ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Х–ХІІ ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Алматы , 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………3
1 Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ…………………………………………………………………………………7 1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны…………………………………………………………………………………………7 1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы………………………………………..14
2 ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ МЕН ӘДЕБИЕТІ…………………………………………………………25 2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы……………………………………………………………………………………25 2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухаи мәдениетінің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашғари…………………………………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………..43 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..45
|
|
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процессінде шешуші рөлге ие болды десек қателеспейміз.
Қархандар әулеті мемлекеті дәуірі мәдени дамуы жағынан гүлдену процессін бастан өткізгені белгілі. Алайда осы мәдени гүлденуге ислам дінінің әсері, мәдени өрлеу процесін жүйелі түрде бағалау мәселесі де зерттей түсуді талап етеді. Себебі осы күнге дейін европацентрезм тұрғысынан Орта Азия мен Қазақстан халықтары осы кезенде мұсылмандық ренессанс құбылысында бұл процеске толық қосылмайды тек, “Шағылысты Ренессанс” (конрат) түрінде мәдени дамуды бастарынан өткізді деген пікір қалыптасты. Бұл дегеніміз араб – мұсылман мәдениеті келгенге дейін аталған аймақта өзіндік мәдени даму үрдісі болмаған.
Бұрынғы кеңестік тарихнамада қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі бағаланбай келді. Дүние жүзілік мәдениеттің дамуы тек отырықшы өркениет пен шаруашылық жүргізуге байланыстырылды. Адамзат мәдениеті мен техникалық барлық жетістіктері еуропалық өркениетке ғана теңелді. Қазақстан тарихы Орталық Азия елдерінің түрік халықтары тарихынан оқшаулатылды. Бұл сарын «ресми» тарихнамада кең таралды. Бірақ, ол біркелкі дамыған жоқ. Археология, этникалық антропология, этнография, ертедегі және ортағасырлар тарихы саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары осы кезде де мойындалмай отырған көптеген еңбектер жарыққа шықты. Социализм дәуіріндегі ғылыми әдебиетті қабылдамау керек, себебі онда идеологиялық өзгешіліктердің таңбалары сақталған, кәсіби емес деген пікір бар. Алайда бұл зерттеулердің тым идеологиялануын ескерген күнде де бұл әдебиеттерден бас тартуға болмайды. Себебі олар біріншіден тарихи ой-пікір эволюциясын зерттеу үшін маңызды деректеме, екіншіден өткен сын көзбен қарауға қажет болатын нақты тарихи ақпарат.
Республикамыздағы бетбұрыс кезеңінде орын алған өзгерістер тарих ғылымының алдына жаңаша міндеттер қойды.Плюрализм жағдайында түрлі әдебиеттер пайда болды. Тарих тақырыбына жазылған бұл еңбектер арасында этникалық, саяси, әлеуметтік тарихтың күрделі мәселелері кәсіби емес, әуесқой деңгейде шешілетіндері аз емес. Ал, мұндай ғылымнан алыс зерттеушілер шынайы тарихты бұрмалап, тарих ғылымының ғылыми негіздеріне де нұқсын келтіреді.
Қоғамның объективті тарих біліміне ыңта-ықыласы мен қажеттері, қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығңын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер дайындалуы керек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысымызды жазу барысында қарахан мемлекетінің басқа көшпелі түрік елдерінің арасында қарахан мәдениетінің биікке көтерілгенін дәлелдеу. Осы мақсатымызға жету үшін бітіруші мынандай міндеттерді шешуді көздейді:
— Қарахандар кезеніндегі мәдени мұрасының ерекшеліктерімен тән қасиеттері
— Қарахан кезенідегі исламның таралуы.
— Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны.
— Х- ХІІІғғ қалалар мен қала мәдениеті
— Қарахандар кезеңіндегі материялдық мәдениет ескерткіштері.
— Қарахандар мемлекетінің ғылым мен әдебиеті.
— Саманитердің Қарахан мемлекетінің мәдениетінің ықпалы.
— Қарахандар кезеніндегі рухани мәдениетінің ұлы тұлғалары : Жүсіп Баласағұн, және Махмұд Қашқари
Мәселенің зерттелу деңгейі: Проблеманың нақтылы зерттелуі мен оның тарихнамасы өзара байланыста екендігі белгілі. Қарахандар әулеті құрған ортағасырлық осы мемлекет тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеле бастады. Әсіресе орыс академиялық шығыстану мектебінің жетістіктері мен оның өкілдері Х.Д.Френ, И.Н. Березин, В.В.Радлов, В.В.Бартольд есімдерімен тығыз байланысты. Алайда, біздің отандық зерттеушілердің қосқан үлесі зор, олардың ішінде Байпаков К.М. Нуртазина Н.Д. Қарахандар әулеті мемлекетінің зерттелу денгейін төмендегідей кезендерге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңді Х.Д.Френ зерттеулерінен бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі зерттеушілер еңбектері құрайды. Осы кезеңде қарахандар тақырыбына қатысты мәселелерімен айналысқан орыс және шетел тарихшылары А.К.Казам-бек, П.С.Савельев, В.Г.Тизенгаузен, В.В.Григорьев, Г.В.Вамбери, Б.А.Дори, Г.Г.Хворс, Ф.Г.Скрайн, Е.Д.Росс [1;14-б]. т.б. есімдерін атауға болады. Осы кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасай келе, олардың көпшілігі қарахандар әулеті билеушілерінің шығу тегі, олардың титулатурасы, саяси тарихының кейбір мәселелері мен зерттеліп отырған династия билеушілерінің генеологиялық және хронологиялық кестесін жасау сияқты мәселелер шегінде зерттеулер жүргізгенін көреміз.
Екінші кезеңді XX ғасырдағы зерттеушілердің еңбектері құрайды. Осы екінші кезеңдегі зерттеушілер еңбектерін шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады деп есептейміз. Мәселен XX ғасырдың бірінші жартысы мен ХХ ғасыр екінші жартсынан кейін жарық көрген еңбектер тобы. Бірінші аталған уақыттаға қарахандар әулиеті мемлекетінің зерттелу деңгейі тікелей ірі шығыстанушы, атақты ғалым В.В. Бартольд есімімен тығыз байланысты. Жалпы алғанда қарахандар тарихының зерттелуінде В.В. Бартольд еңбектерінің өзі түтас бір мектеп тәрізді маңызды орын алады. Зерттеуші бірінші болып қарахандар аулиеті тарихына қатысты шығыс авторларының мәліметтерін пайдалана отырып оларды саяси тарихын мүмкіндігінше толықтай жазып шықты В.В. Бартольд [2;48-б]. кейбір деректерді ғылыми айналымға бірінші болып енгізді. Бұл туралы тиісті тауарларды сөз болады. Осы кезенде қарахандар тақырыбына қатысты кейбір мәселелер туралы А.Ю. Якубовский [3]., археологиялық жағынан М.Е.Массон[4]. зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы зерттеушілер еңбегіне тән ерекшеліктер реттінде қарахан әулиеті мемлекетінің тарихына қатысты жазба деректердің мәліметтері мен археологиялық, нумизматикалық деректерді кенінен пайдалану тән. Осы кезенде аталған мемлекеттің саяси тарихи біршама толықтай жазылды.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі зерттеулер көбінесе археолог ғалымдардың есімімен байланысты. Осы кезендегі Қазақстанмен Орталық Азия территориясындағы орта ғасырлық қалалар мен қалалық қоныстарғңа жүргізілген археологиялық зерттеулер мәселенің көптеген қырларын жаңаша тұрғыдан түсінуге көмектесті. Әсіресе қарахан әулиеті мемлекеттінің әлеуметтік – экономикалық дамуы, саяси құрылымымен мәдени өмірінің көптеген мәселелері ашыла түсті. Осы мәселеге қатысты зерттеушілердің еңбектеріне еңбегіміздің ІІІ-тарауында кеңірек тоқталамыз.
1983 жылы Фрунзе қаласындағы қырғыз тарихшысы О.Қараевтың қарахандар әулиеті мемлекетінің тарихына арналған монографиялық зерттеуі жарық қөрді. Бұл еңбекте қарахандар мемлекетінің осы уақытқа дейінгі зерттелу тарихына қатысты көптеген мәселелерді саралап, осы мәселенің бұдан былайғы зерттелуін тірек нысанына айналды.
Қарахандар әулиеті тарихына қатысты еңбектерді ХХ ғасырдың соңында жарық көрген еңбектер құрайды. Бұл еңбектер әсіресе отандық, Қазақстандық тарихшылардың есімдеріне байланысты осы уақытқа дейінгі қарханда әулиеті мемлекетті тарихында аталған әулиетін шығу тегіне қатысты мәселе әлі күнге дейін басы ашық күйінде қалып отыр. қарахан әулетінің шығу тегіне, құрылу тарихына қатысты тың тұжырымдар ұсынады. Аталған зерттеуші қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейтін «Қарахандар шежіресін» ғылыми айналым деп атаған. Аталған зерттеуші қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейді «Қарахандар шежіресін» ғылыми айналымға бірінші болып енгізді [5].
Қарахан мемлекетінің көптеген мәселелері зерттелген, мәдени дамуына да зерттеушілер назар аударғанын көреміз, бірақ тыс қалған мәселелер – Қарахан мемлекетінің мәдениетінің өрлеуі тек ғана ислам өркениетіне қосылғаннан болды ма, әлде жергілікті көшпелі түрік халықтарының әсері де болды ма? Сонымен қатар, екінші назар аударатын мәселе – қарахан мемлекетінің мәдениеттің өрлеуі – толық түрде мұсылмандық рененсансқа кіреді.
Зерттеу жұмысының деректік негізінде – археологиялық деректер және Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашқаридің еңбектерін пайдаландым. Сонымен қатар мұрағат құжаттарының жинақтарында жарияланған деректерді пайдаландым [6].
Сонымен, Қарахандардың саяси және әскери табыстары Орталық Азия территориясында исламның кеңінен тарауына ықпал етті. Қарахандар тұсындағы Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашқари еңбегінде «Диуани лұғат ит түрік» — күллі түрік дүниесіндегі саналуан ұлттар мен ұлыстардыңі мәдени тектестігін, рухани туыстығын, адамзат өркениетінің туыстығын тарихы тұрғыдан мәлімет береді [7]. Шығыс Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашқариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: Усми – Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен өзеннің аты» [8].
Зерттеудің методологиялық негіздері. Диплом жұмысымда алға қойылағн мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін тарих ғылымының әлемдік және осы заманғы методологиясының тәсілдерін пайдалануға ұмтылдым. Мәселелер тарихилық, обьективтілік тұрғыдан салыстырып қарау принципіне негізделіп қарастырылды. Бір мәселеге қатысты бірнеше зерттеу еңбектерін қатарластыра алып, салыстыра тексеру, анализ – синтез тәсілін пайдаландым. Демек жұмысымды жазу барысында тиімді методологиялық тәсілдерді пайдалана отыра, дұрыс ғылыми негізделген тұжырымдар жасауға ұмтылдым.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысы X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, Орта Азияның шығыс бөлігі аумағында Амударияға дейінгі аралықта құрылған қарахан әулеті мәдениетіне арналған.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (II тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
- Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ
- Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процессінде шешуші рөлге ие болды десек қателеспейміз.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерацмясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге Жетісуда, яғма тайпалары Нарыннан оңтүстікке таман мекендеген. Кейінірек, ХІ ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман – Іле өзенінің алқабында өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барысхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды [9].
Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан – байтақ аумақта саяси оқиғалармен, сондай – ақ Қарлұқ қағанатының жалпы, ІХ ғасырдан ХІІ ғасырдың басына дейінгі дәуір Орталық Азия үшін отырықшылық пен көшпенділіктің, егіншілік пен мал шаруашылығының біртұтас әлеуметтік – экономикалық және мәдени құрылым шеңберінде табиғи түрде өзара ықпалдастығының дәуірі болды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – отырықшылық аумағы үздіксіз кеңеюмен болды, мұның өзі қоғамның жалпы прогресімен, егіншілік – мал шаруашылығы қорының, сауданың дамуымен және этникалық біртұтастықтың қалыптасуымен байланысты еді [10].
“Ұлы Жібек жолы” — Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Қазіргі жоба адамзат тарихы бойынша Шығыс пен батыс халықтарының арасында қалыптасқан тұңғыш бейбіт қарым – қатынас сырын жан – жақты зерттеп білуді мақсат етіп отыр. Ол осы «Жібек жолы» көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға септігін тигізеді.
«Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдерінде жұмсаған князі Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен ұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Қытайдан батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VІ – VІІ ғасырларда барынша жандана түсті. Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VІІ ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктердің ауқатты қағандары теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп бұл жолға айналды да VІІ — ХІV ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның не анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше мәнін дойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VІ – VІІІ ғасырларда негізгі жол сарабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан – шұңқыры – шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталмаған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтеді. Дегенмен ІХ – ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египед пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланады.
Алайда, ол жол ХІІІ – ХІV ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің және басқасаяхатшылардың талап – талғамдары реттеп отырды.
VI ғасырдың ортасында Орта Азияны өзіне бағындырған түркілер Ұлы Жібек жолының елеулі бөлігін бақылауына алған болатын. Жібек саудасындағы олардың басты делдалдары орталығы Самарқандта болған Зеравшан даласының Соғдылықтары мен Бухара мен Сирия аралығын қадағалаған парсылар болды. Жібек маталардың негізгі тұтынушысы Византия болды. Жібек саудасы түрік қағандары мен Соғдылық көпестерге үлкен табыстар әкелді. Түркілер қытайлардың төлеген алым – салықтарын, әскери олжаны осы соғдылықтардың қолымен өткізіп отырған.
Түріктер мен парсылар арасында саяси, экономикалық байланыстар болған. Сондай – ақ түркілер арасына, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда әсіресе, Иран әлемінің рухани мәдениетінің бір көрсеткіштері зороастра және манихей діндері таралды. Арабтар Иранды жаулап алғаннан кейін, парсылар арқылы Х ғасырларға таман ислам діні таралды.
Жібек жолының Орталық Азиядағы бөлігі Газгирдтен басталып, Испиджабқа, Таразға, одан соң Құланға, ары қарай Навакетке, Баласағұнға және Бедел мен Ақсу өткелдері арқылы Ферғана жазығына, ал Адахос және Дех Нуджикес қалалары арқылы қимақтарға баратын. Осы жерден сауда жолдары Енесейге, хакастарға әр үш жыл сайын жібек керуендері барып тұрған.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ арқылы Янкигентке бағыт алатын және Усбаникет, Кедер,Сығанақ керуен жолдары қаратаудың солтүстік баурайындаға қалалар Балджа мен Созаққа, ол қалалардан бетпақдала арқылы Дешті Қыпшаққа барады. Янкигенттен қимақтарға қарай жол жатты. Ол Сарысуға Ұлытау бөктерлеріне және Есіл жағалауымен Ертіс жазығына апаратын. Х ғасырда Іле жазығы арқылы керуен жолдары салынды. Бұл жерге Шу жазығынан Қордай мен Қастек Санташ өткелдері арқылы өтуге болатын еді. Талхизде керуен жолдары бірнеше тармақтарға ажырады. Оңтүстік Іле жолы Есік, Шелек қалалары арқылы Кегенге, ары қарай Шығыс Түркістанға барды. Шелектен шығатын тағы бір жол қазіргі Жақсылық мекеніне, тамғалы – тас шатқалына, одан ары қарай Екі Өгіз және Қиялық арқылы Алакөл жағалауы мен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтарға баратын.
