ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕСИТЕТІ
Тарих факультеті
Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдардағы Италияның экономикалық дамуы
Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………
І ТАРАУ Италия экономикасының құрылымы……………………………….
1.1 Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құрулар……………………..
1.2 Италияның ауыл шаруашылығының дамуы………………………………
ІІ ТАРАУ Италия экономикасының «ғажайып даму» кезеңі
2.1 Италия экономикалық модернизациялауы…………………………………
2.2 Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі…………………..
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауында біздің мемлекеттің дамыған 50 мемлекет қатарына кіру бағыты ұсынылды. Еліміз өз дамуында, осындай батыл жоспарды қойып отырған кезеңде, алдымызда тұрған осындай биік белеске сүрінбей жету үшін тарихшылар өз үлесін қосып әлемдік елдердің дамуын қарастырып оның сабақтарын алып корсету қажет. Осындай мемлекенттің бірі Италия болып саналады. Италия дегенде көз алдымызға тек Бенитто Муссолини мен Ватикан, опера мен мафия ғана емес сонымен қоса әлемге танымал «Фиат», «Аджип» «Альфа Ромео» сияқты ірі концерндерді елестетеміз. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуында маңызда роль атқаратын мұнай газ секторындада осы аталмыш елдің ірі компанияларыда жұмыс істеп, ал Италия біздің еліміздің дамуына инвестиция құюшы елдердін алғашқы «ондықтың» құрамына кіреді. Мінекей осындай мемлекеттің уақыт пен заман қиындығына ұшырап биік асулардан өтіп, дамыған елдер қатарына кіру жолы мен оның сабақтары маңызды деп санаймын.
Қазіргі таңда Италия Еуропалық интеграцияның моторы болып саналатын мемлекеттердің бірі, әлемнің дамыған сегіз елі (G-8) қатарына кіреді. Италияның даму жолының өзі ерекше. Екінші дүние жүзілік соғыстан жеңілген мемлекет болып шыққан Италия небары 10-15 жыл ішінде даму деңгейі жоғарғы елдер қатарына кірді. Еуропа континентінде маңызды стратегиялық орын алып отырған ел, өзінде табиғи байлығы, шикізаты аз болғанына қарамастан өзінің даму жолын дұрыс таңдай білді. Экономикалық қиыншылықтарды ғана емес сонымен қоса саяси — әлеуметтік дағдарысты жеңе білді. Екінші дуние жүзілік соғыс қарсаңыңда итальян қоғамын реваншистік фашистік идеялармен уландырған нацистік тәрбие мен оның салдарының өзі үлкен қиыншылық туғызды. Соғыс қарсаңындағы қойылған жалған ұрандар мен мақсаттардан тойған, итальян социумы соғыстан кейінгі билікке келген антифашистік демократиялық күштердің ұсынған «либералды экономика» «ортақ Еуропа» ұрандарына үлкен сенімсіздікпен қарады. Егер халық өз болашағына сенбесе, ешбір экономикалық модель болсын, миллиондаған, миллиардтаған инвестицияларда құтқармайды. Міне осындай психологиялық шұңқырға түскен қоғамды, болашаққа деген үмітін оятып қана қоймай, көздеген мақсаттардың орындалуына сендіріп, оның нәтижесі мен жемісін көрсете білудің өзі де маңызды. Бұрынғы Кеңес Одағының социализм мен коммунизм идеясының дағдарысқа ұшырауы мен оның зардаптары мен психологиялық салдары «Қызыл империя» перефериясында болған дезинтеграциялық процесстермен экономикалық дағдарыстың басты себепкері болып саналады. Көптеген елдер коммунизм идеясын ұлтшылдық және діни идеялармен ауыстыруды жөн санап, азаматтық соғыс пен негізсіз тәкаппарлыққа алып келуіне кесірін тигізді. Америка Құрама Штатының әйгілі президенті Дуайт Эйзенхауердің «қоғамның жүрегінде ешқандай вакуум болмауы тиіс, осы вакуумды әрқашанда толтырып отыру қажет» дегеніндей Италия «экономикалық ғажайыбының» ірге тастарының бірі болып шынайы, утопиялық емес идеялардың фашизм идеясының орнын толық басуы деп санауға болады. Жоғарыда аталған «психологиялық шұңқырдың» бір адам баласына ғана мен бір қоғамға әсерін XX ғасырдың 50 жылдары батыс елдерінде қарастырып терең зерттегені анық.
Ешбір «зкономикалық ғажайыпты» бір адам қолдан жасай алмайды оны бүткіл қоғам жасайды. Итальян «экономикалық ғажайыбының атасы» Альчидо Де Гасперидің айтуы бойынша, мемлекет дамуының басты негізі бұл «дұрыс таңдалған жол, оған жетелей білетін дарынды елін сүйгіш басшы мен қоғамның сенімі және қолдауы». Егер осы айтылғанның ішінен бір компоненті жоқ немесе артта қалса, онда ол едің дамуы тоқтап дағдарысқа ұшырайды.
Итальян тарихынан тағы да неніні сабақ етуге болады? Еліміздің дамуы мен қоғамның дамуына кедергі болып отырған сыбайлас жем қорлық пен бюрократиялық жойылмайды деушілер аз емес. Менің оларға келтірер дәлелім өзім қарастырып отырған Италиядан келтіруге болады. Ғасырлар бойы «мафия жеңілмейді, ол мәңгі» деген сөз итальян қоғамында қалыптасқан ұлттық «дінге» айналған болатын. Алайда Де Гаспери кезеңінде осы аталмыш сөздің аксиома еместігіне көз жеткізді. Әрине мафиямен кұрес осы күнге дейін жалғасып жатқанымен, ол ұйымның бұрынғыдай мемлекет істеріне толық араласуы жойылды.
Казіргі таңда әлем елдерінің дамуыдағы «дамыған солтүстік пен арта қалған оңтүстік» арасындағы қайшылықтар Италияда осы күнге дейін өзекті болып келеді. Әрине қайшылықтар сақталуда, бірақ осыны шешу әлемдік тарихта алғашқы рет осы мәселені шешу Италияда басталды.
Аталмыш тақырыптың маңызды және оны қарастырудың қажеттілігі, оның тарихы мен сабақтары біздің еліміздің дамуы үшін маңызды деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Аталмыш тақырып әлемдік тарихта жақсы зерттелген. «Экономикалық ғажайып тек қана тарихи – экономикалық тақырып емес, сонымен қоса ғылымның басқа салаларында зерттеу объектісі. Герман экономикалық ғажайыбы тәрізді, итальян экономикалық ғажайып шетелдік немесе отандық тарих ғылымында терең зерттелген. Егерде шетелден соның ішінде басты еуропалық тарихнмада оны экономикалық дамудың бір бағытты ретінде қарастырылып оны басқа мемлекеттермен салыстырып отырса және зерттеудің нәтижелерін экономика саласында тығыз пайдаланып қаншама Америка Құрама Штаттары сияқты алпауыттың экономикалық саяси көмегінің әсерінен жүргендігін көрсетсе де Батыстық тарихнаманың бір ерекшелігі онда дамудың бір жолы деген баға береді. Қырғи қабақ соғысының кезеңіндегі экономикалық дамудан саяси астарын іздеу, оның көп ұзамай дағдарысқа ұшырататындығын болжау біздің отандық (советтік) тарихнамаға тән құбылыс.
Бұл тақырыпты зерттеудегі экономикалық астарын зерттеу болса оның әлеуметтік мәнін осы күнге дейін зерттеу жүріп жатыр. Егер батыстың тарихнамасында осы кезеңде маңызды роль атқарған орта немесе кіші Лукез, немесе интелегенция мен кәсіпкерлердің мәні деп көрсетсе, советтік тарихнамада жұмысшы немесе шаруаларды бір ауыз сөзбен пролетариаттың рөлі көп қарастырылады.
Шетелдік соның ішінде итальяндық тарихнамада кеңінен зерттелген. Сол итальяндық тарих ғылымының өкілі Альфредо Андреоттиді [1] атап өтуге болады. Ол өз еңбегінде итальян экономикасының дамуын негізінен соғыстан кейінгі халықтың үлкен еңбегімен байланыстырады, ол Америка Құрама Штатының рөлін жаза отырып американдық көмек тек қана қаржылай болды. Экономиканың конкуренция мен дамудың негізгі заңдылықтары бұзылмады деп жазады. Экономикалық дамудың басты негізі ретінде тарихи әлеуметтік және өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Италияның Жерорта теңізі бассейнніндегі №1 ел деген атақ беріп жазады.
Екінші итальяндық тарихшы, солшыл қозғалыстың жанашыры, антифашистік қозғалыстың өкілі Бериццо Манцокки [2]. Осы кезеңдегі итальяндық дамуының негізгі мәселелеріне тоқталып, оның қиындықтары мен шетелдік (АҚШ) экономикалық – қаржылық топтарының саясаты мен оның салдарын терең ашып көрсеткен. Альфредо Андреотти экономикалық дамудың тек қана жақсы жағын көрсетсе, Манцокки екі жақты қарастырады, алайда солшылдық пен антиамерикандық бағыт басымдылық білдіріп тұр. Сонымен қоса сол кезеңдегі Еуропалық интеграцияның алғашқы қарстырып ондағы Италияның рөлін қарастырып, болашағын болжайды. Екі иальян тарихшысын салыстыра отырып екуі екі саяси полюстың өкілі деп атасақ та, екеуін біріктіретін бір мәселе ең бірінші орынға лайықты деп қорытындылайды. Кеңестік тарихнамада бұл мәселемен Васильков Н.П. [3], Колосов Л.С [4], Покровский А.Н [5] және В.П Чураковты [6] атап өтуге болады.
Васильков Н.П өз еңбегінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының тенденциясын қарастырады, сонымен қоса экономикалық дамуын да жан – жақты қарастырады. Еңбегіміздің бірінші тарауында сыртқы фактордың ауыл шарушылығына әсерін қароастырады, екінші тарауында экономиканың басқа саласына тоқталады, ҒТР мен заман талабына жасалып отыр ма деген сауал қойылады. Жұмысымның үшінші тарауында экономикалық дамудағы мемлекеттік монополиялардың рөлі мен қарқынды жүріп жатқан экономикалық дамудың салдары қарастырылады. Төртінші тарауда Еуропалық экономикалық интеграцияларды Италияның орнына кейіннен тоқталады. Сонымен қоса халықаралық экономикалық қатынастардағы Италияның рөлі мен Маршалл жоспарының Италияға қатысты саясатын қатты сынға алады.
Колосов Л.С өзінің еңбегінде итальян экономикасының ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік салаларының дамуы мен сол кездегі жағдайын салыстыра отырып анализ жасайды. Сонымен қоса итальян Волютасының халықаралық немесе еуропалық рыноктағы айналымға түсуі мен банк сферасының дамуына тоқталып өзіндік баға беруде дәстүрлі маркстік – лениндік позициядан, скептикалық тұрғыдан сипаттайды. Монополиялардың оның ішінде американдық монополияның Италия экономикасына негативті әсері бар деген тұжырымға келеді. А.Н Покровский өз еңбегінде ҒТР – ның Италия өнеркәсібіне әсері және жаңадан құрылып жатқан Еуропалық рыноктың шеңберіндегі итальян рыногы мен мемлекеттің экономика іскеріне араласуы мықты болуы керек. Мемлекет халықаралық қатынастардың негізгі Акторы деген позицияны ұстанады. Сонымен қоса екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі итальян социумының дамуы қаншалықты тұрақты деген риторикалық сұрақ қояды.
Келесі автор екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық саладағы маңызды роль атқарған мемлекеттік монополиялық капитализмді зерттей келе оның Италиядағы ерекшелігіне терең тоқталады. Сонымен қоса Еуропалық қаржы рыногын сипаттай отырып оның пролетариатты қалаушы басты орган ретінде сипаттайды.
Американдық тарихшы Санжай Руперелия [7] (шыққан тегі үндіс) саяси экономиканы зерттеу барысында өзінің еңбегінде Италияның экономикалық дамуы қандай дәрежеде, Италияның маршалл жоспарына қатыспауы мүмкін де еді және оның қаншалықты тәуелсіз екендігін қарастырып Де Гаспери үкіметін сынға алып оған әділетті бағасын беріп, алайда оларды қажет монополиялармен күресу керек деген тұжырымға келді.
Италия социумының дамуын зерттеушілер ішінен Марко Феррараны [8] атап өтуге болады. Ол италияның саяси өміріндегі өзгерістерді жазады. Бұл тарихшының бір ерекшелігі зерттеудің хронологиялық шеңберін 1943/1958 жылдарды алады. Оны былай деп түсіндіреді Б Муссолини биліктен қуылған соң Италияда солшыл қозғалыстар біртіндеп күшйе бастады және оларды М Бардельдо үкіметі мойындады деп.
Срнымен қоса Ю.П Лисовскийді [9] атап өткен жөн. Ол өз еңбегінде Италияның фашизмнен және оның салдарымен қалай күрескенін және халықтың демократиялық кезеңге қалай өткенін және өміріндегі қиыншылықтар мен өткелдерді сипаттайды.
Итальян мемлекетінің саяси институттарының дамуы Муссолинидің, Бадельдоның фашистік режимдері тұсындағы саяси элитаның идеалдарының ауысуы мен мемлекеттің қуаттық дамуына сипаттама береді.
Келесі зерттеуші Зевелова Г.И [10] Италияның саяси — әлеуметтік дамуын қарастырады. Болып өткен саяси реформаларға Кеңестік идеологиядан бас тартып сипаттама берген тұңғыш тарихшы.
Италияның сол кезеңдегі саяси партияларының дамуы олардың ерекшеліктерін қарастыру маңызды орын алады, бұл жерде В.П Любинді [11] атап өткен дұрыс. Ол бұл жерде партияларының саяси эволюциясы, программалары, билік үшін күрес, саяси платформалары мен технологияларына сипаттама береді.
В.П Гайдун [12] Итальян Християндық Демократиялық партиясының құрылу тарихына, оның қоғамдық және саяси өмірі, фашизмге қарсы күресі мен саяси платформасы және технологиясын қарастырып, оны жалпы еуропалық саяси аренадағы ХДС/ХСС, және т.б. ұлттық, оңшыл күштермен салыстырады. Християндылық құндылық дегеніміз не және Италия Християн Демократиялық Партиясының ерекшелігі мен орны қандай деген сұраққа жауап берді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселемен терең айналысып жүрген зерттеуші жоқ. Алайда С.Ермантай, Г.К Көкебаева, С.М.Мәшімбаев сияқты зерттеушілерді атап өткен жөн.
Тақырыптың деректік негізі Зерттеу жұсымыздың деректік негізі көптеген Заңдар мен нормативті актілер.
- Соғыстан кейінгі Италия үкіметінің қаулысы мен парламентінің Заңдары жинағы [13] Халықаралық кешендер мен мемлекет аралық келісімдер [14]. Италияның Республикалық Конститутциясы [15]. Саяси партиялардың монифестерімен программалары оның ішінде социалистік [16] коммунистік және жұмысшы қозғалысының манифесттері мен халыққа жолдауы [17]. Итальян конститутциялық сотының үкімдері [18]
- Статистикалық мәліметтер. Иаталиядағы сайлау қорытындылары мен сайлау комиссиясының берген мәліметтері [19]. Экономикалық дамау диаграммалары мен таблицалық көрсеткіштер [19.20]. Тәуелсіз және үкіметтік емес ұйымдардың итальян қоғамының дамуына берген салыстырмалары [19.21].
- Саяси және соғыс қайраткерлерінің шығармалары, хаттары мен үндеулері сонымен қатар мемуарлары. Оған Альчидо Де Гаспери [22], П.Толятти [23], Християн Демократиялық Партиясының негізін қалаған Луидити Сурцоның еңбектері [24].
