АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Испаниялын физикалык жане географиялык жагдайы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

 

1 ИСПАНИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ………….5

1.1 Геологиялық құрамы, пайдалы қазбалары және климаты …………………………..6

1.2  Cу ресурстары, топырағы , өсімдік және жануардүниесі……………………………9

 

2 ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ……………………………………..12                              

2.1  Қалалары; елді мекендері және ұлттық құрамы……………………………………….14

2.2  Ел ішіндегі тілдер және шетелдіктер……………………………………………………….16

 

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ……………………………19

3.1 Өңдеу өнеркәсіптері және отын энергетика салалары……………………………….22

3.2  Ауыл шаруашылығы………………………………………………………………………………27

3.3  Испания экономикасының даму алғышарттары………………………………………29

 

4 АВТОНОМДЫҚ ОБЛЫСТАРЫ……………………………………………………………..33

4.1 Мадрид, Каталония, Валенсия Қоғамдастығы………………………………………….33

4.2  Андалузия, Баск елі, Галисия………………………………………………………………….36

4.3 Эстремадура, Мурсия, Арагон, Астурия, Кастилия, Ла Манча, Кастилия

 және Леон…………………………………………………………………………………………………..38

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..43

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Испания –Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиус аралдарын, Атлант мұхитындағы Канар аралдарын және Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута және Мелилья қалаларын иемденеді. Географиялық координаты 40 градус солтүстік ендік, 4 градус батыс бойлық. Испания территориясының жалпы аумағы 504750 шаршы км құрайды. Құрлық аумағы 499400 шаршы км. Ал өзен және көлдер аумағы 5350 шаршы км. Материктік Испания батысында Португалиямен, солтүстігінде Франция және Андоррамен, оңтүстігінде Гибралтармен шектеседі. Испания солтүстігінде Бискай шығанағымен, солтүстік -батысы  және оңтүстік-батысында Атлант мұхитымен, шығысында және оңтүстік шығысында Жерорта теңізімен шайылған. Испания Королдгі Франциямен 623 км, Португалиямен 1214 км, Андоррамен 65 км, ағылшын колониясы Гибралтармен 1.2 км, Мороккомен: Сеута қаласы 6.3 км, Мелилья қаласы 9.6 км- шекараласады. [1-20]

Шекараның құрлықтағы жалпы ұзындығы 1919 км, жағажайлық линиясы 4964 км. Испания Еуропада Швейцариядан кейінгі биік таулы мемлекет. Таулар ел территориясының 90 пайызын алады. Пиреней Испаныияның ең биік таулары емес. Елдің оңтүстік-шығысында биіктігі Алпіден ғана төмен Кордильера–Бетика деп аталатын тау жүйесі орналасқан. Оның жоғарғы нүктесі Муласен тауы. Бұл Еуропаның оңтүстігіндегі жаз бойы қар сақталып тұратын аймақ. Пиреней түбегі жан-жағынан сумен қоршалғанына қарамастан, елдің климаты мұхиттармен емес, сыртқы факторлардан қорғайтын тауларының есебінде көрінеді.

Испания Еуропаның ең қиыр батысында таулы Пиреней түбегінде орналасқан. Солтүстік-шығысында ол Пиреней тауларымен шектеседі. Елдің 50 пайызын Месета тауы алады. (меса –испан тілінде үстел деген мағына береді). Онда Месета деп жердің тегіс беттерін атайды. Месетада климат континеталды, құрғақ, ыстық жазы және суық қысымен ауысып отырады. Месетаның көп бөлігі тегіс және ылғалы аз. Альмерияда судың сондай аздығына қарап, бұл жерді Еуропаның шөлі деп атасақ болар еді. Бірақ, мұнда да жайнаған оазистерді кездестіруге болады. Месетаның батысында тектоникалық қиылымдар және өзен аңғарлары көп, шығысында олар тегістеу келеді. Орталық Кордильерлер Месетаны солтүстік (Ескі Кастиль тауы) және оңтүстік (Жаңа Кастиль тауы) бөліктерге бөледі. Месетаның солтүстігінде Бискай шығанағының жағалауы бойында ортасында, Пикос де Эуропа жазықтығы Кантабрий таулары созылып жатыр. Кантабрий таулары Испаниядағы аса қуатты Переней тауларының бірнеше тау жоталары батыстан шығысқа қарай 450 км созылған. Пиренейдің орташа биіктігі 2500 м, ең биік жері Ането шыңы 3404 м. Мисетаның солтүстік-шығысына қарай ұзындығы 250 км және биіктігі  231м    (Монкйо шыңы) жететін Иберий таулары созылған. Шығыс Пиренеймен Иберий тауларының арасында орналасқан және Жерорта теңізі жағалауына дейін созылған аса биік емес Каталон таулары жатыр. Елдің оңтүстік-шығысында ортасында Съерра-Невада тауы орналасқан Кордильера Бетика тау жота жүйесі созылып жатыр. Мұндағы Муласен тауы (3478 м) Испанияның ең жоғарғы нүктесі.

Қалған 10 % териториясын Съерра-Морена және Кордилера Бетика арасында жатқан Андалузия жазықтығы, Эбро өзенінің бойында жатқан Арагон жазықтығы және Жерорта теңізі жағалауындағы ұсақ ойпаттар алады.

Испания жағалауы өте алуан түрлі болып келеді. Мұнда жартастарды, ұзаққа созылған жағажайларды кездестіруге болады. Галисия жағалауының бөліктері Норвегиялық фьордтарға ұқсайды, ал Атлантиканың солтүстік жағалауы әктасты мүйістер және ұсақ үңгірлерге бай. Жерорта теңіздік жағалауы көптеген жағалау жәна мәдени жағажайларға толы болғанына қарамастан шөлді лагуналары мен сазды батпақтарды кездестіруге болады. Оның ең белгілісі Кото  донана шөлі.

Жер жыртыу көп аудандарында осы заманға дейін дәстүрлі әдіспен жүруіне байланысты Испания басқа Еуропа мемлекеттеріне қарағанда өзінің табиғатын қалыпты күйінде ұстап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

                                  

1 ИСПАНИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

Испания Еуропаның аса биік таулы елдерінің бірі. 200 м теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттар ел териториясының 11 % құрайды. 65 % 500 м жоғары. (соның ішінде 25 пайзы 1000 м-ден жоғары) аймақтар бет қабаты құрамы жалпы жобасы негізі тектоникалық құрылымдарына сәйкес: елдің солтүстік-батысы, батысы және орталық бөліктерін эпигертцен формасында қалыптасқан жазықтар, орташа жоталар және тегіс таулар иемденеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктер қатпарлы таулармен акумулиятивті жазықтармен көрсетілген.

Испания Португалияға сияқты бір-бірін нақты тау шекаралаымен бөліп отыратын табиғат аудандары мен қатты оқшаулануы келеді. Испаниядағы тарихи облылыстарының пайда болуы және дамуы негізінде табиғи жағдайлармен табиғи аудандарының шекерасына байланысты болып отыр, мысалға Арогонды алсақ, ойға тарихи обылыс пен ойпат кіреді, Галисияны айтсақ, тарихи обылыс және кристалдық массив еске түседі.

Испания териториясының және Пиреней түбегінің негізі бөлігі биіктігі 600-800м орналасқан және түбектің 60 пайызын алатын Месета немесе орталық Кастиль деп аталатын қырат алады. Месета оңтүстік-батыс бағытында жантайған. Орталық Кордильер тау жүйесі Месетаны екі бөлікке солтүстік және оңтүстікке бөледі. Солтүстік мисета 800 м биіктікте жатыр. Кейде оны Ескі Кастиль қыраты деп те атайды, ал 600-700м биіктікте жатқан оңтүстік бөлігін Жаңа Кастиль қыраты дейді. Орталық Кордильер жоталары оңтүстік-батыс бағытта 700 км созылған. Орталық Кордильердің басты жоталары: Сьерра де Гредос, Сьерра де Гвадарама және Сьерра де Гатос. Жүйенің ең биік Сьерар де Гредос жотасындағы биіктігі 2592 м Пласа дел Моро Алмансор нүктесі Сьерра де Гвадраманың оңтүстігіне қарай оның тау бөктері арасында биіктігі 648 м жатқан Еуропаның ең биік астаналарының бірі –Мадрид қаласы орналасқан[15].

Испаныияның солтүстік-шығысында оны Франциядан бөлетін Пиреней таулары созылған. Таудың көп жері 2000 м жоғары биіктікті алады, ал жоғарғы нүктесі Маледетта массивіндегі Пиік де Ането 3404 м жетеді. Орталық Пиреней жүйесінің ең жоғары және өтуге қиын бөлігі Пиренейді мұздықтардың белсенді процестердің іздері кездеседі.

Оңтүстік Месетада бойлық бағытында Тахо мен Гвадиана өзендері арасы мен биіктігі 1736 м жететін Толедо таулары созылған. Оңтүстік Месета Сьерра Морена  тауларымен Андалузия ойпатына анықталады. Жерорта теңізі оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауларына жақын ұзындығы 630 км созылған Андалузия немесе Бет таулары  жатыр. Осы тауларда Сьерра-Невада жотасы орналасқан. Түбекте Испанияның ең биік нүктесі Муласен тауы (3482 м) осы жерде орналасқанмен, жалпы бұл тау жүйесі Пиренейге қарағанда онша биік емес және өту мүмкіндігі мол, осы тауларда Еуропаның ең оңтүстік мұздығы бар. Шығысына қарай Андалузия таулары Месета және Иберий таулар жүйесімен шекараласады.

Ұзындығы 500 км Иберий таулары Кантабрий мен Жерорта теңізі жағалауы (Валенсияның солтүстігіне қарай) арасында созылған. Жоғарғы нүктесі Монкайо (2316 м). Иберий жүйесі аудан көтерілімі жағынан елдің ең үлкен тау массиві. (40000 шаршы км).

Иберий мен Переней таулары арасында орта биіктікті жағалаулы Каталон тауары орналасқан. Ол ұзындығы 270 км созылған бірнеше тау жоталарынан тұрады. Жоғарғы нүктесі 1712 м биіктікте жатыр.

Испаниядағы ойпаттар териториясының аз бөлігін алғанмен елдің экономикалық өміріне маңызды рөл атқарады. Андалузия ойпаты Сьерра-Моренаның оңтүстігіне қарай Гвадалквивир өзенінің бассейінін алып жатыр. Ауқымды Арагон ойпаты Эбро өзенінің бассейінінде жатыр. Испанияның Жерорта теңізі жағалауында енсіз Мурсия және Валенсия ойпаттары созылған.

 

1.1 Геологиялық құрамы, пайдалы қазбалары және климаты

 

Испания геогогиялық құрлымында басты орынды шығысында Мезокайнозой платформасымен жабылған, Иберийлік Месетаның палиозойлы қыртысты комплекстері алады. Солтүстігінде Иберийлік Месета Пиренейдің оңтүстік қиыры мен, ал оңтүстігінде тіркескен Андалузия тауларымен (Бет Кордильері) жиектеліді. Иберийлік Месетада 3 тиктоникалық зоналар айқындалады.

1.Кантабрий және Иберий тауларын алатын солтүстік зона ескі палиозойлы қуатты терриген жауынының, орта палиозойлы карбонатты–теригенді шөгіндінің және (Астурий бассейнінде) карбонның паралийлі көміртекті қабатының геосинклиналь иілімінде қалыптасты. Негізгі қатпарлық карбонның соңғы кезеңіне келеді.(астурийлік фаза).

2.Галисия мен Кастилия арасындағы орталық зона граниттарымен шоғырланып ежелгі геоантиклиналь көтерілімімен көрсетілген, мұнда кембрийлік (сардиндік) қатпарлық үлкен маңызға ие болатын.

3.Оңтүстік (геосинклиналь)зона (Сьерра-Морена) көбіне негізі құрамды су асты жанартаулы және граувакк өнімдерінен құралған. Ол қатпарлық кезіңін девонның ортасында өтті. Мезо-кайназойлы патформалық қап карбонатты жауындар әрекетінен қалыптасты. Эбро өзенінің бассейінінде мұнда олигоценді (пиренейлік фаза) интенцивті қатпарлыққа ұшыраған флишты және молосты қабаттар шыға бастады. Бет Кордильері солтүстікке ауысқан топталған тектоникалық жамылғылардан тұрады. Ішкі жамылғы метаморфті палезоймен, сыртқы мезезойдың (палиоген және төменгі меоценнің) карбонатты және сынықты қабаттармен қалыптасқан.

Пайдалы қазбаларына келсек: Испанияның жер қойнауы өзінің рудалығы мен және әр түрлі кен орындары мен ерекшеленеді. Минерелды отын қорлары салыстырмалы түрде үлкен емес. Пайдалы қазбалардың басты кен орындары Месетаның буындыратын тау жүйелерінде және елдің периферийлі аудандарында шоғырланған. Ең көзге түсетіні Сьерра-Морена мен Уельвадағы оңтүстік белдеу. Мұнда мыстың колчеданды кенішін, сынаптың гидротермалды кен орнын қорғасын және мырыш рудалыры шоғырланған.  Темір кенінің ірі кен орындары Андалузия тауларында, Галисия, Астурия, Лион, Бискай, Сандандер және Граданадада орналасқан. Испанияда сапалы темір рудасы шоғырланған (металл құрамы 50 % дейін) ірі кен орындары бар (2 млрд т дейін) басты кен орындары солтүстікте Бильбаоға жақын жерде және Арагон Охос Негроста орналасқан. Барлық темір рудалар орынының 20 % Астурия мен Галисияға келеді.

Қалайы, вольфрам, уран кен орындары галисия тауында Саламанка және Касерес провинцияларында орналасқан. Уранды өндіру жөнінен Испания капиталтистік әлемде алтыншы және Еуорпада екінші орын алады. Оның кен орындары жоғарыда аталған провициялармен қатар Бадахос, Хаен және Лирита бар.

Пиреней мен Каталон тауларының қиылысында лигнит пен калий тұзы (карнилит және силвинит) Эбро өзенінің аңғарында каолин және апатит кен орындары орналасқан. Мысты пирит (мыс құрамы 10 % дейін) Испания мысты пирит қоры бойынша капиталистік Еуропада бірінші орынды алады. Басты кен орындары Тарсис, Рио Тинте және Сарса Уельва провинциясы Сьерра Морена тауларында орналасқан. Андалузияда түсті металдардың мол қоры бар. Хаэн провинциясында (Линарис, Ла Каролина) қорғасын, мырыш рудалары,  Сандандерде (Реосин ауданы) мырыш, Галисияда волфрам, маргенец, қалайы өндіреді. Андалузия мен Галисияда  платина, алтын және күміс кен орындары кездеседі[1-9].

Сынап қоры бойынша Испания капиталистік әлемде бірінші орынды иеленеді. Альмеден негізгі сынап кен орны. Месета мен Сьерра-Морена қиылысында Сьюдад-Реаль (Жаңа Кастелия) провинциясында орналасқан Альмеденде өндірілетін рудадағы сынаптың үлесі 6-9 % болса, италияндық рудадағы сынаптың құрамы 1 %.

Жергілікті энергетикалық ресурстары негізінен тас көмір қорларынан құралады. Тас көмір қоры 9 млрд т, қоңыр көмір 1 млрд т көлемінде белгіленеді. Барлық көмір қорының жартысына жуығы Астурияға (елдің негізгі көмір бассеиіні) келеді. Солтүстік-батыста, Лионда антрациттың қорлары кездеседі. Қоңыр көмірдің ең көп жерлері елдің шығысында Теруельге жақын Утрильяс ауданында шоғырланған. Шым Пуертольянода (Сьюдад-Реаль) өндіріледі. Каталонияда Сурия ауданында калий тұздарыны ірі қорлары бар. Фосфорит Эстремадурада, күкіріт Альбасетеде және асфальт Эбро ойпатының жоғарында өндіріледі.

