АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал

ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………………………….. ……..

1-тарау Жапония имперализмі

1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері…………. …….

1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағыты…………………………………………………………………………….

2-тарау Жапонияда саяси ахуал

2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы

КПЯ-ның қызметі…………………………………………………………………………………..

2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күрес……………………………………………………………………………..

2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың қайта өрлеу………………………………………………………………………………………………

 

Қорытынды…………………………………………………………………….…………

 

Пайдалынылған әдебиеттері тізімі………………………………………………………..

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де (Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған қаралары мен тезистері.

Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып калды. Жапония коммунистік партиясының тарихын жасаған және құнды бай материал қалдырған КПЯ-ның ең алғашқы негізін калаушы, 20-30-шы жылдардың аралығындағы шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы халықаралық коммунистік қозғалысының ұлы қайраткері, Коммунистік Интернационалды жетекшілерінің бірі болған Сен Катаяманың еңбегі зор орын алады. Ол еңбектердің жинағы үзінді ретінде Сен Катаяманың естелік шығармалары жинақталған. Өзінің еңбектерінде Жапония жұмысшы қозғалысының практикасы мен теорияларының және коммунистік қозғалыстың проблемаларын көрсетумен катар, көп мәселелерге жауап берген.

Зерттелу деңгейі /тарихнама/. Кеңес және шетел ғалымдарының Жапония тарихы жөніндегі еңбектерінде, соның ішінде жұмысшылар социалистік қозғалысы мен КПЯ-ның құрылуы мен қызметі жайында әртүрлі еңбектер жазды. Совет тарихшыларының ішінде К.А.Гамосковтың «Марксизм-ленинизмнің Жапонияға таралу тарихы», Д.И.Гольдбергтің «Жапония жұмысшы және социалистік козғалыстың тарихы жөніндегі очеркі» Г.Д.Иванованың «Дело об оскарблении трона», А.Б.Козоровидцкаяның «Борьба за единство рабочего класса Японии»; «Очерки по историй рабочего движения в Японии»; И.М.Сырициннің «Борьба Японских трудящихся против войны и фашизма» т.б. еңбектер. Бірақ, Япония Коммунистік партиясының соғыска дейінгі кезеңінің толық тарихына кезеңінен терең зерттеген тарихшы И.И.Коваленконың «Очерки истории Коммунистического движения в Японий» еңбегінің маңызы зор. Бұл кезеңнің, яғни екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі уакыттағы Жапония Коммунистік партиясының тарихын терең зерттеуде Коваленко марксистік-лениндік методологиясына сүйене отырып, Жапония, Америка тарихшыларының және де басқа шетел тарихшыларының еңбектерінің бұрмалау, тарихи фактілерді мойындамауын дәлелдеген, Жапония коммунистерінің шынайы күресінің шындығын қалпына келтірді. Бұл кезеңнің тарихын зерттеуде Коваленко қолданған көптеген жаңа заман тарихындағы документтер мен материалдардың бірі КПЯ-ның Орталық Комитетінің 1972 жылғы жариялаған «50 лет Коммунистической партии Японии» деген документ. Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың көрсеткеніндей: «Без такого понимания необходимой исторической связи и тем самым вероятного хода развитие событий невозможно никакая успешная партиная политика».

В.И.Ленин осы мәселеге байланысты жазғанындай «Ең негізгі мәселе тарихи байланысты ұмытуға болмайды, әр мәселені талдағанда, сол құбылыстың белгілі бір тарихи кезеңін, белгілі бір этапында пайда болғаны туралы көзқарас пен және ол құбылыстың казіргі жағдайда қандай жағдайда тұрғанына мән беру керек».

Автор осындай диалектикалық методологияға сүйене отырып, бұл проблеманы алдымен Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуын және жұмысшы тобының саяси идеялық жағынан пісіп жетілуінің аркасында оның қоғамының революция арқылы өзгертудегі қозғалушы күшке айналуын көрсете біледі.

Жапония имперализіміне тән спецификалық құбылыстарды баса көрсете отырып, жұмысшы табының қалыптасуына, оның таптық сана-сезімінің дамуына кедергі болғанын айқын көрсетеді. Жұмысшы және социалистік қозғалыстармен алғашқы марксистік топтардың құрылуы жөнінде, ал негізінен Жапония Коммунистік партиясының құрылуы тарихын зерттеген.

Көптеген буржуазиялық тарихшылар Жапонияда Коммунистік партия пайда болуға елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайында туындауы мүмкін емес, осы күштердің қысымымен құрылды деген. Ал Жапония Коммунистік партиясының документтеріне, яғни фактілерге сүйене отырып, таптық күрестің дамуы аркылы өмірдің өзі жұмысшы табын марсисизм-лининизм теориясымен қаруланған және партиясын кұруға жағдай туғызды және тағы бір факті болатын жағдай, партиясының аз уақыт ішінде құрылуына үлкен әсер тигізген ¥лы Октябрь революциясының тәжірбиесі мен халықаралық жұмысшы табының алдындағы интернатицияналдық міндетін атқаратын Коминтерінің колдауы болып табылады. КПЯ-ның қайраткері С.И.Типова революция жолында ¥лы Октябрь революциясының ықпалы мен коммунистік козғалысқа белсене катысып, кейіннен былай деп жазған: «Жапония Коммунистік партиясы 1922 жылдың шілде айында интернационалдың Жапон секциясы ретінде кұрылды. Сонымен катар, оның пайда болуына Жапония капитализімінің дамуы әсерін тигізбейді деп те айтуға болмайды. КПЯ-ның кұрылуына негіз болған Жапония капитализімі.

КПЯ-Жапония пролетариятының саяси партиясы. «Жапония жұмысшылар табының орындалуын тездеткен жағдай, орыс пролетариатының революциясының жеңісі. Итикаво коминтерінің көп көмегін ашып айтты. Жапония жұмысшы және коммунистік қозғалысының тарихы ең қиын кезеңде помещиктік езгі мен реакциялы-монархиялық құрылыстағы капиталистерге қарсы күресті. КПЯ-ның соғысқа дейінгі кезеңінде партияның бостандық пен бейбітшілік туына адал, ұлт-азаттық және халықаралық пролетарлық ынтымақтық үшін, қиын кезеңдерді басынан кешірді.

Империалистік Жапония әскери-полицейлік аппараты КПЯ-ның лагерьді, яғни ашық түрде қызметіне жол бермеу үшін жан таласты, социализм идеясын бұқараға таратпауына бөгет жасаумен болды. Жапония пролетариатының коммунистік партия қатарына кіруі өте қауіпті еді, оларды заңсыз сот, қатаң жаза күтіп тұрды. Коммунистерді халық жауы ретінде көрсетті. КПЯ-ның қатарын репресия әлсіретіп, дүниеге көзқарасын, күрес мақсатын ашық түрде айта алмады. КПЯ-ның қалыптасуына субъективтік және объективтік қиыншылықтары болды. Алғашқы кезеңде партияға әртүрлі социалистік группалармен кружоктардан кірген мүшелердің басымы әлі де анархизм, синдикализм идеяларынан түгел арылмаған, сондықтан, жұмысшы табының арасында біртұтас, тиянақты үгіт жүргізе алмады. Жағдайдың ауырлауына тағы да себеп партия Жапонияның жұмысшыларының реформистік үгіттің үстем болып тұрған жағдайында әбден бытырай кеткен жұмысшы қозғалысымен бетпе-бет келуі. 1923 жылы Жапония Коммунистік партиясы жаппай репрессияға ұшырауы, партия мүшелерінің арасында жіктелу және тарату сияқты ойлар туғызды.

Коммунистер және Сен Катаяма бұл хабарды естіп үзілді-кесілді қарсы шықты. Коминтерт КПЯ-ның қайта қалпына келтіруде көп көмек көрсетті. Бұл кезең туралы «60 лет коммунистической партии Японии» деген еңбекте кеңінен жазылды. Бюро мүшесі Кюити Токудь Москваға представитель ретінде келіп, жағдайды мәлімдегенде дереу арада көмек көрсету керектігі туралы Коминтерн шешім кабылдады. 1924 жылы шілдеде Комминтерннің V конгресі шақырылып, Жапония проблемасына арнайы коммиссия құрды. Талқылауларға Катаяма, Бюро мүшелері К.Токуда, Манабу Сано, Эйдео Кондо «Профинтерннің Жапония кызметкері» қызмет атқарды.

Опортинизмді жеңіп шығуы КПЯ-ның күшін қалпына келтіріп ғана қоймай, оның құрамын біршама көбейтті. 1927 жылы желтоқсан мен 1928 жылы наурыз айының аралығында КПЯ-ның қатары үш есеге артты. 1928 жылы КПЯ сайлау компанияларына белсенді түрде араласып ашық түрде қызмет атқарып тұрған «жұмысшы шаруа-партиясы» арқылы парламенттік сайлауға өз кандидаттарын ұсынды. Сол жылы партия ұйымының баспасы «Қызыл Ту» газеті шыға бастады. Жапония Коммунистік партиясы жұмысшы табы мен бұқара халықты күреске шақырды. Демократиялық қозғалыстардың өршуінен қауіптенген үкімет КПЯ-ның және жұмысшы табын репрессияға ұшыратты. Өлім жазасымен мезгілі белгіленбейтін каторгаға айдалу көбейіп кетті. 1928 жылы 15 мамырда жаппай коммунистерді қамауға алу басталды. Ол 1929 ж 14 мамырда қайталанды. 1932 жылдың өзінде Токиода 2 мың коммунист қамалды. Жалпы 1928-1933 жылдары 62 мың адам қамалды. Террорға қарамастан Жапония демократиялық күші күрестен тайынбады.

Диплом жұмысының мақсаты – бірінші дүниежүзілік соғыспен екінші дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапониядағы саяси және мәдени ахуалға деректерді пайдала отырып,  сипаттама жасау.

Диплом жұмысының міндеттері- жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді қойдық:

— Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктеріне;

— Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағытына;

-Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы

КПЯ-ның кызметіне;

-Алғашкы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күресіне;

-1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық қозғалыстың қайта өрлеуіне сипаттама жасау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, 2 тараудан және тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау Жапония имперализмі

1.1 Жапония империализмнің дамуының өзіндік ерекшеліктері

XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың қарсаңындағы Жапониядағы капитализм қалыптасып, империалистік державаға айналуының спецификалық ерекшеліктер болды. Бұл әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің ары қарай дамуына өзінің ізін қалдырумен қатар, жұмысшы табының қалыптасуына және революциялық қозғалысқа үлкен әсерін тигізді.

Орта ғасырлық базистік көзқарасымен қарағанда, Жапония классикалық феодалдық ел болып саналатын. Оның өндіргіш күші шаруалар, ал билеуші топ феодал дворяндар, яғни самурайлар еді. Жапония ортағасырлық феодализмнің классикалық үлгісі екенін көрсете келіп, К.Маркс былай деп жазды: «Япония с ее чисто феодальной организацией землевладения и с ее широко развитым мелкокрестьянским хозяйством дает гораздо более верную картину европейского средневековья, в нем все наши исторические книги, проникнутые по большой части буржуазными предрасутками»[1; 28-31].

Бүкіл заң шығару және атқару билігін қолына жинаған әскери диктатор — сегун әскери феодалдық, әскери режиммен үкімет басында тұр. Әскери жағынан алғанда ол ең күшті, бай феодал болып саналды. Одан кейін сегунның вассалы ретінде ауқатты князьдар биледі және әскери самурайлар құрайтын лендік дворяндар шаруаларды қанау арқылы сегун немесе даймелердің қызметінде билік жүргізді. ХІХ ғасырдың соңында 20 миллион халқы бар елдегі самурайлардың саны 7 миллионға жетті. Олардың тапқан табыстары мен кірістері жай халықтың табысынан 15-20 есе асып түсетін. Бұл арамтамақтар тобы халық санының 10 процентін ала тұрса да, жалпы 10 миллион күріштің — 6,5 млн. пайдаланды, яғни ұлттық табыстың 65 процентін жұмсау арқылы шаруалардың еңбегін шексіз қанады.

Батыс елдерге қарағанда, Батыс Жапония феодалдық билеуінің өзіндік ерекшелігінің бірі — елдегі билік түгелімен «сегун» атқарғанмен, мемілекеттің ең жоғарғы билеушісі болып формальды түрде Киото қаласындағы сарайда тұратын император болып саналатын. Бұл қала мемлекеттің астанасы ретінде саналған мен бүкіл мемілекеттік істер сегундардың резиденцияларында атқарылды. Мұндай ұзақ жасаған резиденцияның бірі — Токугаво династиясының сегуны Эдо қаласында орналасып, екі ғасыр өмір сүрді.

К.Маркс көрегендікпен Жапония өзінің феодалдық құрылымының мықтылығына қарамай капиталистік дамудың ағымына түсетінін көрсеткен болатын. «Если внешняя торговля, навязанная Европой Японии, вызовет в этой последней преврашение натуральной ренты в денежную, то образцовой земледельческой культуре Японии придет конец. Органичные узкими рамками экономические условия существования этой культуры подвергнутся разложения» [2; 120-131].

Қатаң тәртіпті сактау үшін, қолданып отырған елді сырт дүниеден жанталаса жасанды түрде бөлектеген билеуші топтардың саясаты толық күйзеліске ұшырады. Екі жарым ғасырға созылған Жапонияның тұйық сауда қарым-қатынасы негізінен Европа мемлекеттерінің бағытымен дамыды. Феодализм қойнауында қанша дегенмен, буржуазиялық қоғамның экономикалық системасы қалыптаса бастады. Алғашқыда бұл қарапайым цехтың организациялар құрылып соңынан мануфактура пайда болды. Капиталистік қатынастың белгісі ретінде көрінген мануфактуралық өндірістегі жалдамалы күш пайда болды, ол үнемі қосымша күш жасап тұрды. Осылай, феодаодық самурайлық коғамда біртіндеп жалдамалы жұмысшылардың еңбегін капитал арқылы қанайтын буржуазиялық система қалыптасты. Өз ішінен туындап келе жатқан, буржуазияның ығыстыруымен сырттан алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің қысымымен Жапония феодализмі ыдырап, жаңа капиталистік құрылысқа жол бере бастады. Товар-ақша қатынасының дамуына байланысты ірі қалалардағы сауда-өнеркәсіп буржуазиясы күшейіп жас жұмысшы табы біртіндеп қалыптаса бастады. Шаруашылықты жүргізуде ішкі рыноктың кеңеюіне байланысты алғашқы өнеркәсіптік өндірістің капиталистік үлгілері енгізіле бастады. Ақша-товар қатынастары деревняларға да жетіп шаруалардың жіктелінуі басталды.

Жапония феодализмнің ыдырауына, сонымен қатар, шаруа және қала тұрғындарының төменгі слойының төменгі рангалық самурайлардың қатаң режимге қарсы антифеодалдық істері ықпал етті. Өз заманына прогрессивті роль атқарған феодалдық княздіктердің бірі — Сацума және Тесю сегунаттың билігіне наразылық білдіріп, буржуазиялық көзқарастың алғашқы бастаушыларының бірі болып, сегунаттық режимге қарсы шықты. Радикалдық ұрандар арқылы төменгі рангалы самурайлар шаруалар және қала халқын Токугава режимін құлатуға күреске шақырылды. 1867-1868 жылдардағы болған азамат соғысында казталық самурайлар буржуазиялық помещик элементтері және сарай бюрократиясының қосылып араласуының өзі, буржуазиялық ревалюцияның батыл болмауына және екі жақты саясат ұстауына әкеліп соқты. Ақыр соңында бұл әртүрлі билеуші топтар мен әлеуметтік мүдделі топтар арасында, помещиктер мен туындап келе жаткан буржуазия мүддесіне сай жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформа жасауға келісуіне әкеліп соқты. Бұл буржуазиялық революцияның ұранының өзі император билігін қалпына келтіріп, абсолюттік монархияны орнату еді, яғни бұл Жапонияға тән спецификалық құбылыс. Ат төбеліндей помещиктер мен капиталистер және сарай бюрокаиясымен әскери жандармерия императорлық құрылысты қалыпына келтіру арқылы өздерінің таптық мүддесінің сақталуының гарантия ретінде, көріп сол арқылы, қанаушы қоғамға қауіп төндіріп тұрған бұқараның бас көтеруінен сақтанудың бірден-бір жолы деп тапты. Буржуазия помещиктік элементтердің мүдделерін қолдап отырған Жапония монархиясы қалпына келтірілген кезден бастап, мелитаризм мен реакцияның күші болды.

