Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиа-лының орналасқан жері және құрылымы
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылы 22 ақпанда құрылды. Ұлттық парк Іле Алатауының солтүстік беткейіне орналасқан. Батысында Шамалған өзені мен шығысында Түрген өзендерінің аралығындағы 120 шақырым аумақты қам-тиды,ал ені 30 шақырымдай. Оңтүстігінде Қырғыз мемлекетінің шекарасымен, солтүстігінде Іле Алатауының етегі мен шектеледі. Парктің жалпы жер көлемі 202292 га [1].
Талғар филиалы ұлттық парктің шығыс бөлігін алып жатыр. Орналасқан жері Алматы облысының Талғар ауданы аумағында.
Орман орналастыру жұмыстарының негізінде 1994-жылдан бастап Талғар орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің ауданы белгіленіп, ол 17326 гектарды құрады.
Кесте 1.
Талғар орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің 1994ж. орман орналастыру бойынша аумақтары
№ |
Орманшылықтар |
Орман қорының ауданы, га |
Орманмен қамтылған аумақ, га |
1 |
Қотыр-Бұлақ |
4658 |
2243,6 |
2 |
Талғар |
5338 |
2412,5 |
3 |
Көкбастау |
7330 |
3237 |
Филиал бойынша жалпы |
17326 |
7893,1 |
Алматы облысы әкімінің 24.06.1998ж. №6-207 бұйрығының шешімімен Қаскелең, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының жер учаскелері белгіленді. Талғар филиалының құрамына ұлттық табиғи парктің және мемлекеттік жер қорының 10612 га шамасындағы солтүстік шекарасы қайта енді. Сөйтіп Іле Алатау ұлттық табиғи паркі Талғар филиалының аумағы 27938 гектар болды.
Кесте 2.
Талғар филиалы аумағының жерлерді қайта есептегеннен кейінгі аумағының өзгеруі
№ |
Орманшылықтар |
Орман қорының аумағы, га |
Қосылған жер аумағы |
Барлығы, га |
|
жабайы жеміс-жидекті өсімдіктер аймағы, га |
Мемлекеттік жер қоры, га |
||||
1 |
Қотыр-Бұлақ |
4658 |
1198 |
6000 |
11856 |
2 |
Талғар |
5338 |
2073 |
|
7411 |
3 |
Көкбастау |
7330 |
1341 |
|
8671 |
Филиал бойынша жалпы |
17326 |
4612 |
6000 |
27938 |
Кесте 3.
Орман қоры аумағындағы айналым сандары мен олардың орташа ауданы
№ |
Орманшылықтар |
Жалпы аумақ, га |
Айналым саны, дана |
Айналымның орташа аумағы, га |
1 |
Қотыр-Бұлақ |
11856 |
12 |
988 |
2 |
Талғар |
7411 |
9 |
823 |
3 |
Көкбастау |
8671 |
9 |
963 |
Филиал бойынша жалпы |
27938 |
30 |
931 |
Талғар филиалының басты мақсаттары мен міндеттеріне-бірегей табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру, сонымен қатар адамдарға табиғатта демалудың,экологиялық туризмнің әр түрлі мүмкіндіктерін ұсыну, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу жатады.
Сурет 1. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
Талғар филиалының орналасқан жері
Ұлттық парк өзінің табиғи ерекшеліктерімен және әсемдігімен көзге түседі. Атап айтсақ өсімдік әлемі 1200-ден, жануарлар әлемі 1500-ден астам түрлерден тұрады. Олардың сирек кездесетін және жайылу қаупіндегі бірнеше түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Бізге келген туристер тау етегіндегі шөлейт даладан бастап, шыршалы ормандарды, альпі шабындықтарын мәңгі қар мен мұз басқан шыңдарды көре алады.
Сонымен қатар бақ аумағында қазақ халқының ертедегі тарихи және мәдени археологиялық ескерткіштері орналасқан. Іле Алатауы етегімен ерте замандағы тайпалар Азиядан Европаға байланыс жолын жасаған. Кейін ол Ұлы Жібек жолы болып атанды.
Бір-бірінен оқшау жатқан екі участоктан тұрады. Оның бірі – Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ. Биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан, сұлу шыршалы ормандарына қарасаң көз тоймайтын әсем тау кімді болса да қызықтырмай қоймайды.
Таудан төмен түскен сайын жылына жауатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Мәселен, теңіз деңгейіне 1000 метр биіктікте 500милиметр, ал 2400-3000 метр биіктікте 780-870 милиметр жауын-шашын болады. Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да жайқалып жасыл шабындықтың өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды. Бұл ұлттық табиғи бақта паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі. Қорық териториясы кішігірім өзекшелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер – Талғар мен Есік, ал кішілері Қаскелең, Алматинка. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-4 метр, су тереңдігі 0,3-1,0 метрдей болып, ағысы қатты келеді. Кейде тауда нөсермен жауған жаңбырдың арты селге айналатын ауыр жағдайларыда кездеседі.
Сурет 2. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
Талғар филиалы тұқым бағы
Ұлттық табиғи бағының бір артықшылығы, мұнда мол орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы Орманды дала белдеуі табиғи бағының жерінде 1300-2600 метр биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы өсетін жеміс ағаштар. Бұл белдеулерде орман құрайтын негізгі ағаш түрлері-алша ағашы, долана, өрік, көктерек, сирегірек тал.
Бұталардан шөп аса қарақат, итмұрын және ұшқат өседі. Алма бағы 1700 метр биіктікке дейінгі тау жоталарының етегіндегі жазық ойпаттарда көбірек кездеседі, өрік таудың күнгей беткейін ала орналасқан. Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек кездеседі. Жабайы жеміс ағаштарының жер көлемі 157 гектардай. Жеміс бақтары негізінен, оң және сол Талғар өзендерінің бойын алып жатыр.
Алатауға сән беріп тұратын қылқан жапырақты ормандар 1400-2800 метр биіктікте кездеседі. Ормандардағы негізгі ағаш түрі Тянь-Шань немесе шренк шыршасы. Бұл өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Сондықтан да табиғи бақ териториясында шыршаны көбірек өсіріп, оның өсу, қалыптасу процестерін зерттеу, оны басқа тау аймақтарына жерсіндіруге жол ашады. Табиғи бақты шыршалы орманның көлемі 5,3 мың гектардай. Тянь-Шань шыршасының тау топырығы бекіту оны эрозиядан қорғаумен бірге эстетикалық мәні зор.
Тау беткейлерінде өскен шыршалы тоғай парк типтес келеді де, олардың арасында шетен, ұшқан және қара ырғай, бұлдірген кездесіп қалады. Осы ағаштардың кепкен жемістері қыс айларында осында қыстап қалатын құстар және аңдар үшін жақсы азық болып табылады.
Шыршалы орманның жоғарғы жағын суб-альпі белдеуі алып жатыр. Бұл белдеуге тән өсімдік-биіктігі 0,5-1,0 метр болып өсетін арша. Тау беткейлерінде алыстан қарайып, көрініп жататын бұталы ағаш осы. Бұл маңда аздап шырша, ұшқат, қанды ағаш ұшырасады. Шөптесін өсімдіктерден қазтамақ тау қарамағы, шерменді гүлділер басым, одан әрі 3000 метр биіктіктен жоғары альпі белдеуі басталады. Оны бір сөзбен, дәу-дәу тастар мен құздардың белдеуі деп сипаттауға болады. Онда көбінесе доңыз сырт шөптері өседі.
Бұдан табиғи бағының әр белдеуінде бір-біріне ұқсайтын әр алуан өсімдіктер өсетіндігін көреміз. Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің оннан астам түрлері кездеседі. Олардың бастылары-долана, итмұрын жемістері және кәдімгі киік аты, тас шөптер.
Табиғи бағында елік, тау ешкі, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, ақ тиін сияқты аңдардың 40 астам түрі тіршілік етеді. Осы табиғи бақ орналасқан жерде кездесетін тұяқты аңдардың бірі елік. Мұнда елік мекендеуге қолайлы ондаған мың гектарға жуық орман алқабы бар. Кейбір жылдары бір мың гектар жерде елуге дейін елік кездеседі. Елік жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс кезінде бұлар шөпті қар астынан тебіндеп жайылады. Сонымен қатар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әр түрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде тау теке де мекендейді. Мәселен, табиғи бақ қызметкерлерінің соңғы есебі бойынша тау текенің қоры 500-дей екендігі анықталды. Тау теке мәңгі жатқан мұзға дейін көтеріліп,жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді. Тек қыста ғана тау етегінде болады
Ауа-райы мен климат жағдайлары. Метеостанцияның климаттық көрсеткіштері 1-кестеде келтіріледі. Олар қала сыртында теңіз деңгейінен: Медеу -1529 м, Усть-Горельник — 1926 м және жоғарғы Горельник — 2254 м орналасқан [2].
Мекеменің аумағы күрделі биік таулы жер бедеріне орналасқан. Жалпы солтүстік еңістігі негізгі қыраттары бірнеше тау сілемдерімен ұласқан. Бұл тау сілемдері солтүстіктен төмен қарай күшті ауыспалы таулы жер бедерін құрайды.
Кесте 4.
Климаттық көрсеткіштер
Көрсеткіштердің атаулары |
Мағынасы |
Мерзімі |
||
Ауа температурасы: градусы: орташа жылдық ең жоғарғы ең төменгі |
6,8 35 -35 |
3,7 32 -35 |
2.6 29 -38 |
|
1 жылдағы жауын-шашын мөлшері, мм |
843 |
859 |
881 |
|
Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы |
146 |
123 |
106 |
|
Көктемдегі соңғы үсіктер |
|
|
|
06.05; 25.05; 30.05 |
Күздегі бірінші үсіктер |
|
|
|
25.10; 22.09;19.09 |
Өзендердің қатуының орташа мерзімі |
|
|
|
05.12; 25.11; 20.11 |
Қар жамылғысы: қалыңдығы, см пайда болу уақыты ормандағы кездесу уақыты |
47 |
67 |
65 |
25.10; 07.10; 29.09 25.04; 08.05; 24.05 |
Желдердің жыл мезгіліне байланысты бағыттары: Қыс Көктем Жаз Күз |
ОШ ОШ ОШ ОШ |
ОШ ОШ ОШ ОШ |
ОШ ОБ ОБ ОБ |
|
Жыл мезгілі бойынша желдердің орташа жылдамдығы, м/сек |
|
|
|
|
Топырақтың қату тереңдігі, см |
50 |
55 |
58 |
|
Қыс Көктем Жаз Күз |
1,8 2,0 2,3 2,0 |
1,6 1,8 1,9 1,7 |
1,8 1,9 2,0 1,9 |
|
Ауа ылғалдығы, % |
55 |
60 |
57 |
|
Таудан төмен түскен сайын жылына жауатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Мәселен, теңіз деңгейіне 1000 метр биіктікте 500 миллиметр, ал 2400-3000 метр биіктікте 780-870 миллиметр жауын-шашын болады.
Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да шабындықтың өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды.
Тау сілемдердің еңістіктері және қыраттың басқаларында әртүрлі экспозиция мен еңістіктері бар.
Мекеме аумағының ең жоғарғы биіктігі теңіз деңгейінен 1025 м –ден 3532 м-ге дейін орналасқан.
