АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….

 

І-тарау. Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі……………………………………………………………………………………………………..

1.1Орографиясы………………………………………………………………………………….

1.2 Климаты………………………………………………………………………………………..

1.3 Гидрографиясы……………………………………………………………………………..

1.4Топырақ және Өсімдік жамылғысы………………………………………………..

1.5 Геоморфологиясы және геологиясы……………………………………………….

 

ІІ-тарау. Іле Алатауы және Жетісу Алатауының

Мұздықтануы мен жіктелуі………………………………………………………………

2.1 Мұздықтардың пайда болуы және олардың түрлері……………………………………………………………………………………………………

2.2 Мұздықтардың морфологиялық типтері………………………………………

2.3 Мұзданған аймақтардың метеорологиялық жағдайы және Кіші Алматы өзендерінің алабындағы өзендер…………………………………………………

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Іле Алатауы және Жетісу Алатауы жоталарына физикалық – географиялық сипаттама

 

1.1 Орографиясы

 

Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері — Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған  протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский  жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген.

Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған  аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында.

Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін  Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық  ойыстарын шектейді.

Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы  алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі жазығы орналасқан.

Іле Алатауының таулары және тау бөктерлері адамзат кеңінен қолданатын, сарқылмайтын табиғи ресурстарға бай. Ол құнарлы жерлер, тұщы су, таза ауа, әр түрлі топырақ — өсімдік жамылғысы, ал кей жерлерде пайдалы қазбалар кездеседі. Жотаның барлық тау алды зонасын адамзат жақсы игерген. Іле Алатауы 8-9 балдық жер сілкіну аймағына жатады. Сондай-ақ эрозиялық процестердің қарқындылығын күшейтетін қауіпті сел құбылыстары болып тұрады. Жотаның оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген, солтүстік беткейі көлбеулеу, өзен аңғарлары терең шатқалдармен тілімделген.

 Жетісу Алатауы Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Оның солтүстігінде Балқаш  Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауларының басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Бортола өзенінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. Солтүстік Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналасқан аласа келген Қоңыртау, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың негізгі жотамен қиылысқан жерінде Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан. Солтүстік Жетісу Алатауы жер бедерінің ерекшелігі – тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Жетісу Алатауының баспалдақты құрылымы тау төбөсінің ұзақ уақыт бойы мүжіліп, тегістеліп тауүсті жазықтарына айналуы нәтижесінде пайда болған. Оның оңтүстігінде Алтынемел және Қоянтау жоталары жатыр. Қатынтау және Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі. Жетісу Алатауының жер бедері күрделі болып келеді. Оның көлбеу жазыққа айналған тау етегі аридтік климаттық жағдайда қалыптасқан. Адырлы – төбешікті пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кешен айқындала түседі. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120.3 км. Олардың ішіндегі ең ірілері Берг мұздығы (ұзындығы 8км), Жамбыл мұздығы (ұзындығы 5.5км). Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан.

 

1.2 Климаты

 

Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылымықты қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты түрде түзеді және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа температурасының күрт тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар және тау беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да, үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдар, топырақ құрғақшылығы, құмдардың үрлену мезгілімен болып тұрады, қойтасты малтатасты материал біртіндеп бұзылуға ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақта, қысқы теріс мағыналы температура су ағындары эрозиясының, беткейлік процестердің, материалдың өзендер арқылы тасымалдануын бәсеңдете отырып, грунттың және өзеннің қатуына, қар жамылғысының пайда болуына алып келеді.

Тау жыныстарының үгілу процесіне өте үлкен әсерін тигізетін, климаттың негізгі элементтерінің бірі – ауа температурасы. Ауа температурасына аймақтың ендігі мен биіктігі, күн радиациясының қарқындылығы, атмосфера циркуляциясы және т.б. көптеген факторлар әсер етеді. Іле Алатауының материктік режимі, тәуліктік және жылдық температурасының үлкен амплитудасы, жылдың жылы мезгілінің суық мезгілден басым болуы тән. Ең төменгі орта айлық температура барлық станцияларда қаңтар айында белгіленген – 3.7 градустан бастап (Каменка үстірті) – 12.7 градусқа дейін (Алматы  әуежайы). Таулардағы ауаның температурасы жазыққа қарағанда төмен болып келеді. Бұл жерде қыс біршама жұмсақ, жылымықтар жиі болып тұрады. Мұндай күндері ауаның орта тәуліктік температурасы 2500 м биіктіктің өзінде 2-ден 10 градусқа дейін құбылады. Бірақ, бұл жерде де 20-30 градусқа жететін өте қатал аяздар болып тұрады. Сонымен қатар, тауларда қыста температураның өсуін белгілі биіктікке дейін қамтамасыз ететін орографиялық өзгерістер дамыған. Сондықтан, жартастар мен тау беткейлерінде ойпатты жерлерге қарағанда жылырақ болады. Мұндай өзгерістер жиі байқалады, кейде таулардағы көпжылдық орташа температура тау етегіне қарағанда жоғары болады (Алматы әуежайы – 6.6 градус, Каменка үстірті – 8,1 градус). Биік таулы белдеуде төмен температураға байланысты жауын-шашын тек қатты түрде болады, соған байланысты тұрақты қарлар және мұздықтар жиналады. Мәңгі тоң басым болып келеді. Тауларда күн радиациясы өте күшті, ультракүлгін сәулелер 2-4 есе көп.

Жер беті жер бедерін қалыптастыруда жауын-шашынның ролі өте жоғары. Іле Алатауында олардың екі түрлі шығу тегі бар. Ең алдымен, атмосфераның жалпы циркуляциясы кезінде ауа массаларымен әкелінетін жауын-шашын, яғни адвективті жауын шашын. Олар әдетте батыстан, солтүстік батыстан горизонтты ауа массаларымен алып келінеді және жылдың баллансындағы негізгі массаны құрайды. Оларға таулар механикалық тосқауыл болатындықтан, жотаның солтүстік-батыс беткейі қарсы беткейге қарағанда өте көп жауын-шашын алады, қарсы беткейге ылғалды аз ауа жетеді. Сонымен қатар жауын –шашын жылы жыл мезгілінде жер бетінің қызуы нәтижесінде пайда болып, жергілікті циркуляциясы нәтижесінде біртекті ауа массаларының ішінде қалыптасады. Қызған ауа тауға көтеріле отырып, жауын-шашын бөлетін қалың түйдек бұлттарды құрайды. Бұл жердегі ылғал қоры өзен және су қоймаларынан алынады. Қарастырылып отырған аумақтың әр аймағындағы жауын-шашын мөлшері  көрсетілген. Көріп отырғандай, минимальды орта жылдық жауын-шашын мөлшері жотаның тау етегі зонасының шығыс бөлігінде орналасқан, Шілік (198 мм) және Малыбай станциясында белгіленген. Батысқа қарай жауын-шашын мөлшері көбейеді: Түргенде – 506мм., Алматыда – 557мм. Сонымен қатар, жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке, тауларға қарай өсу ылғалды, ал қысы – қатал және суық. Бұл тұрақты аяз, қар және мұз зонасы болып табылады. Іле Алатауының солтүстік беткейінде биік таулы беткейлер жақсы байқалады. Бөктеріндегі қуаңдала жоғарырақта бұталы-далалық өсімдік жамылғысына, одан әрі шалғынға, орманға ұласады.

Жотаның климаттық жағдайлары тау жыныстарының қарқынды үгілуіне себеп болады. Таулардағы жауын-шашын мөлшерінің көптігі,жиі болатын жауын-шашын, мұз бен қардың тез еуі өзендердің тасуына алып келеді. Олар мен апатты селдер де байланысты. Сонымен қатар жауын шашынның біркелкі түспеуі эрозиялық процестерді тудырады.

Тауаралық қазаншұңқырда  сонымен қатар таулардың беткейлерінде қыс қоңыржай суық, бұл жерлерде қар көп жауады және боран жиі болып тұрады. Ең суық айы қаңтар айы, бұл айда күндізгі ауаның температурасы 5-10 градус аралығында, ал түнде 15-25 градус аралығында ауытқиды, аязды күндері ауаның температурасы 30 градусқа төмендейді. Қаңтар айында жылы күндер болмайды. Желтоқсан және ақпан айларында күн жылы болады. Жауын-шашын  айына 5-10 рет түседі, көбнесе қар түрінде. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының аяғында, желтоқсан айының басында түседі және бүкіл қыс бойы жатады, оның қалыңдығы 30см-ден аспайды. Қатты аязды күндері және қар жамылғысы аз болған кездері грунттар қатып қалады. Тауларда 1500-2000м биіктікте және одан жоғарырақ қыс өте суық болады. Қараша айынан науырыз айының аяғына дейін созылады. Бұл жердің ауа райында қарлар және желдер басым болады. Ауаның температурасы күндіз 10-20 градус аралығында, ал түнде 25-35 градус аралығында ауытқиды. Жауын-шашын көбнесе құрғақ қар ретінде түседі, қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді. Тау аралық аңғарда, сонымен қатар таулардың 1500-2000 м биіктеген беткейлерінде көктем наурыз айлардың басынан мамыр айының ортасына дейін созылады. Көктем айы жылы, ашық жауын-шашын аз түседі. Күндізгі ауаның температурасы 10-18 градус аралығында, ал түнде әлсіз аяздар болып тұрады. Ауаның температурасы -10 градусқа төмендейді. Қар наурыз айының соңында ериді. Мамыр айында жауын-шашын өте көп жауады. Тауларда көктем сәуір, мамыр айынан маусымға дейін созылады. Бұл жердегі ауарайы тұрақсыз, күшті желдер жиі соғады. Жаз айына өту ақырындап және білінбей өтеді. Тауаралық қазаншұңқырларда сонымен қатар 1500-2000м абсолюттік биіктік жерлерде, мамыр айының ортасынан қыркүйек айының ортасына дейін созылады. Ауарайы жылы және жауын-шашынсыз болады. Күндізгі температура 20-25 градус аралығында максимум 40 градусқа дейін жетеді, ал түнде 3-8 градусқа төмендейді. Жауын-шашын әсіресе жаздың екінші айында аз түседі. Таулы аймақтарда жаз өте қысқа болады. Бұл жердің жазы салқын көбінесе тұманды жауын-шашынды болады. Күндіз қоңыржай жылы, түнде салқын және ылғал жауын-шашын нөсер  болып түседі. Тауаралық аңғарларда сонымен қатар биік тауларда күз айы қыркүйектен қараша айына дейін созылады. Күз айы жылы құрғақ және жауын-шашын аз түседі. Әдетте ауаның температурасы 5-15 градус аралығында болады. Жауын-шашын күзде аз түседі. Әдетте сіркіреп жауады, ал күз айларының екінші жартысында қар түседі. Тауларда күз қыркүйектен қазанға дейін созылады. Бұл жердің ауарайы суық, құрғақ, желді болып келеді. Ауаның температұрасы тез төмен түседі, ал айдың аяғында суық болып қар жауады. Жыл бойы көбнесе солтүстік және солтүстік-шығыс, сонымен қатар батыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер соғып тұрады. Желдің жылдамдығы 2-3 м секунд. Қатты желдер көбнесе қыс және көктем айларында соғады. Тауаралық қазаншұңқырлар жылы жерлерді ал басқа аумақтарда  тауаралық аңғарлық желдер соғады. Таулық аңғарлақ желдер жаз айында қатты соғады, қыста азаяды.

 

1.3. Гидрографиясы

 

Іле Алатауының гидрографиялық торы көбнесе Балқаш көліне құятын Іле өзені алабына және жартылай ағынсыз Шу өзені алабына жатады.

Іле Алатауының өзендері – көлденең қимамен және белсенді түрдегі тереңдік эрозиямен өңделмеген, екпіні жылдам, әдеттегі жас таулы су тасқынына жатады. Жазық бөлігінде олар аз сулылығымен және бір қалыпты ағысымен ерекшеленеді. Іле Алатауында тұрақты ағысы бар өзендер жүз шамасында есептелінеді, егер мерзімдік су ағындарын қоса алатын болсақ, онда бұл өлшем біршама жоғарылайды.

Бастауларының орналасуына, қоректену сипатына және су режиміне байланысты, қарастырылып отырған аймақтың барлық өзендері үш типке бөлінеді: таулы, тауалды және жазықтық.

Жазықтық типке тауалды жазығында 700-800м биіктікте ысырынды перифериясында, грунд суларының ену  нәтижесінде қалыптасатын ұсақ өзендер жатады. Олардың жалпы жиынтық аты – қарасу. Оған Соқырбұлақ, Балтабай, Қарасу, Жиренайғыр және тағы басқа жатады.

 Тауалды типіне атмосфералық жауын-шашын және жерасты суларымен қоректенетін Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер жатады. Көп жағдайда олар бастауын мұздықтық белдеуден, яғни 3000м-ден төмен орналасқан бастаулардан алады. Оларға: Қараш және Бақай тауларынан ағатын өзендер, яғни Талдыбұлақ, Белшабдар, Қаратұрық, Теректі, Сүгір; жотаның орталық бөлігінде  — Рахат, Қайназар, Қотырбұлақ, Қырғауылды; батыс бөлігінде – Майбұлақ, Шатайбұлақ, Қастек, Қыртобылғы және т.б. Негізінде бұл тік құламалы және ағысы жылдам, аса үлкен емес таулы өзендер. Олардың ұзындығы 15-20км тасқындары қысқы қарлардың еруімен көктемде болады, өте екпінді, бірақ қысқы мерзімді. Жазда мұндай суы аз өзендер тау етегі жазығында тұйықталған сағамен бітеді. Сонымен қатар, жотаның барлық беткейлерінде көктемде ғана суы толатын, ал жазда құрғап кететін мерзімдік және уақытша өзендер бар.

Таулы өзендердің суы мол, ірі және біршама су жинау алаптары бар. Олардың бастаулары 3000м-ден астам биіктікте жатыр. Қоректенуі негізінен мұздықтық, бірақ олардың режимінде атмосфералық жауын-шашын және жер асты сулары өте үлкен маңызға ие. Бұл типке жотаның ең ірі өзендері жатады: Шілік, Түрген, Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең және т.б.

Ең ірі өзен – Шілік өзені. Ол өзінің бастауын жотаның оңтүстік беткейінде, 3750м биіктікте орналасқан Жаңғырық мұздығынан алады. 20км-ден төмен ол оңтүстік Талғар өзенімен қосыла отырып,  Тоғызтарау деп аталатын өте кең жайылманы құрайды. Төменде өзен Таушілік кең мұздықтық аңғар бойымен, шығысқа қарай жылдам ағып, 40км-де терең, өткелсіз шатқалға енеді. Жалаңаш ойысына шыға отырып, ол Шілік атауына ие болады және солтүстікке қарай күрт бұрылып, Суықтоғай мекеніне енеді. Екі таулы массивті (Торайғыр және Сөгеті) кесе отырып, тау етегі жазығына шығады. Бұл жерде Шілік өзені бірқалыпты кең аңғар бойымен ағады,суы аз болады және шамамен таудан 45 км-де екі саламен Іле өзеніне құяды. Тауда оған 45 сала құяды, оның біршама бөлігі мұздықтық болып келеді, ал жазық жерде мүлдем саласыз болады. Барлық оң жақ салалары ағыстың ендіктік бөлігінде шоғырланған және Күнгей Алатауы жотасының солтүстік беткейінен ағады. Оған Сүтбұлақ, Күрметі, Саты және тағы басқа жатады. Осы бөлікшеде солтүстік жағында Шілік өзеніне Түлкісай, Аманжол, Майбұлақ өзендері құяды. Меридиандық бөлікшеде Шілік өзенінің оң жағында салалары жоқ, ал сол жағында үш саласы бар, яғни Жіңішке, Сарыбұлақ, Асы. Шілік өзенінің су жинау алабының ауданы – 5300км шаршы шақырым, жалпы ұзындығы – 281 км.

Шілік өзені екпінді ағысты, тік құламалы, таулы өзен; арнасының ені жоғарғы ағысында 3-4 м., орта ағысында 10-15 м., кеңейген жерлерінде 100 м-ге дейін жетеді, максимальды тереңдігі 1.5-2м. Бұл өзен мұздықтық типпен қоректенеді, орта жылдық ағымы 32.7 м/сек. Шілік – Іле Алатауының ең лайлы өзені болып табылады: таудан шығар жеріндегі орта жылдық лайлылығы 571 г/м.

Іле Алатауының солтүстік беткейінің барлық ірі өзендері (Түрген, Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Шамалған, Қаскелең және т.б.) бір типті және 3300-3500м биіктікте мұздықтардан бірнеше саламен басталады. Төменде олар жеке өзендер арналарына құяды, ал олар түпкі моренамен бітетін кең трогты арналармен ағады. Орта таулы белдеущде барлық өзендердің ағысы екпінді, аңғарларының тереңдігі 800-1000м-ге жететін шатқалдарға айналады. Тау етегі жазығында судың көп мөлшері инфильтрацияға, булануға және суғаруға жіберіледі. Сондықтан кейбір өзендер (Түрген, Талғар) Іле өзеніне тек ерекше ылғалды жылдары ғана жетеді. Созылған су тасқындарына қарамастан нөсерлі жаңбырлар немесе мұздықтардың тез еруі нәтижөсіпде өзендердің деңгейі күрт көтеріледі және тасқындар су бұзылуына айналады. Мысалы, Н.Н.Польговтың (1947ж) бақылаулары бойынша 1921 жылы 8 шілдеде Кіші Алматы аңғарында болған нөсерлі жаңбыр орасан зор бұзылуларды туғызған.Су тасқыны бұзған Пугасов көпірінде өзен 4м-ге көтерілген. Талғар өзені сол кезде, сол атаудағы селода 8м-ге көтерілген, ал оның шығыны максимальді орта айлығынан жүз есе көп болды. Аталған өзендердің минимальді шығындары наурыз айында болады.

Шоңкемен – жотаның оңтүстік беткейінің батыс бөлігінің ең негізгі өзені. Оның бастауы 3800м биіктікте Іле Алатауын Күнгей Алатауымен қосатын таулы мойынның оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Өзен біршама деңгейде суы мол, салалары шоғырланған Күнгей Алатауы ағыны есебінен құралады. Іле Алатауының оңтүстік беткейінен бастау алатын өзендер қысқа және суы аз болып келеді. Төменгі ағысында Шоңкемен өзені оңтүстікке қарай ауытқиды және зерттелген аймақтың шегінен асып Шу өзеніне құяды. Оның ұзындығы 110 км, су жинау ауданы 2100 км шаршы шақырым, орта жылдық шығыны 22.1 м/сек, максимальді шығыны шілде-тамызда, ал минимальдісі науырызда болады.

Шарын өзені орта ағысында Жалаңаш ойпатының шығыс бөлігін кесіп өтеді, ал төменде Торайғыр тауларында орасан зор каньонды құрайды. Одан кейін, солтүстік-шығысқа біршама ауытқи отырып, Іле өзеніне құяды. Жалпы ұзындығы 255км, су жинау ауданы 8000км шаршы шақырым, орта жылдық шығыны 36.6 м/сек.  Бұл суы мол өзен атмосфералы жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан оның режимі мұздықтық өзендер режимінен біршама айрықша болады. Негізгі шығыны атмосфералық жауын-шашынның максимальді түсу кезеңі мамыр-шілде айына келеді. Қантбастау (4647м), Мұзтау (4555м), Богатырь (4626м),  Көпір (4670м), Ақтау (4760м), Металлург (4800м) және т.б. кіреді. Осы жердегі барлық жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы көтеріледі. Оның биіктігі 5017м-ге жетеді. Бұл орталық бөлікше Талғар таулы тізбегі деген атқа ие. Кіші Алматы өзенінің жоғарғы ағысынан оңтүстік – шығысқа қарай, Іле Алатауын оған параллель Күнгей Алатауымен қосатын, ұзындығы 12км-ге жететін тар меридиандық айдар созылып жатыр. Бұл айдардың биіктіктері 4700-4800м-ге жетеді, беткейлері тік, шыңдары тұтастай мұзбен жамылған. Ол Шілік Кемен су айрығы болып табылады.

Батысында Іле Алатауы орталық бөлігінен Қаракестек өзенінің жоғарғы ағысына дейін 3000м биіктікті сақтайды. Ал одан ары ол шетіне қарай 2000-1500м-ге төмендейтін Жетіжол тауларына жалғасады. Шілік өзеніне дейінгі шығыс бөлігінде жота 3000м-ден асатын биіктікке ие болады. Торайғыр тауының ең жоғарғы биіктігі 2468м, ал Сөгеті тауынікі 1858м.

Іле Алатауының солтүстік тау етегі жазықтығынан салыстырмалы биіктігі орталық бөлігінде байқалады, орташа 3500м., ал шығысында -2100м. Және батыс бөлігінде 1800м-ге жетеді. Жотаны оңтүстігінен шектейтін  Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары  2000-3000м. биіктікке дейін көтерілген. Сондықтан, оның оңтүстік етектен етектен көтерілуі аса үлкен емес, 1500-2000м шамасында. Жотаға тән негізгі морфологиялық ерекшеліктердің біріне, солтүстік беткейінде сөрер деп аталатын айқын бейнеленген екі сатыны көруге болады. Дұрысын айтқанда, Іле Алатауы жотасы Түрген өзеніне дейін жетеді. Одан кейін ол кулиса тәрізді үш сілемге тармақталады. Олардың солтүстігі шығысқа қарай екі аса үлкен емес массивке Сөгеті және Бұғыты тауларына ауысатын, Қарашаш және Бақай тауларынан басталады.

Іле Алатауының таулы өзендері ылғалды үлкен аумақты қамтиды. Суының молдығымен ерекшеленеді, барлық биіктік геоморфологиялық және ландшафтық белдеулерді кесіп өтеді. Таулы бөлікте олардың құламалылығы өте тік 1км арақашықтықта  50-100м, тау етегі жазығында орташа 5-8м/км. Мұздықтық өзендердің сулы режимі тұрақсыз. Екі су тасу – көктемгі және жазғы кездері байқалады. Ол әр түрлі биіктік белдеудегі қарлардың біркелкі емес еруінен, сонымен қатар, жаңбыр кезеңдерімен де байланысты. Өзендердің ағысының орташа жылдамдығы таудан шығар кезінде 0.5-1.2 м/сек, ал су тасқыны кезеңінде 3-4м/сек. Жазықта жылдамдығы 0.3м/сек төмендейді. Сонымен қатар таулы өзендерді сулылығының жотаның жоғарғы белдеуінен төменгі бағытқа қарай ұлғаюы тән. Сондықтан қарқынды өсу көптеген салалар есебінен орта таулы белддеуде байқалады. Соның есебінен тау етектерінде өзендер максимальді жылдамдыққа ие болады, бірақ жазыққа шыққан кезде салаларынан айрылады. Ысырынды конусында көп болатын фильтрация және булануға деген шығындардың орны толтырылмайды. Соңында судың өте үлкен мөлшері егістік аудандарына жұмсалып, өзендер сағаларына сусыз келеді. Өзен торының аймақтық таулы бөлігіндегі орташа жиілігі 0.8-1.0 км/км шаршы шақырым, ал жазықта 0.3км/км шаршы шақырым. Жауын шашын молдығының, жер бетіндегі ылғалды топырақ сіңдіруге септөсіп ормандардың, мәңгі мызғымайтын қар мен мұздықтардың арқасында таулардан талай өзен жылғалар ағып жатады. Ағыны қатты бұл асау өзендер тастан –тасқа орғып, арқырап-сарқырап су тасқынын селдетеді.

Іле Алатауындағы өзендердің көпшілігі қар мен мұздықтардан бұлақтанып, тек тау жотасының батыс және шығыс тұмсықтарында ғана мұздық болмағандықтан, қар және жаңбыр суынан бастау алады. Іле Алатауының неғұрлым ірі өзендері мыналар: Ұзынағаш, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шілік.

