АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Германиядағы Қараша революциясы

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….

 

1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары

1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы……………….

1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс……………………………………………………

 

2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы

2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі………………………………………………………………………………………….

2.2. Бавария Кеңестік Республикасы……………………………………………

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………….

Сілтемелер………………………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………

 

 

КІРІСПЕ

 

1914 жылы бірінші тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.

Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.

Германияның билеуші топтарын Антантамен бітім жасауға, соғысты тоқтатуға мәжбүр еткен жағдай елдегі революциялық қозғалыстың өрлеуі еді.

Германияда 1918 жылы 4 қарашада басталған революция Гогенцоллерндер әулетінің билігін жойды. Германияда монархия құлады, Республика жарияланды. Қараша революциясы Германияның бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қайшылықтарынан туған еді.

Германиядағы Қараша революциясы 1918-1923 жылдары бүкіл Еуропаны қамтыған революциялық қозғалыстың биік шыңы болды. Осы революцияның нәтижесінде бұрынғы дәуірлерде Еуропадағы нағыз реакцияшыл мемлекет болған Германияда монархия құлап, түбірлі өзгерістер жасалды, өз заманындағы ең бір демократиялық Веймар республикасы құрылды.

Россияда Қазан төңкерісі коммунистердің басшылығымен іске асса, Германиядағы Қараша революциясы барлық солшыл және демократиялық күштердің бірлесуімен жүзеге асты.

Сондықтан Қараша революциясының тарихын ғылыми тұрғыда зерттеудің маңыздылығы, өзектілігі жөнінен бұл тақырып жалпы тарих мәселерінің ішінде алдыңғы қатарлы орында тұрады.

Германиядағы Қараша революциясы мәселелеріне марксистік бағаны Қараша оқиғалары барысында-ақ оның белсенді қатысушылары берген еді.

1918 жылдың 30 желтоқсанында өткен ГКП-ның Құрылтай съезінде Р.Люксембург, К.Либкнехт, В.Пик революцияның даму барысына тоқталып, оның «шектеулілігі» мен «әлсіздігіне» Халық өкілдері кеңесінің «контрреволюциялық үкімет» сипатында екендігіне сол кезде-ақ нақта баға берген болатын/2/.

Қараша революциясының он жылдығына орай 1929 жылы «Иллюстированная история Германской революции» деп аталған еңбек жарық көрді. Онда бірінші рет Германияда неміс пролетариатының ерлік күресі, революцияның негізгі кезеңдері жүйелі түрде баяндалады. Отызыншы жылдары Германия коммунистік партиясының басшылығымен қараша революциясының сипаты туралы пікір алысу ұйымдастырылып, бұл революция «буржуазиялық-демократиялық сипатта болды» деген қорытынды жасалынды.

1948 жылы СЕПГ Орталық комитетінің он үшінші пленумында «Қараша революциясы және оның сабақтары» деген қаулы шығып, аталған революцияның тарихын жан-жақты зерттеу қажеттігі көрсетілді. 1958 жылы қыркүйек айында СЕПГ Орталық комитетінің пленумында Қараша революциясы туралы тезистер қабылданды/3/.

Бұл тезис бойынша Қараша революциясы «Пролетарлық әдістермен жүргізілген буржуазиялық-демократиялық революция» деген бағаға ие болды.

Бірақ оның міндеттері ақырына дейін шешілмеді. Монополистік буржуазия, милитаристік күштер, чиновниктік бюрократия өз позициясынан бұлтармады. Германияда помещиктік жер иелену сақталды.

Совет тарихшылары Қараша революциясы оқиғаларын зерттеуді 20-шы жылдардан-ақ бастаған.

Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі соғысқа дейінгі зерттеу еңбектерінде Қараша революциясы өзіндік дербес маңызы бар оқиға деп қарастырылмай, тек Германия және жаңа басталып келе жатқан дүниежүзілік пролетарлық революцияның бірінші кезеңі деп есептелінді. Революцияның сипатын анықтауда «жеңілген пролетарлық революция» деген пікірде болды./4/.

Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі — 1918 жылы қаңтардың 9~ы куні К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі — революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы — шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы караша революциясы міні жағынан буржуазиялық- демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрті кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңі — караша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы;

екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін;

үшінші кезеңі -желтоқсанның І6-нан 1919 жылдың қантар айының І9-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін;

төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялык Республикасының құрылуымен аякталды.

Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті. Қараша революциясының барысында құрылған Бавар Кеңестік Республикасына арналған алғашқы зерттеу -1934 жылы шыққан Н.3астенкердің еңбегі./5/.

Совет ғалымдарының ішінде қараша революциясын зерттеуде үлкен орын алатын Я.С.Драбкиннің 1958 жылы шыққан «Революция 1918-1919 гг. В Германии» кітабы, /6/ 1967 жылы Я.С.Драбкиннің жаңа кітабы «Ноябрьская революция в Герамнии» жарық көрді./7/.

Германияның Орталық Архивінен, Потсдам, Мозебург архивтерінен жаңа құжаттар пайдаланған автор революция қарсаңындағы объективті және субъктивті факторларына терең талдау жасайды. Революциядағы Солдат кеңестерінің роліне түңғыш рет дұрыс баға осы еңбеке берілді. Қараша революциясының тарихын зерттеудегі соңғы шыққан еңбек-И.М.Орлованың монографиялық зерттеуі. Еңбекті 50-ші жылдардын бергі буржуазиялық және реформистік тарихнамадағы негізгі бағыттар, жалпы батыс германдық тарих ғылымының даму бейнесі сипатталады./8/.

Қараша революциясы — кеңестік тарих ғылымында ең көп зерттелген мәселелердің бірі. Германия тарихымен айналысатын зерттеушілердің көпшілігі осы мәселеге арнап мақалалар жазды, |конференцияда баяндамалар жасады./9/.

Олардың әрқайсысына жеке тоқталмай, тек монографиялық зерттеулерге ғана тоқталуды дұрыс көрдік.

Бавария Кеңестік Республикасының тарихына арналған үлкен зерттеу-М.А.Полтавскийдің еңбегі./10/.

Онда Бавариядағы монархияның құлатылуы, республиканың жариялануы, Бавар коммунистерінің қызметі, кеңес өкіметін қорғау, ақыры Кеңестік Республиканың жеңілуі жан-жақты талданған.

Я.С.Драбкиннің Веймар республикасының құрылуын зерттеген еңбегінде Бавария Кеңестік Республикасына арналған жеке тарау бар./11/

Германиядағы Қараша революциясы тарихының маңызды мәселелеріне арналған ең соңғы зерттеу — 1990 жылы шыққан Я.С.Драбкиннің еңбегі./12/.

Бұл еңбекте бұрынғы 60 жыл бойына әртүрлі пікір туғызып келген революцияның сипаты, корытындысы т.б. мәселелер талданады.

Гермнаиядағы Қараша революциясы мәселелерін зерттеуде буржуазиялық және социал-реформистік тарихнамада (Д.Шфефр, Ф.Мейнеке, Г.Белов т.б.). Қараша революциясы объективті зандылық емес деп революцияны туғызған герман имперализмінің қайшылықтарын жасыру, басшы топтардың жіберген қателіктері болмағанда революция болмас еді деп, таптық қайшылықтар мен халық бұқарасының күресін жасыру. 1918 жылғы қараша оқиғалары Германияның соғыстан жеңілуінің нәтижесі деген пікірлер үсемдік етіп келді.

60-жылдары буржуазиялық және реформистік тарихнамада осы пікірлерді сынаған жаңа бағыт пайда болды./13/. (Э.Кольб, Р.Рюруг, У.Клюге, Ф.Арнольд, И.Берлин). Жаңа бағыттың негізгі пікірлері мынандай: Біріншіден олар революциялық оқиғаларды-мойындайды. Германиядағы революцияның тарихи әлеуметтік-экономикалық алғышарттары, болды да Германияның соғыстағы жеңілісі тек революцияның басталуын тездетті деген ой қорытады.

Екіншіден, революция барысныда «әлеуметтік республика» құру мүмкіндігі яғни капитализм мен большевиктік социализмді аттап өтіп, үшінші жолмен даму мүмкіндігі бар екендігі, бірақ ол соцал-демократияның оңшыл басшыларының кесірінен пайдаланылмай қалды деген пікірді айтады.

Үшіншіден, олар большевизмнің Германияда жеңілуі мүмкін емес, оған себеп революциялық күштердің, атап айтқанда «Спартак» тобының сол таптың негізінде құрылған коммунистік партияның әлсіздігі, тәжірбиесінің аздығы дейді.

 Диплом жұмысын жазу барысында пайдаланған деркетерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісі «Спартак тобының» үндеулері, бағдарламалық құжаттары, кейінен осы топтың негізінде құрылған Германия коммунистік партиясының құжаттары, революциялық үкіметтің заңдары, 1934ж Москвада басылып шыққан жұмысшы және солдат Кеңестерінің І-съездінің құжаттары./14/

Екіншісі Германия Коммунистік партиясының және социал-демократиялық партиясының жетекшілерінің сөздері мен мақалалары./15/

Диплом жұмысы екі тарудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары.

 

І.І. Германияның революция қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

 

Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің билеуші топтары өз халықтарының революциялық қозғалысына соғыс кедергі болады деп ойлаған еді. Алайда соғыс бірқатар елдердің жағдайын нашарлатып жіберді. Соғыс қимылдарының бірінші айларында-ақ Германия әскерлерінің авантюристік есептерінің сыры мәлім болды. Екі майданда соғысу өте ауыр еді. Бірақ та неміс армиясы Парижден 40 шақырым Марну ауданына жетті, қан төгіскен соғыстан кейін олардың кейін шегінуіне тура келді.

Шығыстағы майданның жетістіктеріне қарамастан Германия және оның одақтастары Россияны қатардан шығара алмады. 1915 жылы күзде шығыста майдан қалпына келді.

Күткендей ешқандай өзгеріс болмады, немістерді түншықтыратын газды да су астындағы соғыста нәтижесіз болды. Германия материалдың және адамдар жағынан да үлкен және ауыр күйзеліске ұшырады.

1914 жылдың бес айында соғыс кезінде өлген адамдар мен тұтқындардың саны миллионнан асып кетіп, үзақ уақытқа созылды./16/.

Дайындап қойған артық қару жарақтар жұмсалып, енді соғыс өнеркәсібін жылдам дамыту керек болды.

Соғыс жылдарындағы Германия тарихи әлеуметтік экномикалық қанытастарды түгелдей қамтыған жалпы ұлттық дағдарыстың өсуімен сипатталады. Елдегі реакциялық саясат, бұқара хлық үшін мағынасыз соғыс неміс халқын апатқа, терең экономикалық құлдырауға, жұмысшылар мен еңбекшілердің бұрын сонды болмаған қайыршылығына, аштығына әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның қоғамдық-сяяси құрылымын дағдарысқа әкелді. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекші халықтын тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмысшылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монархиясынан соғысты тоқтатуды талап етті. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билікке қарсы күреске шыға отырып, халық күресін қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пісіп-жетілді. Монархияның елдегі саяси билігі әлсіреп, халықтың алдында беделі түсті. Соғысты бастаған ірі буржуазия мен монархия әскерлері соғыс майданында бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде монархияға қарсы ереуілдік қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуіл болса, 1917 жылы — 562, 1918 жылы — 773 ереуілдік қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Германияның ірі қалаларын түгел қамтыды.

