АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Италиядағы фашизм шығу себептері мен ерекшеліктері

РЕЦЕНЗИЯ

 

            Жарменова Бибинурдың диплом жұмысының тақырыбы: «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері

     Жұмыс кіріспе, III-тарау және қорытындыдан тұратын дипломдық жұмысы Италиядағы фашизмнің шығу себептерін, оны ұйымдастырған адамдар туралы оның тарихтағы ролі туралы оның адамзат тарихында алатынорны туралы және  фашисттік Германиямен айырмашылығы туралы айтылған.

      Кіріспе бөлімінде студент тақырыптың өзектілігін, алдына қойып отырған мақсат-міндеттерін, мәселенің-зерттелу деңгейін және жұмыстың деректік негізін көрсеткен.

       Бірінші тарауда Италиядағы дағдарысты және фашизмнің қалай билікке келгендігі туралы  және толық орнығып біткені жайында айтылған.

      Ал екінші тарауда фашисттік Италияның импералистік жағдайының  басқа мемлекеттер арасында қалай күшейе түскенін, сол кездегі әлемдік экономикалық жағдайдағы халық наразылығы туралы айтылған.

      Үшінші тарауда  екінші дүние жүзілік соғыс және Италиядағы фашисттік режимнің күйрегені туралы  және Германия фашизмінен айырмашылығын жазған.

      Жұмыстың дерек көзі ретінде сол кездері өмір сүрген ғұламалардың айтқан сөздері,хрестоматия,ғылыми әдебиеттер,интернет материалдары қолданылған.

       Қорыта айтқанда Жарменова Бибинурдың «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері» тақырыптағы дипломдық еңбегі Әлем тарихы мамандығы бойынша диплом жұмысы дәрежесіне лайық,диплом  жұмысы қойған мақсаттарына жеткен.                                                                                                                                              

 

 

 

                                                         Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3 

 

1  тарау Соғыстан кейін Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның орнығуы………………………………………………………………………………………………………

1.1Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы……………………………………………………………………………………

1.2Фашистік өкіметтің алғашқы кезеңі…………………………………………………………

1.3Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиға және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы…………………………………………………………………………………………………….

2 тарау Фашистік италияның импералистік жағдайының күшеюі………………..

2.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай………………….

2.2. Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс…………….

2.3. Соғыстың алдындағы фашистік режим………………………………………………..

 

3 тарау Екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік режимнің күйреуі………………………………………………………………………………………………………..

3.1.Италиядағы қабаттас соғыс………………………………………………………………….

3.2.Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери жеңілісі………………………………………………………………………………………………………

3.3.Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі.

3.4.Италия және Германия фашизмдерінің өзіндік ерекшеліктері……………….

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………………..

Сілтемелер ………………………………………………………………………………………………… 

 

 

 

 

                                                             КІРІСПЕ

 

      Тақырыптың өзектілігі

Фашизм – ( латынша –шоғыр, байлам, бірлестік) –барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді,  зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік  милитарландыру, басқыншылық тән.[1]

Фашизм-саяси әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар мен мемлекеттік режимдер.Дәлірек  айтқанда фашизм жиырмасыншы ғасырдың 20-40 жылдарындағы Италия мен Германияның саяси өмірінің көрінісі. Фашизм өзінің қай түрінде болмасын демократияның институттары мен құндылықтарына оны орнықтырудың шектен тыс қатаң құралдарын қарсы қояды. Фашизм тек тотаритарлы саяси партияға ( билікке келісімен ол мемлекеттік- монополиялы ұйымға айналады) және «көсемнің», «фюрердің» шексіз беделіне сүйенеді. Идеологиялық жаппай террор шовинизм, «бөтен» ұлттық және әлеуметтік топтарға деген геноцид , даму құндылықтарына деген өшпенділік – фашизм идеологиясы мен саясатының міндетті элементтері. Фашисттік режим және фашисттік үлгідегі қозғалыстар демогогияны, популизмді, империя құдыретін, соғыстың қажеттілігін кеңінен насихаттап қолданады. Көбнесе фашизмге жалпы ұлттық тоқырау және модернизация катаклизмі жағдайында тығырыққа тірелген әлеуметтік топтар амалсыз қолдау көрсетеді. Фашизмнің көптеген белгілері оңшылдар мен солшылдардың түрлі әлеуметтік және ұлттық қозғалыстарына тән. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда (м/ы «класс» немесе «ұлт»), қоғамның саяси жұмылдырылуы әдістеріне, терорлық үстемдік пен насихаттау тәсілдеріне қарап оны большевиктердің тоталитарлық қозғалысымен тәртібіне, сталинизмге, «қызыл кхмерлерге» ұқсастыруға болады. Демократиялық иниституттардың әлсіздік танытқан жағдайында фашисттік үлгідегі қозғалысының даму және фашизмнің шын қауіпке айналу мүмкіндігі сақталады.                                                                                                                                                        Фашизм әлем тарихындағы қаралы беттердің бірі болып табылады. Бұл ең алғаш Италияда пайда болған. Фашизм Италия халқына өте ауыр өшпес қайғы алып келген. Бұл жылдары Италияда «қаралы жылдар» деп атаған. Фашистер адамдарды еш аяусыз басып-жаншып, өлтіруге де дайын болған. Фашизм тек Италия халқына ғана емес дүние жүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.Фашизм қазіргі таңдада үлкен проблемалардың бірі. Қазіргі таңда фашизмнің жаңа ағымы Ресей Федерациясында көрініс беруде.                                                              Деректік негізі. Зерттеу жұмысы барысында «Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг М. 1987г Просвешение.» атты кітаптан  ағылшын қайраткері А. Иденнің Муссолинидің жеке басы туралы айтқандары ,  Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.сайтынан фашизм туралы түсініктер, « Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М., Соцэкгиз. 1960.» кітабынан Фашистік диктатура жылдарындағы сол фашистерге қарсы шыққан партиялардың шығарған пакттерін және жаңа хартия құжаттары пайдаланылды, «История Италии. М. 1971» кітабынан фашистердің қалай билікке келгендігі туралы алынған, «Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М. Наука. 1971» фашизмге қарсы  халық қозғалыстары туралы, «Крах Италиянского фашизма. М. Наука 1973» кітабынан фашизм құрбандары болған адамдар туралы мәліметтер бар. «XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы .Дрофа-«Кітап баспасы» Алматы-2005» кітабынан фашизм ерекшеліктері туралы алынған.          

          Тарихнамасы. Фашизмнің табиғаты, оның пайда болу себептері оның Италия қоғамы мен мемлекетінің бұрынғы дамуымен қатынасы – барлық осы сұрақтар белсенді түрде 20-30 жылдардың өзінде талқыланды. Сол кездерде фашисттік режимге қатысты белгілі бір саяси көз қарастармен тығыз байланысты фашизмнің әр түрлі тұжырымдамалары қалыптасты. Олардың кейбіреулері соғыстан кейінгі жазылған  фашизм тарихнамасының өзінде аңғарылады. Алғашында фашизмді зерттеу негізінен оның генезисін анықтауға жұмылдырылды. Осыған байланысты заңды түрде фашизмнің билікке келуіне тарихи жауапкершілік кімге жүктелу керек деген үлкен  саяси астары бар сұрақ туындады. Дәл сол кезде енді ғана тоталитарлық режимнен босатылған Италия фашизмге дейінгі либералды институтты қайта жаңғырту мен жаңаша демократиялы ел болу екеуінің біреуін таңдау қажет болды. Осы жауапкершілік жүгі фашистік төңкеріске дейін елді басқарған либералды ортаның көшбасшысы Крочеге жүктелді. Ол өзінің 1943-1947жылдардағы саяси баяндамаларында фашизм либералдар  кезеңінде еш тамыр жаймаған еді деп көрсетеді. Кроченің бұл ойы «1871-1915жылдар аралығындағы Италия тарихы» атты кітабында толық көрініс тапты.  Ол фашизмге дейінгі Италияны әлемнің ең демократиялы  елінің бірі деп, ал фашизмді ешқандай кластың  мүдделерімен байланысты емес құбылыс Италия қоғамының бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көрген қиыншылықтан туындаған моральды ауруы деп санады. Кейінірек фашизмді зерттеуде либералды көзқарас либералға қарсылығы көбірек айтылып, әлеуметтік бағыты ескерілмеді. Оған мысал ретінде Л. Сальваторели мен Дж. Мирдің «Фашизм кезіндегі Италияның тарихы» атты 1956 жылы жарық көрген еңбегін айтсақ болады. Фашисттердің өздері болса  белсенді түрде фашизмді «большевизмнен Италияны құтқарушы» ретінде көрсетуге тырысты. Осы болжамды жоққа шығаруға бір қатар құжаттар қорына сүйене отырып А.Тасканың 30-жылдары  эмиграцияда жүріп «Фашизмнің пайда болуы және  билікке келуі» атты кітабының елеулі еңбегі сіңді. Бұл кітап Италияда алғаш рет 1950жылы ресми түрде жарық көрді. Таска Италия комунистік партиясының ірге тасын қалаушы, кейіннен одан шығып социалисттерге қосылды.Ол өз еңбегінде фашизмнің билікке тек Италиядағы революциялық көтеріліс аяқталып жұмысшы табы жеңіліске ұшырағаннан кейін кеменді ашық жазды.Бірақ фашизмнің жеңуіне мүмкіндік туғызған социалисттік жұмысшылар қозғалысы деп көрсетті. Италияның социалисттік партиясының қайта құру қанаты –фашизмге тойтарыс беру үшін  үкімет қатарына енбегеніне, коммунисттер 1921жылы Италия социалисттік партиясының ыдырауына кінәлі.[2]

Тарихшы- марксистердің арасында фашизмнің пайда болуы мәселесін зерттеумен 40-жылдардың соңында (1918-1996) айналысты. Ол бірнеше зерттеу очеркілерінің авторы болып, кейіннен бір кітапқа жинақтады. Оның пікірінше фашизм алғашқыда кішкене қозғалыс болып көрінгенімен, кейіннен күшейіп либералды жүйе кезінде  билікке отырған топтың тікелей ықпалымен билікке қол жеткізді. Либералды топ бұрынғы тәсілдерімен өз үстемдігін жүргізуге қабілетсіз екендігін көрсетті.

Фашизмнің марксистік тұжырымдамасының негіздері фашистік диктатура жылдарының өзінде Грамши мен Тольяттидің іліми өңдемелерімен іргесі қаланған болатын. Олар фашизмді әртүрлі әлеуметтік күштердің блогы болғандықтан бастаушылардың мүдделері өзара күрделі байланысты болады,сондықтан да фашизмде жалпы және ұлттық- өзіне тән сипаттар бар, оның алғашқы көрінісі билікке келісімен көбінесе өзгеріске ұшырайды деп көрсетті. Фашистік саяси режим өзінің жеке, дамудың автономдылығымен дараланды. Екі теоретиктің де фашизмді зерделеуде сіңірген еңбегі кейін бағаланып ескерілді. Тек 1970 жылы ғана  Тольяттидің 15-дәрісінің 11-ғана іздеп табылып  басылымға шықты.

Италияндық марксистердің толық көз қарастары Лионда 1926 жылы өткен италиян коммунисттік партиясының 3-сьезінің тезистерінде көрсетілген. Тезистерде көрсетілгендей бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі революциялық пролетарияттың жеңілуі «еңбекшілердің партияларының саяси, ұйымдастыру, тактикалық және стратегиялық әлсіздігінің нәтижесі болды. Осы әлсіздіктерге байланысты пролетариат халықтың көп бөлшегінің көтерілісін басқара білмеді және жұмысшы мемлекетін құра алмады. Осыған байланысты 1922 жылы  фашизмнің жеңісін революцияны жеңу деместен, керісінше революциялық күштердің өздерінің ішкі әлсіздігі нәтижесінде болған нәтиже деп қарастыру керек ».

А. Бордигидің фашистердің билікке келуі кәдімгі буржуазиялық министрліктердің ауысуы деген сөзіне қарсы шыққан А.Грамши фашистік диктатура дегеніміз ашық түрде буржуазиялық демократияның дәстүрлі қағидаларын аяққа таптайтын басқыншы өндірушілер мен аграрлар тобының билікке келуі деп анықтама береді.

     Осы  ғасырды зерттеулердің негізгі бағыттары – Италиядағы диктатураның жиырма жылдық тарихы, оның мемлекеттік биліктің басқа нысандарынан айырмашылығы, әсіресе Германиядағы фашизммен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері, тарихи дәстүрлер және өткен мен қазіргі уақыттың байланыс проблемалары, сол кездегі саяси партиялардың өзара қарым-қатынастары, фашизмге қарсы жүргізілген күрестегі коммунстік партияның атқарған рөлі және сол кездегі әйгілі тарихшылардың фашизмге байланысты айтылған көзқарастары болып табылады.

         Режим дегеніміз – пайда болғанына айтарлықтай көп уақыт өте қоймаған ұғым. Оның қолданысқа енуі бір жағынан фашизмнің пайда болуына да байланысты.

         Фашистік диктатура мемлекеттің басқару нысанына немесе мемлекеттің құрылым нысанына сәйкес сипатталатын формальды-заңи конструкциясымен шектелмейді. Мемлекеттің монархиялық немесе республикалық басқару нысанымен шектелу әрине монархиялық Англия немесе Гитлердің тұсындағы республикалық Германия секілді елдердегі билік сипаты туралы ұғымдардың бұрмалануына әкеліп соғады. Дәл сол сияқты мемлекеттік құрылым көзқарасы бойынша да билікті әкімшілік-аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік ұйымдастыру бойынша салыстырмалы қарастыру жаңсақтық пікір болар еді. Осы көзқараспен саралау мемлекеттің кейбір құрама бөліктерін немесе оның органдарының өзара байланысын, сонымен қатар бүтін мемлекетпен қатынасын ашып көрсетеді.

         Әрине, осы жоғарыда аталған мәліметтер фашизм секілді диктатураны сипаттап көрсетуге жеткіліксіз. Сол себепті де басқару нысаны және мемлекет құрылымының нысаны атты түсініктерге саяси режим ұғымы қосылды. Саяси режим демократиялық құқықтар мен бостандықтарды, мемлекеттік билік органдарының адамдардың құқықтарына байланысты мемлекеттің билікті жүзеге асыру әдістерінің жүйесі ретінде танылады.  Сонымен қатар саяси режим мемлекеттің ішкі нысанын қамтитын екі жағымен анықталады: мемлекеттің механизмі және мемлекеттің атқаратын қызметі.

         Кезінде Пальмиро Тольятти жазғандай «буржуазиялық демократиядан фашизге өтпей кету мүмкін емес» деген жаңсақ пікір. Олай дейтініміз имперализмнің дамуы міндетті түрде фашистік диктатураның орнауына әкеліп соқпайды. Оған мысал ретінде Англияны атап өтуге болады.  Бұл ірі империялық мемлекетте демократиялық парламенттік жүйе жұмыс істеуде. Сол секілді Франция, АҚШ т.б. алып мемлекеттер.

         Италия мемлекеті Рисорджименто бойынша — Италияның бірігуі үшін күрес дәуірі – шын мәнінде де өте қалыс қалып дамымаған әлеуметтік-экономикалық қатынастар негізінде қалыптасты. Осы қатынастардың бір өзіндік ерекшеліктері шартты түрде оңтүстік мәселесі деп аталады. Мемлекеттің оңтүстігінде феодалдық қалдықтар сақталып қана қоймастан, олар елдің солтүстігінен  экономикалық ахуал тұрғысынан бара-бара кейін қалып бара жатты. Италиядағы осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қандай болғанын ХХ ғасырдың басында дүние жүзі бойынша салыстырғанда елдің жаппай көшіп кете бастауы жағынан алғашқы орында болғанынан аңғаруға болады.

         Италияда фашизмге қарсы күресудің алғы шебінде негізінен жұмысшылар жүрді. Оған мысал ретінде біртұтас антифашистік ұрыс негізінде фашизмге қарулы қарсылық көрсете білген халық батылдары қозғалысын ерекше атап өтуге болады.

Жазылған еңбектің негізгі мақсаты, кезінде орын алған Италия мемлекетіндегі фашизмнің пайда болуын, оны ұйымдастырған тұлғаларды, Италия мемлекетінің фашизмге қарсы күресін, осы фашизмнің басқа мемлекеттермен байланысына жасаған ықпалын ашып көрсету болып табылады. Еңбектің негізгі мазмұны үш тараудан, ал әр тарау үш-төрт  сұрақтан тұрады.

Бірінші тарау соғыстан кейінгі Италиядағы дағдарысты және фашистік диктатураның осы мемлекеттің қалай орныққанын ашып көрсетуге арналған. Сонымен қатар бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс қалай жүзеге асырылды және фашизмнің басталуы кезеңін ашып көрсеттік. Италиядағы фашистік өкіметтің алғашқы кезеңінде халық қандай қиыншылықтарға кез болғанына тоқталдық. Бірінші тараудың соңында фашизмге қарсы жұмысшылар қозғалысы қалай өрбіді және Италия мемлекетінің толық фашизмге өтуі қалай аяқталғанын көрсеттік.

Ал еңбектің екінші тарауында фашистік Италияның импералистік жағдайының басқа мемлекеттер арасында қалай күшейе түскенін, сол кездегі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Италияның қандай күйге душар болғанын, осыған байланысты отызыншы жылдардың басында фашизмге қарсы қозғалыс қалай болғанын, ол қозғалыстың басында болған адамдар, соғыстың алдындағы фашистік режим жайында мәліметтер бар.

Үшінші соңғы тарауда екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік режимнің толығымен қалай күйрегені, қатар жүрген Италиядағы соғыс, Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италия әскерінің қалай және не себептерге байланысты жеңілгені толық көрсетілген.                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-тарау. Соғыстан кейінгі Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның орнығуы.

 

I.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы.

 

1918 жылдың қарашасында Вилла Джусти Австрия-Венгрияның толық жеңіліске ұшырағаны туралы құжатқа қол қойды. Италия соғысындағы ұрыстар, одан бірнеше күн өткеннен кейін дүниежүзілік соғыстың басқа да аймақтарында кескілескен ұрыстар доғарылды. Өзінің басқа да одақтастарымен бірге Италия да жеңісін тойлады. Солтүстіктен келетін жолдармен соғыстан қайтқан солдаттар легі келіп жатты. Темір жол көліктері ұлттық жалаулармен әшекейленді. Кішігірім станциялар мен үлкен қалаларда бүкіл халық Витторио Венето батырларын қарсы алды. Мыңдаған жеңіліске ұшыраған әскери тұтқындарды айдағандар  өтіп жатты.   Барлық орындарда жеңісті атап өтуге арналған үлкен жиындар ұйымдастырылып өткізілді. Ұлтшылдар ұран тастай сөз сөйлеп, Италияның кеше ғана басынан өткізген сұрапыл соғысы мен жарқын болашағы туралы баяндамалар жасады. Ұлт сенімін қыздыру үшін Мадзини және Гарибальди дәстүрлерін мақтан тұтып айтты. Сонымен қатар өткен соғыс кезінде италия халқы қандай шығынға ұшырағанын да естен шығармады. Оларды айту себебі олардың қайтарымына жаңа территориялар, жаңа колонияларға қол жеткізіп иемденуіміз қажет деп санады.

