АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Халық санын реттеу саласындағы мемлекеттің функциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Заң факультеті

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

 

 

Диплом жұмысы

 

Халық санын реттеу саласындағы мемлекеттің функциясы

 

 

 

 

Орындаған 3 курс студенті ___________________

 

 

Ғылыми жетекші                ____________________

 

 

Норма бақылаушы            ____________________

 

 

Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен

қорғауға жіберілді            ____________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

МАЗМҰНЫ

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ………………………………………5

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………..6-8

 

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.1 Қазіргі мемлекеттің мәні және әлеуметтік тағайыны ………………..9-13

1.2 Мемлекеттің функциясы теориясының негіздері ………………………13-18

1.3 Демографиялық үрдістердің мемлекет функциясының объектісі ретіндегі теориялық мәселелері  …………………………………………………………..18-21

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

     2.1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің қалыптасуы және оның құықтық реттелуі ……………………………………………22-45

     2.2 Қазақстан Республикасындағы демография мәселесін шешудегі мемлекеттік органдардың қызметі ………………………………………………………45-62

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………….63-65

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………….66-70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЛОССАРИЙ

БОСҚЫНДАР – саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қу­да­лау құрбаны болудың негізделген қауіптеріне байланысты өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр және осындай қауіптер салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе өзінің бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, осы қауіптер салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;

ЕҢБЕК КӨШІ ҚОНЫ – жеке тұлғалардың еңбек қызме­тін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;

ДЕМОГРАФИЯ — халықтың саны, құрамы, орналасуы мен өзгеру көрсеткіштері туралы ғылым;

ЗАҢСЫЗ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР – келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

КӨШІ ҚОН – жеке тұлғалардың бір мемле­кеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы;

КӨШІП КЕЛУ – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

ҚҰҚЫҚТЫҢ ТӘРБИЕЛІК ФУНКЦИЯСЫ (ҚЫЗМЕТІ)-(Воспитательная функция права) — демократиялык жолмен қабылданған заңдарды құрмет тұтатын, өздерінің мінез-құлық, жүріс-тұрыстарында құқықтық ұйғарымдарды қолданып жүретін, құқық колдануды дайындап шығаруда белсенділік көрсететін азаматтарды (тұлғаларды) құқық аркылы қалыптастыруды құқықтың тәрбиелік қызметі дейді.

Превентивтік (алдын алу) шаралары ретінде құқықтың жасайтын ықпалы мен әсері құқықтың тәрбиелік кызметінің кұрамдас бөлігі болып табылады.

МЕМЛЕКЕТ — қоғамда тәртіптің болуын қамтамасыз ететін және жалпыға бірдей міндетті нормаларды шығаратын, белгіленген жер аумағы шегінде қоғамды басқаратын саяси  биліктің  ұйымы.

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК — мемлекеттік ырыққа күштеп көндіруге (яғни мемлекеттік ырықтандыруға) негізделген үстем болу және бағынудың субъектілері араларындағы бұқаралық-саяси қатынастары.

НЕКЕ – ер мен әйелдің өз ықтиярымен одақ құрып отандасуы. Ол материалдық — мүліктік мақсаттан ада, сүйіспеншілік пен адал пейілділікке, достық көңіл мен өзара сыйластыққа негізделеді.

ОРАЛМАНДАР – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылады.

 

 

РЕФЕРАТ

 

Дипломдық жұмыс тақырыбы “Халық санын реттеу саласындағы мемлекетің функциясы” деп аталады.

Диплом жұмысын жазуда тақырыпты таңдауға бірнеше себептер тоқтау салды. “Халық санын реттеу саласындағы мемлекетің функциясы” тақырыбын таңдау қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде ерекше орын алы отыр.

Жұмыс мазмұны “мемлекет функциялары”, “демография үрдістерін құқықтық реттеу”, “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметтері” – деген тақырыптардан тұрады.

Мемлекет функциясы теорияларының ерекшеліктерін ашу мақсатында, нысандарын және тәсілдерін оқып зерттеуде маңызды орын алады. Сондықтанда осы ұғымдарды бөле жара бірінші тарау құрылымына енгіздім.

Адамзат тарихы дамуында қалыптасқан ғаламдық проблемаларды мемлекеттің шешуі, соның ішінде демография үрдістерін құқықтық реттеудің мазмұны талданады. Сонымен қатар мемлекеттің даму үрдісіне демография саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі қарастырылған.

Мемлекет туралы ой-пікірлер қалдырған данышпандар еңбектері, ғылыми монографиялар мен ағымды баспасөз материалдары жұмыстың жазуылына негіз болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

АҚТҚ           — Адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышы

АҚШ            — Америка Құрама Штаттары

АӨСШК      — Азиядағы өзара әрекет ету және сенім шаралары жөніндегі           Кеңес

БАҚ              — Бұқаралық ақпарат құралдары

БҰҰ             — Біріккен Ұлттар Ұйымы

БҰҰ БА       — Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы

БҰҰ ДДСҰ — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДСҰ             — Дүниежүзілік сауда ұйымы

ЕК                — Еуропалық Кеңес

ЕЭҚ              — Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық

ЕҚЫҰ          — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым

ЖҚТБ        — Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі

КСРО           — Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҚКСР            — Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚР                 — Қазақстан Республикасы

ҚР ДСМ       — Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

ҚР ЕХӘҚМ  — Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты Әлеуметтік  Қорғау Министрлігі

ҚР ІІМ          — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі

ҚР СІМ         — Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі

ҚР ҰҒА        — Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы

ҚР ҰҚК        — Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

ҚХР              — Қытай Халық Республикасы

ОАА             — Ортаазиялық аймақ

РФ                 — Ресей Федерациясы

ТАСИС         — Әрекет ету бағдарламасы бойынша Еуропалық қауымдастық

ТМД             — Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ҰҚК              — Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі

ШЫҰ            — Шанхай ынтымақтастық ұйымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс халық санын реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеуге арналған.

Жұмыста демография мәселесін құқықтық тұрғыдан реттеу мен оны мемлекет функциясының дербес саласы ретінде айқындауға, осы бағытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметтеріне талдау жасауға ұмтылыс жасалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан дамуы үшін, мемлекеттік қауіпсіздік мүдделердің қамтамасыз етілуі мақсатында мемлекеттің функциялары әрқашан өзгеріп отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасында жаһандану жағдайында орын алып отырған демографиялық проблемаларды құқықтық тұрғыдан реттеп, шешуін айтуға болады. Баршаға мәлім, Қазақстан Республикасы аумағы жағынан әлем мемлекеттерінің бірінші ондығы ішінде 9-ші орында, ал халқы саны жағынан әлемде 60-ші орында тұр. Республикамызда 2009 жылы 25 ақпан және 6 наурыз аралықтарында өткізілген Ұлттық халық санағының ағымдағы статистикасы бойынша Қазақстан халқы саны 16 млн. 304 мың 840 адамды құрап отыр [1].

Елдің халқы-елдің басты байлығы. Халқы саны көп мемлекеттер әрқашанда өз қауіпсіздіктерін сақтауға тырысады. Сондықтан, Елбасымыз  Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бастап-ақ мемлекеттік қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында баяндалды. «Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты — біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр» [2].

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 1992 жылы Алматы қаласында Қазақстан халықтарының бірінші Форумы шақырылды. Елбасымыз бұл форумның тұрақты негізде жұмыс істеу қажеттілігі туралы идея қозғап, Қазақстан халықтарының келісімі мен бірігуі Ассамблеясы жаңа қоғамдық институт құру туралы өз ойын білдірген болатын. Осы форумда Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С.С. Сартаевта өз пікірін білдірді. Ол өз сөзінде «Бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен осы қазақтардың басын жинап, бір Қазақ мемлекетіне қалайша біріктіруге болады? Менің ойымша, мұны құқықтық негізде жүзеге асыру керек [3, 524б.].  Қазақта «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын» деген мақал бар. Шет елдерде тұратын қазақтар өз отанын сағынады, ата мекенінің бір уыс қара топырағын ұстауды аңсайды» [3, 530 б.].

Демографиялық мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттік шараларды жүзеге асырып жатыр. Сонда да бірқатар мәселелер әлі де болса өз шешімін таппай жатыр. Халықтың санының азаюы, табиғи өсім мен туылымның төмендеуі, өлім санының өсуі және т.б. демографиялық үрдістердің қалыптасуы байқалып отыр. Бұл жағдай демографтардың, социологтардың, құқықтанушылардың Қазақстанның демографиялық ахуал кезеңіне көшкені туралы айтуына негіз болып отыр. Осындай жағдайда мемлекеттің демографиялық саясатының іргелі маңызын түсінбей, Қазақстан Республикасының қазіргі және келешекте ары қарай даму жетістіктерін болжау мүмкін емес. Халықтың саны жағынан өзгерістерді зерттеу, халық санының дамуын бақылап, басқаруға мүмкіншілік береді, сонымен қатар мемлекетттік демографиялық саясаттың теориялық және тәжірибелік маңызын арттыруға, оны белсеңдетуге ғылыми негізделген шаралардың кешенін ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы демографиялық мәселелерді тек әлеуметтік және денсаулық сақтау проблемасы ретінде қарап қоймай, оны мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деңгейінде қарастырудың уақыты келгендей.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасындағы демография мен көші-қоны мәселесін  мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан реттеу туралы зерттеулер, ой- пікірлер жүйесі де бұрыннан қалыптасып келе жатыр. Мемлекеттің түсінігі, мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны және мемлекеттің функциясы туралы ойлар, идеялар сонау антикалық және ортағасырлық ойшылдардың еңбектерінде көрініс таба бастаған. Мысалы: Платон, Аристотель, Ш.Л. Монтескье, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо және т.б. Сонымен қатар, К. Маркс, Ф.Энгельс, В.И. Лениннің еңбектерінде сөз етіледі. Бүгінгі таңда мемлекет функциясының мәселелері ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «ХХІ ғасыр табалдырығында» және т.б. еңбектерінде көрініс тапты.

Мемлекет және құқық теориясының жалпы мәселелерін, оның ішінде мемлекеттің функциясын зерттеуші белгілі отандық және шетелдік ғалымдарды атауға болады, отандық ғалымдар: Т. Ағдарбеков, М.Т. Баймаханов, С.З. Зиманов, А.С. Ибраева, З.Ж. Кенжалиев, В.А. Ким, Е.К. Нурпеисов, Н.Ө. Өсеров, С.Н. Сабикенов, Ғ.С. Сапарғалиев, С.С. Сартаев және т.б., шетелдік ғалымдар: С.С. Алексеев, М.И. Байтин, И.Л. Бачило, А.Венгеров, В.И. Ефимов, В.Ц. Киров, В.В. Лазарев, Н.И. Матузов, А.В. Малько, Л.А. Морозова, Б.Б. Надеждин, Н.А. Сахаров, В.Н. Хропанюк, В.А. Четвернин, В.Е. Чиркин және т.б.

Зерттеу жұмысының тақырыбы демография мәселесін қамтығандықтан, Қазақстанда демография мәселесін арнайы зерттеуші ғалымдар легі де қалыптасып үлгерді. Оның ішінде елге танымал демограф-ғалым М.Т. Тәтімовты айтуға болады. М.Тәтімовтың аталған мәселеге қатысты «Дербестігіміз-демографияда», «Қазақ әлемі» және т.б. еңбектері бар.

Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін мемлекет функцияларының қалыптасуы мен дамуы құрайды.

Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәні халық санын реттеу саласындағы  мемлекет функцияларының басты бағыттары болып табылады. 

Зерттеудің негізгі мақсаты – демография мәселесінің реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын жеке функция ретінде бөлуді негіздеу; демография саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметтерінің құқықтық негіздерін ашу.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

— мемлекет функциялары жүйесінен жаңа демографиялық функцияның бөліп шығару;

— Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістерді реттейтін заң актілеріне құқықтық талдау жүргізу;

— демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін ашу;

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Жұмысты жазу барысында жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер: анализ, синтез, диалектикалық, тарихи, құрылымдық-функционалдық, социологиялық, статистикалық және т.б. қолданылды. Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Жұмысты жазу барысында, сонымен қатар, мерзімдік басылымдардағы тақырыпқа қатысты мақалалар пайдаланылып, негізге алынған болатын.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі нәтижелерден көрініс тапты: 

  • қазіргі мемлекет функциялары жүйесінде дербес функция ретінде демография саласындағы мемлекеттің функциясын жеке етіп шығару;
  • демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы ҚР қолданыстағы заңдардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалды;
  • мемлекеттің демографиялық саясатын тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттік органдардың қызметін дамытуға ұсыныстар жасалды;

Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар. Диссертациялық жұмыстың қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдары келесідей:

  • қазіргі кезде демографиялық үрдістер мемлекеттік реттеуді талап етіп отыр. Бүгінгі таңда демографиялық саясатты мемлекеттік реттеудің арнайы объектісі ретінде қарастырудың қажетілігі айқындалуда. Осыған байланысты демография саласындағы мемлекеттің функцияларын жеке функция түрінде бөліп шығаруды және қарастыруды қажет деп есептейміз;
  • демографиялық үрдістер негізінен үш мәселені қамтиды. Олар: туылым, өлім және көші-қоны. Мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігі болып табылатын демографиялық саясатты жүзеге асыру заңдармен реттелуді талап етеді;
  • демографиялық саясатты тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жетілдіру қажет. Сол себептен де Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүзеге асырушы арнайы мемлекеттік орган құру қажет.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

 

1.1 Қазіргі кездегі мемлекеттің мәні және әлеуметтік тағайыны

Кез келген қоғамның саяси негізіне билік мәселесі жатады. Алғашқы қауымдық қоғамда қоғамдық билік болды.

Қоғамның негізгі мәселелері осы қоғамның ересек мүшелерінің жалпы жиналысы арқылы шешілді, ал ерекше дара қасиеттері мен тәжірибесіне байланысты халықпен сайланатын рубасылар, ақсақалдар кеңесі күнделікті мәселелерді шешті. Билік пен халық біртұтас болды.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық негізін – қоғамдық меншікке негізделген өндірістік қатынастар құрайды. Өндіргіш күштердің даму дәрежесінің өте төмендігінен жеке меншік болмады және адам өзін-өзі күн көрісіне қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ете алмады. Сондықтан адамдар бірігіп еңбек етті. Бұндай жағдайларда мүліктің теңсіздігінің өзгенің еңбегін эксплуатацияның болуы мүмкін емес еді.

  Қоғамда белгілі бір дәрежеде тұрақты өндірістік қатынастарға қарағанда өндіргіш күштер әрдайым дамып отырады.

  Өндіргіш күштердің дамуына үлкен әсер ететін факторға еңбектің қоғамдық бөлінісіне ерекше тоқтала кеткен жөн. Себебі мемлекеттің пайда болуы үш ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты.

  Біріншіден, — қоғамдық еңбек бөлінісі – бұл егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі. Жануарларды қолға үйрету нәтижесінде, ал кейін оларды өсіру арқылы малшы тайпалар жабайылардың басқа тобынан бөлініп шықты.

  Екіншіден, — қоғамдық еңбек бөлінісі – бұл егіншіліктен қол өнердің бөлінуі. Оның нәтижесінде адамның жұмыс күшінің құндылығы артты.

  Үшіншіден,- ірі қоғамдық еңбек бөлінісі, саудагерлердің пайда болуымен байланысты. Өздері өндіріспен айналыспайтынына қарамастан тұтынушыларды өздеріне тәуелді еткен тап бірінші рет пайда болды.

  Еңбек өнімділігінің артуының нәтижесінде, адамдар өздерінің қажеттіліктерін артық өнім, яғни қосымша өнім өндіре бастады. Рубасы, ақсақалдар кеңесі өзінің дәрежесін пайдаланып, қосымша өнімді иеленді. Нәтижесінде жеке меншік және топтар пайда болды.

  Бұл факторлар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына алып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы барысында мемлекет қалыптасады.

Заң ғылымындағы ең бір өзекті мәселенің бірі болып мемлекеттік биліктің мәселелері, тұтастай мемлекеттің өзі табылады. Мемлекеттің мәніне қатысты түрлі көзқарастар, доктриналар, теориялар мен тұжырымдымалар бар екені белгілі. Олардың барлығына ортақ пікір: мемлекеттік дербестікке, егемендікке, тәуелсіздікке ие саяси институт, саяси ұйым болып табылады. Мемлекет қоғамның жетілуінің нәтижесі болып табылады.

Көне гректерде мемлекет ұғымы барлық азаматтардың ақыл-ойы және адамгершілік қажеттерін орнықтырып, қажетін өтейтін ұғым деп қабылданған.

Егер саяси пікірдің классиктерінің идеяларына жүгінер болсақ, онда саяси теорияның негізін қалаушы Аристотельдің көзқарастары үлкен қызығушылық тудырады. Аристотельдің пікірінше мемлекет – бұл адамдардың белгілі бір әдістермен өзара ықпалдасатын және араласатын көпшілігі болып табылады.        Аристотель мемлекетті өмірдің қажеттіктері үшін пайда болған ерекше түрдегі ұжымдық ретінде қабылдайды. Ол «Саясаткерлер» деген өз еңбегінде мұндай ұжымдықты адамдардың кейбір жиынтығы ретінде емес, одақты, азаматтардың – еркін және тең адамдардың ассоциациясын қарастырды. Аристотельдің көзімен қарағанда азаматтар – бір мемлекеттің қауымдастары. Аристотель мемлекеттілікті қандай да бір бетке ұстар зат ретінде бақылағанда, оның бейнесі туралы өзіндік әсерін ол «мемлекетті – азаматтардың жиынтығы» деп түйіндеді [4, с. 452].

  Аристотель мемлекеттегі билікті ақымақтықпен пайдалану фактілерін қарастырады, оның дұрыс және дұрыс емес нысандарын бөліп көрсетеді. Дұрыс емес деп саналатын, сорақы нысанның өзі – тирания нысаны – мемлекетті позитивтік социомәдени мағынасынан айырмайды.     Аристотельдің осы пікірін жалғастырған Цицерон болды. Аристотельмен Цицеронның ойлар мемлекетті саяси ұйымдасқан және белсеңді халық бейнесінде көру ұғымында жақын болып келеді. «Мемлекет туралы» диалогында халық бір-бірімен «құқық мәселелерінде келісушіліктермен және мүдделерінің ортақтығымен» байланысқан адамдардың (азаматтардың) бірлесуі ретінде анықталған [5, с. 20].

 Цицеронның пікірі бойынша мемлекет дегеніміз адамдардың одағы, яғни ортақ құқық және ортақ пайда беретін, осы тұрғыдан біріккен одақ деп таниды. 

  Қазіргі мемлекет көпқырлы болғандықтан оның түсінігін, рөлі мен әлеуметтік тағайынын талдау қажет. Белгілі ғалымдардың ой- пікірлеріне назар аударайық

  ҚР ҰҒА академигі М.Т.Баймаханов мемлекет және құқық теориясының кейбір әдістемелік мәселелерін қайта қарау қажеттігін ой елегінен өткізе отырып, былай дейді: Мемлекет және құқықтың отандық теориясы ғылыми білімнің мазмұны мен құрылымын түбегейлі қайта қараудың, ары қарай даму бағытын таңдаудың алдында тұр. Бүгінде ол жаңа стратегия мен тактиканы белсенді түрде іздеу мен өңдеу, терең толғану кезеңінде тұр. Бұрыңғы кейбір жеке постулаттар ғылыми шығармашылықты тежейтін жарамсыз көзқарастар ретінде мәнін жойса, келесі бірі оң тұстарын сақтай отырып толығымен немесе ішінара қайта ойластырылуда. Осының негізінде ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибесіне жақын болатын, оған тиімді әсер ете алатын, толық шамада өзінің шығармашылық потенциалын аша алатын жаңа қырлары қалыптасады. Осындай мақсаттарға жету оның әдістемелік негіздерінің сенімді жағдайы тұсында ғана мүмкін болады [6, с. 127]. 