Іле Алатау өзендерінің ені – төменгі кемерінде 10-15 м, тереңдігі 30-50см. Олардың бәрі де Іле өзеніне құяды, бірақ жазда түгелдей дерлік егін суаруға алынады. Мұздықтан бастау алған өзендер екі рет тасиды: бірінші рет – көктемде қар еріген кезде, екінші рет – шілдеде мұздықтар еріген кезде. Бұларда су тасуы жазық жерлердегі өзендердің тасығанындай емес, аса күшті тасқынды бола қоймайды, өйткені қардың еруі ұзақ уақытқа созыла қоймайды. Алдымен тау етегіндегі, содан соң сәуірде – таулардың төменгі белдеулеріндегі, мамырда – орта шендегі тау белдеулеріндегі, маусымда – шырқау биік тау белдеулеріндегі қар ериді. Мұздықтық белдеуде , әдетте, жазда да суық болғандықтан, мұздықтар бірте-бірте ериді.

И.Н.Пальгов (1959ж) Кіші Алматы өзенінің жалпы су мөлшерінің 82.7 пайыз жауын-шашыннан 17.3 пайыз қар күбіртіктері, мұздақ «жүлгелерінің» ерітіндісінен құралатындығын анықтады.

Қар, қарлы жаңбырдан басталатын өзендер Іле Алатауының шығыс және батыс қиырларында кездеседі. Бұлардың суы аз және тау бөктерлерінде ағаш, бұта, шөп өсімдіктері өсетін болса, сумен азды –көпті қамтамасыз етіледі. Жылдың ыстық маусымында бұларды су мұлде азаяды, ал кейбіреулері таудан шыға бере-ақ құрғап қалады. Қар мен мұз еріген кезде судың едәуір бөлігі жер тереңіне сіңіп, жер астындағы шыңырау құдықтардағы суларды толықтырады. Бұл су содан соң жер бетіне жіңішкелеп шығып, топырақ суынан басталатын кішігірім жылға өзеншелерге бастау болады.

Тау етектерінде осындай қара сулар анағұрлым жиі кездеседі, бұлар мұздық өзендеріндей емес, көбіне аз сулы біркелкі ағынды сулы болып келеді. Бұларды жұрт көбінесе қолдан бөгеп, тоғандар мен көлдер жасайды. Бұлардан егін суаруға сулар алынады. Іле Алатауының өзендері баға жеткісіз. Өзендер шөлдегі көгал қоры, ал таулар өз тұсынан жауын шашынды көбейтеді, қарды сақтап молайтады, олардан мұздақ пен мұздар шыңдайды. Тау бөктерлеріндегі ормандар жер бетіндегі ылғалды жер астына өткізіп, жыл бойына өзендерге судың біркелкі келуін қамтамасыз етеді. Өзендер мен көлдердің жағалауларында адамдар мекендейді содан тау етектерінде селолар мен қалалардың жаппай тізбегін құрайды. Таудан құлаған судың орасан мол су энергетикалық қорлары бар. Осы тұрғыдан алғанда біздің таудағы өзендеріміз тіпті де толық пайдаланып отырған жоқ. Мысалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендеріндегі құлама күркіреуіктер де осындай. Шілік, Шарын өзендерінде де ірі су электр станцияларын салу ісі жоспарланып отыр. Алайда таудағы өзендер 20-25км өң бойында 200м-ден астам биіктіктен құлайтындықтан, бұлардың адам айтқысыз жойқын күштері де баршылық. Мұздықтардың, қасат қардың қауырт еруіне, мұздықтардағы көлдердің суы тасып, ернеуін бұзып кетуіне әкеп соқтыратын күшті нөсерлер мен шыжыған ыстық күндер аптабы ойраңды тасқындар немесе сел апаттарын туғызуға себепкер болуы мүмкін. Мұндай дүлей тасқындар біршама сирек кездеседі, әйтседе өзендерде де, тіпті құрғақ сай арналарында да қатты жаңбырдан кейін судың молайып кететінін әрдайым есте ұстауымыз жөн.

Іле Алатауының жоталарында мұздықтардан, өзендерден, жер астындығы сулардан бастау алатын тектоникалық, үйінді-бөгеттік, мұздықтық – қойтастық және бөгеттік- тоғандық сипаттағы көлдер бар.

Үйінді – бөгеттік сипаттағы көлдер өзендердің алаптарында және жер сілкінген кезде тау жыныстарының опырылып, құлауынан пайда болған. Бұлардың жағалаулары жартасты, жарқабақты, тереңдігі бірнеше ондаған, жүздеген метрлік болып келеді. Суы тап-таза, тұщы, жер бетінде, жер астындағы ағып жатқан сулардан құралады. Іле Алатауының інжу-маржаны – Үлкен Есік көлі осындай көлдердің қатарына жатады. 1963 жылы 7- шілдеде бұл көл үлкен ойранға ұшырады: биіктігі 307м-лік табиғи бөгетті сел тасқынын бұзып кетіп, көлде болмашы ғана су қалды.

Мұздың қозғалысынан пайда болған ежелгі тау жыныстары сынықтарының үйіліп-үйіліп қалғандары, опырылып құлаған аса үлкен кесек тастар Үлкен Алматы өзенінің алқабын бөгеп тастағандықтан, оның нәтижесінде пайда болған Үлкен Алматы көлі Іле Алатауының жотасындағы ең ірі үйінді — бөгеттік көл саналады. Бөгеттің түп негізі  ірі кристалды жанартау  негізіненжер бетіне шыққан жартасты тау жыныстарынан құралған. Бөгеттің биіктігі – 500м-ге жуық, ұзындығы – 1000м-ге жуық, кеңдігі 500м, көлдің ең терең тұсы 38м, су мөлшері 8млн. текше метрден астам. Суы таза, тұщы, өте суық. Көлдегі су деңгейінің өзгеру амплитудасы 111 см-ге жетеді. Судың ең төменгі деңгейі – наурыз айында, ең жоғарғы деңгейі шілде, тамыз, мұздықтардың қауырт еру кезеңінде болады. Қысты күні көлік қатып қалады. Көлге Үлкен Алматы өзені келіп құяды, ал оның бастауы көлденең 12км қашықтықта мұздық ішінде. Бірсыпырат су көлге кішігірім Серкебұлақ өзеншесінен құйылады, бұл өзенше қуысты мұздақтан ағып шығып мәңгілік мұздықтардың қары еріген кезде аздап толыға түседі.

Мұздықтардан нәр алған барлық көлдер Іле Алатауының анағұрлым жоғары 3200-3500м биіктегі жоталарында, ал үйінділер арасындағы көлдер мұздықтардан аяқталар тұсынан төменіректе орналасқан. Есік өзенінің бас жағындағы Ақкөл, Бөзкөл деп аталатын көлдер және басқалары өзендерден біркелкі бастау алып тұруында елеулі рөл атқарады. Бірақ қаупі де бар, өйткені су тасқыны кейде мұздықтық және үйінді бөгеттерді бұзып кетеді де сел тасқындарын бастап береді.

 

1.4. Топырақ  және өсімдік жамылғысы

 

Топырақ. Тау етегіндегі шөл далалық белдеу. Мұның өзі тау етегінде нақты 450-650м биіктікте орналасқан кәдімгі топырақ. Жауын-шашын мөлшері орта есеппен 150-350мм. Осының арқасында мұнда тек көктемде ғана өркен жайып, жазда қурап қалатын эфемерлі (раң тәріздестер) өсімдіктер өседі. Тау етегіндегі сұр топырақта 1.4-1.6 процент қара шірік, 0.11-0.30 пайыз азот болады, суарған күнде мол өнім алынады.

Іле өзені бойындағы белдеу тау етегінен бастап Қапшағай су қоймасына дейін толық игерілген және суармалы егіншілікке (қарбыз, қауын, жүзімдік, темекі, дәнді-дақылдар, қызылша, бақша егуге ) арналған. Су қоймасының оңтүстік жағалауының өң бойындағы 10 км-лік алқап қана мал жайылымына және шағындыққа пайдаланылады. Сортаңданған топырақ астында судың жақын жатуы және жауын – шашыннан кейін бірден жаппай буланып кететіндіктен бірсыпыра реттерде шамадан тыс суарылғанда топырақтың қайра сортаңдануына әкеп соқтырады. Сондықтан бұл белдеуде топырақты суарғанда суды бетондалған астау мен ағызу немесе артылған.

Бұталы әр түрлі шөпті дала белдеуі. Қазір бұл мәдени немесе бау-бақшалық белдеу (теңіз деңгейінен 650-1300м биікте) деп аталады. 650-900м биікте үстіңгі қыртысы сары топырақ тәрізді шаңдақтау-құмдауыт балшық топырақпен көмкерілген қойтатасты-малтатасты пролювиальдік шөгінділерде ашық қызылқоңыр және қою қызылқоңыр топырақ кездеседі. Құрамында қарашірік 2-3.3 процентке дейін, жалпы азот – 0.24 процент. Ауа райы ұдайы жылы болғанда (орта тәуліктік жылы температұра қосындысын 2510-3140 градус) және суарылғанда бұл топырақта дәнді дақылдардан, қант қызылшасынан, темекіден, жүзімнен мол өнім алынады.

Биіктігі 900-1300м тау етегіндегі жазықтарда және тау «сөрелерінде» қуаттылығы 60-100см-лік орташа және шағын мөлшерлі қара шірікті таудың қара топырағы кездеседі. Құрамында қара шірік – 9.5 процент, азот – 0.61 процент, құрылымы түйіршіктілеу, таулы жерлердегіт егіншілік жағдайында таңдаулы топырақ деп танылады. Бұл белдеуде атақты Алматы апорты, жидектік, жүзімдік өсірілетін бау-бақшаларда, дәнді және көкөніс дақылдарында ірі-ірі алқаптары шоғырланады. Жер ыңғайының едәуір еңістеу болып келетіні, әсіресе «сөрелерде» суару жұмыстары жүргізілген.

Жапырақты ормандар белдеуі. (1300-1600м) алма-долана ормандарының орнында пайда болған құлдырма қара топырақтарға және қайың-көктерек ормандары өскен жердегі қоңырқай-сұрғылт орман топырақтарына орналасқан. Құлдырма қара топырақтың қуаттылығы 100см-ге дейін, құрамында 13.2 процент қара шірік, 0.72 процент азот болады. Осы белгілеріне қарай мұның өзі аса құнарлы қара топырақ деп аталады. Бұл жерде жауын-шашын жиі болғандықтан (жылына 600-700мм) бақша суғарылмай өседі.

Таулық – ормандық қоңыр-сұрғылт, асты күлденген топырақ анағұрлым жайпақтау бөктерлерде көктерек, қайың ормандары өскен жерлерде пайда болады және құрылымы түйіршікті –жаңғақты болып келетін, қара шірікті жинағыш горизонтты 50см-лік шаңдақтау сары балшық түріндегі делювиадағы қырқалардың шыңдарынан пайда болады. Бұл шырайлы топырақ, бұларда тамаша табиғи ормандар, қайың мен қарағай екпелері өседі. Жайпақтау бөктерлер мен ормандарға картоп мол өнім береді.

Шыршалы – ормандық немесе төменгі альпілік белдеу. Іле Алатауында теңіз деңгейінен 1600-2800м биікте орналасқан, мұнда солтүстік экспозициялар беткейінде бітік бітегейлі шалғындармен орайласа Шренк шыршасы қалың өскен. Солтүстік экспозициялардың жарқабақты бөктерлерінде шырша ормандар өскен жерде қоңыр түсті таулық-ормандық топырақ кездеседі, анағұрлық жайбар беткейлеріндегі шалғындықтарда таулық-шалғындық, қарақошқылдау топырақ басым. Оңтүстік экспозициялар бөктерлерінде шалғындық-далалық өсімдіктер өседі, олардың астында қызыл-қоңыр шалғындық-далалық топырақ қалыптасқан.

Іле Алатауының жоталарында, әсіресе шыршалық – ормандық белдеуде топырақ пен өсімдіктің қалыптасуына әсер еткен. Мұның себебі тау жотасы оңтүстікке, шөлмен жапсарлас шекараға орналасқан. Алтай мен Саянның анағұрлым солтүстіктегі тау жүйелерінде бөктерлердің экспозициясына байланысты үлкен айырмашылық онша байқалмайды. Іле Алатауында ағаш өсімдіктері тек анағұрлым ылғалданған солтүстік бөктерлерде ғана өседі.

Альпілік белдеу шыршалы ормандардан жоғарырақта, 2700-3500 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан, мұнда аласа бойлы  астықтектес түрлі шөптер шалғыны арасында ойдым-ойдым төселмелі жатаған арша бұталары қарауытады. Жоғарырақта кобрезиялық  шалѓын кездеседі. Бұл өсімдіктер астында таулық-шалғындық альпілік топыраќ, қалыптасқан, қуаттылығы кемдеу, қыртысы тым шөптесіи, қарашірігі аса көп. Бұл жайы­лымдар тек жазда ғана мал баѓуѓа пайдаланы­лады.

3500 метрден жоѓары биікте альпілік бел­деу мұздық белдеуге — мәңгі мызғымайтын қар, мұз, шын, жартастар әлеміне ұласады. Алайда осы бір үнсіздік әлемінде де мұздықтар еритін шекара маңында тау жыныстарының жел мүжіген ќарапайым кеміктерінде өсімдіктер де кездеседі. Сонымен, Іле Алатауының солтүстіктегі мол бөктерлеріндегі топыраќ, белдеулері өзгеруінің жалпы заңдылығын анықтадық, енді шырша ормандары есетін жер топыраќтарына егжей-тегжейлі тоқталайық.

Қ о ң ы р т ү с т і т а у л ы қ -о р м а н д ы ң т о п ы р а қ, М. А. Глазовскаяның пікірінше (1049), Оңтүстік Алтай мен Сауырдың солтүстік экспозицияларының бөктерлерінде жапырақты ормандар өсетін жерде дамыѓан. Бүл топырақтың астыңғы жаѓы аздап күлденген шымтезекті өзгеше бір түрі Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шаньнің шырша ормандарына лайықталған.

Тянь-Шаньнің, соның ішінде Іле Алатауының да шырша ормандарыынң, топырағъның құрылымында органикалыќ, заттар мол, қара шірікті горизонтының жоѓары бөлігінде шымтезектенген және салыстырмалы түрде алѓан­да, қарашірікті қабаты өте қалың, осының бәрі бұл топырақты таулық-ормандық қоңыр түсті топыраќтардыњ; дербес тұрпаты деп бөле ќара­уы мызға дәлел бола алады.

Топырақ горизонтының жоѓары бөлігінің құрамы ауыр балшыќ, топыраќты болып келеді, Төменірекке таман тастаќ, және құмдақ фрак-циялардың арта түсуіне байланысты орташа балшықты топыраққа айналады. Бөктердің етегінен шыңына қарай жоѓары көтерілген са­йын топыраќ, горизонтының қуаттылығы орта­ша есеп бойынша мүкті шыршалықтар астында 85-теп 30 сантиметрге дейін кемиді  топырақтың тастылығы 16-дан 40 процоентке дейін ар­тады.

Топырақтьң шымтезектегі жоѓары горизонтында қара шірік қүрамы 25 процентке же­теді. Бұлардың астында құрылымы түйір-түйір қоңыр-қызғылт сары қабат (горизонт) жатыр. Бұл горизонтта бөктердің; төменгі бөлегніен жоғары бөлегіне дейін қарашірік құрамы 8,3-тен 3,9 процентке дейін кемиді. Топырақ реак­циясы шамалы ғана қышқыл, бейтарап деуге жақын. Құрамында натрий мөлшері аз ғана, ал кальций мөлшері едәуір болатындықтан, түйір-түйір топырақ құрылымының қалыптасуына және топырақтың су-физикалық қасиеттерінің жақсара түсуіне еептеседі.

Қ о ң ы р т ү ст і т а у л ы қ-о р м а н д ы қ топырақтар өз қабаттарының қуаттылығы бо­йынша үшке бөлінеді, бүлар: қалыңдығы 60 сантиметр және одан да тереңіректегі терең профильді (түзілісі) ауыр саздық топырақтар, бұларда жарлауыт бөктерлердің төменгі бөлегінде аса өнімді, бағалылығы 1І-кластық, биік­тігі 28 метрге дейін, 100 жастан астам мүкті-шөптесінді шыршалықтар өседі; қалыңдығы 30—60 сантиметрлік орташа профильді ауыр саздақ топыраќтар, бұларда жарлауыт бөктерлердің жоѓарѓы бөлігніде өнімділігі орташа, ба-ғалылығы III-кластық, биіктігі 24 метрге де­йінгі мүкті шыршалықтар өседі; және жекелеген тастар беткейге шыѓып жататын, қуаттылығы 10—30 сантиметр келетін ұсақ профильді, тым тастақты топыраќтар, бұларда өнімділігі төмен, бағалылығы ІV-кластық, биіктігі 20 сантиметрге дейін келетін тастақты, мүкті-шөптесінді шыршалықтар өседі.

Іле Алатауының шырша ормандары көбінесе қоңыр түсті таулық-ормандық топырақта өседі. Алайда біздің зерттеулеріміз бойынша, бұлар басқа топыраќтарда да кездеседі.

Ормандық -шалғындық топырақтың қыртысы қалың (80 сантиметр және одан да терең), тастаѓы кемдеу, құрамында жай ауыр балшыќ, басым.

Бұларда жайбарлау бөктерлерде өнімділігі жоѓары, бағалылығы I кластыќ, ұзындыѓы 30 сантиметр және одан да әрі парктік шыршалықтар өседі.

Қоңыр түсті шымтезектілеу ормандық-шалғындық топырақтың қалыңдығы 20—40 санти­метр, тастағы көбірек, ауыр саздақты, астына тау жыныстарының дөрекілеу кетілген қиыршықтары төселген. Бұларда өнімділігі өте төмен, бағалылығы V-кластық, биіктігі 15 сантиметрден кем шыршалықтар өседі.

Бұл арада — орманның ең жоғарыдағы ше­карасы; мұнда топырақтың құнарсыз әрі жұқа, ауа райының өте суыќ, болуына байланысты. Жартастар мен жай тастар арасындаѓы, қа­лыңдығы 5—10 сантиметр келетін кристалды тау жыныстарының жел жеп, қопарғннан қалған үгінділері аралас, кетінді-сынық қурама топыраќтарда өсетін, өнімділігі өте төмен, ба­ғалылығы V а-кластық, биіктігі 10—12 метрге дейін келетін жартастық шыршалықтар кезде­седі.

Алқаптық,    жағалаулық   шыршалықтар толық   профильді шалѓындық аллювиалъдік   құмайт топыраќтарда немесе қатты топыраќ, астындағы ағып суы жақын жатқан жерлердегі, өзен бойларындаѓы ұсақ, жас тосап үйінділерін­де өседі. Таулардың төменгі және орта тұстарындағы өзендердің жайылма алаптарында өнімділігі жоѓары, бағалылығы I — II -кластық, биіктігі кейде 40 метрге жететін шыршалықтар да ұшырасады.

Біз топырақтың ерігіш, өсімдіктерге сіңетін азотпен, фосформен, калиймен қаншалықты қамтамасыз етілгендігін де зерттедік. Бұл зерт­теулер Іле Алатауының ормандарындағы айыр­машылыќтары әртүрлі топырақтардың бәрі — терең профильдісі де, ұсақ профильдісі де — гидролиздендірілетін азотпен жеткілікті мөлшерде (топырақтың әрбір 100 грамына 23,2 миллнграмға дейін) қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр. Айырбас калийі жөнінде де тапшы­лыќ, байқалмайды, топырақтың әрбір 100 гра­мына 48 миллиграмға дейін калий келеді.

Алайда орман топырақтары азотпен, калий­мен жақсы қамтамасыз етілгенімен бұларда фосфор өте аз (топырақтың әрбір 100 грамына 1,2 миллнграмнан 5 миллиграмға .дейін келеді, ең жақсы қамтамасыз етілген жерлерде — әр 100 грамына 12 миллиграмнан сол көбірек). К. Д. Мухамедшиннің деректері бойынша (1967 ж.), Батыс Тянь-Шаньнің арша ормандарының топыраѓында фосфор құрамалары аз екені байқалады.

Тұтас алғанда Іле Алатауы ормандары өскен топыраќ, жұқалығын әрі тастылыгына қарамастан, солтүстік экспозицияларының бөктерлерінде ағаш өсімдіктерінің, алуан түрлі шалѓындыќ; балауса шөптердің өсуіне, ал оңтүс-тік бөктерлерінде шалғындық-далалық өсімдіктердің өсуіие толық жарамды.

 

 

 

 

Өсімдік жамылғысы

Іле Алатауын тұңғыш рет П.П.Семенов Тянь-Шанский (1867), Н. А. Северцов (1867), Р. И. Аболин (1930) және басқа да көптеген адамдар зерттеген болатын. Мұндағы өсімдік­терді неғұрлым толық түрде академиктер Н. В. Павлов (1940, 1948) пен Б. А. Быков (1950) суреттеп жазған. Бұл ѓалымдар мынадай биік-климаттық орман-өсімдік белдеулерін бөліп көрсеткен.

Тау етегіндегі шөл — д а л а л ы қ бел­деу Іле өзенінен Алматыньң солтүстік шеті­не дейін, теңіз деңгейінен 450-ден 700 метрге дейін. Іле өзенінің алқабындағы және одан 10-30 километр шамасындаѓы жерлер бұрын шөл іспетті болатын: құм, жеңіл құмдасын, ақ және қара сексеуіл бұталықтары, жүзген, жыңғыл, жантаќ, шеңгел өсетін. Іле Алатауының солтүстік бөктерлерінде 700 метр биікке дейін көбінесе тар жарнақшалы жусан, аќшыл жусан, боз, бетеге, тағы басқа шөп есетін бүр-шік жусанды, шолді дала орналасқан. Семенов-Тян-Шанский зерттеген кездегі тау суреті осындай болатын. Қазіргі уақытта бұл жерлер игерілген, суарылады, бұларда астыќ, ќант қызылшасы, бақшалық, темекі, тағы басқа дақылдар егіледі. Тек Іле езені маңындағы құм шағылдарда және сай-жырадағы, өзектердегі жыр-тылмаған танаптарда жабайы шөл даланы кез­дестіруге болады.

Қазіргі күндерде бау-бақшалы белдеу деп аталатын б ұ т а л ы-т ү р л і шө п т і да л а белдеуі (700-1300 м) даланың танаптарын адамдар ағашты-бұталы нулармен кезектестіруді игергенге дейін осындай болатын. Мұнда сұ-лама жусан, құртқашаш, тарғақшөп, арпабас, қысқаяқ, далалық атқонақ және өсімдіктің бас­қа түрлері кездеседі. Алайда кей-кейде дала орнында арам шөптер: қьмыздық, қалақай, жа­байы кендір, жусан, қалуен, таѓы басқа шөп­терден құралған қурай  нулары да ұшырайды.

Суармалы егіншілікпен шұғылдануға мүмкін болмайтын ойлы-қырлы жерлерде, оңтүстік бөктерлерде ерте көктемде жергілікті бәйшешек, құртқашаш, қазжуасы гүлдейді. Сәуір мен мамыр айларының  бөктерлерде сары, қызыл-сарғыш қызғалдақ, сарѓалдаќ, гүлдері қаулай өседі. Көлеңкелі бөктерлер мен өзендердің алаптарында түрлі бөріқарақат, итмұрын, түйесіңір, итшо­мырт кездеседі. Сайларда кей жерлерде жаба­йы алма, долана бұталықтары сақталған. Тау-лардың бөктерлерінде негізінен  алѓанда өрік, өзектерде шығанақ еседі.

