АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

дипломдық жұмыс. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздемесі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

 

Алматы — 2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….

 

І.   ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕМЕСІ………………………………………………………………….

1.1  Қашықтықтан оқыту технологиясы және оның түрлері………………………………………………………………………………………………………….

1.2  Қашықтықтан оқыту жүйесінің модельдері……………………………………………..

1.3  Қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлік оқыту программаларын құру әдісі……………………………………………………………………………………………………………..

1.4  Компьютерлік оқыту программаларын құрудың жалпы жолдары…………….

 

ІІ.   ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ……….

2.1  Мәліметтерді өңдеудегі қолданылатын технологиялардың мінездемесі мен ерекшеліктері………………………………………………………………………………………..

2.2  «MOODLE» қашықтан оқыту жүйесін енгізу………………………………………….

2.3  TAMOS University Suite v.1.8 оқытуды басқарудың автоматтандырылған жүйесі………………………………………………………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ                       

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

 

КІРІСПЕ

 

  Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дүние жүзілік дамуына көз салсақ, оның бірнеше үлгі аларлық, алдыңғы қатарлы бағыттары көзге түседі. Тиімді де ұтымды деп танылған осы бағыттардың ішіндегі қашықтықтан білім беру жүйесін ерекше атауға болады. Жалпы қоғамға ашық түрде үздіксіз білім беру тәсілімен көзге түсетін қашықтан оқып-үйрену жүйесі осы күнгі ең болашағы бар оқу түрі болып саналады.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар  арқылы немесе радио, компьютерлік те­лекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны.

Республика бойынша қашықтықтан оқытуды жоғары деңгейде дамыту үшін білім берудің дүние жүзілік бірегей кеңістігіне енудің маңызы зор. Ол үшін Республикамыздағы білім беру жүйесін қашықтық принциптеріне сәйкес болуы тиіс. Қазақстандағы білім беру құрылымдарын қайта құрып, жарақтандыруды осының өзі зор мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақстанда қашықтықтан оқытудың ашық университеттер, телеоқу, виртуалды оқу салаларын ақпараттандыру үшін білім беру жүйесін қайта құру ісіндегі қажетті шарт болмақ. Қазіргі кезде Республикамыз бойынша орта білім беру салаларын ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде. Білім беру са­ласын ақпараттандыру ісі жүріп жатқан кезде, қазірдің өзінде елімізде кейбір оқу орындарында жүйелер негізінде мультимедиалық құралдар арқылы оқудың автоматтандырылған жүйелері зерттеліп іске асуда. Қазіргі кезде мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелердегі құрылып жатқан компьютерлік сыныптарында оқу процесі кезінде электрондық оқулықтар мен мультимедиалық курстарды кеңінен пайдалануға мүмкіндік берері хақ.  

Қазақстан Республикасында өріс алған ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары оқу орындарының оқу жүйелерің ақпараттандыру жөніндегі дайындалып жатқан бағдарлама республикамыздың оқу орындарын­да қашықтықтан оқыту жүйелерінің құрылып, өркендеп, дамитынына берік негіз бола алады.

Демократиялық Қазақстанның білім ортасын құру және Республиканың әлемдік білім кеңістігіне кіруі жоғарғы дәрежелі профессионалдарды дайындауды және жоғары дәрежелі сапалы білім мен тәрбиені қажет етеді. Бұл тапсырмалардың шешімі қазіргі білім мен информациялық технология арқылы шешіледі.

Қашықтықтан оқытудың негізгі тапсырмалары мыналар:

  • институттың білім коммуникациялық мүмкіншіліктерін жетілдіру.
  • қазіргі ақпараттық технологиямен қамтылған оқытушы кадрларын дайындау.
  • ақпараттық білім мен білім мәліметтер қорын жинақтау.
  • қашықтықтан оқыту әдісінің қазіргі әдістемесін және соған келісімді қамсыздандыруды өңдеу.

Қашықтықтан оқыту программасы оқу процесін ұйымдастыруды қадағалайды және студент білімін тексеру үшін тест жүргізіледі.

Программаның ерекшелігінің бірі — ол оқушы немесе студент Қазақстанның жерінен немесе басқа да қашықтықтан өзінің логині мен паролі арқылы институттың оқу серверінен өзіне керекті оқу-әдістемелік комплексін ала алады. Бұл программаның тағы бір ерекшелігі-оқытушы мен оқушы арасында кері байланысты on-Line және off-Line режимдері арқылы қамтамасыз етуі (видеоконференді байланыс, хат алмасу, форум және т.б.).

Дүние жүзі бойынша дистанциялық түрде білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі оқушылардың кез-қелген колледждер мен университеттердегі оқу программалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істі өркендете түсуге мүмкіндік туады.

Көкейтестілігі:

        Бүгінгі күні тез дамып келе жатқан білім беру жүйесінің бір бағыты болып саналатын қашықтықтан оқыту жаңа ақпараттық технологияға негізделіп, байланыс қызметінің жаңа үлгісін пайдалануда. Әлемдік тәжірибеде қашықтықтан оқыту кеңінен қолданылып,  білім берудің барлық сатысындағы шығынды азайтуға септігін тигізіп отыр.
Кең территориялы және елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтықтан оқыту өте өзекті мәселе. Қашықтықтан оқыту технологиясы – бұл оқытушы бақылауында білімнің белгілі массивін қалыптастырудағы формалар мен әдістердің және құралдар жиынтығы.

           Қазіргі кезде Қазақстан үшін қашықтықтан оқыту арқылы білімгерлердің білімдерін көтеру өте маңызды. Он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға  білімгерлердің белсенді қатысуы, Интернет-технологияларды болашақта кәсіби шеберліктерін жетілдіруде қолдануы ҚО дамытудың бірден-бір жолы.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – ол жеке адамды өз алдында интеллектуалды дамыту, сонымен қатар ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйренуі тиіс.Себебі, оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Біз Қашықтықтан оқыту арқылы білімгерлердің білімдерін көтеру; Он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға  білімгерлерді белсенді қатыстыру; Интернет-технологияларды болашақта кәсіби шеберліктерін жетілдіруде қолдана білу.

Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – Студенттердің білім деңгейін көтеру мақсатында білім берудің тұтас ақпараттық жүйесін құру дегеніміз. Сонымен қатар, біз әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, онда біз осы тұста ұтарымыз анық.

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мыналар:

  1. Технологиялықтық
  2. Оқытылудың қол жетімділігі және ашықтығы
  3. Сапалы білімге тәуелсіздік
  4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің даралығы.

Жұмыстың құрылымы. Жұмысым кіріспе, үш бөлім және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, ақтуалдығы, міндеті, қызметі, маңыздылығы, яғни жұмысымның теориясы және практикасы баяндалады.

«Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздемесі» бөлімінде: қашықтықтан оқыту ұғымы, қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы, қашықтан оқыту кезінде компьютерлік оқу құралдарын дайындаудың жалпы жолдары, оны құрудың әдістері, қазіргі ақпараттық технологиялар ұғымдарының анықтамалары нақтыланады және білімді  ақпараттандыруға қатысты интегралданған оқытуды ұйымдастыру құралдары баяндалған.

«Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру» атты екінші бөлімінде: Қашықтықтан оқытудың технологиясының мүмкіндіктері, мәліметтерді өңдеудегі қолданылатын технологиялар ерекшеліктері мен мінездемесі, MOODLE, TAMOS жүйесі туралы мәліметтерҚашықтықтан,  Қашықтықтан оқыту процесінің мазмұнына аса көңіл бөлінген материалдар берілген.

«Қашықтан оқыту моделдері» деп аталатын үшінші бөлімде:

 «Информатика және ЕТ» кафедрасына байланысты HTML, CSS, Php программалары арқылы жасалған оқу порталы, Қашықтықтан оқыту ұғымына қатысты негізгі ұғымдар мен сөздік (Глоссарий) берілген.

Электрондық бөлімде  ….. порталы құрылған.

Қорытындыда …. нәтижелер,  қайжерде қолданылуы т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

НЕГІЗДЕРІ

 

  • Қашықтықтан оқыту технологиясы

 

«Қашықтан білім беру» деген тер­мин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысыңнан немесе оқудан қол үзбей, біліміңді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің мәнін тереңірек ашар болсақ — қашықтан білім беру ісі оны жүзеге асыру бағытындағы әдістер мен тәсілдерді жете меңгеруге талпынғаннан гөрі осындай мүмкіндіктер болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін түсінуден тұратынын  байқауға болады.

Қашықтан оқытуда біздің елдегі және шетелдік тәжірибелердің өрісі кеңейе түсуіне қарамастан, ол туралы әлі күнге шейін көпшілік мақұлдаған анықтамалар жоқтың қасы. Бұл істің соны бағыт екендігін ескерсек, білімдегі мұндай табиғи құбылыстың анықтамаларының да саналуан және көп болуы, оның күн талабының биік тұғырынан көрінген, зерттеулер жүргізуге болатын жаңа әрі өміршең бағыт екендігін дәлелдейді.

Соңғы жылдары Ресейдің жоғары оқу орындары жөніндегі мемлекеттік комитетінде зерттеліп бекітілген оқытудың бірегей жүйесін құру туралы негізгі концепция бойынша қашықтан білім беру дегеніміз — белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар  арқылы немесе радио, компьютерлік те­лекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны деп  айтуға болады.

Қашықтан оқыту үздіксіз білім беру тәсілінің бірі болып саналады. Ол білім жетілдіруге арналған ақпараттармен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әрбір адамның білім алып, керекті мәліметтерден хабардар болуы жөніндегі құқын орындайтын негізгі мүмкіндік рөлін атқарады.

Қашықтан білім беру жүйесі оқыту­дың қоғамдағы интегралдық түрлерінің қатарына жатқызуға болады. Білім берудің бұл тәсілі ақпараттық технологияларды және оқу материалдарын шәкірттер санасына ұғынықты етіп, жеткізіп, оларға оқу бағдарламасын өз беттерімен оқып — үйренуге, оқушылар мен оқытушыларды өзара сұқбаттасу арқылы пікір алмасуына және оларды техникалық құралдарды кеңінен қолдана білуге машықтандыруға бағытталған. Оған қоса мұндай оқу процесі уақыттан тәуелсіз (кез келген шақта), нақты білім беру мекемесінің орналасуына қарамастан жүргізіле береді. Осындай ерекшеліктеріне қарай қашықтан білім берудің бірегей жүйесін құру мен оны дамыту бағытындағы басты мақсаты — мектеп оқушыларына, студенттерге, азаматтық және әскери мамандық иелеріне өз еліміздегі және шетелдердегі шәкірттерге олардың қалаулары бойынша кез келген оқу орнынан білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

  • Дидактикалық жүйе;
  • Технологиялық жүйе;
  • Қамтамасыз ету жүйелері.  

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

  1. Ақпараттық-рецептивті;
  2. Репродуктивті;
  3. Мәселелік мазмұндау;
  4. Әвристикалық;
  5. Зерттеу;

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты – ол  біздің XXI ғасырымыздың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім берудегі ақпа­раттандыру бағыты, ол жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Білім алушылардың барлығы қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру процесіндегі ең негізгі  қолайлы уақытты, ыңғайлы орынды, тиімді темпті жұмысын құрайды. Сол үшін де тыңдаушылар өз беттерінше жұмыстың
әдістемесі мен техникасын, білімді жоғарғы деңгейде  өз бетімен толықтыру негіздерін меңгере білуі керек. Нәтижелі түрде білім алып, оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс жасай алуы керек.

Қашықтықтан білім беруді дамытудың электрондық ақпараттық білім беру ресурстарын жүйелі жинақтау өте маңызды. Қашықтықтан оқытуды дамыту -АКТ негізінде электрондық оқулықтарсыз мүмкін емес. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі  ақпараттық ресурспен қамтамасыз етуге үлкен мән бере отырып барлық күшті білім беруде электрондық контенттің мазмұнын дайындауға бағыттады. Оқытудың ең тиімдісі  электрондық және мультимедиалық оқулықтардың қашықтықтан оқыту жағдайында  білімнің негізгі  ақпаратты құралы екені даусыз. Өйткені электрондық оқулық тек қана ақпарат көзі емес, сонымен қатар ол оқыту функциясын  және  жүйелі кері байланыс қызметін атқарады.

Егер қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алып қарасақ, ол дегеніміз білім алушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылып жасалынған оқу формасы болып табылады. Тар мағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы білім алушылар мен оқытушылар арасындағы  жоғары дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-видео кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптары мен оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі. Қашықтықтан оқытуда интерактивті құрылғыларды қолдану білім беру жүйесінде үлкен рөл атқарады.

Шет елдерге көз салатын болсақ, Америка Құрама Штатында 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алып отырса, ал Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді екен. Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істеп отыр. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізіліп отырады. Сонымен, біздің еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді, бірқалыпты қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.

Шетелдік тәжірибеге сүйенер болсақ, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, үйде болсын, жұмыста берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығын айтып кетуге болады. Шалғайдағы, өздері білім алғылары келген кез келген шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.

Қашықтықтан оқыту қалай қолданылады?

