Жоспар
Әдебиеттерге шолу
І. Қарақұрт биологиясы ……………………………………………………………………………….
1.1. Құрылысы ……………………………………………………………………………………………
1.2. Систематикалық түрлері және таралуы …………………………………………………
ІІ.Қарақұртты зерттеу …………………………………………………………………………………
2.1. Қарақұрт уының құрамы мен қасиеттері ……………………………………………….
2.2. Қарақұрттың шағу себептері ………………………………………………………………..
2.2.1. Қарақұрттың адамдарды шағу жиілігі ……………………………………….
2.2.2. Қарақұрттың шағу мерзімі мен уақыты ……………………………………..
2.3. Қарақұрт уының адам ағзасына әсері …………………………………………………..
2.3.1. Қарақұрт
2.3.2. Балалар мен жүкті әйелдерге қарақұрт уының әсері ……………….
ІІІ. Қарақұрттан сақтану жолдары ……………………………………………………………..
3.1. Емделу ……………………………………………………………………………………………….
3.2. Сақтану және оларды қорғау ……………………………………………………………….
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………………………………
Кіріспе
Өрмекшітәрізділердің қазіргі кезде ғылымға белгілі 60 мыңға жуық түрлері бар. Олардың дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге жетеді. Өрмекшілердің сыртқы пішіні де әр түрлі. Оларға: өрмекшілер, кенелер, құршаяндар, пішеншілер т.б. жатады.
Өрмекшітәрізділердің Uloborus және Hyptiotes туысынан басқа барлық өрмекшілерде улы бездері болады. Улы бездері арқылы өрмекшілер жауынан қорғанып, қоректенеді. Көптеген өрмекшілердің уы адам мен сүтқоректілерге әсер етпейді, бірақ насекомдарға әсері жоғары. Өрмекшілердің уы және одан қорғану шаралары туралы Аристотель, Ксенофонт, Сократ, Цельзус, Диокриттің жазбаларында мәліметтер келтірілген. Улы өрмекшілердің таралу аумағы қазіргі таңда Оңтүстік Америка мен Австралияны қамтиды.
Біздің елімізде кездесетін барлық өрмекшілердің ішінде қарақұрт пен бүйі ғана адам мен жануарлар үшін қауіпті. Қарақұрт Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында мекендейді, халық арасында оны «қара жесір» деп атап кеткен. [5]
Қарақұрттың сопақша пішінді құрсағының үстіне 3 қатар болып 13 ақшыл дақтары біртіндеп қызыл түске айналады. Аталығының құрсағындағы дақтар қызыл, айналасы ақ сызықпен көмкерілген. Аталығы аналығынан едәуір кіші болады. Аналығы 9 рет түлегеннен кейін құрсағындағы дақтар жоғалып, қызғылт-сары түсті жіңішке сызықшалар қалады. Қарақұрттың аналығы ұрықтанғаннан кейін өз аталығын жеп қояды. Адам және жануарлар үшін ең қатерлісі-аналық өрмекші. Қарақұрт тышқанның індерінде, ескірген арықтар мен жусанның түбінде тығылып жатады.[12]
Ең алғаш қарақұртты американдық ғалым Кастон қарақұрттың 3 түріне толық сипаттама беріп, L. Mactans туысына жатқызған. Қазіргі таңда қарақұртты жіктеу сол күйде қалған. Табиғатта қарақұрттың 3 түрі болады: оңтүстік америкада кең таралған оңтүстік америкалық қарақұрт (L. mactans), солтүстік қарақұрт (L. variolus) және батыстық қарақұрт (L. hesperus). Оңтүстік америкалық қарақұрт АҚШ-ң оңтүстік-шығыс бөліктерінде, яғни Флоридадан Нью-Йоркке дейінгі аралықты қамтиды. Батыста Техаста, Аризонада, Оклахома штаттарында аздап таралған.
Қарақұрттың аналығы маусым, шілде айларында қызғыл-сары түсті, алмұрт пішінді, мөлшері 7-15 мм пілләнің ішіне 50-ден 600-ге дейін жұмыртқа салады. Қарақұрттың бір жұмыртқасының салмағы 0,8-0,9 мг. Қарақұрт шаққан адамның аяқтары жансызданып, кеудесі қысылып, ауа жетпейді, көзі қызарып, тершеңдік басады, адам өзін қоярға жер таппай дөңбекшиді. [21]
Қарақұрт шаққан жерде 1-2 мм шамасындағы екі тесік қалады. Ол жер ісімейді, отқа күйгендей күлдіреп қалады. У денеге таарлып кетсе, бұлшық еттер қатты тартылып ауырады, адамның тыным алуы ауырлайды, қан қысымы көтеріліп, қатты терлей бастайды. Бас ауырып, дене қимылы әлсірейді. Қарақұрттың уы
Әдебиетерге шолу
Қарақұрт жайлы алғашқы дерек КСРО кезінде ХІХ ғасырдың аяғында жинала бастады. Гмелин мен Паллас Каспий маңы мен Волганың маңындағы аймақтарда мекен ететін улы өрмекші — қарақұртқа қысқаша сипаттама берген. Сонымен қатар осы жылдары қарақұрт Подолия, Одесса, Волга өзенінің төменгі ағысындағы аймақтарда, Сареп, Қырымда кездесетіндігі анықталды.
Азия өлкесінде қарақұрт туралы алғашқы деректер Федченмен байланысты. Ол қарақұрттың Түркістан мен Жетісу өлкесінде кездесетіндігін анықтаған. Финш қарақұрттың Түркістан мен Балқашта кездесетіндігін, ал Влангали оның Зайсанда мекен ететіндігін айтқан. Қарақұрт шаққан адамдағы болатын ауру симптомдары және оны емдеу жолдары ең алғаш И.Н.Шатиловпен тікелей байланысты (1866 ж). Қарақұрт шаққан адамның өлімі жайлы деректі 1897 жылы В.П.Засимович алғаш жеткізген. [6]
Қарақұртты елімізде зерттеп, ол туралы көптеген еңбектер жазған К.Н.Россикова және П.И.Мариковский. Олар жекелей улы өрмекшінің биологиясын, тіршілік ету ареалы мен өмір сүру ерекшелігін, токсикологиясын зерттей келе көптеген монографиялар жазған. И.П.Мариковский бүйі мен қарақұртты қатар зерттей отырып, оның уының адам организміне әсерін өзін шақтыру арқылы сипаттап толық жазған. 1899 жылы Түркістан аймағына арнайы экспедиция қарақұртты зерттеуге шығады. Қарақұрттың биологиясын зерттей келе олар оған қарсы күрес шараларын қарастырады. Бұл экспедицияның нәтижелері К.Н.Россинкованың монографиясында толық жазылған.[9]
1903-1907 жылдар аралығында орыстың әйгілі оқымыстылары А.Щербина мен С.В.Констансов әлемде алғаш болып қарақұрттың уына қарсы сарысу жасады. Осы сарысу жасалынғаннан кейін қарақұртты зерттеу біршама уақытқа тоқтап қалды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарына қарай қарақұрттың уының интоксикациясын сипаттап Коровников 1926 жылы кітап жазды. 1926 жылы шыққан А.А.Финкель өз кітабында қарақұрт уын қайтару жолдары мен емделу шаралары, қарақұрттан сақтану жолдарын жазған. М.З.Лукьянчиков және Е.М.Компаниец қарақұрт уын алкогольмен емдеу жолдарын еңбектерінде жазған. [3]
ХХ ғасырдың аяғына қарай М.И.Максианович қарақұрттың уының иммунобиологиялық қасиетін зерттейді. А.А.Финкель, И.И.Мошковский, А.М.Охотина, Е.М.Компаниец қарақұрттың уының адам ағзасына әсерін түсіндірген.
Қарақұртты зерттеуде ғылымға көп еңбек сіңірген П.И.Мариковский. Қазақстанның шөлді далалы аймақтарына арнайы экспедицияларға шығып, оның тіршілік әрекетін зерттей келе 10-нан астам еңбектер жазды. Соның ең алғашқысы 1947 жылы шыққан «Ядовитый паук каракурт». Осы еңбегінде қарақұрттың сыртқы пішіні мен морфологиясын, оның түлеу мерзімі мен көбеюіндегі ерекшеліктерді, тіршілік әрекеттерін толық сипаттап жазған.
Мариковский «Ядовитые паукообразные каракурт, тарантул, скорпион» еңбегінде қарақұрт пен басқа да өрмекшітәрізділердің тіршілік әрекеті мен олардың уының адам организміне әсерін жеке зерттей келе, әрқайсының ерекшеліктерін атап көрсеткен. П.И.Мариковскийдің деректерінде қарақұрттың сан-қилы мінез-құлқын, қаншалықты пайда-зиянын және одан сақтану жолдарын жан-жақты толық зерттеген.
Г.П.Мирзоян мен А.А.Антонян удың мидың бөліктеріне әсерін, нерв жүйесіне әсерін зерттеді. [18]
1944 жылы А. И. Кузнецов қарақұрттың уының жүйке жүйесінің жұмысын тежеп, жұлынның қызметінің бәсеңдеп, адамда дел-салдылықтың тууын вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылуымен сипаттаған.
С.Н.Орлов жүйке жүйесіндегі өзгерістерді медиаторлардың қорының таусылуына байланысты деп деректер айтқан. Онда жүйке жүйесінің ұштары синапстар бір-бірімен жанаспай ми мен жұлын арасындағы байланыс үзіледі. Сол кезде жүйке және бұлшықет жүйесінде тітіркенулер пайда болып, олар орталық жүйке жүйесіне бағынбайды. Бұлшықет және де басқа органдарға ешқандай сигнал келмей, адам есінен танып қалады.
Қарақұрттың уынан адамда болатын ауру симптомдарын Кольво және оның шәкірттері қандағы өзгерістерге байланысты деп түсіндірді. Қанда рениннің мөлшерінің шамадан тыс артуының есебінен ағза өзгеріске ұшырайды деп дерек келтірді. Веноздық қысымның жоғарлауы, гипермия және инъекциялық өзгерістер болып, қанда перифериялық өзгерістер болады деп түсіндірді. [22]
И. И. Мошковский и А. И. Охотина 1945 жылы қарақұрт уы адамға гуморальдық жолмен жолмен әсер етеді, ең бірінші адреналиннің қандағы мөлшерден тыс бөлінуі және жүректің шамадан тыс қатты соғуы, жүрек, қан-тамыр жүйесінің бұзылуымен сипаттаған.
1956 жылы Волард удың құрамын анықтап, зақымданған ұлпадан гистомин, серотонин, кининнің бөлініп шыққанын байқаған. Волард қарақұрт уын Lox. Laeta деп атап, патоморфологиялық талдау жасаған. Ол қарақұрт шаққан соң адамның бүйрегі мен бауырының дегенерациясын, қан – тамыр жүйесінің кеңеюін, қан құйылуын сипаттап жазған.
П. И. Мариковский 1956 жылы мидың қан тамырларының кеңеюін, мидың қабығының қабынуын, мидағы пайда болатын көпіршіктер және қанның жүйесіз ағуын, ішекте артық газдың пайда болып, қалдық заттардың жиналуымен сипаттаған. [9] Көптеген әдебиеттерде қарақұрт көбінесе түнгі уақытта шағады деген пікірлер бар (Засимович, 1897ж; Марциновский 1984ж; Павловский 1995ж). Көрнекті ғалым П.И.Мариковскийдің мағлұматы бойынша қарақұрттың шағу мерзімі 80 пайызға жуығы түнде болған. Себебі, қарақұрттың түнде миграция жасап, адамдардың төсегіне абайсызда кіріп, шағуы негізделген. Қарақұртты Қазақстанда қазіргі таңда зерттеуші ғалым А.А.Громов зертеу жүргізген. Оның келтірген мәліметтері бойынша қарақұрт 174 адамды шаққан, оның 107 яғни, 61,4% адамдарды қарақұрт түнде шаққан. С.Н.Орлов жүйке жүйесіндегі өзгерістерді медиаторлардың қорының таусылуына байланысты деп деректер айтқан. Онда жүйке жүйесінің ұштары синапстар бір-бірімен жанаспай ми мен жұлын арасындағы байланыс үзіледі. Сол кезде жүйке және бұлшықет жүйесінде тітіркенулер пайда болып, олар орталық жүйке жүйесіне бағынбайды. Бұлшықет және де басқа органдарға ешқандай сигнал келмей, адам есінен танып қалады.
Қарақұрттың уынан адамда болатын ауру симптомдарын Кольво және оның шәкірттері қандағы өзгерістерге байланысты деп түсіндірді. Қанда рениннің мөлшерінің шамадан тыс артуының есебінен ағза өзгеріске ұшырайды деп дерек келтірді. Веноздық қысымның жоғарлауы, гипермия және инъекциялық өзгерістер болып, қанда перифериялық өзгерістер болады деп түсіндірді. [15]
И. И. Мошковский и А. И. Охотина 1945 жылы қарақұрт уы адамға гуморальдық жолмен жолмен әсер етеді, ең бірінші адреналиннің қандағы мөлшерден тыс бөлінуі және жүректің шамадан тыс қатты соғуы, жүрек, қан-тамыр жүйесінің бұзылуымен сипаттаған.
Қарақұрттың көзге әрең ілінетін бір тамшы уы, санаулы минут ішінде төрт есекті өлтіруге күші жетеді. Қарақұрттың шағуы жайлы деректер ерте кезден-ақ белгілі. Көптеген әдебиеттерге көз салатын болсақ онда қарақұрттың қара жұмысшыларды шағу себептері жиірек. Себебі, қарақұрт егістік жерлерде, кең жайылымдарда тіршілік етеді. Шатиловтың 1996 жылғы мәлімдемесі бойынша егістік жерде шағу себептері жиірек. Ал А.Ф.Коровников және автсралиялық ғалымдар қарақұрттың тұрғын үйде шағуы туралы деректер келтірсе, А.В.Гизжицкий шайхана мен дәретханада қарақұрттың шағуын мысалмен келтірген.
П.И.Мариковскийдің деректері бойынша қарақұрттың өте қауіпті және шағуға белсенді екі кезең аралығында сипатталады: маусым айының ортасы мен шілде айының ортасы. Бірақ Мариковский қарақұрттың шағу қаупі оның мерзіміне байланысты емес, оның географиялық ортасы мен экологиясына байланысты деп түсіндірген. [25]
Ұрғашы қарақұрт жүрген кезінде екі өрмек талшығын соңынан сүйретіп отырады. Талшығына әр түрлі заттар жабысса, оны тар жерлерден өтіп, «сыпырып» тастайды. Бұның өзіндік себебі бар. П.И.Мариковский бақылауы бойынша, бұл «жіптер» еркек өрмекшілердің оларды тез табуына көмектесетін өзіндік «ізбелгі». Міне осы жіптің көмегімен еркек қарақұрт оны бірден тауып шағыласады. Бірақ та шағылысу аяқталысымен ұрғашы қарақұрт еркегін бірден өлтіріп жеп қояды. Осылайша қалыптасқан инстинкт бойынша шілде айында жер бетінде тек қана ұрғашы қарақұрттар қалады. Міне, сондықтан да елде қарақұртты «қара жесір» деп атап кеткен.
Е.А.Волянская Одесса өлкесінде қарақұрттың таралуын және оның биологиясын зерттеген ғалым. Ол қарақұрттың Одесса өңіріндегі шағу қаупі тек қана маусым айында ғана болады деп түсіндірген.
