ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ
Алматы — 2010
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
- ТАРАУ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ — ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері
1.2. Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру
1.3. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы
- ТАРАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Жаңа педагогикалық технология — модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану
2.2. Оқу модулін даярлау технологиясы
2.3. Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі [2,3].
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу прцесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған [4,5,6,7,8,9,10].
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметтің, Білім және Ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешенін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған ҚР «Білім туралы» Заңында, 30 қыркүйек 2000 жылғы «Білім» мемлекететтік бағдараламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді [11].
Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет [12,13,14].
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технология — мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлекция негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйенің мынадай құрылымы бар: 1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу; 2) оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу; 3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын дұрыс қолдануын қадағалау; 4) тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту; 5) оқушыларға жоғары деңгейде сапалы білім беру.
Педагогикалық технологияға – В.П.Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе» – деген анықтама берген. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсаты бір – бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады [15].
Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.П.Беспалько, В.М. Монаховтың және т.б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның, Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, М.М.Жанпейсованың, Қ.М.Нағымжанованың және т.б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылуда [16].
Зерттеу нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқу процесін инновациялық-дидактикалық талаптарға сай оқытуда деңгейлеп саралап және оңтайлы оқыту технологиясын пайдалану кезінде жүргізілетін жұмыстары.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, деңгейлеп саралап оқыту, оңтайлы әдіспен оқыту, модулдік технологиясы арқылы білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеу міндеттері:
Инновациялық-дидактикалық, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық деңгейдегі зерттелуі мен практикадағы күйін айқындау.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа сай дидактикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына жасалған талдау, әңгімелесу, бақылау жұмыстарымен мектептерде қойылған талаптар.
Зерттеудің практикалық маңызы: Беріліп отырған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әдістемелік нұсқаулар жасалыну керек.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ТАРАУ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ — ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері.
Еліміздің егемендік алып , қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептің осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда. [1,2,3].
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен , ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.
Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына , азамат , тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.Есте сақтау , ақыл –ойын дамытатын оқуға көшу;
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту ,қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
-еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
-орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.
Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
«Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды. [6,11].
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. (9,18).
«Ғылымның қайнар көзі» -Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. «Инновация » ғылымына берілген ең ескі емес анықтама , бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».Кейіннен «инновация »ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу » мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.
«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың –«инновация » «нововедение» новшество» «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны » — нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды –машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр , Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың , сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында » көрсетілген. [3;2]
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары айқындалған.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова ,М.В,Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Потащник, В.И.Загвязинский , Т.И.Шамова, Н.Р.Чосуорбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған. [4,5,6,9]
Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы , В.А.Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері)негізінде қарқынды оқыту технологиясы , П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның , М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы , В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Сонымен қатар Лысенкованың «Перспективті дамыта оқыту технологиясы », Н.П.Гузиктің «Сынып ішіндегі деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы », В.В.Фирсовтың «Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы », Н.Н.Пиканның «Саралап деңгейлеу технологиясы»,В.Дьяченконың «Жобалап оқыту технологиясы », М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы », В.М. Монахавтың технологиясы , Д.Б. Эльконин ,В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы» , В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі , И.П.Волковтың «Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы» , Ш.Амоношвилидің «Ізгілікті – тұлғаны оқыту технологиясы », В.Д.Шадриков «жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы », «Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы » «Ақпараттық оқыту технологиясы » (Дьяченко) , «Проблемалық оқыту технологиясы », «Ойын арқылы оқыту технологиясы » В.В . Гузив т.с.с. жаңа технологиялық оқыту түрлері зерттелді.[34;30;23;35;]
Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі –қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. 62 бет
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың , Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі , сондай-ақ , прфессор Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дефференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда. [4,5,6].
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.
1.2. Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
Кез келген елдің рухани — мәдени дамуы экономикалық дамуы сол елдегі оқыған білімді индивидумдар деңгейімен анықталады. Ал жеке тұлғалардың білімділігі кеңінен ойлану анализдей білу мектеп қабырғасында алатын біліміне тікелей байланысты. Яғни мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты.
Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Сондықтан білім берудің сапасын жақсарту, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалім басты рөль атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, яғни мұғалім көбіне кеңесші, бағдарлаушы рөль атқаруға тиіс. Қазіргі кезеңде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс.
Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі. өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін әлемдік білім аясына кірігуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократиялау, ізгілендіру арқылы жаңа сапалы деңгейге көтеруді көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып, көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшеліктерімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп — оңтайлы оқытуды ұйымдастыру — бүгінгі өзекті мәселе. Осы тұрғыдан зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі — оңтайлы оқыту мүмкіндіктерін ашу.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу осы проблемаларды шешуге маңызды рөль атқарады. Оқу процесінде қолдану үшін ұсынылып жатқан технология түрлері өте көп.
Соңғы мәліметтерге қарағанда бес бағыттан бағдарланған 50 — ге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Сондықтан осындай жаңартылған технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу -әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.