Жапония императоры абсолюттік билікке ие болды. Конституция арқылы өзінің тұлғасын қасиетті деп жариялады. Император атына кіріс келтіру немесе жала жабу, мемлекетті сатумен тең деп қатаң жазаға тартатынын заң шығарылды. Буржуазиялық революцияның аяқталмай қалуы капитализмнің дамуына бөгет жасады.

Саяси құрылыстағы өзгеріске ауыл шаруашылығында және әлеуметтік өмірдегі феодализмнің сарқыншақтары капиталистік қатынастардың алға қарай жылжуына жол бермеуі, өндіргіш күштердің дамуын қысып отырды. Әсіресе, феодализм сарқыншақтары ауыл шаруашылықта басым көрінді. Токугава дәуіріндегі жерді пайдаланудың феодалдық әдісінің орнына, жартылай феодалдық қатынастағы, яғни ұсақ шаруашылықтағы жерсіз шаруалардың арендалық төлем арқылы күн көрісі орын алды. Помещиктердің ешкімнің бақылауынсыз билігі үстем алып тұрды. Феодализм қалдығы өнеркәсіптік саудадағы ішкі рыноктың шектен тыс тарлығына әсерін тигізді.

Дегенмен, ортағасырлық көптеген саркыншақтар сақталғаны-мен қай жағынан алса да (экономикада, саяси кұрылыста) Жапонияда капитализм даму қарқыны Азия елдерінің ішіндегі шапшаң өскен ел болып саналды.

В.И.Ленин көрсеткендей: «Азиядағы товарлы өндірістің неғұрлым толық дамып, неғұрлым еркін, кең түрде және шапшаң дамыған капитализм тек қана Жапония мемлекетінде, яғни өзін-өзі басқарып отырған ұлттық мемлекетте көрінді» [3; 12-35].

Жапонияда капитализм Европа елдерінен кеш орнағанымен, басқа Азия елдеріне қарағанда жарты ғасыр бұрын орнап болды. Бұл жағдай шетел құлдығынан сақтап қалды. Жаңа дамып келе жатқан елдер сияқты, Жапония мемлекеті де, алдыңғы қатарлы батыс мемлекеттерінен саяси және экономикалық жағынан қауіп төніп тұрғанын сезді. Алғашқы уақыттарда Батыс державалардың алдында шетел капиталына ыңғайлы көптеген шарттарға барып отырды. Сондықтан, толық тәуелді болып қалудан қорыққан билеуші топтар, капитализмге тежеу болып отырған ортағасырлық феодализм шектеушіліктерін жоюға мәжбүр болды.

Ең алдымен армия құру үшін өндірісті дамытты. 70-80 жылдары Жапонияда социализмінің дамуына жол ашатын бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді.

Біріншіден — ірі феодал самурайлардың көптеген «артықшылық праволарын» жойды. Көптеген феодалдардың жеке меншіктерін конфискациялап, мемлекеттік конпенсация төледі. Сауатты феодалдар өз қаржыларын өнеркәсіпке сала бастады.

1882-1883 жылдары аграрлы реформалар жүргізілді, бұл түгел феодалдық тәртіпті жоймағанымен, капитализмнің алға жылжуына жағдай жасады. Алдыңғы қатарлы Европа мемлекеттерінен ғылыми технологияның жетістіктеріне сатып ала бастады. Бірақ, мемлекет беріп отырған субсидияның басым бөлігі шаруалардан сығып алынған еді.

Мемлекеттік көмегімен салынған өнеркәсіптерді арендаға және белгілі бір шартпен өндірістік компанияларға сатып отырды. Мемлекет жағынан, әсіресе ауыр индустрия саласында жаңа технология енгізген өндірістерге қолдап, жағдай жасауы, көп табыстарға жеткізді, 1884 жылы Жапонияда 5985 мың және мемлекеттің негізгі эконоимкасын құрап отырған, предприятиялар болды. XIX ғасырдың аяғында Жапонияда темір жолдың ұзындығы 6 мың километрге жетті. Үкіметтің протекционистік саясатын өндірістің өсуіне теплица жасағанымен тең болды.

Ф.Энгельстің орыс үкіметінің протекционистік саясатына айтқан сөзін Жапонияға тікелей қатыстыруға болады. «Эта типличная атмосфера в области промышленности, убыстряет процесс, который в противном случае мог бы носить более затяжной характер. А нам Она втискивает в какие-нибудь двадцать лет процесс, которых при других условиях занял бы шестьдесят лет и более» [4; 175].

Феодалдық Жапония келбеті шапшаң өзгере бастады. Осака Кобэ, Нагасаки, Иокосука сияқты ірі-ірі қалаларда көптеген завод-фабрикалар ашылып, ірі индустрия орталықтарына айналды. Мемлекеттің астанасы Токио дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі болып саналды. 1900 жылы Жапония товарлары, әсіресе тоқымалары Оңтүстік-Шығыс Азия рыноктарында Англия, Франция және АҚШ товарларымен тайталасып, сәтті саудаға түсіп жүрді.

В.И.Лениннің еңбегінің арқасында өзінің — капиталистік мемлекеттердің саяси-экономикалық даму саласындағы теңсіздік заңын Жапонияға қарасты «жас таңқаларлық шапшаңдыкпен прогрессивтік капиталистік елдер» қатарына қосып айтты.

1871 жылы кейін Германия, Англия және Францияға карағанда, 3-4 есе күшейсе, Жапония Россияға қарағанда 10 есе күшейді. Осылайша тез даму қарқынына қарамастан, Жапония бұл кезде Батыс елдерінен әлі артта еді.

В.И.Ленин патшалық Россияның өндірісінің дамуына ортағасырлық сарқыншақтарының әсерін талдай отырып, былай деп көрсетеді: «Егер, Россия капитализмін, капиталистік дәуірге дейінгі кезеңмен салыстырса, (ал, бұл салыстырма дұрыс шешім қабылдау үшін өте қажет) онда, капитализм тұрысындағы қоғамдық шаруашылықтың өсу карқыны тым жоғары, ал осы шапшаңдықты жаңа техникамен мәдениетпен салыстырса, онда Россиядағы капитализмнің дамуы өте баяу болып саналады. Бірақ, бұл баяулық ешбір капиталистік мемлекетте болып көрмеген, ескіліктің капитализммен сыйыса алмайтын түрлері сақталып калған, Россия ғана шыдай алды, сондықтан, оны өте баяу деп санауға тағы да болмайды. Сонда Россия «капитализмі» дамуға жағдай болмай отырған «капитализммен» зардап шекті [5; 56-60].

Міне, бұл В.И.Лениннің ескертпелерін Жапонияға толығымен келтіруге болады. В.И.Ленин Жапония капитализмін зерттеуге көп көңіл бөліп, еңбек еткен. «Жапония монополиясы әскери күш арқылы және Қытайды тонауға ыңғайлы жағдай арқылы (және басқа да көрші елдерді) заманына сай қазіргі заманға монополия мен финанстық капиталды ауыстыра алды».

Жапония капитализіміне көптеген феодализм саркыншақтары-ның сақталуына байланысты, капитализмнің әскери-феодалдық имперализм түріне енуіне мүмкіндік жасады. Елдің саяси өмірінде әскери монополия күші, көп үкіметке көп пайда келтіріп, үкіметтің өзін жаулау және агрессия саясатын құптап отырған финанс алигархиясын қолдап отырды. Бұл саясатты үкімет имперализмнің дамуына бірден-бір қозғаушы күш ретінде екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша дейін ұстады. Токугаво сегуны құлап, бүкіл билік император қолына көшкенде әскери топ, қоғам алдында маңызын жоғалтпай, түгелімен абсолюттік монархия қызметіне көшті. Көбіне жуық бұл жағдайда да мемлекеттік жоғарғы шендерге ие болды.

Әскери күш ерекше конститутция заңымен бекітілген, онда армия және флоттың жоғары қолбасшысы тікелей императорға бағынады делінген. Әскери министрі императорға тікелей баяндама жасап, министірлер советіне бағынбайтын жағдайда тұрды. Әскери совет император шешімін қарсы протес бере алды. Самурайлық традицияны жалғастыра отырып, ол бүкіл империяның тірегіміз деп есептеді. Жапония ұлтының ерекше белгіміз деп санады. Император атын жамылып, әскери топ ең алымен жұмысшы тобымен коммунистік қозғалыстың негізгі тұншықтырушысына айналды. Императордың жеке басына табыну идиалогиясын тарату билеуші топтарға, қарсы шығатын топтарға антиәскерлік режимге, марсистік-лениндік идеологияның таралуына қарсы ең алғашқы Жапония баспа сөзінде К.Маркстың аты 1876 жылы жарық көрді «Рекугготзасси », «Всемирное обозрение», «Кокуминно томо», «Друг народа» және Сен Катаяманың «Капитал» и его автор Маркс тәсілдің бірі үшін қолданды.

Міне сондықтан, буржуазиялық үгіт және бүкіл тәрбиелеу системасы Жапония халқын «Императордың жолымен» яғни, агрессивті национализм-шовинизм рухында жүргізді. Жапондықтар көңілдеріне — ең жоғарыда император үйі, ал оның табалдырығында — бүкіл халық, бүкіл Жапония ұлты біртұтас семья, ең жоғарыда әкеміз — император, ал бүкіл Жапондықтар соның сенімді балаларымыз, яғни ең жоғарғы өмірдегі мақсатымыз бен мүддеміз — император өміріне құлдық ету, Жапонизімді бүкіл әлемге тарату- патриоттық міндеті — деп халықтың санасына құюмен болды.

Бірнеше жылдар бойы жапондықтарға жайып, мифологияның әсерінен өз мақсаттарына берік болды. Ол мифте — жер бетінде ең бірінші император Дзимо осыдан үш мың жыл бұрын патшалығы орталықтанған. Мемлекет құрып, өз ұрпақтарына «біршатырдың астына бүкіл әлемді жинап» билік ету керек деп өкімет өсиет айтып кеткен деген. Бұл идеяны буржуазияны бұйрық ретінде үгіт етіп таратты, онда бүкіл халықты Жапония шатырының астына топтастыру, яғни бүкіл әлемдік Жапония билігін орнату. Осы идеямен бүкіл армияны, халықты қаруландырмақшы болды. Ұрандары «Жапония байыған үстіне байып, кедейлер одан бетер кедейлену үшін» деген сияқты. Жапонияның географиялық жағынын артта калған Азия елдеріне жақын болуы және күшті әскери машинасы арқылы бар ерекшелігі арқылы бүкіл индустрияны соғысқа бұрып, жағдайдың өзі, сол елдерді отарлауға итеріп тұрды. Жапония капитализмі сонау бастан әскери көріністе пайда болған, ең алдымен әскери-полицейлік міндеттерді орындаумен айналысты, үкіметтің бүкіл назары әскери өнеркәсіптерді дамытуға аударылды. Жапония мелитаризмі тек капитализмнің монопалистік өнеркәсіп арқасында ғана емес, сонымен қатар, абсолюттік монархияның күшімен күшейді.

Осылайша, Жапония әскери-феодалдық капитализм барынша агресивті соғыстармен байланыса дамыды. Жапон билеуші топтары бүкіл қаржыларын қарулы күштерді жаңа технологиямен жабдықтауға жұмсады. Егер, 1891 жылы жаяу әскерге 13822,6 мың жұмсаса, 1899 жылы 50783,1 мыңға жетті, ал әскери теңіз флотына 10159,3 мыңнан 58 529,9 мың йен жұмсалды. 1894-1895 жылдардағы Қытаймен соғысындағы жеңістің нәтижесінде Жапония Тайваньды басып алып, Кореяны анекциялады, формальды түрде 1910 жылы және көп мөлшерде 368,3 млн. йен контребуция алған болатын.

Орыс-Жапон соғысының қарсаңында, Жапония 850 мың дайындықтан өткен солдат 168 флотты коробль болды. Аз уакыт ішінде теңіз әскери базаларын Иокосука, Куре, Сасебо қалаларында салынды. Қиыр шығыстағы соғыс қимылдарын өзінің колоннияларын көбейту аркылы өз салмағын арттырмақшы болды. Азия континентіндегі жетістіктері капитализмнің даму қаркынына мол себебін тигізді. Қытайды жеңіп алу халыкаралық аренада зор маңызға ие болды. Жас Жапонияның табысы ірі державалардың Қытайды бөлшектеу күресін шиеленістірді.

¥лы державалар Қытайдың талкандалуынан сескеніп, «жеңістерінің жетістіктерін тартып алу үшін» біріккенімен, Жапония Азият материгіндегі тонау саясатын жалғастыра берді. Жапония өнеркәсіптік өндірісінің шарықтануына қуат берген күш, Россия үкіметінің төлеген 475 йен млн. йен контребуциясы және Оңтүстік Маньчжурия теміржолы Сахалиннің оңтүстік бөлігін тартып алуы [6; 45-47].

1900–1913 жылдары Жапония өнеркәсібінің өсу қарқыны 12 пайыз. Мысалы, Германия 4 пайыз, Англия 2 пайыз, АҚШ 7 пайыз 1914 жылы фабрика, завод бірлестіктері жалпы 17062 жетті, яғни, 1905 жылға қарағанда екі есе өсті. Жапония капитализмінің дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші дүниежүзілік соғыстың барысында, Антанта құрамына кіруі үлкен пайда келтірді. Жапония Қытайдың Шаньдунь провинциясы мен Германияның Тынық мұхиттағы территорияларын басып алды. Жапония соғыс жүргізіп жатқан мемілекеттерге соғыс-әскери материалдар беру арқылы, орасан зор қаржы түсіріп, өзінің Қиыр Шығыстағы және Тынык мұхиттағы базасын күшейтті.

1914 — 1922 жылдар арасында жалдамалы жұмысшылардың саны 948,3 мыңнан 7 млн-ға өсті. Ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар мен бүкіл Жапон пролетариатының саны 11 млн-ға жетті. Жапония әлеуметтік өзгерістің нәтижесінде, ауыл шаруашылығымен тұрғын халықтың 48 проценті айналысты. Егер, XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Жапония капитализмі енді ғана монополия стадиясына көтерілсе, бірінші бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Жапония дамыған империалистік монополиялық капитал үстем етіп отырған мемлекетке айналды. Бұл кезеңде Жапонияда ірі-ірі концерндер пайда болып, өнеркәсіптік капитал, финанстық капиталға айналатын болатын, Жапония енді капиталды сыртқа шығара бастады, негізінен Қытай, Корея, Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне. Еңбекті капитал арқылы қанау Жапонияда шыңына жетті.

Жапонияның билеу системасының ортасында тұрған мемлекеттік монархиялық аппарат, ірі помещик және монополистік капитал арқылы қанаушы таптық диктатурасы арқылы атқарды. Осы топқа сүйене және мүддесін орындай отырып, монархия Жапон халқын бостандық пен демократия күрес жолына түсірмеу үшін қанап, биледі. Ешқандай ірі мемлекеттерге парлалент Жапониядағыдай әлсіз болған емес. Көрнекті совет зерттеушісі Я.Волк басқа капиталистік елдердегі буржуазиядан, Жапония буржуазиясының ерекшелігі сонда, олар басқа елдердегідей ескі феодалдық идеологияға қарсы тұрған емес, қайта оны аз ғана буржуазиялық индивидуализм порциясын қосу арқылы, сақтап калуға болатын бүкіл феодалдық идеологиясын қорғады.

Осылай, көптеген Жапония капитализмінің дамуының спецификалық ерекшеліктері, революциялық қозғалысты тежеген проблемаларды туғызды. Жапония социалистік және коммунистік қозғалысының жолына асулар жатады.

