АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендер тарихнамасы

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Тарих факультеті

 

Деректану және тарихнама кафедрасы

 

Диплом жұмысы

 

 

 

ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендер тарихнамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,  2012

Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың 4-курс студенті

 Қ. Қанабековтың  «ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы» тақырыбындағы  диплом жұмысы туралы

сын пікір

ХҮІ – ХІХ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы қыстаулары мен елді мекендері жөніндегі ғылыми зерттеулерді тарихшылармен қатар, этнографтар, археологтар, тіпті әдебиетшілер мен архитекторлар да жариялаған. Мұндай әртүрлі ғылым салалары өкілдерінің бұл мәселемен айналысуы және олардың еңбектерінің мазмұндық ерекшеліктері тарихнамалық тұрғыда талдауды және бағалауды қажет етеді. Дегенмен, мәселе көлемінде кешенді түрдегі зерттеулердің аздау болуы қазақтардың шаруашылығы, өмір тіршілігі, салт-дәстүрі туралы біржақты түсініктер айтылып қалады. Мәселен, қазақтарды көшпелі болғандықтан құрылыс ісін, тұрақты мекен-жайды білмеген халық деп көрсету әлі де болса орын алып отырады. Міне дәл осындай түсініктердің дұрыс еместігін біздің тарихшылар мен этнографтар әлі де болса ғылыми тұрғыда дәлелдеп, жоққа шығара қойған жоқ деп есептеуге болады. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған Жетісу тарихы туралы еңбекте ғана біршама тарихи шындық айқындала, ашыла түскен еді. Онда біршама жаңа көзқарастар баяндалады және мәселені кең көлемде зерттеу қажеттігін байқатады. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы дұрыс таңдап алынған деп есептеймін.

Жұмыстың негізгі мақсаты ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер туралы еңбектерді тарихнамалық тұрғыда талдау деп дұрыс көрсетілген. Себебі қазақстандық тарихнамада қыстаулар мен елді мекендерді дәл осы кезеңдегі мәселелері біршама кеңдеу зерттелген. Тақырып мазмұны қыстаулардың қалыптасуы, оның ерекшеліктері мен барысы туралы пікірлерді талдау, Жетісудағы  қыстаулар мен елді  мекендер  тарихнамасын баяндау, Оңтүстік, Орталық және Батыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихының зерттелуін айқындау барысында жақсы ашылған.

Дипломдық жұмыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендег тарихына арналған тарихшылардың, археологтардың, архитекторлардың еңбектерін пайдалану барысында біршама кең деректерге негізделген. Жұмыстың ғылыми өңделуі талапқа сай. Осы айтылғандар негізінде Қ.Қанабековтың «ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер туралы еңбектерді тарихнамасы» атты диплом жұмысын «жақсы» деп бағалауды ұсынамын.

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………. 

 

1  ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР

 МЕН ЕЛДІ-МЕКЕНДЕР ТАРИХНАМАСЫ…………………………………… 

 

        1.1 Жетісудағы  қыстаулар мен елді  мекендер  тарихнамасы…….. 

1.2 Оңтүстік Қазақстандағы қыстаулар мен елді

мекендер тарихының зерттелуі …………………………………………………….

 

  1. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР МЕН ЕЛДІ-МЕКЕНДЕР ТАРИХНАМАСЫ …………………………………………………

 

2.1 Орталық  Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің     

зерттелуі ……………………………………………………………………………………….. 

2.2 Батыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің

зерттелуі ……………………………………………………………………………………….. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ  …………………………………………………………………………….  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………………..     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздігіміз  жарияланған  уақыттан бергі  кезеңдегі жаңа жағдай, жаңа талаптар біздің жүріп өткен жолдарымыз  бен рухани- мәдени үрдістерімізді жаңаша саралап, болашаққа тың көзқарастармен қарауға жетелеп келеді. Қазақ тарихнамасындағы ғылыми негізде әлі де нашар зерттеліп келе жатқан мәселенің бірі баспаналары мен тұрғын үйлері тарихы. Бұл мәселе көлемінде кешенді түрдегі зерттеулердің болмауы қазақтардың шаруашылығы, өмір тіршілігі, салт-дәстүрі туралы біржақты түсініктерге орын беруде. Дәлірек айтқанда, қазақтарды көшпелі болғандықтан баспанасы жұпыны киіз үймен шектелген, құрылыс ісін, архитектураны тұрақты мекен-жайды білмеген, бұл салалардан хабарсыз халық ретінде көрсету басым болып келе жатқаны белгілі. Ал бұл түсініктер жалпы қазақ халқы үшін тарихи шындықты білмейтіндердің, еуроцентризмнен арыла алмай келе жатқандардың көзқарастары. Міне дәл осындай түсініктердің дұрыс еместігін біздің тарихшылар мен этнографтар әлі де болса ғылыми тұрғыда дәлелдеп, жоққа шығара алмай келеді.

Біріншіден қазақтың елді-мекендері мен қыстауларының қалыптасу және даму тарихы біршама зерттелгенімен, әлі де болса нақтылауды, салыстыра талдау негізінде ерекшеліктерін айқындауды қажет ететтін жақтары баршылық. Сонда ғана, қазақтың қыстаулары мен елді-мекендері жөніндегі кейбір қарабайыр, біржақты түсініктерге тойтарыс берілер еді. Екіншіден, қазақтарда киіз үймен қатар, тұрақты елді-мекендердің де болып келгендігі кең көлемде зерттеліп айтылмай келеді. Алдымен сол көшпелілер мен жартылай көшпелілерде қыстау үйлердің болғандығы, ал отырықшы аймақтарда тұрақты елді –мекендердегі баспаналар мен үйлердің көптеген түрлерінің ежелден – ақ кең түрде пайдаланылып келгендігі арнай зерттеулерді қажет етеді. Үшіншіден, осында әртүрлі баспаналар мен үйлердегі тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, үй жануарлары, қосалқы шаруашылықтар тарихы да арнайы зерттелсе елді-мекендер тарихы ғана емес, еліміздің тарихы да толыға түсер еді.

Міне осындай мәселелерге тарихшылар қауымының назарын аудару үшін біз қыстаулар мен елді-мекендер тарихы мәселелерін диплом жұмысының тақырыбы етіп арнайы алып отырмыз. Әрине бұл шағын диплом жұмысыннда тақырып көлеміндегі барлық мәселені қамту мүмкін емес. Біз «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, сол көлемде біраз шаралар іске асырылып жатқанда, қазақтың баспанасы, елді-мекендері туралы жарық көрген кейбір еңбектерге, олардағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқтала отырып, әлі де зерттеуді қажет ететін жақтарына көңіл аудармақпыз.

Қазақтардың ХҮІ – ХІХ ғғ. қыстаулары мен елді мекендері жөніндегі ғылыми зерттеулерді тарихшылар ғана емес, этнографтар, археологтар, тіпті әдебиетшілер мен архитекторлар да жариялаған. Мұндай әртүрлі ғылым салалары өкілдерінің бұл мәселемен айналысуы және олардың еңбектерінің мазмұндық ерекшеліктері тарихнамалық тұрғыда талдауды және бағалауды қажет етеді. Сол себепті де біздің тақырыбымыздың өзектілігі мен қажеттігі дау тудырмайды деп ойлаймыз.

Мәселенің зерттелу дәрежесі.

Қазақстандағы ХҮІ – ХІХ ғғ. қыстаулар мен елді мекендер туралы мәселелер тарихнамалық тұрғыда мүлде ал тарихи тұрғыда ұзақ уақыт бойы арнай зерттелмей келді. Олар туралы мәселені ғылыми негізде алғаш көтергендердің бірі Ә.Х.Марғұлан болды десек артық айтпаймыз. «Ерте  дәуірдің  архитектурасы» атты еңбегінде және «Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана» кітабында/1-2/ көне дәуірлерден бастап соңғы кездерге дейінгі қазақ даласындағы қоныстар мен елді мекендердің және олардағы архитектуралық құрылыс жүйелерінің қалыптасуы мен дамуы туралы мәселелердің зерттелу туралы кейбір көзқарастарға тоқталады.

Мәселенің тарихнамалық тұрғыдағы барынша кеңірек талдануын С.Ж.Жолдасбайұлының еңбегінен ғана кездестіреміз. /3/ Еңбектің кіріспесінде тұрақ жайлар туралы мәселенің бірнеше зерттеушінің еңбегінде айтылғаны атап өтіледі де, «Тақырыптың зерттелу тарихнамасы және деректерге талдау» атты бірінші тарауында барынша кеңірек тоқталады. Ш.Уәлихановтың, А.Левшиннің, В.Бартольдтың, Ә.Х.Марғұланның, К.Пищулинаның, А.Бернштамның, Н.Мыңжанұлының, К.А.Ақышевтың, К.М.Байпақовтың, В.Востровтың, О.А.Исмағұловтың еңбектеріндегі қыстаулар, елді-мекендер, олардағы құрылыс орындары мен олардың ерекшеліктері туралы тұжырымдарына талдау жасалған. Біз әзірге С.Жолдасбайұлының осы еңбегінен басқа арнайы қыстаулар мен елді-мекендер тарихына арнай тарихнамалық талдау жасаған еңбекті көре алмадық.

Жалпы алғанда жоғарыдағы тақырыптың тарихнамасы мәселенің ғылыми негізде арнайы, кешенді түрде зерттелмегендігін айқындайды. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, әрі қажеттігі тағы да анықтала түседі деп ойлаймыз.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері.  Диплом жұмысы ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер туралы кеңестік және тәуелсіздік кезеңдерінде — 1917 жылдан 2009 жылға дейінгі жарық көрген еңбектерді тарихнамалық тұрғыда зерттеуге арналған.

Диплом жұмысының деректік негізі. ХҮІ – ХІХ ғ. басындағы Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихы туралы жазылған еңбектерді мазмұны, түрі бойынша екі топқа бөлуге болады.

Олардың алғашқысы, сөз жоқ, монографиялық арнайы зерттеу еңбектері. Ал тарихшы емес зерттеушілердің, мәселен архитекторлардың және тағы басқалардың қыстаулар мен елді мекендер, олардағы құрылыстар туралы мәселелерге арналған кітаптары, кітапшалары мен мақалалары да құнды тарихнамалық деректер болып есептеледі және  тарихнамалық деректердің екінші тобын құрайды.

Бұл аталған екі топтағы ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары, олардың ғылыми тұжырымдарының, концепцияларының қалыптасу барысын, жалпы қыстаулар мен елді мекендер тарихының дамуын айқындауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты ХҮІ – ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер туралы еңбектерді тарихнамалық тұрғыда талдау. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет деп есептедік:

  • қыстаулардың қалыптасуы, оның ерекшеліктері мен барысы туралы пікірлерді айқындау,

        —  Жетісудағы  қыстаулар мен елді  мекендер  тарихнамасын;

 — Оңтүстік Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихының зерттелуін;

        —  Орталық  Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің зерттелуін;

— Батыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің зерттелуін айқындау

Жұмыстың нысаны мен пәні – Қазақстанның ХҮІ-ХІХ ғғ. қыстаулар мен елді мекендердің қалыптасуы, дамуы туралы жазылған еңбектердегі көзқарастар мен тұжырымдар.

Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Бүгінгі таңда дүниежүзілік әлеуметтанушы ғылым саласында методологиялық плюрализм бағыты кең орын алып отырғаны белгілі. Сондықтан да біз дәстүрлі және жаңа методологиялық мектептер мен бағыттарды қатар пайдалануға тырыстық. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер жөніндегі жекелеген еңбектердегі көзқарастарды талдау үшін өркениеттік көзқарастардағы тұжырымдамалық қорытындыларды пайдаландық. Бұл методологиялық бағыттарды пайдалану барысында салыстырмалы-тарихи, логикалық, мәселелік-хронологиялық талдау тәсілдері қолданылды.

        Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР

 МЕН ЕЛДІ-МЕКЕНДЕР ТАРИХНАМАСЫ

 

  • Жетісудағы қыстаулар мен елді  мекендер  тарихнамасы

 

С. Ж.Жолдасбайұлының  «Жетісу тарихы»   атты  монографиясында   Жетісу  аймағындағы  ХҮІ-ХІХ  ғғ. елді-мекендердің   пайда  болуын,  қола   дәуірінен   ХІХ ғ. екінші   жартысына   дейінгі  даму  тарихы  ғылыми  тұрғыда   зерттелген. Ғылыми  еңбектің үшінші бөлімі  « Қазақ  халқының  елді-мекен, қоныс  жайларының  даму тарихы  және  олардың  зерттелу тарихы»  деп аталады. 

Ғалым  осы  бөлімде   қазақ   халқының  елді-мекендерін   ХҮ  ғасырдан  бастап зерттеу  үшін   ежелгі   дәуірлерде   осы   кең  байтақ  жерімізді  мекендеген   ру-тайпалардың   елді –мекендерін, қоныс жайларын   зерттеу арқылы  байланыстың   қандай   дәрежеде   болғанын   және  ол қоныс- жайлардың ұрпақтан  ұрпаққа   жалғасып  дамып   жатқаны   заңды   құбылыс  деген негізгі мәселенің    мәнін   ашады.  Ежелгі   дүниеден   бастап  елді-мекенді   жүйелі  түрде  зерттеудің   өзі ғалымның    қажырлы   еңбегінің   нәтижесінде  жүзеге асырылғанын  көреміз.     

Ғалым өз еңбегін ХҮІ ғасырдан бастамай оны сонау ерте кезден бастаудың өзінің сыры бар екені байқауға болады және ғылыми айналымға  түспеген деректерді қолдана отырып тарихтың ашылмай жатқан сырларын ашуға баса көңіл аударған.

Ғылыми   еңбекте    жеріміздегі  елді- мекендердің   ежелгі  қола    дәуірден   бастау   алатынын   дәлелдеген    энциклопедист   ғалым  академик   А.Х. Марғұланның «Ерте  дәуірдің  архитектурасы » деп  аталатын   ғылыми құнды     еңбегіне шолу жасап , баға береді.

Академик  Ә.Х. Марғұлан, өзінің  еңбегінде археологиялық қазба жұмыстарының қортындыларына сүйеніп,  құрылыс   ісінің өнер дәрежесіне жетіп, өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен бастау  алатынын анықтап:  « Тарихи  топография  үйсіндер   мен  қаңлылардың   қыстақ-кенттерінің  үш  типі  болғанын   көрсетеді :

  1. Қыстақтардың тау  өзендердің  аңғары  мен  тау  етегіндегі  сайларда орналасқан   ірі  тұрақтар  (қыстау). Үйсін  тұрақтарының   қалдықтары Алатаудың  бүкіл  етегінде, қазіргі   Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қарғалы , Ақсай,  Қаскелең   қыстақтарының   төңірегінде  жиі  кездеседі.
  2. Қыстақтардың екінші типіне  толық  отырықшы  болып  егіншілікпен айналысқан  қыстақ-кенттер  тобы  жатады.
  3. Қыстақтардың үшінші типі-  тайпа   одақтарының   күшейген   дәуірінде туған    астана-қалалар»- деп   қоныс   жайлардың   бөлінгенін  анықтап,   оларға   жеке-жеке  түсініктеме   беріп, олардың   археологиялық   қазба жұмыстары  кезінде   табылған   орындарды    көрсетеді.  Бұл деректен біз үйсіндер  мен  қаңлылардың  тұрақ  қоныстардың  болғанын  және  олардың қандай  дәрежеде  дамығанын байқадық.  Осы  қоныс  жайды  бөлуде  кейбір ескеретін  жағдайлардың  мәніне  ғалым  көңіл  аударған,Ә.Марғұланның  қала мен  кентті  екі типке  бөлу  дұрыс  еместігін  нақты  дәлелдерді  келтіріп  дәлелдеген.

Автор   елді-мекендердің   атауларына   ерекше  тоқталып  мынандай  пікір білдіреді: Халқымыздың   тұрақты   қоныс —  жайларының   болғандығын анықтауда,  қыстау,  қыстақ , кент  немесе қала,  шәһәр, қорған, бекініс, қамал,  уақытылы   қорғандар  сияқты  сөздердің  өздеріне  тән    мән-мағынасын   толық  ажырата  білу  қажет .  Ғасырлар   тереңінен, қазақ  топырағында   жаратылған   ру-тайпалардың  өсіп- дамуымен  қатар  бірге  жасап-дамып  келе  жатқан  сөздер.    Тұрақты  мекен-жайлардың  әртүрлі  атауларының   болуының  өзі-ақ  қазақ  жеріндегі  отырықшылықтың, ол жартылай  немесе  тұрақты  отырықшылық  болсын  халқымыздың  өзімен  көрші  жатқан  отырықшылықпен   айналысатын    елдермен  байланысының  нәтижесінде  болсын,  кейбір  шапқыншылықтың  әсерінен  Қазақстанға  келіп, олардың  тұрғындары  мен  араласудың   бір-біріне әсер  етудің  нәтижесінде  болсын, әйтеуір  жерімізде  тұрақты  мекен-жайлардың   салынғандығы  айдай  анық.  Осы  айтылғандардан  біз  қазақ  жерінде  тұрақты  қоныс  жайдың  салынғанын   елді мекендердің  атауларынан  ақ анық байқайтынымызды   автор  нақты көрсетіп берді.

Қазақ    жерінде  елді-мекендердің   әрқайсысының   атауының  болуы отырықшы   елдің  өмір  сүргенін   анық   байқатады   және   атауларының   қазірге   дейін   ұрпақтан -ұрпаққа   беріліп  келе  жатқанын  көреміз. Қазіргі   кезеңде  қаладағы ,ауылдағы   кәсіпкерлер  мал   шаруашылығымен  айналысып таулы  жерлерде  қыстақ- қыстаулар  салып   онда  өмірдің   қазіргі  кезеңіндей ғып  құрлыстар  салып  жатқанын білеміз.

 Елді-мекендердің   атауының  болу  және  ол  атаулардың  қазірге  дейін сақталуы   бұл  тарихтың тоқтамай үздіксіз диалектикалық даму жағдайында болғанын   көрсетеді.   