1915 жылдың 26-сәуірінде өткен Париждегі бейбіт конференция столына Италияның премьері Орландо және оның шетел істері бойынша министрі Соннино құпия лондондық келісім-шартына қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес Италияға Австро-Венгрияның италяндықтар тығыз тұратын аймағы өту қажет болды. Оңтүстік Тироль, Додеканеза аралдары, словения облыстары т.б. Дегенмен Италияның мұндай үлкен территорияны сұрауына оның Антанта бойынша одақтастарының наразылығын тудырды. Ең алдымен өзінің келіспейтінін білдірген президент Вильсон болды. Ол өте аңдап сөйлеп, Италияның болашақтағы шекарасы жайында былай деген болатын: «Италияның шекарасын жөнге келтіру анық көрінетін ұлттық шекара негізінде жүзеге асырылуы керек».[3]

Сонымен қатар Лондон келісім-шартындағы Италияның аумақтарға деген құмарлығы Сербия тарапынан да қарсылыққа кездесті. Сербия Австро-Венгрия күйрегеннен кейін Балкан-Югославиядағы жаңа мемлекет негізін қалаған ел болатын. Осындай қарсылықты Франция мемлекеті де қолдады.

Осы бейбіт конференцияда Фиум жайында күрделі сұрақ туындады. Себебі 1915 жылғы одақаралық келісім-шартқа сәйкес Адриатия теңізіндегі бұл маңызды порт сербтерге тиесілі деп уәде берілген болатын. Соған қарамастан италия делегаттары оны Италияға берілуін талап етті. Өз талаптарын олар жергілікті тұрғындардың этникалық құрамымен байланыстырды. Ол жерде тұратын жиырма бес мың италяндыққа барлығы он бес мың славян және алты мың венгр халқы келетін. Ал одақтастар болса сербтерге берілген уәдеден бөлек жаңа қалыптасқан Югославия мемлекетіне теңізге шығатын бірден бір осы жол қажет екендігін көлденең тартты.[4]

1919 жылдың 23-сәуірінде Вильсон италия өкілдерін айналып өтіп, италия халқына одақтастарды қолдауды ұсынып хат жазды. Италия делегаттары бұған қарсылық ретінде Париж конференциясын тастап кетіп қалды.  Орландо италия парламентінде қызу сөз сөйлеп, бұрынғы одақтастарын ауыр кінәлады. Осы кезден бастап өз одақтастарына деген италия халқының өшпенділігі оянып, Италия бойынша жиналыстар мен митингілер кең тарап жайылып кетті. Бірақ италия делегациясы конференция столына қайта оралып, өздерінің жаңа талап еткен аумақтарына байланысты кейбір өзгертулер енгізуге мәжбүр болды.

1919 жылдың қыркүйегіндегі Сен-Жерменск келісім-шартына сәйкес Италия өз аумағына Оңтүстік Тирольды, Герцті, Градискіні, Керсо аралымен бірге Истраны, Каринтии мен Кирайнаның аз ғана бөлшегін, Зару қаласын қосып алды.

1920 жылдың қарашасында қол қойылған Югославиямен жасалған «Раппальск» келісім-шартына сәйкес екі державияға Дальмация бөлініп берілді және Италияның Зару қаласына құқығы бекітілді. Фиум болса өздігімен басқарылатын аймақ болып жарияланды. Басқа да халықаралық келісімдерге байланысты Италия өзінің Африкадағы құлдық колонияларын кеңейтті. Осы көрсетілген мәліметтер Италияның көптеген аймақтарға ие болып шыға келгенінің куәсі. Бірақ Италия мемлекетінің басшылары және олардың арқасында тұрған буржуазияның империалистік ортасының бұдан да көп мөлшердегі аумақтардан дәмелі еді. Дәл осы орта сол кезде «Италия жеңіп тұрса да қолынан келіп тұрған көп нәрседен айрылып қалды» деген қауесет тарата бастады. Осы ой мемлекет ішінде іріткі салып, онсыз да соғыстан кейін жолдан тайыңқырап қалған халықты, соның ішінде Италиядағы ұсақ және орта буржуазия өкілдерін қозғалтты. Осы және басқа да жайттарға байланысты 1919 жылдың маусымында Орландо өкіметі тақтан кетіп, орнына сыртқы қобалжуды бәсеңдетіп, ел ішінде қайта құруды жүзеге асырған Нитти келді.

Осы кезеңде Италияда ең алғашқы мәселе экономикалық сипаттағы қиындықтар болды. Соғыстың нәтижесінде мемлекетте экономикалық қирау орын алған болатын. Таптық қарама қайшылықтар мен әлеуметтік топтар арасында күрес мүлдем шиеленісіп кетті. Ел ішінде еңбекшілердің жойқын революциялық қозғалысы дайындала бастады.

Италия халқы үшін соғыстың нәтижесі мынадай болды: Жеті жүз мың адам өліп, бір жарым миллионнан астамы жараланған, он мыңнан астам жетімдер мен асыраушысы жоқ кемпір-шалдар қалды. Өнімі жоғары және бай бес аралдар басып кірудің нәтижесінде талқандалған болатын. Әскери шығындар он екі миллиард лирді құрады. Соғыс кезінде Италияның онсыз да әлсіз экономикасына теріс әсерін тигізді. Мемлекеттік қарыз төрт жарым еседен асты. Салықтардың көлемі ұлғайды. Осының барлығының тікелей нәтижесінде ақша құнсызданып, бағалар өсті. Айналымдағы қағаз ақшалардың саны соғыс жылдары кезінде сегіз есе артты, ал бағалар болса үш жарым еседен көп өсті.[5]

Сонымен қатар соғыс капиталды жинақтастырып, мемлекет  ішіндегі ірі өндірісті кең нарықты құра отырып,  Италияны аграрлы мемлекеттен аграрлы-индустриялы мемлекетке айналдырды. Кейбір ірі монополиялық бірлестіктер ауыр өндірістерде өз капиталдарын соғыстың кезеңінде бірнеше мәртеге көбейтті. Мысалы,

Адриатика ди элиттричита – 1913 жылғы жиырма миллион лирден 1917 жылы алты жүз миллион лирге дейін;

Монтекатини – 1913 жылғы он бес миллион лирден 1918 жылы жетпіс бес миллион лирге дейін;

Пирелли – 1913 жылғы он жеті жарым миллион лирден 1918 жылы қырық миллион лирге дейін;

ФИАТ – 1912 жылғы он жеті миллион лирден 1919 жылы екі жүз миллион лирге дейін;

Фальк – 1912 жылғы сегіз миллион лирден 1918 жылғы жиырма миллион лирге дейін.

Соғысқа қажетті тапсырыстардың арқасында орасан пайдаға кенелген ауыр өндіріс кәсіпорындары, әсіресе метал өңдеуші зауыттар, машина құрастыру және әскери өндірістегі фирмалар Ильва, Ансальдо, ФИАТ және Бреда өздерімен бәсекелес кәсіпорындарды жұтып қойып, алып өндіріс орындарына айналды. Банк  капиталының өндіріспен байланысы тез күшейе түсті. Ауыр өндіріс орындарын қаржыландыратын төрт ірі банк – «Банко коммерчиале», «Кредито итальяно», «Банко ди сконто», «Банко ди Рома» осыған көп мөлшерде қаржы бөлді. Соның нәтижесінде «Банко коммерчиале – Ильва», «Кредито итальяно – ФИАТ», «Банко ди сконто – Ансальдо», «Банко ди Рома – Бреда» сияқты монополиялық топтар пайда болды.[6]

Осының бәрі әрине италия еңбекшілері мен ірі буржуазияның арасын алшақтата бастады. Италия қатысқан соғыс кезінде құрбандықтар мен зардаптардың арқасында байып шыға келгендер мен қиналып отырған қарапайым халық арасында таптық қайшылықтар пайда болған заңдылық.

Соғыстан кейінгі алғашқы мәжілістің өзінде Италия социалистік партиясының басшылары 1918 жылдың желтоқсанында ең негізгі міндет Италияда социалистік республика және пролетариат үстемдігін диктатурасын құру деген болатын.

Соғыс кезінде де социалистік партия ішінде түрлі фракциялар мен топтардың көтеріліске шығуы орыс тәжірибесіне қатысты болатын. Социалистік партия ішінде осы қағиданы ұстанатындар партияның барлық саясатын анықтап, нәтижесінде Серрати және Ладзари басқарған фракция мүшелерін максималистер деп атап кетті. Олай дейтін себебі Италиядағы орыс большевиктерін максималист, демек максимум-бағдарламасының жақтаушылары, пролетариат үстемдігін құруды жақтаушылар деп атайтын.

Партия басшылығына мығым орналасқан максималистерге Турати, Тревес, Модильяни секілді қайта құрушылар қарсы тұрды. Олардың саны социалистік парламенттік топтарда, социалистік муниципалитеттерде және еңбектің жалпы конфедерациясының басшылығында көп болатын. 1918 жылдың желтоқсанының соңында өткізілген барлық осы ұйымдардың және топтардың өкілдерінің бірлескен конференциясында Турати ұсынған резолюция мақұлданды. Онда күрестің тек ғана тікелей жалпыдемократиялық мақсаттарын ғана қолдау қажет екендігі көрсетілді. Ал пролетариат диктатурасына келетін болсақ «бол лозунг жалпыдемократиялық мақсаттарымызға жетуге кедергісін тигізеді» деп шешті конференцияға қатысқандардың көпшілігі Пролетариат диктатурасына қарағанда қайта құру үшін күрес жүргізу бағдарламасын жүзеге асыру тиімді деп ұсынылды: сайлаудың демократияландыру, бюрократияны жою, сегіз сағаттық жұмыс күніне көшу, еңбек ақыны төмендету, кәсіпорындарды басқаруды еңбекшілердің өздері бақылауға алуы, қоныс аударушыларды қорғау т.б. Олардың айтуынша «осы реформа арқылы өзіміздің бостандығымызға шын мәнінде ешқандай адаспастан қол жеткізуге болады, таптар мен таптардың үстемдігін жоюға, әділдікті орнатып нағыз социалистік теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік туады. 

Қайта құрушылар Ресейдегі пролетариат диктатурасы бізге лайық емес, ол тек ғана өздеріне тән орыс жағдайында ғана жүзеге асырылатын құбылыс» деп көрсетті. Соғыстан кейінгі парламенттегі алғашқы сөзінде Турати «большевиктер революциясы тек қана Ресейде ғана орын алуы мүмкін, себебі ол жерде ең қорқынышты деспотизм орныққан» деген болатын.

Осындай тапаралық шиеленіс кезінде италияндық пролетариаттың басым көпшілігі қайта құрушыларды жақтамай, керісінше пролетариат диктатурасы үшін күресуге бел байлап максималистердің соңынан ерді. Революцияға бел байлаған халықтың көңіл-күйін білдіргісі келген Италия социалистік партиясының жетекшілері 1919 жылдың наурызында жер бетінде пролетариат диктатурасын құру үшін құрылған жаңа халықаралық революциялық ұйымға — Коммунистік Интернационалға бірігуді ұсынды. Италия еңбекшілерінің социалистік партиясының басшылары «Ресейден үлгі алайық» деп үндеу тастай бастады.

Осылайша, сол кезеңде социалистік қозғалыста  социализм үшін күресудің басты екі бағыты анықталды: біреуі – пролетариат диктатурасы үшін күрес болса, екіншісі – қайта құру үшін күрес. Дегенмен екеуінің де түпкі мақсаты социализм құру болып табылатын және католикалық қозғалыстан айырмашылығы да осында болатын.

Осы кезде католикалық қозғалыс қоғамдағы өздерінің ықпалын күшейту бағытында алға үлкен қадам жасады. Олар діни сипаттағы кәсіподақтық және кооперативтік ұйымдардың көмегімен шіркеуде тұрғындардың көпшілігін, әсіресе крестьяндарды  ұстап тұрған болатын. Бірақ олардың жетекшілері бұндай жолмен ұзақ уақыт халықты ұстап тұру мүмкін емес екендігін түсінді. Әлеуметтік мәселелер мен қайшылықтар терең тамыр жайып кеткендіктен оларды тек ғана конфессиялық ұйымдар шегінде шешуге ниеттену мүмкін емес еді.

1918 жылдың соңында Италия еңбекшілерінің конфедерациясы – ақтардың бірлестігі, ол дегеніміз «католик кәсіподақтары» құрылды. Бұл конфедерация еңбекшілердің экономикалық мүдделерін және талаптарын қорғаумен айналысуға міндетті болды. Негізінен таптық күрес қағидасын ұстанды. Жалпы саяси бағдарламасы қандай болды деген сұраққа келетін болсақ, онда негізгі рөлді католикалық «Халық партиясы» ойнауға тиісті болды. Италияда оны «Пополяри партиясы» деп атайтын.

«Халық партиясы» Ватиканның көмегімен құрылды. Бірақ діни сипатта болмады, шіркеудегі кеңесшілері жоқ, епископқа тәуелді болмады, ең негізгісі өзінің әрекеттері үшін жауапкершілікті Ватиканға жүктемеді.

Басқа сөзбен айтатын болсақ, «Халық партиясы» католик қозғалысына тән либерализмге, сондай-ақ социализмге қарсы күресті жалғастырушы болып құрылды. «Пролетариат диктатурасы үшін күрес» атты лозунгымен жалпыдемократиялық талаптар үшін күресу бағдарламасын қолдады (ол дегеніміз еңбек етуге деген құқық кепілдігі, еңбек қабілеттігін жоғалтқанда немесе жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдем беру, шағын жер меншігін марапаттау және қорғау, прогрессивті салық т.б.)[7].

Бірақ еңбекшілерді олардың жағдайының кейбір тұстарын ғана жақсарту жолымен ұстап тұру мүмкін емес еді. Италиядағы таптық қатынас пролетариаттың пайдасына ауа бастады. Осы басымдық арқасында еңбек заңнамаларындағы жаңа құқықтық нормалардың анықталуына әкеліп соқты. Соның арқасында 1919 жылдың 20-ақпанында «металлистер Федерациясының» өкілдіктері арасында және өндірісшілер жұмысшы-металлистер үшін сегіз сағаттық жұмыс күні туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бес жүз мың жұмысшы-металлистер үшін үлкен жетістік еді. Көп ұзамай 1919 жылдың 4-наурызында еңбекшілер кәсіподақтарының және өндіріс пен еңбек министрлігі ұйымдастырған кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өткізіліп, барлық жұмысшылар үшін сегіз сағаттық жұмыс күні бекітілді.[8] Сол кездерде өндіріс орындарының көптеген жұмысшылары жұмысқа қатысты проблемаларды көтеріліс арқылы шешіп келгенімен, Италияда еңбек қатынасы саласында үлкен оң қадам жасалғанына елдің барлығы қуанды. Таптық күрес Италияда кең етек жайды. Көтерілістен соң көтеріліс ұйымдастырылып жатты. Экономикалық көтерілістер көбінесе саяси көтерілістерге ұласып кетіп жатты. 1919 жылдың ақпан-наурызында Генуедегі «Ансальдо» кәсіпорнының металлистері және кейбір көрші аудандардағылар көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс таптық ынтымақтастық жолында өтті, себебі бірнеше мыңдаған жұмысшылар жұмыстан заңсыз босатылған жолдастарын жақтап көтерілді.

Сол жылы сәуір айында Римде өте үлкен көтеріліс болып, жиырма бес сағаттай уақыт италия астанасында өмір тоқтап қалғандай болды. Олай дейтініміз барлық кәсіпорындар мен көліктер тоқтап, дүкендер мен кафелер жабылып қалды. Электр қуаты берілу доғарылған соң қаланы қара түнек басты. Дәл осы кезде Миланда халық көтеріліп, еңбекшілердің бейбіт митингісін полиция қуып таратып, бір жұмысшы нәтижесінде өлген болатын. Осы көтерлістерді қолдап басқа да ірі қалаларда халық наразылығын білдіріп көтеріліске шығып жатты.

Көтеріліс толқыны, еңбекшілердің шеруі мен митингілері бүкіл Италияны 1919 жылдың 1-мамырында басып кетті. Бірнеше күнге дейін қала сыртына қатынайтын поездардың барлығы тоқтап қалды. Поезд жүргізушілері «сегіз сағаттық жұмыс күні сақталсын және жалақыны көбейтіңдер» деген талап қойды.[9] Темір жолшыларды осы кезде су көлігіндегілер де қоштап, олар талаптарын орындатты. Бірнеше мәрте көтерілісшілер мен әскердің, полицияның қақтығысуымен аяқталды.

 

 

 

 

I.2 Фашистік биліктің алғашқы кезеңі

 

Осындай қиын-қыстау кезінде халықтың көңіл-күйін аңғарған Муссолини саясат сахнасына қайта шықты. Ол 1914 жылы социалистік партия қатарынан шығып қалған болатын. Соңында Муссолини көптеген бұрынғы интервенционистерді, футуристерді және синдикалистердің басын қосып өз ұйымын құрып алды. 1919 жылдың 23-наурызында Миланда Сан-Сеполькро алаңындағы ғимаратта осы «Фашо ди комбаттименто» атты жаңа ұйымның құрылтайшы жиналысы өтті. Жиналыс бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен ынтымақтастық аясында өткенімен негізгі назар сыртқы саясат мәселесіне бөлінді. Соңында қабылданған шешім «Фиум» мен «Далмацияны» мәжбүрлеп қосып алу еді. Бірақ 1919 жылдың сәуірінде Италияның «Фиумға» қатысты бұл ойын одақтастар қарсы болып жақтамағаннан кейін Бенито Муссолини «бұл қаланы қалай да күшпен тартып алу қажет» деп қорытты. Фашистердің «Пополо дИталиа» газеті «үкімет әлсіздік танытып отыр» деп мақалалар жариялап, социалистік партияға жұдырығын түйе бастады. Осылайша фашистер милитаризмге қарсы шыққан социалистік партияның идеологиясынан патриотизмге жат күшті аңғарғандай болды. Социалистер ұйымдастырған пролетариат көтерілістері «әлемдік аренада ұлт беделін түсіреді» деп шешті. 1919 жылдың 15-сәуірінде фашистер бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен бірге Миландағы «Аванти» социалистік газетінің редакциясын өртеп жіберді. Артынша фашистер революциялық жұмысшылар демонстрациясына шабуыл жасап, социалистік партияның және кәсіподақ белсенділерін ұрып-соға бастады.

