АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Исламияттың Қазақстандық халықтық тәлім-тәрбие үрдісіне ықпалы мен қалыптасуы

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….  

 

І бөлім.      Ислам дінінің өркенитеттілігінің адам тәрбиесіне

ықпалы…………………………………………………………………………………

1.1       Ислам дінінің тәлім-тәрбиеге ықпалы…………………………………….

1.2       Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктері………………………………………

 

ІІ бөлім.     Исламияттың қазақстандық халықтық тәлім-тәрбиелік

үрдісіне ықпалы мен қалыптасуы………………………………………

2.1       Исламияттың Қазақстанға таралуы және оның тәлім-тәрбиеге

тигізген әсері…………………………………………………………………………

2.2       Исламияттың халықтық тәлім-тәрбие үрдісінде қалыптасуын

көрсететін көріністер……………………………………………………………..

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақ халқы қазақ аталғалы бері қаншама заман мен ғасыр өтті. Осы уақыт ішінде қазақ халқы бірнеше жоғары тылсым күш пен дінге бағынудың тағдырын бастан кешірді. Ата-баба дәстүрін оқып-үйренуде қазан төңкерісінен кейінгі жүріп өткен үрдіс біршама дәстүрлі топырағынан айырды. Енді соған көз жүгіртіп өтейік және ол біздің болашақтағы жұмыс істеу бағытымыздың белгіленуіне мүмкіндік береді. 

Бұлар алдымен қазақтарды Бұхара мен Қазан татарларының рухани ықпалынан аулақ ұстау саясатын қолға алуды жөн көрді. Мұны облыстық әкімдер яғни генерал-губернаторлар терең сезініп, нақтылы әрекетке қызу кірісіп жатты. Бұл кезде Ресей бодандығына түскен қазақтар төрт облысқа Орал, Торғай, Семей, Ақмола облыстарына бөлінді. Осы облыстың әскери генерал-губернаторлары, әсіресе, миссионерлік саясатты шебер жүргізіп отырды. «Водворение» саясатында да (қазақ арасына орыстарды молырақ араластырып орналастыру саясаты, әсіресе, кеңестік дәуірде тың игеру сылтауымен бүркемеленіп жүргізілді) айтарлықтай істер тындырды. Осы әрекеттің бір көрінісі Ақмола әскери генерал губернаторының Батыс Сібір генерал губернаторына 1877 жылы желтоқсанда жазған хатында: «Ал, қырғыздарды орыстандыру үшін олар үйренген татар жазуын орыс жазуымен ауыстыру керек. Бұл оңай жұмыс емес… олардың тіліне орыс әріптері енгізілгеннен кейін олардың бәрі сауа тсыз болып қалады…

Сондықтан татар әліпбиін орыс әліпбиіне ауыстыруды біртіндеп, көптеген жылдар бойы жүргізу керек» (Түркістан, 13. 11. 2003) делінген. Осы үзіндінің өзінде-ақ миссионерлік саясаттың өзекті желілері айқын көрініс тапқаны Отаршыл үкімет халықты тарихи жадынан адастырып, ділі, діні, тілінен айырса, рухани құлдыққа түсіп, жаныштауға, билеуге оңай көндігетінін жақсы білген. Білген де осы салаға бар күш қуатын жұмылдыруға ұмтылған.

Әрине, патша отаршылдарының бұл ұлы арманы кезінде жүзеге аспаса да, Кеңес үкіметі билікті қолына алысымен-ақ асығыс түрде іске аса бастағанын, бірақ халықтар достығы ұранымен бүркемеленіп жүзеге асырылғанын көрдік. Ресей патшалығы мен Кеңес үкіметінің миссионерлік жасырын саясатының астарын, оның халқымызға тигізер зардабын Алаш қайраткерлері жақсы білген. Ерте сезінген соң өз қарсылықтарын әр қилы жолдармен біддірді де. Сол үшін де қазақ элитасын жойып, олардың рухани мұрасын танып білуге де тиым салынды. Осы әрекеттер салдарынан қазақ елінің халықтық тарихи санасы, ұлттық ой танымы рухани нәрінен айрылып түрік халықтары саналы түрде түгелдей мәңгүрттендірілді.

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дүние танымының, салт-санасы мен әдет-ғұрпының ұзақ жылдар бойы сапырылысқа түсуінің үш кезеңі бастан өтті. Біріншісі, 1731-1917 жылдар арасындағы патшалы Ресей, екіншісі, 1917-1991 жылдардағы Кеңестік тоталитарлық билік кезеңі, үшіншісі, 1991 жылы тәуелсіздік заманынан бергі уақыт. Алғашқы екі кезеңде қазақ елінің ой санасында отаршылдық пиғылдан туындаған құлдық психологияның құлдық таңбасы да дендеп ендірілді. Сондықтан да қазіргі күнде діни танымдағы болып жатқан өзгерістердің тамырын жоғарыда аталып өткен ой санадағы сыпырылыстардан іздөстіру бізді шындықтан адастырмаса керек.

Бодандыққа түскен халықтардың бәрі де атеистік идеологияның қысымынан шығысымен-ақ өзінің тегін, рухани тамырын іздестіре бастауға мүмкіндік туды. Дегенмен халықтардың рухани әлемінде уақытша болса да, бос кеңістік (вокуем) пайда болды. Әр халық тұрмыстың ауыр қарбаласына түсіп алысып жүргенде, әрине, рухани әлеміміздегі пайда болған бос кеңістік бір қалыпта тұра беруі мүмкін емес еді. Бұл кеңістікті өткен замандағы исламият әлеміндегі рухани қазына көздерімен толтырып нәрлендіруге шама шарқымыз жетпей жатты. Қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні сияқты атеистік танымнан құтыла алмай, ата-баба ұстанған ислам дініне бірден төселіп кете алмай жатқанда, сырттан миссионерлік мақсатты көздегө жат діндер өкілдері бір қолына мол қаражатын ұстанып, бір қолына мейлінше жетілдірілген насихат құралдарын ұстанып, ешкім шақырмаса да жерімізге ағылып келе бастады. Олар өздерінің алысты көздеген миссионерлік идеологиялық мақсатын, өз дорбаларына жем салушы қожаларының мүддесін қысыл таяң тұста жүзеге асырып қалудың қызу әрекетіне кірісті. Дінтуралы асығыс қабылданған заңымыз бұл тұста әлсіздігін көрсетіп сыр бере бастады.

Әлі толық қалыптаспаған мемлекеттік заңдарымыздың осал тұстарын дер кезінде ұрымталдықпен пайдаланған қырықтан астам діни жат ағымдар қазірдің езінде Әділет министрлігіне тіркеліп, әрекетін заңдастырып қойды. Сөйтіп мәңгүрттік санадан шыға алмай жанталасып жатқан жарты миллиондай Қазақстан азаматтарын өз діндеріне шоқындырып, үйіріне қосып та алды. Ол азаматтардың отбасындағы әке — шеше, бала — шаға, ағайын-туыстарына тікелей әсері барлығын еске алғанда, болашақта орасан зор идеологиялық күшке айналары кімді болса да ойландырмай тұра алмайды.

Қазақ даласында ислам діні ресми түрде Қараханидтер династиясы кезінде X ғасыр ортасында ресми түрде қабылданса да, тәңірлік дін мен ислам дінін қатар ұстанып келгені төңкеріске дейін қос дінді халық болғаны жөнінде Шоқан мен Абайдың пікірі салмақты мәнге ие. Ислам дінінің қазақ даласында жалпы Тұран өлкесіне қандай жолдармен енгені Наршаһидің «Бұхара тарихы» мен «Насафнама» қолжазбаларында тамаша баяндалған. Қазақ елі ислам дінін қабылдап, мұсылмандық қалпымен, Ресей мен Қытай империясының отаршылдық саясатына тұтылып, бодандық қамытын мойнына ілді. Ресей империясы қазақ жерін толық жаулап алғанша яғни уақытша шегініп, саяси маневр жасау арқылы ислам дінінің «қамқоршысы» болып көрінуге ұмтылғаны тарихтан мағлұм.

Ресей империясы қашан Қытай елімен екі арадағы шекарасын бекітіп алысымен-ақ қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын әуелі құпия түрде, келе-келе ашық түрде жүргізе бастады. Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан жерінде орыстармен шекаралас отырған аймақтарда қазақтардың шоқынды ауылдары пайда бола бастағаны да рас. Миссионерлік саясат, алдымен, түрік халықтары ғасырлар бойы қолданып келген араб жазу таңбасын орыс жазу таңбасына ауыстыру әрекетіне аса сақтықпен кірісті. Бірақ отаршыл үкімет бұл арманына жете алмай кетті… Патша отаршылдарының бұл арманын кеңес үкіметі 1940 жылы тез арада жүзеге асырғаны жұртшылыққа мәлім. Кеңес үкіметі бірден атеистік саясатты ұстанып, исламға ұйыған түрік халықтарын өз дінінен қол үздіруге бар күшін салып бақты. «Құдайсыздар» ұйымын ашып, халықты ислам дінінен күштеп қол үздіре бастады. Соңынан барлық оқу орындарында «Атеизм» арнайы пән ретінде бағдарлама негізінде оқытылып, бүкіл мектеп пен арнаулы орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарында оқытылатын оқу құралдары негізінен атеистік бағытты ұстанды. Жас ұрпақты атеистік рухта тәрбиелеп, исламдық дүниетаным шеңберінен шығарып жіберді. Бірақ қазақ аулындағы қарапайым қазақтар бәрібір өз діндеріне деген сенімінен қол үзбеді. Отбасылық ата жоралғысы сақталып қалды. Оның белгісі халқымыз тәуелсіздік туын жоғары көтерісімен-ақ, өзі жоғалта жаздаған ислам дініне  қайтадан бет бұрып, исламдық әдет ғұрыптарына оралып, мешіттер салып,  исламның бес парызын орындауға, көбінесе, ауыл қазақтары жұмыла кірісіп кетті. Бұны дінитаным жолындағы зор өзгерістердің ислам дініне деген құштарлықтың бірден бір айғағы десек болғандай.

Қазақстан Республикасының қабылданған Ата заңында ар, ұждан бостандығы заң жүзінде бекітілді. Республика азаматы нәсіліне, ұлтына қарамай әр кім қандай дінді ұстанса да өз еркінде делінді. Бірақ баспасөз беттерінде айтылып келе жатқан қоғамдық пікірдің сарынына құлақ түрсек, республика тұрғындары бұрыннан ұстанып келе жатқан дәстүрлі ислам мен православия діндеріне кең жол ашып, басқа сырттан енген қырықтан астам діни бағыттағы конфессиялардың тікелей жүргізіп отырған миссионерлік қысастық әрекетіне заңды жолмен тиым салу талап етілуде. Әсіресе, пәрменді миссионерлік жолдағы қызу жүргізіліп келе жатқан зиянды үгіті мен жастарды уландыратын жат діни нанымдағы насихатын шектен асырмауды қажетсінуде.

Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан дінсіздік адамның рухани құлдырауына әкеліп соққаны белгілі. Қазақ халқы өзінің дәстүрлі тәлім-тәрбие қорынан айрылды. Осы олқылықтарды орнын толтыруда дипломдық тақырыбымды «Исламияттың Қазақстандық халықтық тәлім-тәрбие үрдісіне ықпалы мен қалыптасуы» деп алуыма негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Ислам дінінің қазақ халқының тәлім-тәрбиесіне ықпалын анықтау. 

Зерттеудің объектісі: Ислам дінінің қазақ халқының халықтық тәлім-тәрбиесінің қалыптасуындағы орнын белгілеу. 

Зерттеудің пәні: Исламияттың қазақстандық халықтық тәлім-тәрбие үрдісіне ықпалы мен қалыпатасуын анықтау процесі.

Зерттеудің міндеттері:

— Ислам дінінің тәлім-тәрбиеге ықпалын айқындау;

— Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктерін белгілеу; 

— Исламияттың Қазақстанға таралуы және оның тәлім-тәрбиеге тигізген әсерін анықтау;

— Исламияттың халықтық тәлім-тәрбие үрдісінде қалыптасуын көрсететін көріністерді нақтылау.

Дипломның құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен және әр бөлім 2 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

І бөлім. Ислам дінінің өркенитеттілігінің адам тәрбиесіне ықпалы

1.1 Ислам дінінің тәлім-тәрбиеге ықпалы.

 

Дін дегеніміз күллі адамзатқа тән құндылық. Ол рухани байлық, ізгіліктің жолы, татулықтың жолы, бақыттың кілті. Ол бір ұлтқа ғана арналмайды. Жаратушы пенделерін ұлтқа, нәсілге бөліп қарамайды, түр – түсіне қарай бағаламайды. Аллаһ Тағала барлық адамзатқа хақ жолды көрсету үшін осы дүниеде һәм ахыретте бақытты болу үшін Ислам дінін жіберген. (№3, 27 бет).

Хақ дін күллі адамзатқа жіберілген және қияметке дейін негізгші қағидалары иманның шарттары ғибадат формалары өзгермейтін дін.

Исламның қайнар көзі, бұлағы Алла Тағаланың ең соңғы кітабы, жолдары қсиетті Құран Кәрім. Оның бірінші аятынан ең соңғы аятына дейін не жазылса, соның бәрі ислам.

Исламның бұйрықтары, иманның талаптары, ибадаттар, ғылымның қағидалары – барлығы да адам баласына қажетті мөлшерде және түсінікті тілмен егжей – тегжейлі түсіндірілген. (№3. 227-228 бет).

Ислам сөзі. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы «Сәлиме», «Сиям» етістігі. Бұлар және түбірден жасалған «Саям», «Сәлам», «Эслеме» сөздері сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсұну, тәсілім болу, берілу, сәлеметтілік, сенімділік дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда «Сәлиме» етістігі бейбітшілікті қалай бір биік күшке, билікке бағынып, оны құрметтеп, қабылдай отырып, оған бас ибді тыныштық һәм амандыққа берілуді және осы мәртебені жалғастыру үшін қажетті істерді жүзеге асыруды білдіреді. (№3. 19 бет).

Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен татулықты, түсінумен тепе – теңдікті, әсілі тұтастай өмір сүру салтын білдіреді. (№3. 19 бет).

Құран Кәрімде «дар әс-сәлам» жанат, яғни «тыныштық өлкесі» Құран Кәрім 10 сүресі 25 аятында.

Құран Кәрімдегі А.Т. есімдерінің бірі – «Ал – Сәләм» яғни әр түрлі кемшіліктерден ада, толық бейбітшілікті ұсынушы пәни өзіне өзі мойнұсылатын дегенді білдіреді. (№3. 19 бет).

Аллаһ Тағала тарапынан «Ислам» деп аталатын бұл дін пайғамбарлар арқылы түрлі ғасырларда түрлі қауымдарға баян етілген.

Құранның білдіруінше Аллаһ Тағаланың алдындағы бірегей хақ дін Ислам ғана (3/19 аяты) және бұл дінге сенушілерге «Муслим» (мұсылман – бағынған – М.Б.) естелік. Жаратушының өзі берген (22/78). (№3. 19 бет).

Адамдар туғаннан таза, күнәсіз һәм мұсылман (Аллаһтың заңдарына берілген – М.Б) болып туады. Ол, алған тәрбиесі мен өскен ортасына байланысты я басқа дін бойынша қалыптасады, яки жақсы адамдар істейді, немесе күнәкәрліққа барып, адасады. 

Күнә істеу. Фәни адамның жаратылысында бар нәрсе. Бұл емтихан үшін жаратылудың хиқметі һәм кей жағдайларда адамдардың иманын күшейтетін нәрсе. Өйткені, иманды адам жасаған қателігіне өкініп, Аллаһтан ғафу сұрайды. Сондықтан, күнә — мүмкін үшін бір ескерту және сананы оятатын бір құрал тәрізді. (№3, 24 бет).

Ислам құқығында 3 түрлі хақы (ақы, хақ)бар:

1) Аллаһ хақысы (құдайдың ақысы, хақұқұллаһ): адамдардың құлшылық міндеттері, Аллаһ Тағаланың үкімдері, бұйрықтары мен шектеулері.

2) Адам хақысы: адамдардың құқықтарын қорғайтын хақылардың барлығы;

3) Аллаһ және адам хақысы: адам мүддесіне Аллаһ тарапынан белгіленген құқықтар бұзылғанда бұл һәм адам хақысына хақ адам хақысына һәм құдай хақысына қарсы келгендік болады. Мәселен, әр адамның діни сенім, жеке меншік, өмір сүру ұрпақ жалғастыру құқықтары бар. Осы құқықтар топталған жағдайда, тиесілі адамның хақысына қол сұғылады және аталмыш құқытрады орнатқан Аллаһ Тағаланың әміріне қарсы келгендік болады. Сөйтіп,екі жақты құқық бұзушылық орнайды. (№3. 24 бет).