Топыраѓы құнарлы әр түрлі шөпті-бұтақты және суармалы су кезі мол белдеулерді адам­дар баяѓыда меңгеріп алѓан. Қазіргі уақытта ол жерлерде  жеке қожалық иелерінің, фермерлердің, бау-бақша, егістік пен жеміс-жидек өсіретін аймақтарына айналѓан.

Әлі тың күйінде тұрған бел-белес, тебешіктерге көктемде қала жұртшылыѓы қызғалдақ, тау гүлі, сарғалдақ сияқты гүл теруге шығады. Тау бөктерлері көктем мен қыста таптырмас жайылымѓа айналады.

О р м а н — ш а л ғ ы н д ы — шалғынд ы б е л д е у г е (1300—2800 м), Алтай мей Саянның солтүстіктік таулы жоталарына қарағанда, жаппай  орман өсіп тұрмайды. Оның солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс беткейлерінің кейбір учаскелерінде ғана ағаш еседі. Солтүстік беткейдің жайдақ жерлері мен тау асулары бітік шалғынды келсе, ал оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, батыс және шы­ѓысында құрғақ далалы белдеу өсімдіктері өседі. Белдеудің орта және жоғары бөлігінде дәнді-шалғынды әр түрлі шөп еседі. Жапырақты ор­ман өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде және теңіз деңгейінен 1300-1700 м биіктікте көп кездеседі. Онда көбінесе  жабайы алма­сы, өрік, Семенов үйеңкісі, тобылѓы мен әр түр­лі басқа да ағаштар бар. Жапырақты орман белдеуінің орта және жоғары жақтарында ал­дымен көлеңкелеу тұсында, ал жоѓары қарай ашық шығыс және батысында Тянь-шань аққайыңы мен жабайы алма аралас өседі.

А. Ж. Жанғалиевтың деректеріне қарағанда (1977) Іле Алатауының 3064 гектарында жаба­йы алма гүлдесе, оның 2400 гектарында атал­ѓан жеміс ағашы жиі тамырланѓан. Жабайы өрік 1300 га жерді алып жатыр. Соңғы 15 жыл ішінде орман шаруашылыѓы бұл жерлердің 550 гектарына мәдени алма аѓаштарын және тау­дың 786 гектарына Апорт пен оның қысқы және күзгі сорттарын отырѓызды. 46 гектарѓа өрік егеді.. Соңғы кездері ѓалымдар жабайы алма­ның бәрін жаппай «мәденилендіру» тәсілін тиімсіз деп тауып отыр. Олардың тұқымын сақтап қалу мақсатында аналыќ, ұрық беретін учаскелерді күтуге алды. А.Ж. Жанѓалиевтыњ зерттеулері бойынша (1977), біздің тауларда ерте, кеш және аралыќ, уақытта гүлдеп, ұрығы жетілетін, тозаңдануы да әр кезеңде өтетін аѓаш сорттары өсуде. Олардың жемістері де бірі ұсақ, бірі үлкен және орташа формалы, сондай-ақ ақ, сарѓыш және қызғылтым түсті болып ке­леді. Сонымен бірге ағаш діңдері ұзын, қысқа және бұтақты, олар қысқа шыдамдылыѓы, жемістілігі және ауруѓа беріктілігімен ерекшеле­неді. Егер Сиверес алмасы түр-түрі бойынша 10-нан 100 грамга дейін,   кейде   одан да   салмақтылау болса, ал олардың дәмділігі тіпті ерекше. Тәтті, қышқылтым-тәтті, тәтті-қышқылтым, қышқыл, қышқыл-ащы және тәттілеу-ащы сорттары бар. Міне — бұл көп формалылығы алмалардың тек жаца сорттарын шыѓару үшін ғана пайдаланылмайды, сондай-ақ олар­дың алмасы ірі әрі тәтті дайын түрлерін таби­ѓи жолмен іріктеп алу үшін керек. Адамдардың басты маќсаты — осындай ағаш түрлерін та­уып, жұртшылықты кеңінеп таныстыру және оларды қолдан ұрықтандыру арқылы жақсы қасиеттерін сақтап қалу. Табиғат бұл сорттарды алмасып тозаңдату нәтижөсіпде туғызды да мыңдаған жылдар бойѓы табиғи сұрыптау жо­лымен қалыптасты. Аныѓында мәуелі өсімдіктердің көптеген неғұрлым құнды сорттары жа­байы табиғаттың езінен табылып, өршіту, өрбі-ту жолымен көбейтілген және баянды етілген ѓой. Адамның міндеті — тіпті мәуелері әрі ұсақ, әрі дәмсіз бола тұрса да жабайы алманың бірде-бір түрінің жойылып, құрып кетуіне жол бер­меу. Өсімдіктер мен жануарлардың генетика қоры күллі адам баласы үшін әрдайым құнды, баѓалы екенін есте ұстау қажет.

Сиверс жабайы алма ағашы біздің тауларымызда теңіз деңгейінен 800—1800 метр биікте еседі. Ол үшін егі, қолайлы жер — жапырақты ормандар белдеуінің ортаңғы бөлігі. Бұдан жоғарырақта ол шыршалы ормандармен жанаса, ілесе өсетін аѓаш тұқымы боп кетеді, ал төменіректе жабайы алма аѓаштары бұталы-түрлі шөпті далалыќ, белдеудегі сай-салалар мен жыралардың көлеңкелі бөктерлерінің кейбір жерлерінде сақталған.

Семенов үйеңкісі — жапыраѓы күміс түсті, көптеген жебелі мәуесі бар, бөрік   бас,  желегі жайылыңқы,  діңгегі   бұдырмақты аѓаш, ол төменгі тау белдеруінде биіктігі 1000—1600 метрлік бірінші және екінші өзен жиегіндегі кемерлерде күн қыздырпатын батыс және шығыс бөктерлерінде төменгі бөліктерінде өседі. Бұл ағаш куаңшылыққа біршама төзімді. Тау жотасының анағұрлым қуаң келетін шыѓыс бөлігінде, Кіші су шатқалында мейлінше көп еседі. Басќа шатқалдарда кездеседі, бірақ бірыңғай таза ну күйінде ешқашан кездескен емес, көбінесе алма, өріс ағаштары Тянь-шань қайыңы, тал тораңғы, таутерек, нулармен қосарланып өетін ағаш тұқымы болып табылады.

Солтүстік шығыс және солтүстік батыс бөктерлерінде көбінесі таутерек өседі. Кейде жергілікті Тянь-шань қайыңдарымен араласа өседі.

Ш ы р ш а л ы -о рм а н д ы немесе т ө м е н г і альпілік белдеу (1600—2800 метр). Мұнда негізгі    орман    құрайтын    тұқым — Шренк шыршасы.    Таулардың   төменгі    бөліктерінде шыршаның жабайы алма,   өрік таутерек, қайың, Семенов үйеңкісі сияқты аѓаштармен ара­ласа өскені байқалады.   2000 метрден жоѓары биікте орманның шырқау шекарасында таза шыршалықтар, яғни тек бір ғана ағаш тұқымынан   құралған   шыршалықтар     ұшырайды. Бұл жерде өсетін сан алуан шырша түрлерінен (45 түт), Шренк немесе   тянь-шань шыршалығы биіктігі 40   метрге дейін, бөрік ба­сы, жасыл желегі аса қою, жерге дейін жетеді және пішіндері (формасы) цилиндр-колонна іспеттісінен пирамида-конус сияқтыларына де­йін кездеседі. Қылқанының ұзындығына қарай Б. А. Быков (1950) мұның үш экологиялыќ, пі­шінін атап көрсетеді: қылқалы 30 мм болатын ұзын қылқандысы, бұл пішіндес шырша кобіне-се белдеудің төменгі бөлігніде кездеседі; ортац-ғы шыршалық белдеудеи неғұрлым көп тараѓан түрі, мұнда қылқанның ұзындығы орташа (20 мм) болады жәпе орманның жоѓарѓы шека­расында өсетін, қылқанының ұзындығы 0,8— 1,2 см боп келетін қысқа қылқандысы. Қылқан ұзындығындағы бұл өзгерістер бірте-бірте ауы­су сипатында болады. Тауѓа неғұрлым биіктеп ерлеген сайын шыршаның қылқапы солғұрлым қысқара береді. Тянь-шань шыршасы бүрінің түсіне қарай: қоңырлау-күлгінкөк бүрілісі және жасыл тостағаншалы болып екіге бөлінеді. Жа­сыл тостағапшалы бүрі бар шырша Іле Алатауының жоталарында сирек ұшырайды, оның ұрықының өнгіштігі кемдеу болады. А. И. Федоров Шренк шыршасының пішінін қызыл қабықты мен сұр қабықты деп екіге бөліп көрсетеді. 3. Л. Березин (1967) шыршаның пішінін бұтақтарының тармақталу тұрпатына қарай, тараќ, тәрізді, жалѓан тарақ тақілетті, шашаққа ұқсас, сабақ-бұтақшаларының қомақты орнала­суы бойынша деген сияқты сипаттайды. Пішіні тараќ, тәрізді шыршаның бас білік ден атала­тын бұтағы көлденең көлбей тармақталмайды да үлкеи тарақты еске түсіреді: негізгі біліктен томеп қарай жіңішке бұтақшалар және жас өркендер салбырап тұрады. Жалѓан тарақ та­қілетті шыршалардан да жіңішке бұтақшалары бүйірдегі ірі бұтақтардан таралып, төмен қарай салбырап тұрады, біраќ, бұл өркендердің тармақталуы онша үлкен болмайды.

Шыршалардың көлденең бұтақтыларының айырмашылыѓы сол — бұлар көлденең көлбей бұтақтанады. Мұндай шыршалар — қарды көп ұстайды. Пішіні шашаққа ұқсас шыршалардың бұтақтары көлденең көлбей орналасады, біраќ, олардан нәзік өркендер төмен қарай салбырайды. Бұтақтануы қомақты пішіндегі шыршалар­да бірінші реттегі негізгі бұтақтардан қысқа, күпіті түрде бұтақтанатын, салбырамайтын өркендер жан-жаққа жайыла тарамданады. Шыршалы белдеудің төменгі бөлігінде (теңіз деңгейінен    1300—1900 м биікте), Іле   Алатауының ортаңғы бөлігінде шырша ормандарында тараќ, тәрізді, жалѓан тараќ, тақілетті, шашаққа ұқсас пішіндегі аѓаштар кездеседі. Ортаңғы шыршалық белдеуде  (1900—2400 м биікте)  бұтақтануы барлыќ, пішіндегі шыршалар, ал шыршалы белдеудің жоѓарѓы бөлігінде (2400—2800 ы би­ікте)  көбінесе Шренк шыршасының өркендері қомақты шашаққа ұқсас және көлденең бұтақты боп келетін пішіндегілері ұшырайды. Керік­ті көрініс аѓаштарын, жедел есетін шыршалар­ды бөлген кезде және алаштарды іріктеген кез­де шырша пішіндерінің осындай сан алуан түрде болуының селекциялыќ, зор мәні бар. Орман өсірушілер Шренк шыршасының әрбір пішіні­нен жаќсы, орташа, бәсең деген сияқты сипат­тарды бөліп көрсетеді. Орташа    аѓаштардан биіктігі 15—25%, диаметрі 50% артыќ, болатын, көршілес ірі    аѓаштардан 2—3 м биік  болатын шыршалар    жақсы   сипаттаѓы    аѓаш    деп    са­налады. Соның озінде бұлардың діңгегі тармақ-танбаған жұп-жұмыр жіңішке бұтақты, бөрік-басы ұшты болуы керек. Мұндай шыршаны ор­ман өсірушілер діңгегі   сырѓымалы    болмайды, аѓашы толыќ, құнды және тегіс   келеді деседі. Мұндай аѓаштардан тамаша таќтайлар тілуге, келтек, арқалық,    ерліктер жасауѓа,    телеграф баѓаналарына пайдалануѓа    болады.    Тік    өсіп тұрған ағаштардың көпшілігі болып табылатын, бір қалыпты жақсы дамыѓан    аѓаштар орташа сипаттағылар қатарына   қосылады. Дамып же­тілмеген майысқақ, қисық, орманның ыѓында, бүркеуінде өсіп тұрган аѓаштар бәсең сипаттағылар деп танылады.   Мұндай аѓаштар   әдетте жасаң кезінде жақсы   ағаштардың   есуіне неғұрлым қолайлы жаѓдайлар тудыру маќсатымен күтімге кесу ретінде шауып, кесіп тасталады. Шыршалардың бәрі де көлеңкеге конбіс есім­діктер, ал біздегі шыршалар неғұрлым жарық сүйгіш және қуаңшылыққа анағұрлым төзімді келеді. Кей жылдарда тауларда ылѓалдың аз болатыны соншалыќ, — ормандары топыраќ; құрғап, шаңытып жатады, шөп: атаулы қурап кетеді, ал Шренк шыршасы куйзелгендік бел­гісін де білдірмейді. Тамыр жүйесі жер бетіне жақып жататын жазыңтағы шырша түрлеріндей емес, Шренк шыршасының қуаңшылық пен қатты желге төзімділігі оның тамырларының топыраққа терең бойлайтып, жартас пен ұсақ тастар арасына кірігіп кете алатын қабілетіне байланысты болса керек. Көп реттерде шырша аѓаштары оқшау, дара өседі, жарығы мол, сирек діңгекті орман құрайды, жартастармен, тастақ шашыраңдыларымен кезектесе, алаңқай, өзек аралас жерлерде де осе береді. Тайганың шыр­шалы ормандарында жасөспірім аѓаш көлеңкеде, бөрікбасы біртегіс ағаштардың бүркеуінде жасырынатын болса, Шренк шыршасы тек күн жарыѓы түсетіп жерлерде, алаңқайларда, дала­ларда немесе сирек, қадау-қадау отырѓызылѓан аѓаштар арасында жаңарып өсе береді. Қалың орманда жасөспірім шырша болмайды: өз-өзі­нен егілген шырша тұқымының күн жарығының жеткіліксіз болуы салдарынан өнбей, құрып кетеді. Жылыѓа қатынасы жөнінен Шренк шыршасының экологиялыќ,   шайқалысы кең    көлемді болады. Ол төменгі шыршалық белдеудегі бір­шама жылы климатқа да (жылдыќ, орташа тем­ператұрасы Азов теңізінің жағалауындағыдай), жоѓары шыршалық белдеудегі өте суыќ, климатқа да (жылдық орташа температұра Ақ теңіз жағалауындағыға сәйкес болса да) төзе бе­реді.

Шырша біршама жарыќ, сүйгіш ағаш болғандықтан, оның жас өркендері қалың орманда тіршілік ете алмайды, ал орманның алаңқайлары    мен    кеңірек    далаларында жас шырша өте аз сондыќтан   шыршаның   мүншалықты өркендері кәрі шыршаларды жас оспірім шыр­шамен ауыстыруѓа әрең-әрең жетеді. Бүл шыр­ша жас кезінде   мүлде    баяу   еседі.    20 жасқа толѓанда биіктігі   бір   метрдей   ғана   болады. Шренк шыршасыпан жаңа жылдық сапалы елка алу үшін 25—30 жыл керек. Сол себепті ор­ман шаруашылыќтары   қазіргі уаќытта    жаңа жылдық елка алу үшін арнаулы плантациялар өсіреді, біраќ, бұған тянь-шань шыршасы етіл­мейді, анағұрлым шапшаң өсетін кәдуілгі шыршалар тұқымы егіледі. Ќармат тауынан әкелінген шырша тұқымы бәрніен де жеделірек өседі. Жаңа жылдық елкалардың бірсыпырасы біз­ге Сібірден әкелінеді. Орман осіру ѓылымы тай-гадағы ормандарда бөрікбасы бірдей аѓаштарды кескен кезде гектарына шыршаның 10—30 мыңдай жас өркендері болатынын анықтады. Ағаштың діңгегі жуан әрі биік боп, жалпаќ, тақтай тілуге жарайтын боп толық жетілген кезін­де ец қалың орманда гектарына 1—2 мыңға жуыќ, шырша аѓашы сақталады. Орманды күту, баптау ретінде, орманның пайдасы үшін ағаш кескен шақта, міне, осы жас шыршалар жаңа жылдық елкаға арналып ішсін алынады да жан-жаққа   таратылады.

Іле Алатауындағы аласа ағаштардың құрамы да тік белдеулікке байланысты болады. Тау биіктеген сайын 1700—1800 метр биікте өрік, бөріқарақат, Семенов үйеңкісі, долана, жабайы алма кездеспейді. 2000 метр биіктен жоѓарыѓа қайың мен таутерек те көтерілмейді. Олардын; орнына тянь-шань шетені пайда болады, бұл ортаңғы шыршалық белдеудің (2000—2400 метр биіктеп) негізгі көрсеткіші. Бұған үшқат, тал, таңқурай, итмұрын қосарласады.

2400—2600 метр биікте шырша ормандарының аласа аѓаштарына немесе аѓаштар кесіп алынѓаннан кейін негізгі ая тал болады, рас, шетен мен ұшқат та кездесе береді. Жоѓары шыршалық белдеулерде (2000—2800 метр биік­те) шырша орманы сиректей береді, оның ыѓында арша жастығы немесе косілгіш арша кездеседі. Оқта-текте арша бұталарының ара­сында полярлық үшқат (ырғай) еседі. Сібір ар­шасы мен Тұркістан аршасы кейде бұдан то-меніректе, оңтүстік эксиозициялардың бөктерінде кездеседі, әйтсе де олар жоѓары шыршалық белдеуде негізгі ая болып қала береді.

Төменгі альпілік немесе ормандық белдеу деп, солтүстік экспозициялардың, бөктерлеріндегі ормандар мен тау шалѓындарының кезектесуін айтамыз. Тамаша жайлаулар, әсіресе бүкіл Тянь-Шаньға даңқы жайылған Асы, Қарқара жайлаулары осы араларда.

Тарғақшөп, сұлыбас, бидайық, хош иісті қияқ таѓы сол сияќты жалпақ жапырақты және жұмсақ шөптерден қүралған шөптектес осім-діктер ормандық белдеудегі негізгі ая болып та­былады. Бүл бағалы шалѓындар кей-кейде мал­ды ұзақ уақыт бойына және ретсіз баѓып жай-ғапдықтап оцін өзгертіп те жібереді, ойткені қорек қьтлуға жарайтын өсімдіктің бәрін мал жеп қояды да шалғынның орнына доѓал, көріксіз арамшөп ќаптайды, атап айтқанда, алып ит­табан, бәрпе, маралоты, сарғалдаң, таѓы басқалары. Бүларды мал жемейді, ал бәрпе мен сар-ғалдақты жесе, уланып ңалады. Мал жаюды ұзақ мерзімге тоқтатса, ең жақсысы тұқымы пісіп жетілмес бұрын ќурайларды шауып алса, бірнеше жылдан кейін алғашқы шөп түрлерінің балғын шалғындықтары қайтадан қалпына ке­леді. Арам қурайлар негізінен алѓанда түқым арқылы, ал астықтектес шөптер тұқыммен қатар тамырларын тереңге бойлатып, жас өркендерін өршіту арқылы қалпына келіп, жаңғыруы мүмкін.

Орман белдеулігінде оңтүстік экспозициялардың бөктерлері жарқабақты келеді, жартас-тар, жай тастар сыртқа, жер бетіне шығыңқы болады. Бұларда бүталық-далалық белдеудегі жәие анағүрлым дымқыл орман белдеунідегі шөп түрлері еседі.

Оқта-текте мұнда тобылғы атжалдарын, итмұрын мен қылшаның көптеген түрлерін көруге болады. Жартастар маңында, жалаңаш граниттер жарықтарында жалпақ та балғын жапырақты көкемарал, шалқанша өседі. Ұсаң то­пыраќтарда боз, бетеге, ақкекіре, жерқонақ ұшырайды.

Орман тұрпаттары. Іле Алатауындағы ор­мандар аѓаш тұқымының қурамы бойынша ажыратылады. Мүнда 95,3 мың гектар шырша ормандары, Сиверс жабаны алма ағаштарының тоѓайлары, таутерек ормандары бар, ңайың, орік, шырѓанаќ, өседі. Соѓыстан кейінгі жыл­дарда орман осірушілердіңтаудағы қиыіг жағ-дайлардағы қажырлы ецбегілің арқасыида 1400 гектар алацға кәдуілгі қарағай, 649 гектар жер­ге Шренк шыршасы, 50 гектарѓа жуық жерлер­ге орік аѓаштары отырѓызылып, өсірілді.

Табиѓи ормандар мен қолдап егілген ормандардың бір-бірінен айырмашылығы жасына , толыңтығына (яѓни селдір, орташа толық, қого, қалың ормандар), құрамына (бір түқым-нан ңұралған таза орман, бірнеше тұқымнан құралған аралас орман), өнімділігіне немесе бағалылығына, яѓни жасына байланысты биіктеп осу шапшаңдығына қарай айқындалады: 1 ба-ғалылық — неғұрлым жедел осу және 100 жас­та 30 метр биік болуы; II баѓалылыќ, — биікті­гі 26 метрге дейін; III бағалының —23 метрге дейін; аласа бойлы IV бағалылық —17 метр, V бағалылық —14 метр, ал V а және V б бағалы-лықтар мүлде аласа, биіктігі 10—13 метрге де­йінгі аѓаштар. Майда тоѓайлар қүрамы және топыраќ, беті (мүк-өсімдіктері) бойынша орман-дардың мұндай сап алуан түрлеріп XX ғасыр-дың бас кезіндегі орман осіруші ірі маман Г. Ф. Морозои аѓаш есімдіктерін зерттеуге және ондірістік-шаруашылық мақсаттарына қолайлы болуы  тұрпаттық (типтік) топтарѓа бөлуді үсынды. Орман тұрпаттары женіндегі ғылымның даму   тарихы күрделі    мәселе, мұның озі негізінен алѓанда орман өсірушідер мен геобо-таниктерді ғана    қызықтыруы    мүмкін, ал тау әуесқойлары үшін Іле Алатауының жоталарындағы орман тұрпаттарымен    танысудың өзі-ақ жеткілікті. Солтүстік Тянь-ІПаньнің тауларын­даѓы ормандардың   тўрпаттары   жонінде Б. Л. Быков (1939)    пен   И. Г. Серебряков    (1945) үлкен және жан-жақты    зерттеу    жұмыстарып жүргізді. Б. А. Быков 1950 жылы «Тянь-Шань-нің шырша ормандары, олардың тарихы,   өзгешеліктері және   технологиясы» атты   моногра­фия жариялады; бұл монография осы күнге де­йін Тянь-Шань ормандарыньщ тандаулы сурет-темесі болып табылады. Б. А. Быков ормандар­ды 48 тұрпатқа   бөліп, орман    тұрпаттарының мынадай алты тобына біріктірді: аралас шыршалықтар, мұнда шырша алма аѓаштарымен, терекпен, тянь-шань қайыңымен, тау терекпен, талмен, шетенмен араласа еседі; мүкті шыршалықтар — бұлардың құрамына ірі мүкті шыршалықтар, бұта мүкті шырша­лықтар, ұсақ мүкті шыршалықтар және шөп мүкті шыршалықтар кіреді;

Шөпті шыршалықтар, бұлар бұталы-шөпті шыршалықтардан және түрлі шепті шыршалықтардан құралады;

қыналы шыршалықтар, бұлардың қүрамына таза қыпалы шыршалықтармен қатар орманның шөпті-қыналы тұрпаттары енеді;

аршалы шыршалықтар орманның   бір   ғана тұрпатынан— аршалы    шыршалықтан түрады; қарағанды шыршалықтар. Ормандардың бұл    тұрпаттарының теориялық құндылығы күмәнсіз; мұны ботаниктер мен орман өсірушілер ғылыми зерттеулер үшін пай­даланады. Қазақстандағы жапырақты ормандар белдеуіндегі ормандардың тұрпаттарын зерттеу істерімен    В.И. Инфантьев, А. Ж. Жанғалиев, В. М. Глазырин шұғылданды.