 

1.2 Жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы және Жапония социалистік қозғалыстың бағыты

Жапония капитализмінің туындап, дамуының өз ерекшелігі елдегі әлеуметтік-экономикаға, діни правоға, философия-этикаға және Жапония бұқара халқының дүниеге деген таным-көзқарасына өз ізін терең салып кетті. Жапония жұмысшы табының басым бөлігі ұзак уақыт бойы, деревнялық патриархалдық, крепостниктік және билеуші күштің алдында бой көтермеу әдетін сақтады. Соған қарамастан, басқа да елдер сияқты Жапонияда капитализм, феодалдық коғамның қалған көптеген кедергілер арасынан, өзіне өндіріс күшін дамытуға және фабрика-завод пролетариатының қалыптасуына жол салып отырды. Осы жағдайға байланысты, Жапония капитализімінің дамуының өзінше екі ерекшелігін КПЯ-ның Орталық Комитетінің секретариатының жетекшісі Тэцудэо Фуво көрсетті.    Біріншіден, Европа елдерінен Жапония буржуазиясының айырмашылығы сол «Буржуазиялық-демократиялық жолды дамытудың орнына, керісінше алғашқы кезден бастап, абсолюттік монархиялық құрылыс жағдайында бостандык пен демократияны тұншықтыруды қолдап, ірі буржуазия, паразиттік помещиктермен абсолютті-монархиялык құрылыска сіңісіп, мелитаризм және агресиялық соғыс саясатын колдап, «елдің байлығы — армияның күшінде» деген ұранмен бостандык пен демократияны» езіп келді. Бұл ерекшеліктерден туындайтын екінші ерекшелігі. Екіншіден, Тэцудео Фуваның пікірі бойынша, Жапонияда «Бостандық және демократия үшін күресті, сонау бастан халықтың иығына салып, әсіресе, жұмысшы табы мен оның партиясы алға бастады». Жапония пролетариаты да, баска Батыс елдерінің пролетариаты секілді, бүкіл даму стадияларынан өтті, предпролетариат, мануфактуралық пролетариат және фабрика -завод пролетариаты. ¥зақ уақыт бойы қаналушы масса болып келген жұмысшы тобы, біртіндеп экономикалык әлеуметтік күреске араласып, маңызды орын ала бастады. Осыдан келіп қоғамдық саналы күшке айналу процесі басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Жапон өнеркәсібі шашырады, ұсақ болуына байланысты жұмысшы табының да бірігіп орталықтануына зиянын тигізді. Меидзи дәуірінің буржуазиялық революциясы салдарынан қолөнершілердің цехтық советінің қирауына әкеліп сокты. Жұмысшы одағын құру мүмкін болмады, үкімет оған жол бермеді. 1985 жылы үкімет «қалалық жағдай» жариялап, кәсіподақ құруға рұқсат бергенімен, стачка, забастовка жасауға атаң тиым салды.

Мейдзи революциясынан кейін өнеркәсіптің қаулап өсуіне байланысты, Жапония жұмысшы табының да қалыптасуын тездетті. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында жұмысшы табының саяси өмірге араласуы төмен болса, 90-шы жылдардың өзінде күрес формасы забастовкаға ұласты. 1887 жылы Токасима шахтасында үш рет көтеріліске шығып, үшеуінде де полиция қатаң басып тастады. Егер, 1883 жылы 3 конфликт болып оған 490 адам қатысса, 1896 жылы 27 забастовка болып, оған 6315 жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты. Стачкалык күрестің авангарды шахтерлер, порттық жүк тасушылар, тас қашаушылар, ағаш шеберлері болды. ІХ ғасырда пролетариат жағдайы өте төмендеп кетті. Капиталистік, өндірістік иелері жұмысшылардың жағдайымен санаспады. Бұл туралы Жапония баспа беттерінде алғаш рет реформистік позицияда тұрған «Кокуминна томо» журналында жазды. 80-90 жылдары қарсаңында кәсіподақтар құруы алғашқы қадамдар жасады. Әсіресе, типография металлистер белсенділік көрсетті. 1887 жылы ақпан айында алғашқы кәсіподақтар құрылды. 1889 жылы Бэндэо-Одзава металистердің одағын құрды. Бірақ, одақ көп өмір сүрген жоқ. 1889 жылы 1600 жұмысшыны қамтыған тас қашаушылар мен жер қазушылардың одағы құрылды. Осы жылы металистердің кәсіподағы және типография қызметкерлері құрылды. Ең алғашқы құрылған қоғамдар мен одақтар әлі де болса ескі цехтық типте болды, тәжірибелері аз болғандықтан кәсіподақ деген ұйымның ролін барынша атқара алмады. ХІХ ғасырдың аяғында пролетариат толық қалыптасып бітпеген еді. Соған қарамастан, алғашқы одақтардың мәні зор болды. Пролетариаттың өз правалары үшін күресі басталғанын дәлелдеді. Ең алғашқы жұмысшылардың кәсіподақтары туралы В.И.Ленин былай деп жазды: «Капитализмнің алғашқы даму кезеңіне жұмысшы табының бытыраңқы және әлсіз жағдайынан осындай ғажайып прогреске жол бастауы жұмысшы табының орталыктануының алғы қадамы еді». [7; 48]

70-80 жылдары «Движение за свободу и народные права» деген атпен халық арасында қозғалыс басталды. 1880 жылы парламентті жақтаушылар одағы құрылды. «Бостандық және халықтар правосы үшін» басталған қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалысқа Жапония халқы, қатаң репрессияға қарамай, абсолюттік монархияны құлату және конституция қабылдау, парламенттік система құру, сөз бостандығы, баспа бостандығы т.б. демократиялық ұрандармен қозғалысқа кеңінен қатысты. Абсолюттік монархия бұл қозғалысты басып тастағанымен, Жапония халқының демократиялық күрестегі жолына негізінен қалады.       

Бұл қозғалыстың жетістігінің бірі — Императорлық үкімет 1881 жылы Конституция қабылдап, «парламент» құру туралы мәселе көтерді. «Бұл қозғалыс пролетариаттың сана-сезімінің оянуына және пролетариаттың бірігуіне тікелей араласпаса да үлкен әсерін тигізді». Жапония Европа елдерінен өндірістік шоғырлану жағынан қаншалықты қалса, социалистік идея жағынан соғұрлым артта еді. Жапония жаңа алдыңғы қатарлы технологиямен қатар Европада кең етек алған әлеуметтік-экономикалық идея философиядан да сабақ алды. 1867-1868 жылдардағы аяқталмай қалған буржуазиялық революциядан кейін, Жапонияның прогресшіл көзқарастағы қайраткерлер көп уақыт бойы «либерализм» идеяларының шырмауында болды. «Бостандық және халық правосы үшін» қозғалыстан соң барып, солшыл қанаттағы азғана жер иемденуші шаруалардан құралған топ, енді утопиялық және ұсақ буржуазиялық социализм теориясына көңіл бөле бастады.                                                                      70-80 жылдарында Жапониядағы социалистік қозғалыстың жағдайын, совет-жапонис тарихшысы Д.И.Гольденберг Европадағы 1848-1871 жылдардағы ұсақ буржуазиялық социалистік теорияның ықпалымен салыстырды. Батыстағы революциялар туралы естігенде, әсіресе Париж коммунасы, Жапония сырт дүниеден қаншалықты жасанды түрде оқшау тұрса да, қоғамның прогрессивтік тобын оятты. Жапония, Россия сияқты капитализм жолына кеш түсуі және әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақындығы Жапонияның орыс халықшылдығына деген көңілін аударды. Жапония қоғамына Европа ревалюциялық қозғалысы үлкен әсерін тигізді. Газет-журналдарда алғаш рет «Коммунист», «Комунизм», «социализм», «социалистік партия» деген сөздер пайда бола бастады.

1881 жылы «Повестки о женщинах-геройнях Европы» 1882 жылы «Российская сенсация — отважная девушка — преступница» деген Вера Засулич туралы екі кітап шықты. Сол жылы «положение партии русских негелистов» деген еңбекте алғаш рет Маркс, Капоткин, Бакуниндердің есімдері жазылды. Бір жылдан кейін жасырын түрде Степняктың «Потпольная Россия» деген еңбегі шықты, бұл еңбекті аударған Мурю Миядзакиді түрмеге қамады.                                                                            Кең түрде тараған идеялардың бірі — утопиялық социализм теориясы  Т.Мордың, Р.Оуэн, Сен Симом еңбектері және социализм туралы ұсақ буржуазияның ой-пікірлері Ф.Лассоль, Л.Бланк т.б. «аграрлық социализм» Жапонияға социалистік идеялардың таратуының ерекшеліктерінің бірі, АҚШ-қа және Европада білім алу кезеңінде жүріп крестяньдық социализммен танысып, Отанға келер қызметтерін сол идеяларын таратумен бастады. Социалистік идеяларды таратуда негізгі рольге ие болған — Шығыс Социалистік партиясы 1882 жылы құрылған. Программасында негізінен «Бостандық және халық правосы үшін» қозғалысты дамыту керек делінген.         Сэн Катаяма бұл партияны, яғни «Шығыстың социалистік партиясы» «пролетар партиясының бастамасы» деп баға берген. Билеуші топ бұл партияның қызметінен өз жауын көріп, жауып тастапты. Жұмысшы және социалистік қозғалыстың кең қанат жоюынан шошып, 1987 жылы «06 охране порядков» деген ең алғаш жұмысшы және социалистік қозғалысқа қарсы ең алғашқы полицейлік заң шықты. Бірақ, бұл заң жұмысшы және социалистік қозғалысқа бөгет бола алмады. Дәлел болатын жағдай 1892 жылы Шығыс бостандық партиясының құрылып, апта сайын шығып тұратын журналы. Партияға бірнеше қоғамдық организациялар мен қолөнершілер қоғамы және еңбекшілер кәсіподағы келіп қосылды.

Сэн Катаяма «Жапония социалистерінің, социализм идеяларын аз уақыт ішінде халық арасында таратуын мені қуантты, Репрессия социализімін даму қарқынын күшейтіп отырды. Енді, біз социалистерді қоғамдық өмірдегі әртүрлі топтар арасында қызу еңбектерін көрудеміз. Бұл қарқынның социализімін табысқа жететінін көрсетеді».

Утопиялық социализммен қатар, Жапонияда, «крестьяндық социализм» идеясы да тарады. Сэн Катаяма өзінің қызметінің алғашқы жылдарында хрестянствомен айналысып, бұл ағымның әлеуметтік проблемаларды шешу жолын «қозғаушы күш болады деп жазған» Интеллигентцияның басым бөлігі, орыс халықшылдарының бунтарлық идеологиясымен айналысты. Патша самодержавасының Жапон абсолютизімінің арасындағы көптеген жақындықтарды салыстыра келіп, Жапония абсолютизмінің кейбір фигураларды жою арқылы, қоғамдағы көптеген проблемаларды жоюға болады деп есептеді. 1906-1908 жылдары Жапонияда анархизм мен анархо-синдекализм кеңінен тарады. Қараңғы жұмысшы табының ұсақ буржуазия, реформизм мен легализмнен үміт үзген, енді анархизм арқылы көздеген мақсаттарына жетеміз деп ойлады.

1900-1910 жылдардағы Жапония өндірісінің дамуы өндірістердің бірігуімен капиталдың шоғырлануымен біріге өтті. Ірі концеріндер құрылып, басында көбіне бұрынғы сауда өндірістік фирмалардың иелері тұрды. Олардың қолында бүкіл байлық жиналып, Жапония өндірістерінің патшаларына айналды. Елдің дамуына ірі-ірі өндіріс гиганттарына, «Мицубиси», «Мицум», «Окура», «Суадуки», «Фурукава» сияқты концерндер үлкен роль атқарды. Өндірістердің құрылымының өзгеруімен қатар, енді жұмысшы табының алдында да үлкен бір мәселе пайда болды. Ескі кәсіподақтар күресі жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың өзгерісіне қарсы жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың өзгерісіне қарсы профессионалды организациялар қажет болды. Жапония пролетариаты біртіндеп күш жинап, өзгерістерінің арасынан жалынды жетекшілер шыға бастады.

XIX ғасырдың 90 жылдан бастап жұмысшы және социалистік қозғалыстың жаңа дәуірі басталды. Ол көрнекті Жапония револиционері Сэн Катаяманың есімімен байланысты. Сэн Катаяма бұқара халықтың арасынан шығып, өзінің өмірінің бәрін коммунизм идеалы жолында құрбан етті. 1974 жылдың 33 жылдың шет елде өткізуге тура келді, негізінен АҚШ және СССР-де тұрды. Сэн Катаяманың есімін бұл күнде, марксизм-ленинизм ісіне адал қызмет еткен тұлға ретінде құрмет тұтады [8; 125-200].

Жапония коммунистік партиясын қалаған Сэн Катаяма 1859 жылы 3 желтоқсанда тау арасындағы кішкене ғана Ходэги деревнясында үлкен шаруа отбасында дүниеге келді, шын аты-жөні Сугатаро Якуби. Әкесі Кунихэй Мидзуо, шешесі Китие Якуби жас кезінде Сугатараны шешесі тәрбиеледі, әкесі ол төрт жасқа толған кезде монастырға кетіп, будда сектасының монахы болып қалды, шешесі жас болса да екінші рет тұрмыс құрмай балаларын өзі тәрбиеледі. Бүкіл үй жұмысы мен дала жұмысы шешесінің қалуында болды.

1878 жылы Сугатаро Якуби империялық армияға шақырылуынан босану үшін, көрші деревнядағы шаруаның асырап алған баласы ретінде, соның фамилиясын алады. 15 жасына дейін тек шіркеу священниктеріне ғана білім алады. 15 жасында бастауыш класта оқып, 20 жасында Окаяма қаласындагы педагогикалық институтының тыңдаушысы болып жазылады. 1881 жылы Токиоға келіп, білімін толықтыру мақсатында туған үйінен алысқа қалтасында небәрі жеті инемен келеді. Кішкене типографияға жұмысқа орналасады, жұмысы өте ауыр болғандықтан ауырып, кейін өмір бойы сау ауру қинап шықты деп жазады. Алғаш білімін толық аяқтау мақсатымен 1884 жылы 26 қыркүйекте досы С.Ивасакидің шақыруымен Америкаға жүріп кетеді. Ол жақта оқу үшін ақша жағынан қатты қысылады. Өзінің естеліктерінде «оқуды жалғастыру үшін, мен кез-келген жұмыстарды істеуіме тура келеді, бір тілім нан үшін, мен еден жуып, аспаз көмекшісі қонақ үй ресторандарында күтуші немесе шөп шабу жер жырту, т.с.с. жұмыстарды атқаруыма тура келді».

Сэн Катаяманың Америкадағы білім алу жолы 12 жылға созылды. Аса қиын кезеңде Сэн Катаяма әлеуметтік проблемаларымен айналысып, өзіне қатты әсер еткен Лассальдың еңбектерімен танысады. 30 жасында Аиова штатындағы Гринель университетіне түсіп, классикалық бөлімінде үш жыл оқып өмірлік позициясы қалыптасты деп жазды. Әлеуметтік мәселелермен бір жола айналысуында кездейсоқ емес еді, сол кезде Европа әлеуметтік проблемаларын зерттеп жүрген, профессор Илидің еңбектерімен шұғылданды. Америкадағы әлеуметтік проблемаларға бетпе-бет кездескен Катаяма, кейіннен бұл саланы Англияда да жалғастырды. 1892 жылы университетті бітіріп, искусство Бакалавры деген степенге ие болды. 1894 жылы Англияда өткізген үш айында Англия бұқаралық қозғалысымен кәсіподактарының қызметімен танысып, оның еңбектерімен танысады. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерімен кездесіп, соның ішінде Том Манмен жеке танысады және социалист жұмысшы көсемдері Джон Борис, Англия парламентінің депутаты К.Гардидің еңбектерімен танысуы, Англия жұмысшы табының күресінің тәжірбесін жинақтауына көп көмектесті.

