АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. ХІ-ХV ҒҒ. Византия империясы

М А З М Ұ Н Ы

 

 

Кіріспе ……………………………………………………………………………………….

 
 

І-ТАРАУ. ХІ-ХV ҒҒ. ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ

САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫ………………………………..

 

 

1.1. ХІ-ХV ғғ. Византия тарихының деректері…………………………….

 

 

1.2. Византиядағы саяси-экономикалық дағдарыстың

         басталуы………………………………………………………………………………

 

 

ІІ-ТАРАУ. ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ

 

 

2.1. Түрктердің Константинопольды басып алуы…………………………

 

 

2.2. Византия империясының құлау себептері……………………………..

 
 

 

Қорытынды………………………………………………………………………………….

 
 

Библиография………………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

К I Р I С П Е

 

Отарлы, алып империялардың өмірге келуі, оның ұлттық езгісіне ұшыраған халықтардың шеккен азабы, ақыры — ол отарлы империяның күйреуі туралы мәселенін қазіргі таңдағы маңыздылығы біздің осы тақырыпты таңдап алуымызға түрткі болды. Сондай бірнеше ұлттардың, халықтардың басын қосып, мың жылдан астам өмір сүрген күшті империяның бірі — орта ғасырлық Византия мемлекеті болды. Ал ХV ғасырдан кейін құрылған империялардың бірде-біреуі Византия империясы сияқты ұзақ билік құра алмады. Ең соңғы империялардың бірі — Россия бұрынғы отаршылдығын ТМД тәрізді құрылым көмегімен сақтап қалуға тырысуда. Россия сияқты алпауыттың үстемдігінен қалай толық құтылуға болады деген сұраққа жауап табуда Византия империясының тарихын зерттеудің маңызы зор деп санаймыз.

Ол Империяның этникалық құрамын, діни идеологиясын, әлеуметтік-экономикалық тарихын жаңа, жалпы адамгершілік тұрғысынан саралау біздің Қазақстан сияқты аяғына жаңадан тұрып келе жатқан ұлттық мемлекеттердің нығая түсуіне азды-көпті үлес қоса алады. 270 жылдың бодандық құрсауынан босанған Қазақстанның қазіргі ішкі және сыртқы жағдайы нығая түсуде. Дегенмен оның болашағын айқын бағдарлай түсу үшін тек өзінің емес, өзгелердің де өткен жолын жан-жақты саралап, сабақ алғаны дұрыс. Өткен замандардағы тағдырының ұқсастығы жағынан Қазақстанға жақын мемлекеттердің бірі — Византия империясы.

Византия Империясының негізін құраған гректер мың жылдан астам уақыт бойы бірнеше ұлттарды, халықтарды бір мемлекеттің ішінде араздық туғызбай билеп, төстеді. Халықтың аз бөлігін құрай отырып, гректердің өз үстемдігін ұзақ уақытқа сақтауының бір себебі, біздің ойымызша, олардың мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығандығы болды.

Византия тарихына тек жаңа, жалпы адамзат құндылығы тұрғысынан қарағанда ғана ол бізге болашағымызды болжауға мүмкіндік беріп, артымыздан алға қарай жарық шашатын шырақ бола алады. Өйткені тек шындық тұрғысынан түсінуі, үйренуі бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар бола алады. Бұрынғы коммунистік идеология тұрғысынан жазылған еңбектердегі  «тап күресі», «шаруалардың феодалдарға қарсы күресі» деген қағидалардан аулақ болып, этногенез және мемлекеттік құрылыс, өкімет билігі, оның әлеуміттік-экономикалық саясаты сияқты мәселелерге баса назар аудару ғана объективті шындыққа жеткізе алады.

Византия империясы мың жылдан астам өмір сүрді. Осы уақыт ішінде ол көп ұлтты орталықтандырылған мемлекеттің үлгісін құрды. Ол тек дүние жүзілік сауданың орталығы ғана емес, сонымен қатар қолөнері мен ауыл шаруашыльғы да дамыған ел болды. Оның әсіресе жер иелену тәжірибесі қазіргі заман үшін де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Византия империясының қолөнерде жеткен табыстары да көңіл аударарлық мәселенің бірі. Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік-таптардың ынтымақтастығын қамтамасыз ете білу де екі материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің мың жылдан астам өмір сүруінің бір себебі болды. Ұлттық құрамы жағынан біркелкі елдердің өзі орта ғасырлар кезінде бытыраңқы өмір сүрді. Ал ХV ғасырдан кейін құрылған империялардың бірде-бірі Византия империясы сыяқты ұзақ өмір сүре алмады.

Мың жылдан сәл астам уақыт ішінде Византия империясында мәдениеттің де озық үлгісі жасалды. Бұл үлгі тек Византияға қарыздар славян халқы емес, жетсем-жетілсем екен, өсіп-өркендесем екен деген барлық халықтар үшін де өте пайдалы. Сондақтан да Византия мәдениетін, оның әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шебер шешу тәжірибесін үйрену өз тәуелсіздігін 260 жылдан кейін қайтадан алып отырған көп ұлтты Қазақстан Республикасы үшін өте мңызды мәселе деп пайымдаймыз.

Бірақ, өкінішке орай, бұл маңызды мәселе қазақ тіліндегі баспада өз шешуін тапқан жоқ. Сондықтан да біз диплом жұмысымызды Византия империясының тарихындағы ең күрделі кезең — оның әлсіреп, ыдырау, ақыры — құлау кезеңін зерттеуге арнадық. Ал мемлекеттің құлау себебінің бірі — әлеуметтік-экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін таппауына байланысты болатындығы белгілі. Ол кезде жіберілген қателіктерді білу, ескеру бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар болады.

Бұл қағиданы басшылыққа ала отырып, біздің диплом жұмысымыз кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде диплом жұмысынын тақырыбын не себепті таңдап алғанымызды, ол тақырыптың бүгінгі мен болашақ үшін маңыздылығын ашып көрсете алдық деп есептейміз.

Бірінші тарауда біз Византия тарихының қаралып отырған кезеңіне арналған деректерге қысқаша шолу жасадық. Сол деректерге сүйене    отырып империяның XI-ХV ғасырлардағы кеңістігі (территориясы), әкімшілік құрылысы, феодализм негізінде жаңа қоғамдық қатынастардың көріне бастауы мәселелерін қарастырамыз.

Екінші тарау бір кездегі алып империяның қалжырап, ыдырай бастауының, ақыры — құлауының негізгі себептерін қарастыруға арналды. Диплом жұмысының соңында пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі келтірілді.

 

І-ТАРАУ. ХІ-XV ғғ. ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

1.1. ХІ-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ВИЗАНТИЯ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ.

 

Алғашқы екі жүз жылдыққа қарағанда ХІ-ХІІІ ғасырларда Ви-зантия империясы жөнінде деректер көп жиналған. Әсіресе Византия қаласының тарихына байланысты бұл кезеңнің археологиялық және нумизматикалық материалдарының маңызы зор. Қазіргі кезге дейін аз ғана қалалардың орта ғасырлық қабаттары зерттелген. Олар: Херсонес, Коринф, Афины, Пергам, Сард, Приена және басқа да қалалар. Ал Константинопольдің өте аз ғана участкалары зерттелген. Оның ішінде азды-көпті керамикалық, шыны жасау, құрылыс істері жақсырақ зерттелген. Ал басқа салалары болар-болмас қана зерттелген. Әсіресе соның ішінде Византия қолөнері, мата және зергерлік бұйымдары жеткілікті зерттелген. Жаңа археологиялық материалдар IX-XI ғасыр-лардағы Византия тарихын тағы да айқындауға және толықтыруға мүмкіндік жасайды.

XI —XIII ғасырлардағы жазулар саны айтарлықтай көп емес. Бұл көбінесе құрылысқа байланысты жазулар немесе моланың бетіне жазылған жазулар. Олар өте аз тарихи материалдар береді. Империяның айтылып отырған кездегі әкімшілік тарихын зерттеу үшін құнды, сондай-ақ саяси уақиғаларды хабарлайтын жазба деректер сирек кездеседі.

Сонымен бірге, ІХ-XIII ғасырлардағы Византия праволарына байланысты көптеген деректер кездеседі. Византия заң естеліктері Рим правасының тұжырымдарына бағынышты. Көптеген жағдайларда талассыз ескірген заң ережелері ретінде қарастырылады. Әрине бұл ескірген заңдардан дәл сол кездегі Византия империясындағы қоғамдық қарым-қатынастың шын мәнін білу қиын. Бұған дәлел IX ғасырдың аяғында шыққан праволар жинағы: «Василики».1 Ол грек тіліне нашар аударылған, онда Юстиниан правосының негізгі ережелері берілген.

Сондықтан «Василикиде» көптеген ескірген заң нормалары кездеседі. Олай болу себебі ескі аудармаларында ежелгі грек сөздері пайдаланылған. Сондықтан бұл заңның жинағын пайдаланғанда ерекше абайлау керек. Сонымен бірге «Василики» Византияның заң праволарын түсіндірудегі өте маңызды дерек болып табылады. Сол кездегі қоғамдық қатынастар туралы көптеген ақиқат деректер басқа праволық жинақтарда көптен кездеседі. Мысалы, I Василий кезінде жасалған «Прохиронда» және Фотидың қатысуымен жасалған заң жинағының жобасы іспетті «Эпанагогада» көрсетіледі. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы заңдар, императордың иконға қарсы күресі кезіндегідей әлдеқайда бай.

________________

1 . А.П. Каждан. Василики как исторический источник – ВВ, ХІV, 1988, с. 56-66.

 

Император VІ Лев пен оның кейінгі ізбасарларының новеллаларында әлеуметтік қарым-қатынастың маңызды мәселелері қамтылған. Өкінішке орай осы кезге дейін Византая новеллаларының сын көзбен бағаланған жаңа тексті жоқ.

Византия императорларының қаулыларынан басқа сол кездегі практикасына байланысты құжаттар басқа судъялардың анықтамалары белгілі. Мысалы, XI ғасырдағы судья Евстафий Романның қаулылар жинағы сақталған. Ол «Пира» яғни «Тәжірибе» деп аталады. Онда Византия правосының әр-түрлі жақтары көрсетіледі.

Ерекше заң естеліктерінің бірі X ғасырдың басында құрылған «Эпарх кітабы» болып табылады. Бұл жинақ Константинополь қолөнер-лері мен көпестері коллегиясының уставы. Ол Византия астанасындағы өнеркәсіпті және сауданы ұйымдастыру тәртібімен, қаланың ішкі өмірімен түбегейлі таныстырады.

Деректердің мұндай түрлеріне канондық хұқ (право) естеліктері, патриарх қаулылары, собор шешімдері жатады. Олар тек шіркеудің ішкі істерінің мәселелерін ғана емес, сонымен қатар Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихының проблемаларын да деректердің ерекше тобын трактаттар құрайды. Алдымен оған «Алым-салық туралы трактат» кіреді. Ол Византия империясындағы алым-салық жүйесін сипаттайды және аграрлық құрылыстың көптеген негізгі мәселелерін бейнелейді. X ғасырдағы соғыс өнеріне байланысты трактаттар сериясы сол кездегі византия армиясын зерттеу үшін өте құнды материалды қамтиды. Сонымен бірге оларда алым-салық пен аграрлық қарым-қатынасқа байланысты трактаттар сериясы сол кездегі Византия армиясын зерттеу үшін өте құнды материал болып табылады. Сонымен бірге оларда алым-салық пен аграрлық қарым-қатынасқа байланысты мәселелер де қамтылған.

Іс қағаздарының Византиядағы IX — ғасырдың аяғындағы аграр-лық қатынастарды зерттеу үшін маңызы өте зор. Бірақ, бізді қызықты-ратын кезеңнің іс қағаздары көп емес және олардың арасында ең керектісі жер үлестері туралы мәліметтер жоқ. Фив ауданына қарасты ХІ ғасырдағы мемлекеттік көзқарастағы үзіндіде тек салық мөлшері ғана хабарланады, ал жер үлесінің көлемі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Императордың сыйлыққа берген жері, сот протоколының көшірмелері, грамоталар ондап кездеседі және олардың бәрі Афон мо-настірінің онтүстік Македониядағы иелігіне тиісті. XI ғасырдағы бірнеше мұрагерлік қағаздар Евстафий Войлдың мұрагерлігінде келтірілген. Біз одан иеліктер туралы нақтылы әңгімелер табамыз.

Іс қағаздарына сондай-ақ монастырлық ктиторлық уставтар- монастырь өмірінің ережелері де жатады. Бұл уставтарда кейде монастырға тиесілі жерлер суреттеледі және монастырлардың мо-настырлық жерді ұстаушыларға қарым-қатынасын көрсетеді. Типикон — устав, жарғы деген сөз. Аграрлық тарихқа байланысты көбірек бағалы деректі Бачков монастарының типиконы береді. Ол монастырь Болгарияда XI ғасырдың аяғында құрылған болатын.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихқа байланысты маңызды деректерді біз әлі де болса нарративтік деректерден табамыз. Әрине, ол деректер көбінесе субъективтімен суреттелген және де жиі бұрмаланып отырады. XI ғасырдың екінші жартысы мен XII ғасырға жататын тарихи шығармалар мазмұны жағынан бұрынғы хроникаларға қарағанда өте бай.

Аграрлық қатынастар жөніндегі құнды мәліметтер Болгариядағы Бачков монастырынан басқа Энос маңында XII ғасырда ашылған әлем құтқарушысының монастырының типиконыңда да кездеседі; Констан-тинопольдегі Пандократор монастырының уставында монастырь ауруханасы жайлы өте бағалы деректер бар.1

XII ғасырға қарай шіркеу тарихындағы уақиғаларға көп көңіл бөліп отыратын дүниежүзілік тарихи хроникалардың орнына тарихи баяндаудың басты түрі — қысқа мерзімді суреттеу келді. Сол кездегі дүние-жүзілік тарихи хроникалардың ішіндегі ең маңыздысының бірі XII ғасырдың І-жартысында аяқталған Иоанн Зонараның «Қысқаша трихы» болып табылады.

Ол шығарма дүниенің пайда болуынан бастап 1118 жылға дейінгі оқиғаларды қамтыған. Зонараның бұрынғы бүкіл дүние жүзілік тарихи хрониканың авторларынан айырмашылығы-антика жазушыларының еңбектерін, сонымен бірге, византия тарихшыларының да еңбектерін пайдаланғандығы, олардың көзқарасындағы қарама-қайшылықты да көрсетіп отырғандығы. Зонара пайдаланған Византиялық авторлардың шығармалары бізге баз қалпында бұрмалаусыз жеткізілген. Зонара кітабы Византия тарихынан гөрі Рим иипериясының тарихына арналған құнды дерек болып табылады. Тек XI-XII ғасырлар үшін ғана Зонара өте бағалы деректер келтірілді.

