қалыптасуының әсері

Қазір кем дегенде екі-үш жоғары білімді дипломы бар азаматтар қатарының көбейіп келе жатқаны байқалады. бұл әсіресе, қалталы азаматтар қатарынан жиі кездесуде. Қос дипломды азаматтардың көбеюі өте құптарлық жағдай, бұл — халқымыздың әлеуметтік, мәдени, ғылыми, рухани жағынан жан-жақты өсуінің бір көрінісі. Алайда, көп дипломды азаматтарымыздың барлығы бірдей жан-жақты сапалы, білікті мамандар дегенге кейде күдікпен де қарауға тура келеді. Меніңше, мамандар біліктілігінің негізі — жалпы немесе арнаулы орта білім беретін мектептер мен лицей, гимназиядан бастау алады.

Кейбір басылым материалдарына талдау жасасақ, орта және арнаулы орта мектептердегі оқушыдардың саны жергілікті қала және аудандардағы орта мектептердің жоспардағы мүмкіншілігінен анағұрлым көп екені нақты мәліметтермен дәлелденіп көрсетілген. Алайда, аталған қиыншылықтарға қарамастан, мысалы, Жезқазған мектептері түлектерінін грант пен кредит иелену саны респубдика бойынша мақтанышпен айтарлықтай алдыңғы қатардағы орындарда. Жезқазған қаласындағы кейбір мектеп түлектерінің орталықтағы қалалардың немесе Ресей елдерінің қабылдау комиссиясында емтихан — тест тапсырған көрсеткішінен оқушының мектептен алған білім деңгейінің жоғары екенін баиқауға болады. бұл мектептердегі оқу сапасы өте жоғары талапқа сай деген пікір тудыратынына ешкім шүбә келтірмейді. Мүмкін шыны осылай да шығар?! Егер шын мәнінде осылай болса, онда кемшілік мектептер санының аздығы деген пікірге тоғысар едік. Алайда, жоғарыда келтірілген білім көрсеткіштеріндегі айырмашылық туралы кейбір сенімсіз ойлар да туады. Саңырауқұлақтай жер мен көкті қаптап кеткен әр түрлі жоғары оқу орындарының көшпеуі қабылдау комиссияларының бай-қалмайтын өзіндік сыры мен құпиясы болатынын әрқайсымыз түсінетін мезгіл жеткен сияқты. Себебі дүниежүзінің барлық елдерінде де жоғары білім беруді қаржыландырудың көздерін іздеу қалыпты жағдайға айналған. Демек, оқу сапасы — салыстырмалы түсінік..

Жоғары оқу орындарына талапкерлер қабылдауда тест әдісі қолданылуда. Осы әдістің тиімділігі қандай?

Өкінішке орай, жоғары оқу орындарына 100 немесе 120 балл алып қабылданған грант, кредит иелерінің барлығының білім сапасы өте жоғары деңгейде деп айта алмаймыз.

Екіншіден, төменгі балға қолы жеткен грант-кредит иелерінің.кейбіреулерінің сұранысы аз мамандықтарга түсуі де білім деңгейінің тәмендігін білдіреді. Мұның өзі орта білім беру саласындағы тиісті олқылықтардың әжептәуір орын алып отырғанын айғақтай туседі.

Үшіншіден, талапкерлер белгілеген тест жауаптарының ішінен кездейсоқтық элементтерінің болуы әбден ықтимал. Мысалы, ойын асығын лақтырғанда көбінесе «бүк» не «шік» туседі. Сол сияқты тест жауаптарын белгілеп көрсетуде саналы емес «интуитивті» сезімдердің әсері мүлдем жойылмайды. Яғни, «бүк» не «шік» түсу ықтималдығы екіден бірге тең десек, тест әдісінде де осыған ұқсастықтар кездесетініне шүбә келтірмейміз.

 

3.3 МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫНДА ГЕОГРАФИЯНЫ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында үш сатыдан тұратын жалпы білім беретін мектептің құрылымы анықталған (1996 ж.). Соның жоғары сатысы аяқталған базалық білімнен тұратын негізгі сатыдан кейінгі бағдарлы білім беру болып табылады. Осы берілген құрылым оқушылардың жеке оқу траекториясын таңдауы мен жеке тұлға қетінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, білім беруді ізгілендіру, саралау идеяларын және базистік оқу жоспарындағы өзгермелі бөлікгі жүзеге асырады. Осындай тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып, 2006 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныптарында бағдарлы оқыту енгізіле бастады.