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысында алдыма қойған мақсатым:
- XX ғғ 50-60 жж Италияның экономикалық әлеуметтік дамуын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет
— Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құруларды қарастыру
— Италияның ауыл шаруашылығының дамуының ерекшелігін анықтау
— Италия экономикалық модернизациялауын қарастыру
— Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі көрсету
Диплом жұмысының тақырыбының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық жағынан XX ғасырдың 50-60жж аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының құрлымы Диплом жұмысы төмендегідей бөлімдерден құралған: кіріспе, екі тарау, қорынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі. Бірінші тарау екі параграфтан, екінші тарау екі параграфтан құралады. Бірінші тарауда Италия экономикасының салаларының екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жағдайы және алғашқы модернизациялық процесстер қарастырылады. Екінші тарауда Италия экономикасының «ғажайып даму» кезеңін карастырдым, сонымен Италия экономикалық дамуынындағы модернизациялық процесстер мен оның нәтижесін қарастырып экономикалық дамудың негізі ретінде болғанын жаздым. Италияның дамуындағы қайшылықтардың бірі бұл артта қалған онтүстік мәселесі, осы мяселе екінші тарауда орын алды.
І-ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құрулар
Бұл бөлімде менің көздеген негізгі мақсатым: Италия тарихында қазіргі экономикалық мықты елдің қалыптасуына әсер еткен басты факторлардың бірі өнеркәсіп салаласы болып табылады. Ал Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы негізгі жолдарының бірі өнеркәсіп салаласы болып табылатыны сөзсіз. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы жолдауы дәлелдейді. Дәл осы себепті Италия өнеркәсіп салаласының дамуы менің тарапымнан өте үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы себепті Италия өнеркәсіп салаласының дамуын деректер мен зерттеулер негізінде танып, біліп, оны Қазақстан ауыл шаруашылығымен салыстыру менің негізгі мақсатым болып табылады.
Италияда 1950 жылдың басында – ақ экономикалық даму белең алды. Мемлекеттің өндірістік кәсіпорындарының саны соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Сол жылдары кәсіпорындардың саны жыл сайын 10% өсіп отырды [25]. Бұған себеп капиталдың жаңаруы, жеке монополияларға мемлекет тарапынан көмектің болуы, шетелдік жеке капиталдың ағымы, жаңа ғылыми – техникалық кіріспесі, жоғарғы ішкі сұраныс еді. Жаңа өндірістің көмегімен еңбек өнімділігі артты. Солай бола тұра жұмыскерлердің еңбекақысы төменгі деңгейде қалып қойды. Италияның сыртқы сауда айналымы әр он жылдықта 3 есеге көбейіп отырды.
Италия индустриалды-аграрлы мемлекет. Оның экономикасы өнеркәсіп орындарының шоғырлануымен және капиталының орталықталықтануымен сипатталады. 1950 жылы 18 – 20 ақпан аралығында Рим қаласында ұлтаралық экономикалық (ВИКТ) конференциясы өтті. Бұл конференцияда экономикалық депрессиядан шығу жолдары қаралды. Сонымен қатар конференцияда электроэнергетикалық монополиялардың, жұмысшылардың сұраныстары қаралды. Әлеуметтік – экономикалық жоспар бойынша Италия алдында қиын, әрі ауқымды тапсырма болып, соғыстың салдарынан қиратылған халық шаруашылығын, қайтадан қалпына келтіру болды. 1953жылдан кейін Италия экономикасының дамуы көптеген ерекшеліктерге бөленді. Ең алдымен өдіріс орындарының даму темпін атап өткен жөн. 15 жыл ішінде өндіріс өнімдері 3 есе өсті. Орта жылдық өнімнің өсуі шамамен 8 — 9%-ға жетті. Осылайша, Италия өндіріс орындарының өсу қарқыны барлық капиталистік елдер , яғни Батыс Европа елдерінің арасында бірінші орынға, ал Жапониядан кейін екінші орынға ие болды. Италияда өндіріс орындарының дамуының тағы бір ерекшелігі , ол: дамудың жылдар сайын бір қалыпта болмауы. Яғни Италия экономикасының қарқындап дамуы немесе құлдырап кетуі заңды құбылыс сипатында болды. Бұл иатальяндық өндіріс өнімдерінің өсуін өткен жылдармен салыстырғанда ерекше айқын көрінеді. Шындығында, егер өндіріс өнімдері орташа есеппен 9%-ға өссе, 1958 жылы ол 4%-ға төмендеп кетті, содан кейін 1960 жылға таман күшті қарқынмен , яғни рекордтық дәрежемен 15%-ға көтерілді [23.26].
Мемлекетте жаңа өнеркәсіптің түрлері тез арада дамыды, яғни электроника, химия, мұнай, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі. Италия аграрлық – индустриалдықтан, индустриалды – аграрлы мемлекетке біртіндеп айналды. 1959 жылы Италияда өнеркәсіптік өзгерістер басталды.
Италия экономиасының циклдық төмендеу дағдарысы, шамамен айтқанда әр бір 5 – 6 жыл сайын қайталанып отырды. Ендігі кезекте, жекеше шаруашылық өндірістердің өсуіне көңіл аударайық. Мұнда лезде көз алдымызға жеке өндірістердің өнім өндіру дәрежесі 1953 жылдармен салыстырғанда үлкен айырмашылығының бар екендігі білінеді.
1950 жылы өнеркәсіп Италияның жалпы халық шаруашылық өнімінің 40%, ал ауыл шаруашылығы — 32% құрады.1952 жылы өнеркәсіптің үлесі 51% жетті, ауыл шаруашылығының үлесі небәрі 29,8% [24.27].
Италияның өнеркәсіп орындары 1929 – 1949 жылдар аралығында ерекше бір тұрақтылықпен бір қалыпты деңгейді сақтап тұрды. Бірақ та орталық статистика институтының мәліметтері бойынша өнеркәсіп орындарының нақты индексі 1949 жылы 1938 жылға қарағанда 6% — ға жоғары болды. Сонымен қатар, итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының статистикалық санағы бойынша, бұл көрсеткіш тек 86% құрады [23.28].
ИТАЛИЯ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖҰМЫС КҮШІНІҢ БӨЛІНУІ
Салалары |
1931 ж. |
1951 ж. |
||
млн. адам. |
% |
млн. адам. |
% |
|
Ауыл шаруашылығы |
9,4 |
51,4 |
8,3 |
42,3 |
Өнеркәсіп және көлік |
5,7 |
31,1 |
7,1 |
36,2 |
Сауда, банктер, сақтандыру |
1,4 |
7,7 |
1,9 |
9,7 |
Басқа да салалар |
1,8 |
9,8 |
2,3 |
11,8 |
Жалпы саны |
18,3 |
100,0 |
19,6 |
100,0 |
1 — кесте
Орталық статистика институтының мәліметтері бойынша соңғы жылдар аралығынды өнеркәсіп орындарының жалпы индексі өсу тенденциясына ие болды: 1953 жылы – 100, 1954 жылы – 109,1, 1955 жылы – 119,8, 1956 жылы – 127,8, 1957 жылы – 136,8, 1958 жылы – 142 және 1959 жылы – 155 [23.29]. Бірақ та бұл жалпы көрсеткіш, итальян өнеркәсібінің жағдайын көрсете алмайды. Италиядағы өнеркәсіптің дамуы уақытша, өтпелі сипатта еді, атап айтсақ, мықты экономикалық негізі болмады. Италия шаруашылықтарының әр түрлі салаларында жыл сайынғы адам санының өзгеріп, бірде кеміп, бірде ұлғайып өзгеріп отыруын мына кестеден көруге болады (1 – кесте).
Өнеркәсіптің өсуіне басты капиталистік елдердің сыртқы экономикалық экспанциясы әсер етті. Сонымен бірге, бұл кезде Италия бәсекелес елдер қатарына енген болатын.
Басты капиталдың жаңаруы маңызды рөл атқарды. Итальян өнеркәсібінде басты капиталды модернизациялау жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіптің металлургия, машина жасау және химия салаларында. Бұл құрал – жабдықтарды өндірудің көбеюіне әсер етті. Сонымен қатар, Италия жұмысшы күшін эксплуатация арқылы бірден көтеруі және еңбекшілердің өмір сүру деңгейін төмендету әсерінен өнеркәсіп орындарын дамытты.
Бірақ та Италия өнеркәсібінің дамуына әсер ететін дем беруші уақытша факторлар аяқталады. Мәселен, соның бірі жаппай басты капиталдың жаңаруы тек, 1952 – 1955 жылдар аралығында ғана әсер етті.
Итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының қаржы — экономикалық «24 орэ» газеті 1958 жылы 30 наурыздағы өнеркәсіптің жағдайына байланысты мақаласында «1957 жылдың қарашасынан бастап итальян өнеркәсіп өндірісінің индексі айтарлықтай дамуын көрсетеді», — деп жазады. 1958 жылы өнеркәсіп өнімі 1957 жылға қарағанда 2,7 %-ға өскенін көрсетеді [25.30].
Италияның кейбір өнеркәсіп салаларының бір деңгейде қалуы, біріншіден бәсекелестік болмағаннан кейін өнімдерінің күрт төмендеуі, мемлекеттің экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді.
«Мемлекеттің қатысуымен» ең негізгі өнеркәсіп болып табылатын металлургия өнеркәсібі кейбір зауыттарын жабуға мәжбүр болды, себебі олар зауыт техникасының ескіруі және оларды болашақта жөндеу керектігімен түсіндірді.
Итальян экономикасының қиыншылықтарын көптеген буржуазиялық газет – журналдар жазды. Қиыншылықтар тұрғын үй салудың қысқаруында, машина жасау өндірісінің қарқынының бәсеңдеуінде, тұтынушының жағдайының төмендігінде, орта және шағын кәсіпкерлікте капиталдың азаюынан, импорттық белгілі бір тауардың қысқаруынан, кейбір экспорттық тауар жағдайының тұрақсыздығынан көрінді. Сонымен қатар, осы кезде белгілі болған ақша бөлудің азаю тенденциясын айта кеткен жөн.
1957 жылдың аяғымен 1958 жылдың басында Италияға көмір, мақта, жүн, мыс, қорғасын және де станоктарды импорттау белгілі бір дәрежеде азайды. Бұл итальян кәсіпкерлері өнімнің қысқарғанынан, шикізат пен құрал – жабдықтарға сұраныстарын азайтқанын білдіреді.
«Жалпы нарық» күшіне енуіне байланысты АҚШ экономикасының құлдырауы және европа мемлекеттерінің экономика конъюнктурасының нашарлауы, сонымен қатар Италияда да болды. Бұл жағдай капиталистік итальян топтарының өкілдерін мазасыздандырды.
Италияның «Жалпы нарыққа» енуі итальян капиталистері бәсекелестікке ұмтылу үшін жұмысшылардың жалақысын қысқартады. Сөйтіп еңбекшілердің өмір сүруі қиындайды. Батыс Германия және басқа европалық елдердің дамыған өнеркәсібімен бәсекелестікке түсуі үшін құрал – жабдықтарын жөндеу және модернизациялау үлкен қаржыны талап етеді. Әрине, қаржысы жеткіліксіз жеке кәсіпкерлер қаржы мәселесін шешуде көп қиыншылықтармен кездескеннен кейін банкротқа ұшырауы мүмкін.
Алайда, Италияның басқарушы топтары «жалпы нарыққа» енуді дұрыс деп санайды, осының есебінен итальян монополиясының экспанциясын кеңейтуді көздейді.
Италияның экономикалық жағдайы тұрақсыз болып қала берді. Бұған елдегі жұмыссыздық өнеркәсіптің кейбір салаларының артта қалуы, ауыл шаруашылығындағы дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі дәлел бола алады.
Өндірістік экономикалық аудандар
Солтүстік аудандарда өнеркәсіптің шоғырлануы және оңтүстік пен аралдық аудандардың әлсіз индустриализациясы, мемлекеттің солтүстігі мен оңтүстігінде теңсіздікті тудырады. Олар өмір сүру деңгейінде, и в занятости население, мемлекеттік ұлттық табыстың теңсіздігінде көрінеді. «Европалық одақтың экономикалық жағдайы есебінің» мәліметтері бойынша, 1957 жылы Италия халқының 38% тұратын оңтүстік аудандарында ұлттық табыстың 21% ғана алды, бөлінген ақшаның тек 26% ғана, ал өнеркәсіпке бөлінген ақшаның 15 — 16% ғана іске асты [25.31].
Жер иеленудің артта қалған феодалдық сарқыншақтарымен сипатталатын Италияның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы, солтүстік және орталық Италияға қарағанда артта қалған.
Солтүстік Италия дамыған индустриалды – аграрлы аудан болып табылады. Оның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылық пен өнеркәсіптің дамуына қолайла жағдай туғызады. Бұл жерде мемлекеттің потенциялды гидроэнергетикалық ресурстарының ¾ бөлігі шоғырланған. Альпілік өзендер өнеркәсіптің дамуындағы арзан электр энергиясының көзі. Құнарлы топырақ, жауын–шашынның мол түсуі индустриялды орталықтары мен сауда байланыстарының жақындығы, суғару жүйесінің ерте кезден дамуы интенсивті капиталистік ауыл шаруашылығының дамуына әсер етті.
Бұл жерде мемлекет өнеркәсібнің және ауыл шаруашылық өндірісінің көп бөлігі шоғырланған. 1951 жылдың қараша айындағы көрсеткіштер бойынша Италиядағы 1,6 млн. шағын және ірі кәсіпорындарының,қолөнер шеберханаларының,сауда және қаржы мекемелері және 6,52 млн.адам жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың 805 мыңнан астам кәсіпорындар мен мекемелер және қоғамдық ұйымдардың 50 %, 4,06 млн. жұмысшылар мен қызметкерлердің 62% Солтүстік Италияның үлесіне тиеді. Бұл жерде Милан – Турин — Генуя үшбұрышында мемлекеттің ауыр өнеркәсібінің негізгі бөлігі шоғырланған [26.32].
Миланда Италияның 500-ге жуық өнеркәсіп басқармалары және кредиттік компаниялар мен банктер шоғырланған,мемлекеттің ірі биржасы орналасқан,сонымен қатар табиғи және жасанды жібекті сату жөніндегі халықаралық биржада осы жерде. Дәл осы қалада итальян өнеркәсібінің Конфедерация басқармасының штаб-пәтері орналасқан.
Милан – мемлекеттің ең ірі өндіріс орталығы Болат, вагондар, паравоздар,
автомашиналар,тракторлар,электромоторлар,динамомашиналар,әртүрлі химиялық өнімдер және бірқатар басқа да өнімдер «Монтекатини», «Пирелли», «Бреда», «Изотта Фраскини» және «Альфа Ромео» деген миландық монополиялық қоғамының зауыттарында өндіріледі.
Миланның айналасында басқа да өнеркәсіп қалалары орналасқан, олардың бәрі бірге Милан өнеркәсіп ауданын құрайды. Брешия және Бергамо қалалары электрометаллургия мен машина жасаудың ірі орталықтары болып табылады. Комо қаласы жібек тоқу өнеркәсібімен әйгілі. Жібек тоқумен бұл жерде жұмысшылардың көп бөлігі жұмыс істейді. Баспа машиналары мен радиоаппараттарды жасап шығаратын заводтар Комо қалысы және оның маңындағы жерлерде орналасқан.
Милан қаласының өндіріс аудандарына тағыда Сесто Сан Джованни, Лекко және Леньоне қалалары кіреді. Сонымен қатар мұнда металлургия заводы, ауыр және орташа машина жасау орындары бар.
