АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

Қазақстан республикасы  ауылшаруашылығы министрлігі

 

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

«Агробиология» факультеті

 

«Агрономия» кафедрасы

 

Дипломдық жұмыс  (жоба)

 

Бошай Әсем

 

 

«Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту»

 

 

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

 мамандығы 5В080100   «Агрономия»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Алматы 2018

Қазақстан республикасы  ауылшаруашылығы министрлігі 

 

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті

 коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

«Агробиология» факультеті

 

 

Дипломдық жұмыс

 

Тақырыбы:    «Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту»

 

                             Беттер саны

 

Сызбалар мен көрнекі материалдар саны

                                                Қосымшалар

 

Орындаған: Бошай Әсем

 

20 ___  ж.  “____” _____________ қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушісі ____________________Оразбаев С.Ә.

              (қолы)                                 (аты-жөні)

 

Жетекші___________ _______________Сүлейменова С.Е.

                 (қолы)                                  (аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

                                                                  Сүлейменова С.Е.

          (тарау)              (қолы)                                    (аты-жөні)

 

Норма бақылау  _________________________                                                                     (қолы)                                 (аты-жөні)

Сарапшы ________________________________                                       (қолы)                                   (аты-жөні)

 

 

 

 

 

 

                                Алматы – 2018   ж.

                   Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті

 коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

«Агробиология» факультеті

Мамандығы «Агрономия»

«Агрономия» кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

Тапсырмасы

 

Студент Бошай Әсем

 

Жұмыс (жоба) тақырыбы «Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту» Университет бойынша 20___ж  «_____»_____________ № _____  бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2017___ж «_____»_____________

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дипломдық жобада /жұмыста/ қарастырылатын сұрақтардың тізімі

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда) __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі ____________________   Оразбаев С.Ә.

                (қолы)                                 (аты-жөні)

Жұмыс жетекші___________ ________Сүлейменова С.Е.

       (қолы)                                    (аты-жөні)

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент ____________________      Бошай Әсем

                                           (қолы)                            (аты, жөні)

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

Графигі

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі ____________________   Оразбаев С.Ә.

                    (қолы)                                 (аты-жөні)

 

Жұмыс жетекші___________ _____________ Сүлейменова С.Е.

              (қолы)                                    (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент ____________________      Бошай Әсем

                                         (қолы)                            (аты, жөні)

 

 

 

Мазмұны

 

 

Бет

 

1

Кіріспе

8

 

2

Зерттеу бағдарламасы бойынша әдебиеттерге шолу

10

 

3

Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы

 

 

4

Картоп дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Зерттеулердің заманауи жағдайлары

12

 

 

Зерттеу жағдайлары, нысандары және әдістері

19

 

 

Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайы

28

 

 

Зерттеу нысаны

28

 

 

Зерттеу әдістері

33

 

 

Зерттеу нәтижелері

33

 

 

Экономикалық тиімділігі

50

 

Еңбек қорғау

54

 

ҚОРЫТЫНДЫ

59

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

60

 

ҚОСЫМШАЛАР

62

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы дипломдық жұмыста қолданылған терминдер:

Эксплант – өсімдіктен бөлініп алынған бөлшек немесе мүше.

In   vitro –  тірі материалдарды «шыны» жағдайында, ассептикалық жолмен жасанды қоректік ортада өсіру.

In   vivo – тірі материалдарды қалыпты жағдайда өсіру.

МС (MS) қоректік ортасы – Мурасиге-Скуга жасанды қоректік ортасы.

Ұштық ұлпа – сабақ (тамыр) ұшында орналасқан түзуші ұлпа.

Қалемше – жапырақ пен қолтық бүршігі бар сабақ кесіндісі.

Фитогормондар – өсімдік өсуін реттеушілер.

Ризогенез – тамыр жүйесінің түзілуі.

Регенерация – организмнің жоғалған мүшесінің немесе оның бөлігінің қалпына келуі.

Каллус – өсімдік органдары клеткаларының ретсіз пролиферацияға ұшырауынан пайда болған ұлпа.

Пролиферация – бұрын бар клеткалар мен ұлпалардың көбеюі және жаңадан клеткалардан түзілуі.

Каллусогенез – каллустық ұлпалардың түзілуі.

Культуральды өсімдіктер – жасанды қоректік ортадағы in vitro жағдайында өсірілген өсімдіктер.

Клон – вегетативті көбейту жолымен пайда болған бір организмнің немесе бір клетканың ұрпақтары.

Клондау – вегетативті көбейту мақсатында аналық өсімдіктерді немесе түйнектерді бөлшектерге бөлу жолымен тираждау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БEЛГIЛEУЛEP МEН ҚЫCҚAPТУЛAP

 

ҚP –Қaзaқcтaн pecпубликacы

ҒЗИ – ғылыми-зepттeу инcтитуты

ҚазККШҒЗИ – Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты

St –        cтaндapт

км –            килoмeтp

м — мeтp

cм – caнтимeтp

мм – милимeтp

кг – килoгpaмм

мг/кг –        миллигpaм килoгpaмынa

м3 /гa —        мeтp куб гeктapынa

г — гpaмм

гa — гeктap

т – тoннa

л – литp

л/гa –          литp гeктapынa

ж – жыл

млн. – миллиoн

т.б. – тaғы бacқa

б.з.б – бiздiң зaмaнымыздaн бұpын

cт. – cтaндapт, aудaндacтыpылғaн copт

% – пaйыз

°C – гpaдуc Цeльcий

aтм. – aтмocфepaлық қыcым

г/түп – бір түптен алынған түйнектер салмағы, грамм

дана/түп – бір түптен алынған түйнектер саны, дана

м2 – шаршы метр

мг/л – миллиграмм литрге

т/га – бір гектардан алынған өнім өлшемі

EТA-       eң төменгі aйыpмaшылық

AҚ –           aкциoнepлiк қoғaм

ЖШC –       жaуaпкepшiлiгi шeктeулi cepiктecтiк

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].

Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.

Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады.  Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2].  

Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат.   

Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру,  отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді.

Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиетке шолу

 

1.1 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы

Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі.  Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен – қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі – көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш – 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.

Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы  жақсы белгілі. Оның түйнегінде адамның қорегіне қажетті көмірсулар, сонымен қатар ақуыздар мен басқа да заттар көп мөлшерде кездеседі. Қорек ретінде картоп тағамға вегетативтік органы қолданылатын өсімдіктердің арасында бірінші орында.

Картоп ақуызы толық өсімдік ақуызына жатады. Оның сіңімділігі өте жоғары. Түйнектерінде салыстырмалы түрде ақуыз аз болғанымен, 1 га картоп егісі сіңімді ақуызды 1 га жүгері, малазықтық қызылша, арпа немесе сұлыға қарағанда көп береді. Бұл жағынан картоп дақылы бұршақ тұқымдастардан кейінгі орында.

Картоп спирт, крахмал және басқа өнімдер, тіпті арнайы лактар және жасанды жібек, әтір, дәріханалық заттар өндірісіне де жақсы шикізат болып табылады. Негізінен картоп крахмал өндірісінде кең қолданылады, өйткені оның құрамындағы ақуыз крахмалдан,  күріш, бидай немесе басқа да дақылдарға қарағанда оңай бөлінеді [3].

Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде «екінші нан» деп атайды. Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14- 22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар.

Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а.ө.) тең. Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер – аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі – темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта – 84- 85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады. Картоп,  әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ- жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыржемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. «Танаптарда картоп өсіру, — деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д.Н. Прянишников, — бұрын бір масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз».

Картоп дақылының биологиясы және морфологиялық ерекшеліктері

Картоп дақылын алқа тұқымдасының  Solanum L. туысына, Tuberarium (Дик.) Вик. секциясына жатқызады. Tuberarium секциясының таралу аймағында Америка, Оңтүстік Америкада картоптың 150 түрі өседі [4].

Картоптың мәдени түрі S. tuberosum L. Картоп дақылы дүние жүзінің топырақ, ауа-райы әр түрлі көптеген елдерінде өсіріледі. Картоп көп жылдық шөптесін өсімдік, бірақ шаруашылықта бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Оның тіршілік айналымы түйнегінің өнуінен бастап жаңа түйнектер қалыптасуы мен дамуы бір өсіп-өну кезеңде өтеді. Картоп дақылын көбіне вегетативті жолмен көбейтеді, сондай-ақ түйнек бөліктерімен, өскіндерімен, қалемшелерімен, тұқымымен де көбейтуге болады. Тұқымымен көбейту картоптың жаңа сорттарын шығаруда селекцияда қолданылады [5]. Тұқымы арқылы өсірілген картоп бір жылдық, себебі өсімдіктің тіршілігі жыл сайын қайтадан басталып отырады [6].

Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, түйнектің өнуіне топырақтың қолайлы температурасы +7°С, ал түйнекқалыптастыру барысындағы қолайлы температура +16°С болады. Картоп сабағының дамуы және ассимиляция жүруге қажетті ауаның қолайлы температурасы +20°С – +21°С болады. Топырақ температурасы +29°С жеткенде түйнектің өсуі толығымен тоқтайды, ал температура +40°С жеткенде фотосинтез процессі тежеледі. Картоп жарық сүйгіш өсімдік, түйнектер жарықсызда өне береді, бірақ бұл жағдайда картоп сабағы өнімді аз жинайды. Картоп ылғал мен қоректенуге талабы зор, әсіресе гүлдену мен түйнек қалыптастыру кезеңінде [7]. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев,  Н. А. Серекпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов   ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ 396-бет

Картоп дақылының өскін шығу мерзіміне сорттық ерекшеліктерінің әсері болмайды. Ол негізінен қоршаған орта температурасына байланысты. Ауа температурасы +11°С- +12°С болғанда картопты отырғызған күннен бастап 28-30 тәулікте өніп шығады, ал ауа температурасы 15°С болса өскіндер 7 тәулікке ерте көктейді [10].

М.Х. Чайлахянның мәліметтері бойынша түйнек түзілу екі кезеңнен тұрады: өзгерген өркендер өсуі мен қалыптасуы, түйнектер өсуі мен қалыптасу кезеңі [11]. Кейбір авторлар [12] мәліметтері картоп өсімдігінің түйнек қалыптастыруын мынадай сатыларға бөледі: 1-саты өзгерген өркендер индукциясы мен инициациясы; 2-саты өзгерген өркендер өсуі мен тармақтануы; 3-саты өзгерген өркендер өсуінің тоқтауы; 4-саты түйнектер индукциясы мен инициациясы.

А. Буттың (1966) мәліметі бойынша өзгерген өркен дегеніміз диагеотропты өсетін рудиментарлы жапырақтары бар жанама өркен. Бұл жарықта және қараңғыда өскен өзгерген өркендерге тән құбылыс [13].

Қартоп түйнегі түрі өзгерген өркен деп аталады. Түйнектің өзгерген өркенге бекітілетін жері кіндігі, ал қарама-қарсы жағы төбесі. Картоп түйнегі төбе бөлігінен өседі және көзшелері түйнектің төбесінде шоғырланып орналасқан [5, 14, 15]..

Картопта қалыптасатын түйнектер саны өзгерген өркендер санымен тығыз байланысты болады, ал өзгерген өркендердің түйнек түзуі генотипке байланысты. Кейбір сорттар өнімінің пісуіне дейін картоп түбіндегі бастапқы салынған түйнектерінің тек 70-85%-ын ғана сақтап қалады. Мұндай құбылысты түйнектерге ассимиляттардың түспеуімен түсіндіруге болады, бұл түйнектер кейініректе жойылады [16].

Картоп дақылы өздігінен тозаңданады, кейде жел мен жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі көп тұқымды, екі ұялы қою жасыл түсті жидегі шар тәрізді немесе сопақша келеді. Тұқымы жалпақ, ашық сары түсті, 1000 дана тұқымының салмағы шамамен 0,5г болады [17].

Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр–жай болғанын талап етеді. В. С. Әбділдаев мәліметі бойынша, картоп өсімдігінің вегетация кезеңіндегі жылуға, суға, қоректік заттарға, ылғалға деген талаптары өзгеріп отырады. Сондықтан жоғары өнім алу үшін аталып өткен талаптарды дұрыс қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. 

Картоптың ерте шығатын сорттары үшін көктеп шыққаннан, қазып алғанға дейінгі қажетті барлық жылулық мөлшері – 1200-1400°С, ал бұл көрсеткіш кеш пісетін сорттар үшін 1400-1700°С. Қазақстанның қай облысында болмасын 1900°С жылулықтан кемі жоқ, оңтүстік облыстарда осы көрсеткіш 2600-2800°0С дейін жетеді. Сондықтан картоп дақылын Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады [18]. Картоп жарық сүйгіш өсімдік, жарықтың түсуі нашар жерлерде картоп өсімдігінің сабағының ұзарып өсуі мен жас түйнектерінің қалыптасуы тежеледі Картоп дақылы гүлдеуі мен жеміс түзуі бір-біріне байланысты ұзақ күн өсімдіктер қатарына жатқызылады. Ұзақ күн кезінде сабағы, гүлдері және жемістерінің дамуы қарқынды жүріп, ал қысқа күн түйнектердің қалыптасуына көмектеседі [21].

Картоп тұқымдары будандастыру және өздігінен тозаңдану арқылы алынғанда гетерозиготалы болады. Бұл тұқымдардан алынған ұрпақтарының түйнектер пішіні, өнімділігі мен сапасы жағынан әр түрлі ауытқуларға ие болады. Тұқымымен өсірілген картоп өсімдігінің өнімділігі әдетте төмен, түйнектері ұсақ болады. Картоп түйнектерінде аналық өсімдіктің барлық ерекшеліктері мен қасиеттері сақталады. Түйнек – картопты түйнекпен көбейту кезінде аналық өсімдіктің өсуін жалғастыруды қамтамасыз етуші, қыстап шығатын түрі. Сол себепті, картопты түйнек арқылы көбейтуде көп жылдық өсімдік деп айтуға болады, ал оның жасы сол сорттың жасымен анықталады [22].

Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр–жай болғанын талап етеді. Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, түйнектің өнуіне топырақтың қолайлы температурасы +7°С, ал түйнекқалыптастыру барысындағы қолайлы температура +16°С болады. Картоп сабағының дамуы және ассимиляция жүруге қажетті ауаның қолайлы температурасы +20°С – +21°С болады. Топырақ температурасы +29°С жеткенде түйнектің өсуі толығымен тоқтайды, ал температура +40°С жеткенде фотосинтез процессі тежеледі. Ауа температурасы +11°С- +12°С болғанда картопты отырғызған күннен бастап 28-30 тәулікте өніп шығады, ал ауа температурасы 15°С болса өскіндер 7 тәулікке ерте көктейді [7].

Картоп жарық сүйгіш өсімдік, жарықтың түсуі нашар жерлерде картоп өсімдігінің сабағының ұзарып өсуі мен жас түйнектерінің қалыптасуы тежеледі Картоп дақылы гүлдеуі мен жеміс түзуі бір-біріне байланысты ұзақ күн өсімдіктер қатарына жатқызылады. Ұзақ күн кезінде сабағы, гүлдері және жемістерінің дамуы қарқынды жүріп, ал қысқа күн түйнектердің қалыптасуына көмектеседі [3].

Картоп сорттары пісу мерзімдеріне байланысты: ерте, орташа ерте, орташа мерзімде, орташа кеш және кеш мерзімде пісетіндер топтарына бөлінеді.

Шаруашылықта алатын орнына байланысты, картоп сорттары мынандай топтарға бөлінеді:

асханалық – іші қараймайтын дәмді;

техникалық – құрамында крахмал мөлшері 20-25 %- тен кем болмауы керек. Крахмал, спирт және тағы басқа өндіру үшін қажет.