Бағдарлы оқыту — бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектеіптің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Келесі бағдарлы оқытуды енгізудегі мақсат не дейтін болсақ, ол — жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.

Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздершің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мекгептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретіи мекемелермен үйлестіруге келіп саяды.

Мұндай өзінің анықтамасы, мақсаты мен міндетгері бар «бағдарлы оқыту ұғымын «кәсіптік білім беру» ұғымымен шатастыруға болмайды.

Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылатын нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесі.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудағы аса маңызды мәселе — бұл бағдарлау бағыттары мен құрылымын анықтау. Бағдарлардың алуан түрін жасау жоғары сыныл оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін неғұрлым толық ескерте тырысудан туындайды.

Біздің жағдайымызда ҚР МЖМБС 2.003-2002 негізгі идеяларына сәйкес мектеп деңгейінде оқытуды бағдарлаудың төмендегідей екі түр болуы мүмкін:

Бұндағы а) жағдайда жоғары сынып оқушыларын оқытудың бір ғана бағдары (монопрофилизация) туралы айтуға болады. бұл кезде 6aрлық 10-11 параллель сыныптар таңдалып алынған бір ғана бағдарлы бағыты бойынша, не жаратылыстану-математикалық, не қоғамды гуманитарлық бағдардағы оқыту бағдарламаларымен оқиды.

Ал, ә) жағдайында оқытудың бірнеше бағдары (полипрофилизация) туралы айтылады. бұл кезде мектептің жоғары сатысындағы 10-параллель сыныптардың кейбіреулері қоғамдық-гуманитарлық, ал ба қалары жаратылыстану-математикалық бағдардағы оқыту бағдарламалары бойынша оқиды.

Бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерден айырмашылығы оның бағдарлы емес пәндерді оқу материалдарын салыстырмалы түрде қысқартқан жағдайда ға мүмкін болатындығында.

Жалпы білім берудің мемлекеттк стандартын құраушы тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы қызметкерлері жоғары сатыдағы (10-11 сыныпта қоғамдық-гуманитарлық мектептер (сыныптар) үшін — 25 және жаратылыстану-математикалық бағьптағы мекгептер (сыныптар) үшін — оқу пәндерінің бағдарламаларын дайындап, ол ҚР БжҒМ-ң 18.10.2005 Х2о72 бұйрығымен бекітілді.

Төменде қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10-11 сыныптарға арналған бағдарламаны ұсынып отырмыз. «География» пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалдарының мазмұны ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік сана-сезімін дамыту сияқты ши адамзаттық құндылықтардың басым бағыттарына негізделіп берілген.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

(Барлығы — 68 сағат, оның 34 сағаты 10-сыныпта,

34 сағаты 11-сыныпта оқытылады)

Тусінік хат

Бүгінгі күні жастарды жалпы адамзаттық құндылықтардың бағдар- бағыттарының бірі ізгілікке тәрбиелеуде, адамгершілік сана-сезімін ұмытуда географияның рөлі артып отыр.

Қазіргі дүниенің өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігін дайындау біздің алдымызда ғаламшарымыздың жылдам өзгерісі аспектілері мен аумақтық алуан түрлілігін құрылымдық және програмалық игерудің жаңа әрі жауапты міндеттері түр.

Курстың мазмұны оқушылардың ғылыми дүниетанымдық түсі терін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның бір-бірінен бөлінбеген біртұтастығын түсінуге, адам және табиғат арасындағы үйлесімді түсінудегі географияның рөлін білуге үйретеді.

Курстың мазмұнында дүние жүзінің қазіргі саяси картасы: оның қалыптасу кезеңдері; дүние жүзі халқының географиясы; дүниежүзілік табиғи ресурстар және оларды үнемді пайдалану; ғылыми-техникалық революция; халықаралық экономикалық қатынастар; дүние жүзінің шаруашылық географиясы; дүние жүзінің ғаламдық проблемалары; жеке елдер мен аймақтардың географиялық ерекшеліктері мәселелері қарастырылады.

Бағдарламаның құрылымы қазіргі географиялық ерекшеліктер мен дүние жүзінің аймақтық сипаттамасын түсіндіретін тарихи-географиялық және елтану тәсілдері негізінде құрылған.

Сабақты өткізу түрлеріне лекция, семинар, практикалық жұмыстар, есеп-сабақтар, түрлі тест тапсырмалары, тірек конспектілер және т.б. пайдаланылады.