Г.К.Селевко «Өзін-өзі дамыта оқыту»
М. Жанпейісова
«модульдік
оқыту»
В.К. Дьяченко
«Ұжымдық
оқыту»
Монахов-Қараев «Міндетті нәтиже негізінде шағын мақсатпен оқыту»
Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясы
В.Кодикованың «саралап оқыту»
В. Кодикованың «Саралап оқыту» — оқуының жан — жақты мүмкіндігін ескере отырып оқыту әдісі. Бұл дегеніміз — оқуға берілетін көмекті саралау, әрбір оқушы ең жоғары нәтижеге жету үшін мұғалімнің істейтін іс — әрекеттерінің жиынтығы.
Саралап оқытудың ең басты шарты — оқушыларды үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты — оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру.
Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясына көңіл бөлу белгілі бір жүйеге қалыптастырып, танымдық белсенділіктерін арттырады, өз беттерінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылар өз ойын, ой пікірлерін еркін жеткізіп, талдау жасауға, қорытынды шығаруға үйренеді. Белгілі бір сызба кестелер бойынша кез — келген заңдылықтарды жүйелі түрде айтуға, оларды сапалы түрде қолдана білуге дағдыландырады.
Оқу барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда талмай еңбек ететін — бұл пән мұғалімі болып саналады. Т. Ғалиевтің құрған педагогикалық технологиясын негізге ала отырып кәсіпке оқыту бойынша әр сабақтың мазмұнын анықтап, оқушылардың міндетті түрде білуге тиісті материалды жаңа үлгіде сызба түрінде жасап, сол бойынша жұмыс жасаған.
М. Жанпейісова «Модульдік оқыту» — белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын бөлшегі. Модульдік оқыту сабақтар барысында оқушы мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі туралы жазбаша нүсқау алады. Мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін модуль соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін біріктірілген мақсаттар айқындалады. Тапсырмаларды орындау барысы мен модульдік игеру барысын тексеретін әр түрлі бақылау жұмыстары орындалады.
Білім берудегі инновациялық технологиялар.
Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
Оқытуды оңтайландыру деп оқушылар мен мұғалімнің уақыт шығынын аз жұмсап, білім алудың, тәрбиелеудің және дамытудың қорытындыларын ең үлкен мүмкіндігінше жеткізетін оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін айтады.
Оқытуды оңтайландырудың әдістемелік негізі, оқу процесін басқарудың диалектикалық — материалистік жүйесімен әдіс — амалын таба біліп, оның нақты жағдайлардағы ең жақсы нұсқаларын таңдау. Бұндай таңдаулар нақты шындықтың әдістемелік сапалылығына жүгінеді. Мұғалім оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп, нақты педагогикалық жағдайларды және ғылым негіздерін талдауды үйреніп, оқу процесінің қорытындылық және үнемділік тұрғысынан ең жақсы нұсқасын таңдайды.
Оқытудың жан — жақты ең жақсы нұсқасын негіздеуді, тек қана бүтіндей жүйені әдіс -амалдар қолданумен іске асады. Оңтайландыру еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды принципі болып табылады. Мұғалім оқу процесін, оңтайландыру ептілігін меңгермеген болса, онда педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың сыртқы белгілерімен ғана шектеліп қалады. Олар — приборлар орналасуын жақсарту, техникалық құралдарды қолдану, дидактикалық материалдарды жетілдіру. Міне, сондықтан да мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы оңтайландырусыз мүмкін емес.
Оқытудың оңтайлы нұсқаларын құрастыру кезінде оқыту технологиясының негізгі принциптері есепке алынады. Оқыту «жақындағы даму қарқынына» қалыптасуы керек, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылуы, бірақ оларға бейімделумен емес, ал оқушылардың жаңа іс — әрекеті мен жаңа даму деңгейлерін жоспарлау жолымен іске асуы керек. Оқыту мен білім беру, іс — әрекетті және операцияларды меңгерумен шектеліп қалмай, оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруға басты мән беріп, оның өзін ұстау қасиеттерін дамыту. Дамытушы мен тәрбиелеуші тиімділіктерді барлығы бере бермейді, тек оқу іс -әрекетін қалыптастырумен іске асады. Оқытуды жоспарлауда оқушылардың уақытпен және үдемелі қарқындылық пен оқу жұмысына қабілетті тәуелділігі туралы мектептің гигиеналык зерттеу қорытындысын есепке алу керек. Сонымен қатар, мектепте оқитын оқушылардың әрбір жастарына және сыныбына берілетін, сынып және үй жұмыстарын орындауға кететін уакыт шығындарын мөлшерлейтін гигиенашылардың қорытындыларын негізге алу керек.
Оқытуды оңтайландырудың теориясы мен әдістемесі жоғарыда аталған заңдылықтармен және дидактикалық, психологиялық, мектеп гигиенасы принциптерімен тұрақты шектелмей, мұғалімнің жүйеленген және өзара байланысқан іс — әрекет, тәсілдерін ашып көрсетеді.
Мұғалімнің күші мен уақыт шығын мөлшерінің жоғарылауын ескертетін және тәрбиелеу тиімділігін жоғарылатуға апаратын мұғалімнің негізгі іс — әрекет тәсілдерінің қатарына жататындар:
Оқыту міндеттерін таңдау мен шешуге, оның мазмұнын, әдістерін, іс — әрекет құралдары мен түрлеріне кешенді ықпал ету.
Бар шарттар мен мүмкіндіктерді ескеріп, мұғалім іс — әрекетінің міндетін, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін нақтылау.
