Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
«Коммерциялық емес акционерлік қоғамы»
Жігер Камила
«Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,
ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Ветеринария» факультеті
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,
ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері
Беттер саны 42 Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 5 Қосымшалар
Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының 513-топ студенті Жігер Камила
2018 ж.«6» маусым қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: PhD Қ.Д.Алиханов
Жетекші: в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
Норма бақылау: в.ғ.к., профессор А.С.Ибажанова
Сарапшы:_____________________________________Б.Н.Ибрагимова
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринария» факультеті
5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Жігер Камила
Жұмыс тақырыбы: Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,
ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері
Университет бойынша 2017 жылы «14» қараша №550-К бұйрығымен бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 «13» маусым.
Жұмыстың бастапқы деректері
Бруцеллез – Brucellosis — ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы — Br. abortus, қой мен ешкiде — Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздыршысы шошқада — Br. suis, итте — Br.canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн). Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:
- Аурудың таралу аймағы және басқа қандай мал түліктері ауырады ?
- Ірі қара мал бруцеллезіне сипаттама, аурудың алдын алу.
- Еттің қышқылды сілтілік ортасы реакциясының мәні және нәтижесі
қандай болды ?
- Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы.
- Аурудың ұша мен мүшелерге әсері.
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Дипломдық жұмыста 5 кесте пайдаланылды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- С. Қырықбайұлы, Т.М.Телеуғали, А.Жұмагелдиев. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. Алматы, 2013ж. 128-136 б.
- Шуклин Н.Ф., Телеугалиев Т.М., Жумагелдиев А.А. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация. В 1-3 том. Алматы, 2011. 283-296 с.
- М.С.Сабаншиев. Паразитология және жануарлардың инвазиялық ауру
2011 ж., Алматы, «ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы». 139 б.
- Позняковский В.М. «Экспертиза мяса и мясопродуктов, качество и
безопасность. Новосибирск, 2005. 236-249 с.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
|
Кіріспе |
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев |
15.01.2018 |
|
|
Ғылыми әдебиеттерге шолу |
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев |
15.03.2018 |
|
|
Негізгі бөлім |
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев |
05.04.2018 |
|
|
Еңбек қорғау және экологиялық мәселелер |
К.К.Сансызбаев |
10.04.2018 |
|
|
Экономикалық тиімділікті есептеу |
Б.Ж.Утеев PhD доктор |
13.04.2018 |
|
|
Қорытынды |
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев |
15.04.2018 |
|
|
Тәжірибелік ұсыныс |
в.ғ.к.,қауымдастық профессоры А.Манкибаев |
17.04.2018 |
|
|
Әдебиеттер тізімі |
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
|
10.05.2018
|
|
|
Кафедра меңгерушісі:PhD ___________ Қ.Д.Алиханов
Жетекші: в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент: К.Жігер
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
1 |
Кіріспе
|
15.01.2018 |
Орындалды |
2 |
Әдебиетке шолу
|
10.02.2018 |
Орындалды |
3 |
Ірі қара шаруашылығының дамуы және ет сапасын жоғарылату анықтау |
15.02.2018 |
Орындалды |
4 |
Бруцеллез ауруына сипаттама
|
20.02.2018 |
Орындалды |
5 |
Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын
|
25.02.2018 |
Орындалды |
6 |
Зерттеу нәтижелері
|
05.03.2018 |
Орындалды |
7 |
Қорытынды
|
10.04.2018
|
Орындалды |
8 |
Ұсыныстар
|
15.04.2018 |
Орындалды |
9 |
Тәжірибелік ұсыныс
|
17.04.2018 |
Орындалды |
10 |
Әдебиеттер тізімі
|
19.04.2018 |
Орындалды |
Кафедра меңгерушісі: PhD ___________ Қ.Д.Алиханов
Жетекші: в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент: К.Жігер
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………………………………………7
АНЫҚТАМАЛАР …………………………………………………………………………………………………..8
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР…………………………………………………………..9
1 КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………10
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы…………………………………………………. ..10
1.2 Зерттеу объектілері,базасы және мақсаты мен міндеттері………………………………………. 10
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ……………………………………………………………………..12
2.1 Еліміздің ірі қара шаруашылығының дамуы ……………………………………………………………12
2.2 Бруцеллез ауруына сипаттама. ………………………………………………………………………………..13
2.3 Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын анықтау ……………………….17
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ……………………………………………………………………………………………………..20
3.1 Зерттеу материалы мен әдістемелері …………………………………………………………………….. 20
3.2 «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің ветеринарлық санитарлық сараптама зертхана-
сына сипаттама……………………………………………………………………………………………………….21
3.3 Зерттеулер нәтижесі……………………………………………………………………………………………..23
3.3.1 Өзіндік зерттеулер нәтижесін талдау……………………………………………………………….30
3.3.2 Экономикалық тиімділікті есептеу ……………………………………………………………31
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ…………………………………………35
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР………………………………………………………………………………………………..40
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР……………………………………………………………………………….41
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………….43
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы № 389-1 «Білім туралы» заңына ҚР МЖМБС 3.08.448 – 2006 жоғары кәсіптік білім; 051202 – «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған стандарт және ҚР МЖМБС «Дипломдық жұмысын орындау» стандарттарының талаптары, «Сойыс малдарын сояр алдында қарап тексеру, ет және ет өнімдерін малдәрігерлік санитариялық сараптау» 2002 жылғы ережесі және «Ветеринария» туралы заң, «Малдарды сою алдында тексеру және ұша мен ағзаларды санитариялық бағалаудың» халықаралық заңдылықтары ҒАО/WНО 1992 ж. «Тағамдық өнімдердің сапасы және қауіпсіздігі» туралы 2004 ж. заң талаптары ескерілді және келесі стандарттарға сілтемелер жасалынды:
МЕМСТ 16020–90 Союға арналған мал.
МЕМСТ 7269-94 Ет. Сынама алу тәсілдері және балаусалықты анықтаудың сезімдік тәсілдері.
ИСО 2917-94 Еттің қышқылды сілтілі ортасы немесе ет құрамына сутек иондарының шоғырлануы.
МЕМСТ 23392-91 Сорпадағы ақзаттың алғашқы ыдырауынан пайда болған өнімдердің мыс иондарымен әсерлесіп, кешенді мыс сульфатының тұнбаға түсуі.
МЕМСТ 18157–92 Сойылған малдан алынған өнімдер.
МЕМСТ 23392–92 Ет. Балаусалығын химиялық және микроскопиялық талдау.
МС ИСО 2917–94 Ет және ет өнімдері. Сутек иондары концентрациясын (рН) анықтаудың бақылау тәсілі.
МС ИСО 3100–1–91 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптаудың тәсілдері.
Алғашқы сынама сұрыптау.
МЕМСТ 7269–92 Ет. Балаусалығын анықтау әдісі және сезімдік сынама алу әдісі.
МЕМСТ 9959–91 Ет өнімдері. Сезімдік бағалаудың жалпы шарттары.
АНЫҚТАМАЛАР
Жұмысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және ҚР МЖМБС 3.08.448 – 2006 жылғы жоғары арнайы білім, негізгі ережелеріне сәйкес төмендегідей анықтамалар қолданылды.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тексерудің мақсаты қалыпты жағдайдан өзгешеліктерін, зақымдалуын анықтау және ұша мен басқа да сойыс өнімдерін пайдалану мүмкіншіліктерін шешу.
Ветеринариялық санитариялық тексеруден соң сойыс өнімдерін:
Шексіз- тағам ретінде пайдалану;
Кәдеге жарату — ет өнімдерінен басқаша өнім жасауға (ет-сүйек ұны) өндіріс орындарына, зақымданған сойыс өнімдерін зарарсыздандырғаннан соң тағамдық мақсатқа, өтелдеуге
Жоюға.
Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі – қолданыстағы нормаланған құжаттармен рәсімделген, ветеринариялық санитариялық ережелермен негізделген, қауіпсіздіктің басқа да талаптарына сай өнімдер.
Ветеринариялық санитариялық сараптау – ветеринариялық қызметтің қолданыстағы ережелер мен басқа да нормалық құжаттарына сәйкес, қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай жүргізілетін кешенді зерттелер.
Лажсыздан (амалсыздан) сою – аурудың ауыр өтуіне немесе басқа да себептерге байланысты мал өміріне қауіп төнгенде ветеринариялық қызметтің бақылауымен жүргізілетін шара (сою түрі).
Еттің қызу (загар) – балауса ұшаны салқындатудың дұрыс жүргізілмеуінен ферменттердің әсерінен жағымсыз (қышқылтым) иіспен, ұлпа тығыздығы босап, түсі өзгеруімен сипатталатын еттің микроб әсерінсіз бұзылуы.
Ұшаны тазарту – ұшаның ішінен және сыртынан ішкі ағзалардың қалдықтарын, қан ұйындысын, көк ет, әр түрлі жарақаттар, өсінділер, ісіктерді, ластағыштарды алып тастау.
Конфискаттар – ветеринариялық санитариялық қадағалау қызметімен тағам үшін жарамсыз деп танылып, азық өндірісіне және техникалық өнім ретінде пайдалануға жарамды болып табылған мал ұшасы, ұша бөлктері немесе мал мүшелері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Жұмысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және ҚР МЖМБС 3.08.448 – 2006 жылғы жоғары арнайы білім, негізгі ережелеріне сәйкес белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:
ҰМҚ – ұшпа май қышқылдары
ИИ – инвазияның интенсивтілігі
ИЭ – инвазияның экстенсивтілігі
ААА – амминді-аммиакты азот
рН – қышқылды-сілтілік орта
ҰМҚ – ұшпа май қышқылдары
АТФ – адинозинтрифосфат
АДФ — адинезиндифосфат
% — пайыз
мг – миллиграм
мкг – микрограмм
мкн — микрон
ккал – килокалорий
кДж — килоДжоуль
°С – Цельсии бойынша градус
мм – миллиметр
1 КІРІСПЕ
1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ – шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді.
Қарыштап өркендеуімізге қосатын үлесі мол салалардың бірі мал шаруашылығы. Ет өндіруде ірі қараның етті тұқымдары тез жетілуімен, етінің дәмділігімен ерекшеленеді. Мұндай малдың майы негізінде ет талшықтарының арасында орналасқандықтан, еттің дәмі және қуаттылығы жоғары болады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл саланың орны ерекше [2].
Халықтың жас мал етіне деген сұранысын қанағаттандыруда, саны мен сапасын арттыруда әр-түрлі аурулар едергі келтіруде. Сондай кедергілердің бірі ірі қара мал бруцеллезі. Ол Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ауруға ірі қара жылдың барлық мезгілдерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім [3].
1.2 Зерттеу объектілері,базасы және мақсат,міндеттері.Дипломдық жұмыс ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы қалалық өңірлік филиалында, Алматы қаласы, «Алтын Орда» ішкі сауда объектісіне және ҚазҰАУ ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының «сапа, қауіпсіздік және ветеринариялық санитариялық сараптау» зертханасында 2016-2018 оқу жылдарында орындалды.
Зeрттeудiң мaқсaты мeн мiндeттeрi.
Малдәрігерлік санитариялық бақылау жұмыстары адамды малдан, олардың өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды және биологиялық құндылығы жоғары, сапалы тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етеді. Осыған орай, біз бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал етін ветеринариялық санитариялық сараптауды ішкі сауда объектісі жағдайында сатуға түскен кезде анықтауды, осыған байланысты шаруашылықтарда аурудың алдын-алу мүмкіншілігін қарастыруды мақсат етіп қойдық. Осы мақсатты орындау үшін біз алдымызға Алматы қаласы, «Алтын Орда» ішкі сауда объектісіне түскен ірі қара мал етінің сапасын анықтауда мынадай міндеттерді қойдық:
- Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал етіне сезімдік зерттеулер жүргізу;
- Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал етіне биохимиялық зерттеулер жүргізу.
- Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал ұшасын және ішкі мүшелерін малдәрігерлік санитариялық сараптау.
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Еліміздің ірі қара шаруашылығының дамуы. «Қазақстан саяси-әлеуметтік-экономикалық дамуда әлемдік стандартқа сәйкес инновациялық негізде дамуы тиіс. Қоғамның дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне оның әсері зор деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. Өркениет көшіне ілесу үшін елімізде аграрлық кешенді инновациялық дамытуды жеделдету, маңызды стратегиялық міндеттердің бірі»- деген еді [3].