Мекеменің аумағындағы климаттық жағдайлар бірдей емес. Жауын-шашынның мөлшері, температурасы мен ауаның ылғалдылығы, желдің бағыты мен жылдамдығы көп жағдайда жердің биіктігімен және жер бедерінің пішініне байланысты болады [2].
Өсімдіктері мен орман қорының сипаттамасы. Орталық және шығыс Тянь-Шанның флорасы мен өсімдіктерін зерттеу тарихы өте ертеден басталған.
Орталық Тянь-Шан: Іле-Алатауы мен Хан тәңірі массивін 1856-57жылдары П.П. Семенов зерттеген. Ол өз еңбегінде Тянь-Шанның өсімдіктеріне қысқаша жазба келтірген.
А. Шренк 1840-жылы Жоңғар Алатауында Фишер мен Мейер атап кеткен. Тянь-Шань шыршасын тапты. 1864-жылы және 1867-жылы зоолог Н.А. Северцов Орталық Тянь-Шанда болып кеткен. Кейінірек Іле-Алатауында орыс ботаниктері: В.В. Самонников, Р.Ю. Роневиц, А.И. Михелсон, Р.И. Аболин, Н.В. Павлов, Б.А. Быков жұмыс істеді.
Н.А. Гвоздецкий мен В.А. Николаев өзінің «Қазақстан» (1971ж) деген кітабында, солтүстік Тянь-Шанның шығыс бөлігін алып жатқан Іле провин-циясына жатқызады [3].
Далалы аймақ әр түрлі шөптесін өсімдіктерден құралған төменгі белдеу (900-1500м) мен бұталар және биік өсетін шөптесін шалғынды жоғарғы белдеуден (1250м-ге дейін) құралған. 1500-1700м биіктікте орманды дала аймағы орналасқан.
1700-ден 2700м-ге дейін орталық орман шалғынды-дала аймағы алып жатыр. Ол көктерек, шырша орманы өсетін төменгі белдеуден, таза шырша орманы өскен (2000-2300м) орталық белдеу мен субальпілік шалғын орналасқан жоғарғы белдеуден құралған.Таудың жоғарғы бөлігінде (2600-2800м)биік тау шалғын аймағы орналасқан.
Альпі шалғыны белдеуінен (3000-3400м)жоғары мұздықтар мен мәңгі қар алып жатыр.
Өсімдіктердің тарауы вертикалды аймақтардың орналасқанына тәуелді. Климаттың өзгеруі топырақ төсеніші мен топыраққа, ағаштардың өзгеруіне себеп болады.
Сурет 3. Шырша ормандарының көрінісі
Орман шаруашылығының барлық территориясын 3 вертикалды аймаққа бөлуге болады. Теңіз деңгейінен 1700 метрге дейінгі биіктікте I аймақ орналасқан. Негізгі жемісті ағаштардан құралған көктерек орманы алып жатыр. Ағаш түрлері: абрикос-(Armeniaca vulgaris), Сиверс жабайы алма ағашы-(MALUS Sieversu) Семенов үйенкісі-(Acer Semenovu) спирея немесе тобылғы-(Spirea hypericifolia)-спирея зверобослистная, қоңыр итмұрын-(Rosa cinna-momeal) қара жемісті ырғай-(Cotoneaster melanocarpal)-кизияьник черно-плодный, Альтман ұшқаты (Lonicera Altmanni) жимолость Альтмана қарақат-(Ribes Meyeri)-смородина Мейера, долана-боярышник кроваво-красный- (Crataegus sanguinea).
Шөптесін өсімдіктер: қожақат-ежевика, жима тарғақ-ежа сберная, қазтамақ-герань, жалбыз-мята.
Екінші және үшінші аймақта Тянь-Шань шыршасынан құралған шырша орманы орналасқан [4].
Медеу филиалының ормандары негізінен су қорғау және реттеу, топырақ қорғау, санитарлық-гигиеналық қызметпен тағы басқалары атқарады.
Сонымен қатар, солтүстік беткейдегі жеміс ағаштар орманының құнды жеміс шикізатын беретін екінші дәрежелері, әрі маңызды орны бар.
Мұнда сақтауға тиіс орман категорияларында:
1) табиғи ескерткіштер ;
2) жеміс ағаш орманы ;
3) орман –бақ бөлігі ретінде жасыл аймақтар ;
4) орманы аз таулы өңірдегі ормандар бар.
Ормандардың қорғаныш категорияларына байланысты бөлінуі бойынша –І топқа жатқызылады, яғни оның орманның маңызы мен табиғи-экономикалық жағдайына сәйкес болып тұр.
Жасыл аймақтар, бақ территориясындағы орман-бақ бөлігі 236 га жерді алып жатыр және туризмді ұйымдастыруда пайдаланады.
Осы қорғаныш категориясындағы орман шаруашылығын жүргізу арқылы ұзақ уақыт өсетін әсем орманның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Басты ағаш түрлері бойынша орманды жерлердің бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.
Орман қорында негізгі орман түзуші ағаш түрі Шренк шыршасы (30%) мен қарағай (6%) қылқан жапырақтылардан, ал жалпақ жапырақтылардан алма аға-шы (5%) және басқа ағаш түрлері жатады.
Орманмен қамтылған жерлер 759 га-да құрайды, былайша айтқанда орман-ды қалпына келтіру шаралары арқылы 253 га , ормансыз жерлерде табиғи ор-манның табиғи өсуі 358 га және екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру нәтижесінде көбейіп отыр.
Орман мен қамтылған жерлерде сирек орманның табиғи қалпына келуі әсерінен 177 га аумақ орман қорын көбейтті.
Орманның өсуіне жарамды ашық жерлер арқылы шабындықтардың аумағы 79 га–ға өсті, ал жайылымдар, жолдар таксация кезінде жер категория-ларын нақтылау нәтижесінде өзгереді.
Негізгі орман түзуші ағаштардың орманы жоғары бонитеттілігімен ерекшеленбейді.
Ылғалы мол жерлерде өскен кейбір жалпақ жапырақты ағаштардың өнімділігі біршама жоғары.
Басты ағаш түрлері бойынша орманды жерлердің бөлінуі 3-кестеде көрсетілген.
Орман қорында негізгі орман түзуші ағаш түрі Шренк шыршасы (30%) мен қарағай (6%) қылқан жапырақтылардан, ал жалпақ жапырақтылардан алма ағашты (5%) және басқа ағаш түрлері жатады.
Орманмен қамтылған жерлер 759 га-да құрайды, былайша айтқанда орманды қалпына келтіру шаралары арқылы 253 га, ормансыз жерлерде табиғи орманның табиғи өсуі 358 га және екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру нәтижесінде көбейіп отыр.
Орман мен қамтылған жерлерде сирек орманның табиғи қалпына келуі әсерінен 177 га аумақ орман қорын көбейтті.
Орманның өсуіне жарамды ашық жерлер арқылы шабындықтардың ау-мағы 79 га-ға өсті, ал жайылымдар, жылдар таксация кезінде жер категория-ларын нақтылау нәтижесінде өзгерді.
Негізгі орман түзуші ағаштардың орманы жоғары бонитетілігімен ерекшеленбейді.
Ылғалы мол жерлерде өскен кейбір жалпақ жапырақты ағаштардың өнімділігі біршама жоғары.
Филиал ормандарында ІІІ және ІІ бонитет кластарына жататын алқа ағаштар басым (76%) Өнімділігі жоғары І және ІІ бонитет кластарына жататын алқа ағаштар 12,8%құрайды, төмен бонитетті ормандар 11,2% ден кем. Алқа ағаштардың орташа кластары осы орман өсімдік жағдайына сәйкес деп есептеуге болады.
Барлық мәліметтер жерлер негізінен толымдылығы төмен, яғни толым-дылығы 0,3: 0,4 алқа ағаштар 50,8%-ды құрайды. Ал толымдылығы жоғары (0,8-0,0)алқа ағаштар тек қана 1,7 %- ді ал орташа толымдылықты жалпақ жапырақты орман үшін 0,48 ал қылқан жапырақты орман үшін 0,46.
Ол жағдай былай түсіндіріледі негізгі орман түзуші ағаш-Тянь-Шань шыршасы нашар дамыған топырақта, қалыңдығы аз тік беткейлерде өседі. Төмен толымдылықты орманның болуына адамның әсері де зор, шөп шабу, мол жию, ағаш кесу біршама әсерін тигізеді [5].
Сурет 4. Талғар филиалы Орта қырғауылды сайындағы шырша орманы
Сурет 5. Талғар филиалы Ойжайлау сайындағы шырша орманы
Барлық ағаш түрлері бойынша орташа таксациялық өзгерістерді талдай отырып, ерекшелік байқалады, ол орташа жастың ұлғаюы, яғни табиғи алқа ағаштардың кластан класқа өтуін байқатады.
Еккен орман жұмыстарын орманмен қамтылған жерлерге ауыстыруына байланысты, әрі таксация кезінде нақтылау барысында жалпы орманмен қамтылған жердің көбеюін көрсетеді.
Шырша мен жалпақты ағаштар, бұталар, әртүрлі шөптер өскен. Таулы – орманды – шалғынды – далалы аймақта қара шіріндіге шөл тасты топырақтар тараған. Механикалық құрамы бойынша ауыр және орташа саздауытты. Мұнда І, ІІ, III бонитетті орман өседі. Төменгі жағында жеміс – жидекті ағаштар өседі.
Теңіз деңгейінен 800 – 1200 метр абсолюттік биіктіктегі таулы және тау етегіндегі жазық аймақта кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар тараған. Топырақ түзуші тау жыныстарына лесс пен лесс тәрізді саздауыттар жатады.
Орташа таулы жер бедері 1700 метрден 3000 метр аралығында орналасқан, мұнда 35 – 40 беткейлер мен сайлар кең тараған.
Тастардың опырылуы, қиыршық тастардың жылжуы көп кездеседі.
Аласа таулы сатылы жер бедері 1100 – 1700 метр аралығында орналасқан. Мұнда борпылдақ саздауыт топырақтар мен тастар тараған.
Тау етегіндегі жазық 1100 метрден төмен орналасқан. Күнгей Алатауда 55 – 60 – ты беткейлер көп кездеседі [6].
Жер бедері және топырағы. Мемлекеттік ұлттық бақ териториясының жер бедері күрделі, әрі әрқилы. Солтүстікте Ақсай, Қаскелең, Қырғауылды, Қарғалы сияқты тау өзендерінен құралған су жүйесі бар. Бұлар климаттық факторларға ғана емес,өсімдіктер мен топырыққа әсерін тигізеді.
Алматы облысының, яғни жалпы Қазақстан топырақ жамылғысын 1907 жылы С.С.Нестуев пен А.И.Безсонов 1908 жылы зертттеген, 1938-43 жылдары Іле Алатауының топырағын М.А.Глазовская зерттеген, осы арқылы жалпы таудың топырақ картасын жасаған [4].
Топырақтың әр түрлілігі бір жағынан вертикалды зоналар бойынша даму заңдылығына бағынса, екіншіден-беткейлердің экспозициясына тәуелді болады.