Қарақұрттың 1970 жылға дейін тек қана бір түрі бар деп қарастырылған. Американдық ғалым Кастон қарақұрттың 3 түріне толық сипаттама беріп, L. Mactans туысына жатқызған. Қазіргі таңда қарақұртты жіктеу сол күйде қалған. Табиғатта қарақұрттың 3 түрі болады: оңтүстік америкада кең таралған оңтүстік америкалық қарақұрт (L. mactans), солтүстік қарақұрт (L. variolus) және батыстық қарақұрт (L. hesperus). Оңтүстік америкалық қарақұрт АҚШ-ң оңтүстік-шығыс бөліктерінде, яғни Флоридадан Нью-Йоркке дейінгі аралықты қамтиды. Батыста Техаста, Аризонада, Оклахома штаттарында аздап таралған. Оңтүстік америкалық қарақұртты қазіргі таңда австралияда қызыл қарақұрт деп атайды. Себебі оның сыртқы хитинді жабынында ересек формаларында қызыл дақтар көптеп пайда болады да, қара түсі мүлдем көрінбей қалады. Автралияның барлық аймағында таралған, 3 түрдің ішіндегі ең улысы осы қызыл қарақұрт болып есептеледі. Оңтүстік америкалық қарақұрт қарақұрттардың ішіндегі ең белсендісі және ашулысы болып табылады. Оның уы басқа түрлеріне қарағанда күштірек. Адамды шаққанда жедел көмек көрсетпесе өлімге душар етеді.[8]
Қарақұрттың адамның жасына сай шағу жиілігін әдебиеттерге шолу жасағанда байқалмады. Тек қана Россинкованың мәлімдемесі бойынша Қызылорда облысындағы қарақұрт шаққан адамның 10 пайызға жуығы балалар болған.
Көптеген әдебиеттерде қарақұрт көбінесе түнгі уақытта шағады деген пікірлер бар (Засимович, 1897ж; Марциновский 1984ж; Павловский 1995ж). Көрнекті ғалым П.И.Мариковскийдің мағлұматы бойынша қарақұрттың шағу мерзімі 80 пайызға жуығы түнде болған. Себебі, қарақұрттың түнде миграция жасап, адамдардың төсегіне абайсызда кіріп, шағуы негізделген. Қарақұртты Қазақстанда зерттеуші ғалым А.А.Громов зертеу жүргізген. Оның келтірген мәліметтері бойынша қарақұрт 174 адамды шаққан, оның 107 яғни, 61,4% адамдарды қарақұрт түнде шаққан. [6]
Қарақұрт жайлы жазылған әдебиеттерге шолу жасасақ, онда қарақұрттың адамдарды әр түрлі жерлерден шаққандығын байқаймыз: мойын, арқа, бел, аяқ, бет т.б. Біз зерттеген мәліметтер бойынша шаққан 190 адамның 29,9 % дененің жоғарғы бөлігін, 38,4% дененің төменгі бөлігін шаққан. Адамның оң иығы мен сол жақ иығын бірдей шаққаны байқалған. Иықты шаққан соң адамның қолы да жарамсыз болып табылады. Барлық шағылған жердің ішінде басқа 6,8 % үлесіне тиді, барлығы да оң жақ бетке тіркелген. Қарақұрт шаққан адамдардың ішінде 21,2% шағу жері әр түрлі болған. Оның ішінде ең көбі иық пен жамбасқа тиесілі, себебі түнгі ұйқы уақытында адамдардың көрінетін жері және да ашық қалатын жері осы дене бөліктері.
Қарақұрт шаққаннан уақыттан 20-40 минут өткеннен кейін дене қызуы көтеріліп, адам денесі біресі суықтап, біресе ыстықтайды, қалтырайды; кеуде қуысында ауырсынулар пайда болып, іш ауырып, бүкіл денені ыстық басқандай болады. Адамда бірден әлсіздік сезіліп, өз еркімен қозғала алмай қалады. Дем алуы қиындай түседі. Қан тамыр соғысы жиілеп, жүрек жұмысы біресе күшейіп, біресе азаяды. Алдымен қан қысымы жоғарылайды. Зәрдің тоқтауы байқалады. Кейбір ауырған адамдарда жұтыну қиындай түсіп, сілекейі ауызынан шығып кетеді. Кейін, 4-5 сағат өткен соң адамның жүрегі айнып құсады, іштегі қалдық заттар сыртқа шығарылмай, жиналғаннан іште түйінделген аурулар пайда болады. Тіл ылғалданып, үстінде ақ қаңылтақ дақтар пайда болады. Адамда эмоциялық ауытқу пайда болып, өлімге деген қорқыныш, үрей пайда болады. [7]
І. Қарақұрт биологиясы
1.1. Құрылысы
Өрмекшітәрізділер (Аrachnida) – омыртқасыздардың бір класы. Бұлардың қазба қалдығы жоқ. Силурдан белгілі, ал карбонда өрмекшітәрізділердің осы кезде тіршілік ететін отрядының өкілдері табылған. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін жетеді. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар. Жиі кездесетін отрядының бірі – өрмекшілер (Аrаnеі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі.
Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында мекендейтін, атынан –ақ адам сескенетін улы өрмекші-қарақұрт Lathrodectus tredecim- guttatus тұқымдасына жатады. Денесі шағын: ұрғашысының тұрқы 10 – 20 мм, еркегі 4–7 мм, түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Қарақұрттың сопақша пішінді құрсағының үстіне 3 қатар болып орналасқан 13 ақшыл дақтары біртіндеп қызыл түске айналады. Аталығының құрсағындағы дақтар қызыл, айналасы ақ сызықпен көмкерілген. Аталығы аналығынан едәуір кіші болады. Аналығы 9 рет түлегеннен кейін құрсағындағы дақтар жоғалып, қызғылт-сары түсті жіңішке сызықшалар қалады.
Ұрғашы қарақұрттың денесі қара барқыт өңдес, құрсағының ұш жағы бір ақшыл түсті ноқатпен және бір не екі қызғылт жолақпен көмкерілген. Кей кездерде бұл нүктелерде қызғылт жолақтың болмауы да мүмкін. Мұндайда ол бірыңғай қара түсті болып көрінеді. Ұрғашы өрмекші деенсі 1,5-2 см. Құрсағы шар тәрізді дөңгеленіп келеді де, артқы жағында өрмек тоқитын «аппараты» білініп тұрады. [9]
Қарақұрттың еркектері дене тұрқы жағынан ұрғашыларынан көп өзгешеліктері бар. Денесі небәрі 1 сантиметрдей. Жинақы және сопақтау келген құрсағы оны ұрғашы қарақұрттан мүлде өзгеше етіп көрсетеді. Оның қозғалысы да жылдам. Дене түстерінде де өзгешеліктер болады. Үстіңгі жағынан қарағанда ақшылдау тартқан жауырындағы қан қызыл ноқаттары бір қарағанда оны көзтартарлықтай әдемі етіп көрсетеді. Маңғыстаудың шөлді және далалы аймақтарында кездеседі.
Қарақұрттардың денесі кутикула қабатымен қапталған, құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: астыңғысы – өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды клеткалардан құралған гиподерма – тері қабаты және гиподерма клеткалардың бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған – нағыз кутикула қабаты. Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподермамен жанасып жататын – эндокутикула. Содан кейін экзокутикула және эпикутикула. Эпикутикула ең жоғарғы қабат, липидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі ылғалды сыртқа шығармай, жануарды кеуіп кетуден сақтайды. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және түс беретін ферменттерге бай, сондай – ақ олардың құрамында хитин заты көп. Қарақұрттардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин – өспейтін, созылмайтын, ешбір қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин – (французша chitine, chiton — грекше – тері, қабық) деген терминді, насекомдардың қатты кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз ғалымы Л.Одье ұсынды. Хитин – полисахаридтер тобындағы табиғи қосынды, ұзын полимер бір –бірімен β-1,4 гликозоидты байланыстармен жалғасқан, N-ацетилглюкозаминдерден тұрады. [17]
Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің қаттылығын қамтамасыз етіп, қорғаныш және тірек қызметін атқарады. Хитинді тек хитиназа, лизоцим ферменттері ғана N-ацетилглюкозаминдерге дейін ыдыратады. Олар кейбір бактерияларда, топырақ амебаларының ас қорыту ферменттерінің арасында, кейбір ұлуларда және буынаяқтыларда түлеу кезінде табылды.
Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты қарақұрттардың денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы ішкі секреция эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері экдизон деген затты бөліп, сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула жарылып жануар ескі жабындысын тастап түлеп шығады да, денесі бірнеше сағат ішінде жылдам өсіп, кутикуласы қатайып. Осы қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақ немесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп атайды. Олар орналасуына қарай дорза немесе үстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, вентра немесе төменгі стернит деп аталатын және екі бүйіріндегі – плейриттақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшалар арқылы бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптеген қылтан тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларға бұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, қарақұрттардың хитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қаңқасы болып, ішкі ылғалды сыртқа шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден қорғайды, әрі тірек қызметін атқарады.
Қарақұрттың бас пен кеуде сегменттері бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі баскеуде және құрсақ бөлімінен тұрады. Басы акроннан және төрт сегменттен тұрады. Акронда сезім мүшелері және бірнеше қарапайым құрылысты көзшелері орналасқан, антеннасы жоқ. Акронға денесінің төрт сегменті қосылып бас бөлімін құрайды. Бас бөлімінің осылайша қалыптасуын цефализация деп атайды. Қарақұрттың басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау, майдалау, шайнау қызметтернін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ мандибула және астыңғы жақ – максилла І-ші мен максилла ІІ-ші. Максилла ІІ-ні астыңғы ерін деп атайды. [20]
Қарақұрттың аяқтары жіңішке, әрі әлсіз, яғни жер бетінде жүруге бейімделмеген. 4 жұп аяғы болады. Аяқтарының бірде бірінде бұлшықет болмайды. Себебі, өрмекші бір орыннан екінші орынға қозғалу кезінде өзіндегі сұйықтық қысымның (гидравликалық) механизмі көмегін пайдаланады. Қозғалған кезінде қарақұрттың аяқтарындағы қысым бірде артып, бірде кеміп, үнемі ауысып отырады. Ол сұйықтық — қан. Оның есесіне өрмек торында жақсы қозғалады. Өрмекшілерге тән тор тоқып, кокон жасайды. Аяқтары әр түрлі қызмет атқарса, екінші және үшінші жұп аяқтары өрмек-торларға жабысып жүру қызметін атқарады, ал ең күшті жетілген артқы жұп аяғымен өрмек тоқиды, кокон жасайды, жемтігін ұстайды.
Өрмекшітәрізділердің арғы тегінің тері-бұлшықет қапшығы барынша жіктеліп, бөлініп, шоғырланған бұлшықеттерге айналған. Олар көлденең жолақты, жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозғалысқа келтіреді, ұштарымен хитинді кутикуланың ішкі өсінділеріне тіркелген. Қарақұрттың дене қуысы аралас немесе миксоцель. Ұрықтың даму кезінде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целлом пайда болады да, кейін целломның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, екінші реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдық сұйығымен араласады да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі – тірек, тасымалдау, қоректік қор жинау. [6]
Қарақұрттың ас қорыту жүйесі – эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі әдетте кеңейген, кутикуламен астарланған және күшті бұлшықеттермен қапталған, сұйық асты соруға бейімделген (насостың қызметін атқаратын) жұтқыншақ пен қарыннан тұрады. Алдыңғы ішекке шырыш бөлетін жұп сілекей бездері ашылады. Осы бездердің және бауырдың ферменттерінің белокты ыдырату қабілеттері жоғары. Қарақұрт өзінің өлтірген жемтігінің денесіне осы бездердің сөлін жібереіп, қоректі ішектен тыс қорытады да, кейін қорытылған сұйықтандырылған қоректі сорып алады. Осылайша, қорытылған қорек жұтқыншақ пен қарын арқылы ортаңғы ішекке түседі. Ортаңғы ішектің құрсақтағы бөлігіне бауырдың өзектері ашылады, ол ас қорытатын ферменттерді бөледі және қоректі сіңіруге көмектеседі, сонымен қатар бауыр клеткаларының ішінде ас қорыту прцестері жүреді. Ортаңғы ішектің тұйықталып аяқталатын тармақтары, өздерінің сілекей шығару әрекетімен қатар ішектің сорғыш беттерін кеңейтіп, асты сіңіруне көмектеседі. Артқы ішегі аналь тесігімен сыртқа ашылады.
Қарақұрттар қоректі көп қажет етпейтін жәндіктер. Ыңғайға келген жәндіктермен қоректене береді. Сонымен бірге олар аштыққа да шыдай береді. Мысалы, лаборатория жағдайында олар 3 ай бойы қорексіз және сусыз тіршілік еткені тіркелген.
Торға түскен жәндіктерді (шыбын, маса, көбелек т.б.) өрмектегі хабаршы «жіптің» тербелісінен сезген өрмекші жәндікке жақындап, оны өрмек «жібімен» шырмап қояды. Біраз уақыт өткен соң өрмек «жіптен» босатып, үстіңгі жағымен жәндіктің денесіне уын жібереді. Қарақұрттың улы бездері басында орналасқан. Улы бездерінің өзегі аузының үстіңгі жағына ашылып, улы сұйықтық ас қорыту сөлімен араласып, шыбынның денесіне құйылады. Удың әсерінен жәндіктің денесі ыдырап, алдын ала қорытылған қоректі өрмекші сорып қоректенеді. Жәндіктің тек хитинді қатты қабықтары ғана қорытылмай қалады. Қарақұрт ондай қалдықтарды өрмек торынан түсіріп тастайды. Егер өрмек торына түкті ара сияқты аса үлкен жәндік түссе, қарақұрт аш болса да «жіптерді» үзіп, жәндікті босатып жібереді. Өрмек тордың үзілген жерлерін өрмекші қайтадын жалғап, бұрынғы қалпына келтіреді. Сонымен, қарақұртқа қажетті қорек заты алғашында өзінің қарнында қорытылмай, ағзадан тыс жерде қорытылады.
Зәр шығару жүйесіне Мальпиги түтікшелері және коксальды бездері жатады. Мальпиги түтікшелері энтодермальды ортаңғы ішектен пайда болып, ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында орналасып, бір жағы тұйықталып екінші жағымен ас қорыту жолына ашылады. Олар жалпақ эпителий қабатымен астарланған, клеткаларында және түтікше қуысында көптеген гуанин дәндері болады. Гуанин қарақұрттың зәр шығаруының негізгі өнімі, сыртқа сұйық түрінде емес, құрғақ кристалл түрінде шығарылады. Бұл құрлықта тіршілік етуіне байланысты ішкі ылғалды үнемдеуге бағытталған. Мальпиги түтікшелері тек ересек түрлерінде ғана болады. [14]
Коксальды бездер мезодерма клеткаларынан пайда болады, олар өрмекшілердің ұрығында және жас кезінде жетіліп, ересек түрлерінде біршама жоғалады. Коксальды бездер баскеуденің 2-ші сегментінде орналасқан, түрі жұп қапшық тәрізді. Эпителилі қапшықтан ілмек тәрізді бұрандалған түтікше шығады да, ол зәрлі қуыққа айналып, зәр шығару тесігімен аяқталады. Олар 3-ші немесе 5-ші жұп аяқтарының түбінде сыртқа ашылады. Эпителийлі қапшық целомодуктаның кірпікшелі воронкасына сәйкес болып келеді.
Қарақұрттың тыныс алу мүшелерінің екеуі де, яғни жапырақты өкпе қапшығы мен трахеялар) кездеседі. Олар – құрсақ бөлімінде орналасқан жұп өкпе қапшығы және сыртқа екі стигмамен ашылатын жұп трахея шоғыры. Қарақұрттардың өкпесі және трахеясы бір-біріне байланыссыз пайда болған. Өкпе қапшығы күмәнсіз ертеде пайда болған мүше. Өкпенің эволюция барысында қалыптасуы, түрі өзгерген құрсақ желбезек аяқтарымен байланысты деп есептеледі, ал олар өрмекшітәрізділердің суда тіршілік еткен арғы тегінде болған және олар семсерқұйрықтылардың желбезекті құрсақ аяқтарына ұқсас. Әрбір осындай аяқ дененің ішіне қарай бата орналасқан. Аяқтарының бүйір жағы денеге жабысып, өседі. Өкпе қабырғаның алдыңғы бөлігі – аяқтың негізінен, ал өкпе жапырақшалары арғы тегінің құрсақ аяқтарының пайда болған деп болжамдайды. [25]
Қарақұрттың кеңірдектері өкпе қапшығынан тәуелсіз пайда болған. Олар эктодермальды, дененің сыртқы хитинді кутикуланың ішке қарай жымырылып кеткен өсіндісі болып табылады. Трахея түтікшелері хитинді кутикуламен астарланған.