Испиджаб, Кедер, Отырар, Янкикент, Тараз, Баласағұн, Талғар, Қиялық, Сығанақ сияқты қалалар орталықтары болды. Испиджабта базарлар және мата Отырар оазисі жайлы Х ғасырда араб деректерінде: “Фараб – бай аймақ, оның басты қаласы Кедер деп аталады. “Бұл көпестердің бас қосатын орны”, — деген мәліметтер бар [11]. Кедерді (Құйрықтөбе) археологиялық жағынан зерттегенде сауда сәкілері – дүкендер көрсетілген.
Сырдарияның төменгі ағысында Янкигент (жаңа кент) белгілі сауда орталығы болды, онда Хорезм көпестерінің сауда қонысы болған.
Транзитті сауданың ең ірі орталығы Тараз болды, ол жөнінде деректерде: “мұсылмандардың түріктермен сауда жүргізу орны”, немесе “көпестер қаласы”, — деп көрсетіледі. Тараз көпестерінің Исфанда өз сауда бекінісі болса, ал Исфахан тұрғындарының Шелжіде, Талас жазығында бекіністері болды. Түркі халықтарында әсіресе қала мен дала арасындағы сауданың маңызы зор еді. Бұл сауда екі жаққа да тиімді болды. Бұл жөнінде сежұқ деректерінің бірінде “көшпенділердің өздеріне табыс түсіретін тауарлары мен заттары ртырықшы жұрттың пайдасын, малшылығы мен байлығын арттыратын негізгі көз болып табылды, — деп көрсеткен.
Жәрмеңке түріндегі сауда көшпелілер дүниесімен шекарааралас қалалар – Сауран, Янкигент, Дех – Нуджикесте барынша қарқынды жүрді. Дех – Нуджикес арқылымал және мал шаруашылығы өнімдері Испиджабқа түсіп отырған.
Сауран оғыздарымен сауданың басты орталығы болды. Ибн Хаукал: “оғыздар саудамен Сауранға келіп тұрды” [12].деп көрсетеді. Сондай – ақ оғыздар Янкигет арқылы Хорезммен сауда жасайтын.
Оазистер мен қалалардың тұрғындары дала халықтарынан мал жылқы, жүн, иленбеген тері, киіз, текемет, сүт өнімдері және құлдар алып тұрған. Кейбір қалалар көшпелілерден алынған тауарларды өңдеп сыртқа шығарумен айналысып отырған. Әл – Микдиси: “Шаштан жоғары сапалы игерген (былғарлары) ер тоқымдар, жебе қорамсақтары және шатырлар шетке шығарылды. Түркілерден тері әкелініп, иленеді… Ферғана мен Испиджабтан – түркі құлдары мен ақ маталар, қару – жарақ, қылыш және темір әкелінеді, Тараздан – ешкі терісі, Шельджиден – күміс, Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен қошқарлар әкелінеді”, — деп жазады [13]. Әсіресе, түрк жылқылары жоғары бағаланды. Қимақтар жылқыларын әр түрлі қалаларға апарып соғып отырған. Түрік қойлары аса жоғары бағаланды. Истаханидің хабарлауы бойынша: “Хорасанға қойлар холождардан түсіп отырды, ол Мәуреннаһрға ет оғыздар мен қарлұқтардан… оларға қажет мөлшерден едәуір көп әкелінді.
Көшпелілер саудасының маңызды саласының бірі – муснус (хош иісті зат) пен ақ терілер [14]. және сондай – ақ құлдар болды. Дала халықтары қалаларға сондай – ақ металл да әкеліп тұрды. Металл өндірудің орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан еді. Әл – Идриси қимақтардың темір, күміс пен алтын өндіріп отырғаны жайында айтады [15]. Өз тауарларының орнына көшпелілер қала қала орталықтарынан киім, мата, астық, қола қолөнері заттары мен сән – салтанат бұйымдарын алып отыратын үйлер болған. Бірқатар үзілістермен ІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Испиджабта теңге шығып тұрды. Отырарда теңге шығарды. 1967 жылы аршылған Самарқанд көмбесінен 222 – 232 жылдарға жататын Брабтық саманилік теңгелері табылған. Осындай теңгелер Отырар мен Құйрық төбе қалаларын қазғанда да табылды [16]. Бұл қаладағы теңге үйі қарахандар мен хорезмшахтар тұсында да тоқтатпаған. Сондай – ақ Фарабтан 1164 – 1173 жылдарға жататын қарахан теңгесі табылды, ол зерттеушілердің пікірі бойынша 1210 – 1211 жылдарға дейін шығарылып тұрған. Бұған қоса 1210 – 1217 жылдары Отырарда соғылған Мұхаммед ибн Текештің теңгелері белгілі. Сонымен қатар жақында Ясыдан Хорезмшахтар мемлекетінің теңгесі табылды. Талғар қаласынан табылған Сүлейман ибн Даудың теңгесі ХІ ғасырда Жетісу, Орта Азия және Таяу Шығыс қалалары арасында кең сауда байланысарының болғанын дәлелдейді [17].
ІХ – ХІІ ғасырдарда Батыс пен шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы бұрынғысынша әрекет етті. Бірақ енді одан көптеген жаңа тармақтары – Сырдария, Талас, Шу, Іле бойында орналасқан қалалар мен солтүстік – көшпелі халықтарға қарай жолдар тартылатын болды.
Сонымен, мұсылман дәуірінде (VIII – XIII) Орталық Азия халықтарының тұрмысында айтарлықтай өзгерістер болған. Бұл өзгерістер негізінен отырықшылықтың маңыздылығының артуы мен қалалық өмірдің өрістеуінен, қалалар түрінің өзгеруімен, қалаларда алғаш рет қоғамдық моншаның пайда болуынан, сондай – ақ, саудаға деген оң көзқарастың қалыптасуынан, сауда жолдарының кеңеюінен және тауар – ақша қатынастарының өсуінен көрініс тапты. Орталық Азия халықтарының тұрмысында орын алған бұл өзгерістер араб – мұсылман мәдениетінің ықпалымен байланысты болды деген қорытынды жасауға болады.
Қарахандар династияның шығу тегі туралы шетелдік және отандық тарихшылардың көзқарастарында ортақ шешімге келген пікір жоқ.
Қарахандар мемлекетінің құрылу тарихына қатысты мәселеге тарихнамалық шолуымызды қарахандар династиясының шығу тегіне арналған дискуссиялар негізінен бастамақпыз. Себебі бұл қарахандар тарихын зерттеу барысында ең күрделі, әрі көп талас тудырған мәселелердің бірі болды. Мұның өзіндік себептерінің бірі қарахан билеушілерінің қандай түркі тайпасынан шыққандығы туралы нақты жазба деректердің болмауы деп түсіндіре аламыз. Сондықтан да болар тарих ғылымында бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер орын алды. Шетелдік ғалымдарда Ж.Дегинь /7/ , ал орыс шығыстанушыларының арасынан алғашқылардың бірі болып Х.Д.Френ /8/ қарахандар династиясын ұйғыр билеушілерінен шықты деп есептеді. Х.Д. Френ шығыс монеталарын сыныптаушы ірі маман еді. Ол Ресейде ең алғашқылардың бірі болып XII ғасырдың алғашқы ширегінде соғылған қарахандар теңгесін жариялады.
Қарахандар династиясының шығу тегін түрікмендермен байланыстыратын пікірді шетелдік бірқатар авторлар, мәселен И.Кмер-Пурешталь, М.Г. Вейло т.б. ұсынды /10/.
Жоғарыда аталған авторлардың барлығы дерлік өз пікірлерін шығыс авторларының қате мәліметтеріне сүйеніп негіздегендері белгілі. Олар келтірген мәліметтердің бүгінде тарихи дерек ретінде жарамсыздығын басқа тарихи дерек көздерінің мәліметтерімен салыстыру анықтап отыр.
Қазіргі кездегі белгілі турколог ғалым С.Г. Кляшторный қарахан билеушілерінің қарлұқтардан шыққандығы туралы О.Прицактың дәйектемелерін қолдай отырып, қарахандар династиясының негізін қолдаушы ретінде Білге Күл-Қадыр қағанды атайды /16/.
Заки Валиди Тоғал қарахандарды көк түріктерден таратады /17/. Автордың ойынша Алтай түркілерінің бір бөлігі Орталық Тянь-Шаньда қаған билігінде болған. 766 жылы Жетісудағы билік қарлұқтар қолына көшеді, ал Қашқар мен Қарашар түргештер мен тоғыз-оғыздардың қолында қалады. Сонымен қатар зерттеуші Тумын-қағанды қарахандар династиясының арғы атасы деп санайды.
Ірі шығыстанушы ғалым В.В. Бартольд қараханидтер династиясын Яғма тайпасынан шықты деген гипотеза үсынған. Автор бірқатар жазба деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, ІХ-Х ғасырлар шегінде тоғыз-оғыздардың бір тармағы яғмалар нарының Оң түстігінен Шығыс Түркістан мен Қашқарға дейінгі аумақты алып жатты, ал олардың билеушісі қарахандар билеушісі сияқты Боғра-хан деген титулды иеленді деп есептейді /18/. Алайда соңғы зерттеулерінде В.В.Бартольд қарахандар династиясы шығуы мүмкін үш халықты атайды: қарлық, яғма, шігіл. Автор қарахандар династиясының қарлұқтың тегі туралы тезисті жақтай түскенімен, бұл мәселе әлі де болса тереңірек зерттеуді талап ететінін ескерткен /19/. О.Прицак В.В.Бартольдтың «Он екі лекциясының» немісше аудармасына сілтеме жасай отырып, қарахандар династиясының шігіл тайпасынынан шыққандығы туралы гипотезаны В.В.Бартольдқа телиді. Алайда соңғы жылдар орысша түпнұсқасынан жарияланған бүл еңбегінде зерттеуші мұндай түпкілікті шешім қабылдамаған. Келесі бір зерттеуші В.О.Минорский В.В.Бартольдтың яғмалар қарахан билеушілері сияқты Боғра-хан титулын иеленгендігін ескере отырып, олар қарахандар династиясының шыққан тегі деген пікірімен келіседі /20/.
Осылайша қарахандар династиясының шығу тегі туралы ғалымдар арасында ортақ пікір болмағанымен, олардың көпшілігі қарахандар билеушілерінің Орталық Тянь-Шань және оған жақын аумақтан шыққанын мойындағандарын көреміз. 1983 жылы Бішкек қаласында «Ілім» баспасынан жарық көрген белгілі қырғыз тарихшысы Ө.Қараевтың «История караханидского государства» монографиясы осы мемлекеттің тарихына арналған бірден бір толыққанды еңбек болғандығын айттық. Ө.Қараев өз
монографиясында қарахан билеушілерінің шығуігегі туралы шет елдік, отандық тарихшылардың пікірлерін саралай келе мынандай түйін жасайды. Біз жоғарыда осы проблема бойынша қалам тартқан авторлардың көпшілігі қарахан билеушілерінің Орталық Тянь-Шань мен оның аумағынан шыққандығы туралы ортақ пікірге келгендігін айттық. Осыған байланысты зерттеуші О.Қараев ортағасырлық авторлар мен зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып аталған аумаққа тарихи-географиялық шолу жасай отырып, осында өмір сүрген тайпалардың қарахандар династиясының шығу тегіндегі рөлін көрсетуге тырысқан. Ортағасырлық авторлардың қарахан билеушілерінің шығу тегі туралы нақты мәлеметтер қалдырмауын зерттеуші былай түсіндіреді. Жетісу мен Тянь-Шань тайпалары ұзақ уақыттар бойынша көрші ретінде әртүрлі мемлекеттік қүрылымдар аясында өмір сүрді. Мәселен Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаты. Бұл жағдайлардың барлығы б.з. бірінші мың жылдығының алғашқы жартысында Тянь-Шань мен Жетісу тайпаларының ассимиляцияға түсуінің айтылмас шарты болды. Сондықтан бұлар ортағасырлық авторлар туыстас тайпаларды басқарған қарахандар билеушілерінің шығу тегіне баса назар аудармаған /21/. Зерттеуші ғалым қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінде ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген қарлұқ, яғма, шігіл, түргеш, оғыз-түркмендер, қыпшақ, қаңлы, арғу, соғды, қырғыз тайпалары туралы ортағасырлық авторлар мен зертеушілердің еңбектеріне талдау жасай келе, қарахан мемлекетінің құрамында қарлұқ, яғма, шігіл, түргештердің маңызды рөл атқарғанын, ал басқа аталған тайпалар екінші дәрежелі болды деп қорытындылайды. Осы негізде автор қарахандар билеушілерінің шығу тегі — шігілдер деген қорытынды ұсынады /22/.
Қарахандар династиясының шығу тегі туралы ғылыми пікірталастар бүгінгі таңда әлі де болса ортақ шешімін таппаған проблемалар қатарына жататынына көз жеткіздік.
Қарахандар династиясының шығу тегі мәселенің зертелуіне XXI ғасыр басындағы қазақ ғалымдары да өз үлестерін қосты. Еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты жаңарған тарих ғылымының сүранысына жауап беру үшін тарихи тамырымызды жанталаса іздеген шақта ірі-ірі монографиялық зерттеулер жарық көрді. Солардың бірі белгілі тарихшы, зерттеуші-ғалым С.М.Сыздықовтың қарлық мемлекетінің тарихына арналған зерттеу еңбегінде III тарауы Х-ХІІІ ғасырлардағы қарлық мемлекеті және оның бөлшектелу мәселесіне арналған. Осында қарахандар әулеті мәселесіне арнайы тоқталған /23/.
Зерттеуші қарахандар мемлекетінің құрылуы мәселесіндегі талас пікірлердің басын ашып алу үшін әуелі «қара» атағы мен «қарахандар әулетінің» пайда болу және шығу себептерін ашып алу қажет деп есептейді /24/.
Қысқаша қорытындылай келе қарахандар әулетінің шығу тегі туралы мәселенің зерттелу тарихы әлі де болса басы ашық күйінде қалып тұрғанын көреміз. Әсіресе қарахан әулетінің шығу тегі туралы қарлықтың версияның шындыққа біршама жақындығын байқаймыз. Әсіресе отандық тарихшыларымыздың қарахан әулетінің шығу тегіне байланысты тұжырымдары көпшілік ғылыми ортада мойындалып отыр.
Қарахан әулеті мемлекетінің құрылу мәселесі де қарахан әулетінің шығу тегі мәселесімен тығыз байланысты. Осы орайда бітіру жұмысымызда қарахан мемлекетінің құрылуы мен саяси билігінің күшейе түсуі мәселесіне тарихнамалық талдау жасау мәселені жаңа қырынан аша түседі.
Қарахан мемлекетінің құрылуы мен олардың алғашқы саяси жетістіктері жергілікті халық пен қарахан билеушілерінің ислам дінін қабылдауымен тікелей байланысты.
- Қарахан кезіндегі исламның таралуы
Х ғасырдан, яғни Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап, қарлық бірлестігінде этникалық процесстердің жаңа бір кезеңі басталды. Бір жағынан ислам дінінің қабылдануы, екінші жағынан ХІ ғасырда шығыстан келген миграция толқыны қарахандар билік жүргізген мемлекет ішіндегі этникалық процесстерді одан әрі күрделендіре түсті.
