АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. II дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Испания

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1-ТАРАУ. ИСПАНИЯДАҒЫ ПРОГРЕССИВТІК ЖӘНЕ РЕАКЦИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ КҮРЕСІ

  • 20-30 жылдардағы Испания
  • Примо де Ривера диктатурасы

 

2-ТАРАУ. ИСПАНИЯ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ — ДЕМОКРАТИЯЛЫК, РЕВОЛЮЦИЯ ЖЫЛДАРЫНДА

  • 1931-1936 жж. Буржуазиялық — демократиялық революция
  • Республиканың жеңілуі

 

3-ТАРАУ. ИСПАНИЯ ЖӘНЕ ФРАНСИСКО ФРАНКО

3.1. Франко режимі

3.2. Франко режимінің құлауы

 

Қорытынды

Қосымша

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

¬оµамныє даму тарихында ХХ µасырдыє 90 жылдары ѕлкен јзгерiстерден басталды. Еуразия ¶Ѕрлыµында еє мы¶ты атанµан жґне коммунизм мен социализм идеяларын Ѕстанып, капитализмге ¶арсы шы¶¶ан тЅтас бiр жѕйе – Кеєес одаµы ыдырады.

Халы¶аралы¶ аренада жас егемен мемлекеттердiє пайда болуы, халы¶аралы¶ ¶атынастар тарихында жаєа бiр кезеє болып табылатыны сјзсiз. Дґл осы сґттен бастап бЅрынµы кеєес мемлекетi орталы¶а баµындырылµан бѕкiл саясаты, экономикасы жґне нарыµы јзiнiє орны мен ролiн аны¶тай халы¶аралы¶ ¶атынастарды дамыту баµытына тѕседi. Халы¶аралы¶ байланыстарды дамыту жолына тѕскен ¬аза¶стан — интеграция барысында Еуропа елдерi мен Азия мемлекетерiмен жақын қарым-қатынас орната бастайды. Олардыє iшiнде маєызды болып, табылатын мемлекеттің бірі — Испания.

¬азiргi кезде саяси ¶олдауы мен экономикалы¶ кјмегi жґне мґдениет саласындаµы нґтижелi ¶арым-¶атынастары, мемлекетiмiздiє нары¶ саясатыныє дамуына айтарлы¶тай ы¶пал жасайтындыµына дау жо¶.

¬аза¶стан Республикасыныє сырт¶ы саясатыныє ґр тѕрлi мґселелерiн зертеу, халы¶аралы¶ Ѕйымдарда алатын орны, шетел мемлекеттерiмен жан-жа¶ты ¶арым-¶атынас жасау, негiзiнен Испания мемлекетімен жґне екi жа¶тыє да даму тенденциясын ¶атысты мґселелердi сараптау µылыми жґне саяси кјз¶арастар жаµынан да актуалды болып табылады. Сондықтан да бұл мемлекеттің өткен тарихын білу және ғылыми тұрғыда зерттеу жұмысы, егеменді еліміз үшін маңызды болып табылады.

Пиреней түбегінде жатқан қазіргі Испанияның тарихы күрделі де қызықты оқиғаларға толы. Б.з.б. II мыңжылдықта мұнда индоевропалық тілде сөйлейтін көптеген тайпалар мекендеген. Олар көбінесе Иберияның Шығыс және Оңтүстік-Шығысын мекендеген. Б.э.д. IX ғасырда финикиялықтар ірі отар Картахена қаласын құрды. Ал, б.э.д. ҮІІІғ. бастап мұнда грек отарлаушылары ене бастайды. Б.э.д. Шғғ. бұл аймақ Рим және Карфаген державалардың бақталас территориясына айналды. Кезінде белгілі Карфаген суфеті Ганнибал осы Иберия территориясынан өтіп, Альпі арқылы Римге жорық жасаған. Ал біздің заманымыздың басында Иберия Рим империясының ірі провинциясына айналып, оның ас-дақыл аймағына айналады. ҮІІғ. бастап Испанияға сарациндер (арабтар) ене бастайды. Испанияның тек орталық және Солтүстік аймақтары арабтардан тәуелсіз болып, оларға қарсы соғысты бастайды. Сол кезең Испания тарихында «Реконкиста» («Жерді қайтару») кезеңі деп аталған. Реконкиста кезеңі жалпы Испания тарихында ұлы географиялық ашылулардың алғы шарты болып табылады. Испандықтар маврларды Испания территориясынан ығыстыра отырып, Африка территориясына өтеді. Испания теңіз ісінде теңдесі жоқ «жеңілмейтін армадасын» құра алды. Отарлау соғыстарын кеңінен жүргізді. Азор аралдары арқылы Португалиямен бірге әлемді өзара бөлісті.

Кейінгі жаңа заман басында ХҮғ. аяғында Португалияны бүкіл отарларымен қосып алды. Бүкіл Латын Америкасын өздеріне қаратты. Наполеон соғыстары кезінде Европада күшті қарсылық көрсетіп, француз әскеріне күшті соққы беріп, отанын қорғап қалған бірден-бір мемлекет. ХІХғ. соңында Республикалық құрылыс орнату жолында бес бірдей революциядан өтуіне тура келді.

Міне, бұның бәрі испан тарихына қысқаша шолу ғана. Ал қазіргі Испания — Европаның Оңтүстік-Батысында орналасқан, территориясы — 504,78 мың кв.км. алып жатқан мемлекет/1/. Испания Африканың солтүстік жағалауындағы Сеут және Мелилья қалалары, оған жақын жатқан Велес-де-да-Гомер Алу Семас, Чафоринай аралдарын басқарады. Испания 1712 жылғы Утрехт келісімі бойынша Ұлыбритания иемденген Гибралтарға суверенитеттілікті өзіне қайтаруды талап етуде. Астанасы — Мадрид. Ірі қалалары: Барселона, Валенсия, Севилья, Сарагос, Бильбао, Малага. Испания әкімшілік-территориялық жағынан 50 провинцияға бөлінген, оған 17 автономиялық облыстар кірген: Каталония, Баскілер елі, Галисия, Андалусия, Валенсия, Эстремадура, Кастилья, Леон, Кастилья-Ла-Манча, Астурия, Наварра, Мурсия, Риоха, Арагон, Кантабрия, Мадрид, Балеор аралы, Канар аралы. Халқы — 39,6 млн. /1995 жылғы санақ бойынша /2/. Оның ішінде испандықтар, каталондықтар, негізінен олар Солтүстік, Оңтүстік Америкада, Батыс Европада тұрады. Ресми тілі — испан тілі. Елдің кейбір аймақтарында каталон, баскі, галисиялық тілдерді қолдану зандастырылған халқының басым көпшілігі католик дініне табынады. Конституция бойынша шіркеу мемлекеттен бөлінген, олардың арасындағы 1979 жылдан бастап Ватикан реттеп отырады. Ақшасы — песета. Ұлттық мерекесі — 12 қазан — Испан ұлтының күні /Х.Колумбтың 1492ж. Американы ашқан күні/.

Испания — парламенттік монархия. Мемлекет басшысы король.

Тақырыптың өзектілігі. 30-шы жылдардың басында Испания империализм елдері ішіндегі әлсіз болатын. Феодализм сарқыншақтары, іріп-шіріген монархиялық құрылыс, шетел капиталының үстемдігі елдің дамуын тежеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста бейтараптық саясат ұстап, соғысушы екі жақпен де сауда жасауы испан буржуазиясы мен помещиктерін байытқанымен Испания феодализм сарқыншақтары сақталған, экономикасына шетел капиталы күшті ықпал ететін аграрлы-индустриалды мемлекет болып қала берді. Соғыстан кейінгі ереуілдер, диктатураның орнауы, басқарушы топтың саяси дағдарысы барлығы 1931 жылдың көктеміне қарайғы революциялық жағдайға алып келе жатқан еді. Біз де осы жылдары бүкіл әлем назарын аудартқан Испания тарихындағы ең бір күрделі және шиеленісті тақырыпты диплом жұмысына негіз етіп алып отырмыз. Кеңестер Одағы еріктілерді жіберсе, фашистік Италия мен Германия ашық көмекке кірісті, ал Америка Құрама Штаттары бейтараптық саясатын жариялады. Әрбір мемлекет өз мемлекеттік мүддесі тұрғысынан қарады. Ал осы кездегі Испанияның өз ішіндегі саяси оқиғалардың өрбуі диплом жұмысында кеңінен қарастырылады.

Тарихнамасы. Екінші дүниежүзілік соғыс карсаңындағы немесе испан революциясының тарихы Кеңестік тарихнамада аз зерттелмеді. Өйткені бұл жерде де идеологиялық күрес жүрді. Испания жерінде фашизмге қарсы күрескен кеңестік еріктілер әрдайым дәріптеліп, мадақталды. Сондай-ақ Кеңес әскери басшыларының естеліктерінде де Испанияда болған уақыттары жөніндегі жазбалар кездеседі. Кейінгі кеңестік әскери қолбасшылар Испаниядағы революцияны өздерінің от пен оқтан өткен, фашизммен күресуде жинақтаған тәжірибелері деп атап өтеді. Маршал Г.К.Жуков үшін Испания тек тәжірибе жинақтау емес, өзін репрессиядан аман алып қалған оқиға ретінде есте қалыпты.

Біз қарастырып отырған кезең өз күрделілігімен де ерекшеленеді сондықтан, испан тарихының мәселелеріне арналып 1979 жылы Москвада жарық көрген еңбектің зерттеліп отырған мәселеге де қосары көп. Дегенмен, Испаниядағы саяси күрестер, партиялар арасындағы тартыс, оппозициялық қозғалыс мәселелері және олардың қалыптасу тарихы Баранова Т.Н., Лукьянова Л.И. еңбектерінде кеңінен аталып өтіледі. Ал 1965 жылы жарық көрген Испания тарихының әлеуметтік-экономикалық мәселелері /3/ деп аталатын еңбек те құнды материалдар көзі болып табылады.

Зерттеліп отырған мәселеге тікелей қатысты Р.Тамамес, Д.Ибаррури еңбектері жарық көрген Р.Тамамес өз отанында болып жатқан саяси оқиғаларға, Франко режиміне өзіндік талдау мен тұжырымдар жасаса, Д.Ибаррури өз еңбегін фашистік режимге қарсы күресуге арнап, «Жалғыз жол» деп атапты/4/.

Сондай-ақ, аталмыш мәселеде 1983 жылы жарық көрген «Современная Испания», 1978 жылғы «История фашизма в Западной Европе», 1977 жылғы «От 18 июля — долгий путь» т.б. еңбектерді екшелеп атап өткіміз келеді/5/.

II дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Испания тақырыбы тереңірек зерттеуді, нақтылы тұжырымдарды қажет ететін тақырып болғандықтан ол әлі де зерттеле береді деп білеміз.

Диплом жұмысының мақсатын төмендегі оқиғалар тарихын талдау арқылы көрсеткім келеді.

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-саяси қатынастар,
  • екі соғыс аралығындағы прогрессивті және реакциялық күштердің күресі,
  • буржуазиялық-демократиялық революция, республикандық төңкеріс, Халық майданының құрылуы,
  • Франко режимі, режим құлауы мәселерін жан-жақты сарапқа салып, талдау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады. Диплом жұмысы хронологиялық ауқымы жағынан тек екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Испания тақырыбымен шектелмейді. Олай болған жағдайда тақырыпты ашу мүмкін болмаған болар еді.

 Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы Кіріспе, үш тарау, (әр тарауда екі параграфтан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде Испанияның өткен тарихына қысқаша тоқталып, шолу жасадық. Сондай-ақ кіріспеге қойылатын талаптарға сай тақырып өзектілігі, мәселенінің зерттелу дәрежесі, яғни тарихнамасы берілді. Диплом жұмысының мақсаты айқындалды. Ал негізгі тарау жұмыстың мазмұының айқындайды. Сондықтан бірінші тарау «Испаниядағы прогрессивтік және реакциялық күштердің күресі» деп аталып, өз кезегінде «20-30 жылдардағы Испания» және «Примо де Ривера диктатурасы» деген параграфтарға бөлінді. Бірінші тарау соғыстан кейінгі Испанияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мәселелеріне және Примо де Ривераның басқару кезеңіндегі жүргізілген іс-шараларға кеңінен тоқталады. Екінші тарау «Испания буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында» деп аталады. Тарау негізінен «1931-1936 жж. буржуазиялық-демократиялық революциясы» және «Республиканың құлауы» мәселелерін қарастырады. Ал соңғы «Испания және Ф.Франко» аталатын үшінші тарау «Франко режимі» және «Франко режимінің күйреуі» деген параграфтан құралып, Испанияның 30-70 қамтыған саяси оқиғалар кезеңін аяқтайды. Жұмыс соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

 

БІРІНШІ  ТАРАУ

ИСПАНИЯДАҒЫ ПРОГРЕССИВТІК ЖӘНЕ РЕАКЦИЯЛЫҚ

КҮШТЕРДІҢ КҮРЕСІ

1.1. 20-30 жылдардағы Испания.

