АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Халел Досмұхамед Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

Халел Досмұхамед Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары

 

Алматы — 2010

Реферат.

 

 Бітіру жұмысы психология саласынан жазылған.

Жұмыс: Кіріспе, II тараудан, 52 беттен, қорытынды және 42 пайдаланылған әдебиеттер тізімі, кесте мен қосымшадан тұрады.

Бітіру жұмысының мақсаты – Х. Досмұхамедұлының этнопсихология саласындағы шығармашылығын теориялық тұрғыда жүйелеп, соның негізінде студенттерге арнап ғылыми – практикалық нұсқаулар жасау.           Осы мақсатқа орай туындаған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға болады:

  • Х. Досмұхамедұлының өмірлік, қоғамдық – қайраткерлік, педагогтық және шығармашылық жолын ашып көрсету.
  • Х. Досмұхамедұлының этнопедогогикалық және этнопсихологиялық шығармаларына талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан негіздеу.

Зерттеу объектісі – Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары.

Зерттеу пәні – Х. Досмұхамедұлының этнопсихология ғылымдарына қатысты құнды көзқарастары мен идеялары.

Әдістеме — Х. Досмұхамедұлының шығармаларына баға берумен қатар контент – анализ арқылы зерттелінеді. Алынған нәтижелердің эксперименттік талдау барысында психология саласына үлес қосқаны анық.

Әдістеме — Х. Досмұхамедұлының шығармаларына баға берумен қатар контент – анализ арқылы зерттелінеді. Алынған нәтижелердің эксперименттік талдау барысында психология саласына үлес қосқаны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………… 3

 

  1. БІРІНШІ ТАРАУ.
    • Х. Досмұхамедұлының өмір жолы мен шығармашылығының

басты кезеңдері………………………………………………………………………………….. 5

1.2.Х.Досмұхамедұлының еңбектеріндегі этнопсихалогиялық көзқарастары мен идеялары.   

1.3. «Аламандық» мәселесінің психалогиялық мәні………………………… 14

1.4. Халықтың ауыз әдебиеті (фольклор) — ұлт психоалогиясының айнасы…………………………………………………………………………………….. 18

1.5. Ұлт тілін қалыптастырушы……………………………………………………… 26

1.6. Психалогия мен физиологияның ұғымдарын жасаушы…………….. 36

 

  1. ЕКІНШІ ТАРАУ.

2.1. Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» кітаптарына   контент- анализ әдісі арқылы талдау жүргізу ……………………………. 40

2.2. Зерттеу әдістемесіне жалпы сипаттама……………………………………… 41

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….. 45

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….. 48

ҚОСЫМША…………………………………………………………………. 51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

 

Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт — дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз.

Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор  Х. Досмұхамедұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып,  Х. Досмұхамедұлының туған тіліне, ұлтына, әдебиетіне, тәлім — тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр.

Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар  Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» (1922ж), «Зоология» 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология». 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім; оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды.  Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың  өне бойындағы  ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды.

  Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды.

Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі —  Х.Досмұхамедұлы, екіншісі – С.Асфендияров.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:

  • Х.Досмұхамедұлының ұлттық психология саласындағы шығармашылығын теориялық тұрғыда жүйелеп, соның негізінде ғыдыми-практикалық нұсқаулар жасау;
  • Х.Досмұхамедұлының өмірлік, қоғамдық-қайраткерлік, педагогтік және шығармашылық жолын ашып көрсету;
  • Х.Досмұхамедұлының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық шығармаларына талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан негіздеу.

Зерттеудің болжамы:

  Х.Досмұхамедұлының ұлттық психологиялық көзқарастары, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық идеялары қазақ елінің ұлттық психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасуында жетекші рөл болып табылады.  Х.Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары жан-жақты зерттелегн жағдайда бүгінгі және келергі қазақ жастарының санасында «Ұлттық салт-дәстүр», «Ұлттық психология» деген ұғымдар аса мұқияттылықпен орын алар еді.

Зерттеудің объектісі:

  Х.Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары;

Зерттеудің пәні:

  Х.Досмұхамедұлының этнопсихология ғылымдарына қатысты құнды көзқарастары.

Зерттеу әдістері:

Тарихи тұрғыдан физиология саласында жазылған  Х.Досмұхамедұлының шығармаларына баға берумен қатар оған контент-анализ әдістері арқылы талдау.

Тақырыптың жаңалығы: Х. Досмұхамедұлының ұлттық психология жағындағы еңбектері осы күнге дейін толық зерттелген жоқ. Сондықтан біз өз зерттеуімізде мына мәселерді қарастырамыз:

  1. Ғұлама ғалымның қазақ елінің салт дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, мәдениет, имандылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие т.б мәселелерін қазақ этнопсихалогиялық ерекшеліктеріне қарай жақындастыру.
  2. Х.Досмұхамедұлының қазақ мектептеріндегі қазақ балаларын оқыту жайлы құнды пікірлері өзекті мәселе ретінде жүйеленеді.
  3. Ғалымның физиологиямен психалогия саласындағы қолданған түсініктері, терминдері сарапталып, ол контент – анализ  бойынша дәлелденеді.

 

 

 

  1. БІРІНШІ ТАРАУ.

 

  • Халел Досмұхамедұлының өмір жолы, шығармашылығының басты кезеңдері.

 

Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов, бір құжатта – Досмұхамедов – Машақов 1983 жылы сәуір айының 24 – і күні дүниеге келген. Бір мәліметте сәуір айының 22 – сі деп жазылған. Алайда біз Халелдің өз қолымен жазылған еңбек  кітапшасына сүйеніп, алғашқы мәліметті дұрыстыққа санаймыз  [1, 9 б].

Ал туған жері туралы зерттеушілер арасында түрлі пікір бар. Халелдің Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келгені анық. Талас тудырып отырған жай Қызылқоғаның Қарабау деп аталатын жері ме, Тайсойған құмы ма? Ғалым Ахмедов Қарабау жері деген [2, 15 б]. Мереке Құлкенов әуелі Қарабауда дүниеге келген десе, кейінгі еңбегінде Тайсойған құмының Сарқұдық деген жерін атайды [3, 28 б]. Атырау облысына белгілі қарт Шоқан Мырзағалиұлы Қаржауов “Қарабауда емес, Тайсойғанда, Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге келген дейді ” [4, 19 б]. Ол Халелдің көзін көрген, екеуінің әкелері қатар өскен. Сондықтан оның дерегін басшылыққа аламыз. Бұған қосымша боларлық тағы бір дерек бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіндегі құжатта “Он үшінші ауылда” дүниеге келген деген анықтама келтіріледі.  Тергеушілерге берілген дерек Халелдің өз аузынан шыққан. Бұл дерек Шоқан Мырзағалиұлының дерегін нақтылай түседі [5, 65 б].

Халел Досмұхамедұлы Қазақстаннан шыққан дара тұлға. Ата тегін тарқатсақ былай болады: Беріш – Байсейіт – Жайық — Дәулет – Тұмаш —    Ерназар – Алдар  – Тілеке – Бейнақ – Машақ – Досмұхамед.    

Халелдегі мықтылықты генетикалық ерекшеліктен іздесек, Алдар би оның қара қазығы Алдар би-атақты Сырым батырдың ақылшысы, Сырымды тәрбиелеген аға билердің бірі.

Халел сауатын ауыл молдасынан ашқан. Оның бұдан кейінгі білім алуы Ойыл (Көкжар) қаласындағы бір кластық орыс-қырғыз (қазақ)  училищесінде, Орал қаласындағы екі класты реалды училищесінде жалғасты. Мұны 1903 жылы бітіріп, сол жылы Санкт – Петербургтегі  Императорлық Әскери Медициналық Акдемиясына түскен. 1909 жылы араша айының 17 күні аталмыш жоғарғы оқу орнын үздік белгімен аяқтағаны туралы  262-санды диплом берілген. Академияда оқып жүрген кезінде, дәлірек айтқанда 1907 – 1908 жылдары статс – кеңесші Адиунгтің стипендиясын алған. 1909 жылғы мамыр айының 8-і мен тамыз айының   30-ы күндерінің аралығында Пермь губерниясы Чердын уездік земствосының Морчан учаскесінде дәрігер болып қызмет істейді.  Бұл академия бітірер алдындағы өндірістік  тәжірибеден өткені, оны өте жақсы атқарғаны туралы жергілікті мекеменің берген анықтама қағазы бар. Халелдің “дәрігер болып тағайындалдым” деген жазуына қарағанда, ол өзінің еңбек жолын осыдан бастап есептеген.

1909 жылғы қараша айының 29-нан 1913 жылғы мамыр айының 5-не дейін Орал казак әскери бөлімінде кіші дәрігер болып қызмет көрсетеді. Одан 1920 жылғы қаңтар айының – не дейін Орал облысы  Темір уезінің бөлімше дәрігері болған. [6, 12 б].

Халелдің Санкт – Петербургте академияда өткізген алты жылы 1903-1909 жылдар білімнің өсуі ғана емес, оның саяси санасының да оянуына ықпал еткен. Халелдің дүние танымының қалыптасуында, рухани өсуіне, ғылым жолын қууында ерекше белесті кезең болды. 1905 – 1907 жылдардағы Ресейді дүр сілкіндірген толқулар болашақ күрескер, қарымды қайраткердің саяси  қадамына алғашқы баспалдақ болды. Сол жылдар туралы ол кейін: «Демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да жиі-жиі наразылық білдіріп жатқан. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімді жетілдіруге кірістім. Әр түрлі саяси партиялардың программасымен, талап – тілектерімен таныстым, мені және басқа да қазақ студенттерін ешбір саяси партияның программасы қанағаттандырмады» – деп еске алады. Оны әсіресе, оңшылдардың ұлы орысшыл шиновинизімі, бұратана халықтың тағдырына немқұрайлы көзқарастары ашындырды. Осы кездерде, яғни 1906 жылы қырдағы ауылдарда аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де, саяси жұмыс жүргізуіме тыйым салынды, — дейді ол «Көп кешікпей басталған Сталиндік реакция жағдайында халық арасында саяси жұмыс жүргізу мүмкіндігі болмай қалғандықтан бар ынтамызбен оқуға бас қойдық». Иә атасы Машақ бидің шежірелі сырларын естіп өскен, Дәулетүмбет (әкесінің атасы) сияқты оқыған ағаның алдын көрген Халел аталған алты жылды астанадан бал арасына ғұмырлық өнер білімді жиып алды. Күні-түні көз майын тауысып, кітап ақтарды. Киргиз деген кемсітуді есітпейін деп орыс тіліне ерекше ден қояды. Осылайша құм қазағы, қыр ұланы Халел Императорлық Әскери-медициналық академияны алтын медальмен бітіреді. 1905 жылдың соңына таман Орал қаласында бес облыстан делегаттары съезге жиналып, Ресей кадеттер  партиясының жергілікті бөлімшесі есепті “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы” құрылған болатын. Оның Орталық Комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге Халел де мүше болып сайланған. Осы кезде Орал өңіріндегі халық оба ауруына төтеп бере алмай, қырылып жатқан. Осыны көріп, Орал әскери бөлімшесіндегі қызметтен босануды ойлап, басшыларына өтініш білдірді. Әскери мамандарға жасалған жақсы жағдайлардан бас тартып, халық ортасында дәрігерлік көмек жасап, санитарлық-гигиеналық мәселелерді аурудың алдын алу шараларын түсіндіруде ойлайды. Оның Орал облысындағы дәрігерлігі Темір уезінде әскери міндеттен азаматтық қызметке ауысты. Бұл жағдайды академик Ғ. Тәшенов пен Ғ. Әнесов былай деп жазды. Осы орайда әскери борышын өтеп жүрген Халелдің жеке бас тұрмыс — тіршілігі ешкімнен кем емес, қайта көптен озық болғанын айта кету жөн. Оған мына архивтік құжат дәлел бола алады. Мәселен оның штаб қызметкері мұқият толтырып отырған әскери кітапшасының 8-тармағында алатын қаражаты (айлығы) санамалап берілген. Олар: жалақы – 720 сом,  қосымша – 264 сом, тамақтануға – 96 сом, пәтерге – 72 сом, қызметші жалдауға – 50 сом. Отын мен шыраққа – 25 сом. Осыған қарап Халелдің тұрмыс халі жаман болмағаны түсінікті. Оның үстіне ол әскер қатарында Романовтар үйінің патшалық құруының 300 жылдық естелігіне орай Императорлық қола медальмен марапатталады. Ал оба індетінің тұруына қарсы шара қолданудағы әр бір күні Заңға сәйкес 12 күнге есептеледі. Осы  еңбектерін алға тарта жүріп, ол 1913 жылы Орал облысы вице – губернаторы берген № 6618 куәлікпен әскери борыштан түгел босанады.

Зерттеуші, дәрігер Б. Хабижанов, А. Мектеповтың «Ана тілі» газетіне жарияланған мақаласына арқа сүйеген болу керек, екеуі де бір шақтылықты ескермеген. Халелдің рухани өміріне ықпал етуші үлкен тұлғаның бірі сөз жоқ, Ахмет Байтұрсынұлы, Халелдің дәрігерлік қызметіне баспасөз күшін пайдалануы туралы айтқанда, аты аталған зерттеушілер “Қазақ” газетіндегі, “Ауру жайынан” деген мақаланы бетке ұстайды.  Бұл мақалада А. Байтұрсынұлы: “Қазақтың дәрігер ғылымын оқыған адамдарды аурудан күтіну жайынан һәм жеңіл-желпі емдер жайынан жазып, елге ұсақ кітапшалар таратса екен, — деген  өтініш білдірген»  [7, 45 б]. А. Мектеповтың ойынша Ахаңның ұсынысы Халелге қамқоршы болып, көңіліне жел берді. Хронологиялық тәртіпке жүгінсек тілге тиек болып отырған бұл мақала “Қазақ газетінің” 27 санында басылса, Халелдің аталмыш басылымдардағы алғашқы дәрігерлік мақаласы “Тамыр дәрі хақында” деп аталып, ол 13-ші санында жжарық көрген.  Халелде көкірегі ояу жан. Баспасөздің қуатты құрал екенін білетін кезі бұл Академияның соңғы курсында оқып жүргенде ауылға келіп, Сорқуыс деген жерден дәрігерлік бекет салдырған. Оны жергілікті халық “Халелдің ставкасы” деп атап кеткен  [ 8, 24 б].

Дәрігерлік тақырыптағы мақалаларын атасақ 1914 жылы “Қазақ” газетінде “Жұқпалы ауру хақында”  “Сары кезік-сүзек”, “Ақ жол” газетінде 1924 жылы 430 санында “Шума қандай ауру?”, 1925 жылғы 522 санында “Жұқпалы аурулар”.  Бұларға талдау жасаған маман дәрігерлер дәрігерлік тұрғыдан қосып алатыны жоқ, үйдің, судың, хайуанаттың, киімнің, ауру адамды күтудің гигиенасын Халекең өте дәл берген” деп бағалайды.

Ал Халелдің кітап болып жарық көрген еңбектері: “Как бороться с чумой среди Киргизского населения” – бірінші басылымы 1918 жылы, екіншісі – 1924 жылы басылды. Мәскеуде халық денсаулығын сақтау камиссариятына қарасты санитарлық эпидемологиялық басқармасы автордан Ташкентте шыққан кітабының екі данасын салып жіберуін сұрап, хат жазған. Сонымен қатар Ташкентте болып шығарған “Исатай-Махамбет” (1925ж), “Аламан” (1926ж) атты  жинақтары 1991-1992 жылдары аралығында қайтадан баспадан жарық көрді. Халел Досмұхамедұлын біз ұлы Махамбет мұрасын тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде Махамбеттану ғылымына қосылған елеулі үлес деп бағалаймыз [ 9, 25 б].

1913 жылғы “Оба ауруының көрінісі” деген өлеңнің қолжазбадан көшірілген нұсқасы бүгінде кейбір зерттеушілердің қолында.  Індеттің қалай болғанын мұндағы:

“Қуады жалған дүние азаматы,

Тірліктің қызығы да балдан тәтті.

Көмуге жер қазушы болмаған соң,

Өлікті 150-ден отқа жақты”,– деген жолдарда көрсетеді [10, 16 б].

Сонымен, Халел Досмұхамедұлының медицина саласындағы еңбектерін жалғастырсақ, Орта Азия мемлекеттік Университетінің медицина факультетінде адам анатомиясы мен физиологиясы пәндерімен сабақ береді. Қазақ тілінде екінші сатыдағы мекетептер мен техникумдар үшін Халел “Адамға  тән тірлігі” атты оулық жазды. Кітаптың адам тәнін, оның тірлігін және тазалықты (саулық сақтауды) үйренуде атқарар маңызы зор. Автордың пәннің мазмұнын баяндауда тіл шеберлігі, ойда төте, түсінікті етіп,  өмірде күнделікті көріп жүрген заттарға теңеп айту тәсілдері өнеге аларлық. Кітапта адам тәнінің “Сүйек жүйесі”, “Сүйектердің байланысуы”, “Ет жүйесі”, “Қимыл заңдылықтары”, “Қан жүйесі”, “Сол-мефа жүйесі”, “Таныс, ас қорыту шағылыс тұқым жүйелері”, “Жүйке жүйесі” және “Сезім  мүшелері” деген тақырыптары қамтылған.  Халел Досмұхамедұлы 1920-1925 жылдары Ташкент қалалық ағарту институтында оқытушы, Орта Азия Университетінің медицина факультетінде  ординатор, Түркістан Республикалық ғылыми комиссияның төрағасы қызметін атқара жүріп, орыс ғалымдары қатарында қазақ студенттеріне арналған оқулықтар жазуға және биология-медицина саласынан алғашқы қазақтың ғылыми атауларын (терминалогиясын) жазуға кіріседі. Сонымен қатар Халел табиғаттану мен жануартанудан (зоологиядан) алғашқы оқулық жазған автор.  1922 жылы Ташкент қаласынан шыққан “Табиғаттану” атты еңбегінде “Бүйіл”, “Ауа”, “Су”, “Жер”, “Кең” және “Жер жүзінің өзгерілуі”  деген тақырыптар  қарастырылған,  кітаптың екінші жартысында таразының түрлері, оның тең тастары, өлшегіштер, құбыша, зертхана бұйымдары, кристалдар т.б. 47 сурет-бейне жеке жинақталып берілген. Ал оның екі рет басылым көрген жануарлар туралы еңбегі үш бөлімнен тұрады. Жалпы жануарлар дүниесінің ең көп таралған омыртқасыздар екі кітап, ал омыртқалылар жеке бір кітап болып түзілген. Бұл кітаптардың қай-қайсысы да жануарлардың сыртқы бейнесін олардың тән құрылысы (анатомиясы) мен тіршілігін бейнелейтін суреттермен толықтырылған [11, 25 б].