Діни жолдар:

1) Құдайы бұлақтан

2) Адам бұлақтан болады. (№5, 15 бет).

Құдай бұлақ дегеніміз – Адамнан бастап, нәбилер (Пайғамбарлар) арқылы күллі адамзатқа мәлім етілген хақ жол.

Адами бұлақ дегеніміз – адамдарға аспан денелеріне жыртқыш аңдарға, теңіз, тауға т.б. табыну.

Исламдағы «дін» ұғымының мағынасын анықтап көрейік. Араб тілінде дін сөзі «дәйн» түбірінен шыққан, үстемдік, егемендік, бас ию, қарыздану, тапсырылу, біреудің бұйрықтарын орындау, оның билігін мойындау, заң, жол, әдет, жауапқа, тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкім, мүлік, дағды сияқты мағыналарды білдіреді.

Осы түбірден жасалған «Мәдин» — құл; «Мәдине» — қала; «Тәмәддүн» — дінді; яки қалалық «Тәдаййұн» — қарыздану; «Дийанат» — дн және милләт, «Мутадәййин» — діндар һәм мойынсұнғыш дегенді білдіреді.

Дін дегеніміз – аса биік иесіне мойынсұнып, оған бағыну және бұйрықтарын орындау дегенді білдіреді. Діннің тек Аллаһ тағалаға тән болуының себебі – билік иесі жаратушының бірегей үкім қоюшы және құлшылық етуге лайықты бірегей тәңір болуына байланысты.

Осы түбірден жасалған және Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі болып табылатын «Әл-Дәййан» абсалютті құдірет иесі, әр істің бодауын беретін, хиқмет пен басқаратын егемен күш иесі дегенді білдіреді. (№3, 20 бет).

Жалпы ислам өркениетін байқап көрелік. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттер өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшылары болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білгені жөн.

Мәдениеттің қалыптасуында дін ең мағызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес. Өз заманында кең байтақ жерді қол астында алып, мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен. Алайда салтанаттары ұзақ сүрмеді. Арттарында тағылық пен үрей ізін қалдырып, тарих сахнасынан өшіп кете барды.

Мәдениет шын мәніңдегі өркениет жөнінде ең алдымен ислам мәдениеті туралы айтқымыз келеді. Адамзат тарихында ислам мәдениетінің орны ерекше. Өйткені ислам мәдениеті бүкіл әлемді жаратқан Ұлы Аллаһтың барлығы мен бірлігіне және ақырет күніне деген шынайы сеніммен сусындаған. Мұндай сенімге ие болған адам да, мұндай сенім орын алған қоғам да тек дүние өмірін ғана ойламай, одан да маңызды мәңгі болған ақырет өміріне қамданып, бақытқа жетуге тырысып бағады. Өз нәпсісінің қалауы мен бас пайдасына қарай емес, дінінің әмірі мен тиымдарына сай әрекет етеді. Ұлы құдірет иесі Аллаһ алдындағы бұл мойынсұну ел арасында ұрыс-жанжалға жол бермейді, бірлікке шақырады, өзара жәрдемдесуге бір-бірінің құқығына құрметпен қарауға, адамдар мен қарым-қатынаста кішіпейілдік пен ұстамдылық көрсетуге, бір-біріне сүйіспеншілік пен қарауға бастайды. Өйткені ортада адам бар. Дініміз адамға үлкен мән бере отырып, оның өз айналасындағы жанда-жансыз барлық жаратылысқа қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауын, олардан заңды жолдармен және дін рұқсат еткен мөлшерде пайдалануын әмір етеді. Осылайша тек адамдар арасында ғана емес, барлық тұрмыс-тіршілік арасында тамаша бір үйлесілімділік пен үндестік негізінде қиямет таңына дейін жалғасатын, адамзат үлгі алатын, айналып соңында тұрақтайтын ислам мәдениеті мен өркениеті болып табылады. Кең өлкелерге жайылған басқа мәдениеттерден қалған мұра және ислам әкелген серпіліс негізінде мұсылмандар Испаниядан Орта Азия, Үндістанның солтүстігіне дейінгі алқапта ғылым мен техниканы дамытқандығы белгілі. Жалпы алғанда 500-1500 жылдар аралығында өнер мен тапқырлықта ислам әлемі батыстан өте ілгеріде еді.

Мұсылмандар тек ғылым мен техника саласында ғана емес, сонымен қатар рухани, құқықтық, саяси алаңдарда да ең идеял бір өрнек болған. Тарихи қайнар көздердегі деректер мұның дәлелі. Бұлардан бірі дүниедегі ең үздік алғашқы конституция, пайғамбарымыздың Мадина конституциясы еді. Қоғамдық қызметтерде мұсылмандар ең озық үлгілер көрсеткен. Уақыфтар, медреселер, мұқтаждар үшін тегін асханалар құрған. Адамгершілікпен кеңпейілдікте бүкіл әлемге өрнек болған. Ішінде қайыршы табылмайтын бір қоғам дәрежесіне жеткен. Мешіт қабырғаларында ойылып жасалған арнайы орындарға келген кісілер садақа, қайырларын қалдырып, ол жиылған ақшадан мұқтаж пақыр кісілер қажетінше алып пайдаланатын болған. Осылайша қоғамда топтар арасында реніш болмайтын. Жүзжылдар бойы ауыр қылмыс жасағандар саны саусақпен санарлықтай аз болған. Мұндай жоғары адамгершілік пен парасаттылық билеген бір қоғам тек исламның бүкіл әлемдік құндылықтарын берік ұстаумен жүзеге асқанды. Тарихшылар орта ғасырды Еуропаның қараңғылық шағы деп сипаттап, ал ислам мәдениеті үшін алтын шақ деп атайды. Ол кездері ғалымдар мен шәкірттері елден-елге, бір білім орталығынан екіншісіне ілім жолында сапар шекті. Әл Хорезми, Әл Фараби, Ибн Сина, Бируни, Қожа Ахмет Иасауи, Имам Ғазали сияқты әлемге танымал ғұламалар айналасына білім нұрын шашты. Ислам ғұламаларының қазіргі ғылым мен мәдениетімізге қалдырған жемістерінің негізінде ислам дінінің білім мен ғалымдарға берген маңызы жатыр. Әлі оқылатын бір кітап жоқ дәуірде, оқу-жазу білмейтін бір пайғамбарға Аллаһ тарапынан түскен ең алғашқы әмірдің: «Оқы!» — деген әмір болуы баса назар аударарлық жайт. Дініміз білім іздеуді әрбір мұсылман ер-әйелге бірдей жүктеген, ғылымға үлкен маңыз берген, әсіресе, екі дүниенің бақыт кілті болған дін ілімін үйренуді міндеттеген.

Ислам мәдениетін құрайтын басты негіздерді қорытындылайтын болсақ, Құран: «Адам мен жаратушы», «Адам мен қоғам» арасындағы қатынастарды реттейтін жалпы ережелерді көрсетеді және олардың орындалуын талап етеді. Сондықтан ислам ғұламалары ислам мәдениетіне сипаттама бергенде, оның басты негізі ретінде екі нәрсені көрсетеді:

  1. Жаратушының өмірлері мен тиымдарына мойынсүну, бағыну.
  2. Жаратылған өрбір нәрсеге мейірім-шапағат, рахымшылық көрсету.

Ислам мәдениеті үлгілі адам қалыптастыруда былайша сатылайды: «Адам мен Аллаһ» ал екінші сатыға: «Адам мен ата-ана», үшінші: «Адам мен туыс», төртінші: «Адам мен қоғам» арасын реттейтін принциптер. «Жаратушыға мойынсүну, жаратылғандарға мейірім-шапағат көрсету» -деп сипатталған ислам бұл ережелерді қою арқылы тұлғалардың жақынынан ұзаққа қарай толқын-толқын өзара ықпал етуі мен жауапкершілігін белгілеген.

Осыған сәйкес жаратушыны тану және оған мойынсүну, бағынудан бастап, ата-ана борышын өтеу, туыстарымен мұқтаж адамдарға жөрдем беру, көмек көрсету, мүмкіндігі болмаған күннің өзінде жақсы сөзбен демеу, ысыраптан сақтану, кедейліктен қорқып бала өлтіруден ұзақ тұру, зина істемеу, ешбір адамның жанын қимау, жетім малын қорғау, сөзінде тұру, өлшеу мен тартуда адал болу, білмейтін нәрселермен шұғылданбау, көкіректенбеу және жаман әр істен бойын аулақ ұстау исламның адамдарға ұсынған басты міндеттері. Негізінде бұл принциптердің көбі тек ислам дінінде ғана емес, кейбір айырмашылықтары болса да, барлық діндерде орын алған. Алайда, өкінішке орай, XXI ғасырда бұл бүкіл әлемдік принциптерді жүзеге асыруда адамның алдына түрлі кедергілер шығуда.

Ислам бір жағынан адамдарға бұл міндеттерді жүктеумен қатар, әлеуметтік өмірдің тепе-теңдігін бұзатын маскүнемдік, құмар ойнау, процент алып беру, есірткі, азғындық, ұрлық, ланкестік, арандатушылық, қылмыс, зұлымдық сияқты қоғамдық ауруларды түгелімен тиятын ережелер көрсетті. Өмір сүріп отырған қазіргі қоғамымызда бұл әлеуметтік аурулар кең етек алып отырғандығы шындық. Адамзат баласына келген бұл ауруларды шектеулі әдістермен емдеуге тырысқанымен, жеткілікті болмай отыр.

Ал ислам маскүнемдікке толығымен тиым салу арқылы дене саулығын қорғауды, процент алып-беру, құмар ойнау, ұрлықты тию арқылы харам табыс көздерін жоюды, азғындық, әдепсіздік, ланкестік пен зұлымдық, арандатушылық пен қылмысты тию арқылы қоғам қауіпсіздігіне қауып төндіретін барлық әрекеттерді жоюды көздейді. Алайда Батыста ислам өркениетінің мұндай ерекшелігі мен артықшылығы жөнінде айтылмайтындығы өкінішті.

Ислам діні экономикалық жақтан жоғарыда айтылған харам табыс көздерін тиып қана қоймай, сонымен қатар қолында экономикалық мүмкіндіктері мол байлар тобының кедейлер үстінде үстемдік құруына да қарсы. Бұл үстемдікті жою үшін байлардың дүние-мүлкінде кедейлердің де ақысы барлығын және ол ақыны кедейлерге тапсыру керектігін зекет, пітір садақасы, құрбан кесу және т.б. ғибадаттар арқылы әмір етеді, әрі мұқтаждарға өз қалауларымен жердем ету және өзара қолдау көрсету әрекеттеріне де ынталандырады.

Ислам кез-келген адамның нақақ жанын қиюды қылмыс деп атап, оған толығымен тиым салады. Қасақана қылмыс жасаған кісінің біржола тозақпен жазаланатынында атап көрсеткен. Алайда таң қалатын жайт, адам өмірін қорғауды қасиетті іс деп санаған және адам өлтіруге қарсы мұншалықты ашық қарсылық білдірген бір дін бүгінгі күні Батыс әлеміңце ланкестік пен қатар қойылып, тіпті, ланкестікке үндейтін дін ретінде көрсетілуде. Ислам дінін ланкестікпен қатар қою ислам діні және оның өкілдеріне деген ең үлкен қиянат. Ислам атында адамдардың жанын қиюшы кісілердің исламды дұрыс түсінбегендіктерін және бұл істері үшін жауапты болатындықтарын білгені дұрыс. Олар ислам атына осылайша қате көзқарас қалыптастыруда. Бұл басқалардың исламды ланкестікпен тең мағынада ұғынуына және ислам жөнінде қате үкімге баруына себеп болуда. Адамдардың ісіне қарап исламды қаралау ешбір әділеттік өлшеміне симайды, өрі мұндай жаңылыс қаралау Аллаһтың хақ діні болған исламға ешбір зарар келтіре алмасы хақ.

Тарих сахнасында ұлы мәдениеттер құрған ислам діні біз қазақ халқының да жүздеген жылдар бойы ұстанған діні екендігін мақтанышпен айтуымызға болады. Дамыған өркениетті елдер қатарына көтерілгіміз келсе, дінімізді, тілімізбен әдет-ғүрпымызды дұрыс бағалап, жаңғыртуымыз керек. (Рахмет самалы. №3. 2004. 4-5 бет. Әли Асқар. Ислам өркениеті).

Исламның адамзат тәрбиесіне беретін мүмкіндіктері, яғни исламның жаны мен нәрі. Әрбір жүйенің негізгі алға қойған мақсат-мұраты — адамзатты рухани жоғарлатып, адамгершлік. Қарым – қатынастардың мәртебесін ұлғайту. Бірақ адамзат алға қойған ешбір жүйе, мақсат қойылған нәтижеге жетуде исламмен салыстырып қарайтындай дәрежеге жете алмаған. Бұның бірден-бір себебі, бәшәри (адамзат) жүйелердің бар мүмкіншілігі мен шегі, бар болғаны ақылға сүйенеді. Ал ислам діні, Раббымыздың қалауының жемісі болғандықтан, адам және әлем ақиқаттарымен сай келіп отыратын тәртіп — белгілі жүйе шығарып, осылайша ой-санамызбен түйіндеуге келмейтін, шырмағынан шығалмайтын тамаша кемшіліксіз керемет бір дін. Бұдан өткен табиғатымызға сай келіп отыратын, табиғи заңдылық болуы мүмкін емес. Өйткені тым әлсіздігімен танылған адам баласы, өзін және де басқа да жаратылыстарды қыр-сырымен танып, бәшәри қарым-қатынастарды тәртіпке салып, қадағалап отыруы, Раббымыздың шексіз құдіретінің қасында түкке тұрғысыз. Осы себептен, адам баласына бағыт-бағдар беру тұрғысында пайда болған пәлсәфәлық жүйелермен қатар, адамдар ойлап тапқан діндердің көбі, оларға жол көрсетіп, тәртіпке салып отыру былай тұрсын, керісінше, теріс жолда еңбек етіп, адамзаттың адасуына септіктерін тигізген.

Адамзатты бақытқа жеткізудің орнына, бақытсыздыққа душар еткен. Шынтуайтқа келгенде, адамды ахлақи тұрғыдан баймұраға жетелеген Фройдтан бастап, экономикалық жетістікке жеткізуді мақсат ұстанғанын сөйлеген Марксқа дейін қаншама жүйелердің бастапқыдағы ұстап — баққан пікірлері теріс нәтижемен аяқталған. Соңында әлеуметтік дағдарыс және бәшәри құрдымға себеп болған.

Мына бір жайт тарихи бір шындық екендігіне ешкімнің таласы жоқ шығар әлемдердің сұлтаны хазіреті пайғамбарымыз (с.а.у.) зұлымдықпен анархизм ішінде буынып, тұншығып қалған адам баласын, иманның ең қымбатты жемісі болған, рахмет және мейірім сипаттарымен құшақ жая қарсы алып, надандықтың тұңғиығынан суырып алған. Ол мейірім мен махаббат толған іс-әрекеттерімен де, адамзатқа үлгі болуда мәңгілік бір ұшықиыры жоқ шың қалдырған. Оның пайғамбарлығынан бұрын, сол кездегі надан адамдар, сонау балалық шағынан бастап, кешкентайынан ұрыс-керіс шығарып, зұлымдық қылып, айуандыққа салынып, адамзатқа тыныштық көрсетпейтін еді. Тек қана Ол (пайғамбарымыз) қасиетті кісінің қолында әрбірі тәрбиеленіп, қашаннан бері қалыптасып қалған бүкіл жағымсыз іс-әркеттерінен арылып, «көктегі жұлдыздар сияқты» (сахабаларға тағылған лақаб) жап-жарық, әрі басқадай бір ұқсасы табылмайтын тұлғаға айналған-ды.

«Асхабу Ғузин» атымен танылған бұл қоғамның, өз өмірінде, әлемнің сұлтаны болған пайғамбарымызды (с.а.у.) үлгі қылып ұстануларыменен пайда болған жоғары дәрежелі көркем мінез-құлықтың алып келген сансыз оқиғаларына куәміз. Бұлардың ішінде Мүсғаб бин Ғумайрдың мына халі қаншалықты қымбат әрі мән мағыналы еді.