Бүгінгі күні тез дамып келе жатқан білім беру жүйесінің бір бағыты болып саналатын қашықтықтан оқыту жаңа ақпараттық технологияға негізделіп, байланыс қызметінің жаңа үлгісін пайдалануда. Әлемдік тәжірибеде қашықтықтан оқыту кеңінен қолданылып,  білім берудің барлық сатысындағы шығынды азайтуға септігін тигізіп отыр.
Кең территориялы және елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтықтан оқыту өте өзекті мәселе мәселе болмақ. 
Қашықтан оқыту технологиясы – бұл оқытушы бақылауында білімнің белгілі массивін қалыптастырудағы формалар мен әдістердің және құралдар жиынтығы.

Қазіргі кезде бұл білім жүйесінің ажырамас бөлігі, құрамдас элементі болып отыр. Сондықтан ҚО технологиясы білімнің барлық формаларына тез кіріге отырып, оларды толықтыра түсетінін ескеру керек.
Қазіргі уақытта көптеген жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды орнату және оны ұйымдастыру бағдарламасы аясында жұмыс жасалуда.

Қашықтан оқыту нәтижесінде білімгерлер:

  • Университет сайтында жазылған оқуға қажетті материалдар, оқу жылының басында студент өзіне қажетті ақпаратты электрондық түрде алуларына болады (СД, е-mail);
  • Жыл көлемінде білім беру оқытушының кеңесімен жүреді;
  • Теорияны оқи отырып, практикалық және лабораториялық жұмыстарды жасай отырып, студент аралық тестілеуден өтеді;
  • Сынақ пен емтихандарды тапсыру студентке қолайлы уақытта универсиетте немесе оның респупликадағы аймақтық жерінде өтеді;
  • Мемлекеттік емтихандар тапсыру мен диплом қорғауда студенттің міндетті түрде қатысуын қажет етеді.

Қашықтықтан оқыту оқу процесінің мазмұны:

  • Университеттегі оқу процесі бөліктерге бөлінеді, бөліктер шолу дәрісі, бейне түрінде лекциялар(видеолекциялар), компьютерлік сағаттар мен түрлік тестілеуден тұрады.
  • Үй тапсырмасын реферат түрінде жазып, өзін өзі тексеру сұрақтарына жауап береді, білімнің негізінің логикалық схемасын жасайды, терминологиялық сөздер бойынша жұмыс істейді.
  • Аудиокурстар шет тілін оқуда студенттерге магниттік қондырғылар арқылы өткізіледі. Компьютерлік оқу сағаттары арнаулы компютерлік техникамен жабдықталған залдарда болады.
  • Студенттер арнайы жобадағы оқу мазмұнымен бейнедәрістер көреді.
  • Әрбір бөлімдерге басты тақырыптардың кілттері мен бағдарламасы жасалған – іскер ойындар, пікірталастар, «дөңгелек үстел»
  • Студенттер  университеттегі қазіргі әдебиеттердің әлемдік қоры сақталған бұқаралық кітапханасын пайдалануға құқылы.

Барлық осы аталған материалдар әрбір студенттің жеке кітапханасына лайықталып білім берудегі әлемдік білікті мамандармен жасалған.

Қашықтықтан оқытуды тәмамдаған студент Мемлекеттік үлгідегі дипломды алып шығады.

Қашықтан оқытудың артықшылықтары

  1. Технологиялықтық – электронды білім алуда қазіргі заманғы соңғы программалық және техникалық программалық құралдар арқылы оқылатындықтан оқытылу тиімдірек жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы визуальды ақпаратты жарқын және динамиалық  түрде жасауға болады. 

   Интернет жүйесінің дамуы және Интернетке жылдам кіру мүмкіндігі, дыбыс, видео   мультимедиалық  технологияларды қолдану қашықтықтан оқыту курстын толық және қызығырақ түрде береді. (АҚШ – тың білім беру оқу орындары:
• екі жақты инерактивті видео

  • бір жақты видео, екі жақты аудио
  • кәдімгі видео трансляция
    • видеокассеталар
    • аудио графика
    • аудио конференциялар
    • аудио кассеталар
  • two way online interactions
    • Internet
  1.   Оқытылудың қол жетімділігі және ашықтығы —  оқу орнынан шалғай жерде үйден немесе офистен шықпай оқытылу мүмкіндігі. Бұл оқудың артықшылық кез келген мамандарға өзінің негізгі  қызметіне қосымша білім алуға мүмкіндік барлығында. Сонымен қатар оқуды өзіне ыңғайлы уақытта яғни күндіз, кешке немесе демалыс күндері оқуға болатындықта. Интернет және компьютер бар жер шарының кез келген нүктесінде отырып оқуға болады. Негізінен алғанда қашықтықтан оқу жай оқуға қарағанда арзанға түседі. Себебі: жолға, мұғалімдерге, басқа қаладан оқитын болған жағдайда тұратын орынға да қомақты қаржы жұмсалмайды.
  2.   Сапалы білімге тәуелсіздік – қажетті курсты таңдаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Кез келген мемлекеттен кез келген бірнеше курстарды таңдау өте жеңіл жүзіге асырылатын болды. Қазіргі таңда интернет жүйесінде түрлі мамандықтарға арналған қашықтықтан оқыту курстар пайда болуда.  Сонымен қатар әлемнің ең үздік универсиеттерінде қашықтықтан білім алу  мүмкіндігі пайда болды. Адамдар өз қалауы бойынша жасырын түрде, басқа ат тіркеу арқылы оқуына болады. Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектерге де қашықтықтан оқыту өте ыңғайлы білім алу түрі.
  3.    Қашықтықтан оқыту жүйесінің  даралығы. Қашықтықтан оқыту оқытудың көбіне даралық түрде беріледі. Оқытылушы өзі өзіне ыңғайлы оқу графигін таңдау, жеке сабақтарды қалауы бойынша қайта оқуға немесе бірнеше сабақтарды қалдырып кету еркіндігі бар.  Тыңдаушы оқу материалдарын тек сессия кезінде ғана емес бүкіл оқу мерзімі уақытында оқи алады. Бұл оқу жүйесі білімгердің өзі дара түрде оқитындықтан, оның білім алу қабілетін дамытады. Практиканың нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыған білімгер жай оқуда оқитын білімгермен салыстырғанда оның бойында  тәуелсіздік, мобильдік және  жауапкершілік қабілітері  жоғары болады.

       Сонымен қорыта айтқанда қашықтықтан оқыту артықшылықтары:

  • Қалаған уақытта, қалаған жерде оқуға мүмкіндігі бар;
  • кәсіби қызметпен қатар да білім алуына болады;
  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқу үрдісінде студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
  • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту кемшіліктері:

  • Білім алушымен оқытушының тікелей қарым қатынасының жоқтығы. Ал жанында оқу процесі жайлы бір бірімен шынайы эмоциясымен білдіре алмайтындықтан ол оқу поцесінің басты кемшілігі болып саналады. Мұндай жағдайда топ арасында шығармашылық атмосфера құру қиын соғады.
  • Дербес компьютермен Интернеттін қажеттілігі. Ақпараттын әрдайым қажеттілігі. Жақсы техникалық жабдықталудың қажеттілігі, өкінішке орай барлық қалаушылар Интернетке кіру және қашықтықтан оқытудың барлық құралдарымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бола алмайды. 
  • Оқу процесіне жоғарғы талап және әр тыңдаушылардың мотивтерінің күрделілігі. 
  • Білім тексеру кезінде қолданушылардың біліміг көрсетудегі қиындықтар, себебі желінің арғы жағында кім отырғаны белгісіз. Бұл жағдайда тьютордың жоғарғы біліктілігін қажет етеді. Бұл мәселе әдетте білім алушы жағына видеокамера және сәйкес программалық оқыту құру арқылы шешіледі.
  • Бір бүтін реттелген жеке – психологиялық шартарды қажет етеді. Қашықтықтан оқытуға қатаң дисциплина қажет және оның нәтижесі тек білім алушының өзінің ынтасы арқылы жүзеге асады. 
  • Әдетте білім алушылар практикалық және тәжірибиелік білімдердің жетіспеушілігін байқайды. Білім алушыға әрдайым қатаң бақылаудың жетіспеушілігі. 
  • Қашықтықтан оқыту жүйесін құрудың, курстын өзінің ұйымдастырудың және техникалық құралдарының жоғарғы қаражатты шығын қажет ететіндігі. 

Уақытша кедергілер немесе кемшіліктер

  • Компьютерлік біліктіліктін жеткіліксіздігі, қашықтқтан оқыту тәжірибиесінің жоқтығы және көптеген оқытушы мен білім алушылардың мұндай оқыту түріне дайын еместігі оның орнына дәстүрлі сыныптық сабақ түрін қалайтындықтарында.  
  • Қазақстанда ақпараттық – коммуникациялық инфрақұрлымдардың жеткіліксіздігінде.
  • Қазіргі таңда квалификационды мамандардың аздығынан оқыту программалары және курстардың сапасының толық түрде қашықтықтан оқытудан білім беру талабына сай келмейтіндігінде.
  • Қашықтықтан оқытуға дайындық және оның өткізуге әдістемелік материалдардың аздығы. 
  • Қашықтықтан оқытуда стандарттардың жеңіл қолдануы. Стандарттардың жетілмеуі салдарынан оқу материалдарының қайта қолданылулары, бірнеше рет қайталанылулары және ауыса қолданылулары.
  • Жоғары квалификациялы мамандардың іздеу жұмыстарының қиындығы себебі сапалы мультимедиялы курстарды жасау үшін пән бойынша маман, суретші немесе дизайнер және программистен құралған бір топ команда қажет.  
  • Қазіргі таңдағы қашықтықтан оқыту курстарының инерактивсіздігі. Қазіргі таңдағы қашықтықтан оқыту курстарының мазмұндық негізін мәтіндік материал және жай графикалық объекттерден (схема, сурет, кестелерден) құралған лекциялар және білімді тексеру бөлімі тестік тапсырмалардан құралған. 
  • Курстын аяқтау процентінің аздығы қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану тәжірибесінің аздығы және білім алушылардың мотивтерінің қатаң еместігіне байланысты.

Қашықтықтан оқыту формалары

Қашықтықтан оқыту компьютерлік телекоммуникация арқылы жүзеге асып келесі сабақ формаларында өтеді:

Чат — сабақ — оқу сабағы чат – технологиясын қолдану арқылы өткізіледі. Чат – сабақ синхронды өтеді яғни барлық қатысушылар чат-қа қосылу мүмкіндінгін бір уақытта алады. Көптеген қашықтықтан оқытатын мекемелерде чат – мектептер болады ол дегеніміз – арнайы чат – сыныптарда қашықтықтан оқытушы және білім алушылдардың қызметтері ұйымдастырылады.

Веб — сабақ — телекоммуникация құралдары арқылы және «Бүкіл әлемдік өрмектін» басқа да мүмкіндіктері арқылы өткізілетін конференциялар, семинарлар, кәсіби ойындар, лабораториялық жұмыстар, тәжірибиелер және басқа да оқыту сабқтарының формалары.

Веб – сабақтарға арнайы білім беруге арналған веб – форумдар қолданылады.

Чат — сабақтардан веб – форумдардың айырмашылығы жұмыс уақытының ұзақтығында және оқытушы мен білім алушының қарым қатынасы асинхронды түрде жүргізілетіндігінде.

Телеконференция — Білім беру телеконференциялары білім беру мәселелерін шешуге негізделеді.

     Сонымен қатар қашықтықтан оқыту формаларының белгілі бір аумақтарға оқу материалдары жай почта арқылы жіберуге болатын түрлері де бар.

Білім алушы әр дайым практикалық жұмысты орындау арқылы автоматтануға дағдыланады. Бірте бірте практикалық жұмыстарға ене отырып теориялық бөлімі еш қиындықсыз меңгеріледі. Теориялық білім мен практикалық білімнің бірге қалыптасуы — материалды жүйелі түрде және аудио және видеотасмалдаушылардағы материалды қайталау арқылы жүзеге асады.

Телеқатысу (Телеприсутствие): Қашықтықтан оқытудың көптеген формалары бар. Мысалы қашықтықтан қатысу R.Bot 100 роботы арқылы. Қазіргі таңда осы оқыту формасына тәжірибие жүргізілуде. Білім алушы өзінің үйінде  оқытушымен робат арқылы қатынасады мұғалімнің қойған сұрақын робот арқылы білім алушы естип оған жауап береді.

ҚОТ бірнеше түрлерімен іске асырылады:

1) ТД-технология;

2) желілік технология;

3) кейс-технология.         

1) ТД-технологиясы

Теледидарлық білім беру технологиясы мына екі принциптік үлгі ақпараттық толқыннан тұрады:

Бірінші тік толқын бағыт бойынша: оның негізінде үлкен көлемде ақпараттар беруші, ақпараттық — телекоммуникациялық  орталықтық торабы;

Екінші кері толқын бағыт бойынша: ол аз көлемде ақпараттар (есептер мен сұраныстар) беруші, оқу орталығының торабы – Интернет немесе ақпараттық торабы арқылы. 