Жоғарғы орман-өсімдік аймағының топырағы субальпілік және альпілік таулы-шалғынды топырақ болып табылады. Бұл аймақтың жоғарғы басынан теңіз деңгейінен 3600 м биіктікте, кейде 3500 метрден бастап жартастар, тасты аймақ басталады.Қалық өскен өсімдік жамылғысы жою, кейде оңтүстік беткейде жартастар арасында топтасып немесе жеке өскен өсімдіктер кездеседі. Осылай өскен альпі өсімдіктер шіріндісінен және тас сынығынан құралған жұқа қабатты альпі топырағы пайда болған. Бұл топырақтың қалыңдыңы 10-15см ден аспайды, бірақ қарашіріндіге бай (20%) Қара түсті таулы-орманды топырықтың морфологиялық жазбасы мынаны көрсетеді: Шырша орманның типіне байланысты торфтану әр түрлі, шөп нашар өсетін орманда торфтанған қабат қалың, әрі айқын көрінеді. Гумус қабатының қалыңдығы 38 см-ден 66 см-ге дейін, 50-80 см-ден 100-110см-ге дейінгі тереңдікте қоңыр түсті темір дақтары бар қабатты әлі көруге болады.
Құрамында органикалық заттардың көп болуы, гумус қабатының қалың болуы, оның айқын байқалуына байланысты шырша орманының топырығын жеке түрге бөліп, таулы-орманды қара түсті топырақ деп атауға болады.
Осы орман-өсімдік аймақтың солтүстік беткейінде әр түрлі өсімдіктер гумусқа бай (13-15%) шалғынды топырақ түзген.
Орманды аймақтың оңтүстігінде бұталы дала орналасқан, ол жерде таулы-дала топырағы түзілген. Бұл топырақ түрі кең тараған оның гумус қабаты жоғары, топырақ тереңдігі артқан сайын гумус құрамы азаяды.
Бірінші орман өсімдік аймағының төменгі жағында аралас жалпақ жапырақты орман орналасқан. Көктерек орманында таулы-орман қара-сұр топырағы түзілген. Бұл топырақта 45-55см қабатқа дейін қарашірінді бар, құрылымы түйіршікті, одан төменірек ашық түсті эллювиальді қабат, одан төмеңірек өте тығыз қоңыр түсті қабат орналасады.
Таулы орман қара-сұр топырағында гумус құрамы 16%-ға дейін. Долана, итмұрын, ұшқат бұталары бар, шөптесін өсімдіктерге бай көктерек орманында басқа топырақ дамыған.
Альпілік таулы-шалғынды топырақтар аласа өсетін альпілік шалғында өсімдіктерден пайда болады.Теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте топырақ зерттелген.
Солтүстік-шығыс экспозиция, Ақсай өзенінің маңы.
0-18 см. қара-қоңыр түсті, дымқыл, жақсы шымдалған, түйіршікті, ауыр саздауыт;
18-35 см. қара-қоңыр түсті, дымқыл, түйіршікті
35-70 см. қоңыр түсті, дымқыл, ауыр саздауыт.
Жоғарыда көрсетілген морфологиялық жазба негізінде мынадай шешім қабылдауға болады, қатты шымдалған, жұқа қабатты, құрамы жақсы. Альпі таулы-шалғынды топыраққа талдау: қарашіріндінің құрамы 13-15%, топырақ тереңдігі артқан сайын, топырақ қышқылдығы артады. Қарашірінділердің құрамында рульвоқышқылдар бар.
Екінші орман-өсімдік аймағының топырақтары, шырша орманында қара түсті тау-орман топырағы мен мезофиль өсімдіктер шалғынында қылқан жапырақты орман белдеуінің шалғынды топырағы.
Солтүстік беткей, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте, солтүстік-шығыс экспозиция, итмұрын, шетен, ұшқат бұталарынан құралған орман, шөптесін өсімдіктер төсеніші.
0-10 см. жаңа түскен немесе жартылай шіріген жапырақтан құралған орман төсеніші.
10-25 см. қара-қоңыр түсті, дамқыл, шірімеген немесе жартылай шіріген тамырлар көп кездеседі, ауыр сыздауыт.
25-45 см. ашық түсті дақтары бар қара-қоңыр түсті, структурасы дәнді, ауыр сыздауыт.
45-65 см. қоңырқай түсті, дымқыл, тамыр көп кездеседі, структурасы дәнді, тығыз, ауыр сыздауыт.
65-85 см.ашық қоңыр түсті, дымқыл, ауыр сыздауыт.
85-105см.топырақ түсі біркелкі емес, таттанған темір дақтары кездеседі, өте тығыз, ауыр саздауыт.
105-150 см.ашық қоңыр түсті, карбонат дақтары көп, өте тығыз, ауыр сыздауыт.
Қара түсті таулы-орманды топырықтың морфологиялық жазбасы мынаны көрсетеді: Шырша орманның типіне байланысты торфтану әр түрлі, шөп нашар өсетін орманда торфтанған қабат қалың, әрі айқын көрінеді. Гумус қабатының қалыңдығы 38 см-ден 66 см-ге дейін, 50-80 см-ден 100-110см-ге дейінгі тереңдікте қоңыр түсті темір дақтары бар қабатты әлі көруге болады.
Құрамында органикалық заттардың көп болуы, гумус қабатының қалың болуы, оның айқын байқалуына байланысты шырша орманының топырығын жеке түрге бөліп, таулы-орманды қара түсті топырақ деп атауға болады.
Осы орман-өсімдік аймақтың солтүстік беткейінде әр түрлі өсімдіктер гумусқа бай (13-15%) шалғынды топырақ түзген.
Орманды аймақтың оңтүстігінде бұталы дала орналасқан, ол жерде таулы-дала топырағы түзілген. Бұл топырақ түрі кең тараған оның гумус қабаты жоғары, топырақ тереңдігі артқан сайын гумус құрамы азаяды.
Бірінші орман өсімдік аймағының төменгі жағында аралас жалпақ жапырақты орман орналасқан. Көктерек орманында таулы-орман қара-сұр топырағы түзілген. Бұл топырақта 45-55см қабатқа дейін қарашірінді бар, құрылымы түйіршікті, одан төменірек ашық түсті эллювиальді қабат, одан төмеңірек өте тығыз қоңыр түсті қабат орналасады.
Таулы орман қара-сұр топырағында гумус құрамы 16%-ға дейін. Долана, итмұрын, ұшқат бұталары бар, шөптесін өсімдіктерге бай көктерек орманында басқа топырақ дамыған.
Бұл топырақта гумус 18%-ға дейін бар.
Гидрографиясы мен гидрологиялық жағдайлары. Табиғи-клматтық ерекшеліктері беткі ағыстарының қарқынды қалыптасуын және гидрографиялық тордың жақсы дамуын анықтайды. Көпшілік өзен аңғарлары меридиандық бағытта келеді.
Жергілікті өзендердің негізгісі Іле өзені, ол жота етегінен солтүстікке қарай, тау аралық ойыстың бөлігінде ендік бағытта ағып жатыр.
Қоректенуі мен бастауларының орналасуына қарай Іле Алатауының барлық өзендері 3 типке бөлінеді: биік таулы мұздықты, орта таулы және аласа таулы.
Анағұрлым ірілері осы 3-ші өзендер, оларға мыналар жатады (батыстан шығысқа қарай): Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері, Талғар, Есік және Түрген. Олар мұздықтармен қоректенеді. Бұл өзендерде қар ери бастаған кезден бастап (сәуір) тамыздың аяғына дейін судың мол болуы ұзақ уақытқа дейін созылады.
Максималды жылдық орташа су шығыны Талғар өзені тұсында – 10,3; Түрген өзені тұсында – 7,04 м 3/сек, Есік өзені тұсында – 4,99 м 3/сек..
Бастауын 3000 метр биіктіктен алатын орта таулы өзендер (мысалы, Қырғауылды, Қотыр бұлақ) негізінен атмосфералық жауын-шашынмен және жер асты сулары мен жарылған жыныстар арасынан шығып жатқан бұлақтардан басталады.
Олар кішігірім (15-20 км) тау өзендері, арналары тік құламалы және ағысы қатты болып келеді. Судың тасуы бұл өзендерде көктем кезінде қар жамылғысы ерігенде болады да, қатты, бірақ қысқа мерзімде өтеді.
Жазда бұл өзендердің суы азаяды. Жылдық орташа су шығыны 0,4 м 3/сек. 3-типтегі өзендер аласа таулы аймақтан басталады. Бұл өзендерде су көктемде пайда болып, жазда кеуіп қалатын маусымдық немесе уақытша өзендер.
Ұлттық бақ аумағында көлемі әртүрлі көлдер көп. Пайда болу тегі және су режиміне қарай мына типтерге бөлінеді: мұздықты, мореналық, қарлы, мореналы-бұлақты, тектоникалық. Олардың ені 100-200 метр, ұзындығы 1,0-1,5 км шамасында. Оларға тектоникалық Есік және үлкен Алматы көлдері жатады.
Есік көлінің бөгеті 1963 жылғы сел кезінде жарылған болатын. Кейін жарық цемент бетонмен жабылып, көл қайта қалпына келтірілді, бірақ көлемі бұрынғыға қарағанда анағұрлым кішірек болды.
Үлкен Алматы көлінің деңгейі жасанды бөгеттің көлемі 40-жылдары көтерілді. Осы көл Алматы қаласының ауыз су қоры болып табылады. Осылайша бақ аумағы су ағысының қалыптасатын жері болып табылады.
Мемлекеттік мекеме территориясы Күнгей өзені бассейнінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көптеген ірі өзендер Текес өзені бассейніне жатады. Аудан территориясында Текес өзенінің ұзындығы 20 км. Ол Күнгей өзеніне құяды. Аудан территориясында Кеген өзеніне құятын Шалқыды су өзені басталады.
Теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте Қаракөл атты тау көлі бар. Оның ұзындығы 1800 метр. Өзеннің ағу жылдамдығы жердің ылдилығына байла-нысты. 1 – 3 м/секундтан 4,5 – 5,5 метр – секундқа дейін, ені 20 – 30 метрге дейін, ені 2 – 4 метр. Текес пен Баянкөл өзендерінің ені – 20 – 30 метрге дейін жетеді.
Жер асты сулары тереңде жатқандықтан өсімдіктердің өсуіне онша әсер етпеген.
Топырақ қатты шымдаоғандықтан, мұнда батпақтанған жерлер сирек кездеседі. Ауданның гидрологиялық жағдайы ағаш – бұта өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Жалпы айтқанда, Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме территориясының табиғи – климаттық және гидрологиялық жағдайлары шырша орманы мен басқа ағаш пен бұта түрлерінің өсуіне қолайлы.
«Қазақстан Республикасындағы таулы ормандарды басты пайдалану кесуінің ережесіне» сәйкес, ұзындығы 10 шақырымнан асатын кіші өзендерге ені 30 метр жағалау қорғайтын жолақ бөлінген.
Экономикалық жағдайлардың сипаттамасы. Осы жұмыста ұсылып отырған қазіргі рекреациялық-мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Медеу және Ақсай филиалдарындағы табиғи пайда болған және адам жасаған нысандардан құралған туристік рекреациялық ресурстардың сапасы мен олардың ерекшеліктерін есепке алмай істеу мүмкін емес және олардың жиынтығы экономикалық жағдайларды құрайды.
Тарих пен мәдениет, экономика мен шаруашылық нысандарының экономикалық жағдайларының мүмкіндіктері рекреацияны дамыттудың алғы шарттарын қамтиды. Сондықтан экономикалық жағдайларды табиғи құрайтын сипаттаманы бағалау арқылы рекреациялық әдебиеттің толық дамуына жағдай жасайды.
Туризм үшін алғышарттар мен проблемаларды бағалауды кешенді шешу жолдарын жасау қажет.