Қарахандар мұсылман дінінен тек өзінің идеологиялық қаруын ғана көрген жоқ, сонымен бірге қоғамды діни бірлік негізінде тұрақтандыруды көздеді: исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік интеграция мен құқықтық тәртіп орнатуға сайды [18]. Қарахандар қоғамы өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы Араб халифаты қоғамына ұқсас еді. Бұл ұқсастық тарихи дамудың жалпы заңдылықтарымен анықталады. Нақ осы қоғамның тарихи дамуы, — деп жазады Т.С.Саидбаев, — арабтарға тәуелсіз жүрсе де, бірақ оған ұқсас болғандықтан, исламды үстем идеология ретінде қабылдауға алып келді және оның топырағына исламды енгізудің негізгі себебі ретінде қызмет етті [19]. Орыс тарихшысы Н.П.Остроумовтың: «Көне арабтардың тұрмысы мен рухани даму дәрежесі Орта Азия халықтарының ішінде Түркістан көшпелілерін еске түсіреді», [20]. Деген сөздері де осы ойымызды дәлелдей түседі.
Сонымен бірге, қарахандардың ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдау фактісін тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарымен немесе мемлекеттің идеологиялық қажеттіліктерімен ғана түсіндіру бұл мәселеге біржақты қарағандық болар еді. Іс жзінде, түркілердің рухани сұраныстарының жауап бергендіктен, яғни діннің негізгі қағидалары халықтың жүрегіне жақын болып, оның діни дәстүрлеріне қайшы келмегендіктен де ислам діні көп ұзамай мемлекеттік дінге айналған болуы керек. Қарахан мелекетінде исламның мемлекеттік дін статусын алуы бұл діннің Орталық Азия халықтарының жаппай дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Мысалы, В.В.Бартольд осыған байланысты қол жазба деректерден алынған (Бағдад жылнамасы) мынадай мәліметті келтіреді: 960 жылы ислам дінін 20000 киіз үйден (кибитка) тұратын түріктердің бір тайпасы қабылдады. Өкінішке қарай, бұл мәлімет тек Бағдад жылнамасында ғана кездеседі екен, ал араб географиялық әдебиетінде де, Самани мемлекетінде жазылған шығармаларда да мұндай мәлімет жоқ. Бізге дейін жеткен мәліметтің көмескілігі осымен байланысты: бұл түрік тайпасы қалай аталғаны, олардың қай жерде өмір сүргені жөнінде ештеме айтылмайды.
VIII ғасырдың екінші жартысы Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың, соның ішінде тайпаларының да, арабтарға қарсы күресіне толы болды.
Исламның Орта Азияда орнығуы ІХ ғасырдың ортасы Х ғасырға жатқызылады. Бұл кезде араб – мұсылман әлемі Қытайдан Пирекей түбегіне дейін созылып жатты.
Түріктер арасына исламның таралуында сауда, миссионерлік насихат, экономикалық жәрдем беру, салықтан босату секілді т.б. бейбіт шаралар да кеңінен қолданылды. Ислам да жергілікті наным – сенімдерге бейімделе қанат жайды. Әулиелер культі, мола басына шырақ жағу, наурызды тойлау т.б. мұсылмандыққа дейінгі әдет – ғұрыптарды ислам өз бойына сіңіріп алды.
Мұсылман әлемінде түріктердің орны өз алдына жеке тақырыпқа арқау болатын мәселе. Мұсылмандар түріктермен жолығыса жүріп, олардың өз айналасындағы халықтармен ортақ тіл таба білетін ғажайып қасиетін атап өтеді. Олар бұл қасиетін жаңа елге жеңушілер есебінде ме, әлде мейман есебінде ме, жолдамалар немесе әскери тұтқын құл ретінде келе ме бәрібір, әйтеуір ұдайы көрсетіп, кезгелген жағдайда да олар басқа халықтардың өкілдеріне қарағанда іс — әрекеттің барша саласында табыспен алға жылжуы ойдағыдай жүзеге асырып отырған.
Мемлекеттік деңгейде түрік қағандарын мұсылмандыққа шақырған алғашқы елшіліктің бірі Әм әун әулетінен шыққан халифа һишам Әбдімәліұлы (723-742) тарапынан жіберілген. Шам шаһарынан түргеш қағанының ордасына келген елшілерді Сұ – Лұ қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый – сияпат көрсетіпті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Он мыңдаған әскері шеру тартып, келген қонақтарға соғыс өнерін көрсетіп жатқанда, қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзаны, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ [Бартольд В.В. ІІ том].
Көпшілік шығыстанушы – зерттеушілер мынадай бір қызғылықты фактіні баса көрсетеді: қараханадар өздеріне көрші түркі тайпаларына, егер олар ислам дінін қабылдайтын болса, өз мемлекетіндегі жерден еркін түрде пайдалануға рұқсат беріп отырған. Сондай – ақ Махмұт Қашқаридің Арслан ханның «дінсіздермен» соғысы туралы мәліметтердің келтіруге болады: Арслан хан жағында 40 мың мұсылман әскері, ал олардың қарсыластары жағында 700 мың әскер болған дәлінеді. Бірақ соған қарамастан қарахандар жеңіске жетеді [21]. Махмұт Қашқаридің еңбегінде келтірілген аңызда дінсіздердің саны едеуір асырылып берілген болуы мүмкін. Алайда Қарахандардың әскери жорығы ғазауат формасында болуының өзі өте маңызды факт.
Сонымен, Қарахандардың саяси және әскери табыстары Орталық Азия территориясында исламның кеңінен тарауына ықпал етті. Қарахандар тұсындағы Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашқари мәлімет береді. Шығыс Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашқариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: Усми-Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен өзеннің аты».
Х ғасырда исламды Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен оғыз халқының бір бөлігі қабылдады. Исламды қабылдаған оғыздардың қолбасшысы – Селжүк өз әрекетін мұсылман қалаларын кәпірлерге (пұтқа табынушы оғыздар) төлеп тұрған алымынан босатудан бастайды. Оғыздардан шыққан селжүк және осман әулеттерінің ислам өркениетіне қосқан үлесі жалпыға мәлім.
1043 жылдың күзінде Орталық Азия даласында көшіп – қонып жүрген түріктердің бір бөлігі мұсылман дінін қабылдайды. «жазда олар бұлғарлармен көрші қонатын, ал қыста Баласағұн маңында қыстайтын», — дейді В.В.Бартольд [23]. Бұл қыпшақ тайпалары болса керек. Олардың жаз жайлауы Еділ бойында, бұлғарлармен көршілес жатқан. Бұлғарлардың қатарында бұрынырақ көршілес жатқан. Бұлғарлардың қатарында бұрынырақ ислам дінін қабылдаған отырықшы қыпшақтар да болған еді. Бұны Плано Карпини мен Гильом Рубрук сияқты еуропалық христиан миссионерлері де көрсетеді. Г.Рубрук өзінің ХІІ ғасырдың ортасында Монғолияға жасаған саяхаты кезінде Еділ өңірінен өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы: «Мұнда Мұхммедтің заңын қай «албасты» (дьявол) әкеліп тастағанына таңым бар» — деп жазады. Жалпы алғанда, түркі тілдес тайпалардың исламдануы біркелкі болған жоқ: Еділ бойы «бұлғарлар мен түркештер ) Х ғасыр бойында жаңа дінге өту қарқынды жүріп, Мәуреннаһр, Хорасан және Таяу Шығыстың мұсылман орталықтарымен тығыз байланыстар орнатылса, ал қимақ – қыпшақ тайпалары бұл істе біраз артта қалып қойды. Бұған себеп болған отырықшы аудандар мен қалалардан территория жағынан алшақтық, көшпенді тұрмыстың басым болуы еді. Алайда бұл тұжырымды біржақты қабылдауға да болмайтын сияқты. Жалпы, Орталық Азияны мекен еткен ірі тайпалардың бірі – қыпшақтардың солтүстік бөлігінің исламдануы жөнінде тарихнамада үлкен дау – талас орын алған. Сондықтан да бұл мәселеге ерекше тоқталуы жөн көріп отырмыз.
Қазақ тарихындағы исламның рөлін барынша төмендететін көрсетуге тырысуға байланысты, кеңес тарихнамасында қыпшақтар ХІІІ ғасырға дейін ислам өркениетінен тыс болды деген пікір үстем болды. Осыған байланысты кеңес идеологтары «пантүрікшіл» ғалымдарға ортағасырлық қыпшақтар тарихындағы ислам факторын асыра бағалағаны үшін алакөздік танытып отырды. «Тек «пантүрікшілдер» ғана емес, сондай – ақ беделді орыс – еуропа ғалымдары да қыпшақтар арасындағы исламның жетістіктерін атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың атақты орыс тарихшысы Н.И.Веселовский «татар басқыншылығының алдында половецтердің басым бөлігі мұсылман дінін тұтынды» — деп жазады [24].
Батыс тарихнамасында орта ғасырлық қыпшақтар көшпелі халықтар ретінде көрсетілген. Бұған А.Ю.Якубовский мен Б.Д.Греков ең алғаш рет қарсы пікір айта отырып, егіншілікпен айналысатын аудандармен шекаралас жерлерді мекен еткен қыпшақтар бірте – бірте отырықшылыққа өте бастады деп атап өткен еді. Мұндай фактілерді Жетісу мен Хорезм тарихынан да көруге болады. Мысалы Жетісуда көшпенділікпен күн кешкен тргештердің, оғыздар мен қарлұқтардың және т.б. көшпелі халықтардың ІХ – ХІ ғасырларда жаппай отырықшылыққа өткені белгілі Бұл процесс түріктермен көршілес соғдылықтар мен хорезмдіктердің елеулі түрде түріктенуіне алып келген болатын [25]. Келес даласын археологиялық және этнографиялық жағынан зерттеген Г.В.Григорьев те осындай қорытындыға келеді. Атап айтқанда ол: «Жалпы алғанда таза көшпенділер болмайды: барлық көшпенді халықтар белгілі дәрежеде егіншілікпен де айналысады», — деп жазса [26]. VI – ХІІ ғасырларда Орхон – Енесей көшпенділердің болмайтындығын білеміз, көшпенділер егіншілікпен және аңшылықпен де айналысып отырған… Біз, көшпенділердің кедейленіп кеткен белгілі жатақтарға айналып отырғанын тарихтан жақсы білеміз, — деп көрсетеді. Кедейленген көшпелілер жайлы Махмұт Қашқари: «басқа жерге көшпейтіндер мен соғысқа қатыспайтындар», дер жазыпты. Сондай – ақ, қыпшақтар қоныстанған аймақтарда, ерте орта ғасырлардың өзінде – ақ ірі – ірі қалалар болғанын ескеру керек, бұл қалалардың халқы археологиялық деректерге сенсек, көшпенділер болмаған.
Шетел тарихнамасында алғашқы кезде жалпы араб-мұсылман дәуірінің әлемдік тарихтағы орны барынша төмендетіп көрсетуге тырысу болды. Әлемдік тарихты еуроцентристік көзқарас тұрғысынан зерттеу салдарынан мұсылман әлемнің өткен тарихын зерттеу шығыстанушылар аз ғана тобының міндеті болып қалды. Алайда ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қалыптасқан бұл жаңа ғылымның өзіде нәсілшіл-еуроцентристік пиғылдың ықпалынан тысқары бола алмады. Еуропалық шығыстанушылар исламды семитік рұхтын тура баламасы көрсеткен тура тұжырымдама ұсына отырып, оны — рухқа қарама – қарсы фанатизімге бой ұшырап артта қалған, ғылыми білімге қарсы, әлемді бүтіндей емес бөлшектеп қарастыруға бейіммін деп айыптады. Көптеген зерттеушілер арабтар мен басқа да мұсылман халықтарын “екінші сорты” ұлттар ретінде қарастырды. Мәселен К.Яснарстің т.б., еңбектерінде орта ғасырлық араб – филасофиясы антика филасофиясын тек жай тасымалдаушы ретінде көрсетіледі. Дегенмен ислам мен ортағасырлық араб- мұсылман мәдениетінің орта, әлем халықтардың мәдени дамуына ықпалын обьективті зерттеуге ұмтылу да жоқ емес [27]. Негізгінен зерттеушілерді араб- мұсылман мәдениеті және түркілер проблемасына дегенде ғылами көз қарастарына байланысты топ-топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншілері түркілердің ислам әлемі тарихтағы орнын мүлде жоққа шығарады. Мұндай зерттеушілер қатарына батыс ғалымдары А.Мюллер, Г.Э Грюнбаум тағы басқаларды жатқызуға болады. Мысалы А.Мюллер “История ислама от основания до новейших времен” атты еңбегінде “түркілер ғазнауйлердің пайда болуы мен хорезм- шахтың өліміне дейінгі аралықтағы адамзат тарихында еш нәрсе жасағңан жоқ. Ислам әлемінде қандай да бір бағалы мемлекеттік және зан шығарушы мекеме жана бір діни ағым, немесе діни түсінік, ешбір ғылыми еңбек әкелмеді. Өнер саласында да ешбір жаналық жасалмады – олардың қолынан тек бас кесу мен атқа міну ғана келеді ”,- деп жазды [28]. В.Бартольдтың айтуынша, түркілердін ислам тарихындағы ең маңызына күдік пен қарайды [29]. Ал кеңестік тарихнама исламды таптық тұрғыдан ортағасырлық Шығыс елдеріндегі үстемтап өкілдерінің еңбекші халықты қанауда қолындағы идеология құралы ретінде бағаланды. Ислам тарихы көбіне бұрмалау мен коньюктуралы саясаттың объектісі болып келеді, басқа бір де бір дінге мұндай көз қарас алмаған. Ал тікелей ислам тарихындағы түркілердін рольі туралы пікірде кеңес тарихшылары В.А. Горлевский, Б.Н, Заходер, Л.А.Семеновалар да жоғарыда аталған шетелдік тарихшылардың түркілерге арналған бөлімінде түркілерге арналған бөлімінде түркілердін исламға жан-тәнімен қызмет етуінің мүмкін еместігін оларды исламды сырттай ғана қабылдауымен түсіндірді. Діни фанатизім оларға жат қозғалыстың негізгі себебі саяси- эканомикалық. болды дейді [30]. Осыған жақын пікірді Б.Н. Заходер, Л.А. Семенова білдіреді. Соғысының айтуынша түркілер тобыры жеребе бойынша борған жерінің құдайын өздеріне танып алды. Басқаша айтқанда, дің тандау мәселесі ең бастан — ақ оғыздар үшін өзіндік болмады. Бұл олардың жетекшіліктерінің нақты саяси қажеттіліктеріне сәйкес орындалады [31].
Ал келесі пікірде түркілерді мұсылман тарихындағы орнына ерекше мән беріп, олардың шын мәніндегі исламға жасаған қызметтерін дұрыс бағалайды. Осы денгейдегі зерттеушілердің қатарына Т.Лейзер, Дж.Гильберт, С. Лень- Пул, К.Босворт, Б.Шнулер жатады С.Лень – Пул. “сельжуктер жабайы жүрегі мен ынты- шынтысымен исламды қабылдап, іріп құлағалы тұрған мемлекеті қайта тірілтуге келіп, шынында да оған жаңа өмір әкелді ”, деген баға берді [32]. Олар ортағасырларда түрік билеушілеріннің қоластында болған аймақтардағы саяси, мәдени бағытарлардағы игерушіліктерді дұрыс бағаларымен, Түркістан көшпелілерінің дәстүрлі мәдениеттері мен таныстығаның аздығынан олардың батыл ғылыми шешімдері қабылдынуын тежейді. Түркілердін ортағасырлардағы мұсылман әлемі тарихындағы алар орнын көрсете отырып, бірақ мұның себебін тұсіндере алмайды.
