АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӘДІЛ СОҒЫС КОНЦЕПЦИЯСЫ

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ДАМУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ ӘДІЛ СОҒЫС КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

  1. ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӘДІЛ СОҒЫС КОНЦЕПЦИЯСЫ

2.1 Мемлекеттің қорғану құқығы

2.2 Халықтар мен ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы

2.3 БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары

 

  1. ӘДІЛ СОҒЫС ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

3.1 Гуманитарлық интервенция доктринасы

3.2 Превентивті қорғану доктринасы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

         Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің ішкі ісіне күш қолдану заңдылығы және оны қарумен шешу мәселесі бүгінгі таңда өзекті және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Әділ соғыс концепциясының өзектілігі – қазіргі халықаралық құқықта туындаған парадокста оны дұрыс түсіндіру және оны әділ қолдану болып саналады. Халықаралық қауымдастықта бұдан аз жыл бұрынғы оқиғалар легі және жиі болып жатқан террорлық іс-әрекеттердің нәтижесінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңыздылығының артуына байланысты қорғану ретінде мемлекеттердің күш қолдануы және қауіп төндіруінің заңдылығы дүниежүзілік қауымдастықты толғандыратын маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Әділ соғыс теориясына қызығушылықтың екінші жағы, бітімгершілік қызметінің халықаралық құқық нормаларына сәйкестігі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен (санкциясымен) гуманитарлық интервенцияның құқықтық негізділігін қарастыруынан туындап отыр. Соғыстың әділдігін анықтау критерийлері халықаралық құқықта теоретик-ғалымдармен әлденеше рет сараланған. Анықтамаларда ортақ жайттардың болмауы салдарынан, әлемдегі тепе-теңдіктің бұзылуына және ұлттық қауіпсіздікке нақты қатер төніп тұр ма деген сұраққа әрбір мемлекетке өзіндік үкім шығару құқығын қалдырады. Өз кезегінде статус-кво қауіп төндіру сипаты бойынша мемлекеттер арасындағы шиеленіске әкеп соқтырады және осы қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатында жұмыс жасайтын БҰҰ қызметінің тиімділігі және БҰҰ Жарғысын қолдануына күмән туғызады.

         Сондай-ақ, мына жайттарды ескеру керек, қазіргі таңда мемлекеттің ішкі ісіне араласу құқығының өзектілігі – қақтығыстар санының артуына, ұлтаралық қылмыс, этникалық және діни қақтығыстар сипатына ие қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшелігіне, халықаралық құқықта жаңа қағидалардың пайда болуына, жалпы адамзаттық құндылықтар ролінің өсуіне (мәселен, адам құқығын қорғау, демократия, қоршаған ортаны қорғау т.б.) байланысты артып отыр. Бітімгершілік операциялар жолымен адам құқығын қорғау, терроризмге қарсы күрес және басқа да халықаралық қылмыстар жөнінде ұжымдық шешімнің кең таралуы қазіргі әділ соғыс тұжырымына өз түзетімін енгізді. Соғысты қолдану заңдылығының анықтамаларында жалпыға ортақ жайттардың болмауы және осы мәселе бойынша мемлекеттердің практикасында қарулы күшті БҰҰ Жарғысы тұжырымдамалары тұрғысынан қолдану соғыс институтын реттейтін халықаралық құқықтың жалпыға ортақ нормалары мен қағидаларын біржақты түсіндіруде және оларды дүниежүзілік қауымдастықтың орындамауы өткір мәселе болып отыр.

         Зерттеудің жаңалығы. Халықаралық құқық аясында мемлекеттің соғыс ашу құқығының доктриналық негізділігі мен зерттелуіне деген қызығушылық бүгінгі күнге дейін әлемдегі барлық халықаралық заңгерлері үшін өзінің жаңашылдығын жоғалтқан жоқ. Мына жайтты ескеру керек, 1945 ж. БҰҰ Жарғысы ретінде негізгі халықаралық құқықтық деректер тұжырымдарына сүйенгеніне қарамастан, ғалымдардың әділ соғыс түсінігіне берген пікірлері оны қай мектеп ұсынғанына байланысты ерекшеленеді. Кеңес одағының теоретиктері Колосов, Бекяшев, Тункиндер өз еңбектерінде мемлекеттің ішкі ісін қарумен шешудің дұрыстығын қарастыру барысында консервативті позицияны ұстанады. Соғыс құқығы түсінігіне Мартенс мынадай анықтама береді: “мемлекеттер арасындағы ашық күресте күш қолдануды айқындайтын заң нормаларының жиынтығы”1. Батыс ғалымдары Мерфи мен Мур әділ соғыс жөнінде едәуір икемді пікір ұсынады, яғни, терроризмге қарсы мемлекеттің превентивті қарулы күш қолдану және халықтардың өзін-өзі басқару  құқығы халықаралық құқықта заңды болып саналады. Соғысты ашу құқығы жөніндегі пікірталастардың және доктриналардың әртүрлілігінен мынадай қорытынды шығардық: аталмыш тақырып толық ашылмады және ХХІ ғасырдың шынайы көрінісін толық беретін әділ соғыс түсінігін қарастыру жүйелі ғылыми талдауды талап етеді.

         Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу тақырыбының негізгі мақсаты – қазіргі халықаралық құқықта бекітілген мемлекеттің соғысты ашу құқығының заңды негізділігіне нақты тұжырымдама беру және басқа мемлекетке қатысты жасалған заңсыз интервенция мен агрессиялар актілеріне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  санкциясы берілген мемлекеттің ішкі ісін қарумен шешу жағдайларына шектеу қою. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін, бітіру жұмысты жазу барысында орындалатын бірқатар міндеттерді айқындап алу қажет. Біріншіден, тақырыпты терең түсіну үшін әділ соғыс институтының қалыптасу процесін халықаралық құқық қағидалары мен нормаларының дамуымен ретроспективті параллельде сипаттау қажет. Екіншіден, қазіргі халықаралық құқықта бекітілген әділ соғыс концепциясының мемлекеттің қорғану құқығы мен халықтардың өзін-өзі басқару құқығы сияқты аспекттерін қарастырып, оларды қолданудың заңдылығын анықтау қажет. Үшіншіден, БҰҰ бітімгершілік операциялары аясында қарулы күшті қолданудың тиімділігі мен заңдастырылуына және нақты тарихи мысалдарға сүйене отырып, гуманитарлық интервенция мақсатында мемлекеттің ішкі істерінін қарумен шешу мәселесі жүйелі талдауды қажет етеді. Төртіншіден, соғысты қолдануды ақтайтын қолданыстағы басты ғылыми доктриналарды қарастыру қажет және оның негізділігі мен өзектілігін айқындау керек. Соңғысы, жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша шығатын тұжырымдарға кумулятивті талдау жасау қажет.

         Зерттеудің пәні мен обьектісі. Осы жұмыстың зерттеу пәні – қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы. Зерттеудің обьектісі – мемлекеттер соғысты ашу құқығын қолдануының заңдастырылу мәселесі және халықаралық құқық қағидалары мен нормаларына сәйкес жүргізілген мемлекеттің ішкі ісін қарумен шешудің әділдігі.

         Зерттеудің әдістері. Бітіру жұмысын жазу барысында эмпирикалық зерттеудің әдістері – салыстыру мен бақылау, сондай-ақ, эмпирико-теориялық әдістер – талдау және зерттеудің тарихи әдісі жүргізілді. Зерттеуді жүргізу барысындағы міндеттерді саралауда ғылыми таным мен зерттеудің теориялық әдісі үлкен роль атқарды.

         Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы атты бітіру жұмысын жазу барысында  төмендегідей нәтижелер шықты:

  1. Мемлекет қорғану құқығын тек оған қатысты агрессия актілері көрсетілген жағдайда ғана пайдаланады. Превентивті қорғану жүргізу бойынша кез-келген әрекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзуға әкеп соқтыратын жағдай ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен қарастырылу қажет. “Превентивті қорғануға” сүйенген кез-келген басқа іс-қимылдар агрессия ретінде бағалануы қажет.
  2. Тәуелсіздік үшін күресетін халық құрамына кіретін мемлекетке қарсы абсолютті соғыс жүргізу құқығын пайдаланбайды. Егер мемлекет осы халыққа қатысты геноцид (жаппай қырып-жою), апартеид немесе жаппай адам құқығын бұзу секілді ерекше жағдайлар болса, соғыс жүргізу әділ болып есептеледі. Өзін-өзі анықтау үшін күресті жүргізу тәсілдерін таңдау еркіндігі жөнінде 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларация тұжырымдамалары барынша дұрыс түсіндірілуі керек.
  3. Мемлекеттің ішкі қызметін қарумен шешу БҰҰ Жарғысына сәйкес және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясы негізінде гуманитарлық мақсатта қолданылатын мәжбүрлеу шараларында ғана заңды болып табылады.

         Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жүргізілген зерттеудің теориялық және практикалық маңызы соғыс заңдылығын біржақты түсіндіру мәселелерінің негізділігі және анықтауымен сараланады. Аталған мәселенің практикалық шешімі, бұл өз кезегінде әділ соғыс  институтының қазіргі халықаралық құқықта сапалы деңгейге өтуіне әсерін тигізеді.

         Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымы және оны құрайтын структуралық элементтер жұмысты жазу барысында қойылған мақсат пен міндеттерге жету қажеттілігінен туындады. Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі –  бет.

 

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ДАМУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ ӘДІЛ СОҒЫС КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

         Әділ соғыс концепциясының қалыптасу тарихы өзінің қайнар көзін орта ғасырлар мен жаңа дәуір ойшылдарының еңбектерінен бастау алады. Оның авторы болып «Құдай шаhары туралы» еңбегінде соғыстың әділ болуы мүмкін екенін тұжырымдаған Әулие Августин саналады. Әділ соғыс концепциясының кейбір қырларын Аквиналық Әулие Фома да қарастырған. Халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушысы болып есептелетін Гуго Гроцийдің «Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы» еңбегі негізінен әділ соғыс концепциясы тақырыбына арналған. Сонымен қатар, аталмыш мәселені өз еңбектерінде қарастырған Эмерик де Ваттельді, Томас Гоббсты, Джон Локкты, Шарль Луи Монтескьені, Жан-Жак Руссоны атап өткен жөн.

Жалпы, халықаралық құқықтың дамуы соғыс құқығын шектеу процессі болып табылады деп айту қате болмас. Jus ad bellum және jus in belloны шектей, соғыстың әділ болып саналатын себептерін шектей, халықаралық құқықтың қағидалары мен нормалары дами түсті.

         Мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттер арасындағы қатынас пен халықаралық құқықтың пайда болуына ықпалын тигізді. Оның бастамалары салыстырмалы түрде алғанда, кішкентай географиялық ауданды қамтитын аумақтың халықаралық құқық жүйесі түрінде қалыптасты. Халықаралық құқық конституциясын оның негізгі қағидалары құрайды. Олар жоғары заңды күшке ие жалпы танылған нормалар. Қалған барлық халықаралық-құқықтық нормалар мен субъектінің халықаралық маңызы бар іс-шаралары негізгі қағидалар тұжырымдамаларымен сәйкес болу керек.

         Халықаралық құқық қағидалары әмбебапты сипатқа ие және қалған барлық халықаралық нормалардың заңдылық критерийлері болып табылады. Негізгі қағидалардің тұжырымдамаларын бұзатын шарттар мен іс-шаралар жарамсыз боп танылады және халықаралық-құқықтық жауапқа тартылады. Халықаралық құқықтың барлық қағидалары аса маңызды және олардың әрқайсысын интерпретациялау барысында мүлтіксіз орындалуы керек.

         Қағидалар өзара байланыста болғандықтан, бір тұжырымдаманы бұзған жағдайда екіншілері де дұрыс қолданылмайды. Мәселен, мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу мемлекеттің тәуелсіз теңдігі қағидасын бұзумен бірдей, осы секілді т.б.

         Алғашқыда бұл қағидалар халықаралық-құқықтық дәстүрлер формасында жүргізілді, алайда БҰҰ Жарғысы қабылданғаннан кейін шарттық-құқықтық формаға ауысты. Осыған орай, Жарғының 103-бабы, егер БҰҰ Жарғысы бойынша БҰҰ мүшелерінің міндеттері қандай да бір халықаралық шарттар міндеттерімен қарама-қайшылықта болған жағдайда Жарғыдағы міндеттер бойынша басымдық күшке ие болатынын қарастырады.

         Күш қолдануға және күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасы халықаралық құқықта алғашқыда агрессивті соғысқа тыйым салу қағидасы ретінде екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде пайда болды. Осы қағида халықаралық құқықта бұрыннан бар мемлекеттердің соғыс ашу құқығын (jus ad bellum) ауыстырды, кез-келген мемлекет басқа мемлекетке соғыс ашу құқығын олардың арасында шиеленіс болған жағдайда ғана басшылыққа алады. 1917 ж. қазанда Ресейдің ұсынған теңсіздікке және агрессивті соғыстың қылмыстылығына қарсы идеялары халық арасында кең қолдауға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық мәселелерді шешудің құралы ретінде соғыстың мәнсіздігін көрсетті.

         Ұлттар Лигасының статуты мемлекеттің соғысты ашудың дәстүрлі құқығына шектеу қойды. Лиганың мүшелері шиеленіс туған жағдайда, оны шешу үшін ынтымақтастық құралдарын қолдану керек және сәтсіз шешілген жағдайда ғана соғыс ашуға құқылы. Осы шектеуді бұзған мемлекеттерге іс-шаралар (санкция) қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Алайда, іс жүзінде Лига статутында берілген қаулылар жүзеге аспады, өйткені, санкцияны қолдану үшін Лига кеңесі бірауыздан шешім қабылдауы керек еді 2.

         Тыйым салу және шабуыл жасаудың қылмыстылығы идеялары Ұлттар Лигасының бірқатар құжаттарында көрініс тапты, оның ішінде, 1923 ж. Ұлттар Лигасы Ассамблеясы қабылдаған (бірақ, кейін жүзеге аспаған) өзара көмек беру жөніндегі Жоба; агрессивті соғысты “халықаралық қылмыс” деп бағаланған 1927 жылғы Ұлттар Лигасы Ассамблеясы қабылдаған агрессивті соғыс жөніндегі Декларация.

         1928 ж. 27 тамызындағы Париж шартының (Бриан – Келлог пакті) Жарғылары жетілдірілмегеніне қарамастан, агрессивті соғысқа тыйым салу мазмұнындағы ең алғашқы көп жақты халықаралық шарт болды. Шарттың 1-ші бабында: “Келісетін жоғары тараптар, тегіне орай өз халқының атынан халықаралық шиеленісті соғыс арқылы шешуді айыптайтынын және өзара қарым-қатынаста ұлттық саясаттың қаруы ретіндегі осындай іс-шараны қолданудан бас тартатынын салтанатты түрде мәлімдейді” деп айтылған. 2-бапта “қатысушылардың міндеті – шиеленіс туған жағдайда бейбіт жолмен шешуді қарастыру керек” – делінген. КСРО Париж шартына қосыла отырып, былай мәлімдеді: “халықаралық саясатта соғыстар мен қарулы қақтығыстарды болдырмау идеясы кеңестік сыртқы саясаттың ең басты идеясы”. Осы қағиданың одан ары дамуын болжағандай, “ұлттық саясатты”  өз пайдасына шешетін қару ретінде, сондай-ақ, басқа мақсаттарда жүзеге асырылатын әртүрлі халықаралық жанжалдарға тыйым салыну керек. Тек формалды-заңды түрдегі (яғни, соғыс ашуды мәлімдеу және т.б.) соғысқа ғана емес, сонымен қатар әскери іс-шараларға, мәселен, интервенция жасауға, блокада, бөтен аумаққа, бөтен порттарға шабуыл жасауға тыйым салу 3.

         Бұрынғы халықаралық құқық халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу қағидасын білген жоқ. Ол кездегі тұжырым бойынша, мемлекеттер арасындағы жанжалды тек бейбіт жолмен ғана емес, сондай-ақ зұлымдықтың түрлерімен шешуге болады. Мәселен, Римдіктер түрлі халықаралық шарттар жасады. Олардың біреуі “мәңгі” ынтымақтастық пен бейбітшілікті қолдаса, екіншілері уақытша татуласуды бекітті. Қамқоршылық жөнінде, одақтастық жөніндегі шарттар болды. Одақтастық шарттар шабуыл ашумен қатар, қорғаныстық та болды. Тең құқықты мен теңсіздік шарттары да ерекшеленді. Соңғысы, әрине басымдау болды. Осы шарт арқылы Римдіктер қатал соғыс нәтижесінде жеңілген ұлттарға өздерінің басымдығын күшейтті. Ежелгі Римнің әскери салты өте қатал болды. Осыған орай, ежелгі римдіктердің “умен емес, қарумен соғысу керек” деген қанатты сөзі болды. Тұтқынға түскен жауынгерлермен қатар, жаулап алған аумақтың бейбіт тұрғындарын да құлдыққа салды, жаулап алған қалаларды толығымен қиратты. Пун соғысы кезеңіндегі рим қайраткері Катонның: “Карфагенді жою керек” деген сөзі қанатты сөзге айналды. Осындай жағдайларда ынтымақтастық жөніндегі шарттар жасаудың қажеттілігі де болмады. Римдіктер жермен жексен қылған Карфаген де осындай жағдайға душар болған еді. Рим папалары ерекше келісімдер – конкордаттар жасады. Бұлар маңызды шарттардың кепілі болды. Жалпы айтқанда, римнің католиктік шіркеуі Батыс Европадағы феодалдық құқықтың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді, мәселен жеке шабуылдардың (феодтардің) құқығын шектеу жөнінде ережелер шығарды, соғыс ашуды мейрамдар мен аптаның белгілі күндерінде рұқсат етпеді, шіркеуден баспана берді, соғыстың бірқатар құралдарына (1139 ж. Латеран шіркеуі садақ және арбалеттерді қолдануға тыйым салды) тыйым салды. Жалпы алғанда, мемлекеттер арасындағы шиеленісті шешудің заңды құралы болып саналатын шабуылдың дәстүрлері мен заңдары қатал болды: жауынгерлер мен бейбіт тұрғындар арасына айырмашылық жүргізбеді, тұтқындарды құлдыққа салды, жаралыларды тағдырдың тәлкегіне тастады, жаулап алынған қалалар мен ауылдар тоналып, жеңімпаздың құзырына берілді. Ежелгі Русьте шабуылдардың салты мен заңдары едәуір жұмсақтау болды. Оларда алдын-ала ескерту салты бар. “Қоңсыларға”, яғни соғыс кезіндегі бейбіт тұрғындарға қол тигізбеу жөніндегі келісімдері белгілі. Тұтқындарды айырбастау жағдайлары да болды 4.