Византияшылдар үшін өте маңызды басқа дүниежүзілік тарихи хроника — Георгий Кедриннің «Тарихқа шолу» кітабы больш табылады. Бұл шырарма 1057 жылға дейінгі оқиғаларды қамтыған. Сонымен бірге өте қарапайым, онша көп талқыланбаған. Бірінші бөлімі Феофанның хроникасына ұқсатылып жазылған. Ал екінші бөлімі ХІ ғасырдың ая-ғындағы көрнекті Византия чиновнигі Иоанн Скилицаның «Тарихты шолу» деген еңбегінің көшірмесі сияқты. Оның соңғы шығармасы, 811-1057 жылдар аралығын қамтиды. Ол көптеген қолжазбаларда сақталған, өкінішке орай осы уақытқа дейін басылып шықпаған.

XI ғасырдан бастап тарихи шығармалардың жаңа түрі кездеседі. Тарихшы болған уақиғаны тек баяндап қана қоймайды, енді ол өз атынан сөйлей бастайды. Өзінің соғыс жағдайында немесе саяси күресте не істегені жайлы айтады. Замандастарының іс-әрекеттеріне баға береді. Мұндай естеліктің бірінші түрі Михиал Пселлдің хронографиясы болып табылады. Ол 976-1078 жылдардың оқиғаларына арналған.

___________

  1. 1. История Византии. В трех томах. М., 1967, т. 2, С. 108.

 

Бұл оқиғалардың көбіне автордың өзі де белсенді тұрде қатысқан.

Пселл өз кезеңінің тарихын тәптіштеп дәл сол күйінде көрсетуге тырыспайды. Кейбір маңызды оқиғаларды тастап кетеді. Басқалары жайлы үстірт жазып кетеді. Оның мақсаты сол кездегі Византия императорларына, олардың фавориттері мен ашыналарына мінездеме беріп, сарай төңкерістері мен алдау-арбау жайлы баяндау болды.

Пселл өте жақсы бақылаушы және өте қатаң судья, антика мәде-ниетін мойындаушы Пселл, ырымшылдық пен астрологияны әжуа етеді. Ол император билігіне де құрметпен қарамайды. Бірақ та патшалық құрушы император Михаил VII Дуканы Пселл жер-көкке сиғызбай мақ-тағанымен, ол император билігі адамды азғындатады деген ойдан аулақ емес. Билік құрушы императорды зұлым да пайдақор деспот ретінде де көрсетеді. Ұсақ чиновник ортасынан шыққан мақтаудан-да жиіркенбей, қастандықтарға қатысудан да бас тартпай, қызмет баспалдағымен жоғары көтерілді. Халық туралы да ол онша жақсы ойда емес, бірақ вельможалар өмірі де оның құрмет сезімін туғызбайды. Сондықтан да оның баяндауында пессимизм басым.

Пселлдің замандасы Михаил Атталиаттың «Тарих» деген еңбегі 1034-1079 жылдардағы уақиғаларға арналған. Пселлге қарағанда Ат-талиат көбірек әдет-ғұрыпқа мән береді және өзі туралы өте аз айтады. Ол құдайдың тарихи оқиғаларға тікелей қатысы бар екендігін қорғайды. Атталиат феодалдық ортаны ашық жақтайды. Никифор ІІІ Вотаниаттың рыцарлық ерліктерін, оның жомарттығын мақтан етеді.

Сол кездегі Византия хронографиясындағы естеліктердің ішін-дегі неғұрлым апологеттік сипаттағы шығармалардың бірі император I Алексей Комниннің үлкен қызы Анна Комнмнаның «Алексиадасы» бол-ды.1 Ол өз әкесінің қызметтерін мадақтап жазады. Алғашында көрнекті әскери қолбасшы болған І Алексей Комнин 1081 жылдан император болды. Алексейдің бейнесі тым Қаһарман етіп көрсетілген, ал жау-ларының бәрі — кресшілдер болсын, богомильдер болсын,- өте айлакер, сұм дұшпан ретінде бейнеленген.

Атталиат сияқты Анна да рыцарлық ерлікті жоғары бағалайды және де ең қарапайым фактілерді құдайдың араласуымен болып отыр деп түсіндіреді. Бірақ Алексейдің ішкі және сырқы саясатынан өте жақсы хабардар болуы, жазушының бақылаушылығы және тартымды бейнелей білуі арқасында «Алексиада» византия хронографиясының құнды естеліктерінің бірі болып қалды.

Сондай-ақ, тарихқа байланысты әр-түрлі хабарлар Кекавменнің ақыл кеңестерінде де кездеседі. (ХІғ.) Оның шығармасы «Кеңестер мен әңгімелер» деп шартты тұрде аталады. Мұнда сарай қызметкерлерінің немесе провинция басқарушысының өзін қалай ұстауы керектігі жайлы кеңестермен қатар көрші елдермен қақтығыстар және провинциялық көтерілістер жайлы әңгімелер де кездеседі. Бұл уақиғалар кейінгі кездегі

__________

  1. 1. Анна Комнина. Алексиада. М., 1965.

 

 хроникаларда мүлдем кездеспейді немесе кездессе де үстірт қаралған.

Нарративтік деректердің үшінші тобы — тұрмыстық әдебиеттер. Тұрмыстық әңгімелер тарихи дерек ретінде ІХ-ғасырдың ортасынан бері қарай маңызын жоғалта бастайды. Кейбір тұрмыстық әңгімелер саяси және шіркеулік күрестер тарихынан материалдарға бай. Мысалы Никита Пафлагонның «Патриарх Игнатийдің өмірі» деген еңбегі IX ғасырдың екінші жартысындағы шіркеулік бүліктер тарихында маңызды деректерінің бірі болып табылады. Көп жағдайда тұрмыстық әңгімелер саяси жағдайларға аз тоқталады. Оның орнына византиялық провинцияны зерттеу үшін құнды өмір нақыштары көп кездеседі.

Ақыры нарративтік деректер қатарына өлең және проза түріндегі беллетристикалық шығармаларды жатқызуға болады. Кейде олардың сюжеті болған тарихи уақиғаны баяндайды. Көп жағдайда уақиғалар ойдан шығарылған. Бірақта осы естеліктердегі ымдаулар болған оқиғаны қалпына келтіру үшін, тіпті болмаса сол оқиғаға қоғамдағы топтардың козқарасын анықтау үшін өте құнды материал болуы мүмкін. Одан басқа Х-ХІІ ғасырлардағы византия ақындарының (Йоанн Геометр, Федор Продром, Иоанн Цец және басқалар) өлеңдері византиялықтардың күнделікті өмірін және византия қоғамының көзқарасын түсінуде жеткілікті пайдаланылмаған мәліметтер береді.

Деректердің өте ерекше тобын византиялық естеліктердің шешендік өнері құрайды. Шешендік өнерге хаттар мен сөздер жатады. Олар болып кеткен оқиғаның артынша жазылып отырады. Сол себепті де шыңдыққа жақын тұрады,

XI ғасырдың ортасы мен ІІ-жартысындағы эпистолографиялық ескерткіштер қатары өте мол. Иоанн Мавранодтың хаттары мен сөздерінен біз саяси және идеялық күрестің сипатын көреміз. Сондай-ақ Пселланың көптеген хаттары қоғамдық қарым-қатынастар мен әкімшілік тарихы туралы маңызды дерек болып табылады.

Әсіресе XII ғасырдың аяғындағы көптеген шешендік шығармалар сақталып қалған. Сол кезге тән діни әдебиеттер империяның ішкі тарихынан үзінді хабарлар ғана береді. Дегенмен, полемикалық шығармалар халықтық қозғалыстар мен ішкі саяси күресті түсінуде нақты дерек болып табылады. XI-XIII ғасырлардағы көптеген византиялық шешендік және діни шығармалар әліге дейін қолжазбаларда сақтаулы тұр. Әсіресе Эскуриалдық кодекс У.11.10. атақты. Онда әлі баспаға шығарылмаған XI ғасырдың ІІ-жартысындағы византиялық жазушылардың хаттары мен сөздері бар.

Сондай-ақ византиялық естеліктерден басқа шет тілдегі құжаттарда да византия империясы жайлы деректер бар. Бұл таным славян ескі француз, скандинав және көптеген шығыс тілдеріндегі шығармалардан көрінеді. Бұл деректерден біз халықаралық қатынастарды кеңінен байқаймыз.

Шет тілдегі деректер бірнеше категорияларға бөлінеді. Оған бірінші орында византияның арнайы құжаттары кіреді. Мысалы: орыс-византия келісімдері тек орыс жылнамалары арқылы белгілі. Немесе Алексей І Комниннің граф Роберт Фландарскийге жіберген сәлемдемесі т.б.

Византия тарихының сонғы кезеңі деректермен алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда жақсы қамтылған. ХІІІ-ХV ғасырларда бір жағынан көп жазылса, екінші жағынан бұл кейін жазылған деректер жақсы сақталған. Бұл деректерді негізінен үш топқа бөлуге болады; императорлардың тарту грамоталары,1 (хонсовулдар мен простагмалар), тіркемелер,2 (опистер) және көпестік грамоталар.3 Тіркемелер шаруалар мен феодалдардың жер көлемі, салық түрлері мен мөлшері, т.б. құнды мәліметтер береді. Ал хрисовулдар мен простагмалар византиялық құқықты қатынастырды зерттеу үшін құнды материал болып табылады.

1335 ж. Фессалоник монағы Матвей Властарь «Синтагма» деген заңдар жинағын құрастырған. Ондағы баптар алфавит бойынша орналас-қан. Заң саласындағы бағалы еңбектердің бірі — ХІV ғасырдың ортасында жазылған Псевдо Кодиннің «Константинополь сарайы мен Ұлы шіркеудегі мансаптар туралы» трактаты.

ХV ғасырдағы империя өмірі туралы мәліметтер біздің зама-нымызға дейін сақталған Фессалоники митрополиясының қызметкері 1419-1437 жж. аралығында жүргізген күнделік.

Сондай-ақ византиялық тарихшылардың империяның соңғы жүз жылдығы жайлы көптеген шығармалары сақталған. Оның бірі Георги Пахимердің «Тарихы». 1259-1308 жылдардағы империя жағдайы жайлы өте құнды дерек.

Никифор Григораның «Ромей тарихы» 1204-1359 жж. аралығын қамтиды. Григораның бұл еңбегіне қарама-қарсы жазылған Иоанн Кан-такузиннің «Тарихы» 1320-1356 жж. аралығындағы империяның әлеуметтік-экономикалық өмірі жайлы өте құнды еңбек.

1391 жылдан 1462 жылға дейінгі Византия империясы, оның құлауы жөніндегі Дуканың шығармасы тарихшылар үшін өте құнды деректердің бірі. Түріктерді жек көре отырып, Дука Батысты Византияға, көмекке келмегені үшін қатты кінәлайды.

Дуканың замандасы Георги Сфарандзидің шығармалары 1413-1477 жж. аралығындағы уақиғаларды баяндайды.

Кейінгі византиялық тарихнаманың көрнекті өкілдерінің бірі — Лаоник Халкокондил. Оның «Тарих» деген еңбегінің негізгі бөлімі Византия тарихының 1298-1463 жж. аралығына арналған.

Империяның ішіндегі 1452-1462 жж. уақиғалар түріктер тал-ғамына сай грек тарихшысы Критовулдың шығармасында көрініс тап-қан. Өзінің «Тарих» деген еңбегін ол империяны басып алған түріктер-

__________

  1. 1. П. А.Яковенко. Исследование в области византийских грамот. Юрьев, 1917.
  2. 2. Г.А.Острогорский. Византийские писцовое книги. ВС, ІХ, 1948.
  3. 3. А.П.Каждан. Локальные формуляры поздневизантийских грамот. –ВВ, ІІІ-, 1950, стр.387-393.

 

дің сілтеген бағытымен жазған. Ол түріктерді де эллиндіктер тегінен шықты деген пікірді дәлелдеуге тырысқан.

Империяның құлауы алдында саяси публицистика қайтадан кү-шейді. Әсіресе философ-гуманист Георгий Гемист Плифонның сөздері маңызды ескерткіш болып табылады. Ол мемлекеттің ХV ғасырдағы ауыр, келеңсіз жағдайын суреттей келіп, түбегейлі реформа бағдар-ламасын ұсынды. Бірақ оның жалынды сөздері мемлекет басшыларын дұрыс жолға түсіре алмады.

Публицистикалық шығармаларға ұқсас көптеген хаттар да сақталған. Императорлардың, тарихшылар мек қоғам қайраткерлерінің бір-біріне жолдаған хаттры империяның саяси-қоғамдық, мәдени өмірінің кейбір жақтарын ашып көрсеткен.

Қорыта айтқанда, Византия империясының ХІ-ХV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөніндегі деректер жеткілікті. Дегенмен ол деректерде ауылдық жердің жағдайына, өміріге көп көңіл бөлінсе, қала өміріне арналған деректер өте аз, саяси талаптардан гөрі шіркеу ішіндегі күрес жан-жақты бейнеленген. Әсіресе 1453 жылғы империяны түріктердің басып алуы кеңінен баяндалған.

 

2.2. ВИЗАНТИЯДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ.

 

XI ғасырдың 30-80-ші жылдарында Византия дағдарыс кезеңінен өтті. Елді «бүліктер» сілкінтті. 1057 жылдан 1081 жылға дейін 5 император ауысты. 1043 жылы Маниактың, 1047 жылы Трониктің,
1057 жылы Исаак Комниннің көтерілістері болды.

Исаак Комнин 1057-1059 жж. аралығында үкімет билігін басып алды. Империяның сыртқы жағдайы да нашарлап кетті: визан-тиялықтарға печенгтердің және түрік-сельджуктердің шабуылдарына тойтарыс беруге тура келді. 1071 ж. түріктер византия армиясын Манзикерт (Арменияда) жанында талқандады. Император Роман ІV Диоген (1068-1071) тұтқынға түсті.

Византия кіші Азияның едәуір бөлігінен айырылды. Батыстағы жағдайы да нашарлай түсті: Италияның оңтүстігінде Нормандықтар күшейіп алып, Византияға қауіп төндіре бастады. Норман герцогі Роберт Византияның оңтүстік Италиядағы иеліктерін тартып алды. 1071 жылы нормандықтар византияның Италиядағы ең соңғы тірегі Бари қаласын басып алып, 80-ші жылдардың басында Эпирге (Батыс Греция) Далмация (Югославия) жағалауына басып кірді. 1057-59 жылдан 1185 жылға дейін үкімет басына Алексей І Комнин келді. Ол әскери күштердің адамы еді. Сыртқы және ішкі қауіп-қатерлер византия феодалдарын уақытша жаңа Комниндер әулетінің төңірегіне топтастыра түсті.

Комниндер ескі бюрократиядан қол үзіп, жаңа атақтар жүйесін енгізді. Аймақтардағы өкімет билігі дуктер деп аталатын әскер басыларына берілді. Бұрығы стратиоттар деп аталған Халық жасақ-тарының орнына ауыр қару-жарақ асынған катафрактар (атты әскер) деп аталатын шет елдік жалдамалар келді.

