АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер

Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. ПРОФ. Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1.1.Қ.Жұбановтың  өмірі  

1.2 «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің екі басылымы (айырма шылығы)

1.3 Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының тақырыптары

 

2 Қ. Қ. ЖҰБАНОВ ЕҢБЕГІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК КӨЗҚАРАСТАР

2.1 Қ.Қ.Жеңбегіндегі синтаксистің берілуінің көздері

  • Сөз тіркесі туралы ойлары
  • Сөйлем мүшелері туралы
  • Сөйлем туралы ойлары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Реферат

 

Жұмыстың тақырыбы: Қ.Қ.Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объек- тілер

Жұмыстың көлемі: 4 бет

 

Пайдаланған әдебиеттер саны: 30  

 

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

         Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: синтаксис, сөйлем мүшелері, сөз тіркесі, тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер (айқындауыш мүшелер), бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, жай сөйлем, күрделі сөйлем, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жетек сөз бен жетекші сөз т.б.

         Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері: Профессор Қ.Қ.Жұба –

новтың шығармаларынан синтаксистік объектілерді айқындап, оның осы сала бойынша қалдырған пікірлерін, ой-тұжырымдарын сұрыптап, жүйелеп, қортынды жасау диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін диплом жұмысымыздың алдына төмендегідей нақтылы міндеттер қойылды:

– Профессор Қ.Қ.Жұбановтың синтаксистік объектілерге байланысты ғылыми еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру;

– Ғалымның лингвистикалық(синтаксистік) концепциясының ерекшелігін айқындау, яғни оның сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлем туралы ойларын сипаттап, өзгешеліктерін анықтау;

– Тіл білімінде, оның ішінде синтаксистің даму тарихындағы ерен еңбегі мен қосқан үлесін бағалау;

– Қ.Қ.Жұбановтың синтаксиске қатысты ұсынған мәселелерін осы күнгі ғылым тұрғысынан қайта қарастыру;

 

Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың бірінші бөлімінде ғалым Қ.Қ.Жұбановтың өмірі баяндалады. Сондай-ақ осы диплом жұмысымызға өзек болып отырған ғалымның «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбегінің 1966 жылғы және 1999 жылғы нұсқасы салыстырылады. Қ.Жұбановтың мұраларына жалпы тақырыптары бойынша шолу жасалынды. Екінші бөлімде Қ.Жұбановтың нақты синтаксистік еңбектері жайлы баяндалады. Оның сөз тіркесі, сөйлем мүшелері сөйлем туралы ойлары жан-жақты қарастырылып, осы күнгі грамматикадағы ереже-қағидалармен салғастырылады, әрі өзіндік ғылыми пікірінің ерекшелігі айқындалады.Қорытындыда Қ.Жұбановтың синтаксис бойынша ұстанған концепциясына тұжырымдар жасалады, оның осы салаға қосқан үлесі сарапталады.

 

КІРІСПЕ

 

         Қазіргі қазақ тілі ішінде тарам – тарам салаларға бөлінетін өзіндік сыры мен қыры көп күрделі және бай тіл.

         Қазақ тіл біліміндегі мәселелердің барлығы дерлік тарлай – талай тарихи даму сатыларынан өтті. Қандай құбылыстың болмасын өткен тарихи даму жолдарын жете меңгермей оның қазіргі жай – күйін зерттеп білу мүмкін емес.

         Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің ғылыми грамматикасының зерттелуі орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты болды. Сол кезеде қазақ тілінің зерттелуі мынандай төрт бағытта болды.

         Біріншіден, қазақ тілінің кейбір мәселелерін ғана сөз еткен Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың төл ғалымдарының еңбектері: Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихонов, Б.Бақтыгереев, М.Бекимов. Б.Рахимжанов, Қ.Серғали, И.Малдыбаев есімдерімен байланысты

         Екіншіден, орыс ғалымдарынан қазақ – қырғыз тілінің грамматикасын зерттеген авторлар:Н.Н.Ильминский, Н.Ф.Катанов, Н.Лаптаев, В.В.Радлов, П.И.Мелиоранский, Н.Сазонтов, Н.Терентьев т.б.

         Үшіншіден, Қазан төңкерісі және одан кейінгі қазақ зерттеушілері : А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Т.Шонанұлы, Е.Омаров, Ж.Бархиев, Н.Досмағамбетов т.б.

         Төртіншіден, XXғасырдың 50–жылдарынан бері қарай Н.Сауранбаев, Н.Кеңесбаев, М.Балақаев,С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақав, Т:Қордабаев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев,Ә.Ермекбаев т.б.

         Осылардың ішінен мен профессор Қ.Қ.Жұбанов туралы әңгіме қозғаймын. Зерттемпаз ғалым проф. Қ.Қ.Жұбановтың лингвистика тарихынан алатын орны ерекше. Қ.Қ.Жұбанов – әмбебап ғалым. Оның зерттеулері тіл білімінің әр түрлі салаларын қамтиды.

         Ғалым Қ.Қ.Жұбановтың  ғылыми  мұрасына назар аудару  оны   зерттеу, XX ғасырдың  90–шы жылдарының басы мен ортасында белең алды. Оның есімі мен еңбектеріне деген сілтемелер ғылыми  баспасөз   беттерінде осы тұста жарияланып, белгілі бір аспектілері қазақ тіл білімін   зерттеуші қауымның  назарына ілігіп жатты.

         Тақырыптың  өзектілігі.  Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми еңбегі сөз болғанда, әдетте фонетика, сөзжасам, әдеби тіл, терминология, орфография, этимология жайындағы ойларына мән беріліп жүр де, ал ғалымның синтаксис саласына қатысты тұжырымдары зерттеу нысанына ілікпей жүргені хақ.

          Тіл білімінің даму тұрғысынан Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық, дәлірек айтсақ,  синтаксистік көз қарастарын, ұстанымын айқындау қажет. Себебі ғалымның синтаксис ілімін қалыптастыруда өзіндік ерекшелігі болды. Жан–жақты біліммен қаруланған ғалым өзінің еңбектерінде синтаксистің бірқатар теориялық мәселелерін қозғап, соны тұжырымдар да айтады. Тілді зерттеу практикасында ғалымның кейбір идеялары , тұжырымдары қолданыс тапса, кейбірінің тасада қалып, қолданаыс таппай жүргендері де бар. Қазақстандағы 20-30–жылдардағы лингвистикалық дәстүрдің қалыптасуын бағдарлайтын болсақ, онда Қ.ҚЖұбановтың жалпы тіл білімінде, оның ішінде синтаксис бойынша қалдырған іліміне соқпай кетпейміз.

         Жұмыстың мақсаты мен міндеті.  Профессор Қ.Қ.Жұбановтың шығармаларынан синтаксистік объектілерді айқындап, оның осы сала бойынша қалдырған пікірлерін, ой–тұжырымдарын сұрыптап, жұйелеп, қорытынды жасау. Аталған мақсатқа жету үшін диплом жұмысмыздың алдына мынандай нақтылы міндеттер қойылады:

– Профессор Қ.Қ.Жұбановтың синтаксистік объектілерге байланысты ғылыми еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру;

– Ғалымның лингвистикалық(синтаксистік) концепциясының ерекшелігін айқындау, яғни оның сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлем туралы ойларын сипаттап, өзгешеліктерін анықтау;

– Тіл білімінде, оның ішінде синтаксистің даму тарихындағы ерен еңбегі мен қосқан үлесін бағалау;

– Қ.Қ.Жұбанов ұсынған мәселелерді осы күнгі ғылым тұрғысынан қайта қарастыру;

         Жұмыстың объектісі. Қ.Қ.Жұбановтың синтаксиске қатысты еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру.

         Жұмыстың дерек көздері.   Жұмысқа  өзек болған материалдар негізінен Қ.Жұбановтың өз қаламынан шыққан еңбектері. Олар «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты кітапқа шоғырланған.Сондай–ақ, Қ.Жұбанов еңбектерін зерттеудің маңызы жөнінде І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Н.Оралбаева сияқты ғалымдар айтып өткен осындай зерттеулер ғалымның ғылыми мұрасындағы синтаксистік көзқарастар туралы ой түюге қайнар көз болды. Зерттеу  жұмысындағы ғылыми пікірлер үшін Қ.Жұбановқа арналған ғылыми–теориялық конференция материалдарынан, әрі мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалардан қажетті мәліметтер алынды.

         Жұмыстың әдістері  мен тәсілдері.   Тақырыптың ерекшелігіне және мақсатына байланысты салыстырмалы, сипаттама, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ПРОФЕССОР Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 

  • 1. Қ.Қ.Жұбановтың өмірі

 

                    Қазақ совет тіл білімінің негізін салушылардың бірі, қазақ филологиясындағы тұңғыш профессор, совет мектептеріне арналған алғашқы қазақ тілі программасының және тұңғыш оқулығының авторы, ғалым – ұстаз Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы қазіргі Мұғаджар ( бұрынғы Темір уезі ) 9–шы ауыл,Ақжар деген жерде дүниеге  келген                                                                                                                                                                                       

                   Қуан шаңырағы көп балалы шаңырақ болатын: бір үйде 14 бала   болыпты. Құдайбергеннің әкесі Қуан парасат иесі, ақылды адам болған көрінеді. Ауыл арасында ұсақ–түйек шаруамен айналысқаннан гөрі балаларының хат біліп қара тануын, оқу – біліммен айналысқанын қалады. Сол кездегі тарихи – әлеуметтік жағдайға орай, әкесі орыс переселендері мен аралас–құралас болып, орысша үйренуіне, егін шаруашылығымен айналысуына септігін тигізсе, кейін одан әрі Құдайбергенді орыс оқуына беру керек деген ойға жетеді. Алайда сол кездегі заман ахуалы балалардың орысша хат тануына кедергі жасады. Себебі ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын, мұсылманшылық жолын аттап өтіп, бірден орыс оқуына қарай мойынсыну былайғы жұртқа ерсі көрінетін. Тіптен орысша оқуды діннен безу деп түсінетін ыңғайдан да ел құр алақан болмайтын. Сол үшін де Құдайберген сауатын ашуды дін оқуынан, арабшадан бастады. Алты – жетілердің шамасындағы жас баланы әкесі Темір – орқаш болысындағы Жобал ауылы дейтін жердегі Оспан иманның мешітіне оқуға береді. Мешіт бере алатын барлық діни ілімді үш жыл ішінлде игерген Құдайберген ауылына оралады, баласын оқудан қол үздірмеуді көздеген әке ауылда  жаңа тұрпатты мектеп ашқан Құдайбергенді жалпы білім беретін мектепке оқуға берер алдында, әкесі Қуан балаларды оқыту ісін ұйымдастыруға белсене араласқан шағын ауылдың беделді деген азаматтардың бірі есебінде, ол өз қалтасынан қаржы шығарып мектеп ашып, оған молда – мұғалімді де өзі тапқан. Бұл мектепте молданың балаға құран үйретудің орнына, арабша жаңғыртып, орыс жазуының принципіне бейімделген, жалпы білім алуға лайықталған әліпбиді оқытып жүргенін шәкірттердің ата – аналары біліп қойып, балаларын мектепке жібермей қояды, онда тек Құдайберген ғана қалады. Бірақ Қуан алған бетінен қайтқан жоқ.Ағайын –туған,  ауылдастарының жазғырғанына қарамастан өзінің қыздарына дейін осы мектептепке оқуға беріп, мұғалімге еңбек ақыны төлеуді өз міндетіне алған. Сол сәттегі Құдайбергеннің ұстазы Абдолла Беркінов деген кісі болатын. Кейін бұл кісі Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мұғалімі атағына ие болып, бертінде ғана дүние салды.

      Құдайбергеннің жас күніндегі жақын досы Жиенғали Тілепбергенов                     деген прогресшіл көзқарастағы азамат болды. Оның одан әрмен Құдайбергеннің өміріне де ықпалы болғаны сөзсіз. Ж.Тілепбергенов өзінің «Таңбалылар» дейтін повесінде төменгі қауым арасынан шыққан Қалман

деген бас кейіпкері арқылы феодалдық дәуірдің тап арасына тигізетін қайшылықтарын сынап, кедей қауымды жақтаушы дара күрескердің бейнесін жасады. «Сүйіскендер» деп аталатын пьесасының бас кейіпкерінің прототипі етіп Құдайберген Жұбановты алған –ды.

       1914 жылы Орынбордағы Хұсания медресесіне оқуға түседі. Осында оқи жүріп ол жалпы білім беретін пәндерді терең үйреніп, орыс тілін терең меңгере бастады және Ш.Сарыбаев, Н.Манаев, Е.Жәрменов сынды абзал жолдастар тапты. Шамғали Сарыбаев кейін  қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық курсын жазған ғалым атағына ие болды. Н.Манаев, Е.Жәрменов болса, халық ағарту саласында жемісті еңбек еткен белгілі қайраткерлер дәрежесіне көтерілді.

       1917 жылы Жұрындағы екі класты орыс мектебін бітіргеннен кейін Құдайберген Орқаштағы бір кластық орыс мектебінің мұғалімі Құсайын Әшіғалиевтің кеңесімен Күйік қалаға(Елек) барып, ондағы екі кластық училищеге түсіп, білімін одан әрі жалғастырады. 1918 жылы Құдайберген осы училещенің 5-6 кластарын бір жыл ішінде үздік бітіріп шығады.

     Өз қаламының құдіретін ерте байқатқан алғашқы өлеңдері мен фельетон, мақалаларын Қазан төңкерісінен бұрынғы басылымдарда Құдайберген «Шекті», «Қараша  бала» деген лақап атпен жариялаған болатын. Сонымен қатар Қ.Жұбанов жас қазақ зиялылары машық еткен бірнеше қолжазба журналдардың шығуына ұйытқы болған көрінеді. Мәселен, Күйік қасында жүріп, ол «Тез», ал Темірде «Ай» деген қолжазба журналдар шығарған. Бұл журналдарда ол орыс әдебиетінің өкілдері М.Горькийдің, В.Г.Короленконың шығармаларын да жариялаған.

     1925 жылы Құдайберген Ақтөбе қаласының губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы – методист болып істейді. Ол–ол ма, Құдайберген орыс мектептерінің  методисі қызметін тамаша жауаптылықпен орындап шықты. Ол сол кездің өзінде – ақ неміс, ағылшын, француз тілдерін үйренуге бар ынта – жігерін сала кіріскен екен. Алдымен ол бұл тілдерді қала мұғалімдерінен үйреніпті де, кейін өз бетімен оқып жаттыға бастапты. Осы жылдарда ол И.П.Павловтың, И.М.Бехтеровтың т,б. ғалымдардың еңбектерімен танысып, психология, педагогика, логика, рефлексология пәндерін тереңірек білуге ерекше ден қояды. Мәскеудің, Қазанның, Бакудің, Тәшкеннің. Петербордың Е.Д.Поливанов, В.А.Богородицкий, И.И.Мещанинов, Ағамалы – оғлы сияқты лингвистермен хат алысып, пікірлесіп тұрады.

     1928 жылдің көктемінде республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға Халық ағырту комиссариятына нұсқаушылық қызметіне шақыртылады да, 1929 жылыдың қаңтарында Петорбордағы шығыс тілдері институтының түркологиялық семинарына жіберіледі. Сол жерде бір жарым жыл оқығаннан икейін ол СССР Ғылым академиясының Яфет институтына аспирантураға ауысады.                                                                       

      Оқумен қатар Қ.Жұбанов өз бетімен ғылыммен шұғылданады: жалпы тіл білімі, түркология салаларымен айналысады. Латын әліпбиіне көшу жөніндегі барлық жұмыстарға белсене араласады.