Оңтүстік шығыс аймағында тау алқабына орналасқан шаруашылықтарда, негізінен сүтті ірі қара өсіріледі. Ірі сүт өндіру кешендерін сүтті сиыр шоғырланған көлемді шаруашылықтарда мал негізінен табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше ұзағырақ және кеңірек пайдалануға саяды. Малды жайып бағудың биологиялық, экономикалық, шаруашылықтық маңызы өте зор. Мал жайылымда үнемі қозғалыста болады. Күн сәулесінің ағзаны сауықтыру әсерін алады, таңдаған шөбін жейді. Ол денедегі зат алмасу үрдісін, қоректік заттардың қорытылуын, сіңімділігін жақсартады. Өнімі мол, әрі сапалы болуына ықпал етеді.
Жайылымда еркін жайылу организмнің физиологиялық қызметтерін жақсартады, төл ауырмайды, тез жетіледі. Малдың күйлеуі, ұрықтануы, іштегі төлдің жетілуі, өміршең болып туылуы және т.б. жақсарады. Сонымен қатар малды 7-8 ай бойы жайылымда ұстау еңбек шығынын 2-3 есе азайтады. Өнімнің өзіндік құны арзандайды [4].
Етті ірі қара шаруашылығының тиімділігі жас малды өсіру мен негізгі табынды күтіп-бағуға жұмсалатын шығын дәрежесіне байланысты. Етті ірі қара өсірудің көп жылдық тарихына қарамастан, бұл салада кейбір технологиялық мәселелер әлі жетілдірілмеген. Бұл мәселе, әсіресе жас малды, оның ішінде жас бұзауларды 6-8 айлығында енесінен бөлу технологиясына байланысты. Енесінің қасында емін-еркін еміп өсіп жүрген жас бұзауларды бөлу өте жауапты кезең, өйткені бұл уақытта оларды өсіру, азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары күрт өзгереді. ажырату. Күтіп-бағу мен азықтандырудың осындай жаңа жағдайында бұзаулар организміне стресс фактордың (ішкі және сыртқы) әсері аз болмайды [5].
Енесінен бөлінген жас бұзаулардың өсуінің тоқтауы, қосымша салмақ қоспауы олардың жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты. Бұл кезеңде жас бұзаулар ене сүтінен және жайылым шөбінен айрылып, шөпті-сүрлемді және жем беріп өсіретін қолда ұстайтын жағдайға көшіріледі. Бұл жағдайда орталық жүйке жүйесінің де үлкен әсері бар. Енесінен бөлгеннен кейін дербес тіршілік етуге тура келетіндіктен жас бұзауларға, әсіресе алғашқы айда қиындау соғып, жаңа жағдай олардың өсу интенсивтілігіне әсерін тигізеді. Етті ірі қара шаруашылығында бұл заңды құбылыс.
Черекаев А.В. етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды енесінен бөлгеннен ейінгі 40-60 күнді өсу және жетілу кезеңі деп есептеуді ұсынады. Өйткені бұл кезеңде жас бұзаулар организмінің жағдайы, бөлгенге дейінгі жағдайға сәйкес келмейді, бұрынғы азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайы
бөлгеннен кейінгі жағдайға ұқсамайды. Осының барлығы жас бұзаудың өсу интенсивтілігін төмендетеді. Әрбір шаруашылықта сауын сиырларының сүтін 2010 жылға дейін 4000-5000 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр түрлі есептегенде 30-40 пайызға көбейту межеленуде.
Америка құрама штаттарынан алдырылған голштин-фриз ірі қарасын кейінгі уақытта жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары қалыптасты. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу межеленуде, ал бордақыланатын малдардың тәуліктік қосатын салмағы 1000-1500 граммға жетуі тиіс. 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8 сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында өсірілуде, айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан, кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады. Ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім жалпы мал шаруашылығының ішінде 60 % асса, ал Ресейдің солтүстік батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастығының аймақтарында бұл өнім 65-70 % дейін жетеді. Ірі қара мал сүт өнімі жағынан басқа ауыл шаруашылығы малдарына қарағанда көп алда. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305 тәулік ішінде) 27600 кг дейін сүт сауған, ал Кубаның Убре-Бланки атты сиыры тәулігіне 110,9 кг сүт берген. Бордақыланған малдардың тәулігіне қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда. Өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш ірі қара малы, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Сонымен ТМД-ның 45-500С ыстықты аймақтарында және -600С қысы өте аязды аймақтарда да өсіріледі.
Ірі қара жаз айларында жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.
Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықтарда пайдаланады. Ал, сүтті сиырлар одан да көп пайдаланылып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды [6].
2.2 Бруцеллез ауруына сипаттама. Бруцеллез – Brucellosis — ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы — Br. abortus, қой мен ешкiде — Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздыршысы шошқада — Br. suis, итте — Br.canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн). Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi.
Бруцелла микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, қысқа таяқша тәрiздес, былайша айтқанда микрококктар мен таяқшалардың арасынан орын алатын микроб (0,6-1,5 х 0,4-0,6 микрон). Олар көбiнде ретсiз, кейде бiр-бiрiмен тiзбектелiп немесе қосарланып жатады, спора мен капсула түзбейдi, қозғалмайды, әдеттегi бояулармен жақсы боялады, Грам бойынша боялмайды. Бруцеллез ауруының қоздыруышысы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi келедi, салқындықта ұзақ уақыт сақталады. Жер бетiнде 40 тәулiк, 5-8 см тереңдiкте 60 тәулік, ылғалды жерде 90 тәулiкке дейiн тiршiлiк етедi. Тiкелей түскен күн сәулесi бiрнеше минуттен 3-4 сағат аралығында, ал шашырап түскен күн сәулесi 7-8 тәулiкте өлтiредi. Бруцелла 70°С ыстықта 10 минут, 80-85°С 5 мин кейiн, қайнатқанда лезде өледi, ал 56°С ыстықта 15-90 минутке шыдайды. Бруцеллез микробы 25-35 рет тоңазытып және жiбiткенге шыдайды. Салқын жерде сақталған залалданған етте ұзақ сақталады, 23°С мұздатылған етте 47 тәулiк бойы тiршiлiк ету қабiлетiн сақтаған. Тұздалған етте де ұзақ уақыт сақталады, тiптi 182 тәулiк бойы өзiнiң уыттылығын жоймаған. Iшiнде бруцелласы бар еттен шикiлей ыстап дайындалған шұжықта қоздырушысы тез (3 аптада) өледi. Бруцеллез малдың етiнен дайындалған пiсiрілген шұжықта аурудың қоздырушысы табылмайды [7].
Малдың техникалық шикiзатында, (терiсi мен жүнiнде) әсiресе қой мен ешкiден алынғандарында, бруцеллалар ұзақ уақыт тiршiлiгiн сақтайды (жүнде 1,5-4 ай). Сүт пен сүт тағамдарында да бiршама ұзақ сақталады, салқындатылған сүтте 4-7 тәулiк, iрiмшiк, май, брынзада (тұзды iрiмшiк) 67 тәулiкке дейiн тiршiлiк қабiлетiн сақтайды.
Ал, ендi бруцелланың химиялық заттарға шыдамдылығына келетiн болсақ, фенолдың 2 % ерiтiндiсi, креолиннiң 2 %, лизолдың 0,5 %, формалиннiң 2 %, хлораминнiң 0,01 %, карбол қышқылының -2-3 %, соданың 5 % және хлорлы әктiң 1 % ерiтiндiлерi ауру қоздырғышын тез өлтiредi.
Бұл ауру Орта Азия, Закавказье және Қазақстанда, Поволжье мен Батыс Сiбiрде көбiрек орын алып келедi. Қазақстан республикасының солтүстiк және орталық облыстары шаруашылықтарындағы iрi қараның арасында ауру жиi кездесуде.
Сояр алдындағы диагностика. Сойыс малдарында бруцеллезге тән клиникалық белгiлерi, аса бiлiнбейдi. Сондықтан да, бруцеллезге күдiктi малдар серологиялық және аллергиялық тәсiлдермен тексерiледi.
Ауру малда бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, абцесс, ал қошқар мен бұқа және қабанда орхит және эпидимит байқалады.
Бруцеллезбен ауырған жылқының шоқтығында бурсит, тiзесiнде артрит (тiзедегi iсiктiң үлкендiгi жұдырықтай болып, бұлтиып шығып тұрады) болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бруцеллезбен ауырған малдың органдарында кездесетiн патологиялық анатомиялық өзгерiстерi ауруға аса тән болмайды. Iрi қара желiнiнiң паренхимасында қатты фиброзды желiнсау, бүйректерiнде нефрит байқалады. Лимфа түйiндерi үлкейген, тiлiп қарағанда шырышты келедi, көмескiлеу келген нүктелер немесе сары түстi ойдым-ойдым некроздар (өлi еттену) кездеседi. Көбіне бауыры, бүйректерi, көк бауыры және басқа паренхиматоздық органдарынан бiтеу жаралар (абцесс) табылады. Қойдың лимфа түйiндерi мен көк бауырында қарақұмықтың үлкендiгiндей түйiндер болады, өкпесiнде пневмонияға тән өзгерiстер кездеседi.
Шошқаның сирақтары мен мойын бұлшықеттерiнде өзгерiстер байқалады, қабынған өкпелерi суланып iрiңдейдi. Жатырдың шырышты қабықтары қабынады, үлкендiгi қара қурай дәнiндей, тiптi бұршақтай қатты түйiндер пайда болады, бiрақ-та олар әктенбейдi. Еркек малдың қабынған енi мен ен қалқасынан абцесс пен некрозды ошақтар табылады (орхит). Қой мен ешкi, шошқа, сiбiр бұғысы т.б. малдардың осы ауруға тән патологиялық анатомиялық белгiлерi болып олардың артқы жiлiншiк, тұсамыс тағы басқа буындарының шорбуындауы (артрит) саналады.
Малдың тiрi кезiнде жаппай жүргiзiлетiн диагностикалық тексерулер бруцеллездiң сойғаннан кейiнгi диагностикасын едәуiр жеңiлдетедi.
Жылқыда бруцеллез астыртын түрiнде өтедi. Ауру жылқының шоқтығы, шүйдесi және шемiршегi iрiңдеп қабынады, тендовагинит, артрит, синовит және бурсит пайда болады, кейде омырау мен құрсақ тұстарының терiсiнiң астынан күмпиген iсiк байқалады [8].
Ветеринариялық санитариялық бағалау. Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві өнімдеріне шығарылады.
Бруцеллезге оң әсер берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет Қағидаларды сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.
Аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық анатомиялық өзгерiстерi байқалған малдың барлық түрлерiнiң (уақ малдан басқа) еттерiн пiсiргеннен соң шығарады. Оң реакция бергенмен аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық анатомиялық өзгерiстерi болмаған iрi қара мен шошқа ұшаларын тежеусiз шығарады. Егер де, бұл мал Br. melitensis қоздырушысы бар ошақтан шыққан болса, олардың еттерiнен, шұжық, (85-90 0С батон ортасына 750С кем емес) консервi, ет нанын дайындайды.
Бруцеллезге оң реакция берген сиыр желiнiн тиiстi ережеге сай пiсiрiп зарарсыздандырады, ал аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық анатомиялық өзгерiстерi болған жағдайда — ет ұнын дайындауға жiбередi немесе пiсiргеннен кейiн мал азығы үшiн пайдаланады.
Бруцеллездiң клиникалық белгiлерi мен патологиялық өзгерiстер табылған малдың барлық түрлерiнiң, сондай-ақ бруцеллезге (қой мен ешкiден басқа) ұшаларын, еттерiн сылып алып, сүйектерiн тағамдық май алуға немесе малдың құрғақ азығын дайындауға жiбередi.
Бруцеллезге оң реакция берген немесе аурудың клиникалық белгiсi болған малдың (уақ малдан басқа) басын, бауырын, жүрегiн, өкпесiн, бүйректерiн, қарындарын және басқа органдарын залалсыздандырғаннан кейiн шығарады.
Iрi қара мен шошқаның құлақтары мен сирақтарын, iрi қараның ерiндерi мен шошқаның құйрықтарын пiсiрместен бұрын, алдын-ала, ыстық суға салып жидiтедi немесе үйтедi, шошқа басын үйітедi, қарынын жидiтедi.
Бруцеллезге оң реакция берген малдардың iшектерiн, өңештерi мен қуықтарын құрамына 0,5 % тұз қышқылы бар тұз ерiтiндiсiнде 15-20°С температурада 48 сағат ұстайды, сұйықтық коэффициентi 1:2. Аурудың клиникалық белгiсi бар малдан алынған iшектер, өңештер мен қуықтарды пiсiрген соң мал азығына пайдаланады немесе құрғақ мал азығын дайындайды.