1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Испания ұстанған бейтараптық саясатты елдің буржуазиясы мен помещиктері баю үшін пайдаланды. Соғысушы екі жақтың да стратегиялық шикізат, азық-түлік тапсырыстарын орындау зор пайда келтірді. Елдің экономикасында өнеркәсіптің үлесі артты: жалпы капиталы 500 млн. песетті құрайтын жаңадан 500 кәсіпорын ашылды. Көмір өндіру 67% өсті, металлургия әсіресе болат қорыту саласы дамыды/1/. Ірі буржуазияның қоғамдық және саяси өмірде ықпалы өсті. Бурбон монархиясының сүйеніші болып есептелінетін буржуазиялық-помещиктік блок монополистік капиталдың мүддесімен жер иеленуші аристократия мен шіркеу князьдерінің мүдделеріне қарағанда көбірек санасатын болды.

Осындай жетістіктерге қарамастан Испания әлі де ауыл шаруашылығында феодализмнің сарқыншақтары сақталған және өнеркәсібі баяуы дамыған артта қалған ел болып қала берді. Испан экономикасының дербес дамуын шетел, әсіресе ағылшын капиталы тұлшалады. Өйткені ағылшын капиталы испаниядағы шетелдік капиталының жартысынан көбісін иемденетін.

Халықтың, әсіресе қарапайым халықтың жағдайы Испания соғыс кезінде бейтараптық саясат ұстанғанымен де ауыр болды. 1914-1918 жылдары азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының бағасы 107% өсті, ал нақты жалақы соғысқа дейінгі деңгейде қалып қойды/2/. Испанияның африкандық отарларындағы халықтың жағдайы адам төзгісіз болды. Соғыс аяқталғаннан кейін соғыс кезінде соғыс тапсырыстарын орындаған жүздеген завод-фабриклар жабылды, жұмыссыздар көбейді. Экспорт күрт қысқарды, песета 25% құнсызданды. Соғыс, соғыстан кейінгі дағдарыс жұмысшыларды тым күйзелтіп кетті. Осының салдарынан елді жаппай ереуілдік қозғалыс жайлады. Мысалы, 1918 жылы — 463, — 900, 1920 жылы — 1060 ереуіл болып өтті. Ереуілге шыққандардың саны күннен күнге көбейді. Егерде 1918 жылы 109 мың адам болса, жылы 245 мыңға жетті/3/. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, қымбатшылықгы жоюды талап етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Ресейдегі Қазан революциясының әсерінен 1918-1920 жылдары ғасырлар бойы помещиктер мен католиктік шіркеу езіп келген испан шаруалары да бой көтерді.

Испанияда орын алған қозғалыстың ең ірілерінің бірі Каталония өнеркәсібінің басым көпшілігін электр энергиясымен жабдықтайтын Канадиенс электр компаниясы жұмысшыларының ереуілдері еді. Ереуіл 1919 жылы 21 ақпанда кәсіпкерлердің жалақыны төмендетуіне қарсылық ретінде басталды. Көп ұзамай ереуілшілдерге Каталонияның барлық фабрикаларының тоқымашылары қосылды. Үкімет Каталонияға қоршау жағдайын енгізіп, мұнда ірі әскери бөлімдерді, жандармерия мен полицияны әкеліп ереуілді тоқтатуға тырысты. Дегенмен жұмысшылардың табандылығы кәсіпкерлерді шегінуге мәжбүр етті. Кәсіпкерлер ереуілшілердің бәрін жұмысқа алуға, ереуілге шыққан күндеріне ақы төлеуге, жалақының төменгі минимумын белгілеуге уәде берді. Барселонада кәсіпкерлер осы уәделерін орындамауына байланысты 24 наурызда қайтадан жалпы ереуіл жарияланды. Осы жылдары испан жұмысшы табының ұйымшылдығы өсті. Ұлттық Еңбек конфедерациясының 1914 жылы 100 мың мүшесі болса, ол 1920 жылы 1200 мың адамға жетті. Оңшыл социалистер басқарған еңбекшілердің Жалпы одағы 1920 жылы 200 мыңнан астам жұмысшыларды біріктірді, ол 1915 жылдан екі есе артық. Алайда лидерлерінің реформистік және анархист-синдикалистік идеология мен тактикасы жұмысшыларының бірлескен күрес одағын құруға кедергі келтірді. Реформистер монархия мен кәсіпкерлердің іскерлік ынтымақтастығы туралы насихаттап, таптық күрестен бас тартты. Анархист-синдикалистер ереуілдік қозғалысты қолдады, бірақ жұмысшыларды саяси күрестен аулақтатты. Осының салдарынан табандылығына қарамастан испан пролетариаты жеңіске жете алған жоқ.

Испан жұмысшылары мен шаруаларының күресі Каталонияда, Басконияда, Галисияда ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына әсер етті. Каталонияда, әсіресе оның басты қаласы Барселондағы көп адамдық митингілерге студенттер, жұмысшылар қатысып, автономия беруді талап етті. 1919 жылы төрт каталондық облыстардың қауымдық кеңес мүшелерінің арасында Каталонияға автономия беру мәселесі бойынша үкіметке петиция тапсыру туралы сайлау жүргізілді. Қауымдық кеңес мүшелерінің 97-і пайызы жақтап дауыс берді/4/. Бірақ оны үкімет қабылдамады.

Ұлт-азаттық қозғалыс Басконияда да кең өріс алды. 1918 жылы баскілер депутаттары испан парламентінде баскі провинцияларына автономия құқық беруді талап етті. 1919 жылы бұл првинциялар «автономия» алды, бірақ ол білім беру, денсаулық және жергілікті жерде жол салу құрылысы саларына ғана таралды. 1918 жылы Лугода өткен галилік ұлттық жиналыс автономия беру туралы король Альфонс ХІП-ден бірнеше рет өтінді, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Каталондықтардың, баскілердің, галийліктердің ұлт-азаттық қозғалысын орта және ұсақ буржуазия басқарды. Буржуазия ұлттық аудандардың қалық бұқарасының қозғалысын Испания халқының экономикалық және саяси құқығы үшін жалпы күрсетен оқшаулауға тырысты.

Қазан революциясының, большевиктік партияның әсерімен 1920 жылы 15 сәуірде Мадридте Социалистік жастар федерациясының жиналысында Испания коммунистік партиясы құрылды/5/. Испания коммунистік партиясы құрылған соң да, анархистер мен оппуртунистердің позициясы жұмысшы қозғалысында өте ықпалды болды. Осы жағдай көп жылдар бойы экономикалық және саяси құқық үшін күрескен испан жұмысшыларының күресіне кері әсерін тигізді.

1920 жылды екінші жартысында консерватор Дато басқарған либералдар мен консерваторлардың коалициялық үкіметі халықтың наразылығын барынша басып-тастауға ашық бағыт алды. 1920 жылы қарашада үкімет Каталонияға генерал Мартинес Авидоны азаматтық губернатор, генерал Арлегиді полицияның бас инспекторы етіп тағайындады. Олар өз жұмыстарын Еңбектің Ұлттық Конфедерациясының 64 жетекшісін тұтқындау мен жұмысшылардың белсенді топтарына қастандық істеуден бастады/6/. Олардың оғынан республикандық — депутат Франсиско Лайрет сияқты демократиялық лидерлер қаза тапты. Испанияның барлық жерінде жұмысшылар мен олардың ұйымдарына қарсы террор басталды. Басқарушы топ оларға қарсы жандармерияны, полицияны, әскерді қолданды.

8 наурыз 192 жылы анархистер министрлер Кеңесінің төрағасы Датоны жақтырмай қалды. Жаңа кабинетті консерваторлар партиясы лидерлеріні бірі Альендесаласар басқарды. Бірақ та бұл үкіметте билік басында ұзақ тұра алмады. 1921 жылдың жазында Марокко халқына қарсы отарлық соғыста испан әскерінің жеңілуіне байланысты саяси дағдарыстың шиеленсуі Альендесаласар үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті.

Альендесаласар орнын консерваторлар партиясының екінші лидері Маура басты. Ол Мароккодағы оқиғаны жете білу комиссия арқылы шиеленісті бәсеңдетуге тырысты. Алайда халық қозғалысы толастамады. Компартияның шақыруы бойынша Мароккодағы соғысқа қарсы Бильбао жұмысшыларының жаппай ереуілі жарияланды. Үкіметтің Бильбао порты арқылы Мароккоға әскер жіберу жоспары іске аспай қалды. Марокко апатының айыптысы король Альфонс және оның жақындары деп тексерген комиссия дәлелдегенде, саяси жағдай одан әрі өршігі кетті. Әшкерелеу бурбондар монархиясын қолдап отырған либералдық және консервативтік партияларға сокқы болып тиді. 1922 жылы наурызда Маураны Санчес Герра ауыстырды, сол жылдың желтоқсанында либерал-демократ Гарсиа Прието бастаған үкімет құрылды.

Жұмысшылар монархия мен милитаризмге қарсы күресті күшейтті. Ереуілдер көбейді. 1922 жылдың мамыры мен тамызы арасында 25 мыңнан астам астуриялық шахтерлар жалақының азаюы мен жұмыс күнінің ұзаруына қарсы бас көтерді. Олардың ұраны «Бірде бір сантим кем және бір минутта артық болмасын!». Осымен қатар Бильбао металлургтерінің 20 мың адам қатысқан үлкен ереуілі болып өтті. 1923 жылы еңбекшілердің күресі барған сайын жанданды. Егер де 1922 жылы 120 мың адам қатысқан 487 ереуіл болса, 1923 жылы тек қыркүйектің өзінде 218 мың адам қатысқан 458 ереуіл болды. Әскерде де антимилитаристік қозғалыс өсті. Тамызда Малагада Африкаға жіберуге дайындалған батальон көтеріліс жасады. Осындай көтеріліс Гранаде мен Севильеде де болып өтті. Алайда жұмысшы қозғалысы революциялық басшылығы болған жоқ коммунистік партия саны жағынан аз әрі әлсіз еді. Осы жағдайда ірі буржуазия, жер аристократиясы, реакциялық әскерилер мен шіркеу үстемдіктің ашық террорлық түріне көшті.

 

1.2. Примо де Ривера диктатурасы

Толастамаған жұмысшы қозғалысын басу үшін контрреволюция негізінен реакциялық көңіл-күйдегі офицерлерден құрылған «қорғаныс хунтасын», Каталония буржуазиясының қаруланған отрядтарын, жастардың «Рекете» атты монархиялық ұйымдары т.б. с.с. Осындай наразылық өршіп тұрған уақытта және Анволь жанындағы жеңілістің себебін тексерудің қорытындысы елде тек саяси дағдарысты шиеленістіріп қана қоймай, бүлік ұйымдастырушылардың әрекетін де жандандырды. Басқарушы буржуазиялық реакцияшыл топтар бірқатар реакциялық іс-шаралар жүргізді. Революциялық қозғалыс ошақтары болған өнеркәсіп орталықтарына реакциялық генералдардан жаңа губернаторлар тағайындалды. Король конституциялық кепілдікті жойды. Стачкаларға қатысушылар қатаң репрессияларға ұшырады. Жұмысшы газеталары жабылды. Республикандық топтардың өкілдері қуғындалды.

Алайда, реакция революциялық қозғалыс күшін тоқтата алмады. Елдің бұқара арасында антиүкіметтік, антиимпериалисттік көңіл-күй өсе берді. Саяси дағдарыстың шиеленісуіне үкіметтің Мароккодағы сәтсіз авантюрасы себеп болды. Ол испан империализмнің әлсіздігін көрсетіп берді. Рифтер ұлт-азаттық қозғалысын басу әрекетін испан әскерінің бірнеше ірі жеңілістерімен аяқталды. 1922 жылы ерікті Риф республикасы жарияланды. Халық бұқарасы отарлық соғыстың кінәлілерін жазалауды талап етті. Бірқатар қалаларда ереуілдер басталды. Бильбао мен Валенсияда әскери бөлімдер толқулары өтті. Жаңа күшті қозғалыс үкіметтің бірқатар конституциялық кепілдікті қалпына келтіруге реакциялық губернаторларды босатуға мәжбүр етті. Кәсіподақ жұмыстарына рұқсат берілді. Бұл аздаған реформалар саяси дағдарысты жеңілдете алмады. Стачкалық қозғалыс өсе берді. 1923 жылы 211 стачка өтіп, оған 210568 жұмысшы қатысты. Шаруа бас көтерулері жиілей берді. Кортестерге сайлау либералдық топтарға жеңіс алып келді.