XII ғасырда Византияда шаруалардың феодалдарға қарсы күресі кеңінен өріс алды. Павликиан қозғалысы қайтадан жанданып, өрби түсті. Оның ор-талығы империяның европалық облыстарға Фракия мен Македонияға (Югославия, Турция) ауысты. Фракиядағы Филиппополь қаласы-павликиан қозғалысының астанасы болды. Тап күресі әсіресе басып алынған Болгарияда күрделене түсті.

Византиялық  феодалдардың аяусыз тонауы, жергілікті халықты қуғын-сүргінге ұшыратуы, олардың салт-дәстүрін аяққа таптауы, жергілікті болгар ақсүйектерінің сатқындығы халық бұқарасының ашу-ызасын келтірді.

Өз жеріндегі феодалдық қанауға қарсы күрес болгарлардың шет ел езушілігіне қарсы күресіне ұласты. Болгариядағы қалың халық қозғалысына богомилдер басшылық етті. Олардың, ілімі павликиан-дықтар іліміне жақын болды. Козғалыстың негізгі күшін бастапқы кезде шаруалар құрады. Олармен бірге қала кедейлері де қатынасты. Павликиандар мен богомилдер византиялық өкіметке қарсы көбінесе бірлесе отырып күресті.

1078 ж. Месемьдин ауданындағы көтерілістің басшысы Богомил    Добромир болса, 1078-1079 жылдардағы Средецедегі (Софиядағы) көтерілістің басында павликиан Лека тұрды.

Өкіметтің тәркілеу (репрессия) әрекеттері Дунай Болгариясында-ғы халық көтерілісін тудырды. Оған мыңдаған шауалар қатысты. Бұл қозғалысты Богомил Травл басқарды. Көтерілісшілер (печенгтермен) одақ жасасып, 1086 жылы бірлескен күшпен византия әскерлерін телқандады. Византиялық Бакуриян және Врана деген қолбасшылар өлтірілді, олардың қалған әскері бытырап қашып, тарап кетті. Көтерісшілердің осы жеңісінің нәтижесінде бүкіл Дунайлық Болғария Византия өкіметінен тәуелсіз болды.

Халық көтерілістері Византия империясының басқа жерлерінде де өріс алды. Император Алексей Комниннің (1081-1118) билей бастаған кезінде Крит және Кипр аралдарында салықтың ауырлығына қарсы халық көтерілістері болды. Ол көтерілістерді басу үшін әскер жіберілді.

1147 жылы император І-Мануил (1143-1180) билеген кезде Кор-фу аралындағы кедейлер де салық ауыртпалығына қарсы көтеріліске шығып, аралды нормандықтар билігіне берді. Бірақ бұл әрекеттері аралдың жергілікті тұрғындарына бостандық, жеңілдік әкелмеді.

Көп уақыт өтпей-ақ олар жаңа қожайындары нормандықтар қысымшылығынан зар илей бастады. Тарихшылар: Корфу тұрғындары салық түтінінен қашып, құлдық жалынына шалынды деп жазды. Кейін өкімет аралды нормандардан тазартып, жергілікті тұрғындарды ауыр жазалады.

Жоғарыда біз XI ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында Византияның сыртқы жағдайы қиындап кетті дедік. Солтүстіктен печенгтер, шығыстан түрік-сельджуктер қыспаққа алып, империяны ығыстыра бастады. 1018 жылы Алексей Комнин Даростол түбіндегі шайқаста печенгтерден ауыр жеңіліске ұщырады. Печенгтер Филип-пополь қаласына кіріп, Фракияға билік жүргізе бастады. Печенгтерге византиялық өкіметті өте жек көретін богомилдіктер көмектесті. Кіші Азияда империяға қарсы Эмир Чаха әскери жорық бастады. Ол тез арада Кіші Азияның Батыс жағалауына және Спорад аралдарына бекініп алды.

Византия империясына төнген қауіп әсіресе Чаханың печенгтер-мен одақтасып, өзі империя астанасын — Константинопольді – теңізден, ал печенгтер құрылықтан қоршауға алғанда күшейе түсті. 1090-1091 жылғы қыста Византия империясының жағдайы өте мүшкіл болды: Алексей Комнин Батыс Европа феодалдарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Ол сонымен қатар Днепр мен Донның төменгі сағаларында көшіп жүретін қыпшақтарды қымбат сый-сияпаттармен өз жағына тарта білді. Бұрын печенгтермен одақтасып жүретін қыпшақтар 1091 жылы византиялықтар әскерімен бірге оларға (печенгтерге) қарсы соғысып, қатты соққы берді.

Эмир Чаха печенгтерге көмекке келіп үлгермеді де, соңынан
өзі де византиялықтар қулығының құрбаны болды. Византиялық тыңшылар сельжук сұлтаны Қылыш Арсланға (1092-1106) «сенің күйеу балаң Чаха саған қастандық ойластырып жүр, сенің орныңа таққа өзі отырмақшы», деп айдап салды. Бұл өтірік жалаға сенген сұлтан Чаханы 1093 жылы өлтірді. Осындай әрекеттердің нәтижесінде империяға төнген қауіптен уақытша құтылуға мүмкіндік туды.

Печенгтердің Византияға шапқыншылығын тойтаруда Русьтің көшпелілерге қарсы күресінің маңызы зор болды. Византиялықтар орыс мемлекетінің күшейуінен қорқып, көшпелілерді соларға қарай айдап салуға тырысып бақса, енді бірде сол көшпелілерден өзі қысым көріп отырды. Бұл жағдайда орыстардан көмек сұрады.

Византия мемлекетінің онан әрі тағдырына крестшілер жорық-тары зор ықпал етті. Егер 1091 жылға дейін Алексей Комнин печенгтер шапқыншылынына қарсы куресте батысевропалық феодалдардан көмек күтсе, енді ол қауіп-қатерден құтылған соң 1096 жылы Византияға крестшілдердің келуі үкіметті өте қатты мазалады. Үкімет оларды тезірек Кіші Азияға өткізіп жіберіп, шапқыншылықтан құтылуға тырысты. Тіпті кресшілер жорықтарынан Византия пайда түсіруге де тырысты. Кресшілердің түрік-сельджуктерді жеңуін Византия Кіші Азиядағы өз үстемдігін қайта орнату үшін пайдаланды. Түріктерден Кіші Азияның Сарды, Эфес, Смирна қалалары орналасқан бөлігін тартып алды. Көп өтпей өз билігін Сирия шекарасына жақын об-лыстарға да орнатты.

Бірақ Алексей Комнин билеушінің соңғы кезінде, әсіресе оның мұрагері ІІ — Иоанн (1118-1143) мен І-Мануил (1143-1180) тұсында Византияның кресшілермен арақатынасы өте нашарлап кетті. Империя мен кресшілер мемлекеттерінің арасында әскери қақтығыстар өріс ала бастады. Бұл қақтығыстардың басты себебі, сауда-саттықтан түсетін пайда еді. Кресшілер жорығын пайдаланып отырып, Венеция мен Геңуя саудагерлері Византиядағы саудаға үстемдік ете отырып жергілікті қолөнер және сауда ісіне зиянын тигізді. Бұл зиянкестіктері халықтың ызасын туғызды.

1182 жылдың мамыр айында көтеріліске шыққан халық Константинопольдегі Итальяндық көпестерді қырып салды. Бұл көтерілістің нәтижесінде үкімет басына І-Андроник Комнин (1182-1185) келді.

Оның билігіне ірі жер иелері қарсы еді. Сондықтан ол қолдауды қалың халық бұқарасынан іздеді. Халықка салынатын салықты же-ңілдетуге, лауазымдар мен қызмет орындарын сатуды тоқтатуға, әкімшілік аппаратты азайтуға мәжбүр болды.

Ірі феодалдарға қарсы күресінде Андроник сондай-ақ Византия көпестеріне арқа сүйеп, грек саудасын дамытуға қамқорлық жасады. Андрониктің мұндай саясаты ірі феодалдардың ашу-ызасын
келтірді. Олар 1185 жылы Сицилия королі Вильгельм ІІ-ден көмек
сұрады. ІІ-Вильгелм әскері Диррихийді  басып алды. Бұл сәтсіздіктерді ииператордың қарсыластары пайдаланып, оны орнынан алып тастады. 1185 жылы І-Андроник өлтірілді.

Таққа ірі феодалдар өкілі, қорқақ әрі нақұрыс Исаак ІІ-Ангел отырды. Ол 1185-1204 жылдар аралығында билік құрған Ангелдердің алғашқысы болды. Бұл әулеттің басқарған кезі Византияның саяси және әлеуметтік құлдырау кезеңі болды. Салықтың өсіп отырғанына қарамастан, мемлекеттің табысы күннен-күнге азайа түсті. Оған себеп сарайдың шексіз ойын-сауық, той думанға салынуы болды. Сол кездегі Афины қаласының дін басы Михаил Акоминат былай депті: «көптен бері салық ауыртпалығынан халқының саны қысқарып бара жатқан біздің Афины облысымызда скифтердін тақырындай тақырға айналу қаупі төніп тұр». Шетелдік жалдамалылардан тұратын империяның әскери күші қаржы жетіспегендіктен ыдырай бастады. Теңіз флоты да әлсіреді. Византияның әлсіреуін оның сыртқы бақталастары, ең алдымен Венеция республикасы пайдаланып қалуға тырысты. Венеция кресшілердің IV-жорығын Виантия мемлекетіне қарай шебер бағыттай білді.

Сонымен қатар Византияның әлсіреуін пайдаланып, Герман им-периясы оны өз ықпалына түсіруге әрекеттенді. Герман императоры Филипп Швабский өзінің Ангелдер әулетімен туыстығын пайдаланып (ол Византия ииператоры Исаак ІІ Ангелдің күйеу баласы еді) екі империяны біріктіріп жіберуді армандады. Сондықтан Исаак Ангелді тақтан оның інісі ІІІ-Алексей (1195-1203), құлатқанда Филлип Швабский ІІ – Ангелдің баласы — патшазада Алексейге көмекке келді.

Таққа заңды императорларды қайта отырғызу керек деген сыл-таумен кресшілер Византияға шапқыншылқ жасады. Филипп Швабский айдап салған кресшілер жорығын Бонифаций Монферратский басқарды.

Өзінің тұрақты әскері жоқ, жалдамалыларға төлейтін қаржысы жоқ Византия үкіметі жауға қарсылық ұйымдастыра алмады. 1204 жылы 13 сәуірде құрылықтан да, теңізден жасалған шабуылға төтеп бере алмай, Константинополь жауға берілді. Жау қаланы жермен жексен етті. Византия мемлекетінің қалдығында 1204 жылы Латын империясы құрылды.

Византиялық ірі феодалдардың көпшілігі ашықтан-ашық кресші-лер жағына шықты. Өз қожайындарына деген өшпенділік халық бұқарасының да кресшілер жағына шығуына себеп болды. Сондықтан да кресшілер империяның жартысына жуығын: Фракияны, Македонияны, Фессалия мен Грецияның біраз бөлігін, Пелопенес пен Эгей, Ион теңізіндегі аралдарды — оп-оңай басып алды. Кресшілер орныққан Латын империясы әуел бастан-ақ әлсіз болды. Оның алғашқы императоры Балдуин Фландрский (1204-1205) IV-Крест жорығының басшысының бірі болатын. Ол жеке ел билігін жүргізе алмады.

Барлық мәселелерді венециялықтармен және мемлекеттік кеңес-тің қатысуымен ғана шешетін. Жеке өз билігіне тек Констан-тинопольдің, Фракияның, Эгей аралдарының біраз бөліктерін алды.

Македониямен Фессалин Фессалоник корольдігі деп аталды. Оны кресшілердің басқа бір көсемі — Бонифаци Монферратский биледі. Кресшілерге бағынбаған Морей княздігі, Афины герцогтығы дегендер құрылды. Венециялық діндар Томмацо Морозини Константинополь патриархы деп жарияланды. ІV-крест жорығынан әсіресе католик шіркеуінің басшысы — папа көп пайда тапты. Ол византиялық шіркеул-лер мен монастырлардың жерлері мен табыстарына ортақтас болды.

Латындық империя кезінде Византия экономикасы бұрынғы-сынан бетер құлдырай түсті. Кресшілер жаулап алған жарлердің талан-таражға түсіп, азып-тозғанын өз көзімен көрген византиялық тарихшы Никита Хониат былай деп жазыпты:  «жайнап тұрған қалалар мен егіс алқаптары, жайылымдар мен бау-бақшалар, зәулім үйлер … осылардың бәрі бос қаңсып қалды, немесе жабайы аң-құстар ордасына айналды».

Жергілікті халықтың әсіресе жауап алушылар жүргізген шіркеу саясаты қатты наразылығын туғызды. Олар, яғни басқыншылар, грек-тердің діни әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне жиіркеншпен қарайтын. Византияда діни ғұрыптар католиктер тәртібі бойынша өткізіле бастаған соң православие діні латындықтарға қарсы насихат жүргізді.

Басқыншыларға қарсы шыққан негізгі күш халық бұқарасы болды. Ол кресшілердің жүгенсіздігінен көп зиян шеккен еді. Фракия хал-қының белсенді қолдаушылығына сүйене отырып болгар патшасы Ка-лозн 1205 жылы. Адрианополь маңындағы шайқаста латын императоры Балдуин Фландрскидің қолын күйрете жеңді. Кресшілердің ең бетке ұстар тобы   жойылды, ал император Балдуиннің өзі тұтқынға түсті. Бұл жеңіліс кресшілердің Балқан жартыаралығындағы жылжуын тоқтатты.

Бұрынғы Византия империясының орнында енді жекелеген грек мемлекеттері құрыла бастады. Кіші Азияның Солтүстік-батысында Нике иипериясы, Балқан жартыаралының батысында Эпир деспотаты (шектелмеген, шексіз монархия), Қара теңіздің оңтүстігінде -Трапезунт империясы деген мемлекеттер пайда болды.

Трапезунд империясы өзінің құрылған 1204 жылдан бастап басқа грек мемлекеттерінен ерекше жағдайда болды: ол Закавказьеге, оның ішінде — Грузияға қарай жақындай түсті. XIII ғасырда оның құрамына Кара теңіздің Оңтүстік шығысындағы құнарлы да пайдалы кен қазбаларына бай Фасисден Салкунге дейінгі облыстары кірді.

Грузин патшасы Тамараның (1186-1205) әскеріне сүйене отырып, Византия императоры І-Андрониктің немерелері Алексей мен Давид Комниндер 1204 жылы сәуірде Трапезункті (қазіргі түріктердің Трапзун қаласы) басып алды. Артынша жағалық Синоп, Амастрида, Ираклия қалаларын да басып алды. Император деп Алексей (1204-1222 жж.) жарияланды. Императорлар ұлы Комниндер деп аталды.

1214 жылы Трапезунд империясы Ираклиядан, Амастриядан айы-рылып қалды. Оларды Нике империясы басып алды. Ал Синопты түрік-сельджуктер алды. Сүйтіп, Трапезунд империясы шағын жағалауды ғана иемденді. Онда гректер, грузиндер, армяндар тұрды. Грузиямен одақ құрды. Империяның халық шаруашылығының негізін жүзім өсіру, егіншілік және Солтүстік Қара теңіз жағалауымен, Кавказбен, Месопоталиямен, Орта Шығыспен жүргізілетін сауда құрады.

