АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Халифатқа дейінгі Арабия және Халифаттың құрылуы

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ

 

  1. ХАЛИФАТҚА ДЕЙІНГІ АРАБИЯ ЖӘНЕ ХАЛИФАТТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
    • Ислам дінінің қалыптасуы

1.2 Халифаттың құрылуы және Халық жағдайы

 

  1. ХАЛИФАТ ТЕРРИТОРИЯСЫНҢ КЕҢЕЙУІ

2.1. Омейядтар билігінің орнауы

2.2. Аббасидтер кезеңі

2.3. Салық салу жүйесі мен жерге жеке меншіктің түрлері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕРI

 

КIРIСПЕ

 

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы «Қазақстан-2030» деген халыққа арнаған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси-экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.

     Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, IV-V ғасыр бойы дүниенің үш бөлігіне -Азия, Африка, Европа материктеріне үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі — Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін бағындырып, басын біріктіріп, сонан соң Кіші және Орта Азияны, Солтүстік Африка-ны, Пиреней жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы бұл тек арабтар мен Аравия жартыаралының ғана емес, сондай-ақ оның құрамына кірген Иран, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан, т. б. халықтары мен елдерінің тарихы.

     Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы — Аббасидтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. VII ғасырдың 30 жылдарында құрылған араб халифаты XI гасырдың ортасындағы селжүқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық-мәдени даму жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар және т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың, халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік апараты болды. Ол дүниежүзілік сауда жүргізді. Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым-салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыс  яғни Халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шарғат заңдарымен реттеліп отырды.

     Халифатта орта ғасырларға тән құнды мәдени ескерткіштер, әдебиет, ғылым-білім өмірге келді. Қоғам ішіндегі әртүрлі элеуметтік топтардың ынтымағын қамтамасыз ете білу де үш материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің 4 ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің бір себебі болды. Араб халифатының әлеуметтік-экономикалың қатынастарды шешу тәжірибесін үйрену қазіргі кездегі мәселенің бірі.

     Тақырыптың өзектілігі Халифат жағдайының әлеуметтік экономикалық жағынан зерттеу халық жағдайының әл ауқатын бүгінгі күнге жеткізу.Халифаттың көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап аулының, оларды өз қол астында тапжылтпай ұстап ұстап отыруының мәселелерін зерттеу.Халифат территориясының кеңейуі және даму дәрежесі, басқа ұлттармен араласу барысындағы қарым – қатынасының сақталуы тақырыптың өзектілігі болып табылады.Қандай да болмасын мемлекеттің өркендеу аясы экономикалық қатынастардан көрінетіні сөзсіз. Сол себепті араб халифатындағы әлеуметтік экономикалық мәселесі бүгінгі күні өзекті деп айтуға тұрарлық. Себебі бүгінгі еліміз үшін, кешегі өркен жайған халифат тарихы болашақта сабақ болмақ демекпін.

     Тақырыптың зерттелу деңгейі Жалпы “араб халифатының әлеуметтік — экономикалық” жағдайы туралы зерттелген десе де болады. Себебі бүгінгі күні бұл жайында жазылған еңбектер жоқ емес. Алайда ол еңбектердің барлығы дерлік орысша тілде жазылған. Негізінен зерттеушілер орыс тарихшылары болып табылады.

     Басты дерек көзі, Құран Медина, 1991 /3/ болып табылады. Халифат туралы Құраннан көп мәліметтер алуға болады. Оның ішінен негізінен мәдени жағынан көп мағұлматтар аламыз. Сонымен қатар Ибн – Хостров Сафар –Намэ – Христоматия по истории средних веков. Под.ред. Н.П. Грацианского и С.Д. Сказина. М, 1963 /1/ дерегінен Арабтар туралы жан – жақты мәселелерге көз жеткізе аламыз. Ибн – Хостров еңбегі араб тарихының көптеген қоғамдық жағынан ашып көрсетеді. Халифат тарихын қарастыруда үлкен көмегі тиген деректердің бірі.

     Е.А.Беляев. Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневековье. М, 1966 /7/ тақырыпты қарастыруда осы еңбектің көмегі зор. Е.А. Беляев еңбегі халифат тарихының бастан өткізген оқиғаларын баяндай келіп, сол уақыттағы араб елінің қоғамдық жағдайына кеңінен тоқталады. Сонымен қатар, халифат соғыстарының барысын жазады.

     Тақырыпты қарастыруда Большаков. О.Г. История халифата в 4- х том /22/. В.В. Бартольд. Ислам. Пг., 1918 /5/. Т.А. Чистякова. Арабский халифат. (7-10в) М, 1962 еңбектері пайдаланылды. Және де араб халифатының экономикалық жағынан қарастыруда, Л.И.Надирадзе. вопросы общественно – экономического строя государства рабов и халифата VI-VIII вв М, 1969 /12/, Н.В.Пигулевская. зарождение феодальных отношений на Ближайшем Востоке М, 1958 /15/ пайдаланылды. Сонымен қатар тақырыпты қарастыруда тағыда басқа көптеген халифат туралы еібектер қолданылды.

     Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты жазудағы мақсатым халифат экономикасы мен әлеуметтік жағдайын халық өозғалысын анықтау салдарынан туындады. Жалпы тақырып обьективті түрде зерттелген деседе болады. Алайда діннің идеология болып тарауының негізінде халифат қоғамында етек жайуы белең алды, осы жағынан қарастыру тақырыптың негізгі мақсаты болып табылады. Халифаттың әлеуметтік экономикалық мәселелерін қарастыру негізгі тақырыптың басты міндеті.

     Бітіру жұмысы екі тараудан, бес тармақтан тұрады. Бірінші тарауда Халифатқа дейінгі Арабия және тарауда Халифаттың құрылуы жайында тоқталса, екінші тарауда Халифат территориясының кеңейуі және Омейядтар билігі мен, Аббасилер кезеңі, салық салу жүйесінде жерге меншіктің мәселелеріне тоқталады және қорытынды және әдебиеттер тізмімен аяқталады.

 

  1. ХАЛИФАТҚА ДЕЙІНГІ АРАБИЯ ЖӘНЕ ХАЛИФАТТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

 

1.1. Ислам дінінің қалыптасуы

 

     Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке-Хиджаздың ең үлкен елді мекені төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік өте аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырады демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Кұдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады, Мекке сауда керуенінің жадындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан да Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каһба Храмы араб бәдәуилерінің атамзманнан табынатын орны болған. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған. Ибрахим Египеттен Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қонасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күңі Ажарды құдай қосқан қосағы Ибраһимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибраһимге Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған егде шағында Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исхак деген ұл туды. Сара Ибраһимді Ажарды қуып жіберуге көндірді. Ибраһим сүйікті ұлы, тұла бойы тұңғышы Исмайлды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті ишара еткен Арабияның бір түпкіріне апарып салуға Ибраһимді мәжбүр етті. Жалғыз қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.

     Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды. Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған арабтар Қаһба аталған «құдай үйін» салды.

     Қаһбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол басында әппақ болған мыс. Кейін тұтқа табынушылар көп сипалай берген соң қап-қара болып кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны Каһбдагы қара тасты құлата алмаған.

     Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол храмды меккеліктер «Алланың үйі» деп, ал өздерін «Алланың көршісіміз» деп атаған. Толландық ориенталист К. X. Снус Хюргроонья: Аллах өзінің көршілеріне Зәмзәм суы (ащы) мен тастардан, құм мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де сыйлаған жоқ деп жазыпты. Қателескен, Құдай қара алтын мұнай да берген.

     Мекке сауда-саттық, алып-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға берісі мол жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры қарысы үзілмейді: Оңтүстік  Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен керуендер осы өңірді жалпағынан басып өтеді /6,147/.

     Алайда Меккенің аты шығуы оған байланысты емес. Онда арабтың көптеген тайпалары пір тұтатын көне аруақтары мен әулиелі орындары көп еді. Сондықтан да Мекке киелі орын деп айрықша дәріптелді. Арабияның түкпір-түкпірінен сабылып келіп, әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы бір үзілмейтін. Солармен алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне жарап тұрды. Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда керуендері шығатын. Оның біріншісі (қыста) Иеменге, ал екіншісі Солтүстікке қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке қарай бағытталатын.

     Ол сауда керуендерін Меккедегі құдіретті тайпа — курейштер ұйымдастыратын. Ол керуенге кез келген меккелік кіре алатын. Керуендер алып шығатын товарлар құны әр кезде әр түрлі болды. Дегенмен орта есеппен 50 мың алтын монета болатын. Курейштердің мейя руы ғана 5-6 мың монеталық товар жөнелтетін керуенді де сол ең қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын.

     Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мөн қорғаушы күзет жасағы алып жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді көшпелі бедундерден жалдайтын, Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар мен түйе жайылып, қоректене алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен басшысы жүйрік түйеге мінген пысық жігіті арқылы Меккемен үзбей байланыс жасап отыратын Хиджадықтар мен Недждіктер Каһбаға қажылыққа келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол айларда кек қайтарып, қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның төңірегі «Харам» деп, яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстарға жол берілмейтін «қасиетті мекен» деп жарияланды.

     Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі болды. Бұл қалада кім саудагер болмаса, оның тамағын тауып  ішуі  қиын болатын.

     Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын сарайы болмады. Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын, күміс, монеталары) пайдаланылды /22,218/.

     Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша-«риба»). Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын және орташа бақуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып отырды. Бай көпестер саудамен де, өсімқорлықпен де бірдей айналысатын. Вакыди: «Аббас өз тайпасының адамдарына көп ақша қарыз берген», -дейді.

     Бір дирхем бір дирхемге, бір динар бір динарға қарызға берілетін, яғни бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп қайтаратын (100% өсіммен).

     Меккелік сауда кеденінің тұрақты бір мүсәпірі Тайф қаласының тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды, Меккемен Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы соншалықты, ол қалаларды «Маккатани» яғни «екі Мекке» деп атаған, Тайф пен оның маңындағы ауыл тұрғындары бау бақшасы, огородтары жоқ меккеліктерді жеміс-жидекпен, көкеніспен қамтамасыз етіп отырған. Тайфтың маңында меккеліктердің дачалары болатын жазғы аптап ыстықтарда сонда барып паналайтын.

     Меккедегі тайпалардың ішіндегі ең қуаттысы Омейя руы болды. Осы рудың өкілдері бай көпестер мен өсімқорлар болды. Солардың арасынан сауда керуен басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін қолында ұстаушылар шығып отырды. Олар Каһбаның төңірегінде,   ал-Батха деп аталған төгіс жерлерде, алаңдарда тұрды /6,307/.

     Курейш басшыларының тек ақшасы мен товары ғана көп болып қойған жоқ, сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп болды. Олардың асыл тұқымды жылқылары да болды. Меккеде, оған жақын жерлерде курейштен басқа Хавайн, гатафан тайпалары тұрды. Ал тайфте сакиф тайпасы тұрғанын жоғарыда айттық. Меккеде сондай-ақ «одақтастар» деп аталған «ахлафтар» да тұрды. Бұлар басқа тайпалардан келіп қосылған кірмелер болса керек. Меккенің шет жағында  «завахир» деп аталған кедейлері тұрды. Меккеде христиан, иудей, зорастра дініндегі шетелдіктер де тұрып жатты. Олар да сауда- саттықпен айналысатын.

     Құрайыш тайпасының құрылымы онша күрделі болған жоқ. Ірі көпестер мен өсімқорлар тобы «мала» деп аталды. Құлдардан полиция құрылды. Ол «ахабиш» деп аталған. Жиналыс үйі жұмыс істеді. Ол ақсақалдар кеңесінің билігінде болды. Аңыздарда «Жиналыс үйінің» (дар анназва)  негізін Кусайя  ибн-Килаба қалаған дейді. Табаридің айтуынша Кусаяның қолында өз тайпасы (курейш) сеніп тапсырған билік. Яғни Хиджаба, Сикоя, рифода, надва және Лива болды. Хиджая дегені — Каһбаның кілтін ұстаушысы, Сикая -Каһбаға табынуға келген қажыларды сумен қамтамасыз ету міндеті, рифада — ішерге тамағы жоқ табынуға келгендер үшін жиналатын қорды ұстауы (сақтауы), (жинауы). Ол қорды курейштер мен т. б. тайпалар жинайтын лива дегені — ақ матадан жасалған ту. Ол найзаның ұшына байланатын. Соғыс көзінде ол ту әскер қолбасшысы райсқа табыс етілетін.

     Күсайя құрайыш тайпасының омейя руынан болатын. Ал ахабиштер, яғни полиция бай құрайыштардың африкандық құлдарынан құрылатын. Олар құрайыштар қазынасы сақталатын Каһбаны, бай құрайыштардың үйлерін күтетін /8,67/.

     Айтылып отырған кезде Батыс Арабияда бір құдайға табынушылық дегеннің еш құпиясы жоқ болатын. Христиан, иудей, діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп те жүрді, Меккенің өзінде тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін қабылдап та жатты. Бірақ араб политеизмінің маңызды орталығы болып отырған Меккеде ханифизмнің (бір құдай) тарауына жақын ұйымдастырылып, қалыптасып қалған Каһба дәстүрі (культ) кедергі жасады. Ондағы идолдарға көшпелі бедуин тайпаларының қажылығы құрайыштардың экономикалық жағдайына байланысты болатын. Әртүрлі құдайға сенетін бедуин тайпалары Кағбаға көп мал алып келіп, құрайыштарға пайда келтіретін. Сондықтан да құрайыш ақсүйектері көп құдайға, пұтқа табынушылықты барлық күшін саланы қорғап бақты.

     Бірақ Аравиядағы политейзмнің ақыры жақындап келе жатты. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен кедейлерге бөліне бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі бір дінге, бір құдайга сену арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады.

     Араб монетизмі түріндегі ханифизм политейзмге қарсы күреске кірісті. Ханифизм өкілдері тайпалардың, жергілікті ха-лықтардың жекелеген көп құдайларының орнына барлық арабтарға бірдей жалғыз рахманды және бір дінді ұсынды. Бұл күрес алдымен әрине Меккеде қызу жүрді. Себебі Меккедегі Каһба политейзмнің базисі еді /8,104/.

     Осындай жағдайда Ислам діні өмірге келіп, қалыптаса бас-тады. Оның негізін Мұхаммед Ғалайки ассалам пайғамбар қалады. Мұхаммед Пайғамбардың ата-бабасы қағбаның кілтін ұстаушылар болған, ал кағбаның негізін Ибрахимнің (АбраҺам) Ажар деген египеттік күңінен туған баласы Исмайл қалаған дедік.

     Исмайлдан мирас болып қалған Жорһумды қағбадан Бану Хұзав тайпасы қуып шығыпты. Кейінірек Исмайлдың Құрайыш деген ұрпағы үйлі-жайлы болып. Қағбаға қайтып оралды да, оны тәртіпке келтірді. Оны Құрайыш Мекке қаласының негізін қалаған тайпаның арғы атасы болды /2,87/.

     Құрайштың жетінші ұрпағы Қосай Меккеден қалған азды-көпті Хұзаларды қуып шықты. Сүйтіп, 440-450 жылдар аралығында қүрайыштар Меккені басы-байлы иемденді. Ал Қосай Мұхаммедтің төртінші атасы болатын. Ол 480 жылы өлді. Оның мұрагері Хашім Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болды. Хашім қайтыс болғанда оның артында қалған сәбиі Шейба Мухаммедтің екінші атасы болатын. Ол Ясрибтегі нағашыларының қолында өсіп, ержеткен соң әкесінің інісі Мүтәлібтің қолына келді. Меккеліктер Шейбаны Мүтәлібтің құлы екен деп Әбдал-Мүтәліб деп атап кеткен (Абдолла-құдайдың құлы).0сы Шейба Әбді Әл-Мүтәлібтен Мұхаммед Галейки-ас-салам пайғамбардың әкесі Абдолла туған.

     Шейбаннын, көпке дейін баласы болмапты. Бір күні Қаһбада 6үкіл халықтың көзінше құдайға жылап жалбарынып, бала сұрапты. Егер алла 10 ұл берсе біреуін құрбандыққа шалар едім деп ант береді. Бұл тілегі алланың құлағына шалынып, Әбді әл-Мүтәліб он екі ұл сүйді /6,278/.

     Ол берген антын орындау үшін бір ұлын құдайға құрбандыққа шалу үшін жеребе тастайды. Ол жеребе өте сүйкімді ұлы Абдолланың («Құдай құлы») үлесіне түсті.

     Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды. (Әбді әл-Мүтәліб сәуегейдің айтқанын орындап Қаһбаның ішін Абдолла мен 10 түйе алып келді. Жеребені он рет суырғанда 10 ретте Абдоллаға шықты. Құрбандық жолы Абдоллаға түскен сайын 10 түйеден айдап әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны 100-ге жеткенде жаратқан адам қанының өтуіне осы жарайтынын білдірді.

     Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақ суырды, 2 ретінде де құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз қалмады. Сүйтіп, Абдолла ажалдан аман қалды).

     Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға Үйлендірді. (Әмина-«Кіршіксіз адам» дегенді білдіреді). 569-570 жылдары Сананың билеушісі Абдраханның қолбасшылығымен иемендіктердің Меккеге жорығы басталды. Жорыққа Эфиоп әскері қатысты . Бірақ олар сәтсіздіктерге ұшырады, торғайлар тас лақтырды, әскер шешек дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандары кері қашты.  Сол жылы йемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран көмектесті.

     Болашақ пайғамбар құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан Абдолла мен Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3 ай бұрын әкесі өлді. Әкеден қалған мұра бес түйе, бірнеше қой және асирийлік күн Барақат көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан жоқшылыққа ұшыраған Бану-Сад, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп еді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса жаңа күйеуі тіпті ештеңе татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті алғысы келмеді.

     Басқа пысық әйелдер баға шартына келісіп, ауқатты тәуір үйлерден бала алып жатқанда, Халима деген әйел құр қол қайт-пау үшін күйеуінің рұқсатымен Мұхаммедті ала кетті. Сүйтіп, алты айлық нәресте көшпенділер қолына түсті. Сонда 4 жыл тәрбиеленді Мұхаммед пен оның емшектес ағасы қозыларды қарап, үйден алыстау жерде ойнап жүрген. Бір кезде олардың жа-нына ақ киім киген екі адам келді /6,168/.

     Олар Мұхаммедті шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін іреп ашып, жүрегін шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен, соны алып тастап, баланың жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жуып тазартып, жүректі орнына салған да бұрылып кете беріпті.

     Халима Мұхаммедті шешесіне қайта әкеліп береді. Алты жасқа толғанда шешесі Мұхаммедті Ясрибте тұратын нағашыларымен таныстыруға алып барады. Қайтып келе жатып Әмина жол үстінде кенеттен қайтыс болып, Абва елді мекенінің жанында жерленді.

     Мұхаммедті атасы Әбді әл -Мүтәліб (Шейба) қолына алды. Ол Қағбаның кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында өткізді. Сүйікті немересі атасының жанында болды, кейде түнеп те қалатын. Әбді әл-Мүтәлі6тің басқа немерелері маңайлайда алмайтын кереует Мұхаммедтің жатса жастығы, қисайса төсегі болды /9,98/.

