АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Ветеринария факультеті

 

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы

 

 

  Беттер саны    ____

  Сызбалар мен көрнекі

  материалдар саны ___

 

 

 

Орындаған:  Есенқұлов Нұрбек

 

2018 ж. “___” мамырында қорғауға жіберілді

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор  ___________________ Ж.К.Төлемісова

 

 

Жетекші, қау. профессоры         ____________________   А.С. Ибажанова

 

 

 

Норма бақылау, қау. профессор______________________А.С. Ибажанова

 

 

 

Сарапшы, доцент ________________________________ 

 

 

 

 

Алматы 2018

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ комерциялық емес акционерлік қоғамы

 

Ветеринария факультеті

 

5В120100 — Ветеринариялық медицина мамандығы

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент Есенқұлов Нұрбек

 

 

Жұмыс (жоба) тақырыбы  ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы

 

Университет бойынша 2017 жыл «14» қараша № 550-К  бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл  «__» маусым

 

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

Безноитиоздан өлген сиырлардың ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген тарауларда безноитиоз ауруынан өлген сиырлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

  1. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. Колос, 1975. – 472 с.
  2. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М: Колос, 1982. – 496 с.
  3. Сулейменов К.У. Жануарлардың инвазиялық аурулары//А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, оқу құралы, Қостанай, 2016, Б. 143-152.
  4. Абуладзе К. И. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М: Колос, 1984 – 256 с.
  5. Акбаев М.Ш., Василевич Ф.И., Балагула Т.В., Коновалов Н.К. Паразитология и инвазионные болезни животных. М: Колос, 2001. – 528 с.

 

 

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Ибажанова А.С.

Желтоқсан, 2017

 

Негізгі бөлім

Ибажанова А.С.

Қаңтар, 2018

 

Тұжырым

Ибажанова А.С.

Наурыз, 2018

 

Зерттеу нәтижелері

Мауланов А.З.

Сәуір, 2018

 

Экономикалық тиімділік

 

Мамыр, 2018

 

Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелер

 

Мамыр, 2018

 

 

 

Кафедра меңгерушісі,профессор  ________________   Ж. К. Тулемисова

 

 

 

Жұмыс (жоба) жетекшісі,

 қауым.профессор м.а                       ________________ А.С. Ибажанова

 

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                 ____________________Н. Есенқұлов

 

 

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

 

КЕСТЕСІ

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Әдебиетке шолу

Қараша, 2017

Орындалды

2

Зерттеу материалдары

Желтоқсан, 2017

Орындалды

3

Гистологиялық материалдарды жасау

Қаңтар, 2018

Орындалды

4

Гистологиялық препараттарды зерттеу

Наурыз, 2018

Орындалды

5

Өзіндік зерттеулерді толықтыру

Наурыз, 2018

Орындалды

6

Қорытынды

Сәуір, 2018

Орындалды

7

Практикалық ұсыныстар

Сәуір, 2018

Орындалды

 

 

 

Кафедра меңгерушісі,профессор  ________________   Ж. К. Тулемисова

 

 

 

Жұмыс (жоба) жетекшісі,

 қауым.профессор м.а                       ________________ А.С. Ибажанова

 

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                 ____________________Н. Есенқұлов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

1

КІРІСПЕ

 

1.1

Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы

 

1.2

Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері

 

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

2.1

Безноитиоздың анықтамасы және қоздырғышы

 

2.2

Аурудың себептері және клиникалық белгілері

 

2.3

Ауруды балау, патогенезі, алдын-алу шаралары және емі

 

2.4

Аурудың патологиялық анатомиясы

 

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

3.1

Зерттеу материалдары мен әдістері

 

3.2

Зерттеу нәтижелері

 

3.2.1

«Жақсыбай» шаруашылығындағы ірі қара мал безноитиозының клиникалық белгілері

 

3.2.2

Лажысыздан сойылған ірі қара малдардың безноитиоз кезіндегі негізгі пато-гистологиялық өзгерістері

 

3.3

 Экономикалық тиімділікті есептеу

 

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

 

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

7

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

ТШ ОСЧ 25-6

Дистильденген су

ТШ 46-22-549-08

ТЭС – 1 термостаты

МСТ (ТШ) 2766-51

Негізгі фуксин, таза

МРТШ 42-56

Микротом пышағын қайрайтын қондырғы

МРТШ 42-102-63

Хирургиялық қайшылар

МРТШ 64-1-281-64

Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы

МРТШ64-1-1629-64

МПС-1 микротомы

МЕМСТ 5962-67

Этил спирті 96%-ті ректификацияланған

МЕМСТ 381-69

Термометр

МЕМСТ 381-69

Хлороформ

ТШ 6-09-183-70

Эозин Н индикаторы

ТШ 64-1-1582-72

ГС 80 У 42 маркалы термостат

ТШ 480-11-10-73

Шыныға жазатын қалам

МЕМСТ 20291-74

Пробиркалар

МЕМСТ 20292-74

Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар

МЕМСТ 20292-74Е

Шыны пипеткалар

МЕМСТ 20292-74

Микротом пышағын қайрайтын қондырғы

МЕМСТ 9284-75

Микропрепаратқа арналған заттық шыны

МЕМСТ 9284-75

Микроскопқа арналған жапқыш шыны

МЕМСТ 4220-75

Екі хром қышқылды калий

МЕМСТ 2290-76

Пихта бальзамы

ТШ 6-09-3803-77

Қышқыл фуксин (Рубин С)

МЕМСТ 9412-77

Медициналық мақта

МЕМСТ 8284-78

МБИ маркалы микроскоп

ТШ 27-56-774-79

КШ – 240 маркалы тоңазытқыш

МЕМСТ 3118-79

Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 г/см3

МЕМСТ 24104-80Е

Лабораториялық таразы

МЕМСТ 25336-82Е

Лабораториялық шыны ыдыстар

МЕМСТ 25 336-82Е

«Биолам Р-11» микроскобы

ТШ 6-09-3637-87

Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин

МЕМСТ 3164

Медициналық вазелин майы

МЕМСТ 20283

Полистирол

МЕМСТ 9949

Ксилол

МЕМСТ 27583

Тауық жұмыртқасының ақуызы

МЕМСТ 6304

Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған

МЕМСТ 21241

Медициналық пинцеттер

МЕМСТ 25336

Конус колбалар Кн – 2 – 100 ТХС

МЕМСТ 25336

Воронкалар В – 1 – 250 ТС

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды

Өліктің шіруі күрделі органикалық қосылыстарды қарапайым, қосылыстарға, күкірт сутектерге, аммиакка, көмір қышқыл газына дейін ыдырататын, микроағзалардың өміршеңділігі мен ұлпалардағы аутолиз үрдісінің әсер ету нәтежиесінде пайда болады (сондықтан иіс болады).   

Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз.

Жануарлар патологиясы — жануарлар мен адамның ағза – тоқымаларында түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым.

Гиалинді – тамшы дистрофиясы – цитоплазмада ірі жартылай мөлдір біркелкі ақуыздық тамшылардың пайда болуымен сипатталады.

Гиперемия – белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.

Гиалинді дистрофиялар (гиалиноз) дәнекер ұлпада мөлдір белоктық массаның түзілуі, олар тамшы, кесекше түрінде көрініп, шеміршекке ұқсас келеді, бірақ та биологиялық тұрғыдан еш байланысы жоқ. Себептері әртүрлі аурулар нәтижесінде қантамырлар қабырғасының өткізгіштігі бұзылуынан және басқа да себептерден туындайды.

Мүйізгек дистрофия (патологиялық қабыршақтану) – торшада мүйізгек затының түзілуі (кератин).

Амилоидоз (амилоидтық дистрофия) ұлпада тығыз, бірыңғай мөлдір заттарда тұнумен сипатталатын, гиалинге ұқсас, бірақ өзінің гистохимиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.           

Амилоид – бұл глобулинге жақын, ақуыздық заттар (амилоидопротеин).

Глюкопротеидтер – күрделі ақуыздар, құрамына күрделі көмірсулар кіретін, әртүрлі гексоздардан, гексозамин және гексурлы қышқылдардан  құралған.

Құрғақ некроз (коагуляциялық) ұлпалық сұйықтық пен торшалық протоплазманың тығыздалуы және іруімен сипатталады.

Майлану дистрофиясы – май алмасуы бұзылуынан торшалар мен тоқымаларда дамитын морфологиялық өзгеріс.

Іртікті өлі еттенуі (казеозды некроз). Туберкулез бен маңқа ошақтарында торшаның ақуыздық – майлы ыдырауы жүреді.

Ылғалды (колликвациялық) некроз (colliguare – сұйылту) ылғалға толы ұлпаларда дамиды (бас миы немесе өлгеннен кейін сұйықтық жиналған басқада ұлпалар).

Гангрена – өзгеріске ұшырайтын және қоршаған ортамен жанасқан ұлпалар мен ағзалардың өлуі.

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады

Қаз ҰАУ

– Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ҚР

– Қазақстан Республикасы

МБИ

– биологиялық зерттеу микроскобы

ЖШҚ

–жеке шаруа қожалығы

МС

–микротом

МПС

–парафин кесінділеріне арналған микротом

ЖС

–жеке серіктестік

мкм

–микрометр

ДНҚ

– дезоксирибонуклеин қышқылы

РНҚ

– рибонуклеин қышқылы

Г

– грамм

мин

– минут

см

– сантиметр

мм

– миллиметр

мк

– микрон

нм

– нанометр

мг

– миллиграмм

кг

– киллограмм

ж.

– жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • КІРІСПЕ

1.1 Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы

Қазақстанның дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатында қазіргі таңда малшаруашылығын аурудан арылту жұмыстары интенсивті түрде жүргізілуде. Бірақ та бұл іс шараға кедергі келтіретін жағдайлардың бірі малдар арасында инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулардың шығуы. Кедергі келтіретін бір тұрғыдан инфекциялық аурулардың бірі болып, екінші тұрғыдан инвазиялық аурулар болып саналатын безноитиоз ауруының туындауы.

Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім [1,3].

Бірақ та ірі қара мал безноитиозы кезінде байқалатын клиникалық белгілердің басқа аурулардың белгілеріне ұқсас болуынан және ауруға диагноз қою қиындық тудыруда. Сондықтан да аурудың этиологиясын, клиникалық белгілерін және патоморфологиялық өзгерістерін бір жүйе етіп қарастыру бұл диагностикалық құндылығы жоғары және өзекті мәселе болып саналады.

Ал, жануарлар басының артуымен қатар олардың аурулары да көбеюде. Жануарлар ауруларының ішінде басқа аурулармен қатар, инвазиялық аурулар бірінші өзекті мәселелердің бірі. Аталған ауруларға қарсы препараттар және т.б. емдік шаралар жүргізілгенімен жануарларды өлім жітімге ұшыратып, қожаларын емдеуге қажет шығындарға мәжбүрлеп, шаруашылықтарды үлкен экономикалық шығындарға әкеп соқтыртып жүр.

Бұл аурулардың қазіргі кезде өте қарқынды дамып, тез таралуы ғалымдар арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты, осы аурулар кезінде ірі қара малдың ішкі мүшелерінде туындайтын патоморфологиялық, гистологиялық, гистохимиялық өзгерістерді зерттеу бағытында ізденіс жұмыстарын жүргізу және негізгі патологиялық морфологиялық өзгерістерді білу кез – келген ветеринариялық дәрігердің міндеті.

Себебі, патологиялық анатомиялық зерттеулер нәтижелері ең бірінші аурудың алдын — алуға, балауға және ажыратып балауға мүмкіндік береді.