  Қазақстандық ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Қопабаевтың ойларынша «мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс-жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі» [7, 17 б.].

  Қазақстандық  ғалым Т. Ағдарбековтың пікіріне сүйенсек: «мемлекет – тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады. Мемлекет – саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айрықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші» [8, 47 б.].      

  Ресейлік ғалым П.Л.Белковтың көзқарасы бойынша мемлекет көпқұрылымды, көпфункционалды, ал ол өз кезегінде оның түсінігінің кең көлемін ұсыну үшін негіз береді. Ең құрымаса оның азымаз шамасын түзіп беру мүмкін емес. Скептиктер «ғылымда, ең құрымаса операционалдық деңгейде де мемлекеттік анықтамасы болмайтындығын» дәлелдейді [9, с. 175].  

   Қазіргі мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны бүгінгі күні өзекті болып табылады. Мемлекет әрқашанда тарихи түрде дамып отырады, оның функциялары да өзгеріске ұшырап жатады. Қазіргі мемлекетті түсіну үшін ХVI-XVIII ғасырларда Батыс еуропада пайда болған саяси көзқарастарға тоқталайық. Нақ осы кезеңде мемлекеттілікті әртүрлі түсінудің бастамасы қаланды.

Томас Гоббстың пікірінше мемлекет – барлық адамдарды қорқынышта ұстауға, олардың әрекетін жалпы игілікке бағыттауға, осылайша социумды ретке келтіруге қабілетті жалпы билік. Оны барлық шексіз құқықтар мен күшті бір адамның немесе адамдардың қандай да бір жиналысының бойына жинақтау арқылы ғана құруға болады. Егер мұндай жағдай жасалса, онда көптеген адамдарды бір адамға біріктіретін мұндай үлгіні мемлекет деп атауға болады [10, с. 133].

Еуропалық ортағасырлық дәуірде бірқатар ойшылдар мемлекеттің мәнін ашуға тырысқан. Солардың біреу Фома Аквинский болып табылады. Фома Аквинский Аристотельдің көзқарасын былай дамытты: «мемлекет … табиғаты бойынша әрбір адамға бағыт береді». Бұл заңды да, себебі қажет болған жағдайда тұтас қандай да бір бөлікке түрткі болады. Фома үшін де мемлекет қол өнершілермен, жер өңдеушілермен, солдаттармен, саясаткерлермен және қауымдастықтың өзге де мүшелерімен құрылатын саяси қауымдастық. Тек олардың барлығы өз жиынтығында ғана осындай қауымдықты құрайды. Нақ осы белгі арқылы Фома мемлекетті белгіледі: «Қала-мемлекет жетілген қауымдық болып табылады» [11, с. 235].

Мемлекеттің арықарай дамуын тануда Жаңа заманның ірі саяси ойшылдары үлкен үлес қосты. Олар мемлекетті қоғамның өзіне тең көлемді саяси қауымдастық ретінде ұғынудың арықарай дамытты. Соның ішінде, Гуго Гроцийді атауға болады. Ол «Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы үш кітап» шығармасында мемлекетті «құқықтарды сақтау мен жалпы пайда үшін жасалынған еркін адамдардың жетілген одағы» мемлекетті «өзіндік заңдары, соттары мен лауазымды тұлғалары бар» қоғамдық тұтастық түрі ретінде қарастырған [12, с. 74].

Осы көзқарасты Джон Локкта өз еңбектерінде дамытты. Ол «Басқару туралы екі трактат» еңбегінде өзінің көзқарасын нақты баяндайды: «Мемлекет деп мен әр кезде демократияны  немесе басқарудың қандай да бір өзге нысанын түсінбеймін, алайда латындықтар «civitas» сөзімен белгілеген кез-келген тәуелсіз қауымдастыққа біздің тілде «мемлекет» (сommonwealth) сөзі неғұрлым сай келеді, ол адамдардың осындай қауымдастығын анықтайтын ұғымды неғұрлым нақты байқатады [13, с. 338].

Бұл көзқарастарды өз еңбектерінде И. Кантта дамытады. «Ғұмырлық әлемге» атты философиялық жобасында И. Кант келесідей ой білдіреді: «Мемлекет өзі орналасқан жер секілді мүлік болып табылмайды. Мемлекет – бұл өзін-өзі басқаратын әрі өзіне-өзі иелік ететін адамдардың қауымы» [14, с. 290].

Неміс ойшылы Ф.Гегель мемлекетті жай ғана игілік, құндылық ретінде емес, одан да жоғары болатын құбылыс ретінде қарастырады. Гегель үшін – мемлекет “Құдайдың әлемде салтанат құруы”, “жердегі құдайдың берген тіршілігі”, “жалпыға бірдей және объективтік еркіндік”, “нақты еркіндіктің болмысы (шынайылығы)” және т.с.с. [15, с. 284].

Француз ойшылы Ш. Монтескьенің “Заңдардың рухы” еңбегіне назар аударалық. Онда Ш. Монтескье былай деп пікір білдіреді: “Егер мен адамдардың кез-келген елде, кез-келген үкімет тұсында өздерін неғұрлым бақытты сезінуі үшін, өз міндеттерін, өз патшаларын, өз отанын және өздерінің заңдарын жақсы көрулері үшін жаңа негіздер алуын мүмкін ете алсам мен өзімді көптің ішіндегі ең бақыттысымын деп санар едім”. [16, с. 160].

Жоғарыда келтірілген көзқарастарға қысқаша талдау жасау келесідей пікірді қалыптастырады: саяси ой-пікірлердің классиктері мемлекет деп саяси қауымдастықты емес, мүдделерінің ортақтығымен, еркін түрде ерік білдірулерімен біріккен “адамдар одағын” ұғынады. Сондықтан олар үшін мемлекет осы саяси қауымдастықтан тыс болатын қандай да бір институттардың, адамдар тобының кешені болған жоқ.

Мемлекет туралы көзқарастардың ішінде ең жақыны, әрі шынайы түсінік беретін марксистік түсініктер ерекше назар бөлуді қажет етеді. Сонымен, Карл Маркс пен Фридрих Энгельс үшін мемлекет – бұл бір таптың келесі тапты басып жаншуы үшін арналған машина [17, с. 203]. Маркстің көзқарасы бойынша мемлекет – бұл қоғамнан жоғары тұратын орган [17, с. 22]. 

Ф.Энгельстің ойынша жария билік, мемлекет – оны (заңдарды) сақтау тапсырылатын органдар [17, с. 203].

В.И.Ленин өзінің “Мемлекет және революция” атты белгілі еңбегінде “мемлекеттің мәні оның бір таптың мүддесін келесілердің мүддесіне зиян келтіре отырып қамтамасыз ету қасиетінде байқалады. Мемлекет бір таптың келесі тапты басып жаншуы үшін арналған машина. Мемлекет – бұл өзінің қарсыластарын басып жаншу мақсатында үстемдік етуші таппен құрылатын биліктің арнайы ұйымы”, — деп жазды [18, с. 34].

Қазақстандық ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраеваның пікірінше Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны деп көрсетеді. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз. Мемлекет дегеніміз — адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет [19, 33-34б.]

ХХ-ғасырдың ортасында қоғамның барлық мүшелеріне ортақ әлеуметтік игіліктерді заңдастыру мемлекеттің басты мақсат етіп қоятын бірнеше теориялар пайда болды (плюралистік демократия, құқықтық мемлекет және т.б.).

Қоғам дамуының деңгейіне тән объективті жағдайлардың өзгерсе, мемлекеттің әлеуметтік тағайыны да өзгереді.

Бүгінгі мемлекет өз халқының әлеуметтік қамсыздандырылуына ықпал ететін, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін, заңның үстемділігін танитын, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығын көрсететін саяси ұйымға айналып отыр. Қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған қазіргі мемлекеттің мәні бүкіл қоғамның пікірін ескеруді, әлеуметтік қайшылықтардың болмауын, азаматтық қоғамның қалыптасуын мақсат етіп отыр. Мемлекет дами келе қоғам мен жеке тұлғаның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырушы билікке айналды. Соның нәтижесінде мемлекет қоғамға қызмет етуші ұйым ретінде дамыды. Қоғам өміріндегі жеке тұлғаның бостандығы, теңдігі, демократизмнің және әлеуметтік әділеттіліктің пайда болуы мен дамуы тереңдетілді. Бұл оның бүкіл қоғамның мүддесін қамтамасыз ететін жалпы әлеуметтік мәнін көрсетеді.

 

1.2 Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері

 

Латын тілінен аударғанда функция — «function» — орындау, жасау дегенді білдіреді. Философия сөздіктерінде функция – бұл екі топтың не объектінің қатынасы арқылы біреуінің қозғалуы, екіншісінің қозғалуына әкеліп соқтыратын, белгілі бір қатынас жүйесінде объектінің сыртқы көрінісін айқындайтын түсінік [20, с. 556].

Бір ғалымдар мемлекеттің функцияларын мемлекет қызметінің нысандары деп анықтама береді. Мысалы, В.С. Нерсесянц мемлекетті тірі ағза етіп, ал оның функцияларын мемлекеттің тіршілік ету нысандары ретінде қарастырады [21, С. 256-257], ал екіншілері, мемлекет функцияларын мемлекеттің қоғамды басқарудағы негізгі бағыттары мен мазмұнын анықтайтын, қоғамдық қатынастар мен үрдістерге мемлекеттік ықпал етудің ерекше механизмі деп пікір айтады. Үшіншілері, мемлекет функцияларын мемлекеттің пәндік-саяси сипаттамасы деп  қарастырады. Төртіншілері, мемлекет функцияларын мемлекет қызметінің негізгі бағыттары деп көрсетеді. Осы анықтаманы қолдайтын қазақстандық ғалым, академик М.Т. Баймаханов мемлекеттің функцияларын қоғам өмірінің әр түрлі аясындағы мемлекет қызметінің негізгі бағыттары деп тұжырымдайды. Оның ойынша егер мемлекет функцияларының түсінігі мемлекет қызметінің нысандары деп қарастырылса, онда ол тек заң шығарушылық, басқарушылық, әділ сот және бақылаушылық қызметтерін ғана қамтиды дейді [22, с. 83].

Cоциалистік мемлекеттің қызметін анықтау үшін, оның социализмді құру бағытындағы негізгі құрал ретіндегі ролін анықтау үшін, қанаушы тапты езу үшін, халық шаруашылығын ұйымдастыру үшін, ұлт-азаттық қозғалысты қолдау үшін кеңінен қолданылды. Қазіргі таңда мемлекет және құқық теориясының даму барысынды мемлекет қызметіне функционалдық бағыт сақталған, бірақ оның мәні толықсынып, тереңдетілген, таптық көзқарастар жойылып, мемлекеттің таптық мәні, әлеуметтік тағайыны және функциясы да өзгерді. Функционалдық бағыт әр түрлі типтегі мемлекеттердің пайда болуының тарихи үрдісінің дамуын, ауыстырылуын зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей мемлекеттің функциясы бір жерде тұрмайды, олар әрқашанда жылжымалы сипатта болады, әрі олар үнемі қозғалыста болып өзгеріп отырады.  Мемлекеттің функциясы әртүрлі тарихи типтерде қалыптасуына қарамастан өзіне тән ерекшеліктермен, заңдылықтармен дамиды.

 Мемлекеттің функциясы түсінігіне қазіргі ғалымдар әр түрлі тұрғыдан қарастырады. Мысалы, А.Ф. Черданцевтың ойы бойынша  «мемлекеттің функциясы қоғамнан туындайтын объективтік сипатта болады». Ал заң шығарушы, атқарушы және сот функцияларын мемлекеттің функциясына жатқызуға болмайды, керісінше олар мемлекеттің жеке органдарының қызметінің нысандары болып табылады [23, с. 111].

Қазақстандық ғалым, академик М.Т. Баймахановтың ойы бойынша мемлекеттің әрбір қызметі мемлекеттің функциясы бола бермейді, тек мемлекет қызметінің ең басты бағыттары ғана мемлекет функциясы бола алады, мемлекет функциясынан мемлекеттің мәні шығады [6, с. 252].

Л.И. Морозованың  пікірі де осындай. Оның ойынша мемлекет функциясы – нақты тарихи кезеңдегі мемлекет қызметінің негізгі әлеуметтік маңызды бағыттары болып табылады [24, с. 33].

  Мемлекеттің функциясы туралы мәселе — мемлекеттің қызмет етуі мәселесімен бара-бар келеді. Мемлекеттің қызмет етуі  мемлекет қызметінің түрлерін қамтыса, ал мемлекеттің функциясы – ол мемлекетің кейбір қызметтерін ғана қамтиды. Қандай да бір қызметті мемлекеттің функциясы деп есептеу үшін кейбір критерияларды есепке алу қажет. М.Т. Баймахановтың ойы бойынша ол критериилер екеу:  біріншіден, мемлекеттің жеке функцияларын қалыптастыру үшін, бастапқыда оның қызметінің мына түрлері алынады:

— мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша;

— тұрақты, мемлекеттік құрылымға сәйкес орындалатын;

— жеке бағыт ретінде қалыптасқан немесе басқа бағыттардан бөлініп шыққан, олармен бірге ешқандай бірлігі жоқ;

Қазақстандық ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраеваның ойынша мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қасаң құбылыс емес, қайта олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді. Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі — өңдіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады [19, 42б.]. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қалай да болса шаруашылықты ұйымдастыру және реттеумен шүғылданады. Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу функциясы болады. Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Осы заманғы мемлекеттердің бәрінде де ең маңызды қызметтер экологиялық қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп атап көрсетуіміздің себебі адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету әрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр. [ 19, 43-44б.].

  Мемлекет функциясының субъектілігі туралы М.Т. Баймахановтың пікірінше екі деңгейдегі шешімге ие: біріншіден, жалпы субъект – әрбір функцияның субъектісі толығымен мемлекет болады; екіншіден, нақты субъект — функцияның субъектісі мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Мемлекеттің функциясын жүзеге асыруға барлығы қамтылған, немесе кем дегенде көптеген мемлекеттік органдар тартылған. Мемлекеттік органдардың жеке функцияларды жүзеге асыруы бірдей емес. Мемлекет функциясын орындау үшін сәйкес органдарға міндеттер жүктеу арқылы, оларға өкілеттіліктер беріледі. Мемлекеттің функциясының мақсаты мен міндеті мемлекет функциясының компоненті болып табылады. Бұл мақсаттар мен міндеттер жалпы мемлекеттік талаптарға сәйкес келеді. Мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін ашуды мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру нысандары мен тәсілдеріне талдау жасау арқылы жүргізу қажет. Соңғылары әртүрлі позицияда қарастырылады – заңи, социологиялық, саясаттанушылық, нақты басқарушылық. Заңи позиция бойынша мемлекеттің функцияларын жүзеге асырудың құқықтық және құқықтық емес нысандары мен тәсілдерін бөліп көрсетуге болады. Құқықтық тәсілдерге келесілер жатады: заң шығарушылық, мемлекеттік басқару, әділсот және мемлекеттік бақылау. Бұл конституцияға қайшы келетін құқықтық емес заңдар ережелері, басқару актілері немесе әділ емес сот шешімдері қабылданбайды дегенді білдірмейді. Әлемнің барлық дерлік мемлекеттерінде қолданымдағы заңнамаға тәкелей қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жағдайлары кездесіп отырады. «Құқықтық тәсілдер» терминін қолдану бұл тәсілдердің құқықтық болып табылатындығын білдіреді, себебі олардың пайдаланылуы нақты бүге-шігесіне дейін құқықпен реттелген және мемлекеттік биліктің әртүрлі тармақтарының ерекшеліктеріне байланысты болады. [25, с. 5].

Мемлекеттің тұрақтылығының, оның орнықты қызмет етуінің шарты болып тұтастай бүкіл қоғамның атынан өкілдік ету және оны дамыту  табылады. Бүкіл қоғамның жоғарғы өкілдігі функциясын жүзеге асырмай және оның бірігуін қамтамасыз етпей, мемлекеттің мәні жоққа шығарылады, мемлекеттің механизмі бірыңғай жүйе ретінде қызмет етуін тоқтатады. Өзінің функцияларының көмегімен мемлекет, қоғамның пісіп –жетілген қажеттіктерін қанағаттандыруы, ұзақ мерзімдік негізде объективтік түрде қалыптасқан көптеген міндеттер мен мақсаттарды орындауы тиіс.

Заң ғылымында орын алған мемлекеттің функцияларын топтастырудың көп түрінің болуы, осы күрделі құбылысқа деген сан алуан критериилер мен жолдардың болуымен түсіндіріледі.

Орыс ғалымы М.И.Байтин мемлекеттің негізгі функцияларына тән бірнеше жалпы нышандарды көрсетеді. Біріншіден, оларда неғұрлым мемлекеттің таптық және жалпыадамзаттық мәні, оның әлеуметтік тағайымы байқалады. Екіншіден, әдетте осы үшін арналған арнайы органдармен (мысалы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б.) жүзеге асырылатын көптеген мемлекеттік функцияларға қарағанда негізгі функциялар мемлекеттің қызметіне тұтастай кіреді, түрлі шамада болса да мемлекеттік аппараттың барлық немесе көптеген буындарымен орындалады. Үшіншіден, өзінің мазмұны мен құрылымы тұрғысынан негізгі функция кешенді, жинақтаушы сипатта болады, жүйелі талдауды қажет етеді. Ол мемлекеттің ішкі немесе сыртқы қызметінің шешуші, басты бағыттарының біріне мемлекеттің  күшін жинақтауды байқатады. Оның объектісі болып ұқсастыққа ие болатын, әлеуметтік өмірдің қандай да белгілі бір үлкен саласындағы қоғамдық қатынастардың кең көлемі табылады [26, с.133]. 

Н.В.Черноголовкин мемлекеттің функцияларын негізгі және негізгі емес деп бөледі. Мемлекеттің функциясын осылай бөлуді ол өзінің «Социалистік мемлекеттің функциясы теориясы» атты ғылыми еңбегінде жүзеге асырды. Ол: «Мәдени-тәрбиелеушілік функцияның шегінде социалистік мемлекеттің халықтық ағарту, жоғары білім беру, мәдениет, спорт т.б. салалардағы қызметі бөлініп шығуы мүмкін», — жазады. Соңғылары Н.В.Черноголовкиннің пікірі бойынша мемлекеттің негізгі емес функциясы болып табылады [27, с.116-117 ]. 

Заң ғылымында орын алған мемлекеттің функцияларын топтастырудың көп түрінің болуы, осы күрделі құбылысқа деген сан алуан критериилер мен жолдардың болуымен түсіндіріледі. Жалпы ғылымда көптеген ғалымдар мемлекеттің функцияларын қоғам өмірінің әртүрлі салаларына байланысты ішкі және сыртқы, әрекет ету уақыты бойынша мемлекеттің функциясы тұрақты және уақытша етіп бөледі. 

Бүгінгі таңда мемлекеттің басты қызметтерінің бірі – адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл дамыған демократиялық мемлекеттің негізгі белгісі болып табылады.