1919 жылдың маусымында қымбатшылыққа қарсы жаппай көтерілістер басталды. Бұл көбінесе күтпеген жерлерде және уақыттарда орын алып жүрді. Аяқ астынан жиналған адамдар дүкендерді тонап, сауда жасаушылармен өздері сот ұйымдастыра бастады. Осы кездің өзінде социалистер мүмкіндігінше қызыл гвардия отрядтарын және реквизиция бойынша тиісті комитеттер құрып күнделікті тұтыну тауарларының бағасын мәжбүрлеп төмендете бастады.[10]

Сыртқы саясаттағы бірнеше сәтсіздіктерден кейін (мысалы, Италияға Фиумды қосып алуға одақтастардың қарсы болуы т.б.) «Орландо» үкіметі құлады. 1919 жылдың 23-маусымында Нитти басқарған жаңа үкімет басшылыққа келіп ішкі саясат мәселелерін шешуге басты назар аударды. Қымбатшылыққа қарсы көтеріліс кең етек жайып бара жатқандықтан ең алдымен нанның бағасын төмендету туралы үкім шығарды.

         Қазан айында Неаполдегі «Сан-Карло» театрында фашистердің съезі өткізіліп, оған делегат ретінде елдің түкпір-түкпірінен қырық мың фашист қатысты. Съезді Муссолини ашты. Түстен кейін осы қырық мың фашист мінбеде тұрған Муссолинидің алдынан өткенде Муссолини : «Мен сіздерге хабарлаймын, қазіргі кезде талап мынадай: бізге билік береді немесе біз оны Римге барып өзіміз аламыз» дегенде фашистер «Римге, Римге ! » деп бірауыздан айқайлаған. Осыдан кейін Муссолини «Везучий» атты мейманханаға барып өз әріптестерімен фашистік шабуылдың нақты шешімін қабылдайды.[11] Фашистерді ел бойынша жинақтау қазанның жиырма жетісіне, ал негізгі орталықтарға шабуыл жасау – қазанның жиырма сегізіне деп шешілді.

         Неаполдан Муссолини шұғыл түрде Миланға аттанып, ал Римге шабуыл ұйымдастыру бойынша фашистердің штабы Перуджеде орналасты. Король Муссолиниді Римге келіссөзге шақырғанда «маған жаңа үкімет құрамын құруға тапсыратын болса ғана барамын» деді.

         29 қазанда түске жақын корольдың адъютанты генерал Читтадини Муссолиниге телефон арқылы корольдың осы ұсынысты айтқанын жеткізді. Отызыншы қазан күні он сағат қырық екі минутта Муссолини Римдегі вокзалда поездан түскен. Бұл кезде Рим қаласына жан-жақтан фашистердің жасақтары жаппай жақындап шабуылға дайын келе жатты. Фашистер қалаға келіп жеткенде ешқандай қарсылықты кездестірмесе де өздерін тура соғыста жүргендей ұстады. Муссолини да корольға бармас бұрын әскери фашист киімін киді. Корольмен бір сағаттай сұхбаттасқан Муссолини король екеуі балконға шыққанда қара көйлек киген фашистер легі саппен өтіп жатты.

         Келесі күні 31-қазанда Муссолини басқаратын жаңа үкімет құрылды. Бұл үкімет бір партиялы фашистік үкімет болды. Муссолини өзі премьер және шетел істері бойынша министр болса, он үш министрдің үшеуі фашист болды.

         Фашизм өз қатарларын күшейте бастады. 1923 жылы сәуірде үкіметтен Халық партиясының өкілдерін шығарып тастады. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңы «Ачербо» сенаттан қолдау тауып, оған король қол қойды. Парламентке сайлау 1924 жылдың 6-сәуірінде өтіп фашистер жеңіске жетті. Осы сайлау кезінде алаяқтық жасады деп парламентте сөз сөйлеген депутат социалист Маттеоттиді фашистер өлтірген. 1924 жылдың 10-маусымында Маттеотти  із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал кейіннен оны Думини басшылық жасаған фашистер тобының өлтіргені егжей-тегжейлі әшкереленді. Алғашқы кезден бастап-ақ елдің бұл іске фашистердің тікелей қатысты екендігіне ешқандай күмәні болмаған. Осы кезден бастап елде фашистердің жағдайы күрделене бастады.

         1925 жылдың 5-қарашасында фашистер «Біртұтас социалистік партияның» қызметіне тиым салды. Осы кезде коммунистер белсенді қимылға көшті. 1925 жылдың 16-қарашасында ішкі істер министріне фашистік федерация ауданының хатшысы Лациале Сабина былай деп мәлімдеген болатын: «5-қарашада қалаға түгел коммунистердің үнпарақтары желімделіп таратылған. Тергеу барысында қалада үлкен астыртын коммунистердің ұйымы бар екендігін анықтадық….».[12]

Осындай келеңсіздіктер орын алып жатқан жағдайда Кеңестік Ресейді қорғау үшін күшті қозғалыс жүре бастады. Италиядағы социалистік партияның ұсынысы бойынша 1919 жылдың 20-21 шілдесіне Кеңестік Ресей мен Венгрияны жақтап халықаралық көтеріліс тағайындалған болатын. Осы көтеріліске Англияның, Францияның және Италияның еңбекшілері қатысуы керек болатын. Көтерілістің басты мақсаты Ресейдегі революцияға қарсы күштерге қару-жарақ жөнелтпеу және жабдықтамау болатын. Грузияға жөнелтеміз деген әскери Италия күштері Нитти үкіметі билікке келген соң тиым салынды.

1919 жылдың қыркүйегінде жазушы ДАннунцио өзі басқарған легионерлер отрядымен бірге Фиумды басып алды. Бірақ ол бұл әрекетін үкіметтің келісімінсіз жүзеге асырды. Оның осы әрекеті парламентаризм негіздеріне кері әсерін және Италияға конституциялық мемлекет ретінде беделіне нұқсан келтірді.

Осы кезде күзгі егін егу басталарда шаруалар өз бетінше әлі өңделмеген мемлекет жерін басып алып иемдене бастады. Партиялар парламент сайлауларына қатысатын кез келді. 1919 жылдың қарашасында сайлау науқаны өтіп, ресми деректерге сәйкес парламенттегі 499 орыннан социалистік партия 154, Халықтық партия – 99, либералдардың әртүрлі топтары – 181, басқалары — 65 орын алса, фашистер бірде бір  орын алмады.[13]

Социалистік партия қалың көпшілікті тығырыққа тіреген соң коммунистер революциялық әрекеттерді насихаттаумен қызу айналыса бастады. Қайта құрушыларға қарсыласа отырып коммунистер социалистік партия туғызған сенімсіздікті сейілту мақсатында пролетариатты революцияға үгіттей бастады. Коммунистік партияның құрылуы италия пролетариатының ұрысқа қабілетті бөлігіне ықпал етуге бірден ұласты. Бірақ Италияда коммунистік партия пайда болған кезде елдегі таптық және саяси күштердің қатынасында жалпы күрт өзгеріс басталды. Дәл осы кезде фашизм пайда болды. Себебі 1920 жылдың қыркүйегіндегі оқиғалардан кейін италия буржуазиясының басым көпшілігі либералды мемлекетке және парламентаризмге сенімін жоғалтты. Италия буржуазиясының арасында еңбекшілердің революциялық қозғалысын қарулы күшпен басып-жаншуды қолдайтындар көп болды.

 

I.3. Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиғалар және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы

 

1921 жылы жалпы шаруа ортасынан соғыс кезінде байып шыға келген меншік иелерін бөлу процесі өтті. Жағдайын жақсартып алған шаруалар аграрлық бірлестіктер құра бастады. Өздерінің жерін қорғау үшін өзін өзі қорғау отрядтарын жасақтай бастады.

Жерді өңдейтін адам алу керек деген лозунгымен фашистер саяси, кәсіподақтық және кооперативтік ұйымдарды тонап өртей бастады. 1921 жылғы деревняларды қирату аграрлық фашизм деп аталды. Ал қалаларда фашистерге пролетариаттардың ұйымдасқан көпшілігі  қарсы тұра бастады. Соның өзінде оларға да фашистер тарапынан қиянат жасалынды. Атап айтсақ, 1921 жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде фашистер еңбекшілер ұйымының 726 ғимаратын (социалистік және коммунистік партиялардың секцияларын, кәсіподақтарды, кооперативтерді, газет редакцияларын т.б.) талқандап тонады. Бұрыш-бұрышта фашистердің адамдарды өлтіріп кетуі, демонстрацияларға шабуыл жасау, қорқытып-үркіту т.б. жаппай орын ала бастады .

Фашистердің алғашқы кезден бастап пролетариатқа және революцияға қарсы сипаты анық аңғарылып тұрды. Сонымен қатар ол бүкіл жариялылық тәртібіне қарсы бағытталған болатын. Фашистік шабуылдың объектілері тек ғана социалистік және коммунистік партиялардың жергілікті ұйымдары емес, сонымен қатар жергілікті буржуазиялық партиялардың, республикалық және либералдық ұйымдардың ғимараттары да болды.

Әрине, фашистердің осындай шабуылдары басқарып отырған либералды буржуазияның саяси ортасының қорқынышын пайда қылды. Осының нәтижесінде фашизм жайлы түрлі пікірлер қалыптасты. Олардың кейбіреулері фашизм арқылы реакциялы мемлекет құруға болады десе, екіншілері революциялық қозғалысқа күресуде таптырмайтын құрал деп шешті. Соңғы пікірді жақтаушылардың бірі премьер-министр Джолитти болды.

Осындай жағдайда Италияда фашистерге қарсы күрес ұйымдастыру ең қиын мәселенің бірі болатын. Фашистерге қарулы қарсылық ұйымдастыру кейде мүмкін бола қоймайтын. 1921 жылдың алғашқы айларында фашистердің қоқан-лоққысына қарсы тұрудың кең тараған түрі ол қарсылық ретінде көтеріліске және демонстрацияға шығу болатын. Осындай көтерілістің бірі 1921 жылдың 25-қаңтарында «Дифеза» газетінің баспаханасын фашистер талқандағанда Флоренцияның жұмысшылары қарсылық ретінде жаппай көтеріліске шыққан болатын. Сол кезде фашистердің террорына қарсы ең ірі көтерілістер  Вивенцеде, Болоньеде, Верчеллиде, Пизеде, Мортареде, Ливорнода орын алды.[14] Турин қаласында фашистер еңбек Палатасын өртеп кеткенде сәуір айының соңында үлкен көтеріліс болып, жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Көтерілісті басу тек ғана қалаға ауыр артиллериямен әскери бөлімдерді енгізгенде ғана қол жеткізілді.

Жұмысшылардың фашистерге қарулы қарсылық көрсетулері жиілей бастады. Ең маңызды деген оқиғалардың бірі Флоренциядағы фашистерге көрсетілген қарсылық десек болады. 28-ақпанда фашистер бұл жерде теміржолшылардың тоқсаныншы секциясының хатшысы коммунист Спартако Лаваньиниді өлтіріп кеткен.[15] Осыған наразылық ретінде теміржолшылар кәсіподағы көтеріліс ұйымдастырып, оған қаланың көптеген халқы қатыстырылды. 1-наурыз күні Флоренцияда нағыз көтеріліс басталды. Фашистер мен жұмысшылардың арасындағы қақтығыстар Сан Фредианода, Порта дель-Пратода, Кавура алаңында орын алды. Көптеген көшелерде тосқауылдар қойылды. Қалаға атты әскерлер енгізіліп, броневиктер мен артиллерия әкелінді. Әскер күшімен жұмысшылардың қарсылығы жаншылды.

Осыдан бастап Италияда фашистер мен антифашистердің қарулы қақтығыстары күндегі үйреншікті нәрсеге айналды. Фашистер жақсы қаруланған болғандықтан және полиция оларды жақтағандықтан үнемі жеңіске жетіп жүрді.

Фашистерге қарсы көтерілістер ұйымдастыруда кәсіподақ ұйымдары – еңбектің жалпы конфедерациясы, Италияндық кәсіподақ бірлестігі, теміржолшылар одағы үлкен рол атқарды. Бірақ олар тек ғана күресудің кәсіподақтық жолын ғана таңдайтын, ең негізгісі көтеріліске шығу болды. Кеңірек алатын болсақ еңбекшілердің фашистерге қарсы күресі тек пролетариаттың саяси партияларымен – социалистік және коммунистік партиялар арқылы ұйымдастырыла алатын еді.

Қатардағы социалистер мен коммунистер еңбекшілердің фашистерге қарсы күресінде ерекше рол атқарды. Бірақ бұл партиялардың ең негізгі кемшілігі фашизмге қарсы күресудің ортақ саяси жолын таңдап ала алмағандығында.

Социалистік партияның жетекшілері фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың тиімділігіне сенбеді. 1921 жылғы 18-ақпандағы шешімдерінде олар біздің жолдастарымыз ешқандай арандатушылыққа көнбесін, мүмкіндігінше социализмге және партия дәстүріне тән әдістермен күрессін деген болатын. Олар фашизмге мүмкіндігінше кәсіподақтың күшін қарсы қою керек деп шешті. Парламент пен үкімет фашистердің басқыншылық әрекетіне тосқауыл қою керек деп ұйғарды. Фашизмге қарсы бұл әрекет бәсең қарсылық деген атқа ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-тарау. Фашистік Италияның импералистік жағдайының күшеюі.

 

II.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әскеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия «жеңгендердің ішінде жеңілген мемлекет» болып қала берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға оңай тиген жоқ. 700 мыңдай итальяндықтар соғыс даласында қаза тапты. Соғыс шығыны — 46 млрд. лир, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 80%. Сыртқы қарыз 19 млрд. лирге өсті. Шикізат пен жанармайға валютаның жетіспеуі өнеркәсіп өндірісін күрт кемітті. Егістік қысқарды, өнім шықпады, мал басы кеміді. Финанс бұзылды, инфляция күшейді. Жұмыссыздық жайлап, халықтың жағдайы тым нашарлап кетті.[16]

Елдегі жағдайдың қиындығымен қатар, Италияның Англия, АҚШ, Франциямен порт Фиуме (Риску) мен Далмацияны бермегені үшін арақатынасы күрделенді. Италияның славян халқы орналасқан территорияға көз тігуі жаңадан құрылған Серб-хорват-словен корольдігімен қатынасын шиеленістірді.

1919 жылдың басына қарай соғыстың аяқталғанына қарамай елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайының еш өзгермеуі, оның үстіне соғыстан қайтқан солдаттардың жұмыссыздықты одан сайын көбейтуі, қымбатшылық қалың көпшіліктің басқарушы топтың саясатына наразылығын тудырды. 1919 ж. 1555 мың адам қатысқан 1871 ереуіл болып өтті. Елде жұмысшының, шаруаның ұсақ буржуазияның, алдыңғы топтың қарсылығы елдің экономикасы мен саяси өмірінде түбегейлі өзгеріс жүргізуді қажет етті.

1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобының арасында бірлік болған жоқ. Буржуазиялық диктатура жүйесінде дағдарыс туды, мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Әскер мен полиция елдегі наразылықты баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы топтың бір бөлігі социалистік партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын буржуазиялық партия құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 жылдың  қаңтарында Халық партиясы құрылды. Оның бағдарламасы: помещик иеліктерін сату арқылы шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-демократиялық реформа жүргізу т.б.

Ал басқарушы топтың екінші бөлігі наразылықты күшпен, зорлықпен басуды ойластырды. Реакциялық ұлтшыл қайраткерлер жұмысшы ұйымдарымен күресетін арнайы бандалар ұйымдастырды. Соғыс кезінде социалистік партиядан шығарылып жіберген Бенито Муссолини «күрескер топтар», ал жазушы Габриэле Д’Аннунцио легионердердің қарулы отрядтарын құрды. Оларды ірі өнеркәсіп иелері қаржыландырды. Олар 15 сәуір 1919 жылы Муссолини отряды социалистік газет «Аванти» («Алға») редакциясына террорлық шабуыл жасады.[17]

Италия басқарушы топтары халықаралық саясатта да бірауызды болмады. Екі лагерь қалыптасты: бірі ашық агрессорлық, жаулап алушылық саясат; екіншісі соғыстың авантюра саясатының салдарынан сескенген ымырашыл саясат.

Агрессорлық лагерьді ұлттық партия мен оңшыл либералдар басқарды. Лидерлерінің бірі – Соннино, кезінде сыртқы істер министрі болған. Париж бейбіт конференциясында премьер-министр Орландо мен Соннино Италияға негізінен славян халықтары мекендеген Адриат жағалауынан территория беруді, Италияның Албанияға протекторат орнатуын, Измир мәселесін шешуді, Орталық және Солтүстік-Шығыс Африкадан отар жер талап еткен болатын. Муссолини «Пополо д Италия» (Италия халқы) газетінің бетінде Италия зор территорияға ие болуы керек дегенді насихаттады.

Солшыл либералдар (Нитти, Джолитти) Серб-хорват-словен корольдігімен Истрия, Фиуме мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды, Далмацияны аннексиялауға қарсы шықты. 

          Париж конференциясында Италияның аннексиялық жоспарының жүзеге аспауы және осыған байланысты батыстық одақтастармен туған қақтығыс Орландо үкіметінің беделін кетірді де, ол 1919 жылы маусымда отставкаға кетуге мәжбүр болды. Нитти бастаған жаңа кабинет Грециямен кұпия келісім жасасты. Ол бойынша Италия Измирге көз тігуін тоқтатып, Фиуме, Далмация мәселесі бойынша қанша талпынса да келісімге келе алмады.

         Нитти үкіметі халықтың қысымымен Кеңестік Ресейге деген саясатын өзгертті. Итальян әскері Ресейден қайтарылды. Нитти үкіметінің ымырашыл сыртқы   саясаты   ұлтшылдар   мен   фашистердің  ашу-ызасын   тудырды. Ұлтшылдар «Фиуме немесе өлім!» деген ұран көтерді. 12 қыркүйек 1919 жылы Д’Аннунцио өзінің «легионерлер» отрядымен Фиумені басып алды. Итальян генералы басқарған одақтастардың оккупациялық әскері ешқандай қарсылық көрсетпеді. Фиумеде Д’Аннунцио “республика” жариялады.                                                                             16 қараша 1919 жылы парламенттік сайлау өткізілді. Пропорционалдық
жүйе негізінде жүргізілген сайлау социалистік партияға зор жеңіс әкелді (5,6 млн. дауыстың 1840 мыңын жинаған), 156 мандаттық орынды иемденді. Оңдаған жылдар бойы билік басында болған либералдар жеңіліс тапты. Екінші орынды Халық партиясы алды (1200 мың дауыс, 100 мандат). Алғаш рет сайлау күресіне қатысып, халықтың арасында әр түрлі уәделер бергенімен ол толық жеңіліс тапты.[18]

   Дегенмен парламенттік сайлау аяқталса да саяси күрес тоқтамады, өрши түсті. 1920 жылы сәуірде кәсіпкерлердің фабрика-завод кеңестерін құқықтарын шектеуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы Туринде жалпы ереуіл болып өтті. Турин жұмысшыларының күресін солшыл социалистер Грамши, Тольятти басқарды. Турин металлистерінің ереуілін Пьемонттың    бүкіл жұмысшылары қолдады. Бірақ он бір күн табандылық көрсеткен ереуіл Жалпы еңбек конференцияның реформистік лидерлерінің әрекеттерінен тоқтап қалды. 1920 жылы тамызда металлист-жұмысшылар жалақыны көбейтуді талап етті.   Кәсіпкерлер қарсылық білдірді.  Бұл Италия фабрика  завод  жұмысшыларының  үлкен  бас  көтеруіне түрткі  болды. Жұмысшы қозғалысы көп ұзамай-ақ Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Италияны жайлады. Революциялық дағдарыс жалпыұлттық сипатқа ие болды.