Халел аударған “Оқушының саулығын сақтау” атты кітап екі рет 1923, 1925 жылдары басылып шықты. Оның алғы сөзін жазғанда ол: “Оқушының саулығын сақтау” деген осы кітапшаны Голландия үкіметінің тапсыруы бойынша нағыз білгір деген дәрігерлер жазан екен… Кітапша Еуропа көлемінде жүлде алған, шет тілдерге тәржімелеген, оны Голландия халық ағарту министрлігі барлық мектептерде қолдануға міндеттепті. Біз қазақшаға аудардық, өзіміздің тұрмысымызға сәйкестендірдік, біраз қосымшалар кіргіздік. Қазақ-қырғыз мектептерінде саулық сақтау жұмыстарының нашар екеніне күйініп, ана тілімізде ол жөнінде ешбір құралдардың жоқтығын ескере келіп, осы кітапшаны басып шығаруды жөн көрдік – депті [12, 54 б].

Х. Досмұхамедұлы өмірінің ақырына дейін негізгі мамандығы дәрігерліктен қол үзбей, Воронеж Әлеуметтік денсаулық және гигиена институтында бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. Өмірінің соңғы кездері қудалауға түсіп, Воронеж қаласна жер аударылғаннан кейін де қаламын түсірмеді. “Қазақ оқушыларының өсіп-дамуы” (1930ж),  “Жаратылыстану терминологиясының орысша-қазақша сөздігі” (1931ж), “Жас пионерлер мен оқушылардың жазғы лагерлері”(1933) т.б. еңбектері автордың көзі тірісінде жарық көріп үлгерді.

Ғалымның биология және медицина саласында жазған ізашар еңбектері өз маңызын күні бүгінге дейін жойған жоқ.

Халел Досмұхамедұлы – белгілі дәрежеде көне түрік жазба ескерткіштерін зерттеумен де шұғылданған ғалым. Махмуд Қашқаридың әйгілі “Сөздігі” туралы “Диуани лұғат-ат-түрк” деген атпен көлемді мақала жазып, 1923 жылы “Шолпан” журналының 6-7 санында жарияланыпты. Ол кезде М.Қашқари “Диуани” қазіргі түркі  тілдерінің ешқайсысын аударылған жоқты. Сондықтан зерттеу жұмыстары да жүргізілмеген болатын. Өйткені, араб тілінде жазылған мың беттен артық қолжазбаны оқып шығып, соның негізінде мақала жазу Халел сияқты жан-жақты білімдар адам болмаса, екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа.

Бұл бөлім  Халел Досмұхамедұлының ғылымындағы жолына  арналатындықтан, баспа және жоғарғы оқу орындарын ұйымдастыру саласындағы елеулі қызметтерін төмендегіше атап өтсек. Баспа саласы: Орта Азия мемлекеттік баспасының коллегия, басқарма мүшесі (1913, 1925), қазақ мемлекеттік баспасы күншығыс бөлімінің меңгерушісі (1925), қазақ мемлекеттік баспасы меңгерушісінің орынбасары және басқарма мүшесі (1926). Жоғарғы оқу орындарын ұйымдастырудағы қызметі: 1920 жылы Ташкенттегі педагогика институты ұйымдастыру комиссиясының мүшесі, оның ректорының орынбасары (проректоры), педагогика кафедрасының доценті Халел Досмұхамедұлының Алматыға келуі 1928 жылдың  қыркүйек айы деп жобалайды, Ораз Жандасовтың дерегі бойынша 1927 жылы Ташкенттегі жоғарғы оқу орнын Алматыға көшіру мәселесі қойылғанда, Қазақ Мемлекеттік Университетін (бүгінгі Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті) ұйымдастыру комиссиясының мүшесі болған. 1929 жылы қазан айының 1- і күні ҚазМУ-дың педагогикалық кафедрасының профессоры атағын алды. Ал 1924 жылы ол Ресей академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып сайланған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағалы Қазақ тарихшылары Алашорда ұйымын зерттеу барысында Халел туралы да көп деректің бетін ашты. Халелдің саяси шыңдалуына Қазақстан Респуликасы Ғылым министрлігі, Ғылым академиясының мүше корреспонденті Кеңес Нұрпейісов жеке тарау жазып, оны дәйекті жеткізеді. Тарихшы ғалым М.Қайгелдиевте ақтаңдақтың орнын толтыруда өзіндік үлесін қосуда [13, 62 б].

Енді Халелдің өмір жолындағы азаматтық өсуі мен саясаткерлік қалыптасуындағы маңызды оқиғаларға ден қоялық.

  1. Ақпан төңкерісінен кейін Ә. Бөкейхановтың нұсқауымен Қазақстанның жер-жерінде облыстық, қазақ комитетерінің құрылуы. Оған мүше болғандар уақытша үкіметтің облыстық және уездік атқару комитетінің құрамдарына енгізілді. Халел де Орал облысты атқару комитетіне мүше болды. Облыстық қазақ комитетінде съезге шақыру жөнінде ұйымдастыру бюросы құрылып, оның құрамына Халел Досмұхамедұлы кіреді. Бұл съезд 1917ж 12-22 сәуір айында өткен.
  2. 1917 жылы мамыр айының 1 – 11 күндері Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұмылмандар съезіне қатысуы. Бұл съезде олар жерге жергілікті халықтың өздері ие болулары керек деген облыстық қазақ съезі қабылданғанын қолдайтынын баса көрсетті.
  3. Ә. Бөкейханов және оның серіктерінің кадет партиясымен атқұйрығын үзуі, сөйтіп ұлттық саяси партия ұйымдастыру мәселесінің алға шығуы. Бұл үшін Орынбор қаласында 1917 жылғы шілде айының 21 – 26 күндері Бірінші жалпықазақ съезі шақырылды. Осы съезде Х. Досмұхамедұлы бастан аяқ, төрағалық етті. Басты назарда ұлттық автономия, жер, қазақтың саяси партиясын құру, құрылтай жиналысына дайындық мәселелері болды.

Жер мәселесінде ұлттық болашақтағы жағдайын ойлап, иелік етуші халықтың өзі баулу керектігін баяндайтын шешім қабылдады.

Халелдің шығармашылық еңбекпен айналысуына мәртебелі екі қызметі ықпал еткен. Бірі қазақ – қырғыз білім комиссиясының, екіншісі- Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы болуы.

Х. Досмұхамедұлының Ташкенттік дәуірі оның шығармашылық шабытының ерекше өрістеген, ғылыми, жазушылық, ұйымдастырушылық қабілетінің шыңдала түскен жылдары болды. Осы жылдары ол қырғыз-қазақ комиссиясы жанынан “Сана” журналын ашы, оның бірнеше санын редактор болды. Журналдың 1923 жылы І санында Халел ұйымдастырған “Талап” қауымдастығының бағдарламасы жарияланады. 27 тармақтан тұратын осы бағдарламаның қандай мақсатты көздегенін оның мына төмендегі  бағыт бағдарынан байқауға болды:

1) қазақ – қырғыз халқының әдеби тілдік, ғылым атауларын (термиалогия) емлесін тағы басқа мәселелерін тексеру;

2) қырғыз-қазақ халқының сәулет өнерін (тарихи ескерткіштер, археологиялық ізденістер) тәптіштеу;

3) қырғыз-қазақ халқының тарихи, һәм көп замандар бойы жүргізіп келе жатқан саясатын реттеп жөнге салу;

4) қырғыз-қазақ халқының қызметкерлеріне және өнер қайраткерлеріне жәрдемдесу.

Х. Досмұхамедұлы 1924 жылы Ресей Академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше-корреспонденті болып сайланды. Бұл оның ғылыми творчествосына   берілген Ресей ғылымдарының зор бағасы еді.

20-шы жылдары А. Құнанбаев творчествосына топтық тұрғыдан қарап, зиялылар арасында қайшы пікірлер, талас орын алды. Сол кездің өзінде ұлы ойшыл Абайға Халелдің жүзі ашық, ойы нық екенін көреміз 1922 жылы шыққан Абайдың “Таңдамалы өлеңдері” өз ойлағандарындай болмай қалғанына өкініш білдіре отырып, “осы мезгілде білім жолындағы жұмыстарға толық Абай өте  мұқтаж, тым керек болып тұр”- деп жазуы оның танымалының кеңдігі. Ал қазақ-қырғыз білім коммиссиясының жұмысы туралы жазған қолжазбасында “Абай-жаңа қазақ әдебиетінің атасы” –деп бағалауы ғалым Халел Досмұхамедұлының ой тереңдігі. Бұл бүгінгі күнде рухани  азыққа айналып Абайға деген ғалымның құрметі [14, 44 б].

Халел кітап болып шыққан “Кенесары — Наурызбай” жырына алғысөз түсінік және Қасымовтардың қысқаша тарихын жазған.  “Кенесары-Наурызбай” поэмасын болашақта қазақ тіліндегі басылымдардың осылай шығу керектігіне үлгі боларлықтай” — дейді. Бұл ойы, шамасы оның ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған еңбек екенін жеткізсе керек.

Қазақ – қырғыз білім комиссиясы іссапары. Іссапардың мақсаты Жетісу өңіріне арналып, 1923 жылы жүргізілген. Бұл сапарды жүзеге асырушы Х. Досмұхамедов пен М. Жұмабаев болды.

Үш айға созылған іссапардың барысында Х. Досмұхамедұлы бай материал жинаған болуы керек. Оның өз қолымен жазған қорытынды немесе жинаған материалдары әлі қолға түсе қойған жоқ. Алайда бұл сапар ол үшін, оның бұдан кейін жазылған еңбектеріне елеулі әсер, көмек болады. Мағжан Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде өзінің жинаған материалының жартысын баспасөзге беріп, қалған бөлігін өңдеп жатқанын айтқан, Ал Халелдің Асан қайғы туралы материалдар, тарихи құжаттар I Александрдың грамотасын  тапқанын   баяндаған. Халел осы сапарда этнография және қазақ тіліндегі атаулар яғни терминология мәселесімен де айналысуды мақсат еткен.

Халел Досмұхамедұлы — аудармашы. Қажеттілікке орай қазақ – қырғыз  білім комиссиясының жұмыс жоспары бойынша орыс тіліндегі біраз кітап қазақ тіліне аударды. Әр білім комиссиясы “Білім басы” сериясымен профессорлар Ю. Вагнер мен Гайкеннің, т.б. еңбектерін ұлттық тілде шығаруды ойлаған.

1924 жылы “Ақ жол” газетінің 4 санында “Табиғатпен танысу” деген мақала шықты. Оны жазушы “Көкен” деп бүркеніш есіммен қойған. Біздің байқауымызша, жазу стильі жазғанан бұл- Х. Досмұхамедұлынікі. Сонда “Табиғаттану”, “Жануарлар”, “Өсімдіктер” кітаптары жарыққа шыққанын айтып, “Білім басы” сериясымен қазақ тіліне аударылған еңбегінің тізімімен таныстырып, бүкіл кітаптарды алып оқуға кеңес етеді.

Х. Досмұхамедұлы Ю. Вангердің екі кітабын “Денеміздің түзілуі мен жұмыс қылуы туралы әңгімелер”  және “Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы әңгімелер” аударған. Оның аудармасына сыншының көңілі  толған… Малдың ашшы шегіне дейін біздің қазақ баласы білсе де,  өз денесіне шорқау. Бұл кітапшада қазақтың жақсы тілімен адам денесінің түзілісі жазылған. Біздің қазақта дәрігер оқуын оқыған адам қолдың саусағымен саналады. Өз денесін білетұғын қазақта аз десек, күнә болар ма екен? Хат білетін қазақ бұл кітапшаны алып оқыса, адамның дене құрылысымен танысады. Үлкен олжа болды –деп бағалаған. Ал “Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы әңгімелер” атты кітаптың аудармасы туралы рецензия әзірше табылмады. Х. Досмұхамеделының аудармадағы ерекшелік қазақ баласының қабылдауына жақынырақ ұғыммен жазылғаны байқалады. Халел соымен қатар Махмұт Қашқари сөздігінен аударған үзінеділеріннде айтуымызға болады. Оның бір ғана  сөйлемін Өзбек тіліндегі аудармасымен салыстыра кетсек болады: «Құдай дәулет күнін түркрер бұрышында жаратты» (С.Муталиповтің аудармасында жаратты ) осы сөйлемді Х. Досмұхамедұлы «Тәңірі  дәулет күнінің көзін түріктердің көгіінде тудырды» -деп аударады. [15, 25 б.]

  Х. Досмұхамедұлы тарих ғылымы саласында да алғаш қалам тартқан төл ғалымдарымыздың бірі. Ғалымның «Самарқант шаһарындағы «Тіллә- қари және Ширдар медреселерін салғызушы Жалаңтөс батырдың шежіресі атты және Бұқарадағы Көкілташ медресесін салу туралы әпсана» атты көлемді зерттеулері қазақ тарих ғылымында күні бүгінге дейін ерекше орын алады.

 Х. Досмұхамедұлының тарих ғылымы саласындағы зерттеулерінде халқымыздың ұлт азаттығы жолындағы әр кездегі әрекеттері де жан-жақты сөз болды. Мәселен ол патшаның отарлау саясатына қарсы Қазақстанның атты өлкесінде халық көтерілістерінің жиі тұтанып тұрғанын айта келіп, оның себептеріне әділ баға береді. Кіші жүз қазақтары сонау XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында-ақ өз еркімен патшалық Ресейдің қол астына кірді деп кейбір қазақ тарихшылары соңғы кезге дейін жазып келеді. Ал Х. Досмұхамедұлының еңбегін оқығаннан кейін мұндай тұжырымның негізсіз екендігіне көзіңіз жетеді ол сонау 20-шы жылдардың өзінде-ақ қазақтардың  Ресейдің қол астына кіруі өз еркімен болмағанғын нақты деректермен дәлелдейді. Автор: «өз еліміздің өткен-кеткені туралы басынан кешкен дәуірлер туралы, бұрынғы, осы күнгі мекендері туралы қолдан келгенше толық мағлұмат беру, ата-бабаларымыздың істерімен танысып, өткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп, ғибрат алмақ адамға сана береді»,-деп тебіренеді ғұламаның осы айтқандарын өскен ұрпақтың өнегелі тәрбие алуына да пайдасы өлшеусіз.

Х. Досмұхамедұлының тәлім-тәрбиелік еңбектерінің тақырыбында сан алуан. Мәселен оның еңбектерінде өскелең ұрпақтың сыр-сымбат (эстетикалық) тәрбиесі, шәкірттерді имандылық пен адамгершілікке баулу мәселесі, ондағы әдебиеттің, тарихтың, поэзияның рөлі т.б. туралы жиі сөз болып отырады. Ғұлама, ғалым мектеп оқушыларының денсаулық, гигиеналық тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлген. Оның оқушының денсаулығын сақтай біл деген еңбегі көзінің тірісінле екі рет жарыққа шыққан. Әр жастағы мектеп оқушыларының ұғымына түсінікті, оның денсаулығына зор көмегін тигізетін осынау қарапайым еңбекте көптеген тәләм-тәрбиелік ақыл-кеңестер бар. Автордың осы кітапшасы 1993 жылы «Балауса» баспасынан 1100 данамен басылып шығып, қалың көпшілік арасына таралып отыр. Бұл кітап мектеп оқушыларымен қатар олардың ата-аналарына да аса қажетті құрал. Халелдің ғылыми шығармашылығына тәлім-тәрбиелік тұрғыдан талдау жасап, оның қазақ педагогикасы мен психологиясындағы алатын орнын анықтау негізгі борышымыз.

Х.Досмұхамедұлының ғылыми-шығармашылық, педагогикалық ұстаздық тұрғысынан жемісті еңбек еткен кезеңі, 1920-жылдан бастап, 1930-жылғамдейінгі уақыт болып табылады. Осы жылдарда ғылыми-педагогикалық, шығармашылық еңбектері дүниеге келген. 1920-жылы «Алаш» партиясы таратылып, оның батыс бөлімі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлына кеңес үкіметі тарапынан кешірім жасалды. Осы жылы ол Ташкент қаласына келіп, Түркістан республикасының денсаулық сақтау және халық ағарту комиссариаттарында жауапты жұмыстармен қатар, жоғары оқу орындарында ұстаздық және ғылыми-педагогикалық шығармашылық жұмыстармен айналысты. Х.Досмұхамедұлы Ташкентте өткізген сегіз жылының іщінде шын мәнінде Қазақстан мен Орта Азияда денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Ол өзінің ғылыми педагогикалық қызметімен өлкеде маман-кадрларды дайырлауға, халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастыруға, халық-ағарту ісімен жоғары білімді дамытуға ерекше үлес қосты. Әсіресе ол Ташкент қаласында ұлт зиялыларын өз төңірегіне топтастыра отырып, ұлт мектептері мен жоғары оқу орындарына арналғкан алғашқы қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды сіңірген еңбегін ерекше атауға болады.

Архив деректеріне сүйене отырып Х.Досмұхамедұлының ғылыми- зертеу еңбектерінің негізінен үш арнаға бөліп қарастыруға болады.

1.Баспа бетінде жарық көрген ғылыми-әдеби және әдістемелік еңбектері;

  1. Жариялауға даярланған қолжазбалары;

3.Жалпы редакциясын басқарған еңбектердің тізімі [16, 10 б].

Бар-жоғы 55-56 жыл ғұмыр кешкен Халекеңнің қысқа да мәнді тәржімә хәлін (өмірбаянын) төрт кезеңге бөліп қарастырсақ орынды:

1). Тұлғаның жылдары (1916-ж. дүрбелең жылдарға дейін)

2). Атүстінде өткен, күрес жылдары (1916-1920 )

3). Ғылыми-шығармашылық һәм қоғамдық педагогикалық қызметпен айналысқан жылдары (1921-1928).

4). Қуғын-сүргінге ұшыраған азапты жылдары (1920-1939)  [17, 12 б]. 

 

1.2. «Аламандық» мәселесінің психологиялық мәні.

