Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстанның өзекті мәселелері
Мазмұны
- I. Кіріспе……………………………………………………………………………………. 3
1-тарау. Қазақстан XIX ғасырдың I-ширегіндегі Патшалық Ресеймен қатынасы.
1.1 Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824 жылдардағы реформалар………………………………………………………6
1.2 XIX ғасырдың 20-30жылдардағы отарлық саясатқа қарсы көтерілістер (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Қасымов)……………….19
2-тарау. XIX ғасыр ортасындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
2.1 Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басшылығымен болған ұлт-азаттық көтеріліс……………………………..30
- Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс………..43
II Қорытынды…………………………………………………………………………..57
III Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….. 60
-тарау. Қазақстан XIX ғасырдың I-ширегіндегі Патшалық Ресеймен қатынасы.
1.1 Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824 жылдардағы реформалар.
Қазақстанның патшалы ресейге тәуелді болуының басы XVIIIғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу патша өкіметінің дәстүрлі саясаты болды. Алайда Орта Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XIXғасырдың 30-жылдарына дейін ортаазиялық істер патша өкіметінің «үлкен саясаты» саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға жер аударылды. Патша өкіметі Орта Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XIX ғасырдың екінші ширегі басталғанша бұл бағыттағы саясатын тездетпеді. Орта Азиялық хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды.
Ресей, ортаазиялық хандықтар және Қытай аралығына орналасқан Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын көрінді. Бұл елдерге және одан әрі Ауғанстан мен Үндістанға баратын сауда жолдары Қазақстан арқылы өтетін. Тек осында ғана мықтап орналасып алып, содан соң ортаазиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға кірісуге және одан әрі Орта Азияға енуіне болтын еді.
Қазақстанға бекіну қажеттігі өсіп келе жатқан орыс капитализімінің экономикалық мүддесінен туындаған. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстанда да өнім өткізу және арзан шикізат базасы ретінде патша өкіметінің назарын өзіне бірден аңғарған.
Осы кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік қатынастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институттардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын анықтаудың маңызы өте зор. Қоғамдық ғылым мәселесіндегі ең сенімді нәрсе әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс қалай пайда боды, бұл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысынан қарау және осы даму көзқарасы тұрғысынан талдау жасау мәселесі.
Революцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы”ақсүйек ” пен “қарасүйек деген” екі әлеуметтік топты ғана білді. Олар ақсүйекке барлық чингизидтерді, ал қара сүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды. Бұл екі топ барлық зерттеулерде әбден қалыптасқан әлеуметтік категориялар болып тұлғаланады. Сондықтан ғалымдардың еңбектерінен XV ғасырда да XVIII-XIX ғасырларда да „ақсүйек“ пен „қарасүйекті “ кездестіруге болады. Алайда бұл әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы, қарастырылып тырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде олардың қандай орын алғандығы анықталмай қалды. XV ғасырдағы ақсүйек XIX ғасырдағы ақсүйектен көп жағдайда өзгеше болды, мұндай жағдайда «қарасүйек» жөнінде де айтуға болады. Патриархалдық-рулық қатынастардың ыдырауы және топтардың саралануы процесінде “қарасүйектің“ арасынан өздерінің жағдайы жағынан чингизидтерге дес бермейтін текті шонжарлар және тәуелді қоғамдық топтар-егіншілер, жатақтар, байғұстар бөлініп шықты.\1\
„Ақсүйек “ терминінің шығуы қазақ халқының тарихының бастапқы кезеңдеріне жатады. „Ақсүйек “ шонжарларының пайда болуы татар-моңғол басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуымен байланысты еді.“Ақсүйек“ өкілдері өздерін Шыңғыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этногенезисін зеттеумен арнайы шұғылданған сұлтан Меңдәлі Пірәлиев былай жазады: „Ақсүйектердің қара сүйекке үстемдік етуі жөніндегі табиғи құқықтар деген ұғым бүкіл халықтарға(қазақтар мен өзбектерге) моңғолдардан көшті деп қорытынды жасай аламыз. Қожайындар жерде жаратылған хандар болмауы мүмкін дейтін түсініктер оларды қарапайым халықтан“.
Орта Азияның тарихын зерттеуші Қары-Құрбан-әлі-Қажы-Халид бек оғлы “төре“ терминін шығуын да Шыңғыс хан заманына жатқызады.
Төре дегеніміз ханның туыстары олар өздерінің алатын орны жағынан хандардан төмен тұрды.
«Ақсүйек» өкілдері- төрелер бөлек феодалдық кастаны құрап, қазақтың рулық қауымының құрамына кірмеді.XVIII ғасырға дейін “ақсүйек ” өкілдері-хандар мен сұлтандар-қазақтардың қоғамдық саяси өміріне үстем болды. Қазақстандағы патариархалдық-феодалдық қатынастарға және осы негізде қалыптасқан дәстүрге байланысты тек “ақсүйек” өкілі ғана хан болып сайланатын. Сұлтан деген атақты тек чингизидтер ғана алатын. XVIII ғасырға дейін бұл атақ қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінде чингизидтердің үстем жағдайы арқылы орнықты. Бірақ XIX ғасырдың 1-жартысында “ақсүйектің” бұрынғы біртектілігі енді байқалмайтын боды. Артықша жағдайдағы осы бір сословие ықпалының әлсіреуіне чингизидтердің арасында мүліктік теңсіздіктің өсуі себеп болды. Олардың сословиелік біртектілігіне патша үкіметінің саясаты да елеулі соққы берді. Патшаға қызмет етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері дворян деген атақ алған билеуші сұлтандар мен аға сұлтандарды есепке алмағанда 1822 жылғы жарғының негізінде және кіші жүздің саяси жағынан өзгеріске ұшырауы нәтижесінде чингизидтердің қалған бөлігі өздерінің артықша жағдайларынан айырылып қалды.”Ақсүйектің” ұрпақтары қалған бұқарамен араласып кетті.
XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор шекара комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтарының, сұлтандардың, билердің жағдайы зерттелді. Зерттеушілердің бірі, ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник д’ Андре қазақтардың арасындағы чингизидтердің жағдайына мынадай анықтама береді: «Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін Шыңғыс ханнан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардың көбі ата тегін білмейді де. Өздерінің ақсүйектен тарағандығын дәлелдеу үшін олар 3 ұрпақтан 6 ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады. Орда да Шыңғыс ханның мұндай ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз».
Сонымен қатар «ақсүйектің» бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге үйлену жөніндегі әдет-ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің тегін мақтан тұтқан «төрелер» өз қыздарын «ақсүйектен» шыққан қазаққа ғана күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді. Бірақ бұл дәстүр барлық жерде бірдей сақталмады. XIX ғасырдың 1-жартысында «ақсүйек» атағының сословиелік маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жүйесінде белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ.
Осы кезеңде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды. Сұлтандар мен ру шонжарларының жерді пайдалануға қатынасы, сондай-ақ көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жағдайларға сәйкес бірдей болды. Көшпелі қауымның арасынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары-билер еді. Осы кезде билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың 1- жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.
Егер XVIII ғасырда сұлтандар қосымша құнды азық-түлік рентасы формасында, ал ру шонжарлары жұмыспен өтеу рентасы формасында иемденсе, XIX ғасырдың 1-жартысында сұлтандар мен ру шонжарлары рентаның екі түрін де-азық-түлік рентасын да, жұмыспен өтеу рентасын да алды. Малды жеке отбасылардың меншігіне шоғырландыру қауымдық жерге иелік етудің шоғырландырылуына да әкеліп соқтырды.
Бұл кезде сұлтандар мен ру шонжарларының қауымдық жерлерді озбырлықпен пайдалануына патша өкіметінің қауымдық таңдаулық жерлерді басып алумен ұласқан отарлық саясаты келіп қосыолды. Бұл жағдай жер пайдаланудың қалыптасқан тәртібін өзгертпей қоймады. Негізгі қазақ руларының көне заманнан бергі дәстүрлі көшу бағыт-бағдарлары бұзылды, мұның өзі мал өсірудегі дағдарыс себептерінің бірі болып, қазақтардың шаруашылығы құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырды.
Ру шонжарлары мен сұлтандар енді рудың таңдаулы қысқы қоныстары мен шабындық жерлеріне билік жүргізу құқығымен шектеліп қалмады. Олар бұларды жеке иелікке ала бастады. Сұлтандардың ру шонжарларының таңдаулы қыстауларды басып алуы қазақ қоғамының ішінде жер үшін күресті шиеленістіріп жіберді. Билер мен сұлтандардағы қысқы қоныстарды күшпен тартып алу әрекеттері жасалды.
Сонымен, жерге феодалдық меншіктің түпкілікті қалыптасуы жүзеге аса бастады. Алайда қазақтарда феодалдық қатынастардың қалыптасуы XIXғасырдың бас кезіне ғана қатысты деген асығыс қорытынды жасамауға тиіспіз. Көшпелі феодализмнің өзгешелігі негізгі өндіріс құрал-жабдығы ретінде малдың жекелеген феодалдардың қолдарына шоғырлануына байланысты қауымдық жердің де іс жүзінде солардың иелігіне көшуі негізінде мұнда феодалдық қатынастардың бұдан бұрын да қалыптаса бастағанында еді. Феодалдық жер меншігінің пайда болуы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарына ірі өзгерістер енгізді.
Азық-түлік рентасының болуы қазақтарда патриархалдық-рулық сарқыншақтардың сақталуына себепші болды. Азық-түлік рентасымен қатар жұмыспен өтеу рентасы болды. Азық-түлік рентасымен салыстырғанда жұмыспен өтеу рентасы неғұрлым көне формада көрініп, құқықтық нормалар саласындағы бернік сақталған патриархалдық-рулық қатынастармен ұштасып кетті.
Қазақтардың шаруашылық құрылысын талдау барысында үш жүздің-Кіші, Орта және Ұлы жүздердің қоныстарының жағрафиялық орналасуына тоқталайық; Кіші жүз Сырдария өзенінің төменгі сағасынан Орал және Тобыл өзендеріне дейінгі аумақты алып жатты. Кіші жүз жерін мекендеген толып жатқан рулар мен кіші ру тармақтары үш ұрпақтың- Байұлы, Жетіру және Әлімұлы ұрпақтарының құрамына енді. Кіші жүздің шығыс бөлігін осы рулармен қатар Арғын руының Кейбір тармақтары (Шақшақ, Айдарқы, Қырық мүлтік) мекендеді. Билеуші сұлтандардан жинаған мәліметтеріне сүйеніп полковник Бламберг XIX ғасырдың 40 жылдарында кіші жүз халқының жалпы саны шамамен 500 000 адам, ал шаңыцрақ саны 100 000 мыңға жуық деп анықтаған.
Орта жүз Семей, Ақмола облыстарының, Сырдария Жетісу облыстарының бір бөлігінің жерін алып жатты. Орта жүз жерін мекендеген барлық рулар мен ру тармақтары Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақ және Қоңырат деп аталатын жеті ру бірлестігінің құрамына кірді. 1883 жылғ подполковник Бутовский жазған статистикалық есептеуіне сәйкес, Орта жүзде 116 500 шаңырақ болды, әр шаңыраққа 4 адамнан келді деп есептейтін болсақ, халық саны 468 000 адам болған.
Ұлы жүз Жетісу, Әулиеата, Шымкент облыстарының жерін алып жатты және Дулат, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ысты, Серғалы Ошақты, Қаңлы және Шанышқы деп аталатын негізгі рулардан құралды. Ю.Южаков жинаған ең соңғы мәліметтер бойынша Ұлы жүзде шаңырақ саны 95 000-ға жетті, ал Аристовтың мәліметтері бойынша, Ұлы жүзде халық саны 550 000 адам болды.
Қазақтар шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шарушылығы еді. Олар жылқы, түйе, қой және ешкі өсірумен айналысты. Шаруашылықтың жайылымдық көшпелі жүйесі экстенсивті сипатта болды. Малшы қазақтың тағдыры ең алдымен табиғат жағдайына тәуелді еді. Қазақтардың малының көбі дүркін-дүркін қайталанып тұратын жұттан қырылды.
XIX ғасырда қазақтарда егіншілікте едәуір дамыды. Мұнымен негізінен алғанда қазақ кедейлері-егінші деп аталған жатақтар айналысты. XIX ғасырға дейін егіншілікпен не жұттың салдарынан, не өзара феодалдық қырқыс-барымтаның салдарынан малынан айырылып қалған қазақтар шұғылданды.
Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендерінің жағалауларын мекендеген қазақтар бау-бақшалық шаруашылығымен айналысты. Қазақтардың басқа кәсіптерінен балық аулауды атап өтуге болады, мұнымен де қазақтардың ең кедей бөлігі-жатақтар мен егіншілер айналысты. Қазақтар балықты арнаулы тормен, аумен аулады. Үлкен өзендерде, мысалы Сырдарияда қазақтар балықты «сүзгіш» деп аталатын аудың көмегімен ұстады. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер кәсібі айтарлықтай орын алды. Тері илеу, оқ-дәрі, бояу дайындау, ағаш пен сүйекке ою-өрнек салу, металл мен жүн өңдеу дамыды.