     1929 жылы ғылыми емле мәселесіне арналған мәслихатта қазақ емлесінің негізгі принциптері қандай болмақ деген жайдан әңгіме қозғайды.   

      Қ.Жұбанов 1930 жылдың күзінде Ленинградқа қайта оралып, СССР Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтына, ондағы «Яфетидологиядық  семинарға» аспирант болып ауысады [2.15].

     1930 жылы Алматыда өткен  Қазақстанның бірінші Өлкетану съезінде «Мағынасыз сөздердің мағынасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Жұның өзі оның түркі текті тілдерді зерттеудегі ізденістерінің жан – жақты екенін аңғартқан еңбек болды.

      Қ.Жұбанов тек түрік және басқа тілдердің білгірі ғана емес, сонымен бірге ерекше публицист болатын. Оның «Күй» деген еңбегі мәселенің қойылысы тұрғысынан да , нақтылы деректердің молдығы тұрғысынан да өте бір тың дүниелік болатын. Мұнда автор күй, домбыра, қобыз, жыр толғау, бақсы, сыбызғы, ән, би тағы басқа музыкалық терминдерге тарихи – лингвистикалық талдау жасайды. Сондай – ақ, күй мен әннің қыры мен сырын ашып, байыбына барады.

    Қ.Жұбанов-шын мәніндегі ірі зерттемпаз түрколог. Петербордың  Шығыс      институтында  оқып жүрген  кезінде-ақ байқағыштығы нәзік , шығысты жақсы білетін  қарымды зерттеуші лингвист ретінде танылған – ды.Ғалымның осындай дарыны мен қабілеті әсіресе азақтың Абай тындағы педагогтік институтына (1932)бірнеше жыл қатарынан сабақ беріп, қазақ тілі және түркология саласынан ол оқыған лекциялар тек студенттер ғана емес, қазақ зиялыларының қалың қауымының назарын өзіне кеңінен аударған еді. Қ.Жұбанаов өз пәнін жетік білетін. Лекция оқудың да асқан шебері еді. Лекциялары түркі тілдердің қазіргі жайы мен өткенін баян ететін деректерге аса бай келетін. Ежелгі түркі жазбаларының тілін де жетік білетін, құлпы тастардағы Орхон – енисей жазуларының сырына да жетік болатын, оның лексикалық, грамматикалық, фонетикалық белгілерінің бәрін бүге – шігесіне дейін игерген адам еді.

      Осы уақытта ол бірнеше басқа да міндеттерді қоса атқарды. Қ.Жұбанаов Алматыға келген соң, СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының лингвистика секторының меңгерушісі болып тағайындалады. 1933 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ол Қазақ ССР Ағарту халық комиссариаты жанындағы методика, программа, оқулықтар секторының ( оқу – методика секторы) бастығы болып істейді. Бұл сектор сол кезде мектепке арналған оқу прграммаларын жасап, қазақ тілі оқулықтарын жазуды тікелей өзі жүргізетін. Мысалы, Ағарту халық комиссариятының программа –   методика секторының 1935 жылғы тамыз,қыркүек айларына арналған жұмыс жоспарында орта мектеп үшін қазақ тілі программасын жасауды 13-пункт етіп сектор қызметкерлері Қ.Жұбанов пен Ғ.Бегалиевке міндеттейді.Осы іске өзі муқият араласып қана қоймайды, басқаларды да жұмылдырады .

        Қ.Жұбановтың қызмет еткен жылдарында қоса атқарған жұмыстарының тағы біреуі – мемлекеттік терминологиялық комиссияның председателі болып істеуі . Осы салада ол термен жасау принциптері,  термин сөздердің спецификасы, бұл жөніндегі кемшіліктер мен қателіктер жайында бірнеше мақала жазады. Қазақ АССР Ағарту халық комиссариатының жанындағы Терминологиялық комиссияның бюлетенін шығарады  [1.16 – 17].

        1935 жылғы Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаның бірі – мәдени құрылыс қызметкерлерінің бүкіл қазақстандық съезі болды. Съезді 1935 жылдың май айында шақыру туралы қаулыда съездің күн тәртібіне үш түрлі мәселенің қойылатыны қөрсетіледі . Олар :

  1) Қазақстандық мәдени ревалюция

  2) Қазақ тілі туралы (орфография , термин ,әдеби тіл)

  3) Мектеп туралы

     Съездің екінші мәселесін дайындауды және негізгі баяндаманы Қ.Жұбановқа тапсырды. Ғалым мұнда «Қазақ әдеби тілінің жай–күйі» туралы баяндама жасап, сол кезге дейін болып келген қателіктер, оларды түзету амалдарын көрсетеді. Съезд осы баяндама бойынша қаулы қабылдады. Осы қаулыны жүзеге асырудың бір шарасы –қазақ тілі оқытушыларының мамандығын арттыру мақсатымен курс – семинарлар ұйымдастыру болады, өйткені баяндамада көрсетілгендей,бұл кезде мектепте және әр түрлі курстарда қазақ тілін оқытатын адамдардың өзінің теориялық білімі аз болатын, оны өз бетімен толықтыратын қазақ тілінде жазылған ғылыми әдебиет жоқ болатын.Жалғыз мұғалімдер емес ,баспа ісімен айналысып жүргендердің де қазақ тілі грамматикасынан ,жазу принциптеінен хабары тіпті шағын болатын. Осының барлығын бірте – бірте жою үшін істелген алғашқы қадамның бірі курс – семинарлар ашып, оған тиісті адамдарды  міндетті түрде қатыстырып, білімдерін көтеру болды. Бұл курстар мен семинарлардың оқу жоспары мен программаларын жасау Қ.Жұбановқа жүктелді. Алматы қаласындағы семинарды басқарып жүргізуде Құдайбергеннің міндеті болды.

       Профессор Құдайберген Жұбанов осы көрсетілген жұмыстардың барлығымен қатар республиканың мәдени өмірінде жылма – жыл болып жатқан өзге де түрліше юбилей, конференция, мәжілістерге қатысып, кейбіреулерін өткізуге басшылық етті. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толғанын еске алу юбилейін өткізуге белсене қатысады [2.19].

      1936 жылы Құдайберген Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі болды. Бұл жылы оның «Қазақ тілінің грамматикасы I бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Бұл мектепке арналып ғылыми негізге сүйеніп жазылған қазақ тілінің тұңғыш советтік оқулығы болатын. Орта мектептің 5-7 кластарына арналған қазақ тілі праграммасы да Қ.Жұбановтың қаламынан осы жылы жарық көрді. Сондай – ақ ізденіп, лекция түрінде оқып жүрген материалдарын «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген сериямен он кітапша етіп баспаға тапсырды [2.20].

      1937 жылда Қ.Жұбанов үшін қыруар жоспарларға толы еді. Мәселен , ғалым осы кезде қазақ тілінің  ғылыми грамматикасының жүйелі толық курсын жазуға кіріседі. Оның «Фонетика» деп аталатын I бөлімін осы жылдары аяқтап, 1937-1938 жылдары баспадан шығармақшы болады, мектеп грамматикасының бiр бөлімін жазып бітіреді де, әр түрлі жинақтарға ғылыми мақалалар жазып береді. Қазақ тілінің «Түсіндірме сөздігінің» 1–кітабын жазып дайындайды. Оның редакторы А.Н.Самайлович болмақшы еді. Бірақ бұл жұмыстардың көбі жүзеге аспай, жарық көрмей, трагедиямен үзіледі. Қ.Жұбанов 1937 жылы 19 желтоқсанында жеке адамға табынушылық кезінде жазықсыз жала жабылып, тұтқынға алынады. 1938 жылы ақпанның жиырма бесінде үлкен ғалым Қ.Жұбанов қаза табады Кейін, жиырма жылдан соң, яғни 1957 жылы 3 қазанда азаматтық тұрғыдан ақталды[1.577].       

 

  • «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің екі басылымы

 

«Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді » демекші, профессор

Қ ұдайберген Жұбанов өзінің аз жылғы ғұмырында болашақ ұрпаққа зор 

мұра қалдыра алды. Өкініштісі сол, оның бізге тек біразы ғана жетті. Қал–

дырғаны көп те, жеткені аз. Оның ғылыми ізденістері фонетика, морфоло –

гия, синтаксис мәселелерімен шектеліп қалмайды.

Ғалым өмірі тұтанып, асы қарай лапылдап жанған кезі сол бір зұлмат

кезеңге тап болып, ғұламаның еңбектерінің көбі жарияланып та үлгермеді,

ал жарияланғандары қолданыстан алынып тасталды. (20-30 жыл бойы ).

Сондықтан да олар қолға түспейтін сирек дүниеге айналды.

         Сөйтіп, Қ.Жұбановтың таңдамалы еңбектері іріктеліп 1966 жылы «Ғылым» баспасынан азғантай  таралыммен (2400 дана) жарияланды. Алайда бұл кітапқа Қ.Жұбановтың қаламынан шыққан дүние түгел енген жоқ, мұнда сол кезде қолға түскен еңбектерінің ішінен іріктеп алынып жарияланды.

Бұдан кейін бұл еңбек 1998-1999 жылдарын Елбасымыздың Нұрсұлтан

Назарбаев «Саяси қуғын –сүргінге ұшырығандарды еске алу жылы», кейін-

гісін «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» сияқты қос жарлыгы мен                                                      Қазақстан  Республикасы Ғылым министірлігі  Ғылым академиясының Тіл

білімі ғылыми институты ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 1999 жылы      

қазақтың біртұма ұлдарының бірі, заңғар ғалым, қазақ тіл білімінің негізін

салушы профессор Құдайберген  Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдығын атап

өту күн тәртібіне  қойылды. Осыған орай оның белгілі себептермен  баспа

бетін көрмеген еңбектерін қайтадан зерделеп, жаңғырту, толықтырып  басып  шығару ісі жанданды.

Сонымен, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегі 1999 жылы екінші   рет елеулі өзгерістерімен қайта басылып жарыққа шықты. Енді екі басылым —

дағы ерекшелікткрге тоқталып өтейік.

                    Алғашқы басылымдағы алғы сөзі академик Ісмет Кеңесбаев Құдайберген Жұбановтың қысқаша өмірі мен шығармашылығын орыс тілі нұсқасында берсе, кейінгі кітапта ол қазақ тілінде берілген. 1966 жылғы еңбек бес тараудан, 1999 жылғысы алты тараудан тұрады екен.Сол тарауларға мақалалар тақырып бойынша топтастырылған.Алдыңғы басылымында орыс тілінде жазалған мақалалары аралас–құралас болып топтастырылса, кейінгісінде ондай мақалаларсоңғы екі тарауға жинақталған.

     Екі басылымдағы мақалаларды толығымен салыстырып қарастырсақ :

      1966 жылғы басылым :

 

  1.  Қазақ тілі грамматикасының мәселелері

              Вопросы грамматики казахского языка

 

  • Из истории порядка слов в казахском предложении
  • Заметки о вспомогательных и сложных глаголах
  • Образование сложных слов в казахском языке
  • О формах сочетания слов в казахском языке
  • О построении речи на казахском языке
  • Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар
  • Қазақ тілінің грамматикасы
  • Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан
  • Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері

 

  1. II. Алфавит, орфография, терминология мәселелері

                      Вопросы алфавита, орфографии и терминологии

 

  • Проект казахского алфавита
  • К пректу реформы казахского алфавита
  • Қосар ма, дара ма ?
  • Выступление на научно – терминологической конференции в городе Кызыл – орде 2 – 4 июня 1929г.
  • К пересмотру казахской орфогафии
  • Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка
  • О специфике слов – терминов
  • О терминологии козахского литературного языка
  • Принципы терминологии казахского литературного языка

 

  • Қазақ әдеби тілі мәселелері

                   Вопросы казахского литературного языка

 

  • Абай қазақ әдебиетінің классигі

 

  1. Мәдениет пен өнер мәселелері

         Вопросы культуры и искусства

 

  • Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен
  • Выступление на съезде учителей – ударников Казахстана
  • Первый серьезный успех Казахского драматического театра

 

  1. Программа мен методика мәселелері

                              Вопросы методики и программы

 

  • Буын жігін қалай табуға болады ?
  • Қазақ тілінің программасы

 

1       1999 жылы шыққан «Қазақ тіті жөніндегі зерттеулер» еңбегінде VI тарау ретінде «Қазақ тілі гамматикасы мәселелері» тарауы қазақша – орысша  нұсқасында жікке айырылып берілген, сәйкесінше ондағы мақалалар да екі тілде бөлек – бөлек сұрыпталып берілген.

Сондай – ақ бұрынғы (1966) басылым бірсыпыра материалдармен толықтырылған. Бұл мақалалар оқушы жұртшылыққа тұңғыш рет ұсынылып отыр. Олар:

  • «Қазақ тілінің жоғары курсы» жөнінен дәрістер желісі. Бұл дәрістер ҚазПИ–дің жанынан ұйымдастырылған мұғалімдер курсында оқылған (1935–1937), көлемі – 6 баспа табақ, бұрын еш жерде жарияланбаған;

 

  • 1929 жылы Қызылордада өткен ғылыми – орфографиялық конференциясында «Әліппеміз бұқарашыл болсын» деген тақырыпта сөйлеген сөзі;

 

  • «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» мақала (1935ж);

 

  • 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Төңкеріс және қазақтың ұлттық тілі» атты мақала;

 

  • «Термин сөздердің спецификасы жөнінде» мақаласы 1966 жылғы басылымда тек орысша нұсқасы берілсе, ал 1999 жылғы басылымда орыс, әрі қазақ тілдерінде берілген;

 

  • 1937 жылғы «Жаңа гамматиканың жаңалықтары » атты мақаласы сол кездегі бұрма саясатқа байланысты алғашқы басылымда 10–12 беттей қысқартылып берілген екен. Еңбектің көлемі 52 бетті қамтиды. Басқа еңбектерінің қысқартылған тұстары қалпына келтірілді.

    Ал төмендегі мақалалар алдыңғы басылымнан соңғысына енбеген екен:

–– О терминологии казахского литературного языка;

–– Первый серьезный успех казахского драматического театра;

           –– Выступление на съезде учителей – ударников Казахстана;    

    Сөйтіп, осындай ерекшеліктерімен 1966 жылғы басылымы бас – аяғы

      361 бетті қамтыса, 1999 жылғысы 581 бет көлемінде басылып шыққан.        

 

1.3  Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының басты тақырыптары

 

Қазақ тіл білімінің түбегейлі зерттелуі негізінен алғанда Қазан төңкерісінен кейін ғана жүзеге аса бастады. Алғаш жиырмасыншы жылдары қазақ тілінің мәселелері практикалық тұрғыдан қарастырылса, отызыншы жылдардан бастап ол ғылыми негізде талдау объектісіне айналды.

Қазақ тілінің зерттелуі жайында профессор Қ.Қ.Жұбанов: «Қазақ тілі–осы уақытқа шейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылыми тезіне түспеген тіл. Қазақ тілін алғаш зерттегендер Н.И.Ильминский, проф. П.М.Мелиоранский, М.Тереньтев, И.Лаптев, В.В.Катаринский,академик В.В.Радлов, проф. Е.Д.Поливанов т.б. болатын–ды»,–деп жазды.