         Орта ғасырдың соңғы ширегінде жаралылар мен науқастарды қамқорлыққа алу бастамалары пайда болды. Соғыс кезінде бейтарап мемлекеттердің міндеттері мен құқықтарына бейтарап болу кепілдемесін белгілеу қатаңдана бастады. 1780 жылы ІІ Екатеринаның қарулы бейтараптық жөніндегі Декларациясында бейтарап кемелердің соғысып жатқан елдер жағалауында еркін жүзуі, бейтарап кемелерде жаудың жүктеріне қол сұқпау және теңіз блокадасының тиімділік қағидасы жөнінде ресми түрде жарияланған. Соғыс кезінде бейбіт тұрғындар мен сауда жолдарына қол тигізбеу қағидасы, осы шартта қарастырыла бастады.

         1899 ж. және 1907 ж. Гаага конференцияларының мазмұны тек жылы пейіл білдіру немесе делдалдық іс-шаралар түрінде болды.

         Ұлттар Лигасы статутының мемлекеттерге айтылған жолдауында жанжалды бейбіт жолмен шешу жөнінде талпыныс жасалған. Алайда, ынтымақтастық құралдарын қолдану мемлекеттердің соғыс ашу құқығын жоймады. Тек 1928 ж. соғыстан бас тарту жөніндегі бейбіт жолмен шешу қағидасы Париж пактысында (Бриан – Келлог пактысы) – көп жақты шартта көрсетілген. Шарттың тараптары, оның туу сипатына қарамастан, барлық қақтығыстарды шешу немесе реттеу, тек бейбіт жолмен ғана жүргізілуі керектігін мойындады.

         Осыған орай, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық құқыққа жаңа қағида – халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу қағидасы енді. Мемлекеттердің тәуелсіз теңдігі қағидасы феодализмнен капитализмге өту барысында қалыптасты және халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болды. Алайда, бұрынғы халықаралық құқықта мемлекеттердің тәуелсіздігін сыйлау қағидасымен қатар оны бұзуға рұқсат ететін, ең алдымен, мемлекеттің соғыс ашу құқығы қағидалары де болды. Бұдан басқа, тәуелсіз теңдіктің қағидасы халықаралық құқықтың басқа да қағидалары секілді тек “өркениетті” мемлекеттерге ғана таралды. Бұл қағида Шығыс елдерінде қолданылмады. Өйткені, “өркениетті” мемлекеттер осы мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындамады (протектораттар, мемлекеттің ішкі ісіне араласу, шет елдік сеттельменттер, консулдық юрисдикция және т.б.).

         Феодалдық шарттар көп жағдайда екі жақты болды. Дегенмен де, көпжақты, ең алдымен ынтымақтастық шарттары да жасалды. Феодалдық кезеңдегі осындай шарттардың бірі отызжылдық соғыстың бітуіне ықпалын тигізген 1648 ж. Вестфал трактаты болды. Вестфал конгресінде бірінші рет дөңгелек үстел басында діні мен мемлекеттік құрылым формасына қатыссыз европа елдерінің өкілдері тең құқылы мүше ретінде жиналды. Мұнда территориалдық өзгерістер заңды түрде бекітілді, европаның жаңа саяси картасы жасалды. Конгресс Герман империясының құрамына кіретін 355 князьдықтың тәуелсіздігін мойындады, оның ары қарай дамуын тежеді, сондай-ақ Швейцария мен Голландияның тәуелсіздігін таныды. Жағалау маңындағы мемлекеттерге Рейнде еркін жүзу құқығы жарияланды; жағалау маңы мемлекеттері феодалдарының салық салу жүйесін жойды. Европа мемлекеттерінің шекараларын айқындап алғаннан кейін Вестфал конгресі және сонда бекітілген құжаттар Ұлы француз буржуазиялық төңкерісіне дейінгі көптеген халықаралық келісімдер үшін заңды негіз болды. Мұнда сондай-ақ, отыз жылдық соғыс нәтижесінде туындаған статус-квоны мәңгілікке қалдыру үшін саяси теңдік қағидасы қалыптасты. Вестфал конгресі көпжақты келісімдер мен европа мәселесін шешудің бастамасын көтерді.

         Абсолютизм кезеңінде мемлекеттердің теңдігі мен тәуелсіздік идеялары үлкен мәнге ие бола бастады, алайда бұл қағидалар сол уақытта феодалдық-династиялық мазмұнда болды. Мемлекеттің тәуелсіздігі монарх тәуелсіздігімен бірдей болды, өйткені монарх оның жалғыз билеушісі еді (мәселен, XIV Людовиктің “Мемлекет – бұл мен” деген сөзі бар). Мемлекеттердің тепе-теңдігі де монарх теңдігімен бірдей болды. Осы кезеңде, сондай-ақ, елшіліктің құқығы дами бастады. Елшіліктерді айырбастау жиі қолданды, ал уақытша елшіліктер тұрақты бола бастады. Олардың артықшылықтары да едәуір кеңейді: қол сұқпау құқығын елшілік ғимараттарына да қолданды, елшілерді қарызы мен қылмысы үшін жергілікті сот алдында соттай алмады. Жергілікті юрисдикциядан алынған тұтас елшілік кварталдары пайда болды, елшіліктерде баспана беру құқығына кепілдік берілді 5.

         ХХ ғ. 70-жылдары халықаралық шиеленісті бәсеңдету процесі және аймақтық, ең алдымен европалық интеграцияның дамуы бастамасы белең алды. Европадағы (Хельсинки, 1975 ж.) ынтымақтасу және қауіпсіздік жөніндегі мәжілістің Қорытынды актысында әртүрлі жүйедегі батыс мемлекеттерінің ынтымақтастық, сенімділік шаралар жүйесінің қалыптасу процесі көтерілді.

         Халықаралық қатынастағы елеулі өзгерістер 90-жылдарда болды. Бұрынғы одақтас республикалардың орнына тәуелсіз жаңа мемлекеттер (ТМД) құрылды. КСРО ыдырағаннан кейін және Европа мен Азиядағы социалистік жүйенің құлауы салдарынан халықаралық жанжалдардың ошақтары пайда болды. Халықаралық сахнада күштердің арақатысы да өзгере бастады. Кеңес Одағының іс-әрекеттерімен тойтарылмайтынын білген АҚШ әлемді билеу роліне ұмтыла бастады. Батыс елдердің әскери блогы (НАТО) – аймақтық жанжалдарды реттеуді өз құзырына алып, БҰҰ-ны біртіндеп ығыстыра бастады. Елеулі реформаларды қажет ететін БҰҰ рөлінің төмендеуімен қатар, аймақтық мемлекеттердің ынтымақтастығының артуы мен нығаюы тенденциясы болғанын да айта кету керек. Батыс европалық интеграция процесі қарқынды жүре бастады, араб және африка мемлекеттері топтана бастады, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің байланыстары нығая бастады. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы алпауыт мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, әлемді бөлісу және қайта бөлісу күресі халықаралық құқықтың төмендегідей демократиялық қағидаларын ашық түрде бұзуымен есте қалды: мемлекет пен ұлттың тәуелсіздігін құрметтеу, олардың ішкі істеріне араласпау, дамымаған және әлсіз елдер мен халықтардың аумағына қол сұқпау қағидалары. ХІХ ғ. соңында басып алудың ерекше объектісі – Африка елдері болды (Африка тарауы туралы 1885 ж. Берлин конференциясының Қорытынды актысы). Мұнда сонымен қатар территорияны басып алу мақсатында алғашқы басқыншылықтың жаңа ережелері қабылданды. Олар: номиналды емес жарамды болу керек (тиімділік қағидасы) және басқа алпауыт мемлекеттер мойындау керек (нотификация қағидасы). Тікелей аннексия, яғни бөтен жерлерді зұлымдықпен алу практикасы кең қолданылды. Оларды жасыру үшін жалға беру (мәселен, Қытайда), басқару және оқыту (1878 ж. Босния мен Герцеговина), кондоминиум (Суданда) секілді институттар қолданды. Плебисцит Азия және Африка халықтарына қолданбады. Азия мен Латын Америкасымен жасасқан шарттардың теңсіздігі едәуір артты, яғни олардың халықтарын отаршылдық тәуелділікте ұстауға тырысты.

         Шабуылдар арқылы алынған аннексиялар мемлекеттік аумақтарды алудың заңды тәсілі саналды. Аннексиялармен контрибуциялар тығыз байланыста болды (жеңімпаздың жеңілгендерге салық салу құқығы бар және оның көлемін тағайындау жеңімпаз-мемлекеттің қолында болды).

         Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, халықаралық құқық қағидалары көптеген ғасырлар бойында жетілгенін көреміз. Ежелгі Римнің өзінде-ақ, қағидалардің туындауына байланысты келісімшарттар жасалды, бұл шарттар көп жағдайда теңсіз болды, күшке басым тарап әлсіз жақтың мүддесіне қысым жасады. Дегенмен, феодализмнен капитализмге өту барысында халықаралық құқықтың қағидалары барынша өркениетті бола бастады. Вестфал конгресінде дөңгелек үстел басында алғаш рет олардың діні мен мемлекеттік құрылым формасына қарамастан, батыс мемлекеттерінің өкілдері тең құқылы мүше ретінде жиналды.

         Күш қолдануға немесе күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасы бірінші рет БҰҰ Жарғысында жарияланды. 2-баптың 4-тармақшасында “БҰҰ-ның барлық мүшелері халықаралық қатынаста күшпен қауіп төндіруді қолданбау немесе аумаққа қол сұқпау немесе кез-келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне немесе басқа да БҰҰ мақсаттарына үйлеспейтін басқа да жағдайлардан бас тарту керек” деп айтылады 6.

         Күш қолдануға және күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасын түсіндіру мынадай құжаттарда берілген: мемлекеттердің ынтымақтастығы мен келісім қатынастарына қатысты халықаралық құқық қағидалары жөніндегі Декларация (1970 ж.); 1974 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған агрессияларды айқындау; 1975 ж. Европадағы ынтымақтасу және қауіпсіздік туралы Кеңестің Қорытынды актысы және 1987 ж. 18 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылдаған күшпен қауіп төндіруден бас тарту қағидасының тиімділігін арттыру немесе оны халықаралық қатынаста қолдану жөніндегі Декларация. Осы құжаттарды талдай отырып, тыйым салынатын төмендегідей жайттарды айтуға болады:

  1. Күшпен қауіп төндіру немесе басқа мемлекетке қарсы күшті тікелей немесе жанама қолдану қаупі бар кез-келген іс-шараларға;
  2. Басқа мемлекеттің шекарасын бұзу мақсатында немесе халықаралық шиеленісті шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік шекараларға қатысты мәселелерді шешуде немесе халықаралық демаркциондық сызықтарды бұзғаны үшін күш қолдануға немесе қауіп төндіруге;
  3. Қарулы күш қолдану арқылы жасалынған репрессиялар; мұндай тыйым салынатын іс-әрекеттерге “бейбіт блокада”, яғни, бейбіт уақытта қарулы күш арқылы жүргізілетін басқа мемлекеттердің порттарын қоршауға;
  4. Иррегулярлы күшті немесе қарулы топты, оның ішінде жалдамалыларды қолдайтын ұйымдарға;
  5. Арандатушылық іс-шараларына, азаматтық соғыс актілеріне немесе басқа мемлекетте террорлық актілерге қатысқан немесе көмек берген немесе осындай актілер жасауға бағытталған өзінің аумағындағы ұйымдық қызметтерді қолдауға;
  6. БҰҰ Жарғысын бұзатын күш қолдану нәтижесінде мемлекет территориясына әскери оккупация жасауға;
  7. Басқа мемлекеттің территориясын қауіп төндіру арқылы немесе оны қолдану нәтижесінде басып алуға;
  8. Халықтың еркіндігі мен тәуелсіздігінен, өзін-өзі басқару құқығынан айыратын теріс іс-әрекеттерге тыйым салынады 7.

         1974 ж. Агрессияны айқындау халықаралық құқықпен тыйым салынған іс-әрекеттер тізімін бекітті. Бұлар күшті заңсыз қолданудың қауіпті формалары болып табылады.

         Осыған орай, jus ad  bellum  институты қазіргі халықаралық құқық нормаларымен шектелінеді. Әсіресе, халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтайтын ресми түрде бекітілген қағидалар. Халықаралық құқықтың маңызды қағидаларының бірі – 1945 ж. БҰҰ Жарғысындағы күш қолдануға немесе күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасы. Қағиданың іс-әрекеті барлық мүше-мемлекеттерге қолданылады (және тек оларға ғана емес) БҰҰ Жарғысына сәйкес қарулы күш қолдануды тыйым салумен қатар күш қолдану сипатына ие қарусыз зорлық-зомбылық жасауға да тыйым салынады (БҰҰ Жарғысының 2-бап 4-тармақшасында қарулы күш қолдануға тыйым салыну қағидасы туралы айтылады).

         Мына жайттарды айта кету керек, халықаралық қатынаста күш қолдануға тыйым салатын БҰҰ-ның Жарғысынан басқа халықаралық құқықта басқа да құжаттар бар: 1970 ж. Халықаралық құқық қағидалары жөніндегі Декларация; 1974 ж. Агрессияны айқындау жөніндегі Декларация, 1975 ж. ЕҚК Қорытынды актысы және 1977 ж. халықаралық қатынаста күш қолдануға және оны қолданудан бас тарту қағидасының тиімділігін арттыру жөніндегі Декларация. ЕҚК-нің Қорытынды актысында мүше-мемлекеттер “басқа қатысушы мемлекетті мәжбүрлеу мақсатында күштің барлық түрін қолданудан бас тартады”, “экономикалық мәжбүрлеудің кез-келген актысынан бас тартады” деп баса айтылған.

         Бұл өз кезегінде, қазіргі халықаралық құқықтың күш қолдануға, оны кез-келген түрде қолдануға тыйым салатынын көрсетеді. Дегенмен, БҰҰ Жарғысының 41 және 50-баптары қарусыз күшті заңды қолдануын қарастырады.

         Осы баптарда құқықты бұзушыларға қолданылатын шаралар көрсетілген, олар: экономикалық қатынасты толық немесе ішінара үзу; темір жол, әуе, пошта, телеграфтық, радио және т.б. байланыстарды тоқтату, дипломатиялық қатынастарды үзу.

         Осы кезде БҰҰ Жарғысы қарулы күшті заңды қолданудың 2 жағдайын қарастырады: 1) қорғану мақсатында (51-бап) және 2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша, егер әлемге қауіп төнсе, әлем тепе-теңдігінің бұзылуы немесе агрессиялар актысы көрінген жағдайда (39 және 42-баптар) қолданылады. БҰҰ Жарғысының 51-бабы тек мемлекетке қарулы күшпен шабуыл жасалған жағдайда ғана қолданады. 42-бап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тек қарусыз сипаттағы ұсынылған шараларын қолданады. Бұндай шараларға: шеру, блокада, БҰҰ мүшелерінің әуе, теңіз, дала күштері жатады.

         Осыған орай, күш қолдануға тыйым салу қағидасы агрессиялық шабуылдарға тыйым салуды қарастырады. 1974 ж. агрессияларды айқындауға сәйкес, мемлекет қарулы күшті бірінші қолданғанда, ол агрессивті шабуыл ретінде бағаланады. Бұл өз кезегінде, халықаралық қылмыс деп бағаланады және мемлекеттерді халықаралық-құқықтық жауапқа тартылады және кінәлі индивидтерді халықаралық қылмыстық жауапқа тартады.

         Нюрнберг және Токионың халықаралық әскери трибунал жөніндегі қаулыларында агрессорлардың іс-әрекетіне халықаралық қылмыс жасады деген заңды баға беріледі.

         Соңғы жылдарда қағиданың мазмұнына мемлекеттердің агрессивті шабуылдарды насихаттамау міндеті қосылды.

         Қазіргі халықаралық құқықтың күш қолдануға тыйым салу қағидасының нормативтік мазмұны өзіне төмендегідей жайттарды қосады:

  • Халықаралық құқық нормаларын бұзатын басқа мемлекеттің территориясын басып алуға тыйым салу;
  • Респрессиялар актісіне тыйым салу;
  • Үшінші мемлекетке қарсы агрессия жасау үшін өзінің территориясын басқа мемлекетке ұсыну;
  • Арандатушылық іс-шаралар, азаматтық қозғалыс немесе басқа мемлекетте террорлық актілерге қатысу немесе көмек беру;
  • Басқа мемлекеттердің территориясын басып кіруіне жағдай жасайтын иррегулярлы күшті, қарулы топты, оның ішінде жалдамалылар ұйымын қолдау немесе ұйымдастыру.

         Егер бұрын, 1907 ж. халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу туралы конвенцияда соғыс ашуға қарсылық болған жоқ (“қаруды қолданбастан бұрын”), бейбіт құралдарын пайдалануға міндеттеген жоқ (“жағдайдың мүмкіншілігіне қарай араласу”) және бейбіт құралдарын тар шеңберде қолдануды ұсынған болса (жылы пейіл білдіру және делдалдық), бүгінгі таңда БҰҰ Жарғысының 33-бабында, шиеленіске қатысы бар тараптар, ең алдымен шиеленісті келіссөздер арқылы шешуге тырысу керек – делінеді 8.