Феодалдық-клерикалдық топ және буржуазия елді әскери-фашистік диктатура орнатуға жол беріп, биліктерін сақтап қалды. 13 қыркүйек 1923 жылы Каталония әскери округінің қолбасшысы генерал Мигель Примо де Ривера, әскерлер мен каталондық ірі буржуазияға сүйеніп Барселонада өкіметті басып алды.

ПРИМО ДЕ РИВЕРА. Примо де Ривера-и-Орбанеха /Ргіmо dе Rіvега у Огbаnеjа/, маркиз де Эстелья /dе Еstella/, Мигель /8.1.1870-16.III.1930/ — Испанияның мемлекеттік қайраткері, генерал. 1893, 1909-1913 жылдардағы Мароккода, 1895 жылы Кубада, 1897 жылы Филиппиндегі соғыс қимылдарына қатысқан. 1902 жылы Барселонадағы жұмысшы қозғалысын басуды басқарған. 1915-1917 жылдары Кадистің әскери губернаторы, онан соң Валенсияда, Мадридте және 1922-1923 жылдары Каталонияда әскери округты басқарған, генерал-капитан/7/.

14 қыркүйекте король Альфонс XIII католиктік шіркеу, генералитет және помещиктік-финанстық олигархия мен келісіп отырып, елдегі барлық саяси билікті реакциялық генерал Примо де Ривераға беруге келісті. Үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды, Мадридке келген Примо де Ривераға король Альфонс XIII өкімет билігін өз қолымен тапсырды. Өкімет билігін қолына алған Примо де Ривера үкімет орына генерал мен адмиралдардан құрылған әскери директория құрды. Ішкі істер министрі болып Каталония жұмысшыларын аяусыз басқан баскесер Мартинес Анидо тағайындалды. Ерекше жағдай енгізілді, конституция жойылды, кортес таратылды, жергілікті жерлерде билік әскери губернаторларының қолына көшті. Халыққа жолдаған манифестінде диктатор ел терең дағдарысқа ұшырап отырғанын мәлімдеп, бұрынғы тәртіптерді түбірімен жойып, жаңарту жүргізуге уәде берді. Ол жүргізген «Жаңартудың» мәні: ереуілдерге, демонстрацияларға, жиналыстарға тиым салу; КПИ, НКТ заңнан тыс; қатаң цензура енгізу; муниципалиттерді тарату; өкілдіктер /суд присяжных/ сотын жою т.б. с.с. Әскерді өзіне мызғымас таяныш ету мақсатында офицерлердің жалақысын көбейтті. Анволь жанындағы жеңіліс жөнінде тергеуді тоқтатты. Халықты өз жағына тарту үшін «Патриоттық одақ» атты фашистік партияны құрды, Муссолини тәріздес корперативтік жүйе енгізді/8/. «Ұлт бірлігі» деген ұран көтеріп, ол автономиялық қозғалысты болдыртпауға тырысты, каталон, баск, галисий тілдерінде ресми құжаттардың жүргізілуіне тиым салды. Диктаторлық режимнің орнауы дүниежүзілік капитализм дамуының уақытша тұрақтану кезеңіне тұспа-түс келді. Барлық капитализм елдерінде, оның ішінде Испания да экономикалық конъюктура жақсарды. Дегенмен Испанияда диктатордың жүргізген саясаты жартылай феодалдық құрылымды жоймай, кәсіпкерлердің пайдаларының ұлғайғанын көздеді.

Примо де Ривераның әскери-фашистік диктатурасы католиктік шіркеудің помещиктік және ірі буржуазияның таптық мүддесін қорғады. Ол шетел капиталымен тығыз байланысты болды. Елде әскери жағдай жарияланып, барлық жерде азаматтық губернаторлар әскерилермен ауыстырылды. Елдегі басқарудың негізгі кетіктері реакциялық әскерилер қолына өтті. Католиктік шіркеудің ықпалы өсті. Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару органдары таратылды.

Әскери-фашистік диктатураның сыртқы саясаты агрессорлық-империалистік сипатта болды. 1924 жылы Примо де Ривера испандық Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты басуға қайта әрекет жасады. Рифтер күшті қарсылық көрсетті. Тек 1926 жылдың мамырында ғана испан үкіметі француздық империалистер көмегімен және көтерілісші көсемдердің сатқындығы арқасында ғана жеңіске жете алды. Примо де Ривера Марокко проблемасын өз күшімен шеше алмады. Испания мен Франция арасында бірігіп қимылдау жөнінде келісім болғаннан кейін барып, 1926 жылы рифтердің көтерілісі аяусыз басылды/9/.

Капиталдың уақытша тұрақтану жылдарында билік басында болған Примо де Ривера помещиктер мен буржуазия одан өрі баюына жағдай жасады. Жоғарғы пошлинді бірінші қажеттілік товарларына жоғарғы бағаны қолдан ұстап тұруға мүмкіндік берді. Үкімет капиталдың шоғырлануына шетел және испан монополияларының табысының өсуіне ықпал етті. Көмір, мұнай, темекі және т.б. монополиялары пайда болды/10/. 1924 жылы экономикалық ұлттық комитет құрылды. Ол арқылы монополистер үкіметтен субсидий алды. Экономикалық комитеттің қызметі орта және ұсақ кәсіпорындарды күйзелтіп, ірі монополиялардың баюына жол берді.

1928 жылы қарашада король Альфонс XIII және Примо де Ривера Римде болды. Онда Альфонс XIII генералды итальян короліне «Бұл менің Муссолиниім» деп таныстырды. Ал итальян диктаторы болса оны «Испан фашизмінің басшысы және Испания жаңғыртушы» деп атады. Шынында да Примо де Ривера диктатурасы Муссолини диктатурасының алғашқы жылдарын еске түсіретін еді.

Примо де Ривера 1925 жылы әскери директориялық басқаруда қолдау таппаған соң, оны азаматтық үкіметпен ауыстырды, бірақ басқарудың әдістері, мазмұны өзгерген жоқ, диктатор бұрынғысынша шексіз билікке ие еді. Алғашқы да әскери төңкеріске үйреніп қалған халық жаңа режимнің табиғатын түсінген жоқ. Оның үстіне ИСРП және ВСТ лидерлері диктатурамен күресуден бас тартты, репрессиядан тамтығы қалмаған анархо-синдикалистер НКТ тарату жөнінде мәлімдеді. Халықтың арасында әлі де қолдауға ие болмаған Испания коммунистік партиясы ғана табанды қарсылық көрсетуге шақырды. Диктатураға қарсы демократиялық бостандықты талап етіп, репрессияға ұшырағандарына қарамай жазушылар, ғалымдар, студенттер, профессорлар қарсы шықты. Испанияның көрнекті жазушылары — Мигель де Унамуно, Висенте Бласко Ибаньес, Антонио Мачадо ешнәрседен қаймықпастан диктатураның шын бейнесін ашып көрсетті. Диктатураның реакциялық мәні айқындалған сайын оппозиция күші нығая берді. Жұмысшылар қозғалысының жандануы ИСРП және ВСТ басшылығы диктаторды қолдаудан бас тартуға мөжбүр етті.

1926 жылы тамызда Примо де Ривера үкіметі Франция, Англия және Италияға Танжер халықаралық зонасын Испанияға беру туралы меморандум жолдады. Бұл мәселені шешуде басқа елдерге қысым жасау үшін Испания Ұлттар Лигасынан шықты/11/. Екі жылдық нәтижесіз әрекеттен соң 1928 жылы испан үкіметі Танжердің халықаралық статусын мойындауға және Испания Ұлттар Лигасына қайта кіретіндігін жариялауға мәжбүр болды. Анархо-синдикалистер террорды күшейтті. Елдегі монополистік буржуазияның диктатор шетел капиталының жолын бөгеді, монополиямен күресуге көмектеседі деген үміт ақталмады. Сондықтан олар оппозицияға қосылды. Шаруалардың мүддесі — жер алу және помещиктік езгіден азат болу — орындалмады. Шаруаларда күреске көтерілді. Каталондықтар автономия алу үшін қайсарлық пен күресе берді. Елдегі жағдай Примо де Ривераның кортес іспеттес Ұлттық ассамблея ешқандай билікке ие болған жоқ, жаңа конституция жобасын жасау да жүзеге аспады. Режим күні бітті.

Оның үстіне дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы басталған Испанияға да келіп жетті. Примо де Ривера өкіметіне бәрі де теріс қарады. Тіпті оны әскери округ басшылықтары да қолдамады. Сондықтан оған 28 қаңтар 1930 жылы отставкаға кетуден басқа басқа жол қалмады.

Примо де Ривера диктатурасының құлауының басты себебі Испания экономикасының құлдырауын тоқтатып, дамыта алмауы, жұмысшы және ұлттық қозғалыстың талабын қанағаттандырып, наразылықты баса алмауы еді.

 

ЕКІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯ БУРЖУАЗИЯЛЫҚДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ЖЫЛДАРЫНДА

2.1. 1931-1936 жж. Буржуазиялық-демократиялық, революция

Диктатор құлағанымен билік бұрынғысынша помещиктер мен ірі буржуазия блогының қолында болды. Халықтың түбірлі өзгеріс жүргізеді деген үмітті аяқталмады. Елдегі жағдай демократиялық өзгеріс жүргізуді қажет етті. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Испанияда саяси дағдарыспен ұласты. Экономикалық дағдарыстың салдарынан көптеген завод-фабрикалар жабылды, сауда айналымы едәуір азайды, инфляция, жұмысшылардың жалақысы төмендеді, 1931 жылдың басында жәрдемақыдан жұмысшылардың саны 600 мыңға жуықтады/1/. Еңбекші шаруа жері аздықтан, жері жоқтықтан зардап шекті. Елде 1444 помещиктік қожалық 3 млн. гектарды иемденсе, осы көлемдегі жер 8 млн. кедей шаруаларға тиесілі болды.

Халықтың көпшілігі қатты наразы еді. Жиі-жиі жұмыстар ереуілдері, шаруалар толқулары, студенттік демонстрациялар болып тұрды. Қозғалысқа буржуазияның біраз бөлігі де, әскердегі демократиялық көңіл-күйдегі солдаттар, офицерлер де қосылды. Елде революциялық дағдарыс туды.

Саяси аренада екі лагерь анықталды: республикандық және монархиялық. Республикандық лагерь: пролетариат, шаруа, ұсақ және орта буржуазия. Монархиялық құрылысты қорғаушылар: латифундия иелері, ірі буржуазия, жоғарғы дін иелері, әскер мен флоттағы реакциялық басшылық. Республикандық лагерь құрамындағы әлеуметтік жағынан әртүрлі болуы, мақстатарының да түрлі-түрлі болуына әкеп соқты. Жұмысшылар мен шаруалардың көздеген мүддесі: республиканы жариялау; саяси және қоғамдық өмірді барынша демократияландыру; әскерлер мен шіркеудің артықшылығын жою; жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту; деревняларда феодалдық қатынастарды жою; шаруаларға жер беру; аз ұлттарға автономия беру. Олар монархияны құлату демократия үшін күресті өрістетудің маңызды кезеңі деп есептеді. Осыған қарамастан республиканы жақтаған буржуазия саяси билікті ғана қолына алуға ғана ұмтылып, республиканы жариялай отырып, халықтың наразылығын тежеуді ойластырды.