Ортақ білім кеңістігін ұйымдастыру, оқу аудио және видео материалдарын тарату.

     Сонымен, ТВ технологиясын қолданған кезде келесі мүмкіндіктері бар байланыс арналарды қолданылуы тиіс:

а) білім алушыға – 2Мбит/с кем емес болуы;

б) білім алушыдан – 128 Кбит/с кем емес болуы тиіс.

 

Желілік технология

Желілік –технология — білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу — әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген. Оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей және жанама түрде желілік ұйымдастыруды және қашықтықтан оқытуда қадағалау арқылы оқу материалдарына желі арқылы кіруді қамтамасыз ету және қорытынды шығару.

      Қашықтықтан оқытудың желілік технологиясын мақсатында білім беру ұйымында мыналар болуы тиіс:

  а) оқу порталы;

  ә) желіге шығатын, яғни телекоммуникациялық құралдар;

  б)электрондық оқу залы, электрондық кітапхана және т.б.

  в)мультимедиялық желілік контенті;

  г) желілік тестілеуші кешен болуы тиіс;

  д) білім алуды басқарып отыратын желілік жүйе;

  е)  контентті басқаратын желілік жүйелер;

      Кейс-технологиясы

Кейс-технология — оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Оқу материалдарын өздігінен контрольды тапсырмаларды орындау арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін формасында дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың комплекттері.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

—  курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

— пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

—         Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең     таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

—         Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

—         Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

—         Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

—         Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру бойынша келесі технологиялар қолданылады:

  • Он — лайн – нақты уақыт аралығында ақпараттын синхронды алмасуы жүретін, жүйелік ақпараттық кеңістіктегі хабарламалар алмастырылатын коммуникация құралы (Интернет болғанын қажет етеді).
  • Офф — лайн – білім алушы мен оқытушының арасындағы қатынас нақты уақыт аралығына бөлінбейтін (асинхронды) ақпараттық кеңістікте хабарламалар алмастырылатын коммуникациялық құрал (Интернет болғаның қажет етпейді).

 

 

  • Қашықтан оқыту моделдері

 

 

Білім беру мекемелеріндегі қашықтықтан оқыту моделдірі

 

ҚО технологиясы

Кейстік

Жүйелік

Телекоммуникациялық

ҚО Моделдері

Асинхронды

Синхронды

Аралас

Жүйелік

Таратылған

Модельдерге сипаттама жасайтын болсақ:

Қашықтықтан оқытудың асинхронды моделі

Қашықтықтан оқытудың асинхронды моделі – оқу процесінің қатысушылары арасындағы білім беру коммуникациясы асинхронды түрде жүргізіледі. Олар жай немесе электронды пошта немесе web-сайт  арқылы өткізіледі. Жеткізілу технологиясы кейстік ал Интернет асинхронды қолданылады. Сонымен қатар асинхронды ҚО моделін индивидуалды деп те атайды.

Қашықтықтан оқытудың синхронды моделі

       Синхронды қашықтықтан оқыту – оқу процесінің нақты элементі болып сабақ болып табылады. Оның негізі білімгер мен оқытушы арасындағы байланыс екі жақты синхронды түрге негізделеді. Жеткізу технологиясы: спутникті немесе кабельді пайдалану арқылы тікелей теледидардық трансляция, Интернет — конференции. Кері байланыс – телефонды немесе факсималды. Осы технологияларды пайдалану арқылы лекциялар, коллоквиумдар, аралық және қортынды бақлаулар жүргізіледі. Ал білімгерлердің практикалық сабақтары, консультациялар, өзіндік жұмыстары традиционды формада жүргізіледі. Сонымен қатар синхронды модельді – топтық деп атайды. Оның себебі қашықтықтан оқыту сабақтары көп жағдайда аудиториялық топтық лекциялар  түрінде жүргізіледі.

Аралас модель

       Аралас модель – асинхронды және синхронды модельдердің қосындысына негізделген. Екі әртүрлердің негізінде жүзеге асады: біріншісі жүйелік – асинхронды модельдің модификациясын және даму негізінде ал екіншісі Таратылған — өшірілген білім ресурстарына жеке немесе топтық ұрқсат беруге негізделген.

Жүйелік аралас моделі

       Жүйелік аралас модельдің асинхронды модельден айырмашылығы: білім ресурстарын виртуальды қолдануға, білімгерлерге қол жетімді on-line (синхронно), виртуальды  синхронды сабақтар, семинарлар, конференциялар өткізу моделі.

Таратылған аралас модель

Таратылған аралас модель – асинхронды және синхронды элементтерді қолдану арқылы таратылған ақпаратты – оқыту ресурстарын пайдалану. Практикаға күндізгі оқыту түрінде жүзеге асады.

 

 

1.3 Қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлік оқыту

программаларын құру әдісі

 

Болашақта жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде сырттай оқу формасы қашықтықтан оқытудың дамуы болып табылмақ. Қашықтықтан оқытудың принципиальді ерекшелігі – ол жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім сапасына кепілдік береді және мұнда студенттер классикалық сырттай оқу формасына қарағанда әлдеқайда үлкен дәрежеде бөлінеді. Мұндай жүйеде әдеттегідей сесия болмайды және білім жеке оқу жоспарымен жүргізіледі.

Қашықтықтан оқыту әдісінің екі түрі бар:

  • ассинхронды оқыту – оқу орнынан қашық орналқан студенттердің бір курс группасын құрылып, білім ордасы дайындаған оқу-әдістемелік материалдарын пайдаланып жеке-жеке оқиды;
  • синхронды оқыту («бірлескен жұмыс») – жоғарғы оқу орындары қашықтыққа бөлініп сабақ (лекциялар, консультациялар) жүргізеді және бір уақытта группа студенттерінің білім алуы. Осы жағдайда оқытушы мен студенттер арасындағы өзара іс-қимыл нақты уақыт масштабында жүргізіледі.

Қарастырылған әдістің әрқайсысында өзіндік мәнді спецификалық білім технологиясы – қашықтықтан оқыту технологиясы бар. Дегенмен әдістің екеуі өзара байланысты және бірін-бірі толықтырады.

Көп ғасырлық педагогикалық тәжірибе көрсеткедей, толық білімді тек келесі жағдайда алуға болады:

  • жақсы оқу-әдістемелік материалдар мен кітаптар;
  • оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас немесе диалог

Қашықтықтан оқытуда кезінден оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас тым шектеулі, сондықтан диалогтың көп бөлігі қашықтықтан оқыту әдісіне негізделуі қажет. Мұндай диалог элементтерін полиграфиялық басылымға қарағанда компьютерлік әдісте қашықтықтан оқыту жүйесіне реализациялау әлдеқайда жеңіл болады. Сондықтан қашықтықтан оқыту жүйесінде оның алатын орны өте маңызды.

Қашықтықтан оқытуда компьютерлік оқу әдістемесін құруда екі функциональді деңгейін атап көрсетуге болады. Оның бірі компьютерлік электронды кітаптар, екіншісі компьютерлік оқыту программалары.

Компьютерлік электронды кітаптар функциясы студентке экран мониторында оқу материалдарын көрсетумен шектеледі. Басылған материалдармен салыстырғанда компьютерлік электронды кітаптарда экономика облысында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жеңіл енгізілуі мүмкін. Оларда жоғарғы графикалық көрнекілік пен қолданушыға ыңғайлы интерфейс (меню, анықтамалар) бар. Әр тақырыптың соңында тексеруге және өзін-өзі тексеруге арналған тесттік тапсырмалар орналасады. Сонымен қатар компьютерлік электронды кітаптар диалогі студенттермен енжар (пассивті), детерминирленген қатынаста болады (сұрақтың тест түрінде қойылу – жауапты енгізу, программаланған парақты шақыру т.б.).

  Компьютерлік оқыту программасы – басқа жұмыс. Компьютерлік  оқыту программалары диалогты кең көлемде қолданады. Программаның жұмыс алгоритмі студенттердің жауабынан байланысты болуы мүмкін. Мысалы, студентке берілген тапсырманы шешу барысында программа оқытушы ролінде ойнап, көмекші сөздер, түсініктер, ұсыныстар жасауы керек. Программа жауап әрекетінің сценариясына студенттің енгізген жауабына сәйкес келіп, оқу белсенді бола бастайды.

Осылайша, компьютерлік оқыту программасының оқу материалдары оқытушылар қатарында студенттермен өзара іс-қимыл атқарады. Оның мақсаты – студентке материалды жақсы түсіндіру мен студенттің түсінгені бойынша өзін-өзі тексеруді қамтамасыз ету.

Әрине, ешқандай оқыту программасы оқытушыны толық алмастыра алмайды. Студент пен оқытушы арасындағы іс-әрекеттің қажеттілігі міндетті түрде қалады. Студент орындаған контрольді жұмыстардың нәтижесі оқытушыға электронды почта немесе дискета арқылы жіберіледі. Сонымен қатар, оқытушы  мен студент арасында «нақты» кері байланыс телекоммуникациялық (телефон, видеоконференциялық байланыс) және жеке қарым-қатынас (консультация, сұхбаттасу) болуы да мүмкін. 

Дегенмен, қашықтықтан оқыту кезінде білім процесінің негізі болып мақсатқа бағыталған және студенттің өзіне ыңғайлы жері мен ыңғайлы уақытында оқыту әдістерін (методикалық көрсеткіштер, оқу пособиясы мен кітаптар, лекциялары бар аудиокасеталар), (кейс) жиындарын пайдаланып оқи алатын, студенттің қатаң қадағаланатын интенсивті өзіндік жұмысы.

Жоғарыда айтылғандарды қорытып, қашықтықтан оқыту жүйесіне келесі анықтаманы беруге болады:

Қашықтықтан оқыту – бұл студент пен оқытушы арасындағы интерактивті (диалогті), асинхронды немесе синхронды оқыту әдістерімен байланысқан уақыт пен кеңістікте орналасу орындарына индифферентті іс-әрекеттерінің мақсатқа бағытталған процесі.

Осы жердегі мақсатқа бағытталған процесс түсінігінің астарында нақты ұйым мен мамандандырылған қызметкерлерді дайындау үшін студенттердің ғылыми және қолданбалы білімдермен, дағдыларымен, іскерліктерімен қамтылуына студенттердің белсенді оқу танылымдылық өзіндік жұмыстарына белсенділіктерін арттыруда түрлі ынталандандыру түрлері жатыр. Бұл келесі себептер үшін ерекше қажет. Қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттерге ең көп бостандық берілген.

Білім беру оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынаста ұйғарылады. Оқытушы білімнің интерпретаторы ретінде оқыту процесіне эмоционалды бояуын кетіріп, кері байланысты іске асырады және қажет кезінде студенттің оқу процесінде корректировка жүргізе алады. Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушы ерекше роль атқарады.

Бір жағынан студенттермен араласуда уақыттың тапшы болуы, сонымен қатар аудио немесе видеоконференцияларды жүргізу процестерінде аз уақыт ішінде түрлі сұраныстарды қанағаттандыру үшін оқытушыдан өте жоғары квалификациясын талап етеді. Екінші жағынан, қашықтықтан оқытудың негізгі әдістемелерінің бірі болып компьютерлік оқыту программалары болғандықтан оқытушы ереже бойынша ақпараттық технология облысы жағынан жақсы маман болуы тиіс.

Кейінгі кездері оқытушының телекоммуникациялық технологияларды (internet, intranet) игеруі міндетті тиімді жұмыс шарты болап қалды, сондықтан бастыстың қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушы-консультант (тьютор) ереше статус қызметіне ие болады. Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесінің сапасы осы оқытушы-консультанттың (тьютордың) дайындалуына байланысты болады. 

Дистанциялық оқытудағы телекоммуникациялық технологиялар. Жоғары білім саласына компьютерлік желілік жүйені енгізудің қолайлылығын көрсетіп отырған телекоммуникациялық технологиялардың құндылығы толық бір кешенге ие. Демек, білім үрдістеріне ақпараттық технологияны енгізу өте-мөте, тиімді. Әрине оның қатарына қазіргі күнде қауырт дамып келе жатқан дистанциялық білім беруді жатқызуға болады.

Осы заманғы электронды коммуникациялық қүралдарды білім беру мекемелеріне енгізу нәтижесінде дистанциялық оқыту білім беру үрдісінің маңызды формасына айналып отыр. Бұл дистанциялық білім беру, жүйесін арнайы ақпараттық-ағартушылық орта көмегі арқылы тұрғындардың қалың көпшілігімен қандай қашықтықта болсын ақпарат алмасуға бағытталған білім беру кешені деп қабылдауға болады. Бұдан басқа осы дистанциялық оқытудың негізін салған ұстанымдарын орталық Жоғары оқу орындар мен аймақтық филиалдары арасындағы педагогикалық өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыруға да белсенді түрде пайдалануға жарайды.