Биік шөпті таутеректіктер Іле Алатауының батыс бөлегінде неғұрлым кен орналасқан. Олар жаппай ормандық болігі түтасып тұрған жоқ, тек кішігірім танаптар түрінде теңіз деңгенінеи 1200—1600 м биікте солтүстік экспозициялардың бектерлерінде шашырай таралѓан. Таутерек атты: бүтақшалар тектес, оның орташа биік­тігі 50—30 жасында 15 метр болады. Кобіпесе III — IV бағалылық санасындағы таутеректер басымыраќ,, ойткені солтүстіктегі, суыққа бірша­ма төзімді осы ағаш тұқымының бұтақтары біздің жаѓдайымызда көктемгі қыраулы ызғарда зияндап та қалады. Таутерек ормандықтарында олармен араласа өскен тянь-шань қайыңы, ал­ма, шетен, долана аѓаштары да кездеседі. Әжептеуір сирек ұшырасатын майда тоѓайлар­да — тобылѓы, мойыл, итмұрынның алуан түрлері, бөріқарақат , қарақат, таңқурай, үшқат  даѓдылы өсімдіктер. Осы бұталардан құстардың неше тұрі ездеріне пана әрі қорек табады. Орманның бүркеуі астындаѓы әртүрлі дәнді шөптердің жаппай тұтаса қаптап жатуы ағаш тұқымдарының жаңғыруын қиындатқанымен жабаны жануарларѓа тамаша қорек болып табылады.

Биік шөпті алма аѓаш ормандары жапырақ­ты ормандар белдеуінің (1200—1600 м биіктегі) төменгі белегіне орналасқан, бірақ кей-кейде күіт көзі жаќсы жылытатын бөктерлерде теңіз деңгейінен: 1800 м биікке дейін көтеріледі. Мұндағы негізгі түқым — Сиверс жабайы ал­масы, буларѓа қосарласа есетін серіктері дола­на, жабайы ерік, ал кейде таутерек, тянь-шань қайыңы, Семенов үйеңкісі, тал, шетен кездесе­ді. Орманның бұл тұрпаты — парктік сипатта. Алма   ағаштарының    жекелеген     атжалдары азынаудан, көлеңкелі бөктерлердің төменгі бөліктеріне шашырай таралѓан, солтүстіктегі дымқыл, суық бөктерлерді шыршалықтар ием­денген, тау озендерінің алқаптары мен сатылы кемерлерінде алуан шөпті дала шалғындықтарында таутерек пен қайың араласа бекей. Көктемде май айының орта және аяқ шенінде гүл атқан аѓаштар мен белуардан келетін алуан түрлі биік шөп тынығушыларды ќызыќтырып, көз ќуантады. Алайда қоңыр күз бен ерте кек-темде айналада қураған адау шөп барында ор­ман өрті шыѓу ќаупі ќаншалыќ, күшті екенін де есте үстау қажет.

1936 жылы орман осіруші, профессор А. А. Битрих Алматы мемлекеттік ќорыѓы орманда-рының тұрпаттарын белін суреттен жазуѓа тұнгыш әрекет жасаѓан еді. Амал қанша, оның қолжазбалары жарияланбай қалды, бірақ Іле Алатауының орман өсірушілеріне кеңінен мәлім және 1950—1960 жылдардағы жерге орна­ластыру материалдарында келтірілген. Алайда орман тұрпаттарын суреттеген А. А. Битрих зерттеулерін ќолдану, экологиялыќ, негіздер болмағандықтан және орман тұрпаттары биіктік климаттың орман өсімдіктерінің белдеулерімен байланыстырылмағандықтан, қиынға соқты.

Іле Алатауының ормапдық-шалғындық белдеуінің    шыршалық     ормандары    белдеушөсіп биіктік-климаттық өңірлерге бөлудің негізіне Д. Б. Боробьевтің климат сарындары тұралы ұсыныстары (1966—19(І7) алынды. Алматының, Медеудің, Горельник сағасының, Жоғарғы Горельниктің, Үлкен Алматы көлінің, Мыңжылқының метеорологиялыќ, станцияларыныд де­ректері бойынша, яғни 848 метрден 3036 метрге дейінгі нақты биіктік колеміндегі орман белдеуін біз мынадай биіктік-климаттық танаптарға белдік, осы бөліс шеңберінде орман түрпаттарының суреттемесі келтіріледі.

Ш ы р ш а л ы — т а у т е р е к т і — ш е т ен д і (төменгі шыршалық) танап — теңіз деңгейінен 1550—1650 метрден 1950—2050 метрге дейінгі биікте. Жаѓымды температұраның орташа айлық қосындысы 64 градустан 84 градусқа дейін. Жауын-шашышынның орташа жылдық қосындысы —843 миллиметр, ауанын, Жылдыќ, орташа температұрасы —3,96 градус жылы, вегетациялыќ, (осу, даму) кезеңнің үзақтығы — 154 күн. Жазы қоңыр салқын, июль айындағы температұра 14—18 градус. Қысы шамалап қана суық. Январь айындаѓы орташа температұра 6,9 градус. Барынша суыѓы 21 гра­дус, барынша жылысы —24 градус. Бүл өңірде орманның әртүрлі тұрпаттары кездеседі. Солтүстік бөктерлерде өңірдің төменгі бөлегінде ба-ғалылығы III кластық таутеізекті шыршалық өседі, бұлар томенгі шыршалық өңірдің жоғарғы бөлігінде бағалылығы III кластық, оқта-текте II кластық таза шыршалыққа    ауысады.

Дымқыл шалғындық-аллювиалдық топырақтағы, немесе өзен бойындаѓы жер асты суы жақын жатқан тастақты қабаттамалардағы, бағ а л ы л ы ғ ы ІІ-ІІІ к л а с т ы қ  а л қ а п т ы қ- өзен б о й л ы қ шыршалықтар ені 5—30 метр кеңдіктегі тар) өңір түрінде кездеседі. Май­да тоғайлықтарда тал,   ұшқат, шетен, итмүрын өседі. Селдір   шыршалықтың    саясы    астында әдетте айрауыќтан,   бидайықтан,   тарамданған итқонақтан, күреңоттан,    қазтамақтан, маралотынан, рауѓаштан, тағы баспаларынан құралған, биіктігі 1 метр келетін алуан тұрлі астықтектес шөптер орналасады. Шыршаның жеткін­шек және жас өспірім    өркендері көп    өршиді, біраң оларды мал немесе   тынығушылар та нан тастайды. Өзендердің алќаптарында колемі бір проценттен аспайтын осы    тұрпаттағы    орман­дарда да (Тянь-Шаньда Алтайдағыдай езендердің жалпақ алқаптары    болмайды)  мал айдай­тын даңғыл жолдар, тынығушылардың көпшілігі өтеді.

Жайбар     бөктерлердегі     астың-тектес т ү р л і шөпті    шыршалықтар пролювиальдік кабаттамаларды   немесе орманды-шалғынды терең профильді    тың    топырақтардағы, алаптар үстіндегі    ежелгі сатылы ке-мерлерде еседі. Бағалылығы I және II кластыќ; жоѓары онімділігімен кезге    түседі. Аѓаштары­ныњ биіктігі 30—40 метрге жетеді. Жаратылы­сында діңгектері кадау-қадау    алшаќ, тұратын ормандардағы топ-топ аѓаштар шебі бойлап өскен тамаша шалғындықтар    арасына орналас­ќан. Неғұрлым   оңай ќол жетерліктей   болғандықтан, өте селдіреп кеткен және кей реттерде орман өсірушілер оларды   қайта егіп, қалпына келтірген. Біздін;   тауларда жайбар    бөктерлер аз, орманның   бұл   тұрпаттылары   орналасќан алаң келемі 5    проценттен    аспайды.    Тыныѓу үшін ен, тандаулы орындар: тау    шалғындары, асқақы, айбарлы шыршалар, қолайлы бөктерлер осы арада.

А л м а- долана аѓаштары аралас шыршалықтар тау қара топыраѓында, өзен алқаптарында, алаптар үстіндегі ежелгі саты­лы кемерлерде және 1300—1600   метр биіктегі бөктерлердің төменгі бөліктерінде өседі. Бұларда шыршалардың, алма, өрік ағаштарының, тау қара топыраѓындаѓы биік шепті шалғындардың биотоптары кезектесіп жатады.    Көбінесе анағұрлым жылы болатын батыс және шыѓыс бөктерлерге орналасады. Мұндай түрпатты орман­дарда адамдардың мәдени қызметі айқын байқалады: мәдени сорттарды телу арќылы жаба­йы алма аѓаштары асылдандырылған, көптеген орман даңылдары баршылыќ,.    Мұндай тұрпатты орманда қала маңындағы орман шаруашылығының шыѓыс жаќ, болітінде, Талѓар, Солдат сайларыпда, Тасты    шатқалда    жиі    кездеседі. Шыршалар    арасында    Сиверс    жабайы    алма ағашының нуларып және қолдан отырѓызылѓан бақтарды кездестірудің өзі    ѓажап. Биік тауда суық климат жаѓдайында    есетін Шренк шыр­шасы мен біршама жылылықты сүйетіп апорт, жабаны алма, өрік қатар өседі. Мұндай тұрпатты ормандарда әрдайым тынығушылар, жеміс, жидек терушілер кен болады. Өкінішке қарай, сындырылѓан бүтақтар да көп    болады, себебі тынығушылар табиғатқа үнемі    сақтықпен қа­рай бермейді.

Б а ғ а л ы л ы г ы I I -I  к л а с т ы қ  қ ы р ы қ — қ ұ л а қ т ы   ш ы рш а л ы қ т а р     жарқабақты бөктерлердегі қоңыр түсті тау-орман топырақ-тарында өседі. Әдетте биотоп түріпде орналаса­тын орасан зор шыршалардың арасында қырыққұлақ кездеседі, мұның өзі жер   астындағы су сол бектерді едәуір ылғалдандырып    тұрѓанын көрсетеді. Мұндай тұрпатты  орман сирек кез­деседі, біз оны Кіші Алматы шатқалынан тап­тыќ, Жарқабақты   бектер,   жер бетін   жапқан биік қырыққұлақ, өралуан    шөптер әдетте тынығушыларды онша қызықтыра қоймайды.

Мұздық қозғалысынан пайда болған тау жыныстары сынықтрының үйінділеріндегі, бағалылығы ІІІ және IV кластыќ, астықтектес бұталы шыр ша л ы қ т а р қоңыр түсті тауормандық ұсақ тың топы­раќтарда өседі, ол бөктерлерде және әуелгі мұз­дану дәуірінде пайда    болѓан тау    жыныстары сынықтарының ежелгі үйінділерінің тауаралық ойпаңдарында орналасқан.    Мұнда әртүрлі шөптері бар екпе шырша орманы еседі, жанаса оскен шетен, итмұрын, тау талы, ұшқат, таңқурай, қарақат жемістерінің майда тоғайша-лары кездеседі. Тау жыныстары сынықтарының үйінділеріндегі шырша   орманы төменгі    шыршалықты танаптарда онша үлкен емес. Мұндай шыршалық бұрынғы    тұристік база Горельник пен Тұрген шатқалында    табылды. Өзендердің бас жақтарында мұзданудың соңғы және қазіргі дәуірлерінде пайда   болѓан тау   жыныстары сынықтарының үйінділерінде шыршалықтар да кездеседі. Бұның   топыраѓы жаппай   тастанды, орманда рының онімділігі аз.

Баѓаылығы ІІІ-ІІ класты таутерек шыршалықтар  терең профильді қо-ңыр тусті тау-ормандық топыраққа орналасқан. Мүндай ормандардың құрамы аумаѓы бойынша 70 пайыз шырша, 30 пайыз таутерек, 5 проценттен де кемірегі тянь-шань қайыңы. Іле Алатауының орталық болегіндегі мұндай тұрпаттаѓы орман­дар теңіз деңгейінен 1300 м биіктікке дейін төмендейді де 1900 м биіктіктен жоѓары көтерілмейді. Орман саясының астында долана, қарақат жемістерінің қадау-қадау майда тоғайша-лары, жалѓыз-жарым алма аѓаштары ұшырай­ды. Белуардан келетін әр алуан биік шөп топы­раѓын жалпылама жатқан. Әдетте таутерекпен қайың аѓаштары шыршаның жаңаруына септі­гін тигізеді, бірақ топырақтың берік шымдануы бұғап кедергі жасайды. Сиректеу отырғызғанда гектарына мыңға дейін жас шырша орналастыруға болады.

Таулардың төменгі жаѓында орналасқан тау­терек шыршалықтары әсіресе күздігүні, жапырақтары сарѓайѓан кезде оте көрікті болады. Тынығушылардың өте көп болуы бүл тұрпатты ормандарды заңымданғыш етеді, сондықтан бұларға ұқыпты қарап, жақсы сақтау қажет.

Жарқабақты бөктерлердегі, толық профиль­ді қоры түсті тау-орман топырақтарындағы, бағалылығы III және II кластық мүк-шөптектес томенгі таулыќ, шыршалықтар солтүстік эксиозициялардың мол көлеңкеленген суыќ, бөктерлерін иемдеген. Бүл — толымдылығы жоғары орманның түпкі түрпаты. Жетілген екпе ағаштардың биіктігі 24—28 метр, адамның кеудөсінен келетін биіктіктегі диаме­трі 30—40 сантиметр. Діңгегінің төменгі жаѓы бүтақтардан ада, өйткені қою ормандарда көлеңке күшті болуынан шыршаның қылқаны со­лып қалады, ұсақ бұтақтары қурайды, орман осірушілердің айтатынындай, діңгектер бұтанақтардан табиѓи жолмен арылады. Нәтижөсіпде бүтақсыз, толымды діңгекті қүрылыс ағашын аламыз, мұндай ағаштардың біркелкі орналасқан жылдық жіңішке сақиналылары музыка аснантарын жасау үшін үн шығарғыш мате­риал есебінде пайдаланылады.

Шетен, ұшқат, итмұрын жемістері ағаштарының майда тоғайшалары сирек, күн жарыѓы көп түсетін алаңдарда еседі. Негізгі аясы — ұсақ мүк түрлерінен құралғап, қуатты 3—-7 сантиметрлік жасыл мүк. Мұпың арасында си­рек орналасқап рауѓаш, қазтамақ, ноғатық, ара­кідік, сазантілі сияқты жалпаќ, жапырақты шөптектес өсімдіктер оқта-текте кезігіп қалады.

Шыршаның табиѓи жолмен жаңғыруы оте си­рек. Кей-кейде жас шыршалар орман саясы-ньщ «саңылауында» және орманның күн жарығы түсетін алаңқайларында ұшырайды.

Мүкті-шөпті шыршалықтар    бұрын    негізгі пайдалану қоры болып келген еді. Бұлар қазір адамның баруы ќиын жекелеген   шатќалдарда ғана сақталған. Әдетте тынығушылар бұл жер­лерге сирек келеді: әрі    суың, әрі дымқыл ѓой. Оңта-текте бұл араларға сақырауқұлаң  (қозы-құйрық)  терушілер келіп қайтады. Ағаштарып жиі іріктеп шабу нәтижесніде    орман селдіреп қалғаннан кейін орманның қысқатуынды тұр­паты қалыптасқан — толымдылығы 0,2—0,5 бо­латын бұталы шыршалықтар (колемінің 80 про­центтен 50 процентке дейінін ағаштар арасын­даѓы саңылаулар алады,    қалған көлемі бөрік-бастарының  (желектерінің)    аумаѓына келеді) пайда болған. Қалыңдығы орташа майда тоғай-шаларда тянь-шань    шетені, ұшқат,    итмұрын кездеседі. Күн жарыѓы кобірек түсетін солтүс-тік-батыс және солтүстік   шыѓыс   бөктерлерде майда тоғайшалар құрамында    ұшқат    пен ит­мұрын басым болады, ал   неғұрлым   көлеңкелі жағында — шетен, аракідік,    тау    талы    өседі. Түп-түп аѓаш аралыѓында    ңалыңдығы орташа маралоты, қазтамаң, көде, ноғатың және басқа шөптер еседі.

Бұталар шыршаның табиғи жаңаруына қо-лайлы жаѓдай жасап, шөптектес өсімдіктерді өсірмей тастайды. Тауларда кеңінен таралѓан бұталы шыршалықтар жас шыршалар осіру ар-ңылы орманның кәрі ағаштарын табиғи жолмен ауыстыру үшін қысқа-туынды ормаішың не­ғұрлым қолайлы тұрпаты болып табылады. ,Желектері нақ жерге дейін сырғи өскен әсемшыр-шалардың қызыл мәуелі шетен бұталарымен орайласуы, араларында сымбатты жас шыршалар  бой    түзеуі — тынығушыларды    орманның осы тұсы неғұрлым көп тартады.

Астық т е к т е с-т ү р л і шөпті шыршалықтар орманның үзақтуынды тұрпаты болып табылады. Мүкті-шөпті шыршалықтардың тым селдіреп кетуі жәие орманда кептеп мал бағылуы салдарынан осындай шыршалықтар пайда болѓан. Батыс, шыѓыс жөне солтүстік экспозициялардың күн көзінен неғұрлым мол жылу алатын бөктерлерніде астықтектес-түрлі шөпті шыршалықтар, сірә, орманның түбегейлі типі (тұр) болса керек. Орманның саясы ас­тында астықтекте түрлі шөпті шалѓындар жер бетін жалпылама жауын түр, осы шөптер ара­сында анда-санда итмұрын, ұшқат, тобылѓы, тал бұталары кездеседі. Топыраќ, тым шымданып кеткен, мұның өзі шыршаны жаңғыртуға кедергі келтіреді. Сондықтан көп реттерде бұл тұрпатты орманда диаметрі кең, ұзақ тұрып, қатайып қалған ағаштар кездеседі де жас шыр­шалар аз ұшырайды.

Орманды түпкі қалпына келтіру үшін жүздеген жыл қажет, сондықтан көбінесе астық­тектес-түрлі шөпті шыршалықтар тұрақты-туынды орман болады, мұнда ормашның алгашқы бейнесі адамның көмегінсіз қалпына келе алмайды. Мұнда аѓашты таптап, бірте-бірте кесу жұмыстарын жүргізу ңажет болады. Танаптарға орман дақылдарын отырғызған жөп. Астық тектес-шөпті шыршалықтар малды жайып баѓатын жайылымдарға айналады. II. 15. Павлов (І948) пен Б. А. Быков (1950) аралиры алшақ тұратын астықтектес-түрлі шөпті шыршалықтардың Тянь-Шаньда кеңінен өрістөуі мұнда мал бағуды көптеген ғасырлар бойына ешкім реттемегендігінен, мал бағуға шамадан тыс қолданылгандыгынан деп пайымдайды. Тік жарқабаңты бөктөрлөрге тынығушылар көп қызықпайды, біраќ, мұнда әрдайым шопандар бо­лады, солдықтан қоңыр күзде, ерте көктемде, орманда ңураған биік шөптің көп кезінде мунда өрт шыѓу қаупі айрықша күшті болмақ.

Төменгі-шыршалық белдеуіндегі жартасты  ш ы р ш а л ы қ т а р біршама сиреп кездесе­ді бұларға тән сипат сол — тік-тік жартастар мен шөгінділер арасында үздік-үздік топырақта жалғыз-жарым шырша өседі. Жартастардың жарықтарына ылѓал мен ұсақ топырақ жинала­ды, сондықтан орманның бұл түрпатында топырақта субстрат (қорек ортасы) болуына қа-рай бағалылығы III кластық ірі ағаштар да, бағалылығы V кластық өте үсақ ағаштар да кездесуі мүмкін, біраќ, орта есеппен алѓанда мұнда бағалылығы IV кластық ағаштар өседі. Төменгі шыршалық белдеу ормандарының тұр-паттарып су реттеуді аяқтай келе айтарымыз: мүнда ормандар адамның ықпалынан қатты өзгеріске үшыраған; бөктерлерде сатылы кемерлер жасау, жолдар салу жүмыстары жүргізілген, кордондар, бригадалар, фермалар, орманшылықтар, демалыс үйлері, санаторийлер, мал шаруашылыѓы фермалары орналастырылѓан. Жабайы алма аѓаштарына қолдан шыѓарылѓан сорттар телініп, асылдандырылған, қайың, қарағай тоѓайлары егілген, отырғызылған, тынығушылар аса көп,— осының бәрі есімдіктерге артылатын жүктемені азайту қажет екенін көрсетеді; таулардағы көркем табиѓат көріністерін: әсіресе төменгі тау-орман белдеуіндегі аѓаш, бүта тұқымдарының алуан-алуан әсемдігін байқап-байқап өзгерту ңажет сияқты. Ортацғы таулық, биік таулыќ, деп аталатын орман белдеулері таза шырша аѓаштарынан тұрады. Мұнда, әрине, ормандар онша тартымды емес, аздан бірсарыидылық байқалады, біраќ, мұның есөсіпе шыршалары анағұрлым сындарлы, діңгектерінде қисың бүтақтар аз, ағаштық санасы жоѓары.

О р м а н н ың  ш ы р ш а л ы — м ү к т і — ш е т е н д і (о р т а ң ғ ы ш ы р ш а л ы қ) т ұ р п а т т а р ы н ы ң ы ң б и і к т і к — к л и м а т т ы қ комплексі нақты биіктігі 1050—2050 метр­дей 2400—2500 метрге дейінгі тау өңірлерін алып жатыр, климаты біршама суыќ, жөне ыл­ѓалды. Июль анындағы орташа температұрасы 10—14 градус, жауын-шашын жылына орта есеппен 881 миллиметр шамасында. Қыс бірша­ма салқын, январь айындаѓы температұра 7—10 градус суыќ,, ең әрісі —24 градус аяз. Өсу-даму дәуірінің үзақтығы 129 күн, жауып-шашып бу көрілуінен аздап асыңқырайды. Шренк шыршасы үшін бұл ең жоѓарѓы шек. Мүнда биіктігі 42 метрге дейінгі аѓаштар кездеседі, шырша ағаштарының өнімділігі топырақ қабаттарының қуаттылығына, бөктерлердің тастақтылыгына, карқабақтылығына қарай, бағалылығы I кластан IV класқа дейін өзгереді. Орманның түпкі тұрпаттары — мүкті шыршалықтар, тастақты мүкті-шөпті шыршалықтар және олардан туындаѓан шетен шыршалықтары мен шалғынды шыршалықтар кеңі-нен өрістеген.