Мүсғаб бин Ғұмайр (р.а.) қасына Әсғәд бин Зурараны (р.а.) алып, Мадина қаласындағы Ғәбди-Әшхөл және Зәфөр әулеттерінің қоныс-тепкен жайына барған еді. Ол кездері Ғөбди-Әшхәл әулеттерінің көшбасшылары Сағд бин Мүғазбен Усайд бин Худайр еді. Екеуі де ол кездері мүшрік еді. Сағд, Мүсғаб бин Ғумайрдың келгенін естісімен Усайдқа:

«- Не қарап тұрсың? Біздің әлсіз халқымызды алдап-арбау үшін келген мына екі адамның қасына бар да, оларды бұл маңайдан қу!»-деді. Усайд та, Мүсғаб бин Ғұмайыр мен Әсғад бин Зурараның қасына келіп: жаман былапыт сөздер айтып, қарсы алдарында тұрып алып, қолындағы найзасын оларға кезеп тұрып былай деді: «Өмір сүргілерің келсе бұл маңайдан кетіңдер!» Мүсғаб (р.а) болса, жайбарақат, күлімсіреген түрмен былай деп жауап қайырды: «Егер құлақ асып тыңдар болсаң, саған айтар сөзіміз бар. Сен ақылды да парасатты, ел ішінде сөз бастаған, өркім сезіңе құлақ асқан адамсың. Ұнатсаң қабыл етерсің, ұнатпасаң өзің білерсің…». Усайд, біраз ойланып тұрып: «Дұрыс айтасың найзасын жерге қадап, тыңдауға көшті. Тыңдай келе ол Мүсғабтың (р.а) айтқан илаһи әсем ақиқаттың құрсауына ілігіп, Исламды қабыл етеді. Кейін ол маңайдан көңілі қош болып айырылады да, Сағыдқа (р.а) келіп: «Олардың сөзіне құлақ астым, айтып жүргендерінде бір қателік көрмедім.» деді. Бұл жайтқа ашуланған Сағыд, Мүсғабтың жанына өзі барды. Ашуы булығып, қылышын қынабының жарымысына дейін суырып қойып, ыңғайланып отырды. Мүсғаб (р.а) оны да дәл алғашқы әдебімен қарсы алды. Оған да мәлім тілмен, әрі рухын құшағына алып елжірететін бір іс-қимылмен бірнеше илаһи ақиқаттарды түсіндірді. Осылайша Сағыд та, Усайд сияқты айтылған ақиқаттардың кереметіне бас иіп иман кәусарынан сусындады. Күмәнсіз бұл хал, Аллаһ Расулінің (с.а.у.) рухани тәрбиесінде тәрбиеленіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар суырылып шыққан сахабалардың қаншалықты үлкен бір жетістікке қол жеткізгендерінің бір ғана мысалы. Ол қаһармандар, адамзаттың тіріліп, жандануын мақсат тұтқан исламның берекетімен «Сені өлтіруге келген, сенде тірілсін!» дәстүрін адамзат тарихына алтын әріппен жазып қалдырған.

Бұл түста Расулуллаһ (с.а.у.) өлім жазасына лайық болған қаншама кінәлілерді, керек десеңіз әкесінің ағасын өлтірген Уаһшиді де кешіріп, оларға жайсаң, жылы шырайлы жүзбен мәміле жасаған. Оның жүрегіне әрқашан мейірім мен мейірбандылық сезімі, ашу-ыза мен кектің орнын басқан. Адамзатты өртеген небір ғапылдық пен адасушылық жалаулары, оның ақиқат өзенінде сөніп, сансыз гүлдер өсіп — өнген гүл бақшасына айналған.

Өмір сүріп өткен, ғасырлас, адамдардың санасына қалыптасып қалған: «Тісі жоқпа адамның, оны бауырлары жер еді!» сияқты неше-бір тұрпайы ұғымдардан, әрі жабайылықпен надандықтан құтылды. Дел осы надан адамдар, бір соғыста, бір тамшы суға зар болып өліп бара жатса да, өзіне алып келген суды, өзге жаралы жатқан дін бауырына ишарат етіп: «Анаған апарыңдар» деп, соңғы демінде де, өз қамынан гөрі өзгені ойлаған, көпшіліктің қамын жеуші тұлғалар халіне айналды. Адамзатты осыншалықты теңдесі жоқ жоғары деңгейлерге жеткізген хазіреті пайғамбардың (с.а.у.) өз мәртебесі әрдайым бұл илаһи керуеннің көшбасында еді. Қала берді өткен ғасырдың орта тұсында Голландияның Лахай қаласында кілең ғылым және пікір адамдары жиылып, дүние жүзінің жүз ұлы кемеңгерлерін ғылыми кеңеске ұсынып, діндері христиандық болған бұл коммиссия мүшелері, қойылған ахлақи тақырыпқа байланысты талаптардың шеңберінде ең мәртебесі жоғарғы адам деп, хазіреті пайғамбарды (с.а.у.) таңдауға мәжбір болған. Осымен қатар тағы бір таңқаларлық жәйт, сахабалардың жүзде тоқсаны Расулуллаһтың Усуаий-Хасана (Көркем бір үлгі) түрінде айтылған үлгілі тұлға және мінез-құлқына, әдемі әдебімен, жоғары деңгейлі сипаттарына тәнті болып, исламды таңдаған. Оған дұшпандық етуде тым қатты кеткендердің өзі, еш уақыт «Сен өтірікшісің» немесе «Залымсың» сияқты жағымсыз сипаттарды қолданбаған. Әрі оны жамандап кемсіту ниетімен айтқан сөздерінде де, тек мақтаудан басқа ештеңе айта алмаған.

Исламға ден қойып, ол үшін тер төккісі келетін әрбір тұлға, бұл қасиетті міндеттің, әуелгі негізгі мақсаты мен мұраты, адамзаттың тіріліп оянуы екендігін жақсылап санасына сіңдіруі керек. Әрі, әрбір адам баласының, асыл тасты жауһардай махлұқтардың ішіндегі ең қасиетті жаратылыс екендігін ескере отырып, мәміле жасасуы. Өйткені исламның негізгі алға қойған мақсаты, Ахсану-тақуим (Көркем бір жаратылыс) кейіпімен адам баласын киіндіру. Бұл дегеніміз, адам табиғатындағы кемшіліксіз пәк сезімді көлеңкелеп, тұмшалап тастайтын әр түрлі жағымсыз қасиеттерден арылтып, адам баласын рухани тірілтіп аяққа түрғызу. Мұндай жағдайға ұластыру, әрине, жүректен шыққан әсемдіктерді оятып, жандандырумен ғана болады. Осыдан шыға отырып ислам, адам баласы туыла салысымен, оның тәрбиесі мен әдебінің биязылығын көздейді. Ислам, өзіне бойсұнғандарды бүкіл адамзат, таң қалып тамашалайтындай, керемет ірі тұлғаларға айналдырып шығаруға өте ұста. Осымен қатар өмір бойы нәпсінің айдағанына көніп, хайуанша күн кешіп келген неше бір ғапыл надандарды періштеге тән қасиеттермен толтырған. Мысалы, бір замандары өз қызын шімірікпей тірідей топыраққа көмген Омар бин Хаттаб (р.а.) кейін келе құмырсқа екеш құмырсқаға да, жәбір көрсетуден бойын сұңғақ ұстаған ұлы бір биязы мінезді адам болып шыға келген.

Бұдан шығатын қорытынды, ислам — адамзатқа махаббатпен жақындайтын бір рухани сезімді қолдайды. Исламның жүректерге жерлестірген мейірім нұрынан шыққан жауапкершілік сезімі, адамды іс-қимылында, жүріс-тұрысында тамаша жетістікке жеткізіп, нәтижесінде екі дүниенің бақытын әпереді. Өйткені ислам — адамзаттың жаны мен нәрі. Исламның шоқтығы биік өрескел жүйесінің адам баласында туғызған бүкіл сезімдері, шындығында, ең көркем нағыз бір, адами сезімдер болып табылады. Мінекей бұл мағынада Юныс (Ислам ғұламасы) осы сезімдерге бой алдырып былай деген:

Келіңдер таныс болалық,

Үсті оңай қылалақ,

Сүйейік, сүйінейік;

Дүние ешкімге қалмайды…!

Бұл мейірім күші ата-бабамызбен мызғымастай дос боп алғандығы соншалықты, бабамыздың бірі соғыстың бірінде тұтқын болып түскен жаудың әскер басшысының біріне қарап тұрып: «Неткен залым едің ей мейірім; маған жауымды да сүйдірдің!»-дейтіндей дәрежеге жеткізген. Қазіргі таңда кейбір исламнан нәсібі болмаған ғапылдар, исламның еншісіндегі осыншама мейірім мен рахымның кереметін, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «террор» сияқты түсініктермен салыстырып қарауда. Осылайша, күн нұрын балшықпен сылауға тырысып бағуда. Халыққа белгілі бір дәрежеде үстемдігін жүргізіп, басы-қасы жоқ әйтеуір бір, беймәлім қиялдан құралған қауіп-қатер туғызып, қорқытып ұстап отыруы үшін, көбінесе бейкүнә қарапайым адамдарды қолдана отырып, құрбан етуде. Ал Ислам болса, айыбы анық, кінәліні де кешіріп те, мейірім құшағымен құшақтауды әмір етуде. Енді қараңыз, жағдай осылай бола тұра, исламның кінәсіз бейкүнә адамдарды қорқытып-үркітуді дұрыс деп қабылдауы мүмкін бе?

Ислам, әуел-бастан, әрдайым өзіне құлақ түрген әрбір кісіге, кәпір әлде мұсылман ба, айырмастан әділет және мейіріммен құшағына баураған. Мал-жан, немесе табиғатқа қарсы қандайда бір зиян келтіретін іс-амалға үзілді-кесілді тыйым салады.

Ислам өзі мал-жан аманшылығы, намыспен жан-ұяның аяққа тапталмауы, рухани байлықтың сарқылмауы, әлеуметтік жүйенің тепе-теңдік сақтауы сияқты, осы іспеттес, басқада көптеген міндеттерді жүктейді. Бұл жүйенің террорлық әрекеттермен жақын-алыс еш байланысы жоқ. Осымен қатар террордың ұшқыны шығады ау деген әртүрлі іс-амалдың түбіне балта шауып жойып жіберетіні баршаға мәлім.

Муслим бин Харис (р.а) былай деп өңгімелейді: Пайғамбарымыз (с.а.у) бізді бір топ атты әскермен ғазауатқа жәнелткен еді. Бірақ мен ғазауат шеңберіне жақын қалғанымызда атыма қамшы баса жолдастарымды артта қалдырып, бізбен соғысуға даяр тұрған қарсыластарымызды исламға шақырып, олардың иман келтірулеріне себепші болдым. Осылайша соғыс түтіні түтенбеді. Өкінішке орай бұл жағдайдың мөнін түсіне алмаған кейбір жолдастарым, менің істеген әрекетімді ұнатпай:

«- Бізді олжадан құр қалдырдың!»- деп мені айыптады. Кейін Расулуллаһтың (с.а.у.) қасына барған соң , оған болған мән жайды баяндады. Әйтсе де, әлемдердің сұлтаны мені шақыртып алып, істеген іс-әрекетімнің дұрыстығын мақұлдап, арқамнан қағып, былай деді: «- Біліп қой, Аллаһ сен үшін, ол құтқарған адамдарыңның себебімен мынанша сауап жазған.» Сөзін жалғастыра келе: «Сені, менен кейін елбасына келетін мүминдердің басшыларына өсиет ететін бір хат жазып қалдырайын!»- деді. Артынша хатты жаздырып, бетіне мөрді басып маған берді. Ғибрат толы, тағы бір оқиға былай болатын: Бири Мағун (мағун құдығы) оқиғасында 70 ислам мұғалімнің өлтірілуі және де, басқа да өлімге душар ету сияқты неше түрлі қастандықтардың шығуына байланысты хазіреті пайғамбар (с.а.у.) әр тайпаға жіберген мұғалімдерді қорғау үшін оларға бірер әскер тағайындайтын еді. Бұл әскерлерге мүғалімдердің өмірлеріне қандай да бір қауіп-қатер төнбегенінше міндетті түрде қаруын қолдануларына қатаң тыйым салған еді. Бірақ бір күні бұл оқ қағарлардан Халид бин Уалид тыйым сальшған мөлшердің шегінен шығып, қылышын қолданып еді. Бұл жөйттан хабардар болған Аллаһ Расулі (с.а.у.) қатты қайғырып, қыблаға бет бұрып, былайша дұға етті:

«Я, Раббым! Халидтің істеген іс-әрекетінен аулақпын, мүлдем разы емеспін,» — деген, сездерді үш қайтара қайталады. Артын суытпай оқиға болған маңға хазіреті Алиді жібереді. Сөйтіп тек қана адамдардың ғана емес, сонымен қатар жан-жануарлардың, онымен де қоймай иттердің де құнын өтейді. (Рахмет самалы. №3. 2004. 20-23 бет. Осман Нури Топбаш. Ислам адамзаттың жаны мен нәрі).

 

1.2  Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктері

 

Исламият тәрбиесі жөнінде мынадай көзқарастар қалыптасқан. Адам тумасынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайтыны белгілі. Адамгершілік қасиет адамға тәрбие арқылы дариды. Ендеше, адамның жақсы не жаман болып өсуі тәрбиеге байланысты. Соңдықтан да ата-ана үшін баласын тәрбиелі етіп өсіру басты міндет. Бірақ бұл мәселе айтуға оңай болғанымен іске асыру өте қиын. Себебі уақыт, орта, заман адамға өз әсерін тигізуде.

Қазақ халқы соңғы ғасырда тәрбиенің екі түрін басынан еткізді деуге болады. Біріншісі, қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық тәрбие болса, екіншісі, төңкерістен кейінгі коммунистік тәрбие. Қазактың ұлттық тәрбиесі ислам дінінің қағидаларына негізделген имандылық жолы болатын, сондықтан да олар рухани құндылықты материалдық құндылықтан жоғары қойған. Ал коммунистік тәрбие атеистік саясат жүргізіп, дінді бас қатыратын «апиын» деп, материалдық құндылықты рухани құндылықтан жоғары қойып келді. Соның кесірінен адамдар құдайға да сенбей қалады да сыйламай өмірдегі басты мақсат, ішіп-жеп бұл дүниенің рахатын көріп қалу деп ұқты. Мұндай тәрбие ақыр аяғында имандылық жолдан тайдырып, моральдық азғындыққа алып келді.

XX ғасыр адамзат үшін ғылым мен техниканның дамуы, көптеген ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ дамуды тек ғылыми жетістік деп ойлауымыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі сүйіспеншілік, құрметтілік және мейірімділікпен байланысты. Сондықтан да тәрбие тек мемлекетімізде емес, бүкіл дүниежүзінде ең басты мәселенің бірі болып жазылады.

Мен бұл мақалада тәрбиенің қыр-сырын, ислами тәрбиенің ерекшеліктерін баяндауды мақсат еттім. Негізінде ислам діні кертартпалықты емес, дамуды мақсат етеді. Шынайы даму имандылықтан басталады. Имандылық тек қана құдайға сенумен ғана шектелмейді.

Әуелі тәрбие сөзінің анықтамасы мен мақсатына тоқталып өтейік. Араб тілінде «тәрбие» сөзі «раб», «риба» сөздерінен шыққан. Бала өсіру, асырау, көбейту, тәрбиелеу, реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу деген мағыналарды білдіреді. «Раб» сөзі тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Алла тағала есімінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет кездеседі. Тәрбиені басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбиені, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімімен пікірлерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиені Мұхаммед пайғамбар тұрғысынан алып қарасақ «теблиғ» (жеткізу), муршид (дұрыс жолды көрсету) мағыналарға келеді. Пайғамбардың «мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деп айтуына қарағанда, тәрбие көркем мінезге жетудің нақты жолы десек болады.

Атақты неміс философы Гегель тәрбиенің мақсатын жақсы азамат өсіру деген тұжырымға келсе, Джон Дэвид тәрбиенің мақсатын адамдарды адамгершілікке қол жеткіздіру деп пайымдайды. Атақты тәпсірші Байзауи болса тәрбиені «бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу деп түсіндірген. Ислам дініиде тәрбиенің мақсатын төмендегідей түсіндіреді. Бақара сүресі 201-аятында «Ей Раббымыз, бізді бұл дүниеде де және ахиретте де жақсылықтарға бөле және тозақтың азабынан сақтай гөр» делінеді. Бұл аятқа жете мән беретін болсақ, ислам дінінің мақсаты — адамды шын ақиқатқа, нағыз әділеттікке шын бақыттылыққа апару болып табылады.