Бағдарламада теориялық білімдерін нақтылы объекгілер мен аумақтарды талдау, салыстыру және қорытындылауға, оқудағы іс-әрекет тәсілдерін жаңа жағдайда пайдалану мақсатындағы практикалық жұмыстар басым.

Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуын көрсететін іс-әрекет төсілдері бағдарламада атауы және көрсетуі, анықтауы немесе өлшеуі, сипаттауы, түсіндіруі, болжауы сияқты біліктіліктер арқылы берілген.

10-сынып

(Барлығы — 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Кіріспе (1 сағат)

Дүние жүзінің экономикалық және өлеуметтік географиясы пәні, оңың географиялық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі. Дүние жүзінің экономикалық-географиялық бейнесі туралы түсшік. Географиялық зерттеу тәсілдері.

Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы (24 сағат)

Дуние жүзшің саяси картасы (3 сағат)

Дүние жүзінің саяси картасының мазмұны. Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы. Қазіргі саяси картаға саяси-географиялық шолу. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен аумақтар. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер.

Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы. Басқару түрлері мен әкімшілік-аумақтық құрылымы.

Дүние жүзі елдерін типке бөлу және топтастыру. Мемлекеттердің эқономикалық-географиялық және геосаяси орналасқан орны.

Практикалық жұмыстар

  1. Дүние жүзі елдерінің жіктемелік кестесін құрастыру: а) басқару түріне, ә) мемлекеттік құрылымына қарай.
  2. Жер шарындағы «отты нүктелерді» кескін картаға белгілеу.

Дүние жүзінің халықтар географиясы (4 сағат)

Халықтар — өлеуметтік-экономикалық география пәні ретінде. Жер бетінде адамзаттың таралуының жалпы бейнеленуі. Халықтың саны мен ұдайы өсуі. Халықты санау әдісі. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары.

Халықтың құрамы және олардың жіктелуі. Халықтың жастық және жыныстық құрамы. Халықтың этникалық құрамы және оның жіктелуі. Халықтың нәсілдік құрамы.

Дүниежүзілік өркениет және еңбек ресурстары. Халықтың діни құрамы және өркениет географиясы. Халықтың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі.

Халықтың орналасуы мен көші-қоны. Халықтың тығыздығы. Қала және село халқы.

Практикалық жұмыстар;

  1. Бір ұлтты және көп ұлтты елдерге мысал келтіру.
  2. Әр түрлі елдер мен аймақтардағы халықтың өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіштерін салыстыру.
  3. Кескін картаға ірі агломерациялар мен мегаполистерді белгілеу Дүние жүзінің табиғат ресурстары (4 сағат)

Табиғат және қоғам. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі. Табиғат ресурстарының таралуы және олардың қоры. Минералд ресурстар. Жер, су және тағы басқа ресурстар.

Практикалық жұмыстар

  1. Дүние жүзінің жеке елдер мен аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуін бағалау.
  2. Елдердің табиғат ресурстарымен (энергетикалық, руда және маман (тандау бойынша)) жоғары, орта және төмен қамтамасыз етілу бағалау.

Ғылыми-техникалық революция және оның дүние жүзінің шаруашылығына әсері (2 сағат)

FTP туралы түсінік және оның қалыптасу кезендері. Ғылым техникалық революцияға тән белгілер, оның жан-жақтылығы, ғылыми – техникалық  өзгерістердің жеделдеуі. Техника мен технологияны эволюциялық және революциялық даму жолдары.

Өндіріс күштерінің орналасу факторлары. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі.

Практикалық жұмыс

  1. «Ғылыми-техникалық революция және өнеркәсіп дамуын негізгі бағыттары» тақырыбында хабарлама дайындау. Халықаралық экономикалық байланыстар (4 сағат) Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Халықаралық мамандану. Халықаралық экономикалық интеграция.

Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері. Халықаралық сауда айналымы, тауар құрылымы, географиялық бөлініс.

Халықаралық туризм қызмет алмасудың түрі ретінде. Халықаралық туризмнің басты аудандары.

Халықаралық байланыс жүйесіндегі Қазақстанның орны. Дүние жүзілік шаруашылыққа Қазақстанның кіріктірілу ерекшелігі. Қазақстандағы халықаралық компаниялардың құрылуы мен дамуы.

Практикалық жұмыс

  1. Дүние жүзі елдері арасындағы және Қазақстанның экономикалық байланыстары жайлы статистикалық материалдармен мерзімдік басылымдармен жұмыс.