         ХХ ғ. 45-жылдарынан бастап БҰҰ-ны құру нәтижесінде және халықаралық мәндегі көптеген құжаттардың қабылдануы әділ соғыс институты дамуының жаңа сапалы кезеңіне өтуіне ықпалын тигізеді. Күш қолдануға тыйым салу қағидасының қазіргі нормативтік мазмұнында басқа мемлекеттердің шекараларын бұзу мақсатында күшпен қауіп төндіру немесе оны қолдану немесе мемлекеттік шекараларға қатысты мәселелер мен шиеленістерді шешу құралы ретінде қолданудан бас тарту мемлекеттердің міндеті, – деп баса айтылады.

 

  1. ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӘДІЛ СОҒЫС КОНЦЕПЦИЯСЫ

 

2.1 Мемлекеттің қорғану құқығы

 

         Қазіргі халықаралық құқықтың маңызды нормаларының бірі қорғану құқығы болып табылады. Бұл күш қолдану немесе күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасымен тығыз байланысты. Халықаралық құқықта қорғану деп, егер мемлекетке қарумен шабуыл жасалғанда оған жауап ретінде осы мемлекеттің күш қолдануын айтамыз. Бұл форма БҰҰ Жарғысының 51-бабында көрсетілген: онда “аталмыш қаулы, егер БҰҰ мүшесіне қарулы шабуыл жасалса, онда Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шараларды қабылдамайынша, жеке немесе ұжымдасқан қорғанудың ажырамас құқығын қозғамайды” делінген. БҰҰ Жарғысы осы құқықтың тұрақтылығы мен мәнін баса айтады 9. Қорғану құқығы шабуылдың құрбаны болған мемлекетке тиесілі. Оны қолданудың тәртібі жөніндегі мәселені мемлекеттің өзі шешеді. Мемлекетке қарулы шабуыл жасалған жағдайда, тез арада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне хабар беру керек. Егер мұндай мәлімет берілмесе, мемлекеттердің қабылдаған қорғану шаралары дұрыс қолданбауы мүмкін. Халықаралық құқық жеке және ұжымдасқан қорғану құқығын қарастырады. Жеке қорғануды – қылмыстық қарулы шабуылдың құрбаны болған жағдайда мемлекеттің жеке өзінің жүргізуі. Осы мемлекет, ұжымдасқан қорғану жөніндегі шешім қабылдай алады және осы ұсыныспен басқа мемлекеттерге өтініш жасау құқығы бар. Мұндай ұсынысы жоқ басқа мемлекеттер ұжымдасқан қорғану тәртібіндегі шараларды қабылдау құқығы жоқ. Мәселен, 1990 ж. Кувейтке Иран шабуыл жасағанда, басқа мемлекеттердің көмек беру іс-шараларын айтуға болады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірқатар шешімдерімен қатар, Кувейтке көмек берген әрбір мемлекеттің іс-әрекетін ұжымдасқан қорғану құқығындағы әділ шабуыл, – деп таныды.

         Батыс халықаралық құқық доктринасында (Д.Бауэт, М.Макдугал, Дж.Стоун, Дж. Мур және т.б.) тұжырымдардың бірқатар таралымы бар. БҰҰ Жарғысына сәйкес жалпы халықаралық құқыққа өзгерістер енгізбеді, сондықтан, бұрынғы халықаралық құқық секілді қорғану құқығы тек қарулы шабуыл жасаған жағдайда ғана қолданылмайды. Теориялық тұрғыдан берілген концепция ағылшын-американың “жалпы құқық” доктринасын басшылыққа алды, бұл өз кезегінде, халықаралық құқықтың саласына ауыстырылды, осының нәтижесінде, жалпы халықаралық құқық – бұл қарапайым құқық, ал БҰҰ Жарғысын қосқандағы халықаралық келісім-шарттар – жалпы халықаралық құқыққа тікелей өзгерістер енгізбейтін келісімдер. Ертеректе осы концепцияның БҰҰ Жарғысын бұзуда мемлекеттер арасындағы қатынаста күш қолдануды ақтайтын тұрақсыздығы көрсетілген.

         Халықаралық сот Никарагуа-АҚШ ісі бойынша шешімінде, АҚШ-тың Никарагуаға қарсы қарулы күшті қорғану тәртібінде қолдандық, – деген тұжырымы қабылданбады. Осы орайда, АҚШ көрсетілген концепцияны дұрыс қолданбады. Сот: “Осы құқықты жеке қорғану құқығына қолдану жағдайында, егер белгілі бір мемлекет қарулы шабуылдың құрбаны болған жағдайда ғана қолданылады. Әрине, ұжымдасқан қорғану құқығында да осы жайт сақталады”10.

         1987 ж. халықаралық қатынаста күш қолдануға немесе оны қолдануға тыйым салу қағидасының тиімділігін арттыру жөніндегі Декларациясында: “БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, егер қарулы шабуыл жасалғанда мемлекеттің жеке немесе ұжымдасқан қорғану құқығы бар” – делінген. Жарғының осы тұжырымы бойынша аймақтық қауіпсіздік жөніндегі көптеген келісімдер мен шарттарына ұжымдасқан қорғану құқығы бекітілді. Осындай жарқын үлгілердің бірі – 1949 ж. 4 сәуірдегі Вашингтонда бекітілген Солтүстік атлант шарты негізінде атқарылатын Солтүстік атлант (НАТО) шарты және  1992 жылы 15 мамырдағы Ташкенттегі ТМД-ның 6 мемлекеті (Армения, Қазақстан, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) қол қойған ұжымдасқан қауіпсіздік туралы Шартын айтуға болады.

         1949 ж. Солтүстік атлант шартының 5-бабында: “Келісетін тараптар Солтүстік Америка немесе Европаның бірнеше не бір еліне қарулы шабуыл жасалса, оны оларға тұтас шабуыл жасалды деп қарастыратынын қолдайды, сондықтан осындай қарулы шабуыл жасау бір орны болған жағдайда, оның әрқайсысы БҰҰ Жарғысының 51-бабында танылатын ұжымдасқан немесе жеке қорғану құқығын жүргізу тәртібінде қауіпке ұшыраған тарапқа көмек береді немесе осындай қарулы шабуыл қаупі төнген тарапқа Солтүстік атлант аймағының қауіпсіздігін сақтау мен қайта құру мақсатында қарулы күш қолдану арқылы біріккен немесе жеке іс-шаралар жолымен жүргізіледі”11. Кез-келген қарулы шабуыл жасау және оған тиісті шараларды қолдану жөніндегі мәлімет Қауіпсіздік кеңеске хабарланады. Мұндай шаралар Қауіпсіздік кеңес арқылы әлемдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау және қайта құру үшін тиісті шаралар қолдану арқылы тоқтатылады.

         1992 ж. ұжымдасқан қауіпсіздік Шарты туралы айтқанда, біріншіден уақыт өте келе, мүше мемлекеттер құрамы бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырағанын айту қажет. 1993 ж. оның құрамына Әзірбайжан, Грузия және Беллоруссия енді. Алайда, 1999 ж. сәуірінде Шарттың мерзімін ұзарту туралы Протоколға тек 6 мемлекет (Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан бұл шарттан шықты) қол қойды. Бұл өзгерістерге қарамастан, бастапқы мәтін өзгертілген жоқ. ҰҚШ 4-бабында: “Егер мүше мемлекеттердің біріне қандай-да бір мемлекет не бірқатар мемлекеттер тарапынан агрессиялық қауіп төнсе, онда ол осы Шарттағы барлық мүше мемлекетке қарсы жасалған агрессия ретінде қарастырылады. Кез-келген мүше мемлекетке қарсы агрессия актысы жасалған жағдайда, барлық қалған мүше мемлекеттер оған қажетті көмекті ұсынады, оның ішінде, әскери көмек, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдасқан қорғану құқығын жүргізуге қажетті өзінде бар құралдармен қолдау көрсетеді. Аталмыш баптағы қабылданған шаралар бойынша мүше мемлекеттер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тез арада хабар беру керек” 12.

         Екі түрлі аймақтағы келісім шарттың жоғарыда көрсетілген екі бабына талдау жасау барысында, мынадай қорытынды шығады, БҰҰ Жарғысының 51-бабы ұжымдасқан қорғану құқығының құқықтық алғышарты болып табылады.

         Мына жайтты айта кету керек, БҰҰ Жарғысы 2-бабының 4-тармақшасы мемлекеттер арасындағы қатынаста күшпен күш қолдану қаупін төндіруге немесе күш қолдануға тыйым салатын мазмұнда. 1974 ж. агрессияларды айқындау тыйым салынған қарулы күш қолданудың жиі кездесетін жағдайларын белгілейді, және БҰҰ Жарғысының 51-бабы қарулы күшті ең қауіпті қолдану жағдайы деп – осы жағдайда қарастырылатын қорғану құқығын қолдану арқылы қарулы шабуыл жасауды айқындайды.

         БҰҰ Жарғысының 51-бабында көрсетілгендей, қарулы шабуыл жасалғанда “Қауіпсіздік кеңесі әлемдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шаралар қабылдамайынша” мемлекет қорғану құқығын қолданады. Осыған орай, 1990 ж. жазда Ирактың Кувейтке қарсы агрессия жасағанда, Кувейттің қорғану құқығы және басқа елдерден көмек сұрау құқығы болды.

         Қауіпсіздік кеңесі Ирактың Кувейтке қарсы жасалған агрессиясы жөніндегі істі қарастырған соң, агрессорға қарсы іс-шаралар Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына сәйкес жасалды. 1990 ж. 29 қарашада Қауіпсіздік кеңесі Резолюция қабылдады (№ 678), осыған сәйкес, егер 1991 ж. 15 қаңтарда Ирак Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын орындамаған жағдайда, Кувейтпен одақтас мемлекеттер Кувейтке қарсы жасалған агрессия жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын “орындау мен қолдаудың барлық қажетті құралдарын қолдануға” 13 кепілдік берді. № 678 резолюцияға сәйкес АҚШ және оның одақтастары 1991 ж. 17 қаңтарда Иракқа қарсы шара қолданды. Ол Ирактың Қауіпсіздік кеңесінің барлық 12 резолюциясын қабылдаған соң 1991 ж. 28 ақпанда бітті.

         Күш қолдануға тыйым салу қағидасы БҰҰ Жарғысының 7 тарауына сүйенген Қауіпсіздік кеңесінің қаулылары бойынша қабылданған іс-шараларға қолданбайды. Иракқа қарсы қарулы күш қолдану БҰҰ Жарғысы тұжырымдарын қолданудың жарқын мысалдарының бірі 14.

         Әрине, мемлекеттің ішінде болып жатқан оқиғаларға күш қолдануға тыйым салу қағидасы қолданылмайды, өйткені халықаралық құқық ішкі мемлекеттік қатынасты реттемейді.

         Күш қолдануға және күшпен қауіп төндіруге тыйым салу қағидасының негізгі бөлігі өзіндік норма ретінде қарастырылуы мүмкін соғысты насихаттауға тыйым салу болып табылады. 1970 ж. Халықаралық құқықтың қағидалары жөніндегі Декларацияда: “БҰҰ қағидалары мен мақсаттарына сәйкес мемлекеттер аргессиялық шабуылдарды насихаттаудан бас тартуы тиіс” делінген. Бұл 1987 ж. Декларацияда бекітілді.

         Көрсетілген норма мемлекеттер өз органдарымен сағысқа насихат жүргізуге жол бермеу керек екендігін, бұдан басқа мемлекеттер өз территориясында жеке тұлғалармен, ұйымдармен соғысты насихаттауды жүргізбеуге қатысты шаралар қабылдауы тиіс екенін көрсетеді. Сондай-ақ, мына жайтты ескеру керек, БҰҰ Жарғысының 51-бабында бекітілген қорғану құқығы халықаралық құқықта ғалымдармен дайындаған әділ соғыс ашу теориясында тұжырымдық қолдауға ие. Заңды жасалған іс-әрекеттің теориясы 3 категорияны ерекше көрсетеді: 1) қарсыластардың шабуыл жасауына өз бетімен қорғану қимылы; 2) жазалау соққылары; 3) күшпен тартып алынған нәрсені қайтарып алу.

         Осы 3 категорияның біреуі де әділетсіздікке жауап болмайтынын ескеріп, көптеген теоретиктер оларды ашық жасалған агрессиялар актілері деп қарастырады.

         Қорғану құқығын түсіндіру мәселесі халықаралық құқық нормаларында шабуыл жасау мәртебесінің нақты критерийлері жасалмауынан туындап отыр. Осы кемшілік мемлекеттерге келуі мүмкін қауіпке қарсы қорғану ретінде жазалау соққысын қолдану құқығын береді. Мұның мысалы ретінде, 2003 ж. АҚШ-тың Иракқа қарсы ядролық қаруы бар, сондықтан да халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген себеппен соғыс ашуын мәлімдеуін айтуға болады. Ирактағы АҚШ кампаниясы іс-әрекеті тізбегін талдай отырып, БҰҰ мен әлемдік қауымдастықтың АҚШ-тың іс-әрекетіне қатысының біржақты емес екенін айту керек. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюцияларды қабылдамай отырып, АҚШ-тың Иракта әскери қимылдарын бастауы және басқа мемлекеттердің пікірін ескермеуі халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу ретінде қарастырылды және ол Буш әкімшілігі тарапынан жасалған унилетаризм еді. Алғашқыда БҰҰ АҚШ-тың іс-әрекетін айыптағанмен, кейін АҚШ-тың жазғыру актілерінің заңсыздығына көзін жұма отырып, іс-шараларына өзінің қолдауын көрсетіп отырды.

         Осыған орай, құқықтық көзқарас тұрғысынан қорғану құқығын іске асыратын регламентациясы өзінің жеке немесе ұжымдық қорғану құқығының қажеттілігі жөнінде мемлекеттің өзіне таңдау қалдырылады.

 

2.2 Халықтар мен ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы

 

         Халықтың (ұлттың) өзін-өзі басқару қағидасының пайда болуы буржуазиялық төңкеріс кезеңінен бастау алады. Алайда бұл қағида батыстық халықаралық құқық аясында да жалпыға ортақ танылмады. Отаршылдық жүйелердің, сондай-ақ бірқатар европалық көп ұлтты империялар ұлттың өзін-өзі басқару қағидаларымен қайшылықта болды.

         Қазан төңкерісі арқылы келген халықтар мен ұлттардың өзін-өзі басқару қағидасының аясы әлдеқайда кең болды. Ол дүниежүзінің барлық ұлттарына таралды. Бұл қағида, ең алдымен отаршылдық жүйеге әдейі бағытталды. Осыған орай, ол колониалдық державалардың қарсылығына ұшырады. Нәтижесінде, осы қағида, тек 30 жылдан кейін ғана жалпы халықаралық құқықтың нормасы болды 15.

         Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмге қарсы демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстардың кең таралуы салдарынан БҰҰ Жарғысына халықтардың өзін-өзі басқару қағидасын ендіруді қамтамасыз етті. Жалпы тұжырымдарда осы қағида қарарларының бірқатар ережелерінде көрініс тапты. Осыған орай, ол қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып бекітілді.

         БҰҰ адам құқығы туралы Пактыны бекіту барысында, колониалдық державалар халық пен ұлттардың өзін-өзі басқару қағидасыне толық түсінік берген тұжырымдар енгізуге едәуір қарсылық білдірді. Халықаралық құқықтың батыстық доктринаның бірқатар мүшелері – бұл қағида халықаралық құқық қағидасы бола алмайтынын дәлелдеуге тырысты. Осы орайда, америка ғалымы Иглтон оны тек моральды қағида ретінде ғана ұсынса, француз ғалымы Сибер өзін-өзі басқару қағидасын “болжамдық және жалған” 16 деп таныды.

         Алайда, әлемдегі жағдайлардың өзгеруіне байланысты ұлттың өзін-өзі басқару құқығы да дами бастады. Ол бірқатар халықаралық құжаттарда көрініс тапты, оның ішінде, 1960 ж. Колониалдық елдер мен халықтарға еркіндік беру туралы Декларацияның 1-бабы өте маңызды. 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларациясы және Адам құқықтары туралы Пактілерде ұлттардың өзін-өзі басқару және теңдік қағидаларының мазмұнына толық түсінік беріледі.

         Ұлттардың өзін-өзі басқару қағидасын орындамаған және құрметтемеген жағдайда БҰҰ-ның алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес, мәселен, олардың діні, тілі, жынысы, тегіне қарамастан адам құқығын сақтау мен құрметтеуге көмек беру. Аталған қағиданы орындамаған жағдайда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын қолдау тағы мүмкін емес. Кез-келген мемлекет 1970 ж. Декларацияға сәйкес ұлттардың өзін-өзі басқару құқығынан айыратын кез-келген зұлымдық іс-шаралардан бас тартуға міндетті. Егер зұлымдық іс-шаралар жолымен өзін-өзі басқару құқығынан айырған жағдайда БҰҰ Жарғысы прицниптері мен мақсаттарына сәйкес ұлттардың ұсыныс беру және көмек алу құқығы қағиданың маңызды элементі болып табылады.

         Қазіргі халықаралық құқықта қарастырылатын қағиданың мазмұны төмендегідей болып келеді:

  1. Барлық халықтар өзінің саяси мәртебесін ешкімнің араласпауымен еркін айқындау құқығы бар және өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамыту бағдарламасын жүргізе алады.
  2. Барлық мемлекеттер осы құқықты құрметтеу керек.
  3. Халықтың өзін-өзі басқару құқығын жүргізуге барлық мемлекет біріккен және дербес іс-әрекеттері арқылы көмектесуге міндетті.
  4. Басқа мемлекеттер ұлттардың өзін-өзі басқару құқығына, бостандығы мен егемендігіне кедергі жасайтын кез-келген зұлымдық іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
  5. Колониалдық халықтар тәуелсіздік жолындағы күресте барлық қажетті құралдарды қолдана алады.
  6. Халықты шет ел басқыншыларына бағындыруға тыйым салынады.