Басқарушы топ халықтың наразылығын бөсеңдетуге және монархияны сақтап қалуға ұмтылып Примо де Ривера Үкіметтің Беренгер үкіметімен ауыстырды. Алайда республика үшін қозғалыс өрши түсті. 17 тамыз 1930 жылы Сан-Себастьянда Алколь Самора бастаған оңшыл республикандықтар мен Асанья бастаған солшыл республикандықтар социалистердің қатысуымен монархияны құлатуға және республиканы орнатуға шақырған «революциялық комитет құрды. Комитет мүшелері халық революциясының кең өрістеуінен сескенді, соған қарамастан жұмысшы және шаруа қозғалысы «революциялық комитетінің» ырқынан шығып, ұлғая түсті. 1930 жылдың желтоқсан айында жұмысшылардың жандармдармен көше ұрыстары, жаппай ереуілдер, митингілер, «Монархия жойылсын!», «Республика жасасын!» деген ұранмен демонстрациялар Баскония, Астурия, Каталония және басқа провинцияларда болып өтті. 12 желтоқсан 1930 жылы Хака /Арагон облысы/ гарнизонының әскері көтеріліске шығып, республика жариялап, Уэскуге бет алды. Хакадегі көтеріліс жөнінде хабар бүкіл Испанияға жайылды. 13 желтоқсанда Беренгер үкіметі елді соғыс жағдайында деп мәлімдеді. Сол күні үкіметтің әскери күші республикандықтардың коллонасын талқандап, көтерілісі басшыларын — капитандар Фермин Галан және Анхель Гарсиа — тұтқынға алып, аттылды/2/. Көтеріліс басшыларын ату жаңа толқу тудырды. 15 желтоқсанда Мадридте әскери ұшқыштар бас көтерді. 16 желтоқсанда Аликонта мен Эльчаның жұмысшылары мен шаруалары, оларға қосылған солдаттар көтеріліске шығып, тағы да республика жариялады.

Гранада, Кордова, Малага провинцияларының шаруалары помещиктік жерлерді бөліске салып, «фашистік», азаматтық гвардияны» қарусыздандырып, өздерінің қарулы отрядтарын құрды.

14 ақпан 1931 жылы Беренгер үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жаңа үкіметті Аснар басқарды. Ол 12 сәуір 1931 жылы муниципалитеттерге сайлау жүргізілетінін жариялады. Бұл сайлау «Республика жасасын!» деген ұранмен өтті. Республикандықтар өнеркәсіптік аудандарда көп дауысқа ие болды. Сайлау нәтижесінде Аснор үкіметі 13 сәуір 1931 жылы отставкаға кетті, 14 сәуірде король Альфонс шетелге кетті, «революциялық комитет» Испанияны республика деп жариялады.

Испанияда 8 жылға созылған революция басталып, ол екі этаптан тұрды. (1931-1936жж) буржуазиялық — демократиялық және (1936-1939жж) халықтық-демократиялық революция.

Республика жариялануымен өкімет билігі буржуазия мен либералдық помещиктер блогының қолында болды. Буржуазиялық партиялар мен социалистердің өкілдерінен құрылған коалициялық уақытша үкіметін оңшыл республикандық Алькола Самора басқарды.

9 желтоқсан 1931 жылы конституция қабылданды/3/. Ол Испанияны бір палаталық республика деп жариялады, сөз, баспасөз жиналсы бостандығын айқындады. Бірақ ескі мемлекеттік және әскери аппарат сақталды. Осылайша, конституция мемлекеттік құрылымда шынайы демократияландырған жоқ. 9 қыркүйек 1932 жылы үкімет аграрлық реформа туралы заң қабылдады, ол бойынша шаруалар жер бөліктерін үлкен сомасы сатып алатын болды. Феодализмнің қалдықтарын жойғанымен, шаруалардың бәрінің бірдей үлкен сомаға жерді сатып алуға шамасы келмейтін еді, сондықтан 2 жылда небәрі 74 мың гектар бөлініп, сатылды да шаруалардың көкейтесті мәселесі толық шешілмеді.

Испаниядағы күрделі мөселенің бірі ұлт мәселесі де толық шешу тапқан жоқ. Тек Каталония ғана шектеулі автономияға ие болды. 8 сағаттың жұмыс күнін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру қағаз бетінде қалды. Конституция қабылданған соң Алькола Самора республиканың президенті болып сайланды, премьер-министр болып солшыл республикандық Мануэль Асанья тағайындалды. Үкімет саясаты өзгермеді.

Сондықтан елде революциялық қозғалыс әрі қарай дами түсті. Осы күрес барысында Испания коммунистік партиясы нығайды. Ол 1932 жылы оппортунистерді әйгілеп өз қатарынан шығарды. Енді дүниежүзілік коммунистік қозғалыста лайықты орын алған Хосе Диас пен Долорес Ибаррури басқарды.

1933 жылы қарашада кортеске сайлау жүргізіледі. Нәтижесінде радикал Леррус бастаған үкімет құрылды. Билік помещиктер қолдаған контрреволюциялық ірі буржуазияның центристер мен оңшыл партиялар қолына көшті. Елде «қара 2 жылдық» деп аталған кезең туды. Оңшыл центристік үкімет еңбекшілердің революцияның алғашқы жылдарында қолы жеткен жетістіктерінің бәрін жойды. Аграрлық реформаны жүзеге асыру тоқтатылды, мемлекеттік аппараттар, әскерден, муниципалитеттен солшыл элементтер қуылды. Прогрессивтік ұйымдар мен баспасөз қудаланды. Шіркеуге барлық құқы қайтарылды. Жұмысшылар өз жерінен арендаторларды қуды. Кортес режимі мен реакционерлерге амнистия беруге қарсы болғандарға өлім жазасы енгізілді. Басконияның автономия беру жөніндегі өтініші қабылданбады. Елдің экономикалық жағдайы қиындайды. 1934 жылы жұмыссыздар саны 1,5 миллионға жетті/4/.

Фашистік ұйымдар да жанданды. 1933 жылдың соңында бұрынғы диктатордың баласы Хосе-Антонио Примо де Ривера гитлерлік партия тәріздес Испандық фаланга құрды. Бұл республиканы күшпен құлатуға шақырды. Испания фашистерінің талабы: аз ұлттарға автономия бермеу; озық ойларға қарсы күрес; корпоративтік мемлекет құру, нацизм т.б. с.с. фаланганың әртүрлі элементтерден құрылған қарулы отрядтары болды, олар жұмысшы қозғалысына, қатысқандарды қырып жойды, елде беймазалық күй туды.

4 қазан 1934 жылы үкімет құрамына реакциялық СЭДА /Испания оңшылдардың автономиялық конференциясы/ партиясы блогының үш өкілі енді. Осыған жауап ретінде социалистердің шақыруымен жалпы ереуіл болып өтті, бірақ тез басып тастады. Буржуазиялық ұлтшылдар тәуелсіз Каталония республикасын жариялады, бірақ үкімет әскері алдында тізе бүкті. Мұнан соң көтеріліс Аустрияда кең қанат жайды, шайқаста табандылық көрсеткен жұмысшылар Аустрияны қолға алды. Сол кезде генерал Франсиско Франко мароккандық әскерді жұмсап, көтерілісті аяусыз басты: 10 мың адам өлді, жараланды, 30 мыңнан астам жұмысшылар түрмеге қамалды.

Аустрия көтерілісінің сабақтарын қорытындылай келіп, ИКП өзінің тактикалық бағытын қайта карап, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған, фашизмге қарсы күресе алатын Халық майданын құру жөнінде ұран көтерді. Халыққа сүйеніп, ИСРП-ның оң қанаты мен солшыл буржуазиялық партия лидерлерінің құбылмалы көңіл-күйін жеңе отырып, коммунистер мен солшыл социалистер 1936 жылы қаңтарда Халық майданын құра алды. Оның құрамы: республикандық партиялар, ИСРП, ИКП, ВСТ, жастар одағы, Халық майданының программасы: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, репрессия кінәлілерін жазалау; барлық конституциялық нормаларды қалпына келтіру; аграрлық реформа жүргізу; еңбекшілерден алынатын салықтарды азайту.

16 ақпан 1936 жылы кортеске сайлау кезінде Халық майданы жеңіске жетті. 474 орынның 269-ы оңшыл центристік үкімет орнына Халық майданына сүйенген солшыл республикандықтар үкіметі келді. Оны Мануэль Асанья басқарды. Ол президент болып сайланғаннан соң премьер-министр болып сол партияның тағы бір лидері — Касарес Кирога тағайындалды. Ақпандағы сайлаудағы жеңіс буржуазиялық-демократиялық революцияны аяқтауға мүмкіндік туғызды, бірақ бұл пайдаланылмады. Үкімет өз саясатын «бейбітшілік және жалпы келісім» деп айқындап халықты тыныштыққа, ымыраға келуге шақырды. Халық майданы программасы өте баяу жүргізілді: халықтың қысымымен саяси тұтқындар босатылды, ішінара жалақы көбейтілді, аграрлық реформаны жүргізу қайта қолға алынды. Осыларды жүргізуімен қайта өзгертулер тоқтатылды. Халық Майданының басқару тұсында жағдайларын жақсартуды және реакциялық күштерді тежеуді талап еткен жұмысшылардың әрекеті күшейді. Мадридтегі бірінші мамыр демонстрациясына жарты миллион адам қатысты. Иелері саботаж жасаған өндірісті жұмысшылар өз қолдарына алды. Шаруалар бос жерлерге орнықты. Коммунистер мен социалистердің ынтымақтастығы күшейді. 1936 жылы сәуірде екі партияның жастар ұйымы Социалистік жастар бірлестігіне бірікті.

1936 жылы шілдеде Каталония коммунистері мен социалистері Біріккен социалистік партия құрды, ол Коминтерн құрамына енді/5/.

Осындай жағдайда революциялық Испанияның жаулары республиканы тек күшпен ғана жоюға болады деп есептеп, азаматтық соғысқа дайындалды. Оның алдын-ала саясаткерлері өлтіру, өртеу, жұмысшы ұйымдарының үйлеріне басып-кіру сияқгы арандатушылық әрекеттерді тынайтады. Жұмысшылар бүған жауап ретінде ереуілдер, антифашистік митингілер, демонстрацияларға шықты, аграрлық толқулар толастамады. 1936 жылдың ақпанынан шілдесі бойы 113 жалпы және 228 некен-саяқ ереуілдер болып өтті.

Испания фашистері Гитлер мен Муссолиниге сүйеніп, бүлікке дайындалды/6/. Оларға Испанияда демократиялық құрылыстың нығаюы олардың үлкен капитал енгізуіне кедергі келтіреді әрі испан демократиясы өз елдеріне әсер етеді деп қауіптеніп, әсіресе Халық майданы жеңген Франция, Англия мен Францияның беделді империалистік күштері көмек көрсетті. Ал коммунистер мен социалистер апат қауіпі туралы алдын-ала ескертіп, халықты тойтарыс беруге дайындады, үкіметтен фашистік бүлікшілерді ауыздықтауды талап етті. Алайда мемлекет басшылары бүліктің дайындалып жатқанына сенбеді. Үкімет басшысы Долорес Ибарруриға: «Сіздерге, коммунистерге, қастандық пен бүлік барлық жерде елестейді» деп жауап берді. 16 шілде 1936 жылы кешке қарай премьер-министр Касарес Карогаға телефонмен «генералдар бастауға дайын тұр» дегенде, ол «Осылайша, сіз әскерилер бүлік жасауға көтерілейін деп жатыр деп сендіресіз. Ал мен болсам, керісінше жатқалы жатырмын» деп кекесінді жауап береді. Бұл тарихи шындық.

Осымен қатар республикаға қарсы әскери бүлік әзірлеуге реакциялық күш аянбай кірісті. Фашистер тыным таппады: терорлық актілер ұйымдастырды, бұзақылықтар тудырды. Бүлікшілер Германия мен Италияның әскери және финанстық көмегіне сүйенді. Әскери бүлік сол жылы, жазда, яғни 17 шілдеде 1936 жылы Испандық Мароккода басталды. Ертесіне бүкіл елге жайылды. Бүлікті ұйымдастырушылар тез жеңіске жетеміз деп есептеді. Өйткені Бүлікке түрақты әскердің біраз тобын соңына ерткен көптеген офицерлер қатысты. Бүлік ошақтары барлық жерде пайда болды. Есі шыққан үкімет компромисске, тіпті капитуляциялауға да дайын болды.

Генерал Франсиско Франко республикаға қарсы Испандық Мароккода әскери Бүлікті бастады. Бүлікшілер жағына бүкіл құрлықтағы әскер шыққан соң, 18 шілдеде фашистік бүлік Испанияға жайылды. Күзде Хунта мемлекеттің басшысы етіп, генерал Франсиско Франконы жариялады.

Франсиско Баамонде (4.12.1892-20.11.1975) — испанияның диктаторы, генералиссимус. Жаяу әскер академиясын бітірген. Испанияның Африканы отарлау соғысына қатысты. Республика құлағаннан кейін (1939), оны әскери хунта Испания мемлекетінің өмірлік басшысы («каудильо») деп жариялады. 1947 жылы тақ мұрагерлігі жөнінде заң шығарды. Франсиско Баамонде Франко 1969 жылғы 22 шілдедегі декретінде Хуан Карлос Бурбонды (Альфонс Ш-нің немересі) өзінің мұрагері және Испанияның болашақ королы етіп тағайындады/7/.