Аурудың клиникалық белгiсi бар және бруцеллезге оң реакция берген малдардың қанынан құрғақ мал азығын немесе техникалық өнiмдер дайындауға рұқсат етiледi [9].
Бруцеллезге шалдыққан малды сойғанда сақтық шаралары қатаң сақталуға тиіс. Мал союшылардың арнайы киiмдерiн суға қайнатады (30минут) немесе хлораминнiң 1% ерiтiндiсiне 3 сағат салып қояды, ол үшiн киiмнiң 1 кг 4-5 литр ерiтiндi қажет.
Ауру мал сойылған бөлме ең алдымен механикалық жолмен тазаланады. Содан соң, дезинфекцияланады. Ол үшiн әктiң 25% мөлдiр ерiтiндiсi, күйдiргiш натрдың 2 % ыстық ерiтiндiсi т.б. дезинфекциялаушы заттар пайдаланылады.
Жануарларға бруцеллезге жаппай диагностикалық зерттеулер жүргізген кезде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым (бұдан әрі — ХЭБ) ресми түрде ұсынған серологиялық тестілер қолданылады: комплементті байланыстыру реакциясы CF (КБР/КҰБР), Бруцелланың буферден тыс антигенімен тест — ВВАТ (ПРА/РБС), иммундық ферментті талдау — Elisa (ИФТ) және флюоресцентті поляризация — FPA (ФПА). Бруцеллез бойынша табынның (отардың) мәртебесін анықтау үшін бактериологиялық (биосынама қоя отырып) әдіс немесе ПТР қолданылады.
Жануарлардың жеке түрлерін зерттеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бруцеллез диагностикасының мынадай әдістері қолданылады:
Ірі қара мал — серологиялық: агглютинация реакциясы (бұдан әрі — АР), комплиментті байланыстыру реакциясы (бұдан әрі — КБР) немесе комплиментті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), Роз-бенгал сынамасы (бұдан әрі — РБС), сүтпен шығыршық реакциясы (бұдан әрі — ШР), О-ПС антигенімен иммунды диффузиялық реакциясы (бұдан әрі — ИДР), иммунды ферментті талдау (бұдан әрі — ИФТ). Табынның (отардың) мәртебесін растау үшін биологиялық материалды, іш тастаған жағдайда — іш тасталған төлдерді биологиялық сынама (бұдан әрі — биосынама) қоя отырып бактериологиялық немесе ПТР зерттейді [10].
2.3 Ірі қара етінің морфологиялық құрылымы және қоңдылығын анықтау
Ет ақшыл қызыл түсті болып келеді, бірақ, ол мал түрін, жасына, қоңдылығына байланысты ерекшеліктер болады. Сиыр еті — ақшыл қызыл. Көлденең жолақты еттердің қызыл түсі миоглобин нәруызына байланысты. Ет түсіне әсер ететін факторлар: жасы, жынысы, қоңдылығы, аз немесе көп жұмыс істеуі, еттің термиялық жағдайы, қансыздану дәрежесі, балаусалығы.
Жаңа сойылған мал етінің консистенциясы тығыз, ал салқындаған етте серпімді. Мұндай етті саусақпен басып байқағанда пайда болған шұңқыр тез түзеледі. Ал мұздатып ерітілген етте шұңқыр өте жай түзеледі [11].
Еттің иісі — өзіндік әр мал түріне сәйкес. Ол жаңа сойылған мал етінде жақсы сезіледі. Ет жетілгеннен кейін онда өзіндік жағымды иіс пайда болады. Сиыр және қой ұшаларының желінге жақын жатқан жерлерінен сүт иісі білінеді. Салқындаған етте сүйкімді, етке тән иіс сезіледі. Мұздатылған еттің иісі болмайды.
Аспаздық өңдеуден өткен еттің дәмі көптеген себептерге байланысты өзгереді. Пісірілген немесе қуырылған сапалы еттің иісі жағымды, дәмі сүйкімді. Пішілмеген және кәрі малдың, сондай жұмыс көлігіне көп пайдаланылған малдың еттері сапасыз [12].
Ірі қара мал ет талшықтарының арасында майдың жұқа қабаттары бар (мәрмәрға ұқсайды), дәнекер ұлпалары жақсы жетілген, майы қатты, қолға уқалағанда үгіледі, түсі ақ-сары, өзіне тән иісі бар. Қайнатқанда иісі сүйкімді, аздап дәмді көрінеді.
МС 779-91 бойынша ірі қара мал етін қоңына қарай екі деңгейге бөледі.
Сиыр, өгіз және үш жастан асқан сиыр етінің 1-деңгейдегі қоңдылыққа (1 категория) мына көрсеткіштер бойынша жатқызады:
- еті жақсы жетілген, арқа, бел омыртқаларының жоталық өсінділері, шоңданайдың басы, жамбас сүйектің сербегі байқалмайды, 8-ші қабырғадан бастап, шоңданайдың басына дейін шел май басқан, бірақ майсыз аралықтар да болуы мүмкін;
- шабында, мойны мен жауырынында, алдыңғы қабырғалары мен санында және жамбас қуысында майы бар.
2-ші категориялы қоңдылықты мал ұшасының жоталық өсінділері, шоңданайдың басы және жамбастың сербегі көрініп тұрады. Шоңданайдың басы, белдегі мен соңғы қабырғалардың үстінде ғана майы бар [13].
1-ші категориялық қоңдылықты бұқа ұшасының еті жақсы жетілген, мойын, жауырын, жамбас, сан еттері толық, омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды. Ал, 2-ші деңгейдегі қоңдылықты ұша етінің жетілуі қанағаттанарлық, жауырын – мойын және жамбас сан еттері толмаған, жауырыны білініп тұрады.
Бір тума сиыр етін оның семіздігіне және массасына байланысты қоңдылықтың екі категориясын ажыратады. 1-категориялық қоңдылыққа, массасы 165 кг артық, еті жақсы жетілген, жауырын сан еттері толық, омыртқалардың жоталық өсінділері, шоңданай басы, жамбас сербегі байқалмайтын және құйрық түбінде, санның ішкі бетінде шел майы бар ұшаны жатқызады [14].
2-ші категориялы қоңдылықтағы ұшаның массасы 165 кг артық, етінің жетілуі қанағаттанарлық, сан еті толмаған, омыртқалардың жоталық өсінділері, шоңданай басы, жамбас сербегі жақсы білінеді, шел майы болмауы да мүмкін. Егер ұшаның массасы 165 кг кем болса, оның қоңдылық дәрежесі сақа мал қоңдылығына сәйкес анықталады.
Жас мал еті (өгізше, тана-торпақ үш айдан үш жасқа дейін) массасына және қоңдылығына байланысты 2 категорияға бөлінеді:
1-категориялы жас мал етіне – ұшаның еті жақсы дамыған, жауырын, сан еті толық, ал омыртқаның жоталық өсіндісі, щоңданай басы, жамбас сербегі аздап қана байқалатын және ұшаның массасы 230 кг артық таңдаулы малдан алынған (тірідей массасы 450 кг жоғары), массасы 195-230 кг
1-ші классты жас малдан (тірідей массасы 400-450 кг) массасы 168-195 кг дейін;
екінші классты (тірідей массасы 350-400 кг) массасы 168 дейін;
3-ші классты (тірідей массасы 300-350 кг) жас малдан алынған еттерді жатқызады.
2-ші категориялы жас мал етіне еті қанағаттанарлық дәрежеде дамыған, сан еті толмаған, омыртқалардың жоталық өсінділері, шоңданай басы, жамбас сербегі айқын көрініп тұрған ұшаларды жатқызады.
1-ші категориялы бұзау етінің (сүт еміп жүрген бұзау) еті қанағаттанарлық жетілген, түсі ақшыл-қызғылт, сан еті толық, бүйрек айналасында, жамбас қуысында, қабырғасында және сан етінің әр жерінде майы бар. Омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды [15].
2-ші категориялы бұзау етіне (қосымша азық алатын) қаңқа еті аса қанағаттанарлық жетілмеген, түсі қызғылт, аздаған май бүйрек айналасында, жамбас қуысында және белдемеде кездеседі. Омыртқа өсінділері байқалады.
Бұзау еті ішкі сауда объектілеріне бүтін немесе ұшаны ұзыннан екіге бөлінген түрінде шығарылады. Сонымен қатар ұшада ішкі белдеме еттері, бүйрек, бүйрек айналасындағы және жамбас қуысындағы май қалдырылады.
Ал, сиыр еті ұзыннан бөлінген жарты ұша немесе төртке бөлінген түрінде және ішкі белдеме етсіз шығарылады. Ұшада ішкі мүшелер қалдықтары, ұйыған қан, қанталаған еттер, салпыншақ қалдықтар болмауы тиіс.
Арық мал еті, бұқа еті, стандартқа сай өңделмеген ұша (жарты ұша немесе ұшаның төрттен бірінің 15 пайыздан астамы тазаланған, шел майы жырымдалған, омыртқа арқылы ұшаны бөлу дұрыс жүргізілмеген, мойын еті қарайған және бір реттен артық мұздатылған) сатуға жіберілмейді. Мұндай еттерді тағамдық, өндірістік өңдеуге жібереді [16].
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі. Дипломдық жұмыс сатылуға әкелінген, бруцеллезге оң әсер берген малдың сойыс өнімдерінің сапасын анықтауға арналған. Жұмыс барысында ірі қара мал ұшасын сезімдік және биохимиялық тәсілдер арқылы ветеринариялық санитариялық сараптаудан өткізіп, тексеруге бағытталған. Жұмыс ветеринариялық санитариялық сараптаудың негізі болып саналатын, сезімдік зерттеулер жүргізуден басталды. Сезімдік зерттеулерде ұша, мүшелердің көрсеткіштері: пішіні, түсі, консистенциясы немесе тығыздығы, ұшаның қансыздану дәрежесі, бауыздық жағдайы және лимфа түйіндерінің өзгерістері тексерілді.
Дипломдық жұмысты жүргізген және практикадан өткен Алматы қаласы, «Алтын Орда» ішкі сауда объектісіндегі ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының мал дәрігерлерімен бірге ірі қара мал бруцеллезіне сезімдік зерттеулер жүргізілді. Етте жүретін өзгерістерді тексеру арқылы мал етінің балаусалығы немесе күдікті мал еті екендігі тексерілді және ауру мал еті мен өнімдерінің пайдалану жолдары, яғни тағамға жарамдылығы «Ветеринариялық қағидалар» ережесіне сәйкес шешілді.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде 7 ірі қара мал ұшасы пайдаланылып, 39 сезімдік, 20 физикалық, 17 химиялық зерттеулер жүргізілді.
Ұша және мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде: бауыздықтың жағдайы, қансыздану дәрежесі, ұша бетіне қабықшаның (фасция) түзілуі, сезімдік тексерулер: бұлшықеттерінің жетілуі, ұша етінің тілік бетіндегі және сыртқы түсі, иісі және концистенциясы немесе тығыздығы зерттелді. Жылқы ұшасынан, етінен сынамалар алынып, ветеринариялық санитариялық сараптаулар жүргізіліп, ветеринариялық санитариялық сараптауда жалпылама қолданылатын тәсілдер арқылы зерттелді.
Еттің сезімдік және биохимиялық көрсеткіштері 7269-91 (Ет. Сынама алу тәсілдері және балаусалықты анықтаудың сезімдік тәсілдері) Мемлекеттік стандартына сәйкес 7 ірі қара малы ұшасынан сынамалар алынып, зерттелінді.
Парахинондиимид ферментінің белсенділігі пероксидаза реакциясымен, бензидин ертіндісімен сутегінің асқын тотығы арқылы анықталды.
Еттің қышқылды-сілтілік ортасы немесе ет құрамына сутек иондарының шоғырлануы рН-340 иономерінің көмегімен анықталды. Жұмыс ИСО 2917-94 сәйкес жасалды.
Аминді-аммиакты азоттың мөлшері Сафронов А.М. әдісімен, пептидтер мен полипептидтер Лубянецкий тәсілімен жасалды.
Сорпадағы ақзаттың алғашқы ыдырауынан пайда болған өнімдердің мыс иондарымен әсерлесіп, кешенді мыс сульфатының тұнбаға түсуі 23392-91 стандарт талаптарына сәйкес жүргізілді.
Ірі қара малы етінің микробтармен ластануын 21237-91 «Ет. Бактериологиялық талдау әдістері» стандартына сәйкес бактериоскопиялық әдіспен микробтарының саны анықталды.