            Испаныияның климатына географиялық орналасуында Африка контенетінің ірі шөлдерінің жақындығына қарамастан бет қабатының өзіндік құрлысы әсер етеді. Испанияның ішкі ауданы жан-жағынан жоталармен қоршалып, су тапшылғын сезіп отыр. Су тапшылығы және күннің мол түсуі елдің көп аудандарына тән. Жылына шуақты күндер саны бойынша Испания Еуропада Италия және Еуропамен қатарласып бірінші орынды иемденеді.

Жылдық жауын-шашын елдің аудандарында әрқилы түседі. Бискай шығанағының жағалауы жылдық жауын-шашын мөлшері бойынша Еурорпада алдыңғы орындардың бірін алса, Испанияның кейбір аудандарында 200 мм төмен жауын-шашын беріледі, сондықтан ол жерлер Еуропаның құрғақшылық аудандарына жатқызылады[5-7].

Климаттық белгілері бойынша Испанияны екі негізгі бөлікке топтауға болады:

Ылғалды және құрғақ. Кантабрий таулары мен Галисияның тау жоталары ылғалды және құрғақшыл Испанияның климаттық шекарасы болып есептелінеді. Испанияның ылғалды аудандарында жылына 900 мм-ден кем емес жауын-шашын түссе, таулы аудандарында жауын-шашын 1500-2000мм барады. Соңғы 30 жылда жауын-шашыннның максималды көрсеткіші елдің солтүстігі Сан-Себастьянда 3006 м максималды көрсеткіші 925 мм құрады. Басқа елінде ең суық қаңтар айының орташа темперетурасы 7.4°С , ең жылы шілде айында 4.19°С . Барлық зоналарға максималды және минималды температулар ауытқуы 10-15°С  арасын қамтиды.

Ылғалды Испаниядағы қысқы және жазғы температураларының аздаған жылдық ауытқуы Атлантиканың қысымымен түсіндіріледі. Қыста жер суыған кезде, мұхит оны жылытады. Жазда осы жерде ыстық ауаны жұмсартады. [3-4]

Құрғақ Испанияда елдің жерортатеңіздік және ішкі аудандары климатында орасан айырмашылқтар байқалады. Испанияның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарында Сахарадан келетін тропикалы африкандық ыстық ауа массалары енеді, ыстық ауа 40-45°С жетеді. Севильяда 1949 жылы +46.7°С жеткен темперетура белгіленеді. Осы аудандарға ыстық және бұлтсыз күндер тән. 1947 жылы Севильяда темперетурасы 25°С асатын 197 күн болды. (ылғалды Испаниямен салыстырып көрсек мұнда осындай көрсеткіш жылына 21-88 күндер аралығында болады).

Мұхиттық ауа массалары кіруі қиынға соғатын Месета қыраты мен Эбро ойпатының климаты континенталды, суық қысы мен, ыстық жазы мен және жауын-шашынның аз мөлшері мен ерекшеленеді.

Испанияның ішкі аудандары Атлантика мен Африкаға Балқан түбегіне қарағанда жақын орналасқанымен мұндағы қыс айлары Балқандағыдай температурада болады. Осындай суық күндер  -25°С дейін болып жатады. (Сеговия 1926 жыл -23.5°С) 1944 жылы Куенкада (Жаңа Кастилия) темперетурасы нөлден төмен 111 күн байқалды. Ал жазда ортақлық Испанияның ауқымды жерлерінде ыстық ауа 40°С және одан да жоғары болады.

Орташа жылдық жауын-шашын Месетада және Арагон ойпатында кейбір кезде 500 мм асады. 1945 жылы жаңа Кастилияда Сьюдад-Реаль ауданында 182 мм жауын-шашын болды. елдің ең құрғақ аудандарына Сервантестың «Дон-Кихотында» бейнеленген Ла-манча жатады[2-9].

Елдің климаты әртүрліліктен ерекшеленгендіктен (кішкене територияырының өзінде) Испанияны «климаттық контрасттар» елі деп атайды. Мысалға, Испанияның бағы деп атайтын Валенсияың Жерорта теңіздік аудандарында келесі бейнені бақылауға болады. Жағалауда апельсин мен лимондар өсіріледі. Суандырылған, әбден жыртылған жерлерінде жылына бірнеше өнім алынады. Бірақ, батысқа қарай 30-40 км жерде таулы аудандарда алғашқы цитрусты дақылдар, кейін жүзімдер жоғала бастайды. Мұнда жаздың өзінде суық ал, халықтың жылыту жүйе кезеңі бірнеше айға дейін созылады[16].

 

1.2 Cу ресурстары, топырағы , өсімдік және жануар дүниесі

 

Испания териториясында өзендер саны аз емес. Бірақ та таулы бедер, територияның көп жерлерінде жауын-шашынның аз түсуі, ағындылардың тұрақсыз режимі көптеген өзендердің құрғауы, осыладрыдң бәрі өзендерді кеме шараушылығында пайдалануға кедергі болады. Тек Гвадалквивир тұрақты жазықты сипатта болады. өзен шараушылығына Гвадалквивирдің кішкене бөлігі (бастауынан Сивилья қаласына дейін) ғана жарайды:  кішкене кемелер Эбро өзенінің орта ағысы мен кейбір ірі көлдердің бойымен жүреді. Жазда көптеген көлдер азаяды. Ал кейбіреулері тіпті құрғап қалады. Осындағы су деңгейінің көтерілуі жауын-шашынның түсімі кезінде яғни, күзбен қыс айларында байқалады. Жауын-шашындарының тұрақсыз түсуі салдарынан өзен тасқыны құбылыстары көбіне күз және қыс айларында аз емес болады.

Елдегі көпшілік өзендер аз ауқымды екендігі Испанияның 59 өзенінің ағындысы қалған өзендердің жылына жалпы ағындысына асып түсуіне түсіндіріледі. Испания рельефінің жалпы таулық сипаты, таулы тізбектермен жалғасқан. Үлкен ішкі жазықтық болуы, көп өзендердің қысқы ағыстарда тік құлауы гидро құрлыстарға жақсы жағдай жасайды. Мысалы Дуэро өзені өзінің жолының 2106 м биіктікте Иберий тауларынан бастайды. 75 км кейін 1000 м биіктікте ол ескі Кастилия жазықтығын кесіп өтеді. Самора қаласында оның арнасы енді 600 м биіктікте жатыр. әрі батысқа қарай 180 км қашықтықта (Саморадан португалдық шекараға дейін) өзен арнасы одан да төмен 480 м биіктікке түседі.

Бискай шығанағына құятын өзендер негізінде қысқа және көп сулы. Жыл бойына көпте және азды түсетін едәуір мөлшерлі жауын-шашын ағындының тұрақты режиміне себепті болады. өзендер ну ормандармен жабылған және шалғындармен толтырылған ішкі ойпаттарда ағады. Ең ірісі Налон өзені (ұзындығы 135 км) болып саналады. Одан басқа Бидасоа, Селья, Дева,Нервьон және Навия өзендері бар. [3]

Елдегі ең ірі өзендердің төртеуі (Тахо, Гвадиана, Дуэро, Гваделквивир) Атлант мұхитына ал Эбро өзені Жерорта теңізіне құяды. Осы өзендердің ішінде тек Гвадалквивирмен Эбро өзендері түгелдей Испания териториясында ағады. Қалғандары өз жолын Португалияда аяқтайды. Испанияның Атлантикаға құятын ірі өзендердің ұзындығы (ел аумағында): Тахо 910 км, Гвадианна 820 км, Дуэро 780 км, Гваделквивир 560 км. Дуэроның бассейініде Ескі Кастилияның (солтүстік мисета) барлығы кіреді, ал Тахо мен Гвадияннаның бассейіндері оңтүстік Месетаны қамтиды. Гвадалквивир бассейні деп Андалузия ойпатын айтады. Атлант мұхитына сонымен бірге Галисияның негізгі өзені Миньо (ұзындығы Испания аумағында 340 км) құяды. Созылу жағынан 9-орынды иемденіп ол Эбро мен Дуэродан кейін мол сулы өзендер қатарына жатады.

Испанияда көлдер аз. Шағын көлдер Кадис шығанағы мен Жерорта теңізі жағалауында бар. Олардың ішінде ең ірілері Мурсияның оңтүстік шығысына Палое мұйісі ауданында орналасқан Мар-Менор көлі, Валенсия аумағында Альбуфера көлі Саламанка провинциясында (Солтүстік Месета) мұздық тегі бар Санабрия көлі және Транпаль көлі орналсқан. Ла-Манча және кейбір құрғақшыл аудандарда шағын кеуіп кететін көлдер кездеседі. Халық арасында оларды үлкен шалшықтар деп атаған.

Испанияның топырақ жамылғысына елдің биік таулы сипаты үлкен маңызға ие болады. Топырақты екі негізгі типке бөледі. Испанияның ылғалды және құрағақ топырақтары.

Аудандары орман және шалғындармен басылған ылғал Испанияда орманды құба топырағы басым. Галисияда торфты, жартылай сазды тіпті сазды топырақтар кездеседі. Оңтүстік-батыс Испанияың төмен кейбір жерлерінде саздалған жағалуын есепке алмағанда осы аумақта саз кездесетін жалғыз аймақ деп айтуға болады. Месетаның құрғақ аудандарында орманды құба топырақ жайылған. Эбро ойпаты мен Жаңа Кастиль қыратының біршама құрғақшыл жерлерінде тұзды топырақтар кездеседі. өзен аранларында құнарлы аллювиальді топырақ таралған. Оңтүстік жағалауға аллювиальді сипатпен қатар, цитрусты және басқада субтропикалық дақылдарды өсіруге қолайлы қызыл топырақты үлкен роль атқарады. Ормандардың үлкен аумақта кесілуі ауыл-шарушылығының қарапайым әдіспен жүргізу Испанияның көптеген аудандарында топырақтың құнарсыздануына әкеп соқтырды. Эрозия 1955 жылғы жағдаймен 20 млн га (ел териториясының 40 %) шарпыды. Соның ішінде 6 млн га жер аса үлкен эрозяға шалдықты. Испанияның солтүстік және солтүстік батыс аудандарында қайың, талшын, ағаштары мен толған жалпақ жапырақты ормандар жайылған. Ал жоғарғы беткей бөлігінде қарағай және май қарағаймен толған қылқанды ормандары орналасқан. Пиренейді ормандардың жоғары шекарасы 1800-2100 м дейін өтеді, одан ары суалпілі және алпілі белдеуде шөптесін мен бұталы өсімдіктер жайылған. Испанияның қалған аудандарында Жер орта теңіздік тіпті, өсімдік жамылғысы орналасқан. Мұнда еменнен, қарағайдан, кипаристен, талшыннан, үйеңгіден, жөкейден құралған керафитті ормандар, бұталы және жартылай бұталы формациялармен (макфис, гарига) жайлыған. Месета қыратын құрғақшыл жерлері және оңтүстік-шығыс жағалау шөптесінді бұталы өсімдік жамылғысы мен (тамариск, розмарин, тимиян, испандық дрок және т.б) таралған. Испанияның қиыр оңтүстігінде қысқа бойлы хамеропс құрма ағашы (Еуропадағы жалғыз жабайы құрма ағашы) өседі. Ірі өзендердің аймақтарында шалғынды өсімдік жамылғысы жайылған.

            Испанияның солтүстік және солтүстік батыс аудандарындағы фаунасы, атап айтқанда түлкі, қоңыр аю, борсық, жабайы ешкі, ақсусар орташа Еуропалыққа келеді. Қалған аудандарда жерорта теңіздік фауна оның ішінде виверра, испандық қоян, алжирлік кірпі басым. Гибарлтардың айналасында макака (Еуропада маймылдың жалғыз түрі) кездеседі. Құстардың 400 түрі соның ішінде эндемикалық түрлері: қызыл кекілік, көкшіл сауысқан, жорғалаушылардан: кесірткелер мен жыландардың түрлері де көп. Испанияны шайып жатқан теңіздерде алуан түрлі балықтар олардың ішінде көбінесе сардина, трескі және т.б. таралған[2-20].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

2 ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ

 

Шетелдік Еуропада Испаия халқы саны бойынша Германия, Ұлыбритания, Италия және Франциядан кейін 5-орынды алады. Қазір халық саны 2006 жылғы мәлімет бойынша 40 847 371 адам санын құрады және әлемде 29-орынға табан тіреді.

Испания халқының өсуі соңғы жүзжылдықтарда төмен болатын. ХVІ ғасырда 7.5 млн халқы болған Испания тек 300 жыл ішінде екі есе өсті тағы екі есе 100 жылда өсіп 1960 жылы 30 млн тұрғынға жетті. 1900 жылға дейін төмен екпінді кейде теріс өсім жоғарғы өлім көрсеткішімен түсіндіріледі. Оған тағы Латын Америкасына Трансатлантикалық миграциясымен болған теріс иммиграция баланысын қосуға болады.

ХХ ғасырдың басында өлім көрсеткішінің шұғыл төмендеуі туу көрсеткішінің біртіндеп төмендеуімен іспеттес болды. Бірақ та халықтың жылдық өсу деңгейі 1 % аспады. Ол имиграцияның теріс баланысынан болды, негізінен ол енді Еуропаға қарай бағыт алды.

 

Кесте 1  — Испания халқының өсімі

 

ЖЫЛ

ХАЛҚЫ МЛН. АДАМ

ӨСІМ %

1970

33,713

1,1

1980

37,746

1,1

1986

38,586

0,4

1991

39,434

0,2

2006

40,847

0,3

 

Қазір ең тығыз орналасқан аймақ ол Барселона қаласы. Бір шаршы километрге 2100 тұрғыннан келеді. Ал автономды облыстарының ішінде Мадридте бір шаршы километрге 605 тұрағыннан келеді. Келесі Баск елінде 295, Канар аралы Балеар аралы, Каталон және Валенсия қоғамдастығында 200-100 арасында ең төмен концентрация Кастилия, Ла манча, Арагон, Эстремадура және Кастилия-Леонда 30-дан төмен. Ал Тэруель провинциясында тіпті 14 тұрғыннан келеді. Жалпы ел бойынша халық тығыздығы бір шаршы км-ге  87.2 адамнан келеді[11-13].

Тығыздықтың ондай әр түрлілігі әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктермен түсіндіріледі.Экономикалық жағынан артта қалған обылыстардан халық экономиқалық дамуы жоғары қарқынмен өсіп жатқан региондарға көшіп жатады. Халық территория бойынша әлдеқалай тепе-теңсіз орналасқан. Жер ауданы ауқымды ішкі аудандарында халықтың тек үштен бірі шоғырланған. Бір қызықты жайт, екі үш ғасыр бұрын Испания халқының 50 % дәл осы аудандарда орналасқан. Халық тығыздығы Ескі және Жаңа Кастилия, Леон, Эстремадура, Арагон сынды тарихи обылыстарда жалпы елдің көрсеткішінен төмен және теңіз алды солтүстік аудандардан әлде қайда аз. Халық тығыздығы осындай халық ауытқыуы Испанияның кейбір аудандарының экономикалық даму көрсеткішін кепілі деп айтуға болады.

Испанияда халық тығыздығындағы өзгешеліктер одан ары байқалады. Егер мәліметтерге сүйенсек, Уэска, Сория, Теруель, Гвадалахара провинцияларында 15- 20 адамнан келсе, Бискайда ол көрсеткіш 290 ал, Каталонияда 310.

Астурияның, Баск елінің, Наварраның және Каталонияның өнеркәсіптік орталықтарында халық тығыздығы кейбір жерлерінде бір шаршы км-ге 1000 тұрғыннан асып түседі. Дәл сол кезде Тэруельде, Ла-Манчада, Сорияда халық тығыздығы 9-15 адамнан кездесетін жерлер бар.

