АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. ХVІІ – ХVІІІ ғасырда қазақ жеріндегі қазқа билері қалыптасқан саяси ахуалы

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3 

 

І  — тарау. XVII ғасыр  аяғымен  XVIII   ғасырдың  басындағы   Қазақстандағы   қоғамдық   саяси  жағдай.

 

1.1.ХVІІ  ғасырдың  аяғындағы  Қазақстандағы  қоғамдық  саяси  жағдай……7

1.2.ХVІІІ ғасыр басындағы   саяси   тарихы  және  қазақ  тілі……………………..19

 

ІІ – тарау. ХVІІ – ХVІІІ   ғасырдың  басындағы  қазқа билеріне  шолу.

 

2.1. ХVІІІ  ғасырдың   басындағы   қазақ   билерінің    ролі…………………………28

2.2. ХVІІ  ғасырдың  аяғы ХVІІІ  ғасырдың  басындағы  қазақ  халқының    қоғамдық  жағдайы……………………………………………………………………………………35 

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….43 

Пайдаланылған   әдебиеттер  мен   сілтемелер тізімі……………………………..45

 

Кіріспе

 

Диплом  жұмысының  өзектілігі:   

Қазақстанның  экономика  — әлеуметтік  мәдени  өмірінде   бүгінгі  таңда түбегейлі    күрделі   өзгерістер  жүріп  жатыр.   Кездесіп отырған   қиыншылықтар  аз  емес.   Олардың   біразы  нарықтық   қатынастармен   келсе,  енді бірінің    тамыры,  бастауы    кешегі   кеңестік   қойнауында  жатыр. Өткен    тарихымызда қайта  кездесіп    тәуелсіз  еліміздің  қазіргі    тақырыптан  қорытындыларымен    сабақтарын    ой  елегінен  өткізу  қажет. 

Қазақ  жұртының  халық  болып,  біртұтас  елге  айналуында,  дамып  өркендеуінеде  айтуы  хан  сұлтандарымыз барыларымызбен   көсем  билерімізде   үлес  қосқанын айту   еркіндігіне    егеменді  елдікке қолымыз  жету  арқасында  ғана    мүмкіндік толып отыр.

  Кеңес  дәуірінде  қазақ  мемлекеттігін  қалыптасуына тікелей ықпал берген,  төл  тарихымыздың    алтынды  да   бөлінбес  бір  бөлігі    болып  саналатын  билер    институтын,   билер дәстүріне   аса  назар  аудармады.   Би   фоеодалдық   құрылыстың          сорқыншағы    ісбетті  қаралды.   Қай  құрылыста    кемшіліксіз  дәуір болмады.   Бірақ  Кеңес  дәуірніде   берілген   би  сөзінің   түсініктемесі  бір  жақты  берілдідесек  қателеспейміз.  Яғни  оның тек  дұрыс  емес  ау деген   жағын  бейнелеп,  көрсетіп,    шын  мәніндегі   функциясын   терең  түсіндіріп    жатқан   ешкім  болмады.

Ал  тарихымыздың  тұстарын  келегелі  келер   ұрпаққа  ашып  айтылмайтын  болса  онда  тарихымыздың ақаңдық   беттерін   уақ өте   айқындап  беру  қиынға  соғады.  Сонымен    қатар бұл  ақтаңдап  беттері  қазіргі кезде    ашып  алу  сол  кезеңде    өмір сүріп,  тіршілік  жасап  жүрген   тұлғалардың  Қазақстан  Республикасының  —   толыққанды  адамзаттарына міндетті.

Уақыт алдымызда   әкеліп берген  мүмкіндікті    бүгін  қолдауымыз  қажет.    Өйткені   келерұрпақ алдында  ендігі  кезекте    бір   жауапты боламыз.   Тәуелсізікке   жетелегеннен соң   қол қусрып,   тарихқа  үлес  қоспағандығымызды     ештеңемен  ақтап  аламасақ керек.

   ХVІІ – ХVІІІ   ғасырлардың қазақ  халқы  көптеген  сәтсіздіктерге  ұшырағандығымен  мемлекет ретінде  қалыптасудың    көптеген  күрдел процестерінен   өтті.   Билер  институты дамытылды.   Би  тұлғасының    саясаткер,  қоғам  қайраткерлері    ретінде   бийнесі  танылды.   Бидің  әділеттілігіне  халық   бас  иіп   ауыз  біршілікке  келді. 

Билер  қоғамдық   жан – жақты  дамуына    өзіндік  ерекшелігі  бар  үлес қосты  десек  қателеспейміз.   Өйткені халықтар    шежіресін,    діни  ілімді    зерделеумен қатар,  табиғаттың    тылсым күшін   терең  білуге  ұмтылған.    Одан  ой түйіп,   өлмес    қағидаларға  теңескен  қанатты  сөздер қалдырады.

Міне  осы даналық  пен  ақыл – ой   парасаттылығының  үлесі   бола  білген билер  жөнінде   қазіргі егемендікке    иеленген    шақта,  тарихымызды  жаңаша  шындық,  әділеті  тұсынан  қайта  зерделенген  шақта шынайы,   толыққанды  зерттеу  жүргізіп,   қазақ  тарихының,   мәдениетің  шынайы  пердесін   ашып  көрсетіп,  қазіргі   дамубарысымызға   үлгі  боларлық   жерлерін айқындап   көрсетіп  беру   уақыт  талабы.   Сондықтан  қазақ  билерінің  ХVІІ – ХVІІІ   ғасырларда   елді  билеп  қазақтың  мемлекеттілігін   сақтап қалып,   «Қазақ» атауын,  өмір  сүру қаупін,   ақыл  парасатын   атадан  — балаға   мұра етіп қалдыруымен    билер институты  мен    билер дәстүрінен  зерттеуге    өзекті  мәселелердің   бірі  екендігін    ешқандай дау  туғызбайды.

Диплом  жұмысының  зерттеу объектісі:

ХVІІ – ХVІІІ    ғасыр  қазақ  жеріне  қалыптасқан   жағдайға   сүйеніп,  қазақ  халқының  күрделі тарихи  кезеңдері  тұсында ,  ел  билеу  қажет  қиын міндет  болған  кезде,  аумалы  төкпелі заманда    халықтың   ауыз біршілігін сқтаған,    өзімен  бірге  ұйымдастырып   ілестірген билертұлғасын  қызметіне  және сол  кездегі саяси  жағдайға   қатысты  материалдарды зерттеуді  жөн  көрдік.

Диплом   жұмысының  мақсатымен  міндеті: 

ХVІІ – ХVІІІ   ғасырда  қазақ  жеріндегі    қалыптасқан саяси  ахуалды    анықтай отырып,  билердің  елді билеп, сеніммен    ынтымақттастық  саясатына  қоғамдық  қызметіне  қатысты  материалдар негізінде  зерттеу   дипломық жұмысы  алдына  қойған  мақсаты болып табылады.   Аталған   мақсатқа   жету барысында   төмендегідей міндеттерді    атқару    белгіленеді.

  • ХVІІ – ХVІІІ ғасырларды Қазақстандағы  саяси  жағдайыдың  себептерін  анықтау;
  • ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда қазақ  қоғамының  дамуын  сипаттау;
  • ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы қазақ  қоғамының    мемлекеттік  институттарын  көрсету,  ондағы билер   институттарын  ролін  анықтау;
  • ХVІІІ ғасырдың саяси қоғамдық дамуға  билердің қосқан  үлесін анықтау;
  • Көрнекті қазақ билерін   тарихтағы  орнын  анықтау;

Дипломдық   жұмыстың  деректік  қорлары:

ХVІІ – ХVІІІ   ғасырдағы қазақ  тарихы бойынша  материалдар,   сол  дәуірде жарық  көрген тарихи  еңбектер ,  заңдар мен   ережелер, қазақ  мемлекетің    басқа  елдермен   жасақан  дипломатиялық   келісім шарттары,   шығыс  және   қазақ  әдебеитін  шығарма  үлгілері,   қазақ  халқының  тарихына    қатысты     оқулықтармен  зерттеулер,   қазақ  мемлекетінің даму тарихына  қатысты  зерттеулер,  қазақ  шешендік  өнерінің    даму тарихына  қатысты зерттеулер,  қазақ  би  шешенерінің өмірімен   шығармашылығына    қатысты,  маатериалдармен  зерттеулер,  дәл айтқанда   нысаналықты «үш  пайғамбары», Н.Төреқұловтың   «Қазақтың   би  шешендері»,   С.Клишторнидің «летотис  трех  тысяча  летий», А. Сапаев « Әз Тәуке» және  т.б.  көптеген  билер жайлы  зерттеулердің   құжаттық  деектердің маңызын   ерекше атап  көрсеткен   жөн.

 

Диплом  жұмысының  зерттелудеңгейі: 

Еліміз  Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздік  алғанан  бастап  аталмыш    тақырыпқа  көптеген   авторлар  зерттеулерін арнаған   олардың  ішінен   қазақ  халқының тарихын   тереңнен  зерделеп, ғылыми  тұрғыда жіктеп   мұрағатты құжаттарға   сүйеніп,   әділеттік пен  объектілік    тұрғыда  шындыққа  жанасатын, тарихымызды  ұлы тұрғыдағы айқындап көрсетіп  ұрпаққа үлгі етерлік    етіп баяндалған. 

Қзіргі  кездетарихты  зерттеудің   нақты  принциптері  мен  міндеттерін   сипаттаған   мынандай еңбектердің  орны  айрықша. Мақсұт Нәлібаев  «Ұлы билеріміздің  жоғарғы   сотқа дейін», Нсынбек  төреқұлов «Қанатты  сөздер»,  Төреқұлұлы Нысанбек  «Қазақтың  жүз шешені»,  Б. Аданбаев  «Қазақ шешендері», міне осыларды атап    өтуімізге  болады.

Диплом  жұмысының  хронологиялық   шегі: 

Жұмыста  ХVІІ ғасыр  мен    ХІХ  ғасырға  дейін уақыт аралығы  қамтылады.

Диплом  жұмысының  методологиялық  негізі:

Диплом  жұмыста  қойылған   мәселелерді ғылыми  тұрғыдан   ашып  көрсету    мақсатында   тарихи  зерттеудің   диолектикалық     тәсілдерімен  тығз    байланыстылығы тарихилық,   салыстырмалық,   объектіліктік  сияқты  негізгі  методологиялық   принциптер  басшылыққа алынған.                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  — тарау. XVII ғасыр  аяғымен  XVIII   ғасырдың  басындағы   Қазақстандағы   қоғамдық   саяси  жағдай.

1.1.ХVІІ  ғасырдың  аяғындағы  Қазақстандағы  қоғамдық  саяси  жағдай.

Жазу-сызу өнері ерте дамыған халықтардың кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған киелі мұраларының бірі — энциклопедия. Алғашқы энциклопедия біздің дәуірімізге дейін X ғасырда Кы-тайда, кейінірек Грек, Египет Мысыр едцерінде, Рим империя-сында жазыдды. Ондай кітаптар сол еддердің нейінгі үрпағы үшін тарихнама, көне шежіренама хақында айрықша маңыз атқарып, өмір ғылым, қоғам, дүниетаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрып секілді сан саласы мағлұматтарды нақты ауқымды баяндап отырды.

Қазақ топырағында 1972-78 жылдары аралығында жарық көрген Қазақ Совет энциклопедиясының он екі томдығы совет өкіметінің дәуірлеп, коммунистік партияның «ақ дегені — ақ, қара дегені қара боп, ауыздан қағып, аяқты кісендеп, жеке-дара үстемдік етіп тұрған шағында дүниеге келгенді. Бұл, аты айғақтап тұрғандай, «Қазақ Совет энциклопедиясы» болғанмен, бүгінгі көзбен қарағанда, олқы түстарының көптігіне ешкімнің күмәні бола қоймас. Бір ғана мысал, өзіміз сөз қылып отырған би жөніндегі берілген анықтамаға көз жүгіртелік.

Би — әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманда шыққан үстем тап екілі әлеуметтік қатынастардың дамып, шиеленісуімен бірге, билердің кепшілігі қанаушы топтардың уәкіліне айналды. Билердің әдет-заң нормаларын талқылауда» бұл биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде кең праволары болды. Өкілдіктің мұндай өктем болуынан зорлық-зомбылық туып отырды. Билер соты Октябрь революциясына дейін қылмыстық және азаматтық істердің көпшілігін қалайтын ресми орган болып, қүн, барымта, қалың мал, әмеңгерлік, көп әйел алу т.б. патриархтық кертартпа қалдықтарды қорғап келді».

