АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. ХІХ ғ. 70 — 1914 жж, АҚШ — ғы социалистік қозғалыс

ХІХ ғ. 70 — 1914 жж, АҚШ — ғы социалистік қозғалыс

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………

 

І-ТАРАУ. СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ.

1.1.ХІХ ғ. б0-70жж. американ пролетариатының жағдайы. Таптық күрестің өсуі……………………………………………………………………………………………..

1.2.Социалистік жұмысшы партиясының (СЖП) құрылуы. Ондағы идеялық бағыттар…………………………………………………………………………………..

 

II -ТАРАУ. ХІХ Ғ. 70-90 ЖЖ. АҚШ СОЦИАЛИСТІК ҚОЗҒАЛЫС.

2.1.СЖП Американ еңбек федерациясының (АЕФ) реформизмі мен күресуі……………………………………………………………………………………………………..

2.2.Социалистердің фермерлік қозғалыс пен Популистік партияға көзқарасы………………………………………………………………………………………………..

2.3.Социалистердің монополияларға қарсы күресі. Монополияларға қарсы идеологияның қалыптасуы………………………………………………………….

 

III-ТАРАУ. 1890-1914 ЖЖ. АҚШ СОЦИАЛИСТІК ҚОЗҒАЛЫС.

3.1.Империализм дәуіріндегі американ пролетариатының жағдайы. Стачкалық қозғалыстың өрлеуі…………………………………………………………….

3.2.Социалисттер қатарындағы қайшылықтар……………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….

СІЛТЕМЕЛЕР…………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ……………………………………………………..

 

 

КІРІСПЕ

Тәуелсіз Қазақстан Республикасын 25 желтоқсан 1991 ж. біріншілердің бірі болып мойындаған Америка Құрама Штаттары (АҚШ). Қазақстан — американ қарым-қатынастары сол уақыттан бастап динамикалық, жедел өзара тиімді дамып жатыр. Екі ел арасындағы ғылыми-техникалық қатынастар күн сайын бекіп жатыр. Сондықтан әлемдегі ең атаулы күшті мемлекеттің тарихын білу, жан-жақты зерттеу Қазақстан азаматтарының, оның ішінде тарих факультетінің студенттеріне өте қажетті және керекті де. Сондықтан мен өзімнің магистрлық зерттеуімді АҚШ-ғы ХІХ ғ. аяғы — XX ғ. басындағы социалисттік қозғалысты зерттеуге арнадым.

ХУІІІ-ХІХ ғғ. Батыс Еуропа елдерінде қоғамдық прогресс идеологиясы қалыптасып дами бастады. Қоғамдық прогресс идеологиясы — ол қоғамды ілгері жетілген, әділ қоғамға дамытуға бағытталған көзқарастар мен идеологиялардың жүйесі еді.

Бұл идеологияны жақтаушылар капиталисттік қоғамды өзгерту керек деп есептеді, ал оны өзгертуге көмек көрсететін күш — сана болады деді.

ХІХ ғ. қоғамдық прогресс теориясын жақтаушылар екі қанатқа бөлініп кетті: либералдар және социалисттер.

ХІХ ғ. ең ықпалды идеологияның бірі — социализм еді. Социализм — латын сөзі «қоғамдық» деген мағына білдіреді. Социалисттік идеялардың қалыптасуы ерте индустриялық қоғамдық қайшылықтарына жауап еді. Социалисттер қанаудың негізгі себебі -жеке меншіктің өмір сүруі деп, оны жоюды талап етті. Олар қоғамды ұжымдық ( коллективтік) принциптерге негіздеуді ұсынды. Келешек жаңа социалисттік қоғамда қанау болмайды, әлеуметтік теңдік орнайды деп армандады.

ХІХ ғ. социалисттік негізі болған ХУІІ ғ. Реформациялық қозғалыстың идеялары еді. Реформациялық қозғалысқа қатысқан қарапайым халық келешекте әлемде бәрін теңестіретін, қанауды жоятын Құдай патшалығы орнайды деп армандаған еді. Бұл өзара теңдік, таптардың, жеке меншіктің жойылу идеялары социализмге Реформациялық қозғалыстан келген болатын.

Орта ғасырлық өзара теңдік идеяларын жариялаған қауымдық цехтік көзқарастар да социализмге ықпалын тигізді.

Социалисттік идеяларды Еуропада таратқан А. Сен-Симон (17б0-1825 ), Ш. Фурье (1772-1837 ), Р. Оуэн (1771-1858 ), К. Маркс ( 1818-1883), Ф. Эгельс ( 1820-1885 ) болды.

ХІХ ғ. 70 жж. социалисттік идеялар Америка Құрама Штаттарында тарала бастады. Социалисттік идөяларды бүнда таратқан И. Вейдемеер, Ф.А. Зорге, А. Дицген болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс АҚШ-ғы таптық күрестің дамуына көп көңіл бөлді. Олар американ капитализмінің дамуының ерекшеліктерін атай отыра, негізіннен, оның капиталисттік жалпы даму заңдылықтарына тәуелді екенін, соның нәтижесінде таптық қайшылықтардың өсе түсетінін көрсетті. Марксизм ілімінің негізін қалаушылар американ жұмысшыларына АҚШ — ғы таптық күрестің ерекшеліктерін, американ жұмысшы қозғалысының даму бағыттарын және жұмысшы табының біріккен капиталисттермен күрес барысында табиғи одақтасы фермерлер мен негрлер болатынын ашып көрсетті.

Келешекте АҚШ — да Социалистік жұмысшы партия ( СЖП) құрылғаннан кейін К. Маркс пен Ф. Энгельс американ социалисттерімен хат жазысып, оларға кеңес пен нақты нұсқаулар беріп отырды. Олар өз хаттарында американ жұмысшы табының негізгі мақсаты — пролетариаттың жаппай көпшілік партиясын құру деп түсіндірді. Олар американ жұмысшылары революциялық теорияны елде творчестволық пайдаланды, американ жұмысшы қозғалысының даму ерекшеліктерін тым аса бағалап жібермеуге шақырды. АҚШ — ғы социалисттердің тактикасын белгілей отыра, К.Маркс пен Ф.Энгельс оларды кәсіподақтар мен бөтен де жұмысшы ұйымдар мен тығыз араласып, оның мүшелерін революциялық тұрғыда тәрбиелеп өздеріне қаратып алуға, партияның ішінде сектанттықпен (жікшілдікпен) күресуге щақырды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы — «ХІХ ғ. 70 — 1914 жж, АҚШ — ғы социалистік қозғалыс«.

Бұл жұмысты жазуға дерекнамалық негіз болған — жаңа тарих бойынша хрестоматиялар мен құжаттар жинақтарында жарық көрген бұл тақырыпқа арналған документтер.

Мысалы мен олардан мынандай қүжаттарды алып қарастырдым: Социалисттік жұмысшы партиясы (СЖП), Американ социалисттік партиясының ( АСП ) жарғыларын; 1912 д. АСП сьезінде қабылданған партияның Жарғысына енгізілген түзетулердің тексті; 1912-1914 жж. В. Вильсон үкіметінің Колорадодағы жұмысшылар көтерілісін басуға байланысты документтерді.

«Международные социалистические конгрессы» деген жинақтан мен АҚШ — ғы социалисттік партиялардың сьездерінің қарарларын алдым.

Сонымен бірге мен дерек ретінде атақты американ социалисттері -Д. Де Леоне, Ф.А. Зорге, М. Хилкуиттің естеліктерімен, еңбектерін пайдаландым.

Жұмыстың тарихнамалық негізі болған — американ социалисттік қозғалысын зерттеуге арналған арнайы еңбектер — «Начало массового рабочего движения в США ( 80-е годы ХІХ в.)», Аскольдова С.М. мен Зубоктың Л.М. «Очерки истории рабочего движения в США. 18б5-1918 гг.» дегөн еңбектерінен жұмысшы табының қалыптасуына байланысты мәліметтерді алдым.

Баталов Э.Э., Валюженич А.К., Быков В., Кислова А.А., Козенко Б.,Лапицкий М.И., Райский Л., Эпгерт З.К. және т.б. еңбектеріне сүйеніп мен АҚШ-ғы социалисттік қозғалысының тарихын қалыптасуынан — 1914 ж. барысын зерттеп шықтым. Бұл кітаптардағы фактілерді талдап, сұрыптап, тұжырымдап, қазақ тіліне аударып пайдаландым.

Көптеген мәселелерді қарастыруға көмегін тигізген атақты американ тарихшысы Ф.С. Фонердің 5 томдық «АҚШ — ғы жұмысшы қозғалысының тарихы» деген еңбегі және 1985 ж. жарық көрген 4 томдық «История США» деген кітаптың 2 томы.

Жұмыстың негізгі мақсаты — АҚШ — ғы социалисттік қозғалысының пайда болып 1914 ж. дейінгі тарихын зерттеу.

Осы проблеманы жан-жақты зерттеу үшін мынандай нақты мәселелер қарастырылады:

  1. АҚШ-ғы социалисттік қозғалыстың пайда болу тарихы;
  2. ХІХ ғ. 70-90 жж. АҚШ-ғы социалисттік қозғалыстың тарихын зерттеу;
  3. ХІХ ғ. аяғы — 1914 ж. АҚШ-ғы социалисттік қозғалыстағы негізгі оқиғаларды зерттеу.

Жұмыс кіріспе, қорытынды 12 параграфқа бөлінген 111 тараудан тұрады. Жұмыстың кіріспесінде магистрлік зөрттеуге таңдалған проблеманың актуальдығы, қажеттілігі дәлелденген, жалпы социалисттік идеологияның туу, қалыптасу тарихы берілді. Жұмысты жазарда пайдаланған деректер мен арнайы әдебиетке шолу жасалған. Магистрлік зерттеудің негізгі мақсаты мен құрылымы сипатталды.

ІІІ тараудан тұратын негізгі бөлімде жұмыстың мазмұны ашылған.

Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиетке жасалған сілтемелер мен әдебиет тізімі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І -ТАРАУ. СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ.

  1. 1. ХІХ ғ. б0-70 жж. американ пролетариатының жағдайы. Таптық күрестің өсуі.

Азамат соғыс мен Реконструкция («Қайта құру») аяқталғаннан кейін АҚШ — ғы пролетариаттың саны өсті. Егерде 1870 ж. оның саны — 3,8 млн. болса, 30 жылдан кейін, 1900 ж. — 9,4 млн. дейін өсті [1].Жұмысшы табының құрамында фабрикалық — зауттық пролетариаттың үлес салмағы өсе бастады. Олар ірі кәсіпорындарда топтасты. Жұмысшылар мамандығы бойынша да жікетеле бастады. Бірінші топты құрған — ақ нәсілді жоғарғы мамандығы бар жұмысшылар еді. Олар жұмысшы табының « ақсүйектері » еді. Олар жоғарғы жалақы алды, үй тұрмыстары да жақсы болды. Ресми есептер бойынша олардың саны 1880 ж. — 844 млн болды, 1890 ж. — 1910 млн, 1900 ж. — 2202 млн. жетті [2].

Екінші негізгі топқа жатқан — мамандығы жоқ жұмысшылар еді. АҚШ — ғы жоғары мамандығы бар жұмысшылар еуропалық жұмысшыларымен салыстырғанда екі есе көп жалақы алатын еді, бірақ соған қарамастан олардың жағдайы өте қиын болатын.

ХІХ ғ. аяғында бір американ жұмысшысының жалпы жалақы мөлшері жылына — б00 долларға теңелген еді, бірақта бес адамнан тұратын отбасының қарапайым күн көрісіне аштан өліп қалмас үшін — 825 доллар қажет еді [3]. Жұмыс күні 12-13 сағатқа созылатын еді, кейбір кәсіпорындарда жұмысшылар жексенбі күні де жұмыс істейтін . Ұзақ күрестің нәтижесінде 8-сағаттық жұмыс күні тек қана мемлекеттік кәсіпорындарда 1892 ж. енгізілді. Сондықтан, Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі пролетариаттың негізгі мақсаты — 8 сағаттық жұмыс күнін барлық кәсіпорындарда енгізу болды.

ХІХғ. аяғында жұмысшыларды қатты қинаған жұмыссыздық болды. ХІХ ғ. 80-90 жж. АҚШ — ң көптеген штаттарында еңбекті қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру жүйесі болмады. Соның салдарынан • көптеген жұмысшылар зауыттарда, темір жолдарда, шахталар мен құрылыста мүгедек болып қалған жұмысшылар зейнет ақы алмайтын еді. Ресми деректер бойынша 80 ж. аяғында — 90 ж. басында темір жолдарда өзінің жұмыс істеу барысында жылына 2,5 млн. адам өліп, 26 мыңы кеміс болып қалады екен [4]. Жұмысшы табының тұрмыстық жағдайы да нашар болды. Өте нашар өндірістік және тұрмыс жағдайына байланысты жұмысшылар 30 жылдан астам өмір сүрмейді екен [5].

Ең қиын жағдайды басынан кешкен американ балалары еді. 1880 ж. 15 жасқа келмеген 1 млн. балалар күн көру үшін фабрикаларда жұмыс атқарды. 1900 ж. олардың саны 175000 жетті. Көптеген штаттарда балалардың жұмыс уақыты шектелмеді. Американ еңбек федерациясының (АЕФ) деректері бойынша Род-Айлендідегі фабрикаларда 5-8 жасар балалар аптасына б7-74 сағат жұмыс істейді екен. Өндірістің кеңеюіне байланысты АҚШ — да әйелдердің еңбегі де кеңінен пайдалынылатын болды. ХІХ ғ. аяғында өндірістің барлық салаларында 2 млн. жуық әйелдер қызмет атқарды. Ер адамдармен салыстырғанда өз еңбегі үшін олар екі есе кем жалақы алатын еді.

АҚШ — ғы ең қиын жағдай шеккен жұмысшы — иммигранттар еді, Оларды ең қиын және лас жұмыстарға алатын еді. Олар қалаларда арнайы аудандар — «геттоларда» тұрды. Әсіресе қиналған қара нәсілділермен қатар Азиядан шыққан иммиграннтар еді. Олар капиталисттік қанау мен бірге нәсілшәлдік қанауды да басынан өткізді.[6]. ХІХ ғ. аяғында американ жұмысшы қозғалысының ұйымдасуына кері әсерін тигізген көптеген факторлар бар еді. Оның ең негізгі 1 әлеуметтік факторы — капитализмнің елде өте жылдам дамуы және Батыста » бос» жерлердің болуы. Бұл фактор пролетариаттың өзіндік меншік иесі болу сағымын туғызды. Бұл фактор американдық өнеркәсіптік пролетариатының құрылуына, оның әлеуметтік — психологиялық бейнесінің қалыптасуына зор әсерін тигізді және оның арасында практицизм, меншіктік көзқарастардың кеңінен таралуына әсер етті.

Американ пролетариатының қалыптасуына ғасырлар бойы американ қоғамында өмір сүрген нәсілшілдік саясатта қатты әсерін тигізді. Ақ нәсілді американ жұмысшылары бөтен нәсілдегі жұмысшыларға мен-мендікпен қарайтын еді, олармен одаққа бармайтын. Мысалы тредюниондарға (кәсіподақтарға), жұмысшы одақтарына негрлерді қатыстырмайтын. Тек қана 1890 ж. құрылған кеншілердің Біріккен одағы (КБО) мен Еңбек серілерінің ордені (ЕСО) өз мүшелігіне қара нәсілділерді қабылдай бастады.

Ақ нәсілді жоғарғы мамандығы бар американ жұмысшылары құрған одақтар расизмді (нәсілшілдікті) уағыздады. Сонымен қатар олар иммигранттарды да менсінбеді. Негізіннен ол иммигранттар Еуропа мен Азиядан көшіп келгендер еді.

Осы себептерге байланысты американ жұмысшы табының әр топтарының басы қосылмады. Американ буржуазиясы да олардың арасына жік салып, бір-біріне айдап салып, олардың басының қосылуын шегеріп отырды. Сонымен қатар, пролетариатты өзінің ықпалынан шығармас үшін ол буржуазиялық идеологияны кең тұрде жұмысшылар арасында баспасөз, шіркеу, неше тұрлі клубтар арқылы таратып отырды.