Ортаңғы-шыршалы мүктішетенді өңірде Іле Алатауының жоѓары сапалы құрылыс ағашын беретін ормандықтары колемінің 50—60 пайыз шоѓырланѓан Бір кездерде мұның өзі Іле Алатауы жоталарынын, орманды пайдаланудың неғұрлым енімді өңірі болатын. Қазіргі уақытта орманның бүтін тұрған танаптары адамның баруы қиын, жолыжоқ шатқалдарда ѓана оқта-текте кездеседі. Сондықтан Іле Алатауының барлыќ, ормандары ерекше қорғаудағы ормандардың I тобына жатқыаылын, буларда негізгі пайдалану мақсатына аѓаш кесуім тыйым салынған; Орман өсірушілер мўнда  орманды  қалпына келтіру жонінде зор жұмыстар жүргізуде. Таутерек, алма-долаыа аѓаштары, қырыңқүлақ шыршалықтары бұл белдеуде кездеспейді, алқаптардағы, өзендер бойындағы, жайбар бөктерлердегі парктік шыршалықтар мен тау жыныс­тары сынықтарының үйіиділеріндегі шырша-лықтардың томенгішыршалық өңірден айырмашылығы сол — бұлардың онімділігі арта түседі, орманды табиѓи жолмен жаңғырту ісініп, жайы-күйі жақсырақ, ойткені шөптектес өсімдіктердің құрамында дәнді шөптердің қатысуы кемиді де рауѓаш, қозықұлақ, ңазтамақ, марал­оты, Гмелин ноғаты сияқты шөптерден құралғаи алуан тұрлі орман шөптері кобейеді. Тынығушылар мүнда азыраќ, біраќ, саңырауңұлақ көп болады. Сондықтаи ортаңғы-шыршалық өңір саңырауқұлақ терушілердің, бір кездерде­гі ағаш кесушілердің, ал қазір орман күтушілердің, яғни жас ағаш егушілердің ордасы. Шьңға шығушылар мен саяхатшылар, серуеншілер бұл аралардан альпілік шалғындарға, мұздықтарға бара жатқапда ғана отіп кетеді, сон­дыќтан шыршалықтарға ерекше күшті ықпал жасай алмайды. Мұнда ірі мүк түрлерінің мүкті шыршалықтары мен тастаќты, мүкті-шөптектес шыршалықтар және осылардан туындайтындар неғұрлым көп таралған. Жарқабақтьг бөктерлердегі бағалылығы III кластыќ, мүкті шыршалықтар солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс экспозициялардың 30—40 гра­дустыќ, тік жарлауытты, аса колоцкелі бөктерлеріндегі қоңыр түсті тау-орман топырақтарында еседі.

Бұл — тұтасқан, толымды, сапалы ормандар, бұлардың саясында ірі мүкті жасыл мүк және басқалары өседі. Бұлардың арасында сазантілі, қозықұлақ, рауғаш, арыстаноші, қазтамақ, Гмелин ноғатығы, сүтжапгітрақ аз кездеседі   Орман шөптері түрлерінің бұл тұрғылас өкілдерінің биіктігі 5—10 сантиметрдей ғана, орман сая­сында гүлдемейді, топыраңты шымдандырмай-ды. Осының бәрі мынаѓан селтеседі: мүндай есімдіктер әдетте орманның жаңғыруына кедер­гі келтірмейді.

И. С. Мелехов «Типология вырубок» атты кітабында орман аѓаштары кесіп алынѓаннан кейін немесе екпе аѓаштарды мейлінше сиреткішінен кейін аѓашы кесілген жерлердегі осімдіктердің ауысуын әбден талдап көрсеткен. Автор Солтүстік Тянь-Шанының шыршалықтарында аѓаштарды кесу түрпаттарын егжей-тегжейлі талдаѓан.

Тік есіп тұрған аѓаштары кесіп алынѓаннан кейінгі бірінші жылда мүкті шыршалықтағы орман саясында есіп отырѓан рауѓаш, сүтжапырақ, ќазтамаќ,, арыстанөші, маралоты, күшала және басқа өсімдіктер күйзелу, тұңыру күйінен арылып, гүл атады, түқым түйнейді. Биіктігі 30—40 сантиметр келетін шөптектес өсімдіктердің топырақ бетін жабу дәрежесі 10—20 про­центтей. Орманның аѓашы кесілмей тұрѓанда жер бетін қалыңдығы 10—15 сантиметр келе­тін, түкті кілем іспетті жалпылама жауып жатқан мүк жабыны аѓаштарды құлатқанда, сүйреткенде қатты зияндап, топыраңпен араласып кеткен де тікелей күн козінің жарыѓында мүлдем дерлік қурап қалғап. Мүк жабынның то­пыраќ, бетін бүркеу дәрежесі 10—30 процентке, ќуаты 2—5 сантиметрге дейін кеміп кеткен. То­пыраќ, бетіндегі жанды жабынның бәсең дамуы, топыраќпен араласќан борпылдаќ, тосеніш аѓаштары кесіп алынѓаннан кейінгі алѓашќы жылда ормапның табиѓи жолмен жаңғыруы үшін немесе топырақты: әзірлеуге ең аз шыѓып жұмсай отырып, орман күту жүмыстарып жүргізу үшін қолайлы жаѓдайлар жасайды. Алайда көптеген шырша    өркендері    шырша үшін  тұқымдық жыл деп    саналатын жылдарда  ѓана, яѓни    орманның    аѓаштарын кесу   жұмыстары шырша тұқымдары ішкеннен кейіп қоңыр күзде немесе қыста жүрзгізілгенде ѓана өніс береді. Тік өсіп тұрѓан ағаштарды    кесіл алѓаннан кейінгі екінші жылда көлеңкеге   кендем шөптердің бәрінің, әсіресе рауѓаш, күшала, марал­оты мен ңазтамақтың   биіктігі 60   сантиметрге жетеді. Бүларға бұршақ  тәріздес погатық, тоғай бүлдірген    және    астық тұқымдас  шөптер: қойкөде, бидайық, үлпілдекті қысқааяқ, тарамданған итқонақ, тарғақшһп, сулыбас, таѓы басқалары қосылады. Алайда түр құрамының мо­лаќты топырақта шөптектес өсімдіктердің жал­пылама қаптап кетуіне әкеп соқтырмайды, астық тұқымдас шөптер әзірше басым   жағдайда бола қоймайды. Шыршаны жаңғырту үшін не­месе орман күту жұмыстарып жүргізу үшін қанағаттанарлықтай шарттар туады.

Тік — өсіп тұрған аѓаштарды кесіп алғаннан кейінгі үшінші жылда бұрын ағаштардың бөрікбастарынан (желектерінен) күннің көзін кө­ре алмай келген өсімдіктер орман саясында менлінше дамып, биіктігі 1,2 метрге жетеді. Астықтұқымдас шөптер енді түр құрамында елеулі орын алады, бірақ топыраќ бетін өсімдіктердің ќаптау дәрежесі әлі 70—80 пайыз қана болады. Шыршаны жаңғырту немесе ор­ман күту жұмыстарып жүргізу қиындай түседі.

Биік сабақты астық-тұқымдас-түрлі шөпті өсімдіктердіңмықтан да­муы топырақтың жаппай шымдануына әкеп соқтырады да астықтұқымдас-түрлі шөптің тұрпатты кесінді орындары ќалыптасады, ал мұның өзі шырша өркендерінің пайда болуын мүлдем тоқтатуга әкеп соқтырады, қолдан аѓаш егу жүмыстарып мейлінше қиындатады. Қуатты шөп өсімдіктері талай ғасырға дерлік ор­мандарды ыѓыстырѓан екен, бұрынғы өсіп тұр­ѓан алаңдарына аѓаш атаулы енді қайтып өспестей әсер қалдырады. Алайда ѓылымда басқа деректер де бар. Мүнда пионер түқымдар: шетен мей тал орманѓа көмекке келеді, бұлар қуатты шөптер арасына орналасып алып, өздерілің желектерімен оларды бірте-бірте ығыстырып, шыршаның орын тебуіне қолайлы жағдан жасайды.

Солтүстік экспозицияның көлеңкелі бөктерлерінде қолайлы факторлар орайласса (шырша тұқымдарының келер көзі (қоры) болса, опың өзі жақын маңда орналасса, шетен түқымдары келтірілсе, талдар және басқа бұталар оз тұқымынан өніп, өршитін болса, жылы әрі ылѓалды жылдар дөп келсе, таѓысын таѓылар) аѓаштары жаппай кесілген жерлерде мүкті шыршалықтар орнында бірте-бірте 20—30 жылдан кейін орманның қысқа-туынды тұрпаты — шыршаны қайта жаңғыртуға неғұрлым ќолайлы талдың шетенді шыршалық пайда болады: шыршаның бәсекелесі — қуатты шөптерді өздерінің желектерімен ыѓыстырып шыѓарѓан тал мей шетешнің үлкен бұталары қалыптасады. Бұталар тұтас сая бола алмайды, ал олардың топырақты бүркеуі 0,5-0,6 дәрежеде болады да жарық сүйгіш астықтұқымдас шөптерді көлеңкелеп, өсірмейді, бірақ бұл бұталар көлеңкеге алағұрлым төзімді шыршаның ойдаѓыдай дамуы үшін жет­кілікті мөлшерде күн    жарыѓын өткізе алады (барлыќ, ағашөзекті тұқымдар, тіпті жарық сүйгіштері де, жас шаѓында көлеңкеге бірсыдырғы төзімді келеді). Шренк шыршасъі 15    20 жасы­нан бастап биіктеп өсуін қауырт үдетеді, өздеріне ғана болѓан шетен мен талды басып озып, үстем жаѓдайѓа ие   болады. Сойтіп бірте-бірте 60—80 жылдап кейіп орманның негізгі типі  — мүкті шыршалықтар қайтадан ќалпына келеді. Жас өспірім шырша баяу молаяды, оның желектері тұтасуы үшін 40 жылдан астам уақыт керек. Жас шыршалардың  бірсыпырасы жаңа жылдыќ шыршаға арналып, кесіп алынатынын, сырѓауыл, сойыл үшін    кейбір шыршаларды шопандар да қиятынын (олар жас шыршалар­ды ұзып арзанмен бұғалық салып таудан салт атпен сүйреп әкетеді) ескерсек, көбінесе  шетенді-талды шыршалықтар ұзақ уақытқа дейін тұтаса алмайды және    осындай   шыршалықтар Іле Алатауында кеңінен таралған.

Жарқабақты бөктерлердің жоѓары бөлігіндегі, әсіресе солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөктерлердегі мүкті шыршалықтар орман ағаштарының өте селдірленген жаѓдайында және орманда жалпылама мал бағылған жаѓдайда бірте-бірте орманның ұзақ-туынды тұрпатына: шалѓындыќ, шыршалыққа айналады да мұндағы орман саясында арыстанөші атты шеп сирегірек, қазтамақ, қозықұлақ, рауѓаш сияқты шөптер үстем боп кете­ді. Таза арыстанөші шыршалықтары да кездесе­ді. Ң. В. Павлов (1948) бұларды орманның арам түрі деп есептейді, өйткені мүнда мал аз жейтін арыстанөші деген шөп басым болады, себебі мал бағуды реттеп отырмағандықтан және ұзақ уаңыт жайып баққандықтан, баѓалы, қоректігі мол шөптер жойылып кетеді. Шалѓындыќ, және тұрлі шепті шыршалықтар Іле Алатауында ке-ңінен таралѓан. Жас өсдірім шырша мұнда оте аз, сондықтан, орманныд түбегейлі тўрпаты — мүкті шыршалықтар мей мүкті-шөпті шырша-лыңтар — адамньщ комегіисіз, табиѓи жолмен ќалпына келе алмайды. Әрине, ормандардың онімділігі аз, аѓаштары алшаќ,, туынды тўрпат­тары орман осірушілерді ќанаѓаттандырмайды, буларда іске жарамды аѓаштар аз болады және суды сақтау, қорғау женіндегі өздерінің міндет­терін толыќ, орындай алмайды, сондыќтан бүлар тау ормапдарын ңалпына келтіру женіндегі жүмыстардың келемін көбейте береді. 1979 жылы олар тауда 445 гектар жерге осындай ор­мандар екті.

Ж а р қ а б а қ б ө к т е р л е р д і ң б а ғ а л ыл ы ғ ы  ІV к л а с т ы қ  т а с т а қ т ы м ү к т і-ш ө п т і ш ы р ш а л ы қ т а р ы үсақ профильді қоңыр түсті тың тау-орман топыраѓында өседі, мұнда жалаңаштарған жартастар, деу тастар жер бетіне шыѓын тұрады. Орманның бұл тұрпаты Іле Алатауының, әсіресе шыѓыс және батыс бөліктерінде кеңінен таралѓан. Қалыңдығы 20—30 сантиметр келетін саяз топырақтар арасында жартастардың сынықтары сорайып шыѓып тұрады, жалаңаштаның қалған таужыныстарының кішігірім талаптары жер бетінде байқалады. Майда тоѓайда селдір тал, шетен, итмұрын, ұшқат ұшырайды. Мүктердің ұсақ мүктілеу түрлерінің арасында астықтектес шөптер, қазтамақ, арыстанөші, сазантілі, рауғаш, сүтжапырақ, қозықұлақ және басқа шөптер өседі. Алайда топырақтың тастақты болуына байланысты жер бетін жаппай жауып тұратын жанды жабын құрала бермейді. Топырағы шымданбаған жалаңаш танаптардың болуы шыршалықтардың жаңаруына септеседі. Орманның кәрі ағаштарының орнына жас өскіндердің ауысуы аѓаштарын сирексіткеннан кеиін, орманның басқа тұрпаттарына қарағанда тезірек жүзеге асады, әйтседе 20—40 жылѓа созылады. Топыраќ, саяз әрі тастапты болғандықтан аѓаш егу қиындатылады. Мұнда тынығушылар сирек. Бөктерлердің шыңдарын жартасты шыршалықтар иемденген, адамдар мен жан-жануарлар абайламаса, бұл шыңдардан тас көшкіні саулайды, ал көктем мен күзде таңертеңгілік мезгілде аяз ќарып, сығымданғаннан тас көшкіні құралады. Тастақты  жартасты шыршалықтар жарқабақ бөктерлердің жоғарғы бөлігінде кездеседі және онімділігі төмен, бағалылығы IV—V кластыќ, кәрі ағаштарының биіктігі 12—18 метр боп ке­леді.

Орман т ұ р п а т ы н ың ш ы р ш а л ы-т а л д ы-а р ш а л ы биікті к-к л и матт ы қ к о м п л е к с і (орманның жоѓары шекарасына дейінгі 2500 метрде). Мұнда климат әрі суық әрі дымқыл. Айлық орташа жылы температұра ќосындысы 44—24 градус. ГТК 1,3-1,5. Жауын-шашынның жылдыќ, ќосындысы 753 мил­лиметр, жылылыќ, аз (июль айындаѓы орташа температура 8 градус жылы, ең ыстық кезі 18 градус). Сондыќтан шырша ағаштарының өнімділігі төмен, негізінен алѓанда бағалылығы IV—V кластыќ қана және альпілік шалѓындар шекарасында шыршалық селдір орман кеңінен тараѓан.

Бұл өңірде жер астындаѓы су жақын жатқан, бағалылығы IV кластыќ,, дымқыл аллювиалдың ұсақ профильді, өте тастақты топырақтарда алқаптық-өзеп бойлыќ, биік таулыќ, шыршалықтар ұшырайды. Селдір майда тоғайшаларда Карелин ұшқаты және бұтағы көпсіп өскен Сібір аршасы, ал биіктігі жөнінен желектері қатар тұрған аѓаштар саясында арыстаншөбі, доңызсырт, сарѓалдаќ, фломис және басқа шөптер кездеседі. Орман белдеуінің жоѓары бөлігінде әдетте өте тар алап анағұрлым кеңейіп, ала­са бойлы селдір шырша орманы бар трог түріне ұқсайды.

Тау жыныстары сынықтарының үйінділеріндегі шыршалықтар жоѓары шыршалық өңірінде ежелгі мұзданудың қабаттамаларында, мұздықтардың осы заманѓы қозғалыстарынап пайда болѓан анағұрлым жас ұйінділерде жиі-жиі кездеседі.  Топыраѓы   қарадүрсін,   жартастардың жұмырланбаған дерекі сыпықтарының, мұздықтар ќозѓалысында ысырылып келген неғұрлым ұсақ қиыршық тастар мен ірі тас құмдары ара­сында дамымай қалған. Төселмелі пішіндегі ар­ша мен аласа ұшқаттардан   тұратын майда то­ѓайшалары селдір.    Тастар арасында қадау-қадау аласа қазтамақ, арыстапөші, доңызсырт және басқа шөптер өседі. Кей-кейде жарқабақты бөктерлердіңетегінде бағалылыгы III кластыќ, дымқыл орман-шалғын топырақтарында жайбар бөктерлердің парктік шыршалықтары кездеседі. Мәңгі мызғымайтын қар маңында    соншалық биікте ұзындығы 23 метр шыршаның  қалай өсетініне таң   қаласыз.  Борікбасы    (желегі) жалпаќ,, діңгегі тым бұдыр бұтактылау, қылқаны жуан әрі келте. Топыраќ, мұнда қалың, жай­бар бөктерлерде жақсы   жылынады. Тоселмелі аршаның   бірлі-жарымды    жастығы    арасында аласа бойлы арыстанөші түкті кілемдей көлбеп жатады. Селдір шырша,    жайбар бектер, шал­ѓын өсімдіктерінің жасыл жаймасы шыңға шығушылар мен биік тау    әуесқойларын    аса қызықтырады. Кейде    шопандардың киіз   үйлері мен спортшылардың бұлт аржаѓындаѓы шыңға өрмелер алдынан тыныѓып    алѓалы тіккен шатырлары көрінеді.    Көшпелі жайлауѓа    жақын маңда мал жайылымы үзағырақ пайдаланылса, еріс тозып,   түрлі   шөпті,    астықтектес    шөпті шалғындардағы мал   азыѓы желініп   бітеді де, бүл шөптердің   орнына    мал жей    ќоймайтын арыстанөші сияқты шөптер қаптап кетеді. Жо­ѓары шыршалық белдеуіндегі жарқабақ бөктерлердің төменгі бөліктерінде    кей-кейде бағалылығы II—IV кластыќ, биік таулыќ, мүкті шыршалықтар ұшырайды, бұлар аѓаштары кесілгенде ұзақ-туынды шалѓын шыршалығына немесе қысқа-туынды    тал шыршалығына айналады.

 

Майда тоѓайларда селдір тал,   ұшқат, көлсіген бұтақты. арша өседі.

 Орманның жоғарғы шекарасында дымқыл, ұсақ профильді, қоңыр түсті, шымтезек тәріздес ормандық-шалғындық топыраќта б а алы л ы-ғ ы IV—  кластыќ, биік т а у л ы қ  а рш а л ы  ш ы р ш а л ы қ кеңінен таралѓан. Бұлар жер бауырлай, жапырақ бұтағы көпсіп өскен қурағыш желектері жалау тақылетті шыршаның селдір ормандары. Анда-санда Карелиннің солыңқы ұшқаты көзге шалынады. Арша жастықтары арасында және алаңдарда шыршалар арасында доңызсырт, бірен-саран сазантілі, сүт-жапырақ кездеседі, ал орманның шекарасында оларға альпілік шалғындық шөптердің түрлі өкілдері қосылады. Биік таудағы орман өсімдіктерінің ең ќиыр шеті — бағалылығы V—V кластыќ, жартастық шыршальқтар; бұлар күн кезі қөбірек жылытатын оңтүстік, батыс және шығыс жарқабақ бөктерлерінде орналасќан. Аршалы және жартасты шыршалықтар ағаш-өзекті өсімдіктердің аман сақталу-сақталмау шекарасында түр: суық тіпті шілдеде жиі-жиі бұрқасын болуы, ызғырық жел, түқым жылдарының(орман аѓаштарын қоңыр күзде немесе қыста, тұқымы пісіп жетілгеннен кейін кесетін мезгіл) өте сирек туатыны және биік таудағы жайлауда бағылатын малдардың жиі таптауы орманның жоғары шекарасының бірте-бірте тө-мендей беруіне себепші болады. Жоѓары шыршалық белдеуде орманның аѓаштары кесілмейді, ол мынаѓан байланысты: мұнда нақты ағаштың сапасы төмен, аѓашы кесілген жерлерде өте саяз топырақта орманды табиғи жолмен қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл ормандардың ролі аса зор. Олар қатты жел мен тас көшкінінің соққылары ең алдымен осында тіреледі, топырақты эрозиядан   сақтанды, бастапқы    өрбуші- пионер орман болып табылады, ауа райының ќолайсыз кезінде малѓа қана болады. Бұлар — отарлап мал бағудың, қоралы қой, үйірлі жылқының киіз үйлердің ордасы, күзетші иттері бар, суыққа төзімді, күнге қақталып жел өтінде шыныкқан ержүрек адамдар шопандардың мекені.

Тынығушылар, шыңға шығушылар мұнда өте сирек. Олар мұздықтарға, тау шыңдарына барар немесе тау арќылы Алматыдан Ыстыќ, көлге өтер жолдарында аршалы шыршалықтарға тоқтамай өте шыѓады. Іле Алатауының жотасындағы шырша орманының жоѓары шекара­сы әдетте теңіз деңгейінен 2700—2800 метр биікте өтеді. Жекелеген шыршалар 2900 метр биікке дейін көтеріледі. Кейбір шатқалдарда шыршалар 2400—2600 метрден жоғарыға көтерілмейді. Мысалы, Кіші Алматы шатқалындағы Шымбұлақ аспалы жолының ауданында ең соңғы  шыршалар 2450 метр биікте өсіп тұр, ал Үлкен  Алматы  көлінің, тау жыныстары сынықтарының үйінділері 2500 метр биіктіктің өзінде-ақ орман өсімдіктерінен жұрдай. Қарқара жайлауындағы шыршалықтың ең жоғарғы  шекарасы 2400—2500 метр биікте аяқталады. Же­келеген Талғар шатқалдарында шыршалықтар 2900 метр биікке дейін көтеріледі. Мұның өзі микроклиматтың өзгешелігіне, топырақтың бел­гілі бір қабаттарының болуына, шатқалдардың ұзындығына таѓысын тағыларға байланысты. Тау ішінде әдетте айтарлыќтай тыныштық ор­найды, тек күндіз, тау етектерінің күн қыздырған жылы ауасы шатќалдарды өрлей жоѓары көтерілген кезде, ал кешкілік, керісінше, мұздықтардан соққаи суық ауа шатқалдарды құлдилай төмен қарай сырғыған кезде таулардан  жеңіл самалы желпіп өтеді. Алайда тұмсығы мұздыққа барып тірелген бөктерлері аэродинамика трубаларына үқсап, жарқабақты, өте тік болып келген шатқалдарда желдің күші дауылдай ұйытқып айбарлы шыршаларды да түп-тамырымен қопарып кетеді. Ормандардың альпілік және мұздықтық белдеуде альпілік шалѓындармен тоқайласқан шекараларында күшті жел — әдет-тегі құбылыс.

Іле Алатауының шыршалықтарын тек ән-шейін сұлу тянь-шань шыршалары деп қана қоюға болмайды, бұлар — шөпті шырша, тау-теректі, таулық-далалық, алқаптық және ше­тенді, аршалы, талды, жартасты мүкті шыр­шалар сияќты орман тұрпаттарының күрделі үйлесімі болып табылады.

Альпілік белдеу (теңіз деңгейінен 2800— 3200 метр биік). Шыршалықтардан жоғарырақта альпілік белдеу орналасќан, мұның өзі бел-деудің бас жағында арша жастықтарымен неме­се арша төселмесімен аласа бойлы альпілік шалғындардың кезектесе орналасуынан құралған. Аршаның діңгегі өте қысқа (0,1- 0,8 ме­тр), ал бұтақтары ұзын,сондықтан шелпекке ұқсас бұта қалыптастырады. Бұлардың арасын­да кейде Карелин ұшқатының және аласа ұшқаттың бұтақшалары өседі. Шілік өзенінің бас жаѓында монғол-сібірлік жалды қараған өседі. Әдетте көлденеңінен 200 метрден аспайтын, ұзындығы 1 километрге дейінгі жерде өсетін арша өңірінің аржаѓында альпілік белдеудің нақты өзі басталады, бүл — бөктерлер экспозициясының топырағына, жердің бедеріне, атжалдарының ылғалдылығына қарай, альпілік өсімдіктердің оқшауланған  анағұрлым ірі талаптары болып табылады. Орманның жоғары шекарасының түбінде біршама те­гіс және жайбар сырттарда альпілік едәуір ірі шөпті шалғындықтың гүлді бақылауы орналаса­ды, мұнда наурызшешек,    бинауша,    қызғылт-сары түсті ұсақ гүл-жапырақша, көк шулан жерқонақ гүлдері болады және солардың арсында кішігірім қойкөде, бидайыќ, және басқа да астықтсктес өсімдіктер кездеседі.