Феодалдардың өз еріктері өзінде болды деуге болады. Олар өздеріне тәуелді шаруаларды (париктерді) соттауға, өз адамдарынан жасақ ұйымдастыруға, өлі қол правосын пайдалануға хақысы болды. 1243 жылдан бастап Трапезнуд империясы монғолдарға тәуелді болып қалды.

ХIV ғасырдың басында Трапезунд Ақ-қойлылармен (оғыз тайпалары) күрес жүргізді. 1456 жылы империядан түріктер салық ала бастады. Ал 1461 жылы ІІ-Мехмед Сұлтан басып алып, Осман империясының провинциясына айналдырып жіберді. Ал басқа екі гректік мемлекеттер — Никей империясы мен деспотаты шетелдік басқыншыларға қарсыласу орталығы болды. Әсіресе экономикасы жағынан күштісі Нике импе-риясы болды. (Никея қазіргі Изник қаласы) Никей империясы 1204 жылдан кейін бұрынғы Византия империясының жалғасы болды.

Византия империясының астанасы Константнопольден Никеяға көшірілді, Партиархтың ордасы да осында көшіп келді. Никей империя-сының алғашқы билеушісі Федор Ласкарис болды. 1211 жылдың басында Антиохия түбінде түріктерді жеңіп, сол жылғы күзде (қазан айы) Латын империясынан жеңіліп қалды. 1214 жылғы Нимфа келісімі бойынша Латын империясымен шекарасы анықталды. Сол келісім бойынша Гераклея (Ираклия) мен Амастрида қосылды. Никей империя-сында қалалар (Никея, Нимфей, Смирна, Эфес, Пруса) дамып, ауыл шаруашылығы товарлы өндіріске тартыла бастады.

Никей империясы Генуяға астық шығарып, Иконий сұлтана-тымен, Русьпен сауда-саттық жасады. Жалпы Византияның орнында құрылған грек мемлекеттерінің ішіндегі ең қуаттысы осы Никей империясы болды. ІІІ-Иоанн Дука Ватаң латындықтарды Кіші Азиядан қуып тастады, Лесбос, Хиос, Родос аралдарын басып алды. ІІІ-Иоанн болгар патшасы Иван ІІ-Асенмен одақтасып, 1235-1236 жылдарда латындардың қол астындағы Константинопольді азат етуге тырысты.

1246 жылы ІІІ-Иоанн Фракия мен Македонияның едәуір бөлігін басып алып, ешбір қарсылықсыз Фессалоникиге келіп кіреді. Үкімет әскері Ахей князьдігі мен Сербия королдігінің әскерін жеңді. 1261 жылы Никей империясы Генуямен Нимфей бітімін жабасты. Генуялықтарға саудада жеңілдіктер беріп, олармен венециялықтарға, Латын империясына қарсы соғыс одағын жасады. 1261 жылғы 25 шілдеде VIII Михаилдің әскер басшысы Алексей Стратигопул айтарлықтай қарсылық көрмей Константинополъді алды. VІІІ Михаил ол қаланы Никей империясының астанасына айналдырды.

Сөйтіп, Византия империясы қайта қалпына келтірілді. Никея империясы деген жойылды. Бірақ қалпына келтірілген Византия им-периясы бұрынғы мемлекеттен әлдеқайда кішкентай, бытыраңқы мем-лекет болды. Оның құрамына Фракияның, Македонияның біраз бөлігі, Кіші Азияның Солтүстік-батыс жағы, Пелопоннес жарты аралы кірді.

Х-ХІ ғасырлармен салыстырғанда Византия территориясы бір-неше есе қысқарып кетті. ІV кресшілер жорығындағы талқандалудан кейін, Византия империясы өзінің бұрыңғы қалпын толық келтіре алмады. Византия империясының тағында Палеологтар әулеті (1261-1453) бекініп алды.

Қарсылық көрсеткеніне қарамастан болгарлар мен сербтерді Византия басып алды. Болгария тәуелділігін толық жоғалтты, Визан-тияның провинциясына айналды. Өзінің үстемдік құрып тұрған кезінде (1018-1185) Византия үкіметі Болгарияға тек соғыс жүргізуге қажетті шикізат, қаражат көзі ретінде ғана қарады.

Византия басып алғаннан кейін болгарлықтар төлеп тұратын алым-салықтар мөлшері арта түсті. Византия үкіметі жаңа салықтар
енгізді. Арбасы мен көлігі бар болгар астық, тары, шарап өнімдерінен салық төлейді. Шаруалардың артық өнімдерін арзан бағамен мемлекет қорына алу синонаны-кеңінен қолданылды.

Сондай-ақ халық каноник деп аталған шіркеу салығын төледі. Жергілікті халық өз қаржысына жолдар мен көпірлер, бекіністер салуға тиіс болды. Болгарияны тонау сондай-ақ оның жақсы, шұрайлы жерлерін византиялық феодалдарға (біздің Қазақстанда жақсы жерлерді совет үкіметі орыстарға күшпен тартып әпергеніндей) үлестіріп берді. Әкімдер тарапынан парақорлық кең өріс алды. Пара бермегендерге қоқонлоқылық көрсетіліп, қуғындалып отырды.

XI ғасырдың аяғында Болгариядағы византаялық шіркеудің бас-шысы охридтік Архиепископ Феофилакт мемлекеттік әкімдердің салық жинаушылар емес, «тонаушылар мен ашқарақ сүліктер (живодеры)» — деп ашына айтқан екен. Шаруалар асырай алмай бала-ларын құлдыққа сатуға мәжбүр болды. Византия үкіметі балаларды зорлап, грек тілінде оқытып, эллиндерге айналдыру саясатын жүргізді.

Славян тілінде оқытатын мектептер жабылып, немесе грек жазуына ұқсас етіп өзгертіле бастады. Болгар мәдениетін жою арқылы Византия үкіметі жергілікті халықтың азаттыққа деген ынтасын жоюға тырысты. XI ғасырға қарай Болгарияда феодалдық қатынастар негізінен қалыптасып бітті. Бірақ шетелдік басқыншылық елдің өндіріс күшінің жетілуін тежеді. Бұл құбылыс әсіресе болгар қалаларының өмірінен айқын байқалады. XI-XII ғасырларда болгар қалалары үлкен дағдарысқа ұшырады.

Болгариядағы Византия үстемдігі ірі жериеленушіліктің онан әрі дамуына  ықпал етті. Шіркеу — монастырь жерлерінде тұратын шаруалар клириктер деп аталды. XIІ ғасырдың ортасына қарай тәуелсіз (ерікті) шаруалар катары айтарлықтай азайды. Византия феодалдарының болгар шаруаларын тонауына сатқыншылығының арқасында өз артықшылық- тарымен байлықтарын сақтап қалған болгар боярлары да қатысты.

Болгарияның байлығы әртүрлі жолдармен Византия феодалдыры мен қазынасына кетіп отырды. Екі ғасырлық талан-таражыға түсу Орталықтанған Болгар мемлекетінің құрылуын қиындатты. Болгар халқы ұлт азаттық қозғалысын тәуелсіздігін жоғалтқаннан кейінгі он жылдықта бастаған болатын. Византия үкіметіне қарсы күресті негізінен шетел билеушілерімен тіл табыса алмай қалған феодалдар бастап отырды.

Бірақ бұл күрестің қозғаушы күші екі жақты езгіден қорлық көрген шаруалар болушы еді. Болгариядағы І-бұқаралық көтеріліс 1040-1041 жылдары болды. Ол көтерілістің басты себебі шаруалардың заттай салықты ақшалай салыққа ауыстыруға қарсылығы болды.

Болгариядағы көтеріліс Сербияға да тарады. Көтерілісшілерге Македония, Эпир, Орта Греция, София облысының шаруаларымен бірге византиялық шаруалардың да біразы қатысты. Болгарлар мен сербтердің біріккен күшін болгар патшасы Самуилдың немересі Петр Делин басқарды. Византия бұл көтерілісті әрең дегенде басты. Петр Делин тұтқынға түсіп, өлтірілді. 1071—1073 жылдары Болгарияның Солтүстік-батысында үлкен көтеріліс болды. Оны боярин Георгий Войтех басқарды. Бұл жолы да болгарлар мен сербтер бірлесіп күресті. Болгар-лардың басшысы, көтерілістің басшысы Константин Бодин деп жарияланды. Көтеріліс толқыны Солтүстікте Нишка (наис), оңтүстікте -Эгей теңізінің жағалауына дейін жетті. Визатия үкіметі бұл көтерілісті неміс және норман жалдамалы әскерлерінің көмегімен әрең дегенде басты.

Бұл көтеріліске қатысқан жерлер тақырға айналдырылды. Бірақ азаттық (көтеріліс) қозғалысы тоқтаған жоқ.

Кейінгі жылдары болгарлар бостандыққа жету мақсатымен визан-тияның шіндегі өзара қырқыстарға да қатысты. 1077 жылы олар Ни-кифор Вриеннияның император Михаил VII Дукке қарсы соғысына бел-сене араласты.

Екі жылдан соң Никифор Василаки көтерілісіне қатысты. 1078 жылы Меселеврия аудананда Добромирдің басшылығымен халық қозғалысы өріс алды. Оның артынша мұндай көтеріліс Одрин (Адрианополь) қаласыңда да болды.

Византиялық езгіге қарсы күреске қарсы әсіресе богомлдер бел-сенді қатысты. Олар тек белсенді қатысып қойған жоқ, күрестің бастаушылары да болды. Мысалы, 1084 жылы Филиппопольдегі көтерілістің басында Богомил Травл тұрды. Богомилдер 1096-1097 жылдары І-кресшілер жорығына тойтарыс беруді ұйымдастырушылар болды. Богомилдердің XI-XII ғасырларда халық арасындағы беделі күшті болды. Тек 20 жыл ішінде — 1140-1160 жылдары Константи-нопольде богомилдердің құдайдан безгендігін (ереси) талқандауға арналған 4 шіркеу жиыны шақырылды. Византияның бұл әрекеттерінен түк шықпады, XII ғасырдың 80-ші жылдарында богомилдер Болгарияға азаттық әкелген күреске белсене қатысты.

Бұл күрес 1185 жылдың аяғында Солтүстік-батыс Болгарияда басталды. Оның басты себебі ауыр алым-салықтар болды. Сол 1185 жы-лы салықтың тағы бір жаңа түрі қосымша енгізіліп еді. Бұл кезде Византия империясының ішінде екі топқа бөлінген феодалдар арасында өзара қырқысулар басталып, ол Андроник Комниннің тақтан түсуіне әкелген болатын. Нормандықтар шапқыншылығының қаупі әлі де төніп тұрған еді. Сондықтан Византия үкіметі Дунайлық Болгарияға жеткілікті әскери күш жібере алмады.

Ондағы көтерілісті басқарған ағайынды Петр мен Асеньдер (Торновадан) византияның қиын жағдайын өте орынды пайдалана білді. Болгарияның шығысындағы византиялық гарнизондар талқандалды. Византия бұл көтерілісті 2 жылға дейін баса алмады. Тек 1186-1187 жылдары император Исаак ІІ-Ангелдің басшылығымен Дунайлық Болгарияға 3 үлкен жорық ұйымдастырылды. Бірақ ол жорықтардан түк шықпады. 1187 жылы Византия көтерілісшілермен келісім жасауға, сүйтіп Солтүстік-шығыс Болгарияның теуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

80-ші жылдың аяғы – 90-шы жылдың басында басқа облыстарда да – Македонияда, Ескі Планинада қозғалыс басталды. Византия-лықтардың көтерілісті баспақ болған бірнеше әрекеттері нәтижесіз болды. 90-шы жылдың ортасына қарай Македонияда бірнеше тәуелсіз князьдықтар пайда болды. Сүйтіп, ХІІ ғасырдың аяғына қарай болгарлар қоныс-танған территориялар түгелімен Византия билігінен құтылды. Бұл территорияда бірнеше майда мемлекеттер құрылса да болгар халқының ірі табысқа қолы жетті.

СЕРБИЯ. Серб жеріндегі византиялық езгі болгариядағы езгіден жеңілдеу болды. Ол Византиядан шалғайлау еді, әрі онша бай емес еді. Сондықтан ол византиялық феодалдарды аса қызықтырмады. Ол Византия билігін мойындағанымен өз тәуелсіздігін бегілі мөлшерде сақтап қалды. Серб князьдігі (жупандар) биліктерін бұрынғысынша жүргізе берді.

Сербтер де салық төлеп тұрды. ХІ-ХІІ ғасырларда Сербия Византияның Венгриямен, Нормандармен соғысының майданына айна-лып, талан-тараждыққа ұшырады. Өз билігін нығайту мақсатында византиялықтар серб феодалдарын біріне-бірін қарсы айдап салып отырды. Бірақ қалың халық бұқасы негізінен кімге қарсы күресу керектігін ұмытқан жоқ.

ХІ-ғасырдың 20-шы жылдарының ІІ-жартысында византия-лықтарға қарсы Драч облысы мен Зетаның (Черногория) халқы көте-ріліске шықты. Серб халқының басым көпшілігі 1040-1041 жылдардағы Петр Делян басқарған болгар қалқының көтерілісіне қызу қолдау көрсетті.

Византиялықтарға қарсы күрестің алғашқы көзінен бастап Зет князі Войнислав ерекше көзге түсті. Оның қолбасшылығымен черногор-лықтар 2 рет (1040 және 1043 жылдар) өздеріне қарсы жіберілген византиялық әскерлердің тас-талқанын шығарды. Сүйтіп өз облыстарын Византия билігінен азат етті. Войниславтың баласы Михаилдың кезінде (1051-1081) және немересі Константин Бодиннің (1081-1101) тұсында Зетаға басқа да Серб жерлері қосып алынды. Бірақ бұл кезде феодалдық бытыраңқылық негізгі себебі болып отырған әлеуметтік, экономикалық жағдайлар сербияның бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетуіне әкеліп соқты.

XII ғасырда Серб жерлерін айналасына біріктіре бастаған жаңа орталық Рашка облысы болды. Оның ішінде ерікті шаруалар көптеп сақталып қалған еді. Рашканың Вукан, Тихомир Стефан Немани (1159-1195) сияқты ұлы жұпандарының Сербияны біріктіру жолындағы табыстары олардың феодалдық дружиналармен қатар шаруалар жасақ-тарын кеңінен пайдалануында болды.

Сербияны біріктіруде зор табысқа жеткен Стефан Немания Сер-бияны ХІV ғасырдың аяғына дейін билеген Неманичтер династиясының негізін қалады. Византиямен, оған көмектескен кейбір сатқын Серб княздерімен болған көпжылдық соғыстың нәтижесінде Неманя өз ықпа-лына Серб жерінің басым көпшілігін бағындырып, 1190 жылы өзі құр-ған мемлекеттің толық тәуелсіздігін жеңіп алды. Шамамен осы кезде византиялық езгіден Босния да құтыла бастады.