Қазіргі кезде көп құқықтанушылардың ойлары бойынша бүгінгі заман мемлекеттері үшін ішкі қызметтің белгілері мынадай болып келеді: экономикалық және әлеуметтік қызметі; ғылым мен білімді дамыту қызметі; салық салу және салық жинау қызметі; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметі; экологиялық қызмет; құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі; меншік нысандарын қорғау қызметі. Сыртқы қатынастарда мынадай қызмет түрлері бар: әлемдік экономикалық ынтымақтастық; елді қорғау; әлемдік құқықтық тәртіпті ұстану; қазіргі заманның келелі мәселелерін шешуде басқа мемлекеттермен қатынасқа түсу (демографиялық, экологиялық, энергетикалық, терроризммен күресу және т.б.) қызметтері болып келеді.

Қазақстандық ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраеваның ойынша қазіргі замандағы мемлекет қызметінің дамуының негізгі бағыты – олардың өзара өзгеруінде. Мемлекет функциясының даму барысында әрбір қызметтің ауқымы, көлемі бірде көбейеді, бірде қысқартылады. Сонымен қатар оның сипаты, құрылымы, жүзеге асыру нысаны мен тәсілі, нақты бағыттылығы да өзгеріп отырады. Қандай қоғам болса да ғылымсыз, білімсіз, мәдениетсіз өркендеп, дами алмайды. Бұл салада да мемлекет зор қызмет атқаруы керек. Оларды мемлекет қаржыландырып, жұмысын реттеп, басқарып, бағыт беріп отырады. Демек, мемлекеттің ғылымды, білім беруді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы болады. Аталғандар мемлекеттің ішкі функциясына жатады. Мемлекет басқа мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының түтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін-өзі қорғау функциясы деп аталады. Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси, құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда болуға талпынады [19, 44б.].

Біз мемлекеттің функцияларын ішкі және сыртқы деп бөлінуі формальді болып келетіндігіне сенеміз, себебі олар өзара тығыз, ал кейбір кезде ажырамас байланыста және біртұтас ынымақтастықта болады. Мемлекеттің көптеген ішкі функциялары сыртқы сипатты иеленуі мүмкін, сол сияқты сыртқы функциялары да ішкі сипатты иеленуі мүмкін. Осының бір анық көрінісі ол ғаламдық демографиялық проблемалар. Оның ғаламдық деңгейге көшуі мемлекеттердің бірлігін талап етіп отыр. Мемлекеттің басты байлығы халық, оның саны мен құрамы дей отырып, қазіргі таңда мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын қамтып отырған демографияны реттеп, шешу үшін мемлекеттің демография саласындағы жаңа функциясын енгізу қажеттілігі туындап отыр.

 

1.3 Демографиялық үрдістердің мемлекет функциясының объектісі ретіндегі теориялық мәселелері

 

         Демографияның ғылым ретінде пайда болуы мен даму заңдылықтары зерттеуші ғалымдардың пікірінше қазіргі кездегі халық санының пайда болуы мен қалыптасу тарихын зерттеу ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды.

          Б.э.д. V ғасырда ежелгі Қытай философы Конфуций алғаш рет жердің саны мен халық санының ұтымдылығы мәселесі туралы айтқан.

 Ежелгі дүниенің философтары Платон мен Аристотель өз еңбектерінде халықтың санын реттеумен байланысты мәселелерді зерттеген. Платонның ойы бойынша мемлекеттердегі тұрғындар санының өсуін колониялар құру арқылы ғана реттеуге болады деген, ал Аристотель болса өзінің «Саясат» деген еңбегінде халықтың белгілі бір деңгейін ұстап тұру үшін әр түрлі қатал шараларды қолдану керектігін айтады [28, с. 18].

Ол халық санын реттеп отыруды қажет деп тапты, оның асып кетпеуіне жол бермеуді ұсынды, жаңа туылған сәбилерді өлтіру туралы заң арқылы халық санын мемлекет пен құқық пен реттеп отырды. Ол былай деген: «Заң жаңа тұған сәбилердің қайсысын сақтап қалу керек және қайсысын өлтіру керектігін анықтауы қажет; мемлекет құбыжық немесе белгілі бір мүшесі жоқ балаларды тәрбиелемеуі қажет. Егер халықтың ұдайы өсуін тоқтату қажеттілігі  туындаса, онда басқарушылар әр отбасыда бала болудың белгілі бір санын көрсетуі керек, егер адам саны көбейіп, өз шегінен асып кетсе жүкті әйел өз құрсағындағы баланы оған жан келмей тұрып өлтіруі қажет». Аристотель еркектердің неке жасын – 37 жас деп белгілейді [28, с. 19].

«Демография» ғылымының атасы болып ағылшын ғалымы Джон Граунт (1620-1674) табылады. Ол 1662 жылы «Өлім туралы бюллетендерді табиғи және саяси бақылау» атты еңбегінде демография саласының барлық бөліктері қарастырылған. Д. Граунт халықтың санын, оның жыныстық, жастық құрамын, отбасылық жағдайын, туылым мен өлімді, халықтың өсуін, әйелдердің тууға бейімділігін, жыныстық-жастық өлімді, оның салдарларын, сонымен қатар, қоршаған ортамен өзара байланысын, өлім кестелерін, көші-қон мәселелерін талдаған. Соның нәтижесінде ол келесідей қорытындыға келеді: еркектердің саны әйелдердің санына теңестіре отырып, ер балалар мен қыз балалардың сандарын теңестіреді.

ХVIII ғасырда Ресейде демографиялық мәселемен айналысқан ғалымдар Л. Эйллер, Д. Бернулли, С.Г. Забелин, Л.Ю. Крафт, И.Ф. Герман және т.б. болды [28, с.14]. Халық теориясы мәселесімен айналысқан ғалымдардың бірі М.В. Ломоносов болған. Ол өзінің графтардың бірі И.И. Шуваловқа «ресей халқын сақтап қалу және көбейту туралы» жазған хатында (1761ж). Ресей үшін халық санының және оның көбеюінің үлкен маңызы бар екендігін айтады, сонымен қатар, ол мемлекеттің барлық құдыреті, күші және байлығы болып халық екенін ескерткен.

Демография термині әр түрлі мағынада қолданылады. Сөздіктерде демографияны бір жағынан халықтың құрамы және оның өзгеруі туралы ғылым деп түсінік берілсе, екінші жағынан демография халықтың саны, құрамы, орналасуы мен өзгеру көрсеткіштері ретінде қарастырылады          Келесі бір сөздіктерде демографияны халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистиканың саласы деп түсіндіріледі.

Белгілі қазақстандық ғалым, демограф М.Т. Тәтімов «демография халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді»- деп көрсетеді [29, 11 б.]. Демография ғылымының зерттеу пәні ол халық, халық саны. Халықтың табиғи өсімі, ұрпақтардың ауысуы, халықтың өсімі сипаты, туылым мен өлім деңгейінің өзгеруі, некелік, отбасылық, жыныстық-жастық құрылымдар, урбанизация, көші-қоны демографиялық үрдістер болып табылады. Демографиялық үрдістер қоғам дамуының барлық жақтарымен өзара байланыста болады. Бұл үрдістер қоғам өміріне тәуелді әрі оған ықпал етеді. Осы себептен де демографиялық даму мәселелері тек ғылыми зерттеу объектісі ғана болмай, сонымен қатар, әр түрлі бағдарламаларда көрініс табуы қажет.

Әрбір мемлекет өз халқының саны мен құрамы туралы мәліметтерге мұқтаж.

   Заманның талабына сәйкес демографиялық проблемалар алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің басты проблемасына айнала бастады. Адами ресурстар (еңбек, көші-қоны), туылым көрсеткіштері мен өлім деңгейі қазіргі мемлекеттердің дамуына ықпал ете бастады. Мемлекеттің демографиялық үрдістерді реттеудегі ролі күшейді. Ендігі ретте мемлекеттің әлеуметтік функциясының көлеңкесінде қалған демографиялық мәселелерді жеке мемлекеттің функциясы етіп қарастыратын кез келді. Біздің ойымызша, халық саны процесін басқару және тиімді демографиялық саясат жасау мемлекеттің міндеті.   

  Мемлекеттің бұл функциясы елдің демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар, мемлекет демографиялық сараптамалар жүргізу арқылы туылымды, өлімді, көші-қонды қатаң бақылауға алуы қажет, сонымен бірге аталған функция неке мен отбасы, ана мен баланың жағдайын көтермелеуге бағытталған қызметтерді қамтуы тиіс.      

Аталған мәселе елімізде мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында бұрын соңды болмаған демографиялық қауіпсіздік ұғымын енгізуге мүмкіншілік жасайды.

Жалпылама анықтамаларға сәйкес демографиялық қауіпсіздік деп сыртқы факторлардың әсерінсіз халықтың ұдайы өсуімен мемлекеттік геосаясаттық мүдделерін адами ресурстармен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын демографиялық үрдістердің жағдайын айтамыз. Демографиялық қауіпсіздік — ол жастық — жыныстық, этикалық көрсеткіштеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сай келетін мемлекеттің біртұтастығын, тәуелсіздігін, егеменділігін сақтауды қамтамасыз ететін популяциялық қызмет етуі мен дамуы болып табылады.

Демографиялық қауіпсіздіктің ішкі жағы өмір сүруге ұмтылыс, қырылып өліп қалу, өзін-өзі сақтау, жеткілікті түрде халықтың өсіп-өнуі, демографиялық дамуы, демографиялық дағдарыс, депопуляция сияқты және т.б. анықтамалардан көрініс табады. Бұл жерде ең негізгі қауіптісі созылмалы және терең депопуляция нәтижесіндегі қырылып өлу шығар. Ал көші-қоны үрдісі болса, популяцияның сақталуына емес, этносоциалды түрде өзгеруіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайда белгілі бір уақыттан кейін елдің халқы, этикалық және генетикалық тұрғыдан түбегейлі өзгере бастайды.

Демографиялық қауіпсіздіктің сыртқы жағы мемлекеттің аумағының халықпен қамтылуы, оның шекарасының қорғалуы, қауіпсіздік ыңғайымен қолдау, экономиканы жеке өзінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету және т.б. сияқты адами (көшіп-қону, еңбек) ресурстардың жиынтықтарын қалыптастырудан тұрады. Сондықтанда, ұлттық қауіпсіздікті барлық оның бағыттары бойынша қамтамасыз ету үшін демографиялық фактор бар жағынан жеткілікті болуы қажет.

    Демографиялық үрдістердің мемлекет қауіпсіздігіне әсері өте күшті. ХХI ғасырда Қазақстанның мемлекеттілігін сақтап қалу үшін демографиялық фактор шешуші болып отыр. Оның маңыздылығының үш бағыты бар:

—  Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

— елдің аумақтық біртұтастығын және егеменділігі мен тәуелсіздігін сақтау;

—  Қазақстан Республикасының геосаясаттын нығайту.

Демография саласындағы мемлекеттің функциясы келесідей қызметтердің атқарылуын қамтуы қажет:

  • елде әрбір он жыл сайын халық санағы өтеді. Ол мемлекеттің барлық қызметтерін атқаруда негізгі мәселе болып табылады;
  • мемлекет өзінің демографиялық мәселелерін реттеуде алдыңғы өткен тарихи демографиялық үрдістерді реттеудің нәтижелерін қазіргі таңдағы демографиялық үрдістерді мемлекеттік құқықтық реттеу әдістерін салыстыруы қажет, соның нәтижесінде қандай құқықтық олқылықтар мен қандай құқықтық жетістіктерге жеткендігін саралауы тиіс;
  • халық санының өсіп-өнуі мемлекетіміздің заңнамаларының жетілдірілуі арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекет әлеуметтік, демографиялық үрдістерді реттейтін заңдарды жинақтауы қажет. Мысалы, демографиялық сараптама жүргізу туралы заңнамалар қабылдануы тиіс. Мемлекетіміз әлемдік стандарттарға сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалуы туралы әр түрлі бағдарламаларды қабылдау қажет. Аталған бағдарламалар ұзақ уақытты қамтуы керек. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттарды да негізге алу қажет;
  • мемлекет өзінің әлеуметтік – демографиялық үрдістерді реттеуде нақты функцияларын анықтауы қажет. Соның нәтижесінде нақты демографиялық үрдістерді жүзеге асыруда мемлекеттік билік органдарының құрылымдары мен қызметтерін жетілдіруі керек. Мемлекеттік билік органдарында еліміздің демографиялық мәселелерімен айналысатын білікті мамандар кадрларын жетілдіру керек.

Мемлекеттік демографиялық саясаттың дамуына үлес қосқан 17 тамыз 2000 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік демографиялық саясаттың даму тұжырымдамасы туралы» қаулысын [30], сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2015 жылдарына арналған көші-қоны саясаты тұжырымдамасы туралы қаулылары болып табылады [31]. Көші-қоны саясаты тұжырымдамасы екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең 2007-2010 жылдарға, ал екінші кезең 2010-2015 жылдарға арналған.

Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің әлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, әлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін және басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.

Жалпы айтқанда еліміздің демографиялық саясаты бар бірқатар демографиялық үрдістерді реттейтін заңнамаларымызда бар, енді қалып тұрғаны оны жүзеге асыру.

Жаһандану кезеңінде мемлекеттің ең басты функцияларының бірі өз азаматтарын әлеуметтік қорғау болып табылады. Демографиялық мәселе әлеуметтік мәселемен тығыз байланысты, сол себептен де мемлекеттің өз тарапынан әлеуметтік мәселелерді де шешу қажет. Оларға: халықтың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығы, халықтың жұмыспен қамтылуы, тіршілік деңгейі мен кедейшілік, білім беру және денсаулықты сақтау және т.б. жатады.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы мемлекеттің дамуындағы ең негізгі көрсеткіштердің бірі. Халықтың өмір сүру ұзақтығына халықтың өмірі мен денсаулығы жатады.

 

 

 

 

 

    2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

 

     2.1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің қалыптасуы және оның құықтық реттелуі

 

Қазақстанда халық санағы ХV –ғасырдан бас алады. Қағанаттар мен хандықтардың басқарушылары өз әскерлері мен мал санын білуге ұмтылған. Бұл іске Ресей патшалығы да үлкен көңіл бөлген. Ресей империясының 1897 жылы жүргізген халық санағында нақты мәліметтер жиналған болатын. Сол кезде халқымыздың саны 3,7 миллион адамды құрады [32].

 Кеңес Одағында бірінші санақ 1926 жылы жүргізілді. Ол кезде қазақстардың саны 3 миллион 968 мың адамды құрады.

Кеңес Одағының екінші санағы 1939 жылы жүргізілді. Бұл кездегі қазақтардың саны аштықтың салдарынан, 3 миллион 99 мың адамға кеміп қалды.

1939-1959 жылдар аралығында халық саны 3 миллион 581 мың адамға жетті.

1970 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт үлесі 32 пайызға дейін, 1979 жылғы санақ бойынша 36 пайызға дейін өскені анықталды. 1961-1985 жылдар аралығында халқымыздың жер жүзіндегі саны 4,6 миллионнан 8,5 миллионға жетті. Ол дүниежүзі халықтарының ішінде саны жағынан 87-орынға көтерілді [33, 21б.].

Аумағы бойынша әлем мемлекеттерінің бірінші ондығы ішінде тоғызыншы орынды алып отырған Қазақстан, халық саны жағынан әлемде алпысыншы орында тұр және аз халықты мемлекет болып есептелінеді. Оның үстіне күні бүгінде Қазақстан- көпұлтты мемлекет болып табылады (бүкіл әлемнен 130 халық өкілін құрайды) [34, с.12].

Демографиялық үрдістердің құрылымы үш бөлікке бөліп қарастыру керек. Олар туылым, өлім көрсеткіштері және көші-қон мәселесі. Осылар демографиялық үрдістерді толығымен қамтиды. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туылым көрсеткіштерінің төмендеуімен, өлім санының жоғарлауымен сипатталып отыр. Оның бірнеше себептері бар:

Біріншісі, қиын әлеуметтік және экономикалық дағдарыстар барысында адамдардың отбасы құруға ынтасы жоқтығы, көптеген отбасыда балалардың аз болуы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» — делінген. Ол ана мен әкеге, балаға мемлекеттің жәрдемдесуін білдіреді. Осыған байланысты республикамызда бірнеше заңнамалық актілер қабылданған. Оның ішінде төмендегідей заңдарды атауға болады: «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Халықты әлеуметтік қамсыздандыру туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» және т.б.  

Екіншісі, балалардың проблемалары. Көптеген балалар туылып, табиғи жағдайда қайтыс болады. Бұл көп жағдайда әйел денсаулығының нашарлауынан, әйелдің дұрыс тамақтанбауынан болады. Осыған байланысты елімізде ана мен бала өлімінің төмендеуіне бағытталған бірқатар бағдарламалар қабылданды. Мысалы, 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендету бойынша бағдарламасын айтуға болады. Қазақстанда әлеуметтік қорғаусыз, ата –анасыз қалған балаларда көп. Балалардың қаңғырып жүрушілігі, баланың есірткіге құмарлығы және қылмыстылыққа бейімделуі, әлеуметтік және мемлекеттік қауіпсіздік деңгейіндегі проблемаға айналды. Қазақстанда 90 мың жетім бала бар, соның 46 мың балалары балалар үйінде, интернаттарда және т.б. арнайы мекемелерде тұрады. Оның 80% ата-аналары тастап кеткен балалар. Елімізде бұл мәселелер мемлекет тарапынан шешілуде.

Осы жағдайды реттейтін республикамызда бірнеше заңнамалық актілер бар. Олар: «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» және т.б. Елімізде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балалар мен  олардың ата-анасының медициналық-әлеуметтік қамқорлық жасауға, мүмкіншіліктері шектелген балалардың проблемаларын шешуге арналған мемлекеттік бағдарламалар бекітілген. Олар: «Қазақстан -Балалары», «Жетім балалар», «Мүгедек балалар» және т.б. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар халықаралық құжаттар да бар. Олардың ішінде: «Бала құқығы туралы» Конвенция, «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция, «Балаларды қорғау және шетелден (мемлекетаралық) баланы асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» Конвенцияларды айтуға болады.

Үшінші себеп, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер. Ұлттың денсаулығы – тұрақты дамушы мемлекеттің басты байлығы болып табылады. Денсаулықты сақтауға, туылымды көбейтуге, алғашқы медициналық санитарлық жүйені нығайтуға, жас балалары бар және әл-ауқаты төмен отбасыларды сапасы жоғары азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Үкіметімен 2000 жылғы 17 тамызда мемлекеттік демографиялық саясат тұжырымдамасы туралы қаулы қабылданды. ҚР демографиялық саясатының басты мақсаты болып демографиялық үрдістердегі теріс тенденцияларды жеңу, депопуляцияны болдырмау, ел дамуының ұзақ стратегияларына сәйкес санды және сапалы халықтың өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, мемлекетте әр түрлі факторларға байланысты халық денсаулығының нашарлауы байқалуда. Оның ішінде әр түрлі жұқпалы аурулар (ЖҚТБ, АҚТҚ, туберкулез, гепатит және т.б.) етек жайып келеді. Мемлекет халықтың денсаулығы саласын реттеуде көптеген заңнамалар қабылдады.