Шетелдік және кеңестік тарихнамада орын алған ояқылықтардың оның кейінгі кездері, тәуелсіздік жылдары жазылған еңбектер біршама толықтыра түсті. Мәселен зерттеуші ғалымдар Н.Д.Нұртазина [33]. К.М Байпаков, Ж.Ж. Жеңіс. Е.Т.Қартабаева, А.Қыраубаева тағы басқа, ортағасырлық Қазақстан тарихындағы исламның орны оның таралуы мен өзіндік ерекшеліктерін, ортағасырлық қалалық мәдениетің дамуы, түрік билеушілері тұсындағы Иран тарихының саяси мәдени дамуының аспектілерін, араб- мұсылман мәдениетінің орталық Азия халықтарының өміріне тигізген әсері, осы дәуірдегі түркі әдебиеті тағы басқа, проблемаларды жаңа тұрғыдан қарастырады. Осы зерттеулер негізінде Қазақстандық тарихнамалар ғылымында араб-мұсылман мәдениті мен түркілер проблемалары бойынша.
Орталық Азия аймағында мұсылман дәуірінде мәдени өрлеудің болуының басты факторы – ислам дінінің шаруалары мен араб- мұсылман мәденитінің оң ықпалы және түркі халықтарынның мұсылман мәдениетін қабылдауға әзір болуы. Арабтардын келуіне дейін – ақ түркілердің бай мәдени дәстүрінің болуы, олардың жаңа дінді қабылдай отырып мәдени дамуында жаңа сапалы сатыға көтерілуіне негіз болды.
Арабтар түркілер жеріне жаулап алу соғыстарын жүргізбеді. 751 жылғы Талас шайқасы түркілерге емес, керісінше түркілер мен бірге отырып Қытай экспансиясына қарсы бағытталады.
Қалалы мәдениет пен отырықшылдық өмір салты кең дами түсті Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар саны өсіп, Іле аумағында жаңа отырықшы – қалалық мәдениет ауданы пайда балып, ол Орталық Қазақстан аумағына дейін созыла түсті.
Орталық Азия далаларынан шыққан түркілер таяу жаулардан қорғаушыларға айналады. Олар билеушілері мен қолбасшылық дәрежеге дейін өсе отырып, өздері басқарған мұсылман елдерінің экономикалық және мәдени өсуіне ықпал етті.
Тәуелсіз Қазақстан кезінде дүниеге келген бұл еңбектеріннің көпшілігі қарахандар тұсындағы мәдени дамудын исламдық факторына назар аударады. Осы орайда Н.Д.Нуртазина, Е.Т.Қартабаева, А.Қыраубаев тағы басқа зерттеушілерді атады. Н.Д.Нуртазина жалпы орта ғасырлық исламның Қазақстандағы рольі мен манызы шенбірінде қарастырса. Е.Т. Қартабаева араб- мұсылман мәдениеті және Орталық Азия халықтарынның өміріндегі өзгерістерге назар аударады. Сонғы аталған зерттеуші шығыстану ғылымында қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихындағы “Шығыстың Ренессанс” құбылысы туралы европацектристік тұрғыдағы көз қарасты сынға алып, Шығыстын Ренессанстың Орта Азия мен Қазақстан аумағында толық көрініс алғаның көрсетіп береді. Автор оның дәлме ретінде қарахан мемлекет тұсындағы мәдени өрлеу мен гүлдену процесін атайды [34].
Қарахандар әулиеті мемлекеті тұсындағы мәдени өрлеудін, жалпы қарахандар дәуіріндегі мәдениет тарихы толық қазылып біткен жоқ. Әрине ислам дінінің таралуы, араб-мұсылман мәдениті мен түрік мәдениетіміз өзара әсері, осы кезенде өмір сүріп, шығармашылық кен айналысқан ұлы тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы қаламыз мәдениетінің, сәулет өнірінің гүлденуі сияқты мәселелер жеке- жеке проблемалар денгейінде көтерілгендігіне қарамастан жалпы қарахандар мемлекетінің мәдениеті тарихын бір тұтас ғылыми зерттеу объектісі ретінде қарастырған мәселе деуге әлі ертерек.
Қарахандар әулиеті тұсында ислам дінінің қазақ даласына таралуы мен оның ерекшеліктері Қожа Ахмет Яссауи есіміне байланысты Яссауи мұрасынның зерттеушілеріне жаңа жол еліміздің тәуелсіздік алуы мен бірге ашылғандай болды. 1990 жылы 22-23 қазан айында Түркістан қаласында ЮНЕСКО бағдарламысы бойынша “Яссауи әлемі” атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Осы конференцияда Х.А.Яссауи әлемі- өмір сүрген уақыты, оның ілімінің ерекшелігі, исламның орта Азия мен Қазақстанда таралу ерекшелігі, өмірі, мәдени мұрасы туралы мәселелер талданады.
Сонымен, Орталық Азия халықтары арасында VІІІ – ХІІІ ғасырларда ислам діні таралып, орнықты. Түріктерарасында ислам көбіне бейбіт жолмен (сауда жолдары, бейбіт қоныстанушылар және дін уағыздаушылар арқылы) тарайды. Сондай – ақ исламның жергілікті халықтың діни дүниетанымы ретінде қалыптасып, орныққанын біз осы дәуірдегі түрік қалаларындағы мешіттердің көптеп салынуынан, қаза болған кісіні жерлеу салтының орнығуынан, түрік ақсүйектерінің мәйіті қойылған жерлерге мазарлар тұрғызу дәстүрінің орын алуынан, және бұл мазарларға мұсылмандық діни мазмұндағы мәтіндер жазылуынан, мұсылмандық мектептер мен медреселердің ашылуынан, т.б. көреміз.
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1) 751 жылы Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезде ислам, негізінен, қарлұқтар арсында, ішінара таралған еді.
2) Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде Азияға, біріншіден саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мәуереннаһр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
3) Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның солтүстік – батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Иассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген арбтардың жалғыз шайқасы – Талас түбіндегі шайқас түркілермен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.
746 жылы жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанған еді. Ішкі күрес — тартыстан, сондай – ақ арабтар мен болған ұзақ айқастан түргеш қағандары бұрынғы құдірет – қуатынан айырылып қалған болатын, сол себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістандағы уәлиі Као Шиен – Чи 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып, ойрандайды. Шаштың иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап арабтарға барады. 751 жылы Талас жанынағы Атлах қаласы аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Као Шиен – Чи арасында зор арпалыс болады. Айқас бес күнге созылды. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту сыртынан қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретілді. Тарихшы Ибн әл – Асирдің мәліметтері бойынша: «Талас маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 50 мың адам қаза тауып, 20 мыңы тұтқынға түсті».
Талас алқабындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдыр – толайында үлкен тарихи мәні болды. Ол «Таңдық Қытайдың Орта Азия істеріне қол сұғушылығына шек қойды» және түркі халықтарының мәдени бағдары жәйлі мәселесін мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Соңғы жылдары Талас маңындағы шайқас жаңаша тұрғыдан қарастырыла бастады. Бұл шайқаспен байланысты барлық нақты оқиғалардың астарында түркілер жерінде өткен исламның қиыршығыстық (Қытай) өркениетінен орасан зор қақтығысуының терең мәдени – тарихи заңдылығын көре білу керек. Осы кезде Монғолия мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың аймақтағы саяси ақуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан төніп тұрғанын дұрыс түсінген болу керек. Бұл шара сонымен бірге халықтың Қиыр – Шығыстық мәдениет емес, араб – мұсылман мәдениетін таңдауын да көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда ислам өркениеті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт, әрбір кіші – гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды рухани бірлікке шақырды.
Исламды алғаш рет түркі тілді халықтардың ішінде қарлұқтардың қабылдағаны және жаңа өркениетке басқаларынан бұрын тартылған белгілі. В.В.Бартольд «қарлұқтар ислам дінін Халиф Махдидің (775 – 785 жж.) тұсында – ақ қабылдай бастады» — дейді. Сондай – ақ М.Бұлұтай да «775 – 785 жылдары аралығында қарлұқ қағандығы хақ дін исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенім кең тарай бастады. Қалаларда мешіттер салынып, медреселер ашылды» — деп көрсетеді.
Қарлұқ мемлекеті 766 – 940 жылдары өмір сүріп, Х ғасырдың бірінші ширегінен бастап Йағма және Шығыл тайпаларының жиілеп кеткен одақтық шабуылдарынан күш – қуаты әлсірейді. 940 жылы Баласағұн қаласы одақтық күшердің қолына түсіп, қарлұқ қағандығы құлады.
Қарлұқ мемлекетін құлатып, оның территориясында жаңа мемлекет орнатқан әулеттіңғ яғни Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғрахан (915 – 955 жж.) болды және осы әулет алғаш болып ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырады.
Араб – мұсылман мәдениетінің негізгі өзегі болған ислам дінінің пайда болуы терең рухани — әлеуметтік алғы шарттармен және ерте ортағасырлар дәуіріндегі Аравия тайпаларының және бүкіл адамзат қоғамының дамуының барысымен дайындалды. Ислам, бәрімізге белгіл, мұсылмандық Шығыстың, Африканың айтарлықтай бөлігі мен Еуропаның бірқатар халықтарының мәдениеті мен тарихында аса зор мәдени – жасампаздық роль атқарған және әлі де атқарып отырған аса ірі әлемдік дін. Исламға, басқа да әлемдік діндер сияқты проземетизм, яғни өз ықпалын басқа дінді ұстаушылар арасында таратуға ұмтылу тән. Исламның тарихынан көретініміздей, араб халифаты Мұхаммед пайғамбардан және одан кейінгі тақуа халифтер — Әбу Бәкір (632 – 364 жж.), Омар (634 – 644 жж.), Осман (644 – 656 жж.) және Әлиден (656 – 661жж.) бастап өз шекарасын миссионерлік қызмет арқылы, сондай – ақ жаулаушылық соғыстар арқылы да кеңейтуге тырысып отырған. Осының нәтижесінде мұсылман әлемінің шекарасы ІХ ғасырдың басына қарай айтарлықтай ұлғайып, өзіне Солтүстік Африкадан Орталық Азияның межелеріне дейінгі ұлан – ғайыр территорияны басып алды. Араб халифатының территориясының геосаяси кеңейтілуі жаңа жерлер мен халықтарды жаулап алу жолымен жүрген болса (бұл ерте дүние мен орта ғасырлар және жаңа заманның барлық мелекеттеріне тән жағдай), ол жауланып алынған халықтардың іс жүзінде ислам дініне өтуін күштеу жолымен жүргізген жоқ. Көбіне арабтар өздерінеқаратқан жерлердің жергілікті халқы, бұл жерлерде ислам мемлекеттік дін болғанына қарамастан, өздерінің дәстүрлі діндерінде қала берген.
Халифатқа кірген территориялардың исламдану процесі баяу жүрді және оның өзіндік ерекшеіктері болды. Мысалы, Омея әулеті кезінде (661 – 750 жж.) мұсылмандар христиандар мен зорострийліктердің діни ісіне араласпаған. Құранда исламға тек, жаңа діннің басты жауы болып табылатын пұтқа табынушыларды өткізу қажеттілігі жөнінде айтылды. Мұсылмандықты таратуды күш қолданбау «жоқ дінді халықтың көпшілігінің өз еркімен қабылдау процесін тездетті бұл турасында Г.Э. Фон Грюнебаум былай деп көрсетеді: «Ислам әлемі көптеген әр түрлі дини қауымның беибіт қатар өмір сүру мәселесінің шешімін таба білді. «Қасиетті жазбалары бар халықтардың», соның ішінде, ең алдымен, иудейлер мен христиандардың, ал олардан кейін зороастрийліктердің, егер олар билікке, әсіресе олардың атқару өкіметі органдарына қатысуға ұмтылса жеке ісіне қол сұғылмайтын болды».
Ұлан байтақ Орталық Азия Аймағына исламның ықпалы VІІІ – ІХ ғасырлардан бастап тарай бастайды. Исламның бұл аймаққа енуі тез арада іске асқан бір мезгілде акт болған жоқ, ол бірнеше ғасырларға созылған, ұзақ бір процесс болды.
705 жылдары арабтар Амудаиядан шығысқа қарай жатқан жерлерді жүйелі түрде жаулауға көшті. Кутейба ибн Мүслим, ат – Табаридің мәліметі бойынша осы жылы Бсихтың бірқатар аудандарын басып алып, 706 жылы Пайкентке қарай жүрді. Түріктер мен соғдылықтардың біріккен күші араб әскеріне қарсы ойсырата соққы берді. Алайда Кутейба ибн Мусилим одақтастар арасындағы алауыздықты пайдаланып, ақырында қаланы басып алды, бұдан кейін ол Бұқара мен Самарқандты алады. 714 жылы Ферғана мен Исфиджап жауланып алынды. Хорасанның әмірі етіп тағайындалған Кутейба ибн Муслим әл Бахили ақтық деміне дейінгі өмірің Мәуренаһрдың мұсылмандануы үшін жұмсаған.
Мұсылман мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймағында 766 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда саяси үстемдікке қол жеткізген қарлұқтар арасында ең алғаш тарай бастағанды. Олар исламды халиф Махдидтің тұсында – ақ (775 – 785 жж.) қабылдаған деген пікір бар. В.В.Бартольд: «бұл пікір қарлұқтардың тек бір бөлігіне ғана қатысты болса керек, өйткені қарлұқтар мемлекетінің көп бөлігін саманилер тек ІХ ғасырдың ортасынан бастап – ақ өздеріне қаратып, ислам дінін енгізген», — дейді.
Алайда В.В.Бартольд ислам дінінің түріктер арасында тек жаулап алу арқылы ғана емес, керісінше, көбіне бейбіт жолмен тарағанын ескермеген сияқты. Ислам дінінің қарлұқтар арасында бұл ерте тарауын 751 жылғы атақты шайқасымен байланыстыруға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл шайқас Орталық Азия аймағы Қытай мен Аббаси халифаты өкіметінің қайсысына қарайды деген мәселені ғана емес, ол сондай – ақ бұл аймақ халықтары қиыршығыстық және араб – мұсылман өркениеттерінің қайсысының ықпалына түседі деген мәселені де шешіп берді. Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар бұл жерде тек бір горнизонын қылдырып, ол басым бөлігі Мәуереннахрға қайтып кеткені белгілі. Алайда еркіндік сүйгіш түріктер осы оқиғадан кейін өздеріне қауіп қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай – ақ Талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер олардың дінімен танысады, өйткені осы кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігін ойлаған түріктер оны өз еріктерімен қабылдаған.