         Ұлттар мен халықтардың өзін-өзі басқару қағидасы ұлттың тәуелсіз мемлекет құру немесе барлық ұлтты біріктіретін мемлекетті құруына көмектеседі. Ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы – міндет емес, олардың құқығы 17.

         Осыдан, қарастырылатын қағидадан қандай да бір ұлттың халықаралық-құқықтық мәртебесі күні бұрын шешілмейтінін көреміз. Ұлттар басқа ұлттармен еркін бірігу құқығы бар, осындай жағдайларда халықаралық қатынаста халықаралық құқық субъектісі ретінде шығу не шықпауы ұлттық құрылымдардың сипатына байланысты.

         Ұлттар мен халықтардың өзін-өзі басқару қағидасы саяси таңдау еркіндігімен тығыз байланысты. Өзін-өзі басқаратын халықтар ішкі саяси мәртебесімен қатар, сыртқы саяси бағдарын да дұрыс таңдайды. Саяси таңдау бостандығын құрметтеу бәсекелектіктің емес, келісімнің іргетасы. Еркіндік алған мемлекеттердің бірікпеу саясатын жүргізу құқығы, әлемдік мәселелермен қатар, аймақтық мәселелердің шешіміне қатысу құқығы осымен байланысты. Өзін-өзі басқару ұлттың тарихи, географиялық, мәдени, діни дәстүрлері мен танымдарына сәйкес, осындай дамудың жолын таңдау құқығын білдіреді.

         Осыған орай, ұлттың, халықтың еркін шешімінен халықаралық құқық субъектісі – мемлекеттік құрылым құру байланысты болу керек. 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда көрсетілгендей, тәуелсіз және егеменді мемлекет құру, тәуелсіз мемлекетке бірігуі немесе халықпен еркін шешілген басқа саяси мәртебені бекіту ұлттардың өзін-өзі басқару құқығын жүргізудің формалары болып табылады 18.

         Қазіргі таңда, әсіресе Кеңес Одағы мен Югославияның ыдырауына байланысты халықтардың өзін-өзі басқару құқығы және мемлекеттердің территориалды қағидасының арақатысы туралы мәселелер өткір қойыла бастады. 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда: “Ешнәрсе де … бөлінуге немесе жеке немесе аумақтық тұтастығы толық бұзылуына немесе тәуелсіз мемлекеттердің саяси бірлігіне әкеп соқтыратын кез-келген қолдайтын іс-шаралар ретінде түсіндірілмеуі керек” 19.

         Кез-келген халықтың өз тағдырын еркін шешу құқығы бар. Бірақ бірқатар жағдайда бұл қағиданы билікке ұмтылған және мемлекетті бөлуге тырысқан ұлтшылдар, экстремистер өз пиғылдарына қолданды. Олар халықтың атынан шығып, бірақ олардың мүддесін ойламайды, ұлтшылдықты және ұлттар арасындағы араздықты қоздырып көп ұлтты мемлекетті құлату қаупін төндіреді. Бұл көп жағдайда осы халықтардың мүддесіне қайшы келеді. Нәтижесінде, бұл ғасырлар бойы ұласып келген экономикалық, отбасылық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарды үзуге әкеп соқтырады және әлемдегі интеграциялық тенденцияның дамуына қайшылық келтіреді.

         Өзін-өзі басқару құқығы абсолютті болып табылмайды. Халықаралық құқық колониалдық басқарудағы халықтың өзін-өзі сырттай басқаруы және бөліну құқығын шектеді. Мұндай тарихи мысалдарға 1967 ж. Нигериядан бөлініп, тәуелсіз Биафра құруға тырысқан ұлт талаптары, сондай-ақ кейін Азиядағы, Балқан мен Кавказдағы сецессионистік талаптар қабылданбады20. Бұның мәні – барлық сессионистік қозғалыстар өзінің талаптарын түрлі интерпретациялауға болатын өзін-өзі басқару қағидасыне негіздейді. Өзін-өзі басқару үшін қазіргі күрескерлер өздерінің құқығын этникалық терминмен айқындайды. Дүниежүзілік қауымдастықтың мұндай түсінікке көзқарасы теріс. Мұнымен қатар ұлттың өзін-өзі басқару қағидасыне сүйеніп, белгілі бір территорияларға тәуелсіздік әперуге үміт ететін қозғалыстарды мойындамайды, сондай-ақ, шын мәніндегі өзін-өзі басқару субъектісі болатын және өз ұлтын айқындауда тұрғындардың бір бөлігі территориядан қуылады. Мұнда сессия заңдылығын мойындау тәуелсіз территорияда егемендіктің тұтқындары болып табылатын азшылыққа, сондай-ақ этникалық тазалауға әкеп соқтырады.

         Қайғылы оқиғалардың мұндай көрінісі 1999 ж. БҰҰ интервенциясынан  кейін Косоводан – сербтер мен сығандардың (халықтың аз бөлігі) қуылуын айтуға болады. Бүгінгі таңда, ұлт-азаттық және сессионистік қозғалыстар мәселесі жөнінде әлемдік қауымдастықта нақты тұжырымдамалар жоқ.

         Осыған орай, халықаралық құқық деңгейінде ұлт-азаттық қозғалыстар бастамашы болып, күш қолдана ала ма немесе оны тек жауап ретінде қолдану мүмкін бе деген мәселес ашық болып қала береді.

 

2.3 БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары

 

         Бітімгершілік оепрациялары – бұл шиеленіске ұшыраған елдердің ынтымақтастығын сақтау және оған жетуіне жағдай жасауға көмек берудің әдісі. БҰҰ бітімгершілері (солдаттар, офицерлер, азамматық полицейлер мен әлемнің көптеген елдерінен келген қарапайым қызметшілер) – ынтымақтасу процестеріне бақылау мен қадағалауды жүргізеді және ынтымақтасу келісімсөздеріне қол қойған шараларды жүргізуде бұрынғы комбатанттарға көмек береді. Мұндай көмек беру көптеген формаларда жүргізіледі, оның ішінде, сенімділік шараларын нығайту, билік өкілеттіктерін бірігіп жүргізу механизмдері, сайлауды жүргізуде қолдау беру, тәртіпті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамыту формалары кіреді. Қауіпсіздік кеңес БҰҰ Жарғысына сәйкес ынтымақтастықты сақтау үшін ұжымдасқан іс-шараларды қабылдау міндеті мен құқығына ие. Сондықтан, әлемдік қауымдастық, әдетте, бітімгершілік операциялар Қауіпсіздік Кеңесі рұқсатымен жүргізілу керек деген пікірді ұстанады. Мұндай операциялардың көп бөлігін БҰҰ-ның өзі де бекітеді және жүргізеді және әскери контингенттер қызметі оның тікелей басқаруымен жүргізіледі. Басқа жағдайларда, БҰҰ-ның тікелей қатысуы негізсіз және мақсатсыз деп танылса, онда Кеңес Солтүстік атлант шарты секілді аймақтық ұйымдарға, батыс африка елдерінің Экономикалық қауымдастығы немесе бейбітшілікті қолдайтын функцияларды жүргізуге тілек білдіруші елдердің коалициясына тапсырылады.

         БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары бірінші рет “қырғи қабақ соғыс” кезеңінде мемлекеттер арасындағы шиеліністі шешудің құралы ретінде қолданыла бастады. Бітімгершілерді ол кезде жетекші елдердің  БҰҰ-на халықаралық келісім мен қауіпсіздікке және аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіретін қақтығыстарды тоқтату міндетін қоюы қызықтырды. БҰҰ-ның бақылаушылар тобын қолдануы 1948 ж. басталды. Бұл кезде Израиль мен араб елдері аралығында келісімді сақтауға халықаралық бақылау бекітілген еді. БҰҰ-ның ең алғашқы толық масштабты бітімгершілік күштері, Таяу Шығыста құрамында 10 ел бар БҰҰ-ның төтенше жағдай күштері 1956 ж. Суэц каналы аймағынан шет ел әскерін әкетуін бақылау үшін құрылды. 1967 ж., кейін 1974 ж. қайта, бітімгершілік күштер Таяу Шығыстағы әскери қозғалыстардың шиеленісіне жол бермеді және бақылау жүргізді. Осы аудандағы қарқынды операцияларды орындайтын Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері 1978 ж. Израильдің Ливанға басып кіруінен соң, осы аймақтағы оқиғаларды бақылау үшін құрылды. Олар израиль әскерлерін әкету барысында ынтымақтастықта болу жолдарына көмек берді, сондай-ақ ливан үкіметінің билігі қалыптасуына себін тигізді. Осы аймақтағы шиеленістің бәсеңдеуі қымбатқа түсті. БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күші 250-ге жуық адамынан айырылды21.

         Бітімгершілік күштерін құру барысында шабуылға шабуыл жасау керек деп ұйғарылған жоқ. Шиеленісті тоқтату іс-шарасы, әдетте, қақтығысты тудырушы елдердің келісімінен соң және шабуыл біткеннен кейін жүргізіледі. БҰҰ-да қызмет ететін әскерлер бақылауды оқиға болған жерде жүргізеді және келісімнің орындалуы, шабуылдың тоқтатылуы, әскерлерді әкету жөнінде немесе басқа да ынтымақтастық келісім элементтері жөнінде дүниежүзілік қауымдастыққа үздіксіз хабар беріп отырады. Бұл өз кезегінде, елшілерге қақтығыстардың туу себептеріне байланысты мәселелерді шешу үшін мүмкіндік пен уақыт берді. “Қырғи қабақ соғыстың” бітуі БҰҰ-мен жүргізілетін ынтымақтасуды қолдайтын операцияларының түбегейлі өзгерісін көрсетті. Келісімнің жаңа рухына сүйеніп, БҰҰ күрделі және ірі бітімгершілік миссияларды құрды. Оларға мемлекет ішіндегі қақтығыстардың негізгі қатысушылары арасында бейбіт келісім жүргізуге көмек беру міндеті жүктелінді. Бұдан басқа, бітімгершілік операциялар құрылымындағы нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әскери емес элементтер көптеп қосыла бастады. 1992 ж. кешенді бітімгершілік операциялар жүргізуге сұраныстың артуы нәтижесінде, БҰҰ жанынан ынтымақтастықты сақтау бойынша операциялар Департаменті құрылды.

         Жалпы алғанда, жаңа операциялар жетістікке жеткізді. Мәселен, БҰҰ-ның бітімгершілік күші арқасында Сальвадор мен Мозамбикте келісімнің тұрақты болуына қол жеткізді. Бірқатар іс-шаралар сәтсіз болды. Бұл БҰҰ бітімгершілік операциялары арқылы жетуі мүмкін нәрсені артық бағалау салдарынан туындаса керек. Сол уақытта Камбоджа мен Мозамбикте кешенді миссиялар жүргізілді. Қауіпсіздік Кеңес қақтығыс аймақтарына, мәселен, қақтығысқа қатысушы барлық тараптардың бітімгершілік операцияларын жүргізуге келісім бермеуі және шабуылдың тоқтатылмауы салдарынан Сомалиге бітімгершілерді жібере бастады. Осы операцияларда қажетті адам ресурсы немесе өзінің міндеттерін орындауда саяси жігерді шыңдау мәселесі қамтамасыз етілмеді. 1995 ж. Сребриницадағы (Босния мен Герцеговина) адамдарды жаппай қыру және 1994 ж. Руандадағы геноцид оқиғаларынан кейін, БҰҰ ынтымақтастықты сақтау қызметін қайта ұйымдастыру мен сыни талдау мәселесін қолға алды.

         1999 ж. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне түбегейлі реформалар қажет деп шешті және Сребреницаның құлауына себін тигізген оқиғаларға жан-жақты талдау жасады, сондай-ақ 1994 ж. Руандадағы геноцидке БҰҰ қызметіне арнайы тексеру жүргізуді тапсырды. Мұндай баға, бітімгершілік операцияларын жүргізу үшін БҰҰ-на құрал-күштерді арттыру қажеттілігін көрсетті, оның ішінде, шиеленісті тез шешу үшін мүмкіншілікті қамтамасыз ету; сондай-ақ миссияларға ұсынылатын мандат жергілікті жердегі қажеттілікпен сәйкес болуы керек. БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына күш қолданудың нақты ережелерімен қамтамасыз ету; Нью-Йорктағы БҰҰ Секретариаты мен бітімгершілік операциялар шиеленісін шешу және жоспарлау саласындағы БҰҰ мекемелерімен арасындағы байланыс деңгейін көтеру; және БҰҰ мен аймақтық мекемелер арасындағы өзара іс-әрекетті арттыру. Бұдан басқа, БҰҰ-ның қақтығыс болған жердегі бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру.

         Осы кезеңде БҰҰ операцияларына сұраныс қайта арта бастады. Бұған қызмет көрсету түрлерімен қатар, контингенттер саны да кіреді. Бітімгершілік операцияларының құрылымына тәртіпті, азаматтық әкімшілікті, экономикалық даму мен адам құқығын қорғу компоненттері кіреді. БҰҰ-ның бітімгершілеріне Шығыс Тимордың тәуелсіздік алуына дайындық жүргізу үшін уақытша үкімет қалыптастыру тапсырылды. Осы жылы, Югославияға НАТО күштерімен жүргізілген әуе соққыларынан кейін БҰҰ-ның бітімгершілері Косовода уақытша әкімшілік бойынша БҰҰ миссиясын ұйымдастырды. 1999-2000 жылдары Қауіпсіздік Кеңесі Африкаға (Сьерра-Леонеде, Конго Демократиялық Республикасында және Эритрея мен Эфиопияда) 3 жаңа операция жүргізуге рұқсат берді.

         БҰҰ-ның Ынтымақтастықты сақтау бойынша дәстүрлі операциялар концепциясына сәйкес бітімгершілер қарусыз немесе жеңіл қаруланады және күшті тек қорғану тәртібінде ғана қолданады. Дегенмен, соңғы екі жылда болған оқиғаларды БҰҰ бітімгершілерінің қасақана істемегендігін көрсете отырып, қауіпті және күрделі миссияларда іс-шаралардың тиімділігін қалай арттыруға болады деген мәселені талқылауға жағдай тудырды. Осы азаматтық қозғалыстар аяқталғаннан кейінгі кезеңде күштермен толық қамтамасыз етілмеген, бітімгершілік операциялардың саны аз болуы, қызметкерлердің күш қолдануды жеңіл ережелерге сәйкес жүргізілген қарулы ошақтарды тойтару жөніндегі міндеттерді шешуде дұрыс бейімделмегенімен өзекті бола бастады. Бірқатар жағдайларда, БҰҰ бітімгершілерінің өздеріне шабуыл жасалды және адамдарынан айрыла бастады. Қауіпсіздік Кеңесі бітімгершілік операцияларды БҰҰ Қаулысының 7 тарауына сәйкес жүргізуге және іс-әрекетті тойтару үшін бітімгершілерге қаруды қолдануға рұқсат береді. БҰҰ қызметкерлеріне келетін қауіпті тоқтату үшін, бейбіт тұрғындарды қорғау үшін “барлық қажетті құралдарды қолдануды” ақтайтын миссиялар құрамындағы бітімгершілердің жағдайын шешуде күш қолдану ережелері оптимизацияланды. Бүгінгі таңда, БҰҰ миссиялары Конго Демократиялық Республикасында, Либерияда, Сьерра-Леонеде, Косовода, Тимори-Лештиде, Бурундиде, Гаити мен Кот д,Ивуарда 7 тарау негізінде берілген мандаттарға сәйкес жүргізіледі. Мандатқа сәйкес белгілі бір елді қорғауға шақырылған “көк каскалардың” қорғану құқығын бекіте отырып, Бас хатшы “жаңа доктринаны” БҰҰ қарулы іс-әрекеттер жүргізудің құралына айналдырмауына және күш қолдануды тек соңғы шара ретінде қарастыруды баса айтты.

         БҰҰ Қаулысының 7 тарауы “Ынтымақтастыққа қауіп төндіру, әлем тепе-теңдігінің бұзылуы және агрессиялар актілеріне қатысты жасалатын іс-шаралар” деп аталады. 6 тарау – Шиеленісті бейбіт жолмен шешу – деп аталады. 7 тарауда Қауіпсіздік кеңесі қарулы күшке “оның шешімін іске асыруға” уәкілдік береді – делінген.

         Алайда, БҰҰ-ның сәтсіз болған бірқатар бітімгершілік операциялары сәтті операцияларға қарағанда кең жарияланды. Қақтығыс болмаған оқиғалар тақырыбы көзге түсе бермеді. БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары 1960 ж. Конгода осы елдің Бельгиядан тәуелсіздік алғаннан кейін болған азаматтық соғысты тойтаруда маңызды роль атқарды. БҰҰ-на бұл тағы да қымбатқа түсті. Мұнда жол апатынан Бас хатшы Даг Хаммаршельд қаза тапты. Бітімгершілік операциялар қақтығыстың негізгі себептері бар басқа да аумақтарда жүргізіледі, мәселен, Үнді субконтиненті мен Кипрде халықаралық қауымдастықтың араласуымен әскери қозғалыстар тойтарылады және тоқтатылады.