 Өнеркәсіп өндірісі күрт төмендеп кетті. Өнеркәсіп өнімінің дәрежесі 1913 жылы 98 болса, 1918 жылы 56-ға азайды. Көмір өндіру -190, млн, т-дан 158, 2 млн т-ға, темір рудасы-28,6 млн т-дан 7,9 млн т-ға, шойын — 167 млн, т-дан 9,2 млн т-ға азайған./17/.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі тіпті нашарлады./18/. Астық пен картоптың түсімі соғысқа дейінгі мөлшерінің жартысына ғана  Бидай-1913 жылы 4565 млн тонна болса, 1918 жылы 2458 тоннаға,картоп-1913 жылы 54121 мың тонна болса, 1918 жылы 29470 мың тоннаға азайған.

Сауда төмендеп, елді аштық жайлады. 1918 жылы еттің тұтынылуы соғысқа дейінгі мөлшерінің тек 12 проценті ғана болса, балық 5 проценті, үн, күріш 50 проценті ғана болып қалған. Азық-түлік бағасы соғысқа дейінгімен салыстырғанда 2,5 есеге, ал өнеркәсіп бұйымдары 3-7 есеге дейін көтерілген./19/.

Халық бұқарасының қайыршылық өмірі, таптық қайшылықтарының күрт ишеленісуі Қазан революциясының ықпалы соғысқа қарсы революциялық қозғалыстың күрт күшеюіне әкелді. 1916 жылы 240 ереуіл, 1917 жылы 561 ереуіл ал 1918 жылы 772 ереуіл болды./20/.

Негіз күрес орталықтары Берлин, Рейн-Вестфаль өнеркәсіпті, ауданы, Силезия, Бранденбург, Саксония болды. Белсенді күрес жүргізгендер тау-кен жұмысшылары, металлургтер, машина жасаушылар яғни өнеркәсіп пролетариятының негізгі өкілдері еді.

Неміс жұмысшыларының ерлігін паш еткен, түңғыш рет саяси туын көтерген Берлин жұмысшыларының 1918 жылдың қаңтар күндеріндегі еуілдерін ерекше атау керек. Германия жұмысшыларының көтерген саяи талаптары төмендегідей еді.

1.Тез арада бейбіт келісімге келу;

2.Келіссөздерге барлық елдер пролетариятының өкілдерін шақыру; 3.Баспасөз, жиналыс, сөз бостандықтарын беру, әйелдер мен балалар еңбегін қорғау туралы заңды күшіне енгізу;

4.өндірісті миллетаризациялауды тоқтату;

5.саяси тұтқындарды босату;

6.Германияның барлық мекемелерін толықтай демократияландыру /21/.

1918 жылы Германияда жалпы 772 ереуіл болса оның 531-і экономикалық, 241-і саяси ереуіл болды.

Әскері сәтсіздіктер, адам шығындары, тылдағы туғандарының ауыл өмірі солдаттар арасында да қобалжу туғызды. Солдаттар соғысудан бас тартты.

Германияның әскері апат табалдырығында тұрғаны, күші ревлюциялық сілкіністің жақындағанын билеуші топтар үшін қүпия емес еді. Дағдарыстан шығу жолдары іздестіріле бастады.

Германияда және соғысқа дейінгі мемлекетте капиталистік монополия басқарған еді. Соғыс басталған кезде директордың ұсынысы бойынша электр көзінің барлық жалпы компаниясы Вольтер Ротенау пруссия әскери тұрағында әскері өнім бөлімі құрылды./22/.

Оған ірі капиталистік монополиялар кірді. Осындаи әскері қоғамға мемлекеттік және конценр арасындағы ортадан басты роль атқарды.

Сонымен бір мезгілде әскері өнеркәсіптік комитет құрылды. Оның құрамына үкімет басшылары және ірі өнеркәсіптің ұйымдары кірді. Мемлекеттік мекемелер көмегі арқасында экономика алға жүрді. Басқа мемлекет органдарының өзгерістері 1916 жылдың жазында басталды.

Әскері азық-түлік мәселесінің басында Шығыс Пруссияның президенті Фас Батауки-Фрибе темір жолдың әскері меңгерушісінің басшысы генерал Вильгельм Грёнёр және бас директор Хлотте Рейне болды. Осы белгілеулер бойынша бұл аталған адамдар азық-түлік жеткізуде үкіметтен ірі көмек алды.

1916 жылы Германияның әскері-стратегиялық жағдайы нашарлады, Антанта табысқа жете бастады. Осындай жағдайда Пруссияның миллитаристік топтарының басшысы кайзермен бірге ірі монополиялық капитал барлық ішкі қорларды майданға қажет заттарын шығаруға бағыттады.

Тамыз айында генерал Фалкенпейін бас штабының бастығы болып тоғайындалды, ал оның орынбасары болып генерал Модендарф тағайындалды. Монополиялармен біргі «Геденбургтің бағдарламасы» деген атпен жарияланды, ал оны іске асыру үшін әскери мекеме құрылды. Басшысы генерал Гренер 1916 жылы 5-желтоқсанда рейхстаг Отанға көмекші қызмет» заңын қолдап, еңбек шарттарын ретке келтереді.

Ер адамдар үшін жұмыс 17 ден 60 жасқа дейін белгіленді.Жұмыс күні көбейіп, әйелдер мен жас өспірімдер үшін төмен жалақы белгіленді./23/

Күнен-күнге әскерге кеткен шығынады басқарып отырған орта халықтың қатысуымен салып отырады, сол кезде кәсіпорындар қожалары қару жарақты әскери қамтамасыз ету бөлімінен әкеліп отырды.

Крупп фирмасына келіп отырған қосымша пайдасы соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда 4 есеге артты. Стинес өзінің меншігін он есе өсіріп, миллиард маркге жеткізді.

Үкіметің соғысқа бөлген қаржысы ірі байлардың қалталарына түсіп 5-7 миллиард маркеден тұрды. Осылайша мемлекеттің соғысқұмарлық  саясаты ірі монополиялардың баюуының көзі болып табылады.

Халықтың шаруашылығын және елдегі шаруашылықтың құлдырауы белгілі болды. Астық Германияда болғанмен, одан қатты азап көрген жұмысшылар мен шаруа жанұясы болды.

Көмір шығару және металл өндіру төмендеп кетті. Бұл соғыс халықты барған сайын құрта бастады. Күннен-күнге ұлттық бөліну халықтың бірікіп саясаттық азаматтақ бейбіт қозғалысына ешқандай да кедергі жасай алмады. Тек революциялық басшылар бұл күресті қолға алғанда ғана біраз басылғандай болды.

Германия социал-демократиялық партиясының басшылығы және оның қол астыда соғыстың бірінші күшінен бастап революциялық және интернационалдық әдет-ғүрыптарынан қол үзіп, өзінің буржуазиясына келді.

Жұмысшылар соғысқа дейін бірнеше күн бүрын, өздерінің жиналыстарында өздерінің көсемдерін ауыстыруды талап еткен. Реформистік партияның қайта туылуы  бірнеше онжылдықтар бойы, Германия жұмысшы класын қаруландыруға ерік берді. Өте атағы шыққан жетекшілер партиясының төрағасы Фридрих Эберт епті, шешен реформистиік ойларды жолғастырушы.

Филипп Шейдеман милитаристерді өзінің «Ұттық» мақтауалармен мақтауға тырысатын Густов Носке.

Гупо-Гаозе-партияның екінші төрағасы ұзақ уақыт өздерінің марксистік мектептің басшылары деп санап келген еді, бірақта барлығы оппартумистік бағытта болды.

Германияның социал-демократиясының революциялық  ағыны полицияның аңдуына және оппартунистер мен келісушілерінің қарсы шығуына қарамай ерлікпен, антиимпериалистік, антимилитаристік бағыт ұстап, социалистік интернационалистік идеяларға деген сенімен сақтады. Карл Либкнехт өзін жастар арасында танымдық танытып, өзінің капитализм мен милитаризм туралы басты шешімдерін таратты.

Германдық және халықаралық жұмысшылар қозғалысында ревзионнализмге қарсы нағыз күріскер — Роза Люксембург болды, марксистік жұмыстың авторы.

Революционерлер арасында ең көрнекті орынды атақты публицист және тарихшы Франц Меринг және халықаралық әйелдер қозғалысының демеушісі Клара Цеткин алды./24/

Бірақ Германиялық шептегілердің ортасы тар болды және олар жұмысшы класының сана сезімін оятып және олардың соғыс алдында өз бетінше революциялық ұйымдарды құруына жол ашты.

 Бастаған соғыс революционердің социал-шовинистермен 1914 жылы 2-желтоқсанда Карл Либкнехт рейхстагта әскери кредиттерге қарсы дауыс берді.

 Ол соғысқа империалистік тұрғыдан мінездеме беріп, дүние жүзілік базардағы капиталістік басқарушылық бөтен территорияларды басып алуы өндірістік және банктердің капиталы үшін деп айтты./25/

Бұл батыл айтылған сөздер тек ғана Германияда емес оның жан жағындағы әскерлерге де таратылды.

Жақын арада Либкнехт пен оның достарымен ұрандары шықты.

«Ең басты жау-өз елімізде»

«Азаматтық бейбіт емес, азаматтық соғыс қажет»,- деген сөздер интернационалистік жұмысқа бірігуін, осы ұрандарға қосылуын және де бұлларды бірінші болып Ленин, орыстар,большевиктер бастағанын түсіндірді.

1915 жылы наурызда Карл Либкнехт, Роза Люксембург, Франц  Клара Цеткин, Вильгельм Пик және басқалары «Интернационал» деп аталған журнал шығарды, бірақ бірнеше санынан кейін-ақ оның шығаруына тыйым салынды. 1916 жылы 1-қаңтарда олар Берлинде конференцияда Интернационал тобын құрып және оның бағдарламасын қабылдап алды.

«Спартак хаттары» деп аталған үгіт жүргізу қағаздарын шығаруды іске асырып отырады «Спартак» тобының жұмысының арқасында Германиялық пропогенистердің революциялық сезімдері оянды/26/

«Спартакпен» бірге Германияда басқа революциялық топтар құрыла бастады.

Карл Либкнехт және оның әріптестері 1916 жылы 1-мамырда Берлинде шеру ұйымдастыруды шешті.

Олардың шақыруы бойынша орталық алаңда мыңға жуық жұмысшылар жиналды. Оларға керегі нан, бостандық және бейбітшілік еді. Либкнехт топтан бірнеше рет, «Соғыс құрысын, өкімет құрысын» деп айқай салады. Полициялар оны ұстап,түрмеге алып кетті.

Рейхстаг әдейі шешілген шешімімен оны парламенттен алып тастады. Әскери сотта Либкнехт сөз сөйледі: «Мен бұл жерде кінәлі болу үшін емес, өзімді қорғау үшін емес, Азаматтық бейнет емес, азаматтық соғыс-міне» менің ұраным деп айтты.

«Соғыс құрысын, үкімет құрысын». Шығарылған қағаздардағы Либкнехтің ерлік сөзі  халыққа үлкен әсерін тигізді.

Бірнеше мыңдаған Берлиннің, Бременнің, Штутгарттың және басқа қалалардың жұмысшылары Либкнехтің сотталып, каторгыға айдалуына қарсы ереуілге шықты.

Осыдан кейін түрмеге Роза Люксембург, өте қартайған Франц Меринг, Клара Цеткин, Юлиан Мархлевский қамалды.

Бірақта еңбекшілердің әлеуметтік күресін тоқтату мүмкін емес еді, 1916 жылғы мәліметтер бойынша 240 ереуіл болып, 129 мың адам қатысты.