Бірақта бұл себептерге қарамастан ХІХ ғ. соңғы ширегінде жұмысшылар стачкалық қозғалысқа араласа бастады: ұлттық көлемде жұмысшылар ұйымдар құра бастады, пролетариат арасында социалисттік идеялар тарай бастады. Осы оқиғалардың нәтижесінде АҚШ — да жаңа тредюниондар құрыла бастады. Әсіресе олардың пайда болуы 1882-1885 жж. экономикалық дағдарыстан кейін шапшаңдай түсті. Олар тұрақтанып бүкіл ұлттық сипатала бастады.

ХІХ ғ. 80 жж. американ жұмысшы қозғалысында екі бірлестік өмір сүрген еді: Ол Еңбек серілерінің ордені (ЕСО) мен Американ еңбек федерациясы ( АЕФ ). Еңбек серілерінің ордені ең ірі ұйым еді. Оны 18б9 ж. У.Стеффенс құпия ұйым ретінде құрған болатын. 1878 ж. бастап ол легалдық қызметке көшті. Оның көсемдігіне Т.Паудерли келді. ЕСО өзінің қатарына барлық жұмысшыларды алатын ұйым еді.

1878 ж. Еңбек серілерінің орденінің Бас ассамблеясы ұйымының бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. Одақ өнеркәсіптік және түтынушылық кооперативтер құру арқылы жалдамалы еңбекті және капиталистік қанауды жоюға ұмтылды. 188б ж. оның мүшелерінің саны 70б мыңға жетті, оның б0 мыңы негрлер еді. Бұл АҚШ тарихындағы бірінші жұмысшылардың құрған ұлттық ұйымы еді.

Еңбек серілерінің орденінің қатардағы мүшелерінің революциялық белсенділігін Паудерли басқарған одақтың көсемдері басып отырды. Одақтың қызметін олар тек насихатпен және қоғамның істеріне араласумен шектеп тастады. Саяси күреспен айналасуға тиым салынды және одақтың басшылығы пролетариатқа жатпайтын мүшелердің көптігін пайдаланып одақтағы социалисттік тенденциямөн күресіп отырды.

ХІХ ғ. 80 ж. АҚШ — да стачкалық қозғалыс өрши бастаған кезеңде Еңбек серілерінің орденінің басшылпры оны қолдамады. Нәтижесіндө орден бұқара жұмысшы қозғалысының ағымынан оқшау қалып, кейін тарап кетті.

 1881 ж. негізделіп, 188б ж. — Американ еңбек федерациясы (АЕФ) деп аталған екінші кәсіподақ құрылды. Оның ұйытқысы болған жоғарғы маманды жұмысшылар, цех ұсталары — бір сөзбен айтқанда американ жұмысшы табының «ақсұйектері» еді. Оның құрамы бұл кәсіподақтың саяси бағытына, экономикалық талаптарына және идеологиялық негіздеріне әсерін тигізді. Оған мамандығы жоқ жұмысшылар, қара нәсілділер, әйелдер мүшелікке алынбайтын еді. Бұл кәсіподақ тек цехтік мүдделерді қорғады, Американ еңбек фөдерациясы нәсілшілдік, ұлттшылдық бағытта тұрды, иммигранттармен күресті.

Американ кәсіподақтық қозғалысындағы Американ еңбек федерациясының бұл бағытына тойтарыс беріп, табанды интернационалисттік бағытты қолдаған атақты социалисттер еді. Олар А.Ф. Зорге, И. Дицген; кәсіподақтық қозғалыстың ірі қайраткерлері 8 -сағаттық жұмыс күні үшін күрескен — А. Парсонс, кәсіподақтарды ұйымдастырушы — Д.Суниюн болды.

Бұл жұмысшы интернационалисттердің ықпалымен Американ еңбек федерациясының сьездерінде 1881 ж. Ирландия халқының күресін қолдайтын, 1894 ж. иммигранттарға қарсы заңдарды сынайтын қаулылар қабылданды.

ХІХғ. 80 жж. Американ еңбек федерациясының көсемдері С. Гомперс, А. Штрассер, Л. Мак-Гир оны «таза» тред-юнионисттік жолға итермеледі. С. Гомперс Американ еңбек федерациясының 188б-1924 жж. басқарды. Ол прагматизм, волюнтаризм философиясын уағыздады. Ол басқарған Американ еңбек федерациясының негізгі принципі «саяси бейтараптық» болды. Ол Американ еңбек федерациясын саяси күреске араластырмады, таптық ымыра идеяларын таратты.

ХІХ ғ. бірінші жартысында АҚШ-да жұмысшы қозғалысы өрледі. Егерде 1881 ж. ереуілдерге 13б мың адам қатысса, 188б ж. олардың саны б10 мыңға жетті [7]. 1882ж. Огайо, Индиана, батыс Виргиния, Иллинойс және т.б штаттарында 4 айға созылған 40 мың жұмысшылардың ереуілі болды. Сол жылы Пенсильваниядағы 2,5 мың кеншілердің көтерілісі болды.

1883ж. жазда АҚШ-ның телеграф жүйесінің қызметкерлері күреске шықты. Бұл шын мәнісінде алғанда  Еңбек серілерінің орденінің бір бөлімшесі болған Телеграфисттер бауырластығының Дж. Гульд басқарған монополиялардың бір тобымен күресі еді. Ұйымдасқан жұмысшылардың күресі барсында Дж. Гульд 1885 өзінің жеңілгенін мойындап, жұмысшылардың негізгі талаптарын орындады. Бірақта 1886 ж. жаз айларында Дж. Гульд қайтадан шабуылға шықты. Жұмысшылар қайтадан ереуілдерге шыққанда Еңбек серілерінің орденінің көсемі Дж. Гульдпен келісіп, стачканы тоқтатты. Стачка тоқтағаннан кейін Дж.Гульд сөзінен тайып кетті. Паудерлидің бұл әрекеттері ұйымдасқан жұмысшы қозғалысына қатты соққы болды. Еңбек серілерінің орденінің беделі жұмысшылар арасында түсе бастады.

8-сағаттық жұмыс күні үшін күрестің орталығы болған Чикаго қаласы еді. 1882 ж.Тред-юниондар федерациясы мен жұмысшы одақтарының 2 сьезінде 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресті бастау керек деген қарар қабылданды. Чикаго жұмысшылары бұл талапты АҚШ президентіне жолдады. Бірақта ол жауапсыз қалды.

        1884 ж. сьездің қарары бойынша АҚШ-да 1 мамыр 188б ж. бастап 8 сағаттық жұмыс күні орнады деп жарияланды. Барлық жұмысшы ұйымдары бұл қарарды қолдады.

8 сағаттық жұмыс күнін енгізу қозғалысына 340 мың адам қатысты, 190 мыңдай адам ол үшін ереуілге шықты.

1885 ж. сәуір айында бұл мәселе бойынша президент Г. Кливленд өз үндеуін жариялады. Ол бұл құжатта мәселені үкімет қарастырып өз шешімін айтатынына сендірді. Бірақта жұмысшылар президент сөзіне сенімсіздік білдіріп өзінің 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін жалғастырды.

Әсіресе жаппай сипат алған Чикаго қаласының жұмысшыларының қозғалысы еді. 45 мың жұмысшы ереуілсіз-ақ 8 сағаттық жұмыс күнін өз кәсіпорындарында енгізді. 40 мың жұмысшы ол үшін ереуілге шықты. Чикаго қаласында барлық жұмыс орындары 1 мамырда тоқтап қалды. Үрейлері ұшқан капиталисттер келісімге келді.

Бұл Чикагодағы көтеріліске басшылық еткен каланың Орталық жұмысшы одағы (ОЖО) еді. Оны басқарған Альберт Парсонс пен Август Шпис болды. Оның құрамына 20 тред-юнион кірген еді. Ол қаланың негізгі Орталық кәсіподағы болды.

Бұл кәсіподаққа қарсы күреске қаланың барлық кәсіпорын иелері бірікті. Біріншіден — Азаматтар ассоциациясы, екіншіден Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау комитеті. Теміржол магнаттары Кәсіпкерлердің ассоциациясын құрды. Олар өз қолында қаланың полициялық күштерін, штрейкбрехерлерді топтастырды. Құпия полиция ( пинкертондықтар) провинцияны ұйымдастырды. Сөйтіп, үкімет, қала басшылары 3-4 мамырдағы Чикагодағы оқиғаларды алдын-ала дайындап қойды.

3 мамырда 1885 ж. Маккормик зауытынан шығарылған жұмысшылар митинг ұйымдастырған еді. Онда Орталық жұмысшы одағының көсемі Шпис сөз сөйлейді. Штрейкбрехерлер әдейі жұмысшылармен қақтығыс бастайды. Нәтижесінде алты адам өліп, көп адамдар жараланады.

Үкімет тарапынан жасалған провокациялар ертеңінө 4 мамырда да жалғасады. Кешкі сағат 19,30 — да Хеймаркет алаңында Орталық жұмысшы одағының шақыруымен 2-3 мың адам митингіге шығады. Сойлеген ораторлар Шпис, Фильден, Парсонс үкіметтің саясатын сынға алады. Фильден сөзін аяқтап митинг тарай бастағанда полиция келеді. Осы уақытта полицияға бомба тасталады. Осыны сылтау ретінде пайдаланып полиция оқ ата бастайды. Бұл оқиғадан кейін жұмысшыларға қарсы компания басталады. Конституция жариялаған заңдылық, бас бостандық қүқығы бүзылып жұмысшыларды тұтқындау басталады. Чикаго жұмысшыларының көсемдері Парсонс, Шпис, Фильден, Шваб, Нибе, Фишер, Энгель мен Линг сотқа тартылады. 1887 ж. қарашада соттың үкімі бойынша Шпис, Парсонс, Фишер, Энгель өлім жазасына кесіледі [8].

Тред-юниондардың федерацияларының сьезі бұл соттың шешімін заңсыз деп бағалағанда, Орталық жұмысшы одағының көсемі Паудерли Чикаго революционерлерін айыптады. 8 сағаттық жұмыс күні үшін күрес американ жұмысшы қозғалысына өзінің саяси ықпалын тигізді. 200 мыңдай жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнін жаулап алды. Барлық штаттарда жұмысшы ұйымдары, кәсіподақтар құрылды. Бірақта жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін қолдамаған Орталық жұмысшы одағы беделінен айырылып, |ХІХғ. аяғында таралды.

1886 ж. оқиғалардың ықпалымен кәсіподақтар күшейді. 1886 ж. Тред-юниондардың федерациясы өзінің атын өзгертіп өзін Американ еңбек федерациясы (АЕФ) деп атай бастады. Бірақта ол 1887, 1888, 1889 жж. өткен сьездерінде саяси күреске араласпайтындығын жариялады [9]. Социалисттерді өз қатарынан қуғындағанымен қатар АЕФ көсөмдері ХІХғ. 90-шы жылдарынан бастап оларға қарсы шыға бастады. 1890 ж. АЕФ сьезіндегі дискуссия барысында С. Гомперс жұмысшы қозғалысы тек тред-юниондар тұрінде ғана өмір сүре алады деп жариялады. Бұл сьезде С. Гомперске қарсы шығып пролетариаттың саяси партиясының болуының қажеттігін дәлелдеген социалист Т. Дж. Морган еді. Ол мамандығы бойынша темір ұстасы болды. Ол АЕФ сьезіне Чикаго жұмысшыларының өкілі ретінде келген болатын. Бірақта өзінің атақты еуропалық социалисттерімен, К. Маркс пен Ф.Энгельске жазған каттарында С. Гомперс бұл дискуссия туралы бір сөзде айтпай, Де Леоне мен Социалисттік жұмысшы партиясы (СЖП ) АЕФ социалисттік партияға айналдырғысы келіп жатыр деп жазғырды.

Американ социалисттерінің қателіктері, АЕФ — ның цехтік кәсіподаққа айналуы, Еңбек серілерінің орденінің құлдырауы ХІХ ғ. 90 жж. екінші жартысында американ жұмысшы табын басқарусыз қалдырды. Сондықтан «Стандарт ойл» тресті сияқты, ірі тресттермен күрес барысында тек ұйымдаспаған жұмысшылар ғана емес, АЕФ-ның мүшелері де жеңіліп отырды.

ХІХ ғ. 90 жж. ірі өнеркәсіптік темір жол, тас көмір өңдеу саласының жұмысшылары ереуілдерге шыға бастады. Оның негізгі себебі болған -1893 ж экономикалық дағдарыстан кейінгі жалақының 10-12% кемуі және жұмыссыздықтың өсуі болды. 1894 ж. АЕФ есебі бойынша АҚШ — да бмлн. жұмыссыздар болды. 1894 ж. Дж.С.Кокси басқарған жұмыссыздардың Вашингтонге жорығы басталды. Олар президенттен жұмыссыздыққа қарсы күресу шараларын қабылдауды талап еткен еді. б0-70 мыңдық » генерал Коксийдің армиясы» Вашингтонге таяғанында тұрақты әскер оны сейілтіп жіберді. Кокси мен Браун — жұмыссыздардың көсемдері тұтқынға алынды. Американ үкіметі жұмыссыздардың талаптарын орындамады [10].

XIX ғ. 90 жж. ереуілдік қозғалыс өрши түсті. Ол өзінің шырқауына кетті. 1894 ж. оған б10 мыңға жуық адам қатысты. Бұл ереуілдердің арысында көптеген жаңа жұмысшылар ұйымдары құрылды. Соның бірі олған Колорадо штатындағы кен жұмысшыларының Орталық одағы КЖОО) еді. Соның негізінде кейінірек кен жұмысшыларының Батыс Федерациясы (КЖБФ) құрылды. АЕФ бұл федерацияға қарсы шықты. 1899 ж. КЖБФ мен АЕФ тәуелсіз батыс штаттарының кәсіподақтары Батыс жұмысшы Одағын (БЖО) құрды.

ХІХ ғ. 90 жж. ереуілдік қозғалыстың нәтижесінде құрылған бір кәсіподақтардың бірі — 1893 ж. құрылған Ю. Дебс құрған Американ теміржолшылар Одағы (АТО). Бұл көпшілік ұйым темір жол саласындағы жұмысшылардың 1/16 ғана қамтыған аристократиялық цехтік кәсіподақтарға қарсы құрылды. Бір жыл ішінде АТО АҚШ-ның ең ірі ұйымына айналды. Оның 425 бөлімшесінің құрамына 150 мың жұмысшылар мүше болған еді. Бұл одаққа «Юнион», «Мак — Кормик», «Денвер-Рио-Гранде» компанияларының жұмысшылары, сонымен қатар Дж. Пульманның вагон жасайтын кәсіпорындарының да жұмысшылары кірді.

АТО өмір сүрген бірінші жылы оның басқаруымен Трейт Нозери» компаниясының 9 мың жұмысшылары жеңіске жеткен еді. Бұл жеңіс б4 мың километрге созылған темір жол иелерін, олардың құрған «Кәсіпкерлердің ассоциациясын» қатты қорқытты.

1894 ж. мамырда пульман зауыттарында АТО басқарған жұмысшылар ереуілге шыққанда оларға қарсы үкімет, компания басшылары қосылып күресті. Үкіметтің ереуілшілдерге қарсы құресін АҚШ-ң юстиция министрі Р. Олин басқарды. Президент Кливленд әскер жіберді. Оқ атылып ондаған адамдар өлді, көптеген адамдар жаралы болды. 10 шілдеде Ю.Дебс және онымен бірге 700 адам түтқындалды. Оларды сот үкімі бойынша 3-б айға тұрмеге жапты. Пульман забастовкасының жаншылуы АҚШ — ғы жұмысшы қозғалысына қатты соққы берді. Қуғындаудың нәтижесінде көптеген одақтар тарап кетті, АТО әлсіреді. Бірақта жеңілгеніне қарамастан бұл теміржолшылардың қозғалысының тарихи маңызы өте зор еді, себебі оларжұмысшылардың ұйымдасса зор күш болатынын көрсетті.

АЕФ көсемдері бұл көтерілістің жеңілгенін өздерінің тред-юнионисттік идеяларын насихаттау үшін, «таптық ымыра» идеяларын тарату үшін пайдаланды.