Алайда республикандықтарды жеңу бірден жүзеге аспады: елде азаматтық соғыс басталды. Барлық халық бұған жол бермеді. Жалпы ереуіл жарияланды. Үкімет отставкаға кетті, солшыл республикандық Х.Хироль басқарған жаңа кабинет жұмысшы ұйымдарына қару беруге жарлық берді. Халық соғысы басталды. Ерікті халық милициясының отрядтары құрылып, бүкіл елде фашистермен қиян-кескі ұрыс жүрді. Астана жұмысшылары қаруланып, Бүлікшіл бөлімдердің жолын кесті. Испандықтарды Республиканы қорғауға шақырып, Долорес Ибаррури үндеу тастады. 19 шілдеде солшыл республикандық Хосе Хироль басқарған Халық майданының жаңа үкіметі жұмысшыларға қару беру және бүлікке қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру талаптарын қанағаттандырды. Республиканы жақтаған артиллерия және авиация бөлімдері қолдаған Мадридтың қаруланған жұмысшылары астанада Бүлікті баса алды, содан соң аянбай күресіп, Мадридке солтүстіктен жылжыған Бүлікшілдер колоннасын тоқтатты.

Халық өнеркәсіп аудандарда — Каталония, Баскілер елінде, Астурияда — сонан соң елдің шығысында, орталықта, оңтүстік-шығысында жеңіске жетті. Бүлікшілдер Испандық Марокко және артта қалған аграрлы аудандарға Ежелгі Кастилия, Наварра, Галисия, Арагонмен Леонның біраз бөлігіне, оңтүстікте — Кадис, Севилья, Кордова оны қолдарына алдырып, бақылау орнатты. Республикандықтар билігінде елдің негізгі аудандары, Испания территориясының 70%-ке жуығы және халқының 3/4-і қалды. Республиканы әскери-теңіз флоты мен авиациясы қолдады, бұл бүлікшілердің Мароккодан Испанияға басты күшін әкелуді қиындатты. Басталған азамат соғысы Франконы халықты өз жағына тарту және баренц оңшыл партияларды Бүліктіретін өзінің режиміне таяныш болатын ұйым құру жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Осындай мақсатта 1937 жылы фаланга негізінде испан фашистерін, монархияны және қоғамда католиктік шіркеу ықпалын калпына келтіруді жақтайтындардан жаңа партия құрылды. Франко режимі көбінесе дәстүрлі испандық басқаруын элитаға сүйеніп жүргізіледі: аристократия, үй капитал, генералитет, католиктік дінге. Испан фашизмінің традициялық консерватизмге жақындығы оны герман және итальян фашизмінен ерекшеліндірді.

Халық майданы үкіметіне қараған территорияларда түбегейлі қайта құрулар жүргізіле бастады. Ірі жер иелігі жойылды. Өнеркәсіп орындары мал транспорттарда жұмысшы бақылауы орнатылды. Испанияның оңтүстік-шығысына орналасқан каталондықтар, солтүстігіндегі баскілер автономия алды. Алайда, республикандық үкіметтің басшы міндеті соғыс өндірісін қалыптастырып, қарулы күш ұйымдастыру еді. Бұл міндетті орындау елдегі туындаған жағдайға байланысты оңайлыққа түспеді.

Құрылықтағы әскердің басым көпшілігі бүлікшілерді қолдағаны мәлім. Оның үстінде Германия мен Италия әу бастан-ақ қолдап, бүлікшілерді қару-жарақ пен оқ-дәрімен жабдықтаған. Неміс және итальян авиациясы Мароккодан Испанияға бүлікшіл бөлімдер мен оқ-дәрі жеткізді. Италиядан әскери бөлімдер, қару-жарақ, самолеттер, танк және бронетранспортерлер, әскери корабльдер және көптеген әртүрлі соғыс техникалары жеткізілді. Германия әскери-теңіз флоты испания жағалауына жылжыды. 1936 жылдың қазанынан Испанияда немістің авиациялық «Кондор» легионы әрекет етті. Испанияда Бүлікшілердің жағында 50 мың неміс және 200 мың итальяндық әскерлер соғысты. Бүлікшілерге Португалия да көмектесті.

Германия мен Италия интервенциясының көздеген мақсаты Испаниядағы антифашистік күрес ошағын басты. Ұлыбритания мен Францияны отарларымен байланыстыратын жолда, Францияның тылында орналасқан Пиреней түбегін өзінің соғыс базасына айналдыру болатын. Оның үстіне, Германия Испанияның шикізат ресурстарын пайдалануды ойластырды. Фашистік державалардың интервенциясы басталған азамат соғысын испан халқының халықаралық фашизмге қарсы испанияның бостандығы үшін ұлт-азаттық соғысқа айналдырды.

Соғыстың бірінші кезеңі шілде 1936 жыл — мамыр 1937 жыл. бүлікшілердің мақсаты Мадридты басып алу. Алғашқы сәтсіздіктен кейін, Германия, Италия, Португалия көмегіне арқа сүйеп, 1936 жылдың тамызында генерал Франконың үлкен күші Мадридке оңтүстік-батыстан жақындады. Бүлікшілердің басқа бөлімдері солтүстіктен төнді. Төнген қауіпке байланысты 4 қыркүйек 1936 жылы социалистердің лидері Ларго Кабальеро бастаған Халық майданының жаңа үкіметі кұрылды. Ол сондай-ақ соғыс министрі де болды. Жаңа үкіметте негізгі постыларды социалистер иемденді. Ауыл шаруашылық және ағарту министрлері коммунистер болды. Осылайша, шешуші позиция құрамында солшыл республикандықтар, баскілік, каталондық ұлтшылдар болса да үкіметте жұмысшылар партиясының қолына көшті.

1936 жылы қарашада республика үкіметіне анархист-синдикалистік Ұлттық еңбек конфедерациясы кірді.

Республиканың маңызды мәселесі Мадрид қорғанысын ұйымдастыру мен жаңа, халық әскерін құру болатын. Майдан даласында республикандықтардың ұйымдаспаған, нашар қаруланған әскери іске үйретілмеген, шашыраңқы қарулы күштері әрекет етті. Осы себептен қарсы күштің әрекеті сәтті болатынына күмәнар еді. 27 қыркүйекте Франко әскері Толедоны алды. Қазанда Бүлікшілердің 150 мыңдық әскерімен Мадридке жақын жерде қырғын ұрыс жүрді. 6 қарашада фашистер Мадридке шетіне жетті. Л.Кабальеро үкіметі Валенсияға көшті. Мадридте шешуші орындарды коммунистер иемденген қорғаныс Хунтасы құрылды. 1936 жылы күзде коммунистер 70 мыңдық әскер құрып, Мадридты табан-күрес қорғады. 1936 жылдың қазанында үкімет астананы қорғау үшін тұрақты халық әскерінің алғашқы бригадаларын қалыптастырғаны жөнінде декрет жариялады.

Испан республикандықтарының фашистік бүлікшілдер мен герман-итальян интервенттеріне қарсы ерлік күресі басқа елдердің халықгарының ынтымақтастық қозғалысын тудырды. Олар Испания республикасын халықаралық фашизм күшіне қарсы күрестің алдыңғы бастионы деп түсінді.

Испан республикасы үшін интернационалдық бригадаларда 54 елдің өкілдері шайқасты. Мұнда орыстар, украиндар, белорусстар, немістер, австриялықгар, итальяндар, поляктар, болғарлар, француздар, бельгиялықгар т.б. болды. Испанияға кеңесшілер ретінде КСРО-дан Р.Я.Малиновский, К.А. Мерецков, П.И.Батов, А.И.Родимцев, Н.Н.Воронов, Н.Г. Кузнецов және басқалар барды. Испанияда барлығы 3 мыңға жуық Кеңес елінің еріктілері болды. Қарашадан бастап, Мадрид түбіндегі ұрыстарда басқа елдерден интернационалдық бригадалар құрып алғашқы ерікті-антифашистер республикандықтармен бірігіп соғысты. Испанияда болған ұрыстарда генерал Лукач /венгер коммунист-жазушысы Матэ Залка/ Вольтер /поляктың ұлттық батыры К.Сверчевский/, интербригад комиссары Галло /Италия коммунистік партиясының көрнекті қайраткері Луиджи Лонго/ тәріздес интербригада жетекшілері ерекше көзге түсті. Испаниядағы ұрыстарда интербригада дүние жүзінің әртүрлі елдерінен 50 мың еріктілер қатысты.

Интернационалдық бригадалар Бүлікшілер мен герман-итальян фашистік интервенттеріне қарсы күресте және әскери көмек көрсетті.

Испанияда республикалық режим өмір сүрген ең соңғы күнге дейін Кеңес Одағы бұл елдің үкіметіне барынша көмек көрсетіп, қолдау жасаған. Кеңес басшыларының республикалық үкімет басшысы Л.Кабальероға жолдаған телеграммасында: «Өзіміздің бар мүмкіндіктер шеңберінде халықаралық фашистік топқа қарсы барлық еңбекшілердің, барлық испан демократиясының күресін басқарып отырған испан үкіметіне көмекке келуді» өзінің борышы санайды деп атап көрсетті. Осыған орай 1936-1937 жылдары Испанияның заңды үкіметіне 806 әскери самолет, 362 танк пен 100-ден астам броньды автомобиль, 1555 зеңбірек, 15113 пулемет, 500 мыңдай винтовка, 4 миллион снаряд және басқа оқ-дәрі берді. Осы елдің өтініші бойынша Испанияға кеңестік әскери мамандар да жіберілді.

1936 жылы қарашада фашистердің Мадридке шабуылы тұншығып қалды, франкистердің Мадрид қорғанысын бұзуға жасаған барлық әрекеттерінен ешнәрсе шықпады. 1937 жылы наурызда Гвадалахара түбінде Мадридке солтүстік-шығыстан еңбекші болған 50-мыңдық итальян корпусы талқандалды. Республиканы қорғауды ұйымдастыруда компартияның ролі оның беделінің күшеюіне әкеп соқты. 1937 жылы наурызда Испания коммунистік партиясының құрамында 250 мыңдай мүше болды, оның жартысынан көбі майданда күресті. Мадридті қорғау тәжірибесіне сүйеніп, компартия халық әскерін нығайтуды майдан және тылда қимылдарды үйлестіру, республиканың территорияның барлық жерінде мемлекетті тиімді басқарудың орталықтандырылған жүйесін құруды талап етті.

Осы кезенде Каталония мен Арагонда кәсіпорындар мен мекемелерді басып алған, кооперацияны күштеп жүргізуге тырысқан, өкіметтің орталық органдарына бағынудан бас тартқан ел мен майданның мұқтаждығын анархистер мен троцкистердің бей-берекет әрекеттері үлкен қауіп төндірді. Басып алған кәсіпорындарды басқарған анархистік профсоюздар қорғаныс қажеттілігі мен экономикалық заңдарды ескермей, басты назарды «тепе-тең бөлуге» аударды. Олардың жүгенсіздегі республикаға оңайлыққа түспеді. 1937 жылдың мамырының басында троцкистер мен анархистер Барселонада қарулы бүлік те ұйымдастырда. Қаланың көшелерінде бірнеше күн бойы бүлікшілдер мен республика күші арасында ұрыс жүрді. Алайда бүлік басылып тасталынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Республиканың жеңілуі

17 мамыр 1937 жылы Ларго Кабальеро орнына солшыл социалистердің лидерінің бірі Хуан Негрин мемлекет басшысы болып келді. Ол коммунистер үсынған республика қорғанысын нығайту шараларын жүргізді. 1937 жылы біртүгас тұрақты халық әскері мен 1936 жылы шілде-тамыз айларында бүлінген ескінің орнына жаңа мемлекеттік аппарат құру негізінен аяқгалды. 1936 жылы 6 қазанда бүлікке қатысқандардың жер иеліктерін национализациялау және оны шаруаларға ркымдық немесе жеке пайдалануға беру туралы декрет қабылданды. Осы декрет бойынша 1938 жылға дейін шаруалар 5 млн. гектардан астам жерге ие болды. Осының нәтижесінде республика территориясында помещиктік жер иелену жойылып, аграрлық мәселе шешілуге қадам басты. Мемлекет шаруаларға кредит, тыңайтқыш, түқым, техника бөлді. Бүл республикада шаруаларға үлкен көмек болып, шаруа шаруашылықгарының дамуы әскер мен қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге жағдай туғызды.