Дүниежүзіндегі бүкіл дін адамзат тәрбиесіне қатысты әртүрлі ойлар мен әдістер қалдырған. Мысалға, үнділерде ең үлкен тәрбие денеге емес, рухқа бағытталған. Олардың пікірінше, адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналады. Олардың бұл әдістері — тек руханиятпен шектеліп, өмір сүруге маңыз бермеуі, бүкіл адами қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болатын еді. Осылайша тәрбие өз мақсатыиа жетпей нәтижесіз қалатын еді. Адамды сендіру түсінігі әр тайпада әртүрлі сипат алады. Мысалға, римдіктерде қиындыққа шыдаған батыр кәмілдікті білдірсе, фектерде дене әдемілігі және мінез-құлық тәрбиенің негізгі мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам кәмілділікті білдірген. Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі ұстаздарының мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып, «балаларды бір қолмен жазалап екі қолмен аялау дәстүрі пайда болды».

Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні будда діні болган. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті жасырып, қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру еді. Адамдарды жақсы көру, басқалардың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар қонақсүйгіш барлыққа бірдей құрметте болатын еді.

Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол дінге негізделген. Жақсылық құдайы Хурмуз, жамандық құдайы Ахирман деп аталған. Олар құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген.

Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде ислам мәдениеті жарқыраған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие негіздерін Мұхаммед пайғамбар халисімен баяндады. Осылайша исламда тәрбие ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық жаратылысқа Алла үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды.

Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Алла тағала тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер, әдемі іс-әрекеттермен жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқатын айта отырып, жақсылықтар, игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап, ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолымен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса, жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы құранда ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді. «Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді, сол сәтте болады. Бүкіл нәрсе онын қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Ешбір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.

Ислам тәрбиесінің қайнар бұлағы құран және хадис болып табылады. Құран мұсылмандардың қасиетті кітабы, шариғаттың негізі, адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты адам болмысынын жан-тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жаннатқа лайық ету. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Шығыс және батыс зерттеушілері құранды дүниежүзілік мәдениетге кездеспейтін туынды деп есептейді. Мұхаммед пайғамбарға жиырма үш жыл бойы түскен құранды сахабалар жаттап өзінен кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Ислам адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтарға тыйым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді.

Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен танылады. Коммунистік тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені, адамның білімі артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп ойлады. Алайда, ислам мұсылмандарды дамуға, білім алуға әмір етеді. Өйткені, жеке адам және қоғам біліммен кәмілдікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр сүресінің 9-аятында былай делінеді: «Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады». Исламда адам ақылының дамуына қатты көңіл бөлінеді. Исламның жан-жақты ғылымға, ақылға сүйенетін дін екендігі айқын көрінеді. Шын мәнінде де Құран ешбір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айтады. Еліктеу арқылы сенуге жол бермейді. Бұған Құрандағы 250 жерде «Ақылдарынды қолданбайтындар ма, ойланбайсыңдар ма?» деген аяттар дәлел болады. Ислам ғалымдары Аллаға сенуді екіге бөліп қарастырған. Тахқиқи иман және тақлиди иман. Тахқиқи иман дегеніміз, әрбір нәрсенің ақиқатын толық үйреніп, оның дұрыстығын таңдау және оған сену. Құранда «Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесесіндер. Міне, солар Алла өздерін тура жолға салғандар. Міне солар ақыл иесі». Бұл аяттың нәтижесінде әрбір пікірді ойлап, түсініп кейін оларға амал еткендер міне солар Алла һидаят еткен кісілер деген мағына шығады. Әрине, ілім ақыл жәрдемімен жүзеге асады. Сондықтан да Құранда ақылға мән беріліп, онын үлкен нығмет екендігі айтылады. Сонымен қатар Құранда адамдарға тек діни ғылымдарды ғана үйренуді емес, дүниеуи ғылымдарды да бірге үйренуді әмір етеді. Құран әдеп, ахлақ этика мәселелеріне кеңірек тоқталады. Мұхаммед Пайғамбардан исламның не екендігі сұралғанда «ислам көркем мінез-құлық» деп жауап береді. Қоғамның дамуымен ілгерілеуінде адамның жеке мінез-құлықтары маңызды рөл ойнайды.

Ислам тәрбиесінің екінші қайнар көзі хадис болып табылады. Исламда хадис және сүннет сөздері бір-біріне жақын мағынада қолданылады. «Сүннет» сөзі жол, мінез, ахлақ, тура жол, әдіс, үлгі сияқты мағыналарды білдіреді. Мұхаммед пайғамбардың сүннеті деген оның ахлақи ұстанған жолын, қарым-қатынастарын айтамыз. Мұхаммед пайғамбар Алланын әмірлерін адамдарға жеткізу үшін жақсы, нағыз мұсылман дәрежесіне шығару үшін өмір бойы соған бар күшін жұмсаған. Ол әрқашан мұсылмандар және өзіне сенгендермен бірге өмір сүрді. Өйткені ол исламның алғашқы мұғалімі және жеткізушісі еді. Мешітте имам, мешіт сыртында жолбасшы, соғыста қолбасшы, соғыссыз кезде муршид (дұрыс жолды көрсетуші) еді. Шын мәнінде Мухаммед пайғамбардын өмірін терең зерттейтін болсақ әрбір іс-әрекетінде, қимылдарында адамның кәмілденуіне, жетілуіне пайда беретін дәрістер алуға болады. Оның немересі Хусейн Мұхаммед пайғамбардың мінезін түсіндірген кезде былай деп айтушы еді: «Хз. Пайғамбар үнемі күлімсіреп, әрі кішіпейілділікті ұстанатын. Бақырып-шақырмай орта жолда жүретін. Ұнатпайтын нәрселерді көрсе де көрмегендей сыңай танытатын. Үгіт етіп жүргендердің көңілін түсірмейтін. Мына үш жайтты ешқашан істемейтін. Ешкімнің намысын таптамайтын, ешкімнің қатесін қазбаламайтын, пайдасыз сөз сөйлемейтін. Ол сөйлеген кезде барлығы оны мұқият құлақ салып тыңдайтын. Ол сөзін бітіретінде өзгелерге сөз беретін. Одан ешкім қысылып-қымтырылмайтын. Жанындағы жолдастары не нәрсеге күлсе ол да күлетін, не нәрсеге таңырқаса ол да таңырқайтын. Бөгде адамдардың әдепсіздігі мен басынуына сабыр ететіндігі соншалық, жанындағылар сабырсызданатын.

Ислам ата-бабамыздың көп жылдар бойы ұстанып келе жатқан діні болып есептеледі. Дінін ұмыткан адам, тілін де ұмытады. Тілін ұмытқан адам өз-өзін ұмытып, қасиетінен жұрдай болады. Кез келген қоғамның жан-жақты дамуы тек қоғамның тыныштығына, адамдардын бір-біріне деген сеніміне байланысты. Күллі жамандықтың, екіжүзділіктің, өтірік, өсек, көре алмаушылық сияқты жиіркенішті қасиеттер қарқындап келе жатқан мына заманда, шыншылдықты туралықты, отансүйгіштік насихаттайтын ислам тәрбиесі халқымызға ауадай қажет. (Ақиқат. №4. 2006. 60-63 беттер. Ж.Нұрматов. Ислам тәрбиесіне жалпы көзқарас).

Исламиятта мұсылманға негізделген сүйіспеншілік мүмкіндіктері  бар. Олар жөнінде, Аллаһ тағала разылығы үшін діндес бауырынды жақсы көріп, дос болу — ғибадат ретінде жоғары бағаланатыны жайында шариғатта көп айтылған.

Шариғат бойынша фәнилік өмір — шал даладағы мол даракты аз ғана уақыт саялап кеткенмен тең. Яғни, бұл өмірде барлығымыз жолаушымыз. Сондықтан, бұл сапарда ынтымақ пен ізет біздерге жолдас болып, өзгенің хақысын жеуден аулақ жүргеніміз игі.

Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадис шарифінде: «Аллаһ жолында біреумен достасқан адам, жәннатта ешбір ізгі іске берілмеген мәртебеге ие болады», — делінген.

Ал, Әбу Идрис Хулани (р.а) Муғаз бин Жабалға (р.а): «Сені Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін» — дегенде. Муғаз: «Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қиямет күні Арштың жан-жағына орындықтар орнатылып, тек қана таңдаулы адамдарға беріледі. Бүкіл адамзат қайғырып, қорқып тұрғанда, олардың жүздері он төртінде толған айдай жарқырап, еш нәрседен сескенбей отырады. Міне осылар Аллаһ тағаланың сүйікті құлдары. Оларға қорқу, үмітсіздікке салыну деген жат болады», — деген де, Расулуллаһтан (с.а.у) сахабалардың бірі: «Олар кімдер?» — деп сұрады. Ал, хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у): «Аллаһ разылығы үшін бір-бірін жақсы көрген адамдар» — деп жауап қайтарғанын өз құлағыммен естідім», — деген.

Тағы бір хадисте Расулуллаһтын (с.а.у) былай дегені туралы риуаят етіледі: «Аллаһ тағала: «Кімде-кім Мен үшін бір-бірін іздеп, хал-жағдайларын сұрастырып. Менің разылығым үшін бір-біріне жәрдемдесіп, Мен үшін бір-бірін жақсы көретін болса. Мен де оларды жақсы көремін», — деген.

Және де, хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у): «Қиямет күні ешбір көлеңке болмағанда, жеті топ кісі Арштың астында көлеңке табады», — дегені белгілі. Осы хадисте аты аталған жеті топтың бірі Аллаһ тағала разылығы үшін бір-бірін жақсы көрген адамдар.

Бір кісі екінші бір кісіні, Аллаһ тағала разылығы үшін орындалуы шарт харекеттерді жасағаны үшін өзгелерден артық көрінуіне болады. Шәкірттің ілім үйреткендігі үшін ұстазын жақсы көруі, әлбетте бұл Аллаһ тағала разылығы үшін болған махаббат. Бірақ мұсылманның мақсаты фәнилік қызық емес, ақіреттік өмір ғана. Ал, егер олай болмаган жағдайда, бұл Аллаһ тағала үшін жақсы көруге жатпасы анық. Мәселен, бір мұғалім дәрісі арқылы Аллаһ тағала разылығына жететіндігін білгендіктен шәкіртін жақсы көрсе, бұл Аллаһ тағала разылығы үшін болатын махаббат. Пакыр кісіге садақа беріп, мұқтаждығын өтегенің үшін жақсы көрсең, Аллаһ тағала разылығы үшін жаксы көргенің.

Жалпы, Аллаһ тағаланы жақсы көрудің екі түрі бар, бірі фәни дүние мен ақирет нығметтері үшін, ал екіншісі бір нәрсені себеп қылмай-ақ жақсы көру. Ал, иман қуаты Аллаһ тағалаға деген ынтызарлығыңмен өлшенеді. Сондықтан, иманымыз қаншалықты мықты болса, Аллаһқа деген махаббатымыз да соншалықты қуатты болары хақ. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадис шәріфінде: «Аллаһ тағаланы және мені бүкіл адамзаттан да артық жақсы көрмейінше иман кәмілге саналмайды», — деген. Сондықтан да сахабалар мужаһид кісілер Аллаһ тағаланың сүйіспеншілігі үшін дүние-мүлкі былай тұрсын жанын да пида етпеді ме?! Мәселен, бүкіл байлығын Аллаһ жолына атаған Әбу Бәкірден: «Баала-шағана бір нәрсе қалды ма?», — деп сұрағанда, ол: «Аллаһқа аманат», — деп жауап берген.

Міне, мұсылман бауырлар Абай атамыз «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, Аллаһ тағала біздерге сахабалардың жолын беріп, әлгіндей махаббат нәсіп етсін.

Исламияттың адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы болу мүмкіндігі. Имандылыққа қайта бет бұрғалы халқымыздың ислами еңбектерге деген құштарлығы артып отырғаны көңіл көншітері сөзсіз. Бұл — Ислам дінінің жыл өткен сайын халық жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы мен ұлтымыздын мұсылманшылық пен имандылыққа бетбұрысы деуге әбден болады. Осы кезенде ислам дінінің маңызы артып, әртұрлі діни әдет-ғұрыптардың, жөн-жоралғы, намаз, ораза, зекет, қажылык, құрбан шалу т.б. кен көлемде орын алуы қуантады.

Х.З. Ақназаровтьщ ойы мынадай: Ислам діні өз сипатына қарай өзіндік ерекшелігі бар. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты арабтардың өзіне тән тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін ескерді. Бір жағынан осылардың негізінде қалыптасқан, екінші жағынан арабтардың ескі діни нанымдарын бойына сіңіре отырып дамыған.

Соңғы жылдары еліміздегі ислам діні ықпалының өсуі республикада қазақ лингвистикалық фонетикасынын күшеюіне әсер етті. Қазақстанда өмір сүретін өзбек, ұйғыр, түріктер қазақ тілінің маңызын терең түсініп, оның қолдану аясын кеңейтіп жатыр, түркі тілдестер қазақ тіліне жакын болған соң балаларың қазақ мектептеріне беруде. Орыс тілі түркі тілдестер тығыз орналасқан аудандарда ұлтаралық функциядан айырылып, орнын қазақ тілі басуда.

Қазақ халқының ділін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі — тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелі, ертегі, жырлары, ойын-сауығы айналып келгенде, тәрбиелік мәселеге келіп тіреледі. Олар адамгершілікке, имаңдылыққа, көпшілдікке, азаматтыққа баулиды. Бүкіл әлемді жаратушы бар екеніне сенім сан ғасырлар бойы жер бетіндегі адамдар жүрегін баурап, оларды таза ниетке, ізгі істерге, жарқын үмітке бастаумен келеді. Ал имандылық бір құдайдың әділдігіне шүбәсіз сену — мұсылмандықтың бес парызының алғашқысы «Аллаға сену». Ислам діні бір Алла тағалаға құлшылық етуді нақтылаумен қатар, адамның қоғам алдындағы мәндеттерін де айқындап берген. Сол міндеттердің бастысы — адам имандлығы. Ислам діні адам рфэін сақтаумен қатар оған қамқорлық жасаудың әр мұсылманға парыз екендігін ескертеді. Дініміз адам баласының тәрбиесіне үлкен мән береді. Баланың туғанынан бастап, ержеткенге дейін ата-анасы материалдық жағынан ғана қамтамасыз етіп коймай, баланың жүрегіне иман сеиімін орнықтыруы қажет. Үлкенді сыйлау, кішіге мейірімділік көрсету — бұл жастардың міндеті.

Адамзат болмысының бір ерекшелігі — қоғам құрып, бірге өмір сүруі және әлеуметтік қатынас жасау. Қоғамда әр азаматтың басты парызы қоршаған ортада бірлік пен ынтымакты сақтап, бөлінушілікке, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын жәйттарға жол бермеу. Діни сана-сезімге байланысты да жеке ой-тұжырым жасауға болады. Дүниенің тылсым сырларын, айналаның таңғажайып, беймәлім құбылыстарын, табиғат өзгерісі мен дамуын діни сана-сезімдегі адамдар оқыған, білімді адамдар өзінше қабылдайды.

Олар: адам өзінің тұтас бет-бейнесін, адамгершілік, имандылық асыл қасиеттерін дамыған қоғамдық қарым-қатынасар деңгейінде көрсете білуі қажет, деп санайды. Бір сөзбен айтқанда, адам жан-жақты жетіліп, айналадағы ортаға, өзгелерге деген шынайы, пәк сүйіспеншілігі қалыптасып, өзінің бойына имандылық мұраттарын жинақтайды. Имандылық тәжірибелерін жинақтай білгенде ғана ол жаңа бір сапалық деңгейге көтеріле алады. Сонда ғана ол игілікті ізгілікті істер жасап иманды болып, қиындықты және біледі. Өмірде әртүрлі адамдар кездеседі, бірі — адамгершілігі мол, бірінің әдептілігі бар, екіншісінің имандылығы бар таза пәк адам, енді бірінің үлкенге, кішіге деген инабаттылығы, қайырымдылығы, мейірімділігі немесе зұлым, бұзақы, имансыз т.б. керісінше болуы. Осының бәрі діни тәрбиеге, ортаға қатысты болып келеді. Еліміздің дамуы үшін, өркениетке қолы жетуі үшін, ілгеріректе сөз еткеніміздей, адамгершілік, инабаттылық қасиеттерді әрбір жеке адамның басынан көріп, жақсылыққа қарай қалыптастырып жетілдіру кажет, сонда өркениетке ұмтылу басталады.