1893-1894 жж. АЕФ өзінде дағдарыс басталды. Онда социалисттік бағытбас көтерді, С. Гомперстің саясаты сынала басталды. 1893 ж. АЕФ сьезінде жаңа бағдарламаның жобасын талқылады. Оған атақты социалист Ф. Дж. Морган мынандай социалисттік талаптарын енгізуді ұсынды: темір жол, байланыс жүйесін, шахталарды ұлттандыру; халыққа тегін бастауыш білімін беру; 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.

Ашық түрде АЕФ көсемдері бұл ұсыныстарға қарсы шыққан жоқ. Бірақта 1894 ж. сьезд барысында бұл бағдарламаны бекіте бастағанда, гомперсисттер барлық қулықтарын пайдаланып, бұл баптарды өткізбей тастады. Ал 1895 ж. сьезде гомперсисттер «АЕФ — ның саяси платформасы жоқ» деп жариялады. Сөйтіп, АЕФ пролетариаттың саяси күресінен бас тартты.

Тресттердің өсуі мен күшеюіне байланысты, таптық күрес шиеленісе түсті. Пролетариат өзінің буржуазиядан өзгеше тап екенін, өзінің таптық мүддесі бар екенін айқын сезіне бастады, өздеріне саяси партияның қажеттігін де айқын түсінді.

 

1.2. Социалисттік жұмысшы партиясынң ( СЖП) құрылуы. Ондағы идеялық бағыттар.

Жұмысшылар мен буржуазия арасындағы қайшылықтардың асқынуы жұмысшы табының белсенділігінің орасан зор өсіп кетуіне әкелді. Негізіннен бұл күрес экономикалық сипатта өтті. Бірақта оның кейбір көріністері, келешекте жұмысшылардың саяси партиясының құрылуына қолайлы жағдайдың жасалғанын көрсетті. Жұмысшы қозғалысының жандануына және социалисттік топтардың құрылуына үлкен әсер тигізген 1 Интернационалдың американдық секцияларының құрылуы және қызметі болды. Оның қызметінің нәтижесінде 1876 ж. АҚШ — да елдің барлық социалисттік ұйымдарын біріктірген АҚШ Жұмысшы партиясы құрылды. 1877 ж. бастап ол өзін Социалисттік жұмысшы партиясы (СЖП) деп атай бастады.

Социалисттік қозғалыс бөтен шынайы социализм идеяларына қарсы ағымдармен күрес барысында дамыды. Бұл социализмге жат ағымдармен күрес жұмысшы қозғалысының мынандай негізгі мәселелері бойынша жүрді: жұмысшылардың революциялық ролі; саяси партияның саяси ролі мен сипаты; социалисттік революцияның даму жолдары; партияның капитализмге қарсы легалдық және нелегалдық күресі; пролетариаттың табиғи одақтастары туралы.

         Құрылғаннан кейін бірінші онжылдықта АҚШ-ғы СЖП лассальяндықтардың ықпалында болды, себебі оның құрамында неміс иммигранттары басым болған еді. Интернационалдың платформасында тұрған марксисттердің қарсылығына қарамастан, американ социалисттік қозғалысында басшылықты лассальяншылдар алып алды. СЖП — ның ұлттық орынбасары болып лассальяншы Ф. Ван Гаттен тағайындалды.

Лассальяншылдар өздерімен бірге американ социалисттік қозғалысына қоғамдық прогресстегі капиталисттік мемлекеттің атқаратын ролі бойынша өзінің ұсақ буржуазиялық қате көзқарастарын ала келді. Олардың көзқарасы бойынша, капитализмнің дамуы социализмнің орнауына жол ашады, себебі орталықтанған өнеркәсіппен пауперленген жұмысшы табының санының өсуі — социалисттік қайта құруларды ( реформаларды) жасауға негіз болады. Бірақта социализмді құру үшін, капиталисттерден билікті тартып алу керек, ал оның негізі және бір-ақ жолы бар — «бәріне бірдей, тікелей дауыс беру, сайлау хүқын енгізу». Бұл сайлау хүқына ие болған жұмысшылар, сайлау барысында заң шығару және атқару саласындағы қызмет ететін мекемелерде көпшілік орындарды жаулап алады. Сондықтан мемлекет барлық билікті өз қолымен жұмысшыларға бере салады. Қантөгіссіз, бейбіт жолмен автоматикалық тұрде жұмысшылар саяси билікке ие бола салады.

Бұл лассальяндықтар үсынған схемада пролетариаттың саяси қозғалысы тек сайлау барысындағы әкімшілік пен парламентте орын алу үшін күрес  ретінде  бейнеленді. «Сайлау бюллетені арқылы біз өз көзқарасымызды білдіреміз. Біздердің негізгі мақсатымыз, — сайлау барысында социалистерді сайлап, жұмысшыларға тиімді заңдарды жариялау» — деп айтылған еді. Лассальяндықтардың сайлау барысында шығарған бір үндеуінде олардың жұмысшы қозғалысында ұстанған негізгі принциптері осындай еді [11].

Олар пролетариаттың саяси күресін тек сайлауға қатысуымен шектесе, жұмысшы табының экономикалық күрес жүргізуіне мүлдем қарсы еді. Олардың бағдарламасында пролетариаттың стачкалық және забастовкалық күресін қолдау туралы баптар жоқ еді. Жұмысшы табының экономикалық күресін қолдамау келешекте социалисттік партияның бұқара жұмысшы қозғалысынан алшақ қалып сектаға айналуына әкелер еді. Лассальяншылдарға қарама-қарсы марксисттер жұмысшылардың экономикалық күресін қолдап отырған еді. Кейін СЖП құрылғанда марксисттердің талабы бойынша оның бағдарламасына экономикалық күресті қолдау туралы арнайы бап енгізілген еді: «Пролетарлық таптардың экономикалық азат етілуі — біздің негізгі мақсатымыз және оған жету үшін біз барлық күрес тәсілдерін қолданамыз» — деп жазылған еді ол бапта [12].

Марксисттердің әрекеттеріне қарамастан СЖП ХІХ ғ. 80 ж. аяғына дейін лассальяншылдардың ықпалынан арыла алмады. Бірақта өзінің практикалық қызметінде СЖП марксисттердің ықпалымен кәсіподақтық қозғалыс пен саяси күресті ұйымдастырып отырды. Сондықтан бұл уақыттағы құрылған көптеген кәсіподақтар Ф. Фонердің айтуынша социалисттік партияның ықпалында болды [13]. Мысалы 1882 ж. құрылған Нью-Йорктың Орталық жұмысшы одағының бағдарламасында жұмысшы табының экономикалық және саяси күресті қатар жүргізу керектігі туралы марксисттік принцип бекітілген еді. Социалисттер оған басшылық етті және оның тәуелсіз жұмысшы саясатын жүргізуіне көмегін беріп отырды. АҚШ-ның көптеген ірі қалаларында осы уақытта СЖП ықпалындағы ірі кәсіподақтар құрылды. Жұмысшы қозғалысына социалисттік партияның ықпалы бүдан да көп болар еді, егерде партияның өзінің ішінде алауыздықтар болмаса.

ХІХ ғ. соңғы ширегінде АҚШ-ғы социалисттік қозғалысында анархисттік бағыт айқын көріне бастады. Ол СЖП-ның ХІХ ғ. 80 ж. басындағы сектанттық догматикалық бағытты үстануынан және жұмысшы табының алдында тұрған нақты мәселелерді шеше алмауынан туған еді. Бұл уақытта АҚШ-да көптеген анархисттік топтар қурылды. Американ анархизмінің идеологы болған, 1882 ж. Германиядан АҚШ-на көшіп келген И. Мост еді. Ол Еуропада күйреген бакунизм идеясын АҚШ-да жаңғыртуды көздеген болатын. АҚШ-ғы ұсақ буржуазиялық орта анархизм идеяларының кеңінен тарауға қолайлы болды.

ХІХ ғ. 80 ж. басында Американың көптеген ірі қалаларында СЖП бөлініп шыққан анархисттік топтар құрыла бастады. Олардың негізгі мүшелері шетел иммигранттары болды. 1883 ж. Питсбургте болған сьезде бұл топтардың басын қосып И. Мост Халықаралық жұмысшылар ассоциациясын құрды. Олар кейін өздерін «Қара Интернационал» деп атайтын болды. Бұл сьезде анархисттердің кредосы жарияланған Манифест қабылданды. Онда келешекте » мемлекеттің жойылып, оның орнына өзара тауарлар мен айырбас жасайтын Өнеркәсіптік ұйымдар билейтін экономикалық жүйенің орнатылатыны» туралы айтылды [14].

Легальдық саяси күрестің нәтижелеріне көңілі қалған социалисттердің бір тобы анархисттерге еліктеп революциялық қайратты іс-әрекетке көшуге шақыра бастады. Анархисттердің идеяларын Орталық, Батыс штаттардағы социалисттердің көсемі А. Парсонс және атақты социалисттік оратор және журналист А. Шпис қолдай бастады. Олар бұл штаттардың жұмысшыларына ықпал еткөн Чикагодағы анархисттер клубын құрды. Көптеген анархисттер шығарып жатқан газеттердің ішінде еңтанымал болған «Аларм» газеті еді. Клубтар анархисттік идеяларды кеңінен насихаттап отырды, демонстрациялар мен митингтер ұйымдастырды. Олар сөйлеген сөздерінде жұмысшыларды саяси күрестен бас тартып, капиталистік қоғам мен өнеркәсіптің тәртібін бұзатын іс-ірекеттерді жасауға шақырды.

Кейінгі оқиғалар, анархисттік идеялардың американ социалисттік қозғалысына қандай зиян келтіргенін анық көрсетті. Өздерін социалисттер — революционерлер деп атаған анархисттердің жүргізген шанқиған насихаты мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттері Американың билеуші топтарына социалисттерге қарсы саясат жүргізуге сылтау болды. Солардың қызметінің нәтижесінде Чикаголық бір топ социалист-революционерлерді, мемлекетті жоюға ұмтылған әрекеттер жасадыңыздар деп жалған кінә тағып тұрмеге жапқан болатын. Анархисттердің бағдарламасындағы экстремисттік үрандарды пайдаланып, үкімет социалисттік қозғалысқа қарсы шабуылын бастады. Кейбір мемлекетке жарамсақтанған кәсіподақтар да бұл социалисттерге қарсы күреске қосылып кетті [15].

«Хеймаркет ісінен» кейін басталған полициялық қудалаулар анархисттердің қызметін шамалы шектеді. Көптеген анархисттік клубтар, газеттер, журналдар жабылды. ХІХ ғ. 90 ж. анархисттер өзінің принциптерін насихаттауды тоқтатты. Бірақта олар енді активтік іс-әрекеттерден бас тартып, тек 1895 ж. «Аларм» газетін жапқаннан кейін жарық көрген «Рэбел» газетінің беттерінде жүргізілген дискуссиялармен шектелді. Олар жұмысіиы табының ұйымдасқан күресін сынға алды, марксисттер қолданған парламенттік саясаттың принциптеріне қарсы шықты[1б].

Анархизммен күрес барысында СЖП 188б ж. «Социализм мен анархизм — анатагонисттік жаулар» деген ортақ атаумен брошюра шығарды. Онда «күштеу» деген терминге марксисттік анықтамалар берілген еді және анархисттер мен марксисттердің оны түсіну мен қолдануындағы айырмашылықтары ашылып берілген еді. Бірақта СЖП көсемдері анархизмнің таптық мәнін және американ жұмысшы және кәсіподақтық қозғалысында кең таралуының себептерін толық ашып бере алмады.

Лассальяншылдар мен анархисттердің үгіті және олардың фракциялық қозғалысы жұмысшы қозғалысындағы социалисттердің позицияларын әлсіретті. Бірақта бүтіндей алғанда социалисттердің жұмысшы қозғалысындағы беделі жоғары бола берді. Сондықтан ол АҚШ — ғы социалисттік қозғалыстың дамуының стимулы болды. АҚШ — ғы жұмысшы қозғалысының дамуына зер салып бақылаған Ф. Энгельс 188б ж. басында Ф. Зоргеге былай деп жазған болатын; » Ақыр аяғында айтсақ, Америкадағы социалисттік қозғалыс әжептәуір табыстарға жетті» [17].

Бұл табыстар 1886 ж. Нью-Йорк қаласының муниципалдық мекемелеріне сайлау барысында көрінді. СЖП шақыруы бойынша жұмысшылар сайлау барысында Г. Джорджтың кандитатурасын қолдайды. Оның сайлау платформасы социалисттік болмағанымен, социалисттердің дұрыс есептері бойынша, ол жұмысшы табының тәуелсіз саяси әрекеттеріне қозғау салар еді. Осы сайлау барысында Г. Джордж республикандық партияның өкілін жинаған дауыстары бойынша асып түсті. Өзінің бұл жемісіне ол социалисттердің жұмысшылар арасында жүргізген қызу насихаттының арқасында жеткен еді. Бүтіндей алғанда социалисттер жұмысшы табының ХІХ ғ. 80 жж. ірі қимылдарында көрнекті роль атқарды. » Бұл уақытта СЖП Америка штаттарындағы жаппай көпшілік жұмысшы қозғалысының тікелей және белсенді қатысушысы болды» [18].

1889 ж. АҚШ — ғы СЖП лассальяншылдар фракциясының толық жеңіліумен аяқталды. Партияның басшьілығына келген жаңа көсемдер оның бағдарламасына көптеген түзетулер енгізді. Біріншіден, кооперативтерге мемлекеттің тарапынан көмек көрсету қажеттілігі туралы бап алынып тасталды. Социалисттердің кәсіподақтарда жұмысты күшейту туралы бап енгізілді. Бағдарламаға бұл бапты енгізуге АЕФ көсемі С. Гомперс қарсылық білдірді, бірақта оған қарамастан ол енгізілген еді. Соның нәтижесінде социалисттердің кәсіподақтардың жұмысына ықпалы күшейе бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ -ТАРАУ. ХІХ Ғ. 70-90 ЖЖ. АҚШ — ҒЫ СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫС.

2.1. Социалисттік жұмысшы партиясының (СЖП) Американ еңбек федерациясының (АЕФ) реформизміне қарсы күресі.

АЕФ — нің пролетариаттың тәуелсіз саяси қозғалысына ұстанған идеологиялық мақсаттары социалисттердің мақсаттарынан мүлдем өзгеше еді. С. Гомперс жұмысшылардың социалисттік сана сезімінің оянуына қарсы болды, сондықтан тред-юнионисттік идеология реформисттік теориялардың тар шеңберінен шыға алмай қойды. ХІХ ғ. 80-90 жж. жаппай көпшілік жұмысшы қозғалысының өрлеуіне байланысты социалисттердің бұл консервативтік идөологияны сынауы негізгі мақсатқа айналды. Жұмысшылар арасындағы СЖП жүргізіп жатқан социалисттік насихатты нәтижелі болу үшін, тред-юнионисттік идеологияның ықпалын жою қажет еді. Бұл мақсатты жүзеге асыруды өз қолына алған 1850 ж. бастап СЖП — ның басшылығына келген Д. Де Леоне болды.

Ол ХІХ ғ. аяғы мен XX ғ. басында американ социалисттік қозғалысына зор ықпалын тигізген кісі еді. Де Леоне социалисттік прессаның маңызы мен рөлін көтөрді, баспасөзге партияның жеке меншігін жариялады. 20 жыл бойы өзі редакторы болып ағылшын тілінде шығарған » Пипл» газеті американ жұмысшыларының арасында күнбе-күн өз беттерінде социализм идеяларын насихаттап отырды, пролетариаттың таптық сезімін оятып отырды. Бірақта сонымен қатар, ол АҚШ — ғы социалисттік қозғалысқа көп зиян әкелген қателіктерді де жіберді [19].