Туриндік өндіріс ауданында Италияның ең ірі машина жасау заводы «ФИАТ» концерні орналасқан. Ол автомобиль, самолёт, қару – жарақ, трактор, сапалы болат өндіреді. Сонымен бірге Туринде басқа да итальян монополиясының мекемелері орналасқан: «Пирелли» (автопокрышка және электр кабелдері жасалады), «РИВ» (подшипник), «Монтекатини» (химиялық зауыт).
Осы ауданда бірнеше өндіріс қалалары орналасқан, соның бірі Бьелла. Бұл жерде елдің ірі жүн түту және жүн тоқу фабрикалары жұмыс істейді. Алессандрия қаласы өзінің алюминий мен қалайының алғашқы өңдеу кәсіпорынымен белгілі. Новара қаласы орта машина жасау және приборостроение орталығы болып табылады.
Генуя мемлекеттің ең ірі портты қаласы. Ломбардия және Пъемонтаның «теңіз қақпасы» деп аталуы тегін емес. Генуя порты арқылы Италияға шикізаттың көп бөлігі кіреді (көмір, мұнай, және т.б.). Итльян порттарының ішіндегі Генуя порты шетелдерден тауар мен жолаушының көп бөлігін қабылдайды.
Қаланың кәсіпорындары мен оған тиісті өндіріс аудандары негізінен сырттан әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді. Генуямен және оның 70-тей қала маңындағы елді мекендерде (Сестри – Поненте, Ривароло, Корнильяно, Вольтри және т.б.) металлургия заводттары судоверфи, паровоз жасау және ұшақ жасау кәсіпорындары орналасқан. Ауыр өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіпорындары жұмыс істейді. Генуялық өнеркәсіп ауданына Савона порты да кіреді, негізінен көмір және мұнай кіргізумен маманданған. Қалада металлургия және машина жасау кәсіпорындары орналасқан [27.33].
Эмилия – Романья, Венето, Трентино, Альто – Адидже, Фриули – Венеция, Джулия облыстары — аграрлы өнеркәсіпті аудандар болып табылады. Бірқатар тарихи және әлеуметтік жағдайлар олардың экономикалық дамуының бәсеңдеуін туғызды.
Энергетикалық және шикізат ресурстарының бұл облыстарда маңызы зор. Адидже, Пьяве, Брента, Тальяменто өзендері үлкен гидроэнергия қорын құрайды. Әртүрлі қазба байлықтарының (боксит, мырыш, қорғасын, пирит, қоңыр көмір, мәрмәр, табиғи газ және т. б.) қорлары бар. Солтүстік шығыс аудандары Орталық және Шығыс Европадан Жерорта теңізінің маңызды сауда байланыстарының өтетін аймақтарында орналасқан. Географиялық жағдайы, электроэнергияның арзандығы және түсті металл қорлары Венеция өндіріс ауданына әсерін тигізді.
По өзені дельтасында жанармай, Больцано руднигінде қорғасын – мырыш, Гарда көлінде мәрмәр, Беллунода пирит өндіріледі. Сурьма, магний, минералды тыңайтқыштар, қышқылдар, синтетикалық азот өндіретін химиялық заводттар және алюминий, мырыш, қорғасын, металдық магний балқыту кәсіпорындары арзан энергия көзімен жергілікті шикізат қоры негізінде жұмыс істейді. Монфальконеде Адриад теңізі ең ірі верфтері орналасқан. Болонья қаласында тамақ өнеркәсібінің маңызды кәсіпорындары, көліктік машина жасау, станок жасау химиялық заводттар бар.
Солтүстік – шығыс Италияның маңызды орталығы – Венеция. Бұл қала ежелден әйнектен жасалған зергерлік бұйымдарымен сондай-ақ, қолөнер бұйымдарымен әйгілі. Түсті металдың, мұнай өңдеудің, химия өнеркәсібінің ірі-ірі кәсіпорындары, кеме жасау Венецияның маңындағы Маргереде орналасқан. Венеция сауда және әскери порт, темір жол және әуе жолдың ірі орталығы болып табылады. Әлемге әйгілі архитектуралық ескерткіштер, музыка және кинофестивальдердің өтуі көптеген туристердің назарын аударады.
Орталық Италия ауданына Тоскано, Марке, Умбрия және Лацио облыстары кіреді. Орталық Италияның табиғат жағдайлары солтүстікке қарағанда қолайсыз келеді. Ауданның көп бөлігін таулар алып жатыр, сондықтан жерді игеру көп еңбек пен қаржыны қажет етеді.
Мемлекеттің тек 10-12% суэлектр ресурстары Орталық Италия үлесіне тиеді. Аппенин өзендерінің су жүйесі, Альпі өзендеріне қарағанда электр энергиясын және суғару жүйесін қолдану қиынға түседі. Бұл жерде мемлекеттегі электр энергиясын өндірудің 18%-н ғана құрайды.
Орталық Италияның өнеркәсібі нашар дамыған. Ірі өнеркәсіп орталықтары негізінен шикізат көзі болып табылатын Тосканода шоғырланған. Эльба аралында мемлекеттің темір рудасын өңдеудің ірі орталығы бар. Гросето провинциясында сынап өндіреді, Монтекатиниде мыс өңделеді.
Портоферрайо, Пьомбино, Ливарно, Сан – Джованниде үлкен металлургия заводтары бар. Сальто Вилино өзенінің суэлектр станциясының негізінде қару-жарақ өндіретін — Терни дамыған. Ұсақ машина жасау кәсіпорындары Орталық Италия қалаларында шашыраңқы орналасқан (Флоренция, Рим т.б.).
Осы ауданның экономикасының маңызды бөлігі болып текстиль, керамика және әйнек кәсіпорындары табылады. Жүн түту және жүн тоқу кәсіпорындары Флоренция, Лукке, Прато, Терамо және тағы басқа қалаларында орналасқан. Жүн және мақта – мата кәсіпорындарының мекемелері Прато, Терамо, Лукка, Пиза және Ливорно қалаларында орналасқан.
Мемлекеттің әкімшілік және саяси орталығы 1840 мың халқы бар Рим қаласы. Римде парламент, үкімет итальян саяси партияларының басшылары орналасқан. Оның өндіріс және сауда маңызы төмен, Милан, Турин, Генуя және басқада Италияның экономикалық орталықтарына жол береді. Халықтың көп бөлігі сауда, туристерге қызмет көрсету, мемлекеттік мекемелерде, банктерде, компания басқарумен және сауда мекемелерінде жұмыс істеумен айналысады. Римде рим папаларының резиденциясы — «қала мемлекет» Ватикан орналасқан.
Оңтүстік Италия ауданы Солтүстік және Орталық Италияға қарағанда халқының тығыздығы өнеркәсіптің нашар дамығандығы және трасса мен темір жолдың аздығымен сипатталады.
Халықтың көп бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады (Калабри 67,3%, Абруцци 74,3% және т.т). Дәнді дақылдардан басқа жүзім өсіру, сонымен қатар май алатын өсімдіктер, жемістер (цитрусты, миндаль және жеміс – жидек ағаштары) кең таралған. Мал шаруашылығы аудан экономикасының маңызды бөлігіне жатпайды.
Негізгі өнеркәсіп және сауда орталықтары – Неаполь, Бари, Таранто, Кротоне, Салерно. Неапольде металлургия, машина жасау, электромеханикалық, әскери заводтар, судоверфтер, текстильді фабрикалар орналасқан [25.34]. Бұл Оңтүстік Италияның маңызды порты, мемлекеттің аралды және Оңтүстік аудандарының мәдени орталығы болып табылады. Бариде судоверфтер мен импорттық мұнайды өңдейтін заводтар, ал Тарантода әскери арсенал, судоверфтар, машина жасау және химия заводтары, Кротонеде азотты және мырыш балқыту заводы, ал Салернода судовеф пен текстиль фабрикасы бар.
Аралды Италияның өнеркәсібі нашар дамыған. Жеміс және балық өңдеу заводы, май өңдеу заводы (Палермо), эссенция өндіру заводы (Мессина), мақта – мата кәсіпорындары (Катания) орналасқан. Палермо, Мессина, Сиракуза және Кальяи портты қалаларында шағын кеме жасау зауыттары жұмыс істейді.
Сицилия бұрыннан табиғи сераның көзі болып табылады (Этна аудан). 1953 – 1954 жылдары Сицилияның оңтүстік бөлігінде мұнайдың қоры табылған.
Сардинияда миниралды байлықтар өндіру Италия экономикасында маңызды рөл атқарады. Қорғасын өндірудің 75%-ы Сардинияның үлесіне тиеді. Қорғасын, мырыш рудалары Италия экспортының маңызды бір бөлігі. Иглезиака ауданында темір және мыс рудалары өндіріледі. Карбония таскөмір бассейнінің орталығы болып табылады. Сонымен қатар ол жерде құрамында көп мысы бар пирит өндіріледі.
Оңтүстік пен Аралды Италия — итальян монополистерінің және ірі жер иеленушілердің шикізат колониясына айналған.
Соңғы жылдары мұнай өндірудің өсуі мұнай өңдеуші және химия өнеркәсібінің дамуына негіз болды. Машина жасау өндірісі нашар дамыған. Ірі өндіріс кәсіпорындары тек Неапольда ғана. Металлургия өнеркәсібі Неаполь ауданында орналасқан бірнеше зауыттармен белгілі. Оның ішінде ірілері: Баньолидегі металлургия зауыты («Ильва» компаниясы), Торе Аннунциата зауыты («Дальмине» компаниясы), «Каньтиери металлуржичи итальяни» («Фальк» компаниясы), т.б.
Басқа салалардың ішіндегі дамыған сала болып, азық – түлік және құрылыс материалдар саласы болып табылады. Оларда халықтың 40%-ке жуығы жұмыс істейді. Азық – түлік өнеркәсібінде макарон жасау және консервіленген жеміс – жидектер мен көкөністер, зәйтүн майы мен шарап, қой ірімшігі өндірісі маңызды орынға ие.
Құрылыс материалдар өнеркәсібінде тұрғын үй салумен қатар, мәрмәр өңдеу (Фоджа, Бари), жол салу, цемент пен кірпіш маңызды орын алады [28.35].
Тігін және текстиль өнеркәсібі (негізінен мақта – мата) Кампанья провинциясында жақсы дамыған. Ағаш өңдеу Сицилияда (жиһаз жасау, және т.б.) кең таралған.
Энергетикалық ресурстар. Италия шаруашылығының ерекшелігі электроэнергия алуда мұнай өнімдерін және метанды жағу нәтижесінде алынған энергия басым болып келеді. 1955 жылы энергия балансының су электр энергиясы — 48,9%, мұнай өнімдері — 7,3%, көмір — 17%, метан — 13,4% және отын – 3,4% болды [4.36].
Көмір ресурстарына кедейлігі, әсіресе жоғарғы калориялы коксты көмірге мардымсыздығы итальян экономикасының дамуының басты қиыншылығы болып табылады. Көмір өнеркәсібі дағдарыс жағдайында тұр. Жалпы көмір өндіру 1956 жылы 1,5 млн. тоннаны құрайды. Осы жылы 10,7 млн. т. импортталды. Мемлекеттің көмір қажеттігінің 90% импорттың үлесіне тиеді. 1957 жылы көмір өндіру шамамен 1,3 млн. тоннаға азайып, ал 1959 жылға қарай бар болғаны 1,9 млн. тоннаны құрады [19.37] оны төмендегі кестеден көруге болады (2 – кесте).
Көмір импортымен елдегі көмір өңдеу
(мың т.)
Жылдар |
Өнім |
Импорт |
1956 |
1 023 |
11 212 |
1957 |
968 |
12 229 |
1958 |
680 |
9 456 |
1959 |
665 |
8 338 |
2 — кесте
Көмір шахталарындағы жұмысшылар саны 1957 жылмен 1958 жылдар аралығында 38% қысқарды.
Элетр энергиясын өндіру Италия халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. 1954 жылы Италияда электр энергиясы 35,6 млрд. кВт сағ, 1955 — жылы 38,1 млрд., 1956 жылы — 40,6 млрд., 1957 жылы – 42,7 млрд., 1958 жылы – 45,49 млрд. Және 1959 жылы – 48,8 млрд. кВт – сағ. өндірілді. Жалпы 1959 жылдың басында мемлекеттің электр станциясының қуаты 13,5 млн. кВт болды, соның ішінде су электр станциясының үлесі 10,4 млн. кВт болды [19.38].
Жан басына шаққандағы электр энергияны тұтыну өскеніменде (1957 жылы – 728 кВт. сағ, ал 1958 жылы 750 кВт. сағ) басқа капиталистік мемлекеттер қатарынан қалып отырды. Өндірілген электр энергияның 70% жуығы өнеркәсіпте, 10% — көлік және ауыл шаруашылығында қалған 20% тұрмыстық қажеттіліктерді қолданылған.
Италия атом энергиясын қолдануда басқа дамыған мемлекеттерден қалып қойды. Солтүстік Италияда «Сочиета электро – нуклеаре итальяна» («СЕЛНИ») фирмасы «Вестингауз» американ фирмасының көмегімен жаңадан 165 мың кВт қуаты бар атом станциясын салды.
Италияның мұнай өнеркәсібі жоғары дамыған, итальян экономикасының техникалық саласының алдыңғы қатарында.
Италияда мұнайды барлау енді ғана белең алып келеді, бірақ ол жылдан жылға өсуде. Мұнайды барлаудың өсуі Сицилияның үлесіне тиеді.
Мұнай өңдеу өнеркәсібі шетелден, соның ішінде Кувейт, Сауд Аравиясы, Ирак және басқада мемлекеттерден әкелінетін шикізат қорына тәуелді. Жалпы 1958 жылы Италияға 22,7 млн.тонна мұнай әкелінген. Ал 1959 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% өскен, яғни 25 млн. тонна.
1958 жылы Кеңес Одағынан Италияға 1026 мың тонна мұнай әкелінді, бұл жалпы Италияға әкелінген мұнайдың 4,33% құрады, ал 1959 жылы 2360 мың т. (7,84% ) жетті [29.39]. Оны келесі кестеден көруімізге болады (3 – кесте).
Мұнай өндіру
(мың т.)
1954 ж. |
1955 ж. |
1956 ж. |
1957 ж. |
1958 ж. |
1959 ж. |
72 |
204 |
569 |
1262 |
1534 |
1695 |
3 — кесте
Италияда табиғи газды алудың дамуы По өзенінің аңғарында табылған метан басымдылық көрсетеді. Метанның қоры 90 – 100 млрд.куб.м.
Газ алуда монополиялық орында мемлекеттік «ЭНИ» мұнай – метан одағы тұр.
Металлургия. Италияда қара металлургияның шикізат қоры болмағаннан кейін, итальян металлургиялық фирмалары Европа, Азия және Оңтүстік Америка елдерінен темір рудасы мен көмірді әкеледі.
1952 – 1957 жылдар аралығында итальян металлургия өнеркәсібі салыстырмалы түрде жоғары қарқынмен өсті. 1958 жылы басқа жылдарға қарағанда шойын, болат, прокат өндірісі біршама қысқарды. Айта кететін жайт, Италия шойынды көп пайдаланғанына қарамастан аз өндіреді. Яғни шойын импортпен сырттан әкелінеді (Европа, Азия және Оңтүстік Америка елдерінен).
Италиядағы қара металдың өндірісі
(мың тонна)
Жылдар |
шойын |
болат |
Прокат |
1954 |
1256 |
4207 |
3126 |
1955 |
1625 |
5395 |
3999 |
1956 |
1873 |
5908 |
4415 |
1957 |
2072 |
6787 |
5014 |
1958 |
2060 |
6271 |
4635 |
1959 |
2098 |
6760 |
5082 |
4-кесте
Қара металлургияда шешуші рөлді «ИРИ» бақылауындағы «мемлекеттің қатысуымен» қоғамдарына тиісті. Ірі металлургиялық қоғамдары болып «Ильва», «Корнильяно», «Дальмине», «Терни», «Фальк» және т.б. табылады. Бұл фирмалар Италия қара металлургиясының 85% шығарады [23.40]. 1957 жылы қара металдың айтарлықтай өсуі, итальян кәсіпорындарының арасында болашақта экономиканың нашарлап кетуі мүмкін деген ой мазалап отыр.