асханалық және техникалық – дәмді, іші қараймайтын әрі крахмалы жоғары сорттар. Мұндай сорттар өндірісте де тағам ретінде де қолданылады;

мал азықтық – құрамында белок және құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы шарт;

универсалдық(әмбебап) – сорттың ерекшелігі  дәмді, іші қараймайтын, крахмалы, белогы және өнімі жоғары болады. Мұндай сорттарды тағамға, өндіріске және мал азығына да пайдалана беруге болады.

Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-5°С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7—8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16—18° деп есептеледі [18].

Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 20 тонна көң төгілген алқаптың әр гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 25 центнер картоп өнімі артығымен алынған [19].

Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17—22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура есімдіктерді әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. —1—1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16—18°, немесе +22—25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26—29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400—1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600—1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін — 1800—2000°. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады [20].

Халиленконың (Дағыстан ауыл шаруашылық институты) тәжірибесінде картопты күздік арпадан, жүгеріден және қыстық бұршақ пен күздік қара бидай қоспасынан кейін отырғызған кезде одан мынадай өнім алынған: күздік арпадан кейін – 114,6 ц/га, жүгеріден кейін – 156,6 ц/га, күздік қара бидай мен қыстық бұршақ қоспасынан кейін – 165,8 ц/га. Бұл тәжирибеде картоптан ең жоғарғы өнім күздік қара бидай мен қыстық бұршақ қоспасынан кейін алынғаны байқалады [21].

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ерте пісетін дақылдардан кейін аңызға картоп егіп, одан жақсы өнім алуға болатыны ақиқат. Бірақ бұл іс жүзінде әлі қолға алынбай келеді. Оңтүстіктің қолайлы климат жағдайында егістік жерді тиімді пайдалану үшін аңыздық картоп егу жұмыстары ертелі кеш қолға алынуы тиіс. Картоптың биологиялық ерекшеліктері оны аңызға егу өте тиімді екенін дәлелдейді [22].

Картоп өнімін көтеру үшін органикалық тыңайтқыштармен қатар, құрамында өсімдікке қажетті және сіңімді түрінде кездесетін қоректік заттары бар минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Профессор Н.С.Бацановтың деректері бойынша картоп тамыр жүйесі қысқа әрі жетілмеген өсімдік болғандықтан өзі өскен ортада қажетті қоректік заттардың толығынан болуын талап ететін дақыл [23].

Фосфор ақуыздың құрамына кірмегенімен, нуклеин қышқылы құрамына кіреді, ол ақуызбен қосылып нуклепротеидтер түзеді. Фосфор – крахмалдың белгілі бір құрамы. Ол органикалық қосындылар құрамына (ферменттер, дәрумендер) кіріп, өсімдік өмірінде маңызды міндет атқарады. Фосфор жеткілікті болған жағдайда ғана өсімдік дұрыс өсе алады.

Азот – ақуыздың күрделі молекуласын түзетін аминқышқылдары құрамына кіреді. Картоп өсімдігі азотты топырақтан азот қышқылының минералды және аммоний тұздары арқылы алады. Азот жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт түстенеді, ерте сарғаяды, соның салдарынан түйнектің крахмалы азаяды және өнімі төмендейді. Азот шамадан тыс көп болса да зиянды, онда сабағы тым бойлап өсіп, түйнегі жетілмей қалады және ұзақ уақыт піспейді.

Калий элементі азот, фосфор, күкірт сияқты органикалық қоспалар құрамына кірмейді, ол өсімдік құрамында ионды түрде қатысады. Калий жетіспеген жағдайда фотосинтез қарқыны, топырақтан түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді. Калий элементі жетпей тұрған өсімдікті, оның қола түсті жапырағынан байқауға болады. Өсімдіктің гүл салу кезеңіне дейін топырақта калий жеткілікті болса, картоп өнімі жоғары болады [23].

Картоптан мол өнім алу оның тұқымдық түйнегінің сапасына көп байланысты. Шірік, құрт жеген, үсік шалған немесе тұншыққан түйнектерді мүлдем отырғызуға болмайды. Сол сияқты көктетілгенде өнбеген немесе өркені жіңішке түйнектер тұқымға жарамайды. Тұқым ішінде басқа сорт түйнегі кездессе оны бөліп алып тастайды. Отырғызу алдында 3-5 см-ден артық өскен өркендер шырпылады, себебі олар картоп отырғызатын аппарат дөңгелегіне шыланып, түйнектің жерге түсуіне кедергі жасайды [22].

Картоптың оңтүстік жарты шарда таралуы жоғары температура мен суарудың жоқтығынан шектеулі.

Картоптың ыстыққа төзімсіздігін ескере отырып, оның төменгі температураларға да аса сезімталдығын көрсету керек. Картоптың қарапайым сорттары күн тез суыған жағдайда -10С температурада өле бастайды.

Төменгі температураларға негізінен картоптың жас өскіндері төзімсіз. Температураның баяу төмендеуі өсімдікте қанттың жиналуына әкеліп оның аздаған үсіктерге төзімділігін арттырады. Мұндай өсімдіктер -20, -30С, ал кей жағдайларда -40С дейінгі үсіктерге шыдамды [22].

Субэпидермальды және дихламидтіге қарағанда эпидермальды мутацияның жиілігі картоп дақылында айтарлықтай жоғары. Жоғарыда көрсетілген екі түр мутацияның жалпы массасында 20 пайыздан аспаған. Олар эпидермальды мутацияның екіншілік мутация нәтижесінде пайда болған деген болжам бар. Картоптың вегетативті мутациялары көп жағдайда күтпеген жолмен пайда болады және әртүрлі белгілерді қамтиды: түйіні мен гүлдерінің түсі, картоп түйінінің беткі жағы мен формалары, жапырақ пластинкасын, сонымен қатар кейбір шаруашылық-биологиялық белгілерін Russet типіндегі мутация тек эпидермальды қабатпен шектеледі. Бұл жағдай, мысал ретінде, ағылшындық сорт Гольден Вондер сортында кездеседі [20].

Фитофтораға төзімді сорттарыдың селекциясының алғашқы зерттеулері 1847жылдан, картоп фитофторозының жаппай Батыс Еуропада, әсіресе, Ирландияда жаппай таралуына байланысты басталды. Фитфтороға төзімді гибридтерінің S.demissum түрі көп мөлшерде 1921-1935 жж Германия және АҚШ-та алынды. Пероксидазаның жоғарғы активтілігі анықталған картоп сорттары фитофтораға анағұрлым төзімді. Фитофтораға келесі түрлер төзімді: Demissa сериясының – S. Demissum(әсіресе v. Tlaxpenualcoence 0,29 Вик және v. xitlenceВик), S. Verrucosum, S. Semidemissum, S. Salamanii, S. Brachycarpum, S. Guerreroense, S. Spektabile, S. Iopetalum; Longipedicellata сериясының – S. Vallis-mexici, S. Fendleri, S. Polytricon, S. Stoloniferum, S. Ajuscoense, S. Antipovicrii(әсіресе v gandarae, v reddikii, v. Martinezii), S. Longipecellatum, S. Malinchense, S. Tlaxcalense; Polyadenia сериясының – S. Polyadenium; Pinnatisecta сериясының  – S. Pinnatisecta және басқалары.

Дегенмен жоғарыда көрсетілген түрлер әр түрлі төзімділік дәрежесін көрсетеді. Селекцияда фитофтораға төзімділітк көп жағдайда S. Demissum, S. Semidemissum түрлері қолданылады. Бұлар әртүрлі сорттармен және түрлермен оңай айқасатын құнды қасиеттер комплексімен ерекшеленеді [23]

Көшеттердің фитофтораға төзімділігі тікелей бастапқы ата-аналық формалардың төзімділігіне байланысты екендігі анықталған. Егер ата-аналық формлардың екеуі де төзімді болса, онда будандастыру кезінде ұрпақтарында төзімді көшеттердің көптігі байқалған (39,0-68,0%). Егер тек аналық форма төзімді болса, төзімді формалардың саны 40,5-тен 51,8%-ға дейін ауытқып отырады. Егер, тек аталық форма ғана төзімді болса, онда, 19,6-дан 41,5%-ға дейін.

  • Картоптың вирус аурулары

Вирус аурулары картоп өсіретін барлық жерде кездеседі, вирус ауруынан дүниежүзінде картопқа 13 % немесе 30 млн тонна шығын келеді [4]. Қазақстанда картоп дақылына ең зиянды ауру – вирус аурулары. С. Т. Бубенцовтың [5] мәліметі бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында сепкін мозайкадан картоп 20%, әжімді және жолақ мозайкалары – 70-80 % өнімін жоғалтқан. А. С. Удовицкий мен А. И. Востриковалардың [6] мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстанның картоп танаптарында вирус ауруларының көптеген түрі кездеседі, соның ішінде жолақ мозайка – 48, әжімді мозайка – 18, жапырақтың жиырылуы – 35, сепкілді мозайка – 32 %-ке дейін тараған.

 

Жапырақтардың вирустық жиырылуы (PLRV)

 

 

                       Y (PVY) вирусы

 

                       X (PVX) вирусы

              Түйіндердің жіпшелену вироиды (PSTV)

Вирус ауруларынан келетін шығынды кесіп айту мүмкін емес, өйткені әр ауданда жылдың ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі зиян келтіреді. Вирус аурулары картоп сортына, агротехникасына және тұқым сапасына байланысты бірнеше пайыздан өнімді түгел дерлік жоюға дейін зақымдауы мүмкін.

Вирустар дақылдың өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге тұқымдық түйіндердің сапасын да нашарлатады. Түйінде құрғақ заттардың, аскорбин қышқылының мөлшері де төмендейді.

Картоп дақылында кездесетін барлық вирус аурулары 2 топқа бөлінеді. Олар – мозайка және сары ауру.

Мозайка ауруын қоздыратын вирустар – У. А. Х. S. M. F. және т.б. Бұл ауруға шалдыққан картоп сабағына және топырақтарында сарғыштау жасыл дақтар пайда болады (сепкілді және кәдімгі мозайка) немесе жапырақтары жиырылып қатпарланады (бұйра, жапырақтың әжімді мозайкасы), жапырақтарда және сабақтарда өлі тканьдардан тұратын қара тесіктер пайда болуы мүмкін (жолақ мозайка).

Оның тіршілік айналымы түйнегінің өнуінен бастап жаңа түйнектер қалыптасуы мен дамуы бір өсіп-өну кезеңде өтеді.

Сары ауруға жататындар – столбур, жапырақтың жиырылу ауруы (L), сыпырғыш тәрізді ауруы т.б. Мұндай ауруға шалдыққан картоп жапырақтары сарғайып тұрады және ұсақталып кетеді. Сабақтары да жіңішке келеді, кейде шамадан тыс көбейіп сыпырғыш тәрізді болады. Сары ауру вирустары әдетте жәндіктер арқылы тарайды.

Мозайка ауруын тарататын вирустар өсімдік жапырақтарында, сабақтарында көп, ал өсімдіктің ұшар басында сирек кездеседі. Картопты жоғары меристема бөлшегі арқылы вирус ауруынан сауықтыру тәсілі өсімдіктің осы қасиетіне негізделген.

 Әртүрлі вирустардың өсімдіктер бойына орналасуы әрқилы болады. Мысалы, А вирусы өсімдіктің ең жоғарғы нүктесінен сәл қашықтау орналасса, С вирусы сол жоғарғы нүктенің өзіне орналасуы мүмкін.

Вирустардың өсімдік денесіне енгеннен кейін, олардың тарау жылдамдығы, оның сорттық ерекшеліктеріне, қоректік заттарға және өсетін ортаға байланысты әртүрлі болады.

Көптеген ғалымдардың зерттеулерінше [7], картоп өсімдігіне жәндіктер арқылы вирус енгізгенде,  оның жапырағынан түйнекке дейін вирус 8-10 күнде жететіні мәлім болған. Кейбір ғалымдардың айтуынша [10,11] картоп өсімдігінің өсу мерзімі ұлғайған сайын оның У вирусына төзімділігі арта береді. Сондықтан картоптың тез өсіп-жетілуіне бағытталған агротехникалық шаралардың барлығы вирустардың тежелуіне пайдалы әсер етеді. Бойнянский В. [11] вирус зақымдаған картоп өсімдігі бойындағы крахмал мен белок мөлшері әдеттегіден 2,2 % және 0,22%- ке дейін  төмендейтінін мәлімдеген.

У вирусы [tobacco veinal necrosis virus, solsnum virus 2 (Ortox) Smith, Stipple – streak virus; жолақ мозайка, әжімді мозайка, стрик, strichelkrankheit]. Бұл картопты қатты зақымдайтын және жиі кездесетін вирустың бірі. Аурудың бірінше белгілері жапырақта мозайкалы немесе қоңыр дақ түрінде кездеседі. Өсімдік бойы өспейді, аласа қалады. Жапырақтары деформацияланып, әжімді болып, тарамдары кішірейіп қалады. Тарамының жоғары жағы төмен қарай қайырылған. Жапырақ бетіндегі жүйке аралықтарында және жүйкелерінде, сағақтары мен сабақтарында өлі ұлпалардың учаскелері – некроздар пайда болады. Сағақтары мен сабақтары нәзік болады. Жиірек төменгі жапырақтары қараяды және жансызданады, төмен салбырайды. Түймегі майда. Өнімділігі – 50-90 % төмендейді. Картоптың мозайка ауруларының ең ауыр формаларын, жиірек У вирусы қоздырады, әсіресе басқа вирустармен қосылғанда (Х, А және т.б.).

Вирус А (potato virus A , kartoffel-A-virus, Solanum virus 3 Smith, Marmon Solani Holmes, Supermild mosaic, potato veinal – mosaic, Rauhmosaic). Бұл вирус жапырақта ірідақты мозайканы тұрғызады, кейде жүйке аралықтарында шығыңғы ұлпа бөліктері болады (жиырылу және бұйралану). Бұйралану әсіресе жаңадан дамып, келе жатқан жапырақтарда көрінеді. Өсуі тоқтаған жапырақтарда вирус симптомдары жиі жоғалып кетеді. Өте күшті штамдар тез қабылдағыш сорттарда сақталғыш мозайкаға әкеледі. Кейбір сорттарда жиі толық латенттілік байқалады.

Қатты байқалатын бұйралану белгілері (crincle) А вирусымен бірге өздігінен пайда болу мүмкін, бірақ жиі Х және У вирустарымен қосылыста зақымдалады. А вирусына Nikotiana geutinosa L. және Datura stramonium L. иммунды, индикатор ретінде қолданады.

Бұл вирусты темекі және басқа өсімдіктерге шырынды жағу арқылы тасымалдауға болады. Тасымалдаушы бітелері: A. fangulae, Myzodes persicaya, Aphis nasturtii, Macrosifum euphorbieae. Тасымалдаушыда вирус персисттентті емес. Вирус бөлшектерінің өлшемі 15х730 mμ А вирусы Х және S, т.б. вирустарға қарағанда сирек кездеседі.       

Вирус Х [latent potato virus, potato mottle virus, potato ring spot virus, solanum virus 4 и 6, жеңіл теңбіл мозайка, potato common mozaic, potato interveinal mozaic]. Картоптың кең тараған вирустардың бірі. Аурудың сыртқы белгілері – өсімдікте ашық жасыл немесе сары дақтану көрінеді, жапырақ беті деформацияға ұшырамайды жәнеөсімдік күші төмендейді. Кейбір мәліметтер бойынша Х вирусының белгілері У вирусының белгілеріне қарағанда температура және жарық қарқындылығы төмен болғанда анығырақ көрінеді (G. Borchardt, 1961). Өнім 10-20% төмендейді. У және А вирустарымен аралас инфекция кезінде өнімнің төмендеуі арта түседі. Вирус бөлшектері жіп тәрізді өлшемі 10-15х500-525 mμ. Вирус шырын арқылы оңай таралады және ұлпамен өскін зақымдалғанкезде енеді. Егістікте ауру және сау өсімдіктердің жапырағы мен тамыралары әсерлескенде таралады. Габриэльдің [17] мәліметі бойынша бұл вирусты Tettigonia viridissima L.  таратады. 