            Қозғалыстың кең етек алуы буржуазияға үрей туғызды. 1920 жылдың маусымында өкімет басына келген Джолитти үкіметі мен кәсіпкерлер қарулы   күш   қолдануға   батылы   жетпей,   кәсіпорындарда   жұмысшы бақылауын енгізу, жалақыны 10-20% көбейту туралы уәде берді. Жалпы еңбек конфедерациясының Д’Арагон бастаған реформистері бұл уәделерді жұмысшылардың  үлкен   жеңісі   деп   түсіндіріп,   буржуазияның   Италия тарихындағы жүмысшылардың наразылығын басып тастауға көмектесті. Халықтың қозғалысынан үрейленген социалистік партияның басшылығы қозғалысты басқаруға дәрменсіз болды және Джолитти мен Д’Арагонның келіскендігін де ашып көрсетпеді. Халық алданды, қымбатшылық өсті, жұмыссыздық көбейді.

           1920 жылдың күзінде Джолитти үкіметі Серб-хорват-словен корольдігімен даулы мәселелерді уақытша реттеді. 1920 жылдың 12-қарашасындағы Раполль бітімі Фиуме өзінің маңайындағы жерлерімен «Фиуме ерікті мемлекетіне» айналуы керек деп көрсетті. Италия Далмациядан Царь портын, Адриат теңізінен бірнеше аралдарды иемденді. Д’Аннунцио Фиум жөніндегі келісімді мойындамады, тек итальян үкімет әскері бомбылайтын болған соң ғана оны тастауға мәжбүр болды. Он алты  ай өмір сүрген Д’Аннунцио «республикасы» өзінің өмір сүруін тоқтатты.

 

II.2. Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс

 

             1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жұмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жұмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитет            сайлау    солшылдармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер  138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді.[19] Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың калыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды.

         Фашизмге қарсы барлық жұмысшылар қауымы бірлесіп күресуге бел буды. Осы кезде пролетарлық қорғаныс комитеті құрылды.  Осындай комитеттің бірі Генуде жылдың шілдесіндегі фашизмге қарсы манифестацияда рим пролетариатының қорғанышы ұйымын құруда үлкен рөл атқарды. Олар Италияның көптеген қалалары мен аудандарында  фашистерге қарсы қарулы қақтығыстарға қатысты.

         Социалистік және коммунистік партиялардың өрескел қателіктеріне қарамастан еңбекшілердің фашизмге қарсы күрестері 1921 жылдың жазында өсе бастады. 1934 жылы Италияның комунисттік және социалисттік партияларының арасында қимыл жасауда  бірігу  пакт жасалды. 1937жылы бұл пакт жалпыға таратылды. Жалпы саяси бағдарлама жасалды. Италияндық фашизмге қарсы қимыл біркелкі өте жарқын көрінді. Италиян-германдық фашистік интервенцияда, Испаниядағы ұлттық-революциялық соғыс кезінде италиян антифашистерінің саны мың жеті жүзге жетті.

Ұлттық- демократиялық республика үшін күрестің бағдарламасы Италияның коммунисттік партиясы жасаған, соның негізінде жасалған 1938жылы Италияның өзінде антифашистік ұйымның құрылуында маңызды рол атқарды. Бұл резолюцияның негізгі элементтері ИКП-нің бағдарламалық құжаттарында жазылды.       

            Коммунисттік және социалисттік партиялар қозғалысындағы жаңа хартия.                                                                                  

                                                                                                       1937жылы 26 маусым

Италияның комунисттік және социалисттік партиясы Испанияда да фашизммен соғысқа қарсы куресе білетінін көрсете білді. Толық, нақты бірігіп жасалған шешім жеңіске жеткізді.

         Келесі пунктер жаңа хартияны құрайды.   

  1. Италияның комунисттік және социалисттік партиясы байланыстарды

күшейту шешімін қабылдады, яғни оларды біріктіретін жалпы саяси                                     қозғалыста және күнделікті практикалық жұмыста олар байланыстардың бір-бірімен нақтылығын екі партия арасындағы біріккен фронт формасын антифашистік күштің италиядағы бірігу жағдайын қарастырды.

  1. Кластың және саяси күрес екі партияның да бірігуіне жол ашады яғни бұл партиялар халықты бостандықтары үшін күресуге, демократиялық республика орнатуға шақырды. Халықты нанмен қамтамассыз етуге тырысты. Фашизмнің жойылуына бірігіп шаралар жасайды.
  • Бұл мақсаттар орындалу үшін партиялар фашизмге қарсы барлық антифашистерді партиялар мен ұйымдарды бір орталыққа жинады.Олар бір уақытта Италияда италияндық халықтық фронтты қабылдады.
  1. Фашистік күрестің ішкі және сыртқы саясатына қарсы бұқаралық соғыс фашистік режимді жоюға бағытталды. Екі партия да фабрикаларда,  қала кварталдарында , жастар орталығында, ауылдарда мектептерде, армияда өздерінің яғни экономикалық және саяси талаптарды орындатуға мойындарына үлкен жауапкершілік алды. Осы мақсатты пайдалана отырып фашистік режимнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланды. Екі партия да Испан республикасының көмегіне сүйенді оның халқымен, армиясымен, үкіметімен тығыз байланыста болды. Олардың алдында бір ғана мақсат тұрды, барлық күштерді фашистерге қарсы жұмылдыру. Муссолини саясатына қарсы шығу, Берлин –Рим  белдеуін жою мақсаты тұрды. Екі партияда әлемнің  халықаралық саясатына сүйенеді, яғни Ұлттар лигасын нығайтатын жүйе  негізінде агрессияға қарсы саясат ұстанды. Олар Совет Одағына қорғауға бірігуге және барлық елдердегі халық қозғалысының өрлеуін  қолдауға, ұлттар лигасының уставын қабылдауға, фашист агрессорларына қарсы күреске, Испан республикасын фашистерден қорғауға бірікті.
  2. Бұл екі партия бірдей социалистік интернационал жұмысшылары арасындағы қимыл бүлігін бақылап отырады. Олардың комунисттік интернационалмен , провсоюзды интернационалмен бүлігін қамтамассыз етеді. Бұл бірігуді әлемдік масштабта және әрбір жеке елдерде дамуын, фашизмге қарсы күрес тапсырмаларының бәрімен келісуі тиіс.
  3. Екі партия да жұмысшы кластың бүлігін жауапкершілікке алды және оның фашизм мен капитализмге қарсы күресін ойдағыдай етуіне жағдай жасады. Жұмыс екі партия қызметкерлеріне жүктелді.
  • Екі партия да ұйымдағы секілді толық автономия сақтайды сол сияқты теоретикалық қатынаста да олардың әрбірі өздерінің қызметтерін жалғастырады, құқықты пайдалана отырып ой-пікірді, ұсыныстарын теориялық және тактикалық түрде ашық айтады.[19]

    Фашистердің ұстанған қағидасы: барлық жеке және топтық мүдделер нәсілдің мүддесіне тәуелді болуы керек. Фашизм дегеніміз саяси, әскери және экономикалық ағза деп өз бағдарламаларында көрсетті. Алғашқы съезін өткізе салып олар осы аталған үш бағыт бойынша әрекеттерін күшейте бастады. 1922 жылдың қазанында социалистік партияның он сегізінші съезі өткізіліп, максималистер мен реформистердің фашизмге қарсы күресудегі партияның ұстанған саясатына баға беруде пікірталастар туындады.

           1921 жылы шілдеде депутаттар палатасының төрағасы  Де Никола фашистер мен социалистер арасында «ымырласу пактісін» (Пакт умиротворения) жасасу қажет деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстың мақсаты жұмысшылардың антифашистік бірыңғай майдан құруына жол бермеу еді. Муссолини және Социалистік партияның басшылығы Де Никола ұсынысын қабылдап қол қойды. Тек Италия Коммунистік партиясы ғана (1921 жылы құрылған) бұл пактінің шын бейнесін ашып көрсетті. Коммунистердің дұрыстығын Бономи үкіметі, оны 1922 жылы ақпанда ауыстырған Факт үкіметі фашистерге барынша жәрдемдесіп, Джолитти саясатын жалғастыра берді. «Ымыраласу пактісі» фашистік террорды тоқтатуға әрекеттенген де жоқ. [20]

          Халықтың қысымымен Социалистік партия, Жалпы еңбек конфедерациясы және басқа кәсіподақ ұйымдары 1922 жылы ақпанда Еңбек Одағын (Аллеанцадель Лаворо) құрды. Антифашистік мақсатта құрылғанымен, оның реформистік  бағыттағы жетекшілері  пролетариаттың бас көтеруін ұйымдастыруды қажет деп таппады. 1 тамыз 1922 жылы  Еңбек Одағы фашистік  террорға қарсы жалпы  саяси ереуіл ұйымдастырды. Оған мыңдаған адам қатысып, кей жерлерде полициямен, фашистік  бандалармен қанды қақтығыстар орын алды. Күрестің белең алған  тұсында Еңбек Одағының реформистік лидерлері ереуілді тоқтату жөнінде бұйрық берді. Жұмысшылардың біразы бұйрықты орындамаса  да,  кейбірі ереуілді тоқтатты. Реформистердің бұл сатқындық әрекеті халықтың ашу-ызасын тудырғаны сонша Социалистік партияның центристік басшылығы реформистермен арасын алшақтауға мәжбүр болды да, 1922 жылы қазанда өткен съезде реформистер партиядан шығарылды.

         Тамыз ереуілінің жеңіліс табуы фашистердің өкімет билігін қолға алуына   жол   ашты.   Финанс   капиталының   үстем   болуы   өнеркәсіп конфедерациясы,   әскердегі   басшылық   король   сарайы,    Ватикан  -Муссолинидің үкіметті қолға алуына жағдай жасады. Осыларға сүйене отырып, Муссолини 27 қазан 1922 жылы «Римге жорық» жөнінде бұйрық берді. Ертеңіне 28 қазанда фашистік қарулы бандалар Римге енді, оларға ешқандай қарсылық көрсетілмеді. Король Муссолиниді үкімет басшысы етіп тағайындады. Италияда фашистік диктатура орнады. Муссолини үкіметі фашистік партиядан, басқа буржуазиялық партиялар топтарынан 10 өкілден құрылды. Үкіметтің алғашқы айларында-ақ оның реакциялық сипаты айқын болды. Жандармерия (карабинерлер) корпусының саны өсті (60 мыңнан 90 мыңға дейін), жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы жойылды, салық түрі көбейді, өсті, барлық жұмыс фашистік ұйымдардың бақылауына алынды. Фашистер   жұмысшыларды,   коммунистерді   аяусыз   қудалап,   террор ұйымдастырды. Мәселен, 1922 жылдың желтоқсанында фашистер Туринде коммунистердің үйіне басып кіріп, әйел баласының көзінше коммунист үй иелерін атқан.[21  Осы қанды оқиға итальяндықтардың естерінен шықпады. Сыртқы саясат та агрессорлық жолға түсті.

         Елде фашистік диктатура кезеңі басталды. Алғашқы кездегі ерекшелік диктатураның ескі конституция шеңберінде және ескі мемлекеттік заңдарды еш өзгертпей жүзеге асырылуы болып табылды. Фашистік диктатураның басты көрінісі екі жаңа институттың құрылуы: Үлкен фашистік кеңес және Ұлттық кауіпсіздіктің Ерікті милициясы. Фашистердің өкімет басына келуімен «заңдылық», «заңсыздық» деген ұғымдардың мәні бірыңғайлыққа айналды. Заң шығарушы билік орындаушыға айналды. Жиналыс, сөз, ұйым құру шектелді. Италияда фашизм жеңісімен итальян капитализмі тұрақтану жолына түсті. Өнеркәсіп өндірісі өсті. [22]

        1923 жылдың сәуіріне қарай Муссолини коалициялық үкіметтен  Халық партиясы өкілдерін шығарды, ал шілдеде фашистер парламентте жаңа сайлау заңын қабылдатты. Ол автордың атымен Ачербо заңы деп аталды. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңын сенат мақұлдап, король қол койды. 1924 жылдың қаңтарынан бастап саяси саладағы ең маңызды мәселе парламенттік сайлауға әзірлік болды. Парламентке сайлау 1924 жылы 6 сәуірде жүргізілді. Ұлттық блокқа — 4.5 млн., қалған партияларға — 3.5 млн. адам дауыс берді. Очербо системасы бойынша мандаттарды бөліну нәтижесінде фашистік депутаттар – 374, қалғандары 157-ге ие болды. Соңғысының ішінде 39 орынға ие болған Халықтық партия да бар. Бұл фашистердің өкімет басына заңды түрде үшінші рет келуі:

бірінші — корольдің Муссолини бастаған үкіметті құруға келісім беруі;

екінші — парламенттің үкіметке сенім вотумын білдіруі;

үшінші — сайлаушылардың фашистік блокқа көп дауыс беруі.[23]

 

II.3. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим

 

      Сол кезеңдегі «Маттеотти ісіне» және фашизмнің «екінші толқынына» тоқталатын болсақ, Думини бастаған фашистер 1924 жылы 10 маусымда парламентте фашистердің сайлау барысында іс-әрекетін әшкерелеп сөз сөйлеген депутат-социалист Маттеоттиді өлтірді. Парламентте фашизмге оппозициялық топтар өкілдері Маттеотти өлімі туралы өзара кеңесуге жиналды. Оған үш жұмысшы партиясының парламенттік УСП, ИСП, КПИ сияқты топтары, Халықтық партия, Республикандық партия, «Конституциялық оппозия» және «Әлеуметтік демократия» топ мүшелері қатысты. Олар 14 маусымда өздерінің Маттеотти ісі анықталғанша палата жұмысына, парламент ісіне араласпайтындығын көрсеткен резолюция қабылдады. Бұл Авентин оппозициясының бастамасын салды. Фашистік емес топтардың парламенттен кетуі Муссолиниді парламент сесиясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.[24] 

         Елде абыржу туды. Өйткені фашистер жөнінде шындықты айтқан парламент депутаты өлтірілді. Қала көшелері мен алаңдарында митингілер өтіп жатты, көптеген кәсіпорындарда стихиялы ереуілдер бұрқ ете түсті. Үкімет не істерін білмеді. Муссолини төңкерістің алдын алып, жағдайды қалпына келтіруге тырысты. 16 маусымда ішкі істер министрі етіп, әділеттілігімен әйгілі Федерцониді тағайындады.

       Осы кезеңде буржуазиялық оппозициялық топ өкілдері үкімет саясатының бағытында халықтың араласуынсыз түбірлі бетбұрыс жасауға ұмтылды. Либералдар революциялық партиялардың үгіт-насихатына берілмеуге, тыныштық сақтауға шақырды. Ал коммунистер үш жұмысшы партиясын біріктіріп, жалпыхалықтық ереуілге үгіттеді. Коммунистерді жұмысшы партиялары қолдаған жоқ. Оның өкілдері 18 маусымда Муссолини үкіметінің кетуін, оппозициялық депутаттардың Құрылтай жиналысын шақыруын талап етті, жаңа үкімет кұру талаптарын көрсеткен резолюция қабылдаған жүмысшы партияларының мәжілісіне қатыспады.

       Авентин оппозициясында КПИ орнын ИСП басты. ИСП мақсаты: Муссолини үкіметін құлату; басқа оппозициялық партиялармен бірге болу; кейбір мәселелерде компромиске келу. Осылайша олар КПИ жариялаған 24 сағаттық ұлттық ереуілге қатысудан бас тартып, ВКТ 27 маусым күні таңертеңгісін жұмысты 5 минутке тоқтату жөніндегі ұсынысына келісті. Сол 27 маусымда парламент үнінде «Авентин ассамблеясы» деп аталған оппозициялық партиялардың ассамблеясы өтті. Оның декларациясы: фашистік милиция мен заңдылық қалпына келтірілгенше барлық оппозициялык партиялар парламент жұмысына қатысудан бас тартады деп көрсетілген.[25] Олар корольдің, Ватиканның көмегімен Муссолини үкіметін отставкаға жібере аламыз деп ойлап, калың көпшіліктің қозғалысын ұйымдастыруға ұмтылмады. Бұл Муссолиниге маневр жасауға мүмкіндік берді.

       3  қаңтар 1925 жылы Муссолини парламентте сөйлеген сөзінде үкімет пен оппозиция арасындағы күрес күш арқылы шешіледі деп көрсетті. Сөз іске көшті. Фашизмнің екінші толқыны басталды. Демократиялық ұйымдар және оппозициялық газеттер талқандалды. Үкімет таза фашистік сипатқа ие болды.     5- қараша 1925 жылы фашистер реформистік Унитарлық социалистік партия қызметіне тыйым салды. Бұл Дзанибони партиясы мүшелерінің Муссолиниге жасаған қастандығына жауап еді. 24 желтоқсан 1925 жьлы мемлекеттік аппаратты «ұлттық мүдде туралы ойламайтын элементерден» тазарту жөнінде заң қабылданды. 1926 жылы 31 желтоқсанда саяси мигранттардың италъян азаматтығын жою жөнінде процедура қабылданды. Дәл сол күні атқарушы үкіметке заң нормаларын шығару құқын беру жөнінде заң қабылданды. 4 ақпан 1926 жылғы заң бойынша сайланатын муниципалитеттер орнына король декретімен 5 жылға тағайындалатын «подеста» (старшин) институты енгізілді. 6 сәуір 1926 жылғы заңмен провинциядағы префектілердің билігі кеңейді және күшейді. 3 сәуір 1926 жылы «ұжымдық еңбек қатынасын ұйымдастыру құқы жөнінде» заң қабылданды.[26]

        1926 жылы ақпанда Муссолиниге төртінші рет қастандық ұйымдастырылды, алайда сәтсіз аяқталды. Ол жаппай репрессия күшейтуге себеп болды. 6 қарашада Муссолини ішкі істер министрі Федерцониді отставкаға жіберіп, өзі осы орынды басты. Осының артынша демократиялық бағыттағы партиялар мен ұйымдардың қалдықтары түгел талқандалды. Парламентте авентиндіктердің депутаттық мандаттарын жою жөнінде шешім қабылданды. Антифашистік баспаға тыйым салынды. Антифашистерді эмиграциялау тоқтатылды, барлық шекара өткелдеріне «шекаралық милиция» орнатылды. «Король, королева немесе үкімет басшысына қастандық жасағаны үшін» өлім жазасы енгізілді. «Мемлекетті қорғау бойынша ерекше трибунал» кұрылды. 1926 жылы қарашада фашистік үкімет алғашқыда 5 жылға арналған, кейін ұзартылып отырылған, күшін фашистік режим соңына дейін жоймаған «ерекше заңдар» қабылдады.[27] «Ерекше заңдардың» енгізілуімен Италияда фашизмге қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды.