 

Ұлттық тәлім – тәрбиенің ұғым түсініктері Х. Досмұхамедұлы еңбектерінде біршама тыңғылықты тұжырымдалған. Ғалымның 1928 жылғы Ташкентте орыс тілінде жарияланған «Казахская народная литература» деген еңбегінде ол қазақ халқының ауыз әдебиеті тәлім – тәрбиенің негізгі көзі деген идеяны ұсынады. Автор қазақ әдебиетінің қай жанры болмасын, тәлім – тәрбиелік мазмұнға бай келетінін, онда көшпенді халықтың өмір салты, психологиясы жан – жақты көрініс табатынын айтады. Осы айтылғандарға орай автор: «Қазақтың жеке өмірінің барлық сәттері» – деп жазды автор, туғанынан бастап өмірінің соңына дейін жеке адам тұтас халықтардың немесе жеке рудың туған өміріндегі барлық уақиғалар халық әдебиетінде жырланады. Мәселен, сәбидің дүниеге келуімен алғашқы жылдары халық поэзиясында шілдехана, бесік жыры атты арнайы жырлар түрімен аталып өтеді.

Х. Досмұхамедұлының  пайымдауынша ұлттық тәлім-тәрбие сәбилік бозбалалық, жастық шақ кезеңдерінде, той — томалақ, айтыс ән — күй, өлең жырмлмардың мазмұнынанм байқалады, яғни қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыаныс-тіршілігі әнмен жырдың құшағында өтеді ал мұның жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызы бар. Қазіргі балалар психологисының негізгі қағидасы Х. Досмұхамедұлының түйіндерінен алшақ кетпейді. Бұл жөнінде автор былай  дейді: «Әдетте оның ең бірінші еститін  үні — анасы айтқан бесік жырының әуені». Қазіргі адам туралы ғылымның ішіндегі ең қомақтыларының бірі – генетиканың айтуынша бала ана құрсағында жатқанда – ақ анасының дауыс ырғағын , қимыл – қозғалысын сезініп, белгілі бір этностың тілімен ақпарат алып отыратындығы дәлелденіп отыр. Өйткені құрсақта жатқан шақалақтың алдымен жүйке – жүйелері, жан  дүниесін басқаратын миы қалыптасып дамиды.

   Х. Досмұхамедұлының бала психалогиясының ерекшелігіне байланысты түйіндері халықтың педагогикадан гөрі ғылыми педагогикамен психалогияға жақын.

Х. Досмұхамедұлының осы сала дағы ойларына келсек, ол балалық, жас өспірімдік жастық шақтағы ойындардың (түрлі тақпақ, айтыс, санамақ, жаңылтпаш, ертегі т.б.) тәрбиелік жағынан маңыздылығын баса көрсетіп келіп, баланың алғашқы еститін үні – ананың бесік жырының әуені екені жайлы ойын әрмен қарай былайша жалғастырады: «… Қазақ өз баласын тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орындарға шығуына, сірә, халық әдебиетінің, халық әнінің кең таралып, дамуы қазақтардың өмірдің кез – келген жағдайында өлең шығарып, ән айтуы бір себеп болса керек.

Х. Досмұхамедұлы этнопсихология ғылымдарына қатысты арнаулы еңбек жазбасада аталмыш мәселелерге орайлас — өз пікірін білдіріп кеткен. Осы айтқанымыз 1925 жылы автор қаламынан туындаған «Аламан» атты шағын мақаладан жақсы байқалады. «Көптің пайдасын ойлай тұрса да , бүтін жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің менмендігін сол үшін құрбан қыла алмайтынын, өз дегенін күшпен орындайтын, өз басын артыққа санап, сөзін сөйлеп, соңына ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегенімен, ақылсыздығынан қылды деп білетін, көңіліне жақпаса өзі қойған бастығының бұйрығына, өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын, отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті құлықты аламандық дейміз…». Міне бұл Х. Досмұхамедұлының бұдан 70 жыл бұрынғы ойы. Осы аламандық қазақ халқының мінез – құлқында әлі де бар ма, бар болса оның қазіргі кездегі көріністері қандай ? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасу факторларының (тарихи, шаруашылық, мәдени, тіл, салт-дәстүр, табиғи, идеологиялық және діни, әлеуметтік, демографиялық) оның қазіргі заманғы өмір салтындағы ықпалын қарастыра кету керек. Қазақ тарихи санасында сонау түркі тілдес ата-бабадан мирас болған жауынгерлік пен намысқойлық сияқты қасиеттері осыншама үлкен аумақты шет жұртқа таптатпай, қырағылықпен қорғай білуге мүмкіндіктер береді. Қазақ халқының ұлттық психологиясына елеулі із қалдырған оқиғалар оның ұлт ретінде қалыптаса бастаған (қазақ хандықтары құрылған уақыт, яғни XV – ғасыр шамасы) кезеңдерден бастау алады. Жеке хандықтар болғанымен, орталықтандырылған тұтас мемлекеттің құрылмауы, орталық өкіметке бағындыру шараларының жүргізілмеуі, ірі діни және мәдени орталықтардың – қаланың жетілмеуі, оның бергі жағында капиталистік қатынастардың дамымай қалуы, соның салдарынан қазақ тілінің экономикалық айналыс тіліне айнала алмауы міне, мұның бәрі ұлтың психологиясының қалыптасуына тарихи факторлар. Бұған қазақтардың ұлт ретінде қалыптасу тәртібі өте ауыр жағдайда – патшалық самодержавиенің отарлау саясатының үстемдік жағдайында жүргізгенін тағы қосып қойыңыз.

Х. Досмұхамедұлының түсінігінде қазақ елінде жиі кездесетін «аламандық» ұғымы басқаға бағынбайтын бәсекешіл топтың психологиясын білдіреді. Қазіргі әлеуметтік психологияның тілімен айтсақ, бұл бейресми, яғни, бірімен-бірі үнемі бәсекеге түсіп тұратын, шекіспей бекіспейтін, ұйымдасып қылмыс жасайтын топтар мен корпорациялар, мафиоздық бірдестіктер. Автор аламандықты рушылдық психологиясымен байланыстырады. Ол ру менмендігінің бір сипаты аламандықта жатыр дейді. Халекең «аламандық қазақ мәдениетінің бадырайып, бесенеден белгілі болып, көрініп тұратын мінез бітісі», — дейді. Мінез акцентуациясы жеке адамға, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік топтарға да тән құбылыс. Аламандыққа байланысты автор түйіндерінде қазақ халқында бұрынғы кезде отан қорғау сезімдерінің кемдігі байқалады деген пікір бар. Әрине, жойқын жеңілдіктерге үшырағанмен қазақ психологиясы өз арасынан Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, салқам Жәңгір, т.б. осы сияқты дарабоз батырларын тудырып, отан қорғау сезімінің небір асқаралы үлгілерін көрсетті. Отандық, жауынгерлік қасиетті төмен бағалаған жағдайда қазақ халқы осыншама ұлан-ғайыр аумақты ұзақ жылдар бойына ұстап тұра алмас еді.

Х. Досмұхамедұлының аламандық туралы тағы бір түйініне тоқтала кетсек: «Өткен ғасырдағы қазақтың әлеумет қимылдарына көбінде-ақ аламандық бар. Шет елмен жауласса да, ру ара таласса да, хандарына, билеріне көбінеседе қазақтың ісінің көбінен-ақ аламандық исі шығып тұр…».

Х. Досмұхаметұлының аламандық – ру психологиясының ерекшелігінен туындайды деуі өте орынды. Ғылымда ру, тайпа халық, ұлт ұғымының психологиялық ерекшелігі бар. Ру адамның гендік ерекшелігіне, туыстық қарым-қатынасына қарай топтастырылып, өз тілімен айтсақ аталас, ауылдас адамдардың тобы. Ру – бұл тарихи-этнографиялық ұғым. Қазақ тарихындағы рулық болмысты ғылым жоққа шығармайды. Ал осынау зтностың этнографиялық топ – «ру» ұғымымен қатар «рушылдық» деген тағы бір ұғым бар. Мұның табиғаты басқаша, рушылдық – бұл обьективті жағдайды ескермей, субьективтік интуациялық факторларды есепке алып отыратын феномен. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде рушылдықпен жіктелу қазақ елінде ерекше орын алып келді. Бұл жайт Х.Досмұхамедұлының аламандық туралы пікірінен жақсы байқалады. Ғаламның «аламандық ұғымына берген анықтамасынан Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ елінде отандық, мемлекеттік сезімнің кемдеу болғанын, яғни рулық топтың психалогиясының өрістегенін байқау қиын емес.  Халелдің  «аламандық психалогиясы пікірі әлеуметтік психалогиямен   астарлас этникалық психалогияда кеңірек пайымдалатын этностық мінез-құлық жайлы түсінікке келіп саяды.

Х.Досмұхамедовтың «Аламандық сүйекке сіңген көптің мінезі, мұны қазақ кемшілік деп санамайды» — деген пікір айтады осы жерде ғалымның бұл бүкіл қазақтың бойына сіңген мінез және оның қазақ кемшілікке санамайды деуі қазіргі кездегі жағдайларымызға дәл келіңкіремейді. Сондай-ақ автордың «Аламандықты» түркі халқының көпшілігінде кездесетін халықтың қасиеті деуі , оның түпкі негізін түрікпендер мен қазақтардың жеке қақтығыстарынан  іздестіруі де ғылыми тұрғыдан дәлелдей түсуді қажет ететін мәселе. Ол «аламандықты» қазақ байларының психологиясына тән ерекше қасиет деп түсінеді.  Х.Досмұхамедұлының осындай тұжырымға келуі ғұлама өмір сүрген кезеңнің тарихи-әлеуметтік, саяси жағдайынан туындаса керек. [19, 32 б].

Ғалымның этнопсихологиясының әдіснамалық (методологиялық мәселелеріне байланысты) айтқан пікілерінің мәні аса терең. «Адамның табиғаттағы бар мінезі,- дейді ол ,- ойын – сауық қылып қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам жоқ күлмеген адам- адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелуге елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей тұрып ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық». Ол тілімен қатар ұлт әдебиетің де халық психологиясының айнасы екендігіне көңіл аударады. «Халықтың құлқы, мінезі, ойы,- дейді автор өз пікірін әрмен қарай жалғастырып,- заманындағы әдебиетінен білінеді. Әдебиет – халықтың түрлі қимылдарының айнасы…. Осы әдебиетті тексеріп отырсақ қазақтың өткендегі құлқы,  мінезі заманындағы күйініші, сүйініші, арасында болған түрлі әлеумет қимылдары анық сезіледі… Бұрынғы әдебиетпен танысқанда Халелдің бойына біткен мінездің бірнеше, түрі орасан одырайып тұр». Оның қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшеліктерін танып білу үшін қазақтың «Аламан» атты шағын мақаласының мәні зор аса зор. Мұнда осы салада келешкете  ғылыми ізденістер жүргізудің бағдарламасы түзілгендей деуге болады. Автор «әлеумет қимылдары деген» сұраққа жауап бере келіп, халқымыздың боына біткен жақсы,м жаман мінезін (бұл жердегі оның түйіндері Абайдың қара сөздеріндегі, сондай-ақ Ж.Аймайытовтың «қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласындағы ой желісімен мықтап қиуласып жатыр). Досмұхамедұлы қазақтың ұлтық мінезін басты бір ерекшелікке жатқызады. Оның пікірінше, аламандық – қазақ мінезінен бадырайып көрініп тұрған ерекше бітісі. Қазіргі психология ғылымында мұны «мінездің акцентуациясы дейді». Автор аламандықты қазақты отандық, ұлттық сезімнен кем рулық, менмендік сезімінің күшті болуынан туындайды деп түйіндейді. Аламан барымташылыққа ұқұсас тәртіпке, низамға көнбейді, ол өз дегені болмаса, басқаны елемейтін кез-келген басшыға бағына бермейтін, бәсекешіл мінез. Қазіргі «әлеуметтік психология» ғылымында мұның табиғаты «ұжыммен топ психологиясы» тарауында қарастырып жүр. Халел ру менмендігіне аламандыққа қатысы бар екендігін айтады. Бұл мәселе жақына баспадан шыққан Қ.Жүкештің «ұлттық психологияның сипаты» монографиясында жақсы айтылған Халекең аламандықтың түркі халықтарының біразында кездесетіндігін,мұның ұлт бірлігі, ынтымақтығы жоқ елдерде ерекше байқалатыны біздің қазақта  отан бірлігі, ұлт намысы сезімдерінің аздығы себебінен туындайтын нақтылы мысалдармен көрсете келіп, аламандық мінезде сүйекке сіңген топтық мінез, мұны қазақ кемшілігі деп санамайды, қайта өзінше мақтан тұтады, бұл рулық психологияның белгісі дей отыра, оның қазаққа қай кезде, қайдан келгеніне өзінше жорамал жасайды. Автордың ойынша, мұның басты себептерін көшпелі салты, рулық психология, жаугершілік өмір жетіле қоймаған мемлекеттік құрылыс, тағы басқа жатады екен. Осы мақала соңында «сананы салт туғызады» дейтін дұрыс ғылыми тұжырым да бар. Аламандық қоғам ілгерілеп, дамыған сайын біртіндеп өзгеріп жеке адамның да әлеуметтік құқықтардың да мінез-құлқы өзгеріске түсіп, жаңа мазмұнға ие болып отыратыны яғни аламандық бар жерде топтың бірлігі – тұтастығы бола алмайды, әсіресе әлеуметшіліксіз қазақта ұлт бірлігі болмаса, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес деп, өте мағыналы ғылыми салиқалы пікір түйеді. Халықтың құлқы , мінезі, ойы заманындағы әдебиетінен білінеді, осы әдебиетті тексеріп отырса, қазақтың өткендегі құлқы мінезі, заманындағы күйініші, сүйініші арасында болған түрлі әлеумет қимылдары анық сезіледі. Заманымыздағы түрлі қимылдардың жаман – жақсы мінездердің құр өз-өзінен пайда болмай, өткен заманның тамырласып жатқаны байқалады. Бұрынғы әдебиетпен танысқанда, қазақтың бойына біткен мінездің бірнеше түрі орасан адырайып тұр. Қазақ арасында болып өткен бірнеше әлеуметтік қимылдарда көрініп тұр. Ел әдебиетімен танысқанда осындай бадырайып көрінгеннің бірі аламан.

Аламан деп тәртіпке, жолға, низамға көнбейтін, өз дегені болмаса басқаны елемейтін топты айтады. Бастықтан лұқсатсыз біреуді шабуға, олжалауға аттанған тәртіпсіз топты да аламан дейді. Аламандықтан өзімшілдік , бәсеке туады. Аламандық бүтін қазақта болған әрбір руда болған, әрбір ауылдарда болған.

Өткен ғасырдағы қазақтың әлеуметтік қимылдардың көбінде ақ аламандық бар. Шет елмен жауласса да, ру ара таласса да, ханына ,биіне көнбесе де, қазақтың ісінің көбінен ақ аламандық исі шығып тұр. [20, 107 б]

 

1.3. Халықтың ауыз әдебиеті (фольклор) – ұлт психологиясының айнасы.

 

 Профессор Х. Досмұхамедұлының артында қалған мол мұраның бір тармағы  — ауыз әдебиеті, фольклортану ғылымымен байланысты.

Әуелден жыраулық, ақын – жыршылық дәстүрі кең өрістеген, Махамбет пен Мұраттай жыр саңылақтарын сыйлаған өмірде туып өскен Халекеңнің өлең – жырға, аңыз — әңгімелерге махабаты жастайынан – ақ оянса керек. Алайда ғалымның рухани байлықтың бір қайнары – фольклорға мән беріп, маман ретінде фольклор саласына ерекше зейін қойып, зер салуына Ташкентте тұрып, Қазақтың этнографиясы мен ауыз әдебиетіне қатысты дүниеліктерін жинауға ғұмырын бағыштаған Әбубәкір Диваевтың ықпалы аз тимеген. Әйгілі этнограф пен Халекеңнің арасында өзара сыйластық, достық орнап, халқымыздың баға жетпес фольклорлық байлығын шашпай – төкпей хатқа түсіру хақында әңгімелер жиі болып тұрған.Осындай достықтың белгісі ретінде Ә. Диваев қазақтың білімдар азаматына сирек те, бағалы еңбек – Е. А. Алекторовтың «Указатель книг, журнальных и газетных статьей и заметок о киргизах» (Казань, 1900) атты көрсеткішін тарту етеді. Бұл ескерткіш кітап қазіргі күнде Ұлттық ғылым академиясының ғылыми кітапханасындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақтаулы тұр. Халекеңнің даңқты жидашыны құрметтегені соншалық, өзінің «Қазақ ауыз әдебиеті» атты зерттеуіне «Қазақ халық әдебиеті үлгілерін қырық бес жыл бойы ерінбей жалықпай жинаған Әбубәкір Ахметжанұлы Диваевқа арналды» деп беташар сөз жазып, бастайды. [21, 32 б].

Жиырмасыншы жылдардың басында Түркістан кеңес республикасының құрылуымен байланысты ұлтымыздың бір шоғыр зиялылары Ташкент қаласына келіп тұрақ табады. Бұлардың қатарында Т. Жүргенов, М. Әуезов, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, К. Тынысбеков т. б. Бар еді. «Қазақ – қырғыз мәдениетін көркейту ниетіндегі» зиялылардың күш біріктіруімен Ташкентте дүниеге келген, төрағасы болып Х. Досмұхамедов сайланған «Талап» қоғамы мойнына алған көп міндеткерліктің бірі – ауыз әдебиті мұраларын жинау әрі бастыру болатын.

 Халекеңнің фольклортануына қосқан үлесін жидашылық, баспагерлік және зерттеушілік деген үш арнада қарастырған жөн. Оның жинаушылық жұмыстарының ішінде, әсіресе, «Мұрат ақын сөздері» (1924), «Аламан» (1926) және «Исатай – Махамбет» (1925) атты үш кітабы ерекше атап айтатын еңбектер.

XIX ғасырдағы поэзиямыздың белді өкілі – Мұрат Мөңкеұлының отты да көркем жыр жауһарлары  Халекеңнің жинаушылық қызметі арқасында бізге жетіп отыр. Мұраттың бұрын небәрі үш қана толғауы «Байұлы Байбақты Ғұмар Қазы ұғлына Мұрат ақынның айтқаны» (Қазан 1906) атты кітапта басылған болатын. Атыраудың Қарабау өңірінде ғұмыр кешкен даңқты жыршының алмастай өткір толғауларын болашақ зерттеуші балалық шақтан-ақ зердесіне тоқып өскен, әрі осындай сөз асылдарын хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманат қылуды өзінің азаматтық борышы санап келген. өлең-жырға талғампаздықпен қараған ғалымның атамекені ақын атулыға ежелден кенде болмаған, алайда патшалық ресейдің отаршылдық саясатын турашылдықпен әшкерлеген Мқраттай жыр дүлділінің орны ерекше – тұғын. Мұраттың шығармашылық өмір баяны, оның тегі, туған — өлген жылдары, өнеге алған ортасы хақындағы анықта толыфқ мәліметтерді осы кітаптан оқыңыз. Мұраттың шығармашылығы турасындағы алғашқы әрі байсалды тұжырымдар білдірген ғалымдае-Халекең. Х. Досмұхамедұлы жазып алып, Мұрат жырлады деп ұсынған «Қарасай-Қази» нұсқасы бізге жеткен көп варианттардың арасында аса бір көркем болып саналады.