ХІХғ. 90 ж. АҚШ — да тред-юниондар құрылып бітті. 1889 ж. СЖП — нің сьезіндегі қабылданған қарарда социалисттердің тред-юниондармен байланысын бекіту керектігі айтылған еді. Бірақта ХІХ ғ. 90 жж. СЖП бұқара жұмысшы қозғалысынан оқшауланып қалды. Социалисттерге қарсы бағытта турған АЕФ басшылары Де Леоне басқарған СЖП жұмысшы және фермерлік қозғалысына қатысты жіберген догматикалық және сектанттық қателіктерін бетіне басып, социалисттік партияның халық алдында беделін түсіріп отырды.

Де Леонеде фермерлік қозғалысты дұрыс бағалай алмаған еді. Ол фермерлерді «орта», «коррупцияланған» өткінші тап және олардың меншігін социалисттік революция барысында тәркілеу керек деп есептеді. Фермерлерге осы көзқарасына байланысты ол СЖП мүшелерін популисттік қозғалысты және оны басқарып отырған Халық партиясын қолдамауға шақырды [20].

АЕФ көсемі С. Гомперс социалисттерді тред-юниондарды социалистік қозғалысқа «интегрировать» етемін деп жатыр деп жала жатты. С. Гомперстің бұл бағыты және СЖП — ның кәсіподақтарға қарсы үстанған саясаты ХІХ ғ. 90 жж. социалисттік қозғалыстың дағдарысын туғызды. Сондықтан 1892 ж. сьезде социалисттер өздерінің ұйымдасқан жұмысшылардан алшақ қалғанын және пролетариат арасында беделінің түсіп кеткенін мойындауға мәжбүр болды.

Бұл қателікті түзету үшін СЖП басшылары социалисттерді тредюниондарда социалисттік идеяларын насихаттауды күшейту және ұлттық кәсіподақ ұйымдарында СЖП ықпалын өсіруге шақырды. Бұл Де Леоненің тред-юниондарға қатысты үсынған тактиканы «іштен бұрғылау» тактикасы деп атады. Шамалы уақыт бойы бұл тактика жемісті болды. Жергілікті тред-юниондардағы жүргізілген социалисттік насихаттың нәтижесінде 1893 ж. АЕФ сьезінде жаңа бағдарламада гомперсизмнің негізгі идеялары алып тасталынған еді және 10 бабында еңбек қуралдарын ұлттандыру талабы қойылған еді [21].

Бірақта бұл тактика арқылы СЖП АЕФ басшылары мен жергілікті ұлттық ұйымдардың оппортунизмін жоя алмады. Сондықтан Де Леонө бұл тактикадан бас тартты. СЖП тред-юниондарда социалисттік насихатты жүргізуді тоқтатты, пролетариаттың экономикалық күресін қолдауды қойды. Бұл Де Деоне басқарған СЖП жіберген қатерлі қатесі еді. Сонымен қатар, Де Леоне экономикалық күресті жүргізіп жатқан жұмысшылыр ұйымдарын сынай бастады. Соның нәтижесінде СЖП қолдап тұрған соңғы ұлттық кәсіподақ (ОГ) ОРГИ -де бас тартты. Енді социалисттер барлық тред-юниондардан оқшауланып қалды. Осы уақыпа Де Леоне кәсіподақтарға қатысты жаңа тактиканы сырттан қысым жасау» немесе «екі жақты юнионизмді» қолдана бастады.

1895 ж. Де Леоненің ұсынысы бойынша жаңа жұмысшы одағы құрылды. Ол «Жұмысшы одақтары мен кәсіподақтық ұйымдардың социалисттік Альянсы» деп аталды. С. Гомперс оны СЖП заңсыз ұрпағы» деп атаған еді. Оның ұйытқысы болған Нью-Йорк жұмысшы федерациясы, орталық штаттардың кейбір жұмысшы одақтары мен неміс және еврей тред-юниондары еді. 189б ж. СЖП сьезінде бұл жаңа кәсіподақтың ұлттық хатшысы Г. Кун оны өзінің мақсаты мен сипаты бойынша революциялық кәсіподақ деп бағалады. Бұл Альянстың мүшелерінін саны 15 мыңға жетті [22].

АЕФ цехтік одақтарына қарама-қарсы құрылған социалисттік Альянс «таза» және «қарапайым» тред-юнионизмнің дәстұрлі және консервативтік формаларымен күресуге бағытталған еді. Бірақта құрылған уақытынан бастап — ақ ол мақсаттарына жете алмады. Бұл Альянсты құрғанда Де Леоне ол арқылы АЕФ-ның оппортунизімін жеңіп, АҚШ кәсіподақтық қозғалысын СЖП тәуелді еткісі келген еді. Бірақта бұл догматикалық саясат нәтижелі болмады. Альянстың мәнін түсіне бастаған жұмысшылар одан шыға бастады. 1898 ж. баяғы 15 мың мүшеден 4-5 -ақмың мүше қалды [23].

Социалисттік Альянсты құрғанда СЖП басшылары мен идеологтары «таза» және «қарапайым» тред-юниондарға қарсы «дұрыс инициативаны» ұсынуды көздеген еді. Олар социалисттерді ішінен «іріп-шіріген» жұмысшы одақтарын тастап, жаңа «революциялық одақтарды» құруға шақырды. СЖП 1Х сьезді партияның мүшелерін көне кәсіподақтардан шығаруды ұсынды ( бұл әлі талап емес, ұсыныс еді). Бірақта бұл ұсыныс СЖП ішінде қызу дебаттарға әкелді. Бұл мәселе бойынша партия ішінде Де Леоне және оның «екі жақты юнионизм» тактикасына қарсы бағыт қалыптасты.

 

2.2. Соцалисттердің фермерлік қозғалысы мен Халықтық партияға көзқарасы.

ХІХ ғ. 70 жж. теміржол корпорациялары, банкирлер, саудагерлер фермерлерді қанауды күшейтті. Соның нәтижесінде ХІХ ғ. 70-90 жж. фермерлердің таптық күресі күшейді. Американ фермерлерінің монополисттік капиталға қарсы күресі ХІХ ғ. 70 жж. грөйнджерлер мен гринбеккерлер қозғалыстарында көрінді. ХІХ ғ. 80 ж. олардың орындарына фермерлік альянстардың қозғалыстары келді. 90-шы жылдары фермерлік қозғалыстың нәтижесінде жаппай көпшілік саяси ұйым — Халық партиясы 1892 ж. құрылды. Де Леоне басқарған СЖП өзінің 1893 ж. сьезінде Халық партиясына қаталтұрде қарсы шықты.

СЖП Халық партиясын «плутократияның үстемдігі сияқты, пролетариаттың мақсаттары мен мүддесіне қарама-қарсы тұрған партия» деп сипаттады. Келешекте меншігін ұлттандыратын өткінші тап, фермерлер, социалисттердің ойынша, жұмысшылармен одақтасқанда тек пролетариатқа айналып кетпеуін көздейді. Сондықтан 1893 сьездің қарарында » жалдамалы еңбекшілердің табы еш уақытта бұл фермерлік фзғалысты қолдай алмайды» деп жазылып қойды. СЖП қатардағы мүшелері популисттермен одақтасып кетпеу үшін Де Леоненің үсынысы бойынша СЖП секцияларының мүшелеріне Халықтық партиясымен байланыс жасауға қатаң тиым жасалды [24]. Партияның басшыларының Халық партиясынан бойын аулақ үстауы қатардағы социалисттердің наразылығын туғызды. Көптеген қатардағы социалисттер бұл партияны қолдап, оның мүшелерінің арасында социалисттік идеяларды насихаттауға шақырды. Сондықтан СЖП басшыларының үстанған саясатына қарамастан кейбір социалисттер-марксисттер оны қолдай бастады.

Популисттерді, сонымен қатар СЖП бағдарламасы мен жарғысын  қолдаған, бірақта оның мүшелігіне кірмеген американ интелигенциясының кейбір өкілдері де қолдады. Де Леоне оларды «ұйымдаспағандар» деп атайтын еді. «Индивидуалисттік» социалисттер, Халық партиясына мүше болып, онда социалистік қозғалыстың шектелгендігін, кәсіподақтарға көзқарастарының дұрыс еместігін түсініп отырсада, бұл халық қозғалысына қолдау көрсетті.

«Индивидуалисттік» социалисттер арасында көзге түскен Генри Ллойд еді. Өз заманының ең оқымысты азаматы, атақты публицист, аты шулы «Байлық қоғамға қарсы» еңбектің авторы, ол 90-шы жылдары популисттік қозғалыста маңызды прогрессивті роль атқарды. Ол жұмысшыларды фермерлік қозғалысты басқаруға шақырды, себебі олар » фермерлерге қарағанда қазіргі экономикалық және әлеуметтік дамудың тенденцияларын анығырақ түсінетін еді және бұл қозғалысты радикалдық бағытта дамытар еді» [25]. Оның ойынша, фермерлер келешек саяси билік үшін күресте жұмысшы табының табиғи одақтасы болар еді. Ол жұмысшылар мен фермерлер арасында одақ құруға шақырды. 1894 ж. шілдеде Г. Ллойд және М. Дж. Морган басқарған социалисттер Спрингорилдегі кәсіподақтар конференциясында жұмысшы-популистік одағын құрды. Конференция барлық жұмысшыларды 1894 ж. аяғында болатын сайлауда » халықтың еңбек құралдарына қоғамдық меншігін жариялауды» қолдаған Халық партиясының депутаттарына дауыс беруге шақырды.

Жұмысшы-популисттік блоктың құрылуы монополияларға қарсы халықтың күресіндегі ілгері басушылық еді. Олардың бағдарламасында халықтың тресттерге қарсы күресі, олардың меншігіне халықтың ұжымдық меншігін орнатумен байланыстырылған еді. Бір апта өткеннен кейін, 12 шілде 1894 ж. Спрингорилд бағдарламасының негізінде Чикагодағы құрылған жұмысшы-популисттік блок, Иллинойс және ботен де штаттарда құрыла бастады. Қатардағы социалисттер мен қатар Халықтық партияны социалисттердің көсемдері де қолдай бастады. Пульман стачкасының басқарушысы Ю. Дебс, митингте теміржолшыларды популисттерді қолдауға шақыра отырып былай деген еді: «Мен популиспін, біз барлығымыз бірігіп көне 2 партияға енді есін жия алмайтындай етіп соққы беруіміз керек. Мен көне демократпын және оны мақтан етемің. Мен барлықтарыңызды сайлауға келіп, Халық партиясының өкілдерін қолдауға шақырамын» [26].

Жұмысшылардың фермерлерді қолдап олармен одақтасуының себебі мынада еді:

  1. Олар бірігіп үкіметпен күрескен еді;
  2. Бірігіп қәсіподақтарда қызмет ететін еді;
  3. Фермерлер әр жағдайларда жұмысшыларды қолдап отырған еді.

        1894 ж. бойы жұмысшы-популисттік блоктар Иллинойс штатынан басқа Небраска, Висконсин, Нью-Йорк, Огайо, Индиана, Минесотта, Масачусетс, Монтана, Техас, Калифорнияда құрылды.

Социалисттер фермерлер арасында өз принциптерін насихаттай бастады. Әсіресе социалисттік идеяларды таратуда табысқа жеткен Г. Ллойд пен М.Дж. Морган болды. Олардың насихатының ықпалы зор болды. Көптеген Илийнойс, Айова, Минесотта және Солтүстік Дакотадағы штаттарда’ өткен митингтерде фермерлер Г. Ллойдтың сөздерін ұйып тыңдайтын еді. Ол тресттерді ұлттандыру керектігін, жұмысшы-популисттік блоктың саяси билікке жеткенде ғана халық қапиталдың үстемдігінен айрылатынын насихаттады.

Жұмысшылар, фермерлер, социалисттер бірігіп қызмет еткенінің нәтижесінде 1894 ж. сайлауда Халық партиясы зор табысқа жетті. Ол 1892 ж. жиналған даустан 1894 ж. 1,5 млн. даус артық жинады. Негізіннен бұл дауыстарға ол өнеркәсіптік орталықтарда ие болды. Мысалы, Кук округінде, Чикагода Халық партиясына дауыс берген жұмысшылардың саны 1892 ж, салыстырғанда 20 есе өсті, 2 мың дауыстан 34-40 мыңға дейін Халық партиясы үшін Пөнсильванияның, Батыс Виргинияның, Йлийнойс және Огайоның шахтерлері дауыс бөрді. Сан-Францисконың мэрі болған  популисттердің кандидаты А. Сатро, өзінің жеңісі үшін ұйымдасқан жұмысшыларға алғыс айтқан болатын.

Жұысшы-популисттік блоктың қызметінің нәтижесінде Техас популисттері Заң шығару жиналысына 22 өзінің кандидатын өткізді. 12 популисттік кандидат Конгреске өтті.

Жұмысшы қозғалысының өсуі және оның фермерлік қозғалыспен ұштасуы үстем таптардың қорқынышын туғызды. Буржуазия бұл Іқозғалысты басуға әрекет жасады. 1894 ж. бастап армия мен полиция күштері күшейтілді. Ірі индустриялық орталықтарда қару-жарақ арсеналдары салына бастады. Халықпен күресу үшін буржуазия топтаса бастады. Сонымен қатар, буржуазия Халық партиясын ішінен іріп-шіріте бастады.

1894 ж. бастап Халық партиясының ішінде екі бағыт қалыптасты: I консервативтік және радикалдық. Консервативтік бағыттың көсемдері Таубенек пен Уивер болды.

Консервативтік бағыт социалисттердің партияға тигізіп жатқан ықпалымен күреске шықты. Олар негізгі популисттік талаптардан бас тартып, Халық партиясының қызметін тек күміс ақшаны енгізу үшін күреспен шектегісі келді. Консервативтік күштерді нығайту үшін олар Халық партиясына «байсалды» мүшелерді: бизнесмен, адвокаттар, сатушыларды шақыра бастады.Халық партиясында қалыптасқан екі бағыт негізгі саяси мәселелер бойынша жіктелді. Егерде радикалды популисттер кәсіподақтарды, стачкаларды, жұмыссыздардың Вашинггонға жорығын қолдаса, консервативтік көсемдер бұлардың барлығына қарсылық білдірді. Әсіресе Таубенек-Уивердің тобының ызасын алған Орталық, Батыс штаттарында жұмысшы-популисттік одақтар құрған социалисттер еді. Олар Халық партиясының шынайы досы болған, оның бөтен буржуазиялық партияларға қосылмай тәуелсіз қызмет етуін қалаған социалисттерді партиядан құғындай бастады. Тек қана жұмысшылар мен социалисттерді Халық партиясынан қуып, жұмысшы-популисттік блокты ыдыратып олар партия басшылығына келе алатын еді. 11894 ж. желтоқсанында Сент-Луисте өткен Халық партиясының конференциясында Г, Ллойд бастаған жұмысшы-популисттік блоктың жақтаушылары Таубенек-Уивер тобының 1 шабуылына тойтарыс берді. Халық партиясының .бағдарламасына жұмысшы-популисттік блок ұсынған мынадай жаңа талаптар енгізілді: жер иеліктерінің көлемін іріктеу; жұмысшылар стачкаларын әскердің күштерімен басу тәжірибесін тоқтату; барлық монополияларды қоғамдық меншікке айналдырып мемлекет билігіне беру және т.б. Сент-Луис конференциясында жұмысшы популисттік блок мынандай ұрандар ұсынды: «Мисионерлер мен монополиялардың билігі жойылсын!», «Халықтың мүддесі мен адамдар құқықтарын қорғау үшін алға!»АЕФ барлық жұмысшыларды популисттермен саяси одаққа бармауға шақырды. АЕФ бұл саясатын өте ұтымды пайдаланып Халық партиясының консервативтік бағыттағы көсемдері радикалдық жұмысшылар мен социалисттерді Халық партиясының ұйымдарынан қуа бастады. Социалисттерге қарсы бағытталған компаниялар басталды. Популисттік жиналыстар мен газеттердің беттерінде егерде социалисттер сайлауға араласпаса біздер (Халық партиясы) сайлауда көбірек дауысқа ие болар едік деген пікірлер айтыла бастады. Кейбір ораторлар, социалисттердің Халық партиясына мүше болғандағы көздеген мақсаттары — оны Американың социалисттік партиясы деп жариялау — дей бастады. Кейбір асыра сөйлегендерді, қатардағы популисттерді қорқытып «социалисттік епископтар» М. Дж. Морган және басқалар популисттік қозғалысқа Чикаго коммунасын ұйымдастыру үшін кірді деп жариялады.