Яғни, Ақсай филиалының экономикалық тұрғы да іс-шараларды жүзеге асырудың рекреациялық пайдалану мүмкіндіктері толығымен бар деуге болады. Оларға, дамыған инфрақұрылымды, қала орталықтарына жақын болуын, олдар мен магистральдар жұйесінің болуы, тұрмыстың қызмет көрсету мен алғашқы уақытта пайдалану базасының болуын айтуға болады. Мұның бәрі ұлттық бақ пен қорық құрамында бар.
Экономикалық тұрғыда терең алғы шарттарды құру үшін ауданның ерекшеліктерін құрайтын барлық ресурстар мен жағдайлардың жиынтығын ескеру қажет.
Бұл түсінікке Ақсай филиалы бойынша тұрмыстық жағдайлар мен қызмет көрсету транспорт жағдайы мен туристік базалардың болуы, қызмет көрсету мәдениет, яғни туристік инфрақұрылым жатады.
Егер туристік құрылымды құру керек болса, оны құрайтын элементтер:
- Аймақтың ресурстық артықшылықтары;
- Транспорттық базалар мен олардың байланыстылығы-қазіргі уақытта бар. Бұл экономикалық факторларды құрайды. Осы элементтерді бағалау шкаласы экономикалық жағдайлар мен табиғи ортаға байланысты. Ақсай филиалының аймағында қайталанбас табиғи ескерткіштер-тау ландшарттары, үңгірлер, құз жартастар, шатқалдар бар.
Ізденіс бағдарламасы
- Зерттеу аймағында кездесетін өсімдіктердің қысқаша сипаттамасы
- Шренк шыршаларының екпелерін зерттеу нәтижелерін талдау
- Орындалған жұмыстар көлемі және оларды жүргізу нұсқаулары
- Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
- Шренк шыршаларының екпелерін зерттеу нәтижелерін талдау
- Орман екпелеріне жүргізілетін шаралар жобалары
- Шренк шыршаларының екпелері өсірілетін учаскелердің сипаттамасы
- Топырақты алаңшалар арқылы өңдеу
- Отырғызу және толықтыру
- Екпе ормандарды күту
- Отырғызу және толықтыру
- .Орман екпелерін күту
- Зерттеу аймағында кездесетін өсімдіктердің қысқаша сипаттамасы
Сурет 4.1. Шренк немесе Тянь-Шань шыршасы –Picea Schrenkiana (F.et M.)
Биiктiгi 40 — 45 м, диаметрi 2 м-ге дейiн жететiн, пiшiнi конус тәрiздi, қою жасыл желектi ағаш, ал үлкен ағаштарда майысқан бұтақтары болады. Қабығының түсi қызғылт — сұр. Өркендерi сұрғылт — сары, түксiз, кейде түктi. Бүршiктерi әрқалай, кейде мол, кейде аздап шайырлы. Қылқаны ашық – жасыл немесе көкшiлдеу, ұзындығы 25-30 мм, енi 1-1,5 мм, сүйiр, 4 қырлы, 8-20 (22) жылға дейiн сақталады. Гүлдеуi мамыр, маусым айлары. Бүрлерi ұзындау, цилиндр тәрiздi, ұзындығы 10 — 12 см, жуандығы 2,5 – 3 см, жас кезінде жасыл, кейіннен қоңыр түске боялады; қыркүйекте пiседi де, бүрі ашылып, тұқымдары бірнеше күн төгіліп жатады. Тұқымының ұзындығы 4-5 мм, қанаты тұқымынан үш еседей ұзын болады. 1000 — дәнiнiң салмағы 3,5- 10 г. Жоғары сапалы.
Көлеңкеге төзiмдi, бiрақ таудың жоғары белдеуiнде де жарық сүйгiштiк қасиет көрсетедi. Топыраққа талғампаздығы аз: тым тастақты жерге де көнбiс. Топырақтың және ауаның құрғақшылығынан зардап шегедi. Тамырының жерге терең бойлауына орай жел өтiне бiршама шыдамды. Ұзақ жасау мерзiмi 400 жыл. Тұқымымен көбейедi. Тiршiлiгiнiң алғашқы жылдарында (20-25 жылға дейiн) баяу өседi.
Таралу аймағы: Жоңғар Алатауы және Тянь — Шань таулары түгелдей. Қазақстанда Жоңғар Алатауында 1300 — 2700 м биiктiкте сiбiр самырсынымен аралас түрде, Iле Алатауы мен Кетпен жоталарында 1300 – 2900 — 3000 м шамасында көлемдi таза орман құрайды, ал кейде көктерекпен де араласып өседi.
Iле Алатауының субальпiлiк белдеуiнде тенiз деңгейiнен 2300 — 3000 (3100) м биiктiкте ұсақ тасты — майда топырақты жерде және тасты жоталарда биiктiгi 1,5 (2,5) м болатын, Тянь — Шань шыршасының Қазақстанның Қызыл Кiтабына енгiзiлген жатаған түрлерi кездеседi. Тянь — Шань шыршасы жоғары сапалы сүрегiмен, ерекше көрiктi қасиеттерiмен, қабығында таннидтер болатындығымен бағалы. Шырша ормандары топырақ, су қорғау және суды реттеу сияқты маңызды мiндеттердi атқарады.
Қысқа да жуан, жоғары ұмтылған бұтақтары бар, қылқаны қысқа әрi қатты, тiкенексiз болып келетiн және аласа жайылып өсетiн қос үйлiк бұта. Оның жоғары жағында ашық ақ жолағы бар. Жемiсi шар тәрiздi, қара көкшiл-сұр түстi, тозаңды. Жемiс беру уақыты – маусым — тамыз айлары. Тұқымы 2-3 данадан орналасқан. Сүрегi қызылдау, қатты.
Жарық сүйгiш, суыққа төзiмдi. Топыраққа талғампаз емес, жақсы фитонцид бұта ретiнде белгiлi.
Таралу аймағы: Сiбiр, Қиыр Шығыс, Шығыс Азия. Қазақстанда – Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Солтүстiк және Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, мұнда негiзiнен субальпiлiк белдеуге дейін жақындайды.
Сәндi көркем ағаш. Тау беткейлерiн бекiтуге жарамды. Сүрегiнен ұсақ – түйек заттар жасалынады.
Сурет 4.3. Бұтақты қарағаш –Ulmus pumila (Zl)
Желегi дөңгеленген, биiктiгi 20-25 м жететiн және диаметрi 80 см ағаш. Бұтақтары сарғыш-сұр, жас кезiнде түктi. Бүршiктерi доғал, сәл қысыңқы, жұмыртқа тәрiздес, жапырақтарының ұшы үшкiр, жиегi ара тiстi.
Наурыз-сәуiр айларында гүлдейдi де, мамырда жемiс бередi.
Жарық сүйгiш ағаш, құрғақшылыққа төзiмдi. әртүрлi топырақтарда өсе бередi, топырақтың тұздануына шыдайды. Жылтыр шегiршiнге қарағанда суыққа төзiмсiздеу. Тұқымымен және өскiнмен көбейедi; қырқуды жақсы көтередi, қорғаныштық мақсатта орман өсiруде және көгалдандыруда бағалы.
Таралу аймағы: Шығыс Сiбiр, Қиыр Шығыс, Қытай, Солтүстiк Моңғолия. Қазақстанда — Жаркент қаласының (Алматы облысы) төңiрегiнде, өзен алқабында шоқ тоғай түрiнде кездеседi. Екпе түрiнде барлық жерлерде өседi.
Сурет 4.4. Көктал – Salix triandra L.
Биiктiгi 8-10 м, диаметрi 20 см дейiн болатын ағаш немесе бұта, сұр, жұқа сыдырылғыш қабықты. Бұтақтары жiңiшке, алхоры түстi-қоңырлау немесе сарғыш – жасыл. Жапырақтары сызықты, ұзындығы 4-15 см, енi 0,5-3,5 см.
Сырғалары жапырақтарынан соң ашылады. Сәуiр – мамырда гүлдейдi, шiлдеде жемiс бередi. Күз айлары кейде жылы болғанда екiншi рет гүлдеуi мүмкiн.
Таралу аймағы: қазiргi ТМД аумағында,Иран, Моңғолия, Қытай, Жапония. Қазақстанда — өзендер жағалауы мен алқаптарында, республиканың жазық бөлiктерiнде, сондай-ақ Алтайда, Солтүстiк, Батыс Тянь-Шаньда және Жоңғар Алатауында кездеседі.
Қабығында салицин қышқылы (14-15 %), таннидтер (10-12 %) бар, маталарды сары түске бояуға болады. Су қоймалары, су ағызатын арналар жағаларына және арна құмдарына отырғызуға жарамды. Бiр жылдық жоғары сапалы шыбықтары тоқуға пайдаланылады.
Сурет 4.5. Қара терек — Populus niqra L.
Қалың, тiлiмделген қабықтары қара түстi болып келетiн, бұтақтары жуан, биiктiгi 30 м-ге дейiн жететiн ағаш. Жапырақтарының пiшiнi үшбұрышты немесе ромб тәрiздi. Сырғалары жапырақтарынан бұрын ашылады.
Сәуiр-мамырда гүлдейдi, маусым-шiлдеде жемiс салады. әдетте үлкен өзендердiң, ескi арналардың, көлдердiң жағаларында өседi, екпе түрiнде құрғақ жерлерде және құнарсыз топырақтарда да жақсы өсе бередi.
Ауа райының құрғақ-шылығын көтере алады. Құм басып қалғанда дiңнен қосымша тамыр жүйесiн бередi. Тұқымымен, қазықтар және жеңiл тамырланатын теректердiң қалемшелерiне ұластыру арқылы көбейедi.
Таралу аймағы: Ресейдiң Тула, Ярославль, Төменгi Новгород, Пермьнен – оңтүстiкте Қырым және Кавказға дейiн; Батыс және Шығыс Сiбiрге дейiн; Батыс Еуропа, Кiшi Азия, Солтүстiк Иран. Қазақстанда орталық және оңтүстiк шөлдi аймақтардан басқа жерлерде, сондай-ақ Жоңғар Алатауында көптеп кездеседi. Өзен және бұлақ жайылмаларына жақын өседi; Ертiс, Шарын (Алматы облысы) өзендерiнiң жайылмаларында көптеп кездеседi.
Сүрегi құрылысқа, дайын шикiзаттар даярлауға, жәшiк, бөшкелер жасауға пайдаланылады. Жағаларды ормандандыруға, қорғаныш орман алқаптарын құруға жарамды. әсiресе үлкен саябақтарда отырғызылған бұл теректер өте сәндi көрiнедi.
Сурет 4.6. Сиверс алмасы – Malus Sieversii (Ldb) M. Roem
Жасыл желегi тұтас, биiктiгi 2-8 м-лiк ағаш. Қабығы қоңыр-сұр түстi, аздап тiлiмделген болып келедi. Бiр жылдық өркендерi жуан, қысқа, тiкенектi, қызыл-қоңыр түстi. Жапырақтары бүтiн, жалпақ немесе сопақша-эллипс тәрiздi, ұзындығы 8 см және енi 3-4 см дейiн.
Гүлдерi ірі, диаметрi 3,5 – 6 см аралығында, ақ немесе ақшыл күлгін, аталықтарының саны көп, жәндіктер арқылы тозаңданады. Сәуiр-мамыр айларында гүлдейдi, тамыз-қыркүйекте жемiс бередi. Жемiстерi ұсақ, диаметрi 2-5 см. Жемісті мол береді, бір гектар алма орнынан 5 – 10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады.