  Қазақ әдебиеті тарихынан белді бөлегі – Махамбет Өтемісұлының толғаулары із-түссіз жоғалып кетпей, мұрагерлеріне аман жетті десек, оны – Халекеңдей жанашырдың үлкен еңбегі деп бағалау жөн. Әйтпесе, өлең – жырлары ел жадынан шығып, іздеушісін таппай, ұмытылған ақын – жыраулары, шешен – ділмарлары қаншама?  Батыс өңірінде Махамбет туындыларын айтушылар аз болмаған, бірақ оны әркім өз қабілетіне орай әртүрлі дәрежеде орындаған. Х. Досмұхамедұлы Мұрат Мөңкеұлының шәкірті Ығылман Шөрекұлындай құйма құлақ ақын аузынан естіген нұсқаларды ғана баспа бетіне ұсынған. 1925 жылғы «Исатай – Махамбет» атты жинақтан соң Махамбеттің дауылпаз жырлары сан мәрте оқырмандарға жол тапты. Ақын шығармаларын баспаға дайындаушылардың қай – қайсысы да Х. Досмұхамедұлының есімін ауызға алуға тыйым салынған кезеңнің өзінде көне басылымды аттап кете алмай, қайта оны тірек, негіз етіп отыруы бұл кітаптың құндылығын көрсетеді. Ғалым айтылмыш кітаптағы зерттеу мақаласында Исатай туралы таихи мағлұматтармен бірге елдің ауызекі шежірелік деректерін , аңыздарын молынан пайдаланады.

Ғалым халқымыздың көшпелі салтты тұтынған дәуірде жазба әдебиетке қарағанда ауыз әдебиетінің мәндігінің күштілігін баса айтады. Сондықтан халқымыздың ежелгі тарихын тереңірек танып, оның мінез – құлқын, ой-санасын жақсылап түсіну үшін ауыз   үңілу дұрыс деп пайымдайды. Ғалымның жазуына қарағанда, бағзыдан исі қазаққа тән бір қасиет-аламандық. Халекеңнің түсінігінше: өз басын артыққа санау», «көңіліне жақпаса өзі қойған бастығының бұйрығына өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын, Отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті құлық» —  «аламандық».    

Әрине, «аламан» — архаизм сөз, бұл сөзді байырғы поэзиялық жырларымыздан жиі кездестіреміз. Халекең осы сөзге терминдік мағына беріп, «Аламан» жинағында ел аузынан жазылып алынған «Қармыс батыр», «Байбоз-Жанбоз», «Балуанияз», «Даусым саған не болды?» т.б. жырларды тұңғыш рет жариялады. Сондай-ақ Х.Досмұхамедұлы өзінің тікелей редакторлығымен Ташкентте шығып тұрған «Сана», «Шолпан», журналдарының беттерінде ауыз әдебиеті үлгілерін жариялауға көп көңіл бөлді. Мұндай игілікті шаруаға М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ә.Диваев т.б. көрнекті қайраткерлер қолғабыс тигізді. Жиырмасыншы жылдардағы журналдың сарғайған беттерінен Халекеңнің өзі жинаған сөз асылдарын жиі ұшыратамыз. Мәселен, «Сана» журналының 2-3-санында «Адай Абыл ақынның сөздерінен қалған бір жұрнақ», «Қалмақтың қарғысы» атты көне жырлар жұртшылық назарына ұсынылған.

Ғалым хатқа түсірген мол қазынаның ішінде көлемі жағынан шағын болса да тоқталып өтуді қажет ететін- «Аруақпен айтыс» атты тақырыппен  1923 жылы «Сана» журналының 2-ші санында жарияланған айтыс үлгісі. Айтыс алдындағы Халекеңнің алғы сөзіне қарап, бұл түрдің қайтыс болған адаммен тірі адамның арасында өтетіндігін, тірі адам марқұмның даусын келтіріп айтысатынын білеміз. Зерттеуші бұл айтыстың арғы тегін, генезисін де тап басып айқындап береді. Халекең «бұрынғы шамандықтан қалған ырымдар» ретінде сипаттаған ескі айтыс үлгісі халқымыздың бағзы дәуірлеріндегі о дүние, адам жаны, оның рухы өлмейді деген балалық түсініктерінен хабардар қылар мәнді мұра қатарына жатады.

Халекеңнің қолынан шыққан «Мұрат ақын сөздері», «Исатай-Махамбет», «Аламан» жинақтарының қай – қайсысын алсақ та, ондағы жыр – толғаулардан  соң адам, жер – су аты, түсініксіз сөздерге ғылыми түсініктер бар. Кішігірім зерттеу іспеттес бұл түсініктер үлкен ізденіс, көп тер төгу арқылы дүниеге келген.

Қызмет бабымен Самарқан және Бұқара сықылды ескі мәдениет ошақтарында болған Халекеңді шаһарлардағы көз тұндырар әсем ғимараттардың салыну тарихы қызықтырады. Осы шаһардағы көне ескерткіштерді салуға қазақтардың да қатысы болғандығынан алғаш рет тарихи және шежірелік аңыздарға иек арта отырып дәлелдеп шығады.

Х. Досмұхамедұлы – қазақ фольклорын жинау және бастырып шығарумен шектеліп қалмай, оны жанрлық жағынан топтап, жүйелеуге үлес қосқан жөн. Соның бір дәлелі – оның Қазақ жоғарғы педагогикалық институтының қазақ тілі кабинетінде оқыған баяндамасы. Ол кейін «Қазақ халық әдебиетінің қысқаша очеркі» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Рас, төңкеріске дейін де, кейін де қазақ фольклорын жинау мен бастыруда біршама істер атқарылған болатын. Десекте осы жиналған фольклорлық мұралар әр – түрлі басылымдар мен жинақтарда әр кезде жарияланғандықтан оларды тауып оқудың өзі қиынға соғатын. Ұлттық ауыз әдебиетімізді іштей жанрлық түрлерге жіктеуге Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев т.б. ұмтылыс жасаған. Бұрын-соңды жиналған материалдарды бір ізге салып, толыққанды біртұтас жанрлық жүйелеуді жасап шығудың қазақ ауыз әдебиетін жинауда практикалық, әрі тереңдеген зерттеулер жүргізуге баспалдақ болардай теориялық мәні бар еді. Осындай замана білгірлігін сезігендіктен қайраткер әлгіндей жұмысқа бет бұрды. Ғалымның өзі атап көрсеткендей, төңкерістен соңғы шақ қазақ халқының дәстүрлі өмір салтының өзгере бастаған, көшпелі кезеңнің жаппай отаршылдыққа қарай ауысқан мезгілі. Оның үстіне жазба әдебиеттің мәні күшейді. Оның бәрі фольклордың ықпалын әлсіретіп, оның бірте-бірте өткеннің еншісіндегі дүниелікке айналдыруға себеп ететін. Зерттеуші бағзы дәуірлердің аманатындай болып отырған мұраларымызды орын сипап қалмай тұрғанда тездетіп жаппай жинаудың қажеттігін, бұның ұлттық мәні бар, уәзипа екендігін баса айтады. Әлгіндей абыройлы іске бүкіл қауым, елді тарту керек деген пікірге келеді.

Халекең халықтың ауыз әдебиеті мұраларын мазмұнына, атқаратын қызметіне қарап 46 түрге топтастырады. Ғалымның айтылмыш жүйелеуінде күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, қазақ фольклоршыларының басшылыққа алатын тұстары да аз емес. Ол фольклорлық қазынаны тек сөз өнері, өлең-жыр деп қана қарамай, кең аядағы тұрмыс-салт, діни наным-сеніммен астасып жатқан алуан сырлы жәдігерлік деп ұққан. Ғалымның ырымдары, түс жоруды да ауыз әдебиетінің бір түрі деп қарастыруы көңіл аударарлықтай.

Зерттеуші «емшілік халық әдебиеті» деген терминді қолданып, оны ауыз әдебиетінің бір бұтағы ретінде жіктеп, іштей бақсының жын шақыруы, оқу, арбау, көшіру, қағу, дем салу, үшкіру, садақа сұрау, құдайы» назире, кітап ашу, бойтұмар, құмалақ ашу, жауырын қарау, т.с.с. бөліктерге саралайды. Бұл жіктеулер өз уақыты үшін мәні зор үлкен ізденістің нәтижесі болатын. Ол әрбір түрді топтастырғанда баспасөз бетінде, кітаптарда жарияланған мұраларға тірек жасаған, еңбектің соңында олардың көрсеткішін беріп, толықтырып отырған.

Халекең халық әдебиетіндегі авторлық мәселесіне де ден қояды. Оның пайымдауынша, шығарма ауызша дүниеге келіп, ауызша сақталғандықтан уақыт өте келе өзгеріске ұшырап, нұсқалары тарамдалып шығады. Халекеңнің авторы бар  туындыларда дара сипаттан басқа, ұжымдық шығармашылықтың белгілері көрініс табады деген пікір-ауыз әдебиетінің табиғатын дұрыс танудан туындаған ой.

Осы келтірілген мысалдардың бәрі профессор Х.Досмұхамедұлының жиырмасыншы жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының ілгері жылжуына да елеулі үлес қосқан ғұлама ғалым екендігін айғақтайды. [26, 47-53-б].       

Этнопсихология қарастыратын психологиялық мәселелер ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мұны Х, Досмұхамедұлы өз еңбектерінде көрсетіп кеткен. Мәселен, қазақ айтыс өнерінің  сан алуан түрлерінде адам жан жүйесінің небір жақтары- ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік- жігер, мінез, тағы басқа әр қырынан көрініп жатады. Сонымен қатар, Халел «айтыс» өнері жастарды табан аузында тапқырлыққа тәрбиелейді, суырып салма айтыс өнері қазақтан өзге тек қана көне гректер мен арабтарда ғана кездеседі. Өкінішке орай, қазақ поэзиясының бұл түрі кейінгі кезде сұйылып кетті… егер келер ұрпақтың ойы ұшқыр болсын десек оны қайта тірілтіп жандандыру керек дейді [27, 32 б]. 

Жан қуаттарының ішінде адамның ойлау (ой) деп аталатын түрі айтыс кезінде жиі көрініс тауып отырады. Адамдар ойлаудың сан алуан түрлері бар. М.Мұқанов айтқандай мақал-мәтелмен ерекше көрінетін продуктивті  (нәтижелі) ойлаудың орны ерекше. Ол адамға бұрын соңды белгісіз тың мәселелерді шешуді елеулі орын алады. Өйткені, мұндағы ой түйіні жүйелі болып келеді. Айтыс өнерімен қатар продуктивтік ойлау қазақ жұмбақтарымен , жаңылтпаштарынан да ерекше байқалады. Мәселен, көпшілігімізге мәлім Сапарғали мен Нұржан ақынның бір-бірімен айтысында құрастырылған жұмбақтар – терең ойланып толғанудың, яғни продуктивтік ойлаудың жемісі. Мұндағы «темірден салбыраған иегі бар, сабағы бір қода, бірі белде» дейтін Сапарғалидың жұмбағын Нұржан: «Бұл аттың жүгені, тізгіні қолда, шылбыры белде», деп бірден шешеді. Осы жұмбақты құрастырушы да оның шешуін тапқан кісіде күрделі ой продуктивті үлгісін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде жаңадан белес алып отырған айтыс өлеңдерінде де халықтың нәтижелі ойлау саласындағы сан ғасырлық тамаша тәжірибесі жөнді ескерілмей жүр. Біздің айтыстарымыздың көбінің ойдан гөрі сезімге, адамның бірін-бірі мұқатуға, келемеждеп әжуалау мен сынауға негізделіп құрылған. Адамның жан дүниесінің  сыры мен қырының продуктивті ойлауға арналған айтыс ғана көрсете алады. Айтыстың қандай түрі болмасын (жұмбақ айтысы, қыз бен жігіті айтысы, ақындар айтысы тағы басқа) жан – жақты ойлап толғануды, ерекше тапқырлықты, керемет айлақорлықты қажет етеді. Мұнда сезімге эмоцияға әсер етуден гөрі ойға, ақыл — ойға әсер ету көзделген, дана халқымыз ерекше осы жайтты қастерлеген. Айтыскер жұртқа жағымды әсер етсем екен деп әр сөзін «жеті рет өлшеп, бір рет кес», алдын – ала болжап құрастырса, оның ойы орамды да, ұшқыр, кең, сыншыл болып келеді. Мұнда сөз тіркестері іріктеліп, сұрыпталған, дәлелді де салмақты, салиқалы келіп, ылғи да суырып салуды қажет етеді. Өйткені, бұлардың аузынан шыққан әрбір сөз «мірдің оғындай», «тайға таңба басқандай», ерекше ой елегінен өткен, атамыз қазақ айтқандай, «қысқа да болса, нұсқа» ой түйіндері болып келуі шарт.

Этнопсихологиялық зерттеулерде қазақ фольклорының көптеген жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызықты зерттеу обьектісі бола алады. Бұл біздің этнопсихология, саласында жөнді зерттелмей әлі де тың жатқан тақырып. Көшпелі ата-бабамыздың осынау ерте дәуірден-ақ мақал-мәтелді көп біліп, оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ата-баба даналығының кодексіндей болып есептелетін мақал-мәтелдер белгілі шешім мен  істің дұрыс-бұрыстығын анықтайтын логикалық ойдың эталоны тәрізді рөл атқарады. Мәселен, айтыс ақындары өз ойын орынды келтірілген мақал-мәтелдермен көркемдеп шегелей түссе, тыңдаушылар жағы оны өте мәнді дәлел (аргумент) ретінде қабылдайды. Мұндай жағдайда оның портнері де (қарсылас) мақалға жүгінуге мәжбүр болады. Мақал-мәтелдерді нақты жағдайға сәйкес орнымен қолдана алмаған ой өрісі, наным-сенімі бойынша жетілмеген жан болып есептеледі. Қазақ арасында тек қана мақал-мәтелдермен ой ғана нанымды саналады. Көшпелі тұрмыс жағдайында сөз мәйектері  мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің, осы күнгі тілмен айтқанда түрлі қоғамдық мекемелер қызметінің орнына жүрген. Олар айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, яғни шағын ауызша энциклопедиячы д болып қана қоймай зор тәлімгерлік рөлді де атқарып, адам бойындағы барлық жақсылықты марапаттап, жамандықты жерлеген. Мұндағы ақыл – кеңестер ұзақ өсиетсіз, қысқа да нұсқа, әрі иланымды болады.  Осы жәйтті зерттеген профессор М.Мұқанов мақал-мәтелдерді қазақтың «логикасы» деп тауып айтқан. Мақал-мәтелдер  арқылы халқымыз өзінің тәлім-тәрбиелік тәжірибесін моральдық-психологиялық, медициналық, гигеналық өнер — сайыпкерлік тәжірибесін жүйелеп, осынау бір этностың тыныс-тіршілігін психологиялық жағынан түйіндеп, келешек ұрпағына мирас етіп кетті. Этнопсихологиялық зерттеулерде тек мақал-мәтелдердегі психологиялық астарларды зерттеумен зерттеумен шектелмей,  фольклорымыздың басқа жанрларындағы ғылымға бір табан жақын тұрған идеяларын талдап, зерделеп зерттеуіміз абзал. Сонда ғана қазақтың этнопсихологиясы өзінің ғылыми арсеналына теориялық тәсілдерді тірнектеп жинай бастады.         «Қазақ халық әдебиеті». Қысқа очерк. Бұл Х. Досмұхамедұлының Ташкенттегі қазақ жоғарғы педагогика институтының қазақ тілі кабинетінде оқыған баяндамасы.  Баяндама орыс тілінде, ол «Год работы казахского Высшего педагогического института» жинағында, кейін жеке еңбек болып жарық көрді.

Баяндама: алғы сөз; халық әдебиетінің мазмұны; қазақ халық әдебиетінің классификасиясы; қазақ халық әдебиетінің үлгілері және қазақ қалық әдебиеті үлгілерінің сүйектілері мына басылымдарды жарияланады деген бөлек-бөлек тараулардан тұрады. 

Алғы сөзді ғалым болашақта қазақ халық әдебиетінің  зерттеудің ауқымды бағдарламасын жасағандай. Оның маңызы мен ауқымдылығын түсініп, өзі даярлаған очерктің ықшам зерттеу екенін түсіндіреді. Х.Досмұхамедұлының мақсаты – «қазақ халық әдебиетінің болмыс бітімін хатқа түсіріп, қолдан келгенше жүйелі де айқын классификациялау, әрбір  бөлімнің мазмұнын ашып, бастау бұлақтарын анықтап және қазақ, орыс тілдеріндегі бар үлгілерін көрсету.

Кеңес дәуіріндегі әдебиет зерттеушілері «Алашшылдар фольклор құрып бітеді деген» деп кінә артқан. Оған себеп болған Х.Досмұхамедұлының сөзі болуы мүмкін. Ол:

  1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ қауымының тұрмыс тіршілігі өзгеріске ұшырай бастады, ал бұл өзгерістер халық әдебиетінің даму жолына да ықпалын тигізді.
  2. Төңкерістен кейінгі кезеңде қазақ тұрмыс тіршілігі бұл өзгерістер күрт қарқынды бола түсті. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап анық байқалған қазақ халық әдебиетінің дамуының тежелісі, әсіресе төңкерістен кейін күшейе түсті. Осылайша барлық халық әдебиеті сияқты қазақ халық әдебиеті де бірте-бірте тіршілігін тоқтетпақ. Бұндай құбылыс басталды. Ол қазақтың мәдени дамуына кері бағытта жүріп отырмақ» — деген. (Х.Досмұхамедұлы «қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк.»)

Халел мұны айта отырып, бұл құбылысқа қарсы шара – халық әдебиетінің барлық үлгілерін жинаумен хатқа түсіріп,  оны қолайын тауып, жаңа мәдени құбылысқа пайдалана білуге шақырды.