Қазақ ғалымдарынан қазақ тілін зерттеуге қатысқан ғалымдар деп Ш.Уәлиханов пен А.Байтұрсыновты атайды [1.118].

Қ.Жұбанов – жан-жақты ғылыммен қаруланған әмбебап ғалым. Оның әзірге қолымызға түске материалдардың баршасын сұрыптап қарап, ғалым Р.Сыздықова Қ.Жұбановтың қаламына ілінген мәселелерді тақырыбы жағынан төмендегідей салаларды қамтитынын көрсетеді:

  1. Фонетика;
  2. Қазақ тілі грамматикасы (морфология, синтаксис )
  3. Жалпы тіл білімінің кейбір мәселелері;
  4. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуы мен тарихы;
  5. Қазақ жазуы, орфографиясы, терминологиясы;
  6. Оқулық, программа, методика;
  7. Мәдениет пен өнер мәселелері [2.23];

      Енді осылардың әрқайсысына қысқаша талдау жасап көрейік. Мұндағы мақсатымыз ғалымның ғылыми мұрасын тіл білімінің даму тарихы тұрғысынан яки өткен күндердің мирасы ретінде мұқият үңіліп,зерделеп, бүгінгі ізденіс зерттеулерге арқау етіп алу.

       Қ.Жұбановтың еңбектеріне және өмірбаянын жазушылардың айтуына қарағанда, оның тіл ғылымының бір саласы  фонетиканы ден  қоя зерттеуге кіріскені байқалады. « Материалы к научной грамматике  казахского языка, I том,  фонетика» деген монографиясы жазылып бітіп, 1937–38 жылдарда баспадан шығуға тиісті екен, бірақ шықпай , қолымызға қолжазбасы да тимей сол күйінде жоғалып кеткен болып шықты. Қ.Жұбанов еңбектерін жақсы білетін академик І,Кеңесбаев «көлемі 20 баспа табақтай бұл кітапты автордың фонетика саласындағы ұзақ уақыт зерттеген еңбегі болатын» дейді. Соған қарағанда  Қ.Жұбанов  фонетика нендей ғылым дегеннен бастап, онда зерттелетін категорияларды жүйелі түрде бажайлап талдағанға ұқсайды [2.24]. Әзірге қолымызда фонетика мәселелерін сөз ететін оның 3–4 жұмысы бар. Оларды ғалым Р.Сыздықова фонетиканың өзі емес, соның кіріспесі тәрізді деп атап көрсеткен. Бұл еңбектерге «К постановке исследования истории фонетики казахского языка», «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар», «Қазақ тілінің фонетикасы», «Буын жігін қалай табуға болады» сияқты зерттеулері жатады.

       Мұнда автор лингвистикалық зерттеу жұмысын жүргізудегі өзінің бұрынғы зерттеулерден ерекшеленетін әдістерін баяндайды. Бірінші ерекшелігі деп Р.Сыздықова қазақ фонетикасы тарихының зерттеу объектісі етіп жазба ескерткіштер емес, осы күнгі тілдің өзін алатындығын көрсетеді. Себебін автор қай тілдің болмасын осы заманғы қалпының өзінде көптеген тарихи қалдықтар бар деп ашады. Олар грамматика саласынана да, семантикадан да, сондай – ақ фонетикалық элементтерден де табылады.

Автордың зерттеу әдісіндегі екінші ерекшелігі – тіл құбылыстарын бір –бірімен органикалық бірлікте қарайтындығы, яғни фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық құбылыстар даму процесінде біріне – бірі байланысты болатындығын, біреуінде болған өзгеріс екіншісіне ықпал етіп, «тіркесті реакция»  жасайтындығын айтады. Бұған осы мақалада мынадай мысал келтіреді. Өте көне замандарда  тілде «Р» мен «З» дыбыстары фонема ретінде ажырымаған  кезі болған, сол кезде көр сөзі мен көз сөзі, сондай – ақ семіз, семір сөздері бірдей қолданылып, затты да, оның қимылын да, яғни олан әрі етістікті білдірген. Келе – келе, етістікті есімнен ажырату қажеттігі туған кезде, тіл бұған сөз тудырудың басқа да тәсілдерімен қатар, дыбыс алмасу құбылысын пайдаланған: көз –ді есімге, көр – ді етістікке бекіткен. Сөйтіп, дыбыстық ерекшелік сөз жасуға қатысып, лексикалық қорды байытқан. Бұл өзгерістің салдарынан екі түбір – бірі есім, бірі етістік пайда болып, морфологиялық жаңалық туған. Әрі қарай р,з  дыбыстары лексикалық және морфологиялық жаңа элемент жасайтын қасиетке ие болғандықтан, енді өздері фонемаға ( дыбыстық) мән алып, фонетикалық категория айналған, – дейді [11.26].

       Осындай «тіркесті реакцияны» іздеуді және оны осыкүнгі тірі тілдердегі құбылыстардан іздеуді тіл тарихын палеонтологтялық әдәспен зерттеу деп, оны өз сөзімен айтқанда, «индоевропа компаративизміне» қарама – қарсы қояды. Ғаламның дыбыс деген не, оның табиғаты қандай, даму тарихы қалай өрбіген, оны қалайша тзерттеу керек деген мәселелер туралы пікірлері орынды.

        Фонетиканың таза өз объектілерін талдағанынан бізге әзәрге белгілісі – мектепке арналған оқулықта берілген «Сөздің дыбыс құрылысы» деген III тарауы мен 1–2 мақаласы [2.28] .Қарап отырсақ, ғалым Қ.Жұбанов қазақ тілінің классификациясы, екпін, буын, сингармонизм дегендерді кең түрде зерттей бастаған. Алайда бұларды V класқа арналған оқулықта толық көрсете алмаған. Сонымен ғалым төмендегідей өзіндік ғылыми пікірлер келтірілген:

1.Қазақ тіліндегі фонема саны – 26

2.Дауыстыларды жүйелейді:   а) толық (осы күнгі ашық)

                                                                         ә) келте ( қысаң)

                                                                         б) қосынды

             Жасалуына        қарай   :    еріндік

                                                           езулік

  1. Буын мәселесі. Буынның жылысу,кірігу қасиеттері
  2. Сингармонизм мәселесі. Мұнда ғылым европа ғалым – зерттеушілерін қате түсінігін айқындап,ашып көрсеткен . Мысалы, Штейнтальдің сингармонизм түркі –монғол елдерінің рухани енжарлығынан туған дегенін. Бетлингтің сингармонизм себебі орал – алтай халықтарының сөйлеу мүшелерінің өзгеше құрылғандығынан деген пікірлерін қатты сынап, сингармонизм–кертартпалықты немесе артта қалушылықты көрсететін құ- былыс емес, «тілдегі түбір мен қосымшаны жымдастыратын цемент»екенін айтады. Сондай – ақ сингармонизмді түырге ғана қатысты заң деп уғуды теріске сиығарады .Қ.Жұбанов өз ғылыми пікірлерін әр тілде түркі тілдері, қытай т. б. тілдер материалдарымен бекітіп отырған.Оның осындай қыры көптеген қызықты мәселе ақпарат көздеріне кезіктіреді.Мәселен,фонетика ішінде ән қытай тілінде фонема орнына жүреді .

«Ма» қытайша – ағаш, илиша ,жылқы дегенүш сөзді білдіреді .Оны үш түрліәлемен оиттылуына қарай бөлеміз деп көрсетеді.Бұл – бір ғана лисеал.

           Енді,морфология саласы бойынша құнды еңбектерінің бірі – «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах»

Нақтырақ айтсақ,морфологиялық объектілерден ғалымның кеңірек пікір айтып үлгергені : Көмекші етістіктер , күрделі  сөздердің  жасалуы , сөз структурасы,оның ішінде өлі түбір мен өлі қосылсшалар сияқты мәселелер .

         Қазақ тіліндегі отыр ,тұр ,жүр , жатыр деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық қасиетімен ерекшеленеді дейді алғашқы зерттеуші Қ.Жұбанов.Бірі-олардың жіктік жалғауларын тікелей қабылдай алатындығы ;екінші  — түбір күйінде тұрып таза Prаsens – ті  (осы шақты) білдіре алатындығы ; үшінші – түбір күйінде тұрып Impertiv – тің (бұйрық райдың) II жағы мен Prаsens – тің III жағын көрсететіндігі.Оның үстіне төрт етістік әрқайсысы осы шақты жасағанда.Соның өз аясындағы әр түрлі мағынаны көрсетеді:

––Жатыр етістігі іс — әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес,әйтеуір жалпы жүріп жатқан,ара арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді.

––Егер іс — әрекет сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатса,қазақ тілі отыр етістігін жұмсайды .

––Ұзақ іс — әрекет үзілістермен жүріп жатса,қазақ жүр көмекшісіне жирінеді.

––Тұр — ға келсек,ол соншама күрделі :осы сәттегі істі де,орындалып жатқан іс-  әрекетті де білдіреді,дәл осы сәттегі істі білдірген тек адамға байланысты айтылады.

        Қысқасы, Қ.Жұбанов өзінің «Көмекші,күрделі етістіктер туралы» деген орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты семоснтикалық – функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін талдап көрсетіп береді.Бұл – атақты төрт етістік(отыр ,жатыр,жүр,тұр) туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс.(2. 32)

Ғалымның айрықша зейін қойған мәселесі — өлі түбірлер мен өлі жұрнақтар жайы. Ол өлі форманттарды тірі тілдің өз ішінен іздеп,тілдік құбылыстардың даму тарихын сол тұрғадан көрсету әдісін пайдаланған.

Көз бен көр,жан жақ, мен ұял мен ұял,өгіз бен өкір тәрізді сөздерді олрдың соңғы дыбыстарын ажыратып боршалаған және оның мәнің поляк ғалымы Владислав Котвичтен  кейін қазіргі поляк тюркологы Зайончковский мен қырғыз қаламдасымыз Б.Юнусалиевтен бұрын айтқан адам ,біздіңше, Қ.Жұбанов болар. Өлі түбір(күрес ,жарыс дегендердегі күре ,жар)өлі қосымша (соң – ра, жон – қа,ерте – ң дегендердегі – ра, — қа,- ң  жұрнақтары) дегендерді мектепте танытуды ұсынған . Ғалым Р. Сыздықова Қ. Жұбановтың мұрасын зерделей келесі мынадай түйінге келеді : «Сірә , әрі қарай жұмыс істей беруге дәм жазғанда, Қ.Жұбанов сөз структурасы,түбірдің грамматикалық дамуы деген мәселені түркологтардың ішінде бірінші болып терең зерттеген адам болар еді деген ой туады.(2.33)

Қ.Жұбановтың қалам тербеген енді бір саласы – жазу, емле, термин мәселелері.Мұндай зерттеу еңбектерінің қолданбалы мәні зор болды.

Ең алдымен Қ.Жұбанов – араб әліппесін тастап ,латын жазуын қабылдауды барынша мақұлдап ,дәлелдеген адам.Латынның өзін бір қабылдап алғанна кейін де оны жетілдіре түсу ,қырнау ,артық – кемін алып – салып өңдеу дегендерге кете – кеткенінше бар күшін салған .[2 .38 ]

Осыған  қоса ый ,(ій) дыбыстарын у арқылы бір ғана таңбамен белгі есу жөніндегі .Қ.Жұбановтың жазу  теориясына негізделген жобасы қазақ орфографиясында бірте – бірте орнығып, 1957 жылғы ережеде біржола заңдастырылды .Кезінде проф. Қ.Жұбанов «емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек .Тіліміздің жаратылысына қарасақ ,емле дыбыс негізді болуға керек» деп айтқан екен.Біз қазіргі жазу нормаларын бағдарлап қарасақ ,әлі де осы усыныс пікірі өміршеңдігін байқатады.

Білім аясы кең ,қазақ тілінің шын жанашыры болған.Қ.Жұбановтың қаламына әдеби тіліміздің даму мәселелері де үйірілмей қалмасды .Бұған бір- екі мақаласы куә .(2. 48 ) Оның «Абай қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласы осы саладағы еңбегі болып табылады .

Абайды тану төңірегінде айтыстар жиырмасыншы жылдары,отызыншы жылдары да белең алғаны мәлім Абайдың орны мен ісін дурыс түсінбей,оған діншілді идеалистік,тіпті үстем таптық идеялогияны тану да болы.

Қазақ халқының өткен ғасырдағы әдеби мұрасының асқосры болған Абайдай алыпты дұрыс тануға ат салысқан басқа да әдебитшілер мен зерттеушілер сияқты Қ.Жұбанов та ұлы ақынның әдебиттегі қазақ әдеби тіліндегі орнын көрсетуді қолға алады.(2 .48) Сөйтіп Абайға төмендегідей тың пікір,баға береді. «Абайдың ақындығын ,басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та,онда ақымыз кететін түрі жоқ,» өйткені Абай жалғыз қазақ емес ,бүкіл Орта Азия «күн шығыс ислам мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып,көнерген қалыптан шыға алмай,әдебиет маңдайын жаңа арнаға мұра алмай,арап – парсы өлең өлшеуінің қаңсығы таңсық көрінген» XXғасырда бірінші болып, сол араб–парсышылықтан, шағатайлықтан бас тартып, таза халық тілімен жазып, ол жазғанын  классик әдебиет үлгісінде шығарған адам,–дейді.

Абай шағатай әдебиетін баурап алып, оның үлгісімен өлең де жазып, көргенмен, оның ішінде қалып қоймай, соныдан жол іздейді: Абай қазақтың халық әдебиетін де қанағат тұтпайды, жұртын дүние жүзі классикалық әдебиетіне, оның ішінде орыс әдебиетіне жетелейді, соның нәтижесінде Абай творчествосының мазмұны да, түрі де өзгереді, яғни қазақ халық әдебиетіндегі бос сөздерді өлеңнен шығарады, қазақ өлеңін түр жағынан байытып, жаңа өлшеулер, ұйқастар, жаңа ритмдер туғызады, жаңа жанрлардың үлгісін жасайды [2.49]. Абайға берілген Қ.Жұбановтың бағасы осындай еді. Мұны кейінгі зерттеушілер нақтылы талдаулар арқылы толықтырып, дәлелдеп, кеңіте түсті.

Біз профессор Қ.Қ.Жұбановтың тіл саласы бойынша айтқан, ұсынған пікірлерінің тек бастыларына ғана тоқталып өттік. Алайда ғалымның әдебиет, нақтылай түссек фольклор саласы бойынша тың пікірлері зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. С.А.Қасқабасовтың « Қ.Жұбанов еңбектеріндегі фольклор теориясының мәселелері» мақаласын атап өткен абзал. Сондай – ақ «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен» зерттеуінде халықтың рухани мәдениеті тілдік материалдармен ұштастырылып берілген.

Сонымен, ғалым Қ,Жұбановтың мұраларын бажайлап қарасақ, оның әр саладағы, яғни фонетика, морфология, әдеби тіл, орфография, буын жігі, этимология т.б. зерттеулері қазақ тіл білімінің хрестоматиялық беттері екенін Н.Уәлиев дөп айтқан деп есептеймін. Себебі қай саладағы бомасын еңбектеріне зерттеушілер тоқталмай өте алмайды.Оның кей классикалық ережеге айналған қағидаларын дамыта отырып, пайымдауларымен толықтырады.

         Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Қ.Жұбанов тіл білімінің әр алуан саласында өзіндік із қалдырған ғұлама.Мұны өз кезінде байқаған А.Ысқақов: «Қ.ҚЖұбанов тіл білімінің барлықсаласымен шұғылданған;қазақ  тіл білімінің ол араласпаған, я қатыспаған бірде–бір қалтарысы қалмаған деуге болады.Өйткені оның ғылыми мұрасынан қолды болмай аман сақталып,бізге дейін келіп жеткен еңбектерінің өзін барласақ,олар қазақ тілінің фонетикасын да,грамматикасын да, қазақ тілінің тарихын да, қазақ жазуы, оның емлесі,терминологиясы,стилистикасы,оқулығы мен методикасы,програм-масы– бәрін де қамтиды» деген тұжырымы жоғарыдағы ойымызбен сарындас [6.73-74].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   Қ.Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕГІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК КӨЗҚАРАСТАР

 

 

         2.1   Синтаксистің берілуінің көздері

 

         Қарап отырсақ, Қ.Жұбанов тілдің барлық саласында өнімді еңбек етті. Бірақ ғалым еңбегінің өн бойы тілдің басқа салаларынан гөрі көбіне синтаксистік жағы нақты көрініс тауып отырады. Автор еңбенктерінің, оның ішінде жеке еңбектерінің негізінде ол кісінің нағыз өнімді зерттеген саласы деп прфессор Т.Сайрамбаев синтаксис деп есептейді. Сондықтан Қ.Жұбанов синтаксис зерттеуші деген қорытындыға келеді [7.60]. Яғни, ендігі сөз ететін мәселеміз ғалымның синтаксиске қатысты еңбектері болмақ. Қ.Жұбанов осыған қатысты ой – тұжырымдары мен ұсыныс – пікірлерін төмендегідей зерттулері мен еңбектері кейінгі ұрпаққа, оқырман қауымға мәлім болып отыр. Бұл зерттеулер әр жылдары мақала болып баспа бетіне жарияланған.

  • «Из истории порядка слов в казахском предложений» («Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан»).//Исследования по казахскому языку. Выпуск I Алма – Ата, 1936, 51с
  • О формах сочетания слов в казахском языке (Қазақ тіліндегі сөздердің тіркесу формалары туралы).
  • Қазақ тілінің грамматикасы. 1936
  • Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан//Ауыл мұғалімі,№1-2 27–39бб
  • Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері( немесе «Жанғазығы жат») 1936
  • Қазақ тілінің програмы. Проект. V–VIIкласқа арналған. Алматы, 1936 29 бет.

Бұл мақалалар «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбекке шоғырланған.

         Қ.Жұбановтың синтаксисінде әр түрлі бағыт орын алған.

Біріншіден, автор синтаксис объектісі туралы мәселе  көтергенімен, автордың бүткіл жұмысының өн бойы әрі сөз тіркесінің, әрі сөйлемнің де мәселелері. Тіпті күрделі сөздер, олардың негізгі эволюциясы, сөйлем арқылы қалыптасуы, тіпті жалқы есімдердің синтаксисі туралы мәселелердің әрқайсысы үлкен теориялық баға негізінде жазылған [4.61]. Шындап келгенде, бұл еңбекте бір мәселе бірнеше бағытта берілген. Әрі синтаксистік объектілер әр жерде орналасуымен қатар олардың атауларының өзінде бірізділік жоқ. Сондықтан да мен бүкіл синтаксиске қарасты объектілерді кітаптың өн бойынан жинап, мына кестемен беруді ұйғардым.

 

Р/с

Синтаксистік                объектілер

Б  е   т   т   е   р   і

1

Синтаксис тарихы

102

113

 

 

 

 

2

Сөз қиыны

157

 

 

 

 

3

 

Жетек сөз бен же–

текші сөз

160

161

 

 

 

4

Іліктес сөз

390

392

 

 

 

5

Барыс жалғаулы септес

391

 

 

 

 

6

Табыс жалғаулы септес

391

 

 

 

 

7

Шығыс жалғаулы септес

391

 

 

 

 

8

Жатыс жалғаулы септес

392

 

 

 

 

9

Құрал жалғаулы септес

392

 

 

 

 

10

Атау күйінде түрлі жалғауыштармен қосыла айтылатын септес

392

 

 

 

 

11

Жанас сөз

391

393

 

 

 

12

Қабыс сөз

391

393

 

 

 

13

Шақтас сөз

391

393

 

 

 

14

Бастауыш

116

155

 

162

 

15

Баяндауыш

116

153-154

 

162

 

16

Анықтауыш

115

155-156

161

162

220-232

17

Толықтауыш

 

155-156

161

162

220-232

18

Сөйлем

151

 

 

 

 

19

Жай сөйлем

151

156

 

 

 

20

Сөйлем сазы

152

214

216

 

 

21

Хабар сазды сөйлем

152

217

219

394

 

22

Леп сазды сөйлем

152

217

219

394

 

23

Сұрау сазды сөйлем

152

218

219

394

 

25

Жалаң сөйлем

157

214

 

 

 

26

Жайылма сөйлем

157

214

394

 

 

27

Толық сөйлем

157

394

 

 

 

28

Олқы сөйлем

157

394

 

 

 

29

Иесіз сөйлем

394

 

 

 

 

30

Күрделі сөйлем

138

214

394

396

 

31

Салалас күрделі сөйлем

139

394-395

 

 

 

32

Ыңғайлас салалас

395

 

 

 

 

33

Ереуіл салалас

395

 

 

 

 

34

Талғама салалас

395

 

 

 

 

35

Себеп–салдарсалалас

395

 

 

 

 

36

Шарт–жағдай салалас

395

 

 

 

 

37

Сабақтас күрделі сөйлем

138

396

 

 

 

38

Сабақтас сөйлем түрлері

138-139

396

 

 

 

 

 

2.2  Қ.Қ.Жұбановтың сөз тіркесі туралы ойлары

 

         Лингвист-ғалым Қ.Жұбанов – жалпы және қазақ тіл білімі деңгейінде ірі тақырыптарға қалам тартқан көрнекті ғалым. Солардың бірі – сөз тіркесі синтаксисі. Алайда бұл жөнінде зерттеуші, профессор Б.Ш.Шалабаевтың «Қ.Жұбанов сөз тіркесін синтаксистің жеке объектісі ретінде таныған дей алмағанымызбен «Қазақ тілінің грамматикасындағы» «Сөз қиыны», «Жетек сөз бен жетекші сөз» деген параграфтар және «Қазақ тілінің програмындағы» 5-9 пунктермен берілген жіктемесі ғалымды кейін синтаксистің жеке объектісі ретінде бөлініп шыққан сөз тіркесі туралы ілімнің кейбір мәселелерін қазақ тіл  білімінде алғаш сөз еткен зерттеуші деуге дәлел болады» деген пікірі бар (6.109). Иә, шындап келгенде Қ.Жұбанов сөз тіркесіне қатысты мәселелерді сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасы ыңғайында қарайды. Дегенмен, сөйлем мүшелері жеке сөздердің синтаксистік байланысынан тұратын дұрыс аңғарған ғалым олардың байланысынан тұратын конструкцияны сөз қиыны деп атайды. Сөз қиыны келу үшін қажетті шарттарды белгілейді. Автордың «сөз қиыны» деп отырғаны – қазіргі ұғымымыздағы сөз тіркесі. Бұл жайында ғалымның өз сөзімен келірсек. «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем не тіпті сөз болмай шығады да немесе айтайын деген сөзін болмай басқа бірдеме болып шығады… Сөздің қиыны келу үшін екі шарт керек: Алдымен, әр сөзді орны-орнына дұрыс қою керек; тиісті орны  ауысып кетсе де, қиыны келмейді.

Екінші, оның үстіне, бір сөзді  екінші сөзге  байлап беретін жалғаулар бар; соны дұрыс жалғау керек; (1. 158).

         Ендігі сөз тіркесіне қатысты мәселе –  автор айтып кеткен «жетек сөз бен жетекші сөзі». Бұл тілімізде қазіргі баяндалып жүрген меңгерілуші сөз бен мең меңгеруші сөз. Бұларды ғалым  былайша түсіндіреді:  « Сөйлем ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады. Еруші сөз жетек сөз ертуші сөзді жетекші сөз дейміз» (1, 160).

         Біздер мектепке келдік деген сөйлемдегі үш сөздің байланысуы  мынадай : бірінші – біздер деген сөз бен келдік деген сөз байланысқан: кім келді? – Біздер келдік. Екінші сол келдік сөзі тағы байланысқан. -Қайда келдік? Мектепке келдік. Сөйтіп, бұл үш сөз жағалай матастырылмаған. Біздер деген бір сөзге арқандалған. Мұның арқандалу ретін сызқпен көрсетсек мынадай болады:

 

 

 

 

 

 

мектепке

 

 

 

 

          Енді ғалым одан әрі қарай сөздердің байланысқа түсу жайын қарастырады. Қ.Жұбановтың айтуынша «сөздер бірін-бірі ертіп, біріне-бірі еріп тұрады. (1.160) – дейді. Қайсысының ертіп , қайсысының еріп тұрғанын жалғауынан білуге болады. Біздер  деген сөздің орнына мен деген сөзді қойсақ,  келдік, сөзіне –к жалғауы тұра алмайды: мен келдік деп айтуға болмайды, мен келді–м деп к-нің орнына – м жалғауын қойып айту керек. Өйткені – к жалғауын керек қылып тұрған біздер деген сөз еді, оны алып тастап, орнына басқа сөз қойғанда, ол басқа сөз басқа жалғауды керек қылып тұр. М жалғауын керек қылған мен деген сөз. Келді деген сөз тұра күйінде біздер деген сөзбен қиындаспайды. Оны қиындастыру үшін келді сөзіне – к жалғауын жалғап, бұрып әкелу керек.

          …Мұнда келдік – жетек сөз, біздер – жетекші сөз.

          Енді келдік пен мектепке деген екі сөздің дара байланысын қарасақ, мұнда келдік – жетекші де, мектепке жетек сөз. Өйткені, мектепке сөзіндегі   – ке жалғауын керек қылып тұрған  келдік сөзі мұның орнына көрдік деген сөзді әкеліп қойсақ, мектепке  көрдік деуге болмайды.   Мектепті көрдік деп, –ке жалғауының орнына –ті жалғауын қою керек болар еді. Сөйтіп келдік деген сөз бұл арада бір сөзге жетек бола тұрып, енді бір сөзге жетекші болып тұр; –деп тұжырымдайды.  

            Жоғарыда айтқанымыздай  сөз тіркесі мәселесі сөйлем мүшелерімен сабақтаса берілген. «Айқындауштың жетектесетін жолдары: жетекші сөздің ауанына қарай өзіне белгілі бір септеу жалғап алатындығы, я жалғауыш қосатындығы (септік сөз)» деп «Синтаксистік програмы» атты еңбекті көтеріліп, жетектесу жолдары түрлерін төмендегідей етіп көрсетеді.

  • «Жетекшіге жалғаусыз көнгенімен арасына басқа сөз салып алыстай алмай қабыса жанасатын айқындауыштар (қабыс сөздер), сондай-ақ, қабыс сөздер: жетексіз сөзге жалғаусыз көнгенмен , орын талғайды– тек өзінің артындағы сөзге ғана көніп, екі араға басқа сөз кірістіруді сүймейді. Сөйтіп, одан әрмен: а) Нәрсенің я амалдың санын көрсете, қандай? қалай? Деген сұрауларға жауап болып, нәрсенің санын, «бес ,қайнаса сорпасы қосылмайды» дегендегідей болып амалдың шамасын; б) «пәлен сағат ұйықтады», «онан бұл құдық кісі бойы терең» дегендегідей мезгілдің шамасын, басқа түрлі шамаларды да көрсететін сан – қабыс болады деп мәселенің практикалық жағын да ашқан.
  • Етістіктің жетекшігі көну үшін соның ауаныны қарай, соған лайық (шақ) түрге көсемше болуы; «–ған–ша», «–ға–сын», «–ға–лы» түрлеріне түсетіндігі шартты («салы») түрге түсуі жетекшіге ешбір жалғаусыз көніп, сөйтсе де орын алатын айқындауыштар (жанас сөздер). Жанас сөздер: мезгіл сын есім болған «кеше», «былтыр», «жарын», «мана» шақты сөздер. Жетекші етістікке жалғаусыз көніп (әйтеуір алдыңғы жағына тұрса болғаны), орын талғамай мезгіл жанас болады ( 1.391,393).
  • Жетекші сөзге көну үшін айқындауыш сөздің (ілік жалғауыш сөздің) ілік жалғаулы түрге түсіп, оның үстіне жетекшіні де өзауанына қаратып өзімен жақтас тәуелдендіруі (іліктес сөз), біздіңше матасу.
  • Сондай-ақ ғалым меңгеруді термин ретінде қалыптастырмаса да, оның жасалу жолдарын негіздеп, оның сөз тіркесінде орнығуына  жол ашқан іспеттес. Ол туралы  септес сөздер бөлімінде беріп, төмендегідей түрлерін көрсеткен: 

            а) Барыс жалғаулы септестер : 1) «бар», «кел», «сал», «қара» сияқты етістіктерге көніп, қайда? (қай жерге?) деген сұрауға жауап болатын – бағыт септестер мұның ішіне «шейін», «таман», «қарай» сияқты жалғауышты септестер де кіреді : 2) «бер», «сат», «айт» сияқты етістіктерге; «керек», «шақ», «лайық» сияқты сын есімдерге көніп кімге? неменеге? Деген сұрауға жауап ретінде жай объект болатын септестер. 3) неге? ( не үшін?) деген сұрауға жауап болатын мақсат мағыналы септестер: мұндай сөздер көбіне етістіктің тұйық түрінен жасалады. 4) «бұл», «кен», «қуан» сияқты жетекшілерге бағынып себеп мағынасында айтылатын септестер. 5) сабақты етістіктен болған өзгелік етістерге бағынып сын объекті (субъект– объект) болатын септестер;  6) қашан? қай уақытта? қай уақытқа шейін? Деген сұрауларға жауап болып, мезгіл мағынасында айтылатын септестер.

            б) Табыс жалғаулы септестер – тек сын объект қана болады, олардың септеусіз айтылатын жерлері  (Ескету:  «Баруын барыпты», «жақсысын жақсы» деген сияқты жерлерде келетін табыс жалғаулы сөздерге «тек», «өте», «тым» – дер сияқты дәйек қосалқыларға ұсап айтылатын көмекші сөз).

            в) Шығыс жалғаулы септестер: 1) қимыл етістіктерге бағынып қайдан? қай жерден? Деген сұрауларға  жауап болып, мекен мәнді мүше болатын септестер мұның ішіне «бері», «әрі» сияқты жалғауышты септестер де кіреді;  2) «ал», «біл», «сақтан», «айырыл» сияқты сөздерге бағынып (кімнен?  неден? ), жай объект болатын септестер; 3) «жаса», «сал» («құр»), «істе» мәнді сөздерге бағынып, істеген нәрсенің затын көрсететін объект мағынасындағы етістіктерге бағынып ( «өзеннен өтті», «Еркімбектен беріп жібердім» дегенге ұқсаған жерлерде)  жай объекті де бола алатын септестер;  5) қашан? қай уақыттан (бері)?  Деген сұрауларға жауап боп, мезгіл мағынасында айтылатын септестер;  6)  сын есімдерге бағынып, бірде  манің сыны неліктен, неден, неден гөрі артық соны ашып беретін объект септестері;  7)  амалдың неліктен  (не себептен? ) болғанын көрсететін септестер.