Төртінші мәселе, экологиялық проблемалар. Әлем мемлекеттері де, Қазақстан да демографиямен тығыз байланысты экологиялық проблемалармен қақтығысып отыр. Олар атмосфералық ауаның ластануы, парниктік газдардың ауаға таралуы, ауыз суының ластануы және т.б. Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуы қоршаған ортаның ластануы себебінен де болады. Еліміздің экологиялық жағдайын реттейтін көптген нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Соның ішінде 2007 жылы 9 қантарда ҚР тұңғыш рет қабылданған «ҚР Экологиялық кодексін» атауға болады.

Бесінші мәселе, есірткі пайдалану санының өсуі. Адамзаттың тіршілік етуіне үлкен қауіп әкелетін қазіргі жастарымыздың есірткіге құмарлығы болып отыр. Бүгінгі күнде Республиканың медициналық мекемелерінде есірткіге тәуелді тіркеуде тұрған  адамда саны 53351-ге жетті, оның ішінде 2577 әйел, 4948 кәмелетке толмағандар болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек ересектерге қарағанда балалар оны 2,5 есе жиі қолданады [35].

Есірткіге, алкольге жақын адамдар кейде есін білмей өзіне — өзі қол жұмсайды. Есірткі бизнесі терроризм мен ұйымдасқан қылмыстылықты қаржыландырады. Осы ретте мемлекет тарапынан көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданаған. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен күресуге бағытталған бірнеше халықаралық құжаттар да бар. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мәселе болды.

Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші –қоны үрдістерін реттеу қажет. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші–қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде әр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет әр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес олардың саны 500-ден астам.

Туылым мәселесі.

Қазақстанда жастардың саны азайып бара жатыр. Ол дегеніміз мектеп, мұғалім, аурухана, дәрігерлердің саны да азаяды дегенді білдіреді. Депопуляция мәселесі қоғамның, тіршіліктің барлық салаларын қамтиды.  Мәселен, қазіргі заман талабы білім және денсаулық сақтау мекемелерінде қатаң реформалар жасауды талап етіп отыр. Соның ішінде көліктік инфрақұрылымды айтсақта болады. Мысалы, қазіргі кезде қалалардың ішіндегі ұзақ кептелістердің нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің тез уақытта ауру адамды ауруханаға жеткізе алмауы және т.б.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы — балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатты белгілеп отыр.  Заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік саясаттың мақсаттары мыналар:

1) балалардың құқықтары мен  заңды мүдделерін қамтамамсыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;

2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру;

3) бала құқықтары кепілдіктердің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру;

4) балалардың дене бітімі, интеллетуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай–ақ баланың жеке дами тұлғасының қоғам мүддесі, мемлекет халықтарының дәстүрлі, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдеседі;

5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылады және:

1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;

2) балаларға толымды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттік қолдауға;

3) аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекетік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және сақтауға;

4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттік қолдауға негізделген [36].

Қазақстан Республикасында әрекет етіп жатқан 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 27 бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы және міндеті» делінген [37]. ҚР Конституциясының бұл бабы ана мен баланың, отбасының мемлекеттің қорғауында болады деген міндет, ол азаматтарға белгілі бір ақша қаражатын алып тұру құқығын береді дегенді білдірмейді. Әлеуметтік қамсыздандыруға Конституциялық құқықтан шығатын әр түрлі жәрдемақылар мен бір реттік ақылардың нақты көлемі туралы мәселелер әлеметтік қамсыздандыру туралы заңдарымен реттелініп отырады. Өз ретінде атқарушы билік ҚР Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады (ҚР Конституциясының 66 бабы). Сонымен қатар, ана мен баланың әлеуметтік қорғалуына кепілдікті бекіту бойынша конституциялық міндеттерді мемлекетпен жүзеге асырылуы үшін құқықтық тұрғыдан мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей қатысы бар. ҚР неке отбасы заңында еліміздегі отбасы қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі бастамалары қарастырылған [38].

Отбасы қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі мақсаты болып отбасын нығайту, өзара махаббат пен сыйластық сезімдеріне негізделген отбасылық қатынастарын құру отбасы мүшелерінің алдында жауапты, әрі өзара көмек берушілік табылады. Бұл мақсаттар некеге отыру және тоқтату, ерлі-зайып, ата-ананың, балалардың құқықтары мен міндеттері, бала асырап алу және т.б. сияқты институттар арқылы Неке және отбасы заңының негізгі идеясымен анықталады. Отбасын қорғау тек отбасылық құқықтық нормалармен ғана емес, еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты құқық салаларының нормаларымен реттеледі.

          17 желтоқсан 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы заңы Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Осы заңның 1-бабына сәйкес неке дегеніміз — ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ деп танылады. Ал отбасы дегеніміз – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз [38].

Неке және отбасы қатынастары балаларды тәрбиелеумен, жеке және мүліктік қатынастармен, құқықтық міндеттермен, жалпылығымен, жалпы шаруашылықты жүргізумен өзара байланысы бар адамдардың туысқан болып бірігуін қамтиды. Некенің, отбасының, ана, әке, баланың қорғалуы қызметі мемлекеттің қолдауына ие болады. Ол дегеніміз осы аяда мемлекеттің функциясы тек неке және отбасы қатынастарын реттеумен ғана шектелмейді, керісінше оның мазмұны мен көлемі жағынан да ұлғаяды.

ҚР Конституциясының 27 бабының 2 тармағына сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Мемелекет ана мен әке, баланың қорғауын бекітеді, осыған мұқтаж адамдардың категорияларын анықтайды. Көпбалалы отбасылар, жалғыз басты ана мен әке, физикалық кемшілігі бар балалар, мүгедектер, асыраушысынан айырылған отбасылар, мемлекеттік арнайы балалар мекемелері үшін әр түрлі жеңілдіктерді қарастырады.

Біздің елімізде бұған дейінде ана мен баланы қолдауға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданған болатын. Елімізде жетім балаларға қамқорлық жасауға арналған бағдарламалар бекітілген. Ол бағдарлама ата-анасынан айырылған балаларды қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өзіндік жеке тіршілік етуге дайындау үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар, әлеуметтік жетімдіктің пайда болу себептерінің алдын алу, интернаттық мекемеде тәрбиеленіп жатқан жетім баланың әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету, осы мекемелердің кадрлық және материалдық базасын дамыту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіруді қамтиды. Сондай-ақ мүгедек балаларға қамқорлық жасау мақсатында бағдарламалар бар. Мұндай бағдарламалар мүмкіншіліктері шектелген балалардың мәселелерін шешуді және халықтың осындай бөлігін тәуелсіз өмір сүруі үшін жағдай жасауды, мүгедек балалар мен олардың ата-анасының медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және өнегелік проблемаларды шешуге, олардың қоғамда бейімделуіне бағытталған. Сонымен бірге отбасын жоспарлауға арналған бағдарламаларда жүргізілуде. Мұндай бағдарламалар халықтың отбасын жоспарлауға арналған сұрақтарды қамтиды, сондай-ақ жас өспірімдердің, олардың ата-аналарына жыныстық және репродуктивтік мінез-құлқы мен отбасы-неке қатынастарының этикасы жайлы мәселелерді қамтитын жаңа көзқарастар жасауды қарастырады; жас өспірімдерді жыныстық тәрбиелеуде отбасы мен мектептің жауаптылығын күшейтуді, отбасын жоспарлау және оны қазіргі заманның талабына сай контрацепция құралдары және т.б. құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіби дайындалған кадрлар бар қызметтерді ұйымдастыруды қамтиды. Сонымен қатар балалардың тамақтануын дамытатын орталықтардың бағдарламалары, отбасы мен балаға әлеуметтік көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бағдарламалары бар.

Қазақстандық балаларды  шетел азаматтарының   асырап  алу  саясатын  дұрыс жүргізу қажет. Соңғы  ресми мәліметтерге  сәйкес шетелге асырап алынған балалардың көбісін қайыр сұрауға, жезөкшелікке және басқа қылмыстарды  жасауға  мәжбүрлейді екен. Біздің елімізде  2008 жылдың өзінде 500 баланы шетел азаматтары асырауға алған. Соңын 400 жуығы  АҚШ-қа кетті.

Аталған жағдайлар, туылыммен байланысы бар демографиялық дағдарыстың күрделі екендігін ескере келе, оған мемлекеттің араласуы қажет екендігіне көзіміз жетті. Туылым деңгейіне әлуметтік, экономикалық, құқықтық, тарихи, этнографиялық, географилық, биологиялық және т.б. факторлар әсер етеді. Мысалы, әйелдердің қоғамдық жұмыстарға қатысу дәрежесі, балалардың мекемелермен қамтамасыз етілуі, халықтың мәдени деңгейі, денсаулық сақтаудың даму деңгейі, некеге тұру жасы, отбасы ішінде баланың туылымын ретеу және т.б. Осындай мәселелерді шешуге әсер ететін мықты тетік болып мемлекет табылады. Мемлекет туылым деңгейінің төмендеуінің алдын-алу үшін әр түрлі мемлекеттік-құқықтық шаралар қабылдайды.

Қазіргі кезде жас отбасылары арасында бір баладан кейін тағы басқа бала тууды кейінге қалдыру етек жаюда. Көп әлеуметтанушылардың ойынша жас кезде бала туудың келеңсіз тұстары да бар дейді. Себебі мұндай туылым деңгейі халықтың ішінде әл-ауқаты төмендеу адамдарды кездеседі деп пікір айтады. Тұрғылықты халықтың мұндай бөлігі әлі оқуын бітірмеген, ешқандай мамандығы жоқ, үйде тұрақты кіріс жоқ, үйі жоқ, жұмыссыз қалу қауіпі бар адамдар құрайды.

Қазақстанда туылым көрсеткіштерінің төмендеп кетуі қиын әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан басқа да себептері баршылық, олар: бала тууға ынталандыру, оған жеңілдіктер жасау, халықтың еңбеккке қабілетті жастағы адамдардың өлімнің жоғары көрсеткіштерінің болуы, тіршіліктің орта ұзақтығының қысқаруы, еңбек ресурстарының азаюы, экологиямен тығыз байланысты проблемалармен ұшығуы нәтижесінде халықтың денсаулығының нашарлау, дәрі-дәрмектің қымбаттауы, есірткіге құмарлық, репродуктивтік десаулықтың нашарлауы және т.б. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумақтық біртұтастығы мен мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігінің сақталып қалуы репродуктивтік денсаулықты көтермелеу үшін жағдайдың жасалуына байланысты болып табылады.

Туылымды ынталандыруға бағытталған қатаң мемлекеттік-құқықтық ықпал болмаса, бұл салада нәтиже күту ұзаққа созылады. Өркениеттің дамуы нәтижесінде адамдармен туылымды реттеуші әдістерде аз қолданылған жоқ – әр түрлі мәдени тиымдар, сондай-ақ аборт жасау жүктілікті хирургтік тәсілмен тоқтату және т.б. Бұл бір жағынан болса, екінші жағынан қазіргі қоғамдағы адамдардың ниеті де бұзылды. Қазіргі адам қатыгез, имандылығы аз не мүлдем жоқ, ойлағаны бай болсам, ұрласам, өлтірсем деушілер де бар, адамның ең қасиеттісіне қол сұғатындар. Біздің осындай болуымызда халқымыздың азаюына әсерін тигізетін шығар.

Әрбір адамның шексіз құндылықтарының бар екендігін тануымыз қажет. Қоғамға қамқоршлық жасау, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан қорғалуы бірінші орында тұруы керек.  Көп жағдайда жас адамдардың тұратын жерлері жоқ, тапқан табыстарын тек өздерінің ішіп-жеуіне ғана жұмсай алады, мұндай жағдайда баланы тууға және асырауға мүмкіншілігі де жоқ, ниеті де құриды. Осы жағдайды айта келе тулымды сапалы және санды көтеру туралы сөз де жоғалады.

Халықтың орта есеппен кірістері өскенімен де, жаңа шығындарды өтеуге: медициналық қызметтерді, білім, көлік және т.б. жалақының жоғары деңгейін қалпына келтіру шарасы аз болады. Кейбір жеңілдіктерді алып тастау себебінен тұрғылықты халықтың әл-ауқаты төмен қабатына қиынға соқты. Мысалы, ең аз жалақылар білім ордасы мектептер мен халықтың денсаулығын сақтау мекемелерінде болып отыр.

Балалары бар отбасыларға төмен материалдық кепілдіктер беруінің нәтижесінде көп баланы тууды жоспарламайды. Қазіргі кезде бір балалы болуды не мүлдем бала керек емес екендігін мойындайтын отбасылардың саны 15% құрап отыр. Оның ішінде көп балалы болуды жоспарлап, оны болдырту үшін жас мөлшерінің келмейтіндер саны 30% құрап отыр. Қазақстанда 1999 жылғы санақ бойынша жылына 200 мың бала туылса, қазіргі кезде 2009 жылғы көрсеткіштер бойынша жылына 360 мың бала туылады екен. Демографтардың ойы бойынша жылына 530-540 мың бала туылса, қазақ халқының өсу қарқыны пайда болар еді дейді.

Туылым көрсеткішіне халықтың қазіргі кезде көп жағдайда қақтығысып жүрген тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүргеніде әсер етеді. Көп балалы отбасында әрқашанда тұрғын үй қажеттілігі болады. Әдетте көп баласы бар адамдардың әл-ауқаты төмен болады. Егер халықтық тәжірибеге сүйенсек дамыған елдерде отбасыларында бала аз болады, ал экономика жағынан қалып қалған елдердің отбасыларында бала көп болады.

Мемлекеттің басты байлығы – халық, сондықтан да ұлттың, халықтың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, салық, тұрғын үй және еңбек заңнамаларына реформалар жасау қажет.

Қазіргі кезде көптеген жас отбасылар тұрғын үйге тапшы болып отыр, мемлекет тарапынан жастардың репродуктивтік мінез-құлқына әсер ететін тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру қажет. Бұл мәселені шешу үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қатысуы мен өзара әрекет етуін талап етіледі. Сонымен, жас отбасының аяққа тұрып ары-қарай қызмет етіп тіршілік ету үшін оны шешуде ерекше жолды және жастар мен отбасы саясаты негізінде мемлекеттік демографиялық саясатты жүзеге асыруды талап етеді. Әл — ауқаты төмен халықтың қабатын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін реттеу үшін жаңа тетіктер қажет. Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі әлеуметтік саладағы белгілі бір теріс құбылыстарға әкеліп соғады: жастарда әлеуметтік қорғалмаған сезім қалыптасады; дұрыс тіршілік етудің жоқтығынан жастардың еңбекке деген қабілеттіктері жоғала бастайды; тұрғын үймен қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар үшін отбасы құруға қажеттіліктеріде азаяды; жастардың көші-қоны күшееді; көптеген жастар тұрақты тұруға шетелге кетеді; балалар мен жастардың қылмыстылығы күрделенеді және т.б.

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез-келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса, тіршілік етудің негізгі көзі-жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материадық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әр түрлі ауруларға әкеліп соғады. Сонымен кедейшілікті анықтай келе оның қалай пайда болғанына тоқтасақ, онда ол төмен жалақыдан, төмен зейнетақыдан және төмен жәрдемақыдан болатыны белгілі. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алады. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар – кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, анна болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей нарықтық қатынастар орын алған кез-келген өнеркәсіптік – дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесінде маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халақты әлеуметтік қорғау механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік қорғаудың ерекшелігі оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда әкелмейтінінен көрініс табады. Осы ерекшілігіне орай халықты әлеуметтік қорғауды шешу мәселесін мемлекет өз мрйнына алады [39, 3б.].

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына бұқаралық ақпарат құралдары мен «Интернет» желісі қатты әсер етіп жатыр. Қазіргі теледидар экранында көптеген жас өспірімдердің дамуына кері әсер ететін ақпараттар көрсетілімдері жүреді. Оларға әр түрлі супербоевиктер, қылмыстық элементтері бар фильмдер, әр түрлі тұған туыстардың арасындағы өсек пен ұрыс — керіс төбелестерін көрсететін телебағдарламалар, жыныстық қатынастарды бейнелейтін, жастардың дамып келе жатқан жыныстық мінез-құлқына теріс әсер ететін фильмдер мен телебағдарламалар, балаларға көрсетілетін мультфильдердің де осы жағдайды сипаттайтыны мәлім. Сонымен бірге дүниежүзіндегі діндердің бірі-біріне қарама –қарсылықтарын, экстремизм, терроризм туралы ақпараттарды да бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы көруге болады.

Қазіргі таңда әлемде кең өріс алған «Интернет» желісі арқылы дүниежүзінің түпкір-түпкірінде не болып жатқанын білуге болады. Бұл жүйенің дұрыс және теріс жақтары бар. Оның дұрыс жақтары адамның сана сезімі дамиды, адамның ой-өрісі кеңееді, адам ақпараттанады, адамның білімі артады және т.б. Оның теріс жақтары ең біріншіден, компьютерді үнемі пайдалану адамның кейбір ағзаларына зиян болып келеді, адам зиянды сәулелермен уланады; екіншіден, бұл жүйенің ішіндегі көптеген мәліметтер болашақ қөсіп келе жатқан ұрпақтың сана –сезімін, психикасын, мінез-құлқын бұзады. Мысалы, порнография, әр түрлі жыныстық сипаттаға этика, мораль, өнеге, имандылық нормаларына қарсы жат қылықтардың болуымен ерекшеленеді.

Қазақстанда жас өсіп келе жатқан ұрпақтың есірткіге, алькогольға, темекі өнімдеріне құмарлығы арттып бара жатыр. Нашақорлақ ол ауру емес. Нашақорлық ол адамның физикалық денсаулығын жою. Ол дегеніміз есірткіні пайдаланған адам өзінің адамгершілігін, еркін, психикасын, отбасын, достарын жоғалтады, жұмыссыз болады, қылмыстылыққа дол береді, өзін және қоршаған ортасын бақытсыздыққа ұшыратады, өзінің тәнін бірте –бірте құртады.

Нашақорлықтың үлкен зияны бар. Ол елдің ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігіне де қатер төндіреді. Ең біріншіден, ұрпақтың қанын бұзады. Нашақорлардан сау бала туылмайды, екіншіден, есірткіні бизнеске айналдырғандар халықаралық экстремизм мен терроризмді  қаржыландырады, нәтижесінде ұлттар арасында соғыс пайда болады.

Есірткі бизнесі Орталық Азия мемлекеттерінде өте үлкен кіріс көзіне айналды. Орталық Азияда есірткі бизнесінің орталығы Ауғанстан мемлекеті болып отыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, Ауғанстандағы есірткі бизнесі соңғы 7-8 жылдар аралығында 44% өсті. Ауғанстаннан есірткі Иранға, ТМД мемлекеттеріне тасымалданады. Иранда есірткі өндіріс нысанында шығарылады. Орталық Азия мемлекеттерінде 66% сақталып, сатылады екен, 3,2% контрабанда жолымен келеді, 28,8% басқа да жлдармен келеді. 2008 жылғы ресми мәліметтерге сәйкес Орталық Азия мемлекеттерінде есірткі құралдарын алу 19% өсті. Есірткінің бірнеше түрлері бар: опия, героин, марихуанна, гашиш және т.б. Мысалы, 1998 жылы Қазақстанда 1 тонна 76кг. героин алынса, 2003-2007 жылдар аралығында 6 тоннасы алынды.