Консерваторлар мен радикалдар 189б ж. популисттердің ұлттық сьезінде шайқасуға дайындық жүргізді. Бұл сьезд президенттік сайлауға Халық партиясының өкілінің атын атау керек еді. Сьезд қарсаңында Халық партиясының консервативтік басшылары АҚШ демократиялық партиясымен, олардың босстарымен саяси келісімге көліп, олардың кандидаты Уильям Браунды қолдады. Солтүстік Каролинада шығатын популисттік газет » Прогрэссив фермер» бұл Таубенек-Уивер тобының әрекеттерін Халық партиясын Уол-Стрит демократтарының табан астына жығуы деп бағалады.

Радикалдық бағыт президентікке Ю.Дебстің кандидатурасын ұсынды. ГД.Ллойд, Дебстің жеңісіне кәміл сенген жұмысшылар мен фермерлерді ол үшін дауыс беруді ұсынды. Бірақта Ю. Дебс өз кандидатурасын алып тастады. Бұл іс-әрекетім.ен ол солшылдардың қанатын кесті.

22 шілде 1896 ж. Сент-Луисте ашылған сьезде консервативтік топ алдау, қорқыту, антидемократиялық тәсілдерін пайдаланып, сьезд делегаттарын У. Брайанаға дауыс беруге итермеледі. Оп 1363 дауыстың 1042 ие болды. Сөйтіп Халық партиясының сьезді президенттікке демократиялық партияның кандидатурасын ұсынды. Радикалдардың айтуынша, «Халық партиясын залым саясатшылар сатып жіберді». Сьездің шешімдерін қорыта келе Г.Д.Ллойд былай деген еді: «Таубенек пен Уивер екі жыл бұрын Халық партиясын құртуды жоспарлаған еді, енді Сент-Луисте олар дегеніне жетті [27].

Өзінің қатарына 2 млн. адам жинаған Халық партиясы жұмысшылармен социалисттердің ықпалымен  көптеген табыстарға жеткен еді. Ең негізгісі олар жұмысшы-популисттік одақтар вдылғаннан кейін жеке меншікті жойып, еңбек құралдарына қоғамдық меншікті жариялауды «талап етті. Бұл фермерлік қозғалыстағы социалисттердің ықпалының көрінісі еді. ХІХ ғ. соңындағы АҚШ-ғы фермерлік қозғалыс жеңілске ұшырады. Оның көптеген себептері бар. Соның ішіндегі маңыздысы, социалисттік идеялардың фермерлерге кең таралмауы. Ал оның өзі американ жұмысшы қозғалысының әлсіздігіне байланысты еді. Фермерлер қозғалысына жұмысшылар басшылық ете алмады, себебі олардың өзін басқаратын революциялық партия болмады. Фракцияларға бөлінген, әлсіреген СЖП фермерлік қозғалысқа басшы болмақ түгіл оған қарсы шықты.

 

2.3. Социалисттердің монополияларға қарсы күресі. Монополияларға қарсы идеологияның қалыптасуы.

ХІХ ғ. соңғы ширегінде монополияларға қарсы күрес АҚШ-тың әлеуметтік, саяси өмірінде өте маңызды роль атқарды. Сол уақыттан бастап монополияларға қарсы бағытталған идеология қаыптаса бастады.

Тресттерге қарсы радикалдық альтернативаны — ірі жөке меншікті ұлттандыруды бірінші болып социалисттер ұсынған еді. ХІХ ғ. аяғында американ қоғамдық пікірлерінде социлисттік идеялардың үлес салмағы өсе түсті. Бұл уақытта К.Маркс пен Ф. Энгельстің еңбектері АҚШ-да кеңінен тарлаған еді. Бірінші американ марксисттері И. Вейдемейер, Ф. Зорге, А. Дуэ және т.б. тәжірибесіне сүйене отыра АҚШ социалисттік партиясы марксизм идеяларын насихаттауда көптеген табыстарға жетті.

Д. Де Леоненің, Ю. Дебстің әйгілі памфлеттері мен брошюралары мыңдаған экземпляр болып басылып шықты.

       Бірақта, сонымен қатар, социалисттік қозғалыстың солшыл қайраткерлері қоғамның структурасында өтіп жатқан өзгерістердің мәнін өздері де дұрыс ұғынбады. Тресстер проблемасын қарастырғанда олар бұл тресттердің пайда болуы жұмысшылардың қаналуының рейтетінін, саяси бостандықтарын емсітетінін мойындады (АЕФ көсемдері оларға қарама-қарсы тресстер жұмысшылардың жағдайын жақсартады деген еді). Бірақта социалисттер тресттермен қалай күресу керектігін және пролетариатқа революция таяп қалған кезде не істеу керектігін ашып айта алмады. Олар тресттермен күресті утопиялық іс деп есептеді. Миссисипидің суын қалай теріс ағызуға болмаса, тресттерді де жеңуге болмайды деді. Сондықтан олар монополиялармен күресіп жатқан партиялармен, топтармен одақтаспады.

Ал бұл уақытта елде тресттермен күрес қайнап жатқан еді. Популисттік партия өзінің қатарында барлық тресттермен күрескен күштерді біріктіріп — АҚШ-ғы бірінші монополияларға қарсы құрылған коалиция болды. Кеңес зерттеушісі В.В. Согрин дұрыс дәлелдегендей 1892 ж. Популисттік партия қабылдаған Омаха платформасы осы уақытқа дейінгі темір жол корпорацияларымен күрескен грейнджерлердің; күміс ақша үшін күрескен гринбеккерлердің; жерге біртұтас салық төлеуді ұсынған Г. Джорджтың идеялық-саяси тәжірибесінің қорытындысы еді.

Олармен қатар келе жатқан монополияларды сынаушылардың солшыл идеологтары Г.Д. Ллойд және Э. Беллами еді. Олар негізіннен өзнасихатын қалалық ұсақ буржуазиялық топтарға арнады [28]. Омаха платформасында және популисттердің көсемдері И. Донелли, Т. Уотсон, М. Линз және т.б. сөйлеген сөздерінде олар популизмнің принциптерінің Джефферсоннан басталатын демократиялық дәстүрмен байланысын атап көрсетті. Олар өз көзқарастарын Тәуелсіздік декларациясында және 2 американдық Конституцияларда жарияланған саяси құқықтар мен еркіндіктерге негіздеді, бірақта оларға жаңа әлеуметтік мән берді.

Популисттік идеялар бұдан дейінгі өмір сүрген әлеуметтік идеяларға да сүйенді. Монополияларды жойып олар баяғы еркін кәсіпкерлік уақытына оралғысы келді. Әсәресе бұл идеяларды өзінің » Цезарь колоннасы» деген еңбегінде И. Доннели айқын көрсеткен еді. Ол суреттеген утопиялық қоғам, фермерлердің баяғы Америкадағы өмір сүрген гармония мен теңдік туралы мифтерін жақсы бейнелейді.

Популисттер мемлекеттің халық жағдайына жауапты екенін жариялады. Олар мемлекет тарапынан бәсекені реттеуді; ақша айналымын қадағалауды; транспорт, телефон, пошта жүйесін мемлекеттік меншікке айналдыруды; жер монополисттерімен күресуге шақырды. 1893 ж. Чикагода өткен монополияларға қарсы Конвентте И. Доннели былай деген еді: «Егерде мемлекет бұл ұсынған шараларды жасамаса онда біз барлық тресстер мен монополиялардың меншігін тәркілейтін заңдарды қабылдаймыз «[29].

Популисттердің идеялары олардың экономикалық және саяси көзқарастарында көрінді. Монополияларды сынай отыра, олар үкіметтік биліктің плутократиямен байланысты екенін көрсетті. Сондықтан олар Халық алдында есепті жаңа үкіметтің үлгісін ұсынды. АҚШ-ғы саяси жүйені коррекциялайтын «тікелей демократия» бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламаға халық инициативасын кеңіту; маңызды мәселелер бойынша референдум жүргізу; құпия даус беру; президент, вице-президент және сенаторларды тікелей сайлау талаптары енгізілді.

Популисттер қала және ауыл тұрғындарының мүдделерінің бірлігі идеясын ұсынған еді. Бұл идея өмірдің ағымынана, ортақ монополияларға күрестен туындаған еді. Осы идеяның негізінде Гринбекерлік-жұмысшы партиясы құрылған еді. Оған кейінірек «Еңбек серілерінің ордені» да қосылды. АЕФ бастапқы кезеңде фермерлік қозғалысты қолдаған еді, тек 90-шы жылдардың басында тред-юниондар реформисттік ұйымға айналғаннан кейін ғана АЕФ жұмысшылар мен фермерлердің мүдделерінің өзгеше екендігін айта бастады.

Монополияларға қарсы күрестің негізгі принциптерін жариялаған Г.Джордж еді. Оның «Прогресс және кедейлік» дегөн кітабы (1879) екпінді экономикалық прогресс туғызған халықтың қайыршылық күйге жету мәселесін батыл көтерді. Кітап 3 млн. тиражбен шықты. Өмір сүріп жатқан әлеуметтік теңсіздіктің түп тамырын ол — жерге монополия, жердің теңсіз  бөлінуінен деп есептеді. Бұдан рента туады – жерді өңдейтіндер төлейтін масыл төлем. Бұл теңсізідікті, әділетсіздікті жою ол жер меншігіне бірыңғай прогрессивтік салық салуды ұсынды. Бұл салық, оның ойынша, жер иелері алатын барлық ділетсіз табыстарды жояды. Оның ойынша, бұл шара жер рентасын жояды, жер меншігін ұлттандыруға әкеледі.және де жер оны өңдейтін адамдарға беріліп, кедейлік жойылады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік қайшылықтардың негізін Г. Джордж өндіріс құралдарына жеке меншіктің өмір сүруінде емес, жерге жеке меншіктен көрді. К.Маркс пен Ф.Энгельс бұл бірыңғай жер салық теориясының утопиялық және буржуазиялық сипатын толық ашып берген еді. Олар Г. Джордждың теориялық әлсіздігін және оның өзін социалистпін деуін сынады. Бірақта, сонымен қатар, олар және келешекте В.И.Ленин оның тек буржуазияның идеологы емес «радикалдық буржуазияны идеологы екенін» көрсеткен еді «[30].

Г. Джорджтың эконмикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен ағылшын классикалық саяси экономикасы мен француз физиократтарының ілімдері. Бірақта ол жерді оны өңдейтіндерге беру керек деген талабымен көне американдық демократиялық жер үшін күрестің дәстұрін жалғастырды. Оның жерді ұлттандыру керек деген талабы буржуазиялық реформалардың тар шеңберінен шыққан жоқ. Бірақта XIX ғ. аяғында жердің өзі буржуазиялық меншікке айналғанда, бұл талап өте радикалдық еді, себебі ол буржуазияның жер меншігіне қол сұғу еді және оның бөтен де меншігінің заңдылығына күмән туғызған еді.

Жерге монополияны сынаумен қатар Г. Джордж жерді өз қолына топтастырған темір жол компанияларына да соғыс жариялады.

Г. Джорджтың еңбектері шыға бастаған уақытта американ буржуазиялық ойлар ішінде елеулі орын алған социал-дарвинизм еді. Г. Джордж социал-дарвинисттік іілімнің монополиялардың құрылуы мен жүгенсіз бәсекені қолдауына қарсы шықты.

Г. Джордждың ұсақ буржуазиялық ілімінің ықпалы әрқалай болды. Оның бірыңғай жер салығы теориясын теориялық жағынан әлсіз американ жұмысшы қозғалысы негізгі күрес тәсілі ретіндө пайдалана бастаса, оның еңбек пен капиталды үштасу теориясын буржуазиялық реформаторлар өзінің келістіру саясатында кеңінен пайдалана бастады. Г. Джордждың монополияларды сынауы монополияларға қарсы идеологияны толықтырды.

Монополияларға күрескендердің солшыл қанаты еркін бәсекені элеуметтік ынтымақтықпен айырбастауды талап етті. Ол коллективисттік бағыт еді. Коллективисттік идеяларды уағыздаған Г.Д. Ллойд пен З.Беллами болды.

ХІХ ғ. 90 ж. бастап Г.Д.Ллойд өнеркәсіптік монополияларды зерттей бастады. 1894 ж. жарық көрген «Байлық қоғамға қарсы» деген кітабында ол тек «Стандарт ойл» мұңай компаниясының тарихын ғана жазып қойған жоқ «былғанышты аршушылардың» (разгребатели грязи) бірншісі болып монополиялардың құрылуының универсалдық сипатын ашты. Ллойд монополиялардың бұқара халықтың мүдделеріне қайшы өкенін көрсетті. Бөтен американ социалисттерінен тереңірек ол монополиялардың құрылуы мен қоғамдық өмірдегі реакцияның күшеюінің байланысын ашып берді. Ол заң шығару және атқару билігіне монополисттік бірлестіктердің ақпалының күшейгендігін және күшейе түсетінін көрсетті. Ол тресттердің тек экономикалық және саяси бостандықты жойғанын көрсетіп қойған жоқ, келешекте олардың Американың тұрғындарының рухани бостандықтарын да шектейтінін көрсетті.

Ллойдтың негізгі жетістігі — ол еркін бәсекеге қайтып баруды утопия деп бағалап, монополиялардың меншігіне қоғамдық меншікті жариялауды талап етті. Ол «әлеуметтік кооперация» идеясын қолдады және оның халық ішінде уағыздады. Ол жұмысшылардың, фермерлердің мүдделерінің бірлігін қолдап, социалисттердің, фермерлердің, профсоюздердің басын қосқысы келді. Сондықтан ол Де Леоненің сектанттық саясатын, СЖП американ халқынығ монополияларға қарсы күресін қолдамауын қатты сынады. Өмірінің соңғы жылдарында Ллойд Социалисттік партиясының мүшесі болды.

Г. Ллойдтың әлеуметтік концепциясы қандай радикалдық болғанымен, ол жеке меншікті жою талабын қоймады, оған ешқандай альтернативаны ұсынбады.

ХІХ ғ. аяғындағы радикалдык-демократиялық ойлардың ең асқан шегі болған — Э.Белламидің көзқарасы. Ол монополиялар проблемасын шешуді капиталисттік меншікті жоюмен байланыстырған еді. Оның 1888 ж. шыққан «Кейінге назар аудару» кітабы барлық Американы дүрліктірді. Оның ықпалымен АҚШ-да ұлттандыру үшін қозғалыс туды. Бұл кітапта келешек коммунисттік қоғамның құрылысының жарқын бейнесі берілген еді.

Ол бұл кітабында монополиялардың үстемдігін «жаңа дәуірдің феодализмі» деп бағалады. АҚШ-ғы саяси демократияның бұлдырлығын көрсетті. Өзінің саяси көзқарастарын ол «Герцог Стокбридж» деген кітабында білдірді. Бұл еңбегінде ол 178бж. Даниэль шейс басқарған фермерлер көтерілісін зор үнатушылықпен сипаттайды. Ол бейнелеген коммунисттік қоғамда мемлекет бүкілұлттық трестке айналады. Елдің барлық экономикалық өмірін басқарады. Бұл қоғамда жойқын еркін сайыс, жұмыссыздық жоқ, әділдіктің негізгі принципі — азаматтардың экономикалық теңдігі орнатылған. Бұл жаңа қоғамда кейде әскери реттелген, теңестірілген, мемлекеттің әлеуметтік функциялары арта түскен. Ол ағарту, денсаулықты қорғау, кәрі адамдардың жасау салаларын басқарады.

Жаңа қоғамды бейнелегенде Э.Беллами, әрине, утопиялық социализмнің дәстұрлеріне негізделді. Американ жерінде утописттік идеялар кеңінен тарап, оуэнисттер мен фурьеристтердің колониялары өмір сүрген еді. Сондықтан оның көзқарасына утопиялық социализм идеялары зор ықпал тигізген болатын. Және сонымен қатар оның идеяларының қалыптасуына фабиандық   көзқарастармен жақындас этикалық социализмде әсерін тигізді. Оның жаңа коммунисттік қоғамының негізі болған ««нтымақтық дін» еді. Э.Беллами социалисттерден өзгеше, қоғамдық қайта құруларды жасайтын пролетариат емес интеллигенция деп есептеді. Ол тарихтың негізгі қозғаушы күші — сауатты интеллигенция деп есептеді және де қантөгіссіз, бейбіт эволюциялық жолмен жаңа қоғамға көшуге болады деп сенді.