         Көптеген қазіргі қақтығыстар, оттың ортасында жүрмеген елдерге оғаш көрінуі мүмкін. Дегенмен де, әлемдегі мемлекеттер келетін қауіпті ақылға салып ойластыру керек. Бізге белгілі қайғылы оқиғалар шара қолданбау нәтижесінде соңы насырға шапты. Қақтығыстарды тоқтату және оны бейбіт тұрғыдан реттеу жөніндегі шара қолдану жағдайларында дүниежүзілік қауымдастықтың шара қолданбауы шиеленістің ұлғаюы мен қатысушылар санының артуына әкеледі. Соңғы жылдарда, осындай қақтығыстар бүкіл аумаққа таралуына, көрші елдердің тұрақсыздануына әкелетінін көрсетті. Қазіргі шиеленістердің тек бірқатары ғана “тұйық” болып саналуы мүмкін. Көбінде, олар тұтастай бір мәселелерді: қаруды заңсыз сату, терроризм, есірткілердің заңсыз айналуы және босқындардың ағыны мәселелерін тудырады. Осы және басқа да глобальды мәселелерді шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық керек. Осы салада ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі бар БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі маңызды құралдардың бірі болып табылады. Оның бірегейлігі оның сипатымен көрсетілген жан-жақтылығы мен заңдылығымен, құрамында 191 мүше мемлекет бар дүниежүзілік ұйымның атынан қабылдайтын шараларымен айқындалады. БҰҰ бітімгершілік операциялары ынтымақтастықты құруға кедергі жасаған жағдайда оны жоюға көмектеседі. Әдетте, Қауіпсіздік Кеңес ынтымақтастықты сақтау жөніндегі миссияларды қабылдайды және оның параметрлерін белгілейді. Бұл үшін алдымен оның алдында тұрған міндеттерді сипаттайтын миссиялар мандатын бекітеді. Кез-келген жаңа бітімгершілік миссияларын немесе мандатты өзгертуді немесе кез-келген миссияның құрамының санын арттыру үшін дауыс беру барысында Қауіпсіздік Кеңес мүше мемлекеттердің 15-тен 9-ы жақтап дауыс берсе болады.

         Дегенмен, егер кез-келген тұрақты 5 мүшесі (Қытай, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ және Франция) осы ұсынысқа қарсы дауыс берсе, ол қабылданбайды. Бас хатшы ынтымақтастықты сақтау жөніндегі операцияларға жетекшілік етеді және басқарады, сондай-ақ Кеңеске оны жүргізу барысы туралы мәлімдеме жасайды. Бірқатар ірі миссияларға Бас хатшының арнайы бір мүшесі жетекшілік етеді. Ынтымақтастықты сақтау жөніндегі операциялар Департаменті Бас хатшыға бітімгершілік операциялардың іс-шаралары мен ережелерін қалыптастыруға көмектеседі және ағымдағы миссияларды басқаруға және жаңа миссияларды бекітуге қатысты ұсыныс береді. Бұдан басқа, Департамент Ауғанстандағы БҰҰ миссиясы секілді саяси миссияларға көмек береді.

         Бітімгерлерді жіберу және әкету құқығы оларды ерікті түрде жіберген үкімет шешеді, осымен қатар тәртіп пен кадр мәселесін, қаржымен есептесу жауапкершілігін үкімет шешеді. Азаматтық полицейлерді мүше мемлекеттер жібереді және олардың қызметі әскери бақылаушылар атқаратын қызмет жағдайымен бірдей, оның ішінде БҰҰ-мен төленетін іс-сапарлық мамандар бар.

         Қауіпсіздік Кеңесі бітімгершілік операцияларды басқа органдардың жүргізуіне рұқсат береді. Мұндай операциялар БҰҰ-ның басқаруымен жүргізілмейді. Мәселен, 1999 ж. НАТО-ның әуе соққыларынан кейін Қауіпсіздік кеңес НАТО-ға Косовода ынтымақтастықты сақтау жөнінде уәкілдік берді. Сол уақытта Қауіпсіздік кеңесі Косоводағы уақытша әкімшілік қызметі бойынша БҰҰ-ның миссиясын бекітті, БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына осы территорияны басқару, тәртіп пен заңның орындалуын қамтамасыз ету және тиімді қызмет атқаратын азаматтық полицейлер қызметі кіретін өзін-өзі басқарудың демократиялық институтын қалыптастыруды тапсырды. Осы жылы Қауіпсіздік кеңес Австралия басқаратын халықаралық күшке Шығыс Тимордағы (қазіргі Тимор-Лешти) қауіпсіздікті қалпына келтіруге уәкілдік берді. Келесі жылы бұл күшті БҰҰ-ның Ынтымақтастықты сақтау жөніндегі Ұйым ауыстырды. 2001 жылы Қауіпсіздік кеңес халықаралық коалицияға Ауғанстанға әскерлерді әкелуіне көмек беруге уәкілдік берді, осымен қатар көшпелі үкіметті қолдау үшін БҰҰ миссиясын бекітті 22.

         Осыған орай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаларыне сәйкес халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтаудың негізгі міндет жүктелінді. БҰҰ міндеттерінің бірі халықаралық шиеленіске әкелетін кез-келген жағдайларды қарастыру. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлемге қауіп төну немесе агрессиялар актісінің белгілерін айқындайды және тиісті шаралар қолдануға ұсыныс береді. БҰҰ жұмысының кең таралған тәсілдерінің бірі – БҰҰ көп ұлтты әскерлер контингентін біріктіретін ұлттық қарулы күш қолдану арқылы, сондай-ақ, осы халықаралық ұйымның қарауындағы бақылаушылар институты (офицерлер) арқылы жүзеге асыратын “күш қолдану” деп аталынатын бітімгершілік операциялары. “Күш қолдану арқылы” бітімгершілік операцияларының тәжірибесінде мемлекеттің ішкі ісіне араласу жөнінде шешім қабылдау заңдылығының мәселесі екінші кезекте, 1-ші кезекке ұйымдастырушылық, қаржылық, материалды-техникалық және т.б. мәселелер қойылады. Осы орайда, “күш қолдану арқылы” бітімгершілік операцияларының практикалық келешегі “мемлекеттің ішкі ісіне араласу кодексімен”, детальдарға сәйкестелінген және шешімді қабылдау іс-шараларының міндеттері берілген формада бекітілуімен, БҰҰ құзырындағы тұрақты әскери контингенттердің немесе дербес қызмет атқаратын немесе БҰҰ басшылық ететін қандай да бір аймақтық ұйымдарды қалыптастыру.

         Бүгінгі таңда БҰҰ бітімгершілік қызметі күрделі мәселелерге ұшырасты. Операциялар саны рекордтық деңгейге жетті, әскерлердің саны тез өсті және қосымша азаматтық мамандар қажеттілігі мәселесі зәру бола бастады. 2005 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өз масштабы бойынша теңдессіз ынтымақтастықты сақтау жөніндегі операцияларды кеңейту немесе құруды қажет етуі мүмкін. Қазіргі таңда, БҰҰ ынтымақтастықты сақтау жөніндегі операциялар Департаментімен 17 дала операциясы: оның ішінде ынтымақтастықты сақтау жөнінде 16 операция және 1 саяси миссия жүргізілді. Бұдан басқа, Судандағы шиеленісті бәсеңдету операциясын жасау қажеттілігі болуы мүмкін. БҰҰ өз күш-қуатын жүргізілетін операцияларды қолдау үшін арттырады және жаңа операцияларды жоспарлайды. Алайда, өсіп келе жатқан қажеттіліктер БҰҰ бітімгершілік операцияларына қолданатын күштер үшін теңдесі жоқ сынақ болып табылады және оларды қанағаттандыру үшін едәуір қосымша ресурстар қажет.

 

 

  1. ӘДІЛ СОҒЫС ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

 

3.1 Гуманитарлық интервенция доктринасы

 

         Бір кездері гуманитарлық интервенция ХХ ғасырдың соңғы он жылында қалған секілді көрінген. Жаппай қыруды тоқтату мүддесінде ұлттық шекарадан тыс әскер күшін қолдану дәуірдің айнасы саналды. Бұл кезде алпауыт мемлекеттердің қауіпсіздік мәселесі бұрынғыдай өткір қойылмады. Бірінші кезекте адам өмірін қорғау туралы мәселе болуы әбден мүмкін еді. Сомали, Гаити, Босния, Косово, Шығыс Тимор, Сьерра-Леоне – бұлардың барлығы шиеленісті әскер күшімен шешуді гуманитарлық тұрғыдан ақтайтын мысалдар. Бұл “қырғи қабақ соғыс” шиеленісі және террорлық қауіптің артуы аралығындағы кенеттен туған тыныштық кезеңде пайда болды. Қауіпсіздікке едәуір өзекті қатер төнуіне бағытталған 2001 ж. 11 қыркүйектегі оқиғада соңғы нүкте қойылған деп саналған еді. Дегенмен де, соңғы бір жыл көлеміндегі террорға қарсы жасалған көлемді іс-шаралардан, біз, әскер күшімен шешілген 4 оқиғаға қандай шара қолданбасын гуманитарлық интервенция аясында жүргізілгенін көреміз.

         Халықаралық құқық контексіндегі гуманитарлық интервенция доктринасы және оның заңдылығы, көлемі мен мазмұны мәселесі 600 жылдан бері көптеген зерттеушілерді қызықтырған тақырып болды. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттің ішкі ісі мен юрисдикцияға гуманитарлық сипаттағы себептер бойынша (яғни, тұрғындарды жаппай репрессиялау барысында, зұлымдық жасау және адам құқығын өрескел бұзған жағдайда) араласу террорлық тәуелсіздікті бұзуға және осы елдің азаматтық тұрғындарын қорғау мақсатында саяси еркіндікке саналы түрде келе отырып, мемлекетпен немесе мемлекеттер тобымен қарулы күш қолдану рұқсат етілген бе және қашан, қандай жағдайда қолдану рұқсат етіледі деген сұрақ туады. Гуманитарлық интервенцияның масштабтары мен заңдылығы мәселесі, бір жағынан, мемлекеттердің тәуелсіз теңдігі, аудандық тұтастығы, саяси бостандығы және халықаралық құқықтық жүйе мен дүниежүзілік тәртіптегі негізгі қағидалар ретінде қарастырылатын күш қолдануға тыйым салудағы айырмашылықтар мен ұқсастықтары арасында, екінші жағынан, адамның негізгі құқығын төтенше жағдайда қорғау және осы құқықтың күнделікті бұзылуы жағдайынан қорғау мақсатында халықаралық құқықпен жазаланатын талаптар мен міндеттемелері арасындағы пікірталастардың объектісі болып табылады. Көріп отырғанымыздай, мұнда халықаралық масштабтағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселесі қозғалады.

         Соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде, яғни БҰҰ Жарғысы кезеңінде доктриналық қызығушылықтың шыңы 70-80-ж.ж. болды. Осы кезеңде басқа да шиеленістермен қатар, Бельгия мен Ұлыбританияның Конгодағы (1964 ж.), АҚШ-тың Доминикан Республикасындағы, Үндістаннның Шығыс Пакистандағы (1971 ж.), Индонезияның Шығыс Тимордағы (1975 ж.), Бельгияның Заирдағы (1978 ж.), Кариб аймағының біріккен 6 мемлекетінің күші мен АҚШ-тың Панамадағы (1988 ж.) шиеленістерді шешуін айтуға болады. Осы мәселеге халықаралық заңгерлердің қызығушылығының артуы 90-жылдардың бірінші жартысында басталды. Осы жылдары Біріккен қарулы күштің Ирак шиеленісіне араласуы және Солтүстік Ирактағы курдтарды және осы елдің оңтүстігіндегі шеиттерді қорғауға бағытталған іс-шаралар (1991 ж., екі ұшу аймағына тыйым салынды), Сомалидің ішкі ісіне араласу және осы күнге дейін Югославия мен Руандадағы қайғылы оқиғаларға байланысты жағдайлар орын алған еді 23.

         90-жылдардың басында көптеген авторлар азаматтық және халықаралық жанжалдардың экскалациясы әсерінен, этникалық және діни сипаттағы зұлымдықтың және “ұлтшылдардың” әсерінен жаңа терминология енгізді, ол бірде “гуманитарлық мақсаттағы интервенция”, “гуманитарлық сипаттағы себептері бойынша интервенция жасау”, “демократиялық интервенцияның құқығы” немесе “төтенше жағдайда гуманитарлық жолмен қорғау және көмек беру”24 деп  аталса, енді бірде, егер адам құқығын жүйелі және өрескел бұзған мемлекеттің үкіметі келісім бермеген жағдайда да осындай көмек беруді қамтамасыз ету міндеттері жөнінде айтылады. Белгілі зерттеушінің бір сөзінде “осы айтылғандардың бәрі нәтижесі жоқ пікірталасқа әкелді”25 – деп айтылған.

         Жоғарыда көрсетілгендей, гуманитарлық интервенцияның доктринасына қызығушылықтың артуы және осы мәселе бойынша ақпарат ағыны толастауына қарамастан, бұл бұқаралық халықаралық құқықтың классикалық үлгісі болып табылады26. Алайда, мына жайтты жоққа шығаруға болмайды, гуманитарлық интервенцияның қазіргі мәртебесі, масштабы және мәні жөніндегі мәселелер гуманитарлық көмек беру түсінігінің пайда болуына және мемлекеттер тәжірибесіндегі төтенше жағдай операциялары мен ғалымдардың пікірталасы арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл тек құқықтың күрделілігіне ғана әсерін тигізген жоқ, сондай-ақ тиісті үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттердің өкілдері, дүниежүзіндегі ғалымдар арасында өзара түсініспеушіліктің пайда болуына әкелді.

         Гуманитарлық интервенция туралы жұмыс авторларының басым көпшілігі Жарғыны қабылдамастан бұрынғы кезеңде, opinion juris және мемлекеттердің қызметінде жүйелі тәжірибенің болмауы салдарынан, гуманитарлық интервенцияның нақты нормалары жоқ деген пікірмен келісті. Гуманитарлық интервенция мен гуманитарлық көмек берудің тәжірибесі БҰҰ Жарғысы аясында жүргізілу керек. Бұл осы мәселелерді зерттеу барысында сүйенетін негізгі құқықтық нормалар, бұл бірінші басты тұжырым, берілген анықтама концептуалдық және құқықтық негізіне әсерін тигізеді.

         Екінші басты тұжырым, негізінен, бір-біріне қайшы келетін әдебиеттер саны аясында, сондай-ақ осы мәселе бойынша пікірлердің түрлілігі және осы саладағы мемлекеттік қызметтің ашықтығы және нақты, жүйелі болмауы салдарынан нақты құқықтық терминдерде гуманитарлық интервенцияға анықтама беру өте қиын.

         Үшінші іргелі тұжырым гуманитарлық интервенцияның анықтамасы бойынша қарулы күш қолдану және үшінші тараппен (мемлекетпен) немесе мемлекеттер тобымен қабылданған іс-шараларды жүргізуде заңды үкіметтің келісім беруінің қажеттілігі жоқ деп түсіндіріледі. Осы құқықтық талаптар немесе құрамындағы элементтер өз мәнінде тұтас болып табылады. Операциялар жүргізу барысында осы элементтердің біреуі жоқ болса, ол гуманитарлық интервенция ретінде сипатталмайды, дегенмен, “гуманитарлық көмек беруді” қамтамасыз ету ретінде бағаланады.

         Осы гуманитарлық интервенция доктринасына егер берілген операциялар контексінде гуманитарлық тұрғыдан қызығушылық болған жағдайдың өзінде де төмендегідей 5 жайттың келмейтінін көрсетеді: 1) заңды үкіметтің ұсынысы бойынша қарулы күш қолдану акциялары (келісімдерде қарастырылған акцияларды қосқанда); 2) БҰҰ-мен жүргізілетін дәстүрлі бітімгершілік операциялар аясында жүзеге асырылатын акциялар; 3) басқа мемлекетте өз азаматтарының өміріне қауіп төнген жағдайда оларды қорғау мақсатында қарастырылатын әскери операциялар; 4) қарулы күш қолданбау арқылы мәжбүрлеу сипатындағы акциялар; 5) гуманитарлық сипаттың негізгі белгілері жоқ, заңды үкіметтің келісімі болмаған жағдайдағы қарулы күш қолданатын акциялар. Заңды үкіметтің өтініші бойынша қарулы күш қолдану акциялары, шын мәнісінде, теориялық көзқарас бойынша, үкімет оны жүргізуге рұқсат беріп отырғандықтан, аудандық тұтастығын, саяси бостандығы мен мемлекеттің тәуелсіздігін бұзбайды. Мына жайтты айту керек, заңды үкіметті немесе оның келісім беруін анықтау мүмкін емес жағдайлар болады, алайда, бұл интервенция түсінігімен байланысты емес. Осы уақытқа дейін БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларын оның территориясында жүргізу мемлекеттің келісім беруі арқылы қарастырылады. БҰҰ Секретариатындағы ағым және кіріспедегі “соғысты тоқтату немесе бақылау бойынша операциялар” секілді түсінік тек дәстүрлі бітімгершілік операцияларынан тыс шығып кетпейді, сондай-ақ тиісті тараптармен қол жеткізген соғысты тоқтату бойынша алдыңғы келісім шарттарды басшылыққа алуына болады. Шет елдің қарамағындағы елдерге көмек беру мақсатында жүргізілетін әскери көмек беру операциялары гуманитарлық интервенция түсінігіне келмейді, өйткені бұл операциялар БҰҰ Жарғысының 51-бабындағы қорғану құқығы тұжырымдамасын негізге алады27. Бұл жерде БҰҰ Жарғысына сәйкес көмек беру операцияларының заңдылығы мен масштабы жөніндегі мәселелерді, өз қарамағындағыларға көмек беру күшін әскери операциялары жүзеге асыратын ситуациялармен қатар, осы елдің азаматтарының өміріне қауіп төнгенде, оларды қорғау бойынша шаралар қарастырылмайды. Қарулы күш қолданбайтын мәжбүрлеу акцияларына гуманитарлық интервенцияға қатысы жоқ саяси және экономикалық шаралар кіреді. Өйткені, бұл аспект БҰҰ Жарғысындағы күш қолдануға тыйым салу жөніндегі тұжырымдамамен байланысты.