Дипломдық жұмыста «Ветеринария туралы» заң талаптарын негізге ала отырып, «Ветеринариялық санитариялық қағидалар» (2015 жылғы) ережелеріне және Н.Ф.Шуклин, Т.Телеуғали, А.Ә.Жұмагелдиевтің редакциялауымен шығарылған «Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация» Алматы, 2011, С.Қырықбайұлы, Т.М.Телеуғали «Малдәрігерлік санитариялық сараптау практикумы» Алматы, 2013 және В.С.Макаровтың «Ветеринарно-санитарная экспертиза, практикум» М.: 1988. және А.Н.Журавская, С.В.Отряженкова «Контроль и качества мяса» М.:1996, Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов качество и безопасность. – Новосибирск, — 2005. оқулықтарының талаптарына сәйкес жүргізілді.
3.2 «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің ветеринарлық санитарлық сараптама зертханасына сипаттама
«Алтын Орда» әмбебап сауда кешені Алматы облысы, Қарасай ауданында, Алматы Самара трассасының бойында орналасқан. «Алтын Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2003 жылғы қазаннан бастап ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы жұмыс жүргізуде. Зертханада 4 қызметкер жұмыс жасайды. Зертхана меңгерушісі – Б.Ибрагимова, мал дәрігері – Ж.Омаров, лаборант Ж.Сапарова, мал дәрігерлік инспектор Д.Масимов. Зертхана меңгерушісінің мал дәрігерлік жұмыспен айналысуға құқығы бар лицензиясы Алматы облыстық аумақтық басқармасының, ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінде және салық инспекциясында тіркелген.
Ішкі сауда объектісінің арнаулы мал соятын орны бар. Жұмыс механикаландырылған, ток күшінің көмегімен жүргізіледі. Малдың қаны ағатын орын, ішек-қарын т.б. қалдықтарды жинайтын орындар ұйымдастырылған. Ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы: халықты таза, санитарлық сапасы жоғары өніммен қамтамассыз ету үшін, ашыған, көгерген, бұзылған сапасы күмәнді өнімдерді сатуға жібермей, пайдалануға жарамсыз деп табылған өнімдерді жойып, мал өнімдерінен адамға жұғатын ауруларды анықтап, сапалы сараптау жұмыстарын жүргізеді. Ішкі сауда объектісінің үлкен ет сататын павильон бөлек орналасқан. Онда ветеринариялық санитариялық сараптау бөлмесі, ет шабатын орын, ұшаларды өлшейтін үлкен таразы бар. Бөлмелер желдеткішпен қамтамасыз етілген. Ет сақтайтын тоңазытқыш камералар орналасқан. Сүт және сүт өнімдерін тексеру бөлімдерінде серіктестікке келіп түскен қымыз, шұбат, айран, қаймақ, сүзбе, сүт зерттеледі және сонымен қоса жеміс-жидектердің құрамындағы нитрат-нитриттердің мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізіледі. Тағамдық өнімдерді сататын сатушылардың медициналық куәліктері — санитариялық кітапшасы бар және олар жарты жылда бір рет медициналық тексеруден өтіп тұрады.
«Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының мақсаты: Ішкі сауда объектісіне сату үшін әкелінген өнімдерді ветеринариялық санитариялық сараптап, ет және ет өнімдерін, құс және құс шаруашылығы өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, балауса балық, бал және ара шаруашылығы өнімдері, жеміс-жидектер, көкөністерге т.б. өнімдерге биохимиялық, бактериоскопиялық, токсикологиялық және т.б. тексерулер үшін сынама алу және тексеру.
«Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің малдәрігерлік санитариялық сараптау зертханасы өнімдердің сапасын анықтау үшін жүргізілетін реакцияларға қажетті әр түрлі реактивтер және рН-метр немесе иономер рН-340, ЕВ-74, таразы ВЛКТ-500, ДРГ-03м, лактан, центрифуга, термостат, кептіргіш шкаф, проекционды компрессориум, лактоденциметр, ареометр, жиромермен зертханалық ыдыстармен және құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, базарда сатып алушыларға арналған бақылау таразысы, өнімдерге арналған таразы, ет шабуға арналған құрылғылар, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке гигиеналық киімдері — қолғап, алжапқыш, пышақтар, қайрақтар бар. Әр дүйсенбі сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Реактивтер белгілі мөлшерде пайдаланылады. Техникалық қауіпсіздік шаралары да сақталынуда. Сынама алу ережелерімен орташа сынама алу мөлшері өнімнің түріне және зерттеу сипатына байланысты арнайы нұсқаулықта жазулы тұр. Ішкі сауда объектісіне келіп түскен өнімдерді тексерген мамандар өнімнің сапасы жөнінде сараптама актісін толтырады. Онда: ішкі сауда объектісінің және ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының аты, өнім иесінің аты-жөні, өнімнің аталуы, сараптау жүргізілген күн, сараптау үшін сынама алынған уақыт, химиялық сараптау нөмірі, күні, айы, жылы және өнімнің сапасы жазылады.
3.3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ет өндiрiсiнде, етке арнайы бағылған жануарлар пайдаланылады. Сонымен
қатар, басқа өнiм (сүт, жүн, және т.б.) үшiн бағылған малды да ет өндiрiсiне қолданады. Етке арнайы өсiрiлген еттi тұқымды малдан алынған еттiң сапасы жоғары болады. Мал сою кәсіпорындарына түсетiн жануаларды «сойыс жануалары» деп атайды. Елімізде сойылатын жануарларға iрi қара, жылқы, есек, түйе, шошқа, қой, ешкi, бұғы, қоян және үй құстарының барлық түрлері (тауық, күрке тауық, үйрек, қаз) жатқызылады [17].
Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар (2015ж)
талаптарына сәйкес, сойылатын мал сояр алдында малдәрігерінің бақылаумен қарап тексерілуі тиіс. Мал ет өңдеу кәсіпорындарында олардың тірідей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы және сапасы бойынша қабылданып, малдәрігерлік байқаудан өткізілді. Ол бойынша малдың дене қызуы өлшенді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы көрсетілген тізбе тексерілді.
Сойылуға әкелінген ірі қара малының паспортында көрсетілген, емдеу
немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілмеген.
Союға жіберілетін әр малға, малдәрігерлік заңдылықта көрсетілген тәртіп
бойынша малдәрігерлік анықтама толтырылған. Онда, анықтамада көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ елді мекендерден шыққандығы көрсетілген. Ол бойынша союға әкелінген ірі қара малының ветеринариялық анықтамасында жіберілген бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малында ешқандай аурудың клиникалық белгілері көрініс берген жоқ. Ал, салыстырмалы түрде алынған, сойылуға әкелінген аурмаған ірі қара малының сояр алдындағы қарап тексеру нәтижесі бойынша ауруға тән өзгерістер байқалмады. Тексеру кезінде бруцеллезге оң реакция берген үш ірі қара малы аудандық ветеринария бөлімінің рұқсатымен жіберілген.
Малдәрігерлік байқау кезінде, малдың жалпы жағдайына, дене пішіміне,
басының орналасуына (тік, салбыраңқы т.б.), көз, терісінің жағдайына, қозғалысына, буындарына көңіл аударылды [18]. Сонымен қатар, малдың күйіс кайтаруы, тыныс алуы, көзден, мұрынынан су ағуы, артының былғануы, қарынның кебуі және т.б. малдың саулығы анықталды. Малдың желіні тексерілді.
Мойынның үстіңгі, шықшыт, жұтқыншақ, желін үстіндегі лимфа
түйіндері ісінбеген.
Мал әдеттегі тәртіппен союға жіберілді.
Ауытқушылық (температурасының жоғарылауы, ішінің өтуі, кілегей
қабықтарының түсінің өзгеруі, іріңдеу және т.б) байқалған жоқ. Тексеру нәтижесі бірінші кестеде көрсетілген.
1-кесте. Ірі қара малын сояр алдында қарап, тексеру (n═7)
Союға жіберілген ірі қара малы |
Дене температурасы °С |
Тамыр соғуы. мин/рет |
Тыныс жиілігі мин/рет |
1 |
38,5±0,5 |
158,5±3,8 |
25,1±4,1 |
2 |
38,0±0,5 |
159,1±2,5 |
23,4±3,3 |
3 |
38,5±0,5 |
158,5±3,3 |
25,3±3,2 |
4 |
38,5±0,5 |
158,5±3,8 |
25,1±4,1 |
5 |
38,0±0,5 |
159,1±2,5 |
23,4±3,3 |
6 |
38,5±0,5 |
158,5±3,3 |
25,3±3,2 |
7 |
38,5±0,5 |
158,5±3,8 |
25,1±4,1 |
Орташа |
38,5±0,5 |
158,5±3,8 |
24,3±3,3 |
Зерттеу нәтижесі бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малы мен
салыстырмалы түрде алынған ауырмаған ірі қара малының дене температурасы қалыпты, ауытқушылық анықталмады. Тамыр соғуы біркелкі, мин 158-159 шамасында. Тыныс жиілігі мин 23-25 рет. Сояр алдындағы тексеру нәтижесі бойынша, сойылуға әкелінген ірі қара малы денесі ширақ, буындары ісінбеген, ауыз қуысынан, тік ішектен, сарпайынан сұйық немесе басқа да экссудаттар ағып тұрған жоқ. Денесінде жырылған, сырылған жарақаттар немесе ісіктер және бөгде заттар байқалмады. Көзге көрінетін кілегей қабықтарында өзгерістер жоқ болғандықтан союға жіберілді.
Бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малы мен салыстырмалы түрде
алынған ауырмаған ірі қара малының союға қатынастым.
Мал сою — бір-біріне жалғасқан әр түрлі технологиялық жұмыстардан
тұрады [19]. Оның ең алғашқысы малды бауыздау болып табылады. Ал, аспалы жолға ілу қанның толық шығуына және кейінгі жұмыстарды жеңілдетуге жағдай туғызады.
Мал денесінен қанның шығуы еттің сапасына, онын сақталу мерзіміне
үлкен әсерін тигізеді. Малды бауыздау аяқтары байланып, құлатып, жатқызылған кезде жүргізілді. Бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малы мен салыстырмалы түрде алынған ауырмаған ірі қара малы бауыздалып, артқы аяғынан тұзақ салып аспалы жолға көтерілді.
Осындай жағдайларға байланысты ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының қызметкерлері ауру малдан алынған өнімді ажырата білуі қажет болғандықтан, ұшаның сыртқы көрінісін анықтадық. Бұлшықет жабындысы қабықшамен (фасция) көмкерілген, ойық беті тез қалпына келеді, консистенциясы нығыз, иісі өзіне тән, түсі ақшыл-қызғылт, ұшаның беткейі құрғақ. Ұша мен мүшелер ылғалы өте көп болса, ет дымқыл және жабысқақ болып, мал арам немесе агония кезінде жанталасып өлген деп күдіктенеміз. Ол, малды қансыздандыру және малды сою тәсіліне: жатқызып, асып қан тамырларының түгел кесілуіне байланысты болады. Қан тамырларындағы, еттегі қанның қалдығын: Родер әдісі бойынша анықталды.
Қансызданудың төрт дәрежесі бар: жақсы, қанағаттанарлық, нашар, өте нашар [20]. Жақсы қансыздандырылған ет қызыл, қызыл – күрең түсті, майы ақ болады, етті тілгенде сұйықтық шықпайды, шажырқайда қан тамырлары байқалмайды. Еттің қансыздандыру дәрежесін зертханалық тәсілдермен анықтаудың мал дәрігерлік санитариялық сараптауда қолданатын тәсілдерді пайдаландық. Оның ішінде бізге қол жетімді Родер тәсілі, ол бойынша Родер әдісі пробиркаларға 3 граммнан ет салып, үстіне 5 мл дайындалған реактив: 0,1 мл Леффлер көгі, 40 мл дистильденген су және 0,05 мл қаныққан фукциннің спирттегі ерітіндісі қоспасының бір миллилитрі 10 мл сумен араластырады да, пробирканы шайқап, 5 минут тұндырдық. Жақсы, қанағаттанарлық қансыздандырылған етте реактив көк күйінде қалады, ал нашар болса ерітінді қоңыр жасыл түске, өте нашар болса қоңыр күрең түске боялуы тиіс. Біздің зерттеулеріміздегі сынамалардың жақсы қансыздандырылғандығы анықталды. Қорыта келе тексерілген ұшалардың қансыздану дәрежесі жақсы, реакциялар көрсеткіштері шамалас болды.
