АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақбөпе Ф.К

 

ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

                  Мамандығы: 5В120100 — Ветеринариялық медицина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Алматы 2018  

 

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

Ветеринария факультеті

 

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

 

 

 

  Беттер саны   

  Сызбалар мен көрнекі

  материалдар саны

 

 

Орындаған:  Ақбөпе Фарангиз

 

2018 ж.  “__” мамырында  қорғауға жіберілді

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор  ________________ Ж.К.Төлемісова

 

 

Жетекші, профессор         _______________________ А.З. Мауланов

 

 

 

Норма бақылау, қау. профессор__________________А.С. Ибажанова

 

 

 

Сарапшы, доцент ________________________________ 

 

 

 

 

Алматы 2018

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Ветеринария факультеті

 

5В120100 — Ветеринариялық медицина мамандығы

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент    Ақбөпе Фарангиз

 

 

        Жұмыс (жоба) тақырыбы  ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

 

Университет бойынша 2017 жыл «14» қараша № 550-К бұйрығымен бекітілген

 

 

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл  «___» _______

 

 

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

Туберкулезден өлген сиырлардың ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер

 

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген тарауларда туберкулезден өлген сиырлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

  1. Козловская Т.Б., Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А., Нурмухамбетова Ж.А. Клинико-анатомический анализ фиброзно-кавернозного туберкулеза по Актюбинской области // Вопросы морфологии и клиники. -2005. — №17 — С.244-248.
  2. 2. Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А., Шолжанова У.И., Фаткулина Ж.К., Есмагамбетова Г.Ж., Жагипарова Л.К. Клинико-морфологические параллели туберкулеза // Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии.- 2006. — №3. — С.127-128.
  3. 3. Жұмабаева А.Н., Қазбекова Г.Ә. Патоформология резектатов легких удаленных по поводу туберкулем // Матер. Республ. науч-практич конф с межденарод. участием: «Актуальные проблемы современной теоритической, клинической  медицины и медицинского образования» посв. 50-летию Западно-Казахстанской государственной академии им. Марата  Оспанова. — 2007. — С.61.
  4. Казбекова Г.А. Диагностика туберкулезных плевритов // Труды Международной научной конф.: «Наука и образование-ведущий фактор стратегии «Казахстан -2030».- 2009.  -С.481-483.
  5. Қазбекова Г.Ә. Туберкулез ауруының танатогенезі // Батыс Қазақстан медицина журналы.- 2009.- №2 (22). — С.31-34.

 

 

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Ибажанова А.С.

Желтоқсан, 2017

 

Негізгі бөлім

Ибажанова А.С.

Қаңтар, 2018

 

Тұжырым

Ибажанова А.С.

Наурыз, 2018

 

Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелері

 

Мамыр, 2018

 

Экономикалық тиімділік

 

Мамыр, 2018

 

 

 

Кафедра меңгерушісі,профессор  ________________ Ж. К. Төлемісова

 

 

 

Жұмыс (жоба) жетекшісі,

профессор                                    ________________ А.З. Мауланов

 

 

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                 ____________________ Ф. Ақбөпе

 

 

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

 

КЕСТЕСІ

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Әдебиетке шолу

Қараша, 2017

Орындалды

2

Зерттеу материалдары

Желтоқсан, 2017

Орындалды

3

Гистологиялық материалдарды жасау

Қаңтар, 2018

Орындалды

4

Гистологиялық препараттарды зерттеу

Наурыз, 2018

Орындалды

5

Өзіндік зерттеулерді толықтыру

Наурыз, 2018

Орындалды

6

Қорытынды

Сәуір, 2018

Орындалды

7

Практикалық ұсыныстар

Сәуір, 2018

Орындалды

 

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор  ________________ Ж. К. Төлемісова

 

 

 

Жұмыс (жоба) жетекшісі,

профессор                                    ________________ А.З. Мауланов

 

 

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                 ____________________ Ф. Ақбөпе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

Бет

 

НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

1

1.1

1.2

КІРІСПЕ……………………………………………………………………

Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңызы………….

Жұмыс объектісі,тәжірибелік базасы және мақсат,міндеттері…

9

9

10

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ……………………………….

11

2.1

Ауруға қысқаша сипаттама……………………………………………

11

2.2

Қоздырушысы……………………………………………………………..

11

2.3

Клиникалық белгілері…………………………………………………..

12

2.4

Аурудың патогенезі……………………………………………………..

13

2.5

Ауруды алдын-алу шаралары, емі және балау…………………..

16

2.6

Патологиялық анатомиялық өзгерістері…………………………..

19

2.7

Індеттік ерекшеліктері………………………………………………….

20

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ…………………………………………………………..

22

3.1

Зерттеу материалдары мен әдістері………………………………..

22

3.2

Зерттеу нәтижелері………………………………………………………..

22

3.2.1

Өкпе туберкулезінің салыстырмалы патогистологиялық зерттеу нәтижелері………………………………………………………

22

3.2.2

Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау…………………………………………

35

3.3

Экономикалық тиімділікті есептеу………………………………

36

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР…..

37

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР……………………………………………………….

40

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР……………………………………….

41

7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….

42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

 

ТШ ОСЧ 25-6

Дистильденген су

ТШ 46-22-549-08

ТЭС – 1 термостаты

МСТ (ТШ) 2766-51

Негізгі фуксин, таза

МРТШ 42-56

Микротом пышағын қайрайтын қондырғы

МРТШ 42-102-63

Хирургиялық қайшылар

МРТШ 64-1-281-64

Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы

МРТШ64-1-1629-64

МПС-1 микротомы

МЕСТ 12026-66

Сүзгіш қағаз

МСТ 5962-67

Этил спирті 96%-ті ректификацияланған

МСТ 381-69

Термометр

МСТ 381-69

Хлороформ

ТШ 6-09-183-70

Эозин Н индикаторы

ТШ 64-1-1582-72

ГС 80 У 42 маркалы термостат

ТШ 480-11-10-73

Шыныға жазатын қалам

МЕСТ 20291-74

Пробиркалар

МЕСТ 20292-74

Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар

МСТ 20292-74Е

Шыны пипеткалар

МЕСТ 20292-74

Микротом пышағын қайрайтын қондырғы

МЕСТ 9284-75

Микропрепаратқа арналған заттық шыны

МЕСТ 9284-75

Микроскопқа арналған жапқыш шыны

МСТ 4220-75

Екі хром қышқылды калий

МСТ 2290-76

Пихта бальзамы

ТШ 6-09-3803-77

Қышқыл фуксин (Рубин С)

МЕСТ 9412-77

Медициналық мақта

МСТ 8284-78

МБИ маркалы микроскоп

ТШ 27-56-774-79

КШ – 240 маркалы тоңазытқыш

МСТ 3118-79

Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 г/см3

МЕСТ 24104-80Е

Лабораториялық таразы

МСТ 25336-82Е

Лабораториялық шыны ыдыстар

МЕСТ 25 336-82Е

«Биолам Р-11» микроскобы

ТШ 6-09-3637-87

Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин

МЕСТ 3164

Медициналық вазелин майы

МЕСТ 20283

Полистирол

МЕСТ 9949

Ксилол

МЕСТ 27583

Тауық жұмыртқасының ақуызы

МЕСТ 6304

Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған

МСТ 21241

Медициналық пинцеттер

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдермен анықтамалар қолданылды:

 

Атрофия – қоректі заттардың жетіспеуінен және зат алмасуының төмендеуіне байланысты торшалардың, тоқымалардың немесе мүшелердің көлемінің кішірейіп қызметінің әлсіреуі.

Гематоксилин-эозин бояуы – гистологиялық препараттарды шолып зерттеу үшін қолданылатын бояу тәсілі.

Гиперемия – белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.

Туберкулез — адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы.

Гастрит – қарынның кілегейлі қабығының қабынуы.

Гемоглобинурия – гемоглобин пигментінің зәрде болуы.

Дистрофия – зат алмасуының бұзылуынан торшалардың және тоқыма — лардың физикалық және химиялық қасиеттерінің және морфологиялық түрлерінің өзгеруімен сипатталатын патологиялық процесс.

Жұқа тілімдер – гистологиялық препараттар дайындау үшін парафин блоктарынан микротом арқылы алынатын материал.

Қабыну – организмнің ауру тудыратын факторларға қарсы бағытталған күрделі, кешенді, жергілікті қантамырлық мезенхималық қорғаныс реакциясы.

Қанталау – қанның тамырлардан шығып, тоқымаға жиналуы.

Энтерит – аш ішек кілегейлі қабығының қабынуы.

Периваскулярлы домбығу – қантамырлар айналасында домбығу сұйығының жиналуы.

Перицеллюлярлық домбығу – торшалар айналасында домбығу сұйығының жиналуы.

Перльс бояуы – гистологиялық препараттарда темір қосындыларын анықтайтын бояу тәсілі.

Плазморрагия – қантамырлар қабырғасына және қантамырлар айналасындағы қан плазмасының сіңу процесі.

Романовский – Гимза бояуы – қан элементтерін және дәнекер тоқыма торшалар түрлерін анықтайтын бояу тәсілі.

Стаз – капиллярда және ұсақ веналарда қан ағысының баяулауы немесе қанның кенеттен тоқтап қалуы.