Елдің ішіндегі халықың таралуындағы тоқтаусыз процесс оның кейбір аудандарындағы дамудың теңсіздігін көрсетеді. 1900-1950 жылдары елдегі халықтың жалпы өсімі 50.5 % болып Мадрид провинциясының сол уақыт аралығындағы өсімі 249 %, Барселона провинцияларында 212 %, Гипускоа провинцияларыныда 191 %-ға ұлғайды. Альмерия, Гвадалахара, Кастельон Де Ла Плана, Самора атты аграрлы провинцияларыныда осы уақыт аралығында алдындағы көрсеткіш 1900 жылғы деңгейде қалды. Ал Арагон облысында Уэска мен Тэруель провинцияларыныда тіпті қысқарды[8-14].

 

Кесте 2   1999-2000 ж.ж.  Халықтың жыныстық құрылымы (ерлер, әйелдер)

 

 

1999 жыл

2000 жыл

Жаңа туған балалар

1,07

1,07

15 жасқа дейін

1,06

1,06

15-64 жастар аралығында

1,00

1,01

65 жастан жоғары

0,71

0,72

жалпы

0,95

0,96

 

Кесте 3  1999-2000 ж.ж.  Жастық құрылымы (%)

 

 

1999 жыл

2000 жыл

0-14 жас

15

15

15-64 жас

68

68

65 жастан жоғары

17

17

 

Кесте 4  1999-2000 ж.ж. Туу және өлім көрсеткіштері (1000 тұрғынға)

 

 

1999 жыл

2000 жыл

Туу

9,99

9,22

Өлім

9,69

9,03

Балалар арасындағы өлім деңгейі

6,41

4,92

 

Кесте 5  1999-2000 ж.ж.  Орташа өмір сүру ұзақтығы

 

 

1999 жыл

2000 жыл

Жалпы

77,71

78,79

Ерлер

73,97

75,32

Әйелдер

81,71

82,49

 

 

2.1 Қалалары; елді мекендері және ұлттық құрамы

 

Әр елдің өмірінде ірі қалардың маңызы орасан зор болады. Испанияда халқы 600 мыңнан асатын 4 қала бар. Мадридте 2910 мың, Барселонада 1626 мың, Валенсияда 753 мың, Севильяда 660 мың адам тұрады. Осы қалаларды Испания жағдайында ірі орталықтар деп айтуға болады. Елдің териториясы бойынша тиімсіз жағдайда орналасқан .

Ірі қалалардың негізгі массасы дамыған теңіз алды аудандарында орналасқан. Көптеген Испандық қалалары негізінде ішкі Испанияда орта ғасырда арабтар мен елдегі соғыс кездерінде пайда болып қалыптасты. Олар кезінде әкімшілік және саудалық орталықтары, қамал бекіністері болды. Ол қалаларға биік емес тасты үйлер, тар көшелер, көптеген шіркеулер және қала орталығындағы Соборы бар  негізгі алаң көріністері тән.

Испандық қаларарда көптеген ежелгі және орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіштері сақталған. Бір қызықты жайт, Мексикада орталық және Оңтүстік Америкада сол елдердің көбіне ішкі аудандарында 16-17ғасырда Испандық жаулаушы–конкистодарлор құрған кастильдік қалалары үлгісі және ұқсастығында салынған испандық тиіптегі көптеген қалаларды кездестіруге болады. [15-19]

          Елде негізінде ірі ауылдық елді мекен болып есептелетін көптеген кішкене қалашықтар бар. Оны қала мен ауылдық елді мекендер арасындағы өтпелі деңгей деп айтуға болады. Осында Испания халқының 50 % тұрады.

Испанияда ауыл халқының біраз бөлігі ірі елді мекендерде тұрады. Ол негізінде Испанияның ішкі құрағақшыл аудандарына тән. Кішкене қоныстар Валенсия мен Галисияның аудандарына тән. Осы облыстарда ұсақ ауылды тиіптегі қоныстар да бар. өзінің сыртқы бейнесі жағынан аулыдары орта ғасырлық келбеттерін сақтаған. 1950 жылғы халық санағы бойынша іскерлік халқытың жалпы саны 10.8 млн адамды құрады, оның ішінде жартысы орман және балық шаруашылығына 25 % жуығы өнеркәсіп 4 % транспорт және байланыс, 6 % сауда, 14 % әкімшілік және әскери аппарат салаларында жұмыс жасайды.

          Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары жүз мыңдаған крестьяндар жерлерінен айрылып, ауылшаруашылық жұмысшылар армиясын толтырды. Кіші кәсіп орындар мен шеберханалар көптеген иеленушілері ірі компаниялармен бәсекелестікте болуға жарамады.

Испанияға қызметте болған (капиталистерге, діни басшыларға, лауазымдарға) адамдарыдың, жалшы адамдардың жоғары үлес салмақты болуы тән. Ол Испанияға орта ғасыр заманы уақытынан бері тән және де экономикалық дамудың төмен деңгейде болуын көрсетеді. Онымен тағы да қалалық көп санды ұсақ буржуазияның ұлесі мен де түсіндіріледі. Испания әр заманда лауазымды қызметкерлерінің орныққан елі болған. Соңғы 15 жылда лауазымдылардың үлесі одан ары ұлғайды.

Католиктік шіркеу өзінің беделін сақтап келеді. Елде 200 мыңнан астам діни басшылары, монахтар, монах әйелдер және басқа да дінни қызметкерлері бар. Оларды қамтамасыздандыру жұмысшылар үшін ауыр түседі. 

Елдің негізін құрайтын испандықтардан басқа каталондықтардың, галисиялықтардың, басктердің үлес салмағы орасан. Ұлттық аудандар ел териториясын 16 % алады. Каталондықтар, галисиялықтар және басктер өз атаулы тарихи провинцияларныда ғана тұрмай  көрші провинцияларында және Испаниядан шеткері жерлерде де өмір сүреді. Каталаондықтар, галисиялықтар және басктер көне мәдениеті бар халықтар. Каталон тіліндегі алғашқы мәліметтер ХІІ ғасырға жатқызылады. Галисиялық, баск тілдері де олардың мәдениеті мен өнері көне түп тамыры бар. Испанияның шеткері халықтары ұлттық автономия алу үшін әр заманда күрес жүргізеді. Католония және Баск елі ревалюциялық күрестердің көбін басынан кешірді. Бірінші Испандық жұмысшылар ұйымы 1839 жылы Каталонияда тоқымашылар арасында пайда болды. Баск елінің жұмысшылар класы революциялық қозғалыс тарихына біраз аты шулы беттерін жазды. 1936-1939 жылдыры республиканың үлкен жетістікреніне Испанияның ұлттық аудандарына демократиялық еркіндікті беруді жатқызуға болады. Сол жылдары Галисиялықтар, каталондықтар, басктер ұрпақтан-ұрпаққа күрес үшін құқықтарды алды. 1939 жылы республиканың жеңілісі оларды қайтадан ұлттық автономиядан айрыдып қалуға мәжбүр етті. Испания адамзатқа сан қырлы еркінік үшін күрескен батырларды соның ішінде ержүрек теңіз кемешілерін тамаша жазушыларды, драматургтарды, суретшілерді, әлемдік мәдениеттің дамуына үлкес қосқан еркіндік сүйгіш адамдарды берген дарынды халық болып саналады.

Испания халқы аса бай, өзіндік мәдениетіне иемденеді. ХІХ ғасыр соңында Испанияның солтүстік және шығыс бөліктерінде түбектің ежелгі тұрғындарының атақты ескерткіштері табылған. 1879 жылы Сандандер провинцияларныдағы Альтамир үңгірінде 15 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың қалдырған өлі жануарлардың тамаша шебер орындалған суреттері табылды. 1897 жылы жазында Аликанте провинцияларында Эльче қаласына жақын жерде крестьяндар жерде 24 ғасыр жатқан қазіргі әлемге танымал «Эльче бикесі» мүсінін қазып алды. Испандық қалаларда гректік, римдік, арабтық және Испандық тегі бар көптеген көне және орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіштері бар. ХІ-ХІІ ғасырларда Испанияның негізгі диалектикасына айналған Кастель тіліндегі әдебиет пайда болады. өзінің көп ғасырлы тарих бойында талантты Испан халқы әлемдік әдебиеті мен өнеріне орасан әсерін тигізді. Испания адамзатқа Данте, Шекспир, Гёте, Пушкин атты тұлғалармен бір қатарда тұратын Мигель Сервантесті берді[4-7].

Кітап оқитын адамдар ішінде Ла-Манчадағы ізгі Дон Кихот рыцарі мен адал түрі қарапайым халықтың өзі сияқты ақылды қару тасушы Санчо Пансаны білмейтін адам аз шығар.

Сонымен бірге, мәдениеті жағынан Испания терең контрасті ел болып саналады. Аса бай ұлттық мәдениеті, белгілі әдебиет және өнерлік дәстүрмен бірге халықтың кең массасында сауатсыздықтың жоғары деңгейлілігі алаңдатады. Қазіргі уақытта ресми мәліметтер бойынша алықтың 15 % сауатсыз. Осындай теріс әсердің бір көрінісі ол елдегі шіркеудің билігі. Ғасырлар бойы шіркеу халықтың мәдениеті мен ағартушылыпен күрес жүргізді.

Елдің милитаризациясы, кең көлемді әскери құрлыстардың іске асыруы жұмысшылардың қалтасына ауыр тиді. Инфляция, тура және жанама салықтар өсіп келе жатыр[6-10].

 

2.2  Ел ішіндегі тілдер және шетелдіктер

 

Көптеген Испандық легиондарының өзіндік мәдениеті көп уақыт бойы орталықтандырылған Франко режимі тарапынан қысымшылық көрген болатын. Жалғыз ресми рұқсат етілген тіл –кастильдік (кастильяно) тіл болатын.

Каталония, Валенсия және Балеар аралдарындағы халықтар каталан (катала) тілінде сөйлейді. Ол тіл роман тобына және Францияның оңтүстігіндегі диалектіімен тығыз байланысқан өз алдындағы тіл. Галисиялық тіл (галего) португалдыққа жақын. Испанияның солтүстігінде 2.5 миллион галисиялықтың тілі баск (эускеро) тілінде испан-француз шекарасының екі жағында орналасқан бір млн баксктердің тілі бірде бір еуропалық тілімен ешқандай жақындығы жоқ. Тілі шындығында жұмбақ естіледі. Ғалымдар оны кавказ диалектісіне байланысы бар деп ұйғарым жасайды.

Қазір барлық төрт тіл Испанияда қызметтік-әкімшілік және ресми ретте танылады. Онымен радиода сөйлейді және сол тілдерде кітаптар мен газетелар шығарылады. Қазіргі заманғы Испан конститутциясы автономдық одақта өзіндік тілдерін құқықтарын мойындайды. Испан конститутциясының үшінші бабында:

1.Кастилияна –Испан мемлекетінің ресми тілі. Барлық Испандықтар осы тілді білуге міндетті және қолдануға құқылы.

2.Басқа Испандық тілді белгілі бір автономдық одақтарда белгілі бір жарғылармен ресми қолданыста бола алады.

3.Испан тілінің түрлі бай вариациялары мәдени тектілігі арнайы қамқорлықпен қорғау объектісі болуы керек –делінеді.

Автономдық одақтар жарғысы мен мақұлданатын ресми Испандық тілдері: эускереа(Баск елі мен Наварра) Галего (Галисия) Каталан (Каталония мен Балеар аралдары) және валенсияно (Валенциялық қоғамдыстық) –Каталанның жергілікті варианты. Тағыда мына тілдер ресми қолданысқа ие: Астураиядағы библ мен Арагондағы жергілікті диалекті.

Диаспора. Шет елдерде 1.2 миллион Испандықтар тұрады. Осы сан Еуро Одақ елдерінің бірде-біреуімен сәйкес келмейді. Испандықтардың көпшілігі Американдық құрлықта өмір сүреді (600 мың), Еуропада -550 мың, Азия, Африка және Австралияда — 42 мыңдай, Испанияда Еуро Одақ мүшесі болып, Еуро Одақ елдеріндегі азаматтардың құқығын және мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету жүйесіне қосылды.

Қос азаматтылық. Испания Конститутциясының 11 бабы былай делінеді: «Мемлекет Иберо Американдық және Испаниямен ерекше бір байланысы бар елдермен қос азаматтылық туралы келісім шарт жасай алады. Сол елдерде азаматтылық арасында екі жақты шарттар келісімін бермесе де испандықтар туу құжатын жоғалытпастан азаматтық ала алады».

Сонымен Испания Конститутциясында аз көлемде болса да қос азаматтық туралы құжат бекітілген. Испандық заңдық актерінде негізінде Испанияның азаматтық кодексінде (1954-1981жылдар арасындла мақұлданған) Иберо-американдық елдерінің ішінде тағы Филлипин де айтылады. 1982 жылдан бастап олардың қатарына Андорра мен Эквоториялдық Гвнейді және Португалияны қосты. Испандық азаматтық алу үшін жоғарыда аталған елдердің азаматтарына Испания териториясында кемінде екі жал өмір сүруі қажет, сол күйінде басқа елдердің азаматтарына ол мерзім он жылға тең. 1958-1991 жылдар арасында Испания Латын Америкасының көп елінің қос азаматтылық туралы келісім шарттар мен бітімдер жасасты. Ол елдер: Чили, Аргентина, Колумбия, Перу, Парагвай, Никарагуа, Эквадор, Боливия, Гватемала, Доминикан Республикасы және Коста-рика. Испаниямен жасалған қос азаматтылық туралы келісім сол азаматтың екі елдің біріне азаматтылығын алуына құқығын береді.

Баланы асырап алу. Испанияның автономдық обылыстарында 20 дан астам ресми тіркелініген Испандықтардың Еуропадан, Азиядан, Латын Америкасынан келеген балаларды асырап алу жөніндегі халықаралық агеніттіліктер бар. Агеніттілік Португалия, Венгрия, Румыния, Болгария, Ресей, Қытай, Үндістан, Мексика, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Доминикан Республикасы, Перу және Боливия елдерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Ол жұмысты Испанияның әлеуметтік даму министірлігі қадағалап, автономдық облыстарға барлық асырап алу жөніндегі агенттіліктердің жұмысын үйлесімді қылатын бірлескен ұлттық ұйымды құруды жобалап отыр. 

Жыл сайын Испанияда баланы асырап алуға үміттенетіндердің саны артып бара жатыр. Көптеген осындай отбасылар баланы өз елінен асырап алғысы келеді. Бірақ ондай мүмкіндік әр дайым болып жатпайды. Және де көпшілігі баланы бір жасқа дейінгі жаста асырауға үміттенеді. Ол жағыдай таңдауды одан ары тежейді. әлеуметтік даму министірлігі 1996 жылы 5000-дай отбасы басқа елдегі балаларды асырауға үндеді деп хабарлады. Оның тек 1847 отбасы ғана рұқсат алды.

Жалпы алғанда басқа елден баланы асырауға құжаттарды хаттамалаудағы жалпы процеске шамамен жыл жарым, Испандық баланы асырауға 5 жылға дейін уақыт кетеді. Асырап алудың негізгі этаптары: құжаттарды жинап және өткізу (шамамен 10 құжат), Испан отбасының басқа елге баламен кездесуге жолға шығуға дайындық, онымен Испанияға келу және құжаттарды тіркеу, асырап алуға Испандықтардан көп өтініштер Колумбия, Үндістан, Қытай, Перу және Бразилия елдерінен келеді. Испанияның әлеуметтік даму мәліметі бойынша асырап алу үшін құжаттарды хаттамалауға, балаға жол жүрісіне және тағы сол сияқты жұмыстарға орташа есепті 5000 АҚШ доллары кетеді[17-18].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

Аграрлы дәстүрдегі Испанияның тарихында өнер кәсіптің қарқынды даму кезеңі болған. Ол 1950-жылдардағы елдің экономикалық ашылуымен түсіндіріледі. 80-жылдары Испан экономикасы ғажайыбы туралы сөздер болатын, бірақ бәрі ойдағыдай жүрген жоқ. Әлі де Испан экономикасында 3 мәселе шешу үстінде болып отыр. Олар: жұмыссыздықтың жоғарғы көрсеткіші(23 % жуық), инфляция және елдің үлкен қарыздары. Ең негізігі проблемалардың бірі жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі. 20 жасқа дейінгілердің үштен бірі жұмыс таба алмай отыр.