Пiшiнi, бояуы, дәмi және жемiсiнiң пiсу мерзiмi бойынша полиморфизмдiк қасиетке ие, яғни түр өзгергіштігімен ерекшеленеді, әрi ксерофит өсiмдiк. Бiршама суыққа төзiмдi, құрғақ және ылғалды жерлердi мекендей отырып, экологиялық төзiмдiлiгiн сақтай алады. Шалғынды – қара топырақта, таудың өте сiлтiсiзденген аса құнарлы және орташа қара топырақтарында жоғары өнiмдi алма бақтарын құрайды.
Тұқымымен, атпа тамырларымен, түбiр өскiндерiмен, сұлатпа бұтақтармен көбейедi. Өте бағалы генофон болып табылады. Тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады.
Таралу аймағы: Орта Азия, Батыс Қытай. Қазақстанда — республиканың оңтүстiк-шығысының таулы аудандары, Тарбағатайдың орталық бөлiгi, Жоңғар, Iле, Қырғыз, Талас Алатауы және Қаратау — оларда орман белдеуiнiң төменгi бөлiгiнде көптеген ассоциациялы ормандар құрайды.
Қазақстанның Қызыл Кiтабына енгiзiлген.
Сурет 4.7. Шайқурай жапырақты тобылғы – Spiraea hypericifolia L.
Қызыл-қоңыр немесе қоңырлау қабықты, шыбық тәрiздi өркендермен болатын биiктiгi 0,5-1,5 метрлiк бұта. Жапырақтары доғал, ұзындығы 1-3,5 см-ге дейiн, жиектерi бүтiн немесе ұшы ара тiстi болып келеді.
Гүл шоғыры 4-10 гүлден тұрады, гүлдері ақ түстi, диаметрi 5-8 мм – ді құрайды.
Сәуiр-мамыр айларында гүлдейдi де, шiлде айында жемiс бередi. Ыстық күн қызуына шыдамдылық танытады.
Таралу аймағы: ТМД-ның далалық және орманды дала өңiрлерi, Қазақстанның орталық және өте шөлдi өңiрлерi мен теңiз деңгейiнен 1000 м жоғары таулардан басқа жерлердiң бәрiнде кездеседi.
Орман шеттерi мен алаңқайларында, бұталы тоғайларда және ашық беткейлерде, өзендер мен бұлақтардың жағаларында өседi.
Қорғаныш мақсатында орман өсiру үшін пайдалануға болады.
Жасыл қоршаулар мен топтап отырғызу кезiнде ерте гүлдейтiн бұталар ретiнде пайдаланылады.
Сурет 4.8. Тянь-Шань шетенi Sorbus tianschanica (Rupr)
Биiктiгi 3-5 м-лiк ағаш немесе қызыл-қоңыр бұтақтары бар бұта. Жапырақтары 6 жұпты, жылтыр немесе түктi сабақтардан тұрады, ұзындығы 10-14 см, гүл шоғырының диаметрi – 15 см-ге дейiн. Жемiстерiнiң (күңгірт қызыл жидек) диаметрi 1-2 см дерлiк, көк тозаңды күңгiрт-қызыл түстi.
Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жемiс бередi. Құстар арқылы тасымалданады, тұқымымен жақсы көбейеді, өте жақсы сәнді өсімдік. Жемістерін алғашқы суықтан кейін жеуге болады, олардың бактерияларды өлтіретін қасиеті бар. Жемістерінің тұнбасы мен тұқымынан алынатын қою маймен кейбір жұқпалы ауруларды емдеуге болады.
Қазақстандағы кездесетін үш түрдің ішіндегі ең көп тараған тауға тән түр.
Қысқа төзiмдi.Таралу аймағы: Орта Азия, Батыс Қытай. Қазақстанда – шыршалы, аршалы ормандардың құрамында Тянь – Шанда, Жоңғар Алатауында, Iледе және Талас Алатауының Александров қыраттарында, Тарбағатай ормандарында кездеседi.
Сурет 4.9. Алқызыл долана – Crataegus Sanguinea Pall.
Биiктiгi 4 м-лiк, қызыл-қоңыр бұтақты және жапырақтарының пiшiнi 3-7 салалы, ұзындығы 10 см болатын ағаш. Гүлдерi ақ түстi. Жемiстерiнiң диаметрi 1 см-ге дейiн, қанық қызыл түстi, жылтыр, 2-5 дана ойықты сүйектерi бар. 1000 тұқымының салмағы 17-26 г.
Мамыр айында гүлдейдi де, тамызда жемiс бередi.
Қысқа өте төзiмдi. Бiршама жәй өседi. Орман шеттерiнде, өзен жағаларында өседi. Бал аралары гүл тозаңынан шырын жинайды. Жемiсiнiң өте сәндi болуына байланысты, әсем ағаш ретiнде көше бойларына, саябақтарда қатарлап немесе топтастырып, жеке дара түрiнде де отырғызады.
Таралу аймағы: Ресей Федерациясының шығыс бөлiгi, Сiбiр, Орта Азия. Қазақстанда – Алтай, Жоңғар Алатауы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк және Батыс Қазақстан облыстары.
Сурет 4.10. Альберт раушангүлi R. Albert (Rgl,
Биiктiгi 1-2 м-ге дейiн жететiн, аласа, тiкенектi бұта. Жапырақтары күрделi, сағақта 7-9 жапырақшасы болады. Гүлдерi ақ түстi, жеке дара орналасқан, диаметрi 4-5 см, Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады да, бал аралары және тозаңмен қоректенетін қоңыздар бір гүлден екінші гүлге ұшып – қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Жемiстерi қызыл түстi, жұмыртқаға ұқсас немесе эллипстi, ұзындығы 1,5 см., қыркүйекте піседі, жеуге жарамды.
Маусым-тамыз айларында гүлдейдi. Итмұрынның ерекшелігі – бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі–дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шәйдің орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы – парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Итмұрынның тамыр жүйесі жақсы дамыған. Тез өседі. Ормандарда, орман шеттерінде, ашық беткейлерде, өзен жағалауларында өседі. Агроорманмелиорацияда қолданылады.
Батыс Сiбiр, Орта Азия. Қазақстанда – Алтай, Тарбағатай, Жоңғар және Iле Алатауының ормандарында, олардың шеттерi мен алаңқайларында, бұталар арасында көптеп кездеседi [25,26].
- Орындалған жұмыстар көлемі және оларды жүргізу нұсқаулары
Жұмыстардың бас мекемедегі жүргізілетін, екпе ормандарды есепке алу кітабымен танысудан басталады. Бұл құжатпен танысу арқылы екпе ормандардың учаскелері таңдап алынады. Зерттеу мақсаты екпе ормандардың учаскелерінің барлықтарына тән учаскелер алу, жерді өңдеу тәсілдерімен танысу, отырғызу және күтім жұмыстары,отырғызылатын ағаш түрі,оларды өсіру агротехникасымен танысу. Орман дала жұмыстары барлық учаскелерді қараудан басталады. Бақылау алаңы салынатын учаскелерді іріктеген соң,екпе ормандарды жете зерттеу үшін,әрқайсысында екпе ағаштары 200-ден кем болмайтындай бақылау алаңдары салынды. Бақылау алаңдары төртбұрышты. Учаскелерді сипаттау үшін,олардың беткейлерінің орналасуы, тіктігі, теңіз деңгейінен биіктігі анықталды. Топырақтары генетикалық горизонттары арқылы көрсетіледі. Екпе ормандардың өсу орындарының жағдайларын көрсеткеннен кейін,тікелей бақылау алаңдарында олардың жылжу сүлбесі, орналасуы, отырғызу алаңшаларының ара қашықтығы,екпе ормандар саны олардың зақымдануы көрсетілді.
- Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
Екпе ормандардың өсуі мен дамуын талдау үшін әр түрлі абсолюттік биіктікте және әр түрлі бағыттағы беткейлерде 8 бақылау алаңдары салынды.
№ 1 Бақылау алаңы
Ол 18 кварталдың 16 бөлшегінде орналасқан Шренк шыршасының 2003 жылғы екпе ормандары , аумағы 1,3га. Бұл екпелер солтүстік беткейде тіктігі 100-қа тең. Теңіз деңгейінен биіктігі-2200м , учаске ашық алаңда орналасқан. Топырақты өңдеу трактор мен террассалар арқылы жүргізілген . Екпелердің қатардағы ара қашықтығы 40 х 40см, ал әр қатар арасы -1,5м. Ал террассалар арасы 3 метр шамасында, аздап ауытқулар да байқалады. Зерттеу нәтижелері төмендегідей: екпе ормандардың жерсінуі-81,2%, Н орта-16,5 + 0,5см, Д-1,1см.
№2 Бақылау алаңы. 17 кварталдың 10 бөлшегінде Шренк шыршасының 2003 жылғы екпе ормандарында салынған. Аумағы-1,9га, теңіз деңгейінен биіктігі-1850м. Солтүстік-Батыс беткейде,250-тық беткейдегі ашық алаңда орналасқан. 1 х 1,5 алаңшалармен дайындалған. Алаңшалар арасындағы ара қашықтық 3 х 4м. Әр алаңшалардағы екпелер саны 5 дана,ал 1 га-4165дана. Екпе ормандардың өмір сүргіштігі-74,3%, Н орта-16,0 + 0,35см Д орта -1,3см.
№ 3 Бақылау алаңы. 21 кварталдың 17 бөлшегінде Шренк шыршаларының 2004 жылғы екпе ормандарында салынған. Бақылау алаңының аумағы -3,7га, теңіз деңгейінен биіктігі 1900метр, учаске 200-тық солтүстік –шығыс беткейде сирек ағаштар арасында орналасқан. 1 х 1,5м –лік алаңшалар арқылы дайындалған. Алаңшалар арасындағы ара қашықтығы 4 х 4м, 1га-дағы алаңшалар саны -625 дана, әр алаңшадағы екпелер саны -5дана, ал 1 га-ғы-3125дана. Зерттеу нәтижелері төмендегідей: екпе ормандардың жерсінуі-70,8%, Н орта -19,5 + 0,6см, Д орта-2,6 см.
№4 Бақылау алаңы. 27 кварталдың 19 бөлшегінде Шренк шыршаларының 2004 жылғы екпе ормандарында салынған. Аумағы -4,7га, теңіз деңгейінен биіктігі-2280м, шығыс жақ беткейде, 250-тық тік беткейде, кесілген орман орнында орналасқан. Жер қабаты 1 х 1,5 м-лік алаңшалар мен дайындалған, олардың ара қашықтығы 4 х 4м, 1 га-дағы алаңшалар саны -625 дана, әр алаңшадағы екпелер саны -5 дана, ал 1га-дағы екпелер саны -315 дана .Өлшеу жұмыстарының нәтижелері мынадай:екпелердің жерсінуі-62,5% Н орта-22,4 + 0,9 см, Д орта- 2,5 см.
№5 Бақылау алаңы. 28 кварталдың 6 бөлшегінде Шренк шыршаларының 2001 жылғы екпелерінде салынған. Учаскенің аумағы -3,5 га. Теңіз деңгейінен биіктігі -1950м. 200-тық солтүстіктен –шығыс беткейдегі ашық алаңда орналасқан .Жер қабаты 1 х 1,5 м-лік алаңшалармен дайындалған, олардың ара қашықтығы 3 х 4м, 1га-дағы алаңшалар саны -833 дана, ондағы екпелер саны-4165 дана. Өлшеу нәтижелері келесі көрсетілгендей: Екпелер жерсінуі -49,9%, Н орта -31,5 + 3,2 см. Д орта-2,9 см.