2-кесте. Қансыздану дәрежесі
Көрсеткіштер |
Родер әдісі бойынша анықтау |
Қансыздандыру дәрежесі |
Ауырмаған ірі қара мал ұшалары |
Көк түсті |
Жақсы |
Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшалары |
Көк түсті |
Қанағаттанарлық
|
Зерттелуші сынамалар, яғни бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшалары және қанағаттанарлық қансызданған, ал салыстырмалы тексеру үшін алынған ауырмаған ірі қарадан алынған сынамалар жақсы қансыздандырылғаны анықталды.
Бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малы мен салыстырмалы түрде
алынған ауырмаған ірі қара малы бауыздалғаннан кейін ары қарай ұқсату, бас терісін сыпырудан басталды. Бас терісі сыпырылып, құлағы алынған, бас кеудеден шүйде мен ауыз омыртқаның қосылған жерінен ажыратылып, кесіліп алынды. Ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде әр малдың мүшелерін оңай тауып алу үшін теріге (іш жағынан), басқа (маңдайына) ұшаға және ішкі мүшелерге бір нөмірмен белгі соғылды [21]. Басты астыңғы жақ сүйектің қиылысқан жерінен немесе көмекейден (кеңірдек сақинасынан) ілгекке іліп, ветеринарлық сараптауға дайындады. Ол үшін, жұмысшы тілді ажыратып, бас қуысынан шығарып қойды. Сонда ветеринардың көмейді, жұтқыншақты ашып тексеруіне жағдай туады. Бас ветеринарлық байқаудан өткен соң, оның мүйізі араланды, тілі бөлек алынып, қалғаны ары қарай ұқсату (ішек-қарын) өнімдері цехына жіберілді.
Ішкі мүшелерді алу мал бауыздалғаннан кейін 45 мин ішінде жүргізілуі
тиіс. Ол үшін, алдымен төс сүйек араланып, өңешті кеңірдектен ажыратады, шатты бөліп, желін немесе ен бөлек алынады.
Артқы аяқтары керіліп, ақжолмен шаттан бастап төске дейінгі көк ет
кесіледі Қарынды жауып тұрған іш майды ішкі мүшелерге жабысып тұрған жерінен пышақтың көмегімен босатып, бөлек жинайды. Ол салқын суға салынып, ыдыс толғаннан кейін (оған 2 сағаттан артық уақыт кетпеуі керек) ма цехына жіберіледі. Сонан кейін, тік ішектің омыртқамен байланысын кесіп шығарады. Енді ішек-қарынды талақпен бірге ветеринарлық сараптау жүргізу үшін жылжытылды. Осыдан кейін, көкірек қуысындағы мүшелер: өкпе, бауыр, жүрек, кеңірдек, көкірек қуысы мен құрсақ қуысының арасын бөліп тұрған көк етпен қоса табиғи байланысы бұзылмай алынды. Бұл жиынтық ет өңдеу орындарында ливер деп аталады. Ливерді алу үшін көк ет пышақпен айнала кесіліп, мүшелерді көкірекпен байланыстыратын басқа да сіңірлер ажыратылып, өкпеге жақын жерден кеңірдектен ұстап, күре тамырлармен қоса суырылады [22]. Ливер малдәрігерлік сараптау үшін арнайы ілгекке ілінді.
Ветеринариялық санитариялық сараптау нәтижесінде тағамға жарамсыз
деп табылған мүшелер, олардың жарамсыздыққа шығарылған бөліктері арнайы ыдысқа жиналып, зарасыздандырылады.
Малалдәрігерлік санитариялық сараптау малдың басын тексеруден басталды. Терісінен ажыратылып әкелінген мал басының сыртқы түріне сезімдік тексерулер жүргізілді, механикалық жарақаттар немесе қанталаулар болмады. Ауыз қуысын ашып, күлдіреуіктердің, ойық жаралардың бар-жоқтығы тексерілді, тілді пышақпен қырып қарадық, қызыл иек, төменгі және жоғарғы еріндер тексерілді. Шайнау бұлшық еті финнозға тексерілді. Пышақпен сыртқы жағынан кітапша тәрізді етіп екі рет, ішінен бір рет тіліп цистицеркозды іздедік. Бастан алқым лимфа түйіні тексерілді, ол үшін пышақпен төменгі жақтың астынан құлаққа қарай ұзынша кесілді. Ол сөлді төменгі еріннен, шайнау бұлшықеттерінен т.б. алғандықтан, ол жерлерде әр түрлі жарақаттар болса, бұл лимфа түйінінде әртүрлі өзгерістер, домбығу, қанталау, іріңдеу және т.б. болады. Тексерудегі бруцеллезге оң нәтиже берген және салыстыру үшін тексеруге әкелінген ауырмаған ірі қара мал бастарының алқым лимфа түйіні өзгеріссіз, тілік бетіндегі суреті сақталған. Сопақша келген, ұзындығы 4-6 см, жақ буынынан сәл төмен орналасқан шықшыт лимфа түйіні – артқы жағынан шықшыт сілекей безімен жабылса, алдыңғы жағын тері жабындысы жапқан [23]. Лимфаны теріден, бастың еті мен сүйегінен, кеңірдектің алдыңғы жартысынан ерінен, қызыл иектен, сыртқы құлақтан жинайды. Лимфаның жұтқыншақтың сырт жағындағы бүйір лимфа түйініне береді. Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген және тексеру үшін алынған ауырмаған ірі қараның төменгі және жоғарғы жақтың қиылысқан жерінде орналасқан шықшыт лимфа түйіні физиологиялық жағдайынан ауытқымаған. Бастың бүгілдіргіш бұлшық еті мен жұтқыншақтың аша сүйек тарамдарының ортасында орналасқан жұтқыншақтан кейінгі ортаңғы лимфа түйіні – ұзындығы 2-5 см. Лимфа бас пен мойынның қосылған жеріндегі терісінен, тілден қатты және жұмсақ таңдайдан, көмекей безінен, кеңсіріктің артқы жағынан, жұтқыншақ пен көмекейден жинайды. Лимфаны жұтқыншақ сыртындағы бүйір лимфа түйініне құяды. Бруцеллезге оң реакция берген және тексеру үшін алынған ауырмаған ірі қараның лимфа түйіні қалыпты жағдайдан ауытқымаған.
Жұтқыншақтың кейінгі бүйір лимфа түйіні – ұзындығы 3-4 см, ауыз омыртқаның алдыңғы жағын, шықшыт безінің артын ала орналасқан [24]. Лимфа түйіні қалыпты жағдайдан ауытқымаған. Барлық тексерілген лимфа түйіндерінің түсі ақшыл-сұр, іріңдеу, қанталау немесе ісіну секілді өзгерістер
көрінбеді, тілік бетіндегі суреті сақталған.
Ветеринариялық санитариялық сараптау столының үстіне жігінен ажыратылмаған күйінде ливер — өкпе, көк ет, жүрек және бауыр жігінен жазылмаған күйі сараптауға әкелінді. Ветеринариялық санитариялық сараптаудың талаптары бойынша, тексеруді жүректен бастадық.
Жүрек қабы ақшыл түсті, миокард ашық қоңыр, жүректің сыртқы көрінісі конус тәріздес, миокардты төрт тілікке кесіп цистицеркоздың бар жоқтығын тексерілді. Қарыншалар мен жүрекшелерде аздаған қан ұйындысы көрінеді. Үлпершек пен эпикард қалыпты жағдайдан ауытқымаған.
Өкпе бозғылт түсті, жылтыр, ұлғаймаған, паренхимасын басып көргенде консистенциясы біркелкі нығыз, кесіндіде табиғи түсі сақталған. Лимфа түйіндерінен сол бронхтық лимфа түйіні кесілді, ол сол жақ өкпе бөлікшесінде, өкпе ұлпасы мен бронхиолдың тұсында орналасқан, сопақша келген, кесіндіде түсі біркелкі, сұрғылт түсті, көлемі ұлғаймаған. Содан соң бронхтарды кесіп, өкпені сығымдағанда, одан ауа көпіршіктері шықты. Одан соң, оң жақ бронхтық көкірек қуысының лимфа түйінін кесіп тексерідік. Лимфа түйіні сопақша келген, тілік бетінің түсі біркелкі, сұрғылт түсті, көлемі қалыптағыдан өзгермеген. Осылайша көкірек қуысының ортаңғы, үстінгі, төменгі, лимфа түйіндері тексерілді. Жалпы айтқанда, көкірек қуысының лимфа түйіндері қалыпты жағдайдан ауытқымаған.
Бауыр ісінбеген, доғал, бір шеті қырлы. Сыртқы көрінісіп қарап, құрт іздері, беріштердің бар жоқтығы тексерілді. Түсі қоңыр қызыл, немесе қара қошқыл. Бауырдың қақпаша лимфа түйіні тексерілді. Аударып көріп, қолмен ұстағанда ешқандай түйін немесе басқа өзгешеліктер кездеспеді. Бауырды көлденеңінен кесіп, ұлпа жағдайына және өт жолына қарадық. Өт жолдары ісінбеген, өзгерістер жоқ. Өт қапшығы алынып тасталғандықтан, өт жолдарында инвазияның бар жоқтығы қарап тексерілді. Бауырдың консистенция нығыз, сыртқы пішіні, қалыптағыдан ауытқымаған. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара бауыры және тексеру үшін алынған ауырмаған мал бауырының қалыпты жағдайдан ауытқымағандығы анықталды, тілік бетінде суреті сақталған.
Бас пен ішкі мүшелердің барлық лимфа түйіндері тексерілгеннен кейін, ұшасы қаралды. Жалқаяққа және бауыздағанда қанның қалай шыққанына көңіл аударылды. Мойын және белдеме еттері финнозға тексерілді.
Тексерілген ірі қара малы арасынан бруцеллезге оң әсер берген мал еті болғандықтан «Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар» талаптарына сәйкес, етке әр түрлі зертханалық тексерулер жүргізілді.
Сорпаның мөлдірлігі мен хош иісін анықтау үшін қайнату сынамасы реакциясы жүргізілді. Ол үшін тексеру үшін алынған бруцеллезге оң әсер берген және салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларынан алынған сынамалардан 20 г ет мылжасын 100 мл-лік колбаға салып, үстінен 60 мл дистильденген су қостық. Етті сумен жақсылап араластырып, бетін шынымен жауып, қайнап жатқан су моншасына қойылды. Температура 80-850 С жеткенде немесе буы шыққан кезде сорпаның иісі сезім мүшелері арқылы анықталды және мөлдірлігі немесе сорпа бетіндегі майдың жағдайы тексерілді. Нәтижесінде: бруцеллезге оң әсер берген және салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларынан алынған сынамалар сорпасы хош иісті, мөлдір, сорпа бетінде ірі май тамшылары байқалды.
Ауру малдың тірі кезінде етте нәруыздың алғашқы ыдырауынан пайда болатын полипептидтер, пептидтер, аминқышқылдары т.б. көптеп жиналуын формалинмен реакция жүргізу арқылы анықтауға болады [25]. Оны Г.В. Колоболотский және Е.В. Кисилев бойынша анықтадық. Бұл реакция осы заттарды формальдегид көмегімен тұндыруға негізделген. Реакцияны жүргізу үшін бруцеллезге оң әсер берген және ауырмаған ірі қара малы ұшаларынан алынған ет сынамаларынан, судан 1:1 қатынасындай етіп сығынды дайындалды. Ол үшін сіңірден, майдан тазартылған 10 г етті фарфор келішесінде майдалап турап, үстіне 10 мл физиологиялық ерітінді және 10 тамшы 0,1 н КОН ерітіндісі қосылды. Ет келісаптың көмегімен мыжғыланып, мылжа колбаға ауыстырылды. Нәруызды тұндыру үшін, қайнағанға дейін су моншасында қыздырылды. Колбаны салқындатып, оған 5 тамшы 5% қымыздық қышқылымен бейтараптандырып, қағаз сүзгіден өткіздік. Пробиркаға 2 мл сығынды құйып, оған 1 мл бейтараптанған формалин ерітіндісін қосқанда сығынды мөлдір күйінде қалды. Егер полипептидтер, амин қышқылдары болған болса, сығындыда тұнба немесе үлпектер түсуге тиіс еді. Нәтижесінде: бруцеллезге оң әсер берген және салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларынан алынған сынамалар балауса екендігі анықталды.
