П І К І Р
М.Х.Дулатидың «Тарих-и- Рашиди» еңбегінде айтып кеткендей әсіресе ХV ғасырдағы Қазақ хандығын құрылу кезеңі өте шиеленіскен дүрбелең тасқынған кезең болды. Ол кез билік пен байлық үшін, жер үшін, қосымша жұмысшы күші үшін, ішкі және сыртқы тартыстың шиеленісе түскен тұңғыш қазақ мемлекетінің қазақ жерінде оңтүстік аймағында құрыла бастаған кезі еді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де оның қалыптасып нығаюдағы, дамудағы кезеңдері өзіндік қиыншылығы болды.
Е.Турдалиевтың алып отырған дипломдық тақырыбы өте актуалды, әсіресе оның М.Х.Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің өз еңбегіне өте шебер пайдаланғандығында болып отыр. Сондықтан да бұл тақырып өте құнды және маңызды болып отыр.
Автордың жұмысы екі үлкен тараудан тұрады және алты бөлімнен құралған. Тақырып қазақ халқы тарихының ең күрделі кезеңдерінің негізгісіне байланыстырып алып отыр. Бұл ХV ғасырдың орта шенінде Жәнібек пен Керей ханның қазақ хандығын құрған кезеңнен бастап ХҮІІ ғасырдың жартысындағы жоңғарлармен арадағы екі жүз жылдық соғысқа дейінгі кезеңді қамтып отыр. Сондай – ақ қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары, әлеуметтік жағдайы экономикалық және мәдени жағдайы және де қазақ хандарының заңдары қарастырылады.
Автор өз еңбегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде соңғы жылдары өткен ғылыми теориялық халықаралық конференциялардың материалдарын қолданған. Сонымен қатар М.Х.Дулатидың 500 жылдық мерей тойына байланысты газет журнал т.б. да ақпарат материалдарында осы тақырып жөнінде өте көп шығармашылық еңбектер жазылды. Міне, бұлардың көпшілігі өз еңбегінде пайдаланған.
Сондай – ақ ХV – ХVІІ ғасырлардағы қазақ хандықтары жайлы жазылған тарихы шығармаларды оның ішіндегіөзімізге белгілі тарихи ғалымдардың (Ж. Қасымбаев, Э. Тілеуова, М. Мағауин, С. Асфендияров, Т. Сұлтанов, М. Тынышбаев, Х. Маданов т.б.) тарихи шығармашылқ еңбектерін пайдаланған.
Бұл еңбекте қазақ хандығының көрсетілген қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы саясаты халқына істелген қызыметтерін толық қамтыған.
Е. Турдалиевтың дипломдық жұмысының тақырыбы өте актуалды және жалпы маңызды деп ойлаймын. Сондықтан еңбегін қорғауға толық болады.
Ғылыми жетекші
Р Е Ц Е Н З И Я
ХV – ХVІІ ғ.ғ. Қазақ халқы мен мемлекетінің тарихында күрделі әрі жауапты кезең. Екі мыңнан астам мемлекеттік тарихы бар халқымыз дамуында бұл кезеңнің алатын орыны ерекше.
Себебі, Қазақ халқының көрші елдермен қарым – қатынасы және оның әлемдік аренаға шығуы мен танылуы қөзқарастырылып отырған кезеңдерде толығыымен іске асырылған болатын.
Е.Турдалиевтың дипломдық жұмысын ХV – ХVІІ ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, қазақ қоғамының әлеуметтік және шаруашылық дамуы мәселелері бүгінгі күннің талаптары мен нақты деректерді пайдалануы негізінде жазылған.
Автор дипломдық жұмысына қазақ хандығының құрылуы және дамуына байланысты көптеген деректерді, жаңа ғылыми пікірлер мен көзқарастарды орынды пайдалана білген. Бұл жерде М.Х.Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегін басымырақ пайдаланғанын айтамыз.
Дипломдық жұмыс жоғары деңгейде жазылған. Тақырып оның жоспары, жұмыстың алдына қойған міндеттері мен мақсаттары толығымен ашылған.
Е. Турдалиевтың дипломдық жұмысын өте жоғары деңгейде жазылған.
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е
І — ТАРАУ ХV ЖӘНЕ ХVІ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
- 1. Қазақ хандығының құрылуы.
- 2. ХҮ және ХҮІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
ІІ – ТАРАУ ХVІ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
- 1. Саяси және әлеуметтік жағдайы.
- 2. Шаруашылық жағдайы және мәдениеті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
К І Р І С П Е
Тақырыптың маңыздылығы мен міндеті; Бұл күндері егеменді ел атанып, өзге жұртпен тең болып, ата бабаларының ертеден бергі арман — тілегі іске асқан, қалыптасқан елдік тәстүрі, қабылданған Ата заңы бар, дербес тәуелсіз ұлттық мемлекет құрып мекен-тұрақ, құтты қоныс болған Ұлы даланы сөз еткенде қазіргі Қазақстан оны тегіс қамтып, түгел алып жатыр екен деп ойлауға болмайды.
Сайып келгенде, егер осы Ұлы даланың айдыны асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестетер болсақ, теңіздің қайнар бастауы, оның ішінде қазақ халқы екендігін ұмытпаған жөн.
Қазақстанның кезінде осы Ұлы даланың елеулі қаусыра құшақтап, қарымды қамтып жатқан, бүгігіден де үлкен жері болды.
Қазақстанның бүгінгі жері Қазан төңкерісінен кейін 20-жылдарда қалыптасты. Оның шеңбері Албания, Италия, Англия, Жапония сияқты ондаған мемлекетті емін — еркін сыйғыза аларлық таулы-тасты, орман-тоғайлы, өзенді — көлді, Каспийден асқақ теңізі, ашық далалы алқаптары бар, батысынан шығысына дейін 3000 шақырым, оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1700 шақырым созылып жатқан, жалпы көлемі 2 млн 700 мың шақырымды қамтитын алқап.
Тарих кешегі емес бүгінгіге, келешек — бүгінгі ұрпаққа керек. Ата-бабамыздан «жеті атасын білмеген жетесіздік белгісі» дегенге сөз қалған. Бұл сақты сындырып сүйекке таңба салатын сөз.
Тақырыптың өзектілігі: Кешегі тарихымыз халқының қамын ойлаған, іргелі ел болуы үшін күн қатып жүріп түсі қашқан хандарсыз, билерсіз, батырларсыз, ақырып жел өтінде қалған жағдай шекпенмен пара — пар.
Ресей империясы үстемдік жүргізе бастағаннан, одан бергідегі солақай саясаттың салдарынан халықтың бір туар зиялы азаматтарын бұхара халыққа жау етіп көрсету сияқты зымыяндық өріс алды. Мұндағы мақсат халықты қараңғылықта ұстап, өткенін білмейтін мәңгүртке ұстау еді.
Өз тарихымызды білмей, біз қазір баршамыз мақсат етіп отырған тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бекіту, шаңырағын шайқалмайтын ету мүмкін емес.
Қазір тарихтың көптеген мәселереі қайта қаралып жатыр.
Солай бола тұрса да, жоғары және арнаулы оқу орындарында Қазақстан ьарихы бойынша оқулықтар жетіспейді.
Қазақ халқының тарихи құжаттарында нақты таңбаланған азаматтық тарихы соңғы мың жарым жылды қамтиды. Ежелгі түркі дәуірінен бастап, Алтын Орда заманына ұласқан ұлыстар шежіресіне келген, сала-сала, қат — қабат әңгіме.
Арыдағы тарихымызды айтпағанда, бергі қазақ атымен аталатын дәуірдің өзі біздің ұлы халық екеніміздің айғағы. Біз ХV ғасырдың орта кезінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегіне Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты ұлттық мәдениет жасады.
Менің осы жазған дипломдық жұмысым теңізге құйған тамшыдай ғана ізденген еңбегім еді.
Жұмыс алты бөлімнен тұрады.
Тақырыптар қазақ халқы тарихының белгілі кендеріне байланыстырылып алынды. Яғни ХV ғасырдың орта шенінде Жәнібек пен Керей ханның Қазақ хандығын құрған кезінен бастап, ХVІІ ғасырдың І жартысындағы жоңғарлармен арадағы екі жүз жылдық соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы алғы шарттары, әлеуметтік жағдайы, экономикалық және мәдени жағдайы және де қазақ хандарының заңдары қарастырылды.
Тақырыптың библиография яғни тарихнамасында; түрік, парсы, тимуридтік шағатайлық, аштрахандық, араб еліндегі ғұламалардың еңбегі пайдаланылдым соның М. Х. Дулатидың “Тарих –и- Рашиди” еңбегі бойынша жазылды. “Тарих –и- Рашиди” кітабы үш себеп бойынша жазылған (құрастылыған). Бірінші себеп Тоғылық Темір хан ислам дінін маулана Аршададиннің ықпалымен қабылдады. Екінші себеп Тоғылық Темірге дейін – ақ исламды Барақ хан одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда, осы хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба алмайды. Ал құдретті де мәртебелі Тоғылық Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшінші себеп қазіргі уақытта моғол хан Әбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналған, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих “Тарих – и- Рашиди” (“Хақ жолындағылар тарихы” ) деп аталады.
Жоғарыдағыларды жазған, баяндаған кезде Қазақстан тарихы жөнінде бұрын соңды жарық көрген еңбектер кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге Қазақстан тарихындағы көптеген маңызды оқиғаларға соңғы кезде беріліп жатқан тың бағалар мен жалтақсыз айтылған сындар, жаңадан қалыптаса бастаған көзқарастар жан-жақты ескерілді. Бұл сияқты материалдарды неғұрлым толық пайдаланғанымызды айта кетелік.
Әрине, мінсіз дүние жоқ, бұл жұмыстың да мүлт кеткен, толықтыруды, жетілдіруді керек ететін жерлері болуы әбден ықтимал.
ХV — ХVІІІ ғасырлар Қазақстан тарихынан ерекше орын алады. Бұл кезеңнің басталуы ХV — ХVІ ғасырдың басындағы Орталық Азияның жалпы тарихымен ұштасып жатқандығында: бір орталыққа тартқан және орталықтан сыртқа тепкен тенденциялардың шиеленісуі нәтижесінде бірнеше мемлекеттер құлап, жаңадан Орта Азияда Шайбанидтер, Аштраханидтер, Түркияда Онтомон (Осман) империясы, Солтүстік Үндістанда Ұлы Моғолдар, Иранда Сефевидтер мемлекеттері құрылды. Бұл кезінде қазақ халқы өзінің қазіргі атауын қабылдайды, осы атымен көршілес елдермен өзара байланысқа түседі және тарихтағы өзінің орнын айқындайды.
Қазақ халқының тарихын, оның ішінде ХV — ХVІІ ғасырдағы тарихын зерттемей тұрып, тек қазақтардың ғана емес, Орта және Орталық Азия, Сібір, Еділ бойы халықтарының да тарихи тағылымдарын түсіну мен түсіндіру мүмкін емес.
ХV — ХVІІ ғасырдағы қазақ тарихы жөнінде деректер сақталған парсы және түркі тілдеріндегі жазба ескерткіштер көлемі жағынан үлкен және ұстамаған ашық саяси бағыттары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.
Осы белгілеріне қарай деректемелер тимуридтік, шайбанидтік. шағатайлық, сефевидтік, османдық, аштрахандық/10,18-19/ т.б. болып бөлінеді.
ХV ғасыр мен ХVІ ғасырдың басындағы Қазақстанның тарихын және қазақ халқы этногенезін зерттеуге қажетті біздің қолымызда көптеген жазба деректер бар.
Олардың ішінен «Таварих-и гузида-ші нусрат-нама», «Фатх-нама», «Шайбани-нама», Зубдат ал асрар «Тарих-и Абулхайр-хани», «Бадан алваксей», «Тарихи-и Рашиди» іспетті еңбектер айырықша /ерекшеленеді. Аталған еңбектердің арасынан «Михман-нам-й Бухара», «Зубдат ал асрар», «Тарихи-и Абулхаирхаш» шығармаларынан басқалары бір уақытта, ХVІ ғасырдың басында жазылған. Негізінен бір кезең, бір оқиға жайын баяндаған олар бір-бірін толықтырып, нақтылап отырады.
Бұл шығармаларды басты орындарды әскери-саяси оқиғалар алғанмен, аталған еңбектерден әлеуметтік-экономикалық деректерді де көптеп табуға болады.
Жазба ескерткіштерде қазақ халқы мемлекеттік құрлымның саяси және сыртқы саяси тарихына қатысты хабарлар, қазақ хандары мен сұлтандарының көршілес елдерімен халықтарының билеушілеріне қарсы соғыстар жөнінде деректер қамтылған. Олар қазақ даласы мен қазақ хандықтарының ішкі саяси тарихын, қазақ хандары әлеуметінің арасындағы өзара жанжал, ұрыс-керіс пен күресті баяндайды. Өзара соғыстар Тоқа-Темір, Барақ, Керей, Жәнібек ұрпақтарының арасындағы әлеуметтік күрестерге ұласқан.
Парсы тіліндегі Қыпышақ тұрғындарының ру тайпалық құрамы бұрындары өзбек аталып жүрген тайпалардың қазақ атауын қабылдауларының себептері, өзбек және қазақ терминдерінің арақатынасы туралы көлемді деректер сақталған. Бұл қазақ халқының қалыптасуына кеңінен айқындауға тиісті қортынды жасауға мүмкіндік береді.
Жазба деректерде Қазақ хандығының мемлекеттік құрлымы, ондағы лауазымды, салық жүйесі хақында айтылады. Қазақ атауы «Бадан алвакан» шығармасында аталады. Онда Васифи қазақ ханы Тахирдың қазіргі Қырғызстан жерінде қалмақтарға қарсы қамал тұрғызғаны жөнінде дерек келтіреді.
ХV ғасыр мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қазақ тарихын зерттеуде Мырза Мухамед Хайдар Дулатидың «Тарих –и- Рашиди» шығармасының мәні ерекше.
«Тарих -и- Рашиди» алғашқы қазақ хандары, қазақ моғол, қазақ — өзбек арасындағы одақтастық және жауапкершілік қарым-қатынастар, Моғолстанға иелік ету үшін қазақтар мен моғолдар арасындағы күрес туралы материалдар молынан кездеседі.
Шығыс авторларының жоғарыда аталған шығармалары, негізінен ХV – ХVІ ғғ. Қазақстанның саяси тарихи бойынша деректерді қамтиды.
Рузбиханның «Михман-наме-йи Бухара» еңбегінің олардан ерекшелігі ХVІ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасы, мәдениеті, тұрмысы мен қалаларының тарихы жөніндегі қызғылықты деректерді келтіруінде.
Бұл еңбек Мұхамед Шайбани ханның Бұрындық, Қасым, Жаныш тағы басқа сұлтандарына қарсы үлкен жорығына арналған. Рузбихан бұл жорықта Шайбани ханға еріп жүреді де, осы оқиғаны жан — жақты сипаттайды. Бұл еңбекте қазақтардың әкімшілік жүйесі, сыртқы сауда байланыстары, құл саудасы мен құлдары көшпелілердің шаруашылықта, соғыс кезінде пайдаланулары туралы басқа жазба деректерде кездеспейтін жазбалар қамтылған.
ХV ғасырдың орта кезеңі жөнінде жүйелі түрдегі деректер кездеспейді, ал қолда барымен (процестің) толық маңызы мен ашу мүмкін емес.
Аталған ғасырдың 50-жылдарынан кейін қазақ халқының тарихына қатысты маңызды деректер кездесе бастайды және олардың көлемі мен мазмұны да арта түседі.
Тарихи деректердің бұлай бөлінуі қазақ тарихына қатысты парсы және түркі тіліндегі жазбалардың шағатайлық, сефевидтік, тағы басқа, оның ішінде Мәуренақырлық шайбаниттер тарихнамасы тұрғысынан және солар арқылы түсіндірілуінде. Бұл тарихнама, іштей екіге бөлінеді. Бірі Әбілхайыр хан (1428-1468жж) мен оның немересі Мұхамед Шайбани ханның есімдері төңірегінде жинақталады.
ХVІ ғасырдың ІІ жартысында Хафиз Тыныш Бұқаридың «Шараф-наме-йи Шахи» еңбегінде ІІ Абдаллах ханның өмірі мен қызыметі, әскери жорықтары жан — жақты баяндалады.
Хафиз Тыныш өзі суреттеп отырған оқиғалардың көпшілігі көзімен көзбен көрген. Бұл еңбекте ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының сыртқы саяси тарихы кең көрініс тапқан. Онда 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, қазақтардың Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбанидтермен күресі, ол күрестің идеологиялық және саяси құпиялығымен құйтырлығы соғыс қимылдар кезінде бір шайбанидтермен екіншілеріне қарсы одақ құрған байланыстары туралы жан — жақты толық баяндалады.
Қазақтардың ХV ғасырдың екінші жартысындағы саяси тарихы хақындағы деректерді жинақтаған тағы бір маңызды ескерткіш-Мұхаммадияр ибн Араб қатағанның «Мусаххир Ал — билад» шығармасы.
«Мусаххир Ал-билад» ХV -ХVІІ ғасырлардағы басқа авторлардың шығармаларында кездеспейтін, қазақтар туралы қиғылықты деректер бар. Ондағы қазақтар тарихы туралы кейбір деректер Хафиз Тыныш «Шараф-нами-йи-шахи» да келтірілген мәліметтерді толықтыра түседі. Есімхан мен Бахадур хан бастаған қазақтардың Абд ал — Тарфа сұлтанмен болған соғысын (1665 ж.) баян етеді.
Искандер Муншидің «Тарих-и иамара-йи Аббасида» суреттелген оқиғалар қазақтар туралы «Шараф-нами-йи-Шахиде» айтылғандарды одан әрі сабақтай түседі.
Жазба деректерді одан әрі зерттеу ХV ғасырдағы қазақ тарихы жөніндегі мәліметтері бар жаңа ескерткіштерді анықтауға жағдай жасады. Бұл топтағы шығармалардың ішіндегі ең тәуірі ортаазиялық ашогеографиялық шығармалар.
ХV — ХVІІІ ғ.ғ қазақ тарихы үшін маңызды еңбектің бірі түрік тіліндегі «Хиуа хроникасында» (Муниса-и Асахи Фердауыс ал икбал) қазақ сұлтандарының әулетінің Хиуа мемлкетінің саяси өміріне кеңінен арласқандығы айтылады.