     Қағба маңындағы діни Ғұрып, жоралғылар Мұхаммедтің көз алдында өтіп жатты.

Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бо-йында дінге деген, діни оқуға деген құштарлықты ерте оятты. Мұхаммед көрген-білгенін бұлжымас қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға салынып көп ойланатын.

     Мұхаммед сегізге толғанда «сенің табаныңа қадалған шөгір (мыңға) (тікен) менің маңдайыма қадалсын» деп отыратын абзал атасы Әбді әл-Мүтәлі6 қайтыс болды. Ол елерінің алдында үлкен ұлы Әбу тәліпті шақырып алып, Мұхаммедке қамқор болуды тапсырды. Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

     Дін, оның шығуы өте күрделі құбылыс, оған жеңіл-желпі қарауға болмайды.

     Ислам дініне, оның негізін қалаушы Мұхаммед Ғалайки с-салам пайғамбарға қатысты еңбектер мұсылман халықтарының рухани қазынасы. Рухсыз адам болмайтыны сияқты, адамды рух сипатынан тыс қарауға болмайды: Ислам дінінің тарихына пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалайки с-саламның өміріне арналған еңбектер жоқтың қасы. Сондықтанда келешекте бұл мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын онан әрі өрістете түсу қажет.

     Қазіргі таңда мұсылман өркениетінің негізінен қалалық өркениет болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды, әсіресе бұл қалалық мәдениетінің ерте кезеңіне тән. Алайда бұл қағидамен барлық шығыстанушылар бірдей келісе бермейді, әдебиеттерде қалыптасқан пікір бойынша арабтар ислам діні пайда болып, тараған дәуірде артта қалған халық еді, өздері жаулап алған елдерден мәдени, экономикалық даму дәрежесі бойынша төмен тұрды, және сондықтан да жергілікті мәдениеттердің ықпалына түсіп қалмас үшін, сол мәдени құндылықтарды жойып отырды.

     Соңғы жылдардағы тарих ғылымының жетістіктері арабтардың көне замандардан ақ өркениетті халық болғанын, оңтүстік араб тайпаларының қуатты мемелекеттері және жоғары дамыған өзіндік рухани және материалдық мәдениеті болғанын дәлелдеп берді. Азия, Африка мен Еуропалық байланысқан жеріндегі географиялық жағынан қолайлы аймаққа орналасса отырып, Арабия ерте замандардан ақ адамзат мәдениетінің бесігі болған Египет және Месопотамия тығыз байланысты болды, сондай – ақ Жерорта теңізі елдерінің Шығыс Африкамен және Үндістанмен байланысының жолында жатты. Бұл жағдайлар арабтардың әлеуметтік – экономикалық және мәдени даму дәрежесіне оң ықпал етпеуі мүмкін емес еді.

     Қазіргі таңдағы ғылым дамуының жетістіктері арабтарды тек көшпенді, тағы халықтар ретінде көрсеткен ұғымдардың негіздігін көрсетіп отыр. Исламға дейін – ақ арабтарды шаруашылықтың екі типі – отырықшы және көшпелі түрлері тең дәрежеде болды деп сенімді түрде жариялауға барлық негіздер бар. Арабтар, соның ішінде, әсіресе, Оңтүстік Палестина мен Солтүстік арабияның Набатей тайпалары жер өңдеуді өте жақсы игерген, күрделі ирригациялық құрылыстар тұрғызуды білген. Набатей қалаларында құрылыс өнері кең тараған, ал оның негізінде “Набатей архитектурасы” сияқты өзіндік құрылыс пайда болады /26,208/.

     Набатейлер Өлі теңіздің жағалауында ашық әдіспен сымала өнідіріп, Египетке сатып отырған, одан египеттіктер мумия жасап отырғаны белгілі. Набатейлер темір мен мыс өндіріп, қорытуды білген, олар индия мен Египетті, Италия арасындағы саудаға араласып, қалампыр, бұрыш сияқты татындылық беретін және хош иісті заттармен сауда жасап отырған /14,74/.

     Сондай – ақ арабтар көне Шығыстың өркениетті елдері – Византия мен Иранды жаулап алғанын ескеру керек. Мұның өзі арабтардың рухани және материалдық мәдениетіне айтарлықтай оң ықпал еткен еді.

     Жауынгер арабтың соңынан үнемі қалалық араб жүріп отырды, — деді В.В.Бартольд /4,72/. Жаулап алған елдерінде араб мәдениетін орнықтыру ісінде дәл осы қалалық арабтар басты рольді атқарады. Арабтар әсіресе Иран мен Түркістанда қалалық өмірдің дамуына және қалалар типінің өзгеруіне ықпал етті. Арабтар жаулап алғаннан кейін қала дуалдарының тар шеңберіне әрең сиып тұрған. Қала маңы жерлеріне кеңінен жайылып орналаса бастайды. Енді қаланың қауіпсіздігін оның дуалдары емес, мемелекеттің күш қуаты қамтамасыз ететін болды. мұсылмандық дәуірден дейінгі қалалар қамалдан және қаланың өзі шахристаннан тұрушы еді. Сауда алаңы қала дуалының ішінде емес, сыртында қала қақпасымен қатар орналасатын; базар сөзінің алғашқы мағынасында “қақпа алдындағы іс” осыған сәйкес келеді, арабтар тұсында қала өмірі ескі шахристандардан сауда өнеркәсіп топтары тұрған қала түбіндегі елді мекенге ( рабат ) ауысады; бірте – бірте қала типі қалыптасады. Мұндай қаланың ерекшелігі базарлар қаланы шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай қиып өтетін басты көшелерінің бойында орналасатын және осы көшелердің қиылысында қаланың басты мешіті орналасады.

     Мұсылман дінінің таралуымен басқа елдердегі халықтар тән тазалығына үйрене бастады. Сондай –ақ аймақтарда моншалардың пайда болуы да ислам діні таралғаннан кейін болған өзгерістер қатарына жатады.

     Мұсылман қоғамының бүкіл қаймағы ( элита ) Мұхаммед пайғамбардың барлық серіктері саудагерлерден, қолөнерден, тағы басқа тұрды, бірақ олардың қатарында бірде – бір көшпелі бедәуин бошған жоқ. Ислам, шынында да, саудаға және саудагерлерге оң көзбен қарағаны белгілі. Құранда саудамен айналысу барынша дәрептеледі. Кейбір зерттеушілер саудаға деген мұндай қатынасты Мұхаммедттің діні, алғашқыда орташа саудагерлерді экономикалық жағынан біріктірудің құралы болуынан деп түсіндіреді. Құран өсімқорлықты қатты сынға алып, айыптайды, алайда мұның өзі саудамен айналусыдың артықшылығын көрсету үшін жасалады.

     Саудаға осылайша құрметпен қараған құран, сондай – ақ, жеке меншікті де Алланың атымен қасиетті деп бекітеді. Мұсылман құқығы мен этикасы мұсылманға лайықты өмір салты деп ауқатты, экономикалық жағынан тәуелсіз қала тұрғынының өмір салтын есептеді /6,261/.

     VIII-IX ғасыр межесінде сауда – қолөнершілік іспен айналысудың артықшылығын діни тұрғыдан негіздейтін бүтіндей трактаттар пайда болады. Атап айтқанда, Абу Ханифаның шәкірті және Ханифиттік құқық мектебінің заңгері Мұхаммед аш – Шайбанидің ( 749- 805 ж) “Өмір сүруге қажет қаражат табу туралы кітап” атты шығармасында дүниелік игіліктерді иеленудің қажеттілігінің барлық дәлелдері келтіріледі. Бұл кітап Мұхаммед пайғамбардың “Өмір сүру үшін қажет қаражат табу — әрбір мұсылманның діни міндеті” деген сөздеріне сілтеме жасаудан басталады. Бұрын саудагер байыған жағдайда тек жақындарының қызғанышын немесе жеккөрушілігіне ұшырайтынын білетін. Ал кедейленіп кетсе, мұны өзінің саудамен айналысқанын тапқан зияны деп түсінетін. Енді жаңа дінді қабылдай отырып, және өзі сияқты мұсылмандар арасында өмір сүре отырып, ол қоғам тарапынан мойындалды, бұрын тек сынға алынып келген оның кәсібі енді ізгі, құдайға жағымды іс деп есептелді. Оған талаптарды орындап отырған болса, о дүниеде жұмақтан орын алуды уәде етті.

     “Сопылық – ислам шеңберіндегі ерекше діни – философиялық дүние таным”, оның өкілдері жеке психологиялық тіжірибе арқылы адамның құдаймен тікелей жүздесуі немесе бірігуі мүмкін деп санайды. Ол құдай жолымен жүрген, оны шын сүйетін адамға құдайдың шапағаты арқылы берілетін, өзін — өзі ұмыту дәрежесінде немесе жүректің оянуы арқылы іске асады. Суфизм “арабша ат тасавуф” рационалды философияны, исламның әдет – ғұрып, жораларын жоққа шығармайды. Бірақ соған қарамастан, сопы ұстаздары ең жоғары рухани шындықты Алланы сана арқылы тануға болмайды бұл тану тек ирроциналды жолмен, түйсік арқылы нұрлану немесе ішкі ояну түрінде іске асады деп пайымдайды. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын, бір тәтті масаң күй кеш, құдаймен бірігіп кету. “Суфизм догма емес, ол діншілдіктің нағыз жүрегі, ислам басқаларынан да бұрын суфизмде бар” деген пікір шындыққа жақын /18,189/.

     “Сопылар ислам тарихында дінді ұлттық мәдени ортаға бейімдеу жолындағы орасан зор жұмысты өз мойнына алды, өйткені олардың ілімі қажетті икемділікпен, игілікпен ерекшелінеді. Нәзік те шебер психологтар мен шешен сөйлейтін насихаттаушылар бола отырып мұсылман міскіндері исламның таралуына өте зор ықпал етті.

     Олар әрине басқа мұсылмандарға қарағанда жиірек ораза тұтты, кейбіреуі ет жемеді. Алайда сопылар бұл дүниенің игіліктерінен біржолата бас тартпай, оларды пайдалана отырып, бірақ бұл игіліктерге іштей, психологиялық жағынан тәуелді болмауды уағыздады. “ бұл дүниеде өмір сүру” бірақ “бұл дүниенің адамы болмау”, “сырттай адамдармен бірге, іштей Құдаймен бірге болу” рух пен материя, Құдай және дүние арасында үйлесімге қол жеткізу үшін ұстанған өз принциптерін сопылар осылайша жеткізді. “Құдай – дүние ” мәселесін диалектикалық жолмен шешеді. Ол үшін Құдай бұл дүниеден тыс бұл дүниеге жататын құбылыс. Дүние Құдай әрекетінің нәтижесі. Құдай адамдардан көрініс табады. Сондықтан да сопылар этикасында , рухани ұстазға, анаға, жарға және тағы басқалар, деген махаббатқа, сүйіспеншілікке үлкен көңіл бөлінеді. Қоғам игілігі үшін еңбек ету, шығармашылықпен айналысу, Отанды қорғау аса жоғары бағаланды. Сопылардың принціпі – дүниені тәрк ету емес, керісінше оны өзгерту, жетілдіру, рухтандыру жолында күнделікті еңбек ету, әр түрлі қолайсыздықтар, аштық пен жалаңаштық, жоқшылық, тағы басқалар, олар үшін қорқынышты болмай қалды. Тіпті өлім ең бір қарапайым күнделікті құбылысқа айналды /22,180/.

 

1.2 Халифаттың құрылуы және Халық жағдайы

 

     632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед-пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634) жарияланды. Ол «халиф» (орынбасар) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақта Мәдинаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады, Осындай мазасыз кезең кейінгі араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде «Ар-Рида», яғни, «діннен безу», «діннен бөліну» деген атаққа ие болды. Ал шын мәнінде ол «діннен безгендер» деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы, Мұхаммед пайғамбар, өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарына қалғанымен мединалық қауымның саяси билігін мойындады. Енді біреулерінің арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды жақтайтын (қалайтын) топтары болды. Сондай-ақ ислам туралы хабары жоқ, мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды /22,211/.

     Л. Каэтани Арабия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан төрт категорияға бөледі, І-категориясына ислам дінін қабылдаған Мекка-Мединалық қауым басшылығының қоластындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, музейн, бали, асджа, аслам, хузейл, хуза, т. б. майда тайпалар болды. IІ-категорияның құрамына Орталық Арабияның хавазин, Амир ибн-сасаб тайб сүлейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға ислам дінін қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кіші-гірім топтары Медина ықпалына қарсы күресте өте зор белсенділік танытты.

     Үшінші категорияға ислам дінін ұетанушылар ықпалы енді-енді тарап келе жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл асад, гатафан, тамим тайпалары. Төртінші категорияға өздерінің саяси жене идеологиялық тәуелеіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал-Исламдағы ханифа, абд ал-Кайс, азд тайпалары йемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі /18,314/.

     Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл келб, куда, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді. Сондай-ақ Махрадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір политейстік бағыт-тағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ бұл соңғыларына иудейлік діннің ықпалы күшті болды.

     Жекелеген тайпалардың саяси ғана емес, сондай-ақ идеоло-гиялық та тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті әулие-пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ жүргізді. Ислам дініне қарсы күресті әсіресе ал-Иемамадағы Мусейлима деген әулие белсенді жүргізді /6,151/.

     Мединалық ислам дініндегілердің үстемдігіне қарсы Орталық Арабиядағы асад тайпасының күресін Түлейха басқарды. Ол исламға қарсы күресін Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед өлген соң фазада, тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал-Валидтің әскері Тулейха жасағының тас-талқанын шығарды. Тулейха қашып құтылды. Кейін ол ислам дінін қабылдап,  араб жаулап  алушылықтарына  белсене қатысты. Сүйтіп, «ар-рида» діннен безу емес, тек көпшілік тайпалардың жаңа ислам дінін бірден мойындамауы, оған алғаш қарсылық көрсетуі болды. «Ар-рида» екінші жағынан барлық араб тайпаларын медина-меккелік қауымның билігіне бағындырып, олар-ды жаулап алушылық соғыстарына тарту болды. Барлық араб тайпаларын біріктіру екінші тақуа халиф Омар ибн ал-Хаттабтың (634-644) тұсында аяқталды.

     Ортағасырлық араб тарихнамасында араб халифатының құрылуы, яғни жаулап алынған жерлерде бір орталыққа бағындырылған үкіметтің құрылуы осы таққа халифтың білікті де шебер, данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетіледі, Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, іскер басшы болған. Ислам діні мен мұсылмандар мүддесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Ол нағыз демократ болған. Омар мұсылманша жыл санау Хижраны енгізген /22,179/.

     Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі «тізім» дегенді білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден «харадж» деген адам басынан жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына тең бөлініп таратылатын.

     Дивандағы ең бірінші тұрған Мәдиналық қазынаға және провинциялардағы бейт алмалдарға барлық жиналған алым-салықтардың бестен бірі түсіп тұрды.

     Әскердегі қызметін арабтар өздерінің құрметті борышы деп санады. Ислам әскері араб тайпаларының жасақшыларынан тұрды. Араб жауынгерлері соғыста түскен олжадан басқа жергілікті халықтан жиналатын азық-түлік есебінен және бейт амалдан бөлінетін жалақы есесінен күн көретін. Жаулап алынған елдерге қоныстанған арабтардың көпшілігі бағындырылған жергілікті халықтардың есебінен күн көріп, өнімді еңбекпен айналыспады. Егіншілікпен арабтар айналысқылары келмеді.

     Арабтардың ру-тайпалық ұйымдары жаулап алушыларды бағындырылған халықпен араласып кетуден қорғады. Арабтар көбінесе өздерінің әскери лагерлерінің қасына жергілікті халықтар да қоныстана бастады. Олар арабтаға қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін. Араб әскери лагерлерінің маңына қолөнершілер мен кедей малайлар, ұсақ-түйекпен сауда-саттық жасайтындар қоныстанатын. Олардың арасында әртүрлі алаяқтар мен жезөкшелерде жеткілікті болатын.

     Басып алынған ескі қалаларда арабтар жеке кварталдарға орналасатын, кейде ол кварталдардың тұрғындарын көшіріп жіберетін, сүйтіп оны толығымен өздеріне босатып алатын. Арабтар өз әскерінің қатарына жаулап алынған халықтардың өкілдерін алмады (тіпті олар ислам дінін қабылдасса да), Ал бұрын Аравиядан көшіп келіп, бірақ көршілерінің ықпалымен христиан дінін қабылдаған арабтар дереу жаулап алушылар қатарына барып қосылып жатты. Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы христиандық арабтар елеулі әскери-саяси рөл атқарды. Мұсылман жаулап алушылар тек христиан, иудея дініндегілерге ғана емес, сондай-ақ зороастризм дініндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, ислам дініне кіру-кірмеу еріктерін өздеріне қалдырды /9,389/.

     Ислам дінін қабылдаған жат елдіктер жан басына салынатын жер салығынан босатылатын.Бұл қазынаға байлықтың аз түсуіне себеп болатын. Сүйтіп, арабтар жаулап алған жерлеріндегі халықтары исламға күштеп енгізді деген тұжырым шындыққа ұласпайды. Шын мәнінде жаулап алынған жерлердегі исламдандыру өте ұзақ процесс болды. Ол процесс кейбір арабтық шығыс елдерінде осы күнге дейін аяқталған жоқ, Мысалы, IX ғасырда Египет халқының басым көпшілігі христиан дініндегілер (копттер) болды.

     Арабтардың өркениетті елдерді жаулап алып, оларды өз биліктерін орнатулары араб қоғамындағы экономикалық және элеуметтік дамуды тездетіп, күрделендіре түсті. Қолында билік бар мұсылман қауымының мүшелері қолына түсті, ал қолынан ешнерсе келмейтіндер жағдайы онан сайын қиындай берді. Бұл халифтар алдымен байиды дегенді білдірмейді. Алғашқы халифтар өте қарапайым өмір сүрген.

     644 жылы ирандық құлдың қолынан Омар қаза тапқан соң Оспан ибн ал-Аффан халиф болды, Ол да Омейя руынан болатын. Ислам дінін қабылдағанға дейін ол өсімқорлықпен айналысатын байлардың бірі болған. Ол сонымен қатар иіс сулар жасап сататын, асыл тұқымды сәйгүлік ат өсіретін. Мұхаммедтің Үрхия деген қызына үйленген. Ол қайтыс болған соң тағы бір қызы Үмму Гүлсімді алған. Содан ол құрметті «Зұлқарнайын»-«қос сәулеге бөленген деген атақ алған. Ол 644-656-шы жылдар аралығында Халифтық құрды. Оның ең үлкен және аса маңызды жұмысы Құранның толық жинағын әзірлеу, кітап қалпына жеткізу болды.

     Оспан өлген кездегі оның байлығы 150 мың динар мен 1 млн, дирхем құраған. Сонымен қатар 100-ге жуық жылқысы, 1000 түйесі, 10 мың қойы болған  дейді. Ақыры бұл байлығы оның түбіне жетті. 656- жылы наразы болған арабтардың өздері көтеріліс жасап, Оспанды өлтірді /6,165/.