Міне, Советтік дәуірде би дегенге бүдан артық баға беру мүмкін емес-ті, Совет өкіметінің алғашқы жылдарында — би туралы көркем шығармаларында баяндалған оқиғаларға байланысты заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтен бастап, көптеген қаламгерлеріміз қуғын-сүргінге ұшырағаны баршаға мәлім. Бұдан би дегенге тек советтік дәуірде ғана қысым жасалған екен деген пікір тумауға тиіс. Бидің қоғамдағы алатын орнының айрықша екенін Ресей империясы өзінің Қазақстанды отарлау саясатының алғашкы жылдарында-ақ байқап, қайткенде де олардың ролін төмендетуте жансыздары, тыңшылары арқылы хан сұлтан, би батырлардың қазақ жұртын басқару саясатын барынша терең зерттеп үлгерді. Сөйтіп, ел басқаруда билердің орны сайлайтынын біліп алды. Ал қарауындағы бодан елдің күшті хандықтардан тұруы, ондағы билердің кей жағдайда хандардан тұруы, ондағы б да беделді күшті болуы Ресей империясының отарлау саясатын ойдағыдай жүзеге асыруына айрықша кедергі еді. Сондықтан да 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы  уставын» қабылдап, қазақ жерінде хандықты жойылды деп хабарлады. Алайда «Қазақ халқын ыдыратып басқару» саясаты мұнымен шектелмеді. Өйткені кезінде кей жағдайда ханның өзін алдына телмендетіп қоятын билер, Билер кеңесі сакталып қалғанды. Енді Ресей әкімшілігі билердің басшылық роліне біржолата балта шабуды кездеп,  1868 ж. қабылданған «Жаңа устав» бойынша  қазақ жұртында сұлтандық пен билік басқарудың бұрынғы жүйесін жойды.

Енді, «бөліп-бөліп ал да, басқара бер» деген саясатпен, казак даласы ұсақ болыстар мен бұрын көсемдігімен, шешендігімен танылғандар ғана өздігімен би атанатындарды енді халық сайлап, Ресек патшасының ерекше құқық өкілдері бекітетін болды. Бұл ғасырлар бойы халыққа қызмет етіп, тарихтың, қоғамның қалыптасуында айрықша рол аткарып келген билерді олардың бойындағы сан алуан тума қасиеттерді біржолата жою мақсатынан туған құйтырқы саясат еді. Олай дейтіміз, енді болыстыққа, би, қазалыққа өзінің дара қасиеттерімен би атанғандар емес, қара басының құлқынын ойлайтын, Ресей патшасы өкілдерінің айтқанын істеп, айдағанымен жүретін дарынсыз, мансапқорлар сайланды. Бұл жөнінде дана Абай өзінің «Үшінші сөзінде— әрбір старшина басы бір би сайлау саясатын сынай келіп, былай дейді. «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым салған қасқа жолын, Есім салған ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда  «Жеті жарғысы» білгендіктен білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы қалай өзгергендіктен ескеріп, бұл жаңа заманға келіспей тұғын болса, онда орнына татымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді ондай кісі аз,  тіпті жоқ».

Ұлы акынның «Бас басына би болған өңшең қиқыгл», -деп қын-жылатыны да осы кездің көрінісіне айқын куә.

Ал шығыс жұлдыздарының бірі саналатын Ш.Уәлиханов «Билер сотының ертеден келе жатқан халықтық түрі» деген мақаласында: Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген, қазақ өзнің заң бетіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдары  атағы халық  алдында  тез жайылып, олардың  аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған».

Енді сол халық даналықтарына сүйене отырып, билер бойындағы дара қасиеттерге қысқаша болса да жеке-жеке тоқталып санамалап өтелік. Бір ескерте кететін жаит: би бойындағы қасиеттерді санамалап көрсеткенде оқушы қауым біздің алғашқы атарақдарымыз бидің басты қасиеті де, соңғылары қосалқы қасиеттері екен деп қамағаны лазым. Бұл арада санамалау реті  шартты түрде алынып отыр. Бұл қасиеттердің бәрі бірін-бірі толықтырып» тәрт аяғынан тең басып тұрмаған жағдайда аты шулы билер додасында қарсы жағы, осал тұстан алып түсіп, омақастырып кете беретін болған. Сонымен:

Би — көсем. Кә, би көпті көрген, яғни «көре-көре көсем болған», кекірек көзі қиянды шалатын ойы орынды көнені ғана біліп қоймай, болашақты да тап басып байланды бағаналы болжап жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы керек. Бір мысал ертеде Орта Азияға жол ашуға ындыны кепкен Ресей патшалығының елшісі келіп: «Казақтар сіздер бізге бодан болыңыздар!»-деген ұсыныс  жасайды.

Олардың жат пікіріне қарсы наразылық білдірген билер: Осылардың өзін өлтіре салсақ кайтеді!»- десіп аза билер Төле, Қазыбек, Әйтекелерге соңғы сөзді жүктейді. Сонда бірі: «Алар ма еді мына көлдің қуын атып?»-дейді.

Екіншісі: Оғың шығын болмасын суын атып»,- дейді.

ҮшіншісІ: «Құтылмастай пәлеге қалып жүрмейік, құс екен деп перінің қызын атып»,-дейді.

Сөз осымен бітіп, орыс елшілігі аман-есен еліне қайтарылады.

Көргендік пе? — Көрегендік. Көсемді. Ендеше бұл мысалды одан әрі талқылау біз үшін сөзуалрық болар еді.

 Би — шешен. Би — майда сөздің мақпалы сара сөздің саңлағы. Бірде астарлап, бірде мысқылдап, бірде түйтектетіп, сүйекке жеткізіп, мақтамен бауыздап, қажет жерінде қара таспен қақ айырып түсерлік семсерден бетер от ауызды, орак тілді, ойы ұшқыр, қиялы қыран қанат, заңғар-заңғар ойлардан қас қағымда сөз зергерлейтін ақпа, асыл сөздің мәйегі.

Шешендік — көп халықта ертеден кездесетін қасиет, тіпті ежелгі Рим империясы мен Грек, Мысыр, елдеріндегі оқу орындарында «Риторика» деп аталып, негізгі пәндердің бірі ретінде жүрген. Онда болашақ ел басшыларын, заң қызметкерлерін, қоғам қайраткерлерін, өлшілерді, әдебиетшілерді, журналистерді ешқашан қағазга қарамай, шешен сөйлеуге үйреткен. Жазу-сызу дами келе бұл өнердің, соңғы кезде ұмыт қалғаны сондай, кейбір елбасшыларының өзі басқа бір елге барғанда не жат жүрт өкілін қабылдаған сәтте де екі-үш ауыз құттықтау сөздің өзін қағаздан окуы қандай қынжыларлық көрініс. Ал біздің билердің шешендік мектебі әуелі халық, сосын өздерінің тума таланты еді. Болашақта жастар арасында шешендік өнерді қайта  жаңғырту мәселесі өз алдына көтеретін ұзақ әңгіме боландықтан бұл жолы одан әрі топтасып жатпаймыз.

Би — Ақын. Бірақ ешбір би өзін ақынның деп санамаған. Жұрт та оларды ешқашан ақын деп атамаған. Соған қарағанда билердің шешендік пен ақындық тең тотастырып сөйлеуін соларға ғана тән әрі төл қасиет, заңды құбылыс деп санағандығынан болуы керек.

Нұрқожа биге арғын ІІІоқай бидің айтқан «Арыстанның белгісі» деген суырып салма сөзін алалықшы:

Қарызыңыз өнсе бітеді.

Жан жарығы сенсе бітеді.

Қанша қызық дәурен сүрсең де.

Дүние қызығы бітеді.

Арыстан айға шауып мерт болса,

Артында қалған нәсілі

Айға шапнас демеңіз.

Атаның салған жолына

Баласы түспес демеңіз.

Тіпті көптеген билердің қара сөзбен айтқандарының өзі төгіліп тұрған ақ өлең емес пе! Жетес бидің кәрілік қалқындағы мына бір сөзіне тоқтала кетелікші: «Он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым; Жиырмаға келдім: онда да балалығымды қоймадым; Жиырма беске жеттім: жақсы іске сүйендім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлуларға шүйілдім; Отызға келдім: алтайы қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар-кұрбының көңілін қалдырмадым; Қырыққа келдім арғымақтай аңқылдадым, тау қыранықдай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқыл-дадым; Елуге жеттім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды артымды тегін көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін көре алмадым; Алпысқа жеттім: асты тарау жолға кездестім, қайсысына түсерімді білмей, дағдарысқа ұшырадым; Жетпіске ке.лдім: жеңілгенімді білдім, билікті бала шағаға бердім, айтқанына көндім, жетегіне жүрдім».

Мұндай төкпе сөзді қай-қай бидің де аузынан мысалға ала беруге болар еді. Біз осымен шектеле тұрғанды жөн санадық.

 Би — заңгер. Биді жазба тілімізде сот деп жүрміз.  Бұл дәл емес, біржақты пікір. Әдетте даулы мәселені шешкен кезде кемі үш би болатын. Бірі — айыптаушы прокурор, екіншісі-ақтаушы адвокат, үшіншісі — төбе би судья. Ал сот дегеніміз бір ғана судья, яғни үкім шығарушы дегенді білдіреді. Сондық-таж биді сот деп емес заңгер деп қараған дұрыс, әйтпесе оның атқарар міндеті жалпыға түсінікті жағдайда би деп-ақ қалдырған жөн.

Осы арада тағы бір айта кететін жай бар. Қазақта сондай-ақ, жалпы түркі елдерінде би деген секілді қазы деген де сөз жиі кезігеді. Ол да билік айтушы, төрелік етуші болып саналады. Әйтсе де, би мен қазының арасы жер мен көктей. Казы бір өзі ғана жтгінушілерге шешім шығарып, төрелік айтадд. Ал оның әділдігі мен әділетсіздігі көп жағдайда тең түсіп жатуы ықтимал. Ондай жағдайда даушылар қазыдан асып, билер алдына жүгінген. ӘрІ жоғарыда айтқан және төменде баяндалатын биге тән касиеттерді қазыдан талап ету — орынсыздық, білместік, яғни қазы өзінің дүниетаным көзқарасына қарай дұрыс болсын, бұрыс болсын төрелік айтушы ғана» Ал би — көп жағдайда талқыға балып, демократиялық жағдайда шешім шығарушы.

Биге орай тағы бір ескерте кететін жай, халық  арасында.  Би екеу болса — дау төртеу» деген сөз бар. Мұны кейде билер жүрген жерде дау көл деп» сыңаржақ ұғып қаламыз. Қате. Бұл арада даулы мәселені екі жақ би емес, үш би яғни тақ шешсін дегені. Демек, бірі — айыптаушы немесе құн даулаушы екіншісі ақтаушы немесе құн сұраушы, үшіншісі — ортақ  әділ шешім айтатын төбе би болсын дегенді меңзегені»

Би — елші дипломат, мәмілелер. «Жауластырмақ- жаушыдан, елдестірмек — елшіден», «елшісіне қарап елін таны» секілді тек қазаққа ғана тән емес түркіден келе жатқан көптеген мақал-мәтелдерде қаншама терең мағына жатқанын оқушы қауым біз еліктемей-ақ өздері де жете пайымдайды деп есептейміз. Мұны айтып отырған себебіміз, би тек ел ішіндегі даулы мәселені шешеді екен деп қарауымыз да жете бағаламағандық. Әрине жеке адамдар, ту тайпа ұлыс аралығындағы кикілжіңді ел мен ел арасындағы даулы істермен қатар қоя алмаймыз. Сол себепті де соңғы мәселені шешу тшін жат жұртқа нағыз көсем билерді жіберіп отырған. Өйткені ондай сәтте елшілікке  барған бидің мойнында тұтас бір халыктың тағдыры тұрары сөзсіз.

Біз төменде Қаз дауысты Қазыбек бабаның жоңғар ханына елшілікке барғанда айтқан сөзінен мысал келтіретін болғандықтан бұл мәселеге бұдан да әрі тоқталып жатуды артық санадық. Тек бір ғана айтып өтетін жайт: билер жеке адамдар, рулар, ел мен ел арасында да барлық мәселені мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешіп» әрдайым бітуаластыруды мұрат тұтқанда және солай шешкенде ғана оның атақ-даңқы жайыла түскен.