Қан айналу жүйесі ашық. Өрмекшінің жүрегінің құрылысы біршама қарапайым. Жүрегі қысқарған, алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның 3-4 жұп остиялары (саңылаулары) болады. Жүректің тек алдыңғы жағынан қолқа тамырлары шығады. Жүректің әрбір камерасының бүйірінен жұп артериялар тарайды да, олардың соңғы тармақтары үзіліп, гемолимфа лакуна, синус жүйесіне құйылады. Синустардан лакуналардан жиналған гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына, одан кейін остиялары арқылы жүрекке құйылады. Құрақұрттың гемолимфасының құрамында тыныс алу пигменті – гемоцианин болады.
Нерв жүйесінің құрылысы буылтық құрттардыкыне ұқсаса, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға бағытталған. [7]
Миы екі бөлімді: алдыңғы – протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум. Мидың аралық бөлімі барлық хелицералыларда жойылған, себебі оларда антенналары жоқ. Қарақұрттарда бүкіл нерв тізбегіндегі ганглиялары баскеуде ганглиясына бірігіп кеткен. Нерв жүйесі бұларда өңештің айналасында тұтас түйінді сақина жасайды.
Сезім мүшелері жақсы жетілген және әр түрлі. Қарақұрттардың педипальпаларындағы ретімен орналасқан түктері механикалық әсерлерді қабылдайды. Ауа тербелістерін сезетін арнайы түтіктер – трибактериялар педипальпаларында, аяқтарында және дененің жоғарғы жағында, ал химиялық өзгерістерді сезетін және иіс сезу қызметін атқаратын лира тәрізді мүшелері кутикулада шағын саңылаулар түрінде орналасқан. Олардың түбіндегі жарғақшалардан нерв тплшықтары торлап жатады.
Көздері қарапайым, баскеуденің дорзальды жағында әдетте 8 көздері 2 доға түрінде орналасқан, алдыңғы доғаның ортаңғы көздері басқаларына қарағанда ірілеу келеді. Өрмекші бір-бірін 20-30 см қашықтықтан көре алады.
Қарақұрттардың улы және усыз бездері гиподерма клеткаларынан пайда болған. Улы бездері хелицералардың түп жағында орналасып, сыртқа хелицера тырнағының ұшында ашылады. Қарақұрттың улы бездері ерекше орын алады. Олардың құрған торына түскен жәндік қанша тулағанымен у бойына дарысымен көп ұзамай сірейіп қалады. Сондықтан улы без табиғаттың бұл өрмекшіге берген сыйы болып табылады. Әйтпесе ірі сона-аралар тордың жіңішке жіптерін оп-оңай үзіп кетер еді… Өрмекшілердің жер бетінде көп таралуының бір себебі осы улы бездерінің әсері болуы ғажап емес. [6]
Қарақұрттың торы – салмақты көтеретін жіп-жіңішке жіптерден және осы жіптердің үстінен жүргізілген спираль тәріздес жабысқақ, ұстап алатын жіпшелерден және тордың жіптерін бір-біріне біріктіретін байланыс жіптерінен құралады. Бір тор құрау үшін, қарақұрттың денесінде тігін фабрикасы сияқты жұмыс атқаратын тарақтардың, химиялық элементтерді өңдейтін лабараторияның және басқа да көптеген өндіруші ағзаның болуы қажетті.Барлық өрмекшінің денесінде, өте күшті қорыту секрециясын өндіретін мүшелер, ең сезімтал тербелістерді сезетін сезім мүшелері, у инъекциясын жасайтын мықты қысқыштар бар. Өрмекшілер, торларындағы тербелістерге қарсы өте сезгіш болып келеді. Қарақұрттың артқы екі аяғының міндеті – өндіріліп шығарылған жіпшелерді өру. Бұл аяқтарында жіпшелерді өруге қажетті ерекше тарақтары болады. Өрілетін жердің үсті жүздеген өру түтіктерімен жабылған. Осы түтіктердің көмегімен қарнындағы жібек бездерінен бөлінген сұйық жібек, дененің сыртына шығарылады да, жіпшелер күйінде өріледі. Қарақұрт торларын ауламақшы болған жәндігінің көлеміне қарай өреді. Өрмекшілер өздері үшін өте қадірлі болған торларын әдетте таса жерлерде құрады. Мұның себебі – жануарлар немесе табиғат құбылысы тарапынан тордың бұзылуының алдын алу Өрмек бездері құрсақтың төменгі жағында орналасып, сыртқа өрмек сүйелдерінің төбесінде ашылады. Өрмек бездерінің пішіні алмұрт тәрізді болады. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды қарақұрт тор құру, ұстап алған жемтігін сорып тастау, жұмыртқа пілләсін орау үшін қолданады. [8] Өрмек жібі желім тәрізді жабысқақ, созылмалы, жылтырап тұрады. Жабыспайтын құрғақ өрмек жібі де болады. Өрмек жібі жабысатын және жабыспайтын құрғақ жіптер болып бөлінеді. Қарақұрттың құрсақ бөлімінің ұшындағы өрмек сүйеледерінде 3 жұп ұзынша жабысқақ жіп құмыра пішінді 2 жұп өрмек безінен бөлінеді. Безден жіңішке хитинді түтікшемен сыртқа бөлінетін сұйықтықтың құрамында нәруыздар көп болғандықтан ауада тез қатаяды. Өрмек жібі өте мықты, ол тез арада үзілмейді. Бір жұп безден – мықты жуандау жіп, екінші жұптан – жабысқақ жіп, ал үшінші жұп безден нәзік жібекке ұқсас жіп бөлінеді. Қарақұрт өзі тоқыған өрмек торда еркін қозғалады, оның жабысқақ жіпке жабыспай жүруіне аяқтарының ұштарындағы тырнақшалары көмектеседі. Оған қоса қарақұрттың аяқтары да тор жіптерін иіретін өте епті құрал қызметін атқарады. Өрмек жібі қарақұрттың өмірінде негізгі рөл атқарады. Шынында өрмекшіні торсыз көзге елестету мүмкін емес. Оның бар «өмірі» өрмекпен біте қайнасқан. Өрмек оған үй де, қорегін ұстайтын қақпан да, жауынан қорғанатын құрал да бола алады. Осында тіршілігінің жалғасы – ұрпағын да дүниеге келтіріп, тәрбиелейді. Мысалы, олар осы өрмек талшықтарынан ерекше қуыс қалта тәрізді үйшік немесе піллә тоқиды. Піллә – оның баспанасы бола тұра, сонымен қоса жұмыртқасын кеуіп кетпеуден, түрлі механикалық соққыдан, жауларынан, тіптен ауру тарататын бактерия мен саңырауқұлақтардан сақтап, қорғап тұрады. Ғалымдар өрмек талшықтарының құрамында түрлі ауруларға қарсы антобиотиктер барын анықтаған. Демек, өрмек тор – қарақұртты сыртқы ортамен байланыстыратын бірден-бір тіршілік көзі. [19] Ғалымдардың анықтауы бойынша өрмекшілердің өрмек безінен шығаратын өрмек жіпшелері аз ғана теріс электрлі зарядталған болады. Өрмекшінің өрмегі бүкіл тіршілікке қажет. Табиғатта жас өрмекшілер өрмек жіптерін жоспарлай отырып үлкен ара қашықтықтарды тастай отырып таралады. Ұшып жүрген ауадағы қарақұрттар бір-бірімен ешқашанда соқтығыспайды және олардың жіптері жерге қонған кезде де байланыспайды. Өрмек-ау жіптері бірнеше типте құрылады: радиалдық, каркастық, көмекші спиральды, аулағыш. Өрмек жіптерінің байланыспайтын себебі де осыдан, себебі ол тек тегіс радиал желілер бойымен жүгіріп отырады және ешқашан концентрлі желілер бойымен жүрмейді. Ал каркас жіпшелері спидрон деген ұзын молекула 2 нәруыздан тұрады. Бұл молекула гидрофильді және гидрофобты бөлімшелерден тұрады. Олардың теріс электр заряды – теріс, құрамында басқа амин қышқылдар оң заряд болғанда. Бұл зарядтар арқасында жеке жіпшелердегі суда еритін нәруыздар өрмекшінің ерімейтін тізбектерінде жиналады: теріс зарядтар оң зарядпен айқасады. Ал артық қалған зарядтар өзінің қосындысын табады. Осылай, өрмек ауда кернеу пайда болады.[25] Қарақұрттың аяқтарының соңғы бунағында тарақ тәрізді тырнақтары мен жиегі тіс тәрізді иректелген қылтандары болады. Өрмекші өрмек торын аяғымен тоқиды. Ол алдымен өрмек «жіпті» айналасын қоршаған заттарға (шөпке, ағаш бұтағына) орап бекітеді, содан соң жабыспайтын «жіптерден» көпбұрышты қоршау жасайды. Сол қоршаудың ортасын жабыспайтын «жіптермен» сәуле тәрізді етіп торлайды. Бұдан кейін сәуле тәрізді «жіптерді» «жабысқақ» жіптермен дөңгелектеп айналдыра орайды. Торға түскен жәндіктер осы «жіптерге» жабысып, қанша тыпырласа да құтыла алмайды. Табиғаттың тылсым сырына ерекше көңіл бөліп, оны бақылай жүріп орынды тұжырым жасай білген қазақ халқы «өрмекшіге қыл-қуат» деп айтқан. Тордың бір шетінен үйшік жасап, жасырынып жатқан қарақұрт тордағы «олжаны» сезіп, дереу әрекет жасауға кіріседі. Торға түскен жәндікті өрмекші хабаршы жіп арқылы сезеді.[6] Қарақұрттың өрмек ауды жасауы үшін ең бастысы жел болмауы керек. Алдымен артқы жағында орналасқан өрмек талшығын шығаратын «станогын» іске қосады. Одан кейін аздап өрмек талшығының бірнеше тармақталған ұштары бар торын жібереді. Олар өте жіңішке болғандықтан «уф» еткен желдің өзіне тербеліп тұрады. Сөйтіп, сәті түссе сол тармақ жіптің біреуінің ұшы екінші өсімдіктің бұтағына ілінеді. Енді тез қимылдамаса әлсіз бекімеген жібін жел үзіп кетуі мүмкін. Сондықтан ол өте шебер қозғалып жіптің екінші ұшына барып жақсылап бекінеді де сол ізімен жүріп жолдың орта шеніне барып тоқтайды. Енді қарақұрт алғашқы ұзын жіпті тісімен тістеп екіге бөліп, екі ұшын екі аяғына іліп алады да оны құрсағындағы жібін онымен жалғап негізгі алғышқы жіпті алады. Одан кейін жіптің ортасына келіп, тағы да жаңа жіп жалғап, оны жерге қарай түсіріп бекітеді. Осы жерден ол оң жаққа екі адым аттайды да, жіпті тартыңқырайды. Негізгі үш ұзын тармақты жіп пен қалған тор көздер осыларға бекітіліп жалғанады. Осы алғашқы жүргізген негізгі жіп-талшықтар өте мықты болып келеді. Одан кейін өрмекші біраз демалып алады да өрмек ауды аяқтауға кіріседі. Негізгі жіптің дәл ортасында барған соң енді оларға көлденең жіптерден радиус жасай отырып, алдымен өзіне күзет орнын жасады. Ендігі негізгі операция – тор жіпшелерді желім сықылды бірақ кеппейтін арнайы затпен майлау басталады. [4] Қарақұрт жіп ортасынан бастап тормен шеңбер жасап шығарады. Осы уақыт ішінде ол қосымша жіптер тартып үлгерді. Бұл жіптерді өзі ары-бері жүріп пайдаланғандықтан желімдемеді де, ал күзет орнына дейін келіп, енді қайтадан шеңбер бойындағы радиуыстарды тегіс желімдеп шықты. Спирль тәрізді қосымша жіптерді желімдеуінің себебі ол жолмен өзі жүретіндіктен жабысып қалмауын ойластырса керек. Қарақұрт одан соң тордың орта тұсында аяғын кәдімгі тазалағандай қимыл жасайды. Ол оның аяғын өзі жаққан желімге жабыспайтын қасиеті бар маймен майлауы. Осылай, өрмекшілер өзі құрған торға өзі түспейді. Жыныс жүйесі — қарақұрт дара жыныстыларға жатады. Жыныс безі құрсағында орналасқан және жұп болады. Көбінесе оң және сол гонадалары қосылған. Өрмекшінің аталық және аналық бездері әдетте жұп болады, кейде аналықтарында ұрық бездері соңғы жағында бүтін гонадаға біріккен. Гоналардан әрқашан жұп жыныс тармақтары шығады да, олар құрсақтың алдыңғы жағында қосылып жыныс тесігі арқылы сыртқа ашылады. Қарақұрттың жыныс тесігі құрсақтың бірінші сегментінде ашылады. Аталықтарында әр түрлі қосымша бездері, аналықтарында ұрық қабылдағышы дамиды. [6] Жаздың ыстық күндерінде ұрғашы қарақұрт жұмыртқа салып, ұрпақ өрбіту қамына кіріседі. Күзге қарай өздерінің ұрпақ қалдыру міндетін орындаған еркек және ұрғашы қарақұрттар өледі, табиғатта олардың домаланған Пілләлары ғана қалады. Піллә күні бұрын топырақ қуыстарына, бұталардың түбіне немесе кішігірім жәндіктердің індеріне орналастырылады. Пілләда 100-ден 700-ге дейін жұмыртқа болады. Ал әрбір ұрғашы қарақұрт өзінің тіршілігі бойынша 1ден 12-дейін Піллә жасап қалдыратын көрінеді. Осы орайда бір ғана ұрғашы өомекші 1000-ға жуық ұқсаған қарақұрт өрбітсе, онда жер бетіне қарақұрт қаптап кетер еді. Бірақ та олардың өсу барысы соғұрлым қиын, әрі қаупті болғандықтан, біразы ғана тірі қалып отырады. Бұл табиғат заңдылығы.[8] Пілләлардан қарақұрт балалары тек келесі көктемде ғана шығады. Пілләны тесіп шыққан балалары алғашында бәрі бір жерде топталып отырады. Сәуір айында топырақ қуыстарында немесе бұта түбінде қарақұрттың осындай балаларының топ-тобын оңай табуға болады. Және оларды жерде домалап жатқан домалақ пілләлар арқылы оңай табуға болады. Олардың әрқайсысы ұзынды-қысқалы тор құрады да, оған түскен насекомдарды жабыла жеп отырады. Осылайша олар бір-бірінен алыстамай тіршілік етіп, ақыры бәрі жан-жаққа тарай бастайды. Қарақұрт балаларының таралуы үшін әрбір кішкене «өрмекші» сол жердегі биік өсімдікке шығып алады да, өздерінің нәп-нәзік өрмегін пайдалана, биік бұтақтан төмен қарай салбырайды. Осы кезде олардың жеп-жеңіл денелерін лүп еткен желдің өзі көтеріп әкетеді. Осындай әдіспен олар мыңдаған метр жерге дейін жан-жаққа таралып отырады. Мұның олар үшін әрине, пайдалы да, пайдасыз да жағы бар. Біразы қолайсыз ортаға түсіп тіршілігін жойып жатса, енді біразы суға түсіпп немесе насекомдарға жем болып қалады. Қалғандары тор құруға бірден кіріседі. Және торларын топырақ қуыстарына немесе шөп түбіне орналастырып, бетін әр түрлі заттармен бүркемелеп қояды. Бұл торлар олардың әрі үйшігі, әрі жемтігін ұстайтын құралы ретінде пайдаланылады. Қарақұрт баласының торына көбінесе құмырсқа түседі. Кездейсоқ түскен құмырсқаны ол дереу өрмек талшықтарымен орай бастайды. Әбден орап болған соң оны аяғынан өте шеберлікпен шағып алып, бірден өлтіреді де, бас, кеуде және құрсақ бөлімдерін жеке-жеке жеп тастай береді. Осылайша күннен күнге есейе түскен қарақұрт 4 рет түлеп үлгереді. Әр түлеген сайын оның торының құрылысы ұлғая түсіп, түсі де өзгеріп отырады. Бұдан соң 5-6 күн өткен соң 5-ші рет түлеген өрмекшілердің буыны бекіп, толық жетіледі. Осы кезде олардың жыныстық айырмашылықтарын да айыруға болады. Сол сияқты мінез-құлығындағы өзгешеліктер біліне бастайды. Олар енді бұрынғыдан гөрі агрессивті бола түсіп, торға іліккен насекомдарды ғана емес, жақын келген үлкен қоңыз, кандалаларға да шабуыл жасай бастайды. [6] Еркек қарақұрт 6 рет түлеген соң барып толық жетіледі де, үйшігін тастап инстинкт бойынша ұрғашы қаарқұртты іздеуге біржола аттанады. Бұл кезде ұрғашы қарақұрттар әлі де болса толық жетіле қоймай, өздерінің торларынан алыстамай, күні-түні жемтігін аңдумен болады. Ақыры 8-рет түлегенде ғана олар бойын жинап, ұрпақ қалдыру қамымен үйшігін біржола тастап шығады. Алайды ұрғашы өрмекші 10-шы рет түлеген соң ғана толық жетіліп, шағылысуға дайын болады. Сөйтіп инстинкті бойынша сезім жетегімен қарақұрттар осы кезде ұрпақ қалдыру үшін күні-түні ұзақ сапар шегеді. Бір жағынана күннің ыстығы оларды көлеңкеге, інге, түрлі шөп-шалаң астына, дала қостарының ішіне, тіптен адам ұйықтайтын палаткалардың да астына жасырынуға мәжбүр етеді. Сондықтан да мамыр-маусым айларында қарақұрт адам мен жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Әсіресе дала қостарында дем алғанда отыратын жерді қарап, керекті заттарды, төсек — орындарды жарыққа қағып-сілкіп, сақ болған дұрыс. [16] Қарақұрттардың бірін бірі іздеп табуы да қызық. Ұрғашы қарақұрт жүрген кезінде екі өрмек талшығын соңынан сүйретіп отырады. Талшығына әр түрлі заттар жабысса, оны тар жерлерден өтіп, «сыпырып» тастайды. Бұның өзіндік себебі бар. П.И.Мариковский бақылауы бойынша, бұл «жіптер» еркек өрмекшілердің оларды тез табуына көмектесетін өзіндік «ізбелгі». Міне осы жіптің көмегімен еркек қарақұрт оны бірден тауып шағыласады. Бірақ та шағылысу аяқталысымен ұрғашы қарақұрт еркегін бірден өлтіріп жеп қояды. Осылайша қалыптасқан инстинкт бойынша шілде айында жер бетінде тек қана ұрғашы қарақұрттар қалады. Міне, сондықтан да елде қарақұртты «қара жесір» деп атап кеткен. Осылайша шілде айында қалған кілең ұрғашы қарақұрттар енді болашақ ұрпақ қамы үшін ыңғайлы жер іздеп, тағы да сапар шегеді. Ондай ыңғайлы жер табылған соң өздерінің торларын құрып, тіршілігін жалғастырады. Мұндай торлардың құрылысы да әр түрлі (түтін, воронка, шар) тәрізді болып келеді де, бір шеті топыраққа немесе өсімдікке бекітіліп отырады. Бұл торлар, бір жағынан олардың пілләсына қорған болса, екінші жағынан жемтігін аулауға септігін тигізеді.[6]
1.2. Систематикалық түрлері және таралуы
Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Көздері күндіз де түнде де бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрттың денесі қара барқыт өңдес, құрсағының ұш жағы бір ақшыл түсті ноқатпен және бір немесе екі қызғылт жолақпен көмкерілген. Кей кездерде бұл нүктелерде қызғылт жолақтың болмауы да мүмкін. Мұндайда ол бірыңғай қара түсті болып көрінеді. Ұрғашы өрмекші денесі 1,5-2 см. Құрсағы шар тәрізді дөңгеленіп келеді де, артқы жағында өрмек тоқитын «аппараты» білініп тұрады. Аналығы 9 рет түлегеннен кейін құрсағындағы дақтар жоғалып, қызғылт-сары түсті жіңішке сызықшалар қалады.