С.Жолдасбаев  өз  еңбегінде  осы  мәселені  зерттей  келе  негізгі  қортындыға келген: « Қыстау  мен   қыстақтардың   дамуы  тарихи   жағдайға   әлеуметтік- экономикалық    жағдайларға   көп  байланысты  болған. Егер   қыстаудың    салынған   жері  тарихи   тұрғындарын   әлеуметтік-экономикалық, мәдени  жағдайын   қанағаттандыратын  болса  ол  қыстаққа  айналып, ал  қыстақ  ірі  қалалы  дәрежеге  көтеріліп  ірі  елді мекендерге  айналып  отырған. Жеріміздегі  атақты  ірі  қалаларымыз  Сауран, Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам   сияқты  т.б.  қалалар  өздерінің  алғашқы   кезін сонда  қыстау, қыстақ  сияқты  елді-мекендерден   бастаған.    Қыстау   —   ол  уақытша  қыстың  суық  кезінде   мекендейтін  тұрақ   жайлар  салынған  жерді  айтқан. Қыстақ —  бір  орында  тұрақты  өмір  сүретін  шағын  елді-мекендерді  айтады.

Ғалым  қандай мәселені  зерттемесін  оларды  дәлелдеу үшін бірнеше дәлелді себептерді көрсетеді, яғни бұл әдіс-тәсілдің өзі  тарихи бір жағдайдың  нақты болғанын  және  дәлелді  шындық  екенін ғылыми тұрғыда  көрсете  білген  дарынды  ғалым   екенін  байқауға болады.

С.Жолдасбаев  қыстау  мәселесін  зерттеген кезде К.А Пищулинаның, А. Левшинның, Н.Харузиннің, Шоқан Уалихановтың, Фазлаллах Ибн Рузбиханның, П.Хворостанскийдің, Н.М. Карамзиннің  еңбектеріндегі мәліметтерді дерек ретінде пайдаланған.    

 Осы қыстау мәселесінде тағы бір дерек ретінде орыс ғалымдарының    еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалана білген. С.Жолдасбаев  А. Левшинның «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацих орд  и степей»   деген  еңбегіндегі деректерді пайдаланған.Осы еңбек 1832 жылы  баспадан шыққанан бері қазіргі уақытқа дейін қазақ өмірін зерттеушілердің ешбірінің назарынан  тыс қалған емес.

Н.Харузиннің « История развития жилища у кочевых  и полукочевых тюркских и монголских народностей России» деген еңбегін дерек ретінде қолдана білген. Онда Балқаш бойында қазақтардың ХҮІІІ  ғасырда  тұрақты қыстауы болып , онда қора-жай салғаны жайлы жазады. Бұл дерек қазақ халқының тұрақты өмір сүргені сонау ерте заманнан келе жатқанын байқататынын көрсетеді.

Бұл деректерді нақтылап көрсетуі қыстаулардың даму барысында ол қалаға айналатынын байқату еді.Сонымен қатар тарих  беттерінде жазылған отарлау саясатының мәліметтеріне қарсы , қазақ халқы   таза көшпелі ел деген теорияға қарсы жинақталған дәлелді соққы болып есептеледі.

Сонымен қатар “Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков” деген  еңбек бұл этнологиялық зерттеуден  ежелгі тайпалар бір жерде қыстап, тұрақжай салған деген  теория  қазіргі кезде  көрнекті археолог К.Ақышевтың археологиялық қазба жұмыстарының  нәтижесімен дәлелденіп отыр. Қазақстанның   ХV-ХVІІ-  ғасырларының саяси-әлеуметтік-экономикалық жағдайын зертеген ғалым  көрнекті тарихшы К.А Пищулинаның “Юго-Восточный Казахстан” еңбегінде “иайлық”( жайлау), “қишлақ”( қыстау) деген сөздердің кездесуі сол ХІV-ХVІғғ. жайлау, қыстаулардың болғанын хабарлап тұрғанын   С.Жолдасбаев дерек ретінде пайдаланған ,  ал  «Письменные восточные  источники о присырдарьинских городах Казахстана ХІV-ХVІІвв.» — жазған еңбегінде К.А Пищулина    парсы-түрік деректеріне сүйене келе мынандай қортындыға келгенін  байқауға  болады:

 Бұл зерттеуден біз  елді-мекендердің экономикалық байланысы   негізгі байланыс  екенін    және   басқа   байланыстың  экономикалық байланыспен   дамып   жетілетінін  байқаймыз .

Осы қыстау мәселесіне байланысты ғалым Ш.Уәлихановтың, К.Струве, Г. Потанинның, В. Остафьевтің ,С.  Ахинжановтың  зерттеген деректеріне сүйеніп қазақ халқының тұрақты қыстауының болғаны ,ол ұрпақтан –ұрпаққа мұрға беріліп отырғанын дәлелді дерек ретінде қолдана білген.

Ғалым  В.В.Востров ,И.В. Захарова “ Казахское народное жилище”  деген еңбегіндегі  қазақтар  Балқаш, Бетпақдалада, Мойынқұмда қыста көшіп жүруге қолайлы  жайлым  болмағандықтан бұл аймақта тұрақжай өркендемеді деген пікірлерімен  келіспейтінін  былай білдіреді:” біріншіден, Бетпақдала мен Мойынқұм  ешқашан  қысқы жайлым болмаған. Керісінше Бетпақдалада қазақтардың  жайлауы болған, ал екіншіден жоғарыда келтіріліп отырған деректердің өзінде бұдан 100-150ж. бұрын қысқы жайлымдар ХҮІ-ХҮІІғғ. бөлініп қойылған. Ал тұрақ-жай “дамымай” қалған  себебін басқа жақтан іздеген жөн ”  деген қортындыға келеді С. Жолдасбаев.

Ғалым  өзі   қолданған   деректерді саралай келе   қыс- таулардың    орналасқан  жерін   екіге  бөледі:  оның   біріншісі    қыстаулар   таулы   аймақтардың   күнгейлі    шатқалдарына   орналасқан, ал  екіншісі   ірі     өзен   бойларының    ну   тоғайлы   жерлерінде бой  көтерген  деп   қыс- тау дың   дамуын   сонау   ерте   кезден   бастау   алып   ұрпақтан-ұрпаққа    жалғасып   келе   жатқанын   нақты   көрсете   білген.  Осы    қыстау   мәселе- сіне   байланысты    С.Жолдасбаевтың    « Қыстаулар – тұрақты    ғұмырдың    белгісі»  деген     мақаласында   да   көруге   болады : — « Сонымен   жерімізде   қыстаудың   пайда    болу тарихы   ғасырлар   тереңінде   жатқандығын,  онда  өмір  сүрудің     мол   тәжірибесі   көне   дәуірлерден   ұрпақтан-ұрпаққа   беріліп   жалғасып   келе   жатқан   дәстүр   деп   ұғынған   жөн.  Қыстау   басқа   қоныстарға   қарағанда  ауыспалы   болуды   көтермейді.  Сол   үшінде   қыс- тау   болатын  жер  алғашқы    кезден-ақ   мұқият   таңдалып   алынуға  тиіс. Ол   үшін,    қыстауға   қолайлы    жерді   таңдап   алуда   негізінен   қан- дай   қолайлы  жағдайлар   талап   етіледі:

  1. Қыстауға  алынатын  жерде,  тұрақ   жай  салуға  қажетті  табиғи  құрылыс    материалдары  мол   болуға тиісті.  
  2. Қыстау тұрған  жер  немесе  оның    аймағы   қыстың  суық  күнінен  сақтану үшін  табиғи  отын-су  көзіне   ырғын    болу   керек. 
  3. Негізгі басты  мақсат   мал  басын  қыста  аман  алып  шығу   үшін,  қысқы  жайлымның  шөбі  мол  болумен  қатар,   қыстың    ызғарлы  қарлы   боранынан   малды  орғайтындай   тоғайлы  не  жел  тимейтін   қалтарас  жерлер  болуға  тиіс.
  4. Қыстаудың тұрған  жері   ит-құстан, ( қасқырдан),  ұры-қарыдан,   барымта- жаугерлерден   сақтана  алатындай  табиғи  бекіністі  келген  ыңғайлы жерлерге   салынуы  керек.  
  5. Қыстаудың тұрған  жері қыстың  қысқы   күнінің  тапшылығын  ескеріп  күңгейлі, жел  тимейтін  өзекшелерге  салынғанын,  тарихи  тұрғындар  мұқият  ескерген.  
  6. Қазақтар қыстау маңында  егін  салу  жағында  қарастырған .» 

Ғалымның   қыстау- қыстақ  салған кезде  еске сақтайтын талаптары , қарастырылып   отырған    тақырыпқа    байланысты   зерттеушілердің  еңбектерінде  кездеспеуі   осы   мәселемен айналысып   жүрген   ғаламдардың  баса  көңіл   аудармағанын  байқаймыз.   Ал   қыстау- қыстақ   салған  кезде    халық   осы  талаптардың  барлығын  сақтап отырған ,  яғни  қыстау  салған  жер  қолайлы  болуы,  малға  шөптің  мол  болу, сонымен  қатар   ит- құстан ,  ұрлықтан  аман  болуын  ескеріп  отырғаны,  қазіргі  кезде   салынып   жатқан   қыстақ-  қыстаулардан  байқауға  болады.   

Ғалым тұрақты қоныс жайдың  тағы бір түрі кент, шаһар  деген атаулардың  пайда болу және дамуына да ғылыми талдау жасаған.   

Халқымыздың  ауыз  әдебиетіндегі «Кент» сөзінің жиі кездесуіне  қарағанда, мәселен   « Кенттің   жайласа, үзілмейді  базары»  шумағынан қала   деген   ұғымды  беріп    тұрғандығын  көреміз — деп автор ауыз әдебиетіндегі   жырлардың    шумақтарына   жүгінген.

 Әсіресе  біздің  халқымыздың  тілінде  Ташкент,  Шымкент,  Жаркент  т.б. қалалардың   аты  соңғы  орта  ғасырдағы  қалалық  жайлар  туралы   айтылып   жүр —  дейді  автор. 

 Осы анықталған мәліметтерден  кент –қала   деген сөздер  бір мағананы беріп тұрғанын байқаумызға болады.

Ғалым жазба деректердің материалдарына сүйене отырып, « шаһар» сөзі парсылардың өте сирек қолданылатын сөздері  екенін және  билік жүргізушілердің  бекініспен салынған шағын қалаларды айтқанын  ғылыми еңбекте   көрсеткен.

Түркі тайпаларының  сөздік қорын зерттеген М. Қашқаридің сөздігіне қарағанда «кент»,»  «шәһәр»  өздерінің көпшілік түркі тайпаларында айтылғандыған  хабарлайды. Махмуд Қашқаридің   « Түбі бір түркі тілі

 ( « Диуани луғат ат-турк»)  » еңбегіндегі  « Түркі халықтарының мекен-жайлары мен тау-теңіздері» деген бөлімінен үзіндіні  дерек ретінде ғалым көрсеткен :  « Канд — кент, шаһар. Қашқар шаһары  Ордакент деп аталады. Бұл Хан тұратын орда –астана деген ұғымды білдіреді. Шаһардың ауасы таза болғандықтан , Афрасияп сонда тұрған. Бұл Шаһар төменгі Шынға жатады.

Бір  сөздің  өзіне  ғана  нақты түсініктеме беру арқылы  кент,шаһар сөздерінің қазіргі қала мағанасын беретінін нақты көрініп тұр.  Ханның  тұратын ордасын-астана  деп  атауының   өзі  үлкен мағананы білдіреді.   Мәселен, қазақ хандарының ордалары олардың астанасы болған, қазіргі кезеңде мемлекет басшысы  Президент мемлекеттің астанасында орналасқаны  белгілі.  Астана бұл сонау ерте кезден бастап ханның ордасы екені қазірге дейін өзінің күшін сақтағанын байқауға  болады.

М.Қашқари  өз еңбегін  « мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби-көркем мұра болып қалсын деген ниеттпен жаздым» деген сөздері қазіргі кезеңде  шынымен тарих беттерінде мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби-көркем мұра  болып есептеледі.

  С.Ж.Жолдасбаев   тұрақты мекен жайдың  тағы бір түрі    қамал, бекініс тердің  қалыптасуы мен дамуына да  ғылыми зерттеу жүргізген. Әсіресе Ш.Ш. Уалихановтың,  Н.А.Абрамовтың,   А.Картыковтың  және ауыз әдебиетіндегі деректерге көңіл аудара отырып, ғылыми еңбегіне қажетті материалдарды  пайдаланған.  

Жетісу жерінде бірнеше рет болған Ш. Уалиханов « Из Тарихи-  Рашиди»   еңбегінде « Ұлы жүз жерінде айналасына ор қазылған бекініспен  салған қорғандар көп кездеседі»[i] ғалым өз кезінде Жетісу аймағының гүлденген өмір болғандығын, жермен бірдей жер болып кеткен  қалалармен қыстақ-кенттердің орындарының көп кездесетіндігін, ал енді бүгінгі күні ешнәрсе болмағандай  өлкенің қаңырап бос қалып елінің  көшпелі өмірге айналып отырғаны-ай   деп   қынжылады   деп    автор    көрсетеді.  

 Осы    Жетісу    өңірінде   ХІХ ғ.   аяғында    археолог   Н.А.Абрамов   және  А.Картыков    өз   зерттеу   жұмысын   жүргізіп, ондағы   бекіністер туралы    мәліметтерді   келтіреді.

 Ғалым   жазба   деректерді   зерттеу барысында  археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен  бірге сараптама жұмысын жүргізе отырып, ғылымға  дәлелденген деректерді қалыптастырған.

Ғалым тұрақты қоныс жайлардың   атауларының барлығына ғылыми сараптама жүргізіп ,  қазақ жеріндегі  халықтың  өмір сүруінің  нақты көрінісін ажыратуға күш салған.Осы деректер негізінде қазақ халқының отырықшылық өмір сүргені  анық байқалатынын  көреміз.

      Жетісу аймағындағы халқымыздың мекен-жайларын зерттегенде тек осы аймақпен шектелмей бүкіл қазақ жеріндегі көне дәуірден жалғасып келе жатқан елді-мекендерді тұтастай жүйелі түрде қарастырған. Жетісу тарихы – елді-мекендердің даму  тарихын  жүйелі түрде   әр дәуірдің   археологиялық қазба жұмыстарының қортындылырына   сараптама жүргізу арқылы     Қазақстан   жеріндегі  археологиялық жетістіктерді нақты көрсеткен .

Оған дәлел ретінде С.Жолдасбаев Алматы обл. Ұйғыр ауданының жеріндегі Шарын өзенінің бойында  Сартоғай деген жерде, Райымбек  ауданы Әмірсай өзенінің бойынан  сақ  тайпаларының   елді  мекендердің  табылуын   еңбекте   пайдаланған.

Сонымен  бірге  бұл  табылған  елді  мекендердің  орны  өте құнды жаңалық болып есептеледі   және  сақ  тайпасы  таза   көшпенді  халық    деген  деректерге қарсы  соққы   болып  есепелетінін  нақтылай  түседі. Осы  сақ  тайпасының   жартылай  отыршылықта  болғаны   жайлы  Ш. Уалихановтың   еңбегіндегі   сөзін   дәлел   ретінде   келтіреді- осы    европалықтар   арасында    көшпелі   тайпаларды   ат құлағында   ойнаған    көші-қонысы   белгісіз   жыртқыш   «тағылар»   деп   түсінеді, ал   сол « тағылардың»   өздеріне   тән  жазбаша  немесе   ауызша    сақталған   бай   әдеби мұраларының    бар   екендігін   сезбейді   деп   жазған .(8)

Шығыстың  атағын жер жүзіне  өзінің еңбегімен жеткізген ғұлама ғалым Шоқан Уалихановтың   айтқан пікірлері қазіргі кезеңде тарихты зерттеушілірге нағыз ғылыми азық болып есептеледі.  Ш.Уалихановтың  айтқан  пікірлерінен   көшпелі деп отырған халықтың бай тарихи дамуы бар екенін  басқа халықтың санасына жеткізу болып есептеледі.  С.Жолдасбаев та Ш.Ш.Уалихановтың  құнды шығармаларына ғылыми көзқараспен қарап, өзінің еңбегіне  қажетті дерек ретінде өте орынды пайдалана білген.

С.Жолдасбаев  елді мекенді зерттеген кезде қазақ жерінде мекендеген ру-тайпалардың   тарихын  зерттеген  зерттеушілердің  В.В. Бартольдтың , С.П.Толстовтың , К.А.Ақышевтың , Е. И. Агеева  мен Г. И. Пацевичтердің , Б.Г. Гафуровтың,С.А.Ахинжановтың , Б.Көмековтың,   К.М.Байпақовтың , Г.А. Федодоров-Давыдовтың ,Л.Б.Ерзакевичтің  еңбектерін ғылыми сараптама жүргізу арқылы өз еңбегіне қажетті дерек ретінде  пайдалана білген.

С.Жолдасбаев  еңбегінде К.Ақышевтың еңбектеріндегі мәліметтерді  дәлелді дерек ретінде өте орынды қолдана білген.Осы анықталған деректер  ғылыми  еңбектің негізгі ұйтқысы деп қарастырсақ артық кетпеген шығармын деп  ойлаймын.

Жетісу  өңіріне   үйсіндердің  елді-мекендердің  салыну туралы дәлел ретінде К.А. Ақышевтың ”Зимовки поселения и жилища древних усуней”  деген еңбегінде Ақтас  1,2   қыстауларындағы   тұрақ-жайлардың   ашылуын  алады.Осы археологиялық зерттеу негізінде елді  мекеннің үстінгі мәдени қабаты соңғы орта ғасырдағы қазақ халқының құрамындағы  Албан тайпасының адамдарының мекен-жайы екені белгілі болғанын  тарих беттерінен көреміз.

     К. Ақышевтің «Курган Иссык» деген еңбегінде сақ дәуірінің алтын киімді адамның табылуы  сақ тайпаларының  мәдениетінің   қандай  дәрежеде   дамығанын   дүние   жүзіне  таныстыруы  да белгілі   бір   дәлел   ретінде     қолдану арқылы , қазақ халқының мәдениетінің өркениеттік  даму барысын сонау сақ дәуірінен бастау алғанын   автор  нақты   көрсетіп берген.

      Автор  Іле   Алатауы  мен  Жоңғар  Алатауының   бауырайларындағы   сақ тайпаларының  « патша» обалары    жартылай    отырысты    өмірдің   айғағы деп    көрсетеді.   Сақ   дәуірінің  аса  көрнекті  маманы  К. Ақышевтың зерттеулерінің   нәтижелерінен   осы  дәуірдегі  жартылай отырысты өмірдің болғанын   дәлелдейтін  деректерді  келтіреді .Олар  Есік, Талғар  қалаларының төңірегендегі  аумағы   80-90 м. биіктігі 10-18 м   обалардың    көрністерінен байқауға   болады  деп  көрсеткен. 