ХОРВАТИЯ. ХІ-.ХІІ ғасырларда Хорват халқы үшін қиын-қыстау кезең басталды. Хорватияда феодалдық бытыраңқылық кең орын алды. Король билігі күннен-күнге әлсірей берді. Ірі феодалдардың өзінше бөлек иелік құруға, әсіресе феодалдардың XI ғасырдың 50-60 жылдардағы халық қозғалысын басуынан кейін ұлғая түсті. Бұл кезде (ХІ ғасырдың аяғында) король билігі Венеция көпестерінің және венгр феодалдарының шапқыншыларына қарсы күрестегі сәтсіздіктер салдарынан әлсірей берді. Шамамен 1000 жылда Хорватияның Помор-ьесін Венеция басып алды. Кейін Хорватия кейбір Солтүстік-батыс облыстарынан да айырылды.

ХІ ғасырдың соңғы ширегінде Хорватияда феодалдық өзара қақтығыстар мен бүліктер асқына түсті. Король тәдіне талас үшін ірі феодалдар (великаштаар) бір-бірін әлсірете берді.

1089 жылғы хылық көтерілісі 1076 жылы король тәжіне ие болған звонилгирді тақтан тайдырды. Хорватия папа билігінен тәуелсіздік алды. Бір үкімет басына келген феодалдар өкілі сатқындық жасап 1102 жылы венгр королі Арпадовичтер әулетімен одақ құрды.

Одақ шарты бойынша великаштар артықшылығы тек сақталып қоймады, онан әрі ұлғая түсті. Хорватия мәселерін король тек ірі Хорват феодалдарынан тұратын кеңеспен келісе отырып шешуге тиіс болды. Әрбір жаңадан тәж киюші венгер королі Хорват феодалдарының еріктілігі сақталатынына ант берді.

Мемлекеттік тәуелсіздікті жоғалтудың қарапайым еңбекші халық үшін зардабы ауыр болды. Бұл шығын әсіресе кедейлер үшін өте ауыр болды. Хорватияның, Сербия мен Болгарияның ауыр жағдайы олармен тығыз экономикалық байланыстардағы Адриатика жағалауындағы (Далмация) славян қалаларының дамуына зиянын тигізді. Бұл жерде де дамудың басты тежеуші күші шет елдік езгі болды. Далмация шамамен 1000 жылдан бастап Венеция көпестеріне тәуелді болып қалған.

Адриатикадағы өзінің сауда үстемдігін орнату мақсатымен Ве-неция жағалаудағы қалалардың саяси өміріне, қала басшыларын тағайындауға араласып қана қоймай, славяндардың теңіз ісіне, саудасына әртүрлі шектеулер қойып отырды.

Венеция үкіметі Далмацияға әкелінетін тауарларға өз бетімен сауда салықтарын енгізіп отырды. Әкелінетін, шетке шығарылатын тауар мөлшері белгіленіп отырды. Сонымен қатар жағалық қалалардың Венецияға дұшпан деп есептелетін елдермен сауда жасауына тиым салынды. Венециялықтар жағалық қалалықтардың өзіндік түрі бар мәде-ниетімен күреске көп күш-қаржы жұмсады. Бұл салада венециялықтар католик шіркеуінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланды. XII ғасырдан бастап Далмацияны басып алу әрекеттері венгер корольдерінің де, Византия императорларының да тарапынан қайта-қайта жасалып тұрды. Жағалық қалалар шет елдік билікке оңай көне қоймады.

Олардың көпшілігі бірнеше рет көтеріліс жасады. Ол көтерілі-стерді басу үшін венециялықтар айтарлықтай теңіз қарулы күштерін жасақтады, Ломбард және  неміс жалдамаларының көмегіне сүйенді.

Әсіресе 1171 жылдан 1180 жылға дейін Задар қаласындағы көтерілістер айбынды болды. Соңғы көтерілістің нәтижесінде Задар қаласы венгерлердің көмегімен 20 жылға Венеция езгісінен құтылды. Бірақ венециялықтардың бір-біріне шебер айдап салуының арқасында славян қалаларының арасында бірлік-ынтымақтастақ болмай, керісінше, бірін-бірі көре алмаушылық пиғыл орын алып отырды. Сондықтан да жеке қалалардың өте сәтті басталып отырған көтерілістері барлық Далмациялық славяндардың бірлескен көтерілісіне айналмады. Бұл кезде тек Дубровник азды-көпті өз тәуелсіздігін сақтады. Ол сауда жасауда біраз жеңілдіктермен пайдаланды, өзінің ішкі істерін басқаруда да өз бетімен әрекет етті.

Сүйтіп, XI-ХІІ ғасырларда оңтүстік славян халықтарының басым көпшілігі XII ғасырдың аяғына қарай византиялық езгіден құтылып, өз тәуелсіздігін орната бастады.

Латын империясына қарсы күресте жетекші рольді Никей име-риясы атқарды. 1261 жылы Никей императоры Михаил VІІІ Палеолог латын империясындағы гректердің көмегімен Константинопольді қай-тарып алып, Византия империясын қалпына келтірді. Енді 1261 жылдан 1452 жылға дейін таққа палеологтар әулеті орнықты. Өзінің өмір сүрген соңғы кезеңінде Византия империясы шағын феодалдық мемлекет болып қалды. Эпир мемлекеті 1337 жылы ғана империяға қайта қосыл-са, Трапезунд өзінше империя болып қала берді.

ХІV-ХV ғасырларда баяу да болса өндіргіш күштерінің онан әрі өркендеуі негізінде Византия экономикасында товарлы-ақша қатынас- тары маңызды роль атқара бастады. Кейбір ірі экономикалық орталықтарда, әсіресе Константинопольде мануфактура түріндегі жаңа, капиталистік қатынастардың белгісі пайда болды. Бірақ бұл жаңа өндірістік қатынстардың элементтері көріністер болды, яғни барлық жерде емес, бір қалада, ауданда пайда бола бастаса, екінші бір жерде қайтадан сөніп қалып отырды. ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырда Византияда қолөнері мен сауданың құлдырауы байқалды. Бұл құлдырау мен капиталистік қатынастардың баяу дамуының басты бір себебі Византияның ішкі рыногының әлсіздігі болды. Келесі бір себебі — шет елдік кәсіпкерлердің ең алдымен италяндық көпестер мен қолөнері шеберханалары иелерінің еніп кетуі болды.

Византия экономикасын әлсіреткен кресшілер жорығынан бастап
жергілікті көпестер Венеция, Генуя көпестеріне жол беріп отыруы
керек болды. ХV ғасырға қарай ірі феодалдық жер иеленушілік ерікті
шаруалар қауымдарын толығымен дерлік ығыстырған болатын. Ірі феодал-
дардың өзіне тәуелді халыққа үстемдігі онан әрі ұлғая түсті: енді
ол тек алым-салық жинап қана қоймай, әкімшілік және сот билігіне
де ие болды. Шаруалар тәуелділігі соңғы Византияда әр-түрлі болды: шаруалардың көпшілігін бұрынғысынша феодалдық тәуелділіктегі тұқымнан-тұқымға көшіп отыратын пайдаланушылар париктер құрады. Тәуелді шаруалардың біраз бөлігі аулалық жағдайында болды. Арендаға алған жерден түскен өнімнің белгілі бір мөлшерін феодалдарға беріп отыратын шаруалар да болды.

ХІV-XV ғасырларда Византия деревнясында мүлік теңсіздігі
ұлгая түсті. Ол құбылыстың негізгі себебі товарлы-ақша қатынас-
тарының ауылдық жерге де ене бастауы, астықтың рынок үшін өндірілуінің арта түсуі болды. Феесалоника, Родос, Монемвасия сияқты қалалар ХІV ғасырда астық саудасының ірі орталықтары болды. Астықты товар ретінде өндіру дами түсті. Соның нәтижесінде бақуатты шаруалар тобы бөлініп шығы бастады. Олар жұмыспен өтеу және заттай өтеу түріндегі салықтарын ақшалай салықпен ауыстырды. ХІV-ХV ғасырлардағы құжаттарда актимондар деп аталған кедейлер туралы мәліметтер көп кездеседі. Бұл жерлерінен, өндіріс құралдарынан айырылған шаруалар еді. Олардың қатарынан мистиилер деп аталған жалдамалы жұмысшылар шықты.

Шаруалардың қайыршылануына сондай-ақ өсімқорлар да себеп болды. ХІІІ-ХV ғасырлардағы тап күресі үшін болған бір жағынан Иоанн Палеолог, екінші жағынан Иоанн Кантакузинді жақтаушылар арасындағы қантөгіс уақиғалар себеп болды. Қозғалыс 1341 жылы Адрионополде басталды. Қала қолөнершілері маңайдағы шаруалармен бірлесе отырып Кантаку-зинді император деп жариялаушыларға қарсы көтеріліске шықты. Көтерілісті кедейлер арасынан шыққан Вран басқарды. Адрионополдегі көтеріліс Фракия мен Македонияның басқа қалалары мен селоларында қолдау тапты. Өте ірі Халық қозғалысы келесі, 1342 жылы Македо- нияның ең үлкен қаласы Фессалоникиде қанат жайды. Бұл қозғалысты еңбекші халық бұқарасының өкілдері – зилоттар басқарды. Сондықтанда бұл көтеріліс «зилоттар көтерілісі» деп аталып кеттті. Көтерілісшілер жеңіске жетті, Фессалоника тәуелсіз республика деп жариялады.

Бұл қозғалыстың әлеуметтік құрамы ала-құла болды: қала кедейлері, маңайдағы шаруалар, қолөнерімен сауда басшылары (вер-хушка), ұсақ феодалдар. Соңғылары тартып алынатын ірі ақсүйектер жерлеріне ие болып қалу үмітімен көтеріліске шықты. Мұндай
құрамының ала-құралығы көп ұзамай-ақ өзінің заңды нәтижесін берді. Зилоттардың түбегейлі   талаптарынан, халық қозғалысының кеңінен өріс алуынан қорыққан Фессалонікидің сауда-қолөнерінің жоғарғы топ өкілдері мен ұсақ феодалдар ірі ақсүйектермен құпия келісім жасап, 1345 жылы зилоттарға қарсы қастандық ұйыдастырды. Бірақ ол қастандық (белгілі) ашылып қалды. Қастандық жасаушыларға қарсы қаруын қайта көтерген халық бұқарасының қозғалысын Андрей Палеолог пен Георги Кокал басқарды. Қаладағы үкімет билігі толығымен зилоттар қолына көшірілді.

Зилоттар феодалдармен табанды күрес жүргізе отырып 1349 жылдарға дейін өз Республикасының тәуелсіздігін қорғап қалды. Өздері билік жүргізген кезде зилоттар өте шұғыл (радикальные) саяси-экономикалық, әлеуметтік бағдарламаларын ұсынып, олардың кейбіреулерін жүзеге асырып та үлгерді. Зилоттар басыбайлы ша-руаларға бостандық әперді, Фессалоники мен округтегі шіркеудің, монастырлар мен ірі феодалдардың жер-мүліктерін тартып алды. Ол жерлер кедей шаруаларға, қала жарлыларына таратып берілді. Есеп жүргізушілердің         айтуынша зилоттар: «Біз монастырь жерлерін тартып алып, кедейлерді асыраймыз»,-депті. Зилоттар кедейлердің өсімқорларға қарыздарын жойды. Зилоттардың шаралары византиялық феодалдардың зәре-құтын қашырды. Олар зилоттарға қарсы күресінде Византияның сыртқы жауы — Осман мемлекетінен көмек сұрады. Зилоттардың жанқиярлық ерлікпен қорғағанына қарамастан Фессалоники оның бірлескен сыртқы жауларының соққысынан құлады. Зилоттардың талқандалуы мен феодалдардың жеңісі Византия мемлекетінің тағдырына үлкен зыян келтірді: үкімет билігін қолына алған феодалдар елді жойылу жолына бастады.

ХIV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында Византия мемлекеті терең дағдарысқа ұшырады. Феодалдық өзара қырқыстар, тақ үшін талас, орталық өкіметтің әлсіреуі, халықтың қайыршылануы, қаржының азаюы, армияның әлсіреуі — сол кездегі империяның ішкі жағдайы осылай болды. Сыртқы жағдайы да қатты нашарлап кетті. Бұл жолы Византияға үлкен қауіп шығыстан, түрік-османдар тарапынан туды. ХІV ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін, 1354 жылы Галлиполиді, 1362 жылы — Адрианополді (бұл қаланы 1365 жылдан бастап түріктер астанаға айналдырды), сонан соң Фракияны басып алды, 1371 жылы Марица түбінде жеңілгеннен кейін Сербтер түріктерге вассалдық тәуелділігін мойындаған болатын. Ар-тынша мұндай тәуелділікті Византия да мойындауға мәжбүр болды.

1402 жылы Анкара түбінде түріктердің Ақсақ Темірден жеңілуі ғана Византияның түпкілікті құлауын 50-60 жылға кешеуілдетті. 1430 жылы түрік әскерлері Византиядан Фессалоникиді біржолата тартып алды. Түріктер тарапынан нақтылы қауіп төнген жағдайда Византия үкіметі батыстан көмек алуға бар күшін салды. Император VІІІ Иоанн константинополдік патриарх пен епископтарды ертіп Италияға барды. 1439 жылы Ферраро-Флорентий шіркеуінің соборында Католик және православие шіркеулерінің одағы (уния) құрылды. Ол одақ папа билігін (престол) мойындау шартын қабылдады. Бірақ бұл одақ Византияға нақтылы көмек бере алмады. Бұл «бірлесу комедизсы» папанын беделін арттыру үшін ғана қажет еді. Жоғарғылар келісіміне қарамастан католик шіркеуімен одақ византиялықтар тарапынан теріс бата алып, іске аспай қалды.

 

 

 

 

ІІ – ТАРАУ. ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ

 

2.1. ТҮРІКТЕРДІҢ КОНСТАНТИНОПОЛЬДІ БАСЫП АЛУЫ

 

Кресшілердің 1444 жылғы 10 қарашада Варна маңында талқан-далуы Европадағы түріктерге қарсы каолицияға тиген қатты соққы болды. Ұрыс алаңында тек кресшілер көсемі — король Владислав Ягеллон мен кардинал Джулиано Чезарини емес, армияның барлық жауынгерлері қырылды. Бұл қырғыннан кейін Европадағы түріктерге қарсы құрылған каолиция ыдырады.

Түріктермен бетпе-бет жалғыз қалған империяның жағдайы ауыр болды. Қарт император VІІІ Иоанн (1425-1448) түрік сұлтанына қымбат сыйлықтар беріп, алдап-арбауға тырысты. Императордың бұл әрекетінің бос әурешілігі екенін түсіне тұрып, Мореяның басшысы Константин барлық Грецияны біріктіріп, оны жауға қарсы күреске дайындауға кірісті. Бірақ оның бұл ойын жүзеге асыруына түріктер мүмкіндік бермеді.