Феодал шонжарларға жер меншігін бекітіп беру жолымен олардың үстем жағдайын сақтап қалуға тырысу қазақ кедейлерін сұлтандар мен билердің қыстақтарымен жайлауларына қол сұғуға мәжбүр еткен кезде үкімет басындағылар әрдайым феодал шоншарларын қолдап отырды.
Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатына бір жағынан отарлау аппаратына,қарулы күшке, екінші жағынан қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйенді. 20 жылдары басқару жүйесін өзгертуге талдау жасағанда, феодалдық басшы топтың отарлау аппаратымен сіңісіп кету процесін айқын көруге болады.
Ұлғайып алған империя құрамына Қазақстанның қосылуы оны орналасқан геосаяси жағдайы әскери жағынан алғанда әлсіз Қоқан және Хиуа хандықтарын таптап тастап, бірінші отаршыл империя-Англияның шығыс Түркістан ауданына енуін жоққа шығаруға мүмкіндік беретін, бұған қазақ өлкесі кедергі болып қала берген. Ресей империясының экономикалық мүдделері, Петербургтің ғаламат саяси жоспарларымен қатар, патшаның стратегиялық болжамдарын ұстана отырып, оның Орталық Азияның түкпіріне қарай біртіндеп ілгерілеуін тездете түсті. /3/
Абылайдың 1781 жылы қайтыс болуы, оның ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122360 қазақ императрица II Екатеринаның атынан Уәлиді хан тағынан алып тастау туралы өтініш жіберді. Паташ үкіметі қазақ қоғамындағы хан билігін жою жөн емес деп, алайда оны әлсірету мақсатымен Орта жүзде бақуатты Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Олардың екеуіне де кең байтақ өлкені басқаруға қажетті амалдары болмады. Ресей «бөліп ал да билей бер» саясатын жүргізіп, оларды бір-біріне айдап салды, сөйтіп кедейленген хандармен өздерінің байлығы жөнінен бақталас ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды. Байлық саяси салмақ берді, басқа ру ауылдарының жеріне жиі көшуден күйзелген, беніністердің әскери қызметінің жандана түсуі және құнарлы аудандарға казак континентінің қоныстандырылуы салдарынан меншіктері мен жер алаптарынан айырылған адамдарды өзіне тартатын құдіреті күшті қасиеттері бар деуге болады.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын әлдеқайда тежеп отырды. 1817 жылы Бөкей хан, екі жылдан кейін Уәли қайтысболды. Петербург бір жақты қадамға-Орта жүзде енді хан тағайындамауға және оның үстіне оларды «бүкіл әлемді Ұлы тітіркенушінің»-Шыңғыс ханның заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайламау керек деп шешті. Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны болмаған жайдай орын алды.Хандық ықпалды сұлтандар мен келіспей немесе алдын-ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді.
Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдары өз дәуірінің аса тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанскийге жүктеді. Оның сан қырлы қызметінің өзегі Орта жүзде дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа заң актілерін енгізу болды.
М.М.Сперанский қазақ даласының аз зерттелген аудандарды толық зерттеп және жинақтап көрсету үшін «Сібір жерлерін мәлім етуді» ұсынды. Бұл тапсырманы орындауға болашақ декабрист Г.С. Батюшков қатысты. Ол Сібірді басқару туралы заң жобаларына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бөлімдер: құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған «бұратаналар», «Орта Орда даласына » орыс билігін тарату бөлімдерін әзірледі.
1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы жарғы» «Қырғыз –қайсақтарды басқару туралы жарғы», «Этаптар туралы жарғы» және жер міндеткерлігі туралы ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
«Сібір мекемелеріне» сәйкес,азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа: Орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, Орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Орталығы Тобыл болған Батыс Сібірге Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы жатқызылды. Орта жүз аудандары екіншісінің құрамына енгізілмекші болды.
Орта жүздегі дәстүлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын «мүлде артық» деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп, басқарудың жаңа жүйесін енгізді. 3 параграфқа сәйкес, географиялық жағынан Оңтүстік –батыс Сібірді мекендеген қазақтар «көшпелі ьұратаналар сословиесі» болып есптелді және тең құқықтарды пайдаланды, ал «Сібір қазақтары елі» ең алдымен 1838 жылы Батыс Сібір Қзақтарын шекаралық басқару құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құралды. /5/
Қазақ руларының арасындағы өзгерістер әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды; даладағы үштаған-округ, болыс, ауыл бұрынғы округ басқару жүйесін іс жүзінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді. 5 параграф арқылы жаңа құрылым: ауыл 50 ден 70 ке дейін шаңырақ, болыс 10 ауылдан 12 ге дейін ауыл, округ-15 болыстан 20 болысқа дейін болып белгіленді.
Округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі жарғының 15 параграфында белгіленді: ауылдарды- ауыл старшындары, болыстарды-болыс сұлтандары, округтерді аға сұлтандар басқаратын болды. Бұл өзгерістер ерте кездерде Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге тиіс болатын; сонымен бірге болыстарды басқармайтын тсұлтандар бұрынғы сословиелік артықшылығын сақтап қалды.
Қазақ арасындағы аға сұлтандарға зор құқықтар берілді, оның басшылығымен округтік приказда өткізілетін отырстарға облыстық бастық тағайындайтын ресейлік екі заседатель және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиіс болды.
Бұл реформа Қазақстанға сауда экономикалық дамуы өсуі үшін оң алғышарттар туғызды. Патша үкіметінің бұған белгілі дәрежеде мүдделі болуын экономикалық факторлармен қоса, оның көшпелілер арасында өзінің саяси ықпалын нығайту ниетімен түсіндіру керек. XIX ғасырдың басында Бұқтырма, Өскемен бекіністерінің, Петропавлдыың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті. Жарғының бірқатар параграфтарында 205 параграфқа сәйкес үш санатқа; қылмыстық, талап арыздық және облыстық басқармаға шағымдар бойынша сараланған сот жүйесіне түзетулер енгізілді. Қылмыцстық істерге мемлекеттік опасыздық, тонау, барымта, белгіленген билікке көрінеу бағынбаушылық жатқызылады; оның үстіне барлық талап-арыз істері билердің қатысуымен ауылдармен болыстарда талқыланды; 216 параграфта тұтас алғанда «қазақ ғұрыптары мен заңдары бойынша» дәстүрлі билер сотының мәні сақталды; 220 параграфта билер істерді «негізсіз шешкен» жағдайда оларды жауапқа тарту көзделді. Арнайы параграфта аға сұлтандарға , болыстардың басқарушыларына жалақы төлеу, кешегі жоғары текті Шыңғыс ұрпақтары мемлекеттік қызметшілер санатына көшіріліп, оларға империяның сол кезде қолданылған заңдарын тарату туралы айтылды.
Реформаның 243-249 параграфтары Орта жүз халқын ағартуға арналған жағдайды кеңейтті және сауаттылықты кең тарату көзделді. Сонымен қатар жарғының 250 параграфы округтік приказдары «өздеріне сеніп тапсырылған халықтың ешбірі қайыршылыққа ұшырамауы және қамқорсыз қалмауын барлық амалдармен ойластыруға» міндетті. 329 парагрфтан тұратын Жарғының қазақ тіліне аударылған мәтіні көп ұзамай аудандарға таратылып жіберілді. Алғашқы екі округ пен приказ ашылатын аймаққа марқұм Уали ханның Көкшетаудағы қоныстары мен бұрынғы Бөкей ханның Қарқаралыдағы ауылдары таңдап алынды.
Қазақстан жеріне барлығы 7 округ ашып, кейін олардың санын 8-10 ға дейін жеткізу көзделді, патша үкіметінің мұндағы мақсаты одан әрі Орта Азия шебіне шығу болатын.
Алғашқы сыртқы округ-Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ-шамамен алынған есептеулер бойынша, 60 000-ға дейін ер-азамат болды.
Осы кезеңде бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы-Құсмұрын, 0826 жылы-Баянауыл, 1831 жылы-Аягөз, 1832 жылы-Ақмола округтері құрылды. Бұл ретте көпнеcе мал қоңданатын шілде, тамыз айларында өткізілетін сайлауларға көшпелілерді қайран қалдыратын салтанатты мерекелер; зеңбіректер гүрсілі, мылтықтардан оқ ату ілесе жүретін, офицерлердің алтын жалатылған эполеттері дала тұрғындарының көзін қызықтырып, олардың не болып жатқанын сезінуін әлсірететін; олар өз мемлекеттілігі жойылуының куәләрі болды. Номадтарға жоғарғы қызметке сайланушыны ақ киізге көтеретін ежелгі ғұрыптың сақталуы ұнады /11/.
Қазақстан тарихында XIX ғасырдың 20 жылдарындағы басқару жүйесін өзгенртуге талдау жасағанда, феодалдық басшы топтың отарлау аппаратымен сіңісіп кету процесін айқын көруге болады. Патша үкіметіне қызмет етуге көшкен қазақ сұлтандары мен билері қазақстандағы феодалдық-отарлау езгіні бейнеледі. Орта жүздегі аға сұлтандар мен Кіші жүздегі билеуші сұлтандарды үкімет тағайындап отырды, лауазымды адамдарды жаңадан сайлау дегенің орыс әкімшілігінің шексіз бақылауымен ғана жүргізілді. Патша қызметіне ауысқан қазақ феодалдары-аға сұлтандар,болыс билеушілері, ауылдық старшындар және дистанциялық бастықтар-еңбекшілерді феодалдық жаншудвң бұрынғы формаларын сақтап қана қоймай сонымен қатар үкімет атынан салық жинады. Мысалы; түндік басынан алынатын алым, билет үшін алым, көшіп-қонғаны үшін ақша төлеу т.б.
Қазақ халқын басқарудың жаңа жүйесі, әсіресе «Сібір қырғыздары туралы жарғы» далада ғасырлар бойы орнаған тәртіпті елеулі түрде өзгерткені сонша, қарсыласудан сескенген үкімет жаңа басқару жүйесін бірден енгізе алмады. Округтік приказдар құрылғанша қазақтар арасында дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазақтарды; приказдар мүмкін болатын шабуылдардан қорғау үшін құрылады, ал жер өздерінің мәңгілік пайдалануларыңа қалдырылады,-деп сендірді.
Сонымен қатар жаңа әкімшілік үштағанды-ауыл,болыс және округті асығыс құрған М.Сперанский мен оның ізбасарлары жергілікті факторлармен санаспады, оны іске асырудың күш қолданылатын тактикасына сенді және реформаны жүзеге асыруға жасалған алғашқы әрекеттердің өзі қоғамда жіктеліс және үкіметке қарсы пиғылдар туғызуға әкеп соғып, ол 20 жылдан астам уақыт күреске ұласады деп ойламады.
Орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы,бір жағынан, қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан, патша өкіметінің әскери-әкімшілік әрекеттерінің нәтижесінде болды.
Сібір қазақтары туралы 1822 жылғы қабылданған жарғы, алғашқы патшалық реформма ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі, ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен, қиналмай қабылдаған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі тәуелсіздің ең берілген жақтаушылары ретінде сұлтандардың, билердің ақыл беруі бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы қайшылықтарды тереңдетіп, Кавказдағы, Еділ бойының түркі тілдес аймағындағы және далалық табиғи ландшафты реформаның іске асырылуын белгілі бір дәрежеде қиындатқан Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті.
1.2 XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы отарлық саясатқа қарсы көтерілістер. (Саржан Қасымов және Жоламан Тіленшіұлы )
Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясатының күшеюіне және ортаазиялық хандықтардың басқыншыларына қарсы халық бұқарасының наразылығы Кенесары Қасымов бастаған кең сипаттағы және ұзақ уақытқа созылған көтеріліске ұласқанға дейін біртіндеп күшейе түскен болатын. 20-30 жылдары болған Саржан Қасымов, Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс.
XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созылған отаршылдық әрекеті, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының империя құрамына қосылуына әкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси бытыраңқылығының, күлделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, ал оның армиясы сол кезде Еуропадағы ең қуатты армиялардың бірі еді. 1825 жылы орыстың құрғақтағы армиясында 526 мың адам болды.
Жоламан Тіленшіұлы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы әрі батыр болған. XIX ғасырдың 20 жылдары Табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге, тұзды жерлерге бай Жаңа Елек ауданын патша өкіметі тартып алған кезде Жоламан батыр өз руын бастап күреске шыққан.
Алғашқы бұл жерлерді тартып алу Елек тұзын тасу үшін жаңа жол салу керек деген сылтаумен жүргізілді. Елек тұзын тасу үшін салынған жаңа жол біткен соң, тасымалдаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек деп бекіністі Шепті Елек өзеніне ауыстырды. Жаңа Елек Шебі 29 бекіністен тұрады. Қазақ халқы Орал, Елек, Берден және Құрат өзендері бойындағы жерлердің ең жақсысы 7 мың десятинасынан айырылды. Патша үкіметі бұл жерлерге орал мен Орынбор әскерлерінің казактары мен орыс шаруаларын қоныстандыра бастады. Қазақтар бекіністердің салынуына қарай өз жайылымдарынан ығыстырыла берді. Осы әрекеттердің барлығы Жоламан көтерілісіне себепші болды. Алғашқыда ол қазақтардың құқығын бейбіт жолмен қорғау мен тырысты.