«Бесшатыр»  тарихи  тұрғындарының  тұрақты   мекен   жайлардың    болғаны туралы   тағы   бір  дәлел  келтіреді ,ол:  зираттардың   ұзындығы   2 км,   кеңдігі    1км  жерге   30-астам   ірі    обалар   90-астам   тастан   жасалған   қоршаулар    қаншама   тас  қарауылдардың   тұрғызылуы    және   ең    үлкен   обаны    тұрғызу   үшін   300 астам   бөрене, 80,5  мың  куб. м  тас,  құм,  топырақ  үйіндісін  дайындау  үшін   60-65  мың  адамның  күші   кеткені жайлы    К. Ақышевтің  мәліметтерін  дәлел ретінде   көрсетіледі. 

Осы    дәлелдерді   зерттеуінің   нәтижесінде  Жетісу аймағындағы   тұрақты   елді  мекендер   сақ  тайпасынан   бастау   алатынын      дәлелдеп   бергенін   көреміз. Жүйелі   түрде   зерттелген    дәлелдердің   нәтижесінде    осындай   өте   құнды   деректің   пайда   болғанын   байқаймыз.

Қазіргі кезеңдегі ғалымдардың көп жылдық зерттеулердің қортындысы ретінде    мемлекеттің дамуы сақ дәуірінен бастау алады деген пікір  өте үлкен бір жетістік  болып есептеледі. Осының өзі қазақ халқының көшпенді, жартылай көшпелі ел ғана емес сонымен қатар отырықшы ел болған деген деректің   негізі   болып   есептеледі.     

Ғалым сақ және қаңлы тайпаларының тарихи мәліметтерін тарихи зерттеп қана қоймай, оны археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен байланыстыра отырып дәлелдеген , сонымен қатар  оғыз, қыпшақ, қимақ ,албан тайпаларының орналасқан елді-мекендерінде зерттеген.

Албан тайпасының мекендеген туралы  мәлімет   негізінде   К.М Байпақовтың   мәліметтерін   көрсетеді. “ Ұйғыр ауданы Сүмбе селосының жанынан ескі қаланың орнын Хғ. жазба деректерде кездескен Лабан деген қаланың атымен байланыстырады. Кезінде қаланың иесі Күтегин Лабан болған тәрізді. Максидидің деректеріндегі қаланың тізімінде кездеседі. К.М.Байпақов  болжауы   бойынша  Лабан   аты  өзгерген  Албан  емес  пе  деген  пікірді  ұсынады.” Ал  этнографиялық  зерттеулерде  В.В.Востров., М.С.Мұқановтардың “ Родоплеменой  состав  и  расселение  Казахов”-деген еңбегінде осы Жетісу жерінде албандардың мекендегені жайлы деректерді келтіреді.” Крайний юго-восток уезда, от р. Или на севере до предгорий Алатау  на юге и востоке, занимали роды племени албан.”Бұл деректе албандардың орналасу аймағын көрсетіліп, қазіргі кезде де осы жерлерде албандардың өмір сүріп отырғаны  ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанын байқауға болады.

Ал  жонғар шапқыншылығы кезінде елін, жерін қорғаған батыр Райымбек  осы  албан  жерінен   шықаны  тарихта  белгілі.

Автор   Жетісуда палеоэтнографиялық жұмыс кезінде табылған орындарға  байланысты  Райымбек   батырдың    болған    жерлеріне   байланысты  жер атауларын   келтіреді:1)   Райымбектің     жоңғарларға     қарсы    шайқасқан     жері « Майдантөбе», Шелек    ауданы    мен   Кеген    ауданының   аралығында   көк жазықта    кішкене  ғана  екі  төбе.

 2) Райымбек   батырдың  Іле  бойында  және   бір күші басым   жаумен шайқасқан    кезінде   сарбаздары    жаудың   қоршауында қалып     қойып,   

( бұл  жерде  бұрын   демалыс  орны болған  Аяққалқан  курортының жанында) Іленің  суынан  өтпек  болғанда «су тоқтап» жол  беріпті   деген  аңыз.

3)  Райымбектің  ат   байлаған  тораңғысы . Ол жер  қасиетті тораңғы болып есептеледі.

 4)  Райымбек  бастауы, Торайғыр  тауының  етегінде

5)  Райымбек  қыстауы, осы бұлақтың  оңтүстік  шығыс  жағында, Торайғыр тауына барып  тірелетін  сайдың   ішінде   орны   сақталған.

Бұл   деректерден   біз  сол   кездегі  елді-мекендердің  қазірге   дейін   өзінің  тарихи маңызын   жоғалтпағанын  көруге болады. Қазіргі  кезде  Райымбек  бастауы  деген жерде  ескерткіш  орнатылып  оған  халық  барып  батырдың  болған   жеріне  бас  иіп  тағзып  етіп  жүр.

 Автор : “Келтіріліп отырған деректерден байқалатыны Х-ғ. бастап соңғы орта ғасырға дейін елді мекендердің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын көреміз-”деп зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жазба деректер археологиялық деректермен толықтыру арқылы нақты деректің пайда болғаны тарих бетеріне енгенін көреміз.  

Ғалым  өзінің  еңбегінде  ауыз  әдебиетінің  деректеріне  көңіл  аударып  өте үлкен жетістікке  жеткенін  байқаймыз. Елді мекендерді зерттегенде  батырлар жырына, аңыздардағы   деректерге   зерттеу  жүргізу   арқылы  археологиялық  қазба жұмыстарының қортындыларымен салыстыра отырып  нақты дәлелденген деректерге ие болған. Яғни, Қобыланды , Қамбар, Алпамыс   батыр жырларын, Қорқыт ата  кітабы, Асан қайғы аңыздарын зерттей отырып   тарихшы  археологтардың  деректерін салыстыра отырып, қазақ  жерінде  елді-мекендердің  үздіксіз  даму да болғанын   дәлелдеп берді.

Ғалым тарихи кезеңдерге жеке-жеке тоқталып, ондағы деректерді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен салыстыра отырып үлкен  жетістікке  жеткенін  көруге  болады.

С.Ж.Жолдасбаевтың “ Жетісу тарихы” —  Қазақстанның тұтас бір тарихи-географиялық аймағының ортағасыр  мен жаңа ғасыр аралығындағы тарихын байланыстыратын, екі дәуірді жалғастыратын көлемді зерттеу еңбегі -деп  Б. Кәрібаев бұл еңбекке    жоғары баға береді.

Осы зерттеліп  отырған кезеңге байланысты зерттеу жұмыстары  тек Қазақ хандығының  әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына баса көңіл аударған.

Ал елді-мекендердің орналасуы  аз зерттелген, тек қалалық өмірге байланысты зерттеу жұмыстары  молшылық. 

Қазақстан  жеріндегі отрықшы елді-мекендердің пайда болу және даму мәселесі  қазіргі археологиялық ғылымның негізгі өзекті мәселесінің бірі болып есептеледі. 

Тарихта елді-мекендер жайлы жазба деректер өте аз болғандықтан оны зерттеу жұмыстары баяу жүрді. Ал  археологияның дамуымен елді-мекендерді зерттеу жұмысы  одан әрі даму алып,  зерттеу жұмыстары ғылыми еңбек болып жарыққа шығып жатыр. Елді-мекендер мен тұрақ-жайлар да қалалар сияқты қазақ халқының әлеуметтік- экономикалық , рухани дамуына әсер етеді. Халқымыздың елді-мекендері, тұрақты үй-жай салудың жергілікті  жағдайға байланысты дәстүрлер  мен ерекшеліктері анықталуда.

 Қазіргі кезеңде археологиялық қазба жұмыстары Қазақстан Республикасының барлық өңірінде жүргізіліп жатыр.  Археолог ғалымдардың көпшілігі өздерінің ғылыми жұмыстарын Оңтүстік өңірдегі елді-мекендердің даму барысына арнаған. Осы елді-мекендерге байланысты алғашқы ғылыми зертеулерінде А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Г.И. Пацевичтердің, Л.Б. Ерзаковичтің ,  М.С. Мерщиевтің еңбектерін жатқызуға болады.

А.Н.Бернштам   еңбегінде  Жетісу  жеріндегі  қазіргі  Алматы  қаласы  мен  оның   жанында  орналасқан  елді-мекендер  мен  қалашықтарға  жүргізілген археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижелеріне  сүйеніп  алғашқы өмірдің ұшқынының пайда болған кезден бастап 19 ғасырға дейінгі кезеңге тарихи археологиялық  қысқаша сипаттама берген.

     Ғалым  археологиялық қазба жұмысы  нәтижесінде Ұзынағаш және Алексеевка селоларының  маңайынан қола дәуірінің ескерткіштерінің табылуы осы жерде халықтың  Іле Алатауының бөктеріндегі шұрайлы жерлерді мекендегенін дәлелдейді.  Алматы түбіндегі «Горный Гигант»  колхозының жеріне және Талғар , Көксу мен Қаратал өзендерінің арасындағы  Талдықорған қант зауатының  маңайындағы  Қойлық (Дүнген) елді-мекеніне қазба жұмысы жүргізілу  кезінде  9-10ғғ кезіндегі ыдыс аяқтардың табылуы сол елді-мекендерде отырықшылықтың болғанын  хабарлайды.

К.М.Байпақовтың “ Солтүстік  — Шығыс  Жетісудағы  қалалар  мен  елді  мекендер”  атты  ғылыми  еңбегінде отырықшылықтың  дамуының  кезеңін   және  анықталған  елді  мекендердің  орналасуының  ерекшеліктерін   қазіргі  кездегі  әдіс  тәсілдерді  қолдана  отырып көрсеткен.

Сонымен  қатар  сақ  дәуіріндегі  анықталған  елді  мекендерге  сипаттама беріп,  оның  ерекшеліктерін  анықтап  көрсеткен.

Алматы қаласының  солтүстік-шығысында 24 шақырым  жерде  анықталған  Тұздысай  елді  мекеніне  ғылыми  сипаттама берген.

Ғалым “ұзақ  жылдар  бойы  жинқталған  архологиялық материалдарды  ой сараптауынан  өткізу  Солтүстік-Шығыс Жетісудың  ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстары  жайлы  толық  түсінік  береді  “  деп қорытынды  жасаған.

 

 

 

1.2 Оңтүстік Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихының зерттелуі

 

 Ал Е.И.Агеева, Г.И. Пацевичтердің «Оңтүстік Қазақстандағы тұрақты елді-мекендер мен қалалар тарихынан»  деген еңбегі 1947-1951 жылдар аралығындағы археологиялық экспедицияның Оңтүстік Қазақстанға  жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесі ретінде жазылған.

Ежелгі Қазақстан тарихындағы негізгі өзекті мәселе бұл тұрақты елді мекен мен қалалардың даму тарихы болып есептеледі.

  Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтердің  еңбегінде осы елді мекендерге байланысты өздерінің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне сүйеніп қортынды  жасаған.  Отырықшы елді-мекендердің пайда болу процесі,Орталық Азияда құлдық  қоғамның дамумен байланысты болса, ал Оңтүстік Қазақстанда  феодалдық дәуірге дейін ішкі көшпенділіктің дамуымен және жер игерудің нәтижесіне байланысты болғанын ғалымдар көрсетеді . Еңбекте Орталық Азия мемлекеттерінде б.э.3-4 ғғ.- қалалардың құлдырауы әсерінен ,қаланың ауылдық елді-мекенге айналуы байқалса( 5-7ғғ.),ал Қазақстанның оңтүстік өлкесінде бұл кезде ортаазиялық типтегі қалалар болмаған .Ал Оңтүстік Қазақстанда ауылдық елді-мекендер- 5-7ғғ. пайда болып,экономикалық орталық ретінде қаладан ауылдық аудандарға ауысуы нәтижесінде емес, керісінше көшпелі даладағы сауданың көлемінің өсуімен ,ауылдық  жер қауымының ролінің күшеюі  және ауыл шаруашылық өнімге деген сұраныстың өсуінің  әсерінен  елді-мекендер пайда  болғанын анықтаған.

Осы отырықшы елді-мекендердің пайда болуының  негізгі екі жолын көрсетеді: біріншісі – алғашқы кезеңде пайда болған жер игерушілердің отырықшы елді-мекендері дамыған, екіншісі-көшпенділер отырықшылыққа  бейімделуі және жер игерудің дамуы.

Ауылдық елді-мекендердің екінші түрі  қорғанысты үй-жай немесе тепе алаңымен деп қарастырған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тепе алаңы бар жерлерді және қыш ыдыстарға зерттеу жүргізу арқылы  оларды бес топқа бөлген:

Бұлай бөлу арқылы археология ғылымында Оңтүстік өңірдегі  орналасқан елді-мекендерді жүйелі түрде зерттеудің  әдіс-тәсілінің дамығанын көруге болады.Осы әдіс-тәсілді қолдану арқылы ғалымдар өз еңбектерінде үлкен жетістікке жететінін байқауға болады. Ғалымдар қалашықтарды осы топқа бөлу арқылы жүйелі зерттеп және  қала тарихына байланысты құнды деректер ді нақты көрсетеді.

Ғалымдардың бұл зерттеулері елді-мекендерге байланысты және қала тарихына байланысты қажетті  мәліметтердің  пайда болғанын  көрсетеді.                                             

1966 жылы  көрнекті археолог Л.Б. Ерзаковичтің «13-18ғғ. Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы мәдениет»  атты еңбегі шықты.

Орта  Азия мен  Қазақстандағы монғол шапқыншылығынан кейінгі кездегі отырықшы мәдениетті зерттеудің барысына көңіл аударған автор ол кездегі археологиялық зерттеулер мен жазбаша   деректердің арасында алшақтық бар екенін анықтап,  қосымша археологиялық зерттеудің қажеттілігін анықтайды.

  Сондықтан  монғол шапқыншылығынан  кейінгі кезеңді зерттеуге арналған  бұл еңбек Шу, Талас жазығын және Қаратау бөктеріндегі елді-мекендерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізу арқылы жүзеге асырған.

  Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде  Шу жазығында алты қалашықтың орны белгілі болып, ол ХІІІ-ХІҮ  ғасырларға дейін өмір сүргені анықталды ,ал тек Аспара қалашығы  ғана   ХҮІ ғасырға дейін өмір сүргені анықталды. Ал  Талас  жазығында   Шуға қарағанда бұл жерде қалашықтардың саны  көбірек  екені анықталды. Тараз қалашығын зерттеу барысында  табылған  күмістер , керамикаларды тексеру барысында бұл жерде даму  ХҮІ және ХҮІІ-ХҮІІІ  ғасырға  дейін  созылғаны  байқалған.

Бұл археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінен 15-18  ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда елді-мекендердің даму деңгейі қалалық дәрежеде болғаны  және олардың сол заманға байланысты  монғол шапқыншылығынан кейінде дамығандық болғанын көрсетеді.

Осы елді-мекендердің  және қаланың даму тарихына көңіл аударған еңбектің  бірі    М. С. Қасеновтың “ Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен  елді-мекендерінің мәдениеті (  ҮІ-  ХІІІғғ)” атты еңбегі.  

Ғалым Талас өңірінің елді мекендерді алғаш болып зерттеп мәлімет берген ғалым В.А. Каллаурдың еңбегіне көңіл аударған.Ол бірінші рет елді-мекендердің қалдықтары Таластағы Ақтөбе қалашығы,  Қалба өзеніндегі қалашық пен төрткүл, Ұшмарал өзеніндегі Чалдавар қалашығын, Қарабура өзеніндегі қалашық және Айыртас-ой  қалдықтары жайындағы   нақты деректер  берген.

Ол  А.Н.  Бернштамның осы өңірдің қалаларын жіктеуін көрсетеді: Ол  ескерткіштерді тоғыз түрге бөлген:

  1. қала; 2. ауылдық елді мекендер;  3.  қорғандар;  4.  бекіністер ;                          5.  керуенсарай;  6. қорғаныс құрылыстар;  7. жеке құрылыстар ( мазарлар);  8.  қорғандар; 9.  қоныстар.

  Г.Н. Пацевич қала және елді мекенді жобасы бойынша алты түрге бөледі:

  1. қоныстар; 2. ауылдық елді- мекен;  3. үлкен-үлкен семьялық үй мекен ( дөңгеленген төбе);  4.  нығайтылған қорғандар  (ауданымен төбе); 5.  қала; 
  2. бекініс- керуен-сарайлар.

Шу-Талас өңіріндегі төркүлдерді зерттеген Кожемяко Н.П.  осылардың ішіндегі ұзын қабырғалы қала төңірегіне көптеген майда елді-мекендер шоғырланған  және тау- шатқалалдарындағы маңызды аудандарды қоршап тұрған деп  көрсетеді.

Солтүстік-шығыс Жетісудың төрткүлдерін  топқа жіктеуді  Байпақов К.М.  жүргізді, ол   қала  өлшемін, мәдени  қабатын, қызметін, қамалын, зерттеуден  табылған  заттарды,тұрғындарының санын, жағрафиялық  орналасуын  зерттеп, оларды төрт  түрге  бөлген:

  1. ауылдық елді-мекен ;
  2. қорғаныс  қала;
  3. керуен  сарай;
  4. ірі қалалар( астана)

Кейінгі  зерттеулерінде   қала  мен  елді  мекендерді  астана,  ірі  қала , бекіністер  деп  бөлгенін  байқайға  болады.

  Винник Р.Ф.  Ыстықкөл  төрткүлдерін  екі топқа бөлді:  салалық елді-мекен  және нығайтылған  елді-мекен. Бұлардың біріншісі тау жазығында , керуен жол бойында кездеседі, ал соңғысы ірі қалаға жақын орналасқан.Ескерткіштерді бұлай бөлу жағрафиялық орналасуы негізінде жүргізілді. Селолық  және нығайтылған елді-мекен айырмашылығы  анықталмаған.

 Бекініс қамалдардың пайда болуына Петров К.И.   пікірі ерекше  деп көрсетеді  М.С.Қасенов. Ол төрткүлді-бекіністі көшпенді малшылар салды деп есептейді. Мезгілдік жайлымдар  мен тау шатқалындағы  жазғы жайлымдардың , мал айдайтын жолдардың қауіпсіздігін қорғау үшін-бекініс-қамал салынған айтады. Мұндай бекіністердің пайда болуына, жеке рулардың мал жайлымдарын қорғаудан  болған.

Бекіністер  кейін  ірі қала орталықтарына айналғанын С.П.Толстов өз еңбегінде    көрсетіп, ескеркіштерді көлемі бойынша бөледі:  көлемі 100м.деп аз селолық үй-жай, ал бұдан үлкенді елді-мекенде-“қалалық қолөнер-сауда мекені”  деп  көрсеткен.