Қазақ — жоңғар байланыстары жөнінде «Ислам-наме» ашогеографиялық шығармасында келтіреді.
Қазақтардың сыртықы саяси қатынастардың тарихы бойынша ТМД елдері мен шетел архивтерімен қол жазба қорларында сақталған жазба ескерткіштері бар.
«Мират -и ал — мамлик» — түрік адмиралы Сейд Али Раистің мемуары. Онда Сейд Али Раистің үш жарым жылдық саясаты кезінде аралаған елдері мен болған қалалары, кездескен ел билеушілері жайындағы деректер жинақталған.
ХV ғасырдағы қазақ тарихы жөніндегі аса қызғылықты және маңызды ескерткіш — Осман империясының қаржы жөніндегі әкімі (дефтердар) қызметін атқарған Сейфи Челибидің «Тарих» атты еңбегі.
Кітапта автор Орта Азия мен Қытайды аралаған сапарындағы алған негізінде, Осман Империясының құрамына кірмеген Азияның көптеген елдерінің географиялық орналасуы мен саяси тарихы туралы құнды деректер келтіреді. «Тарихта» қазақтардың тұрмысы жөнінде әсіресе, тері өңдеу кәсібіне байланысты, этнографиялық деректер бар.
Қазақ тарихын тағы бір құнды деректің берігі болып табылатын А.И. Левшин «Қырғыз-қайсақ» ордалары мен даласының еңбегі аталған ең алғаш 1832 жылы жарық көрген. Еңбекте Қазақстаның жағарпиялық жағдайына, тарихына, этнографиясына сипаттама береді.
А.И.Левшин қазақтардың табиғат қаталдығына, төзімділігіне күн көріс кәсібін төрт түлік мал мен байланыстыра отырып, әдет ғұрыптарын, салт-дәстүрін, құқық формаларын баян етеді.
Өз еңбегімде М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде соңғы жылдары өткен ғылыми теориялық халықаралық конференциялардың материалдарын қолдандым. Сонымен қатар М.Х.Дулатидың 500 жылдық мерей тойына байланысты газет журнал т.б. да ақпарат материалдарында осы тақырып жөнінде өте көп шығармашылық еңбектер жазылды.
Сондай – ақ ХV – ХVІІ ғасырлардағы қазақ хандықтары жайлы жазылған тарихы шығармаларды оның ішіндегі өзімізге белгілі тарихи ғалымдардың (Ж. Қасымбаев, Э. Тілеуова, М. Мағауин, С. Асфендияров, Т. Сұлтанов, М. Тынышбаев, Х. Маданов т.б.) тарихи шығармашылық еңбектерін пайдаландым.
І — ТАРАУ ХҮ ЖӘНЕ ХҮІ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
- 1. Қазақ хандығының құрылуы.
Қазір халқымыздың тарихына байланысты ғылым мойындаған бір шындық бар. Ол — Қазақ мемлекеті тарихы 1456 — 1468 жылдары, яғни Керей мен Жәнібек сұлтан бастап Моғолстанның батыс бөлігіне келіп орналасқан халықтың дербес Қазақ хандығы шаңырағын көтерген кезден басталғандығы.
Бірақ, өкінішке орай, құжаттың құқы бар тарихи шығармалар дерегі арқылы орныққан осы нақтылықтың арғы жағының да, бергі жағыныңда айқындығы әлі аз болып тұр. Оған басты себеп: күні бүгінге дейін өткенімізге өгей көзбен қарап, көне тарихымыздың ұмыт қалдырғанымыз екендігі даусыз.
Моғолстан тарихын жазған Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих –и- Рашидиінде» есімі келтірілген екі сұлтанның бірі Керей хан екіншісі Жәнібек сұлтан деп көрсетеді.
Кез келген тарихи шығарманы алып, оқып көріңіз. Шыңғысхан ұрпағының бірден — біреуі, егер ол шағын да болса жеке хандықты иеленбесе, хан деп атамайды. Оларды ата жолына қарай мұрагер, ханзада, сұлтан деп қана атайды. Олардың хан атануы үшін мейлі аз болса да, тіпті ресми емес болса да жеке хандыққа ие болуы шарт. Демек, Мұхаммед Хайдар Дулати өз дерегіндегі Керейдің хан деп атап көрсетсе, бұл — олардың өз иелігін жеке «хандық», ал Керейдің «ханымыз» деп танығанының белгісі. Ал хандық болу үшін оны құрайтын белгілі дәрежедегі халық та болуы керек. Екі — үш ауылдан хандық құрылмасы тағы аян. Әрине, хандық Керей мен Жәнібек Моғолстанға келген соң құрылған ба, жоқ келмей тұрып құрылған ба, оны дәл айту қиын. Бірақ, Моғолстандықтардың өз елінің шекарасына ауа көшіп келеген өзбектерді жеке хандық деп қабылдағаны хақ. Олай болмаған күнде сол кездің куәгері Моғолстандық тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстанға ел бастап келегн Керейді бөліп алып, оны хан деп көрсетпес еді. Тап осылай бөліп көрсету «Бахр әл-асрар…» авторы Махмуд пен Әмір Уәлиге де тән./10,46/
«Қазақ хандығының нақ қай жылы шаңырақ көтергені ғылым әлі анықтаған жоқ. Әзірге әр ғалым өз болжамымен алға тартумен келеді. Мысалы, А.П.Чулочников қазақ хандығының пайда болуын ХV — ХVІ ғасырлар аралығы десе, С.К.Ибрагимов А.А.Семеновты құптай отырып, бұл мерзімді ХVІ ғасырдың 30 — 40 жылдары деп көрсетеді. Ал, Т.И.Сұлтанов қазақ хандығы ХV ғасырдың 70-жылдарынан бұрын құралған жоқ десе, К.А.Тушулина бүл мерзімді сол ілгері жылжытып, 60-жылдардың ортасына бұрын емес дегенді айтады. Соңғы кезде тарихшыларымыз көрсетіп жүрген 1468 жыл Әбілхайырдың өлген жылы. Әбілхайыр өлген соң, оның хандығында тақ таласы басталып, ішкі қырқыстан берекесі кеткен ру — тайпалар аударыла көшіп, Керей мен Жәнібекке келіп қосыла бастайды. Біздің тарихшыларымыз осы кезеңді Қазақ хандығының құрылған кезі етіп алады да, әлгі жылды көрсетеді.
«Меніңше бұл шындыққа келмейді, себебі бұл жыл Қазақ хандығының құрылған жылы емес, нығайған, сыртқа танылған жылы болуға тиіс, өйткені моғолстандықтар бұған дейін — ақ ұлысынан жырыла бөлініп, өздеріне, көшіп келгендерді бұрынғы көшпелі өзбектерден ерекшелеп, «қазақтар», олар құрған хандықты «Қазақ хандығы» деп атап қойған. Сондықтан да Қазақ хандығы құрылған жылын 1456 жыл деп көрсету дұрыс болады». Қазақ хандарының Әбілхайыр өлгеніне дейін — ақ дербес хандықтың билеушілері болғанын Мұхаммед Шайбанидың «Тауарих-и Гузида-йинусратнама», Молла Шадидың «Фатхнама», Камалладин (Шир) Әли Бинайдың «Шайбанинама»атты еңбектеріндегі деректер де дәлелдей түседі.
Енді біз жоғарыда айтылған деректердің мәліметтеріне және басқа жанама түрде кейбір мәселелерді анықтауға көмектесетін деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, Керей мен Жәнібек сұлтанның Әбілхайыр хандығынан көшіп кету жағдайларын қарастырайық.
Керей мен Жәнібектің атақты Орыс ханның ұрпақтары екендігі баршаға мәлім. «Тауарахи Гузидан нусрат нама» бойынша Орыс ханда 7 ұл және 5 қыз болған. Ұлдарының есімдері Тохтақия, Құтлұқ — Бұқа, Тұғлық — Болат, Құйыршық, Тоқта — Болат, Сайид — Ахмет, Сайид — Әлі.
Тоқтақия 3 ұл 3 қыз болады. Ұлдарының есімдері Тәңірберді, Йагуджек-анке, Болат. Болаттың ұлы Керей хан. Оның үш ұлы болды, олар Бұрындық хан, Қожа — Мұхаммед, Сұлтан — Әлі.
Құйыршықтың ұлы Барақ хан. Барақ ханның үш ұлы болды. Олардың есімдері Мир Саид Қасым, Әбу-Саид (Жәнібек хан деп те атайды). /26,10-11/
Жәнібек ханның ұлдары Иренджі, Махмуд, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Тыныш, Ұснақ, Жадық — деп келтіріледі. Әбілғазыда Керей мен Жәнібектің Орыс ханнан тарағандығын осылайша көрсетіп «Әбусағит-лақабы Жәнібек хан» деп көрсетсе, Қадырғали Жалайыры да осылайша айта келе, Барақ ханның ұлын «Көшө Жәнібек деп атайды», — деп жазады. Орыс хан әкесі қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырады. 9 жыл хандық құрғаннан кейін ауырып қайтыс болған дейді Муин ад — дин Натанзи./25,14-15/
Ақ Орданың хандары Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды. Алғашында Орда Еженнің Ордасы Алакөл маңында болған. Оны ХІІІ ғасырдың 40 -шы жылдары осы жерден Қарақорымға қарай өткен Т.Карпин сөзі дәлелдейді. Ол бұл өңірінде Батудың үлкен ағасы Орда тұрады; ол татар княздарының ішіндегі ең үлкені деп жазады./11,23/
Ақ Орданың орталығы ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында Сырдарияның орта ағысы бойына ауысады. Себебі осы кезден бастап Түркістан аймағының халықаралық сауда ролі артып, Түркістан қалалары арқылы Ұлы Жібек жолының тармақтары өтеді. Түркістан аймағының экономикалық сауда, орталықтары болумен қатар, ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында саяси орталыққа айналуы, түгел алғанда, аймақтық ролін өсіріп, атағын арттырады.
Орыс хан да атасы Ерден хан секілді хандықтың астанасы Сығанақ қаласында ғимараттар салдырыды. Ақсақ Темір тұсында Ақ Орданың орталығы Түркістан аймағы Мәуренахрға тәуелді болды. ХV ғасырдың І жартысында Орыс ханның немересі Барақ хан Сырдарияның орта ағысы бойын Ақсақ Темір ұрпақтарынан қайтару үшін екі жақты талас 1427 жылдың көктем жаз айларында Барақ ханның пайдасына шешілді. 1428 жылы Барақ хан қаза тауып, аймақ оның ұлы Жәнібек ханға көшеді. ХV ғасыр басында Ұлықбекті жеңіп, Ақ Орданы қалпына келтірген атақты Барақ хан жергілікті ірі феодалдар мүддесін тежеп, жеке билік жүргізеді. 1428 жылы ол қаза тапқанда Дешті Қыпшақ тайпаларының көсемідері Барақ ханның баласы Жәнібекті хан сайламай, жас Шыңғыс ұрпағын іздестіреді. Ондай адам — шайбанилық 16 — 17 жасар Әбілхайыр еді. Оған маңғыт, қият, шынбай, қоңырат, құрлауыт, мың ру тайпаларының көсемдері мен ірі дін басылары 1428 жылы хан етіп сайлайды.
«Әбілхайыр билік тізгінін қолға алысымен, төңірегіндегі өз хандығының құрамына қосып алуға күш салады. Олардың бірін күштеп бағындырса, екіншісі өз еркімен келіп, мұның қарамағына енеді. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде бұрынғы Көк Орда (тарихта Ақ Орда) жері тарихта Әбілхайыр хандығы деп аталады.
Бұл ретте Әбілхайырдың Шайбани әулиетінің шаңырағын көтеріп, өз хандығын құруына және оның соншалықты қысқа мерзімде дәуірлей көтерілуіне, тарихи қолайлы жағдай туған еді. Ол Әбілхайыдың сыртқы қуатты көршілерінің басқыншылық жорық жасауға шамасы келмеді.
Айталық теріскей батысындағы көршісі Алтын Орда болса, Ұлығ Мұхаммед пен Кішік Мұхаммед таққа таласып, бірін-бірі ала-алмай арпалысып жатты.
Содай-ақ Оңтүстік батысындағы көршілері Ақсақ Темір әулиетінің де жағдайы мәз емес еді. Мұнда да тақ таласы жүріп жатты. Ұлығбектің әскерін өзінің бір кездегі жақтасы Барақ хан Сығанақтың маңында тас — талқан етіп, ойсырата жеңгенен кейін, Мауренахр билеушісі аттай 20 жыл бойына сыртқа шықпай, біріңғай қорғаныста болды.
Осындай жағдай Әбілхайырдың оңтүстік — шығысындағы көршілерінде де болды. Уәйіс хан өлгеннен кейін Моғолстанда да тақ таласы басталған болатын. Тайпа көсемдері көбі Уәйіс ханның кіші ұлы Есенбұғаны қолдап кеткендіктен тақтың заңды мұрагері Жүніс хан Самарқандқа қашуға мәжбүр болады. Ол содан 30 жылдан кейін, інісі Есенбұға (1429-1462жж.) мен оның баласы Дост Мұхаммед хан (1462-1468жж.) өлгеннен кейін барып бір — ақ оралады.
Есенбұға таққа Әбілхайырмен бір кезде отырды. Тайпа көсемдері кәмелетке толмаған жас бала Есенбұғаға бағынғысы келмей, өз иеліктеріне өздері қожалық жүргізеді. Көршілеріндегі осындай берекесіздікті тиімді пайдаланған Әбілхайыр өз хандығының териториясын мүмкіндігінше кеңейте берді. Ол Темірдің баласы Шахруктың иелігіндегі қиындықтарды, Моғолстандағы алауыздықты пайдаланып, 1446 жылы Сырдария бойындағы Аққорған, Ақұқ, Үзгент, Созақ секілді бірнеше бекініс қалаларды басып алды. Сығанақ өз хандығының астанасы ету мақсатында ордасын Орда Базардан осында көшірді./1, 46,50/
Осындай дәрілеп тұрған Әбілхайырдың бағын Шығыстан қаптаған Ойпаттар қайтарды. 1456 ж. Көк Кесене тұсындағы Нұртоғай деген жерде Үз Темір тайман басқарған ойпат әскерімен болған шайқаста Әбілхайыр қолы күйрей жеңіліп, ханның өзі қашып кетіп, Сығанақты паналады. Бұдан кейін ешқандай тегеуріндегі қарсылық көрмеген ойраттар маңайындағы елдің ойранын шығарып, кері қайтады.
Қашан да мықты ханның әлсіреуі бір кезде күшпен біріктірілген сұлтандардың жеке билікке ұмтылуына мүмкіндік жасайтыны белгілі. Ойраттардың Әбілхайыр әскерін талқандап, ойсырата женгенін пайдаланып, ханның қарауында жүрген Тоғылық Темірдің ұрпақтары тәуелділік шылбырын үзіп, еркіндікке шығуға ұмтылды. Сөйтіп Өріс (Орыс, Ұрыс) ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек өз иелігіндегі елді бастап, Моғолстан жеріне өтіп кетеді. Соғыстан күйрей жеңіліп, есенгіреп қалған Әбілхайырдың жиып, соңынан қууға, олардан кейін қайтаруға шамасы келмеді.
Қазіргі жазушыларымыздың қаламына ілігіп, жалпы оқырман қауымының арасында өз ұғымын қалыптастырған халық аңызы негізінде айтылған дерек бұдан басқаша онда Өзбектерден, яғни Әбілхайыр хандығынан Керей мен Жәнібектің бөлініп кетуіне Қара Қыпышақ батырдың Ақжол атанған Дайыр Қожаны өлтіруі себеп болды дейді». Бұл Шәкәрімнің «Түрік қазақ — қырғыз һәм хандар» шежіресінде айтылған. Белгілі жазушымыз. Ч. Есенберлиннің «Алмас қылыш» раманында да келтірілген. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Дей түрғанмен оны Керей мен Жәнібек бастаған сұлтандардың Әбілхайырдан бөлінуінің басты себібі дей алмаймыз Өйткені ол — себеп емес , барлы-жоғы желеу,сылтау ғана./9, 63-64/
Көшпелілердің бүкіл көне тарихына қарап отырсаңыз, көрші тайпалар не хандықтар бір-бірімен соғысарда қасқыр-жауыздықпен қапысып тауып, үнсіз қойып кетпей, жан — жал өртінің тұтануына, дәлірек айтқанда әлдісі, әлсізін басып алуға желеу іздеген.
Ғасырдан ғасырға көшіп, ұрпақтан — ұрпаққа ауысқан көшпелі елінің осы дәстүрлі салтының қаймағы ХV ғасырда да бұзылған жоқ. Демек, осы дәстүрдің жөргегінен шыққан Керей мен Жәнібектің қарауындағы елді соңынан ерту үшін тайпалар арасындағы құн дауын, қанды жеке кекті билікке жету мақсаттарына пайдалану табиғи деп қараған абзал. Керей мен Жәнібек хандардың «көшпелі өзбектер» мемлекетінен көшуінің себептері 1446 жылдан кейін басталады. Осы жылы «Әбілхайыр хан Түркістан аймағын иеленіп, сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттік саяси орталығы Керей мен Жәнібек хандарының ұлысы жеріне ауысады. Әбілхайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатынастарына өз бақылауын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбаниялық сұлтандар иелігіне көшеді. Әбілхайыр ханның мұндай іс-әрекеті осы аймақта иеленіп келе жатқан Орыс хан ұрпақтарының мүджджелеріне қайшылық келтіреді. Көшудің алғашқы себептері осында жатыр.
Ортағасырлық деректерде Әбілхайырдың іс-әрекеттері: «Әбілхайыр хан Жошыдан тараған сұлтандарға көп қысымшылық жасады», — деп жазады. Яғни Керей мен Жәнібек бұрынғыдай аймаққа толық билік жүргізе алмайды./10, 18-19/
Әбілхайыр ханның Түркістан аймағын иеленуі Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшуіне себеп болса, ал қозғау салған нәрсе Әбілхайыр ханның қалмақтармен соғыста жеңілуінен және одан туындайтын жағдайлар еді.