 

 

1.2 Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері

Жұмыс Алматы облысына қарасты жеке мал шаруашылықтарында табиғи жағдайда безноитиозға шалдығып өлген сиыр өлекселеріндегі негізгі клиникалық және патологиялық анатомиялық өзгерістері келтіріледі.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: ІҚМ безноитиозының патологиялық анатомиясын зерттеу;

Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндетті қойдық:

— Шару қожалығындағы сиырлар арасында безноитиоздың салыстырмалы клиникалық белгілерінің ерекшеліктері;

— Ауруға тән ішкі мүшелерді пато-гистологиялық зерттеу;

Зерттеу нысаны: Әртүрлі жастағы сиырлар.

       Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Шаруашылықтарда безноитиоз ауруы шыққан жағдайда балау қоюға септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.2 Безноитиоздың анықтамасы және қоздырғышы

Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім. [1,2].

Безноитиоз — жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал  мамандары оны асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған [3].

Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П.Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп, одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің алқаптарында және Іле, Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі [7,13].

Қоздырғышы — Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-қоңыр түске боялады.

Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелерге еніп, үлкендігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі.

Қан ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін толтырады. Мұндай кеңейген гистиоциттердің маңына фибробластар жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді.

Кейбір ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымданады [3].

 

 

2.2 Аурудың себептері және клиникалық белгілері

Ауруды Besnoitia besnoiti атты қарапайым қоздырады. Паразит организмде эндозоиттар және цисталар түрлерінде болады.  Цисталар домалақ немесе сопақша пішінді, сарғыш-ақшыл түсті, диаметрі 0,2 – 0,5 мм, қабырғасы өте қалың және нығыз құрылым. Олардың ішінде апельсин бөлегі немесе қол орақ пішінді, денесінің алдыңғы жағы ұшталған, артқы жағы доғалданған, ұзындығы 6 – 12 мкм, көлденеңі 2 – 5 мкм көптеген эндозоиттар болады.

Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады [2,4].

Безноитиоздың жасырын кезеңі 6 -10 күн, ал кейде 1-1,5 айға созылады. Аурудың жіті түрінде алдымен малдың дене қызбасы 40-41,5 С дейін көтеріледі. Бірақ 2-5 күннен соң қызба басылып, аздан соң қайта көтерілуі мүмкін. Ауру малдың тыныс алуы мен жүрек соғуы жиілейді. Бұл ауруға тән белгілерінің бірі — көз қарығуы. Көзі коньюнктивитке шалдығып, мал көзге сәуле түсуінен қорқады. Сондай-ақ ринит асқынып, танауларынан жалқаяқ сорғалайды [5,6].

Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір сыртқы сөл бездері қабынады және ұлғаяды. Көздің қас қабағында үлкендігі тары дәніндей, ақ түсті (цисталар) түйірлер пайда болады. Танау іші қызарыңқы, онда ақ түйірлер орналасқан. Кейбір жануарлардың жұтқыншағында, қынабында да осындай ақ түйірлер кездеседі.

Кейбір буаз сиырлардың іштастауы мүмкін. Кейде ауру малдың аяқтары және әукесі ісінеді. Сиырдың қынабы, ал бұқаның ені қабынады. Сондықтан безноитиоз бұқаларды белсіздікке душар етеді. Күтімі нашар болса, безноитиозға шалдыққан мал шығынға ұшырауы мүмкін.

Безноитиоздың созылмалы түрінде мал сап-сау сияқты боп көрінеді, бірақ біртіндеп арықтай береді. Малдың ісінген терісі қатпарланады, қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Кейбір жерлерінің терісі жарылып, одан қан шығып тұрады, түгі түседі.

Ауру мал ыстыққа шыдай алмай, тыпыршып көлеңкеге тығылады немесе суға түсіп тұрады. Шамамен безноитиозға шалдыққан малдың 10 % шығынға ұшырайды [7,8,9].

 

 

2.3 Ауруды балау, патогенезі, алдын-алу шаралары және емі

Безноитиоздың эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды (түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп, цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР) [9,10,11].

Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ [13,14]

Ауру малды дер кезінде табыннан бөліп оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек. Қан сорғыш жәндіктермен инсектицид және репеллент дәрілерін қолданып  күресу керек. Мал қораларын уақытында қидан тазалап, жиналған көңді биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. Жазда шөлейт аймақтарда, жағалауында жайылған малды күзде міндетті түрде клиникалық байқаудан өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде жүргізіледі [12,15,16]

 

 

2.5 Аурудың патологиялық анатомиясы

Өлген немесе амалсыздан сойылған малда өте зілді және ауруға тән өзгерістер негізінен тері мен тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлегі кілегейлі қабықтарында болады. Бас, мойын, артқы аяқтар мен ұма терілерінің 2 – 3 есе қалыңдағаны, қатпарланғаны, адыр-бұдырланғаны, түктерінің түсіп, сирегені байқалады. Осылайша өзгерген тері бетінде құрғақ, үгітіліп қиқымданатын қабыршықтар болады. Теріні тіліп көргенде жай көзге дәнекер өрмемен қоршалған көптеген сарғыш түсті түйірлер түріндегі қоздырушының цисталары көрінеді [17, 22].

Паразит цисталарының шоғырлары апоневроздарда да, бұлшықеттераралық дәнекер өрмеде де, бұлшық еттер қалыңында да болады.  Танау қуысының, жұтқыншақ пен көмейдің, кеңірдектің, ірі бронхылардың кілегейлі қабықтарындағы цисталар шоғылары ұнтақ ботқасының жұқа жағындысына ұқсайды.

Цисталар әрдайым көз склерасында, кейде эндокард астында байқалады.  Олар қынаптың кілегейлі қабығын да, бұқа енінің, қамшысының және күпегінің қабықтарын да зақымдайды. Цисталар кеулеп, 2 – 3 см дейін қалыңдаған және қатпарланған ұма терісінде өлшемі 1 — 3 см дей ойылымдар кездеседі [18].