Өмір соңлақтарының қыры мен сыры көп, соны түсінгенде ғана, қиыннан жол таба білесің. Қоғамдық қарым-қатынастың арқасында, даму барысында әртүрлі өзгерістер, өмірлік тәжірибелермен байытылып отырады, ол бір орында тоқтап қалмайды. Жеке адам арасындағы қарама-қайшылықты шешуде өмір мақсатын нақты, тарихи тұрғыда түсіну керек. Адамзат қызметі мен тіршілігінің түпкі мақсаты адамның өзі, оның бақыты болып табылады. Адамдар арасыңдағы өзара қарым-қатынастарда түсінушілік, сыйластық имандылык болған жағдайда, бірлік, береке болады. Адамның бойындағы ең бір қасиеті — оның қоршаған ортада өзін ұстай білу, имандылығы, инабатты, әділетті болуы.

Адамдардың сана-сезімін, адамгершілігін жоғары деңгейге көтеру, оның тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты қалыптасады. Әрбір жеке адам, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысады. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеггі жетпейді. Сонымен бірге, егер адам біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, адамзаттың рухани мәдениетінің барлык бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы кажет. Сонда ғана ол жан-жақты толық дамыған салауатты адамзат болады. Ол адам қоғамдық өмірдін барлық қарым-қатынастар саласында, діни салада барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге атсалыса алады.

Дін мен білім әр уақытта бірін-бірі қолдай отыра дамиды. Ал адамның рухани жағынан дамуына және санасын, мәдени деңгейін көтеруде ғылыми біліммен терең сусындауы қажет. Біз сонда ғана діндегі әртүрлі бағыт-бағдардың дұрыс-бұрыстығын шеше аламыз. Осы тұрғыдан қарастырғанда біз ғылыми сана-сезімге жақындай түсуіміз керек. Ағайын туыс бір-бірімен тату-тәтті, ынтымақты қарым-қатынаста болса, жақсы қасиеттерді бойында қалыптастырса, осының өзі бақыт. Ертедегі адамдар туысшыл, көргендері көп, бөліп жеген, менікі, сенікі деген сөздер болмаған. Қазіргі кездегі қоғамдық өмір, қарым-қатынас мүддем өзгеше. Көптеген адамдардың зорлық-зомбылық көрсетуі туысына, әке-шешесіне қатыгездік, қайырымсыздық әдеттер бүгінгі күні көбеюде. Осындай зорлықты болдырмау үшін діннің рөлі зор. Дін адамдарды үлкенге, кішіге деген адамгершілікті, мейірімділікті қастерлеуге шақырады. Діннің мәнділігі, оның имандылық негіздерді таратуында. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де көптеген қиындылықтарды басымыздан өткердік. Осындай өтпелі заманда өз максат-мұраттарымызға жету үшін қоғамдаса бірлесіп, өмір сүруіміз керек. «Ағайын тату болса, мал көп, абысын тату болса ас көп». Жаман адам өзінің ғана қара басын ойлайды. Ал жақсы адам көпшіліктің тіршілігін ойлап, күйзеледі. Жаксы адамның ой-ниеті түзу, ақыл-парасаты жоғары.

Дінтану — адам өмірі мен қоршаған ортаға әсер ететін, фантастикалық табиғи «Күрес күштерге сенуге негізделген дүниетанудың формасы. Әлемдік діндердің әртүрлі түрі бар. Дін — адамның абыройын, ар-ұятын сақтап отыратын ереже немесе тәрбиелік құрал іспеттес. Дін рухани мәдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі тәрбие туралы бағдар немесе жол. Діннің басты қызметі — адамдардың қарым-қатынастарын белгілі бір тәртіпке келтіріп, оның кұдіреттілігі мен қасиеттілігіне иландыру.

Қоғам дамуындағы дін рөлінін өсуі түрлі жағдайларға байланысты. Дін мен нанымның қозғалысы, қоғамдық үрдіске әсері болмай қоймайтын құбылыс. Қоғамды нығайтуда, мемлекетімізді одан әрі қалыптастырудағы қайшылықтарын болуы заңды құбылыс. Дін адамдар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықтың қалыптасуына себепкер болатын адамгершілік қарым-қатынастарды реттеудің мәдени-әлеуметтік әдістерін өмірге келтіреді. Ислам дінінің қазақтар арасында кенінен таралуы және қазақи ой-санада берік орнығуы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттык қасиет, үлгі өнеге. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіндегі жақсы әдеттерге, имандылық құңдылықтарға, ата-бабадан қалған игі мұраларға, ұлағатты өнегенің әсеріне ерекше мән берген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана-сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени біртектілікті сақтаудын негізіне айналып отыр» — дейді.

Сөйтіп, ислам дінінің қоғам дамуы барысындағы реліне тоқталатын болсақ тарихтағы кейбір оқиғалардын алдын алуына, халық басына түскен күйзеліске төзуге, жеңе білуіне себепші болады. Қазақ мәдениетіндегі сенім-наным жүйелеріндегі зерттеулер кеп. Өйткені салт-дәстүрді қарастыру сол ескі діни түсініктерсіз білу мүмкін емес. Ислам діні имандылыққа жетелейді, имандылық деген ұғымда үлкен мән, мағына бар. Имандылыққа — адамның ар-ұжданы, тазалығы, адамгершілігі, әділеттілігі әдептілігі жатады. Сонымен қатар кай қоғамда болмасын өз дінін, өз тілін сақтап қалған халық қана тарих көшінен қалмай, алға дамыған. Мысалы, Америкада дін мемлекетті нығайтудың рухани құралы ретінде багаланады. Ұлы Абай: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз еш уақытта жалған болмас» — дейді. Адамзат баласының имандылығы артып, ата-бабадан мирас болған рухани құндылықтарға бейімделген сайын қоғам тазарып, ілгерілеп дамып, өркениетке беталары анық.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев діни бостандыққа даңғыл жол ашты, өзі бас болып осы бір ұлағатты іске қамқорлық жасады. Қазіргі кезендегі Қазақстаннын қоғамдық өміріндегі діннің алатын орны мен рөлін сараптай келе, оның қаншалықты мәнді екендігін, оған деген ықыластың артып отырғандығын түсінеміз. Діни фактор, тарихи тұрғыдан алып қарағанда, өз алдына діни немесе ұлтаралық қайшылықтар тудыра қоймайтыны анық. Ислам дініндегі әртүрлі бағыттардың әсіресе, фуңдаменталистік және модернистік ағымдардың бір-біріне қарама-қарсылығы — барған сайын күрделеніп күшейе түсуі. Айталық, бірқатар тарихи алғы шарттар мен қазіргі процестерге байланысты негізгі діндер арасында ацессивті қарсы тұрушылықтың бар екені ақиқат. Исламның афессиялық мәні туралы көзқарастардың негізсіздігің бүкіл адамзатқа қауіп-қатер әкелетін ислам діні емес, керісінше, оның кейбір өкілдері екендігін айтып көрсету керек. Демек, ислам ілімі, бейбітшілікке, ынтымаққа шақырады және адамзат сенімінің ұлы ағымын бұрмалаушы кертартпа өкілдерден арашалау қажеттілігі туып отырғандығын айтады. (Ақиқат, 2006. 76-78 беттер. К. Ахметжанова. Ислам — адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы).

 

ІІ бөлім. Исламияттың қазақстандық халықтық тәлім-тәрбиелік үрдісіне ықпалы мен қалыптасуы

2.1 Исламияттың Қазақстанға таралуы және оның тәлім-тәрбиеге тигізген әсері

 

Қазақстанға ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бурыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В. «XIII ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбаханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз. ХҮІ ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңіріге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оқбас» деп аруақты ұмытпады.

Әбу Ханифа жол салған сунниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы ез кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардын, әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардық бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрып заң нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға-тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.

Арабтар Мауараннаһрді Әбдімәлік ибн Маруан (685 -705) тұсында ғана жаулап алуға колы жетті. Хорасан билеушісі Кутайб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға коныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутайба ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.

Наршаһидің жазуынша, Кутайбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берғен. Төртінші рет Кутайба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырады. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутайба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т. б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.

Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін кешіп-қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасына ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып керінді. Мәжаусилік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады, Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» — «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы — «бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.

Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін кебірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады.

Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдін, ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез келгендерінің бастарында да бар.

Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері, заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) ауызекі творчестволық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелейтін үгіт-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кедес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т. Б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына асы болғандарға олар әр түрлі ауруларды мал-жанына әкеледі, құрғақшылыққа душар етіп, бірде-бір тамшы жаңбыр жаудырмайды, қажет болса, әйелдерді бала табудан махрүм етіп, ұрпағын өсірмейді деп ойлайды. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады. Өлімін күтіп, төрінен кері жақын қалған қарттарды аса құрмет тұтып, ақсақал, отағасы деп сыйлайды. Оның себебін біз бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады, Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде ақ әулиеге, өлгеннен сон, аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын, әрбір семья, от басы-ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға жалбарынған. Әрине, «ата-баба аруағын» құдайға теңеуге болмайды. Оларды Алламен екі ортадағы жебеуші деуге болады. Біреуге наразы болып ашуланғанда «аруақ атсын», «аруақ ұрсын» деп қарғайды.

Қазақтар былай қарағанда, момақан көрінгенімен, егерде өзінің не семьясының намысына тиетіндей бірдеме істелінсе, онда қазақтар шыдай алмайды, қажет болса, намысқа шыдамай өлуге дейін барады.

Ежелден-ақ қазақ халқы үйленуге үлкен мән, маңыз берген. «От басы-ошақ қасы» дей, семьяға ерекше мән бере отырып, сол «от басы-ошақ қасының» беріктігін көздеген. Әрдайым «от басы»— семья берік әрі тату-тәтті болса, сол семьядан өрбитін ұрпақтар да жақсы болып өсетінін жете білген. О бастан дұрыс таңдалған семья бұзылмаған. «От басы-ошақ қасын» бүлдіргендер, семьяны сақтай алмағдндар қоғамдық теріс пікірге ұшыраған. Сол себепті де революцияға дейінгі қазақ семьяларының өте сирек болмаса, бұзылғандары кездеспейді. Оның себеп-салдары өте көп. Біз халіміз жеткенше сол себеп-салдарларын айтып өтейік.

Қазақ семьясы тек қана ер, әйел және балаларынан ғана емес, үлкен семьядан (патронимия) тұрған, яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет болса үйленген немере-шебересі, былайша айтқанда, «ата балалары» бір болып, оларды үлкен әкесі басқарған. Оларды мұндай бірігуге мәжбүр еткен жалпы экономикалық мүдделері ғана емес, сол секілді қандастық-туыстық, намыс біршілдігі деп ұғуымыз қажет. Мұндай үлкен семья бірге тамақ ішкен, бәрі бірге маңызды үй мәселесін шешкен. Рас, енші алып, бөлек отау еткенімен, енші алып бөлінген ұлдары ата ақылынан тыс кете алмай, әке  нұсқауымен жүріп отырған. Барлық тұрмыстық мәселелерді (мысалы, өлім-жітім, көш-қоян, қонақ күту, т. б.) әке шешкен. Өйткені үйлену оңай болғанымен, семья болу оңай емес, семья беріктігі, дәулеттілігі, көңіл-күйінің жақсы болуы бәрі сол «от басы, ошақ қасынан». Сол семьяға деген сүйіспеншілік, туысқанға деген мейірбандылық туысқандардың өзара мақсат-міндеттерін айқындап, олардың жауапкершілігін, коллектившілдігін  арттырған. Мұндай семья оңайлықпен күйремеген, қайта ауызбірлігі нығайып, біріне-бірі таяныш болып, табалдырықтары мықты болған.

Үлкен семья болғаннан соң, әрине, оның мүшелері арасындағы мақсат-мүдделері бір-біріне қайшы келіп жатуы мүмкін ғой. Бірақ мұндай кереғарлық мақсат-мүддесінен асып кете алмаған, әрі ондай таласты мәселелерді бәрі ақылдасып кеңесіп шешіп отырған. Өйткені «ақылдасып пішілген тон ешуақытта да қысқа болмайды. «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса — төбедегі келеді. Әрине, мұндай нақыл сөздерді әрбір қазақ жете түсініп, сол нұсқамен амал еткен. Бұл бір салдары.

Екінші салдары, рулық қоғамның алғашқы бастамасынан-ақ пайда болып, әрі — қоғамда жиі ұшырасып отырған «қанға — қан, жанға — жан» дәстүрі, яғни «құн» алу. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, қоғам болғаннан соң «бір биеден ала да туады, құла да туады», яғни қоғам ішінде жақсылары да, жамандары да болады. Үлкен семьяға келтірген намыс — сол семьяның кісісін өлтіру, жесірін алу, малын ұрлау, т. б. қылмыстар сол үлкен семья түгіл, бүкіл руына жағылған күйе. Сондықтан да бүкіл ру қажет болса «өз ұраны» шақырылғанда, атқа мінбеу, сойыл ұстамау ездік саналған. Қайсы ру болмасын намысын қолдан бермеген. Заң органдарының күштеу аппараты болмаған заманда қылмыстының жазасын тек қана осындай жолмен қайтару бірден-бір дұрыс жол еді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілеріміз «құн», «қанды кек» қайтару институтына тосырқай қарап, жылы лебізін білдірмеуі өкінішті. Күштеу аппараты жоқ қоғамда бұлай істеу кісіні өлтіру ниеті бар адамды алдымен қылмыс істер алдында мыңда бір рет ойлануды, егер қылмыс істеп, ккі өлтірсе тек өзіне ғана емес, бүкіл туысқандарына келетін кесірін пайымдауды талап етеді. Бұл — қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың төте жолы. Егер «қанды қол» кісі өлтірсе, не өзі өледі, не бүкіл туыстары болып «құн» төлейді, бұл оңай шаруа емес, оның үстіне «бүлінген елден бүлдіргі алма» деп, ондай рудан басқалар шеттеп, «қанды қолдығын» беттеріне басқан, қыз беріп, қыз алмауға тырысқан.

Дегенмен, қазақ қоғамында кісі өлімі болып тұрған.

Ол руаралық қақтығыстарда, жер дауында, жесір дауында, мал дауында, барымтада кездесіп отырған. Ал жеке адамдардың қылмыстық ниетпен кісі өлтіріп, тонап-талауы кездеспеген.

Қазақ семьясының басында әке тұруы себепті, туысқандық қатынастар әке жағынан басталып, «жеті атаға» дейінгі аралықтағы туыстастар жеті ата —200 жыл шамасын камтиды) «қандастар», «аталастар» саналған. Немере-шөбереге дейін — «ата баласы», ал жеті атаға дейін — аталастар, онан әрі — туысқан-руластар, одан әрі — тайпаластар, одан әрі — жүздестер саналған. Ең жоғары бірігуі — Үш Жүз — қазақ, ең жоғарғы түркі тайпасының бірігуі — «Алаш» балалары (олар: Алты Алаш — қазақ, өзбек, ноғай, қырғыз, қарақалпақ және башқұрт).

Ал әйел жағынан туыстастық «құда», «нағашы», «жиен» секілді жақындықтардан құрылады.

Семьяда әке ролі күшті болған. Сондықтан да қазақтар пәленшенің баласы, пәленшенің ауылы деп, сол әке атымен атаған, белек үй болғанымен, өз атымен атамаған.

«Әкеге қарап — ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ата, ұлы — құл», «Ата қарғысы — оқ», «Атасыз ұл — жетесіз құл» деген мақал-мәтелдерден, сол секілді «әкесі үстінен ұлы арыз айта алмаған», «әкесі ұлын өлтіруге, жалшылыққа беруге праволы» деген заңдардан біз атаның қоғамдық тұрмыста алатын орнын жақсы түсінеміз.

Қазақтарда ұлдардық үлкені мен кішілерінің қарым-қатынасы әке мен бала қарым-қатынасындай. Үлкенді сыйлау, оны тыңдау — қазақтардың мықты ұстанған жолы. Үлкенді құрметтеп, сыйлағандарды тәртіпті, көргенді санаған. Әрине, бұлар өздері ертең үлкен болып, қартайғанда соңғылары да өздеріне дәл осындай құрмет көрсететінін жақсы түсінген. «Әкене не жасасаң, алдыңа сол келеді,» — деп халық текке айтпаған.