Склероз – дәнекер тоқыманың өсуіне байланысты мүшелердің қатаюы.

Түйірлі дистрофия – торшалардың коллоидтық қасиеттерінің және ультрақұрылымдарының бұзылуына байланысты ақуыздық (белок) түйірлер түрінде көрінуі.

Шор әдісі – ұсақ жануарлар түрлерін сойып зерттегенде қолданады. Әдістің мәні: бас, мойын, көкірек, құрсақ, жамбас қуыстарында орналасқан мүшелердің табиғи байланыстарын бұзбай кешенді түрде алу.

1.КІРІСПЕ

1.1Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

 

Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және  емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико — биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды]. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium – үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек шалдығады. Ірі қара туберкулезі ауруы Батыс Қазақстан облысы бойынша мониторингі тері ішілік туберкулинизациямен жүргізіледі, 2007 жылы 12 454,7 мың бас тексеріліп, 593 бас оң көрсеткіш анықталды, 2008 жылы 12 474 мың бас тексеріліп, 399 бас белгіленді. Ірі қарада туберкулез кезінде көбінесе өкпесі зақымдалады, туберкулез ауруы созылмалы түрде өтеді, ал жас төлдерде – өткір болады. Туберкулез қоздырғышының факторлары ауру жануарлардың азығы, суы, мал жайылымдары, көң төсеніші және т.б. арқылы таралады. Жас төлдер туберкулезді көбінесе ауру жануарлардың сүтінен және көк сүт арқылы жұқтырады. Құрсақ ішінде де бұзаулар зақымдалуы мүмкін. Егер, жануарлар туберкулезге шалдыққан адамдармен, соның ішінде сауыншылармен байланысса, қоздырғыштың адамдық түрімен де зақымдануы мүмкін. Ірі қара малы мал қорада көбінесе аэрогенді жолмен, ал жайылымда – алиментарлы жолмен зақымдалады Ірі қара мал туберкулезі бойынша 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі эпизоотиялық ахуалды талдау жұмыстары көрсетуінше республикада 94 сау емес елді-мекендерде аталған ауру тіркелінген.

Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша жалпы елді мекендерге шаққанда 1,2% құрайды, оның ішінде, Ақмола облысында – 2 (0,23%), Қарағанды – 13 (2,3%), Қостанай — 48 (6,5%), Жамбыл – 11 (4,7%), Ақтөбе – 7 (1,5%), Батыс-Қазақстан – 3 (0,6%), Павлодар – 7 (1,4%), Солтүстік-Қазақстан – 3 (0,6%) елді мекен тіркелген.

       1.2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Ірі қара мал туберкулезінің патологиялық морфологиялық зерттеу.

Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:

  1. Өкпе туберкулезін салыстырмалы патогистологиялық зерттеу;
  2. Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау.

 

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы

Дипломдық жұмыс 2016-2017 жылдар арасында орындалды. Негізгі зерттеу материалдары туберкулезден өлген ірі қара мал өлекселері.

Зерттеудің тәжірибелік базасы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасындағы сойып зерттеу бөлмесі және Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы кейбір шаруашылықтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

          2.1 Ауруға қысқаша сипаттама

 

Туберкулез (Tuberculosis) — адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы. Туберкулез (грек. Phthisis) — әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ(б.э.д 4 ғ ), Гален тағы басқа қалдырды .Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн  Сина (11 ғ ) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.

Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтежиесі 1882 ж. Неміс ғалымы Р.Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылады.

Сонымен бірге, Р.Кох 1890 ж туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік,кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі — 1921 ж . Франция Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцина алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрлі ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады.

 

 

2.2 Қоздырушысы

 

Туберкулез қоздырушысының төрт түрі бар: Mycobacterium tuberculosis-адамды, Mycobacterium bovis –ірі қара малды, Mycobacterium avium – құсты, Mycobacterium piscium – балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың отыз бір түрі бар деп есептеледі. Олардың он сегізі қоректік ортада баяу өседі, оны жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.

Микробактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз ), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микробактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньонның жіктемесі бойынша Mycobacterium avium атиптік микробактерияларға жатады.

Микробактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде олардың бұтақтанған, жіпше созылған немесе домалақ бөлшектері болады. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті — қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болу нәтежиесі. Қышқылға төзімді микроб. Қабынған мүше тіліндісін Циль-Нильсен әдісімен бояғанда микробактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.

Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасы бағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельберттің, Сатонның қоректік орталары қолданылады. Микробактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі жиырма отыз күн өткен соң,сиырға тән түрлі жиырма-алпыс,құсқа тән түрлі 11-15 күннен соң өсін береді.

Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі .Қақырықта 5-6 ай, ірі-қараның тезегінде жазғы жайылымда екі ай,қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады.Ең төзімді түрі– М.avium. Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.

Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.

 

 

2.3 Клиникалық белгілері

 

Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін) 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінесе көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге әсіресе аурудың бастапқы кезінде ауырған малдың сау жануардан еш айырмашылығы болмайды. Ауырған малдың тек аллергиялық немесе серологиялық зерттеу арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын зерттеген сәтте байқалады. Ретті түрде малды туберкулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.

Дерт процесінің денеге орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады. Сонымен қатар желіннің, сірлі қабықтарынң зақымдануы генетикалық және денені жайлаған түрі кездеседі.

Шартты түрде туберкулездің ашық және жабық немесе жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырушысы нәжіспен, несеппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін зақымданған кезде туберкулез процессі әрқашанда ашық болып есептеледі.

Ірі қараның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымдалады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі. Оқтын оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қақырық түсуі байқалмайды деседе болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген соран мал жұтып қояды немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозғылт тартады.Өкпені тыңдағанда сырыл естіледі. Перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошақтары табылады. Ішек зақымдалған кезде іш өтіп қоңдылығы күрт төмендеп,жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі. Желін зақымданған кезде желін үсті сөл түйіні ұлғайып қатайады,беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Желіннің зақымданған бөлігін басып көргенде қатайған, аурсынбайтын бөлшектер сезіледі. Зақымдану аса қатты болса желіннің сыртқы тұрпаты өзгеріп бір жағына қисайады. Сауып көргенде сүттің сұйылып, қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Жыныс мүшелері зақымданған сиырлар уақытсыз күйлеп, қысыр қалады,ал бұқаларда орхит кездеседі.

Бойды жайлаған туберкулез кезінде тысқары орналасқан сөл бездері (жақ астындағы, жауырын алдындағы, шаптағы, желін үстіндегі) ұлғайып, қозғалысы шектеледі.

 

 

2.4 Аурудың патогенезі

 

Ауру бұзауға сүтпен, ал ересек ірі қара малға аэрогенді жұғады. Қоздырушы сырқаттанған аналық малдан құрсақтағы төлге берілуі мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі белгісіз.

Жануарлардың түріне,жасына, иммундық жан-күйіне, оны бағып –күтіп, азықтандыруға, организмге енген қоздырушының саны мен сапасына қарай туберкулездің клиникасы мен морфологиясы санқила. Мал организмінде туындайтын қабыну процестері альтеративтік қабыну, экссудативтік қабыну және продуктивтік қабыну түрлерінде байқалады. Альтеративтік қабынған өрме сүзбе тәрізді (казеозды) өліге ұшырап,сұрғылт тартады, кебірсіктенеді, үгіндіге айналады, әктенеді. Туберкулездік экссудативтік қабыну сероздық экссудатта фибрин мен лимфоциттердің біршама мол болуымен,қабынған өрменің көп ұзамай казеоздануымен сипатталады. Мысалы, қабынған ылғалды қабықтың өзі де, оның бетіндегі экссудат та көп ұзамай өледі.Туберкулездік продуктивтік қабыну ошағында мезенхималық торшалар көбейіп,эпителиоид торшалар, көп ядролы алып торшалар және лимфоциттер пайда болады да, кейін олардың бір бөлігі өліп, ыдырайды. Сонымен, туберкулездік қабыну процесі әрдайым казеозға (сүзбе тәрізді өліге) ұласады.

Туберкулездік қабыну процесі едәуір жиі туберкулдар түрінде байқалады. Туберкулдар- құрылымының ерекшелігі бар инфекциялық гранулемалар .Олар ілкіде сұрғылт түсті, күңгірттеу, домалақ, пішінді, өлшемі көкнар дәніндей немесе одан сәл үлкендеу болады, эпителиоид торшалардан , яғни белсенділігі артқан ірі көлемді макрофактардан тұрады. Бұл торшалардың шегі көзі көрінбейді, цитоплазмасы эозинмен солғын боялады, сопақша немесе созылыңқы пішінді ядросында хроматин аз болады. Уақыт өте келе туберкулдардың өлшемі артып, ол 1 см жетуі мүмкін, ортаңғы жері өліп, денеге енген ауру қоздырғышының төңірегінде ақшыл сарғыш тартады көмескіленеді, әктенеді. Өлген орталықты эпителиоид торшалар, бірен-саран Лангханс алып торшалары, лимфоциттер топырлары қоршап жатыр. Көпядролы алып торшалар эпителиод торшалардың бір біріне қосылуы нәтежиесінде пайда болады, өлшемі бойынша эпителиоид торшаларынан 3-4 есе артады. Олардың ядролары цитоплазманың бір шетіне аттың тағасына ұқсай шоғырланады. Тіліндіні Циль-Нильсен әдісімен бояғанда бұл торшалар цитоплазмасында микобактериялар көрінеді. Уақыт өте келе тубекулдар тыртыққа айналады немесе дәнекер өрмемен қапшықтанады.