Би — Батыр Билар арасында қол бастап жауға шауып талай рет дүйім елдің сүйіспеншілігіне ие болған батырлар да аз болмаған. Жәнібек Малайсары, Наурызбай, Райымбек, Сырым, Мыналар секілді батыр билеріміздің тізімі құлаш.

Алайда бидің батырлығы қолына қару алып, жауға шапқанда емес, қылышынан қан тамған каһарлы хан-сұлтан немесе етектен кесіп жең болмайтыны секілді, елдесуден кеткен ежелгі дұшпан алдында тұр екен деп, именбей, керекті жерінде алдыспаннан өткір тілмен турап түсетін әділет сөзін айтуында деп саналған. Бидің әділ де өткір сөзі еттен өтіп, сүйекке жеткеннің өезінде даңғой, қанқұйлы біреу болмаса, орынды айтылған сөзге ата жаудың өзі де қарсы қылыш көтермеген.

Би — саясаткер, қоғам қайраткері. Әлгіде мәлімдегені-міздей, би қоғамдық мәні бар мәселелердің бәріне араласып ел мен ел арасындағы саяси жағдайларды шешуде хан-сұлтандардың негізгі тірегі — уӘзір орнындағы кеңесшісі де болған. Хан қаншама қапарлы дегеннің өзінде Билер кеңесінде көпшілік дауыспен қабылдаған шешімді жеке бұза бермеген. Әйгілі Өз-Жәнібек ханның жанында ел ішінің сыртқы саясаттың барлык мәселелерін талкылап; баға беріп, жөн -жоралғы сілтейтін шығыс биі болған деседі. Атақты Абылай ханның жанында үнемі кеңесші сегіз би жүргені бүгінде баршаға аян. Ал иісі қазақтың басын біріктіріп, тұтас хандыққа қол жеткізген Әз тәуке бүгінде ежелгі Гректің Солон заңымен «үзеңгілес делініп жүрген «Жеті жарғыны» жазғанда, жанында ошақтың үш бұтындай тең тұрған үш арысымыз: Төле , Қазыбек, Әйтекелердің болып солардың ақыл кеңесіне Сүйенгенін ешкім жоққа шығара қоймас.

Күлтөбе. Мәртөбе бастарында өткен талай алқасы кеңестерде ел бірлігі ауқаты аландығы болашағы жайында салауатты, сали-қалы ақыл қосатын да осылар емес пе еді.  Небір орақ ауыз, мінезі қиғаш хан-сұлтандарымыз, батырларымыз көп жағдайда осы билерімізді аузына телмеңдеп, уәжін құп алмаушы ма еді.

Би — Ойшыл, Ғалым. Биді ауыл арасындағы немесе ел мен ел арасындағы даулы мәселелерді шешіп, қоғамдық өмірге ат салысады деумен шектелсек, әлі де оның қадыр-қасиетіне үстірт қаралған тоқталған болар еді. Ол халық тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жете меңгерумен бірге заңғар-заңғар ой түйе білген философ ғылымның, әр саласынаң жақсы хабардар, білімпаз
жандар еді. Халықтар шежіресін, діни ілім-білімді зерделеумен қатар, күн, ай, жұлдыз, жер, су, тау, көк аспан мен жеті қатты жердің асты-үстінде қыбырлаған коңыздан бастап, барша аң, құстың, жан-жануарлардың сан-алуан, тірліктерін қасиеттерін жете білген. Сонар-сонар пікір айтар жерде соларды салыстырмалы түрде мысалға келтіріп, сом-сом ой түйіп, өлмес қағидаға бергіс қанатты сөздер қалдырған. Тек өткенді немесе көз алдарындағы көргенді ғана пайымдап, ой түйіп қоймай болашаққа көріпкелдік-пен болжау жасауда көбіне осы кесем билердің еншісіне тиген десек, асыра дәріптегендік деп бізді ешкім сөге қоймас. Мысал ма? Мысал тіпті көп. Дегенмен солардың Ішінде ең бір кеңесі, яғни осыдан екі мың жылдай бұрын айтылды деп жүрген Майқы бабаның мына сөзі жеткілікті шығар:

Әлі заман өзгерер,

Өзгергенін көз көрер,

Мінгенің арба болар,

Бар құс қарға болар,

Жансыз арба ат болар,

Өз балаң өзіңе жат болар,

Темірден құс болады,

-Ұрпағыңның көргені сұс болады.

Адам басы ауырып дақ шатылар,

Базарында сұйылып сүт сатылар.

Еркек билік тал болар,

Сиыр пұл болар

Еркек жасып — и болар.

Қатын тұлданып — би болар.

Төсекке есеппен жатарсың,

Жыныс зарпын ақшаға сатарсын.

Иекке тиер қызыл аз болар, Адам шаштан айрылып — таз болар.

Он бесте аузыңнан аршырсың,

Тушсыңнан тамаққа таршырсың,

Сары судан ас болар,

Балаң өзіңе кас болар,

Жұрт пақыр болар,

Жер тақыр болар,

Осындай қилы заман болар. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би», — деп халық бекер айтпаса керек. Оның бұл сөзін кемеңгерлік, көргендік демегенде, не дейміз.

Тарихтың кейбір тастарында бидің шығуын осы Майқының көзімен байланыстырады. Бірақ біздің ойымызшы би хан деген сөзден де бұрын ұшырасатын болғандықтан, оның түп төркіні сонау ру басы тайпы басы деген сөздердің тарихымен тұтас жатқан секілді.

Би — психолог әртіс. Би — адам жан дүниесін, мінез құлқын бірер кергеннен-ақ тап баса алатын өте қағылез, әдеп-ті әтик, психолог болуы шарт. Сонымен  бірге, әділет сөзінің өзін қарсы пікір таластырушының арына, намысына тиіп өршілендіріп немесе шешендік ақындық айтыстарда ұшыраса беретіндей қарсыластық жеті атасының беретіндей, қарсыластық жеті атасының бірінде кезіккен. Кемшілікті, не қара басының жеті мүшесіндегі бір кемтарлықты кекетіп мошқап, мұқатып, шапдандырып алмай байыпты сөйлегенде ғана дітегеніне жетеді.

«Тура биді туған жоқ, туған биде иман жоқ», — дейді халық. Алтыннға айырбастағысыз асыл да ақиқат сөз. Жақыным едің деп жалтақтамай, жатым едің деп тусыртын бермей тура сөйлеген биді ғана халық пір тұтқан. Бірак сол әділет сөздің өзін кімге, қалай жеткізуді игермеген биді әлі жетілмеген, сыңар қанат құс санатына қосқан. Сондықтан да, көсем билер қарсыласының жан дүниесіне үңілумен бірге оның әрбір қимыл-қозғалысын үн болуын қалт жібермей, қадағалай білген. Соған орай өзі де үн бояуын құбылтып дауыс ырғағын бірде желдіртіп, бірде төкпек-тетіп, енді бірде-ак жауындай себелетіп сөйлеумен бірге, әр сөзінің мән-мағынасын ашатындай ғып қимыл-қозғалысын бет-пішінін, қасқабағын «ойната» білген тамаша әртістік қабілет иелері. Сол арқылы жүректен шығып, жүрекке жетіп отыруын көз-деген. Әр ағаш қимыл дауыстағы сенімсіздік, бейсауат әрбір іркіліс — орашолақ ойдың көрінісі   деп түйген.

Би- тәрбиеші. «Бай болар бала айырбасшыл би болар бала ағайыншыл», «Өсер елдің баласы он бесінде баспын дейді, өспес елдің баласы он бесінде жаспын дейді» секілді толып жатқан мақал-мәтелдердің әу бастағы иелері, мүмкін билер шығар? Қалай болғаида  да, би атанып, халыққа танылғандар.  Өзім болдым, өзім толдым кейінгілер өздері білсін, — деп келге ойлап кем пішпегендер, өйткені олар – хал – қадырынша  жоқ-жігіттің әлдіден әділетсіздік керген әлсіздердің жоғын жоқтал, елдің кешегісі мен бүгінгісін ойлап, болашақ мүддесін көздеген» жандар.

Таудың аласармауын, бұлақтың сарқылмауын мұрат тұтқан әр би өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы, ел қамқоршысы болып жетілуін қаперлерінен шығармаған. Мүмкіндігінше өз балаларының бірін болмаса ат аяғы жетер жердегі көкірегінде сәулесі, көзінде аты бар жастарды қыран шалар қия биіктен танып, тәрбиелеп, баулып баққан. Болашақта соларға ұқсап ел мүддесін көздесем-ау деген талапты жастар ондай дуалы ауыз билерді өздері іздеп барып бата алған. «Баталы ер арымас» дегенде содан қалса керек, Үміт етіп сенім артқан ондай жастарға батасын берумен бірге, өмір бойы өздерінің жинақтаған тәлім-тәрбиесін ұлағат сөздерін құлақтарына құюдан жалықпаған, сара саналы дана ойлы тәрбиеші, ұстаз билердің есімі халық жадында мәңгі сақталып қалуда.

Батыр, шешен, би  Сырым өзінің өнерімен ел Ішінде тым ерте танылады. Ол он бес жасында елге сыйлы Бөкен биден бата алуға барады. Сырымның алғырлығына, ұғымдылығына риза болған би батасын береді.

Арқаң қара нардай жауыр болсын, Мінезің қара жердей ауыр болсын Өкпең жоқ, кеудеңде бауыр болсын, Құлағыңнан сыбыр кетпесін! -деп батабын бергеннен кейін Сырымның бұл сөзді қаншалықты зерделегенін білгісі келіп осы жұмбақ батасының мән мағынасын  сұрайды. Сонда Сырым:

— Арқаң қара нардай жауыр болсын дегеніңіз — халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл дегеніңіз. Мінезің қара жердей ауыр болсын дегеніңіз — беріден ойлана, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегеніңіз. Өкпең жоқ, бауыр болсын дегеніңіз — инені жіпке тізіп, не болса соған өкпелеме дегеніңіз. Құлағыңның сыбыр кетпеуін дегеніңіз — ел арасында, дау-жанжал кеп кездеседі. Сол мәселені  өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс терелік бере біл дегеніңіз — дейді.

Бөкен би Сыркмның ақылдылығына шын риза болады. Сонымен, қазақ жұртының халық болып бір тұтас елге айналуында, дамып, өркендеуінде айтулы хан-сұлтандарымыз, батырларымыз бен бірге көсем билеріміздің да айырықша үлес қосқанын айту еркіндігіне егеменді елдікке қолымыздың жетуі арқасында ғана мүмкіндік туып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.ХVІІІ ғасыр басындағы   саяси   тарихы  және  қазақ  тілі.

Жер шарындағы екі мыңнан астам үлкстардың қай-қайсысындағы сияқты қазақ халқының да ұлан-қайыр тарихы мен діні, тілі бар. Казақ халқының өткеніне көз жіберсек, қаншама кемеңгерлерін, қоғам қайраткерлерін, ғалымдарын көреміз. Хал-қымыздың тарихын терең білуде өте ерте заманнан мағлұмат беретін археологиялық этнографиялық және антропологиялық материалдрамен қатар осы уақытқа дейін жеткен аңыздар мен жырлардың маңызы зор екені белгілі.

Түркі қағанаты мен сонау қараханидтер, қимақтар, қыпшақтар т.т. мемлекеттер дәуірінде Қазақстан мен Орта Азияда көптеген қалалардың пайда болуымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Орта ғасырлар заманында әлемге аты белгілі болған Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласеғұн, Мұхамед Хайдар  Дулати,  Қорқыт ата ?да  Ахмет Яассауи сияқты көптеген кемеңгер ғалымдар шықты. Сөйтіп, біздің халқымыздың әлемдік өркениетке хал-қадірінше үлес қосқанын мақтанышпен айта аламыз.

Ал Казақстанның егеменді ел болып, тәуелсіздік алуын ең алдымен өз тарихын терең оқып білуге жол ашты. Соның нәтижесінде тіпті біржола ұмыт болып бара жатқан ардагерлеріміздің айы қайта оралып отыр. Бұл бүкіл халқымыздың әсіресе жастарымыздың, өткенімізді білуте, тарихи ұлттық мақтаныш етуге, олардың өшіп бара жатқан ұлттық мақтанышын оятуға әсер ететіні сөзсіз. Мысалы Жоңғар шапқыншыларына қарса көп жылдарға созылған азаттық соғыс кезінде аттары аңызға айналған батырларды, билерді, хандарды дүниеге келтірді.