Бұл дистанциялық тәсілді республиканың білім беру жүйелеріне енгізудің ақылға қонымдылығын көрсететін бірнеше негізгі себептері бар. Олар мыналар:

  • Қазақстан мемлекеті едәуір жерді алып жатқандықтан, жоғары білім мекемелері мен оның қызметін пайдаланушылар арасында аймақтық біршама бытыраңқылық бар:
  • жоғары және кәсіптік білім берудің алдына қояр жаңа талаптарды қарастыратын республиканың экономикалық реформасын дамытуда сол аймақтар мен облыстардың рөлі өте жоғары болып отыр:
  • аймақ тұрғындарының білім беру мазмұны мен технологияларына деген тың талаптары қалыптасып келеді;
  • аймақ тұрғындарының республикалық және халықаралық білім жобаларына қатысу қажеттіліктері арта түсуде;
  • педагогикалық және сол сияқты білім беру үрдісіне қатысушылар арасында ақпараттар алмасудың жаңа сапалы техникалары пайда болып, олар тез әрі тұрақты түрде даму үстінде.

Қазіргі күнде дистанциялық білім беру мен оны оқытудың үйлестіру (синхрондау) мәселелерін шешу Жоғары оқу орындары мен филиалдарында телекоммуникация құралдарын, әсіресе, оның ішінде жергілікті және ауқымды ақпараттық компьютерлік желілерін пайдалану негізінде іске асырылып жатыр. Бұл, сөз жоқ, бүгін қолданылып жүрген информатика курсы мазмұнының өзгеруіне сай электронды ақпараттар алмасу құралдары арқылы оқытудың өзара іс-әрекеттері маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, дистанциялық білімге ден қойған бүгінгі әрбір педагог пен студент жаңа материалды оқып-үйренуде, моделдеуде, тестілеуде және педагогикалық үрдіс нәтижелерін бақылауда оқу тапсырмаларын орындаудың телекоммуникациялық технологияларын кәсіби деңгейде жетік меңгеруі тиіс.

Дистанциялық білім беруді дамыту педагогикалық құралдар: оқулықтар, практикумдер. тапсырмалар жинағы және тестерді өңдеуге кең жол ашып, жаңа амалдар табуға бағдар сіптейді. Олардың бәрі студентке бағытталып, көп жағдайда ақпараттық және энциклопедиялық дәрежеде болуы шарт. Сондай-ақ, әр түрлі тренажерлік және өзі үйреткіштік құралдарды өңдеуге де баса көңіл бөлінген жөн. Ал телекоммуникациялық технологиялардың өркендей түсуіне орай тұлғалық-бағдарлы оқытудың маңызды педагогикалық құралдарына Интернет және гипермәтінді электронды оқулықтардың білім ресурстары айналып келеді.

Білімнің басты мақсаты қоршаған әлем туралы адамзат жинақтаған бүкіл білімді беруге, қазіргі уақытта алып жатқан білімге бейімделуге және жаңа білімдерді игеру қабілеттерін дамытуға бағыттаған. Бүгінгі өркениеттің өсіңкілігі мен ақпараттық дүмпу оқулықтардың тез ескіруіне әкеп соғуда. Осыған байланысты қазіргі ақпараттық қоғамның дамуына электронды оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік тестер және ашық педагогикалық жүйе деп аталатын басқа да электрондық өңдеулер барабар келмек. Ашық электрондық педагогикалық құрал дегеніміз — ол қажеттілік кезінде туады, сонынан тұрақты түрде жаңарып отырады, өңделеді, кеңейеді, яғни эволюциялық жүйе ретінде саналады.

Дистанциялық білім технологиясын жүзеге асыру бірнеше мәселені шешіп береді, оның ішінде педагогтер мен студенттерді оқулықтар және оқу құралдарымен дер кезінде қамтамасыз ету мәселесі бар. Ал қазіргі жағдайда «қағаз» варианттарын жеткізіп беру дистанциялық оқуға жеке қатысушылар арасында ғана емес ірі жоғары оқу орындары мен олардың филиалдары арасында да қиындап кеткен. Нәтижеде тасымалдап жеткізу қиындығы салдарынан тұрақты оқу үрдісінен кешеуілдеп қалу байқалады.

Осы және басқа да көптеген мәселелерді шешу үшін арнаулы электронды оқулықтар жасау қажет. Ол жеңіл модификацияланады, электронды арналар байланысы бойынша жөнелтіледі және ең бастысы, таралымын көбейту мен таратуға көп шығынды қажет етпейді. Электронды оқулықтың «қағаздан» айырмашылығы сол — оқыту мен танымның аспабы, ал құрылымы мен мазмұны оны мақсатты пайдалануына байланысты. Электроды оқулықтардың аса тиімді жағдайлары төмендегідей:

  • лезде кері байланыстың болуы;
  • қажетті анықтамалық, ақпаратты контекст немесе таңдау
    негізінде іздеудің мүмкіндігі;
  • компьютерлік оқулықтың әңгімелеп, көрсетіп, түсіндіріп қана қоймай тиісті мысалдар мен моделдерді үсынуы;
  • тренаж, өзіндік бақылау, бақылау және диагностиканы қамтамасыз ететін бақылау құралының болуы.

Жоғарыда қарастырылған аспектілер тек қана бір жақты  байланыста болады: оқу материалдарын педагоктен студентке жеткізіп отырады. Дистанциялық оқытуда компьютерлік желіні пайдаланудың мүмкіндігі кері байланыссыз толыққанды болмас еді. Бұл жерде әңгіме студенттен оқытушыға немесе Жоғары оқу орындары әкімшілігіне жөнелтілетін мәлімет туралы больп отыр.

Егер педагогтен студентке жөнелтілетін ақпараттар негізінен байланыс арналары бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен тапсырмалар жиынтығы ретінде берілсе, мұндай жағдай студенттен телекоммуникация құралдары арқылы педагогке жөнелтілсе, ол алынған білімнің бағасы мен дистанциялық бақылау міндетін атқарады. Бұл ете маңызды үрдіс. Өйткені, ол оқытушыға ақпараттарды жедел қабылдауға және студенттерге түсініксіздеу болған жәйттерді оқу үрдісі бағытымен дер кезінде өңдеуге ықпалын тигізеді.

Баршаға мәлім, студенттердің  білім және білік деңгейін бақылау жоғары білімнің негзгі мәселелерінің бірі болып табылады. Өкінішке орай, тәжірибеде бақылау мен диагностикалау тек сту­денттен есеп не емтихан алу кезінде сараптық, субъективті жолымен ғана шешіліп келе жатқаны жасырын емес. Мұндай амал тәсіл білім берудің дистанциялық формасын енгізуге мүлдем кереғар.

Жоғары оқу орындарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, білім өлшемін анықтау мәселесін шешуде тесті пайдалану өте дұрыс төсіл болып саналады. Өйткені, тестілердің компьютерге еңгізілуі оларды телекоммуникациялық арналар бойынша жөнелту тұрғысынан өте қолайлы деп есептелінеді.

Тестілеу —  пән аумағында тұлғалық және педагогикалық білім моделіне сәйкес бағалау үрдісі. Тестілеудің басты мақсаты -моделдердің сәйкес еместігін табу, сәйкес еместік деңгейін бағалау. Тестілеу тестік тапсырмалар жиынтығынан тұратын арнайы қайта өңдеуден өткен тестілер көмегі арқылы жүргізіледі.

Демек тест телекоммуникациялық салада пайдалануға барынша сай келеді. Мұндай жағдайда тестер жиынтығы жергілікті немесе ауқымды компьютер желілерінің серверінде орналасады және оған дистанциялық білім алуға қатысушылардың бәрінің де қолы жететін болады. Студент телекоммуникациялық компьютерлік құралды пайдалана отырып, тест сұрақдары мен тапсырмаларына жауап беріп женелте алады. Жай жағдайда электрондық почта арқылы жіберуге, ал күрделірек болса, Интернет арналары бойынша жөнелтілетін арнаулы электрондық интерактивтік формаларын толтыруға болады. Бұл студент жауаптарын өңдеу үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік жасайды.

Телекоммуникация құралдарын қолдану негізінде тесті пайдалану студенттердің сессияға келіп-кету міндетінен босатады.

Дистанциялық білім берудің ерекшеліктерін қарастырсақ, білім беру үрдісінде қазіргі заманғы желілік Жүйе-Интернетті барынша пайдалану өте-мөте колайлы. Ол жоғары білімнің жаңа сапалық мүмкіндігін ұлғайта түседі, педагог пен студент арасындағы қашықтықка қарамастан тығыз байланыс орнатуға жағдай туғызады.

Қашықтан оқытудың спутниктік арнасы. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалау білім сапасына түбегейлі жаңа талаптар белгіледі, олардың білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық денгейіне қатысы бар. Педагогтерге ақпараттық көмектің қажеттілігі мен оған олардың кол жеткізе алмауынан туатын үлкен қайшылық 1997 жылы 22-ші кыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев қабылдаған ҚР орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасының бір элементі ретінде қашықтан оқытудың спутниктік арнасын жасау қажеттігін көрсетті.

Оқу ақпаратын әсіресе шалғайдағы және халқы аз елді мекендерге жеткізетін теледидардың мол мүмкіңдігі Қазақстан үшін аса маңызды. Озық педагогикалық әдістемелер, көрнекті ғалымдар мен практиктердің жұмыстары, сондай-ақ әлемдік мұражай, кітапхана, мұрағат қорлары теледидар арқылы көпшілікке жеткізіледі.

«Спутниктік Оқу Теледидарын» ұйымдастыру. Оқу ТД желісін ұйымдастыру «нүкте коммуникациялық желі» принципі бойынша құрылған. Білім беруді ақпараттандырудың Республикалық орталығы дайындаған оқу фильмдері Алматы қаласында орналасқан КАТЕЛКО орталық қабылдау тарату станциясынан таратылады. Теледидар сигналын аймақтық мектептерде орнатылған қабылдау жабдыға қабылдайды, мектептер біртүтас спутниктік желіге біріктірілген. Оқу теледидарының бағдарламасы БАРО бекіткен қашықтан оқыту сабақтарының кестесіне сәйкес таратылады. Программалар дестесіне төмендегі арналар кіреді: Оқу теледидарының жабық арнасы, Хабар, Еларна, Казақстан, ОРТ-Қазакстан, Еuromix, ВВС, Discovery Сһаnnel, Discovery Тгаvel & Civilization, Discovery Ski-Treck, Аnimal Рlaset, Еuronews, Мәдениет, Балалар арнасы. 14 арнадан түратын программалар дестесінің абоненттік ақысы айына 18 99 теңге.

 Интернет желісіне қол жеткізу үшін спутниктік арнаны ұйымдастыру. «Қашықтан оқытудын спутниктік арнасы» жобасын іске асыру үшін КАТЕЛКО компаниясы Интернеттен немесе БАРО білім порталынан оқу ақпаратын алудың осы заманғы тиімділігі жоғары технологиясын ұсынады. Статистика бойынша, Интернет желісінде жұмыс істеген пайдаланушы өз өтініші бойынша алған ақпаратынан 10-20 есе аз ақпарат жолдайды. Ұсынылып отырған технологияны ұйымдастыру принципі осы ерекшелікке негізделген. Аудан орталықтарынан облысқа хабарласу қиыңдығын ескеріп, сондай-ақ оқу ақпаратынын көлемділігін, ал аналогтық телефон желілері көлемді ақпаратты өткізе алмайтындығын назарда үстап, КАТЕЛКО ақпарат қабылдауды деректер тарату жылдамдығы 1,5 мбит/с спутниктік арна бойынша, ал ақпарат сұрауды қолда бар жер үстілік телефон желілерін пайдаланып, жер үсті арналары бойынша ұйымдастыруды үсынады. Бұл технология «Интернетке симметриялы емес (ассиметриялы) қол жеткізу» деп аталады, себебі ақпарат сұрау бір теллекоммуникациялық орта- жер үсті арқылы, ал ақпарат алу екінші — спутник арқылы және деректер таратудың әр түрлі жылдамдығымен іске асырылады. Жер үстелік косылысты «Қазақтелеком» ААҚ өзінің «Интернет -мектептерге» жобасын жүзеге асыруда оқу орындарына арналған арнайы тариф бойынша үсынылуы мүмкін. Бұл шешім жер үстілік қосу ресурстарын пайдалану және білім беру ресурстарына жоғары сапалы қол жеткізу үшін ең төменгі тарифтерді беруді көздейді. Казіргі уақыьта Білімді ақпараттандырудың Республикалық орталығы (БАРО) педагогика мен оқыту саласындағы озық тәжірибелерді тиімді пайдалануға жол ашатын, оқытушылар мен оқушыларға арналған материалдармен өзінің білім порталын толықтыру жұмыстарын жүргізуде.

 

 

 

  • Компьютерлік оқыту программаларын құрудың жалпы жолы

 

Қашықтықтан оқытуда электрондық әдістердің ең тиімді формасы комьпютерлік оқыту программасы. Ол студенттің белсенді оқуына және оқытушымен араласу тапшылығын жеткілікті дәрежеде орнын толтырады.  Сондықтан осы бөлімде компьтерлік оқыту программасын құру технологиясы және оның артықшылықтары  туралы айтылады.

Компьтерлік оқыту программасының оқу жүйесінің программалық әдіс ретінде екі шағын жүйелерден тұрады:

  • Ақпараттық (маңызды бөлім).
  • Программалық (программалық жүзеге асыру).