Сондай – ақ, Талас өңірі мен Жетісуда ислам дінінің VІІІ ғасырда – ақ тарай бастауын, бұл аймақтың Ұлы Жібек жолындағы маңызды аймақ болғандығымен де түсіндіруге болады. Азияда ислам үстемдікке жетісімен – ақ мұсылмандар бұрынғы сауда жолдарымен сауда керуендерін жөнелте бастады. Қытай тарихынан біз мұсылман керуендері VІІІ ғасырларда – ақ қарлұқтар елі арқылы жоғары Енесейге, Қырғыздар еліне барып тұрған, мұсылман деректерінде де, Орхон жазбаларында да, осы сауда жолдары туралы мәліметтер кездеседі: Саян жотасы Орхон жазбаларында да, мұсылман деректерінде де Кегмен деп аталады. Сондай – ақ Ертіске баратын екі жол туралы да мәліметтер бар. Арабтар, ірине, көбіне сол дәуірдегі негізгі бәсекелесі, аса қуатты мемлекет – Қытайға баратын сауда жолдарын көп зерттеген, сондықтан да осы жол туралы және оның бойында тұратын түрік тайпалары туралы мәліметтер мұсылман деректерінде өте көп. Исламның басты артықшылығы, әрине, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі негізгі өркениеті халықтар арасындағы мәдени бірікшілігіне байланысты еді. Дала халықтары әр кез отырықшы елдердің өнімдеріне, әсіресе, киім – кешек, тұрмыс бұйымдарына зәру болды. Отырықшы елдер мен далалықтар арасында болған саудада, ол қай жерде жүрмесін – Қытайда ма, мұсылман елдерінде ме, көшпенділер мен сауда отырықшы қалықтарға да тиімді болған, олар көшпенділерден анағұрлым арзан бағаға мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе ет алып отырған. Орта Азиядағы түркілерге шекаралас жатқан мұсылман елдері үшінде өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы болды, Хорезм шеберханаларында дала халықтары үшін арнайы маталар шығарылып отырған. Түріктер арасында исламды таратуға ортаазиялық көпестер үлкен рөл атқарды. Махмұт Қашқари өз “көпесі” бар адамды білдіретін “баста” деген терминді келтіреді “Баста” белгілі бір мұсылман көпесімен байланыста болады, оны жақсы біледі. Көпес үнемі соның үйіне тоқтайды, оған ислам елінен киім – кешек, әйеліне орамас, бұрыш, тары, жүзім және жаңғақ әкеліп тұрады.
Таяу Шығыс, Парсы елі және Орта Азиядан келген көпестер жай ғана көпестер емес еді, олар пайда табуды ғана көздер қоймай, сондай – ақ дін мәдениетті таратушылар да болды. Сауда мен дін ол дәуірде бір – біріне қайшы келмеді. Сауда керуендерімен немесе бейбіт қоныстанушылар дін уағыздаушы және саяхатшылар ретінде арабтар VIII ғасырдың өзінде – ақ Орталық Азияға – Ертіс бойындағы қимақтарға, Енесейдің жоғарғы арасындағы қырғыздарға, шығысындағы – ұйғырларға, батыста – бұлғарлар мен Хозарларға дейін жетті.
- ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ МЕН ӘДЕБИЕТІ
Қархандар қағанаты кезенде ғылым мен әдебиетіннің дамуына үлкен ықпал жасаған ол ирандық династиясы – Саминидтер династиясы болады. Саманидтер мемлекетікекі мәденитің синтезін өзімен құрметтеді: көшпелі және отырықшы.
Самандтер дәуірі – бұл класикалық фарсытілінің поэзиясының дамыған кезі Фарсы тілінде тәджік – персидтік классик Рудаки поэзия жазды.
Саманидтер астанасы – Бұхара мұсылмандардың ең ірі орталығы болды. Бұл жерде белгілі тұлға әл- Фараби Бағдатқа Бармай тұрып.
Исламның туындау терең рухани — әлеуметтік алғышарттармен сипатталып, Араб тайпаларының қоғамдық эволюциясының барысында даярланды. Ислам діні мәдениет тудыруға күшті энергия берді. “Арабтар Мухаммед пайғамбардың уағыздарын қабылдап, санаулы он жылдықтар ішінде, әскерлері ойлай – да алмаған империя мен мәдениет құрды.
Қазақстан Иран мен Орта Азияға қарағанда арабтардың әскери отарлау обьектісі болмады.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның халқының мұсылмандыққа өтуі қарахандар әулеті тұсына жатады.
Х ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы біржолата басымдылыққа ие болды. Қалаларда мешіт міндетті құрылысқа айналды. Құйрық – төбе қалашығында ашылған ең алғашқы мешіт Х ғасырға жатқызылады. Әл – Максиди Исфиджаб, Тараз, Мерке, Құлан, Атлах қалаларын мұсылман қалалары деп суреттеп, ондағы мешіттің барлығын растайды. Сонымен қатар кітапта тарих, география, этнография, поэзия, фольклор, түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, олардың тарихи фонетикасы мен граматикасы т.б. жайында келтірілген материялдар мен айтылған. Ойлар аз емес.
Қарахан қағанатының түркілері өзінің тілі мен көне дәстүрін мақтан тұтты. Мұсылманша тамаша білім алған ғалым, ақсүйек Махмуд Қашқари өзінің энциклопедиялық еңбегі “Диуан луғат ат түрікті” түркі тайпаларының тілі мен этнографиясына арнаған. Қарахан әулеті өзін “Афрасиаб үйі” деп атаған, сонымен өздерінің түріктік шығу тегін басып көрсетіп отыр. Түркілер мекендеген Оңтүстік Қазақстанның, Жетісу мен Шығыс Түркістанның қалалары сауда – қолөнердің, мәдениттің дамыған орталықтарына айналды. Мысалы: бір Шаштың (Ташкент) өзінде, төрт мыңдай мешіт болған. Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бұл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен көрінді. Суй(589-618), ал содан соң Тан(618-907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының( Иран мен Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының( түрік қағанаттары), шығыстағы адамдар патшасы( Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы- мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнер кәсіп патшасы деп те аталады; сәйгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалыққа бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан соң арабтардың патшасы, екіншісі(ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды.
Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқандқа жақын жердегі Кушания қонысындағы үйдің қабырғаларына салынған әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде- қылай императорлары, екіншісінде- түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.
Әрбір халықтың бір нәрсесімен атақты да даңқты екенін ақындар былайша суреттейді:
Біліп қойған, арабтардан өлеңде ешкім озбайды,
Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең,
Ем-домымен жан-дүниеңді қозғайды.
Сауық-сайраүнділердің мекені,
Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді,
Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен,
Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың
Қашан да артық бәрінен.
Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII- IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыштау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Самара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.
Сол бір алыста қалған оқиғалардың замандастары болған түрлі елдердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа жеткені туралы ғана емес, қайта өз халқының өзгелер мәдениеттернің қазыналарын қалай меңгергені туралы жазған, бүкілбүкіл дүниежүзілік мәдениеттің нақты бір түрінің негізгі мазмұны да міне осында болған еді. Езілгендер мен кедейлерге жанашырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты, дүниеқоңыздық пен екі жүзділікті әшкерелеген, парсының атақты сопыақыны Жалалиддин (1207-1273) сөздері мәдениеттердің өзара әсері, өзара стамдылық пафосына толы. Руми былай деп жазған: « Түрік пен үндінің ортақ тіл табысуы қандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат-жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседіғ Демек, ынтымақтылық тілі – мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымақ ортақтығы қымбат». Сондықтан Конье қаласында қайтыс болған «жүрек дінін» жырлаушыны соңғы мұсылмандардың, хритиандардың, иудейлердің, буддистердің шығарып салғаны тегін емес.
Қолданбалы өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндеме товрлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің Шығыс және Батыс елдеріне тарлуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта ғасырлардағы өзінше бір «эстарда» өріс алды. Қызықты ойын-сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқы мазақтардың,фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өенерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ- «дене қимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұғады», — деп жазды Эразм Роттердамский. Грек василевсіне де, Киев князіне де, түрік қағанына да, қытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетіген.
Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестірлермен толықтырылып отыған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдағы ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын ақсүйектерінің бірі Сюань- цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябқа жақын жердегі өз ордасында елшілер қабыдауының суреттелуі сақталған. «Қаған, -деп жазады осы рәсми көзімен көрген буддалық тауап етуші Суань- Цзянь, *шарап қойып, музыка бастауға әмір берді… Осы уақыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа бөледі». Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың – Шығыс Түкістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болғаны мәлім, Кучаның, Қашғардың, Бұхара мен Самарқандтың, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүлерімен ұштасып кетті.
Иран, соғды және түрік актелеріҚытайдың хореографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер – жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйгілі болды. «Батыстың секігіш билері» әдетте Ташкенттен келген, иран үлгілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. « Шаш биін» алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарына зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар « құйындай ұйытқыған Батыс қыздары» биін де орындады, онда алқызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздар секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрді.
Мысалы Константинопольге Шығыс артистерінің «гастрольге» жиі шығып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонақасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал салжұқ сұлтаны ІІарсланның құрметіне І Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстүр мұсылман елдерінде неғұрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп ойын көрсетілгені мәлім.
Жібек жолы бойындағы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театрмәдениеті саласындағы өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар- тан заманынан биші жігіттері мен қыздары, бетперде киген актерлер, түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамбльдер бейнеленген теракоталар жиынтығы. Бұл артистер көпшілігінің бет-әлпеті ОртаАзия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшаның, Афрасиабтың, Топыраққаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджиекнтте – биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындағы Кедер қаласын қазған кезде Х- ХІ ғасырлардағы артистің саздан жасалған бетпердесі табылды.
Бұхараның медресесінде
білім алған. Бағдат қаласында мәдениеттің орталығы болды. 762 жылы құрылып, сол кездегі ғылымның орталығы болады.Қарахандар әулиетінің мемлекет билігіне келу қарсаңы мен оның бастапқы кезеңдегі саяси оқиғалар және олардың сипаты сол әулетнің негізін қалаған кімдер екенін білуге көмектеседі. Сондықтан қарахандар әулеті келгеннен бастап, өзекті мәселеге айналған, олардың саманиттермен қатынасын қарастыру қажет [35].
Саманидер мен қарахандар әулиеті арасындағы тартыс, оның алдындағы қарлықтармен саманидтердің Мауреханнахр үшін таласының заңды жалғасы болып шықты .
992 жылы қарахандар Бұхараны алды және Маураннахрғңа (үшін таластының заңды жалғасы болып шықты) балып кірді. Осы кезде саманидтер Джендті алып күшейген селжұқтардың көмек сұрады.
Селжұқтар саманид Нұқ ибн Мансұрға (976-997) көмек берді. Нәтижесінде Бұхараны саманидтер қайтарып алды [36].
Алайда саманидтер мен қарахандар арасындағы шармыс бұдан кейін күшеймесе әлсіреген жоқ. 996 жылы Али Арслан хан ұлы Наср саманидтерге жаңадан жорық ұйымдастырды. Саманнидтер бұл жағдайда өздерінің вассалы газневидтерден көмек сұрады. Бірақ та газневид Себек тегін қарахандар мен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде, бүкіл Сырдария бассейні қарахандар қолына көшті.
Соғды жазуы – батыс түріктері арасында кең тараған жазу. Соғдылық құжаттардың әліпбиі алдыңғы Азиядан Парсы арқылы Шығысқа тараған Семиттік, нақты айтсақ, арамейлік жазбадан бастау алады және Иран тілінің солтүстік – шығыс тобына жатқызылады.
Осы арамей шрифтінің түркілер мен Иран тайпаларының арасына таралуы, әрине, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда қатынастарының дамуымен тығыз байланысты болды. Яғни, Ұлы Жібек керуен жолының жазудың, жалпы рухани мәдениетінің алмасуына қосқан үлесі зор.
999 жылы саманидтер астанасы Бұхара Наср ибн Али жорығы нәтижесінде қайтадан қарахандар қолына кетті. Соңғы саманид Абу Ибрахим Мунтасирдің елжұртармен одақтасып, Мауреннахрде қайтадан саманидтер билігін орнату үшін күресі нетижесіз аяқталады. 1005 жылы Абу Ибрахимнің өлімінен соң, саманидтер толық ыдырап, жерді қарахандар мен газневидтер иеліктеріне бөлінеді. Сөйтіп, бұлардын арасында шекара Амудария өзені арқылы өтті.
Жалпы жоғарыда келтірілген қарахандар мен саманидтер арасындағңы бірлестік күес түріндегі қатынастардың түп- тамыры ертеден, яғни қарлықтардың Орталық Азияда билік құрған кезінен басталғаның көруге болады. 840 жылы қарлықтар көсемі Испеджаб әмірі. Білген Күл Қадырхан “жабғу” атағын тастап, өзін “қаған” деп жар салғанда самандитер билеушісі Нұқ ибн Асад “қасиетті соғыс” жариялан, Испеджабты жаулап алуы, 893 жылы саманид Испид ибн Ахмедтің Таразды алуы, ал 904 жылы. Білге Күл Қадырхан ұлы оғымлықтың саманидтерге қарсы жорығы және оның жиені Сатук багра- ханның саманидтер көегімен Оғымақты жеңіп, Тарыз, Қашқар және Баласағұн қалаларын алу- қарлұқтары мен саманидтер арасындағы бұл тартыстардың Қарахандар әулиеті тұсында жалғасын тапқаның көрміз. Сөйтіп, 840-1005 жылдарғы қарлық- саманид қатынастарын екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі, 840-942 жылдарғы үкімет басына келтірумен және ислам дінінқарлықтарға қабылдануы мен нәтижесі, екінші, 943-1005 жылдар аралығындағы қарлық конфедерациясындағы тайналар құрған қархандар әулетінің саманидтерді толық женіп, олардытарихтың саяси сахнасынан аластатуымен аяқталады. [37].
Түркілердің мәдени – рухани байланысы Мауренахрдағы тілі мен шығу тегі басқа, бірақ мұсылман ирандық тайпалармен де Бағдад – Арабхалифатының астанасымен де жоғары дәрежеде дамыды. Түркілер арасынан көптеген ислам мәдениетін жетік меңгерген араб – парсы хатымен еңбектер жазған Абу Наср әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмед Яссауи т.б. сияқты ғалым – ағартушылар шыққан.
Осылайша түркі мәдениеті, тілі, діні, ойлау қабілеті, әдебиеті мен фольклоры, тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі көрсеткіші бойынша дамуы барысында Иран – араб рухани мәдениетімен тығыз байланысты, өзара алмасуда болған.
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениетінің ұлы тұлғалары: махмұт қашқари және жүсіп баласағұн
ХІ ғасырда Қазақстан тарихын зерттеуде маңызды орынға ие болатын М.Қашғаридің “Диуани лұғат ат – түрік” атты еңбегі. Ол түрік халықтарының орналасуы жайында мәліметтер бере отырып қыпшақтарға да тоқталған, М.Қашғаридің еңбегі қыпшақтардың тілін зерттеуде өте құнды еңбек болып саналады. Орта Азиядан шыққан ежелгі филолог және саяхатшы түріктер қоныстанған территорияларды аралап жүріп, өз көргендерін нақты жазып отырған, оның еңбегі 1074 жылы жарық көрді.
Түркі тілдерін дүние жүзінде ең алғашқы зерттелген – энциклопедист, ғұлама ғалым Махмұт. Ол – Хусайн ибн Мұхаметтің баласы. Әкесі Барысқанда туған, кейін қызмет бабы мен Қашқарға барып тұрған да (әскери басшы қызметте істеген сияқты, баласы Махмұт, мүмкін сол қалада туған болу керек осыдан барып ныспысы Қашқари атаған). Шамалап айтқанда, ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымдарынан, ақсүйек әулетінен шыққан. [38].
Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершілік үлкен орталыққа айналған Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның не бір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқан, Мерві, т.б. тұрып) білім алған Махмұт өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Классикалық араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдинетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесіне өте жетік білген.Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген. Махмұттың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тілі» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
М. Қашқаридың өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бірлі- жарым деректерді оның дүние жүзіне белгілі бір-ақ еңбегінен алуға болады. Еңбек «Диуан Луғат-ат-түрік» деп аталады (1070-1074 ж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне де) «Түркі тілдерінің жинағы» («Диуан» — жинақ деген сөз) «Түркі тілдерінің сөздігі» (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әрқилы аударылып жүр.
Махмұт ибн Хусайн бұдан бұрын «Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап» дегентағы да бір еңбек жазған сияқты (автор оны «Диуани» атап өтеді), бірақ ол әзір табылған жоқ. «Диуанның» да түпнұсқасы жоғалып кеткен, бізге жеткен жалғаз нұсқа-көшірмесі 1266 жылы жасалған қазір Стамбұлда сақтаулы («Диуан» 1914 жылы сол жерден табылған болатын).