1950 жылға дейін Испания ең кедей Еуропалық мемлекеттердің бірі болды. кейін оның экономикасы жоғарғы қарқынды жүрді. Жер орта теңізі жағалауындағы әлемге танымал курорттардың есебінде мұнда шетелдік туризм гүлденуі, сонымен қатар өнеркәсіптің жаңа салалары өз дамуын бәсеңдетті. Испанияның солтүстік аудандарында елдің құнды пайдалы қазбаларына айланған темір рудасы өндіріледі. Солтүстік-батсысы тоқыма фабрикалары жұмыс жасайды. Химия өнеркәсібінің кәсіп орындары Бильбао, Мадрид және Барселонаның айлаласында шоғырланған. Мадрид, Барселона, Валенсия және Сарагоса тауларында автомобиль жасау зауттары бар. Қазіргі уақытта Испания автомобиль жасау жөнінен Еуропада алғашқы орындардың бірін алады. 50 жылдарға дейін Испания көп жағдайда аграрлы ел болады. Жұмыс қолының үлесі тек қана 15 % құрағанына қарамастан ауыл-шарушылығы әлі күнге дейін ел экономикасында шешуші рольді атқарады. Осы күндері негізінде Испанияның оңтүстігіндегі үлкен ауқымды жерлер бай жер иеленушілердің қоланда болып отыр. Солтүстіктің жағаллық өнімді жайлымдарында ірі қара малы жайлып жүреді. Ал құрағқ таулы райондарында ұсақ малдар бағылады. Пиреней түбегінің құнарсыз топырағы және құрғақ климаты ол ауданды егін шарушылығы үшін жарамсыз деп айтуға болады. Бірақ та, кейбір жерлерде дәнді дақылдар мен жеміс-жидектің, зәйтүннің, жүзімнің, күнбағыстың, апельсиндер мен лимондардың жақсы өнімдері алынады. Канар аралдарында бананның өзі өсіріледі. Осы елде табысының тағы бір үлкен көзі балық шарушылығы болып саналады[8-11].

Қазіргі заманғы Испанияда қызмет көрсету саласының маңызы өсіп келе жатыр. Осы саладағы барлық жұмысшылардың үлесі 60 % құрайды, өнеркәсіпте 31 % және ауыл шараушылығында шмамен 10 % жұмыс жасайды. Қызмет көрсету саласында мемлекеттік маңызы бар туризм саласы ие. 1995 жылы туристерді күту табысы рекордтық көрсеткіш 2650 млрд писета болды. 60-70 жылдары шетел туризмі толығымен жағалық аудандарында орнады.

 

 

       Қызмет көрсетудің сапасын арттрудың орнына мемлекет туристердің санының артуымен айналысты. Нәтижесінде табиғатқа үлкен зардаптар шегілді. Бетон мен әйнектен істелінген түсініксіз құрлыстары, ұсыныстың сұраныстан асырған күйінде артуы,ланшафттың бүлінуі салдарынан көп аудандар әлі күнге дейін зиян шегіп отыр.

1980 жылдан бастап, билік өкілдері сақтықпен контр әдістерді қолдана бастады. Қонақтардан келген табысты теңіз жағасында орналасқан курорттар ғана емес, ішкерілій орналасқан аудандарда, мүмкіндік келсе жыл бойына алатын болады. 1970 жылдары қазір Испанияға жылына 64.5 милиондай туристер келеді. 1970 жылдары Аграрлы дәстүрдегі Испания экономикасы және туризм саласының дамуы мен бірге қарқынды индустриялануын көрді. Франконың өлімінен кейін Милагро Эспано (испан экономикалық ғажайыбы) заманы болды, бірақ одан халықтың барлық деңгейіндегі адамдар пайда көрген жоқ.

Елдің аграрлық секторында кейбір ескі құрлымдар әлі де ауыр күйде болып отыр. Бұрыннан тек өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған төмен рентабельді ұсақ кәсіпорындар көбіне солтүстік-шығыс аудандарында шоғырланған. Көп өнімдер Валенсия мен Мурсия облыстары провинцияларының жағалық суландырылған жеміс пен көкөністі плантацияларына алынады. Сырт жаққа экспортқа цитрусты дақылдардың түр-түрі, қызанақтар, құлпынайлар, өріктер және тәтті бұрыштар шығарды. Сол кезде хош иісті дәмді алмалар мен мушмула аз өндірілді. Құрғақшыл жерлерінде зайтүн ағашы мен күнбағыстар отырғызылады және де миндаль мен жүзім алынады[9-11].

1990 жылға дейін жұмыссыздық деңгейі шетелдік Еуропада ондай үлкен болған жоқ (20 % жоғары). Шетелдік инвстициялар, Барселонадағы Олимпиялық ойындар, Мадридтегі Экспо-92 сияқты ірі мемлекеттік проекттер түбегейлі ештеңе өзгеткен жоқ. Бірақ соңғы уақытта ішкі нарықтағы сұраныс экономиканың көтеріліп жатқанын көрсетеді. 1996 жылғы жалпы ұлттық өнім 4% өсті. Осы көрсеткіш Еуро Одақтағы орташа деңгейден асып түсті. Жалпы ішкі өнім бойынша Испания 2004 жылы 14-орында болды және ол 971.7 млрд АҚШ долларын құрады. Ол жан басына шаққанда 26320 АҚШ доллары болады.

Испания индустриялды агралды мемлекет және ол шараушылықтың даму деңгейі бойынша Шетелдік Еуропаның экономика жағынан жоғары дамыған мемлекеттерінен қалып қояды. Қазігі заманғы испан шараушылығының құрылуы елдің өзіндік тарихындағы спецификасына байланысты болды. 20 жыл бұрын Испания шарушылығы әлсіз болған аграрлы индустриялды мемлекет болды.

Франкистік саясат ішкі ресурстарды экономиканы дамыту үшін пайдалануға Испан нарығын жасанды түрде оқшаулауға қолданулы. Бұл саясат кіші және ұсақ аз өнімді және техникалық тұрғыда қарапайым кәсіп орындардың пайда болуына әкелді. Автарке саясаты испан экономикасын халықаралық еңбек бөлінісіне қосылуына шек қойып оның модернизация қарқынын ұстап, елдегі төмен сала аралық диспропорцияларды туғызды.

     60-70 жылдары әлемдік нарықтағы жағымды экономикалық конъюктура, Испанияға туристердің көптеп келуі 50 жылдары кетіп қалған Испан эмигранттарының оралуы экономиканың үлкен қарқынмен дамуына себеп болды. осының бәрі ішкі нарықтың ұлғаюына, импортталынған тауарларға үлкен сұранысқа, шетелдік техника мен технологиялардың кіргізуіне экспорттың өсуіне әкелді.

60-70 жылдары Испанияның экономикалық дамуындағы бір маңыздылығы ол банктік монополиялардың ықпалы мен Испанияның өзіне тән мемлекеттік –монополистік капитализмнің ерекшелігі болды. оның негізгілері салыстырмалы әлсіз өнеркәсіп монополияларын банктік капиталдың шамадан тыс дамуы мен араласыуы және мемлекеттік кәсіпкерліктің үлкен рольі дүние үзілік капиталзизм жүйесіндегі ұлттық өндірістің бағындыру жағдайлары.Испания экономикасының тағы бір айрықшалығы аграрлық өндірістегі дәстүрлі формалардың сақталыныуы және сонымен қатар мемлекеттік капиталистік сектордағы ауыл-шаруашылығын дамыту болып отыр[13-16].

Экономикалық кризиспен ұзаққа созылған депрессия еңбек белсенділігінің көпке төмендеуіне және инфилияция мен жұмыссыздықтың өсуіне себеп болды. осы соңғы екі көрсеткіш бойынша Испания Батыс Еуропада алғашқы орындардың бірін алады. Ол құбылыс Испан экономикасының өсуіне кедергі болуына себептігін тигізбей қоймайды. 1975-1980 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 2.4 % болды. ол көрсеткіш Шетелдік Еуропа елдерінің арасында ең төмен болды. Сыртқы қарыз региондағы ең үлкен деңгейде болды. ол 1982 жылдың аяғына қарай 26 млрд АҚШ долларын құрады. Қазір елдегі шешу керек проблемалардың бірі өнеркәсіптергі құрлымдарды қайта құру, көбіне терең кризиске ұшыраған өнеркәсіп салаларына айарлықтай көмек керек болып отыр.

Испания өнеркәсібі ел экономикасының көшбасшысы саласы болып есептелінеді. 1997 жылғы жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 25 % құрады. Осы көрсеткіш бойынша әлемде 7-орынды алады. Өнеркәсіптегі өнімнің шығару көлемі жөнінен шетелдік Еуропада 5-орынды иемденеді. 1989-1993 жылдар арасында жыл өнімді шығарудан қысқаруына байланысты өнеркәсіп дипрессиялық күйде болды. кейін жағдай өзгере бастады. 1994 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1993 жылғы көрсеткішке қарағанда 7.3 % өсті. 1995 жылғы өсім 4.6 % құрады. Бірақ 1996 жылғы өнеркәсіптің көптеген салаларында көрсеткіш нашарлаудың есебінде жалпы өндіріс 0.6 % төмендеді. 1997 жылы жағдай қайтадан жақсы жаққа өзгеріп өнеркәсіп өнімінің өсуі 6.8 % болды.

Өндірістің жалпы өсуіне қарамастан елдің өнеркәсіптік дамуы салыстырмалы түрде төмен болып отыр. Ол жағдай негізінде Испан өнеркәсібіне тән басқа дамыған капитализм елдеріне қарағандағы өндіріс концентрциясының төмендігі тең кіші және ұсақ кәсіпорындардың көп шоғырланды. Ол осы кәсіпорындардың аз қаржыландыруы, техникалық базасының жеткіліксіз дамуы Испания өнеркәсібінің сыртқы саудалық позициясын әлсіретуге және нарық үшін бәсекелестікке түсуге қиындық туғызуда. [18-19]

Испанияның капиталистік әлемдегі өнеркәсіп өнімінің үлесі ондай үлкен емес. Испанияға 1.4 %, Германияға 8.8%, Ұлыбританияға  7.4%, Францияға 4.3%, Италияға 3.7 % келеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың 85 % жуығында 5 жұмысшыдан аз адам істейді. Тек 10 пайыз% кәсіпорындарында ғана 100 адамнан көп жұмыс жасайды. өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі салыстырмалы түрде төмен: Францияға қарағанда 2.6 есе және Италияға қарағанда 1.5 есе, өнеркәсіп өнімдерінің жартысы Каталония, Баск Елі, Астурия обылыстары мен Мадрид астаналық ауданында шоғырланған. Жалпы ұлттық маңызға Вальядолид Сарагоса, Портелиано, Альфесирас, Сивилья, Уэльва, Витория және Авилес өнеркәсіп орталықтары ие болып отыр. Өнеркәсіптік тұрғыда аз дамыған обылыстарға ескі және жаңа Кастелия, Эстремадура және Андалузияның кейбір провинциялары жатады. 

 

3.1 Өңдеу өнеркәсіптері және отын энергетика салалары

 

Өңдеу өнеркәсібінің ішінде бірінші орынды машина жасау мен металл өңдеудің кейбір салалары алады. Екінші орынды тамақ жасау, үшінші орынды химия өнеркәсібі алады. Өңдеу өнеркәсібінің көп салалары географиялық локазизацияға ие. Өңдеу өнеркәсібінің ішінде мұнай-химия саласының орны айырықша. Ол химия өнеркәсібі секілді негізінде Испания мен жа,алық қалаларында шоғырланған. Басты орталықтары Каталония, Валенсия, Бискайя және Мадрид провинцияларында орналасқан. Елдегі аса ірі мұнай-химия копмлекстері Альхсирас, Уэльва, Тарагона және Портельяно қалаларында шоғырланған.

Испания өнеркәсібінің маңызды саласы станог жасау болып табылады. 1960-1980 жылдар арасында осы сала өнімі екі есе өсті. 1981 жылы Испания 100 ден астам елге соның ішінде Германияға, АҚШ-қа, Ұлыбританияға, францияға өзінің станогтарын экспортқа шығарды. Испанияның станок жасау саласы классикалық тиіптегі үлкен ассортименивті шығарған өнімдеріне арнайы станогтардың жеткіліксіз түрдегі өнімдерімен ауыр және өте ауыр станаоктардың шығаруының ұлғаюымен ерекшеленеді. Станок жасаудың маңызды аудандары мен орталықтары: Каталония, Баск елі, Мадрид, Валенсия және Сарагоса. Электрондық өнеркәсіп әзірше жеткіліксіз түрде дамыған және негізінде Барселона мен Мадрид қалаларында шоғырланған.

Үлкен маңызға ие және траихи қалыптасқан салалардыі бірі тігін өнеркәсібі Католония және негізінде Барселонада шоғырланған. Осы салада 350 мың адам жұмыс жасайды. Оның ішінде ерекше дамығаны мақта-мата өндірісінде 100 мыңнан астам жұмысшылар жұмылдырылған. 80 % жуық өндіріс қуаттылығы Каталонияда: Барселона, Тарраса, Сабадель қалаларының арасындағы өнеркәсіп ұшбұрышында шоғырланған. Осында тағы жүн өңдеу өнеркәсібінің біраз бөлігі орналасқан. Жібек өнеркәсібі негізінде Испания мен оңтүстік-шығысында жайғасқан[15-19].

1997 жылы тігін өнеркәсібі тоқырау уақытынан өте бастады. Матаның дайын киімнің өндірісі ұлғая бастады. Осы тауарлардың сатылу көлемі 3.5 % өсіп 2.3 трлн писета табыс әкелді. Экспортқа шығарылымда 16 % ұлғайып 600 млрд көлеміндей табыс берді. Саланың дамуына капиталды құрылуына көңіл бөлу әсер етті. Инвестиция көлемі 25 % өсіп 70 млрд писетадай пайда әкелді.

   Былғарыны өндірушілердің нарығы шамамен 250 кәсіп орнын құрайды. Оның ішінде жартысына жуығында 20-дан аз адам жұмыс жасайды. Жалпы алғанда осы секторда 8000 адам жұмыс істейді. өндірістегі ауыртпалық қуаттылығының деңгейі 75 % бағаланады.

   Қосымша былғары өндірісінің көлемі 180 млрд писетаны экспорт етеді. 84 млрд писетаны құрады. Өңделген былғары негізінен ішкі нарықта және шетелде сұранысқа ие болаған аяқ-киім күнделікті киімдерді жасау өндірісінде пайдаланылады. Аяқ-киім жасау өндірісінің көлемі жөнінен Испания Еуропада 3-орынды алады. Шығарылатын аяқ-киімнің 70 % жуығы ішкі нарықта пайдаланылады. Қолданысқа ие болған аяқ-киімдердің 50 % былғары бұйымдармен келеді. Елде жұмысшылар мен қызметкерлер саны 200 және одан да көп тек 4 ірі фабрика жұмыс жасайды. Қазір істеп тұрған фабрикалардың 65 % жуығы Валенсия провинциясында орналасқан.  

          Химия өнеркәсібі негізінде жағалық провинциялары Каталония мен Валенсия, Бискайда, Уэльвада және тағы Мадридте шоғырланған. Мұнай химиясы саласы үлкен даму үстінде. Мұнай өңдеу зауыттарының көпшілігі портты қалалары Ла-Карунья, Санта-Курс-де-Тенерифе, Уэльва Альфесирас, Эскомбрерас қалаларында орналасқан.