Солардың Ішінде ерекше орынға ие болған Қаракесек Қабанбай қанжығасын Бөгенбай шайырашты Наурызбай, қойгелді батыр, Ақпан батыр сияқты басқа да ондаған батырларды егеменді ел болғаннан кейін ғана көпшілік қауым біле бастады. Сондай-ақ қазақ жонғар шапкыншыларға қарсы үш жтздің біріктіріп бір бысшыға бағынуды ұйымдастырған Төле би Қаз дауысты Казыбек би, Әйтеке билер өз заманының нағыз белсенді көсемдері екендігінде дау жоқ, және ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Тәуке ханның  Төбе биі болған Төленнің ойы бойынша саяси биліктің ең жетілген түрі сұлтандардың емес, билер кеңесінің шешіміне сүменген хандық билік деп тұжырымдайды. Төле биге бай күт емес би кұш», «Қабырғадан қар жауса атан мен нарға күш ел шетінен жау келсе, батыр менен биге күш-деген енегелі ойларын айтуға болады. Ел басылары үкімі билердің ақыл кеңесіне зер салып ықыласпен тыңдап іске асырса ғана нәтижелі болатыны айғақ.

Жолан батыр жайлы көбірек айтудың себебі оның әкесі Төле жау калына аманатқа жібереді.

Мұны тек халқын сүйген адам ғана орындауы мүмкін. «Біздің айқас — азаттық үшін айқас. Алла біздің жағымызда» — деп жұртты жігерлендіріп ел азаттығы  тәуелсіздігі үшін күресі. Төле бидің бұл арманы 300 жыл өткен соң ғана іске асып  отыр.

Ілгері заманда адамдар өзінің ой пікірін аңызша сөйлеу, яғни өлең жыры мақал-мәтел т.т. арқылы жеткізіп отырғаны белгілі. Сондықтан да қазақ елінің осы сияқты сөз құралдарын кең пайдаланып өнерге айналдырып отырған шешендер билер т.т. с.көп болған. Бұлардың айтқан сөздері адамның жан жүйесін сүйсіндіріп те, күйіндіріп те тітіркендіріп те, ақыл-ойын, сана
сезімін оятып та, тапқырлығын арттырып та отырған. Сондай-ақ бұлардың нақыл сөздерінен адам жан дүиесіне тән мінеа фенотика темперамент генотив қабілет сияқты ұғымдарға жеткілікті жауап  болады.

Төле би заманында киелі әулиелерге ырым ету, сыйыну, табыну, кажылык ету, ырымшылдык, бас июшілік, түске сену, кыдыр дару, кыдырлы адам деген үғымдарға сену кең орын алды. Арыстаа бап, Ахмет Иассауи, Меккеге кажылық ету т.т. дәсттр-ге айналған. Тәуелсіз егеменді ел болғалы әулиелерге сыйыну, ата-бабалардың әруағын еске алып, күрметтеу әдет-гүрпымызға кайтаю еніп келеді.

Мысал ретінде Теле бидің үстаздық, ел түзушілік кызме-тін, жастарға тәлім-тәрбие беруін өзі тәр£иелегі өеірген Кой-гелді батырдың озык жағына да, оішк жегізер аңғалдығына да әдІя төреші балғаны — көргендік, үлгі.

Төле бидің философиялық көзқарасы ерекше бір дүние. Тәуке хан мен Төле би сұхбатынан айқын көрінеді. Бұл мәселе, Тәуке ханның Төле биге қойған «білімнен  ұят күшті» деген сұрауы  оған берген Төле би жауабының, оның философиялык, психологиялық көз қарасының қалыптасуын көрсетеді.

Осы сияқты «Ерді-намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Қорқақ күнде мың өледі, ер адам өмірінде бір өледі» деген сияқты мақал-мәтелге айналған сөздердің қандай философиялық мәні бары белгілі.

Төле би — кеп оқыған, білімін өз бетімен шыңға көтерген ерен туған дара тұлға.  Жалпы Төле би жаратылысында, Іс-әрекеті де жау қандай күшті болса да оған қарсы қояр күшті, ақыжен жеңуді іске асыруды ойластырып отырған. Соның бір мысалы, Жоңғар шапқыншылары елге шабуыл жасағанда күшпен 1 карсылық көрсетіп, елін қырғыннан сақтаудың мүмкіндігі болмағанына көзі толық жеткен соң, ақылмен ел сақтауды ойластырады. Ол үшін шығыс халықтарының әдет-ғұрыптарына, сеніміне сүйенеді. Ерте замандары «Шығыс халықтары, қарлығашты әулие құс санайтынын білгенді. Осы білімі шабуылдың алғашқы күндерінде-ақ жоңғарлар сеніміне ие болуға мүмкіндік берді. Осы окиға мынадай жоңғар шапқыншылары келіп қалғанда Төле би үйден шыкпай отырады. Неге шықпадың — деп сұрағанда Төле би: — мен тастап кетсем мына қарлығаш ұясы бұзылып қарлығаш балапанымен қырылуы мүмкін, — деп жауап қайырады. Мұны естіген жоңғар басшылары: «Бұл кісі әулие екен тимеңдер»,-дейді. Сөйтіп, Төле би олардың сеніміне кіреді. Олардың бодауында болса да, қазақ халқының егемендігін -сақтауға барлық күшін салады. Осыдан бастап өзбек ағайындар Теле биді «Карлығаш әулие» деп атап кетеді. Олай болса көне заманнан бергі Казакстан Мемлекеттік баскаруының саяси тарихын колға алатын уакыт жетті. Ол тарихта ерекше орын алатын Іоңғар басшыларымен соғысып» елді біріктіріп, біртұтас ел етіп, азаттыққа күш салған саяси қайраткерлердің білу ретінде тарихи белестері баска да саяси қайраткерлердің Қазақстан тарихында алатын орнын нақтылай өнегелі әңгіме етуіміз керек. Қазақстандағы сол ХVII-ХVIII ғ,. билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке: хандар: Тәуке хан Абылай хан т.т..Олардың іс-жтзінде асырған сыртқы және Ішкі саясаты халықты біртұтас ел етудегі ролі ерекше де, үлгі-өнеге боларлық та.

Сомдаған болат сияқты түтас ұзақ, — деп Қазанғап ақын шабыттана жырлаған Төле бидің өмір жолы, өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі мен мінез ерекшелігі, қоғамдық-саяси қызметі мен дүниетанымы оқырман қауымды ежелден қызықтырып, тәнті етіп келгені мәлім. Бірақ щінішке орай, жетпіс жылдан астам уақыт үстемдік құрған әкімшіл әміршіл саясат еңсемізді езіп, еркін ойлауға мүмкіндік бермеді, қайта ата-бабамыздың тарихынан біржола қол үздіріп, тектілігіміз бен болмыс бітмімізді,ұлттық психологиямызды ұмыттырып» одан жеріндіру үшін түрлі әдіс-айла қолданды.

Ендігі жерде ғасырлар бойы армандап, Әзер жеткен еркіндігіміз бен теңдігімізді баянды ету үшін күресуіміз керек. Қасақана өңі айналдырып, бтрмаланып келген ата тарихымызда енді шындық көзімен қарап барымыз бен жоғымызды түгендеуге, әсіресе қиын-қыстау сын кезеңінде келер ұрпақ болашақ үшін басын қатерге тігіп жерімізді, елімізді жаудан, даудан қорғаған көреген хандарымыз бен билеріміздің, дулығасы батырларымыздың ерен ерлігін құрметтеп, қастерлеуге, өткен тарихымызды жақсы білуге міндеттіміз.

Ата-бабаларымыздың өмір жолы айсыз түнде адастырмай алға бастар жарық жүлдыз десек„ сол жарық жұлдырдарымыздың бірі -Төле баба екені аян, «Жазулы болып өзінен дайынды. тарих қалмағанымен» ұлы баба туралы азын-аулақ архивтік мәліметтер, ел жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жеткен құнды деректер баршылық.

Ең алдымен бізді:»Төле бидің ата-тегі кім еді?»деген сұрақ қызықтырары анық.

Қазақ республикасы энциклопедиясында: «Теле би-Дулат тайпасының жаныс руынан. Тоғыз ұлды ҚұдайбердІ әулетінен Төлеге дейін байда би де шықпағанолар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған»,- деп жазылған. Бұл мүлде жаңсақ пікір. Әділетіне жүгінсек, Төле би — атақты билер әулетінің ұрпағы. Қазанғап ақынның: «Он бір ата үзілмей, билігінің жанасы»,-деп жырлауында шындық бар.

Төле бабаның арғы арасы — Бақтияр сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем. Жұрттан асқан жомарт, Әділ би болған. Оның есімі бүкіл үйсін ұлысының ұрпағына айналған.

Төле бидің Бақтиярдан кейінгі бабасы Ақарыстан — Хейді би, Кейкі биден — Төбей би, Төбай биден — Майқы би тараған. Майқы би өз заманында Шыңғыс ханның бас уӘзірі болған. Ш.Уалиханов «Қырғыз-қайсақ үлкен ордасының ертегілері мен аңыздары» деген еңбегінде Майқы бидің үлкен орда ру басы және Шыңғыс хан замандасы  болғанын жазады. Шыңғыс хан жорыққа кеткенде, ол хан ордасында билік жүргізіп, түйінді мәселені өзі шешіп отырған. Аяғы ақсақ болуына байланысты күймеге мініп жүрген. Батыр есебінде Жошы әскерінің оң қанатын басқарған. Алаш ханды ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтерген деп Майқы деседі.

Майқы би көп жасаған жеті ханды қолымен өткеріп, бар ғұмырын халық келешегін ойлаумен өткізген. 120 жасқа жеткенде үш жүздің таңбаснн таратқан. Ұлы жүзге ту ұстатып, орта жүзге қауырсын, кіші жүзге найза берген. Осы бөлістен соң Майқы би туралы «Хан біткеннің қазығы- бұқара жұрттың азығы деген мәтел кең тарап кеткен.

Төле би және оның дәуірі

Бұл қазақ қауымының өміріндегі ең ауыр да қасіретті кезең. Оны ұмытуға қақымыз жоқ ешқандай.

Бүгіннің биігінен қарап, каншама құбылтып, қақпақыл ой-натқанмен тарихтың аты тарих. Оны әрбір қоғамдық құбылыстың ығына жығып қолжаулық етіп қанжығасына байлап қиянат құрығымен қылғындырып, қайта жазуға ешкімге дә құқ берілмеген. Тарихтың тәлімін көкейге түйіп ащы сабағын алмағанымыздың  ықсуатын көріп, жазырын тартып келеміз. Оның болмасыз баттері талай шындықты алға тартып, келеңсіздіктерге көз жеткізеді. Сөз ығыты келгенде айтқан абзал, біз өткенімізді Батыс араб парсы мен қытай-жапон деректерімен салғастырып, бағалағанда ғана көп беймағлұм жайлардың ақтаңдақтары ашылады, деп ойлаймын.

Бір кездері қыр үстін каһарымен тітіркенткен құдыретті қанағат пен хандықтар өзара іштей алауыздықтан әлсіреп, тақ пен тәні үшін тайпалас қырқыста титықтап, алты алаштың мызғымайтындай іргетасы сөгіліп, жан-жақтан байтақ жеріне көз алартқан дұшпандарына айбарлы күш болудан қалды. Бір ошақтың тұтас үш бұтындай болып, сүттей үйіп отырған ел-жұрттың шырқы бұзылып, тыныштығы тапталып, шығыстан жөңкіген жоңғар-қалмақ қалың қолына төтеп бере алмай аласапыран да жойқын шапқыншылыққа ұшырады. Ұлы далаға жасалған дүркен-дүркен шабуыл қазақтарға құрып кету қаупін туғызды. Сөйтіп 1723 жылғы жылан жылымен келген жеті ағайынды жұтпен бірге жүргізілген басшылық соғыс байырғы көшпелі ел үшін қанды қырғынмен аяқталып тарихқа «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп енді. Бөрік астынан бері жар астынан жау шығып, аяулы ер-азаматтар, қыз-келіншектердің басы байлауда, мал-жаны айдауда кетті. Өкшелей қуған  көшпенді жаудан ығысып, Алтай, Арқа мен Жетісудағы ата қонысынан ауған қазақтар жолай Қаратауға «Каратаудың басынан көш келеді аз уақыт паналап, тіпті болмаған соң Сыр бойын сағалап, алдымен Жиделі байсынға, одан әрі жайыққа қарай үдере өтіп кетті. Оқтын-оқтын оларға Иранның НӘзір Шаһына арқа сүйеп, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтары да оңтүстіктен тықсырып, қоқан лоққы көрсетіп отырды.