     Ол өлген соң халиф болып Мұхаммедтің Фатима деген қызының күйеуі Али тағайындалды. Алиді өлтірілген халифтың туыстары, байып алған ру басшылары қолдамады. Бұл Алиге қарсы тұрған топты Талха мен аз-зубайыр басқарды, оған Мұхаммедтің жесірі Айша қосылды. Бірақ бұл топ аз еді, көпшілік мұсылмандар Али жағында болатын. 656 жылы Басра маңындағы Хурейба деген жерде Талха мен аз-Зубейраның қолы талқандалды, Айша тұтқынға түсті. Бұл «түйе» шайқасы деп аталған ұрыс болды. Себебі шайқас кезінде Айша түйеде отырып басшылық жасады, енді Омейя аристократиясының Алиге қарсы күресін олардың ішіндегі ең ықпалдасы, беделді де баққуаттысы, Муавия басқарды. Бұл күресте Али Ирактағы қауымдық-демократиялық басшылықты, Омар халиф орнатқан тәртіпті жақтайтын араб тайпаларына арқа сүйеді. Халиф болып жарияланған соң Али бұрынғы Омар халифтың саясатын әрі жалғастыратынын жариялады. Ол Оспан тағайындаған әкімдерді орындарынан алып тастады. Оспан таратып берген жерлерді қайтарып алды. Арабияның өзінен күресіне қажетті күш-қаражат таба алмай Али әскери және әлеуметтік тіректі Ирактан табуға үміттеніп, өзінің резиденциясын Куфаға көшірді.

     657 жылы Евфраттың оң жағасында Сифинде Муавияның сириялық әскері мен Алидің ирактық әскерінің арасында үлкен шайқас болды. Ол шайқас ақыры келісіммен аяқталды /23,189/.

     Осы шайқастан кейін Алидің қол астындағы жасақшылар жікке бөлінді. Бір тобы жаппай теңдік орнатуды талап етіп, «ля хукма илля ли-ллах»-«тек Алла ғана шеше (соттай=судить) алады» деген ұран көтерді. Осы ұранды көтерушілер «мухакимдер» деп аталды. Олар Алидің көнгіштігіне, жұмсақтығына (уступчивость) наразы болды. Олар Куфадағы әскери лагерден шығып, Бағдадқа барып тоқтады. Алидің қол астынан бөлініп кеткен бұл әскердің саны 12 мыңдай болатын. Кейін бұл бөлінгендер «хариджидтер» қозғалысы, яғни «кеткендер», «шыққандар» қозғалысы деп аталды. Хариджидтер қозғалысы Оспанға қарсы көтерілістің жалғасы болды. Олар қауыш мүшелерінің теңдігі үшін, халифты қауым мүшелері өз ішінен ашық дауыспен сайлау үшін куресті. Халиф дұрыс саясат жүргізбеді деп табылса қауым оны орнынан алып тастауға, тіпті өлтіруге де құқылы, Халиф болу үшін оның тек құрайыш (курейшит) тайпасынан шығуы міндетті емес, басқа тайпаның да, керек болса, араб емес, бірақ ислам дінін қабылдаған кез-келген лайықты адам халиф бола алады деді хариджидтер.

     Хариджидтер тарапынан туған қауіп Алиге 658 жылы Муавияға қарсы соғысты қайта ашуға мүмкіндік бермеді. Сол жылы Али әскерін хариджидтердің қаупін жою үшін Нахраванға қарай апарды. Оның хариджидтерді қарсылықты тоқтатуға шақырып, кешірім жариялауы толқу туғызды, Хариджидтердің бір тобы Алиге қосылды, бір тобы Меккеге кетті, келесі бір топтары Куфадағы әскери лагерьге қайтып оралды, шағын тобы Иранға өтіп кетті. Айтқанынан қайтпаған 2800 хариджид Ибн Бахбтың қол астында қалды. «Жұмақта кездесейік» деген ұранмен олар Алидің әскеріне қарсы шайқасқа шығып, түгел дерлік қырылып қалды. Куфаға оралған хариджидтер өз күресін онан әрі жалғастырды /23,304/.

     Ал Меккеге кеткен хариджидтер Алиді, Муавияны, Әмір ибн-Асаны бәрін өлтіруге бел байлады. Сүйтіп, өз қалаулысын таққа отырғызуды ойлады. 561 жылы Куфадағы мешітке кірерде Алиге хариджит уланған қанжар салған болатын. Ақыры Али сол жарақаттан қайтыс болды. Ал өлім жазасына кесілгендердің қалған екеуіне жасалған қастандық сәтсіз аяқталды. Хариджидтердің ілімі бойынша жанның о дүниеде жұмаққа шығуы үшін тек құдайға сеніп, арыздарды өтеу жеткіліксіз. Сол үшін қолға қару алып халифке, оның өкіметіне қарсы тынымсыз күрес жүргізу керек. Бұл ережені қабылдамаған мұсылмандарды хариджидтер кәпірлер деп санап, оларға қарсы қасиетті соғыс-джихад жариялады. Хариджидтерді тақыр кедейлер қолдады. Омейядтар билігі кезінде хариджидтер қозғалысының әлеуметтік базасы кеңейе түсті. Хариджидтер барлық елдерінде ескери-саяси белсенділігін күшейтті.

     Алғашқы халиф құрушы толық аты – жөні Абдулла Ибн Осман ( 632-634 ) 632 жылы мемлекет билігін қолға алды. Пайғамбарға деген адалдығы мен ықыласының күштілігіне орай “ Сыддық”, яғни шынайы берілген, турашыл деген лақапқа ие болған Хазіреті Әбу Бәкір, екі жылдық халифалығында үлкен қызметтер жасады. Хау Нәбидің бұл дүниеден өтуін мұрсат қылған кейбір пұтқақұлдықтар бастаған арандатушылық, адастырушылық әрекеттері тоқтаталып, мүминдер мен Ислам Дәуелетіне төнген қауіптер жойылды. Сүйтіп, 634 жылы уафат болған Әбу Бәкірдің негізінде Арабстанда мемлекеттік билік толығымен нығайтылып, жас дәулеттің еңсесі көтерілді.

     Ол құрайыштың атақты адамдарының бірі болған. Арабтардың әлеуметтік – тұрмыстың тарихын, рулық қатынастарын жақсы білген, саудагерлікті нәсіп еткен. Пайғамбардан екі жас кішілікке қарамастан бала күннен бірге өскен жақын достар болған. Ол араққа тыйым салынбай тұрған заманда да ішімдік дегенді білмеген, және Исамды алғаш қабылдаған адамдардың бірі. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейхи уә сәлләм, ол туралы былай деген: “ Аллаһ мені сендерге жібергенде сендер өтірікші санадыңдар. Ал Әбу Бәкір мені шындықты айтып тұр деп білді де малын да, жанын да аямай қолдау көрсетті. Бәлкім сендер сахабаларым туралы пікірлерімді өз еркіме қалдырарсыздар ” ол мұны екі рет қайталады.

     Әбу Бәкір жайдары мінезді адам еді, туған — туыстары онымен жеңіл қарым – қатынас жасайтын. Олар Әбу Бәкірдің мәнді әңгімелерін тыңдап рақаттану үшін келетін, оның біліміне, сауда жүргізу тәсілдеріне, шеберлігіне тәнті болатын /6,134/.

     Мұхаммед пайғамбар өзінің он сахабаларының тірі кездерінде – ақ жәнәтта болатындарын айтқан, солардың бесеуі атап айтқанда: Осман Ибн Аффан, Аз – Зубейр Ибн Аууан, Абдур Рахман Ибн Ауф, Сайд Ибн Әбу Уаққас, Таиха Ибн Убайдулла Исламға Әбу Бәкір уағызы арқылы келген.

     Әбу Бәкір мұсылмандар арасында Пайғамбарымыздан, салла Аллаһу алейхи уа сәллам, кейінгі сыйлы адам болатын және Исламды жан – тәнімен қорғайтын.

     Али Ибн Әбу Тәлиб Халиф кезінде мұсылмандарға Хутба оқып тұрып былай деді: “уа жамағат! Маған ең күшті адамның кім екенін айтыңыздаршы?” “ең күшті адам сенсің, уа әміршіміз” – десті жұрт. Иә, мен кіммен шайқассам да жеңіске жеткенім рас. Бірақ, маған ең батыл адамның кім екенін айтыңыздаршы?” – деді, Хазірет Али . “біз басқаны білмейміз” – десті жамағат. “ол — Әбу Бәкір, — деді Халиф – Бадыр соғысы басталған күні біз Пайғамбарға, салла Аллаһу алейхи уа сәллам, арнап жатыр тіктік. Аллаһтың атымен ант етіп айтайын, сол кезде пұтқа табынушылардан Пайғамбарды, салла Аллаһу алейхи уа сәллам қорғау үшін Әбу Бәкірден басқа ешкім батылдық көрсете алмады. Әбу Бәкір қылышын жарқылдатып Пайғамбарға, салла алейхи уа саллам, ұмтылған мүминдердің мәселесін қайтарып отырды. Міне ең күшті адам сол” /18,201/.

     Али тағы былай деді: “мен пайғамбарды салла Аллаһу алейхи уа сәллам, құрайштардың қоршап алғанын көрдім. Бірі қол жұмсап, бірі жұлқылап: “құдайлар көп емес, жалғыз” деп жүрген сен бе?” – деп ерікпеді олар. Аллаһ куә, оған араша тусуге ешқайсымыздың жүрегіміз дауланады. Сол кезде Әбу Бәкір жетіп келді де.

     Құрайыштардың бірін олай, бірін бұлай итеріп – итеріп жіберді. Сендер шынымен өз туыстарыңды “Менің Құдайм АллаҺ дегені үшін өлтірмексіңдер ме?”- деді ол.

     Али осы сөздерді айтты да кенет жылап жіберді. Ыстық жас сақалын жуып кетті. “Айтыңыздаршы, — деді сосын сөзін жалғап. – Осындай сөзді Перғауын заманында айтқан мұсылман күшті ме, әлде Әбу Бәкір күшті ме?” Жұрт үн қатпады. “Неге үндемейсіңдер? Аллаһ атымен ант етіп айтайын, жер беті Перғауын заманныдағыдай мұсылманға толып кетсе де, ол Әбу Бәкірдің тырнағына да тұрмас еді. Себебі ол өз дінін жасырады, ал Әбу Бәкір Исламды ашық насихаттады әрі қорғады” /18,264/.

     Әбу Бәкір дүние – мүлкінің елеулі бөлігін Аллаһ жолына түскен құлдарды босатуға жұмсады. Солардың қатарында көп азап шеккен мұсылмандардың тұңғыш азаншысы Біләл да, ради Аллаһу анһу, болды. Осыған байланысты Омар былай деді: “Әбу Бәкір бізге құрметті мырза кісі, ол біздің Біләл мырзаға еркіндік алып берді. ” Пайғамбар Меккеден Мәдинаға көшерде  қасында Әбу Бәкірдің болғанын қалады. Бұған қатты қуанған Әбу Бәкір отбасына түк қалдырмай барлық қаражатын Аллаһ пен оның Пайғамбарының жолына жұмсау үшін өзімен бірге ала жүрді. Сауыр тауындағы үңгірге келе жатқан жолда Әбу Бәкір Пайғамбардың біресе алдында біресе соңында жүріп отырды. Пайғамбар мұның мәнісін сұрағанда: “Жол торушылар барма деп қауіптенгенде артта жүремін” – деді. “Тұтқиылдан тап берер қатерден менің аман болғанымды тілеп, кеудеңді оққа тосып келе жатырсың ба?” – деп сұрайды Пайғамбар одан. Әбу Бәкір оған “Дәлсолай, сені ақиқатпен жіберген Аллаһтың атымен ант етемін!”- деп жауап береді. Олар үңгірге келгенде Әбу Бәкір Пайғамбарды сыртта қалдырып, өзі үңгірді тазалап шығады. Одан кейін ғана Пайғамбардың кіруіне рұқсат етеді. Олар үңгірге кіргенде құрайыштардың жақындап қалғанын байқайды. Пайғамбарға шын қауіп төнегенін сезген Әбу Бәкір қорқыныштан жылап жіберді. “О, Пайғамбар, егер олардың бірі төменге аңғарып қараса бізді анық көреді” – дейді ол. “Ей, анығында Аллаһ бізбен бірге ” – деп жұбатты оны Пайғамбар, салла аллаһу алейхи уә сәллам.

     Бір сөзбен айтқанда, Әбу Бәкір Пайғамбардың ең жақын ең сенімді адамы болған. Сондықтанда ол: “Ақиқатында, мен үшін дүние – мүлкін аямайтын, достыққа берік ең сенімді адам -Әбу Бәкір. Егер маған Аллаһтан басқа ең сүйіктіні таңдау құқы берілсе, мен Әбу Бәкірді таңдаған болар едім”- деген және оны сахабаларының бәрінен артық көрген, ал оның қызы Айша Пайғамбардың сүйікті әйелі болатын. Әбу Бәкір Пайғамбар көз жұмғанша одан жұп жазбады. Өлер алдында Пайғамбар оған намазда өз орнына иман болуды тапсырды. Бұл оның бүкіл халифатының билігін Әбу Бәкірге қалдырғаны еді. Ол Пайғамбарға жолдас болды. Ол мұсылмандардың басын біріктіреді. Мұсылман  қауымдастығына үнемі қаражат жағынан көмектесіп отырған. 631 жылы хажыға бастан барғаны болмаса ешқандай саяси немесе әскери істерге араласпаған. Мұсылман жазбалары оны билікке құмарлығы жоқ, өте биязы мінезді адам етіп суреттеледі. Әбу – Бәкір мемлекеттік саясатқа ислам дінін негіз етуді алғаш енгізген адам. Оның тұсында мемлекеттік белгілер жасалып, мұсылман биліктерінің үстемдігі қалыптаса бастады, және Сирия мен Ирак бағындырылды /26,218/.

     Әбу Бәкірден кейін халифалыққа сыйлаған Әділетті Омар Ибн Әл – Хаттаб Ибн Нуфейл Ибн Абдулуза әл – Құрайши, лақап шындық пен өтіріктің арасын айырушы деген ат берген. Омар Ибн Әл – Хаттаб құрайыштың белгілі адамдардың бірі әрі батыры болатын. Ол қоңырқай жүзді, алып та шымыр кісі еді, адамдар арасында бойының ұзындығы мен ерекшелінетін. Селдір шашын қынамен бояп аяқ киімді сирек киетін. Ал оны киген жағдайда, тіпті, сол тұста мұсылмандар әмірі болып, дүниенің үштен екі бөлігін билеп тұрған шағында да онысы өте дөрекі көрінетін. Екі қолы бірдей шалымды, аса епті, ат құлағында ойнайтын шабандоз болатын. Сонымен бірге ол өз руының көсемдеріне жек көрінішті көрінген жаңа діни ағымның жолын ұстанушылардың табандылығына құрметпен қарайтын. Көңілдегі осындай қарама–қайшылықтар оның жүрегін мазасыздандыратын. Бір жағынан ол өзінің ата – бабалары ұстанған діннен ажырағысы келмеді, екінші жағынан жаңа діннің әлдеқайда пайдалы және өмірге икемді екенін айқын көрсетті /22,189/.

     (634 — 644) дәуірі ішке емес, сыртқы қауіптерді жоюды мұрат еткен, ғадау аттарын күн өткен сайын күшейтіп келген Византия (395 – 1453) мен Сасани (224-651) патшалықтары өздерінен әлдеқанша есе шығынырақ мұсылман мемлекеттік жоқ қылуды жоспарлап жүрген. Олардың жоспары солай болғанымен, Жаратушының жоспары тым басқаша еді. Шәһід болуды армандаған, жау майданда жан тапсыруды тілеген сахабалардан құралған мұсылман жасақтары армиясының ойсырата жеңіп, осы өлкені мұсылман билігіне кіргізеді.

     Ендігі кезек отқақұл Сасани патшалығының шабуылдарын тоқтатуға келгенді. Алғашқы жойқын соғыс 636 жылы Қадысия деген жерде болады, ирандықтар жеңілген осы жерде болады, ирандықтар жеңілген осы ғазауаттан кейін 637 жылы Жалұла деген жерде екі жақ тағы да қарсыласады. Мұсылмандар тағыда мұзафар жеңісті болады, да Иранның оңтүстігі мен батыс аймақтарын бағындырады. Сасани 642 жылы болады. 30 000 әскерлік мұсылман қолы Нұғманның басшылығында, ал 150 000 адамнан құралған. Сасани қолы фирұздың жетекшілігінде қарсыласады. Осы соғыста мұсылмандар өздерінен 5 есе үлкен жау қолын ауыр жеңіске ұшыратады; әскери дана Нұғман шәһид болады, отқа – құлдықтардың басшысы Фируз соғыста өледі. Нихаундтағы зафар жеңісі 3 йездужердтің (632-651) мемлекетін үзелді –кесілді құлатады, Иран тұтастай мұсылмандардың қолына өтеді.

     Ахнаф Қайысұлының әміріндегі мұсылман әскері Табсин, Һерат, Нишабұр, Серахс аймақтарын азат етіп, осы күнгі Түркіменістандағы 3 йездужердті қолға қолға түсіруге аттанды. Сасани шаһаның ирантекті соғдыларға қашып барып, жәрдем сұрауы табиғи. Соғдылар піл, дін және мәдениет жағынан ирандықтарға жақын болатын. Мұсылмандардың артынша аттанғанын естіген шаһ Мәру – шаһ – жаһаннан қашып, Мәру – ар – рауызға шегініп, бекінеді.

     Мұсылмандардың қолына түсетінін сезіктенген ияздужерд соғды, түрік, тіпті қытай хүкімдарына хат жіберіп, мұсылмандарға қарсы көмекке келуін жалбарына сұрайды. Әйтпесе, олардың да өзінің келген кебін киетінін айтып, тырысады. Міне, осы уақиғалар мұсылмандар мен түркілердің алғашқы соғыстарының, қарсыласуларының негізгі себептері, шарттары болып табылады /22, 298/.

     Мәру-ар-рауызда өзін амандықта сезінбеген Сасани патшасы Ауғаныстандағы Балқы қаласын паналайды. Ахнаф Қайысұлы Балқыға аттанады. Балқының да пана болмайтынын аңғарған 3 иездужерд жасырынып қашады да, түрік қағанына барып, баспана сұрайды. Таныс жау бейтаныс жаудан артық дегендей, иездужердің арандатуы мен айла-аларғыларына көнген қаған оған көмектесуді уәде етеді. Сүйтіп, олар жасақтарын бастап, Ферганалықтар мен соғдылардан да әскер жинап, Жейхуннан өтіп, Хорасан өлкесіндегі Балқыға қарай аттанады. Осылайша тарихта бірінші рет арабтар мен түріктер қабаттасып қалады. Бұл кейінірек хақ дін жолында қоян-қолтық араласып, бірге соғысатын осы екі мемлекеттің қарсыласы еді. Балқыда қоныстанған Куфа әскерлері келе жатқан алып ордаға шамалары жетпейтінін аңғарып, Мәру-ар-рауздан бекінген Ақнафтың қасындарында барып қосылады. Балқының босатылғанын аңғарған түрік қағаны осы аймақтағы отқа құлдықтардан да көптеген әскер жиып, Мәру-ар-раузға қарай бет алады. Түрік-парсы-соғды жасақтарынан құралған осы қалың әскер мұсылмандар үшін үлкен қауып туғызады. Данышпан һәм тәжірибелі Ақнаф өзінің қарамағындағы мұсылмандарды жинап, оларға соғыс шараларын түсіндіреді. Ол әскерлеріне былай дейді: “Сендер азсыңдар, душпандарың болса сендерден көп есе артық. Бірақта олардың көптігі сендерді қорқытпасын!” – деп, Құрандағы мына аятты оқиды: “/2,249/: Олар: “Аллаһтың аятымен аз санды қосындардың нешесі өздерінен көп есе артық қолдарды жеңіліске ұшыратқан. Аллаһ сабыр етушілермен бірге!” – десті /18,308/.