Мал организмінің микробактерияға икемділігіне қарай, туберкулдар бүлініп ыдырауы басым, продуктивтік реакция басым және экссудативтік реакция басым туберкулдар түрінде қалыптасады. Альтеративтік (бүлініп ыдырауы басым) туберкулдар өліге ұшыраудың басымдылығымен, эпителиод торшалардың тапшылығымен сипатталады. Мұндай туберкулдар ауруға иммунитеті жоқ жануарларда иммунитеті әлсіреген ересек жануарларда және микобактерияның уыттылығы тым жоғары болғанда туындайды. Экссудативтік туберкулдарда торшалар аз, домбығу сұйығы мен қанмен кернелген тамырлар мол болады. Бұл организмнің қоздырушыға гиперергиялық реакциясының  көрінісі. Продуктивтік (өсіп-өну процесі басым) туберкударда эпителиоид торшалар мен алып торшалар мол, өлі зат аз болады. Мұндай инфекциялық гранулема болып табылатын туберкулдар жануардың төзімділігі жоғары, микобактерияның уыттылығы шамалы болған жағдайдан туындайды.

Туберкулез сатылы өтеді: бірінші кезекті туберкулез және екінші кезекті туберкулез түрлерінде. Бірінші кезекті туберкулез организмнің микобактериямен алғашқы кездесуі нәтежиесінде туындайды. Ол алғашқы дерттік кешен мен дерттің ерте таралу (генералдану) сатыларынан тұрады. Организмге енген микобактерияның уыттылығы тым жоғары,мөлшері мол болған жағдайда алғашқы дерттік ошақ инфекция қақпасында пайда болады: алиментарлы жұққанда – жұтқыншақта немесе аш ішекте (көбінесе мықын ішекте), аэрогенді жұққанда – өкпеде, іштегі төлге жұққанда – бауырда. Кейде қоздырушы микроб алғашқы енген мүшеде ешқандай өзгерістер шақырмай, осы мүшеге өңірлік лимфалық түйінді қабындырады.Организмге аз мөлшерде енген қоздырушы инфекция қақпасында да , өңірлік лимфалық түйіндерде де аялдамай, қанға өтіп,өздерінің өсіп-өнуіне қолайлы мүшені мекендеп, оны зақымдайды – сүтқоректілерде өкпені, құстарда бауырды. Мүшедегі алғашқы дерттік ошақтан микробактерия лимфаға өтіп, өңірлік лимфалық түйінде аялдап, оны қабындырады. Алғашқы болып мүше мен лимфалық түйіннің қосарлана зақымдануын толық алғашқы туберкулездік кешен деп, тек лимфалық түйіннің зақымдануын толық емес алғашқы туберкулездік кешен деп, бірден бірнеше мүшенің ,мысалы өкпе мен ішектің зақымдануын күрделі туберкулездік алғашқы кезең деп аталады.

Алғашқы туберкулездік кешеннен ірі қара мал жазылып кетуі мүмкін. Нәтежиесінде организмде ұзақ мерзім бойы сақталатын жүре біткен иммунитет және туберкулездік алергиялық реакция қалыптасады. Әдетте алғашқы ошақтан сырқаттық процесс лимфамен, қанмен мүше аумағында таралады. Сирегірек ауру зілді өтіп,алғашқы ошақтан микробактериялар қан, лимфа, табиғи қуыстар арқылы бүкіл денеге таралып, генералданған сипат алады. Сөйтіп мүшелерде, тарыдай, одан кішірек және үлкен ошақты туберкулдар пайда болады да, ақырында жануар өледі.

Екінші кезекті туберкулез –тұншыққан алғашқы туберкулездік кешеннің әртүрлі себептерге байланысты (ашығу, стрестер т.б ) қайтадан жандануы. Туберкулездің бұл түрі қайтадан жұққан микобактерия әрекетінен де болуы мүмкін .Ауырудың бұл пошымы көптеген мүшелердің қабынуы мен де ,тек жекелеген мүшелердің қабынуымен де байқалады. Өкпеде процесс бронхтар арқылы ,желінде сүт жолдарымен таралады.

Жас торшаларды пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығару нәтежиесінде қабыну процессі өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоитті торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоитты торшалар құрайды. Торшалардың арасында іркілген эксудат ұйып фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтежиесіне тамырсыз туберкулез бодырмалы- туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалық капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмегн соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға айналады.

Егер бастапқа туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде (өкпеде,ішекте) пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді.Ағза мен оның маңындағы сөл түйінінің зақымдануын алғашқы толық кезең деп атайды.Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кезең деп аталады.

Ауру зілсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер ұлпалы апсуламен қоршалып,инфекция процесінің одан әрі өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарлаған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады. Дәнекер ұлпаның жеткіліксіз мөлшердегі регенерациясының нәтежиесінде туберкулез бұдырмағының қабы ыдырайды да, мико бактериялар сау ұлпаға түседі.Оның нәтежиесінде көптеген ұсақ, жартылай мөлдір бұдырмақтар пайда болады. Ұсақ туберкулалар бір-бірімен қосылып ірі туберкулез фокустарын түзеді. Бұл фокустардан мико бактериялар қанға өтуі мүмкін.Ондай жағдайда дерт бойды жайлап әр түрлі ағзаларда үлкендігі әр түрлі туберкулез ошақтары пайда болады. Дерт өкпені ұзақ жайлағанда үлкен туберкулез ошақтары мен каберналары пайда болады,олардың үлкендігі кейде жұдырықтай болады. Олардың айналасында тығыз дәнекер ұлпалы қапшық жетіледі. Туберкулез каберналады бір-бірімен бронхалар арқылы байланысуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың ішіндегі іріміктер жөтелген кезде қақырықпен сыртқы щығады. Туберкулез бойды жайлаған кезде өкпедегі ауқымды зақымның нәтежиесінде газ алмасу бұзылады, эритроцит түзілуі тежеледі. Анемия өрбиді, малдың күйі кетіп, өнімі азаяды, арықтап ақыры өледі.

 

 

2.5 Ауруды алдын-алу шаралары, емі және балау 

 

Туберкулезбен ауырған малды емдемейді,оны сою қажет. Сау емес аң фермаларда туберкулезді дауалау үшін тубазид (изоназид) қолданылады. Дәріні жемге қосып күніне бір рет  10 мг/кг дозада 75 кун қатарынан береді. Басқа жануарларға, атап айтқанда ірі қараға, туберкулезге қарсы тубазид қолдану ойдағыдай нәтежие бермейді.

Иммунитет. Туберкулез кезінде стерильді емес, сондықтан негізінен  организмде аурудың қоздырушысы болғанда ғана сақталады. Иммунитеттің сақталуына туберкулез қоздырушысының сүзілетін түрінің (L – форма ) айрықша маңызы бар екені дәлелденеді. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы кузенді егеді.Аурудан сау емес аң фермасында туғаннан соң 20-30 күн өткен күзен күшігіне осы препарат жіберіледі. Егілген аңда иммунитет 6-8 ай сақталады.

Алдын алу шаралары. Туберкулезбен күресу шаралары сау шаруашылықтарды сырттан ауру әкелуден қорғауды, ауырған малды уақытында анықтау үшін жүйелі түрде диагностикалық тексеру жүргізуді сау емес шаруашылықты сауықтыру үшін ауру малды сойып, сау төлді жеке бөліп өсіруді, сыртқы ортада ауру қоздырушысын жоюға және сау малды қорғауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру шаруашылық шараларын іске асыруды және адамға ауру жұқтырмау жолдарын қарастырады.

Сау шаруашылықтағы бардлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын әкелуден қорғауға бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруашылықтардан сау малды ғана алады. Әкелінген малды 30 күндік карантин кезінде туберкулезге тексереді. Жем – шөпті туберкулезден таза шаруашылықтардан ғана алады. Төлге берілетін көк сүт пастерленіп, жиналған ас қалдықтары термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам жіберілмейді, ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейді. Қора жайларды оқтын – оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып отырады. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда трофты төсеніш ретінде қолдануға және жем шөпке қосуға рұқсат етілмейді.Өйткені трофта болатын қышқылға төзімді микробтар туберкулинге параалергиялық реакция береді.

Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты шарты – ауырудың шығуын уақытылы анықтау ол үшін ретті түрде тексеру жүргізіп тұру қажет .

Міндетті түрде туберкулезге тексерілуге тиіс малдар: сиырлар, құнажындар мен қабандар. Тексеру реті: ірі қараны асыл тұқымды шаруашылықтарда, мал кешендерін толтыру үшін мал беретін, балалар мекемелеріне, емдеу орындарына, демалыс үйлеріне және сауда жүйесіне тікелей сүт беретін шаруашылықтарда және туберкулезден сау емес мекендермен тікелей шекаралас болған жағдайда жылына екі рет тексереді.

Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін жануарларды жедел оқшаулап 5 күннің ішінде етке өткізеді.Туберкулезге реакция бермеген қалған жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарынан 2 рет бүкіл табын бойынша теріс нәтежие алынғанға дейін туберкулезге тексереді. Бұдан кейін тағы да 3 ай үзіліспен 2 рет бақылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтежие алған жағдайда,егер туберкулезге күдік туғызатындай негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді. Сау емес фермадағы туберкулезге реакция бермейтін сиырлардан туған бұзауларды оқшау  жағдайда өсіреді.Оларға сау сиырдың сүтін немесе өз енелерінің зарарсыздандырылған сүтті (көк сүтті) ішкізеді, екі айға толғанда туберкулинмен тексереді, оң реакция бергендерін оқшаулап, бордақыланған соң етке өткізеді. Реакция бермегендерін 30-45 күн үзіліспен тағы да 2 рет, одан кейін 3 ай өткен соң тексереді. Бүкіл табын бойынша теріс нәтежие алынса, оларды сау деп тауып шаруашылықтың өз ішінде ғана малданады.

Туберкулезге диагноз кешенді қойылады. Малдың тірі кезінде ол үшін аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Өкпеде,ішекте,бауырда,көкірек қуысының бет пердессінде туындайтын түйіншектер мен казеоздар туберкулезге тән морфологиялық өзгерістер. Лимфалық түйіндер (жұтқыншақтық, жақастылық, бронхтық, шажырқайлық медиастиналық) әрдайым зерттелуі керек. Мүшелердің туберкулездік қабынуына міндетті түрде өңірлік лимфалық түйін туберкулезі қосылады. Эпителиоид торшалар мен алып торшалардан тұратын гранулемалардың және Циль-Нельсен әдісімен боялған гистопрепаратта қышқылға төзімді микробтардың табылуы бұл істе соңғы нүкте қоюға негіз болады. Туберкулезді сенімді түрде анықтау үшін біз ПТР әдісін қолдандық . Жұмыстың негізгі мақсаты – ветеринарлық практикаға ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тәжірибелік анықтау үшін жаңа әдіс – ПТР әдісін енгізу және қолдану. ПТР әдісі M.bovis және M.tuberculosis туберкулез қоздырғышын табу үшін «МТБ — КОМ» тест-жүйесін пайдалану арқылы, полимеразалық тізбектік реакция көмегімен өткізіледі ( ұйымдастырушы-өңдіруші — ФГУН ЦНИИЭ Роспотребнадзора, Москва қаласы). ПТР (полимераздық тізбекті реакция) – зерттеудің молекулярлық-генетикалық әдісі. Әдістің негізі in vitro-да әр түрлі ферменттерді пайдаланып, ДНҚ-ң анықталған бөлігін көшіру болып табылады. ПТР-ң әрбір циклі 2-5 мин болады, ал амплификация үрдісі 1,5-4 сағатқа созылады. Бұл әдіс жоғары сезімталдылықпен ерекшеленеді және оның көмегімен ДНҚ матрицасының бастапқы мөлшерінен амплификаттардың микрограммдық мөлшерін алуға болады (кей жағдайда бірнеше көшірмелерін). Полимеразалық тізбектік реакция – ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тез анықтайтын әдіс, сонымен қатар, еттен микобактерияны табудағы нәтижелі тәсіл болып табылады. ПТР 3 кезекті стадиялардан тұрады (денатурация, жасыту, элонгация) (Mullis, 1987). Реакциондық қоспаның құрамында келесідей компоненттер болады: праймерлер, ПТР жүргізу үшін буфер, MgCl 1.5 M, дизоксинуклеотидтрифосфат қоспасы dNTP және Taq-полимераза. Батыс Қазақстан облысы, Круглоозерное ауылында «Светлана» ЖШ-да 65 бас зерттеуге алынды. Ірі қара мал қанынан ДНҚ-ны бөліп алу үрдісі Амплисенс «ДНК-сорб-Б» атты коммерциялық жиын көмегімен жүргізіледі. 100 мкл M. Тuberculosis spp сынамасына 300 мкл лизирленген ерітіндіден құралған алдын ала дайындалған ерітінді және 10 мкл ВКО Mycobacterium tuberculosis complex қосылады. Сынамалар 65°С 5 минутта лизиске ұшырайды, кейін 25 мкл сорбент суспензиясы қосылады. Сорбент 5 мың айн/мин, 30 сек микроцентрифугада тұнбаланып, супернатант бөліп алынады. Бұдан кейін № 1 шайып алу үрдісі (300 мкл) және № 2 шайып алу (500 мкл) үрдістері орындалады. № 2 шайып алу 30 үрдісі қайталанады. Элюцияны 50 мкл ТЕ-буфермен жүргізеді. ДНҚ-ны бөліп алу сапасы агароздық гельде электрофорез әдісімен анықталады. 42 циклден тұратын амплификация бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламада 1 этап «денатурация» 95°С 3 минут, 2 этап «жасыту» 63 °С 1 минут және 3 этап «элонгация» немесе «талдау» 72 °С 1 минут болады. 1 – Сурет. ПТР өткізгендегі алынған нәтиже көрінісі. Диагностикада аллергиялық әдісті қолданған кезде 1 оң нәтиже шықты, алайда ПТР диагностикасын жүргізгенде нәтиже теріс болғандықтан, бұл әдіс ауру жануарларды сенімді түрде табуға мүмкіндік бермейді. Осы негіздемелерге сүйене отырып, біз туберкулезді сенімді түрде анықтау үшін ПТР әдісін ұсынбақпыз. Микобактерияны тауып алудағы әр түрлі диагностикалардың құндылықтарын үйрену – туберкулез диагностикасын өткізу үшін екі әдісті де, аллергиялық және ПТР-ді қатар қолдану керектігін көрсетті. Бұл әдістерді бірге қолдану, қысқа мерзімде қоздырғыштың бар екендігін, түрін анықтауға мүмкіндік береді, ал ол бізге ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін жою және алдын алу шараларын өңдеу үшін өте қажетті.

Туберкулездік зақымдануларды инвазиялық ауруларға тән кейбір өзгерістерден және псевдотуберкулезден ажырату керек. Малдың ішкі мүшелерінде гельминттер (мыс, стронгилидтер) балаусаларын, өлген эхинокок ларвацисталарын (торсылдақтарын) және цистицерктерді (финкаларды) қоршаған түйіншектер жиі байқалады. Олар туберкулдарға біршама ұқсайды. Бұл түйіншектерде туберкулезге тән эпителиоид және алып торшалар бар.

 

 

 

 

 

 

2.6 Патологиялық анатомиялық өзгерістері

 

Ірі қара мал өкпесінде туберкулез алғашқы ошақ, милларлық туберкулез, ірі ошақ туберкулез және туберкулездік бронхопневания пошымдарына байқалады. Ірі қара мал ылғалды қабықтар туберкулезі көкірек пен құрсақ қуыстарын көмкерген перделер бетінде інжу моншақтарына ұқсаған көптеген, көлемдері көкнар ұрығынан грек жаңғағына дейінгі түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Іргелес орналасқан, көбінесе бір-бірімен тұтасқан, продуктивтік қабыну төмпешіктерін – туберкулдар жиынынан тұратын, сыртынан дәнекер өрмемен қапшықталған бұл түйіндердіңи ортаңғы жері сүбетәрізді өліге ұшырайды, әктенеді. Олар көбінесе бір-бірімен бірігіп, кедір бұдырланады. Ірі қара мал жыныс мүшелерінің туберкулезі недәуір жиі байқалады. Сиырдың желіні, жатыры мен оның түтігі, бұқаның ені мен оның қосымшасы қабынады.

Лобулярлық және лобарлық туберкулездік бронхопневмония едәуір жиі каверналармен асқынған. Каверналардың екі түрі бар. Ферменттер әсерінен сұйылған өлі масса лимфаға сорылып кетеді немесе жөтелген кезде тысқа шығарылады, сөйтіп шынайы каверна пайда болады. Қабынып бүлінген ірі бронх қуысын толтырып,оны кеңейткен экссудат казеозға айналып ,одан әрі сұйылады да, жөтелген кезде сыртқа шығарылады,нәтежиесінде бронхоэктазиялық каверна пайда болады.Өкпеде өлшемі әркелкі туберкулдер мен қабыну ошақтары қосарлануы мүмкін. Олар әр мезгілде туындайды. Малдың жай күйіне байланысты туберкулез өтуінің қарқыны өзгкріп отырады. Буаздық, малды жеткіліксіз, сапасыз азықтандыру сырқаттық процестің өтуін зілдендіреді. Керісінше, сапалы күтімі мен азықтандыруы аурудың бетін қайтарып, өтуін бәсеңдетуге септігін тигізеді.

Желін туберкулезі милиарлық, ірі ошақты, лобулярлық және казеозды желінсау түрлерінде байқалады. Милиарлық және ірі ошақты және жәлінсау туберкулездік процестің организмді жайлай таралуына байланысты туындайды, клиникалық тұрғыдан олардың маңызы онша емес.