Алайда қазақтар балаларына аса мейірімді, оларды ешқашан да ұрып-соқпаған. Жалпы бұл әдет Шығыс халықтарына жақын, етене мінез-құлық. Ағылшын зерттеушісі Э.У.Лэйн көптеген жылдар бойы Египетте тұрып, мұнан 150 жыл алдын өзі көріп, әбден біліп жазған сезін айтсақ дұрыс болар деп ойлаймыз. Ол: «Египеттіктер балаларын қаншама еркелетіп, еркімен жіберсе де, олар өз әке-шешелеріне шектен тыс, ізетпен қарап, құрметтейді. Мұсылмандар әке-шешесіне бағынбаған балаларды пұтқа табынушылар, адам өлтірушілер, біреуге ойнастық етті деп жалған куә болушылар, әйел таза болғанына қарамай сол секілді жетім-жесірдің мал-мүлкін талан-таражға салушылар, сүтқорлықшылар және дінсіздермен күрес жүргізуден бас тартушылар іспетті санап, өте ауыр қылмыс санаған»,— деп жазады.

«Баланы — жастан, әйелді бастан» дегендей, бала тәрбиесіне қазақтар үлкен мән берген. Тәрбие білімнен жоғары қойылған. «Егер әкесі пияз, анасы сарымсақ болса, ұлында қандай хош иіс болмақ?»— деп арабтар айтқандай, бала «ұяда не көрсе, үшканда соны іледі».

Үлкен семья шаруашылыққа өте тиімді, жұмыс қолы мәселесін шешуде пайдадан басқа зияны жоқ еді.

Ұлын үйлендірерде ата-анасы «құда» болар жұртын таңдап, сынап барып «құда» түскен. «Құда» түсу қалың малсыз болмаған. Көптеген зерттеушілеріміз «қалың мал» институтын кертартпа деп бағалайды. Біз бұған қосыла бермейміз. Рас, қалың мал әйел мен еркектің тең праволылығын жойып, ер адам алдында әйелдерді тәуелді ететіні рас. Оны біз тек «қалыңмал» төлегендіктен, мал сияқты сатып алды деп қарамай, ұзақ дәуірлер қалыптасқан «семья», отбасы, ошаққасы дәстүрлерінен іздеуіміз керек. Сондықтан да шығыстанушы совет ғалымы. А.М.Васильев: «Қалыңмалды тек қана қыздарды сатып алу деп қарамау керек. Қалыңмал ертеңгі күні ажырасқан жағдайда өмір сүруі үшін не әке-шешесінде, не өзінде қалатын нәрсе. Оның үстіне оның бір бөлігі той еткізу, жасау жасау т. б. жаратылады»,— деп анығын көрсетеді. Сайып келгенде қазақтар «қалыңмалды» қыздың езіне жаратқан. Ұзатылатын қыздың бір ғана сәукелесінің қалыңмал алып қыз әкесі байымаған, қалыңмал беріп алыс-беріс жасаған. Алғаш жігіт жағы әкелсе, қыз жағы да дәл сондай етіп ілулерін, киіттерін қайтарған. Қазіргі бояуды қою жағып, үйленушілер бейне бір қарызға белшесінен батып, кіріптарлық қалге түседі деген пікірді қалыптастырған. Содан барып, қалыңмал сияқты сатып, күңдік халге душар етеді дейді. Үйленудегі кәде-қаумет, жол-жоралардың бәрі де өз ретінде, әркімнің шама-шарқына орай, бай кедейлігіне байланысты өтелінген.

Қазақтар өз қандастарынан, жақын-туысқандарынан қыз алмаған. Әсіресе Жеті атаға дейін қыз алуға мүлдем қарсы болған. Олар әрдайым алыстан, қан араласпаған рулардан алған. Бұл медициналық, адамгершілік тұрғыдан алып қарағанда ете дұрыс жол. Оның үстіне «қарға тамырлы қазақ» болу жолын қарастырған. Бүкіл қазақ руларын «құда-жекжат» етіп, туыстыруға, біріне-бірін жақын етуді көздеген. Көптеген Шығыс елдері халықтары бұл жөнінен қазақтарға теңесе алмайды. Шығыс халықтарын былай қойғанда, өз туыстарымыз — түркі халықтары арасында немерелес туыстастары өзара қыз беріп, қыз алысатын дәстүр бар.

Қазақ қыздың түріне, сұлулығына емес, алдымен ақылына, тәлім-тәрбиесіне қараған. «Шешесін көріп — қызын ал», «Қайын алма, қайын-жұрт ал» деп, көргенді жердің қызын алуға тырысқан. Сол себепті де қазақтар өздері араласып, көріп жүрген жерге құда түсіп, ұлдарын үйлендірген. Ұлдары бұған қарсылық етпеген. Өйткені әке-шешесі, туысқандары кәмелетке енді жеткен жасөспірімнен гөрі кеп нәрсені білген, түсінген. Одан ұлдары опық жемеген. Кейбір зерттеушілердің артығырақ айтса да: «Қазақтар үйленбейді, үйлендіреді» деулері, міне, осыдан туындайды. Мұндай ақылдасып, ойланып үйлендірілген ұл семья шырқын бұза алмаған. Бұрын қазақ семьясы түгелге жуық ажыраспаған. «Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» деп, ерінен ажырасқан әйелдерге, «қатын қоя бергіш» деп ұлдарға қазақтар жаман қарап, ондай болуға жол бермеген. «Пәленшенің баласы не қызынан үлгі алма!» деген сөзден аулақ болуға тырысқан.

Қазақ қыздары керікті, қара кез, қара шашты, мығым әрі еңбексүйгіш болып келеді. Оны біз таза ауа, ағарған ішуден, кішкентайынан еңбекке араласуынан деп білеміз.

Қазақтар басқа халықтарға, олардың дініне қарамай сиректе болса үйленген. Мұндай жәйттер қалмақтармен екі арадағы жаугершілік кезінде жиі ұшырасты. Кейін шариғат заңы әсерінен қазақтар қыздарын діні басқаға тұрмысқа беруге тиым салған. Рас, шариғат заңында мұсылман адам христиан, еврей, зороастрийлерге үйленуге рұқсат етіп, тек мәжаусилік діндегілерге (анимисткаларға) үйленуге рұқсат етпейді. Мұсылманға тұрмысқа шыққан мұсылман емес әйелдер өз дінінде қала беруге еркі бар, бірақ онан туған балалар мұсылман болып есептелген. Ал мұсылман әйелдердің кәпірлерге тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ. Қазақтар да осы жолды ұстанған. Егер тұрмысқа шықса, онда өлім жазасына кесілгенін біз қазақтардың әдет-ғұрып заңдарынан жақсы білеміз.

Қазақтарда қыз 16, ер бала 15 жастан үйленіп, отау құруға рұқсат етілген.

Қазақтар ажырасу үшін үйленбеген. Біз жоғарыда айтып еткеніміздей шариғатта мүлдем ажырасудың 17 формуласы бар. Бұлардың ішінен «талақ», яғни «мен сені тастадым» деп талақ айту ең қиыны. Мұндай сөзді айтқаннан соң, ері әйеліне қайта қосыла алмайды. Қайтадан қосылу үшін әйелі басқа біреуге некеге тұрып, сонан кейін онан ажырасып қана өз еріне некеге тұра алады. Бұл шариғат заңының қазақтарға енбегенін айта кеткеніміз жөн.

Қазақтарда күйеуінен ажырасқан әйелге баласы берілмеген. Өйткені әйел басқа рудан саналып, ал балалары әкесінің мирасқоры болғандықтан деп ұғуымыз керек.

«Келін» болып түскен алғашқы жыл, қазақ қыздары үшін өте ауыр да қиын болған. Олар «жат» жұртқа келіп, жыл бойына қажет болса, екі-үш балалы болғанынша бүкіл руластары сынағында, сынауында болып, қажет десеңіз жаңа түскен келінді келген қонақтарға дейін сынаған. Әрине, мұндай сынаудын, тәрбиелік мәні ерекше екенін айтқымыз келеді. Жас келін бет алды тайраңдамай, «отау иесі» болғанын, өзінің үйінде алған өнегесі мен тәрбиесін көрсете отырып, ене мен жеңгелерінен әдептілікті, қонақ күтуді әрі үй шаруасы жұмыстарын, туысқан-туғандарға, үлкен-кішіге қарым-қатынасын, жалпы айтқанда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте өзін ұстап, әдепті болуды, сыпайылықты үйренеді.

Әйелдер аяғы ауыр болып, бала тапқанға дейінгі аралықта қазақтар арасында кептеген әдеттер мен сенімдер қалыптасқан. Семьяда қыздан гөрі ұл тапқанды ұнатқан. Длайда, қыз болса да өкінбеген.

Қазақтар ұлын да, қызын да мәпелеп, бар мейрімін аямаған. Қазақтарда «әйелдер босанатын үй» болмағаны кепке мәлім. Оның есесіне әрбір қазақ әйелдері «босандыру» шарттарын, жолдарын, қиын-қыстау жағдайларын жақсы біліп, босанушыларға үлкен жәрдем көрсете алған. Сондықтан да «босану» қазақ әйелдеріне көп қиындық келтірмеген. Нәрестенің кіндігін кескен әйел «кіндік шеше» атанған. Әрине, босанар алдын «кіндік кесуге» қазақтар кебіне баласы көп, тәлім-тәрбиелі әйелдерді шақырған. «Кіндік шешеге» нәрестенің бір мінезі ұқсайды деп санаған. Шындығында да, бұл сөздің жаны бар. «Кіндік шешесінің» бір мәнерін ұстанбайтын бала сирек кездеседі. Әрине, оған біз мән бере бермейміз. Оның, үстіне қазір «әйелдер босанатын үйде» босанып, ол «кіндік шешенің» мінез-құлқын көбіне біле бермейміз. «Кіндік шешесін» кез келген адам сыйлап, құрметтеген. «Кіндік шешесіне» бала алғашқы табысынан сыйлық берген.

Жаңа туылған балаға ат қою да көбіне ақылдасып шешілген. Дегенмен ұл балаға әкесі, қыз балаға шешесі не әпкелері ат қойған. Азан шақырып ат қою рәсімі де қызық. Исламға дейінгі бала есімдерін, исламнан кейін оның әсерінен қойылған есімдерден оңай ажыратуға болады. Арабша мәнді аттардың бәрі ислам әсерінен енген.

Болашақ туылатын ұрпағының денсаулығы жайлң, тұқымдарының таза болуы жайлы қазақтар некелеспей тұрып-ақ ойланған. Сол себепті де тым әріден, алыс рулардан қыз алған. Қазақтарда нәсілдік-генетикалық сырқаттың болмауы осыдан болса керек. Қазақтар құда болатын жағының жұқпалы ауру бар-жоғына не ақыл-есі дұрыстығына ерекше мән берген.

Аяғы ауыр әйелдерге барлық жағдай жасалған. Жерік асын қайдан болсын тауып берген. Ауыр жүк кетертпеген. Қазақтарда алкоголь ішімдіктер мүлдем пайдаланылмаған. Екі қабат әйелді түнде жалғыз қалдырмаған. Оған барлық уақытта да жағдай жасап, тыныштық орнатқан.

Бала туылып, жарық дүниеге келуі қазақ семьясына үлкен қуаныш әкелген. Туылған балаға да көп жағдай жасалған. Жаңа туған баланың қас жауы — суық тигізіп алу. Әсіресе қыстың күндері киіз үйді барынша жылы ұстаған.

Әдетте шала туған 6-7 айлық сәбилер өмір сүрген. Мұндай балаларды қазақтар Шалабай деп атаған. Ал 8 айлығында туғандар өліп қалған. Нәресте туылғаннан соң бір-екі сағаттан соң емізген. Мама аналар баланы қалай емізу жайлы жас босанғаңдарға кеңес берген.

Баланы бір жарым жасқа дейін, кейде үш жасқа дейін, кейде бес жасқа дейін емізе берген. Емшекпен бірге басқа тамақпен ауқаттандыру 4-5 ай еткеннен соң басталған. Құйрық май т. б. тағамдарды таза дәкеге салып, еміздік ретінде аузына салған. Құйрық майдың бактерицидтық қасиеті барын қазіргі кезде зерттеуші ғалымдар дәлелдеп отыр. Баланы міндетті түрде тұзды суға шомылдырған 40 күннен кейін қырқынан шығарып оны атап өткен. Содан соң «бесік той» жасап (әрине, ауыл-аймаққа ғана), бесікке бөлеген. Қазақ бесігі ағаштан жасалған, өте ыңғайлы, көшіп-қонғанда жайлы. Қөптеген зерттеушілеріміз бесікке белеу зиян деп қате пікір ұстанып келгенін жасыра алмаймыз. Жас бала ыстықтап, көрпесін теуіп тастайтыны белгілі. Бесікте жатқан баланың денесіне суык тимейді, бөленген баланың аяғы (сирак) қисық болмайды, асты былғанбай, таза жатады, ал асты былғанған бала төсекте жата алмай, жылауық келеді. Әрине, бесіктін, мұндай жақсы қасиеттерін көрмеу әбестік.

Жас балаларды енбекке үйрету ерте жастан басталған. Үш-төрт жастан қыз шешесіне, бала әкесіне жақын жүріп, солардың кәсібіне әуестене бастаған. Шешесі қызына үй тіршілігіне қажетті нәрселерді: тігіншілікті, тамақ даярлауды, қонақ күтуді т. б. үйреткен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалға үлкен мән берген.

Қазақтар спорттық жаттығуларға кішкентайынан жаттығып, жас балалар атқа шауып, секіріп, күресіп, көкпар тартып дегендей, шынығып ескен. Н.А.Добролюбов: «Бірде-бір неміс гимнасшыларының, грециялықтардан басқа, үлгі-өнегелері болмағандықтан, бізге мұнда қырғыз даласына келмеуі өкінішті-ақ. Мұнда олимпиялық ойын түрлері: күрес, сырыққа өрмелеу, жүгіру, т. б. гүлденіп өскен»,— деп текке мақтамаған. О бастан қазақтардың сүйікті ойындары: атпен шабу, садақ ату, қазақша күрес, жарыс, ақшылық, т.б. жақсы дамыған. Осының бәрі баланың жасынан шынырый, мықты болып өсуіне, былайша айтқанда, дене тәрбиесіне зор мән берілген. Жаз бойы бай, кедей демей жалаңаяқ жүрген.

Ұйқы тәтті деп, дұрыс ұйықтап, баланың дұрыс демалуына да ерекше мән берген. Ұйықтап жатқан , баланы қорқып, нерв жүйесі зақымданады деп, айқайлап оятпаған. Қатты ұрып-соқпаған. Баласын жиі ұрып соғушыларды халық сегіп, ұрысқан.

Ежелден-ақ ата-аналары балаларын кішкентайынан тамақты асықпай, шайнап жеуге үйреткен. Кішкентай нәрестені кепшілікке көрсете бермеген. Әрине, мұның бір жақсы жағы балаларды жұқпалы аурулардан сақтаған.

Баланы сүндетке отырғызу мұнан 6 мың жыл алдын Африка халықтарында болған. Баланы сүндетке отырғызу жайлы Құранда да ештеңе айтылмаған. Бұл дәстүр мұсылмандардың дәстүрі болып саналмайды. Кейін бұл дәстүрді ислам қабылдап, өз жорасына айналдырған. Сүндетке отырғызу тойы біздің қазақтарда көп адамдар қатысуымен атқарылып, оған көп қаржы жүмсалады. Оның үстіне көбіне сүндетке отырғызу ауыл шаруашылық науқаны нағыз қызған күз айларында өткізіледі. Мұның өзі көп адамдарды жұмыстан қол үздіретіні сөзсіз. Рас, қазір медициналық мекемелерде балаларды сүндетке отырғызып жүр. Біз бұл істі қолдап-қуаттаймыз. Сүндетке отырғызу медициналық тұрғыдан пайдалы екенінде дау жоқ. Ыстық аймақтарда тұратын адамзат зиялылары мұны ойлап тапқан. Сондықтан сүндетке отырғызудан бас тартпай, қайта оған халықтық сипат беру қажет. Тек қана оның діни бояуын сыдырып, оған мән бермеуіміз керек. (Н.Өсеров, Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы, Қазақстан. 1992. 149-беттік. 135-149 беттерінен).