Моғолстанға жеткен екі сұлтанды Есенбұғы зор құрметпен қабылдап, оларға Шу мен Қозыбас өңірін береді. Болашақ қазақ хандығының шаңырағын көтерушілер Керей мен Жәнібек бастаған көшпелі өзбектер 1456 жылы Моғолстанның Батыс өлкесіне, яғни Есенбұғы хан мен Жүніс ханның иеліктерінің арасында сығылыса келіп, сына болып кіріп, қоныс тепті. Жер үшін жақынымен жаға жыртысып жатқан монғол ханының аталасы Шағатай тұқымына да емес, сонау Шыңғыстан барып бірақ табысатын Жошының тұқымына мұндай жомарттық жасауы шарасыздықтың шатағынан болатын. Терісті шығысынан өңмендей келіп, еміне енген ойрат пен оңтүстік-батыстан сұғынған Ақсақ Темірдің шөбересі Әбі — Саид Мырзаға арқа сүйенген өз ағасы Жүніске қарсы күресте Керей мен Жәнібек бастаған өзбектің жауынгер жігіттерін қалқан етемін деген мақсат, игі үміт Есенбұғаны осыған мәжбүр етті. Артында арқа сүйер жұрты, сойылын соғар жігіті жоқ соқабасты сұлтан тақ таласы на түспеген. Әбілхайырдың әлсірегенін пайдаланып, бөліне көшкен Керей мен Жәнібек те, олармен біріккен бізге белгісіз сұлтандар да иеленген жерін тастағанмен, елін тастамаған және олардың әрқайысы кем дегенде бір рулы елдің басшысы болған жандар.
Осы орайда «Қазақ ССР тарихының» «Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысқаны Керей көшпелі және жартылай көшпелі халықтың өзіне тәуелді тайпалар топтарын біріктіріп оңтүстік-батыс Жетісу териториясына, Моғолстанға көшіп кетті деген дерегінде жан бар.
Сондай — ақ бұл жерде Керей мен Жәнібектің бөлінуі негізінде жеке өкпе емес, өздерін биліктен айырған бүкіл Шайбани әулиетіне деген олардың қарсылығы жатқанын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал бұл бұрынғы Көк Орда иелігінде елдің яғни Керей мен Жәнібектің ата — бабаларының қол астында болған, соларды жақтайтын елдің түгелдей болмағанымен, дені бөлінген сұлтандармен бірге деген сөз. Тарих авторларының Керей мен Жәнібек көшін: «Бұл әдеттегі ауа көшу болған жоқ; өздерінің жақын тіуелділігі мен феодал-шонжарлар емес, онымен бірге мың-мыңдаған қарапайым малшылар да көшті,/27,59-60/ деп жазуы да содан.
Тағыда бір дерекке жүгінер болсақ «Моғолстан тарихын жазған мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих -и- Рашидиіндегі» Керей хан; Жәнібек сұлтан және сол сияқты басқа сұлтандармен өз адамымен Әбілхайырдан қашып, Моғолстанға келеді» деген дерегіндегі «аз адамды» салыстырмалы мағынада айтылған шартты ұғым ретінде қабылдаға абзал.
Ойымызды түйіндей келе, Керей мен Жәнібек хандарының Моғолстанға көшіп кетуі Әбілхайыр хандығындағы ішкі саяси дамудың шеңберінде жүзеге асқан, өзінің алғы шарттары мен себептері және түрткі болған жағдайлар бар тарихи дамудың заңды қортындысы деп санаймыз.
Міне, осындай күрделі саяси дамудың нәтижесінде Моғолстанның батысында Керей хан билеген жаңа мемлекет — Қазақ хандығы дүниеге келді./28, 14-15/
Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей ақ киізге хан көтеріледі. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, қазақ жұртының Әбілхайырды жеңіп, біржола іргелену Жәнібек хан тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрлымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты.
Бұдан Жәнібек Керей ханның кезінде кіші хан есебінде елді онымен бірге басқарып, ол өлгеннен кейін билікті тұтас өз қолына алған деп ой түюге болатын сияқты.
Бір тұтас қазақ халқының ұлттық ұраны — «Алаш», мемлекеттік гербі (елтаңбасы) — «Төре таңба » (яғни бас таңба) аталатын, көне түрік заманынан тартылған, Алтан Орда тұсында қалыптасқан діні бір үшем бітік — ІІІ. Бас байрағы — төре таңбалы қызыл ту.
Қазақ Ордасының астанасы бүкіл түрік жұртының зиярат орталығы Әзірет — Сұлтан дербесі тұрған қасиетті Түркістан қаласы болды.
Біз бұдан Қазақ хандығының құрылу процесінде аяқталғаны деп білеміз. Одан әрі енді хандықтың өрлеу, күшею дәуірлері басталды.
Қазақ хандығының құрылуы процесінде, яғни 1458 — 1460/70 жылдар тарихына арнап жазылған тарихнамада ешбір дерек жоқ. Сондықтан да, біз алғаш рет осы жылдардағы Қазақ хандығының қатысуымен болған оқиғаларды баяндап, оны хандыққа ашып көрсетуге тырысқан.
Қазақ хандығы алғашқы құрылған кезінен бастап, өзінің өміршеңдігін көрсетеді, алғашқы тарих сындарынан төтеп бере бастайды. Бұған Жүніс ханның Әбу Саид мырзаның қолдауына сүйене қимылдағанымен Есенбұға хан өмірінің соңына, яғни 1462 жылға дейін тыныш өмір сүреді. «Екі ханның көмегіне сүйеніп, қолдауын көргенмен Есенбұға хан тірі тұрғанда Жүніс хан оған ештеңе істей алмайды» — деп жазады Махмуд ибн Уәли./26,553/
Сондай — ақ Есенбұға ханның шығыстағы қарсыласы да қалмақтарға да қазақтар бірнеше жорық жасайды. Моғолдардың тұрақты қарсыласы қырғыз тайпаларына да қазақтар тарапынан тосқауыл қойылады.
Сөйтіп, Моғолстан териториясында қазақ хандығының құрылуына себепті Моғолстан мемлекеті өзінің батыстағы және шығыстағы жауларын тынышсыздандырып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Керей мен Жәнібек хандар бастап берген «көшпелі өзбектер «мемлекетіндегі ыдырау процесі олардан кейін тереңдей түседі. Әбілхайыр ханға жай адамдардан, ұлыс билеушілеріне дейінгі Дешті Қыпыщақ тұрғындары қарсы шыға бастайды.
Махмуд ибн Уәли: «Әбілхайыр ханнан қашқандардың бәрі Керей мен Жәнібек хандардан пана тапты»/9,35-36/ — дейді.
Әбілхайыр ханның өлімі және одан кейінгі «көшпелі өзбектер» еліндегі қалыптасқан жағдайлар Қазақ хандығының Дешті Қыпышаққа оралуына жағдайлар туғызады. Дешті Қыпышақтың ішіндегі оған деген іш бұрушылар саны артады. Жаңадан келіп қосылушылармен Қазақ хандығында 1470 жылдың өзінде «200 мың адам» болады./26,112/
Әбілхайырдан кейін «көшпелі өзбектер» елінде таққа оның екінші ұлы Шайх-Хайдар хан келеді.
Бірақ «Шайх-Хайдар ханның жеке басынада мемлекет басқарардай үлкен қабілет көріне қоймайды»./8,42-45/
Билік үшін күрестің бірінде Алтын Орда ханы Ахметтің әскери көмегімен Айбақ хан тұтқиылдан жорық жасап, Шайх-Хайдар ханды өлтіреді. Бұдан соң «Дешті Қыпышақ өмір сүруін тоқтатады.»бұл оқиға 1470 жылдары болған еді./5,3-5/
Осы жылдардан бастап, Моғолстанда құрылған Қазақ хандығы өз есімін және билігін Дешті Қыпышақ тайпалары арасында тарата бастайды. Осы мезгілден бастап, Қазақ хандығы Дешті Қыпышақтың саяси өміріндегі ең негізгі күшке айнала бастайды. Дешті Қыпышақ ру — тайпа көсемдері Қазақ хандығының билігін еріктерімен қабылдағанға ұқсайды.
Өйткені Қазақ хандығының ханы Жәнібек хан оларға бөтен емес, 1428 жылы қайтыс болған Барақ ханның ұлы екендігі белгілі. Жәнібек хан бұрынғы Ақ Орда хандарының әулиетін қайта орнатушы ретінде болып отыр. Бір өзгешелігі Жәнібек хан Дешті Қыпышаққа тайпаларының «көшпелі өзбектер» деген атауын, жаңа этноним «қазақтар» деген атауды әкеледі.
Қазақ салтында хан көтерілу, тақ алмасудың сонау Түрік қағандығы заманында қалыптасқан, өзіндік ерекшелігі бар.
- 2. ХҮ және ХҮІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
Қазақ Ордасының әуелгі әміршісі Керей хан болды. Керейден соң оның шөбере інісі Жәнібек хан билік құрды. Жәнібек өлгенне кейін ағасының баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хан көтерілді. Бұрындықтан соң аз ғана уақыт хандық дәреже Жәнібектің ұлы Әдікке көшеді. Әдіктен кейін оның туған інісі Қасым Қазақ Ордасының ханы болып сайланады.
Ұлы адамдар, көп жағдайда үлкен бетбұрыстар мен терең өзгерстер, қиын — қыстау замандар мен гүлденген дәуірлер кезінде тарих сахынасына шығады. Өткені қоғамның дамуында, немесе тығырыққа тірелгенде жекелеген мемлекет қайраткерінің жүргізген саясаты, қабілет-күші, қайрат жігері, данышпандығы мен таяздығы және көптеген жеке басындағы ерекшеліктері зор маңыз атқарады./5,12-13/
ХVІІ ғасырдағы қазақ тарихында билік құрған он шақты ханның ішінде ұлы деп, атақты деп баға беруге тұрарлығы бірнешеуі ғана. Солардың арасында Қасым ханның орны ерекше.
ХV — ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандарының тарихи ролі әрбір хан тұсындағы мемлекеттің саяси — экономикалық, әскери қуатымен бағаланады. Керей мен Жәнібек хандарының тарихи ролі Қазақ хандығының іргетасын қалыптастырудан көрінсе, Бұрындық ханның есімі Сырдария өзені бойындағы қалаларды қайтару үшін ұзаққа созылған күрестердің басталуы мен ерекшеленеді. Мамаш, Тахир, Буйдаш хандарының тұсында Қазақ хандығы өте әлсірегендіктен олардың тарихи ролі басқа хандарға қарағанда анағұрлым төмен.
Ал Қасым ханның тарихи ролі, ең алдымен, Қазақ хандығыны териториясының кеңеюімен, мемлекеттілігінің нығаюымен, халқының саны жағынан артуымен, сондай-ақ алыс-жақын елдерге Қазақ хандығы деген қуатты мемлекеттің және қазақ деген халықтың іргелі ел екендігін жария етумен көрінеді деп сеніммен айта аламыз.
Қасым хан туралы Қасым ханның тірі кезінде — ақ ол туралы мәліметтер көрші елдердің бәріне тарайды. «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөздің халық жады арқылы күні бүгінге жетуі Қасым ханның кең — жұрт санасынан терең орын алуын орныққандығын дәлелдейді.
Қасым ханның жеке өмірбаянын толық баяндайтын жазба деректер жоқ, тек ғана оның өмірінің сұлтандық және хандық кезеңдерінен қысқа-қысқа мәліметтер орта ғасырлық деректерде кездеседі. Олардың қатарына Әбілғазының, Қадырғали Жалайыридың, Мұхамед Хайдар Мырза Дулатидың, Бабырдың, Бинайдың, Шадидың, Рузбаханының, Махмуд ибн Уәлидің, Хайдар Разидың, Ғафаридың, Абдалах Балхидың және тағы басқалардың деректері жатады. Қасым хан жөніндегі мәліметтер орыс деректерінде де кездеседі./15,23-24/
Қасым ханның өміріне байланысты деректер 1470 жылдаға дейін ешбір деректе кездеспейді. ХV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап, Қазақ хандығының Сырдария өзенінің орта ағысы бойын иелену үшін Мәуренахрмен жүргізген күрестерін баяндайтын дерек мәліметтерінде Қасым Сұлтанның есімі алғаш кездесе бастады. «Шайбанинама» авторы осы жылдары Қасым хан туралы: «Бұрындық хан әскер ішіндегі атақты баһадұр және сұлтанның бірі» — деп баяндайды.
Бірақ ата салтымен хан көтерілген, бүкіл ұлыстың туын ұстаған Бұрындықтың алдынан кесе өтпейді . ХVІ ғасырдың бас кезінде тақсыз хан деп танылған құдыретті Қасымның өзі Бұрындыққа қайшы келмейді. Турасында сол заманның тарихшылары: «Бір кезде өз әкесі Жәнібек Керей ханның билігіне бас ұрғаны сияқты Қасымда да Бұрындық ханды ұлық тұтты», — деп жазады.
Бұрындық Керей ұрпағы, Жәнібектен кейін қазақ хандығының ханы.
«Ширек ғасырдан бастап уақыт бойы хандық құрып, оның әуелгі он бес жылында билігі зор болды. Өз заманындағы тарихшылар тарапынан да, кейінгі заман зерттеушілер тарапынан да лайықты бағсын ала алмаған Бұрындық Қазақ Ордасының тарихындағы ерекше хандардың бірі болып табылады»./15,45-46/
Бұрындық хан тұсында қазақтар Сырдарияның ұзына бойына жайлы қоныстанады. Көк Орданың ежелдегі астанасы Сығанақ қаласымен бірге сол заманның тарихшылары қамалының үстінен құс ұшып өте алмайды деп мадақтайтын, халық мол берік бекініс Сауранды, Әзірет Сұлтан дербесі тұрған қасиетті Түркістанды, ежелгі Отырарды, атақты Сайрам қамалын, Дарияның сол жағалауындағы Үзкент, Ақ — Қорған, Арқұқ сияқты маңызды шаһарларды иеленді.
Көк Орданы осындай ежелгі мәдени орталықтарын қайтарып алу жолындағы аумалы — төкпелі өте ауыр майданда бүкіл қазақ қауымы үлкен қайрат көрсетеді, қолбасшылар шешуші жеңістерге жол ашса, ел басылар тиімді саясат ұстанады.
Бұл кездегі қазақтардың ең ұлы қарсыласы Әбілхайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани хан болды. Қазақ Ордасы Құрылып, ежелгі Көк Орда қоныс қазақтардың қолына өте бастаған кезде Шайбани жаңа ғана ат — жалын тартып мінген жас жауынгер еді. Әбілхайыр ұрпақтары жеңіліске ұшырап, Қазақ Ордасын шегіне ығысқан кездің өзінде жігерліде парасатты Шайбани қасарысқан күресін тоқтатпайды. Қазақ Ордасының бір пұшпағын, жекелеген қалаларын иеленіп, атасының тағына мінбесе де, кішігірім тәуелсіз хандық құру үшін күреседі. Ақыры әлденеше жеңілістерден соң, бұл тараптан бір жола үміт үзіп, Орта Азияға, Ақсақ Темір әулиеті билік құрып отырған Мәуренахрға бет бұрады. Әміршілері ауысқан, Қазақ Ордасы деп аталатын жаңа ұлыстың құрамына енгісі келмеген түрік руларының үлкен бір легі Шайбани ханның басшылығымен Орта Азияны қаратып алу үшін жорық ашады.
Қазіргі заман тарихшыларының есебі бойынша, Шайбани ханның соңынан ерген халықтың ұзын саны үш жүз мың шамасында болады./5,12-13/
Шайбани ханның екпінінің күштілігі сондай, айналасы 5 — 6 жыл ішінде бүкіл Орта Азияны, Ауғаныстан мен Қорасанды – кешегі Ақсақ Темір әулетінің жерін тұтасымен жаулап алады, Шайбани әулиеті аталатын жаңа ұлыс құрып, Орта Азияның жаңа әміршілерінің жаңа нәсілін негіздейді. Қазақ жұртының тепкінімен Ордада ығысқан Шәйбани осыншама күш танытса сол замандалғы біздің бабаларымыздың қандай қуатты болғанын ойша елестету қиынға түспесе керек.
Қазақтардан жеңілсе де, көршілерден басым түскен жауынгер жасағанының арқасында аз ғана уақытта ұлы мемлекет орнатқан Шайбани ата қонысы – Дешті Қыпышақтан үмітін үзбейді. Тежеусіз әміршілге айналған, жаңа жұртында байлығы артып, әскері молайған Шайбани енді Қазақ Ордасын құлатуды, өзінде қырып-жойып, тоздыруды ғана ойлады. Күш қуаты өз алдына, қазақтардың қоныс жайын, тіршілік қатынасын, әскери әдістерін жақсы білетін Шабани аса қасіретті дұшпанға айналды.
Шайбани хан ең алдымен Қазақ Ордасын экономикалық қыспаққа түсірмек болды. Қазақ керуендерінің Орта Азияға келуіне:онымен жапсарлас елге өтуіне тиім салынады, қазақтар мен барыс — келіс, сауда ісі мүлде тоқталады. Мәуренахыр мен Қорасанның атақты діни орталықтарында қазақтар мұсылман емес, кәпір, оларға қандай қыспақ жасалса да сауап болады деген бәтуа-үкім жарияланады. Осыдан соң Шайбани қазақ даласында жойқын жорықтар ұйымдастыруды өзінің ең басты мақсатына айналдырды. Жас күндері жайлауда отырған, жол ашық кезде Қазақ Ордасының шегіне аттап басу қиын еді. Ұлыс жайын жақсы білетін Шайбани өзінің барлық жорығын қыс мезгіліне лайықтайды.
Бұл кезде ел қыстауда, жұрт арасындағы қатынас қиын, бір шеттен жау шапса, екінші шеттегі халық естіп, атқа қонғанша талай уақыт өтеді. Қыстаудағы қамсыз елді, жау тарағын сайлап отырса да, саны аз, бөлшек елді шауып алуда оңай, жұртты қырып, мал-мүлкін тонап, кері шегініп кетуі де оңай.
Шайбани хан осы есеппен Қазақ Ордасын бір, екі есе, төрт мәрте ауыр жорық ұйымдастырады. Әсіресе үшінші жорық қазақтарға өте көп шығынға түседі. Бұл жолы 1509 жылдың қақаған қысында жайқын Сырдарияның көкше мұзынан өткен мұз мың әскер әуелі Жаныш сұлтанның қонысына жетеді. Жау күтпесе де жорығын тастамаған жұрт қолма – қол атқа мінеді.