Соңғы жылдары Испания химиялық өнімдерді шығару көлемі жөнінен Батыс Еуропада 5-орынды алып отыр. Осы саланың жалпы ішкі өнімді құруындағы ұлесі 4 % бағаланады. Жұмысқа жұмылдырылғандардың үлесі жалпы жұмысшылардың 2 % алады. Соңғы жылдары сала орасан дамуын үлкен капиталдыік қаражат аударылымы құрлымдық өзгерістер енгізуі мемлекеттік белсенділігі, ғылыми-техникалық зерттемелер және субсидия жүйесі қолдану мен жаңа технологияларды енгізу есебінде алды. Үлкен тірекке химиялық талшықтар, бояғыштар, пигменттер, лакті жіне бояулық жамылғылар және фармакология ие болды. 1997 жылы шетел фирмаларының қатысуымен жаңа қуаттылықтар құрылып және полиэтилен, фенол, пропилен өндіру кәсіпорындарының құрлыстары жасала бастады. Химия өнеркәсібіндегі біраз дамыған секторлардың бірі азотты (800 мың тонна) фосфорлы (300 мың т) тыңайтқыштарды дайындау болып отыр. Калий тыңайтқыштарын жасау кәсіп орындарын да бар. Бірақ ол тыңайтқыштар елдің ішкі сұраныс қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да тыңайтқыштар аз мөлшерде импортталады. Кәсіпорын фирмалары шетел капиталымен бақыланады. Тауарлардың тобында химия өнеркәсібі сыртқы сауда да машиен мен құрал-жабықтар және азық тауарларынан кейін 3-орынды алады. Испанияның экспортында негізінде синтеникалық каучүк, химиялық талшықтар, пластмасса бұйымдары, азаот және фосфор тыңайтқыштары каустикті сода, дәрі –дәрмектер импортында аммиак, метанол, амоний сульфаты, синтетикалық талшықтар, хлорлы ертінділер, калий тыңайтқыштары, формацептикалық тауарлар целлюлоза және т.б. Химиялық және формацептикалық өнеркәсібінде шекізат көзіне үлкен тәуелділік етеді[4-10].

Испанияға химиялық тауарлардағы сыртқы сауданың баланысын ұстауға көмегін тигізеді. Химиялық импорттың көлемі экспорттан екі есе асып түседі.  Тамақ өнеркәсібі машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінен кейінгі екінші сала болып саналады. Ол сала көбіне географиялық жағдайларына байланысты таралған. Мысалы балық өнімдерін дайындауды қарастырсақ ол негізінде жағалық яғни, порттық аймақтарда ерекше дамыған. Балық консервлері осындай ірі порттық қалаларда негізінде Галисияда жасайды. Май шығару зауыттар көбіне зәйтүн өсірілетін аудандарда дамыған. Жеміс-жидекпен көкөністерді сұрыптау ісі Левантада шоғырланған. Испанияда осы тамақ өнімдері ішінде қант, ұн жасау өнеркәсіптері дамыған. Темекі дайындауда бар.

Ескі және бұрын ұлкен маңызға ие болған тау-кен өнеркәсібі даму қарқыны жөнінен соңғы жылдары Испан индустриясында төменгі орындарды бірін алады. Оның жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 1930 жылғы 10 % көрсеткіштен 1980 жылы 1 % төмен болып шықты. Бірақ, кейбір пайдалы қазбаларды өндіру бойынша Испания капиталистік әлемде көрнекті орындардың бірін алады. Испания мыстың темір рудасы, қалайы қорғасын мен мырыштың жоғары болған кен орындарын иемденеді. 1985 жылы мыс, қорғасын, күміс және мырыш өндірісі біртіндеп қысқара бастағанына қарамастан Испания Еуро Одақта қорғасын мен мырыштың ірі өндірушісі болып саналады.

Сынап рудалары Месетаның оңтүстігінде атақты Альмадена кен орындарында өндіріледі. Мысты және темірлі периттер негізінде белгілі Рио-Тинто, Тарсис кен орындарында Сьерра-Моренаның оңтүстік бөктерінде, аз мөлшерде Мурсия мен Астурияда өндіріледі. 1981 жылы 2.4 млн тонна пирит дайындалды. Перид өндіру жөнінен Испания капиталистік әлемде Жапониядан кейін екінші орынды алады. Көмір өнеркәсібі Испанияда бұрыннан табыссыз және пайдасыз салаға айналды.

Испания энергетикасында үлкен үлес салмағы импортталған отын түріне көбіне мұнайға келеді. Осы жағдай Испанияның энергетикалық баланысын ірі мұнай монополияларды қуатты тәуелділікке әкеп соқтырады. Аса қуатты жылыу электр станциялар әлде порттық қалаларда әлде көмір бассейінінің жанында орналасқан: Эскомбрерас 570 мың кет, Сото Рибера 320мың кет, Компостиле – 1 (167 мың кет) Компостиле -2 (250 мың кет), Уэльва 210 мың кет. Алғашқы атом электр станциясы соритада (153 мың кет) 1968 жылы, екіншісі Гаронияда 460 мың кет, 1971 жылы пайдалануға берілді.

Су электр станциялары Дуеро өзені (Сауселия 285),  Эбро өзені (Мекиненса 310), Силь (Сан-Эстебан 265.5), Тахо (Видеканес 225), Мини өзені ( Белесар 225 Поенто-Бобей 213 және Лос-Пьярес 159) және Нугера, Рибагорсанос(Канелиес 107) бассейіндерінде орналастырылған.

Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі жылдары Испанияның негізгі қуаттылықтары көп жағдайда солтүстік аудандары мен Пиренейде орналастырылды. 1950 жылдан бастап олар орталық, батыс және оңтүстік аудандарында құрыла бастады. Испанияның энергия көздерін импортына тәуелділігі біртіндеп ұлғая бастады және 1990 жылға таман энергияны осылайша яғни, импорттап пайдалану 80 %-ға жетті. Дегенмен, 1960 жылы Испанияда бірнеше мұнай кәсіпорындары (1964 жылы Бургостан  65 км солтүстігіне қарасты жерлер, ал 1970 жылы бсында Эбро өзенінің атырауында Ампостаға жақын жерде мұнай табылды) ашылған болатын, отандық энергия көздерін пайдаланып қазіргі уақытта онша құпталмайды.

1992 жылғы жалыпы электір эенергиясын өндіру баланысында жартысына жуығы жеткілікті көмір мен импортталған мұнай ұлесіне тиді, 36 пайыз ядролық отынға және 13 % гидроэнергия үлесіне тиді. Испания өзендеріндегі төмен энергетикалық потенциялдары салдарынан гидро-энергетиканың рольі төмендеді. 1977 жылы ол сала өңделген электір энергиясын 40 % берген болатын. Уран кені қорының молдығыны байланысты атом энергетикасын дамыту жоспары қолға алынды. Алғашқы атом электр станциясы 1969 жылы іске қосылды. Бірақ, 1983 жылы экологиялық жағдайларға байланысты сол кезден бастап, жаңа атом эелктр станцияларын салу құрлысына тиім салынды.

Өзінде мұнай мен газы жоқ елдер өздерінде шынайы бар табиғи ресурстардағы электір энергия өндірісін қолға ала бастады. Мысалға: Қытай мен Жапония гидро ресурстарын Германия және Дания желдік энергиясын Израиль күн эенергиясын пайдаланып оны дамытып жатыр.

Испанияда күннің және сол сияқты жердің пайдалануды іске асыру жұмысы енді жүріп жатыр. Күннің энергиясын пайдалануды ынталандыру жобасы 1996 жылы Барселонада пайда болды. жергілікті билік өкілдері құрлысшыларға қалада салынып жатқан ғимараттарға күн батерияларын орнатуға ұсыныстар жасап жатыр. Біртіндеп осы инетсивті елдің басқада ригрондарына тарала бастады. Ал 2006 жылдан бастап ол осы талап жалпы ұлттық заң мәселесіне қойылды. Ал желдік энергетика саласына келсек, бірінші сериялы жел генероторлары 80 жылдардың ортасында Канар араладарында пайда болды.

Қазір Испания ригрондарында алтирентапты энергетика жағынан өзіндік жобалар ойластырылып жатыр.

Дамыту үшін суксидиялар Еуро Одақ тарапынан да Испан мемлекеті және жергілікті әкімшілік тарапынан да беріледі.

Көбіне қаржыны аямай жергілікті билік өкілдер тарапынан беріледі. Олар құрал-жабдықтардың 50 % төлеп отырады.    

          Испанияның ішкі транспорттық жүйесі көп санды автомобил жолдары мен темір жол лениялары Мадридтте қиылысатын құрлымда болады. Темір жолдар дүйесінің жалпы ұзындығы 22 000 км оның төрттен бірі электр жүйесіне қосылған. Негізгі лениялық кең соқпақты, ал жалпы жүйенің алтыдан бірін құрайтын жергілікті линиялар тар соқпақты қолданады. 1960-1970 жылдары Испанияда темір жолдары біраз модернизацияға ұшырады: қозғалмалы құрамдары жаңарып рельстері сапасы жақсарды. Ал шұғыл бұрылыстары мен құрамалары ниверлилерленді. 1987 жылы темір жолдың байланысыты дамытудың 13 жылдық жобасын іске асыру жұмысы басталды. 1993 жылы Еуро одақтан келген Субсидиялар арқылы Мадрид-Кордова-Сивилия кейін оған қосылған Кордова –Малага жоғары жүйірікті жолаушы тасымалдайтын лениясы іске қосылды.

Испанияның автомобиль жолдар жүйесі 332 мың км құрайды. Оның бестен екісі қатты бетті жолдар. Соңғы он жылдықта автомобиль паркі тез қарқынмен өсті. 1963 жылы Испанияда 529.7 мың жеңіл автомобильдер мен 260 мың ауыр жүкті (таркторлар) жүкті машина есептелген болады. 1991 жылы ол көрсеткіш сәйкесінше 12.5 миллионмен 2.5 миллион машиан санына жетті.

1990 жылы Испанияның саудалық флоты жалпы су сиымдылығы 3.1 миллион брутто-ригстр тонна болатын 416 кемеден тұрды. Басты теңіздік порттары Барселона, Бильбао, Валенсия, Санта-Крус-де Тенерифе, Картахенада орналасқан[11-18].

Испания территориясы өзінің географиялық орналасуына қарай халықаралық әуе байланысы «қону алақанына» айналды. Испанияда Иберия және Авиако мемлекеттік авия конпаниялары және бірнеше кіші жеке авия компаниялары жұмыс жасайды. Иберия компаниясы Латын Америкасы, АҚШ, Канада, Жапония, Солтүстік Африка және Еуропа елдеріне және ел ішіндегі релістерге қызмет жасайды. Жұмысы ең тығызы Палма де Мальорка қаласындағы әуежай болып есептелінеді. Басқа да ірі әуежайлар Мадрид, Барселона, Лас Пальмас (Канар аралдары) Малага, Севилья қалаларында және Тенерифе аралында орналасқан.

 

3.2  Ауыл шаруашылығы

 

Жердің 50 пайызы ірі жер иеленушілеріне тиесілі. Олардың қолында барлық шаруашылық көзінің шамамен 3.5 % жинақталған. Орасан жер аумақтары Латифундист жер магнаттарында (Испандық гранттар, Медине Серри, Пеньяранда, Вилья Вермоса Гертцогттары т.б) 20га-дан 100 ге-тарға дейінгі жерлер ауқатты Кристан шарушылығының иелігінде (барлық шарушылықтың 8.5% оның ішінде 21.5 % жер аумақтарында) жерлері 20 га-ға дейінгі крестьян шаруашылығының негізгі массасы (барлық шарушылықтың 89.9 %) тек қана 24.6 пайызы жер ауданы (жеке меншік және әрендалы) алады. Жерді арендаға алуда кең тараған. Шараушылықтың үштен бірі арендаланған жерлерде жүргізіледі. Орта ғасырларда қалыптасқан феодалдық аренданың кейбір формалары сақталынады. Латифундистердің көпшілігі өзінің жерлерін ұсақ әрендоторларға (кейде субарендамен делделдар арқылы) немесе жері аз меншік иелеріне жалға береді. Магнаттар да арендатрларды ауыл-шарушылығы өндірісіне қажетті түрде қаражат аудармайды. Тың жерлер жайлым үшін қолданылады.

Андалусиядағы, Эстремадурадағы Ескі жіне Жаңа Кастилиядағы жоғары консентрациялы жерлер кейбір аймақтардағы жер иеліктерінің ұсақталануымен спеттеседі. Кіші және ұсақ шаруашылықтар (5 га-дан аз жерлер) Галисияда барлық шарушылықтың 79.3 % Астурияда Сандандер правинциясында 80.8 % Канар аралдарында 62 % және Левантада 78 % жерлерді иеленген.

Испанияның жалпы аумағында ауыл-шаруышлық жерлері 71 % құрайды. Соның ішінде өңделетін жерлер 41.4 %. (жидек және зәитүн ағаштарының отырғызылуын қосқанда 30,9 %-тұрақты жайлымдар мен жайлымдар. 2.3 миллион ге-тар жер суландырылады. (Батыс Еуропа елдері ішінде 1-орында).

Негізінде Эбро Гвадалквивир өзендері бассейінінде Леванта аудандарында, аз көлемде Гвадиана, Тахо және Дуэро өзендері аумағында суландырылған. Ауыл-шаруашылығы әлсіз механизацияланған. 1969 жылдың соңында 239.5 мың трактор, 30.3 мың комбайын және 63.2 күлтиватр болған болатын. Минералді тыңайтқыштарды қолдануда өсті.Ауыл-шараушылығына Валенсия мен Мурсияның жағалық провинцияларындағы суландырылған жеміс-жидекті плантацияларды көп септігін тигізеді [16-17].

 

Өнімнің құндылығы бойынша егін шараушылығы мал шараушылығынан жоғары тұр. өңделетін жерлерді құрлымына дәнді дақылдардың (60 а) зәитүн мен жүзім ағаштарының егілуінің жоғары үлесі тән. Дәнді дақылдардың ішінде бидай (егіс ауданының екіден бірі) көп тараған.

Негізінде мисета, Арагон және Андалузия жерлерінде жайғасқан. Сол жерлерде сұлы мен арпада егіледі. Солтүстік аудандарында жүгері мен қара бидай өсіріледі.

Еуро өзенінің төмендегі суландырлылған жерлерде Валенсия, Мурсия, Сивилья және Бадахос провинцияларында күріш өсіреді. Халықты тамақтандыруда негізгі рольдердегі бұршақ, фасоль және тағы басқалары барлық жерде егіледі. Картоп негізінен солтүстік провинцияларында ал ерте өсірілетін картоп (экспортқа шығарылады) Леванта мен Андалусия аудандарында егіледі.

Қант қызылшасын өсіру оннан тоғызға жуығы суландырылған жерлерде негізінде Дуеро (Леон, Паленция және тағы басқа) Еуро өзендері бассейінінде және Андалусияда жүргізіледі. Қант құрағы Малага, Альмерия, Гранада провинцияларында егеді. Мақта өсіруі Андалусия, Эстремадура, Арагона және Леванта аудандарында шоғырланған. Оны жинау ішкі нарықты қанағаттандырмайды.

Темекіні көбіне Эстремадура мен Андалусияда өсіреді. Эспарто өсімдігін оңтүстік-шығыс аудандарында жинайды. Шығыс провинциялары және Еуро өзені ойпатында бұрыш, пияз, қызанақ, баклажан және тағы басқа бақшалық өсімдіктер өсіріледі.

     Жүзім алқаптары көлемі жөнінен Испания Еуропада Франциядан кейінгі 2-орынды алады. Ол елдің барлық аймақтарында таралған. Көбіне Ла-Манча (жүзім ауданының үштен бірі Жаңа Кастилияда шоғырланған), Каталония Эбро мен Дуеро өзендерінің бассейінінде (Терра дел Вино) Андалусия мен Леванта жерлерінде өсіріледі. Зәитүнды жинау жөнінен Испания 1-орынды, ал зәитүн майын өндіру бойынша әлемде Италиядан кейінгі 2-орынды алады. Зәитүн тоғайлары жан-жаққа таралған. Бірақ, ірі Латифундий аудандарында негізінде Андалусия, Жаңа Кастилия, Эстремадура және Альбесетеде орналасқан.