Вирус S бұл вирус Х вирусы сияқты кең тараған. Вирус 1959 жылы Нидерландыда серологиялық зерттеулер негізінде ашылды. Ауру белгілерін әртүрлі сорттар мен жағдайларда бірдей емес. Жиірек жапырақтың жеңіл ақшылдануы, кей де әлсіз мозайка, жүйке тарамдарынан тереңдеуі жапырақ басы төмен қайырылуы және кішіреуі, жапырақтануы азырақ және басқа белгілері байқалады. Вирустың әртүрлі штамдарының болуы анықталды.

S вирустың белгілері әдетте Х және А вирустарына қарағанда кеш көрінеді. Аралас инфекция кезінде (Мысалы, А, Х, У –пен бірге) S вирустың болуы ауру суретіне салыстырмалы аз әсер етеді. Әдетте аталған әрбір вирусқа тән белгілерді мардымсыз күшейтеді. S вирусы өнімге салыстырмалы аз әсер етеді. Аса қабылдағыш сорттардың төмендеуі 10-15 % болады [15].. 

Вирус шырын арқылы, ұластыру кезінде және жанасу жолымен жеңіл тарайды. Бітелердің кейбір түрлерімен  тарайды [16]. Электронды микроскоппен қарағанда  S вирусы жіп тәрізді аздап қайырылған бөлшек түрінде, орташа өлшемі 15х657 mμ екені анықталды.

Вирус М [вирус К, мозайкалы жиырылу, Rollmosaic, leafrolling, interveinal mosaic, paraerinkle, potato virus E, Solanum virus 7 Smith]. Багнал, Ларсон және Вокер [3,6] М вирусын Х және S – пен бірге Кобблер сорты өсімдіктерінде жүйке аралық мозайкалы белгісінен тапты (interveinal mosaic). Кейде М вирусы vigna silensis-те локальды сақина тәрізді зақымдаулар туғызады. Монгремье және Девернь [7,10] М вирусты Ратт сортында басқа вирустардың кешенісіз тапты.

Жиі ауру өсімдікке мозайка, тарамдалып жиырылуы, әсіресе жоғары жапырақтарының шеттері толқындалуы тән болады. Сонымен бірге әлсіз сарғаяды немесе қызғылт түске боялады. Нурмисте [7] аталған вирустан Олев және Тальвик сорттарының шығыны 40 %-ке дейін жетеді деп санады. Коновалов және Лорх [12] Агрономический сорттарының шығыны 60-70 %-ке жететінін анықтаған.

Вирус шырын арқылы және бітенің барлық түрінен тарайды.

Өсімдікте вирусты анықтап шығару, әсіресе М вирусы ауру жұққан өсімдік ұлпаларында концентрациясы бірқалыпты еместігі қиындатады. Ол бүкіл вегетациялық кезеңде көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады [5]. Жапырақтың ширатылу вирусы. [Blattroull-virus, potato leafroll virus, Solanum virus 14 (Appel) Smith, virus L]. Сары ауруға тән белгілер – жапырақтың ширатылуына әкеледі. Ауру жұққан бірінші жылы негізгі белгілері жоғарғы жапырақтары шетінен бастап ортаңғы жүйке бойымен қайық тәрізді қайырылуымен бірге сарғаяды немесе кейбір сорттардың жапырақтары антоцианды түске боялады. Келесі жылы әдетте барлық жапырақтардың тарамдары, өсімдіктің төменгі жағынан бастап түтіктеніп жиырылады. Өсімдік түгел сарғаяды.

Аурудың кейінгі дамуы барысында көптеген сорттар сыпырғыш тәрізді түрге келеді. Жапырақ біліктері жоғары қайырылады. Жапырақтарды үйкеген кезде металды шу естіледі. Тез зақымдалатын сорттарда флоэманың некрозы тек сабағында емес, түйнегінде де байқалады. Кейбір сорттар түйнектерінде желі некроз пайда болады (Netznekrose). Жапырақтың ширатылуымен бірге кейде түйнек өскіндерінің жіп тәрізді болуы байланысты. Вирус өнімді 40-90%-ке дейін төмендетеді [16].

Ауру отырғызылатын түйнек арқылы тез тарайды және жылдан жылға күшейеді. Вирус механикалық түрде тарамайды. Бітелердің ішінде Mezodes persicae арқылы тарайды. Картоптың ересек өсімдігіне түйнектен жапырағына вирус 8-10 күнде өте алады [17]. Вирустың жапырақтан  түйнекке өту жылдамдығы сыртқы орта мен сорттық ерекшеліктерге байланысты.  Европа мен АҚШ-та вирус көптеген варианттарда кездеседі, олар сортқа байланысты әртүрлі  дәрежеде зақымдайды [18].

   Әжімді мозаика. Бұл ауруға шалдыққан картоп жапырағы қатайып, қыртыстанып кетеді, олардың бетіне сарғыш дақ түседі. Өсімдіктің өсуі тежеледі, өнімі төмендейді. Ауру X пен У вирустары зақымдауының әсерінен болады.

Жолақ мозаика. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жапырақ тарамдары арасында қара дақтар пайда болады. Ауру асқынған сайын төменгі жапырақгары қурап, салбырап ілініп тұрады, кейін ортаңғы жапырақгар да сол күйге түседі.

Бұл   ауруды   қоздыратын  У  вирусы  және   басқа  да мозаика вирустары қосылуы мүмкін.

Жолақ     мозаика     көбінесе     әжімді     мозаикамен қосақталып жүреді.

Жолақ мозаикамен ауырған картоп өнімі төмен болады.

Жапырақтың мозаикалық жиырылуы. Негізгі белгісі — жапырақтың шеті жоғары қайырылады. Әдетте, картоп өсімдігінің жоғарғы жапырақтарынан басталады. Басқа да белгілеріне жататьндар: жапырақта ақшыл дақтар пайда  болады, сәл әжімдер, аздаған қатпарлар болуы мүмкін

Аурудың қоздырғышы — М/К/ вирусы. Ауру жоғарыда айтылған  белгілерін  көрсетіп  асқынып  кеткенде,  картоп өнімін 30%-ке дейін төмендетеді.

Вирус   М   көбінесе   сырт  көзге   көрінбейтін   белгісіз қалыпта кездеседі.

Ауру, жөндіктер арқылы және жанасу арқылы тарайды.

Теңбіл мозаика /кәдуілгі мозаика/

Бұл     аурудың     белгісі    жапырақтарындағы  ақшыл теңбілдер. Ауру асқынған сайын көзге әзер көрінетін ұсақ теңбілдер айқындалып үлкейе береді, кейін қосылып кетеді. Теңбіл мозаиканың белгілері уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады, ол өсімдіктің жас кезінде жақсы көрінеді /гүлдеген кезге дейін/ және тұманды, салқын күндері айрықша көзге түседі.

Осы аурудың қоздырғыштары X және S вирустары. Егер өсімдікте У және А вирустары қоса кездессе, онда теңбіл мозаика әжімді мозаикаға айналады.

X және S вирустары танапта жанасу арқылы тарайды, S вирусының кейбір түрі жәндіктер арқылы тарайды.

Картоп өсетін жердің бәріне дерлік X және S вирустары жиі кездеседі, көбінесе белгілері сырт кезге көрінбегенімен, жалпы картоп өнімін төмендетеді.

Картоп өсімдігіне серологиялық анализ жасау арқылы X және S вирустарын айқындауға болады.

Жапырақтың жиырылуы. Бұл аурудың жапырақтың мозаикалық жиырылу ауруынан айырмашылығы өсімдіктің төменгі жапырақтарының шеті жоғары қайырылып, қайыққа ұқсап қалады. Мұндай жапырақгардың асты қоңырқай тартып, саудырап құрғап қалады.

Аурудың қоздырғышы L вирусы, ол тек жәндіктер арқылы тарайды /өсімдік қандаласы, сымқұрт, колорад қоңызы, біте т. б./.

Жапырақтың жиырылу ауруы картоп өсімдігі өнімін 70%-ке дейін, түйнек құрамындағы крахмал мөлшерін 2-5%-ке дейін төмендетіп жібереді.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстарында жиі кездесетін вирус ауруының қатерлі түрлерінің бірі.

Столбур. Аурудың алғашқы белгілері август айынан басталады. Столбурға шалдыққан картоп жапырағы ұсақталып солып тұрады, сабағына түйнектер пайда болуы мүмкін.

Аурудан келетін зиян картоптың осы аурумен ауырған уақытына байланысты болады, егер ерте зақымдалса онда түйнек салғанша қурап, мүлдем өнім бермейді. Көбінесе өнім бергенімен, түйнектер келесі жылы өнімді өте төмен беретін жіңішке жіп тәрізді өркен жаяды.

Аурудың қоздырғышы микроорганизмнің бір түрі-микоплазма.

Микоплазма картоптан басқа да көптеген басқа тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды. Картопқа жәндіктер арқылы тарайды.

Сыпырғыш /готика/. Бұл аурудың столбурдан айырмашылығы сабағы жиіленіп сыпырғыш тәрізді боп қалады. Ауру картоптың түбіне көптеген ұсақ түйнектер байланады және олар тез өніп кетеді. Ауру түйнек арқылы тарайды.

Вирус және микоплазма қоздыратын ауруларға қарсы күрес шаралары.

Вирус және микоплазма қоздыратын ауруларға күрес 2 топтан тұрады: 1/ сауықтыру, сұрыптау, көбейту және аурудан таза картоп тұқымын отырғызу. 2/ танаптағы тұқымдық картоп егісін вирус және микоплазма ауруларынан қорғау шараларын дер кезінде жүргізу.

Картоп тұқымын сұрыптаудың 3 түрі болады: әр түйнекті сұрыптап алу, әр түбін сұрыптау, жалпы сауықтыру үшін сұрыптау.

Картоптың әр түбін сұрыптау тұқым шаруашылығында қолданылады. Мұндайда ауруға шалдыққан /вирус, бактерия, саңырауқұлақ, микоплазма/ картоп түптерін тұқымдық егістен түгел аластайды.

Тұқымдық егісті жалпы сауықтыру үшін жаздай 3 дүркін аурулардан тазартып отырады.

Қазіргі кезде картоптың вирус және т. б. ауруларынан тазартудың негізгі шарасы  оны биотехнологаялық әдіспен жоғарғы меристема бөлігі арқылы сауықтыру.

  1.3 Вирус жұққан өсімдіктерді айқындау

Вирустарды анықтаудың серологиялық әдісі.

Бұл әдіс өсімдік вирустарының  антигендік қасиеттеріне негізделген. Антигендер – жануар қанында антиденелерді түзе алатын заттар. Антиденелер (преципитиндер), жануар қанындағы қайталанған тамырішілікдәрі енгізілуге сәйкес антигендер нәтижесі, соңғыларымен спецификалық реакцияға түсуімен сипатталады. Құрамында антиденелері бар белгілі антигеннің әсерінен  пайда болған қан сарысуының мөлдір ерітіндісін араластыру кезінде берілген антигеннің мөлдір ерітінідісінде үлпек тәрізді тұнба преципитат түзіледі.

Тұнба мөлдір ерітіндіде жақсы көрінеді. Зерттелетін өсімдік шырыны әдетте бұлыңғыр болады.  Преципитация реакциясы  анық көрінуі шырынды алдын ала тазарту қажет. Мысалы,  центрифугалар арқылы. Бірақ, каллоидты ерітінді түбіндегі тұрған бос вирус бөлшектері преципитация реакциясымен бірге, басқа агглютинация  реакциялары өтіп жатады – антиденелер мен вирус бөлшектері арасында, клеткалық денелер мен адсорбцияланған (хлорофилльді және крахмалды дән т.б. ). Нәтижесінде агглютенация реакциясын бұлыңғыр ерітіндіде де үлпектері жақсы көрінеді. Бұл серологиялық анализдың маңызды бөліктерін зерттеу методикасында жеңілдетуге болады.

Серологиялық әдіс Т. И. Федотованың [7], А. Н. Мамонтованың [11], Б. П. Мацулевичтің [12] өсімдік шаруашылығы жұмыстарында кең қолданылды. Мацулевич [3] пробиркаларда (ұзындығы – 10 см, диаметрі – 1 см) преципитация реакциясы арқылы картоптың вирус ауруларын анықтау әдісін жариялады. [14] М. С. Дунин мен Н. Н. Попова серологиялық әдіске негізделген өздері ойлап шығарған вирусты тез анықтайтын «тамшылау» әдісін ұсынды.  

            Иммуноферменттік талдау

 Вирустарды анықтаудың ең жақсы, сезімталдығы жоғары әдістің  бірі – ИФА(иммуноферменттік анализ). Жоғары сезімталдық пен жылдамдықтан басқа бұл әдістің тағы бір артықшылығы бар. Талдау үшін өсімдіктің кез келген мүшесінен алынған материал өте аз мөлшерде жұмсалады. Бірақ бұл әдістің жаппай пайдалануы түрлі вирустарды анықтайтын иммуно-диагностикумдардың жетіспеушілігімен шектеледі.

Бұл әдіс шетелден ЭЛИЗА-тест деген атымен белгілі. Бұл әдісті 1977 жылы М.Ф. Кларк пен А.М. Адамс деген американ ғалымдары ойлап шығарды.

Бұл әдістің негізі антиденелерді ферменттермен белгілі болады. Олар антиденелермен берік конъюгат-жүйелерді құрайды және органикалық полимерлер бетінде иммуноглобулиндердің белокты бөлшектерінің адсорбциялық қабілетіне негізделеді.

Полистиролды планшеттердің қуыстарына спецификалық антиденелері енгізеді, олар белгілі уақытта қуыстар бетінде адсорбцияланады. Одан кейін сол қуыстарға айқындалатын өсімдіктер шырынын енгізеді. Сыналатын шырында вирус болса, ол антиденемен байланысады. Содан кейін алынған антиген – антидене жүйесіне антиденелер жіберіледі, олар антиген молекуласына қабаттасады. Қуыстарға сәйкес ферментті субстратты қосқанда, түрлі-түсті ферментті реакция болса, вирустың өсімдікте болғаны белгілі болады.

Талдау нәтижесін көзбен көру арқылы немесе спектрофотометрмен бағалауға болады. 

Экспланттарды залалсыздандыру үшін гипохлорид натрий өте жиі қолданылады. Залалсыздандыру ұлпа немесе тұқым бетіндегі микроорганиздерді жою үшін қолданылады. Залалсыздандыру агенті ретінде гипохлорид кальций немесе бромдалған су, сонымен қатар таза спирт қолдануға болады [39, 44].

Клеткалар мен ұлпаларды in vitro жағдайында өсіру кезінде кең таралған жасанды қоректік орталарды пайдаланады, бірақ әрбір генотипке тән қолайлы өсіру жағдайларын таңдап алу керек. Осыдан кейін клеткалар мен ұлпалардың жақсы өсіп-дамуы үшін ауксиндер мен цитокининдердің концентрациясы, органикалық емес заттар мен дәрумендер мөлшері есептеледі [47].

2.1.2 Зерттеу нысандары мен әдістемелері

Тәжірибе сұлбасы.

Тәжірибе 1 (зертханалық). Сахароза мөлшері әртүрлі Мурасиге-Скуга қоректік ортасында апикальды меристема әдісімен көбейткенде картоп сорттарының өсу жылдамдығын бағалау. Картоптың төрт: (Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар) сорттарын in vitro жағдайында MS қоректік ортасында әртүрлі сахароза мөлшері (20, 25, 30 және 35 г/литр) зерттелінді. Тәжірибе, әрбір нұсқада 20 пробиркалық өсімдіктер бар, үш қайталымда жүргізілді.