3-кесте Етті биохимиялық зерттеулер нәтижелері
Мал Ұшалары |
Қайнату сынамасы |
Формалинмен реакция |
Ауырмаған ірі қара мал ұшасы |
Сорпасы хош иісті, мөлдір |
теріс |
Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасы |
Сорпасы хош иісті, мөлдір |
теріс |
Зат алмасу үдерісінің тоқталуына байланысты, аминді-аммиактың мөлшері көбейетіні белгілі. Ал, еттің балаусалығын анықтайтын реакциялардың бірі аминді-амиакты азот мөлшерін анықтау [26]. Етте аминқышқылдары мен аммиак мол жиналатын болса, ол еттің балауса еместігін көрсетеді. Оны анықтау үшін бруцеллезге оң әсер берген және салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларынан алынған сынамалардан сірінді жасалды. Колбаға 10 мл 1:4 қатынасындай етіп жасалған сіріндіден құйып, оған 40 мл дистилденген су және 3 тамшы фенолфталиннің 1% спирттегі ерітіндісі қосылды. Қоспа 0,1 н күйдіргіш натрий ерітіндісімен қызғылт түске ауысқанша бейтараптандырылды да, үстіне 10 мл формалин қосылды. Қоспаны екінші рет 0,1 н күйдіргіш натрий ерітіндісімен тағы да қызғылт түске өзгергенше титрленді де аминді аммиак мөлшері анықталды. Оны есептеу төмендегі формула бойынша:
Х = 1,4 · У
Мұндағы : У – екінші титрлеуге кеткен 0,1 н күдіргіш натридің мөлшері.
Тексерілген еттерге аминді аммиакты азот мөлшері сау мал етінде – 1,01 мг, ал бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал етінен алынған сынамаларда – 1,10 мг шамасында болады.
4-кесте. Сынамаларды химиялық зерттеу нәтижелері
Ірі қара мал ұшасы |
Бактероскопия |
ААА |
Таза ұша |
2-3 |
1,01 |
Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасы |
3-4 |
1,10 |
Адамнан малға, малдан адамға немесе малдан малға жұғатын жұқпалы ауруларды және де тасымалдау кезінде еттің микробтармен ластануын анықтау үшін бактериоскопиялық зерттеуді жүргізілді. Бруцеллезге оң әсер берген және салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларынан жұғынды дайындадық. Ол үшін, тексеру үшін алынған еттен қыздырылған темір қалақшамен немесе зарарсыздандырылған қайшының көмегімен етті кесіп, төсеніш шыныға бірнеше жұғынды дайындалды. Оларды ауада кептіріп, спирт шамының жалынымен апталып бекітіп, Грамм әдісімен боялды. Дайын болған төсеніш шыныны микроскоптың көмегімен қарағанда: бруцеллезге оң әсер берген ірі қара малы ұшасынан алынған сынамаларда шар тәріздес 3-4 микробтар кездесті және салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларынан алынған сынамаларда 2-3 микробтар табылды.
ИРФ, РПЛ-3 арқылы майдың жарық сәулесін сындыру коэффициенті анықталды. Ол үшін рефрактометрді дистильденген су арқылы тексеріп (П 1:3333) құралдың төменгі призмасына бір тамшы май тамызып, жоғарғы призмасын жауып, айна көмегімен жарық призмаға бағытталды. Рефрактометрдің окуляры арқылы бақылай отырып, жарық сәулесінің қара және ақ түстерінің шекарасы анықталды. Анықталған шекара арқылы майдың жарық сәулесін сындыру коэффициенті анықталды. Сиыр майларының сыну коэффициенті біздің зертеуімізде сау сиырдың іш майынан алынған сынамада 1,41458±0,07, ал оқырамен зақымдалған ірі қараның іш майында 1,41221±0,003 екені анықталды, олардан ешқандай ерекшеліктер мен айырмашылықтар байқалмады.
Сонымен қатар, ірі қара майының еру және қату температурасы анықталды. Диаметрі 1,4-1,5 мм шыны түтікшелер еріген майға толтырылып, тоңазытқышқа қойылды. Майдың түтікшедегі қалыңдығы 2,0 см болған соң, түтікше жіңішке резеңке арқылы химиялық термометрге бекітілді. Майдың биіктігі термометрдің сынап бағанасымен бірдей болған кезде, термометр майлы түтікшемен бірге суы бар ыдысқа орнатылды.
Заманауи құралдың бірі РПЛ-3 арқылы бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан алынған майдың жарық сәулесін сындыру коэффициенті анықталды. Ол үшін рефрактометрді дистильденген су арқылы тексеріп (П 1:3333) құралдың төменгі призмасына бір тамшы май тамызып, жоғарғы призмасын жауып, айна көмегімен жарық призмаға бағытталды. Рефрактометрдің окуляры арқылы бақылай отырып, жарық сәулесінің қара және ақ түстерінің шекарасы анықталды. Анықталған шекара арқылы майдың жарық сәулесін сындыру коэффициенті анықталды. Сиыр майларының сыну коэффициенті біздің зертеуімізде аырмаған ірі қара мал майынан алынған сынамада 1,41458±0,07, ал бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан алынған майда 1,41456±0,003 екені анықталды, олардан ешқандай ерекшеліктер мен айырмашылықтар байқалмады (5-кесте).
5 — кесте Майдың физикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Сыну коэффициенті |
Ауырмаған ірі қара мал ұшасынан алынған май |
1,41458 ± 0,07 |
Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан алынған май |
1,41456 ± 0,03 |
Жалпы алғанда бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан алынған май мен салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшасына алынған майдың сыну коэффициентіндегі көрсеткіштері сапасына байланысты ерекшеліктері байқалмады.
3.3.1 Өзіндік зерттеулердің нәтижесін талдау
Әлеуметтік және экономикалық жағдай күннен-күнге жақсаруда, сонымен қатар халықтың тағамдық өнімдерге, етке сұранысы артуда. Ал, ет өнімдері ішкі сауда объектілері арқылы сатылатын болғандықтан, тағамдық өнімдердің сапасын анықтау, ішкі сауда объектісінің малдәрігерлік санитариялық сараптау зертханасының қызметкерлеріне малдан адамға жұғатын немесе жұқпалы, инвазиялық т.б. ауруларды жібермеу, халықты әр түрлі аурулардан қорғауға және басқа да үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Сондықтан «Алтын Орда» әмбебап сауда кешеніне сатылу үшін әкелінген Бруцеллезге оң әсер берген және ауырмаған ірі қара мал ұшалары мен мүшелерін тексеруден өткізіп, олардың балаусалығын анықтап, сапалы етті халыққа жеткізуді міндет етіп қойған ветеринар мамандарына алғысымыз шексіз. Сатылу үшін әкелінген ірі қара мал ұшалары МС 779-91 сәйкес жоғары қоңдылықпен сипатталған. Ірі қара малдың ет талшығы ақшыл қызыл түсті, нығыз келген, ет талшықтарының арасында майдың жұқа қабаттары бар (мәрмәрға ұқсайды), дәнекер ұлпалары жақсы жетілген, майы қатты, қолға уқалағанда үгіледі, түсі ақ-сары, өзіне тән иісі бар [27]. Қайнатқанда иісі сүйкімді, аздап дәмді көрінеді. Біз тексерген 7 ұшаның барлығы Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жоғарғы деңгейлік қоңдылық дәрежесімен сипатталады. Дипломдық жұмысты орындау барысында мал мүшелерінің түсін, иісін, консистенциясын және пішінін тексердік. Ішкі сауда объектісі жағдайында мал өнімдерін тексеретін малдәрігерлері сезімдік зерттеулерге көңіл бөледі. Сонымен қатар «Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар талаптарына сәйкес тексерілген мүшелер (бауыр, жүрек, өкпе) балаусаға тән, пішіні анатомиялық көрсеткіштеріне сәйкес, консистенциясы нығыз болды. Мүшелерді тексеру барысында ауруларға тән ерекше белгілер байқалмады. Биологиялық сүзгі қызметін атқаратын лимфа түйіндерінде малдәрігерлік сарапшы санитариялық сараптау кезінде лимфа түйіндерінің жағайы жіті тексерілді.Лимфа түйіндері қалыпты жағдайда ұзын, сопақша келген, ақшыл сұр түсті болатын болса, патологиялық жағдайда олар ісінеді, қанталайды, қызарады, бөгде заттар кездесуі мүмкін және де лимфа түйіндері организмдегі патологиялық үдерістердің орнын көрсетеді. Ал, организм жалпы зақымдануға ұшыраса (індетті аурулар, улану) көпшілік байланысқан лимфа түйіндері өзгеріске ұшырайды. Ол ауруларға күдік туғызып, тексеруді толықтай жүргізіп, ауруды балауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты малдәрігерлік сараптауды бас (шықшыт, алқым, жұтқыншақ сыртындағы ортаңғы, жұтқыншақ сыртындағы бүйір), көкірек қуысының (көкірек қуысының ортаңғы, бүйір, үстіңгі, сол жақ бронхтық, оң жақ бронхтық), бауыр лимфа түйіндері міндетті түрде тексерілді.
Ұшаны сараптағанда жауырын алды, қабырға аралық, шоңданайлық, белдеме, мойынның тереңдегі, т.б. лимфа түйіндері малдәрігерлік санитариялық сараптаудан өтуі тиіс. Сонымен қатар, ауырмаған ірі қара малының ұшасын ауру мал ұшасынан айыруда ұшаның қансыздану дәрежесін анықтаудың үлкен маңызы бар.
Жүрек жұмысының нашарлауына байланысты қан денеден толық шықпаса өлексе немесе жанталасып жатқан мал еті деген күдік туғызады. Сезімдік тексерулер мен қансыздану дәрежесіне күдік туған жағдайда арнайы зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Еттің қансыздану дәрежесі нашар болса, онда қалған қан, шыныға жабысып көрінеді немесе қағазға сіңіп, етпен жанасқан жерден жоғары көтеріледі де Родер әдісі бойынша көк түс береді. Біздің зерттеуіміз бойынша тексерілген ірі қара мал ұшалары, яғни бруцеллезге оң рекция берген және аурмаған ірі қара мал ұшалары жақсы қансыздандырылған.
Ет балаусалығына, сапасына күдік туған жағдайда балаусалықты анықтайтын рекциялармен зерттеулер жүргізілуі тиіс.Тексерілген еттердің бактериялармен зақымдануы микроскоппен қарау аумағында 3-4 микроорганизмдерді көрсетті.
Полипептидтердің, аминқышқылдарының, аминді-аммиакты азоттың көбеюі еттің бұзылуына себепкері. Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша сынамалардың ауытқымағандығы көрінді.
Формалинмен реакция осы үрдістерге негізделген. Біз тексерген бруцеллезге оң реакция берген және аурмаған ірі қара мал ұшаларындағы бұл көріністер ет сапасының жоғары және балауса екендігін көрсетті.
Қорыта келе «Алтын Орда» ішкі сауда объектісіне сатуға әкелінген ірі қара мал еттерінің қоңдылығы жоғары, сапалы. Ал, бруцеллезге оң реакция берген ұшалар сезімдік және биохимиялық тексерілуден өтіп, санитариялық сапасы анықталып, «Ветеринариялық қағидалар» талаптарына сәйкес, яғни бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал еті ұшасы мен мүшелерінде патологиялық өзгерістер болмағаннан соң, ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз сатылуға жіберілді.
3.2 Экономикалық тиімділікті есептеу
Экономикалық тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды.Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылыққызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің түрлері: өндіріс пен инвестициялық жобалар шығынының тиімділігін (өзін-өзі өтеуді) сипаттайтын көрсеткіштер; сатылым тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер; капитал мен оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын, активтердің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Тиімділіктің осы көрсеткіштерінің бәрі теңгерімдік пайда, өнімді өткізуден алынған пайда мен таза пайда негізінде есептеледі.
Шығындардың əр түрлі уақыт аралығында коэффициентті енгізу арқасында келтірілген уақыт фактор жолымен орындалатын өлшем келесідей формула түрімен сипатталады:
Келтірілген уақыт фактор жолымен орындалатын өлшем
(1)
мұндағы а1 — келтіру коэффициенті; Е — келтіру нормативі; Тр — шығындар мен əсерлерді келтірілуі бойынша орындалатын есептелу жылы; t — қазіргі жыл.
Келтіру нормативі барлық салаларға бірыңғай болу керек.
Жалпы экономикалық тиімділікте стандарттаудың экономикалық тиімділігі қызметтің ғылыми- зерттеулік, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізумен байланысты дербес түрі жəне де өнімді шығару кезінде техникалық жəне нормативтік құжаттарды тапсыру алдындағы соңғы жұмыс түрі болып табылады.