XIX ғасырдың 90 жылдары екінші жартысынан бастап, жаңа кезеңіндегі жұмысшы қозғалысы жиілеп, біріккен түрде өте бастады. 1900 жылы ақпанда теміржолшылардың ірі забастовкасы арқасында, жұмысшы күнін қысқартып, жалақыларын көбейтті. 1901 жылы наурызда Жапон жұмысшы достарының қоғамы (Нихон Родося Консэйкай) құрылып, ол 16 мың адам қатысқан митингі өткізді. Осы ірі жұмысшылар жиналысында Сэн Катаяма сөз сөйледі. Митингіде революция қабылданды, онда парламентке жұмысшылар арасынан куриялар сайлау, жастарға шеберхана мектептерін ашу, әйелдер мен балалардың жұмысын жеңілдету талаптарын койды [9; 200] .

Егер, жұмысшылар қозғалысының бірінші этапында тек әлеуметтік талаптар қоятын болса, енді екінші этапында елдегі саяси биліктің құрлысы туралы талаптар қоя бастады. Жерсіз қалған шаруалар, қайта жер талап ете бастады. 90 жылдың екінші бөлігінде «Арендаторлар қозғалысы» басталды, «косакунинундо» бұған фабрика-заводтардың жұмысшылары қосыла бастады.

Жапон-Қытай соғысынан кейін деп жазды Сэн Катаяма, Жапон капитализімінің дамуы, пролетариаттың бас көтеруімен бірге жүрді, пролетариат пассивті әрекеттен, белсенділікке көшті, дәл осы кезде социал-демократиялық қозғалыс пен жұмысшы бұқараның бірігуі жүріп жатты.

1897 жылдың 1 желтоқсаннан бастап, Сэн Катаяманың басшылығымен «Родосэкай» (Рабочий мир) атты журнал шыға бастады. Журнал бетінде, социализм және жұмысшы қозғалысы туралы үгіт
статьялары басылып отырды. Социалистік қозғалыстың өркендеуіне байланысты «Родо сэкай» журналы «С якайсюгися» (социалист) 13-ші нөмірінен кейін журналды конфискациялап, редакторы Катаямны сотқа шақырып, айыптаған соң, журналды «пролетариат» етіп өзгертіп, жасырын шығаратын болды.

1898   жылы Сэн Катаяма өзінің әріптесі С.Котоку және И.Абэмен біріге социализімді өзгерту қоғамын (Сякайсюги кэнкюкай) құрды. Кейіннен ол социализм қоғамы (Сякайсюги какай) болып өзгертілді. Бұл қоғам 1898 жылы 1тамызда Омиэ қаласындағы шойын қорыту жұмысшыларының митингісін өткізіп, 27 қыркүйекте Иокогама қаласындағы митингіде Жапон жұмысшылар одағының дүниежүзілік жұмысшы ассоциясында (МРА) қосылуы туралы шешім қабылданды. Осакодағы митингіде (1902 жылы 5 сәуірде) Батыс жұмысшыларының талаптарын қолдау туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Жапония жұмысшылар қозғалысы, батыс елдерінің жұмысшыларымен байланысшысы, Жапония жағдайында үлкен мағынаға ие болды. Жапония билеуші тобы 1887 жылы шығарған «Тәртіпті қорғау» заңының әлсіз екеніне көзі жетіп, 1900 жылы жаңа қатаң заң «Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау» (Дзиан кэйсацу Хо) қабылдады. Бұл заң қоғамдық қозғалыстар және жұмысшылардың стачкалары мен забаставкаларына қатаң бақылау қойды. Бүкіл саяси организациялар туралы, олардың суставы, программасы, мүшелерінің фамилиялары жөнінде мәлімдеме алып тұрды. Полицияларға күмәнді саяси құбылыстарға қатысты кең право берілді. Осындай «айдахар заңдары» арқылы билеуші топ Жапония жұмысшы қозғалысын басуға тырысты. Сэн Катаяма және алдыңғы қатарлы интеллигенцияның қайраткерлері, қарқындап келе жатқан жұмысшы қозғалысының саяси-идеялық қолдау жасау үшін, мықты социалистік идеямен қаруланған саяси партия құру қажеттігін түсінді. 1901 жылы майында алғаш рет әрекет жасады. Социал-демократиялық партия (Сякай минсюто) құру туралы жарияланды. Партия программасы монифест ретінде «Родо сэкай» журналында жарияланды. Монифест былай басталды «Байлар мен кедейлер арасындағы зор айырмашылықты қалай жою керек. Бұл XX ғасырдың аса маңызды проблемасы… Біздің партия халық мүддесін қорғау үшін дүниеге келді» [10; 25-36].

Бағдарламада сегіз принцип қабылданып, оның бірі «таптық қоғамды жою», «жерді қоғамдастыру, сонымен қатар, капитал мен өндіріс пайдаларын қоғамдастыру» туралы бекітілді. Бірақ, бұл партияның жаңа қабылданған заң негізіне сүйеніп жауып тастады. Утопиялық социализм, анархизм идеяларынан марксизмге жақындаған, қоғамның алдыңғы қатарлы интеллигенциясы ірі еңбектерін жаңа бастады.

Сэн Катаяманың 1903 жылы жазған «Наш социализм» 1903 жылы С.Котокудың «Сущность социализма» 1907 жылы У.Моритика және Т.Сакайдың «Основы социализма» деген еңбектері басылып шығып, Жапония халқының арасында социализм идеясын таратты. Осы кезеңде максизмнің жауы опартунистермен күрес жүргізу керек болды. Оппартунистер «ғылыми социализм» кебін киіп, Маркс және Энгельс идеяларын, жұмысшы табына экономикалық күресу жолына тұсу үшін қолданды. Осыған байланысты, марксистердің алдында маңызды проблема пайда болды: жұмысшы табын оппартунизм әсерінен арылтып, жұмысшы бұқарасынан реформистік иллюзиясынан арылтып, революция жолына тұсу қажет болды.

Оппартунизмге қатты соққы берген В.И.Ленин көптеген еңбектермен қатар «Не істеу керек?» деген еңбегінде маркстік ілімін  жан-жақты  талдап,  маркизм  идеясының  туын  жоғары көтеріп, социалистік идеяны бейбіт күресінің құралы деп ретінде көрсетті.

Сэн Катаяма өз тіліне Маркс пен Энгельстің еңбектерін ең алдымен «Коммунистік париясы монифесін» аударды. 1903 жылы шығарған «Мой социализм» деген еңбектерінде Сэн Катаяма еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты қақтығыска ұшырайтынын, түбінде пролетариат капитализмді жеңіп шығатынына сенемін деп жазды. Демократиялық-революциялық қозғалысының тарихындағы үлкен бір роль атқарған «Қарапайым халықтың қозғалысы» деген қозғалыс, оның жетекшілері, сол заманның көрнекті социалистері С.Котоку, Т.Сака, И.Абэ 1903 жылы бұл халық қоғамының «Хеймйнсин Симбум» шығарыла бастады. Сен Катаяма бұл газет туралы «Жапония социал-демократиялық қозғалысының таза органы болды» деп жазды. «Халык қоғам» газетінің бүкіл ұлттық маңызы болды. 25 профектура орталықтарында бөлімдері ашылып, оқушы қауымының ассоциациялары, социалистік курстармен қоғамдар құрылды.

Орыс-жапон соғысының қарсаңында «Хэймин ундо» орыс-социал демократтары сияқты соғыстан жеңіліп шығуының позициясын ұстады. «Жеңілу-жеңуге әкеледі» деген лозунглар-ұрандар тастады. С.Котоку алдыңғы қатарлы Жапондықтардың соғысқа көзқарасын «Хэймин симбун» газеттерінде: «Соғыстың мәні» егер дворяндар мен офицерлердің соғысуға себебі болса, соғыса берсін, Жапония мен Россия қарапайым халқының соғысуға себебі жоқ. Біз — қарапайым халықпыз, ал қарапайым халық — ұлттық басым бөлігі «Халықтар ынтымақтастығы» бауырластык, бостандық, бейбітшілік және достық. 1904 жылы 13 мамырда Россия социал-демократия жұмысшы партиясына жолдаған хатын жариялады, мұнда соғысқа қарсы күресті орыс және жапон жұмысшыларының күшін біріктіру керек деп жазды.

1904 жылы 15 мамырда баспа бетінде В.И.Лениннің «Орыс пролетариатына» деген рекламасында басылды. Мұнда орыс-жапон соғыстарының шығу жолдарын көрсетті. «Хэймин симбун» газетінде бірінші рет К.Маркс пен Ф.Энгельстің «Коммунистік партиясының монифесі» толық жарияланды. Бірақ, бұл номерден кейін үкімет газетті жауып тастады. Ең соңғы номері 1905 жылы 29 қаңтарда қызыл бетпен газеттің жабылуы туралы С.Котокудың жазған монифесі басылып шықты. К.Маркс пен Ф.Энгельстің «Жаңа рейн» газеті жабылған кездегі сөздерін естеріне алды. «Олар біздің рухымызды өлтіре алмайды! Біз ұрыс даласында құлаған жерімізден, қайта күресті жалғастыру үшін көтерілеміз» деп жазды.

«Қарапайым халықтың қозғалысын» кызметінің жұмысшы қозғалысында алатын орны зор болды. Орыс халықшылдығына жақын идеялар болса да, әлеуметтік теңсіздікпен қанауға қарсы батыл күресті [12; 34-36].

Жапония революциялық қозғалысының тарихында үлкен маңызды орын алатын жағдайдың бірі 1904 жылғы Амстердамда болып өткен екінші интернационал конгресіндегі Сэн Катаяманың Г.В.Плехановпен кездесуі. Бұл кездесуде орыс-жапон соғысы туралы пікір алысты. Кейіннен С.Катаямада, Плеханов та бұл кездесу туралы өз естеліктерінде жазып қалдырған болатын. Екінші Интернационалдың конгресінде Сэн Катаяма және И.Абэ Интернационал Халықаралық социалистік бюросына, Жапон социалистерінің өкілдері ретінде кірді. 1904 жылы 9 қазанда «Хэймин Симбун» газетінде конгресс туралы есептерін жариялады. Бұл газет жабылған соң, оны «Текугэн» газеті жалғастырды. Бұл газет беттерінде көбіне 1905 жылғы орыс-буржуазиялық демократиялық революциясы туралы статьялар басылып отырды. №1 «Огонь революции», №2 «Развитие движения в Россий», №3 «Уроки революции», №6 «Истоки русской революции», №15 «Успех русской революции». Бұл мақалаларда орыс революциясының барысы және құрбандары жөнінде жазды. «Социализм идеяларын кеңінен таратқандығы үшін «Текуган» газеті 1906 жылы жабылды [13; 50-55].

Портумут бейбіт келісімі өткізілген кезде Токиода үлкен шерулер болып өтті. 1907-1910 жылдары социалистердің ұйымдасуымен ірі-ірі шерулер мен забастовкалар өткізілді. Жапония жұмысшы қозғалысының тарихындағы ірі оқиғаның бірі — 1911 жылғы Токио қаласындағы Сэн Катаяманың жетекшілігімен өткізілген трамвайшылар стачкасы. 6 мың трамвай жұмысшылары мен қызметкерлері жалақының көбейту мәселесінде талап қойып, жеңіске жетті. Бірақ, соңынан 50 жұмысшыны қамауға алды. Сэн Катаяма да осы оқиғаға байланысты бір жыл қамауда болды. 1912 жылы жұмысшы табының саяси партиясы болғанымен жұмысшы қозғалысының қайта өрлеуі басталды.

Осы жылы ең алғашқы профецентр өзара көмек қоғамын (Юайкай) құрылды. Қоғам капитал иелерімен араласып тұрғанмен жұмысшылардың қысымымен забастовка, стачкаларды ұйымдастырып отырды. Қоғамның жетекшілерінің бірі кәсіподақ қозғалысының қайраткері Бундзи Судзуки және ғалымдар тобымен саяси қайраткерлер болды. 1914 жылы 10 мың жұмысшыны біріктіріп тұрған бірден-бір ашық тұрде қызмет жасаған ұйым еді. Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде Жапония жұмысшыларының саны 1450 мыңнан 2480 мыңға есті, яғни 70 процентке дейін. Бұл кезеңде Жапон жұмысшы табының сана-сезімі саяси жағынан жетіліп, капитал езгісіне саяси күреске белсене араласа бастаған еді. 1914 жылы 1 дүниежүзілік соғысы кезеңінде Жапония монополиясы Англия, Франция, Германияның соғысқа кірісіп кетуін пайдаланып, тек Қытай рыногын ғана емес, сонымен қатар Индия, Египет рыноктарын жаулап алды. Жапония сыртқы саудасы соғыс кезеңінде екі есе өсіп, өндіріс өнімі алты есеге артты.

Жапонияның соғысқа араласу, елдегі жұмысшы және социалистік қозғалысына үлкен әсерін тигізді. Жапония предпринимательдері соғыс заказдарын орындау үшін өндірістің бірігуімен, капиталдың шоғырлануы мен қарқынын күшейтіп, жұмысшы табының санын күрт өсуіне жағдай жасады. Өндіріс пролетариатының класикалық сана -сезімі қалыптасты. Бірақ, дүниежүзілік соғыстың басталуымен Жапония билеуші тобы жұмыстарға қарсы репрессияны күшейтті. Бір жағынан елдегі жағдайда қалпына келтіру үшін «Жұмысшылар мүдделерін» қанағаттандыру үшін аз ғана шаралар қолданған сымақ болды [14; 15-30].

Бірақ, бұл кезеңде алыстағы Петроградта «Аврора» дүрсілі әлемді сілкіндіріп жатты.

 

2-тарау Жапонияда саяси ахуал

2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы

КПЯ-ның кызметі

1917 жылғы Октябрдің естен кетпес күндерінен, қоғамдық прогрестің, шынайы адамдық тарихтың жаңа дәуірінің өз есебін жүргізе бастаған сол бір аңызға айналған күндерден бізді 70 жыл бөліп тұр. «Октябрь азаматының шын мәніндегі «Жұлдызды сағаты», оның нұрлы таңы. Октябрь революциясы — халықтың революциясы және халық үшін, адам үшін, оны азат етіп, дамыту жасаған революция».

Россияда жұмысшы-шаруа үкіметінің құрылуы, оның Бейбітшілік және Жер туралы тарихи деректері мен Россияның халкының правосы туралы декларациясы бүкіл елдің жұмысшы халқына, социализм идеясының өміршең екендігін дәлелдеп, әлеуметтік және ұлт-азаттық күреске жаңа күш пен жігер берді.

Бірақ, шындығында октябрь оқиғалары туралы шетел жұмысшыларына үлкен қиыншылықтар арқылы жетті. Буржуазия Россия революциясымен әртүрлі тәсілдер арқылы бұрмалап, Совет үкіметінің жұмысшы шаруаға жасаған тарихи шешімдерін жасырып қалуға тырысты. ¥лы Октябрь социалистік революциясы, Жапония революциялық қозғалысына қатты әсер етті. Россиядағы революция жеңісінен кейін, басқа да елдерде партияның жаңа типі — коммунистік партияның құрылып жатқан кезде Жапония шет қалған жоқ.

Жапония коммунистік партиясының құрылуы Октябрь жеңісімен тікелей байланысты. Ұлы Октябрь социалистік революциясы Жапония жұмысшы-шаруа қозғалысының саяси күресін жандандырды. Бұл таңқаларлық жағдай емес еді, өйткені бұл кезде Жапония жұмысшы табы, капиталға қарсы күресте тәуір тәжірибе жинақтаған болатын [15; 21-23].

Сол кездегі, Октябрь туралы алғашқы хабар жеткен кезде, Жапония бұқара халқының саяси жағдайына дәлелі болатын жағдай — бүкіл баспа бетінде «Октябрь оқиғалары туралы күнделікті жарияланып тұрады». Жапония журналисі Огура «Россиядан жеткен хабарларды Жапон халқы, көздеріне жас алып, шын көңілімен кабылдады». «Социалистік революция үшін, өмірлерін құрбан еткен С.Ктоку және тағы баска әріптестерінің өмірлері босқа кеткен жок» — деп жазды [16; 26].

1918 жылы тамызда Қиыр Шығыс Советінің Ү съезіне Жапон социалистері өздерінің құттықтау хатын жіберді. Бұл хатта былай деп жазылды: Орыс жолдастарына!