Х.Досмұхамедұлының  фольклорлық шығармасындағы авторлықтың үш түрін атайды:

1).  Ұжымдық (коллективтік)

2).   Шығарма тұңғыш кімнен жазылынып алынса немесе нұсқаның соңғы жеткізушісіне таңылу шартты түр екенін;

3).  Өз шығырмасын автордың өзі хатқа түсіргендер немесе  басқа біреу жазып алған өз шығармасын түзету. Бұл қазақтың жазба әдебиетінің басы деп білген.

Хикая дегеніміз – ел өмірнде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы діни-нанымға негізделген әңгімелер. Хикаяның  мазмұндамасында осы анықтамада аталатын мифологиялық құбылыстардың біразы аталады.

Ғалым Х. Досмұхамедұлының аңыздың қазақ фольклорында саны жағынан аса мол мазмұнға алуан түрлі екенін аңғарған. Өзге фольклорлық шығармаларға қарағанда, аңыздың жанрлық ерекшілігі тарихқа қатыстылығы екенін көрсетеді. «Аңыздар түрлі тарихта аты белгілі кісілерге, жекелеген құбылыс, қала, қорымдарға және тағы басқа әлде бір ру, ата немесе тұтас тайпа немесе қайсы бір оқиғаға байланысты болап келеді» — деп анықтама береді. Оның бұл ойы бүгінгі ғылыммен үндес.

Шешендік сөз бен шежіренің эстетикалық қызметінен идеологиялық қызметі басым болғандықтан, ол жанрларды ешқандай қиял-ғажайып қоспа болған жоқ. Ш. Құдайбердіұлы түрлі шежірелерді салыстыра отырып, тарихи нақтылықтар іздейді. Сондықтан шежіредегі фольклорлық сарындарды «ертегі сықылды сөздер»,  деп білген. А. Байтұрсынұлы да шежірені, «бір жерінде рас болған оқиға сөйлесе, екінші жерінде тек жұрт аузындағы әуезе болған өтірік-шынды әңгімелерді сөйлеп кетеді» деп түсінген. Шежіредегі «ертегі сықылды өтірік-шынды сөздер» — ру, тацпалардың шығу тегіне байланысты тараған мифтік әңгімелер. Сондықтан шежіредегі қиял-ғажайып қоспа ертегімен салыстырғанда бөлек. Ертегіде қиял-ғажайып көркемдік мақсатта қолданса, шежіреде ол адамның бір кездегі сенімінен қосылған белгі. Сөзімізге дәлел үшін Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіредегі» (1992жылы) фольклорлық сарындарды анықтап көрелік.

  1. Адамның ерекше жаратылысы:

    а) «Құдай тағала өзінің құдіретімен ол топырақты тамыр қылып одан адамның суретін жасап,  отыз күн Мекке мен Тайфтың арасына қойды». [10-11б];

    ә) Оғыз ханның дүниеге келу баяны

    б) «Қиян нәсілінен, Құрлас руынан, Алаңқо деген әйел ерсіз үш ұл туады… Сол үшін ұлдың нәсілі ғажайып көп болды, оларды Нирун деді, мағынасы – пәк нәсілі, түрікше айтқанда, «ару тұқым»  деген болады. Бұл есімді қою себебі – моңғолдардың түсінігі бойынша, бұл үш ұл нұрдан жаратылды деген ойлар еді».

    в) Шыңғыс хан дүниеге келгенде бір қолын жұмып туады. Кіндік шешесі қолын ашып қараса, бір уыс қан көрді.

  1. Ғажайып күштерге, киелі адамның сөзіне сену:

   а) «Қонқамар руынан Меңлік Егекенің ұлы  Көкше деген бар еді, халық оны «Тәңірінің беті» дер еді. Сол келіп, «маған тәңіріден ишарат болды, Тимучинға сай, елге, халыққа «бұл күннен соң Тимучин демесін, Шыңғыс десін, жер жүзінің патшалығын Шыңғысқа, оның балалары мен тұқымына бердім» деп айтты»  дейді.

   ә) «Хан (Шыңғыс) жерленген соң ол жерге қалың ағаш пайда, болады оқ атса, өтпес еді» [92 б].

Х. Досмұхамедұлының фольклорлық шығармасындағы қырық алты жанрға бөліп үлкен кесте жасаған олардың бәріне дерлік мазмұндық сипаттакма берді. Ғалымның фольклортану саласындағы еңбектерінің ішінде оқшау тұратыны – «Қазақ халық әдебиетінің» (1938) атты очеркі. Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңде баспа бетін көрген материалдар мен һәм Радлов, Потанин, Диваев т.б. фольклорист ғалымдардың еңбектерімен жақынырақ таныстығы зерттеушінің қазақ халық әдебиетінің түрі мен жанрларын топтап саралауына, біршама толық ғылыми жүйелі жіктеуіне көмегін тигізген. Салыстырып айтар болсақ, қазақ тіл білімі тарихында А. Байтұрсынұлының үш кітаптан тұратын «Тіл құралының» алатын  орны қандай болса, әдебиеттану тарихында Халелдің «Қазақ халық әдебиеті» еңбектерінің де орны дәл сондай екені шүбә келтірмейді. Халел фольклорды тек жалаң сөз өнері деп танып қоймаған, оның әдет-ғұрып, наным-сеніммен байлансты этнографиялық мәліметтерден бөле жармай қарау керектігін жақсы сезінеген ғалым. Мұндай таным белгілерінің қазақ халық әдебиетінің түрлерін жіктеген зерттеуімен айқын көреміз. Ғалым кезінде түстеп, саралаған «ырым», «дем салу», «қағу», «үшкіру», «бал ашу», «бойтұмар», «түс жору», құмалақ ашу», т.б. ұзақ уақыт фольклоршылардың, ауыз әдебиетін жинаушылардың тарапынан тыс қалып келгені белгілі.

Ал, ол «Шернияз шешен (1925), Бұқардағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана» (1927), «Самарқан қаласындағы Тілле – Қара мен Шердор медреселерін салдырған Жалаңтөс батыр шежіресі (1928) сияқты еңбектерінде тарихи аңыздар мен этнографиялық деректерді шендестіре қарап, халқымыздың көне тарихын зерттеуде өзінше тың жол, соны сүрлеу салды. Рухани мұраны туған халқына алғаш таныстыру мен қатар ондағы әдеби, тілдік һәм тарихи деректерге назар аударды.

1924 жылы маусымда 12 – сі күні Орынбордағы Оқу қызметкерлері ұйымының мәдениет үйінде Қазақ – Қырғыз білімпаздарының тұңғыш құрылтайы өтті. Түркістан Қазақ – Қырғызыстан өкіл болып Х. Досмұхамедұлы мен Иманғали Арабайұлы қатысты. Осы бас қосуда Халел қазақ халық ауыз әдебиетін жинау және оны жариялау емле, терминалогия мәселелері жөнінде түйінді пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, бірнеше рет сөз сөйледі [35, 58-б].

 

1.4. Халел – ғылым тілін жасаушы.

 

Жиырмасыншы жылдарда ғылым, оқу-ағарту, мәдениет, техника саласында өзгеше бір серпіліс туған дәуірде, әсіресе жаппай ашылып жатқан мектертерге түрлі пәндер бойынша оқулық жазу, емлені жетілдіру, пән атауларын ретке келтіру сияқты ауыр да абыройлы міндет сол кездегі әзиз ағалардың үлесіне тиген болатын. Олар кадрлардың тапшылығынан өз мамандықтары болмаса да психология, математика, педагогика, зоология, химия, т.б. салаларына қатысты еңбектер жазып, ғылым мен оқу-ағарту ісін кең өріске алып шықты. Жеке мақалаларын былай қойғанда тек кітап, кітапшаларын санамалап тізіп шыққанның өзінде олардың энциклопедиялық, әмбебаптық білімдарлығын байқауға болады. Мысалы, А.Байтұрсынов көркем шығарма, әдебиет теориясы, тіл оқулықтарынан басқа, оқу-ағарту, педагогика, әдістеме, ауыл шаруашылығы тақырыптарына байланысты көптеген еңбек жазды. Ж.Аймауытов көркем шығармадан басқа «Тәрбие жетекшісі» (Орынбор, 1924), «Психология» (Қызылорда, 1926), «Комплексті оқыту жолдары» (Қызылорда, 1929), «Жаңа ауыл» оқулығы (Қызылорда, 1929) сияқты еңбектерді жазса, ақын М.Жұмабаев «Бастауыш мектепте – ана тілі» (Ташкент, 1923), «Сауатты бол» оқулығын (Мәскеу, 1926), «Қызыл әскер әліппесін» (Мәскеу, 1926), «Педагогика» (Ташкент, 1923) кітаптарын бастырып шығарды. Жазушы М.Дулатов та көркем шығармадан басқа «Оқу құралы» оқулығын (Орынбор, 1916), «Есеп құралын» (Ташкент, 1922) жазды. Орыстарға арнап қазақ тілінен 15-шақты оқулық жазған ғалым Телжан Шонановтың 1926 жылы 224 беттік «Қазақ жері мәселесінің тарихы» атты бірегей еңбегі жарық көрді. Міне, осылайша халықтың қамын ойлап, оның болашақ тағдыры туралы көп толғанған, әмбебаптығымен көзге түскен әзиз ағалардың қатарында 30-жылдардағы зобалаң кезеңінің қанды қылышына ілініп, нәубеттің құрбаны болған, есімі көптен бері ауызға алынбай, еңбектерінің көпшілігі әлі де болса қозғаусыз жатқан қарымды қалам иесі, халқымыздың аяулы азаматтарының бірі, қазақ ғылымының бастау-қайнарында тұрып, ғылымда өзіндік соқпақ салған тұлға – Х.Досмұхамедұлы болатын.

Мамандығы дәрігер болса да оны тіл мәселесінің зәру проблемалары  да бей-жай қалдырған жоқ. Өз ана тілін сүйіп, оған қамқоршы боламын деп талпынған ұлтжанды ғалым тілдің қоғам өмірінде, оның ішінде, ғылым-білім саласында атқарар ролін жоғары қойған. Бірде: «мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады» («Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», Ташкент, 1924, 3-б.), десе енді бір жерде: «Тіл – жұрттың жаны, өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші…Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» («Аламан, Алматы, 1991, 49-б), немесе «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл – күйініш. Ана тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру зор қате. Бұл – оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек» (…Сингармонизм заңы» , 53-б) деген сияқты ана тілі туралы тебіреніп айтқан өзек жарды сөздері жастарға өнеге боларлықтай, ана тілін сыйлап, әспеттеп, қадырлеп оның қамқоршысы болуға шақыратын ұшқыр, ұлағатты сөздер. Халекең де сол кезде талас-тартыс тудырып жүрген емле, әліпби, пән атаулары, дыбыс заңдары сияқтя көкейкесті, зәру мәселелерге көп көңіл бөлген ғалым. Қазақ тіліне қатысты туындыларының ішінде аса бір білімдарлықпен жазылған еңбегі – «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм» деген атпен 1924 жылы Ташкентте басылып шыққан кітапша. Ғалым бұл еңбегінде қазақ тілінің ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тіл заңы – сингорманизм мәселелерін сөз етеді. Әсіресе шетел тілдерінен алынған сөздердің айтылымы мен жазылымында бұл заң сақталмай, бұзылып, бұрмаланып отырғанын қынжыла айтып алаңдаушылық білдіреді. «Осы күнгі қазақтың әдебиетінде, — деп жазады ғалым, — шеттен кірген сөздер көбейіп кетті. Төңкерістен соңғы шыққан жұрнал – газеттердің іші толған жат сөз. Білім, оқу әдебиеті де жат сөзге байыды. Заманымыздағы көркем әдебиетімізде де жат сөздерден құр емес. Оқушыға да, үйренушілерге де, үгіттеушіге де, жазушыға да, білімдіге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды. Топан суындай қаптап, тілімізді жат сөздер басып бара жатқан мезгілде ескерілмей, ұмытылуға айналған тіліміздің негізгі бір заңын еске салғымыз келеді», (… сингорманизм заңы», 82-б). Автор түркі тілдерінің біразы үндестік заңын жоғалтып, ал қазақ тілінде оның сақталғанын мақтанышпен айтады. Түрлі жұрнақтарды үндестік заңы тұрғысынан арнайы сөз еткенде олардың жуан – жіңішке болып қосарланып айтылатын түрлерімен таныстырады. Сингорманизм заңына тек араб – парсы ғана емес, орыс тілінен енген сөздердің де бағынатынын жан – жақты көрсете білген. Мұнда әсіресе топонимикаға байланысты сөздердің дыбыс заңына бағынып өрлік (Орловский), Кірімшік (Гребеншиковский), Топайлы (Тополевский) болып айтылуын да үндестік заңының бір көрінісі деп есептейді. «Жат сөздерді өзгертпейінше жүргіземіз» деп, қазақтың тілін бұзатындар да, «мәдениетке үйренеміз, өнер шашамыз» деп арақ пен шылым, жұқпалы ауру таратқандар да бір есеп. Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады» (…сингорманизм заңы» 33-б), — деп тілімізге ентін сөздердің қазақыланып, өз сөзімен айтқанда «қазақ тымағын» киіп, «тілдің нағыз өз баласы болып» кіруін талап етеді. «Басқаның сөзін бұзбай аламыз деп тіліңді бұрап жүргенде өз тіліңнен айрылып қаларсың» деп сақтандырады. «Жіңішке айтылатын сөздердің жалғаулары да жіңішке, жуан айтылатын сөздердің сөздердің жалғаулары да жуан болып қосылу керек» деген қағиданы ұстанған ғалым сигорманизм заңына бағынбайтын бір топ сөздерді де назардан қалдырған жоқ. Халекең қазақ тіліндегі бір дыбыс екіленіп (тәштиттеніп) келмейтінін, сондықтан қатар келген екі дыбыстың біреуі басқа дыбысқа айналатынын да байқаған. Мысалы: жиннат – жендет, суннат – сүндет, үммет – үмбет, т. б.

Х. Досмұхамедұлы шығармашылығында ереулі орын алған тағы бір мәселе терминологиямен, пән атауларымен байланысты мәселелер. 1920 -30 жылдар, әсіресе, жиырмасыншы жылдар қазақ терминологиясының тарихында ең қиын кезең деп есептеліп жүр. Өйкені, газет – журнал, кітаптардың көптеп шыға бастауы, біраз пәндерден ана тілі нде оқулықтарды жазу қажеттігі сол кездегі зиялы қауым алдына пән атауларын жасау, шет тілдерден енген атауларды аудару міндетін қойды. Ырғалып – жырғалуды көтермейтін оқу – ағарту ісі пән атауларын өмірге жедел келтіруді талап етті. Ғалымның термин жасауда, шет тілдерден терминді қабылдап алуда өзінің ұсынған жолы, принципі бар. Оны нақты, анық айтылған мына сөзінен аңғаруға болады: «Мәдениет қуған жұрттың ең алдымен тілі өзгермекші. Шеттен келген білімен, әдетпен, заңмен жаңалықтарға ұғым беретін жаңа сөздер келмекші. Білімге кірген жаңа сөздердің көбі үлгіге алынған мәдениетті жұрттың сөзі болмақшы»   (…сингорманизм заңы», 3-б.), Европа жұрттарының ғылым тілі етіп алған тілі – латын тілі екенін айта келіп, ғалым: «Латын тіліндегі терминдерді ешкім қалдыруға ниет қылған жоқ, қалдыруға қолдан да келмейді. Ғылым ұлғайған сайын латын терминдері ұлғайып барады» (Сонда, 41-б.), — дейді. Бұдан біз ғалымның шет ел сөздерін қабылдауды қолданғандығын, бірақ олардың дыбысталуы, қазақ тілінің дыбысталуы, айтылым заңдарына сәйкес болуын талап еткенін көріп отырмыз. Халекеңнің осы пайымдаулары қазір интернационалдық, халықаралық сөздердің жаппай аударуға көшкен пуристік бағытқа түскен кейбір зиялы азаматтардың зердесінде болу керек. Халекеңнің зоология, ботаника, медицина салалары бойынша кітап жазу үстінде көп қиыншылықтарды басынан кешіргенін, олар «білім қысқаннан жазылған жоқ, мұқтаждық жаздырды» дейді де әсіресе, пән атауларын қолдануда, жасауда көп қиналғанын айтады. Табиғаттану кітабының кіріспесінде ғалым: «Термин табу бек қиын. Сүйткенмен, қолдан келгенше терминдерді нағыз қазақ сөзінен алдық», — деп, ең алдымен, қазақ тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған. Ал, жануарлар туралы жазған кітабының кіріспесінде «Сөздің көбі жат жануарлар турасында болғандықтан, ғылым атауларын дұрыстап тағу жөнінде көп бейнет шектік. Ғылым атауларын қолымыздан келгенше түсінікті қылуға тырыстық» («Жануарлар», Ташкент, 1922, 3-б.) деп жазады. «Оқығандар мұндай сөздерді нағыз орысшасындай бұлжытпай сөйлейді, қазаққа бұлжытпай сөйлетуге тырысты. Қара халық оған көнбеді, өзінше аударып сөйледі» (…сингорманизм заңы», 28-б,) немесе жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ» екенін, арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады» дейді. Оқу – ағарту саласындағы терминдер араб – парсы, әсіресе орыс тілдерінен қабылданғандықтан Х. Досмұхамедұлы кірме сөздер мәселесін де сөз етеді. Халекең тіліміздегі әдет, береке, аспан, әзіл, апат, әділ т. б. Сөздерді тізіп беріп: «Бұл сөздер біздің тілімізге соншама сіңіп кеткен, қазақ – қырғыз халқы бұлардың жат екендігін сезбейді… бұларды жат сөздер деп айтуға болмайды, бұларды жат сөздер десек ел көнбейді. Бұларды жат деген адамның өзін ел өзіне жат санайды» (Сонда, 25-б), — дейді. Орыс тілі арқылы енген сөздердің де халық тілінде өзгертіліп айтылуын ғалым қуаттап, оны дұрыс құбылыс деп есептеген. Мысалы, төңкерістен бұрын қазақ ауылына кең тараған самаурын, песір, жәрмеңке, ауылнай, жандарал, ояз, сот, болыс, т.б. сөздерін мысалға алып, кірме сөздердің тілдің ішкі дыбыстық заңын сақтай айтылуын талап етті.