Орынбор әскери губернаторы 1822 жылы Эссенге жолдаған хатында былай делінген: «Әбілхайыр ханның тұсында қазақтарға Оралдың арғы жағындағы шабындықтарды пайдалану және өзеннің жартысынан балық аулау еркіндігі беріліп еді, 1810 жылға дейін қазақтар бұл еркіндікті кедергісіз пайдаланды, ал кейін Ресей Елек өзенін алып, ірі бекіністер тұрғызып, бұрын берілген жерлерді пайдалануымызға тыйым салды. Ал біз болсақ, орманы суы жоқ иен далада көптеген ауылдарымызбен мұқтаждық көріп отырмыз.» /8/.
Әділеттілікке жетуге ұмтылған бұл хаты жауапсыз қалғанына қарамастан, бір жыл өткен соң 1823 жылы 6 тамызда Эссенге тағы да урядник Плешков арқылы хат жолдайды. Онда қазақтардың наразылығының басты себептерін айқын да ашып көрсетіп, олардың талаптарын баяндайды.
«Жоғары мәртебелі патша ағзамның мақсаты бізге дәл осындай арсыздықпен қарау емес шығар деп үміттенеміз. Егер олай болмаса мен тархан ретінде сізден Нарын құмдарын, жаз жайлап, қыс қыстаған өзен бойын, Жайықтың далалық жағын, Елек қорғанысынан тыс жатқан Елек өзенінің екі жағын да бізге беруді, сол жерлерге салынған ірі бекіністер мен отрядтарды әкетуді сұраймын. Егерсіздің қолыңыздан келмесе, онда патша ағзамға осы туралы хабарлауыңызды өтінемін, Онсыз да Санкт-Петербургке жіберген елшілеріміз Арынғазы Абылғазиев пен тархан Жүсіп Сырымовтың қайтып оралмауына байланысты және олардың елге оралуына император патша ағзамның неге рұқсат етпей отырғанын білмегендіктен ордалықтар мазасыздануда, егер біздің өтінішімізге патша ағзам құлақ асып, көңіл бөлсе, онда біз оған риза болар едік, егер олай болмаса, біздің ордалықтардың көңілі қалып, мазасы кетуі мүмкін».
Осылайша жіберген екі хаты да жауапсыз қалып, Жоламан 1823 жылы 3 қыркүйекте тағы да Эссенге алдыңғылардан да ұзақ етіп жаңа хат жазады. Бұл хатқа да Эссен жауап бермеді, оның орнына «тұтқындарды босатудағы үлкен табыстары» үшін Жоламанға 327 сомдық сыйлық жібереді. Сонымен қатар бір мезгілде Орынбор Шекара Комиссиясы Жоламанға бұдан былайғы келіссөздердің Шерғазы хан арқылы жүргізілуі керек екендігін хабарлайды. Ал Жоламан оны халқын сатқан опасыз ретінде өте жек көретін. Патша өкіметі тонаған қазақтардың өмір сүруге қажет талаптарын қажет талаптарын бейбіт жолмен қанағаттандыруға тырысқан жолдаманның әрекеттері осылайша нәтижесіз аяқталды.
Бірнеше рет жасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған соң Жоламан қарулы күрес жолына түсуге мәжбүр болды. Оның ұйымдастырған отрядтары шекара заставаларына, билеуші сұлтандардың қонысына шабуыл жасай бастады.
Жоламан Тіленшиевті ұстау үшін қазақ даласына қайта-қайта жазалау отрядтары жіберілді. Көтеріліске шыққан қазақтар осы кезде қарап жатпай, Жоламан Тіленшиевке қарсы жүргізілген барлық іс-қимылға белсене қатысушы, патша өкіметіне әбден берілген Шерғазы ханға да қарсы күресті Жоламан 1823 жылы күзде тұтқындағы жасауыл падуровты босату туралы келіссөз жүргізуге келген хорунжий Биккиниге Ресейге қарсы соғысты Елек өзені бойына бекініс шебі салғаны үшін жүргізіп отырғандығын, себебі ол жерлерде бұрын қазақтармен бірге мұның өзінің де мал азығына ыңғайлы жерлері болғаны, ал қазір тақыр далада көшіп-қонуға мәжбүр болғанын , олар үшін қазір аштан өлу немесе өз істері үшін күресіп өлудің бәрібір екендігін, Жаңа Елек Шебі бойындағы жерлер ордалықтарға берілмесе, Зен, Қамыс-Самар жанындағы қарауылдар әкетілмесе онда ордалықтар бекініс шебіне шабуыл жасауды тоқтатпайтындығын айтты /12/.
Жоламан көтенрілісінің кең қанат жайған кезі 1835 жылы болатын. Осы кезде Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ рулары өз беттерінше күреске шыға бастады. Орск мен Троицк арасында Жаңа шеп салынуы оларды 10 000 шаршы шақырымнан астам жерінен айырылған болатын. Билеуші сұлтандардың ауылынна шабуыл жасау себептерін қазақтар сол сұлтандардың үкіметтің қазақтарға мал бағуға рұқсат алып беруге жарамай отырғандығғы үшін деп түсіндірді.
Көтерілісшілер қозғалысы 1838 жылы Кіші жүзде Бөкей ордасында халық көтерілісінің көсемдері Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов болған кезде ерекше өрлей түсті. 1838 жылдың орта тұсында қарай Елек қалашығынан Орск, Тройцк қамалдарына дейінгі шекаралық Шепке жақын жерде көшіп-қонған қазақтар көтеріліске қамтылды және олар топталып Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Көшкен қазақтарды қайтару үшін және Жоламан көтерілісін басу үшін патша үкіметі қырға үш отряд жіберді.
Жоламан Тіленшиев қозғалысының басты мазмұны жер үшін, жоғалтқан жайылымдар үшін күрес болды. Осындай күрес орта жүздегі Саржан Қасымов қозғалысының да негізі болды. Саржан қозғалысына түрткі болған 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғының» енгізілуі еді. Патша үкіметі бұл «Жарғыны»жүзеге асыруға бірден кірісе қойған жоқ. Үкімет әуелі тиісінше дайындық жұмыстарын жүргізу керек деп шешті. Осы мақсатпен қырға, жеке қазақ руларымен жұмыс жүргізу үшін, осы приказдардың құрылуының қажеттігін дәлелдеуші патша тыңшыларын-қазақ сұлтандарын жібере бастады. Олар приказдар жергілікті халықтың мүддесін қорғау үшін ашылады деп дәлелдемек болды /23/.
Қазақ даласында 1824 жылғы алғашқы приказдарды құру үшін екі экспедиция жасақталды, бірі-Омбы облысын басқарушы полковник Броневскийдің бастауымен Көкшетауға жіберілді.
Сонымен 1824 жылы 8 ақпанда сұлтандар мен билердің белсене қатысуымен патша үкіметі бірінші Қарқаралы приказын құрды, оның бастығы болып аға сұлтан, подполковник Тұрсын Шыңғысов сайланды. Сол жылы подполковник Григоревский Көкшетау приказын құрды. Бұл приказдар патша өкіметінің Қазақстанды одан әрі бұғаулау ісінің басталуы рөлін атқарды.
Қарқаралы және Көкшетау приказдарының өз бетінше күреске көтерілген халық бұқарасына Саржан сұлтан басшылық етті, ол 1824 жылдан 1836 жылға дейін патша старшындарымен аға сұлтандарға қарсы қажымай-талмай күрес жүргізді. Саржан приказдарды жоюды, қазақ даласынан әскерлерді әкетуді және қазақтардың бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті.
Қожан, Тама, Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары 1825-1826 жылдары Саржан Қасымовтың туының астына көтеріліске шығуға жиналды. Осы уақытқа дейін көтерілісшілер саны көбейіп қалған болатын. Осыған орай Қарқаралы округтік приказының 1826 жылғы 14 маусымдағы хабарында былай делінген: “Мына соңғылары 1000 -ға жуық жиналған адамымен болыстарды төңіректеп, оларға өздерінің салық жинаушыларын жіберді, бағынбағандарға шабуыл жасап, тонап кетеді.” Көтерілісшілердің қатары күннен күнге көбейе түсуде. 1826 жылдың ротасына таман Саржан өзінің ордасын Бұғылы және Тағылы деген еді мекенге көшіреді. Осы жерде оған Қаракесек, Үйсін, Жағалбайлы және Шор болыстарының қазақтары қосылды.Саржан бауыры Есенгелді екеуі ауылдарды аралап, жұртты өкімет пен аға сұлтандарға қарсы күреске шақырды. Ол әсіресе Бөкей ордасының сұлтандарын өте жек көрді, оның ішінде Қарқаралы округінің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысовқа да өш еді /12/.
1826 жылы тамызда Саржан өзінің отрядымен Қарқаралы округіне шабуыл жасады. Саржанның Қарқаралы маңында көрінгені туралы хабарлай отырып, Омбы облысының басқарушысы полковник Броневский былай деп жазған: “Саржанға барлық қарақшылар жиналуда. Олар Ордадағы барлық тыныштықты бұзып, жеңілтек қырғыздарды желіктіруде, Ресей үкіметінің жүргізген тәртіптеріне зиян келтіруде… Саржан сұлтан 1825 жылға қарай Қарқаралы округі сұлтандары Тұрсын Шыңғысов және басқа да сұлтандарды Ресейге бағынғаны үшін жек көріп, қарулы адам жинап, округке шабуыл жасауға да батылы барды.”
Патша билігіндегілер “басты бүлікшілердің”-көтеріліс басшыларының шындап соңына түсті. 1825-1826 жылдары, атап айтқанда, көтерілісшілер Қарқаралы приказына шабуыл жасаған кезде, Саржан Қасымовтың бірнеше жауынгер серіктері тұтқындалды.1826 жылғы 31 қаңтарда болған алғашқы ашық қақтығыс Саржан сұлтанның соғыста жеңілуімен аяқталды; оның тұтқынға түскен «пікірлестері» қарусыздандырылып, Омбы ордононсгаузы жанындағы әскери сотқа берілді. Сұлтан өз серіктерімен бірге көптеген ауылдарымен Орынбор шебіне қарай көшіп, қудалаудан құтылып үлгерді, Тройцк қаласына жақын Кидел-Қыпшақ болысында қыстап шықты.
Көтерілісшілердің шоғырлану аясының өзгертілуі айқын мақсатқа-патша өкіметі басқа бір Жарғыны- “Орынбор қазақтары туралы” жарғыны қолданысқа енгізбекші болған Кіші жүз ауылдарында үкіметке қарсы пиғылды өршіту мақсатына байланысты болатын, ал бұған осы аймақта Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазынының тұтқынға алынып, содан соң Калуга қаласына жер аударылып жіберілуі негіз болған еді. Енді Батыс Сібірдің де, Орынбордың да генерал-губернаторлары Саржан сұлтанға “даладағы барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп қарады. Көтерілісшілердің этникалық құрамы қашқын орыстар, татарлар қосылып, барған сайын интернационалдық сипат ала түсті; халық қозғалысы қамтыған аудандарда ара-тұра Қоқан, Хиуа хандықтарының, Бұхара әмірлігінің өкілдері болып тұрды.
Қабылданған Жарғының VI тарауына сәйкес “қазақтардың тәртіпсіздіктері мен бетімен кетушіліктері үшін ” жауапкершілік ең алдымен сұлтандарға жүктелгенімен, 1826 жылдың бүкіл жазы бойында Саржан жасақтарының белсенді қимылы әлсіремей,барған сайын жаңа болыстарды қозғалысқа тарта берді. “Қазақтар арасында ашу-ыза туғызу ниетін ойлаған” көптеген сұлтандар округтік приказдардың “бастапқы құрылысын күйрету” жөніндегі саяси талаптармен шектелмей, жер-жерде қаруланған көп партияларды топтастырды, бұл орайда отаршыл әкімшілікке адалдығын сақтап қалған ауылдарды қорқытудан тайынбады. Саржан жасақтарының бірін басқарған Абылай Ғаббасов өзінің ерекше ымырасыздығымен көзге түсті, ол Қарқаралы приказына жақындап келіп, бірқатар болыстарды өзіне ертіп алды, өзінің сенімді адамдарын көрші аудандарға, ең алдымен Көкшетау округіне жіберіп, оның сұлтандарына олардың өзі бағынатын заңды өкіметке бағынбауға ақыл берді.
Көкшетау округінде қозғалысты Сартай Шыңғысов басқарды, ол да көтеріліс басшысы Саржан Қасымовтың көзқарасына қосылатын. Қазақ жерлерін біріктіруге ұмтылған атақты Абылай ханды ерекше құрмет тұтатын Қарауыл облысының өкілі Сартай Шыңғысов өзқимылын Ғұбайдолламен үйлестіріп, өзі жалпыхалықтық жетекші Саржан сұлтанның билігіне толық бағынды. Халық қарсыласуының одан әрі күшеюінен қорқу Омбы облыстық бастығы де Сент-Лоранды 1825 жылғы 4 қыркүйекте “құпия” деген белгімен Қарқаралы округі әскери күзетінің бастығы жүзбасы Карбышевке Саржан, Ғұбайдолла және Сартай сұлтандарды оларды бір-бірінен ұзап кеткен кезін күтіп, іздеп табуға және қолға түсіруге кірісуді міндеттеуге итермеледі. Бұл орайда қиын кедергілер кездескен жағдайда Карбышев олардың бірі-Саржан Қасымовты қолға түсіруге ұмтылуға тиіс болды.