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: «Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралар шықтым, сөз жинадым, әралуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істердітіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін». [39]. Махмұт Қашқари XI ғасырда дүниеге келіп, Шу,Талас өңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол – ұлы әдебиетші ауыз әдебиеті үлгілерін жинап зерттеуші ойшыл философ, белгілі саяхатшы. «Түркі тілдерінің жинағы» (Диуан Лұғат ат түрік) кітабінің авторы. 1072-1074 жылдары жазған. Өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. Сөйтіп түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасап шыққан. «Диуани лұғат ат түрік» тек түрікше –арапша түсіндірме сөздік емес, ол түркі тілдері зертттеуде теңдесі жоқғылыми еңбек. Бұл сөздік ХІ ғасырда Қарахан дәірінде дүниеге келген мұра. Махмұт Қашқари сөздігі бүкіл түркі тайпаларының сөздігінқамтыған сөздік болды. Егер, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде ғылым байлығымен күнәсіз өмір сүру негіздері жайлы ғылымды дамытқан болса, Ахмет Яссауи «Диуани хикмет» шығармасында қоғамдағы қажетті әлеуметтік –тұрмыстық тәртіпті айқындап, тақуалық пен опасыздықтың мәнін ашты. Ал Қашқари «Диуани лұғат ат түрік» еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы да көптеген тарихи мәліметтер келтіреді. Махмұт Қашқаридың бұл еңбегі үлкен энциклопедиялық шығарма екендігіне және онда аса бағалы да құнды дерктер берілгендігіне күмән жоқ. Диуани 29 тайпаның аты аталды. Ол адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік мораль, этика, ұлтшылдық мәселесін сөз етеді.
Қорыта айтқанда Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари тағы басқа қалдырған бұл рухани мұраларының кейінгі ұрпағы үшін баға жетпес асыл қазына екендігіне үлкен мән бере отырып, барлық түркі халықтарына ортақ энциклопедиялық тұрғыда жазылған аса құнды мұралардың бірі деп танып білеміз. Араб мұсылман мәдениеті тұсындағы ғұламалардың саны өте көп. Әпсаттар Дербісәлиев өз еңбегінде елуден астам ғұламалар аттарын еңбектеріне талдау жасаған. Осының барлығы гүлденген араб мәдениетінің жаулап алынған территорияларына тигізген әсері. Араб мұсылман мәдениеті осылайша тек Қазақстанға ғана емес ондаған елдерге де әсер етті. Бұл мәдениет жаулап алу жорықтарының нәтижесі, жетістігі, жемісі десек те болады.
Махмұт ибн әл-Хусайн сол кездегі (кейін өзі әңгіме ететін) түркі тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Румнан бастап шығысқа қарай санап өтеді: печенег, қыпшақ, оғыз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, йабаку, татар, қырғыз. Орналасу тәртібі жағынан қырғыздар Шын мемлекетімен көрші отырған. Одан әрі (күншығысқа қарай) чығыл, тухси яғма, танут, қытай елдері орналасқан. Одан әрі тауғаштар тұрады – олар машын елі болып есептеледі, М. Қашқари еңбегінде сөз болатын тілдер, әрине, осы айтылған жиырма тілмен ғана шектелмейді. «Диуанның» өн бойында басқа түрлі халықтардың аты аталып, олардың тілдерінен мысалдар келтіріп отырады. Олар арагідік араб тілімен байланысты қаралады. Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін М. Қашқари өзі қарта жасаған (Бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта). Бірақ күні бүгінге дейін ол картаның сыры ашылмай келеді. М. Қашқари әкесінің туған жері «Барысқан» көрсетілген, дәл ортадағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында жеке жазылған. Азды – көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағанда, ол картаның жүрек тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағы түгел сиған, оның бір сыпыра қалалары мен өзен – сулары атап көрсетілген. [40].
Қарахан мемлекеті тұсында қала мәдениеті аса қарқынды дамиды. Қалалар – сауда, дін, ғылым, әдебиеттің орталығына айналды. Отырар қаласы, араб – парсы жазбаларындағы Фараб, өз кезінде аса бай кітапханасы бар ірі мәдени орталық болған: Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орын алған.
Қарахан дәуірде көшпелі халық көшпеліліктің үшінші кезеңіне өтті. Зерттеуші К.М.Байпақовтың пікірі бойынша бұл кезеңнің негізгі белгілері – жартылай отырықшылдық, феодализм, мемлекеттілік, дамыған мәдениет пен жазу, қалалардың өркендеуі еді.
Кітапты Махмұт классикалық араб филологиясының үлгісімен араб тілінде жазған. Ол өзі «кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахмадтың «Китабу-л айн деген еңбегінің ізімен түздім» деп атап өтеді. Зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, Абу Абдур Рахман Әл-Халил бин Ахмед бин Аир Тамим әл-Азди әл-Фарагиди әл-Яхмади әл-басри (717-791 ж.) таланты ақын, дарынды ғалым, араб метрикасының негізін салған / әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған. «Китабу-лайн» деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұлама екендігін танытқан. Кітаптың былай аталу себебі – ондағы сөздік айн әрпінен басталған. Осыдан барып М. Қашқаридың грамматикалық (фонетикалық, морфологиялық) суреттемелері қазіргі біздің түсініктерімізге қарағанда біршама өзгеше болып келеді.Бұл мәселе өз алдына ғылыми зерттеулер жазуды қажет етеді. Көпшілік оқушыларға оны айтып түсіндіру өте қиын. [41].
В.В. Бартольд М.Қашқари жөнінде «Орта Азия туралы жазба материалдар арқылы емес, сол елмен қолма-қол араласып, тікелей байланысу жолымен еңбек жазған жалғыз араб авторы еді» дер көрсеткен. Бұл – аса орынды айтылған сөз, бірақ оның «араб авторы еді» дегені – жансақ, ол – арабша жазғанымен, қайталап айтқанда, түркі тайпаларынан шыққан, Іле бойын жайлаған елдің перзенті. В. Радлов М. Қашқари «Түркі тілдерін салыстырмалы – тарихи әдіспен зерттеушілердің алғашқы » болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғас мынадай бір жағдайды да айта айта кеткен орынды: қазіргі жалпы тіл білімнің «салыстармалы-тарихи әдісі» дейтін саланың негізгі түп қазығы болып табылатын неміс ғалымы Франц Бопп (1791-1867 ж.) 1816 жылдан бастап еңбектер жаза бастаған еді («Үнді – еуропа тілдерінің салыстырма грамматикасы» т.б.) Оның ісін жалғастырушылар көп болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі- неміс Якоб Гримм (1785-1863 ж.). Ол «Неміс грамматикасы» (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен салыстырып зерттеген. Сол үшін Ф.Энгельс Я.Гриммді герман тілдері – салыстырма грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалаған (астын сызған – мақала авторы). Мәселенің ең бір өкінішті жері – осы салада тер төккен мамандар салыстырмалы – тарихи әдістің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашқари сияқты данышпан алыптаң қаламынан туғанын білмеген еді. [42].
Қолжазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған 1-кітап әліп әрпінен басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналғңан. 2-кітап дауысты дыбыстары (әліп, уау, йай әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріптің екірет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әріпінен басталынатын сөздер туралы баяндалады. 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздерді, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8- кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет етеді. Әр кітапты Махмұт ибн хусайн “есім сөздер” және “атістік сөздер” деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөліп отырған. “Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазды М.Қашқари, — мен арап тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаланады” (1,455) “Түрік тілінің арап тілінен ешқандай кемдігі жоқ” деген пікірін де автор осы жерде айтып келді. [43].
Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері бойынша түзілген. Әр сөз арап тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалу жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі-халық аузынан жиналған ақыл – кенес беретің, насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететің парасатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, қанатты да қанағаты тіркестер, қалып алып кеткен ойлар, тұрақты сөз орамдары, өлендер, әдеби үзінділер (олардың түрлері мен мазмұн, жанр т.б. ерекшеліктері жайында жеке пікір айтуға болады). Сонымен қатар кітапта тарих, география, этнография, поэзия, фольклор, түрік тайпалары, түрік тілдерінің топтастырылуы, олардың тарихи фонетикасы мен грамматикасы т.б. жайында келтірілген материялдар мен айтылған ойлар аз емес.
Немістің шығыс зерттеушісі Г.Бергштрессер Махмұттың еңбегін Ибраhим Исқақ ибн Ибраhим әл-Фарабидің (916 ж. Қайтыс болған) “Араб тілінде жазылған әдеби шығармалардың жинағы” деп аталған кітабының ізімен түзелген болу керек деген ойға келеді (К. Броккельман да осы пікірге қосылатын сияқты). Мәселенің бұл арасы беймәлім. Бірақ А.Н. Кононов мынадай тұжырым айтады: “М.Қашқари-талай кітап оқыған, терең білім тоқыған, зердесі жетік, эрудициясы мол адам болғандықтан, кімнің де болса ізіне түспей, өз бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өзінің әдістемесін жасап, оны жетілдіріп, түкі тілдерінің өзіндік табиғатын тандауға бейімдеп отырған” [44].
Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді: “Түркілердің оқтарынан сақтау үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстану әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол-олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыластана құлақ қояды, өздерін жарық ұстайды, оларға зарар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында жүрген басқалардың күнәсі болса, hәм кешіріп жібереді” (1,43). “Сенімді бір бұқаралық ғалымнан және нишапурлық басқа бір сенімді ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім – деп жазады М.Қашқари одан әрі. — Олар бұл сөзді Пайғанбар айтыпты- мыс дегендей қылып айтып еді… “түрік тілдерін үйрен, үткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемдік құрады” — деп еді”(1,44) Ұлы филолог Махмұттың жан- жүрегін тербеген арман осы түрік тілдерін үйрету болған. Оның сол кездегі Шығыс әлемінің, қала берді Батыстың қайсы бір түпкір-түпкіріне кең жайылып келе жатқан араб тілінде жазуы да тегін емес тәрізді. [45].
Бұл қысқаша бір әңгімені академик А.Н. Кононовтың сөзімен аяқтаймыз: М.Қашқаридың “Диуаны” – көптеген түрік халықтары мен олардың тілдері жайында алтындай жарқыраған өте байыпты да тамаша байқауларға толы жиhаз, яғни теңдеуі жоқ қазына”.
Зерттеліп отырған сөздің түр-тұлғасы мен мағыналық ерекшеліктері мен қолдану аясын ашу үшін М.Қашқари келтірген мысал өлеңдер тұтасымен алынған текст емес, үзінділер. Олар мағынасы мен құрылысы жағынан әрқилы. Үш том кітаптың ұзына бойына шашырап, әр жерде бір жазылған (бір жерде екі жол, екінші жерде төрт жол т.т. – одан артық емес)
Өлеңдер халық аузынан жиналған. “Диуанда” соның үзінділері ғана тұрады. Әр қос таған мен әр төрт тағанның айтайын деген ойы (мазмұн- мағынасы) әртүрлі. Тұтас оқып тұрганда кісі өзара тоқайласып жатқан әралуан ойдың үстінен шығады, оны бірден түсіну кейде оңай да емес. Әр тағанның айтар ойын (мәнісін) өз алдына жеке бағалау қажет сияқты.
Кейбір зерттеушілер осы өлендердің кейбір жолдарын жекеленген ақындар жазса керек деген де пікір айтады және Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” поэмасы туралы мәлеметтер өте аз. Ол туралы мәлеметтерді оның поэмаларының кейбір үзінділерінен және шығармаларының алғы сөзінде, екі жерінде, біреу- прозада, екіншісі – жырларында, кездестіруге болады. Бұл алғы сөз оның өз қолынан жазылғанына кейбір зерттеушілер күдік келтіреді. [46].
Орталық Азияға исламның келуімен бұл аймақ халқының да, яғни негізінен көшпелі малшылардың психологиясында байқала бастайды. VII ғасырдың басында исламды қабылдауды ұсынған түріктер араларында бірде – бір қолөнерші, “шаштараз да, ұста да, тігінші де” жоқ халық, егер исламды қабылдап, оның барлық шарттарын орындайтын болса, қалай күн көрмек деп жауап берген еді. Алайда, VIII ғасырдың екінші жартысында – ақ көшпелі және жартылай көшпелі қарлұқтар, оғыздар және басқа да түрік тайпаларының арасында исламның таралғаны жөнінде жоғарыда айтып кеткен едік. Жаңа діннің ықпалымен аймақ халқы арасында отырықшы өмірге қолөнер мен саудаға деген оң көзқарас қалыптаса бастады. Бұған сол дәуірден бізге жеткен негізгі деректердің бірі, Қарахан мемлекетінің атақты идеологы Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” атты дастанын оқи отырып көз жеткіземіз.
Жүсіп Баласағұни өз заманының ең бір білімді адамы және өз елінің көреген сасаткері бола отырып қала мәдениеті мен отырықшы өмір салтын жақтады, ол көшпенділік өмір тек қана тұрақсыздық, берекесіздік тудырып отырады деп түсінді. Өз еңбегінде ол егінші мен қолөнерші көшпенді малшыға қарағанда қоғамға анағұолым пайдалаырақ деген ойды айқын түрде жеткізеді. Билеушіге халықтың әр түрлі топтарына қалай қарау керектігін үйрете отырып, ол көшпелілерге сенімсіздікпен қарауға ашық түрде шақырады. Жүсір қолөнершілер мен егіншілер мемлекетке анағұрлым сенімді деген көзқарасты сіңіреді, ал көшпенділерге барынша қырағы, қауіппен қарауға үйретеді. Жүсіп халықтың бірінші тобы екіншісіне қарағанда “өмір ережелерінде”, құлық пен адамгершілік жағынан басым түседі, — дейді. Автордың бұл көзқарасын назардан тыс қалдырыуға болмайды, өйткені ол іс жүзінде көшпелі мал шаруашылығымен салыстырғанда қоғамдық өнердің анағұрлым жоғарғы формаларына қарай беталысты көрсететін еді. [47].
Мемлекеттің экономикалық күш – қуатын нығайтуға тырыса отырып, Жүсіп Баласағұни, сондай – ақ, сауданың дамуына ерекше маңыз береді. Ол Иран мен Қытай арасындағы сауда жолдарының торабында орналасқан (Баласағұн мен Қашғар делодалдық керуендік сауданың ірі орталықтары болды, сауда Қарахан мемлекетіне аса зор пайда түсіріп отырды) мемлекет үшін сауданың аса маңыздылығын бар болмысымен түсінді. Дастанның басты кейіпкерінің бірі — Өгдүлміштің аузымен Баласағұни елік Күн – тоғдыға тек заң мен ізгі істерге иек артып қана қоймай, сондай – ақ биліктің мәңгі тірегі – ақша мен алтынның билігіне сүйенуді өсиет етеді және де, егер мемлекет тарапынан сауда керуендеріне мықты қолдау көрсетілетін болса, алтын мен күміс қазынаға саудай ағылып құйыла береді, деп үйретеді. Жүсір Баласағұнидің бұл ойлары тек арман – қиял емеседі, іс жүзінде бұл дәуірде Орталық Азияда сауда жанданғанын, соың нәтижесінде керуен жолдарының жаңа тармақтары салынғанын біз деректерден білеміз.