Тап осы қиын-қыстау кезде Төле би қоғамдық өмір сахнасына шыққан, ол туған халқының даналығы мен кемеңгерлігінің айнасы, қазақтың біртуар перзенті негізгі деректерге сүйенгенде бірде Шу бойында, енді бірде Бадам өзенінің жағасында өмірге келіп қандай қиыншылықтар болғанына қарамастан ұзақ жасап, Жиделі байсынды жайлап» тоқсан үш жасында Шыназда дүние балып, өз өсйеті бойынша денесі Ташкенттегі Шайқантәуірде жерленген. Бұл кесере Қарлығаш әулие деп аталып, зиярат етушілердің киелі орнына айналды.

Әлі күнге өкінішке орай, халқының зердесінде соншама өшпестей із қалдырған тау, тұлғалас бабамыздың туған топырары мен ескен ортасы туралы мәліметтерде бір ізділік  жоқ. Қарт журналист Л.Рсымбетов Төленің Қазығұртқа жақын Бадам өзенінің жағасындағы Бәйтік мекенінде туғанын айтып, 1751 жылы 63 насында Тәшкентте өмірден өткенін баяндайды. Ал К.Аманкелдиев оны Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында 1663 жылы дүниеге келіп, 1756 жылы бірде Ақбұрқан — Ордада Қазығұрт қойнауы тағы бірде Шыназда қайтыс болды деген қарағар дерек келтіреді. Қалай дегенде де Төле Әлібекұлының ғұмырнамасы ақтандақ пен қаратаңдық көп екені рас. Бұрмалай, тізеге салмай, бір пәтуаға келсек, оның туған жылы 1663 жылы екені акиқат.

Нақтылай кетсек Теле би Жоғар Шыршық, бөтем мен Қаратау қойнауларын ең жайлаған ұлы баба Бәдібектің кіндігінен тараған. Дулат жұртының  бір бұтағы жаныстың жетінші ұрпағынан жаныстан Жаңтобы,  Жайылмас, одан Қонан берді одан Құдайберді, одан Әлібек өрбиді. Оның әулеті шынжыр бұлақ, шұбар төскен емес, иіс алмас момындағы үшін ағайындары арасында «Қарашоғыр» атанғанымен, Әлібек орта шаруа болса да аса беделді кісі болатын. Көкірегі қазына Төленің оқығаны да, тоқытаны да қыруар мол. Ол туралы халық арасында бүгінге дейін шежіре мен аңыз өте көп. Онда абзал атаның азаттық асқақ қасиеттері аз айтылмайды. Төле би Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше сықылды көсем де шешен кісілердей Бұқараға нағыз қамқор мен жанашыр болып көрінеді. Ол жалғыз өз қандастарын қоғамдастырып қана тек жалғыз Ұлы-жүз кемесе Жаныстың ғана қорғаны болмай,бүкіл алаш азаматтарын желеп-жебеп, өміріне өріс, көңіліне кеңес тілеп, батагөй болып жүргенін көрсетеді.

Атасы көз жұмарда көңілін сұрай келген ақын қыз Жаңыл:

— Жәке, арманыңыз бар ма? — деп маққұлдасқандай болғанда, Төли би жастықтан аударылып, түсіп қиналыпты: — «Шырағым, баласың-ау!… өзгелерден  менде арман көп.  Себебі қазақ-қығыз біртуғанындай күнінде туылып, алаң ашық болып  бытырап тозып, енші алған күндерінде кайтып өтіп барамын.

Бұлардан тыс та:  «Бүткіл билікке Төле би, бүкіл хандыққа Есімжан жеткен» десе; «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ» деп есептелінді. Сом алтындай тұлғаны барықша тануға себулеп сәуле құяды.

Аңыздардың ар жағында да ақиқат бар. Бәрі бір бұлардың барлығы асыл бабаның биік болмысын түгел жарқыратып ашып бере алмайды. Ол заманынан әлдедайда  озық туған заңғар жан.

Айдынға ұласатын бұлақтар басынан тұнады. Билік пән шешендік халық арасында бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр еді. Тақыр жерге ешнәрсе шықпас болар. Бірақ қазақтың даңқты үш би,  ұстыны Төле, Қазыбек пен Әйтеке оны тек қана өнер деп қарамай, қоғамдық-әлеуметтік сипат беріп дала демократиясын одан әрі дамытып, орнықтырып, барынша пайдаланды. Рас шешендік пен ділмарлықты кәсіп етіп, бауырдың бүтінін емес, ауылдың түтінін аңдып Қарақан қара басы мен күйбің күнкөрісін күйттеп, аузы болбыр таппай, тілін безеп, жағын сауған құтұяқтар аз болған жоқ. Ертегіде иесі бар шешендік сөздер кейіннен келе-келе толығып, құлпырып, жанданып көшпелі алтын сияқта сусып басқа біреуге жамалуы да мүмкін. Кейде қоймай ұлт алаштың қаймағы бұзылмай, тату-тәтті ақжарыл-қап заманда өмір сүруін аңсап өтті.

Төле өмір сүрген заман қазақ халқы басынан небір қиын кезеңдерді өткерген түс еді . Осы кезде ол әрдайым халқының касынан табылып, кек найзаның ұшымен де қызыл тілдің күшімен де туған даласын жат-жұрттық басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан.

Ел арасында Төле би айтты дейтін шешендік сөз үлгілерінің бір төркіні былай болып келеді. 1740 жылы қалмақ билеушісі Қалдан Сереннің қолшоқпарлары ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді, Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады.  Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған елбасылары түгел жиналды. Сонда Қарабек батыр: жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ» деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі,

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі — деп шырык бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді.

Әрине, әр мезгілдің өзіне тән қазіргі бізге қиынсыздау, өрсілеу көрінетін мәйрімі? әдет, ұғым мен заңдылыктары болған. Ол кезде жаушы аттандырып, елшілік алмастырумен бірге қарсылас хан сарайларына татулық белгісіндей ет жақын бауырларын да сенімдік үшін аманатқа жіберіп отырды. Бұл жеке басқа төнген қара бұлт Төле биді де айналып өтпейді.

Жалпы жұртының мақсат-мүддесі үшін жанқиярлық танытып өз балаларын да осылай оққа байлап беруден таймаған Төли би Төле айтты дегенді Қазыбекке, әйтпесе Әйтекеге теліп жатса оның таңданарлық ешқандай айып шамы жоқ. Оның дер кезінде хатқа түспегендіктен өзіндік сыры бар. Қара қылды қақ жарып, олар билікті төрт көзі түгел отырып бірге айтқан не бір-бірінің жан семіртер жақсы сөздерін үлгі-өсиет ретінде тәрбие үшін ел арасына таратып насихаттап жүргендігі шындыққа жанасады.

 

 

 

 

ІІ – тарау. ХVІІ – ХVІІІ   ғасырдың  басындағы  қазқа билеріне  шолу.

2.1. ХVІІІ  ғасырдың   басындағы   қазақ   билерінің    ролі

Зерттегенге көкжиегі әрі кеңейе беретін ең кем дегекде бес ғасырдай тарихы бар поэзияның пірлері» ақын-жыраулар ,билер мен шешендер, даланың қоғамдық өмірінде зор міндет атқарып, оған белсене араласып отырды. Олардың даусы бізге қай дәуір түкпірінен болса да естіліп ,тұр. Бүкіл түрік әлемінде теңдесі жоқ қазақ ауыз әдебиетінде даналық сөздер арнайы жанр кұрады.

Бәйгеге жылқыдан тұлпар қосып, құстан сұңкар салып ғұмыр кешкен көшпелілер ең, алдымен жер-су тау-тас, жайылым қоныстарының тозып кетпеуін қадағалайтын. Бұл үшін етек-жеңі жинақы кеші-қоны оңтайлы еді. Сайын сахараның бар-бар сән-салтанатын бастан өткеріп, ұлттық қадір-қасиетті тұрмыс, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпы тамаша түйсініп кешпелі өмір бауыр етінен жаралған Төле оның артыкшылықтары мен кемшілігін білмей қалған жоқ. Ырыс құт, ынтымақ пен берекенің ортаймас қара қазаның қайнататын отырықшылық еді. Сондыктан Төле би бау-бақша егіп, дикандықпен қолөнерін кәсіп етіп, ғимараттар салып, бір орталыкка топтасып, тіршілік етуге үндеді.

Ат жалын тартып, мінгеннен бала би атанса да Төленің ерте билік пен ел баскаруга араласканы туралы колдағы мәлімет жоқтың қасы. Бірақ оның айрыкша тұлғаланың көрініп, қауымдастық танытып, даналығымен де кемеңгерлігімен де көзге түсетіні Әз-Тәуке хандық құрған 1680-1718 түс «Жеті жарғының» жазылып дүниеге келетін кезі бұл. Төле би өзінің ақылман әріптестерімен үзеңгілес жүріп, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп оны жаңа жағдайдағы түз тіршілігіне сәйкес бай мазмұн мен түр беріп, қайта түзді. Олар ескі сүрлеуге түсіп кетпей өмірдің көп жағын заңдастырды.

Шынында «Жеты жарғы» өз заманында ілгерішіл үлкен маңыз атқарған қажет. Онда ғасырлардан келе жатқан дала демократиясы қатты ескеріледі. жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, барымта мен қарымта күн және тағы басқа да жәйттер әділ шешімін тапты. Қайткенде де оған көрші елдер мен мемлекеттердің зерттеп, қызыға кәңіл аударғаны жайдан-жай емес.

Талай тайпалас даудамайдың ортасына түсіп, елдің, жұрттың атынан ақ сөйлеп, келісімді шешім айтып, биік парасатымен көзге түскен Төле би ақырғы дені таусылғанша, сол бекзаттығынан бұра тартпағандығы қандай ғанибет. Айтушылардың сөзін байыркалағанда оның бойы ортадан сәл жоғары, жүзі нұрлы, көзі өткір қатыгез кісі екен.

Иә, Төле би иісі қазақ тарихындағы ғажап қызық тұлға.

Ол үлкен қоғам қайраткері әрі ақылман, әрі данагой, рухани кесем. Оның уақыты аса күрделі еді. Зәузат тегінен ұлтының бойындағы ең асыл қасиеттерін еспеттеп, еркебұлан өскен Төле би мен сұлтандардың бектері мен байлардың өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына еш нәрсе бермейтіндігіне көзі жеткен соң қалың бұқараға оның от ауызды, орақ тілді азаматтарына сүйеніп, татулықты жақтады. Соның арқасында алғаш рет уағдаластыққа қол жетіп, 1726 жылы үш жүздің жақсылары мен жайсаңдары Ордабасыға жиналып, сұқпаттасып, жоңғар  басқыншылықтарына      елді сансыратқан соғысқа соққы беруге мәмлеге келді. Бұл ұйымдастырушылыққа сауын айтып, басы-қасында ұлы жүз Төле Әлібекұлы 1663-1755жж. Орта жүз Казыбек Келдібекұлы 1567-1765 жж. және кіші жүз Әйтеке Айтың Бәйдібекұлы 1688—1748 жж көш басшылық етіп, тірлік пен бірлік, қаһармандық пен ерлікке ұйытқы болды. Соның нәтижесінде қазақ ұландары құрылып, ол Боралдай мен  Қошқар ата өзендерінің бойында жаттығулар өткізіп жатты. Найза белдеуден шешіліп, кылнш қынаптан, қанжар қынынан суырылатын кез таяу болатын. Енді құнарлы топырнққа түскен рух пен ерлік дәнегі қайтат-жігәрді жанып қирап қалған жұртағы күл-қоқыстан өніп шықпауы мүмкін емес еді.