Сол кездің өзінде көтерілісшілерге қарсы қимыл жасап жүрген 200 казактан басқа, Карбышевтің қарамағына орындарды алуға жіберген офицерлері бар 150 казак келді. Тұтқынға алынған сұлтандарды әскери сотқа беру үшін “ең қысқа жолмен айдау арқылы ” Омбыға жеткізу көзделді, ал олардың әрекеттері 1822 жылғы Жарғының “Мемлекеттік опасыздық туралы” туралы бабына жатқызылды, сондықтан Саржан сұлтанның Омбы бекінісінде өз тағдырларыныцң не боларын күтіп жатқан 12 серігі сияқты, олар да өлім жазасына кесіліп, ең жақсы дегенде Сібірге, каторгалық жұмыстарға жіберілуі мүмкін еді.
Сол кезде Омбыда қалалық ордононгауз жанынан арнулы комиссия құрылды; колледж тіркеушісі Пиррожковқа Саржан сұлтан “қарақшыларының” 12 қазағының айғақтарын қазақ тілінен орыс тіліне аударумен айналысуға пәрмен берілді. Көтеріліске қатысқандарды аяғандықтан болар абақтыға қамалып, торығып жатқан қазақтардың қайғылы тағдырына жан ашығандықтан болар, қамаудағы 12 адамның үшеуі түрмеден кепілдікке босатылып, бұл облыс кеңсесінде нағыз әбігерлік туғызды. Заседатель Бубеннов, хатшы Елгин, бөлім бастығының қызметін атқарушы Захаров сотқа берілді, бұл іске қатысты бар облыстық кеңес шенеуніктеріне “аса қатаң сөгіс” жарияланды.
Осы аталған шенеуніктердің өздері үшін қатерлі, өкімет орындары қатаң айыптау мүмкін шешімге не үшін барғандары жөнінде пікір айту қиын. Едәуір көпшілігі Омбыда да жер аударылу мерзімін өтеп жүрген декабристердің ықпалына ұшыраған бұл адамдардың крепостниктікке қарсы қозғалыстың жалпы рухына сол арқылы үлес қосуға, Сібірдегі бұратаналардың, соның ішінде қазақтаардың ауыр жағдайын әйтеуір бір жеңілдетуге ұмтылуы мүмкін. Осы оқиғаға облыс бастықтарының ерекше мән бергенін, бұл жөнінде оның Батыс Сібір Бас басқармасына дереу хабарлағанын дәлелдейді. Солай дегенмен, қарулы бой көрсетулерді басып-жаныштауды ұйымдастыру міндеті жүктеген облыс бастықтары екі жақты көзқарас ұстанды: бір жағынан, халықтық қозғалысты оның жетекшісін тұтқынға алу жолымен басшысыз қалдыруды, екінші жағынан, жер жағдайын жақсы білетін шағын топтарға бөлініп жасырын қимылдау арқылы дұшпандық пиғылдағы ауылдардың шабуыл жасауы жағдайында күрес жүргізу тактикасын жүзеге асыруды көздеді, өйткені облыс бастықтары көтеріліс басталысымен-ақ Батыс Сібір Бас басқармасына былай деп жазды. “Мен Карпық болысының сұлтаны Саржан Қасымовтың бетімен кетушілігі және теріс қылықтарынан болуы мүмкін қырсықты ертерек көріп, оны болдырмау жөнінде соған сәйкес шаралар қолдану пайдалы болатынын айтпай кете алмаймын” I Николайдың Саржан сұлтанға әзірше “ешқандай қудалау қолданылмасын, оны қолға түсіруден бұл жөнінде үкіметтің көзқарасы нақтыланғанға дейін тоқтала тұрсын деген әмірі жеткізілді. 1826 жылғы 9 шілдеде Петропавл бенінісінде жергілікті өкімет орындарының көтерілісті басып жаныштау жөніндегі іс-қимылына шек қойылатын үкімет нұсқауы алынды” /14/.
20 жылдардың екінші жартысында Орта жүзде уақытша тыныштық орнады: үкімет 1824 жылдың өзінде-ақ ашылған Қарқаралы, Көкшетау округтерін нығайту жайын ойластырып және 1826 жылы Баянауыл округін құрып, көтеріліске шыққан ауылдардың ізіне түсу үшін ірі казак отрядтарын жабдықтаудан тартынды.
1827-1830 жылдар аралығында көшіп-қонып жүрген жерлерінен айырылған көптеген болыстардың қазақтары елдің ішкі аудандарына көше бастады. Соларды қайтару үшін Ақмола приказы жанындағы әскери отрядтың бастығы, полковник Шубинге Қарқаралы округіне көмектесу тарсырылды. Бірнеше отрядтар жасақталып жіберілгенімен, олар ештеңесіз оралды. Жай жүрмеген отрядтар бейбіт ауылдарға шабуыл жасап, қазақтарды одан әрі ызаландыратүсті.
1832 жылдың басынан Саржан қайтадан белсенді қимыл жасауға көшті. 1832 жылы наурызда Сұлукөл деген елді мекеннен шығып, екі інісі және 400 адамдық отрядымен Қарқаралы округіндегі Ресейге бағынған билердің ауылдарына шабуыл жасап, 1 600 жылқысын айдап әкетті, басқа да алғандары көп болды. Осы шабуылы туралы хабар Омбыға жеткізілді. Саржанның соңынан түсуге жіберілген жүзбасы Потаниннің отрядымен Сұлукөл маңында қатты шайқас болды. Зеңбіректері бар Потанин отрядының екпініне шыдамай, Саржан отряды кеш бата шегіне бастады.
Осы сәтсіздік 1832 жылы Саржанды Патша өкіметіне қарсы бірігіп күрес жүргізу үшін Ташкент құсбегімен одақ құруға итермеледі. Ташкент құсбегі оның ұсынысына қарсы болған жоқ. Осы жағдайға байланысты барон У-р былай деп жазды: “Оған Саржанның өзінің әкесі және бауырларымен бірге барды және бұлар өте жақсы қарсы алынды”.
Саржан Ташкент құсбегімен бірге тез арада біршама көп мөлшерде әскер жинап алды және қазақтарды патша өкіметіне қарсы көтеріліске шақыратын хат пен үндеулерді жан-жаққа тарата бастады.
1832 жылы Саржан мен Ташкент құсбегінің Орта жүзге келуі патша өкіметін мазалай бастады. Батыс Сібір генерал-губернаторы Вельяминов жедел түрде бірнеше отряд жасақтап көтерілісшілерге қарсы аттандырды. Осы жолы да көтерілісшілер патша отрядтарының тегеурінен елеулші шығынға ұшырады.Көтерілісшілер тек Қарқаралы және Көкшетау округтері қазақтарынан ғана белсенді қолдау тапқан. Сондықтанда өкімет бытыраңқы түрдегі бұл көтерілістің жеке ошақтарын тез арада басып тастады.
Сарысу өзені бойында көтерілісшілердің ізіне түсе отырып, патша отрядтары Ташкент құсбегі салдарынан екі беніністі қоршап алды. Осындай сәтсіздіктерге қарамастан Саржан күресті тоқтатқан жоқ. 1833 жыл барысында ол кішігірім отрядтармен патшалы Ресейге бағынышты сұлтандар мен билердің ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттерн мен разъездерге шабуыл жасап отырды. Көтерілісшілердің ізіне түсу күшейе түсті. Генерал-губернатор Вельяминов Омбы облысының бастығына Саржан Қасымовты қауіпті жау ретінде ұстауға бұйрық берді. Алайда Саржанды ұстау әрекеттерінің баплығы сәтсіз аяқталып отырды. Ташкент иеліктері төңірегінде жасырын жүріп, Саржан шапқыншылық жасауын жалғастыра берді. Патша өкіметіне күтпеген жағдай көмектесті. Атап айтқанда, Саржан Қоқан ханының Ташкенттегі ел басқарушысы-құсбегінің қолынан қаза тапты.
1834 жылы мамыр айында Ташкент құсбегі Саржанмен бірге, алты мың адамдық әскермен Орта жүз аймағына басып кіріп, Көкшетау округіне 200 шақырым жерде, Ұлытау маңына орналасқан. Құсбегі “Қорған” деп атаған бекініс салып, қазақтарға “бүлікшілікке шақыратын екі жүздей хат жолдады”. Шорман және Тілеулі билерге жазған хатында ол былай дейді: “Біз 40 мыңдық адамдық күшпен, алты айға жететін азық-түлігімізбен келдік және Алашахан деген жерге тоқтадық”.
Ташкент құсбегіне қарсы күресу үшін бір мың адамдық 6 зеңбірегі бар, генерал-майор Броневский басшылығындағы отряд жасақталды. Ол 1834 жылы Ақмола приказынан шығып, Ұлытауға жылдам жетті, бірақ құсбегі оның келе жатқанын естіп, Бетпақдалаға қарай қашты. Қорғанда қалдырған шағын гарнизон аз уақыттан соң Броневскийге берілді. Осыдан кейін Ташкент құсбегі Ресейге қарсы жорыққа шыққан жоқ. Патша отрядтары ығыстырған Саржан бұрынғыдай Қоқан ханының қолдауына үміттеніп, өзінің сарбаздарымен Ұлы жүз жеріне оралды. Осы жерде ол Ұлы жүз қазақтарының және Сыр бойындағы бытыраңқы күштерін патша оаршыларын.а қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент құсбегінің қол астындағы қазақтарды да өз жағына тартқысы келді. Бірақ бұл Ұла қазақтарын бағындыруға Саржанды пайдаланғысы келген құсбегінің мүддесіне сай емес еді. Осы негізде туған жанжалдың нәтижесінде ташкенттіктер 1836 жылдың жазында Саржан мен оның ұлдарын опасыздықпен өлтірді. Ташкент құсбегі өз қоластындағы қазақ даласындағы Саржанның іс-әрекетін естіген соң, балаларын келісім жүргізуге жіберуін сұрап Қасым Абылайхановқа өкілін жібереді. Қасым өзінің балалары – Саржан, Есенгелді және Ержанға 20 жігіт қосып, құсбегіне аттандырады. Олардың арасында кейіннен Кенесарының атақты батыры болған, ол кезде 19 жастағы Ағыбай да бар еді.
Саржан Қасымовтың өліміне патша өкіметі үлкен мән берді. Алайда олардың Саржан қасымовтың өлімінен соң қырдағы толқулар тоқтайтын шығар деген үміті ақталмады. “Сібір қырғыздары туралы жарғының” енгізілуіне жауап ретінде халық бұқарасы бас көтеріп, Саржан Қасымов жетекшілік еткен көтерілістің маңызы өте зор болды. Ол алдағы айқастарға бұқараны дайындап, саяси күрестің жақсы мектебі қызметін атқарды.
20-30 жылдардағы күрестің барысында өзгелелерден оқшау бытыраңқы қимылдан нәтиже шықпайтыны және ортаазиялық билеушілерден көмек күту көтеріліс басшыларының өздері үшін қауіпті екені анықталды. Бұл жағдай Кенесары Қасымовтың көтерілісінде ескерілді. Онда қазақ жүздері жұртшылығының көпшілігі Кенесары Қасымовтың басшылығымен атқа қонып, патша отаршылдарына, Қоқан мен Хиуаға қарсы күреске шыққан еді.
II-тарау. XIX ғасырдың ортасындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
2.1 Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.
Бөкей ордасын 1801 жылы Нұралы ханның баласы Бөкейдің орыс патшасы Павел бірінші рұқсатымен, қ ұрғаны белгілі. Хандық Жайық пен Еділ аралығындағы құнарлы жерде орн.аласқан.
Бөкей ордасы жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен Орал бойындағы патша әскери бекінісімен және Каспийдің Солтүстік жағалаауындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектеседі. Оның ауқымы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жердщі алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орынбор әкімшілігінің қолдауымен Бөкей сұлтан 1812 жылы өзі құрған орданың ханы болып сайланды. 30 жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай шарушылықпен 80 мың адам қоныстанды. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс полмещиктері Юсупов пенБезбородконың жекеменшік иелігіне өтті.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы, Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жерлерді казак орыстардың пайдалануына алып қойды. Жерге байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызы зор жакғдайлар келіп қосылды. Бұл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзде басқаруды өздерінің мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар аралық (басқару жүйесі) құрылып, оның бастығы қызметі енгізілді. Жайық өзені боцындағы жерлерді Орал орыс-казак әскері иемденді. Қазақтарға Жайықөзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тыйым салынды /24/.
Бұданбасқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан жалға алған жерлерінің құны үшін уақытша есеп айырысуға тиісті болды. Тек есеп айырысқаннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларының жерлеріне өздерінің малдарын бағуға рұқсат алды. Қанаушы топтар өкілдері қазақ ауылдарынан арендалық ақыны жылдан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан айыптар, әр түрлі салықтар жинап отырды.
1815 жылы Бөкей хан қайтыс болды. Осыдан кейін хандық билік оның баласы Жәңгірге көшті. Бірақ оның кәмелетке толуына дейін орданы уақытша Бөкей ханның туған інісі Шығай сұлтан басқарды.
1824 жылы Жәңгір патша үкіметінің жарлығымен хан деп жарияланды. Жәңгір хан тағына отырған соң, патша әкімшілігінің қолдаумен, халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстурлі жүйесін қайта құруға кірісті.
1827 жылы жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатып, елді осы орталықта басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға 12 старшын, сондай-ақ бірнеше базар сұлтандар қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергеуші штатта тұрды.
Осы жылдары Бөкей хандығында қазақ халқына зкономикалық қысым күшейе түсті, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары күрт қиратылды. Астрахань губернаторнының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт-дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылысты қайта құрудың жоспарларын жасады. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі қазақ қоғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде құлақ асатын, өзінше бір “сауатты” аймақтық хандық құруды көздеді.
Патша әкімшілігінің жергілікті ұйымдарына және негізінен алғанда, патша өкіметінде қызмет атқаратын ірі және орташа жергілікті шонжарлар бөлігіне біржақты сүйене отырып, хан билігі зор табандылықпен жүргізген саясат хандық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, ауылдық-қауымдық жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеп соқты. Осының салдары ретінде ол шаруашылық өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық ұжымдардың экономикалық әлеуетінің құлдырауын, жоқшылыққа ұшырап, кедейленген қожалықтар санының едәуір көбеюін, хан билігінің беделі мен ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты туғызды.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып, барынша күш сала жүргізген саясаты отарлық езгінің күшеюіне, қазақ бұқарасының наразылығына әкелді.
Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруларға салық салды. Елдің қанын сүліктей сорды.
1831 жылы Ресеймен шектес жерлерде сұлтандар мен Орынбор шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылып, әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Бара-бара одан да сорақы жағжай қалыптасты. Жайық бойын иемденген Орал казак-орыс әскерлері қазақтарға Жайық өзенінен өтуге немесе оның жағасына көшіп-қонуға тыйым салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар мен старшындар қазақ шаруаларын Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы қатты болып, жұттан көп мал қырылды. Қалған малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы князь Юсупов пен граф Безьородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байжурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырысалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне наразылығын күшейтті. Олардың арасында толқулар басталып, аяғында келіп, 1836-1838 жылдары Ішкі Орданы және бүкіл Кіші жүзді қамтыған халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-қазақ шаруалары. Сонымен қатар оған старшындар, билердің де бірқатар өкілдері қатысты. Алайда, көтеріліс тегеуріні әлсірей бастағанда үстем тап өкілдері Жәңгір мен патша жазалаушы шоғырларының жағына шығып, сатқындық жасады, көтерілістің жеңілісін тездетті /22/.
Бұл көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен МАхамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин ықпал жасады. 1808 жылы Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатайдың ең жақын серігі – ақын Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы туылған. Оны анасы Қосуан тәрбиеленген. Ол татар және орыс тілдерін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен таныс болған. Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген саяхатшы Г.С.Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасаған.
Бөкей хан Исатайды 1812 жылы жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындайды. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс Құлманиязовты тоанады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады. Одан 20 мың сом кепіл беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшын ретінде Бөкей Ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады. Атырау бекінісінен келген Дон казактарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол бойында Исатай конвойдан қашып шығып елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де Жәңгір ханның Исатайдың соңынан түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың озбырлығына душар болуына байланыста әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті одан әрі жалғастырды.
Күрестің күшеюіне, 1833 жылы жәңгір хан өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде көшін жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы себепші болды. Қарнауылқожаның қазақ шаруаларына рақымсыздығы, шектен шыққан бассыздығы, Жәңгір және оны қолдаған феодалдық күштердің халық мүддесімен санаспауы, таптар арасындағы әлеуметтік тартысты жылдан-жылға шиеленістірді. Қарауылқожаның үсінен түскен бұқара халықтың шағымдарына Жәңгір хан мән бермей, жауып тастап отырды. Бұған қоса Ішкі Ордамен іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, патша шенеуніктері мен помещиктерінің озбырлығыц халықтың наразылығын күшейтті. Қазақ шаруларын екі жақтан бірдей қанауға түсуі халықты тек өз феодалдарына ғана қарсы емес, сонымен қатар Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы шығуына итермеледі. Сөйтіп қозғалыстың басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, патша өкіметінің отарлау саясатын тоқтату еді.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі өзінің дамуында басты үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең- 1833-1836 жылдарға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретінде сипатталады.Екінші кезең-көтерілісшілердің ханға қарсы шығуынан бастап, олардың жеңіліске ұшырауына яғни 1837 жылдың қараша айына дейінгі кезеңі.Үшінші кезең- Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердіңшағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтуінен жаңа ұрысқа күш жинаудан Ақбұлақ-Қиыл өзені маңындағы ұрыста біржолата жеңілуге дейінгі (1838 жылғы шілде айының орта кезі) уақытты қамтиды /2/.
Беріш руының оңтүстікте көшіп жүрген ауылдары қоғамдық ашу-ыза мен қозғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай Тайманов басқаратын, кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның халық бұқарасын басқарудан зор тәжірибесі бар еді, ерлігі, батылдығы және әскербасылық қасиеттері болды. Көтерілісті бастаушы Исатай Тайманов болса, оны қостаушы әрі жалынды жаршысы Махамбет Өтемісұлы болды. Дарынды суырып салма ақын, жалынды шешен және өр мінезімен , терең ойлылығымен көшпелілердің мүдделерін қорғауда көзге түскен. Осыдан кейін хандықтың оңтүстігіндегі азаттық қозғалысы қалыптаса бастаған кезде аса көрнекті қайраткер – Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов тізе қосты.
Исатай мен Махамбетті хан билігі өз жағына тартуға тырысқан барлық әрекеттері ешқандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы әрекеттері барған сайын өршіп, тереңдей түсті. Сол кезде Жәңгір оларды ашықтан-ашық қудалауға және олар жөнінде шаралар қолдануға көшті. Ол Махамбет Өтемісовті тұтқынға алғызды. Ол “хан иеліктерінен кетуге ” және Жайықтың сол жағасына өтуге “үгіт жүргізіп, әрекет жасағаны үшін” 1829 жылдан 1830жылдың қыркүйегіне дейін Калмыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан рулардың басқарушысы етіп Қарауылқожа Бабажановтың тағайындалуы, бірінші кезекте, Исатай мен Махамбеттің айтқанға көнбей, “бетімен кетушілігіне ” қарсы өш алу, оларды халықтан бөліп тастауға қол жеткізу үшін және оларға үнемі бақылау жасап отыру мақсатында жасалды. Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдында Исатайды беріш руын басқарушы қызметінен аластату туралы және оған өзі мен оған ниеттес ауылдарды құнарсыз жайылымдықучаскелерге көшіру туралы мәселе қоюдан бастады.
Оңтүстіктің көптеген ауылдарының өмірі 1833 жылдан бастап өзгеріске ұшырай басды. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көшуінің орнына, рулық қауымдардың көші-қоны жақындай түсті; жолбойында ру бөлімшелерінің асығыс тапсырмалы жаулаушылары мен хабаршылары жосып жүрді; жиындар мен кеңестер өткізіліп, ауылдардың төңірегінде хан қол шоқпарларының жасалуы мүмкіншабылдарына қарсы қарауыл бекеттері құрылды. Азаттық қозғалысының осы “жергілікті” кезеңіне мынадай белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп, олардың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай сұлтан топтарының саясатына қарсы бағытталған қозғалысқа барған сайынжаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізді. Күштер топтастырылып, біртұтас ұйымға біріктірілген қарулы жасақтар құрылып жатты. Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттарының бірінде 1836 жылдың мамырында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті “өте зиянды” адамдар деп сипаттап, оларды ұстап алуды және “Ордадан біржола аластауды” сұрады. Үшіншіден, әсіресе, 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін көрінеу көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен Махамбет халық жиындарының бірінде ханның қатысуынсыз және оған жалтақтамай дербес басқаратынын жариялады. Бесіншіден, азаттық жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа бөліктеріне таралды. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды.Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагенрі мен азаттық қозғалысының лагері құрылды.
Көтерілісті өткізу мен дайындаудың барлық кезеңдерінде азаттық қозғалысының негізгі әлеуметтік базасы еңбекші көшпелі шаруалар болды. Қозғалыстың көптеген белсенді қатысушылары халықтың кедей және ең кедей топтарынан шыққандар еді. Көтеріліс басшыларының өздері Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтің, олардың ер жеткен балаларының және азаттық қозғалысына белсене қатысқан туыстарының түгелдей жеке еңбегімен бағатын азын-аулақ малы болған және шаруа әлеуметтік тобына жатқандығы айтылады.
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қозғалыс күштері жағынан шаруалар көтерілісі болды, мұның өзі ордада терең әлеуметтік жіктелу үрдісі болғанын дәлелдеді. Көтерілістің бағытын, дәлелдері мен идеологиясын көп жағынан оның шаруа мүддесін қорғау сипаты анықтады.
1836 жылы ақпанда халықтың хан сұлтандарға қарсы наразылығы күшейіп, ашықтан-ашық шайқасқа шыға бастады. Бұдан шошынған Жәңгір хан қозғалысты бастап, дем беруші беріш руының қоныстарына бірнеше қожа мен старшын жіберіп, көтерісті тоқтатуды талап етті. Исатайға жазған хатында ол өзара достасу туралы және патшаға адал қызмет көрсету туралы осы бүлікті тоқтатып, татуласайық деген ойын білдіріп отырды. Әрине бұған Исатай мойынсынбаған.
Жазға қарай Исатайдың ауылына хан, сұлтандардың озбырлығына, әділетсіздігіне шыдамай наразы болғандар ағылып келіп жатты. 1836 жылдың қазан айының аяғында Исатайдың туы астында 20 ауыл көшіп келді. Олар әр түрлі рулардан еді. Бәрі Исатай мен Махамбеттен әділеттік іздеді. Енді одан әрі төзуге болмайтын еді. Исатай хан ордасына барамын деп шешіп, бұл сапарда исатай жалғыз болған жоқ. Оның қасына Махамбет, Иса, Тінәлі, Есмағамбет, Рахмет, Құба, Амаштай, хатшы ретінде Исатайдың ұлы Жақия ерді. Жыл бойы оларға ханға барып ру басшыларына шағым айтқысы келген көп кісілер қосылып, жүз қаралы адам жиналды.
Исатайдың келе жатқанын естіген хан оның алдынан бірнеше старшын жіберді. Бұлар Исатай тобымен хан ордасынан 100 шақырым жердегі Толыбай құмында кездесті. Жаналыұлы деген сұлтаннан Исатай қолхат алып тұрып, көптің көзінше халықтың ханға қоятын талабын айтып берді. Бұл талаптарды ханның орындамайтынын білген Исатай, оның қаншалықты қаныпезер екеніне жұрттың көзін жеткізіп, ханға деген сенімін сейілткісі келген.
Жәңгір хан Орынбор шекара комиссиясына Исатай мен Махамбетті әскер күшімен ұстап алып кісен салып, жер аудару керек деп қайта-қайта талап қойды. Исатай мен Махамбеттің халық мұңын жоқтаушы ретінде абырой беделі жоғарылап, даңқы қазақ даласына кеңінен тарады. Жәңгірдің жанындағылар Исатай мен Махамбетті қудалаумен тынбай, оған арыз айта барғандардың малын тартып алып, күзгі шөбін өртеп, оларды қыспаққа алды. 1836 жылы казан айында Қыпшақ руының мың үйі, 200 адамы, көптеген малы мен шөбі өртеніп кетті. Қарауылқожаның сөзін сөйлейтін старшындар патшаға Исатайдың үстінен арыз жазып, осы жағдайдың бәріне кінәлі Исатай Тайманов деп көрсетті.
Ордадағы оқиғалар 1836 жылдың аяғында Петербург сарайына әбден белгілі болды. Астрахань губернаторының граф Чернышевқа хабарынан көтерілістің үдеп бара жатқанына наразылық білдірген
I Николай патша “бүліктің” басшыларын қатаң жазалауды талап етті. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский көтерілісті басу үшін подполковник Гекенің басқаруымен әскери күш бөлді. Оған Жайық казак-орыс атаманы Покатиловпен және жәңгірмен бірігіп көтерілісті жаншуды тастады.
Осындай жағдайдан кейін Исатайдың басына мазасыз күндер туды. Хан жағындағылар халықты талап, талайларды жазықсыз таяққа жықты. Жапа шеккендер әділдік іздеп Исатайға келді. 1836 жылғы қарашада жапаровтың өлімі жөніндегі іс қайта қозғалды. Старшина Сиротин, депутат Чукшин дегендер жауап алғанда, Исатай: “Менің Қарауылқожаның озбырлығын тоқтатуға әрекеттенгенім, старшындардың қарапайым халықты зәбірлеуіне қарсы болғаным рас. Бірақ сексекдегі шалды өлтіруге ешбір қатысым жоқ”,-деп мәлімдеді.