Компьютерлік оқыту программасын құру кезінде методалогия және оның құрылуы бойынша екі қарама-қарсы қөзқараспен қақтығысады. Олардың біріншісі оқытушыға қажетті дәрежеде материалдарды дұрыс дайындау жеткілікті. Ал,оларды компьютерлік формаға ауыстыру маңызды емес. Екінші көзқарас бойынша білікті программист кез-келген дәстүрлі басылып шыққан оқулықты алып және оның авторының көмегінсіз нәтижелі оқу әдістемесін жасай алады. Бірінші жағдайда маңызды бөлімі, ал екінші жағдайда оның программалық жүзеге асырылуы нақтыланады.

Шындық, әрқашанда ортасында. Қашықтықтан оқыту жүйесі үшін компьютерлік оқыту прогаммасын жасау — бұл оқу материалдарының  авторлары және қашықтықтан оқытудың компьтерлік әдістерін өңдеушілердің ара қатынасындағы итерациялық процесс, ал байланыстырушы бөлім бұл процестің ұйымдастырушылары қашықтықтан оқытудың әдісін дайындау әдістемесінің мамандары болуы керек (Сурет 7).

Оқытушылардың қысқаша мазмұндамасы үшін — оқу материалдарының авторларын ары қарай жай авторлар деп атайды, қашықтықтан оқыту компьютерлік әдісінің өңдеушілерін — өңдеушілер, қашықтықтан оқыту әдісін дайындау әдістемесінің мамандарын — методистер деп атайды.

 

 

Сурет 7- Қашықтан оқытудың компьютерлік әдісін құрудағы итерациялық процесс.

  • Методикалық нұсқаудың авторы зер салып оқығанымен көптеген нақты компьютерлік айналымның аспектілері оларға материалдармен ұсынылғандары. компьтерлік оқыту программаларына сәйкес келетін фрагменттерінің методистернің қатысуымен ғана оған түсінікті болады. Өз кезегінде олармен қолданылған программалық әдістің мүмкіндігін білетін өңдеуші методистпен қақтығысып қалуы мүмкін.
  • Кейбір спецификалық компьтерлік оқыту программаларын құрушылар тәртіп бойынша, автормен, методистпен және өңдеушімен тығыз арақатыныста өңделуі тиіс.
  • компьютерлік оқыту программасымен жұмыс істеу процесінде жарыққа жаңадан нормативтік құжаттар шығуы мүмкін, оқу программасы өзгереді,оқу материалына маңызы үшін қолдануға арнайы әдебиеттер пайда болуы мүмкін. Өңделген оқыту программасының кіріспелерінде аналогиялық сұрақтар міндетті түрде туындайды.
  • Администратор және методист өңдеуші қандай материалдармен қашықтықтан оқытудың компьютерлік әдісін өңдейтінін, уақыт және оны іздеуге күш кетірмеу үшін ұсыну керек.
  • Администратор методистпен бірге оның макетін жасау кезінде компьтерлік оқыту программасын тексеруі керек және методист-өңдеушіге белгілі сәйкестендірілменген қорытынды материалдармен көрсуту керек.
  • Методистпен және өңдеушімен бірге администратороқу процесінде компьтерлік оқыту программасын қабылдау кезінде қатысу керек. Бұл жағдайда тек қана байқалмайтын және анық емес қателер байқалуы мүмкін, материалдың мазмұндамасы және текстік тапсырмалардың тұжырымдамасы анықталады.

Авторлардың, методистердің және өңдеушілірдің арақатынысындағы кеңейтілген және комплексті мінездемесі бір тұлғада функцияларының бірігуін ұсынды.

Мұндай әдістің көмегімен компьтерлік оқыту программасын өңдеуді оқытушылардың өздері жасай алады деп санауға болады.Ұқсас тәсілдердің сөзсіз, жағымды жақтары бар, әсіресе оқытушының жалпы комплекстік сауаттылығын есеспегенде. Өңдеудің көрсетілген тәсілдері өзінің функционалдық мүмкіндіктерімен мамандандырылғандарға әрекет ете отырып жол береді. Сол уақыттың өзінде олар бәрібір автордың сондай компьютерлік біліктілікті талап етеді.

Қызметшілерден тәуелсіз автор, методист, өңдеуші қазір орындап жатқан әрбір жіктелген функцияларды компьтерлік оқыту программасын құру кезінде бағаламау оқытудың тиімді тәсіліне өзінің белгілеуіне жауап беретін әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесіне жол бермейді.

Компьтерлік оқыту программасын құру технологиясында келесі негізгі матыларды бөліп қарауға болады:

  • Қорытынды материалдарды дайындауда;
  • компьтерлік оқыту программасының программалық құрылысын өңдеуді;
  • компьтерлік оқыту программасының маңызды бөлімін компьтерлік дайындауда;
  • компьтерлік оқыту программасының компановкасын;
  • Оның қорытындысы бойынша жөндеу компьтерлік оқыту программасын қабылдау;
  • компьютерлік оқыту программасын дистрибутивін басу және дайындау, қолданушы мен тьюторға құжаттарды өңдеу.

Жалпы түрде оқытылатын программаға мыналар кіреді:

  • Нақты құрылған, конспекті түрінде баяндалған оқу материалдары;
  • Қажетті толықтырушы және анықталған материал;
  • Мультимедияның барлық спекторымен ұсынылған иллюстрация (графика, анимация, дауыс, видио);
  • Контроль және тренаж әдісі (диалогты мысалдар, текстік тапсырмалар, қызметтік ойындар).

Әрине, оқу дициплинасының ерекшелігі оқу процесінің организациясы немесе компьютерлік базаның техникалық көрсеткіші әрбір жоғарғы оқу орны өздерінің жолдарын оқытушы программаның жүйесін баяндайды. Кейбір құрайтын компьтерлік оқыту программасын функционалды жекелеген программа түрінде дайындалуы мүмкін және дербес дайындалады. Қандай да бір программалық өнімдер анықталған шарттарда ауыстырылуы мүмкін. Мысалы, электорндық нормативтік база, қызметтік ойындар, қашықтықтан оқыту әдісін өңдеу жүйесінде интеграциялау.

Компьютерлік оқыту программасын құрудың нақты аспектілерін қарастырмастан бұрын, оны өңдеудің жалпы жолдарын қарастырамыз.

  1. Қашықтықтан оқыту жүйесінде компьтерлік оқыту программасын құрудың орнын нақты анықтау және оқу процесінде олардың болашақта қолдануындағы ұйымдастырушы – методикалық сұрақтарды шешу қажет. Осы сұрақтар шешілгеннен кейін ғана компьютерлік оқыту программасының функционалдық құрылымымен анықталады.
  2. Программалы ақпараттық қажеттілігі компьютерлік оқыту программасының функционалануын қамтамасыз ету институттың және оның филиалдарының қашықтықтан оқытудың өкілділігінің компьютерлік және телекомуникациялық базасымен сәйкестендірілуі керек. Ең тиімді қабылдау қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиялық базасына талап ету унификациясы болады.
  3. Компьютерлік оқыту программасының кіріспесін және құрылуын максималды технологиясын қамтамасыз ету қажет. Егер де мәселе бір –екі оқу программасын өңдеу туралы болса, онда бұл актуалды емес болар еді. Барлық пәндер бойынша КОПР комплектісін құру кезінде осы немесе басқа мамандықтар еңбек шығынын ұқыпты есептеу керек.
  4. Компьютерлік оқыту программасын құру кезінде олардан перспективасының сертификациясына бейімделу әдісі ретінде қажетті, сәйкес келуші экспертизадан өту кезінде талап етудің ортасын ұсыну үшін керек. Жолдары «алдымен тез оқыту программасын жасаймыз кейін бұл талап етулерді анықтаймыз және керектілерін түзейміз» қолайлы болып табылмайды. Дәлірек айтқанда «түзету» техникалық түрде мүмкін емес. Сондықтан берілген сұрақтар қорытынды материалдар және компьютерлік методикалық талдау кезінде жарыққа шығады.

 

2.1  «MOODLE» қашықтан оқыту жүйесін енгізу

                            

Қашықтан оқыту білім беру бұл мемлекеттік саясаттың практикада жүзінде асыруға, алшақтыққа қарамастан кез келген кезде бұқаралық топтардың білім алуына мүмкіндік береді.

Білім порталы – бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім цензін дәлелдеуі). Егер де  порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек ақпараттық порталы болады.

Оқыту мақсатына арналған құрылымданған контент, гетерогенді мәліметтер көзінен ақпарат алу (реляциялы және көпөлшемді мәліметтер базасы, құжаттарды басқару жүйесі, электронды пошта жүйесі, web-серверлер, гипермәтін сақталатын серверлер мен түрлі файлдық жүйелер, -аудио, -бейне-ақпараттар), клиенттік ортаны ұйымдастыру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен бірге жүйедегі жұмыстың орындалуын нақты адамның немесе топтық қауымның қадағалауын ұйымдастыру.

Ақпаратты – білім ортасының ресурстары мазмұны бойынша көптеген әртүрлі ұйымдастыру көздерінен тұрады: лекциялық және ақпарат беру материалдарынан, оқыту модельдерінен, иллюстративті материалдардан, эксперимент зерттеу нәтижелерінің материалдарынан, әлеуметтік зерттеу нәтижелері және басқа да ғылыми-педагогикалық қоғамның қызығушылығын тудыратын және мекеменің ғылыми-білімінің әрекетін көрсететін нәтижелерден. Ресурстардың ерекше түрін белгілі ғылыми зерттеулерді жүргізетін және практикалық жұмыстарды Интернет желісі арқылы орындауға арналған жабдықтарды қолдануға рұқсат беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппаратты-бағдарламалық жинақтар құрайды.

Пәнді немесе курсты жүргізетін мұғалімнің белгілі міндетінің бірі – білім алушыны қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етуі. Порталды ресурстармен толықтыру Қашықтықтан оқыту процестерінің біріне жатады, ендіру сатысында бұл процесс оқыту элементі негізінде қолданылады.

Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің айырмашылықтарын білу қажет.

Контент – бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы (34.012-200, п.3.6 СТ  РК сәйкесті анықталған).

Ақпараттық ресурстар – бөлек құжаттар немесе бөлек құжаттар массиві, ақпарат жүйесіндегі құжаттар массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық жүйелер).

Яғни, контент оқыту құралы емес. Контент – бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, яғни ақпараттық ресурстар.

Қазіргі кез-келген ақпараттық технология қолайлы деп есептегеннің өзінде қазіргі желілік технологиялар мен дәстүрлі оқыту технологиясының рационалды байланысын анықтау қажет.

Олай болса, осындай жүйеде барлық жоспарланып отырған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде (оқулықтар, оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық сонымен қатар дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы тиісті.

2005-2010 жылдары ҚР-дағы білімді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасында қашықтықтан оқыту Қазақстандағы оқыту жүйесінің приоритетті бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша басқа елдерде жинақталған тәжирибе арқылы Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында осы жүйе бойынша өңдеу этаптарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді және сонымен қатар қашықтықтан оқыту жүйесіне педагогикалық және технологиялық аспектілерді енгізуге мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту адам ой-өрісінің ақпараттық және технологиялық дамуының әсері болып табылады. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арасында адам өмірінің ортасы өзгерді, бұл оқу ортасының өзгеруін қажет етті

Қашықтықтан оқытуды ендіру үшін тек қоғамның белгілі деңгейде ақпараттануы жеткіліксіз, сонымен бірге білім беретін ұйымның және сол ұйым ұжымының қашықтықтан оқыту жүйесін құруға дайындығы маңызды.

Қашықтықтан оқытудың технологиялық аспектісі салыстырмалы түрде қарағанда тез шешіледі. Ал психологиялық, педагогикалық тұстары өте күрделі ықыласты талап етеді, өйткені тек адам факторы қашықтықтан оқыту технологиясының жоғары тиімділігін қамтамасыз ете алады.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Қашықтықтан оқыту формасында білім процесін ұйымдастыру үшін келесі мамандар болуы қажет:

  • курсты өңдеуші-мұғалімдер және мұғалім-кеңесшілер(тьюторлар);
  • ақпараттық ресурстың жүйелік администраторлары мен құрылымдық

бөлімнің администратор-басшылары;

  • дизайнерлер, бағдарламашылар;
  • ұжымның техникамен қамтамасыз етілуі.

Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс каналдары қашықтықтан оқыту формасының материалдық негізі болып табылады. Қашықтықтан оқыту формасының бағдарламалық жабдықтамасы глобальды желі серверлерінде орнатылады. Бағдарламалық-ақпараттық жинақты басқаша – қашықтықтан оқыту қабықшасы деп атайды. Қабықшаның желілік адресі портал деп аталады. Бұл атау веб-жүйелерді қолданушылар негізінде желіде қалыптастырылды. Білім порталы бос қатысуды емес, күнделікті жұмыс пен авторизацияны талап етеді: форум немесе чатта электронды семинарларға қатысу, электронды пошта бойынша тьютор кеңестерін және тапсырмаларын алу, тест тапсыру.