Төле би мен оның дәуірі біздің тарихымыздағы ең таумауыр тұсқа дәл келеді. Заман ірі қайраткерлерге  зәру еді. Билер мен шешендер тіршілік төріне көтерілгенде  қазақтар өз өміріндегі ауыр да қиын кезеңді бастан кешті. Ол ұлт, қазақ болып қалыптасуы жолында құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрған болатын.  Соры қалың елдің арасындағы тобан аяқ топтастық, безбүйрек, бақастық пен Ішіне шықашақ айналмайтын ішбақайлыққа қосылып, жыландай ысқырынып жау жағадан алып тұрғанда оның алағой да бұлағой, талай тағдырана немқұрайды қарау мүмкін бе?

Атамекенінен айтылған қазақ жұртының көз жасы телегей теңізге айналып, қансырап запыран жұтты. Сол кезде дала данышпаны Төле би алдыартын тереңнен болжап, айқын бағыт-бағдар ұстады. Ол Әз Тәуке, Жолбарыс, Әділмәмбет, Сәмеке, Әбіл-қайыр хандардан бастап Абылайға дейінгі әміршілердің бәріне недәуір ықпал жасады. Басым-басым билік айтты.

Басқа-басқа, ол шашырап кеткен қазақтардың басын алғаш рет қосып үлкен билік құрып екі алпауыт мемлекет арасында көрегенді саясатты жүзеге асырған болашақ  Абылай ханды  Әбілмансұр өкіл бала етіп тәрбиелеп, үлкен азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. Ол араласкан дау, шешілмеген түйннің мәмілемен бітпегені жоқ. 1748 жылы Кіші жүз ішінде орыс елшісі А. Тавкеловпен «Ор қалашығында кездесіп, қайтып келе жатқанда Әбілкайыр ханды Шекті Барақ сұлтан қапысын тауып өлтіреді. Сонда айыпкер төрелік айтуға Төле бастаған төрт биді таңдауға өтініш білдіріпті. Солардың бірі Әйтеке. Мұның  бірі Шоқан да атап көрсетеді. Бірақ әншелінде, деректер мен мәліметтерге мұқият келетін Ш.Уалиханов, қай мағлұматтарға сүйенгенін кім біледі, бұл оқиға 1758 жылы болды деп жаңсақтық жасайды. Ол кезде екеуінің де сүйегі құрап кеткен болатын. бұндай ел арасы қатты ұшығып кететін жағдайда дәнекер ретінде ортада Төле би болып Төленің жүргені біраз жайды аңғартады. Ол бастаған әділ қазылар жан-жақты саралай келіп, күнәһарды жазадан құтқарып жібереді.

Заңды Төли би тәрізді кесек тұлғаларды жан-жакты терең тану үшін оның мезгілі, әлеуметтік ортасы мен өмірін қақсы білген игі. Кімді болса да уадытынан бөле жарып қарау жарға шықпаса да, жарытпайды. Сондықтан Төле заманын сипаттам кеткенде оның өн-бойынан қанды қырғын, жоқпат жорауыл, шаңды шаңға  қосқан шапқыншылық шабуыл іздері сайрап жатыр. XV  ғасырдың аяғында шамамен  1698 ж. басталған жонғар, ойрат, қалмақ пен казактар соғысы өршіп, басылып елу жылдан астам созылды.

 ХУІІІ ғасырдың  бірінші ширегінде екі жақты қыспаққа түскен қазақ даласы бірнеше соққыдыдан есеңгіреп қалды.

1718 жылы Әз-Тәукенің қайтыс болуына байланысты хандықтар тіршілігі қайта құлдырады. Бұны пайдаланып, бұрыннан қазақ жеріне көз алартып жүрген жоңғар қонпайшысы мен орыс патшалығы жаулаушылық кара ниетін іске асыра бастады. Батыстан жарақталған әр түрлі экспедициялар далаға дендеп еніп, шығыста Ертістен өтіп, бекіністер калпына келтіріліп, 17І7 жылы Омбы мен Жеміш арасында Железинская салынып, 1720 жыли бергі бетте Семей ірге көтерді, одан сәл кейінірек бекемен құрылысы жүргізілді. Бұлар патшалық отарлауына жүгенсіздікпен жол ашып, осы аймақта құлақ естіп, көз көрмеген озбырлыққа  бұл өлкеде  бұл өлкеде бауыр басып емін-еркін көшіп-қонып жүрген тұрғылықты халықтарға сұмдық туғызды.  Жоңғар басқыншылары да жауыздықпен қазақ тайпаларын ес жиғызбай, Батысқа қарай түре қуды. Ежелгі елді нанхана Тәшкент, Түркістан мен Сайрам шаһарларынан бөліп тастап, қол үздіргісі келді. Шегініп бара жатып қазақ жасақтары Қараспан маңайында 1718 жылы Арыс. Бөген мен Шаян өзендері бойында табан тіреп қаһармандықпен қатты шайқасты. Бұдан аласапыран қантөгіс айқас бұдан бір жыл бұрын Аягөз атырабында болып, Әбілқайыр мен Қайып бастаған отыз мың қол баскыншыдарға қарсы шығып, амалсыз  жеңілген еді. Әбден еліріп, жеңіске масайраған күші басым жау ел-жұрттың намысын табанға таптап шәктен асты. 1730 жылы Анархайдың Итішпес көлінің жағасннда болған, киянкескі ұрыс та қарсы күштер ара салмағын онша өзгеріс әкеле қойған жоқ. Бұл қасірет Қожаберген жыраудың «Елімай» атты элергия толғауында күллі шындығымен ащы суреттеледі.

Еңіреген елінің бел баласы көсіліп кетсе көсемшешіліп кетсе шешен қандастарының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, қайғысын жеп, қамын ойлаған Төле ішке де, сыртқа да саясатта сара бағыт ұстады. Хандық пен мемлекет тұтастығы кен тәуелсіздігін  діттеп егемендікке иек артың, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерді қайтаруға жан салды. Қайта-қайта итарқасы қиянға жаушымен ат шаптыртып, кейді тіпті араға мәмілеге өзі жүрді еріккеннің ермегі емес. Бұл бір жағы екі-басты жалмауыз сау ұрықтың тырнағына ілініп, екінінші жағы  айдаһардың аузына түсіп кетпей тұрғанда, куғын-сүргін көріп, езіліп жанжылғандарды жемтіп қор болмау үшін жанталасып құтқару әрекеті еді. Орыс патша әйелі Анна Ивановна 1731 ж. мен Орынбор гурернаторы П.Неплюевке  1749ж.  бодан сұрап, бірнеше мәрте хат жазып, кісі салуы амал жоқ шарасыздықтан туған жәй. Сонымен қатар жоңғар қонтайшысымен ауыр алым-салық телесе де, келісімі келіп ынтымақтастыққа қол жеткізеді. Бұл саясаттағы екіжүзділік елес еді. тығырыққа тірелген қысылтаяқ шақта әбден қансырап, титықтаған халқын уақытша болса да аман-есен алып қалудың бірден-бір дұрыс қиын жолы. Жазықты болса қараға да, ханға да  бірдей әділ үкім айтатын Төле көрші қақысын жемеуді, ел мен елдің татулығын қатты ұстанды. -1748—1749 жылдары  алғаш келген орыс сауда керуені орта жолда тоналады. Сонда бұған кінәлі Қойкелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бүкіл шығынды жүрт кезінше төллеттіреді.

Жалғыз бұл емес, Төле би реті келгенде халықтық, мемлекеттік  мүдде тұрғысынан қандай бір болмасын, күрделі көкейкесті мәселелерді әділ шешіп отырды. Бұған орыс зерттеушілері А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек және басқалар аса ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтеді.

Алайда Қазақстанды Шығыс елдері, Жапон, Кытай, Ауғанстан мен Үндістакға баратын қақпа деп көксеген Бірінші Петрдің саясаты шапшаң түрде қанат жая бастады. Оңай олжа, жеңіл кәсіп, жерұйық іздеп арып-ашып, азып-тозып жеткен келгендерге, достық ыстық құшағын ашып, төрінен орын, аузындары асын жырып берген аса мәлмандос халықтың осы дарқан дарақы мінезі мен бауырмалдық сезімі ақыры өзіне таяқ болып тиді. Қай кезде де, кала»да да, өзінің иелігі мен меншігіне қорқаулық һәм жыртқыштықпен қарағандар көзіне қан толып, оның жанының нұрлы да сырлы қайнарлары мен ішкі иірімдерін онша аңғара бермейді. Ұлттық ерекше қадір-қасиетінің сипаты мен қышандарын да мансүк етіп, еліктің үстінен аттағандай, басып көктеп жаншып кете барады.

Біздің әдебиетте Төле би және оның тарихи маңызы туралы аз зерттелді десек, тіпті қиянаттау болар еді. Әр кезде танымалы Шәкәрім, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төрекұлов, О.Дәуітов, Ж.Дәдібаев және басқалар. Оған байланысты  ой қорытып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, танымды одан әрі тереңдетті.

Өткен ғасырдың ортасына таман қазақ сахарасында болған поляктың жер аударылып келген резолюционері Адольф Янушкейвич қазақ өмірінің ромактикасын құр қызықтап кетпей ақындық пен жыраулық, шешендік пен тапқырлықтың түп төркінін тап басып жақын толқытқан ақ еділ сезімін жасыра алмай, замандастарына жүрек жарды жылы лебізін жолдары: «Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі топ арасындағы қақтығыстың куәгері болдым. Содан Демос пен Иницерон туралы ғұмыры ешнәрсе есітпеген шешендерге таң қалып, қол соқтым. Ал, бүтін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің алдында өнерін жайып салды. Олардың жыры жаныма майдай жағып жүрек қылын қозғады. Сонысымен мені тәнті етті. Сонда бұлар тағы жабайылар болғаны ма? Бүкіл болашақтан мақұрым қалған маңдайына түкке тұрғысыз бақташылықтан өзге ештеңе жазылмаған халық осы болғаны ма?

Жо — жоқ! Имандай сырым! жаратқан бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес, оның рухы қазақ даласына аспандай көтеріліп, жарқырап сәуле шашатын болады, өзіне жоғарыдан қарайтын халықтар арасынан бұл көшпелілердің де құрметті орын алатын кезі келеді.

Сол кездің өзінде бүгінгі күні біз көп айтып, әлі кол жеткізе алмай жүрген «Азаттык, Теңдік, Туыстықтан» ту етіп көтерген-Төле би бұл асыл мұраттарды жүзеге асыру үшін арпалысып, жанын жалау етіп тұра  қашты.

Қаз дауысты Қазыбектің кіндік қаны тамған топырағы, туған, мекен-жайы, ешбір хат-шотта сақталмаған. Долбармен жобалап даңқты бабамызды Сыр бойында туыпты деп нақтылап айта алмай, жалпылап көрсетіп кетіп отырмыз. Өйткені он жетікші ғасырдың екінші жартысында Жоңғар хандығының басым түсіп отырған шабуылының әсерінен ата конысыкан ығысқан қазақ жұртының Алтай мен Арқаны еріксіз тастап, Сыр бойын мен Қаратау өңірі-не  жөңкеле құйылғаны тарихтан мәлім. Қаз дауысты Қазыбек те біздің есебіміз бойынша да, бірнеше тарихи жазба деректердің керсетуі бойынша да 1357 жылы сол өңірде туып, 176-4= жылы тоқсан жеті жасында дүниеден өткен екен.

Казыбектің сүйегі — Орта жүз. Арғын ішіндегі Қаракесек Бодатқожа. Казыбектің өз әкесі — Келдібек, ұлы әкесі, яғни атасы Абыз атан. Шаншар, Бабасы – Бұлбұл, Шетінен тілге  шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған біліктілер болыпты бұлар.

Қазыбектің анасы — Тоқмейіл Қазыбек — осы Тоқмейілден туған алты баланың ең үлкені екен. Қадай десек те, 1667 жылы шыр еткен іңгәсімен дүние есігін ашқан нәресте — есе келе Үйсін Төле бимен, Алшын Әйтеке бимен терезесін теңестіріп, қазақ халкының кемеңгер үш биінің бірі — Қаз дауысты Қазыбек-ке айналып еді.

Бала би деген аттан дана би деген атакка дейін кетерілген Қазыбектің ғұмыр жолы он жетінші, он сегізінші ғасырлардағы қазақ халқының аса бір қилы кезең, дүрбелең дәурінің шытырман оқиғаларымен тікелей байланысты.