1958 жылдары металлургиялық өндірістердің шамамен орташа саны 78% жетті, ал алғашқы жылдары, яғни ол 1959 жылы бар болғаны 70% құраған еді (4-кесте). Өндірістердің қысқаруы, құлауы машина жасау және құрылыс орындарында осы металлдарды тұтынуда үлкен сұранысқа ие болды. Сондай – ақ бұндай металлдарды, яғни қара металлдарды басқа шет елдерден алып келінуінің қысқартылуының әсері зор болды. Өндіріс орындарының қысқартылуы, сондай – ақ қара металды басқа елдерден, яғни Европалық қауымдастықтан әкелуінің тоқтатылуы 1957жылы «жалпы нарық» келісімі бойынша қызмет етудің бастауна байланысты итальян өнеркәсіптік орындарында тынышсыздық байқалды. 1958 жылы металлургия өнеркәсібі 78 пайызға жүктелсе, 1959 жылдың алғашқы айларында 70 пайызға төмендеді. Көрсеткіштің бұлай төмендеуі құрылыс пен машина жасау сияқты сұраныс иелерінің қара металлға қажеттіліктерінің төмендеуінен болды. ЕКҚҰ – да Италияға қара металл алып келуге рұқсаттың сақталуы да осыған әсер етті.
Түсті металлургияның дамуы нашарырақ болды. Түсті металды қорытудың өсуі Италияда айтарлықтай маңызды болмады. Бұны келесі кестеден көруге болады (5-кесте).
Түсті металл өндірісі
(мың тонна)
өнімнің түрлері |
Жылдар |
||||
1955 |
1956 |
1957 |
1958 |
1959 |
|
алюминий |
61,7 |
63,7 |
66,2 |
64,0 |
75,0 |
Сынап |
1,8 |
2,1 |
2,2 |
2,0 |
1,6 |
Қорғасын |
42,5 |
40,7 |
39,6 |
48,0 |
45,0 |
мырыш |
68,2 |
72,4 |
74,5 |
71,3 |
73,9 |
5 — кесте
Химия өнеркәсібі Италияның экономикасының басты саласының бірі. Өнімнің көлемі және техникалық деңгейі жағынан әсіресе, азот, жасанды талшық, лак, органикалық бояғыштар, сода, тыңайтқыштар өндіру ерекшеленеді. Химия өнеркәсібі түгелімен өзінің шикізатымен қамтамасыз ете алады. Италия дәрі – дәрмектер, органикалық бояғыштар, химиялық тыңайтқыштарды экспортқа шығарады. 1958 – 1959 жылдар аралығында химия өнеркәсібінде бірқатар жаңа зауыттар іске қосылды. Мысалы «Эдисон» фирмасы Мантуеде жаңа мұнай — химия зауытын іске қосты, сонымен қатар синтетикалық аммияк, сілті қышқылы зауыттары Венеция мен Триоледе іске қосылды. «Нулли» фирмасы Миланда сілті қышқылын өңдеу зауытын салды.
Итальян пластмасса өндірісінде айтарлықтай сапалы қозғалыстар байқалуда. «Монтекатини» фирмасының зауытында пластмассаның жаңа түрі «моплен» (полипропилен) шығарылды.
«СНИА – Вискоза» фирмасының заводтары жаңа синтетикалық түрлерін, яғни ол – «лилион» және «рилсан» өнімдерін өндіруді игере алды, және соны меңгерді. Осы материалдар арқылы бұл база материалдың жаңа түрін шығарды. Ол «папертекс» деп аталатын еркше қасиеті бар және ерекше құнды сонай-ақ мықты қағаз түрі еді. (ол су болмайтын, яғни суды өз бойына сіңірмейді, өте жоғарғы дәрежеде мықты, сонымен қатар отқа тез жанбайтын төзімділігімен ерекшеленеді.). Химия өнімдерінің өсуінің бірде жоғарылап, бірде төмендеп кетуін мына кестеден көруімзге болады (6-кесте)
Химия өнімдерінің өндірісі
(мың тонна)
Өнім түрлері |
Жылдар |
|||
1955 |
1956 |
1957 |
1958 |
|
Күкірт қышқылы |
3108 |
3273 |
3301 |
3250 |
Азот қышқылы |
859 |
853 |
825 |
— |
Тұз қышқылы |
118 |
131 |
143 |
— |
Синтетикалық нашатыр спирті |
423 |
483 |
487 |
609 |
Сода |
249 |
266 |
296 |
274 |
Кальций карбиті |
278 |
260 |
248 |
— |
минеральді суперфосфат |
1975 |
1897 |
1852 |
1749 |
6 — кесте
Резина өндірісінде импорттық шикізат негізінде 35 мың адам жұмыс істейді. «Пирелли» концерні мемлекеттегі 13 ірі кәсіпорындарын иеленеді. Резина өнімдерінің 65%,кабель және электр кабелдерін өндіруде 80% осы фирманың бақылауында.
Машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында итальян өнеркәсібінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың 20% жұмыс атқарады. Басқа өнеркәсіп салалары ішінде машина жасау көбірек ақша бөліну жағынан 3-ші орынды,ал өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығарудан 2-ші орынды иеленеді.Саланың дамушы жағы автомобиль және кеме жасау болып табылады.Итальяндық машина жасау бірқатар бар,солардың ішінде ірі монополиялық «ФИАТ» концерні.
1958 жылы Италияда жалпы автомобиль өндірісі 393 мың дана болды, оның ішінде 369 мыңы жеңіл автомобиль, ал 1959 жылы 501 мың дананың 471 мыңы жеңіл автомобиль болды. Бұл жеңіл автомобиль өндірісінің өте жақсы дамығынын көрсетеді [30.42].
АҚШ-тың дағдарыс жылдарын пайдаланып, Италия фирмаларымен басқа да европалық мемлекеттер өздерінің машина шығаруын көбейтті.
1957 жылы «ФИАТ» фирмасы ішкі саудада машина сатуды көбейту мақсатымен ФИАТ – 500 маркілі автомашинасын шығарды. Оның бағасы ФИАТ – 600 машинасының бағасынан 20% төмен болатын. Бұл машинаны шығару үшін фирма жаңа «Мирафиори Зюд» автомобиль зауытын салды. Осы зауыттың салынуымен «ФИАТ» зауытының жеңіл машина шығару қуаты күніне 1000 – 1100-ден 1500 данаға дейін артты [4.43]. Сондай – ақ Италияда машинаның басқа да түлерін шығару кең көлемде жүрді. Оны төмендегі кестеден көруімізге болады (7-кесте).
Машина жасау өнеркәсіптерінің өнімнің басқа түрлерін шығаруы
Өнімнің түрі |
Жылдар |
||
1957ж. |
1958ж. |
1959ж. |
|
Тігін машиналары |
451 025 |
441 825 |
472 036 |
Баспа машиналар |
356 768 |
396 880 |
417 883 |
Есеп машиналары |
193 264 |
230 689 |
261 972 |
Велосипедтер |
289 809 |
352 916 |
392 887 |
Мотоциклден |
464 242 |
488 645 |
531 670 |
Тракторлар |
28 010 |
25 577 |
28 264 |
Прицептер |
4 301 |
3 183 |
3 873 |
Электротасымалдаушылар |
85 |
112 |
127 |
7 — кесте
Кеме жасау өнеркәсібінде Италияның көптеген фирмаларына тиісті 400-ден астам ірі және ұсақ верфтері бар. Бірақта басты рөлді барлық кеме жасауды шоғырландырған 4-5 компания атқарады. Үкімет «ИРИ» арқылы мемлекеттің 75% кеме жасау кәсіпорындарын бақылайды. Италияның ірі кеме жасау фирмалары «Ансальдо», «Кантьери риунити делль адриатика», «ЧРДА», «Новальмекканика» және т.б. болып табылады. 1954 жылға дейін өндіру қуаты тек 20-30% дейін қолданылатын. Бұл ірі монополиялар кеме жасау ісінде жекеші орында болып, экономиканың дамуына ықпал етті.
Электро энергетикалық машина жасау елдің экономикасында басты рөл атқарады. Ірі зауыттар Милан және басқада қалаларда орналасқан. Бұл салада 90 мың адам жұмыс істейді.
Станок жасау өнеркәсібінде он мың адам жұмыс істейтін 280 кәсіпорын бар. 1950 жылдардың аяғында бұл сала өзінің өнімін ұлғайтты. Сонымен қатар станок жасау итальян эканомикасының барлық станок түрлерімен қамтамасыз етеді, олардың көп бөлігі шетелге шығарылады. 1957 жылы 23,4 мың тонна станок импортталды және 14,1 мың тонна экспортталды.
260 мың кәсіпорында 12 мың адам жұмыс істегенімен ауыл шаруашылық машиналарын жасау Италияның халық шаруашылығын қамтамасыз ете алмайды. Бұған мына факт мысал бола алады, 1957 жылы ауыл шаруашылық машиналарының 50 млрд. лирға импортталып, 1,4 млрд. лирға экспортталған.
Текстиль өнеркәсібінде Италия шетелдік шикізатқа тәуелді. Мақта – мата өнеркәсібі айтарлықтай дамыған. 115 мың тоқыма станоктары бар. 1958 жылы 157 мың тонна мақта-мата өндірілген. Жүн өнеркәсібінде 25 мың тоқыма станоктары жұмыс істейді. Жібек өнеркәсібі жасанды талшыққа қарағанда техникалық жағынан және өнімінің бәсекелестік талабы жоқтығынан артта қалған.
Италияда жасанды талшық өндіру жақсы дамыған. 1958 жылы 156 мың тонна жасанды және синтетикалық талшық өндірілген, ал 1959 жылы – 182 мың тоннаға жеткен.
Текстиль өнеркәсібін экспортқа шығаруда Италия алдыңғы орындарды иеленеді. 1957 жылы итальян экспортының 220 млрд. лирасын, яғни 14% иеленді [28.44].
Тамақ өнеркәсібі ұсақ өнеркәсіптің санының көптігі және олардың техникалық жабдықтарының артта қалуымен сипатталады. Тамақ өнеркәсібінің негізгі саласы — ұн тарту және макарон. Олардың өндіріс қуатының тек 30 — 50% ғана қолданылады [4.45]. Италияның экономикасы басқа да Батыс Европа және Америка елдерінің экономиасымен тығыз байланыста. Көптеген он шақты мыңдаған ұсақ кәсіп орындар бар. Бұларға негізінен балық шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі, ағаш өңдейтін өнеркәсіп сонымен қатар тамақ өнеркәсіптері жатады. 1957 – 1958 жылдар аралығында өндірістің төмендеу қарқыны айдан анық көрінді. Мұндай төмендеу қарқыны Италия экономикасының әлсіреуіне әсер етті.
Сонымен біз Италия экономикасынң шарықтап дамуына өнеркәсіптің жеке салалары ықпал еткенін көреміз. Бұл салаларда жеке меншік монополиямен қатар мемлекеттік қаржының да үлесі зор болды.
1.2 Италияның ауыл шаруашылығының дамуы
Бұл бөлімде менің көздеген негізгі мақсатым: Италия тарихында қазіргі экономикалық мықты елдің қалыптасуына әсер еткен факторлардың бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Ал Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы негізгі жолдарының бірі ауыл шаруашылығы болып табылатыны сөзсіз. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 – 2005 жылдарда ауыл жылдары етіп жариялауы дәлелдейді. Дәл осы себепті Италия ауыл шаруашылыңғының дамуы менің тарапымнан өте үлкен қызығушылық тудырады. Осы себепті Италия ауыл шаруашылығының дамуын деректер мен зерттеулер негізінде танып, біліп, оны Қазақстан ауыл шаруашылығымен салыстыру менің негізгі мақсатым болып табылады.
Жоғарыда аталған деректер мен зерттеулерге қысқаша шолу жасап өтейік. Феодалдық қиыншылықтардың сақталуы Италияның ауыл шаруашылығына өз әсерін тигізді. Италияның ауыл шаруашылығының дамуы, басқа мемлекеттердің ауыл шаруашылығына қарағанда артта қалған. Мысалға ол ауыл шаруашылығы жоғарғы сатыда дамыған Франция мемлекетімен бәсекелес болуға дәрмені жоқ. Италияның ауыл шаруашылығындағы еңбек күші төменгі сатыда тұр. Мұнда жер ескі тәсілдермен өңделеді. Ауылдардағы жұмысшылар өз жерлерінен айрылып, миллиондаған жалға алушылардың қатарын құрайды.
Италия халқының жағдайы, әсіресе оңтүстік аудандарда өте ауыр болып келеді. Көптеген жер иеленушілер, жердің азғантай бөлігін иемденген, ал сол жерлерінен егін алудың аз болғаны соншалық, тіпі бір отбасын тамақпен қамтамасыз етуге де жеткіліксіз. Ауыл тұрғындары жартылай феодалдық қанауды бастарынан өткеруде. Шаруалардың басынан өткізген ең ауыр, әрі қиын жағдайы, ол исполщиндердің болуы. Көптеген салық жинаушылар шаруаларды қанау жұмыстарыменжүрді, сонымен қатар халыққа өз білгендерін істеп, өз талаптарын қойды және террорлық, әрі қарақшылық тәсілмен халықты тонап отырды.
1958 жылдардың ортасында ауыл шаруашылығында азық – түлік кәсіпкерлер өздері қойған бағамен сатылды. Бұл 1938 жылға қарағанда бағаның 60 рет өсуімен, ал өндірістік тауарларды өздері 78 рет өскен өсімімен сатып алып отырды.
Үкімет тарапынан жүргізілген ауыл шаруашылық реформалар, жер иеленушілер мен ауыл кәсіпкерлерін де қызықтырды. Барлық еңбек етушілер және мемлекеттің демократиялық күштері жер — тек қана оны жақсы өңдей алатындарға, күтіп-баптайтындарға берілсін деп, сонымен бірге нағыз аграрлық реформаны талап етті.
Соңғы уақытта Италияның ауыл тұрғындарының саны қысқаруда. Италияның ауылдық жерлерінде 1954 жылы тұрғындар саны 6830 мың адам, яғни 39,6% болса, ал 1957 жылы – 6200 мың адамға, яғни 33,8%-ға кеміді. Үш жыл ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын халықтың саны 9,4%-ке қысқарды. Көптеген шаруалар өз жерлерін тастап, жұмысқа орналасам деген үмітпен қалаға қоныс аударды. Ал егер жұмыс табылмаса (көп жағдайда осылай болады да) шаруалар басқа да жұмыссыз жүрген көптеген азаматтар сияқты өз отбасыларын тастап, жұмыс іздеу мақсатымен өзге мемлекеттерге – Францияға, Германияға, Швейцарияға, Латын Америкасы елдеріне, Австралияға кетуге мәжбүр болды. Италияның еңбекшілерінің шетелге жаппай қоныс аударуы 1952 ж. – 1960 ж. аралығында шамамен екі миллиондай адам көлемінде болды. Жыл сайын шетелге қоныс аударғандардың 300 мыңдайы тұрақтанып қалып отырды [26.46].
Егер де Италияда жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 1953 жылы 100 құраса, 1954жылы ол 95,1-ге төмендеп кетті, Сонымен қатар келесі жылдары, яғни 1955 жылы – 101,6; 1956 жылы – 100,5; 1957 жылы – 102,8; 1958 жылы – 113,4 және 1959 жылы – 112,0-ге көбейді [9.47].