Орыс революциясының алғашқы күнінен бастап, біз сіздердің жалынды қызметтеріңізді шын көңілмен қадағалаудамыз. Сіздердің қызметтеріңіз, біздің халқымыздың шамасына үлкен әсерін тигізді. Қазір біздің үкіметіміздің Сіздерге жіберген әсерінің, сіздердің революцияларыңыздың тағдырына қауіп төндіріп тұрғанын білеміз. Оған қарсы біздің қоятын күшіміздің жоқ екеніне қынжылудамыз. Бірақ, біз, жақын болашақта бүкіл Жапония революция Қызыл туының желбірейтініне сенімдіміміз.

Революциялык сәлеммен: Токио және Иокагама социалистік тобының Атқару комитеті.

Иммиграцияда Нью-Йоркте жүрген Сэн Катаяма және жұмысшы қозғалысының солшыл қанатының кайраткерлері Дж.Рид, Ч.Рутенберг, Юдебс, Ч.Байкер және т.б. Октябрь социалистік революциясының алғашқы қорғаушылары болды. Нью-Йоркте Сэн Катаяманың редакциясының шығарылып тұрған «Хэмин» газеті Октябрь социалистік ревалюциясы туралы «Жапон жұмысшы халқы Россия революциясының жеңісінен-зор қуанышпен қарсы алуда, Жапония халқына бюрократтық қатаң режимге қарсы күресте қуатты қолдау мен жігер берді».

Октябрь әсерімен, Жапонияда ғылыми социализм жасауға жағдайлар туды. Монархияны құлату, капиталистік-помощиктер қанауға қарсы күрес жолындағы жұмысшы табы мен шаруаларды ойландырған көптеген проблемалық сұрақтарына дүниежүзілік пролетариаттық көсемі В.И.Лениннің еңбектерінен жауапты Жапонияның алдыңғы қатарлы күштері іздестірді. Тек социалистер ғана емес, прогрессивтік ойдағы интеллигенция Ленин еңбектеріне назар аудара бастады. В.И.Ленин еңбектерін Жапония прогрессивті баспалар басып шығара бастады. «1932 жылы В.И.Лениннің еңбектерінің негізгі бөлігін басып алды». В.И.Лениннің шығармаларын Жапония еңбекшілеріне және революционерлеріне коммунистік партиясын құруына сабақ болды. «Хакуеся» баспасы В.И.Лениннің 10 томдық еңбегін басып шығарып, оған хабарландыру жасаған кезде былай деп жазды: «Лениннің тұлғасы тарихтың көк жиегінде, әлемдегі жаңа құрылыстың жеңімпазының хабаршысы ретінде көрінеді. Ленин ойын түсіну, яғни адамзат тарихының бетбұрысының маңызын түсіну. Жұмысшы шаруа азаматтық жолындағы күрестің түпнұсқасын» зерттеудегі ғылыми негіз болып табылады. Бұл еңбектер әлеуметтік мәселені зерттеушілер мен саяси қызметкерлер және экономистерге қажет.

Репрессиялық шаруаларға қарамастан, елде жұмысшы қозғалысы күннен-күнге өсіп келе жатты. 1917 жылдың наурызында металлургия заводының 4 мың жұмысшысы қатысқан забастовка, Мораран қаласында болып өтті, маусымда Нагасакидегі кеме жасушылардың 10 мың жұмысшысы қатысқан көтерілісі болды. Жалпы осы жылы 398 забастовка болып, оған 57,3 мың адам қатысты. Бұл 1916 жылға қарағанда, қақтығысулар 4 есе, ал қақтағысушылардың саны 7 есе артты.

Жапония еңбекші халқы күнделікті тағамы — күріш. Күріштің бағасының күрт өсіп кетуіне назары болып, күннен-күнге жағдай шиелене түсті. 1918 жылдың ортасында Советтік Қиыр Шығысқа интервенцияға әскер жіберуіне байланысты, саудагерлер бүкіл күрішті жоғары бағамен сату үшін қолдарына жинады. 1914 жылы 1 есе күріштің бағасы 12 сән болса, 1918 жылы 25 сәннен 37 сәнге өсті [17; 36].

1918 жылы 3 тамыз күні Тояма профиктурасындағы шағым портты поселкада балықшылар жиналып, жергілікті үкіметке күрішті сыртқа шығаруды тоқтату туралы шағым айтты. Күрішпен сауда жасайтын саудагерлердің үйін қоршап, арзан бағамен сатуларын талап етті. Бірақ, бұл оқиғаға полиция араласып, қақтығыста көптеген әйелдер жараланды. Бұл оқиғаны естіген басқа поселкалар да көтеріліп кетті. Киюто Осаку, Ногая Кобэ сияқты қалаларды орман өрті секілді көтеріліс болуы шарпыды. Барлық жерде полициялармен қақтығысып, император армиясының горнизондарының көмегімен жауыздықпен басып отырды. 1918 жылы 3 тамыздан 17 қыркүйекке дейін 36 профектурасын, яғни Жапония территориясының 2/3 қамтыды. Күріш бөлігін шахтерлер және басқа еңбекші бұқара қолдап, көтеріліске шыға бастады. Күріш бүлігіне барлығы 10 млн адам қатысқан. Үкімет бүлікті басу үшін бүкіл репрессиялы аппаратқа тұрақты әскерді қоса аяусыз қан төгіспен басып тастады. Нәтижесінде, 7813 адам қамауға алынды. Баспаға күріш билігі туралы жариялауды қатаң тиым салды.

Нью-Йоркте жүріп Катаяма «күріш бүлігін» естіп, үлкен үкіметпен қарсы алып, келіп жатқан хабарларды тиянақты жинап, талдады. 25 тамыз күні «күріш бүлігінің» нағыз қызған уақытында ең алғашқы материалын жариялады. «Хеймин» газетінің қарашадағы бүкіл номерлерінде «күріш бүлігін» хабарлады. Мұнда негізінен 3 қазандағы хаты жарияланды. «Жұмысшылар мен кедейлер арзан күріш алғанымен, ешқандай заң өзгеріп немесе жойылған жоқ», «Күріш билігінің салдарынан минстрлер кабинеті құлағанмен оның орнына басқа кабинет келеді, оның жақсырақ болатыны күмән тудырады. Бірақ, бір нәрсеге ғана сенімдіміз. Ол күріш бүлігінің болашақтағы Жапониядағы әлеуметтік революциясының бастамасы екендігін дәлелдейді». Күріш бүлігінің стихиялық жағдайда өткені жұмысшы табының авангарды болатындай партияның болмауы әсер етті, бірақ, бұл оқиғадан кейін Жапония жұмысшы табы өзінің күшіне классикалық организацияның қажет екенін дәлелдеп, революциялық қозғалыстағы алға жасаған үлкен бір қадам болды. «Правда» газеті күріш бүлігі туралы былай деп хабарлады: «Қазір Жапония еңбекші бұқарасы соқыр әлсіздікпен астананың үйлерін, редакцияларын, күріш қоймаларын қиратып жатқанымен, ертеңгі күнде әсіресе, орыс революциясының қаруымен нәтижелі күреске шығады» — деп жазды [18; 32].

Жапонияның жұмысшы және социалистік қозғалысының өрлеуіне себебін тигізген жағдай — бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдегі экономикалық крезистің басталуы. Соғыс аяқталған соң, соғыс жүргізіп жатқан мемлекеттерге шығаратын соғыс дарының тоқтап қалуы Жапония буржуазия капиталына соққы болып тиді. Сыртқы рыноктың тарылуына байланысты Жапония экспорты 40 процентке қысқарды. Көптеген өндіріс салаларының қысқаруы, бірқатар компаниялардың банкрот болуына әкеліп соқты, ал бұл жағдай жұмыссыздықтың санын өсіріп, еңбекші бұқараның жағдайын нашарлатты. Жұмысшы қозғалыстары өршіп, кейбір жетістіктерге жете бастады. 1917-1922 жылдар көтерілісі 1910-1916 жылға қарағанда, 5 есе артты, қатысушы саны 8 есе.

1921 жылы Жапон еңбекші федерациясы құрылды. Жапония шаруаларының жағдайы да төмендеп кетті. Арендалық төлем дүние жүзіндегі ең жоғарғы салықтың бірі болып саналады. Ол өнімінің 60 процентін алды. Деревняларды арендалық қақтағыстар жиіледі. Егер, 1917 жылы 85 қактығыс болса, 1918 жылы — 250, 1919 жылы — 376, 1920 жылы — 408, 1921 жылы -1680,  1922 жылы-1578, 1923 жылы-1917.

Жерсіз және арендаға жер алып отырған шаруалар жер реформасы мен арендалық төлемді қысқартуды талап ете бастады. Осы кезеңде көптеген қоғамдар құрыла бастады. Көптеген жұмысшы және социалистік қозғалыстың барысында біріккен күш қажет екенін түсінген социалистер Т.Сакай және т.б 1920 жылы желтоқсанда саяси ұйым құруға дайындалды. Желтоқсанда Жапония социалистік лигасын құрып, қатарына 3 мың мүше кірді. Бірақ, бұл лига жұмысшы табының бұқарасын біріктіре алмады және олардың күресін бастай алмады. Мұндай құрамында әртүрлі көзқарастағы адамдарды жинақтаған лига, тек қана социалистік идеяларды таратумен шектеліп, жұмысшы табының саяси жетекшісінің ролін атқара алмады. Бір жағынан 1921 жылы мамырдағы «Қоғамдық тәртіппен тыныштықты сақтау» заңы бойынша лиганы тарату туралы бұйрық берілді. КПЯ-ның Орталық Комитетінің Компартияняның құрылуының 50 жылдығына арналған қаулысына бұл туралы былай деп жазды: «Жапония социалистік лигасының құрылуы және таратылуының тәжірибесі — Жапония халқының күрес жолында басқаратын араласқан отряд емес, революциялық саяси марксиам-ленинизм позициясында тұрған партия керек екендігін көрсетті» — деп жазды.

С.Катаяма, Т.Сакай және т.б социалистік қайраткерлер ғылыми социализмнің негізін жасап, үгіт жүргізіп, жұмысшы қозғалысын бастағанмен социалистік идея мен жұмысшы қозғалысын біріктіру жолында, жұмысшы табының авангартық партиясы, яғни Коммунистік партиясыз нәтижелі болмайтыны түсінді.

1918 жылдың қараша айында Шығыс халықтарының Коммунистік организацияларының съезінің барысында Жапония революциялық қозғалысына арнайы пропагандалық социалистік ұйымдарын полицейлік қатаң бақылаудан съезге өз представительдерін жібере алмай, голаңдық революционер С.Рукерс жолдастан Москваға арнайы резолюциясымен қатар т.б. документтерді беріп жіберді. Бұл революцияның 1919 жылдың наурызында болған Коммитерінің бірінші когресінде жариялады. Жапония социалистері 1919 жылдың қараша айында өткен Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдарының 2 съезіне де қатыса алмады, бірақ бұл жолы съезге социалистік қозғалыстың көрнекті жетекшісінің бірі Хитосия Я.Макованы жіберіп, оған елдегі жағдай туралы жазылған баяндаманы беріп жіберді. Бұл баяндамада Жапония еңбекшілері мен бұқара халықтың арасында революциялық үгіт жүргізіліп тұрғаны жайында және кейбір көмектер алып түру үшін Ш Коммунистік Интернационалмен тығыз байланыс жасау қажеттігі туралы айтылды [19; 41].

1920 жылы Комитерін Жапониядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстың қарқынын бақылап отырып, былай деп жазды: «Феодалдық шырмаудан айырылып жатқан Жапония капитализмі, терең революциялық кризис қарсаңында тұр, бірақ бұл қозғалыстың имперализм күші тежеуде».

Комитеріннің Атқару Комитетінің инициативасының 1920 жылы қазан айында Шығыс халқының 1-ші съезі шақырылып, Азия және Африка халықтарының ұлт-азаттық қозғалысындағы коммунистік және жұмысшы пролетарымен байланыс жасау мәселелері талқыланды. Съезде «Шығыс халықтарына»  арнайы монифест қабылданып, Европа, Америка және Жапония жұмысшыларына» деген үндеу тастады. 37 елден келген 2 мың делегаттың ішінен АҚШ-тағы Жапония социалистік партиясының мүшелері — Таро Есихаро қатысты. Осы Съездің шешімдерін іске асыру жөнінде Қытайда Қиыр Шығыс социалистерінің біріккен конференциясы болып өтті. Оған Тосихико Сакай бастаған Жапония делегациясы қатысты.

Жапония коммунистік партиясын құру жолындағы маңызды оқиғаның бірі — 1921 жылы шілде айында Коминтерннің Ш конгресіндегі АҚШ-тағы Жапония социалистерінің представительдері С.Катаяманың әріптестері — Таро Есихаро мен Ундео Тагутидің конгрестегі қызметі. Тагути В.И.Ленинмен жеке кездесіп, съезге С.Катаяманың келе алмайтындығын хабарлап, Жапония делегаттарының әкелген резолюциялары мен Жапония коммунистік партиясының уставы және монифесін әкелгені туралы хабарлады.

 «Жапония пролетарлық қозғалысының әкесі» деген атқа ие болған Сэн Катаяма Жапонияда ленинизм және Ұлы Октябрь социалистік революция идеяларын таратуда баға жетпес еңбегі бар. АҚШ-та иммиграцияда жүрген кезде интернационалдағы қызметі мен АҚШ коммунистік партиясын құрудағы еңбегінің нәтижесінде, аса бай тәжірибе жинап, В.И.Ленин идеяларының позициясында Жапония коммунистік партиясын құру жолына түсті. 1921 жылдың аяғында Москваға келе сала, коммунистік қозғалыстың халықаралық штабының — ИККИ қызметіне араласып кетті.

1921 жылдың 18 желтоқсанда Катаяма Коминтеріннің Атқару Комитетінің мәжілісіне шақырып, оның мүшесі болып қабылданды. Осы аралықта Қиыр Шығыс елдерінің коммунистік партиясын құру жолында көп қызмет көрсетті.  Коммунистік партиясын құру жолында ең маңызды кезең болып саналатын 1922 жылы қаңтарда Қиыр Шығыс коммунистік және революциялык ұйымдарынің бірінші съезінің шешімдері. Съезде Жапония делегациясына Сэн Катаяманың басқаруымен катар, Жапония социалистік қозғалысының көрнекті қайраткерлері «Общество среды» қоғамының председателі Кюити Токуда, Коммунистік группа қоғамының, баспа комитетінің председателі Киеси Такасе және кәсіподак лидері Хадзинэ Есида, Кинтаро Вада және т.б. қатысты. Осы съезде В.И.Ленин Жапония делегацияларымен кездесіп, көптеген маңызды кеңестер берді. Жапония делегациялары атынан съезде Сэн Катаяма «Жапониядағы саяси және экономикалық жағдай» деген докладпен сөз сөйлеп, стихиялы түрде дамып келе жатқан жұмысшы және социалистік қозғалысты біріктіру үшін Жапония Коммунистік партиясын құру кажет деді.

Бұл съезден Жапония делегацияларының елге жетулері аса қауіпті, Сібір, Монғолия, Қытай арқылы ақтар мен Жапония полицияларының агенттерінің қауіп төндіруімен жетті. Елге келісімен коммунистік партия құру ісіне кірісті.

1922 жылы 15 шілде күні Токио қаласында жасырын түрде Жапония коммунистік партиясының құрылтай съезі ашылды. Съезд уақытша партияның ұстағанын қабылдап, Орталық Атқару Комитетін сайлады. КПЯ-ның Орталық Комитетінің бас секретары етіп Тосихико Сакайды сайлады. КПЯ-ның алғашқы мүшелерінің бірі болып, елдегі социалистік қозғалыстың ардагерлері Хитоси Ямакава, Хансон Арахата, Мирокуни Есикава, Токио Касиура, Сейти Итикава, Сигэки Уэде, Санзо Носака т.б. съезде Коминтернге кіру революциясын бір ауыздан мақұлдап, 1922 жылдың қараша айындағы Коминтерннің 5 конгресіне КПЯ-ның Орталық Комитеті Киести Такасэ және Тадахико Каватиді представителі ретінде Жапония коммунистік партиясы-ның құрылғанын мәлімдеуге жіберді. Саяси аренаға КПЯ-ның құрылуы Жапония халқының тарихындағы аса үлкен окиғаның бірі болды.