 Тәжірибе 2 (вегетациялық). Картоптың әртүрлі сорттарын өсіріп жетілдіруде MS қоректік ортасындағы сахароза мөлшеріне байланысты отырғызу материалы өсімдіктерінің шығуы және дамуы. Зерттеулер жылыжайда жүргізілді. in vitro жағдайында MS қоректік ортасындағы әртүрлі сахароза мөлшерінде (20, 25, 30 және 35 г/литр)  өскен қалемшелер, жылыжайда өсіп жетілу үшін, топырақ қоспалары бар жәшіктерге отырғызылды. Бақылау тәжірибенің әрбір нұсқасынан  50 өсімдікке, үш қайталымда жүргізілді.

 Тәжірибе 3 (далалық). Ашық танап жағдайында минитүйнектер алуда картоптың әртүрлі сортары көшеттерін өсіріп жетілдіру тиімділігі  

Зерттеулер далалық екіфакторлық тәжірибемен:  фактор А – картоптың  (Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар сорттары;  фактор В – отырғызу материалының түрлері: жылыжайда көшеттерді 35 – күн  өсіріп жетілдіруден кейін және 21 – күндік  регенерациядан кейінгі пробиркалық өсімдіктер. Отырғызу сұлбасы 70 см х 25 см. Есептеу мен бақылаулар үшін тәжірибенің әрбір нұсқасынан үш қайталымда 20 өсімдіктен алынды. 

Тәжірибе 4 (далалық). in vivo жағдайында картоптың минитүйнектерін отырғызу жиілігі

Зерттеулер далалық екіфакторлық тәжірибемен:  фактор А – картоптың  (Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар сорттары;  фактор В – картоптың  түйіндерін отырғызу жиілігі: 95,2 мың дана/га (отырғызу сұлбасы 70 см х 15 см), 71,4 мың дана/га (70 см х 20 см), 57,1 мың дана/га (70 см х 25см) және 47,6 мың дана/га (70 см х 30 см). Тәжірибе үш қайталымда қойылды, мөлдектің есептеу мөлшері 14 м2, мөлдектердің орналасуы жүйелі.  

Зерттеу нысандары ретінде Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған: Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар, сорттары алынды. Картоп сорттарының қысқаша сипаттамалары:.

Ақсор – дәстүрлі селекция әдісімен алынған сорт. Бұтасы тік, биік өседі, дәмі мен асханалық сапасы жоғары, вирус ауруларына төзімді, түйнегі тотықпа ауруына шалдықпайды. Гүлі шашақты және көп гүлді. Түйнегі дөңгелек сопақтау, төбесі шұңқыр. Кіндік ізі жалпақша, түйнегінің түсі ақ, қабығы тегіс, жұмсағы ақ, кескенде қараймайды. Түйнек көздері көп, тереңдігі орташа, түссіз [1, 18].

 

Сурет 4 — Ақсор сорты [1]

 

Нартау – түраралық будандастыру арқылы алынған. Өсімдік бұтасы орташа, ықшам, тік өседі. Сабақтарының бұтақтануы әлсіз, көлденең кескінінде бұрышты, сабақтың төменгі жағы антоцианмен әлсіз боялған, жапырақтануы орташа. Жапырақтары орташа пішінді, түсі қою-жасыл. Соңғы жапырағының пішіні сопақша. Гүлдеуі ұзақ уақытқа созылады және көп. Гүл шоғы шағын, көп гүлді. Гүлсидамы мен гүлсағағы қысқа және әлсіз боялған. Гүл күлтесі ақ. Гүлшанағы ерте ашылмайтын,түкшелі, пигментсіз. Тостағаншасы жасыл, тостаған жапырақшалары қысқа, жапырақ тәрізді. Түйнегі домалақ-сопақша, көзшелері орташа тереңдікте орналасқан, түйнегінің сыртқы қабығы тегістен торлыға дейін, ақ. Жұмсағы ақ, кесілген және пісірілген күйінде 24 сағатқа дейін қараймайды. Орташа кеш мерзімде пісетін, әмбебап бағыттағы, жоғары өнімді, ыстыққа-құрғақшылыққа төзімді, Қазақстанда таралған ауруларға егістік жағдайда төзімді сорт [7].

 

 

 

Сурет 5 — Нартау сорты [1]

 

Тамаша —  дәстүрлі селекция жолымен сорт аралық будандастыру арқылы алынған. Түйнегінің түсі ақ, қабығы жылтыр, тегіс. Гүлінің түсі ақ, шашақты. Сабағы сирек келеді, жапырағының және бұтақшаларының саны орташа болады. Дәмі мен асханалық сапасы өте жоғары. Вирустық аурулар мен саңырауқұлақ ауруларына, құрғақшылыққа төзімді келеді. Еліміздің оңтүстік аймақтарында өндіруге қолайлы сорт.

 

 

Сурет 6 — Тамаша сорты [1]

 

Тоқтар — клеткалық селекция жолымен Гатчинский сортынан алынған.

7-ші суреттен орташа ерте мерзімді пісетін картоп сортының түйнектері мен гүлін көруге болады. Асханалық сорт, орташа ерте мерзімде піседі (сурет 7). Ыстыққа, вирус пен саңырауқұлақ ауруларына төзімді. Түйнектерінің түсі ақ, дөңгелек келген, көзшелері қызғылт түсті. Гүлдерінің түсі ақ және ұзақ уақыт гүлдейді. Өсімдігінің бұтасы тік және биік өседі, сабағының бұтақтануы орташа, жапырақтануы көп, ашық жасыл түсті [8].

 

 

 

Cурет 7 — Тоқтар сорты [1]

Зерттеу нәтижелері:

3.3 Апикальдық меристеманы бөліп алу әдісі

Қазіргі уақытта картопты сауықтыру үшін «in vitro» жағдайындағы апикальды меристеманы өсіру әдісі қолданылады. Апикальды меристеманы бөліп алуға дейін, картоп түйіндерін  термостатта 37°С жылулықта термоөндеу жүргізіліп, олар жарықта көгерген өркендерден, ламинар бокста бөлініп алынды. Арнайы камерада +25 °С жылулықта, 70% ылғалдылықта, 16 сағаттық жарықта, 10-12 мың люкстегі жарық қарқындылығында өсірілді.

 

Вычленение меристемы

 

Эксплант ретінде 200 мк апикальді меристеманың оңтайлы бөлігі қолданылды. Оңтайлы көлемі ұлғайған кезде өсімдік регенерациясының жиілігі жоғарылайды, бірақ сонымен қатар вирустық бөлшектердің өсімдікке ену мүмкіндігі де жоғарылайды.

Жүргізілген зерттеулердегі картоп өсімдігінің вирусты аурулары А.Г. Лорх атындағы Бүкіл ресейлік картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұсынған иммуноферменттік талдау әдісімен анықталды [27]. Жасанды қоректік ортаны дайындау және ыдыстар мен құрал-жабдықтарды зарарсыздадыру жұмыстары Р.Г. Бутенко әдісімен (1964) жүргізілді. [28].

In vitro культурасында өсімдіктер ұлпаларын өсіруге арналған жасанды қоректік орта құрамы күрделі болып келеді. Ұштық ұлпаны өсіру үшін қолданатын қоректік орта, өсімдіктің дамып өсуіне керекті барлық қоректік заттарды ескере отырып жасалынды. Қоректік орта құрамына минералды тұздар, дәрумендер, гормондар және құрамында көмірсулары бар заттар кірді. Қоректік орта дистиллятор арқылы тазартылған, дистильденген суда дайындалды.

Қатты қоректік ортаны дайындау үшін агардың керекті мөлшерін механикалық қоспалардан тазартылған, дистильденген судың ¼- не салып, 80-100ºС жылулыққа дейін қыздырылды. Агар құйылған колба, біркелкі ерітінді түзілгенше араластырылды. Содан соң дайындалған агар ерітіндісі алдын-ала дайындалған минералды тұздар, қанттар, дәрумендер, гормондар ерітіндісіне қосылып, дистильденген суды қоса отырып, жобалаған көлемге жеткізілді. Уақытты үнемдеу үшін алдын ала макроэлементтерді концентрациясын 20 есе көбейтіп, микро- элементтердің және витаминдердің концентрациясын 100 есе көбейтіп, дайындап алып, тоңазытқышта 4-5 аптаға дейін сақталды. 8-суретте қоректік ортаны дайындау барысы көрсетілген.

Дайындалған ерітінділер бар колбалардың сыртына ертінді аты және дайындалған уақытын  жазылды. Тұнбаға түскен немесе түсі өзгерген ерітінділер қайта дайындалды.

Барлық ерітінділер дистиллятордан өткен суда дайындалды. Макроэлементтер мен микроэлементтер жеке-жеке дайындалып, міндетті түрде сүзгіден өткізілді. Қалған фитогормондар, дәрумендер қоспалары бөлек дайындалды.

Темір хелатын дайындалу:  

  • FeSO4 х7H2O —  27,8 мг х20= 556 мг 80 мл жылы дистильденген суда қыздыру арқылы ерітілді.
  • Na ЭДТАх2H2O (трилон Б) – 746 мг 80 мл жылы дистильденген суда жеке қыздыру арқылы ерітілді. Содан кейін жеке-жеке дайындалған екі ерітіндіні бөлме температурасында салқындатып, бір ыдысқа құйып араластырылды, жалпы көлемі 200 мл жеткізілді. Ерітіндіні тағы 5 минут қыздырылды, ерітінді pH=6,0 болуы керек. 1 л жасанды қоректік орта дайындауда осы темір хелаты ерітіндісінің 5 мл қосылды.

Зерттеу жұмыстары Мурасиге-Скуг және Гамборг В5 жасанды қоректік орталары негізінде жүргізілді.

Йод ерітіндісін дайындау: KI- 83 мг 200 мл дистильденген суда ерітіп 1 литр қоректік ортаға 2 мл ерітінді қосылды. 

Қоректік орта құрамына қосылатын дәрумендер қатарына: В1 – тиамин-HCl, В5 – никотин қышқылы, В6 –пиридоксин, С – аскорбин қышқылы жатады. Әр дәруменнен 20 мг өлшеп алып 20 мл дистильденген суда жеке – жеке ыдыста ерітілді. Қоректік орта құрамына дәрумендердің 0,5 мл ерітіндісі құйылды.

Жасанды қоректік орта құрамына қосылатын гормондар қатарына: кинетин, ИСҚ, БАП, ферул қышқылы, АБҚ және т.б жатады. Кинетинді дайындау үшін 10 мг ұнтақ 10 мл 1N NaOH-та ерітілді, қоректік ортаға 0,01 мл ерітіндісі құйылды. Ферул қышқылын 10мг-ын 10мл 1N NaOH-та ерітілді, қоректік ортаға 0,05 мл ерітіндісі құйылды. ИСҚ-ын дайындау үшін 10мг-ын 10мл 1N NaOH-та ерітіп, қоректік ортаға 1мл ерітіндісі құйылды.

Қалған қоспалар: гидролизат казеин, мезоинозит, аденин, сахароза алдын ала дайындалмайды, оларды аздаған дистильденген суда ерітіп, жасанды қоректік орта дайындалған колбаға сүзіп құяды. Дайындалған қоректік ортаның қышқылдығы рН-метрмен немесе индикаторлық лакмус қағазымен агарды құяр алдында тексерілді. Қоректік ортаның қалыпты қышқылдығы рН-5,7-5,8 болуы керек.

Өсімдік бетін залалсыздандыруға көптеген заттарды қолдануға болады, соның ішінде жиі қолданылатындары: кальций мен натрийдің гипохлоридтары, хлорамин, хлорлы әк, сулема. Бұлар қолданар алдында дайындалып сүзгіден өткізіледі. Одан басқа залалсыздандыратын заттарға жататындар: сутегінің асқын тотығы, спирт, йод ерітіндісі, бром т.б. In vitro культурасына енгізілетін өсімдік жылы сумен сабындап жуылды, ағынды сумен шайылып, сорғыш қағазбен кептірілді. Спиртпен сүртіліп, содан соң залалсыздандырылатын ерітіндіге салынып боксқа әкелінді.

In vitro культурасында барлық жұмыстар ассептикалық жағдайда ламинар бокста жүргізілді. 9- суретте асептикалық жағдайда ламинар бокстағы жұмыс істеу барысы көрсетілген.

Ламинар бокс тұрған бөлме жұмыс жүргізер алдында ультракүлгін сәулемен 0,5-2 сағат бойы залалсыздандырылды. Мұнда ультракүлгін сәуленің әсерінен бөлмеде улы газ-азонының жоғары концентрациясы жиналатынын ескерген жөн, сол себепті жұмыс сәулемен өңделгеннен кейін 15-20 минут өткен соң басталды. Ламинар бокстарда нысандармен жұмыс жасағанда залалсыздандырылған халат, бөрікше және бетжапқыштар міндетті түрде пайдаланылды.

In vitro культурасында қолданылатын ыдыстар, аспаптар, сулар жақсылап залалсыздандырылды. Әдетте, шыны ыдыстарды залалсыздандыру мақсатында хромпикті (қоюланған күкірт қышқылы мен калий бихроматының қоспасы) қолданылды. Бұл ерітіндіде ыдыстар 4-6 сағат ұсталды, содан соң ұқыпты түрде жылы сумен шайылып, екі рет дистилденген және бір рет бидистилденген сумен шайқалды. Басқа жағдайда ыдысты жуу үшін әртүрлі жуғыш заттар қолданылды. Құрғатқыш шкафтарда 180° С температурада 2 сағат бойы құрғатылды.

Материалды қайта көшіріп отырғызу әрекеттерінен бұрын бөлме, ламинар бокс, қоректік орталар, ыдыстар, түрлі материалдар және аспаптар, өсірілетін объектілер залалсыздандырылды. Зерттеу жұмыстарына қажетті ыдыстар, материалдар және құрал- жабдықтар 150-180° С температурада 2-2,5 сағаттай құрғатқыш шкафтарда немесе 1,5-2 атмосфералық қысымда автоклав құралында жарты сағат бойына залалсыздандырылды. Ыдыстар, аспаптар және материалдар алдын-ала қағазға, фольгаға немесе арнаулы контейнерлерге салынып залалсыздандырылды.

Залалсыздандырылған экспланттар Мурасиге-Скуг қоректік ортасына мына құрамда отырғызылды:

2,4-Д 3мл/л,

кинетин – 0,2мл/л,

мезоинозит – 100 мг/л,

тиамин – 0,5 мл/л,

пиридоксин – 0,5 мл/л,

аденин – 1,0 мл/л,

глицин – 1,0 мл/л,

никотин қышқылы – 5,0 мл/л,

гидролизат казеині – 1000 мг/л,

сахароза – 40 гр/л

агар – 7г/л

270С температурада ылғалдылығы 65-70% болатын термостатта өсірілді

Сонымен, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде экономикалық тиімділікті есептеу үшін өндіріс шығындарын, өнімнің бағасын (теңге), таза пайда (теңге), өзіндік құны (теңге) және рентабельдік деңгейін % есептеп шығарады. Таза табыстың ақшалай көрінісі:

 ТТ= ЖӨҚ – ӨҚ (1)

Мұндағы: ТТ – таза табыс, теңге;

ЖӨҚ – жалпы өнімнің құны, теңге;

ӨҚ — өндірістік құны, теңге.

Ақшалай таза табыстың өндірілген бөлігі болып сату және өндірістік өнімін немесе оны өткізуден алынған ақшалай түсуімен тауарлық өнімінің коммерциялық (толық) өзіндік құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі:

П = ЖӨҚ – ӨҚ (2)

Өзіндік құн — өнім өндіруде жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр жарығы, амортизация, еңбек ақы және т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сапасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

ӨҚ = ЖШ  (3)

             ӨК                                                 

мұндағы: ӨҚ —  өзіндік құн, теңге;

ЖШ —  өнімге жұмсалған жалпы шығын, теңге;

ӨК — өнім көлемі, теңге.