Неғұрлым көлемді жерді алып жатқаны ала­са бойлы (20—30 сантиметрлік) астықтұқымдас түрлі шөпті шалғындықтар тобы бұларда қара жолақты қияң, шалғындық және альпілік көде, Кирилов қойкөдесі, хош иісті, алтын масақша өседі. Осы астықтұқымдас аяда шағын ѓана топ-топ болып, шұбарлана гүлдейтін, аль­пілік қосжарнақты түрлі шөптер орналасады. Альпілік шалғын көбелекгүл, желайдар, жалқын сарғылт түсті ұсақ гүлжапырақша, түкті ақкекіре, шерменгүл және басқа да әсем гүлдер өседі м

Оңтүстік экспозицияның бөктерлерінде биік таудағы тасты дала талаптары кездеседі, мұнда Крыловский бетегесінің селдіреген өсімдіктері гүлдейтін жіңішке жапырақты сұлыбас, шымған бидайдығы мен көде өседі. Биік таудағы төбелердің дөңес жерлерінде доңызсырт шалғындары өрістеген. Бұлар ұсақ өлеңшөпке үқсас қылтүтікті доңызсырттан құралады, ал до-ңызсырт өзінің жіңішке де қатқыл жапырақтары арқылы басқа түрлердің кірігуіне жол бермейтін тып-тыѓыз шым құрайды. Кей-кейде доңызсырт арасында монѓол бетегебозы, көк және ақ шерменгүл өседі, кішкентай ѓана альпілік маралоты жиі ұшырайды.

Қиыршық тасты танаптарда және тау жы­ныстарының жалаңаштанған тұстарында ақ гүлді көкшулап дегелек кездеседі, бүлармен қатар биік таудың белгілі гүлі, аласа бойлы еңлікгүл өседі, бұл гүл: Қызыл кітапқа енгізілген, сондықтан оны теруге қатал тыйым салынған.

 

1.5 Геоморфологиясы және геологиясы.

 

 Іле  ойпанының бедері мен дамуына оны қоршап жатқан Іле Алатауы және Жетісу Алатауы және Кетмен жоталарының құрылуы әсер етеді. Іле ойпанының геоморфологиялық геологиялық іздеу жұмыстары және пайдалы қазбалар табу үшін бұрғылау жұмыстары бұрынан бері және қазір де зерттеліп келе жатыр. Бұл аумақны геоморфологиялық картографиялау әдістерімен және принциптерімен Н.Н.Кастенко, Г.Ц.Медеов, М.Ж.Жандаев, В.И.Зағайнов т.б зерттеген. Бұл зерттеу кезеңдерінде морфогенетикалық принцип қолданылады. И.П.Герасимовтың геоморфологиялық зерттеу жұмыстарында жер қыртысының бедерін зерттеудің классификациялық принциптер шықты, морфоструктұра және морфоскульптұра, геотекстұра түсініктерін енгізді. И.П.Герасимов және Ю.А.Мещериакова Іле Алатауының жер бедерін зерттеуде морфоструктұралық әдісті қолданады. Жер бедерінің морфоструктұралық зерттеу геологиялық, генетикалық анализдерді қорытындылауға қолданылады. Бұл принциптер және әдістер негізінде морфоструктұралық  және структұралық геоморфологиялық карталар құрастырылады. Зертеушілердің мәліметтері бойынша Іле Алатауының Іле ойпанының морфоструктұралық ерекшелігінде  неотектоникалық дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған аумақның орографиясындағы негізгі элементтерде морфоструктұра құрылған.Бұл геоструктұралық аймақты И.П.Геросимованың классификациясы бойынша қарастырылды.

Іле Алатауындағы тұра морфоструктұраға Кетмен және Алтынемен жоталары Іле ойпаны, Малайсары, Шолақ, Қалқан, Батыс және таулы жүйелері Сөгеті, Жалаңаш, Қоңырөлең, Қопа және Қоғалы ойпаңдары сонымен қатар, Қараой және Итжон үстірттері жатады. Осы ірі морфоструктұралық құрылымдар тауларға, жоталарға, тауалды жазықтарына бөлінеді. Морфоструктұрадағы қарқынды тиктоникалық қозғалыстардың пайда болуы деформацияға әкеліп соғады. Жарылымдардың бойында горст-антиклиналдар, моноклиналдар пайда болады. Бұл морфоструктұраға экзогендік процестер әсер етеді. Морфоскульптұралық типтер: биік таулар, орташа таулар, аласа таулар, ұсақ шоқылар, пенеплендер, мариналдық жазықтар, тегіс жазықтар, тауалды жазықтары, адырлар, шөлейттер, аңғарлар, осылардың бәрі жатады.

Іле ойпанында және оны қоршап жатқан тауларында эндогендік және экзогендік процестердің әсерінен мынадай бедерлер пайда болады. Денудациялық – тектоникалық, аккумулятивті – тектоникалық, аккумулятивті, тектоникалық- аккумулятивті.Ішкі динамакалық процестердің әсерінен бедердің мынадай морфоструктұралары жатады: мұздықты абразия, аязды үгілу, гляциалды өңдеу сонымен қатар эрозиялық денудациялық, эрозиялық – флювиогляциялды – провюиалды, аллювилі көлдік процестер. Картада бедердің морфоструктұралық типтерінің морфографиясы мен морфометриясы көрсетілген. Ал содан басқа карталарда бедердің тектоникалық кертпештердің жарылымдары көрсетіледі.

Іле Алатауының орталық бөлігінің және оңтүстік бөлігінің бедерінің абсолюттік биіктігі 4700 м. Іле Алатауы және Күнгей Алатауының жоталары сілемдерден тұрады. Жотаның қырқалары жартасты болып келеді, ол 3800м биіктіктен бастап мәңгі қарлар мен мұздықтар жапқан. Жотаның беткейлері ірі, құзды, шатқалдар, аңғарлармен тілімделген. Сілемдердің шыңдары көбнесе күнбес тәрізді беткейлері жайпақ болып келеді. Аумақның солтүстік бөлігі тау алды төбешікті жазық болып келеді. Бұл жер терең сайлар мен өзенднрмен тілімделген. Аумақның орталық және оңтүстік бөлігіндегі грунттар құзды және тасты, солтүстік бөлігінде құмдақты болып келеді. Грунтты сулар тұщы аумақның солтүстік бөлігінде 7м тереңдікте орналасқан. Аумақның сеисмикалық белсенді зонада орналасқан, бұл жердегі жер сілкіну 8-9 балға жеткен.

Жетісу Алатауының геоморфологиясы. Бұл аумақ биік жоталардан Жетісу Алатауы  Тоқсанбайдан тұрады. Жетісу Алатауы жотасының абсольюттік биіктігі 3000-4000м, оның сілемдері 2000-3000м. Бұл жердің ең биік шыңының биіктігі 4071м. Жетісу Алатауы жотасының қырқасы жартасты қысқа, беткейлері көбнесе ірі болып келеді, сайлар мен өөзендермен қатты тілімденген. Беткейлерінде көптеген құзды жартастар кездеседі, биіктіктері 400-1000м-ге дейін жетеді. Жетісу Алатауының жотасы 3500 м биіктіктен бастап мәңгі қармен мұздықтармен жабылған. Мұздықтардың ауданы онша үлкен емес 5 км шаршы шақырымға жетеді. Трог тәрізді аңғарларда 2800-3000 м биіктіктен бастап таулы өзендер басталады. Мұздың беті тегіс емес жарық болып келеді. Мұздықтардан басқа Жетісу Алатауында мәңгі қарлар жауып жатыр. Жетісу Алатауының жотасының сілемдері көлемді, белесті қырқала және күмбез тәріздес шыңдар болып келеді. Сілемдердің беткейлері жайпақ, жарлары аз, өзен аңғарлары мен тілімденген. Аумақның солтүстік батыс бөлігін төбешікті, жекелеген аймақтарда жазықты өзен аңғарлармен әлсіз тілімденген, тауаралық Қазаншұңқыр алып жатыр. Аңғарлардың бағыты тауда қысқа болып келеді, 800-1000м тереңдікте бұраңданады. Көптеген аңғарлар шатқалды және құзды беткейлі болып келеді. Тауаралық Қазаншұңқырларда өзен аңғарлары әдетте көлемді, жайпақ беткейлі болып келеді және  батпақтанған. Аумақда көбнесе құзды және тасты грунттар басым. Жайпақ аймақтарда таулы беткейлерде сонымен қатар, тауаралық Қазаншұңқырларда тасты және ұсақ тасты грунттар таралған, ал өзен аңғарларында тасты және қиыршық тасты грунттар таралған. Таудың жоғарғы бөлігінің көп бөлігін қарлар мен мұздықтар алып жатыр. Грунтты сулар аумақда әртүрлі тереңдікте таралған. Тау алды етектерінде өзен аңғарларында олар бұлақ түрінде шығады. Бұл аумақ қарқынды сейсмикалық аймақта орналасқан, бұл жерде 9 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Геологиясы. Геологиялық мәліметтер бойынша қарастырылып отырған аумақның негізгі тектоникалық құрылымының құрылуы үш кезеңнен тұрады: палеозойға дейінгі, палеозой және мезозой, койнозой. Іле Алатауында протерозой дәуірінің көне шөгінділері кездеседі, олар гниз кристалды тақта тастар және кварс. Бұл шөгінділер әсіресе жотаның орталық бөлігіндегі Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарларында ортаңғы  калеодон және ворис граниттерінің арасындағы қалдық тәрізді болып келеді. Жотаның шығыс бөлігіндегі жыныстар биотит және гнисті болып келеді. Бұл шөгінділердің үстінде төменгі карбон жыныстары жатыр. Г.Ц.Медеов бұл шөгінділер кембрий дәуіріне дейін құрылған деп есептейді. Жотаның батыс бөлігінде протерозой гнистері кристалды тақта тастар және кварциттер таралған. Көне жыныстар жотаның бойлық бөлігіне тән бұлар метаморф мұзданған, жарықтардың бойында таралған, тақта тас тәрізді бейнеленген.

Төменгі полеозой құрылымда кембрий және ордовик жүйөсінің шөгінділері байқалады. Бұл шөгінділер Далашық, Торайғыр, Сөгеті тауларында анықталған, бұл шөгінділер құмдақты тақта тасты, филлитирленген сазды тақта тастар болып келеді. Арасында әктастардың қабаттары және эффузивті, туфті шөгінділер кездеседі. Барлық шөгінділер қатты дислокацияланған қалыңдықтар 2000 м-ге жетеді.

Жотаның орталық және батыс бөлігіне кембрий дәуірінің шөгінділері таралған, олар қою – сор, қою-құба, құмдақтар, порфолиттер, туфты, конгломератор, алевритер және әктастар кездеседі. Жотаның батыс бөлігінде ордовик шөгінділерінен жасыл сұр тақта тастар, алевритер, құмдақтар және конгломераттар арасында әктас қабаттары порфолиттер дамыған. Бұл шөгінділердің қалыңдығы 1000 м-ден асады. Олар әлсіз метаморфтанған.

Ордовиктің жоғарғы бөлігінде де осындай шөгінділер қалыптасқан, бұл шөгінділер жоталардың шығыс бөлігінде таралған. Бұл жерде олар жасыл-сұр метаморфты тақта тастар, құмдақтар және конгломераттар тәрізді болып келеді. Араларында әктастардың және кремилі тақтатастың қабаттары кездеседі. Бұл шөгінділерлдің қалыңдығы 2500 м.

Іле Алатауында төменгі карбонның эффузивті шөгінділері таралған. Бұл жыныстар аумақның 35 пайыз алып жатыр. Ұзынағаш, Есік, Түрген және тағы басқа өзендерінің бассейні осындай жыныстардан құрылған. Шілік өзенінің басейнінде және жоғарғы ағысында визей жасындағы өсімдіктері бар, кристалды әктастар эффузивті және тувты жыныстарының үстіндегі таскөмір шөгінділерінде жатыр. Бұл әктастарда порфориттер, туфтар, құмдақтар, конгломераттар кездеседі.

Іле Алатауының жоталарында гранит тәрізді жыныстар: граниттер, сиениттер, аляскиттер дамыған. Бұл шөгінділер жотаның 70 пайыз ауданын алып жатыр. Қарастырылып отырған аумақны зерттеушілер 2 интрузивті процестер кезеңіне бөледі: калеодон және варис. Жотаның шығыс бөлігінде сұр түсті ірі түйіршікті граниттер және гранодиориттер таралған. Г.Ц.Медеов бұл жыныстарды калеодондық деп санайды. Онологиялық граниттер Талғар, Үлкен Алматы, Ақсай, Қаскелең өзендерінің бассейнінде және жоталардың оңтүстік беткейлерінде кездеседі.

Іле Алатауында төртік борпылдақ шөгінділер көп таралған. Бұл шөгінділер негізінен мұздық түрінде, аллювилі, проллювиллі, деллювиллі шөгінділер түрінде, эллювиллі топырақ түрінде кездеседі, және дөңбектас, қиыршықтас, малтатас түрінде таныған. Іле Алатауының геологиялық даму тарихы өте күрделі. Палеозой кезеңіне дейін және төменгі палеозойда бұл жотаның орнына жер қабығының теңіз басұан ойысы болған. Силур кезеңінің соңында және девон кезеңінің басында калеодондық орогенез құбылыс кезінде теңіздегі шөгінділер көтерілді.Төменгі карбонында таудың орнына қайтадан теңіз пайда болды. Бұл кезеңдерге интрузиялық аляскитті граниттер биотиттіт граниттер жатады. Мезозой және койнозой кезеңдерінде пенеплен процесі жүреді. Үшінші дәуірдің соңында және төрттік кезеңдердің басында дислокациялар әсерінен Іле Алатауының ортаңғы бөлігінде жақпарлы көтерілімдерге көтеріледі. Бұл көтерілімінде солтүстікте тектоникалық зоналармен шектеседі. Бұл процес пенепленді аймақтардан қайтадан биік таулы өлкеге айналуын көрсетеді. Іле Алатауының тектоникалық  даму тарихы кембрий дәуіріне дейін байқалған. Бұл жерде олар жекелеген блоктар регионалды жарылымдар түрінде бейнеленген. Кейінгі полеозойда герциндік геосинклиналдық циклдың аяқталар фазасында, қарастырылып отырған аумақларда тектоникалық қозғалыстар жүріп жаттты және үгілу процесі қарқында болды.

Іле Алатауының қазіргі көтерілуінде маңызды рөлді мезозой койнозой кезеңдеріндегі тектоникалық қозғалыстар атқарды. Жоғарғы полеозой және әсіресе мезозой койнозой дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстар Іле Алатауының ортанғы бөлігі қатты деформацияланып тұр, плейстоцен кезеңдерінде гляциалды биік таулы аймақ көтерілді.

Қазіргі Іле Алатауының морфоструктұрасы жарылымдары мен жақпарлы қозғалыстармен көрінеді. Антиклинордың солтүстік және оңтүстік шекарасы жарылымдар бойымен өтеді, негізгі екі зона: Солтүстік Іле және Кемен-Шілік. Бұлар бедерде бейнеленген және морфоструктұралық шекаралар болып табылады.

Төртік дәуірде климаттың өзгеруіне байланысты суық жоталарды бірінші мұздықтар басты, таудың мұздық кезеңінде дислокациялық процестер жүріп қарлар және мұздықтардың орнында жақпарлы процестер жүреді. Жақпарлы көтерілімдер аяқталған кезде эрозия процесі қарқынды жүріп, терең шатқалдар және гидрографиялық жүйелер дамыды. Кейінен екінші рет ауа-райы қатты суытқан кезде аңғарлардың бойын мұз басты. Флювиогляциялды шөгінділер бұл кезеңде барлық биік таулардың басын жапты. Соңғы үшінші мұз басу кезеңі жоталардағы өзендердің морфологияда жақсы бейнеленген. Таулы өлкеде мұз басу трогтар және флювиогляциялды шөгінділер түрінде сақталған. Қазіргі кезеңде климаттың ақырын ауытқуы аумақның эрозиялық тілімденуіне жағдай жасайды.

Жетісу Алатауының тектоникалық құрылымыда күрделі. Қатпарлы тау болып герцин орогенезінде көтерілген мезозой мен кайназойда әсіресе полеогенде бұл өңір тегістеліп, платформалық жазыққа айналған. Альпілік тау құрылылуында Жетісу Алатауының өзегі қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы блоктарға бөлшектеніп опырықты және горстық құрылымдар пайда болып, жаңғырған биік тау жоталары түзіледі. Мұнда неотектоник процестер әлі жалғасуда. 4-5 балдық жер сілкінулер жиі болып тұрады. Тектоникалық жарықшақтар бойымен терең жер асты қойнауынан емдік қасиеттері бар. Ыстық бұлақтар арасынан сулар шығады. Тау етегіндегі қуаң континенттік климат (мұнда қаңтар айының орташа температұрасы 12-140градус.) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай климатпен алмасады. Биік тау жоталарында климат едәуір қатаң (қаңтардағы орташа температұра 19 градус). Жауын –шашынның жылдық түсімі де тау етегінен жоғары қарай артады. Әсіресе ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейінде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ. Мұндағы Ебі мен Сайқым желдері 60-70 м/сек. Жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, өте қолайсыз ауа-райын туғызады. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, мол суын өзендердің ағып шығуы осы мұздықтар мен байлынысты. Өзендердің жоғарғы және орта ағысы да қатты болып келеді. Ірі өзендері солтүстік-батыс мен солтүстігіндегі (Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Басқан т.б.). Оңтүстігіндегі өзен атырабы сирек. Мұндағы басты өзен – Үсек. 500-600м-ден 1200-1400 м-ге дейінгі тау іші жазықтарында шөлейт белдем қалыптасқан. Одан жоғары 2000м-ге дейін құрғақ далалық, әртүрлі шөптер мен дәнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. Солтүстік Жетісу Алатауының орта биіктік белдеуі (2400м) шалғынды орман, оңтүстік Жетісу Алатауының орта биіктік белдеуі далалық ландшафт пен сипатталады. Орманда Тянь-Шань шыршасымен самырсын ағаштары өседі. Мұнан жоғары ( 3200-3500 м) биік таулы белде орналасқан. Солтүстік биік таулы белдеулі шалғында -субальпілік  ландшафттармен сипатталады. Жетісу Алатауы кең байлықтарына бай. Мұнда алтын, мырыш, қорғасын т.б. кен тастар өндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ МҰЗДЫҚТАНУЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

 

2.1 Мұздықтардың пайда болуы және олардың түрлері.

 

Мұздық бедер түзілу процестері мұз әрекетіне тікелей байланысты. Мұндай процестерді дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймаѓында мұздықтың ұзақ уақыт сақталып тұруы қажет.

Егер жер бетінің ќандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, онда мұз ќалыптасу жаѓдайы тууы ыќтимал. Хионосфора (грек сніоп — қар және 5рағіа —шар) деп өз ќұрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады. Мұнда қар жауу басым болып, үнемі қар мен мұз саќталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі — қар сызыѓы.

Қар шекарасының биіктік деңгейі климат жаѓдайына тікелей байланысты Мәселен, Анды тауларында, Магеллан бұғазының аймаѓында ол 900 м биіктікте орналасса, оңтүстік тропикалық ендігінде 6700 м биіктікке жетеді. Демек, қар шекарасының ен биік жері — тропикалыќ белдеу. Ал, экваторлыќ белдеуде жауын-шашынның молдыѓынан оның деңгейі біраз төмендеу болады. Мысалы, Килиманджаро тауларында қар шекарасының биіктігі – 5500.  Экватордан солтүстік бағытқа қар шекарасының биіктігі төмен түсе береді: Шпицбергенде оның биіктігі 600-м-де байқалса, Франц-Иосиф жерінің солтүстік аралдарында 50 м, ал полюске жаќындаѓан кезде қар шекарасы теніз деңгейіне дейін төмендейді.

Табиѓи мұз екі түрге бөлінеді: — су мұзы және қар мұзы болып. Су мұзы — құрлықтағы судың немесе мұхит суының қатуы кезінде  пайда болса, қар мұзы — қардың метаморфизмді жаңарып басқа түрге ауысуы кезінде пайда болады. Қар сан мәрте қату мен ерудің, сондай-ақ қысымның нәтижесіңде  ірі түйіршікті құрылым алып, фирнге (түйіршікті тыѓыз ќарѓа) айналады. Ол одан арғы өзгеру процестерінен өткен соң глетчер мұзына, яѓни құлықтағы мүздықтар мұзына айналады. Сөйтіп, шамасы 10-13 м3 ќардан 1 м3 мүз жаралады.

 

     Жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз шоѓырын (қорып) мұздық деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек қарлы шекарадан жоѓары аймаќтарда түзіледі. Мысалы, Іле Алатауында қар жиегі 3700-4000м.   биіктікте орналасқан. Алайда динамикалық процеске орай мұздықтар бұл шекарадан төмен түсе алады. Көлемі үлкен мұздықтар өз салмаѓынан және созылмалы (пластичность) қасиеттерінің әсерінен таудан төмен қарай жылжиды. Мұздықтардың жылжу жылдамдыѓы тәулікте бірнеше санти-метрден ондаѓан метрге дейін жетеді.

Мұздықтардың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін атмосфералық жауын-шашын есебінен, жел арќылы айдап алып келген және тау баурайларынан құлаған ќардан, сонымен қатар мұздың үстінде ауадағь: булардың суѓа айналуынан жүзеге асады.

Судың қатты фазасының, яѓни қардың, фирнның, мұздың балансы жаѓдайларына ќарай мүздықтың өзі аккумуляция және абляция белдеміне бөлінеді. Мұздық массасының еру және булану арқылы кемуі абляция деп

аталады. Абляция мұздыктың шеткі бөлігі қалыңдығының жұкаруына әкеліп соғады. Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей байла­нысты. Температураның ауытќуымен қатар абляция да ауытқып тұрады. Сондыќтан мұздықтың алдынѓы жиегі тұрақты орнында қалмай өзгеріп тұрады. Оның сәл ғана алға қозғалуы мен артқа шегінуі осциляция деп аталады. Мұздықтардың негізгі түрлері туралы айтсақ, ең алдымен ажырата белгілейтініміз, жамылѓы мұздықтар немесе материктік мұздыќтар және таулық мұздықтар. Таулыќ, мұздықтар көбінесе биік тау беткейлерінде және анғарлардың бастауында тараѓан. Мұздықтардың осы екі негізгі түрлерімен катар тау етегі мұздықтары мен шельфтік мұздықтарды атап айтуѓа болады.

Жамылѓы мұздыќтар миллиондаѓан шаршы километр аумаќтарды алып жатады және үсті жайпақ дөңестеу келеді. Мұңдағы мұздар мұздықтың ортасынан шетке ќарай жылжиды. Қазіргі кезде Жер шарында бар-жоѓы екі материктік жамылѓы мұздықтар бар. Олар Гренландия мен Антарктиданың мұз жамылғылары. Мұндай мұздықтардың өздеріне тән ерекшеліктерінің бірі -олардын кең байтаќ аумаѓы мен (Антарктидадағы мұздану көлемі 13.2 млн. шаршы километрге жуық алқапты алып жатыр) және орасан зор ќалындыѓы (4 километрге дейін). Мұздық жамылғысының ең жоѓарѓы ќалындыѓы оның орталық бөлігінде. Ал жиектерінде мұздықтың қалыңдығы кемиді, сөйтіп бұл аймақтардың астынан тасты құндағының кейбір шығыңқы тұстары көрінеді. Мұндай жерлерді Антарктидада «оазис» (жазира) деп атайды. Мұның мысалы Советтік антарктидалық «Мирный» станциясы төңірегіндегі Бангер оазисі. Егер мұндай тасты сілемдер мұздықтың бетінде оқшауланып көрініс берсе, оларды нунатаки дейді.