Шайбанидың әскері мен бірге жүргенен, кейін «Михман-нама-и-Бухара» дейтін атақты тарихи кітап жазған ғұлама Фазлаллах ибн Рузбехан осы қысқы жорыққа байлансыты қазақ жұртының тұрмыс-тіршілігіне қатысты аса құнды деректер береді. «Бұл қазақтар өздерінің қайтпас ерлігімен де, қуат күшіменде бүкіл әлемге танылған халық» – деп жазады.
Жаудың саны басым болған жағдайда, дейді Рузбехан, қазақтар бала — шағасын, дүние — мүлкін ортаға алып, қару ұстайтындары дөңгелене шеп құрады.
Содан соң бар жарағын жұмсап, өткір қылыштарын сілтеп, екпін мен, ерлікпен қайтпай соғысады. Егер қазақтар рулы елімен бас құрап, ту көтеріп, уақтында шеп түзей алса, олар ешбір жауға дес бермейді, деп жазады Рузбехан./5, 12-13/
Шайбани хан өзінің әскерін төккен Жаныш сұлтанның ұлысындағы халықтың саны жүз мың, ал қару ұстауға жарайтын кісі отыз мыңдай екен. Дабыл қағып, ту көтеретін, шеп құрып үлгерген қазақтар өзінен үш-төрт есе көп жаумен қайтпай соғысады. Тепе-тең арпалыстан соң қарсы шабуылға шығып, Шайбани әскеріннің орта тұсын ойып түседі. Саны басым жан енді әскердің жаңа легін ұрысқа қосады./15 47,48/
Екі жақ үшін де аяусыз қан төгіс басталады. Ақыры Жаныш сұлтанның бар жасағы қазаға ұшырайды. Осыдан соң көп ұзамай Шайбани хан Ғаныш сұлтанның жұртын да талқандайды. Қазақтардың мыңдаған бала – шағасы, қыз – келіншегі мен кәрі – құртаңы тұтқиылға түсіп, құлдыққа жегіледі, олжаға кеткен мал – мүліктерді қисап болмайды. Рузбе – ханның айтуынша, қазақтардың қолға түскен, көк күйме аталатын, арба үстіне тігілген ақшаңқан киіз үйлердің өзінің саны он мыңнан асыпты.
Үлкен жеңіске жеткен Шайбани Қазақ Ордасын бір жола талқандау үшін келер қыста өзінің ең соңғы, жорығына шығады. Бұл жолы Сырдарияны көктей етеді. Қазақ жұртының біраз жерін ойрандайды.
Өзі артта қалып, әскерінің негізгі бөлігін Сары Арқаға, Ұлытауға аттандырады.
Бірақ бұл жолы қазақтардың әзірлігі күшті еді. Жау жапқаннан ести салысымен шар тараптан асығыс аттанған. Ұлытауда жатқан Қасым сұлтан әскерлерінің Мойынсыз Хасан бастаған алғы легі Кішітау маңында Темір сұлтан, Ұбайдолла сұлтандар бастаған Шайбани әскерлерін тас – талқанын шығарады. Басым көпшілігі құрылған, бар көлігінен, бар қаруынан айырылған басқыншы дүркірей қашады.
Сыр бойындағы Көк кесене түбінде жатқан хан қираған жасаның қалдығымен табысып, қол құрап үлгермейді, соңдарынан түре қуып Қасым сұлтан жетеді. Атақты батырларынан айырылған, бар әскері қырғын тапқан Шайбани бас сауғалап әрең құтылады. Дерек мәліметтерінде Шайбани ханның бұл жеңілісі былай деп бағаланады: «Бір сөзбен айтқанда, Шайбани – ханның үлесіне ірі жеңіліс тиді. Өзінің ең шырқауына жеткен оның билігі енді құлдырай бастады.» Шынында да, жаңа мемлекет, жаңа әулиеттің негізін қалаған, бұрынғы соңғы барлық тарихшылар лайықты бағалап, көрген саясатшы, ұлы қолбасшы деп таныған Шайбани хан қайтып оңала алмайды. Арада алты ай өтер — өтпес Шайбанидың азғана әскері орасан тарабынан шыққан қызылбас шахы Исмайылмен қақтығыста қоршауға түсіп, түгелімен қаза табады. Қазақ Ордасы Сыр бойына оның екі жағасындағы ежелгі кенттерге берік орнығады.
1510 жылғы қысқы жорықта бүкіл Орта Азияның әміршісі Мұхаммед Шайбани ханды бір жола талқандағаннан соңғы жерде Қазақ Ордасына күш құдіреті шартарапқа тегіс мағлұм болды. Ал бас қолбасы Қасым сұлтанның даңқы бір жақты Мәскеу книяздігіне, бір жақта Иран мен Үндістанға жетеді.
Жеңіске жеткен Қасымның саяси беделі қазақ қоғамында одан сайын өседі, қарсыластары қорқып жақтастары қуанады. Олардаң қатары көбейеді. 1510 жылы Қасымның саяси беделі өскендігін, қазақ қоғамындағыларының бәрі оны мойндағандығын көреміз.
Соңғы жылдарда бұрынғы беделі кемімесе де, ұлыс билігінше шттей бастаған, парасаты мол Бұрындық хөан өз өз еркімен ата тағынан бас тартып, құдай жолын қуып, азғана нөкерімен әулиелі аймақ Мәуренақыр шегіне қоныс аударады.
Қасым ежелгі түрік дәстүрі бойынша, қ киізге отырғызылып, хан көтеріледі.
1511 жылдан Қасым хан өмірінің хандық дәуірі басталады.
Ортағасырлық атақты тарихшы Абдаллах ибн Мұхаммед пен Әли Насруллах өзінің “Зубадат әлі – Асар” атты кітабында Қасым хан бүдкіл Дешті – Қыпышақтың падишаһы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді”, — деп жазады.
Ақсақ Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Молғол империясының негізінен салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты: “Бабырнама” кітабында “Қазақ халқының бұрын — соңғы хан, сұлтандарының ішінде Қасым ханнан құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскер бар еді”, — деп атап көрсетеді.
Ал, Дулат руынан шыққан, еңбектерін сол замандағы тарихы дәстүр бойынша парсы тілінде жазған тарихшы Мұхаммед Хайдар: “Қасым хан бүкіл Дешті – Қыпышақ билік жүргізеді. Оның қарулы халқының саны миллионнан асатын. Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан құдіретті хан болған жоқ”, — деген куәлік береді./16, 72-73/
Қасым хан 1445 жылдар шамасында дүниеге келеді. Бұл кезде әруақты Барақ ханның өлгеніне әлі жиырма жыл да толсаған, өткен ұлы күндер, Алтын Орда елесі әлі көңілде тұрған. Ес білген шағында Қазақ Ордасының шаңырағы көтерілуі, ат жалын тартып мінген кезінде сол жаңа ұлыстың біржола орнығуы жолындағы күресті көзімен көруі арыстан туған Қасым сұлтанның өзгеше тұрпатты қайраткер ретінде қалыптасуын себеп болды.
ХVІ — ХVІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан — жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнге мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктерді. Хандықтың шекарасын батыста Жайыққа, оңтүстік — батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан – Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты.
Оған Сыр бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асса, Оңтүстік Шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның түсында Орал Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауд және елшілік байланыс жасалып, орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығының елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі – ұлы князь Василий (1505-1533жж.) билік жүргізген Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз алдына дербе халық ртінде Батыс Еуропаға мәлім болды./11,73-74/
Қасым ханның ресми хан ретінде алғашқы іс — әрекетері Қазақ хандығының Оңтүстік және Оңтүстік — Шығыс бағыттарында байқалады. Бұл кезде қазақ хандығының оңтүстіктегі көрінісі және негізгі қарсыласы Мауренакрдың саяси өміріндегі күрт өзгерістер болады. Оған Шәйбани ханның 1510 жылдың соңында қаза табуы мен Ақсақ Темір ұрнағы Бабырдың Иран шаһы Исмайлдың көмегімен Мәуренахрда 5-6 ай билік етуі, шайбанилық сұлтандардың Бабырға қарсы күрес, одан Мауренахр билігін қайта тартып алуы жатады.
Сондай-ақ Қазақ Хандығының оңтүстік-шығысында Шағатайлық Сұлтан Саид хан дәл осы мезгілде Мауреннахрдағы саяси жағдайды пайдаланып, Моғолыстанда шағатайлық әулет қайта орнатуға ұмтылды қалыптасқан осындай күрделі саяси жағдайда Қазақ хандығына ұтымды сыртқы саясат жүргіуге мүмкіндік туады. Қасым ханның шебер мәлімгерлік қасиеттерінің бірі осы кезде көрінеді.
1512 жылдың көкек — мамыр айларында шайбаниялық сұлтандар біріге отырып, Бабырдың Мауренахрдан қуады. Мауренахр қалалары мен оған тәуелді аймақтардғы Бабыр тағындағы қалалар мен бекінітер әміршілері, бірі Бабырмен бірге кетсе, біреулері шайбаниялықтарға беріледі. Ал, енді бірелері қашуға мүмкіндігі болмай, қалаларында бекініп қалады. Сондай бекініп қалғандардың бірі Сайрам қаласының әмірі Қаттабек болатын. Ташкент қаласы ханға беруді ұйғарады. Бұл кезде хан Жетісудағы Қаратал деген жерде қыстап шығып, 1513 жылдың ерте жерде көктемінде жайлауға көшкелі жатқан болатын.
Қаттабек жіберген адамдар Қасым ханға келіп, оның Сайрамға келіуіне өтініш сұрайды, және қала кілтін ханға тапсырады./7,15-16/
Қасым хан Сайрам қаласын иеленгеннен кейін, Қатта бек оны Ташкентке жорыққа шығуға көндіреді. Бұл кезде Ташкент шайбаниялық Сүйініш Қожа ханның қолында еді. Мұхамед Хайдар Мырза Дулати: “Қасым хан сансыз көп әскерімен Ташкентке аттанды”/15,13-14/ — деп жазды.
Қасым ханның Ташкентке аттануының бірнеше себебі бар. Қаттабектің ұсыныс тек қана түрткі оқиғаға жатады. Қасым хан Ташкентті алу арқылы алдына бірнеше мақсат қойады.
- Қазақ хандығының билігін Моғолстанның отырушы аймағына тарату.
- Қайтадан күшейе бастаған шайбанилық сұлтандардың күшін әлсірету.
- Ташкентті иелену арқылы Сырдария өзенінің Орта ағысы бойындағы қалалар мен елді мекендердің оңтүстігін қауіпсіз ету болды. Бірақ Қасым ханның Ташкентке алғашқы аттанысы сәтсіз болды.
Қасым ханның Ташкент түбегіндегі оқиғаларын баяндайтын дерек мәліметтері былай жазады.
“Тарихи Рашиди”: “Қасым хан Ташкент қамалына тақап кеп, бір күн тұрды. Ташкент түбін тонап, қолға түскен заттың бәрін алды да, кейін қайтты. Сонан соң Сайрам төңірегіне келіп, қолға түскен мал-мүлікті санауға кірісті” – дейді./11,45-46/
Мұхаммед Хайдар мырза Дулати жазғандай Қасым ханның Сайрам төңірегіне келіп, олжаға түскен мал-мүлікті санап, ретке келтіруі және сол төңіректе тоқтауы Қасым ханның Ташкент түбінде талқандалмағандығын, мүмкін тек шегінгендігін көрсетсе керек.
Қасым ханның 1513 жылғы көктем айындағы Ташкентте жорығы сәтсіз болғанымен ол жағдайдың Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы тигізген әсері болмады. Қазақ хандығы осы жылдары Дешті Қыпшақ пен Мауреннахрдағы бірден-бір күшті мемлекеттердің бірі болып қала берді.
Мұхаммед Хайдар мырза Дулати “дәл осы жылдары Қасым ханда 300 мың әскер”, — деп жазды./8,22-25/
1513 жылы Такшкентке жасалған, қаланы ала алмағанымен, қуатты көршіні біржола бұктырып қайтқан клте жорықты есептемесек, Қасым хан Қазақ ордасын төңірегімен тегіс бітімде, бейбіт түрде ұстайды. Бұл – елу жыл бойы үнемі ат үстінде, жорық жолында болған қазақ халқына тыныс берген, өтеұтымды саясат еді.
Қасым хан тұсында хан Ордасы бірде Шу бойында, енді бірде арқада, Ұлытау етегінде, кейде батыста Жайық жағасында болады.
Бұл да халқының жиын ортасында жүрген Қасымның өзіндік саясатының бір көрінісі деп білуіміз керек. Жұртшылық хан билігінің күшін сезініп қана қоймайды, ұлыстың құдірет қуатын да анық пайымдайды, ешкімнің де шетте, қараусыз, қорғансыз қалмайтынын ұғады, елдің тұтастығын айқын таниды.
1514 жылы Сұлтан Саидтың Шығыс Түркістанға кетуі қазақ ханының Жетісудағы билігін нығайтты. Батыста оның қол астына Ноғай Ордасының дағдарысын бастарынан кешірген рулар мен тайпалар (соның ішінде) көшіп келді.
Хандықтың кеңейуі. Оңтүстік Қасым ханның иеліктері Сайрам уәлаятын қоса Сырдарияға дейін жетті. Солтүстік пен солтүстік-шығыста Қасымның иеліктері Ұлытау мен Балхаш көлінен ары аса алысқа созылып жатты.
Монғол жаулап алушығынан кейін бірінші рет Қазақстан территориясы, барлық дерлік қазақ руларымен тайпалары, соның ішінде Жетісу де бір мемлекетке біріктірілді. Қасым ханның қол астындағылардың санын Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидың айтуы бойынша миллион адам деп айқындады. Түрік басшыларымен жазған хаттарында Қырым ханы қазақтардың батыс бағытындағы иеліктерінің кеңейіп бара жатқандығына алаңдаушылық білдіреді.
ІІ – ТАРАУ ХVІ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСНДАҒЫ ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
- 1. Саяси және әлеуметтік жағдайы.
Дегенмен, Қасым хан тұсында қазақ хандығының дәрежесі ұлғайғандығына қарамастан, ол бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды, мұның өзі сұлтандар мен басқа да феодалдардың дара бақталасы, қырқысы күшейеді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеліп соқты.
Қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.
ХVІ ғасырдың бас кезінде кеше ғана әлемге билік жүргізген Алтын Орданың толық ыдырағанына жүз жылдан астам уақыт озған, содан бері төрт ұрпақ алмасқан жаңа заманда түрік-қыпышақ жұртының өр кеудесі әлі басылмаған, өткен даңқты күндер мерейі көңілді тұрған. Болашақ сұлбасы белгісіз, бірақ славян әлеуметімен арадағы тепе-теңдік бұзыла қоймаған.
1520 жылы шамасында Алтын Орданың шығыс бөлігі әуелгі Көк Орда қонысын толығымен иеленген Қазақ Ордасы үлкен күш-қуатқа жетсе, батыс аймақта Ұлұғ ұлысы шегінеде құрылған мемлекеттер ішінде Қырым хандығы айырықша көтерілді./15,23-24/
Бұл кезде ежелгі бірлік ұраны да ұмытылмаған. Қасым хан тұтастығынан айырылған, дербе билердің өкіміне көшкен Ноғай ұлысының, немесе маңғыттардың үлкен бір бөлігін Қазақтар Ордасының құрамына қосып алып, Жайықтан ары аттаса,
Қырым хандығы Еділдің ұзыны бойындағы атталас — жұртын қайта біріктіруге тырысады, бұл ретте түрік дүниесіндегі ең ұлы мемлекеттке айналған Осман империясына арқа сүйейді.
Алайда, берекеден айырылған, бар ісі кері кеткен түрік қауымы тарихтың тайғақ жолына түсті, елдік сананы аяққа басып, іргедегі қатерді ұмытты, жауға есесін жіберіп жақынын қаратудан бақаны білмеді.
Ноғай ұлысының әміршілері Мұса ұл Мамай би мен Жаңбырлы ұлы Ағыс батыр 1523 жылы қаңтарда, Хажы Тархан түбінде, осының алдынд ғана өздерімен одақтаса отырып, ежелгі Алтын Орданың батыс бөлігін біртұтас ұлысқа айналдыру туралы келісімге келген, ант ішісіп, жорық жолына бірге аттанған қандас бауырларын – Махмет Герей хан бастаған отыз мыңдық қырым әскерін қапыда басып, түгел қырып тастайды.
Ежелгі Алтын Орданың батыс бөлігін қайтадан көтеру ниеті біржола жерге көміледі, Европа шегіндегі түрік — қыпышақ қауымы ажал соқпағын таңдайды; арада отыз жыл өтер — өтпесте біздің арналы анамыз Еділ дария – “Волга – русская река” – “орыс өзені Волга” деп атала бастады, орыстың аяғы жеер жердегі түрік халықтары, бірі ерте, бірі кеш барлығы да қырғынға ұшырайды, құлдық қамытына жегіледі, кейбірі мүлде құрып кетсе, кейбірі сан ғасырлық отар көбіне түседі.
Сөйтіп, Мамайдың 1523 жылғы опасыз хандық ісі және бұдан соңғы жаппай алауыздық Орыс мемлекетінің еркін жаулауына жол ашты.
Әлбетте, қазақ жұрты отарлық кепке түсу үшін әлі үш жүз жыл уақыт бар еді. Алайда, Еділ бойныдағы ойранның шарпуын сол кездің өзінде Шығыс Дешті – Қыпышаққа еркін жетеді. Дәл осы шамада Қасым хан дүние салған еді. Қазақ Ордасының құрамындағы Ноғай ұлыстары тізгінді теріске бұрады. Бөлініп кетумен Ноғай Ордасын қайта құру ниетіндегі Мамайға қосылумен ғана шектелмейді, қазақ елімен ат құйрығын кесіседі.
Ноғайлармен арадағы қайшылық жекелеген қақтығыстарға ұлысқанмен, үлкен соғысқа айналмайды. Бірақ әскери емес, саяси жеңіліске ұшыраған Қазақ Ордасы ұрыс – соғыссыз, бір — ақ күнде бүкіл Батыс Қазақстаннан айырылып шыға береді. Бұл кезде Қазақ Ордасының күшеюін өздері үшін қатер санаған Моғолстан мен Өзбек хандығы әскери Одақ туралы келісімге жеткен еді. Ал солтүстік — шығыс беттес қалмақтар жортуыл жасай бастады.