     Испания әлемде цитурсты жинау жөнінен АҚШ-тан кейін екінші орынды, ал оның экспорты (өнімнің үштен екісі) жөнінен 1-орынды алады. Жемісті цитрус ағаштары мына правинцияларда шоғырланған: Валенсия, Кастельон, Аликанте, Мурсия, Сивилья, Альмерия, Малага, Кордова және т.б.

     Экспорты жөнінен Еуропада алдыңғы орынға шығарған мендалды негізінен Жерорта теңіздік шығыс және оңтүстік аудандарында және де Балеар аралдарында өсіріледі. Осы аудандарда аонымен қатар басқа да жидек түрлері өсіріледі: өрік, шабдалы, гранат, инжир.

Испанияның солтүстікте алма бақтары (Астурияда одан Сидрдегі сусын дайындайды) таралған. Испанияның көп аудандарында алхоры, алмұрт, шие, қызыл шие және т.б өсіріледі. Банан Канар аралдарында көп өсіріледі.

          Ағаш өнімдері 14.9 миллион га територияда дайындалады. Ол 14.6 миллион текше метрді құрайды. Испанияда мамандандырылған іс арнайы ағаш бұйымдарын дайындау болып отыр. Негізінен оңтүстік және оңтүстік батыс прпвинцияларда және каталонияларда жүргізіледі. Арнайы ағаш өнімін дайындау бойынша Испания әлемде Португалиядан кейін екінші орынды алады. Испанияда ағаш өнімдерінің ішінде Еуропада тек Эльче қаласының аумағында өсірілетін құрма ағашы ерекше көңіл аудартады.

          Елдің ылғалды солтүстік аудандарында табиғи жем-шөптік жайлымдар ірі қара малдың үштен екісін қамтамасыз етеді. Үлкен ауқымды құрғақшыл ішкі аудандарында табиғи жем-шөптік база көбінесе қойлар (Испания меринос қойлары мен аты шыққан) мен ешкілерді жайуға қолайлы Испанияның осы аудандарында ірі қара мал көп жағдайда жүк тасу күші ретінде пайдаланады. Коррида үшін өгіздің бөлек сұрыптары өсіріледі. Құстар саны 47 миллионнан жоғары деп есептелінген. Кішкене көлемді ара шараушылығы таралған. Одан жақсы, сапалы жібектерді дайындау ісі дамыған[4-9].

Жалпы мал шараушылығы Испанияның ауыл-шарушылығында төмен орынды алады. Оны табиғи жайлымдардың негізі өнімділігі мен нашар жем-шөп базасына жерлердің әр қилы бөлшектенуі мен түсіндіруге болады. Ірі қара малды негізінен солтүстік пен солтүстік батыстың ұсақ шарушалықтарында өсіреді. Қой шарушылығы ескі және жаңа кастилияның ққұрғақшыл аудандарына тән. Испанияның барлығына дерлік аудандарында есектер, жылқылар және өгіздер жұмыс күші ретінде қолданған.

 

3.3 Испания экономикасының даму алғышарттары

 

Испанияның экономикасы даму деңгейі және оның халықтың ахуалы жағдайы жөнінен Еуро одақ елдерінің арасында орта позицияларды иемденеді. Финландия, Нидерланды және Германия секілді көшбасшы елдерден көпке алыс тұрады. Бірақ, Грекия, Португалия және жаңадан қосылған Шығыс Еуропа елдері сияқты ауытсайдерлерден жоғары тұр.

Жалпы ұлттық өнімінің өсу деңгейі бойынша Испания Еуро одақта даусыз және сөзсіз көшбасшы болып отыр. 2004 жылғы қортындысы бойынша Испания Еуропада оң нәтиже көрсеткен жалғыз ел болды. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 3 % жоғары болуы жалпы Еуропалық көрсеткіштің төмен болуы жағдайында үлкен жетістік деп айтуға болады.

Испан экономикасының локомотиві болып соңғы жылдары екі сала бөлініп шықты. Олар: құрлыс және туризм. Басқа салалары атап айтқанда, ауыл-шарушылығы өңдеу өнеркәсібі, ғылыми технологиялардың ұлесі әлде қайда төмен. Бірақ мұнда да Испанияның жағдайы Еуроодақтағы көршілерден жақсылау. Жылы климат, тазартылған жаға жайлар, тамаша ас үй және мәдени ескерткіштердің молдығы Испанияның шетелдік туристерге тартымдылық қылады. Туризмнен келген табыстар королдіктің қазынасын толтыруда 1-орынға шықты.[6-8].

     Испанияға шетелдік инвститсиялардың құйылуы Еуро курсының нығаюы және арзан ипатикалық кредиттер Еуропалық деңгейіндегі төмен бағалармен бірге қанша жылдардан бері Пиреней түбегі мен Испандық аралдардағы құрлыстық қарқынды бәсеңдетіп жатыр. Қозғалмайтын мүліктердің негізігі сатып алушылары Испандықтардың өздері болып отыр. (ахулы жақсы солтүстік аудандарында) кейін Ағылшындықтар, Скандинавиялықтар, ирландықтар және Еуропаның басқа да бай елдерінің тұрғындары. Жалпы Испандық жылжымайтын мүлік сатылымындағы ТМД елдерінің үлесі 3 пайыздан аспайды. Және ол көрсеткіш өсім тенденциясын алып жатыр.

     Еуро одақтың қатысушы елдердегі өмір деңгейі мен бағаларының теңдестіру саясатына қарамастан Испания Еуропалық деңгейде төмен бағалармен ерекшеленеді және көп уақыттай сондай болып тұрады деген болжамдар бар. Испандық отбасындағы орташа табыс деңгейі салыстырмалы түрде төмен болғанымен елдің үкіметі жеңілдіктер және субсидиялар жүйесімен тауарлармен қызмет көрсетулерге сатып алушылар бағасын ұстап отыр. Және де осы мәселені жақсы атқарып жатыр. Мысал ретінде мынандай көрсеткіштерді алып қаруға болады: Еуросупер маркалы бензин (бізде ол 95 марка) Испандық бензин станцияларында 90 еуроцент тұрады. Сол кезде оның бағасы Германияда 130 Сент, Ал Францияда бір жарым еуроға жетеді.

Сыртқы сауда айналымы 1997 жылы 226 миллиярд Ақш долларын құрады. Сыртқы сауданың көлемі жан басына шаққанда 56.5 мың Ақш долларына тең келеді. 1997 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 19.6 % бағаланды. Сонымен бірге оның өсу тенденциясы көрінеді. Мысалы: 1990 жылы бұл көрсеткіш 11.28 % болыды. Сыртқы сауда елдің көлемдік баланысына үлкен ықпалын тигізеді. 1996 жылы сауданың табыстары барлық түсімдерден 12.8 % құрады[1-6-7].

1996 жылмен салыстырғанда экспорт 18.1 % ал импорт 16.4 % өсті. өзіндік шикізат ресурстарының жетіспеушілігі мұнай мен газ өндірудің болмауы Испанияны импорттық қажеттіліктердін қанағаттандыру үшін сыртқы нарыққа бағыт алуға мәжбұр болып отыр. Сол кезде жалпыимпорт көлеміндегі энергетикалық таварларға импорттың үлесі 8-11 % арасында болып отыр. Ал басқа шикізат ресурастарының үлесі 4-6 % арасында болған.

1997 жылы импорттағы өзгерістерге келсек, Испанияға үлкен көлемде кемелердің арнайы құрал-жабдықтардың, жерде қозғалатын көліктің, аяқ-киімнің, түсті металлдардың импорты өсті. Испанияның сыртқы саудасында тавар айналымы және үлес салмағы бойынша 1-орынды әліде Франция алып келеді. Кейін, Германия, Италия, Португалия, Ұлыбритания жалғасады. Айырықша көлемде Испандық экспорт Италия 31.9 %, Филандия 56.6 %, Португалия 24 % өсті. Аталған елдерден болған Испания импортты 16.9 % аспады[12-17].

1997 жылы Испания өзінің Инвестициялық жұмыстарын негізінен шетелде бәсеңдетті. Оның салдарынан 1996 жылмен салыстырғанда капитал құйюы 59 айызға өсті. Осы өз тарихындағы ең үлкен көрсеткіш болды. ол процес соңғы жылдардағы Испан экономикасының дамуындағы негізгі ерекшеліктерінің бірі болды. 1995 жылы 2.9 миллиярд АҚШ доллары 1996 жылы 9,7 миллиярд АҚШ доллары, 1997 жылы 13.6 миллиярд АҚШ доллары.

Капиал шығарудың ең кең тараған әдісі ол Испан кәсіп орындарының жергілікті фермаларындағы капиталға түсу үлесіндегі алымдары болыды. Осындай аперетцияларға 1997 жылы шетелдегі Испан инвестиция көлемінің 48 % келді. Ал тұрақты Испан фермаларынң шетелдік кәсіпорындарының капиталына қатысуы Инвестициялары 45 % болды.

Испандық сыртқы капитал қиылымдары олардың қаржы саласына бөлінуі (38 %) динамикалық түрде өсті. Бірақ 1997 жылы көңіл аударар жайт ол Испан фермаларының шетелдік өнеркәсіптік холдингтік компанияларына соның ішінде соның ішінде энергетикаға көп көлемде капитал құйылуы болды. 1997 жылы оның көлемі 24 % болады. 1996 жылы ондай көрсеткіш 5 пайыздан аспады.  

Екінші орында 9 % телекоммуникация саласы тұр. Инвеститсиялар өңдеу өнеркәсібі соның ішінде цемент дайынау автомобиль жасау, шойын балқыту өнеркәсіптерінде (шетелдік Испан инвестицияларының жалпы көлемінен 8 %) өсті. Испандық капитал құйылымдарының негізгі массасы Латын Америкасы елдеріне келді. 1990 жылдары осы регионға келетін Инвестициялардың көлемі жөнінен Ұлыбритания,Германия, Франция секілді батыс Еуропалық елдерден жоғары тұратын 1997 жылы Испания шетел  Инвеститсияларының 51 % Латын Америкасына әкелді. 1996 жылы 41 % болды. соның ішінде Бразилияға 16 % және Аргентина мен чилиге 14 % құйған. Қаражаттар негізігнен банктік іске энергетикаға және телекоминикацияларға жұмсалды. Испания Латын Америкасы елдеріне қалыптасқан жобада (басында елде өнеркәсіптік фермалар пайда болып кейін оның ішіне Инвеститсиялық жұмысын қаржыландыруға банктер қосылады) емес, керісінше басында елді қаржылық құрлымдар жұмыс істейді. Кейін олардың ісіне өнеркәсіптік топтар мен фирмалар қосылады. Ең ірі операциялардың бірі ол «Эндеса» элекроэнергетикалық компаниясы мен Чилилік «Эндеса Дечаю» компаниясының 32 % акциясын 1300 миллион АҚШ долларына сатып алынуы. Испандық «Сандандер» атты банктік тобы «Банко Жерод комерцио да бразил»-ге 250 миллион АҚШ доллары көлемінде, «Банко Даурио Даулеплата» (Аргентина) 700 миллион АҚШ доллары көлемінде (бақылауда ұстау үшін капитал құйылымдарын жасайды) Бискаиеда «Банко Билбао» банктік тобы Аргентинада 360 миллион АҚШ доллары көлемінде Инвестицитсиялар жасады. «Репсор» атты ірі мұнай өңдеу компониясы 360 миллион АҚШ долларына Аргентиналық «Плюс Петрол Энерджи» мұнай компаниясының 45 % акциясын сатып алды. Телефоника компаниясы Бразилияға 350 миллиондай көлемінде Инвестиция жасады.

Сол кезде Еуро одақ елдеріндегі Испан Инвеститсиялары біртіндеп төмендеп жатыр. 1997 жылы осы ригионға жаллы шетелдік Испания Инвеститсия көлемінің 24 % болды. 1995-1996 жылдары ол көрсеткіш 30 % болған. Ал 1994 жылы 40 % болды.

Бастыс Еуропа елдерінің ішінде Испандық капитал көбіне Нидерланд 6 пайыз және Португалияға 7 % келді. Ол құбылыс осы елдердегі шетелдік Инвеститсиялардың қолайлы режимімен түсіндіріледі. 1996 жылы шетелге Инвеститсиялар жасайтын басты Испандық фермалары салықтан босатылады, егерде сол елдерде капитал құйылымының қаражат төлеген болса. Осындай факторларға байланысты Испандық фирмалар тікелей Инвестицияларды қолдануға мүмкіндік алды.

Испанияның бұрынғы ақша бірлігі писета болды. 2002 жылы ол айналымнан шығарылып оның орнына еуро келді. Бірақ, дүкендердегі шектердегі бағалар әлі күнге дейін писетада және еурода болып отыр. Қазіргі бағаланған писетаның курсы: бір еуро=166,386 Испандық писета.

Испандық писета (Испанша, қысқартқанда песо –бөлік) 100 сентимоға тең. Писета деп 18 ғасырдың басында қолданыста болған Испандық тиынды атады(5.1 г күміс) және ол песаның төрттен біріне тең болды. 1868 жылдан бастап Испания Латын Америкалық ақша одағына қосылғаннан кейін писета Ескудуны (сол кездегі Испандық ақша бірлігі) ауыстырып Испанияның ақша бірлігіне айналды. 1979 жылдан бастап Испанияда қазір қолданыста жүрген банкноталардың шығарылымы басталды. Испандық песета конвертрлік валюта қатарына жатады. Еуроға ауысқанға дейін Испанияда төрт банкнота: 1000, 2000, 5000 және 10000 писета –айналыста болды.

Испанияға шетел валютасын, егерде декларациясы 500 еуродан асса, шексіз түрде әкеле беруге болады. Декларация мен шетел валютасын сыртақ шығаруға рұқсат бар.

ИспанияғаАҚШ долларын әкелу тиімсіз. Оның курсы ресмиден әлде қайда төмен және банктердің бәрі 100 АҚШ долларлы банкноталарды ала бермейді[5-9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 АВТОНОМДЫҚ ОБЛЫСТАРЫ

 

Әкімшілік бөліністе Испания көп жағдайда ішкі дамуын өздері шешетін 17 автономдық обылыстарға біріккен 52 провицияға бөлінеді. әр обылыста өзінің парламенті мен үкіметі бар.

 

4.1 Мадрид, Каталония, Валенсия Қоғамдастығы

 

Провинция атауымен сәйкес келетін облыс түбектің географиялық ортасында орналасқан. Оның орта нүктесі 16 ғасырда осы елдің астанасы осы қала болып саналды.

Мадрид – ІХ ғасырда Арабтар негізін салған мекен. Қазіргі уақытта келушілерге қызығушылық артқан жаңа заманғы және ұызу үстіндегі қала болып отыр. Оның тарихи тегі орасан зор. Пахо алаңыеың айналасында қаланың орта ғасырлық қаңқасы сақталынған. Қаланың дәстүрлі орталғы болып саналатын Порта Дел Сольда алтын ғасырда салынған Атбсбурктер ауданы орналасқан. Осында тағы екі алаң бар. Олар: колоданалар мен қоршалған негізгі Пласа Майор алаңы және әдемі Муниципалитет ғимарат бар Вилья алаңы. Екеуі де Баракко стилінде 18 ғасырда салынған. 18 ғасырда сарайлық сәулет өнерінің тамаша үлгісі королдық сарайы қазіргі уақытта келушілерге жартылай ашық.          

Сан Лоренсо де эл Эскориал –Гвадарама тауларында орналасқан. 2-Филифтің көңілінен шығып ол көркем сарай –моностер салдырды. Қайта өрлеу заманның талантты Испан сәулет өнершісі Хуане де Эрреның осы өнер туындысы Испан Империясы Сәулет өнерін орасан әсер тигізді.

Алкала Де Энарес –Мигел Сервантестің отаны. 16 және 17 ғасырлық өзінің университеттерімен аты шыққан. Қаланың ескі бөлігінде қызықты ескерткіштер сақталынған. Соның ішінде университеттің өзін бөліп айтуға болады.