Қашықтықтан оқытудың білім ресурстары әртүрлі формат пен өз міндеті бар құжат негізінде ұсынылады. Оқу құралдары, электрондық кітапхана, тесттер, өз бетінше курсты игеруге ұсыныстар қашықтықтан оқыту формасының типтік құжаттар негізін құрайды. Барлық құжаттар жинағы мен оларды өңдеу құралдарын желілік оқу-әдістемелік және ақпараттық жинақ деп те атауға болады.

Әлемдік білім беру кеңістігіне қашықтықтан оқыту формасын ендіру мен қолданудың үлкен тәжірибелері жинақталған. Виртуальды оқу орындарынан ғана тұратындығына қарамастан, қашықтықтан оқыту білім беру формаларының бірі болып табылады.

Қашықтықтан оқыту сыртттай оқу әдісіне ұқсас болып келеді. Бірақ ең басты ерекшелігі — қашықтықтан оқыту жүйесінде білім алушы мен мұғалім арасында ешқандай тікелей байланыстың болмауы.

Ең бірінші қашықтықтан оқытуда ақпараттық, әдістемелік, ұйымдық және техникалық жоспар бойынша  оқу процесін дайындауға тоқталу керек. Қазіргі кезде,  Интернет желісі болғанымен, яғни қашықтықтан оқытуды орындаудың  техникалық  мүмкіндіктері болғанның өзінде,  ірі аймақ орталықтарынан алыс орналасқан аймақтарға қажетті оқулықтарды   беру қиындық туғызады. Осы жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесі оқу процесінде білім алушыны  қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыруы қажет.

Қазіргі білім жүйесіне жаңа ерекшеліrтер тән, яғни оқу процесін жүргізуде телеконференцияларды қолдану. Телеконференцияларды өткізу технологиясы базасында қашықтықтан оқытуға негізделген ерекше әдістер құрылуда.

Барлық қатысушылардың үздіксіз қатысуымен өткізілетін конференцияларды келесі топтарға бөлуге болады:

  • аудиоконференциялар;
  • аудиографика конференция;
  • бейнеконференция;
  • анимациялық конференция.

Әлемдік деңгейдегі білім ортасында конференция электрондық пошта базасы арқылы қатысушыларға таратылып отырады. Осы конференцияны өту барысында туындаған қиындақтарға байланысты мамандар бірлестігінен кеңес және көмек сұрауға, тиімді тәжірибемен алмасуға болады.

Оқу процесінде ақпараттық технологиялар маңызды емес, оларды білім беруде қолдану қаншалықты жетістікке жеткізетіндігі маңызды.

ЖОО-да компьютерлік және телекоммуникациялық технологияның жеткілікті көлемде болмауы ғылыми-педагогикалық қоғамға кедергі келтірмеуі керек. Бұл техникалардың ЖОО-да пайда болуына моральды және интеллектуалды түрде дайын болу керек. Сондықтан, жаңа ақпараттық технологиялар құралын кеңінен ендіру, олардың оқу процесіндегі орны мен ролін анықтау, бірегей педагогикалық мүмкіндіктерді насихаттай білу қажет.

Технологияны таңдау барысында оқу курстарының мазмұны, білім беруде қойылған міндеттер мен оның нәтижелері, білім алушылардың оқу процесін қызығушылығы зерттелген болуы керек.  Аудио-конференция абстрактылы ұғымдарды талқылауда тиімді. Аудиографикалық конференциялар өткізілетін нақты және абстрактылы оқыту жаттығулары вербальды жолдау және визуалды материалдар негізінде беріледі, ал бейне конференцияларды жүргізу аудио және визуалды материалдар негізінде жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары дамып келе жатырған білім жүйесінің маңызды моделі – университет консорциумы (латын тілінен аударғанда consortiaem-араласу, бірлестік). Қашықтықтан оқыту жүйесі үшін дәстүрлі университет консорциумында дайындалған оқу курстарын ұсыну бойынша коммуникациялық және басқару қызметтерін көрсететін коммерциялық кәсіпорын және әртүрлі білім технологиялары қызмет етеді.

Университетте білім беру жүйесінің тағы бір жаңа формасы – Телеуиниверситет. Бұл университет ресурстарын біріктіруге негізделген, бірақ университет консорциумына қарағанда бұл бірлестік өте мықты. Телеуниверситет интегралды оқу кластары бойынша жеке университеттермен ортақ жұмыс жасауды ұсынады.

Білім беру жүйесіндегі жаңа принциптердің бірі білім жүйесін құруды формализациялау және білім берудегі жаң технологияларды басқару.

Оқу орталарында ақпаратты-білім ортасын құрудағы негізгі мақсат —     интернет ортасында ұйымдастырылған, бірыңғай типтік технологияларды қолданып, білім ресурстары мен қызметтерін білім алушы мен мұғалімдердің қай жерде орналасқанына тәуелсіз ақпаратты-білім ресурстары, оқу орындарында білім алу, мамандық игеру қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру болып табылады.

Сондықтан, алға қойылған мақсат арнайы және аймақтық виртуальды университеттен құралған Интернет-портал негізінде ақпараттық оқыту құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде портал – бұл оқу орындарының өз қызметтері, өнімдері мен ғылыми жетістіктері болатын әлемдік білім Интернет кеңістігіне шығуға жол ашуды қамтамасыз ететін ақпаратты-білім және әмбебап инструментальды ортасының құралдары.

  Портал өз формалары мен ұйымдастыру-құқықтық формасын, яғни өз Интернет-өкілдерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіби мамандыққа тәуелсіз желілік оқу процесін жүргізудің технологиялық картасы мен педагогикалық сценарилер жинағымен бірге ақпаратты оқыту жүйесін құру құралы болып табылады.

Масштабталған ақпаратты-білім ортасын құру экономикалық, кадрлық, әдістемелік саясат жүргізу, сонымен бірге оқу орындарындағы білім беру принциптерін қамтамасыз етуде экономикалық, нормативтік механизм, халықаралық және ұлттық стандарттар, берілгендер форматы және жұмыстың бірыңғай әмбебап технологиясы негізінде жүргізілуі керек.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.

Білім порталы келесі функцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мамандарға ақпарат пен қатынас құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық құқықты сақтау, оқу курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, ақпарат алмасу мүмкіндігі, әртүрлі сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар).

Қашықтықтықтан оқыту бойынша эксперименттік жүйеге 14 оқу орны кірген. К.Сатпаев атындағы ҚАЗМТУ, КРУ, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан МТУ, ҚарМТУ, Қозыбаев атындағы СКГУ , Есенов атындағы Ақтау МУ, Атырау мұнай және газ институты, Т.Рысқұлов  атындағы ҚазӘУ, УМБ, С.Торайғыров   атындағы ПМУ,  АТУ, Тынышбаев  атындағы  ҚазАТК, Сейфуллин атындағы ҚазАТУ,  Қостанай ИЭиУ.

2006 жылдан бастап қашықтықтықтан оқыту порталы Moodle ашылған болатын. Бұл жасалынып отырған жоба «алыстағы және әлсіз аймақтағы орта мектептерді ақпаратты пайдалану арқылы қашықтықтықтан оқыту» деп аталатын жоба жүзеге асырылуда.

Қоғамдық прогрестегі табысты жаңалықтар болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтың біліміне, тәрбиесіндегі жетістіктерге,  жаңа қоғамның іскер маманын даярлау деңгейіне байланысты. Сондықтан да болашақ мамандарды инновациялық тұрғыда оқыту мәселесін ерекше назарда  ұстауды талап етеді.

Оқушы пәнді жақсы білумен қоса, негізі информатикалық ақпараттық-логикалық модельдеу әдістемесін де жетік меңгеруі тиіс. Оқушыларды ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде кәсіби іскерлікке бейімдеп оқыту жүйесі ғылыми-әдістемелік тұрғыда жетілдіріліп, шешілуінің керектігі теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, физикалық, информатикалық әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты болашақ мамандардың қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-логикалық модельдеу іс-әрекетінің практикалық сұранысы артуда.

Қашықтан оқыту жүйесінің типтері: Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқараспен атап  көрсетуге болады. ҚО-ды тағайындау бағдарында білім берудің толық сайланатын және масштабтағы жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді.

 

2.2  TAMOS University Suite v.1.8 оқытуды басқарудың автоматтандырылған жүйесі

 

Уақыттың талабына сәйкес қоғамды ақпараттандыруды дамыту қашықтықтан оқыту үлгісіне көшіп жатырқ деп айтуға болады. Алдыңғы қатарлы америкалық, батыс еуропалық, ресейлік ЖОО-дары өздерінің базаларында не ЖОО-ның кооперацияларының базасында электрондық және телекоммуникациялық құралдардың көмегімен қашықтықтан оқу қызметімен айналысатын орталықтар (институттар, факультеттер, бөлімдер) ұйымдастырады.

Бұл келесі себептермен түсіндіріледі:

  • Сырттай оқу түрінің уақыт өте жабылуына байланысты;
  • Күндізгі оқу бөлімінде оқуға мүмкіндігі жоқ білім алушылардың контингентін тартуға байланысты;
  • өз жұмыс орнын ұзақ уақытқа қалдырып кетуге мүмкіндігі жоқ ұйым қызметкерлерін тартуға байланысты;
  • статистика бойынша электронды оқыту курсы түрінде дайындалған әдістер 65%, ал дәстүрлі оқу кезіндегі әдістер 25% құрайды.

ДО түрінде оқу білімгердің уақытың жолға жаратпай отырып, оқу қарқыны мен мерзімін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен дәстүрлі оқыту түрінде белгіленген тәртіптен босатады, білімгер кез келген уақытта курс бағдарламасын орындайды.

ҚО өзіңізге ыңғайлы уақытта оқуды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жолға уақытыңызды кетірудің қажеті жоқ.

ҚО (қашықтықтан оқу) – оқытудың бір технологиясы. Ол білім беру мекемелерінен қашықтықта тұратын тұлғалардың оқу-танымдық әрекеттеріне әдістемелік ұйымдасқан нұсқаулығы.

ҚО жаңа заманда мынадай технологиялардың көмегімен жүзеге асады, текстік және дауыстық режимдегі Интернет, e-mail (электрондық пошта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция әрине жәй пошта арқылы (мөрленген, аудио, видео және электрондық оқыту құжаттары ) оқу материалдарын жіберу.

Арасын мыңдаған шақырым бөлетін білімгер мен оқытушыны байланыстыратын күнделікті сөйлесу мүмкіндігін қамтамасыз ететін технология.

TAMOS University Suite v.1.8 оқытуды басқарудың автоматтандырылған жүйесі (1-сурет) ҚР-ның ЖОО-да несиелік жүйеге негізделген оқу үрдісін басқаруды қамтамасыз ететін тіркеуші-офистің барлық қызметін орындайды. Қосымша интегралданған WebPROFESSOR қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) бірегей жүйенің мәліметтер қорын және де тілдесу орталығы ретінде Интернет/Интранетті пайдалана отырып білімгерлерді оқытуды жүргізеді. Бұл жүйе төмендегіні қоса отырып ЖОО-ның жалпы білім беру жүйесін қамтамасыз етеді:

  • оқытушылар мен білім алушылардың контингенті, ұйымның құрылымын құру;
  • оқытушылардың жеке оқыту бағдарламасын (СИЛЛАБУС) ескере отырып оқу орнының пәндері мен мамандықтары негізінде оқу бағытын ұйымдастыру;
  • ҚР-да қабылданған кез келген оқу түрінің деңгейінде оқу үрдісін өтізу;
  • тесттер мен жаттығуларды қоса отырып түрлі үлгілер мен форматтарда оқу материалдарын құру және баспаға шығару;
  • электрондық ведомостта білім берудің барлық кезеңдерінде білім алушының үлгерімін есептеу және талдау;
  • ҚР-да қабылданған стандарттарға сәйкес маман бұйрықтары мен қаулылары, негізгі қызметі негізінде бұйрықтар деңгейінде оқу орнының ісін жүргізу.

 

1-сурет.

 

 

 Негізгі терминдер және анықтамалар

  Әдістемелік құралда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

 

Администратор жүйесі

Қызметкер

Академиялық дәреже

оқу бағдарламасын толық меңгерген нәтиже бойынша жоғарғы оқу орнын бітірушуге берілетін дәреже

Академиялық анықтама (транскрипт)

несие, баға және орташа балды көрсете отырып оқу аралығына сәйкес өткізілген пәндердің тізімін құрайтын бекітілген түрдегі құжат

Аппеляция

білімгердің объективті емес бағаланған   білімін, жағдайларды ескеру мақсатында жүргізетін үрдіс

Интернет

қарым-қатынаста стандартты хаттамаларды қолданатын компьютерлердің бүкіләлемдік желісі

Интранет

Интернеттің көптеген функционалдық мүмкіндіктеріне ие ұйымдар немесе корпорациялар (корпоративтік желі) ішіндегі желі. Интранет Интернетке қосылады.