Бүлік басталысымен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарды жұмысшылар мен профсоюздар басқаруды өз қолдарына алды. 2 тамыз 1936 жылы бүлікшілдерге қарайтын кәсіпорындарды национализациялау туралы декрет қабылданды. Қорғаныс өнеркәсібі, транспорттың барлық түрі байланыс құралдары, шахталар мен рудниктер бірте-бірте мемлекеттің бақылау орнатылды.

Каталония мен қатар 1936 жылдың қазанында Баскілер еліне де автономия беріледі. Алайда бүлікшілдер қолында болған Галисия автономия ала алмады. Халық ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау саласында да түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде Испания республикасы, помещиктер мен капиталистер, жаңа типті республикаға айналды.

Бүлікшілдер басып алған территорияларда фашистік диктатураның террористік режимі орнады. 1936 жылдың қазанында генерал Франко генералиссимус және мемлекеттің басшысы деп жарияланды. 1937 жылы сәуірде ол «испандық дәстүрлі фаланга және «ХОНС» атты фашистік партияны басқарды. Оған испан фашизмінің көсемі — «каудильо»- титулы беріледі. Франконың астанасы уақытша Бургос болды. 1938 жылы фашистер басып алған территорияларда жұмысшылар мен кәсіпкерлердің корпоративтік профсоюз ұйымы құрылды. Демократиялық және антифашистік қозғалысқа қатысушылардың бәрі мемлекеттің жауы деп жарияланды және төтенше трибунал сотына берілетін болды.

Испания республикасының саяси режимі уақыт өткен сайын баяу болса да өзгере берді. КСРО-ның қолдауы үкіметте коммунистердің ықпалын өсірді. Олар фашистік арандатушылармен күрес деген желеумен жазалаушы органдардың өктемдігін орнықтырды. Әскер мен мемлекеттік аппаратты троцкистер мен анархистерден тазарту жүргізілді. Кеңестік НКВД «эксперттері» Москвада 1936-1938 жылдарда жүргізілген процесстердің Испанияда да жүргізуге әрекет жасады. Осылайша Испания республикасы құрылғаннан бұрын испан демократиясы өмір сүруін тоқтатты.

Республикада Бүлікшілдер ойран салып жатқан кезеңде, Ұлыбритания, Франция, АҚШ мемлекеттері «араласпау» саясатын ұстады. Республикандық Испания блокада аймағында қалды. Соған қарамастан ішкі жағдайын нығайтып, соғыстың екінші кезеңінде мамыр 1937 қыркүйек 1938 жылы — Испания республикасы реакцияның ішкі және сыртқы қарсылығына төтеп бере алды. 1937 жылдың көктемінен бүлікшілдер мен интервенттер республиканың негізгі территориясынан алшақтығын пайдаланып, Астурия мен Баскилер еліне қарсы үлкен күшпен шабуыл бастады. Олар ұзаққа созылған ұрыстардан соң 1937 жылы қазанда бұл аймақтарды басып алды. Ал республикандық әскер 1937 жылы желтоқсанда де Теруэльге шабуылды бастап, қаланы азат етіп, жауға қатты сокқы берді. Теруэль республикандықтар екі ай бойы қолында ұстады. 1938 жылдың сәуірінде фашистер Арагонды майдан шебін бұзып, Каталониядан республиканың орталық ауданын бөліп, Жерорта теңізі жағалауына шықты. Алайда 1938 жылы шілдеде республикандықтар Каталония жағынан Эбро өзенін шабуылдап, жауға тағы да соққы берді.

Соғыстың үшінші кезеңі /қыркүйек 1938 — наурыз 1939 жылдары/. Соғыстың үшінші кезеңінде жағдай мүлдем өзгерді. Оған себеп Мюнхен конференциясының шешімі. Ол конференцияда Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия уағдаласты. Олардың келісімдері республика жауларының пайдасына шешілді. Ұлыбритания мен Франция «араласпау» саясатынан бас тартып, Негрин үкіметінің қарсылықты тоқтатуға мәжбүр етіп ашық қысым көрсетті. Республика қарсы блокада күшейе түсті. 1938 жылдың желтоқсанда жау Каталонияға қарсы 350 мыңдық әскер, жүздеген танк, қару-жарақ. самолеттермен шабуылға шықты. Рсепубликандықтар осындай күшке қарсы 140 мыңдық әскер, аздаған қару-жарақ қана қоя алды. 26 қаңтар 1939 жылы қиян-кескі ұрыстардан соң Барселон құлауы, 9 ақпанда бүкіл Каталонияны франкистер биледі. Осы кезеңде Ұлыбритания «араласпау» саясатынан бас тартып бүлікшілдерге қару-жарақпен ашық көмектесті. 8 ақпан 1939 жылы ағылшын флоты Менорка аралындағы республиканың соғыс-теңіз базасын басып алып, бүлікшілерге берді. 27 ақпан 1939 жылы ағылшын және француз үкіметі Франко үкіметін ресми түрде таныды.

Каталониядан айрылғанына және ауыр жағдайға қарамастан, республиканың әлі де болса қарсы тұра алатын әл-қүаты бар еді. Алайда халық майданының ішінде капитулянттық көңіл-күйдегі элементтердің әрекеті жанданды. Оңшыл социалист Х.Бестейро мен орталық майдан қолбасшысы Касадо бастаған капитулянттар қарсылықты жақтаушылар мен коммунистерді талқандап, Франкомен келісім жасаймыз деп үміттенді. 4 наурыз 1939 жылы Карбахендегі республикандықтардың флотында бүлік бүрқ ете түсті. 5-6 наурызда Касадо мен Бестейро Мадридке бүлік ұйымдастырып, «Ұлттық қорғаныс хунтасын» ұйымдастырды/8/. Касадо мен Бестейро хунтасы коммунистерді заңнан тыс деп жариялап, коммунистерді ығыстарған соң да қарсыласуды тоқтатпай, «құрметті бітімге» қол жеткіземіз деп уәде берді. Мадридте республиканы жақтайтындар мен сатқындар арасында апта бойы ұрыс жүрді. Касадо-Бестейро хунтасы майданның бетін қайтарып, капитуляцияға қол қойды. 28 наурызда фашистер Мадридке енді де, 1 сәуір 1939 жылы республиканың бүкіл территорриясын қолына алды.

32 айға созылған ерлікпен қарсыласқан Испания республикасы құлады. Оның басты себептері:

  1. Германия мен Италияның интервенциясы.
  2. Ұлыбритания, Франция мен АҚШ үкіметінің ұстанған «араласпау саясатына» байланысты республика жағдайының қиындауы.
  3. Халық майданның бірлігінің болмауы; анархизм жершілдік т.б.с.с.
  4. Капитулянттық элементтердің сатқындық әрекеті.
  5. Испан халқының қолында жеткілікті қару-жарақтың болмауы, тәжірибесіздік.

Испания республикасының жеңілісі екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануын тездете түсті. Алайда, испан халқының ерлік күресі тек кеткен жоқ, ол үш жылға халықаралық реакциялық күшін қыспақта ұстады, халықаралық антифашистік ынтымақтастықтың дамуына бастау болды. Фашизмге қарсы күрестің тәжірибесін байытты. 1936-1939 жылдардағы Испания республикасы жаңа типтегі демократиялық республикасының үлгісі болып тарихқа енді.

 

ҮШІНШІ ТАРАУ

ИСПАНИЯ ЖӘНЕ ФРАНСИСКО ФРАНКО

3.1. Ф.Франко режимі

XX ғасырдағы Испанияда болған жағдайлар дүниежүзінің басқа елдерінде болған жоқ. Фашистік типтегі авторитарлық режим қанды күрессіз, көтеріліссіз, соғыссыз, қайшылықсыз бейбіт түрде өмір сүруін тоқтатты. Сонымен бірге франкизмнің саяси аренадан кетуі, Испанияда буржуазиялық-демократиялық тәртіптердің бейбіт қалыптасуы процессі қиындықсыз, оңай жүзеге асты деген ой тудырмайды. Франкистік режимді өзгертпей қалпында немесе оның институттарына кейбір өзгерістер енгізіп сақтап қалуда жақталғандар мен авторитарлық режимді толық жоюға ұмтылғандар арасында шиеленіскен қайшылықтар кейде елде драмалық ситуациялар туғызды. Франкистік режимінің эрозиясы мен құлау процессі Франко өлген соң емес, тіпті 70-жылдар емес сонау үзіліссіз дағдарыстар орын алған 40-60 жылдары басталған болатын. Елде диктатурадан буржуазиялық демократияға көшудің алғашқы кезеңінде қалыптасқан жағдайды француз журналисті Макс Леон дәл көрсетіп, былай деп сипаттайды: «самый верный образ для характеристики складывающейся в Испании ситуации — это, пожалуй, «роды». Страна долго вынашивала то, что происходит сейчас. «Роды», очевидно, будут трудными, но новая жизнь рвется на свет изо всех сил, уже слышно биение сердца.»/1/

Франкистік режим Испанияда 1936-1939 жылдардағы қанға толы азамат соғысы жылдарында орнаған еді. Франкизмнің негізін салушы, орнатушы дамытушы Франсиско Франко.

ФРАНКО БААМОНДЕ, ФРАНСИСКО /1892-1975жж./. 1907-1910 жылдары Толедода әскери академияда оқыған. Әр түрлі гарнизондарда қызмет еткен, Испан Мароккосындағы ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы күреске қатысқан. 1922 жылы — бригадалық генерал. 1922-1925 жылдары Шетелдік легионды басқарған. 1926-1931 жылдары — Сарагостағы әскери академияның басшысы, 1932-1934 жылдары Балеар аралында әскери губернатор. 1934 жылы — дивизиялық генерал, Испан Мароккосындағы әскердің бас қолбасшысы, онан соң испан әскерінде Бас Штабтың басшысы. 1934 жылы Астуриядағы шахтерлар көтерілісін басуды ұйымдастырушы.

1936 жылы ақпанда Халық Майданы жеңген соң мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған. Әскери Бүлік дайындауға белсене қатысып, ол басталған соң /1936 жылы шілдеде/ Бүлікшілдер әскерінің оңтүстік тобын басқарған. 1936 жылы қыркүйекте әскери хунта мемлекетінің басшысы /каудильо/ және ұлтшылдар әскерінің бас қолбасшысы деп жарияланған. 1937 жылы Испандық фаланга — фашистік партияның хефесі /көсемі/ болған. 1938-1973 жылдары мемлекет басшысы, премьер-министр, әскердің барлық түрінің бас қолбасшысы. 1973 жылы премьер-министрліктен бас тартып, бірақ қалған орындарды сақтап қалған. Оның салдарының Испания үшін қайғылы болғандығын мына мөліметтер айқындайды: соғыс барысында 1 миллион адам өлді; 500 мыңнан астам испандықгар, жеңгендердің қудалауынан паналап, отанынан кетуге мәжбүр болды.

Көрнекті испан экономисті Рамон Тамаместің анықтауы бойынша 1939-1940 жылдары ауыл шаруашылық өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 21%-ін, өнеркәсіп — 31%-ін құрады. 192 қала мен елді мекендер үйлерінің 60%-ті Бүлінді, 250 мың пәтер толық қирады және оның 250 мыңын пайдалану мүмкін емес еді. Ел темір жолдың жылжымалы құрамының жартысынан, сауда флоты кемесінің 30%-інен, автомашинаның 70%-інің астамын айрылды. 1939 жылы еңбекшілердің негізгі табысы 1900 жылғы деңгейіне дейін төмендеді. Соғыс алып келген тек материалдық шығынды жою үшін елге 10 жылдан астам уақыт қажет еді/2/.

1936 жылы шілдеде Республикаға қарсы бүлік ұйымдастырушылар халықты олардың басты мақсаты анархиядан шаршаған елге «бейбітшілік, гүлдену және ұлттық бірлік», ал әрбір испан семьясына — «теңдік пен береке» әкелу деп сендірді. Алайда франкистер өздерінің жауларына қарсы аяусыз террор ұйымдастырды. Республиканы қолдаған барлық саяси партияларға, оның ішінде Испания Коммунистік партиясы /КПИ/, Испания социалистік жұмысшы партиясы /ИСРП/, әртүрлі республикандық партиялар, Еңбекшілердің жалпы одағы /ВСТ/, Еңбектің ұлттық конфедерациясы /НКТ/ сияқты жетекші кәсіподақ ұйымдарына да тиым салынды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда 2 миллионға жуық испандықтар түрмелер мен концлагерлерден өтті.

1939-1944 жылдары төтенше трибуналдың үкімі негізінде және ешқандай үкімсіз 164 мың, /кей мәліметтерде 200 мыңға жуық деп көрсетілген/ антифашистер атылған. Франко «ұлттық бейбітшілік, бейбіт өмір» уәдесі испандықгар үшін көп семьяны қайғыға ұшыратты, түрмелер мен мүрделерге айналды. /3/.