Төрткүлдің үлкен тобы Орталық Қазақстанда кездеседі. Олар: селолық елді-мекен , қолөнер орталығы  және қыпшақтық қаласы деп өлшемдеріне қарай бөлінеді- Ә.Х.Марғұланның 1973ж — 1978 жылдардағы еңбектерінде баяндалады.

 М.С. Қасенов өз зерттеу  барысында  мынандай   шешімге   келеді “Шаруашылықтың дамуы  мен өркендеуіне “төрткүл” елді-мекендерінің қызметі зор болды. Олар салыну мақсатына қарай  жергілікті аймақтың өндірісіне, экономикасына және саяси әлеуметтік  жағдайына дамуына ықпал жасады. Археологиялық зерттеулерден олардың қамалмен  қоршалған  және қоршалмағанын көреміз. Елді-мекендердің керуен жолдарында, тоғыз жолдың торабына, бай аймаққа орналасқандары сауда және қолөнер орталығына айналып, ірі қала болады. Сонымен  бірге бұрын уақытша тайпалар-мен рулардың қостары, бекіністері болған мекендері ортағасырдың екінші жартысында ірі қала орталықтарына айналып, көшпенді тайпалар іргелі елге айналды. Мұндай дамудың жолы  Талас өңірі елді-мекендеріне тән ірі тайпалық қаланың бірі қырғыз жотасы тау аңғарынан табылды- бұл Өркен қаласы .

Талас өңірінде отырықшылықтың дамуы  мен құрылуында ұзақ жолдан өтті. Алғашқы елді-мекендер  өңірде б.э.д. ІІ  ғасырда пайда болған, І-ІҮ ғ. б.э. елді-мекендер ондап саналады. Кейін олардың көпшілігі өмір сүруін тоқтатады. Кейбірі ортағасыр қалаларының іргетасына айналды. ҮІ ғ. б.э. өңірде қалалар  мен мекендер жаппай көбейе бастады. Бұған тарихи себептер болды. Елді- мекендер  мен  қалалардың салынуы мен дамуы үшін негізгі үш   шарт  қажет:  жағрафиялық орны, саяси жағдайы,  ру-тайпалық аймағы.”

Әр  ғалым  қалаларды  және  елді-мекендерді  жіктегенде  белгілі  бір белгісіне  қарап  және  өзінің  жүргізілген  археологиялық  қазба жұмыстарының   нәтижесіне  сүйене  отырып   жорамал   жасаған.

Ғалым  өзінің  жүргізген  археологиялық  қазба жұмысының нәтижелеріне  сүйене  отырып,  елді-мекендердің      сонау ерте  кездегі  ру-тайпалардың  уақытша  қостарынан, бекіністерінен даму  бастамасын  басталып  және  даму  барысында  ортағасырда  әлеуметтік-экономикалық, саяси,  мәдени  дамудың  әсерінен  ірі  елді мекенге  ортағасырлық  қалаларға  айналғанын   көрсетеді.

Ғалым   Талас өңірінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне  сүйене отырып  сол жердегі  қалалар мен елді  мекендерді топқа жіктеу белгілі бір белгі арқылы жүргізілетінін айтып ,сол белгілерді нақты көрсеткен:  географиялық орналасу, жобасы, өлшемі, тарихы, өмір сүрген кезеңі, сәулет ерекшелігі және құрылысы.  Осы белгілерді ескере отырып өзі зерттеген Талас өңіріндегі  қалалар мен елді-мекендерді  бес топқа бөлген:

  1. Ұзын қамалды қалалар;
  2. Ішкі қамалды қалалар;
  3. Қорғаныс қалалар;
  4. Керуен сарайлар;
  5. Ауылдық мекендер.

  М.Қасенов  өзінің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып  Талас өңірінде ҮІ-ХІІ ғғ.  арасында 134 қала мен елді мекен пайда болды деп, оларды географиялық орналасуына қарай топқа бөліп және уақыт кезеңіне жүйелеген.

М.Қасенов Талас  өңіріндегі  ауылдық мекендер туралы қолжазба деректерінде кездеспейтінін  нақтылап, тек археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері ғана нақты дерек әкелетінін осы еңбек арқылы  көрсетеді. Соңғы археологиялық қазба жұмыстарының барысында   Талас өңірінде 65   ауылдық мекен белгілі болғанын М.С Қасенов  ғылыми еңбекте көрсетеді.

  Мәселен,олар  мыналар : Атбайлар, Ақтөбе,  Қарабақыр, Көшеней, Машқайтөбе, Учмарал1 , Учмарал 2,  Шекер 2, Шекер3, Покровка, Буденовка және т.б.  Осы зерттелеген Талас өңірінде ауылдық мекеннің  басқа елді-мекенге қарағанда  әр кезеңге қарасақ  осы  елді-мекендердің сан жағынан  басым екенін көреміз.Осы жүйеден қандай қорытынды шығаруға болады, бұл ауылдық елді-мекенде дамудың негізгі орталығы болғанын көруге болады. Осы ауылдық елді-мекендер дами келе қалалық орталыққа айналатынын ғалымдар өз зерттеулерінде көрсеткен.Талас өңірінде зерттеулердің нәтижесінде осы ауылдық елді мекеннің көп таралғанын М.С.Қасенов өз археологиялық жұмысының қортындысымен дәлелдеп отыр.

 Ғалым осы деректерді саралай келе ауылдық елді-мекендер дами келе қаланың деңгейіне көтерілегенін  өзінің ғылыми жұмысында  да тағы  дәлелдеп берді

Ясыға  жақын   жерде  “Икан, Қарнақ,  Қарачұқ,  Сұри “  деген  елді-мекендердің болғанын  және ХVІ ғ « Зафар-наме»  еңбегінде  Сайрамның  жанында  Шымкент  елді-мекені  болғаны  айтылады.

Хафиз Танышта   бірнеше   елді-  мекенді  атайды-ол Отырар   маңындағы –Қарасман  және  тағы  басқа елді-мекендер. 

Д.Ә.Талеевтің   « Келес  өңірінің  ортағасырлық  археологиялық  ескерткіштері (  VІ- ХVІІІғғ) –атты еңбегі  Келес өңірінде орналасқан қалалар мен елді-мекендерді   өзі  зерттеген ескеркіштерге сипаттама берген.

 Өзі  қарастырып отырған  өңірдегі қалалар сияқты елді мекендерді  де  олардың тарихи-тонографиялық жіктеуіне, өмір сүрген уақыты және құрылысына қарай  үш кезеңге бөліп қарастырған:

  1. Ерте ортағасырлық ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлар –27ескеркіш белгілі,   оның  2  қала, 25 елді-мекендер.
  2. Ортағасырлық ескерткіштер – ІХ- ХІІІ ғасырлар аралығы- 20 ескерткіш белгілі- оның 7 қала,13 бекіністер мен елді-мекендер.

3.Кейінгі ортағасырлық ескеркіштер –ХІV- ХVІІІ  ғасырларда 16  ескерткіш белгілі  , оның  8 қала ,8 елді-мекендер мен бекіністер.

Қалаладың негізгі белгісі ол құрлысының үш бөлікке бөлінуі арқылы ажыратуға болатынын ғалымдар өз зерттеулерінде анықтап көрсеткен. Ал елді-мекендерді олардың көлеміне қарай және сыртқы белгісіне қарай ажыратуға болатынын  В.М. Массонның еңбегінен кездестірген, Қуандық елді-мекендерді жобасының ерекшеліктеріне мән бере отырып  үш түрге жіктеген :

  1. сыртқы пішіні дұрыс емес;
  2. ешқандай қосымша құрлысы жоқ, бұрыштары тік болып келген немесе жобасы төртбұрышты келген
  3. жобасы тік бұрышты немесе төрт бұрышты болып келіп, бұрыштарының бірінде қосымша төбесі бар.

 Ауылдық  елді-мекендерін түрге бөлуге әрекет жасаған  В.А. Нильсон  мен А.Губаевтің еңбектеріне   Д.Талеев тоқталып кеткен.

В.А. Нильсон ауылдық елді-мекендерді үш түрге бөлген: 1) екі қабаттан тұратын төбелер, бұндай сатыланып келген төбелердің көлемдері әртүрлі,аса кішкенеден айтарлықтай үлкен түрлері болатындығын айта келіп, соңғыларының еңсесі биік бөлігі цитательдің орны деп көрсетті.

2) кең алқапты тайпақ төбелер;

3) шет-шет тік келген айнала қоршалған қабырғалары жақсы сақталған аса үлкен емес төбелерді жатқызған.   

А.Губаев ауылдық елді-мекендердің таралуы туралы айта келіп, оларды алты түрге бөлді:

1) балық төбе  тәріздес , жеке тұрған  ақсүйектердің сарайлары;

2) ауылды елді-мекендердің маңында орналасқан ақсүйектердің сарайлары;

3) кедей шаруалардың баспаналары мен бірге орналасқан  янкапарсин тәрізді, ақсүйектердің сарайлары;

4) жоғарыда айтылған екі түрі қосыла келетін-ақсүйектердің сарайларының (Артық)  маңайындағы  кедей мекендер (Ақтөбе);

5) Ақсүйектердің сарайларынсыз шаруалардың елді-мекендері;

6) Шаруалардың және орналасқан мекен жайлары. 

 Ғалым ” әр түрлі дәуірлерге жататын ескерткіштерді жіктеу немесе түрге бөліп зерттеу тарихи процесстердің дамуын терең де жан-жақты ұғынуға мүмкіндік береді ”-  деп  нағыз қажетті ойды түйіндейді.

 Ғалым Ә.Х. Марғұланның  “ Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана” –деген еңбегіндегі  жеріміздегі елді-мекендердің, қоныс-жайлардың қалыптасуы мен құрылысына жеке зерттеулер   барысында    Орта Азия  мен Қазақстан жерінде VІ-VІІІ ғасырларда қалыптасқан елді- мекендер  мен қоғамдық  ғимыраттардың түрін көрсетеді:

  • билеушілердің сарайлары;
  • саудагерлермен қол өнершілердің (шеберлердің)  мекен-жайы;
  • әскери бекіністер;
  • керуен-сарайлар;
  • егінші шаруалардың ( диханшылардың ) мекені
  • ақсүйектердің қалалары

Ғалым  Ә. Х.Марғұлан,   К.М.Байпақов, Е. И.Агеева, Г.И.Пацевич , Т.В.Савельева, М.Е. Елеуовтардың еңбектеріндегі жіктеулерге сүйене отырып  ескеркіштердің аймақтық жер қыртыстарының ерекшеліктеріне, олардың сыртқы пішіндерінің ұқсастықтарына, көлемдерінің шамасы мен құрылыс ерекшеліктерін ескере отырып келесі жіктеуді ұсынады:

  • екі немесе үш бөліктен тұратын төбелер;
  • бұрыштары тік болып келген төбелер;
  • алаңды төбелер;
  • сопақ келген төбелер ;
  • дөңгелек келген төбелер.

Осы жіктеу арқылы Келес өңірінде орналасқан қалалар мен елді-мекендердің тарихын ашуға қолайлы жағдайлар ашылатынын  көруге болады.    

Осы жіктеуді  көрсете отырып ғалым әрқайсысын жеке- жеке ғылыми  талдау жүргізу арқылы төмендегідей мәліметті алған:  1) екі немесе үш бөліктен тұратын төбелерге – қалалар  мен қалашықтар сәйкес болған ;

 2) бұрыштары тік болып келген төбелерге – елді-мекендер  мен қорғаныс баспаналар( мекенжайлар) мен теңестірілген; 

3) алаңды төбелерге — егіншілердің немесе ел басқарған ақсүйектердің ( жеке феодалдардың) үй-жайларына сәйкес келген; 

4) сопақ келген төбелер-  бекініс қамалдар, қоныстар деп қарастырған;     

5) дөңгелек төбелер- күзет мұнаралары және шаруашылық, болмаса арнайы құрылыс қалдықтары деп көрсеткен. 

Бұл қорытындыдан  Келес өңіріндегі зерттеулер  елді-мекендер тарихында археологиялық дерек ретінде қолданылуға болатынын көрсетеді..

Ә.Х. Марғұлан мен   С. Ж. Жолдасбаевтар елді-мекенді қалыптасу даму ерекшеліктеріне қарай жүйелеген, Бұл жүйелеуде С.Жолдасбаев Ә.Марғұланның жүйелеуіне қосылып, ондағы  кемшіліктерді атап көрсетеді: “кент” деген ол “қаланың” қатарына енуі керек, себебін нақты деректер көрсету арқылы дәлелдеп өзінің “ Жетісу тарихы” еңбегінде атап көрсетеді.

Ғалым осы «кент»  сөзін зерттеу барысында   көне қалалар Баршынкентке  ерекше  тоқталып  кеткен. Осы қаланы зерттеу барысында ең алғашқы дерек ретінде Плано Карпинидің « История монголов»  « Путешествие в восточные страны»  деген еңбегінде:” А один город, по имени Бархим, долго противился ему; именно они сделали большие рвы а вокруг города и закрыли их, а когда те подходили к городу, то падали во рвы. Отсюда они не могли занять этого города, раньше чем заполнили те рвы.” –деген мәліметтерден  Баршынкент қаласының жаумен алысқан кезін сипаттаған ,оның сол ХІІІ ғасырда өмір сүргенінің айғағы бола алатынын  ғалым өз еңбегінде  көрсеткен.

Екінші дерек ретінде шығыстанушы  академик В.В. Бартольдтың  «Очерк истории туркменского народа»   деген еңбегін пайдаланған.

Осы қалада  Баршынкенте 1273-1274 жылдары   Жамал Қаршидың болғанын хабарлайды  және Ақ Орданың ханы Эрзен ханның (ХІҮғ)  Отырар, Сауран, Баршынкент қалаларында мешіт , медресе  салғызғанын  жазады.

Үшінші бір дерек ретінде француздың атақты ғалым жазушысы тарихшы К.Д. Оссонның  « От Чингисхана до Тамерлана» атты еңбегін қолданған. Бұл  еңбек  монғол  шапқыншылығын   тарихи материалдарды қолдана отырып   сипаттаған. Сонымен   қатар   қазақ халқының ата бабалары туралы және Ресей патшасының отарлық саясаты жайлы да мәліметтер алуға болады.

Тағы бір дерек реттінде Ә.Дербісалиевтың  « Қазақ  даласының жұлдыздары»  атты еңбегінде пайдаланған : ” Жамал өз дүниесін әуелі Баршынкент жайлы мағұлматтар беруден бастаған. Оны ол қала немесе қамал емес, мекен ( диар) деп атаған. Соған қарағанда Баршынкент шынындада да бекіністік дәрежедегі қыстақ қана болған сияқты.Егер Жент Сырдариядан біршама қашық, Қызылқұм  қойнауындағы  Іңкәрдария  тұсында  болса, Баршынкент керісінше Сырдың оңтүстік жағалауына жақын, Сығанақ Асанастың орта тұсында деуге болады. Баршынкент мәдени орталық та болған”- мәдени орталыққа дейін көтерілу бұл оның қала деңгейіне жеткеннің белгісі деп қаруымыз керек.

Осы Баршынкент қаласы жайлы   туркол ғалым Ә. Қоңыратбаевтың зерттеген зерттеулеріне көңіл аударылған.

Ғалымның   зерттеуі   бойынша  Х-ХІ  ғғ.  Сырдарияның  бойында Баршакент   қаласы  өмір  сүргендеп   жобалай  келе ,осы  қаланы   Алпамыс  батыр   жыры  мен  Қорқыт   ата   кітабындағы  кейіпкерлермен  байланыстырады – бұл   көзқарас  тарихшы  филолог  ретінде  байқалса, екінші  бір  ерекшелігі  Ә.Қоңыратбаев  археолог  ретінде  зерттеу  жүргізуге  әрекет  жасаған  деп  көрсетеді С.Жолдасбаев, әсіресе  белгісіз  елді-мекендерді  айтса, сонымен  бірге  өзендердің атауын келтірген: Қалғандария, Баршындария, Іңкәрдария,  Қуандария  осыларды  атай  келе осы  Баршындарияның   сағасында  Сырлытам   мазары  жанында  Баршынкент  елді-мекені  орналасқан  деп  қортындыға  келеді.

Бұл  деректен  біз ауыз  әдебиеті  мен  археологиялық  деректердің  сәйкес келуінің  нәтижесінде және ХІІІ ғ орта  кезіндегі  жазба деректерде    анықталуы  Баршынкент   қаласының  болғанын  дәлелдей  түседі  деп  ғалым  түйіндейді.

Бұл  дерек  сонау  ерте  заманда  халық  ауыз  әдебиетінде үлгілердің  тарихтағы болған оқиғаларды   сипаттау  нәтижесінде  қалыптасатынын  көруімізге  болады. Баршынкент  қаласының  белгілі  болуының  өзі  ертедегі  қазақ  халқының  материалдық мәдениетінің жемісі ретінде  көрініс алатынын   ғалым  нақты  көрсетіп  берді.

Ғалым  бір  қаланың зерттеу үшін  жазба, ауыз әдебиеті және археологиялық деректерге  сүйене отырып   нақты дәлелдерді келтіре отырып  қазіргі  заман  талабына  сай ғылыми жұмыс  жүргізген.Бұл нақты дәлелдер  тарих  беттерінде  әлі  белгісіз  болған  беттердің  ашылуына  үлкен  қолғабысын  тигізетініне  сенеміз.

 Ғалым  Гильом де Рубруктың «Путешествие  в восточные  страны»  деген  еңбегін  зерттей  келе , онда  Құм кент  қаласы  жайлы  мәлімет  алып ,ол  мәлімет  Ә. Марғұланның  еңбектерінде  көрсетілген  деректермен  сәйкес  келетінін  анықтап  көрсете  білген.

Осы зерттелген елді-мекендер монғол шапқыншылығынан кейін өзінің өмір сүруін тоқтаты деген пікір  Алтын Орда дәуірін  зерттеуші  Б.Д. Греков  пен А. Ю. Якубовскийдің зерттеулерінде « Золотая Орда  и ее падение» деген еңбектеріне  кездеседі.

Зерттеліп отырған қалаларда теңгенің табылуын қалалық өмірдің жанданғанын және алғашқы теңге  Ақ Орданың ханы Мубараққожа ханның  тұсында 728ж. Сығанақ қаласында шыққанын айтып, ал Орыс ханның  кезінде біраз дамығанын  зерттеу жұмысының нәтижесінде белгілі болып отыр.  Соңғы орта ғасырдың алғашқы кезіндегі  тарихшы  Ф. Рузбеханның  жазбасын зерттеп, онда Сығанақ қаласының қыпшақтардың   басты сауда орталығы болғанын айтады.