Қорытынды бақылау

Академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша аралық аттестациялауда оқу пәндері аяқталғаннан кейін тіркеуші офисте өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру; естихан қорытынды бақылауды өткізу түрі: ауызша, жазбаша, тестілеу. Күндізгі оқу бөлімінде ҚБ-ны (емтихандық сессия) өткізу 2 аптаға созылады

Жеке оқу жоспары (ЖОЖ)

Білім берудің сәйкес деңгейінде, оны оқу барысындағы оқу пәндерінің тізімі мен көлемін көрсететін білім алушының негізгі құжаты

Несие

бакалавриаттың кез келген академиялық кезеңде (өзіндік жұмысқа 2 сағат бөлінген аптасына (15 апта) аудиторлық жұмыстың 1 академиялық сағаты) жалпы еңбек сиымдылығындағы 45 академиялық сағатты (академиялық сағат =50 мин) құрайтын білім алушының оқу жұмысының көлемін өлшейтін бірлік

Несиелік білім беру жүйесі

несие түрінде білім көлемін ескеру мен білім беру бағытын таңдауда жекелендіру негізінде білімді меңгеру деңгейін жоғарылатуға бағытталған білім беру жүйесі

Контент

ақпараттық толтырулар – мәтіндер, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толтырулар

Элективті пәндер  каталогы  (ЭПК)

білім алушының оқу бағытын өзіндік жан-жақты анықтау мүмкіндігін құратын, таңдау бойынша құраушыға енетін пәндердің тізімін беретін мамандықтар ЖОО-ның барлық мамандықтарына құрылады және барлық мамандандырылу, профильдер мен кәсіптік қызметтің түрлерін ескеретін пәндердің барлық мүмкін түрлерін қамтиды

Бақылау тесті

білімгерге  оқу үшін қол жетімді тараулардың санын шектейді, яғни білімгер бақылау тестін тапсырмай тарауды оқуды жалғастыра алмайды

Он-лайнды режим

Нақты уақытта орындалатын оқу қарым-қатынас үрдісі

Офф-лайнды режим

оқытушы мен білім алушының оқудағы қарым-қатынас үрдісі уақыты жағынан үзілген

Тіркеуші офисі

Деканаттың қызметінің бөлігі берілген қабылдау комиссиясының базасында құрылған құрылымдық бөлім

Оператордың жұмыс сессиясы

қайта авторизациялаусыз (ОБАЖ-да  30 мин.) ОБАЖ-ға сұраныстардың енбеуі нәтижесінен қолданушының жұмысының жалғасуы жүйе жадысында сақталған уақытша үзіліс

Аралық бақылау

Академиялық кезеңнің 8-ші және 15-ші апта аралығында өткізіледі

Оқу жұмыс жоспары  (ОЖЖ)

Оқытушының оқыту жұмысының еңбек сиымдылығын ескеру негізі барлық жазылған және оқу үшін төлеген білімгерлердің ЖОЖ жинағы негізінде деканаттармен құрылады. ОЖЖ ОПҚ штатын есептеу және сабақ кестесін құру үшін негіз болады. 

Білімгердің өзіндік жұмысы (БӨЖ)

оқу-әдістемелік әдебиеттерімен қамтылған және тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, рефераттар, шығармалар және есеп беру түрінде бақыланатын өзіндік білім алуға бағытталған жұмыс;   білім алушының категориясын сәйкес БӨЖ — білімгердің өзіндік жұмысы, МӨЖ – магистранттың өзіндік жұмысы

Оқытушының басқаруымен білім алушының өзіндік жұмысы (ОББАӨЖ)

Сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының басқаруымен білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының категориясына сәйкес былай бөлінеді: ОББАӨЖ –  оқытушының басқаруымен білім алушының өзіндік жұмысы және ОБМӨЖ — оқытушының басқаруымен магистранттың өзіндік жұмысы

Силлабус (жұмыс бағдарламасы)

Оқытылатын пәннің оқу бағдарламасын сипаттайтын негізгі оқу-әдістемелік құжат білі алушыға әрбір академиялық кезеңнің басында беріледі

Жүйе администраторы

Серверде бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрылымын және сервердің дұрыс жұмыс істеуіне жауап беретін тұлға

Ағымды бақылау

тьютормен өткізілетін  ағымды сабақтарда білім алушының білімін жүйелік тексеру

Типтік оқу жоспары (ТОЖ)

Қысқа сипатталуы мен және қосымшалары бар оқу пәндерін оқыту құрамын анықтайды. ТОЖ базалық болып табылады, оқу кезеңінде өзгермейді және әрбір пәннің міндетті құраушысында несиеге бөлінеді

Тьютор

Білім беру ұйымының тапсырысын орындайтын, білім алушының жеке оқу жоспарының орындалуын және оқу материалын меңгеруді қадағалайтын оқытушы -консультант

Силлабус циклы

ОБАЖ-да оқу курсын бөлудің шартты бірлігі оқу семестіріне тең

Форум

Қашықтықтан оқыту жүйесінің қатысушыларына немесе барлығына ашық қашықтықтан оқытуда бір тақырыпты талқылауды қолданатын құрал 

Эдвайзер

Оқу кезеңінде оқу жоспарын меңгеруде және білім алушыға оқу бағытын көрсететін кафедраның оқытушылары

 

 Қысқартулар

 

Бұл әдістемелік құралда келесі қысқартулар:

 

ҚО

Қашықтықтан оқыту;

ОБАЖ

Оқытуды басқарудың автоматтандырылған жүйесі

МЖМББС

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ТОЖ

Типтік оқу жоспары

ОЖЖ

Оқу жұмыс жоспары

ЖОЖ

Жеке оқу жоспары

ЭПК

Элективті пәндер каталогы

БӨЖ

Білімгердің өзіндік жұмысы

ОБӨЖ

Оқытушымен білім гердің өзіндік жұмысы

МӨЖ

Магистранттың өзіндік жұмысы

ӨЗТЖ

Өзіндік зертханалық тәжірибелік жұмыстар

АБ

Аралық бақылау

ҚБ

Қорытынды бақылау

ПОҚ

Профессорлық-оқытушылар құрамы

ФҒӘБ

Факультеттің ғылыми-әдістемелік бюросы

 

Қашықтықтан оқыту еркін таңдау сипатын  және оқудың уақытша түрін, пәнді оқудың тәртібін, қабілеттілігін бейімдеуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың тағы ыңғайлылығы міндетті ұзақ уақытты жиналыстар мен сессиялардың  болмауы (семестр бойынша білімді қорытынды бақылау 10 күнге созылады).

ҚО-дың оқу үрдісі Мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылады. Ағымды жылдың оқу жұмыс жоспары университет ректорымен бекітіледі.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушы қашықтықтан оқыту түрі бойынша мамандандырылған бағдарламаларды толық игеру керек.

ҚО-дың базалық түрі ҚО-дың дидактикалық құралдары бар білім алушылардың жеке жұмыстары болып табылады. Және де олардың тьюторлар және оқытушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасауы да қашықтықтан болады. Байланыстың қашықтықтан оқыту түрін техникалық орындау оқытуға келісімшартпен анықталады және оқытуға кеткен шығындардың құнын анықтайды.

ҚО-дың оқу жылы білім министрлігі бекіткен оқу мерзімдеріне сәйкес, семестрлік бөлінген және оқу үрдісінің күнтізбелік графигіне сәйкес аяқталады.

ҚО оқу жылы Білім министрлігімен анықталған оқу мезгілімен сәйкес оқу үрдісінің күнтізбелік графигіне сәйкес аяқталады және  семестрлерге бөлінеді.

Білімгердің білімін аралық және қорытынды бақылау «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялау, үлгерімнің ағымды бақылауын өткізу ережелеріне» сәйкес өткізіледі.

Бақылаудың нәтижелері «Аралық қор ведомостында» анықталады. Курс аяқталғанда білімді қорытынды бақылау университетте емтиханға білімгердің міндетті келуі арқылы күндізгі оқу түрімен жүргізіледі. Тестілеу бекітілген емтихан кестесіне сәйкес білім беру сапасы мониторингі бөлімімен және ҚОО-ның өкілінің қатысуымен өткізіледі. Білім берудің табысты бағыты өз уақытысымен орындалады. Сапалы орындалған бақылау тапсырмалары, БӨЖ және тапсырылған тесттер, курс соңындағы емтихан түріндегі қорытынды бақылау ЖОО-ның қабырғасында өтеді. Курс бойынша білімді қорытынды бағалау «Қорытынды қор ведомостында» 1-ші кестеде көрсетілген жинақталған баллға сәйкес әріп және сандық жүйеде қойылады.

Оқытушы форум арқылы не чат арқылы қашықтықтан немесе ЭОК бойынша білім алушыларды күндізгі бөлім түрімен кеңесу өткізеді. Қашықтықтан кеңесу білімгерлердің сұранысы бойынша чат арқылы не ЭОК-дағы курстың тапсырылған тақырыбының кестесі бойынша өткізіледі. Зертханалық, тәжірибелік және курстық жұмыстардың баға нәтижелері оқытушылармен білімгерлерге электрондық пошта арқылы қашықтықтан не жазбаша түрінде тьютор-оқытушыға беріледі. Мұнда TAMOS ОБАЖ-ы жүйесімен қашықтықтан өткізілген аралық тестілеу нәтижелері немесе кестеге сәйкес тьюторлық класта күндізгі бөлім түрімен өткізілген баллдар кіреді. Комплекстік тестілеу бойынша баллдарды қосу негізінде және аралық бақылауда жиналған баллдар негізінде курстың барлық пәндерінен қорытынды баға қойылады және келесі курсқа өту бекітіледі.

Білімгерді келесі курсқа өткізу курстық кейстің барлық пәндері бойынша бағаларды алуы және оқудың жаңа курсын толық төлеуі бойынша ҚОО-да жүргізіледі. Қашықтықтан оқыту түрінде оқу құны сырттай оқу түрі бағасына тең келеді.

Қанағатсыздандырылған бағаларды (5 баллдан төмен) алуға байланысты емтиханды қайта тапсыру үшін курс бойынша аралық аттестациялауды қайта өтуі қажет.

Жеке графиктер бойынша білім алатын білімгерлер емтиханды жеке тапсыра да алады.

Білім алушы оқу кезінде электрондық пошта мен Интернетке қол жетімді болу керек.

Университет білім берудің мелеткеттік жалпыға міндетті стандартымен қарастырылған тәжірибелердің барлық түрлерін өиту мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Білімгерлер тәжірибені виртуалды зертханаларда, аумақтық зертханаларда немесе компанияларында өтеді, мұндай тәжірибе жоғары оқу орнының өзімен немесе жоғары оқу  орны мен қажетті ақпаратты қоры бар кәсіпорын мекеме, басқа ұйымдар арасындағы келісім шарт негізінде ұйымдастырылады.

ҚО негізінде білім алушыларына жұмыстық оқу жоспарымен қарастырылғандай тәжірибе ретінде бейінді кәсіпорында, мекемеде, немесес басқа да ұйымдарда атқарған жұмысы мемлекеттік білім стандартында қарастырылған уақыт мөлшері ретінде есепке алына береді.

                  ҚО оқу процесін ұйымдастыру

ҚО түріне түсушілері оқу сабақтары алдында қашықтықтан оқытудың технологиясы мен жүйесі мен танысу кіріспе курсына өтеді.

ҚОО білімгерлер топтарын құрап, университет аудиторияларында өтетін кіріспе, семинар, қорытынды  сабақтар, сонымен қатар білімгерлердің білімін аралық бақылаудан өткізу үшін кесте дайындайды.

1-інші курс үшін оқу процесі презентациядан басталуы. Мұнда білімгерлер өздерінің  жұмыстық тобымен, кеңес беруші ұзтазымен (тьютормен), оқыту ұйымдастыру жоспарымен, әдістемесі семинар және  қорытынды сабақтарының бағдарламасымен таныстырады. Тьютор – оқытушы кіріспе сабақтарын өткізеді. Кіріспе сабақтарында тьютор- оқытушы білімгерлерді оқытуы білімгерлерді оқытудың кредит жүйесі технологиясымен, ағымдағы оқу курсының жұмыстық оқу жоспарымен, ЭОК мазмұнымен, электронды оқулықтар мен тестілеу бағдарламасымен таныстырады.

ҚОО қызметкерлері білімгер топтарымен өткізген  сабақтардан білімгерлердің компьютерлік сауаттылығын, ҚО оқыту процесіне компьютер және жүйе технологияларынан семинар сабақтарының бағдарламасының анықтайды. Әрбір білімгер өз қажеттілігіне жеке Логин мен өзінің пошта жәшігін Mail іздеу серверінде құрау үшін пароль алады. Мысалы, Логин – wanovs 70806@ mail.ru – білімгерлер  фамилиясы мен аты, тегі одан кейін мамандықтың соңғы сандары және оқуға түсу жылы. Білімгер мен ҚОО, оқытушы – кеңесші (тьютор) арасындағы ақпаратпен алмасу үшін олардың электрондық мекен – жайларын жазу міндетті. ҚОО электронды мекен – жайы cde@ mail.kz. Осы электронды мекен – жайға білімгерлер өз хабарламалары мен білімдерінің ағым және аралық бақылауға арналған өзіндік жұмыстарының нәтижелерін жіберді. Білімгерлер өз хабарларын The Bat пошта бағдарламасы арқылы орталыққа жіберу мүмкіндіктері бар. Тек хаттың  басында «Тақырып» бөлімінде «ҚОО» мекені немесе, егер жіберуші оқытушы болса мамандықтың атауы мен оқытушының аты – жөні  берілді. ҚОО алынған поштаны сораптап, мұғалімдердің электрондық  пошталарына жіберді, немесе  мұғалімдер апта сайын келіп, өз магнит қапшықтарына серверден көшіріп алады. Жібергеннен соң бір апта өте білімгер ҚОО порталынан өзіндік жұмысының бағасымен таныса алады.