Лобулярлық туберкулездік желінсау – продуктивтік мастит, созылмалы өтеді. Процесс әдетте мүшенің артқы бөліктерінің тереңінен бастау алып, альвеолалар арасында эпителиоид және алып торшалар мен лимфоциттер пайда болады. Олар көбейе келе альвеолаларды жаншып, кеулеп, жойып жібереді. Сөйтіп мүше бөлікшелерін түгелге дерлік осы аталған торшалар шоғырлары жайлайды. Бөлікшелердің әдеттегі альвеолалық құрылымның тек сілімтіктері ғана сақталады. Сүт жолдарының қабырғаларына да аталмыш торшалар енеді. Кейін торшалар топырлары кей жерлерде казеозға ұшырайды. Желіннің зақымдалған бөлігі нығызданады, бұдырланады, тілік бетінде ақшыл тартады. Сүт жолдарының ірің тәріздес ішіндегісінде сүзбетәрізді кесекшелер, ірмектер болады. Микобактериялар сүтпен бірге сыртқы шығарылады.

Казеозды желінсау әдетте желіннің өте көлемді телімдерін,тұтас бір немесе екі бөлігін зақымдайды. Бұл бөліктер ұлғаяды ,нығызданады, пышақпен жақсы тілінеді. Тілік бетінде сүзбеге ұқсаған өлі телімдер мен оларды бір-бірінен бөлектеп тұрған едәуір жуан дәнекер өрме тартпалары байқалады. Осылай бүлінген телімдер арасында қызыл түсті тіршілігі сақталған өрменің майда телімдері көрінеді.

Жайылма туберкулез лимфалық түйіннің өте қомақты бөлігінің сүзбе тәрізді өліге ұшырауымен сипатталады.Кейде лимфа түйіндер эпителиоид және алып торшалар есебінен ұлғаяды(гиперплазия), тілік бетінде біркелкі сұрғылт-ақшыл болады ,өліге ұшырамайды.

Қуысты мүшелердің (ішектің, жатырдың) туберкулезі кілегейлі қабықта туындаған туберкулдар түрінде басталады да ,кейін жиегі жұмырланған ,түбі сұрғылт ойылымдарға айналады. Ішекте көбінесе ең алдымен лимфоидтық фолликулдар зақымданады.

 

2.7 Індеттік ерекшеліктері

 

Туберкулезге 50 ден астам үй және жабайы жануарлар, 20-дан астам құстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезімталдары: теңіз тышқаны,маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал,түйе, ал терісі құнды аңдардан – күзен тұрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі (табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұққанда жиі ауырады), ит, құстардан – қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.

Инфекция қоздырушысының бастауы — туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микробактерияларды нәжіспен,қақырықпен, сүтпен сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды.сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш,көң, т.б жатады.

Аурудың жұғуына мадың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстағанда жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады,сөйтседе егер жаз салқын және жауынды болса туберкулез жайылымдағы малға да жаппай жұғады.

Микробактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді.Бұзауға негізгі сүтпенен алиментарлық жолмен,ал ересек малға сонымен қатар аэрогенді жолмен жұғады.

Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапанға трансовориалдық жолменде беріледі.

Аурудың таралуына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады. Етті сиырлар жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады .Егер оларды қораға байлап ұстағанда ауруға төзімділігі күрт төмендейді.Туберкулезге бейімділігі артады.

Қорада ұстау өзінен-өзі туберкілездің себебі болып табылмайды,егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып,жайып тұрса,онда мал жайылымдағыдай төзімді болып келеді.

Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді, дегенмен Бестужев тұқымы төзімді, керсінше қара-ала сиырлар бейім келеді.

Әдетте туберкулез табындағы малға баяу тарайды да, жаппай жұғу үшін бірнеше айлап уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңнің ұзақтығы және ауырған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

 

Дипломдық жұмысқа зерттеу материалдары ретінде Оңтүстік және оңтүстік шыңыс облыстарына қарасты шаруашылықтардан өлім себебін анықтау мақсатында 2015-2017 жж. аралығында әкелінген сиыр өлекселерінен алынған өкпе және лимфа түйіндері қолданылды.

Әкелінген барлық өлекселер патологиялық анатомиялық сойып зерттеліп, сойып зерттеу хаттамалары толтырылды.

Жұмыс Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің сойып зерттеу бөлмесінде және гистологиялық зерттеу бөлмесінде және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми клиникалық орталықтың өкпе хирургиясы бөліміне қарасты патологиялық анатомия лабораториясында жүргізілді.

Алынған патматериалдар 10%-ы формалин ерітіндісінде бекітіліп, сандық, ротационды, криостатты микротомдарда кесекшелер алынды.

Алынған кесекшелерді кешенді морфологиялық зерттеулер үшін, препараттарды төмендегі әдістермен боядық: 1) Гематоксилин және эозин; 2) Дәнекер тоқыманы анықтау үшін  — Ван-Гизон; Ал, гистохимиялық зерттеулер үшін: гликозаминогликандарды анықтау — ШИК реакциясы; коллаген және эластикалық талшықтарды анықтау — Маллори; — ұлпалардағы амилоидты анықтау — Конго-қызыл бояулары қолданылды.

Сонымен қатар, сандық морфометриялық әдіс — Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы каверналар қабырғасының қалыңдығын, себінді ошақтардағы некроз көлемін анықтадық.

 

 

3.2. Зерттеу нәтижелері

3.2.1 Өкпе туберкулезінің салыстырмалы патогистологиялық зерттеу нәтижелері

 

Зерттеуіміздің негізгі мақсаты ірі қара мал туберкулезі кезіндегі негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістерді зерттеу болғандықтан, жалпы өлім себебін анықтау барысында кафедраға әкелінген сиыр өлекселері және ішкі мүшелерін қолдандық. Кей жағдайда лабораторияға тек өкпе мен лимфа түйіндері де, алынып келінген болатын, 3 жылдық жиналған материалдар бойынша жалпы көлемі 53 өкпе патогистологиялық зерттелгеннен кейін, зерттеуіміздің негізгі міндеттері ретінде салыстырмалы патоморфологиялық зерттеу жасауды қажет деп таптық, сондықтанда атқарылған ғылыми жұмыстарымыздың нәтижесімен бөлісуді жөн санадық.

Негізінен 14 бас өлексе толықтай әкелінсе, тұратын жердің шалғайлығына байланысты, көп жағдайда ірі қара малдардың өкпелері ғана әкелінді.

Сондықтан да, 14 өлекседен сойып зерттеу барысында, өкпе туберкулезінен басқа лимфа туберкулезіде кездескен болатын, мүшенің макроскопиялық сипаты барлық жағдайда бір типті болғандықтан, 1 ғана лимфа түйінінің макро-микро сипатына тоқталып өтсек.

Зерттелген 7 лимфа түйіндерінде туберкулдар және жайылма казеозды лимфаденит түрінде байқалады. Туберкулдар лимфалық түйіндерде бірен-саран ғана болды, көлемі ұлғайып, кедір-бұдырланған, түсі қызғылт-сары Қалған лимфалық түйіндер бірнеше есе үлкейген, түгелдей некрозға ұшыраған. Тілік беті ақшыл-сары түсті, көмескі, үгіліңкі, әдеттегі құрылымынан айырылған (1 сурет).  

 

Сурет -1. Лимфа түйіні туберкулезінің макро көрінісі

 

Гистологиялық зерттегенде лимфалық түйіндерде нейтрофилдер мен лимфоциттер шоғырын және мүше қабығы және қантамырлары гиалинозға шалдыққан (2 сурет).

 

Сурет – 2. Нейтрофилдер мен лимфоциттер шоғыры

Гематоксилин және эозин бояуы. Үлкейту х 200

 

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінде туберкулездік лимфадениттер дамыды. Олардың стромасында гиперпластикалық үрдістер, субкортикалдық аймақтар мен милы қабатының синустарында макрофагалды реакция, ретикулярлы жасушалардың пролиферациясы байқалды.

Барлық көру аймақтарында ортасында казеозды некрозы бар эпителиодты-жасушалық, алып жасушалардан тұратын туберкулездік гранулемалар анықталды (3 сурет).

Сурет – 3. Лимфа түйініндегі туберкулездік гранулемалар

Гематоксилин және эозин бояуы. Үлкейту х 200

 

          Өкпедегі салыстырмалы патоморфологиялық зерттеу негізгі міндеттердің бірі болғандықтан, зерттеуіміз кезінде кездескен өкпе туберкулездерінің түріне байланысты бөлдік.

          Ең бірінші алғашқы ошақ туберкулез бойынша: өкпенің диафрагмалық бөлігінің үстіңгі бетінде, плевраның тікелей астында туындаған, бір-екі см – дей өлшемді, домалақ пішінді, нығыз болды, орта жері казеоздан, шеті ақшыл түсті өрмеден тұрады (4 сурет).

 

 

Сурет – 4. Өкпедегі алғашқы ошақ туберкулезі

 

Гистологиясы микробактериялардың енген жерінде лейкоциттердің шоғырлануы, моноциттердің, гистиоциттердің, лимфоциттердіңт өсіп-өніп, көбеюімен. Зақымдалған өрме фибринді экссудатпен кеуленгеніп, әктеніп, эпителиоид торшалармен қоршалған (сурет 4).