Қолдағы бар мәлеметтерге сүйенсек, Жүсіп Құз-Орда денген атпен белгілі, орналасқан жері әлі толық дәлелденбеген, Баласағұн қаласында дүнйеге келген. Яғни бұл қаланы Жетісудан, анығырақ айтқанда, Шу өңіріндегі Тоқмақ қаласының маңынан іздеу керек. Белгілі қазақ тарихшысы У.Х. Шалекеновтың пікірінше, бұл қала Жамбұл облысында Ақтөбе төбешігінде орналасқан.
Баласағұн қаласы Қараханидтер мемлекетінің сауда, қолөнер орталығы орналасқан ең ірі қалаларының бірі болған. Бұл мемлекет этногеннетика жағынан түрік руларының бірлестігінен құралып, Х ғасырдың бас кезінен бастап үш ғасыр өмір сүрген. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық негізгі көшпелі мен отырықшы шаруашылыққа байланысты құралған Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұн, кезінде Отырар (фараби), Шаш (Ташкент), Тараз Шу өңірі, Ыстықкөл төңірігі, Ферғана мен Қашқарды қамтыған, белгілі дәрежеде мәдениет орталығы болған Фараби, Қашқар, Бұхаралық білім алған. Араб, парсы тілдерін жетік меңгерген ол, білімнің әртүрлі салаларында филасофиялық – ғылыми еңбектер жазған. Сол кездегі зиялы қауым көп нәрседен хабардар болып, пәлсафа мен ғылым, поэзия мен саясатпен айналысқан, шахмат ойнауды білген. Өмірден кең көлемде мол тәжірбе алған ол, Қашқари келеді де, осы жерде 18 ай болып, бас алмай поэтикалық шығарма жазып шығады. Түрік филасофы Р.Р Араттың мағлұматы бойынша, поэманы жазып бітіргенде автор 54 жаста болған. Осылай деп алсақ Жүсіп Баласағұн біздің ғасырдағы 1015-1016 жылдарында туған болады. Түрік тілдес халықтар поэзиясын зерттеген А.Дильачардың пікірі бойынша, ол 1018 жылы туған. Осылардың ортасын алса Баласағұнның туған жылы 1017 жылы деп атауға болады. Өзінің әйгілі еңбегін ол Қараханид әулетінең шыққын Табғаш Боғра- хақан- Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-хаджиб- “сарай министірі” немесе “бас кәмергер” дәрежесін алған. Өкінішке орай Жүсіп Баласағұнның қандай адам болғандағы, ұстаздары, серіктері мен жақындары, сол кездегі шығармашылық эволюция атмосфера мен идеялық көзқарастары жөніндегі мәлеметтер өте аз, көпшілігі бізге жеткен жоқ.
“Құтадғу білік”поэмасы Батыстағы әлемге австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болды. Қолжазба 1796 жылы Стамбулда оның қолына түсіп, оны Вена кітапханасына сыйға тартты. Бірінші басылымы наміс тілінде басылып, оған белгілі шығыстанушы Г.Вамбери түсініктеме береді. Поэманы ғылыми негізінде В.В Радлов 1891-1910 жылдары түп- нұсқаны аудармамен салыстыра отырып, зерттеп шықты. [47].
Поэманың кейбір үзінділері орыс тіліне бірінші рет С.Е. Малов аударып шықты. Еркін аудармасы “Ғылым бағытқа ие” деген атпен 1971 жылы Н.Гребнев арқылы жүзеге асып, К.Каримов “Құтадғу білікті” 1896 жылы өзбек тіліне аударды. Р.Р. Арат осы үш қолжазбаның (Вена, Каир, Намаган) негізінде үлкен зерттеу жұмысын жүргізіп, 1947 жылы ғылыми жинақты жазып шықты. “Құтты ілім” атты “Құтадғу білігтің” толық тексен орыс тіліне С.Н. Иванов (М. 1983 ж.) аударып шықты. Жекеленген бәйіттердің басылымы академиялық дәрежеде акдемик А.Н. Кононов пен С.Н.Ивановтың редкциялық етуімен жүзеге асты. 1970 жылы Ленинградта “Құтадғу білігке” арналған IV-түркологиялық конференция өтіп, онда бұл ескерткішті терең зерттеудің ауқымын кеңейту қажеттілігі аталынып өтті.
Баласағұн шығармашылығын жалпы мәдени орта көлемінде алғашқы араб халифатының құрылуымен байланысты зерттеу керек екенін алғаш неміс ғалымы Отто Альберт ұсынды, ол Баласағұн көзқарасының әйгілі ғылым Ибн-Синамен байланысын, атап айтқанда, оның этика туралы көзқарастарының ұштасып жататыны туралы айқындамасын ұсынды. Сонымен қатар Альбертс Аритотель мен Жүсіптің этиксын салыстырып зерттеуге әрекет жасады.
Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В. Бартольд пен С.Е. Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалым Е.Э. Бертельс пен А.Н. Самойлович, А.Н. Кононов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Бірақ бұл ескерткіш лингвистика, әдебиеттану және тарихи мәдениет саласында құнды бола тұрса да, шығыстың ойшыл ғалымының еңбектерін зерттеу көбнесе тарихи – филологиялық жоспарда жүрді. Ғалымдар еңбектің философиялық тұрғыдан зерттелуін ұлғайтудың қажеттілігі туғанын атап көрсетті. Баласағұнның «Құдатғу білігі» сол кездегі ресми әдеби тіл – араб тілінде емес, түркі халқының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Мұны Баласағұнның ана тілге сүйіспеншілігі, халықтың төл перзенті, шынайы өкілі деп білуге болады. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айрыла қоймаған ортаазиялық қараханидтер әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да бұл еңбек көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А.А. Валитова. Бірақ «Құтадғу білік тек қана саяси трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен мәдениет салаларында дамуын да көрсетті. Бұл еңбек автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының тереңділігін, адам хұқының сол замандағы дамуын көрсетеді. Жалпы алғанда, Баласағұн еңбегі кең көлемдегі философиялық мінез–құлықты, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді.
Жүсіптің өмірге деген көзқарасының үш жақты түбірі бар: ол – философиялық, шамандық, исламдық. Ол екі мәдениеттің парсы-тәжік (Рудаки, Фирдоуси) пен түркі поэтикасынан жазбаша да ауызша да нәр алған. Біріншіден Жүсіп Шығыстағы Ренессанстың жалпы процесінен шықпаған, оның еңбегінде шығыс перипатетизмі көрініп тұрады. Бұл жерде Аристотельден басталатын, әл-Фараби мен Иби-Сина жалғастыратын құдретті мәдени-философиялық дәстүр тұр. Олардың «Құтадғу білік» авторына еткен зор ықпалы өте жоғары деп, жоғарыда көрсеткеніміздей неміс шығыстанушы О. Альбертс атап өткен болатын. Бірақ орта ғасырдағы шығыстың идеялық парадигмасы тек қана «Кәсіби» философтардың дәрежесінде ғана көрініп қойған жоқ. Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» поэмасы түрік тіліндегі мұсылман дінін үгіттейтін бірден- бір ежелгі еңбек болып есептеледі деп атап көрсетті А. Н. Кононов. Поэманың философиялық негізінде мұсылмандық элементтер қалыптасқан, деп есептейді ол. А.Н. Кононовтың айтуынша, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» поэмасы әзірге, ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман идеологиясына негізделген және сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма [48].
Ж. Баласағұн Омар Хайям, Навои, Насими, Рудаки, Фирдоуси сияқты атақты ақындардың философиялық шығармаларынан нәр алған. Еңбегінде сол кездегі поэзия тіршілігінің өзіне тән белгілері білінеді: бір жағынан- ақындар шығармаларында ақыл- ой парасаттылығының көркемдігі мен білігі тұрғысынан көрінсе, екінші жағынан осы аталған философтар өзінің ақыл- ой парасаттылығымен сопылық белгілерін жеңілдетуге тырысты.
Әдебиет пен поэзия философиямен бірге әлемді тануда белгілі бір қызмет атқарады. Философия ұғымы поэзиямен бірге идеологиялық дамудағы өте ежелгі және ұзақ тіршілік ететін дәстүр болып табылады. Орта ғасырдағы Шығыстың ақындарын тек қана әдебиетші емес, философиялық ойшыл өкілдердің қатарына қосуға болады.
Жүсіп Баласағұнның әлемді танудағы көзқарасын анықтайтын екінші нәрсе, ол- исламға дейінгі әртүрлі сиынушылық зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық. Осылардың ішінде көшпелілер мен отырықшы халықтың арасында шамандық сенім басымырақ екенін «Құтадғу біліктен» көбірек байқаймыз.
Жүсіп Баласағұнның шығармасынан біз шаманизмдік, дұрысын айтқанда, түрік бастамаларын көріп отырмыз. Олар көне, исламға дейінгі зороастризмнің немесе тәңірліктің (Тәңір- құдай, жаратушы атымен аталған наным – сенімдік көзқарас болғанын дәлелдейді. Бұл көзқарас исламдық, патшалық, кеңестік қудалауға қарамастан сақталған. Біз исламды өмірге қайта келтірдік деп қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Ал, ойлап қарасақ, исламға дейін де қазақ халқы өмір сүрген, отқа сыйынған, тәңірге бағынған. Қазақтың «Наурыз» деген үлкен мейрамы болған- ол жаңа жылды қарсы алып, табиғаттың жаңарғанын білдіретін күн болған. Біздің ертедегі ата-бабамыздан, күлтегін ескерткішінде жазылағн сөздерді, Жүсіпті, Шоқайды, Абайды байланыстыратын рухани байланыс бар. Тәңір жарылқасы.
Жүсіп Баласағұнның кітабындағы кішігірім тараулар авторлардың этикаға деген ой-пікір байлығын көрсете алмады. Сондықтан біздің алдымыздағы тұрған мақсат оның еңбегіне объективті түрде баға бере келіп, әдеби мұраның авторын көркем сөздің шешені деп тану.
Қазіргі уақытта Баласағұнның философиялық поэзиясын кең көлемде зерттеуге тура келеді. Өйткені оның шығармасында орта ғасырлық тарихтан қалдырған ойлары мен мұралары көп. Оның еңбектері қоғамды кең көлемде зерттеуге көмегін тигізеді. Тарихи мәдениетте “Құтты білік” еңбегі орта ғасырлық түрік халқының әдет-ғұрып көркемдік жағынан зерттеуге алдағы қоғамдағы тарихи ойдың даму кезендерін айқындауға септігін тигізері сөзсіз.
Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” атты тарихи-философиялық ғылыми шығармасын жан-жақты зерттеу қазіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта ғасырлық халқымыздың мәдениетін Шығыс халықтары мәдениетімен салыстыра зерттеуге жол ашты.
Қарахан әулиеті билік құрған тұсындағы мәдениеттің гүлденуінің тамаша ескерткіштерінің ахмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасы. Қарахан дәуірі мәдениетінің зерттеуі жоғарыда айтып өткен тұлғалардың шығармашылығының зерттеулерімен тікелей байланысты.
Түрік тілдерін дүние жүзінде ең алғаш зерттеген – энциклопедист, ғұлама ғалым, белгілі саясатшы, Махмұд. Ол–Хусайн ибн Мұхаметтің баласы. Әкесі Барысқанда туған, кейін қызмет бабымен Қашқарға барып тұрған да (әскери басшы қызметте істеген сияқты, болса Махмұдт, мүмкін сол қалада туған болуы керек осыдан барып пыснысы Қашқари аталған) Шамалап айтқанда, ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымдарынан, ақ сүйек әулиетінен шыққан.
Заманында алыс аймақтаға әйгілі болып, саяси- шаруашылық және қоғамдық- әкімшілік үлкен орталыққа айналған. Қашқарда оқып (әлде, жан- жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның не бір мықты басқада шаралары мен келтіретінде –Бұқара, Самқан, Мерві, т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің тендесі жоқ атақты ғұламасы еді.
Классиклық араб тілі мен әдебиеттің тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығңыс елдерінің (Қытай, Ирак, Түркістан, Орта Азия, Рим , Еділ бойы т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі менгерген Махмұттын ана тілі – Қарахан мемлекетін қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілеріннің тілі (ғалым оны “таза тіл” деп санайды). Ол тілде Іле бойы жайлайтын яғма, тухси, шығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
М.Қашқардың өмірі мен қызметі жайында тиісті мәлеметтер жоқ. Бірлі-жарым деректерді оның дүние жүзіне белгілі бір-ақ еңбегінен алуға болады Еңбек “Диуан Лұғат – ат – түрік ” деп аталған. (1070-1074 ж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түрік тілінде де) “Түркі тілдерінің жинағы” (“Диуан”- жинақ деген сөз), “Түркі тілдерінің сөздігі” (еңбектің мазмұны сондай- ақ), тағңы басқа аттарымен әрқилы аударылып жүр.
Махмұр ибн Хусайн бұдан бұрын “Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағыкітап” деген тағы да бір еңбек жазған сияқты (автор оны “Диуанда” атап өтеді), бірақ ол әзір табылған жоқ “Диуанның ” да түпнұсқасы жағалап кеткен, бізге жеткен жалғыз нұсқа – көшірмесі 1266 жылы жасалған, қазір Сталібұлда сақтаулы (“Диуан”1914 жылы сол жерден табылған болатын).
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: “Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әралуан тіл ерекшеліктерін үйретіп, оларды оларды анықтап отырдым.
Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес. Сол тілдердегі әрбір айрым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың, жіті аңғарып, есік мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімен. Махмұт ибн әл-Хусайн сол негіздегі (кейін өзі әңгіме ететін) түркі тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Римнан бастап шығысқа қарай санап өтеді: печенг, қыпшақ ,оғыз, иемен , башқұрт, басшыл, қай, йабаку, татар, қырғыз. Орналасу тәртібі жағңынан қырғыздар, Шын мемлекеттерімен көрші отырған. Одан әрі (күншығысқа қарай) чығыл. Тухси яғма, татар қытай елдері орналасқан. Одан әрі тауғаштар тұрады – олар машын елі болып есептеледі, М. Қашқари еңбегінде сөз болатын тілдер, әрине, осы айтылған жиырма тілімен ғана шектелмейді. “Диуан” он бойындабасқа түрлі халықтардың аты аталып, олардың тілдерінен мысалдар келтіріп отырады. Олар арагідік араб тілімен байланысты қаралады. Түркі тайпаларынның орналасу тәртібін көрсету үшін М.Қашқари өзі карта жасаған (бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта). Бірақ күні бүгінге дейін ол картаның сыры ашылмай келеді. М.Қашқари әкесінің туған жері “Барысқан” көрсетілген, дәл ортадағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында жеке жазылған. Азды – көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағңанда, ол картаның жүрек тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағңы түгел сиғңан, оның бірспыра қалалары мен өзен- сулары атап көрсетілген [49].
Шығармасын Махмұт классиканың араб тілінде жазған. Ол өзі “кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахмадтың “Китабул айн” деген еңбегінің ізімен түздім” деп атап өтеді. Зерттеушілердің мәлеметтеріне қарағанда, Абу Абдур Рахман әл-Хамил бин Ахмед бин Аир Тамим әл-Азди әл-Фарагиди әл-Яхмади әл-Басри (717-791 ж.) талантты ақын, дарынды ғалам, араб метрикасының негізін салған әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған. “Китабу- лайн” деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұламак екендігін танытқан. Кітаптың бұлай аталу себебі – ондағңы сөздік айн әркінен басталған. Осыдан барып М.Қашқаридың граматикалық (Фонетикалық, морфолагиялық) суреттемелері қазіргі біздің түсінікткрімізге қарағанда біршама өзгеше болып келеді. Бұл мәселе өз алдында ғңылыми зерттеулер жазуды қажет теед.