Коминтерннің IV конгресінде КПЯ Коминтерннің құрамына кабылданып, оңшыл секциясына кірді. С.Катаяма Коминтерннің Атқару Коминтетінің мүшесі ретінде ИККИ президиумының мүшесі болып сайланды. Бүкіл дүниежүзілік революциялық қозғалыстың штабында осындай қызметте отырып, С.Катаяма Жапония коммунистік қозғалысын қадағалап, оның теріс істеріне үнемі жол көрсетіп отырды.

Осы кезеңде С.Катаяма өзінің жас компартияға бұқара арасында қиын жағдайда дұрыс бағдар беруге көмектескен маңызды еңбектерін жазды. Сол еңбектерінің қатарына «Жапониядағы революциялық үгіт», «Капиталистік шабуыл және Жапония пролетариатының күресі», «Қозғалыс бұл Жапония пролетариатының революциялық күресіндегі жігерлі фактор», «Жапониядағы аграрлык мәселе», «Мировой фашизм» және т.б.

Бірақ, КПЯ-ның бірінші съезі Коммунистік партиясының негізін қалағанмен, бірден біріккен күшті ұйымдастырылған партия идеясын іске асыруға шамасы жетіңкіремеді. Себебі, алғашқы құрылтай съезі әртүрлі социалистік топта, қоғамдар мен группалар қатысып, әрқайсысы революциялық қозғалыс мәселесінде әртүрлі көзқараста тұрды. Жапония коммунистерінің алдында КПЯ-ның ішіндегі алауыздықты жеңіп, шынайы марксистің-лениндік партия құру үшін, қыруар жұмыстар тұрды. Жапония коммунистік партиясының жетекшілерінің тобы әлі анархизм және оңшыл социал демократизм идеологиясынан арылып болмаған еді. Партия халық арасында жұмысты нәтижелі жүргізе алмады. КПЯ-ның тактикасы мен стратегия мәселесіне қызу сөзталастар жүріп жатты.

Бұл мәселеге тиянақты жауап беру үшін, партия Жапония капитализмін марксистік тұрғыдан толық анализ жасап, Жапония монархиясымен бүкіл Жапония таптық қоғамдық құрлысын талдап, нақты күресу бағдарламасын жасау керек болды. Басқаша айтқанда, Жапония коммунистік партиясы өзінің қатарларын еңбекші бұқара есебімен толықтырып, жұмысшы табының авангарды болатындай дәрежеге көтеруге тиіс еді.

1923 жылы ақпан айында Итикава қаласында КПЯ-ның 2 съезі  шақырылды. Бұл съезде  атқару  комиссиясы (исполком) құрылып, председателі Тосихико Сакай сайланып, құрамына Сингеку Уэда (саяси бөлімнің меңгерушісі), Манзо Ватанаве (жұмысшылар бөлімінің меңгерушісі), Такауэ Урата (шаруалар бөлімінің меңгерушісі), Манабу Сано (халықаралық бөлімінің меңгерушісі), Морикуни Есикова (финанс отделының меңгерушісі), Сэйдзо Койво (Осака представителі) және т.б. кірді. Съезде партияның Уставы мен Бағдарламасының қабылдау ұсынысы жасалды. Бірақ, бағдарлама мәселесінде алауыздық туған соң, қабылданбай, тек уставы бекітілді, соның өзі Францияны жоюға әсерін тигізді. Съезде партияның саяси линиясы белгіленіп, Россияға интервенция саясатына қарсы күрес жүргізу үшін ұранда жазылып, бұл мәселені Жапония Коммунистік партиясының негізгі мақсаты етіп қойылды.

1923 жылдың наурыз айында Токио қаласында КПЯ-ның кезектен тыс шақырылған конференциясы болып өтті. Онда партияның бағдарламасының жобасын талқылау керек болды. Бірақ, конференция жаппай қуғындалуға ұшырағандықтан, аяқталмай қалды. Бұл конференцияның барысында Коммунистік партияның алғашқы бағдарламасының жобасы талқыланып, тарихи маңызға ие болды. Жобада 22 пунктен тұратын талап қойылды.

Бірінші саяси талап: «Монархиялық системаны жою», екінші — пэрлер палатасын тарату, үшінші — 18 толған азаматтардың бәріне бүкіл халықтық сайлау провасын беру; төртінші — жұмысшы организацияларына ғана толық бостандық (кәсіподақ, саяси партиялар, топтар); бесінші — баспа бостандығы, сөз бостандығы; алтыншы — шерулер өткізуге бостандық; жетінші — полиция, жандармерия, армияны жою» [20; 6].

Екіншіден, экономикалық талаптар: «1-ші 8 сағаттық жұмыс күні; 2-ші жұмысшылардың әлеуметтік сақтану правосы; 3-ші жұмысшы бақылауын орнату т.б.»

Үшіншіден, ауыл шаруашылығындағы талаптар: 1-ші Император жерін конфискациялау, национализациялау, мемлекет тарапынан кедейлерге жер беру; 2-ші салық түрлерін өзгерту т.б.

Төртіншіден, халықаралық жағдайдағы талаптар: «1-ші Интервенциядан бас тарту, араласудан бас тарту; 2-ші Кореядан, Фармозадан, Сахалиннен әскерлерді алып кету; 3-ші Совет үкіметін тану».

Бұл талаптардың бәрі Жапониядағы 20-шы жылдардағы жағдайдан туған реалистік шешімдер еді. Бағдарламаның кейбір әлсіз жақтарына қарамастан, КПЯ-ның ең алғашқы документі ретінде Жапонияның революциялык қозғалысына жол ашып берген. Коммунистік партия құрылғаннан кейін, 1920 жылы сәуірде Жапония Коммунистік жастар Одағы құрылды. Орталық комитетінің председателі болып, жас жұмысшы коммунист Есутора Кавай сайланды. Бұл одақ коммунистік партиямен бірге Жапония жастарының арасында үлкен беделге ие болды. КПЯ-ның алғашқы күнінен бастап, Лениндік жолмен яғни, бұқара халықты коммунистік партия ісіне сенетіндей жолмен өз жағына карата білді. В.И.Ленин пролетарлық авгандар идея жағынан жеңіске жеткенімен, бұл жеңіске апару жолынан алшақ, бір авангартпен жеңу мүмкін емес, шешуші күресте тек авангарттықпен күресу, егер пролетариат және бұқара халық авангарттың позициясын түсінбей немесе нейтралитет позициясында тұрып, жауыңды қолдап тұрса, бұл санасыздық қана емес, қылмыс болар еді» — деп жазды.

КПЯ-ның негізгі ұраны «саяси күреске бетбұрыс» деген атпен Жапония жұмысшы қозғалысы экономикалық күрестен, саяси күреске бастап шықты. КПЯ идеологиялық жұмыстар жүргізуде теоритикалық журналдар шығара бастады. «Дэньэй», «Родо синбум», «Рода кумиай» және номинундо т.б.

1922 жылы Компартияның қызметінің нәтижесінде, Жапония жұмысшылар федерациясына (Содомей-нихонр родо содомей) өз ықпалын тигізіп, коммунистік партияның позициясына қарата алды, соның негізінде жаңа типтегі профсоюздар құрылды. 1922 жылдың өзінде кәсіподақтың саны 300-ден 389-ға өсті. КПЯ-ның алдында кәсіподақтардың қимылын басқару туралы ұсыныстар жасалып, жұмысқа кірісу міндеті тұрды. Профцентр құруға анархо-синдекалистердің жетекшілері С.Осуги, С.Иваса және К.Кондо сияқты федералистік принципте тұрғандар қарсы шықты. Қарсыластарды жеңе отырып, 1922 жылы 30 қыркүйекте 60 әртүрлі одақтың жиналған съезі шақырылды. Бүкіл жапондық жұмысшы одақтарының федерациясын құруға кірісті. Бірақ, съезді полиция таратып жіберді. КПЯ-ның өзінің алғашқы күнінен бастап, жастар арасында үлкен жұмыс жүргізілді. Коммунистік Жастар Одағы арқылы, компартия жұмысшы-шаруа жастарымен студенттер арасындағы революциялық қозғалыспен байланыс жасап тұрды. Токио қаласындағы прогрессивті студенттер лигасындағы КПЯ-ның ықпалы зор болды. Марксистік ядросы Лига мен Достар Одағы анархистік элементтерге қарсы шешуші күрес жүргізді. Анархистер құрған одағын құрып, студенттері арасында экстремистік үгіт жүргізіп, өздерінің позицияларына тартты.

Қызу күрестің нәтижесінде, социалистік агентацияны бетке ұстап отырған анархистердің беделі көп ұзамай студенттер қауымы алдында төмендеп кетті. Жапонияның коммунистік партиясы өзінің интернационалистік партия екенін Жапония әскерлерінің Сібірдегі интервенциясына қарсы күрес кезінде дәлелдеді.

С.Катаяма өзі 1922 жылы мамыр-маусым айларында советтік Қиыр Шығысқа барып қайтты. Солдаттардың арасында кездесулер өткізіп, солдат шинелін киген жұмысшылардың алдында бар шындықты ашып үгіт жүргізді. С.Катаяма және баска коммунистердің октябрь идеялары туралы солдаттар арасындағы үгіті босқа кетпеді. Көптеген солдаттар майданының Жапонияға оралып, қайтып революциялық жолға түсе бастады.

Коммунистер ел ішінде советтік жұмысшы-шаруа Россиясын тануды талап етіп, Россияның ішкі істеріне араласпау лигасын құруды инциатор болды.

КПЯ — Сібір интервенциясына қарсы қызу жұмыстар жүргізді. Советтік Россияның аса ауыр кезеңі 1922 жылы көктем және жаздағы Повельжедегі құрғақшылықтан туған ашаршылықка көмек көрсету үшін фонд ашып, жинаған қаржыларын Россияға жіберіп отырды.

Жапония коммунистік партиясы бірден-бір саяси партияның ішінде Жапон империализімінің қанауындағы Корея отарына бостандық беру мақсатында Корея халқының жағына шығып, ұрандар тастады, мұнымен қатар, Тайваньдағы ұлт-азаттық көтерілісті қолдап, басқа да Жапония отарларын күреске шақырды. Бірақ, елдегі билеуші топ жұмысшы және шаруалар қозғалысының күрт күшейіп кетуінен және Жапония коммунистік партиясының құрылуынан қауіптеніп, ішкі саясатта Като үкіметі парламент арқылы реакциялық заң жобаларын жүргізуге тырысты. «Социалистік қозғалысқа бакылау», «Кәсіподақтарды бақылау», «Аренда шиеленістерін реттеу» т.б. заңдар шығарды.

Компартияның үндеуі бүкіл елді реакциялық заң -жобаларына қарсы күреске шақырды. Бүкіл Жапондық жұмысшы Лигасы осы үш реакциялық заң жобасына қарсы демонстранциялар ұйымдастыру мен Токио, Осако, Кието қалаларында ірі шерулер болып өтті. Бұл шерулерді ұйымдастыруға студенттерде қатысты. Әсіресе, 1923 жылы наурыз айындағы Токиодағы митингіде студенттер жұмысшылар университет мұғалімдері, парламент мүшелері қатысты.

КПЯ-ның 50 жылдығына арналған Орталык Комитеттің карсаңында: «Партия үкіметінің реакциялық заң жобасын қабылдатпау үшін прогресивті ұйымдар арқылы әсіресе, Жапония еңбек федерациясы, шаруалар одағы және көптеген демократиялық ұйымдар арқылы осы үш заң жобасын қабылдатпады. Бұл КПЯ-ның ең ірі табысының бірі болды.

2.2 Алғашқы репрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы, солшыл оппортунизммен күрес

Жапония коммунистік партиясының саяси аренда пайда болуы нәтижесінде, елдегі жұмысшы және демократиялық қозғалыс өрістеп, таптық күрес шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысының өрлеуінен, шаруалар көтерілісінен және студенттер арасындағы қозғалыстан шошыған олигархия қатаң шаралар қолдана бастады, негізгі соққының жұмысшы табының авангарды Коммунистік партиясына қарсы бағыттады.

1923 жылы 5 маусым күні таңғы сағат төртте «Қоғамдық тәртіп пен тыныштық сақтау» заңының негізінде коммунистерді жаппай қоғамға ала бастады. Жүзден астам партияның жетекшілерін, соның ішінде Т.Сакай, С.Итикаев, С.Носака қамауға алынды. Қамауға прогрессивті көзқарастағы профессорлар да алынды. Васэда университетінің «Коммунистік партиясының қолдаушы пунктіне» айналған деген сылтаумен, полиция еркін түрде кіріп, конфискация жасайтын болды. Жапония буржуазиялық помещиктер, билеушілермен бұл репрессиямен тынбай, екі ай өткен соң, 1923 жылдың күзінде Конто районында жер сілкінісінен туған тәртіпсіздіктерді сылтауратып, тағы да қудалады.

Токио қаласында қатаң репрессияға компартия мүшелерінен провсоюз, демократиялық ұйымдарды жауып, қамауға ала бастады. Полицейлік террордың құрбандығына Жапония коммунистік жастар одағының председателі Еситара Кавай, профсоюз лидері Кэй Сити Харо Сава және жұмысшы қозғалысының белсенді жетекшісі, анархист Сакаэ Осуги және оның зайыбы азапталып өлтірілді.

КПЯ және жастар қозғалысына Еситаро Кавайдың өлімі ауыр қаза болып тиді. 19 жасар Еситаро Хитоти руднигінде жұмыс істеген. Токиоға келген Кавай бірден революциялық қозғалысқа араласып, профсоюздық қозғалысты біріктіру үшін көп қызмет көрсеткен.

Михон Дайгако университетінде кешкі бөлімінде марксистік әдебиетпен шұғылданып, коммунистік жастар қозғалысына араласып, КПЯ-ның астыртын баспасында жастар қозғалысы туралы көптеген статьяларын бастырып тұрған. КПЯ оған ең қауіпті тапсырмаларды сеніп тапсырып отырды. Еңбегін қадірлей отырып Е.Кавайға демократиялық  жастар Лигасының Орталык Комитетінің алдына ескерткіш орнатты. Полиция мен жандармерия Корей халкының арасында жаппай талқандау ұйымдастырды. Оларға небір өтірік айыптаулар тағылып, 30 мың кореецті өлтірді. Бұл жағдайлар халық арасындағы наразылықты күшейтті.

Нақты дерек бойынша 1924 жылы 1920 жылға қарағанда, 647 қақтығысудан 933-ке өсті, оған қатысушылардың саны 68814-тен 94047 дейін өсті (1924 ж.). Қақтығыстар көп жағдайларда стачкаларға ұласып отырды. 1924 жылы ірі буржуазиялық партиялардың монархиялык бюрократияның тым қатаң бақылауына қарсы шығуы, жаңа партиялық кабинеттің құрылуын талап етті. Буржуазиялық партияларды прессия колдану нәтижесінде, 1924 жылы жаңа партиялық кабинет құрылды. Кен Сейкай партиясының лидері Като кабинеті басқарды, осылайша мемлекет басына партиялық кабинеттердің билеуі келіп шықты (1932 жылға дейін екі партия ауысып отырды) Кен Сейкай, Сэйюкай.

Буржуазиялық партиясы монополистік буржуазия позициясында тұрып, помещиктік-сарайлық бюрократиямен күрес жүргізді. Бірақ, буржуазия партиясының лидері радикалды өзгерістер жасауға ұмтылған жоқ. Репрессияның нәтижесінде жұмысшы қозғалысының төмендеуі-реформистік тенденцияларды алып келді. Содомай оңшыл реформистерінің лидерлері Жапония өндіріс компанияларының «Рационализациялануда» деп жұмысшылардан еңбек өнімділігін көтеруді талап етіп, капиталистерден ұсақ жеңілдіктер талап етті. Коммунистерді жаппай қамауға алу, Содомейдің солшыл қанатын әлсіретті. Осы жағдайды пайдаланған профцентрдегі оңшыл қанаттағы жетекшілер Бундзи Судэуки, Суэхиро, Нискию және т.б. партиялық кабинеттің шығарған кейбір демократиялық реформаларын жан-жақты мадақтауға кірісті. Репрессия салдарынан Жапония коммунистік партиясының ішінде ара салмағы өзгеріп, оңшыл аппартунистермен леквидаторлық ағымдағы жетекші іске кірісе бастады [21; 36].