1446 жылғы ІІ-Мұраттың Грецияға жорығы жеңіспен аяқталды. Түріктер грек жерін тонаушылыққа ұшыратып, 60 мың адамын тұтқындап әкетті. Морея көп салық төлеу арқылы уақытша тәуелсіздігін сақтап қалды. Константинмен бітім жасаса салып, ІІ-Мұрат өзінің негізгі қарсыласы Янош Хуньдиге қарсы аттанды. 1448 жылғы қазанда Венгр және түрік әскерлері Косово алаңында тағы кездесті. Алғашқы 1389 жылғы шайқастағы сияқты, бұл жолы да түріктер қарсыластарын қырып салды. Янош Хуньяди түрік сұлтанының билігін мойындады. Сербтер де тізе бүкті. Тек Скандербек бастаған албандықтар мейлінше қарсыласып бақты.

1448 жылғы 31 қазанда Константинопольде VІІІ Иоанн қайтыс болды. Оның орнына ІІ-Мұраттың қолдауымен Морейдің басшысы ХІ-Константин таққа отырды. (1448-1453). Тәж кию салтанаты 1449 жылғы 6 қаңтарда Драгашта өткізілді. Жігерлі жаңа император XI Константин Палеолог барлық күш жігерін түріктерге қарсы шешуші соғысқа дайын-дыққа бағыттады. 1451 жылға ақпанда сұлтан ІІ-Мұрат өлді. Түрік тағына оның жас, жігерлі, қызба баласы — сұлтан ІІ-Мехмед Фатих отырды (1451-1481). Ол өте білімді бола тұрып, қатыгез де болған. Таққа отырысымен ромейлер империясын толық жаулап алу мақсатын қойды. Бұл мақсатына жету үшін алдымен Батыстағы көршілермен бейбіт бітім шарттарын жасады. Сүйтіп, Батыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз еткен соң әскерін шығысқа қарай, Кіші Азиядағы Эмир Қараманға қарсы аттандырды.  1452 жылдың басында жеңіске жетіп, Қараманмен өте ұтымды келісім жасап, ІІ-Мехмед Византияға қарсы соғысқа дайындығын күшейтті.

1452 жылғы наурызда түріктер Босфор бұғазының Европалық жағасында қамал сала бастап, оны тамыз айында бітірді. Сүйтіп, түріктер Босфор Бұғазын толығымен өз қолдарына алды. Констан-тинополь блокадаға алынды.

Византиялықтар империяның ақыры таяп келе жатқанын көріп, біліп отырды. Император Константин астананың бекінісін нығайтуға көп көңіл бөлді. Ал ақсүйектер, байлар Батысқа қарай қаша бастады. XI Константин православие шіркеуінің қарсылығына қарамастан Рим престолымен жаңа келісім бастады.

1452 жылғы қарашада Константинопольге V Николай папаның
елшісі — кардинал Исидор келді. Онымен бірге Италиядан келген
көмек мардымсыз еді. Дегенмен Исидор салтанатты түрде қабыл
алынып, 1452 жылғы желтоқсанда келісім жасалды.

Православиелік партия халықты бұл келісімге қарсы көтерді. Монахтар делебесін қоздырып отырған халық бұқарасы монстырға келді. Партия басшысы Геннадий халықтың алдына шықпады. Ол өзінің жазбаша үндеуін жариялады. Константинопольдің ақырының таяп қал-ғанын, оның себебі — құдайдың Католик шіркеуімен келісім үшін жіберген жазасы деп сендірді. Сүйтіп, Константинополь тұрғындарының арасына жік түсті.

Византияның билеуші топтарының арасындағы мұндай алауыз-дық империяның тағдырына үлкен зыян келтірді. Уния жасалған соң туркофилдер бас көтерді, олар астана тұрғындары арасындағы қарама-қайшылықтарды өз пайдасына пайдаланып қалуға тырысты.
Астанадағы туркофилдердің басшысы Византия флотының қолбашысы
Лука Нотара болатын. Ол рим-католик шіркеуімен Уния жасалып жатқанда «латин тиарасынан гөрі қалада түрік чалмасының үстемді-
гін көрген артық» деген сөзді айтқан дейді тарихшылар.

Оңың бұл тілегі қабыл болды. Сонша жік туғызған унияның пайдасы болмады. Батыста Византияға көмек беретін шама жоқ еді, Батыстағы Византияның көршілері әлсіреген империяны өздеріне қо-сып алу жағын ойластырды. Византияны шын ықыласымен құтқарып қа-луға тек Генуя мен Венеция ғана мүдделі болды. Бірақ олардың өзара бақталастықтары түріктерге қарсы күш біріктіруіне кедергі жасады. Константинопольдің қоршалуы алдында Джованни Джустинианидің басшылығымен 700 генуэздік көмекке келді. Алдында көмекке келуге асықпағанымен, кейінірек Венеция да Моросинидің басшылығымен 2 кемені көмекке жіберді.

Соңғы императордың туыстары Дмитрий мен Фома да өзара жан-жалдасуының кесірінен ағасына уақтысында көмекке келіп үлгере алмады. Түріктер олардың арасындағы жанжалды әдейі қоздыра түсіп, дегендеріне жетті.1

Империяның басына түскен бұлт күннен-күнге қоюлана берді. 1452-1453 жылдың қысы еді екі жақтан да қызу дайындық кезі болды.

_____________

  1. 1. З.В.Удальцова. Борьба партий в Пелопоннесе во время турецкого завоевания. –СВ, ІІІ-, 1951, с.161-179.

 

Түрік сұлтаны күндіз-түні Константинопольді, оның бекіністерін жақсы білетін адамдармен, мамандармен мәжіліс құрды. Адрионополь қаласында күндіз-түні зеңбіректер жасалып жатты. Сұлтан византия-лықтарға қызмет етіп жүрген дарынды зеңбірек жасау шебері венгр Урбанды өз жағына тартып алды.

1453 жылғы наурыз айының басында ІІ-Мехмед жаппай әскерге алу жөнінде бұйрық шығарды. Жарты айдың ішінде 200 мыңға жуық әс-кер жиналды. Константинопольді басып алудың алдында ІІ-Мехмед Византияға қарасты Месамврияны, Анхиалар, Визаны бағындырды.

1403 жылғы сәуірдің басында түрік әскерінің алдыңғы тобы астананың қабырғасына келіп жетті. Көп өтпей түріктер қаланы құрылықтан қоршап алып, басқа әлеммен қатынасын үзді. Мәрмәр теңізіне 30 әскери, 330 жүк тасушы кемелерден тұратын түрік Эскадрасы келіп кірді. Бір аптадан соң мұнда түріктердің Қара теңіздегі 76 кемесі де келіп жетті. Константинополь қабырғасында сұлтан өз кемелерінің байқауын өткізді. Кемелер саны төрт жүзден асты. Сүйтіп, Константинополь құрылықтан да, теңізден де қоршауға алынды.

Күш тең болмады. Түріктер әскері византиялықтардан бірнеше есе көп еді. Константинополь тұрғындарының 4973-і ғана қару ұстауға жарайтындар болды. Оған қоса 2 мың жалдамалылар бар еді. Ал алтын мүйізді қоршаған византия мен оған көмекке келген кемелер саны 25-тен аспады. Дегенмен бұл күштің сапасы жоғары болатын: византия кемелері «грек отымен» қаруланған еді. Бірақ түрік кемелері саны жағынан 20 есе көп болды.

Ең бастысы — түріктердің артиллериясы бар екендігі болды. Тарихшы Критовулдың айтуынша «бәрін де зеңбіректер шешті». Византиялықтар барлық үміттерін Константинопольдің берік қамалдарына артты. Бірақ ол қабырғаларды қорғауға адам жетіспеді: әрбір қорғаушыға жаудың 20 жауынгерінен келді. Сондықтан ІІ-Мехмед үшін әскерін ұлтарақтай жерге ғана теңіз бен қабырғалар арасындағы құрылыққа орналастыру бас қатыратын мәселе болса, қорғанушылар үшін қабырғалар бойына қоятын адамдардың жетіспеуі қиыншылық туғызды.

ІІ-Мехмедтің басшылық орны әулие Роман қақпасының қарсысына жайғасты. Оны 15 мыңдық таңдамалы әскер қорғап тұрды. Визан-тиялықтар барлық үміттерін Джустиниани басқарған итальяндық жалдамалы әскер отрядына артты. Ол отряд та әулие Роман қақпасының алдына орналасты. Отрядтың маңында ағайынды гректер Павел, Антоний, Трилдың отрядтары, олардан әрірек-византиялықтар мен латындықтардың аралас отрядтары Федор Каристийскийдің, Иоанн Немецкийдің, Леонард Генуэзскийдің басшылығымем шайқасып жатты. Сол қанатта Феофыл Палеолог пен Мануил Генуэзскийдің отряды тұрды. Барлық флотты, Алтын мүйіз қорғанысын Лука Нотара басқарды.

7 сәуір күні түріктер қаланы атқылай бастады. Қоршау екі айға жуық созылды. Алдымен түріктер қаланы құрылықтан қорғап  тұрған қабырғаларды атқылап, бұзып кіруге тырысты. Бекіністердің кейбір жерлері бұзылғанымен, қорғанысшылар жау шабуылына тойтарыс беріп отырды.

Түріктер қала бекіністерін жағалай қазылып, сумен толтырылған арықты топырақпен көміп тастауға тырысты, оны түнімен византиялықтар  қайтадан тазалап, су жіберіп отырды. Түріктердің кабырғалар астынан жерді қазып, қалаға кіру әрекеттері де сәтсіз болып шықты. Керісінше қала тұрғындары жерді қазып жасаған жолдар арқылы түріктердің әскери қостарына жетіп, оларды жарылған дәрілермен талқандап отырды. Қорғанысшылар тіпті қаладан шығып, жаумен қолма-қол соғыс жургізуші еді.

Сұлтанды әсіресе оның теңіздегі сәтсіздіктері қатты қапалан-дырды. Түрік кемелерінің Алтын мүйізге ену әрекеттерінен түк шық- пады. 20 сәуір күні ең алғашқы үлкен теңіз шайқасы болды. Онда византиялықтар мен олардың одақтастары толық жеңіске жетті. Осы күні Хиос аралынан төрт генуя, бір византия кемелері әскерімен, қару- жарағымен көмекке келді. Алтын мүйізге кіре берісте бұл кішкентай эскадра 150 кемеден тұратын түрік флотымен шайқасқа түсті.

Византиялықтар мен генуялықтардың теңізде жүзу тәжірибесінің молдығы және кемелердің сапасының жоғарылығы арқасында император кемелері таңғажайып жеңіске жетті. Бұл шайқас екі жақтың құрылық әскерлердің құрылықтағы көз алдында өтіп жатты. Шайқасты византиялықтар да, түріктер де өте қатты қобалжи тұрып бақыла-ды. Шайқастың ең қиын кезінде түріктердің сәтсіздігіне әбден ашуланған II-Мехмед атымен теңізге түсіп, кемелеріне жүзіп барып, жауынгерлеріне дем берді, рухтарын көтерді. Түрік жауынгерлері жан-тәнін сала ұрысқанымен жеңіске жете алмады. Византиялықтар мен олардың одақтастарының кемелері түрік кемелерін «грек отымен» өртеп жіберіп отырды. Бұл шайқаста түріктер бірнеше кемелері мен 12 мыңнан астам теңізшілерінен айрылды.1 Түнге қарай византиялық кемелер қорғаныс жаққа кіргізді де, өте жуан сымдармен гаванға кіре беріс бекітілді. Сұлтан түрік флотының қолбасшысы болгарин-ренегат Палда-оғлын өз қолымен сабап, орнынан түсірді, барлық байлығын Янычарларға таратып бергізді.2

Теңіз шайқасындағы бұл жеңіс қорғанушыларды құлшындыра түсті, бірақ жағдайды өзгерте алған жоқ. Сәтсіздікке ұщыраған ІІ-Мехмед кемелерін дереу Алтын мүйізге кіргізіп, қаланы тек құрылықтан ғана емес, теңізден де тікелей атқылауды жоспарлады. Бұл ойын жүзеге асыру үшін түрік кемелерін Босфор бұғазынан Алтын мүйізге құрғақ жер арқылы сүйреп шығаруға бұйрық берілді. Бұл аралық бірнеше шақырым еді. 22 сәуірде түріктер әулие Устьеден Алтын мүйізге дейін тақтай, бөренелер төседі. Ол бөренелер жақсылап майланған соң, кемелерді шығарып, бір түннің ішінде барлық түрік кемелері Алтын мүйізге жетті.

Византиялықтардың түрік кемелерін өртеп жіберу жоспарлары генуэздіктердің опасыздығынан жүзеге аспай қалды. Түрік кемелеріне түнде жүзіп келген ержүрек византиялықтарды генуялықтардың сат-қындығының арқасында түріктер қолға түсіріп, қырып тастады. Бұған жауап ретінде XI Константин тұтқындағы 260 түрік жауынгерлерін өлтірткізіп, бастарын қорғаныс қабырғаларына іліп қойғызды.

Көп ұзамай түріктер жеңіске жете бастады. Венгрлердің кеңесі арқасында түрік артиллериясы Константинополь қорғаныс қабырға-ларының бірнеше жерін бұзып шықты. Бұл кезде  қорғанушылардың қиыншылықтарының үстіне азық-түліктің таусылуы келіп қосылды.

Константинопольдің жағдайы тек мұнымен ғана емес, қорғанысшылар қатарында бірауыздылықтың болмауынан да қиындай түсті. ХІ Константин жеке ерлігімен көзге түсіп, басқаларға үлгі болғанымен, барлық үмітін италиандықтарға артты. Оның шетелдіктерге соншалықты құрметпен қарауы қала тұрғындарының наразылығын тудырып, толқуға әкеліп соқты. Оның үстіне, византиялық ірі ақсүйектердің бір тобы сатқындық жолына түсті. Сарай нөкерлерінің жеңістен үміт үзгендігі, селқостығы туралы Нестор Искандер ашына жазады.3 Ол ХІ Константиннің жақын нөкерлері мен патриарх, генуялық жалдамалы отрядтың басшысы императорға қаланы жауға беру туралы кеңес берді дейді. Мануил Иагарис пен Неофит Родосский деген өкімет мүшелері Константинополь қорғанысы үшін бөлінген қаржыны жасырып қойды. Мегдука Лука Нотара көп байлықты (алтын, күміс, бриллиант…) қолға түсіріп, кейін өмірін сақтап қалу үшін түрік сұлтанына берді.3

Византиялық ірі дінбасылары батырлықпен отанына берілгендік үлгісін таныта алмады. Олар шіркеу байлығын қорғаныс мұқтаждығы үшін сыпырып алған императорға наразы болды. Кейбір дінбасылары ел басына зор қауіп төнген қысылтаяң кезеңде халықтың өкімет басшыларына қарсы наразылығын қоздырып отырды. Толқулар Константинопольдегі италяндықтар арасында да орын алып отырды. Бұрыннан бірін-бірі жақтырмайтын бақталас генуялықтар мен венециялықтар бір-бірімен қақтығысып, қан төгіс болып тұрды. Мұның бәрі қорғанысшылар лагерін әлсіретті.