Рентабельдік кәсіпорын жұмысының көрсеткіші. Кәсіпорын өзі өндірген өнімдерін сатқанда жұмсалған шығындарды өтеумен қатар таза табыс алуды көздейді. Кәсіпорынның рентабельдік деңгейін оның бір жылдық таза табыспен сол кәсіпорынның орташа жылдық өндірістік қоры құнына бөлу арқылы шығарып, пайызбен көрсетіледі, ол жеке бұйымның рентабельдігін, одан түскен пайданы оның толық  өзіндік құнына бөлу арқылы анықтайды.

Рентабельділікті көтерудің негізгі факторлары еңбек өнімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнімнің сапасын жақсарту т.б.

РД = ТП х 100      (4)

ЖШ

мұндағы: РД – рентабельдік деңгей, %;

ТП – таза пайда, теңге;  ЖШ – жалпы шығын, теңге. 

 

Зерттеу нәтижелері

 

 

Отырғызылған эксплант өлшемі алынған өсімдік мүшелеріне байланысты 2-5 мм-ге дейін болды. Өсімдік эксплантарының өміршеңдігіне бақылауды 7-10 күндері жүргізілді (2-кесте).

Кесте

Эксплант өміршеңдігіне залалсыздандырғыш заттардың әсері

Р/н

Залалсыздан-дырғыш заттар

Концентра-циясы,%

Әсер ету уақыты, минут

Барлық эксплант саны, дана

Эксплант түрі және оның өміршеңдігі, %

Жапырақ мезофилі

Сабағы

1

Натрий гипохлориді

5

5

50

35,2

50,1

2

Диацид

0,15

3

50

40,5

55,3

3

Сулема

0,15

1,1

50

38,7

52,4

 

Алайда жылыжайдан алынған экспланттар өміршеңдігінің төмен болуы, асептикалық ерітінділермен өңдеу кезінде болатын клеткалар жарақатымен түсіндіруге болады.

Кесте . 

MS қоректік ортасында меристемалық экспланттардың өміршеңдігі

Эксплантат көлемі, мм

Эксплантат саны, дана

Эксплантат өміршеңдігі, %

Тамырлы өсімдіктен

Декапитацияланған

сабақтан

0,2

0,3

0,4

0,5

Барлығы:

30

30

30

30

120

3,3

20,0

26,6

43,3

Орташа 23,3

10,0

26,6

36,6

46,6

29,9

 

…кестеде көрсетілгендей, эксплантаттардың өміршеңдігіне оның оңтайлы мөлшері әсер етеді. Бұл кезде ыдыстағы декапитацияланған өсімдіктердің термо- және химиотерапиядан өту жаңа әдісінде эксплантаттар өміршеңдігі жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс өңдеудің температуралық диапазонын кеңейтіп және өсімдіктегі вирустың әсерін жойып, әдістерін біріктіру, бұл картопта вируссыз меристемалық линияларды алу тиімділігін жоғарлатады.

Кесте

Картоптың вируссыз линияларының шығуына термо химиотерапияның әсері.

ИФА диагнос-тикумы бойынша сынау

Фитотрондағы вируссыз өсімдіктер саны, дана / %

Декапитацияланған сабақтан вируссыз өсімдіктер саны, дана / %

0,2 мм

0,3 мм

0,4 мм

0,5 мм

0,2 мм

0,3 мм

0,4 мм

0,5 мм

ХВК

1/100

4/66

4/50

5/38

3/100

8/100

7/63

8/57

SВК

0/0

2/33

1/12

0/0

2/66

4/50

4/36

2/14

МВК

0/0

2/33

4/50

0/0

2/66

3/37

5/45

3/21

УВК

1/100

4/66

6/75

4/30

3/100

8/100

7/63

8/57

Барлығы

вирустан бөлінген таза линиялар

0

2

1

0

1

2

2

1

 

……….кестеде көрстеілгендей, өсімдіктерді бөліп алынған экспланттар фитортронда өсірілген. Ондағы температура түнде 30° С, күндіз 58° С- ға дейін термотерапияның тәжірибелік тиімділігі бағаланбаған. Сол уақытта термостатикалық режимде декапитацияланған сабақтардың климаттық камерада, оның температурасының  өзгеруі 55-58° С аралығында вируссыз өсімдіктерді ықтималдығы 14 %, ұзындығы 500 мк-ға дейінгі эксплантты алуға болады. Термотерапияның термостатикалық жағдайлары үшін меристема эксплантының 250-400 мк оңтайлы ұзындығы орнатылды. Онымен бірге ықтималдығы 36 %-ке дейін вирустан абсолютті таза өсімдік бөліп алуға болады. Бұл элита өсіретін шаруашылықтар үшін вируссыз бастапқы материал алудың  проблемасын шығаур жеңілдетеді.

Картоп вирустарының арасында SВК және МВК «термотөзімді» болып шықты.

Тәжірибеде картоптың жас, көк сабақтары қолданылды. Олар алдын ала фитотронда өсірілді. Сабақтарды үш буынаралықтарымен кеседі және ыдыстағы суға салып, оларды 58-60 ° С температурада декапитациялайды. Жарықтандырылған термостатта 2-3 тәулік аралығында ұстайды. Термотерапияның температурасын 60 ° С-ға жоғарылатып, химиотерапиямен сәйкестіруге болатындықтан бұл әдіс өте ыңғайлы.

Мурасиге Скуга қоректік ортасындағы сахарозаның әртүрлі концентрациясында сорттарды өсу жылдамдығы бойынша бағалау

Ұлпаны табысты өсіруді қамтамасыз ететін негізгі фактор, картоп өсімдігіне негізгі компоненттердің әсерін ескере отырып, қоректік ортаны таңдау және дайындау болып табылады. Қоректік ортаның аздаған сәйкес келмеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қоса, in vitro да өсіргенде қоректік ортаның құрамына байланысты, даму қабілеттілігі бойынша  сорттардың айырмашылығы болады, яғни қоректік ортаға өсімдіктердің әртүрлі реакциясы байқалады. Ол өсу және даму қарқындылығына (бұтақтану, жоғарғы жағының жойылуы, каллус түзілуі), сонымен қоса, in vitro жағдайынан топырақ субстратына отырғызғандағы айырмашылығы бар өсімдіктердің өміршендігіне де әсер етеді. (Коновалова Г.И., 2005).

Қоректік ортаның маңызды реттеуші факторына сахароза жатады. Л.В. Чережанова және т.б. (1988), А.Н.Дерябина, Е.П. Сабельникова және т.б (2007) мәліметтері бойынша қоректік ортаның құрамындағы сахарозаның дозасын аздап жоғарылатқанда немесе оны алып тастағанда, жасуша бөлінуінің белсенділігін әлсіретіп, пробиркалық өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежеді.   

В.И. Куликова (2006)  картоптың әрбір сортына сахароза дозасын жекелеп таңдау қажеттігін атап өтті. Картоптың Ақсор, Нартау, Тамаша және Тоқтар сорттарының пробиркалық өсімдіктерінің өсу қарқындылығы Мурасиге-Скуга қоректік ортасындағы сахароза литріне 20, 25, 30 және 35 г концентрациясында

зерттелінді. Зерттеу барысында өсу қарқындылығы 7,14 және 21 тәулікте есепке алынды.

Өсу қабілеттілігі бойынша картоп сорттарын соңғы рет бағалау, біздің пікіріміз бойынша, пассаждың 21 күні жүргізген жөн, себебі сорттың даму қарқындылығы,  одан әрі қалемшелегенде, жапырағы бар буынаралықтың санына байланысты, ал олар өз кезегінде, тамырдың даму күшіне байланысты.     

Айта кету керек, тәжірибе нұсқаларындағы айтарлықтай айырмашылық, тамыр саны бойынша (6,2 -10,0 дана/өсім.) және олардың ұзындығына (10,5-15,9 см), аз айырмашылық, сабақ ұзындығы бойынша (6,6-8,8 см), және өте жақын мәлімет буын аралықтың саны (4,3-5,2 дана/өсім.) бойынша байқалды (кете..).   

Кесте

Картоп өсімдігі және олардың тамырларының in vitro жағдайында пассаждың 21 күні дамуы

 

Сорт

Орта нұсқасы

Буынаралық саны, дана/өсімдік

Сабақ ұзындығы, см

Тамыр саны, дана/өсімдік

Тамыр ұзындығы, см

 

Ақсор

MS+20*

4,3

7,6

6,2

15,0

 

MS+25

4,7

8,0

6,5

15,6

MS+30

4,7

7,9

7,1

15,6

MS+35

4,9

8,1

7,6

15,9

Нартау

MS+20

4,7

7,0

8,2

10,8

MS+25

4,8

7,1

8,4

12,1

MS+30

4,9

7,1

8,4

12,0

MS+35

5,2

7,5

8,7

12,5

Тамаша

MS+20

4,8

6,6

8,2

10,9

MS+25

5,1

7,2

8,5

11,3

MS+30

5,2 .

7,3

9,0

12,3

MS+35

5,2

7,7

9,3

13,7

Тоқтар

MS+20

4,9

7,8

7,6

10,5

MS+25

5,2

8,2

7,8

11,3

MS+30

5,2

8,2

8,7

12,3

MS+35

5,2

8,8

10,0

12,3

Мурасиге – Скуга қоректік ортасы+ сахароза мөлшері г/л

 

Сорттар арасында Аксор сортында буынаралықтар саны (0,1-0,6 дана/өсімдікке дейін), Тамаша сортында сабақ ұзындығы (1,2 см –ге дейін) төмендегені байқалды. Тамыр саны бойынша нашар нәтиже Ақсор сортында (басқа нұсқалардан 1,3-2,4 дана /өсімдікке аз) Ақсор сортында болды, бірақ бұл сорт тамыр ұзындығы бойынша (сахароза мөлшеріне сәйкес, басқа сорттардан тамырлары 2,0-4,5 см ұзынырақ) ерекшеленді.

Егер сорттардың  әлеуеттік мүмкіншілігі туралы, буынаралық саны бойынша көбеюін пайымдасақ, буынаралықтар Тамаша сортында басқа сорттардан қысқа, небәрі – 1,38-1,46 см , Тоқтар сортында – 1,59-1,65 см, ал  Ақсор сортында –1,63-1,76 см болса да, жақсы нәтижелер Тоқтар және Тамаша сорттарынан алынды.

Қоректік ортадағы сахароза мөлшері литріне 20 дан 35 г–ға дейін  жоғарылағанда, сорттың түріне байланыссыз, бір өсімдіктегі буынаралық санының өсуі орташа 0,3-0,6 дананы көрсетсе де, барлық көрсеткіштердің өсуі байқалды.    

  1. Картоптың әртүрлі сорттарының көшетін өсіріп жетілдіргенде, отырғызу материалының шығуы және дамуы

Топырақ жағдайына көшіргенде пробиркалық өсімдіктердің бейімделу үрдісі өте қиын. Сонымен бірге ол минитүйнектерді өсірудің арзан тәсілдерін пайдаланғанда, яғни пробиркалық өсімдіктерді жылыжайға емес, ашық жерге отырғызғанда қиындай түседі. Осы үрдісте пробиркалық өсімдіктердің жойылуы аз болуы үшін, оларды дәстүрлі технология, төртінші қалемшелеуден кейін, картоп қалемшелерін топырақ қоспалары бар жәшіктерде өсіру пайданылады. Өсіріп жетілдіру қалемшелері бар жәшіктерді қоятын, шағын, жылытылатын жылыжайда жүргізіледі. Жылыжайдың шағын ауданы оны картоптың минитүйнектерін өсіру үшін пайдалануға жарамайды.

Картоптың әртүрлі сорттарын өсіріп жетілдіру бойынша отырғызу материалы өсімдіктерінің шығуын және дамуын зерттеуге арналған вегетациялық тәжірибе жылыжайда қойылды. Қалемшелеу үшін, Мурасиге-Скуга қоректік ортасында сахароза мөлшері (бір литр ерітіндіде 20, 25, 30 және 35 г) әртүрлі   in vitro жағдайында өсірілген, зерттеуге алынған картоп сорттарының пробиркалық өсімдіктері пайдаланылды. Қалемшелердің өміршендігі және олардың пассаждан 7, 14 және 21 күннен кейінгі өсу және даму қарқындылығы еске алынды. Осы өсімдіктерді ашық жерге отырғызуға дейін 14 күн, яғни барлығы 35 күн ары қарай өсіріп жетілдіру жүргізілді.

Қалемшелегеннен кейін жәшіктерге отырғызылған өсімдіктердің өміршендігі, алғашқы in vitro жағдайындағы тәжірибе сияқты жүз пайыз болған жоқ, бірақ өте жоғары болып, 87,2 — 96,4 %  құрады (кесте…).   

Кесте

Көшетті өсіруді жалғастыруда әртүрлі картоп сорттарының отырғызу материалының шығымы және дамуы

 

Картоп

сорты

 

Вариант среды

Өміршендігі, %

Пассаждың 21 күні

жапырақтар саны, дана/өсімдік

өсімдік

биіктігі,

см

Ақсор

MS+20

90,6

5,1

11,5

MS+25

91,3

5,3

11,8

MS+30

93,0

5,4

12,1

MS+35

92,6

5,8

12,4

Орташа сорт бойынша  

91,9

5,4

12,0

Нартау

MS+20

90,6

4,4

9,8

MS+25

91,6

4,8

10,5

MS+30

93,5

5,2

10,8

MS+35

95,6

5,5

11,0

Орташа сорт бойынша  

92,8

5,0

10,5

Тамаша

MS+20

87,2

4,7

9,2

MS+25

89,6

4,8

9,6

MS+30

92,1

5,2

10,1

MS+35

91,8

5,6

11,0

Орташа сорт бойынша  

90,2

5,1

10,0

Тоқтар

MS+20

91,8

5,0

9,6

MS+25

96,4

5,1

10,0

MS+30

95,2

5,2

10,2

MS+35

93,2

5,4

10,8

Орташа сорт бойынша  

94,2

5,2

10,2

 

Орташа сорттар бойынша, өміршендік Тоқтар сортында жоғары – 94,2%, Тамаша сортында төмен – 90,2% болды. Тек Нартау сортында қоректік ертіндідегі сахароза мөлшері литріне 35 г болғанда, ең жақсы өміршендікті қамтамасыз етті, Тамаша және Ақсор сорттарында сахарозаның оңтайлы мөлшері литріне 30 г. Тоқтар сортында сахарозаның оңтайлы мөлшері литріне 25 г, осы мөлшердің жоғарылауы немесе төмендеуі өміршендікті нашарлатты.     

Тәжірибедегі барлық нұсқаларда сахароза мөлшерін жоғарылатуда өсімдіктердің қарқынды өсуі байқалды, in vitro жағдайында бастапқы өсімдіктер алуда, ол ең бірінші жапырақтар санына әсер етті, яғни Мурасиге-Скуга қоректік ортасындағы сахароза мөлшерін литріне 20 дан 35 г жоғарылату барлық сорттардың жапырақ санын 0,4-1,1 дана/өсімдікке жоғарылатты. 

Пассаждан 21күннен кейін Ақсор сорты көшетінің өсімдік биіктігі, орташа сорт бойынша 12 см құрады. Қалған сорттардың биіктігі 1,5-2,0 см төмен болды.

Өсімдік биіктігінің қалемшелеу үшін пайданылатын картоптың бастапқы материалын өсіруге арналған Мурасиге-Скуга қоректік ортасындағы сахароза мөлшеріне тура тәуелділігін атап өту керек. Сахароза мөлшерін литріне 20 дан 35 г өзгерткенде өсімдік биіктігі 0,9-1,8 см–ге жоғарылады.