            г) Жатыс жалғаулы септестер: 1) бірдеменің қай жерде тұрғанын, амалдың қай жерде болып жатқанын көрсететін мекен септестер; 2) амалдың қай уақытта істелгенін ашып беретін мезгіл септестер  ( Мұның көбі жатыс жалғаулы есімшелер) (1, 392).

                   Қ.Жұбановтың көмектес септікті құрал жалғаулы септес деп берген. Қазір синтаксис мамандары Т.Қордабаев, М.Балақаев бұл атауды көмектес жалғаулы сөз тіркесін мағыналық түрі ретінде көрсетеді. Алайда  ғалымның еңбегінде оған объектілік, құралдық, мезгілдік  мағыналарды да телиді.

            д) Құрал жалғаулы септестер: 1) істеушінің істі немен ( не құралмен, не әдіспен, не жөнімен )  істегенін білдіретін құрал септестер, 2) қай жермен қозғалатындығын көрсетуші мекен септестер; 3)  бір амалдың  бір амалды істесімен басталатынын ашып беруші мезгіл септестер;

            Одан әрі меңзес жалғаулы септеске де –ша/ше жұрнағын жатқызып,  оны «амалдың кімше, неменеше, қандай жол-ереже, кімнің бұйрығынша, айтуынша істелгенін көрсететін сын септес деп анықтама береді.

            Кей тілшілер секілді Қ.Жұбанов та – дай жалғауын септік жалғауына жатқызса керек. Оған –дай жалғаулы септес деген атау тағып мынадай мағыналық түрлерді телиді: 1)  есімге бағынып, бірдеменің қандай ( кімдей, нендей)  екенін көрсететін сын септестер; 2) істеушінің  амалы басқа біреудікінен кем емес, сондай екенін көрсететін я қайикендей, қайтердей екенін көрсететін сын септес.(1.392)

            Қалай айтсақ та, ғалым Қ.Жұбанов меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің негізін қалап, оның құралу тұлғаларын санамалап,  ажыратып берген.  Қазіргі таңда жоғарыда аталғандардың бәрі меңгеріле байланысқан етістікті  сөз тіркетерінің бағыныңқы сөздің тұлғалық түрлеріне телінген. Сөз тіркестерінің бұл мәселелері. «Синтаксистік програмы» еңбегінде «Жай сөйлем» деген бөлімінде тоқталған.

            Сөз тіркесі туралы сөз болғанда Қ.Жұбановтың сөздердің орын тәртібі туралы классикалық еңбегінің мәнін ескергеніміз жөн ( «Из истории порядка слов в казахском предложении» ).

            Профессор Қ.Жұбановтың қатты көңіл бөлген мәселелерінің бірі – күрделі сөздер мен атаулардың синтаксисі. Қазақ тіл білімінде күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажырату проблемасын алғаш сөз еткен ғалым профессор Қ.Жұбановдеп көрсетеді лингвист – ғалым  Қ.Аханов (19.51).

            Осы еңбегінде сөз тіркесі мәселесі жалқы есімдердің құрамында да көтерілді. Автор : «Синтаксис сложных личных имен имеет вес основания быть предметом специальной диссертации, так как по слоям, отлагавшимся в этих окаменевших образованиях,  представляется возможность  прчитать значительное число страниц  неписаной истории грамматического развития языка»  деп жалқы есімдердің күрделі сөздер арқылы жасалу жолында тіліміздің талай заңдылықтары жатқандығын, оларды аша білудің қажеттілігін ескертеді  (1.  428).  Соның бірінде де, ғалымның баяндауынша  , ең  басты өзек  – жалқы есімдерді жасаушы күрделі сөздердің табиғатындағы сөз тіркесінің заңдылықтарына негізделеді. Осындай заңдылықтың негізінде екі сөздің бірігуі жалқы есім атауларын да туындатып отырады.  Мәселен, еңбекте  көрсетілгендей Итбай сөз тіркесін керісінше бай ит деп айтуға болмайды. Мұның өзі біріккен сөздердің о баста сөз тіркесінің қатаң заңдылықтары негізінде жасалатындығын тағы да  дәлелдей түседі (10. 72)

            Осындай мәселемен қатар еркінсөз  тіркесінің құрамындағы сөздердің  бір компонент қызметінде ме немесе екі компонентке жіктелу ыңғайында ма, әйтеуір,  сол синтаксистік сөздер тобында  олардың қандай орында келетінін айқындау үшін бұл еңбектің ескерілмеуі  мүмкін емес деп ғалым  М.Серғалиев ескертеді.[11.63]

            Қазақ сөйлемінде сөздердің  қалыпты орын тәртібі болумен бірге, автор дағдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Мәселен, ұзақ күнмен бірге  күн ұзаққа  тіркесі де тілімізге жат емес, қайта қалыптасып  кеткендігіне  тоқталады.  Сондай -ақ  тағы адам және  адам тағы тіркестерді  салыстыру арқылы тіркестердің соңғыларының себептерін ашады.

            Сөз болып отырған санаттағы тіркестердің семантикасы ашу үшін, олардың  қолданылу заңдылығын дәлелдеу үшін зерттеуші тарихи-салыстырмалы әдістемеге барады. Сөйтіп, аса көрнекті  оқымыстылардың теориялық қағидаларын жете білуімен және көптеген тілдерді практикалық жағынан еркін меңгерген қабілет арқасында әр пікіріне оқырманды еріксіз сендіріп отырады.

            Ұзақ күн мысалынан толық мағынадағы синтаксистік сөз тіркесін, дәлелдеп айтсақ,  анықтауыштық қатынастағы зат есімді сөзтіркесін көреміз. Ал күн ұзаққа –ның жайы сәлбасқаша. Бұл екі сөз тұтасымен синтаксистік сөз тіркесінің бір компоненті қызметін атқаруы мүмкін:  күн ұзаққа келмеді, яғни біздің алдымызға мезгілдік қатынастағы етістік сөз тіркесі тұрғаны даусыз. Дәл осы сияқты тағы адам анықтауыштық қатынастағы есім сөз тіркесі болса,  адам тағы мағынасыз қатар тұрған сөздер болып  шығады.  Егер адам тағы болды  дегендей конструкцияда келсе, адам өзі жалғызбір компонент, ал тағы болды – екеуі екінші компонент қызметін атқарып, етістік сөз тіркесін жасайды.

            Алайда, қатар тұрған үш сөзді белгілі бір контекстен сөйлемнен тыс қарастырған болсақ,  өзінше жеке дара сөйлем ретінде қарастырылуы да мүмкін. Осы ретте тілші ғалым М.Серғалиев былай деп түйіндеген:  « Тегінде, көп жағдайда етістіктісөз тіркесіне осы қасиет  жеке сөйлем болу қасиетіне тән (16.54).

Сөйтіп, Қ.Жұбанов барлық түркі тілдерінің синтаксисіне тән типологиялық ерекшелік болып табылатын анықтауыштың  өз анықтауышынан бұрын орналасатын заңдылықты тілдің дамуындағы ескіні ығыстырып шығарған жаңа құбылыс деген тұжырым жасайды.  Яғни, ерте анықтауыш мүше өзі анықтайтын мүшедене бұрын орналасқан дейді. Қазақ тіліндегі күн ұзаққа, адам тағы  сияқты конструкцияларда  сын есімнің зат есімнен кейін орналасуын жоғарыда жасаған тұжырымның дәлелі ретінде алып,  мысалдарды тілде сақталып қалған ескінің қалдығы ретінде көрсетеді.

            Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу, Күнжарық, Ажарық, Таңжарық т.б. күрделі анропонимдер мен жау жұмыр, сүт кенже сияқты күрделі сөздерде сын есімнің соңғы орында орналасуы тегін емес, олар да ертеде өзінің алдындағы зат есімдерге анықтауыш болған деген пікір айтады.

            Аталған еңбекте ғалым анықтауыш ертеде соңғы позицияда болған деген тұжырымын дәлелдей түсу үшін Күшікбай, Бөрібай, Еділбай т.б. с.с.   күрделі есімдердің жасалуында да қазіргі тіліміздегі синтаксистік заңдылықтарға қайшы келетін фактілерді көрсетеді. Сондай-ақ кейбір сөздердегі түбір, қосымша, морфемалардың орналасу тәртібіне назар аударып,  олардағы қосымшалар ертеде толық мағыналы сөздер болған және  өзі кіріккен немесе қосылған сөзге соңғы позицияда тұрып анықтауыштық қатынаста болған дейді.  Мысалы: айғыр, қошқар сияқты сөздердегі –р дыбысын бүгінде барлық түркі тілдерінде сақталған ер (еркек) сөзімен байланыстырады  (6.107). Сондағы байқағанымыз,  ғалым бір мәселені бірнеше саламен сабақтастыра қарайды.  Тілдің даму тарихын аса зерделей қарастырған.

            Ғалым әрмен қарай предикаттық қатынастағы тіркестердің де кейбір мәселесіне тоқталған. Жіктеу есімдігінен жасалған предикативті қосымшалар жалған есімдіктер мен етістіктерді сол біріккен қалпында толыққанды сөйлемдер деп есептеуміз керек. «Жақсы – сың, жазар – мын сөздерінің құрамында сөйлемнің барлық белгілері сақталған.  Қазіргі тіліміздегі –сың , – мын жалғаулары негізінде бастауыш қызметін атқарған жіктеу есмідіктері , яғни жеке сөздер болған,  ал жақсы, жазар сөздері  баяндауыш болған»,  –деп  жазады ( 1.451-452).

            Қ.Жұбанов бастауыш баядауыштан кейін келуі ықтимал деген ойына   кейін өзі әуелгі ойына қарсы шыққан болды. Жаза – мын, жақсы – сың сөздеріндегі қосымшалар кірігудің нәтижесінде  пайда болған деген ғалым пікіріне күрделі сөздер мен сөз тіркестері  құрамындағы компоненттерінің арасында тек тіркеске тән байланысу формаларының болатынына,  оған тіркес екпінінің түсуі нәтижесінде кірігу процесінің орын алатынын, ал предикаттық  қатынастағы сөздердің әр қайсысына жеке-жеке  екпін түсетіндіктен  екеуінің  жымдаса кірігуіне ешқандай мүмкіндік болмауына байланысты бастауыш пен баяндауыш ешқашан бірікпейтінін айтады (2963).

            Профессор Қ.Жұбановтың сөз тіркесіне байланысты  көңіл аударарлық пікірі сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарына қатысты көзге түседі.   Оның атап көрсеткенінідей сөздердің өзара байланысуында жарыспалы (параллельное)  және тізбекті  (последовательное) амалдар болады(1, 482). Оның алдында сөйлем мүшелерінің бірінші қатардағы  (первичные), екінші қатардағы (вторичные) , үшінші қатардағы (тритичные)  т.б. кездесетіні айтылған (1, 482).  Оның мәнісі сөйлем ішіндегі сөздердің біразы бір-бірімен тікелей тіркеседі де, енді біреулері  баспалдақтап тіркесуі мүмкін. 

            Мысалы, «Бітісі жаман қамысты су ішінен өрт шалар» (1.482)  сөйлеміндегі қамысты, ішінен және өрт сөздерінің шалар сөзімен байланысы  тікелей жүзеге асып тұрғандықтан , алдыңғы үш сөз де баяндауышқа байланысты болғандықтан  ол үш сөздің үшеуі де бірінші қатардағы мүшелер болып табылады.  Ал су сөзі ішінен сөзіне қатысты , бітісі жаман күрделі анықтауышы қамысты сөзіне қатысты болып, екінші қатардағы  мүшелер болып табылады.  Сондай-ақ , бітісі сөзі – үшінші қатардағы мүшесі болып отыр. Ғалым бұл жайды жарыспалы және тізбекті байланыс түрлерінің баядауышпен байланысы жарыспалы болады да,  екінші, үшінші  т.б.  қатардағы сөйлем мүшелерінің одан кейінгі сөздермен байланысын тізбекті деп түсіндіреді.

            Ғалымның « Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формалары» деген еңбегі тілімізде сөздердің сөйлемдегі белгілі бір позицияда орналасу тәртібі оның лексикалық және грамматикалық  мағыналары менқызметіне қандай әсері бар екендігін көрсетуге арналған. Ол үшін Сен көрген қымбат алпауыттан да Қызыл Құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған торы бесті аты жақсы деген 15 сөзден тұратын сөйлемді сөздердің сыртқы формаларын өзгертпей,  бірақ сол 15 сөздің  ішіндегі алғашқы тіркескен сөзден  өзге   сөзбен тіркестіру арқылы 5 түрлі нұсқада қайта құрып, ондағы әр сөздің өзгерген лексикалық, грамматикалық мағыналары мен қызметіне талдау жасау арқылы өз мақсатына қол жеткізген (6, 107).

  1. Сен көрген қымбат алпауыттан да Қызыл Құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған төрт бесті аты жақсы.
  2. Қызыл Құрт Ертай ұстаның Темірбайдан көрген аты қымбат. Торы алпауыттан да сен алған бесті жақсы.
  3. Ұстаның жақсы көрген аты алпауыт қызыл бесті. Сен Темірбайдан алған құрат Ертай торыдан да қымбат.
  4. Қызыл құрт Ертай ұстаның алпауыттан да қымбат көрген аты Темірбайдан сен алған жақсы торы бесті.
  5. Темірбайдан алған бесті жақсы сен көрген Қызыл құрт Ертай. Торы алпауыттан да ұстаның аты қымбат (1, 476-481).

            Мысалы, көрген деген сөз жоғарыдағы мысалда … сен көрген алпауыт … деген синтаксистік конструкция құрамында алпауыт сөзінен бұрын келгендіктен соған анықтауыш болып тұрса,  ІІ нұсқада ат сөзінің алдынан  келіп соған анықтауыш болған: Қызыл Құрт Ертай ұстаның Темірбайдан көрген аты қымбат. Ал  ІІІ немесе ІV құсқалардағы Ұстаның жақсы көрген аты алпауыт қызыл бесті … және …  алпауыттан да қымбат көрген аты сияқты мысалдарда з алдына сын есімдерді  тіркестіріп,  алғашқы мысалдардағыдай көру органы арқылы жүзеге асатын қимылды емес,  өзгеше процесті атау үшін қызмет еткен (3,107).

            Мұндай құбылысты М.Серғалиев синтаксистік стилистика аясында қарастырған… Бір сөйлемді әлденеше өзгеріске түсіргенде,  оның құлпыра түсетіндігі  сөйлеуші немесе жазушының назары қандай сөздерге, сөйлемдегі қандай ойға  ауып отыратындығына көңіл бөлуі тағы да қисындылығымен құнды.  Екінші жағынан,  сөйлем ішіндегі сөздерді белгілі бір мақсатсыз, қалай болса солай   алмастыру мағынасыздыққа ұрындырары да һақ немесе алғашқыда берілген мазмұны да  өзгеріске ұшырары шындық (6.83).

            Шындап келгенде,  жоғарыдағы сөз тіркесіне байланысты айтылған көзқарастар  оның даму эволюциясынан өте зор маңызға ие болып отыр.  Қ.Жұбановтың сөз тіркесіне қосқан үлесі  мен еңбегі  зор деп білемін.