Пән атауларына байланысты айтыстарға қызу араласа отырып, Халекең олардың қабылдану, бекітілу жолдарын да ұсынады. Ол: «Бүкіл қазақ халқы үшін жалғз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесінің жанында әр пәннің мамандарынан сайланған комиссиялар болуы керек. Пән сөздері әуелі пән комиссиясының сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып, көптің талқысына түсуге тиіс. Ол пән сөздері сонан соң ғана барып білім кеңесінің қарауына түсіп, бекітіліп шығуға тиіс» (Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. Орынбор, 1925, 83-б.), — деп ұйымдастыру жағынан бірден – бір дұрыс жолын ұсынды. Кейін Халекеңнің осы ұсынысы қабылданып, терминком құрылып, ол осы күнге дейін жұмысын жалғастырып келе жатыр. Бірақ кейінгі жылдары терминком пән атауларын көпшіліктің талқысынан, секциялардан өткізбей терминком мәжілісіне апарып, әрбір сөзді қол көтерумен шешк тәжірибесіне көшіп алды. Енді жаңадан құрылған Тіл комитеті өз жұмысында Х. Досмұхамадұлының ұсынысынан туындап, орныққан дәстүрді ұстанады деген үмітіміз бар.

Ғалым сол кездегі өзекті де даулы мәселелердің бірі – емлеге көп көңіл бөлді. Бірде ол шетел тілдерінен енген сөздердің жазылуын сөз етсе, бірде жазылуы дүдамал сөздерді ретке келтіріп, бір ізге түсіруге атсалысты.

1924 жылы Орынборда А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Е. Омаров, Н. Төреқұлов, Т. Шонанов, т.б. қазақ зиялылары қатысқан қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде Түркістан оқу комиссарияты атынан өкіл болып келген Х. Досмұхамедұыл съездің жұмысына белсене арласып, емле, әліпби, пән атауларына байланысты жарыссөзге шығып, өз ойын, ұсыныс – тілектерін айтқан. Съезде қаралуға тиісті 6 мәселенің үстіне тағы бір мәселені («Бастауыш мектептердің түрі мен оқытушылар дайындайтын ғылым орындарының программасын жасау») талқылауды ұсынған. Х.Досмұхамедұлы, түрлі комисиялардағы жұмысын есептемегенде, арнаулы баяндама («Ауыз әдебиетін жинау жөнінде») жасап, емле, пән атаулары жөнінде 10 рет жарысөзге шығып сөйлейді. Жазу ережелері туралы Елдес Омаровтың баяндамасы бойынша жарыссөзге шығып, сөйлеген Халекең баяндамашыны қолдап дифтонг дыбыстардың, жіктік жалғаулардың жазылу ережелеріне тоқтап, арабтың кейбір әріптерін әліпбиден шығарыа тастауды және сингармонизм заңын берік ұстануды ұсынады.

А.Байтұрсыновтың ұсынысымен Т. Шонановтың баяндамасында айтылған даулы мәселелер жөнінде бір пікірге келу үшін бес адамнан комиссия құрылады. Оның құрамына Х. Досмұхамедұлы да кіреді. Келесі күнгі мәжілісте Е. Омаров съезд мүшелерін осы комиссияның ұйғарымымен таныстырады. Халекеңнің ұсыныстарының көбі дерлік комисияның тұжырымдамасында қолдау тапқан. Осы жерде Халекең алғашқыда латын әліпбиіне көшу әрекетін қолдамағанмен, бұрынғы КСРО халықтарының орталық баспа басқармасының  төрағасы Нәзір Төреқұловтың тапсыруымен латын әліпбиі негізінде жасаған жобасын «Ақ жол» газетінде жариялаған. Бұл жөнінде Халекең съезде сөйлеген бір сөзінде: «Менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ ол (Н. Төреқұлов – Ш.С.) латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жазып беруге тарсырған соң, сол жобаны жасағаным да рас»,- дейді. Айнала латын әрпін қолдап жүрген тіл мамандары тұрғанда бұл жауапты істі Х.Досмұхамедұлына тапсыруы оны латын тілін жетік білетіндігінде деп есептейміз.

Қазақ тілі жөніндегі білгірлігі ескеріліп, Халекең тіл мәселелеріне орай құрылып жатқан түрлі комиссиялардың құрамына да, төрағалығына да сайланып жүрді. Міне, сондай беделді комиссияның бірі – Түркістан Республикасындағы аймақтық қазақ-қырғыз білім комиссиясы еді. Осы комиссияның 1923 жылғы наурыздың 23 – інде қазақ емлесінің 12 баптан тұратын жаңа ережелерінің қаулысы «Шолпан» журналында жарияланған болатын. Қаулыға қол қойғандар: Білім комиссиясының бастығы Халел Досмұхамедұлы, мүщелері Мағжан Жұмабаев пен Әубәкір Диваев.

Х. Досмұхамедұлының әдеби тіл туралы, оның негізі, баю жолдары туралы айтқан пікірлері де зерттеушіге ой салатын пайымдаулар. Өткен ғасырда қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың біразы таза қазақ тілінде емес, татар, араб – парсы сөздері арласқан кітаби тіл дәстүрімен жазылған қойыртпақ тілде жарық көргені белгілі. Х. Досмұхамедұлы мұндай тілді «шатақ» деп атап, оған мынандай мысал келтіреді: «Хұрметлұ ғизатлу қадірменде зияда көргуші ағамызға  көп-көр саламлар бағдунда біз тарафтан хал – ахуал сұрасаңыз алхамдила сах – саламат турадынмыз». Мұндай қойыртпақ тілдің жалпы халықтық қазақ тіліне әсер етпегенін ризашылықпен айта келіп, қазақты шатақ тілден сақтап қалған  үш себеп —  жағдайды  санамалап көрсетеді: 1) көшпелі салт; 2) бай, ауызша айтылып жүрген ел әдебиеті; 3) Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлы сияқты шын қамқоршы болған, нағыз әдебиет тіліне жол салған оқымысты жігіттердің болуы. Халекең әдеби тілдің ( «әдебиет тілдің»)негізі жалпыхалықтық тіл болуы керектігін бірнеше жерде айтып кеткен. «Қазақтың әдебиет тілі жаңадан басталды. Елдің қара тілі әдебиет тілімізге негіздікке алынды. Әдебиет тіліміздің табаны дұрыс салынды деуге болады» деп жазған болатын.

Ғалым тілдің тазалығын, оның нормасын, халықтық негізін сақтауда мектеп пен баспаның рөлін бірінші қатарға қойып қарастырған. «Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байыиып, гүлдендіреді. Мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды», деп тіл бұзарлыққа қарсы шыққан ғалым Халекең әдеби тілімізді байытудың екі жолын көрсетеді: «Осы күнгі әдеби тіліміз өте қарқындап өсіп барады. Бір жағынан өз сөзінен сөз тудырып байыса, екінші жағынан жат сөздерді кіргізіп байып барады».

Халекең еңбектерінде қазақтың шешендік өнерін, өлең құрылысын, «сөздердің туралығы мен дәлдігін, айқындылығы мен әуезділігін « сөз етеді. «Нысанбай сөзінің артықшылығы, ең әуелі тіл жағынан. Нысанбайдың тілі нағыз үлгі боларлық, ал Мұраттың тілі әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі», — деп Нысанбай мен Мұрат ақындар шығармаларының тіліне жоғары баға берген.

Түркі, моңғол тілдерінің өз сөзімен айтқанда «тұқымдастығы, тумаластығы» жөніндегі пікір, байқаулары сонау бір-екі жүз жылдардан бері шешімін таппай жүрген гипотеза, долбар ретінде айтылып жүрген алтай теориясымен ұштасып жатыр. Халекең оқушы қауымға жалпы тіл білімі мәселелерімен де мағлұмат беріп отырған. Мысалы, Европа тілдерінің классификациясын келтіре отырып, герман, славян, роман тілдері тобына кіретін тілдер жөнінде мәлімет береді. Ал түркі тілдеріне ғалым «Шолпан» журналында (1923 ж, №3-5) жариялаған «Түркі тілдері туралы» деген көлемді мақаласын арнаған.

Түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілі тарихына қатысты материалдарды назардан тыс қалдырмай, қадағалап отырған ғалым атақты шығыстанушы М. Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінің тұңғыш зерттеушісі болғанын мақтанышпен айта аламыз. Ғалымның осы тарихи ескерткішке арналған мақаласы 1926 жылы «Шолпан» журналында (№ 6-7-8) жарияланды. Ол мақаласында автор алғашында Ыстанбұлда 1914 жылы табылған нұсқасын сұратып, оны қолға түсіре алмағанын «Кітапты көруге құмарланып, толық мағлұмат сұрап хат жазып едік, бірақ ешбір жауап ала алмадық» деп өкінішпен жазады. Сол нұсқаны кейін 1917 жылы Рифғат деген түрік ғалымның үш том етіп бастырып шығарған нұсқасын алдырып, соны пайдаланғанын айтады.

Халекеңнің «Құтадғу білік», «Жамиғ ат-тауарих», «Кодекс Куманикус», «Китаб ал — Идрак», т.б. ескерткіштерді сөз етуі оның көне ескерткіштерден хабардар болғанын көрсетеді. «Диуанның» түркі халықтарының тарихын, тілін, әдебиетін зерттеуде таптырмайтын материал екенін айта келіп, бұл еңбек  түркі тілдерінің татбақи (салыстырмалы) фонетикасынан көп мәлімет беретін және «түрлі рулардың ләхже (наречие) айырмалары туралы берген мағлұматы өте қымбат деп, кітапқа жоғары баға береді. (Бұл туралы Ә. Керімовтың «Ана тілі» газетінде 1993 ж. 15 – санында жарияланған мақаласын қараңыз).

Х.Досмұхамедұлы қанша тіл білген ғалым? Оның орыс, латын, араб, неміс тілдерін меңгергендігі жөнінде кейбір мәліметтер бар. Орыс тілін терең меңгергендігіне сол тілде шыққан біраз еңбектері, Санкт – Петербургтағы   Әскери – медициналық академияны алтын медальмен бітіргені айғақ бола алады. Ал, латын тілін білгендігін Халекең өзі айтады. Медицина, биологиядан жазған еңбектерінде көп жағдайда кірме сөздердің тұсына латынша нұсқасын жазып отырған.

Ғалым араб тілін де меңгерген болуы керек. Жоғарыда сөз болған М. Қашқаридың арабша жазылған мың беттік еңбегі сол кезде ешбір түрік тіліне аударылмаған. Ғалымның осы ескерткішті талдауға арналған мақаласында араб тілінен бейхабар адам түсіне бермейтін фи ел — жумла, ләһже, қағти, иқтисади, ижтимайи, мұнасабты сияқты толып жатқан араб сөздері мысал ішінде емес, автордың өз сөзінде қолданылып отырады. Ол ол ма? Халекең бұл ескерткішті оқып қана қоймай, онда бастырушылардан кеткен қателерді де көре білген. Осы мақаласында ғалым: «Қазанда, Ташкенде басылатын кітаптарды «Қисса — әнбия» кітабы сияқты қалай болса, солай баса салушы еді. Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өз түзеушілері корректураны түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Рифғат афандінің де азын – аулақ  сондай кемшілігі жоқ емес», — деп ондағы жаңсақ кеткен біраз жерлерін мысал келтіріп, тізіп береді.  Петербургтегі Әскери-медицина академиясына түсерде өз бетімен латын тілін үйреніп, емтихан тапсырған дарынды ғалымның араб тілін де өз бетімен оқып-үйреніп алуы ғажап емес. Ал, ғалымның неміс тілін білгендігін осы күні арамызда жүрген Халекеңнің ұрпақтары растап отыр. Демек, Х. Досмұхамедов Шоқан Уәлиханов сияқты  жеті жұрт тілін білген полиглот ғалым болған.

Халел Досмұхамедовты біз негізінен дәрігер, биолог, әдебиетші, қоғам қайраткері деп келдік. Енді міне, қазақ тілінің терминологиясы, фонетикасы, емле, түркі тілдерінің тарихы, әдеби тіл, әдебиет тілі туралы пайымдаулары оның лингвист-ғалым екенін еріксіз мойындап отыр. Байқап отырсақ, осы күнде өткір қойылып отырған зәру, көкейтесті мәселелердің көпшілігі кезінде Халекеңнің еңбектерінде сөз болған. Сондықтан ғалымның қаламынан туған еңбектері , пайымдаулары осы күні де мәнін жоймай келе жатқан еңбектер деп есептейміз. Дара талантымен көзге түскен, аз уақыт ішінде, яғни алғашқы еңбегі шыққан 10 жыл ішінде артында мол мұра, өшпес із қалдырған Халел Досмұхамедовтың Бірнеше том етіп шығарып, Халелтану ілімін ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Осы ретте 1991 жылы «Аламан» деген атпен Халекеңнің бір томдық жинағын құрастырып шығарған жас ғалымдар Ғ. Әнесов пен А. Мектеповтың ізденіс еңбектерін  ерекше атап өткіміз келеді. Тақыр жерге күмбез орнатқандай ғылым-білімнің қара шаңырағының тұғыр тасын қаласып, уығын шаншып, керегесін кеңейтуге көп күш жұмсаған, әз тұтатын ағамыздың есімі ғылым тарихының төрінен өзіне лайық орнын алуға тиіс. «Әз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел, тегі, қайдан алсын кемеңгерді» ∕ І . Жансүгіов∕  дегендей, еңбектері қозғаусыз жатқан талай кмеңгерлердің мұрасын жарыққа шығару – біздің перзенттік парызымыз [38,32-42].  

Х. Досмұхамедұлының Қазақстан ғылымы мен қазақ тілінің дамуында алатын орны.

Елдің елдігі мен ертеңін ойлап қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым-дәрігер профессор Х. Досмұхаммедұлы қазақ тілінің табиғаты туралы да жүйелі еңбек еткен ғалым. Оған «Қазақ-Қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты ғылыми еңбегі дәлел. Ғалым қазақ тілінің болашағына, оның қандай күйге ұшырай бастағанына дұрыс баға берді. Мысалы, ол «Өз тілін білмеген ел – ел болмайды» дей отырып қазақ тіліне сырттан сөз алуға және оны талғаусыз қабылдай беруге үзілді-кесілді қарсы болды. Жай сөздерді ескертпестен, бастапқы жай қалыбымен тілге сіңіреміз дегендікті шатасқандық деп есептеді. Осы пікірлердің дұрыс екендігіне бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр.

Х. Досмұхамедұлы ұлттық рухани мәдениеттің дамуы мен өркен жаюында ғылым тілін жасауында маңыздылығына ерекше зор мән берген. Осы ретте баса айтар тұс — Х. Досмұхамедұлының ана тілінде алғашқы ғылым тілін жасаушылардың бел ортасында болуы тиіс. Яғни оның есімі А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы, М. Дулатұлы сияқты  қазақтың біртуар азаматтарымен иықтас, қатарлас аталуы жөн. Сөзсіз бұл оладың қазақ жұртшылығына ауадай қажетті алғашқы төлтума оқу құралдарын жаумен тікелей байланысты.

Х. Досмұхамедұлының «жануарлар» атты оқулығының кіріспесінде: «…Надандықты жоюдың шын жолы ана тілі мен ғылым үйрету, ғылым үйрететін мектептерді көбейту», — дей келе: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Олай – бұлай созуға өте ыңғайлы келе беретін тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз толық», — деп жазды. Ғалым ғылым атауларына дәл балама таба алмай, тілімізді ғылым жолына дұрыс бағыттай алмай, кей жұрттарша араб пен парсыны, латын мен орысшаны былжыратсақ, бұл тіліміздің жарлылығынан, кемдігінен емес, кітап жазушылардың нашарлығынан, өз тілін білмегендігінен деп есептейді.

Х.Досмұхамедұлы: «Қазақ тілінде бұған дейін Ахметтің «Тіл құралынан» басқа ешбір  ғылым жайында жазылған кітап болмады.Алдымыхзда үлгі болмаған соң, Ғылым кітабын жазу деген өте қиын болды. Қазақ тілі – ғылым жолына шалынбаған, сөздері ғылым ретіне қарай жөндікпеген тіл. Сондықтан қазақ тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді. Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі атауларды (терминдерді) дұрыстап, түсінікті қылып аудару. Ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне үсінікті, дұрыстап аудару — өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келісті ат тағу деген алғашқы уақытта қиын болса да, өте мұқтаж нәрсе»,- дей келе, төлтума ғылым тілін жасау жолындағы жүйелі ұстанымдарын төмендегіше топтайды.

  1. Ең әуелі ғылым атауларына лайықты сөздерді қазақ тіліндегі сөйленістерден алу;
  2. Ескі түрік сөздерінен (өзбек, ноғай сияқты) ыңғайлы сөздерді іздеу;
  3. Қазақ тіліндегі сөйленістерден лайықты туынды сөздер шығару. Жаңадан туынды сөз шығару – тым қиын іс. Жаңадан сөздің тілді бұзбайтын, жаңалығы көп сезілмейтін болуы және бұл жолды өте сақтықпен қолдану;
  4. Ғылым атауларына латын тіліндегі сөздерді алу;
  5. Қолайлы келген араб, парсы, орыс сөздерін қолдануда оңай сөздердің ауызекі қолданысқа енгендігін ескеру, т.б.

Х.Досмұхамедұлы қазақ тілінің, жалпы түрік тілінің кең көлемдегі түркология мәселелерінің қырларын зерттеген ғалым еді. Сондықтан да оның «Таңдамалы» шығармаларының үшінші бөлімінде тілтану салалары еңбектерінің берілуі өте орынды болған.

Халелдің қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шыққан «Шолпан», «Ақжол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» тәрізді газет-журнал бетерінде жарияланыа тұрған мақалалары дәлелдейді. Ол мақалаларында көбіне тіл, халық ағарту, тарих, дәрігерлік-санитарлық істің төңірегінде жазады.

Ғалым ұлттық тіліміздің өзіне ғана тән дыбыс жүйесіне қатысты өзекті заңдылықты зерттеу барысында, әсіресе оның қолданбалық мәніне ерекше назар аударғаны байқалады. Автор түркі тілдес халықтар ішінде сингармонизм заңы қазақ тіліне ғана тән екендігін нақтылы деректер келтіріп, мұны ғылыми тұрғыдан дәйекті тұжырымдап, мәдениет пен ғылымның қауырт өсуімен тілімізге жаңа ұғымдарды бейнелейтін термин сөздердің көптеп ене бастағанын айта келіп, қазақ тілінің дыбыстық құрылымына бұлардың өз әсерін тигізбей қоймайтынын түсіндіреді. Х.Досмұхамедұлы ана тіліміздің фонетикалық ерекшелігінен туындайтын, басқа тілдерде қайталанбайтын өзіндік әуезін сақтап қалудың аса маңызды екекендігіне назар аударды. Және ана тіліміздің өте ертеден келе жатқан негізгі заңдылықтарын жоғалтып алмау қажетігін, осы қағиданың ғылым атауларын жасауда ерекше маңыздылығын жіктеп көрсетті.