1956 жылы Италияның ауыл шаруашылығында 278 мың шаршы шақырымдай жер көлемінің 48%-ы жыртылған жерлерді, 9%-ы бақшалар мен жүзім бақшаларын, 18%-ы көгендерді, 21%-ы ормандарды, ал 4% — ы өңделмеген жерлерді құрады. Таулы әрі шыңды аудандар бұл елдің территориясының айтарлықтай бөлігін алып жатыр. Жазық жерлерде жер көлемінің жетіспеуі итальян шаруаларының таулар мен шыңдарды өңдеуге мәжбүр етеді. Италияның негізгі мәдени егіні болып бидай мен жүгері саналады. Олардың өзі жер көлемінің 47% -н алып жатыр. Жүгері егілген жерлердің жалпы аумағы 1252 мың га. ал мұның шамамен 50%-ы Солтүстік Италияда, сонымен қатар 30% — ы Орталық Италияда және 20%-ы Италияның оңтүстігі мен аралдарын қамтиды [28.48].
Техникалық дәнді-дақылдардың ішінде қант қызылшасы – 210 мың га. жерді алады. Қант қызылшасы негізінен Эмилия-Романья және Венето аудандарында өсіріледі. Соңғы уақытта қант қызылшасының егіс көлемі Италияның аса құрғақ аудандарында, яғни оңтүстікте ұлғая түсті. Оңтүстік аудандарындағы қызылша құрамында қанттың көптігімен ерекшеленеді.
Соғысқа дейін Италия жыл сайын мақтаның 5,3 мың тоннасын өндірді. Ал соғыс жылдарында, Италия әлемдік нарықтан қол үзгенде әскери өндіріске қажеттілік өте жоғары болды, сондықтан елде мақта жинау 10 мың тоннаға дейін жетті. Соғыс аяқталғаннан кейін, америкадан мақтаны тасымалдау итальяндық мақта өнеркәсібіне кері әсерін тигізді; енді бұл мәдени егінді егу біртіндеп қысқарды. Мақта Сицилия және Апулия аралдарында өсіріледі.
Италияның табиғат жағдайы жүзім және бау-бақша өсіруге өте қолайлы. Жүзім шаруашылығымен қатар басқа да мәдени – бау-бақша 2004 мың га жерді алып жатыр . Италияны кейде Батыс Европа бақшасы деп атайды. Бау-бақша ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады .Европалық лимон жинаудың 84 % ,апельсин,мандарин, алма 25%, зәйтүн жинаудың 30 % Италияның үлесіне тиеді . Мемлекет бойынша алма, алмұрт, шабдалы, шие, қара өрік өңделеді . Оңтүстік және Аралды Италия мен Лигурияның көп бөлігін субтропикалық дақылдар плантациялары алып жатыр, олар : лимон, апельсин ,мандарин, құрма ,айва, грек жаңғағы т. б. Италия халқының негізгі май тағамы зәйтүн майы болып табылады. Италияның көп бөлігінде зәйтүн ағашы өсіріледі . Мемлекет зәйтүн майын өндіруден Европа бойынша екінші орында тұр .Жылына 170 мыңнан 350 мың тоннаға дейін өнім алады .Шамамен зәйтүн жинаудың жартысынан көбін Оңтүстік Италия облыстары – Апулия , Калабрия және Сицилия аралы иемденеді . Цитрус жемістері мен миндаль Оңтүстік және Аралды Италияда өсіріледі. Сонымен қоса Италияда жыл сайынғы мандарин, апельсин және лимон жинау келесі кестеде көрсетіледі (8-кесте)
Цитрус жинау
(мың, ц.)
Жылдар |
Өнім түрлері |
||
апельсин |
мандарин |
лимон |
|
1956 |
5695 |
1012 |
3416 |
1957 |
6250 |
1058 |
3548 |
1958 |
7274 |
1143 |
4003 |
1959 |
5400 |
1200 |
3700 |
8 — кесте
1956 – 1957 жылдар Италия ауыл шаруашылығына қолайсыз жыл болды. Егістік өнімдерінің көлемі 1955 жылы 9,5 млн тонна болса, ал 1957 жылы 8,4 млн тонна болды. 1958 жылы 9,8 млн тонна бидай жиналды. Бірақ 1959 жылы жиналған бидай 8,4 млн тонна болды .Мемлекет бойынша бір гектардан 1957 жылы 17,3 центнер жиналса, ал 1958 жылы 20,3 центнер астық жиналды. Айта кететін жайт, Италия облыстарында әр гектардан астық жинау үлесі әртүрлі болады . По өзені аңғарында бұл үлес жоғары, әсіресе топырағы құнарлы Ломбардия мен Эмилияда. Бұл өңірде ауыл шаруашылық машиналары да жеткілікті. Оңтүстік Италия таулы аймақ болғандықтан, топырағы құнарсыз, ауыл шаруашылық машиналары аз, Солтүстікке қарағанда өнімді аз береді.Италияның солтүстік аудандарында ірі және орта шаруашылықтар капиталистік типте.
1958 жылы жүгері жинау 3,67 млн т. болды. Ал 1959 жылы 3,82 млн т. дейін жетті. 1958 жылы жиналған күріш 7 миллион тоннаға жетті. Ал 1959 жылғы астық 1958 жылғыдай мөлшерде жиналды. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер (ас бұршақ, бұршақ т.б.) 1958 және 1959 жылдары шамамен 0,8 миллион тоннаны құрады. Бұл жылдар көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіруге өте қолайлы болды [31.49].
Жоғарыда айтылғандай, Италияның ауыл шаруашылығының өте қажетті саласы жүзім және мәдени зәйтүн ағашын өсіру болды. Жүзім жинау 1956 жылы 98,9 миллион центнерді құрап, шарап өндіру – 62,9 миллиондай болды. 1957 жылы жүзім жинаудың көлемі 68,9 миллион центнерге, ал жалпы шарап өндірудің көлемі – 42,8 миллионға төмендеді. 1958 жылы жүзім жинау 1956 жылғыға қарағандағы көрсеткіштер жоғарылап 104,4 миллион центнерге жетті, ал шарап өнімін өндіру 67 миллионға дейін өсті. Керісінше 1959 жылы жүзім жинау 98 миллион центнерге төмендеп кетті [4.50].
Ауыл шаруашылық дақылдар өнімінің көп болуы, әсіресе, бірінші кезекте – бидайдың, жүгерінің, күріштің, сонымен қатар техникалық дақылдардан – қант қызылшасы т.б. минералды тыңайтқыштарды белгілі бір мөлшерде қолдануынан (9-кесте).
Италияда минералды тыңайтқыштарды қолдану
(мың,ц.)
жылдар |
Тыңайтқыштар түрі |
|||
фосфат |
азот |
поташ |
аралас |
|
1955 |
21020 |
12739 |
1030 |
1309 |
1956 |
19375 |
12634 |
1098 |
2992 |
1957 |
19709 |
15342 |
1570 |
5130 |
1958 |
19170 |
15692 |
1615 |
5320 |
1959 |
19285 |
16070 |
1775 |
5715 |
9 — кесте
Италия ауылшаруашылығының техникалық жабдықталуы европалық мемлекеттермен салыстырғанда жоғары емес. Ал біз оны келесі бір көрсетілген кестеден анықтап көре аламыз (10 кесте).
Европалық мемлекеттердің трактормен жабдықталуы
мемлекет |
Трактордың жалпы саны (мың дана) |
Шаруашылықтың саны |
|
Италия |
188 |
22 |
93 |
Нидерланды |
36 |
10 |
29 |
Франция |
330 |
7 |
64 |
ФРГ |
500 |
4 |
19 |
Бельгия |
30 |
— |
40 |
10 — кесте
Басқа ауылшаруашылық машиналарын қолдануда мысалы комбайнды қолдануда Италия соңғы орындардың бірін алады. Францияда 1957 жылы 34 мың комбайн, ФРГ-да 18 мың, Нидерландыда 2310, Бельгияда 1140, ал Италияда 1800 комбайнды қолданған [32.51].
Мал шаруашылығы. Соңғы жылдары Италияда мал және құстың саны мүлде өскен жоқ. Ал мүйізді ірі қараның саны мал басы саны азайып кетті (11-кесте).
Италиядағы мал басы саны
(мың)
жылдар |
Ірі қара мал |
қой |
шошқа |
Жылқы |
|
барлығы |
сиыр |
||||
1955 |
8670 |
4399 |
9042 |
3760 |
1652 |
1956 |
8440 |
4430 |
8658 |
3863 |
1528 |
1957 |
8476 |
4415 |
8543 |
3921 |
1459 |
1958 |
8649 |
4469 |
8626 |
3900 |
1393 |
1959 |
8730 |
— |
— |
3860 |
1326 |
11 — кесте
1958 жылы мал шаруашылығы айтарлықтай бәсеңдеді. Бұл ет бағасының түсуі және импорттың өсуінен малшаруашылық өнімдерінің арзандауымен түсіндіріледі. Осы жылы ет импорты 1957 жылғыға қарағанда 29%-ға өскен. Италияның «жалпы нарыққа» енуі итальян ауыл шаруашылығына үлкен қиыншылықтар туғызады. Өйткені ауыл шаруашылық және тұрмысқа қажетті өнімдерді өндіру басқа да европалық дамыған елдердің арасында соңғы орында тұрғаны болып табылады. Итальндық шаруалардың крістері, табыстары басқа шет мемлекеттердегі жай шаруалардың табатын табыстарына қарағанда төмен болып келеді. Италия мемлекетінде тек бір ғана жұмыс істейтін ауыл шаруашылықта жыл сайынғы тапқан табыстары 850 долларға жетсе, ал қалған яғни сол уақытта Голландияда жыл сайын 1040 доллар, Батыс Германияда — 1300 доллар, Бельгияда – 1616 доллар, ал Францияда болса – 2160 доллар, сондай – ақ Люксембургта – 2300 долларды құрады. Италия мемлекетінің бір ғана тұрғынына жыл сайынғы ауыл шаруашылығынан түсетін табыс, басқа европалық елдердегі түсетін табысқа қарағанда төмен болып келеді. Ал1956 жылы ол 300 мың лирді құрады, Германия Федеративтік Республикасы – 404 мың лирді, ал Франция — 545 мың лирді, Нидерланды – 600 мың лирді, аяғында Бельгия — 816 мың лирді құрап жетті [5.52]. Бұл жағдай Италияның ауыл шаруашылығындағы ұйымдардың маңызды өзгерістерді қажет етеді. Итальяндық ауыл шаруашылығының жағдайы басқа жоғарғы дәрежелі европалық нарықтағы өндіріс орындарымен бәсекеге түсу өте қиын болып келеді. Алайда, итальян ауыл шаруашылығының дамуының басты мақсаты, ауыл тұрғындарының, шаруаларының, жұмысшыларының өмір сүру жағдайын тек ауыл шаруашылық келісім реформаларымен көтеруге, жақсартуға болмайды, олай болса, бұл жағдай бар болғаны жалпы аграрлық реформаны қабылдау арқылы, яғни жерді тек игере алатын, оны баптап күте алатын, сонымен бірге оны өңдей білетін шаруаларға беру жолдарымен ғана итальян ауыл шаруашылығының жағдайы жақсарады екен.
5 гектардай ауданы бар әр бір мыңдаған ұсақ ауыл шаруашылықтардың тек бар болғаны біреуіне ғана мемлекет тарапынан көмек беріледі, ал 100 гектардай ауданды құрайтын тағы да әр бір мыңдаған ірі шаруашылықтар мемлекет жағынан көмекті шаруашылықтың 164-і иемденеді. Үлкен капиталистік шаруашылықтардың күшеюі кіші және орта шаруашылықтардың күйреуіне әкеліп соқтырды.
Италияның саяси партиялары мен баспасөзді көп уақыт аралығында ауыл шаруашылығындағы жер иеленушімен белгілі бір еңбекшілер арасындағы қатынастарды реттейтін келісім шарттар қызықтырды. Бұл мәселенің үлкен саяси маңызы бар, оны шешуде ауыл тұрғындары да мүдделі болды. Игерілетін барлық 27 826 мың гектардың 21 573 мың га, яғни 77,5 пайызы жеке тұлғалардың үлесінде, ал 6253 мың га, яғни 22,5 пайызы ұйымдарымен мекемелердің иелігі болып табылады [33.53].
Италия экономикасының басты мәселелерінің бірі, аграрлы халықтың көшіп қонуы. Жері жоқ шаруалардың өмір сүру деңгейінің нашарлап төмендеуі, барлық қиыншылықтар жай ғана шаруалардың өз туып өскен жерлерін тастап, басқа бейтаныс қалаға жұмыс іздеп, кетуге мәжбүр болады.
Сонымен қатар Италияда 50 гектардан жоғары ауданды құрайтын жер иеленуші шаруалардың 40 мыңнан астамы есепке ілінген. Олардың жеке иеліктерінде 10 миллион гектардай жерлері бар. (орташа алғанда бір адамға 250 гектар жер болады)
Италияның көптеген аудандарында, әсіресе елдің Оңтүстік бөлігі шаруалар қозғалысының ықпалымен үкімет шектеулі аграрлы реформаны жүргізуге келісті, нәтижесінде 1950 – 1957 жылдары шамамен 800 мыңдай гектар жерлер шаруаларға ұзақ мерзімге берілді. Сонымен қатар, шаруалар жер иеленушілерден 650 мың гектардай жерді сатып алды. Бірақта аграрлы реформаны жүргізу керектігі көрініп тұрды. Ол әлеуметтік қарым-қатынастарды дұрыс, әрі әділ шешіп қарауы керек еді. Италияның тағыда бір негізгі қиыншылығы ол ауыл шаруашылық реформа еді. Италияда ауыл шаруашылықтың әр түрлі типтегі жериеленушілер мен шарулардың жерді қолдану, пайдалану келісімдері болған.
Бірінші типтегі келісім бойынша жериеленушіменен шаруалар арасында өнім теңдей етіп бөлінеді. Ал екінші типтегі келісім бойынша, алынған өнім, жұмыс істейтін ірі қара мал, барлығы да жериеленушілер арасында бөлінеді екен. Сонымен қатар ең соңғы үшінші типтегі келісім бойынша ол жерді жалға алу болып табылады. Бұл келісімде жасалған, белгіленген шарттар бойынша жалға алушы адам жыл сайын жериесіне келісіп белгіленген қаржыны жиналған өнімнен тыс беріп отыруы тиіс.
Көрсетілген жағдайда Италия ауыл шаруашылығындағы өнімнің жоғарғы бағасына сәйкес ол Еуропа нарығында бәсекеге түсе алмайтын еді. Бірақ та елдің ауыл шаруашылық жағдайын жақсарту еңбекшілердің тұрмыс деңгейін көтеру ауыл шаруашылық келісімдерді реформалау нәтижесінде емес, ірі жериеленушілерден жерді алып, оларды қарапайым шаруларға тарту арқылы жүргізілетін аграрлы реформа қабылдау керек болды. Сол кездегі Италия үкіметінің аграрлық саясатының басты мақсаты ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ауыл шаруашылығының экономикалық және техникалық артта қалуын жою. Осы мақсатта үкімет алдағы төрт жылға ауыл шаруашылықты дамытуды күн тәртібіне қойды. Ол «Ванони жоспарында» қарастырылды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне он млрд. лир бөлінді. Негізінен үкіметтің ауыл шаруашылығын көтеру жөніндегі шығыны үш жүз млрд.- тан асты, яғни бюджеттің он пайызын құрады. Ауыл шаруашылығының 2/3 бөлігін құрайтын ірі мүйізді қара шаруашылығына көп көңіл бөлінді.