Төрт тараптан бірдей жау қысқан Қазақ Ордасының халқы да көп, қуаты да мол еді. Бірақ тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамыш қаза тапты. Мамыштан соң Қасым ханның ағасы Әдіктің ұлы Тайыр хан ақ киізге көтеріледі.
Мамыш қазақ тарихындағы ең талассыз хан болса, Тайыр ең бақытсыз хан болды. Оның айырықша емшілік және әскери қабілеті жоқ еді. Таһирды тұсында өзбектермен арадағы соғыс жалғастырылды, маңғыт және моғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Таһир ханның өзі жеке басы ер, табиғатында қайсар кісі болса керек. Бірақ ел билеушіге ең керегі — парасат пен саясат. Саясаты шамалы, өрісі тар Таһир онсыз да жауығып отырған көрші жұрттардың ашық соғыс өртік таңдауына, бәрінің басы бірігіп, жалғыз қазаққа жабылуына жол ашады. Парасатының кемдігінен, рақымсыз тапсырлығынан қарауындағы халқын ығыр қылады.
Сыртқы жаудың бетін қайтармақ болып қайтпай соғысады, бірақ үлкен жеңілістерге ұшырайды. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік — батысындағы жерінің бір бөлігінен айырылып, қалады. Ақыры, қарауындағы халқы түгел көшіп кеткен, қасында азғана қалған Таһир хан Қасым заманынан бері қазақтармен бір ұлыс құрған қырғыз арасынан барып паналайды. Сол заманның тарихшылары: «Тайырдың билігінде қырғыздар ғана қалды, олар өз ханына адалдықтан айнымады» — деп жазады. Ортағасырлық атақты қазақ тарихшысы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Таһир осы қырғыз арасында 1552 жыл шамасында кембағал, күйікті халде салады.Таһир өлгенене соң Қазақ Ордасының ұлы ханы болып Жәнібектің тағы бір немересі, Әдік сұлтанның ұлы Тоғым хан сайланады.
Тоғым хан тозғындамаса да, бытырап кеткен, береке — бірліктен айырыла бастаған қазақ ұлыстары мен қырғыз жұртының басын қосып, қайтадан ұйыстырады. Бір жақта өзбекке қарсы қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елдің саяси бірлігін қалпына келтірумен ғана шектелмей, оның әскери қуатын да бұрынғы дәрежесіне жеткізуге тырысады.
Тағдырдың Тоғым ханның еншісіне бөлген уақыты тым аз болады. Тоғым хан дарынсыз Таһир ханның кезінде қазаны ортайған аталы жұртың бұрынғы кенересіне келтіріп үлгермейді. Өзара берік Одақ жасасқан, Қазақ Ордасын біржола құртуға ниеттенген өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Әбдірашид, бірі Мәуренахыр жатқан, бірі Шығыс Түркістаннан шеру тартып аттанады.
Моғол мен Өзбектің қалық қолы Ыстықкөлдің Шығыс бетіндегі Сан — Таш деген жерде қосылады. Қазақ пен Қырғыздың біріккен жасағы соғысқа әзір еді. Бірақ бұлардың саны өзбек — моғол әскерінен әлденеше есе аз болатын. Тоғым хан өзінің тас – түйін қолын жер жағдайына қарай терең құзды сағалап, қия жартасқа иық тірей орналастырады.
Тарихтың 944 жылы, 18 сафар, қазіргі есеп бойынша, 1537 жылы 27 шілде, жұма күні, төрт халықтың таң азаннан түн қараңғылығына дейін созылған табандасқан, қилы — кескін соғысында қазақ — қырғыз әскері түгелімен қырғынға ұшырайды. Қанды ұрыста қазақ халқының Керей хан бастаған отыз жеті сұлтан қаза табады. Бұлардың ішінде Тоғым ханның Тоғыз сары деген атқа жеткен ержүрек тоғыз ұлы түгелімен кетіпті. Ал шәйіт болған әскер саны белгісіз, ондаған мың болса керек./12,65-70/
Сан — Ташпаға ұрыс – Қазақ Ордасының әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі, бірақ ерлікпен елдік сынға түскен, ата жұрт мерейі, ордалы ұлыс мұраты жолындағы күрес құрбандарының рухы бүгінгі ұрпағын желеп — жебейтін, аруақты, таңбалы күн.
Төрт тарапта бірдей жүргізілген күрес үлкен қиындыққа түседі. Тоғымнан соң билік жүргізген Ахмет — Өзбек хан ноғайлармен соғыста шейіт болады. Қаншама заман бойы жауынгер жасақтың басында болып келе жатқан, сірә, Сан — Ташпағы соғысқа да қатысқан Бұйдаш хандыққа жеткен кезде қазақтар қарсы шабуылға көшеды./19,45-50/ Бұйдаш Мәуренахырға аттанған жорық кезінде тосқауылға ұшырап, өзінің бүкіл әулетімен бірге қаза табады. Бірақ бұл уақытша жеңіліс еді. Сол замандағы Ресей дипломаттары жинаған деректерде қазақтардың аса қуатты халық екені атап көрсетілген. Олардың өзбек хандығын тықсырып отырғаны, екі үлкен ұрыста қатарынан жеңіске жеткені айтылады.
Бірақ бұл кезеңде қазақ хандығы оңтүстігінде тек Сырдария, Қаратау алқаптарының бойымен ғана тұйықталған болатын. ХVІ ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандарының саяси белсенділігі негізінен оңтүстік шығысқа бағыталады.олар мұнда қырғыздармен одақтаса отырып, моғолдармен және ойраттармен соғысты. Сондай-ақ батыс пен солтүстікке де қатты көңіл бөлінеді, мұнда олар ноғайлықтармен, башқұрттармен, татарлармен қиын қарым-қатынасқа килікті. Сөйтіп, Қасым ханның Хандық — сұлтан ханшадан туған ұлы Хақназар (Ақназар) таққа отырғанша Қазақ хандығында хан болған Мамаш та, Таһир да, Бұйдаш та, Қожа — Махмуд те, Тоғым да бұрынғыдай атақ даңқын қайта оралта алмады. Әрқайысы жеке билікке ұмтылудың салдарынан тұтас күшті ыдыратып, ақырында алды бірер жыл, арты бірер ай ғана хан болып, мықты көршілерімен қақтығыста қаза тауып жатты.
«Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың 1523 жылы қазақтар бір миллион болса, 1537 жылы бұлардан жер бетінде із қалмады» – деп жазады. /10, 127/
ХVІ .асырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы хан Ақназар (1538-1580 ж.ж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы феодалдық топтардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол ноғай мырзаларының көбін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алады. Оның тұсында Жетісу мен Тянь — Шаньды басып алуды көздеген моғол ханы Абд — ар — Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізе отырып, Шығыстағы және Жетісудың оңтүстігіндегі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да сақтап қалды.
Хандықтың тізгінін алған Хақназар хан осының алдындағы қилы оқиғалардан соң қайта көтеріліп келе жатқан Қазақ Ордасын біржола ұйыстырады. Еділ бойындағы орыс басқыншылығы нәтижесінде Қазан қираған, Хажы Тархан құлаған, Ноғай Ордасы ыдыраған ауыр кезеңде Жұртының іргетасын бекітіп, күш-қуатын кемеліне келтіреді.
Хақназар батыста Ноғай Ордасының Қасым хан заманынан қазақ құрамында болған үлкен бір бөлігін қайта алады, онымен ғана шектелмей, Ресей басқыншылығынан ығысқан қаншама жұртты қабылдайды, қажетті кезеңде ноғай әміршілерімен ашық соғыстан да тартынбай, Қазақ Ордасының батыс шекарасын Еділ мен Жайық аралығына жеткізеді. Ендігі жерде көршілес, шектес болып қалған туысқан башқұрт халқының Ресейге мойын ұсынбаған бір бөлігі Қазақ Ордасының құрамына енеді.
Хақназардың қаншалық құдіреті әмірші екендігі сол замандағы орыс патшасы Иван Грозныйға әбден мәлім болады./13,322-333/
Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекетіне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдаллахпен одақдастық қарым — қатынас орнатты.
Алтын Орда құлағаннан кейін Ноғай Ордасы құрамына енген батыстағы жерлерді Қазақ мемлекетінің құрамына қосу қиын болады, әрі ұзаққа созылады. ХVІ ғасырдың орта шенінде Ембіде құлдырау мен алауыздық жағдайында болған Ноғай Ордасынан Алтын Ауыл Ордасы бөлініп шығып, іс жүзінде ХVІІ ғасырға дейін дербес өмір сүреді./7,11-12/
Ақназар ханға Сырдариядан, Арал маңынан Ембіге дейінгі жерлерді және ноғай ұлыстарының бір бөлігін өз билігіне қабылдап, тіпті Жайықтың сол жағалауына өз бақылауына алудың сәті түсті. Оның бұдан әрі де батысқа қарай жылжу ойында болды./7,12-13/ Алайда Қазақ хандығының солтүстік шекараларындағы сияқты батыста да бұлардың жер көлемін кеңейтуіне Ресей мемлекеті кедергі жасады.
Ақназар өзінің әкесі Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығының көлеміді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқық қайта қалпына келтіруге тырысып бақты. Бірақ, саяси ақуалдың ауыр жағдайында бұл міндет тұтас алғанда орындалмайтын болып кетті. Оның тұсында қазақ даласы шекараларына Қазан, Астрахан, сонан соң Сібір хандықтарын жаулап алған соң Орыс мемлекеті жақындай түсті.
Қазақ далаларында ноғайлықтар, башқұрттар, Сібір татарлары қаптап келе бастады. Сырдария бойында қарақалпақтар пайда болды. Осы аралықта Жетісу жерін, ондағы Ұлы жүз қазақтарын ығыстырып, ойраттар (жоңғарлар) жайлай бастады. Белгілі бір кезеңде қазақ басқарушылары Ұлытаудың оңтүстігіне таман Сарысудағы, Арал маңының солтүстігіндегі, Қаратаудағы, Батыс Жетісудағы шамамен. Үлкен Сызық Кітабында (көрсетілген шептегі жерлерді ғана бақылай алды)./12,43-45/
Сөйтіп хандықтың шекаралары хандардың тек әскери және дипломатиялық қабілетіне немесе соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда, сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды. Оның үстіне қазақтардың бір бөлігін мекендеген жерлерінде қалып қойып, кәрі мемлекеттермен солардың әкімдеріне бағынышты болды. Түркістан аймағында тұрған қазақтар өзбек ханы Параққа, оның ұлы Баба сұлтанға бағынды. Өзге басқарулардың билеп — төстеуіне, әсіресе, далалық кеңестердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқы жиі өтіп отырады. Мысалы, қазақ рулары Сібір хандығының жерінде көшіп — қонып, ал көздері шат татарлары мекендеген Парабин далаларына шығып жүрді. Шығыс Қазақстан мен Жоңғар жерлерінде қазақтар мен ойраттардың қоныстары осы халықтар қолбасшыларының соғыстағы табыстарға қарай алма кезек ауысып тұрды.
Хақназар хан Сібір Көшім ханды талқандап, терістік шығыста Таһир хан заманнан бері қазақ жеріне оқтын — оқтын тұтқиылдан жорықтар ұйымдастыруды әдетке айналдырған қалмақтардың бетін қайтарып, шығыстарапта әскери қуаты зор Моғолстанға қарсы табандасқан соғыс ашады. Күн кеше ғана қазақ пен қырғыздың жарым жерін ойрандаған Әбдірашид ханды әлденеше ойсырата жеңеді. Осындай ұрыстардың бірінде Әбдірашид ханның ұлы Әбдірашид сұлтан ондаған мың әскерден тұратын халық қолымен қоса қаза табады.
Хақназар ханның жеңісті жорықтарының нәтижесінде бүкіл Шығыс Түркістанды иеленіп отырған, кеше ғана Жетісуға көз алартқан Моғолстан мемлекеті қазақ үшін қатер болудан қалды, моғол қонысы Тәңірі тауының арғы бетіне ысырылды./14,25-26/
Сол замандағы тарихи деректерде Хақназар қазақ — қырғыз ханы деп аталады. ХVІ ғасырдың бас кезінде Қазақ Ордасына қосылған қырғыздар екі жүз жылдан астам уақыт бойы, Ақтабан – шұбырынды кезеңіне дейін осы хандық құрамында болды, ұлыстағы тең хақылы алты алаштың бірі саналады. Дерек үшін ескерте кетейік, қалған бес алашымыз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, қарақалпақ және құрама тайпасы. Өзгеде тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси өмірінің нығаюы, мол және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектеседі. Ресеймен саяси және экономикалық байланыстар ұлғайды./9,22-23/
ХVІ ғасырдың 60 — 70 жылдары қазақтардың Орта Азия халықтарымен бейбіт сауда, экономикалық байланыстары жанданды.
Оңтүстік Қазақстанда Хақназар хан сауда, қолөнер және егіншілік орталықтарына шыға алмайтын өз иеліктерінің шыға алмайтын өз мемлекеттерінің тұйық шеңберін жылжытуға әрекеттенеді.
Қазақ Ордасының саяси ахуалын түзеп, халықаралық жағдайын қалпына келтірген соң Хақназар хан елдің болашағы үшін ең қатер болып отырған Өзбек — Бұқар хандығына қарсы жүйелі күрес бастайды.
Бұл кезде Бұқар мемлекетін Орта Азияның бұрын — соңғы тарихында Ақсақ Темірден кейін соңғы ең ұлы әміршісі саналатын Абдолла хан билеп отырған. Хақназар қуатын жұмылдырумен қатар, саяси жағын қолданады. Сөйтіп, бұлғақ жылдарында қолдан шыққан Сыр бойындағы қалалардың біразын, ішінде Түркістан мен Сауранды қайтарып алады./12,56-57/
Бұдан соң Абдолла ханға қарсы шешуші соғыс қимылдарын бастайды.
Бірақ ұлы Мұрат кездейсоқ болмаса да, оқыс іс, күтпеген қастандық нәтижесінде жүзеге аспай қалады.
Қазақ Ордасының одақтасы, Ташкент уәлиятының әміршісі Баба сұлтан бірге аттанған жорық үстінде хан шатырына тұтқиылдан шауып, Хақназарды өлтіреді. Қазақ Ордасының көптеген баһадұрлары, оның ішінде Хақназардың өзінің екі ұлы, інісі Жалым сұлтан және оның екі баласы қапыда қазаға ұшырайды.
Қазақ ұлы қаншама ғасыр бойы ата мекен жерінде өсіп — өнсе, таяу төңірегіндегі, өзімен атысып — шабысып жатқан айбынды жұрттар батыстағы Ноғай Ордасы, солтүстіктегі Сібір хандығы, терістік шығыстағы ойрат — жоңғар ұлысы, Шығыстағы Моғолстан барлығы да құлап — қирап, ел жұртымен қоса тарихтан өшіпті.
Еш қайсысының қуаты да, қасиеті де қазақтан кем емес еді. Бірақ олар кетті, біз қалдық. Әрине халықымыздың қажыр-қайратының, елдік сана, ерлік дәстүрінің арқасы. Бірақ дәстүрді сақтаған кім? Ең алдымен ел бастаған ардагерлер. Бар тілеген, бар ғұмырын туған жұртының болашағына бағыштаған ұлы бабаларымыздың үлгісі Керей мен Жәнібек хандардың тартқан сызығы, Тоғым хан мен Хақназар ханның төгілген қаны, Қасым хан салған қасқа жолдың Абылай ханға дейін үзілмей жеткен өнегесі. Сол аруақты бабалар бізді биік мәртебеге көтеріпті, тарихтың барлық кешуінен аман — есен өткізіпті.
Төтенше күш алған Баба — сұлтан Сыр бойындағы, қазақтарға тиесілі біраз қонысты, Түркістан мен Сауран қалаларын басып алды. Бірақ Қазақ Ордасында біріншілік, Бұлғақ шықпайды.
Ұлысқа оралысымен, Жәнібек ханның немересі Шығай ақ киізге салынып, хан болып көтеріледі. Өзінің ұлдарымен бірге Баба сұлтанға қарсы күресте өзбек ханына қолдау көрсетті. Абдолла Шығайға Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып, Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады.
Осы уақытқа дейін құдыретті Абдолла ханның өзімен теке-тірес болып келген Баба сұлтан соғысқа қазақтар араласқан сәттен бастап, жеңіледі.
Бұл ұрыстардақазақ әскреін Шығай ханның ұлы Тәуекел сұлтан бастайды. Абдолланың Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін 1582 жылы Түркістан арқылы жасаған даңқты жорғына қатысты.
Ақыры 1582 жылы шілдеде, Түркістан түбінде Баба сұлтанның қалың қолы тас — талқан болып жеңіледі. Биліктен біржола күдер үзген Баба сұлтан қырғынға қалған шерігімен Сарысуды өрлеп, Арқаға қарай қашады.
Тәукел сұлтан жеңімпаз жасағының ішінен мың қаралы ғана жауынгер таңдап алып, қосар — қосар атпен Баба сұлтанның соңынан қуып шығады. Күні — түні сүргіннен соң, Ұлытауға жеткізбей, Кеңгір өзенінің бойында, Жошы ханның мазары түбінде қуып жетеді.
Тәуекелдің әскері Баба сұлтанның әскерінен әлдеқайда аз еді деп жазады сол заманның тарихъшылары. Қазақ аламандарының бірі алыстан тартқан өткір жебе ат үстінде жұрт қатарлы айқасқа ыңғайланған Баба сұлтанға тура тиеді. Болат сауытын талқандап, қара жүрегін қақ айырады.
Қызу жүргізілген келте ұрыста қалған жасақта қирап жеңіледі.
Орта Азияның атақты ғұламасы Хафаз Таныштың айтуынша, тарихтың 982 жылы, рәждаб айының 17-сі күні, қазіргі есеп бойынша 1582 жылдың жетінші тамызында Тәуекел – бахадұр қараниет Баба сұлтанның басын кесіп, кердең басып Абдолла ханның аяғының астына әкеп тастайды./23,226-230/
Жұлдызы жеңіске жеткен, даңққа бөленген Тәуекел сұлтан айырықша құрмет, сый — сияпат көрді деп жазады Хафиз Таныш.
Сырдария қалалары Абдулла ханға тізе бүкті, ал бұл қалаларға ол өз әулиеттерін қойды. Көрсеткен көмегі үшін қазақ әкімдеріне сый бұл жерден емес, Орта Азиядан тиді. Сондықтан, Сырдария қалалары маңында орнығып қалу үшін басқа жолдарды қарастыру, яғни хандықты күшейту қажет еді.