1916-1917 жылдары қыста бүкіл елде аштық шеруінің толқыны жүріп өтті. 1917 жылы ақпан-наурыз айларында Берлин, Дюсельдорф  және басқа қалалардың жұмысшылары ереуілдер жасады. Осы ереуілдер сөзінде Спартак тобы Карл Либкнехтті өздерінің жетекшісі деп жариялады./27/.

Роза Люксембург түрмеден өз достарына жазған хатында орыс революциясы Дүниежүзілік соғыстағы ең басты оқиға деп жазып және оны бүкіл әлемге әсерін айтса, Карл Либкнехт каторгодан жазған хаттарында, ол орыс революциясына көмекке келетінін және әлемнің жұмысына өзнің мыңдық өмір қиятынын жазды.

Совет үкіметі Ленинді, Франц Меринг және Клара Цеткинді және Иогаин Книфті жақсы қарсы алды.

1917 жылы спартакшылардың заңсыз таратылған қағаздарында, Россияда шешуші қағаз соқты, өте ерлікпен қиындықтан қорықпай өз жүректерінің қанын аямай, орыс пролетариаты шаруалар  мен бірге өздері жеңіп алған мемлекеттік үкіметті сақтау және қатайту үшін күресті; деп айтылған еді.

Спартакшылардың шақыруы ойдағыдай болды. Берлинде 18 қарашада шеру басталып 25 қарашада астананың жұмысшылары көшеге ұрандарымен шықты. «Жасасын Советтік Россия», «Либкнехтке бостандық берілсін » деген.

Социал-демократиялық ұйымдардың шерулері мен жиналыстары Лейпцигте Мангеймде, Гамбургте, Бременде, Эссенде және басқа қалаларда өтті.

Орыс герман майданында солдаттардың бірлестігі күшейе түсті. Солдаттар мен еңбекшілер соғыстың аяқталуын зор үміттеп күтті.

 

І.2. Бірінші дүние жүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс.

 

Билеуші топтар дағдарысы одан әрі күштерірек бола түсті фракцияаралық комитетте үкіметтің ұйымдасуы жайлы сөз айта бастады,М.Эруберпер бірінші болып келетін оның құрамына социал-демократтар кіреді деген ойын білдірді.

Бірінші күннен кейін олар ұлттық қорғаныс үкіметінің мүмкіншіліктерімен ұлттық қорғаныс жайлы сөз қылды. Социал-демократтардың «Отанды құтқарушылар» рөлін орындауы өте орынды еді.

Олардың үкіметке келуі жайлы мәселе 23-қыркүйекте жарияланды. Сол күні СДПГ үкімет басқаруға қатысуы туралы мәселе парламентте дауысқа қойылды. Қолдаушы фракцияаралық комитетте Эбёрт және Шейдеман үкіметке  Гертлингтің партиясы кірмейді деп хабарлады.

Шартты іске асырып олардың өздеріне қиянат жасауы мүмкін деді. Бірақта көріпкел буржуазияның басшылары басқа жол деп ойлады.

Сол күні Берлинде Саксонский бір үлкен қызметкерге хат жолдады, ол хатында «бүгінгі күнде социал демократиясыз» меңгеру мүмкін емес, егер ішкі және сыртқы майдандарды ұстап тұрғысы келсе деп жазды.

28-қыркүйекте парламенттік комитет ақырында хаттама жасады оның ішінде социал-демократтар және прогрессистер болды. Онда күресті үкімет құрылуын талап етеді.

Олардың талаптарын негізінен ұлтшыл-либералдар қолдайды. Вице-канцлер Пайцлердің айтуы бойынша хаттама Гертлингке тура тұрған «орындық есіктің алдында» канцлерге дәл уақытында беріліп еді,  бір кездерде жоғарғы басшылықтың шақыруы бойынша отставкеге шығуы керек еді.

Сол күні, 28-қыркүйекте Людендорфтың штабында Гиденбург Германияның әскері және сыртқы саяси жағдайларын бағалап, Өзінің жақынына татуластық пен бейбітшілікке тез арада қорытынды шығарып, келісімге келді.

Енді Гиденбург және Модендорф Батыстағы жерлерді тазалауға келісіп, Шығысты жаулап алудан да бас тартпады, сол жерде олар большевиктерге қарсы тұрамыз» деп үміт артты.

Гертлинг штабқа келгенше, одан мемлекеттік қызметкер Шитуе штабқа келіп жетті. Ол өзінің бірге дайын жоспарды алып келді. Ол   соның ішіндегілердің келісім шарттарды таңдап алды, «ашық әскері диктатураны» орнату идиясы болды.

Людендорф «Жеңіс жоқ, армияның жағдайы тез арада татуласуды талап етті» деп хабарлады. Әр бір сағат қауіптің жақын қалғанын білдіреді. Бір сағаттан кейін әскері басшылардың Вильгельм Екіншімен кездесуі болды.

Олар төніп келе жатқан революциялық қозғалысты болдырмау мәслелерін талқылады. Әскри басшылар уақытша бітім жасауды ұсынды. Кайзерге үкімет басшысы Гертлингті қызметтен кетіру туралы ұсыныс жасалды. Тек қана генерал Итета және Гингустің күш салуымен Кайзерді үкімге қол қоюға зорлап көндірді.

Ол үкім 30-қыркүйекте Гертлингтің қызметтен кетуі туралы болды. Жаңа үкімет енді АҚШ президенті Вильсонге уақытша бітім жайлы өтінішін тез арада жіберсін деді Людендорф.

«Армия енді типті қырық сегіз сағатта күте алмайды»,-деп айтып, ол жылдам бітім жасау қажет, әйтпесе революция төменнен басталып кетеді деді./28/.

Дайын турған нотаның жаңа үкіметтің атынан жіберілуін талап етті. Тез арада граф Редёри және майор Фон Дем Берлинге жүріп кетті. Пруссия үкіметінің жиналысында, бундесратта, Пайердін ералдарымен мәжілісінде, 30-қыркүйектегі және қазанның алғашқы зі әскері жағдайдың өте бозғылт тартқан сүреттері бейнеленіп, Цдендорф және Гиденбургтың күшейтілген қосымша жедел хатында ен ьшда Берлинге келушілердің және олардың арыздары әр күннің босқа 20 мың солдаттың өмірлерінен турады деп көрсетіледі./29/.

Соғыс қимылының жалғастырылуы еліміздегі революциялық толқындары туғызады деп әскер басылар қатты үрейленді. Бірақ әскер басыларының үкіметке қарсы өзіндік ойы болды ма, әлде бұл тек қана қорқыныш сезімі және неміс солдаттарының өмірін құтқарып қалу мақсаты болды ма?

Бұл бәрінен бұрын генералитетік қулық іс әрекеті ме еді, ол өзіне жақсы атақ қалдырғысы келіп, өзінен әскері сәтсіздіктер үшін жауапкершілікті алып тастау ма еді?

Жақын арада әскері ортаның ішінен шыққан «арқасына қамшымен соқы » деген аңыз соңғыларын растайды.

Іс барысында, тез арада бейбітшілік келісім сөздерді бастауды талап ете-отырып, жоғары әскері  басқарушылар және олармен бірге басқа билеуші топтар қиын жағдайда өз бастарын ойлағанын көру қиын емес еді./30/.

Келісімсөздерің көмегімен олар уақытты ұтқысы келді, соғысты 1919 жылға дейін созып, қорғанысты жаңа шептердің күшеюіне дайындап, әскері адам әскердің адам күштердің және материалдық бөлігін осындай жолмен аман алып қалып, кейінірек соғыста жеңуді ойлады./31/

Бәрінен бұрын шындап қорқытудың себебі басты қорқыныш-төменнен революция басталып, билеуші топтарды мүлде төңкеріп тастайды-ау деген ойы еді. Елде революциялық ахуал пісіп жетілді.

В.И.Ленин баспа сөз жаңалықтарына сүйене отырып сол күндердегі Германиядағы болған жағдайларды әбден дұрыс түсінді. 3-қазанда ол «Германияда саяси дағдарыс пайда болды деп жазды.

Әскери жағдайдың үмітсіздігі, үкіметті қолдаушылардың жоқтығы, билеуші топтардың сасқалақтауы бірден ақ көрініп қалды. Бұл дағдарыс революцияның дайын екенін көрсетті.

Жоғары әскери басшылар  1918 жылдың 29 қыркүйегінде бейбіт

келісімге келу қажеттігі туралы мәлімдеп, Антанта санасатындай және елді дағдарыстан шығара алатындай жаңа үкімет құру керек деп есептеді. Жоғары командования талабымен канцлер Гертлинг қызметтен кетеді де Макс Баденский бастаған құрама үкімет құрылады.

Бұл жаңа үкіметте социал-демократтардан Шейдеман мен Бауэр, католиктік Орталық партиясынан Эрзбергер мен Тримборн кіреді.

Жаңа үкімет 1918 жылдың 5-қазанында Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонға дереу уақытша бітім жасау туралы барлық соғысушы мемлкеттер үкіметіне ұсыныс жасауды өтілген

жеделхат жіберді./32/.

Баденский үкіметінің бұл әрекеті Германия жағдайын жақсарта алмады. Германияда саяси дағдарыс туды. Үкіметтіңде барлық қанаушы топтардың да асып-сасуы бүкіл халық алдында байқалып отыр.Соғыс жағдайының үмітсіздігі және үстем топтарды еңбекшілер бұқарасының қандай да болсын қанауының жоқтығы бірден байқалады. Бұл дарыстың өзі революцияның болатындығын, не ең болмағанда революцияның сөзсіздігі мен таяу екендігін бұқараның өз көзімен көре бастағандығын көрсетеді.

Шейдемандар мен кабинетке тарту-революциялық дүмпуді теқ тездетеді, осы неғурлым сапалы, неғурлым кең, неғурлым берік етеді./33/.

Әлеуметтік революцияладың жүзеге асуы үшін таптың күрестің шыңына жетуі, формацияның барлық әлеуметтік қайшылықтарының шиеленесуі,  халық бұқарасының белсенді әрекеті басқаша айтқанда, революциялық ахуал деп аталған ерекше тарихы жағдайлардың жиынтығы қажет. Революциялық ахуал революцияның мүмкіндігін туғызады сол мүмкіндіктердің іске асуы үшін соған сай субъективтік фактор пісіп-жетілуі керек. Егер субъективтік фактор дамымаса, обьктивтік фактордың өзі ғана революцияның жеңісіне әкелмейді. Революция мүлде болмайды немесе жеңіліске ұшырайды.

Қараша революциясы қарсаңындағы субъективтік фактордың көрінуіне тоқталайық./34/.

І.Германияда жұмысшылар халықтық жартысынан көбін құрады – 55 процент.

2.Деревнядағы жұмысшы, шаруа 7 миллион, яғни пролетариаттың

7 млн. Одақтасы бар деген сөз. Үшінші одақтасы болуы мүмкін, ол қаладағы ұсақ буржуазия.

З.Социал демократиялық партиялар СДПГ, НСДПГ, Спартак тобы.

Осы белгілер қандай деңгейде, қандай дәрежеде көрінді?

Жұмысшы табы халықтың көпшілігін қирағанымен бытыаңқы болатын.  Бір бөлігі коммунистер соңынан еріп социализм үшін күрессе, екінші бөлігі социал демократтардың соңынан ерді.

Жұмысшы тобы тәжірибесіз еді. 1948 жылғы революциядан бергі жылдарда ірі революциялық оқиға Германияда болмаған еді.