 

 

2.3 Сөйлем мүшелері туралы ойлары 

 

            Лингвистика тарихында сөйлем мүшелерін таптастыру өзіндік үлкен орны бар мәселе. Қазақ тіл білімінің жүйеленуі оның ішінде сөйлем мүшелерінің таптастырылуы да Қазан төңкерісінен кейін жүзеге аса бастағаны белгілі.

            Жиырмасыншы жылдары  жазылған алғашқы зерттеу еңбектерде , мәселен, А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралында» көптеген мәселелер негізінен практикалық тұрғыдан қаралды да, ал оның ғылыми талдаудың объектісіне айналу отызыншы жылдардың жемісі.

            Ендігі мәселе ғалым-лингвист ҚЖұбановтың сөйлем мүшелеріне байланысты ілімі , көзқарасы жайлы болмақ. Бұл салаға қатысты  ойларын ғалым « Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» (1936),  «Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тарихынан» (1937) мақалаларында және «Қазақ тілі грамматикасы» (1936), «Қазақ тілінің програмы»  оқулығында шоғырлаған.

            Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерін қазіргідей тұраулы және тұрлаусыз деп жіктемейді.  Баяндауыш пен бастауышты жеке-жеке қарастырады да, соның өзінде бастауышты екінші атаумен бас мүше деп те атайды. Оларға автор төмендегідей анықтама береді. «Сөйлем деген – түгенделген ойды ауызекі, я қағаз жүзінде баяндап беретін бір сөз, я бір топ сөз. Сөйлем мүшелерінің ішінде біреудің, я бірдеменің не қылғанын , я не болғанын баяндап тұратын бір мүше болады. Оны баяндауыш дейміз. Сондай-ақ , сөйлемнің кімнің , я ненің жайынан сөйленгендігін көрсететін мүшесін бас мүше  немесе қысқартып бастауыш дейміз» деп « Қазақ тілі грамматикасы» еңбегіндегі «Сөйлем мүшелері» бөлімінде  айқындап береді. Баяндауышты бастауыштан бұрын, демек сөйлем мүшелерінің ішінде бірінші кезекте сөз етеді (1. 153-155).  Сөйтіп, бастуыш пен баяндауышты негізгі мүшелер деп қарастырады.

Ғалым тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш мүшелер деп атап, оларды тек анықтауыш және толықтауыш деп екіге бөледі. А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралында» анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп үш топқа айырып атайтынын, Т.Шонановта үшке жіктелмей, екіге бөліп көрсеткенін бірін – анықтауыш, екіншісін – толықтауыш деп шолып қана өткенін айта келіп, Қ.Жұбанов өз грамматикасында неліктен бәрін қосыпбір-ақ сөзбен атайтынын былай түсіндіреді: « Бұлар өзара нешеу болса да, бәрінің арасында бір жақындық бар. Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің іргесі. Ол екеуі сөйлем болмайтынды сөйлем болдыру үшін керек. Ал мыналардың  қай-қайсысы да, сөйлем болмай тұрған сөздерді сөйлем болдыру үшін емес, сөйлем болып тұрған сө тіркесінің үстіне жамалып, бастауыш пен баяндауыштың мағыналарын бұрынғыдан гөрі ашығырақ, айқынырақ аңғарту үшін керек.  Сондықтан бұлардың бәрін қосып, бір топқа иіріп, бір атпен атап алу бұлардың өзара айырмашылығы болса, ондай ішкі бөліктерін кейін тағы тарау-тарауға айыру керек болады» (1. 220).  Әрмен қарай ғалым А.Байтұрсыновтың тұралаусыз мүшелерді атаудағы ұстанымын көрсетеді: «А.Байтұрсыновша сөйлемнің басқа бір мүшесін анықтап тұрған сөзді анықтауыш дейміз, толықтап тұрған сөзді толықтауыш дейміз, пысықтап тұрған сөзді пысықтауыш дейміз. Ал Қ.Жұбанов « айқындауыш мүшелер айқындауыш сөздерге қалайша, қандай амалымен байланысатынына қарай екі ірі жікке айырдық» дейді.  Яғни бөлу критерии түсінікті болды. Одан әрі  ғалым орыс тілі грамматикасындағы айқындауыш мүшелердің жіктеу жолын қазақ тіліміен салыстыра отырып, орыс гамматистерінің таптастыру принципін біржақтылық деп қарайды. Тілде жалғыз мағына ғана емес, форма да бар. Мағынаны да, форманы да ескеру – әр категорияның өзмағынасы мен формасын қабаттастырып қатар алып отыру деген емес де й келе сол бр категорияның өзін мағынасына қарай бір таптастырып, одан кейін әр мағынаны формасына қарай тағы саралайды. Яғни мағынасына қарай айқындауыш деп бір бөліп алады да, онан кейін сол айқындауышты формасына қарай тағы да тарау-таруға айырады. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанына қарай баяндауыш деп атағанымыз сияқты басқа мүшелерді айқындап тұрғанына қарай айқындауыш деп атау дұрыс болады деп дәлелдейді. А. Байтұрсыновтың тұрлаусыз мүшелерді үшке бөліп топтауын тек мағынасына қарай айыру деп түсіндіреді. Яғни  бұл мүшелерді сұрау  арқылы ажыратқан болып шығады.  Жоғарыда тап өткендей айқындауыш мүшелер формасына қарай екі түрге сараланады.  Жалғаусыз түрі анықтауыш болып аталады да, жалғаулы түрі толықтауыш делінеді. Байқап отырғанымыздай, анықтауыш, толықтауыш мүшелер бұрынғыдай сұрау арқылы емес, тек формалық жағынан ажыратылады. Автордың өзі келтірген мысалын ойға тірек етейік.

            Жақып ұзақ сөйледі. Дәуіттің , Қасымның жаман жағын түгел ашып берді (Бейімбет), дегенде ұзақ, жаман, түгел деген сөздер – анықтауыш. Дәуіттің, Қасымның , жағын деген үшеуі толықтауыш ( 1. 159).

            Автордың сөйлем мүшелерін жіктеудегі үлгісі төмендегідей болып шығады

                                              бастауыш

Негізгі мүшелер

                                            баяндауыш     

 

                                                         анықтауыш

Айқындауыш

(тұрлаусыз мүшелер)                     толықтауыш 

 

            Көріп отырғанымыздай, үлгіде пысықтауыш байқалмайды. Ғалымның пікірінше қазіргі пысықтауыш бірде анықтауыштың құрамында (ұзақ сөйледі), енді бірде толықтауыштың құрамында (базарға барды) кездесіп отырады. Мұны біз жеке автордың кемшілігі ретінде емес,  сол кездегі қазақ тілі синтаксисінің даму тұрғысынан қарастырамыз. Алайда бұл мәселе жөнінде     ғалым Б.Ш.Шалабаев: « Біздің ойымызша, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш мүшелерді Қ.Жұбановша айқындауыш мүшелер деп жинақтап атаудан еш ұтылмайтын сияқтымыз. Рас,  Қ.Жұбанов бастауыш пен баяндауыштан өзге сөйлем мүшелерін айқындауыштар деп атағанда оларды біріктіретін олардың мағынасы деген екен. Біздіңше, олардың басын біріктіретін ортақ қасиет олардың синтаксистік қызметі.  Өйткені аталған сөйлем мүшелерінің қай-қайсысы да әрқашан бағыныңқы компоненті қалыптастырып, өзі қатысты басыңқыдағы  сөзді белгілі бір тұрғыдан нақтылау, сипаттау үшін жұмсалады. Сондықтан оларды функциясына орай   жинақтап айқындауыш мүшелер деп атауға әбден болады. (6.108) Б.Ш.Шалабаев ойын әрмен қарай : «… аталған мүшелерді әбден орыққан тұрлаусыз мүшелер деп атаудан бас тарту керек деген ой тумаса керек. Тұрлаусыз мүшелер деп атау – олардың синтаксистік қызметіне жүгінуден туған термин емес, со мүшелердің жеке-жеке  немесе өзара байланысы келіп, бас мүшелердің қатынасынсыз, жеке пікір (суждение) білдіре алу алмау қабілетіне негізделген термин. Ал оларды енді айқындауыштар деп атау аталған сөйлеу мүшелерінің синтаксистік қызметтеріндегі ортақ құбылыс арқылы топтастыру ғана болмақ» деп түйіндейді.

             Мұнда басын ашып алатын жайт, ол тілімізде сөйлем құрамында жеке бір сөзге (мүшеге) қатысты қолданылатын қосалқы және оңашаланған айқындауыштар деп аталып жүрген синтаксистік элементтер де бар. Бұлардың жоғарыдағы айырма, әрі ортақ белгілері де бар. Ортақтық – екеуінің де сөйлемдегі белгілі бір сөзді ( мүшені) нақтылау белгілі бір қырынан сипаттауында, яғни қызметтерінде болса, айырма – алғашқылардың сөйлемнің жалпы синтаксистік желісіне қатыстылығынан ,екіншілерінің сөйлемнің жалпы синтаксистік желісіне емес, сол сөйлемдегі жеке сөзге (мүшеге) қатыстылығынан көреді (6.108).

            Енді Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелерін тұлғалық жағынан зерделей келіп жіктегенінің мәнін ашсақ деп ойлаймын. Бірінші себеп лингвист-ғалымға сол кезендегі ғылымдағы ағым , өзгерістер әсер етті. ХІХғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында тіл білімінде біршама өзгерістер орын алды. Философиялық теорияның орнына конкретті фактілерге қызығушылық туды, яғни жаратылыстану ғылымының дамуы белең алды. Жалпылықтан бас тартып, эксперименттер жүргізілді, зерттеу методикасы дамыды.  Осы жағдайлар тіл біліміне әсер етті. Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің жоғарғы курсы» деген лекциясында дүние жүзі тіл біліміндегі жағдайларды сипаттаумен бастайды.  Ол өзінің дәуірін техникалық прогресс дәуірі   деп сипаттайды. Ол да өз кезегінде тілғылымына әсер еткені сөзсіз. Қ.Жұбанов бұл мәселе жөнінде былай айтқан : « ХІХ ғасырда жаратылыс ғылымы ілгеріледі,  оларды зерттеуге түрлі метод қолданылды. Объектив әдісімен іс істеу тілшілерге де жұқты. Бұрын тіл логика негізді әдіспен зерттелінетін еді (сағызша созыла беретін белгілі өлшеуге келмей, көбіне субъектив жорамалға сүйенетін). Табиғат ғылымдарынша нақты ғылыми әдістермен дәлелдеп өлшеуге келетін әдістермен зерттеу керек деп фонетиканы экпериментке айналдырған болса, кейін осы фонетикада өзін-өзі ақтаған техницизм әдісі грамматиканың басқа тарауларына да жарайды деген көзқарас туды: морфология мен синтаксистің логикалық зерттеуден құтқармақ болып, оған да объектив критерий іздей бастады,  бірақ сыртқы белгілеріне сүйенуден формализм туды.  Сөйтіп морфология жеке өздердің формасын тексеретін ғылым деп танылды.  Бұл екеуі жалпы тіл формасы жайындағы ғылым деп танып, бұрынғы грамматика деген атақты осыған берді. Сонда «Грамматика нені қарайтын ғылым?» болып  шықты,  лексикология, семантика , фонетика сияқтылар бұл өлшеуге келмейтін болғандықтан, грамматикадан бөлек ғылым болып қалып, грамматика дегеніміз тек морфология мен синтаксис болып саналады. Синтаксистің өзі де бұрынғы ұғымдағы сөйлем жүйесін тексеретін синтаксис емес, сөйлем болып құрылысын мейлі, немесе, жай әшейін сөз тіркестері болсын, мейлі, әйтеуір тіркескен сөздердің тіркесу формасын қарайтын ғана ғылым болады.

            Екінші себеп, қазірде мектеп практикасында толықтауыш пен пысықтауыштарды ажыратуда кездесетін қиындықтарды ескере отырып, автордың бұл методикалық әдісі ойға қонымды: « Сөйлемдегі бастауыш пен баядауыштан басқа жалғаусыз сөздің бәрі де анықтауыш болады.  Баяндауыштан басқа жалғаулы сөздің бәрі де толықтауыш болады».[11.52]     Сөйлемнің қазір аталып жүрген үйірлі мүшелері жайында өз  ой пікірін білдіріп өткен. Бұл туралы мәләметті Жанғазыға жазған хатынан байқаймыз. Ол былайдеп жазады: « Сөйлемнің қай мүшесі де күрделі бола алады. Мұнда әңгіме М.Серғалиевтің көрсетуі бойынша, үйірлі болатын конструкциялар туралы болып отыр дейді. Білегі жуан бірді жұғады (бастаушы күрделі). Біздің мектеп өзін көрген (баяндауышы күрделі). Біз ай туа жүріп кеттік (мезгіл анықтауышы күрделі). Су қайтқасын барып қайтамын (бұл да). Ел жатқанша жүрдік (бұл да). Біз келгенде сен ояу едің (бұл да). Сөзі көптің ісі өнбейді (толықтауышы күрделі). Ол аты бәйгеден келгенге мақтанып отыр (толықтауышы күрделі). Оның оқуы күрделі болғанымен өсуі кем. Жасы жетсе де, өзі қартаймапты ( анықтауышы күрделі) (1.138).

            Бұл мысалдың көпшілігінде автордың позициясы айқын және дұрыс: сөйлем сөйлем мүшелерінің барлығы да үйірлі болуға бейі. Алайда бір нәрсені ескеру қажет болады: сөйлем мүшелерінің атаулары Қ.Жұбановша сақталып отыр, шындығында анықтауыштар мен толықтауыштардың біразы пысықтауыштар оның үстіне , ғалым бастауышы бар конструкцияларды дұрыс көрсеткен. Бұл жағынан алғанда , кейінгі зерттеушілерге ой салып қана қоймай, басты мәселелердің бірталайын  шешіп те берген (11.87).

 

            2.4  Сөйлем туралы ойлары    

 

            Ғалым Қ.Жұбанов жалпы «сөйлем» деген ұғымды  өте кең  дәрежеде, тіпті синтаксистік ұғыммен пара-пар қарастырады. Сөйлемнің жеке түрлері мен бөлшектері болатындығын айта отырып,  оларды қарастыратын арнайы бөлімді « сөйлем жүйесі немесе синтаксис» деп атайды (1,151).  Одан әрмен  ғалым синтаксис грек сөзі. Қазақшасы қоспа деген. Сөздерді бір –біріне қосып барып сөйлем жасалатын болғандықтан , қоспа деп аталған.

            Сөйлемдердің жеке түрге бөлінуінде дыбыс сазы басшылыққа алынған. Осы негізде олар хабар сазды сөйлем,  сұрау сазды сөйлем , леп сазды сөйлем болып жіктелген. Автордың бұлайша саз-әуенін ескеруі бір түрлі сөйлемдердің айтылуына қарай әр мәнде жұмсалу табиғаты негізінен шығып жатыр. Мәселен, өзі көрсеткендей , А.Байтұрсыновтың  ұстанған терминдерінен  сұраулы, лепті, тілекті жай сөйлем деп айтылу түрлеріне қарай бөлінісіне  өзгеше екенін көрсетеді. Ал Қ.Жұбанов болса, жоғарыда айтылғандай үшке бөліп бұрынғы грамматикаларды қандай принципке сүйеніп жасалған топтастыру екенін не ашпай кететін еді, немесе мағынасына қарай топтастыру дейтін. Қандай негізге сүйеніп таптастырылғаны ашық айтылмаса , мұның не екенін айыра алмай ана мүше құрылысына қарай таптастырылудан мұның нендей айырмасы барын біле алмай оқушылар бірімен бірін шатастырып, араластырып алады.  Мағынасына қарай таптастыру десе, дұрыс болмайды.  Өйткені сөйлемнің мағынасы тек дауыс сазы түрлегенде де түрленіп отырмайды, сөздері өзгерсе де өзгереді. Екіншіден,  тек лепті сөйлемнің өз іде бірде қуану мағынасын, бірде мұңаю мағынасын т.т. береді. Сондықтан мұны мағына жағынан бір тапқа жатқызып, бір атпен атау дұрыс болмас еді. Ал сазына қарай айырғанда,  леппен сөйлеудің түрі де, мағынасы да көп болғанымен әнінде, сазында бір тектілік бар. Мұның бәрі де не қызғын не солғын  әуезбен – әйтеуір тепе-теңдіктен айырылған сазбен айтылады.