Э. Белламидің идеяларының ықпалымен құрылған «ұлттандыру» клубтары АҚШ-да көптеп өсе бастады. ХІХ ғ. басында олардың саны 150 жетіп, оның құрамында 500 мың мүше бар еді.

Бұл «ұлттандырушылармен» тығыз байланыста болған христиан социалисттері еді. Әлеуметтік христианшылардан өзгеше «христиан социалисттер» қоғамы 1899 ж. құрылып, алдына мақсат етіп, капитализмді жоюды қойды.

Олардың ойынша, социализмнің өзі — астапқы христиандық принциптердің логикалық дамуынан туындаған. Бұл қоғамның қызметінде негізгі орын алған жұмысшы мәселесі еді. Христиан социалисттерінің қоғамының басшысы конгрегационолисттік дін иесі У.Блисс «Еңбек серілерінің орденінің орденінің» көрнекті қайраткері болған еді, содан кейін ол СЖП-ның белсенді мүшесі болды.

«Ұлттандырушылармен» христиан социалисттерінің бірлігі олардың күрес тәсілдері мен түпкілікті мақсаттарының бірлігінде ғана көрініп қана қойған жоқ. Олардың қазіргі күні, күн тәртібіне қойған мақсаттары да бір еді: ұлттандыруды темір жол мен телеграф салаларынан бастау. У. Блисс Бостонда «ұлттандыру» клубын ашқан еді және бұл қозғалысты ол христиандық идеялардың жүзеге асырылуы деп бағалады. Ал Э. Беллами христиан социалисттері шығаратын «Дон» газетінің баспасының мүшесі болды [31]. Популисттер партиясы құрылғаннан кейін христиан социалисттері оларға қолдау көрсетті. Э. Беллами келешекте популисттердің бағдарламасын социалисттік бағытта тереңдейді деп үміттенген еді [32].

Белламисттер монополияларға қарсы қозғалыстың солшыл, радикалдық-демократиялық қанатын құрады. Олардың негізге алынатын принциптері социалисттік бағытта болды. Э. Беллами өзінің идеяларының марксизммен байланысын жоққа шығарды және еш уақытта «социализм» деген терминді де пайдаланған емес, бірақта оның серіктестерінің ішінде социалисттер көп еді (олар СЖП-ның басшыларының социалисттер популисттік және «ұлттандыру» қозғалыстарының мүшесі болмау керек деген нүсқауларға қарсы оған белсенді қатысқан еді — Л.Т.). Э. Белламидің идеяларына көптеген социалисттік көсемдер Д. Де Леоне, Ю. Дебс, Дж. Гарриман, Дж. Уэйленд («Эпил туризм» газетінің редакторы — Л.Т.) еліктеген еді.

ХІХғ. аяғында монополияларға қарсы күрес бағытының шектелдендігі сөзсіз. Ұсақ буржуазиялық идеологтар идеалисттік көқарастарда тұрды,

сондықтан дүниетаным жағынан марксизмнен аошақ тұрды. Бірақта монополиялармен нақты күрес барысында марксисттер мен ұсақ буржуазиялық каптализмді сынаушылардың позициялары бірікті, обьективті ұштасып отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ— ТАРАУ. XX Ғ. 90 — ЖЖ. АҚШ — ҒЫ СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫС

3.1.Империализм дәуіріндегі американ пролетариатының жағдайы.

Стачкалық қозғалыстың өрлеуі.

АҚШ-ның алып тресттер мен монополиялардың еліне айналуы елдегі барлық таптардың жағдайына әсерін тигізді, байлар мен кедейлерді жіктеп жіберді. Империализм кезеңіндегі американ пролетариатының жағдайын қарастырғанда екі мәселені ескеру керек. Біріншіден, ғылым мен техниканың дамуының нәтижесіне өнеркәсіптің өсуі байланысты. Жұмысшы табының санының өсуі 1890 жж. өнеркәсіп пен транспортта 10 млн. адам жұмыс істеді, 1910 ж. олардың саны 17 млн. жетті. Екіншіден, олардың ішіндегі мамандығы бар жұмысшылар тек 14, 8 процентті қамтыды (1910 ж.). Негізіннен жұмысшылардың 85 процентіінің мамандығы болмады. Бұл категорияға әсіресе иммигранттар мен қара нәсілділер жатты. Жыл сайын жұмыс істейтін әйелдердің саны өсіп отырды. 1911 ж. профсоюздық прессаның мәліметтері бойынша жалдамалы еңбек етушілердің әр бесіншісі әйелдер болған екен «[33]. Орион жұмысшылардың әр категориясының жағдайы әрқалай болды. ХІХ ғ. басында нақтылы жалпы өскен еді. Бірақта атақты американ экономисі Г.А.Фолкнердің айтуы бойынша: «1897 ж. жкономикалық дағдарыстан кейінгі 20 жылдықта нақты жалақы өте аз ғана мөлшерде өскен еді және де ол жаппай көпшілік жұмысшылардың жағдайын жақсарта алған жоқ [34].

Нақты жалақының өсуі пролетариаттың жағдайын жақсарта алған жоқ. және де ол жалпы цифрлер ғой. Жалақыны тек жоғарғы маманды жұмысшыларға ғана өсірді. Ал мамандығы жоқ жұмысшылар, негрлер мен иммигранттар; Шығыс Европадан, Латын америкасынан , Батыс Европадан келген өте аз жалақы алатын еді және АҚШ-да өндірістің әр саласында жалақының мөлшері әр қалай еді.

Автомобиль, химия, болат өңдеу, полиграфия салаларында, өндіріс саласына қарағанда жалақы жоғары төленетін. Тоқыма, темекі шығару, ағаш өңдеу салаларында жалақының мөлшері орташа болатын Ең төмен ақы алатын ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары еді.

ХІХ ғ. басында халыққа қажетті тауарлардың құнының өсуі нақты шақының өсуінен асып отырды. Американ зерттеушілері Ю.Кучинский мен М. Штейнфедьдтің есептері бойынша өмірдің құнының индексі 1899-_1914 жж. 51 процентке ескен екен, ал нақты жалақы өспек түгіл 9,7 процентке кеміпті [35].

Бұл тек қана құрғак статистика ғой! Қарапайым американ жұмысшыларының күнбе-күнгі тұрмысы қандай болды? ж, таман көптеген кәсіпорындарда жұмыс күні 10 сағатақа созылатын еді. Ал кейбіреулерінде ол 12-14 сағат болды. Сондықтан 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу — жұмысшылардың осы уақыттағы қойылған негізгі талабы болды.

Көптеген жұмысшылар демалыссыз жұмыс істеді. «Болат қүю өнеркәсібінде», — Ф.С. Фонердің айтуынша, -«жұмысшылар апта бойы үздіксіз күніне 12 сағаттан жұмыс істеді. Оларға демалысты 2 аптадан кейін, үздіксіз 24 сағат 2 жексенбіде істегеннен кейін беретін » — еді дейді. Мүлдем демалыссыз трамвай айдаушылар істейтін еді.

Ер адамдармен қатар 12-14 сағат жұмысты әйелдер мен жасөспірімдер жасайтын еді. Өздерінің бұл қиын жұмыстары үшін олар ер адамдардан екі есе аза жалақы алатын еді. Балалардың әр күнгі жұмысы үшін оларға 27-39 пенс-ақ төлейтін. 1903 ж. Нью-Йорк қаласының мектепті тексеруші инспекторының мәліметі бойынша, 5-б жастағы балалар ертеңгі б-дан кешкі б-ға дейін үздіксіз жұмыс істейді екен.

Әйелдердің алатын жалақысы ер адамдардың алатын жалақысының 53,7 процентіне теңелді. Иллийнойс штатындағы фабрика инспекторының растауы бойынша Чикагодағы кір жүүшы әйелдер күніне 20 сағат жұмыс істейтін болған. Сондықтан олардың көбісі өкпе ауруымен ауырған екен [3б].

Жұмысшылардың үй тұрмысы да нашар болды. Колорадоның кеңшілері лашықтарда тұрған және олар үшін де шахта иелеріне пәтер ақы төлеген. Ірі өнеркәсіптік орталықтарда (Нью-Йорк, Чикаго және т.б.) жұмысшылар су құбыры мен канализациясы жоқ көп пәтерлі үйлерде тұрды; ал негрлер мен иммигранттардың үш-төрт отбасы 1 пәтерде тұратын еді [37].

Бұл тұрақты жұмысшылардың жағдайымен салыстырғанда батысты кезіп ауылдық жерлерде жұмыс іздеп жүрген жұмысшылардың жағдайы өте жаман еді. Олар көбінесе бай фермерлерге астық жинауға жалданатын батрактар, орман кесушілер және т.б. еді. Олар өздерінің үздіксіз және қиын жұмысынаөте төмен жалақы алатын еді. АЕФ көсемі С.Гомперстің айтуынша «олардың жағдайы қүлдардың жағдайынан да нашар еді». Бірақта С. Гомперс олардың қиын жағдайын түсінсе де оларды АЕФ қатарына алмайтын еді, себебі оның ойынша оларды еш уақытта ұйымдастыруға болмайтын еді. Ол бейшараларды американ жұмысшыларының ұсақ стачкалық және прогрессивтік қозғалыстың нәтижесінде үкіметтен жаулап алған еңбекті қорғау заңдары да қорғамайтын еді.

Жалпы алғанда « ең ұлы демократиялық республика» әлеуметтік саясатында жұмысшылардың қамын ойлау саясатында европалық елдерден дәуір артта қалған еді. Ол түгіл XX ғ. басында АҚК мүлдем федералдық әлеуметтік заң шығарушылық болмағанда еді. Кейбір штаттарда жасалған 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу; балалардың еңбегін пайдалануға тиым салу; әйелдердің жағдайын жақсарту; әлеуметтік қамсыздандыру ісін енгізу әрекеттері АҚШ-ң атқару билігінің , үкіметтің қарсылығын туғызып отырды.

Корпорациялар неше түрлі тәсілдерді пайдаланып жұмыс барысында жараланған немесе қаза болған адамдардың отбасына зейнетақысын төлеуден бас тартты. Соғысқан жағдайда штаттардың әкімшілігі мен соттар кәсіпорын иелерінің мүддесін қорғайтын еді. Мысалы, 1902 ж. Мэриленд штатының Заң шығару жиналысы жұмыс барысында өлген немесе жаралы болған жұмысшыға компенсация төлеу туралы заң қабылдағанда; АҚШ-ның Жоғарғы соты оны штаттың Конституциясына қарсы көлетін заң деп бекітпей қойған еді. Бұндай оқиға 1909 ж. Монтана, 1910 ж. Нью-Йоркте қайталанды. АҚШ-ң жұмысшы табына ұйымдасқан монополисттік капитал және мемлекеттік аппарат қарсы тұрды. Оны жеңу үшін пролетариат ұйымдасқан күреске шығу керек еді.

Стачкалық қозғалыстың өсуі. 1890 ж. бірінші жартысындағы Гомстедтегі Пульман заводтарындағы ереуілдер басылғаннан кейін, «Американ теміржолшылар одағы» талқандалғаннан кейін, XX ғ. басында АҚШ-да жұмысшы қозғалысы қайтадан басын көтере бастады. Жаңа кәсіподақтар құрылып, көнелерін жаңғыртып, қайтадан жұмысшы ұйымдарын құрыла бастады.

1901 ж. таман профсоюз мүшелерінің саны 1124 мыңға жетті, 1904 ж. — 2072700 жетті. Стачкалардың саны өсті: 1900 ж. — 1779, 1901 ж. -2924, 1903 ж. — 3944 [38]. Көптеген стачкалар жемісті болды, кейбіреулері жеңіліп қалды, мысалы, 1900 ж. Нью-Йорк штатындағы Кротондағы итальян иммигранттарының көтерілісі, 1901 ж. «Болат тресінің» жұмысшыларының күресі. Бұл стачканың жеңілуіне АЕФ жүргізген саясаты әсерін тигізді. АЕФ көсемдері (С.Гомперс, Р. Гизли, Дж. Митчелл) жұмысшылардың мүддесін сатып, «Болат трестінің» көсемдерімен ауыз жаласып кетті. Соның нәтижесінде ереуілге шыққан жұмысшылыр жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Нью-Йорктегі «Интербюро рэпид трэнзит» компаниясының метрополитен жұмысшыларының күресі де нәтижесіз болды. Олар 1904 ж. жалақыны көбейту, жұмыс күнін ұзартуға қарсы шыққан еді. 1905 ж. жұмысшылардың күресі шырқау кезіне жеткенде компания өзінің кәсіпорнын «ашық цехтеп» жариялап, жұмысшылардың одағын мойындамай қойды.

АҚШ-ғы ең үлкен жаңғырық алған Пенсильваниядағы шахтерлеркүресі еді. Бұл дау 1900 ж. басталды. Кеншілер шахта әкімшілігінің өздеріне жұмыс үшін қажетті жарылғыш заттарын көтеріңкі бағамен сатуына және жалақының төмендегеніне қарсы көтерілген еді. Бұл уақытта «Кеншілердің біріккен одағында» (КБО) 10 мыңдай мүше бар еді’, ол қалған 300 мыңдай кеншілер профсоюздан тыс қалған еді.  1900 ж. КБО барлық кеншілердіжұмысты тоқтатып ереуілге шығуын, жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, әкімшіліктің жұмысшы комитеттерін мойындауды талап етуді үсынды. Шахта әкімшілігі КБО-мен 31 науырыз 1901 ж. дейін ауызша келісімге келіп жұмысшылардың талаптарын мойындады.

Бірақта 31 науырыздан кейін шахта иелері бұл келісімнің шарттарын мойындаудан бас тартты. КБО-ның президенті Митчелл 1,5 жылдай бойы жұмысшыларды стачкаға шықпауға үгіттеді. Бірақта шыдамы таусылған жұмысшылар 1902 ж. наурызда КБО сьезінде жиналып ереуілге шығамыз деген шешім қабылдады. 12 мамыр 1902 ж. 140 мың шахтерлер жұмысқа шықпай қойды. Социалисттік және жұмысшы прессасы бұл ереуілдерді жұмысшылардың одаққа бірігу хүқы және оны мойындату үшін күресі деп бағалады. «Интернешнл социалист ревью» журналы бұл мәселе бойынша 1902 тамызда өте дұрыс былай деп жазған болатын: «Көмір тресті жұмысшылар одағынан қүтылғысы келеді, ал шахтерлер оны сақтағысы келеді. Даудың негізгі мәселесі — шатерлердің өз жұмысшы одағын құру құқына ие болу [39].

Ереуіл қазанға дейін созылып кетті. Бұл дауды бейбіт жолмен реттеу үшін оған АҚШ президенті Т. Рузвельт араласты. Ол Ақ үйге 3 қазанда 1902 ж. өткізглетін біріккен конференцияға шахта иелері мен Митчелл басқарған шахтерлер одағының өкілдерін шақырды. 13 қазанда Морган басқарған шахта иелері бұл президент өзі қарастырған дауды шешуіне беруге келісті, егерде шахтерлер жұмыс орнына оралып, баяғы тәртіптерге сәйкес жұмыс істей бастаса, комиссия шешімін шығарғанша. Сөйтіп 23 қазанда 1902 ж. ереуіл аяқталды. Арбитраж комиссиясы 31 науырыз 190б ж. дейін компромисттік келісімді қабылдауды ұсынды. Бұл уақыт бойы шахта иелері мен шахтерлер арасындағы даулар арбитраж арқылы шешіледі, бірақта соңғы шешімді қабылдайтын округ соты болады. Шын мәнісінде алғанда, бұл комиссияның шешімі баяғы «инджанклизін» (бүркеленген тұрде баяғы ереуілдершілерге қарсы сот тиымын салу — Л.Т.) мойындау еді. Комиссия шахта иелерінің Пенсильвания көмір бассеінінде » ашық цех» жүйесінің өмір сүргенін мойындады, соның нәтижесінде кеншілер мен шахтерлердің одағына қатты соққы берді. Буржуазия өкілдері бұл комиссияның шешімдерін алақайлап қабылдады, себебі ол жұмысшылар одағына қарсы шешім еді.