Жер көлемі 5 га-дан аз шаруашылығы бар ұсақ шаруалардың біреуі ғана көмек алса, жер көлемі 100 га-дан асатын ірі шаруашылықтың 164 – і көмек алып отырды. Ірі капиталистік шаруашылықтың дамуы ұсақ және орта шаруашылықтың шығынға ұшырауы есебінен жүрді. Шаруалардың тұрмыс деңгейінің нашарлығы жері жоқ және жері аз шаруалардың өз тұрақтарын тастап қалаға жұмыс іздеп кетуіне алып келді. Осы шаруалармен қатар Италияда жер көлемі 50 га – дан асатын 40 мыңдай жер иеленуші бар. Олардың иелігіндегі жердің жалпы саны 10 млн. га – дан асады (адам басына шамамен 250 га – дан келеді).
Көптеген аймақтарда, әсіресе Оңтүстікте шаруалар қозғалысының нәтижесінде үкімет шектелген аграрлы реформалар жүргізді. Соның нәтижесінде 1950 — 1957 жылдар аралығында шаруаларға 800 мың га.жер ұзақ мерзімге несиеге берілді. Бұл реы\форманың нәтижесінде шаруалар жериеленушілерден 650 мың га. жер сатып алды. Италиядағы орталық мәселелердің бірі бұл ауыл шаруашылық келісімдегі реформалар. Италияда жериеленушімен шаруа арасындағы жерді пайдалану туралы әр түрлі дәрежедегі ауыл шаруашылық келісімдер бар.
Бірінші келісім түрі бойынша жердің құнарлығына байланысты, жерді өңдеуге кеткен екі жақтың шығынына байланысты түскен өнім жериеленуші мен шаруа арасында бөлінеді.
Келісімнің екінші түрі бойынша жерге кеткен шығын, жұмыс күші және де түскен табыс жерді пайдалануға беруші мен пайдалануға алушының арасында теңдей бөлінеді. Бұл келісім Италияда өте көп тараған.
Келісімнің үшінші түрі – жерді жалға алу. Келісім бойынша жерді жалға алушы жериеленушіге түскен өнімнің көлеміне қарамастан келісілген баға бойынша белгіленген қаржыны төлейді. Келісімнің бұл түрі елдің әр аймақтарының ерекшеліктеріне байланысты жаңа элементтерімен толықтырылып, өзгертіліп отырады.
Сонымен түйіндей келе айтатынымыз жерді жалға алушының пайдаланып отырған жерінен айрылып қалмау мақсатында жериеленушіге жоғарғы мөлшерде төлем төлеуі және де көптеген феодалдық әлпеттегі міндеткерліктер көптеген жылдар бойы итальян ауылдарындағы қақтығысқа алып келіп отырды.
ІІ-ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ «ҒАЖАЙЫП ДАМУ» КЕЗЕҢІ
2.1 Италияның экономикалық модернизациялануы
1950 жылдардың ортасына дейін Италия шаруашылық өсудің жоғарғы қарқынымен ерекшеленбеді. Бірақ 1957 жылы ол ұлттық валдық өнімнің өсу қарқыны жөнінде капиталистік әлемде Жапониядан кейінгі екінші орынды Франциямен бөлісті. 1959 жылы бұл позициясынан ауылшаруашылық өнімінің күрт түсіп кетуінің нәтижесінде айрылған Италия 1960 жылы Батыс Еуропада бірінші орынға шықса, капиталистік елдер арасында Жапониядан кейін екінші орынға шықты. Соғыстан кейінгі бірнеше жылдың ішінде Италияның экономикасының дамуы оның капиталистік елдер экономикасында өз үлесін алуына әсер етті. Капиталистік әлемдегі өнеркәсіптік өндірісте Италияның үлесі 1937 жылы 3 % және 1953 жылы 2,9 % болса, ол 3,9 % — ға өсіп, 1960 жылы 4,5 % құрады. Капиталистік елдер арасындағы сыртқы саудада Италияның үлесі 1950 жылдан 1960 жылдары импорт 2,6 % — дан 5 %- ға өссе экспорт 2,2 % — дан 4,0 % — ға өсті [34.54]. Италиядағы соғыстан кейінгі қалпына келтіру уақыт өте келе ірі масштабқа ие болған, елдің экономикалық дамуының түпкі негізі болған экономикадағы қайта құрумен сәйкес келді. Бұл жаңа, жоғары ғылыми – техникалық деңгейде жүрді. Өндіріске жаңа техника, жаңа технология және жаңа материалдарды қолдану шаруашылық саласындағы және бағыттарындағы қатынастың өзгеруін талап етті. Соғыс кезіндегі ғылыми техникалық ойдың дамуының нәтижесінде құрылған бұл ғылыми техникалық процесс соғыстан кейінгі кезеңде ғылыми техникалық революцияға айналды. Ол Италиядағы өндірістік күштің даму процесі мен Италия экономикасының құрылымындағы қайта құруларға алып келді.
1957 – 1958 жылдардан бастап, Италия экономикасындағы үзілістер Еуропалық экономика жүйесіне бейімделді. «Жалпы нарыққа» қосылған Италия басқа да құрамындағы елдер сияқты нарықтағы империалистік күштер арасындағы тартыста үлкен жетістіктерге жетті. Осы мақсатта табыссыз және қолайсыз деп табылған кәсіпорындардың көбі жабылып, қысқартылды. Кейбіреулері жаңа технологиялық негізде қайта жабдықталды. «Жалпы нарық» тез арада шындыққа айналып итальяндық компанияларды бәсекелес басқа елдермен бетпе – бет әкелді де бұл компаниялар өздерінің экономикалық жағдайларын тұрақтандыруға ұмтылды. Сонымен қатар «жалпы нарық» өзінің өмір сүруінің алғашқы жылдарында – ақ қатысушы елдердің арасындағы экономикалық байланысты күшейтіп және өндірістің мамандануы «жалпы нарықтың» көлемінің ұлғаюына алып келді. Бұл Италия экономикасы үшін жаңа нарықтық қатынастарға бейімделуіне бастама болды. Яғни өнеркәсіптік өндірістің өсуіне әкелді.
Соғыстан кейінгі жылдарда Италияда жұмыссыздық саны өте көп болды. Бұл қордағы еңбек армиясы Италиядағы еңбек күшінің төмен бағалануына әсер етті, яғни ірі өнеркәсіп иелері, кәсіпорындар арзан жұмыс күшін пайдаланып, өздерінің тауарларын шетелге басқа елдерге қарағанда арзан бағаға шығаруға мүмкіндік берді. Белгілі бір кезеңде бұл жағдай Италияның сыртқы саудадағы экспанциясын күшейтті де нәтижесінде оның өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыруға әсер етті. Сонымен қатар Италия экономикасы көп мөлшердегі қордағы еңбек армиясына ие болғандықтан, ол жұмысшы күші жетпеу факторынан қиындық көрмеді. Ал бұл кезде Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Англия, Швейцария сияқты капиталистік елдерде жұмысшы күші жетпеу факторы бар еді. Осы жерде тағы бір атап өтетін нәрсе Италия экономикасының дамуына әсер еткен тағы бір фактор ол – жұмысшы күшінің эмиграциясы еді. Италия экономикасы жүйесі халықтың белсенді бөлігін жұмыспен қамтамасыз ете алмағандықтан, халықтың көп бөлігін құрайтын жастар мен квалификациясы төмен жұмыс күші күшті дамыған капиталистік елдерге кетіп отырды. 1946 – 1960 жылдар аралығында Италияны алты миллиондай жұмысшы, олардың жанұясын есептемегенде тастап шықты. Бірақ соңғы жылдары шетелге кеткен жұмысшы күші сол жақта жүріп, мамандық алып, жоғарғы квалификациялы мамандар жетіспейтін отанына оралып, жұмысқа тұрйып отырды. Бұл да экономиканың дамуына жақсы әсер етті. Жұмыс күшінің квалификациясының деңгейі шаруашылық және өнеркәсіптік дамудағы маңызды фактор болып табылады. Ал мамандандыруға оқыту өндірістегі қоғамдық тоқтап қалуға әкеледі. Сондықтан Италия территориясындағы жұмыс күшінің миграциясы ондағы жұмыс күшінің квалификация деңгейінің жоғарылауына алып келіп және Италиядағы экономиканың өсуіне әсер ететін фактор – мамандар дайындауға кететін қаржыны азаюына алып келді.
Италияның шаруашылық дамуына қолайлы тағы бір фактор бұл әскери шығындардың аз болуы. Соғыс аралық кезеңінде әскери шығындар Италия бюджетінің бөлетін мемлекеттік шығындардың жартысын құрайтын еді. Елдің өзінің агрессиялық және отарлық мақсаттарын іске асыруда жүргізген көптеген қитұрқы саясаты өзінің қаржысының көп бөлігін материалды және еңбек ресурстарына бөлмеуі Италияның шаруашылық дамуын тежеді. Соғыстан кейінгі жылдары (Америка Құрама Штаттары, Франция, Англия және тағы басқа) көптеген елдер өздерінің экономикалық дамуына қолайлы әсер етпейтін әскери шығындарды жоғарғы деңгейде ұстап отырды. Осы елдермен салыстырғанда және соғысқа дейінгі Италияға қарағанда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін соғыс шығындары салыстырмалы түрде төмен деңгейде болып, әскери өнеркәсіп өнеркәсіп өнімнің аз – ақ бөлігін құрады. Бұл өндірістік емес мақсатқа жұмсалған ұлттық ресурстардың азаюы Италияның шаруашылық дамуын тездеткен өндірістік кұштің дамуына алып келді.
Италияның соғыстан кейінгі экономикалық дамуында мемлекет маңызды орын алды. Италияның жағдайының ерекшелігіне байланысты мемелекеттің экономикалық сферасына көптеген жаңа салалар кірді. Италия буржуазиялық мемлекеті өнеркәсіп процесіне қаржылық тұтқалар арқылы (тікелей субсидиялар, экономиканың зоналарымен салаларын тікелей және жанама бақылау, арнайы несие жүйесі, салық жеңілдіктері және тағы басқалар), сонымен қатар өнеркәсіптік өндіріске тікелей араласты. Капиталистік кәсіпкерліктер көлік, энергетика, шикізат салаларындағы мемлекеттік жеңілдетілген қызметтерді пайдаланды. Осы арқылы Италия монополиялық капиталы сыртқы нарықтағы өздерінің бәсекелестік қабілеттерін нығайта алды.
1950 жылдардан кейінгі Италия экономикасының дамуының біраз ерекшеліктері болды. Ең бірінші бұл кезеңдегі экономиканың жоғарғы даму дәрежесін атау керек.
Өнімнің негізгі түрлерін өндіру
Өнімнің түрлері |
1948 |
1953 |
1958 |
1963 |
Тас көмірдің барлық түрі, млн.т. |
1,8 |
1,7 |
— |
1,9 |
Мұнай өндіру,млн.т. |
— |
0,8 |
1,5 |
1,8 |
Табиғи газ, млрд.м3 |
0,1 |
0,3 |
5,2 |
7,3 |
Көмір қышқыл газы, млн.т. |
1,6 |
2,6 |
2,0 |
2,7 |
Тұз, млн.т. |
2,1 |
3,5 |
6,3 |
10,2 |
Электр қуаты, млрд.квч. |
22,7 |
32,6 |
45,5 |
71,3 |
Пластмасса, мың.т. |
— |
— |
182 |
661 |
Цемент, млн.т. |
3,2 |
12,7 |
22,4 |
22,6 |
Машиналар, мың. |
59 |
175 |
404 |
996 |
Кеме, 1000 |
115 |
270 |
528 |
495 |
Есептеуіш машиналар, мың |
— |
82,7 |
— |
726 |
Бидай, млн.т. |
6,2 |
9,1 |
9,8 |
8,1 |
Цитрусті, млн.т. |
0,7 |
1,0 |
— |
1,5 |
12 — кесте
Жоғарыдағы кестеден өндірістегі өнім шығарудың орта жылдық есебі 8 – 9 % — ға өскенін көреміз (12-кесте). Осылай Италия өнеркәсіп өндірісінің өсу деңгейіне байланысты Батыс Еуропадағы капиталистік елдер арасындағы екінше орын алса, дүниежүзі бойынша өнім өндіруден көптеген елдерді басып озып, үлкен жетістіктерге жетіп, Жапониядан кейін екінші орынды алды. Осы кезеңді буржуазиялық экономистер мен саясаткерлер «итальян экономикасының ғажайып даму кезеңі деп аталды». Яғни бұл кезеңде соғыстан ауыр соққымен шыққан италян экономикасы алға серпіліс жасап, өзінің ғажайып кезеңін басынан өткерген еді.
Италия өнеркәсібінің даму кезеңінде екінші маңызды ерекшелігі, ол экономиканың даму кезеңдерінде динамикасының өзгермелі болуы. Бұл мәселе жоғарыдағы кестеде көрсетілген. Мысалы, кезеңнің басында өнеркәсіп өнімінің өсуі 9 % болса, 1958 жылы ол 4 % — ға құлап, 1960 жылы 15 % — ға жетті. Италия экономикасындағы бұл циклдық өзгерулер шамамен 5 – 6 жылда қайталанып отыратынын байқаймыз, ол қазіргі негізгі капиталдың жаңару мезгілдеріне сәйкес келеді [35.55].
Енді өнеркәсіптегі жеке салалардың даму деңгейін қарастыратын болсақ, көзге бірінші болып орта көрсеткіштен бірнеше есе асып түскен, тез дамып келе жатқан жеке салалардың топтары түседі. Оларға жеке тоқталатын болсақ.
Ең көп нәтиже берген ьбұл полимер өнеркәсібі: мұнда өнім өндірудің көлемі шамамен 6 % — дан асып түсті. Италия бұрынғы кеден – ақ полимер материалдары өндірісінде, ең алдымен синтетикалық және жасанды салаларында аймақтық және ғылыми техникалық мәселелерде алдыңғы орында болатын. 30 жылдары нақ осы Италияда бұл өнеркәсіп кең өріс алған еді. 50 жылдардың аяғында бұрыннан келе жатқан дәстүрге сүйеніп, білікті мамандарға арқа сүйеп, соғыстың әсерінен болған артта қалушылықтарды жеңіп, әлемдегі нарықта итальян полиметалы үлкен сұранысқа ие болды. Америка Құрама Штаттары және Кеңестер Одағынан бастап, Герман Федеративтік Республикасы, Франция, Ұлыбритания сияқты жоғары дамыған елдер Италиядан шыққан патенттермен құрал – жабдықтарды қолдана бастады. Ал негізінен Италия полимер материалдарын өндіру жөнінен бұл дамыған елдердің бәрінен артта еді.
Басында полимер өндіру аймағында «СНИА — вискоза» сияқты бір жеке меншік монополия қызмет етсе, оған кейін «Монтекатини» қосылды.
Даму жағынан екінші орында тұрған өнеркәсіптің бірі бұл — машина жасау. Ол «Оливетти» монополиясына жүктелді, яғни есептеуіш және жазба машиналары, ал кейінгі жылдары электронды есептеуіш машиналар шығарды. Фирманы құрушы Камилло Оливетти – дарынды инжинер, ұйымдастырушы.
Келесі даму жолындағы салалар тобы мұнай мен газ өндіру және өңдеу. Соғыстан кейінгі Италияда бұл сала өндірістің жаңа идеяларымен толықтырылды. Бұрын Апеннин түбегі мен итальяндық аралдарда мұндай табиғи байлық көзі жоқ деп есептелді. Алайда соғыс біткеннен кейін, Сицилияда мұнай табылды, бірақ шындығында бұл мұнайдың сапасы төмен және құрамында күкірт қышқылы көп. Американдық мұнай монополистердің қысымымен автономды Сицилия парламенті мұнай өндіру мен барлау жөніндегі барлық рецензияны шетелдік капиталға таратып берді. Бірақ шетелдік компаниялар итальян мұнай өндірісінің дамуына аса зейін қоймады: Сицилия мұнайы Таяу Шығыстан әкелінетін мұнайдан әлде қайда қымбат еді. Әйгілі «жеті бауырластар» аталатын англо – американдық компаниялар стратегиялық және Еуропалық, итальяндық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін мұнай айдайтын бірнеше кәсіпорын құрумен шектелді. Осындай кәсіпорынның ірілерінің бірі Неаполь аймағында орналасқан – американдық және натолық флоттың жерорта теңіздің базасы.