Цисталар есебінен қабықтары қалыңдаған ен, оның қосымшасы қатаяды. Еннің тілік бетінде кальций тұзымен кеуленген майда өлі ошақтар байқалады. Малдың қоңдылығы нашарлап, май өрмесі атрофияға, паренхималық мүшелер дистрофияға ұшырайды.

Зақымданған мүшелерді микроскоптың кіші үлкейкейткішімен зерттегенде көптеген цисталар бірден көңіл аударады. Олар диаметрі 200 — 400 мкм, домалақ пішінді, фуксинмен қызыл түске боялатын қалың қабықты құрылым. Цисталар тері қабаттарының бәрінде де болады, торлы қабатта коллаген талшықтарының будалары аралығында, қан және лимфа тамырларының қабырғаларында, жүйке діңгектерінде де байқалады [21].

Көптеген цисталар желінді, емшектің терісі мен кілегейлі қабығын, ен мен ен қосымшасын жайлайды.

Өкпеде, бауырда, бүйректе, талақ пен лимфалық түйіндерде олардың саны бірен-саран-ақ. Цисталарды азды – көпті гистиоциттер, лимфоциттер мен фибробластар шоғырлары қаумалайды, олар талшықты дәнекер өрменің  өсуіне әкеледі [22].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 НЕГІЗІГІ БӨЛІМ

3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

Жұмыс Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Көксу ауданына қарасты «Жақсыбай» жеке шаруашылығында және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасында орындалды, жұмысқа 2017 жылы лажысыздан сойылған 3 бас ірі қара мал өлекселері қолданылды.

Барлық сиырлар толық патологиялық анатомиялық сойып зерттеліп, хаттамалар толтырылды. Ауруға диагнозды кешенді түрде: жалпы эпизоотологиялық жағдайды, аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып, сойып-зерттеу және гистологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойдық. Диагноз паразитологиялық, патологиялық анатомиялық зерттеулер нәтижесі бойынша дәлелденді.

Ірі қара малдарды Шор Г.В. ұсынған әдіспен сойып-зерттедік, яғни ішкі мүшелерді толық эвицерациялау жолымен жүргізілді. Бұл әдіс, техникалық жағынан алғанда мойын, көкірек, құрсақ және жамбас қуысындағы мүшелерді бүтіндей кешенді түрде шығарып алуға негізделген.

Көкірек, құрсақ қуыстарының сірлі қабықтарының күйін және ішкі мүшелердің орналасқан орнын жан-жақты және мұқият қарап шыққаннан кейін, әр мүшені басқа көршілес орналасқан мүшелермен жалғасқан күйінде зерттедік.

Барлық сойып-зерттелген ірі қара малдардың ішкі мүшелерінен гистологиялық және гистохимиялық зерттеу жүргізу үшін, көлемі 0,5-1 см болатындай кесекшелер алынды.

Алынған патологиялық материалдар Г.А. Меркуловтың әдістемелігіне сәйкес бейтараптандырылған 10% формалиннің судағы ерітіндісіне салынып 24 сағат бекітілді. Ал терең гистохимиялық зерттеулер жүргізу үшін күрделі ерітінділерде (Карнуа, спирт-формалин) бекітілді.

Патматериалды сусыздандыру үшін 60º, 70º, 80º, 90º, 96º1, 96º2 спиртте бір-бір тәуліктен ұстадық. Кесекшелерді парафинде немесе парафин-целлоидинде бекітіп, қалыңдығы 5-10 микрон болатындай жұқа кесінділер алдық. Мүшелердегі жалпы өзгерістерге шолу жүргізу үшін гематоксилин-эозин; Ван-Гизон; Азур-эозин бояуларын пайдаландық.

Гистопрепараттар жарықтық микроскоптарда (МБИ -15, МБР, PZO (Warszawa) әртүрлі үлкейтулерде зерттелінді. Гистопрепараттарды талдау нәтижелері журналға толтырылды. Микрофотографиялар KARLZEISS микроскопында цифрлы фотоаппаратқа түсірілді. Сонымен қатар, микросуреттер «Лейка» ДМЛС Германия және Австрия елдерінде бірігіп құрастырылған микроскоп арқылы және Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің РМҚК «ҒӨО санэпидсараптау және мониторинг» паразитология бөлімі және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми клиникалық орталықтың патологиялық анатомия лабораториясында флюоресцентті микроскопияда түсірілді.

 

3.2 Зерттеу нәтижелері

3.2.1 «Жақсыбай» шаруашылығындағы ірі қара мал безноитиозының клиникалық белгілері

2017 жылы маусым айында Алматы облысы Көксу ауданындағы «Жақсыбай» шаруашылығындағы мамандардан шаруашылықта 3 бас сиырдың ауырып тұрғаны негізінен олардың терілерінің зақымдалғаны, сонымен қатар қырынды алса да және емдік шаралар қолданса да ешқандай нәтижелер болмағаны туралы хабар келгеннен соң, кафедраның патоморфолог оқытушылары мен студенттердің ғылыми зерттеу үйірмесіне қатысатын 4 студент аталған шаруашылыққа бардық.

Зерттеу барысында байқағанымыз, малдарда негізгі клиникалық белгілері 2 сиырда: қоңдылықтары өте төмен, тыныс алулары мен жүрек соғысы жилеген, дене температурасы 410 С, мал дәрігерлерінің айтуы бойынша клиникалық белгілер байқалмай тұрып малдар жүдей бастаған.

Сиырлар ыстыққа шыдай алмай, көлеңкеге тығыла береді. Терілерінің кейбір жерлері қалыңдап, қатпарланған. Бір сиырдың көзі коньюнктивитке шалдығып, мал көзге сәуле түсуінен қорқады (сурет 1). Көздің қас қабағында үлкендігі тары дәніндей, ақ түсті (цисталар) түйірлер пайда болған.

 

Сурет – 1. Коньюктивит және көз қабығындағы цисталар

 

Ауырған 1 бұқаның ені қабынып, төменгі бөлігінен құрсақ қуысы арасындағы тері қатпарланып, қалыңдаған (сурет – 2). Малдың ісінген терісі қатпарланады, қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Ауру мал ыстыққа шыдай алмай, тыпыршып судан шықпай тұрды.