        Аран Хуес –корелдердің салтанатты жазғы резидентциясын күтуге арналып салнғын елді мекен. Осы жерде Дахо өзенінің бойында тамаша парк жыйылған.  

Облыс Пиренейдің тау етегіне түбектің солтүстік-шығыс бөлігідегі Жерорта теңіздік жағалауында орналасқан өзінің мәдениеті және тегіне ерекшеленеді. Динамикалық түрде өте дамыған облыс. Халық саны 6 миллион адамнан асады. Ол Испанияда Андалузиядан кейінгі халқы ең тығыз облыс.

Барселона –Каталонияның тарихи астанасы және көлемі мен маңызды орны бойынша Мадридтен кейінгі қала болып саналады. Жер орта теңізіндегі аса ірі порттардың бірі. Құнды сәулеттік ескерткіштері соның ішінде, Готикалық кварталдағы ежелгі соборы мен, ескі әкімшілігі, Епископат және каталондық үкімет орналасқан Женералитат Сарайымен ерекшеленетін өте әдемі қалалардың бірі. Барселонада мұражайлар саны өте көп. Оның ең белгілілер: Пикассо және каталондық өнер мұражайлары.

Лерида –дәл сондай атаудағы провинцияның астанасы. Ымыралармен шыңында тамаша ситаделі сқталған ортасында 1415 ғасырларда салынған Сео Соборы орнласқан тауға көтеріледі.

Коста Брава –Барселонаның солтүстігіне 40 км жерден бастау алатын және Жерона провинциясының жағасын бойлайтын жағалудың бір бөлігінде орналасқан. Осы зона таулы –тасты тікшіл жаға кішкене айлақтар және ұсақ құмды жаға-жәй мен аусып тұратын тамаша табиғат көріністерімен белгілі. Кейбір елді мекендер туризм индустриясының қатты эксплотациясына ұшыраған. Бірақ, табиғаты бұзылмаған Тосса де Мар балықшылар ауылы сияқты соны түрдегі мекендерде сақталған. Косто Браваның басты туристік орталықтары: Росас, Сан Педро, Пескадор, Сан Мартин, Де Ампурияс, Ла Эскала, Эстартит, Багур, Паламос, Плая Де, Аро, С ‘ Агаро, Сан Фелю Де Гигсолиш, Тоссо де Мар, Лорет де Мар және Бланс. Осы зонада кейбір қалалар мен елді мекендер аса қызықтырады. Олар:

Жерона –дәл сондай атаудағы провинцияның астанасы. Еврейлік кварталы мен ерекшеленетін ежелгі және өте әдемі каталондық қалалардың бірі.

          Фигерас –Салвадор Далидің туған жері. Осы жерде оның еңбектерінің көп бөлігі сақталған кереет мұражай салынған.

Ампурьяс–Классикалық периодтың әдемі мұралары сақталған грек-романдық қаласы.

               Коста Дорада –Барселонаның оңтүстігінен бастау алып Тарагонаға дейін жететін қала. Мұнда үлкен әдемі және күтім көрген ашық жаға жайлар бар. Косто Дораданың басты туристік орталықтары: Клерия Де ла Коста, Аренис де Марк, Кастелдефеис, Ситчес, Калафель, Торреденбара, Таррагона, Салул Камбрильяс, Мини Плая, Оспиталь дел Инфанте және Сан Карфос де ла Рапита. Осы зонада айрықша қызығушылыққа мыналар ие:

Тарагонна –дәл сондай атаудағы провинцияның астанасы. Ежелгі классикалық заманда Тарракко деп аталған өте маңызды қала болатын. Осында Римдік ескерткіштер сақталынған, олардың ішінде ерекше бөліп қарауға болатынары Акведук, Амфитеатр, ал жағалуында Спициондардың мәиті. Тарагонадан бірнеше км қашықтықта, провинция ішкерлей         бір-біріне жақын орналасқан Сантес Креус пен Санта Мария  де Поблет (Арагон каролдерінің мәиті орналасқан жерлер) орта ғасырлық монастер бар.

Сиджес –маңызы туристік орталығы. Бірнеше қызықты мұражайлармен ерекшеленеді. Соның ішінде Эл-греко мен екі сурет туындысы бар кауфкрат-мұражайын айтуға болады[19].

Каталониядан оңтүстікке қарайғы орналасқан сан алуан Апельсин бақтары мен үлкен жаға жайлары бар Жер орта теңіздік облыс. Мұсылман тайпаларының ұзақ уақыт болуы салдарынан осында Жер орта теңіздік және Испан-Араб дәстүрлері үйлесімді түрде өмір сүреді.

Валенция-облыс орталығы және халық саны бойынша Испанияның  3- қаласы. Қасиетті Иосиф мейрамындағы өзінің флияларымен әлемг әйгілі болыды. Осы күні адамдар көтеріңкі көңілде папи-машедан жасалынған үлкен қуршақтарды өртейді. Қала көптеген сәулет өнерінің ескерткіштерін сақтаған. Солардың ішінде ескі биржа мен Мигелете, Собордың қоңрауы ерекшеленеді.

    Валенциялық жағалау.(Коста Валенция) –тікелей орталыққа жанасқан алыс емес, екі үлкен жаға жайлы және осында кулиера Ганде және Олива деген туристік орталықтары орналасқан.

Коста Асаар –Валенциядан солтүстікке қарай Кастелион провинцисының бойында жайласқан. Оның негізгі туристік орталықтары: винарис, Бени Карло, Пеньискола, Алкосебер, Оропесо және Бени Касин. Осы зонада көңіл бөлуге болатындары:

Кастльон -өзінің Мария соборы және арнайы тастарымен жонылған әкімшіліктің таң қаларлық фасады мен ерекшеленеді.

Пеньискола –орта ғасырлық сарай –үйі бар үлкен құздың бойында орналасқан елді мекен. Қабырыға ішіндегі көшелер мен үйлер кішікене тікшіл беткейдің бойында сәтті түрде орналасқан.

Оропеса –Мұнда 16 ғасырлық ескерткіші сақталған және осылай королдық мұрасы деген атауға ие болды.

Аликанте –дәл сондай атаудағы провиция орталығ. Маңыздылығы жөнінен Валенсиялық қоғамдастытың 2- қаласы. Валенсиядан оңтүстікке қарайғы жатыр. Екі үлкен жаға-жайы бар. Санта Барбара деп аталатын үлкен Араб қамалынын қаланың үстінен көрініс беріледі. Осында биік құрма ағашы палмалары өседі.

Коста Бланка – Аликанте провициясының түгел жағалауы бойына жағасқан. Ол жақсы жабдықталған орасан тамаша ұсақ құмды жаға жайлары бар Испанияның басты туристік орталықтарының бірі.

Бенидорм- Испанияның өте маңызды туристік орталықтарының бірі. Екі өте жақсы бапталған жаға жайлары бар. Көптеген қонақ үйлерімен иемденеді. Түнде қала адамдар саны мен қызу күйінде болады.

Косто Бланка мен басқада маңызды туристік орталықтары Дение ,Хабера Морайра, Кальпе, Санта Поло, Гвардамар, Де Сикура, Торо Вере, Кампо Амор. Осы зонада Жер орта теңізі жағалауындағы ең ғажайып көріністердің бірі Калпадағы Ифач құзы (ірі тасты мүйіз) орналасқан. 

 

 

4.2 Андалузия, Баск елі, Галисия

 

Андлузия күдіксіз Испанияның ең тартымды облыстарының бірі.

Сивилья–Андалузияның орталығы және халық саны бойынша Испанияның 4-қаласы. Гвадалквивир өзенінің жағалауында орналасқан. Ерекше өзіне тән көрінісі бар қала белгілі бір дәрежеде Санта Курс қарапайым кварталдары мен мунменталды ескерткіші Алькасар ежелгі араб қамалы 12 ғасырдың Хиральда мешіті және қаланың ежелгі бастионы Торре дел Оро тартымға толы.

Кордова –ол да Гвадалквивир мен шайылған Сивильядан солтүстік шығысқа қарай орналасқан. Ғасырлар бойы 8 –ғасырда Абдрахман құрған тәуелсіз мұсылман халифатының астанасы болған. Осы уақытқа дейін сол заманның тамаша ескерткіштері сақталған. Олардың ішінде таңқаларлық әдеміліктегі мешіті маңызды орын алады. Басқада ескерткіштерінңің ішінде еверейлік квартал немесе муедха сильіндегі әдемі синогогалы Геттоны айтуға болады.

Гранада –қолайлы түрде Сьерра-Неваданың қойнауында орналасқан. Соңғы ірі мұсылмен мемлекеті назари королдігінің орталығы болды. оның патшалары 14 ғасырда Алгамбрудің «Кастилио рохо» деген нәзік және көрікті әдеміліктегі тамаша сарай салдырады. Ол ғимарат кең колонодалары мен керемет пабилиндары мен және сылдарлаған фонтандары мен тыныш тоғандары мен безендірілген аса керемет бақтары мен ерекшеленеді.

Малага –оңтүстік жағалаудағы жайдарыл ықыстың өзінде де климаты керемет мекен. қаланың төбесінде әлксабы ұлық қамалын көтерген.

Коста дель Соль –Малаганың айналасында Испанияның өте маңызды туристік зоналарының бірі Марберия мен Торенмолиос деген аты шыққан орындары мен қатар басқа да Калуанда Торре дел Мар, Эл поло, дек Алмадена, Косто, фион хиролы, Сан педро де Алькада, Эстепоно және Малага деген тамаша туристік орталықтарды айтуға болады. Осы зонада аса көңіл бөлуге болатын жерлер:

Михас-Андалузиялық елді мекендердің таң қаларлық түп нұсқасы. Көшелері тауға дейін көтеріліп, үйлері әктелуімен ерекшеленетін мекен болып есептелінеді.

Ронда –Малага провинциясының ортасында орналасқан ескі қала. Табиғаты тамаша жерде құламалы жардың қиырында орналасқан.

Хаэн –ескі орта ғасыр заманының бекінісі. Қамалы ауқымды зәитүн ағаш бақтарымен қоршалған қала. Қайта дәуірлеу заманның монеманталды соборларымен 11 ғасырдың Араб моншаларымен және Санта Каталина қорғанымен ерекшеленеді[20]

Альмерия –Андлузияның қиыр шығысында, өзгеріссіз араб тектілігін сақтаған. Қала керемет шығанақтың бойында жайылған. Оның жоғарғы жағында Араб қамалы жайылған. Ол үлкен Андоузиялық жаға жайлардың ауданы.

Коста де Альмерия –туристердің көптеп келеін жерлерімен қатар тыныш және салыстырмалы түрде адам аз кездесетін таң қаларлық әдеміліктегі жаға жайларды кездестіруге болатын мекен. Мұндағы ең ірі туристік орталықтары: Адра , Агуадолция, Кабодета , Мохакар және Рокето .

Коста де ла Лус –Андлузияның атлантикалық жағалуында, кардис және Велвы провинцияларын қамтиды. Мұндағы маңызды туристік орталықтары Арбате, Алхесирас, Тарифа, Конел де ла Фронтера, Чиклада деле, Кадис фортеде Санта Мария, Рута, Чимпиона, Салугарде Баремора, Торе ла Игера, Масагон, Пунта Омбре, Эл Руму, Ла Антиле және Исла Кристина. Осы зона да көңіл бөуге болатындары:

Кадис –ақ үйлері мен суптропикалық өсімдіктері бар көне қалалардың бірі.

Уэльва –Ірі балық аулау порты. Дәл осы жерден Христафор Колумб Американы ашуға аттанғанын дәлелдейтін көптеген ескерткіштер бар.

Хирес де ла Фронтера –аты әлемге шыққан белгілі шараптың отаны. Шараптың аты осы мекеннің атымен сәйкес. Сонымен қатар бұл жерде жылқыларды сұраптап шығаратын атақты мекен жұмыс істейді.

Солтүстік Африкандық жағалауда Андлузиялық жағаға қарама –қарсы порто Франко статусын иемденетін және Испан ұлттық териториясының бір бөлшегі болып саналатын екі қала орналасқан:

Сеута –Жер орта теңізінің қарама-қарсы жағалауында жайғасқан. Ескі қамалдың бөліктерін сақтаған. Жоғарғы жағында үлкен алаң, пласде Африка және собор орналасқан.

Мелилья –ол Жер орта теңізінің қарама-қарсы жағалауында орналасқан қазіргі заманғы қала. Бірақ мұнда да көптеген тарихи ескерткіштер сақталған.

          Бұл обылыс кантабри тауларының шығысын алып жатыр. Және елдің өнеркәсіптік ауданы болып саналады. Оның тұрғындары ежелгі өзіне тән мәдениетін, соның ішіде айрықша құнды үнді-Еуропа алды (Еускера) тілін сақтап келе жатры. Оның шығу тегі әлі де табылмаған.

Бильбао (белбо) 14 ғасырдың басында қаланды. Және қазір ол обылсытың ең ірі қаласы болып саналады. Готикалық соборо мен әкімшілік ғимараты орналасқан ескі көркем орталығы ерекшеленеді. Ол өнеркәсіп және қарды орталығы.

Сан Себастьян (Донесте) –Гипускойдың басты орталығы. Франция шекарасынан жақын орналасқан. өткен ғасырда қаланың әдемілігі мен жаға жайларының сапасы Испан Аристоктиясын қызықтырған жазғы демалыс орталығы болды. әлі күнге дейін космополиттік және зайырлы ұлгісін сақтап келе жатыр.

Витория (Гастейз) –Эускадидің орталығы болып саналады. Қаланың ескі бөлігі өте әдемі болып келеді. Қалада екі собор бар олар: 15 ғасырда біткен котикалық собор және құрлысы жүріп жатқан қазіргі заманғы собор.   

Түбектің қиыр солтүстік батысындағы орналасқан облыс. Римдіктер Галисияны Жердің қиыр батысы деп ойлап, оны Финес Терая деп атаған. Орта ғасырларда Яго деген әйгілі жолымен белгілі болған. Аудан таулы және ылғалды, тілмденген жағалаулар мен таулы-тасты кең фиорттамен, көп мөлшерде май шабақтармен әйгілі. Галисия соны түрдегі мәдениеті, бай Фольклоры және өзіндік Галисиялық тіл ауданы.

Ла-Корунья –ежелгі тегі бар ең ірі Галисиялық қала болып саналады. Сәулет өнеріндегі ескерткіштерге бай, олардың ішінде айрықшалары бірнеше романдық шіркеулер мен римдік дәуірдегі шам-шырағы. Қаланың ең соны және тартымды жерлері балкондары түгелімен әйнектелген үйдің фасаттары болып отыр.

    Сантьяго де Компестела –Галисияның орталығы және Испаниядағы көркем қалалардың бірі. Қаланың орталғы болып Барокко стильіндегі керемет фасабы бар романдық субор болып саналады. Көне университеті, Санта Мария ден Сар соборлы  шіркеуі, Сермирис сарайы және қазіргі уақытта аса керемет  туристік парадорге айналған катлоиктік королдердің аурауханасы бар.

Луго-дәл сондай атаудағы провинция  орталығы. Осы заманға дейін Римдік бекіністі қамалдар мен тамаша романдық Собор сақталған.

Оренсе –облыстың дәл ортасында орналасқан. Әдемі рамандық соборы сақталған.

Понтеведро-әр жағында орналасқан фиорттың атына қойылған. Ол әдемі колонадалармен ерекшеленетін тыныш және тынымсыз қала.

Виго- көлемі жөнінен галициядағы екінші қала.  

 

4.3 Эстремадура, Мурсия, Арагон, Астурия, Кастилия, Ла Манча, Кастилия және Леон

 

Ішкі Испанияның аз танымал және өзіне тән тұрпатпен ерекшеленетін обыстарының бір. Кезінде Римді және Мавритандық, кейін орта ғасырлық және аристокиятиялық заманда болған оның әдемі қалаларында Американы ашқан көптеген канпистодарлары дүниеге келді.