№6 Бақылау алаңы. 16 кварталдың 14 бөлшегінде Шренк шыршаларының 2001 жылғы екпе ормандарында салынған. Аумағы -3,8 га. Теңіз деңгейінен биіктігі -2100м. 300-тық солтүстіктен –батыс беткейдегі аздаған бұталар өскен жерде орналасқан. Жер қабаты 1 х 1,5 м-лік алаңшалармен дайындалған, олардың ара қашықтығы- 3 х 4м, 1га-дағы алаңшалар саны -833 дана, екпелер саны-4165 дана. Өлшеу нәтижелері төмендегідей :жерсінуі -42,6 %, Н орта -26,8 + 0,9см, Д орта – 2,5см.
№7 Бақылау алаңы
18 кварталдың 24 бөлшегінде Шренк шыршаларының 2001 жылғы екпе ормандарында салынған . Аумағы -4,7 га. Теңіз деңгейінен биіктігі -1850м. 250-тық солтүстіктен беткейде орналасқан.
Жер беті 1,0 х 1,5 м-лік алаңшалармен дайындалған, 1га-дағы алаңшалар саны-833 дана, әр алаңшадағы екпелер саны-5 дана, 1 га-да-4165 дана. Өлшеу нәтижелері төмендегідей: жерсінуі -60,5 %, Н орта -30,2 + дана. Өлшеу нәтижелері төмендегідей: жерсінуі -60,5 %,
Н орта -30,2 + 1,1см, Д орта – 2,7см.
Сурет - Солтүстік — батыс беткейдегі 2004 жылғы
Кесте 11 Бақылау алаңдарының көрсеткіштері
Бақылау алаңының № |
Абсалюттік биіктіктер,м |
Беткей бағыты |
Екпелер жасы, жыл |
1 га-дағы алаңшалар саны |
1 га-дағы екпе ағаштар саны |
Жерсінуі, % |
Учаске категориясы |
Н орташа (см) |
Д орташа, см төмендегі |
Биіктігі бойынша орташа өсімі, см |
1 |
2200 |
С |
6 |
4400 |
2933 |
82,2 |
алаңша |
16,5±0,5 |
1,1 |
2,54 |
2 |
1850 |
СБ |
6 |
833 |
4165 |
75,3 |
алаңша |
16,0±0,35 |
1,3 |
3,5 |
3 |
1950 |
СШ |
5 |
625 |
3125 |
70,8 |
сирек орман |
19,5±0,6 |
2,6 |
3,9 |
4 |
2280 |
Ш |
5 |
625 |
3125 |
62,5 |
кесілген орман |
22,4±0,9 |
2,5 |
4,5 |
5 |
1800 |
Б |
8 |
833 |
4165 |
32,6 |
бұталар |
19,9±1,6 |
2,2 |
2,5 |
6 |
1950 |
СШ |
8 |
833 |
4165 |
49,9 |
алаңша |
31,5±3,2 |
2,9 |
3,9 |
7 |
2100 |
СБ |
8 |
833 |
4165 |
42,6 |
бұта |
26,8±0,9 |
2,5 |
3,5 |
8 |
1850 |
С |
8 |
833 |
4165 |
60,5 |
алаңша |
30,2±1,1 |
2,7 |
3,8 |
Кесте 11 берілген көрсеткіштерін талдай отырып келесідей тұжырымдар жасауға болады:
Шренк шыршасы С, СШ және СБ беткейлерде 180-2200 м-лік теңіз деңгейінде жоғарғы нәтижелер береді.
Батыс беткейлерде Шренка шыршасы төмен нәтиже берген.
Осы екі пункт арқылы келесідей қорытынды жасауға болады:
Екпелердің өсу жағдайына, яғни олардың жерсінуіне, орташа биіктігімен диаметріне беткейлер бағыты негізгі әсер етеді.
Теңіз деңгейінен 1850-2200 м биіктікте Шренка шыршаларының екпелерін алаңшалар арқылы отырғызу қажет.
Механизация қолдануға жарайтын 12-250-тық беткейлерде екпе ормандарды террассалар арқылы отырғызуды ұсынамыз.
- Шренк шыршаларының екпелерін зерттеу нәтижелерін талдау
Сарыжаз орманшылығының шырша екпелерінің өсу барысы және биометриялық көрсеткіштері 3-кестеде көрсетілген. Осы кестеден көрінгендей 5-8 жастағы екпелер теңііз деңгейінен 1800 ден 2280м биіктікте, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс беткейлерде тіктігі 20-35 градустық беткейлерде өседі. Бұл орманшылықтың климаттық жағдайына Шренк шыршасының екпелері бейімделген деп айтуға болады. 1800-ден 2280 м-лік биіктіктегі екпелердің өмір сүргіштігі мен өсу барысын салыстыра отырып,олардың бір-бірінен айырмашылығы өте аз екенін көруге болады. Шыршалардың екпелерінің жағдайымен өсу барысын талдай отырып, теңіз деңгейінен 1800-ден 2280м-ге дейінгі биіктікте олар орташа жағдайда өскенін, ал абсолюттік биіктіктің өзгеруі оларға өте аз әсер етеді, сондықтан әр екпелердің арасындағы айырмашылықтар жоққа жақын екенін көруге болады. Кестеден көрінгендей,ең жақсы өсуімен өмір сүргіштігі солтүстік беткейлерде байқалады. Батыс және солтүстік-батыс беткейлерде өмір сүргіштік, солтүстік беткеймен салыстырғанда кәдімгідей төмен болып келеді. Мысалы 2-бақылау алаңында (СБ) өмір сүргіштік 75,3% болса, 3 бақылау алаңында (СШ) ол 70,8 % құрайды. Яғни араларындағы айырмашылық 4,5 % №5 және № 8 бақылау алаңында 8-жылдық екпелердің солтүстік беткейдегі өмірсүргіштігі-60,5%, ал батыс беткейде -32,6%, олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен және ол 27,9% құрайды. Ал террасса мен алаңшалар арқылы өсірілген 6-жылдық екпелер (№1 және №2 бақылау алаңы) арасындағы өмірсүргіштік пайыздарын салыстырсақ,террассадағы екпелердің алаңшалар екпелерінен өмірсүргіштігі-6,9% жоғары. Диаметрлері және биіктігі бойынша орта өсімдер өзгеруінде де осындай заңдылықтар байқалады. Баурай тіктігі де шырша екпелерінің өсуіне әсер етпейді.
Жоғарыда айтылған нәтижелерді ескере отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Шренк шыршаларының екпелері орта тау белдеуінде(1850-2280м теңіз деңгейінен )қанағаттанарлық деңгейде өседі.
Шренк шыршалардың екпелерінің солтүстік, солтүстік-шығыс,солтүстік-батыс беткейлердегі жағдайы және өсу барысы батыс,оңтүстік беткейлермен салыстырғанда анағұрлым жақсы .
Террассалар арқылы өсірілген екпелер алаңшалардағы екпелерге қарағанда, өздерін жақсы сезінеді олардың өмір сүргіштік пайыздары жоғары және террассаларға шығын аз кетеді.
Осы алынған нәтижелер негізінде біз екпе ормандар қорының зерттелген аумағына Шренка шыршаларының екпелерін террассалар арқылы жобалауды ұсынамыз.
Сүлбе 1 – 20о беткейдегі шырша екпелерін алаңша ретінде отырғызу
Сүлбе 2 – Терраса бойынша отырғызылған шырша екпелері
- Орман екпелеріне жүргізілетін шаралар жобалары
Отырғызылатын ағаштардың басты түрлері жергілікті өсу жағдайларына бейімделген аборигендерден алынады
Талғар таулы ормандары қорғау қызметін атқарады. Екпе ормандарды жобалау кезінде осы талаптарды ескеру қажет.тауда шыршалы ормандар жоғарғы су сақтау және топырақ қорғау қызметтерін атқарады. Бұны көптеген авторлар атап өткен.( Быков 1950, Асадков 1948, Ган 1970, Протасов 1965 тағы басқалар). Шренк шыршасы Тянь-Шань рельефі мен климаттық ерекшеліктеріне өте бейімделген.Суыққа төзімділігі жағынан тек аршаға ғана орын береді, тек арша ғана одан жоғары биіктікте орналасқан (П.А.Ган,1970).
Жоғарыда көрсетілген белгілер мен жеке зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Сарыжаз орманшылығында екпе ормандар үшін негізгі ағаш түрі Шренк шыршасы болып табылады. Ол солтүстік,солтүстік-шығыс,солтүстік-батыс беткейлерге өте бейімделген.Орман екпелеріндегі ағаштар құрамы жайлы мәселе маңызды орын алады. А.Н.Медведев( 1972,П.А.Ган,В.П.Орлова 1970), Ф.М.Степанова (1967) сияқты ғалымдар Тянь-Шань тауында шыршалардың таза екпе ормандарын өсіруді ұсынған .
- Шренк шыршаларының екпелері өсірілетін учаскелердің сипаттамасы
Бұл учаске 250 ты солтүстік беткейде, теңіз деңгейінен 2100м биіктіктегі аумағы 6га болатын ашық алаңда орналасқан. Ол ашық алаң 29 кварталдың 12 бөлшегіне жатады. Топырақтары қара түсті, таулы,механикалық құрамы орта суглинокқа жатады. Өсімдіктер қабаты қалың, жақсы жетілген, биіктіктері 0,4-0,6 м-ге жетеді.
- Топырақты алаңшалар арқылы өңдеу
Алаңшаларды дайындау күзден басталады. Олардың аумағы 1 х 1,5м , орталарынан бастағандағы бір бірінен ара қашықтығы 3 х 4м, ал 1 га-дағы алаңшалар саны-833 дана, оларқатар бойымен орналасады.
Алаңшалар кетпен арқылы қолдан қазылады. Алаңшаларды дайындау ,учаскедегі алаңшалардың орнын белгілеуден басталады. Бұдан кейін топырақтың төменгі жағына алаңша қазылып салынады,көлденең бойынша тегістеледі. Тау жағына қарай, атмосфералық жауын-шашынды ұстап қалатындай етіп, 5′-тық еңіс болып жасалады. Бүйір жағымен төменгі жағынан биіктігі 12-15 сантимтрлік қабырғалар салынады. Осындай тәсілмен салынған алаңшалар ылғалдылықтарын молайту үшін қыс бойы қалдырылады.
- Отырғызу және толықтыру
Отырғызу жұмыстары көктемде күрекпен және Колеов қылышы арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстарды орындау үшін, қопарғыш және отырғызушы ретінде 2 жұмысшы керек. Отырғызушы жұмысшы қопарылған жерге екпелерді салып ,оның тамырларының дұрыс орналасуын қадағалайды .Шренк шыршаларының екпелері 3 жылдық, әр алаңшаға 5 данадан отырғызылады. Оларды алаңшаның ортасынан-екі жағынан 50 см-ден 1 қатарға отырғызу қажет. Екпелер арасы -25см, 1га-дағы екпелер саны 4165 дана. Отырғызу алдында екпелерді уақытша көміп қою керек.таулы жерлерде отырғызу жұмыстары тек қолымен жүргізіледі Колесов қылышының көмегімен. Толықтыру екпе ағаштарды толықтыру жұмыстары отырғызылғаннан кейін, 2-ші жылы,жерсінуі төмен болған жағдайда жүргізіледі. Отырғызылу орндарының 20%-на дейін екпе ормандары толықтырылады. Толықтыру жұмыстары отырғызылған ағаш түріне сәйкес ағаш түрі көктемде жүргізіледі.