 

 

Сурет – 4. Әктену және казиозды масса ошағы

Гематоксилин және эозин бояуы. Үлкейту х 200

 

   Туберкулездік бронхопневмония — бронхтармен таралуына байланысты туындаған. Кейбір альвеолалар қуысында серозды-фибринді экссудат пайда болған, шымылдырықтарында белсенді мезенхима торшалары көбейген, кейбір ұлпалар өлген (некроз), кебірсектенген. Қабыну процесі ациноздық, ациноздық-нодоздық, лобулярлық және лобарлық пошымдарда байқалды (5сурет).

Сурет – 5. Туберкулездік бронхопневмония

 

Гистологиялық зерттеулерде каверналардың фиброзды қабаты дөрекі дәнекер ұлпадан тұрып, дезорганизация, гиалиноз үрдістері байқалды. Грануляциялық қабатта лимфоциттер, эпителиоидты және Пирогров-Лангханс типті алып жасушалар табылды. Казеозды некроз қабаты көлемді болды. Перикавитарлы аймақтарда кең көлемді склероз аймақтары (6 сурет) және десквамативті пневмония, дистелектаз ошақтары, эмфизематозды кеңейген альвеолалардан тұратын аймақтармен кезектесіп отырды.

 

Сурет – 6. Перикавитарлы аймақтағы склероз ошағы.

Ван-Гизон бояуы. Үлкейту х 100

 

Өкпе ұлпасында көлемді дәнекер тінінің өсуі нәтижесіде бронхтар деформацияланған. Үлкен бронхтардың қабырғасында жарғақты бөлімінде бронхиалды бездердің айналасында туберкулездік гранулемалар табылды (7 сурет).

 

Сурет – 7. Ірі бронхтың қабырғасында іріңді қабынуы мен казеозды еруі.

Гематоксилин және эозин бояуы. Үлкейту х 200

 

Ұсақ бронхтардың қабырғасында лейкоцитарлы сіңбелерден тұратын  іріңді қабыну және оның қабырғасының казеозды еруі байқалды.

Қан тамырларының қабырғасы склероздық өзгерістерге (8 сурет) байланысты қалыңдаған, сыртқы. ШИК – реакция теріс мәнді болды.

 

Сурет – 8. Қан тамыр қабырғасындағы склероздық өзгерістер.

Ван-Гизон бояуы. Үлкейту х 100

 

Милиарлық туберкулез. Алғашқы ошақтан микробактериялар қан арқылы таралып, өкпенің нашар ауаланатын алдыңғы және ортаңғы бөліктерінде өлшемі тарыдай туберкулдер пайда болды. Кейбір өкпеде сұрғылт түсті, күнгірт болды, кейбіреуінде казеозданып, әктенген. Бұл түйіншектер эпителиоид және алып торшалардан тұратын нағыз төмпешіктер. Тек кейде олар экссудативтік пневмания сипатында болды да, альвеолаларды фибрин лимфоциттер кеулеген. Қоздырушы микроб қанға еніп, организмді шарлап, нәтежиесінде милиарлық туберкулез ағзаға тараған (9 сурет).

 

Сурет -9. Милиарлы туберкулез кезіндегі өкпе.

 

Гистологиялық көрінісі. Торшалардың шекаралары айқын білінбейді, ядросы домалақ, гематоксилинмен солғын сұр түске, ал цитоплазмасы эозинмен солғын боялғаны анықталды.

Төмпешіктердің шеткей жағында лимфоциттер шоғырланған. Олардың ядролары домалақ, көк түске боялған, орташа көлемді, өте жұқа цитоплазмамен қоршалған.

Ірі төмпешіктер құрылымының мынадай ерекшеліктері бар. Оның орта шені эозинмен қызғылт боялған, құрылымсыз, өлі қойыртпақтан (некроз), шеткі жағы түрлі торшалардан тұрды. Некрозданған орталықты қоршаған, солғын бояған белдеуде негізінен эпителиоидты торшалар шоғырланған. Олардың арасында бірен-саран алып (гигант) торшалар кездесті (10, 11 сурет).

Алып торшалар басқа торшалардан өзінің зор көлемімен, ядролар санының көптілігімен ерекшеленді. Алып торшаларда ядролар саны кейде 30-50-ге дейін жетті. Цитоплазманың шетінде тізбектеле торшаның бүкіл шеңберін қамти, не торшаның бір полюсінде шоғырлана орналасқан. Төмпешіктердің шеткі аймағы негізінен лимфоидты торшалардан тұрып көк түске боялған.

 

Сурет – 10. Қуыстар айналасында ретсіз орналасқан коллаген талшықтары және алып торша. Маллори бояуы. Үлкейту х 100

 

Сурет – 11. Алып торшалар.

Гематоксилин – эозин бояуы. Үлкейту х 100

 

Өкпенің ірі ошақта туберкулезі көлемі бұршақтай, тоғай жаңғағындай, домалақ пішінді, ақшыл — сарғыш түсті қабыну түйіндерімен сипатталды (12 сурет).

 

Сурет – 12. Өкпедегі қабыну түйіндері.

 

Түйіндердің орта жері казеозданған, оны қоршаған эпителиоид және алып торшалардан, лимфоциттерден тұатын белдеу болады. Себінді ошақтарда ыдырау үрдістерінің нәтижесінде түзілген жедел пневмониогенді каверналар көп кездесті (сурет 13).

 

Сурет – 13. Себінді ошақтардың ортаңғы бөлігінің үзіліп түсуі.

Гематоксилин – эозин бояуы. Үлкейту х 100

 

Кейбір көру аймақтарында себінді ошақтардың айналасында әлсіз байқалатын өнімді реакция дамыды, кейбір ошақтардың айналасында болбыр және ретсіз орналасқан коллаген талшықтары байқалды. Перифокалды қабыну өте көлемді болып, серозды пневмонияның тез сегментарлы казеозды пневмония айналуы анықталды (14 сурет).

 

Сурет – 14. Перифокальді казеозды пневмония ошағы.

Гематоксилин бояуы. Үлкейту х 100.

 

Ациноздық пневмония. Өкпеде шашыла жатқан көптеген ақшыл-сары, өлшемі 2-3 мм дей, жиегі тегіс емес (ара тісі сияқты), жүзім шоғы пішіндес майда қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталды. Олардың әрбіреуінің көлемі ацинуспен, яғни өкпенің анатомиялық ең майда бірлігі, соңғы бронхиоламен байланысқан альвеолалар тобымен шектелген. Экссудатпен, эпителиоид және алып торшалармен, лимфиттермен толған ацинустың орта жері некроздалған (15 сурет).

Лобулярлық пневмония өкпенің бір немесе бірнеше бөлікшелерінің тұтас қабынуымен сипатталды. Өкпе кедір – бұдырланған, нығызданған, сұрғылт ақшыл — сарғыш тартқан бөлігінің бөлікшелері бір-бірінен дәнекер өрмелік шымылдықтармен бөлектенген (16 сурет).

 

   

Сурет – 15. Ациноздық пневмония.

Сурет – 16. Лобулярлық пневмония

 

Гистологиялық сипаты: түйіншектер құрылымы туберкулез төмпешіктеріне тән: эпителиоидты және лифоидты торшаларынан тұрды, орта шені накрозданған және әктелген (әк түйіршектері мен үйінділері көк түске болған). Бір-біріне қосылып жатқан бұл туберкулдер бәріне ортақ дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалған (17 сурет).

 

Сурет – 17. Туберкулез ганулемасы және бронх

қабырғасының казеозды еруі. Гематоксилин бояуы. Үлкейту х 100.

 

Жоғарыда айта кеткендей, салыстырмалы патогистологиялық зерттеу кезінде жалпы өкпелік туберкулездің қай түрі болмасын, мына өзгерістер орын алды: өкпеден қан кету – 10,3%, кеуде қуысының эмпиема мен спонтанды пневмоторакс – 6,9%, сонымен қатар жалғақтың болуы — 3,4%, ішкі мүшелер амилоидозы – 1,7% анықталды.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде бірнеше мал өлекселері сойып зерттелген соң дипломдық жұмысқа 1 ғана хаттама ұсынуды жөн санадық.

 

Туберкулезден өлген ірі қара мал өлексесін патологиялық анатомиялық сойып зерттеу хаттамасы

Туберкулезге қарсы вакцина салғаннан соң, оң нәтиже бергендіктен шаруашылық мамандары мен ветеринариялық дәрігерлер малды лажысыздан сойған.

Клиникалық диагнозы:   Туберкулез

Сыртқы көрінісін зерттеу.

Анықтау  белгілері : 7 жасар сиыр өлексесі, алатау тұқымы, қоңдылығы ортадан төмен.

Өлекседегі өзгерістер: өлексе суыған, қарын көлемі  аздап кепкен, өлекседе оң жақ гипостазы байқалады.

Негізгі бөлімі:

Сірлі қабықтары: коньюктива, мұрын қуысымен аналь тесіктерінің және жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтары бозарған, ақшыл-сұр түсті.

Тері, тері асты шелі бозарған, дақтар пайда болған. Май ұлпалары көрінбейді, түктері көмескі, табиғи жылтырлығы жойылған.

Лимфа түйіндері: жақ асты, жауырын алды тізе қатпарларындағы лимфалық түйіндер аздап ұлғайған, тілгенде дымқыл сұрғылт қызыл түсті ыдыраған.