Жыл сайын қараша айында әлемнің көптеген елдерінде «темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні» атап өтіледі. Ол 1977 жылы Американдық онкологиялық қоғам атынан бекітілген, мақсаты – темекіге тәуелділіктің таралуын төмендету, халықтың барлық тобын және барлық мамандық дәрігерлерін темекі шегумен күресуге жұмылдыру, темекі шегудің алдын-алу мен темекінің денсаулықты құртатыны туралы қоғамды ақпараттандыру. Бүгінде зиянсыз көктесін бүкіл адамзат ұрпағы үшін нағыз трагедияға айналып отыр [40, 38б.].

          Темекі шегудің зияндығы туралы айтқанда қорқынышты аурулардың бітпейтін тізіміне үнемі үлкен мән беріледі. Өкінішке орай, денсаулыққа зиян келтіретін мұндай қадам темекі шегуге лотерея сияқты: ауруға да, ауырмауға да болады деген сенім ұялатады. Дегенмен барлық темекі шегушілер өкпе ісігінен қайтыс болмайды ғой.

      Шын мәнінде барлық темекі шегушілер темекінің кесірінен дүниеден өтеді.

        Темекі өнімдері құрамына, түрлі бағадағы: 3600-ден 4500-ге дейінгі заттар мен қоспалар, олардың ішінде 300-ден артығына биологиялық улы ( олардың бір де біреуі пайдалы емес) заттар кіреді. Уытты заттардың құрамы бойынша автомобильдің пайдаланылған газымен салыстырғанда темекі түтіні аса қауіпті. Адамға уыттылығы тұрғысынан темекі «коктейлін» құрайтын: никотин, тұншықтырғыш улы газ, канцерогенді смолалар, радиоактивті изотоптар, азот қосылыстары, ауыр темірлер барынша әсер етеді. Темекі түтінінің көптеген компонентері бір-бірімен химиялық қосылыстар құрып, өзінің уыттылық қасиетін күшейтеді [40, 39б.].     Қазақстанда күн сайын 70-тен астам адам темекі шегуден туындаған аурулардан қайтыс болады, ал жылына 20-25 мың адам өмірімен қоштасады. Қазақстанның әрбір екінші ер азаматы өзінің бірінші зейнетақысына дейін өмір сүре алмай қалады. БДСҰ деректері бойынша бүгінде темекіге байланысты аурулардан әр 7 секунд сайын 1 адам өмірден өтеді.

Өлім мәселесі.

Демографиялық үрдістің қалыптасуында үлкен мәселе – бұл өлімнің көбеюі болып табылады. Жаһандану кезеңі адамзат санасының дамуы, адамның жетілуіне әкеліп соқтырды. Жаһандану бұл модернизациямен трансформациямен тығыз байланысты болып келеді. Екінші жағынан бұл кезең миллиондаған адам жанын алған әр түрлі ядролық, жаппай қыру қаруының қолданылуына, соғыстардың болуына әкеліп соқтырды [41, с. 12].

          Қазақстандағы депопуляция болуының негізгі бір себебі — өлім болып табылады. Қазіргі кезде адам өлімінің себептері мынадай: табиғи өлім, әр түрлі жұқпалы аурулардың нәтижесінде, ішек, бауыр, бүрек, эндокриндік жүйелердің, нерв жүйелерінің қабынуы нәтижесінде, әр түрлі сапасыз дәрі – дәрмек қолдану нәтижесінде, темекі, арақ, есірткі заттарын пайдалану нәтижесінде, қасақана қылмыстық ниетпен адамды өлтіру, өзін — өзіне қолжұмсау, улану, өндірісте не тұрмыс тіршілікте зақым алу нәтижелерінде өлімнің жоғары деңгейі байқалады. Сонымен қатар бала мен ана өліміде қалыспайды.

          Адам өлімінің көп себебі жол – көлік апаттарының нәтижесінде болады. Сонымен қатар өндіріс жағдайындағы аурулардың нәтижесіндеде адам өлімі өсіп келеді. Өндірісте жұмыс жасайтын мыңдаған  адамдар шаң – тозаң, ауаның ластануы, әртүрлі техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде уланады. Кәсіпорындарда денсаулық сақтау жүйелері қамтылмағандықтан, медицина бөлімшелерінің жетіспеушілігінен осындай проблеманың болуына әкеліп отыр.

Аурулардың көбеюі табиғи ортаның әр түрлі трансформациялары мен оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге бір типті тұрғын жерлерге және тағы басқа яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты болып отыр. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физика- химиялық тұрғыдан алғанда таза   орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. [42, 186б.].

ҚР Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңының 7-бабы, 2-тармағына сәйкес мемлекет қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына теріс зиян әкелмейтін қолайлы қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етеді деп бекітілген [43]. Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0,3-0,6 градус C-ға артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,6%. Болжамдар бойынша ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5м (соңғы 100 жылда 10-12см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге көтерілуі шамамен 5млн км-2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Бұл аудан жалпы алғанда үлкен болмағанымен (құрлық бетінің 3%-ы ғана) құнарлы және тығыз қоныстанған жерлер [42, 220-222б.].

Қазақстан ғалымдарының бағамдауы бойынша климаттың өзгеруіне тосқауыл қою жөнінде шаралар қолданылмаған жағдайда алдымыздағы ғасырдың соңын ала атмосфераның төменгі қабаттарының температурасы 3 градусқа көтерілуі мүмкін, ал мұның өзі жаппай су тасулары қауіпін тұдыруы ғажап емес. Қазақстан аумағының үлкен бөлігі климаттың өзгеруінен зардап шегетін аймақтарды алып жатыр. Сондықтан да температураның үнемі тұрақты түрде жоғары көтеріліп отыруы – елдің ауыл шаруашылығы орман және су шаруашылықтарына үлкен зардап әкелуі мүмкін. Мұның тағы да басқа теріс ықпалы – халықтың денсаулығына орасан нұқсан келтірілетіндігінде жатыр [19, 244-245 б.].

Жыл сайын 30000-нан аса әртүрлі химиялық қалдықтар, шамамен 1200 миллиондай тонна заттар әлемдік мухитқа тасталып жатады, оның 6 миллиондай тоннасы мұнай екен. Жыл сайын Жерде 20 миллион гектар жер өзінің құнарлығынан айырылып жатады, еске сала кететін жайт, оның – 6 миллион гектары шөл далаға айналып жатады. Әрбір жылда топыраққа 4 миллионға жақын тонна улы химикаттар себілуде [19, 246 б.].

         Ерекше түрде қатерлі болып келетіні радиоактивті ластану, ал мұның өзі ауаны, суды, әлемдік мұхиттарды, құрлықтарды, аралдарды, әлемнің барлық құстарын ластап жатыр [19, 247 б.]. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 23 сәуір 1998 жылы заң қабылданды. Бұл заң иондалған сәулелердің зиянды ықпалынан халық денсаулығын қорғау мақсатында радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді [44].      

Көптеген жылдар бойы Қазақстанда қоршаған ортаға үлкен техногендік зиян әкелетін табиғатты пайдалану жүйесі қалыптасып келді. Сондықтанда еліміздің экологиялық жағдайы нашарлай берді. Бүгінде табиғи жүйенің нашарлауы, қоршаған орта сапасының төмендеуі етек жайып барады.

Ортаазиялық аймақта, оның ішінде Қазақстан үшін де, өзекті болып отырған бірқатар экологиялық мәселелер баршылық. Атап айтсақ, парниктік газдарды тастау, ауа мен судың ластануы, шөлді жерлердің көбеюі және т.б.   

Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді, мемлекеттік экологиялық сараптамалар жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен тығыз байланысты болып қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау табылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында бекітілген.    

Осыған байланысты ҚР Президентінің 3 желтоқсан 2003 жылғы Жарлығына сәйкес 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама өтпелі кезеңдегі экологиялық жағдайды, табиғатты қорғаудың заңнамалық жүйесін құру қажеттілігі мәселесін, мемлекеттік бақылау мен сараптама, қоршаған ортаның мониторингі және тағы басқа мәселелерін қамтиды [45].

Аталмыш тұжырымдамада экологиялық мәселелерді шешу жолдары көрсетілген: экологиялық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері мен тұрақты табиғатты пайдалану бойынша ғылыми зерттеудің дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне біртектес мониторинг жүйесін енгізу және т.б. Экологиялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың мақсаты – қоршаған ортаға антропогендік  және табиғи ықпал ету нәтижесінде пайда болатын қауіптен табиғи жүйенің қорғалуын, қоғам мүдделері мен жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

         Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуде барлық мемлекеттер атсалысуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар халықаралық құжаттар баршылық. Олардың ішінде 1992 жылғы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Конвенциясын, 1985 жылғы Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясын және 1987 жылғы, 1990 жылғы өзгертулер мен түзетулермен, Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасын атауға болады.  

         Сонымен қатар 2003 жылы 4 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР заңын айтуға болады. Бұл заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттей отырып, азаматтардың денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыру және олардың сақталуына кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі қызметтерінің құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды [46]. 

         Мемлекеттің денсаулық сақтау саласына тікелей қатысы бар нормативтік құқықтық актілер болып  5 қазан 1994 жылы қабылданған «ЖҚТБ ауруының алдын-алу туралы» кейіннен бұл заң 7 шілде 2006 жылы «АҚТҚ және ЖҚТБ алдын-алу және емдеу туралы» атпен өзгертіліп шықты. Бұ заң әр түрлі АҚТҚ мен ЖҚТБ –нің адамның өміріне ең қауіпті жұқпалы аурудың алдын-алу мен оны емдеуге бағытталған қатынастарды реттейді [47].

         Қазақстан Республикасының дамушы елдерге қарағанда тіршілік ету сапасы жағынан артта қалып келеді.

         Қазіргі кезде тіршілік етудің сапасының негізі тіршілік ету ұзақтығы, әл-ауқаты деңгейі, білім және қоршаған ортаның жағдайы болып табылады.

Қоғам, табиғат және адамзат Халықаралық университетінің тіршілік ету сапасының индексі бойынша Норвегия —  3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34 көрсеткіштері арасында Қазақстан – 1,17  көрсеткішпен 78- орында тұр.

Қазақстанда халықтың десаулығы жағынан да алып елдерден артта қалып барады. 2005 жылдың көрсеткішіне сәйкес елімізде тіршілік ету ұзақтығы 65,9 жасты құраса, жапонияда ол 80-жасқа жетіп отыр.

АҚШ –ң Иель университетінің экологиялық заңнамалары мен саясаты жөніндегі Иель Орталығының экологиялық тұрақтылық индексы бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-ші орында тұр, ал Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндия мемлекеттерінде ол көрсеткіш 87-88 баллға жетіп тұр.

Қазақстан әлем елдері арасында адам ресурстарының даму индексі бойынша 80-ші орында тұр.

Сонымен, мемлекетіміздің дамыған елдер қатарына көтерілуі үшін, экологиялық тұрақтылығымызды қамтамасыз ету үшін тіршілік ұзақтығын көтермелеу үшін Қазақстан Республикасының тіршілік ету сапасының деңгейін 2024 жылға дейін көтермелеуміздің қажет [48].

Мемлекет тарапынан халықтың десаулығын жақсарту мақсатында әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып жатыр. Соның біреуі «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулықты қорғауды реформалау және дамыту жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады. Бұл бағдарлама бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алу, оның ішінде психикалық және наркологиялық жүйкенің бұзылуы, қантты диабет, бронх-өкпе аурулары, туберкулез, жүрек аурулары, әр түрлі жұқпалы, жыныстық жолмен берілетін аурулар, қатерлі ісік ауруларының алдын-ау шараларын жүргізуге бағытталған. Халықтың 100 мың тұрғындарына шаққанда аурулардың құрылымы бойынша ең бірінші орында тұрған тыныс алу ағзаларының ауруы (22160,6) екіншісі – дене зақымы, улану (40037) үшіншісі – несіп жолдары ауруы (39486) төртіншіден тері аурулары (38470), ас қорыту ағзаларының ауруы (3688,7), көз аурулары (2748,2), жұқпалы және паразитарлық аурулар (2482,1) құрап отыр [49].

Денсаулықты сақтау саласындағы заңдарының жүзеге асырылу үшін атқарылатын бастапқы шаралар болып халықтың әл-ауқаты мәселесін мемлекет тарапынан алғашқы қатарлы мәселе етіп оны қамтамасыз ету халықтың тұрмыс, еңбек тіршілік жағдайын және демалуға жағдай жасау, аурудың алдын алуға, дені сау тіршілік етуге негізделген үгіттеу, насихаттау, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу табылады.

Халықтың денсаулығының нашарлау себебі, оның дер кезінде дәрігерге көрінбеу, әр түрлі әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа ұшырауы, дәрі-дәрмектің қымбаттылығы, медициналық қызметкерлердің жұмысының сапасыздығы, біліктімедициналық кадрлардың жетіспеушілігі, медициналық қызметкерлердің коррупцияға жақындығы және т.б. жағдайлары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне байланысты адамның денсаулығы, денсаулық сақтау жүйесіне 10% тәуелді екен және 50% қоршаған ортаның әсерінен пайда болатын тіршілік ету әдісіне, тіршілік ету сапасына, денсаулығын нығайтуға мүмкіншіліктердің жеткіліктілігіне байланысты екен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 желтоқсан 2007 жылғы қаулысы бойынша 2008-2016 жылдар аралығында «Салауатты өмір сүру» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламалардың басты мақсаты хаықтың денсаулыңын күшейту, тіршілік етудің орта ұзақтығын өсіру, денсаулық сақтау тіршілік етуге ықпал ету, денсаулықты шынықтыру, халықаралық денсаулық потенциялын дамыту және денсаулық мәдениетін қалыптастыру болып табылады [50]. 

Жыныстық жолмен берілетін аурулардың да көрсеткіштері өте жоғары. Қазақстан бойынша сифилис ауруының орта көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 268,9 құрайды.

Қазақстанда АҚТҚ, ЖҚТБ ауруларының көрсеткіштері өсіп келеді, оның пенитенциарлық жүйеде көп таралуы байқалып отыр. Республикамызда ЖҚТБ-ға қарсы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бірақ қабылданып жатқан шаралардың көбісі баяу жүргізілуде.

         Елімізде темекі, арақ, есірткі заттарын пайдаланушылар көбеюде. Темекі ол денсаулыққа зиян келтіретін ұлы заттардан тұрады. Елімізде темекі тартатын адамдардың арасында оқушылардың үлесі көбейіп барады. Сонымен қатар елімізде алкоголь өнімін қолдану жылдан жылға көбейіп барады, жол көлік апаттарының көбісі алкогольді пайдаланып көлік жүргізу нәтижесінде болады. Ішімдікке салынған адамның көпшілігі ер адамдар, олардың көбісі еңбекке қабілетті адамдар болып келеді.

         Осыған байланысты жас өспірімдерге, алкогольді, алкогольсіз сыраларды, темекі бұйымдарын сатуға шектеу қойылуы қажет. Сонымен қатар, мектеп, университет, ауруханалар жанындағы аумақтарда ішімдік пен темекі өнімдерін сатуды тоқтату қажет.

         Есірткінің өндірісі, айналымға енуі, сатылуы және пайдаланылуы әр бір адамның дамуына, бейбітшілік пен тыныш өмір сүруіне негізгі кедергі болып табылады. Күннен күнге есірткі пайдаланушылардың саны көбеюде, соның ішінде әйелдер мен балалар саны да көбейіп келеді. Осының салдарынан әлем халықтарының денсаулығы нашарлап, балалар мен жастар арасында өлім-жітім өсіп келеді, тіршілік ету ұзақтылығы да қысқарып отыр.

Елімізде есірткі мен улы заттардың айналымы аясында мемлекеттік саясаттың құқықтық негізін бекітетін заңнамалар бар. Бірақта, бұл мәселені шешу қатаң ережелерді талап етіп отыр. Мемлекетімізде жеткілікті деңгейде «Болашақ есірткісіз» деген ұранмен жылда әр түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Мұндай бағдарламалар әдетте оқу-тәрбиелік орындарында өткізіліп отырады. Соның ішінде жоғарғы және орта кәсіби оқу орындарында, мектептерде, медициналық мекемелерде жән т.б.

Жылына мыңдаған кәмелетке толмағандар есірткі не улы заттардың ықпалымен қылмыс жасайды.

Ресми мәліметтерге байланысты, Қазақстанда ЖҚТБ-мен ауратындардың арасындағы адамдардың 40-50% есірткі пайдаланушы, 80% гепатитпен аурады. Есірткі пайдаланған адам көбінесе қоздырғыш жыныстық аурулармен, жұқпалы туберкулез және тағы басқа аурулармен аурады. Бұлардан туылған балада АҚТҚ-мен не ЖҚТБ-мен аурады, себебі ол тұқым қуалайтын арулар. Халықаралық мәліметтерге сәйкес, есірткімен байланысы бар аурулардың 10% өліммен, 20% емдеумен аяқталады.  

Сонымен, есірткіге тәуелді адамдардың жасы жағынан көбінесе жас өспірімдер болып отыр.

Қазақстан есірткі бизнесінің орталығына айналып барады, есірткі шекаралас Ресейге біздің мемлекет арқылы өткізіледі, ол Тәжікстаннан, Ауғанстаннан келеді. Бұған бір жағынан көші –қон үрдісі де ықпал етеді. Осы мақсатта есірткі бизнесі қару алуға, соғыс жүргізуге, террорлық актілер жасауға бірден-бір негізгі құрал болып отыр.

Осыған байланысты 30 қараша 2000 жылы Минск қаласында ТМД қатысушы-мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресудегі ынтымақтастығы туралы келісім-шарт қабылданған болатын. Мемлекеттердің мұндай келісім –шартқа отыруының себептері келесідей: біріншіден, есірткі заттары кең өріс алып, таралуына орай, ерекше түрде оны әйелдер мен жас өспірімдердің пайдалануына байланысты есірткі заттарының заңсыз айналымымен күресу; есірткіні пайдалану барлық адамзаттың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп тұдыратынына, келелі сипатқа ие болғандығына саналы түрде қарау; онымен әлем қауымдастығы мен бірігіп күресу; есірткінің заңсыз айналымының алдын-алу барлық мемлекеттердің ұжымдық міндеті болатындығын тану болып табылады [51].

Есірткі заттарының заңсыз айналамымен күресуге бағытталған бірнеше халықаралық құжаттар бар. Оларға: 1961 жылғы есірткі заттары туралы Жалпы Конвенцияны, осы Конвецияны толықтыру туралы 1972 жылғы Хаттамасын, 21 ақпан 1971 жылы Вена қаласында қабылданған «Психотропты заттар» туралы Конвенцияны, 1988 жылы  «Есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ-ның Конвенцияларын айтуға болады.

         Сонымен қатар, ТМД мемлекеттері щеңберінде 17 маусым 2004 жылы Ташкент қаласында «Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекет мүшелері арасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттарының олардың прекурсорларымен заңсыз айналымымен күресудегі ынтымақтастық туралы» келісім шарт жасалды. Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен оны пайдалануға қарсы күресуге Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметі арасында, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі араларында келісім шарттар бар.

         Елімізде есірткі бизнесымен күресуге бағытталған көптеген бірқатар ұлттық заңнамалар мен халықаралық шарттар бар.

         Сонда да елімізде есірткі бизнесі дамып келеді, жастарымыздың есірткілікке құмарлығының саны өсуде.

         Көп жағдайда тұрғылықты халық есірткі ауруының алдын-алу, болдыртпау жайында ақпараттанбаған. Елімізде кәсіби тегін кеңес беріп, емдейтін мекемелер аз және көп жағдайда жеткіліксіз болып табылады. Халықтың көптеген бөлігі жасырын есірткі көмегіне жүгінеді.