Жапония коммунистеріне көмектесу үшін, С.Катаяма 1923 жылдың соңында Владивастокқа келіп, Жапониядан келген хабарларды талдап, КПЯ-ның қызметі қалпына келтіру үшін көп жұмыстар атқарды. Жапония коммунистік партиясының жетекшілері күннен-күнге ликвидаторлық ағымға түсіп, КПЯ-ны таратуға шықырды. Кәсіподақ қайраткері Кацумаро Акамацу және партия теоретигі Хиптоси Ямакава КПЯ-ның пайда болуының өзі ыңғайсыз жағдайда құрылған деп оны қазір таратып, кейіннен мықты фундаментте құру керек деп дәлелдеді. 1924 жылы ақпанның аяғы мен наурыз айының басында КПЯ-ның азғана жетекшілерінің группаларының кездесуінде партияның тарату туралы шешім қабылдады. Кейін қайта құру үміті мен партия мүшелерімен байланыс ұстап тұру үшін Бюро қалдырды. Оған К.Токуда, К.Арахата, С.Сано, С.Носака кірді.

1924 жылы «марксизм» журналын шығаруға көмектесті. КПЯ-ны таратуға С.Катаяма және коминтерн үзілді-кесілді қарсы шығып, үлкен қателік екенін көрсетті. 1924 жылдың шілде айында Коментерннің V конгресі шақырылып, Жапония проблемасы туралы мәселеге арналған комиссия құрылды. КПЯ-ға қатысты мәселелер С.Катаяма және бюро мүшесі К.Токуданың қатысуымен қаралды. Комиссия қызметінің нәтижесінде КПЯ-ны қалпына келтіру жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдады.

Бюро мен байланыс жасау үшін Москвадан Шанхайға М.Само КПЯ-ның қалпына келтіру жұмыстарын бастаушы қайтып кетті. 1925 жылдың қаңтарында Шанхай қаласында Жапониядан бюро мүшелері мен коминтерн представительдерімен және ИККИ-дің жауапты қызметкері Катаяманың жақын көмекшісі Г.И.Войтенко шақырылған мәжіліске келді. Бұл мәжілісте ликвидаторлар ісін айыптап, КПЯ-ның қалпына келтіру үшін, нақты курс белгіледі. Коминтеріннің ұсынысымен Бюроны Орталық Бюро етіп қайта құрып, мүшелікке халық арасында беделін жоймаған коммунистер «Кюити Токуда, Масаносске, Ватанабэ, Сейти Сано, Гойтиро Кокуре, Санзу Носако» кірді.

Қыркүйек айында «Мусансия Симбум» газеті шыға бастап, легальды орган ретінде партияның бұқара арасындағы қызу үгіт жұмыстарын жүргізді. Елдегі прогрессивті демократиялық күштер, соның ішінде коммунистер оппартунистермен күресті күшейтіп, солшыл қанатына соққы берді.

 «Қоғамдық тәртіпті қолдау» заңы ұйымдар құруға тыйым салды, тәртіп бұзушыларды он жылдық каторгалы жұмысқа жіберу туралы заң қабылданды, ол заңмен қатар 5 мамыр күні жаппай сайлау провасы туралы заң шықты. Ол бойынша дауысқа жасы 25 жеткен тек ер адамдар ғана қатысатын болды. Жалпы сайлау дауысына Жапония халықының 16 проценті ғана қатыса алды. Осылайша үкімет (қамшы және балмұздақ), яғни екі жақты алдау саясатын құрды. Мұндай жағдайда кәсіподақ қозғалысын басқарып отырған Жапония еңбек федерациясы (Содоэй) келісімпаз ағымына түсіп, федерациядағы солшыл қанаттағы коммунистерді федерациядан шығара бастады. Антикоммунистік және бөлшектеу саясатын жүргізіп отырған федерация лидерлерінің саясаты, бұл профсоюз ұйымының бөлшектенуіне әкеп сокты. Содоэйден қуылған 30 кәсіподақ және оған қосылған екі саяси ұйым 1925 жылы маусымда Жапония профсоюздерінің ұйымын құрды  (Хегикай). Хегикай бұқара арасында үлкен жұмыстар жүргізді [22; 14]

1926 жылы желтоқсанда жұмысшы қозғалысы нәтижесінде жұмысшы шаруа партиясының II съезінде партияның саяси бағыты өзгеріп, КПЯ-ны қалпына келтіру жұмысына ыңғайлы жағдайлар жасады, өйткені бұл партия ісі ашық түрде жүргізіліп, коммунистердің қызметіне қолайлы жағдай жасады.

1926 жылы желтоқсанда Жапонияда 3 ашық түрде өмір сүріп тұрған партиялар болды:

  1. Жұмысшы-шаруа партиясы (лидері Икуо Ояма 15 мың мүшесі
    бар);
  2. Социал-демократиялық партия (лидері Исо Абэ 88 мың мүшесі
    бар);
  3. Жапония жұмысшы-шаруа партиясы (лидері Хисаси Асо 20
    мың мүшесі бар).

Бұл партияның коммунистерінің еңбегінің нәтижесінде кәсіподақ қозғалысы мен еңбекшілер қозғалысы күшейтті. КПЯ-ның Орталық Комитетінің біртұтас штабының болмауы халық арасында 1925-1926 жылы «Солшыл оппортунизмі» өз қызметінің ықпалын күшейтті. Бұл Жапония коммунистік қозғалысына зиян келтіріп,   арандату   жұмыстарын   жүргізді.   Бірақ, Жапония коммунистерінің кәсіподақ, шаруалар, жастар және студенттер қозғалысының арасындағы қызметі партияны қалпына келтіру үшін біраз жетістіктерге жетті.

Профинтермен тығыз байланыстың аркасында, кең дайындыктан соң, 1926 жылы желтоқсанда Госики қаласында (Ямагата проф.) КПЯ-ның тарихын қалпына келтіру съезі ретінде тарихқа енген II съезі болып өтті. КПЯ-ның Орталық Комитеті сайланып, оның құрамына Кюто Токуда, Сәти Тикава, Манабусано Сано, Масанова Батанаев т.б. кірді. Орталық Комитетінің председателі Фумио Саноны сайлады. КПЯ-ның қабылдаған курсында солшыл оппартунистік бағыттағы қателіктер болғанмен, буржуазияға қарсы саяси күрес жүргізетін саяси партияның қайта қалпына келтірілгені халық арасындағы қозғалысты өрістетті. КПЯ-ның үшінші қалпына келтіру съезінен кейінгі партияның жетістіктері ұзаққа созылмады. 1926 жылы Жапония экономикасының қарқындап дамуының арқасында, жұмысшы табының қозғалысының бәсеңдеуін және репрессиялық заңдардың коммунистер қатарын сиретуі, партия ішінде «солшыл оппартунистік» тенденцияны күшейтіп жіберді. Партия жетекшілерінің басым бөлігі қамауда немесе жасырын комитетте қызмет етуі, ұсақ буржуазиялық элементтердің, родикалиттердің бас көтеруіне әкеліп соқты. Солардың бірі партия жетекшісі К.Фукумуто еді.

1925-1926 жылдар аралығындағы КПЯ-ның бұрыңғы қайраткерлерінен ешкім дерлік қалмаған, ол жағдай тұрақты саяси бағыттың болмауынан, бұқараның қозғалысына жетекшілік ете алмайды. Осы кезеңде жас теоретик Кадзуо Фукумото (көп уақыт бойы Франция және Германияда болып, онда Гелельдің философиясымен танысып, Роза Люксембург және В.И.Лениннің еңбектерімен танысып болған). Жапония коммунистік қозғалысының қазіргі кезеңі, орыс социал демократиясының қалыптасу кезеңін еске түсіреді деп санады. Бұқараның арасында әсіресе, студенттер жастарының родикалды көзқарастағы топтардың арасында Фукумота идеялары тез тарап, интелигенцияның солшыл қашаттағы өкілдері мен жас жұмысшылардың өзіне қаратуына ыңғайлы жағдай көмектесті. Тәжірибесі мол революционер М.Ватанабэнің өзі де, біраз уақыт бойы Фукумотоистің концепцияның ықпалында болды.

Фукумото және оның жолын қуушылар Ямакамен сынауға алып, сектанттық позицияны ұстады. Фукумото партияның ролі мен мәні деген мәселеге бұрынғысынша партияны бұқара халықтан изоляцияда ұстау керек деген бағытта тұрды. «Фукомотоизм» ағымының басты қателігі марксизм және ленинизм идеяларын іске асыра алмауы. Фукумотоистер Жапония революциялық қозғалыстың теоретикалық категориялар арқылы жетекшілік етуге тырысты. Марксизм-ленинизм үзінділерін ғана Жапониялық жағдайға пайдаланды [23; 15-17].

Фукумотоизи лениндік ілімді бұрмалап, бұқарамен тығыз байланысты керісінше, партия мүшелері өздерінше халықтан бөліп қарады. Фукумото идеялогиялық үгіт майданын асыра сілтеп, саяси және экономикалық күрестен аластатты. Фукумото теориясының мәні — пролетарлық қозғалыс пен компартияның орталық күші теориялық күрес болу керек деп көрсетті. Фукумото профсоюздарды артық күш ретінде санап, жұмысшы табының классикалық дәрежесіне жету жолындағы экономикалық мәселелермен айналыстыратын кедергі күш ретінде қарады. Партияның бұқаралық түрін терістетіп, жұмысшы және шаруаларға партияға кіру жолына бөгет жасады.

«Жапония коммунистік партиясының 50 жылдығына» арналған партия документтерінде: «Фукумотизм ағымы» жөнінде былай деп жазды: «Фукумото» Лениндік принциптерді әсіресе, партия құрылысы жөніндегі ілімін бұрмалап, партия тек қана «шынайы марксистік сана-сезім» және «теориялық күрес» нәтижесінде ғана шынайы авангартқа айналды. Бұл партия тек «сана сезім» проблемаларымен шұғылданып, бұқарамен тығыз байланыс арқылы революциялық қозғалыстағы саяси авангарт болудан аластату еді.

Партиядағы жағдай жастарға да әсерін тигізді. «Солшыл» уклондағы лидерлер шыға бастады. Күнделікті күрес жоспарын кейінге ысырып, «теориялық күреспен шұғылданды» С.Итикаваның айтуы бойынша, «Фукумотоизмнің пайда болуы коммунистік қозғалысқа соққы болып тиді» солшыл оппартунизм КПЯ-ның басқару және партияның позициясына әсер етті. Солшыл және оңшыл оппартунизмнің пайда болуының өзіне Жапония қоғамының тарихи және әлеуметтік, экономикалық себептері әсер етті. Жапония капитализмінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, не пролетариаттың, не шаруалардың революциялық традициялық тәжірибесі жок еді, буржуазиялық пропоганды бұқараны революциялық қозғалыстан аластатуға тырысты.

Коммунистік партия өте қиын жағдайда әрекет етіп, қатаң полицейлік режиммен репрессиялық расправадан партия жетекшілері құрбан болып, көп уақыт бойы тұрақты басшылығы болмай, жергілікті органдар мен орталық органдардың арасында байланыс нашар болудың өзі саяси бірлікті әлсіретті.

Жапония коммунистік қозғалыстағы қалыптасқан жағдай Комминнің назарын аудартты. 1927 жылы көктемде консультацияға Москваға КПЯ — делегациясы шақырылды. Олардың ішінде фукумота мен Ямакава да бар еді (Ямакава бас тартты).

2.3 1927 жылғы Коминтерн қарарлары (тезистері) революциялық қозғалыстың қайта өрлеуі

1927 жылы 18-30 мамыр аралығында ИККИ-дің VIII пленумында Жапония мәселесіне комиссия құрылды. Құрамына С.Катаяма кірді, комиссия КПЯ делегацияларымен ақылдаса отырып қызмет етті. КПЯ-ның жетекшісі С.Итикаваның комиссия қызметі туралы естелігінде былай деп жазды. «1927 шілдеде Жапониядан келген партия делегациясы Коминтерннің басшылығымен КПЯ мәселесін талқылады. Коминтерн жетекшілері Жапония проблемаларына өте ұқыптылықпен қарады. Хитоси Ямакава еңбектерін жақсылап аударып, талдап және фукумотойзм документтерімен танысып, сол кездегі Жапония революциялық қозғалысын ашық түрде сынап, қателіктерін көрсетті. Жапония делегациясы әсіресе, Масаноско Ватанабэ Жапония проблемасын талқылауға қызу араласты. Осы талқылаулардан кейін 1927 жылы шілдеде Коминтерннің Жапония туралы тезистері шықты».

«Коммунистік интернационал Атқару комитетінің Жапония мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілде тезистері» деген атпен де арнайы тарихи документі шықты. Бұл документте Жапония тап күресінің ара салмағы мен Жапония коммунистерінің революциялық күресінің нақты бағдарлама жасалды және «Ямакавизм» «фукумотовизмді» жойды.    Коминтерн тезисін КПЯ-ның Орталық Комитетінде бір ауыздан мақұлдап, Жапония коммунистерінің ең алғашқы бағдарлама документі ретінде тарихқа енді, онда Жапония коммунистік партиясының тактикасы мен стратегиясы белгіленді және революциялық қозғалысты жетекшілік етудегі қаруына айналды. Коминтерннің тезисінде КПЯ-ның ең басты міндеті Жапония империализмінің мелиотаристік саясатына қарсы күресу керек деп көрсетті. 1927 жылы Жапония үкімет басына Танака Гити кабинетінің келуі, оның мемарандумы ашық мелитористік саясат бастағанының айғағы еді. Танака кабинеті «жаулаушылық соғысын Қытай революциясына қарсы бастап, бүкіл Қытайды жаулау, одан әрі советтік одаққа қарсы соғыс дайындауы Жапония коммунистерінің агрессиямен қызу күресу міндетін орындауға кірісті».

КПЯ-ның бағдарламасында ең алғашкы талаптардың бірі елді демократияландыру мақсатында ең алдымен — монорхиялық құрлысты жою, империализм соғыстарына қарсы күрес халыққа демократиялық бостандық беру және жұмысшыларға 8 сағат жұмыс күнін белгілеу шаруаларға жер үлестіру. Жапониядағы дамыған капитализм құрлысындағы императорлық система мен жартылай феодалдық меншікті жою үшін ең алдымен буржуазиялық-демократиялық революция арқылы, социалистік революцияға ұластыруын түсініп, осы алғашқы бағдарламасын жасады. Тезисте ең алғашқы жұмысшы тап және еңбекші бұқараның саяси жетекшісінің яғни, КПЯ-ның ролінің жоғары екенін атап көрсетті және КПЯ бұқарамен үнемі байланыс жасау үшін партияның секцияларын көбейту керектігі жөнінде айтылды. Х.Ямакава тобы коминтерн тезистеріне қарсы шығуына байланысты партия қатарынан шығарылды. 1928 жылы Х.Ямакава және Роноха 1922 жылғы тезистерді жоққа шығарып, компартияны айыптап, жұмысшылар арасында дискуссиялар жүргізеді. «1927 жылғы тезистердің» негізінде еткен КПЯ-ның Орталық Комитетінің желтоқсан пленумында партия саяси және ұйымдық бағытын анықтап түбегейлі бетбұрыс жасады.  1928 жылы Х.Ямакава 1 ақпанда КПЯ Орталық Комитеті астыртын баспа органын құрып, «Секки» газетін ұйымдастырды. Бұл газет арқылы партия бұқара арасына өзінің идеяларын таратты. 1927 жылдың желтоқсанында 1928 жылдың наурызына дейін партия қатары жұмысшы табымен толтырылды. КПЯ 1928 жылы ақпанда өтетін алгашқы бүкіл ұлттық сайлауға дайындала бастады. Партияның өзі ашықтан-ашық өз кандидаттарын жібере алмайтындықтан, жұмысшы-шаруа партиясының атынан өз кандидаттарын, коммунист Кюти Токуда, Кенде Ямамото, Кие хито Тосава т.б. жалпы партия 40 коммунисті ұсынды.                                   Алғашқы парламенттік сайлау, әлде бұрын болып көрмеген саяси өрлеу туғызды. Минингілер өткізіліп, онда кандидаттардың бағдарламалары туралы ашық хабарланып отырды. Пролетарлық партия кандидаттары қатаң репрессияға ұшырады. Қатаң полицейлік қуғындау мен репрессияға қарамастан, пролетарлық партия 490 мың (4,7 процент) дауыс алып, парламентке 8 депутаттың кандидатын сайлауына праволы болды. Солшыл жұмысшы-шаруа партиясынан 190 мың дауыспен екі кандидат ұсына алды. Сайланған кандидаттар арасында КПЯ позициясында тұрған жұмысшы қозғалысының көрнекті қайраткері С.Ямамото болды.