     Көреген қолбасшы Ахнаф Қайысұлы алдында Жейхун өзені, артта тау болатындай етіп, әскерін орналастырады да оларға ең соңғы ақыл-насихаттарын айтады. Әрине, жоғарыда айтылғандай, оның түрік соғдырларымен мүмкіндігінше соғыспауға тырысқанын байқамыз. Түрік қағаны мен парсы соғдылардан құралған күштер мұсылмандарды бекінген орнында қоршайды. Бұл аса маңызды соғыс еді; өйткені, егерде мұсылмандар осы соғыста жеңіле тұғын болса, онда Иран жері қайтадан иездужердтің билігіне өтіп, Сасани патшалығы қайтадан қалпына келуі мүмкін еді. Бұдан басқа мұсылмандардың Орта Азияға келуін кемеуілдеп, тіпті болмай қалуы мүмкін еді. Алайда, Аллаһ Тағала Ислам һидаятының Орта Азияда жайылуын тағдыр еткенді. Ахнаф Қайысұлының жетекшілігіне толықтай ұйыған, сабыр сақтаған мұсылмандарды, осындай аса қауыпты сәттерде, елінен, жерінен, туысынан, алыста қандай күш ұстаушы еді. Толық береке, толық тыныштық олар, өлім мен бірге тұрып, өлім мен бірге жатушы еді. Шындығында, мұсылмандардың осындай жігерлі,батыл тақуашы мінезді хақ діннің жергілікті халықтар тарапынан дұрыс түсінуіне игі әсер жасаған. Олар мұсылман әскеріндегі тәртіп пен тәсімшілікті бірінші рет көрген еді.

     Қошау ұзақ уақытқа созылды, екі жаудың да соғысуға батылы бармайды. Йездужерді оларды соғыстыру үшін шамасынан баққанымен арманына жете алмайды. Деректерде Йездужердті қымбат киіміне қызыққан бір диірменші өлтірген деп жазады. Түрік қағанатына қытайлардың көп әскер күшімен шығыс аймақтарға баса кіргені туралы кенет хабар келеді. Түріктер үшін қытайлар парсыдан да арабтардың да қорқынышты, әзілден келе жатқан ата жауы еді. Сондықтан, қаған әскерін бастап, қытайлармен соғысу үшін шығысуға аттанады. Түріктер осы қоршаудан шамамен бір ғасырдан кейін, яғни 751 ж. Арабтармен бірге қытайларға қарсы Талас жерінде соғысады.

     Түріктердің Балқы жаққа шегінгенін естіген кейбір әскер Ахнафқа кейін, оларды артынан қууға рұқсат сұрағанда ол “Тұрған жерлерінде қалыңдар, оларға тиіспеңдер” жеп жауап береді. Мұсылман арабтар мен түрік-соғдылар арасындағы алғашқы саяси байланыстар түрік-соғдылардың Иран патшасына болысамыз деп мұсылмандарды қоршауынан бастау алады. 651 ж. жорықтарда мәру мен бірге Хорасан аймағы мұсылман билігіне қосылады /3,134/.

     Олар өзінің дәрежесі жөнінен Әбу Бәкірден кейінгі орында тұрды ол адамдарға қайырымдылық жасау жөнінде тек Әбу Бәкірмен ғана шектесетін және оның әрдайым өзінен басып түсетінін мойындайтын. Олар зердей, тапқыр, терең ойлы, ақылды шапшаң қимылдайтын адам болған.

     Оның пікірлері он үш түрлі жағдайда Құран аяттарымен расталған. Билік еткен кездері олар, әлем таныған ең әділетті билеушілердің бірінен болды. Ұстанған дініне берік, қарапайым, Аллаһтың өмірі мен тыйым салған істерін қатаң сақтанып адам болған. “Менің кеншіліктермімді кім көрсетсе, сол менің ең сүйікті адамым,” – деді ол /8,21/.

     Мұсылмандар олардан әрі қорқатын, әрі сыйлайтын. Ол діндар, құлшылықтың адамы еді, өзі батыл, өзі сенімді және мемлекет басқарушы, саясаткер болатын. Исламның ең бір күшті қайраткері болғандығы себепті де жұрт одан қатты қорқатын, өйткені ол соңынан не болатынына қарамастан Аллаһтың жолында шындықты бетке айтудан тайсалмайтын.

     Алайда ол ел билегенде олардың жұртқа мейірімді әрі қайрымды болғандығын жоққа шығаруға болмас еді. Сахабалардың бірі келіп, олардың халиф болғанын қаламайтындықтарын жеткізді, сонда Олар: Менің жүрегімді олар үшін мейірімге татырған, ал олардың жүрегіне мен дегенде қорқыныш ұялатқан, жоқтау Аллаһда болсын деп жауап қатты /8,21/.

     Олардың ел билеп тұрған уақытында бүкіл Египетті және бүкіл Иракты ашып берді. Ол өлгенге дейін ақ барлық олжаны адамдар арасында тең үлестіріп берді /18,217/.

     Келесі халиф толық аты—жөні Осман ибн Аффан ибн Әбу әл-Ас ибн Умея ибн Әбду Шамс ибн Әбдіманап (573-656) Осман Пайғамбардың Әбдіманаптан тарайтын аталас туысы. Ол мұсылмандар арасында, екі нұрдың иесі деген атағымен белгілі еді, өйткені оның алғашқы үйленген әйелі Уммі Күлсім де Пайғамбарымыздың қыздары болатын.

     Осман қурайыш руының игі жақсыларынан еді әрі беделі де жоғары болатын. Тіпті Мекке құрайыштары Исламның жаулары бола тұра, оған басқа мұсылмандардай емес, сыйластықпен қарайтын. Пайғамбардың Худайбияда болған кезінде құрайыштармен келісім жүргізуге басқаны емес Османды жіберуінің өзі осының дәлелі. Осман Исламды Әбу Бәкірдің үгітімен қабылдады да, дініне адал қызмет етті. Пайғамбарымыз оны өте жоғары бағалады, ол туралы жақсы пікірде болды және оны жәннатқа бұйырылғандардың бірінен екендігін айтып қуантты.

     Осман ибн Аффан Аллаһ ерекше разы қос бөлеген өте бай адам болды. Саудагерлікпен аты шыққан ол, мол байлықтың иесі еді. Соншалықты мол байлықты ол Аллаһ разылығы үшін қайырымдылық істеріне жұмсайтын. Ол жұртқа жақсылық жасау жолында әрдайым жарысқа түсіп, үнемі алдыңғы саптан көрінетін. Мұндай игілікті нәрселерге ақша жұмсаудан қайыршыланып қалай деп қорықпайтын. Рум әскерімен соғысқа дайындалып жатқан қосынды жабдықтауға әркім қолынан  келген көмегін көрсеткен. Ал ол болса қару-жарақпен қоса үш жүз түйе қосты, және Пайғамбарымыздың бөлмесіне кіріп мыңдаған динар ақшаны төгіп салды. Осман кездейсоқ жағдайға байланысты Бәдір соғысына қатыса алмай қалды. Осыны ілік еткен кейбір бейпіл ауыздар оны қаралауға тырысып бақты және басқалар оның адалдығына шүбә келтірсе деп тіледі /22,49/.

     Османның ең ұлы істерінің бірі – Құран Кәрімді реттеп, қайтадан жинақтап бастырып шығаруы болды. Бұл бір жағынан Аллаһтың кітабын әр жерде әртүрлі оқудан туындаған толқуды жуасуа үшін және мұсылман қауымын біріктіру үшін де қажет болды.

     Кезінде бірінші халифы Әбу Бәкір Зайт ибн Сәбитке Құран сүрелерінің түпнұсқасын жинауды бұйырған болатын. Оның бәрі мұсылмандар анасы Хафсаның үйінде сақтаулы еді. Хазірет Осман адам жіберіп осы түпнұсқаны алдыртты. Одан соң оны Осман Зайт ибн Сәбитке әл-Хариске кітаптар етіп жазуды бұйырды. Бұл істе Зайттың жазу үлгісі және құрайыштың тілі негізге алынды. Кітаптар жазылып біткен моң түпнұсқа мұсылмандар анасы Хафсаға қайтарылып, кітаптың көшірмелері Шанға, Иеменге, Бахрейнге, Басраға, Куфаға, Меккеге жіберілді. Бұл кітаптарға қайшы келетін басқа кітаптардың барлығын өртеп жіберуге қатаң тапсырма берілді. Сонымен ең бірінші аса Ұлы Аллаһтың жәрдемімен, одан кейін Османның алуының ақасында Мұхамедтің қауымы бірігіп нығайды. Алауыздықтың жолы тыйылды /8,30/.

     Осман басшылығында Табаристан, Жозан, Тасуан, балқы өңірлері мұсылмандырға өтті. Әл-Балазұридің мәлімдеуі боынша Ахнаф Жейхун өзенінен өтіп Мауера-ән-Нәһір тұрғындарымен бебіт келісімдер жасаған.

     Осман Исламдінін қолдаушы ғана емес, оны таратушы болып саналады. Сондықтан ол, Мұхамедтің туған қызына (610 ж.) үйленіп, өзінің пікірлестік бірлігін туысқандық қатынасымен бекіте түседі. Осыдан кейін біраз жыл ол өзіне ерген бір топ мұсылмандармен Эфиопияда турып, Ислам дінін таратады. Кейін 623 ж., Мединеге келіп қоныстанады. Ол халифалық құрған заманында Сасан Әулеті Мемлекетін өзіне қаратып, Тунис пен Сыртқы Кавказды мұсылмандық жол қалыптаса түседі. Ол өз билігін жүргізуші туыс-туғандарын жаңа аймақтардың билігіне тартады. Ол өзі басқарып отырған елден де, жерден де түсетін кірістің өз уысына жинақталуына ерекше күш салады. Мұны жергілікті халықтан шыққан ақсүйекктер ұнатпады. 656 ж. мамыр айының бас кезінде Медине қаласына Мысыр елшісі келді. Осман алдына келген елшіліктің өтінішін қабылдап, артынша Мысыр елінен келгендердің бастарын асуды бұйырады. Оны біліп қойған Мысырлықтар Османның үйін басып кіріп, Ораза тұтып, Құран оқып жатқан Османға қанжар салып өлтіреді. Одан аққан қанның алғашқы тамшылары “Аллаһ сені олардан құтқарады,” – деген сөздерінің үстіне төгіледі /26,136/.

     Тағы бір халифат құрушылардың бірі, Әз Әли Әбу Тәлібұлының (598-661). Аты аңызға айналған көптеген ғажайып ерлік істерін әрбір мұсылман баласы мақтан тұтады. Әли Пайғамбарымыздың немере інісі еді. Әкесі Әбу Тәлиб әрі кедей, әрі көп баласы шаңырақтың иесі болғандықтан Мухаммед ибн Абдолланың бардың соңына бала кезінен еріп, өле-өлгенше одан ажыраған жоқ /18,218.

     Әли өзінің тым жастығына қарамастан арыстан жүректі өте батыр адал болды. Ол әрқашан да Ислам үшін жанын пида көретін, тіпті оған қызы Фатиманы қосты, олардан немерелер сүйді. Немерелерінің аттары — Әл-Хасан және Әл-Хусейін болатын.

     Жалпы Исламдағы шийт қозғалысының пайда болуы оның өсімімен тығыз байланысты. Осман билік құрған VII ғасырдың 50-жылдарының ортасында, елде оған қарсы жалпы наразылық басталды. Бұл наразылық Исламға шынайы берілген, адал, құдайшыл, Мұхамедтің ең жақын алты серіктерінің бірі Алиге деген халықының торықтарында ер жүрек сарбаз атанды, сонымен бірге Әли жұрт алдында шебер билеуші ретінде көріне білді. 656 жылғы сәуірінде халифа Османға наразылық білдіріп, Мысырдан, Куфадан; Басрадан шыққан жасақтар Мединенің жанында топтасты. Кешікпей олар қалаға еніп, Османның үйін қоршап алды да, оның биліктен бас тартуын талап етті. Сол жылғы маусымда Осман қаза болды. мысырлықтардың ұсынысы бойынша куфалықтар мен басралықтардың қолдауымен Али Халифа деп жарияланды. Алайда бұл шешіммен жұрттың бәрі бірдей келіспеді. Мұхаммедтің серіктері Талх пен аз-Зұбайр Айшаның қолдауымен көтеріліс ұйымдастырып, Алидің Бейғамдығын пайдаланып, Басраны басып алды. Осындағы Сирияның әкімі, өлген халифаның туысы Мұғауия Османды өлтіруге қатысы бар деп айыптап, Алиге қарсы щықты.

     656 жылы желтоқсанда Басра түбіндесі “түйелі шайқаста” Али Талх пен аз-Зұбайрдың әскерін талқандады. Мұғауиямен күрес ұзаққа созылғандықтан, өзінің өкімет үйін Иракқа Куфаға көшірген Али сириялықтарға қарсы соғыс бастады. 657 жылы шілдеде Ефрат өзенінің оң жағалауындағы кескілескен шайқас Сиффин түбінде болды. Мұғауияның әскерін талқандағанымен Али бұл жеңісті тиімді пайдалана алмады. Сириялықтар найза ұшына Құран парақтарын іліп, әділ қазыға түгінуге, сөйтіп келісімге келуге шақырған соң, Али ұрысты тоқтатуға мәжбүр болды. Алидің бұл шешіміне наразы болған 12 мың іскер одан бөлініп кетті. Бұл Али күшінің бөлшектенуіне және оның жақтастарының қатарынан Мұғауияға ғана емес, Алиге қарсы күрес жүргізген жаңа діни саяси топтар – хариджттердің бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Ислам тарихын Али қаһарлы тұлға ретінде енді. Суниттік мұсылмандар оны “құдайшыл” халифалардың бір, мейірімді адам ретінде қастерлейді шийттер оны шексіз қадір тұтады. Алиді Құдай мәнді адам, тіршіліктегі, діни істердегі теңдесі жоқ жан деп ұғады. Шийттер оның қадір қасиетіне шек келтірмей, Құдай жолы қағидасын түсіндіруші ретінде қабылдайды. Оның жоғары өкімет билігіне және дара хұқықты адал екенін дәлелдеу үшін шийттер Мұхамедтің сөздері мен Құранның аяттарын өздерінше талқылап, аңыздарды келтіреді. Шийттердың орта ғасырлық діни ғұламалары ұлағатты сөздер мен хаттарды Алиге таңады. Қазіргі замандағы исламының шийт идеологтары да оларды шийт дін ғылымының аса құнды негіздері деп мойындайды /26,277/.

     Али таңертеңгі мінәжатты жүргізу үшін мешітке бара жатқанында Абдуррахман Мүлжемұлұлы атындағы харижи тарапынан улы қанжармен өлтірілді /18,198/.

     Жалпы халифтың қоғамдық құрымында бұл кезеңдерде әлеуметтік әділеттілік пен теңдіктің болмағаны, экономикалық әл-ауқатына қарай бір-бірінен тыл алшақ сыныптардың болғаны, олардың әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастықты уағыздаған мұсылманшылықты қабылдауында мейлінше рөл атқарғандығы шындық.

     Исламдағы әлемеуттік әділет, хұқықтық үстемдігі адамның жынысына тегіне, бай кеделігіне қарамастан Аллаһ алдында бірдей екені, үстендік тек тақуалықта, яғни Аллаһ Тағалаға бой ұсыну дәрежесіне байланысты екені сықылды Исламдық қағидалар, осыны аңсаған жандарға сүйіншідей болғаны шындық.

     Мұсылман саудагерлер барған-жүрген жерінің бәрінде өздерімен бірге мұсылмандар тәрбиені, нәзіктікті сададағы әділдікті ала барды. Олардың адал сауда жасауы және уәдені орындауы, әрине басқа дін өкілдерінің назарын аудартпай қоймаған. Бұл саудагерлер арқылы діннің әлемге таралуына игі әсер жасады.

     Арабтар жаулап алған жерлерін қарудың күшімен ғана ұстап тұра алды. Қанауды ауыр жүйесі жаулап алған территорияларды тонау, арабтармен салыстырғанда жергілікті бағынышты халықтың теңсіз кемсіттілген жағдайы осылардың барлығы халифатта қарама-қайшылық туғызып оның арты көтерілістерге ұласты. Арабтардың үстемдігіне қарсы тек қана қарапайым халық емес, сондай-ақ дәулетті тұрғындар да қарсылық білдіртті. Араб халифатындағы жиі-жиі көтерілістер болып тұратын аймақтардың бірі Орта Азия еді. Наместниктердің тек қана «қылыш пен қамшының» күшімен билемек болған ұмтылысы 721 жылы Соғдыдағы арабтарға қарсы бағытталған көтеріліске әкеп соқты. Күш басқыншылар жақта көп болғандықтан, соғдылықтардың біразы өздерінің семьяларымен барлығы он мыңдай адам Ферғанаға қашуға мәжбүр болды. Содан арабтар соғдылықтар барып паналаған Ферғанаға қарасты Ходжейт қаласын қоршап алып берілуге мәжбүр етті. Кейін олардың барлығын қырып салды. Жаңадан мұсылман болғандардан, салық төлеуді талап еткен араб билеушілерінің зорлық-зомбылығы,етек алды /18,198/.соғдылардьң қайтадан бас көтерулеріне әкелді. 728 жылы Соғдыда тағы да көтеріліс бастапқы, көтерілісшілер исламнан бас тартып, түріктерден көмек сұрады, соғдылардың қатарында тек қана түріктер емес, сонымен қатар Шеш, Ферғана жақтан көмекке келген отрядтарда шайқасты. Сөйтіп Маураннахрды арабтардын билігінен азат етті. Арабтар көптеген қалалардан айырылып, тек Дабусия, Самарқанд және Бұхара қалаларын ұстап қалды. Орта Азиядағы көтертліспен қатар Хорасанда да Харис ибн Сурейджа /734/ жетекшілік еткен хариджиттер қозғалысы кең қанат жая бастады. Бұл арабтар мен жергілікті халықтардын мынадай ұрандармен шыққан бас көтеруі болатын: зимиялармен жасалған келісмдерді бұзбау, мусылмандардан харадж алмау. Харектің әскерінде жергілікті дихандардан құралған отрядтарда болды. Хоросондағы күрес Соғдырағы көтерілістің сәтті шығуына себін тигізді. Түріктер мен Соғдылықтар 736 жылы аз уақытқа болса да Самарқанды иеленді. Бірақ арабтарға көтөрілісшілердің арасына іріткі салу арқылы, бұл қозғалысты басып тастау мүмкіндігі туды /26,316/.

     Арабтарға қарсы бас көтерулердің тағы бір ошағы Закавказье болды. Араб шапқыншылығына дейін Закавказье елдерінде әрбір үйден «түтін» салығы алынатын. Бұл салықты төлемеу үшін бірнеше семья бір үйде бірігіп тұратын. 725 жылы арабтар халық санағын жүргізді. Тек қана арабтардың тарапынан емес сондай-ақ өздерінің жергілікті феодалдарының да тарапынан қанауға ұшырған Закавказьенің халықтары қанаушыларға табан тіресе қарсылық көрсетті.