Ғалым монғол шапқыншылығынан кейін қалалық өмірдің көтерілуі  Ақ Орданың кезінде басталып, соңғы орта ғасырда ақырында жандана бастағанын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде археолог тарихшылар   Ақышев К.А.  Жолдасбаев С.Ж :    Қарасуан, Ақсүмбе, Раң, Күлтөбе, Созақ, Тастөбе, Тасқорған   және тағы басқа қалаларының  және олардың аймағындағы ұсақ елді-мекендердің зерттелініп онда өмірдің соңғы орта ғасырға дейін болғанын анық көрсетеді.

Бұл деректер батырлар жырында одан әрі жалғасын   алады:

     Алшағыр еліңді алғанда,

     Қараспан  құлап қалғанда-

 Ақсауыт  батырлар жинағында көрсетілгендей , бұл  жыр  шумақтарындағы  Қараспан  қаласы  археологиялық  зерттеуге  қарағанда   Шымкент  облысы  ,Обручевка  қыстағының  жанында  Арыс өзенінің  сол  жағасында  орналасқан. Тарихи   жазба деректерге қарағанда қала ХҮІ ғ   аяғында (1580ж)  Өзбек ханы АбдаллахІІ өзінің қарсыласы баба сұлтанды қолға түсіру үшін жорыққа шыққанда осы қалада бірнеше рет болғанан хабарлайды.

Тарихтағы белгілі болған деректерге сүйене келе    ғалым Оңтүстік Қазақстандағы ірі қалалар мен кіші елді-мекендердің  барлығы қазақ хандығының қарамағына толықтай кіріп болғанын дәлелдейтін дерек ретінде

  Ә.Дербісалиевтың   еңбегіндегі мәліметке сүйенген  және    осындай дерек ХҮІІІғ ортасында Түркістанда болған топограф П. И. Рычковтың зерттеулерінен де тапқан.

«Дала уалаятының газеті»   мен  Ш. Уалихановтың « Записки о Кокандском ханстве» деген  жазбаларын   зерттей  келе  Түркістан  туралы  мәліметтер жинақтаған. ХҮ ғ.  ортасында Батыс Қазақстанда  жартылай отырықшы жағдайда өмір сүргені  жайлы  деректі  Мәшүр Жүсіп Көпейұлының « Қазақ шежіресі» атты жазбасындағы деректерге сүйене отырып   анықтаған.

     Ғалым  елді мекендер  мен қатар  қалалардың ашылмай жатқан сырларын ашуға да көңіл аударған. Ғылыми  айналымға түспеген  деректерді іздестіруге баса көңіл аударғанын байқауға болады. К.А.Пищулинаның, П.П.Ивановтың , Т.И.Сұлтановтың, С.Г. Кляшторныйдың және қазақ хандығының тарихының материалдарындағы деректерге сүйеніп қалаларды зерттеген.

 Сауран қаласы ХҮ ғ. аяғында Жәнібек ханның баласы Жиренше сұлтанның қол астында болса, одан кейін бірнеше рет өзбек хандығының қолына түсіп, ХҮІ ғ. аяғында қазақ хандығының қолына өткен –деген дерек  тарих беттерінен белгілі.

Сырдарияның бойындағы атақты қала Сығанақ жайлы деректерге шолу жасап, қалада және оның аймағындағы елді-мекендерде қазақтардың мекендегенін толық дәлелденді деп қортындыға келеді.

Оңтүстік Қазақсандағы атағы дүние жүзіне мәлім қала Отырар туралы деректерге  көңіл аударған.Осы Отырар қаласына байланысты екі негізгі мәселенің басын ашуға күш салған: оның бірінші көңіл аударған мәселесі Отырар қаласының алғашқы отырысты мекенге айналған кезі қаңлы тайпасынан басталған деген ой- оның дәлелдемесі ретінде С.Г Кляшторныйдың  “Древнетюркские рунические памятниик-  как источник  по истории Средней Азии” деген  еңбегінде   “Тарбан “ деген сөзді “Кангу-Тарбан”  деген  сөзбен байланыстыруы және қытай деректеріне сүйеніп қаңлы тайпасының орталығы болған деген дерекке көңіл аударады.  Ал екінші мәселе- Отырар қаласының  соңғы орта ғасырдағы  қазақ халқына әлеуметтік-экономиалық жағынан тигізген қызметі  жайлы  деректерге көңіл аударған.

Ғалым қазақ жерінде мекендеген тайпалардың тарихына жүйелі түрде зерттеу жүргізу арқылы  елді  мекендердің  дамуының  эволюциялық  жолмен  дамығанын нақты деректермен көрсету арқылы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері тарих беттерін өзгертетінін   бізге байқатты.

Ал басқа ғалымдар елді-мекендерді жүйелегенде олардың көлемдеріне қарай  бөлген.

  М.Елеуовтың ”Шу-Талас өңіріндегі қалалар мен елді-мекендер тарихы” атты  монографиясы  Оңтүстік Қазақстандағы   Шу,Талас өңіріндегі  елді-мекендер мен қалалардың даму тарихына арналған.

“Заманында мықтылығымен, айбарлығымен жауларына үрей туғызып, әсемділігімен  шет елдік елшілерді, жиһанкездерді, саудагерлерді таң қалдырған, талай оқиғалардың куәгері болған-қалалар мен елді мекендер1”-деген жазбалары ғалымның сол өңірдің тарихын  жан-жақты білуінің нәтижесінде пайда болған сипаттама.

М.Елеуов бұл еңбегінде Қазақстан археологиясында алғаш рет ортағасырлық қалалар мен  елді-мекендердің зерттелу  тарихын кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңге бөлуден бас тартып, оны бір-бірімен сабақтасып жатқан 4 кезеңге бөледі: 1) 1856-1935 жылдар; 2) 1936-1945 жылдар; 3) 1946-1960 жылдар; 4) 1961-жылдан  қазіргі уақыт.

Ғалым осы бөлінген кезеңдерді жүйелі түрде жеке-жеке зерттеп, алғашқы кезеңді екіге бөледі ,яғни бірінші  саты-өлкетанушылық кезеңнің басталуы  1856-1892 жж. Ш.Ш.Уалихановтың зерттеулерінен бастайды, ал екінші сатысын 1893-1935жж. В.В.Бартольдтің  зерттеулерімен бастаған.  Ш.Ш. Уалихановтың, В.В.Бартольдтің еңбектеріне және басқа жазба ,археологиялық деректерге жан-жақты сараптама жүргізу арқылы осындай қортындыға М.Елеуов келіп отыр.

Бұл  қала мен елді-мекендерді кезеңге бөлудегі  жаңалық болып есептеледі. Бұл жаңалық қазіргі қалыптасып келе жатқан жас ғаламдардың  ғылым әлемінде еңбек етуге көмек беретін  әдіс-тәсілдің алғашқысы болып есептеледі. Бұл кезеңге бөлу арқылы дерек көздерін саралауға болады, тарихты зерттеу жүйелі түрде жүзеге асырылғаны осы ғылыми еңбекте көрініс алады.

1974-1998жылдары Шу,Талас өңірлері мен Қаратаудың солтүстік беткейлерінде археологиялық зерттеулер жүргізген кезде жинақтаған аңыздарды ғылыми айналымға енгізіп отыр. Аңыз- бұл  халық өз басынан өткізген тарихын  ауызша жеткізуі. Сондықтан аңыздарды ғылыми айналымға енгізе отырып ,оны археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларымен салыстыра отырып  ғылыми еңбек ретінде көрсету, бұл ғалымның  қажырлы еңбегінің және тарихи ғылымдарды  жан-жақты  меңгерген  адамның  қолынан  ғана келетін  іс-әрекет болып есептеледі.

Зерттеу барысында Шу-Талас өңірлерінің ортағасырлық қалаларына, керуен жолдарына, жер-су аттарына қатысты  аңыздар: Шу қаған, Шу керуен жолы, Бас,Орта ,Аяқ, бала Ақтөбелер туралы, Шәрі қаласы, Ақкесене, Көккесене мұнаралары туралы, Қазақ хандығы жайлы және ортағасырлық Ақтөбе қаласындағы айдаһар, кітапхана, мешіт, монша,су құбырлары мен жер асты жолы, үш қатар қамал және қарауыл төбелер, Төрткүлтөбе туралы тарихи-мекендік аңыздардың жиналып ғылыми айналымға енуінің маңызы зор болып есептеледі.

 Ғылыми еңбектегі аңыздарда аттары аталған Бас,Орта, Аяқ Ақтөбелердің негізі 6-8  ғасырлар кезінде салынғаны,ал Шәрі қаласындағы тіршіліктің тоқтауына өрттің себеп болғаны, Шу мен Талас өзендеріндегі бірқатар өткелдердің басындағы  бекіністердің, Ботамойнақ, Ақкесене, Көккесене қарауыл мұнараларының 10-11 ғасырларда салынуы,Ақтөбе қаласынан ашылған монша, су құбырлары, бірнеше қатар ұзын қорғандар, қала төңірегіндегі қарауыл  мұнаралырының археологиялық зерттеулер кезінде ашылуы тарихи-мекендік аңыздардың   қазақ жерінде болған тарихи оқиғалармен тығыз байланысты екенін осы зерттелген  аңыздардан нақты байқауға болады.Бұл аңыздардың археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен дәлелденуінің өзі,тарихтағы әлі зерттелмей жатқан саңылауларының орнын толтыруға өте үлкен бір қолғабысын тигізетінін нақты көруге болады.

М.Елеуовтың “ Шу,Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді-мекендер туралы халық жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа талай ғасырлардан бері ауызекі беріліп келе жатқан тарихи-мекендік аңыздар Ш.Ш. Уалиханов сөзімен айтқанда: “… халықтың өткен тарихы мен рухани өмірін бейнелеп белгілі тарихи мағұлматтарды толықтыруға және оның шығу себебін анықтауға бізге мүмкіндік береді”- деген мәліметтері  аңыздардың тарихтағы болған оқиғалардың нақты дәлелді себептері бола алатынын, бізге ғалым өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерімен дәлелдеп отыр.

Осы елді-мекендердің тарихын анықтауда М.Елеуов  халқымыздың ауыз әдебиетіндегі аса бай салаларының бірі батырлар жырына көңіл аударған. Сол батырлар жырының ішіндегі “Манас”эпосы,“Қобыланды батыр”,”Семетай”  эпосы, “Алпамыс батыр” жырларын зерттей отырып, Шу-Талас өңіріндегі елді-меакендер мен қалаларға  байланысты  нақты дерек көздерін алып, ауыз әдебитінің салалары да тарихты дәлелдеуде қажетті  қайнар көз ретінде қолдануға болатынын осы зерттеуде көруге болады.

 Осы ғылыми айналымға енгізілген тарихи-мекендік аңыздардағы деректер, археологиялық қазба жұмысының барысында алынған деректерді бір жүйеге келтіре отырып М.Елеуов ғылыми еңбекте алғаш рет Шу-Талас өңірлері арқылы өткен ортағасырлық керуен жолдары  кең көлемде  зерттеліп, олардың нақты бағыттары және өзара байланыс көздерін ашылып  үлкен ғылыми жетістікке   жеткен.

Ғылыми еңбекте анықталған керуен жолдарының бағыттары: 1) Түрік жолының Талас өңіріндегі Бектөбе- Шу өңіріндегі Бурана аралығындағы бөлігі және оның Іле мен Ыстықкөлге өтетін бағыттары; 2) Талас өңіріндегі Ферғана, Жоғарғы Талас, Телікөл, Қимақ жолдары; 3) Қаратаудың асулары арқылы өтетін Раң, Ақсүмбе, Дарбаза жолдары мен Қаратауды солтүстік батыс жағынан айналып өткен Нәнсай жолы; 4) Қаратау, Талас пен Шу өңірлері арқылы өтетін Қарқаралы,Уванас, Жетіқоңыр жолдары мен Тараздан басталған Банджар жолы; 5) Шу өңірі арқылы өтетін Шу керуен жолы, оның Текей, Жаман Шу, Ақсу, Соқұлық, оң жағалық тармақтары мен Хан жолының Қойлыбай-Болат, Байқара, Иткешу тармақтары.

Бұл Шу-Талас өңіріндегі керуен жолдарының зерттеліп бір жүйеге келтіруінің өзі,  елді-мекендер тарихының бір жүйеге келетіні анық. Себебі керуен жолдарының бойында  қалалар мен елді-мекендер орналасқанын тарих беттерінен белгілі.

М.Елеуов өзінің зерттеуінің барысында осы  Шу-Талас өңіріндегі қалалар мен елді-мекендердің 5-13 ғасырлар аралығында орналасуы , негізгі үш    Түрік жолы, Телікөл, Шу жолдарының торабында орналасқанын анықтаған.

Осы жолдар арқылы  елді-мекендер мен қалалар басқа елді-мекендермен байланыс жасалғаны да белгілі болған.

   Шу, Талас, Іле өңірлерінде зерттеу жүргізген алғашқы ғалымдар қатарына Ш.Ш.Уалиханов,П.И.Лерх,В.В.Бартольдтдың ғылыми зерттеулерімен сәйкес келетінін    М.Елеуовтың осы ғылыми зерттеуінде  нақты көреміз.

Ғылыми  еңбекте тағы бір көңіл аударылған мәселе  қалалар мен елді-мекендердің баламалануы.Осы зерттеу барысында  ғалым жазба деректер мен қатар археологиялық деректерді салыстыра отырып, бұрынғы баламаланған елді-мекендердің кемшіліктерін көрсетіп, нақты дәлелдер келтірген. М.Елеуов  ғылыми сараптама жүргізу арқылы Кенжек-сеңір-Шаруашылық , Нүзкет-Шыштөбе, Жүл-Соқұлық, Түрік қағаны-Шөміш мекені, дех Нуджикес пен Адахкент – ұзын қорғанды Қара төрткүл( 7-14ғғ) және Қоңырбайтөбе (8-13ғғ) , Қарлығ-Оққұм, Теміртау-Төркүл қалаларының баламалануы нақталанып, Бурух- Қаракемір, Яганкет – Бектөбе, және дех Нави-Қасқантөбе қалалары бірінші рет баламаланған.  Бұл    тарих беттерінде сонау ерте кезде пайда болған жазба деректермен қазіргі кезеңдегі ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне сараптама жүргізу барысында пайда болған  дерек  ретінде, ғылым әлеміне бір жаңалық болып еніп отырғанын көреміз.

Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі елді мекендерді К.М. Байпақов пен А.Н.Подушкинның жазған ғылыми зерттеулерінен қажетті мәліметтерді алуға болады. Бұл ғылыми еңбек Арыс бойындағы, Отырар  алқабындағы елді мекендерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізу нәтижесінде  тарихқа қажетті материалдар пайда болған. Ғалымдардың зерттеген жерлерінің көлемі батысында Қызылқұммен шекараласса, шығысында Кіші Қаратаумен, солтүстігі Үлкен Қаратау бөктерімен,  оңтүстігі Таластағы Алатау мен Қоржынтау тауларымен шекараласқан. Зерттелген жер үш бөлікке бөлінген: таулы, тау бөктері және дала, жазықтар. Археололгиялық деректер бойынша осы зерттеліп отырған жер, ежелгі палеолит дәуірінде  өмір сүрудің белгілері анықталған. Халықтың қола және темір дәуірінде өмір сүргені жайлы дерек көздері табылған.

Ғалымдар өз зерттеу барысында елді-мекендердің  типологиясын белгілі бір белгілері арқылы ажыратқан. Негізгі белгілер: орналасқан жері( ланшафтарын есептеу арқылы, жергілікті  рельефі және су көздерінің болуы); топография ерекшелігі; өмір сүру уақыты; стратиграфиясы; фортификациясы.  Осы анықталған белгілері арқылы ескерткіштердің түрлері анықталған: 1. Домалақ( овальные) төбе тәрізді,оған жатқан елді мекендер-Ақтөбе, Костөбе-1, Жабағалы төбе. Бұл  елді  мекендердің өмір сүру кезеңі 4-5ғғ.сәйкес келеді. 2. Сопақ төбе, осі бойынша созылған,оған жататын елді мекендер — Тоғайтөбе, Төрткүлтөбе, Көш- Мұллатөбе-1. Өмір сүру уақыты 4-5ғғ. деп есептеледі. 3. Алаңы бар төбелі елді мекендерге Қараспантөбе, Қаратөбе, Қарабастаутөбе-1 жатады. Олардың өмір сүру уақыты 4-5 ғғ.жатады. 4. Төртбұрышты   төбе “жасырын” типтегі оған жатқан елді мекендер –  Жататөбе, Керегетастөбе,  Құлантөбе бұл елді мекендердің өмір сүру кезеңі 1- 4 ғғ.- 6- 10 ғғ. аралығы  деп  есептеген. 5. Домалық рабадты қалашық- Сырға- Салдытөбе қалашығы жатады. 6. Периметірі сынған рабадты бар қалашық-  Жалаутөбе қалашығы, Шатыртөбе, Шөлтөбе қалашығы жатады.7. Төртбұрышты   рабатты қалашық — Күлтөбе қалашығы, Безымянный  қалашығы  сәйкес  келген.

Ғалымдар өз зерттеу барысында бекіністі елді мекендердің 1-4ғғ пайда болып, дамуы 6-8ғасырларға дейін  жеткенін Алтынтөбе  қамалды елді мекенді зерттеген кезде анықтаған.Осы өңірді зерттеу барысында бекіністі елді мекендер ерте ортағасырдың қалашықтарымен сәйкес келетінін ажыратқан.

Ғалымдар  Отырар  алқабындағы  елді  мекендер  мен   қалашықтарда  жүргізілген   қазба  жұмыстарының   нәтижелерін   жүйелі   түрде  көрсеткен. Ондағы   Көк-Мардан,  Мардан-Күйік   қалашықтары   мен  Пұшықтөбе, Қостөбе ,  Ақтөбе,  Алтынтөбе ,  Қаратөбе  елді   мекендеріне  ғылыми зерттеу  жүргізіп,  онда  алынған  материалдарды  сараптай  келе  олардың орналасу,  даму  кезеңдерін  анықтаған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР МЕН ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

2.1 Орталық  Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің зерттелуі

 

 Ә.Х.Марғұланның   Орталық  Қазақстанда  жартылай отырықшылықты  және елді мекендердің қалдықтарын анықтау мақсатымен жүргізілген экспедицияның   есебі арқылы ғылымға қажетті мәліметтерді көрсеткен.