Іс — әрекеттің міндетін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін жоспарлау кезінде басты мәнді анықтау.
Оқытудың әртүрлі әдістер, құралдар, мазмұндар, түрлер нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты шартты өлшеміне сәйкес ең жақсысын таңдау.
Оқушылардың жеке топ ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың міндетін, мазмұнын, әдістерін, түрлерін таңдауға дифференциалдық ықпал жасау.
Оқытуға қажетті шарттар тудыру.
Оқытуды өзгермелі шарттар мен мүмкіндіктерге байланысты жылдам түзеу.
Оқыту процесінде уақытты, күшті, құралдарды үнемдеуді ұйымдастыру.
Оқытуды оңтайландырудың жалпы тәсілдерін қысқаша түрде міндеттін, нақтылаудың, топтап қорытуды, салыстырмалы бағаны және нұсқаларды таңдауды, бөлшектеп бөлуді, жылдам түзетуді, оқу процесінің барлық құрылымын үнемдеуді кешенді жоспарлау деп атауға болады.
Міндетті кешенді жоспарлаудың оңтайландыру тәсілі ретіндегі маңызы — оқушыларды білім беру, тәрбиелеу мен дамытумен қатар бүгіндегі үлкен міндеттерді жүйелі кешенді түрде шешуді қарастырады. Тек осы кешенді жоспарлаумен оңтайлы қорытындыға жету мүмкін емес. Оқытуға қатысты нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескеруіміз керек.
Оқу процесінің барлық құрылымын нақтылауды жүзеге асыру. Оңтайландырудың бұл тәсілі оқытудың заңдылықтарына сүйеніп, оқушылардың мүмкіндіктеріне, оқу — материалдық базасына, гигиенасына, адамгершілік психологиясына және сезімдік шарттары мен мұғалімдердің өздерінің мүмкіндіктеріне тәуелді болады.
Оңтайландырудың келесі тәсілі басты мәнді анықтау болып табылады. Басты мәнді анықтаумен біз оқу процесінің негізгі міндеттерін шешуді қамтамасыз етіп қоймай, мүғалім мен оқушылардың уақыты мен күшін үнемдейміз. Оқу процесінің мазмұнын талдауда, әрбір тақырыптың басты түсінігін, зандарын, теориялық негіздері мен фактілерін анықтайды.
Оңтайландырудың ең басты тәсілі оқытудың әр түрлі нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты нақты жағдайға байланысты ең жақсысын таңдау.
Мұғалім нұсқаларды салыстырып, ең жақсысын таңдауды үйрену үшін, оқытудың бар байлығын — мазмұнын, әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру түрлерін жақсы меңгеру керек.
Оқытудың әртүрлі нұсқаларының тиімділігін салыстыру кезінде (әдістерді, құралдарды, түрлері және т.б.) мынаны есте сақтау керек, яғни тиімділікті әдетте іс — әрекеттің соңғы қорытынды мақсатымен сәйкестену дәрежесімен есептейді. Тиімділікті іс — әрекеттің соңында бағалайды, ал оны салыстыруды іс — әрекеттің алдында өткізеді. Салыстыру кезінде алдымен іске аспайтын жақтарын алып тастайды, содан соң нұсқаларын екіден бірге дейін тарылтып, екі нұсқаның біреуін нақты жағдайда іске асатынын таңдайды.
Барлығы жоспарланған әдіс — тәсілдердің барлығы оқу процесін көзделген дәрежеде өткізбеуі де мүмкін. Мысалы, ол оқушылардың көбісі үй тапсырмасын орындауда бірдей қателер жіберген, соның себебін түсіндіруге уақыт кетуіне байланысты жоспарланған уақыт өзгеріп кетеді. Бұндай кезде оқытудың әдістерін, құралдарын және түрлерін жылдам түзету тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл жоспарланғанды тез арада түзетулер енгізіп, көзделген мақсатқа толық жете білуін қамтамасыз етеді.
Оңтайландыруды іске асырудың жалпы тәсілі (қажетті аз шығын жұмсап, мүмкін ең көп қорытындыларға жету) оқытуда уақыт, күш және құрал шығындарын үнемдеуге қалыптасу болып табылады. Бұл тәсіл біріншіден алдын көрсетілген барлық тәсілдердің көмегімен іске асады, яғни міндетті кешенді шешу, оларды нақтылау, басты мәнді анықтау, оқытуды бөлшектерге бөлу, оқытудың мүмкін нұсқаларын салыстырмалы бағалау және екіншіден мұғалімдердің қолданатын арнайы әдіс — амалдары (оқытуға кететін уақыт, күш және құралдарды үнемдеу үшін) арқылы приборларды тиімді орналастырумен, оларды блокты сақтап және арнайы таратпаларда таратып беру, автоматты қараңғылау мен дауысты жарықты техникалық құралдарды қолдану, баспаханалық дидактикалық таратпа материалдар қолдану, лабораториялық бөлмелерге оқушылар тобынан лаборанттар дайындап, оларды лабораториялық жұмыс кезінде пайдалану, оқу фильмдерінің орнына ауқымды кино үзінділер жүргізу және т.б.
1.3. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.
Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күш тек білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін мұғалім өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді. Қазіргі таңда әлемдік оқу процесінің өзегі жаңа технологиялар мектеп практикасына енгізілген.