         Доктрина мен мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткеніндей, категорияларға сәйкес келетін акцияларды анықтау қиынға соғады, өйткені, бұл “саяси” фактілер мен дипломатиялық декларацияларды интерпретациялауда, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы саяси қатынастардың басым келуіне байланысты. Дегенмен, біздің мақсаттарымыз үшін ең бастысы, біз контекстен әскери операцияларды кездестіреміз, мәселен, халыққа өзін-өзі басқару құқығын іске асыруына көмек беру, агрессияларға тыйым салатын акциялар немесе үкіметтерге өз ішінде соғыс жүргізуіне көмек беру (заңды үкіметтің шақыруы бойынша жиі кездеседі), осыған орай, ол а категориясынан кейін түсуі мүмкін), сондай-ақ заңды үкіметтің келісімінсіз іске асырылған әскер операциялары, бірақ бұлар экономикалық немесе саяси мүдделерді қолдауға немесе нығайтуға бағытталады. Алайда, әскери операциялардың осындай типінің табиғаты және оған қатысты  құқықтық мәселелер гуманитарлық интервенцияға байланысты мәселелерден жоғарырақ болып табылады.

         Сонымен, төртінші тұжырым. “Гуманитарлық интервенция” термині кейде адамдардың құрбаны мен адамзаттың зардап шегуіне, қирау мен тұрғындарды жаппай қайта орналастыруға әкелетін ірі масштабты табиғи апаттар мен осыған ұқсас жағдайлар салдарынан тұрғындарға жедел түрде көмек беру барысындағы оқиғаларды жоққа шығару үшін қолданылады. Бұл мәселе әлемдік деңгейде бірінші рет 1988 ж. Бас Ассамблеяның ІІІ комитеті жұмысында қозғалды. Нәтижесінде, 1988 ж. 8 желтоқсанында Бас Ассамблеяның №43/131 “Төтенше жағдай мен табиғи апат кезіндегі құрбандарға гуманитарлық көмек беру”28 деп аталатын Резолюцияны қабылдауға әкелді. Төтенше жағдай мен табиғи апат кезіндегі құрбандарға қатысты жауапкершілікті әлемдік қауымдастық танығаннан кейін, Бас Ассамблея тұрғындарға кедергісіз жету мүмкіндігін жасау, азық-түлік, дәрі-дәрмектің үлкен қоры болуы, сондай-ақ дәрігерлік көмек берумен қатар, оқиға болған жердегі жағдайды жақсартуда басқа да формалар құрбандар саны өсуін тежейтінін баса айтты. Қайғылы оқиға болған жерге жету мүмкіндігі үкіметтік ұйымдармен қатар үкіметтік емес ұйымдар үшін де ашық болуы керек. Бас Ассамблея осындай жағдайларда тиісті мемлекеттің келісім беруі осы акцияларды үкіметтік немесе үкіметтік емес деңгейде іске асырылуына қарамастан, кез-келген азаттық жолындағы операциялары үшін негіз ретінде қарастырылатынын баса айтты. Мұндай төтенше көмек беру операцияларын жүргізген жағдайда, бейтарап және қасақана жасау формасында жүргізілмеу керек. Мемлекеттің келісім беру қажеттілігі Бас Ассамблеяның 1991 ж. 19 желтоқсанындағы № 46/182 “Төтенше жағдайда гуманитарлық көмек беру іс-шаралары бойынша БҰҰ координациясын арттыру” жөніндегі Резолюцияның қосымшаларында бекітілген. Мемлекеттердің ұлттық бірлігі және аудандық тұтастығы мен еркіндігі БҰҰ Жарғысына сәйкес орындалуы керек. Берілген контекстегі гуманитарлық көмек тиісті мемлекеттің келісім беру жағдайында ғана берілу керек және ең бастысы осы мемлекеттің өтінішін ескеру керек29.

         Алайда, саяси және құқықтық сипатқа ие, Бас Ассамблеяның белгілі бір тиісті резолюциялары мен бағдарламалары, ұйымдары және БҰҰ бөлімшелеріне ие гуманитарлық көмек беру жөніндегі операциялар осы баптың ауқымынан шығып кетеді. Өйткені, ол не халықаралық құқықта гуманитарлық интервенция түсінігін түсіндіруде, не осы зерттеуде қарастырылатын гуманитарлық көмек берудің типіне қатысы жоқ. Мұның екеуі де тиісті мемлекеттің келісім беруінен тәуелсіз болғандықтан, осы елдегі адамдардың басты құқықтарын жүйелі және толық бұзудың реакциясы болып табылмайды және өзіне қарулы күш қолдануды кіргізбейді, олар қарулы қақтығыс жағдайларында да қолданылмайды.

         БҰҰ Жарғысы мен қолдағы бар құқықтар аясында гуманитарлық интервенция қолданылатын 2 теориялық жағдайды келтіруге болады. Біріншісіне, үкіметтің адам құқығын жүйелі және өрескел бұзған жағдайда немесе басқа сөзбен айтқанда, өз қарауындағы тұрғындарды жүйелі саяси террорға ұшырастыру жағдайында қарулы күш қолдану кіреді (мәселен, Камбоджадағы қызыл кхмерлердің бұрынғы тәртібі). Екіншісінде, тұрғындардың үкіметтің құлауы, тотальды хаос пен анархияға ұшырауын көргенде, осы ситуациялар этникалық, діни немесе азаматтық толқындар тудыратын, бұдан азаматтардың қандай да бір бөлігі құқығының бұзылуына әкелетін жағдай сипатталады. Біз, осы ситуациялардың қайсысына ұшырасқанымызға қарамастан, берілген контекстен релевантты құралдар – қайғылы оқиғаға жол бермеу үшін қарулы акциялардың түрлері – екі жақты болып табылады. Зерттеуші Маланчук өз еңбегінде қарулы күш қолданудың заңдылығы жөнінде былай дейді: “Ұжымдасқан акцияларды құзыретті дүниежүзілік немесе діни ұйымдардың санкциясымен немесе оның атынан мемлекеттің ішкі ісіне араласу, екіншіден, осындай санкциясыз мемлекеттердің біржақты немесе көп жақты акциялары арқылы мемлекеттің ішкі ісіне араласу болады”30.

         Адамның басты құқықтарын қорғау мақсатында БҰҰ Жарғысы мен ұжымдасқан қауіпсіздік жүйесі аясында қарулы күшті қолданудың сипаты мен заңдылығы жарғының белгілі тұжырымдары арқылы бағаланады және анықталады. 2-бапта: “Барлық мүше мемлекеттер БҰҰ мақсаттарына үйлеспейтін, қандай-да бір іс-шаралардан, кез-келген мемлекеттің саяси бостандығы мен территориалдық тұтастығына қарсы күш қолданудан немесе қауіп төндіруден бас тарту керек” – делінген. Шын мәнінде, осы тыйым салуға қатысы жоқ екі жағдай бар: олар 42 және 51-баптар. 51-бапта: “қорғанудың жеке немесе ұжымдасқан түрде жасау құқығын” растайды және осы зерттеу аясынан шығады. 42-бап Қауіпсіздік кеңесінің қарулы күш қолдануына, егер Кеңес Жарғының 39-бабына сүйеніп қабылдаған, “ынтымақтастыққа қауіп төндіру, әлемнің тепе-теңдігі бұзылуы немесе агрессиялар актісіне” ұшырасу жағдайында ғана рұқсат береді. Жарғының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік кеңес ынтымақтастыққа қауіп төну, әлем тепе-теңдігінің бұзылуы немесе агрессиялар актісін анықтайды, осыған орай 41 және 42-баптарға сәйкес “Татулық пен келісімді нығайту мен қайта орнату үшін қандай шаралар қолдану керек…” – деген шешу құқығына ие БҰҰ-ның ұжымдасқан қауіпсіздік жүйесіндегі бірден-бір орган болып табылады. 39-бап Кеңеске ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қайта орнату немесе сақтау бойынша шараларды айқындауда өзінің саяси құзыретін қолдану құқығына құқық береді. Осы жайтты Вервей дұрыс көрсетеді: “әлемге қауіп төну, әлем тепе-теңдігі бұзылуы немесе агрессиялар актісі жағдайларын анықтау мақсатында, сондай-ақ, 42-бапқа сәйкес ұқсас шешімдер аясында қабылданатын мәжбүрлеу шараларын, егер Кеңес жағдайға адекватты және қажетті деп шешсе Қауіпсіздік кеңес “автоматты түрде интерпретациялау” құқығы бар” 31.

         Баптың тұжырымдарында Қауіпсіздік кеңес үшін құқықтық кедергілер бар ма? Жарғы да ше? Жоқ болуы да мүмкін, өйткені 2-бапта: “Жарғыда берілгендердің ешқайсысы БҰҰ-на мемлекеттің құзыретіндегі ішкі ісіне араласуына немесе осындай істерді ұсынған кезде осы Жарғы тәртібінде қарастыруына қарсылық көрсету құқығын бермейді, алайда бұл қағида 7 тарауға сәйкес, мәжбүрлеу шараларын қолдануды сөз қылмайды” – деп ашық айтылады.

         Мемлекеттердің тәжірибесі мен теорияда айтылған адамның басты құқықтарын өрескел бұзған жағдайда мемлекеттің ішкі құзыры аясына қосылмайтын ескертпелерімен қатар, 2-баптың соңғы сөйлемі екі түрлі мағынаға ие емес: егер 39-бапта көрсетілгендей, мемлекеттің ішінде адамның басты құқықтарын толық және жүйелі түрде бұзған жағдайы әлемге қауіп төндірсе немесе халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қайта орнату немесе сақтау сөз болса, Кеңестің 42-бабына сәйкес мәжбүрлеу шараларын ендіру құқығы бар.

         Кеңестің 42-бап негізінде шешудің 2 жолы бар: әскери акцияларды жүргізуге рұқсат беретін мәжбүрлеу шараларын қабылдайды немесе БҰҰ-ның мүше мемлекеттеріне қарулы күш қолдануды іске асыруға келісім береді. Жарғының 43-бабында қарастырылатын ерекше келісімдердің болмауы салдарынан, егер олардың осы нақты жағдайда тиімділігі, мүмкіндігі және саяси жүргізілу барысы дәлелденбеген жағдайда кеңес әскери сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жөніндегі мәселелерді тікелей шеше алмайды. Егер мәжбүрлеу шараларына қатысушы мемлекеттер рұқсат берсе, онда қандай да бір дербес ел тиісті елдегі жағдайды түзету үшін қарулы күшпен шешуді өзі жүргізбейді (мәжбүрлеу шаралары тиісті мемлекетпен қатар, басқа да мемлекеттерге міндетті). Бұл тек “қарулы күш қолданудың заңдылығын растайтын ұсыныс” болып табылады. Бұл басқа жағдайларда 2-баппен тыйым салынады. Қауіпсіздік кеңес осы бөлімнің басында айтылған жағдайларға, 39 және 42-баптарға сәйкес мәжбүрлеу шараларын енгізу құқығы бар ма? Осы мәселені біз келесі тарауда қарастырамыз.

         Парсы шығанағындағы екінші соғыстан кейін, Қауіпсіздік кеңес мәжбүрлеу шараларын қарастыра отырып (он дауыс “жақтап” және үш дауыс “қарсы” болған (Куба, Йемен және Зимбабве), екеуі қалыс қалған (Үндістан, Қытай)), 1991 ж. 5 сәуірдегі №688 гуманитарлық Резолюцияны32 қабылдады. Көптеген зерттеушілер үшін аталмыш резолюция Жарғының рухындағы Қауіпсіздік кеңес қызметіндегі елеулі кезең болып табылды: олардың пікірінше, резолюция мемлекеттің ішкі ісіне араласу үшін одақтастардың күшіне “қауіпсіз порттарды” құру мен “ұшу аймақтарына тыйым салуды” ендіруде берік құқықтық негізді қамтамасыз етті. Осы пікірлерге орай, резолюция бірінші операцияны гуманитарлық мақсаттағы 7 тарау негізінде рұқсат берді: Ирак үкіметімен жүргізілген тұрғындарға қарсы жасалған жабайы іс-әрекеттер (ең бастысы елдің солтүстігіндегі курдтарға қарсы) мен адам құқығын толық бұзу.

         Басқа сөзбен айтқанда, Қауіпсіздік кеңесінің №688 Резолюциясына көзқарастар бүгінгі күнге дейін “реалистер” мен “теоретиктер” арасындағы пікірталастарды немесе гуманитарлық интервенция құқығын жақтаушылар мен аталмыш құқық Жарғы қабылданғаннан кейінгі кезеңде халықаралық құқықта болған жоқ деген айтыстар арасындағы пікірталастарды айтып келеді. Жоғарыда айтылғандай, Қауіпсіздік кеңесінің 10 мүшесі “жақтап” , 4 мүшесі (әсіресе, Үндістан мен Йемен) әскери мәжбүрлеу шараларды Қауіпсіздік кеңесінің №688 Резолюциясына сәйкес заңсыз болып табылады деген пікірде болса, Қытай “әскери мәжбүрлеу” бойынша іс-шараларды жүргізуде “вето” құқығын қолданатынын айтты. Қауіпсіздік кеңесінің № 688 Резолюциясында БҰҰ-ның мүше мемлекеттерін “халықаралық ынтымақтастық пен аймақта тұрақтылықты орнату” үшін “барлық қажетті құралдарды қолдану керек” деген Қауіпсіздік кеңесінің №678 Резолюциясындағы не тұжырым, не 7 тарау айтылмайды. Мұнымен қатар, резолюция Преамбуласында Ирак және басқа да аймақтардың саяси бостандығы және территориялық тұтастығы, егемендігі сөз болады. Резолюцияның оперативті бөлігінде өте қиын жағдайдағы Ирактың тұрғындарына жедел көмек беруде “оның құзырындағы барлық құралдарды қолдану” және “гуманитарлық мақсатты көздеуге” БҰҰ-ның Бас хатшысының өзі ұмтылуы керек. Резолюцияның еш жерінде кеңестің мүше мемлекеттеріне қатысты айтылған әскермен шешудің рұқсаты жоқ, еш жерде 42-бапқа сәйкес ұжымдасқан мәжбүрлеу шараларына сілтемелер берілмеген33.

         Ирак жағдайындағы мәселені қарастыра отырып, Кеңес мемлекеттің ішінде адам құқығын бұзу жағдайы сырттан келетін факторларға қарамастан, халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деген жағдайына келісуге бар деген ой туады. Әскери мәжбүрлеу шаралары Кеңес санкциясымен іске асырылады деген идеяны Кеңес бірауыздан қабылдады ма бұл әлі күнге дейін белгісіз. Қауіпсіздік кеңесінің мәжбүрлеу шараларын іске асыру бойынша шешімді, оның ішінде әскери күш қолдану және адам  құқығын тәуелсіздік қағидаларыне теңестіру шешімін қабылдауды қаламауы Кеңестің үлкен билікке ие болуына қарамастан, халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікді қайта орнату мақсатында және адам құқығын бұзуға байланысты 42-бапқа сәйкес мәжбүрлеу шараларын қабылдау мәселесінде әлі күнге дейін тұрақсыз. Алайда, Сомали жағдайында тез шешім қабылдады және табандылық көрсетті, бұл өз кезегінде, Қауіпсіздік кеңесінің 1992 ж. 3 желтоқсандағы №794 Резолюциясын34 қабылдауына әкелді. Кеңес “Сомали қақтығысы туғызған орасан адамзаттық зардап бұл дүниежүзіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қауіп төндіреді” – деп айқындағаннан кейін, резолюция БҰҰ-ның мүше мемлекеттеріне “Сомалиге гуманитарлық көмек беру операциялары үшін қолайлы жағдай орнату” үшін әскери күш қолдануды (барлық қажетті құралдарды қолдану) құзырын берді. Осы ұсынысқа анық үлгі Қауіпсіздік кеңесі халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке тікелей қауіп төнуі ретінде емес, тек өз ішінде де адам құқығын бұзу мәселесін қарастыру болып табылады. Мұнымен қатар, Сомали оқиғасын зерттеу барысында, Кеңес осындай оқиғаларды болдырмау үшін әскери мәжбүрлеу шараларын қолдануға дайын екендігін көрсетті. Сомали жағдайына бір ғана себеп болуы мүмкін: “Сомали оқиғасындағы ерекше сипатты тани отырып, және оның төтеншелігін, күрделілігін, нашарлау ағымын ескеріп, жедел, ерекше түрде іске асыруды талап етеді”. Осы абзац Африка елдерінің ұсынысы бойынша кірді.

         Екінші жақтан қарағанда, “мемлекеттердің іс атқармауы” түсінігі өзінше ерекше жағдай болып табылады. Алайда, едәуір маңызды болып табылған, Кеңестің бұрын қабылданған шешімдеріне қарағанда 39 және 42-баптар тұжырымдарының аясын кеңейтті және тәуелсіздік, аудандық тұтастығы арақатысы бойынша адам құқығы мәртебесін көтерді. Осыған ұқсас Руандадағы оқиғаға қатысты жайтты Қауіпсіздік кеңес 1994 ж. 22 маусымдағы №929 резолюциясында шешті. Кеңес Руанда оқиғасының ерекшелігін танығанмен де, шиеленістің масштабы, аймақтағы ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қауіп төндіруін қатаң түрде айқындады және БҰҰ мүше мемлекеттеріне қақтығысты жою бойынша әскери операцияларды жүргізу құзырына рұқсат берді (адамгершілік мақсаттарға жету үшін барлық қажетті құралдарды қолдану).