       Антифашистерді жаппай тұтқындау толқыны басталды. Алғашқы тұтқындалғандардың ішінде компартия басшысы Антонино Грамши да бар. Көптеген антифашистер «төтенше заңдар» шығара салысымен шетелге, әсіресе Францияға кетті. Францияда Италия социалистік партиясы және Социалистік итальян еңбекшілері партиясының басқарушы органдары орналасты. 4 қаңтар 1927 жылы ВКТ атқарушы комитеті өзін-өзі жою жөнінде қаулы қабылдады. 1927 жылы наурыздың соңында иммигрантық ВКТ, ИСП, ПСЛИ, республикандық партия және имигрант-масонлармен бірге жаңа блок кұрды. Ол «Антифашистік әрекеттер концентрациясы» деп аталды. Олар басты мақсат фашизмге қарсы күрес жүргізу деп мәлімдеді. Шетелде итальян антифашистері арасында фашизмге қарсы күрес принциптері туралы талас жүріп жатқан кезеңде, Италияда Муссолини өз «қағидаларын» орнықтырған болатын. Үлкен фашистік кеңес 21 сәуір 1927 жылы Еңбек хартиясы деп аталатын құжат жариялады. «Жаңа фашистік мемлекет» негізіне өндіріс салалары бойынша кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктіретін корпорация жататын болды. Бір мамандық шеңберінде кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктіру, оларды мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты мүмкін болмады. Сондықтан бұл хартия көп жылдар қағаз бетінде қалып койды.

      Италияда фашистік диктатураның нығаюында фашизм мен Ватикан бастаған шіркеудің ара-қатынасы үлкен рөл атқарады. Шіркеудің Италияда ыкпалы өте үлкен. Шіркеу мен мемлекеттің жақындасуына олардың социализм мен финанстық-монопалистік капиталдың дамуына қарсы күресіндегі ортақ мүддесі әсерін тигізді. Муссолини шіркеумен мәселені тез шешуге ұмтылды.

     Ватикан өз тарапынан оның диктатурасының күштілігіне сенген соң ғана Муссолинимен келіссөз жүргізу туралы ұйғарды. Оның үстіне Муссолини либералдар сияқты Италия мемлекетінің зайырлы сипатын сақтауды талап еткен жоқ. Осылайша 1926 жылғы тамызда басталған келіссөз қолайлы жағдайда өтті. Шіркеу мен мемлекет арасындағы ынтымаққа келу келісіміне Муссолини мен Папаның жеке өкілі кардинал Гаспарри 1929 жылы ақпанда қол қойды. Бұл «Латеран келісімі» деп аталды. Келісім үш құжаттан тұрады: «Саяси трактат», «Финанс конвенциясы» және «Конкордат».[28] Саяси трактаттың басты бабы Рим территориясында дербес Ватикан мемлекетінің өмір сүруін мойындау болып табылады. 

1929 жылға қарай Италияның экономикалық жағдайы фашистік режимнің алғашқы жылдарына қарағанда едәуір жақсарды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін өндіру ұлғайды, электроэнергиясы, болат, жасанды жібек және химиялық өнімнің барлық түрі бойынша өнеркәсіп рекордтық көрсеткіштерге жетті. Алайда соңғы айларда жағдай күрт өзгерді. Нью-Йорк биржасында бағаның кұлдырауы Европаның барлық елдеріне, оның ішінде Италияға да өз әсерін тигізбей коймады.

        Сатып алу мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты сыртқы сауданың рыноктарында экспорт көлемі күрт азая бастады. Елде шетел тауарларын сатып алуға қаражат жетпеді, осы үш жылда ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп саласында қажеттіліктің жетіспеуіне байланысты импорт көлемі 21-ден 8 млрд. лирге түсті. Тоқыма өнеркәсібі зардап шекті. 1932 жылы 2939 өнеркәсіп компаниясының 1216-сы банкротқа ұшырады. 1933 жылы жұмыссыздардың саны миллионнан асып кетті[29]. Халықтың жағдайы нашарлады. Жалақы азайды.

      1931 жылы дағдарыс финанс саласын жайлады. Банктердегі жинақтар алынды, өздерінің ақша қорын толықтыру үшін шетел банктерінің көмегіне сүйене алмады. Ірі финанстық бірлестіктердің күйреу қаупі туды. Фашистік мемлекет финанс монополиясына көмекке келді. Ерекше финанстық орган — Италия қозғалмалы мүліктер институты /ИМИ/ кұрылды. Оның міндеті өнеркәсіпке ұзақ мерзімге несие беру, осы міндеттен жеке финанстық бірлестіктерді босату болып табылады. 1933 жылы мемлекеттің қаражатымен ірі өнеркәсіп комплекстеріне ұзақ мерзімге кредиттер беру және барлық құлдыраған банктерді жою операциясын жүргізетін өнеркәсіпті қайта кұру институты құрылды.

      Экономикалық дағдарыс итальян финанс және өнеркәсіп капиталының шоғырлану процесін тездетті. Осы процесте фашистік мемлекет белсенді роль атқарды. Үкімет коммерциялық қоғамдардың бірігуін жеңілдететін бірнеше заңдар қабылдады. 1929 жылдан кейін ұсақ қоғамдардың кедейленуі монополистік бірлестіктердің әлсіз бәсекелестерін жұтуын жеңілдетті. Оның дәлелі кедейленген қоғамның 12661 кәсіпорыннан 121 акционерлік қоғам құрылды. Үкімет экономикалық салада қатаң иерархия орнатуды жоспарлы түрде жүргізіп отырды. 1931 жылы өнеркәсіп министрі тәуелсіз компанияларды консорциумға «ерікті» бірігуін талап етті. 1932 жылы өзінің саласында өндірістің 70%-ын иемденетін компаниялар өз мүдделеріне сәйкес өз саласында өндірістік тәртіп орнату мақсатында мемлекеттің араласуын сұрай алатындығы жөнінде заң қабылдады. 1929-1934 жылдардағы дағдарыстың нәтижесі елде монополистік бірлестіктердің едәуір көбеюі болып табылады.

     1930 жылы наурызда үкімет декретімен Ұлттық корпорация кеңесі қайтадан құрылды. Бұрынғы кеңес пен корпорация министрлігі ешқандай жұмыс жүргізген жоқ. Декрет корпорация кеңесін фашистік мемлекеттің маңызды органдарының біріне айналдырды. Алғашқы 7 корпорация кұрылды: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, банк, ерікті мамандар, өнер, теңіз және басқалай көлік. Оның төрағасы министрлер кеңесінің басшысы болды. Корпорацияның ұлттық кеңесі жұмыс беретіндермен және жалданушы жұмысшылардың тең өкілдерінен құрылды. Оған сондай-ақ министрлер және олардың орынбасарлары, фашистік партияның өкілдері, экономикалық және кәсіподақ сарапшылары, барлығы 120 адам кірді. 1934 жылға қарай Италияның барлық жұмыс істейтін халқы корпоративтік жүйемен қамтылды. Оны енгізушілердің ойынша бұл жүйе еңбек пен капитал үндестігін туғызып, ұлттың мүддесін қорғайды. Кәсіподақтың мемлекеттік жүйеде араластырылуы Италия коғамдық өмірін фашистендірудің маңызды кезеңі болып табылады. Муссолини корпоративтік системаны орнату итальяндықтарды фашизм маңайына топтастыруға әсерін тигізеді деп есептеді.

      1934 жылы  Италия дүниежүзілік дағдарысқа байланысты қиындықтардан шыға алды, мемлекеттік финанс қалпына келтірілді, корпоративтік жүйе әрекет ете бастады. 1934 жылы мамырда депутаттар палатасының алдында сөйлеген Муссолини сөзінің мәнері де бұрынғыдан да өзгерді. 1934 жылы фашистік партияның алғашқы сайлаудағы 5 жылдық өкілдігі бітті. Партия және кәсіпорын органдары депутатқа ұсынған жаңа кандидаттардың тізімін Үлкен фашистік кеңес бекітті. 1934 жыл наурызда жүргізілген сайлау «Үлкен фашистік кеңес белгілеген депутаттар тізімін қолдайсыз ба?» деген формула бойынша өткізілді. Бюллетеньде «иә» жауабы үш түрлі бояуда көрсетілген. Депутаттар палатасының жаңа төрағасы болып, Муссолинидің кызына ұлы үйленген Костанцо Чиано сайланды.

      Осы жылдары «бәрін білетін», «алдын ала болжайтын көсем» Италияны «ұлы болашаққа апаратын Муссолини культі қалыптасты. Муссолини премьер-министр, соғыс министрі, әскери-теңіз флоты және әскери-әуе күштерінің министрі қызметін өз қолына алды. 1932 жылы қабылданған фашистік партия жарғысында партия мен «көсем» былай анықталынады: «Национальная фашистская партия является гражданской боевой организацией, действующей по приказу дуче и находяшейся на службе фашистского государства».[30] Барлық ресми сөздерде дучені мақтау оның сөздерінен цитаталар келтіру, қоғамдық мекемелердің және жеке үйлердің қабырғаларына сөздерін әсемдеп жазу міндетке айналды. Фашистік режимнің 10-жылдығына байланысты сөйлеген сөзінде Италияның бас прокуроры көсем бейнесі Рим империясының ұлылығын еске түсіреді деп аяқтады.

      Муссолинидің өзі өзін-өзі көтермелеуге ат салысты. Ол 1932 жылы неміс жазушысы Э.Людвигпен әңгімесінде өзінің Юлий Цезарьмен ұқсастығын, Дантемен рухани жақындығын атап көрсетті. Фашистік доктринаның негізі мемлекет концепциясы, оның мәні, міндеті, мақсаты болып табылады. Фашизм үшін мемлекет абсолют ретінде саналады. Муссолинидің тезисі: «Ұлттар мемлекетті құрмайды, мемлекет ұлтты құрайды». 1927 жылы ресми түрде «фашистік эра» енгізілді. Барлығы да, әнұран, күнтізбеге дейін фашистендірілді. Екі палатаның жұмысы «Жасасын көсем!» деген ұранмен басталатын болды. 1934 жылы фашистік партия мүшесі 1.5 млн. адамға жетті. Әсіресе жастарды фашизациялауға ерекше көңіл бөлінді. Бастауыш мектеп мүғалімдері қызмет кезінде қара көйлек киіп жүруге тиіс болды. Муссолини 1934 жылы дүние жүзіне «Италия XX ғасырда барлық қара көйлектіктерге» деп мәлімдеді.[31]

          1934 жылы Муссолини Италияда антифашизм жойылды деп әйгіледі. Бұл тек сыртқы көрініс еді. Шын мәнісінде елде 30-жылдардың басынан екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм жеңілгенге дейін-ақ итальян фашизмін саяси күйреткен процестер басталған еді. Италияда коммунистік партия, әр түрлі социалистік топтар, 1929 жылы Парижде эмигранттар арасында кұрылған «Әділеттілік және бостандық» және тағы басқалары фашизмге қарсы аянбай күресті. Бірақ та басқа да партиялар, ұйымдардың арасында бірліктің болмауы оларды фашизімге қарсы күрестің жемісіне жеткізе алмады.

           1930 жылы Германияда Гитлерлік партияның жеңісі итальян фашизмінің агрессиялык көңіл күйін өсірді. Фашистік баспасөз Версаль жүйесін қайта кұруды талап еткен немістік ұлтшылдардың үніне қосылды. 1933 жылы Муссолини Англия, Франция, Гсрмания және Италия -Европалық ірі төрт мемлекеттің тығыз ынтымақтастығы жөніндегі пактіге қол қоюға шақырды. Пталия мен Германияның арақатынасы Гитлер өкімет басына келген кезде әлі анық емес еді. Бір жағынан партиялық мемлекеттік делегацияларды алмасу күшейді, екінші жағынан, итальян баспасөзі гитлерлік нәсіл теориясын ашық сынады, Пий XI Германияда жүргізіліп жатқан зорлық саясатын айыптады. Әсіресе Италияның Германиямен қатынасы Австрия мәселесі бойынша шиеленісті. Өйткені Муссолини Австрияны тікелей мүдделі зонамыз деп есептеді. Канцлер Дольфус Австрияда Италиядағы фашистік режимнің көшірмесін орнатты. Дольфустің өлтірілгені жөніндегі хабар Римге жетісімен-ақ Муссолинидің Австрия шекарасына әскерді шоғырландыру жөнінде бұйрық беруі тектен-тек емес еді. Муссолини Австрияның тәуелсіздігін сақтап қалуға жанталасты.

Италия мен Германия қатынасының шисленісуі Италияның Франциямен жақындасуына әкеліп соқты. 1935 жылы қаңтарда Лавааль-Муссолини келісіміне қол қойылды. Оның құпия мәліметінде Африканы бөлісу, Италияның Эфиопияда еркін әрекет етуіне жол беру көрсетілген. Бұған көп ұзамай-ақ Англия қосылды. 1935 жылы сәуірде Стрезде үш жақты конференция өтті. Оның мәлімдемесінде: Орталық Европадағы тұрақтылықты өршіту, Германия әрекетін айыптау және т.б. көрсетілді.

1935 жылдың көктемінде Муссолини Эфиопия проблемасын толық шешу кезеңі туды деп есептеді. 1935 жылдың басында итальян Бас штабы бекіткен жоспар Эфиопия территориясын 8 ай ішінде басып алуды көздеді. 1936 жылдын наурызында Эфиопиядағы соғыс қимылдарының барысында түбегейлі өзгеріс туды. Авиация мен газды пайдалана отырып, моторланған итальян колонналары 5 мамырда Аддис-Абебаға енді. 9 мамырда Үлкен фашистік кеңес мәжілісі өтті. Муссолини онда: Италияны империя деп жариялап, итальян королі титулына Эфиопия императоры деген титулды қосып, ол: «Он бес ғасырдан соң Римнің мәңгілік жоталарында империя қайта туды», — деп жария салды. Бір таңқаларлығы, Рим империясы Жерорта теңізінің барлық территориясын қамтыса, Муссолини империясы тек Эфиопиядан тұрды.

Эфиопияда соғыстың аяқталуы Италия өмірін фашистендірудің жаңа кезеңінің бастамасы болды. 1936 жылдың маусымында фашистік партия басшылығының арнайы қаулысы «фашизм елдің барлық саласында фашистік стильдің болуын талап етеді» деп көрсетті. 1937 жылдың наурызында фашистік партия мүшелерінің саны 2 млн-нан асты. «Муссолини әр уақытта да дұрыс айтады» деген фашистік насихат өріс алды.[32]

1936 жылдың 18 маусымында испан генералдарының республикандық Испания үкіметіне қарсы    бүлігі   басталады Бүліктің алғашқы күнінен ақ  халықаралық фашизм өз күштерін  көрсету мен шоғырландыру үшін бұл оқиғаны пайдаланатыны айқын болды. Бұның инициаторы Б.Муссолини еді. Италияның  әскери  самолеттері  бүлікшілдердің  әскерлерін  Мароккодан Испанияға тасымалдауға көмектесті. 18 қарашада итальян үкіметі Франконы Испанияның «Ұлттық үкіметінің» басшысы ретінде таныды.  Фашистік мемлекеттердің   Испаниядағы   азамат   соғысына   араласуы   дүние   жүзі халықтарының күресіп жатқан испан халқымен ынтымақтастығын тудырды. АҚШ, КСРО, Италия сиякты елдерден еріктілер келді.

Фашизм мен соғысқа, нан үшін, әлем мен азаттық үшін күрес. Италияндық  комунистік партияның орталық комитеті резолюциясы.

Италияндық интервенттік әскердің Испаниядан тез арада кетуіне шешім.

  • ашаршылыққа қарсы жұмысшы класын және халық бұқарасын жұмылдыру, жағдайдың түзелуі үшін оларға қарсы солдаттар, ұшқыштар испанияға әскери материалдарды жеткізу, италиян солдаттарының қайтуын талап ету, яғни Испанияда жүрген және катострофалық абиссиндік афантюраға нүкте қою олардың парыздары болып саналады. Испания жасасын! Абиссиния жасасын!

Соғыстың фашистік саясаты

-бұл халыққа қарсы ұйымдастырылған саясат, ұлтты жоятын, халықты жоятын саясат болып келді. Италияндық жұмысшы класы өзінің функциясын түсіне білді, сондықтанда италияда ұлттық қызығушылық туа бастады.

Мұндай катастрофадан Италия халқын сақтау үшін жұмысшы топтары мен халық бұқарасы фашист үкіметіне қарсы күреске кіргізу керек., яғни Италия халқының ең нағыз жауы болғаны үшін жеңуге тырысу жөн. Фашистік үкіметтің жеңілуі, Италия халқын ар-намыстан, жаудан құтқарады және режим фашистік емес халықтық болады, әлем мен азаттық үшін күреске бетбұрыс болды. Яғни фашистік режим құласа онда барлық ұлттық мәселелер халық көзқарасымен шешіледі.

Испаниядағы әскери фашизмге қарсы күрес барлық халық бұқарасы мен жұмысшы топтарды, соғысқа және аштыққа қарсы біріктіреді. Қарулы күштердің бірігуі солдаттардың халықтармен достасып италиян солдаттарының қаруы мен  халықтық республикалық армия, испан армиясына өтуіне қимыл жасады.

Орталық комитет Гарибальды бригадасын қосып алды . Өйткені олар италиян халқының намысын қорғап, Испанияның тәуелсіздігі үшін болып жатқан күресте италиян халқына өте үлкен қолдау көрсетті. Бұл күрес Италия халқы үшін әлем үшін болған соғыспен бірдей еді.

Ашаршылыққа қарсы, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту, жалақыны жоғарылату, салық жүйесін түбірімен өзгерту.

Халықтық фронттың құрылуы жұмысшы топтардың бірігуін керек етеді. Коммунистер жұмыстарын халықтық фронттың айтуымен өзгертеді,яғни жұмысшы-фашистер одағы үшін, католиктер, фабрикалардағы фашистік оппазиция, провсоюздар үшін «Біріміз бәріміз үшін , Бәріміз біріміз үшін » ұраны жарияланды.

Италияндық халықтық фронттың құрылуы және дамуы  ол кедей жұмысшы топтары  ауыл шаруашылық пролетариятының талаптарын қорғау үшін іске кірісуі, ұсақ және орта кәсіпорындар, интелегенция өкілдері, жастар, ірі капиталистер мен фашистік режимге қарсы күреске дайын тұру керек.