Қарақұрттың еркектері дене тұрқы жағынан ұрғашылардан көп өзгешеліктері бар. Денесі небәрі 1 сантиметрдей. Жинақы және сопақтау келген құрсақтары оны ұрғашы қарақұрттан мүлде өзгеше етіп көрсетеді. Оның қозғалысы да жылдам. Дене түстерінде де өзгешеліктері болады. Үстіңгі жағынан қарағанда сәл ақшылдау тартқан жауырындағы қан қызыл ноқаттары бір қарағанда оны көз тартарлықтай әдемі етіп көрсетеді.
Қарақұрттың 1970 жылға дейін тек қана бір түрі бар деп қарастырылған. Американдық ғалым Кастон қарақұрттың 3 түріне толық сипаттама беріп, L. Mactans туысына жатқызған. Қазіргі таңда қарақұртты жіктеу сол күйде қалған. Табиғатта қарақұрттың 3 түрі болады: оңтүстік америкада кең таралған оңтүстік америкалық қарақұрт (L. mactans), солтүстік қарақұрт (L. variolus) және батыстық қарақұрт (L. hesperus). Оңтүстік америкалық қарақұрт АҚШ-ң оңтүстік-шығыс бөліктерінде, яғни Флоридадан Нью-Йоркке дейінгі аралықты қамтиды. Батыста Техаста, Аризонада, Оклахома штаттарында аздап таралған. Оңтүстік америкалық қарақұртты қазіргі таңда австралияда қызыл қарақұрт деп атайды. Себебі оның сыртқы хитинді жабынында ересек формаларында қызыл дақтар көптеп пайда болады да, қара түсі мүлдем көрінбей қалады. Автралияның барлық аймағында таралған, 3 түрдің ішіндегі ең улысы осы қызыл қарақұрт болып есептеледі. Оңтүстік америкалық қарақұрт қарақұрттардың ішіндегі ең белсендісі және ашулысы болып табылады. Оның уы басқа түрлеріне қарағанда күштірек. Адамды шаққанда жедел көмек көрсетпесе өлімге душар етеді. [9]
Қарақұрттың Африка және Американың солтүстігінде мекен ететін қоңыр түсті қарақұрт АҚШ пен Канада аймақтарында көптеп таралған. Солтүстік америкалық қарақұрттың түсі қоңырға жақынырақ, уы адамға және жануарға әсері әлсіз. Ол көбінесе шақпайтын, зиянын тигізбейтін қарақұрт. Шақса да оның уы өлімге душар еткізбейді, себебі уының құрамында нейротоксиннің мөлшері аз болады. Бірақ қанша уы әлсіз болғанымен, одан қорғанғанымыз жөн.
Батыстық қарақұрт АҚШ-ң батыс аймағын, Мексиканың және Канаданың оңтүстік –батыс аймағын мекен етеді. Батыстық қарақұрт шілде айында өте қауіпті болады. Шілде айында адамдарды шағу жиілігі басқа айларға қарағанда өте жоғары болады. Бұл 3 қарақұрттың түрлерін атап көрсеткенмен, олардың тіршілік ету ареалы бөлек болса да, сыртқы құрылысы мен биологиясында аз ғана айырмашылықтар болады. Бірақ олардың үшеуінде де тіршілік әрекеттері және де басқа ұқсастықтар өте көп болады. [11]
Қарақұрттың автралияда мекен ететін түрін автралиялықтар жергілікті тілде катипо деп атайды. Катипо автралиялықтардың үйінде, гүлзарда, қуыстарда, сарайларда тіптен төсек орынның астына ұя жасайды. 2003 жылы катипо статистикалық мәліметтер бойынша 98 адамды шаққан, оның 6 қайтыс болған. Катипоның уы кей адамға бірден әсер еткен, кей адамға біршама уақыттан кейін әсер еткен. Удың әсері 6, 12 сағат, кейде 1 аптадан соң байқалып, бір әйелді 1 ай бойы мазалап, бірақ әйелді ажалдан дәрігерлер аман алып қала алмаған. Сондықтан да катипо өте улы өрмекші болып есептеледі. Батыстық қарақұрт катипоның өрмек торы өте мықты. Зерттеушілер оның торының құрамын зерттеуде. Катипоның торына түскен тышқан, тіпті жыландар да асылып тұрады. Яғни өрмек аудың соншалықты беріктігі,оның жыланды ұстап тұруға шамасы жетеді. Өзінің торына түскен кез келген жәндікті, жыланды болса да катипо өзінің уымен өлтіре алады. Бұл оның уының күштілігін сипаттайды. [15]
Улы өрмекші Американың барлық аймақтарында түгел таралған: Патогониядан Канаданың оңтүстік штаттарына дейін. Қарақұртты ежелде сағатшы өрмекші деп атаған болса, қазіргі таңда Мексикада оны Арана капулина немесе винда негра, ал Калифорнияда – похо ноо, Перуде — ла лукача, гина и палл – Чилиде, мико – Боливияда, л’арна дель лино – Аргентинада және койя – Колумбияда атайды. Қарақұрттың бұлай көптеген аттарының болуы оның таралу ареалының кеңдігін көрсетеді.[9]
ІІ.Қарақұртты зерттеу
2.1. Қарақұрт уының құрамы мен қасиеттері
Өрмекші тіршілігінде оның улы бездері ерекше орын алады. Олардың құрған торына түскен жәндік қанша тулағанымен, у бойына дарысымен көп ұзамай серейіп қалады. Сондықтан улы без табиғаттың өрмекшілерге берген тағы бір ерекше сыйы болып есептеледі. Әйтпесе ірі сона-аралар тордың жіңішке жіптерін оңай үзіп кетер еді. Өрмекшілердің жер бетінде кең таралуының себебі осы улы бездерінің әсері болуы ғажап емес. Сондықтан да олардың өкілін барлық табиғи аймақтардан кездестіреміз. Олар тіпті өзіміз тұратын үйімізгі дейін тіршілік етуге бейімделген. Басқа насекомдарға қарағанда жер бетіндегі орналасу жиілігі де жоғары.
ТМД елдерінде өрмекшілердің 2000-ға жуық түрі бар. Солардың ішінде тек бүйі мен қарақұрт қана адам мен жануарлар үшін қауіпті. Зиян, қауіпті деген бүйі мен қарақұрттың өздері де адамды қуып жүріп шақпайды. Тек кездейсоқ жағдайда өзін қорғау инстинкті бойынша ғана шағуға мәжбүр болады. Оның үстіне аталған өрмекшілердің екеуі де адам мекендейтін жерлерден тыс, алыс шөл-шөлейтте тіршілік етуге бейімделген. Тек мал жайылдымдарында, жазғы шөп шабу науқаны кезінде сақ жүрсе болғаны. Алғаш рет қарақұрттың улы жәндік екені ХҮІІІ ғасырда Гмелиннің еңбектерінде сипатталған. Ал 1903 жылы А.С.Щербина қарақұрттың уы адамды өлімге душар ететінін дәлеледеген. [20]
С.Н.Орлов жүйке жүйесіндегі өзгерістерді медиаторлардың қорының таусылуына байланысты деп деректер айтқан. Онда жүйке жүйесінің ұштары синапстар бір-бірімен жанаспай ми мен жұлын арасындағы байланыс үзіледі. Сол кезде жүйке және бұлшықет жүйесінде тітіркенулер пайда болып, олар орталық жүйке жүйесіне бағынбайды. Бұлшықет және де басқа органдарға ешқандай сигнал келмей, адам есінен танып қалады.
Қарақұрттың уынан адамда болатын ауру симптомдарын Кольво және оның шәкірттері қандағы өзгерістерге байланысты деп түсіндірді. Қанда рениннің мөлшерінің шамадан тыс артуының есебінен ағза өзгеріске ұшырайды деп дерек келтірді. Веноздық қысымның жоғарлауы, гипермия және инъекциялық өзгерістер болып, қанда перифериялық өзгерістер болады деп түсіндірді.
И. И. Мошковский и А. И. Охотина 1945 жылы қарақұрт уы адамға гуморальдық жолмен жолмен әсер етеді, ең бірінші адреналиннің қандағы мөлшерден тыс бөлінуі және жүректің шамадан тыс қатты соғуы, жүрек, қан-тамыр жүйесінің бұзылуымен сипаттаған. [1]
Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақ заттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде өлімге дейін жеткізеді. Қарақұрттың уы токсикологиялық альбуминдер тобына жатады. У орталық жүйке жүйесінің вегатативтік бөлімін зақымдайды. Удың құрамына табиғаты белокты заттар нейротоксин, ферменттер-гиалуронидаза, фосфодиэстераза, холинэстераза, кининаза кіреді. Ферменттер әсерінен бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі. Бәсекелес тежеуші өзінің химиялық құрылымы бойынша субстартқа ұқсайды. Сондықтан да ол ферментті айналып өтеді, оның активті орталығымен байланыс жасайды да, ферменттің биологиялық әсерін күшейтеді. Уға төзімділігі жоғары болады. Организмде процестердің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай да болмасын жайсыз өзгеріс әр түрлі патологияға, дертті өзгеріске әкеледі. Клеткадағы немесе биологиялық сұйықтықтағы (мысалы қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің активтілігін анықтау арқылы әр түрлі мүшелерде және клеткалардағы болып жатқан өзгерістер жайлы тұжырым жасауға болады. Қарақұрт шаққан кезде қан плазмасында креатинкиназа ферментінің активтілігі артады. [6]
Қандағы ферменттерді екі топқа бөлуге болады: 1)функционалдық немесе плазмоталғамды ферменттер; 2)индикаторлық немесе органоталғамды ферменттер. Функционалдық ферменттер көбінесе бауырдан бөлініп қанға түседі. Бұл ферментердің қатарына кининаза ферменті де жатады. Ол қарақұрт уының құрамында кездеседі. Кининогенез және фибринолиз ферменттері де осы топқа жатады. Яғни олар қанның ұюына қатысады. Қан тамырлары қарақұрт уымен зақымданған кезде қанның ағуы әртүрлі болуы мүмкін. Егерде жарақаттанған дене бөлігі соншалықты үлкен болмаса қанның ағуы тез тоқтатылады, яғни гомостаз жүреді. Гемостаз бірнеше кезеңдерден тұрады. Алдымен тромбоциттер жабысқақ түрде дәнекер ұлпасының коллагендік талшықтарымен немесе базальды мембранасымен байланысқа түсіп, жарақат алған жерге жабысады. Тромбоциттер бір-бірімен жабысып, қан ағуын тоқтатылады. Тромбоциттердің агрегациясы кезінде вазоактивті аминдер бөлініп шығады. Сонан соң тромбоциттердің айналасында қанның ұюы басталып, қан жоғалтудан қорғаушы негізгі биохимиялық механизм-тромба түзіле бастайды. Жара жазылған соң тромбаны ерітетін фибринолиздік жүйе жұмыс жасайды. Гемостаз кезіндегі биохимялық процестерді қарастыра отырып, қарақұрт шаққан жараның кемінде 3-10 күн аралығында жазылғанын байқауға болады.