Педагогикалық технология мен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.
Облыс мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс бар екендігі байқалады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру сапасындағы проблема — әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру оларды жүзеге асыратын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты оған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
1) Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
2)Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми әдістемелік базасын жасау, білім беру жүйесін жақсарту;
3) Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
4) Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесін дамыта оқыту жүйесіне көшу.
Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кешіліктер баршылық:
— білім сапасының төмендігі;
-білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқытудың нәтижесі болмауы;
-директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
— оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
-оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуіне жол ашу.
Яғни осындай келеңсіздіктер КСРО-ның оқу жүйесінің тиімсіз болғандығын, аса күшті нәтиже бермегендігін көрсетеді. Сол үшін біз қазіргі кезде оқыту үрдісінде жаңа заманға сай оқытудың жаңа педагогикалық әдістерін қолданамыз.
Бұл жаңа әдістер оқушылардың оқу барысында олардың оқуға, білімге, білімділікке, ізденімпаздыққа ынтасын ашады. Жаңа бағыт береді, жалығу мен жалқаулыққа, бейғамдыққа ұрынуына аса жол бермейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі [17].
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті [18].
Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық бірлігіне, оқу-тәрбие үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ [19].
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кей ғалымдар оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в обьязательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
«Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінеген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең таралса, ал Аравия, Жапония мемлекеттерде «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай қөзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.
«Ғылымның қайнар көзі» — Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ басында бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «иновация» термині еш жерде аталмайды.
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы: инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американыдқтар мен европалық көлемді зерттелер иесі Э.М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
Инновация термині қазірде білім білім берудің теория- практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтсақ Н.Р.Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «Инновация — білім беру жүйедегі жаңартудың үрдісі» — деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол инновациялық үрдіс дегеніміз — жаңалықтарды жасау, оны педагог ғалымдардың оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы деп түсіндіреді. Автордың пікірі бойынша, педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеяларды енгізуге болады: біріншіден, жаңалықты жасау классификациясы, «жаңалық критерийлері», екіншіден, оларды қабылдау проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы, үшіншіден, жаңаны білім беру жүйесінде қолдану. Яғни, инновациялық үрдіс дегеніміз педагогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми негізде қолдану [20].
Инновацияның жіктелуі негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.
Сонымен, мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде мұғалім субъект динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл-мұғалім арасында қарама–қайшылық туындайды.
Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгеріспен тығыз байланысты. Инновация көлемдігі оның жүйелілігі мен жіктелуін тудырады. Ғылыми жолда бұл мәселе толық анықталмаған. Осындай мәседелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі О.Т. Хонерин. Ол инновацияны төмендегідей түрлерге жіктейді:
модификациялы, яғни педагог қауымның идеяларынан туындаған. И.В.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Г.Шаталов жаңашыл педагогтар;
комбинаторлы;
3) радикалды, инновациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық — технология қолданылып жүргендігі мәлім. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған өлшемдерін көрсетеуге болады. Олар:
— елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар;
қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озат тәжірибе;
мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында:
алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
жүйелілігі;
тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына төмендегілер кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
-оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
-оқу материалдарының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық үрдіс:
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
-мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
-оқу -үрдісінің диагностикасы.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар:
әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
— ынтымақтастық педагогикасы;
— білім беруді ізгілендіру технологиясы;
проблемалы оқыту технологиясы;
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы,
деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы;
жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты — талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері:
мұғалім –оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы.
Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
оқушының жеке басына ізгілік қарым –қатынас;
оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты-баланы оны азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату [21,22].
Проблеманы оқыту технологиясын негізгі мақсаты — оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
оқушының белсенділіктерін арттыру;
оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Ф.Шаталов. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
білім,білік, дағдыны қалыптастыру;
барлық баланы оқыту;
оқытуда жеделдету.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
үнемі қайталау, міндеті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағадарлы қарым –қатынас, ықпал;
ізгілік, еркімен оқыту;
әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндірме басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Түсіндірме басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;
бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазаламау;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталды:
білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;
білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;
оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі. Оқу модулі:
ақпараттардың аяқталған блогынан;
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан;
оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
- ТАРАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Жаңа педагогикалық технология — модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда.
Мектепте, жоғарғы оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пәндерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірбиелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж.Рассель, П.Юцявичене, Р.Бекирова, Г.Лаврентьева, М.Жанпейісова, К.Жақсылықова, Е.Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді /5-8 /.
Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.Білімді, яғни оқу материалын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модульмен оқыту – толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы.
Модульдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады.
Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:
Mодуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;
модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді;
— модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модульдерге жіктеудегі модульдік оқытуға байланысты.
Модульдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқа да дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Даралық модульдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, білгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек.Модульдік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде модулдік бағдарламалардың операциялық түрі кәсіби икемділікті қалыптастыруға бағытталған.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет – қадамдардан тұрады:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу . Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
3-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)
4-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында)
5-қадам: Берілген моульдегі оқу материалының тұтас мазмұы бойынша сынаққа қажетті сұрақтар ме тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен , бақылау жұмысымен алмастыруға болады).
6-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар жән оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысына кеңінен тоқталып, қарастырайық.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен : кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық-танымдық және рефлекциялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман)
Аталмыш модульде қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін , психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр (Салмина 1981, 47).