Кеншілер мен шахтерлер стачкаларының барысындағы АЕФ үстанған саясаты бұл Одақтың жалпы жұмысшылардың стачкаларына деген көзқарастарының идеологиялық және тактикалық бағытын айқын көрсетті.

1904 ж. АЕФ мүшелөрінің саны 1б7б200 жеткен еді. Олар АҚШ-ның ұйымдасқан жұмысшыларының 80 проценті еді [40]. АЕФ көсемдері ашық   тұрде ұйымдасқан жұмысшыларға кәсіпорын иелерімен дауларын бейбіт жолмен тек келісім арқылы шешуге шақырды. С. Гомперстің айтуынша: » Бұл жол барлық халықтың мүддесін қорғайтын еді [41]».

АЕФ көсемдері С. Гомперс, Митчелл таза тредюнионизмді» жақтады. Олар профсоюздер тек өзінің экономикалық жағдайын жақсартатын күреспен шүғылдануы керек, саяси күреске араласпау керек деді.

1903 ж. С. Гомперс өзінің социалисттердің жауы екенін ашық мойындады. АЕФ-нің сьезінде өзінің социализмнің философиясымен келіспейтінін айтты. Сьездегі социалист делегаттарға арналған сөзінде ол былай деді: » Экономикалық мәселелерде — сіздердің көзқарастарыңыз дәлелсіз; әлөуметтік мәселелерде — тікелей қателік, ал өндіріс саласындағы талаптарыңыз — істелмейтін іс» [42].

АЕФ-нің бұл мәселедегі бағыты социалисттік қозғалыстың негізгі жауы — католик шіркеуінің бағытымен үштасып отырды. Католиктік шіркеу АЕФ-нің идеологиясы мен қызметіне қатты әсерін тигізіп отырды.Себебі католиктөр АЕФ-нің ішіне еніп алған еді. Олардың саны өте беделді кеншілер, тоқымашылар, тері илеушілер, металлистердің профсоюздеріндө көп еді және сонымен қатар шіркеудің қолында неше тұрлі жаппай көпшілікке насихат жүггізетін газеттер және журналдар, ақпарат құралдары бар еді.

Өзінің қызметінде католик дін иелері 1891 папа жариялаған » Рерум наварум» энцикликасына сүйенді. Оның негізгі мақсаты- социалисттік идеологияның ықпалымен күресу еді. АЕФ көсемі С. Гомперс » Рерум наварумды» барлық әлеуметтік мәселелерді шешуге толық жауап беретін Евангелие деп бағалаған болатын.» Біз АЕФ мүшелері», — деді С. Гомперс — » бұл Евангелиені өзіміздің еңбек пен капитал арасындағықатынастарды реттегенде зор қуанышпен басшылыққа аламыз» [43].

Бұл сөздер тағы да АЕФ — нің жұмысшылар мөн кәсіпорын иелері арасындағы дауларды шешкенде шіркеуге сүйеніп, келісім арқылы шешуге шақырғанын тағыда айқындады. Бұл АЕФ шешімі американ жұмысшы қозғалысы үшін зардап әкелді, себебі АҚШ-ның ұйымдасқан жұмысшылары негізіннен АЕФ ықпалында еді. Бірақта оның мүшелігінде тек жоғары мамандығы бар ақ нәсілді американ азаматтары тұратын еді. Сондықтан миллиондаған мамандығы жоқ жұмысшылар, иммигранттар, қара нәсілділер АЕФ -нан тыс қалған еді.

 

3.2.Социалисттер қатарындағы қайшылықтар.

1900 ж. өтетін СЖП X сьезінде М. Хилкуит,  М. Хейс және Дж. Гарриман бас қарған фракция Де Леонеге тойтарыс беруді ұйғарды. Олар тек Де Леоненің саясатын ғана сынап қоймай оны СЖП-ның басшылығынан кетіруді көздеген еді [44].

СЖП ішіндегі алауыздық басында принципиалдық мәсөлөлр бойынша басталған еді (мысалы, трөд-юниондарға қатысты ұстанған тактика бойынша), бірақта келе-келе ол партияының көсемдерін сынауға айнала бастады. Аяғында 1899 ж. «Фолькцайтунг» газетінің төңірегіндегі топтасқан Хилкуиттің фракциясы, партияның кезекті сьезін күтпей, төтенше мәжілісті шақырып, онда атқарушы хатшы етіп; Л. слободинді сайлады, ал партияның ортақ газеті «Пиплдың» редакторлық орны бос деп жариялады. Сөйтіп тарихта болмаған жағдай қалыптасты. СЖП атымен 2 партия қызмет ете бастады: біріншісі, орталығы Нью-Йорктегі Бикман-Стриттегі ұлттық хатшы Кун бақарған партия; екіншісі, сол қалада Уильям-Стриттегі ұлттық хатшы Слободин басқарған партия. Екі партияның атынан «Пипл» деп аталған екі газет шыға бастады. Де Леонені жақтаушылар партияның атын өздері алу үшін сот ісін бастап жеңіп шықты. Тек осы оқиғалардан кейін ғана Хилкуиттің фракциясы 1900 ж. Рочестер қаласында өзінің сьезін шақырып — оны СЖП ұлттық сьезі деп атап, онда өздерінің жаңа бағдарламасын, партияның жаңа билеу тәтіптерін және келешекте социал-демократиялық партиямен қосылу туралы қарарды қабылдады.

Бұл социал-демократиялық партияның құрылу тарихы В. Бергөрдің атымен тығыз байланысты еді. В. Бергер австриядан шыққан иммигрант, мектеп мүғалемі еді. Ол социал-реформизмнің әдеттегі өкілі еді. В. Бергер муницйпалдық социализмнің уағыздаушысы еді. Ол социализмді мемлекеттік меншікке ( транспортқа, поштаға және т.б.) қоғамдық меншікті орнату арқылы жетуді көздеген еді. 1892 ж. Бергер СЖП Милуоки бөлімшесіндегі «Милуоки форвертс» газетінің редакторы орнын алды. 1893 ж. ол СЖГІ идеялық және саяси мақсаттарымен келіспейтінін, сондықтан Милуоки бөлімшесінің партиядан шығып Социал-демократиялық қоғам құратынын жариялады. Бұл қоғам АЕФ мен Популисттік партиямен тығыз байланыстар орната бастады. Бергердің Социал-демократиялық қоғамының ықпалымен 1897 ж. Чикагода АҚШ-ғы тағы да бір социал-демократиялық ұйым — «Американың әлеуметтік демократия» қоғамы құрылды. Оның көсемі болған атақты социалист Ю.Дебс бұл уақыттаҚиыр батыстағы бір штатта » кооперативтік колония» құрумен әркет етіп жүрген еді. 1898 ж. «Американың әлеуметтік дөмократия» қоғамы өзінің бағдарламасын қабылдады. Онда былай делінген еді «Біз капитализмді жеңуге қоғамдық билікті тартып  алу арқылы жетеміз…. Ол үшін біз штаттардың бірінде коопертивтік өндірс құрамыз, ал келешекте біз Ұлттық Кооперативтік Республиканы жариялаймыз». Бірақта X сьездің көптеген делегаттары Ю.Дебстің бұл утопиялық «колонизациялық жоспарын» қолдамай, сьезден кетіп қалып, өзіндік «Американың социал-демократиялық партиясын» құрды. Келешекте өз қателіктерін түсінген Ю. Дебс ол партияға қосылған еді [45].

Құрылған «Американың социал-демократиялық партиясы» социал-реформизм идеяларына негізделген В. бергердің платформасын қабылдады. Ол платформаның негізі болған — тресттелген өнеркәсіпті ұлттандыру және муниципалдық меншікті орнату идеясы болды. В. Бергердің ойынша, тресттер мен монополиялардың өсуі американ экономикасының «плутократиялық социализмге» айналғанын көрсетеді. Ол дегеніміз жеке меншікке негізделген кооперацияланған ірі өндірістің құрылуы. Социалисттердің негізгі мақсаты, В. Бергердің ойынша, — бұл қалыптасқан жүйені — «демократиялық социализмге» айналдыру, ал ол үшін каптализмнің негізгіқайшылығы жою керек, өнеркәсіпті басқару мен табысты бөлуді жеке меншік иелерінің қолынан — мемлекетке тапсыру керек. Өндірісті ұлттандыру мен қоғамдық пайдалану мекемелрін муниципализациялау арқылы капитализмнен бейбіт жолмен социализмге көщуге болады. Бір сөзбен айтқанда, В. Бергер «социализмге реформалар арқылы келгісі келіп жатыр. Реформисттік жол пролетариаттың саяси күресіне мін қояды. Социал-демократиялық партияның басшыларының айтуынша, жұмысшылардың күресі атқару және заң шығару мекемелеріне өз өкілдерін сайлау барысында сайлаумен ғана шектелу керек. Социал-демократиялық партияның қызметі тек сайлаушылардың дауыстарына ие болумен ғана шектеледі. Сондықтан тред-юниондар қаншама Ю.Дебстің қара басын силағанымен, ол басқарған Социал-демократиялық партияны және оның бағытын қолдамады.

1899 ж. бастап Социал-демократиялық партиямен СЖП мүшесіндегі Хилкуиттің фракциясының арасында бірігіп Біріккен социалисттік партияны құру туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл бірігу жоспары екі топтада күшті оппозицияны туғызды. Екі топтың да басшыларына ұзақ түсіндіру жұмысын жүргізу қажет болды, бұл бірігудің екі топқа да пайдалы екенін түсіндіру үшін 1900 ж. Индианаполисте өткен сьезде екі партияның өкілдері кездесті.

Бұл сьезде — ол Социал-демократиялық партияның кезекті сьезі еді Хилкуит, Гарриман және Хейс сөз сөйлеп, рочестер фракциясының атынан екі партияның тактикалық және идеялық негіздерінің бірлестігін айтып бірігуге шақырды. Ең қызу дау туғызған партияның аталуы туралы мәселе болды. Бергер және оның серіктестері біріккен партияның деп аталуын қодаған еді. Бұл мәселелерді шешу үшін Арнайы бірктіру комитеті құрылды. Бұл сьезде, сонымен қатар, президенттіке екі кандидатура ұсынылды — Ю. Дебс — Социал-демократиялық партиядан және Гарриман вице-президенттікке СЖП-дан [46].

13 шілде 1900 ж. рочестірлік фракция өзінің соңғы мәжілісін өткізіп Социал-демократиялық партияның құрамына кіретінін бекітті. Жаңа атқару комитетінің бірінші мәжілісінде жаңа партияның ұлттықхатшысы болып У. Бутмер тағайындалды. Ол Бруклиндегі Социал-демократиялық партиясының бөлімшесінің мүшесі еді.

Жаңа партияның Құрылтай сьезінің алдындағы айларда «біріккен партия» бірігуге қарсылық білдірген оппозициямен күресті. Әсіресе бірігуге қарсы болған Социал-демократиялық партияның чикаголық бөлімшесі еді. Олар тіпті қарсылық ретінде партияның құрамынан шығып кеткенде еді.

СЖП-ның бөлінуі және жаңа социалисттік партияның құрылуы шарасыз еді. ХІХ ғ. аяғындағы таптық күрестің өсуі мен шиеленісуі, оның тұрлерінің өзгеруі социалисттерден жұмысшы қозғалысына деген жаңа көзқарасты, жаңа ынтаны, саяси белсенділікті талап етті. СЖП ХІХ ғ. аяғындағы жұмысшы қозғалысында социализмнің идеяларын насихаттау мен таратуда өз ролін атқарды. Социалисттердің ықпалымен пролетариаттың таптық сана-сезімі қалыптасты, оның тәуелсіз саяси іс-әрекеттері өсті. Бірақта СЖП құрылған уақытынан бастап, онда идеологилық және тактикалық мәселелер бойынша талассыз фракциялық күрес үзілмеді, ал ол әрине социалисттердің қызметінің нәтижесіне әсерін тигізбей қоймады. Және де айта кететін жағдай, СЖП жаппай көпшілік пролетарлық партия емес еді және фермерлік қозғалыстарына деген қатынастарында өзініңлассальяншылдық сектанттық

көзқарастарынан толық арыла алмады. СЖП профсоюздердің күнбе-күнгі жұмысшылардың экономикалық жағдайын жақсартуға арналған күресінен де тыс қалды. Қорыта айтқанда, социалисттер ұйымдасқан жұмысшы қозғалысының негізгі бағытынан оқшауланып қалды. Және де ол келешекте социалисттердің жұмысшы табының қозғалысынан толық оқшаулануына әкелер еді.

Сондықтан ХІХ ғ. аяғында социалисттік қозғалысына құйылған жаңа жауынгерлік жаңарған күштер СЖП басшыларының көне бағытымен келіскісі келмеді. Сондықтан жаңа құрылған партия социалисттік қозғалыстағы сектанттық қателіктерден арылу керек еді, баяғыдан да гөрі тиімдірек, жұмысшылар арасында социалисттік идеяларды насихаттауы керек еді және пролетариаттың экономикалық және саяси күресіне тікелей араласу керек еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1861-1865 жж. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ-да пролетариаттың саны өсті. Олар ірі кәсіпорындарында топтасты.

Американ жұмысшылары мынадай негізгі топтарға бөлінетін еді: жоғары мамандығы бар жұмысшылар, мамандығы жоқ жұмысшылар. Жұмысшылардың бірінші тобы «жұмысшы аристократиясын» құрды. Олар таза жүыстарда істейтін еді, олардың жалақыс да, әлауқаты да жақсы болды. Мамандығы жоқ жұмысшылар — американ жұмысшы табының негізігі бөлігіне жатты. ХІХ ғ. 70 жж. американ жұмысшы табының жағдайы европалық пролетариатпен салыстырғанда жақсырақ болды, бірақта оған қарамастанолардың жағдайы өте қиын болды. Жұмыс күні 12-13 сағатқа созылды. Сондықтан 8 сағаттық жұмыс күні үшін күрес басталды.

Тұрмыс жағдайлары да нашар болды. Жұмысшыларды қинаған жалақының аздығы, еңбекті қорғау зандары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің болмауы еді. Ең қиын күнді басынан кешірген американ әйелдері мен балалары еді. Өндірістің кеңейуіне байланысты оларды кеңінен пайдалана бастады. Өз еңбегі үшін олар ер адамдармен салыстырғанда екі есе кем жалақы алатын еді.

Бұлардан да гөрі қиынырақ жағдайда болған иммигранттар еді. Олар ең ауыр, лас жұмыстарды істеді, арнайы аудан «геттоларда» тұрды. Капиталисттік қанаумен қатар, әсіресе қара және сары нәсілділер нәсілшілдік езгіге де душар болды.

ХІХ ғ. 70 жж. АҚШ-да ұйымдасқан жұмысшы қозғалысы болмады. Біртұтас жұмысшы одағының құрылуына кері әсерін тигізіп жатқан мынындай факторлар бар еді:

  1. Батыстағы көп «бос» жерлердің болуы. Қанау күшейе түскенде, жұмысшылар отбасы мүшелерін алып, батысқа қашып кететін еді. Өзіндік меншік иесі болу армандары, американ жұмысшы тұрақсыздығын туғызды.
  2. Американ жұмысшы табының арасында практицизм, меншіктік, өзімшілдік көзқарастардың кеңінен таралуы.
  3. Американ қоғамында көп ғасырлар бойы уағыздалған нәсілшілдік теориялар ақ нәсілді американ жұмысшыларын сары, қара нәсілділермен одаққа баруға жібермеді.
  4. Айлакер американ буржуазиясынын, жұмысшылардың әрбір тобын бірі-біріне айдап салуы.