Кейінрек репрессия аумағы едәуір азайғанымен, қатаң електен өткізу режимі «индультос» /помилование, рақымшылық ету/ саяси тұтқындардың санын бірте-бірте азайтты, режимге қарсыларды, алдыңғы ойлыларды қуғындау бір де бір күн тоқтаған жоқ. Режимнің репрессивтік зор апаратын ұстауға бюджеттің 7-10%-ті, ал білім саласына бюджеттің 5-6%-ті ғана жұмсалды. Бұл апарат өмір сүріп отырған тәртіпті өзгертуге ұмтылуды қандайы болса да аяусыз басып отырды. Тұтқындар мен айдалғандарды қатал жазалау, демонстрацияны күштеп тарату, көтеріліске шыққан жұмысшылар мен студенттерге қарсы қару қолдану және басқа зорлық-зомбылықтар халық көпшілігінің наразылығын басудың кәдуілгі айла тәсілдеріне айналды.

Франкизм тұсында Испанияның барлық сот жүйесі соғыс кезіндегі төтенше заңдар негізінде әрекет етті. 60 -шы жылдардың ортасында жүргізілген кейбір реформалар ешқандай түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ, 70-ші жылдардың басында өкімет бұрынғы заң методына қайта оралуды жөн санады. Режим оппозицияны басу үшін елдің кейбір аудандары мен территорияларында төтенше жағдай енгізуді бірнеше рет пайдаланды: 1962, 1963,1968, 1969, 1973, 1975жж.. Осы жылдары солшыл партиялар мен ұйымдар қатаң репрессияға ұшырады. Бүл ұйымдардың мүшелері үшін 20-30 жылдық түрме жазасы кәдімгі «әдетке» айналды. 70-ші жылдардың ортасында «терроризммен күрес жөніндегі» төтенше заң негізінде «ерекше қауіпті қылмыс» үшін өлім жазасы қалпына келтірілді. Осылайша, режим өзі өмір сүрген жылдары испан қоғамын «жеңгендер» мен «жеңілгендер» деп бөліп, өзінің қарсыластарына қарсы азамат соғысын жүргізуін тоқтатпады.

Терроризм мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін көтерілді. Бүкіл елде бостандықтың барлық түрі жойылды, оның ішінде аз ұлттардың автономия құру құқьшығы; кәсіподақтар мен саяси партиялардың заңсыз деп жариялануы т.б. Елде қалыптасқан саяси және мемлекеттік жүйе режим мен оның институттарын сақтауға бағытталды. Ол режимді республикаға құлаған соң 1939 жылы Испанияның үстем тобы құрған болатын. Олар Франко өлген соң тарихи аренадан кетті.

Диктатураның өмір сүрген алғашқы кезеңінде оның басқару құрылымы мен методтарында герман нацизмі және итальян фашизмінің саяси мен рухани ықпалы айқын көрінді. Франконың өзі мен режимнің басқа лидерлері өз режимдерінің Европадағы басқа фашистік режимдермен ұқсастығын жасырмады. Екінші дүние жүзілік соғыс барысында фашизм талқандалған соң франкистік режим өзгерген ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделе бастады. Франкизм идеологтары оны ұлттық традицияны сақтаған Испанияның өзіндік даму жолы, «демократияның бір бөлігі», «өзгертулерге ашық бағыт алған» деп сипаттады /4/. Франкистік режим өзінің соңғы кезеңінде испания үшін фашистік типтегі реакциялық диктатураға айналды.

 

 

 

3.2. Ф. Франко режимінің күйреуі

1939 жөне 1970 жылдардағы режимнің арасында айырмашылық болғанымен, олардың көп ұқсастығы бар еді, атап айтқанда саяси, заң, атқару, сот және әскери билік диктатураның өмір сүрген барлық кезеңінде Франконың қолында болды. Франко үкіметтің қызметінің барлық бағыттары мен нормаларын анықтауда, декреттер мен заңдарды бекітуде, әскери және азаматтық шенеуліктерді, кортес пен муниципалитеттердің депутаттарын тағайындауда барлық билікке ие болатын. Ол мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, жалғыз саяси партия — Испан фалангасының, ол күйреген соң режимнің барлық жақтастары біріккен «Ұлттық қозғалыс» партиясының каудильосы болды. 1973 жылға дейін барлық құрылған үкіметтің Франко басшысы болды. 1969 жылы кортестің төтенше сессиясы мемлекет басшысының мирасқоры етіп, 1931 жылы революция кұлатқан король Альфонс ХІІІ-нің немересі, Хуан Карлосты тағайындауы да, ал 1973 жылы — адмирал Карреро Бланконың премьер-министр болуы да Франконың абсолюттік билігін шайқалта алмады.

Франкизм өзінің қарсыластарына қарсы саяси террорды қатаң рухани және идеологиялық террормен толықтырып отырды. «Коммунистерге қарсы крест жорығы» идеалына берілгендікті режим елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі принципі деп есептеді. Режим өзінің қарсыластарының саяси және идеологиялық толық қарусыздануын талап етті. Испан қоғамына франкизм енгізген идеологиялық платформа Испанияда бір жарым ғасыр ішінде дүниеге келген әртүрлі реакциялық ағымдар, топтар, партиялардың идеологиялық және саяси доктриналарының қойыртпағы еді. Франкизмнің идеологиялық доктринасының мәнін зерттеуші Хуан Висенс былай сипаттайды: «авторитаризм, национализм, экзальтированное провозглашение единения перед лицом классовой борьбы, патерналистская элитарность, исконный, дособорный католицизм»/5/.

40-шы жылдардың соңында 50-шы жылдардың басында франкизмге қарсы экономикалық ұрандармен алғашқы жұмысшы бас көтерулері бой көтерді. Жұмысшылар жалақының аз болуына, кәсіпкерлердің жүгенсіздігіне, бағаның өсуіне қарсы шықты. Жұмысшылар 60 -шы жылдардың басына қарай франкистік режимнің негізіне қарсы талаптар қоя бастады: саяси тұтқындарға амнистия, ереуілдерге, жиналыстарға, тәуілсіз кәсіпорындар құру правосын беру, полициялық террорды тоқтатуды және т.б. талап етті. Жұмысшылардың жаппай бас көтерулері режимнің маңызды тіректерінің бірі «вертикальдық» синдикаттардың күйреуіне әкеп соқты.

70-ші жылдардың ортасында «вертикальдық» синдикаттар әскерсіз генералдарға айналды, өйткені еңбекшілердің көпшілігі 50-ші жылдардың аяғында қалыптасқан кәсіподақ қозғалысының жаңа типі — жұмысшы комиссиясын ашық қолдады. «Вертикальдық» синдикаттардың күйреуі франкизмнің халықтың басым көпшілігімен тіл табуға ұмтылысының толық іске аспағандығын көрсетеді. 50-ші жылдардың ортасында студент қауымы университеттің кәсіподағына /СЕУ/ радикалды реформа жүргізуді талап етті. Өкімет бұған жауап ретінде университеттерді жапты, студенттер арасында тазалау жүргізді, оку корпустары мен студенттік қалашық территорияларында митингілер және манифестациялар өткізуге тиым салды, осы жерлерге полиция мен азаматтық гвардияның үлкен бөлімдерін енгізді, бірақ бұл шаралар отқа май құйды. Режим мен студент қауымы арасында конфликт туды.

60-шы жылдардың аяғында әртүрлі оппозициялық акцияларға: жиналыстар, демонстрациялар, «дөнгелек столдарға» жөне басқаларға интеллигенция белсене қатысты. Испан интеллигенциясының жаңа ұрпағының басым көпшілігі франкизмге қарсы шықты. Олар адвокаттар, журналистер, дәрігерлер, сот қызметкерлері /6/. Өкіметтің интеллигенцияның әртүрлі топтарына жүргізген саяси репрессиялары олардың арасында режимнің ықпалының өсуіне кедергі келтірді.

Каталония мен Баск елінің ұлтшылдық қозғалысы оппозициялық қозғалыста маңызды роль атқарды, олар автономияны қалпына келтіру және ұлттық мәдениетті қорғау үшін табанда күрес жүргізді. Франкизм оларды » ұлттың бірлігіне» қастандық тудырушы ретінде қарап, аяусыз басты. Өкіметтің репрессиясы 60-шы жылдардың соңында радикалдык позициядағы баскі ұлтшылдық ұйымдарының күрестің террористік методтарына көшуіне әкеп соқты да Баск Елінде жағдайды одан сайын шиеленістіріп, режим дағдарысын тереңдете түсті.

Осылайша франкизм төменнен басталып, өсе түскен оппозицияны баса алмайтын жағдайға жетті. Ол «Ұлы Испания» негізінде сақтап қала алмады. 30-шы жылдары антиреспубликандық және антикоммунистік ту астында испан реакциясы таптық-әлеуметтік жағынан әртүрлі күштерді біріктірген болатын: финанс және жер олигархиясы, шіркеу мен әскерді басқарушылар, ірі өнеркәсіп иелері, қала мен селоның орта тобының едәуір бөлігі. Франкистік режим олардың мүддесін барынша қорғады. Олардың экономикалық позициясының нығаюына жағдай жасады. Франкизм тұсында қалыптасқан финанс олигархиясы негізінен қоғаммен мемлекетті үстем күшке айналды /7/.

Режим «бұрынғы» байларға ғана қолайлы жағдай тудырған жоқ, алып-сатар, коррупция негізінде байыған «жаңаларға» да жеңілдіктер жасады. Ап Испанияда 60-шы жылдардың ортасында «экономикалық аристократия» деп аталған 1377 «семья» болды. Режимнің билік басында болуы Франко семьясының баюына пайдаланылды. Франконың інісі Николас Франко «Рено», «Дизель», «Алюминио Иберико» сияқты компаниялардың әкімшілік кеңесінің құрамына енді, қарындасы Пилар биржа ойынында байып, өзінің капиталын фармацевт және металлөндеу өнеркәсібіне салды. Франко семьясының капиталы 41 банкіге салынған.

60-ші жне 70-ші жылдардың бірінші жартысындағы экономикалық «бум» одан сайын «жаңа» буржуазияның позициясын нығайтты, сонымен қатар ол режим экономикасы саясатының біраз бөлігінің наразылығын өсірді. Соның қысымымен 50-шы жылдардың соңында режим «автаркия»* және экономиканы реттеу саясатынан бас тартуға мөжбүр болып, экономиканы «либерализациялауға» көшті, ол испан бизнесіне барынша қолайлы жағдай туғызды. Осындай жағдайда испан буржуазиясы реформа жүргізуге мен осы құрылымды жоюға ұмтылуы күшейді. Франкизм 60-шы жылдары орын алған жағдайдан мемлекеттік басқару системасына «Опус деи» /»Дело божье»/ діни сектасынан технократтар мен әлеуметтік және саяси салаларда либерализаторлық жаңалықтарды енгізу арқылы шығуға тырысты. Технократтар өздерін басқарушы ретінде жаман көрсеткен жоқ, сонымен қатар коррупция, қазына ұрлаушылықпен олар өздерін былғады, ал саяси «либерализация» жүзеге аспады. Сонымен бірге олардың іс-әрекеті испан буржуазиясының әртүрлі топтарының арасында қайшылықгар туғызды, екі ағымның пайда болуына ықпал етті: «эволюционисттер» және ультра, кейінірек «бункер». Өкіметтің тоталитарлық формасына 1936-1939 жылдары франкистік ту астында республикаға қарсы соғысқандардың балалары қарсы шықты. Оларды Испанияда «Режим балалары» деп атады. Олар «көше балаларымен» бірікті.

Испания басқарушы тобының франкизмге көзқарасына тағы бір жағдай әсер етті. Франкизм бірыңғай идеалық-саяси блокқа монархистердің, консерваторлардың, католиктердің, фашистік топтардың әртүрлі фракцияларын біріктірді. Осы блокқа әртүрлі күштердің енуі олардың ішінде үнемі қайшылықтар туғызып отырды. Алғашқы кезеңде режимнің негізгі саяси сүйеніші Испания фалангасы болатын. Осы партияның құжаттық программасы 26 баптан тұрды, ол франкистік мемлекеттің «фундаментальдық негізі» деп саналды. 40-шы жылдардың соңында фаланганың құрамы 1 миллион адамға жетті, соған қарамастан елдегі жетекші саяси күшке айнала алмады. Себебі, әрқашан әскер бақылауында әрекет етті, оның билігіне үнемі монархистер мен католиктер таласты. Герман және итальян фашизмнің күйреуі фаланганы Испаниядан тыс жердегі саяси және рухани қолдаудан айырды. Франко фаланга сүйенішінен бас тартуға мәжбүр болып, басқа реакциялық күшке, атап айтқанда католиктер мен монархистердің консервативтік топтарына арқа сүйеді. Фаланга 50-ші жылдардың ортасында шын мәнінде күйреді, біразы «Ұлттық қозғалыстың» бір бөліміне айналды. 60-шы жылдары «Ұлттық қозғалыста» бір-біріне қарсы топтар пайда болды. Фаланганың ультра оңшыл элементтері оны қайта тудыруға бірнеше рет ұмтылды. 1958 жылдың мамыр айында фаланга принциптері мемлекеттің негізгі принциптері деп жарияланды, бірақ олар бұрынғы позициясын қайтара алмады.