Византиялықтарға әсіресе Галатадағы генуялықтардың опасыздығы үлкен зыян келтірді. Олар түріктерге де көмектесіп отырды. Олардың сатқындығы туралы тарихшы Сфандзи былай күйіне жазды: «Ол (сұлтан) Галата тұрғындарымен достасты. Ал галаталықтар бұл достыққа қуанып, мәз болды. Ол байқұстар улитканы қайнатып жатып, «О, бассыз ақымақтар, бәріңді кезекпен-кезек жеп қоямын!» дейтін шаруа баласы туралы мысқылды білмейді».3

 

____________________

  1. 1. А.Анкирский. Плач на взятие Константинополя. –ВВ, VІІ, 1953, с.218.
  2. 2. История византии. –М., 1967, т.3, с. 193.
  3. 3. История византии. –М., 1967, т.3, с. 194.

 

 

Ұзаққа созылған сәтсіз шабуылға ашуланған сұлтан 28 мамырда барлық күшті қала қабырғаларының түбінде әкелді. Шешуші шабуыл 29 мамырға белгіленді. Оған дейінгі екі күнді бір жағы шабуылға, екінші жағы – соңғы қорғанысқа дайындық ретінде өткізді. ІІ – Мехмед пен дінбасылары түрік жауынгерлерін «кәпірлерді» құртуға, олардың байлықтарын басып алуға шақырды. Шайқаста қаза тапқандарды алла-тағала о дүниеде жұмаққа шығарды деп уәде берді.

Шешуші шабуыл алдындағы түні түрік қаласында, олардың кемелерінде жарқырап от жанып тұрды. Константинопольдіктер алдында түріктер жағында өрт шыққан екен деп ойлады. Бірақ көп өтпей түріктердің шабуылға дайындалып жатқандығын түсінді. Бұл кезде сұлтан ІІ-Мехмед әскерді аралап, жеңіске жеткен соң жауынгерлер жалақысын 2 есе көбейтуге, «кәпірлер» байлығын үлестіріп беруге уәде беріп жүрді. Жауынгерлер сұлтанды қуанышты, шаттық үнмен қошеметтеп жатты.

Ал қорғанысшылар арасында құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Бірақ олар да ұйықтаған жоқ. Қорғанысшылар да айқасқа үнсіз дайындалып жатты. ХІ Константин де қала бекіністерін аралап, онда тұрған қорғанысшыларға дем беріп, көңілдерін көтеруге тырысты. Дегенмен қала тұрғындары өздерінің алдағы шайқаста жеңілетіндерін айқын сезініп, бір-бірімен қоштасып жатты.

1453 жылғы 29 мамыр күні таңға жуық түрік әскері шабуыл бастады. Ең алдымен шабуылға жаңа алынған жауынгерлер жіберілді. Византиялықтар олардың бетін қайтарып тастаған соң, енді шабуылға түріктердің негізгі армиясы шықты. Қантөгіс шайқас 2 сағатқа созылды. Алғаш басымдық қорғанысшылар жағында болды. Сұлтанның өзі бастаған өкімет басшылары жауынгерлерді бір жерде алдап-арбап, бір жерде қорқытып алға қарай айдап салып отырды.

Түріктердің Константинопольге басып кіруі жөнінде деректерде бірауыздылық жоқ. Сфрандзи кінәні негізінен қаланы құрылықтан қорғайтын генуялықтардың басшысы Джованни Джустиниониге жүктейді. Ол жараланған соң бекіністің ең маңызды жері әулие Роман қақпасын тастап кетті дейді. Ол императордың өкінішке құлақ аспастан кемеге отырып, Алтын мүйізден Галатаға өтті. Басшысыз қалған генуялықтардың көпшілігі қашып кетті. Өте зор денелі түрік жауынгері Хасан ең бірінші болып қақпадан қалаға енді. Оның соңынан ерген жолдастары қақпаны өз қолдарына алып, түрік тауын тікті. Түрік жауынгерлері қаланың ішіне лап берді.

Ал Латинфилдік пейілдегі тарихшы Дука бұл қайғылы оқиғаны басқаша баяндайды. Джустинианиді ақтауға тырысып, генуялықтар түріктерді кіргізбеген деп жазады. Түріктер әулие Роман қақпасынан емес, басқа жасырын қақпа арқылы кірді дейді.

Қалай болса да түріктер қалаға басып кірді. Қала тұрғындары қасық қаны қалғанша аянбай қарсыласып бақты. Император ХІ Константиннің өзі шайқаста ерлікпен қаза тапты. Сұлтан оның өлігін іздеткізіп, киіміндегі ерекшеліктері арқылы әрең тапты. Константиннің басын кескізіп, оны қала ортасындағы алаңға ілгізіп қойды.

Түріктер қаланы басып алғанын көрген итальян және грек флоттары қашуға дайындалды. Теңіз жағасына көп халық жиналып, қашатын кемелерге жармасты. Түріктер қаланы үш күн бойы талан-таражға салды. Қаланың көптеген тұрғындары әулие София храмына барып тығылып, тірі қалуға үміттенді. Олардың әруақтарға, әулиеге артқан үміті ақталмады. Түріктер храмды қорғаушыларды қырып салды.

Қала тұрғындары қырылды, аман қалғандары түріктерге тұтқынға түсті.

Византияны талқандаған соң Турция ортағасырлық әлемнің ең күшті мемлекетіне айналды. Константинополь қаласы Стамбул деген жаңа атқа ие болып, Осман империясының астанасына айналды.

Сүйтіп, ел басқарудағы қателіктер мен кемшіліктер, әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар Византия империясының құлауына әкеп соқты.

 

2.2. ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУ СЕБЕПТЕРІ

 

1453 жылғы мамырда Босфор жағасында орын алған қайғылы оқиға сол кездегі озық ойлы адамдарға өте зор әсер етіп, өшпес із қалдырды. Константинопольдің құлауы туралы хабар барлық Европа халықтары мен елдеріне тарап, олардың біреуінің ашу-ызасы мен өкінішке орай туғызса, енді біреуінің табалау, қуаныш сезімін туғызды. Рим империясы құлағаннан кейін дәл осы византияның жаулап алынуы сияқты бірде-бір оқиға әртүрлі деректерден жан-жақты көрініс тапқан жоқ. Империяның күйреуі әртүрлі тарихи шығармаларда, жылна-маларда, көзімен көргендердің естеліктерінде, халық эпостары мен көптеген «жоқтауларында» әңгіме болып, жырланды.1

Византия тарихшылары мен ақындары батыс европалық жазушылар мен саяси қайраткерлер, дінбасылары мен әскери адамдар, Шығыс және Орталық Европа елдерінің жылнамалары — әрқайсысы өзінің сана-сезіміне соншалықты үлкен әсер еткен бір кездегі алып империяның соңғы күндері туралы оқиғаларды әртүрлі баяндайды. Олардың бірде-бірі өз еңбектері мен естеліктерінде бұл оқиғаларды ескерусіз қалдырмады.

Әртүрлі саяси-идеялық бағыттағы византиялық жазушылар Константинопольдің құлауын бірауыздан адам бақытының құбылмалы екендігінің куәсі болатын зор қасірет ретінде қабылдады.1  Византияның күйреуі Шығыс Европа елдерінде де аяныш сезім туғызды. Орыс жерінде Нестор Искандердің «Царьградты алу туралы повесть» кеңінен тарады. Русьте сондай-ақ Иоанн Евгениктің түріктердің Константинопольді алуы жөніндегі «Жоқтауы» да аударылып басылды.

Византияның құлауына Батыс Европадағы көзқарас Шығыс және Орталық Европадағыдан, Закавказье елдеріндегіден біраз өзгеше болды. Бұл хабар Батыс Европа мемлекеттерінің және шіркеу басшыларын мазалағанымен, қауіп туғызғанымен, олардың аяныш сезімін оята қойған жоқ. Батыс европалық феодалдар мен католиктік дінбасы-ларымен түрік экспансиясы алдындағы қорқыныш сезімі Рим папасы мен Батыс Европа монархияларының алдында бас игісі келмеген грек-схизматиктерге (жікшілдер) деген кекесін сезімімен араласып жатты.

Гректерге қастандық көңіл-күйді папа тағы барынша қоздырып отырды. Ол көңіл-күй латын тарихшыларының түріктердің Византияны жаулап алуы жөніндегі көптеген шығармаларында көрініс тапты. Византия мемлекеті ұшыраған қасіретті баяндауда ол күйреу гректердің «шын діннен» жаңылғандары үшін алған жазасы деген пікір насихатталады. Латындық авторлар батыс европалық державалардың құлап бара жатқан Византияға көмекке қол ұшын бермегендігін ақтауға тырысады.

_____________________

  1. 1. В.И.Рутенбург. Итальянские источники о связах Росии и Италии в ХV в.-«Труды Ленинградского отд. Института истории», 7. 1964. с. 455-462.

 

Көңіл аударарлық жай – ІІ-Мехмед «жаулаушының» ерліктерін мадақтайтын барлық түрік деректерінің сұлтан өлгеннен кейін жазылуы. Мысалы, түрік хронисі Саад-эд-Диннің белгілі «Жылнамалар тұғыры» деген еңбегі түріктердің Константинопольді басып алуынан жүз жыл кейін жазылған. Сондай-ақ түрік хронисі Евлий Челебидің Византияның құлауы жайлы және басқа да түрік деректерінің хабарлары да көп кейін жазылған. Ал түріктердің Византияны жаулап алуы кезіндегі пікірлер мен көзқарастар жайлы деректер жоқтың қасы. Әрине, Византия импе-риясын жаулап алу сұлтан мен оның армиясының беделін көкке көтерді. Бірақ көп өтпей ІІ-Мехмед жаулап алған территорияны басқару ісінде едәуір қиыншылықтарға кездесті. ХV ғасырдағы түрік тарихна-масындағы бұл ақтаңдақты туркофил Критовулдың тарихи еңбегі біраз жоя түседі.

Бұл еңбек сұлтанға ұнай қоймады. Сол себепті оның тірі кезінде Критовул шығармасы жарияланбастан, Сарай кітапханасында шаң басып  жатты.

Түріктердің Константинопольді басып алуы кезінде және онан кейінгі кездерде жазылған көптеген тарихи және әдеби шығармаларда Византия мемлекетінің құлау себептері әрқилы түсіндіріледі. Бұл мәселе ХV ғасырдағы барлық жазушыларды тебірентіп, қолына қалам алғызды. Тарихшылардың басым көпшілігі Византияның құлауына гректердің құдай жолынан ауытқығандығы үшін алған жазасы деген пікірді қолдайды. Бұл пікірдің негізін қалаушылар, әрине, католик дініндегі тарихшылар (Леонард Хиосский, Убертин Пускул және басқалар) болды. Кейбір византиялық авторлар Византия трагедиясын ақымақ императорлар күнәсі үшін жіберілген жаза деп санады.

Енді бір жазушылар (армян хронистері, Нестор Искандер) империяның құлау себебін барлық христиандардың күнәсімен байланысты деп санады. Адамзат тарихында әлемдік ұлы державалардың алмасып тұру заңдылығы жайлы тарихи концепция ұсынған гуманистік ықпалдағы византиялық тарихшылардың пікірі өз заманындағы едәуір озық пікір болды.

Сонымен, Византияның шын мәніндегі құлау себептері қандай еді? Әрбір ірі тарихи құбылыс сияқты, Византия мемлекетінің құлауы көптеген ішкі және сыртқы себептер жиынтығының салдары болды.1

Уақиғаның барлық барысы түріктердің әскери күшінің гректер күшінен сөзсіз басым екендігін көрсетті. Екі жүз жылға жауық уақытқа созылған тарихи драманың шешілуінде әскери фактордың ролі зор болды. Күшті артиллериямен қаруланған, діни фанатизіммен жігерленген, өз бойына барлық жаулап алынған елдердің жақсы әскери контингентін сіңірген, берік топтасқан жауынгер түрік армиясы Византия армиясынан бірнеше есе көп болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ол Византия империясының жалдамалы отрядтары мен әрқайсысы

_____________

  1. 1. Ф.И.Успенский. Очерки из истории Трапезундской империи. –Ленинград, 1929. 117 б.

өз-өзімен болған феодалдық жасақтарынан әлдеқайда сапалы болды.

 Византиялықтар мен итальяндықтардың әскери басымдылығы тек теңізде ғана сақталды. Бірақ империя трагедиясының соңғы актісі кезінде, Константинополь берік қоршауға алынған жағдайда, Византия-итальяндық флоттың қимыл өрісі тарылып, ол өз басымдылығын іске асыра алмады. Әлсірей бастаған Византияның өзара қырқыстар жегідей жеген Балқан жартыаралындағы славян елдерінің әскерлерімен салыстырғанда түрік армиясының басымдылығы сөзсіз еді. Бұл басымдылық көп, бірақ нашар ұйымдасқан Батыстық кресшілермен қақтығыста да байқалып жататын. Бірақ Анкир түбінде Тимурдың әскерімен шайқасқа түскенде (1404 жыл) түрік әскері жеңіліп қалды. Сондай-ақ патриоттық рухпен жігерленген Янош Хуньяди мен Скандарбектің отрядтарынан да түрік әскерлері кейде жеңіліп отыратын. Сүйтіп, түріктердің Византиядан әскери басымдылығы Осман империя-сының қуаттылығымен ғана емес, Византияның және барлық Балқан мемлекеттерінің ішкі әлсіреуіне байланысты болды.

Византияның әлсіреуінде, кейін – құлауында шешуші рольді, әрине, ішкі себептер атқарды. Оның ең бастысы қала мен деревня экономикасының құлдырауы, шаруалар мен қала халқының күйзеліске ұшырауы болды. Империя экономикасының құлдырауы Византияның шаруашылық өміріне шет елдік, ең алдымен итальяндық көпестердің көптеп енуі болды. Олардың әрекеттері өндіргіш күштердің онан әрі дамуына кедергі жасады. Әсіресе Константинополь қоршауға алынған кезінде шетелдіктерге жасалған қамқорлық саясаты империя күйреуінің бір себебі болды.

Венеция мен генуяның сауда капиталы Византия империясын ішінен құртша кеміріп, оның күшін сарқып, байлығын жалмады. Византияның сауда мен қолөнеріне орны толмас зиян келтірді., Византияның теңіздегі үстемдігі әлсіреп, ақыры жойылды. Жұлдызы сөне бастаған Византияның ірі ойшылы Георгий Гемист Плифон әлсірей бастаған қолөнерін итальяндықтардың зиянкестік бақталастығынан қорғау үшін үкіметті протекционистік саясатқа көшуге шақырды. «Біз үшін шетелдік матаны мақтағаннан гөрі өз матамызды мақтап, тек сол матадан ғана киімдер тіккізіп кию әлдеқайда пайдалы болар еді»1, — деп жазды ол.

Сондай-ақ экономикадағы феодалдар зорлығы мен олардың барлық саяси өмірдегі және мемлекетті басқарудағы үстемдігінің маңызы зор болды. Түріктер жаулап алушылығы кезіндегі, оның алдындағы феодалдар зорлығы Византия қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтардың шектен тыс асқынуына әкеліп соқты. Зилоттар қозғалысының талқандалуы және реакцияның күшеюі елдің ішкі жағдайын бұрынғыдан бетер шиеленістіріп жіберді. ХІV-XV ғасырлардағы   Византия   жазушылары   империяның   үстем,   билеуші

___________________

  1. 1. История Византии. –М.,1967, т.3, с.211.