         Концептуалдық көзқарас бойынша, ең маңыздысы, бұл БҰҰ-ның ұжымдасқан қауіпсіздікті күшейту аясында жүргізілетін іс-шаралар, шындығында 7 тараудың 39, 42-баптарына сәйкес мәжбүрлеу шаралары Қауіпсіздік кеңесімен адам құқығын бұзған жағдайда оны қалпына келтіру мақсатында қабылданады, өйткені осы ішкі оқиғалар халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қауіп төнуіне әсерін тигізеді. Қауіпсіздік кеңесі осындай құзыреттіліктерге ие және оны тым асыра орындамайды. Алайда, 7 тарауға сәйкес Қауіпсіздік кеңесі қабылданған міндетті шаралар гуманитарлық интервенция доктринасының негізгі бөлігі ретінде сипатталмайды. Керісінше, біз Жарғының  39 және 42-баптары рухындағы мәжбүрлеу шаралар ісін қарастырамыз. Мүмкін біреулермен, Қауіпсіздік кеңесінің мүше мемлекеттерге басқа мемлекеттің ісіне гуманитарлық мақсатта қарулы күш қолдануға рұқсат берсе, онда мұндай араласу жағдайы “гуманитарлық мақсаттағы мәжбүрлеу шаралары” деп сипатталуы мүмкін.

         Алайда, құқықтық және концептуалдық көзқарас бойынша мұндай түсінік бағаланбайды, өйткені міндетті мәжбүрлеу шаралары, олардың көлемі, мазмұны мен табиғатына қарамастан, халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қайта орнату мен қолдауға бағытталған. Олар гуманитарлық мақсатта іске асырылмайды және де мұндай терминология ендіру және қолдану оның екі мағынада түсіндірілуіне әкеп соқтырады. Татулық пен қауіпсіздікті қайта орнату мен сақтау мақсатындағы гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету ретінде Жарғының 42-бабы аясындағы мәжбүрлеу шаралары жөнінде айту дұрысырақ. Аталған шаралар арнайы құқықтық категорияны және Қауіпсіздік кеңес қызметінде қолданатын гуманитарлық көмек беру түсінігінің мазмұны мен құқықтық мәртебесін бермейді.

         Жарғы қабылданғаннан кейінгі кезеңде, гуманитарлық интервенцияға халықаралық заңның рұқсат беру құқығы бар ма деген мәселені қарастырғанда жауап қысқа болуы мүмкін. Мұндай құқық жоқ. Анық болуы үшін, біз таза күйдегі халықаралық гуманитарлық интервенция, басқа сөзбен айтқанда, классикалық гуманитарлық интервенция ісін қарастырамыз. “Оның тегіне қатыссыз, адамның басты құқықтарын өрескел бұзған жағдайда, оны қорғау немесе сақтау мақсатында мемлекеттердің немесе мемлекет тобымен күш қолданса, немесе қауіп төндірсе, тиісті БҰҰ органдарымен қатар осы мемлекеттің заңды үкіметінің санкциясынсыз орны бар болуы мүмкін.

         Бүгінгі таңда, заңгерлердің басым көпшілігі гуманитарлық интервенцияға 3 түрлі себеп бойынша қарсы шығады. Біріншіден, БҰҰ-ның Жарғысы мен қазіргі халықаралық құқық мұндай құқықты қарастырмайды; екіншіден, соңғы 20 жылдағы мемлекеттердің қызметі, әсіресе 1945 жылдан кейін, гуманитарлық интервенцияның бірнеше жағдайларын ғана атап көрсетеді, ал көпшіліктің бағалауынша олар мүлдем жоқ; үшіншіден, сақтану мақсатында мұндай құқықпен қауіп төндіру мүмкіндігінің масштабына, оның мәніне күмән келтіреді 35.

         Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, белгілі бір деңгейде жүргізілген Қауіпсіздік кеңес қызметі №688 Резолюцияға сәйкес мемлекеттердің ішінде адам құқығын бұзу жағдайына бағытталғанын айту керек, бұл Жарғының 39-бабындағы шараларға келеді және Кеңестің осыған ұқсас мемлекет ішіндегі жағдайларды түзету үшін Жарғының 42-бабына сәйкес мәжбүрлеу шараларын қабылдау ниеті БҰҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде маңызды белес болып табылады. Осы салада Қауіпсіздік кеңесі қызметінің әрі қарай дамуы гуманитарлық көмек беру концепциясының дамуына, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларын іске асыру тиімділігіне әкеледі. Өйткені, бұл қағидалар гуманитарлық көмек берудің көрінісі ретінде сипатталуы мүмкін. Мұндай қағидалар бізге белгілі және 1949 ж. Женева конвенциясы және 1977 ж. қосымша Протоколдар секілді түрлі келісім шарттарда негізін салды. Осы қағидаларді мәжбүрлеу шаралары концепциясы аясындағы “гуманитарлық көмек беру” ортақ терминінің орнына қолдану басымдығын айта кеткен жөн.

         Мұнымен қатар, Қауіпсіздік кеңес жаңа векторды үйрену жауапкершілігін мойнына алды және осы уақытқа дейін халықаралық гуманитарлық құқықта белгісіз көмек берудің жаңа түсінігін ұсынды. Жаңа бағыттардағы тиімді жағдайларға және “гуманитарлық көмек беру” терминін қолдануына баға беру әлі ертерек, алайда осы қысқа уақыт аралығында жаңа ағымдардың белгілі бір саны пайда болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен де, Қауіпсіздік кеңес терминология мазмұнын тереңдетуде әлі де жұмыс жасау керек және “гуманитарлық сипаттағы төтенше операциялар” мен “азаттық жолындағы төтенше акциялар” секілді терминдерді қалдыру керек.

         Қорыта айтқанда, егер гуманитарлық интервенция және оның халықаралық құқықтағы тұжырымы мен 7 тарау аясындағы “мәжбүрлеу шаралары” арасындағы айырмашылықты ескерсек, онда гуманитарлық интервенцияның болашағы бұлыңғыр екенін көреміз.

 

3.2 Превентивті қорғану доктринасы

 

Халықаралық құқықта превентивті шаралар БҰҰ Жарғысы негізінде мемлекеттер қауымдастығымен іске асырылатын ұжымдық шара ретінде айқындалады. БҰҰ Жарғысында превентивті шараның 2 түрі көрсетілген: қарулы күш қолданбау арқылы жасалатын шаралар (экономикалық байланысты үзу, темір жол, әуе, теңіз және басқа да байланыс құралдарын толық немесе ішінара тоқтату); БҰҰ мүше мемлекеттерінің қарулы күш қолдану шаралары. Мұндай шаралар жөніндегі шешімді тек бірауыздан қабылдау қағидасы негізінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдайды.

Халықаралық терроризм мәселесімен айналысатын ресей ғалымдары (И.И.Лукашук, В.В.Лунеев, Н.В.Прокофьев, О.Н. Хлестов) мен батыс ғалымдарының көпшілігі (Дж. Али Сааб, А.Бали, Э.Майер, Дж. Мерфи, Э.О,Коннел, Дж. Шрайвер) 2001 ж. 11 қыркүйектегі оқиғаға және оған АҚШ-тың жауапты іс-шарасына халықаралық-құқықтық тұрғыдан баға беруге тырысады.

Осы уақытта дейін халықаралық терроризмге берілген нақты бір анықтама жоқ, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша әмбебапты конвенциялар да қабылданбаған. Осы саланың құқықтық алғышартын 12 әмбебапты және 7 аймақтық конвенциялар, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің актілері құрайды. Онда: “терроризмнің барлық актілерін, әдістерін және тәжірибесін, оны кім және қайда іске асырмасын қылмыстық және дәлелсіз жасалған шара ретінде айыпталады” – делінген. Келісім шарттарда халықаралық терроризмге берген ортақ түсінік жоқ. Тең құқылы қызмет аясы тиісті конвенция мақсаттарына сүйеніп жүргізіледі (мәселен, 16.12.1970. Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның 1-бабы; 23.09.1971. Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның 1-бабы).

Халықаралық конвенциялар террорлық актілерді ұйымдастырушыларға ұлттық юрисдикция бекітеді. Халықаралық терроризм мемлекеттер мен ұлттардың өмірлік маңызды мүдделеріне қастық жасайды, халықаралық құқық қағидаларын бұзады және халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Терроризм актілері ең бірінші рет АҚШ-қа қарулы шабуыл жасау ретінде қарастырылды. Осы ұстаным бүгінгі күнге дейін америка ғалымдары арасында басымдыққа ие 36. Ол Ауғанстан мен Иракқа жасалған АҚШ іс-шаралары үшін халықаралық-құқықтық негізді қамтамасыз етуде жасалды.

Мемлекеттердің тәжірибесінде бір жақты шаралар кейде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясын орындауды қамтамасыз ету қажеттілігімен ақталады. Шындығында, соңғы 10 жылда халықаралық терроризмге қарсы күрес мәселесі Кеңестің күн тәртібінде тұрақты орын алған. 2001 ж. 11 қыркүйектегі №1368 (2000) және 2001 ж. 28 қыркүйектегі 1373 (2001) резолюциялары танылды. Кеңестің жаңа резолюциялары Балиде, Индонезияда (12.10.2002), Мәскеуде (23.10.2002), Кикамбаледе, Кенияда (28.11.2002), Боготе, Колумбияда (7.02.2003), БҰҰ миссиясына қарсы Иракта, Бағдатта жасалған террактілерге байланысты қабылданды. Соңғы екі жылда қабылданған Қауіпсіздік кеңес резолюциялары ортақ сипатқа ие.

Қауіпсіздік кеңес резолюциясы мемлекеттерді келісімге шақыруына қарамастан, терроризмді жеке адам, адамдар тобымен, ұйыммен жасалынған қылмыс ретінде қарастырады, оның ішінде, мемлекеттің біржақты превентивті шараларды (оның ішінде, террорлық топтарға баспана беру немесе көмек ұсынатын елдерге қарсы әскери шаралар) қабылдау құқығын рұқсат беруші ретінде интерпритациялануы мүмкін элементтер бар.

Доктринадағы үлкен айтысты Қауіпсіздік кеңес резолюциясының преамбуласы тудырды. Онда: “жеке немесе ұжымдық қорғанудың ажырамас құқығы” расталады. “Халықаралық терроризм актілері барлық мемлекет пен барлық адамзатқа жасалған үндеу болып табылады” дегенге сәйкес резолюция преамбуласында тек ортақ мүддені ғана емес, сондай-ақ кез-келген мемлекеттің біржақты іс-шарасының мүмкіндігі түсіндірілуі мүмкін. “Қауіпсіздік кеңесі, сондай-ақ барлық мемлекеттер террорлық актілерді жою мақсатында барлық қажетті шараларды іске асырушы міндеттілігін шешеді” – делінген Резолюцияның 2-тармақшасы 1373 (2001), “Терроризмді барлық белсенді немесе бәсең түрде қолдау формаларын басу немесе жою мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдау міндет” – делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі Декларацияның 1-тармақшасымен бірдей. Резолюцияның 2-тармақшасы мемлекеттің өз территориясын басқа мемлекетке және оның тұрғындарына қарсы қолданбау міндетін қарастырады. Алпауыт мемлекеттер жекелеген араласу актілерін ақтау үшін осы тұжырымдаманы қолдануы мүмкін.

Осының аясында, Қауіпсіздік кеңесі халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша акциялар негізінде, Ауғанстан жөнінде Қауіпсіздік кеңесі резолюциясының 1-тармақшасы мен преамбула сөз болғанда да мемлекеттердің егемендігі, аудандық тұтастығы мен саяси бостандығы қағидаларын құрметтеуі жөнінде бірнеше рет баса көрсеткенін айта кету керек. Сондай-ақ, терроримзге қарсы күрес (резолюция преамбуласы 1452 (2002), резолюция преамбуласы 1456 (2003)) аясында халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау үшін іс-шараларды іске асыруына дайын екендігін білдіреді. Осыған орай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңес резолюциясы мемлекеттің ішкі ісіне араласудың біржақтылығын басуға бағытталған. Халықаралық терроризм халықаралық қылмыс ретінде қарастырылады. Онымен күресте барлық мемлекеттің күш-жігері мен тиімді практикалық іс-әрекетінсіз жеңу мүмкін емес 37.

Халықаралық терроризмге қарсы күрес үшін құралдарды таңдау мәселесі халықаралық құқықта үлкен таласты туғызып келеді. Жауапты іс-шаралармен қатар, превентивті шаралар қабылдау қажеттілігі бірауыздан танылады. Осыған орай, нормативті актілер мен әдебиеттерде белгілі бір ерекшеліктер бар. БҰҰ ауқымында негізгі маңыз терроризмнің шығу көздеріне қарсы күресті барынша күшейту (мемлекетті басқаруға әлеуметтік және саяси топтың бірдей жету құқығы, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу, білім беру деңгейін көтеру), терроризмді қаржыландыруға жол бермеу, бұқаралық ақпарат құралдарында террорға қарсы бағдарламаларды жүргізу, ұлттық заң шығару органдарды жетілдіру, террорлық актілерге қатысы бар тұлғаларға қылмыстық іс қозғау бойынша шараларды қабылдау38. Осыған ұқсас жағдай, аймақтық құжаттарда, мәселен, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Шанхай конвенциясында көрініс береді. Халықаралық құжаттар келісімнің бағыты ретінде, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша жекелеген мемлекеттердің міндеттері де бекітіледі. Мемлекеттер көпжақты және екіжақты халықаралық келісім шарттар аясында бірлесе жұмыс істеуі қажет, террорлық актілерді жазалауда, қылмыстық іс қозғауда, тексеруде, жоюда бір-біріне көмек беруі керек, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюцияларына 1456 (2003) сәйкес шаралар қабылдау керек.

Жаппай зарарсыздандыру қаруын таратуға қарсы күрес бағытталған АҚШ-тың ұлттық стратегиясы АҚШ-қа террористерге, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттерге қатысты біржақты шаралар қабылдау құқығын жариялайды 39. Мұндай шара күш қолдануға немесе күшпен қауіп төндіруге тыйым салу қағидасын, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидасын, мемлекеттің егемендігін құрметтеу қағидасын бұзуға әкеп соқтырады. Америка оқулықтарында жіберілетін біржақты шаралар ретінде: ақпараттар жинау, иммиграциялық саясат, азаматтық өндіріс, қарумен жауапты соққы беру, әскери превентивті іс-шаралар танылады. Америка ғалымы М.Райсман террорлық актілерді бастаушы мемлекеттің территориясына, сондай-ақ басқа мемлекетке қарсы бағытталған қимылын біле отырып, өз территориясын террорлық ұйымдар қызметіне ұсынған мемлекетке қарумен соққы беру мүмкіндігін қолдайды. Қарулы соққы беру полицейлік шара деп аталынатын қорғану тәртібіндегі іс-шаралармен негізделуі мүмкін. Ұлттық мүдделерді қорғау жағдайында да мұндай актілердің дұрыстығы күмәнді. Ресей доктринасында жауапты қарулы шара қолдану мүмкіндігіне едәуір сақ келеді. Оны қолдану дұрыстығы, тек ерекше жағдайда ғана танылады. Басымдықты жағдайды реттеудің басқа тәсілдеріне береді 40.

Өкінішке орай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне негізгі емес, жанама роль атқару беріледі. Ертеде мемлекеттер шиеленісті шешуді оның қарауына беруде, террористерге көмек беруші мемлекеттердің сақтығынан немесе Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелеріне вето қою мүмкіндігінен бермеген.

Мемлекет Қауіпсіздік кеңестің тыйым салуына тікелей бұзуына қарағанда, тіпті Кеңестің орын алған оқиғаны қарастыруға дайын екендігін көрсетсе де, халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қауіп төнуі жөніндегі шешімді басшылыққа алуды қолдайды. Мұндай тактикалар Израиль күшімен Ентеббе аэропортында (1976) адамдарды тұтқынға алуы кезінде, Югославиядағы НАТО елдерімен (1999) Ирактағы атомдық станцияны әуеден соққылау барысында қолданды41 . Осыған ұқсас жағдай, Ауғанстан (2001) мен Иракта да (2003) болды. Бірінші жағдайда, АҚШ Кеңес резолюцияларының белгісіздігін қолданды және әскери операцияларды Қауіпсіздік кеңесінің тікелей санкциясынсыз бастады. Ирак жағдайында Қауіпсіздік кеңестің пікірі ескерілмеді.

Осыған орай, АҚШ-тың ұсынған тәсілдері мемлекеттердің теңсіздік жағдайын тудыртты. Оның ішіндегі мықты елге “едәуір демократты” мәртебесін берді және басқа елдің ішкі ісіне араласуды өзінше шешу құқығын қарастырды. Мұның жарқын мысалы, Ирактың жаппай зарарсыздандыру қаруын қолдану қаупін жоюды әлемдік қауымдастықты қатыстырған Иракқа қарсы жүргізілген әскери акциялар. Мұның не жаппай зарарсыздандыру қаруы, не оны жасайтын шикізаттар немесе лабораториялардың әлі күнге дейін табылмауын айтуға болады. Мына жайтты ескеру керек, өзіне-өзі берілген құқық бойынша жекелеген мемлекеттерді қылмыстық іс ретінде айқындау және ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін кез-келген істі қабылдауында жариялау мемлекеттердің егемендік теңдігі қағидасын, ал оны жүзеге асыру құқығы – мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидасын бұзады.

Жоғарыда көрсетілгендей, БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау үшін жауапты орган БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі болып табылады. Сондықтан біржақты шараларды қабылдағанда, Қауіпсіздік кеңесінің пікірін айналып өту қауіпсіздіктің ортақ жүйесін, әлемдегі қалыптасқан тәртіпті бұзады және халықаралық қатынаста анархияға әкеледі. Жоғары мақсатты “ынтымақтастық пен қауіпсіздік”, “демократия”, “әділдік” түсініктері ретінде берілгендер қатаң сақталынатын құқықтық мәнге ие емес және оған қиянат жасау үшін тым ашық.