Ғалым    өзінің   кеңінен    алып   зерттеген    уақыты   ерте  заманнан  ортағасырға   дейінгі   аралықтағы   Орталық   Қазақстанда,   Бетпақ  — далада, Шу,  Сарысу    өзендерінің    бойында   болған   мәдениет    қалдықтарына  шолу    жасаған.

Ә.Х.Марғұланның    еңбегі   Оңтүстік   және   Орталық   Қазақстандағы     пайда   болған   елді   мекендер   мен    қалалардың   даму   кезеңіне   арнаған. 

 Ғалым    бұл   еңбекте   көшпелі   малшылар    мен  отырықшы жер игерушілердің   арасындағы   байланысты   зерттеген    ғалым  профессорлардың    А.Ю.Якубовскийдің,    А.Н.Бернштамның,  С.П.Толстовтың,  Г.В.Григорьевтің     еңбегіндегі   мәліметтерді    саралай келе    ғылымға   қажетті    деректерді    қалыптастырған.  Сонымен    қатар профессор     А.А.Семеновтың    пікіріне   қарсы   сын    айтылады.    

Ә.Х.Марғұлан  археологиялық  зерттеу  нәтижесі  бойынша, яғни керамиканың қалдықтарын, жер игеру құралдарын, тиындарды, тоқыма өндірісінің өнімдерін,қол  өнер  бұйымдарын зерттеу барысында  және  ежелгі деректер  негізінде  ежелгі  Қазақстанда  алғашқы  елді  мекендер  өзен  жазығында, өзен,  көл  бойында   және  тау  етектерінде,  сайларда,  арық , тау өзендерінің  бойында пайда болып, дамығанын  еңбекте көрсеткен.

Ә.Х.Марғұлан  археологиялық  материалдарды  саралай  келе  Қазақстан жеріндегі  отырықшы  елді  мекендердің  пайда  болуы   әртүрлі  әлеуметтік- экономикалық   жағдайларға  байланысты  болып, қола  дәуірінің  соңғы  кезеңіне ( б.э.д.8-7ғғ.)  жатқызады. Оған  дәлел  ретінде  Тобыл  өзенінің жоғарғы   жағындағы  Алексеевка    үйінді қалдықтары( развалины) және Қостанай  облысындағы   Наурыз  борының қасындағы селоның орналасуын көрсетеді.

Сақ   және    үйсін,  қаңлы    тайпаларының   тарихи   дамуын  жазба деректерді  археологиялық   қазба    жұмыстарының   нәтижелерімен   қоса  зерттей    отырып,  адам    қоныстанған   жерлердің   ерекшеліктерін  анықтаған.

  Ғалым  арбаның  тарихын  зерттей  келе, ежелгі Қазақстандағы елді мекендердің  пайда  болу тарихымен байланысты екенін көрсетіп,    Плано Карпинидің  жазған  деректерін  қолданған. Қоныстар  мен  елді мекендердің пайда  болуына  арбалардың даму әсер еткені  тарихта  орта ғасырларда анық байқалатынын  көрсетеді. Арбалардан құрастырылған елді мекендердің қатарына  ертеде қалыптасқан  Сырдариядағы  ( Кангка), орта ғасырда Орал өзеніндегі ( Қырық-арба), Нұра  өзенінің төменгі ағысындағы ( Тоғанастынғы тоқсан екі күймесі), Ұлытау  ауданындағы ( Орда-Қонған) және Обағанды жатқызады. Бұл мәлімет ғалымның ұзақ жылдар бойы жүргізген  зерттеу  нәтижесі .

 Ғалым  сақ  дәуіріндегі  елді  мекендерді  зерттей  келе  сол  уақытқа  жататан  елді  мекендерді  көрсеткен: Келес  даласында  орналасқандар( Жар –Төбе, Қара-Төбе),  Арыс даласында (Жуан-Төбе, Май-балық, Қос-Қоңыр). Ал  профессор С.П.Толстовтың  зерттеген   Жеті-Асарында осы сақ дәуіріне жатқызады.

     Жазба  және  археологиялық   деректердің  негізінде   ежелгі   үйсіндердің елді  мекендерінің  түрлерін анықтаған: билеушілердің сарайлары мен ірі  мал иеленушілердің қоныстары. Ежелгі  үйсіндердің  қоныстары  Алматы,  Ақсай, Қарғалы, Каскелен, Кастек, Талғар аудандарында және т.б. жерлерде кездеседі, олар қазіргі кезеңде сол бұрынғы атауларын сақтағанын көрсетеді.

    Қазақстан   территориясында  VI  ғасырдан  бастап  қоғамдық  қатынастардың     дамығандығы,  әлеуметтік  таптар   арасындағы   қарама-қарсылықтар   мен   ру-тайпалар   арасындағы   қырқысулар   көшпенді   малшылардың   қайыршылануына әкеп соғып,  олардың   отырықшылыққа   көшуінің  нәтижесінде,  ірі   елді   мекендердің   пайда   болуына   әкеп   соққан. Осы  кезеңде  суармалы  егіншілік  дамып, арық-тоғандардың   дамуы кең  етек  жая  бастағанын  анықтаған .   Отырықшы  елді  мекендердің  пайда  болуы  халықтың  кедейленген тобы — жатақтардың отырықшылыққа көшуінің әсерінен болған.Жатақтар өздерінің   негізгі  кәсібі мал өсірудің белгілі бір себептердің   нәтижесінде  құлдырап, жоюылуға  әкеп соққан кезде ,жер игерумен, аң , балық  аулаумен  және т.б. айналысып,олардың өнімдерін пайдаланып, өмір сүруді одан әрі жалғастырған.

Осы көшпелі және отырықшы шаруашылықтың бір-бірін алмастыруы Қазақстан тарихында ежелгі дүниеден соңғы кезеңге дейінгі кезеңді қамтыған. Осыған байланысты ғалым С.П.Толтовтың анықтамасына қосыла отырып, оған толықтырулар енгізген. Сонымен   қатар А.Н.Бернштамның  пікірін де қостайтынын көрсеткен.

Ғалым    жеріміздегі елді-мекендердің, қоныс-жайлардың қалыптасуы мен құрылысына жеке зерттеулер   барысында    Орта Азия  мен Қазақстан жерінде VІ-VІІІ ғасырларда қалыптасқан елді- мекендер  мен қоғамдық  ғимараттардың түрін көрсетеді:   билеушілердің  сарайлары, саудагерлермен қол өнершілердің (шеберлердің)  мекен-жайы; әскери бекіністер; керуен-сарайлар; егінші шаруалардың ( диханшылардың ) мекені; ақсүйектердің қалалары.

Ғалым  бұл  еңбекте  әр  дәуірдегі  елді  мекендердің  даму  барысына тоқталып,  Х-ХІІ   ғасырлар   аралығында   олардың  гүлденген   кезеңде болғанын   көрсеткен, сонымен  қатар   осы   кезеңде  құрылыс  техникасының   дамығанын    дәлелді  деректерді   пайдалана  отырып   көрсетеді.

  Бұл еңбекте қалалық елді мекендер жайлы құнды материалдар тобы қалыптасқан.

      Ә.Х.Марғұланның  1948  жылы   Орталық   Қазақстанға   жүргізген экспедициясының    есебінде   Кенгір  және  Сары-Су  өзенінің   бойын  және Бетпақдала   шөлінің  орталық  бөлігінен  Торғай   және   Жыланшық өзендерінің    жоғарғы   ағысына    дейінгі   жерлерге  археологиялық   зерттеу   жұмысын    жүргізген. Осы   зерттеу   жұмысының    мақсаты   жартылай   отырықшылық    жер   игеру   мәдениетінің     іздерін   анықтау, сонымен    қатар   археологиялық ескерткіштердің   елді   мекендердің    қалдықтарымен,  бекініс    құрылыстарымен    және   ежелгі   суландыру жүйесінің   байланысын   тереңірек   зерттеу  болған.Осы   зерттеу  барысында   елді   мекендердің   қалдықтары    үймек, дуал,  төбе, қалашық және   т.б. түрінде  кездескен.

       Ғалым  осы  Орталық  Қазақстанды   зерттеген  ғалымдардың , академик А.Шренк,  Ш.Уалиханов, геодезист   Ю.А.Шмидт, статист Л. Р.Чермак, тау инженері А.А. Козырев, гидротехник  А.П.Соловьев  және т.б.   жазбаларын   зерттеп,   қажетті  мәліметтерді  пайдаланған.

     Орталық  Қазақстанда  мекендеген  қыпшақ тарихына да тоқталып, оны шығыс  жазба  деректеріндегі материалдарды   археологиялық   зерттеулермен   салыстыра   отырып   қажетті  мәліметтерді   қалыптастырған.

Ежелгі    Қазақстанның     тарихын    білу   үшін   қалалық   елді мекендерге   жүргізілген  археологиялық    зерттелер   материалдарына   жан-жақты  сараптама    жүргізуінің     әсерінен    осы    тарихқа   байланысты    қажетті  мәліметтер  алуға    болатынын   ғалым    дәлелдеп    бергенін    байқаймыз.

     Ә.Х.Марғұланның  “ Ерте дәуірдің  архитектурасы” еңбегі   қазақ жеріндегі  өмірдің   басталған   сәтінен   бастап   қола  дәуіріне дейінгі кезеңдегі құрылыс  ісінің   даму  тарихына  қысқаша сипаттама жасаған.   Алғашқы  кезде   адамдар   еңбек   ету  әрекетінің алғашқы   шағында  жауын-  шашыннан,    жыртқыштардың    шабуылынан    қорғану үшін тек табиғи   паналарды   ғана  пайдаланған. Археологиялық зерттеу соңында Қазақстан     мен   Оңтүстік    Орал   жерінде бұрын   адам  тұрақ  етіп  ізін қалдырған    бірнеше    үңгірлер     ашылды.Олар:  Қазықұрт, Қаратау,   Баянаула,  Қарқаралы,  Ұлытау    үңгірлері.

     Ғалым зерттеу барысында ертедегі адам паналаған үңгірлердің ерекшелігін көрсеткен, үңгірлердің кірер аузы әрқашан оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қараған, себебі күз және қыс айларында күн көзі көп түсіп, жылу берілуіне    мүмкіндік  болған.

     Сонымен  қатар  ғалым әр дәуірдегі қоныстардың    зерттелуін   көрсеткен.

      Орталық Қазақстанда палеолит қоныстары Көктынкөл жағасында ( Жаңа арқа  ауданы), Сарысу, Теректі және Жезді өзендерінің аңғарында, Талпақ тауларында (Баянауыл ауданы)  табылған. 

    Ғалым  палеолит  қонысының ерекшелігін  анықтап, онда салынған үйдің, яғни  баспананың  құрылыс  материалының   түрін  анықтаған.

Ғалым   неолит  мәдениетінің  қоныстары  Орталық  Қазақстанда  Бетпақ  дала   шөлі  мен  Балқаш  төңірегінен  басталып,  солтүстікке  Ұлытауға  дейін (  Нұрман,  Шайтантас, Айнакөл  қоныстары), Есіл  өзенінің  оң  жақ салаларындағы  ( Шортанды, Дамсы)  қоныстарымен   жалғасып   жатқанын археологиялық   зерттеу  барысында   анықталған. Геологтардың    анықтаған        (Сілеті  өзенінің  аңғарында,   Бозшакөл,   Жалауылкөл    маңындағы) қоныстарында   ғылыми   еңбекке   енгізген.  

       Ә.Х.Марғұлан   сонымен  қатар  Орталық  Қазақстанда  орналасқан  басқа да неолиттік   қоныстардың   зерттеу   барысында   табылғанын   көрсетеді.

    « Сансыз    тас   құралмен   сипатталатын   неолит   қоныстары   ең алдымен Орталық   Қазақстанның   басты   арналары   Сарысу   өзенінде  Көктынкөл, Бөрібас,    Қаражардың   төменгі    жағы,   Боқтықарын     қоныстары,   Шерубай-  Нұра    бойында   Қарағанды    төңірегендегі    қоныстар: Тихоновка,    Михайловка,   Долинск  байқалады. Ғылыми   өте   маңызы  бар    неолиттік   қоныстар   Бетпақ   шөлінде,   Жеті    қоңырдың    барқын құмдарында   Жиделіқұм,    Аралтөбе,   Қарабұлақ , Самен     құмында   Дабсын тұз    кездеседі,   не   ертедегі   су    қоймаларына,    құдықтарға  жақын     жерде    байқалады    Кендірлік,  Уанас,   Жиделі   (Көкек),  Көкиірім,   Исақ   күмбез   тұрғын   сайындағы  қоныстар»

    Ғалым    бұл  қоныстарды   нақты  көрсете отырып,  Қазақстан  жеріндегі  даму  көршілес  елдердегі  даму  деңгейімен  тығыз  байланыста  болғанын  көрсету  еді. Ғалым  өзінің  зерттеу  жұмысының  барысында  палеолит  адамы  мен    неолит    арасындағы    айырмашылықты    нақты    көрсеткен.

    Сонымен  қатар    ғалым  неолиттік   қоныстардың  түрлерін  ажыратқан: олар 1) өзен  және   көл   жағасындағы    аңшылар   мен  балықшылардың тұрағы ( Ертіс, Сарысу, Торғай, Батыс Қазақстан өзендері);  2) шөлейт жерлердегі   құм   төбе  мекендер (  Жеті- Қоңыр,  Арал   маңы,  Балқаш маңы); 3) ірі,  уақытша  тұрақтар; (Бетпақ  дала, Арал  маңы,  Маңғыстау) кездеседі.

        Ә.Х.Марғұлан  осы  еңбекте  Қазақстан   жеріндегі   қола  дәуірінің  құрылыс    ісінің  даму  барысын    жан-  жақты  сипаттап  жазған.

     Ғалымның    тұрғын    үйлердің   жобасы   мен    конструкциясының ерекшеліктерін    анықтауда    Атасу,  Бұғылы,   Ақбауыр,    Шортанды- бұлақ,    Сенкебай   және   Тағыбай    қоныстарын   зерттеудің    маңызы    зор  болған.    Сонымен    қатар   ғалым   ерекше   көңіл   аударған    жерлер      кен   шығарып,    металл   қорыту   ісімен    шұғылданған   елді   мекендер:  Жезқазған,    Милықұдық,   Ұлытау,   Жанғабыл,   Қарқаралалы    қоныстары болды.

     «Бұл    қоныстарда  Қазақстанның   ең  ертедегі  бақташы- малшылары мен    кен   қазушылары тіршілік  жасап, оларға  кеңес дәуіріндегі ғылымында « андрондар» деген  шартты ат берілген, ал олардың қоныстары «андрон  мекені» деп  аталады,  демек, қола  дәуірінің  ескерткіштері  алғашқы  рет   Абакан  облысының  Андроновка  селосы  ауданында  табылды. Осыдан Андрон  қонысы, Андрон    мәдениеті  деген   атаулар  шықты. 

    «Қыстақтардың  іргесін  салғанда  ертедегі  құрылысшылар  қолайлы  орындарды  (  таулы   жердің  сайлары, өзен   аңғарын, су  қоймаларын  сағалап) ақылмен  ойластырып пайдаланған.  Кейінгі  кездердегі   қазақтың  қыстаулары сияқты  қола  дәуірінің  қоныстары  да  таудың   ық  жақ бауырын ала  орналасқан; ал  ашық   жазықтарда  қыстың  суық боранынан біраз  тыныштық   алу  үшін  қораның  сыртқы  жағын  дуалмен  қоршаған. Даланың   дауыл  боранынан   тұрғын  үйді  қорғаған  дуалдар  Атасу,  Ақбауыр,  Алекеев  және   Садчиков   сияқты   бірқатар  қоныстарда   сақталған.»

      Ғалым   киіз  үйдің  құрылысын  жан-жақты  зерттеп , ғылымға   қажетті мәліметтерді  қалыптастырған.

    Ғалым  Қазақстан  аумағындағы  отырықшы  қоныстың  ең  қарапайым  әрі ең  ертедегі түрінің  бірі   бекініс  кенттер  екенін  анықтап, оған жүргізіліген  зерттеу  жұмысының  барысында,  ол  алғашқы  қауымның  ыдырай  бастаған кезі  мен орта ғасырдың  бас кезінде ерекше орын алғанын   анықтап көрсеткен. Осы  бекініс  кенттер   жоба  бойынша  формалары  әр  түрлі: дөңгелек, сопақ,  көп  қырлы,  тік  бұрышты , кейде  шаршы  болғанын анықтаған.

   Осы   бекініс  кенттерге  жататын  орындарды  көрсетеді, олар  Келес  өзенінің  бойындғы  Жартөбе,  Қаратөбе, Арыс   бойындағы   Жуантөбе,  Майбалық,  Қосқоңыр,  Талас  өзені  бойындағы  Жұмабайтөбе,  Луговой қыстағындағы  ескі  кент  орны.

      Ә.Х. Марғұлан  сақ, үйсін  және  қаңлы  тайпаларының  тарихта  алатын орнына байланысты   жазба  деректер  мен  археологиялық   матералдарды  салыстыра отырып    дәлелдеген.

      Ғалым еңбекте сақ заманында Сырдария бойындағы  кенттердің  Шірік-рабат,  Күйік-қала, Жетіасар, Алтынасар  кенттердің  орналасуы  мен  құрылысын  нақты  көрсетеді.

     Ғалым  үйсіндер  мен  қаңлылардың  қыстақ  кенттерінің  үш  типін  көрсетіп, әр  қайсысына  жеке –жеке  сипаттама  берген.

     Қазақстан  аумағындағы  қыстақ-кенттердің тарихына   қарасақ , қоғамның диалектикалық  дамуының нәтижесінде жүйелі дамудың жүзеге асырылғанын  осы  ғылыми  еңбектен  нақты  көреміз.

Бұл еңбекте  Орталық Қазақстандағы елді мекендер мен тұрақ жайлардың даму барысын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша нақты   көрсеткен. Анықталған  елді  мекендер:  Атасу өзенінде  үш елді мекен (Дарат, Атасу, Сартабан), Толағайдың  солтүстік тау беткейіндегі Жамбай-Қарасу  елді мекені, Бұғылы  тауында үш елді мекен  Қарсақпай, Бұғылы І және ІІ, Талды-Нұра өзеніндегі елді мекендер Сенкебай, Шортанды-Бұлақ, Байбала, Ақбауыр  І  және ІІ, Шерубай – Нұра өзенінде үшеу-( Дерпсалы, Дулат- Қойтасы, Қармыс), Сарысу  өзенінде- екі елді мекен ( Жаңа Арқа,  Қайып-Тоған), Жоғарғы Нұра  өзенінің жоғарғы ағысындағы елді  мекен —  Жамантас, Қарашоқы, Құндыз  өзенінде бір елді мекен, Ортау тауында — екі елді мекен ( Жаман-Өзен  және № 2 Ортау совхозы),  Ұлытау  тауында екі — (Жаңғабыл  және Ұлытау), Ақжал руднигінің  жанында — біреу Қарағанды қаласының шетінде- біреу (Майқұдық), Қарқаралының жанында үш елді мекен  (Суық-Бұлақ, Қарқаралы  І  және  ІІ ), Баянауыл   ауданында  үш елді мекен ( Қара-Томар, Ермектас, Тағыбай-Бұлақ).