Баба сұлтанның басы кесілген соң өзінің бар парызы өтерілді деп сеептеген, сексен жасқа келіп отырған Шығай хан биліктен бой тартып, әулиелі Бұқара — Шәріф шегіне қоныс аударып, өзінің жеке билігіне берілген Ходжент қаласында құдайға құлшылық етумен күн өткізеді. Көп ұзамай — ақ сонда көз жұмады. Шығай ханның сүйегі Бұхара түбіндегі Күміскент деген шағын шаһарда, Ғали — Ата әулиенің саясында жеке күмбезге жерленеді./29,12-16/
Шығай екінші бәйбешесі Жағат әулиетінен шыққан Яхшым бикемнен Тәуекел хан, Есім хан және сұлтан Сабырбек ханым туған. Мұндағы Есім (Ес-Мұхаммед) қазақтың ұлы ханы, Салқам Жәңгірдің әкесі, содан бастап Кенесарыға дейінгі аралықтағы барлық қазақ хандарының бабасы. Шығай ханның үшінші бәйбішесі Бұрындық ханның немересі Дадым ханымнан Әли сұлтан, Сұлым сұлтан, Ибраиым сұлтан, Шағым сұлтан туады. Өз тұсында бұлардың ішіндегі ең атақтысы елбасы әрі қолбасы Шағым (Шах Мұхаммед) сұлтан болды. Бірақ, сол заманның өзінде осы жұртқа тұлға, жауға айбар сегіз ұлдың ішінде Тәуекел сұлтанның орны бөлек еді. Атақты тарихшы Хафиз Тыныш жас Тәуекелдің мінезін, көркін, ақыл-парасатын тамашалай келіп, оның жүзіктің көзінен жебесін өткізген мергендігін атап айтады. /26,346-350/
«Бүкіл Дешті Қыпышаққа даңққы шыққан Тәуекел сұлтан ерлігі жөнінен де, мәрттігі жөнінен де, әлемде теңдесі жоқ, дара туған жан» — деп сипаттайды./16,56-57/
Туған халқының бар жақсы қасиетін бойына сіңірген Тәуекел іргелес көршілерін де жете біліп өседі. Ата – бабаларының әскер өнерін, ел басқару ісін игерумен қатар, болашақ дұшпаны Бұхар хандығының да соғыс өнері мен жұрт ұстау жүйесін танып меңгереді. Абдолла хандығының ішкі саяси жағдайы, күш қуатымен қатар, осал бунақтарын да зерделеп тоқығаны күмәнсіз. Яғни, 1583 жылы хан көтерілген шағында Тәуекел жастығына қарамай, тәжірибелі әскербасы әрі білгір саясатшы, кемел тұлға болатын. Тәуекел таққа мінген күннен бастап-ақ Қазақ Ордасы өзінің күш — қуатын қайта табады.
Тәуекел хан Орта Азияның Сауда орталықтарына шығу үшін белсене күреседі. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұхармен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Әндіжан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қарапты. 1586 жылдан 1594 жылға дейінгі аралықта оған қазақтың өзге сұлтандарымен, Хақназардың ұлдарымен ұзаққа созылған күресте хандық құруға деген өз құқын бекітуге тура келді.
Тәуекел Ресей басқыншылығына ұшыраған Сібір хандығының ежелгі түрік қоныстарына қанат жаяды. Сібірдің құлауы Қазақ Ордасындағы бұлғақ кезеңіне тұстас болуы, ал Ермақтың қазасы Тәуекел хан ел билігіне жеткен алғашқы жылға сәйкес келуі кездейсоқ емес. Қазақ Ордасы жауығып жүрсе де, аталас Сібір жұртын жауға бермес еді. Бірақ Ермак Орал тауынан асып түскен кезде өздері де кешегі ойран — топаннан әлі оңалмаған, қару көтерер азамат түгелімен Баба сұлтанға қарсы соғыста жүрген. Енді, Орданың саяси жағдайы оңалар — оңалмастан-ақ қазақтар Сібір тарабынан назар аударады. Сол замандағы орыс шежірелерінде Сібір хандығына Қазақ Ордасы көмектесе бастады деп жазылған.
Ермактың көзі құрыды, бірақ Тәуекел кеше ғана Абдолламен одақтас болған Көшім ханмен келісімге келмей, Көшіммен таққа таласушы Керей хан ұрпағы Сейдақ бекті қолдайды, соның билікке жетуіне мүдделі болады.
Қазақтардың көмегімен Көшімді ығыстырған Сейдақ бек Сібірдің астанасы Ескер қаласына келіп орнығады. Ал, шайқалған шаңырақтан ірге бөліскен біраз ру барлық мекен — қонысымен Қазақ Ордасының құрамына енеді.
Тәуекел хандығының алғашқы кезеңінде, 1585 жылы қалмақтармен арада үлкен соғыс болғандығы аңғарылады. Бұл соғыста Тәуекелдің ағасы Ұзын оқты оддан сұлтан шәйіт болады, бірақ Қазақ Ордасыүлкен жеңіске жетеді. Жауынгер қалмақтар таяудағы жиырма жыл бойы тыныштық сақтайды тіпті, бұлардың үлкен бір бөлігі Тәуекелдің деңгейіне бас ұрып, өздерін Қазақ Ордасының құрамындағы бір ұлыс деп санауға мәжбүр болады.
Тәуекел хан айналасы төрт – бес жыл ішінде қазақ жұртын бұрынғы күш – қуатына жеткізеді, беймаза көршілер батыста да, шығыста да, терістікте де тыныштанады. Бірақ Қазақ Ордасының өрісі тарылған еді. Хақназар ханның кездейсоқ қазынасынан соңғы нәтиежесіменде, алмағайып күрес күндерінде Оңтүстік өңірінде мөрелі аймақ жауланып кеткен.
Баба — сұлтанның басы жойылды, бірақ Бұқар — Өзбек хандығы бұрынғыдан әрмен күшейген, қазақ жұртына тиесілі Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрам, Ташкент сияқты ежелгі шаһарларды, бүкіл атырап – аймағымен өзіне қаратқан Абдулла хан бұл қалалардың барлығына өзінің даруға — бектеріне отырғызады, жұрт мойнына ауыр салық салады.
Қазақ халқының үлкен бір бөлігі кіріптарлыққа түссе, еркін ұлыс – ордалы жұрт қандас дауырлармен қатынаса алмайды, тіпті қазақ саудагерлерінің керуен тартып, Сыр бойына аттап басуына тиым салынады.
Бұдан бұрын Қазақ Ордасын бір жола құрту ниетімен қонды жорықтар ұйымдастырған, бірақ,елді тәуелсіздігінен айыра алмаған Абдолла хан бейбіт күндердің өзінде қатал тәртіп орнатады, кіріптар алаш ұлын саяси және рухани қысымда ұстаса, сыттағы қазақтарға экономикалық блокада жасайды.
Сөйтіп, Қазақ Ордасы сол замандағы ең үлкен, ең қуатты империялардың бірімен жекпе – жек соғыс ашуға мәжбүр болады.
Шынында да, Абдолланың билігіндегі Бұқар — Өзбек хадығы, қазіргі шекаралық бөлініс жүйесімен айтсақ, Иранның терістік шығыс бөлігімен Ауғанстанды түгелге жуық, Пәкістанның біраз жерін және Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстанды тұтасымен қамтып отырған. Бұл одан екі ғасыр бұрын Ақсақ Темір империясының қайта қалпына келген көрініс болатын. Сол заманның тарихшылары Абдолла ханды шебер саясатшы, құдіретті әмірші, жеңімпаз қолбасы ретінде мадақтай келе, оның сарайындағы сән – салтанатты тамашалайды. Осыншама бай, құдіретті әмірші көңілі қаласа, арада апта өтпей, бес жүз мың әскер шығара алар еді деп жазады./26,345-350/ Тәуекел мен Бұқар империясының ішкі — сыртқы саяси жағдайын да, әскери жағдайын да жете танып білді. Қазақ Ордасы іргелі ел болуы үшін, топырағы май, суы бал, күні шуақ оңтүстік өңірді қалайда қайтарып алуды қажет етеді. 1586 жылы Тәекел ханның өзі бастаған қазақ аламандары Орта Азияға қарсы алғашқы жорыққа аттанады. Сол заман тарихшыларының жазбаларындай, Сайрам түбінде келіп аялдайды.
Ташкент пен Түркістан, Сауранды қайтарып алуға жағдай туғандай көрінеді. Бірақ ұзақ майданға түспей, Абдолла ханның жекелеген жасақтарын қиратып, мол олжамен Сарыарқаға оралады. Бұл ауыр жорық емес, шұғыл шапқын еді. Жауына есе көрсеткен Тәуекел Абдолланың бұғауына түскен бауырларына күш беріп, ой тастап қайтады.
Шынында да, арада бір ғана жаз өткенде 1588 жылы ежелден – ақ қазақтар мекендеп отыратын және қазақ қонысы саналатын Ташкент, Шахруийа, және Ходжент өңіріндегі жұрт Абдолла ханның жасағын, әскерлерін талқандап, әкімдерін қуады, Жан — Әлі деген қазақ сұлтанын өздеріне басшы етіп тағайындайды./9,48-49/
Көтерілісшілерге көмекке көп әскермен Хақназар ханның ұлдары Маңғытай мен Дін Мұхаммед сұлтандар аттанады. Сірә жердің шалғайлығынан Арқадағы қалың қол жетіп үлгермесе керек. Жау табанында қалған рулар бастаған көтерілісті қанға бояп жаныштайды. Бірақ, бұл оқиға алаш жұртына рух беріп, Тәуекелге саны мол, қаруы қапысыз дұшпанмен күреске тыңғылықты кірісу керектігі де белгілі болады.
Тәуекел хан бүкіл Орталық Азияға қарсы күресте әскери ғана емес, дипломатиялық тәсілдерді де кеңінен қолданылады. Сібірдің қалай жаулағаны туралы толық мағұлмат ала отырып, орыстарды, бүкіл батыс жұртын қуатқа жеткізген от қаруды қолға түсіру жолдарын қарастырады. (1594 — 1595жж.)
Мәскеуге екі мәрте арнайы елшілік жолдап, отпен атылатын, қандай сауатты болмасын бұзып өтетін, қандай қамалды болмасын талқандайтын мылтық, зеңбірек алу келіссөз жүргізеді, сонымен қатар, орыстарды Хажы — Тархан тарабынан қол соза бастаған Абдолла мен соғысқа киліктуге тырысады. Ортақ жау Бұқар хандығына қарсы әскери одақ жасау ниетімен Иран шахы Аббасқа елші жібереді. Бұл екі елшіліктің алғашқысынан нәтиже шықпайды, соңғысы яғни, Иранмен арадағы келіссөздер туралы нақты дерек шакмишактар архивінде сақталған./26,360-370/
Тәуекелдің зор майдан алдындағы дипломатиялық шаралардың ішіндегі ең жемісті іс Бұхар хандығының бодандығы қалған қазақ руларымен байланыс, баяғыда бұдан 100 жыл бұрын Шәйбани ханмен бірге Мәуренахыр шегіне қоныс аударған, жергілікті, отырықшы жұртпен толық сіңісіп кете алмаған, жаңа өлкедегі отандастары өзбек — қазақ, тіпті ешқандай анықтамасыз кәдімгіше өздерін қазақ деп атайтын сірә, өздерін қазақ деп сезінетін қандастарды бауырға тартқаны болса керек. «Жанама деректерге сүйенсек, отырып топшыласақ, бір кезде өздерін қазақтардан бөтен санамайтын алаш ұлдары керей, қоңырат, қыпышақ, Шахруша, Ходжент, Әндижан, Ахсы өңіріне жиып орналасқан сияқты. Бұхар хандығы мен Қазақ Ордасы арасында күресте дәл осы өлкелердегі жұрттың қазақтармен тізе қоса қимылдауы емес.
1598 жылы Тәуекел Орта Азияға жаңа жорыққа аттанды, шайқастардың бірінде Абдулланың әскерін талқандап, Түркістанға қайта оралды.» Дәл сол жылы өз мемлекетінің солтүстік — батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбаниліктердің алауыздығын, бұл әулиеттің Аштраханиліктердің жаңа әулитетімен ауыстырылғанын пайдаланып, ол Сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресте табысты тәмәмдайды./18,45-46/
Орта Азияға жаңа жорыққа шығып, Тәуекел Акси, Әндижан, Ташкент қалаларын басып алады, бірақ сондағы шайқастардың бірінде ауыр жараланып Ташкентте дүние салады./19,67-68/
Тәуекел ханның орынын басқан Есім хан 1598 жылы кезде Бұхар мемлекетімен бітім шартын жасады.
Бұл шарт бойынша Мәуренахыр мен Дешті Қыпышақ арасындағы мың жылдық талас, бері де жүз елу жыл бойы тынымсыз жүргізілген алмағайып күрес біржола және бүтіндей көшпенділер пайдасына шешіледі.
Қазақ Ордасы Сырдарияның ұзына бойы түгелге жуық иеленіп болды, бұл өңірдегі Түркістан, Отырар, Сауран бастаған отызға жуық шаһармен қоса Ташкент қаласы бүкіл уәлиатымен Қазақ Ордасының құрамына енеді, сонымен қатар Ферғана жазирасының солтүстік бөлігін алады, Қызыл — құмнан аса төгіліп, егіз дарияның орта аралағына дейін қанат жаяды.
Бірақ Ташкент Аштраханиялықтардан тәуелсіздігін қолданады (бұл әулет ханның есімін Хутбада және Ташкентке созылған тиындарға еске салу, уәлиатта жиналған салықтардың бір бөлігін оған жіберу және т.б.).
Қазақтар әкімдері келісімінің бұл шарттарын бұзып отырады, мұның өзі ХVІІ ғасырдың басында қазақ және өзбек хандарының ұзаққа созылған талас — тартысқа әкеліп соқты.
Оңтүстік Қазақстанның отырықшыты, егіншілік аудандары үшін, Сырдарияның орта сағасындағы қалалар үшін қазақ хандарының көп жылға созылған күресі осылай аяқталады.
Сол уақыттан бастап, қазақ мемлекетінің құрамына бұл аймақ және екі жылға Ташкент түпкілікті енді./2,10-15/
Сырдарияның бойындағы қалалар аймағында болған ұзақ мерзімді соғыстар тұрғылықты халықтарды кедейлендіріп, қала шаруашылығының құлдырауына, суландыру жүйесінің қиратылуына, егіншілік көлемінің кемуіне әкеп соқты.
Соғыс қимылдары, жауластардың тонаушылық шапқыншылықтары сауда жасауға кесірін тигізуді және мал шаруашылығымен айналысатын далалық аудандық экономикалық жағдайы кері әсер етті. Шаруашылығы мен мәдениті дамыған аймақ ретінде Оңтүстік Қазақстан біртұтас мемлекет құрамына кіргеннен кейін мұндай теріс құбылыстарды жеңудің мүмкіндігі туды.
ХV ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен шектесті. 1563 жылы Шайбани әулиеті мен Тайбұға руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулиеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, солармен қоса, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, сондай-ақ Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес Сібір татарлары деген атпен белгілі болды.
Сібір хандығы Орта Азия, Қазақстанмен саяси және сауда байланыстарын жасап отырды. Сауда ерте заманнан бері қалыптасқан керуен жолдары арқылы жүрді. Орта Азиядан қазақ даласы арқылы жібек, мақта және жүн мата, елтірі кептірілген жемістер тиелген керуендер бағалы аң терісіне, (жұмсақ дүниеге) және тағы басқа заттарға айырбастау үшін ағылып келіп жатты. Көшім хан билік жүргізген кезде өзінің қарамағындағы өлкеге ислам дінін таратуға үлес қосты.
1552 жылы Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен тікелей көрші болып шықты. 1981 жылы Ермактың Сібірге жорығы басталады./24,77-78/
Көшім хан жеңіліске ұшырағанмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 жылы тамызда қаза тапты.
Орыс патшасы Батыс Сібірдің неғұрлым толық игеруге және шығыс шекараларының қәуіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, орыс аудандарына бекіністер салуды құптап отырды.
ХVІІ ғасырда Қазақстандағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феодалдық ала ауыздықтар күшейді. Көшпелі ақсүйектің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа берілді. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан бекілді.
Тәуекелдің мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын-Мұхаммед өзін тәуелсіз ханмын деп жариялады. Бірте – бірте үш жүздің әрқайсысында өз алдына жеке хандар пайда болды.
Қазақ хандығының барлық, әсіресе оңтүстік және шығыс шептеріндегі сыртқы жағдай қиындай түсті. Бұқар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 1612 жылы қазақ әскерлерінің Бұқара төңірегіне шапқыншылығына жауап ретінде Иманқұл хан қазақ жеріне жорық ұйымдастырып, Түркістан аймағын, Аспара мен Қаратаудың шеткергі шегіне дейін басып өтті, сөйтіп оның бірнеше қалаларымен елді мекендерін тонады./12,48-49/ Ташкентке өзінің ұлын уәли етіп қойды. Көп кешікпей ол орнынан түсіріліп, өлтірілді. Бұған жауып ретінде Иманқұл қалада қанды қырғын жасады. Өзінің Ташкентке дәмеленуіне ол қазақтың екі ханының өзара жауластығын пайдаланады. 1627 жылы Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірді.
Бір жылдан соң Есімнің өзі де қайтыс болады. Бұхар әскерлері Ташкентті қайтадан басып алады. Алайда Есім ханның ұрпағы, мұрагері, оның ұлы Жәңгір хан Бұхар билеушісін шығыстан келетін ортақ катер ойраттар шапқыншылығын тойтару үшін әскери одақ құру қажеттігіне көндіре алды.
1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуына байланысты ойраттардың Ертіс маңындағы және Жетісудағы қазақ жерлерін басып алу қауіпі арта түсті. Цин империясының ығыстыруынан жаңа жайылымдар және Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның сауда-қол өнері орталықтарына шығу жолдарын ізденген олар қазақ жерлеріне зорлық жасауын бәсеңдеттіреді. ХVІІ ғасырдың 20 — шы жылдары-ақ ойраттардың көшіп — қонып жүрді. Іле мен Талас бойында ойраттар малдарын қыстауға қалдырып жүрді.