Қазақ этнопсихологиясытуралы сөз қозғағанда Х. Досмұхамедұлының ана тілінің ұлт өміріндегі алатын орны туралы айтқан небір жүрек тебірентерлік ғибрат сөздерінің қазіргі қазақ үрпақтарына арнап айтылғандай қайран қалдырады. Олардың кейбірі. «…Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген жат сөздер елдің түпқазығы болған тілді бұзады. Тіл – жұрттың жаны», «Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды», «Тілден айрылған жұрт – жойылған жұрт», «Білім тіл арқылы жетіледі», «Білімді жұрттың тілі бай болады», «Мәдениет қуған жұрттың алдымен тілі өзгермекші», «Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардыфң мойнына артылған зор борыш», «Оңаша тұрған елдің өз еркінде тұрғанда тіл бұзылмайды», «Елдің тілін бұзатын көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері», «Елдің тілінің бұзылуына ең алдымен оқығандар себеп болады», «Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркеітіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспадан қолданадан қалған тіл болса, ол ел – сорлы ел. Мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды», «Тілге кірген жат сөздер сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге жеті керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып тілдің шырқын бұзады, тілге зиян келеді».

Ғалым еңбегінің үлкенбір шоғыры тіл мен әдебиеттану, фольклористика саласына арналған. Ол тіл білімі, лингвистика мәселесіне де ерекше назар аударды. Мәселен, «Шолпан» 1923-жылғы № 67 санында Халелдің «Диуани лұғат ат — түрік» атты ғылыми мағынасы терең мақаласыжарияланады. Мұнда ол қазақ жерінен шыққан тұңғыш түрік филологы М. Қашқаридың іргелі филологиялық еңбегіне  талдау жасайды. Ол түркі тілінің, оның ішінде қазақ тілі тарихына қатысты мол  мұраларын   ой елегінен өткізіп, ортағасырлық шығыстанушы М.Қашқаридың «Сөздігінің» тұңғыш зерттеушісі болып отыр. 

 

  • Психология мен физиология терминдерінің ұғымдарын жасаушы.

 

Қазақтың қоғамдық ой-пікірінің даму тарихында, әсіресе тәлім-тәрбие, педагогика мен психология саласында бір кездері А.Құнанбаев Ш.Құдайбердіұлы,  М.Көбеев, С.Торайғыров, т.б. жоғарыда аталған ғылым-ьілім саласында атаулар мен ұғымдар жасау ісіне ерекше көңіл бөлді. Мәселен, Абай шығармасында психологияға байланысты «толық адам», «мінез», «қайрат», «жан қуаты» сияқты терминдер сараланып олардың мән-мағыналары ажыратылды. Ш.Құдайбердіұлы шығармасында ұлттық тәлім тәрбие ұғымдарын жасау ісі жаңа белеске көтерілді.

20-30 жылдарда өмір сүріп еңбек еткен қазақ зиялыларының арасында осы мәселеде басқалардан көбірек тер төккен Х.Досмұхамедұлы болды. Ғалым осы мәселеге ерекше көңіл бөліп оны өзі құрастырған оқу құралдары мен жазған ғылыми еңбектерінде молынан пайдаланған екен.

Оның 20 жылдардың аяғында жазылған мақаласы мен кітаптарында бұл жайт өз биігінен ерекше көрінетін секілді. Х.Досмұхамедұлының ұлттық терминдер жасауда ұстанған басты принцптері мына төмендегілер еді:

  • Еуропа тілдерінен термин алғанда сақтықпен қараған жөн, ал ала қалған жағдайда өз тіліміздің ішкі заңдылықтарына сәйкес лайықтап қолдану;
  • Еуропаның әр-түрлі тілдерінен (ағылшын, француз, неміс т.б.) термин сөздерді қабылдауда орыс тілінің бізге дәнекер, жалғастырушы болып келгенін еске ұстай отырып, аталмыш терминді орыс ағайындар өз тілінің заңдылықтарына сәйкес өзгертіп алғанын да ұмытпаған жөн. Автор ғылыми атауларды түзген кезде оның түп төркінін, шығу тегін, этимологиясын тексеріп, осыған орай оларды түп қазығына жақындата қолданған жөн дейді.
  • Шет тілдерден енген атауларды сингармонизм заңына бағындыра қолдану қажеттігін ерекше атап кетеді.

Тәлімгер ғалымның ғылыми терминдер мен атауларды төл тілімізде түлетуге байланысты ұсынып отырған осынау қағидаларды, әсіресе тәлім-тәрбиелік, педагогикалық-психологиялық атауларды таңдап алу мәселесіне аса қатысты қажетті жайт екендігін айтуға болады. Мәселен қазіргі кезде біршама қалыптасқан, пихология ғылымында үш мыңға тарта ғылыми атау бар. Бұларда осы ғылымның қырықтан астам негізгі саласының терминдері тоғықан. Қазіргі кездегі Қ. Психолгиясында осы терминнің екі мыңға жуығының баламасы сүрыпталып, жеке кітап болып шықты. (Қ.Жарықбаев, А.Абдірахманов, «психология терминінің орысша-қазақша сөздігі», ал, «мектеп», 1974, 84-ші бет) .

Осы автордың біздің көкейімізге қонатын тағы бір ойы мынадай: «бұрынғы әдетімізге басып орысша-қазақша сөздік жасаудың қажеті жоқ. Осылайша деп жүрген атаулардың дені батыстан енген терминдер екенін естен шығармау абзал (акселерация, аффект , антиципатция, ассоцияция). Дұрысы ең алдымен бір тілді қазақша түсіндірме сөздік шығарып, кейін соның негізінде көп тілді құралдар дайынадау»-дейді автордың тағы бір ұтымды пікірі. «…халық педагогикасымен психологиясы, фольклор, этнография, әдебиет, мәдениет, т.б. салалардың көптеген терминдері қазақ этно-психологиясының да қажетіне жарайды. Ұлттық психологияның ұғымдық негізі мақал — мәтел, жыр — аңызда, халықтың салт — дәстүрінде   уызынан сақталған». Бұл пікірді Х.Досмұхамедұлы өзінің «қазақ халық әдебиеті» деген еңдегінде көтерген еді.

Енді Х. Досмұхамедұлының психология, физиология саласында төл тілімізде жасаған терминдік атауларына тоқталайық.

Ұлттық психологиялық, физиологиялық, тәлім — тәрбиелік терминдерінің жасалуы Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабайұлымен қатар осынау бір туар ой иесіне ерекше қатысты мәселе. Х. Досмұхамедұлы өзінің еңбегінде ғылыми терминдерге де ауыр жүк жүктелетіндігін, өйткені термин ғылымның тілі екендігін сондай – ақ әр – бір  ғылымның өзіне тән атаулары болатындығын жақсы аңғарды. Ғалымның пайымдауынша, ғылыми псхологиялық физиологиялық ұғымның дұрыс алынуы аса мұқияттылықты қажет етеді, сондықтан әрбір терминнің ғылыми мәні сол ғылымның табиғатын көрсететін құбылыс екендігі, терминдік атаулар сомдала ширай түсетіндігін де ерекше еске салады. Автор белгілі бір ғылыми ұғымының баламасында алынып отырған термин сөздін сол ұғымның мән мағынасын білдіру қажеттігі мен қатар оның туған тіліміздің бай сөздік қорынан алынуына да баса көңіл бөледі.

Мәселен психологияның 1927жылы Мәскеудегі күншығыс баспасынан жарыққа шыққан «адамның тән» тіршілігі аттыоқу құралында орыс-қазақ тілдерінде қатар берліген мына төмендегі психологиялы – физиологиялық    атауға назар аударсақ. Олар: жүйке – жүйесі – нервная система жүйке талы –нервные волокна маңдай сүйек лобная доля-ми қалтасы мазговой жылудочек, ми сыңары – полушарие мозга, мишық –мозжечок, иірімдер-извелены ерік-воля, жүйке тасы нервное сплетение, көз алмасы – глазное яблоко, торқабық – сетчатка, шағылыс мүшесі – половые органы, жүйке түйіні – нервный узел, қозу – возбуждение, Варолиев көпірі – воаролиев мост мозга, сильви су ағары – Сильваева борозда, т.б күні бүгінге дейін тһл оқулуқтарымызда өзгеріске түспей, ұлттық терминде қорының төрінен орын алып келеді.

Әрине физиология, психология ғылымдарының қазақ топярағында жаңадан қах тұрып келе жатқан кезеңінде Х. Досмұхамедұлы қолданған кейбір терминдер мен ғылыми тұжырымдардың кей жағдайда ала-құлалығын, яғни баламалардың дәл алынбаған кездерінде айтпасқа болмайды. Мәселен, орысша – «раздражитель» термині қазақша «тітіркеніс» деп алынған, дұрысы – «тітіркендіргіш», организм ұғымын «өзек» деп алған, дұрысы «ағза», «ядро» термині «дән», «рефлект», (латынша «reflexus»), қазақшасы «бейнелеу», бұл осы атаудың тек этимологиясы ғана. Ал оны автордың «тітірк» деп алғаны көңілге ұялайды. Бірақ бұл ұғым қазірде «рефлекс» деп алынып жүр. Ал «центральная нервная система» атауын «жүйкенің орталық жүйесі» деп алған, дұрысы – «орталық жүйке жүйесі», ал «периферитная нервная система деген ұғымды автор «шеткі жүйке саласы» деп алынып жүр. Автор «чувствительный нерв» ұғымын «сезім, жүйке» деп алған, дұрысы – «сезгіш жүйке», «четверохомие» терминін «төоттөбе» деп берген, дұрысы – «төрт төбешік», «мозалистое тело» атауы «мүйіз бұйым» деп берілген, дұрысы – «мүйізді дене», т.б.

Автор қолданған көптеген психологиялық, физиологиялық терминдердің арасында шет ел сөздерінен алынған ғылыми атаулар ұшыраспайды десе де болады. Оларға организм, ядро, лабиринт, хрусталик, клетка, т.б. осы секілді ұғымдарды жатқызуға болады. Ұлттық ғылыми терминдердің басқа тілдерден алынуы заңды. Дүниеде бір-біріне байланыссыз, томаға-тұйық тілдер жоқ. Мәселен, қазіргі кездегі орыс тілінде жүрген писхологиялық терминдердің 70-80 пайызы Еуропа тілдерінен алынған. Олар – адаптация, сенсибилизация, синезтизия, перцепция, интеллект, мнемоника, конетанта, концентрация, иррадиция, эксперимент, т.б. Бұларды 20-30 жылдары түгелдей қазақ тіліне аудару практикасы кең өріс алаған. Осы жәйт Х.Досмұхамедұлының термин жасау практикасынан да жақсы көрінеді. Біздіңше, шет тілдерінен алынған ғылыми атаулардың кез-келгенін өз тілімізге аудара бастасақ қарапайым оқырман түсіне бермейтіндей қиыншылықа ұшырауы ықтимал. Сондықтан шетел тілінен алынған ғлғми атауларды өз күйінше қалдыфрып, олардыңтүп-төркіні түсінікті емесін ғана өз тілімізде бергеніміз абзал.

Х.Досмұхамедұлының ғылыми атауларды төл тіліміздің заңдылықтарына икемде алу қажет дейтін тіпті қағидасының бүгінгі күнге дейін термин жасау саясатымызда тиісті бағасын ала-алмай келе жатқанына жанымыз ашиды.

Автор жаратылыстану ғылымы саласында ұлттық ғылыми терминдерді жасау мәселесінің – психологиялық жақтарына үңіліп, оның принциптік мәселелеріне назар аударды. Ол термин жасау ісінде қазақ тілінде дыбыс үндестігіенен (сингармонизм заңы) туындайтын өзіндік әдемі әуезді сақтаудың қажетілігін, яғни қазақ тілінің сонау ерте заманнан келе жатқан өзіндік заңдылықтарын мықтап ескеру қажеттілігін ескертеді. Осы айтылғанға орай автор Еуропа тілдерінен термин алғанда оларды ана тілінің ішкі заңдылығына икемдеп қолдану, ғылыми атаулардың айтылуына жақындатудың, сонлдай – ақ жатжұрт сөздеріне жалғанатын қосымшаларды үндестік заңына үйлестіре, бағыындыра қолдану қажет. Ғалымның осы тұжырымдары қазіргі кезде дамуы кенжелеп қалған ұлттық ғылыми терминологиямыздың теориялық қисындарын ісіне бағыт- бағдар беретіні даусыз. Өйткені, біздегі жаратылыстану, математика, техника салаларындағы төл терминдеріміз түгіл тіпті филолог, әдебиетшілеріміздің өздері де кейде тіліміздің дыбыстық заңдылықтарын бұзып, орыс және батыс елдері тілдерінен енген сөздерді қолдануда тіліміздің ерекшелігін ескермей, сол тілдердің орфографиялық, орфоэпиялық ереже қағидаларына сүйеніп, мұны термин жасаудың негізгі принциптерінің біріне айналдырғаны, ал мұның сайып келгенде психологиялық астары кемшін екендігі мәлім. [43, 215 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ

 

2.1. Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» және «Жануарлар» кітаптарына контент-анализ әдісі арқылы талдау жүргізу.

 

Контент – анализді зерттеудің мақсат – міндеттері:

Зерттеудің мақсаты – Х. Досмұхамедұлының «Жануарлар» (1928), «Адамның тән тірлігі» (1997) кітабындағы физиологиялық-психологиялық атаулар мен терминдерді жүйелеудегі негізгі ұстанымдар мен ұлттық педагогикалық-психологиялық ғылыми атауларына берген сапалық анықтамаларын бүгінгі психология ғылыми атаулар тұрңысынан талдауға ұмтылу.

Зерттеу объектісі — Х. Досмұхамедұлының 1928 жылы және 1991 жылы «Ана тілі» баспасынан басылып шыққан «Жануарлар» және «Адамның тән тірлігі» кітабы.

Зерттеу әдістемесі – контент-анализ әдісі.

Зерттеу міндеттері:

  1. Х.Досмұхамедұлының физиология және психология салалары жайлы жазған ғылыми еңбектеріне шолу;
  2. Х.Досмұхамедұлының мұраларындағы этнопедагогикалық және психологиялық көзқарастарын талдау;
  3. Х.Досмұхамедұлының «Жануарлар» және «Адамның тән тірлігі» кітаптарындағы атаулар мен терминдерді контент-анализ әдісі арқылы талдау;
  4. Зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, қорытындылау.

 

 

2.2. Зерттеу әдістемесіне жалпы сипаттама

 

Контент – анализ түрлі әлеуметтік зерттеулерде, соның ішінде әлеуметтік психологияда қолданылатын құжаттарды талдау әдісінің бірі болып табылады.

Контент-анализдік құжаттардың мазмұнын зерттейтін басқа әдістердің спецификасы бұл процедура зерттелінетін текстердің мағыналық бірлігінің кездесу жиілігі есептелінеді.

Контент-анализдің мақсаты – құжат текстін талдау негізінде реалды адамдар мен құбылыстар туралы қорытынды жасау.

Контент-анализ процесіндегі негізгі қиындық зерттелінетін құбылыстардың немесе сипаттың текстегі сәйкес индикаторларын табуға көмектесетін процедураларды анықтау, оларды өлшеу және адекватты түрде интерпретация жасау. Осы міндетті шешуде контент-анализ біренеше процедураларды қолданады.

Контент-анализдегі стандартты бірлік ретінде мыналарды аламыз:

а) сөз, символ, термин;

ә) пікірлер мен ой қорытындылары;

б) жалпы әңгіме тақырыбы;

в) персонаждар;

г) автор;

д) жалпы тұтас хабарламалар.

Контент-анализдің категориясы деп – алынатын зерттеудің кілттік концептуалды ұғымдарын қалыптастыру. Талданатын құжаттардың жеке элементтерін де осы категориялардың кездесу жиілігін сенімді және жүйелі түрде тіркеп отыру керек. Осылай алынған сандық мәліметтер статистикалық өңдеуге жіберіліп, зерттеу мақсатына сай талданады.

Контент-анализдің көмегімен ашып сұрақтар жауабын өңдеуде, интервью материалдарын өңдеуде, түрлі әлеуметтік құбылыстарды, топтық белсенділік процесін, құндылық бағдарларын зерттеуде қолданылады.

Контент-анализдің бірліктерін екі топқа бөлеміз: Сапалық және сандық бірліктер. Контент-анализдегі сапалық бірліктер текстен нені санау керек деген сұраққа жауап береді. Ал сандық бірліктерді қалай санау керек? деген сұраққа жауап береді. Сапалық бірліктерге категорияларды жатқызуға болады.

Контент-анализдің категориясы ретінде зерттеудің концептуалды схемасын құратын кілтті ұғымдарды қарастырамыз. Категориялар неғұрлым ұсақ, сапалық бірліктерге, яғни индикаторларға бөлінуі мүмкін. Категориялардың индикаторлары бұл сәйкес категориялармен подкатегориялардың сапалық белгісі ретінде көрінетін мазмұн бірліктері.

Контент-анализдің категориясы ретінде алынатын зерттеудің кілттік концептуалды ұғымдары: психологиялық атаулар:

А  —  Атаулар;

А1  —  Анықтамалардың болуы;

В   —  Ішкі мазмұны;

В1  —  Сапалы анықтамалардың болуы;

В2  —  Ақпараттың толық болуы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халел Досмұхамедұлы еңбегіндегі психологиялық және физиологиялық атаулар

 

Жан құбылыстары

                           Кездесу жиілігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А1 – Жантану

А1-анықтамалардың болуы

В1— сапалы анықтамалардың баолуы

В2— ақпараттың толық болуы

260

110

98

70

65

50

46

89

144

2

4

5

3

3

4

5

3

2

3

1

1

1

2

2

2

3

2

2

2

3

4

1

2

1

3

2

 

 

 

1-саулық сақтау (гигиена)               6-әуестік (қызығушылық)

2-мүше жүйесі                                   7-екпіндеме (мінез акцентуациясы)  

3-пизиелогіие (физиология)             8-ерік

4-иіскеуші бөлім                                9-тітірік (рефлекс)

5-құжайра (түйіршік)

 

 

Халел Досмұхамедұлының «Жануарлар» мен «Адамның тән тірлігі» еңбектерінде физиологиялық-психологиялық ұғымдардың ішінде «Саулық сақтау» (гигиена) атауының кездесу жиілігі – 260, ал оған берілген анықтамалар – 2 рет кездеседі. Осы атауға байланысты сапалы анықтамалар – 3 рет кездеседі. Келесі ең көп жиілікте кездескен ұғым – мүше жүйесі (110), сапалы анықтамалар – 1, берілген анықтамалар – 4, пизиелогіие (физиология) ұғымының кездесу жиілігі – 98, оған берілген анықтама – 5, сапалық анықтама – 1, келесі ұғым иіскеуші бөлім (70), анықтама – 3, сапалық анықтама – 1,  құжайра ұғымының кездесу жиілігі – 35, оған берілген анықтама – 3, сапалық анықтама – 2, әуестік (қызығушылық) – 50, анықтамалық кездесуі – 4, сапалы анықтаманың кездесуі – 1, ақпараттық толық қамтылуы – 2, келесі кездескен екпіндеме (мінез акцентуациясы) ұғымы (46), анықтамалық берілуі – 5, сапалық анықтамалар – 2, ақпараттың толық болуы – 1 рет кездеседі.