Комунистік және социалистік партиялар арасындағы қимыл комунисттер мен социалисттер жұмысшылары арасында құрылуы тиіс және барлық жұмысшылардың бірігуін қамтамассыз ету.

ИКП-нің орталық комитеті жұмысшы комунисттер мен социалисттердің қимыл бүлігін ИКП мен ИСП арасындағы пакт бүлігін қолдану, комунисттер арасындағы жолдастық, туыстық байланыс ұстау және барлық әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.

Жұмысшы топтар мен Италия халқының одағын құру үшін комунисттер католиктермен бірікті. Әлем үшін, ұлт-азаттық үшін, варварлық бөлісу үшін бір қолға бірікті.

Демократияны жаулау үшін: Италиян комунистік партиясы : өзінің саяси қызметінде фашистік режимнің пайда болуы мен демократиялық режимнің орнауын жариялады.

Демократиялық  құрылыс, яғни біздің күресіп жатқан, бізді фашизмге алып келген жағдай болып табылмайды, оның мықтылығы оның әлеуметтік мазмұнымен байланысты және оның жетекші күші әлеуметтік және саяси жұмысшылардың күші болып табылады. Біздің Италияға орнықтыратын демократиялық режим ол халықты қолдау керек, яғни елдің дамуы халықтың қызығушылығынан туу керек. Комунистер қалаған демократиялық құрылым жұмысшы топтарын, қол өнершілерді, шаруалардың қажеттілігін қамтамассыз ету керек. Бұл демократиялық режим үшін ірі банктік және өндірістік, экономикалық және саяси үстемдіктерді жою керек, себебі олар халықты өздерінің жеке пайдасы үшін қанағаннан басқа пайдасы жоқ. Жаңа демократия яғни біздің италиян халқы үшін бірігіп отырған, ашаршылықты жою үшін, ауылдардағы кедейлікті, ірі жер иелерінің экономикалық және саяси  үстемдігін жою, феодалдық қатнасты жою блып табылады. Феодалдар деп отырғанымыз- италия деревнияларында сақталған бұрынғы  кристияндардың қалдықтары.

Біздің комунисттер жаңа италияндық демократияның халық үшін жұмыс істеуі үшін күресуіміз керек. Иеліктерді халық үшін кәмпескеленгенін қалаймыз.

ИКП орталық комитетінің айтуынша бұл одақ фашистке қарсы одақтардың және республикалық күштермен дәстүрлі түрде бірігіп қимыл жасау керек деп шешті.

Халықты жұмылдыру партиясының жұмысы: орталық комитеттің ұйғарымы бойынша комунисттердің қызметі болып- олардың жұмысшылар арасында жүргізген істері әсіресе профсоюздар және жастар арасында жүргізген істері кездеседі.

Италияда комунисттік партия келесі жүйеде құрылды.  Ұлы октябрь революциясының әсері және  1917-1920 жылдардағы революциялық қозғалыс испан жұмысшы тобының алдына жаңа партия құруды, революциялық күреске жетекшілік етуді алдына қойды. 1919 жылы желтоқсанда испаниядағы социалисттік партияның конгресінде III интерноцияналға Испанияның кіруі туралы сұрақ қозғалды. 1920 жылы 15-сәуірде Испанияның социалисттік жастар одағы комунисттік партияның бағдарламасы туралы шешім қабылдады. Соғыстың нәтижесінде жаңа комунисттік партия –Испанияның комунисттік жұмысшы партиясы құрылды.  1921 жылы бұл екі партия Испанияның комунисттік партиясына бірікті. [33]    

Фашистік    Италия    мен    Гитлерлік    Германияның    Испаниядағы интервенцияға қатысуы екі елді бір-бірімен жақьндастырды. Германия Италияның Эфиопияны басып алуын мойындады. 1937 жылы қыркүйекте Муссолини Германияда болды. Ол соғыс маневрларына қатысты[i] және әскери заводтарды аралады. 6 қараша 1937 жылы Италия бұдан бір жыл бұрын Германия  мен  Жапония  арасында  жасалған  антикоминтерндік  пактіге қосылды. Империалистік мемлекеттер арасында одақтың құрылуы аяқталды. Италия сыртқы саясатын Германия мен одағының алғашқы нәтижесі Гитлердің еш кедергісіз Австрияны басып алуы болды. 1937 жылдың күзінде Германия   сырткы   істер   министрі   Риббентроп   Римді   Муссолинидің, Австрияны Гитлердің басып алуына көзқарасын білуге келді. Муссолини Гитлер енді еш ескертпей әрекет етпейді деп үміттенді. 1938 жылы мамырда Гитлер  Муссолинидің   шақыруымен   Римде  болды. Бұл  екі   режимнің жақындығының және олардың бірлігінің мызғымастығының символы еді. Мюнхен конференциясында Муссолини өзін Европа тағдырын шешуші ретінде көрсетті.

Фашистік Италия мен гитлерлік Германияның одағы нығая бастады. 1938-жылдың мамырында Гитлер ресми сапармен Италияға келді. Осы жыл барысында екі мемлекеттің өзара делегацияларының алмасуы шектен шықты: ұлттық-социалистік және фашистік партиялар, қаруланған күштердің барлық түрлері, қара көйлектілер мен эсэстер, жастар, әйелдер және басқа да көптеген ұйымдар. Бұл екі режимнің жақындығын және олардың біртұтастығының мызғымас екендігін көрсету мақсатында жүзеге асырылған еді.

1939 жылы Италияның мемлекеттік құрылымын едәуір өзгерткен заң қабылданды. Депутаттар палатасының орнына Корпорацияның Ұлттық кеңесі құрылды. Жаңа палата мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органына айналды. Мұнан соң көп ұзамай-ақ Италия Албанияға шабуыл жасады. Муссолини Германиямен одаққа сүйеніп, басып алу жолына ашық түсті. 22 мамыр 1939 жылы Берлинде екі фашистік мемлекеттің әскери одағы «мызғымас пактіге» (стальной Пакт) қол қойды. Екі держава соғыс қимылдары басталған жағдайда екіншісі жағында соғыска дереу кірісетіндігі туралы міндеттенді.

Италияда фашизмнің пайда болуының және фашизмге қарсы қозғалыстың тарихы жиырмасыншы жылдардың басында фашистердің билікке келу себептеріне байланысты түрлі саяси партиялардың, фашистік режимге қарсылардың пікірталастарынан кейін пайда болды. Ол көбінесе сол кездерде публицистика ретінде жүрді. Өздеріне сын көзбен қарай отырып бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі пролетариаттың жеңілісіне не себеп деген сұрақтарға италиялық коммунистер А.Грамши, П.Тольятти  жауаптар іздеді. Италиялық марксистердің көзқарастары 1926 жылы өткізілген Италия коммунистік партиясының 3-съезіндегі ақпараттарда ашып көрсетілді. Олар кейіннен фашизмге қарсы күресті тактика мен болашақты айқындап берген революциялық көтеріліс кезінде пролетариат партиясының әлсіз тұстарын зерттеумен айналысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III-тарау Екінші дүниежүзілік соғыс және Италияда фашистік режимнің күйреуі.

 

III.1 Италиядағы қабаттас соғыс

 

4 ақпан 1939 жылы Муссолини Үлкен фашистік кеңесте сөйлеген сөзінде Италияның сыртқы саясатының «таяу және одан арғы жылдарға» арналған перспективаларын анықтады. Италия Албаниядан басқа Еуропа территориясына мүдделі емес, басты мақсаты мұхитқа шығу үшін сол жолдағы кедергілерді жою қажет деп көрсетті. Үнді мұхитына Сурдан, Ливия, Атлантқа француздық солтүстік Африка арқылы ғана шығуға болады. 1939 жылы итальян әскері қару-жарақ, тактикасы жағынан Эфиопияға соғыс жүргізген жағдайында қалып қойды. Әскери бюджет өссе де, еш жаңалық енгізілмеді. 1 тамыз 1939 жылға қарай итальян әскері 67 дивизиядан тұрды. Муссолини авиацияға ерекше назар аударды. Соғысқа дейін ай сайын 150 – самолеттен шығарып отырса, ал 1942 жылы 300 самолеттен шығарды.[34] 1939 жылы Муссолинидің тапсырмасымен Қорғаныс комиссиясымен соғыс үшін қандай шикізат қажет екендігін анықтады. 1939 жылы 1 қыркүйекке қарай соғыс өнеркәсібінде шикізат қоры 5-6 апталық уақытқа жететіндей ғана еді. 25 тамызға қарай Гитлердің соғысқа дайын екендігі айқындалған соң, Муссолини Гитлермен иық тіресе жүру қажет екендігін түсініп, сол күні түнде жаппай мобилизациялау туралы бұйрық дайындатты. Фашистік Италия Гитлер бастаған соғысқа кіруге шешім қабылдады.

25 тамыз 1939 жылы Гитлерден Римге өкіл келіп, Польшаны басып алу жақын уақытқа белгіленді, бірақ Гитлер Муссолинидің бірден соғысқа араласуын талап ететінін білдірді. Бұған наразы болған Муссолини штаб басшыларын жинап, Италия соғысқа кіру үшін қажетті әскери материалдар тізімін жасауға бұйырды. Ол тізіммен бірге, осылардың барлығымен Италия қамтамасыз етілмесе Италия соғысқа кіре алмайды деген жолдау Гитлерге қоса жіберілді. Оған жауап ретінде Гитлер Италияның бейтараптық сақтау жөніндегі шешімін жариялауды тоқтата тұру, Франция мен Англияны алаңдата тұру үшін мобилизациялық шараларды жүргізе беруді өтінді. Бұған Муссолини келісті. 1 қыркүйек 1939 жылы Италия бейтараптық сақтайды деген ресми құжат жарияланды.

Елді Италияның соғысқа кірмейтіндігі жөніндегі хабар еркін демалдырды. Әрі Гитлерлік Германиямен одақтық кең қолдау таппағанын  көрсетті. Бәрі де бейтараптық жариялау фашистік режимнің әрекеті еместігін, бұған Муссолинидің еріксіз барғандығын түсінді. Қорланған Муссолини бір айға жуық сөз сөйлемей қойды. Аз уақытқа созылған бейтараптық кезеңде Муссолини Германия мен оның жауларының арасында делдалдық роль атқарып, Гитлерлік агрессияны Кеңес Одағына қарсы айдап салуға тырысты.

18 мамыр 1940 жылы Бреннерде Муссолини Гитлермен кездесті. Муссолини Германия өзінің табыстарымен шешуші жеңіс үшін жағдай тудырған тұста Италия соғысқа кіреді деп есептеді. Бұл жоспарды Муссолини «параллельдік соғыс» деп атап, күшті империалистік жыртқыштың соңынан еруді көздеді. 6 сәуірде Муссолини Бас штаб бастығына соғыс қимылдарын жүргізудің жалпы жоспарын көрсеткен меморандум жіберді. Бұл жоспар бойынша француз шекарасында қорғаныс қимылдарын Югославияға қарсы күш жинақтау, Эгей теңізі мен Ливияда қорғаныс шаралары, Шығыс Африкада ішінара шабуыл жүргізуді көздеген. Шабуылды авиация қолдаған әскери-теңіз флоты жүргізді. Бұл кезеңде Германияның басып алу соғыстары табысты еді.

Францияның тез арада тізе бүгуі туралы хабар тарағанда Муссолини аз уакытқа болса да соғыс жүргізгеніне қатты өкінді. 18 маусымда Гитлер оны Францияға қойылатын шарттарды талқылау үшін Мюнхенге шақырды. Муссолини онда Францияны толық оккупациялау, француз флотын бөліске салу, Италияға француздық Сомали, Ницца, Корсиканы және Алжир мен Мароккодағы соғыс базаларын беру жөнінде ұсыныс енгізді. Ал Гитлер Францияны қатардан шығарып, Англияға қарсы шабуыл жасау дайындығын ойластырды. 20 маусым 1940 жылы Муссолини Бадольға барлық майдандарда француз территориясына ішкерілей ену мақсатында жаппай шабуыл бастауға бұйрық берді.

1940 жылы фашистік Италияның параллелдік соғыс майданы маңызды аймағында жүргізілмеді. 1940 жылдың соңында итальян әскері Африкада едәуір соққыға ұшырады. 9 желтоқсанда ағылшындар күш жинақтап Египетте қарсы шабуылға шықты. Итальян әскері Киренайкада толық қирады. 1940 жылдың соңына қарай теңіз операциялары да Италия үшін сәтсіз болды.

1940 жылдың 28-қазанында италян әскерлері Грецияға баса-көктеп ене бастады. Бірақ көп кешікпей сол жылдың қарашасында олардың жасаған шабуылдары сәтсіздікке ұшырап, грек халқының көрсеткен қарсылығы арқасында олар жаулап алған территориясынан қайта кері ығысып шығуға мәжбүр болды.

Муссолини ешқашанда итальян ұлтының қасиеттері туралы жақсы пікірде болған емес. Ол өзінің күйеу баласы Чианоға былай деп жазды: «Я должен признать, что итальянцы 1914 г. были лучше нынешних. Это неприятный результат для фашистского режима, но это так».[35] Муссолинидің пікірі бойынша буржуазияның негізгі тобына фашизмнің соғыс авантюрасына қарсы тұра алатын оппозициялық топ шығара алуға қабілетсіз. Фашистік режимге қарсылық жастар арасында көбірек орын алды. Университет журналдарының бетінде фашистік жетекшілерді алаңдатқан мақалалар жарияланды.

Муссолинидің жеке басы туралы ағылшынның мемлекеттік қайраткері және дипломат Антони Иден былай деп жазған:

Муссолинидің бір ғана санасатын факторы бар, ол экономикалық және әскери күш. Ол өз пайдасы болмаса ешқандай жол бермейтін тұлға. 1943-жылы Черчилль маған қоңырау соғып, Муссолинидің биліктен кеткенін айтты. Біз егер 1935 жылы санкцияны қолдануды қатаң талап еткенде мүмкін екінші дүние жүзілік соғыстың басталуын кешеуілдететін бе едік деген ойды ол өз күнделігінде жазған екен. Себебі Муссолинидің істеген тірліктері тек ғана көзбояушылық еді.[36]

Барлық антифашистік партиялардың соғыс басталған кезде жағдайлары күрделі еді. Бәрінен де көп коммунистер фашистік репрессияға ұшырады. 1939 жылдың күзінде Европаны қамтыған антикоммунистік толқын Италия коммунистік партиясының басшыларын да алып кеткен еді. 1939 жылы қыркүйекте Парижде П.Тольятти, Л.Лонго және басқалар тұтқындалды. Ұзақ жылдар итальян эмиграциясының саяси орталығы болған Париж тікелей неміс фашистерінің бақылауында болды. Католиктік бағыттағы оппозициялық топтар, «Әділеттілік және бостандық» қозғалысы белсенді қимылдады. 1940-1941 жылдары Италияда фашистік режимнің беделі біраз төмендеді. Корпоративтік жүйе түрінде қоғамды «әлеуметтік жаңарту» туралы уәделерінің жалғандығын фашизмнің ықпалынан жастардың ауытқуын тудырды. Итальян әскерінің Грецияда, Африкада женілуі ұлы және күшті Италия жөніндегі мифтің күлін көкке ұшырды.[37]

 

III.2. Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери жеңілісі

 

1941 жылдың алғашқы айларында Италияның өзіне тиесілі «параллельдік соғысты» жүргізу мүмкіндігі туралы иллюзия толық жойылды. Гитлер 1941 жылы қаңтардың соңында Муссолиниге Германия Грециядағы соғысқа араласады және Солтүстік Африкаға әскер жібереді деп мәлімдеді. Оның астарында Гитлердің итальян фашистік әскеріне сенімсіздігі жатыр еді, Муссолини еш қарсылық көрсете алмады. Неміс дивизиясы Югославияны алған соң, Грецияда итальян әскері 13 наурызда шабуылға шыға бастады. Немістер гректерге тылдан соққы берді. 24 сәуірде Греция тізе бүкті. Югославияны капитуляциялауға итальян корпусы қатысқан болатын. Осыған жауап ретінде Муссолини Словенияның бір бөлігін, Дальмацияның жағалауын алды. Итальян әскерінің өз күшімен үлкен аймақта соғыс жүргізе алмайтыны айқын болды.

22 маусым 1941 жылы Гитлер Муссолиниге хабарламай КСРО-ға шабуыл жасады. Бұл неміс армиясы шығыс майданда шоғырланады, Италия Жерорта теңізінде немістерге сүйене алмайды дегенді білдірді.Солай бола тұрса да  итальян  әскері  Солтүстік Африкада  ұрысты  жүргізе  берді. Италиядан Африкаға теңізбен жүк тасымалдауына Мальта қауіп төндірді.

Италиян Бас штабының басшысы Каваллеро Малтадағы базаны  басып  алуды жақтады. Сицилия мен Оңтүстік Италияда операция жүргізуге қосымша екі неміс авиациялық корпусы түсірілді. Алайда шілдеде ағылшындар Эль-Аламейн түбінде итальян-неміс әскерлеріне қатты соққы берді. 1942 жылы қазанда генерал Монтгомери басқарған ағылшындардың сегізінші армиясы шешуші шабуылға шығып, қарсыластарына ойсырата соққы берді. 1942 жылдың соңына қарай Италия Африкадағы барлық иелігінен айырылды.

1942 жылдың жазында совет-герман майданында итальян корпусы құрамында он дивизиясы бар армияға айналды. 1942 жылдың күзінде итальян әскері кеңес майданында Воренежден оңтүстікке карай Донда 270 шақырымда орналасты. Ол венгер, румын әскерлерімен бірге Сталинградқа жылжыған Гитлер әскерінің сол қанатын қорғауға тиіс болды. 16 желтоқсанда кеңес әскерлері Оңтүстік-Батыс майданда Сталинградта қоршауда қалған Паулюске көмекке ұмтылған Гитлер дивизиясына және итальян корпусына соққы берді. 22 желтоқсанда майдан оңтүстік бағытта күйреді. Гитлер әскерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі Солтүстік Африкада итальян-неміс әскерінің тағдырын анықтады. 8 қараша 1942 жылы ағылшын-американ әскері Алжир мен Мароккоға түсіріле бастады. Италия мен Жерорта теңізіндегі неміс әскерінің басшысы Маршал Кессельринг 15 қаңтар 1943 жылы Римге келіп, совет майданындағы жағдайдың қиындықты Африкаға қосымша күш әкелуге мүмкіндік бермейтіндігін мәлімдеді. Бұл жердегі итальян-неміс әскері 1943 жылдың мамыр айының басында капитуляцияланды.

1941 жылдың басынан шикізат пен отынның жетіспеуіне байланысты итальян өнеркәсібі елеулі қиындықтарға ұшырады. Негізінен көмірмен камтамасыз ететін Германия КСРО-мен соғыс басталған соң. әкелуді күрт азайтты. Румыния мен Албаниядан тасылынып жасалған мұнай қоры 1941 жылдың соңына қарай таусылды. Елде болат жетіспей қару-жарақ шығару қысқарды. 1941 жылдың соңында соғыс тапсырыстарын орындайтын 729 кәсіпорын жабылды. 1942 жылдың ортасынан соғыстың басынан өндірісін кеңейткен кәсіпорындардың да жұмысы бәсеңдеді. 1941 жылдың екінші жартысынан халыктың жағдайы тым нашарлады: салықтың көп болуы; азық-түліктің жетіспеуі; инфляция; эпидемия; жұмыссыздык; қайыршылық; алыпсатарлық.