     VШ ғ. 20 жылдарында Арменияда павликиан ересі деп аталған қозғалыс күшейді. Павликандар барлық адамдар шыққан тегі мен жағдайына қарамастан өзара бірдей деп, арабтарға, феодалдарға және шіркеуге бағынбай тіпті салық төлеуден де бас тартуға шақырды, Павликиандар қозғалысына қарсы арабтар да, армян феодалдары мен армян шіркеуі де, Византия мен правословие де күресті /18,115/.

 

  1. ХАЛИФАТ ТЕРРИТОРИЯСЫНҢ КЕҢЕЙУІ

 

2.1. Омейядтар билігінің орнауы

 

     Омейядтар әулетінің 90 жылдық (560-750) үстемдігін ерекше тарихи кезеңге жатқызуға болады. Бұл ерекшелік Омейядтардың ұланғайыр Халифатты құраған жаулап алынған жерлердегі толық билігін білдіретін, бұл әулеттің қалауымен Азия және Африкадағы, Европадағы бағыныдырылған халықтар арасындағы арабтар басшылығының аяқталуын көрсеткен саяси фактіге ғана негізделіп қоймайды. Ол ерекшеліктің ең маңыздысы Омейядтар билігі кезінде Халифатта жүргізіліп, Халифаттың барлық халықтарында, оның ішінде арабтарда да феодалдық қатынастардың салтанат құруына әкеліп соққан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды. Осы әулеттің билігі кезінде жаулап алынған елдердегі феодалдық қатынастардың ықпалымен арабтардың құлиеленуші рулық аристократиясының халифаттағы үстемдік етуші феодалдар табына айналу процессі орын алды.

     Омейядтар әулетінің негізін Осман қалады, Ал Османнан кейін Муавия ибн Абу Суфиан халиф болды (660 ж.) Ол 639 жылдан Сирияның наместнигі еді. 660 жылы Иерусалимде өзін халиф деп жариялады. Бірақ халифаттағы басшылыққа тек 661 жылы Али өлтірілгеннен кейін ғана толық, ие болды. Ол халифатты 680 жылға дейін басқарды. Алимен күресті 657 жылдан бастап жүргізген болатын. Ол Халифтың билігін әкеден балаға мұра ретінде көшіп отыратын етті. Халифаттың астанасы Дамаск қаласы деп жарияланды.

     Омейядтар халифаттарын екі атаға бөледі. Біріншісі Суфанидтер. Оларға Муавия (650-680), (680-683) жж. билік құрған, оның баласы I Лазия және немересі ІІ-Муавия. Бұл ең соңғысы таққа отырғаннан кейін 4-5 айдан соң чума ауруынан өлген.

     Омейядтардың Суфанидтерді тақта ауыстырған екінші бұтағы (атасы) Мерванидтер. Ол Омейядтар әулетінің төртінші халифы Мерванның атымен аталған.

     Муавия 639 жылдан Сирияның наместнигі бола тұрып, өзіне, аз әулетіне бай материалдық база жасап алды. Көп жерді басып алып, ірі жер иеленушіге айналды. Оның Хиджазда да жер иелігі болды. Бұл жерлерде 4 мыңнан құлдар еңбек етті. Омейядтардың қарулы тірегі сириялық-арабтық тайпалар болды. Олар араб қарулы күштерінің негізін құрайтын. Сиро-арабтық тайпалар кельбиттер және Кайсигтер болып бөлінетін, бұл екеуінің арасында үстемдік үшін күрес тоқтамай жүріп отырды. Кайситтер жаулап алынған жерлерден алым-салық жинаумен шектеніп, олардың өндірісіне, мәдениетіне араласпай, немқұрайдылықпен қарады. Ал кельбиттер алым-салық жинаудан бас тартпай, сонымен қатар жаулап алынған халықтармен араласуы, олардың мәдениетін меңгеруді жақтады /26,296/.

     Омейядтар кайситтерге жататын. Бірақ Сириядағы күш негізінен кельбиттер жағында басым болғандықтан омейядтар оларға арқа сүйеп, өз тірегіне айналдыруға тырысты. Осы мақсатпен Муавия кельбиттік Меймунаға үйленді. Меймуна бәйбіше саналып, кейін халиф болған Ләидтің анасы болды. Ал Лазид те кельбит тайпасының қызына үйленді.

     Сириялық кельбит тайпалары Суфианидтер ұланын құрды. Муавия олардың жағдайын мейлінше жақсартуға бұйрық берген болатын жалақылары жоғары болды, демалыстары ұзақ, қызметтері жеңілдеу болды.

     Омейядтар Сирияның жергілікті халқының арасында үлкен беделге ие болды, Себебі Омейядтар билігі кезінде Сириядағы өндіріс пен айырбас кеңінен дамыды. Дамаск астанаға айналған соң тез өркендеп, гүлдене түсті. Ол кедендер мен берік қоршалды. Сол себепті оның қолөнері бәсекелестіктен аулақ болды. Ал жоғары дамыған сириялық қолөнерінің бұйымдары Ирак пен Иранда көңінен өтіп жататын. 680 жылы Муавия өлген соң оның баласы Йазия таққа отырды. Ол әкесінің тірі кезінде тақтың мұрагері деп жарияланған болатын. Бұл мақсатқа жету үшін Муавия күш көрсетіп, қысым да жасады, үйіп-төгіп уәде де берді. Бірақ Мединалық оппозиция көнбеді. Ол биліктің мұрагерлікпен беріліп, жаңа әулеттің орнауын мойындамады. Бірақ көпшілік болып табылатын сириялық арабтар үшін тақтың мұра ретінде көшуі таңданатын ерекше оқиға болған жоқ. Ислам дініне дейін олар Гассан әулетінен шыққан өз мәліктеріне сөзсіз бағынып, Үйреніп қалған болатын.

     Йазидтің таққа отыруын қасиетті қалалардың діндарлары үнсіз наразылықпен қарсылықпен қабылдады. Ол наразылық тек шартты түрдегі халифтердің сайланып қойылатындығы туралы принципті бұзудың нәтижесі емес еді. Негізгі себеп Омейядтар әулетінің билікті мұрагерлікке алуы пайғамбардың Сахабалары үшін үлкен басшы қызметтер мен ірі табыстардан қағылу (айырылу) екендігінде еді. Сондықтан да ол сахабалар өз арасынан ең жоғарғы билікке үміткерді тауып, оған билікті қарулы көтеріліс арқылы тартып әперуді ұйғарды /18,311/.

     Бірінші болып бұл күреске Али мен Фатиманың екінші баласы, Мұхаммедтің жиен немересі (626-680) Хусейн шықты. Оның ағасы Хасан 669 жылы Муавия билігі кезінде өлген еді. Ол кезде Хусейн таққа таласудан нәтиже шықпайтынын түсінді. Сондықтан ол тып-тыныш Мединада өмір сүріп жатты. Муавияның өлімі туралы хабар алған соң ол Иазидтің билігін мойындаудан бас тартып, Меккеге қоныс аударды, Алланың уйі Қағбадан өзіне қорғаныс іздеді. Оған Куфадан шийттер елшілігі келіп, қолдаушылықтарын білдірді. Олар егер Хусейн Куфаға келетін болса көтеріліске шығып, билікті тартып әперуге уәде берді. Бірақ көп уәде берген Куфа тұрғындары Хусейннің онда жіберген туысын қорғай алмады. Хусейннің бұл туысын құртуға адамдарды Муавияның өкіл інісі Зиадтың баласы Убейдаллах жіберген болатын. Ол сол жердің омейядтың наместнигі болатын.

     Туысының өлтірілгендігі туралы хабарды Хусейн Меккеден Куфаға келе жатып естіді. Оның қасында келе жатқан отрядының саны 300 адамнан аспайтын еді. Оған қарсы Убейдаллах ибн-Зийад едәуір (4 мың ) кеп әскер жіберді. 680 жылы 10 қазанда Кербела деген жерде Хусейннің отряды талқандалды /18,347/.

     Кербеладағы бұл қайғылы оқиға замандастарына қатты әсер етті. Әл-Хусейн «ұлы тауқымет тартушы» деп, ал Кербела шийттердің әулие тұтып, тәуіп ететін орнына айналды. Әл-Хусейннің өлімі Али әулиетінің жолын ұстаушылардың діни және саяси тұрғыда бірігуіне жағдай жасады. Әл-Хусейн шийт қозғалысының Иранға және бүкіл мұсылман әлеміндегі ірі тұлғаға айналды. Шийттер оның бейнесіне мифтік сипат беріп, көріпкел, небір кереметтер жасай алатын қасиеті бар пайғамбар деп білді. Бертін келе оның дүниеге келуі, тіршілік болмысы, қаза болуы аңызға айналды.

     Арабиядағы соғыс. Пайғамбардың жолын қуушылар Мәдиналықтар Муазияның өлімін Омейядтар билігінен құтылудың ыңтайлы кезі деп санады. Мединаның үлкен мешітіндегі жиналыстарында олар Иазидті заңды Халиф деп танудан бас тартты. Иазид Хиджазға құрамында Тағлиб тайпасының жасағы бар сириялық жазалау отрядын жіберді. Тағлиб жасақшыларының туында қасиетті Серидің бейнесі болған. Ол осы тайпаның қолдаушы Қыдыры деп саналған. Мединалықтар жақындап келе жатқан жазалау отрядтарына қарсы шығып, жеңіліп қалды /22,294/.

     Мединаны бағындырып, Сирия әскері Меккеге бет алды. Онда бұрын Алиге қарсы күресіп, өзі Халиф болғысы келген Мұхаммедтің әрі туысы, әрі үзеңгілес серігі, аз-Зубейр ибн ал-Абвамның баласы Абдоллах ибн аз-Зубейр отырған болатын. Ол әкесінің арманын жүзеге асыруға тырысып, исламның қасиетті жерінің тұрғындарын өз жағына тартуға тырысты. Меккеде ол өзін құдай қорғайды деп сенді. Бірақ сириялық әскер құран мен құдай деген қасиетті сөздерді елемеді. Олар Меккені қоршап алып, атқылағыш құралдар арқылы таспен атқылай бастады. Қасиетті қала мен оның тұрғындарына көп зиян келді, бірақ Алла өзі ара түсіп, Меккені құлаудан аман алып қалды. 683 жылы Халиф Иазид өлді де, Сирия әскері Меккеден кетті. Дамаскіде Иазид өлген соң оның баласы ІІ-Муавия ибн Яазид Халиф деп жарияланды. Ол 20 жаста еді. Жастығына қарамай ол ауыршаң, ынжықтау, жігерсіз енжарлау болды. Сирияда тұрған Кайеттер оған ант беруден бас тартыл, өзін Меккеде халиф деп жариялаған Абдуллах ибн аз-Зу-бейрді мойындауға бейім болды. Оны Абдуллахты тек Арабияда ғана емес, Иракта да мойындады. Ирандағы, Орта Азия мен Закавказьедегі араб тайпалары да сондай пиғылда еді (яғни Абдуллах аз-Зубейрді мойындауға дайын еді), 684 жылы ІІ-Муавия чума ауруынан өлді. Енді Арабиядан келген Сирия әскері Мерван ибн ал-Хакимға қолдаушылық білдірді. Сүйтіп ол омейядтарды жақтайтындардың Джабиядағы Құрылтайында Халиф болып сайланды.

     Омейядтар әулетінің кіші ұрпақтарынан шыққан Мерван әулетінің негізін қалаған жаңа Халиф Мерван Осман Халиф болып тұрған кезде жаман атаққа ие болған еді. І-Муавия мен Иазид кезінде солардың Хиджаздағы наместнигі болды. Иазидке қарсы Мединада көтеріліс басталғанда ол өз туыстарымен Хиджаздан Сирияға қашқан болатын. Халиф болған соң ол Иазидтің жесірлерінің біріне үйленді, сүйтіп омейядтар әулетінің үлкен үйімен туыстығын нығайтуды көздеді. Бір жылдан соң осы әйел оны ұйықтап жатқан кезінде тұншықтырып өлтірген. Оған себеп: әйелдің баласын мұрагері етіп тағайындаудан бас тартуы болған. Енді бір мәліметтер бойынша Мерван чумадан ауырып өлген.

     Одан соң 635-705 жж. Абд ал-Малик, 705-715 жж. І-Велид Халиф болды. Олардың кезінде араб жаулап алушылықтары онан әрі табысты жалғасып, маңызды реформалар жүргізілді.

     Омейядтар билігі кезінде, яғни 661 жылдан 750 жылға дейін халифаттың билігі орасан зор ұлғайды. Араб жаулап алушылықтары омейядтар билігінен бұрын-ақ басталған болатын.  Оның бірінші кезеңі алғашқы үш қасиетті халифтер Әбу-Бәкірдің (632-634), Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында жүргізілді.

     Бұл кезеңде Палестина мен Сирия, Ирак, Иран, Египет пен Закавказье басып алынды. Небәрі екі он жылдық ішінде арабтар Азия мен Африкадағы Виантия империясына қарасты ұланғайыр территорияны жаулап алып, бір кездегі қуатты Иран патшалығының тәуелсіздігін жойып, оны өзіне бағындырды. Абд ал-Мелик (685-705) билігі кезінде араб жаулап алушылықтарының ірі екінші кезеңі басталды. Оның алдында, І-Муавия тұсында-ақ арабтар Туниске басып кіріп, 670 жылы онда Кайрдан бекінісін салды. Бірақ 683 жылы Магрибке басып кірген араб атты әскері қоршауға түсіп, талқандалды.

     Солтүстік Африканы жаулап алу VII ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың басында жүзеге асты. VII ғасырдың аяғында араб әскері Туниске (Ифрикия) қайта басып кіріп, Карфагенді алды. VIII ғасырдың басында Солтүстік Африкага араб әскербасы Мұса ибн-Нусейр келді. Ол арабтар географиясында «Магриб», яғни «Батыс елдері» деп аталған облыстардағы халифаттың ең алғашқы наместнигі болды. 709 жылга қарай араб әскері Атлант мұхитының жағалауына жетті. Бұл жаулап алушылық үстірт болды. Себебі кейбір бербер тайпалары олардың билігін мойындамай, араб әскерлеріне тұтқиылдан шабуылдар жасап отырды. Бағындырылған берберлерді арабтар ислам дініне тартты, Орыс тарихшыларының топшылауынша мұндай ислам дінін дереу күштеп таңу саясаты жаңа мұсылмандарды Европаны жаулап алу үшін қарулы күш ретінде пайдалануды көздептімыс.

     711 жылы Мұса ибн Нуейр Пиреней жартыаралына Тарик деген елшісін жіберді. Оған 300 араб, 7000 бербер жасақшыларын қосып берді, Бұл отрядтың алдына Вестгот корольдығын барлау міндеті қойылған болатын. Бірақ отряд тек барлаумен шектелмей, Вестгот корольдығын жаулап ала бастады. Себебі корольдық ішкі феодалдық өзара қырқыстардың нәтижесінде әлсіреп тұрған болатын. Келесі жылы жарты аралға Муса ибн Нусейрдің өзі бастаған араб әскері келіп түсті. (Арабтар бұл жартыаралды «Андалус» деп атады). Арабтар Андалусияны толық дерлік жаулап алып, жартыаралдың көп бөлігінде өз үстемдіктерін орнатты. (Толедонның солтүстігіндегі тау қырларына дейінгі жерлерде). Араб әскерлері тіпті Пиренейден өтіп, Оңтүстік Галлияның кейбір мекендеріне шабуыл жасаған /26,313/.

     Батыстағы кең көлемді жаулап алушылықтармен қатар арабтар Орта Азия мен Орта шығыста да белсенді әскери қимылдар жүргізді. Арабтар 644 жылы жаулап алған Хорасан олар үшін Мауераннахрға (Амудария мен Сырдария арасы) шабуыл жасауға лайықты плацдарм болды. 673-674 жылдары Ирактың наместнигі Убей-доллах ибн Зийад бастаған араб әскері Амудариядан өтіп, Ротиланды басып алып, Бұхараның маңын талқандап қайтты. Араб әскерінің қолбасшысы түріктер, мен Бұхаралықтардың біріккен күшімен кескілескен шайқастан соң Бұхар патша-регентшасымен келісім жасады. Бұл жорықтан арабтар Хорасанға өте көп алтын, күміс монеталар, ыдыс-аяқтар мен қымбат қару-жарақтар, жібек маталар әкетті. Сондай-ақ 4 мыңдай адамды құлдыққа әкетті. 675 жылы Хорасандағы араб наместнигі тағы да Амудариядан өтіп, Бухараға тағы келді. Бухара ханшасы оған 300 мың дирхем берді. Оған қанағаттанбаған наместник Бұхаралық ақсүйектердің бір топ жастарын кепілдікке алып, Арабияға жөнелтті, онда оларды құлға айналдырып, өз иелігінде жұмысшы күші ретінде пайдаланды. Самарқанд түбінде сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан араб әскері Хорасанға көп тұтқындармен, олжамен оралды /6,348/.

     Мауерраннахр VIII ғасырдың басында, І-Велид (705-715) ха-лифтың тұсында жаулап алынды. Бұл бай, мәдениетті елді араб-тардың ірі әскер басшыларының бірі Кутейба ибн Муслим басқарған әскер жаулап алды. Өзінің қатыгездігі мен Кутейба Ма-ураннахр халқының арасында жаман атаққа ие болды. Оның оңай жәңіске жетуіне Маураннахр феодалдарының арасындағы бақталастық, өзара қырқыстар себеп болды. Олардың кейбіреулері өз қарсыластарын жеңу үшін арабтар жағына шығып кетіп отырды.

     Кутейбаның әскері Мауераннахрға 706 жылы келіп кірді. 10 жылдың ішіндө елді толық бағындырып алды. Бұл жолда Кутейба тек соғыс өнерін ғана емес, өзінің дипломатиялық қабілетін де барынша пайдалана білді. Ол қулық-сұмдықтан, зұлымдық арбаудан да тайынбады.

     Байлық, олжа табу үшін Хаджжадж (халифтың Ирактағы наместнигі) 694-714 жж. Ауғаныстанда, Шығыс Иранда, Индияда басқыншылық саясат (завоевательную политику) жүргізді. 708 жылы Ауғаныстанды басып алған соң, араб әскері Мұхаммед ибн Қасымның басшылығымен (Керманның бастығы) Синдке яғни Төменгі Индке бет алып, оны да Халифаттың құрамына қосып алды.

     711 жылы арабтар Гибралтар бұғазы арқылы вестготтардың әлсіреп қалған мемлекеті орналасқан Пиреней түбегіне жетті. Бірнеше жылдың ішінде олар Испанияны түгелдей дерлік жаулап алды. Оның тек солтүстік таулы бөлігінің тұрғындары ғана бағынбай, күресе берді. Одан соң арабтардың атты әскері Пиреней тауларынан асып өтіп, франктер корольдігіне шабуыл жасады. Бірақ Пуатье түбінде болған 732 жылғы шайқаста франктер арабтарды жеңіп, оларды оңтүстікке ығыстырып тастады.