Жалпы экономикалық əсерде стандарттау бойынша жұмысқа келетін əсердің үлесін екі фактор шығындар мен маңыздылық коэффициенті арқылы ескере, келесідей формуламен анықтауға болады:
Жалпы экономикалық əсерде стандарттау бойынша жұмысқа келетін əсердің үлесін екі фактор шығындар мен маңыздылық коэффициенті арқылы ескере, келесідей формуламен анықтауға болады
(2)
мұндағы Dі — қатысқан үлестің коэффициенті; Зі — і-ші ұйымның немесе кезеңнің шығындары (тг);
fі — і-ші ұйымның немесе кезеңнің жұмыс маңыздылығының коэффициенті; n — ұйым мен кезеңнің саны.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігі болып табылатын жеке стандарт немесе нақты ұйымды келесідей формула бойынша анықтайды:
Жеке стандарт немесе нақты ұйымды келесідей формула бойынша анықтайды
(3)
мұндағы Эст — ұйымға немесе кезеңге келетін əсер (тг); US — стандартталған өнімнен алынатын жалпы экономикалық əсер, тг.
Экономикалық əсердің нақты шамасының маңызды шарттардың бірі əсерлерді нұсқа бойынша салыстыру болып табылады. Нұсқаларды салыстыру (əсерлерді нұсқа бойынша салыстыру) келесідей параметрлер арқылы қамтамасыз етілуі керек:
- аса сапалы өнім арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыру көлемі (өндірілетін жұмыс) бойынша;
- қажеттіліктерді қанағаттандыру аумағы мен диапазоны бойынша, сонымен қатар өнімді пайдалану жағдайлары бойынша, яғни салыстырылатын өнім түрлерінің өзара алмастырушы аумағы бойынша;
- уақыт факторы бойынша;
- өнімді тұтыну мен өндірістің əлеуметтік салдарынан;
- өнімді тұтыну мен өндіру кезіндегі қоршаған өндірістік ортаға кері əсерін тигізетін деңгей.
Нұсқаларды салыстыруды ең маңызды кезеңі қабылданған жəне базалық нұсқалар сапасы бойынша салыстыру болып табылады.
Нұсқа сапасы бойынша салыстыру — бұл жақсартылған сапалық сипаттамасы бар жалпылама бағалауы (өндірілуі, беріктілігі, пайдалану шығындары бойынша) сол немесе басқа нұсқаларға пайданың болуы үшін шешімдерді қабылдау келесідей формула арқылы анықталады:
(4)
мұндағы Э — ұзақ мерзімге (машиналар, жабдықтар, құралдар жəне т.б.) пайдаланатын жаңа еңбек құралдарды қолдану жəне өндірудің жылдық экономикалық əсері; З1, З2 — жаңа жəне базалық еңбек құралдарға сəйкес келтірілген шығындар бірлігі, тг; В1/В2 — базалыққа қарағанда (В1/В2 — нақты бірліктерде базалық жəне жаңа еңбек құралдарды қолдану арқылы өндірілетін өнімнің жылдық көлемі) жаңа еңбек құралдар бірлігінің өндірістік өсуді есептеу коэффициенті; (Р1+Ен)/(Р2+Ен) — базалыққа қарағанда (Р1Р2 — базалық жəне жаңа еңбек құралдарға сəйкес толық қайтадан құрудың (реновация) баланстық құнынан алынатын үлесі) жаңа еңбек құралдардың қызмет мерзімінің өзгерісін есептейтін коэффициент. Еңбек құралдар қызметтердің кері мерзімі шама сияқты есептейді жəне олардың моральдік тозуын есептеу арқылы анықтайды; Ен — тиімділіктің нормативті коэффициенті (Ен = 0,15); (И1-И2)-Ен ´ (К2-К1)/(Р2+Ен) — базалыққа
қарағанда жаңа еңбек құралдар барлық қызмет мерзімінде капиталды салымдарды жалғастырудан шығару мен пайдалану шығындарына тұтынушылардың үнемделуі, тг; (И1-И2 — тұтынушылардың жылдық шығындарды пайдалану кезіндегі базалық пен жаңа еңбек құралдарын белгіленген өнім (жұмыс) көлемін есептеу бойынша жаңа еңбек құралдарын өндіру болып табылады, тг. Осы шығындарда еңбек құралдарды толық жөндеуге арналған амортизацияның тек бір бөлігі ғана ескеріледі, яғни оның реновациясын ескермеген жағдайда, сонымен қатар тұтынушылардың капиталды салымдар бойынша амортизациялық бөліктер); К2, К1 — тұтынушылардың жалғастырылған капиталды салымдары (қарастырылатын еңбек құралдар құны ескерілмеген капиталды салымдар) жаңа еңбек құралдар арқылы өндірілетін базалық жəне жаңа еңбек құралдарды өнім көлемі есептеу арқылы қолданылады, тг; А2 — нақты бірлікте есептелетін жылда жаңа еңбек құралдар өндірісінің жылдық көлемі.Келтірілген шығындар келесі формула бойынша есептелінеді:
Шығындар формуласы
(5)
мұндағы с — өнімнің өзіндік құны; К — стандартталған жəне базалық өнімді қолдану кезіндегі капиталды салымдардың өзгеріс коэффициенті; Т — қызметтің рационалды мерзімі, жылдар; Зэ — өнім (жұмыс) бірлігіне кеткен жылдық пайдалану шығындары.
Нұсқаларды теңестіру салыстырмалылығын табысты ету үшін бұйымды қолдану нəтижесінде бірдей пайдалы əсерде жасалуы керек. Өнімнің пайдалы əсері жалпыланған сапа көрсеткіштері арқылы түсіндіріледі
Стандарттаудың тиімділік бағдарламасы — ғылыми-зерттеулік, жобалық жəне тəжірибелі- конструкторлық жұмыстар тиімділігінің жиынтығы, соңғы өнімнің сапасын жақсартуын жəне оның пайдалану мен өндіру тиімділігін қамтамасыз ететін техникалық жəне нормативтік құжаттармен байланысқан кешенде нəтижелердің айқындалуы.
Дипломдық жұмыста ірі қара мал етінің сапасын жоғарылатудың экономикалық тиімділігі өндірілген өнімнің сапасының өзгеруінің оның тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсерін анықтайды,жоғары сапалы ірі қара мал етінің сұрыпталуы бойынша қосымша шығындардың экономикалық тиімділігін анықтайды,сондай-ақ оның сапасын жақсарту нәтижесінде өндірістің табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.
《Алтын орда》ішкі сауда объектісінде тәулігіне 50 кг ірі қара мал еті сатылды,мен ірі қара мал етінің сапасын тексердім,орташа сынаманы алып,сезімдік және зертханалық түрде тексеріп балаусалығы мен физикалық-химиялық көрсеткіштерін анықтадым
6-кесте.Сатылған ірі қара мал еті сапасының экономикалық тиімділігін есептеу
|
Бақыланатын топ |
Бақыланбайтын топ |
Ірі қара мал еті сапасын зерттеуге кеткен шығындар,1 кг ірі қара мал етіне |
50 |
— |
Ірі қара мал өзіндік құны,1 кг |
800 |
700 |
Ірі қара мал сатылым құны,1кг |
1500 |
1300 |
Табыс |
700 |
600 |
6-кестеде көрсетілген,сапалы реттелетін ішкі нарықта сатылатын бақыланатын топтың ірі қара мал еті көбірек сатылады және сонымен қатар,тауар өндірушілер бақыланбайтын топқа қарағанда ірі қара мал етін сатушылар 1 килограммнан 100 теңгеден артық пайда табады.
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ұйымдар мен мекемелерде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі» ережесі бойынша базар жағдайында еңбекті қорғау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың жүргізілуі базар әкімдігіне жүктелген.
Мал дәрігерлік жұмыстардағы жауапкершілік мал дәрігерлік санитариялық сараптау зертханасының меңгерушісіне жүктелген.
Мал өнімдерін тексеретін, қабылдайтын және оларды жинап, өңдейтін қызметкерлерге өндірісте жарақаттың болмауы үшін «Еңбекті қорғау» жұмысының ішіндегі «ауру мал өнімдерімен жұмыс атқару» тарауымен күні бұрын таныстырып, жұмыс жасауға рұқсат деген кітапшаға қол қояды.
Мал шаруашылығында жұмыс жасауға он сегіз жасқа толған адамдарды ғана қабылдайды, бірақ оларды алғашқы ауыр, қауіпті және түнгі жұмыстарға жібермейді.
Ішкі сауда объектісі жұмысшыларымен мемлекеттік стандартқа лайықты нұсқаулық жұмыстар жүргізіледі.
Жұмысқа алу немесе басқа жұмысқа ауысу және жұмысқа алғашқы араласқандар кіріспе нұсқаудан өтеді. Оны, сол жұмыс орнында өткізу қажет. Егер, жұмыс орнында сәтсіз жағдайлар, келеңсіз құбылыстар болса, базар әкімдігі тез арада жоспардағы нұсқауды сол мекемедегі барлық қызметкерлермен жүргізеді.
Техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария базарда өте жоғарғы деңгейде жүргізіледі. Ішкі сауда объектісінде қызметкерлер үшін арнайы киімдер мен басқа да қорғаныс құралдары жеткілікті. Алғашқы медициналық көмек үшін аптека ішкі сауда объектісінің әр бөлімінде бар. Олардың әкімдігі халықты санитариялық ағарту жұмыстарын бірінші орынға қойған, үгіт – насихат кіташалары мен қабырға газеттерін дұрыс ұйымдастырған.
Еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігін жақсарту үшін жүргізілетін шаралар:
- Қызметкерлер мен жұмысшыларды өз денсаулығымен көршілес азаматтардың саулығын сақтауды білдіретін еренжелерді жиірек еске алу.
- Жыл сайын еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігін жолға қойып машықтану.
- Болған сәтсіздіктің себебін тауып талдау жүргізу және осындай сәтсіздік жағдайларды болдырмау үшін жұмыс жүргізу.
Жұмысшылырдың еңбегін қорғау нұсқаулығы (Жалпы ережелер)
1.Машиналармен және аппараттармен жұмыс істегенде міндетті түрде техника қауіпсіздігінің ережелеррін және белгілі бір талаптарды орындау керек
2.Ет өндіру линиясындағы жұмысты орныдайтын жұмыстарға медициналық кері көрсеткіштері жоқ, оқудан өткен, жұмыс орнында еңбекті қорғау және өндірістік санитария жөнінде кіріспе және алғашқы интруктажды өткен адамдар ғана жіберіледі.
3.Жұмысшы инструктаж өткен тапсырмалар бойынша ғана жұмыс орныдау керек, өзінің жұмысын басқа біреуге тапсыруға болмайды.
4.Жұмыс орнын таза ұстау керек. Еденнің тазалығын сақтау керек, кір және тайғақ жер болмау керек.
5.Жуғыш және дезинфекциялаушы заттарды бөлек арнамалы бөлмелерде, этиктекасы бар арнайы ыдыстарда жасау керек.
6.Осы инструкцияны бұзған адамдар заңмен бекітілген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Жұмысқа кірісер алдындағы қойылатын қауіпсіздіқ талаптары:
7.Душ қабылдау керек
8.Арнайы киім, арнайы аяқ киім киу керек. Шашты бас киімнің астына тығып жинау керек.
Жұмыс уақытысындағы қойылатын талаптар:
Тиым салынады::
9.Адам өміріне қауіпті қондырғылардың үстіне отыруға, тұруға, киімдерін қоюға, ашық тоқ жүйелеріне жақындауға, Электр қондырғыларныңы қорғаныс қақпақтарын ашуға, жұмыс істеп тұрған машиналарды қараусыз тастаға.
Авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптар
10.Аспаптардың бұзылуын байқаған кезде, сонымен қатар қауіпсіздік нормалары бұзылған кезде авария болған жағдайда жұмысты тоқтатып дереу басшыға айту керек.
11.Аспаптың тоқ жүйесінде электр, жұмыс аяқталар кедегі қауіпсіздік талаптары
12.Жұмыс аяқталғаннан соң қондырғыларды өнімнен босатып, ішін жуып, залалсыздандырып, жұмысқа дайындау керек. Жұмысшылыр арнайы киімдерін өткізіп, душ қабылдаулары керек.
Зертхана қызметкерлері еңбегін қорғау нұсқаулығы. Бұл нұсқауда қауіпсіздік үшін қажет міндетті түрдегі негізгі талаптар келтірілген. Осы талаптарды мұқият оқып, міндетті түрде орныдау керек.