Қарақұрттың уы кеміргіштерге, жылқы, түйе, ірі қара малдарға өте күшті әсер етеді. Ал кірпі, ит, жарғанат, амфибия мен рептилияларға әсер ету деңгейі аз.[6]
Удың токсикологиялық әсері (DL50) сарышаянға- 62, кәдімгі үй шыбынына — 99, теңіз шошқасына — 205 және тышқанға- 220 мкг/кг болады. Негізгі әсер ететін нейротоксин (α-латротоксин), белоктық құрамы Мr~118 000 болатын, молекулалық құрамына 1042 аминқышқылдарының қалдығы кіреді. Нейротоксин Са2+ каналдарының нейромедиатордан жүйке ұштарына өтіп, оның қозуын қамтамасыз тетеді. Нейротоксиннің әсерінен әдеттегіден 1000-1500 есе көп қозған жүйке ұштары нейромедиатордан шығып, 30-50 минут ішінде жүйке жүйесінің жұмысын тоқтатып тастайды, яғни сыртқы ортамен байланыс тоқтайды. Синапстық байланыстар үзіліп, α-латротоксин арқасында клетканың қабықшасы биомембрананың да липидті бөліктері зақымдалады. α-латротоксиннен бөлек қарақұрттың уында Мr~75 000 болатын β-латротоксин бар. [8]
Қарақұрт уы нерв жүйесіндегі синапстың ұшына әсер етуімен сипатталады, ол жерде токсин ақуызбен байланысады. Оның молекулалық массасы Мr ~ 95 000. Адамның дене темперасының қалыпты жағдайында нейротоксиннің димерлі молекуласы тек бір ғана рецептормен берік байланысады (КД~0,3 нмоль). У біршама уақыттан соң адамның дене температурасын төмендетіп, нейротоксиннің әсер теу жылдамдығы арта түседі. Нейромедиаторға тікелей канал ашылып, Са 2+ әсерімен жүйке ұштары тітіркеніп, қоза бастайды. Нейротоксиннің әсерінен нейромедиатордың жұмысы әдеттегіден 1000-1500 есе жұмыс жасайды. Небәрі 30-50 минуттың ішінде нейромедиатордың қоры бітеді. Бұлшықет пен жүйке жүйесінің арасындағы байланыс үзіледі. Нейротоксиннің екінші реттік әсер ету фазасында адамның немесе жануардың бұлшықеттері сал болып, сыртқы ортамен байланыс үзіледі. [24]
2.2. Қарақұрттың шағу себептері
Қазақстанның оңтүстік аудандарында малды қарақұрт шағуы соңғы жылдары кездесіп тұрады. Қарақұрт уы қойдан басқа түліктің баршасына өте қауіпті. Қарақұрт уының қой түлігіне ешбір әсері жоқ. Қой оларды шөппен бірге жеп қоюы да мүмкін. Бұл жағдай осы күнге дейін ғалымдарға жұмбақ болып келеді. Қарақұрт уы адамға да өте қауіпті. Қара “жесір” шағып алған адамның дене ыстығы шұғыл төмендейді, адам қара терге түседі, соңынан жүрек салдануы мүмкін.
Қарақұрттың көзге әрең ілінетін бір тамшы уы, санаулы минут ішінде төрт есекті өлтіруге күші жетеді. Қарақұрттың шағуы жайлы деректер ерте кезден-ақ белгілі. Көптеген әдебиеттерге көз салатын болсақ онда қарақұрттың қара жұмысшыларды шағу себептері жиірек. Себебі, қарақұрт егістік жерлерде, кең жайылымдарда тіршілік етеді. Шатиловтың 1996 жылғы мәлімдемесі бойынша егістік жерде шағу себептері жиірек. Ал А.Ф.Коровников және автсралиялық ғалымдар қарақұрттың тұрғын үйде шағуы туралы деректер келтірсе, А.В.Гизжицкий шайхана мен дәретханада қарақұрттың шағуын мысалмен келтірген. [4]
Қарақұрт адамды әр түрлі жағдайларда шағуы мүмкін: егін жинағанда, үй тазалағанда, табиғат аясында демалғанда және т.б. Қарақұрттың шағуы киім ауыстырғанда, тіпті ауруханада медициналық қолғапты ауыстырғанда, дәретханада да шағу оқиғалары кездескен. Оңтүстік Африкада қарақұрттың көбінесе егін жинағанда кездеседі. Былтырғы мәлімет бойынша Қазақстанда қаарқұрт 37 адамды шақса (түнде), оның ішінде шалашта-10, киіз үйде-8, тұрғын үйде-6, демалу палаткаларында-1, ат қорада-1, жайылымда-3, маяда-3, т.б. жерлерде шаққан.
Осы деректерге қарасақ, халық арасында кең таралған қарақұрттан сақтану шараларына қайшы келеді. Бұрында қазақ бабаларымыз көшіп қонып жүргенде немесе далаға жалғыз қонғанда қонатын жерге айналдырып қыл арқанды төсеп, немесе қойды алдымен жайып алған. Бұл пікірлер қазір қате болып есептеледі. Себебі қойды жайылымға жайған кезде қарақұрттың ұяларын бұзып кетеді, ал оның әсерінен ашуланған қарақұрттар өзіне ұя іздеп адамдарға қатер төндіруі мүмкін. Жоғарыда келтірілген дерек бойынша қарақұрттың шағуындағы ең үлкен қатер қойшыларды киіз үйде шағуы болып саналады. [10]
Ал күндіз шаққан мәліметтерге келсек, былтыр елімізде қарақұрт 67 адамды шаққан. Онда 25 адамды қыстық малға азық шөпті шауып жүрген кезде, 8- шөпті жинап жүрген кезде, 2-шөпті тиеген кезде, бақшада жұмыс істеп жүрген адамда — 6, 5 адамды қарақұрт киім ауыстырып жатқанда шаққан, 2 адамды өзен жағасында шаққан.
Келтірелген мәліметтер қарақұрттың адамды әртүрлі жағдайда шағу мүмкіндігін көрсетеді, сонымен қатар табиғат аясына демалуға шыққанда шағу мүмкіндігі де ғажап еместігін көрсетеді. [6]
2.2.1. Қарақұрттың адамдарды шағу жиілігі
Қарақұрттың адамдарды шағу жиілігі бүгінгі таңда соңғы 20 жылда көптеп кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр токсикология бөлімінде 6 адам ем қабылдаған. 5 жасар қызды желкесінен қарақұрт шағып алған. Оны әрең дегенде ажалдан арашалап қалудың сәті түскен. Көбіне бұрын егіс алқабы болған, кейіннен тұрғын үйлер салуға рұқсат берілген жаңадан салынып жатқан ықшамаудандардың тұрғындары зардап шегуде. Дәрігерлер тұрғындардың мұқият болуын қанша ескертсе де, нәтиже жоқ. Көбі қарақұрт шаққаннан кейін оны мыжып өлтіріп, лақтырып тастайды екен. Негізі, оны зертханаға жіберіп, тексеріп, соған қарап ем тағайындаса, жазылуы да тез болады дейді дәрігерлер. Бүгінде дәрігерлер қарақұрттың «заманауи» түрі шыққанына алаңдаулы. Қарақұрт шаққанан кейін 15 минуттан кейін оның ізі де қалмайды екен. Әрі белгілері де бұрынғы диагноздан басқарақ, зардап шегушінің бүйрегі ауырып не болмаса соқырішекке ұқсас болып ауырады екен. Ал Маңғыстау облысында қарақұрт шаққан 30 адам бірден ауруханаға түскен. Биыл еліміздің әр аймағында осы жорғалағыш жәндіктердің «бас көтеруі» жиілеп кетті. Бұрынғыдай емес, былтыр қарақұрттардың тым көбейіп кеткені расында ойландыратын мәселе. Бір шаққанынан-ақ адамды арғы дүниеге аттандыруы мүмкін қарақұрттың пайдасын кәдеге жаратуға болады екен. Расында шақса, сеспей қатыратын осы өрмекші тәріздес жәндіктің уынан аса бағалы дәрі-дәрмектер жасалады. Сол сияқты шаянның да шаш етектен пайда түсіретіні белгілі болып отыр.
Қазақстанның қалаларында қарақұртпен күрес жөніндегі арнаулы қызмет жоқ. Дәрігерлер тұрғындарды абай болуға шақырады, үйдің маңында тұрған барлық кепкен сабандарды сақтамай, жағып жіберуді ұсынады.[8]
Маңғыстау облысында қарақұрт шағу оқиғалары соңғы 10 жылда көбейіп кетті. Өңірде бір жарым айдың ішінде қауіпті жәндіктен жапа шеккен 25 адам ауруханаға түскен. Маңғыстаудағы аса улы жәндіктердің бірі — қарақұрт аналығы. Жылда жаз басталысымен «қарақұрт шақты» деп дәрігерлер көмегіне жүгінетіндер жиілейді. Өйткені мамыр, маусым айлары бұл жәндіктердің жұмыртқалайтын кезеңі. Бірақ аз уақыттың ішінде көп адамның зардап шегуі бұрын болмаған. «Биыл күніне үш-төрт науқасқа дейін көмек сұрап келеді», — деп хабарлайды дәрігерлер. Дені жәндіктен далада, қала маңындағы саяжайларда, құрылыс алаңдарында жапа шеккен. Мамандардың айтуынша, қосымша сырқаты бар адамдар ғана қарақұрт уынан қайтыс болып кетуі мүмкін. Ал Ақтауда облыстық ауруханаға түскен жиырма бес науқастың үшеуінен басқасы былтыр үйлеріне қайтарылған.
Қарақұрттың адамдарды шағуы туралы деректерді соңғы 20 жылдықтағы мәліметтер бойынша қарастырайық. Қызылорда облысындағы берілген мәліметтер бойынша (1996 ж) қарақұрт 343 адамды шаққан, оның ішіндегі 217 ер адамдар. Ер адамдарды бұлай көп шағуы олардың ауыл шаруашылығандағы қызметенің маңыздылығын айқындай түседі. Сесебі, ауыл шаруашылығында негізгі қара күш ер адамдар болып саналады. [14]
Қарақұрттың адамның жасына сай шағу жиілігін әдебиеттерге шолу жасағанда байқалмады. Тек қана Россинкованың мәлімдемесі бойынша Қызылорда облысындағы қарақұрт шаққан адамның 10 пайызға жуығы балалар болған.
Диаграмма 1. Қарақұрт шаққан адамдардың жас ерекшеліктері
Диаграмма 1-де көрсетілген анализ бойынша бір жасқа толмаған балаларды шағу жиілігі 0,4% болса, 1 жастан 10 жасқа дейінгі көрсеткіш 3,9% болады. Ал 10 жастан 20 жасқа дейінгі адамдарды шағу жиілігі 24,4%. Мектеп жасындағы қарақұрт шаққан адамдардың ішіндегісі 18 бала да, ал қалған 4 ғана қыз болған. Ең көп адамдарды шағу жас аралығы 20-30 болған (26,2%). Осы жас ерекшелігінен ары қарай қарақұрттың шағу жиілігі төмендейді (5,6%).
Зерттеушілердің анықтауы бойынша қарақұрттың шағу жиілігі адамдардың мамандығына да байланысты. Себебі, зерттеулер нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығындағы және де мал шаруашылығындағы адамдар: тракторист, шопан, қойшы, комбайншы, сауыншы, диқаншыларды шағу мүмкіндігі әбден жоғары. Былтырғы мәлімет бойынша Қызылорда облысындағы 11 тракторист, 9 комбайншыны қарақұрт шаққан. Бұл жалпы көрсеткіштің 16,3 % алады. Тракторист пен комбайншыға төніп тұрған қауіп өте жоғары екендігі анықталды. Себебі, олар далада егіс басында ешқандай қолайлы жағдайсыз қона салады. Шөп шабу, егін жинау барысында қарақұрттардың ұялары бұзылады да, олар жаңа қоныс іздеу барысында адамдарды шағады. Қарақұрттың қарапайым халық пен қызметкерлердің арасында шағу жиілігі төменгеді келтірілген диаграмма 2-де көрсетілген.[7]
Диаграмма 2. Қарақұрт шаққан адамдардың мамандық бойынша жіктелуі.
2.2.2. Қарақұрттың шағу мерзімі мен уақыты
Жаздың соңғы айының ыстық күндерінде ұрғашы қарақұрт жұмыртқа салып, ұрпақ өрбіту қамына кіріседі. Жұмыртқасын коконға орналастырады. Күзге қарай өздерінің ұрпақ қалдыру міндетін орындаған еркек және ұрғашы қарақұртта өледі де, табиғатта олардың домаланған кокондары ғана қалады. Кокондар күні бұрын топырақ қуыстарына, бұталардың түбіне немесе кішігірім жәндіктердің індеріне орналастырылады. Пілләларда 100-ден 700-ге дейін жұмыртқа болады. Ал әрбір ұрғашы қарақұрт өзінің тіршілігі бойында 1-ден 12-ге дейін кокон жасап қалдыратын көрінеді. Осы орайда бір ғана ұрғашы өрмекші 100-ге жуық өзіне ұқсаған қарақұрт өрбітсе, онда жер бетіне қарақұрт қаптап кетер еді. Бірақ та олардың өсу барысы да соғұрлым қиын, әрі қауіпті болғандықтан біразы ғана тірі қалады.
Қарақұртты зерттеуші ғалымдар қарақұрттың шағу мерзімін мамыр айынан қыркүйек айына дейін деп сипаттайды. Ал қарақұрттың өте қауіпті кезеңі шілде айының ортасы болып саналады. Қыркүйек айының аяғына таман шағу жиілігі азая түседі.
П.И.Мариковскийдің деректері бойынша қарақұрттың өте қауіпті және шағуға белсенді екі кезең аралығында сипатталады: маусым айының ортасы мен шілде айының ортасы. Бірақ Мариковский қарақұрттың шағу қаупі оның мерзіміне байланысты емес, оның географиялық ортасы мен экологиясына байланысты деп түсіндірген.
Е.А.Волянская Одесса өлкесінде қарақұрттың таралуын және оның биологиясын зерттеген ғалым. Ол қарақұрттың Одесса өңіріндегі шағу қаупі тек қана маусым айында ғана болады деп түсіндірген.
Алматы облысында қарақұрттың шағу қаупі сол мамыр мен қыркүйек айында байқалған. 2007-2009 жыл аралығында қарақұрттың шағу маусымы мамыр айының үшінші онкүндігі болып тіркелсе, ал 200-2011 жыл аралығында қарақұрттың шағу маусымы мамырдың бірінші онкүндігі болып тіркелген. Шағу маусымы географиялық аймақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты, себебі пілләдан өрмекшілердің ерте немесе кеш шығуына тығыз байланысты. Ал осы соңғы 4 жылда қарақұрттың шағуының тоқтау мерзімі қыркүйек айы болып есептелген. [7]
Диаграмма 3. Қарақұрттың шағу мерзімінің соңғы 4 жылғы қорытындысы
Диаграмма 4. Қарақұрттың түн мен күндізгі уақытта шағуының салыстырмалы диаграммасы
Диаграмма 4-те көрсетілгендей, қарақұрттың шағу мерзімі түнде көп. Себебі, қарақұрттың миграция уақыты түнде болады. Бұл қарақұртқа тән биологиялық ерекшелік.
2.3. Қарақұрт уының адам ағзасына әсері
Қарақұрт адамды шаққан кезде адамның аяқтары жансызданып, кеудесі қысылып, ауа жетпейді, көзі қызарып терлейді, адам өзін қоярға жер таппай дөңбекшиді. Қарақұрт тиген жер ісімейді, отқа күйгендей күлдіреп қалады.
Қарақұрт шаққан соң орнында екі қызыл тесік қалады. Біраз уақыттан өткеннен кейін адам есінен танып қалады. Бұл жағдай организмі өте әлсіз адамдарда кездескен.
Қарақұрт шаққан кейін 15-20 минут өткен соң ауырсыну шаққан жерден басқа да мүшелерге тарай бастайды. Ал 20-40 минут өткеннен кейін дене қызуы көтеріліп, адам денесі біресі суықтап, біресе ыстықтайды, қалтырайды; кеуде қуысында ауырсынулар пайда болып, іш ауырып, бүкіл денені ыстық басқандай болады. Адамда бірден әлсіздік сезіліп, өз еркімен қозғала алмай қалады. Дем алуы қиындай түседі. Қан тамыр соғысы жиілеп, жүрек жұмысы біресе күшейіп, біресе азаяды. Алдымен қан қысымы жоғарылайды. Зәрдің тоқтауы байқалады. Кейбір ауырған адамдарда жұтыну қиындай түсіп, сілекейі ауызынан шығып кетеді. Кейін, 4-5 сағат өткен соң адамның жүрегі айнып құсады, іштегі қалдық заттар сыртқа шығарылмай, жиналғаннан іште түйінделген аурулар пайда болады. Тіл ылғалданып, үстінде ақ қаңылтақ дақтар пайда болады. Адамда эмоциялық ауытқу пайда болып, өлімге деген қорқыныш, үрей пайда болады. [8]
8-10 сағаттан соң адамда гипермия мен беттің ісуі байқалып, тершеңдікке ұшырайды. Дене қызуы жоғарылап, біресе төмендеп, адамның денесі қалтырай бастайды. Дене қызуы субфебрильді болады, яғни қалыпты жағдайдан жоғарлауға ауытқиды.