Касерес –жоғарғы стрмадураның орталығы. Аркалары және қуатты мұнаралары бар ежелгі араб бекіністері мен қоршалған қаланың ескі бөлігі осы уақытқа дейін алтын ғасыр заменынан бері өте жақсы кейпіде келді. Мұнда 16 және 17 ғасырдың тамаша сарайлары мен жеке жайлыр сақталынған.

Паленсия –мұнда готико платерско стильіндегі аса керемет собор, ескі орта ғасырлық дуалдары және Ренессанс пен Барокко стиліндегі таң қаларлық сарайлары сақталынған.

Трухильо- Писсароның туған жері. Мұнда Испанияның ең әдемі және негізгі алаңдардың бірі орта ғасырлық қорған –сарай, тайпалық аңбалармен безендірілген Аритокиятиялық жеке жайлары орналасқан.

Бадахос –төменгі Эстремадураның орталығы. Мұнда араб заманы ескерткіштерінен қалғандары, соның ішінде Алькасаба мұнаралары мен қамалдық бекіністері сақталынған.

Мерида –обылыс орталығы. Римдік Испанияның ең маңызды қалаларының бірі болған. Осында әлемдегі ең мықты ежелгі Рим тиятрларының бірі ампитиятр, екі акуидік, көпір, әр түрлі храмдар және басқада құрлыстар сақталған. Оның Рим өнерінің мұражайында классикалық заманның құнды коллекциялары көрсетілген.

Мурсия облысы Валенсия мен Андлузияның арасында орналасқан. Ежелгі заманда осы жерде Карфагендіктер мен Римдіктердің ірі елді мекендері орналасқа. Осында ұзақ уақыттай мұсылмандарда да тұрған. Осы орта ғасырда обылсытың тарихын анықтады. өзінің жеміс-жидектерімен аты шыққан. Оынң жағалауы Испанияның тағы бір туристік зонасы.

Мурсия–облыс орталығы. Теңізден алшақ орналасқан. Бұл университеттер қаласы. Көптеген тарихи ескерткіштердің ішінде әдемі собор ерекшеленеді [5-7].

Картахена –облыстың ең маңызды порты. Қаланың негізін біздің заманымыздан бұрын 221 жылы Карфагендіктер қалаған. Оның алғашқы атауы Карфаго Ново болған. Картахена қазірдің өзінің маңызын сақтап келе жатыр. Оның мұражайлыры ежелгі де қаланың тарихи маңыздылығын дәлелдейтін тамаш Римді және Римдікке дейінгі бұйымадар коллекциясын иемденеді.

Косто Галиде –Мурсия жағалауы бойында жайғасқан. Климаты өте жұмсақ және жаға жайлыры ұсақ құмды болып келеді.

        Мұнда Жер орта теңізіне қосылған және су спортымен шұғылдануға ыңғайлы Маминор тұзды көлі орналасқан. Оның маңызды туристік орталықтары Сантияго, Дела Рибера, Манча дел Марминор, Порте де Масарон, Агивалас.

Көне королдік, бұрын Жер орта теңізінің қожайыны болған қазіргі уақытта өзінің шұғыл географиялық контрастары мен керемет пейзаждарымен ерекшеленеді. Фольклор жағынан өте бай облыс.

Сарагоса -Арагонның орталығы. Эбро өзені жағасындағы қала. Римдіктер мен Арабтар заманнында маңызы үлкен болған мекен. Мұражайында біраз көзге түсетін коллекциялар бар. Оның ескерткіштерінің ішінде орта ғасырлық соборды бөліп айтуға болады.

Уэска –перенейдің бөктерінде, таң қаларлық көркем жердің орнында жайғасқан.

Теруель –ұзақ уақыт арабтар билігіне болды. оның салдары модухар стильіндегі тамаша сәулет өнері туындыарына орын алады. Соның ең үздіктері Сан Мартин, Сан Педро және Салвадор соборлы қоңыраулары.

          Мұнда ғасырлар бойы көбіне оңтүстіктің ислам каролдері мен соғысқан христан королдығы мекен етті. Шығысында Кантабрия және батысында Галисиямен шекараласатын Астурия өзінің көне гнияздік титулына мақтан тұтады. Ол таулы облыс болып саналады.

Овьедо –облыс орталығы. Кейінгі готика стильіндегі собор және ХІ ғасырдың көркейіп тұрған романалды тамаша астурилі сантамария мен пенранкомен Сан мигел, Делирио екі кішкене шіркеулермен ерекшеленетін өте әдемі қала.

Хихон -өзінің маңыздылығы мен кантабрия жағалауындағы ірі портқа міндет қылмақ. Үлкен жаға жайлары бар қала. Біраз үлғайған кейбір ескі балықшылар ескі мүйістерін сақтап келеді.

          Осы облыстың аты оның теңіздік сипатын көрсетеді. Жұмсақ пейзажы бар жасыл табиғаты мен керекшеленетін осы мекенді переней түбегіндегі көне халықтардың өмір сүрген дәлелдері бар. Мұнда Санилияна көркем ауылының жанында Алтәмир үңгірінің жанында әлемдегі ең тамаша жартасты суреттерді бөліп айтуға болады. Облыстың ішінде өте әдемі таулы пейзаждары бар.

Сандандер –обылыс орталығы болып саналады. әдемі шығанақта кең жаға жайы бар, қолайлы және көрікті ойластырылған қала. 1941 жылы өрттің себебінде біра зардап шекті. Бірақ қазіргі уақытта мұқиат риконстурацияға шалдығып бұрынғы көркемділігін қайтарды. Таң қаларлық әдемі лә мир сарайында жыл сайын халқаралық маңызға ие жазғы университет орналасты. Мұражайда 7-8 ғасырдың құнды өнер коллекциялары сақталған.            

Бұл кең аумақты облыс Мадридтің оңтүстігіне таман жайылған. Және көне Кастиля королдігінің оңтүстік бөлігін қоса Ла Манча (Мигел Сервантестің әлемге әйгілі «Ламанчалық Донкиход» романы ) деген үлкен ауданында алады.

Толедо –обылыс орталығы. Сөзсіз ескерткіштер саны жөнінен әлемде алдыңғы орындардың бірін алатын жер. Мұнда Испан өнерінің түгелдей дерлік ескерткіштері сақталған: Арабтың моедахард стильі, еверйлік тарнсито және санта Мария, Лабланка, Синагоголары, Готикалық тамаша соборлар мен қайта дәуірлеу заманының ескерткіштері. Сурет туындылары осы поледода сақталыеған. Соның ішінде Сантемо Мудехар шіркеуіндегі ең үздік «Граф Оргостың жерленуі» туындысының авторы елгреко 16 ғасырда осы жерге көшіп келген болатын. Мұражайларының ішінде Санта Крус ескі ауруханасына орналастырылған мұражай ерекшеленеді[20]

Куенка –сирек кездесетін көрікті пейзажға сәйкес қала өзінің орта ғасырлық тартымдылығын жоғалытпаған. Ол «Касас Колгадас» (салбыраған үйлер) деген тік жардан асылып тұрған үйлермен аты шыққан. Қаланың орталығында тамаша котикалық собор бар. Испан абстрактылық өнеріндегі мұражай өз тармағында ең үздік болып саналады.

Сьюдад Реаль –Ла Манчаның тарихи астанасы. Қаладан алыс емес жерлер кезінде Дон Кихот оны Дәу алыптарға санап олармен шайқасқан таңғажайып жел дирмендерін тамашалауға болады. әлмагрода маңызды халықаралық театр фестивалы өткізіледі.

Альбасете –дәл сондай атаудағы провинциялық орталығы. Пышақтарды жасап шығарумен аты шыққан. 16 ғасырлық соборы сақталған.

           Гвадалахара –мұнда араб қамалының бір бөлігі мен Энерис өзеніндегі 10-11 ғасырлық көпір ақталынған. Шіркеулердің ішінде мудхар стильіндегі Санта Мария Ламаиор және 15 ғасырлық инфантадо Гетцогының сарайы ерекшеленеді.

          Үлкен жазықтың (Месета) бойында жатқан кең ауқымды обылыс. өзінің марфологиялық ерекшеліктері бар. Осында ежелгі Лион королдығы мен ежелгі Кастилия королдігінің солтүстік бөлігі қосылған. Ұшы қиырсыз жазықтың тамаша пейзажы мен керемет тарихы және монументалды тектілігін иемденеді.      

Сеговья –мұнда өз дәуірінде барлық аквитудактарының бастамасы Римдік аквидукпен қатар әр түрлі замандағы тамаша романдық шіркеу тұр. Үлкен готикалық собор және арабтық тегі бар керемет әлкасар қамалын және т.б ескерткіштерді кездестіруге болады.

Авила –Тереса де Хисустың отаны.

Керемет күйінде қамал қабырғалары, роман периотындағы қуатты әскери бекіністері және санвисанте бекіністері сақталынған. Оның систер стильіндегі соборы қамалдық қабырғалары жанасып салынған.

Сория –дуеро өзеніне шайылған келтибериялық тегі бар қала. Оның көптеген азамааты және дінни құрлыстарының ішінде романдық стильдегі Санто домианго шіркеуі мен 12-13  ғасырарда салынған Санхуан тпедро монастрі ерекшеленеді.

Бургос –қаланың өзі мқтан тұтанын Сиданың отаны. Испаниядағы ең мықты ескерткіштердің бірі сапасы және сұлулығы мен ерекшеленетін соборды иемденеді. Қаланың ескі өлігінде орта ғасыр және қайта дәуірлеу заманының тамаша сарайлары мен шіркеу сақталынған.

Паланция –ашық көрінген орта ғасырлық бейнесін ұстайды. Мұнда соңғы готика стильіндегі әдемі собор бар. Бұл көп аты шықпаған бірақ қызықты ескерткіштер мен керемет архелогиялық мұражайларға бай қала.

Вальядолид –обылстың ең ірі қаласы және орталығы. өзінің бақтары мен және Сабор мен потаристо стильіндегі Санта курс Сангригорио екі ғимарат ескерткішетерінің аты шыққан. Осындай кең және салтанатты түрде қасиетті апта мерей тойы өткізіледі. Мүсіндер мұражәй 16 және 17 ғасырдың Испаниядағы үздік мүсіншілердің тамаша коллекциялары мен орналастырылған соның ішінде Беругете шеберінің тамаша туындылыра да бар.

Леон –осы атауда болған көне королдіктің астанасы. Үш атақты ескерткішті иемденеді: №криталы, құны үлкен романдық фрескалармен әшекейленген 12 ғасырлық Сан исидор шіркеуі, Витраждары шартрдағы соборлармен салыстыруға келетін көркем және айқын стильдегі сан алуан литраждары бар гортикалық собор мен қазіргі уақытта жоғары категориялық туристік пародорға қайта дәуірлеу заманның тамаша туындысы Сан Маркео ескі монестірі.

Саморо –лионнан оңтүстікке қарайғы тұрған орта ғасырлық қала. Қатар-қатар тұрған ғимараттар романдық. Соның ішінде 10 шақты шіркеулер мен византиялық стильдегі таңғажайып күмбезі бар тамаша собор мен әшекейленген. Қаладан бірнеше км жерде 7-ғасырға жататын сирек және құнды Санпетор Деланеде Визгод шіркеуі орналасқан.

Саламанка –қайта дәуірлеу заманныда Еуропада алғашқылардың бірі болған өзінің университетімен аты шыққан. Ол ескі роман стильіндегі және платероско элементтері бар жаңа гортикалық стиьдегі собор мен, аркадалары бар басты алаң мен және қайта дәуірлеу заманының тамашафасаты бар университет ғимараты мен ерекшеленетін сұлуда көркем қала[18-19].

 

 

 

                                             ҚОРЫТЫНДЫ

 

Испания өз даумында орасан жетістіктерге жетті. Бірақ алда тұрған мақсаттар әлдеқайда көп. Олар экономикалық тұрғыда ғана шектеліп қоймайды. Елде әлі шешілмеген мәселелер бар. Саяси жұмыстарының ішінде Катлония, Баск елі ұлттық автономияларының мәселелерін қазіргі Испан Конституция шеңберінде демократиялық жолмен шешіп, олармен барынша теке-тіреске түспеуге тырысу.

Экономикалық  жағдайын алғанда оның да жағдайы айтарлықтай мәз емес. Мадрид, Барселона секілді жоғарғы деңгейде дамыған ірі супермегаполистердің  жанында артта қалған провинциялар көршілес өмір сүреді. Халықтың ахуалы да осындай тұрғыда, сондықтан әлсіз провинциялардың тұрғындары  ірі орталықтарға көшіп алуға амалдар жасайды және сонда  тұрақтанып алуға  үміттенеді.  Корольдік  қазына табысының негізгі көзіне айналған  туризм  саласының даму деңгейі жоғары және 60-70 ж салыстырғанда қызмет көрсету сапалы  түрде жүргізіледі. Бірақ Испанияда демалу қымбатқа соғады, басқа туристік  елдерде демалу салыстырмалы түрде арзан  болғанмен  оның  сапасы  Испания секілді  элиталық  туризм деңгейіне жетіп келе жатыр.

Испания сыртқы саясатын бұрынғыдай империялық тұрғыда жүргізе алмайды. Өйткені қолында ұстаған колонияларынан айырылып қалды.  Қазіргі жағдайда  Испания үшін ең тиімді шешім ол Еуропалық Одақ Қоғамына енуі жә-не осы Еуропа елдерімен қиын мәселелерді бірге шешу болып отыр.                                                                     

          Испания Қазақстанға өзінің  географиялық  орналасу жағынан ұқсайды.    Өйткені екеуі де әлемдік транзит көпіріне айналды.    А мерика құрлығынан ұшып келетін ұшақтар жарты жолда  Испания әуежайларына қонады.  Ал Қазақстан Еуропа  мен  Азияны  байланыстыратын әуе және темір жол орталығы.

Қорыта келгенде айтатыным  Испания  өз дамуында жоғарғы сатыларға көтеріле алады, егер де жоғарыда айтылған мәселелерді түпкілікті түрде шеше білсе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Буотрина.О.В. Испания. Стратегия экономического подъема. Москва изд. Наука. 1994 г . 32-45 б.
  2. Лагутина Е.Н, Лагинский В.А. Страны Пиренейского полуострова. ЛГУ. 1984 г.17-29 б.
  3. Авилова А.В, Веденялин Я.С. Экономика Испании. Москва 1978 г . 67-84 б.
  4. Магидович И.П. Испания . Экономико-географический очерк . Москва 1938 г. 44-47 б.
  5. Лавров С. Б. Экономическая , социальная и политическая география мира. Регионы и страны . Москва 2002 г . 58-64 б.
  6. Вольский В.В. Социально-экономическая география зарубежного мира. Москва 1998 г. 4-5 б.
  7. Слука А.Е. География населения с основами демографии и этнографии. Общие работы. Спб 1999 г.26-30 б.
  8. Слука А.Е . Населения Западной Европы. Общие работы. Спб 1997 г. 79-81 б.
  9. Урганис.Б.Ц. Статистика населения. Москва изд. Статистика 1977 г. 58 б.

10.Зимин. Б.Н. География мирового хозйства. Российский открытый унирвеситет. 1999 г. 89-90 б.

  1. Общие работы. Постиндустриальное развитие капиталистических стран. Москва изд. Наука 1993 г. 12-15 б.
  2. Общие работы. Экономическая география зарубежных стран. Москва изд. Просвещение 1967 г. 77-86 б.
  3. Общие работы. Международные экономические отношения. Москва изд. Новости 1991 г. 40 б.
  4. Большая Советская Энциклопедия. Москва 1972 г. Том 10. 47 б
  5. Энциклопедический Словарь. Москва 1985 г. География. 65-66 б.
  6. Большая Энциклопедия Кирилла и Мефодия. Москва 2000 г.31 б.
  7. www.google.ru.
  8. . www.rambler.ru.
  9. www.spain.ru.
  10. www.yahoo.ru.