         Өмір сүруге, денсаулықты қорғауға деген құқықтар бірқатар халықаралық – құқықтық актілерде бекітілген. Соның ішінде 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтары туралы» Жалпы Декларация, 16 желтоқсан 1966 жылы қабылданған әрбір адамның құқықтарын — физикалық және психикалық денсаулығының жоғарғы деңгейі деп белгілейтін «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы» Халықаралық пактіні атауға болады.

         Халық санының өсіп-өркендеуі, туылымды көбейту, өлімнің азаюі жөніндегі шараларды бейбітшілік жағдайында ғана жүзеге асыруға қолайлы. Адамдардың өзара соғысы- дұрыс тіршілік етудің жағдайын төмендетеді, адамдар қырылады. Мұның бәрі мемлекеттің демографиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Соғыстар мен мемлекеттің демографиялық жағдайына келтірілген зиян ұзаққа біраз жылдарға не бір ғасырға да созылуы мүмкін.

         Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстардың қатарына кісі өлтіру, денеге жарақат жасаумен қатар, бұзақылық, тонау, адам өміріне және денсаулығына қауіп әкелетін бірқатар қызметпен байланысты қылмыстарда, жол жүру ережесін бұзу, терроризм, бандитизм және т.б. сияқты қылмыстарды атап кетуге болады. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау құқығын қылмысты, қасақаналы бұзу үшін жауаптылық 16 шілде 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген.

Халықтың денсаулығының өзгеруі мен өлім көрсеткіштеріне әсер ететін НҚА талдай келе, жаһандану кезеңіне тән өлім көрсеткіштерін топтастырсақ: Ең біріншіден, адамның тіршілік ету факторларынан тыс пайда болатын өлім (ажал); екіншіден, әртүрлі апаттар мен кездейсоқ жазымдардың нәтижесіндегі халықтың табиғи түрде кемуі; үшіншіден, халықтың денсаулығы саласындағы әртүрлі жұқпалы дерт ауруларының (ЖҚТБ, АҚТҚ, туберкулез, гепатит) нәтижесіндегі өлім; зорлы – зомбылық ортасында өскен  балалар психикасының  жетілмей  қалуы нәтижесіндегі өлім; кісі өлімімен аяқталатын қылмыстардың, өзіне — өзі  қол жұмсау нәтижесіндегі өлім көрсеткіштері байқалып отыр.

Бастапқы кездері өлім көрсеткіштерін босқындар, мәжбүрлі көшіп-келушілер, «бомждар», түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар тізімі толтырса, енді ол тізімді халықтың кедей бөлігі, әртүрлі емі жоқ дерттерге тап болғандар құрап отыр.

Мемлекет  өз тарапынан  осы  мәселелерді  шешуге бағытталған  бірқатар ұзақ  мерзімді  заңи актілер, бағдарламалар, тұжырымдамалар  қабылдап жатыр, бірақ ол  құжаттар  өз  мерзіміне  жетпей ескіріп, заман талабына  сәйкес келмей  жатыр. Себебі күннен  күнге  осындай мәселелер әлемде  де мемлекетімізде  де етек  жайып  дамып  жатыр. Бұл  мәселенің  тиімділігін  арттыру  мақсатында мемлекет қабылданған НҚА өзгерістер  мен толықтырулар енгізу арқылы  да  шешуге  ұмтылып  жатыр.

Әлемдегі  көптеген  мемлекеттер  адам  денсаулығын жақсарту мен өлімді азайту үшін тіршілік ету  дағдысын  өзгерту  бағытын  ұстанады. Қазақстан  халқының  тіршілік ету  дағдысын, салауатты өмір сүруіне  жағдай жасау  үшін  бастапқыда  кедейшіліктің  таралуын  тоқтатып, жұмыссыздықты  жою қажет. Сонымен  қатар  жас  ұрпақтарымызға  дұрыс  тәрбие беруге  ұмтылуымыз  қажет.

Көші-қоны мәселесі.

Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші- қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мәселе болды.

Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қоны дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.

1997 ж. 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1) босқындар – саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қу­да­лау құрбаны болудың негізделген қауіптеріне байланысты өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр және осындай қауіптер салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе өзінің бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, осы қауіптер салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;

2) еңбек көші-қоны – жеке тұлғалардың еңбек қызме­тін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;

3) заңсыз көшіп келушілер – келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

4) көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемле­кеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы;

5) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

6) көшіп келушілер – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

7) көшіп кету – Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі;

8) көшіп кетушілер – Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары;

9) көшіп-қонушылар – Қазақстан Респуб­ликасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар;

10) оралмандар – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылады [52].

Осыған сәйкес халықтың табиғи аз өсімінің орнын толтырған көшіп келушілер ағымын реттеуге бағытталған жаңа жолдар іздеп табу қажет. Оларды жыныстық, жастық ерекшеліктеріне қарай, денсаулығының жағдайына, кәсібіне қарап пайдалы етіп ынталандыру керек. Сонымен қатар халық санын сақтап қалуды ойлай отырып, шетелден жоғары кәсіби мамандарды жұмыс күші етіп тартуды дамыту қажет. Еліміздің ішкі көші –қонын реттеу барысында, азаматтардың тіршілік етуін қолдай отырып, жұмы күшін көтермелеуге бағытталған шаралар кешенін жасау қажеттілігі туындап отыр. Республикамызда көші –қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО–ның ыдыраумен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тәуелсіздік алуымен шетелдерде көшіп кетушілермен, жақын елдерден көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды.  

         Көші –қонның жағымсыз жақтары да бар: біріншіден, көшіп келушілердің мінез-құлқы, тұрмыс – салты, мәдениеті еліміздің тұрғылықты халқының менталитетімен, мәдениетімен ұқсас па, жоқ одан алыс па соған кері әсер етуі мүмкін; екіншіден, тұрғылықты халықтың шетелден келген адамды қалай қабылдайтыны ол да беймәлім мәселе.

         Әр түрлі этникалық, рассалық, діни наным –сенімдері бар халықтың араласып өмір сүруі адамдардың қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін, олардың арасында қақтығыстарды болуы мүмкін. Оның нәтижесі көрші болып тұрған адамдардың қақтығысынан бастап, әр түрлі топтық бұзақылық пен митинг, демонстрациялармен аяқталуы мүмкін.

         Көші – қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан көшіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсеңді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілер көбісін жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Олардың біздің еңбек нарығымыз қызықтырады.

1-ші кесте. (мың адам)

Жылдар

Келгендердің

саны

Кеткендердің

саны

Көші-қон

сальдосы

2001

34,4

104,3

-69,9

2002

58,2

120,2

-62,0

2003

65,6

73,9

-8,3

2004

68,3

65,5

+2,8

2005

74,3

52,2

+22,1

2006

67,4

33,9

+33,5

    [31].

Шетелден келген адамдардың саны 2007 жылғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдері бойынша 42613 адамды құрап отыр. ТМД елдерінен тыс елдерден келгендер 10784 адамға жетті. Қазақстанның ішінде көшіп –қонушылардың саны 311740 адамды құрап отыр; оның ішінде өңіраралық 139542 адам, өңірлік 172198 адам болып отыр [53].

Халықаралық құқықтық деңгейде көші –қон үрдісін ретейтін құжаттарды атап кеткен жөн: 1951 жылғы «Босқындардың мәртебесі туралы» Конвенция және 1967 жылғы оның Хаттамасы, БҰҰ-ның «Еңбек етуші – мигрантар мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын қорғау туралы» Конвенциясы. ТМД мемлекеттері шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттарды, мемлекетаралық келісімдер мен шарттарды айтып кеткен жөн: ТМД мемлекет – қатысушыларының заңсыз көші – қонмен күресудегі ынтымақтастық туралы әртүрлі шарттар және т.б.

Сонымен қатар, көші-қоны үрдісін реттейтін бірқатар ұлттық заңнамаларда баршылық. Олар, 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы [54], 19 маусым 1995 жылы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң шетел азаматының Қазақстан Республикасы аумағында кіріп, жүріп-тұруын және шығуын реттейді [55].

         Сонымен бірге көші-қон үрдісін реттейтін әр түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Олар: «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы» тұжырымдама, «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық пен даму мақсатында мүдделерді күшейту» өңірлік бағдарламасы, «2009-2011 жылдарға арналған Нұрлы Көш» бағдарламалары.

         Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 4,5 миллионға жуық этникалық қазақтар тұрады. Өзбекстан мемлекетінде соның — 1,5 миллионы тұрады, Ресейде – 900 мыңға жуығы, Түркменстанда – 100 мыңдай, Қырғызстанда – 45 мың, Қытайда -1,3 миллионға жуық, Моңғолияда -80 мыңдай, Ауғанстанда – 30 мыңдай, Түркияда- 25 қазақтар тұрады. Бұлардың барлығы қайта тарихи отанына оралуына құқықтары бар [56].      

         ТМД мемлекеттері шеңберінде негізгі миграциялық ағымдар Ресеймен, Украинамен және Орта Азия мемлекеттері, алыс елдерден Германия мен тығыз байланысты болып отыр. ТМД мемлекеттерімен көші-қон айырымы бойынша деңгейі жақсы. Оның ішінде тек Ресей Федерациясы бойынша төмен болып отыр. 1999 жылдан 2007 жылдар аралығында көші-қоны 3 есеге кеміген, сонымен бірге Беларуссия мемлекетінен –6 есе, Украинадан -7 есе кеміген.

2007 жылдың есебінен Қазақстанға көшіп-келушілер азайды, оның саны 53,4 мың адамды құрады, алдыңғы жылға қарағанда 20% төмендеді, оның ішінде Өзбекстаннан 47%, Ресейден 20% және Қытайдан 11% келді. Осы жылы елден көшіп кеткендердің саны 42,4 мың адамды құрап отыр 2006 жылға қарағанда 20% көп.

1993 жылдан бастап мемлекетіміз этникалық көшіп келушілерді квота арқылы қабылдауда. Иммигранттардың квотасы соңғы жылдары (2005-2008ж.) жылына 15 мың отбасы қабылданған болатын. 2009 жылдан бастап Елбасымыздың тапсырмасымен оның саны 20 мың отбасыға дейін көтерілді. [57]. Оралмандарға квота беру тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 қыркүйек 2007 жылы қабылданған «Оралмандарды иммигранттар квотасына қосу ережесі туралы» № 858 қаулысымен реттеледі [58].

Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек беріп, қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде бір уақытылы жәрдемақы, тұрғын үй алуға ақы, жүріп тұрғаны мен мүлкін тасуына орта есеппен 5 адамнан тұратын отбасыға  833 мың теңгеден бөлінеді.

Елімізде 14-ге жуық оралмандарды уақытша орналастыратын орталықтар қызмет етеді. 2008 жылдан бастап ондай орталықтар Қарағанды, Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент селосында ашылды. Ақтау қаласында орталық құрылысы салыну үстінде. Бұл орталықтардың қызметі оралмандарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, мемлекеттік тілге, қалауы бойынша орыс тілге де үйретеді, кәсіби даярлайды, біліктілігін көтермелейді және т.б. Республикамызда осы аяда 22 қыркүйек 2007 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің «Оралмандар мен оның отбасы мүшелерін оралмандардың бейімделуі мен интеграциясы және оларға бейімделу қызметін көрсету орталықтарында уақытша ораласуы туралы» №225-п қабылданған ережесін атап кеткен жөн. Барлық оралмандарға медициналық көмек көрсету, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі. 66% еңбекке қабілетті оралмандар өндірістің әр түрлі салаларында жұмыс жасайды, оның әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығында қызмет етеді.

Елімізде «Оралман» ақпараттық база құрылып жетілдірілуде. Қазіргі кезде этникалық иммигранттардың тұрғын үй мәселесін шешу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан 2 мыңға жуық оралмандарды көшіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олардың дұрыс тіршілік етуі үшін өздерін құрылысқа жұмылдыру нәтижесінде – 2 мыңға жуық коттедж салынып жатыр. Алматыда 185 үй салуға «Байбесік» жобасы жүзеге асырылуда, Астана қаласында «Нұрбесік» ықшам ауданының жобасы әзірленді [57]. Оралмандарға тұрғын үй беру тәртібі 9 шілде  2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру ережесі туралы» №748 қаулысымен реттеледі [59]. Көші-қоны үрдісінде көшіп жүретіндердің құқықтарын реттеу үшін ең маңыздысы болып — азаматтық институт табылады. Оның маңызы көшіп келушілердің еліміздің азаматтығын алуға ниет білдіргенінен басталады. Осыған орай азаматтықты алу мен тоқтатудың да құқықтық реттелуінің маңызы зор. 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша азаматтықты ала алмайтындар белгіленген. Олар: қылмыстылықпен байланысты; Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен біртұтастығын бұзуға байланысты; халықтың денсаулығы мен мемлекеттік қауіпсіздікке зиян әкелетін; мемлекетаралық, халықаралық және діни алауыздықты жандыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қызмет етуіне қарсылықтың болуына байланысты; басқа мемлекеттердің азаматтығында болуымен байланысты жағдайларды қамтиды. Отандастар үшін бұл заңда азаматтық алу тәртібі жеңілдетілген [54].

Қазақстан мемлекетінің санын толтыру үшін, дамып жатқан көші-қон үрдісінің теріс салдарларының алдын-алу қажет. Заңсыз көші-қонының қауіптілігі елдің демографиялық жағдайына да әсер етеді, мемлекеттің өзіне де қауіпті.

Елімізде әлі де болса шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Қазіргі уақытта ішкі миграцияның саны жылына – 300,0 мың адамға тұрақтанды. Ішкі көші- қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден көшумен жалғасып отыр. Осыған орай көші-қон айырымы төмендеп отыр. Білікті мамандардың азаюі қаупі бар. Соңғы үш жылдың ішінде жоғары білімі бар адамдар бойынша көші-қон айырымы 4,7 мың адамды құрады.

Ішкі көші-қоны бойынша орналасу әр түрлі әлеуметтік қақтығыстарға әкеліп соғып отыр, еңбектің ішкі нарығында дисбаланстың болуымен ұштасып отыр.

Этникалық иммигранттарды өндіріс күші орналасқан аумақтан тыс өңірлер бойынша орналастыру жүргізілуде. Оралмандардың көптеген бөлігі қазіргі таңда еңбек етуге мүмкіншілігі жоқ өңірлерде (олар: Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстары) тіршілік етіп жатар. Ал солтүстік өңірлерде керісінше білікті еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне тап болып отыр. Оралмандарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін ары қарай жетілдіру қажет. Иммигранттардың квотасына енгізілген әлеуметтік жәрдемақының негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға және отбасыларын көшіруге етеді.

Көші-қоны үрдісімен айналысатын мемлекеттік басқару органдардың қызмет етуінде кешенді шешімдер жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша еңбекке қабілетті оралмандардың бір бөлігі еңбек қызметімен айналыспайды.

Шетелдердегі қазақ диаспораларының өкілдері арасында ақпараттық-насихаттайтын жұмыс жүргізілудің тиімділігі төмен.

Оралмандар кәсіби білім алуда, балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруда көптеген қиындықтарға тап болуда [56].

  Жоғарыда аталып кеткендей, Қазақстанда АҚШ пен Испания мемлекеттеріндегідей  сияқты заңсыз еңбек эммигранттарын заңдастыруымен байланысты амнистиялау жүргізіледі. Мұндай шара елімізде болып жатқан көші-қон жағдайын жақсартудың бір жолы болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін көші-қон саясатын жүзіге асыру барысында еліміздің көші-қон заңнамаларынан олқылықтар көрінеді. Елімізде әрекет етіп жатқан заңнамаларда көші-қонушылардың құқықтарын қорғау, иммиграциялық бақылау жүйелерінің жоқтығы көрінеді.

Халық саласындағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар, соның ішінде көші-қон саласындағы мәселелерде қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттердің негізгі мәселесі болып отыр. АҚШ, Канада, Австралия және т.б. бірқатар еуропалық мемлекеттер де қазіргі кезде келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты иммграциялық саясаттың сұрыпталған ерекше түрін жүргізуде. Мысалы, АҚШ мемлекеті өз еліне қажетті деп тапқан шетел азаматтарын тартады (ғалымдарды, өнер адамдарын, спортсмендерді). Сонымен қатар, Германия, Израиль және Польша сияқты бірқатар мемлекеттер халықтың ұлттық этникалық құрамын сақтау мақсатында арнайы этно-тарихи көші-қон саясатын жүргізеді [31].  Елімізде ғалымдар мен арнайы маман иелерін дайындау үшін білім, ғылым және экономика саласы бойынша мемлекет ұзақ және көлемді қаржылай инвестициялар жұмсайды. Бірақ олардың көбісі болашақта шетелге қайтып оралуды қалайды.

Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мәліметтеріне сәйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өсіп олардың саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсер етуі кеңейеді. Қазіргі кездің өзінде республикамыз көші-қон ағымының әсерін сезініп жатыр. Сонымен қатар, елімізде көші-қонының ұлттық, өңірлік және әлемдік бағытта дамуына мүмкіншілік беретін мониторинг жүйесі жоқ.

Қазақстан – әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50-ден астам елдерінің қатарына ену үшін, халықаралық байланыстарын кеңейтіп, дамытуы үшін, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі үшін, мемлекеттік саясатының бір бөлігі болып табылатын көші-қон саясатын дамытуда келесі мәселелерді қамтиды: елімізде жоғарғы кәсіби кадрлардың жоқтығы, заңсыз көші-қонның өсуі, ел аумағында көшіп келушілерді орналастырудағы қиындықтар сияқты теріс факторлармен байланысты проблемаларды әлі де басынан көшіреді; Қазақстанның экномикалық қауіпсіздігі, көшіп келушілердің құрылымына, оның аумақтық орналасуына тәуелді дамиды; Орталық Азия және басқа да мемлекеттерден көшіп келушілердің ағымының саны өседі [31].

Мемлекетте босқындардың мәртебесін анықтайтын заң жоқ. Елде босқындар туралы заңның жобасы әзірленіп қойылды, бірақ әлі заңды күшіне енген жоқ. Мемлекетте көші-қон аясындағы қызметті жетілдіру мен мәжбүрлі көші-қон бойынша көшіп келгендердің құқығын қалпына келтіру қиындыққа ұшырап отыр. Республикада паспортық-визалық режимді нығайту қажет. Сонымен қатар, мемлекет аумағына келуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейтін жүйені жетілдіру қажет. Басқа мемлекеттерден республика аумағын бөлетін шекара қызметін күшейту қажет.

Бүгінгі таңда Қазақстанда паспорттық –визалық құжаттарды даярлау мен енгізуде жаңа тәсілдер қолданылуда. ТМД елдерінен шекара арқылы өту кезінде визасыз өтетін жағдайлардың тізімін қысқарту қажет. Шекарада қатаң бақылау жүргізілуін жетілдіру керек. Осындай шараларды жүзеге асыру арқылы елдің демографиялық жағдайын біршама жақсартуға болады. Халықтың санын көші-қоны тұрғысынан толықтырудың нәтижесі адамдардың арасындағы қарым- қатынастарды қиындатпау қажет.

Осы аяда «Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі мен жүріп-тұруы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасынан шығуы ережесі туралы» 28 қантар 2000 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №136 қаулысын атап кетуге болады [60]. Сонымен қатар 26 шілде 2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1010 қаулысы [61].        