… Біздің мақсатымыз – мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз – осыны баяндау болу керек, сөйлемнің бұл жағы мағынаны дауыс сазымен білдіру жағы. Сондықтан таптастыру да , термин де осы негізге құрылуы тиіс. « Саз» деген сөзді қосқан себебіміз осы деп түсіндіреді автор (1.203).  Енді ғалым осы сөйлемдер жайлы нендей пікірлер айтқан екен?

  1. Хабар сазды сөйлем. Болған, болып жатқан немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай тсөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады. Мысалы: Жаз шықты. Күн жылы. Жуырда құс келіп болады. Сондай-ақ бұл сөйлемнің сазының ерекшелігіне тоқталған. Мұнда дауыс тыныш бір қалыппен, әр сөз сөйлемнің қай мүшесі екеніне, өзінің байланысқан сөзінен қаншама аулақ тұрғанына қарай ғана (сөйлемнің жетек мүшесі, жетекші мүшесінің өз әні болады,  қай орында тұрғанына, хабарда қандай орын ұсталғанына қарай, бұл әнінің өзі тағы өзгеріп отыраады (әнделеп қойылады) әрине (1, 217).
  2. Сұрау сазды сөйлем. Бір нәрсе жайынан сұрала сөйленген болса, сөйлем сұрау сазды болады.                                                                                                                                                                                                                        

            Мысалы: Каспиидің сұлулығы сұрғылт құм ба?  

                             Кавказдың сұлулығы зәулім шың ба? (Ілияс)

             Сөйленген сөздің тек хабар болу жағын ғана көздеп қоймай, оның  

             үстіне бұл хабар сөйлеушінің өзіне белгілі бір түрде әсер еткенін –

            қуантқанын, мұңайтқанын, таңдандырғанын, опындырғанын т.т. да

            қоса білдіргісі келсе, сөйлеуші сөзін осы леп сазымен айтады. Сұрала

            сөйленген сөз осы сазда болады. Сұрау есімдік , сұрау қосалқыларды

            сөзге қосыпайтсақ та, қоспасақ та, бәрібір,  сұрай сөйленсе, сөз осы

            әнмен айтылмақ.

  1. Леп сазды сөйлем. Бір нәрсеге таңдана , опына, біреуге өтіне , бұйыра ашулана, қуана сөйленген немесе хабар өте көтеріңкі я өте басылыңқы көңілмен берілген болса, сөйлем леп сазды болады. Тілек, ұран,  сөйлемдерде леп сазды сөйлемдерге қосылады.                                  Мысалы: Апырай,  мынау бір қызық екен!

                           Қап,  кеше келмеген екенмін!

                           Менің кітаптарымды осы барған кісіден қалдырмай жібере    

                           көр!

                           Сорғала, тіл , сорғала!

(Мұнда дауыс анағыдай тыныш әнделмей не көтеріңкі не басыңқы, шұбалыңқы не жиылыңқы түрде, әйтеуір, бір есеппен айтылады).

Бұл мәселелер « қазақ тілінің грамматикасы» , «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты еңбектерінде баяндалған)

         Ғалым ары қарай жай сөйлемнің жіктелуін жалғастырады. Осы күнгі тұрлаулы жәнетұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына орай жалаң және жайылма сөйлем деп бөледі. Егер өз сөзімен айтатын болсақ:

Негізгі мүшелер ғана ( бастауышы мен баяндауышы ғана) бар да, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мен оқыдым. Сен жаздың. Оқу басталды. Егін бітік. Мал күйлі. Ауыл гүлденуде.

         Айқындауыш мүшелері де бар болса, сөйлем – жайылма сөйлем болады. Мысалы: Мен жақсы оқыдым. Сен әдемі жазасын. Оқу жаңа басталды. Колхозымыздың егіні өте бітік. Биыл қай мал да күйлі. Колхозданған жаңа ауыл гүлденуде.

         Негізгі мүшелердің сөйлемде толық қатысу, қатыспауына орай толық және олқы сөйлем деген түрлерге бөледі. Қартайдық. Қайғы ойладық. Ұлғайды арман (Абай) деген пікір жол өлеңінің соңғы сөйлемі толық сөйлем. 

         Негізгі мүшелерінің ( бастауышы мен баяндауышының) не біреуі не екеуі де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем атанады. Мысалы: Қартайдық. Қайғы ойладық. Бұл сөйлемдердің негізгі мүшелерінің бірі бастауыштарының болмауынабайланысты осы сөйлемнің түріне жатқызды (1. 157).

         Профессор Қ.Жұбановтың ілімі құрмалас сөйлем синтаксисінен де орын алған.Әрине, бұл жайында оның арнайы жүргізген зерттеу жұмыстары жоқ, осы турасындағы кейбір ой–пікірлері жекелеген еңбектерінде («Опосроение речина казахском языке», «жаңа грамматиканың жаңалықтары жайлы», «Жанғазығы хат», «Қазақ тілінің програмы» ) көрініс тапқан.

         Ғалым қазіргі тіліміздегі құрмалас сөйлемдерді «күрделі сөйлем» деп атауду жөн көрді [1.138,230]. Ол–қазақ тіл білімінде құрмаластың осы күнгі салалас және сабақтас түрін алғаш көрсеткен лингвист ғалым.

         Профессор Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем жайындағы толық көзқарасы  оның өзі құрастырған, орта мектептің V–VII кластарына арналған «Қазақ тілінің программа» (1936) құралында айқын тұжырымдалған. Бұл қазақ тілі материалдарының ғылымға негізделген алғашқы жүйелі программасы ретінде танылады. Себебі, мынада еді. Отызыншы жылдардың бас кезінде жарияланған кейбір программалар мен түрліше құралдар әр тектес мектептерге (қазақ жастары фабрика – завод мектептерінің оқу жоспары мен програмы, бастауыш политехникалы үлкендер мектебі т.б.) арналған еді. Сондықтан да оларда қазақ тілінің жүйелі түрде білім беру көзделмеген, осыған орай бұлар орта мектеп оқушылары мен оқытушыларының қажетіне сай келмейді. Ал Жұбановтық программа осы жағын ескеріп, қазақ тілі грамматикасына қатысты мәселелерді әр клас бойынша ғылыми методикалық негізде алғаш дұрыс жүйелей білген [10.76]. Құрмалас синтаксисіне 32 сағат беріліп, осы ретпен жай сөйлемнен кейін VII класта өтуі көзделген. Автор басқа грамматикалық мәселелер тәріздес, құрмалас  сөйлем тақырыптарының кейбіреуіне де жол –  жөнекей түсініктеме беріп, мазмұнын аша кетеді. Бұдан оның сол кездерде қазақ тіліне арналған жүйелі түрдегі оқулықтың жоқтығын ескеріп, әдейі осындай талдама – түсіндіру әдісін де қолданғандығын аңғарамыз [10.77].

         Аталған программада құрмалас сөйлемнің ең алдымен салалас түрін жасайтын түрліше амал – тәсілдер саралана көнсетілген. Олар: 1) Алғашқы сөйлем баяндауышының құрамындағы еді көмекші етістігі, не болмаса шартты рай (са–лы) тұлғасы (Әмірбек келіп еді, «бір барайық» дегені немқұрайды боп шықты. Нұрымдыкіне келсек өзі кетіп қалған екен); 2) Алғашқы сөйлемдердің баяндауыштары өткен шақ көсемше түрінде болады(Ғалым келді де жақсы боп қалды. Қой маңырап, түйе боздап, ауыл у–шу.); 3) Екі сөйлемнің арасында «да» дәнекерлі болады–мұндайда кейінгі сөйлемнің хабары алдыңғынікінің артынша (іле–шала )болмақ; «да» әр сөйлемнің ішінде өз алдына қайталап айтылатын болса, бәрінің хабары бір кезде болады; мұндайда сөйлем–сөйлемнің басында, я ішінде «әрі» дәнекері де болады; 4) Кейінгі сөйлемдердің басында «және», «тағы», «сосын» – дарға сияқты дәнекерлер де болады; 5) Кейінгі сөйлемнің хабары алдыңғынікінің салдары болса, ондайға кейінгі сөйлемнің басында «ол себепті», «сондықтан», «сөйтіп», «сонымен» солармен мағыналас «сосын» сияқты дәнекерлер болады, 6)Екі сөйлемнің хабары біріне – бірі қайшы келетін болса, кейінгі сөйлемнің басындағы дәнекері «бірақ», «сонда да», «сөйтсе де», «дегенмен», «қайта» – лар сияқты болады;7)  Салаластың ішіндегі жай сөйлемдердің біреуінің хабары дұрыс болған күнде, басқаларныкі дұрыс болмайтын боп, бәрінің біреуі ғана таңдалатын болса, ондайда «я», «әйпесе», «не болмаса», «немесе» сияқты дәнекерлер жұмсалады; 8) Бірнеше сөлемнің рірінің хабары бірыңғай болып, сосын бір сөйлем соның бін\ріне қорытынды сөйлем болып шығатын болса, қорытынды сөйлемнің басында «әйтеуір», «сөйтіп», «сонымен» сияқты дәнекерлер болады;  9) Кейінгі сөйлем алдыңғы сөйлемге себеп болатын болса, оның алдында «өйткені», «неге десең», «себебі сол» сияқты сөздер дәнекер болады; 10) Кейінгі сөйлем алдыңғы сөйлемнің мәнісін дәлелдеп ашып беретін болса, алдыңғы сөйлемінің баяндауышының ішінде «осы», «сол», «бұл»  есімдіктерінің бір түрі я солардан жасалған етістік «бүйт», «сүйт» сияқтылар болады [1.395].

         Құрмалас сөйлемдердің бұл жасалу жолдарынан байқалғандай,  кейде компоненттердің мағыналық тиянақтылығы басшылыққа алынып, тиянақсыз тұлғадағы шартты райлы етістік пен көсемшелі конструкциялар да салаластың қатарынан танылған. Салалас құрмалас сөйлемге байланысты осындай көзқарас сол кездердегі басқа да авторлар еңбектеріне тән сипат еді.   

         Салалас сөйлемдерді жасайтын жоғарыдағыдай амалдық тәсілдер көрсетілгеннен кейін олардың мағынылық түрлері (ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп–салдар, шарт–жағдай) аталған. Бұл сөйлемнің мағыналық тобы қазір де , негізінен осылайша қаралуда. Тек автор көрсеткен салалас сөйлемнің шарт мәнінде келетін түрінің соңғы жылдарға дейін басқа оқулықтарда ескерілмей келгенін айта кетпекшіміз [10.77].

         Ал сабақтас сөйлемнің жасалуы программада негізінен алғанда, қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген (Кімді айтсаң, сол келеді; Ол қандай болса, мен де сондай.). Осыған орай да бағыныңқылыр сөйлем мүшелерінің атымен аталған (бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы с.с.). Енді бұған ғалымның өз сөзі мен мысалын келтіруді жөн көрдік:

         а)  дәнекер есімдік атау түрінде болуы да мүмкін ( Кімді айтсаң, сол келеді) ; онда бағыныңқы сөйлем бастауыш бағыныңқы болады

         б)  дәнекер есімдік етістік түріне түсіп, я есімдік күйінде –ақ баяндауыш та бола алады ( «сен қайтсең, мен де сөйтемін», «ол қандай болса, мен де сондай» ). Мұндайда бағыныңқы сөйлем баяндауыш бағыныңқы болады.

         в) дәнекер есімдік септес сөз бола алады ( кімді көрсем мен сонан, бетті бастым… тұра қаштым жалма – жан. Абай ) – бағыныңқы – септес бағыныңқы болады.

         г) дәнекер есімдік іліктес болса, бағыныңқы – іліктес бағыныңқы болады.

         д) дәнекер есімдік шақтас болса (« Сабыр айтып, қалай істесе, Мәмбет те (сөйтіп) солай істейді ), – шақтас болады.

         е) Сол қалыпты  «Сабыр қайда барса, Мәмбет сонда барады»  жанас бағыныңқы да болады.

         ж) «сөйткен», «сондай» сияқты есімдік тұрған жерде бағыныңқы сөйлем қабыс бағыныңқы болады [1.396].

         Сондай – ақ автордың сабақтас құрмаласқа өзіндік көзқарас тұрғысынан келетін жерлері де бар. Автор: « Жұрт мақтайтын жырау – осы десек күрделі сөйлем болады,  күрделінің сабақтасы болады. Неге десең, мұнда анықтауыш емес, өзі бір сөйлем: жұрт мақтайтын – солайымен тұрып бір – ақ анықтауыш. Бірақ ішін жарып қарасақ өзара бір сөйлем: жұрт – бастауыш, мақтайтын – баяндауыш, екеуі қосылып барып жырау – дың анықтауышы болады. Өйткені мақтайтын – ның  тек өзі бұл арада анықтауыш емес: мақтайтын жырау десек, мағынасы өзгеріп, өзін өзгелер мақтайтын емес, өзін – өзі мақтайтын Науаш сықылды құдай ұрған болвп шығады» [1.138]. Бұндай құбылыстың себебін М.Серғалиев былай ашады: « Тегінде, бұл қайшылықты үйірлі мүшелерге қатысты емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арақатынасына байланысты есте салған мақұл болар, себебі бұл келтірілген  мысалдың құрмалас та, оның ішінде сабақтас та емес, жай сөйлем екендігін дәлелдеп жату артық болар »[11.87].

         Құрмалас сөйлемге байланысты ғалымның ой – пікірі бағыныңқы сөйлемнің қысқарған және толық түрлерін саралаумен де айқындалып жатыр. Бұл ретте Молданың істегенін істеме, айтқанын істе тәріздес құрылыстарды қысқарған бағыныңқы, ал Егін қайда болса, береке сонда сияқты түрін толық бағыныңқы сөйлем ретінде талдайды [1.108-109].Бұдан да білікті ғалымның жалпы үндевропа тілдеріндегі құрмалас сөйлемге байланысты ілімдерді толық меңгергенін, соларды орайына  қарай қазақ тіліне де пайдалану сыңайын аңғарамыз. Атап айтсақ, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқыларын қысқыаған және толық түрлерінде жүйелеу XIX ғасырдың аяғындағы младограмматикалық ағымның өкілдеріне (А.Х.Востоков, Ф.И.Буслаев, В.А.Богородицкий)  тән сипат еді. Тіл ғылымында жүйелі сабақтастық деген ұғым осындайдан туындайды. Сондай сабақтастықтың бір көрінісін профессор Қ.Жұбанов қазақ тілі материалдарының негізінде дәлелдеп отыр [10.76]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қазақ тіл білімінің  көкжиегінде тұрғандардың бірі профессор Қ.Жұбанов болып табылады. Біздің тақырыбымыз Қ.Жұбанавтың синтаксистік көзқарастарына бағышталған.