Гренландия мен Антарктиданың жамылѓы мұздықтары өздері көмкеріп жатќан бедердің жағалаулық еңісті жазықтықтары арқылы теңізге қарай жылжиды. Мұздардың бұл аѓысы ысырылѓан мұздыктар (выводные ледники) деп аталады. Суѓа жеткен мұз жүзіп шыѓады да сынады, соның нәтижесінде теңізде еркін жүзіп жүретін орасан зор мұздар (қалқыма мұздар) мұзтаулар айсбергтер пайда болады. Теңіз аѓысымен жүзген мұзтаулар төменгі ендіктерге жетіп, бірте-бірте ери бастайды. Еру барысында мұзтаудың ішіндегі әр түйірлі материал айсбергтен босап, теңіз түбіне шегеді.

Антарктида шеткі аймаќтарындаѓы мұздардың едәуір аумаѓы шельфтерде жатады немесе біразы жүзіп жүреді. Бұларды шельфтік мұздықтар дейді.

Егер қар шекарасы мұздануға ұшыраған тау етегі деңгейімен шамалас жатса, мұздық тау етегіндегі жазыққа шыѓып, жан-жаққа жайылып кетеді. Осы даму сатысындағы мұздықтар, тау етектік мұздық (ледники подножий) деп аталады. Мұндай мұздықтың бірі — Аляскадағы Маластин мұздығы. Бұл бірнеше аңғарлы мұздықтардың тау етегінде бір-бірімен ќосылуы нәтижесінде пайда болѓан.

Жер бетінде мұздықтар көмкерген алқаптың жалпы ауќымы 16 миллион шаршы километр, немесе олар құрлық бетінің 11 %-ын алып жатыр. Оның 13,2 млн шаршы километрі Антарктиданың үлесінде (барлыќ мұздық көлемінің 85,3%-і). Мұздық аумаѓы ең аз материк — Африка. Мұнда бар жоѓы 23 шаршы километрді ғана алып жатқан мұздық бар. Гренландия мұздығы 1,7 млн. км алапты ќамтиды. ТМД елдерін арктикалыќ және таулы аймаќтарында 28000 мұздыктар бар, олардың ауќымы — 75 мың км2. Бүкіл жер бетіндегі мұздық пен мәңгі қардың жалпы көлемі 27-30 млн км3. Егер осы мұздыќтар түгелімен ерісе, әлем мұхитының деңгейі шамамен 60 м-ге дейін көтерілуі мүмкін екендігі есептелген.

Құрлықтың едәуір бөлігін көмкере отырып, мұздықтар экзогендік морфогенезде елеулі және маңызды ролін атќарады. Мұзбасу қату кезеңінде жазѓы және ортажылдық температураның төмендегенінен, климаттың салқындауынан қатты күйде түскен атмосфералыќ жауын-шашынның мөлшері ұлѓаяды. Мұндай кезде тау өлкелерінде мұз ќату жаѓдайы ұлғая келіп, ќар шекарасының төмендеуіне әкеп соққан. Нәтижесінде Солтүстік Америка мен Евразия жазықтарында қалың жамылѓы мұздыќтар пайда болған және олардын бедер түзуші ролі арта түскен.

Мұз балансының кіріс және шыѓыс бөліктерінің арақатынасына байланысты оның дамуы бірнеше тарамдарѓа (фазаларѓа) бөлінеді: мұздықтың ұлғайып қаркындауы, мұздықтың тұрғылық қалыпты жаѓдайы және еріп кейін шегінуі. Осы мүздықтың әр фазасына байланысты бедердің мұздықтық пішіндерінің белгілі кешені ќалыптасады. Мысалы, мұздықтың қарқынды шаѓында, мұз негізінен қиратқыш жүмысын жүргізеді, ал тұрѓылыќты ќалпында немесе кеміп не кейін шегінген кезде көбінесе аккумуляциялык мүздық пішіндерін түзеді.

 

Таулы өлкелердегі мұздық түрлері орографиялыќ орналасу және қоректену жаѓдайларына байланысты сан алуан түрлі. И.С.Щукин тау мұздықтарының мынандай түрлерін ажыратады:

  1. Қарлы мүздық (фирн) және қар даќтары — ќар деңгейінен биігірек орналасќан өңірлерде таудың жайпаќтау келген беткейлерінің ойпаңдар жерлерінде түзелген   мұздыќтар.   Бүл   қар   түскен   күйінде   жан-жағынан қоршаулы болғандықтан, доғалданып, қатқан ірі түйірлі ќарлар мен мұздардың (линза тәрізді) жиынтыѓы. Олар мұз басудың алғашқы сатысы болып саналады немесе үлкен мұздықтардың кішіреюі салдарынан саќталып қалған кішігірім мұздықтар;
  2. Қүламалы көлеңкелі беткейлердің етегінде ќар көшкіндерінен жиналѓан баспалдаќ тәрізді мұздыќтар (ледники ступенобразных поверхностей).
  3. Ілінбелі немесе аспалы мұздыќтар (висячие ледники) — таудың ќұламалы беткейлерінде кіші-гірім шұңқырларды толтырады да, одан жіңішкеріп қана шыѓады. Егер мұздыќтар   жер ќабаќтан   асып   кетсе,   онда  төмен   ќұлдырап, жолындағының барлыѓын ќиратып, едәуір апат туѓызуы ыќтимал.
  4. Карлык мұздыќтар (каровые ледники) — тау басындаѓы беткейлерде орындыққа ұқсас шұңқырлардың түбінде түзелген шаѓын мұздыќтар.
  5. Аңғарлық мұздыќтар (долинные ледники) қар және жауын-шашын өте мол жаѓдайда пайда болады. Бұлар мұздыќ цирктерінен басталып негізгі аңғар арқылы төмен қарай созылып көптеген бүйірлік тарамдармен бірге ќосылып, бүкіл аңғарды   алып  жататын  күрделі  мұздық.   (Қарақорым  тауларынын мұздықтары, Памирдегі ұзындыѓы 72 км-ге жеткен Федченко мұздығы жан-жаќтан 20 саласын қосып алады). Мұздықтың орта тұсындаѓы қалындығы жүздеген метрге дейін болса, төменгі тұсында сүйірленіп кемиді.
  6. Сөнген жанартау   кальдерінде   орналасќан   кальдерлік   мұздықтар (кальдерные ледники);
  7. Жанартау конустарының төбөсін  жауып  жатқан   мұздықтық  бөрік (Кавказдағы Эльбрус пен Қазыбектің төбөсіндегі мұздықтық бөрік және т.б.);
  8. Екі биік тау жотасының арасынан ќоректенген екі жаѓына бірдей жылжып аѓатын ќоржын мұздыќтар (переметные ледники).
  9. Норвегия немесе Скандинавия мұздықтарына ұқсас мұздықтар — таулы мұздыќтар мен жамылѓы мұздықтар арасындаѓы өтпелі мұздыќтар (переходные ледники). Мұздықтардың мұндай түрлері үстірт тәрізді тегістелген тау өлкөсін алып жатады. Кіндік ортасынан жан-жақка таралѓан мұздық тау өлкесінің шетіне жеткенде жеке мұздықтық тілдерге (ледниковые языки) бөлініп, төмен қарай жылжиды.
  10. Қайта түзілген мұздыќтар (возрожденные лединки) — мұздық жолында биіктеу келген   жар   қабақты   кертпештерге   кездескен   кезде   мұздықтың тұтастыѓы бұзылып, төменгі етегіне кесек-кесек мұз сеңгірлеріне бөлініп түседі. Егер осы мұз кесектері еріп үлгермесе, олар бір-біріне жабысып, төмен гипсометриялық деңгейде жаңадан мұздыќтар қүрайды.

И.С.Щукин жоѓары айтылѓан мұздыќтардан басќа Тянь-Шань тауларында көбінесе қар көшкіндері есебінен өзен аңғарларының бастауында пайда болатын Түркістан мұздықтары тектес мұздыќтарды белгілеген.

Тауда мұздықтардың пайда болуы қар ұшқындауынан немесе фирн дақтары қалыптасу кезеңінен басталады. Қар шекарасына сол жоѓары тау басындаѓы беткейлердің ойпатты жерлерде ќыстай жиналѓан қар жазда еріп үлгермейді. Келесі жылы мұнда таѓы да жаңа қар түседі. Сөйтіп қар біртіндеп фирнге, қейін мұзға айналады. Мұздың тұрақты жиналѓан қоры астында жатқан тау жыныстарының аяздық үгілуіне қолайлы жаѓдай туғызса, ал қар сулары үгілген заттардың төмен қарай сырѓып шыѓуын қамтамасыз етеді. Мүнда температура ауытқып, судың қату және еру процесі қезек-кезеқ ауысуы нәтижесінде онымен беттескен түпкі тау жыныстарының бұзылуын нивация дейді. Соның нәтижесінде жиналѓан қардың астыңғы жаѓы төмендеп бірте-бірте тау беткейінде орындық (кресло) тәріздес артқы қабырғасы құламалы немесе тік келген, түбі жайпақ ойыңқы пайда болады. Мұндай бедер пішінін қар (шотландша — орындық) деп атайды.  Енді мүздың өз дамуының жаңа сатысына (кезеңіне) ќар пішіндес мұздыққа (каровый ледник) кешеді.

Бедердің ќар пішіні аяздан бірте-бірте үгілуі әрекетінен, қабырғалардың шегінуі есебінен, гравитациялық ќұбылыстар мен мұздықтың түйірлі материалы төмен сырѓыту есебінен ұлғаяды. Көлемдері ұлғая келе көршілес жатқан қарлар бір-бірімен қосылып, беткейлер бойында ірі және күрделі келген ерекше бедер пішінін — мұздық циркін құрайды. Сөйтіп, ќарлар мен цирктер мұздықтың қиратқыш жұмыстарының және беткей процестерінін нәтижесі болып табылады.

Ќар бедер пішінінің дамуы үшін ең қолайлысы тау бетқейлерінің теріскей қүлама жаѓы. Әсіресе бедердің мұндай пішіндері таулардың берік тау жыныстарынан тұратын құзды өңірлерінде айқын білініп, ұзақ уақыт сақталып, таудың ерекше бір көрінісін жасайды. Ал осал, икемді тау жыныстар өңірінде олар өздерінің морфологиялық белгісін тез жоѓалтып, сыртқы пішіні су жинаѓыш шұңқырларға ұқсап қетеді. Ќарлар мен цирктер

Әдетте аңғарлық мұздықтардың негізгі қоректену көзі рөлін атқарады. Егер көршілес жатқан цирктер ішінара жартылай қосылып кетсе, тау өлкелерінде жеке шошайып тұрған құздық қырқалар немесе карлингтер деген шыңдар саќталуы мүмкін. Мұздық цирктері, карлингтер мен құздық қырқалар осы заманѓы мұз басуымен ќамтылѓан, тау бедерінің наѓыз өзіне тән кең таралѓан пішіндері. Мұндай көрініс альпілік бедер (альпийский бедер) деп аталады. Таудағы мұз басу жаѓдайы кардың шекара деңгейіне байланысты болғандықтан, альпілік бедері таудың әр биіктерінде кездесуі мүмкін.

 Іле Алатау. Саты өзені алабының суайрыќ иелігінде дамыған ќар бедер пішіні.

Мұздық цирктерінің (тектоникалық тыныштық және ауа райының бір ќалыпты жаѓдайында) жан-жаққа ұлғайып кеңеюі, фирн бассейнде сол денгейіндегі шеткі жаќтаѓы тау жоталары мен шыңдардың «кемірілуіне» немесе өзінше педиплендірілуіне әкеп соѓады. Нәтижесінде таулы өлкелерде «эквиплен» деген педипленге ұқсас тау бедері түзіледі. Әрине эквипленнін қалыптасуы тау өлкелеріндегі ќар шекарасының деңгейіне байланысты. Мұздықтық тау бедерінің және эквипленнің пайда болу үлгісі.

Плейстоцен кезінде әр қарқынды мұз басуына байланысты және жаңа-тектоникальқ ќозѓалыстар нәтижесінде ќар шекарасының биіктік деңгейі бір­неше мәрте өзгерген. Сондыќтан таудың әр деңгейінде ќар баспалдақтары (лестница каров) деген бірнеше ќатарды құрған цирк  түзілген.  Қазіргі кезде әр биіктегі цирктер әр түрлі даму барысында: ең биіктері (жастары) мұздыќтармен тұтасып, ең төмеңдегілері (ежелгілері) морфологиялық сұлбаларын жоѓалтып, шаѓын көлдер мен шабындыќтарѓа қойындасып жатыр.

Ќар пішіндерінің сатылы түрде орналасуы палегеоморфологиялық және жаңа тектоникалық ќозѓалыстарды зерттеуде үлкен рөл атқарады, өйткені ол плейстоценнің әр кезеңіндегі көне қар шекарасының деңгейін және биік тау бедерінің қалыптасу тарихын зерттеп білу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Мұздықтарының келесі даму сатысы аңғарлық мұздықтардың қалыптасуы. Мұздықтың көлемі ұлғая келе жаңағы ќар деген бедер пішінінің шегіне сыймай беткейдің еңісімен төмен қарай жылжи бастайды.  Жылжу жолында мұздық әдетте эрозиялық пішіндерді (көбінесе шатқалды, сайларды немесе өзен аңғарларын) пайдаланып, оны барѓан сайын өз салмаѓымен қопарып кеңейте береді. Мұздықтардың бұзушылық әрекеті әсіресе олар ќозѓалѓан кезде орасан зор. Мысалы, қалыңдығы 100 метрдей мұз ќабаты жылжыѓанда, оның табанына түсетін қысым мөлшері әрбір текше метрге 91 тоннадай болады екен. Мұздықтардың бұзу әрекеті «экзарация» (латынша «ехағайо» — жырту) деп аталады, яѓни экзарация деген мұздық ќозѓалысы нәтижесінде оның астында жатқан түпкі тау жыныстары бұзылып уатылѓан материалдардың (ірілігі әр түрлі сыныќты тастардың) мұздың жиегіне қарай тасымалдайды. Экзарация әрекетінен шатқал немесе аңғар бойымен төмен жылжыған мүздық олардың көлденең қимасын кеңейтіп астау тәріздес аңғарға айналдырады. Жоѓарыда айтып кеткендей мұндай мұздық аңғарды трог (нем. іго£ — астау) деп атайды. Олар расында да астау пішінді екі жақтары тік, түбі тегіс, план бойынша көбіне түзу баѓытта, ұзындығы шамалы келген бедердің ерекше бұрыс пішіні. Аңғарлы мұздықтарда қоректену көзі және абляция бөлігін айқын ажыратуѓа болады.

Жоѓарыда айтылѓандай, аңғарлық мұздықтардың қоректену көздері -ќарлар мен цирктер. Қоректену бөлігіндегі мұздықтардың беті ойпандау болады. Оның себебі, шеткі тік тау беткейлерінен құлайтын қар көшкіндердің есебінен. Жаздыгүні қар мен мұздықтардың еруінен пайда болѓан мұздықтың үстіндегі гидрографиялыќ торы радиалдық, ортаѓа тартқыш түрлерге жатады.

Ќар пішіндес мұздық беткейі бойымен жылжыѓан кезде, оның соңғы бөлігінде мұздықтың жоѓарѓы шегіне параллельді келген бергшрунда деген жарықшақ пайда болады. Бүл жарықшаққа жоѓарыдан домалап түсетін тау жыныстары сынықтарының көп бөлігі жиналады. Осы сынықты материалдардың есебінен түпкі және ішкі мореналар құрыла бастайды. Абляция бөлігінде мұздықтың орталыќ бел бөлігіне ќараѓанда оның шегінде еру процесі тез жүреді, сондыќтан мұздыќтан, үсті дөңестеу келеді. Бұдан басқа мұздықтардың беті әр түрлі микро және мезо пішіндермен күрделінеді. Мұнда көлденең, диагональды және радиалды жарықшақтар жиі дамыѓан. Диагональды жарықшақтар мұздықтың орта және шеткі бөліктерінің әр жылдамдыѓымен жылжыѓаннан түзелген.

 Таулық мұздык және мұздыќ аңғарларыньң ќоректену мен еру аймаќтары ќұрылысынан сипаты: А — ұзынбойлық ќимасы; Б — пландаѓы керінісі.

Трог аңғарларының бойлық кескіні біркелкі емес, ойлы-ќырлы, кедір-бұдыр болады. Трог түбінде көлденең тұрған түпкі кертпеш шығыңқыларды ригель (нем. гщеі — бөгет) деп атайды.

 

Жамылѓы мұздыќтар таулық мұздықтарымен салыстырғанда әлдеқайда көп, ауќымды. Олар тіпті кей тұста бүтіндей бір аралдар мен ќорлыќтарды алып жатыр. Мәселен, Гренландиядағы сірескен мұздықтардың калындығы 3 км-ден асса, Антрактидада ол 4 км-ге дейін жетеді. Міне, осындай ѓаламат ќалындыѓына байланысты мұз астындаѓы бедер пішіндері мұздықтың таралуына пәлендей әсер ете алмайды. Жамылѓы мұздықтардың үстіңгі беті әдетте дөңестеу, жазық келеді, яѓни қалқанға ұқсас болады. Олар Арктикалыќ және Антрактикалық климат белдеулерінде таралѓан, ал бұлардағы қардың шегі теңіз деңгейіне дейін жетеді немесе одан сәл биігірек орналасады. Жамылѓы мұздықтардың жылжуы қысымның айырмашылыѓына байланысты пайда болады да, мұздық «қалқанының» ортасынан басталып, жан-жағына жылжып тарамдала тарайды. Мұздықтың қоректену аймаѓы «қалқанның» кіндік тұсында орналасқан. Ондаѓы мұздың жыл сайынѓы еруі оѓан түсетін қар мөлшерінен кем болады. Қоректену аймаѓынан қашықтаған сайын абляция арта түседі де, мұздың қалыңдығы кеми бере, мұздыктың шет-шеті мұз астындаѓы бедеріне бейімделе бастайды (мәселен, Гренландияның оңтүстік-шығыс бөлігінде осындай құбылыс айќын байќалады). Мұздық балансының артуы мен кемуінің арақатынасына байланысты оның жиегі бір ќалыпта тұрмайды, осциляция күбылысы болып тұрады.

Мұздықтардың үстіңгі бетін әдетте сан тарау жарыќтар шимайлап жатады. Олардын пайда болу себептері де алуан түрлі: біресе мұз астындаѓы бедердің әсерінен, енді бірде мұздыктардың жекелеген бөліктерінің әр ќилы (әр келкі) жылжуынан болуы ыќтимал. Бұл жарыќтар мұздык бетінің жазда еруінен пайда болатын судың әсерінен кеңейіп тереңдей түседі. Терендігі ондаѓан, тіпті жүздеген метрге жететін мұз үсті каналдары осылай ќалыптасады. Мұз ішіндегі және мұз астындаѓы каналдар мен үңгірлер де осындай сулардың аѓу нәтижөсіпде пайда болады. Бүл үңгірлерде су қатты қысымның әсерінде болады және тегеурінді күштің ыќпалымен аѓып, аса зор эрозиялық-аккумуляциялық жұмыс атқарады.

Төрттік кезенде мұз басқан алаңның аумаѓы талай рет елеулі түрде өсіп отырѓан. Солтүстік Америка мен Евразия аумақтарындағы орасан зор алќаптарды мұз басты. Төрттік кезенде мұз басудың ең кең тараѓан шаѓында ол 40 млн шаршы километрден асты (кұрлықтың 30% алып отырды), яѓни ол қазіргі мұз басқан аланнан 3 еседей артық болды.

Бұрынгы КРСО-ның еуропалыќ, бөлігінде алты мәрте мұз басу болды делініп жүр. Атап айтќанда, олар: (көне кезендерден бастап) березиндік, окалық, днепрлік, москвалық, калининдік, осташковтың деп бөлінеді. Мұның үстіне, бес түрлі мұз аралыќ кезеңдер болды, олар: беловежьелік, лихвиндік, одинцовтьщ, микулиндік, молого-шексниндік. Кейбір ѓалымдар біртұтас валдайлық мұзбасу кезеңі болып оның екі (калининдік жэне осташковтық) сатысы болѓан дейтін пікірді ұсынады және осы екеуінің молого-шексниндік мұз аралыќ сатысы етті деп есептейді.

Еуропада төрттік кезенде өткен мұзбасудың негізгі орталыѓы Скандинавия болѓан, мұндағы мұздықтың ќалындыѓы 5 км-ге дейін жеткен. Жаңа жер мен Солтүстік Орал орталыќтарындаѓы мұздықтың ќалындыѓы бұдан сәл кемдеу болѓан. Сірә, Еуропадаѓы ең аумаќты мұздық днепрлік мұздық болѓанѓа ұқсайды.

Көне мұз басу жамылғысының шеңберіндегі мұздык калқанның динамикасына сәйкес, геоморфологиялық процестердің белгілі бір белдемдері ќалыптасып, түбінде соның сипаттары әр түрлі аймактардың казіргі пішіндеріне әсер еткен болуы керек. Әйтеуір, жер-жердің бедеріне назар аударсақ, мұздықтық денудация (экзарация) да, мұздықтык аккумуляция да басым болѓан аймаќтар айќын көзге шалынады. Әрине, мұндағы «басым» сөзі бекер ќолданылып отырѓан жоқ өйткені денудация аймаѓында аккумуляциялық пішіндер кездесетін болса, дәл сол сияќты аккумуляция аймаѓында денудациялық пішіндер де кездесе береді.

Еуропалыќ мұздық жамылғысының шыѓыс еуропалыќ бөлігін мысалѓа ала отырып, осы аталѓан аймақтардың қүрылымын ќысќаша сипаттап көрелік.

Мүздық  денудациясының басым аймаѓы. Көне мұз жамылғысындағы мұз денудациясының басым аймаѓы Фенноскандия болѓан. Мұндаѓы аймактың басым бөлігіңде кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстары ұшырасатыны белгілі, ал Скандинавия түбегінің батыс жаѓалауын бойлай кембрий мен силур тау жыныстары кездеседі.

Осы түбегейлі тау жыныстары мұздық әсеріне қатты ұшыраѓан. Бедердің денудациялық пішіндерінен, ең алдымен мұздық әсерінен түзілген жартасты тау тізбектерін (қазір сельга деп аталатын тізбектерді) және солармен парал­лельді кезектесіп жатқан, бүгінде көлдер мен батпаќтардан тұратын қопарылма ойпандарды (ванны выпахивания) атауѓа болар еді. Көл дегеніміз тіпті көп, Финляндия мен Карелияны «мың көлдің елі» деп тегін атамаѓан болу керек.

Мұз әсерінен өзгеріске ұшыраған. бұдан гөрі ұсақтау денудациялық пішіндер ќатарына бұйрат жартастар (рельеф «курчавых скал» және «қой майдай тастар» (бараньи лбы) деп аталатын жұмырлау келген бедер пішіндері жатады. Жоталар мен «қоймаңдай тастардың» беткейлерінде мұз «сызаттары» айқын көрінеді, олардын; баѓытына қарап, кезінде мұздықтың қай баѓытта жылжығанын аңғаруға болады. Сонымен қатар мұздық жылжуының баѓыты көптеген жоталардың және оларды бөліп жататын қопарылма ойпаңдардың баѓытына сәйкес келеді.