В.В.Бартольд М.Қашқари жөнінде “Орта Азия туралы жазба материлдар арқылы емес, сол елмен қолма- қол араласып, тікелей байланыстысу жолымен еңбек жазған жалғаз араб авторы еді.” Дегені – жаңсақ, ол – арабша жазғанмен, қайталап айтқанда, түркі тайпаларынан шыққан, Іле бойын жайлаған елдің перзенті. В.Радлов М.Қашқариды “түркі тілдерін салыстырмалы- тарихи әдіспен зерттеушілердің алғашқысы” болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғасы мынадай бір жағдайды да айта кеткен орынды: “салыстырмалы – тарихи әдісі” дейтін саланың негізгі түп қызығы болып табылатын неміс ғалымы Франц Бопп (1791-01867 ж.) 1816 жылдан бастап еңбектер жаза бастаған еді. (Үнді- Еуропа тілдерінің салыстырма граматикасы”т.б.) Оның ісін жалғастырушылар көп болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі – неміс Якоб Гримм (1785-1863 ж.). Ол “Неміс граматикасы” (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен салытырып зерттеген. Сол үшін Ф.Энгельс Я.Гриммді герман тілдері – салыстырма граматикасының негізін салушы данышпан ғылым деп бағалаған \\ (астын сызған – мақала авторы) Мәселенің ең бір өкінішті жері – осы салада тер төккен мамандар салыстырмалы тарихи әдісінің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашқари сияқты данышпан алаптың қаламынан туғанын білмеген еді.
Қол жазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпімен басталынатын сөздерді талдап зерттеуге арналған 2-кітап дауысты дыбыстары (әлін, уау, йай әріптерімен берілетін дыбыстарды) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріптің екі рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер туралы баяндалады, 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерд, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздер, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұт ибн Хусайн “есім сөздер” және “егістік сөздер” деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөлініп отырған. “Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазады, М.Қашқари, — мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым” (1,455)
“Түркі тілінің араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ” деген пікірін де автор осы жерде айтып кетеді. Саманилер мен Қарахандар әулеттері тұсында түркі әлемінің мақтанышына айналған ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олар ислам руханиятының түркі жұртына ғаламат прогрессивтік әсер еткенінің тірі дәлелдері болды. Олар мұсылман әлемінің түрлі ғылым салаларына елеулі үлес қосты.
Ислам кезінде түркілер өздерінде бұрын-соңды болмаған және тіпті сол заманда барлық халықтарды таң қалдырған, аса дамыған білім беру жүйесінде енді. Оның рухани-дүниетанымдық, әлеуметтік салдарын сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын. Түркі жастары енді философия, астрономия, математика, химия, география, сол секілді классикалық үлгі болып саналатын араб-парсы әдебиеті мен шет тілдерін (тіпті грек, еврей, үнді, т.б.), түрлі өнерді меңгеруге ұмытылып, Ұлы Жибек жолы бойымен ағылған сауда керуендеріне ілесіп, Таяу Шығыс, Иран, Орта Азия қалаларынан білім алуға ұмталды.
Немістің шығыс зерттеушісі Г.Бергитрессер Махмұттың еңбегін Ибрахим Исқақ ибн Ибраhим әл-Фарабидің (1916 ж. қайтыс болған) “Араб тілінде жазылған әдеби шығңармашылардың жинағы” деп аталатын кітабының ізімен түзелген болу керек деген ойға келдік, (К.Броккельман ида осы пікірге қосылатын сияқты). Мәселенің бұл арасы беймәлім. Бірақ А.Н.Кононов Мынадай тұжырым айтады: “М.Қашқари – талай кітап оқығңан, терең білім тоқыған, зердесіжетік, эрудиясы мол адам болғандықтан, кімнің де болса ізіне түскен, өз бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өзінің әдістемесін жасап, оны жетілдіруін түркі тілдерінің өзіндік табиғатын тануға бейімделіп отырған”.
Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді: “ Түркілердін оқтарынан сақтану үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстауы әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол- олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыласына құрал қояды, өздерін жақын ұстайды, оларға зарар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында жүрген басқалардың күнәсі болса, пәм кешіріп жібереді” (1,43) “Сенімді бір бұқаралық ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім–деп жазады М.Қашқари одан әрі – Олар бұл сөзді Пайғанбар айтыпты-мыс дегендей қылып айтып еді. “түркі тілдерін үйрен үйткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемділік құрады”- деп еді” [50].
Қорыта айтқанда күллі түркі дүниесіндегі саналуан ұлттар мен ұлыстардың мәдени тектестігін, рухани туыстығын, адамзат өркениетінің тұтастығын тарихи тұрғыда көрсететін, тарихи сананың өрісін биіктетер бір туар сонымен қатар, түркілер арасынан көптеген ислам мәдениетін жетік меңгерген араб – парсы хатымен еңбектер жазған Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмед Яссауи т.б. сияқты ғалым – ағартушылар шыққан.
Осылайша түркі мәдениеті, тілі, діні, ойлау қабілеті, әдебиеті мен фольклоры, тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі көрсеткіші бойынша дамуы барысында Иран – араб рухани мәдениетімен тығыз байланысты, өзара алмасуда болған.
Жүсіп Баласағұнның « құтты білігі»Еропа әлемінде әйгілі болуы австралиялық шығыстанушы Фон Хаммер Пургшталь есімімен байланысты. Ол 1796 жылы Стамбұл қаласында қолжазбаны қолға түсіріп, Вена кітапханасына сыйға тарқан. Еңбек бұдан кейін басқа да неміс, орыс тілдеріне аударылған. Ал дастанды 1986 жылы қазақ тіліне Асқар Егеубаев тәржімалады.
Жүсіп Баласағұнның «құтты білік» поэмасында – мемелекеттік басқару әдістерін, дамгершілік пинциптері, қоғамдық саяси мәні бар түлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, әлеуметтік –экономикалық, мәдениет т.б. мәсәлелерді өз дәуірінің талап – тілектері тұғысынан жоғары дәрежеде көрсете білді. Поэманың басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Екіншісі – бақ дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Үшіншісі – ақыл парасат. Төртіншісі -қанағат-ынсап мәселесі. Кріспесінде тәңірдің құдіреттілігіг сутеттеген кезде оның болмысы – айды , күнді, жерді, көкті жаратқандығы тәпіштеледі. « Төрт тұғырық» өлшемдік қағида «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Күн туды(әділет), Айәтолды (Дәулет) Огдүлміш(Ақыл), Оғдүміш(Қанағат) бірін-бірі қисынмен толықтырып отыратын кейіпкерлер. Әділеттің ақ туы күн туды- орталық кіндік тұлға, себебі ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы әділеттілік. Ол ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет. Ал ақыл да дәулет те қанағатшылдық сезім де жүре біте қасиеттер. Олар тұрақсыз. Дәулет баянсыз, түлеп жаңғырып тұрады, ақыл адалға да арамға да бітеді, қанағат сараңдықпен дешектесуі мүмкін. Олрадың әрқайсысы жекек дара алып қарағанда дүниеге тұтқа бола алмайды. Төртеуі бірлікке жеткен жағдайда ғана халық бақытқа кенеледі.Жүсіп Баласағұнның шығыс әсерін пайдалана отырып түркі тілін, мәдениетін, шаруашылықтарынан мәлімет бере отырып оларды дамытқан.
Жоғарыда айтқандай бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болды. Осы шақта елдің бірлігін, халық татулығын адамгершілік пен имандылықты Алла тағалаға адалдықты көксеген, соны өз шығармаларына арқау еткен ақыншайырлар тобы тарих сахынасына шықты. Олардың ішінде – хорезімдік Ахмет Игүнеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани т.б. көптеген сопылық әдебиет өкілдері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Х-ХІІ ғасырлар аралығында Оңтүстік Қазақстан, Орта Азияның Шығыс бөлігінен Амударияға дейінгі аумақта құрылған қарахандар әулиеті мемлекеті Қазақстан мен Орта Азия халақтары тарихында маңызды орын алады. Қарахан әулиеті мемлекетінің құрамына кірген шікілі, яғни, тухси, қарлық т.б. тайпалары қазақ, өзбек, қырғыз т.б. түрік халықтарының этногенезінде елеуші рөлін атқарды. Сондақтан қарахан әулеті мемлекетінің тарихын зерттеу өте манызды болып табылады. ХХ ғасыр басындағы В.В.Бартольд өзбектерінен кейін қарахан әулеті мемлекетіміз саяси тарихы зерттелген тақырыптар аясына енді. Бұдан кейінгі археолог, нумизмат ғылымдар мен тарихшыларда мәселенің басқа да көптеген қырларын жазба деректер мен архиялогиялық мәлеметтер арқалы зерттеп, толықтыра түсті. Алайда бүгінгі танда қарахандар мемлекетінің тарихы толық зертеліп болды. Деп әлі де болса айта алмаймыз. Оған осы күнге дейін қарахан әулеті билеушілерінің шығу тегі, олардын генеологиясы Батыс және Шығыс қанағаттарының құрылған уақыты, аталған мемлекеттегі үлесті жүйенің қалыптасуы мен оның өзіндік ерекшеліктері туралы мәселелерге тарихшы ғыламдар арасындағы пікір алшақтығы дәлел бола алады. Сондай-ақ аталған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық құрылымы, мәдени өмірі туралы мәселелер де толық зертеліп біте қойған жоқ.
Қарахандар мемлекетінің бастапқы кезенінде жүргізген сыртқы саясаттары және көршілері мен қарым — қатынастары ХІ ғасырдың алғашқы жартысында өз жалғасын тапты. Алайда бұл ғасырдың екінші жартысы туралы деректер жоқтын қасы.
Жалпы алғанда мәдени, экономикалық дамуы жағынан басқа орта ғасырлық мемлекетер мен салыстырғанда озық тұрған қарахан әулиеті кезеңіндегі мәдениет өрлеу жағынан ерекше орыналады. Қарахан мемлекетінің мәдениетіне екі құбылыс ықпалын тигізді яғни, дала өркениеті мен көшпелі түрік елдерінің мұрагері болып көрінетін қарахандар, араб – ислам өркенитінің өрлеу процесінің шеңберіне түсті.
Ортағасырлық Қазақстан тарихында маңызды орын алатын қарахан әулеті құрған мемлекетінің мәдениеті тарихының зерттелуіне талдау жасай келе мынандай қорытындылар жасауға болады:
- қарахан әулеті билік құрған түста мәдени өрлеу процесі орын алды.
Бұл, әсіресе Ортағасырлық Қазақстанға ислам дінінің енуі мен араб-
мұсылман мәдениетінің таралуымен байланысты болған. - Қарахан әулеті мемлекетіндегі мәдени өрлеу процесі мұсылман-түркі
мәдени синтезі негізінде дүниеге келді. Сондай-ақ бұл мәдени өрлеу
тек бір жақты ғана жүзеге асқан жоқ, яғни шын мәніндегі мәдени
ықпалдастық орын алған. - Жоғарыда аталған қорытынды пікірлер тәуелсіз Қазақстан дәуірінде
жарық көрген ғылыми зерттеулерге тән. Бұл мәселе бүгінгі таңда
Қазақстан тарихшылары мойындаған шындық болғанымен, шетелдік ғылыми орта әлі де болса мойындалмай отыр. Қарахан әулеті билігі тұсында өмір сүріп, шығармашылықтармен айланысқан дана, ғұлама бабаларымыз Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А. Иүгники, т.б. мұралары алғашқы кезде орыс шығыстану ғалымдары тарапынан зерттеліп, мәселе негізінің бұл шығармалардың тілі төңірегінде қойылды.
Қазақ әдебиет танушысы-лингвист ғалымдарымыз да осы мәдени мұрамызды қазақ әдебиеті тарихының шеңберінде қарастырып зерттегендерімен, осы асыл мұрамыз ана тілімізге кештеу аударылды. Жалпы алғанда қарахан әулеті мемлекеті тұсындағы мәдени мұрамыздың әр саласы жеке-жеке тақырыптар аясында ғана зерттеліп, әлі күнге дейін тұтас бір тақырып ретінде толық зерттелмеген.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Деректер:
1 Баласағұн Жүсіп «Құтты білік». Көне түркі тілінен аударған
А.Егеубаев. А., «Жазушы» — б 616.
2 Юсуф Баласагуни Благодатное знание / пер. С.Н.Иванова. Л., Наука,
1990 – с 711.
3 Махмуд Кашгарий. Девону луготит турк. Т.І. ФАН, Ташкент, 1960.
// Киргизия при Караханидах / под ред. Е.А.Давидович. Фрунзе, 1983.
-с 500.
4 Қашқари Мұхаммед Түбі бір түркі тілі (Диуани лұғат ат түрік) А.,
«Анна тілі», 1993 Т.1 – б 192.
Зерттеулер:
5 Абрамзон С.М. Киргизы и этногенетические и историко-культурные
связи. Л., Наука, 1971 – с 288.
6 Бартольд В.В. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких
народов. М., Наука, 1983 – с 650.
7 Бартольд В.В. О христианстве в Туркестане в до монгольский период
(по поводу семиреченских надписей) Т 8 М., Наука, 1893 – с 731.
8 Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Л., Наука,
1927 – с 723.
9 Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. М., Наука, 1992
— с 780.
10 Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом
Шелковом пути. А., Ғалым, 1998 – с 216.
11 Беленицкий А.М., Бектович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый
город Средней Азии. Л., Наука, 1973 – с 512.
12 Валитова А.А. К вопросу о классовой природе Караханидского государства. Фрунзе, Илим, 1963.-с 790.
13 Валитова А.А. Юсуф Баласагунский и его Кутадгу билинг. М., Наука, 1951 — с 255.
14 Великие ученые Средней Азии и Казахстана (VIII-XIX вв.) / под ред. К.Бесембиева и М. Сатбаева. Алма-Ата, Рауан, 1965 – с 300.
15 Давидович Е.А. О двух караханидских каганатах // Народы Азии и Африки. 1968, №1 – с 50.
16 Иванов С.Н. О «Благодатном знании» Юсуфа Баласагунского. Наука М., 1993 – с 276.
17 Кәрібаев Б.Б.Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі кейбір тарихи оқиғалардың мерзімі туралы іңғ //ҚазМУ хабаршысы.Тарих сер.1996 -60 №37
18 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб, 2000 – с 258.
19 А.Н.Кононов Поэма Юсуфа Баласагунского «Благодатное знание». Наука М., 1983 – с 230.
20 Караев О. История Караханидского каганата (X-XIIIвв.). Фрунзе, Илим 1983 – с 266.
21 Культура и искусство народов Средней Азии в древности и средневековье/ под ред. Б.Г.Гафурова., Б.А.Антвинского. М., Наука 1979 – с 305.
22 Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко — культорологическое исследование). Алматы, 2000 – с 309.
23 Нуртазина Н.Д. Қазақ мәдениеті және ислам. А., 2002 – б 208.
24 Микульский Д.В. Пророчества в арабо-мусульманских династийных хрониках ІХ-Х вв.// Бартольдовские чтения. М., Наука,1990-с 336.
25 Муталибов С. Предисловие к книге «Махмуд Кашгари», «Диван лугат ат-тюрк». Т.1. Ташкент, 1960-с 190.
26 Малов С.Е. Кутадгу билик — факсимиле. Сов. Востоковедение. М.,Л.,Т.5 .1998 –с456.
27 Таиров С.М. «Шелквый путь» — как проводник духовной культуры и исскуства. А.,1983-с 465.2
28 ТенишевЭ.Р.Язык древних среднетюрских писменных памятников в функциональном аспекте.М., Наука, 1979 -с 488.
.