таптарының дәрменсіз саясатын айқын суреттейді. Түрік жаулап алушы-лығы өзара қырқыстар мен бірінен-кейін бірі болып жатқан сарай төңкерістерінің нәтижесі болды. Түрік жаулап алушылығына тойтарыс беру үшін өз қатарларында келісім орнатудың орнына бақталас феодалдық кликалар түріктермен одақтасып жатты. Өлердей қауіп алдында Византияның феодалдар табы бір-біріне жау партиялар мен саяси бағыттарға бөлініп, әлсіреп қалды. Исихазм идеясымен қаруланған латинофилдер, грек-ортодокстар да өздерінің материалдық, діни, саяси мүдделерінен аса алмай, Византия мемлекетіне төнген қауіп алдында біріге алмады. Түрік артиллериясы атқылап жатқан Константинопольде униаттар мен антиуниаттар өзара ырду-дырдуын тоқтатпады.

Туркофильдік бағыттағы Византия феодалдары мен көпестері ашық сатқыншылық позицияны ұстанды. Империяның қалың халық бұқарасы арасында бұл бағыттың сүйеніші болмады. Өздерінің билігін сатқыншылық жолмен сақтап қалуға тырыса отырып, көрнекті ренегаттар өз мақсаттары үшін қайсы бір кездерде халықтың итальяндықтарға наразылығын пайдаланып отырды. Бірақ олардың қалың халық бұқарасына ықпалы зор бола қойған жоқ. Сондай-ақ Византия феодалдары түріктерге арқа сүйей отырып, осыдан жүз жыл бұрын Кантакузин мен оның партиясы түріктер көмегімен Фракиядағы халық қозғалысын талқандағандай, осы жолы да халық наразылығын басып тастаймыз деп ойлауы да мүмкін еді. Түріктер негізінен қарсылықты тек халық бұқарасы тарапынан ғана кездестіріп отырды. Константинополь мен Пелопоннестің шешуші шайқастары күні солай болды. Дегенмен өздерінің феодал сеньорлары мен үкімет чиновниктерінің тарапынан қорлық көріп, езгіге ұшыраған Византия халқы түріктер сияқты күшті жауға қарсы күреске айтарлықтай топтасып, ұйымдаспаған еді.

Византия мемлекетінің тарихи трагедиясы-онда халықты түрік басқыншыларына қарсы күреске көтеруіне ұйымдастыра алатын бірде-бір патриоттық ұйымның болмауында еді. Византияның үстемдік етуші феодалдық және шіркеулік топтары тек қалың халық бұқарасын басқыншыларға қарсы күреске біріктіруге емес, өз қатарларын біріктіріп, іштегі алауыздықты тиюға қабілетті болмады. Мемлекеттің барлық күшін берік топтастыру керек болған кезде, онда керісінше, жікшілдік пен алауыздық, күрікшілідік пен өзара жауласушылық орын алды. Жеке басының батылдығы мен адалдығына қарамастан, соңғы императордың астана халқына арқа сүйеу әрекеті сәтсіздікке ұшырады: оның алдыңғы императорлардың дәрменсіз саясаты мұндай әрекеттердің жолын кесіп кеткен еді.

Византия мемлекетінің ішкі қиыншылықтары бұл кезде гректердің пайдасына бағытталмаған күрделі халықаралық жағдаймен онан сайын шиеленісе түсті. Түріктер қаупі күшейіп келе жатқан ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Византияның барлық сыртқы саясатының басты мәселесі – одақтастар табу болды. Бірақ Византия үкіметінің папа мен Европа феодалдарының қолдауына ие болу әрекеттерінің бәрі нәтижесіз аяқталып отырды. Бірақ кресшілердің арасындағы бірліктің болмауы олардың жорықтарын табысқа жеткізбеді, керісінше, қайғылы аяқталып отырды. Түріктердің басқыншылығына қарсы күрестің табысты болуына батысевропалық сеньорлар арасындағы алауыздықтар мен өзара қырқыстар да кедергі болды. Византиялық тарихшы Сфрандзи Батыстың Византияға нақтылы көмек көрсете алмағандығы туралы еш бүкпесіз былай дейді: «Итальян және басқа батыстың басшыларының өкіметтік билігінің көптігі – олардың бір мықты басшысының, ауызбірліктерінің жоқтығының себебі… Олар көп ақылдасады, талқылайды, айтысады, бірақ әрекеттері аз.»1

Византия империясын түрік жаулап алуының маңызы, тарихи нәтижесі болды. Алдымен, Константинопольді басып алуын түріктердің Балқан жартыаралына шабуылы жеңілдетті. Көптеген оңтүстік-шығыс Европа елдері османдар езгісіне ұшырады. Ол езгі бірнеше жүз жылға созылды. Осман державасы бұрынғы Византия империясына қараған Европа мен Азиядағы ұланғайыр иеліктерді қайтадан бір өкімет билігінің қол астына біріктірді.

Византиялық ауыл тұрғындары енді тек түрік үкіметі жағынан ғана емес, оларға қызмет ете бастаған өз пысықтарының тарапынан да қанала түсті. Түріктер жаулап алған елдеріңде де өздерінің артта қалған феодалдық тәртіптерін орнатты. Византиядағы ел басқару жүйесі, феодалдық қатынастар сол бұрынғы қалпында қалдырылды. Бара-бара бұрынғы ромейлер мемлекетінде феодализмнің түріктер әкелген артта қалған түрлері бекінді.2

Тірі қалған, тұтқынға түспеген грек феодалдары мен пысық белсенділері түріктер жағына шығып, қызмет ете бастады. Олардың көбісі мұсылман дінін қабылдап, түріктермен қан жағынан да араласып кете барды. Түріктер жағына шыққан византиялықтар түгел дерлік мал-мүлкін, байлығын сақтап қалды. Кейбіреулері тіпті мемлекет басшылығына да жіберілді.

Түріктер билігі грек және Балқан жарты аралы халықтарының озық мәдениетін, салт-дәстүрін құртып жіберген жоқ. Шайқас кезінде зардап шеккен византияның озық мәдениеті кейін қайта жандана бастады. Ол мәдениет түріктердің мәдениетімен араласып, баии түсті.

 

 

 

 

 

 

 

___________

  1. 1. З.В.Удальцова. Предательская политика феодальной знати стран Запада в период турецкого завоевания. –ВВ, ҮІІ, 1953, с.126.
  2. 2. И.И.Соколов. Земельные отношение в Турции до Танзимата. – «Новый восток», 6, 1924.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Орта ғасырлық қуатты мемлекет – Византия империясының әлем картасындағы орнынан айырылғанына бес жүз жылдан астам уақыт өтті. Ол адамзат тарихында мәңгілік өшпес із қалдырды. Византия туралы естелік тек тарихи шығармалар беттерінде ғана емес, оның рухани және материалдық мәдениеттің шығармаларында сақталып келеді. Көптеген елдердің тарихшылары мен археологтары, нумизматтары мен оны зерттеушілер әлі күнге дейін византиялық шеберлердің жасаған бұйымдары мен шығармаларына үңіле қарап, тәнті болуда. Сарайлар мен храмдарда жаңадан табылып жатқан грек қолжазбаларын қайта-қайта үңіле оқып, византиялық суретшілердің туындыларын өте мұқият зерттеуде. Тарихшылар, археологтар, өнер зеттеушілері қазіргі адамдардың көз алдына баяғыда тарихи аренадан өткен, бірақ мәңгі тірі византия өркениеті әлемін елестете алатын ескеркіштердің бәрін тынымсыз іздестіріп, жинау үстінде.

Византияның қоғамдық құрылысы адамзат тарихына қандай үлес қосты?

Византия империясы өзгеше бір тарихи феномен емес. Ол адам-зат қоғамының ұзақ, әрі қысқа мың жылдық өмір жолында Византия ортағасырлық әлемінің барлық елдері сияқты, қоғамдық прогрестің негізгі кезеңдерінен өтті.

ХІ ғасырға дейін үздіксіз дамып, жетіліп келген Византия экономикасындағы түбегейлі өзгеріс ХІІ ғасырда басталды. Осы ғасырдың аяғынан бастап экономикалық үстемдік біржолата Батыс Европа мемлекеттеріне ауысты. Осы ХІІ ғасырда Византия империясы мен Батыс Европа қалаларының қоғамдық даму жолдары біжолата ажырасып кетті.

Батыс Европадағы қалалардың үздіксіз дамып, өсуі феодалдық қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбегейлі өзгерістерге әкеліп соқты. Сол кездегі Италия, Нидерланды сияқты озық елдердің қалаларында алғашқы капиталистік қатынастар пайда болды. Ал Византия қалаларының гүлденуі ұзаққа созылды. Ол гүлдену елдің феодалдық экономикасына түбегейлі өзгерістер енгізе алмады. Кейінгі орта ғасырлық империя қалаларының экономикалық өмірі алға қарай даму орнына керісінше, құлдырай берді. ХІІІ ғасырдан кейін Византия сауда да дағдарысқа ұшырай бастады. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда көптеген сауда-қолөнері корпорациялары жойылып кетті. Ал Батыс Европадағы цехтар, керісінше алға қарай тез қарқынмен дамып, гүлдене түсті.

Византиядағы үкімет билігі Шығысқа көбірек ұқсады. Ол самодержавиелік монархия түрінде болды. Билік әкеден балаға көшетін заң болмағандықтан да император тағы бір әулеттің меншігі болған жоқ. Православие шіркеуінің билігімен салыстырғанда әлде-қайда әлсіз болды. Ол өкімет билігіне көбірек тәуелді болды.

Византиядағы халық қозғалыстарының айтарлықтай ерекшеліктері бола қойған жоқ. Мұнда да, Батыс Европа елдеріндегідей, халық қозғалыстарына үстем таптар дем, бағыт беріп, өз мақсаттары үшін пайдаланып қалуға тырысты. Көп ұлтты Византия империя-сындағы үкіметке қарсы бүліктерді негізінен славян халықтары бастап отырды.

Византия империясының сыртқы саясаты ХІ-ХІҮ ғасырларда Батыстан төнген қауіпті шектеуге бағытталса, ХҮ ғасырда Шығыстан төнген қауіпке қарсы шара қолдана алмады. Византия дипломатиясының барлық қызметі император сарайынан басқарылды. Кейінгі орта ғасырлық Византия дипломатиясы Батыс Европа князьдықтары мен корольдіктеріндегі дипломатиядан гөрі Шығыс елдері, оның ішінде Иран, Араб елдерінің дипломатиясына ұқсас болды. Бұл ерекшеліктері империяның ХҮ ғасырда Батыс Европа елдерімен түріктерге қарсы ортақ тіл табысып, одақ құруына аз да болса себеп болған сияқты.

Мәдениет саласында ХІІІ ғасырға дейін Византия ортағасырлық Европа елдерінің ішіндегі топ бастаушысы болды. ХІ-ХІІ ғасырларда византия мәдениетінде елеулі өзгерістер болды. Өз мәдениетін өте жоғары бағалай отырып, византиялықтар оны көпке дейін шет елдік ықпалдан қорғап келген еді. Тек ХІ ғасырдан бастап араб медицинасын, ХІІ ғасырдан бастап – шығыс әдебиетін, араб математикасын қабылдап, дүниежүзілік мәдениет жетістіктеріне бет бұра бастады. Қазіргі кезде өздерін мәдениеттіліктің ең басты үлгісі деп есептейтін Батыс Европа елдерінің мәдениеті Византия мәдениетінен нәр алған болатын.

Сонымен, Византия қиын да, бірақ жарқын оқиғаларға толы қоғамдық және мәдени өмірдің мың жылдық тарихи жолынан өтті. Ол өткен жол адамзат қоғамының прогрессивітк дамуында өте көрнекті орын алады. Сондықтан да Византия тарихы әрқашанда барлық адамдардың шынайы қызығушылығын туғыза береді.

 

БИБЛИОГРАФИЯ

 

І-ДЕРЕКТЕР

 

  1. Анна Комнина. Алексиада. –М., 1965.
  2. Бартикян Р.М. Источники для изучения истории павликиан-ского движения. –Ереван, 1961.
  3. Византийские историки Дука и Сфрандзи о падении Константинополя. Пер.и предисл. А.С.Степанова. –ВВ, т.7, 1943.
  4. Иоанн Камениата. Взятие Фессалоники. –М., 1959.
  5. Прокопий Кесарийский. Война с готтами. –М., 1950.

 

ІІ – ЗЕРТТЕУЛЕР

 

  1. Византийский временник. т.7, 1953.
  2. Горямов Б.Т. Поздневизантийский феодализм. –М., 1962.
  3. Диль Ш. Византийские портреты. –М., 1914.
  4. Заборов М.А. Папство и захват Константинополя крестоносцами в начале ХІІІ в. –ВВ, т.5, 1995.
  5. История Византии. В 3-х томах. –М., 1967. тт. 2-3.
  6. Каждан А.П., Литаврин Г.Г. Очерки истории Византии и южных славян -М.,
  7. Каждан А.П. Аграрные отношения Византии ХІІІ-ХІҮ вв. –М., 1952.
  8. Каждан А.П. Социальный состав господствующего класса Византии ХІ-ХІІвв. –М., 1974.
  9. Левченко М.В. Очерки по истории русско-византийских отношений. –М., 1956.
  10. Липшиц Е.Э. Византийское крестьянство и славянская колонизация. – Византийский сборник. М., Л., 1945.
  11. Литаврин Е.Е. Болгария и Византия в ІХ-ХІІ вв. –М.,
  12. Острогородский Г.А.К истории иммунитета в Византии. –Византийский временник, т.13, 1958.
  13. Орта ғасырлар тарихы. –Алматы, 1976, т-1, 498-516 бб.
  14. Робер де Клари. Завоевание Константинополя. –М., 1986.
  15. Сюзюмов М.Я. Внутреняя политика Андроника Комнина и разгром пригородов Константинополя в 1187г. – Византийский временник, т.12, 1957.
  16. Тихомиров М.Н. Византия и Московская Русь. – Исторический журнал, 1945, №№ 1-2.
  17. Труды Ленинградского инст.истории. 1964, т.7.
  18. Удальцова З.В. О внутренних причинах падения Византии в ХҮ в. –Вопросы истории, 1953, №7.
  19. Успенский Ф.И. История византийской империи. В 3-х томах. тт. 2-3. –М., 1948.
  20. Успенский Ф.И. Очерки из истории Трапезундской империи. –ленинград, 1929.
  21. Хвостова К.В.Особенности аграрноправовых отношений в поздней Византии ХІҮ-ХҮ вв. –М., 1968.

 

ҚЫСҚАРТУЛАР

 

  • ВВ – Византийский временник.
  • ВИ – Вопросы истории.
  • ВО – Византийские очерки.
  • ВС – Византийский сборник.