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгедік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілеті жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқарудың икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқу процесін басқару балардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін матриалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, оташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді.
Бұның бір маңызы – күрделі ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады (1суретті қараңыз)
1-сурет
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу |
|
|
|
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру |
|
|
|
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау |
|
|
|
4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау |
|
|
|
5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету |
Сөйлесу бөлімін құру қағидалары. Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылыми) материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
- Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
- «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.
- Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды!). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалыннң көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттулер көрсеткедей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал- жабдығы ретінде пйдалану.
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысуы ұнап, ол ақыл ой жұмысынан қанағаттануы тиіс.
Бұл үшін:
Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс,яғни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946, 599-604);
Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді (Бодалев 1983, 65);
Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда);
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;
ә) қорғану механизмдерінің шығармашылық процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді (Грановская, Крижанская 1994,127).
Қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;
Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне — өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есептеледі.
Міне, сондықтанда ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. І деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. ІІ және ІІІ деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырмалары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды қарточкаларға – яғни, өзінше бір «бағыттаушы парақтарға» жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы) нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке – топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі күрделілік діңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.
Егер сабақ формасы – ойын (кез келген түрі) болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек:
- Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а) дамытушы болады,
соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз: оқушылардың психологиялық өзара сиымдылығын, жағымды психологиялық (жылы ниеттегі, ашық, т.б.) ортаны қамтамасыз ету;
ә) даярлаушы болады,
яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтанда әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, командаға,топқа) береді.
Көріп отырсыздар, оқу модулінің бұл бөлімінде неғұрлым қолданыстағысы – бірін-бірі тексеру әдісі. Бұл жерде кейбір оқушы тексеру үшін өзіне қиын, күрделі деңгейдегі жұмысты алып қалуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда ол жұмыстың орындалуының дұрыстығын немесе бұрыстығын (дұрыс еместігін) бағалай алмайды. Міне, сондықтан мұғалімге дұрыс жауап немесе есептің шешу барысы жазылған парақтар дайындап қою қажет. Оларды оқушылар бір-бірінің еңбек нәтижелерін тексергенде және бағалағанда пайдаланады (І деңгей тапсырмаларының жауабын, егер олар қалыптан тыс жауап болса, мұғалім өзі тексереді).
- Репродуктивті (қайта жаңғырту) сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытумен ұштастырылады.
- Негізінен оқушылардың бір-бірімен қатынасына, өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Оқыту және дамыту — өзара күрделі қатынастағы процестер.
Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және, ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы (ыңғайлы) орта туғызуы қажет.
К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
- Баларға әрқашан сенім көрсетуі;
- Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
- Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
- Әртүрлі тәжірбиенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
- Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
- Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамытуы;
- Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
- Топта өз сезімін ашық білдіруі;
- Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;
- Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
Оқудың нәтижелігі оқу процесінің мына нүктелердің қайсысында ұйымдастырылғандығына байланысты екені дәлелденген. Солға бағыттаушы тіл оқыту нәтижесінің төмендегенін, ал оңға бағыттаушы тіл – артқананын көрсетеді.
Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:
топтық немесе жеке-топтық;
жұптық;
ұжымдық;
Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады.
Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары да бар:
семинар;
оқу конференциялары;
диспут;
топтық пікірталас және т.б.
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы
оқыту ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам
жасалынуда, тіпті бұл жерде сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.
С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу
және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша – оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылады.
Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Біздің зерттеулеріміз 4-11 сынып оқушыларын оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
Біз ойындарды оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Ескерту:
Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны бала үйінде, сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін-өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзінің, не болмаса осы сынып оқушыларының ішінен кеңесші оқушының тексеруіне болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары беріледі, оның орындалуын мұғалім өз бақылауына алады.
2.2. Оқу модулін даярлау технологиясы
І кезең – мұғалімнің модульді даярлауы
- Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу.
- Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс).
- Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру.
- Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру.
- Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер – диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу.
- Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай).Олар:
визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізі мазмұны бейнелі түрде – сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
проблемалық лекция мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалдар ұсынылады.
Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін және қорытындысын шығара отырып. Түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда; әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда; міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.
ІІ кезең – мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы
1. Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу |
↓
2.Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалыноқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыуға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу. |
↓
3. Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар (Блум таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін (есептер мен мысалдардың шешімін және т.б.) дайындау |
↓
4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап Үлестірмелі материалдар бастыру (көбейту) |
Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтап, жұмыс істеу үшін біз мұғалімдерге Б.Блумның таксономиясын ұсындық.
ІІІ («жеңілдетілген») деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді.