         Қазіргі халықаралық құқық күш қолдану мүмкіндігіне нақты критерийлер бекітті. Күшті тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімі бойынша қолданады, егер халықаралық тәжірибеде, халықаралық өмір тәжірибесінде превентивті күш қолдану қағидасы бекітілетін болса, онда кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мүддесін қорғау мақсатында қозғалыстар жасау құқығын мәлімдеуіне болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, төмендегідей қорытындыларға келеміз:

  1. Әділ соғыс концепциясының қалыптасуы және оған біртіндеп шектеу қоюы халықаралық құқық нормаларының кодификациялануы және дамуымен тығыз байланысты. Әділ соғыс концепциясы дамуының жаңа сапалы кезеңі ХХ ғ. 45-жылдарында БҰҰ құрылуы нәтижесінде және халықаралық маңызы бар көптеген құжаттардың қабылдануы нәтижесінде басталды. Күш қолдануға тыйым салу қағидасының қазіргі нормативті мазмұнында мемлекеттердің күшпен қауіп төндіру немесе оны басқа мемлекеттердің шекарасын бұзу мақсатында, мемлекеттік шекараларға қатысты территориялық мәселелер мен шиеліністерді шешу құралы ретінде қолданудан бас тарту керек деген тұжырым баса айтылады. Күш қолдануға немесе күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасының алғышарты БҰҰ Жарғысындағы 2-баптың 4-тармақшасында жарияланды. Күш қолдануға тыйым салу немесе күшпен күш қолдану қаупін төндіру қағидасына түсініктемені 1970 ж. Мемлекеттердің ынтымақтастық пен татулық қатынастарына қатысты халықаралық құқық қағидалары жөніндегі Декларация, 1974 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Агрессияларды айқындау, 1975 ж. Европадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік жөніндегі мәжілістің Қорытынды актысы және 1987 ж. 18 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған күшпен қауіп төндіру немесе оны халықаралық қатынаста қолданудан бас тарту қағидасының тиімділігін арттыру туралы Декаларациясы секілді құжаттарда беріледі. Біздің ойымызша, мемлекеттердің соғыс ашу құқығын БҰҰ Жарғысының тұжырымдамаларына сәйкес, тек Қауіпсіздік Кеңесі рұқсат беруі керек.
  2. Соғыс жүргізу құқығына қазіргі халықаралық нормалармен шектеу қойылып келеді, ол әсіресе халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтауға тікелей қатысы бар ресми түрде бекітілген қағидалар. Қазіргі соғыс құқығының жоғарыда көрсетілген құжаттары қарулы күш қолдану арқылы жасалған жазалау шаралары, басқа мемлекетте террорлық актілерді ұйымдастыру, халықтың өзін-өзі басқару еркіндігі мен егемендік алу құқықтарынан айыратын зорлық-зомбылықтар мен әскери оккупациялар секілді басқа мемлекетке қарсы күшті тікелей немесе жанама қолданған қосымша кез-келген қимылдарға тыйым салынады.
  3. Қазіргі халықаралық құқық күш қолдануға тыйым салуына қарамастан, БҰҰ Жарғысы қарулы күш қолдану заңдылығының 2 жағдайын қарастырады: 1) қорғану мақсатында (51-бап); 2) әлемге қауіп төнгенде, әлемнің теңдігі бұзылса немесе агрессиялар актісі көрінген жағдайда (39, 42-бап) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша қолданылады. БҰҰ Жарғысының 51-бабы тек мемлекетке қарулы шабуыл жасалған кезінде қолданылады. 42-бап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен тек ұсынылған қарулы сипаттағы шаралар толық болмаған жағдайда қолданылады. Мұндай шараларды халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау және қайта орнатуда тиімді болатын әуе, теңіз немесе дала күштерін іске асыруға уәкілдік беріледі.
  4. Қорғану құқығына түсініктеме беру мәселесі халықаралық құқық нормаларында шабуыл жасау мәртебесінің нақты критерийлері жасалмауынан туындап отыр. Осы кемшілік мемлекеттерге келуі мүмкін қауіпке қарсы қорғану ретінде жазғыру соққысын қолдану құқығын береді. Құқықтық көзқарас тұрғысынан, қорғану құқығы регламентациясы жеке немесе ұжымдық қорғану құқығының қажеттілігі жөнінде мемлекеттің өзіне таңдау қалдырылады.
  5. Ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы бөліну құқығын жүзеге асыру барысында және колониалдық басқару жүйесіндегі халықтың сырттай өзін-өзі басқару құралы ретінде күш қолдануды заңды түрде рұқсат берілгендігін білдірмейді. Өзін-өзі басқару үшін қандай да бір ұлттық қозғалыстардың бағытын айқындау жөніндегі мәселенің ашықтығы және осы құқықты өз мақсатына пайдалануы өзін-өзі басқару үшін жасалынатын қозғалыстардың тәсілдерін таңдау еркіндігіне шектеу қою қажеттілігіне әкелді.
  6. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ Жарғысындағы мақсаттар мен қағидаларге сәйкес, халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі жауапты орган. БҰҰ бітімгершілік операцияларының “күш қолдану” мақсатында қарумен шешудің дұрыстығына күмән келтірілмейді және БҰҰ Жарғысының 6 және 7 тарауларымен реттелінеді. Тарихтағы тәжірибе БҰҰ қамқорлығымен жүргізілетін бітімгершілік операциялардың жағымды жайттарымен қоса жағымсыз жақтарын да көрсетті.
  7. Гуманитарлық интервенцияның масштабы мен заңдылығы жөніндегі мәселе мемлекеттің ішкі ісіне гуманитарлық сипаттағы себеппен араласу мақсатында қарулы күш қолдану мәселесінің мәнін қозғайды. Бұнымен қоса, әлі күнге дейін қандай да бір интервенцияның және оның гуманитарлық мақсатта қолданылғанының дұрыстығын анықтау қиынға соғып отыр. Біздің ойымызша, гуманитарлық интервенцияны тек ерекше жағдайларда БҰҰ Жарғысына сәйкес қолданылу керек. Мұндай жайт, әсіресе, гуманитарлық мақсатта мәжбүрлеу шаралар ретінде бағаланса ғана қолданылады.
  8. Біздің ойымызша, превентивті қорғану доктринасын қолдануға шағым берудің дұрыстығы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясына сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттердің қарулы күш қолдану шараларын қабылданғанда ғана орын алады.
  9. Әділ соғыс концепциясы қазіргі халықаралық құқықта күш қолдану мүмкіндігінің нақты критерийлеріне сәйкес келеді. Күш қолдануды тек жеке немесе ұжымдық қорғанудағы ерекше жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімі бойынша қолданылады. Мұндағы басты мәселе – БҰҰ Жарғысын дұрыс түсіндірмеу және мемлекеттердің өздерінің ұлттық мүдделеріне жету мақсатында қолданылатын халықаралық құқықтағы жалпыға ортақ нормалардан ауытқып кетуі болып табылады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

         а) Халықаралық-құқықтық актілер:

  1. 1970 ж. 24 қазандағы БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен келісімге қатысты халықаралық құқықтың қағидалары жөніндегі Декларация. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Колосов Ю.М. Т.1. – Москва: Издательство Московского независимого института международного права, 1996. –С.72.
  2. Күшпен қатер төндіруге немесе оны халықаралық қатынаста қолдануға тыйым салу қағидаларының тиімділігін арттыру жөніндегі Декларация. 1987 ж. 18 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының № 42/22 Резолюциясы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Колосов Ю.М. Т.1. – Москва: Издательство Московского независимого института международного права, 1996. –С.103.
  3. 1992 ж. 15 мамырдағы ұжымдасқан қауіпсіздік жөніндегі Бітім шарты // http:mmj:ru/index. phd.
  4. 35 мемлекеттің жобасы негізінде (А/43(887)) 1987 ж. 22 қарашадағы ІІІ Комитетпен мақұлданған 1988 ж. 8 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының № 43/131 Резолюциясы.
  5. Швеция жобасы негізінде (А/46/L. 55.&Corr.1) бірауыздан қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының № 46/182 Резолюциясы.
  6. 1990 ж. 29 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесі резолюциясы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Колосов Ю.М. Т.1. – Москва: Издательство Московского независимого института международного права, 1996. –С.25.
  7. 1991 ж. 5 сәуірдегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 688 Резолюциясы.
  8. 1992 ж. 27 шілдедегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 767 Резолюциясы.
  9. 1949 ж. 4 сәуірдегі Солтүстік атлант Бітім шарты. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Колосов Ю.М. Т.1. – Москва: Издательство Московского независимого института международного права, 1996. –С.12.
  10. БҰҰ-ның Жарғысы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Колосов Ю.М. Т.1. – Москва: Издательство Московского независимого института международного права, 1996. –С.12.

 

         б) Негізгі әдебиеттер:

  1. The Agenda for Peace of the UNSG UN Doc. A/47/277, S/24111 of 17 june 1992; Boutros Boutros-Ghali, Empowering the United Nations, Foreign Affairs, 93-94-бб.
  2. Basic Facts about the Nations. N.Y. United Nations, 1998.
  3. Boyle F.A. The Entebbe Hostages crisis // The Indian journal of international Law. V. 22 (April-june 1982), N 2. 210-211- Myjer E.P.J., White N.D. The Twin Towers Attack An Unlimited Rights to Self-defens? // journal of Conflict and Security Law. V. 7 (April 2002), N 1. 11-б.
  4. Доклад Наблюдательной комиссии по Общественному Международному Праву. Гуманитарное Вмешательство: Наблюдение по вопросу правомочности гуманитарного вмешательства в эре после холодной войны. 2001.
  5. Заявление Российской ассоциации международного права о международном терроризме // Московский журнал международного права. 2002, №2. 226-бет.
  6. Карпович О. Международно-правовые проблемы защиты национальных меньшинств // Юрист, №6. 1998. 52-бет.
  7. Классификация ООН мер по борьбе с терроризмом // htpp//www.odccp.org/odccp/terrorizm measures. html.
  8. Колосова С. Реализация қағидаа справедливости при защите социально уязвимыз категорий населения в международном праве // Московский журнал международного права. №4, 2002. 120-бет.
  9. Кряжков В. Коренные малочисленные народы международное право // Государство и право. – М., №3, 1999. 97-бет.
  10. Лукашук И. Международная безопасность государств и международное право // Безопасность Евразии. №3, 2003. 291-бет.
  11. Malanchuk, The Kurdish Crisis, loc.cit., n. 32. 119-120-бб.
  12. Malanchuk, loc.cit., n. 10, 27-. Repr. In 57 British Yearbook of international Law 614 (1986).
  13. Мартенс Ф. Современное международное право цивилизованных народов. Т.ІІ. Спб., 1896. 477-бет.

         14.Международное публичное право. Под ред. Бекяшева К.А. –Москва: Проспект, 2003. 39-бет.

  1. Международное право. Отв. ред. Ю.М.Колосов, В.И.Кузнецов. –Москва: Международные отношения, 1994. 9-бет.
  2. Международное право. Под ред. Г.И.Тункина. –Москва: Юрид. Лит., 1994. 41-бет.
  3. Murphy S.D. Terrorism and the concept of Armed Attack in Articlr 51 of the UN Charter // Harvard international Law Journal. Winter 2002. V. 43 (1). 49-бет.
  4. National Self-determination and Secession / Ed. Moore. Oxford: Oxford University Press, 1998
  5. ООН S/PV 2982 от 5 апреля 1991 г.
  6. Печуров С., Курдов Б. Вооруженные силы в миротворческих операциях. – Москва: Ось-1989, 2004.
  7. Предварительный отчет 4734 заседания Совета Безопасности ООН, от 4 апреля 2003 г.
  8. Sandoz, loc. cit., n. 3, 215-бет.
  9. Scheffer D.J. Towards Modern Doctrine or Humanitarian intervention. The University of Toledo Law Review, 1992. 253-293-беттер.
  10. Соколов В.А. Модели правового поведения государств и регулятивное свойства норм международного права // Московский журнал международного права. №1, 2003. 10-бет.
  11. M. Torelli, loc. cit.n. 3. Also R. Dumas, La France et le droit d ingerence humanitaire, Relations internationals et strategiques, 57-бет.
  12. W.D. Vervey, loc.cit., n.9; T.Schweisfurth, Operations to Rescue Nationals in Third States Involving the Use of Force in Relatoin to the Protection of Human Rights, 23 German Yearbook of international Law, 159-бет.
  13. Шелтон Д. Средства защиты прав человека в международном праве // Государство и право. №3, 2004. 152-бет.

 

 

 

 

 

1 Мартенс Ф. Современное международное право цивилизованных народов. Т.ІІ. Спб., 1896. 477-бет.

2 Международное право. Под ред. Г.И.Тункина. – М., Юрид. лит., 1994. 41-бет.

3 Международное право. Отв. ред. Ю.М.Колосов, В.И.Кузнецов. –М., Международные отношения, 1994. 9-бет.

4 Международное публичное право. Под.ред. К.А.Бекяшева. –Москва: Проспект, 2003. 39-бет.

5 Международное право. Отв.ред. Ю.М.Колосов, В.И.Кузнецов. – Москва: Международные отношения, 1994. 9-бет.

6 БҰҰ Жарғысы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во Московского независимого института международного права, 1996. 12-бет.

7 Күш қолдануға тыйым салу немесе оны халықаралық қатынаста қолданудан бас тарту принципінің тиімділігін арттыру жөніндегі Декларация. 1987 ж. 18 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының № 42/22 Резолюциясы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во Московского независимого института международного права, 1996. 103-бет.

8 БҰҰ-ның Жарғысы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во Московского независимого института международного права, 1996. 12-бет.

9 БҰҰ-ның Жарғысы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во Московского независимого института международного права, 1996. 12-бет.

10 Соколов В.А. Модели правового поведения государств и регулятивное свойтсва норм международного права // Московский журнал международного права. – 2003, №1. 10-бет.

11 1949 ж. 4 сәуірдегі Солтүстік алтант бітім шарты. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во Московского независимого института международного права, 1996. 12-бет.

12 1992 ж. 15 мамырдағы ұжымдық қауіпсіздік туралы Бітім шарт / http:mmj.ru/index. phd.

13 1990 ж. 29 қарашадағы Қауіпсіздік кеңсінің Резолюциясы. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во независимого института международного права, 1996. 25-бет.

14 Лукашук И. Международная безопасность государств и международное право // Безопасность Евразии. №3, 2003. 291-бет.

15 Колосова С. Реализация принципа справедливости при защите социально уязвимых категорий населения в международном праве // Московский журнал международного права. №4, 2000. 120-бет.

16 Кряжков В. Коренные малочисленные народы международное право // Государство и право. М., 1999, №4. 97-бет.

17 Карпович О. Международно-правовые защиты национальных меньшиств // Юрист. №6, 1998. 52-бет.

18 Шелтон Д. Средства защиты прав человека в международном праве // Государство и право. №3, 2004. 152-бет.

19 1970 ж. 24 қазандағы БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен келісіміне қатысты халықаралық құқықтың принциптері туралы Декларация. Действующее международное право. В 3-х томах. Сост.: Ю.М.Колосов. Т.1. – Москва: Изд-во Московского независимого института международного права, 1996. 12-бет.

20  National Self-determination and Secession / Ed. Moore. Oxford: Oxford University Press, 1998.

21 Basic Facts about the United Nations. N.Y.: United Nations, 1998.

22 Печуров С., Курдов Б. Вооруженные силы в миротворческих операциях. М.: Ось-1989, 2004.

23 D.J.Scheffer. Towards Modern Doctrine or Humanitarian intervention. The University of Toledo Law Review, 1992. 253-293-беттер.

24 M. Torelli, loc. cit.n. 3. Also R. Dumas, La France et le droit d ingerence humanitaire, Relations internationals et strategiques, p. 57.

25 Sandoz, loc. cit., n. 3, 215-бет.

26 The Ageda for Peace of the UNSG UN Doc. A/47/277, S/24111 of 17 june 1992 Boutros-Ghali, Empowering the United Natoins, Foreign Affairs, 93-94-бб.

27 W.D. Vervey, loc.cit., n.9; T.Schweisfurth, Operations to Rescue Nationals in Third States Involving the Use of Force in Relatoin to the Protection of Human Rights, 23 German Yearbook of international Law, 159-бет.

28 35 мемлекеттің жобасы негізінде 1988 ж. 22 қарашада ІІІ Комитетпен мақұлданған 1988 ж. 8 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының №43/131 Резолюциясы.

29 Швеция жобасы негізінде бірауыздан қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының № 46/182 Резолюциясы.

30 Malanchuk, The Kurdiish Crisis, loc.cit., n. 32. 119-120-бб.

31  Халықаралық құқық жөніндегі Бақылау комиссиясының доклады. Гуманитарное вмешательство: Наблюдение по вопросу правомочности гуманитарного вмешательства в эре после холодной войны. 2001.

32 1991 ж. 5 сәуірдегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №688 Резолюциясы.

33 1991 ж. 5 сәуірдегі БҰҰ 2982 S/PV.

34 1992 ж. 27 шілдедегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 767 Резолюциясы.

35 Malanchuk, loc.cit., n. 10, 27-. Repr. In 57 British Yearbook of international Law 614 (1986).

36 Murphy S.D. Terrorism and the concept of Armed Attack in Articlr 51 of the UN Charter // Harvard international Law Journal. Winter 2002. V. 43 (1). 49-бет.

37 2003 ж. 4 сәуірдегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 4734 отырысында алдын ала жасалған Есебі.

38 БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес бойынша шараларды жіктеуі. // htpp// www.odccp.org/terrorism measures. html. 21.01.2003.

39 htpp// www.whitehouse. gov/news/releases/2002/12/WMDstrategy. Pdf.  28.03.2003.

40 Заявление Российской ассоциации международного права о международном терроризме // Московский журнал Международного права. 2002. №2. 226-бет.

41 Boyle F.A. The Entebbe Hostages crisis // The Indian journal of international Law. V.22 (April-june 1982), N 2. 210-211-бб.; Myjer E.P., White N.D. The Twin Towers Attack An Unlimited Rights to Self-defense? // Journal of Conflict and Security Law.V. 7 (April, 2002), N 1. 11-бет.