 

2.2 Исламияттың халықтық тәлім-тәрбие үрдісінде қалыптасуын көрсететін көріністер

Ислам діні қазақ қоғамының, мемлекетінің, мәдениетінің идеялық, құқықтық, саяси және рухани-адамгершілік фундаменті болды. Синтез дегенде біз мәдениеттің жүйе (система) екенін ұмытпауымыз қажет, сондықтан қазақ дәстүрінде орталық жүйе тудырғыш (орысша: центральный системообразующий, или формообразующий) элемент болып исламдық құндылықтар табылды, ал көне діндер мен көзқарастар – шеткі  (периферийный) элемент деп анықталады.

Шығыста тіпті XX ғасырға дейін діни құндылықтардың қоғамдық санаға әсері күшті болып, жетекшілік рөлі сақталып отырды.

Ислам қазақ этносының ұжымдық белгілерінің ажырамас бөлігіне айналуы өз алдына, ол сол ұжымдық бірлікті нығайта түсетін фактор болғанын, қазақ санасыңда этникалық және діни ұстанымдар біте қайнасып, байланысқан деген ойды А. Сұлтанғалиева өз еңбегінде алға тартады [133, 30-б.].

Көшпенділік – дінге, әсіресе ислам дініне еш кедергі жасамайтын фактор екенін, ал моральдық, психологиялық жағына келгенде, ол тіпті, керісінше, діни жетілуге колайлы өмір салты екеніне назар аударғымыз келеді [40]. Себебі, жоғарыда айтылғандай, көшпенді адам дүниеқоңыздықтан ада, ар-намысын ақшаға сатпайтын, әрі денесі шыныққан адам, батыр (исламның биік сатыларында, тариқат практикасында ол маңызды шарт).

Көшпенді — әдетте ақыл-ойы еркін дамыған адам, ал бұл қасиет – дін жолында догматизмге, кертартпалыққа ұшырамаудың кепілі. Осындай табиғи бекзаттыққа, идеализмге, қаһармандыққа ислам руханияты, жиһат рухы келіп қосылғанда қазақ қалай «нашар», «шикі» мұсылман болады? Тіпті, біздің ойымызша, көшпенді өмір салтын ұстанушы мұсылмандар қалалық мұсылмандардан дәл осы моральдық рух, жиһат рухы, идеалистік ұмтылыс жөнінен анағұрлым артық. Яғни, дінді ең әуелі моральдық жетілу жолы десек (ал Құран, Хадистің шын мағынасы сол), далалық көшпенді-мұсылман емес, керісінше, қалалық мұсылман (саудагерлік, дүниеқоңыздыққа бейім) «нашар мұсылман» болып шығады.

Исламның парыздарын алсақ, әуелгісі – ол иман. Иман дегеніміз – сенім, Аллаға, Оның барлығына, бірлігіне сену, Алланың періштелеріне, Қасиетті кітаптарына, пайғамбарларға, Қияметке, т.б. Сонымен бірге, «иман» дегенді рухани тереңірек (суфизм даналығы тұрғысынан) талдасақ, ол жәй ғана Жаратушы-Құдайдың барлығын ауызбен айтып, құрғақ ақыл, логика бойынша түсініп қабылдау емес (әрине, ол да керек, себебі, ол діннің бастамасы). Иман тереңдей түскеңде рух оянады, иманның пайда болуының өзі рухтың белгі бере бастауы, ал рух – ең әуелі ар-ұят, махаббат, басқа да рахмани, моральдық, гуманистік (яғни адамды сүю, қастерлеу) қасиеттерінің қайнар көзі. «Ұят бар жерде иман бар» деген мақал сондықтан айтылған.

Абай атамыз «Ғақлия» (Қара сөздерінде) исламның бес парызы жайлы жазғанда, иманды исламның мәні, өзегі, жүрегі іспеттес суреттеп, ал қалған төртеуін (намаз, ораза, зекет, қажылық) тек иманның «күзетшілері» деп анықтауы Абайдың терең теологиясын, ұлттық дәстүріміздегі ақын-ойшылдардың софылық руханияттың жақтаушысы болғанын дәлелдейді [1, 2-том, 153-6.]. Сол сияқты, Абай өлеңдерінде кездесетін «имани гүл» деп аталған идеяға қазақтың діни мәдениетін қарастырып отырған біздерге соқпай кету мүмкін емес:

«Махаббатпен жаратты адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және Хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл…

Руза, намаз, зекет, хаж — талассыз іс,

Жақсы болсаң жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшті бекітпей, соңгы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс»

[1, 1-том, 247-248-66.].

Сонымен, иман – шынайы пәк, биік исламның басты назарында тұратын киелі ұғым. Нәфсі басым жерде иман әлсіз. Суфизмнің басты мақсаты — иманды сақтау, оны жетілдіру, кемелге келтіру. Суфизмсіз, рухсыз, имансыз дін мәнінен, күш-қуатынан, тартымдылығынан айрылады, жансыз өлікке айналады, барлық дүмшелік, надандық, тоқырау құбылыстары осыдан өрбиді. Абай теологиясы бойынша, иман толық болған жерде адамның жүрегі бейне-бір гүлге ұқсап, нұрға толады. Ондай жүрекке міндетті түрде сүйіспеншілік пен адамгершілік ұялайды. Адам Алланы сүйеді, сондықтан басқа адамды, тіпті кез келген адамды, тіршілік иесін сүюге бейімделеді, сөйтіп моральдык жағынан әбден кемелденеді. Бірақ ол оңаймен келмейтін нәрсе.

Иманды нәзік гүлді суарып, күткендей күту қажет, түрлі шайтанның арбауларынан қорғау керек, сондықтан дін жолы ақылды, саналылықты, мәдениетті, тәртіпті, еңбекті, қайраттылықты, шариғатты, діни жаттығуларды (намаз, зікір, фікір, т.б.) қажет етеді. Олай болмаса, адам баласы иман шырағын бойына жаға алмаса, ол — нәрсіз, нұрсыз, ойсыз, адамгершілігі мен құдайшылдығы төмен мақұлық болары сөзсіз. Нұр-иман шырағын жаға алмаған сана иесінің намаз оқи бергенінен, қажылыққа бара бергенінен бәлендей пайда жоқ, ол діннің ең төменгі баспалдағында тұр, нағыз мұсылманның идеалынан алыс. Абай атамыздың өлеңдерінің мазмұны, міне, осыған саяды.

Алайда, диалектикалық ойлау Абайды, басқа да қазақ дінтанушыларын иманды діннің қалған төрт парызымен өзара тығыз байланысын ұмытпауға, оларды (парыздарды) бір-біріне қарсы қоймау, бір-бірінен ажыратпауға, осы арадағы байланыс негізінен аса күрделі екенін ұмытпауға шақырады. Қазақ ойшылдары, теологтары қазіргі мәдениеттану ғылымының тәсілдемелерін бұрыннан-ақ біженге ұқсайды, себебі, исламды жүйелік тұрғыдан қараған. Иман – діни жүйенің ядросы, жүрегі, рухани-ақпараттық орталығы деп, ал басқа парыздар, қағидалар оған бағынышты және сонымен қатар өз орны, міндеті бар элементтер болып қаралды. Иманды қорғау үшін намаз, ораза, басқа амалдар қажет, ал өз кезегінде иман намаздың, оразаның рухани дәрежесін күннен-күнге асырып, жоғарылатып, мән беріп, оларды Пайғамбардың, әулиелердің намазы мен оразасына жақындатуға ықпал етіп отырады.

Кейіннен, сыртқы миссионерлерден тәуелділік азайып, көшпенділердің өз ортасынан беделді діни-рухани элита қалыптасты.

Ауылға келген молла, ишан, қиссашы, діндар, ділмар ақын, шешенді қазақ жұртшылығы үлкен құрметпен қарсы алып отырды. Кешке қарай ондай құрметті қонақ түскен үйге халық жаппай жиналып, шариғат сөздерін, өнеге алатын мысалдар мен діни сарындағы қиссалар мен хикаяларды зор қызығушылықпен, ықыласпен, тіпті көзіне жас алып, елжіреп тындады. Діни қиссалардың қазақ халқының дүниетанымын қалыптастырудағы маңызды рөл атқарғанын Шоқан Уәлиханов, В. Радлов, басқа зерттеушілер атап өткен. В.В. Радлов «Жұм-жұма» атты қиссаны жазып алып, осы қиссаның қазақтарды діндар етуге ықпалын сөзбен айтып жеткізу қиын екенін айтады [121, 21-6].

Иман айту дегеннің сыртқы формасы ол — «Лә иллаһа илла Аллаһ Мұхаммад расулаллаһ» деп салтанатты түрде мәлімдеу. Және осы шаһадатты сөзді, сондай-ақ басқа да қасиетті формулаларды («Бисмилляхи рахмани рахим», «Аллаһу акбар», т.б.) өмір бойы жадында ұстап, үнемі ойымен, тілімен айтып жүруді дағдыға айналдыру. Қазақ мұсылмандары иманды ана тілінде де айтып білдірген. Мәселен: «Ұрқым мұсылман, дінім ислам, Алла -бір, Құран шын, Пайғамбар хақ, Құбылам Қағба» немесе «Алла бір, Құран шын, Пайғамбар хақ». Ата-бабаларымыз хақ дін исламды ұстанғанын, ұлы өркениеттің тағдырына ортақ болғанын мақтанышпен, қуанышпен сезінген-ді. Әдетте, орыстар, еуропалық саяхатшылар дін туралы сұрақ қойғанда саналы қазақ азаматы «Әлхамдулилла, мұсылманбыз» деп жауап берген.

Күнделікті тұрмыста да, салтанатты жағдайларда да мұсылмандық әдеп нормалары қатаң талап етілді. «Ұлық болсаң кішік бол», «Ұят бар жерде иман бар», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» сияқты халық дүниетанымының негіздерін білдіретін қағидалар исламнан, суфизмнен өрбіген. «Әдеп», «мәдениет» сөздерінің өзі араб-мұсылмандық ықпалмен келгені көп нәрсені аңғартады. Қазақ қоғамындағы әдептілік нормалары ислам шариғатынан, Хадисте нұсқалған қағидалардан, әулие-софылардың адам моделіне байланысты («жауанмәрт», «инсан камил») өсиеттерінен тарады. Жалпы, имандылық негізінде, Қазақ халқы өз бойында асыл қасиеттер, асқан мейірімділік, жомарттық, қонақжайлылық, сабырлылық, төзімділік сияқты моральдық қасиеттер жинады. Ол халыққа өз тарихындағы небір қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргенде сабырлылық сақтауға, оптимистік көзқарасты жоғалтпауға шешуші ықпал етті.

Діннің көрсеткіштерінің ішінде исламда намаз оқу ерекше орын алады. Исламның басқа діндерден айырмашылығы – күніне бес рет қатаң тәртіп бойынша адам баласы өзінің шын мәнінде кім екенін еске түсіріп, мәңгіліктің алдында тәубәға келіп Аллаға құлшылық етеді. Ислам адамды ақылы мен қайратын берік ұстануға, өз нәфсісіне ие болуға үйретеді. Күніне бес рет дәрет алып, намаз оқу о дүниедегі сауабын айтпағанның өзінде, бұл өмірде, қоғамда адам баласын мықты тәртіпке салып, игі әсерін тигізетіні сөзсіз. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» дегендей, дәстүрлі қазақ қоғамында еркек атаулы ертемен, күн шықпай тұрып, азан шақырып, Аллаға мадақ (тәкбир) айтқан, таң намазын оқыған. Сондықтан да ырыс-несібесі артқан, елге құт дарыған.

Құран-кәрімді қастерлеу – қазақ мәдениетінің, өмір салтының маңызды да көркем сипаттарының бірі. «Оларда Құранмен берілген ант ерекше бағаланады» деп жазады орыс авторлары [115, 233-б.]. Құран оқу қазақ қоғамыңда, әрбір шаңырақта кең тарады. Дастарқан басында, той, ірі жиындарда міндетті түрде сыйлы адамдар, діндар қариялар Құран оқып, бата берген. Қазақтың «бата» («батиқа» деп те айтыла береді) сөзі арабтың «фатиха» деген сөзінен, яғни Құранның бірінші және ең қасиетті сүресінің атауынан шыққан [127, 2-том, 122-б.]. Осының өзі де – қазақ дәстүрінің исламдануын дәлелдеуге жеткілікті айғақ. Яғни, ежелгі кезде бата беру «Фатиха» сүресін оқудан басталған, содан соң қазақша тілек сөздер қосылған. Халық арасында ертеректе тараған бата үлгілерінде «әуелі Құдай оңдасын, сосын пайғамбарың Мұхаммед қолдасын» деген сияқты сөздер жиі кездескен [65, 2-б.]. Төмендегі бата нұсқасы өзінің рухани мазмұнымен, шариғат пен шығыс тарихы, классикалық әдебиет образдарына жақындығымен қызықты:

«Әуелі Құдай жарылқасын,

Пайғамбардың берекетін берсін.

Әбубәкір Сыдықтың салауатын берсін.

Әділ Омардың айбатын берсін,

Әзіреті Оспанның ұятын берсін,

Әзіреті Әлінің қуатын берсін,

Ибрахим пайғамбардың малын берсін,

Әкім Ұлықманның жасын берсін,

Әкім Сүлейменнің тақытын берсін.

Ескендір Зұлқарнайынның бақытын берсін,

Атымтай жомарттың даңқын берсін,

Дәуіт пайғамбардай отыз ұл берсін » [28, 40-б.].

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақал қазақ халқының ұлттық менталитетінің рухани сипатын, ислам мен суфизм этикасының терең ықпалын дәлелдеп тұр. «Малым – жанымның садағасы» деген – ол қарапайым шариғат, діннің алғашқы сатысы. Ал «жаным – арымның садағасы» деген — суфизм, діннің ең биік дәрежесі, Пайғамбарға еліктеу, рух жолында нәфсісін құрбандыққа шалу, кез келген адам бара алмайтын ерлік, мәрттік формуласы.

Қазақ халқының рухани мәдениетінде аса маңызды орын алатын мұсылман дінімен енген түсініктер мен сенімдер жинағы Қызыр бабамен байланысты. Қаһармандық эпоста, бата үлгілерінде, мақал-мәтелдер мен ертегі, аңыздарда осы киелі күш-құдірет иесі жиі кездеседі. Қызыр немесе Қыдыр (арабша Хидр) бейнесінің, оның төңірегіндегі сенім-нанымдардың қазақ дәстүріне тигізген әсері өте зор деп түсіну қажет. Софылық әдебиет арқылы белгілі болған Қыдыр ата туралы түсінік қазақ, тағы басқа шығыс халықтарының дәстүріндегі адамгершілік, гуманизм, қонақжайлылық сияқты тамаша қасиеттердің қалыптасуына тікелей ықпал етті. Ислам әдебиетіне жүгінсек, Қыдыр — өлген аруақ емес, мәңгі тірі төрт пайғамбардың бірі (Иса, яғни, Иисус Христос, Ілияс, Ыдырыспен қатар). Ол киелі өмір суын (Абу хайат) ішкен, Ақыр заманға дейін Алланың берген өкілеттілігіне сәйкес жер бетін аралаумен жүр. Адамдарды сынау үшін ізгі ниеттегілеріне оның даруы туралы үкім келгенде, көбінесе қария адам бейнесінде оның үйіне қонақ болып келіп, батасын береді. Кейде бір адамға екі, тіпті үш рет те көріне береді (сондай-ақ, түсінде де аян береді). Қызыр орта ғасыр мұсылмандарңның суреттеуінде – ақ боз ат мінген сымбатты адам, ақ және жасыл түсті киім киген, қолына қамшы немесе найза ұстаған [158].

Бірақ, ол кейде тіпті бала немесе жануар (мысалы, қоян, құс) бейнесінде де көріне береді. Халық әрбір бес жүз жыл сайын оның дене мүшелері қайта жаңарып, ауыстырылады деп сенген. Сол сияқты, әдетте өзін кім екенін жария етпейтін бұл құпия адамның белгісі – оң қолында төрт-ақ саусағы бар немесе бас саусағы мен сұқ саусағы бірдей т.с.с. (сондықтан қол алысып, амандасу әдеті тарады-мыс).