Кездесу жиілігі бойынша келесі ретте ерік (воля) ұғымы 89, анықтаманың берілуі – 3, сапалық анықтаманың болуы – 3, ақпараттың берілуі – 3, келесі кездескен ұғым тітірік (рефлексия) ұғымының кездесу жиілігі – 144, анықтама – 2, сапалық анықтама – 2, ақпараттың болуы – 2 рет жиілікте кездеседі.

Халел Досмұхамедұлының бұл аталған физиологиялық және психологиялық атаулардың барлығын тіршілік иелерінің сапалы іс-әрекетінің жемісі деп түсіндіреді және осы атаулардың әрқайсысына ғылыми тұрғыда сапалық психологиялық анықтама береді.

Әйтсе де бүгінгі таңда  Халел Досмұхамедұлы қалыптастырған осы атаулардың қолданысқа енбей тек сол кездегі айтылуы бойынша қалып қойғаны қынжылтады.

Зерттеу жұмысының келесі бағыты Халел Досмұхамедұлының құрастырған физиологиялық-психологиялық атауларының қазақша-орысша сөздігін белгілі бір жүйе кестеге түсіруге арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Халқымыздың аяулы да, біртуар перзенттерінің бірі – ғұлама, ғалым, тамаша тәлімгер, қоғамдық қайраткер, сөздің дәл мағынасындағы азаматтың биіктен көріне білген Х.Досмұхамадұлының тәлім-тәрбиелік ой-толғаныстары мен сындарлы тұжырымдары зерттеуіміздің негізгі нысанасы болды. Оның артына қалдырып кеткен ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері жәйлі ғылыми астары мол, дуалы сөздерімен жүргізген нақтылы іс-әрекеті сол кездегі қазақ қауымының ұлттық сана-сезімінің ояна түсуіне қозғау салған, іздесе таптырмайтын мәдени ағартушылық, ғылыми педагогикалық-психологиялық мәні зор мұра. Ол өз замандастарымен бірге осы күнге дейін әлде де бір ізге, белгілі жүйеге түсе қоймаған еңбектерінде қазақ халқының өзіндік психологиясымен ғасырлар бойы тірнектеп жиналған ұлттық тәлім-тәрбиесінің сыр-сипатын, жас өскінде ұстаздық етуге жарайтын халықтық үлгі-өнегені мұқият зерттеп, оларға ғылыми тұрғыда зер салып, зерттеді.

Зерттеуде Х.Досмұхамедұлының мұрасының әртүрлі жақтарын атүсті, жол-жэөнекей сөз етпей, қазіргі күннің талабымен ерекше киюласып, айрықша маңыз алып отырған оның этнопсихологиялық мұраларын шама-шарқымызша талдауға алып, бұл жөніндегі пікірімізді ортаға салдық. Қазіргі этнопсихология түсініктеріне тікелейқатысы бар Х.Досмұхамедұлытүйіндеген халықтық «халықтық құлық», «аламандық мінез», «қазақ психологиясы», «көшпелі салт», «әлеуметшілік», «қазақ әлеуметшілігі», «елдік белгі», «қазақ», «ел сөзі», «ру таласы», т.б. жалпы саны 30-ға жуық ұғымдардың ғылыми астарына Х.Досмұхамедұлының көзімен де, қазіргі ғылыми түсінік тұрғысынан да талдау жасап, оны қазақ этнопсихологиясының іргетасын қалаушы деген тұжырымға келдік. Бұл осы зерттеудің басты жаңалығының бірі болды.

Зерттеуде этнопсихологияның өзекті ұғым-түсініктерінің бірі – ұлттық психология мәселесіне байланысты жағдаяттарға ерекше назар аударылды. Бұл жерде де біз Х.Досмұхамедұлы шығармашылығының негізгі желісі болып табылатын оның тіл мәселесіне («Тіл – жұрттың жаны…», «Өз тілін білмеген ел – ел болмайды…», «Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт», т.б.) байланысты айтқан салиқалы түйіндеріне этнопсихология ғылымы тұрғысынан баға беруді өзімізге мақсат еттік. Бұған арнайы түсініктеме жасамай-ақ, осы мәселеде көтерілген ғалым түйіндерінің терең психологиялық астары барына оқырман қауымның назарын аударып, бұл тақырыпты алдағы жерде де әрмен қарай зерттей түсу қажет.

Бұл жерде ерекше сөз болған мәселенің бірі – ұлт тіліндегі ғылыми атауларды жасау мәселесі. Бұл жөнінде де  Х. Досмұхамедұлының еңбегі ұлан-ғайыр, өлшеусіз мол, зерттеуде осы мәселелердің, яғни ұлттық ғылыми терминдердің ьүзудің психологиялық негіздерін сөз еткен ғұлама ғалымның пікіріне шама-шарқымызша талдау жасауға тырыстық. Мәселен, автор ғылым атауларын тізбектеуде Еуропа тілдерінен енген сөздерге өте сақтықпен қарауды, олардан ғылыми атаулар ала қалған жағдайда оларды өзтілімізбен үндестіріп, лайықтап қолдануды, термин қабылдауда орыс тілінің бірге дәнекер болып отыратынын да ұмытпай, термин алуда орыс ғалымдары жатжұрт тілінен енген сөздерді өз тілінің заңдылықтарына сәйкес өзгертіп отыратынына көңіл бөлу қажеттігін, сондай-ақ термин түзуге әр ұғымның шығу тегін тексеріп, олардың төл тілімізбен туыстық қатысын мықтап ескеріп отырудың маңыздылығы туралы пікірлерін қазіргі практикамызда қолданып отыру қажеттігіне жұртшылық назарын аударалық.

Қоғамдық-гуманитарлық ғылымның өкілдері халықаралық деғгейдегі ғылыми атауларды қолданыда ана тіліміздің өзіндік ерекшелігін ескермей, көбінде орыс тілінің орфоэпиялық, орфографиялық, синтаксистік ереже қағидаларына сүйеніп, соларды басшылыққа алып келеді. Басқасын айтпағанда, 1976 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан психологияч терминінің орысша-қазақша сөздігінде 1800-дей терминнің 150-дейі ғана орысша болса, қалғандарының бәрі Еуропа халықтарының тілдерінен алынған терминдер екен. Психологиялық терминдердің қазақша баламасын жасаудаоларды өз тіліміздің заңдылықтарына сәйкестендіріп алу жағдайы бұл кітапта жөнді ескерілмегенін айта келіп, алдағы уақытта мұндай жағдайға жол беруге болмайтындығын айтып өттік. Әрине, Бұл ахуал тек психология ғылымына ғана тән емес, біздіңше ғылымның басқа да салаларынан шығып жатқан терминдер жинақтарында кездесетін әзірше ортақ заңдылық болыа тұр.  Х.Досмұхамедұлының  термин жасаудағы ғылыми  пәнен қолданып қана қоймай, алдағы уақытта оларды басшылыққа алу аса маңызды.

Зерттеу жұмысы бойынша мынандай ұсыныстар жасауға болады:

  1. Х. Досмұхамедұлының қазақ мектептеріне арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарын, әлі де баспадан жарық уөрмеген белгісіз архив қорларында жатқан еңбегі мен қолжазбаларын өңдеп, баспадан басып шығару қолға алынса.
  2. Жылма-жыл Х:Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтетін республикалық «Досмұхамедұлы оқулары» атты ғылыми-практикалық конференциясында ғылыммен қатар мектеп мұғалімдері мен жұртшылықты кеңінен қатыстыру.
  3. Х.Досмұхамедұлының бүкіл тәлім-тәрбиелік мұраларын, әсіресе оның этнопсихологияляқ қисындарын жавлпы жұртшылық арасында кеңінен насихаттау жөнінде арнаулы курстар, тақырыптық лекциялар ұйымдастыру.

Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде қазақ зиялылары М.Жұмабаевқа алғашқы қазақ тілінде «Педагогика» рқулығын, Ж.Аймауытовқа тұңғыш рет қазақ топырағында «Психология» оқулығын әдейі тапсырма беріп, жазуға кеңес берген де  Х.Досмұхамедұлы болатын.

Оның қазақстандағы жоғары мектептің қалаптасуына, ұлт кадрларын даярлауда, баспа ісінің қалыптасуына, жаңа ашылған қазақ мектептері ұшін оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жасауда өзіндік қолтаңбасы бар ғұлама ғалым.

 Х.Досмұхамедұлы – жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша алғашқы қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың авторы. Сонымен қалар Халел орта және жоғары мектепте оқылатын педагогика, психология, этнопедагогика, т.б. ғылымдарын зерттеуде алғаш рет қазақ топырағында өз қолтаңбасын қалдырған.

Бір ғажабы – академияда дүниежүзі физиологтарының ақсақалы шартты рефлекстер туралы әйгіліс ілімнің авторы, академик И.П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі-үш қазақ екен. Оның бірі С.Асфендияров пен Х.Досмұхамедұлы. Халқымыздың біртуар алып тұлғаларының бірі, жан – жақты ғұлама ғалым, Х.Досмұхамедұлы аз ғұмырының ішінде өзінен кейінгі ұрпаққа орасан зор мұра қалдырды. Ендігі міндетіміз ғұлама ғалымның  сарқылмайтын ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеп, сол мұраның асылдарын халқымыздың рухани мүддесіне жарату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Әлжанов А., Шокин Ә., Досханов Ә. алғашқы қазақ дәрігерлері. Алматы, «Қазақстан», 1984. -58 б.
  2. Ахмедов Ғ., Ертеректегі қазақ зиялылары. Алматы. «Жалын», №5, 1989.-79 б.
  3. Құлкенов М Есіл ер. «Қазақ әдебиеті». 1990, 24-тамыз, 10-б.
  4. Жұмағалиев Т. Халелдің туған жері және ескерілмей келген екі арыс хақында. «Атырау» газеті. 1994, 75-қаңтар, 3-б.
  5. Құлкенов М. Туған жер, балалық шақ, өскен орта. // Х.Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шыңармашылығы. Алматы, «Санат». 1995. 9-б.
  6. [Байтұрсынұлы А] Ауру жайынан / «Қазақ» газеті, 1913, №27.
  7. Мектепов А. Х.Досмұхамедұлы – халқының рухани жаны мен тән саулығының шипагері. / «Ана тілі» газеті, №15, 1990.
  8. Хабижанов Б. Дәрігерлік қызметі. Ел ішіндегі жұқпалы аурулармен күрес // Х.Досмұхамедұлы және оның шығармашылығы. Алматы, «Санат», 1996. 38-б.
  9. Халел тағылымы / республикалық ғылыми-теориялық мәслихат материалдары. Алматы, 1996. 56-58 б.
  10. Ташкент баспасынан шыққан Абай өлеңдері жинағынан. «Абай» журналы, 1993, №6, 2-б.
  11. Керімов А. Халел қайран қалдырады / «Ана тілі»,1992, сәуірдің 15-і, 4 б.
  12. Сейталиев Қ.Б. Халелтану: зерделеу, тағылым, жаңа көзқарас/ «Атырау» газеті, 2003 ж, 24 сәуір, 10 б.
  13. Х.Досмұхамедұлы. Казахская народная литература.- Ташкент. 1928. – 68 б.
  14. Х.Досмұхамедұлы. Казахская народная литература. –Ташкент, 1928. 68 б.
  15. Ағатаев А. Қазіргі қазақ педагогикасының түбегейлі мәселелері. //Ұлағат, 1995ж, №1, 59-67 б.
  16. Асфендияров С. История Казахстана. Алматы. 1993, 81 б.
  17. Ахметов Ш. Қазақ бабалар әдебиеті. Алматы, «Мектеп». 1970, 131 б.
  18. Жандильдин Н. Природа национальной психологии. Алматы: Казахстан. -1970, 231 б.
  19. Х.Досмұхамедұлы. Адамның тән тірлігі. Қызылорда: 1927. 308 б.
  20. Х.Досмұхамедұлы. Казахская народная литература; (Краткий очерк) Ташкент. 1928, 79 б.
  21. Жарыкбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. Алматы, Казахстан. 1968, 168 б.
  22. Жарықбаев Қ, Абдрахманов А. Психология терминінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, «Мектеп». 1976, 74 б.
  23. Жарықбаев Қ, Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы, «Ғылым». 1993, 27 б.
  24. Қуантаева Х. Білім заңғаныа жол. Алматы, «Қазақстан». 1982ж, 152 б.
  25. Мухина В.С. Этнопсихология: настоящее и будущее. //Психол. Журнал. 1994. – Т. 15. №3, 42-49 б.
  26. Қазақ фольклористикасы. Жалпы редакцияны басқарған М.Ғабдуллин. Алматы, «Ғылым». 1972, 300 б.
  27. Х.Досмұхамедұлы. Оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы, «Санат». 1995, 176 б.
  28. Ахонова М. Халық қамын ойлаған қайсар жан. «Көкжиек». -1993, №6, (12).
  29. Ахметов С.А. Х.Досмұхамедұлының ұстаздық және дәрігерлік қызметінің Ташкент кезеңі. // ҚазМҰУ хабаршысы, тарих сериясы.- 2002, №1, 74-76 б.
  30. Ашенова А. Ұлттық фольклортану ғылымындағы Халелдің үлесі. Нуразия университетінің хабаршысы. – 2000.-№2.-43-49 б.- Библиогр. 6 атау.
  31. Кәрімов Ш. Профессор Х.Досмұхамедов //Өркен.-1989.-23 тамыз.-8-12.
  32. Тұрсынова А. Х.Досмұхамедұлының (1883-1939) еңбектеріндегі этнопсихологиялық мәселелер // Этнопедагогика және этнопсихология: Тезистер житнағы.-Алматы.-1995.
  33. Абдуллаева К.А.ж.б. Х.Досмұхамедұлы жайлы не білеміз? Қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, көрнекті саяси және мемлекет қайраткері туралы / Абдуллаев К.А, Еркінбекова Б.к, Сағымбаева К.С. // Қазақ батырлары.-2002.-шілде (№7) -7 б.
  34. Әлмұханова Р. Х.Досмұхамедұлы — әдебиет зерттеушісі: филология ғыл. кан. ғыл. кан. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. –Алматы.- 1998.-152 б.
  35. Жантасов Ж. Білімдар әдебиет зерттеушісі. [ Х.Досмұхамедұлының зерттеу еңбектері жайлы] // Атырау.-1994.-3 мамыр.
  36. Х.Досмұхамедұлы . Қазақ-қырғыз  тіліндегі сингармонизм заңы. –Ташкент: -Түркменбас,-1924.-53 б.
  37. Х.Досмұхамедұлы. Исатай//  Х.Досмұхамедұлы. аламан: Қазақтың ел әдебиетінен сөз.-Ташкент: Күншыңыс бөлімі, -1926.-94-186 б.
  38. Х.Досмұхамедұлы: Өмірі мен қызметі // Әлжанов А; Шокин Ә., Досаханов Ә. Алғашқы қазақ дәрігерлері. Алматы.-1984.-58-60 б.
  39. Иделбаева Р. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой-пікірлері // тәрбие құралы. -2003.-№6.-7-8 б.
  40. Жаңабаев Т. Дара тұлға Х.Досмұхамедұлы – қазақ халқының мақтанышы // Атырау.- 1991. -2 сәуір.
  41. Кәрімов Ш. «Елім» деп өткен өмірден: [ Х.Досмұхамедұлы] // «Арай» журналы.-1990.-№3. -12-14 б.
  42. Кемеңгер Қ, Махамбеттану және Х.Досмұхамедұлы // Алаш үні.-2003.-8 сәуір.-8 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қосымша

Х. Досмұхамедұлының еңбегі ғылыми атаулардың қысқаша қазақша орысша сөздігі.

I.Физиология және психологиялық атаулар.

 

N

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

 

37

38

39

40

41

42

43

44

Әкетуші (бұрушы) жүйке

Бытқыл

Ерік

Есту мүшесі

Жарық бүршігі

Жүйке жүйесі

Жүйке талы

Жүйке түйіні

Жүйке тұтқасы

Жүйкенің ұлы жүйесі

 

Жұлын

Иіс жүйесі

 Иіс сезімінің мүшесі

Қозу

Көзқағар жүйке

Қозғалғыш жүйке

Ми

Ми қалтасы

Ми сыңары

Мишық

Сана

Сезім жүйке

Сопақша ми

Тор қабық

Тітірік

Шағылыс мүшесі

Танау

Қаңқа

Қылық

Күй

Сезім

Ниет

Сана

Әлеумет мінез

Әлеумет қимыл

Саулық сақтау

 

Ұлпа

Құрысу

Қан плазым

(қанның аралық заты) токсин

(бактерияныңу шашқы) антитоксин

Эпидерім

Пизиелогіие

Ауыстақи (есту түтігі)

 

 

 

 

 

— Отводящий нерв

-лабиринт

— воля

— орган слуха

— зрительный бугор

 — нервная система

 — нервное волокно

— нервный узел

— нервный центр

— центральная нервная система

— спинной мозг

— обонятельный нерв

— органы осязание

— возбуждение

— глазодвигательный нерв

— двигательный нерв

— головной мозг

— мозговой желудочег

— полушарие мозга

— мозжечог

— сознание

— чувствительный нерв

— продолговатый мозг

— сетчатка

— рефлекс

— половые органы

— нос

— склет

— поведение

— состояние

— чувства

— желание

— сознание

— социальный характер

— социальные действие

— гигиена

 

—         клетка

—         судорога

—         плазма

— токсин

— антитоксин

— эпидермия

— физиология

— слуховой