Италияның әлемдік фирмалармен әріптес болуының жағымсыз әсерінен солтүстік Италияда кенеттен табиғи газдың бай қоры ашылғанда Италия буржуазиясы бақа жолды таңдады. Бұрыннан өмір сүріп тұрған мемлекетке жататын құрылыс организацияларымен проект институттарын біріктіріп, ЭНИ атты үлкен топ құрылды. Ол Италия территориясындағы бөлінбеген өңдеуге, барлауға, газды өндіруге және газ құбырлары мен коммуникацияларын, сәйкес кәсіпкерліктерін құбылыстарын салуға концессияларды өз қолына алды. ЭНИ – дің басына инжинер Энрико Маттеи (Християн Демократиялық Партиясының мүшесі, бұрынғы партизан басшысы, өте талантты ұйымдастырушы) отырды. Оның басшылығымен және ЭНИ – ді мемлекеттің өте көп көлемде қаржыландыруының арқасында, ЭНИ қысқа уақыт ішінде алдыңғы қатардағы, Италия экономикасындағы маңызды ұйымға айналды. Газ өңдеу кәсіпкерлігінде бірнеше ірі құрылыстар жүрді, газдан жоғарғы сапалы жасанды каучук алу тәсілі ойлап табылды (ЭНИ – ден бұл патентті көптеген әлем елдері алды), газды әлемнің барлық түкпіріне тасымалдайтын көп тармақты жүйе құрылды. ЭНИ шетел капиталын көптеп тарта бастады, оның ішінде американдық және ағылшындық капиталдар да бар еді. Бірақ ол билік позициясын өзінің қолында сақтап қалды. Порто Маргерадағы (Венеция маңында), Равенне мен Джеладағы (Сицилия) ЭНИ кәсіпкерліктері әлемдегі техникалық дәрежесі жағынан жоғарғы зауыттардың қатарына жатады.
ЭНИ – ді құру кезінде мемлекеттік монополия жеке меншік монополияға қарсы күрес жүргізеді деген қауесет тарағанымен, ЭНИ мен басқада монополиялар арасында картельді келісімдер болды. Яғни бұл қауесет ақталмады. Егерде ішкі нарықта ЭНИ басқа монополиялармен қарапайым одақтар құруға тез қол жеткізсе, сыртқы нарықта соғыстан жеңіліп шығу нәтижесінде өте әлсіз болған итальян буржуазиясының позициясының арқасында ЭНИ басқаша қызмет етті. 1956 жылы ЭНИ күшті жоспарлы – зерттеу аппаратына ие бола отырып, ЭНИ – ға мұнай мен газды барлауға, соған сәйкес технологиялық жабдықталған құрылыстар салуға концессия беру туралы Иран үкіметімен келісімге келді. «Жеті бауырлас» итальян үкіметіне қысым көрсетуге тырысты. Ал бұл кезде ЭНИ – ді Жапон фирмалары қолдаған еді [36.56].
Соңғы тез дамып келе жатқан салалардың бірі бұл автокөлік өнеркәсібі. Италияда бұл іспен «Альфа – Ромео» кәсіпкерлігі, кішігірім жеке меншік фирмасы «Ланч», ФИАТ атты үлкен монополиялық бірлестік айналысады. ФИАТ – тың үлесіне бүкіл Италиядағы машина жасаудың 80 пайызы келеді. ФИАТ – тың өнімінің 1/3 экспортқа шығарады. ФИАТ – тың әкімшілігі 50 жылдардың басында Туринда көп көлемде қаржы бөліп «Мирафиори» атты автозауыт салды. Ол көлемі және техникамен жабдықталуы жағынан Еуропада тек Батыс Германдық «Фольксвагеннен» кейінгі екінші орында тұр. ФИАТ — көп салалы монополиялық топ. Турин маңында шоғырланған зауыттарындағы автокөліктен басқа ФИАТ зауыттары кеме дизельдерін, тракторлар, шабуылдаушы сомолеттер, көптеген дәрі – дәрмектер, өнеркәсіптік құрал – жабдықтар шығарады. ФИАТ, ЭНИ сияқты тағы басқа ірі монополияларға мыңдаған кіші фирмалар жұмыс істейді, олардың дайын тауарын сатып алып отырады. Осылай бұл кішкентай ғана кәсіпкерліктер өндіріс әлемінің алыптарына тәуелді болады [6.57].
Тағыда Италия экономикасындағы үлесі жоғары өнеркәсіптердің бірі – металлургия. 1953 жылға дейін Италияда металлургия өнеркәсібі өте әлсіз дамыған, яғни жылына үш миллион тонна өндірген және кәсіпкерліктердің техникалық жабдықтары өте ескірген. Италияда негізінен темір рудасы жоқ, сондықтан қорғасын өнеркәсібі болатқа тәуелді. Бұл Италияны сырттан келетін шойын мен болатқа кіріптар.
Еуропадағы көмір мен қорғасынның біріккен ұйымын (КҚЕҰ) құру туралы келіссөздер басталғанда ұйымға қатысушылар Италия бұл келісімге оң қарамайтынын білді. Бірақ Италия металлургиясы ерекше жеңілдіктерге ие болды: КҚЕҰ – ның арнайы бабында Италияға келетін шикізаттың бағасын Италия үкіметі анықтайтындығы айтылды.
Италия металлургиясындағы ірі жеке меншік монополия бұл «Фальк». Қалған өндіріс мемлекеттің қолына шоғырланған. Италия ежелден өндірісте мемлекеттің үлесі жоғарылығымен ерекшеленді. Қарастырылып отырған кезеңде де мемлекеттің экономикаға енуі тоқтатылмады. Бүкіл Италия бойынша өндіруші аппараттың 30 – 35 % — ы мемлекетке тиісті. Мемлекеттік кәсіпкерлікте жеке меншік және шетел капиталы болса, керісінше мемлекеттік капитал жеке фирмаларға салынған.
2.2 Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі
Бұрыннан келе жатқан Италия мемлекетінің күрделі мәселелерінің бірі, ол ылғи да Италияның оңтүстік бөлігіндегі экономикасының дамуы солтүстік аудандарға қарағанда артта қалып отыруы болып табылады.
Осы кезеңге экономикалық және саяси сипаттама бере кетсек, біріншіден бұл кезең «Маршалл жоспарының» аяқталуының жақындаған кезеңі еді. Шартты түрде бұл кезең 1952 жылға дейін созылу керек болса, ол 1950 жылдардың ортасында тоқырап қалған еді. «Маршалл жоспары» аяқталуына байланысты американдық көмекке сүейенген Италия экономикасы қолдау көздерінің аяқталуына байланысты күрделі қиыншылықтарға ұшырады. Бұл кезеінің екінші сипаттамасы «Эйнауди бағытынаның» саясаттағы әлеуметтік – экономикалық әсері әлі жойылмаған еді. Ішкі тәртіптің саяси және объективті – экономикалық факторлары осындай жағдайда болды. Осыған қоса қарастырылып отырған кезеңде халықаралық экономикалық қатынаста баяулаған еді, және Кореядағы 1950 жылдың маусымындағы соғыс жарылысы дүние жүзі капиталистік экономикасына ғана емес, Италия экономикасына да әсер етті.
Соғыстан кейін құрылған үкімет демократиялық күштердің әсерімен, елдің екі жағының арасындағы экономикалық дамудағы айырмашылықты жою үшін біраз қызмет атқарды. Негізінен, Оңтүстік Кассасы деген мемлекеттік ұйым құрылды. Бұл ұйымның қарамағында көп ақшалай қаржы болды. Бірақ 1950 жылы коммунистік және социалистік партиялар Оңтүстік Кассасын құруға қарсы дауыс берді. Себебі олардың пікірінше бұл ұйым Италияның Оңтүстік аймағының қажеттіліктеріне сай емес және демократиялық күштер бұл ұйымға белсенді араласпады.
Оңтүстік Кассасы заңын іске асыру үшін, шартты түрде «Оңтүстік аймақ» бөлініп алынды. Мұнда Италия аралдарымен қоса Лацио аймағындағы Лацио провинциясымен Абруццы – Молизе аймағынан басталатын құрлықтық аймақ кірді. Бұл аймақтағы кәсіпкерлікке несие беру және арнайы жеңілдетілген салықтар енгізу қарастырылды. Ал мемлекет болса, өзіне құрамына жол, байланыс желілері, электр қуатымен қамтамасыз ету, сумен, газбен қамтамасыз ету кіретін инфрақұрылым құру міндеткерлігін алды. Бұл инфрақұрылым осы аймақтарға жеке капиталды тарту керек болды. Ал демократиялық күштер мемлекет қоғамдық күшті жеке капиталды тарту үшін емес, аймақтың экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, яғни мемлекеттің араласуы Оңтүстіктің экономикалық жағдайының ілгері дамуына әсер етуі керек деп есептеді.
Оңтүстіктің артта қалған аудандарында жоғары техникалық деңгейдегі кәсіпкерлік құру үшін инфраструктураны ғана дамытып қоймай, тағыда екі маңызды өндірістік жағдай құру керек: жоғарғы квалификацияланған мамандар мен нарық. Оңтүстікте оның екуі де болған жоқ. Коммунистер мен социалистер квалификациялы маман мәселесін жергілікті жерде шешіп, ал қосымша тұтынушылық сұраныс мәселесін кейбір жұмысшылармен қызметшілерге жалақысын көбейту арқылы шешуді ұсынды.
Үкімет Оңтүстік Кассасының қызметіндегі бұл бағытты қолдамады, Ал 50 жылдардың соңында инфраструктура құру және жеке капиталды тарту саясаты нәтиже бермегеннен кейін үкімет капиталистік елдер жүретін жолға бағыт алды. Оңтүстік мәселесінде демократиялық күштердің қарсылығына қарамастан «даму полюстары» құрылды [48.57]. Оңтүстіктің территориясы бірнеше аймақтарға бөлінді. Жеке орталықтарда мемлекеттің қаржысына қазіргі заманға сай кәсіпкерліктер құрумен, олардың кейбіреулерінің айналасына қала тектес құрылымдар шоғырландыру көзделді. Ал Оңтүстіктің қалған бөліктеріне жаңадан құрылған «өндірістік оазистер» тиісті дәрежеде ықпал етеді деп есептеді. Бұл стратегиялық жоспардың әлсіздігіне байланысты, демократиялық күштердің әсерімен мемлекеттік өндірістер оңтүстікте өз капиталын құюды көбейту керек еді.
Негізінен Оңтүстікті көтеру жолындағы бұл жоспарлар сандық жағынан алғанда іске асты. Мемлекеттік кәсіпкерліктер өздерінің капиталын Оңтүстікке құюды көбейтті, сөйтіп Джелладағы бірінші дәрежелі мұнай өңдейтін зауыт, Тарантодағы металлургиялық және құбырпрокаттық комбинат, Бари мен Неополь аймағындағы бірнеше кәсіпкерліктер құрды. Осы және басқа да, мысалы Латина және Сардиния провинцияларына итальян және шетел жеке капиталы тартылды. Алайда прогрессивті экономисттердің айтуы бойынша «даму полюстерінің» Оңтүстіктің экономикалық дамуына әсері әлсіз болды. Солтүстік монополиясы Оңтүстікке капиталын жеңілдік негізінде сала отырып, жергілікті жұмыс күшін көптеп пайдалана отырып, олардың квалификациясын көтеруге ешқандай қызмет етпеді. Осылай үкіметтің Оңтүстікке бөлінген ақшасы қысқа уақыт ішінде монополиялық қайта бөлулер арқылы солтүстік монополияларынң сейфіне өтіп отырды. Нәтижесінде Оңтүстіктің экономикалық жағдайы біраз дамығанымен солтүстік аймақтардың дамуы жоғарғы темппен жүріп отырды. Яғни Италияның екі аймағының арасындағы экономикалық дамуындағы айырмашылық қысқарудың орнына алшықтай түсті. Мысалы 1951 жылы Оңтүстіктегі жан басына шаққандағы табыс 63,1 % болса, 1960 жылы 56,6 % болды [37.58]. Осы орайда айта кетсек, жүзім шаруашылығымен қатар басқа да мәдени – бау-бақша 2004 мың га жерді алып жатыр . Италияны кейде Батыс Европа бақшасы деп атайды. Бау-бақша ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады .Европалық лимон жинаудың 84 % ,апельсин,мандарин, алма 25%, зәйтүн жинаудың 30 % Италияның үлесіне тиеді [3.145]. Мемлекет бойынша алма, алмұрт, шабдалы, шие, қара өрік өңделеді . Оңтүстік және Аралды Италия мен Лигурияның көп бөлігін субтропикалық дақылдар плантациялары алып жатыр, олар : лимон, апельсин ,мандарин, құрма ,айва, грек жаңғағы т. б. Италия халқының негізгі май тағамы зәйтүн майы болып табылады. Италияның көп бөлігінде зәйтүн ағашы өсіріледі . Мемлекет зәйтүн майын өндіруден Европа бойынша екінші орында тұр .Жылына 170 мыңнан 350 мың тоннаға дейін өнім алады .Шамамен зәйтүн жинаудың жартысынан көбін Оңтүстік Италия облыстары – Апулия , Калабрия және Сицилия аралы иемденеді . Цитрус жемістері мен миндаль Оңтүстік және Аралды Италияда өсіріледі .
Яғни Оңтүстік мәселесін шешуде үкімет екі жолды таңдады. Біріншісі Оңтүстіктің «өз бетімен» даму консепциясы. Сондықтан инфраструктура, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту үшін осы аймаққа инвестиция бағыт алды. Бірнеше жалдан кейін «автономдық» консепциясының әлсіз жақтары анықталды, бұл идея қайтадан қаралды да 1956 жылы «Ванони жоспары» (Християн Демократиялық Партиясының функционері) түрінде қайта көрінді. Оның мағынасы Оңтүстің экономикасын жедел дамыту және оны Италия экономикалық даму жүйесіне қосу. Оңтүстік аграрлы аймақтан индустриалды аграрлы аймаққа арналды. Сонымен қатар дамыған аймақтармен қоса дамымай қалып жатқан зоналарда болды. Оңтүстіктің дамуы Солтүстіктен келген қаржының арқасында болғандықтан, күшті әріптес өзінің шарттарын енгізіп отырды. Яғни Оңтүстік Солтүстіктің мүддесі үшін дамыды. Замандастар сол кезді былай деп жазады: «оңтүстік – итальяндықтарды бәрі және әрқашанда халықтан және жергілікті мемлекеттік органдардан тыс, яғни Оңтүстіктен шеткері аймақта шешілетіні туралы сезім тастамады». «Оңтүстік саясатына» жіберілген көп мөлшердегі қаржы қырық жыл ішінде аз – ақ нәтиже берді. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту он-ақ пайызға өсті, көптеген жанұялар эммиграциядан келген туысқандарының ақшасына өмір сүріп жатты [38.58]. Халықтың саны өскенімен жұмыссыздық саны өсе түсті.