       Бұл   анықталған    елді   мекендерден   табылған   материалдар    арқылы    қола   дәуіріндегі   Орталық   Қазақстанда   ежелгі   мекендеген  халықтардың   отырықшылықта   дамығандығы   және    олар   су   және   жылу  қоры   шоғырланған  өзен бойында   және  таулар    арасындағы  жазық   жерлерде   қоныстанғаны       нақты   дәлелденгенін  көруге  болады.

     Орталық  Қазақстанда  табылған  елді   мекендердің  орындары, ежелгі   кен өндіру  орны,  суармалы   құрылыстардың    қалдықтары   және  көптеген обалардың    анықталуы   қола   дәуіріндегі   халықтың  тығыз орналасқанның  белгісі   деп   ғалымдар   қарастырады.  Сонымен    қатар  Орталық    Қазақстан  қола  мәдениеті  мен  ежелгі металл өңдеу  орталығы деп   нақты   көрсеткен.  Оның  дәлелі  ретінде   Ақсу- Аюлы ІІ,  Бұғылы ІІІ, Беғазы,  Санғыру І,  Беласар   ескерткіштеріндегі  жоғарғы  құрылыс  техникасының   дамуын   көрсетеді.

     Орталық  Қазақстандағы  қола  дәуіріндегі елді мекендер  өте  үлкен  және өзіндік  ерекшелігі  бар   елді  мекендер  болған. Оны  Бұғылы І,  Шортанды-Бұлақ,  Атасу   елді   мекендерді   зерттегенде   30-80 ге дейін шаруашылық  құрылыстар  салынғаны   нақты анықталған. Орталық   Қазақстанда   анықталған  елді  мекендерді  екі  типке  бөлген: таулы  және өзен  алқабында  орналасқан  ірі  елді   мекен   және   жазық  жерлерде   орналасқан  ұсақ  елді  мекен. Сонымен    қатар   жайлымдарда  және  кен  өндіру   жерінде  орналасқан   уақытша  тұрақтарды да   есептеген.

     Қола   дәуіріндегі  елді  мекендер   тұрғын  және  шаруашылық  құрылыстар

арқылы  көрініс  алып,  әр  бір  селода  10 нан 40 -қа дейін  құрылыстар  болған,  ал   аса  үлкен селоларда  80- ге дейін құрылыстардың болғанын және оның  көлемі 2- 3,5 га болғанын  көрсеткен. Ондай елді мекеннің  бірі   Бұғылы І   екенін  анықтаған.

      1955   жылы  Ә.Х.Марғұлан  Атасу  елді  мекенін зерттеп, оның  құрылысына   ғылыми    сипаттама   берген.

     Атасу   елді  мекені —  Орталық   Қазақстандағы  қола дәуіріндегі   ең ірі елді мекен  болып   есептелген. 

    Ә.Х.Марғұланның “ Орталық  Қазақстандағы   елді  мекендердің   қалдықтары” атта   еңбегі  1978  жылы   жарық  көрген. Бұл   еңбекте Орталық   Қазақстандағы  елді   мекендердің    сонау  қола   дәуірінен   соңғы  ортағасырға   дейінгі  аралықтағы   даму   барысына    шығыс  жазба  деректерді ,  орыс  саяхатшылардың   жазба  деректерін   және  археологиялық   деректерді   қолдана   отырып    ғылыми  түрде   зерттеу  жасаған.

Зерттеу   жұмысын   әр   уақытта   жүйелі   түрде   жүргізудің   нәтижесенде  үлкен   жетістікке   жетуге   болатыны   қазіргі   кездегі   ғалымдардың   еңбектері   дәлелдеп   отыр. 50  жылдары  археолог   зерттеуші  М.П.Грязнов зерттеу   жайлы     пікірі:” что” неравномерная   изученность  памятников   иной  раз   недостаточно  учитывалась  исследователями  и  приводила  их  к неправильным   заключениям   по   некоторым  вопросам  истории  культуры  древних  племен   Казахстана”. Бұл  айтылған  пікірден   біз   қандай мәселені зерттемес  бұрын  оның  алғашқы  даму   кезінен   бастау  қажет  екенін  көреміз. Осы  бағытты   Ә.Х.Марғұланда   ұстанған.  Ғалымның   еңбегінде  зерттеу  жұмысы   жүйелі   жүргізілгені  нақты  байқалады.

Соңғы   қола  дәуіріндегі  елді   мекендердің    қалдықтары   ертедегі  кен  қазушылар   мен  темір   өндірушілердің   елді мекендері, Беғазы    құлпытас  ескерткіші   және   қорған  ретінде  кездескен.  Осы  Орталық  Қазақстанда  жылқы   өсірушілердің   әдіс  тәсілінің  жоғары  дәрежеде дамығаны    және  олар   жартылай  отырықшылықта  болғанын  дәлелдейтін  материалдарды  тауып  зерттеген. Түрік  заманынан   бізге  дейін  жеткен  қалдықтарды кен өндіру  орны,  құлпытастар, обалар, Үйтас  және  Домағұл храмдық  құрылыстар,  тас  қорғандар- дынг  және  т.б.  түрінеде    кездескенін  анықтаған. 

  Ал  ортағасырмен    есептелетін   Ұлытау   және  Жезқазған   ауданында, Кенгр   және  Сарысу   өзенінің  маңайында   табылған   ,отырықшы  мәдениетімен  сипатталған    елді  мекендер   анықталған.

  Сонымен  қатар  Ә.Х.Марғұлан   ғалым   зерттеушілер   И.П.Шангиннің,  И.П. Фальктың, Г.И.  Спасскийдің   еңбектеріндегі   деректерді   пайдаланып  Орталық  Қазақстанда   жүргізілген  археологиялық   қазба   жұмыстарымен  салыстырып ,  тарихқа   қажетті    деректерді    қалыптастырған.

  Ғалым    шығыс   жазба   деректерінің   өкілдері    Ибн  ал-Факихтің, М.Кашғаридің , ал—Идрисиің, Ибн-ал-Вардидің,  Ибн-Саидтің,  Ибн-Ийасаның   шығармаларындағы   материалдарға   сүйене  отырып  Орталық  Қазақстандағы   елді   мекендердің  орналасуын  археологиялық   зерттеулермен  салыстыра  отырып   тарих  беттерін  дәлелді  деректермен  толықтырған. 

     Сонымен   қатар   ғалым  Батыс  және  Орталық     Қазақстандағы  елді мекендер   жайлы   мағұлматты  (XІV-XVғғ.)   итальян    карталары , әсіресе  Дүниежүзілік   Каталондық    картасы,  ол  1375 жылы   құрастырылған, ағайынды   Пициганилер  картасы  ( 1367ж.)  және   (1459ж.)  Фра-Маура  карталарын  зерттей  отырып, зерттеліп отырған  мәселеге байланысты  қажетті деректерді   пайдаланған.  Алынған   деректерді   археологиялық  материалдармен   салыстыра  отырып,  карта бойынша  анықталған   елді мекендер  эрозияның,   жауын- шашынның   және   желдің  әсерінен бүлініп,  жойылған  деген  қорытындыға  келген.  Ол  туралы кезінде  зерттеуші  ғалымдар   Я.В. Ханыков,  Ш.Ш.Уалиханов,  Н.М. Ядринцев , Г.Н.  Потанин  өз  еңбектерінде   көрсеткенін   жазған.  Ал   Ш.Ш. Уалихановтың  еңбегінде: ” Г.Ханыков   предпологает,   что   курганы (укрепления)  в  Азии  образовались   на   местах   древних   городов.  Наибольшая   часть  этих  городов,   состоявшая,  вероятно,  как   и   ныне,  из   глиняных  зданий,  совершенно   исчезла,  потому   что   глиняные   здания  действительно  исчезают   без  малейших  следов.  В   этом   я   убедился,   посетив   северо-западный   край   Китая,   где   курганы    исчезают   перед   глазами”.

Бұл    мәліметтен  біз   зерттеуші   ғалымдардың   жеке  өздері  жүргізген  зертеулерінің    нәтижелері   ғылымның   ашылмай   жатқан   қырларын анықтауға   үлкен   көмегі   бар   екенін   көреміз.  Осындай   зерттеулер  арқылы    Қазақстан    жеріндегі    елді  мекендер   тарихы   көптеген  мәліметтермен   толықтырылуда.

     Ә.Х. Марғұлан   итальяндық   картадағы   мәліметтер   Плано Карпини  мен  Рубруктың   зерттеулерімен   сәйкес   келгенін   анықтаған.

Әр   түрлі   деректермен   қатар,  Хафыз  Тыныш   және   Шарфуддин Али  Яздидің   жазбаларында  Орталық  Қазақстандағы  елді  мекендердің  атаулары  кездескенін     Хафыз  Тыныш бойынша   : Бесағаш, Болған-Ана, Талмас-  Ата,   Жетім-Тұранғы,  Қырық- Қадақлар,  Мыңбұлақ, Үш- Қоңыр, Белен- Ана,  Сарайлы, Тұрайлы,  Құрық,   Бесарық   және   т.б.,  Шарфуддин   Али  Яздидің   тізімі   бойынша:  Орда -Базар, бекініс Алтышық,    Қошқар- Арғын,  Сегіз-  Ағаш,  Ұлытақ,  Ортақ,   Кертақ,   Ақ-Зират (Ақмола), Бестерек,   Далба    және   т.б.  елді   мекендердің    атауларын   ғалым  еңбекте   көрсеткен.  Бұл    анықталған   деректер  бойынша қыпшақ тайпасының  жартылай   отырықшылықта  болғаны тағы  дәлелденгенін көруге   болады.

    Ә.Х. Марғұлан   қыпшақ   тайпасының   тұрмысы   жартылай отырықшылықта  және   отырықшылықта  болғаны  туралы  дәлелдеме ретінде  “қорық”,  “юрт”,  “конг” деген  терминдерді  пайдаланған.

   “Корук-  первонаначально  запретное   пастбище  ханов;  пространтво,  окруженное   стеной. Корук-  обширное   ханское   имение, переходящее  по наследству. Остатки  коруков,  обнесенные   стеной  и валом,  за которым   содержались  дикие  животные,  встречались  и  в   Центральном  Казахстане”.

     Конг-очень  древний  термин. Он сохранился в  географических  названиях ( реки  Жаксы-конг, Жаман-конг)  и  в   исторических  преданиях  как   неприступная  крепость  с  одними  воротами  (Эргне-конг). Слово  буквально    означает скопление  на  одном  месте   навоза,  в  переносном  значении-двор.  В  этом  значении  он  употребляется  тургайскими   и   улутаускими  казахами   в  настоящее  время.

   Многозначно  понятие “юрт”:  страна,  владение, удел, земля, родина, дом.”

Зертеулер  нәтижесінде   ғалым  қазақ  халқының  отырықшылықта  өмір  сүргені  жайлы   нақты  дәлелді   деректі  қолданған.  Сонымен   қатар  жатақ, отырық,  қыстау    сөздердің   мағанасын   ашқан. Әр  қайсысын   жеке  жеке зерттеп, отырықшы  елді  мекен  мәселесіне  байланысты қажетті материалдарды  қалыптастырған. Әсіресе  М.Кашқари   мен  В.В.Бартольдтың   зерттеген   терминдерінін   мән  мағанасын  ашқан: оседлые  поселения  кипчаков   именовались   по- разному:  небольшое   село-  называлось  кишлак (қыстақ,қыстау),  укрепленный   лагерь- сенгир,  крупный   пункт   городского   типа-  кент,  кенжек-  сенгир-  город   в пределах  кипчаков,  резиденция  (орда)   и   укрепленные   замки  (сарай).”   

Ә.Х.Марғұлан    зерттеудің   нәтижесінде   Орталық  Қазақстандағы     ерте қыпшақ ( VI-Ixғғ.),  монғол  шапқыншылығына  дейінгі  (X-XIIғғ.), монғол  шапқыншылығы кезіндегі (XIII-XVғғ.)   кезеңді  сипаттайтын    ескерткіштер  сақталғанын  көрсеткен.

Ғалым  ортағасырдағы  елді  мекендердің   қалдықтарын   зерттеген   алғашқы   зерттеушілердің   Н.Витзен,   Д.Г. Мессершмит,   Ф.  Страленберг, Г.Ф. Миллер, И.Г. Гмелин,  И.П. Фальк,  Х. Барданес, Н.Рычков, П.И.Рычков, Я.Гавердовский, Г.Ф.Генс, И.П.Шангин, Б.Герман, Г.И.Спасский,  А.И.Левшин  еңбектеріндегі   мәліметтердің    қажеттілігіне  сүйене отырып  тарихқа   қажетті   деректерді   алған.

Әсіресе   Орталық    Қазақстанда    жүргізілген    1815    жылдардағы  экспедицияның    құрамындағы    инженер   Г.Генстің  жүргізген   зерттеулерінің   құнды  жағын   көрсеткен. Ол  Торғай  мен  Ұлытау   даласындағы   отырықшы    мәдениеттің   ескерткіштерін   бірнеше  типке  бөлген: “1) остатки   оседлых   поселений  с   глинобитными   строениями; 2)  развалины   замков  и   крепостей,   служивших    убежищами    местным  владельцам;  3)   руины   храмов;   гробницы,   построенные    из   жженого  кирпича;    4)  земляные  валы —  остатки  более   ранних    поселений   и каменных   строений;   5)  большие  курганы    скифского  времени.”

Бұл   типтердің    анықталуы    арқылы    Орталық   Қазақстанда    ежелгі  ескерткіштердің    тұрпаты    археологиялық   зерттеулермен   сәйкес   келетінін   ғалым   еңбекте  көрсеткен.  Сонымен   қатар   ғалым  алғашқы  археолог   зерттеушілердің    жазбаларына   сараптама   жасай  отырып ,  өзі  жүргізген    зерттеулермен    салыстыра   отырып    тарихқа    қажетті   дәлелденген    деректерді    қалыптастырған.

Ә.Х.Марғұланның   “ Беғазы-  Дәндібай   мәдениеті” атты  еңбегі   Орталық  Қазақстан    өлкесіндегі   қола   дәуірі   кезіндегі   анықталған   елді мекендерді   зерттеуді  одан  әрі   жалғастырған.  Орталық  Қазақстанда    мекендеген   тайпалар   қола   дәуірі   кезінде   отырықшылықта   болған, олар   өзен   аңғарларында,  тау  етегіне   қоныс теуіп, тұрақ   жайдың   жартылай   жер   үй   түрін    дамытқан.  Бұл   еңбекте   де   Орталық   Қазақстанды   мекендеген   халықтың   тұрмысы    мен   шаруашылығына   сипаттама   берген. Ғалымның    бұрын   жүргізген  археологиялық қазба жұмыстарының    жалғасы   екенін  біз   Атасу    елді  мекенін   ғылыми  талдау  жасағанда  байқауға  болады. Алғашқы  зерттеу   кезінде  Атасу   елді    мекенінде   1955 жылы  №4  тұрақ   жай  зерттелген    болатын , ал  1975 жылы  № 20,  № 21   тұрақ   жай , 1976  жылы №5,  №6,  №7  тұрақ    жайлар   зерттелгені   көрсетіледі.  Сонымен   қатар   ғалым    Бұғылы  ІІ,   Ақкезен,  Байбала,   Шортанды — Бұлақ,   Қарқаралы, Тағыбай — Бұлақ   елді   мекеніндегі    тұрақ   жайлардың    зерттелу  кезінде алынған   материалдарға   сараптама  жүргізген.  Жезқазған  өңіріндегі     елді   мекендердің  ерекшелігін  көрсеткен    :” Памятники   представлены   в  виде   жилищ   с  мощными   каменными   стенами,   землянок,    обширных    погребальных   полей,  рудников,  карерьов,   выработок,  разносов,   отвалов,   медеплавильных   печей,   шлаков,   горных  орудий,    остатков     многочисленных  хозяйственных  и  ирригационных    сооружений  ( плотин,    искусственных  водоемов,    ям- кладовых,    колодцев)  и    т.д.

Жезқазған   тобының    қатарына   жатқызған   ірі   елді   мекендер:  Кресто-Воздвиженск,  Милықұдық,  Айнакөл, Сорқұдық,  Златоуст. Бұл  елді мекендер   өзен   бойында   ұзынан  ұзақ  3 км  ден  8  км   дейінгі   аралықта орналасқанын   анықтаған.  Елді   мекендерді   зерттеу  барысында   табылған   тұрақ   жайлардың    салыну    құрылысына   сипаттама   жасаған.

 Милықұдық    елді    мекенін   зерттеу  барысында , ол  қола  дәуірінен      орта  ғасырға   дейін   өмір   сүргені   анықталған.

 

 

2.2 Батыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің зерттелуі

 

Батыс  Қазақстан  жеріне  Ақтөбе, Атырау, Манғыстау және Батыс  Қазақстан  облыстары  енеді. Батыс  Қазақстан  жерін  алғашқы  болып  зерттеген   ғалым    археолог   П.С.Рыков  болды.Ол  Орал өзенінің бойындағы   және  оның   тармақтары  Деркул  мен Шаған  өзенінің  бойындағы   ежелгі   ескерткіштерді   зерттеген.  П.С.Рыков  алғашқылардың  бірі  болып  Орал  облысындағы  қола  дәуірінің  ескерткіші  Чесноковск-1  елді   мекеніне   қазба   жұмысын  жүргізген.

Ал  50- жылдары  Үлкен  және  Кіші  Өзен  өзенінің   төменгі  ағысындағы   елді мекендер  мен обаларды  Саратов  университетінің  профессоры   И.В. Синицын  зерттеген.   П.С.Рыков  пен   И.В.  Синицынның  зерттеулері  батыс  қазақстанның  қоласын   археологиялық   ғылымына  жол  ашты деп ғалымдар  есептеген. Батыс  Қазақстандағы   елді  мекендер  кешенін бөлген далалық бөлігіндегі  елді мекендер   жартылай  жер үйлер  бар    және  Солтүстік  Каспий  жанындағы  шөл  даладағы  ашық  тұрақтар   түрлерін   ажыратқан.