Бірінші күндегі қанның анализ сараптамасының нәтижесі бойынша қанда лейкоциттер саны көбейеді, эритроциттердің тұну жылдамдығы да арта түседі. Зәрдің құрамында альбуминурия шамадан тыс көп байқалады.
Қарақұрт шаққан адамда ауыру белгілері 3 күннен 10 күнге созылады. Адамды ауруханадан шығарған соң 5-15 күн аралығында еңбекке жарамсыз болып есептеледі.
Ауру адамды емдеу барысында ауырсыну 2-3 күннен соң қайта бастайды, кеуде қуысындағы ауырсыну белгілері қайтып, жараның орны біте бастайды. [9]
Қарақұрт жайлы жазылған әдебиеттерге шолу жасасақ, онда қарақұрттың адамдарды әр түрлі жерлерден шаққандығынын байқаймыз: мойын, арқа, бел, аяқ, бет т.б. Біз зерттеген мәліметтер бойынша шаққан 190 адамның 29,9 % дененің жоғарғы бөлігін, 38,4% дененің төменгі бөлігін шаққан. Адамның оң иығы мен сол жақ иығын бірдей шаққаны байқалған. Иықты шаққан соң адамның қолы да жарамсыз болып табылады. Барлық шағылған жердің ішінде басқа 6,8 % үлесіне тиді, барлығы да оң жақ бетке тіркелген. Қарақұрт шаққан адамдардың ішінде 21,2% шағу жері әр түрлі болған. Оның ішінде ең көбі иық пен жамбасқа тиесілі, себебі түнгі ұйқы уақытында адамдардың көрінетін жері және да ашық қалатын жері осы дене бөліктері.
Кесте 1. Қарақұрт шаққан 171 адамның талдау қорытындысы
Дене бөліктері |
Күндіз |
Түнде |
% мөлшерімен |
||
Бас |
3 |
9,7 |
Мойын |
1,5 |
4,8 |
Тұлға |
16,4 |
21 |
Иық |
13,4 |
17,3 |
Бұғана |
16,4 |
9,7 |
Қол |
3 |
1,9 |
Бөксе |
13,4 |
20,2 |
Тізе |
25,5 |
10,6 |
Аяқ |
7,4 |
4,8 |
Кесте 1-ден көрсетілгендей, қарақұрттың шағатын жері көбінесе ашқы болатын тізе, бұғана, иық болып табылады.
Қарақұрт адамдарды кез-келген уақытта шағады: жұмыс уақытында да және демалыс уақытында.
Кесте 2. Қарақұрт шаққан 171 адамның талдау қорытындысы
Дене бөліктері |
Жұмыс уақытында |
Демалу уақытында |
% мөлшерімен |
||
Бас |
— |
7,4 |
Мойын |
— |
3,7 |
Тұлға |
2,5 |
37 |
Иық |
7,5 |
18,5 |
Бұғана |
27,5 |
3,7 |
Қол |
5 |
— |
Бөксе |
5 |
27 |
Тізе |
40 |
3,7 |
Аяқ |
12,5 |
— |
Кесте 2-ң нәтижесі бойынша қарақұрт шаққан адамдардың жұмыс уақытында (ауылшаруашылық жұмысшыларында) бұғана мен тізе болған, ал демалушыларда дене мен бөксені көп жағдайда шаққан.[7]
Қарақұрт шаққаннан кейін дене температуарсы көтеріледі. Г.Н.Самохиннің зерттеулері бойынша қарақұрт шаққан осң адамның жарақаттанған жерінен инфекция түссе ғана онда дене қызуы көтеріледі. Төменде оның зерттеулері бойынша мәліметтер кесте түрінде берілген.
Кесте 3. Г.Н.Самохин бойынша қарақұрт шаққан адамдардың дене қызуының көтерілуі (2007 ж)
№ |
Дене қызуы |
Ауырған адамдар саны |
Пайыз мөлшерімен |
1 |
37 ͦ дейін |
54 |
24,8 |
2 |
37 ͦ -дан 37,5 ͦ |
84 |
38,5 |
3 |
37,5 ͦ -тен 38 ͦ |
58 |
26,6 |
4 |
38 ͦ -ден 39 ͦ |
15 |
6,9 |
5 |
39 ͦ — дан жоғары |
7 |
3,2 |
Дене қызуы түскеннен кейін ауру адамдардың удың әсері қайтқанын, оның жалпы жағдайының жақсарғаны байқалды.
t◦ |
|
|||||||
38 |
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|||
37 |
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
||
36 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
күндер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Берілген график бойынша науқастың дене қызуының 8 күн аралығындағы өзгерістері берілген. Қарақұрт шаққан кезде адамның қанында өзгерістер байқалады. Зерттеуге алынған адамдардың көпшілігінде лейкоцитоз байқалған. [18]
3.2.1.Қарақұрттың адамды шағуының салыстырмалы және дифференциалды диагностикасы
Қарақұрттың шағуымен қоздырылған уланудың диагностикасы, егер дәрігер берілген ауданныңпатологиясымен таныс болса және қарақұрт уымен уланудың негізгі симптомдарын білсе, үлкен қиындықтарды аса тудыра қоймайды. Оның диагностикасы анализ мәліметтеріне және науқыстың объективті зерттелуіне сүйене отырып құрылуы тиіс. Науқастың ауруына дейін қайда болғандығы, оның қандай жұмыс атқаратындығы туралы жағдаяттарды сипатталуымен бірге келетін жан-жақты анализі аурудың болмысын тануды жиі жеңілдете түседі. Шағудың қандай жағдайда болғандығын нақытау маңызды: далалы жерде, шөпте, сабанда, шалашта және тіпті киіз үйде түнеу кезінде жүзеге асса. Сондай-ақ, ауылшаруашылық жұмыстарының кезеңінде шағу жиі болатындығын есте сақтау қажет. Көбінесе науқастың өзі аурудың қарақұрт шаққаннан кейін дамитындығын атап көрсетеді. Егер науқас қарақұрттың қандай жәндік екендігін білмесе де, оны қара өрмекші шаққандығын атап кетеді. «Қара өрмекші» шақты деп көрсетуі қарақұрт пен басқа өрмекшілердің шағуының салыстырмалы диагностикасын жасау бар да үлкен мағына ие болады.
Қарақұрттың шағуы нақты жерлерде (50 градусқа дейінгі солтүстік ендікте әсіресе Орта Азия республикаларында және Қазақстанда) және белгілі бір мезгілде мамыр айы мен қыркүйек айлары аралығында кездесетіндігіне баса көңіл аудару қажет. Қарақұрттың шағуынан басқа да, осы жерлерде бүйілер мен басқа да улы жәндіктердің шағуы, сондай-ақ сары шаянның шағуы кездесуі мүмкін. Осы өрмекшілердің ерекшелігін зерттеудің детальдарына тоқталмастан, олардың улылылығына тек қысқа ғана шолу жасаймыз. Халық арасында бүйілердің сөзсіз улылығы туралы пікіп қалыптасқан, бірақ шындығында бүйі улы емес жәндік. Е.Н.Павловскийдің тәжірибелері, П.А.Петрищева берген мәліметтері бойынша оның улы бездері болмайды. Е.Н.Павловский тәжірибелері бүйінің адам терісін әрдайым тесе алмайтындығын көсетті. Тістей отырып, ол ауру туғызады, себебі үстіңгі жақтың тістеуіштерімен теріні мүжгілейді. Шағу барысында бүйінің жіберуі мүмкін сұйықтықтығы улы қасиеті жоқ асқорыту шырыны болып табылады. Шаққан орында дамуы мүмкін асқынған құбылыстарды Е.Н.Павловский екінші реттік инфекцияның жұқтыру мүмкіндіігмен түсіндіреді.
Ал тарантулға келетін болсақ, П.И.Мариковскийдің (1951 жылы) берген мәліметтері бойынша оның улылығы қарақұрттың улылығынан жүз есе төмен болады. Өзіне сынақ жүргізу барысында автор бүйінің денеге жабыстырыла орналасқанның өзінде ниетсіз тістейтіндігін көрсетті. Шаққан жерде бірден өткір өткен ауруы пайда болады, уланудың симптомдары бірден емес көріне бастайды және ол бес сағат аралығында сақталып тұрады.
Е.Н.Павловкий берген мәліметтері бойынша бүйінің шағуы уланудың жеңіл өтетін жалпы симптомдар негізінде жергілікті құбылыстардың едәуір көрініс табуымен сипатталады. Ал қарақұрттың шағуы кезінде бірінші орынға ағзаның жалпы улануының симптомдары шығады.
Қарақұрттың шағуын сарышаянның шағуымен жиі шатастырады, дегенмен де соңғысының улылығы қарақұрттыкыне қарағанда едәуір артта қалып қояды. Сарышаянның шағуының басты ерекше клиникалық белгісі жергілікті асқынудың процесінің жедел жүзеге асуына байланысты болып табылады, ал қарақұрттың шағуы барлығында жергілікті өзгерістер жедел түрде емес көрініс табады немесе толығымен көрінбейді.
Е.Н.Павловский бойынша сарышаян уымен уланудың жеңіл дәрежесі тек әлсіз жергілікті құбылыстармен – ауырсыну, гипермия және ісінумен сипатталады. Ал қарақұрт жергілікті құбылыстар толықтай дерлік көрінбейді, бірақ науқастар жалпы сипаттағы жаппай шағымдар жасайды. Сарышаянның уымен уланудың орташа және ауыр дәрежесінде шағу орнында реакция улану дәрежесіне тікелей пропорционалды және ауыр жағдайларда «флегмонозды сипатқа» ие болып, баолық аяқ-қол ұштарына дейін уы жайылады.
В.Н.Шнитников сраышаян уымен қоздыырлған адамдардың улану симптомдарын суреттей келе, тек жергілікті сарышаянның шағуы көпшілікке көрінетіндей соншалықты қауіпті емес. Шындығында, ол жанға батады, шағып алған қол қатты иыққа дейін ісінеді, бірақ сол ақ деген сияқты сипаттамалар берген. [18]
Ал қарақұрт шағуы барлығында клиникалық сипаттамада бастысы ағзаның жалпы улануы болып табылады. Жергілікті құбылыстар барлық науқастарда көрініс таппайды (біздің алған мәліметтеріміз бойынша, олардың үштен бір бөлігінде ғана көрініс табады), уланудың клиникалық сипаттамасының ауырлығына сай келмейді және ешқашан да сарышаянның шағуы барлығындағы дәрежеге жетпейді. Егер белгісіз өрмекшімен шағып алынған науқыстың жалпы халі оның емханаға орналастыруын дәрігерден қажет етілсе, онда танымал сенімділікпен науқасты қарақұрттың шаққандығы туралы диагноз қоюға болатындығын сынақтар көрсетіп отыр.
Объективті мәліметтерді бағалау кезінде қарақұрттың шағуынан кейінгі ауру толық денсаулық үстінен жедел басталып кететіндігін есте сақтау қажет. Науқас емханаға түсу барысында өте қоздырылған, сөзшең, төсектен таып тұрады, өлімнен қорқуды басынан аласұра өткереді, бүткіл тұла бойындағы ауруға шағымданады, әсіресе төменгі бөліктерінде, дем алуы және зәр шығаруы қиындай түседі. Беті мен қабақтары ісінеді, температураның түсуімен байланысты емес тер ағу жағдайлары да көзге түседі. Асқазан-ішек жолдары жағынан келесі өзгеріс – жалпаюы, іш өту, құсу, қиын жұтыну және қарын бұлшықеттерінің қаттылығы.
Науқастардың көпшілігінің қанында оңға жылжыған нейторфильді лейкоцитоз, лимфопения, анэозинофилия және жеделдетілген РОЭ белгіленеді. Зәрде — шамалы альбинурия, бірліктік лейкоциттер және эритроциттер болады. [23]
Қарақұрттың шағуымен қоздырылған аурулардың диагностикасы клиникалық симптомдар мен олардың полиморфтылығының әсерінен, қарақұрт уымен уланған науқастарды бір ретте көрмеген дәрігерлер үшін едәуір қиындықтарды жиі сипаттайды. Осыдан дәрігердің дұрыс емес бағытына, ота жасауға алып келетін диагностикадағы қателіктер туады.
Төменде қарақұрт шағуынан кейінгі уланумен жиі шатастырылатын аурулар аталады. [1]
Жедел аппендецит қарақұрттың шағуымен келетін ортақ симптомдары көп: жедел басталу, қызудың жоғары болуы, тілдің жалпаюы, іш өту, құсу, іш ауыру, оң жақ қарын асты тұсында бұлшықеттің қатаюы, Щеткни –Блюмбергтің оң симптомы, үлкен дәреттің кідірілуі, нейтрофильді лейкоцитоз, жеделдетілген РОЭ және басқалары.
Аппендициттен өзгеше, қарақұрттың шағуы кезінде іш ауыру жойылған болады немесе эпигастральды тұста шоғырланады және өте сирек оң жақ қарын астында. Баолық қарын қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы белгіленеді. Щеткин-Блюмберг симптомы тек өте ауыр улану кезінде ғана оң көрсеткішті көрсетеді. Нейтрофильді лейкоцитоз оңға қарай жылжуымен сипатталады. Сонымен қатар, қарақұрт уымен уланғанда жедел аппендицит үшін тәне емес симптомдар қатары байқалады.
Асқазан мен он екі елі ішектің перфоративті жарасы жедел дамып, іш ауруымен, іш бұлшықеттерінің «тақтай тәрізді» алқынуы, Щетин-Блюмбергтің оң симптомы, құсу және де басқалармен сипатталады. Аталған симптомдар қаарқұрт уымен улану кезінде де көрініс табады, дегенмен де бұл жағдайда іштегі ауыру жедел қарқын дамиды, бірақ тістеген жерден бастап, біртіндеп бүкіл тұла бойға ауру жайылады. Щеткин –Блюмберг симптомы қарақұрттың шағуы барысында оң көрсеткішті өте сирек көрсетеді. Бауырдың доғалдығының жойылуы байқалмайды. Қарақұрттың шағуымен келген науқастардың мінез-құлқы мен шағымдары асқазан мен он екі елі ішектің жарасы дәстүрлі емес.[10]
Жедел ішектік өтімсіздік. Қарақұрттың шағуы барысында жедел ішектік өтімсіздік диагнозы жиі қойылады. Бұл осы екі аурудың кейбір симптомдарының ұқсастығымен түсіндіріледі-жедл басталуы, ішектің ауруы қарын бұлшықеттерінің қаттылығы, қайталама құсу, жүреке айну және үлкен дәреттің кідірілуі.
Жедел ішектік өтімсіздіктек айрықша қарақұрты шағуы барысындағы ішектің ауруы, шаншу сипатында болмайды, жүрек айну жиі, бір реттік ішкен тамақты қайта құсу арқылы сыртқа шығаарады. Жедел ішектік өтімсіздіктің бірқатар симптомдары — іштің кебуі, «шапалақ шуы» және басқалары қарақұрт шағу барысында байқалмайды. Әр түрлі клиникалық қарақұрт уымен уланудың симптомдары, сондай-ақ жедел ішектік өтімсіздік үшін тән емес. [7]
Сіреспенің қарақұрт шағуымен келетін кейбір ортақ симптомдары бар. Сіреспе үшін: жедел бастама, шайнау бұлшықеттерінің тризмі, дене бұлшықеттерінің тоникалық тартылуы, опистотонус, «тақтай тәрізді» созылған іш, аяқ-қолдың клоника тәрізді сіңірі тартылуы, тыныстаудың қиындауы, кенеттен тершеңдік және басқалары.
Қарақұрт уымен улану кезінде шайнау бұлшықеттерінің тризмі және опистотонус байқалмайды; тоникалық сіңір тартылу өте тұрақты емес.