Дүниежүзілік шаруашылық географиясы (8 сағат) Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері. Дуниежүзі шаруашылықтың қазіргі құрылымы. Өндіруші және өндеуші өнеркәсіп. Олардың негізгі орналасу белгілері, ірі өнеркәсіп аудандары. Өнері және қоршаған орта.

Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы географиясы. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының таралуының негізгі белгілер ауыл шаруашылық аудандары. Ауыл шаруашылық картасы. Ауыл руашылығы және қоршаған орта.

Дүниежүзілік көлік географиясы. Көлік және қоршаған орта. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Қазақстанның орны.

Практикалық жұмыс

  1. Мазмүнын оқып-үйренумен қатар: а) карта, кесте, диаграммаларды пайдаланып, шаруашылық салаларына сипаттама құрас ә) кескін картаға негізгі шаруашылық түріне маманданған ауданды белгілеу.
  2. Сипаттама төмендегі жоспар бойынша құрастырылады: а) шаруашылық салаларының құрамы; алынатын өнім; ә) негізгі орналасқан аудандары; 3) шаруашылық салаларына байланысты экологиялық

Австралия және Мұхиттық аралдардың географиялық орны. Австралияның жалпы сипаттамасы. Аумағы, шекаралары. Саяси картасы.  Мемлекеттік құрылымы.

Халқы. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының мүмкіндіктері, шаруашылығы, оның дүниежүзілік шаруашылықтағы орны. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық проблемалары. Халықаралық экономикалық байланыстары.

Практакалық жұмыс

  1. Австралияны «интенсивті ауыл шаруашылықты» және «рудникті» ел деп атау себебін түсіндіру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:

— географиялық зерттеу тәсілдерін;

— жер көлемі мен халқы жөнінен ірі елдер мен олардың астаналарын;

— дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымын;

— елдердің басқару турлері мен әкімішлік-аумақтық құрылымын; — дүние жүзі елдерінің типтері мен топтарын;

— Жер шарындағы халықтың тығыздығы жоғары негізгі аймақтарды;

— неғұрлым көп таралған тілдерді;

— дүниежүзілік діндерді, олардың таралуын;

— мәдени-тарихи орталықтарды;

— негізгі табиғат ресурстарының түрлерін;

— табиғат ресурстарының жіктелуін;

— пайдалы қазбалардың кен орындарын;

— халықаралық экономикалық байланыс түрлерін;

— дүниежүзілік шаруашылық салаларының түрлерін;

— негізгі өнеркәсіпті, ауыл шаруашылықты, көлік қатынастары аудандарын;

— ірі ғылыми-ақпараттық, қаржы, сауда, рекреациялық орталықтарды;

— дүние жүзіндегі ірі индустриялы елдерді;

— жаңа игерілген аудандарды;

— дүние жүзіндегі еркін экономикалық зоналарға мысалды атауы және көрсете алуы тиіс;

 — минералды, топырақ, су, биологиялық ресурстарды үнемді және пайдалану жолдарын, үнемсіз пайдалану себептерін;

— неғұрлым ірі рекреация зоналарының шығу жағдайлары мен дамуын;

— дүние жүзіңдегі ірі қалалардың қызметтерін;

— маңызды өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері түрлерін сыртқа шығаратын және сырттан өкелетін елдерді;

—объекплердің экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктерін;

— адамның шаруашылық қызметінің аймақтың табиғатына әсерін;

— табиғат пен қоғамның өзара үйлесімділігін шешудің жолдарын анықтай және өлшей алуы тиіс;

— дүниежүзілік шаруашылық құрылымының өзгеру тенденцияларын;

— дүниежүзілік шаруашылықтың бір саласын;

— өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығын, қала, көлік немесе рекреация аудандарын;

— елдің географиялық ерекшелігіне (таңдау бойынша);

— әр түрлі кезеңдегі шаруашылықтың дамуына табиғат пен адамның өзара әсерін сипаттай алуы тиіс;

— елдің саяси-географиялық орны, географиялық орта, ресурспен қамтамасыз етілуі, халықтың табиғи өсуі, урбанизация ұғымдарын;

— елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлерінің айырмашылықтарын, саяси-географиялық орнын;

— жеке аумақтарда адамдардың қоныстану дәрежесін;

— жеке елдер мен аймақтарды мысалға алып көші-қон процестерін;