 

2.2. Аббасидтер кезеңі

 

     Омея уә Аббаси әулеттері арасындағы ғасырлық бәсекелестік аяғында Аббасилер діңі Омеяларды құлатуымен аяқталады. Бұл діннен туындаған нәрсе емес, рулық-таптық жолдан, яғни арабтардың бұрынғы әдет-салтынан шыққан бәсекелестік еді. Әбу Мүслім (727-755) бастаған көтерілістің нәтижесінде Омея қағанатының құлағанын жоғарыда айтқанбыз. Тұңғыш Аббаси әміршісі болып таққа Әбу Аббас әс-Саффа Мүхаммедұлы отырғызылады. Ол 754 ж. қайтыс болған соң, таққа інісі Әбу Жағыпар әл-Мансұр Мұхаммедұлы (709?-775) отырады. Міне, осы әл-Мансұр Аббаси билігін шын мәнінде орнатқан адам. Ол, бірен-саран қалған Омея әулеттеріп жояды да басқа жақтардан төнуі мүмкін қауіпті басады.

     Осындай шаралардың қатарында ол Омеяларға қарсы көтеріліс ұйымдастырып, Аббаси билігін орнатуға атсалысқан Әбу Мүслімді о дүниеге аттандырады. Алайда, Әбу Мүслімнің өлтірілуі кейбір мұнафықтар мен Исламияттан бұрынғы Иран діндерін ұстанушы сиқырпаздардың фитнә шығаруына апарып соқтырады. Мәселен, зороастризмнің маздакист сектасын ұстанушы, мұнафық Сұнбад, Әбу Мүслімнің кегін қайтару керек деп көтеріліс бастайды. Осы арада «Рауандия» деп аталатьш тағы бір фитнәшіл топ пайда болады, отқақұлдықты қайтадан жаңғыртуға тырысқан осы топ, Әбу Мүслімнің рухы айланып басқа денеге кірмек, қайтып келмек деген секілді пікірлер таратады да Хорасан өңірінде үгіт жүргізіп, елдің шырқын бұзады. Халифа әл-Мансұр 757-758 жж. фитношілдерді басып, бұзақылықты тоқтатады. Әл-Мансұр әскери саладағы зафарларымен қатар әкімшілік саладағы заңғар қабілетімен де көзге түседі. Оның бұйрығымен 762 ж. халифалықтың жаңа байтағы атақты Бағдад қаласы бой көтереді /25,238/.

     Аббасилер дәуірінде халифалықтың батыстан гөрі шығысқа көбірек жөнелгенін байқаймыз. Түрік, парсы және басқа да ғажап (ажам) халықтарының халифалықтағы күш-қуаты артып, жергілікті қағанатдардың, айтарлықтай ықпалды сәуеге жетуі осы дәуірдің еншісінде. Мемлекет орталығы батыс медениеттеріне жақын тұрған Шам шаһарынан Бағдадқа ауыстырылады. Омеялерде мемлекеттің арабилік сипаты үстем болғанмен, Аббаси әулетінде әр түрлі миллоперден қалыптасқан мұсылман үмметі ұғымы жоғарырақ болды. 750-833 жж, әсіресе, әл-Мансұр (754-775), һарұн өр-Рәшид (786-809) және әл-Мағмұнның (813-833) хүкімдарлығы кезінде мемлекетгік билік нығайып, сауда-саттық, өнеркәсіп, көркемөнер, ғылым салаларының әжептеуір дамығаны байқалады. Ең беделді Ислам тарихшылары, хадис ғалымдары, мәзһәб имамдары Аббаси әулеті кезінде өмір сүрді /25,239/.

     Аббаси билігі әскер құрамындағы түрік, парсы, соғды, бәрбәр славяндардың көбеюіне байланысты әлсірей бастайды. Мұсылмандықты қабылдағаи жаңа күштер мемлекет істеріне тікелей араласып тұрады. Мәселен, ирандық буахилер 945 ж. Бағдадты жаулап алып, өздерінің мұтлақ (абсолютті) хакімиятының танылуын талап еткен. Орталық, билікке жан-жақтан қол сұғушылық уақыт өткен сайын үдей түседі. Халифа ағзам ел билеушісінен  (гөрі) діни қызметкерге айналады. 1055 ж. Селжұк билеушісі Тұғрүл Бек (990- 1063) Бағдадты өзіне қаратады; оның орталық билікті толықтай өзіне аударып алуға жететін күш-қуаты һәм мүмкіншілігі бар еді. Бірақ, ол қайта, халифаны орнында қалдырады да, оның хүкімін нығайтады. Сүйтіп, Селжүк ұғылдарының арқасында мемлекетте орталық билік қайтадан қалпына келеді. 1258 ж. Бағдадты шапқан маңғұлдар халифаны өлтіріп, қаланы талқандайды. Бұл уақиға Аббас әулетін тарих сахнасынан жойған хадиса болып табылады /25,239/.

     Аббасидтер Мухаммед пайғамбарға туыс болып келетін қурайыш аббастың ұрпақтары еді.

     Аббастың шөбересі Мухаммед ибн Али VШ ғасырдын 20-30 жылдарында топ құрып алып омейядтарға қарсы насихат жүргізді. Өздерінің Мұхамедтің тікелей туыстары екендіктерін, сондықтан халиф болуға омейядтардан гөрі олардын құқықтары көбірек екендіктерін дәлелдеуге тырысты. Аббасидтердің жақтастары құралуға ұшырады. 743 жылы аббасидтердің жақтастарының құпия жиналысынын мүшелерін тұтқынға алды. Тұтқынға алғандардың ішінде жас парсы жігіт Абу Муслим де бар еді. Абу Мүслимнің шыққан тегі белгісіз. Кейін ол омейядтарға қарсы көтертлісті жасақтайды. 0ның қызметінің орталығы Хоросан да болды /18,117/.

     746 жылы Абу Мүслим Хорасанға келіп Мервтің маңыңдағы Сафизандж қыстағына келіп орнығады. Осы жерге жан-жақтан адамдар ағылып келе бастайды. Аббасидтердің жақтастары аббасидтердің түсімен сәйкестендіріп киімдерін қараға бояды .

     747 жылдың тоғызыншы шілдесінде Абу Муслимнің берген белгісімен көтеріліс басталып та кетті. Араб тарихшысы Табари бір күннің ішінде алпыс қыстақтан адамдар келді деп хабарлайды. Табаридің деректеріне Сүйене отырып көтерілісшілердін әлеуметтік құрамын анықтауға болады. Қозғалыстың басында ұсақ және ірі жер иеленушілер дихандар жүрді. Олардың ішінен Халиф ибн баржақты атауға болады. Көтерілісшілердің негізгі күшін шаруалар құрады. Абу Муслимнің басқаруымен болған көтерілістің жеңіске жетуінің басты себептерінің бірі омейядтар әулетінің өзара қырқыс-таласы және түскі діни секталардын арасындағы қақтығыстар. Бұл көтерілістің жеңіске жетуінің нәтижесінде аббасидтер мемлекет басына келді. Яғни 749 жылы 30-қазанда Куфаннын басты мештітіне Абу-ал-Аббас халиф болып жарияланды. Міне, осылайша түркі антиомейядтық ағындар біріккен кең қанат жайған оппозициялық қозғалыстың нәтижесінде Омейяд әулеті құлап, Аббасидтер әулеті таққа отырды.

     Халифтердің шашпа-төкпе өмір сүруі, сарайлардың, мешіттердің, бекіністердегі салынуы, қарулы күш әскерлерді қамтамасыз етудегі барлық ауыртпашылықтар халифаттың еңбекші халқынын мойнына түсті. Шаруалар мен қолөнершілер ауыр салықтардың астында қалды. Оған чиновниктердің салық жинаудағы зорлық-зомбылықтарына қосылды. Мемлекетте феодалдық қатынастардың дамуы ерікті қауым шаруаның езгіге ұшырап арендатор үнескерге айналды. Алғашқы аббасидтердің тұсында-ақ халифатта халиф әскерлері аяусыз басқан халық толқулары болып тұрды. Осындай ірі толқулардың бірі 775 жылы Арменияда болған көтеріліс еді. Армян нахарарлары арабтардың үстемдігіне қарсы шығып, араб әскерлеріне тойтарыс берді. Нахарарлар бастаған көтеріліс жалпы халықтың көтеріліске айналды. Көтерілісшілерге қарсы қолбасшы Амра басқарған отыз мыңдық әскер жіберілді. Гевондтың сөзіне қарағанда көтерілісшілер «пошли за лучщее умереть, нежелей видеть гибель страны нашей и несмотря на свою малочисленность в сравнении с неприятелями, они единодушно пошли на гибель /18,118/.

     Шайқас 770 жылы 24-апрельде Ардзи селосының маңында Арадцани өзенінің анғарында болды. Бас кезінде армян әскерінің арабтарды ығыстырғанына қарамастан соңғыларынын күші артық болғандықтан жеңіске жетті. Сол шайқаста үш мың армян қаза тапты.

     Жеңілістен кейін көптеген нохарарлар Византияға қашуға мәжбүр болды. Ал олардың иеліктері араб әмірлерінің қолына көшті. Кейбір нахарарлар исламды қабылдап өздерінің иеліктерін сақтап қалды.

     Орта Азиядағы ірі көтерілісі болды. Мұқанна Мертван шыққан әскер баласының ұлы болатын, оның нағыз аты Хашим. Жас кезінде Мұқанна қолөнерші болған кейбір деректер бойынша кір жуушы немесе шұға ораушы болған. Мұқанна білімді кісі болғанын оған жеккөрушілікпен қарайтын тарихшылардың өздері де мұны мойындайды. ҮШ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап Мұқанна аббасидтерге қарсы насихат жүргізгені үшін Бағдат түрмесіне жабылады, бірақ одан ол қашып кетеді. Мұқанна 776 жылы Мертве қайтадан пайда болып аббасидтерге қарсы насихатын одан әрі жалғастырады.

     Муқаннаның насихатына ергендердің саны бүкіл елде күннен-күнге өсе берді. Мұқаннаның жақтастарының ішінде оның күйеу баласы Абдулла ибн Аму де бар еді. Оның насихатына ерген Еубах аймақтарының тұрғындары көтеріліске шығып араб чиновнигін өлтірді. Аз уақыттан соң бүкіл Соғды елін көтеріліс алып кетеді.

     Мұқанна Амудариядан өтіп Кеща айшғына келіп көтерілісті басқарады. Көтеріліс сәтсіздікке ұшырайды. Мұқаннанын қозғалысынан басқа халифаттың Каспи маңындағы облыстарында 778-783 жылдары ірі толқулар болып тұрды. Бұл толқулардың көбісі карадждың жүйеге қарсы бағытталған еді /6,63/. Харун ар Рашидттің белсенді сыртқы саясаты халиф пен оның сарай шонжарларының шашпа-төкпе өмірі салықты көбейтуді талап етті. Халиф үнемі өзінің наместниктерінен ақша талап етсе, олар бұл ақшаны жергілікті турғындарға әртүрлі штраф пен конпискациялар салу арқылы халықтан жинап отырды. Бұл төлемдер онсыз да хардж бен джизьяны төлей алмай отырған халықтың ашу-ызасын тудырды. Халиф наместниктерінің осындай зобалаңдарынан халифаттың шығыс облыстарында көтеріліс бұрқ ете түсті. 798 жылы Систанда Хамза ибн Атрактың басшылығымен шаруалар мен қолөнершілер көтерілді. Қозғалыс хариджидтік ұрандар мен жүрді. Халифтың әскерін жеңгеннен кейін Хамза ибн Атрак Систанның мұсылман тұрғындарынан харадж салығын салуды тоқтатты. Келесі көтеріліс 806 жылы Маураннахрда болды. Оның басында арабтың әскер қолбасшысы Рафи ибн Ляйс тұрды. Көтерілісшілер Самарқандты басып алды. Ован Харун ар Рашид 20 мың әскер жіберіп аяусыз басып тастады, бірақ өзі де көп ұзамай қайтыс болды /6,83/.

     Аббасидттік халифатта үстемтап араб ірі жер иеленушілері мен жергілікті аристократия болды. ІХ-Х ғасырлардағы халиер билігінің әлсірегенін пайдаланып олар өздеріне біраз жеңілдіктерге қол жеткізді. Ірі иеліктер енді әдеттегідей харадж төлемей оның ең жеңіл түрі ондың салық үшін ғана төледі.

     Ал кей кездері мүлдем салықтан босатылған кездерде болды. Ал орта және ұсақ жер иеленушілердің жағдайлары мүлдем басқа болатын. Олардын жерлері харадждың жерлері болып табылатын, әсіресе ұсақ жер иеленушілердің жағдайлары өте ауыр болды.

     Аббасид халифатында ең алдымен ірі жер иеленушілердің мүддесі қорғалды.

     Бұл жағдайда жері аз шаруа ірі жер иеленушіден арендаға жер алып өнімнің жартысын иемденіп отырады. Аббасид халифатында жері жоқ немесе жері аз шаруалардың саны көп болған, және олар ірі жер иеленушілердің қанауында болды. Жеке адамдардың меншігіндегі жерлерден басқа халифаттағы орасан зор жерлердің көпшілігі мемлекеттің қарамағында болды. Бұл жерлерді өңдеген жергілікті қауымдар мемлекетке қарадж төледі. Аббасидтер тұсындағы харадждың негізгі түрі харадж Мұкасана яғни түсімнің белгілі бір үлесі әдетте 2/5 немесе 1/2 мөлшеріндегі салық еді. Бұл үлестері көлемі жердің суғарылатыны я суғарылмайтынына байланысты болды. Шаруа егіннің түсімін тек мемлекетке салықты төлегеннен кейін ғана пайдалана алды.

     Шын мәнінде арабтар жаулап алған елдерде харадж салығына байланысты жүріп тұру қиынға соқты. Омейядтар енгізген «таңбалау» жүйесі аббасидтер кезінде де сақталып қалды.

     Шаруалардын міндеткерлігі харадж бен жан басы салығы джизьияны төлеумен шектелген жоқ. Олар сонымен қатар каналдар қазуға, жол көпірлер салуға, әскери гарнизондарды қамтамасыз етуге тиісті болды. Аббасидтер тұсында салық езгісі күшейді. Халифтың сарайының сән-салтанатына штаты үлкен чиновниктерге қарулы күшті және т.б. ұстап тұруға орасан зор ақша керек болды. Сондықтан аббасидтер салықтың көлемін үнемі ұлғайтып отырды.

 

2.3. Салық салу жүйесі мен жерге жеке меншіктің түрлері

 

     Жаулап алған елдермен салыстырғанда арабтар қоғамдық дамудың төменгі сатысында тұрғандықтан, қанау мен басқарудың күрделі аппаратын бірден меңгеріп кете алған жоқ. Сондықтан олар басып алған жерлерінде сасанидтік Иранның салық жүйесін пайдаланды. Иранда барлық егінші қауым осы жүйе бойынша харач жер салығы мен гезит жан басы салықтарын төлейтін. Араб тілінде бұл терминдер харадж бен джизяға айналып халифат өмір сүрген алғашқы жүзжылдықтарда «төлем» сөзіне синонимдер ретінде қолданылды. Кейін жер салығын-харадж, ал жан басы салығының соңынан джизья деген атаулар қалыптасып қалды. Бұл салықтарды барлық мұсылман тектес халықтар төлеуге тиітсті еді. Бір ескертетін жайт, арабтар жаулап алған территориялардағы мұсылман емес тұрғындарды кемсітіп зымиялар деп атаған Христиандар, иудеилер мен зороастрийліктер мүліктік жағдайына, яғни байлығына қарамастан ешқандай саяси, не азаматтық қуқықтарды пайдалана алмады. Мұсылман емес халықтардың мұсылман-арабтардан айырмашылығы, зимиялар харадж бен джизья салықтарын төлеуге тиісті болды. Осы орайда арабтар салықтардың мөлшерін Сасанидтердікінен де асырып жіберді. Мысалы, Иранда VІ ғасырда I гариб-бидай немесе арпа егістігінен шаруалар I дирхем салық төлесе, ал арабтар тариб бидайдың егістігінен 4 дирхем және арпанікінен 2 дирхем талап етті/18,379/.

     Жер салығы харадж бен жан басы салығы-джизьяның арасында ешқандай айырма жасаған жоқ. Бұл терминдерді олар халықтан белгілі бір мөлшердегі жартылай ақшалай, ал жартылай натуральды түрде жинап алынатын салық-төлемдерге синонимдер ретінде қолданды. Ал исламды қабылдаған жергілікті тұрғындарды барлық салық-төлемнен азат етті. Осындай экономикалың көтермелеудің нәтижесінде мұсылмандырдың үлесі артып, керісінше мемлекеттің кірісі төмендеп кетті. Арабтар бұндай мұсылманданудың салдарын сезгеннен кейін (738-39 жж) бастап жаулап алған территорияларға бөлшектенген салық енгізді. Ол бойынша жаңадан мұсылман болғандар тек харадж, яғни жер салығын, төлейтін еді де, ал мұсылман еместер хараджға қоса жан басы салығын джизьяны төлеуге міндетті болды /24,349/.

     К.Беккер Египетте бөлшектенген салықтың енгізілуі 738-739 жылдан емес, 724-25-жылдарға сай келеді десе, А.Ламменс Суфианидтер бұтағынан шыққан Бмейядтың халифтердің тұсында-ақ, яғни 661-683 жж. жаңадан мұсылман болғандар джизья төлемесе де харадж төлеп тұрғаны анық дейді.

     Д.Деннет халифат елдеріндегі салық саясаты әр түрлі болғандығын дұрыс байқап, 10.Вельхаузеннің 738-739 жылға дейін арабтар бөлшектенген салықты мүлдем білмеген және мұсылман болғандарды барлық салық-төлемдерден босатты деген тұжырымына қарсы шықты. Д.Леннеттің пікірінше, түп деректерге сүйене отырып, салықтардың салынуын араб шапқыншылығы кезімен байланыстырады. Бірақ қалай болған күннің өзіне Вельхаузеннің пікірінше /738-39 жылдан.Деннеттің пікірінше араб басқыншылығы кезінен бастап халифаттың территориясындағы жана мұсылмандардын барлығына жер салығы харадждың салынғаны анық. Оған дәлел ал Балазуридің Исфахан диқандарына қатысты тұжырымдамасы. Исфаханның дихандары арабтардьң билігін таныған соң, хараджды төлеуді мойыңдарына алса да, джизьяны адамды кемсітетін салық түрі деп, одан құтылу үшін исламды қабылдаған. Тағы бір араб заңгері Иахия ибн адамның сөзіне қарағанда «Халиф Омар вернув землю ар-Руфайлу, дихкану ал-Ала, незаконно пожалованную Са’иду ибн Заиду, призвал его принять ислам, и тот его принял. Халиф, сказал Руфайлу: «Если ты сохранишь свою землю, то ты будешь платить с ней то, что платил /4/. Келтірілген деректерден, мемлекет исламды қабылдаған жергілткті феодалдарды джизьядан босата отырып, жерге жеке меншігін сақтаған жағдайда харадж төлеуін талап еткенін көруге болады.