Сүт бездерінің лимфалық түйіндері ұлғайған, ақшыл сұрғылт түсті, консистенциясы болбырлау келген, қабаттарының шекарасы анық емес. Тілік бетінде қанталау ошақтары көрінеді.

Шап тұсы лимфалық түйіндері ұлғайған, ақшыл сұрғылт түсті, консистенциясы болбырлау келген, қабаттарының шекарасы анық емес.

Өлексенің ішкі көрінісін зерттеу.

Құрсақ қуысы. Құрсақ қуысында ұйыған қара-қызыл түсті, 10 л-дей қан араласқан сұйықтық бар. Құрсақ қуысында орналасқан мүшелердің орналасу реті бұзылмаған, сірлі  қабықтары ылғалды, ақшыл сұр түсті, жылтыр. Іш майы азайған, әр жерінде оңай ажырайтын, қара-қызыл қан іртіктерімен толған.

Көкірек қуысы бөгде заттарсыз.

Талақ бірнеше есе ұлғайған, нығыз. Ұлпасы тілгенде түйіршікті, қызыл-қоңыр түсті. Талақтың төменгі бөлігі қанға толған, сыртқы капсула астында қан іртіктері пайда болған. Талақ капсуласы қатты зақымданған, артқы жағында жыртылулар болған.

Тіл: кілегейлі қабығы ақшыл – сұр түсті, тілгенде бұлшық еті бірқалыпты, суреті сақталған.

Жұтқыншақ:  кілегейлі қабығы ашық-күлгін түсті, майда.  Өңеш :кілегейлі қабығы ақшыл-сұр түсті майда.

Көмей және кеңірдек : кілегей қабықтары сұр-жасыл түсті, майда, жылтыр.

Жүрек: домалақ пішінді, оң жақ қарыншасы созылған, перикард және эпикард жылтыр, бұлшық еттері ыдыраған, піскен етке ұқсас, ашық-қызыл түсті, жүрек қуысында әсіресе оң жағында қан іртіктері бар. Қос жақтаулы, үш жақтаулы және жартылай айшықты қақпақшалары созылмалы ешқандай өзгеріссіз.

Бронхалық лимфа түйіндері ұлғаймаған, сұрғылт түсті, тілгенде дымқыл, суреті қалыпты.

Аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 1-2 см, ақшыл-сұр түсті, тілгендегі беті дымқыл суреті анық емес.

Бауыр ұлғайған сұрғылт-қоңыр түсті біркелкі емес, ыдыраған, тілік бетінің суреті біркелкіленген. Өт қабы қара- қоңыр түсті өтке толған.

Бүйректер ұлғаймаған, қабаттары дымқыл, бүйрек қабығы оңай ажырайды, беткі аймағында ұсақ  ақшыл түсті ошақтар пайда болған. Ол негізінен бүйректің қыртысты қабатында орналасқан.

Белдеме, мықын және жамбас, лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз, тілгендегі беті сулы, ақшыл-сұр түсті.

Ми тамырлары аздап қанға толған, ми қатпаршаларында көп мөлшерде мөлдір сұйықтық бар.

Жұлын ешқандай өзгеріссіз.

Мес қарын 15 кг жасыл түсті азыққа толған, кілегейлі қабығы сұрғылт түсті.

Жұмыршақ қарында аз мөлшерде сұйық азық бар, кілегейлі қабығы ақшыл-сұр түсті.

Қатпаршақ қарында аз мөлшерде құрғақ азық бар, кілегейлі қабығы ешқандай өзгеріссіз.

Ұлтабар аз мөлшерде жартылай сұйыққа толған. Кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, беті қою кілегеймен жабылған.

Мезинтериальды лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тілгенде беті сулы, ақшыл-сұр түсті. Сұр дақтары бар.

Аш ішек пен мықын ішекте аз мөлшерде сары қоңыр түсті зат бар, кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, беті қою кілегеймен жабылған.

Тоқ ішек бөлімі, соқыр ішек және тоқ ішек пен тік ішек бөлімі сұр-қоңыр түсті, жартылай сұйық затқа тоған. Кілегейлі қабығы ақшыл-сұр түсті, ешқандай өзгеріссіз.

 Патанатомиялық диагноз

  1. Бронхопневмония
  2. Өкпеде милиарлы туберкулез
  3. Лимфа түйінінің эксудативті қабынуы
  4. Созылмалы, ошақты фибринді плеврит
  5. Бауыр мен бүйректің түйіршікті дистрофиясы
  6. Оң жүрекшенің кеңеюі және қанталауы.
  7. Асқорыту жоларының катарлы, фибринді қабынуы

 

 

Патологиялық гистологиялық зерттеулердің нәтижесі.

Бұл түйіншектер құрылымы туберкулез төмпешіктеріне тән: эпителиоидты және лифоидты торшаларынан тұрады, орта шені некрозданған және әктелген (әк түйіршектері мен үйінділері көк түске болған).

Бір-біріне қосылып жатқан бұл туберкулдер бәріне ортақ дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалған.

Қорытынды

Патанатомиялық сойып зерттеу негізінде, гистологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша және бактериологиялық, сонымен қатар морфометриялық нәтижелерін ескере отырып, сиырдың өлімі туберкулезден болды деп есептейміз.

 

 

3.2.2 Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау

 

Зерттеудің келесі міндеттері морфометриялық әдіспен зерттегенде, нәтижелері  1-ші және 2-ші кестедегіндей болды.

 

Кесте – 1. Алғашқы ошақ туберкулезі, туберкулездік бронхопневмония және милиарлық туберкулез кезіндегі морфометриялық көрсеткіштері

Атауы

Алғашқы ошақ туберкулезі кезінде

Туберкулездік бронхопневмония

Милиарлық туберкулез

Фиброзды қабаттың көлемі (мкм)

165,4±0,1

169,6±0,2

174,5±0,3

Грануляциялық қабаттың көлемі (мкм)

23,9±0,3

38,9±0,4

41,1± 0,5

Себінді ошақтардың  орташа көлемі (мкм)

7349±2,2

8639±3,5

10075,0±3,7

Некроздың орташа көлемі (мкм)

3582,2±1,6

3093,7±1,4

2982,5± 1,1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте – 2. Ірі ошақ туберкулез, ациноздық пневмония және лобулярлы пневмония кезіндегі морфометриялық көрсеткіштері

Атауы

Өкпенің ірі ошақта туберкулезі

Ациноздық пневмония.

Лобулярлық пневмония

Фиброзды қабаттың көлемі (мкм)

185,9±2,1

159,6± 1,7

152,4±1,5

Грануляциялық қабаттың көлемі (мкм)

39,9 ± 0,5

30,6±0,7

28,2±1,0

Себінді ошақтардың  орташа көлемі (мкм)

7684,2±4,5

6959±1,7

6832±1,6

Некроздың орташа көлемі (мкм)

3863,2±1,7

4074± 1,3

3903±1,3

 

Қорытындылай келе салыстырмалы патоморфологиялық зерттеулер кезінде өкпе туберкулезінің қай түрі болмасын,  альтеративті-экссудативтік ұлпалық реакциялардың басымдылығымен және туберкулездік қабыну жасушаларының азаюымен сипатталып, барлық деңгейдегі бронхтардың казеозды зақымдануы байқалды, жедел пневмониогенді каверналар көп кездесті. Морфометрия көрсеткіштері негізгі топтармен салыстырғанда төмен болып, фибрилогенез және инкапсуляция үрдістерінің тежелуі анықталды.

 

 

3.3 Экономикалық тиімділікті есептеу

 

           Экономикалық тиімділікті анықтау үшін жеке зерттеулер мен ветеринарлық статистикаға сүйендік. Туберкулез мал шаруашылықтарына айтарлықтай экономикалық зиянын тигізеді. Біздің мәліметтер бойынша, туберкулезден ауырып өлген ірі қара малдарға келетін экономикалық шығынды мына формула арқылы есептедік:

 

                              Пу1 = Ц х Жм х Мп

Мұндағы Пу1— өлген малдан болған шығын,

                 Ц – 1 кг еттің бағасы – 1600 тг.

                 Жм –1 сиырдан шығатын таза ет салмағы -100 кг.

                  Мп — өлген сиыр саны — 14 бас.

Пу1=1600 х 100 х 14 = 2 240 000 теңге.

 

 

 

 

 

 

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

 

Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы, ҚР-ның призидентінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы жарлығымен бекітілді. Еңбекті қорғау құқығына әрбір жұмыс істеуші адам ие  болады.

Жұқпалы ауру малдарды күтуші адамдардың денсаулығына байланысты еңбек қорғау шаралары

  • жұқпалы аурулар кезінде олармен жұмыс істеуге жасы он сегізге толмағандар жіберілмейді.
  • жұқпалы аурулармен ауырған малдар тұрған жерге бөтен адам кіруге болмайды
  • адамға жұққан әр бір аурулар жайында төрт дана акт жасалынады
  • шаруашылық басшылары жылына кем дегенде бір рет өз қарамағындағы жұмысшыларын медициналық бақылаудан өтіп тұруын қадағалау тиіс
  • жұмысшыларға арнайы киімдерден бөлек, санитарлық киімдер де бөлінуі тиіс арнайы және санитарлық киімдерден басқа киім киюге тиым салынады. Санитарлық киімдерді басқа жерлерге киюге болмайды. Барлық санитарлық және арнайы киімдер дезинфекцияланып тұруы тиіс.