Сонымен қатар, бұқаның танауынан жалқаяқ сорғалап, онда ақ түйірлер орналасқан. Жұтқыншағында, қынабында да осындай ақ түйірлер кездесті.

 

   

Сурет – 2. Ен тұсы және терінің қалыңдап, қатпарлануы

 

Малдың аяқтары ісініп, кейбір жерлерінің терісі жарылып, одан қан шығып тұрды, түктері түскен (сурет – 3).

 

Сурет – 3. Аяқ терісінің жарылып, түктерінің түсуі

 

Сонымен ауырған 2 сиыр мен 1 бұқада негізгі клиникалық белгілер терінің қалыңдауы (піл тері), тыныс алудың қиындауы, танау, ауыз, көзден тоқтаусыз жастың ағуы, дене температурасының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, тыпыршып ыстыққа шыдамай, жарықтан қорқуы байқалды.

 

 

 

 

3.2.2 Лажысыздан сойылған ірі қара малдардың безноитиоз кезіндегі негізгі пато-гистологиялық өзгерістері

Алғашқы сәттерде аурудың белгілері жүйке жүйесінің зақымдалуымен; бас, көкірек тұсы еттерінің және аяқтарының дірілдеуімен, тыныс алу процесінің қиындауымен, көз қарашығының кішірейуімен, аузынан сілекейдің мол бөлінуімен, көз және ауыз қуыстары кілегейлі қабықтарының бозаруымен, сұйық нәжістің және несептің жиі бөлінуімен сипатталды. Сойып зерттелген сиырларда анықталған макроскопиялық өзгерістер негізінен бір типті болып көрінді. Осыған байланысты біз, дипломдық жұмыста анық көрінген негізгі макроскопиялық өзгерістері бар үзіндісін ұсынып отырмыз.

Орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістер

Ми сауытын ашып көргенде, мидың жұмсақ қабығының домбығуы және оның қантамырларының қанға мол толғаны анықталды. Сонымен бірге ми затының ошақты түрде домбыққаны көрінді. Саусақпен басқанда домбыққан ми заты әдеттегіден жұмсақ болып көрінді.Ми қарыншаларында сұрғылттау келген 3-4 мл шамасында болатын сүйық жиналған.

Ас қорыту мүшелеріндегі өзгерістер

Сойып зерттелген барлық сиырларда бауыры шамалы ұлғайған, шеткі қырлары шамалы доғалданған, қызыл–қоңыр түсті, консистенциясы жұмсақтау, кесіп қарағанда тілік бетінен қызыл-қоңыр түсті қан мол ақты. Мүшенің ішкі суреті анық көрінбейді. Өт қабы өтке толып, көлемі ұлғайған (сурет – 1).

 

Сурет – 1. Бауырдың паренхималық дистрофиясы

 

Қарын қуысында шамалы азық бар. Қарын түбінің кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, кілегейлі қабық үстінде қою келген сұрғылт түсті кілегей жиналған.

Сурет – 2. Қарын қабығының домбығып қанталауы

 

Аш ішек кілегейлі қабығы қызарған, ісінген және ұсақ қанталаулар орналасқан. Ішек қабырғасы қаттылау келген және жиырылып буылтықтанған.

Тоқ ішекте айтарлықтай өзгерістер байқалмады, кілегейлі қабығы ақшыл- қызғылт түсті (сурет – 3).

Сурет – 3. Ішектердің катарлы-геморрагиялық қабынуы

 

Тыныс алу мүшелерінің өзгерістері

Кеңірдек қуысында шамалы көлемде қызғылт түсті көпіршік жиналған. Кеңірдектің кілегейлі қабығы ақшыл – қызғылт түсті, кеңірдек сақиналары арасында орналасқан ұсақ қантамырлар қанға мол толған (сурет – 4).

Өкпе көлемі шамалы ұлғайған, қызғылт қоңырлау түсті, консистенциясы қамыр тәрізді. Кесіп қарағанда, тілік бетінен және ірі бронхтар қуыстарынан қызғылт түсті көпіршіктенген сұйық бөлінді (сурет – 5).

 

Сурет – 4. Кеңірдектің қызаруы

 

Сурет – 5. Өкпенің гиперемиясы

 

Несеп бөлу мүшелерінің өзгерістері

Бүйректің көлемі ұлғайған, қызыл қоңыр түсті, консистенциясы жұмсақтау, қабығы керіліп тартылған, оңай сыпырылады. Кесіп қарағанда, тілік бетінен көптеп мол қан ағады. Мүшенің қалыпты суреті анық көрінбейді (сурет – 6). Қуық барлық сойып зерттелген қояндарда бос болып, жиырылып тұрды. Кілегейлі қабығы ақшыл қызғылт түсті.

 

Сурет – 6. Бүйректің түйіршікті дистрофиясы

 

Зерттеулерді қорытындылай, талдай келе, алынған деректер көмегімен цитологиялық, гистологиялық, гистохимиялық зерттеулер мен флюоресцентті микроскопия арқылы ауруды нақты дәлелдедік.

Гистологиялық зерттеуге біз теріні алдық, себебі ауруға тән өзгерістер негізінен орын алғандықтан.

Гистологиялық зерттеу 4 түрлі зақымдалған тері кесекшелеріне жасалды.

Аурудың алғашқы кезеңі енді зақымдалып келе жатқан тері бөлігін гистологиялық зерттегенде байқағанымыз эпидермистің тым қалыңдағаны және оның бүртіктеріні ұзарғаны байқалады. Үстіңігі күсті қабат бірнеше есе қалыңдаған, қызғылт — сары түске боялған. Эпидермистің астындағы түк қынабы мен май бездері жойылған (сурет – 7).