Көшеттерді ашық жерге отырғызу соңғы қалемшелегеннен 35 күннен және 

қалемшелерді жәшікке отырғызғаннан кейін жүргізілді, яғни көшетті соңғы рет есептеу мен өлшеулерден кейін өсімдіктер екі апта өсіріп жетілдірілді.

Танапқа отырғызарда картоп өсімдіктеріне визуальдық баға бергенде, Ақсор сортының өсімдіктерінің жақсы дамығаны байқалды. Осы кезеңде өлшеулер жүргізу қиын болды, себебі сабақтар жақсы дамып, бұтақтанып, өте сыңғыш болды. Өсімдіктердің дамуының сахароза мөлшеріне тәуелділігі байқалған жоқ.    

  1. Ашық жер жағдайында минитүйнектер алуға картоптың әртүрлі сорттарының көшеттерін өсіріп жетілдірудің тиімділігі

Минитүйнектер алудың ең арзан әдісі, картоптың басқа отырғызылған материалдарынан оқшаулауды сақтап, оларды ашық жерге отырғызу.

Бірақ in vitro жағдайында алынған және ашық жерге отырғызылған пробиркалық өсімдіктер, картоптың өміршендігіне, өсуіне, дамуына және тұ қымдық өнімділігіне теріс әсер ететін стресске ұшырайды.    

Картоп өсімдігінің ашық жерге отырғызғанда бейімделуін жақсарту үшін, отырғызу материалын өсіріп жетілдіруді пайдалану қажет.

Картоп өсімдігін өсіріп жетілдіруінің тиімділігін зерттеу үшін, ашақ жерге отырғызғанға дейін  танаптық тәжірибе жүргізілді.  

Қалемшелегеннен кейін 35 күн жылыжайда өсірілген картоптың төрт: Ақсор, Нартау, Тамаша және Тоқтар сорттарының пробиркалық өсімдіктері және көшеттері салыстыру үшін пайдаланылды

Тәжірибеде мөлшері литріне 25 г сахароза бар Мурасиге-Скуга қоректік ортасында өсірілген, қалемшелеу үшін бастапқы материал ретінде дәл сондай  пробиркалық өсімдіктер болған, картоптың пробиркалық өсімдіктері және көшеттері пайдаланылды.

Өсіріп жетілдірілген картоп өсімдіктері танаптық жағдайға бейімделген болып келеді. Ол өсімдіктердің өміршендігіне өте қатты әсер етеді (кесте……….).

Кесте

Ашық жердегі картоп өсімдігінің өміршендігі

Сорттар

Отырғызу материалы

Өміршендігі, %

2016 ж.

 

 2017 ж.

 2016-2017 жж. орташа

Ақсор

пробиркалық өсімдіктер  

85

70

77

өсіруді жалғастырғаннан кейін

100

90

95

Нартау

пробиркалық өсімдіктер  

80

65

72

өсіруді жалғастырғаннан кейін

95

95

95

Тамаша

пробиркалық өсімдіктер  

85

65

75

өсіруді жалғастырғаннан кейін

100

95

97

 

Тоқтар

пробиркалық өсімдіктер  

90

60

75

 

өсіруді жалғастырғаннан кейін

100

100

100

 

Өсімдіктердің, әсіресе пробиркалық өсімдіктердің  өміршендігі отырғызғаннан кейінгі ауа райына өте тәуелді. Маусымның құрғақ болуы, өсіріп жетілдірілгеннен кейінгі  өсімдіктердің өміршендігін нашарлатты, төмендеу ылғалды жылмен салыстырғанда 10% –ға дейін, ал ылғалды жылы пробиркалық өсімдіктерде – 15-30 %. Зерттеу жылдары пробиркалық өсімдіктердің өміршендігі орташа 72-77%, ал өсіріп жетілдірілген өсімдіктерде – 95 -100%.

Ашық жерге отырғызылған пробиркалық өсімдіктердің бейімделуі, ұзақ үрдіс,

бірақ жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. 2017 жылы пробиркалық өсімдіктердің өнімділігі, біз күткендей, төмен болды, және гектарына 22,1 — 28,3 ц құрады (кесте…).   

Кесте

 Әртүрлі отырғызу материалын пайдаланғандағы минитүйнектердің өнімділігі

 

Сорттар

Отырғызу материалы

Картоп өнімділігі, ц/га

 

2016 ж.

 2017 ж.

2016-2017 жж. орташа

Ақсор

пробиркалық өсімдіктер  

47,1

 

23,5

35,3

өсіруді жалғастырғаннан кейін

185,4

129,1

 

157,2

Нартау

пробиркалық өсімдіктер  

36,7

26,4

31,6

 

өсіруді жалғастырғаннан кейін

176,0

104,5

140,2

 

Тамаша

пробиркалық өсімдіктер  

42,1

 

28,3

35,2

өсіруді жалғастырғаннан кейін

179,6

109,8

144,7

 

Тоқтар

пробиркалық өсімдіктер  

32,5

22,1

27,3

өсіруді жалғастырғаннан кейін

151,4

89,5

120,4

 

 

 

Зерттеу жылдары орташа пісетін Тамаша және Ақсор сорттарында ол гектарына 35,2 и 35,3 ц, орташаерте пісетін Нартау сортында – 31,6 ц, ал Тоқтар сортының өнімділігі олардан әлде қайда төмен болып, небәрі гектарына 27,3 ц құрады.

Көшеттерді өсіріп жетілдіру нұсқалары картоптың пробиркалық өсімдіктерінің өнімділігін 3,9 — 5,5 есе арттырды. Ылғалы тапшы 2017 жылы барлық сорттардың және осы нұсқада да, әсіресе орташаерте пісетін  Тамаша және Тоқтар сорттарының, өнімділігі едәуір –30,4-40,9% төмендегенін айта кеткен жөн. 

Көшеттері өсіріп жетілдіргеннен кейін картоп өнімділігі гектарына 120,4 — 157,2 ц, яғни пробиркалық өсімдіктерді отырғызғаннан 4,1-4,4 есе жоғары болды. Тоқтар сортының өнімділігі басқа сорттарға қарағанда әлдеқайда төмен, гектарына 19,8-36,8 ц болды. 

Минитүйнектер өнімділігі құрылымын талдау, пробиркалық өсімдіктер өнімінде, сортқа байланыссыз, ұсақ түйнектер үлесінің 16,6 — 25,1% жоғарылағаның айғақтады (кесте…). 

Кесте

Картоптың минитүйнектерінің өнімділік құрылымы

 

Сорттар

Отырғызу материалы

Түйін өнімділігінің фракциялық құрылымы, %

Тұқымдық

фракция >21 г, %

 

<20 г

21-80

>81 г

 

Ақсор

пробиркалық өсімдіктер  

30,3

57,5

12,1

69,7

 

өсіруді жалғастырғаннан кейін

13,7

59,4

26,9

86,3

Нартау

пробиркалық өсімдіктер  

36,9

52,3

10,8

63,1

өсіруді жалғастырғаннан кейін

11,7

63,6

24,6

88,2

 

Тамаша

пробиркалық өсімдіктер  

34,0

51,1

14,9

 

66,0

өсіруді жалғастырғаннан кейін

11,8

60,0

28,2

 

88,2

Тоқтар

пробиркалық өсімдіктер  

35,7

60,7

3,6

 

64,3

өсіруді жалғастырғаннан кейін

19,0

61,5

19,5

 

81,0

 

Массасы 21 г жоғары тұқым тобының үлесі отырғызу материалын өсіріп жетілдіргеннен кейінгі нұсқада көп болды.

  1. Картоптың минитүйнектерін отырғызу жиілігін оңтайландыру

 

Тұқымшаруашылығы саласының тиімділігін жоғарылату, танаптық көбейту кезеңінде картоп өнімділігі ғана емес, сонымен бірге оның көбею коэффициентіне, яғни 21 г жоғары түйін массасының шығуына да негізделеді. Олар жекелеген өсімдіктердің қоректену ауданымен анықталады. Сондықтан минитүйнектердің әртүрлі отырғызу жиілігі зерттелінді. Картоптың төрт:  

Ақсор, Нартау, Тамаша және Тоқтар сорттары келесі сұлба бойынша: 70 х 15; 70 х 20; 70 х 25; 70 см х 30 см, яғни жиілігі гектарына сәйкесінше: 95,2; 71,4; 57,1 және 47,6 мың дана өсімдікпен отырғызылды. Бірақ 2015 жылы минитүйнектердің санының аз болуына байланысты белгілі бір тобын отырғызуға мүмкіншілік болмады. Ол өз кезегінде танап жағдайына ала құлалық енгізді. Зерттеудің басқа жылдарында массасы 50-80 г түйнектер пайдаланылды. Отырғызылатын түйнектерді күзде жасылдандыру және оларды көктемде жылумен өндеу, картоп отырғызу жиілігін жинап алуға дейін, тәжірибенің барлық нұсқаларында өзгеріссіз сақталды.

Отырғызған материалдың фотосинтез қарқындылығын анықтау үшін, тәжірибенің барлық нұсқаларында, картоп өсімдігінің ассимиляциялық бетінің ауданы A.A. Ничипорович (1956) әдісімен, үш мезгілде – картоптың бүрлену, гүлдену және түйінтүзу кезеңдерінде анықталды. 

Өсімдіктердің ассимиляциялық бетінің өзгеруінде өсу және даму кезеңдері бойынша заңдылық сақталды, яғни түйінтүзу кезеңінде сорттар бойынша орташа ауданы 15,6-22,7 % –ға артты (кесте….).

Кесте

Картоп өсімдігінің ассимиляциялық бетінің динамикасы 

 

Сорттар

 

Отырғызу жиілігі, мың дана/га

Даму кезеңіне байланысты ассимиляциялық бетінің ауданы, мың м2/ га

 

шанақтанудың басталуы

гүлденудің басталуы

түйін түзілу кезеңі

отырғызу жиілігі бойынша орташа

 

Ақсор

95,2

48,3

51.4

56,9

52.2

74,4

38.2

41,3

45,6

41,7′

57,1

33.3

37.5

40,9

37,2

47,6

29,8

32,8

40,3

34.3

Орташа сорт бойынша  

37,4

40,8

45,9

41,4

Нартау

95,2

46,1

51.4

52,5

50,0

74,4

36,3

39,2

40,9

38,8

57,1

29,9

34.5

36,4

33,6

47,6

24,5

28.6

31,7

28,3

Орташа сорт бойынша  

34,2

38,4

40,4

37,7

Тамаша

95,2

48,6

51.4

51,6

50,5

74,4

39.2

45.5

48.0

44,2

57,1

34.3

39,1

41.1

38,2

47,6

31.4

33,5

37,0

34,0

Орташа сорт бойынша  

38,4

42,4

44,4

41,7

Тоқтар

95,2

44,7

50.5

52,3

49,2

74,4

39.2

43.6

48,7

43,8

57,1

33.3

38,9

41,1

37,8

47,6

30,5

33,6

36,8

33,6

 

Орташа сорт бойынша  

36,9

41,7

44,7

41,1

 

2016 жылы ассимиляциялық бет тек Ақсор сортында жоғарылады, ал Нартау, Тамаша және Тоқтар сорттарының ассимиляциялық бетінің ең үлкен мөлшері гүлдену кезеңінде болды. Оның түйінтүзу кезеңінде төмендеуі 2,6 дан 14,4 %–ды құрады. Осы сорттар ылғалдың тапшылығына, төменгі жапырақтарын түсіріп жауап қайтарғаны болуы мүмкін. Отырғызу жиілігі бойынша Ақсор, Тамаша  және Тоқтар сорттарының орташа көрсеткіштері жақын, ал Нартау сорты олардан 8,3-9,6 % –ға төмен болды. Гектарына 71,4 мың дана түп отырғызу жиілігі, танаптың ассимиляциялық бетін оңтайлы мөлшер шегіне әкелді, гүлдену кезеңінің басында картоптың отырғызу жиілігі гектарына 95,2 мың дана деңгей, оңтайлы мөлшерден гектарына  1,4 — 6,9 м2 жоғары көрсетті.   

Кесте

Бірінші егістік ұрпақтағы тұқымдық фракцияға байланысты картоп өнімділігі

Сорт (А)

Жиілік

 

Барлығы

Оның ішінде тұқымдық  фракция

Ақсор

95,2

378 

276

71,4

330

251

57,1

300 

249

47,6

275 

234

Орташа сорт бойынша  

321 

253

Нартау

95,2

295 

233

71,4

289 

225

57,1

268 

222

47,6

241 

207

Орташа сорт бойынша  

273 

222

Тамаша

95,2

375

296

71,4

367

301

57,1

276

229

47,6

251

216

Орташа сорт бойынша  

317

261

Тоқтар

95,2

264

182

71,4

221

161

57,1

177

136

47,6

166

138

Орташа сорт бойынша  

207

154

ЕМА 05                              А

                                          В

55,1

28,8

 

 

 

Сауықтырылған пробиркалық өсімдіктерді жылыжайда өсіру барысында олардың жақсы өсіп-дамуына, түйнек қалыптастыруына қажетті күтіп-баптау жұмыстарының барлық қолайлы іс-шаралары жүргізілді.

Сауықтырылған отырғызу материалдарын алудағы жауапты кезеңнің бірі пробиркалық өсімдіктерді(in vitro) табиғи жағдайға (in vivo) көшіру болып табылады. Регенерант–өсімдіктер үшін табиғи жағдайға (ауа температурасының, жарық және ылғалдылық жүйесінің күрт өзгеруі) көшіріп отырғызудың өзі өміршеңдікке ықпал жасаушы стрестік жағдай болып есептеледі. Жылыжайда отырғызылған пробиркалық өсімдіктердің тіршілікке қабілеттілігінің көрсеткіштері 10-кестеде келтірілді.

Кесте

Жылыжайға отырғызылған пробиркалық өсімдіктердің тіршілікке қабілеттілігі

Картоптың сорттары мен линиялары

Пробиркалық өсімдіктер саны, дана

Отырғызылған

Тірі қалған

Тіршілігін жоғалтқан

Ақсор

200

190 (95%)

10

Нартау

125

48 (38%)

77

Тамаша

242

205 (85%)

37

Тоқтар

179

161 (90%)

18

 

 

 

 

 

 

 

 

24-07-02

141

71 (50%)

70

25-07-01

57

45 (79%)

12

1/8

332

318 (96%)

14

8/1

91

78 (86%)

13

3/2

129

84 (65%)

45

Барлығы

1719 (100%)

1357 (79%)

 78 (21%)

 

Жылыжайға барлығы 1719 дана пробиркалық өсімдіктер отырғызылды. Отырғызылған пробиркалық өсімдіктер саны сорттар мен линияларға байланысты 51 мен 332 аралығында болды. Олардың ішінен 1357 дана (79%) өсімдік жылыжайлық жағдайға жақсы бейімделді. Тіршілікке қабілеттілігінің жоғарылығымен Ақсор (95%) мен Тоқтар (90%) сорттары және 1/8 (96%), 8/1 (86%), 2-07-02 (81%) линиялары ерекшеленді.Нәрлі сортының тіршілікке қабілеттілігі 85% және 25-07-01 линиясында 79% деңгейінде болды.

 

Миниклубни

Картоп сорттарының өнімділігін анықтау мақсатында жылыжайда бейімделген пробиркалық өсімдіктер 2017 жылдың маусым айының 6-да ашық алаңға көшіріп отырғызылды. Пробиркалық өсімдіктерді отырғызу сұлбасы 50х20 см болды, және 3-4 жапырағы қалыптасқанша Мурасиге-Скуг қоректік ортасының макро- және микротұздарының ертіндісімен күнделікті суғарылды. Картоптың түтікшелі өсімдіктерінің ашық алаңдағы отырғызылған жалпы санына шаққанда жалпы өміршеңдігі 75-86%-ды көрсетті.