1928 жылы ақпанда КПЯ-ның Орталық Комитетінің ІІ пленумы болып өтті. Онда Орталық Комитетің жаңа құрамы құрылды, оған Н.Ватанабэ, С.Итикава, М.Сано, Г.Кокуре, К,Ямамото кірді. Орталық Комитеттің председателі болып Жапония көрнекті революционері Масаноске Ватанабэ сайланды. Орталық Коммитетінің II пленумы өз тәжірибелерін жинақтап, ликвидациялық, сектанттық қалдықтарды жойып, бұқаралық үгітті күшейту мәселесінде баспа органдарын күшейту арқылы, пролетарлық партиялардың бірігуі үшін нақты әрекеттер көрсетілді.

Бұл пленум КПЯ-ның ІҮ съезін шақыруға дайындық жасады. Бірақ, репрессияның басталуына байланысты съезд шақырылмай қалды. Революциялық қозғалыстың өзгеруінен шошыған буржуазиялық-помещиктік монархия репрессиясын үдетті. КПЯ-ның мүшелерін жаппай қамауға ала бастады. 1928 жылы 15 наурызда партияның 1600 мүшесін қамауға алды. 10 наурыз күні өкімет Жапония кәсіподақ советін тарату туралы указ шығарды, мұнымен қатар, жұмысшы-шаруа партиясының, бүкіл Жапондық пролетар жастарының лигасы мен солшыл ұйымдарды таратты.

Танака үкіметі «қоғамдық тәртіпті қорғау туралы» заңды қайта қарау указын шығарды. Онда 10 жылдың каторгалық жұмыс, өлім жазасы мен өмір бойғы каторгамен ауыстырылды. Бұл статья ең алдымен коммунистер мен партия қайраткерлеріне қолданды. 1928 жылы шілдеде құпия полициясы ұйымдастырылып, демократия және революциялық қозғалысты «қауіпті элементтерді» жою міндетін атқарумен шұғылданды.

1928 жылы бүкіл елді қамауға мыңдаған коммунистер алынды. Қазанда КПЯ-ның көрнекті қайраткер  жетекшісі Гойтиро Комуреоны түрмеге жапты. 15 жасынан бастап революциялық жұмысқа араласып, өндіріс орындарында партияның секцияларын ұйымдастырып, ең алғашқы «Нихон Когаку» деген партиялық газет шығарған. Түрмеде азапталып, 1940 жылдың 17 наурызында қайтыс болды. 1928 жылы қазанда КПЯ Орталық Комитетінің преседателі М.Ватанабені, партия тапсырмасы мен Қытайға кетіп бара жатқан жолында құпия полиция агенттері жолда азаптап өлтірді.

Жапон полициясына шектен тыс праволар берді. 1925 жылы 5наурызда парламент сессия кезінде жұмысшы-шаруа партиясының депутаты С.Ямамато өлтірілді. Партияның қатарында болмағанымен, ол шынайы коммунист болған еді.

Партия жаппай террорға қарамастан, негізгі кадрды сақтап қалып, талқандалған ұйымдарды қалпына келтіруге кірісті. Коммунистердің күшінің негізінде сәуір айында бүкіл елдің коммунистерімен байланыс жасап, «Секи» газетін қайта шығара бастады. 1928 жылы қазан айында партияның Орталық Комитеті қайта құрылып, оны Москвадағы Коминтерннің IV конгресінен оралған С.Итикава баскарды. Партия Қытайдағы Жапон агрессиясына қарсы кең үгіт жүргізді. 1928 жылы мамырда Жапония коммунистік партиясы мен Қытай коммунистік партисы бірлесіп, декларация шығарды. Онда Жапония империализімінің агрессиялық саясатын айыптап, Жапония пролетарлық революционерлерінің қуғындауына наразылық білдіріп, ортак жауы — Жапония империализіміне қарсы күресуге шақырды. КПЯ бұқара арасында жаппай үгіт жүргізу арқылы кәсіподақтар арасында үлкен жетістіктерге жетті. Таратылған Жапония кәсіподақ советінің орнына — бүкіл Жапондық правсоюз советін құрды. Жастар лигасының орнына Жастар Одағын құруға кірісті.

Окуо Ояма және т.б. көрнекті демократ қайраткерлер, жұмысшы шаруа партиясын қайта қалпына басқаша атпен құруға кірісті. 1928 жылы желтоқсанда жаңа партияның Құрылтай съезі ашылып, 3 күнінде үкімет партияны таратып жіберді. КПЯ-ның жұмысшы-шаруа одағын легальды түрде бірақ, партиялық емес ұйым түрінде құрып, шаруалар мен жұмысшылардың  бірігуіне  жол  ашып  берді.   1928 жылы   15 наурыздағы жаппай қамауға алудан кейін, 1929 жылы сәуірде полиция тағы да репрессия ұйымдастырып, компартия мен жұмысшы-қозғалысының революциялық қанатының қайраткерлерін қамауға алды. 16 сәуір күні мындаған коммунистер қамалып, КПЯ-ның Орталық Комитетінің бүкіл мүшелері мен партияның бас секретары С.Итикаваны да қамауға алды. Бұл репрессиялар партияның қатарына ауыр нұсқан келтірді. Бірақ, партия терең жасырын қызметке көшкен қайраткерлер сәуір репрессияларынан кейін 1929 жылы маусымда КПЯ-ның Орталық Бюросын құрды. Ол шілдеден бастап партияның баспа органы «Секки» газетін шығара бастады.

Құпия полицияның «1930 жылғы елдегі қоғамдық қозғалысының жағдайы» туралы баяндамасында КПЯ-ның қызметін былай суреттейді. Сева жылының үшінші бөлімінде (Сева-1928 ж.) КПЯ мен байланысты 500-ден аса адам ұсталды, ал төрт бөлігінде «Қоғамдық тәртіпті сақтау» заңын бұзушылардың саны 400-ден асты. Коммунистік қозғалыстар күннен-күнге өршуде, олар жасырын қызметке көшті. 1929 жылы партия жасырын және ашық формадағы күресті қосып, парламенттік сайлауларға дайындала бастады. 1929 жылдың аяғында бүкіл капиталистік дүниежүзінде терең экономикалық кризиске ұшырап, Жапонияға қатты соққы болып тиді. Экономикалық кризис әсіресе, өнеркәсіппен саудаға қатты әсерін тигізді.

1930 жылы Жапония экспорты 35 процентке түсіп кетті, импорт — 30 процентке түсті. 1931 жылы сыртқы саудадағы да 30 процентке төмендеп, товардың құны 60 процентке түсті. Жұмыссыздық 3 млн. адам қамтыды. Ауыл шаруашылық күйзелді. 1930 жылы күріш құны жартысынан көп төмендеді.

Үкімет бұл кризистен шығу жолын халық арқасына салмақшы болды. Әлеуметтік қайшылық елдегі бүкіл халықты көтеріліске итерді. 1929-1930 жж. еңбекшілердің бас көтеруі жиіледі. 1930 жылы забастовка саны 2289-ға жетіп, оған 191 мың адам қатысты. 1931 жылы 2456 забастовка болса, оған 154 мың жұмысшы қатысты. Кризистің ұлғаюы, забастовкалық күрестің көбеюі, елдің билеуші тобын сескендіріп, тағы да — репрессияға сүйенді. Бұл репрессиялар КПЯ-ның басқару ядросын түгелмен дерлік жойды.

КПЯ-ның репрессияның кесірінен көптеген коммунистердің қамауда болуы, бір жағынан демократиялық және жұмысшы-қозғалысын күшейтсе, екінші жағынан партияның ішінде «солшыл» оппартунистік ағымның туындауына жағдай жасады. Кәсіподақ орталық баспасы таратуға тырысты.

Бірақ, партия бұл демогогтарды тез арада жойды (олардың полициямен байланысын әшкерледі) КПЯ-ның қалған күштері тез арада «солшыл» оппартунистердің жіберген қателерін түзеуге кірісіп газетінде және Дзекенің органы «Родося симбунда» Танака тобының «солшыл» қызметін сынауға алды. 1930  жылдың жазында болған Профинтерннің Уесінде кәсіподақтар-дың экономикалык күресінің   саяси талаптарды байланыстыру қажеттігін көрсетіп, Жапония жұмысшы қозғалысындағы қате тенденцияларды түзеуге көмек берді [25; 26-28].

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, 1922 жылы 15 шілдеде жасырын түрде құрылған Жапония коммунистік партиясы өзінің қызметін алғашқы күннен бастап, Жапония қоғамының коммунистік және демократиялық қозғалысты басқаруда авангарттық саяси партия ретінде сол жылдардың Жапония империализімінің билеуші топтарының қатаң репрессия заңдарына қарамай көп қызмет жасады. 1922 жылдан бастап 1945 жылға дейін партия жасырын түрде өмір сүрді. Сол жылдардың қиын кезеңінде КПЯ үнемі Жапон агрессиясына қарсы милитаристік бағыттан елді демократияландыру үшін талмай күресті. КПЯ подполиядан шығысы мен жалпы еңбекші бұқараның демократиялық күресіне тікелей араласа бастады. 50 жылдардан бастап Америка окуппация үкіметі Жапония коммунистерін репрессияға ұшыратты. Партия стратегия және тактика мәселесіндегі көп жылдар бойы жіктелу және алауыздық кезеңнен өтті. КПЯ-ның қазіргі қолданып отырған бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша, партияның негізгі міндеті американдық империализмге қарсы және Жапония монаполистік капитализміне қарсы, елде антиимпериалистік демократиялық революция және оны ары қарай социалистік революцияға араластыру жолын көрсетті.

КПЯ-ның бағыты бейбіт революцияны дамыту, бірақ сонымен қатар, елде бір тұтас ұлттық-демократиялық майдан құру және парламент пен жергілікті басқару органдарында өз өкілдерін көбейтті. 70 жылдардан бастап, КПЯ саяси бағыты жағынан нақты мәселе қойды біртұтас прогрессивті күштердің майданын құру. Бұл Жапон-Американ әскери одағын жою үшін және Жапония елін бейтараптандыру жолымен дамытып, малиторизм және елді демократияландыру жолына түсу бағытын ұстады. 1970 жылы КПЯ ХП съезінде осы бағдарламамен КПЯ Окиява халықтық партиясы (НПО) бірікті. 1976 жылы кезектен тыс ХПІ съезінде «Бостандық және декларациясын қабылдады. XVI съезд 1977 жылы XV съезд 1980 жылы XVI съезд 1982 жылы КПЯ-ның съездерінде партия бұқара арасынан өз қатарын ұлғайту мәселесіндегі және еңбекші халықтың авангарттық партиясы болу проблемаларына тоқталды.  Оған  мыңдаған делегаттар  26 коммунистік партия және жұмысшы партиясымен КПС өкілдері де қатысты (Ғылым академиясының президенті П.И.Федосеев қатысты).

Съезді КПЯ-ның Орталық Комитетінің председателі Кендзи Миямото ашты. ХУП съезден кейінгі жетістіктерге тоқтала келіп, парламенттік сайлаудағы соңғы жылдардағы жетістіктерге тоқталды. КПЯ-ның халықаралық коммунистік қозғалысындағы проблемалары туралы кейбір социалистік елдердің пікірлерімен кездеспейтіндігін айтты. Жапония социалистік партиясының және оппазициялық саяси ұйымдарының саясатымен келіспейтіндігін айтып өтті. Миамота елдегі «Херосима және Нагасаке үндеуі» деген қозғалыстың жетістіктерімен таныстырды. Елдегі бұл қозғалысты бүкіл дүние жүзінің 150 мемлекеті қолдап отыр. Жапония коммунистері — ең алғашқы және ядролық қарудың сұмдық зардабын бірден-бір өздері тартып көргендіктен, Жапония коммунистері жер бетінен бұл қаруды жою үшін осы қозғалысты жан-жақты дамытуда. Қазіргі кезеңде Жапония қоғамында Жапон коммунистік партиясынан баска да саяси партиялар өмір сүруде. Буддо сектасының партиясы 183 мың мүшесі бар. Комето Орталық Комитетінің преседателі Е.Кокейри. Либерал демократиялық партиясы 1955 жылы 15.11 айда құрылған. Буржуазиялық партия, яғни либерал және демократиялық партиясының біріккені.

Партия демократиялық социалистік партиясы 1960 жылы құрылған. Жапония социалистік партиясы 1945 жылы құрылған 70 мың мүшесі бар. КПЯ-ның Орталық Комитетінің председателі Т.Дай бас секретары С.Ямагути. Жоғарғы органы жыл сайынғы съезд. Парламенттегі ірі оппозициялық партиялардың бірі. КПС пен байланысы бар.

Міне, осы саяси партиялар Жапония қоғамының саяси өмірінде КПЯ-мен қатар үлкен рольде орын алады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Васильев Л.С История  Востока  М.,2002 г., стр 45-69
  2. Григорянц. А Древняя страна меняет облик. Новое время., 1987. N5. с. 28.
  3. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 1-е. Учебник для вузов. М., 2000г., 30 стр
  4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 2-е. Учебник для вузов. М., 2001г., 432 стр
  5. Қазақ-Совет Энциклопедиясы. 8-том., А: 1976ж., 663-680 беттер
  6. Исламов А.И. Лекции по истории международных отношений. (Индия). Учебник. Шымкент, 170-189 стр
  7. История дипломатии./под.ред.Н. Кулогова/ Москва 2000., 56-58 стр
  8. Давыдов Н.М. История Ирана. Ленинград. 1980., с 45-56
  9. Дербеш Н.М. Иранская революция. Москва., 2001 г., с 58-60
  10. Лаумулин М. Большие планы. //Континент., 2005 г., 16-29 ноября., №22, с78
  11. Розалиев Ю.А. Новая и новейшая история стран  Азии и Африки. М., 1982 г., стр 25-36
  12. Дж. Греквилл. История ХХ века. Аквариум, 1999. -365 с.
  13. Никифоров В.Н Восток и Всемирная история.М.,1972г., стр 125-136
  14. Живутинков А.С.Как это было? /История Вьетнамского народа/. М., 1978 г., стр 15-23
  15. Будкевич С.Л. Из истории проникновения идей октября в Японию Октябрь и Япония. М.1968.
  16. Гамазков З.А. Из истории распространения марксизма-ленинизма в Японии М.1971., с 47-49
  17. ИвановаГ.Д Дело обаскарбления трано. М.1972., с 26
  18. Петров А.Н. Японскии пролетариат М.1927., с 37-39
  19. Коволенко И.И. Очеркии истории камунистческого движения в Японии М. Наука 1979., с -100-115
  20. Черных А.Г. Хруслов Г.В, Ленин Япония, Владивасток 1971 Сенатров А.И. Сэн Катаяма 1988., с 6

Мерзімді басылымдар:

а) газеттер:

  1. «Правда» 1918, 23 тамыз.
  2. «Акахата» 1925, қараша.
  3. «Правда» 1972 18 шілде.

в) журналдар:

  1. «Хикари» 1927, №4.
  2. «Тихии океан» 1934, №1.