Қазақтар оңтүстік және батыс бағытына қарай ығыстырылуды, мұнда олар өз жерлерінде тіршілік етіп жатқан өзбектермен, қарақалпақтармен, ноғайлықтармен, башқұрттармен қақтығысқа килікті. 1644 жылы Жалаңтас батыр басқарған Самарқандтың әскерлерімен бірге жауға аттанған Жәңгір хан жоңғар қолдарынан бірін тас-талқан етіп жеңеді ХVІІ ғасырдың 30 жылдары қонтайшы Қалданның қолбасшылығымен жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіреді. Бірнеше қазақ ұлыстары талқандалды, тоғыз қала жауланып алынды; түпкі жазба материалдар солардың арасынан Сайрам, Манкент, Қараспан, Шымкент, Ташкент және басқа қалаларды атайды.
Сайрам тұрғындары жауға табанды қарсылық көрсете білді. Қалдан қалдырған уәли өлтірілді, мұның өзі ойраттар әскерінің Оңтүстік Қазақстанға қайта басып кіруіне әкеп соқты. Сайрам күшпен алынып, талқандалды;тұрғындарының бір бөлігі Жоңғария мен Шығыс Түркістанға зорлап әкетіледі./7,50-52/
Тәуке хан билік еткен кезеңде Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалапқтармен одақтасу жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Олардың 1680 жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған уақытында тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені онда әскерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның Оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте — бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бейбіт халықтың шаруашлығына үлкен зиянын тигізді.
ХV — ХVІІ ғасырдағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық – феодалдық қарым-қатынас деп есептейі. Соның өзінде көшпелі және жартылай көшпелі мешеу мал шаруашылығы басым болған, ал қоғамдық өмірі, әлеуметтік қарым — қатынас көптеген патриархалды – рулық элементерімен ескілік сарқыншақтарын сақтаған далалық аудандарға қарағанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық жағынан неғұрлым дамыған аудандарында феодалдық қарым-қатнастардың көбірек жайғандығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттілігі екі әлеуметтік экономикалық құрлысқа негізделді және мұның өзі ғана үлкен орнықтылық пен тұрақтылық берді.
Кейінгі орта ғасырда қазақ қоғамының әлуметтік экономикалық құрлысының қалыптасуына моғол үстемдігі кезінде орын алғандығы, қала мәдениетінің кері кетіп, егіншіліктің Оңтүстік Қазақсанда қысқаруы және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда толық құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының үлес салмағының артуы сияқты зардаптар әлі де болса тым елеулі түрде ықпал етіп тұрғанын ескерген жөн. Экономикалық базаның өзгері қоғамдық қатынастардың тұтас алғанда патриархалдық жаққа қарай ойысуына әсер етті.
Далалық аудандарда жерді пайдаланудың қауымдық түрі үстемдік етті. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар мен қауымдардың барлық мүшелері ие болды. Соның өзінде қоғамның рулық;тайпалық тұрғыда ұйымдастыру ру;тайпа ақсүйектер мен қатардағы көшпелілер жерді, жайылымды түгел пайдалануға іс жүзінде тепе — тең қатыса алмайтынын жасырды.
Ақсүйектердің қоныстарға иелік ету, өзінің отарлары мен жылқы үйірмелері үшін, өз жақын жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын құқы болды.
Мал жағына келсек, ол жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Өз малдарын өсірумен жоғары ақсүйектер тобы да, тайпалардың көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал көшпелері байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болды. «Хандардың, әйгілі сұлтандардың және дала адамдары арасынан шыққан мырзалардың ұрпақтары… берер төлі байлығының молығуына септігін тигізетін қой отарлдарын жиыстыруға талпынып, қысқы мерзімде қойларының көбеюінен зор байлыққа кенелу үшін, сөйтіп сол бір шетсіз-шексіз далада ырғын әл — ауқаттылыққа жету үшін көп күш жігерін жұмсап, қам жасайды. Қысқы мерзімде олар байи түседі. Өзбек және монғол тілдерінде басқаларға ықпалы жүретін мұндай адамды бай деп атайды.»/26,245-250/
Ибн Рузбехан мен Мұхаммед Хайдардың мәліметтері бойынша бірнеше ондаған және тіпті жүздеген мың баспен есептелінетін мыңғырған малға ие бола тұрып, басқарушы ақсүйектердің жайылымдарды іс жүзінде билеп; төстеу құқын өздерінде қалдырғандығы әбден табиғи нәрсе.
Тұтас тайпалар да, рулар да жерге деген тепе;теңсіздік жағдайда қалып қойып отырды. Олардың арасында адам саны неғұрлым көптері артық артықшылық жеңілдіктермен пайдаланды, сонымен бірге майдалары, адам саны аз кедейлері де болады.
Неғұрлым құдіретті тайпалар мен рулар ежелден;ақ жақсы жайылымдармен қыстауларды жайлады.
Тұтасынан алғанда халықтың бүкіл териториясы Шығыс әулиеттерінің басқарушысы руларына тиесілі деп есептелініп келді. Сырт қарағанда хан шексіз билік жүргізген. Хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің және жоғарғы және төре саналады. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелділікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді./14,55-56/
Жерлерді сұлтандар арасында бөлетін немесе солардың ұлысы үшін жерге (үйлерге) құқын қуаттайтын да тек хан болды.
«Әрбір белгілі ұлыстың, — деп жазды Ибн Рузбехан Исфахани Шыңғысхан ұрпақтарынан шыққан толық билікті сұлтаны бар, ол өзінің халқымен бірге қандай да бір жерде, әкеден мұра үлкен үйінде болды. Онда Ючиханның (Жылы ханның) және Шибан ханның уақытынана бері әлі күнге дейін отырады әрі жайылымдарды пайдаланады. Дәл осылай олар (Шыңғысханның “Ясы” заңы бойынша) билікке ие болып, орындар алып отыр.
Хандықтың құрамына кіретін бірнеше руды сұлтандар биледі. Қазақ хандығында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Тек сырттанқауіп туған жағдайда жасақ құрылып отырды. Оған әрбір азамат жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке әскер шоғырларынан сұлтандар, билер және батырлар басқарып отырды. Оның шығынын халық көтерді.
Қазақ қоғамында да материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраған қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жағдайы біркелкі болған жоқ, сондықтан феодалға тәуелділігі де әр түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азда көпті қамтамасыз етілген жай шаруа болды.
Халықтың көпшілігі кедей шаруалар болды. Кедейлердің біразы көшпелі тұрмыс құруға мүмкіндіктері болмағандықтан отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды.
Ішінде құлдар да болды. Олар жат-жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен адамдар есебінен ұсталды.
Феодалдар қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан зекет, егіншілерден ұшыр жинау еді, бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбектеп өтеуге тиіс болды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі, әсіресе, ең кедей бөліктері феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының көмегіне сүйенуге мәжбүр болды». Бұл сол кездегі әлеуметтік теңсіздік еді.
Жеті жарғы
Қазақ хандығының саяси — әкімшілік құрылысына патриархиалдық — феодалдық қарым — қатынастар ерекшелік әсер етпей қоймады. Ол орталықтандырылған мемлекет болып қалыптаса алмады. Хандық бірнеше ірі әкімшілік бөлігінен – хан тұқымынан шыққан Шыңғыс әулеттері сұлтандары басқарған ұлыстардан тұрады. Ұлыстың территориясы жұрт деп аталған. Ибн Рузбехан Исфахани бойынша XVI ғасыр басында мұндай ірі ұлыстардың саны оңшақтыдай болған. Әрбір ұлыс шамамен он мың отбасынан түзелген. Бірнеше отбасы буын (фирке) құраған. Буындардың белгілі бір санынан ру немесе тайпа құралған. Мемлекет басында хан азаматтық, әкімшілік әскери биліктерді қатарынан бір өзі жүргізіп отырған, әрі мұнысында жоғары уәкілдік құқықпен пайдаланған. Ұлыстар мен тайпаларда бұл міндеттерді сұлтандар мен билер орындаған.
Қала ақсүйектері қатарына жергілікті шенеушіктері – уәзірлер, уәкілдер, әкімдер, даруттар, мұстауфтар жатқызылды. Оларды хандар мен үлес жер басқарушылары тағайындайтын.
Неғұрлым төменгі дәрежедегі қызметкерлер салықты жинаумен, жер суландыру жүйелеріне бақылау жасаумен айналысатын, қаладағы тәртіп сақшы (полицейлік) қызметті және т.б. атқаратын. Тұтасымен алғанда Қазақ хандығында дамыған әкімшілік аппаратары құрылмады. Хан өзінің қасынан ұлыс сұлтандары мен көшпелі тайпалар көсемдерінің кеңесін құрды.
Олар хандық әмірінің жалпы, әсіресе, соғыс, дипломатиялық мәселелерін, территориялық дау — жанжалдарды және т.б. шешу жыл бойы қурылтайға жиналып отырды./ 20,170-172/
Осы кезде қазақ қоғамындағы құқықтық негізі әдет — ғұрып, адамгершілік өлшемдерден, феодалдардың келісімдерінен, ханның жарлығынан, хан төңірегіндегі билердің шешімдерінен, сот кесімдерінен, сондай-ақ билер съезінде қолданылатын ережелерден құрылады.
Осымен бірге жер дауы, жесір дауы, қылмысты анықтау құқығы да феодалдық базиске сәйкестендірілген, тым қарапайым болды. Мемлекеттік басқару жүйесі әдеттегі құқыққа (адат) негізделді. XVII ғасырдың аяқ шенінде ғана қазақтардың әдеттегі құқық өлшемдері бір жүйеге келтіріп толықтырылды.
Арада Шыңғыс ханның “Яса” деген үлгілі заң жинағы болатын. Алтын Орда заманында ескі негізде жаңа жағдайға сай Өзбек ханның Едіге бидің низан жүйелері қабылданады.
Қазақ Ордасына Қасым ханның “Қасқа жол”, Есім ханның “Ескі жолы” деп аталатын, мемлекеттік құрылым жайы, ішкі тәртіп, салт- дәстүр әдеп — құрып жөні басылған ұлттық заң жинақтары болғаны мәлім.
Әз Тәуке ханның өз заманындағы және бұрынғы — соңғы қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі – “Жеті жарғы” аталатын заң жүйесі.
“Жеті жарғы” ұлыстың береке — бірлігін сақтауға бағытталған негізгі заң ғана емес, қоғамдық топтар, жеке адамдар арасындағы қатынасты, мінез — құлық ережелерін негіздеген бірден — бір нұсқа ұлтық сананың, мемлекеттік сананың көрінісі болды.
“Тәуке хан Күлтөбенің баурайына (Сырдария облысы) ішінде сол кездегі атақты би Төле Әлімбекұлы бар, жеті биді жинап алды, содан сол билер Қасым мен Есім хандардың ежелгі әдет-ғұрыптарының басын құрап «Жеті жарғы” дейтін жаңа әдет — ғұрып заңын шығарды”./9,10-12/
Әз Тәуке ханның ішкі саясаты турасында жанама дерек, мәліметтер негізінде ғана белгілі бір түсінік алуға болады.
Мемлекетті орталқтандыру ісін күшейтіп, өзінің жеке өкімін арттыру мақсатында Әз Тәуке ақсүйек — төре әулетін саясаттан шеттетуге тырысты. Қазақ Ордасының бұған дейінгі тарихында хан билігі қашанда да күшті болған.
Ұлыс біртұтас Төре әулеті – ел ұстаған сұлтандар бұдан жұрт қаншама мол болса, да бұра тартпаған. Мәселен, Қасым сұлтанның қуаты да, беделі артық бола тұра Бұрындық ханды ұлық тұтуы.
Әз Тәуке хан алты алаштың ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі дерек бойынша, Ұлы жүзде Үйсін Төле би, Орта жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде Алтын Әйтеке би, Қырғызды Қараш би, Қарақалпақта Сасық би, Құрамад Мұхаммед би отырды. “Жеті жарғы” осы билерің барлығы қатысты.
Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. Ол тек сол заманға сай емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш болды.
Заңдардың бұл жинағында әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, құқық нормалары салықтар, діни көзқарастар және т.б. туралы ережелер белгіленген. Онымен хандықты басқару тәртібі айқындалды, хан мен билердің пайдасына әртүрлі алымдар жинау заңдастырылды, жасаған қылмыстары үшін қолданылатын жаза түрлері белгіленеді. Сонымен бірге ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтиды.
Тұтас алғанда әдеттегі құқық нормалары жеке меншікті қорғауға, қазақ ақсүйектерінің артықшылық парасаттарын жақтауға бейімдендіріледі. Жеті жарғыны құрастыруға барлық қазақ жүздерінің өкілдері қатысты./27,15-16/
- 2. Шаруашылық жағдайы және мәдениеті
ХV — ХVІІ ғасырларда далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғыда – тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи – климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі мал шаруашылығы сақталған. Малдың негізгі түрі – қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді./26,176/
Әр рудың қашықтығы 800 – 1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстауға оралуға мүмкіндік береді.
Сонымен, ондаған, ал көптеген жағдайда жүздеген ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі географиялық жер көлемі шеңберінде көшіп — қону дәстүрін ұстанады. Жайылымдық қоныстардың ара қашықтығы оңтүстікте 200 — 300 шақырымға дейін созылды.
Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісуден басқа жерлерде) көшіп — қону, табиғи жағрафиялар мен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді танып алу, көбінесе халықтар арасында қақтығыс, соғыс, шайқастардың болуы саяси жағдайға тәуелді болды.
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемде жайлымдық жерлердің болуын талап етті, ал олардың әрдайымға жетпеушілігі көршілер арасында соғыстар мен дау — жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғи жағдайына мейлінше тәуелді еді.
Жем – шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Мысалы “Ибн Рузбехан көшпенділер үшін Сырдария жерінің өте бағалы екендігін көрсете келіп, Сейхун төңірегінің бірі қамыс пен көмкерілген, мал азығы мен отынға бай ” – деп жазды.1 Қыс сұрапыл болған жылдары малдың жаппай құрылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын.
Баяу дегенмен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті; қолайлы жылдары (ауа райы жағдайымен бірге халық өмірінің саяси жағдайы жағынан) мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырады. Мал бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірумен болды.
Қазақтардың тұрағы киіз үй, сондай – ақ шаруашылық құралдары көшіп – қону және мал өнімдерін өңдеу үшін жақсы лайықталғанды. Көшпелі малшаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрады.
Бұл салада қазақтарға ішіп — жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек аяқ киім материалдарын, үй жабдықтарын, көшіп — қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтарда және шайқастарда жылқының орынын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.
Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда мал шаруашылығы шикізаттарын өңдеумен айналысты.
Қой жүнінен киіз басты, киімдер тоқыды, киім тікті, мал терісінен аяқ киімдер, ыдыстар, ат әбзелерін т.б. әзірледі. Қазақтардың шаруашылығы негізінен қолмен атқарылатын таза табиғи күйінде жасаған, олардың қолында қала тұрғындары, егіншілер өндіретін тауарларға, азық түлікке айырбастай алатын басы артық өнімдерін алып отырды. Түркістанның, Сығанақ, Сауран, Асы және басқа қалаларының базарларына көшпелі малшылар мал айдап апаратын, тері жүн, олардан жасалған бұйымдар, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін, ақ терілерін, тон-ішіктер, тымақ — бөріктер сатылаты.
Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа Түркістан аймағы қалаларын әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, балшықтан күйдірілген және темірден соғылып жасалатын бұйымдар, мата мен теріден тігілген дайын киім — кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, ат әбзелерінің бөлшектерін, сондай-ақ әр түрлі үй аспаптарын қарулар және т.б. көптеген дүниелер алатын.
Сауда жасауға қазақтар да қатысатын: “Олардың (қазақтардың) көпестері барған елдердің көпестеріне келіп тұратыны сияқты ислам елдеріне үнемі қатынап келді және әлі де барып тұрады.
Көшпелілердің астыққа, бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау — бақша шаруашылғының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұраным барынша берік әрі тұрақты болды және бұларды бәрін жаппай алып отырды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қатар халықта тұрақты егіншілік пен қолөнері де маңызды роль атқарды.
Қазақстанның оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археология зерттеулер ХV – ХVІІ ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңыздағы егістік жерлерге құбырдар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді.
Басқа жерлерде егіншілік мәдиниетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды желерінде дамыды. Шабындық қыстаулардың жерінен іріктеп алынды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп — қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданған. Негізгі дақылдар тары, бидай, арпа, жүгері. Негізінен мал шикізатын өңдеуге икемделген кәсіпшілік кең тарады.
Оңтүстік Қазақстанның қалаларында қолөнері, ағаш өңдеуі, зергерлік, ұста өндірісі, құрлыс ісі едәуір дамыды. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажыратылмайтын белгісі болды./26,27-28/
Түркістан қалалары мен алқаптарының отырықшылықты егіншілікпен айналысатын, этникалық жағынан араласып кеткен халықтары даланың мал өсіруші халқымен тұрақты шаруашылық мәдени өзара әрекеттестік қарым — қатынас жағдайында өмір сүрді. Өз кезегінде көшпелілердің тіпті өздері де мал қыстайтын жерлерінде егіншілік талаптарын жасап, отырықшылықты және жартылай отырықшылықты елді мекендер тұрғыза бастады.
Көшпелі қазақтардың отырықшылануы мемлекеттің қандай да бір басқа жерлерінен гөрі Сырдария бойы алқаптары мен Жетісудың батыс бөлігі аймақтарында неғұрлым шапшаң жүрді. Қазақтардың бұл өңірлерінде ХVІ ғасырда отырықшылану процесі құжаттық материалдарда (шағын грамоталарда) жазылған. Осындай грамоталардың бірі бойынша, бұрындары көшіп — қонған аймақтар (ру, тайпа) “елді мекендерде (тұрақты) тұрушыларға (дихшинин), қыстауларда (жартылай отырықшылықты) тұрушыларға (сахранишин)” бөлінеді. Сондай-ақ көшпелі тайпалар (илатйиа) аталған.
Қалаларда көбінесе өзінің сарайы маңындағылармен және әскерлермен хандар тұрды. Мұндай саят әсіресе Түркістан жері Қазақ хандығының құрамына кіргеннен кейін етек алды. Қалаларға бақылау орнату тұтасынан бүкіл қазақ жерінде бірін — бірі толықтырушы екі шаруашылықтың құрлымға – көшпелі мал шаруашылығы мен қалалық отырықшылық егіншілікке негізделген неғұрлым нық экономикалық жүйе құруға мүмкіндік берді.