Өсіп-өнуі кезеңінде картоп сорттарының өсу қарқындылығына фенологиялық бақылаулар жүргізілді (39-сурет). Өсу көрсеткіштері ретінде өсімдіктің биіктігі, буынаралықтар саны, сабақтар мен жапырақтар саны алынды (11-кесте).

Ашық танапқа отырғызғаннан кейінгі 26-күні өсу қарқындылығы бойынша Ақсор (10,6 см), Тоқтар (10,3 см) және Нәрлі (8,75 см) сорттары ерекшеленді. Бұл сорттардың буынаралақтары мен жапырақ қалыптастыруы бойынша да қарқындылығы жоғары болды. Сабақ қалыптастыруы бойынша Тоқтар мен Нартау сортында қарқындылығы жоғары болды.

 

 

3.3 Экономикалық тиімділік

 

Өндірістің тиімділігін арттыру деген сөз, ол шығынның әр данасына және барлық ресурстарға (еңбек, материалдық және қаржы) шаруашылық тұрғысынан да көп өнім алуды айтады. Әр шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында, оны сипаттайтын көрсеткіштерді білу қажет.

Тиімділіктің көрсеткіштері жүйесінде маңызды орындарды жалпы өнім және тауарлық өнім  алады.

Жалпы өнім — өндірілген өнімнің жалпы көлемін көрсетеді. Ал тауарлық өнім — өндірілген өнімнің жалпы көлемінің, яғни жалпы өнімнің сатуға, өткізуге арналған бөлігі. Тауарлы өнімнің көлемі, өсу қалпы еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру үшін, шаруашылық қанша өнім шығаратынына байланысты. Тауарлы өнімнің жалпы өнімге қатынасы оның тауарлығын сипаттайды.

Тиімділік туралы белгілі бір түсінікті, өнімдік көрсеткіштер де береді. Құнарлығы, ылғалдылығы, ауа райы және тағы да басқа көрсеткіштер бойынша бірдей жерде әр шаруашылықтың өнімділігі әр түрлі болады.

Өндірістің тиімділігі туралы ең бір маңызды көрсеткіш, жұмсалған еңбек өнімділігі болып табылады.

Өндірістің тиімділігінің көрсеткіштер жүйесінде маңызды орындарды: өнімнің өзіндік құны, пайда, таза табыс және рентабельділік алады. Олар өндірістің ауыл шаруашылық өнімдеріне кететін шығындардың толық ақталатыны туралы қанағаттанарлық мәлімет береді.

Өндірістің экономикалық тиімділігі – күрделі экономикалық категория. Оған — өндіріс нәтижелері, шығыны және әсер етуші факторлар мен жағдайлар жатады.

Экономикалық тиімділік — өндіріс нәтижелерінің шығынға қатынасы.

Экономикалық тиімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерімен қалыптасады. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру проблемасын шешудің күрделілігі және қиындығы оқшау, таза түрінде әрекет етпегендігінде, шығында бір-біріне өзара ықпал етіп, ұштасып жатыр, сондықтан ауылшаруашылығының экономикалық тиімділігінің барлық факторларын өндірістің ресурстары мен шығыны бойынша, осы бағыттарда шаруашылықты жүргізудің әр түрлі деңгейіндегі іске асыру арқылы саралаған жөн.

Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық тиімділігі проблемасы күрделі қаржының ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі проблемасымен тікелей байланысты.

Негізгі өндірістік қорлар ауылшаруашылығы өндірісінің өндірістік концепциясының аса маңызды құрамдас бөлігі, олардың қатысуынсыз қандайда болсын өндірісті жүзеге асыру мүмкін емес. Олар қоғамдық еңбек тиімділігін және ең алдымен еңбек өнімділігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Аграрлық -өнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндірістің әлеуметтік экономикалық тиімділігінің негізгі өлшемі ретінде ауылшаруашылығының және оны ұқсатушы салаларының өнімін әрбір белгілі бір кезеңде қажетті мөлшерде өндіруге жұмсалатын барынша аз халық шаруашылығы шығыны қолданылуы керек.

Өндіріс рентабельділігі – шаруашылық есептегі кәсіпорынның кірістілігі, пайдалылығы. Рентабельділік деңгейде экономикалық нәтижені әр түрлі формалары, жалпы, түпкі, таза өнім, таза және шаруашылық есеп кіріс нәтижелері бейнеленеді. Жалпы табыста қажетті және қосымша өнім қамтылады (кесте ).

6- кесте Картоптың  сауықтырылған пробиркалық өсiмдiгiнiң экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi

 

Көрсеткiштер

Сауықтырылған материал

Тұқымдық материал

1

Орташа өнiмдiлiк, т/ га.

23

18

2

Себілетін тұқымның бағасы, тг/т

80000

80000

3

Өнiмнiң бағасы ,1га/тг.

50 000

50 000

4

1 гектарға кеткен шығын.

210 000

190 000

5

1га алынған өнім

23

18

6

Алынған өнімнің орташа сатылу бағасы   тг/т

1150000

900000

7

Пайда тг/т

960000

710000

8

Пайдалылық деңгейi, %

121,7

102,5

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Таза табыс – қоғам үшін үнемдеу құнының ақшадай көрінісі. Ол бүкіл қосымша өнімді және қажетті өнімнің қоғамдық тұтыну құны арқылы материалдық өндіріс саласы қызметкерлерінің жеке тұтынуына жұмсалатын бөлігін білдіреді. Таза табыс ауылшаруашылығы жалпы өнімінің құны мен өндірістік құны арасындағы айырмашылық болып табылады.

 

 

4 Еңбек қорғау

 

 

Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.

Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі тығыз байланысты. Себебі өрт өндірістегі және тұрмыстағы материалдық құндылыққа ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып келеді.

Мен практикадан өткен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтында қауіпсіздік техникасы туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.

Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.

Еңбек қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер мен нормалар. Мемлекет, өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар мен ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың ережелер мен нормалардың кәсіпорындарға қамтамасыз етуін, сондай–ақ ұжымдық шарттара белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.

Адам ағзасы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалды қолдануға тыйым салынған.

Егіншілікте химикат қолдануға қатысатын адам сол шаруашылықтың өзінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі арнаулы курсты пысықтау дайындығынан өтеді. Бұл сабақтардан олар күнделікті жұмыс күн тәртібі мен химикаттар қолдану ережелерімен танысады. Мұндай дайынықтардан өткен адамдарға арнаулы куәлік беріледі. Барлық химикаттармен жұмыс істейтін адамдарға арнаулы киімдер (халат, қорғаныш көзілдіріктер, распиратор, қолғап, сабын, етік), сондай–ақ 0,5 л  сүт тегін беріледі. Ол химикаттарды қолдану, механикаландыру, автоматтандыру еңбек өнімділігін арттыруға, әр түрлі химикаттардың адам үшін зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстарда 18–ге толмаған жастар, екі қабат, емізулі баласы бар әйелдердің жұмыс істеуіне болмайды. 

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы иниститутында күздік бидайға қолданылатын улы химикаттармен жұмыс істеу кезінде қоршаған құралдардан пайдаланып, адамдар тыныс алу органдарына, терісіне, көзіне және киімдеріне препараттарды тигізбеуіне болады. Тыныс жолдарын қорғау үшін химикат шаңына қарсы распираторлар мен противогаздар немесе тамшы түрінде болып, физика – химиялық қасиеттері жағынан буланбайтын болса, әрі олар белгілі дәрежеде ауада шоғарланбаса ғана киіледі. Ал улы химикаттар теріге, көзге зиянын тигізбес үшін арнайы қорғаныш киімдері, аяқкиімдер, қолғаптар және қорғаныш көзілдіріктер киген жөн. Арнаулы киім жұмыс аяқталғаннан кейін күнде пестицидер мен шаңнан тазарту үшін қағылады немесе ашық ауада, қалқа жаппа астына ілініп қойылады немесе 8 – 12 сағат кептіріледі. Арнайы киімдер кірлеу дәрежесіне қарай 6 жұмыс күні кезінде алмастырылып, жуылып тұрады.

Жер жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларында химия ғылымдарының жетістіктерін кең көлемде қолдану адамдарға қоғамдық, материалдық және рухани өмірінің қоршаған ортамен тығыз және күрделі байланыстарын түсінуге көмектеседі.

Химикаттардың биосфераға деген жағымсыз әрекеттерін жою үшін әрбір шаруашылық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қалай, қай уақытта, қандай мөлшерде және қандай зиянкестерге қарсы қолдану керек екендігі көрсетілген ұсыныстарды басшылыққа алу тиіс. Егер өсімдіктердің зиянды организмдерін жоюға қолданылатын химикаттарды сол ұсыныстарда көрсетілгендей етіп пайдаланса, олардың табиғи ортаны ластамай, жалпы тіршілікке зиянын тигізбей дақылдар өнімін молайтуға, сондай–ақ аман сақтауға үлкен көмегінің тиетіндігіне ешбір күмән келтіруге болмайды.

Химиялық препаратты күздік бидай дақылдарын қорғау жұмыстарынан шығарып тастауға, яғни оларды пайдаланудан бас тартуға қазіргі кезде ешбір мүмкіндік жоқ. Оның себебі – басқа агротехникалық және биологиялық әдістердің жетілдірілмегендігі. Соған байланысты кейбір химикаттың егін өнімін жоғарылатудағы, әрі сақтаудағы пайдасын ескере отырып, оларды жалпы тіршілікке зиян келтірмейтіндей етіп пайдаланған дұрыс.

Бұл жұмысқа ғылыми қызметкерлер мен санитарлық бақылау орындары ғана емес, бүкіл агрономдар мен ауыл шаруашылығы мамандары, жалпы диқандар қауымы болып көмектесуі қажет.

Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіруде шаруашылық жұмысшылары алуан-түрлі техникаларды пайдалаанып, түрлі жағдайлармен бетпе-бет кездеседі. Дәнді дақылдар егумен айналысатын жұмыскерлердің жағдайын жақсарту үшін алдын-ала жомпарлы шаралар қарастыру өажет. Машина пайдалануда қауіпсіздік жұмыстарын ұйымдастыруды, ұжымдардың және тағы басқа ауылшаруашылық өндірістерінің басшылары өз міндетіне алып, орындалуын қамтамасыз етуі керек. Инженерлік-техникалық қызметтегі адамдар ұйымдастырылған жұмыстың қауіпсіздігі үшін тікелей жауап береді.

Трактордағы немесе ауылшаруашылық машинасындағы қауіпсіздік жұмыс негізінен механизатордың өзіне тікелей байланысты және сол машинадағы жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі  нұсқаулары мен анықталады.  Техника қауіпсіздігіне арналған нұсқаулар мен ережелердің қатаң түрде орындалуы – жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады.

Топырақ өңдеу машиналарымен жұмыс істеуге тек  қана басқару рұқсат қағазы бар және техника қауіпсіздігі нұсқауларымен өткен 18 жастан жоғары азаматтар жіберіледі. Механик немесе бригадир тікелей жұмыс орнына нұсқау береді. Әр машина бүкіл жұмыс көлемінде белгіленген механизаторға бекітілген болуы керек.

Көктемдегі жер өңдеу жұмыстарында техника қауіпсіздігін сақтау. Қауіпсіздік мақсатында механизатор машинасымен жұмыс кезінде өзінің жұмыстық киімінің ретін сақтауы керек.  Ал жапқыш пен халат киюге тиым салынады. Комбинизон және берет киген жұмысқа өте ыңғайлы.

Жұмысты қабылдап алғаннан кейін механизатор ең бірінші трактор мен машинаны жұмысқа әзірлеу керек; техниканың бүкіл өн бойы техника қауіпсіздігі талаптары бойынша қарап шығу керек.

Техникалық ақауларына байланысты тоқтап тұрған агрегаттың  бұзылу себебін анықтап оны жөндеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Трактор мен машинаны жұмысқа әзірлеп болғаннан кейін топырақ өңдейтін агрегаттарды комплекстеу жұмысына кірісу керек. Тракторға машина жалғауда мүмкіндігінше тракторшының жанында бригадир немесе механик болғаны жөн.

Агрегаттау жұмысынан бұрын гидравликалық жүйенің басқару  органдарының дұрыс-бұрыстығын тексеріп алу керек.

Соқа культиватор, сыдырғылауыш, тырма, каток пайдалану процесінде келесі ережелерді сақтау қажет.       

Агрегат тоқтап тұрған кезінде арнайы тазартқыштармен соқаның қайырмасын, тырма тістерін таптауыш аралығын тазалап отыру керек.

Агрегат іске қосылып тұрғанда машинаға жақындауға, бір көліктен екінші көлікке ауысып мінуге болмайды;

Культиваторлау, тырмалау, дискілеу жұмыстарын жүргізгенде тракторист сол жұмыстарға байланысты техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Тырмалау уақытында  тіркелікші тіркеуішке отыруға  баламалауға дискілі сыдырғылауышты бөлшектеп, құрастыруда қайырмасын арнайы құрамын сүртіп тазалау қажет.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты жағжайында еңбекті қорғау қызметі барлық мекемелер үшін ережеге сай құрылған. Институтта  жұмысты дұрыс ұйымдастырудың негізгі маңыздылығы техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға негізделгені көрсетілген.

кесте 16

Еңбекті қорғау және қауіпсіздендіру шаралары

Шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты адам

машина-трактор агрегатын қауіпсіздендіру техникалық аспаптарын қолдану.

 

3 ай

 

бас инженер

қауіпсіздік техникалық ережесін қамтамасыз ететін өндіріс жаб-дықтарының қайта орналастырылуы.

 

2 ай

 

 

учаске бастығы

жұмыс орындарында денсаулыққа зиянды және өмірге қауіпті өндіріс факторларының техникасын енгізу.

 

3 ай

 

учаске бастығы

 

тазалық сақтау, жұмысқа керекті үйлерді тағы да кеңейту, талапқа сай қайта құру.

 

12 ай

 

прораб

 

еңбек қорғау кабинетін, учаскелерін, көрмелерін ұйымдастыру.

 

6 ай

 

инженер

 

Механизатордың еңбек гигиенасы. Әр механиатор барлық жұмыстан бұрын, жеке басының гигиенасын сақтау керек.  Топырақ өңдейтін машиналарымен жұмыс істегенде,  шаң-тозаң өте көп болады. Көтерілетін шаң тозаң жұмысшылардың денсаулығына көп зиян келтіреді, ауруға шалдықтырады. Сондықтан, механизатор бүкіл жұмыс уақытысында арнайы киім киіп, беті қолын жиі жуып отыруы керек. Механизатор төсенішсіз, жерге жатуына болмайды. Мұндай жағдайлар ревматизм сияқты ауруларға әкеліп соқтырады.Еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы мен денсаулыққа зиянсыз болуы жұмыс күн ұзақтығына қамтамасыз етіп, жұмыс  өнімділігін жоғарлатады. Еңбек өнімділігі жоғарлауы және денсаулықтың жақсаруы үшін физикалық-профессионал-қолданбалы дайындық  мәні зор. Механизатордың еңбек атқаруының қиын-жеңілдігіне байланысты оларға арнайы демалыс уақытын ұйымдастыру қажет.Механизаторға жұмыс орнында гигиеналық гимнастика ұйымдастыру бірден-бір гигиеналық денсаулық сақтау шарасы болып табылады. Ал, мұндай өнімдерін өндіретін шаруашылықтарда немесе май құю жұмысын атқаратын жұмыскерлердің денсаулығына баса көңіл аударған жөн.