 

 

 

 

2.2. ХVІІ  ғасырдың  аяғы ХVІІІ  ғасырдың  басындағы  қазақ  халқының    қоғамдық  жағдайы

1680 жылы, Қазыбек он үш жасқа толғанда кейінде Әз Теуке атанған. Тәуке қазақ хандығының тағына отырып еді. Есім ханның кезінде «алты алаш» атанып: қазақтың үш жүзі мен ноғай, башқұрт, өзбекті құраған қазақ даласындағы хандыктың бірлігі, әлсіреп, ноғай, басқұрт, өзбек одақтары ыдырап, енді төрт алаш атауымен үш жүзге қырғыз ұлысы қосылып, Тәукенің қол астына жиналып қалған еді. Осы төрт алаштың басына төрт биді — Ұлы жүзге Төлені, Орта жүзге Қазыбекті, Кіші жүзге Әйтекені және қырғыз биін қырғыз ұлысына  солар арқылы ел басқару тізгінін өз қолында ұстап отырған.

Тәуке тұсында қазақтың шығыстағы көршісі — Жоңғария фашистік-феодалдық хандығының негізгі халқы — ойраттар ат арқасын құрғатпай жиі-шабуылдап тұрған ғой. Бірде ойрат, бірде қазақ жеңіп, ит-жығыс түсіп жатқан жерде елшіліктің мәмілегерліктің ықпалы  болады. Сондайда атақты үш бидің еңбегі ерекше сіңген.

1710-11 жылдары қазақ ойрат шабуылдары кезіндз қазақтар ойратты біраз тықсырып, сәл де болса үстемдеу шығыпты. Осыдан кейін жоңғар хандығы бұрынғыдай өршуін тежеп бітімшілікке шақырғаны тарихтан аян. Осы бітімшілікке барған ерекшеліктің ішінде Қазыбек би де болған деп кесіп ғұмырында Жонғария хандығына елшілік, бітімшілік, мәмлетерлік міндетпен үш рет барған  Қаз дауысты Қазыбек нақ осы жылдарда Ойраттар да болуға тиіс. Әрине дәл осы елшілік жөнінде жазылған құжаттың Әзірше жоқтығын ескерсек,  ел аузындағы аңыз әңгімелер шындық сүрлеуіне бастар бірден бір адастырмас.

Халық тағдырының қиын-қыстау шағында,  ел өмірінен аса қиын кезеңінде шұғыл жасайтын құбылыстар — төңкерістер, өзгерістер, реформалар. Әр заманда сол халықты билеген әкімнің басшының пәрменді әрекетімен тікелей байланысты болған. Осы тұста казакжүртының болашағын, туған халқының тарихтан өшіп кетпеуін тілгене Тәукенің,  әл аузында құрметпен Әз Тәуке аталған ұлы ханның еңбегін ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол хандық құрған 1380-1718  жылдары тұстық бас кезінде бір орталыққа бағынған бұрынғы дербес қазақ мемлекетінің тұтастығына сызат түсе  бастаған еді. Шыңғыс хан тұқымынан  тараған терелер елді  іштен ірітсе, сырттан теріскей көршісі  Ресей патшалығы мен шығысындағы Жоңғария хандығы қорқаулана қоршай түскен болатын.

Бірінші Петр тұсында қатты дәуірлеген Ресей оңтүстік пен шығысқа құлашын кең созып, империясын барынша  жанталаса  жатқан әрекет жасап жаткан кезі еді. Ол  дәл осы кезеңде қазақ жұртының  іргесінен дамылсыз шаң боратып, шабуылы  мен шаңдуылын үдетіп  жоңғар феодалдық- фашистік хандығы қатты бел алып тұрғанды.  Ол аздай-ақ Бұқар мен Хиуа хандыктары, тәменгі қалмақтар мен башқұрттар » түрт шайтанды  қоздырып қойып, саяқ шыққан  қазақтың мал мен жанын жұтып, құнығып алған еді.

Сондықтан да Әз Тәуке шығысындағы ойраттардан тәнген қауіптің алдын алу үшін батысындағы орыс патшалығымен барлық қарым-қатыаасты түзеуге мейлінше күш салған. Сауда саттық елші алмастыру, диплоглатиялық байланыстарды  жандандыруда Тәукенің қызметі өте мол және де оның қазақ хандығын бас сауғалаған керіптер күйде ұсынбай, іргелі ел темірқазықты мемлекет дәражесінде қабылдатып, батыс-шығыс көршілерімен нығын «теңес-тіріп, терезесін тең ұстап сөйлеуді дәстүрге айқалдырғаны көптеген архивті  құжаттардан белгілі.

Болашақтағы мен көрегендігі қауіп-қатердің алдың алғызып, қазақ жұртына төне бастаған зобалаңның бұлты мен түтінін бұрып жібертіп отырғаны да тарихтан мәлім.

Әз Тәукені сыртқы басқыншылардан да гөрі әсіресе, ішкі алауыздық қатты қобалжытқан ғой. Содан да ол осы бас араздық, ру таласы, іштей арбасу, аяқтан жау, шоқ тастап өрт тұтату, үй арасының шаңын қоюлататын даужакжал, ұйқыны алып, шырық бұзатын барымта, сырымталады азайту, тәжеу өшіру үшін хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекетінің күш-қуатын арттыруды алдына үлкен максат қып — қойғанды. Сол  мақсаттың  түп қазығы — Ұлы жүзде билік құрған үйсін Төле бидің, Орта жүзде, әділ қазылық жасаған Қаз дауысты Қазыбектің, Кіші жүзде әділеттік жүргізген Алшын Әйтеке  бидің қатысуымен дүниеге келген «Жеті жарғы» еді. Қазақ даласының ережесі  қаиғадаларының  үлгісі  нұсқасы  халықтың,  салт-дәстүрінің әсем — жиынтығы- «Жеті жарғы қазақ қоғамына бір-тұтастық беріп, ынтымақтастық әкелді.

Әлбетте » еті жарғыдай» заң нормалары тақыр жерден өздігінен  туа салмайды. Осы жарғының негізіне Тәуке хан «Қасым-ханның қасқа жолы «, «Есімханның ескі жолы»- деп аттлатын байырға қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудің қалыптасқан жосықтары мен низамдарын аяғызған ғой. Ал сол кезеңнің үш данасы атанған, үш кемеңгері деп танылған, халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер сайын сахараның сол замандағы ортасына икемдей түсіп, сәйкестендіре екшеп, жаңғыртып қайта жасаған ғой. Сондықтан да бұл жарғы «Тәуке хан заңдары» деп те аталады. Сондықтан да бұл жарғы «Төленің жеті жарғысы», «Қазыбектің жеті жарғысы», «Әйтекенің жеті жарғысы» деп те аталады. Ендеше біз «Қазыбектің жеті жарғысында» қандай  болған еді, соған жауап берейік.

Қарағанды облысында шығатын «Қарқаралы» журналының бірінші санында: «Көне түрік тілінде» «Жарғы»  сөзіндегі «Жарлық» деген тұлғадан айтылып, қазак тіліндегі «Әмір, билік, заң» деген мағына беретінін, ал бүгінде баршаға жақсы  «Кодекс куманикус те» «Жарғы» сөзі «Дау, айтыс,тартыс», әмір»,»әдет-ғұрып» заңы» үғымын білдіретінін, оларға жер дауы, күн дауы, барымта, айып жаза, алым-салық және басқалар енетінін еске алып бажайлар болсақ » Жеті жарғы» деген сөздің жеті салада, жеті бағыт бағдарға, жеті бап — пункт бойынша сараланған жарлық-әмір  байлам-тоқтам деген ұғым болса керек»,-  делінген.

Қаз дауысты Қазыбек хандыққа таласқан Әбілқайыр Барақ, Әбілмәмбет, Батыр сияқты хан, сұлтандардың әрекеті елді Іштен іріткенін көрген еді. Ойрат, Қалмақ, Башқұрт шабуылы аз болғандай ендігі қауіп қара құрттай қаптаған  төне бастағанын сезген еді ол.  Қазақ халқы тарихтан біржола өшіп, жоғалып, құрып кету қаупі туғанын болжаған дана қарт қайткен күнде де елді сақтап қалудың амалын іздеген еді. Сондағысы  мойнына отаршылдық қамын қию еді. Бірақ азаттық аңсаған халық та, би де сол кезде демократиялық  Ресейдің де бар екекін ұғынса керек. Ізгілікті де, қайрымды да келешектен күткен Қазыбек сынды халық ұлдары тәуелсіздігін жойса да, Ресейге қосылып, дербес елін, кең байытқан жерін, осы Түркістан қаласының түстігінде тұрақтап қалып ата тағынан дәмелі ме, кей-кейде немере ағасына көз алартып қойып сынаққа сылтау Іздеп, сызданып жүреді екен. Іздегенге сұраған дәл сол жылы Әбілмәмбет хән Түркістан жұртшылығына салықты әдеттегідей еселеп көбейтіп салып жіберілей ме? Кент тұрғындары ауыр салықты қалай төлерін білмей, азуларын егіп жүргенде, қолтықтарына дым бүріккен Есім сұлтан әлгілерді ханға қарсы айдап салып Әбілмәмбетті Түркістаннан қуғызып тастайды. Соңынан Әбілмәмбетхан Арғын ішіндегі Алтай қарпықтағы ұлы  Әбіл сұлтанмен Қаракесектегі Қазыбекті сағалап келіп арқада қыстап қалады.

Қаз дауысты Қазыбек бойына біткен ерекше дарынмен тай бәйгесінен озып шығып, ат бәйгесіне қосылған, тұңғыш рет елшілікке барып, басшы болып қайтқан. Бала биден Дана би  атанған қазақ тарихындағы қайталанбас тұлға.

Қазақ пен қалмақ, тығырыққа тіреліп таразыға түскен сын сағатта уыздай жас Қазыбек тыңнан жол салып, қиыннан киыстырып:

Ерден ердің несі артық,

Ептестірген сөзі «артық.

Малдан малдың несі артық,

Бірақ асыым етті артык.

Жерден жердің несі артық,

Бірақ уыз шөбі артық,

Міндетіне алған сөзден

Шегінген жігіттен аштан елген

Аюдың етті артык, -деп Тайкелтір бимен хан Бердісті тыйып тастап, бүркітше шүйіліп қонтажыға: «Ел ебелек емес, ел кебенек емес, дат»- үлгілі ұлтын, шырайлы тілін, озық мәдениетін сақтап қалуға тырысқан еді.

Қаракесек Қазыбек би арқадағы орта жүздің ұлы биі боп тұрған Сәмеке хан тұсында  да, Әілмәмбет туын бір жықпай келген ғой. Әрине сүйегі қара болғанымен ниеті түзу, айбыны асқақ, беделі зор, аузы уәлі, мерейі үстем, алды кең, абыройы артық адамды төре тұқымы онша жаратпайтыны белгілі.

1741 жылғы жаздағы қазақ пен ойрат арасындағы соғысқа байланысты Қаз дауысты Қазыбек Орскідегі  ант беру рәсіміне өзі қатынаса алмаса да орта жүздің Төбе биі ретінде ант берудің қажеттігін түсіндіріп Әбілмәнбет хан мен Абылай сұлтанға хат жазып беріп, өз өкілін жөнелткенін жоғарыда айтқанбыз. Алайда сол хат Орынбор экспедициясының бастығы Иван Невлювке  жетпеті. Қазыбектің жіберген адамдарының бірі де біреуі Орскіге қарай өтпепті. Себеп не сонда? Себеп ат атағы үш жүзге мәшһүр майталман  шешеннің ант-есімі орыстың зор мәртебелі сарайларында көп естіле бермесін дейтін. Қарамызбен төреміздің қанына сіңген күншілдік. Онсыз да алдын артын әділ төрелігімен, ақпқат шындығымен бұлтартпас тұралығымен орап кетіп отыратын беделді биге қарсы төрелер мен шоралар: «Шетете берейік, ығыстыра түсейік, қақпайлап жуытпайлық- тәріздес қызғаншақ ой күндес қыжыл, өзімшіл мүддені омыраулата ұстанған ғой.