Осы кезде халықтық экономикалық өмірінде Оңтүстік Қазақстанның, Орта Азияның, Шығыс Түркістанның тұрақты егіншілік шаруашылығы және қала орталықтарымен қатар Ресей мемлекетімен сауда — саттық жүргізуі үлкен роль атқарды.
Осының арқасында көшіп — қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық байланысы, саяси, мәдени — әлеуметтік қарым — қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. ХVІ — ХVІІІ ғасырларда Қазақстан өлкесінде ең алдымен Сыр маңында Сығанақ, Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрам, Жент т.б. сол сияқты қалалардың өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құруына үлкен әсерін тигізді.
Ибн Рузбехан “Түркістанның отыз бекінісі” туралы жазады. Солардың жиырмадан астамының аттарының түпкі жазба материалдарында кездеседі; археолгтар тапқан қалалар саны бұл цифрдан асып кетеді. Сырдария мен оның сағаларының оң жағаларындағы олар Ясы (Түркістан), сол жағалауындағы – Аркөк, Үзген, Аққорған, Құтжан, Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі – Созақ, Құмкент және басқа қалалар еді. “Түркістан бекіністеріне” аттары аталғандар арасынан тек неғұрлым ірі деген 5 — 6 ғана мәдениет пен экономика орталықтары болды.
Қалай дегенмен де, егер ортағасырлық экономикалық шектеулі екпін, оның табиғи сипатын, халқы санының салыстырмалы түрде аздаған және басқа да факторларын ескерсек, мұның өзі осындайлық шағын територия үшін, әрине, аз емес. Қазақ мемлекеттілігінің орнығып, нығаюы кезінде Сырдарияның бойлық қалалары Қазақстан халқының өмірінде көп жақты роль атқарды./16,42-56/
Мысалы, Сығанақ Шығыс Дешті Қыпышақ үшін сауда айлығы болды.
Ол алғашқы қазақ әкімдерінің астанасы болған еді. Яссы (Түркістан) белгілі сауда нүктесі, ірі егіншілік аймағының орталығы ретінде қала берді. ХVІ — ХVІІІ ғасырлар шебінде бұл қала қазақ хандығының астанасына айналды, ол сондай-ақ бүкіл Түркістан және оған тиіп тұрған қазақ даласы үшін басты діни орталық болды.1
Отырар оңтүстік қазақ жерлерінің сауда — саттық, қолөнер кәсібі орталығы болып қалыптасты. Ясы сияқты, ол ХІ ғасырда ұзақ уақыт бойы Түркістан уәлаятындағы шайбани уәлилерінің тұратын орны болды. Олар өздерінің далалық жауларынан осы Отырар бекінісінің берік дуалдары қалқасында жасырынды. Отырардың үстемдік жағдайын, оны иелену бүкіл обылысқа билік жүргізуді қамтамасыз ететінін осы қала үшін болған шайқастар туралы түпкі жазба деректерінде көптеген дәлелдемелер қалдырған замандастары жақсы түсінды./16,49-50/
ХVІ ғасырда Сауран қаласы өзінің қорғаныстың құрлыстарының тұтас бір жүйесімен әйгілі болды.
Солардың арасынан Хафиз Тыныш мұнарлары бар биік бекініс қабырғаларын, қорған дуалдарын, “өзенге ұқсас” терең оларды атайды; Зайи-ад Дин Васифи бұл қаланы онда ХVІ ғасырда “аса көренкті архитектуралық ғимарат” медресесінің салынумен, сондай-ақ ерекше құрлыс ғимараттары – кәріздердің салынып, пайдалануға берілумен , солардың бірінде шәкірбақтың бауы мен жүзімдігі бар қала сыртындағы жеке саяжайдың орналастырылуы мен байланысты атап көрсеткен.
Сауран Мауренахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әсери жорық жолдарының түйіскен жеріндегі жақсы нығайтылған бекініс, Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі – сауда қол өнер кәсібі орталығы болды; бұл қала түпкі жазба материалдарда./1,32-34/
Түркістан уәлиатымен бірге еске алынатын өз алдына дербес уәлиатынның әкімшілік орталығы еді.
Қаратаудың солтүстік беткейіне орналасқан Созақ әрдайым — ақ далалық аудандарда билік жүргізу үшін де, сонымен бірге Түркістандағы қалалар үшін де Қазақ хандығы әкімдерінің сыртқы жаумен күресіндегі басты таянышы, стратегиялық тұғыры болды. Созақ тек жақсы бекініс қана емес, сонымен қатар далаға қарай шығыңқы орналасқан садуа, қолөнер кәсібі орталығы болатын. Созақ төңірегінде түпкі материалдарда аталған және археолгтар зерттеген өзге отырықшылықты қазақ қоныстары: Күлтөбе, Аян, Тастөбе, Тасқорған, Көктөбе қалалары да болды. Олардың кейбірі бекіністер, басқалары егіншілікпен айналысатындардың ауылдары еді.
Түркістан аймағының ірі, сондай-ақмайда қалалары халықтарының шаруашылық тірлігінде ауылдың жер еңбегімен айналасу үлкен роль атқарды. Ол кездегі қалалардың жартылай аграрлық сипатта болғанын зертеушілер археологиялық жазба материалдармен және түпкі жащзба материалдардың мәліметтерімен айғақтады. Егіспен бау-бақшалармен, жүзімдіктермен, егістік және жайылмдық қоршалып тұратын алыс-жақынды ауылдар тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қалалықтардың өздері де айналысатын. Қалалардың қай — қайсысы да тауарлы астық пен басқа ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, дамыған суармалы егіншілігі бар көлемді егіншілікті ауданның орталығы болды.
ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысныда қолдан суландыру ісі бұрынғысымен салыстырғанда кең көлемде дами түсті.
Бір жерлерде ол Сырдариядан тартылған ірі каналдарға, екінші біржерде Қартаудан ағып кеп жиналатын тау өзендерінен тартылар мың сан арықтарға негізделді. Үшінші бір жерде қауғалық жүйе қолданылды.
Қалаларда қол өнер кәсібі кварталды болды, оларда көзелік ұсталық ағаш өңдеушілік, тоқымашылық, былғары жасаушылық, зергерлік, құрлысшылық кәсіптер дамыды./30,157-174/
ХV — ХVІ ғғ. Түркістан аймағы қалаларында соғыс бекіністерінің дамыған жүйесі бар болатын. Ұзаққа созылған қоршауға төтеп бере алатын бекініс құрлыстары сансыз көп соғыстар кезінде қиратылып, ойрандалса да, шеберлердің еңбегімен қайта қалпына келтірілетін. Мұнымен бірге орта ғасырдың сол бір тынышсыз уақытында осы бекіністердің қалқасында тұрған үйлер, діни және қоғамдық ғимараттар, мешіттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, үсті жабық базарлар, керуен — сарайлар салынып жатты.
Ортағасырлық дәуірлердің аяқ шенінде Оңтүстік Қазақстанның қалалары алқаптарында аймақтық өз ішіндегі қалалар мен ауылдар тұрғындарының арасындағы болсын, сондай-ақ бір жағынан солардың, екінші жағынан — көшпелі малшылардың арасындағы болсын, егіншілер мен қолөнершілер өнімдеріне деген әрдайымғы және өзара сұранысқа негізделген сиымды базарлар тұрақты жұмыс істеп тұрды. Сауда-саттық Түркістанның Сығанақ, Асы, Сайрам, сияқты қалалардың тыныс — тіршілігінің неғұрлым мәнді жақтарының бірі болды.
Бұл қалаларда теңге ақша соғылды. Түркі материалдар оларда ірі базарлар мен дүкендердің көп болғанын еске салды. Қазақ хандығының дәуірлеп тұрған кездегі, әсіресе Қасым хан, Тәуке хан тұсындағы қолайлы саяси жағдай, соғыстар мен өзара талас-тартыстардың тоқтауы, қалалар мен сауданың дамуына көп мүмкіндік берді. Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда — саттық байланыстар жандана түсті. Қазақ мемлекетінің териториясы арқылы керуен жолдарының тармақтары созылып жатты.
ХVІІ — ХVІІІ ғасырлар қазақ халқының өзіндік ерекше мәдениеті өркен жайды. Қазақтардың үй салу, оның жасауы мен салт-дәстүрлері көркем — өнерлік кәсібі және халық ауыз әдебиеті мен шығармашылығы түріндегі мәдениеті өмірге сіңіп, орнықты. Оларда Қазақстан жерінде мекендеген бұрынғы тайпалар мен халықтардың мәдиенет байлықтары табиғи түрде түсіністікпен қабылданылды. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазақғаптың Ұлытау аудандарындағы кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқындылығымен ерекшеленеді.
Үй кәсібі мен қолданбалы бұйымдар әбзелерінің, киіз үй жабдықтарының нәзік оюланған заттар, шебер істелген үй жасау бұйымдары, үй іші тұрмысында ұсталынатын заттар (кілемдер, киіздер, кестелер, ши тоқымалар, ыдыс-аяқтар), әйелдердің сәнді киімі мен әшекейлері мен осылардың барлығы халықтың өзіндік материалдық мәдениетінің жоғары болғандығын дәлелдейді.
ХV – ХVІІ ғ.ғ. қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңінен дамыды. “Қобыланды батыр”, “Ер тарғын”, “Қамбар батыр” сияқты ерлік істер туралы халық ауызындағы жырлар “Қозы-Көрпеш Баян сұлу”, “Қыз Жібек” т.б. сияқты әлеуметтік – тұрмыстық дастандар ұрпақтан — ұрпаққа көшіп отырды.
Әдет — ғұрып өлеңдері ертегілерді қиыстырып шығарылып жатты. Қазақ ауыз екі поэзиясының өкілдері Шалкиіз жыраудың (ХV ғ.) есімдері ел ауызында аңыз болып қалды. Өлең – жырларда, дастандарда, эпикалық аңыздарда, батырлардың отан қорғаудағы жанқиярлығы мен ерлігі мадақталады, халықтың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімеленді. Талантты сазгерлер, эпикалық, тарихи аңыздық және тұрмыстық тақырыптарға аспаптық туындылар (күйлер) шығарды. ХVІ – ХVІІ ғ.ғ. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттерінде діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен ру тарихы (шежіре) жасалды. ХV ғасырда қазақтың тарихи әдебиетінің неғұрлым маңызды ескерткіші болып Қыдырғали Жалаирдің “Жәми-ат тавирих” шығармасы саналды.
Бұл кезде ислам діні Оңтүстік Қазақстан қалаларында, соның ішінде осы аймақта тұратын қазақтардың арасында терең тамыр жайды. Қазақтың ел басқарушы таңдаулы топтары ислам догмалары кең тарай қоймады, халықтың көшпелі исламға дейінгі тәңірі, күнге, әруақтарға, жер, су, от рухына табынуға негізделген нанымдарды ұстанды. Отқа табынушылық осы заманымызға дейін жетіп келген және жасалуда. Оған дәлел қай қазақтың болмасын үйінде келін ақ босағаны алғаш аттағанда отқа май құю рәсімі бор.
Көп құдайға табынушылық ырымдарымен қатар мұсылмандар ырым-жоралар да барған сайын кең қанат жая бастады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда Орталық Азиядағы Ордадан соңғы ең байтақ ұлыс қазақ Ордасының өткен тарихын нақты байыптасақ ежелгі ғұн – түрік заманынан бастау алатын асыл қазыналарымызды қастерлеп сақтау және өрістеу арқасында біздің ұлы халқымыз өзінің бұлыңғыр заман, тайғақ кешулердің бәрінен аман өтіп, бүгінгі күнге жетті.
Сонымен бірге республика тарихын бір жақты, тек қана қаралау тұрғысынан қарастырудың тарихшыға да, тарихты үйренушіге де абырой бермейтінін түсіндік.
Біздің тарихымыздың жанды жадырататын жарқын беттері де аз болған жоқ. Өткеннің бәрін қателікпен адасушылықтың тізбегі деп қарасақ талассыз табыстар мен жетістіктердің шеруі десек, ол біздің білімсіздігіміз. Сондықтан біз үшін ең қажеттісі – шындықты бұрмалаусыз, болымсыз көрсету.
Қазіргі дәуірде терең танып түсінуде тек қазақ халқының емес, жалпы адамзаттың құндылық тұрғысынан қарау болмақ. Бүгінгі күн кешегі өткен тарихтың негізінде жасалды, осы сәтте біз жалпы адамзат болмысынан бөлектеніп, алшақтап кетуге тиіс емеспіз. Өзіндік сана деген өте бір үлкен ұғым. Егер өзің қаламасаң, өзің үшін басқалар үшін жауапкершілігімізді дұрыс түсініп, анықтай білмесең біздің ата — бабаларымыз үйреткендей ешкім де, ешқашан саған көмек бере алмайды. Сен өз тағдырыңды өзің шешуге тиіссің.
Бұл ұлттық сана сезімнің жоғары дәрежеде өскенде ғана шешілетін мәселе. Бізге белгілі, Қазақ хандығының құрылғандығы жайындағы алғашқы дерек «Тарих –и- Рашиди» болып табылады.
Мұхамед Мырза Хайдар өз еңбегін шамамен 1541-1546 ж.ж. аралығында, ғылымда Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылды деген көзқарас қалыптасса да, көптеген тарихшылар қазақ тарихы Керей мен Жәнібек хандардың көшімен емес, одан ерте басталған деген тұжырымда.
Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанындағы тарих және этнография институтының қызыметкері К. Жүнісбаев Қазан қаласынан тапқан Қ. Жалайырдың қолжазбасына сүйене отырып Қазақ хандығы ХV ғасырда емес ХІV ғасырда дүниеге келген деген байлам айтады. Қазақ хандығының алғашқы негізін қалаушы ретінде ол Орыс ханды айтады.
Осы уақытқа дейін Қазақ хандығының құрылу жылдарымен «Қазақ» атауының шығуы, әлі шешімін толық таппаған күрделі мәселе.
Әзірге бізге басы ашық дәлелді мәселе, бұл ата-бабаларымыздың, халық үшін түн қатып, түсі қашып жүрген хандардың батырлардың тұлпардың күшімен, найзаның ұшымен, кіндік кесіп қаны тамған туған жерге жат тұяқты басқызбай, тәуелсіздік үшін жанқиярлық күресі.
Тәуелсіздік жолы үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен жастарға жарқын болашақ күтеміз, аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз.
Біздің болашағымыз ХХІ ғасыр. Соған сақадай сай даяр болуымыз керек. Тек бейбіт экономикалық, мәдени рухани жарыста ғана өнерлі, өнегелі елдің, халықтың болмысын ғана таныта аламыз.
Қорыта айтқанда мен дипломдық жұмысымды жазу барысында тақырыпқа сәйкес ХV ғасырда қалыптасқан қазақ хандығының құрылуынан бастап ХVІІ ғасырдың соңына дейінгі аралықты қамтыған қазақ хандығының қоғамдағы болып өткен саяси — әлеуметтік, ішкі — сыртқы жағдайларына және жеке – дара тоқталып, осы мәселелерге байланысты тарихнамаға мән бере отырып, тарихи тұрғыдан зерттелген тарихшы ғалымдардың ғылыми еңбектерінің оқулықтарды басшылыққа ала отырып жазып шықтым. Мен осы жұмысты жазып шығуда көптеген тарихи шындыққа көз жеткіздім. Жұмыстың қандай дәрежеде жазылғандығын сіздер сараптап көріп, бағасын бере жатарсыздар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
- Асфендияров С. «История Казахстана» Алматы, «Жалын», 1993
- Абусейтов М. «Казахское ханствово во второй половине ХҮІ века» Ааматы, «Жалын», 1969.
- Абылай хан (1711-1781ж.ж.) Алматы, «Ғылым», 1992
- Әбуов Қ. «Қазақстан тарихы» Алматы, «Атамұра»
- Әбілдаұлы Б. «Жауғаш батыр» Абылай ханның елшісі. Алматы,1999
- Әбілдаұлы Б. «Жауғаш батыр» Абылай ханның елшісі. Алматы, 2000
- В..Моисеев «Джунгарское ханство и казахи ХҮІІ-ХҮІІІв» Алматы, 1991
- К.Мамырұлы «Қазақ тарихы» Алматы, «Қазақстан», 1995.
- Қ.Салғарин «Хандар кестесі» Алматы, «Жалын», 1999.
- Қ. Салғарин «Қазақтың қилы тарихы» Алматы, «Жалын»,1992.
- Қазақстан тарихы очерктер Алматы, «Жалын», 1994.
- Қазақстан тарихы 5 том Алматы, «Атамұра», 1998.
- Қожабекұлы Б. Тарихи таным. Алматы, «Атамұра»1994
14.М.Тынышбаев «История казахского народа» Алматы, «Жалын», 1993.
- Х. Маданов «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы, «Атамұра», 1995.
- Мусин Ч. «Ұлы дала тарихы» Алматы, «Атамұра»,1994.
- Мусин Ч. Қазақстан тарихы Алматы, 2000
- Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы А,. «Жалын»,
- Мұхаметханұлы Н. Тарихи зерттеулер Алматы, «Ғылым», 1994
- Маданов Х. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. Алматы, 1995
- М. Көпейұлы «Қазақ шежіресі» Алматы, «Жалын»,1993
- Табей К.»Қайсар рухты қазақ» Алматы, «Білім»,
- Тауасарұлы Қазыбек бек «Түп тұқиянынан өзіме шейін» Алматы, 1993.
- Төреқұлұлы Т. «Қазақ елінің қысқаша тарихы»
- Сыздықов Р. «Қыдырғали би және оның Жылнамалар жинағы».Алматы,1991.
- Ә. Дербісәлі, И. Жеменей М. Қазыбек, Қ. Мырза Әлі М.Х.Дулатидың қоғамдық қоры «Тарих –и — Рашиди» Тұран баспасы Алматы 2003 .
- Қазақ ССР тарихы ІІ том. Алматы, 1980
- М.Тынышбаев «История Казахского народа» Алматы, 1993.
- И.Есенберлин «Көшпенділер» Алматы, 1981.
- А.Акишев К.Байпақов «Позднесредневековый Отрар» Алматы, 1981.