- Екпе ормандарды күту
Күтім жұмыстарының басты мақсаты-арам шөптерді жою, топырақ ылғалдылығының жайлы режимін жасау,микробиологиялық процесстердің жағдайларын жақсарту болып табылады.
Екпелерді күту жұмыстары алаңшалардағы топырақты қопсыту және олардың айналысын шабуға келіп тіреледі. Әсіресе таулы аймақтарда шөптесін өсімдіктер өте қалың әрі биік болып өседі. Олар екпелерді жауын алып, олардың өсуіне кедергі жасайды.
Бірінші жылы- 3 рет қопсыту және 2 рет шабылу.
Екінші жылы-2 рет қопсыту және 1 рет шабылу .
Үшінші жылы-2 рет қопсыту және 1 рет шабылу.
Төртінші жылы-2 рет қопсыту және 1 рет шабылу.
Бесінші жылы-1 рет қопсыту және 1 рет шабылу.
Арам шөптерді құрту екпелерге өте қолайлы жағдай тудырады,оларға сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төтеп беруіне мүмкіндік жасалады.
- Шыршалардың екпе ормандарын өсіруге бөлінген учаскенің сипаттамасы
Бұл учаске тіктігі 200-тық шығыс беткейде орналасқан. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 1600м, аумағы 9га, 27 кварталдың 17 бөлшегінде орналасқан. Топырақтары –таулық қара топырақ. Шөптесін қабаты мыңжапырақ,василек, хош иісті шөптер тағы басқа тұқымдардан тұрады.
Топырақ қимасы учаскенің ортасынан салынды.Олардың сипаттамасы төмендегідей:
А0 — топырақ жамылғысы
А 1— қара қоңыр түсті, ылғалдылығы жоғары. Топырақ құрылымы –ұсақ дәнді ,механикалық-құрамы орташа сазды. Тамыр жүйелері
өте көп.Келесі горизонтқа біртіндеп ауысады.
А2— қоңыр түсті, ылғалдылығы А1— ге қарағанда аз, механикалық құрамы –орташа сазды. Тамыр жүйелері де аз.
Келесі горизонтқа біртіндеп кемиді.
В — ашық қоңыр түсті,ылғалдылығы көп,топырақ құрылымы ірі дәнді. Тамыр жүйелері жоқ. Келесі горизонтқа біртіндеп көшеді.
С 81-жоғары — топырақ жынысы.
Топырақты террассалармен өңдеу. Террассаларды салу кезінде дұрыстап дәлдеп бөлу өте маңызды. Беткейлердегі террассалардың көлденең жолдары нивелир мен нивелир рейкасы арқылы бөлінеді, ал оның жолдары бір бірімен 10-20 м-де орналасқан қазықтармен белгіленеді. Беткейлердегі террассаларды салу кезінде, рельефті есепке ала отырып,трактор кіретін жер таңдап алынады. Егер ондай жер болмаса, террасер арқылы жолдар салынып, бұл жолдар басқа жұмыстарда (қопсыту, отырғызу, күту) да пайдаланылады. Террассалар салуға КАЗОШЗИ жобасы бойынша істелген Т-4 террасер қолданылады. Террассалардың 3,5м-лік орташа ені отырғызу, күту жұмыстарын механизация арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Беткейдің әр 10м-не 11 террасса салынады. Террассаның ені -3-5м, ал террассалар арасындағы ара қашықтық-9м-ге тең. Т-4 террасерімен салынған баспалдақты террасалар беті қопсытуға қажет етеді. Қопсыту арқылы террассаларды көлденең және ұзына бойлық бағыттарында тегістеуге болады, мұндай учаскелер жауын-шашын мөлшерін көп сіңіреді,яғни террасалар гидротехникалық құрылыс ретінде қызмет етеді.
Террасалар бетін қопсыту жұмыстары Тр-2 қопсытқышы арқылы жүргізіледі. Қопсыту тереңдігі 40см-ге дейін болады. Көтемде КРТ-3 культиваторы арқылы 20-22см-лік тереңдікте отырғызу алдындағы қопсыту жүргізіледі. Бұл культиваторды ДТ-75 тракторына агрегаттауға болады.
- Отырғызу және толықтыру
КРТ-3 культиваторы арқылы 20-22 см-лік тереңдіте көктемгі культивациядан кейін отырғызу машиналары арқылы 2-жылдық шырша екпелері отырғызылады. Бұл агрегатты 4-отырғызушы,2-түзеуші,1-әперуші қамтамасыз етеді. Екпелерді 2 қатарға отырғызады.Әр қатардың арасы 2,5м, қатардағы екпелер қашықтығы-0,5м. 1га-ға 4400 шырша екпелері отырғызылады. Бірінші қатар жоғарғы шетінен 50см-лік қашықтықта ал екінші қатар төменгі шетінен 50см-де орналасады. Толықтыру жұмыстары отырғызудан кейін екінші жылы көктемде олардың отырғызу орындарының 20%-ын отырғызу арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстар қолмен отырғызу арқылы істеледі.
- Орман екпелерін күту
Күту жұмыстарының басты мақсаты-арам шөптермен күресу, топырақтың ылғалдылығының дұрыс режимін құру, пайдалы микробиологиялық процесстерінің жағдйларын жақсарту болып табылады.
Орман екпелеріне күтудің келсі түрлері қолданылады:арам шөптерді отау және топырақты қопсыту. Механикаландырылған жұмыстар кезінде оларды бірге жүргізеді. Қатар аралықтарындағы күту жұмыстарында КРТ-3 культиватор—қопсытқышын қолданады. Ал қатардағы екпелер арасында қолдан күту жүргізіледі. Бірінші күту жұмыстарын (топырақты қопсыту) отырғызу аяқталғаннан кейін 5-7 күннен кейін жүргізу керек. Себебі механикаландырылған отырғызу кезінде топырақтың нығыздануы жоғарылайды. Сондықтан бұл жұмыстарды кешіктірсе,топырақ қабаттары нығыздалып, ылғалдылығы азаяды,оның арты екпелердің нашар өмір сүргіштігіне және өсуінің баяулауына әкеліп соғады.
Күтудің қайталануы жауын-шашын мөлшеріне топырақтың нығыздалу дәрежесі мен арам шөптердің басып кетуіне байланысты. Шырша жетіп өсуі мен дамуына келесідей күту қайталануын жобалауға болады.
Кесте 12 №1ТЕК. Шренк шыршасы екпелерін террасалар жобасы арқылы өсіру
№ Р/с |
Жұмыстардың атаулары |
Машинамен құралдардың түрлері |
1 сменадағы норма мөлшері |
Өлшем бірлігі |
Бірлік саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1
|
3 Топырақты өңдеу 0-50м аралығында таяқшалар қою арқылы террасаның жолын қолмен белгілеу 1,1 п/км;2,8 |
қолмен
|
2,8 |
а/күн 4 |
0,5 |
2 2 |
Тіктігі 20 ‘-тық беткейде ені 2,5м террассалар жасау 1100:960 п/км |
ДТ-75 ТР-2А |
0,96 п/км 0,96 п/км |
м/см м/см |
1,15
1,15 |
3
|
Террасаны 30см-лік тереңдікпен3 қайтара қопсыту 3 х 1100 =7380 п/м |
ТР-130 ОРН-265 |
7,38 п/км 7,38 п/км |
м/см м/см |
0,49 0,49 |
4
|
Отырғызу жұмыстары Отырғызу материалдарын тиеу және түсіру ,оларды 10км-лік қашықтыққа тасып жеткізу 2,750 :11,6 х 2 |
ат 2 жұмысшы |
11,6м/дана 11,6м/дана |
ат/күні ат/күні |
0,25 0,49 |
55 |
Топырағы дайындалған жерде екпелерді жеткізіп Колесов қылышы арқылы отырғызу 2750 : 650 |
қолмен |
650дана |
адам/күні 2 |
4,26 |
66 |
Толықтыру Кетпенмен топырақты қопсыту,шелектпен екпелерді тасып Колесов қылышымен екпелерді толықтыру 550:450 |
қолмен |
450 |
адам/күні 3 |
1,3 |
77 |
5 жыл бойы террасадағы екпелер қатарының арасында 10 рет механикаландырылған күту жұмыстарын жүргізу(3-2-2-2-1)03:3,5 |
МТЗ-82 КЛТ-1,5 |
3,5га
3,5 га |
м/см
м/см |
0,9
0,9 |
88 |
Террасалардағы екпелер қатарында 10 рет қолмен арам шөптерді отау және топырақты қопсыту (5жыл)6600:480м2 |
қолмен |
480м2 |
адам/күні 2 |
14,1 |
Кесте 13 № 1 ТЕК Шренк шыршаларының екпелерін террасалар жобасы арқылы өсірудің шығындар көрсеткіштері .
Шығын түрлері |
өлшем бірлігі |
Бірлік саны |
Бірлік құны,теңге |
Шығындар теңге есебімен |
Тракторлар ДТ-75 МТЗ-82 ТР-2А Т-130 ОРН-2,5 КЛТ-1,1
Жұмысшылар 2-разрядты 3-разрядты 4-разрядты Ат Барлығы |
м/см —— м/см —— —— ——
адам/күні адам/күні адам/күні ат/күні
|
1,25 0,90 1,15 0,49 0,49 0,90
16,2 4,76 0,5 0,25 |
2435,00 2157,00 1345,00 2173,00 181,00 181,00
532,00 570,00 620,00 300,00 |
2800,25 1941,30 1546,75 1064,77 88,69 162,90
8618,40 2713,20 310,00 75,00 19321,26 |
Кесте 14 №2 ТЕК Шренка шыршаларының екпелерін алаңшалар бойынша өсіру .
№ Р/с |
Жұмыстардың атаулары |
Машинамен құралдардың түрлері |
1 сменадағы норма мөлшері |
Өлшем бірлігі |
Бірлік саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1
|
Тау беткейлерінде кетпенмен алаңшалар орнын белгілеу 625:840 |
қолмен
|
840дана |
ад/күн 4 |
0,8 |
2 2 |
Отырғызу .Мөлшері 1 х 1,5м-лік,аралары 4х4 м болатын алаңшаларды қазып ,тереңдігі 22см-ге дейін топырақтарды қопсыту 625:43 |
|
43дана |
ад/күні |
14,8 |
3
|
50-100 данадан байланған көшеттерді тасымалдау 3,125:33 |
қолмен
|
33мың дана 33мың дана |
ад/күні 3 ат/күні 3
|
0,10 0,10 |
54 |
Көшеттерді тиеу, түсіру және оларды уақытша көму 3,125:171 |
қолмен |
171 мың дана |
адам/күні 3 |
0,04 |
66 |
Толықтыру Кетпенмен топырақты қопсыту, шелекпен екпелерді тасып Колесов қылышымен екпелерді толықтыру 625:450 |
Қолмен |
450 |
адам/күні 3 |
1,3 |
77 |
Алаңшалар айналысында 1м-лік жердегі шөптерді шабу 937 :6000 |
—— |
0,6 га |
ад/күні 2 |
0,17 |
88 |
5 жыл бойы 10рет арам шөптерді отау және топырақты қопсыту (3-2-2-2-1) 937:6,30 х 10 |
|
630 м2 |
адам/күні 3 |
14,9 |
99 |
Алаңшалар айналасындағы шөптерді 5 рет шабу (1-1-1-1-1) 937: 6000х5 |
—— |
0,6га |
адам/күні 4 |
0,9 |
Кесте 15 №2 ТЕК Шренк шыршаларының екпелерін алаңшалар арқылы өсірудің шығындар көрсеткіштері .