Қазақ жігіттерінің күшімен Исатай, Махамбеттер 1837 жылы қазан айында ханның қайын атасы Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Малдарын алып,өздерін қашуға мәжьүр етеді. Ханның кеңесшісі, Ордадағы ең бай феодалдардың бірі- Балқы ауылдарының талануы көтерілісшілердің қатарының өсуіне әсер етті. Сол жылғы қараша айында Исатай мен Махамбет хан ордасын шабуғабел буып, өз шоғырымен Ордаға аттанады. Исатайдың екі мыңнан астам сарбаздары хан сарайын қоршауға алған кезде ханның әскер күші аз болды. Оны халық жасақтары бір ұмтылғанда-ақ жайпап кететін еді. Исатай кешірім сұрап, бәйек болған хан сөзіне алданыпбірнеше күнді босқа өткізді. СОлл екі арада ханға Орынбордан әскер күші көмекке келіп жетті. Исатай ханнан Балқы би мен Қарауылқожаны төңірегінен аластауды, билікті ру старшындарына берудіталап етті. Бұған хан көнбеді, өйткені ол осы тұста келіп үлгерген подполковник Геке бастаған казак-орыс шоғырларымен Исатайға қарсы тұра алатын халге жетті. 700 казак-орыс, екі зеңбірек, ханның 400 сарбазы Исатайларға тегеурінді қарсылық көрсетті. 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерже шайқас басталғанда көтерілісшілер казак-орыстарды біршама ығыстырды. Арғымақ ат пен алмас қылышын кезек сілтеп жау ордасына кірген Исатай олардың көбін жайпап тастады. Сол кезде Геке зеңбірекпен атуға бұйрық берді. Сөйтіп, шайқастың барысында аласапыран басталды. Зеңбіректердің гүрсілдеген қорқынышты үні, снарядтардың Исатай жасақтарының арасында жиілеп жарылуы көтерілісшілердің жеңілуіне тікелей себепші болды. Алпыс жігіттен айырылған, мықты қаруланған жазалаушылардың күшіне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Күші басым жаудың қолына түспес үшін Исатай аз ғана топ жігіттерімен шегінуге мәжбүр болды.
Көтерілістің жеңілуіне өздерінің ұсақ мүдделерін көздеп қатысқан старшындар мен билердің сатқындығы да әсер етті. Олар Гекенің үндеуіне сеніп, көтерілісшілер қатарын шайқас алдында тастап кетті. Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісі көтерілістің кейінгі барысына да кері ықпалын тигізді. Көтерісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде бар болғаны ондаған өзіне берілген серіктері ғана қолды. Олар көптеген мал мүлкінен айырылды. Бұл сәтсіздік шаруалар қозғалысын үлкен қасіретке душар етті. Жәңгір хан Исатайды ұстап берген кісіге 500 сом күміс ақша беремін деп жариялады. Көтеріліс шағын-шағын топтарға бөлініп тарап кетті. Исатай мен Махамбет қуғыннан құтылу үшін, Жайықтың арғы жағына өтідің амалын қарастырды. 1837 жылғы желтоқсан айында Исатайдың тобы Жайықтан өтіп, Сарторғай, Қарақұм, Тайсойған мекендері, ойылдың сағасын басып өтті. Жазалаушы жасақтан араларын қашықтату үшін, Сағызға қарай тартты. Жазалаушылардың қуғыншылығы он сегіз күнге созылды. 1838 жылдың қаңтарында Исатай Тайманов өзінің жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қоныстарына келіп тоқтады. Оған Жайықтан бұрынырақ өткен
Науша тобы, Алаша руының ағаманы Сарыбөбек қосылды.
Көктем шығысымен жер-жерде қазақтардың қозғалысы қайтадан
қанат жайды. Елек өзенінің бойында Жоламанның жасағы, Сам құмдары мен Арал-Каспий аралығы кеңістігінде Жүсіп батыр бастаған,
Орталық Қазақстан далаларында Кенесары басқарған көтерілістер қимыл жасады. Осындай жағдайда Исатай Тайманов Хиуа хандығы жерінен шыққан Қайыпқали Есімовтың көтерілісшілерімен қосылуды жөн көрді. Қайыпқали Есімов өзін хан деп жариялады, оның жасағында үш мыңдай адам болды. Жасақтардың бірігуі Ойыл сағасындағы Шікілін руы ауылдарында өтті.
Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары отрядтарының бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысқан еді. Сондықтан олардың Исатай тобына қосылып кетуінен қорыққан Орынбор генерал-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға барлық күштерді жұмылдырды. Ол көтерілісшілерді басып -жаншу үшін бірнеше отрядтар жіберді. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казак-орыс жүздігі бар Айшуақұлы Баймағамбет сұлтан жасағы шықты. Орынбордан Исатайдың ескі танысы Гекенің басқаруында ірі әскери топтар жіберілді /16/.
Осындай қиын-қыстау жағдайда Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлына соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бірақ бұл кезде сұлтан Айшуақұлының қолы зеңбіректері бар полковник Геке әскерлерімен қосылып үлгерген еді. Оны Исатай тобы білмеді.
1838 жылы 12 шілдеде Исатайдың жасақтары мен полковник Геке бастаған қарулы күштер Ақбұлақ деген жерде ақырғы шайқаста кездесті. Зеңбіректерден жауған снарядтар көтерілісшілер қатарын бірден сиретіп, үрей туғызды. Оқты қардай боратқан патша әскерлеріне Исатай жасақтары қарсы тұра алмай шегінуге мәжбүр болды. Шегінген көтерілісшілерге сұлтан Баймағамбет Айшуақұлының жасақтары тыңнан тап берді. Исатай мен Махамбет өз сарбаздарымен қаһарман ерлігімен рухтандырп, ұрыс даласында сұлтанның жасақтарына тойтарыс беріп шегіндірді. Осы кезде көтерілісшілердің тыл жағынан казак-орыс жүздіктері қимыл жасап, оларды қоршауға ала бастады. Өзінен басым күшке төтеп бере алмаған көтерілісшілер бытырай қашты. Ауыр жаралан Исатайды қылышпен щауып, аяғында атып өлтірді. Осылайша батырдың қолы жеңіліске ұшырады. Көтерілісшілер қатарынан 70-80 адам қаза тапты, бірнеше адам Геке әскерінің қолына тұтқынға түсті. Исатайдың ажалына казак-орыстың оғы да қазақтардың сатқындығы да себеп болды. Бірақ оның ерлігі ер жүрегінде мәңгі сақталып қалды.
Исатай Тайманов қаза болғанна кейін күрес біршама бәсеңдей бастады. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижне-Уральск желісі маңындақимыл жасап жүрді. Махамбет Өтемісов далада жасырынды, кейін біраз уақыт өткеннен кейін қазақ ауылдары арасында ханға қарсы үгіт жүргізуге кірісті. 1846 жылы Баймағамбет сұлтан Айшуақұлының жіберген адамдары оны да өлтірді.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі жеңіліске ұшырады. Оның басты себебі –хан үкіметі мен билеуші сұлтандар жағында патша үкіметінің мықты қаруланған әскери күшінің болуы еді. Сондай-ақ бұл қозғалыстың қазақ елінің басқа жерлеріндегі хан, сұлтандарға қарсы шыққан күштерімен ешқандай байланысы болмады.
Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы осылай аяқталды. Бірақ ол Жайықтың сол жағасына ауысты. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын тастауды ойлаған жоқ. Исатай мен Махамбет мұнда да патша үкіметінің және жергілікті феодалдардың жазалау отрядтарымен шешуші шасйқас үшін күштерді шоғырландыру жөніндегі қызметін өрістетті. Олар 1838 жылдың көктеміне қарай билеуші сұлтан Айшуақов пен оның жақтастарына ғана емес, Жәңгір ханның өзіне де қорқыныш туғызған көтерілісші ірі отряд құрып алды. Орынбор генерал-губернаторлығы Кіші жүз аумағындағы Исатай Таймановтың қозғалысын басып-жаныштау үшін дала өңіріне жаңа отрядтарды жіберген үстіне жіберіп жатты.
1833-1838 жылдардағы халық бұқарасының шырқау шегінде шаруалар көтерілісіне айналған азаттық күресі өзінің өрлеуі кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Ол жер үшін күрес шеңберінен шығып кетті, дегенмен бұл оның әлеуметтік-экономикалық себептерінде айқындаушы жәйіт болып қала берді.
Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің біртекті еместігі, стихиялығы, нақты бағдарламасының жоқтығы, ұйымшылдығының жеткіліксіздігі оның жеңіліске ұшырауының негізгісебептері еді. Дегенмен, оның күшті жақтары аземес еді. Көтерілісшілер байлардың, хан төңірегіндегілердің қанаушылығына, патшалық ресейдің Кіші жүздегі отаршылдық саясатына қарсы күресті. Көтеріліс жеңілгенімен де, оның Қазақстанның батыс аймағының Ресей империясы құрамында дамуында терең із қалдырды. Жәңгір сарайының, сұлтандардың, хан туыстарының алым-салықты жылдан-жылға көтеруіне белгілі дәрежеде шек қойылды. Патша әкімшілігінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының би-старшындарымен санасуға тура келді. Көтеріліс Бөкей ордасындағы хандық биліктің әлсірегендігін, патша өкіметінің отаршылдық саясатының бүкіл қазақ өлкесінде тамыры жайылып бара жатқандығын көрсетті. Сондай-ақ бұл көтеріліс қазақ феодалдық топтарының Ресей отаршылдық билеушілерімен әбден ауыз жаласқанын дәлелдеді.
2.2 Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс.
XIX ғасырдың 30 –шы жылдарында патша үкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салықты төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша үкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қарамағына алды, оны пайдаоанған қазақтарға салық салынатын болды.
Осындай жағдайда бір орталыққа бірікпей, әлсіреген қазақ елінің алауыздығын пайдаланып, Қоқан мен Хиуа хандары Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші жүздің Оңтүстік өңірі мен Сырдария бойын өздеріне бағындырып, бірнеше бекіністер салып, қазақ ауылдарын ауыр алым-салықпен, бейбіт ауылдарға тонаушылық шабуылдарымен үлкен ауыртпалық әкеледі. Қоқан бектері орта жүзге де өздерінің билігін орнатуға тырысады /9/.
1822 жылғы „Сібір қазақтарының жарғысы” қазақтарда хан билігін жою, қазақ елін бөлшектеу, “бөліп ал да билей бер” саясаты жүргізіліп, қазақтарды тәуелсіздіктен, бостандықтан біржола айыру көзделеді.
Жері құнарлы Жайық бойы атты казктардың қонысына айналады. Арқаның Көкшетау, Қарқаралы, Есіл, Ертіс, Нұра, Ақмола жерінен қазақ ауылдары қуылып, бекініс қоныстар салына бастайды. Америкаға қоныстанушылыр жергілікті түземдіктерді жерлеріне қуу үшін ауру таратып, қырып, аңдарды жаппай жойғаны сияқты патша өкіметі де күнкөріс көзі мал болып табылатын елді жайылымдық жерлерінен қуып, құнарсыз шөлейтті аймақтарға ығыстыруы қазақ ауылдарына өте ауыр соққы болып тиеді.
1824 жылы Кенесарының әкесі Қасым арғын, найман, керей, уақ сынды рулардан қол жинап, орыстардың қонысына шабуыл жасап, қуғынға ұшыратады. Ілік іздеп отырған патша өкіметі қарулы әскер шығарып, қазақ ауылдарын шабады. Ел иелерінің бірлігі болмай, патша әскерлерінің тегеурініне төтеп бере алмаған Қасым туған жері Көкшетауды тастап, балалары Есенгелді, САржан, Бопы, Кенесары, Бопайды ертіп, орта жүздің арғын, найман, керей, уақ сияқты руларынан 40 мың үйіменен Қаратауға, Шу бойына келіп қоныстанады. Кенесарының әкесі Қасым, ағалары Есенгелді, Саржанды қоқандықтар жауыздықпен өлтіреді. Бұған төзбеген Кенесары қазақ Құрымбай датқаның көмегімен әке, ағаларын өлтірген қоқан бектерінен қанды кек алады да, Ұлытау өңіріне, одан Жаңаарқа жеріне көшеді.
Әкімшілік басқару жүйесін басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері округтерге бөлінді. Олар қазақ жерінде „бөліп алда билей бер“ деген отаршылдық қағиданы бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырттан құрсаулап көптеген бекіністер салынды.іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдар Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді.