Пролетариат шаураларды өз жағына тарта алмады. Халықтың 20-25 процентін құрағар шаруалар пролетариаттың берік одақтасы бола алмады.

Германияның социал-демократиялық партиясы революцияның қажеттігін мүлде жоққа шығарады. Революциясыз — ақ буржуазиялық париялармен одақтаса отырып, демократиялық — социалистік мемлекетке жетуге болады. Бар күштерін жұмысшылар мен басқа топтарды үкіметті қолдауға шақыруға жұмсады. Халықтың солшылдығын ескеріп мынандай талаптар қоюмен шектелді.

-Тең сайлау құқын енгізу.

-Рейхстагты жоғарғы зағ шығарушы органға айландыру.

-Жиналыс, пресса бостандықтарын кеңейту.

-Саяси тұтқындарды босату.

-Кайзерді оның бір туысымен ауыстыру.

Екінші партия-Социал-демократиялық тәуелсіздер партиясы 1917 жылы құрылған. Құрамы центристер мен солшылдардан тұрады. Сондықтан да іс-әрекетінде, талаптырында солқылдақтық, қарама- қайшылықтың бар.Өздері бірнеше топқа бөлінеді, оның ішінде алауыздық өте күшті болды.

Ол 11-12 қыркүйекте өткен конференцияларынан айқын көрінеді. Көптеген шешендер революциялық әдістерді Кеңестік Россияны, большевиктер саясатын колдаса, Каутский, Бернистейн және Штебел большевиктердің теориясы мен тактикасына кеңестік идеяларына қарсы шықты. Конференция нақты бағдарлама қабылдамай тарайды.

Оңшыл социал-демократтармен центристерге, соғысқа империализм үстемдігіне қарсы революциялық күрес бағытында тұрған тек Спартак тобы болды./35/. «Спартак» тобына кірген санаулы социал-демократтар ғана болмаса, тәжірибелі партия басшылығының жоқтығы мұнда да көрінді.

Кеңесте оңшыл-соцаил-демократтармен центристер қолында болды. Ал олар революцияны онан әрі тереңдетуге тырысты.

Қорыта айтқанда, жауынгер, революцияшыл партия орнын ешкім ешнәрсе толтыра алмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Германиядағы Қараша революциясының

басталуы және барысы.

 

2.1. Қараша революциясының басталуы. Монархияның күйреуі.

 

1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің Петроград қаласында большевиктер партиясының қарулы көтерілісі жеңіске жетті. Ресейде социалистік қоғам құру үшін большевиктер партиясының көсемі В.И.Лениннің айтуымен, «социалистік революция» жүзеге асып, пролетариат диктатурасы, оның формасы жұмысшы және солдаттар депутаттарының кеңесі жеңіске жетті. Ресейде үкімет билігі большевиктер партиясының қолына көштіде, жаңадан Кеңес үкіметі құрылды. Оның алғашқы шаралары: 1917 жылғы 26 казан айында Бүкілресейлік кеңес съезінде екі құжат — «Бітім» туралы және «Жер» туралы декреттер жарияланды. Бұл құжат бойынша Ресей соғыстан шығып, шаруаларға жер бере бастады. Жұмысшылар өз өнеркәсіптерін қолдарына алып, оның қожайынына айналды. Соғыстан шаршап, қалжыраған солдаттар елге қайта бастады. Кеңес өкіметінің бұл жүргізген шаралары тез арада бүкіл әлемге тарап Еуропа елдерінде Кеңестік Ресейдегідей билік орнату мақсатында революциялық куштер жаңа күреске шақырып, елдерінің басқарушы топтарына қарсы шықты. Бұл оқиға Германия еңбекшілеріне қатты әсер етті.

Революция қарсаңындағы саяси куштердің қалыптасуы. Қараша революциясының қарсаңында Герман социал- демократиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсіз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында «Спартак» одағы қалыптасты.

Герман социал-демократиялық партиясы — жумысшы партиясы еңбекші халықтың қолдауында болды. 1918 жылы мамыр айында СДПГ «Қимыл бағдарламасын» қабылдайды. Партия бағдарламасы Германияда буржуазиялық-демократия жолына тусу және парламенттік жүйені орнату, яғни монархияға қарсы куресіп, республика құру талабын алға қойды. Социал-демократиянын негізгі мақсаты — реформа арқылы қоғамдық-саяси өзгерістер жургізу болды.

Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясы буржуазиялық реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан да бас тартпайды. Негізгі көзқарасы оңшыл центристік бағыт болды. Партия мушелері К.Каутский, Г.Гаазе, Р.Гильфердинг оңшыл центристік көзқараста бола отырып, большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздеді. Каутский: «Германияда пролетариат диктатурасын орнату біздің түпкі мақсатымыз емес», — деп мәлімдеген болатын. Ол — В.И.Лениинің таптық көзқарасын сынаған адамдардың бірі еді.

Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін Германияның саяси дамуында революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату ушін күрес жургзетін саяси топ — «Спартак» одағы құрылды. Оның басшылары К.Либкнехг және Р.Люксембург болды. Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Олардың негізгі саяси көзқарастары — қоғамдық-саяси өзгерістерді революциялык жолмен іске асыру болатын. Сонымен қатар, В.И.Лениннің идеясын қолдай отырып, Германияда коммунистік партия құру үшін күрес жүргізді. 1918 жылы қазан айында революциялық топтың конференциясы шақырылып, еңбекші халықты қарулы көтеріліске шығуға, сөйтіп буржуазиялық революцияны социалистік революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Xалыктың тұрмыс жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбір банктерді национализациялау, жалақыны өсіру т.б. талаптар қою аркылы халықты революцияға шақырды. Бірақ «Спартак» тобынын үгіт-насихат жұмысын еңбекші халық қолдаған жок. Халык революциялык жолды түсіне алмады, ал буржуазиялық-реформалык жол әлдеқайда тусінікті еді. Қоғамды реформалык- парламенттік жолмен өзгертіп, Германияда буржуазиялық республика құру халық түсінігіне жақын болатын. Қараша революциясының карсаңындағы саяси күштер ірі буржуазия мен монархияға қарсы тұратын оппозициялық күшке айналды.

Революцяның басталуына негізгі себеп балған оқиға Герман монархындағы соғыс-теңіз министрінің Киль қаласында тұрған соғыс-теңіз базасының кемелеріне ашық теңізге шығып соғыс қимылдарын жүргізу арқылы жеңіске жету туралы бұйрығы болды. Бірақ та соғыс-теңіз флотының кеме басшылары теңізге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитеттер құрып, көтеріліске шығады. Кемелерде кызыл жалаулар көтеріліп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға шыкқан кемелердегі матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күні Киль қаласының халқы матростарды қолдап ереуілді бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат кеңестерін құрып. өздерінің талаптарының орындалуын сұрайды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын жергілікті үкімет орындауға мәжбүр болады. Германияда революция басталады.

Революция Германияның солтүстік-батысында орналасқан Киль қаласында басталды.

1918 жылдың қазан айының аяғында Жоғарғы штабгерман әскері-теңіз флотына теңізге шығу туралы бұйрық, берілді. Неміс матростар ағылшын флотынан еш қарсылықсыз жеңілетінін түсінді.

28-қазанда Остзей, Нордзей флоттарының үш эскадронының корабльдерін Яде бухтасының шыға берісіне таяу шоғырландыра бастады. 30-қазан күні теңізге шығу туралы әскері дабыл, бұйрық беріледі. Бірақ 28-қазан күні-ақ «Маркграф» кораблі якорьді көтеруден бас тартқан дейді.

Толқу «Кениг» кораблін, «Страсбург» крейсерін, «Фридрех великий» браноносецтерін қамтиды. «Тюрингия», «Гелголанд» корабльдерінде қызыл жалау көтерілді./36/.

Штаб мұндай бақытсыздықтарды басу үшін корабльдерде жаппай тұтқындауды бастайды. Мыңнан астам матростар тұтқындалады, Мәселен: Тюрингиядан»-600, «Маркграфтан»-200, «Гелголандтан»-150  адам тұтқындалады. Бірақ толқулар жалғаса береді. Енді олар тұтқындарды босатуды талап етеді.

Үшінші қараша күні күндіз маторстар Кильаландарының біріне жиналады. Матростарға порт жұмысшылары, гарнизон солдаттары қосылады. Бірнеше мың адам түрмеге бет алады.

Полиция бейбіт шеруге оқ атады, сегіз адам өледі, 29 адам жараланады.

Бейбіт шеруге атылған оқ матростарға тек қару арқылы ғана өз талаптарының орындауға болатынын көрсетті. Міне бұл күн революцияның басталған күні болып есептеледі.

Кемелер мен казармаларда солдат Кеңестері құрыла бастайды. 4-қараша күні бүкіл флотты толқулар қамтиды. Жұмысшы Кеңестерімен солдат кеңестері бірігіп жалпы Киль Кеңесін құрды. Кеңес үкіметке қоятын талаптарын нақтылайды.

Онда кеңестердің құқығын мойындау, офицерлердің бөлігін шектеу, саяси тұтқындарды босату сөз және баспасөз бостандықтарын беру талаптары қойылады. Бұл бағдарламада алғашқы монархияны жою, республика орнату талабы болған жоқ.

Киль Кеңесінің үндеуінде алғаш рет айтылады./37/.

Кильдегі оқиғалар Берлинге хабарланады. Үкімет Кильге Рейхстагтағы социал-демократтардың депутаты Носке мен кеңесші-хатшы Гаусманды жібереді. Носке 5-қарашада Кильге жетеді.

Ол матростардың тәжірибесіздігін пайдаланып, сол күні-ақ Солдат Кеңестерінің Төрағасы болып сайланады.

Бірнеше күннен кейін Киль Кеңесінің шешімі бойынша әскері губернатор болып тағайындалады.

5-қараша күні кешке Гамбургте бірнеше мың жүшысшы солдаттар қатынасқан Киль Кеңесінің талаптарын қолдаған жиналыс болады. 6-қарашада қаруланған матростар кәсіподақ үйін басып алып баррикадалармен қоршайды./38/.

Күндізі 50 мың жұмысшы солдат және матростар қатысқан үлкен жиналыс өтеді. Демонстрантар Гамбург сыртындағы Альтонға бет алғанға генерал Фальк бастаған гарнизон демонстранттарға оқ атады.

Жұмысшылар солдат, матростардың көмегімен қару-жарақ қоймаларын бұзып, қарулана бастайды. Қалада үкімет жұмысшы және солдат кеңестерінің қолына көшеді.

Осындай революциялық көтерілістер Любек, Шверин, Ганноовер,

Баден тағы басқа қалаларын қамтиды.

Россия елдің солтүстігімен шектелген жоқ. Оңтүстікте де кең етек жайды. Бұл революцияның бүкіл ел көлемінде пісіп- жетілгенінің көрінісі еді.

Кильде басталған революцияның бөлінбес бір бөлігі Бавариядағы революциялық оқиғалар болып есептеледі. Баварияның орталығы Мюнхенде революция 1918 жылы 7-қарашада басталады. Мюнхенде Терезиенвизе» алаңында болған үлкен жиналыста жұмысшылар монрхияның жойылуын және республиканың жариялануын талап етеді. Көтерілісшілер казармаларды басып алады, түтқындарды босатады.

Сол күні Мюнхен жұмысшы Кеңесі құрылады. Жұмысшылардың арасында беделді тәуелсіз социал-демократ Курт Эйснер болды.

1918 жылы қазан айында тұрмедн босаған Эйснер Германияң барлық жерінде монархияны жою керек және Герман республикасын  жариялау керек деп сөз сөйлейді.