Жалпы талаптар
1.Нұсқауда көрсетілген талаптарды орныдамаған лаборант тәртіп жағдайында жауапқа тартылады.
2.Зертхана қызметкерлері тек өзін тапсырылған жұмыстарды орындауы керек
3.Зертхана қызметкерлері жұмыс орнын таза ұстауға және ол жерді басқа заттардан таза ұстауға міндетті.
4.Зертхана қызметкерлері еденге төгілген, құйылған тайғақ заттардан тазартып отыру керек
5.Жұмыс уақытысында арнайы киімдерін жұмысқа лайықты кию керек, яғни халаттарының түймелері толық салынған, шаштарын бас киімнің ішіне салу керек.
6.Аспаптарды тек құрғақ қолмен өшіру керек.
7.Өндірістік жарақат алған жағдайда басшыларды хабардар етіп, медициналық қызметкерлерге көрінуі қажет.
Жұмыс алдында қойылатын талаптар
8.Зертхана қызметкерлері тексеру қажет:
— центрифуга тиянақты қондырылғандығын;
-қорғаныш заты дұрыс бекітілгендігін
-аппараттардың электр қондырғыларында қорғаныс жерлендіру жүйесі бар жоқтығын.
9.Барлық жетіспеушілік пен асаспаптрадықң бұзылғандығыны туралы бөлім бастығын хабардар ету.
Техника қауіпсіздігі талаптары:
1.Агрегатпен жұмыс істеу кезіндегі қатерлер:
- тоңазтқыш агрегаттарының жарылғыштығы;
- тоңазтқыш агрегаттарының улылық қасиеті;
- тоқпен жарақаттану қатері;
- агрегаттың қозғалғыш бөліктерімен зақымдану;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмысына кәсіподақ қызметкерлерін кең қатыстыра отырып үкімет басқарады. Бұл үшін мемлекет арнайы қаржы бөліп оның орынды жұмсалуын қадағалайды.
Еңбекті қорғау мәселелері еңбек заңдары және нормативтік құжаттармен реттелген. Оларда еңбекті қауіпсіз ету мәселелері өндірістік объектіні пайдалануға байланысты.
Еңбекті қорғау талаптары, арнаулы жұмыс киімдерімен және басқа қорғау, залалсыздандыру құралдарымен, емдік тағамдармен қамтамасыз ету міндеттері көрсетілген.
Әйелдер мен жастар еңбегін қорғауға заң арнайы көңіл бөледі. Еңбекті қорғау ісі кәсіпорындар мен ұйым әкімшіліктеріне жүктеледі. Олар жарақаттану мен мертігуді және кәсіптік ауруларды болдырмау үшін үзбей күрес жүргізіп отыруға міндетті.
Осыған орай еңбек етушілер де еңбекті қорғауға байланысты ереже, нұсқауларды бұлжытпай орындап отыруға міндетті.
Еңбекті қорғау заңының орындалуын кәсіподақтар және заң орындары бақылайды.
Еңбекті қорғау тәртібін бұзушылар әкімшілік тарапынан қоғамдық әкімшілік, қылмыстық, материалдық жауапқа тартылады.
Ет комбинатының ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасының қызметкерлері жұмысқа кірісер алдында үстілеріне ақ халат, басына қалпақ, қолына жеңқап, керек жағдайда қолына резеңке қолғап киеді.
Әр түрлі зерттеу жұмысына қажет қышқыл, сілті сияқты өте қауіпті реактивтерді өте сақтықпен қолданады, әйтпесе олар тамған жерін күйдіреді.
Кәсіптік аурулардың (топалаң, бруцеллез) алдын алу үшін күмәнді өнімді байқаған кезде аса сақтықпен зерттеу жүргізу керек.
Сапасы төмен және бруцеллезге оң нәтиже берген өнімдерді залалсыздандыратын арнайы қондырғылары болады.
Төменгі және жоғарғы температураларда залалсыздандыру ережелерінің орындалуын бақылайды.
Қызметкерлердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі керек. Жұмыста тазалық сақтау міндетті жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті құрал-жабдықтар болуы тиіс.
Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіру міндетті шарт. Спирт шамдарын тек сіріңкемен жағу керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі. Электр тоғына сақ болу қажет. Бөлмедегі зертхана қызметкерлерінің көмегімен ғана электр жабыдықтарын тоққа қосуға болады. Химиялық заттармен алдын ала танысып алу керек. Зертхананың едені ылғалды шүберекпен жиі сүртіліп алынуы тиіс. Зертханаға жарық мол түсуі керек. Оның терезелері солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек.
Егерде терезелер оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны жалюзи жауып көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс болған немесе пластиктермен жабылуы тиіс.
Зертханадан шығатын есіктің жанына раковина, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, сабын және сүлгі болуы шарт.
Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғауда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық шараларды жоспарлы түрде жүргізетін табиғи ресурстарды пайдалану, қалпына келтіру, пайдалану. Сыртқы ортаны қорғау қазіргі және келешек болашаққа мәдени және сатериалды жағдайдың жақсы болуына атсалысу.
Қазіргі кезеңдегі табиғатты қорғаудың негізгі міндеті жоспарлы түрде, табиғи ресурстарды үнемі пайдалану, сыртқы ортаны ластанудан қорғау. Табиғатты қорғау экономикалық сұрақтарға байланысты өндіріс пен ауылшаруашылығын дамытудың табиғи байлықтарын пайдалана білудегі жан жақты проблемалар баршылық шаруа. Табиғат жағдайы мен үрдістері қоғамдық өндірістердің материалдық, ғылыми және мәдени қажеттілігін қанағаттандыратын нысанды табиғи байлық (ресурс) деп атайды.
Табиғи байлықтарды олардың пайдалануына қарай жіктеледі (жер, су, орман, энергетикалық т.б.) табиғи байлықтарға адамзаттың әсер ету сипатына қарай таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.
Таусылатын бөлігі одан әрі қалпына келетін және келмейтін болып таралады. Қалпына келмейтін мүлде қайтадан қалпына
Таусылатын бөлігі одан әрі қалпына келетін және келмейтін болып таралады. Қалпына келмейтін мүлде қайтадан қалпына келмейтін немесе адамның пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмай өте баяу жүретін процесс. Мұндай байлыққа жататындар: мұнай, таскөмір, тағы басқа. Мұндай байлықтарды пайдалану олардың қорының азаюына соқтырады. Сондықтан да қалпына келмейтін табиғи байлықтарды, үнемдеп, жоспарлы әрі кешенді түрде жүргізіліп, мүмкіндігінше шығынын аз ету қажет.
Қалпына келетін байлықтар- топырақ, өсімдік. Олар пайдалану барысында бастапқы қалпына келеді. Қайта қалпына келу үрдістері әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Бір сантиметр қара топырақ (гумус) пайда болу үшін 300-600 жыл, кесілген ағаш қалпына келуге бірнеше ондаған жылдар керек. Яғни, олардың шығып болу жылдамдылығы қалпына келу жылдамдығымен пара-пар болуы қажет. Онсыз топырақ эрозияға, өсімдіктің түрлері мүлде құрып кету қауіпі бар.
Әртүрлі зерттеу жұмысына қажет қышқыл, сілті сияқты өте қауіпті реактивтерді өте сақтықпен қолданады, әйтпесе олар тамған жерін күйдіреді.
Кәсіптік аурулардың (топалаң, бруцеллез) алдын алу үшін күмәнді өнімді байқаған кезде аса сақтықпен зерттеу жүргізу керек.
Сапасы төмен және бруцеллезге оң нәтиже берген өнімдерін залалсыздандыратын арнайы қондырғылары болады.
Төменгі және жоғарғы температураларда заласыздандыру ережелерінің орындалуын бақылайды. Зертхана тазалығы қадағаланады.
Техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария зертханада өте жоғары деңгейде жүргізіледі. Зертханада қызметкерлер үшін арнайы киімдер мен ақ киімдер басқа да қорғаныс құралдары жеткілікті. Сол сияқты алғашқы медиицналық көмек үшін аптечка базардың әр бөлімдерінде баршылық. Зертхана әкімшілігі халықты санитарлық ағарту жұмыстарын бірінші орынға қойған, үгіт қойған, үгіт насихат кітапшалары мен қабырға газеттерін ұйымдастыра білген.
Өрт қауіпсіздігі. Барлық зертхана жұмысшылары мен қызметкерлері бұл ережемен өртке қарсы құралдармен қалай жұмыс істеумен машықтанған. Зертхананың әр бөлімдерінде көрінетін жерге өрт қауіпсіздігі туралы ережелер ілінген. Оған жауапты кісілер арнайы сілтемемен көрсетілген, аты-жөні түгелдей көрсетіліп мөр басылған. Әр бөлімдерде өртке қарсы қолданылатын құралдар ілінген тақта бар. Бұл құралдарды тек керекті жағдайларда ған пайдаланылады. Тақтада өрт сөндіргіш, шелек, ілмек, лом және құм салынған жәшік пен су құйылған бөшке бар.
5 ҚОРЫТЫНДЫ
- Алматы облысы, Қарасай ауданы «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасында сарапталған бруцеллезге оң реакция берген ірі қара мал ұшасы қансыздану дәрежесі қанағаттанарлық, салыстырмалы түрде алынған ауырмаған ірі қара мал ұшаларының қансыздану дәрежесі жақсы.
- «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде тексерілген, бруцеллезге оң реакция берген және ауырмаған ірі қара мал ұшаларының қайнату сынамасында сорпасы хош иісті, бактериоскопиялық реакция нәтижесі 3-4 микроб кездесті, амминді аммиакты азот реакциясы 1,01-1,10 аралығында болды, зерттеулер нәтижесі шамалас.
- «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде тексерілген бруцеллезге оң реакция берген ірі қара мал ұшалары мен мүшелері 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарылып, сатылымға жіберілді.
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
- Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасы мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде, ұша мен мүшелер 12 сағат тұрғаннан кейін бактериологиялық зерттеулер нәтижесіне байланысты ішкі сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және т.б. жылдам сатуға жіберілуін ұсынамыз.
7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаев Н.Ә. Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына \ Еуразия ұлттық университетінде студенттерге оқыған лекциясы. -Астана 2006.- 27 мамыр.
- Шотаев А.Н., Ахатов Ж.С., Мейірбекова П.У. Қазақстанда қозы етін жайып семірту арқылы өндірудің тиімділігі және оларға деген мемлекеттік стандарттар әзірлеу жайында. Профессор М.Ә.Ермековтың 100 жылдығына арналған ветеринария және мал шаруашылығы мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Алматы 15-17б.
- А.Ә.Төреханов, Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.Қ.Найманов,
- Н.Ә.Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы» Алматы 2006 ж.
- Абуладзе К.И. и др. Паразитололгия и инвазионные болезни
сельскохозяйственных животных. – М.: Агропромиздат, 1990 г.
Поляков В.А. и др. Ветеринарная энтомология и арахнология. Справочник.
М.Агропромиздат, 1990 г.
- Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Жолдау. Астана 2010 ж.
- Щеглов В.В., Груздев Н.В. Летнее содержание коров. – Животноводство.
№6 1980. С. 36-40б.
- Құсайынов Қ. Тау алқабындағы табиғи жайылымды сауын сиырларды
жаюға пайдалану. Жаршы №2. 2002 ж.
- Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Алматы, 2005 ж.
- Мелдебеков А.М., Оразбеков Ж. Етті ірі қара бұзауын енесінен бөлу.
Жаршы №7. 2001 14-16 бет.
- Ж.К. Каримов, А.Ә.Төреханов, Ш.Д.Даленов, Н.Ә.Жазылбеков «Ірі қара
шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы» Алматы 2005 ж.
- Даленов Ш.Д. «Ірі қара шаруашылығы, ет пен сүт өндіру технологиясы.
Алматы 2008 ж.
- Закамырдин И.А. Защита животных от гнуса. М.: Агропромиздат 1987 г.
- Сабанишев М.С., Сүлейменов Т.Т., Қарамендин Ө., Шабдарбаева Г.С.,
- Жантөре М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары.
Алматы 2003.
- Житенко В.И. Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе.
Москва 2001.
- Шуклин Н.Ф., Кирикбаев С.К. Жумагелдиев А.А. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация. В 1-3 том. Алматы, 2008.
- Позняковский В.М. «Экспертиза мяса и мясопродуктов, качество и безопасность. Новосибирск,2005.
- С. Қырықбайұлы. Т.М.Тілеуғали. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. Алматы, 2013.
- Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С. Мал дәрігерлік санитариялық сараптау