         Қ.Қ.Жұбанов – қазақтың тұңғыш прфессоры. Оның ғылыми мұраларын зерделеу барысЫнда біз оның әр ғылым саласынан мол хабары бар, диапазоны кең, әр тараптан білімдар ғалым екеніне көз жеткіздік. Мәселен, ол өз еңбектерінде Н.А.Бодуэн де Куртенэ, Х.Штейнталь. О.Бетлинг, Н.Я.Марр, В.Б.Бартольд, С.Г.Чобан–Заде, Ломоносов, Лавуазэ, С.Малов, т.б. ғалымдардың аттарын айта келіп, өзінің оларға деген сыни көзқарасын ортаға салды.

         Қ.Жұбанов – шын мәніндегі ірі зерттемпаз ғалым. Ол Петербордың Шығыс институтында, одан кейін Яфетидолгия  институтында оқып жүрген кезінде – ақ байқағыштығы нәзік, шығысты жақсы білетін қарымды зерттеуші , лингвист ретінде танылған. Осындай дарын мен қабілеттің арқасында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтында бірнеше жыл қатарынан сабақ берді, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып істеп жүрді. Осы тұс ғалымның кемелдену кезі болып, оны түрлі салдағы ізденістері айқын да, жарқын көріне бастады.

         Жалпы тіл білімі, қазіргі қазақ тілі және түркология саласынан ол оқыған лекциялар тек студенттер ғана емес, қазақ зиялыларының қалың қауымының  назарын өзіне кеңінен аударған еді. Лекциялары түркі тілдерінің қазіргі жайы мен өткенін баян ететін деректергк аса бай келетін. Ежелгі түркі жазбалардың тілін де еркін білетін құлпы тастардағы Орхон – Енисей жазуларының сырына да жетік болатын, оның лексикалық, грамматикалық, фонетмкалық белгілерінің бүге – шігесіне дейін игерген адам еді. Ол – ол ма морфология бойынша « Заметки о вспомагательных и сложных глаголах » атты мақаласы классикалық еңбек болып табылады. Ол өзінің шығармашылығында қазақ тілі мен түркі тілдерінің қыруар құбылыстарын тынымсыз зерттеумен ұштастыруда қол үзбеген. Осы мәселе төңірегінде біздің жұмысымыздың бірінші бөлімінде жан – жақты әңгімеленді.

         Жұмысымыздың екінші бөлімінде біз оның «Жаңа граммматиканың жаңалықтары жайынан» (1936)  ,«Қазақ тілі грамматикасы» (1936), «Қазақ тілінің програмы»(1936), «Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тарихынан» (1936) еңбектерімен таныс болып, ондағы синтаксис объектілері жайлы сөз қозғадық.Қазіргі синтаксистік әдебиеттердегі  ережелер көрсетпекші синтаксистің негізгі объектілері сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлем болғандықтан, біз осы жұмысымыздың негізгі бөлімін аталған үш объектінің негізінде топшылап, тақырыбымызды ашуға талпыныс жасадық.

         Ғалымның синта ксиске қатысты еңбектерімен таныса отырып, оның өзіндік көзқарастарымен таныс болдық. Соны көрсету мақсатында А.Байтұрсыновтың, Қ. Жұбановтың және қазіргі таңдағы сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлемдер бөлінісін келтірулі жөн көрдік.

 

Сөз тіркесі туралы

 

А.Байтұрсынов

Қ.Жұбанов

Осы күнгі грамматика

––

Септес сөздер

Меңгеру

––

Іліктес сөздер

Матасу

––

Жанас сөздер

Жанасу

––

Қабыс сөздер

Қабысу

––

Шақтас сөздер

Қиысу

 

Сөйлем мүшелері туралы

 

А.Байтұрсынов

Қ.Жұбанов

Осы күнгі грамматика

Бастауыш

Бастауыш

Бастауыш

Баяндауыш

Баяндауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Анықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

––

Пысықтауыш

Толықтауыш

Толықтауыш

Толықтауыш

 

Жай сөйлем синтаксисі

 

А.Байтұрсынов

Қ.Жұбанов

Осы күнгі грамматика

Жалаң

Жалаң

Жалаң

Жайылма

Жайылма

Жайылма

Болымды

––

Болымды

Болымсыз

––

Болымсыз

Толымды

Толық

Толымды

Толымсыз

Олқы

Толымсыз

Сұраулы

Сұрау сазды

Сұраулы

Лепті

Леп сазды

Лепті

Тілекті

––

Бұйрықты

Жай (хабарлы)

Хабар сазды

Хабарлы

Іргелес

Иесіз

Жақсыз

 

 

Жақты

 

 

Етістікті

 

 

Номинатитивті

 

Құрмалас сөйлем

 

А.Байтұрсынов

Қ.Жұбанов

Осы күнгі грамматика

Құрмалас сөйлем

Күрделі сөйлем

Құрмалас сөйлем

1.қиысулы

1. салалас сөйлем

1.салалас сөйлем

–жиылыңқы

–ыңғайлас

–ыңғайлас

–қайырыңқы

–ереуіл

–себептес

–айырыңқы

–талғама

–қарсылықты

–қойылыңқы

–себеп–салда

–талғаулы

–бастаыш бағыныңқылы қиысуы

–шарт–жағдай

–кезектес

–толықтауыш бағыныңқылы

2.сабсқтас сөйлем

1.1 іргелес салалас

2. сиысулы

–шартты рай тұлғалы

–мезгілдік

–мезгіл пысықтауы–шының

–бастауыш бағыныңқы

–қарсылықтық

–мекен пысықтауы–шының

–баяндауыш бағыныңқы

–себептік

–сын пысықтауышының бағыныңқысы

–септес бағыныңқы

–шарттық

–себеп пысықтауы–шының

-шақтас бағыныңқы

–теңдік қатнасты білдіретін

–мақсат пысықтауы–шының

–жанас бағыныңқы

–айқындауыштық қатнасты білдіретін

–шарт бағыныңқылы

–қабыс бағыныңқы

–объектіт\лік қатнасты білдіретін

–ереуіл бағыныңқылы

 

–телінбе компонентті

3.қыстырынды

 

–ауыспалы іргелес

4.келтірінді

 

2. сабақтас

5.орамды немесе өрнекті сөйлем

 

–амал бағыныңқылы

 

 

–себеп

 

 

–мезгіл

 

 

 –мақсат

 

 

–үлестес

 

 

–қарсылықты

 

 

–шартты

 

 

–салыстырмалы

 

         Ұлттық филологиямыздың тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың өз кезеңінде қалдырған ғылым таразысына түскен салмқалы пайымдаулары қазірдің өзінде де өзінің нәрі мен мәнін, зәрулігін жоғалтқан жоқ. Кей тұжырымдары классикалық ереженің негізіне өзек болып жатты, енді кейбір айтқан көзқарастары одан әрмен дамуын тапты. Осы ойымыз дәлелді болу үшін біз оның осы күні жалғасын тауып келе жатқан пайымдаударын беруді жөн көрдік.

         Сөз тіркесі бойынша:

1.Профессор Қ.Қ.Жұбанов сөз тіркесінің байланысу формасының етістік негізін қалап берді (жанас, қабыс…)

  1. Сөз тіркесіндегі сөздердің орын тәртібіне тоқталған (анықтаушы сөз анықталушының, толықтаушы сөз толықталушы сөздің алдында келеді) немесе қалыптасқан формадан ауытқыған сөздердің тіркесіне тоқталып, оның қыр – сырын ашуы (күн ұзаққа, адам тағы, Айсұлу, т.б.)

3.Ғалымның сөз тіркесінің байланысуындағы (параллельное) және тізбекті (последовательное) амалдарын көрсету арқылы оның практикалық жағына назар аударғанан байқаймыз. Оны осы күні өз тәжрибемізде бірден – бір тәсіл деп қоданып жүргеніміз хақ. Мәселен, сөйлем ішіндегі сөздерді сөз тіркесіне топтастырғанда қарайтынымыз сөзсіз ( Мен мектепке келдім: мен келдім, мектепке келдім).

  1. Сөз тіркесінің басыңқы бағыныңқылық қасиетін негіздейді ( жетек сөз, жетекші сөз).

Сөйлем мүшелері бойынша :

  1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің ішінде баяндауышқа баса назар аударып, оның негізгі мүше екенін орынды айтып өтеді.
  2. Тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп өзінше топтайды. Оның құрамынан, байқағанымыздай пысықтауыш орын алмайды. Айқындауыш мүшелер деп анықтауыш пен толықтауышты алады. Сөздің сыртқы формасына байланысты оны осы екі мүшенің біріне автоматты түрде бөледі. Қосымшалы түрі – толықтауыш, қосымшасыз түрі анықтауыш болды. Ғалымның бұл бөлінісін қолданысқа енгізбесек те, анықтауыш төңірегінде шешілмей келе жатқан мәселені орынды көрсете біледі.  Әлі күнге дейін оқушылар талдау барысында жанама толықтауыш пен пысықтауыштың ара жігін ажыраталмай, зерттеушілео арасында дау тудырып жүргені белгілі. Сөйтіп, бұл мәселені зерттеу объектісіне ала білудің өзі құптарлық жайт.
  3. Сөйлем мүшелерінің орнын айқындап берді бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш сөйлемнәң аяғында келеді. Айқындауыш ақындауыштың алдында тұрады.
  4. Бірыңғай мүшелерді қолданылу барысында септік жалғау немесе көптік жалғау, тіпті екеуі қосақталған күйі сол бірыңғай мүшелердің құрамындағы соңғы сөзге жалғанатынын ғалым орынды ескерткен.

         Сөйлем бойынша:

1.Сөйлем туралы анықтамасын кейінгі зерттеушілер толықтырып, осының негізінде ереже шығарды. «Аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөзді сөйлем дейміз» [1.151].

  1. Құрмалас сөйлемді алғаш қазақ тіл білімінде салалас және сабақтас деген түрге бөлді.

         Көріп отырғанымыздай бұл ретте қазіргі қазақ синтаксисінің қол жеткен тұрғысынан толықтырулар енгізуге тура келеді. Бұл жайт ғылымның соңына нүкте қойылмайтынын дәлелдей түсті. Қай ғалымның болса да ғылыми мұрасын сөз еткендегі басты мақсат оның жетістіктерін мадақтап, кемшіліктерін көрсету ғана емес, ең бастысы ғылыми ой–пікірдің даму эволюциясын айқындау, теориялық тұжырымдардың динамизіміне көңіл бөлу болып табылады.

         Сөйтіп, біз профессор  Қ.Қ.Жұбановтың синтаксистік көзқарастарымен таныса отырып, оның осы саладағы еңбектері әлі де зерттей түсуді қажет ететінін дәлелдедік.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.–Алматы: Ғылым, 1999.–581б
  2. Сыздықова Р. Ғалым азамат.–Алматы: Қазақстан,1966.–72б
  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.–Алматы:Қазақ ССР–ның «Ғылым» баспасы,1966.–360б.
  4. Жұбанова А.А. Общелингвистическая концепция Х.К.Жұбанова.Дис… канд.фил.наук.–Алматы,1999.–145с.
  5. Миров М.О. Профессор Қ.Жұбановтың ұлттық ғылым тілін жасаудағы рөлі.Фил.ғыл.канд…дис.–Алматы,1999.–134б.
  6. Шалабай Б.Ш. Қ.Жұбановтың синтаксиске қатысты еңбектері // Қ.Жұбанов тағылымы:IV республикалық ғылыми–теориялық конференция материалдары.–Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,2004.–355б.
  7. Сайрамбаев Т.С. Қ.Жұбанов «тіркесімділік» мәселесі хақында // Қ.Жұбанов тағылымы:IV республикалық ғылыми–теориялық конференция матермалдары.–Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,2004.–355б
  8. Қасқабасов С.А. Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі фольклор теориясының мәселелері // Қ.Жұбанов тағылымы:IV республикалық ғылыми–теориялық конференция материалдары.–Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,2004.–355б
  9. Рахметова Р. Сөз тіркесінің кейбір мәселелері туралы // Жұбанов тағылымы. Республикалық ғылыми–теориялық конференция материалдары 4-5 қазан.–Ақтөбе: АМУ, 2002.–278б.
  10. Есенов Қ. Профессор Қ.Жұбанов және қазақ тілінің синтаксисі // Қ.Жұбанов және қазақ совет тіл білімі.– Алматы :Ғылым,1990.–296б
  11. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика.Алматы:Қазақ университеті,1997.–250б.
  12. Уәлиев Н. Қазақ орфографиясының негізгі принципі туралы // Қазақстан мектебі, 1989.№12–65-69бб.
  13. Тектіғұл Ж.О. Қазақ тіліндегі сөздер синтаксисі хақында // Қ.Жұбанов тағылымы:IV республикалық ғылыми–теориялық конференция матермалдары.–Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,2004.–355б
  14. Мадиева Г.Б. К вопросу о синтаксисе имен собственных в трудах Х.Жубанова // Вестник КазНУ. Серия филологическая. 2005 №2.–78-81с
  15. Қоянбекова С.Б. Көрнекті ғалым Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелері жайындағы көзқарасы // Қ.Жұбанов тағылымы:IV республикалық ғылыми–теориялық конференция матермалдары.–Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,2004.–355б.
  16. Оралбаева Н., Маралбаева С. Грамматика ілімінің бастау көздері // Қ.Жұбанов және қазақ совет тіл білімі.– Алматы :Ғылым,1990.–296б.
  17. Дәулетова Б.П. Профессор Қ.Жұбанов сөз тіркесім информативтік – коммуникативтік құрылымы туралы // Қ.Жұбанов тағылымы:IV республикалық ғылыми–теориялық конференция матермалдары.–Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,2004.–355б.
  18. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі.–Алматы:Ана тілі,1992.–246б.
  19. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.–Алматы: Мектеп,1972.–50-51б.
  20. БалақаевмМ., Сайрамбаев Т.С. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі.–Алматы:Білім,2004.–224б.

21 Әміров Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі.–Алматы:Қазақ университеті,2003.–199б.

  1. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис.–Астана.
  2. Омарова А.Қ. Қ.Жұбанов және қазақ тіліндегі етістік мәселелері. Фил. ғыл.канд…дис. –Алматы :2000.
  3. Әуезов М. Ірі оқымысты // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.20 т.–Алматы,1985.–358-362б.

25.Байтұрсынов А. Тіл құрал // Байтұсынов А. Тіл тағылымы.–Алматы:Ана тілі,1992.–141-171б.

  1. Ермекова Т.Н. Қ.Жұбанов атребутивтік, предикаттық қатынастағы тіркестің кейбір ерекшеліктері туралы // Жұбанов тағылымы. Республикалық ғылыми–теориялық конференция материалдары 4-5 қазан.–Ақтөбе: АМУ, 2002.–61-63б.
  2. Копыленко М.М. Проблемы общего языкознание в трудах Х.К.Жұбанова и казахское советское языкознание // Материалы Жубановских чтений, посвешенных проблемам современных гуманитарных наук (1989,1994,1996г.г.)–Актюбинск,1998.–96с.
  3. Әуезов М.О., Кеңесбаев С.К. Основы положник казахской лингвистики // Худайберген жубанов иказахская советское языкознание.–Алма–Ата:Ғылым.1990.–275б.