   

Сурет – 7. Терінің күстену дистрофиясы

 

Біздің зерттеуімізде терінің B. besnoiti қоздырғышымен зақымдалуы яғни эндогендік циклінде қоздырғыштың көбеюі мен дамуы 3 фазада жүргені анықталды:

— Трофозоиттық пролиферация фазасы;

— Псевдоцисталық фазасы;

— Өсімдік тектес цисталар фазасы.

Трофозоиттық пролиферация және псевдоцисталық фазаларда қоздырғыш қандағы лейкоциттерде және торша жасушаларында жасушааралық көбейсе, ал өсімдік тектес цисталар фазасында торшадан тыс көбейеді екен.

Алайда, ірі қара малдың B.besnoiti дамуының және көбеюінің барлық кезеңдері генетикалық түрде анықталады және қабылдаушы ағзаның иммундық мәртебесіне тәуелді емес екенін байқадық.

Трофозоиттік пролиферациялы базасы — паразиттердің белсенді көбейген. Бұл аурудың созылмалы түрімен ауырған сиыр терісінен анықталды. Клетка ішілік B.besnoiti паразиті торша ішінде көбейіп қана қоймай, олар қан мен лимфа тамырлары арқылы (лимфоциттер, моноциттер және сегменттелген лейкоциттер) байқалмай қантамырлар ішіне еніп зақымдайды (сурет — 8).

 

Сурет – 8. Терідегі вена тамырында орналасқан паразит эмболы.

Г/Э бояуы — х150

 

Жалпы трофозоиттер аурудың созылмалы түрінде көп байқалады, жануарлардың терілерінде, склераға, қынапшықтың шырышты қабығына және қынапта еніп орналасады.

Теріден алған жағындыларды Вольген реакциясы бойынша зерттегенде — трофозоиттар ашық контурланған біртекті цитоплазма түрінде көрінді. Цитоплазмада ядролардың орналасуы тұрақты емес. Орталықтандырылған ядролары бар паразиттердің көбісі байқалады, бірақ олардың арасында ядролардың полюстердің біріне, көбінесе шетіне қарай ауысатын паразиттерді көруге болады (9-сурет).

 

Сурет – 9. Тері жағындысы. Торша ортасында орналасқан паразиттердің ядролары (астыңғы көрсеткілер). Торша ядросының ұштарына жабысқан паразиттер (жоғарғы көрсеткі).

Вольгем реакциясы Романовский -Гимза бояуы.

 

Теріден аққан жалқақтардан алынған биопсия материалдарын темірлі гематоксилин – эозин бояуымен бояп, гистологиялық зерттегенде, безноитии формалары сақталған, бірақ олардың өлшемдері әлдеқайда аз. Бұл айырмашылықтар патологиялық және биопсиялық материалдарды тіркеуге байланысты. Ядролардың көпшілігі паразиттер клеткалардың ортасында орналасса, кейбіреулері, торшаның қабығында (жиегінде) орналасқанын байқадық (сурет – 10).

 

Сурет – 10. Сиыр терісі. Қабыну пролифераттарының торшаларында орналасқан B.besnoiti. Темірленген гематоксилин – эозин бояуы х 200

 

Трофозоиты бесноитийлер – бұл қатаң торша ішілік паразиттер. Дамуы, және көбеюге оларға ең тиімдісі торша іші. Ерекшелігі безноитийлар торша ішінде дамып қана қоймай, торша ядросы мен цитоплазмасын зақымдап, дамып, көбейе алады. Сонымен бірге, олар тамыр ішілік гистиоциттер, эндотелий және адвентициаланған торшаларда, лимфа және қан тамырларында еркін қоректеніп, жетіле алады (сурет 11,12,13).

 

Сурет – 11. ІҚМ терісіндегі жетілген фазасы.

Торша ішілік орналасқан цисталар.

Темірленген гематоксилин – эозин бояуы х 200

 

 

Сурет – 12. Артерия айналасында қалыптасқан қабыну пролифераттарының инвазиялық жасушалары тобы көрсетілген. Инвазивті ядролар, қалыпты фибробласттардан морфологиялық ерекшеленеді.

Гематоксилин – эозин бояуы – х200

 

Сурет – 13. Дерманың тамырлы қабатында жасушалық пролифераттың орны көрсетілген. Лимфоциттерде және гистиоциттерде (көрсеткілермен көрсетілген) монотондылықтардың ядролық көбеюімен қатар плазмалық қабаттың цитоплазмасында бөлінетін паразиттер анық көрінеді.

Темірленген гематоксилин – эозин бояуы х 200

 

Аурудың трофозоиттік пролиферациялы базасындағы гистологиялық зерттеу нәтижесінде олардың цитоплазмадағы РНҚ мен жалпы протеин деңгейінің жоғарылауы анықталды. Бұл аурудың қосалқы курс кезеңінде монотондылық трофозоиттерінің метаболиттік және пролиферативті белсенділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Ұлпалық циста — ІҚМ-нің эндогендік көбеюі мен дамуының соңғы кезеңі. Ол паразиттердің жасушадан тыс колониясы мен қабылдаушы организм арасындағы күрделі қарым-қатынастың нәтижесінде пайда болады. (14-сурет).

 

 

 

 

Сурет – 14. Аурудың созылмалы кезіндегі сиыр терісі. Көптеген мерозоиттар мен жақындастырылған біртекті массивтің көптігі және пішінделген екі қабатты циста. Гематоксилин – эозин бояуы х200

 

  Торшаішілік В. Bеsnoiti цисталарының псевдоцисталық фазасы кезеңдері. Цисталардың жасушадан тыс қабатының фазасы қан клеткаларының цитоплазмасында көбеюдің бірнеше кезеңінен кейін, ноксоидтық торшалар лейкоциттерден шығып, содан кейін ЭПҚ жасушаларының ядросына және қабылдаушы ағзаның басқа да жасушаларының ядросына ену фактісінен басталады. Жасушалардың ядроларына еніп, паразиттер ядролық псевдоцисталарды қалыптастырып, кариоплазмада қарқынды түрде көбейеді. Бұл жағдайда басып алынған торшаның цитоплазмасы гипертрофияланған. Бұл РНҚ мен жалпы ақуыздың артуын көрсетеді. Алайда, ол (цитоплазма) және қоршаған тін гидролизден өтіп, біртекті, құрылымсыз шырышты массаға айналады. Осы процестің нәтижесінде гипертрофиялық цитоплазмамен синтезделген барлық заттар гомогенді массаға айналады, ал псевдоцисталық ядросында еркін орналасады (сурет – 15,16).