— бірқатар елдер мен аймақтардағы демографиялық жарылас себептерін және халықтың өсуін;

— халықтың табиғи өсуіндегі айырмашылықтарды, қарқьшын және жеке елдердегі урбанизация деңгейін;

— халықтың қоныстану тарихындағы айырмашылықтарды, аумақты игеру мен дамуын;

— Жер шарында дүниежүзілік діндердің таралуын;

— дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістердің себептерін;

— табиғи ресурстардың негізгі түрлерінің таралу зандылықтарын;

— географиялық ортаны және табиғат ресурстарымен қамтамасы

етілуін;

— ғылыми-техникалық революция, дүниежүзілік шаруашылық, халықаралық еңбек бөлінісі ұғымдарын;

— дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымының ерекшеліктерін;

— елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтарды;

— өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы қатынастың өзгеруін;

— «жаңа индустриялы», «қайта қоныстану типіндегі» елдердің географиялық ерекшеліктерін;

— шаруашылықтың негізгі салаларын орналастыру ерекшеліктерін

— дүние жүзіндегі елдер мен аймақтардың шаруашылыққа мамандануын, олардың шаруашылығының құрамы мен құрылымының ерекшеліктерін;

— «жасыл революция» ұғымдарын;

— «адамзаттың ғаламдық проблемалары» ұғымдарын;

— адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындау себептер түсіндіре алуы тиіс;

— халықаралық қатынастардың әсерінен дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;

— дүние жүзі елдері мен аймақтарының ресурспен қамтамас етілуін;

— шөл және тақыр жерлермен күрес нәтижесін;

— геосфера және барлық қоршаған ортаның ашропогендік ластану салдарын болжай алуы тиіс.

Ескерту: Орта жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналган бағдарламалар жиынындағы 11-сынып багдарламасының мазмұнына енгізілген бірқатар түзетулерге көңіл аударыңыздар:

1) — «Дамыған елдер» — «Дамыған «Үлкен жетілік елдері».

    — «Дамушы елдер» — «Еуропадағы дамыған елдер» — деп оқылсын.

2) — Еуропадағы дамыған елдер қатарына Балтық бойы елдер Ресеймен қатар Украина, Беларус, Молдова және Закавказъе елдері енгізілсін.

3) — «Азиядағы дамушы елдер» қатарына Орталық Азия елі енгізілсін.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келіп айтқанда география ғылымы өзінің даму жолында үш кезеңнен өтті.

  1. Баяндаушы (описательный) кезең.
  2. Түсіндірмелі (объяснительный) кезең.
  3. Қазіргі конструктивті өзгертуші (конструкгивно-преобразовательный) кезең.

Конструктивті география — табиғат пен қоғам арасындағы әрекетті түсіндіретін, табиғатты ұтымды пайдалану жолдарын қарастыратын бағыты. Географияның бұл бағытын зерттеген ғалымдарға И.Г.Герасимов, B.C. Преображенский, В.В. Максаковский, В.М. Лаппо, т.б. жатады. Конструктивті географияның зерттеу сферасы бүгінгі танда кешеңді физикалық географиямен тығыз байланысты. бұл дәстүрлі жоспарлау алдындағы картографиялау және табиғи ландшафтардың инвентаризациясы (тізімге алу), олардың қайта өзгеруі, қолданылуы, сақталынуы, территориялық жіктелу іс-шаралар сияқты негіздері.

Кейінгі кезде географтар тораптар, қалалар, рекреациялық аудандар, табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесін жобалауға арналған көптеген әдістемелер, нұсқаулар, кепілдемелер, нормалар және ережелер әзірлеуге кірісті. Мұндай жобалаудың мысалы ретінде табиғатты қорғаудың аймақтық кешенді сызбанұсқаларын қарастыруға болады.

Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі — М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады. Модуль дегеніміз — үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімін оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларың материалына бірнеше рет қайта оралтып, жұмыс істеуге болады.

Соңғы жылдары географтардың айрықша зейіні мониторинг жүйесін жасауға, яғни, геожүйелердің жағдайларын бақылау мен бағдарлауға бағытталып отыр. Мониторинг деректері жобаланған, жоспарланған сипаттамалардың даму жүйесінің қатты ауытқуларын уақытында байқауды немесе оның қызмет ету режиміндегі қауіпті бұзылуларды дер кезінде анықтауға арналған. Жүйеге әсер ететін факторлар деректері мұндай ауытқулардың себебін табуға немесе ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.