     Араб шапқыншылығынан кейін Сефадтың Ирактың онтүстігі салық жүйестнде түсініп болмайтын жағдай қалыптасты. Бұл жағдай арабтардың сасанидтік салық жүйесін меңгере алмауы мен қала мен жергілікті аймақтардын арасындағы ерекше келісімдердің болуынан ғана емес, фискальды функцияларды өз мойындарына алған иран депирлары мен диқандарының қулық әрекеттерінен де еді. Өздерінің мүдделерін қорғай отырып, олар кей кездері арабтардан төлем салынатын кейбір обьектілерді жасырып қалып отырды. Сирияда да арабтар осындай салық саясатын жүргізді. Басып алудың барысы жайлы нақты мәлімет берген араб тарихшыларының, соның ішінде ал-Балазури мен ат-Табаридтің көрсетпелерінің негізінде де арабтардың жүргізген салық саясатын дәлірек анықтау мүмкін болмай отыр. Бірақ негізінан бағыныштьі тұрғындардың үстінен салықтар мен міндеткерліктерді одан әрі өсіре түскені айқын. Осылайша, Балазуридің деректері бойынша: «сначала,  поголовная подать в Сирии взималась в размере одного джербиа и одного динара с каждой головы. Затем Омар Ибн ал-Хаттаб положил взимать поголовную подать с владевших золотом в размерах четырех динаров, а с владевших серебряными деньгами в размере сорока дирхемов и разделил ее на разряды, приноровленные к богатству богатого, к недостатку недостаточного и к достатку достаточного человека». Тағы кейбір деректерде Халид Ибн ал-Валид пен Дамаск тұрғындармен арадағы келісім бойынша: «каждый человек будет обязан вносить по одному динару поголовной подати и по джерибу пшеницы, уксус и оливковое масло для продовольствия мусульман /12,65/. Кейін Омар да әрбір адамға 40 дирхемнен немесе 4 динардан әрқайсысына салық салды. Оған қоса, салық төлеушілер Сирия мен ал-Джезиреде тұрақтап тұрған араб жауынгерінің әрбіреуіне ай сайын 1 мудья астық пен үш кист зәйтүн майын, сондай-ақ біршама мөлшерде бал беруге тиісті болды.

     Египетте тұрған араб жауынгерлері жергілткті тұрғындардан уш күндік тұраққа, сонымен қатар ирдаб пен киім-кешек талап етуге құқылы еді. Сирия мен Ирактын бағынышты халқына салған салық төлемдерінен гөрі араб басқыншыларының Египет халқынан алған төлемдерінің көлемдері мен төлем төлеушілер жайлы деректер мардымсыз. Сонда да алғашқы кезде арабтарды әрбір ересек египеттіктен жылына 2 динардан алып отырғаны анықталды. Әйелдер мен балалар, жұмысқа жарамайтын қарттар төлемдерден босатылды.

     Жан басы салығынан басқа әрбір египет жериеленушілері егістік федданынан натуралды түрде төлемдер төледі. Бұл төлемдер Египетте тұрған араб жауынгерлерін азықтандыруға жұмсалды. Сонымен қоса, жергілікті тұрғындар оларға жыл сайын белгілі мөлшерде киім-кешек пен аяқ киім беруге міндетті болды. Жер иеленушілерге жан басы мен натуралды төлемдерден басқа ақшалай салық салынды ма, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ, өңделген әрбір дәлерибтен натуралды төлемдерден басқа ақшалай I динар төлем алынғандығы жөнінде аздаған мәлімет бар /5,237/. Сонымен қатар Египетті жаулап алған кезде арабтар кейбір қалалардың тұрғындарынан контрибуция алған. Осылайша, мысалы, патриарх Кир басқыншыларға бірден 13 мың динар төлеуге мәжбүр болған. Бастапқы кезде өңделетін жерлердің көлемі анықталмағандықтан төлемдер ересек ер адамардың санына қарай жиналды. Салық жинау ісі жергілікті жер иеленушілер мен муниципалды үкіметтің және дінбасылардың қарамағында болды.

     Омейядтар, жаулап алған жерлердің қоғамдық өндірісіне көп араласқан жоқ. Олар қазыналарына түсіп жатқан алым-салық тар мен кедендік жиналымдардың өзіне де қанағраттанып отырды, себебі өздерінің иеліктерінен де үлкен кіріс түсетін. Кей кездері ғана олар суғару жүйесінің жағдайына көңіл аударатын, оның өзі қазынаға түсетін алым-салықтың көлемін ұлғайту үшін ғана. Жалпы қоғамдық өндіріске, соның ішінде егіншілікке байланысты тізгінді жергілікті халықтың өзіне қалдырды. Уақыт өте келе Омейядтар салық мөлшерін ұлғайта, көтере түсті. Әсіресе, халифаттың шығыс провинциялардағы наместнигі Хадж-жадж халифтың қазынасын көбейтуді көздеген «700-ші жылғы заңы» бойынша ирактық араб емес мұсылмандары жан басы салығы -джизан босатылған құқықтарынан айрыла бастады. Бұл көбінесе Куфа мен Басрада тұрып жатқан мавалилердің наразылығын тудырды. Омейяд халифатында жекелеген елдерді басқарған халифтің наместнигтері, халықты салық арқылы қанауды күшейтті. Құранда /3,29/ жазылғандағыдай салық-джизьяны мұсылмандардан емес, тек зымиялардан жинау жөніндегі ереже орындалған жоқ. Көріп отырғанымыздай, Хаджадждың жарлығымен Иракта салықтарды жаңадан мұсылман болғандар басқа бөтен діндегі адамдармен қатар төлеуге тиіс болды. Халиф Абу ал-Меликтің 605-704 жылдары Египеттің наместнигі бұрын салықтан босатылған христиан монахтарынан да алым-салық жинауға бұйрық берді. Бұл наместниктің кейінгі ізбасарлары да салықтан қашқандарға таңба салып, қайтыс бола қалғанның өзінде артында қалғандары онын қарыздарын төлемейінше көмуге де руқсат етпеген.

     Бірақ осыған қарамастан, салықтан түсетін түсім мөлшері үздіксіз төмендей берді. Егер Ирак VІ ғасырда Сасанидтерге жылда 214 млн. дирхем жер салығын жинап берген болса, ендігі халиф Алидің тусында бұл 120 млн-ға әрең жетті, оның өзі де жылдан-жылға кеми берді. Хорасанның наместнигі де исламды қабылдау салықтардан босатпайды деп жариялады.

     Абд ал-Меликтің ұлы халиф Хишамның тұсында мемлекеттік салық аппараты үздіксіз жұмыс істеп, қол астындағыларға аяусыз түрде ақшалай салық салып, халифтың қазынасын барынша толықтырып отырды. Бұл салықтарды негізінен шаруа-диқандар төлейтін. Шаруа тұрғындардың негізгі міндеткерлігі харадж болды оның өзі де Омейядтардың кезінде көлемі өсе түсті. Харадж мемлекеттік жерлерден алынды және оны бұл жерлерді өңдеп жүрген жергілікті қауымдар төледі. Салық, түсімнің белгіленген үлесі түрінде і немесе аралас формада ақшалай және натуралды түрде түсетін. Біріншісін салық жүйесінде харадж мукасама десе, аралас формасын харадж мисаха деп атаған /18,53/. Бұл төлемдердің барлығы енді бұрынғыдай сасанидтік қазынаға емес, мұсылмандық бейіт алмалға түсті. Араб мұсылмандар жерлерінен салықтың жеңілдеу түрі, түскен өнімнің 1/10-н құрайтын ондық салық-ұшыр төледі. Шаруа-диқандар мойындарына харадж бен джизья төленді дегенді білдіретін шойын белгілері салып жүруі керек болды. Халифаттағы еңбекші бұқараның мойнына өте күшті салықтық езгінің түсуін араб тілді және батыс Европа тарихшылары, қарапайым өмір сүрген, шашпа-төкпе өмір сүруге қарсы болған халифтың Хишамның сараңдығымен байланыстыра отырып түсіндіреді. Әрине, халықтың жағдайының төмендеуін мемлекет қайраткері мінезінің жағымсыз жақтарымен байланыстыруға болмайды. Мәселе мынада, арабтың рулық аристократиясы, әсіресе оның өсіп-өнген омейя тарамағы олардың кей-біреулері ірі жер иеленушілер еді не қазынадан алатын ірі жәрдемақыдан, не өздерінін айрықша жағдайларынан айрылғысы келмеді. Сондықтан олар Омар П-нің барлық мұсылмандарды теңестіргісі келген саясатына қарсы шығып, ол қайтыс болғаннан кейін бұқараны одан әрі қанауға негізделген Мерванидтердің дәстүрлі фискальды саясатын жаңғыртты. Араб аристократиясы осыдан соң салық салу арқылы қалың бұқараны тонауды күшейтті. Абд ал Миеликтің билігі кезінде салық езгісі екі еселеніп шаруалар көтерілтстерін тудырғаны мәлім /18,54/.

     Халиф Хишам мен кейбір омейядтың әмірлер, халифтің наместниктері суландыру жүйесін қалпына келтіруге және оны кенейтуге көңіл бөле бастады. Әсіресе тастап кеткен каналдарды мұқият тазалап, халифтегі иеліктерінен жана каналдар қазылды. Егістік көлемдерінің улғаюына әкелген ирригациялық жұмыстардың жүргізлуіндегі басты мақсат шаруалардың салықтарды төлеу мүмкіндіктерін көтеруге бағытталды. Сол үшін мемлекеттік салық аппараты да жетілдіріліп, үлгілі жағдайға жеткізілді. ХалиФ Хишамның кезінде салық аппараты қызметкерлерінің бөлсенділігі шектен шығып, зұлымдық сипат алды. Салықты айтылған уақытында төлеуге мүмкіндігі болмаған кез келген адамды салық жинаушылар түрлі жазалар қолданып, түрмеге жапты. Түрмелер осындай адамдарға лық толды. Жаза ретінде масқаралау бағанасына апарып байлап, шалқиған күннің астында бірнеше сағат ұстайтын. Хишамнан кейінгі Иазид П-нің тұсында да бұрын салық төлемеген дінбасылардан бөтен діндегі да салық жинала бастады. Осыдай жолдармен, жаңағыдай тәсілдерді қодана отырып, Омар П- нің тұсында ортайып қалған мемлекеттің қазынасын қайтадан толықтырды.

     Салық жинауды арабтар бұрынғы ирандық және византийлік чиновниктерге тапсырды. Салықты жинауда түрлі олқылықтар болып тұрды. Мысалы,  бұрынғы ирандық провинциялардағы селолардың старосталары мен егінші-диқандары салық жинау міндеті өздеріне жүктелгендіктен, оларды жинағанда өзінің пайдасын да ұмытқан жоқ. Өйткені арабтар салықтардың қалай жиналатынына емес, белгіленген соманы алуға ғана көңіл бөлді. Салықтарды жинағанда шаруалардың надандығын, қорғансыздығын пара алғыш, зорлық-зомбықшыл салық қызметкерлері пайдаланып кететін. Жыл санау ресми түрде хиджра күнтізбесімен жүргізілсе, ал жер салығын жыл мезгілдерімен сәйкес, күндік күнтізбе бойынша алатын. Ресми күнтізбенің астрономиялық күнтізбемен сәйкессіздігін пайдаланып, салық жинаушылар шаруалардан салықты жылына 2 рет те жинап алатын. Бұл туралы Абу Иусуф мемлекеттік салық қызметкерлерінің салық жинау іс-әрекетін сипаттай келе былай дейді: «Они не защищают того, что им поручено защищать, и обращаются несправедливо с теми, с кем они имеют дело. Единственная цель их действия это урвать что-либо, будь то из хараджа или из имущества подданных» /12,74/.

     Бұдан көріп отырғанымыздай, халық жергілікті жер иеленушілер мен араб басқыншылары тарапынан екі жақты қысымда болды. Жалпы салық төленетін жерлердің өзі үшірлік жерлер мен хараджды деп бөлінеді. Оның өзінің 2 түрі бар:

     а/ келісімнің негізінде жаулап алынған жерлер;

     ә/ қару арқылы бағындылған ған жерлер: Халифаттың территориясындағы осы аталған жерлерден мемлекет үстеме өнімді салық ретінде алуға құқылы болды. Араб түпдеректері бойынша арабтардың салықтарды елдерді қандай тәсілмен жаулап алғанына байланысты салатыны, мысалы, қарудың күшімен бағындырылған елдерге харадж, джизья, ал келісім арқылы бағынған жерлерге біртұтас салық салынды деп көрсетеді /12,83/. Мысалы, 639 ж. араб жерінің бір бөлігі Месопотамияның басты қаласы ар-Рухты Эдесса қоршауға алған кезде, қаланың тұрғындары арабтарға келісімге келуді ұсынды. Бұл келісім белгілі бір мөлшердегі соманы төлеуге негізделген және ол «обусловлена договором и не подлежала увеличению .Бұл келісім туралы Мухаммед пайхамбардың ізбасарларының бірнің Сириядағы әскерлердің қолбасшысымен арадағы бұрынғы салық жинаушы аз ибн джабал мен әңгтмесінен де байқауға болады. Ибр Муаз Джабал былай дейді: «Если ты заключишь с ними т.е. с жителями города Ш.к. договор на условиях уплаты фиксированной суммы и они не будут в состоянии выполнять его, ты не сможешь ушерщвлять их, а если они будут в состоянии платить больше, чем они обязаны, ты никогда не сможешь изменить ту фиксированную сумму, которая им будет обусловлена договором /5,54/.

     Бұндай келісімнің орнына біраз ибн Джабал қаланын тұрғын-дарымен салық төлеу мумкіндігіне қарай келісімге отыруға үгіттеді, бұндай келісім арқылы, деді ол қолбасшыға, «взависимости от того будет ли им тяжело или легко, ты будешь требовать от них то, что по их силам.

     Бірақ, ар-Ғухтың тұрғындары бұндай салықтың өздеріне тиімсіз екенін байқап «что в их руках были имущество и излишки, которые пропали бы платежеспособности» жай салыққа қолдады. Осылайша, арабтар қаланың мықты бекінісін ескеріп, ар-Ғухтың тұрғындарымен ұсынған келісімге отырып, оларға жеңілдіктер уступкалар жасауға мәжбүр болды.

     Деректемелер бойынша салық төлеу мүмкіндіктері ал-джи-бол провинциясынын негізінде 641-42 жылы Исфахан, Нихаванд пен басқа да көптеген қалалары, 642-643 жылы Куміс, Дихистан және Джурджан қалалары жаулап алынды.

     Салықтың келесі түрі негізінде 19/640 жылы Рас ал-Айн, 641-42 жылдары Египет, 643 жыла Табаристан, 653-54 жылы Тбилиси мен Шығыс Грузия, 649-50 649- 50 жылдары Хорасан басып алынды.

     Кейін жаулап алу сферасы тарылған сайын бағындырылған халықтарды интенсивті қанау мақсатымен мөлшері тұрақты салықта төлеу қабілетіне сай салыққа көшеді. Бұл жөнінде арабтардың Египеттегі салық саясаты мысал бола алады. Ибн Абд ал-Хакам былай деп жазды:»Алер ибн ал-Ас, приступив к улаживанию дел Египте, оставил коптам систецу обложения румов. Это система была подвижна:если деревня преуспевала и жители ее уменьшались, налог снижался /22,128/.

     Мансұрдың кезінде харадждың жерлерден салық-рента егістік жер көлемдерінің аумағы бойынша ақшалай немесе натуралды түрде түсімнің жертаса алынатын. Кейбір жерлерден төлемдер жаулап алушылық кезеңнен бергі келісімдер бойынша жиналатын. Харадждың жерлерден басқа шаруалардың мұрагерлік меншігі болып табылатын «мульк» жерінен ұшыр «ондық салық» салығы алынды.

     Сондай-ақ алымдардан босатылған жерлер де болды. Олар халиф пен оның туыстарының, чиновниктердің, діни қызметкерлердің жерлері мен мешіттер он мұсылмандық діни мекемелерге қарасты қозғалмайтын мүлік меншіктері факфтық жерлер; вакфтық жерлерден түсетін кіріс тікелей дінбасылардын қарамағына келіп түсетін. Мансұрдан кейінгі билеушілер харадждың жерлерден түсетін алымдарды көбейтіп, өнімнің жартысы ретінде алынатын натуралды салықты, жер көлемдерінің аумағына байланысты төленетін ақшалай салықпен алмастыруға тырысты. Әсіресе Харун ар-Рашидтың кезінде белсенді жүргізілген бұндай өзгеріс, тұрғын халықтың жағдайын тым нашарлатып жіберсе де, осының арқасында қазынаға салық тоқтаусыз түсіп тұратын болды. Төленетін алым-салықтардың мөлшері белгіленгеннен кейін егінші қауым қандай жағдайда болмасын, мейлі егінін су басып кетсе де немесе шықпай қалса да сол салықты төлеуге міндетті болды. Және салықтардың ақшалай түрде алынуы егінші-шаруашылық рынокқа тәуелділігін күшейтті. Мемлекет тек қана жердің иесі ғана емес, сондай-ақ судың да иесі болғандықтан, салықтың мөлшері егістіктерді суғару кездеріне де байланысты болды. Мемлекеттің суландыру жүйесін пайдаланған шаруалар салықты жоғары мөлшерде төледі. Егерде шаруалар мемлекеттік суландыру жүйесінен өздері канал қазып егіндерін суғарса, онда салықтың мөлшері де біраз төмендетілетін /22,186/.

     Араб халифатында жерге мемлекеттік меншік үстем болды. Бірақ сонымен қатар жеке жер меншігі мен қауымдық жерлер де өмір сүрді.

     Мемлекеттік жерлер негізінен жеңілген әулеттердің, ірі жер иеленушілердің жерлерінен құралды. Мысалы, арабтардың жаулап алуы нәтижесінде Византия императоры мен астаналық грек шонжарларың, Сасанидтік шахиншах пен иранның патша әулетінің, сондай-ақ шайқаста қаза тапқан немесе қашып кеткен феодалдардың жерлері мұсылман қауымының; меншігіне, яғни мемлекеттік меншікке айналды. Тағы да Құрандағы ереже бойынша бүкіл олжаның 1/5-гі, соның ішінде жаулардан тартып алған жерлер де халифтердің қарамағына келіп түсуі керек болатын.

     Жеке меншік жерлер бұлар жекелеген адамдардың қарамағына жататын, олардың толық меншігі болып табылатын жерлер. Олар бұл жерді сатуға да, мұраға қалдыруына да болатын. Және ол үшін мемлекетке қызмет етуге міндетті болған жоқ.

     Бұлардан басқа халифатта вакфтық жерлер де болды. Бұл жерлер мұсылман мешіттерінің қарамағына жатады. Вакфтық жерлерден түсетін кіріс тікелей дінбасылардың қарамағына келіп түсетін.

     Савафи жеріне халифтың, оньң туыстарының жерлері кіретін. Вакфтық, савафи жерлерінің бір ерекшелігі, бұл жерлерге салық салынбайды /18,289/.