Карелия мен Финляндияның онтүстік және онтүстік-шығыс жаѓында мұздық кешу баѓытында тік немесе ирендей созылѓан темір жол жиегіндегі үйінділер тәрізді оз жалдары (швед. азағ — жал) жиі ұшырасады. Ені ондаѓан метрден 150 метрге жететін, кейде тіпті одан да асатын бұл жалдар ондаѓан шаќырымѓа жалғасқан тұстарын қоса есептегенде жүздеген километрге созылып жатады. Олардың биіктігі 50, кей-кейде 100 метрге жетеді, беткейлерінін, бұрышы — 30-45° болады. Мұздықтардың жылжу баѓытына ќарай созылып жатқан оздарды радиальдық (тарамдық), көлденендік немесе маргинальдық, яѓни мұздықтардың шетіне параллель дамыѓан. Бір қызығы, оздардың орналасуы бүгінгі жер бедерінің нобайлық нұсқасына тіпті де ќатысты емес. Олар сельгаларды қиып етіп, көлдерді бөліп тастап, т.т. түрленіп, орналаса береді. Оздар флювиогляциальдық жаѓдайда ќалыптасќан аккумуляцпялық пішіндер ретінде түсіндіріледі. Соларды құратын материалдардың өзі де осыны дәлелдейді, яѓни бұлар қиғашты қабатталған құмдар, жұмыр тастар мен киыршық тастар. Шомбал тастар жиынтыѓы да жиі кездеседі. Қалай болѓанда да, оздардың пайда болу табиѓаты әлі жеткілікті айқын емес. Кейбір пікірлерге қарағанда, радиалдық оздардың көбі және көлденең оздардың біршамасы — мұздықтың саңылаулары бойымен, оның ішінде және астында ќуалай аққан тасқындардың шөгіндісі болса керек. Мұздық еріген соң, таскынның аѓыны бойымен жиналѓан материал сол жердің үстінде үйіліп қала берген. Ал басќа бір пікір бойынша, оз дегеніміз — мұз шегіндегі тасқындардың атыраулық ысырындылары, ал бұл мұздықтың жиегі кері шегінген сайын ұдайы жалѓасып өсе берген.

Оздар бүгінде құрылыс материалдарының көзі ретінде және жол салуѓа пайдаланылады. Керек десеңіз, көп жерін көлдер мен батпақтар алып жатқан Финляндия сияқты елде бұл мақсатқа оздардан басқа ештеңені қолдана алмайсыз да.

Мұздық аккумуляциясының басым аймаѓы. Мұз аккумуляциясының басым аймаѓы мұздықтың шеткі жаѓында орналасқан. Мұз суының әрекетінен пайда болѓан әр түрлі пішіндермен қатар жер бетінде кама, друмлина, зандр деп аталѓан бедердің ерекше пішіндері түзелген.

Кама (нем. ќата — кырқа) деп биіктігі 2-5 метрден 30 метрге дейін жететін, кейде одан да асатын, қабат-қабат флювиогляциалдық шөгінділерден тұратын төбелерді атайды. Олар мұз аккумуляциясы басым болѓан аймаќтарда тараѓан. Бұл төбелердің көрінісі конус тәрізді жұмыр күмбезге ұқсайды. Төбешіктердің беткейлері әдетте 15°-ға дейін кейде одан да еңістеу болады. Қалыптасу тегі жөнінен камалар оздарга жақын деп есептеледі, бірақ олар мұздық ішіндегі және астындаѓы тасқындардың кеңейген орнында пайда болѓан. Таѓы бір көзқарас бойынша, камалар бұрынғы мұздық үсті мен мұздық астындаѓы көлдердің орнында қалыптасқан болса керек. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, мұның қай-қайсысында да камалардың түзілуі мұздықтардың бұзылып еруі барысында, жылжу қабілетінен айрылѓан «елі» мұз орнында пайда болѓан.

Друмлина деп (ирланд. йгатнп — төбе) бір жүз метрден 2-3 км-ге дейін ассиметриялы жал тәрізді созылѓан дөндерді атайды: олардын ені 100-200 метрден 2-3 км-ге дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге дейін жетеді. Друмлиндердің ұзын осы мұздықтың жылжу баѓытына қарай орналасады, Олардың мұздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де, қарсы беткейлері де құламалы бола беруі мүмкін. Друмлиндер мореналық материалдан тұрады.

 

2.2. Мұздықтардың морфологиялық типтері

 

Іле Алатауында тау мұздану аудандарына тән мұздықтардың барлық морфологиялық типтері кездеседі. Жотаның мұздықтары морфологиялық белгісіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  • Аңғар мұздықтары – күрделі және кәдімгі аңғарлық, қазаншұңқырлық, карлык-аңғарлық және аспалы — аңғарлық.
  • Тау беткейі мұздықтары – шлейфтік, Карлык, Карлык-аспалы, аспалы.
  • Ежелгі денудациялық жерлердегі мұздықтар – жайпақ шыңдардағы мұздықтар.

Басты өзен аңғарларында жатқан қазіргі заманғы аңғарлық мұздықтар өздерінің төмендегідей өзгешеліктерімен ерекшеленеді, күрделі қоректену алабымен жиі бірнеше мульда тәрізді камераларға тілімденуі амен және кең немесе енсіз фиріндік алабымен. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі жотаның орталық және шығыс бөлігінде шоғырланған. Олардың дамуына ірі ойыс пішіндес цирк тәріздес алаптар ықпалын тигізеді. Жотадағы аңғарлық мұздықтардың басталуының орташа абсолюттік биіктігі 4290 м.

Аңғарлық түрдегі бір мұздықтың орташа ауданы 2.8 км. Шаршы шақырымға дейін, ал орташа көлемі – 0.1329 км.  куб. Мұзданудың оң айырмасы 480 м, теріс айырмасы 300м, вертикальді диапазоны 780м, мұздану коэффициенті – 1.24 м.

Іле Алатауының солтүстік беткейінің мұздық жүйөсіпде аңғарлық түрдегі ауданы 100 км шаршы шақырым және 38 мұздық бар деп есептелінеді. Аңғарлық мұздықтардың жалпы көлемі – 4.902 км. Кубқа тең немесе аймақтағы мұздықтар көлемі – 42.5 пайыз.

Аңғар мұздықтардың тобына сонымен қатар, қазаншұңқырлық мұздықтарда жатады. Олар әдетте кең, көп камералыңиркте орналасады. Қазаншұңқырлық мұздықтар Дмитриева, Игокальский, Горний институты – аймақтағы көлемі бойынша ең ірілері. Олар үлкен ауданымен және қалыңдығымен ерекшеленеді. Мұндай мұздықтардың ені ұзындығынан асып кетуіде мүмкін. Бұлардың кейбіреулерінде енді фирндік алаппен бірге, едәуір ұзын тілімдері болады. Осының салдарынан олар аңғарлық мұздыққа жатқызылуы мүмкін. Осындай мұздықтарды  Н.Н.Пальгов жартылай қазаншұңқырлық деп атады. Бұл жерде кәдімгі қазаншұңқырлық мұздықтар аз – барлығы 4 (1.3 пайыз), бірақ олардың ауданы — 39.4 км. Шаршы шақырым. Жалпы мұздану ауданының – 13.7 пайызын құрайды, ал көлемі – 2.112 км.  куб. Жалпы мұздану көлемі  — 18.3 пайыз.

Іле Алатауында аспалы аңғарлық мұздықтар көбірек. Аспалы аңғари мұздықтарының морфологиялық көрсеткіштері кәдімгі аңғарлық мұздық көрсеткіштеріне ұқсас, бірақ орташа ауданы мен көлемі азырақ – 1.3 км. Шаршы шақырым және – 0.48 км. Аспалы аңғар мұздықтарының жалпы ауданы 32.5 км. Шаршы шақырым және көлемі – 1.153 км.  куб.

Карлык – аңғарлық мұздықтар енсіз және терең аңғарлар бастауларында орналасады. Бұл мұздықтардың соңы ірі аңғарлық мұздықтарға қарағанда – 40-60м. биігірек. Бұлардың кейбіреулері асимметриялы қоректенуге ие. Қарастырылып отырған мұздық түрінің орташа ауданы – 0.18 км. Шаршы шақырым, ал орташа көлемі – 0.025 км,  куб, мұзданудың оң айырмасы 290м, теріс айырмасы – 1.08м.

Аспалы аңғарлық және Карлык-аңғарлық мұздықтар аймақтағы барлық мұздық мөлшерімен – 9.1 пайызын құрайды. Олардың жалпы ауданы – 35.6 км. шаршы шақырым – 12.4 пайызға тең, ал жалпы көлемі – 1.252 км.  куб, жалпы мұздық көлемі 10.8 пайызына тең.

Іле Алатауының солтүстік макро беткейіндегі мұздықтардың жалпы санына – 4/3-і беткейлік мұздықтарға келеді. Бұлардың ішінде кең таралғандарына Карлык, Карлык-аспалы және аспалы мұздықтары жатады. Батыс және шығыс бөліктерде олар жеке мұздық кешендерін түзейді. Жотаның орталық бөлігінде мұздықтардың бұл түрлері мұздықтардың серіктері болып табылады. Көп жағдайларда типті Карлык мұздықтар батыста және шығыста кең дамыған қарларды орналасқан. Карлык – аспалыларға аз тілімденген қарлардың соңғы тік қабырғаларындағы кішігірім мұздықтар жатады. Сонымен қатар жотада мұздықтардың басқа Карлык түрдегі түрлері де кездеседі. Оларға мысалы, Орталық Талғар өзені алабындағы Саланова мұздығын жатқызуға болады.

Карлык және  Карлык-аспалы мұздықтардың ашық аяқтамалар биіктігі – 3570-3600м-ге тең, олардың орташа ауданы – 0.4 км. шаршы шақырым, орташа көлемі – 0.012 км. куб, мұзданудың вертикальді диапазоны – 440-470м, мұздану коэффициенті – 1.15. Мұздықтардың бұл түрлерінің жалпы саны – 73. олардың жалпы ауданы – 31.6 км. шаршы шақырым, ал жалпы көлемі – 0.854 км, куб. (жалпы мұздық көлемі 7.4 пайызын құрайды).

Аспалы мұздықтар Іле Алатауында басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі. Олар тек қана қар және цирк қабырғаларында емес сонымен қатар, ең бастысы тау беткейлерінде орналасады. Аспалы мұздықтар минимальді өлшемде болады. Олардың ауданы – 0.01-ден 0.8 км. шаршы шақырымға дейін, ал олардың қалыңдығы 20-30м-ді құрайды. Әдетте аспалы мұздықтар биік гипсометриялық деңгейде орналасады, олардың соңдары – 3650 м-ден төмен түспейді. Мұзданудың оң айырмасы – 290, теріс айырмасы – 200 м, мұздану коэффициенті – 1.04 м аймақта – 0.1 км. шаршы шақырым ауданды мұздықтарды қосқанда жалпы ауданы – 19.5 км. шаршы шақырым және көлемі – 0.418 км. куб болатын 124 аспалы мұздықтардың бар екені есептелінеді.

 Іле Алатауына тән мұздықтардың бірі – шлейфтік мұздықтар. Шлейфтік мұздықтардың фирндік алаптары аңғардың бір беткейінде жалғасады, осы беткей етегіндегі жатқан олардың тілдерінің екі еңістігі болады: қарама -қарсы аңғар бүйіріне және оның бойлық өсі бойынша. Жер бетінін тік еңістігі (20-40 градус),  салыстырмалы шамала ғана қалыңдығы (35-40 м) және фронттарының енді болуы шлейфтік мұздықтың ерекше өзгешеліктеріне жатады.

Шлейфтік мұздықтар өздерінің ашық соңдарымен орташа алғанда 3570м биіктікке дейін төмен түседі. Мұздықтың бұл түріне орташа ауданы – 1.6 км.шаршы шақырымға тең, мұзданудың оң айырмасы – 340м-ді құрайды, теріс айырмасы – 250 м, мұздану коэффициенті – 1.04м. Жотаның солтүстік макро беткейінде 33 шлейфтік мұздықтар тіркелген. Ауданы 51.4 км. шаршы шақырым (барлығының 17.9 пайыз) және көлемі 1.868 км. куб. (барлық мұздық көлемінің 16.2 пайызын құрайды). Сирегірек негізінен жотаның шығыс бөлігінен жайпақ шыңдар мұздықтары кездеседі. Олар фирн сызығына жақын биіктіктерде жатады. Жалпақ шыңдық мұздықтар өлшемдері үлкен емес орташа алғанда – 0.5 км. шаршы шақырым, сонымен қатар, олардың қалыңдығы да аса көп емес – 30-40м.

Жалпақ шыңдар мұздықтарында максимальді коэффициентке тән. Жалпақ шыңды мұздықтардың жалпы ауданы – 3.1 км. шаршы шақырымға тең ( барлық мұздану ауданының 1.1 пайыз). Бұл мұздықтардың соңдары ең биік гипсометриялық деңгейде, 3980-4000м-ден төмен түспейді. Сондықтан мұздықтардың бұл түрінің мұздануының вертикальді диапазоны минимальді шамада болады. Жоғарыда қарастырылған морфологиялық түрлерімен қатар Іле Алатауының кейбір мұздықтарын ауыспалы түрлеріне жатқызуға болады. Морфологиялық топтарға сәйкес біріктірілген әртүрлі морфологиялық түрлердегі мұздықтардың ауданы мен көлемі және сандарының бөлінуі 5-ші кестеде көрсетілген.

Іле Алатауы солтүстік беткейдегі мұздықтар типтерінің морфологиялық топтарының таралуындағы басты кеңістік заңдылық мынадай, яғни ірі мұздықтардың басым аңғарлық және қазаншұқырлық түрлері максимальді абсолюттік биіктік пен айтарлықтай бедер тілімденуі байқалатын Талғар, Есік және Түрген өзендерінің бастауларына негізделген. Керісінше , Карлык және аспалы мұздықтар жотаның батыс бөлігіне таралады. Өзен алаптары бойынша мұздықтардың әр түрлі морфологиялық топтарының бөліну мәліметтері 6-шы кестеде көрсетілген.

Жалпы Іле Алатауында ірі мұздықтар салыстырмалы түрде аз: тек 17 мұздықтың (5.5 пайыз) ауданы 3 км. шаршы шақырымнан асады, ал екі мұздықтың ұзындығы 5 км-ден асады, 20 мұздықтың ұзындығы 3-тен 5 км-ге дейін, 141 мұздықтікі 1-ден 3 км-ге дейін. Қалған мұздықтардың ұзындығы 1км-ден аз шамада.

 

2.3. Мұзданған аймақтардың метеорологиялық жағдайы және Кіші Алматы өзендерінің алабындағы өзендер

 

Іле Алатауының барлық жотасына арктикалық, полярлық және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Негізінен, бірінші полярлық ауа массасы, ал кейіннен тропиктік және арктикалық ауа массалары көрінеді. Қыс айларында кейде көктемде бұл жерде сібірлік антициклон орнайды. Көктем айларында циклондар байқалады және Жерорта теңізінен Қаратеңізден ылғалды ауа массасы  көптеген жауын-шашын әкеледі. Циклонды желдер Іле Алатауы гляциалды зонасындағы қар жамылғысының таралуына әсер етеді. Күзде, көктемде қарастырылып отырған жотаның аймағын арктикалық ауа массасы болады да температұраның төменденуіне әсер етеді. Ылғалданудың негізгі көзі Атлант мұхитынан келеді, сондықтан бұл жотаның мұздықтары Атланттық қоректенуге жатады.

Іле Алатауының таулы аймақтарында жергілікті циклондар байқалады. Бұл циклондар мамыр және қыркүйек айларында, таулы аңғарларда желдер ретінде байқалады. Метеорологиялық және актинометрикалық бақылаулар Тұйықсу станцияларында жүргізілді. Сонымен қатар, метеорологиялық бақылаулар, Шокал, Конституция, Тоғұзақ, Корженевск мұздықты жоталарда жүргізілді. 1935-ші жылдан бері Кіші Алматының жоғарғы бөлігіндегі Мыңжылқы станциясында метеорологиялық бақылаулар жүргізілді.

Тау алды белдеудегі ауаның температұрасы 7-8 градус аралығында ауытқиды, 3000м биіктікте 1.5 -2 градус төмендейді. Ең жылы ай шілде, тамыз айларында да мұздықты аймақта қаңтар айы сияқты суық болып тұрады. Суық айдағы ауаның орташа температұрасы 8-10 градус, ең төмен орташа айлық температұра Тұйықсу станциясында -16.0 градус болады, ал минимальді температұра 32 градусқа төмендейді. Қыс айларында жотаның солтүстік беткейіндегі тау алды жазықтарына дейін аса үлкен емес вертикальді градиент тән. Гляциалды зонаның өзінде жоғарғы градиент – 0.75 градус болады. Температұралық инверсия 300м биіктіктен жоғары байқалмайды.

Іле Алатауының биіктік белдеуіндегі жылы айларды температұра градиенті Медеу және Мыңжілік пунктерінен алынады, гляциалды зоналардағы температұралық градиент 0.63-0.67 градус (100м болады).

Іле Алатауы ауасының температұралық өзгеруін 1961 ж тамыз айындағы Конституция мұздығында 3442 м биіктікте есепке алынған бақылауларды қолданады. Осы бақылаулар Талғар өзенінің сол жақ алабында және Тұйықсу станциясында да есепке алынған. Конституция мұздығындағы температұра Орталық Тұйықсу мұздығындағы температұрамен бірдей. Талғар мұздығы Кіші Алматы мұздығына жақын болып келеді. Орташа тауларда – Асы, Нарынқол, Сарыжаз, Кеген, Қордай ауасының температұрасы бірдей, Іле өзенінің температұрасы төмендей түседі. Батыс аймақта Кіші Аламаты аймақтары мен салыстырғанда температұра – 0.5 градус жоғары, ал шығысында – 0.5 — 0.7 градус суық болып келеді. Ауаның ылғалдылығыңиркуляция процөсінің ауа массаларына ауысуына, ауаның температұрасына байланысты. Жылдық абсолюттік ылғалдылық жылдық ауаның температұрасының таралуына байланысты: шілдеде де – максимум, ал қаңтарда – минимум байқалады. Гляциалды зонада маусым мен шілде де ауа температұрасының ылғалдылығы 5.5 — 6.6м.б, қаңтар мен ақпанда 1.2-1.6 м.б, тау алды аймақтарда 13.3 — 2.7 м.б. Жылдық орташа абсолюттік ылғалдылық тау алды жазықтарында 7.3 м.б, ал альпілік 3.6 м.б. және гляциалды зонада 3.2 — 3.3 м.б. Ауаның ылғалдылығы аса жоғары емес. Орташа жылдық ылғалдылықтың тауалды жазықтарында 60-60 пайыз және гляциалды зонада 63-71 пайыз. Ауа температұрасының минимумы жылы уақытта тауалды жазықтарында  36-63 пайыз және суық уақытта гляциалды зонада 7 пайыз.

 

Жел. Тауларда желдің бағыттары әр келкі болады. Тау аңғарлық желдің пайда болуы макро циркуляцияға байланысты. Н.Ф.Гельмгольцем зерттеуі бойынша таудағы желдер 20км-ге жетеді. Таудағы желдердің жылдамдығы аңғарлардағы желдердің жылдамдығына қарағанда жоғары. Тауда жылдамдығы аз құрғақ жылы желдер соғады. Таулы жоталардағы желдің жылджамдығы жазықтарға қарағанда айырмашылығы бір.

Тау алды жазықтарында маусым, шілде айларында желдің жылдамдығы 2.7 м/сек, желтоқсан айында 1.3 сек. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2м/сек. Таудың ортаңғы бөліктерінде 1500-1600 м биіктікте тамыз айында желдің соғу қарқындылығы байқалады, тау аңғарларында  желдің циркуляциясы 3м/сек-қа жетеді. Мұздықтарда оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және солтүстік бағыттағы желдер басым. Суық айларда оңтүстік шығыс желдер байқалады. Суық айларында оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттағы желдердің қайталануы Тұйықсу – 1 станцияларында 68 пайызға, Тұйықсу – 2 станцияларында 72 пайызға, ал Тұйықсу станциясында 71 пайызға жетті. Тау аңғарларында циркуляция тамыз, шілде айларында анық байқалады. Қалған уақыттарда мұздықтар дан соққан желдер басым болады. Аңғарлық желдер 19-20 сағатқа дейін соғады.

Жылдың жылы айларында тәуліктік желдер байқалады. Бұл жердегі желдің бағыттары күндіз солтүстік пен оңтүстікке, ал түнде оңтүстіктен солтүстікке қарай соғады. Қыста гляциалды зонада жылдамдығы 16 м/сек-қа жететін желдер байқалады. Желдің жоғарғы жылдамдығы желтоқсан, наурыз айларында байқалады. Желдің максималды жылдамдығы 1957 жылы 16-шы желтоқсанда Тұйықсу – 3 станциясында белгіленеді. Желдің жылдамдығы 16.3м/сек-қа жетті. Жазда желдің орташа жылдамдығы 2-3.5 м/сек-қа жетті.

 

Бұлттылық. Кіші Алматы алабының мұздық зонасында 3 станцияда жалпы бұлттылық біркелкі және 6 балға тең. Бұл жерде жоғарғы және ортаңғы ярустағы бұлттар байқалады, ал төменгі ярустағы бұлттар дербес қатпарлы және қатпарлы жаңбырлы бұлттар байқалады. Тұманды аспан 12-13 күнге созылады.  3-станцияда да ашық күндер бірдей: жалпы бұлттылық 5 күнге, ал төиенгі бұлттылық 12-13 күнге созылады.

Кіші Алматы мұздықты зонадағы жылы уақыттағы бұлттылық 3 жылда маусым айларында 6 балға, ал тамыз айларында 6.5 балға және қыркүйек айларында 3.8 балға жетеді. Жылы айдағы орташа бұлттылық 5.7 балды көрсетеді, қыркүйек айы ең құрғақ айы болып келеді. Бұлттылықтың көп бөлігі конвективті формада болады. Cu, C b, As, Sc, Ci қайталануы 53-55 пайызға жетеді. Жаз айларында 4-6 күндер ашық күндер, және 9-10 күндер тұманды күндер болып есептелінеді. 15 күн ішінде бұлттар ауысып отырады.

Ауа-райының 3 генетикалық типі байқалады: антициклонды, фронтальды және конвективті. Іле Алатауында бұлттылық аз өзгереді. Бұлттылық күннің түсу сәулесі мен анықталады. 1958ж маусым айында 194 сағатта, ал шілде айында 202 сағатта және тамыз айында 176 сағатты құрайды.

Кіші Алматы өзендерінің бассейндегі мұздықтар Кіші Алматы аңғарының Орталық Тұйықсу мұздығы 1956 ж бері толық зерттеліп келе жатыр және қазіргі уақыттада зерттелу жұмыстары жүргізілуде. Мұздық екі камерлік циркта шығады және 175 м-ге созылып жатыр, құзды сілемдерден құрылған. Осы жерлерден мұздықтардың массалары жалғасады – оң жақта Тұйықсу мұздығы және сол жақта Зои Коспеодемья мұздығы. 1956-1970 ж.ж аралығында мұздықтардың жылдамдығы жылына 14.5-21.2 м-ге ауытқыды. Орталық Тұйықсу мұздығының қозғалысы 1957-1958 ж.ж толық зерттелінді. Нәтижөсіпде мұздықтың жылдық қозғалысының таралуының картасы жасалынды. Орталық Тұйықсу мұздығы қозғалысына байланысты 5 зонаға бөлінеді: максимальді зона, жоғарғы зона, ортаңғы зона, төменгі және жылжымайтын мұздық зонасы. Жылжымайтын мұздық зоналарында дегредация процесі байқалады.