Сөзімізді тағы да дәлелмен тұдықтайық. 1734 жылы Сәмеке хан өлген соң соның орнына орта жүзге хан сайлаған  Әбілмәнбет Түркістан шаһарында тұрып жатқан. 1751 жылы аяқ астынан хан ордасының түндігін жел үрлеп, түтінін түзу ұшырамаған бір келеңсіз оқиға туындап қалып еді. Сәмекенің Есім атты баласы дегенде хан Ой, өзің жөніңді айтшы, атың-жөнің кім?»-дегенде, Қазыбек: «Халқым — қазақ, руым қаракесек, әкем Келдібек, атым Қазыбек»,- деп саңқ етіп берген жауабы, әсіресе оның — «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпа» жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан еліміз,ешбір дұшпан ала жібімізді аттап, басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын  елміз. Сен қалмақ болсаң, біз — қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сек темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, қазақ -қалмақ баласы табысқалы келганбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз. Сен қаблан болсаң мен арыстан алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желімдей жабысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең жөніңді айт аз тұрысатын жеріңді айт», — деп жөн айтуы қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи құжат. Мұны мұражайға жарқыратып жазып қойса да болғандай.

Әйтеке би туралы сөз бастағанда алдымен оның ата-тегі тарихынан сыр шертсек, бидің халық тағдырына байланысты келелі өмірі батыр бабаларының ұлағаты жолының заңды жалғасы екені сезіліп тұрады.

Әмір Темір құрған ұлы Тұран мемлекетінің шаңырағын көтеріскен, Әмірдің жеті кеңесшісінің бірі, қазақтың кіші жүзі, оның ішінде Алшыннан тарайтын «Айыртау» ұранды төрт қара руынан шыққан Ораз  қажы 1299-1385 жж. еді. Ораз қажы   мемлекетті  басқару   ісінде    Әмір   Темірдің    жаугершілік  саясатына  ноқта болып, Тұран елінің ғылымы мен мәдениетін өркендетуге , молшылықтың көзі — мал шаруашылығымен диханшылықты, халықаралық сауданы тең дамытуға ықпал жасап, жол ашқан кісі.

Садағың сарқылдатып найзасын шошаңдатып, бар саналы өмірін бөтен елді жаулап алуға арнаған патшаның қыла белде елі, айдалада сүйегі қалады.  Тонаушылықпен мал-дүние жинап, әдіреңдеген әңгімелердің, жолаңдаған желөкпе алып-сатарлардың  сүбесі қалыңдаған сайын, қабырғасы қабысып, құраған алша ағашының құртындай қатып-сеніп, ниеті бұзылып бара жатуы шет елдерді  аралап, тіміскіленіп пайда іздеген саудагерлерге, керуен басыларға еріп келген неше түрлі бұратаналар Тұран жұртының қаймағы, шұрайлы жерлері Самарқант, Ферғана, Шаш,  Іргеніш, Бұхар,Түркістан,  Таразыға, еркін қоныстанады.

Ашықса,  өзінің басқа тірі мақлұқтың барлығын тамақ ретінде пайдаланатын қара қытайлар  Шыңғысхан дәуірінен бұрын, 1130-1147 жылдар аралығында жұртымызды жаулап алып, қыз-келінімізге назын, жоталы жігіттерімізге жүгін артып, болашағымызды күн азаматтарымызды құл ретінде пайдаланды.

Әйтеке би Тәуке ханмен бұрыннан таныс болатын. Сыр бойындағы алшындардың  дау-жанжалын шешуге барғанда онымен Түркістанда бірнеше рет кездескен еді. Тәуке арабша хат танитын сауаты бар ел басқаруда Әмір Темірдің жолын қуаттап, халықтардың достығы мен теңдігін кадірлейтін кең пейіл де діншіл адам болатын.  1580 жылы Тәукен хан сайлағанда Әйтеке би алты ата Әлімінің, төрт ата Кетенің,  он екі ата бай ұлының, жеті  ата жеті  рудың атынан  жиырма тоғыз шарды толық салдыртады.

Халықтың толық қолдауымен сеніміне сүйенген Тәуке хан Қ.А.Иассауи әулиенің мешітінде өткен билер мен ру басыларының батырларының жиынында халық алдында сертін салтанатты түрде жариялап,  ел басқару жұмысын жүргізіп отыратын алты адам құрамында хан кеңесін сайлауды ұсынады.

Осы жиында хан кеңесіне қарақалпақ  Сасық би, Мұхамед би,  қырғыз Қоқым би, кіші жүздің атынан айыр тілді Алшын Әйтеке би, ұлы жүздің атынан үйсін Төле би, орта жүздің атынан арғын қаз дауысты Қазыбек би сайланды. Бұл жиында хан кеңесінің өтпей қалған төрелер, сұлтандар, ру басылары арасында жік туып қарақалпақ  Сасық биді Кеменгер биге Төле мен Қазыбек биді хан кеңесіне сайлағанға қарсы болады. Осы жиында ел  басқарудағы жолымыз тұрақты, халқымыз қуатты болуы үшін алдымызда көпті көрген данышпан, жасы үлкен, ізімізде біздерден кейін ісімізді жалғастырып, халққа қорған болатын қазақ халқының ортасында қайнап шыққан жастар болуы керек»- деген  Әйтеке би құрметті орнынан дәмелі төре сұлтандарға, шонжар ру басыларына қарсы тұрып Тәуке ханға ортаға салған ұсынысын бекіттіреді. Ол кезде ру басылары Төле би 23 жаста, Қазыбек би 21 жаста еді.

Ал шындығында Әйтеке би бұл  биден үлкен еді. Бірақ кіші жүздің биі болғандықтан жолы кіші саналмаи келді. Әйтеке бидің бірде әлем әулетінің шекті руынан шыққан Қара жігіт бимен шатастырса, тағы бірде қарақалпақтың  қытай  қауымы, Тәңке әулетінің Әйтеке руынан шыққан Абат батырдың  немересі Қосан бидің баласы Айтық биді төрт қара Әйтеке бидің өзі деп оқырман қауымды және адастырады.

Әйтеке бидің сүйегі қойылған жері белгісіз деген сөз бекер екендігін дәлелдеу үшін шежіре   жинаушы  Әйтеке  бидің ұрпағы Өтеген Қойшиев 1993  жылы оныншы мамырда  Науани облысында болды. Бұдан төрт-бес айын бұрын Өтеген Қойшиев Өзбек елінің басшысы Ислам Каримовқа, қазақ елінің басшысы Н.Назарбаевка осы мәселе  туралы хат жазған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, үш ұлы бабамыздың даналығы, даралығы мен осындай қысталаң шақта ерекше білінеді. Олар елдің ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік көрсетті.

Үш ұлы бабамыз соңғы бір қилы кезеңде осы Ордабасының  биігіне шығып терістіктегі Арыс пен Бөгенге, күншығыстағы Қазығұртқа арқа жақтан мұратқан  Қара тауға қарап тұрып, ел бірлігі, халық ынталығы туралы кезек-кезек ой толғаған екен.

Енді сол бабалар алып берген кең байтақ өлкемізді түгел құлпыртып, түгел көркейту — бүгінгі біздермен ертеңгі  жеткіншектердің үлесіне тиіп тұр. Ал азаттықты баянды ете білудің де оңай шаруа емес екенін түсіне бастадық. Осы арада тағы да ұлы бабалар даналағын еске аламыз: «Елдің бағын ашпаса, ел  мұратқа жетерме! Ерінің сағын сындырса, ел ел мұратқа  жетер  ме? Ел тірегі — ері,  ер тірегі — елі бола білген қауымы басынан бағы кетер ме? Есті еріңді ез тұтсаң — өзіңді-өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң — ертегімізден жау кетпей, төріңізден дау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып сорларсың да зарларсың.  Ел мұраты — көрешек, ер мұраты келешек, көрешегін  күйттеген — түбі қоймас сүрінбей, келешегін күйттеген — түбі қоймас сүйенбей, жетелі ер адаспас бабадан қалған сөз бар ғой.  Жетелі ел адаспас — бағзыдан калған Із бар ғой,  деген екен. Әйтеке би Күлтебедегі бір жиында. Болашағымыз баянды болсын балаларымыз бен немерелеріміз де ата-бабаларындай тату тұрсын десек, осындай алмағайып уақытта, жоқшылық жүйке жұқартып тұрған жіңішке шақта баршамызға саналылық пен парасттылық көрсетіп, байсалдылық пен ұсталдылық танытуда тиіспіз.

Береке басы-бірлік,

бірлігіміз берік болса,

Болашағымыз баянды болары даусыз.

Лайым, ынтықмағымыздан айырмасын!

Толық тәуелсіздікке жетудің ұлы жолында бізді халқымыздың  үш данасы, үш  көсемі ,  қасиетті  бабаларымыз   Төле  бидің, Қазыбек  бидің,  Әйтеке  идің  аруғы   қолдап  жүрсін.        

Өйткені білу келешекке  сабақ деп отырып, Егеменді  тәуелсіз  жас  қазақ  мемлекетінің   мемлекеттік    ән   ұранының    мына  шумағын  айтқым  келеді.

 

Жаралған  намыстан

Қаһарман  қалықпыз

Азаттық жолынлда 

Жалындап  жаныппыз

Тағдырдың  тезінен

Тозақтың  өзінен

Аман  — сау    қалыппыз

Аман  — сау   қалыппыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен  сілтемелер  тізімі.

  1. А.Нысаналы «Үш пайғамбар» Алматы, 1992 жыл
  2. Н.Төреқұлв «Қазақтың  би  шешендері»Алматы , 1993 жыл
  3. С.Г. Кляшторный,С.И. Султанов «Казахстан летопис  трех тысятчи лети» Алматы. Рауан, 1992 жыл
  4. Егемен Қазақстан 1993 1маусым
  5. Адамбаев Б. «Қазақ шешендері» Алматы 2001 жыл
  6. Муқадас Есләмғалиұлы «Әйтеке  би»  Алматы 2007 жыл
  7. А.Сатаев «Әз Тәуке» Алматы  1894 жыл
  8. Қ. Бекбаев «Ұлы  бабалардың   ұрпағы  ұмытылмайды». Шымкент 1993 жыл.
  9. Оңтүстік Қазақстан 1990 11 қыркүйек
  10. ХV – ХVІІІ ғасырдағы қазақ ақын  жырауларының    шығармалар жинағы. Алматы  1971жыл.
  11. Ғани Мұратқан «Қазақтың көне тарихы»   Алматы  1993 жыл.
  12. Қазақ Совет энциклопедиясы VІ тарау
  13. Салғараұлы Қойшығара «Қазақтың  қилы тарихы» Алматы  1991 жыл.
  14. Тынышбаев «Ақтабан Шұбырынды» Алматы, 1992 жыл.
  15. Ш. Уалиханов «Шығармалар толық жинағы» ІV томАлматы 1985 ж.
  16. Қазақ ССР  тарихы І том  Алматы  1957жыл.
  17. Т. Рысаев «Сөз мәйегі қазақ энциклопедиясы» Алматы 2001 жыл.
  18. Бүгінгі Түркістан және оның  таяудағы тарихы. Алматы 1971 жыл.
  19. Оңтүстік Қазақстан 1993 жылғы 27 мамыр.
  20. Шапырашты Қазыбек би Тауасар ұлы «Түп тұқиянынан  өзіме шейін Алматы  1983 жыл.
  21. С. Мұқанов «Халық мұрасы» Алматы 1974 жыл.
  22. Ч.Ч. Вашханов «Ибранные пройзведение» Алматы 1986жыл.
  23. Қ. Сапарғали «Ел Орда» Астана 2000 жыл.
  24. С. Дәуітов «Төле би» Алматы 1991 жыл.
  25. А.Байтұрсынов шығармалар жиннағы, Алматы 1980 жыл.
  26. Т.Кәпішев «Билер сөзі»  Алматы 1992 жыл.
  27. Ә.Мәметова «Қазақ билерінің  шешендік  сөздері»
  28. Егемен Қазақстан 1997 13 ақпан
  29. Қазақ ССР тарихы ІІ том
  30. Ә. Табылбаев «Халық тағлымы»  Алматы, Қазақ  университеті 1992 жыл.
  31. Е.К.Нұрпейсов, А.К. Котов «Қазақстан мемлекеті хандық биліктен президенттік  республикаға  дейін»
  32. М. Қазыбеков 1 – 2 кітап Алматы 1993 жыл.
  33. С.Н. Табан, А.Ә. Оразова «Күрделі заманның өтпелі  кезеңдеріндегі   қазақ  қоғамы» Алматы  «Жеті  жарғы» 2005 ж.
  34. Қазақ әдебиеті 1991 жыл 18 қазан
  35. Оңтүстік Қазақстан 1993 27 мамыр.