Ол жұмысшы солдат және шаруалардың уақытша Кеңесін құрып 8-қарашаға қараған түні Баварияда монархияның жойылғанын және республика орнағанын жариялады.

8-қарашада Эйснердың басқарумен жаңа үкімет құрылады. Революциялық көтерілістер Аугсбург, Розенгейм, Нассау, Нюрнбергті қамтиды.

Революцияның мындай шеруінен Берлиннің қалып қоюын Берлин жұмысшыларының енжарлығынан деуге болмайды.

Басты себеп мынада: Киль оқиғалары туралы хабар жеткеннен соң Берлинге әскер кіргізіліп, басқа қалалармен байланысқа қатал шек қойылған еді. Бірақ Берлиндеге тыныштық тек сыртай ғана еді.

1917 жылғы ереуілдер кезінде құрылған «Революциялық старасталар Комитеті» әлі өмір сүретін 1918 жылы оның қатарында солшыл тәуелсіздер Эмиль Барт, Эрнест Деймиг, Рихард Мюллер, т.б басқарған 80 адам бар еді./39/

Қазанның аяғында түрмеден шыққан К.Либкнехт, Голландиядан келіп қосылған еді. Комитет «Жұмысшы Кеңесі» деп аталды.

Спартак тобы Берлин жұмысшылары мен горнизон солдаттарының көтерлісін жылдамдатуын талап етсе де тәуелсіздер көтеріліс «техникалық жағынан дайын емес» деп қорқақтаумен болды.

Олар көтерілісті 11 — қарашаға дейін бастауға болмайды деп есептейді. Жағдайы қиындай түсті. 8-қараша күні Атқару комитетінің екі мүшесінің тұтқындалғаны белгілі болды. Одан әрі созу бүкіл ұйымның өміріне қаупті еді.

Жұмысшы Кеңесі сол күні кеште 9-қарашада таңертең қолдарында бар қарумен Берлин жұмысшыларын жаппай ереуілге шығуға тиісті деп шешім қабылдайды.

9-қараша күні таңертең ерте Берлин кәсіпорындарында Атқару Комитеті мен Спартак тобының үндеулері таратылады. Қала жұмысшылары түгел жұмыс орындарын тастап, көшеге бет алады. Жұмысшылар мен солдаттар қалалық полиция үйін алады. 650 тұтқын босатылады. Почта, телеграф агенттігі, Комендатуралар еш қарсылықсыз алынады.

Ратуша, рейхстаг, Бранденбург қақпаларына қызыл жалауларілінді. Бірақ Макс Баденский үкіметі әлі құлаған жоқ еді. Үкімет кайзерге /Вильгельм-ІІ/ тақтан бас тарту туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар Макс Баденский үкіметімен кездесу жасады./40/ Ақыры Макс Баденский кайзердің тақтан түскені туралы құжатқа қол қойды.

Рейхстаг алдына жиналған халыққа Шейдеман Германияда құлады, демократиялық республика құрылды деп жариялады.

Сол күні кешкі сағат 10-да Рейхстаг үйінде Берлин жұмысшы жұмысшылары мен солдат Кеңестерінің делегаттарын сайлау өткізуге шешім қабылдай ды ./41 /

Сол күні кешкі олар Буш циркіндегі жалпы жиналысқа Берлин жұмысшысы және солдат Кеңесінің Атқару Комитеттін және үкіметті сайлай үшін жиналуы тиіс болды.

Жұмысшы және солдат Кеңестрінің жиналысы 10-қарашада ‘ЩЙкі сағат 5.30-басталды.Қатысушылардың құрамы әртұрлі болды.

3 мыңдай адам жиналды, көпшілігі солдаттар еді. Эберт сөз сөйлейді. Ол революцияның барлық табыстарын социал-демократияның еңбегі деп көрсетеді және «социалистік үкіметінің» құрылтайын жариялайды. Онан кейінгі сөйлеген К.Либкнехт болды. Ол солдаттар мен жұмысшыларды социал-демократтарға соқыр сенімнен аулақ болуға шақырады. Контрреволюция өкілдерінің жұмысшы және солдаттар арасына кіріп кеткені ескертілді.

Бұл ескертуі солдаттардың біраз бөлігі тарапынан қолдау таппай, шу көтерілді.

Революциялық старосталардың Атқару Комитеті жиналысқа  жаңа Атқару Комитетінің тізімен береді. Ол тізімде К.Либкиехт, Р.Люксимбург, В.Пик және солшыл тәуелсіздер кірген еді Соңында  Атқару Комитетіне 6 оңшыл социал-демократ, 6 тәуелсіз және 12 солдат кіреді. Кейіе Эберт ұсынған үкімет құрамы мақұлданып, Эберт пен Гаазе бастаған үкімет Халық өкілдерінің Кеңесі құрылады. Жұмысшылар мен солдаттардың басым бөлігінің саяси саналылығының төмендігін, сенгіштігін пайдаланып оңшыл социал-демократтар өкіметінің шешуші қызметкеріне ие болды.

Кез-келген революцияның негізгі мәселесі өкімет мәселесі екендігі белгілі.

«Өкімет қай таптың қолында болса, барлық нәрсені осы шешеді. Өкімет туралы мәселені орағатып кетуге де, кейінге қалдыруға да болмайды, өйткені нақ осы мәселе революцияның дамуында оның ішкі және сыртқы саясатында барлық нәрсені шешетін негізгі мәселе болып табылады.

Германия революциясының онан арғы тарихы да осы мәселеге  байланысты шешілуі мүмкін еді.

12-қарашада Халық өкілдерінің Кеңесі өзінің бағдарламасын жариялады. Бағдарлама «Саяси басшылық таза социалистік сипаттағы революция нәтижесінде құрылған үкіметтің негізгі міндеті соцалистік міндетті жүзеге асыру» деген жалынды сөздерден басталады./42/

Бірақ шындығында бағдарлама бірде-бір социалистік сипаттағы талап қойған жоқ. Халық өкілдері Кеңесінің құрылуымен революция бірінші кезеңі аяқталады.

Германияда қараша революциясының тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі-кеңестік тарихнамада ең көп талқыланған мәселелердің бірі. Қараша революциясының тарихын бес кезеңге /А.Жолдак/ төрт кезеңге /М.И.Орлова/ үш кезеңге /Я.С.Драбкин/ бөлу туралы ұсыныстар болды./43/

Я.С.Драбкиннің ұсынысын көпшілік зерттеушілер қолдады, өйткені ол  революцияның басталу, тереңдеу, жеңілу оқиғаларына неғұрлым сәйкес келеді және революция барысындағы сапалық өзгерістерді /монархияның құлауы, республиканың жариялануы, кеңестік республика үшін күрес/ толық қамтиды.

Сонымен Қараша революциясының тарихы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең революцияның басталуынан /1918 жылдың 4-қараша Халық өкілдері Кеңесінің құрылуына 1918 жылғы қарашаның ортасы/ дейінгі оқиғаларды қамтиды.

Екінші  кезең  1918 жылғы қарашаның ортасынан 1918 жылдың аяғына дейін созылады. Бұл кезең-революцияның бейбіт даму кезеңі, бұл кезде революция мен контрреволюция күштерінің арасалмағы тең болды.

Үшінші кезең 1918 жылдың қаңтары мен мамырының арасы,бұл кезеңде контрреволюциялық күштер шабуылға шығады да, революция әрі қарай тереңдемей, буржуазиялық-демократиялық революция  шегінде тоқтап қалады. «Барлық өкімет Кеңестерге берілсін» деген спартакшылардың ұранына қарсы оңшыл социал-демократтар Ұлттық жиналыс шақыру ұранын қойды.

Демек Германиядағы революцияның 1918 жылы қаршада монархияны, құлатып, республика жариялағаннан кейінгі дамуы екі бағытпен жүруі мүмкін еді.

Бірінші бағыт-революцияның тереңдеп, буржуазиялық-демократиялық кезеңнен социалистік кезеңге өтуі. Бұл бағытты бастайтын саяси күш-«Спартак» тобы. «Спартак» тобы жеке партия емес, Тәуелсіз Социал-демократиялық партияның солшыл қанатын құрайды.

Р.Люксембург 1918 жылдың 18-қарашасындағы «Бастау» деген мақаласында осы бағыттағы жасалынуы тиіс қадамдарды көрсетті: Жергілікті Кеңестерді дамыту және қайта сайлау: жұмысшылар мен солдаттардың жалпы германдық парламентін шақыру, революцияны қорғау үшін пролетарлық Қызыл Гвардия құру, ескі монархиялық мемлекет мекемелерін тарату: халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірінші шарасы ретінде помещик иеліктерін, мүліктерін тәркілеу; революцияның социалистик және интернационалистик міндеттерін нақты белгілеу үшін Германияда дүниежүзі жұмысшыларының конгресін шақыру».

Екінші бағыт революцияның одан әрі дамуына жол бермеу, жұмысшы табының бытраңқылығын тереңдету революция көсемдерін өлтіру,революцияны тоқтату.

Бұл бағыттың қолдаушылары-оңшыл социал-демократтар. Негізгі ұрандары-«Құрылтай жиналысын шақыру».

Халық өкілдері Кеңесі елдегі ресми өкімет еді. Оның басшылары социал-демократтар Эберт пен Шейдеман болатын. Олар қараша айының аяғында Берлинге соғыстан қайтқан 9 дивизияның кіргізілуіне рұхсат береді. Осы әскери бөлімдер 6-желтоқсанда Берлинде революцияға қарсы бүлік бастайды./44/

«Спартак» тобы сол күні Берлин жұмысшыларымен үлкен жиналыс өткізеді.

Шеру Оранненбург қақпаларын бетке алып қозғалады, бірақ оларды қарулы әскерлер тоқталып, шерушілерге оқ атылады. 14 адам  қаза табады. Сол күні Берлин Кеңесінің Атқару Комитеті орналасқан үйге басып кіріп, оның мүшелерінің барлығын тұтқынға алады, «Готе фане газетінің редакциясы да тұтқынға алынады.

Мұны естігін матростар мен спартакшылардың шақыруымен оларға қосылған жұмысшылар бірігіп, ұйымдасып, әскери бүлікшілерді таратып, контрреволюциялық бүлік жойылады.

8-желтоқсанда спартакшылардың ұйымдастыруымен 150 мың қатысқан қарулы шеру өтеді. Шерушілер Эберт Шейдеман, Вельстің үкіметтен кетуін талап етеді. Халық өкілдер Кеңесінің үкіметін жоюға шақырып К.Либкиехт бірнеше рет сөз сөйлейді осындай көтеріліс толқулар Германияның көптеген қалаларын қамтиды. Жұмысшы тобының белсенділігі социал-демократ жетекшілерін Кеңестердің бүкілгермандық сьезін шақыруға мәжбүр етеді.

Сьезге сайлау барысында социал — демократтар — 288 делегат, тәуелсіздер — 87 делегат, оның 10-ы спартакшылар, буржуазиялық партиялардан 25 делегат, солдаттардан 27 адам сьезге жіберіледі. Кеңестердің 1 сьезі 1919 жылдың 16-21 желтоқсаны аралығында өтті. Сьездің ашылуына байланысты 250 мың адам қатысқан, Эберт үкіметінің кетуін, барлық өкімет бөлігінің Кеңестерге берілуін, Германияның социалистик республика болып жариялануын талап еткен шеру болады.

Шеруге қатысушылар атынан В.Пик бастаған 10 адам осы талаптарды сьезге ұсынады./45/ Сьезд талаптарды талқылаудан бас тартты.