XVIII-XIX ғасырларда болған қазақтардың барлық басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде-ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты-Қоқан мен Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген қазақ өңірлерінің дербестігін сақтау, қазкақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Көтерілістің қозғаушы күші-қазақ шаруалары. Бұл оған халықтық сипат береді. Сондай-ақ көтеріліске ірі ақсүйек өкілдері сұлтандар Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Тани Төртайұлы, Айғаным ханым, Ақмола округінен Күшік, Жадай, Жанай Айшуақұлдары, Кіші жүзден Жоламан би Тіленшіұлы және халық арасында беделдері аңызға айналған батырлар Ағыбай, Амангелді Имановтың атасы Иман, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Саурық, Сұраншы, Тайшыбек қатысады. Тек қазақ шаруалары ғана емес, Қоқан мен Хиуа бектерінен, қырғыз манаптарынан, орыс помещиктерінен озбырлық көрген, пана іздеген, әділеттік бостандықты көксеген орыс, өзбек, қырғыз, қарақалпақ ұлттарнының өкілдері де болды. Алғашқы ашық қақтығыс 1837 жылы Петропавл қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісінің казактарына шабуылдан басталады. Көтерілісшілер бұдан соң 1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісіне тұтқиыл шабуыл жасап, оны қиратып, өртеп жібереді. Гарнизон басшысы Карбышев пен аға сұлтан Қоңыр төре Құдаймендеұлы бекіністің өзен жақ есігінен зорға қашып құтылады /14/.
Отарлау саясатын жүргізгенде патша үкіметі жалаң күш қана емес, ел басқарудың небір әккі айла-амалдарын қолданғаны мәлім. Қазақ сұлтандары мен төрелеріне кейінгі мұраға қалдырылатын құнарлы жерлер, аға сұлтан, болыс, би сияқты әкімшілік қызметтерге тағайындау, алтын, күміспен ақы төлеу, алым-салықтан босату, адал қызметі үшін сарыала шекпен, алтындатқан қылыш, зерлі ту, грамота қағаздар беру сияқты құйтырқы әрекеттер жасайды. Ал қарсы болғандары қарақшы, ел бұзар, тонаушы атанады.
Кенесары Қасымұлы Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу –қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен қатар диплоиатиялық күш жігерді де талап ететінін білді. Кенесары Қасымұлы Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп ойлады.
Айлакер, ерекше сипатты саясатшы ретінде Кенесары Қасымов сұлтан құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялық та күш-жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын қолдағандарды қатаң жазалағанмен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізіне алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылықпен қабылдады, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәртіпті бұзғандар оның қаһарына ұшырып отыруы жиі болып тұрды.
Тарихи оқиғалар тізбегіне қарай Кенесары өмірін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- 1802-1837 жылдардағы есею, толысу кезі.
- 1837-1845 жылдар Қазақстан жерінде ұлт-азаттық қозғалысты басқарған қайраткерлік кезеңі.
- 1845-1847 жылдары Ресей, Қрқан және қырғыз манаптарымен күрес жүргізген соңғы кезеңі /17/.
Кенесары Қасымұлының күрескер ретінде есею, толысу кезеңі. Қазақстандағы патшалы Ресейдің отарлау саясатының күшейген уақытымен тұспа-тұс келген. Кенесары 1802 жылы Көкшетауда дүниеге келген.
Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін көрсетті. Ол патша әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерімізді басып алып, әскери қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр деп көрсетті.
Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да тартылды. Қазақ жерлерін әскери отарлауға, қоқан бектерінің зорлық-зомбылықтарына қарсы жалпыға бірдей күрес көтеріліске азаттық сипат берді. Кенесарыны қолдау жөнінен билердің, старшындардың, сұлтандардың бәрі бірдей дәйекті болмай шықты: негізгі күштердің басқа аудандарға шоғырландырылуы мен үнемі жылжып отыруына қарай рулық белгілері бойынша жинақталған жекелеген топтар негізгі ұйытқыдан бөлініп қалып отырды.
1841 жылы мамыр айында Кенесарының әскері Сарыарқаның орталық жері Ақтаудағы патша бекінісін басып алып, казактардан екі зеңбірек, жүзден аса мылтық олжалайды. Ақтау, Ортаудағы бекіністерді талқандағанда патша сұлтаны Қоңырқұлжа қоршаудан тағы да құтылып кетеді .
Осы жылы ордасын Ақтауға тіккен Кенесары тамыз айында Ташкентке аттанады. Арқадан Кенесары құрығанда бір айда келеді деп жайбарақат отырған Қоқан бектеріне олар алты күнде жетеді. Сусыз бетпақтың иен даласын көктей өткенімен, аттарының шөлін қойдың құйрық майымен басқанымен, сарбаздар арасында жұқпалы аурудың кесіріне Ташкент жорығы нәтиже бермейді. Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешітті қоршау, бірнеше қазақ жеріне орналасқан бекіністерді қирату қоқандықтардың зәресін ұшырады. Сөйтіп Қоқан бектері Кенесары м мен одақтасуды көздейді. Алайда қазақ жерін азатетуді аңсаған Кенесары ол одақтан бас тартады. Келесі 1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы Обручев, Сібір генерал-губернаторы Горчаков “бүлікші сұлтанды” қоршап алып, біржолата құрнтып жіберу үшін генерал-майор Жемчужников, полковник Дуниковский, старшина Лебедев, сұлтандар Б. Айшуақов, Арыстан Жантөрин сияқтылар бастаған ірі-ірі отрядтарды тұс-тұстан аттандырады. Кеннесары сарбаздары шағын-шағын қолға оларға ойламаған жерден оқыс шабуылжасап, ойсырата соққы беріп, қас- қағымда кетіп қалып отырады. Патшаның зеңбірек, винтовкалы, күш көлікті ауыр отрядтарына Кенесары шапшаң қимылды қайсар сарбаздарын қарсы қоя біледі /20/.
Осынау азаттық қозғалысы қанат жайып, оның көсемі Кенесарының аты жер жарып тұрғанда Сарысудың бойында үш жүздің өкілдері бас қосып, баталасып, ежелгі дәстүр бойынша оны ақ киізге салып көтеріп, хан сайлайды. Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жеті жыл бойы патша өкіметіне бой бермей, уақыт өткен сайын кең байтақ қазақ елінің жаңа аймағына жайылып, өрши береді. Осы туралы Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Генстің хаты мынадай мәлімет береді: “Ол, яғни Кенесары Орда басшысына айналды. Күш салып табысты қимылдай бастаған сайын жақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейген сайын, бізге қауіпті бола түсуде” деп жазады.
Кенесары – мемлекет қайратері. Ол өз мемлекетін нығайту мақсатында прогрессивті маңызы бар реформалар жүргізген. Осы реформалар қазақ халқы күштерінің бірігуіне, қазақ мемлекетінің күшеюіне әсер етеді. Мемлекеттік аппаратта мемлекеттің басында Кенесарының өзі тұрған. Ең жақын серіктерінен – батырлар, билер, хан туыстарынан – хан кеңесі құрылады. Хан кеңесі кеңесуші, ақылдасушы орын болады. Кеңесте бытыраңқылықты қолдайтын ақсүйектер енгізілмейді, азаттық үшін күресте хан құрметі мен сеніміне ие болған адамдар мүше болған, шешуші дауысқа хан ие болады. Кенесары мемелекетті сот, елшілік, қаржы-қаражат, әскери іспен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарады. Оның тұсында елді басқару белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарт жеке салаларға бөлінеді, әр атқарушы белгілі-бір мемлекеттік функцияға ие болады /21/.
Сот – құқықтық реформаның мақсаты барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді. Кенесары қызметін бақылап отырған патша өкіметі де оның барымтаны тоқтату туралы шешіміне ерекше мән береді. “Кенесары өз жағындағы қырғыздарға барымтаны, ұрлықты тоқтатуға және тыныш өмір сүруге бұйрық берді, содан кейін оның ауыолдарында көшіп-қонуда тыныштық орнады” деп жазады әскери старшина Лебедев.
Кенесары жас сарбаздаоды әскери іске жүйелі түрде баулуды қолға алған. Әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. Көтерілісшілерді әскери іске қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйреткен. Қатаң әскери тәртіпке ерекше көңіл бөлінеді. Тәртіп бұзғандар жазаланады, опасмыздық, сатқындық жасағандарға өлім жазасын қолданған.
Ол жаңаша айырым белгісін де енгізеді.Мәселен, оның сарбаздарының кеуделері мен иықтарында қызыл, көк матадан жапсырмалары болған. Ал оның өзі орыс армиясы полковнигінің эполетін таққан. Өзінің сенімді адамдардан жасақталған арнайы барлаушылары болған. Олар дұшпан туралы қажетті мәліметтер жеткізген және сарбаздардың арасында әскери құпия өте қатаң сақталған. Тәжрибелі патша тыңшысы Қанқожа Жаңбыршин деген Кенесарының қай бағытқа жорыққа шығатынын, оның уақытын ешкімнен де біле алмаған қапалана жазады.
Кенесары талантты қолбасшы ретінде әр түрлі соғыс тактикасын шебер қолдана білген. Қазақтың кең даласы оған оңай жылжып, тез орын ауыстыра соғысу әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Салық жинау: малшылардан зекет, диқандардан ұшыр жинау тәртіпке келтірілді. Патша отрядтарымен қантөгіскен қақтығыстардың жалғасуы материалдық және өзге де құралдардыкерек етті., әлбетте, бұл салық ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты .
Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, атақты батырлар басшылық еткен ұрысқа қабілетті қалың қол ұйымдастыра білді. Кенесарының жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген әскері ұзаққа созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының жеке өзі қадағалап отырған қатаң тәртіп, оның айтарлықтай қысқа уақытта жауынгерлердің толықжиналуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берілді.
Кенесары егіншілікке ерекше көңіл қойған. Ол қазақтарды егіншілікке тартқан. Отырықшылық пен егіншілікке көшу әрекеті бұрыннан қолға алынып, кең қолдау таппай келген еді. Орынбор генерал-губернаторы Обручевке жазған хатында Кенесары: «қайырымды генерал маған патшаның шапағатын алуға көмектессе, онда мен тыныш өмір сүріп, өз қырғыздарымды егіншілікпен , аң аулаумен және басқа бейбіт істермен айналысуға мәжбүр ететін едім.» Деген сөзі дәлел. Алайда генерал Перовский басқарған Орынбор өкіметі қазақтардың отырықшылыққа, егіншілікке көшуіне қарсы болған. Айырбас сауда үшін қазақтардың мал шарушылығымен айналыса бергені дұрыс деп есептеген.
Кенесарының сауда саясатының да өзіндік ерекшеліктері бар. Көпестер керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды тоқтатты, кейде керуен басыларын өзі қабылдап,тауарларын алып өткені үшін баж төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды. Оның хандығының шегінен шыққаннан кейін приказчиктердің өздерін жаулап алу үшін тоқтатқан казак отрядтарының командирлеріне жағынуға тырысып, ол туралы тек қана «қарақшы» деп айтуы сирек кездеспесе де, Кенесары ауылдарында тоқтатылған көпестерге меймандостық пен қамқорлық көрсетілгені туралы құжаттар жетіп жатыр.
Кенесары құрған мемлекеті туралы Ресейдің “Голос” газеті: “Абылай ханның тікелей ұрпағы, оның немересі Кенесары өзінің ерекше ерлігі мен аты шыққан батыр және қырғыздар арасында ерекше беделдіадам болатын.” деп жазады. Сол кездегі тарихи жағдайлардың салдарынан, “Ойда Қоқан, қырда орыс, әкім болды қаласы” деп Кенесарының өзі жазғанындай, Қазақстанға Патшалық Ресей мен Орта Азия хандықтары қауіп төндіріп тұрғандықтан Кенесары өзі құрған мемлекетті сақтай алмады. Себебі Ресей патшасы қазақтармен бейбіт қатар өмір сүргісі келмеді. Қазақтағы хандық өкіметті сақтау патша өкіметінің мүддесіне қайшы келді. Өйткені ол қазақстанда өз үстемдігін біржола орнатуға ұмтылған еді.
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айта кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық сенімділік орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын. Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі, оны Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша Николай Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайында келтірілді /19/.
Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 жылы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады. Бұл тұста екі жақта әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорцыққа аттанды. 1 және 7 қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақ та жеңіске жете алмай, майдан шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап берекетін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні салқын, жауын-шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.
1844-1845 жылдар қазақ далассындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды.. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді.. Жасақтардың жауынгерлік дайындығые жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. 1844 жылдың жазында Кенесароы жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен тобы шықты. Олардың алдында Кенесары әскерлерін қоршап, шешушісоққы беру міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктірмеуге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің алдынан шыққан оның шағын тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Ақмола бекінісін шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844 жылы 14 тамызда Атбасар бекінісін тікелей шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін қатты абыржытты. Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыда айтылған шайқастардан кейін Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып бекінген еді.
Кенесарының 1844 жылғы шайқастардағы табысыоның даңқын барлық жерлерге жайды. Бұхара әмірімен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап, даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деген. Патша әкімдері оған онша көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан босатты.
Кенесары мен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастаған бір топ адам жіберді. Олар кенесары патша өкіметіне сөзсіз, ешбір шарт қоймай бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. кенесары бұл мәселені ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстады. Елшілер бітім болмайтынына көз жеткізіп, «кетеміз» дегеннен кейін Кенесары Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс қамалдарын бұзып, қазақ халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда ғана Ресейге бодан болуға дайын екенін мәлімдеді.