 

Сурет – 15. Бұқа терісі. Қабыну инфильтратының ортасында қалыптасқан циста және көптеген жасушалары. Метилен көгі бояуы х200

 

Жиі гомогенденген массада екі немесе одан да көп басып алынған ядролар бар. Бұл жағдайда ядролардағы паразиттердің белсенді бөлінуі жақсы байқалады, бұл ядролардың морфологиясы және паразиттердің цитоплазмасы. Монотондылық ядролары темір гематоксилинмен боялған кезде, олар базофильді болып табылады. Паразиттік ядролардың айналасында кең цитоплазмалық аймақ көрініп тұр, ол РНҚ мен жалпы ақуызға күрт оң реакция береді. Инвазиялық жасушаның кариоплазмасында паразиттердің бөлінуі Фёльгин реакциясымен де байқалды Инвазиялық ядролар ДНҚ-ға айтарлықтай оң жауап береді және олардың түсі мен формасы арқылы айтарлықтай ерекшеленді (сурет – 17,18,19).

 

Сурет – 16. Бұқа терісі. (биопсиядан алынған жағынды). Гомогенденген массада үлкен псевдоциста ядросының өлшемдері көбею мерозоиттарымен көрінеді. Ядролық шекарасы жақсы сақталған, цитоплазманың қабығы анық емес. Метилен көгі бояуы х200

 

 

     

Сурет – 17. Қабыну пролифераттарында көптеген ядролар безноитиялармен зақымдалған. Жеке паразиттерде кеңейтілген ядро мен кең цитолазма аймағы көрсетілген. Метилен көгі бояуы х200

 

Сурет – 18. Қабыну пролифераттарының шоғырлануы. Гистиоциттердің, моноциттердің және фибробласттар ядроларының қоздырғышқа қарсы фагоциттік кезеңі. Фёльген тәсілі х200

Сурет – 19. Гомогенді массада кеңейтілген псевдоцисталы ядролар. Торшадан тыс қалыптасқан цисталар мен қатар жетілген циста. Фёльген тәсілі х200

 

 

Өсімдік тектес цисталар фазасы кейбір әдебиеттерде «Гүлге ұқсас цисталар» фазасы деп аталады, бұл кезіңдегі гистологиялық сипаты – цисталар торшадан тыс орналасқан, дәнекер ұлпамен қапталып, шекаралары анық көрінеді (сурет – 20). Мүше торшасы атрофияланып, кейбір аймақ әсіресе цисталар орналасқан торшалар некроздалған.

 

Сурет – 20. Гүлге ұқсас үшқабатты B. bеsnoiti цисталары.

Гематоксилин – эозин бояуы х 200

 

Келесі кезекте 3 фазаны, яғни трофозоиттық пролиферация, псевдоцисталық, өсімдік тектес цисталар фазаларын флюоресцентті микроскоппен зерттегенде, мынадай өзгерістерді анықтадық.

Трофозоиттық пролиферация фазасы цистаның қалың қабықшасы қалыптасқан, тек дәнекер ұлпалардың басым орналасуы және жекелеген ошақтарда торшалардың жойылуы көрінеді (21 сурет).

 

Сурет – 21. Сиыр терісі. Дәнекер ұлпалармен қапталған цисталар байлам сипатында. Акридинді қызғылт – сары бояуымен боялған. Флюоресценттік микроскоп.

 

Псевдоцисталық фазасы – торша ішінде толық қалыптасқан, екі камералы, гомогенді қабықпен қапталған және толық қалыптасқан циста (сурет – 22). 

Сурет – 22. Сиыр терісі. Торша ішілік циста. Акридинді қызғылт – сары бояуымен боялған. Флюоресценттік микроскоп.

 

 

          Өсімдік тектес цисталар фазаларында – торшадан тыс орналасқан алып циста, мұндағы жасыл түстің болуы циста құрамында көп мөлшерде РНК және бейтарап мукополисахаридтердің болуын көрсетіп тұр (сурет – 23).

 

Сурет – 23. Сиыр терісі. Торшадан тыс орналасқан алып циста. Акридинді қызғылт – сары бояуымен боялған. Флюоресценттік микроскоп.

 

 

            Терінің гистохимиялық зерттегенде – Браше бояуымен боялған препаратта РНК – ға оң нәтиже бергені байқалады, яғни циста қабығы айналасында орналасқан гомогенді кілегейлі жалқыаяқтардың құрамында қабынған инфильтратты пиронинофилия процесі анық көрінеді (сурет – 24).

 

Сурет – 24. Теріде орналасқан цистаның РНК-ға оң нәтиже беруі (қызыл түс)

Браше бояуы х 100

 

 

Мак – Манус препаратымен зерттелген препараттарда анық байқағанымыз циста қабықтарында гомогенді масса құрамында мукополисахариттердің бар екендігіне көз жеткіздік (сурет – 25).

 

Сурет – 25. Циста қабығындағы гомогенді масса құрамындағы нейтральді мукополисахариттер (қызыл түс). Мак – Манус бояуы х 100

          Келесі зерттеуімізде, бұқа ұрықшасының (ұмасы) патоморфологиялық өзгерістерін анықтаған кезде бұқа енінің, қамшысының және қамшысының қабықтары зақымдалған. Макро сипатта көлемі ұлғайған, консистенциясы қатты, кедір-бұдырлы, пішіні доғалданған.