Бірақ ортақ өмір, ортақ мүдделер, ортық мақсаттар обьективтік тұрде американ пролетариатының барлық топтарын жақындастырды. ХІХ ғ. 80 жж. ұлттық көлемдегі пролетариаттың экономикалық ұйымдары — тред-юниондар пайда болды: Еңбек серілерінің ордені ( ЕСО) және Американ еңбек федерациясы (АЕФ). ЕСО — демократиялық кәсіподақ болды. Оның есігі нәсілі мен жынысына қарамай барлық жұмысшыларға ашық болды. АЕФ ақ нәсілді, жоғары маманды американ жұмысшыларының цетік кәсіподағы болды. Ол нәсілшілдік, ұлтшылдық бағытта тұрды. ХІХ ғ. 80-90 жж. американ жұмысшыларының 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресі басталды. Сол күрестің ең шырқау кезеңі болған — тақты Пульман және Гомстед стачкалары еді. Бұл стачкалар барысында пролетариат өзінің қас жауы буржуазия екенін түсініп, саяси күреске бетін бұра бастады, саяси партияның қажеттігін түсінді.

І- Интернационалдың АҚШ-ғы секцияларының қызметі, социалисттік идеялардың таралуы, социалисттік топтардың партиясының құрылуына әкелді.

Социалисттік жұмысшы партия (СЖП) құрылған күнінен бастап онда үш идеялық бағыт қалыптасты: лассальяншылдық, анархисттік және марксисттік. Бұл партияны құрған неміс иммигранттары болғандықтан, оның алғашқы онжылдығында қызметінде басым болған лассальяншылдар еді. Олар американ социалисттік қозғалысында лассальяншылдық идеяларды кеңінен таратты. Лассальяншылдықтарға тән қателіктер: жұмысшылардың экономикалық күреспен шұғылданып, саяси күреске араласпауын; пролетариаттың табиғи одақтастары болған шаруалар мен ұсақ буржуазиямен одақтаспау және т.б. қателіктер ХІХ ғ. 80-90 жж. СЖП-ге тән еді.

ХІХ ғ. 90 жж. СЖП-да анархисттік бағы қалыптасты. Оның көсемдері болған Германиядан АҚІІІ-на көшіп келген И.Мост және оның ізбасарлары еді. Олар өзімен бірге АҚШ СЖП — на анархисттік идеяларды алып келді. Бұл СЖП — ғы екі бағытпен қажымас күрес жүргізген марксисттік бағыттағы американ социалисттерінің кішкентай ғана тобы болды. Оны көсемдері болған Ф.А. Зрге мен Ф. Дицген еді. ХІХ ғ. 70-90 жж. СЖП-ғы фракциялық күрес партияны әлсіретіп, оның кәсіподақтық қозғалысына ықпалын азайтып жіберді.

ХІХ ғ. 80-90 жж. Д. Де Леоне басқарған СЖП АЕФ реформизмімен батыл күресті. Де Леоненің басшылығымен СЖП кәсіподақтарда социалисттік идеяларын насихаттауды күшейтті. Социалисттік партияның кәсіподақтарымен байланысын күшейту үшін ол АЕФ — на қатысты екі тактиканы жариялады: «іштен бұрғылау» және «екі жақты немесе параллельді юнионизм».

«Іштен бұрғылау» тактикасы АЕФ-на социалистердің еніп социалисттік насихатты жүргізі арқылы оны іштен ыдырату — нәтижесіз қалды. «Паралельдік юнионизм» тактикасы АЕФ -на қарсы жаңа кәсіподақ -«Жұмысшы қоғамдары мен кәсіподақтардың социалисттік Альянсын құру да нәтижесіз болды. Бұл СЖП -ның АЕФ -на қатысты ұстанған екі тактикасының да нәтижесіз болуы, СЖП — ң жұмысшылар арасында беделін түсіріп жіберді және оған қатты әсер еткен партияның көсемі Д.Де Леоненің кәсіподақтық қозғалысқа қатысты ұстанған догматикалық сектанттық саясаты да еді. ХІХ ғ. 90 жж. СЖП ұйымдасқан жұмысшы қозғалысының экономикалық күресінен оқшауланып қалды.

Д. Де Леоне басқарған СЖП ХІХ ғ. 80-90 жж. фермерлік қозғалысты қолдаған жоқ. Американ социалисттерінің ойынша, фермерлер келешекте социалисттік революция жеңгеннен кейін меншіктері тәркіленетін өткінші тап болды. СЖП фермерлік қозғалысты басқармақ түгіл фермерлік Халықтық партияны немесе Популисттік партияны пролетариаттың мүддесі мен мақсаттарына қарсы шыққан партия деп жариялады. Нәтижесінде СЖП американ фермерлерінің қолдауынан айрылып, халық қозғалысынан оқшауланған кішігірім социалисттік топқа айналды.

ХІХ ғ. соңғы ширегінде АҚШ-ғы құрылған тресттерге қарсы күрес барысында монополияларға қарсы идеология қалыптасты. Оны уағыздаған ұсақ буржуазиялық идеологияның негізгі көсемдері Г. Джордж, Э. Беллами, Г.Д. Ллойд болды. Олардың идеяларының ықпалымен АҚШ-ғы » ұлттандырушылық» қозғалыс қалыптасты. Бұл қозғалысқа көптеген социалисттер қатысқан еді. Бұл қозғалыстан келешекте американ социалисттік қозғалысын басқарған Д. Де Леоне, Ю.Дебс шыққан еді.

Монополияларға қарсы нақты күрес барысында социалисттер мен ұсақ буржуазиялық каптиализмді сынаушылардың берік одағы құрыла бастады. ХІХ ғ. 90 ж. мен 1914 ж. аралығында, империализм дәуірінде, американ жұмысшы табының саны өсті, пролетарлық сана толық қалыптасты.

Автоматизациялау, конвейерлік жүйенің қалыптасуыпролетариаттын қанауын күшейтті. Нақты жалақы азайды, жұмыс күні өспегенімен қысқармады. Үкімет еңбекті қорғау мен әлеуметтік сақтандыру заңдарын қабылдаған жоқ. Осы себептерге байланысты XX ғ. басында АҚШ-да стачкалық қозғалысөршіді. Оның ішіндегі ең ірісі: 1902 ж. Пенсильвания кеншілерінің стачкачы еді. АЕФ-ның опасыздық саясатының нәтижесінде бұл стачкалар жеңіліп қалды. СЖП бұл стачкаларды басқарған жоқ, себебі бұл уақытта СЖП-да фракциялық күрес жүріп жатқан еді.

ХІХ ғ. 90 ж. СЖП екі фракцияға бөлініп кетті: делеондық және М. Хилкуит басқарған фракция. Келешекте М. Хилкуиттің фракциясы В. Бергер құрған Социал-демократиялық партиясымен бірікті.

Американ социалисттік қозғалысының жіктелуі обьективтік оқиға еді. Империализм дәуірі американ социалисттерінен жаңа стратегияны, жаңа тактиканы, жаңа күрес тәсілдерін талап етті. Ал догматикалық, сектанттық бағытта тұрған кішігірім сектаға айнала бастаған СЖП бұл талаптарға сәйкес келмейтін еді. Сондықтан жаңаша ұйымдастырылған жұмысшы қозғалысына дұрыс көсем болатын партия қажет еді.

22 шілде 1901 ж.АҚШ-да СЖП мен қатар жаңа партия құрылды. Ол Американ социалисттік партиясы деп аталды. Ол құрылғаннан бастап онда негізгі үш топ қалыптаса бастады: оңшыл, солшыл социалисттер, центристтер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТКЕ СІЛТЕУЛЕР

  1. Аскольдова С.М. Начало массового рабочего движения в США. (80-е годыХІХв.).-М., 19бб.-15 б.
  2. Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. В 5-ти томах. — М.1949-1989. Т.2.-302 б.
  3. Сол жерде.
  4. История США. В 4-х томах. / Ответст. ред. Г.П. Куропятник. — М., 1985. Т.2. 1877-1918.-59 б.
  5. Сол жерде.
  6. Богина Ш.А. Иммиграция в США накануне и в период гражданской войны(1850-1865 гг). — М., 19б5. — 53 б.
  7. Аскольдова С.М. Формирование идеологии американского тред юнионизма.-М., 1976. г-,118 б.
  8. Зорге Ф.А. Рабочее движение в Соединенных Штатах Америки. -СПб., 1907.-205 б.
  9. Международные социалистические конгрессы. — СПб., 1909. — 49 б.
  10. Куропятник Г.П. Фермерское движение в США. От грейнджеров до Народной партии. 1876-1896. — М., 1971.-231 б.
  11. Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. — 315 б.
  12. Международные социалистические конгрессы. — 58 б.
  13. Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. — 320 б.
  14. Бриссенден П.Ф. Промышленные рабочие мира. — М.-Л., 1926. – 7б.
  15. Аскольдова С.М. Начало массового рабочего движения в США. (80-е годы ХІХв.).-217 б.
  16. Сол жерде.
  17. Энгельс Ф. Приложение к американскому изданию » Положение рабочего класса в Англии. // К. Маркс и Ф.Энгельс. Соч., 2 изд. Т.21. — С. 26
  18. Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. — 325 б.
  19. Лапицкий М.И. Д. Де Леоне. — М. 1987. — 24 б.
  20. Солжерде. -26 б.
  21. Кислова А.А. Де Леон и его роль в распространении социалистических идей в США // Американский ежегодник. — М., 1978.

-С. 45.

  1. Райский Л. Де Леоне и его борьба с оппортунизмом в американском рабочем движении // Проблемы марксизма. — М., 1930- С. 58.
  2. Сол жерде. — 62 б. •
  3. Зубок Л.И. Очерки истории рабочего движения в США. 18б5-1918. М., 196-23 б.
  4. История США. В 4-х томах. / Ответст. ред. Г.П. Куропятник. — М., Т.2. 1877-1918.-114 б.
  5. Козенко Б.Д. Юджен Дебс — социалист. — Саратов, 196 -56 б.
  6. Райский Л. Де Леоне и его борьба с оппортунизмом в американском рабочем движении // Проблемы марксизма. — М., 1930.-С. 6
  7. Согрин В.В. Формирование антимонополистической идеологии в США в конце ХІХ в. // Вестник МГУ. Серия 8. История. 1970. — С. 6
  8. Сол жерде. — 69 б.
  9. Ленин В.И. Политический кризис и провал оппортунистической практики // Полное собрание сочинений. — Т.13. — С. 326 б.
  10. Супоницкая Н.М. Монополии и антимонополистическое движение в США конца ХІХв. -М., 1991.-251с.
  11. Баталов Э.Э. Социалистическая утопия и утопическое сознание вСША.-М., 1982.-65 б.
  12. Международное рабочеө движение. Вопросы истории и теории. В 7-томах. Под ред. Б.Н.Пономарева. — М., 1976-1978. Т.2. — 14 б.
  13. Сол жерде. — 152 б.
  14. Руденко Б.Т. Рабочее движение в США в 1870-1914 гг. — М., 1958. 68 б…
  15. Сол жерде. 70 б.
  16. Сол жерде. — 72 б.
  17. Лапицкий М.И. У. Хейвуд. — М., 1974. — 86 б.
  18. Йелн С. Из истории рабочего движения в США. — М., 1950. 132 б.
  19. Солжерде.-138 б.
  20. Аскольдова С.М. Формирование идеологии американского тредюнионизма. — 12б б.
  21. Руденко Б.Т. Рабочее движение в США в 1870-1914 гг. — М., 1958. 71 б.
  22. Сол жерде. — 76 б.
  23. Эггерт З.К. Д. Де Леоне — идеолог анархо-синдикализма в американском рабочем движении // Из истории социалистическихидей.-М., 1955. — С. 4б.
  24. Козенко Б.Д. Юджен Дебс — социалист. — 22б.
  25. Международное рабочее движение. Вопросы истории и теории. В 7-томах. Под ред. Б.Н.Пономарева. — М., 1976-1978. Т.2. — 424 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ДЕРЕКТЕР

Де Леоне. Избранные произведения. — М. — Л., 1932.

Зорге Ф.А. Рабочее движение в Соединенных Штатах Америки. -СПб., 1907.

Международные социалистические конгрессы. — СПб., 1909.

Соединенные Штаты Америки. Конституции и законодательные акты/ Под ред. О.А. Жидкова. — М., 1993.

Хилкуит М. История социализма в Соединенных Штатах Амөрики . — СПб., 1908.

АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТ

Аскольдова С.М. Начало массового рабочего движения в США. (80-е годы ХІХв.). -М., 1966.

Аскольдова С.М. Формирование идеологии американского тредюнионизма. — М., 1976.

Баталов Э.Э. Социалистическая утопия и утопическое сознание в США.-М., 1982.

Богина Ш.А. Иммиграция в США накануне и в период гражданской войны(1850-1865 гг.). — М,, 19б5.

Богина Ш.А. Иммиграционное население США. 1865-1900. — Л., 1976.

Бустрин Д. Американцы: Демократический опыт.- М., 1993.

Валюженич А.К. Социалистическая мысль и   движение в США:. — М., 1983.

Бриссенден П.Ф. Промышленные рабочие мира. — М.-Л., 1926.

Быков Б.В. Юджен Дебс — вождь американского пролетариата. — М.,1971.

Волкова И.В. «Популизм и консерватизм» — к истории американской

политической мысли конца ХІХ в. — М., 1992.

Зубок Л.И. Очерки истории рабочего движения в США. 1865-1918. -М., 1962.

История США. В 4-х томах. / Ответст. ред. Г.П. Куропятник. — М., 1985.Т.2. 1877-1918.

Йелн С. Из истории рабочего движения в США. — М., 1950.

Кислова А.А. Де Леон и его роль в распространении социалистических идей в США // Американский ежегодник. — М., 1978. С. 40-60.

Козенко Б.Д. Юджен Дебс — социалист. — Саратов, 1967.

Краткая история США / Пер. с анг. — М., 1993.

Кувалдин К.Б. Американский капитализм и интеллигенция. — М., 1983.

Куропятник Г.П. Фермерское движениө в США. От грейнджеров до Народной партии. 1876-1896. -М., 1971.

Лапицкий М.И. У. Хейвуд. — М., 1974.

Лапицкий М.И. Д. Дө Леоне. — М., 1987.

Ленин В.И. олитический кризис и провал оппортунистической практики // Полное собрание сочинений. — Т.13. С. 321-350.

Международное рабочее движение. Вопросы истории и теории. В 7- томах. Под ред. Б.Н.Пономарева. — М., 1976-1978. Т.2.

Оберманн К.И. Вейдемейер. — М., 1973.

Основные проблемы в истории США в освещении американской историографии. 1861-1913. — М., 1974.

Райский Л. Де Леоне и его борьба с оппортунизмом в американском рабочем движении // Проблемы марксизма. — М., 1930. С. 56-64.

Руденко Б.Т. Рабочее движение в США в 1870-1914 гг. — М., 1958.

Румянцева И.С. Ф.А. Зорге — организатор и  руководитель секции Интернационала в Америке. ( 18б2-187б гг.) // Из истории марксизма и

международного рабочөго движения. — М., 1964. С. 80-94.

Саймонс А.М .Социалистические силы в американской истории. — М., 1934.

Согрин В.В. Формирование антимонополистической идеологии в США в конце ХІХ в. // Вестник МГУ. Серия 8. История. 1970. С. 67-81.

Супоницкая И.М. Антимонополистические выступления в США конца XIX в. //Американский ежегодник. — М., 1974. С. 245-264.

Супоницкая Н.М. Монополии и антимонополистическое движение в США концаХІХв.-М., 1991.

Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. В 5-ти томах. — М., 1949-1989. Т.2.

Черкасов И.И. Из истории маркристкой философской мысли в США. -М., 1977.

Шпотов Б.М. Организация большого бизнеса в США на рубеже ХІХ-ХХ веков// Американский ежегодник. 1998. — М., 1999.

Эггерт   З.К. Д. Де Леоне — идеолог анархо-синдикализма в американском  рабочем движении // Из истории  социалистических идей.-М., 1955. С. 42-б3.

Энгельс Ф. Приложение к американскому изданию » Положение рабочего класса в Англии. // К. Маркс и Ф.Энгельс. Соч., 2 изд. Т.21. С. 260-266.