Оңтүстікпен тағыда бір қиыншылық байланысты болды. Ол – аграрлы мәселе. Сондықтан Християн Демократиялық Партиясының үкіметінің басты қызметі аграрлы реформаға айналды. Олар 1950 жылғы конститутцияның қырық төртінші бабы бойынша аграрлы реформа туралы заң қабылдады. Ол заң ауыл және орман шаруашылығы министрі А.Сеньидің жобасы бойынша қабылданды. Заң бойынша сегіз мың ірі жер иеленуші мемлекеттке өздерінің артық жерлерін сатуға міндетті болды [39.203]. Осындай мақсатта құрылған қорға ірі жер иеленушілердің жерлерімен қатар ірі компаниялармен мемлекеттің жерлері де кірді. Ары қарай бұл жерлер жеребе тастау арқылы жерді қажет етіп отырған шаруаға отыз жыл мерзімге несиге берілді. Осы аграрлы реформа барлық жері жоқ және жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ете алмаса да, олардың көп бөлігін (200 мыңдай) қамтамасыз етіп, олар өздерінің жағдайын жақсартты.
Християн Демократиялық Партия сыртқы саясатында Батыс өркениеті құндылықтарын бағалап, Америка Құрама Штаттарының даму бағытын өз бағдарламаларында ұстанды. Италия НАТО – ны құруға қатысып, оның территриясында НАТО – ның штабымен әскери құрылымдары орналасты. Италия үкіметі Америка Құрама Штаттарымен «қорғаныс мақсатында бірі – біріне көмек беру туралы» келісімге қол қойды. Нәтижесінде Америка Құрама Штаттары Италияға қару – жарақ беріп көмектессе, Италия өз жағынан Америка Құрама Штаттарының әскери базаларын өз жерінде орналастыруға келісім берді. Християн Демократиялық Партия сыртқы саясатына қарсы сол қанат яғни социалисттер мен коммунисттер қарсы шықты [40.26]. Християн Демократиялық Партиясы кей жағдайларда көпшіліктің талап етуімен өз саясатында жеңілдіктер жасап отырғанымен, кейде демонстранттарды қуғынға ұшыратып, репрессиялар жасап отырған. Бұл оппозициялық потенциалдың күшеюіне алып келді.
«Оңтүстік Кассасы» саясаты идеологиямен тығыз байланысты болды. Яғни Оңтүстік мәселесін саяси, әлеуметтік, экономикалық дамудағы әлеуметтік кедергілерді емес, материалдық кедергілерді шешу арқылы болады деген консепция заң шығарушы қызметтің өміріне әсер етіп қана қоймай олардың нәтижелерінің шектелуіне алып келді. Аграрлы реформа мәселесіне келетін болсақ, ең бірінші мынандай сұрақ туады — қандай жолмен аграрлы реформалар жерді қайта бөлумен байланысты болды. Аграрлы реформа барысында шаруаларға өнімділігі аз жерлер бөлініп берілгендігі белгілі болды, яғни бұл реформаның астыртын мағынасы жерді қажет етіп отырған шаруаларға көмек көрсетіп, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру емес керісінше ірі жер иеленушілердің мүддесіне орай жүргізілгендігі еді. Осы реформаны қарастыру барысында туындайтын екінші бір сұрақ — «жер реформасы жөніндегі комитеттер» мен жер үлесін алған шаруалар арасындағы қарым — қатынастың дәрежесі. Бұл сұрақ экономикалық дамудың барысына тікелей қатысты. Осы қатынастар шаруалардың жағдайының нашарлығымен оларды аяусыз қанаумен сипатталды. Яғни шаруалар тек қана өздерінің иелерін өзгертті, ал ол иелерінің қызметі бұрынғысынша қалды. Яғни жер иеленушінің орнын жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комитет басты. Осы механизмнің арқасында жерді қажет етіп отырған шаруалар Комитетке кіріптар жағдайда қалды. Негізінен ұсақ шаруашылықты дамыту арқылы экономиканы көтеру мақсат етіп қойылса, комитеттер экономикалық прогресстің бағытына оң әсер етудің орнына өз құқықтарын пайдаланып, асыра сілтеушіліктер жасап отырды.
«Оңтүстік Кассасы» жоспарының теориялық негізіне тоқталатын болсақ, мемлекеттің араласуымен, қолдауымен Оңтүстік Италияны индустриализацияға дайындау болса, ал индустрализациялаудың өзі экономикалық даму процесінің негізі ретінде Альфред Маршалл атап өткендей «кәсіпкерліктің сыртқы экономикасы» — жол торабы, коммуникация, қызмет көрсету жүйесі және тағы басқа алғы шарттар құрылғаннан кейін іске асырылуы тиіс. Сонымен қатар осы индустриаалдылық дайындық монополиялық топтардың мүддесінен шықпау керек болатын. Яғни түсетін табыс монополилық топтардың қаржысына түсіп қана қоймай, олар өздеріне қажетті кәсіпкерлікті Оңтүстік Италияда «Оңтүстік Кассасының» қаржысына салып оны өздерінің мүдделеріне қолданды. «Оңтүстік Кассасының» тағы бір кемшіліктері: тапсырманың көп болып, қаржыландырудың аз болуы, қаржының өз уақытында бөлінбеуі, осы саясатты іске асыру жүктелген органдардың антидемократиялық құрылымы, Оңтүстікке құйылған қаржының ақталмауы және тағыда басқа жағдайлар. Бұл «әлеуметтік саясаттың» қаржылық тұрғыдан алғандағы нәтижесі 1950 — 1956 жылдары қаржыны құюға мемлекеттің шығындары қысқарғанның үстіне қысқара түсті. Және ұлттық табысқа қарағанда таза капиталдың құйылуы 1950 жылы 13 % болса, 1957 жылы 15 % болды [39.59]. Бұның өзі капиталдың өндіріспен қоғамдық жұмысқа құйылуынан емес, жеке құрылыстың өсуінен болды.
Сондай-ақ, Италия сауатсыздар санының көптігімен әйгілі болды. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер: толық сауатсыздар саны – 5,5 млн. адам, бірінші және екінші сыныптарда оқығандар саны – 7,5 млн. адам. Тіпті Рим қаласындада сауатсыздар саны 60 мың адамға жеткен.
Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі. Италияның бұрыннан келе жатқан қиындық тудыратын мәселелердің бірі, ол Оңтүстіктің мемлекеттің солтүстік аудандарынан ылғида артта қалуы еді. Соғыстан кейінгі үкімет демократиялық күштердің ықпалымен елдің екі бөлігін теңестіруде бірқатар шаралар қолданған. Негізінен, арнайы Оңтүстік Касса мемлекеттік мекемесі құрылған. Оңтүстік Касса жұмсауына көп мөлшерде ақша бөлінген болатын. 1950 жылы коммунистік және социалистік партиялар Оңтүстік кассаны құру заң жобасына қарсы дауыс берген. Олар бұл бағыттағы істелген істер Оңтүстік Италияның талабына сай келмейді деп санады.
Оңтүстік касса заңын орындау мақсатында «Оңтүстік аудан» деген түсінікті анықтады. Бұған итальян аралдары және Абруццы – Молизе ауданынан басталған континентальді бөлігімен Лацио облысындағы Латина провинциясы енді [37.215]. Бұл үлкен ауданда кәсіпкерлікпен айналысатындарға ерекше арнайы салықпен кредиттік жеңілдіктер заңы қабылданды. Мемлекет тарапынан үлкен инфрақұрылым құру туралы шешім қабылданды, оған жолдар, байланыс желілері, электрмен қамтамасыз ету, сонымен қатар су – газбен қамтамасыздандыру шаралары кірді. Италия халқының жағдайы, әсіресе оңтүстік аудандарда өте ауыр болып келеді. Көптеген жер иеленушілер, жердің азғантай бөлігін иемденген, ал сол жерлерінен егін алудың аз болғаны соншалық, тіпі бір отбасын тамақпен қамтамасыз етуге де жеткіліксіз. Ауыл тұрғындары жартылай феодалдық қанауды бастарынан өткеруде. Шаруалардың басынан өткізген ең ауыр, әрі қиын жағдайы, ол исполщиндердің болуы. Көптеген салық жинаушылар шаруаларды қанау жұмыстарыменжүрді, сонымен қатар халыққа өз білгендерін істеп, өз талаптарын қойды және террорлық, әрі қарақшылық тәсілмен халықты тонап отырды. Бұл шаралар жеке капиталдың осы аудандарға қызығушылығын тудыратын еді.
Италяның оңтүстігіндегі тиімді саларының бірі болып көкөніс және жеміс — жидек өсіру еді. Италияның табиғи жағдайында платиктен жабылған суық жылытқылар жасау арқылы осы мақсатқа жетуге болады. Осы жолмен өзінің қалыпты мезгілінен ерте немесе кеш өнім алып, оны 3 – 5 есе қымбат бағаға сатуға болады.
Оңтүстіктің артта қалуы елдің саяси және экономикалық дамуында да айқын көрініп тұрды. Оңтүстктегі кәсіпкерлікті дамыту үшін қанша қаржы құйылғанымен, арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүргенімен өнеркәсібі дамыған солтүстікпен экономикалық артта қалған оңтүстіктің арасындағы үзіліс қысқарудың орнына ұзара тісті. Оңтүстік аудандардың экономикалық артта қалуы Италия өнеркәсібіне арзан жұмыс күшін берді. Ал бұл жағдай Италия өнеркәсібінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Яғни итальян экономикасының ерекшелігі осы мәселелерден көрінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде Италияның ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарының дамуы сол заманның талабына сай жүргендігін айта кетуге болады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін құлдыраған экономикасымен шыққан Италия тез арада саяси экономикалық модернизацияны бастан кешіріп, ақылмен жүргізілген саясат арнасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Саяси реформаларды 1943/45 жылдары бастаған Италия ең алдымен қоғамдық келісімді алғашқы орынға қосты. Фашистердің билік құрған жылдарында (1922 – 1943/45) итальян қоғамы арасында үлкен іріткі болды. Халықтың басым көпшілігі фвшистік режимді қолдаған болса, Муссолини және Бадельдо режимінің құлауымен елдегі фашистік және нациялық тенденциялар толық жойылған жоқ. Үкімет демократиялық күштер қолына өтті. Халықтың қолдауынан айрылған король биліктен кетіп, ел Республикалық даму жолына түсті. Тұңғыш премьер министр Альчидо Де Гасперидің маңызы өте жоғары билік құруының алғашқы жылдарында саясатының басты бағыты бүкіл антифашистік күштердің басын қосу болатын. Сыртқы саясатында басты бағытты Америка Құрама Штаттары және Ұлыбританияның халықаралық позицияларын жақтау. Альчидо Де Гаспери кезеңін жаңа итальян Республикасының тууымен байланыстырамыз және сол кездегі қаланған негіз әлі күнге дейін өзгеріссіз келеді. Касперидің аты экономикалық ғажайыппен ғана емес, сонымен қоса «Италияның халықаралық аренаға қайта шығуы мен Еуропалық интеграциямен байланыстырамыз. Италия Америка Құрама Штаттарының қатарында «қырғи қабақ» соғысына кірді. Соғыстан кейінгі Италия терең экономикалық және әлеуметтік дағдарыста болатын. Гаспери алдында үлкен сайлау болды. Америка Құрама Штаттарының ұсынған «Маршал жоспарын» қабылдап экономикалық көмек алу немесе ешбір саяси блоктарға қосылмай құлдыраған күйінде қалу Гаспери өзінң ұлтының патриот ретінде, елдің болашағын теңдеп, социалистер мен коммунистердің қарғысына ұшыраса да осы жолды таңдап және уақыт көрсеткендей ол кезінде дұрыс шешім қабылдаған екен. Қоғам ішінде шыдамдылыққа шақырған де Гаспери елде саяси реформа жүргізуін Италины парламенттік республика болуына өз үлесін қосты.
Италия маршал жоспары бойынша италия 1,5 млрд. доллар ақшалай несие алып 3,2 млрд. долларға техникалық көмек алды. Италия әлемнің дамушы елде дамыған алғашқы сегіздігіне кіреді. ******
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Альфредо Андреотти «Экономическое чудо» в Италии. М.,
- Манцокки Б. Очерки экономической политики Италии 1945 – 1959 Пер.с ит. М: Соцэкгиз 1961
- Васильков Н.П. Экономика современной Италии М., Наука 1969г
- Колосов Л.С., Тимофеев Н.И. Экономика Италии М: меж.отнш. 1960 – 203с.
- Покровский А.Н. «Италия: современные тенденции экономики» Москва: мысль: 1970г.
- Чураков В.П. Государственно – монополистический капитализм в Италии – М: Соцэкгиз 1960г.
- Санжай Руперелия «Развитие мира после ІІ Мировой Войны» Спб 1995
- Марко Феррера Очерки итальянской политической жизни 1943 – 1958 М., 1961
- Лисовский Ю.П. Сельское хозяйство и крестьянское движение в современной Италии М: Наука 1966г.
- Зевелева В.П Италия на пути глубоких перемен М., 1991
- Любин В.П Итальянско партийно политическая система после ІІ Мировой Войны М., 1990
- Гайдун В.П Християнская демократия в Италии М., 1985
- Сборник нормотивно – правовых актов Итальянской республики., М., 1961
- Документы по Внешней политике Италии (1945-1960) / Хрестоматия по истории Дипломатии М., 1975
- Конститутция Итальянской Республики / Конститутции зарубежных стран М., 1993
- Политическая платформа и идеология итальянских християн демократов / Гайдук В.П Християнская демократия в Италии М., 1985
- Манифесты международных коммунистических и рабочих движений М., 1962
- Государство и право зарубежных стран М., 1995
- Экономическое чудо в Италии.// История мировой экономики и политики М., 1997
- А.Де Гаспери. Избранные произведения. М., 1994
- П.Тольятти. Избранные произведения М., 1968
- Л.Стурцо. Пополари и Християнская демократия М., 1993
- Дорофеев С. Борьба за сдвиг в лево «Мировая экономика и международные отношения 1956 №5
- Новейшая история стран Европы и Америки ХХ век. Т – 3.
- Тепер Е.М. Италия М.,1981
- Холодковский Кирилл Георгиевич Рабочее движение в Италии (1956 – 1963) М., Наука 1969 г.
- Васильков Николай Павлович «Экономическая система современной Италии» Отв.ред. В.И.Кузнецов; АНСССР Ин-т мировой экономики и междунар.отношении – М., Наука 1987 – 142 (2) с 22см.
- Галкина Т.А. Италия Москва: Мысль, 1972г.
- Александров Владимир Викторович «Новейшая история стран Европы и Америки 1945 – 1986г.г (Учеб. Пособие для вузов по спец. «история») М., Высш.шк., 1988 – 638 (1) с 23 см
- Канделоро, Джорджо «История современной Италии» Пер. С итал. Т.С.Злочевской ред. И предисл акад С.Д.Сказкина (Т – 1) М., изд. Иностр. Лит., 1958г.
- Наумов В.К. Италия сегодня – М: знание 1983
- 1993В.В.Александров. Новейшая История стран Европы и Америки (1945 – 1986) М., 1988г.
- Дәурібаева Т. Италия 1918 – 1990 ж.ж // Дәурібаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы (1918 – 1990) Түркістан 2004 – 29 – 55 бет.
- Протопопов А.С. Внешняя политика италии после ІІ мировой войны. Крат. Очерк – М: Соцэкгиз. 1963
- История Италии М.,1971
- Тенденций развития капитализма В Италии: пер. с ит./Вступ.статья Амбарцумова Е.А. – М: Проогресс 1964
- Гоффе Нина Владимировна «Италия: проблема Юга и региональная политика (1950 – 1980) М: Наука 1983г.
- Тарле Е.В. «История Италии в новое Время» Тип.Акц.Общ. Брокгауз – Ефрон, б.г. (История Европы по эпохам и странам в середине века и новое время. Изд. Под. Ред. Н.И.Кареева и И.В.Яучицкого)
- Комолова Н.П. Новейшая история Италии М., 1970 «Просвещение»
- Курганбаева А.Х. «Новейшая история стран Европы и Америки» (1945 – 2001) – Алматы издательство КазГНУ им. аль-Фараби., 2001 – 141 с
- Ярополов Е.И. Италия сегодня М.,1967