Қазіргі мемлекеттің демографиялық функциясының ішіндегі көші- қоны қызметі: халықтың өсіп-өнуінде маңызды роль атқаратын көші-қоны ағымдарын тарту; көшіп келушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; көші – қон үрдісін реттеудегі ұлттық заңнамаларды жетілдіру болып табылады [62, с. 46].

Халықтың өсіп-өнуі мемлекеттің басты саясатына айналуы қажет. Бұрын соңды бұл мәселе мемлекеттің әлеуметтік функциясының құрамдас бөлігі болған, қазіргі жаһандану кезеңінің талабы, оны демография саласындағы мемлекеттің жеке қызметі етіп бекіту уақыты келді.

 

         2.2 Қазақстан Республикасындағы демография мәселесін шешудегі мемлекеттік органдар және олардың өкілеттіктері

 

 Адам, оның өмірі мен денсаулығы, адам ресурстары, адамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Бүгінгі адамзат өз тіршілігінде әр түрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық, денсаулық сақтау аясында да және тағы да басқа әр түрлі мәселелермен қақтығысып отыр. Ғылыми техникалық жетістіктердің нәтижесінде әлемде әр түрлі қақтығыстар, ұйымдасқан қылмыстылық, адам ұрлау, оны құлдыққа сату, жезөкшелікпен айналысу сияқты проблемаларда көбейіп кетті. Осының нәтижесінде туылым көрсеткіштері күрт төмендеп, өлім мен өзіне-өзі қол жұмсаудың саны өсіп кетті, адамның өзін-өзі қорғай алмайтындығы байқала бастады, демографиялық үрдістермен байланысы бар әр түрлі жағымсыз құбылыстар орын алуда.

Бүкіл әлем қауымдастығы бұл мәселелерді шешуге атсалысуда. Мемлекет осындай жағдайдың өзгеруіне көптеген қадамдар жасап жатыр.

ХХ ғасырда демографиялық үрдістердің қалыптасуына мемлекетте, адамзатта ерекше көңіл бөлмеген. Сол себептен де бұл проблема әлеуметтік проблемалардың көлеңкесінде қалып қалған. Адамның сана-сезімі мен ой-өрісінің кеңейіп, адам –жалғыз саналы тіршілік иесі дегенді түсіне келе, ХХI аяқ басқанда бұл проблеманың барлық мәселелердің алдына шығып кеткенін байқап отырмыз. ХХ ғасырда жүргізілген демографиялық саясат мәні мен мазмұны жағынан қоғамның тіршілік етуінің барлық талаптарын орындаған жоқ. Мемлекеттің тарихына үңілсек әрқашанда қоғам дамуы мен әлеуметтік, экономикалық және саяси қақтығыстардың қатар жүргендігі байқалады.

Қазіргі кезде демографиялық жағдай өте өзекті және ол мемлекеттік биліктің тез арада ықпал етуін қажет етіп отыр.

  Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы республика. Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішіндегі және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен халықтың көші-қоны туралы заңдар қабылданды және шет елдерде тұратын қазақтарды өз еліне қайтару жөнінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Заң ғылымында бұл үрдіс этникалық репатриация деп аталады. Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында елдегі демографиялық мәселенің ұшығуы өзекті проблема болып қала беретіндігі жөнінде айтылады. Осының нәтижесі демографиялық саясатты жүзеге асыру, жағдайды жақсарту жөнінде шараларды қамтитын нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру қажеттілігінің өзекті екендігіне көз жеткізіп отыр.

Қазақстан Респбликасы Конституциясының 3 – бабының, 4-тармағына сәйкес «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады» [37].

Бұл дегеніміз мемлекеттік билік заңи басқарушылық құзыретке ие болады. Билікті үш тармаққа бөлу арқылы мемлекеттік билік органдары өз қызметін жеке жүзеге асырады.

Демографиялық саясаттың құқықтық реттелуіне тікелей қатысты мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Қазақстан Республикасының Парламентін айтуға болады. Қазақстан Республикасының Парламенті еліміздің демографиялық үрдістерін қамтитын, демографиялық заңнамалардың жүйесін құрайтын нормативтік құқықтық актілерді шығарады.

Биліктің бөліну жүйесіне кіретін мемлекеттік биліктің тағы бір түрі атқарушы билік болып табылады. Демографиялық үрдістерді шешуге бағытталған еліміздің демографиялық саясатын жүзеге асыратын биліктің бір түрі осы атқарушы билік болып табылады. Республикада еі жоғарғы атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының, 4-тармағына сәйкес «Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды» [37].

Қазақстан Республикасының Үкіметі демография саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, елдегі демографиялық саясаттың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, елдегі демографиялық жағдайды шешуге байланысты тұжырымдамалар мен бағдарламалар дайындайды, республиканың заң шығарушы органына заң жобаларын енгізеді, яғни өзіне тиесілі заң шығару бастамасы құқығына ие болады. Сондай-ақ заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында демографиялық саясатты қамтамасыз ететін мынандай органдар бар: ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, оның ішіндегі Көші-қон Комитеті; ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі; ҚР Сыртқы істер Министрлігі; ҚР Ішкі істер Министрлігі. Сонымен қатар елдегі демографиялық жағдайды реттеуге бағытталған бірқатар Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарда бар. Олар: ҚР Статистика жөніндегі Агенттілігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары. Бұл мәселені шешуге Республиканың мемлекеттік жергілікті атқарушы органдары да атсалысады. Демографиялық проблемаларды шешуде жергілікті өкілді орган Қазақстан Республикасы мәслихаттарының да маңызы зор.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі-азаматтардың денсаулығын сақтау медициналық және фармацевтикалық ғылым мен білім, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, дәрі-дәрмектің айналымы, медициналық қызметтің сапасын бақылау салаларында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы Қазақстан республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Бұл Министрліктің қарамағында фармацевтикалық бақылау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша Комитеттер бар.

Министрлік елдегі демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында келесідей қызметтерді атқарады:

1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында медициналық қызмет көрсетудің сапасы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді;

2) мемлекеттің кепіл берген шегінде заңға сәйкес азаматтардың тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

3) халық пен емдеу профилактикалық мекемелерді қауіпсіз, тиімді әрі сапалы дәрі –дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) денсаулық сақтау саласында, медициналық ғылым мен білім аясында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және т.б. [63].

Елімізде демографиялық үрдістерді реттеуге бағытталған бірден-бір негізгі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі болып табылады. Министрліктің қарамағында Көші-қон Комитеті мен Бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша Комитеті жұмыс жасайды.

Министрлік демографиялық саясатты жүзеге асыру барысында келесідей қызметтер атқарады:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен оның қорғалуы, халықтың жұмыспен қамтылуы аясында, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен оның қорғалуы, халықтың жұмыспен қамтылуы аясында, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы салааралық қызметтер мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен оның қорғалуы, халықтың жұмыспен қамтылуы аясында, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалары бар, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар мен отбасыларға көмек көрсету, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларды тағайындау мен төлеп беру аясында, сонымен қатар, тау жұмыстарында, жер асты жұмыстарында, өте қауіпті аймақтарда еңбек жағдайларына, Семей ядролық сынақтан зиян шеккен азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы беру аясында нормативтік –құқықтық актілерді жасап, бекітеді;    

4) өз қызметі аясында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және т.б.

Министрліктің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының Көші-қон Комитетінің функциялары мынадай:

1) халықтың көші-қоны туралы заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылау жасайды;

          2) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшінің кетуіне байланысты қызметке лицензияның тоқтата тұруын береді;

          3) халықтың көші-қоны мәселелері бойынша бағдарламалар мен нормативтік –құқықтық актілердің орындалуын жүзеге асырады;

          4) көшіп келген оралмандар мен босқындарды тіркейді және оларды есепке алады;

          5) оралмандар иммиграциясы квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақы мен компенсациялар төлейді;

          6) босқындар, оралмандар мәртебесін беруге және оралмандар иммиграциясы квотасына енгізуден бас тартқан өкілетті органның аумақтық органына келіп түскен арыздар бойынша шешім қабылдайды және т.б.

         Министрліктің құрамындағы Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитеті:

         1) мүгедектік, жас бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша, баланың туылуы және оны қарауға арналған, Семей ядролық сынақ бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың өз уақытында және толығымен төленуіне бақылауды жүзеге асырады;

          2) халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жөніндегі заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізеді;

          3) еңбек заңдарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және т.б. [64].

Республикада қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, қоғамның экологиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды басқаратын орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі болып табылады.

         Бұл Министрліктің құрамына Экологиялық реттеу мен бақылау Комитеті кіреді.

Аталған Министрліктің еліміздің демографиялық жағдайын шешуге бағытталған бірқатар қызметтері бар. Олар:

1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамның экологиялық тұрақты дамуында қолайлы деңгейге жету;

2) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру бойынша және тұрақты дамуға көшу бойынша ұсыныстар жасайды;

3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және тұрақты даму салаларындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мәселелері бойынша басшылық жасап, салааралық бақылау жасайды;

4) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету салаларында заңнамаларды жетілдіру;

5) қоршаған ортаны қорғау және өз құзыры шегінде қоршаған ортаны қорғауда экологиялық әдістерді мемлекеттік экологиялық бақылау саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

6) табиғатты қорғау заңдарының экологиялық талаптар нормативінің орындалуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету

7) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпаратпен ағартушылықты тарату жүйесін дамыту және т.б.

Министрліктің құрамындағы Экологиялық реттеу мен бақылау Комитетінің қызметі келесідей:

1) қоршаған ораның ластануын жою жөніндегі шараларды жүргізеді;

2) зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмуді жүзеге асырады;

3) су сапасының нормативтерін орындауды жүзеге асырады;

4) атмосфералық ауаны қорғауда, ауа-райы мен Жердің озон қабатын қорғауда техникалық регламенттер, нормативтерді, ережелер мен басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді және т.б. [65]. Елде сыртқы саяси қызметті атқаруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының біртұтас жүйесін басқаратын орталық атқарушы орган болып Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігі табылады. Министрліктің құрамында Халықаралық ақпарат Комитеті бар.

Бұл Министрліктің демографиялық үрдістерді реттеуге бағытталған құзыреттері келесідей:

1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын жасау және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне сәйкес ұсыныстар енгізу;

 2) шетелде Қазақстан Республикасының құқықтары мен мүдделерін, оның азаматтары мен заңды тұлғаларын қорғау;

 3) дипломатиялық құралдармен, әдістермен халықаралық бейбітшілік, әлемдік және өңірлік қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының ықпалын жүзеге асыру;

 4) дипломатиялық құралдармен, әдістермен Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығымен шекаралық бұзылмаушылығын қорғауды,оның халықаралық аренада басқа мемлекеттермен саяси, сауда-экономикалық және басқа мүдделерін қамтамасыз ету;

  5) Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен, дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;

  6) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шетел мемлекеттерінің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметін талдауға және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;

 7) Қазақстан Республикасының халықаралық саясаты стратегиясын жүзеге асыру;

 8) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар қызметіне, конференцияларға, жиналыстарға, форумдарға қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде ғаламдық және өңірлік проблемаларды шешудегі ролін арттыруға жәрдемдесу;

9) шетелдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;        

10) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

12) өз құзыреті аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға шегінде қатысу;

13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;

14) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады және т.б. [66]. Елдегі болып жатқан қоғамның барлық салаларын қамтып отырған бүгінгі демографиялық проблемалардың реттелуі мен шешілуіне септігін тигізетін негізгі мемлекеттік органдардың бірі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ішкi iстер Министрлігі, ішкі істер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті ведомстволары болады. Бұл Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.

Министрлік Мемлекеттің демографиялық саясаты аясында  қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлейді;

3) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;

4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне, мемлекеттік органдарға республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат береді;

5) мемлекеттік органдарды және өзге ұйымдардың қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы күрес, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою мәселелері жөніндегі қызметін, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарына тосқауыл қою, жол қозғалысы қауіпсіздігін, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

6) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;

    7) қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

8) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті және көмек көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жәрдем көрсетеді;

9) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдалануына қарсы күрес саласындағы жұмысқа арналған мамандарды, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынатын және тұтынуға әуес адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталар бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттілік нормалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар береді; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар әзірлейді және бекітеді.

 Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функцияларды жүктейді:

1) өз құзыретінің шегінде қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды болдырмау, жолын кесу және ашу, алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру, көші-қон заңнамасын сақтау, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау, күзет қызметін жүзеге асыру, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды;

2) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыруды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды, қылмысқа қарсы күресті, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлеуді;

4) белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды ұйымдастыруды

5) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтықтан шығу бойынша материалдарды қарайды, оларды тіркеуді жүзеге асыруды;

6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұру үшін шетелге шығуын, шетелдік азаматтарға виза беруді ресімдеуді жүзеге асыруды;

7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың, сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтығын өзгертуі туралы, Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру туралы ақпарат алмасу мәселелері бойынша әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасауды;

8) тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағына кіруге құқығы бар құжатттарды ресімдеуді;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекаралық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді;

10) Қазақстан Республикасының шекаралық ауданындағы құқықтық тәртіп жағдайы, тұрғылықты жерлерін белгісіз жағдайда тастап кеткен адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қатысты құқыққа қарсы ұмтылған қылмыс топтары мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабарландыруды;

11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен оның режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режимді бұзған адамдарды іздестіруге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында азаматтармен жасалған құқық бұзушылықтың жағдайларын анықтауға және тексеруге көмек көрсетуді;

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынысы бойынша шекара аумағында (жолағында) орналасқан жерлердің немесе объектілердің жекелеген учаскелеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қарулы шабуылға тосқауыл жасауда немесе Қазақстан Республикасының аумағына шекаралас мемлекет азаматтарының жаппай өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша шектеу қоюды немесе кіруге тыйым салуды;

13) азаматтар мен лауазымды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың оларға белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

14) заңды тұлғалардың қызметін, оның ішінде шетел жұмыс күшін тарту ережесін сақтау, елімізде шетелдіктердің болуына виза беру бөлігінде бақылауды жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың шет елдерге шығуын шектеу және шетелдіктерді тұрақты тұруға қалдыру туралы шешімдер қабылдауды;

15) карантиндік, санитарлық және экологиялық іс-шараларды, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде өткізуге қатысуды;

16) денсаулық сақтау мекемелеріне олардың ұсыныстары бойынша шақыруға келмейтін, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен азап шегетін, жыныстық аурулармен немесе адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандардың келуін жүзеге асырады [67]. Министрліктің құрамындағы Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті елдегі демографиялық депопуляцияның дамуына жол бермеу мақсатында келесідей қызметтер атқарады: 

1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына, сондай-ақ олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер бойынша бірыңғай деректер банкін қалыптастыруды, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою бойынша жұмысты, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шаралар өткізуді;

2) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресудің халықаралық тәжірибесін талдау мен қорытындылауды, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды, осы саладағы заңнаманы қолдануды;

3) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды егу, өндіру, дайындау, сақтау, бөлшек, көтерме және халықаралық сатуда, бөлу, зерттеу тәртібін, оларды дайындау үшін шикізаттарды, материалдарды, сондай-ақ, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімдері мен жіктеуінде көрсетілген өсімдіктерді, заттарды препараттарды анықтайтын нормаларды әзірлеуді;

4) Қазақстан Республикасында бақылауға алуға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне және заңсыз айналымда табылған шағын, ірі және аса ірі көлемді есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар енгізуді;

5) құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталарды бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілік нормаларын анықтауды;

6) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың барлық түрлерінің ауқымын болжауды, олардың жаңа түрлерінің пайда болуын, оларды өндірілуі және таратылуын болдырмау жөнінде шаралар әзірлеуді;

7) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін, есірткілердің заңсыз айналымға түсетін өңіраралық көздер мен арналарын талдауды, олардың жолын кесу жөніндегі шараларды әзірлеуді, тиісті ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;

8) мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысуды;

9) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасасу шараларын бақылауды жүзеге асыруды;

    10) іс жүзіндегілермен салыстырғанда аса тиімді, қауіпсіздігі төмен, есірткілік әсері әлсіз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу және енгізу үдерісін бақылауды қамтамасыз етеді [67].

         Республикада жергілікті атқарушы билікті Әкімдіктер жүзеге асырады. Жергілікті жерлерде демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында Әкімдіктер өз құзыреті шегінде:

1) облысты, қаланы (республикалық маңызы бар қаланы, астананы), ауданды  дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзiрлейдi және әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлердің болжамын мақұлдайды және мәслихаттың бекiтуiне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық, қалалық, аудандық қаржы жоспарлары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарларын бекітеді;

3) облыстың, қаланың не ауданның (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

4) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

5) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;

6) өз құзыреті шегінде ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;

7) облыстың, қаланың не ауданның (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

8) белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

9) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етеді;

10) мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;

11) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;

12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

13) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

      14) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі [68].

Мемлекет халықтың санын білуі үшін, оның жыныстық және жастық құрамын зерттеу үшін, басқа да демографиялық үрдістер мен көші-қон үрдістерінің даму деңгейінің манызын анықтау барысында статистикалық көрсеткіштеге сүйенеді.

Осы аяда статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік статистика аясында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің маңызы зор.

Бұл Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.

Аталған Агенттіктің мемлекеттегі демографиялық үрдістерді реттеуге бағытталған келесідей функциялары бар:

 1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) статистика саласында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, олармен мемлекеттік статистиканы дамытуға бағытталған келісімдер мен шарттар жасасады;

3) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы әзірлейді;

4) статистикалық жұмыстардың жоспарынан тыс ұлттық санақтарды өткізеді;

5) мемлекеттік статистикалық байқау бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

6) статистикалық байқау бағдарламаларын бекіту негізінде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіреді;

7) әрбір шаруашылықтың есебін жүргізудің әдіснамалық басшылығын жүзеге асырады;

8) мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығарады;

9) статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізеді;

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етеді;

11) халықаралық стандарттарға сәйкес Мемлекеттік статистикалық тіркелімдерді жүргізеді;

12) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және жандандыруды ќамтамасыз етеді;

    13) статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады және т.б. [69].

    Елдегі демографиялық жағдайды реттеу мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен ұштасады. Республикада елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші бірден-бір орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары  — Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.  

    Ұлттық қауiпсiздiк органдарының елдегі демографиялық жағдайды шешуге бағытталған қызметтері бар. Олар :

1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

2) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;

3) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.  

5) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;

6) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау қызметiн жүзеге асыруға;

7) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;

8) Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен өзге де мемлекеттiк ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар жүргiзуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;

10) өздерiнiң iс-қимылдарымен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жiбермеу және аластау жөнiндегi мәселелердi құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу;

11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;

    13) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;

14) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;

15) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу. Автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелерi мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау болып табылады [70].

Елдегі демографиялық үрдістерді реттеу саласында соттардың атқаратын басты қызметі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.

Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi [71].

Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Прокуратурасы органының бірқатар функциялары бар.

    Еліміздің демографиялық проблемаларын реттеу саласында Қазақстан Республикасының Прокуратурасы статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Еліміздің демографиялық проблемаларын реттеу саласында Қазақстан Республикасының Прокуратурасы статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуына қадағалау жүргізу барысында:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз етеді;

2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолданады.

3) адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актiнiң күшiн тоқтата тұрады;

4) мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi [72].