Шығын түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бірлік саны |
Бірлік құны,теңге |
Шығындар теңге есебімен |
1.Жұмысшылар 2-разрядты 3-разрядты 4-разрядты 2. Ат күні Барлығы |
адам/күні адам/күні адам/күні ат/күні
|
1,57 15,84 20,7 0,10
|
532,00 569,00 620,00 300,00 |
835,24 9012,96 12834,0 30,00
22712,20 |
Экономикалық тиімділік
Талғар таулы ормандары қорғау қызметтері ролін атқарады. Мемлекеттік мекемесі территориясында ағаш кесулер жүргізілмейді,сол себепті ағаштардан пайда жобаланбайды. Шренка шыршаларының екпелерін өсіру технологиясы 1га-дағы екпелер өсіру шығындарын азайтпайды, бұндай жобалау топырақтарды эрозиядан қорғау, тасқын селінен,қар көшкіндерін қорғау және көркемдік маңызы рольдерін атқарады. Тек бір тасқын селінен келетін шығындарды есепке алатын болсақ сонда орман екпелерінің таулы жағдайлардағы тиімділігінің өте жоғары екендігін көрсетеді. (Г.И.Редько, А.Р.Родин, И.В.Трешевский,1980) 1га-дағы екпелер өсіру шығындарын азайту жолын біз тау беткейлерінде алаңшалар арқылы өсіру әдісін террассалар арқылы алмастырудан көреміз. Алаңшалар арқылы 1га-дағы шырша екпелерін өсіруге кеткен шығындарды террассалар шығындарымен салыстыра отырып, осы екі технологияның қайсысы экономика жағынан тиімді екенін анықтаймыз.шыршаларды алаңшалармен өсіруде топырақ дайындау шығындары 10080 теңгені құрайды, ал террасалар шығындары 8099 теңгені құрайды. Экономикалық тиімділігі — 1981 теңге.
Еңбек шығындарының азаю дәрежесін (Сеңб) пайыз есебімен анықтаймыз:
Сеңб = Талаң — Ттерр х 100 = 10080-8099 х 100 = 19,6 %
Талаң 10080
Екпелерді алаңшаларға отырғызу кезінде еңбек шығындары 2962 теңге, ал террасалармен2847 теңгені құрайды. Экономикалық тиімділігі-115 теңге.
Сеңб = Талаң — Ттерр х 100% =2962-2847 х 100 = 3,89%
Талаң 2962
Сеңб – еңбек шығындарының азаю дәрежесі.
Талаң –алаңшаларға кеткен шығын
Ттерр – террасаларға кеткен шығын
1га-дағы алаңшаларды қолмен күреу жұмыстары-9063 теңге,ал террасадағы механикаландырылған күту жұмыстарының шығындары-8832 теңге.
Сеңб = Талаң — Ттерр х 100% = 9063-8832 х 100 = 2,57%
Талаң 9063
1га-дағы алаңшалар арқылы екпелерді өсірудің жалпы шығыны -58732 теңге, ал террасалар арқылы — 47064 теңге. Террасалар арқылы отырғызылған екпелердің экономикалық тиімділігі:
58732 теңге — 47064 теңге = 11668 теңге
С = 58732-47064 х 100 = 19,9 %.
58732
Крым мен Кавказдағы жүргізілген тәжірибелер террасалардағы өсірілген екпелердің алаңшалардағы екпелерге қарағанда бір қатар артықшылықтарын көрсетеді:
Барлық агротехникалық жұмыстар механикаландырылған, мұның өзі шығындарды азайтуға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Кесте 16. 1-га-ға шырша екпелерін құруға тікелей жұмсалған шығын мөлшері
Жұмыс түрлері |
Адам күні |
Бағасы теңге есебімен |
||
алаңшаларда |
террасаларда |
алаңшаларда |
террасаларда |
|
Топырақты өңдеу
Отырғызу
Толықтыру
Күту жұмыстары
Барлығы |
16,2
5,40
1,8
16,7 |
0,6
5,30
1,4
—- |
10080
2962
820
9063
22925 |
8099
2847
706
8832
20484 |
Кесте 17 Отырғызу материалдарына кеткен қаржылар
Жұмыс түрлері |
Екпелер саны,дана |
Бағасы теңге есебімен |
||
алаңшаларда |
террасаларда |
алаңшаларда |
террасаларда |
|
Отырғызу материалдарынын керекті саны |
5300 |
4700 |
35807
|
26580
|
№ 8-9 кестелер бойынша 1-га-ға жалпы шығындар барлығы |
|
|
58732 |
47064 |
Еңбек қорғау
Екпе ормандар жұмыстары кәсіпорынның мекемесінен әр түрлі қашықтықта орындалады. Сол себепті жұмысшыларды жұмыс істеу жерлеріне арнайы жабдықталған көлікпен тасымалдайды.Әсіресе,тау жолдары нашар жағдайда болады. Сондықтан,жолдар үстінде (қауіпті бұрылыстарда,қар көшкіні болатын және тас домалайтын жерлерде тағы басқа) арнаулы ескерту белгілері қойылған.
Техника қауіпсіздігіне жұмыс орындарында екпе ормандарын отырғызу бригадирі, ал орман дайындау бригадаларына ағаш дайындау мастері жауап береді. Екпе ормандар өсіру жұмыстарына ең алдымен техника қауіпсіздігі және өндірістік тазалық инструкциялары мен оқытулар жүргізіледі.Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшелігі, онда мерзімді шарттарға жұмысшылар саны басым. Сондықтан,олардың жұмыстарымен толық тыныс болмаулары себепті , оларды жұмысқа оларда жұмыс орындарында техника қауіпсіздік ережелері бойынша инструктаж өткізу қажет. Бұл инструкциялар арнаулы құжаттармен бекітіледі. Жұмысшыларды тасу автобуспен немесе арнайы жабдықталған көліктермен іске асырылады. Егер автобус болмаған жағдайда (ГАЗ-66 негізінде),таулы жерге бейімделген автокөліктер тентпен жабылуға қажет. Сол сияқыт, Ақсай филиалында да таулы жерлер болуына байланысты және бұл дипломдық жобада сол таулы жерлерде екпе ормандар өсіру көзделгендіктен, өте тәжірибелі жүргізушілерді алу да өте маңызды роль атқарады. Екпе ормандар отырғызу кезінде жұмысшылардң отырғызу машиналарымен жұмыс істуіне мән берілуі керек. Машинаны отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету трактор толық тоқтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Екпе ормандарды отырғызу жұмыстарыауа-райына тығыз байланысты. Егер найзағай ойнаған кезде, құрал-жабдықтарды жұмыс орнында қалдырып, жұмысшылар ашық,төмендеу жерде паналаулары керек. Ашық жерде жалғаз орналасқан ағаштардың қасына жасырыну өте қауіпті, себебі оларға өмірдегі тәжірибе көрсеткендей,найзағай түсіп, нәтижесінде талайадамдардың өмірін қияды.Ақсай филиалында еңбекті жеңілдету шаралары негізінде электрэнергиясын пайдалану да кеңінен қолданылады. Сол себепті барлық өндірістік қоймаларда жерге тартлған құрымдар болы тиіс.
Таулы жағдайларда екпе ормандар отырғызу үшін тракторлармен террасалар жасалады.тракторист бұл жағдайда медициналақ куәландыруден өтіп,арнай сынақтан кейін ғана жұмысқа жіберілуі қажет. Бұл кезде кабинаның есігі толық жабылып, жұмысқа кіріскен шақта жан-жағынан 5 м-ден жақын жерде ешкім болмауы қажет.Террасалар жасалған бетте әр жерден(жол бойында,су соқпақтарда)арнайы ескерту белгілері қойылуы қажет. Террасалар жаалғанннан кейін тракторист тракторды террасаның шетіне шығармай,тек арнайы істелген кіру, шығу жолдарын пайдалануы керек.Террасаларда қазу түн кезінде және жаңбырлы ауа райы кезінде толық тоқтатылады.тау баурайының тіктігі 110-тан төмен болған кезде топырақты жолақтар мен қазылған жылғалар арқылы өңдейді. Олар тау беткейінде көлденең орналасуы қажет. Егер жұмыс кезінде қол күші пайдаланылса,онда олар дұрыс жөнделген қол құрал саймандарымен жабдықталуы керек. (күректер, Колесов қылышы).
Бұл жұмыстарда егер бірнеше жұмысшылар қолданылса, олардың бір бірінен ара қашықтығы 2-3 м болуы қажет. Осы белгіленген шараларды жүзеге асыру өндірістік жарақаттану, кәсіптік науқастар санын төмендетіп, еңбек қарқындылығын арттыруға себін тигізу сөзсіз.
Қорытынды
Дипломдық жобада жазылған нәтижелерді ескере отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Шренк шыршаларының екпелері орта тау белдеуінде (1850-2280м теңіз деңгейінен) қанағаттанарлық деңгейде өседі.
Шыршалардың екпелерінің солтүстік,солтүстік-шығыс,солтүстік-батыс беткейлердегі жағдай және өсу барысы батыс, оңтүстік беткейлермен салыстырғанда анағұрлым жақсы.
Террасалар арқылы өсірілген екпелер алаңшалардағы екпелерге қарағанда, өздерін жақсы сезінді, олардың өмір сүргіштік пайызы жоғары және террасаларға қаржы шығын аз кетеді.
Осы алынған нәтижелер негізінде біз екпе ормандар қорының зерттелген аумағына Шренк шыршаларының екпелерін террасалар арқылы жобалауды ұсынамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Ган П.А.-Экологические основы инструкции и лесоразведении в поясе еловых лесов Тянь-Шаня.А.Н.Фрунзе 1970г
- Медведев А.Н- Экологические основы инструкции и лесоразведении
- в поясе еловых лесов северного Тянь-Шаня.Труды КазСХИ серия лесхоз.т.т16 Алма-Ата , 1973
- Гуриков Д.Е, Печенкина О.Н. Типы еловых лесов северного Тянь-Шаня.
- Научные основы повышение продуктивности лесов. Научные труды
- КазСХИ,т 14-Вып2, серия лесхоз, г.А-Ата 1971г.
- Медведев А.Н.- Об очередности лесокультурных работ на невозобновлевшихся вырубках в Тау-Чиликском лесхозе
- Труды КазСХИ, «Лесное хозяйство КазССР» г.Алма-Ата 1973г.
- Родин А.А – культуры ели на вырубках «Лесная промышленность» М,1985г
- Новосельцев В.Д-справочник лесничего «лесная промышленность» 1980г Бородин А.М.-Культуры ели в повышении производительности лесов.
- « Лесная промышленность»М,1972г.
- Методические указания к дипломному проектированию для лесохозяйственных факультетов» кафедра лесохозяйственного дела, 2004г.
- Грянин Г.Н. Охрана труда и пожарная безопасность ,М,1988г
- Охрана труда в сельском хозяйстве «Справочник»,М.колос,1988г