Олар шамамен мынадай түрде беріледі:
Білу Түсіну
…атаңыз …қай жылы болды …қайда болды …формуласын жазыңыз …атап көрсетіңіз |
сөйлемді аяқтаңыз… не білдіңіз… неге… сөйлемді өзгертіңіз… өзара байланысын түсіндіріңіз… өз сөздеріңізбен айтыңыз… |
ІІ деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады.:
Қолдану Талдау
Қолдану мақсатын түсіндіріңіз… Үй есебін бірнеше тәсілмен шешіңіз… Осы құбылысты қандай теория түсіндіреді… Берілген гипотезаны тексеріңіз… қорытындылар |
|
…Құрылымы қандай …топтастырыңыз …салдары не …салыстырыңыз …себебін талдаңыз |
І деңгей дегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі («стандарттан жоғары») тапсырмалар алған білімді топтау және бағалау деңгейіне бағытталған:
Топтау Бағалау
өз шешіміңізді табыңыз… алгоритмді ұсыныңыз… баламасын табыңыз… бөліктерден құраңыз… түсініктемесі қандай… жүйелестіріңіз… зерттеңіз… |
|
Қисынды ойды бағалаңыз… Жетістіктерін айтыңыз… Критерийлерін көрсетіңіз… …сәйкес келе ме …туралы не ойлайсыз …қаншалықты дұрыс Қорытынды жасаңыз… |
ІІІ кезең – қорытынды (бақылау) бөлімі
Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылау дың 2-3 түрін даярлау.
Бақылау формалары
Тестілеу |
Мұғалімнің таңдауына қарай ● сынақ ● релелік сынақ ● бақылау жұмысы ● диктант, шығарма, мазмұндама ● оқу пәні бойынша конференция ● семинар |
● толықтыруды қажет ететін тестілер ● еске салушы тест ● балама жауаптары бар тестілер ● таңдамалы тест ● сәйкестілік тесті ● реттік бірізділікке берілген тест ● құрама тест |
|
Модуль бойынша қорытынды баға шығару |
Оқу модуліне оқушы қызметін бағалау
Модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалауға, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауына зор мән беріледі.
Оқушылардың білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Күрделі тапсырмалар – о (І деңгей), орташа күрделілік дәрежесіндегілер — □ (ІІ деңгей), жеңілдетілген тапсырмалар – Δ (ІІІ деңгей) шартты белгісімен көтсетіледі. Олардың біреуін орындау «5», немесе «4», немесе «3» баллдарымен бағаланады.бағалар мынадай болады:
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
|||
«5» |
○ |
«5» |
□ |
«5» |
∆ |
«4» |
○ |
«4» |
□ |
«4» |
∆ |
«3» |
○ |
«3» |
□ |
«3» |
∆ |
Модульдің бұл бөліміндегі барлық бағалаулар мен бағалар – ынталандырушы сипатта. Эксперимент барысында біз бұл бағаларды журналға тек төмендегідей сұлбада «аударудан» өткеннен сооң ғана қоюды ұсындық:
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
|||
|
журналға |
|
журналға |
|
журналға |
«5» |
5 |
«5» |
5 |
«5» |
4 |
«4» |
5 |
«4» |
4 |
«4» |
3 |
«3» |
4 |
«3» |
3 |
«3» |
3 |
Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырақ балл алуына мүмкіндік беріледі.
Баға – бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына, оның мазмұны мен формасына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығына мұғалімнің жекелеген бағалау мағыналы сөздері (парционалдық бағалар) ықпал етеді. Неғұрлым тиімдісі – қолдау-бағалаулар, яғни оқушының бір нақты қызметінен кейін көрсетілетін және балада жұмысты қайталауға немесе одан әрі жалғастыруға ниет тудыратын әсерлер (ықпал ету).Бұл жерде оқушы қызметі мұғалімнің мақтау сөздерінен немесе өз жетістігіне қанағаттанғандық сезімінен қолдау табады.
Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің (саморегуляция) құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік (процессуалдық) және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексерген кезде кейде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды.Сондықтан дұрыс жауабы (жауап үлгілері, есеп шешімдері) бар парақтар даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушылырға немесе кеңесшілерге таратып беру керек.
2.3. Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой –тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық — оқушы және оның жеке тұлғасы.[8].
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. [19;25].
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал , сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) –эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей –түсініктерді жүйелеу деңгейі . 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.[19;15].
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар — өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы , әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. [4;19].
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын , оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап , түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді , естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен , өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен , білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, , бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау , жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-«іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз , қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді , оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін «салмақтың»артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты — әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.[4;28].
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып ,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық , күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :
*жеке тұлға ерекшеліктеріне;
*психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне , ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
*пән бойынша білімді игеру деңгейіне / оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек. [34;11].
Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.
Кезеңдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Дайындық кезең |
Оқушыларды оқу материалын базалық , бағдарламалық күрделенген деңгейлер бойынша игеруін анықтау. |
|
Диогностикалық кезең. |
Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау . Оқушылардан сауалнама алу.Сынып жетекшілерімен оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу. |
Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқу деңгейі таңдалады.Оқушы өзіндік таңдау жасайды. |
Оқушыларды топтарға бөлу кезеңі |
Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру : әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау . Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну. |
Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу. |
Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылу кезеңі. |
Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру. |
Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. |
Деңгейлеп оқыту жағдайына білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі. |
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. /Кері байланыстың дұрыс орнауы , жүзеге асыру/. |
Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру. |
Бастапқы ғылыми идеялар :
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. [4,5,11].
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне , ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек )
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.
Үшінші – материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.
Төртінші – материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).
Бесінші – практикум сабақтар.Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына , жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.
Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде : жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады . [34;4].
Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.