70-80  жыладары   Батыс  Қазақстанды   зерттеген   ғалым  Г.А.Кушаев  болды.

   Маңғыстау  облысының    мәдени   мұрасына  З.С.Самашев, А.С.Ермолаева  мен Т.Н. Лошаковалардың  Тоқсанбай  тұрағына  жүргізген  археологиялық  зерттеулері  арқылы еніп  отыр.

   Тоқсанбай  қонысы Маңғыстау  облысы, Бейнеу  ауданына  қарасты  Тұрыш  елді мекенінен  солтүстік шығысқа  қарай 120 шақырымжердеүстірт  даласындағы Тоқсанбай сайында  орналасқанын  анықтаған. Қазба  жұмыстарының  барысында  тас   қабырғалары  сақталған   баспана табылған.

Ғалымдар өз  зерттеу  барысында  негізгі  қорытынды  жасаған:”  Ертедегі көші-қон  толқындары  мен  мәдени –этникалық ошақтар  мен  Еуразия  даласындағы  қалалардың   алғашқы  нұсқалары аз   болуы,  Аралмен   Каспий  теңіздері  аралықтарында  ұзынынан   созылып  жатқан   Үстірт  сияқты  алып  шөлейтті  даланың   көне  суреттемесін  Тоқсанбай  және  соған  ұқсас  ескерткіштерсіз  жасау  мүмкін  емес.  Зерттеу  қорытындысы  бойынша  қоныстан  Үстірттің  көне замандарына  қатысты   анық   және  нақты  материалдар   алынып  ғылыми   зерттеу  жұмысының  дұрыс  бағыт  алғанының  негізгі дәлелі  ретінде  қарастырған.  Сонымен  қатар  табылған

 заттар кешеніне,   топографиялық  сараптама   барысына  және  басқа  да  деректерге   қарап, ескерткішті Тоқсанбайлық  түрі   деп  жеке  қарастыруға   болатынын  зерттеуші   ғалымдар    көрсеткен.

Тоқсанбай  қонысын  бұл  Үстірттегі  көне  тарихи  дамуды  зерттеудің    негізгі  құралы  деп  қаруға болатынын  ғалымдар  көрсеткен.

 Әкімбек  елді мекенін  зерттеген  кезде,   оның  орналасуын  нақты  анықтап онда  табылған   материалдарды  салыстыра  отырып  зерттеп,  оның  өмір  сүру  кезеңін  нақты  анықтаған.

   Орта  қола  дәуірін  зерттеген кезде   обалар мен   елді мекендердің  даму  барысын   зерттеуде сол  жерде  мекендеген  халықтың материалдық  мәдениетіне  сипаттама  берген. Елді  мекендердің  орналасу  ауданы 10 мың шаршы метр    және  олар  өзен  жағалауларында  су алмайтын  жерлерде орын   тепкенін   көрсеткен. Елді   мекендердегі  баспаналар  жартылай  жер  үй   түрінде   болғанын   ажыратқан.

    Орта  қола  дәуірінің  алғашқы  даму  кезінде   елді  мекендерде   өмір  сүру  көршілік- рулық    және   қандас  туысқандық  қауым   түрде  дамығанын   ғалымдар   анықтаған.  Қоғамның  дамуында  қауым болып  өмір  сүру бұл әлеуметтік-тұрмыстық  ұжым  ретінде, отбасы  сияқты  қоғамның кешенді әлеуметтік-тұрмыстық  ұясы  ретінде  және   өзін қоғамдық  өмірдің  барлық өрісінде, сонымен  қатар  отбасылық қатынастарда, тұрмыста және  көркемдік   шығармашылықтада   көрініс  алғанын  ғалымдар  көрсеткен.

Бірақ қауымның  ең  негізгі  іс  әрекетінің  өрісі  өндіру  мен  қайта  өндіруге  бағытталған  көрсетеді.  Көршілік-рулық қауымның  құрамына үлкен отбасылық қауым немесе  үлкен,  күрделі  отбасы  енген. Үлкен  немесе  күрделі  отбасында  орта  есеппен үш кіші отбасы,онда  7-8  адам өмір  сүрген. Ал  үлкен отбасылық қауымда   күрделі  отбасы  жеке  үй- жайларда  өмір сүргенін  ғалымдар  анықтаған.

  Ғалымдардың   зерттеулері    арқылы   Орталық   Қазақстандағы   өмір сүрген  тайпалардың   даму  деңгейінің  қандай   дәрежеде  болғанын   нақты  көруге  болады. Орталық  Қазақстанда  мекендеген   малшылардың   қола өндіру,  тері,  зергерлік,  керамиканы, ағаш өңдеу, тігін, сүйек кесу, тас қашау   өнерінің   құпияларын   меңгергені   және  аң   аулау  мен термешілікпен   айналысқаны,  сонымен   қатар   балшықтан   жасалған  ыдыстардың   сыртына   салған   геометриялық  ою-өрнектердің   біздің   заманымызға   дейін   жетуі   сол   кезеңдегі   дамудың   қандай   деңгейде  болғанын   дәлелдейтін   нақты   материалдық   деректер   болып  есептелетінін   ғалымдар   көрсеткен.

  Бегазы —  Дәндібай   дәуіріндегі    зерттелген   елді  мекендерге  көңіл  аударған   ғалымдардың    бірі — В.В. Варфоломеев  болды.

Ғалым  осы  дәуірдің  алғашқы  кезіндегі  даму барысына  тоқталып,  әр  ғалымның  жүргізген  зерттеулеріне  шолу  жасап,  қажетті деректерді  көрсеткен. Көп  жылдық  зерттеулердің  нәтижесінде  алынған  деректер  негізінде  беғазы-дәндібай  дәуірінде  өмір  сүрген  халықтың   шаруашылығы  мен   материалдық   мәдениетіне   тұжырым  жасауға   мүмкіндік   туған.  Орталық  Қазақстандағы  анықталған    елді мекендердегі  табылған  археологиялық  деректерді  салыстыра  келе  мекендеген  тұрғындардың   мал  шаруашылығы  бойынша    сандық  көрсеткіш  жасалған. Бұл  көрсеткіш  арқылы  елді  мекендерде  малдың  қай  түрімен  көп  айналысқаны   белгілі  болғанын  көруге  болады. Сонымен  қатар  ғалым  баспаналардың  салынуына  да  көңіл  аударып, сол кезде  адамдардың  отырықшылықта  болғанын   дәлелдейтін      деректің   пайда   болғанын   нақты   көрсеткен.

  Ғалым   соңғы    қола  дәуірінің   ескерткіші – Кент   қаласы  жайлы  сипаттама  берген. Ғалымдар    Массон,   Аскаров,  Павленколардың  еңбектеріндегі  деректерді  саралай келе ежелгі  елді мекендердің  қалалық дәрежеге  көтерілуіне  негізгі  белгілердің  қалыптасқанын  ажыратқан:

 1- ауданы  15 га дейін  ;

2-  тұрғындрының  саны  5000ға  дейін  ;

3-  моументальді  архитектурасы;

 4-  ауыл шаруашылық округ;

5-  қолөнер  өндіріс; 

6-  сауда  және айырбас;

7-  қаланың  тұрғындарының  әлеуметттік жағдайы.

Осы  белгілерді  нақты  білу  арқылы   ертедегі  қалалардың  қалыптасуын  білуге   болатынын   көруге   болады.

Ғалым   Кент  қаласына  жүргізілген  зерттеулерді  саралай келе қорытындыға  келген: “  Таким  образом,  целый  ряд  аргументов  позволяет предпологать  городской  статус  Кента,  что  является  одним  из  условий  и  признаков  возникновения  цивилизации. Следовательно, цивилизация  и  государственность   в  Казахстане зарождаются  на рубеже 2-1 тыс.до  н.э.

   Появление  городских  центров  в  Сарыарке  стало  возможным  благодаря  эффективному  скотоводству  отгонного  типа  и массовому, товарному  производству  металла.”

А.З.Бейсеновтың   Ерте темір  дәуірі атты  зерттеуінде  Тасмола  мәдениетін    сипаттаған  кезде  елді  мекендердің   дамуына ғылыми сипаттама  берген.

  Ерте  темір  дәуірі  бұл археологиядағы  обалар мен  қорғандардың  тарихы  деп  ғалымдар  есептейді.Ал  елді мекендер  осы  дәуірге  байланысты  толық  зерттелмеген. Тек  қазіргі  кезеңде  ғана  Орталық Қазақстанның   шығыс  бөлігінде  орналасқан  елді мекендерді  зерттеу  жұмысы алғашқы  рет жүргізіле  бастаған. Ерте темір дәуіріне жатқызылған  Қарағанды  облысының  Қарқаралы  ауданында  қазіргі кезеңде  21  елді мекен  анықталып  отыр.

Осы  зерттеудің  негізі  ретінде  ескерткіштердің сыртқы  ерекшеліктері  алынған  және     қазба   жұмыстарының  нәтижесі арқылы, тұрақ жайдың  жоспарлануы,  мүліктік   материалдарды  зерттеу  арқылы   жалпы   белгілер  ( топографиялық және планиграфиялық мәліметтер, құрылыс  техникасының  сыртқы  ерекшеліктері)  анықталғанын  ғалым  көрсеткен.

   Керамикаға  жүргізілген  зерттеудің  нәтижесі   Солтүстік Қазақстан, Алтай  және т.б.  жерлердегі  керамиканың  дамуын  салыстыруға мүмкіндік  туғызғанын   ғалым  өз   зерттеу   барысында   нақты   көрсетеді. 

Анықталған  елді мекендер  Едірей  селосының  маңында  шоғырланғанын  және  шоғырлану  себебін   ғалым  көрсеткен.

Бұл   зерттеу   барысында   ғалым  ерте  темір  дәуіріндегі  елді мекендердің  дамуына  тоқтала  отырып,  оның  нақты  ерекшеліктерін  анықтап,  зерттеу   жұмысын  одан  әрі  жүргізу  қажет  екенін  көрсетеді.

1959- 1961   жылдары  Ақтөбе  облысында   Қарғалы —  Ілек  өзенінің  жоғарғы ағысында   зерттеуші   В.С. Сорокин   Тасты- Бұлақ  елді  мекенін  зерттеген, осы  кезден  бастап   батыс   өңірді   зерттеудің  алғашқы  бастамасы басталғанын  көрсеткен.  Ал  1961  жылы  А.М.Оразбаев   Шағалалы  елді мекенін  зерттеп, ғылыми  талдау  жасаған.  Батыс  Қазақстанда  бірнеше   елді    мекенді   И.В. Синицын   зерттеген.

Сол   кезде    ашылған    елді    мекендерді  бір  топ   ғалымдардың   зерттеу нәтижесінде   Қазақстандағы   қола  дәуірі   барлық   өңірлерде   зерттеліп, негізгі   қорытынды   шығарылған,  андронов   мәдениеті   солтүстік   дала  мәдениетінің   негізінде   қалыптасып,   мал   бағу  шаруашылығы   мен   мыс    кенін   өндіру   арқылы   дамығаны   нақты   материалдармен   дәлелденгенін  көрсетеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақтардың ХҮІ – ХІХ ғғ. қыстаулары мен елді мекендері жөніндегі ғылыми зерттеулерді тарихшылар ғана емес, этнографтар, археологтар, тіпті әдебиетшілер мен архитекторлар да жариялаған. Мұндай әртүрлі ғылым салалары өкілдерінің бұл мәселемен айналысуы және олардың еңбектерінің мазмұндық ерекшеліктері тарихнамалық тұрғыда талдауды және бағалауды қажет етеді.

Дегенмен, қазақ тарихнамасындағы ғылыми негізде әлі де нашар зерттеліп келе жатқан мәселенің бірі қыстаулар мен елді мекендер тарихы. Бұл мәселе көлемінде кешенді түрдегі зерттеулердің аздау болуы қазақтардың шаруашылығы, өмір тіршілігі, салт-дәстүрі туралы біржақты түсініктерге орын беруде. Дәлірек айтқанда, қазақтарды көшпелі болғандықтан баспанасы жұпыны киіз үймен шектелген, құрылыс ісін, архитектураны тұрақты мекен-жайды білмеген, бұл салалардан хабарсыз халық ретінде көрсету басым болып келе жатқаны белгілі. Ал бұл түсініктер жалпы қазақ халқы үшін тарихи шындықты білмейтіндердің, еуроцентризмнен арыла алмай келе жатқандардың көзқарастары. Міне дәл осындай түсініктердің дұрыс еместігін біздің тарихшылар мен этнографтар әлі де болса ғылыми тұрғыда дәлелдеп, жоққа шығара қойған жоқ деп есептеуге болады.

Қазақтың елді-мекендері мен қыстауларының қалыптасу және даму тарихының кейбір мәселелері біршама зерттелгенімен, әлі де болса нақтылауды, салыстыра талдау негізінде ерекшеліктерін айқындауды қажет ететтін жақтары баршылық. Сонда ғана, қазақтың қыстаулары мен елді-мекендері жөніндегі кейбір қарабайыр, біржақты түсініктерге тойтарыс берілер еді. Екіншіден, қазақтарда киіз үймен қатар, тұрақты елді-мекендердің де болып келгендігі кең көлемде зерттеліп айтылмай келеді. Алдымен сол көшпелілер мен жартылай көшпелілерде қыстау үйлердің болғандығы, ал отырықшы аймақтарда тұрақты елді –мекендердегі баспаналар мен үйлердің көптеген түрлерінің ежелден – ақ кең түрде пайдаланылып келгендігі арнай зерттеулерді қажет етеді. Үшіншіден, осында әртүрлі баспаналар мен үйлердегі тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, үй жануарлары, қосалқы шаруашылықтар тарихы да арнайы зерттелсе елді-мекендер тарихы ғана емес, еліміздің тарихы да толыға түсер еді.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. 50-жылдарына дейінгі еңбектерде қыстаулар мен елді мекендер туралы мәліметтер берілгеніне, қарамастан бұлар ғылыми зерттеу дәрежесіне көтеріле алмады. Орталық Қазақстан аумағындағы елді мекендер мен архитектуралық ескерткіштер тарихын ғылыми негізде арнайы түрде зерттеу ХХ ғ. 50-жылдарында басталды. Бірақ тікелей тарихи тұрғыда арнайы зерттеу жұмысымен айналысқан тарихшылардың саны ғылыми-көпшіліктік және өлкетанушылық тұрғысында кітаптар мен кітапшалар жазғандарда әлдеқайда аз болды.

Жалпы қыстаулар мен елді мекендер тарихына арналған еңбектердегі басты кемшілік методологиялық және идеологиялық ұстанымдарының дұрыс еместігінен туындаған деп есептеу керек деп ойлаймыз. Қыстаулар мен елді мекендер туралы жазылған еңбектерді талдау барысында байқалғанындай, ол ең алдымен маркстік-лениндік деп аталған таптық-партиялық көзқарастар жиынтығынан, сондай-ақ жалған интернационализмді жамылған орыстандыруды негіздеу, мадақтау мен дәріптеуден, патша үкіметінің отаршылдық саясатын бүркемелеуден, кейбір жағдайда тіптен ақтауға тырысудан, қазақ халқын сауатсыз, мәдениетсіз етіп көрсетуге ұмтылудан  көрінеді. Осылайша жұтаңданған қыстаулар мен елді мекендер тарихы туралы еңбектерде жоғарыда аталған кемшіліктер орын алды, біршама мәселелер толық, әрі жан-жақты зерттелмей, айқын ашылмай қалды. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған Жетісу тарихы туралы еңбекте ғана біршама тарихи шындық айқындала, ашыла түскен.

Біздіңше ХҮІ-ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер  тарихының толықтыруды, кеңейтуді, тереңдетуді қажет ететін мәселелері баршылық. Көптеген аймақтағы қыстаулар мен елді мекендер тарихы әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген, өз зерттеушілерін күтіп отыр. Қыстаулар мен елді мекендер алалар тарихының әлі де шешілмей қалған мәселелері қатарына төмендегі мәселелер жатады деп ойлаймыз:

  • ХҮІ-ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендердің жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастарындағы орны;
  • ХҮІ-ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендердің қалыптасу ерекшеліктері;
  • қыстаулар мен елді мекендердің орналасуы, әр аймақтағы ерекшеліктері
  • қыстаулар мен елді мекендердің көшпелілермен байланыс дәрежесі;
  • қыстаулар мен елді мекендердің отырықшылар өміріндегі орны және т.б.

  Ең үлкен мәселе, аталған ұсыныстарды ескере отырып және жаңа тарихи көзқарас негізінде жазылатын Қазақстан аумағындағы барлық аймақты қамтитын біртұтас, көлемді, кешенді  тарихи зерттеу еңбегі қажет сияқты. Ондай еңбектің жарық көруі жалпы Қазақстан тарихын тереңдете және кеңейте түсуге мүмкіндік берер еді.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Марғұлан А.Х. Ерте дәуірдің архитектурасы // Қазақстан архитектурасы. –Алматы, 1959. 56-85 бб.
  2. Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. А., 1950.
  3. Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы. — А., 1996. 302 б.
  4. Валиханов Ч. Собрание сочинений. Т. 1. — А., 1961. 112 б.
  5. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз кайсацких орд и степей. Ч. 1, Спб., 1832. 66 б.
  6. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІҮ – начале ХҮІ веков. А., 1977.
  7. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. – А., 1985. 170 б.
  8. Мыңжанұлы Н. Қазақтың көне тарихы. – А., 1993. 212 б.
  9. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – А., 1963. 77 б.
  10. Акишев К.А. Зимовки-поселения и жилища древних усуней.// Известия АН Каз ССР. Сер. Общ. Наук. 1969. №1. 17-б.
  11. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХҮП – начале ХХ века. – А., 1971. 320 б.
  12. Востров В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов. – А., 1968. 210 б.
  13. Масанов Н.Е. Кочевая цивилизация казахов. – А., 1995.
  14. Жолдасбаев С. Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан. – А., 1995. 117 б.
  15. Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – А., 1983. 230 б.
  16. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л. Древний Отрар. – А., 1972 . 130 б.
  17. Савельева Т.В. Оседлая культура северных склонов заилийского Алатау в ҮШ — ХШ вв. — А., 1994. 135 б.
  18. Жолдасбаев С.Ж. Зимовки – поселения и жилища казахов Семиречья // Взаимосвязи кочевых племен Средней Азии и Казахстана. — А., 1989. 180-б.
  19. Плетнева С.А. От кочевьи к городам. — М., 1967. 120 б.

20 Меңдіғұлов М.М. Қазақстан архитектурасы. — А., 1959. 155 б.

21.Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. А., 1992. 137 б.