1942 жылы қазанда фашистік режим жиырма жылдығын тойлады. Той ағылшын-американ авиациясының итальян қалаларын атқылауына сәйкес келді. 1942 жылдың күзінен бастап полиция мәліметі Муссолиниге оның айналасындағылардың бәрі бірдей оны қолдамайтындығы жөнінде хабарлап отырды. Муссолини 1943 жылы көктемде партия мен үкіметтің басқарушы топтары арасында «қатаң тазарту» жүргізді. Бас штабтың басшысы У.Каваллеро және Чиано сияқты басқарушылар орындарынан алынды. Муссолинидің іс-әрекеті тепе-теңдігін жоғалтқан адамның қозғалысын елестетті. Барлық көрнекті фашистер қызметінен айырылды. Олардың орнына диктатордың айтқанын бұлжытпай орындай беретіндер келді. Муссолини 24 маусымда партияның мәжілісінде өзін жақтырмайтындарды ұрсып-зекіп, қатты тиісіп сөз сөйледі. Үш күннен соң ағылшын-американ әскері Сицилияға түсірілді, соғыс қимылдары  континенталдық Италия территориясына жақындады.

 

III.3. Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі

 

1942 жылы Муссолини ауырып жатқан кезде оның айналасындағылар мен король маңайындағылар арасында Италияның соғыстан шығуы туралы ой тарады. Ал Германияның жеңілетіні 1943 жылы көктемде анықталғанда, Италияда Муссолиниді құлатуға дайындалған екі топ құрылды. Біріншісі -жоғары қызметінен айырылған, Муссолиниді жек көретіндер Д.Гранди. Дж.Боттан, Г.Чано сияктылардан құрылды. Олардың бағдарламасы толық анықталмай, «фашизм — Муссолинисіз» деген формулаға сайды. Екіншісі -бас штабтың жаңа бастығы Амброзио басқарған монархистік көңіл-күйдегі шенеуніктерден құрылды. Олардың мақсаты өкімет басына монархияны қалпына келтіру.[38] Екі топ та төңкерісті жасауда үлкен роль атқарған финанс-өнеркәсіптік топтармен тығыз байланыста болды.

1943 жылы 19 шілдеде Фельтреде Муссолини Гитлермен кездесті. Оның жанында бірге жүрген Амброзио Гитлерден соғыстан шығу жөнінде рұқсат етуді сұрауды ұсынды. Алайда Муссолини Гитлердің ұзақ монологын үнсіз тыңдады. Амброзионың баяндамасынан соң, Гитлер Муссолиниді тұтқындауды дайындау туралы шешім қабылдады. 24 шілде күні сағат бесте Үлкен фашистік кеңестің мәжілісі ашылды. Мәжілісті Муссолини ашып Италияның жалпы жағдайы, соғыс қимылдары жөнінде сөз сөйледі. Бас Штабты сынады. Мәжілісте Боттан бітім туралы мәселе көтерді. Бір-бірімен айтыс басталды. Мәжіліс депутаты Гранди фашистік режимнің жеңіліс тапқанына жауапты көсем сенсің деп айыптады. Мәжіліс он сағат үзіліссіз жұмыс істеді. Гранди ұсынысы дауысқа қойылды. Ұсынысқа он тоғызы жақтап, ал жетеуі қарсы дауыс берді. Мәжіліс аяқталысымен Гранди ол туралы корольге хабарлап, үкімет басшысына Бадольоны тағайындау туралы декрет дайындады. 25 шілдеде король Виктор Эммануил Муссолиниді қабылдап оған көп кінә артты. Бадольоны оның орнына тағайындады. Муссолини күзетпен әкетілді. 25 шілдеде кешкі сағат онда радиодан «король кавалер Бенито Муссолини отставкасын қабылдап, орнына маршал Бадольоны тағайындады»[39] деген хабар таратылды. Италия қалаларының көшелеріне фашистік режимнің құлағанына қуанған халық лық толды.

Осы кезде королдың бұйрығы бойынша жеделхаттар жолданып, Италияның барлық қалаларында биліктің тұтқасы әскерилерге беріліп, ал полицияның жаңа басшысы қалай болғанда да елдегі тәртіпті сақтау туралы тапсырма берді.

Бадольо үкіметінің қырық бес күні. Фашистік режимнің орнына 45 күн өмір сүрген әскери монархиялық диктатура келді.[40] Жаңа үкімет құрамына қастандыққа қатысқан көрнекті фашистер кіргізілмеді, ол жоғарғы шенеуніктер мен әскерилерден құрылды. Ішкі саясатының басты мақсаты: революциялық бас көтерулерге жол бермеу; сыртқы саясатта Италияның соғыстан шығуы және сепараттық бітім жасау. Алғашқы кезде үкіметтің басты назары елдің барлық жерін камтыған жаппай бас көтерулерді басуға  аударылды. Солтүстік Италияда алғашқы күннен-ақ ұйымдасқан формада жүрді: антифашистік митингілер ұйымдастырылып, жұмысшылар жұмыстарын тоқтатты. Осының бәрі басқарушы топ арасында үрей туғызды. Жиырма алтысы күні түсте елге қоршау жағдайы енгізілді. Көшелерде жииалыстар өткізуге тыйым салды. Жылдың мамырында халық батылдарының қозғалысы да бас көтерді. Оның құрамындағы түрлі саяси және діни ұстамдағы адамдар қолдарына қару алып фашистерге қарсы күресуге дайын болды. 

Солтүстік Италияда коммунистік партияның қолдауымен жаппай көтеріліс басталды. 26-шілдеде Милан қаласында көп данада коммунистік партияның Унита газеті жарық көре бастады.  Осы газетте коммунистердің басты талаптары көрсетілген мақалалар басылып шықты: бітімгершілікке қол жеткізу, демократиялық бостандықты қалпына келтіру және үкімет құрамына антифашистік партиялардың өкілдерін енгізу т.б.

Осы кезде Муссолинидің тақтан түскенінен күмәнданған Гитлер өз генералдарына Италияны жаулап алып бағындыруға дайындалу туралы бұйрық берді. Осы бұйрыққа сәйкес Италияға және оның шекараларына неміс дивизиялары жақындап шоғырлана бастады. Гитлерге Италияның жаңа сыртқы істер министрі Р.Гуарильяның және Бас штаб бастығы Амброзионың 7-тамыздағы Италия соғысты бұдан ары қарай жалғастыра бермекші дегені рас болып шықты.

30-тамызда Италия әскері Гитлер әскерінен қорғану шараларын тез арада ұйымдастыра бастады. Бірақ монархия үкіметінің соқыр саясаты арқасында Италияның соғыстан шыққан күні – 8-қыркүйек – гитлердің италия халқын жаулап алуының басталған күні болды.

 

III.4. Италия және Германия фашизмдерінің өзіндік ерекшеліктері

 

 Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық- тотаритарлық үлгісімен либералдық-демократиялық үлгісі.

Тотаритарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда(нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашисттік режимдер болды.

Тотаритарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тотаритарлық» ұғымы жиырмасыншы-отызыншы жылдары КСРО-да қалыптасқан әкімгершілік-дәміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.

Тотаритарлық жүйелерге азаматтық қоғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм үшін ең жоғарғы нәрсе мемлекет.[41] Оның алдында жеке адамдармен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рол атқарады». Тоталитаризм-либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.

Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекетінің барлық салаларын қамтығанын жақтайды.Азаматтық қоғамды тоталитарлық мемлекеттің жұтып қоюының экономикалық негізі-ол рыноктық қатынастарды мемлекеттік-бюрократтық реттеу, жоспарлау және бөлумен алмастыру болып табылады.  Бұл жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның бостандығы мен еркіндігінің экономикалық негізі жоғалады.

Саяси салада тоталитаризм либералдық-демократиялық режим мен оның институттарының жойылуын, мемлекеттік- партиялық диктатураның орнатылғандығын білдіреді.

Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық, шовинисттік жәнесоциалисттік идеалардың эклектикалық қосындысы ретінде демократияға, либерализмге, марксизмге қарсы бағыт ұстады. Бұл теріске шығару және бір мезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан «жаңа тәртіптің» қиялдағы тұжырымы негізінде қоғамды қайта құрудың утопиялық доктринасына сену идеологиясы еді.

Экономика саласында фашизм мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып,оны милитарландыру мен алдынғы соғысқа дайындалуға бағыттады. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама-қарсы тұруларын мемлекеттік- партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып тартылды.

Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашисттік идеалар, нәсілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашисттік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашисттік режимдер белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.

      Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Германияда және Ресейде революция кең етек жайды. Ол қолбасшылықтың флотты соңғы ұрысқа салуға наразы болған Киль әскери теңізшілерінің көтерілісімен  басталды. 1918 жылдың 10 қарашасында Берлин кеңесі екі жұмысшы партиясы-Социал-демократиялық герман партиясы мен Тәуелсіз социал-демократиялық партия өкілдерінен халық уәкілдерінің Кеңесін (СНУ) құрды. СНУ төтенше әскери заңдарды алып тастады, 8 сағаттық жұмыс күнін орнатты және кәсіпкерлерге кәсіподақтар мен ұжымдық келісім жасауды міндеттеді. СНУ конституция жасау үшін Құрылтай жиналысын шақырды. Оның атынан Компьен бітіміне қол қойылды, соғыс аяқталды. Елде социалистік революция, Кеңестер өкіметін орнату және өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікті жойып, жылдам қоғамдық меншікке көшіру үшін қозғалыс күшейе берді. Бұл қозғалысты мүшелері НСДПГ-да болған Спартак тобы басқарды. Топ жетекшілері Карл Либкнехт және Роза Люксембург. Герман қоғамында күштердің сапырылысуы жүрді, алайда үкіметті жақтайтындар көбейді.

   Консервативтік-милитаристік күштер Версаль бітіміне наразылықты пайдалануға тырысып, ұлтшылдықты өршітті. «Ұлттық масқара» неміс халқын «сатқан» марксистерге жабылды. Осындай жағдайда 1918 жылы наурызда құрылған фашистік партия өз позициясын нығайта алды.

   Қоғамды өзгерту қозғалысы 1918-1920 жылдары биік шыңына жетті. Күрес барысында көп нәрсеге қол жеткенімен, бәсеңсу басталды. Жұмысшылардың, социал-демократиялық партиялардың ықпалы өсті. Көптеген елдерде кәсіподақ құқы танылды. Австро-Венгрия, Германия, Осман, Ресей империялары құлады. Жаңа ұлттық мемлекеттер құрылды. Скандинавия елдерінде, Австрия, Германия, АҚШ және Ұлыбританияда әйелдер дауыс беру құқына ие болды. Европа картасында үш республиканың орнына 13 мемлекет пайда болды. Осыған мәз болғандар белсенді күрестен ауытқыды. Біразы күрестен шаршады. Біреулері күрес қорытындысына риза болмады. Алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық көппартиялық өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің құлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократиялық қиял көпшілікті бірден баураған болса, демократияға көңіл толмағандық та бірден жалпы сипатқа ие болды. Бірқатар елдерде бұл жаппай антидемократиялық қозғалыстың туындауына әкеліп соқты. Осылайша европалық фашизм пайда болды.

   Фашизм – ХХ ғасырдағы көбінде европалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүние жүзінің халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыпшылары болды. Әрбір елде фашистік қозғалыс өзіндік ерекшеліктерімен айқындалды. Германия фашизмі немесе нацизмінің де біраз ерекшеліктері бар. Мұнда ұлтшылдық шегіне жетіп, нәсілдік формаға ие болған. Нацистердің көзқарасынша адамзат баласының тарихы әр түрлі ұлттардың немесе нәсілдердің өмір сүруі үшін күресі. Осы күресте күштілер жеңеді, жеңілгендер иә бағынады, иә қырылады. Олар өмір сүруге ең қабілетті нәсіл деп немістер жататын «ариилік», «нордилік» нәсілді есептеді. Фашистердің ойынша олардың тарихи миссиясы дүниежүзілік үстемдікті жаулап алу. Ол үшін Версаль бітімшартын жою, барлық немістерді бір мемлекетке біріктіру және Шығыста Германия үшін оған ешқашан блокада қаупі болмайтын «өмір сүру кеңістігін» жаулап алу керек болды. Германия дүниежүзілік үстемдік үшін шешуші шайқасқа дайындалуды бастады. Шектен шыққан ұлтшылдық шектен тыс жүгенсіздік туғызды.

   Германияда фашистік қозғалыс бірінші дүниежүзілік соғыстан соң бірден пайда болды. 1919 жылы құрылған Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы (НСДАП) бүкіл фашистерді тартудың орталығына айналды. Бұл партияның лидері көп ұзамай-ақ Адольф Гитлер болды.

   20-шы жылдары фашистердің жағдайы адам қызығарлық емес еді. Олардың ықпалы 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс жылдарында тез өсе бастады. Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының дағдарысын да көрсетті. Сан мыңдаған жұмыссыздық, шаруалар мен қолөнершілердің жаппай қайыршылануы үкіметтің халықтың жағдайын жеңілдететін төтенше шаралар жүргізуін талап етті. Алайда бірінен соң бірі ауысқан үкімет ескірген басқару аясынан шыға алмай, онсыз да аз әлеуметтік шығындарды қысқартқан экономикалық саясатты жүргізе берді.

   Веймар Республикасының тағдырына Германияның дәстүрлі соғыс-бюрократиялық элитасының өкілдері шешуші роль атқарды. Дағдарыс аяқталуға жақын еді. Нацизмнің жақтаушылары өкімет басына келу мүмкіндігіне сене қойған жоқ. Дәл осы тұста саяси-бюрократиялық элита өзінің президент Гинденбургке ықпалын пайдаланды. Оны үкіметті қалыптастыру мандатын Адольф Гитлерге үкімет басшысы-рейхсканцлер болып тағайындалды.

   Атқару билігін қолға алған нацистер Германияда саяси-демократияны жоюға белсене кірісті. Сылтау ретінде рейхстагты жағу қолданылды. Нацистер өзінің саяси қарсыластарына қарсы ашық террор ұйымдастырды. Гитлер Гинденбургқа азаматтардың негізгі құқықтарын жоятын және жазалаушы органдарға шексіз өкілеттілік беретін «халық мемлекетті күзету туралы» арнайы қарарға қол қойғызды. Веймар Республикасы конституциясы негізіне алынған билікті бөлу принципі лақтырылды. Заң шығару функциясы үкіметке берілді. 1934 жылы Гинденбург қайтыс болған соң Гитлерге президент өкілеттілігі де берілді. Осылайша Германиядағы барлық билік Германияның «көсемі», «фюрері» атанған Гитлердің қолына топтасты. Жергілікті басқару органдары жойылған әкімшілік реформасы жүргізілді. Барлық жерде билік жоғарыдан тағайындалған шенеуніктердің қолына көшті. 1933 жылы НСДАП-дан басқа барлық саяси партияларға тыйым салынды. Бұлар зорлықсыз, күшсіз жүзеге асырылмайтын еді. Сондықтан мемлекеттің жазалаушы органдарының ролі күшейді. Штурмовиктер мен күзету отрядтары мемлекеттік аппараттың зорлық-зомбылығының бір бөлігіне айналды. Елде құпия полиция (гестапо) құрылды. 1933 жылдан бастап Германияның барлық жерінде режимге қарсы шыққан адамдарды ұстауға арналған концентрациялық лагерьлер пайда болды. Азаматтардың барлық саяси құқықтары – сөз, жиналыс бостандығы, хат алмасу құпиясы, тұрғын үйге тиіспеушілік жойылды.[42]

   Германияның экономикасында да маңызды өзгерістер болып жатты. Гитлер үкіметі дағдарыстан шығу мақсатында шаруашылық өмірді мемлекеттік реттеуді кеңейтті. Мемлекеттің қаржысына жалпыұлттық автожол құрылысы басталады, ол жұмыссыздардың санын көбейтуге мүмкіндік берді. Басты назар соғыс өнеркәсібін жылдам дамытуға аударылды. 1933-1939 жылдары соғыс шығындары 620 млн-нан 15,5 млрд. Рейхсмаркаға дейін өсті. Экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында салыққа жеңілдіктер енгізілді. Шығындардың өсуі мен салықтардың кемуінің қатар жүруі бюджет тапшылығын тудырды, ол ақша шығарумен жабылды. Оның құнсыздануы мен бағаның өсуін болдырмау үшін үкімет баға мен жалақыға бақылау енгізді, бөлу жүйесін карточкаға бірте-бірте көшіру басталды. Экономиканы мемлекеттің реттеу ауқымы ұлғайды.

   Фашистік мемлекет жұмысшы күші рыногы мен еңбек қатынастарына да бақылау орнатты. Нацистер мұнда өздерінің ұлтшылдық идеясының басым болуын қамтамасыз етуге жандарын аямады. Олар еңбек пен капитал арасында толық тіл табысушылық болады деп сенді. Сондықтан да нацистік Германияда кәсіподақ жойылды, оның орнына жұмысшылар мен жұмыс берушілерді біріктірген Неміс еңбек майданы құрылды. Кәсіподақ басшылары «еңбек ұжымының көсемдеріне» айналды. Еңбек қатынастары мен жалақыны бақылау үкімет арнайы тағайындалған «еңбек сенімділеріне» көшті. Көп ұзамай оған жалпы еңбек міндеттілігі берілді: енді мемлекет неміс қайда жұмыс істейтінін анықтайтын болды.

   Екінші дүниежүзілік соғыстың басына қарай Германияның экономикасы түбегейлі өзгерді. Жеке меншік сақтала отырып, кәсіпкерлердің еркіндігі едәуір шектелді. Еңбек, тауар және қызмет көрсету рыногы мемлекеттік реттеумен ауыстырылды. Рыноктық экономика өмір сүруін тоқтатты. Осы шаралардың барлығы Германияны дағдарыстан шығуды жылдамдатқандай болып көрінді. 1935 жылы ол өндірістің дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетті, ал 1939 жылы оны едәуір басып озды. Осыған сәйкес жұмыссыздық азайды: 1933 жылы 6 млн болса, 1938 жылы — 429 мың адам. [43]Неміс экономикасының жандануы таң қаларлық емес еді: 1933 жылдан бастап Батыстың барлық елдерінде экономика жандану кезеңіне кірген-ді. Оның үстіне Германия экономикасының қалпына келтіру қарқыны оның милитаризациялауына да байланысты болатын. Осы табыстардың құны немістердің 1945 жылғы трагедиясы.