Қазақстан Республикасы Мәслихаты:

Мәслихаттардың демографиялық саясат саласындағы құзыретiне:

1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;

5) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады [68].

Республикада демографиялық үрдістерді реттеу саласындағы негізгі органдардың бірі болып Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық Комиссия табылады. Бұл Комиссия гендорлық саясатты жүзеге асырады, отбасылық және демографиялық саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Комиссияның негізгі міндеттері мынадай:

1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;

2) мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерін қорғау, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау;

3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерін талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

4) мыналарға:

— экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізуге, әйелдер арасында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

— еңбек қызметін үй шаруасы міндеттерімен және бала тәрбиесімен ұштастыру жөнінде отбасы мүшелеріне жағдай жасауға;

— отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізуге;

— халықтың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге;

— отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбірімен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін енгізуге;

— халыққа гендерлік білім беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;

— демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

5) Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар бойынша мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсынымдар дайындау;

6) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнінде Мемлекет басшысы үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

7) Қазақстандағы отбасы және гендерлік теңдік жағдайы аспектілерінің неғұрлым толық көрініс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

8) отбасы мәселелеріне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

9) әйелдер, отбасы және демография мәселелері жөніндегі тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;

11) гендерлік-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргізу;

12) мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады [73].

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің көші-қон саласындағы қызметі көп жоспарлы қызметтерді атқаруды белгілеп отыр. Олар: елдегі көші-қон үрдістерін болжау, көші-қон саласындағы ақпараттық жүйелерді, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; сонымен қатар, әр түрлі көші-қон тұжырымдамалары мен бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру; көші-қон үрдісіне бақылау жүргізу; заңсыз көші-қон мен босқындарды есептеу; оралмандардың келуін қамтамасыз ету; олардың арықарай тіршілік етуін қамтамасыз ету; ортаға бейімделуін жүзеге асыруды қамтиды және т.б. [74].

Демография және көші-қон қызметі саласындағы ең маңыздысы мемлекеттің халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық жасасуы болып табылады. Еліміз көші-қонын реттеу мәселелері бойынша барлық ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастықта.

Демографиялық мәселелер өте күрделі. Қазақстан жағдайында демографиялық мәселелерді бірнеше органдар реттейді. Бұл демография мәселесін жүйелі түрде шешуге және оның тиімді жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, біздің ойымызша демографиялық проблемаларды шешетін арнайы орган құру қажет. Өйткені, демографиялық жағдайды көтеру Қазақстан үшін қазіргі кезде стратегиялық маңызы бар міндеттердің біріне айналуда. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында төмендегідей байлам-тұжырымдар мен қорытындыларға қол жеткізілді:

1 Жаңа мыңжылдықта адамзат алдында жеке бір ғана мемлекеттің өзі шеше алмайтын жаңа мәселелер туындады. Оларға жаһанданудан пайда болған келелі мәселелер жатады. Жаһандану қазіргі әлем жүйесінің маңызды да шынайы аспектісі болды, біздің планетамыздың арықарай дамуын анықтайтын әсер етуші күштердің біреуі болып табылады. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, оның ішінде экономиканы, саясатты, әлеуметтік саланы, мәдениетті, экологияны, қауіпсіздікті және т.б.

2 Мемлекеттің тарихи дамуы нәтижесінде оның функциялары әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырады: кейбір функциялар бірте-бірте жоқ болады, кейбіреулерінің түрлері өзгереді, біреулері жаңадан пайда болады, бірақ барлық жағдайда бұл процестер (үрдістер) мемлекеттің мәні мен мемлекеттің әлеуметтік тағайынының, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-таптық құрылымының белгілі бір тарихи кезеңге негізделетіні заңды болып табылады. Мемлекеттің функциялары — өзгермелі категория. Олар мемлекеттің бір типінен екінші бір типіне өту кезінде өзгере бастайды.

3 Қазіргі таңда демографиялық мәселе барлық проблемаларды басып өтіп алдыңғы қатарға шығып отыр. Мемлекеттің әлеуметтік функцияның көлеңкесінде қалған мемлекеттің демографиялық функциясын, мемлекеттің жеке функциясы етіп қарастыратын кез келді. Сонымен қатар, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, демографиялық қауіпсіздікті оның құрамдас  бөлігі етіп бекіту керек. Елімізде мемлекеттік деңгейде демографиялық сараптамалар жүргізілуі керек. Мемлекеттің демографиялық қауіпсіздігі ананың, баланың, отбасының мүдделерін қамтамасыз етуді көздеуі керек.   Бүгінгі күні барлық мемлекеттер алдында ұлттық және халықаралық мүдделерді үйлестіру қағидасы негізінде олардың қарым – қатынас жасауына ықпал ететін, елдегі барлық халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, әлемдік қауіпсіздікті қалыптастыру міндеті тұр. Осының нәтижесінде, жаһандану келелі мәселелерді шешуге мемлекеттердің бірігіуін талап етеді және оның ішкі және сыртқы саясатына күрделі өзгерістер енгізеді.

Мемлекеттің демографиялық функциясын зерттеуді бірнеше кезеңге бөлу арқылы оның қалай дамығанына көз жеткізуімізге болады.  Осының нәтижесінде өткенді тарихи саралау арқылы, мемлекеттің дамуын талдауға болады. Мемлекет құқық арқылы нақтылап халықтың туылым мен өлім деңгейін реттеп, халық санының өсуіне жағдай жасауы тиіс. Бұл жағынан мемлекеттік реттеу аясы әлсіресе, онда ұлттың жойылып кету қауіпі бар.

4 Әрбір проблема тіршілікте басқа да проблемалармен тығыз байланыста болады. Демография үрдістерді, оның ішінде туылымды, өлімді, көші-қонды реттеу үшін бірқатар басқа да мәселелерді шешу қажет. Қазіргі мемлекеттер жаһанданумен тығыз байланысты халықтың денсаулығы сияқты мәселені реттеу қажет. Бүгінгі күні Қазақстанда жыныстық және басқа да жолмен берілетін ЖҚТБ және тағы да басқа вирустық жұқпалы туберкулез, гепатит сияқты аурулардың таралу қауіпі тұр. Бүгінде адамзаттың дамуы, экономиканың өрлеуі, жаңа технологияның пайда болуы оның жетістіктерінің болуы қоршаған ортаға қалпына келтірілмейтін зиян әкелуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздік мәселесінің ішінде ХХІ-ғасырда адамзат баласы жолыққан проблемаларының бірі және көпшілікпен танылған келелі мәселе болып табылады. Адамзаттың арықарай тіршілік етуі әрқашанда экологиямен тығыз байланысты, басқа да проблемалар осыған негізделеді.

Жаңа мыңжылдықта адамдардың көшіп-қонуымен байланысты мәселелері ұшыға түсті. Осыған байланысты көшіп-қону үрдісін реттеу мәселесін келелі мәселелерге жатқызуға болады. Бүгінгі таңда бос сауғалап жүрген заңсыз көші-қонымен күресу керек. Кейбір мәліметтерге сәйкес елде миллионға жуық заңсыз көшіп-қонушылар бар. Мұндай көрсеткіштің негізгі себебі оның геосаясаттың, ішкі саясаттың және әлеуметтік – экономикалық сипатта болуы. Заңсыз көші-қонның объективтік процестер нәтижесінде туындаған себептері де бар. Мұндайларға әлем экономикасының жаһандануы, кедей елдерден дамыған елдерге еңбек күшін жатқызуға болады. Сонымен қатар мемлекет мәжбүрлі көшіп-келушілер мен босқындардың мәртебесін, олардың құқықтарының қорғалу механизмдерін қарастыру керек.  

5 Келелі үрдістерде қазіргі мемлекеттің ролі келесідей болып келеді. Мемлекет және мемлекеттік институттар жаһандану нәтижесінде туындайтын мәселелердің алдын – алып, жоюы тиіс. Оның ішінде халық саны саласындаѓы мәселе, оның ұдаюі және өсуі.

6 Қазіргі мемлекеттер әлемдегі халық санының азаюын не болмаса тұрақсыздықтың алдын-алуға күш — жігерлерін біріктіруі қажет. Қазіргі мемлекеттер өте қауіпті, жаһанданудан туындайтын кедейшілік пен қайыршылық, халықаралық терроризм, ұйымдасқан қылмыстылық, есірткі тасу, жұқпалы аурулар дамушы елдер халқының дамыған елдерге көшуі сияқты мәселелерге қарсы тұруы тиіс.

Қазақстан алдыңғы қатарлы еуразиялық мемлекеттердің бірі ретінде БҰҰ-ның жүйесіне кіретін халықаралық ұйымдар мен өзге де халықаралық, халықаралық ведомствааралық ұйымдардың қызметіне, сондай – ақ жалпы және аймақтық қауіпсіздік жөнінде, халық саны аясында мәселелерді шешу жөніндегі әмбебапты және аймақтық сипаттағы басқа да ұйымдардың қызметіне белсенді қатысуы қажет.

Қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау. Жүргізілген зерттеу қойылған міндеттердің толығымен шешілгенін аңғартады. ҚР әрекет етіп жатқан заңдарын оқып зерттеу негізінде алынған нәтижелер, диссертациялық жұмысты қорғауға шығаруға ережелермен толығымен сәйкес келеді. Диссертацияда міндеттерді толығымен шешу мақсатында көптеген теориялық құжаттар мен тәжірибелік мәліметтер қолданылды.

Зерттеу нәтижелерін нақты пайдалану бойынша ұсыныстар:

1 Мемлекет функциясы теориясында мемлекеттің жаңа қызметі орын алуы қажет. Біздің ойымызша, ол демография саласындағы мемлекеттің функциясы деп аталуы тиіс.

2 Қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру барысында, жаңа заң жобаларын дайындауда демографиялық сараптама жүргізуді ұсынамыз.

 3 Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүргізуді үйлестіретін атқарушы органдар жүйесінен арнайы орган құру қажет.

 4 «Босқындардың мәртебесі» туралы заң қабылдау қажет. Заңсыз көші-қонын қатаң бақылауға алу керек, соның нәтижесінде шекара қызметіне қатаң бақылау жүргізу арқылы, визалық-паспорттық режимді қатаң бақылауға алу керек, иммиграциялық қызметтерді жетілдіру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Казахстанцев больше 16 миллионов! // http://www.kp.kz

2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы, 2002.- 96 б.

3  Сартаев С.С. Тұлға Академик Сұлтан Сартаев. – Алматы: «Дәуір», 2008. – 632 б.

 4 Әлемдік философиялық мұра: Жиырма томдық. 3-том. Аристотель философиясы.- Алматы: Жазушы, 2005. – 568 б.

        5 Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Алматы: — Қазақстан, — 2005. – 504 б. 

6 Баймаханов М.Т. Избранные труды по теории государства и права. – Алматы, 2003. – 567 с.

7 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264 б.

8 Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. – Қарағанды: Болашақ – Баспа, 2002. – 320 б.

9 Белков П. Л. Раннее государство, предгосударство, протогосударство: игра в термины // Ранние формы политической организации: от первобытности к государственности. – М., 1995. – С. 121-175.

10  Әлемдік философиялық мұра: Жиырма томдық. 6-том. « Жаңа дәуір философиясы» — Алматы: Жазушы, 2006. – 512 б.

 11 Фома Аквинский. О правлении властителей // Политические структуры эпохи феодализма в Западной Европе (VI—XVII вв.). – Л., 1990. – С. 235.

 12 Гроций Г. О праве войны и мира. – М., 1956. – С. 74.

 13 Локк Дж. Басқару туралы екі трактат / Ауд. М.Ө. Иманбаев. – Алматы: Раритет, 2004. – 280 б.

 14 Кант И. Мәңгілік тыныштыққа // Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Алматы: — Қазақстан, — 2005. – 472 

 15 Гегель. Философия права. – М., 1990. – С. 284, 310, 93, 286.

 16 Монтескье Ш. Заңдар рухы туралы. Ауд. А. Құлсариева – Алматы: Үш Қиян, 2004. – 784б.

 17 Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары. 3 – том. – Алматы, 1981. – 360-365 б.

 18 Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы: Т. 33. Мемлекет және революция. – Алматы: Қазақстан, 1979. – 469б.  

19 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.- Астана: 2007.- 336 б.

20 Философский  энциклопедический  словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1983. — 839 с.

21 Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. – М.: НОРМА-ИНФРА,  2002. —  552с.

22 Баймаханов М.Т. О некоторых подходах политико-правовой науки к выработке понятия функций государства. Основные слагаемые понятия функций государства и их характеристика // Функции государства в условиях современного мира (на материалах независимого Казахстана): Монография / Отв. ред. М.Т. Баймаханов. — Алматы, 2005.- 336 с.

23 Черданцев А.Ф. Теория государства и права. – М., 2000.– С. 111.

24 Морозова Л.И. Проблемы современной российской государственности. – М.: Юрид. лит., 1998. – С. 33.

25 Загайнов Л.И. Экономические функции Советского государства. – М.: Юридическая литература, 1968. – 120с.

26 Байтин М.И. Сущность и основные функции социалистического государства. — Саратов, 1979. — 302 с.

27 Черноголовкин Н.В. Теория функций социалистического государства.– М.: Юрид. лит., 1970.–  С.116-117.

28 Бреева Е.Б. Основы демографии: Учебное пособие / Е.Б. Бреева 4-е изд.- М.: Дашков и К, 2009. — 388 с.

29 Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз — демографияда. — Алматы: Жеті жарғы, 1999. — 264 б.

30 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік демографиялық саясат тұжырымдамасы туралы» 17 тамыз 2000 жылғы № 1272 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы // «Юрист» Электрондық жүйесі. 

31 «2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы туралы» 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 29 тамыз. 

32 Гуляева Е. И каганы считали своих поданных. Переписи на территории современного Казахстана проводятся с ХV века // Литер. – 2009. – 19 февраля.

33 Тәтімов М.Т. Қазақ әлемі: Қазақтың саны қанша? Қазақ қайдан қуылған, қырылған және атылған? – Алматы: Қазақстан – Атамұра, 1993. – 160 б.

34 Жұмасұлтанов С. Народонаселение Казахстана.- Алматы, 2004. – 50 с.

35 Проверили и ужаснулись. Достоверной статистики о количестве наркоманов в стране нет: Информация Генеральной Прокуратуры Республики Казахстан // http://info-tses.kz/red/article  

36 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 8 тамыз 2002 жылғы Қазақстан Республикасының № 345-I заңы // «Юрист» Электрондық жүйесі.

37 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жылғы, 21 мамыр 2007 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен //

38  «Неке және отбасы туралы» 17 желтоқсан 1998 жылғы № 321-I Қазақстан Республикасының Заңы (2007.21.05 өзгертулер мен толықтырулармен) // Егемен Қазақстан. – 2007. – 22 мамыр.

39 Жұмағұлов Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 360 б.   

40 Будущее без наркотиков // Информационно-познавательный Журнал для детей и молодежи. – 2008. — №4.- 60 с.

41 Held D., McGrew A., Goldblatt D., Perraton J. Global Transformations. Politics, Economics and Culture. — Oxford, 2000.

42 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2002. – 405 б.

43 «Азаматтардың десаулығын қорғау туралы» 7 маусым 2006 жылғы № 170 – III Қазақстан Республикасының Заңы (2007.11.01. өзгертулер мен толықтырулармен) // Егемен Қазақстан. – 2007. – 12 қантар.    

44  «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 23 сәуір 1998 жылғы №219-I Қазақстан Республикасының Заңы, (2006.29.12. өзгерістер мен толықтырулармен) // Егемен Қазақстан. – 2006. – 30 желтоқсан.    

45 «Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» 3 желтоқсан 2003 жылғы  № 1241 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы.

46 «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 4 маусым 2003 жылғы № 430-II Қазақстан Республикасының Заңы (2008.24.12. өзгерістер мен толықтырулармен) // Егемен Қазақстан. – 2008. – 25 желтоқсан.     .

47 «АҚТҚ және ЖҚТБ алдын-алу және емдеу туралы» 5 қазан 1994 жылғы № 172-III Қазақстан Республикасының Заңы 07.07.2006 жылы өзгертулермен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. – 2006. – 8 маусым.

48 «2007 – 2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» 14 қараша 2006 жылғы № 216 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

49 «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулықты қорғауды реформалау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» 13қыркүйек 2004 жылғы № 1438 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

50 «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір сүру туралы бағдарлама» 21 желтоқсан 2007 жылғы №1207 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы  // 

51 30 шілде 2002 жылғы «ТМД қатысушы — мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресудегі ынтымақтастығы туралы келісім-шартын бекіту туралы» № 849 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы // «Юрист» Электрондық жүйесі.

52 «Халықтың көшi-қоны туралы» 13 желтоқсан 1997 жылғы  № 204-I Қазақстан Республикасының Заңы 10.12.2008 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен //

53 Қазақстан – цифрларда. Статистикалық жинақ. / Редакциясын басқарған А. Е. Мешімбаева / Астана, 2007.- 394б. 

54 «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 20 желтоқсан 1991 жылғы № 1017-ХII Қазақстан Республикасының Заңы, 22.05.2007 жылғы  өзгертулермен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. – 2007. – 23 мамыр.

55 «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 19 маусым 1995 № 2337 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы, 27.07.2007 жылғы өзгертулермен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. – 2007. – 29 шілде.

56 «Этникалық қазақтардың тарихи отанына репатриациясы туралы тұжырымдама» 16 қыркүйек 1998 жылғы № 900 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы //

57 «2009-2011 жылдарға арналған Нұрлы Көш бағдарламасы» 2 желтоқсан 2008 жылғы № 1126 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы //

58 «Оралмандарды иммигранттар квотасына қосу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 858 қаулысы //

      59 «Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2002 жылғы 9 шілдедегі №748 қаулысы //

60 «Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі мен жүріп-тұруы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасынан шығуы ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қантардағы №136 қаулысы // Казахстанская правда. – 2000. –  29 қантар.    

61 Миграция. Сборник нормативно – правовых актов Республики Казахстан. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 128 с.

62 Тимофеева Т.Ф. Государственно — правовое регулирование демографических процессов в Российской Федерации (историко-правовой аспект) . – Дис. … канд. юрид. наук. – Чебоксары, 2005. – 187 с.  

63 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазанда № 1117 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі туралы» Ережесі, 13.03.2009 жылғы өзгертулермен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. – 2009. –  14 наурыз.   

   64 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Ережесі,  14.03.2009 жылғы өзгертулермен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. – 2009. –  15 наурыз.   

   65 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысымен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі туралы» Ережесі // Егемен Қазақстан. – 2007. –  9 желтоқсан.   

  66 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы» Ережесі // Егемен Қазақстан. – 2004. –  29 қазан.   

  67 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы» Ережесі // Егемен Қазақстан. – 2005. –  23 маусым. 

  68 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // Егемен Қазақстан. – 2009. – 10 ақпан.

  69 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсанда № 1460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы» Ережесі // Егемен Қазақстан. – 2005. – 1 қантар.    

   70 «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710  Қазақстан Республикасының Заңы (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // Егемен Қазақстан. – 2007. –  28 шілде. 

         71 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы (2008.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // Егемен Қазақстан. – 2008. – 18 қараша. 

         72 «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 Заңы (2008.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // Егемен Қазақстан. – 2008. – 11 желтоқсан. 

73 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» № 593 ережесі (2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // Егемен Қазақстан. – 2008. – 16 мамыр.

74 Новиков Ю. О работе миграционной полиции МВД РК // Экспресс К. — 2004. — 28 сентября.