Беттің бидайық қабынуы. Бидайық үшін жедел бастама-бас ауруы, жалпы дененің салқындауы, беттің белгілі бір учаскелерінде оның көтеріңкі қиырлары бар эритермалардың пайда болуы (мұрында, бетке тән). Эритермаларға қол тигізсе ауырады.
Қарақұрттың шағуы кезінде науқастан беттің жалпы жанға батпайтын гиперемиясы байқалады. Сондай-ақ, бидайық үшін тән емес басқа да симптомдар қатары белгіленеді.[9]
Бүйректік шаншу жедел бастамамен, бел мен несепағар бойында аурудың жарықтануымен, Пастернацкийдің оң симптомымен, дизуриямен, гематуриямен және басқалары арқылы сипатталады.
Ал қарақұрттың шағуы барысында шаққан жерден уы барлықдене бойымен, белді қоса алып, несепағар жолын өоздырмай жайылуы. Пастернацкийдің оң симптомы әрдайым көріне бермейді, Дизуриялық құбылыстар болмайды десек те болады. Микрогематурия сирек байқалады.
Бұлшықет жүйкесінің қабынуы. Бұл ауру кезінде қарақұрт шағуымен келетін ұқсастықтары аз болса да, айталық, кейде олар шатастырылады. Бұлшықет жүйесінің қабынуы науқастардан сәйкесінше күйімен, бұлшықет бойымен аурудың қоздырылуымен, Лассег, Вассерман, Кернинг, және басқаларының оң симтомдарымен сипатталады.
Қарақұрттың шағуы кезінде науқас жедел қоздырылады және мазасыз болады. Ауру тұла бойымен таралады және тек кейде ғана бұлшықет жүйесінің жолында, әсіресе төменгі бөлікті шаққанда айқын көрінеді.
Лассег, Вассерман, және Кернинг симптомдары қарақұрттың шағуына тән емес.[27]
Безгек қозудың айналымдық көтерілуісен, кейін келе қалыпты жағдайға дейін түсуімен және тершеңдігімен, сондай-ақ көкбауырдың ұлғаюымен және т.б. сипатталады.
Қарақұрт шаққанда қызу көтеріліп, жиі қалтырау байқалады. Тершеңдік температураның түсуімен байланысты болмайды. Көкбауыр ұлғаймайды.
Қарақұрт шағуын басқа да аурулармен салыстырмалы диагностика барысында дұрыс диагноз қоюды жеңілдете түсетін анализді жан-жақты жинау қажетті.[29]
2.3.2. Балалар мен жүкті әйелдерге қарақұрт уының әсері
Әдебиеттерде балаларды қарақұрт уымен уланудың клиникалық сипаттамасы туралы көрсеткіштер жоқ.
Біздің жинаған мәліметтеріміз бойынша, балалар мен ересектердегі аурудың симптомдары ештеңесімен өзгешеленбейді. Дегенмен де, балалардағы уланудың кейбір симптомдары өте жедел, әсіресе кіші жаста көрінеді. Біздің науқастарымыздың 12-сі балалар болды: 1 жасқа дейін біреу, 1 жастан 3 жасқа дейін үшеу, 3 жастан 10 жасқа дейін алтау және он жастан 12 жасқа дейін екеу. Олардың сегізінде шағу уақыты көрсетілген: олардың екеуі күндіз шағылған, ал қалғанын түнде қарақұрт шаққан.
Шағылған жерлері: сегіз балада-аяқ — қолдарында, бір балада-қолтық шұңқырында, және бір балада – төс тұсында (қалған екі балада шағылған жерлері анықталмаған).[30]
Шаққан жерде гипермия түріндегі, кейде бес теңгелік тиын өлшеміне дейін жететін клиникалық көріністер жеті жеті балада белгіленді, олардың екеуінде анық көрінетін ісіну байқалды. Бір балада екі қызыл нүкте түріндегі шаққан жердегі із көрінді. Жергілікті құбылыстар аурудың екінші-үшінші күні –ақ ғайып болды, бірақ өзінен кейін әрең кқрінетін дақ қалған, оны жиі тіпті оңайлықпен таба алмайды.
Аурудың алтыншы күні емханаға түскен үш жаар бір балада шаққан жерде іріңдеу екінші реттік инфекцияны енгізу нәтижесніде дамыған болуы керек.[33]
Жергілікті симптомдармен салыстыру барысында балалардың жалпы улауныынң кқрінісі өте жедел, әсіресе төрт балада болған. Уланудың симптомдары жылдам дамыған, және балалар жиі емханаға ессіз түрде жеткізілген. Жарақаттанған аяқ-қолдың немесе бүкіл дененің, әсіресе қатты бет пен қабақтың ісінуі, тоникалық сіңір тартылу, жедел көрінетін ентігу, іштің тік бұлшықеттерінің шиелінісуі және қатты тершеңдік белгіленді. Бес балада дене қызуы қалыпты болды, алты балада қалтырау байқалды және бір балада дене қызуы 39 ͦ -қа жетті.
Кіші жастағы екі балада тіл мен еріндерін тістелеу нәтижесінде ауру тілде жара және де астыңғы ерінде некроздың пайда болуымен асқына түскен.
Бір балада емханадан шыққаннан кейін бір ай ішінде бас ауыру, аяқ-қолдардың ауыруы және жалпы әлсіздік белгіленді.
Дегенмен де, біздің клиникалық материалымыз аз болса да (12 бала), саллыстырмалы мәліметтер кіші жастағы балаларда қарақұрт шаққаннан кейін ағзаның улануы ересектерге қарағанда ауырырақ өтетіндігін анық көрсетіп отыр, бұл көріністің осындай орын алы, бәлкім, баланың орталық нерв жүйесінің қарақұрт уына ерекше сезімталдығының әсерінен болуы керек.[34]
Аяғы ауыр әйелдерді қарақұрт шағуы. Әдебиеттерде қарақұрт уының адамдардың жыныстық ерекшелігін ебайланысты ешқандай мәліметтер берілмеген. Халық арасында қарақұрттың шағуы жүкті әйелдерде түсік шақыратындығы туралы пікір қалыптасқан, бірақ дегенмен де осы күнге дейін мұндай жағдай орын ламаған.
Қарақұртпен шағылған аяғы ауыр әйелдердің улануының клиникалық көрінісі бұл аурудың әдеттегі клиникалық көрінісінен маңызды өзгешілікті көрсетпейді. Жүктіліктің әр түрлі мерзімдері мен түскен тоғыз әйел болды: біреуі үш айға дейін, төртеуі-үштен бес айға дейін және төртеуі бестен сегіз айға дейін. Аяғы ауыр әйелдерде аурудың клиникалық ағымының ауырлығы әрқайсысында әртүрлі көрініс тапты: біреуінде жеңіл түрде байқалды, тағы төртеуінде-орташа, қалған төртеуінде –ауыр, олардың үшеуі жүктіліктің екінші кезеңінде болған.
Қарақұрт шағуынан кейін жүктіліктің тоқтатылуыынң симптомдары бар: екі науқастың жағдайы ерекше қызығушылық танытады. Олардың біреуінде алты айлық жүктілік түсік тастаумен аяқталды, ал басқа бес айлық тек жүкті науқаста түсік тастау қаупінің тек симптомдары ғана бақыланған.
Қарақұрт шаққаннан кейін екі тәуліктен соң басталған толғақ науқастың аурудың бесінші күні түсік тастауына алып келді. Анализдік мәліметтер басты клиникалық көрініс негізінде бұл жағдайда әйелдің түсік тастауы қарақұрттың шағуы себепті байланысты деп сенуге болады. Қарақұрт уы жүкті жатырға өзінің үздіксіз әрекетімен баланың өліміне, кейіннен түсік тастауына алып келуі мүмкін деп болжам жасауға да болады.
Осындай жағдайларды жан-жақты қарастыра отырып, қарақұрттың шағуы жүкті әйелдің түсік тастауына алып келуі мүмкін деген халықтың бақылауын растайды. Ары қарай нақтылы жинақтамалардың жиналуы бұл сұрақтың бір тоқтамдық анықталуына жол ашады. [14]
Қарақұрт шағуының кейінгі зардаптары адамдарда аз зерттелген. Алғаш рет Н.Зеланд (1885 жылы) шағудан кейін уақытша болатын жыныстық әлсіздіктің орын алуына меңзеп көрсеткен, оны кейін келе К.Н.Россинков (1999 жылы) да растады, ол өз еңбегінде былай деп жазады: «азиат халқы қарақұрттан өте қатты қорқады, себебі, шаққаннан кейін жыныстық өнімділік шығару қбілетінен мүлдем арылады –мыс(. И.Н.Шатилов қарақұрт шаққан кейін науқас бас ауырына шағым жасай отырып, ай ішінде жымыс орындай алмаған жағдайды суреттеген. В.П.Засимович қарақұрт шағуынан кейін бір ай ішінде диплопия мен бас ауруын бақылаған. А.А.Финкель өзінің жасаған бақылаулар нәтижесінде және Спиридоновтың берген мәліметтеріне сілтей отырып, қарақұртпен шағып алынған науқастарда бірнеше айлар ішінде (бірден үш айға дейін) бүкіл дененің әлсіздігі мен қалтырауы, тершеңдік пен ашуланшақтық байқалған. Е.Н.Павловский сондай-ақ шағылғаннан кейін науқастарда бір-екі ай ішінде қалатын әлсіздікті атап көрсетті.[9]
Шетелдік әдебиеттерге шолудың кейінгі зардаптары зерттелмеген. Восстың берген мәліметтеріне сүйенсек, шағуды бастан өткерген адамдарда бірнеше апта ішінде жалпы әлсіздік пен саусақтардың жансыздануы қалады.
Қарақұрт шаққан жануарларда, адамдарда сияқты қайта шағудың ұзақ кезеңі бақыланады. Бұл сауал бойынша әдебиеттерде кездесетін мәліметтер қарақұрт уына сезімталдық қабілеті жоғары келетін жануарлар — түйеге ғана қатысты.
А.Н.Бергиннің сипатттамасы бойынша түйеде қарақұрт шағуыынң кейін төрт-алты апта бойы жалпы әлсіздік қалады және ол ұзақ уақытқа жұмыс үшін жарамсыз.
Қарақұрт шағуынан кейін әртүрлі уақыт аралығынан кейінгі 50 қайта айығуды арнайы бақылауға алдық: алтауы-5-7 айдан кейін, 31-і 1 жылдан кейін, жетеуі-25 жылдан кейін және алтауы 3 жылдан кейін. Олардың ішінде емханадан шыққаннан кейін жетеуі ғана (14 %-ы) толықтай жазылды деп есептелді, ал қалған 46 (86 %-ы) әр түрлі ұғымдар шағымдар легін түсірді және уақыттың әр түрлі кезең ұзақтылығында өздерін ауру сезініп, жұмыс істеуге шамалары болмады. Соның ішінде 19 адамда әр түрлі жанға бататын құбылыстар бір аптадан 4 айға дейін болды және 24-де ауру белгілері жылға және оданда ұзақ уақытқа созылды.[8]
Біздің бақылауымыз көрсеткендей, қарақұрт шағуының зардаптары науқастарда, негізнен, субъективті құбылыстарға теңдестіріледі. Сондықтан да, шағымдардың мазмұндамасын ең көп жиігілігіне қарай ретпен сипатаймыз:
Жалпы әлсіздік және жаяу жүру, дене еңбегі кезінде тез шаршау. Осындай шағымдарды 43 адам жасады, қайта айығудың бірінші айларында аурудың бұл белгілері 24 адамда көрінуі (55,8%), төрт айға дейін-бес адамда (11,6%), бір жылға дейін – 12 адамда (27,9%) және үш жылға дейін-екі адамда (4,6%).
Аяқ-қолдардың ауыруы шағудың салдарлы зардаптарының жиілігі жөніндегі екінші белгісі болып табылдаы. Бұл симптом 27 адамда белгіленді. Ауру кезіндегідей, айығу кезінде науқастар аяқ-қолдың сыздауына шағымданады (балтыр бұлшықеттері мен буындарда), олар ұдайы, сырқырайтын сиаптта болады, өте интенсивті және кейде науқасты таяқшасының көмегін жүруге мәжбүр етеді. Аяқтардың ауруы 15 адамда бір айға дейін (55,5 %), төрт айға дейін –екі адамда (7,4%), бір жылға дейін – жеті (26%) және үш жылға дейін-үш адамда (11,1%) созылды.[7]
Бас ауыру және басты айналуы 18 адамда белгіленді.кезңімен олар жыл ішінде пайда болып тұрған және бір айға дейін-11 адамда (61,1%), төрт айға дейін үш адамда (16,7%), жыл ішінде 4 адамда (22,2%) сақталып тұрды.
Ентікпе және жүректің дүрсілдеп соғуы жеті адамда жыл бойы сақталған.
Ұйқының нашар болуы және тәбеттің болмауы алты адамда белгіленді, олардың ішінде төртеуінде-бір ай ішінде сақталса, екеуінде жыл бойы ауру белгілері сақталды. Бір науқаста шағудан кейін бір ғана айға созылған ұйқышылдық пайда болды.
Бүткіл дененің ауырсынуы бес адамда көрініс тапты. Үшеуінде олар төрт айға дейін тұрақты кезеңімен пайда болып тұрды.[7]
Жүрек тұсында ауыру төрт адамда белгіленді, олардың екуінде –үш айға дейін және екуінде кезеңімен жыл ішінде сақталған.
Бел тұсында ауыру үш адамда байқалды, олардың екуінде бір айға дейін сақталса, бұл белгі ьіреуінде шағудан кейін екі жыл ішінде пайда болып тұрған.
Жүрек айну екі адамда көрінді, олардың біреуінде бұл белгі емханадан шыққаннан кейін бір ай бойы сақталса, екнішсінде кезеңімен жыл ішінде көрініс тапқан.
Жыныстық әлсіздік. Жан-жақты тексерілген 14 ер кісілердің біреуінде жыныстық әлсіздік пайда болған және ол үш ай бойы сақталған.
Объективті өзгерістер. Бөртпе. Жеті адамда төс, қарын және аяқ-қолдардың терісінде кезеңімен розелезді сипаттағы қышыма бөртпе пайда болағн. Ол екі-үш күн сақталып, ізсіз жойылып отырған. Бір ай ішінде үш адамда байқалса, жыл бойы – бір адамда сақталған. Бір науқаста кезеңімен пайда болатын жыл бойы сақталған бөртпе сипатта болды.
Есту қабілетінің төмендеуі айығудан кейін үш адамда қарқындады. Олардың ішінде біреуінде бір ай ішінде болса, басқасында – жыл бойы және тағы басқа 16 жастағы ұл балада екі жыл бойы сақталды.
Жастың ағуы кезеңімен екі науқаста жыл бойы байқалды.[11]
Тершеңдік бір науқаста шағудан кейін бір ай ішінде сақталды. Аурудың субъективті эәне объективті белгілері өзара жиі астарласып келіп отырды. Жалпы әлсіздік пен тез шаршау, аяқ – қолдардың сыздауы және бастың ауыруы ең жиі кездесетін аурудың салдарлы зардаптары болып табылады. Аталған ауру белгілерінің ұзақтығы көбінесе бір айлық мерзімнен сынақ жүргізілді.
Ұзаққа созылған қайта айығу сәйкесінше аурудың ауыр клиникалық ағыымн басынан кешірген науқастарда байқалды. Мәселен, аурудың қандай да бір елгілері ұзақ уақыт бойы сақталған 22 науқастардың ішінде 13-де ауру ауыр өтті, бесеуінде –орташа ауырлық типі бойынша және тек төртеуінде ғана жеңіл өтті.
Қарақұрттың шағуын өткерген және медициналық көмекті медициналық пунктерден жұмыс орындары алысырақ орналасу себебімен өз кезегінде алмаған науқастар кейіннен емханаларға асқынған құбылыстармен барды.
Жоғарыда берілген уланудың кейінгі қарақұрттың уымен қоздыырлған зардаптары 8-ші кестеде көрсетілген.[4]
Кесте ….