     Омейядтардың тұсында омейяд халифтері араб аристократ-тарына ірі иеліктер силауды дәстүрге айналдырды. Халифтер ірі жер иеленушілерге мемлекеттік иеліктерден белтілт бір бөліктерінен харадж және басқа да төлемдер жинау құқығын берді. Бұндай тарту уақытша да, яғни қызмет еткен кезге дейін немесе өмірлік болуы да мүмкін. Біртіндеп бұл тартудын соңынан икта арабша — үлес термині қалыптасып қалды. Аббасидтердің кезінде Омейядтар тұсында пайда болған икта институты одан әрі кеш етек жайды. Алғашында бұл мемлекетке сіңірген ерекше еңбегі үшін белігілі бір адамға жекелеген аймақтардан салық жинау құқығы берілетін тарту болса, Аббасидтердің кезінде өңделмеген жерлерден жер беру әдетке айналды. VШ ғасырда өмір сүрген араб заңгері Абу Иусуфтің «Харадж туралы кітабында икта түріндегі жерлер әскери және азаматтың қызмет үшін беріледі, бірақ иктаның иесі осы үшін мемлекетке белгілі бір мөлшерде салық төлеуге тиісті еді. Икта түрінде жер тарту ету мемлекеттік тиімді болғандықтан, кейінгі уақытта кеңінен қанат жайды. Ал бұл мемлекетттк жердің азаюына әкеп соқты дейді /2,311/.

     Икта Батыс Европадағы бенефицийлерге жақын. Біртіндеп Х-ХІ ғасырларда тарту еткен.

     Шығыстану ғылымындағы әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан даулы мәселелердің бірі араб халифатындағы жеке меншік пен мемлекеттік меншік мәселелері. Көптеген шығыстанушы тарихшылар халифат елдерінде бүкіл жер мемлекеттің меншігінде болған деген пікірді ұстанады. Бұл концепцияны жақтаушылар, мемлекетті жердің жалғыз иесі деп танып, жеке меншікті жоққа шығарады. Тіпті жекелеген адамдардың соңынан жерге жеке меншік қүқығын емес, оны пайдалану және иелену құқығын ғана мойындайды. Совет шығыстанушыларының ғылыми айналымға ислам елдеріне қатысты жеке меншік ұғымы мүлікті енгізуі осы мәселедегі алға басқан қадам болды. Халифатта мүлік жеке жер меншігінің болғандығын Якубовский де мойындайды. Оның пікірінше:»В халифате, в частности, в Иране, государственная собственность на землю была преобладающим видом феодальной земельной собственности, но помимо государственной существовала и частная феодальная собственность на землю мульк.Кейбір шығыстанушы тарихшылардың пікірлерінше мүлікке тек қана арабтарға қарулы қарсылық көрсетпеген дихандардың жері жатады, ал қауымдас шаруалардың жерлері мемлекеттің меншігіне айналды. Ал басқалары мүліктердің белгілі бір тарихи кезеңге дейін феодалдық сипаты болған жоқ дейді. И.Л.Летрушевский мүлік туралы былай дейді: «Мульк или мильк, как застное владение недвижимостью, преимущественно землею, отчуищаемое и передаваемое по наследству и признаваемое шариатом, существовал, начиная, с I веков ислама. Но этот мольк, не обнаруживает никаких специфических феодальных черт.

     Аббасидтер халифатында үстем топтар қатарына ірі араб жер иеленушілері мен қатар жергілікті ақсүйектер де енді. Жергілікті және орталық әкімшілтегі байланыстарына сүйеніп, ал IX-X ғ. бастап халиф билігінің әлсіреуін пайдаланып ірі жер иеленушілер нақты жеңілдіктерге ие болды. Ірі иеліктер әшейінде хараджбен емес, жеңіл солғыртпен, ұшырмен ондық алмастырылды, кейде тіпті олар салықтан толықтай босатылғаны белгілі.

Бұларға қарағанда орта және ұсақ жер иеленушілердің жағдайы өзгеше болды. Олардың жері харадж алынатынға жатты, ұсақ жер иелерінің жағдайы тіпті қиын болды. Орыс шығыстанушысы В.Розеннің сөзі бойынша: «ұсақ жер иелерінің құқықсыздығы мен қамтамасыз етілмеуі соншалық, тіпті олар өз ара келісім бойыша қандай да бір ақсүйектің атына жерін азып, міндеткерліктер мен салықтың; анағұрлым келуіне қол жеткізуге ұмтылған».

     Жекеменшік иелерінің жерін құлдар немесе шаруалар өңдеп, жерді пайдаланғаны үішін немесе өнімнің белгілі бөлігін төлеп
отырған. Харадждық жерлерден, яғни ұсақ және орташа иелтіктерден, хараджды жердің иесі төледі, ірі иеліктерден ұшыр испольщиктен бірігіп өндеуші немесе жалға алушы алынатын, немесе жер иесі мен испольщик екеуі келісім бойынша екеуінің арасында бөлінетін. Бұл Аббаситтер халифатында ірі жер иелерінің мүддесі ең алдымен қорғалғандығы көрінеді. Жер иелері мен жерді жалдаушылар арасындағы келісімдер соңғылары үшін өте ауыр болды /6,218/.

     Абу Юсуф өзінің «Хоред туралы кітабында” /5/ осындай келісімін көрсетеді: “Жер, тұқым, бұқалар белгілі бір адамға” тиесілі, ол испольшикті шақырып соған бәрін өткізеді. Ол жерді өңдеп,  оның алты, жеті бөлігін төлем ретінде береді». Бұл жерде жерсіз шаруа туралы сөз болса керек, ол өз еңібегі үшін 6 немесе 7 бөліктегі өнімді алады. Жалдау түрлерінің басқа бірі «жерді жалдаған адам, өзінің тұқымымен, өзінің өгізімен, өз құралдарымен өңдейді». Бұл жерде жері аз шаруа туралы сөз болса керек. Яғни Аббаситтер халифатындағы шаруалардың басым бөлігі жерсіз немесе жері аз болған.

     Әр түрлі жағдайда жеке адамдардың иелігіндегі болған жерлерден басқа, халифатта аса ірі көлемдегі жерлер мемлекеттің меншігінде болды. Бұл жерлерді селолық қауым мүшелері өңдеп, мемлекетке харадж төледі. Аббасидттер кезіндегі хараджды негізгі түрі мукасана яғни, өнімнің салық түріндегі бір бөлігі 2/5 немесе 1/2 болды.

     Онын мөлшері жердің суландырылуына байланысты болды. Шаруа мемлекетке салық төлегеннен кейін ғана өнімге иелік ете алды.

     «Хараджалар туралы кітапта» өз еңбегінің жемісінен айырылған шаруа, егіннің өткізуден бір бөлігін жасырып қалуға тырысқан, немесе диірменде ұзақ ұстап, аздап алып қалуға ұмтылған, немесе әлі сабығынан түспеген шикі күйінде жинап, тамаққа пайдаланған. Абу Юсуф халифке мынадай кеңес береді,/мұсылмандардың әміршісі бұйрық бер, ору мен бастыру егін піскен кезде ғана жүргізтлсін, егін орағы аяқталған соң, дән үгітілу уақытынан ұзақ ұсталмасын” /5,169/.

     Аббаситтер Халифатында шаруалар жерге емес мемлекеттік міндеткерлікке тәуелді болып, бекітілді. Жерді өңдеушілердің қатарына құлдардыда жатқызуға болады, олар жеке адамдардың меншігінде болып, оларды жерге отырғызып, испольшинаға айналдырды.

     ІХ ғасырда халифат экономикасы өзінің гүлдену кезеңіне енді. Бұл жерде басты рөлді егіншілік иемдеңді атап айтқанда мемлекет қазынасына құйылып жатқан салықты харадж құрады. Құнарлы Ніл өзені аңғарларынан егін өнімдері халифат елдеріне жіберілетін. Ирактың да араб жаулары алушылығының нәтижесінде қираған деревнялары қалпына келтіріліп, еңбекқор халықтың арқасында егістік жерлер көлемі ұлғайа түсті. Бірақ елінің жер өздеушілері бидай, арпа, құрма, күріш, күнжіт, лен, мақта өндірді. Оңтүстік Ирактың құнарлы жерлерінде жеміс-жидек және көкөністер өстрілді /9,285/.

     Жүзім иелтіктері де болған, оның түрлі сорттары өсіріліп, шарап жасалған, өнімдерін сыртқа шығарған. Араб географтарының айтуы бойынша халифаттын шеткі аймақтарында Мауренахр, Хоросан, Бұқарада жеміс көп көкөністің түрлерінің көптігі соншалық, онын «жер жаннаты» деуге болады. Бұл жерлерде алма, абрикос, лимон, апельсин, қара өрік, алша, алмұрт, анар, қияр, қызылша, баклажан т.б. өсірілді Форса мен Сирияда қант құрағы өсірілді /9,285/.

     Сонымен араб халифатындағы жеке меншік мәселесінде ең ірі жер иесі мемлекет болды. Бүкіл жерлер соның меншігі деп жарияланып, ол белгілі бір қызметтері үшін жеке адамдарға сыйлық ретінде немесе жалақы ретінде және т.б. қызмекері үшін берілетін. Екінші кезекте ол жерлер әмірлердің ірі ақсүйек арабтардың, жергілікті халықтың ірі шонжарларының қолында болды. Сонымен қатар арабтар жаулап алған жерлерідегі шіркеу меншіктеріне де тиіспеген.

     Бұл жерлерді негізінен өңдеуші яғни өңдіргіш күштер шаруалар мен құлдар болды. Олардың үлестік жер алуы немесе жалға алуының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде жаулап алынған жерлерде кең тараған жерді жалға алудың түрлері испольщина мен издальшина. Біріншісінде қожайын жерімен қоса ат-көлігін, соқа сайманын қоса беріп, жалға алған адамнан өнімнің 6 немесе 7 талап етеді алтыға бөлгеннің бір бөлігін ғана шаруа алады. Екіншісінде издальшина жерді жалға алған адам, өзінің көлігімен, құрал-сайманымен, себілетін тұқымымен келеді. Бұл жағдайда ол өнімнің жарты бөлігін ала алатын. Байқауымызша біріншісі тақыр кедей болса, екіншісі жері аз шаруа болған болуы керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Біздің зерттеулеріміз төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мұхаммед пайғамбар ислам дінінің негізін пұтқа табынушылармен ұзақ жылдарға созылған күрестен кейін қалады. Оның қарсыластарын «тізе бүктірген самсаған сары қол, қаптаған қалың әскер емес, Алланың қалауының жүзеге асуы. Соның арқасында тізеден қан кешілгелі тұрғанда құдіреті күштінің сілтеуімен бейбітшілік жолмен шешілді. Ислам діні пұтқа табынушы көшпелі араб тайпаларының басын біріктіріп, қатаң тәртіпке, бағынған, бір орталыққа біріккен қуатты мемлекеттің құрылуына себеп болды.

     Орталыққа бағындырылған мемлекет құрылғаннан кейін араб жаулап алушылықтары Араб жартыаралынан тыс жерлерді қамтыды. Ол жаулап алушылық ислам дінін тарату мақсатын көздеді. Бірақ жаулап алынған жерлердің халықтары ислам дініне күштеп енгізілген жоқ. Мұсылмандарға бағынған халықтарға қойылған талаптар олардың мүдделеріне лайықты болды. Ол талаптар өзара жанжалдасу, барымтаны, адам өлтіріп, кек  қууды , шариат заңдарына қалтқысыз бойұсыну, ортақ жауға қарсы аттануға дайын отыру. Дегенмен пұтқа табынушылар мен мұсылмандардың арасында, бір айырмашылық болды. Ол ислам дінін қабылдамағандардың жан басы салығын төлеуі еді.

     661 жылдан 750 жылға дейін Омейядтар әулеті билік құрған кезде халифаттың иелігі орасан зор ұлғайды. III ғасырдың басына қарай бүкіл Солтүстік Африка, Закавказье, Месопотамия, Иран, Орта Азия жаулап алынды.

     Арабтардың әскери жеңістерінің басты бір себебі оның қарсыластарының (Византия, Иран.)экономикалық құлдырауы, олардағы әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі болды. Арабтар келіп жеткен жердегі қаналудан қалжыраған жергілікті халық оларды өздерінің құтқарушылары ретінде қабылдап, қарсылық көрсетпеді. Өз кезегінде арабтар да олардың өмірін, тұрмыс  жағдайын мумкіндігінше жақсартуға тырысты. Сүйтіп, арабтар жаулап алған жерлердегі халықтың басым көпшілігі олардың қарсыласы емес, одақтасына айналды.Жалпы араб халқының халифат кезіндегі үлкен мемлекет құрып терреториясының кеңейуі басқа ұлт өкілдеріне әсер етпей қойған жоқ. Ұлан ғайыр жерді жаулап алу барысында діннің үлкен қызмет атқарғанын байқаймыз. Алайда қандайда болмасын тарихи үрдістің қайталануы барысында халифатта құлдырау шегіне жетті.

     Өзге елдерді жаулап алу барысында халифат эканомикасының едәуір гүлденгенін байқаймыз.Сонын ішінде негізінен басты негізде болған араб эканомикасының тамыры сауда да десек те болады.Сауданың дамуы барысында халық жағдайының әжептеуір сақталғаның көруге болады. Яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасауда дінмен қоса сауданың өркендегенін көреміз.

Хариджидтердің ілімі бойынша жанның о дүниеде жұмаққа шығуы үшін тек құдайға сеніп, парыздарды өтеу жеткіліксіз.Ол үшін қолға қару алып халифке, оның өкіметіне қарсы тынымсыз күрес жүргізу керек. Бұл ережені қабылдамаған мұсылмандарды хариджидтер кәпірлер деп санап, оларға қарсы қасиетті соғыс- джихая жариялады. Харджидтерді тақыр кедейлер қолдады.Омейядтар билігі кезінде хариджидтер қозғалысының әлеуметтік базасы кеңейе түсті. Харджидтер барлық елдерінде әскери саяси белсенділігін күшейтті.

     Араб халифатында жерге мемлекеттік меншік үстем болды. Бірақ сонымен қатар жеке жер меншігі мен қауымдық жерлер де өмір сүрді. Жеке меншік мәселесінде ең ірі жер иесі мемлекет болды. Бүкіл жерлер соның меншігі деп жарияланып, ол белгілі бір қызметтері үшін жеке адамдарға сыйлық ретінде немесе жалақы ретінде және т.б. қызметтері үшін берілетін. Екінші кезекте ол жерлер әмірлердің ірі ақсүйек арабтардың, жергілікті халықтың ірі шонжарларының қолында болды. Соымен қатар арабтар жаулап алған жерлеріндегі шіркеу меншіктеріне де тиіспеген.

     Бұл жерлерді негізінен өңдеуші яғни өндіргіш күштер шауалар мен құлдар болды. Олардың үлестік жер алуы немесе жалға ауының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде жаулап алынған жерлерде кең тараған жерді жалға алудың түрлері испольщина мен издальщина. Біріншісінде қожайын жері мен қоса ат-көлігін, соқа сайманын қоса беріп жалға алған адамнан өнімнің 6,1 немесе 7,1 талап етеді. Алтыға бөлінгеннің бір бөлігін ғана шаруа алады. Екіншісінде издальщина жерді жалға алған адам, өзінің көлігімен, құрал-сайманымен, себілетін тұқымымен келеді. Бұл жағдайда ол өнімнің жарты бөлігін ала алады. Байқауымызша біріншісі тақыр кедей болса, екіншісі жері аз шаруа болған болу керек.

     Сонымен араб халифатының әлеуметтік –эканомикалық құрылымы өз кезеңіндегі ерекшеліктерімен жоғарыдағыдай мәселелермен сипатталады деп қортынды жасауға болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕРI

 

I- ДЕРЕКТЕР

 

1.Ибн Хосров. Сафар-Намэ-Хрестоматия по истории средних веков. Под. ред. К.П. Грацианского и С. Д. Сказкина. М , 1953.- 238-239 б.

2.Ибн-Исхак. Житие посланника божьего. Хрестоматия. 1949,148-214 б.

3.Құран. — Медина, 1991.

4.Ал-Балазури.Книга завоеваний. в кн, М. А. Медников. Палестина от завоевания ее арабами — Спб, 1897.

5.Абу-Юсуф. Книга Хараджей.Там же.

6.Ал-Табари Абу Джафар. История пророков и царей, Там же.

7.Сиаеет-Намэ. Книга о правлении везира XI столетия Низамаль-Мулька. М , -Л , 1949.

  1. Арабские источники 12-13 вв.Л ,1985.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-Әдебиеттер.

 

1.Арабский Восток и Магриб. Сб. статей. М ,1977.

  1. 2. Арабские стракы история, экономика, политика. М ,1985.
  2. 3. Арабская Реепублика Египет. Справочник. М , 1990.
  3. 4. В. В. Бартольд. История изучения Востока в Европе и Россий ,

5.Е. В. Бартольд. Ислам. Пг , 1918.

6.Е.А. Беляев. Арабы, ислам и арабский халифат в раннее средневековье. М , 1965.

  1. 7. А. А. Васильев. Византия и арабы. Л ,1925.
  2. 8. Зопросы истории и литературы стран зарубежного Востока. Сб. статей. М , 1960.
  3. И. Гольдциэр. Культ святых в исламе. М , 1962.

10.Завоевания арабов. В кн: йстория средних веков. Хрестоматия. ч. м , Просвещение. 1980, 142-154 б

  1. Н. А. Медников. Палестина от завоевания ее арабами до крестовых походов по арабским источникам. Спб, 1897.
  2. 12. Л. И.Надирадзе. Вопросы общественно-экономического строя го сударства арабов и халифата VІІ-VІІІ вв. в советской историографии в кн: Историография стран Востока,МГУ,1969, 5-82 б.

13.В, Панова, Ю. Бахтин. Мухаммед пайғамбардың өмірі: тарихи толғау. Алматы, Жазушы, 1994.

14.Н. 3. Пигулевская. Арабы у границ Византии и Ирана в IV-VI вв. М , Л ,1964.

  1. Н. В. Пигулевская. Зарождение феодальных отношений на Ближайшем Востоке. «Уч. зап. Инта Востоковедения», Т. XVI. ТМ. ,Л. ,1958, 3-42 б.
  2. Е. А. Резван. Религиозно-социальная ситуация в Аравии на рубеже VI-VII вв. и ее отражение в Коране. в кн: Кауч. Конференция «Общественные движения и их идеология докапиталистических обществах Азии». М,1984.
  3. Т. М. Сипенкова. К истории завоевания Закавказья арабами. в кн. вопросы истории стран Азии. Сб. статей. Л , 1965, 143-155 б.

18.Т. А. Чистякова. Арабский халифат. (ҮІІ-Х вв. )т-М , Учпедгиз, 1962.

19.М. Чуракова. Завоевания северной Африки арабами. ПС, 1958, вып. 3, 107-126 б

 

  1. А. Д. Энштейн. Арабы и возникновенье халифата. В кн. Книга для чтения по истории средних веков. М , Проевещ , 1969, 81-101 б.
  2. А. Ю. Якубовский. Восстание Муканны «Советское востоко-ведение», 5 Л , 1948.

22.Большаков О.Г. История халифата в 4- х т. Т 1, М, 1989.

  1. Т.М.Калинина Т.М. Сведения ранних ученых Арабского халифата М, 1988
  2. А.М. Гадобин История стран зарубежной Азии в середине века М, 1974.
  3. М.Ж Бұлұтай Ата – баба діні А, 2001.
  4. И.М Фильштинский История Арабов и Халифата (750-1717 гг) М, 2001.

27.Т.М. Калинина Сведения ранних ученых Арабского Халифата М, 1988.

  1. Заходер Б.Н. История восточного средневековья Халифат и Ближний восток, М., 1944.
  2. История стран зарубежного Востока в средние века. М, 1975.
  3. Типы общественных отношений на Востоке в средние века. М, 1982.