Бастапқы мақсатқа жету – Тянь-шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Қытайдың шығыс шектерінде көшіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қан төгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге Қытай шекарасына тереңдей кіріп, Үйгентасқа тоқтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Құдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бақтыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұқсат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, Қытайдың өкімет орындары сөзбен де, іспен де кінәлі болғысы келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды. Мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғыстан шегіне көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауғы мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, қайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен құтқару». Орман мен Жантай манаптар Кенесарының өтінішін мәжілісте талқылап, ұсынысты қабылдамаймыз деп шешеді. Ақыры 18/47 жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кіреді. Бұл күресте Кенесарының көздеген мақсаты Қазақтар мен қырғыздардың жауы Қоқанға және оның сенімді серіктері қырғыз манаптарына қарсы күресу еді /7/.
Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағын да, оның үсіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жұз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңқы жасақтардан бөлініп қалып отырды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтың жасақтарымен бірікте, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Күші басым патша жазалау әскеріне тікелей қарсылық көрсете алмай, ақыры ол Іле өзенінің сол жағына шығып, Шу өзені мен Алатау төңірегіне жетеді. Ұлы жүз батырлары Тайшыбек, Саурық, Сұраншы бастаған 20 мың қол Кенесары әскеріне қосылады. Кенессары әскері қырғыз манаптарының иеліктеріне жақындайды. Қырғыздардың да бір бөлігі Қоқан бектерінің езгісіне еді. Алайда Ресей мен Қоқан бектері арасында екіжүзді саясат ұстаған беделді қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан бектеріне қарсы бірігіп күресу жөніндегіұсынысын жауапсыз қалдыра отырып, патша өкіметі орындарымен келіссөз жүргізіп, Кенесарыға қарсы күресуге уәде берді.
Кенесарының жасақтары жат жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға барған мен, түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізе алмады. 1847 жылысәуірдің ортасына қарай қырғыздар негізгі күштерін біріктіріп, жүз мыңдық әскер жинаған сияқты, дегенмен бұл деректердің көп асыра көрсетілгені байқалады. Адам саны жөнінен артықшылық қазақ ханының жаулары жағында болғаны анық. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазір Тоқмаққа жақын, қазақ сарбаздарын қырғыздар қақпанға түсірген терең шатқалда болды. Таулы жер ханға өз артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермеді., оның өз қолында бар жеңіл зеңбіректермен атуды барынша пәрменлі түрде пайдалануға мүмкіндігі болмады. Кең далада ойдағыдай қолданып, сынақтан өткен атты әскерлер де кең қанат жаюы мүмкіндігінен айырылды. Үш тәулікке созылған тең емес шайқас қазақтардың күшін титықтатты; жағдайды ұрыс алаңынан Рүстем сұлтан мен Сыпатай би жасақтарының кенеттен шегініп кетуі қиындата түсті. Кенесары және 30 дан астам сұлтан тұтқынға түсті, қалғандары жан-жаққа қашып кетті. Қырғыздардың тұтқынына мыңнан астам сарбаздар түсіп, құлақ естіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. «Құлдықтың қасіретті шынжырын лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті», қазақтың соңғы ханы осылай қазақтапты /15/.
Кенесары әскерін жеңгені үшін қырғыздардың басты манаптары Ормон Ниязбеков, Жантай Қарабеков, Қалығұл әлібеков, сұлтан Рүстем Әбілфейізов, Сыпатай би Мырзагелдин патша өкіметінен мол марапат алды.
Кенесарының қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздардың жеңісімен аяқталатыны алдын-ала белгілі еді.
Себебі, біріншіден, патша отрядының басшылары манаптармен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырған. Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би он екі мың әскерін шайқас болардан бұрын, алып қашып кетеді. Үшіншіден, Қоқанбектері өз әскерлерін Ормон манаптың қарамағына береді.
Қоршауды бұзып шығу сәтсіз аяқталады. Наурызбай өзінің шағын тобымен шайқаста қаза табады. Кенесарыны қырғыз манаптары тұтқынға алып, өлтірген соң басын кесіп, Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковке әкеледі. Олардың басшысы Қалықұл манапқа күміс медаль сыйға тартылады. Кенесарының басы Петербургке жіберіледі.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Оның жеңілу себебі, дамудың феодалдық сатысында тұрған қазақ халқының бытыраңқылығы. Байтақ даланы жайлаған қазақ халқа үш жүзге және Бкей ордасына бөлінді. Осы елдің басын қосу оңай болмады. Жүздерге жіктенген қазақ рулары көтерілісті негізінен өз жерлеріне қолдап, Қоқан және Қырғыз жерлеріне басып кіруден өздерін алшақ ұстады. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлығы, ауыр жазаға тартуы юа көтеріліс қатарын әлсіретті. Екіншіден ұлт-азаттық қозғалысын қазақтың бай-шонжарлары, ауқаттылары қолдаған жоқ, қайта оны басуға патша әскерлеріне көмек көрсетті. Үшіншіден, Көтерілісшілердің жетілдірілген қару-жарағы болмады. Төртіншіден, ұлт-азаттық қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел болып қала беруіне көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары да, қырғыз манаптары да мүдделі болды.
Кенесары қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде үш жүздің халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген көтеріліс еді. Оның патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бұқаралық сипаты мен қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл бағыты мен айқындалды.
Кенесары ханның өз басы, оның саясатшы, қолбасшы, дипломат ретіндегі теңдесі жоқ қасиеттері тоталитарлық жүйенің өктемдігі жағдайында жылдар бойы ескерусіз қалдырылып келсе де, халық жадында берік сақталған. Кенесары Қасымұлыөз дәуірінің ұлы қайраткерлері шоғырында өз орнын алды.
Нақ осы күрестің әсерінен 19 ғасырдың 50-60 жылдарындағы көтерілістер кең өріс алады. Кенесары көтерілісі қазақ халқының өз Отанының тәуеолсіздігі жолында жан қиюға әзірлігін, жауға тойтарыс беретін күші бар екенін дәлелдеді.
Қозғалыстың жаңашылдығын Кенесары алға тартқан саяси талаптардан-ақ көруге болады. Мәселен, оның руаралық қырқыстармен феодадық бытыраңқылықты жою мақсатымен біртұтас орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылуы осыған дәлел.
Кенесары қозғалысының ілгерішіл маңызы – патшалық Ресейдің қазақ даласына төніп келе жатқан құлдық бұғауына соққы берді және халық бұқарасының болашақтағы ұлт-азаттық күресіне жауынгерлік дайындық болды.
Кенесарының басы кесілген сағаттан бастап қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған сұмдық езгі, отарлық заман басталды. Арада бір жарым ғасыр өткенде жаңа жарық сәуле көрінді. Кеннесары өзі айтқандай, «Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы, Алдырып жүрген дұшпанға, ауызының аласы» деп жырлаған.
Қорытынды
XIX ғасырдың 20-40 жылдарында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық істерді тым болмаса қысқаша жиынтықтау үшін, ең алдымен осы оқиғалар соның аясындада өрістеген сол бір кең халықаралық ахуалды көздеген жалры жоспарларының ішінде патша өкіметінің Қазақстандағы билеп төстеушілігінің қандай орын алғанын және орта азияны жаулап алу жолында жеткен ең басты табыстарының бірі Қазақстанды біржола бағындыруға және оны патша өкіметінің отранына айналдыруға дайындықтың толық аяқталған кезеңі деуге болады.
Ресейдің ортаазиялық хандықтардың және қытайдың аралығында орналасқан Қазақстанның аса зор стратегиялық маңызын еске алсақ, патша өкіметінің Қазақстанды отарлау фактісінің тарихи маңызы түсінікті. яғни Орта Азия мен Қытайға және одан әрі Ауғанстанға, Үндістанға сондай-ақ Орта Азияның арғы түкпіріне дейін апаратын ежелгі сауда жолы қазақстан арқылы өтетін. Нақ осы бағытта Қазақстан арқылы әскри-операция желісін де тартуға болатын еді.
Қоқанға, Хиуа мен Бұқараға батыл шабуыл жасау үшін және оңтүстік-шығыста Қытайдың шекарасына тұмсық тіреу үшін осы оққағар қалқанды плацдармға айналдыру патша өкіметінің ортаазиялық саясатының аса маңызды міндеті және бұл міндетті патшы өкіметі XIX ғасырдың 20-40 жылдар бойына тамаша орындап шықты.
30 жылдары Қазақстанға шабуылын күшейткен патша өкіметі қазақ даласына мықтап бекініп алады. осындай жағдайда патшы өкіметі кордондар мен бекініс шептерін жеделдете салу және жазалау экспедицияларын жасақтау сияқты әскери әдістерді ғана емес, дистанциялық жүйені енгізу, округтер мен округтік приказды одан әрі ұйымдастыру, сұлтандарды сатып алу және басқа осындай саяси әдістерді де қолданып қимылдаған. Жерді басып алу, әсіресе 1835 жылы күшейе түседі, 1837 жылы шаңырақ басынан салық жинау енгізілді.
Ғасырлар бойы бір өзі ғана үкім жүргізіп келген «ақсүйектер», яғни чингизидтердің бұрынғы ұрпақтары өздерінің бір кездегі маңызынан және артықшылықтарынан айырылды. Чингизидтердің ұрпақтары – төрелер енді «қарасүйектің» тұқымдарымен некеге отырып, «қараман деп аталатын жаңа категория құрайды, сөйтіп бірте-бірте тектілерден гөрі ауқаттылармен қосылып кетеді»
Патша отаршылары қауымдық меншікті жеке меншікке айналдыруды барынша қолдады. Соның салдарынан мұның алдындағы кезеңге қарағанда, енді феодал басшы топ қыстауларға және ішінара жайлауларға іс жүргізгенде билік жүргізуші болып қана қоймай сонымен қатар осы жерлердің заң жүзіндегі ие болып алған, ал мұның өзі қарапайым халықты қан қақсатып, қаңғыртып жіберді.
Осы тежеуші жәйттердің бәрі кедейлер сана-сезімінің өсуіне және қазақ қоғамында таптық күрестің көрінуіне өз таңбасын салмай қойған жоқ. 19 ғасырдың 20-40 жылдары өзіне тән жағдайларда еңбекшілер күресі патша өкіметіне және оның адал одақтастары қазақ феодалдарына бір мезгілде қарсы бағытталған. Қазақ қоғамындағы патша өкіметін қолдайтын феодал басшы тобымен шайқаспайынша патша өкіметіне қарсы шығуға болмайтыны сияқты, олардың сырттан қолпаштаушысы патшы өкіметімен қақтығыспайынша, қазақ феодалдары мен байларына қарсы шығу мүмкін емес еді.
Осы бір қарапайым ақиқат Жоламан Тіленшіұлы, Саржан сұлтан бастаған көтерілістер және Бөкей Ордасындағы Исатай тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс сонымен қатар Кенесарының қуатты көтерілісіне дейін алғанда 20-40 жылдары барлық бұқаралық ұлт-азаттық қозғалыстары мысалынан тайға таңба басқандай анық көрінеді.
Кенесарының оң талпыныстары, оның қазақ халқын біріктірмек болған бүкіл керекті жол тауып өтіп болмайтын кедергілерге кездескен. Қазақстанның феодалдық бытыраңқылығы және феодал басшы топ пен өкімет билігіндегілер үсті-үстіне қоздырып отырған ру аралық күрес Кенесарының барлық бастамаларына қатты кедергі жасады.
Көтерілістің өзге ошақтарын басқарған батырларда күреске әр түрлі уақыттарда қосылып отырған. Кенесары қозғалысы басталарда Исатай Таймановтың көтерілісі іс жүзінде аяқталған. Кенесарыға қосылған Жоламан Тіленшиев болды. Жанқожа Нұрмұхамедов тек көтерілістің соңғы жылдарында ғана, онда да уақытша түрде кенсарымен одақтасқан.
Өкімет орындарының кенесарымен күресте қолданған тактикасы туралы көтеріліс көсемінің көзін жоюдың тағы бір жоспарына қысқаша тоқталып кетсек, оның әскері ішінде тыңшы жіберіп сатқындық жасау жолымен Кенесарыны тірідей қолға түсіріп, көтерілісті басшысыз қалдыру жоспары қойылды. Осылайша билік басындағылар ештеңеден де жиренбестен Кенесарының көзін құртуға тырысқан.
Кенесары көтерілісі жеңіліс тауып қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихында бұл көтеріліс ең бір маңызды орын алған. Көтеріліс барлық үш жүз жұртшылығының көпшілігін патша өкіметіне қарсы күреске көтеріп, қазақтардың XIX ғасырдағы ең ірі көтерілісі болып табылды. Көтеріліс Қазақстанды түгелдей дерлік қамтыды және қазақтардың неғұрлым ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
Көтеріліс бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болып табылды. XIX ғасырдың 50-60 жылдары болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы негізінде дамыған. Кенесары қозғалысы өз елінің азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап қалу үшін жанын қиюға әзір қазақ халқының аса зор қарсыласу күшін көрсетіп берді.