Қарақұрт шағуынан кейінгі зардаптары |
1 айға дейін |
3 айға дейін |
1 жылға дейін |
2 жылға дейін |
3 жылға дейін |
Жалпы әлсіздік пен шаршау |
24 |
5 |
12 |
2 |
2 |
Аяқ-қолдың сыздауы |
15 |
2 |
4 |
2 |
3 |
Бас ауруы және бас айналу |
11 |
3 |
4 |
— |
— |
Ентікпе және жүректің шамадан тыс көп соғуы |
7 |
3 |
1 |
1 |
— |
Ұйқының және тәбеттің нашар болуы |
4 |
1 |
2 |
3 |
1 |
Тұла бойдың ауырсынуы |
1 |
3 |
2 |
1 |
1 |
Жүрек тұсында ауыру |
— |
2 |
2 |
— |
— |
Бел ауруы |
2 |
— |
1 |
2 |
2 |
Жүрек айну |
2 |
1 |
2 |
1 |
|
Бөртпе |
3 |
1 |
3 |
2 |
1 |
Есту қабілетінің төмендеуі |
1 |
2 |
1 |
1 |
— |
Жастың ағуы |
1 |
3 |
2 |
— |
3 |
Тершеңдік |
11 |
— |
— |
1 |
— |
Жыныстық әлсіздік |
2 |
1 |
— |
1 |
1 |
Қарақұрт шағуының өлімге әкелеуі. Қарақұрт шағуымен қоздыырлған аурудың өліммен аяқталуына қатысты ұзақ уақыт бойы бірде бір ортақ пікір болған жоқ. Бір авторлар қарақұрт шағуын зиянсыз десе, басқалары ажалды деп есептеді.
Халық арасында ежелден қарақұрт шағуының ажалға әкелетіндігі туралы көзқарас қалыптасқан. Өрмекшіден қорыққандығынан көшпнділер өздерінің өсімдігі бай жерлерін тастап, мыңдаған шақырымдарға көшіп кетіп отырған. К.Н.Россинков Қызылорда облысында Қарақұм шөлдері бойымен саяхаттай отырып, Қытай шекарасына қарақұрттың қорыққандықтан қашқан көшпенділермен тасталып кеткен бай өсімді көкорай-шалғынды жерлерді бар аудандарды көрді.[7]
ХХ ғасырдың соңынан бастау алып әдебиеттерде қарақұрттың шағуының ажалға әкелетіндігін көрсеткен авторлардың бірқатар жұмыстары жарық көрді. П.Малиев қарақұрттың шағуын суреттей отырып, науқастың жазылып кетуіне қатысты таңтауын айтып өтеді. А.Ф.Брандт «ажалды жағдайлар тек жеке балаларға ғана қатысты» деп есептеген. В.Ю.Бранке «қарақұртпен шағып алынған адамдар көп жағадйда ұзақ азаптан кейін ғана өледі» деп өз еңбегінде атап көрсетті. Соған ұқсас көзқарастарды басқа да авторлардың жұмыстарында кездестіруге болады. Тек соңғы жылдары әдебиеттерде П.А.Петрищевтің қарақұрт шағуының өліммен аяқталатындығы туралы мәліметтердің асырып айтылғандығына сілтеу жасалғандығы көрініс тапты. Өліммен аяқталуына келетін болсақ, отандық әдебиеттерде олар жеке бақылалура негізінде бірліктік жағдай ретінде сипатталған.
К.Н.Россинков қарақұрт шағып алған адамдар ішінде ажалдың пайызын анықтауға алғашқылардың бірі болып ұмтылды. Ең алғашқы жасалған жалпы саны бойынша Түркістанның кейбір аудандарында қарақұрт шағып алынғандар арасындағы өлім 4,16 % құрады.
Шетелдік авторлардың берген мәліметтері бойынша өлім пайызы шамамен сондай. Мәселен, Меткалф пен Фезут «қара жесірдің» шағуыынң өлімне әкелуі 5%-ға жетеді деп хабарлады. Одам мен Кейпек 1996 жылға дейін шағып алғандардың статистикасын қамтитын мақалада Latrodectus mactans арқылы 400 шағып алынғандарға 17 ажалды соңымен белгілендігін көрсеткен.[9]
Дегенмен де, қарақұрт шағуының өлімнің жоғары деңгейіне әкелетіндігі туралы пікірлерді асыра айтылған деп есептеу керек. Мысалы, біздің науқастарымыздың ішінде бірде біреуінде өліммен аяқталған жағдай байқалмаған, дегенмен де азап шеккендердің ішінде 12 бала болған, соның ішінде бір бала емізулі жаста. Аурудың рңтайлы аяқталуын біздің бақылау тобымыздағы науқастарда өз уақытында медициналық көмектің көрсетілуімен түсіндіруге болады. Десек те, қарақұрт шағуының өліммен аяқталу жағдайлары орын алып тұрады. Қарақұрт шағуынан болатын аурудың өлімге әкелу диагностикасы едәуір қиындықтарды ұсынады, себебі оның патологиялық-анатомиялық сипаты әлі зерттелмеген. Қарақұрт шағу іздерінің науқас анализімен бірге сәйкес келуі (немесе айналасындағылардың куәліктерімен) бұл мәселенің шешімін біразға дейін жеңілдетеді, бірақ соңғы қоырытындыларды жасау мүмкіндіктерін көрсетпейді. Сондықтан да қарақұрт уымен уланудың өлімге әкелу диагнозын қою мүмкіндіктің едәуір еншісімен жіберілуі тиіс. Біздің кезеңімізде, медициналық көмек халыққа өте жақын орналасқан кезде, қарақұрттың шағуы барысында өліммен аяқталудың мүмкіндігі мүлде жойылған.[9]
ІІІ. Қарақұрттан сақтану жолдары
3.1. Емделу
Қарақұрт шағуымен негізделген аурудың клиникалық көрінісінің ауырлылығы және медициналық емдеу орныдарының жеткіліксіз орналасуы, ал кей жағдайларда олардың бұрынғы Кеңес дәуірінде мүлде болмауы халықтың азап шеккендерді емдеу үшін барлық мүмкін үй құралдарын қолдануына мәжбүр етті. Қарақұрт шағуын емдеудің көптеген халықтық тәсілдері бар, олардың ішінде тек кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.
Емдеудің бар халықтық тәсілдерінің көпшілігі халықпен берілген үлкен маңызға ие шағудың тура орны жергілікті сипатта. Н.Зеланд берген мәліметтер бойынша қырғыздар қарақұрт шаққан жерді кесіп жіберіп, мүйіз көмегімен қанын сорып алатын болған. К.Н.Россинковтың берген мәліметтері бойынша қалмақтар шаққан жерді керосин немесе маймен сылайтын, кейінен түтікшемен немесе балқыма темірмен күйдірген, ал ішке майлы сорпа, тоң май (шошқа еті) ішіп, сонымен қатар арақ ішкен. Емдеудің басқа да әістері қолданылған: шаққан жерге ыстық балшықтың қойылуы, шаққан жерге жағылған қарақұрттың күлін себу және күлімен араласқан арақты ішкізу.[9]
П.И.Мариковский емдеудің сипатталған жолдарының кейбіреулері осы күнге дейін сақталған. Мәселен, Теміртау қаласында қарақұрт шағуын емдеу үшін бүйідегі тұндырманы қолданған. Балқаш көлі маңындағы халық шаққан жерді кесіп, қанын сорып тастайды. Қызылорда облысында шаққан жерге оқ-дәрі сеуіп, кейіннен оны жағады. Қырғызстанда апиынды ыстық сұйықтықты көп ішумен бірге ішке қабылдаумен және зардап шеккенді қой терісіне орап тастаумен емдейді.
Кеңес бодандығы жылдары медициналық емдеу орындарында едәуір кеңейді, бұл сапалы медициналық көмекті халыққа жақындата түсті және осылайша науқастардың емдеудің көптеген жабайы тәсілдерінен құтылуына жол ашты.
Қарақұртпен шағып алынған науқастарды емдеу үшін арналған медикаментоздық заттар өте көп. Мұның өзі емдеудің түпкілікті дәрісі бүгінгі күнге дейін болмауы туралы айтады. [4]
Қарақұртпен шағып алынған науқастарды емдеудің алғашқы ұмтылыстары, негізінен, жергілікті емді белгілеумен бастама алады. И.Н.Шатилов 1866 жылы алғаш рет Ресейде зардап шеккендердің қарақұрт шаққан жерін хлорлы әктің ерітіндісімен жуу жолымен емдеуді қолданады. Г.С.Карелин 1883 жылы шаққан жерді «ұшпалы сілтілі жақпа маймен» сылады және ағаш майын жақты. П.Малиев 1896 жылы жүрек жұмысын көтеру үшін комфор майын қолданды, морфийдің ауыруды басу мақсатында қолданудың қаупін атап көрсетті.
Н.Ф.Баранкин 1900 жылы әртүрлі авторлармен ұсынылған медикаменттердің көпшілігін критикалық бағалаудан кейін жергілікті қолдану үшін нашатыр спиртімен сүртуді, морганцовка бір пайызды ерітіндісін егуді, гипосульфитті немесе карбол қышқылын егуді ұсынды, бірақ бұл ретте емдеудің «уды тез сіңіруі» жергілікті тәсілдерінің тиімділігінде күмәнін айтып кетті. Жалпы әрекет заттарының ішінде автор сіңір және тартылу мен ауырсынуға қарсы ванна мен жылытқыш (грелка) түріндегі жылытуды ұсынады және іш қатуға қарсы жылы клизма жасауды, т.с.с ұсынды.
Б.А.Глинка қарақұрпен шағып алған адамдарды морфийді және гиоцинді ұйқыға дейін тері астына егу арқылы емдеген, ал жаңадан ғана шаққан кезде шағу орнына морганцовканың бір пайызды ертіндісін егіп, Буров сұйықтығымен компрессті қою тәсілін айтқан.
Г.Н.Самохин аурудың жергілікті құбылыстарына үлкен көңіл бөле отырып, шағып алынған аяқ-қолына жгутты байлауды, одан кейін сығып, уын сорып түкіріп тастауды, сонымен қатар жылы ванна қабылдаап, жарақатты марганец қышқылды калийдің әлсіз еретіндісімен және бор қышқылымен жуып шаюға кеңес береді. [16]
Е.И.Марциновский хлорлы калийдің он пайызды ерітіндісін тамыр асты егудің жақсы емдік қасиеті бар екендігін айқындаған. Е.И.Павловский мен А.В.Гижицкий ауруды морфий мен комфорды егу арқылы емдеді, ал зәр шығару өте қиын жағдайда катетеризацияны және іш қатуда – клизма жасауды қолданды.
М.З.Лукьянчиков шаққан жерді мырыш қышқылды калидйің ерітіндісін ішке егуге портвейн немесе қырық пайызды спиртті тәулігіне 200 мл мөлшерімен белгілеумен бірге егудің жақсы емдік әсері туралы хабарлаған. Автордың бақылауы бойынша, новокаиннің ерітіндісімен жұлынға жасалған анестезия тиімсіз болып есептеледі.
А.И.Кузнецов жергілікті және жалпы емдік іс-шаралардың бір қатарын ұсынды. Мысалы, удың сіңірілуін алдын алу мақсатымен, ал шаққан жерден жоғары аяқ-қолды жгутпен тартып байлап, 15-30 минуттан соң ұстауды, морганцовканың біір пайызды ерітіндісімен, жуып шаюды, шаққан жерді мырышқышқылды калийдің 1:1000 (10-20 мл) қатынасында егуді немесе хлор ұнтағының 1:6 (10-15 мл) ерітіндісін егуді; ауырсынуды төмендету үшін морфий немесе пантопенді; ұйықтату үшін үшін люминал, веронал, бромидтер және хлоральгидратты; жүрек-тамыр тонусын көтеру үшін камфор майын, кафеинді, кордиамнді, кордизолды және басқа да емдеуді қолдануды; удың ағзадан бөлініп шығуын жылдамдату үшін-көп сұйықтық ішіп, зәр шығарушыны қабылдайды ұсынды. Зәрдің сфиктерінің бүрмелу ауруы барысында – аторпин немесе папаверин қабылдауды ұсынды.[14]
И.И.Мошковский және А.М.Охотина 3-5 мл мөлшеріндегі мырыш қышқылды калийдің үш пайызды ерітіндісін және 10 мл мөлшеріндегі хлорлы кальцийдің 10 пайызды ерітіндісін күре тамыр астына егуден басқа, аурудың екніші күнінен бастап тері астына 7-8 күн ішінде 1 мл-ден 0,1 пайзды атропинді қоладуды, ал ауыр жағдайларда – эфедринді қолданды. Естен тану мен қан қысымының төмендеуімен күресу үшін – қан қысымы жоғары адамнен қан құюды қолданды. Аллергиялық реакциялар барысында – үлкен мөлшерде ионданған кальцийдің қолдануын жөн көрді.
Е.Дубинская сондай-ақ 3 пайызды мырыш қышқылды калийді күре тамырға егуді күніне 3 мл-ден 1-2 рет қолданудың әсері жоғары екендігін көрсеткен.
Е.М.Компаниец мырыш қышқылды калйдің күре тамыр астына енгізумен қатар 50 пайызды спиртін 50 мл мөлшерінде ауырсыну сезімін төмендету және жүрек жұмысын күшейту мақсатымен қолданды. Нерв жүйесіне жайландырушы әсер етуге және бұлшықеттегі босаңсыту үшін жылы ванналар қолданылды.
П.А.Петрищева мырыш қышқылы калий ерітіндісінен 1:1000 еріту қатысында немесе хлорлы әктің 1:60 еріту қатынасында батыру түріндегі жергілікті емді ұсынды.[17]
Эскомель шаққан жерге мырыш қышқылының калийлі ертіндісін қолданып, дәл осы препаратты 1:400 қатынасында ертідісінде әрбір екі сағат сайын бір ас қасықтан қолданса, ал Ален шаққан жерді кесілеуді жөн көрді.
Боген мен Берман жайландырушы құрал ретінде морфий, бромидтер, кадеин, веронол, грелкаларды, ал жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына ықпал ретінде кофеин мен стрихинді қолдануды ұсынды. Авторлар сондай-ақ іш қатуда касторканы және зәр шығарудың кідірілуінде катетеризациялауды жасауға кеңес берді. 4 науқасқа қарақұрт шағуынан кейін айыққан адамдардың сарысуын құю арқылы қолданды, бірақ емдік әсерін алмады.
Күре тамыр астына күкірт қышқылды магнезияның 10-20 мл-ден қарақұрт шағуы барысында қолданудың жақсы нәтижесі бірқатар авторлармен белгіленеді. Мысалы, Уоли мен Дюже, Ази, Фрайли және Гинсбург, Вильсон, Браунинг нитроглицеринді 0,001 г-нан ішуге қолдануға кеңес береді.
Джиберт біріншілердің бірі болып кальций глюконатының 10 мл мөлшеріндегі 10 пайызды ерітіндісін күре тамыр астына егу арқылы емдеудің тиімділігін атап көрсетті. Гайярдо науқастарды глюкоза, морфий және ыстық ванналармен бірге физиологиялық ерітінділерді етрі астына енгізу арқылы емдеді, Хартингер-хлорлы алтында қанға құю арқылы емдеді; беля мен Бун неостиглиннің 1:2000 қатынасындағы ерітіндісін енгізу арқылы емдеді.
Аллен «қара жесір» шағу барысында уақытша әсері бар турбокураринхлоирдті қолданды. [23]
Қарақұрт шағуының ерекше антитоксинді сарысуымен емдеу біршама айрықша болып табылда.ы емдік сарысу ХХ ғасыр басында — ақ алынып, оның дайындалуының алғышарты оырс ғалымы А.Щербинге және С.В:Констансовқа қатысты айтылады. Бірақ емдеудің бұл жолы қолданысқа кең етек алмай ұмытылды. 1939 жылы сарысу қайта Ташкент қаласында М.И.Максимовичпен дайындалып, жануарларда қанағаттарлық әсермен тексерілді. Қазіргі таңда Ташкент обылысндағы шығарылатын қарақұрт уына қарсы сарысу бүкіл ТМД елдерін қамтамасыз етіп отыр.