Сьездігі бірінші мәселе Берлин Кеңесі Атқару Комитеті мен үкіметтің Халық өкілдері Кеңесі есебін тыңдау болды. Атқару Комитетінің баяндамасын тәуелсіздер жетекшісі Р.Мюллер оқыды. Мюллердің қателігі Кеңестердің ролін тек үкіметтің әрекеттерін бақылауға ғана әкеліп тіреуі болды. Ал бұл кездегі Кеңестердің бақылауының еш маңызы жоқ еді. Себебі барлық өкімет белгілі, армия, полиция үкімет қолында еді.

Ұлттық жиналыс па, әлде  Кеңестік жүйе  ме» деген мәселеге байланысты баяндамаға оңшыл социал- демократ Макс Коген шықты. Оның айтуынша, Кеңестер елді басқаруға қаблетсіз, себебі ол халықтың бір бөлігінің ғана мүддесін білдіреді, олар мемлекеттік шаруашылықты жүргізге алмайды. Когеннің ұсынысы бойынша 1919 жылдың 19-шы қаңтарында Ұлттық жиналысқа сайлау күні белгіленді. Сөйтіп, революцияның негізгі мәселесі ұлттық жиналыс пайдасына шешілді. Осыдан кейін үкімет құрамынан тәуелсіздер құрылды./46/

29-желтоқсанда Берлинде дербес партия құру мәселесіне баМіаньісты солшыл топтардың жабық конференциясы болады. «Сйартак Одағы» бұл уақытта Германияның барлық облыстарымен Йерітік байланысып үлгерген еді.

Бекрлиннен басқа спартак үйымдары Гуо облысында, ЗСёШнщада, Төменгі Рейнде, Солтүстік Батыста, Гессенде Франкфуртте, ШМрггартте, Боварияда құрылған еді. Конференция 80 дауспен Германия Коммунистік партиясын құруға шешім қабылдады.

1918 жылы 18-желтоқсанда Берлинде Германия Коммунистік партиясының құрылтай сьезі ашылады. Оның жұмысына 46 жергілікті ұйымнан 83 өкіл қатысады. Сьездің төрағалары болып В.Пик пен Вальхер  сайланады./47/ Сьезде Тәуелсіз социал-демократиялық партия туралы К.Либкнехт баяндама жасайды, ол спартакшылар бұдан былай Тәуілсіздер партиясы құрамында қала алмайтынын айтады: «ГТСДП құрмында қалу контрреволюциясымен ынтымақтасқандық болады .

Одан жылдам бөлініп шығу революцияға адалдығымызды сақтап қалады./48/

Сьезд Германия Коммунистік партиясының құрылғанын жариялайды. Сьезде сайланған Орталық Комитет құрамына 12 адам /К.Либкнехт, Р.Люксемберг, В-Пик, К.Дунхэр т.б/ кіреді.

Партияның бағдарламасы туралы баяндаманы Р.Люксембург жасады. Бағдарлама Спартак қоғамының 14-желтоксанда жарияланған Спартак одағы нені қалайды?» деген үндеуі негізінде жасалынды.

Бағдарламада біртұтас Германия социалистік мемлекеттін құру, жұмысшы және солдат Кеңестерінің бірлігін құру, барлық азаматтарға тең құқық берут.б міндеттер қойылды.

Революциялық козғалыстың өрлеуінен қауіптенген үкімет коммунистік партияның басшыларын қудалай бастады. Олар революцияны тұншыктыруға дайындалды.

1919 жылдың каңтарында ұйымдастырған қастандықтарын жүзеге асыру үшін қолайлы кезең деп есептеді. Олардың жоспары төмендегідей еді:

Берлин полициясының бастығы солшыл тәуелсіз Эйхгорнды орнынан алу керек. Оны 11-қарашада Берлин Аткару Комитеті сайлаған еді. Эйхгорн жұмысшылар арасында белгілі еді.

Үкімет оны орнынан алу пролетариаттың наразылығын тудыратынын түсінді. Мұнан кейін жұмысшылар ереуілге шығады, онда жұмысшыларды қарусыздандыруға кірісуге болады.

Пруссия үкіметі Эйхгорнның орнынан алынғанын және орнына социал-демократ Эрнсттің тағайындалғаны жөнінде бұйрық шығарып кояды.

Жағдайды талқылау үшін К.Либкнехт пен В.Пик қатысқан мәжіліс болады. Мәжіліске қатысушылар Эйхгорн орында қалу керек деп шешеді де, үкіметтің бұйрығына қарсы Берлин жұмысшыларын шеруге шақыруға шешім кабылдайды.

5-каңтар күні түсті жұмысшылар жұмыс орындарын тастап көшелерге шығады. 6-қаңтар күні жұмыс тоқтатылды, қаланың барлық орталық көшелері жұмысшыларға толады. Силезия, Анпальтск, Потсдам вокзалдары алынады. Қозғалыс ұйымдаспаған болып шықты.

Көтерілісшілер үкімет үйін басып алу туралы ойлаған да жоқ. Қаруланған жұмысшылар ерекше маңызы жоқ баспахана тағы басқаларды күзетумен болды. Осындай себептерге байланысты 6-қаңтар шеруі еш нәтиже берген жоқ. Бұқараны ұйымдастыру үшін, Коммунистік партия өте әлсіз болды.

Мұнан кейін үкімет бар күшін революцияға қарсы бағыттады. 8-қаңтарда /Носкенін бұйрығымен /Носке контрреволюциялық күштердің басшысы болып тағайындалған болатын/ полковник Рейнгардт Маобит ауданының жұмысшыларына жаудырады.

9-каңтарда Шпандау ауданында осындай жағдай қайталанады. Қарсыласудың пайдасыздығын түсінген жұмысшылар келіссөздер жүргізу үшін делегация жіберді. 11-қаңтарда Берлинге Носке бастаған әскери бөлімдер кіреді. 12-қаңтарда олар Берлин полициясының үйін алады.

15-каңтарда түнде К.Либкнехт пен Р.Люксембергті ұстап алып, азаптап өлтіреді. Оны ешкім білмей қалды. К.Либкнехт денесі қалалық моргтан. Р.Люксембург денесі каналдан кейінгі уақытта табылады.

Революцияға мықты сокқы берілді, бірақ қаңтар күндері контрреволюция өздерінің түпкі мақсаттарына-пролетариатқа шешуші соққы беру мақсаттарына жете алмады.

Бірақ революциялық оқиғалардың даму барысы күн тәртібіне қойған революцияның негізгі мәселесі буржуазиялық парламент қойған пайдасына шешілді. Осымен революцияның екінші кезең аяқталды.

1919 жылдың 19-қаңтарында құрылтай жиналысына сайлау басталды.

         Сайлау барысында ГСДП- 11,5 миллион дауыс, «Орталық» партиясы-6млн, демократиялық партия -5,6 млн, ұлтшылдар партиясы-3,¹ млн, ГТСДП — 2,3 млн дауыс алады. Нәтижесінде Ұлттық жиналысқа социал-демократтар 165 депутат, тәуелсіздер-22 депутат, демократиялық партия 75 депутат, «Орталық» партиясы 90 депутат, халықтық партия 22, ұлтшылдар 42 депутат жібереді.

Сөйтіп социал-демократтар барлық мандаттың 44 процентін алды.

Ұлттық жиналыс 6-ақпанда Веймарда ашылатын болды. 1919 жылдың ақпан айында таптық күрестер Германияның өнеркәсіпті аударында қайта жанданды. 16-ақпанда Руо облысының көмір шахтарының жартысы жұмысты тоқтатады.

18-ақпанда Эссенде жұмысшы және солдат Кеңестерінің конференциясы өтеді. Ереуілді одан әрі жалғастыруға шешім қабылданды.

Жұмысшыларды қаруландыру туралы талап қойылады.

Ереуілдік қозғалыс бүкіл Орталық Германияны қамтады. Алайда бұл кезеңдегі жұмысшы қозғалысы ұйымдаспаған, стихиялы сипатта болды. Коммунистік партия жазалаудан әбден қансырап қалды.

 

2.2. Бавария Кеңестік Республикасы.

 

1919 жылы революциялық қозғалыстың соңғы тірегі Бавария болды. Үкімет бүкіл күшін соған қарсы бағыттады.

Бавария неміс мемлекеттерінің ішіндегі өнеркәсібі нашар дамыған аудандар қатарына жататын еді. Баварияда сыра қайнату шарап жасау және басқа жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Мұндағы жалғыз ғана ірі кәсіпорын — қару-жарақ жасау заводы еді. Сондықтан Бавария жалпы Германияның өнеркәсіп өндірісінде үлкен роль атқармайтын. Баварияда Қараша революциясы басталғанға дейінгі кезеңде саяси билік Виттельбах династиясының қолында еді.

Елдің өмірінде әскер мен полиция үлкен роль атқаратын. Баварияда Германиядан бөлініп кетуге умтышылық өте күшті болды.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты Баварияда ірі қалалар саны өте аз болды. Баварияның астанасы Мюнхенде-600 мың тұрғын халық болатын.1912-ші жылы Мюнхенде 97 мың жұмысшы болса, оның 4 мыңы таукен өнеркәсібінде, 6 мыңы металл өңдеуде, 14 мыңы машина жасауда істеді, қалғаны 73 мыңы жеңілген өнеркәсіпте істеген.

Мюнхенде кәсіпорындар өте ұсақ еді;

7099 кәсіпорынның 3704-де 83 мың адам, яғни орта есептен кәсіпорынға 22-23 жұмысшыдан келген, қалғаны 3395 кәсіпорында 14 мың жұмысшы істеген яғни әр кәсіпорынға 4-5 жұмысшыдан келеді. Металл өңдеу өндірісінің орталығы болған Нюренбергте 30-мың, Аугсбургте 10 мың тұрғын халық қана болған.

Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: Баварида пролетариат негізінен ұсақ кәсіпорын жұмысшыларынан тұрады./49/

Ірі өнеркәсіп пролетариаты аз. Бавария пролетариаты өзінің дамуы, ұйымшылдығы жағынан Германияның басқа пролетариатынан әлсіз еді. Баварияда буржуазияда әлсіз болды. Олар негізінен ұсақ кәсіпорындардың иелері мен саудагерлер еді.

Баварияда деревняның жағдайы да Солтүстік Германиядағы деревнялардан басқаша еді. Баварияда Пруссия да болған күшті юнкерлер де болған жоқ.

Шаруашылықтың 95 проценті ұсақ, орта иеліктерде еді. Ауыл шаруашылығымен айналысушылардың 20 процентін ауыл шаруашылық жұмысшылары құрады. Мұндай жағдайда деревняда таптық күрес шаруалардың ауқатты тобына ірі жер иеленушілерге қарсы бағытталуы мүмкін.

Бірақ батрактар, кедей шаруалар ұйымдастаған еді. Баварияда буржуазиялык партиялар ішінде католиктік партиясы мен либералдық партия басты роль атқаратын. Ал жұмысшылар ГСДП мен ГТСДП соңынан ілесетін еді. 1918 жылы бүкіл Германияны қамтыған ереуілдік қозғалысқа Бавария жұмысшылары да қатысты.

Ереуілдерді тәуелсіздер басқарады, әсіресе, Курт Эйснердің беделі күшті болды.