Қыдыр атаның басты «қызметі» – адамдарды ислам жолына түсіру (сондықтан, мысалы, Қожа Ахмет Йассауи, Зуннун Мисри, Тирмизи, Ибн Араби сияқты атақты софылар Қыдырмен кездескені туралы жазып кеткен). Сол сияқты Қыдыр ата қарапайым, адал, Құдайға жалбарынушы адамдарға да келіп, дари береді делінген. Бұл құтты қонақ келген үйден пәле-жала, қасірет, ауру-індет, жоқшылық кетіп, орнына бақ-дәулет, денсаулық, абыройлы өмір келеді. Сондай-ақ, Қыдыр соғыстағы батырларға да, түрлі қауіп-қатерге ұрынып қалған, адасып жол таба алмай жатқан пенделерге де келіп, өз көмегін көрсетеді. Міне, сондықтан, басқа да мұсылман халықтары сияқты, қазақтар Қыдыр атаны қатты сыйлаған, әрбір бейтаныс адамды, жолаушы, қонақты «Қыдыр емес пе екен?» деп, оған құрмет, ізет, сый-сыяпат көрсетуге тырысқан. Міне, діннің гуманистік, адамды сыйлау дәстүріне тіқелей ықпал етуінің мысалы! Қазақта осы киелі образға байланысты «Қырықтың бірі — Қыдыр», «Әркімді көрсең Қыдыр біл, Әр кещені қадір біл» деген өсиет сөздер, «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын», «Жорытқанда жолың болсын, Жолдасың Қызыр болсын» деген сияқты тілек-баталар тараған. Сол сияқты Қыдырмен байланысты қойылған есімдер – Қыдырәли, Қыдырбек, Қыдыргелді, т.б.

Олардың (ертегілердің) басты идеясы – құдайшылық, жақсылықтың үстем болуы, оқу-білімді, әділеттілік пен рахымдылықты дәріптеу, яғни Құран-Хадис, суфизмнен өрбіген моральдық қағидалар. Ертегілердің басым көпшілігі арабтың «Мың бір түнінен» ауысқан. Шығыс халықтарына ортақ Лұқман хакім, Сүлеймен патша, Атымтай жомарт, әділ Наушаруан туралы қызықты да ғибратты ертегілер – қазақ балалары мен ересектерін неше ғасырлар бойы тәрбиелеп келе жатқан тамаша туындылар. Ертегілердегі жағымды кейіпкерлер – мұсылман үлгісінде. Моральдық жағы өз алдына, олар Аллаға сеніп, ғибадат етушілер, ғазиз жандар («Ғайбат сөйлемейтін, намаз-оразасын тастамайтын, өзінің ұстанған дініне мықты адам болыпты», «Қыз келіп намаз оқып отырғанда…», т.б.).

Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінде оқиға Бағдатта, Мысырда, сарайларда болып жататыны, мешіт, кеме, шеберхана, шайханалар аталуы, кейіпкерлердің кітап оқуы, «қазы», «оқымысты», «дуана», «әулие», «қожа» сияқты мұсылман дін адамдары, мифологиялық бейнелер (пері-жындар, Самұрық құс, дәулер), маймылдар, тоты құстар, т.б. экзотикалық жануарлар аталуы – фольклордың бұл түрінде де араб-парсы ықпалы, ислам идеялары едәуір терең кіргенін көрсетсе керек.

Мақал-мәтелдерде софылық исламның ықпалы, Хадистердің әсері қатты сезіледі. Мақал-мәтел арқылы қазақ халқы жас ұрпақты, бүкіл халықты арлылық, мәрттік, құдайшылық – адамгершілік қағидаларына сәйкес өмір сүруге үйретті, осы киелі құндылықтарды қоғам мүшелерінен талап етті. Имандылық, жақсылық-жамандық, тәлім-тәрбиеге, дүние заңдылықтарына қатысты мақалдар халықтың биік мұсылмандық бейнесін айқындайды. Мысалы, көшпенділерге тән ар-ождан тазалығын сақтау әдетімен Пайғамбардың ар-ұят, намыс, мәрттік, руханият туралы айтқан хадистерінің тамаша үйлесуінен туған сөздер: «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Ұят бар жерде иман бар», «Өлімнен ұят күшті», «Ұялмаған бұйырмағаннан ішеді», «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне», «Ер болсаң нәпсіңді жең», «Жақсылыққа жақсылық — әр  кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық — ер кісіңің ісі», т.б. Тікелей Құдай, аруақ, о дүние, имандылық жайында айтылған мақалдар санатына, мысалы, «Аққа Құдай жақ», «Адамнан асса да, Құдайдан аспайды», «Адам асыққанмен Құдай асықпайды», «Құдай деген құр қалмас», «Құдайсыз қурай да сынбас», «Жалғыздың жары – Құдай», «Құдай бергенге құлай береді», «Аллаға жағамын десең азанды бол», «Сабырлылық – Алладан, сабырсыздық – шайтаннан», «Құдайға сенген құстай ұшар, адамға сенген мұрттай ұшар», «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер», «Тәкаппар – Құдайдың дұшпаны», «Өлі разы болмай, тірі байымайды», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», т.б. мақалдар жатады.

Қазақ топырағында ежелден діни қисса-дастандар, араб-парсы классикалык әдебиетінің белгілі туындылары өңделіп, «қазақыланып», кең тарап жатты. Қиссалар халықтың рухани тәрбиесіне зор игі ықпал тигізіп отырды [11]. Діни қиссаларда Пайғамбар, алғашқы халифалар (әсіресе Әли), Хасан мен Хұсейінге (пайғамбардың Фатимадан туған немерелері) қатысты, ислам дінінің тарихына арналған әңгімелер көркем түрде баяндалады. Мысалы, «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербаланың шөлі», «Құсайын қиссасы», «Дариға қыз», «Жұм-жұма», т.б. – осы жанрдың белгілі нұсқалары. Мұсылман діні қазақ санасына қаншалықты терең сіңгенін мынадан білуге болады: қиссалардағы Әли, Омар, т.б. ислам қайраткерлері – ұлттық батырлар Алпамыс, Қобыланды немесе Абылай, Бөгенбай мен Қабанбайлардан еш айырмашылығы жоқ, үлкен сүйіспеншілікпен сомдалған бейнелер.

Қазақ ақыны, әсіресе ерте кездегі жырау-ақын – дарынды, ой-өрісі кең, көшпенділердің рухани сипаттағы адам идеалын бойында көрсете білген асыл тұлға. Жырау тек ақын ғана емес, ол – би, батыр, сазгер, шешен де бола берген. Ол – хандықтың «басты идеологы» [98, 114-б.]. «Жырау — ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшы, уақыт, оқиға сырын, заман бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы, қисық кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бетің бар, жүзің бар демей тура айтар өткір де әділ биі, жөні келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар жауынгер жырауы, қолбасы болған» [30, 166-б.]. Бұл жерде біздің қосарымыз — әдебиетте белгілі себептермен тиісті дәрежеде бағаланбай, зерттелмей келе жатқан тақырып – жырау, билердің дінге деген көзқарасы.

Шынында, қазақ ақын-жыраулары, билері, сол сияқты батырлар мен хандар да – мұсылманша сауатты, көбі суфизмді ұстанған адамдар болды. Жырау болса софылық, діндарлықтың арқасында әулиелік, көріпкелдік, тағы әр түрлі рухани қасиеттерге ие болған. Жыраулар араб-парсы классикалық әдебиетін, қисса-дастандарды жақсы білген, бір сөзбен айтқанда, мәдени, өркениеттік дәрежесі өз заманына лайықты адамдар болған.

«Қайғы» деп аталуы көбінесе ел қамын жегенімен, жәй ойшыл адам болғанымен түсіндіріледі [30]. Әрине, ол мағынаны да жоққа шығармау керек, алайда, бұл жәй ғана, яғни, қайғылы көңіл-күй, мінез, әлеуметтік мұң-мұқтаждардан гөрі, терең философияға, суфизмге тән дүниенің опасыздығына көзі жеткендікке, фәни тіршіліктің өтпелілігін ойлағанға ұқсайды. Асанның «қайғылығы» софы Қожа Ахмет Йассауидің Хикметтерінде айқын көрінетін пессимистік діни көзқараспен, басқа да софылықтың ықпалына түскен түркі мұсылман шайырларының опасыз дүниеден түңіліп, мәңгілікті, Алланың киелі дидарын көруге ынтық болып зар жылауы, яғни, мистикалық көңіл-күймен үндесіп жатыр.

XVIII ғасырда өмір сүрген Үмбетей жырау мен Бұхар жырау да нағыз мұсылман данышпандары болғанын өз шығармалары арқылы білдіреді. Олар дінді аса терең мағынада талдап, Құдай жолында ең бастысы — иман, ар-ождан, адам жанының, ойының тазалығы екенін ескертеді. Мысалы, «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішінді» (Үмбетей). Бұхар жырау: «Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда».

Дін идеялары Қабан жыраудың (Қабылиса) шағармаларында да айқын көрініс береді. Халық жырауды әулие, абыз деп санады. Шариғат пен тариқат (суфизм) идеялары Қабан жыраудың өлеңдерінде тамаша көркем образдар арқылы насихатталады. Жырау «үлгілі қазақ» образын сомдайды. Әулие-ақынның түсінігінде нағыз қазақ, үлгілі ер-азамат – ол Аллаға сенімі күшті, шариғат жолын ұстанған («бес уақыт намазды баққан қойдай күткен»), нәфсісіне ие болып, арын жанынан жоғары қойған кемел, ойлы мұсылман. Ораза ұстау, зекет төлеу, жесірлер мен жетімдерге қамқор болу, тәкаппарлық, жалқаулық, жемқорлық пен парақорлықтан аулақ болу – осының барлығы рухани элитаның халық болашағын ойлап, барлық қоғамдық дерттердің басталуы – моральдық азғындаудан екенін дөп басып білгенін көрсетеді.

«Шариғаттан сөз айтқан молла тілін алыңыз» деп ақын дін адамының рөлін жоғары бағалайды. «Бақыт, қайда барасың?» өлеңінде жырау жеке адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның, мемлекеттің бақыты, берекесі имандылық пен адамгершілікте екенін, ал ондай асыл қасиеттердің қайнар көзі, бұлағы – ислам діні екенін халыққа өсиет етеді:

«Бақыт, қайда барасың?

Шариғат сөзіи тыңдаған,

О дүниені ойлаған

Аллалы үйге барамын…

Үйінде тұрған Құраны

Расулама ұраны

Тәртіпті үйге барамын… » [7, 89-б.].

Бұл кезеңдерде қазақ қоғамында рухани-моральдық (сол сияқты саяси) дағдарыстың алғашқы белгілері байқала бастады. Бұхар жырау, Шал ақын, Қабан жырау сынды рухани ұстаздар, кесемдер осыңы алдымен сезіп, нәфсіге ерік берген халықтың оңбайтынын еске салып, қатты аландап, қазақты шариғаттан айырылмауға шақырды. Олардың толғауларында жақсы жігіт пен жаман жігіт (немесе ер – ез, мәрт – нәмәрт оппозициялары), жақсы әйел (келін, қыз) мен жаман әйел образдары жиі суреттеледі. Ол тегін емес. Осының өзі қазақ қоғамында келеңсіз құбылыстардың көбейе бастағанын, жаман мінез-құлықтың таң болмай бара жатқанын, иманның әлсіреп, арсыздық, дүние-қоңыздықтың қатардағы құбылыстарға айналғанын көрсетеді. Сондықтанда, әдебиеттанушылар Доспамбет, Ақтамберді сияқты ерте кездегі жырауларда үміт лебі, жауынгерлік өр, оптимистік рух мол болса, кейінгі, мысалы, Үмбетейде тілдеу, зеку, сес басымырақ дегенді дұрыс жазады [30, 211-б.].

Ақын, ойшыл, зиялы – халықтың ар-ұятының сақшысы, жан дауысы. Ол еш негізсіз қандастарын, туған халқын сөгіп, айыптамайды. «Дос жылатып айтады» дегендей, шын жаны ашыған соң ғана ол ақын жүрегінен шыққан ақиқатты ашық айтуға мәжбүр болады. Өкінішке орай, сол кездегі келеңсіз үрдіс жалғаса берді, қазақ қоғамында моральдық құлдырауды тоқтату қиынға түсті. Сондықтан жыраулық поэзияда аздап қана байқалған осы тенденция күшейіп, XIX ғасырдағы «Зар заман» ағымы өкілдеріндегі мұң-зарына ұласты, Абайдың «Ғақлиясында» ұлтқа айтылған ғаламат сын — «ит қазақты» айыптауға барып тірелді. XX ғасыр басындағы жаңа интеллигенцияның (жәдидтердің) азаматтық поэзиясында да сыншылдық, реалистік көзқарас пен моральдық дерттерді әшкерелеу орын алды.

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақ халқы қазақ аталғалы бері қаншама заман мен ғасыр өтті. Осы уақыт ішінде қазақ халқы бірнеше жоғары тылсым күш пен дінге бағынудың тағдырын бастан кешірді. Кіріспе бөлімінде қазан төңкерсінен кейінгі қалыптасқан атеистік көзқарастардың тәлім-тәрбиедегі олқылықтары ашып көрсетіп, тақырыбымызды белгіледік. Ата-баба дәстүрін оқып-үйренуде қазан төңкерісінен кейінгі жүріп өткен үрдіс біршама дәстүрлі топырағынан айырды. Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан дінсіздік адамның рухани құлдырауына әкеліп соққаны белгілі. Қазақ халқы өзінің дәстүрлі тәлім-тәрбие қорынан айрылды.

Адамның қалыптасуы үшін белгілі бір заңдылық керек. Бұл заңдылық адам тарапынан емес, үлкен ұлы күш, құдірет иесі арқылы белгіленеді. Мұны біз дінді тану арқылы ғана біле аламыз. Сондықтан дін, хақ діні, исламның қайнар көзі мен бұлақтарына тоқталып өттік. Үш түрлі хақыға тоқталдық. Ислам дінінің өркениетті болу себебі көрсетіліп, осы тұрғыдағы ғалымдардың ой-пікірлерімен тұжырымдалды. Ислам дінінің адамзат тәрбиесіне берері мол. Сондықтан исламның жаны мен нәрі неден алынатындығы көрсетілді. Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктерін, оған қатысты қалыптасқан көзқарастар ашып көрсетілді. Исламияттағы сүйіспеншілік, адамгершілік пен ізгілікті уағыздаушы болу мүмкіндіктері көрсетілді.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі исламияттың қазақстандық халықтық тәдім-тәрбиеге ықпалы мен тигізген әсерін ашып көрсеттік. Көшпенді қазақ халқының ислам діні арқылы бойына сіңген немесе қалыптасқан тәлім-тәрбие үрдістеріне баса назар аудардық. Қазақ халқы өзінің қалыптасу дәстүрінде, яғни бала тәрбиелеуде белгілі бір негізделген исламдық дәстүрлері болды. Осы орайда, Қыдыр атаның рөліне, халық ауыз әдебиеттеріне, Құран хадис көріністері арқылы дәлелдеуге талпындық.       

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Nevzat Ayesbeyoglu. Islam egitime getirdigi degerler. Istanbul, 1991, 15-17s.
  2. Gulkalp, terbyen sosyal ve kьltьrel temelleri. Istanbul, 1995.
  3. K.Pilavoglu. Anne ve babaya dini ugtler. Ankara, 1975. 52s.
  4. К.Хашимов. Педагогика тарихы. Ташкент, 1996ж.
  5. K.Pilavoglu. Anne ve babaya dini ugtler. Ankara, 1975. 70s.
  6. Мухиддин Исаұлы. Құран кімнің сөзі. Алтын қалам баспасы. Алматы, 2004ж.
  7. Мехмет Шимшек. Хадис методикасы. Түркістан, 2004ж.
  8. Hayats sahabe. 1c, 31s.
  9. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. –Алматы, Ғылым. 1999. -160-бет.
  10. Ақназаров Х.З. Ислам діні және өмір шындығы. Алматы: Қазақстан, 1997. 8-бет.
  11. Ислам әліппесі – Азбука ислама. ЖШС Фараби – энциклопедист. Алматы, 2000. 3-бет.
  12. Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық. Алматы, 1989. Т.1. 93-67 беттер.
  13. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл». Алматы, 2003. 110-бет.
  14. Н.Өсеров, Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы, Қазақстан. 1992. 149-беттік. 135-149 беттерінен.
  15. Өте қажет қағидалар. А.Дамуллам. Қазан баспасы.
  16. Ислам ақиқат көзімен қарағанда. Алматы. 2003. 157.
  17. Негізгі діни мағлұматтар. Алматы. 2004. 367.
  18. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы. 1992. 149.
  19. Н.Нұртазина. Қазақ мәдениеті және ислам. Алматы. 2002-2006.
  20. Ақымбек Е. Ортағасырлық Қазақстан жерінде қалалардың дамуына исламның әсері. Вестник ҚазНУ. 2001. №1.
  21. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995.
  22. Ислам. Энциклопедия. Алматы. 1955.