70-ші жылдардың ортасында франкизм өзінің тағы бір таянышынан — католиктік шіркеуден айырылды. Азамат соғысы жылдары жөне одан кейінгі жылдарда шіркеу «крусада» идеясын толық мойындаған-ды, режиммен оның репрессиялық саясатын қолдап, өзінің онымен тығыз байланыста екенін айқын көрсеткен. 1953 жылы Ватиканмен конкордат жасалынған, ол католиктік дінге ерекше құқықтар берген. Алайда, оппозициялық қозғалыстың өсуімен шіркеудің режимінен алшақтау процесі басталды. Шіркеудің «жаңарған» қанаты 60-шы жылдары франкизмнен ажырады. Бұл қанат режим саясатын ашық сынап, оппозицияның демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру талаптарын қолдады.70-ші жылдардың ортасында жаңа лептен режимнің маңызды тірегі әскер мен қоғамдық қауіпсіздік күштері де шет қала алмады.

Дегенмен франкистік режим үнемі дағдарыста болды деп айтуға болмайды. Режимнің ұзақ уақыт өмір сүруі жағдайдың өзгеруіне тез бейімделуі, әр түрлі топтармен тіл табысуы, олардың кейбір талаптарын орындауы. Франкизм өзі өмір сүрген жылдары әлеуметтік-экономикалық және саяси маневрдің үлкен төжірибесін жинақтады. 1945-1948 жылдары Испания халықаралық аренада оқшау қалды. Режим осы оқшауланудың көлеңкелі салдарын жою үшін бірқатар реформалар жүргізді: монархияны қалпына келтіру, кортестерді құру,»испандықгар хартиясын» өмірге енгізу. 1959-1960 жылдары экономикалық және саяси дағдарыс туғанда да франкизм күрт бетбұрыс жасап, «ашық экономикаға» көшті, «испандық экономикалық кереметке» жол ашты. 1960 жылдардың ортасында елде оппозициялық қозғалыс кең етек алғанда франкизм «либерализация», реформа эрасын жариялады. Осындай маневрлер елде режимге қарсы оқиғалардың алдын алып, дағдарыстық ситуацияны жойып жіберіп отырды. Режимнің біршама тұрақты болуына оппозициялық күштердің әртүрлі болуы, қимылдарының бір-бірімен үйлеспей жатуы да өсер етті. Оппозициялық партиялар мен топтардың іс-әрекеті көбінде петиция, жазбаша қарсылық, өтініш, үндеу жазумен шектелді. Олар ұсынған жолдар елдегі шиеленіскен мәселелерді шеше алмады. Осылардың барлығы франкизмге қарсы күресте бірыңғай бір платформада біріккен күшті құра алмады.

Франкистік режимді «ұлттық келісім» негізінде бейбіт жолмен жою идеясы испан қоғамының әртүрлі топтарының арасында кең қолдау тапты. Оның себебі: біріншіден жаңа азамат соғысының қауіптену (бұрынғы азамат соғысының қанды зорлығы, азабы, қырғыны естен шыққан жоқ, оны «жеңгендер» де «жеңілгендер» де ұмытқан жоқ) Оппозициялық күштердің жақындасуының алғашқы қадамы 1962 жылы маусымда Мюнхенде өткен буржуазиялық партиялар мен социалистер өкілдерінің мәжілісінде жасалды. Онда Испанияда диктатурадан демократияға өтудің бес шарты көрсетілді: елде демократиялық институтаттар қүру; адам құқына нақты кепілдік беру; үлттық топтардың қүқын тану; кәсіподақ бостандығын қамтамасыз ету; оппозиция құқылығы. Алайда, оппозициялық топтар мен партиялардың жақындасу процессі ұзаққа созылды. 1974 жылы маусымда Демократиялық Кеңес құрылды. Оған Испания Компартиясы, Социалистік Халық партиясы және басқа партиялардың топтары бірікті. Ұзамай Испания Социалистік жұмысшы партиясы инициативасымен басқа коалициялық оппозициялық күш — Демократиялық конвергенция платформасы, немесе Демократиялық келісім партиясы құрылды. 1976 жылдың наурызында осы екі оппозициялық блок — Демократиялық кординация құру арқылы бірікті. Олардың бірігіп жариялаған коммюникесінде елде демократиялық қоғам орнатуға қол жеткізу және саяси сипаттағы талаптары көрсетілген.

70-ші жылдардың басында франкизмнің маневр жасау мүмкіндігі тоқтады. Испанияда демократиялық Кеңес құрылғаннан кейінгі жағдай жөнінде 1974 жылы француздың «Юманите» газеті былай деп жазды: «Франкизмнен кейінгі кезең бұл гипотеза емес… Франкизмнің күйреуі диктатурада ұлттық оппозицияның өсуімен білінеді… социалистер, христиандар, либералдар, монархистер, дін қызметкерлері, өнеркәсіп иелері жұмысшылармен, коммунистермен бірге әрекет етуде. Аз уақыт қана бұрын бір-біріне қарсы тұрғандар бір мақсатта: Испанияда демократияны қалпына келтіру мақсатында бірікті/8/. Франкизмнің саяси және идеологиялық жүйе ретінде күні бітті. Одан басқарушы топ та, қалың көпшілік те бас тартты. Барлығы да өзгерістің қажет екенін түсінді. Осындай жағдайда 1975 жылы 20 қарашада 82 жастағы диктатор қайтыс болды. Оның жерлеуін ультра Мадридте және басқа қалаларда манифестациялар өткізумен атап өтті. Қырық жылдық режим тарихы аяқталды. Болашаққа сенген жаңа кезең басталды. 22 қараша 1975 жылы принц Хуан Карлос, Хуан Карлос I деген атпен Испания королі болып жарияланды. Ол өзінің такқа отыру рәсімінде сөйлеген сөзінде елде реформалар жүргізу қажет екендігінін түсінетінін атап өтті.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Испания үшін бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүілік соғыс аралығы өзінің болашақ тарихи тандауын жасаған уақыт болды. 20-шы жылдары басталған саяси дағдарыс билікке әскерилердің төңкеріс жасап келуін, үкіметті Примо де Ривера сияқты диктатор басқаруына жағдай туғызды. Алайда, 1930 жылға дейінгі аралықта болып өткен ереуілдер, өткен митингілер халықтың мүндай диктаторлық режиммен келіспейтіндіктерін айқын танытты. Примо бастаған осы диктаторлық үкіметтің отставкаға кетуі осы қарсылықтың нәтижесі. Европа елдерінде алғашқылардың бірі болып мұнда фашизмге қарсы Халық майданы құрылды. Жұмысшылары мен шаруалары, оларға қосылған солдаттар көтеріліске шығып, тағы да республика жариялады.

1931 жыльі Беренгер үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті Жаңа үкіметті Аснар басқарды. Ол 12 сәуір 1931 жылы муниципалитеттерге сайлау жүргізілетінін жариялады. Бұл сайлау «Республика жасасын!» деген ұранмен өтті. Республикандықтар өнеркәсіптік аудандарда көп дауысқа ие болды. Сайлау нәтижесінде король Альфонс шетелге кетті, «революциялық комитет» Испанияны республика деп жариялады. Республика жариялануымен өкімет билігі буржуазия мен либералдық помещиктер блогының қолында болды. Буржуазиялық партиялар мен социалистердің өкілдерінен құрылған коалициялық уақытша үкіметін оңшыл республикандық Алькола Самора басқарды. Республика өміршең болмады.

9 желтоқсан 1931 жылы конституция қабылданды. Өткен ғасырдан бергі кезеңіне көз жүгіртсек Испанияда 1812, 1834, 1837, 1845, 1869, 1976, 1931 жылдары конституциялар қабылданған Ал франкистік диктатура жылдарында конституция емес, «негізгі заңдар» ғана шығарылды. Тек 1978 жылғы конституция демократиялық жаңартуларға жол ашты.

Қорыта айтқанда монархияға қарсы жалпылық сипатта күрес бастаған елдердің бірі болды. Мұнда буржуазияның өз билігінен айырылып қалу үрейі террорлық әрекеттерге итермеледі. Ал одан кейінгі кезеңде ортақ антифашистік халық майданы құрылып, фашизмге қарсы қарулы күрес жанданған бірден-бір ел болды. Ұлттық-революциялық соғыстар барысында жаңа саяси құрылыс негізі қаланды. Алайда, соғыс демократиялық күштердің жеңілісімен аяқталды. Испанияда кейінгі 40 жыл франкизм басқарып тұрды. Ол фашистік режимдердің ішіндегі ең ұзақ билік құрған және ең соңғысы болды. Европадағы бұл режим 1975 жылы Франконың өлімімен, буржуазиялық-демократиялық тәртіптердің бірте-бірте қалыпқа келтіру процесі жүрді. 20 жылдардан кейін алғаш рет фашизм Европа жерінде өмір сүруін тоқтатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Красиков А. Испания и мировая политика. Полвека дипломатической истории. М., 1989.,с.30-35. Страны мира. М.,1997

2.Проблемы испанской истории.   М., 1979; с.67-75.

3.Баранова Т.Н.,Лукьянова Л.И. Испания: истоки и соверменные тенденции оппозиционного движения.  М., 1977; Социально-экономические проблемы истории Испании. М., 1965. с.55.

4.Тамамес Р. Республика. Режим Франко. Мадрид, 1973; Ибаррури Д. Единственный путь. М., 1962, с.455.

  1. История фашизма в Западной Европе. М., 1978; Современная Испания. М.,1983; Пожарская С. От 18 июля-долгий путь. М.,1977.

Бірінші тарау

  1. Новейшая история. 1917-1939. М.,1958.с. 243.
  2. сонда, с.244.
  3. Международное рабочее движение. М.,1980. с.- 162.
  4. Современная Испания. М.,1983,с. 82.
  5. Испанская революция 1930-1931 гг. и «Двухлетие реформ» (1932-1933) М.2002.с.83.
  6. Баранова Т.Н., Лукьянова Л.И. Испания: истоки и соверменные тенденции оппозиционного движения. М., 1977. с.122.
  7. Всемирная история. Т.ІХ. М.,1954. с.384.
  8. Сонда с.384.
  9. Тамамес Р. Республика. Режим Франко. Мадрид, 1973.с.235.
  10. История фашизма в Западной Европе. М., 1978. с.48.
  11. Современная Испания. М.,1983.с.128.

 

Екінші тарау

  1. Новейшая история. 1917-1939. М.,1958. с. 262.
  2. сонда,с.263.
  3. Международное рабочее движение. М.,1980.с.41.
  4. Всемирная история. Т.ІХ. М.,1954. с.467.
  5. В.В. Загладин. Современная Испания. М.1993,с.169.
  6. Современная Испания. М.,1983, с.124.
  7. сонда, с.92.

8.И. Кудрин. Испанцы у себя дома. М.,1994.с.13.

 

Үшінші тарау

  1. За рубежом, 1976, №16, -12 бет.
  2. Пожарская С.П. Генералиссимус Франко и его время. – Новая и новейшая история, 1990, № 6., Тамамес Р. Республика.  Режим Франко. Мадрид, 1973, с.356-357.
  3. Ибаррури Д. Единственный путь. М., 1962, -455 бет.
  4. Кныркова Ж.Ю. Последний западноевропейский диктатор Франсиско Франко. – В кн.: Исторические портреты: неизвестное об известных. М., 1993

История фашизма в Западной Европе. М., 1978, -469 бет.

  1. Проблемы испанской истории. 1979. М., 1979. 103 бет.
  2. Баранова Т.Н., Лукьянова Л.И. Испания: истоки и соверменные тенденции оппозиционного движения. М., 1977., 118-120 бет.

7.Социально-экономические проблемы истории Испании. М.,1965,

 312 бет.

8.Современная Испания. М.,1983, 22-бет.