   Фашистік Германиядағы өмір нацистердің даурыққанындай емес еді. Зорлық-зомбылық күн асқан сайын күшейе түсті. 1935 жылдың басына қарай нацизмге қарсы 4200-ден астам адам өлтірілді, 517 мың адам тұтқындалды.[44] 1939 жылдың басында саяси сенімсіз 300 мыңнан астам адам тұтқында болды. Алдыңғы қатарлы ой-пікірлі немістер эмиграцияға кетті, олардың қатарына творчестволық интеллигенция қаймақтары – физик Альберт Эйнштейн, жазушылар Томас және Генрих Манндар, Лион Фейхтвангер, Бертольд Брехт, композиторлар Ганс Эйснер, Отто Клемперер, Пауль Хиндемиттер болды.

   Фашистік мемлекеттің ресми саясаты – антисемитизм. 1933 жылдың көктемінен өкімет еврейлерге қарайтын барлық мемлекеттерге байкот ұйымдастырды. 1935 жылы еврейлердің герман азаматтығын жойған және оларға мемлекеттік аппараттарда қызмет істеуге тыйым салған бірнеше заңдар қабылданды. Аралас некеге тыйым жасалынды. 1939 жылдан еврейлер үйден және көшелерден арнайы бөлінген орындарға – гетторға көшіріле бастады. Оларға қоғамдық орындарда жүруге, әр түрлі істермен шұғылдануға тыйым салынды. Еврейлер үнемі киімдеріне тігілген сары жұлдызша тағып жүретін болды. 1939 жылы қарашаның 9-нан 10-на қараған түні өкімет еврейлерді жаппай қыруды ұйымдастырды, мыңдаған адам қырылды. Осылайша еврейлерді соғыс кезінде қыруға дайындық жасалды: ол кезде нацистердің нәсілдік ақымақтығынан 6 млн. еврей құрбан болды.

   Фашизм адам ақылына да бақылау орнатуға тырысты. Көпшілік хабар құралдары – радио, баспасөз насихат министрі Йозеф Геббельске тікелей бағынды. Өнер де нацистерге қызмет етті: суретшілер, ақындар, композиторлар өз шығармаларында Гитлерді мақтап, арий нәсілі мен жаңа тәртіптердің артықшылығын дәріптеді. Германияның ұлылығын орасан зор, циклоптық сәулет құрылыстары бейнеледі. Нацистік ұйымдар халықты алақанында ұстады, бітпейтін саяси компанияларға тартылды.

   1939 жылға қарай Германияға жалпыға бірдей әскери міндеттілік қалпына келтірілді, соғыс авиациясы мен танк әскері құрылды. Гитлер Германияға Австрияны қосты және Чехословакияны бөлшектеді. Германия европаның күшті державасына айналды. Қосып алған территорияларымен бірге Англия мен Францияны басып озып, дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің 15%-ын берді. 1939 жылдың басында Германия Европада ең күшті армияға ие болды: 2,75 млн адам, 10 мың зеңбірек, 3,2 мың танк және 4 мыңнан астам самолет. Фашистік Германияға үлкен майдандағы шайқасқа дайын болды. Ол басталды және фашистік Германияның жеңілісімен аяқталғаны мәлім.

         Италия шабуылының алғашқы объектісі Эфиопия болғаны жоғарыда атап өтілді. 1935-1936 жылдар Италия халқы үшін қиын соқты және бүкіл әлемге фашизмнің зұлымдық сипатын танытты. Одан кейінгі қарулы шабуыл Германиямен бірге Испанияға жасалды.

         Фашистік Италия мен Гитлерлік Германия айтарлықтай достық қатынаста емес еді, кейде жаулас десе де болатындай. Себебі екеуі де Австрияны, Дунай бассейнін және Балканды басып алуды көздеген болатын. Бірақ Эфиопиядағы ұрыс көрсеткендей Муссолини Гитлермен одақтас болмай көп нәрсеге қол жеткізе алмайтынын анық түсінді. Сол себептен Гитлердің Австрияны жаулап алуына атсалысты, өзі Албанияны жаулап алғанын қанағат тұтты.

   Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін батыс елдері үшін Германияның жалпы экономикалық жағдайының сауығуы қажеттілікке айналды. Осы бағытта, КСРО-ның қатысуымен шаралар жүргізу мүмкін болмағандықтан олар өз зоналарында ғана ашық реформасын жүргізді. Құнсызданған рейхсмарк неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонаның әрбір тұрғыны бұрынғы рейхсмарктың 60-сы орнына 60 жаңа марка берілді де, қалғандары 100-ге 6,5-нан келетіндей етіліп ауыстырылды. Бұрын тауар жетіспейтін болса, енді ақша жетпеуге айналды. Инфляция тоқтатылды. «черный» рынок жойылды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру үшін жағдай жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін көтерілді, ал 1949 жылдың соңында соғысқа дейінгі деңгейі қалпына келтірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

         Италияда 1920 жылы жұмысшылар фабрикалар мен зауыттарды басып ала бастады. Осы кезде Италияның ірі буржуазиясының және помещиктердің революциялық пролетариаттан үрейлері ұша бастады. Сол себепті осы кластардың мемлекетте күшті билік орнатуға деген ұмтылысы күшейді. Соңынан олардың фашистік ұйымдарға көрсеткен көмектері ұлғая бастады.

         1922 жылдың күзінде фашистер елдегі көп кәсіпорындарды иеленді. Буржуазияның либералды топтары фашизмге еш қарсылық көрсетпеді.

1926 жылдың қаңтарында коммунистердің үшінші съезі өткізілген болатын. 1926 жылдың 31 қазанында Муссолиниге төртінші мәрте шабуыл жасалды. Алтыншы қарашада ішкі істер министрі Федерцони жұмыстан кетіп, оның лауазымын Муссолини өзі атқара бастады.

         1926 жылдың қарашасында фашистік үкімет бес жыл мерзімге төтенше заңдар қабылдады. Бірақ бұл заңдардың мерзімі үнемі ұзартылып, фашистік режимнің соңына дейін күшін жоймады. Осы төтенше заңдарды енгізуге байланысты Италияда күрестің жаңа кезеңі басталды. Төтенше заңдарды қабылдай салысымен фашистерге қарсылардың барлығын жаппай тұтқындау жүзеге асырылды. 1926 жылдың қарашасында алғашқы тұтқындалғандардың бірі коммунистік партияның жетекшісі Антонио Грамши болды. Төтенше заңдар қабылдана салысымен антифашистердің көбісі шетелге бас сауғалап қаша бастады, әсіресе Францияға. Францияға ресми түрде Италия социалистік партиясының және италяндық еңбекшілердің социалистік партиясының басқарушы органдары орналасты.

         Италиядағы экономикалық дағдарыстың бірден-бір себебі ол корпоративті саясатты ұстану еді. 1930 жылы Муссолини фашистік мемлекет тек ғана корпоративті мемлекет болу керек, немесе оның несі фашистік деген болатын. Себебі фашистік мемлекетке басқаруға болатын экономика соғысқа дайындалу үшін қабілетімен керек еді. Италияда сол кезде ресми түрде екі әнұран болды. Күнтізбесіне дейін фашистерге бейімделіп дайындалды. Қара көйлектілер, жиырмасыншы ғасыр кімдікі, әрине біздікі деп өзі сұрақ қойып, өзі жауап берген болатын. 1934 жылғы депутаттардың жаңа мәжілісін ашқан Муссолини біз фашизмге қарсыларды жойып біттік деген еді.

         Бірінші тамызда коммунистер бейбітшілікті қорғау күнін атап өтуге дайындалды. Бұл хабарды естіген полиция барлық жерлерде тінтулер жүргізіп, әскерилер күшейтілген тәртіппен қызмет атқара бастады. Коммунистер өз кезегінде үнпарақтар мен соғысқа қарсы әдебиеттер таратып үлгерді. Бірақ сол кезде Италияда фашизмнің міндетті түрде соғысқа алып келетінін халықтың барлығы бірдей ұғына қойған жоқ.

         1929-1933 жылда Италия экономикасын қатты дағдарысқа ұшырады. Өз әлсәздігін сезінген Италия сол жылдары Кеңес Одағымен бірінші болып сауда-саттық келісім-шартын жасасты.

         Кейіннен италияның Сомали мен Эфиопияның шекарасында кикілжіңі басталды. 1934 жылдың желтоқсанында Эфиопия аумағында қарулы қақтығыстар басталды. Эфиопияның барлық аумағын сегіз айдың ішінде басып аламыз деп италияның бас штабы әскери операция жоспарын құрды.

         1936 жылдың 5-мамырында Эфиопия астанасына Италия әскері басып кірді. 9-мамырда Үлкен фашистік кеңестің мәжілісі өтті. Италия короліне Эфиопия императорының да тәжі киілді.

         1941 жылдың 22-маусымында Гитлер ешқандай Муссолинимен кеңеспестен Кеңес Одағына шабуылын бастады.  Кейіннен өз министрлеріне Гитлер маған Ресейге шабуыл жасауға шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл әрине Германия мен Европаның болашағы үшін мәні бар тарихи шешім. Әлемнің түрін өзгертетін осындай орасан зор оқиғаның кезінде Италия жаңа соғыстан шет қала алмайды және осы ұрысқа біз белсенді қатысуымыз керек деп мәлімдеді.

1940-1941 жылдарда сотталғандардың көпшілігі еңбекшілер тобынан болатын.  Әсіресе бұрын жұмысшы немесе шаруа болған солдаттар көп болды. Альпі әскерінің бір солдаты Францияға жасалған шабуыл кезінде Бұл жерде халіміз мүшкіл және бұған кінәлі тек ғана Муссолини шошқа деп жазды. Турин жұмысшысы болған солдат Драго казармада жүріп қаруымның пшағын француздарға емес, фашистерге қолдануға құштармын деген екен.  Чуфоли деген солдат гректерді өзімнің бауырымдай санаймын, оларға қарсы соғысқым келмейді деп ата-анасына хат жазған.

         1943-жылдың 3-қыркүйегінде одақтастар әскері әскери әрекеттерді оңтүстік Италияға ығыстыру үшін Мессинскіні шабуылдай бастады. Дәл осы күні Сицилиядағы Кассибиледе Бадольо үкіметінің өкілдері мен Бірлескен ұлттар үкіметі бітімгершіліктің қысқаша шарттарына қол қойды. Сегізінші қыркүйек күні лондон радиосы Италиямен татуластық деп жариялады. Артынша Бадольо да радиодан сөйлеп, италиян әскерлеріне соғысты доғаруға бұйрық берді. Әскерлер болса түкке түсінбеді. Бадольо үкіметі және король астананы тастап оңтүстікке қарай Пескаруға одақтастар әскерін паналамақшы болып қашты. Екі тәулік ішінде неміс әскерлері барлық Солтүстік және Орталық Италияны жаулап алып, Римге енді. Италия елі меридиан бойынша екіге қақ айырылды. Оңтүстікте ағылшын-американ әскеріне сүйенген Бадольо үкіметінің әскери-монархиялық режимі сақталса, солтүстік және орталық Италияда Гитлердің тікелей қатысуымен Италия социальдық республикасы құрылды.

    Муссолини 15-18 қыркүйекте герман радиосы және Монако радиосы бойынша Италия бұдан былай республика болып, Фашистік республикалық партия құрылғанын хабарлады. Дуче жаңа құрылған партияға герман әскерлеріне тиімді қолдау көрсетуді бұйырды. Қыркүйек айында жаңа құрылған фшистік партияның хатшысы Паволини Римге барып қатарларын толықтыруға адамдарды қанша үгіттесе де олардың саны көбейе қойған жоқ.

    23-қыркүйекте Муссолини басқаратын Италия әлеуметтік республикасының үкіметі құрылғаны хабарланды. 1943 жылдың қарашасында Верон қаласында фашистік партияның конгресінде демагогтардың бағдарламасы қабылданды: италяндықтарға Италияны әлеуметтік республика ретінде жариялайтын халықтық құрылтайшы жиналыс құруға уәде берді. Осы Веронда өткен конгресс фашистік партияның алғашқы және ең соңғы ассемблеясы болды, ал оның бағдарламасы ешқашан жүзеге аспайтын.

    Италиядағы Гитлер насихатына қарсы ұрысты негізінен неміс әскерлері жүргізді. Әлеуметтік республикадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен де солар болатын. 1943 жылдың қыркүйегінде Италияда құрылған герман әкімшілік аппараты Солтүстік Италиядағы барлық ірі өндіріс орталықтарын өз бақылауларына алды. Муссолинидің үкімет аппараты да герман бақылауына бағынышты болды.

Муссолини өз режимін зорлық пен қуғын-сүргінмен нығайтуға тырысты. Неміс әкімшілігімен ынтымақтастықта болған фашистер еврейлерге қарсы қуғын-сүргінді қайта жаңғыртты. Қарсы болғандардың барлығы басып жаншылды. Барлық мәселе күшпен және жазалаумен шешілетін болды. Осы мақсатта төтенше трибунал және италяндық эсэстер отряды құрылды.

Веронда 1943-жылы 25-маусымда үлкен фашистік кеңестің мәжілісінде Муссолинидің биліктен кетуі туралы шешімге қол жеткізген бұрынғы фашистік топбасшыларын соттау басталды. Сотта бұрынғы шет істер министрі Чиано, Маршал Де Боно, бұрынғы фашистік кәсіподақтар хатшысы Готтарди т.б. істері қаралды. Кейбіреулерін сырттай соттап үкім шығарды. Өлім жазасына кесілген бесеудің ішінде Чиано да бар. 11-қаңтар күні таңертең Веронадағы ескі фортта осы үкім орындалған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Общая теория государства и права. Л., 1961,
  2. Петров В.С. Сущность, содержание и формы государства. Л., 1971,
  3. Тольятти П. Лекция о фашизме. М., 1974,
  4. 4. Новейшая история стран Запада. М, 1959,
  5. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. 1917-1945 гг. М, 1989,
  6. Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М, Наука, 1977,
  7. История фашизма в западней Европе. М, Наука, 1978,
  8. История ХХ века: люди, события, факты. Аквариум, 1999,
  9. Дәуірбаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. 1918-1990 жж. Түркістан, 2004,
  10. Италия в конце XIX в.: судьбы людей и территории. М, Наука, 1978,
  11. История Италии. М, 1971,
  12. «Международная жизнь». 1963, №2,
  13. 13. Крах италянского фашизма. М, Наука, 1973,
  14. Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг.
  15. Алатри П Происхождение фашизма.. М, 1961,
  16. Ревуненков В.Г. Новейшая история стран запада. М. 1958.
  17. История новейшего времени стран Европы и Америки. 1918-45.
  18. w.w.w. mega book. Ru. КМ RU Универсальная энциклопедия М.Б.
  19. Б. Муссолини. w.w.w. peoples. Ru.
  20. Фашизм по 5-ка ru.
  21. 21. Фашизм. Визуальный словарь..vslovar. org. ru.
  22. 22. Фашизм. w.w.w. dazzle.
  23. Фашизм. w.w.w. book sgg. Ru.      
  24. Фашизм в Италий w.w.w. Rambler. 25 . Лопухов Б.Р. История фашистского режима в италии. М, 1977.                                    26.  Белоусов Л.С. Муссолини: диктатура и демагогия. М., 1993.                                     27.  Бланк Александр С. Старый и новый фашизм. Полит- социал очерк .                                   

М., Политздат. 1982                                                                                                                                                               

  1. Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М.,

                                             Соцэкгиз. 1960                                                                                29.  Хрестоматия по новейшей истории(1945-61) Под ред. Б.Гафурова.                                         

                                             М., Соцекгиз. 1961                                                                         30.  История новой и новейшего времени. Под ред. И.С. Галкина                                       Дементьева. Издательства Московского университета. 1968                                                                                                               

31Эрнст Тельман.  Избранные статьи и речи. М.1958.

32 О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д.Сүгірбаева. XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы. Дрофа- «Кітап баспасы» Алматы-2005

 

 

 

 

Сілтемелер.

 

  1. Фашизм. w.w.w. book. Sgg. Ru
  2. Историяграфия истории новой и новейшего времени 41-бет
  3. Хрестоматия по новейшей истории Под. Ред . Б. Гафурова М., Соцекгиз 1960 23-бет
  4. Бұлда сонда. 29-бет                                                                                
  5. Бұлда сонда. 32-бет
  6. История XX века:люди, события, факты. Аквариум . 123-бет
  7. Бұлда сонда 119-бет
  8. Лопухов История фашисткого режима в Италии. М. Наука 1977 .86-бет
  9. Крах Италиянского фашизма. М. Наука.1973.56-бет
  10. Бұлда сонда 66-бет
  11. Муссолини. w.w.w. Ru.
  12. История фашизма в Заподной Европе. 1978.57-бет
  13. Хрестоматия по новейшей истории. Под. Ред. Б. Г. Гафурова. М.Соцекгиз 1961 18-бет
  14. Ревуненков .В.Г. Новая история стран Запада. М. 1958 42-бет
  15. Крах италиянского фашизма. М. Наука. 1973. 23-бет
  16. Хрестоматия по новейшей истории. Под. Ред . Б.Г. Гафурова. М. 1960 34-бет.
  17. Крах италиянского фашизма. М. Наука 1973. 56-бет
  18. Бұлда сонда.
  19. Дәуірбаева . Еуропа мен Америка елдері тарихы 1918-1990. 2004. 34-бет
  20. Международная жизнь.1963 № 2 7-бет
  21. Белоусов Л С Муссолини: диктатура и демогогия. М .1993 76-бет
  22. Бланк Александр . Старый и новый фашизм. Полит-социал. Очерк. М. Политздат 1982. 21-бет
  23. Петров В.С Сущесность, содержания и формы государства. Л. 1971. 46-бет
  24. Бұлда сонда
  25. Бұлда сонда
  26. Хрестоматия по новой и новей истории 1979.19-бет
  27. Бұлда сонда 25-бет
  28. Бұлда сонда.34-бет
  29. Бұлда сонда 40-бет
  30. Новая и новейшая история стран Запада М 1958 43-бет
  31. Бұлда сонда 45-бет
  32. Бұлда сонда 46-бет
  33. Хрестоматия по новейшей истории. Под. Ред Б.Г. Гафурова. М.1960 53-бет
  34. Бұлда сонда 54-бет
  35. Бұлда сонда 57-бет
  36. История XX века : люди, события, факты. Аквариум. 1999 123-бет
  37. Бұлда сонда 127-бет

 

  1. История новой и новейшего времени. Под. Ред Галкина.Дементьева. Изд. Московского университета 1968 45-бет
  2. Бұлда сонда 51-бет
  3. Бұлда сонда
  4. О. С .Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов. Г.Д. Сүгірбаева XX ғасырдағы дүние жүзі. Дрофа «Кітап баспасы» Алматы-2005. 109-бет
  5. Бұлда сонда 118-бет
  6. Дәуірбаева Еуропа мен Америка елдерінің тарихы1918-1990. Түркістан 2004 119-бет
  7. Бұлда сонда121-бет