Жалпы алғанда санитарлық гигиенаны  сақтау барысында  шаруашылықта, өндірісте көптеген шаралар қарастырылады. Оларды орындау барлық азаматтың ең бірінші міндеті болып есептеледі. Осының арқасында жоғары өнімділікке, тазалыққа біркелікке қол  жеткізуге болады.Ауылшаруашылығы өндіріс жағдайында еңбек қорғау талаптарын орындау күрделі және күнделік қажет шаралардың бірі болып танылуы керек, өйткені тек қауіпсіз жағдайда ғана еңбек өнімділігі көтерілуі мүмкін болады.

Өндірістік жұмыстар мен ауылшаруашылығында істейтін қызметкерлердің жұмыс жағдайын салыстыруға келмейді, өйткені өндірістегі жұмыскерлер өзінің игерген мамандығы бойынша ғана жұмыс істейді. Ал ауылшаруашылық жұмыскері сан-алуан шаруамен айналысады. Диплом жұмысын орындау барысында Мемлекеттік сортсынау комиссиясындағы еңбек қорғау мәселелері қалай қойылғандағымен таныстық.

­ Қазіргі талаптарға сай қалыптасқан еңбек қорғау жүйсі  шеңберінде өткізледі:

  • Кіріспе нұсқау беру
  • Жұмыс орнындағы нұсқау беру
  • Қайталанбалы нұсқау

Мезгілдік нұсқау сияақты нұсқаулар өз уақытында өткізледі. Нұсқау беру жұрналдары біраз өндірістік бөлімшелерде жоқ.

Еңбек қорғау шарлары жөніндегі жоспарларда дәріс оқу, кинофильмдер көрсету, әңгіме өткізу, жұмыстың қаупсіз орындалу әдістерін көрсететін плакаттармен жабдықтанған бөлімшелерді жабдықтау сиақты  жақсы шаралары бар, толығымен орындалады.

Ауыл шаруашылығы  өндірісінде әртүрлі адам организміне қаупті жағдайлар туып отырды.Олар ауаның тазалығы, шаң-тозаң,қауыпты газдар,булар және химиалық қосындлар,өндірстік шуыл.Бұлардың бәрі адам организміне қауып-қатер туғызады 17 кестеде осы қауыпты жағдайлар көрсетілген

кесте 17

Өндірсте кездесетін қауіп-қатерлер

Өндрістік жұмыстар

Қатер түрлері

Қауіп түрлері

өрт қаупы

1.жер жырту, тырмалау, культивацилау, сыдыра жырту.

2.гербицидтер қолдану.

 

 

3.өнім жинау.

 

жарақаттану

 

 

улы заттар буын,газын жұтыу.  

жарақаттану.

шаң, шуыл

 

 

газдар, булар, улану.

 

шаң-тозаң, шуыл.

трактор труба ларынан егіс- тікке шоқ түсуі.

 

 

өрт қаупі.

 

Трактор комбайындарда культиваторлар мен сепкіштерде жұмыс істегенде еңбек қаупсіздігі механизаторладың кәсіптік шеберлігіне көп байлансты.Техниканы басқаруды кәмелетке жетпеген адамдарға жүктеуге болмайды.

18кестеде ауылшаруашылық текникаларын қолданғанда туындайтын қауып-қатердің сипаттамасы көрсетілген.

Бидәй дақылын өндіргенде көбінен гербицидтер минералды тыңайтқыштар, басқада улы заттар қолданылады.   Төмендегі 18 кестеде олардың тудыратын қауып-қатері көрсетілген .

Улы қосындылар еңбек қорғау шараларын дұрыс қолданбағанда адам организіміне үлкен қатер туғызады, тіпті өлім қатеріне дейін. Дененің, қолдың, терісін қорғайтын киімдер, құрал-жабыдықтар.

Улы газдар мен булардан қорғайтын маскалар противогаздар міндетті түрде пайдаланылулары керек. Әр химиалық қосындылармен жұмыс істегенде олармен жұмыс істеу ережелері нұсқаулары толығынан огрындалуы керек.

кесте 18 

Улы заттарды пайдалану салдарынан туындайтын қауып –қатерлер

Улы заттар

Сипаттамасы

қауіп қатерлігі бойынша

өрт қаупі бойынша

1. 2,4 Д амин тұзы, лонтрел,фундазол.

газы,буы, эмульсиясы улы .

өрт қаупі.

 

2.Аммиак селитрасы .

тозаңы  улы .

жарылғыштық қасиеті.

3. Суперфосфат.

көздің жанарына, қолдың немесе ашық терісіне әсер етеді.

өрт қаупін тудырады.

 

Қорытынды

  1. Тұқымшаруашылығының тиімділігін арттыру үшін, Мурасиге-Скуга қоректік ортасындағы сахароза мөлшерін жоғарылату жолымен, өсімдіктерді апикальдық меристема, картоп көшеттерін ашық танапқа отырғызар алдында өсіріп жетілдіру әдісімен көбейтіп, минитүйнектердің оңтайлы жиілігін қолдану қажет.
  2. Микроклональдық көбейтуде, Мурасиге-Скуга қоректік ортасындағы сахароза мөлшерін литріне 20-дан 35 г дейін жоғарылату картоп өсімдігінің тамыр санына (0,5-2,4 дана/өсімдік) және олардың ұзындығына едәуір (0,9 — 3,0 см), ал сабақ ұзындығына (0,4-1,0 см) аз, және буынаралық санына (0,3-0,6 дана/өсімдік) мүлдем аз әсер етті,
  3. Картоптың зерттеуге алынған: Ақсор, Нартау, Тамаша және Тоқтар сорттары in vitro жағдайында көбейтілгенде өсу және даму көрсеткіштері бойынша айтарлықтай айырмашылық болды. Ақсор сортының буынаралық саны ( 0,1-0,6 дана/өсімдікке), Тамаша сортының сабақ ұзындығы (1,2 см) төмендеді. Тамыр саны бойынша нашар нәтиже Ақсор (1,3-2,4 дана/өсімдік) сортында, алайда бұл сорт тамыр ұзындығы бойынша ерекшеленді (сахарозаның сәйкес мөлешрінде 2,0-4,5 см ұзағырақ).
  4. in vitro жағдайында қалемшелеу арқылы көбеюдің үлкен әлеуетті мүмкіншілігіне Тамаша және Тоқтар сорттары ие, себебі басқа сорттардың буынаралық сандары 4,3-5,0 дана/өсімдік болғанда, оларда – 4,8-5,2 дана/өсімдік.  
  5. Өсіріп жетілдірілу үшін отырғызылған жәшіктегі өсімдіктердің өміршендігі сорт пен MS қоректік ортасындағы сахароза мөлшеріне байланысты. Орташа сорттар бойынша ең жақсы өміршендік Тоқтар сортында (94,2 %) болды, ең азы Тамаша (90,2 %) сортында. Ақсор сортында ең жақсы өміршендікті литріне 35 г сахароза мөлшері қамтамасыз етсе, ал Тамаша және Ақсор сорттарына литріне 30 г, Тоқтар сортына литріне 25 г қажет болды.
  6. Қалемшелеу үшін бастапқы материал алғанда MS қоректік ортасындағы сахароза мөлшері литріне 20 дан 35 г дейін өзгеруі, пассаждың 21-ші күні

жапырақ санын 0,4-1,1 дана/өсімдік арттырды, өсімдік биіктігі сортқа байланыссыз 0,9-1,8 см болды.  

  1. Қалемшелегеннен кейін картопты 35 күн ашық жерге отырғызып өсіріп жетілдіру, өсімдіктердің өміршендігін пробиркалық өсімдіктермен салыстырғанда 18-28 %–ға жоғарылатты. Өсіріп жетілдіргеннен кейінгі өсімдіктерден алынған картоптың минитүйнектерінің өнімділігі гектарына

 120,4-157,2 ц құрады, ол пробиркалық өсімдіктерді отырғызғаннан 4,1-4,4 есе жоғары. Ең жоғары өнімділік (157,2 ц/га)  Ақсор сортынан алынды. Ал Нартау және Тамаша сорттарының өнімділігі одан аздап кем (140,2 и 144,7 ц/га), ал Тоқтар сортының өнімділігі небәрі (120,4 ц/га). Пробиркалық өсімдіктер өнімінде, сортқа байланыссыз, ұсақ түйіндердің үлесі жоғарылады, ол өз кезегінде тұқымдық фракцияның шығуын төмендетті (16,6 -25,1%).

  1. Минитүйнектерді отырғызу жиілігін гектарына 47,6 ден 95,2 мың данаға дейін өзгерту, барлық сорттарда ассимиляциялық беттің жоғарылауын қамтамасыз етті. Картопты жиі отырғызу сабақ биіктігінің жоғарылауына әкелді, Ақсор сортында оның биіктігі 18,7 %, Тоқтар сортында — 25,3 %, Нартау сортында — 29,5 %, Тамаша сортында — 34,8 %–ға артты.
  2. Отырғызу жиілігіне байланыссыз үлкен өнімділікке орташа пісетін Ақсор (275-378 ц/га) және Тамаша (251-375 ц/га) сорттары ие болды. Орташаерте пісетін Нартау және Тоқтар сорттарының өнімділігі (241-295 ц/га және 166-264 ц/га сәйкесінше) олардан едәуір кем. Картоп отырғызуды гектарына 47,6 ден 95,2 мың данаға дейін жиілету Нартау сортының өнімділігін 22,4 %, Ақсор сортын — 37,5 %, Тамаша сортын -49,4 %, Тоқтар сортының өнімділігін — 59,0 %–ға жоғарылатты.
  3. Зерттеуге алынған картоп сорттарының барлығының отырғызу жиілігін оңтайлау экономикалық жағынан өзін өзі ақтады, мұнда тұқымдық картоптың рентабельділігі 159 % –ға дейін жоғарылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімi

 

  1. Каталог генофонда картофеля Республики Казахстан // Сорта картофеля казахстанской селекции. Под.ред. В.Ф. Красавина. — Алматы: Кайнар, 2011. — 55 с.
  2. Егорова Т.А. и др. Основы биотехнологии: Учебное пособие для высш. Пед.учеб.заведений // — М.:Издательский центр «Академия», 2003. — С.184.
  3. 3. Сидоров В.А. Биотехнология растений. Клеточная селекция // — Киев: Наук. Думка, 1990. — 280 с.
  4. Букасов С. М., Камераз А. Я. Селекция и семеноводство картофеля. — Л.: Колос, -1972. — С. 37.
  5. Гречушников А. И. Морфология и анатомия растения картофеля// Картофель. — Москва: Гос. Издательство сельскохозяйственной литературы, 1970. – С.11-40.
  6. Рожалин А. В. Биологические особенности картофельного растения. – Москва: Колос, 1953. – С.55-87.
  7. Рекомендации по проведению весенне-полевых работ на юго-востоке и востоке Казахстана. – Алматы, — НИИЗиР. – 2004. – 32 с.
  8. Шпаар Д., Быкин А., Дрегер Д. Картофель: Возделывание, уборка, хранение / Под.ред. Д. Шпаара. – Торжок: ООО «Вариант», -2004. – 466 с.
  9. Стрельцова Т.А., Муравьева В.М., Секачева Б.Н. В горном Алтае есть уникальные зоны для естественного оздоровления картофеля. // Картофель и овощи. — 2001. — № 1. — С. 20-21.
  10. Энциклопедический справочник по выращиванию, хранению, переработке и использованию картофеля / изд-во «Белорусская советская энциклопедия», -Минск, — 1988. – С. 342, 385, 386.
  11. Калашникова Е.А. Клеточная селекция растений на устойчивость к грибным болезням: Дис… докт.биол.наук. М.,2003. -282с.
  12. Алехина Н.Д., Балнокин Ю.В., Гавриленко В.Ф. Физиология растений// — Москва, Издательский центр «Академия». 2007 г.
  13. Кузнецов В.В., Дмитриева Г.А., «Физиология растений» М.: Абрис-Высшая школа, 2011.
  14. 1 Макроносов А.Т. Клубнеобразование и донорно-акцепторные связи у картофеля //В сб.: Регуляторы роста и развития картофеля. — М.: Наука, 1990. — С. 6-12.
  15. Иорганский А.И., Турешев О.Т. Вопросы экологизации и биологизации орошаемого земледелия юго-востока Казахстана//Производство и применение минеральных удобрений в Казахстане. – Тараз, -2004. – С.52-62.
  16. 1 Асауов С.Т. Структура урожая семенного картофеля в условиях Южного Казахстана// «Состояние и перспективы научных исследований по картофелеводству, овощеводству и бахчеводству» Алматы: Кайнар, 2011. – С. 123-124.
  17. 2 Симаков Е.А. и др. Приоритеты развития селекции и семеноводства картофеля // Картофель и овощи. 2006. — №8. — С. 25.
  18. Бутенко Р. Г. Перспективы использования культивируемых клеток растений в биотехнологии// Биотехнология. – М.: 1984. – С.139-147.

Шестакова, С. С. Арыстанғұлов   ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ 402-бет

  1. 18. Писарев Б. А. Производство раннего картофеля. –М.: Россельхозиздат, 1986. – 286 с.
  2. Андрюшина Н.А. Будина Л.В КАРТОФЕЛЬ М Колос 1970ж 86-бет
  3. Рубин Б.А. Арциховская Е.В. Проскурникова Т.А. Окислительные превращения фенолов и их роль в устойчивости картофеля к Phytophthora infestans Биохимия т 12 в 2 1947ж 5-бет
  4. Иванченко Г.З Новые ранние сорта картофеля устойчивые против рака и фитофторы «Агробиология» №5 1954ж 7-бет
  5. Лебедева Н.А. Изменения свойства и признаков картофеля под влиянием полиплоидии и использование экспериментальной полиплоидии в селекции картофеля Диссертация Ленинград-Пушкин 1965ж
  6. Яковлев Шукшин Колорадский жук и меры борьбы с ними 1989ж 5-7 бет
  7. Деменьева М.И. фитопатология М Колос 1970ж 262-265-бет
  8. Яковлева Н.П. Фитопатология М Колос 1992ж 226-228 бет
  9. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің 2013-2022 жж ТІЗІМІ
  10. Абдильдаев В.С., Бабаев С.А., Ахметова Ф.С. — Картоп дақылы. Алматы 2000
  11. Абдильдаев В.С. — Безвирусное семеноводство картофеля в условиях Юго-Востока Казахстана. Автореферат ,Алматы 2004
  12. Бацанов Н.С. — Картофель, Москва, Колос, 1970
  13. Бобров Л.Г., Гольц А.Л., Зарицкий Е.Е., Терехина Л.Н. — Семеноводство картофеля в Казахстане. Алматы, Кайнар 1976
  14. Бубенцов С.Т. — вирусные болезни картофеля в Казахстане. Вестник с/х науки, 1960, №1
  15. Удовицкий А.С.,Вострикова А.И.,Семеноводство картофеля в Северном Казахстане,Кайнар,Алматы,1979
  16. Красавин В.Ф. //В кн.:Селекция картофеля на юге-востоке Казахстана. Алматы – 2009. 224 с.
  17. Гуров В.А., Хилько А.Д. и др. Усовершенствование технологических приемов выращивания оздоровленного материала картофеля в закрытом грунте. Биотехнология в картофелеводстве Науч. тр. ин-та ВНРШКХ.- 1999.
  18. Жук И.П., Горбаренко Н.И. Получение картофеля свободного от вирусной инфекции, методом культуры меристем. Вирусные болезни растений V/ Всесоюзного совещания: Тр. часть 2. -М., 1971. 36-37
  19. Методическое пособие. Семеноводство картофеля. Контроль качества. Сертификация.- М., 2002. с.57.
  20. Мешечкина З.Ф. Изучить густоту посадки пробирочных растений и стеблевых черенков в весенних теплицах: Отчёт о НИР УралНРШСХоз.— Свердловск, 1995. С 22-24.