Кеңестік педагогика мен дидактиканың озық шеберлері В.Шаталовтың , В.Шейманның , Е.Ильиннің тәжірибелерінің мақсаты – оқушының оқу танымдық қызметін дұрыс ұйымдастыра отырып түпкі нәтижеге жету яғни оқушының сабақ үстінде бағдарламалық талаптар (міндетті және мүмкіндік ) деңгейінде жан-жақты терең біліммен саналы тәрбие алуы еді. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық зерттеулер (В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В.Беспалько).
-педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.
-оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің табысына негізделуі қажет.
-оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріліп , базалау қажет.
-іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп , даму үстінде . Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың «Деңгейлеп- саралап оқыту» технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы қажетті . Бұл технология оқу үрдісінде:
-оқушыға сенімділік білдіру;
-пәнге қызығушылығын арттыру;
-оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;
-өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген .[4;19].
Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойып отыру .Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі сабақта қарастырылды.
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау.Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге , ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.
оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.
әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.
жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
бақылау жұмысы алынады.
бақылау парағы жасалады. [19;18].
Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар.
Енді осы стратегияларды орындау барысында оқушының іс-әрекетіне тоқталсақ;
— мақсат қоюға үйренеді;
— әр нәрсеге өзінің көзқарасы қалыптасады;
— бірігіп жұмыс жасайды;
— бір-бірімен тіл табысады, келісімге келуді үйренеді;
— қорытынды жасай алады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемірің ұлғаюы, оқушыларға түсетін “салмақтың” артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту — 1. Бұл жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Ол әртүрлі деңгейлі оқытуға арналады.
- Оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны (формасы).
Мұғалім мінез-құлқы, білімі ортақ оқушылармен жұмыс істейді.
- Әртүрлі мектеп, сынып оқу тобы үшін оқытудың әр түрлі деңгейлі жұмысын жасау.
4.Әртүрлі топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастыру, басқару шараларының кешені. Оның негізгі ұстанымы-деңгейлеп оқыту.
Деңгейлеп оқыту төмендегідей қағидаларға негізделеді:
- жас құрамы бойынша (сыныптар, әр жастағы оның білім деңгейіндегі топтар);
- жынысы бойынша (бір мектеп, сынып, қыздар, жігіттер, аралас);
- ақыл-ой даму деңгейі бойынша (жетілген деңгейлері негізінде);
- жеке психологиялық типі бойынша (ойлау қабілеті, темперамент, мінез-құлық);
- денсаулық деңгейі (жалпы топ, денсаулығы нашарплар, көз көруі, құлағының естуі).
Ал деңгейлеп оқытудың ерекшеліктеріне келер болсақ:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп, саралап оқыту құрылымындап білімді игрудің негізгі үш деңгейі қарастырылады; ең төменгі деңгей (минималдық-базалық), бағдарламалық күрделенген деңгей.
4) Оқушының жеке тәжірбиесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:
— жеке тұлға ерекшеліктеріне;
— психикалық даму ерекшеліктеріне;
— пән бойынша білімді игеру деңгейіне;
Осындай іс-әрекеттердің нәтижелі болуы, олардың тиімді қолданылуы өмірде, оқу процесінде өз нәтижесін береді.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқыту мәселесіне тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту оқушылардың тәжірбиелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік-психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білімі мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үш қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын орындап кітап оқып, тақпақты жаттап, ережері айтып беруі мүмкін. Бірақ оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, ол туралы әрі қарай іздене ме, өз тарапынан жаңа пікір қоса ала ма, өмірде іске асыра ала ма, міне негізгі мәселе осында жатыр.
Оқушылардың білім деңгейлерінің көрсеткіштерін деңгейленген сұрақтар арқылы бағалауға болады. Деңгейді төрт бөлікке бөліп қарастыруымызға, яғни әр деңгейге өзінше баға беріп (деңгейіне қарай балл беру, оңай қиындығына қарай оңайына төмен, қиынына жөғары), баға беріледі.
Ж.Қараев педагогикалық технологиясы – оқытудың дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылдың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.
Бұл технологияның ең басты ерекшелігі; алдымен мұғалім емес, оқушыныңи әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:
— білім стандартына сай толық нәтиже береді.
-мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізді.
— дидактикалық үрдістің тұрақсыздығы.
— оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы. Ж. Қараевтың технологиясының жемісі сол, ол оқушының күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуіне, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді. Оқушылардың бағалануы да ерекше, ол рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейде оқушыларға өте оңай сұрақтар беріледі. Яғни тақырыпқа немесе тапсырмаға сәйкес жалпы сұрақ, сипаттама түріндегі тапсырмалар беріледі. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан оқушылар жедел түрде орындай алады.
Екінші деңгей кезінде тапсырмалар кұрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар сол тапсырманы сипаттауға көшеді.
Үшінші деңгей оқушылардың тапсырмаға деген мотивтерінің айқын көрінуі мен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасау білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануы мен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді. Эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегінсіз өз бетімен орындайды. Эвристикалық сатының ерекшелігі – оқушылар белгілі бір бейнеге ену арқылы сол тапсырмалардан кейбір мысалдар келтіліреді. Кейде оған күрделендіру енгізеді.
Төртінші деңгей – қабілітті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтерідле алады. Кейде оқушылар бұл тапсырмаларға ғылыми жұмыстарда жазуы мүмкін. Осы сияқты түрлі тапсырмалар беріп, әр оқушының деңгейін біліп алуға болады.
Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер:
- Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі.
- Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.
Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі барысында топтың даму динамикасын меңгеру
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім — ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір ұстаз — өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша негізгі міндеттерді орындау үшін көптеген педагогикалық әдістемелік және жаңа талаптарға арнайы әдебиеттерге ізденістер жасалып, әдебиеттік шолулар келтірілді.
Әдебиеттік шолулар бойынша тақырыбымыздың теориялық сипаттағы мәселелері жүйелі түрде қаралды.
Эксперименттік бөлімде қазіргі заман талабына сай педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын – инновациялық, модульдік технология оңтайлы әдіспен оқытуда тиімді пайдалану арқылы баланы бір тұлға деп қарап, оны оқытушы мен тең әріптестік қалыпта ұстап, білім алу арқылы дамуын, танымдық қабілетін, шығармашылық ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын дамытуға, дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасауға болатынын зерттеу барысында педагогикалық іс-тәжірбиелер арқылы көрсетілген.
Сонымен қатар бұл:
— Қазіргі кезеңдегі жоғары сынып оқушыларына инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми — теориялық негіздері.
— Жаңа педагогикалық технология – модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану.
— Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
— Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
— Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.
— Оқу модулін даярлау технологиясы
— Оқу модуліне оқушы қызметін бағалау.
— Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру.
— Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқытудың бесенді әдістерін пайдалану.
— Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңызы бүгінгі күні дәлелденуде.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // Қ.М, 2/6 шілде , 1999ж.
- Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы .
// Қ.М,28 қазан , 2000ж.
- Қазақстан Республикасының 20158 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. //Қ.М, №1, 2004 ж.
- Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. –
М.: «Педагогика»,1989ж. 21-38 бет.
- Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. –
Ақтөбе : РИПК:СО, 1999ж.
- Таубаева Ш. Т. , Лактмонова С.Н. , Педагогическая инновация как
теория и практика нововедений в системе образавания : научный фонд
и перспективы развитие . /Книга 1/- Алматы: Научно –
издательский центр «Ғылым » 2001.
- Мұхамбетов С.Қ. Педагогика .Ақтөбе, 2001.
- Педогогика . Дәріс құралы . Алматы: «Нұрлы әлем », 2003, /Абай
атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті/ .
9.Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 2004.
- Қоянбаев Ж. Б. , Қоянбаев Р. М. Педагогика , -Алматы ,2000.
11.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.
- Ахметова А. К. Принципы технологий и содержание образовательной
программы . – Алматы , 1995.
- Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под . ред.
В.Я. Ляудие. – М. , 1994.
- Керимбаева М. Р. Инновационные процесс в школе : проблемы ,
перспективы , поиск, — Алматы, 1995.
15.Сабыров Т.А Оқушылардың өз белсенділіктерін арттыру жолдары.
Алматы «Мектеп»,1978ж. 110-бет.
- В.А.Рахматшаева . Психология взаимоотношений .
Алматы,Оқу әдебиеті.1996ж.
17.Шаталов В.Ф. Эксперимент продалжается. М «Педагогика » 1989.
18.Лысенко. С.Н. Методика дифференцированного обучения .
М, «Просвещения»,1988.
19.Қараев Ж.А. Педогогическая технология дифференцированного
обучения.Алматы, 1999.5-17 бет , 17-21 бет.
20.Кларин М.В. Технология обучения :идеал и реальность.
Рига, Эксперимент , 1999,180-бет.
- Кобдикова Ж.У. Педагогическое технология уровневой дифференциаций обучения в средней школе. Алматы, 2001.
22.Пидкасистый П.И. Самостоятельная дейтельность школьника в обучении. М, 1980.
23.Кобдикова Ж.У.Оқыту процесін технологияландыру .Алматы, 2000,11-15б
24.Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар – Алматы, «Үш Қиян», 2005 , 12-бет.
25.Баймаханова С. Деңгейлеп саралап оқыту. //Қазақстан мектебі.
№10, 2004, 63-67 бет.
- Кемелжанова М. Деңгейлеп оқыту . //Бастауыш мектеп .
№9 , 2005, 45-46 бет.
27.Мұханмедина Ж. Деңгейлеп саралап оқыту .(тест) //Қазақстан мектебі.
№9 ,2005, 70-бет.
28.Мұхитанова С. Деңгейлеп оқыту тәсілімен // Қазақстан мектебі .
№ 12, 2004 ,51-52 бет.
- Ахметова Г. Мониторинг және бағалау. // Қазақстан мектебі.
№ 2 ,2005 ,38-45 бет.
- Дьяченко В.К. Новая педагогической технологии.М : Педагогика .-1989.
31.Әбдіғалиева Қ. Осы заманғы педагогикалық технология.
//Қазақстан мектебі – 2001 №2 8-13 бет.
32.Фирсов В.В Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения.-М: -1984.
- Таубаева Ш.Т. Барсай.Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары . //Бастауыш мектеп №3-4 ,1999.
- Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым.
№1 2002 , 3-7 бет.
35.Кобдикова Ж.У . Оқытудың жаңа технологиясы .
//Бастауыш мектеп №3 2000 , 25-30 бет.
- Амоношвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников. М;- 1984.