Баварияның орталығы Мюнхенде 1918 жылы 7-қарашада Австрияда құрылған республиканы құттықтауға арналған жиналыс болды. Жиналыс соңы үлкен шеруге ұласты. Шеруге қатысушылар король билігін жоюды және республика орнатуды талап етті. Сол күні қалада Революциялык жұмысшы Кеңесі құрылды. Келесі күндері қозғалыс басқа қалаларды да қамтыды. Барлық жерлерде жұмысшы Кеңестері құрылып жатты.

8-қарашаға қараан түні Мюнхенде жұмысшы, солдат және шаруа Кеңесі  құрылды. Кеңестің төрағасы К.Эйснер Баварияда монархия құлады деп жариялады.

Эйснердің басқаруымен тәуелсіздер, социал-демократтар және басқа да ұсақ ұйымдар бірігіп, үкімет құрды.

Үкіметтің халыққа жолдаған үндерінде алдағы уақытта түпкілікті, тұрақты үкімет құру үшін Ұлттық жиналыс шақырылады деп көрсетілді.

Эйснер үкіметі Германияның бірінші дүние жүзілік соғыстағы басқыншылық мақсаттарын көрсететін бірқатар құжаттарды жариялады, мектептен шіркеуден бөлді. Осы әрекеті үшін Эйснер үкіметін ірі буржуазия мен дін басылары қатты жек көрді. 1919 жылы 21-ақпанда жаулар қызметке кетіп бара жатқан Эйснерді өлтіріп кетті.

Бұған наразы болған еңбекші бұқара Эйснерді жерлеу рәсімін үлкен саяси шеру түрінде өткізді.

22-ақпанда социал-демократ Гоффман басқарған үкімет құрылды. Жұмысшылар Гоффман үкіметін мойындамады.

1919 жылы  қаңтарда Мюнхенде Германия Коммунистік партиясының бавар бөлімі құрылған еді. Оны Макс Левин басқарды.

Жаңа революцилық дүмпуден қорққан үкімет Бавария Кеңестік Республикасы жариялаудың жоспарын жасай бастайды.

Коммунистік партиясының арасындағы беделін ескеріп тәуелсіздер үкіметке коммунистерді де шақырады.

Коммунистік ұйым мұны арандату деп ұғады, бірақ олар тәуелсіздерді қолдайды. Берлиннен Евгений Левине  бастаған делегация келеді. Олар Коммунистік партияның атынан оңшыл социал-демократтармен бірге үкіметке кіруден үзілді-кесілді бас тартатындықтарын айтты.

7-сәуірде Баварияда Кеңестік Республика жарияланады./50/

 Жаңа үкімет құрамына тәуелсіздер, оңшыл социал-демократтар, анархистер шаруалар Одағының өкілдері кірді.

Үкімет басшылары болып ГТСДП жетекшісі Э.Толлер мен анархист Г.Ландауэр тағайындалды. 10 сәуірде үкімет Қызыл Армия құру туралы шешім қаабылдады. Алайда армияның бар қаруы 600 винтовка болды. Осыдан кейін құрамында 28 адамы бар революциялық трибунал құрылды

7-сәуір күні Германия Коммунистік партиясының Мюнхендегі бөлімінің үндеуі жарияланды. Онда коммунистер Толлердің үкіметін «Жалған кеңестік үкімет деп атады.

Қарудың аздығына қарамастан Қызыл Армия жылдам құрылды. Оған жұмысшылар солдаттар және соғыс тұтқындары /орыстар мен итальяндар/ кірді. Қызыл Армияның қолбасшысы Рудольф Эгельгофер болды. Сонымен қатар Қызыл гвардия құрылды, оған қаланы күзету міндеті жүктелді.

Бұл кезде таратылған Гоффман үкіметі өзін қызметтен кеттік деп ойлаған жоқ еді. Гоффман үкіметінің мүшелері Баварияның солтүстігіндегі Бамберг қаласына орналасып, сол жерден қонтрреволюциялық бірлікке дайындалды.

Мюнхенге жорық жасау үшін Шнеппенгорст басқарған қарулы күштер құрылды./51/ Осылайша Бавар Кеңестік Республикасына төнген контрреволюциялық күштердің шабуыл жасау қаупі төнді.

Мюнхенде Коммунистердің үндеуі жарияланды, онда Бамбергтегі жиналған ақ гвардия кеңестерге, жалпы пролетариатқа қауіп төндіруде деп көрсетілді.

13-сәуірге қараған түні бүлкішілер Орталық жұмысшы Кеңесіне басып кіріп, Кеңестің 12 мүшесін тұтқындайды. Ц.Левине мен М.Левиңді өлтеруге бұйрық беріледі. Толлер басқарған орталық Комитет тек шеру жасауға шақырумен болды, ол мұндай күрестен алшақтататын еді. Бірақ жұмысшылар күтіп бос отырған жоқ.

Коммунистік ұйымнының шақыруымен олар қару-жарақ қоймаларын басып алды, Рудольф Эгельгофер бастаған жұмысшылар возалда орналасып алған қарулы контрреволюционерлерге қарсы күресті. Вокзал қоршалып қан төгісті қаламаған жұмысшылар үш өкіл жібереді. Бірақ оларды атып өлтіреді.

Жұмысшылар вокзалды қоршап, бір сағаттан кейін вокзалға ие болды, қалалық комендатураны алады.

Сол күні, яғни 14 сәуірде фабрика-завод комитеттері мен солдат Кеңестері жаңа үкімет құру туралы қаулы шығарады.

         Комитет Атқару Кеңесін сайлайды. Оның құрамына коммунистер: Е.Левине, М.Левин, Вилли Будих – Дитрих тәуелсіз Меннер және социал-демократ Дуске /кейін Коммунистік партияның құрамына енгсн/ кірді.

Комитет жанынан контрреволюциямен күресу үшін, әскери комиссия, экономика комиссиясы, финанс істеріне байланысты комиссия құрылады. Ыңғайсыз жағдайға қарамастан коммунистер өкіметті өз қолдарына-алуға мәжбур болды:

«Коммунистер күресіп жатқан бұқарамен бірге болуды өздрінің боршы деп санайды. Бұқара күресінде қателер болмай қалмайды. Коммунистер сол қателерді көріп, оларды бұқараға түсіндеріп, қателердің түзетілуше ұмтылып,саналықтың стихиялықты жеңіп шығуын үнемі қорғай отырып бұқарамен бірге болады»,/52/-деп жазды. В.И.Ленин.

Аз уақыт өмірінің ішінде республика бір аз шараларды жүзеге асырады: Өндіріске жұмысшы бақылау енгізілді, буржуазияны қарусыздандыруға кірісті, банкілерді нацонализациялады Контрреволюциямен күресу үшін төтенше комиссия құрылады,т.с.с.

17-сәуірде үкімет «Бавар жерінің шаруаларына» деген үндеуін жириялайды. Онда прблетарлық революцияның Шаруа меншігіне тиіспейтігіндігі көрсетіледі, бірақ үкімет кедей және орта шаруалардың жағдайын жақсартуға еш әрекет қолданбайды.

Помещик жерлері тәркіленбейді, деревяларда, жаңа батрак, ұсақ шаруа Кеңестерінің құрылуы туралы мәселе көтерілмейді. Демек жаңа үкімет нағыз кеңестік коммунистік үкімет шаруаларды өз жағына тарту үшін шаралар жүргізген жоқ.

Сондықтан Бавар Кеңестік Республикасын негізінен алғанда жұмысшылар қорғады.

Жаңа үкімет Россиядағы және Венгриядағы Кеңестік Республикаларға сәлем-жолдады./53/ Бұған жауап ретінде В.И.Ленин «Бавар Кеңестік республикасын сәлем» деп аталған хат жазды./54/ Лениннің хаты 27-сәуірде Москвадан жіберіліп Венгрия арқылы Германияға 28 сәуірде келіп жетті.

Бұл кезде коммунистер үкімет құрамынан шығып кеткен еді.

Контрреволюциялық күштер коммунистерді үкімет құрамынан жылдамдырақ қуып шығу үшін тәуелсіздер мен коммунистер іріткі салды.

Жұмысшы және солдат Кеңестерінің 26-сәуірдегі мәжілісінде Толлер, Меннер, сияқты тәуелсіздер жетекшілері коммунистерге өте көп айып тақты. Атап айтқанда, коммунистердің буржуазиялық баспасөзге тиым салуьш, полицияны таратуын қатты сынап, Атқару комитетін қайта сайлауды талап етті. Келесі күні Кеңес мөжілісі Атқару Комитетінің президиумын сайлайды, оған тек тәуелсіздер кіреді. Бұл коммунистерді үкімет құрамынан мәжбүр етеді.

27-сәуірде  Коммунистер қызметтен кетеді де тәуелсіздер мен анархистерге қарсы күресін Комитеттен тыс жүргізеді. Коммунистер кетесімген-ақ  тәуелсіздер Носкемен, Гоффманмен келіссөздер жүргізе бастайды. 29-сәуірде Пруссия, Вюртембург, Баварияның жүз мыңдық жақсы қаруланған контрреволюция юнкерлері шабуыл жасағанда, оған 30мың Кеңестік республиканы қорғаушылар ғана қарсы-тұрды. Күш тең емес еді. «Кеңестік Республика жеңілді.

1-мамыр күні Бавария астанасында сұмдық жазалау басталды.

Бавария Кеңестік Республикасының жеңілуінің бірқатар себептері болды.

Кеңестік Республика бүкіл Германияның біріккен күштеріне жалғыз сарсы тұрды. Солшыл күштердің өзара бірлігінің болмауы.

Коммунистердің жіберген қателіктері мен әлсіздігі атап айтқанда, 27 сәуірде коммунистердің үкіметтін кетіп қалуы.

Бавар Кеңестік  Республикасы Германиядағы 1919 жылғы революциялық күрестің шарықтау шегі болды.

Ол басып жаншылғаннан кейін жұмысшы қозғаласында бәсеңдеу басталады.

Революция жеңіліс тауып, қараша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезені 1919 жылғы 19 қаңтардағы ұлттык жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық куштердің жеңіліс табуымен аяқталды.

1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54,5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық  депутаттар сайланды. Сайлаудан — ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз колына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф.Эберт сайланды.

Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердің ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.

Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық -өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам қүқықтарын қорғауға, білім алуға Конституция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бірдей сайлау қүқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті — Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент — ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі палатадан тұрды. Рейхстаг — жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы  палата Рейхсрат — жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан зандарды бекітуге құқылы.Рейхсрат — бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.

Конституция бойынша атқарушы билік президенттің қолында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуге құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.

1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық- әлеуметтік бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншіктің барлық түріне кеңшілік жасалды. Өндірісті басқару және реттеу мемлекеттің кұзырында болды. Көмір өндірісін де жеке меншікті сақтай отырып мемлекеттік реттеуге берді. Көмір өндірісін басқару үшін «Империялық көмір кеңесі» деп аталған мемлекеттік мекеме құрылды. 1919 жылы сәуір айында ұлтгық жиналыс өндірісті басқаруда фабрика-завод комитеттерін құрды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндірістік кеңес ең жоғарғы басқару қүқына ие болды. Әлеуметтік бағдарлама мемлекетік реттеудің жаңа үлгісі — мемлекеттік-монополиялық капитализмнің негізгі механизмі болса, фабрика-завод комитеті өндірістегі еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесі болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргізе алды. Әлеуметтік реформа қараша революциясынан кейінгі еңбекші халықтың жеңісі бола алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

         Революциялар тарихын зерттеудегі күрделі мәселелердің бірі-революцияның сипаттын анықтау болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін революцияның алдына қойылған міндеттерін, оның орындалу дәрежесін революцияның нәтижелерін,қозғаушы күштерін, сол революция болған кездегі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшілігін ескеру қажет.