Гистологиялық көрінісі: ұрықша жолдары және қабығы атрофияланған, ұрық жолдарында орналасқан цисталар азды-көпті гистиоциттер, лимфоциттер, фибробластар шоғырлары қаумалаған, олар талшықты дәнекер өрменің өсуіне әкеледі.

 

 

   

Сурет – 26.  Безноитиозға шалдыққан бұқа ені және ендегі паразит цисталары

 

 

 

Шаруашылықта табиғатты қорғау

Адам өмірі қоршаған ортаның оның өсімдік әлемімен тығыз байланысты және біз осы байланыстылықты әр қашан есте сақтай бермейміз. Өсімдік және су асты әлемі бізге көріністен жұмбақ әрі күрделі.

Табиғатты қорғау мемлекеттік халықаралық және қоғамдық шаралардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануға және оны ластанумен бұзылудан қорғауға жоспарлы жүйе.

Қазіргі кезде ғылыми даму кезінде және табиғи ресурстарды пайдалану барысында табиғатты қорғау бойынша үлкен тапсырма тұр.

 

Табиғатты қорғау бойынша заңдылықтар мен нұсқаулар

Қазақстан Республикасымен басқа да ТМД елдерінің маңызды мемлекеттік тапсырмасының бірі ол табиғатты қорғау болып табылады, ол адамның өмір сүру барысында табиғатты ресурстарды жер, су, өсімдік, ауа, жан-жануарларды пайдалануға байланысты.

Осы барлық ресурстар оны тиімді пайдаланбаған жағдайда азаяды және қайтымсыз процестерге ұласады топырақ-эрозияланады, су пайдалануға жарамай қалады, ауа ластанады, ал жаунарлар, өсімдіктер және су жәндіктері (балық, шаян т.б.) толығымен жойылады. Осыған байланысты табиғатты қорғау бойынша бірнеше заңдылықтар мен нұсқаулар шығарылған.

  Өрттің алдын алу жағдайы

Шаруашылықта өртке қарсы шаралардың орындалуына жауапкершілікке әкімшілік шауруашылықтың директорының орынбасары тағайындалған, өртке қарсы ерікті ұйым құрылған. Азық қоймалары өрттен қорғау есебімен салынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          5 ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Аурудың негізгі клиникалық белгілері: терінің қалыңдауы (піл тері), тыныс алудың қиындауы, танау, ауыз, көзден тоқтаусыз жастың ағуы, дене температурасының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, тыпыршып ыстыққа шыдамай, жарықтан қорқуы байқалды.
  2. Патоморфологиялық зерттеу нәтижесінде лажысыздан сойылған малда өте зілді және ауруға тән өзгерістер негізінен тері мен тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлегі кілегейлі қабықтарында, бас, мойын, артқы аяқтар мен ұма терілерінде байқалады.
  3. Гистологиялық өзгерістер: цисталар тері қабаттарының бәрінде де болады, торлы қабатта коллаген талшықтарының будалары аралығында, қан және лимфа тамырларының қабырғаларында, жүйке діңгектерінде де байқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
  1. Патоморфологиялық өзгерістер, клиникалық белгілер, анамнездік деректер және паразитологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғана ауруға толық диагноз қойылады.
  2. Зерттеу нәтижелерін безноитиозға постмортальді диагноз қойғанда пайдалануға ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. Колос, 1975. – 472 с.
  2. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М: Колос, 1982. – 496 с.
  3. Сулейменов К.У. Жануарлардың инвазиялық аурулары//А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, оқу құралы, Қостанай, 2016, Б. 143-152.
  4. Абуладзе К. И. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М: Колос, 1984 – 256 с.
  5. Акбаев М.Ш., Василевич Ф.И., Балагула Т.В., Коновалов Н.К. Паразитология и инвазионные болезни животных. М: Колос, 2001. – 528 с.
  6. Виноградов-Волжинский Д.В. Пратическая паразитология. Л. «Медицина», 1977. С.304.
  7. Дәуітбаева К.Ә., Дәуітбаева Г.К., Сатыбалдиева Ж.С. – ІҚМ паразиттік аурулары, Алматы, 2011-376 б.
  8. Дьяконов Л. П. и др. Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных. М. Агропромиздат, 1985 – 383 с.
  9. Демидов Н.В. Гельминтозы животных Справочник. М. «Агропромиздат», 1987. – 335 с.
  10. Искаков М.М., Хусаинов Н.Т. Эймериоз сельскохозяйственных животных.
  11. Кадыров Н. Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000. – 560 с.
  12. Кадыров Н. Т. Посмертная диагностика паразитозов животных. Целиноград, 1992. – 95 с.
  13. Кожабеков З. К. Мал аурулары. Алматы. Кайнар, 1989. – 384 б.
  14. Котельников Г. А. Гельминтологические исследования животных и окружающей среды. М. Колос, 1984. – 208 с.
  15. Орлов И. В. Практикум по ветеринарной паразитологии. М. Издательство с./х. литературы. 1962. – 318 с.
  16. Потемкина В. А. Гельминтозы домашних птиц. М. 1960. – 235 с. 16. Старченков С. В. Болезни мелких животных. Санкт-Петербург, 1999. – 509 с.
  17. Сабаншиев, М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы,2011.- 480 бе
  18. Федоров К. П. и др. Основы общей и прикладной ветеринарной паразитологии. Новосибирск, 2004. – 1044 с.
  19. Шевцов А.А. Ветеринарая паразитология. М: Издательство «Колос», 1977. – 463 с.
  20. Ысқақов М.М., Ахметжанов О.О., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары – Семей, 2014.-346 бет
  21. Ыбраев Б.К., Сүлейменов С.И. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана – 2008. 53 б.
  22. Ө. Ығылманұлы «Жануарлардың паталогиялық анатомиясы», Алматы, 2017 жыл, 3- ші том, Б. 141-149.

23.Гутира Ф., Марек И., Маннингер Р., Мочи И.Частная патология и терапия домашних животных/ — М.: Издательство сельскохозяйственной литературы журналов и плакатов, 1963. — 584 с.