Дезинфекция және дератизация жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі: Дезинфекция және дератизация шараларын жүргізген кезде әр жұмысшы өзінің жеке қауіпсіздік ережелерін білу қажет.

Жұмысты орындаушылар арнайы норма бойынша санитар лық киім киюі шарт. Кілегей қабықтарды тітіркендіретін препараттарды қолданып жүргізілетін тек қана противагаз киіп жұмыс істеуге болады. Қышқыл, сілті тағы басқа да уытты күшті заттармен жұмыс істеген кезде қорғағыш көзәйнек киіп жұмыс істеу қажет.

Химиялық улы заттар, бактериялы препараттар және химилық улармен жұмыс істеу кезінде тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды. Жұмыс жүргізіп болған соң қолды, бетті жылы сумен жуып отыру керек. Ыдыстармен басқа құрал саймандарды екі процент суда хлор ертіндісімен жуу керек.

Қазақстан Республикасын еңбек қорғау – құқықтық, санитарлық, техникалық, экономикалық және ұйымдық шараларды еңбектен қауіпсіздендіруге бағытталған үлкен бағдарлама.

Әлеуметтік өндірістің кез-келген аумағында адам ең маңызды және бағалы болып саналады. Сондықтан өндірісте адамның өмірін және денсаулығын қорғау кәсіби орынның ең маңызды міндеті болып саналады.

“Қазақстан Республикасы еңбек қорғау” бойынша жұмыстар ұйымдастыру тәртібіне сәйкес шаурашылықтарда жыл сайын өндірістік және аумақтық көлемдер бойынша еңбек қорғауға жауапты мамандар мен мүдделі  тұлғаларға жауапкершілігі туралы бұйрық шығады.

Шаурашылықта әйелдер мен жас өспірімдер еңбегін қорғау бойынша еңбек заңдылықтары қатаң сақталады. Өндірістік процестерге байланысты бақытсыз жағдайларда болдырмау мақсатында 0004-79 120 млн. Стандартқа сәйкес жиі-жиі жұмысты қауіпсіздендіру әдістерін оқытады. Инструктаж жүргізгені туралы арнайы тіркеу журналдарында жазады.

Жұмыс істеуге арнайы дайындалған жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы инструктажынан өткен тұлғалар жіберіледі. Мұндай жұмысқа 18-ге толмағандар жіберілмейді. 

Бақытсыз жағдайларды тексеру есепке алу және сараптау Қазақстан Республикасының бекітілген нұсқауы бойынша жүргізіледі. Жарақаттану салдарынан есептік уақыттан 80 еңбекке мүмкіншілік күн жоғалтады.

Жұмыс орындары қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция мен қамтамасыз етілген.

Табиғат пен адам өзара байланысты. Адам өз өмірінде табиғатқа айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты табиғатты қорғаудың көптеген шаралары қарастырылуда. Өйткені мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді (топырақ, су, ауа) ластау орны толмас зардаптар қалдырады.

Бұл экологиялық дағдарыс қауіпін тудырып отыр. Көп жағдайларды қоршаған ортан қорғау айналаны тазарту, жерге органикалық тыңайтқыштар беру тағы басқалармен шектеліп келеді. Бұдан адамзатқа түсетін істі табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастаған жөн.

Сонымен экология табиғатты қорғаудың теориялық негіздері мен оны дұрыс пайдалану, қоршаған ортаны қорғау түрінде сипатталады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау маңызды мемлекеттік мәселелердің бірі болып табылады. Табиғатты қорғау Қазақстан Республикасының конституциясында бекітілген.  Жер, орман — тоғай, су көздерін жүйелі пайдалану туралы заңдар қарастырылған. Қазіргі кездегі басты мақсаттардың бірі табиғат ресурстарын жоспарлы, жүйелі пайдалану.

Қоршаған ортаны қорғау – ол табиғат ресурстарын қорғау және оны қалпына келтіріп ұлғайта отырып тиімді пайдалануға бағытталған халықаралық деңгейде іске асырылатын ғылыми техникалық, өндірістік, экономикалық, әкімшілік  және заңгерлік іс шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне мыналар жатады:

  1. Адамның дұрыс жағдайда өмір сүруіне қажетті негізгі экологиялық процестермен жүйелерді қолдау.
  2. Тірі организімдердің генетикалық ерекшеліктерін сақтау.
  3. Экологиялық жүйелерді сонымен қатар жекеленген түрлерін ұзақ мерзімде тиімді пайдалану.

Біздің елімізде табиғатты қорғау мемлкеттің және барлық азаматтардың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Табиғатты қорғау ісіне бюджетпен белгілі мөлшерде қаражат бөлініп отырады. Әр деңгейдегі  әкімшіліктерде арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Экологиялық постар құрылған.

 

Шаруашылықта табиғатты қорғау

Адам өмірі қоршаған ортаның оның өсімдік әлемімен тығыз байланысты және біз осы байланыстылықты әр қашан есте сақтай бермейміз. Өсімдік және су асты әлемі бізге көріністен жұмбақ әрі күрделі.

Табиғатты қорғау мемлекеттік халықаралық және қоғамдық шаралардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануға және оны ластанумен бұзылудан қорғауға жоспарлы жүйе.

Қазіргі кезде ғылыми даму кезінде және табиғи ресурстарды пайдалану барысында табиғатты қорғау бойынша үлкен тапсырма тұр.

 

Табиғатты қорғау бойынша заңдылықтар мен нұсқаулар

Қазақстан Республикасымен басқа да ТМД елдерінің маңызды мемлекеттік тапсырмасының бірі ол табиғатты қорғау болып табылады, ол адамның өмір сүру барысында табиғатты ресурстарды жер, су, өсімдік, ауа, жан-жануарларды пайдалануға байланысты.

Осы барлық ресурстар оны тиімді пайдаланбаған жағдайда азаяды және қайтымсыз процестерге ұласады топырақ-эрозияланады, су пайдалануға жарамай қалады, ауа ластанады, ал жаунарлар, өсімдіктер және су жәндіктері (балық, шаян т.б.) толығымен жойылады. Осыған байланысты табиғатты қорғау бойынша бірнеше заңдылықтар мен нұсқаулар шығарылған.

  Өрттің алдын алу жағдайы

Шаруашылықта өртке қарсы шаралардың орындалуына жауапкершілікке әкімшілік шауруашылықтың директорының орынбасары тағайындалған, өртке қарсы ерікті ұйым құрылған. Азық қоймалары өрттен қорғау есебімен салынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР

 

  1. Салыстырмалы патоморфологиялық зерттеулер кезінде өкпе туберкулезінің қай түрі болмасын, альтеративті-экссудативтік ұлпалық реакциялардың басымдылығымен және туберкулездік қабыну жасушаларының азаюымен сипатталып, барлық деңгейдегі бронхтардың казеозды зақымдануы байқалды, жедел пневмониогенді каверналар көп кездесті.
  2. Морфометрия көрсеткіштері негізгі топтармен салыстырғанда төмен болып, фибрилогенез және инкапсуляция үрдістерінің тежелуі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

  1. Туберкулезге патоморфологиялық балау қояр алдында туберкулез оппортунистік инфекция ретінде қарастырылатындығын ұмытпау қажет.
  2. Шаруашылықта ауруға қарсы вакцина жасалғанда оң реакция берген жағдайда, лажысыздан сиырды патоморфологиялық зерттеген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Козловская Т.Б., Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А., Нурмухамбетова Ж.А. Клинико-анатомический анализ фиброзно-кавернозного туберкулеза по Актюбинской области // Вопросы морфологии и клиники. -2005. — №17 — С.244-248.
  2. 2. Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А., Шолжанова У.И., Фаткулина Ж.К., Есмагамбетова Г.Ж., Жагипарова Л.К. Клинико-морфологические параллели туберкулеза // Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии.- 2006. — №3. — С.127-128.
  3. 3. Жұмабаева А.Н., Қазбекова Г.Ә. Патоформология резектатов легких удаленных по поводу туберкулем // Матер. Республ. науч-практич конф с межденарод. участием: «Актуальные проблемы современной теоритической, клинической медицины и медицинского образования» посв. 50-летию Западно-Казахстанской государственной академии им. Марата  Оспанова. — 2007. — С.61.
  4. Казбекова Г.А. Диагностика туберкулезных плевритов // Труды Международной научной конф.: «Наука и образование-ведущий фактор стратегии «Казахстан -2030».- 2009. -С.481-483.
  5. Қазбекова Г.Ә. Туберкулез ауруының танатогенезі // Батыс Қазақстан медицина журналы.- 2009.- №2 (22). — С.31-34.
  6. Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А. Некоторые морфологические аспекты туберкулеза легких при хроническом алкоголизме // Материалы конференции «Современные проблемы теоретической и клинической морфологии». — 2009. — C.116-118.
  7. Жұмабаева А.Н., Қазбекова Г.Ә. Ұзақтығы бір жылға созылған фиброзды- кавернозды өкпе туберкулезінің морфологиялық ерекшеліктері // Денсаулық сақтауды дамыту журналы.- 2010.- №3 (56). — C.97-99.