Германиядағы Қараша революциясының алдына монархияны құлату, республика орнату, ұмысшылардың талаптарын орындау, соғысты тоқтату сияқты міндеттер қойылды. Алайда революция барысында оның негізгі қозғаушы күші болған жұмысшылар революцияны онан әрі тереңдетіп жұмысшы үкіметін құру талабын қойды, бұл талап орындалмады.

Революция нәтижесінде монархия құлады, алайда кеңестік республика емес буржуазиялық түрдегі Веймар республикасы құрылды. Осы жағдайларға байланысты Германиядағы Қараша революциясы пролетарлық — әдістермен жүргізілген буржуазиялық демократиялық революция деп сипаттауға болады. Бұл революцияның Германия тағдыры үшін және жалпы халыққаралық көлемдегі маңызы ерекше.

Қараша револциясы тек Германия тарихындағы ғана емес, дүние жүзілік тарихтағы күрделі құбылыстардың қатарына жатқызылуы тиіс. Жалпы сипаттамасы берілгенімен де революцияның толып жатқан жеке мәселелерінің осы кезге дейін ғылыми пікір таластар туғызуы осының айғағы болса керек.

Қараша ревлюциясының халықаралық маңызы революциясының нәтижелері мен анықтауға тиісті. Ең алдымен Германия тарихындағы маңызына тоқталайық:

Революцияның Германияның болашағы үшін жасаған маңызды қадамы ол — Германияның соғыстан шығуы, империалистік соғыстың аяқталуы мен  бейбіт келісімге қол қойылу болды. Ел тарихындағы революцияның тарихи маңызы ең алдымен оның буржуазиялық демократиялық сипиттағы нәтижелерімен анықталмақ.

Саяси салада-жартылай абсолютік монархия жойылып, Германия буржуазиялық демократиялық республика болып жарияланды.

Республиканың барлық азаматтары /ерлер мен әйелдер/ сайлау құқына ие болды. Сөз, жиналыс, баспасөз, ұйымдар құру сияқты демократиялық бостандықтар заң жүзінде бекітілді.

Әлеуметтік салада — 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік төлемақы заңдандырылды. Ауыл шаруашылық жұмысшыларын помещиктердің шексіз билігіне беріп қойған жартылай феодалдық заңдар жойылды.

Қараша революциясының халықаралық маңызы сонда-ол Батыс Европаның еліндегі монархияға мықты соққы берген ең қуатты халық қозғалысы болды.

Германияның Кеңестік Россияға қарсы нтервенцияға қатысуына кедергі жасады, сөйтіп Россияда Кеңес өкіметінің нығаюына көмек етті.

Қараша революциясы жеңілгенімен, өзінің тарихи міндеттерін орындай алмағанымен жұмысшы табы үшін құнды тәжірибе және бейбітшілікпен демократия үшін күресте маңызды сабақтар қалдырды.

1917-1920 жылдардағы революциялық өрлеу Европаның саяси картасына түбірлі өзгірістер енгізді. Үш ірі монархия-Романов, Гогенцаллери, Габсбург әулеттерінің билігі құлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. История международных отношений и внешней политики

СССР. Т 1. М., 1986, с.62.

  1. Пик В. Избранные статьи и речи.М.,1976.
  2. Ноябрьская революция 1918г в Германий /Тезисы ЦК СЕПГ к 40-й годовщине/- Вопросы историй 1958 № 11
  3. Аленин Ф.Г. Советы в Германской революции. М. 1934; Зубакон Л.И. Германия в 1918-1923г. М. 1945
  4. Застенкер Н. Баварская Советская Республика.М. 1934 с.
  5. Драбкин Я.С. Революция 1918-1919 в Германий. М. 1958.
  6. Драбкин Я.С. Ноябрьская революция в Германий. М. 1967

8.ОрловаИ.М. Германская революция 1918-1919г. в историографии

ФРГ. М. 1986

  1. Кульбакин В.Д. Обсуждение проблем Германской революции 1918г на первой сессий комиссий историков СССР и ГДР в Лейпциге «Вопросы истории» 1958, №5

10.Полтавский М.А. Баварская Советская Республика М. 1959

11 .Драбкин Я.С. Становление Веймарской Республики. М., 1978 1.2.;

  1. Драбкин Я.С. Проблемы и легенды в историографии Германской революции/1918-1919 М. 1999
  2. ОрловаМ.И. Германская революция 1918-1919гг. в историографии ФРГ М., 1986. с.78-200
  3. Спартак во время войны: Документы М.,1933

Первый всегерманский съезд рабочих и солдатских советов /16-21 декабря 1918/.  М., 1934

  1. Либкнехт К. Избранные речи, письма и статьи. М., 1961; Пик В. Избранные статьи и речи. М, 1976
  2. Первая мировая война.М., 1998, с.85
  3. Вопросы рабочего движения в Германии в новейшее время Саратов, 1965, с.8-10.
  4. Кучинский Ю. История условии в Германий. М., 1949. с.233
  5. Кульбакин В.Д. Очерки новейшей истории Германии. М. 1962.С.60.
  6. ДрабкинЯ.С. Революция 1918-1919гг. в Германии. М.,1958. с.50-52
  7. Головачев Ф.Ф. Рабочее движение и социал-демократия Германии в годы первой мировой войны. М.,1960 с.43

 

  1. Розанов Г.Л. Очерки новейшей историй Германии. М. 1957 с.32
  2. Кучинский Ю. История условий труда в Германии М. 1949.с.233-234
  3. Драбкин Я.С. Четверо стойких. М., 1985, с.45-52
  4. Либкнехт К. Избранные речи, письмо и статьи. М.,1961 с.28
  5. Кривогуз И.М. «Спартак» и образование Коммунистической
    партии германии М.,1962. с.40
  6. Спартак во время войны: документы. М., 1933. с.126.
  7. Германский империализм и милитаризм. М.,1965, с.191
  8. Каффнер С. Революция в Германий 1918- 1919гг. Как это было в действительности: пер с нем. М.,1983. с.174
  9. Эггерт З.К. Борьба классов и партий в германий в годы первой мировой войны. М. 1978
  10. Первая мировая война. М, 1998, с.85
  11. ДрабкинЯ.С. Революция 1918-1919гг. в Германии. М.,1958. с.50-52
  12. Головачев Ф.Ф. Рабочее движение и социал-демократия Германии в годы первой мировой войны. М.,1960 с.43
  13. О революциях 1918 года в Европе М. 1979г. с.1-17

Кривогуз И.М. «Спартак» и образование Коммунистической партии Германии. М.,1967, с.90-135

  1. Драбкин Я.С. Ноябрьская революция в Германии М. 1967, с.68
  2. Бауэф Р.К. К вопросу о роли Советов в ноябрьской революции в в Германии — Новая и новейшая история, 1956, №6, с. 71
  3. Давидович Д.С. Гамбург на баррикадах. М.,1985. с.21-36
  4. Кенен В. Ноябрьская революция 1918 года в Германии. М. 1958,с.74.
  5. Хорчанский Г. Великий Октябрь и Ноябрьская революция 1918-1918гг. в германии. — «Новая и новейшая история» 1978 №6 с.3-15 .
  6. Драбкин Я.С. Рабочий и солдатский Совет Берлина в ноябре- декабре 1918г. -Новая и новейшая история, 1958, №6, с.31
  7. Драбкин Я.С. Революция 1918-1919гг. в Германии. М., 1967,с.94
  8. Жолдак А. О характере и некоторых особенностях ноябрьской революции 1918 в Германии. — Вопросы истории,1958. №2, с. 128-138 Драбкин Я.С О характере и движущих силах Ноябрьской революции в Германии -Вопросы истории, 1956, №56, с.83-89
  9. Кульбакин В.Д. Очерки новейшей истории Германии. М.,1962, с.99
  10. Первый всегерманский сьезд рабочих и солдатских советов 16-21 декабря 1918г. М., 1934, с.259-261
  11. Германская история в новое и новейшее время т.2. М. 1970, с.34-39.
  12. Кривогуз И.М. «Спартак» и образование Коммунистической партии Германии. М. 1962, с.90
  13. Либкнехт К. Избранные речи, письма и статьи. М, 1961,с.479- 482
  14. Полтавский М.А. Баварская Советская Республика. М. 1959, с.15-19.
  15. Драбкии Я.С. Становление Веймарской республики. М. 1978, с.163
  16. Полтавский М.А. Баварская Советская Республика М, 1959, с.28-29

52.Ленин В.И. Полное собрание сочинений т.38, с.393

  1. Застенкер Н. Баварская Советская Республика М., 1934, с.112
  2. Ленин В.И. Полное собрание сочинений т.38, с.354-355

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Деректер

  1. Ключников Ю.В., Сабанин А. Международная политика новейшего времени в договорах и декларациях ч.2. М., 1926
  2. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы Хрестоматия I — бөлім, Алматы 1997
  3. Либкнехт К. Избранные речи, письма и статьи М., 1961

 

  1. Первый всегерманский съезд рабочих и солдатских Советов 16-21 декабря 1918 г. М, 1934
  2. Пик В. Избранные речи, письма и статьи М., 1967
  3. «Спартак» во время войны: документы М., 1933
  4. Тельман Э. Избранные речи, письма и статьи т.1-2 М., 1958

Зерттеулер

  1. Аленин Ф.Г. Советы в германской революции М., 1934
  2. Бауэр Р.К. К вопросу о роли Советов в ноябрьской революции Новая и новейшая история — 1956, №6
  3. Вопросы рабочего движения в Германии в новейшее время Саратов 1965
  4. Германский империализм и милитаризм М., 1965
  5. Головачев Ф.Ф. Рабочее движение и социал-демократия Германии в
    годы первой мировой войны М., 1960
  6. Давидович Д.С. Гамбург на баррикадах М., 1985
  7. Драбкин Я.С. О характере и движущих силах Ноябрьской революции в Германии — Вопросы истории, 1956, №5
  8. Драбкин Я.С. Рабочий и солдатский Совет Берлина в ноябре- декабре 1918 г. -Новая и новейшая история, 1958, №6
  9. Драбкин Я.С. Революция 1918-1919гг. в Германии М, 1958 Ю.Драбкин Я.С. Ноябрьская революция в Германии М., 1967

11.Драбкин Я.С. Четверо стойких М, 1985

12.Драбкин Я.С. Становление Веймарской Республики М., 1978

ІЗ.Драбкин Я.С. Проблемы и легенды в историографии германский революции (1918-1919) М., 1990 Н.Жолдак А. О характере и некоторых особенностях Ноябрьской революции 1918г. в Германии — Вопросы истории, 1958, №2 15.3астенкер Н. Баварская Советская Республика   М., 1934 іб.ЗубаковЛ.И. Германияв 1918-1923 годах М., 1945 П.История международных отношений и внешней политики СССР т.1, М., 1986

18.Кенен В. Ноябрьская революция 1918 года в Германии М., 1958 19.Кривогуз И.М. «Спартак» и образование Коммунистической партии

Германии М., 1962

2О.Кульбакин В.Д. Очерки новейшей истории в Германии М., 1962 21.Кучинский Ю. История условия труда в Германии М, 1949 22.Революциях 1918 года в Европе  М, 1979

23.Орлова М.И. Германская революция 1918-1919 гг. В историографпи

ФРГ М., 1986

24.Полтавский М.А. Баварская Советская Республика М., 1959 25.Розанов Г.Л. Очерки новейшей истории Германии М., 1957