Оқудың әр жаңа курсының басында кіріспе сабақтарында әр білімгерге білімгердің өзіндік оқу еңбегін қамтамасыз ететін CDROM да элекронды  оқу кейсі жеке меншікке беріледі.

Сонымен қатар білімгер өз логині мен паролімен ТарМУ ҚОО оқу порталына кіріп, өз мамандығымен курсының электронды оқу кейсін алады. Электронды оқу курсы немесе кейсі.

Оқу жылына  қарай әр мамандыққа арналған 18 курсқа жуық тізімнен құралады. Кейс гипермәтін құрылымында беріліп, курс бойынша навигациялық жүйемен жабдықталған.

Білімгерге міндетті  түрде курс кейісімен танысу керек:

  • жұмыстық оқу жоспарын мұқият оқып, оған кіріктірілген құрамы мен жүйесімен танысуы;
  • кез келген пәнінің бақылау түрімен танысу (емтиханға жіберу, курстық жұмыс, емтихан);
  • компьютер арқылы электрондық оқу курстарының жүйесімен танысуға кірісу, сонымен қатар нормативтік актілермен ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • өткен оқу материалын бақылау сұрақтарына жауап бере отырып, берілген жаттығулар мен амалдық есептерді шығару арқылы бекіту;
  • курс жұмысын орындауға арнлаған әдістемелік нұсқаулықтармен танысып, тақырыпты таңдап, оны мұғалімімен келісіп, қажетті материалдарды жинақтауға кірісу;
  • бақылау сұрақтары (тапсырмалар) және тест жүйе сұрақтарына жауап беру арқылы өз білімін тексеру, емтиханға дайындық деңгейін анықтау.

Ұсынылған электрондық оқу курсы немесе кейс CD-ROMда жазылған. Гипертекст құрылымы негізінде беріле отырып «Алға» және «Артқа» баспалары арқылы новигация операцияларын жүргізуге болады.

Әр пән бөлек қапшыққа орналасқан, оның ішінен index.htm файлын тауып гиперсілтеме түрінде берілген курс мазмұнын табамыз.

Ұсынылған әдебиет білімгердің өзіндік жұмысын орындауға қажетті қосымша теориялық және тәжірибелік білім беретін қор. Әдебиетпен жұмыс іскерлікті талап етеді. Бұл механикалық оқу емес, бұл сараптау, салыстыру, есте сақтау, ой қиысынмен келтіру, ауызша және жазбаша түрінде оқығаныңды мазмұндау жұмыстарын талап ететін әрекет.

Білімгер әдебиетпен жұмыс істеуде төмендегіні үйрену қажет:

  • тиімді оқу әдістерін пайдалану;
  • анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу;
  • құжат, кітап, мақала мазмұнын құрылымдау және сараптау;
  • тезис, конспектің қисынды сызбаларын, терминологиялық сөздіктерді құру;
  • оқыған материалды есте сақтау;
  • сұрақтарды ауызша, жазба және электронды түрде нақты келтіру;
  • реферат, құжат, кітап, мақала жазу.
  • Құрал-саймандар тақтасы Бағдарламаны басқару құрал-саймандар тақтасының қызметтік батырмалары арқылы орындалады. Жұмыс формасындағы тақталарда жұмысқа таңдалған формадағы белсенді батырмалар (ашық түсте бейнеленеді) қолданылады. Тақтадағы қалған батырмалар қызметтік емес және олар ашық сұр түсте бейнеленеді.

 

 – Құру. Батырма жүйенің сәйкес формаларында жүйеде жаңа құжатты құру үшін қолданылады.

 – Ашу. Батырма қолданушымен жүйеде іздеу арқылы табылған және жүйеде құрылған және сақталған құжатты экранға шығару үшін қолданылады. 

 – ТүзетуБатырма жүйенің базасына бағдарламаның түрлі формасындағы жазбалардағы  оператормен енгізілген өзгертулерді сақтауға қолданылады.

 – Сақтау. Батырма жүйе жадысына оператормен енгізілген түрлі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады.

 – Баспаға шығару. Батырма жүйеде түрлі формадағы баспаға шығару үшін қолданылады.

 – Өшіру. Батырма жүйе базасындағы түрлі жазбаларды өшіру үшін қолданылады.

 

 – Архивтеу. Батырма ұйым қызметкерлерінің жеке іс қағаздары архивтерін құру үшін қолданылады. Қызметкердің жеке іс қағазында жұмыстан шығару жайлы белгілеме қойылғаннан кейін барып қол жетімді болады.

 – Іздеу. Батырма жүйенің мәліметтер қорындағы түрлі формадағы критерий бойынша оператормен берілген мәліметтерді іздеуге қолданылады. «ІЗДЕУ» батырмасын жүйенің іздеу формаларында жиі көшірмелейді.

 – ШрифттерБатырма жүйенің мәліметтер қорына қазақ шрифтінің жоқтығына байланысты оны ендіру үшін қажет.

 – Анықтама. Батырма жүйенің мәліметтер қорына ендірілген жүйені қолдану бойынша анықмалық материалды шығару үшін қажет.

 

      Бұл элементтер жүйенің әрбір бетінің тақталарында орналасады.

 

 – шығу. Батырма оператор жұмысының аяқталуы және қолданушының авторизация бетіне көшу үшін қажет. 

 – басқы бетке өту. Батырма жүйеде кез келген формадан бағдарламаның басты бетіне өту үшін қолданылады.

 – тіл. Батырма жүйе қолданушысының жүйенің мәліметтер қорындағы тілдер формасындағы ауыстырулар үшн қажет. Бағдарламаның кез келген түрінде қол жетімді.

 

 Жүйеде қолданушыны авторизациялау

 

Қолданушыға жүйеде жұмыс істеуі үшін Windows XP операциондық жүйесі, ОБАЖ орнатылған http://tus.tarsu.kz серверінің электрондық адресі, жүйеге кіретін дербес логин және пароль орнатылған компьютері болуы керек.

Веб-браузерді жіберіңіз және адрес жолына — http://tus.tarsu.kz теріңіз (2-сурет). Дербес логин мен парольді енгізіңіз, ЖҮЙЕГЕ КІРУ батырмасын басыңыз (3-сурет).

 

 

                     2-сурет.                                                                           3-сурет.

 

Оператордың берілген блокта жұмыс істеуі кезіндегі мүмкін болатын мәселелері:

  • Браузер көрсетілген парақтың табылуының мүмкін еместігі жайлы хабарлама шығарады – электрондық адрестің енгізілуінің дұрыстығын тексеріңіз.
  • Жүйе логин/парольдің дұрыс енгізілмегендігі жайлы хабарлама береді – жазу кезіндегі грамматиканың барлық ережелерін сақтау арқылы авторизациялық үлгінің терезесіндегі логин/парольдің енгізілу дұрыстығын тексеріңіз. ЕСКЕРТУ! Логин/парольді енгізуде қателіктің қайталануы үштен асса жүйе бұл қолданушыға отыз минутқа дейін ашылмайды. Қолданушы логин-парольді жоғалтып алған жағдайда жүйе администраторынан жаңа авторизациялық мәліметтерді алуы қажет.
  • Авторизацияны қайталау сәтінде жүйе қолданушының жүйеде екендігі жайлы хабарлама шығарады: 1. Сіздің логин/пароліңіз басқа бір қолданушыға қолжетімді болды және онымен авторизация жасалды – жүйе администраторына жаңа авторизациялық мәліметтерді алу қажет. 2. Сіз бір жұмыс аймағында авторизация жасадыңыз, сосын басқа компьютер арқылы авторизация жасауға тырысасыз — өзіңіз қолданбай отырған компьютерде «ШЫҒУ» батырмасын басып жүйеден шығыңыз. 3. Сіз бір жұмыс аймағында авторизация жасадыңыз, «ШЫҒУ» батырмасын баспай жүйеден шығып кеттіңіз, сосын басқа компьютер арқылы авторизация жасауға тырысасыз — өзіңіз жұмыс істеп отырған компьютерде авторизацияны жасаңыз да қолданбай отырған компьютерде «ШЫҒУ» батырмасын басып жүйеден шығыңыз.

Білімгерлер қол жетімді модульдер: «Оқу жоспарлары» – жеке оқу жоспарын қалыптастыру үшін, «Форум», «Семинарлар», «Контент» – білімгер тест, контент, баспаға жарияланған баспаларымен жеке түрінде танысу үшін арналған.

 

«Оқу жоспарлары» бөлімі

 

Білімгерге оқу жылына пәндерді тіркеу үшін оқу жылының басында жеке оқу жоспарының дайын шаблоны қажет  немесе ЖОЖ-ды өзі құрады. (4-7-сурет).

 

4-сурет.

5-сурет.

 

6-сурет.

 

7-сурет.

 

 «Контент» бөлімі

 

Білімгер аралық және қорытынды бақылауларды өту кезінде «КОНТЕНТ» бөлімімен жұмыс жасайды. (8-сурет).

 

8-сурет.

ОҚУ МАТЕРИАЛЫ ЖӘНЕ ОҚУ ТОПТАРЫ бағанында тест тапсыру және қорытынды бақылау формасы пәнін таңдау қажет. (9-сурет).

 

9-сурет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТ түрінде пайда болған (оң жақта) ақпараттық терезедегі ТЕСТ ӨТУ формасын басу керек.  (10-сурет).

10-сурет.

 

Келесі ақпараттық терезеде тестілеуге өту үшін ТЕСТТІ БАСТАУ формасын басу қажет (11-сурет).

 

Рисунок 11

 Тестілеуді жүргізу

Әрбір тесттік сұрақ үш батырмамен жүргізіледі: сұрақты өткізу, сұраққа жауап беру және сұрақтар тізімі (12-сурет).

 

12-сурет.

 

Егер сіз сұраққа жауап берсеңіз СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРУ батырмасын басыңыз (13-сурет).

13-сурет.

 

Егер жауабын білмесеңіз СҰРАҚТЫ ӨТКІЗУ батырмасын басыңыз (14-сурет).

 

14-сурет.

 

Сұрақтар тізімін көрген кезде ЗЕРЕК БОЛЫҢЫЗ! (15-сурет).

 

15-сурет.

 

ТЕСТТІ АЯҚТАУ батырмасын баспай тұрып барлық сұрақтардың ҚАРА ТҮСПЕН белгіленгенін тексеріңіз. Тестілеуді бітірген соң ТЕСТТІ АЯҚТАУ батырмасын басыңыз (16-сурет).

 

16-сурет.

 

Пайда болған диалогтық терезеде операцияны  нақтылаңыз (17-сурет).

 

 17-сурет.

 

Тестті аяқтап болғаннан кейін нәтижені көру үшін қайтадан ОҚУ МАТЕРИАЛЫ ЖӘНЕ ОҚУ ТОПТАРЫ бағанын тестті тапсырған пәнді таңдау керек және бақылау түрін басу керек. ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТ түрінде пайда болған (оң жақта) ақпараттық терезеде ТЕСТ НӘТИЖЕСІ формасын басу керек. Егер тесттің нәтижесі жасыл түспен белгіленен болса – Сіз тесттен өттіңіз.  Егер тест нәтижесі қызыл түспен белгіленген болса – Сіз тесттен өтпедіңіз (18-сурет).

 

    «СЕМИНАРЛАР» БӨЛІМІ

 

Бұл бөлім топтар бойынша семинарларды құру мен өткізу үшін арналған. Семинарларды оқытушы өзі өткізетін оқу топтары мен пәндері аясында дайындайды. Сұрақ бойынша семинарды өткізудің берілген уақыты білімгерлер бойынша өтілген уақытты және оқытушылармен сабақты өткізу уақыты көлемін анықтауға мүмкіндік береді (19-сурет).

 

18-сурет

 

Семинарды құруда көрсеткен уақыт кезінде ғана қол жетімді (белсенді) болады. Көрсетілген уақыттан кейін келсең де ол бұл бөлімде көрінбейді.

Семинар жеке терезеде ашылады. Оң жақта семинарға қатысушылардың, сол жақта хабарламалар жолы, терезенің төменінде хабарламалар жолы бар. Бұл жолдарды толтырғаннан кейін «ЖІБЕРУ» батырмасын басу қажет.

 

19-сурет.

 

«ФОРУМ» БӨЛІМІ

Аталған блок топтармен форумдар ұйымдастыру үшін жасалынған. Аталған блок арқылы мұғалім білімгерге жауап қайтарады, пән бойынша қосымша қызықты ақпараттар ұсынады, сілтемелер береді (22-сурет).

 

 

22-сурет.

«Форум» бөлімін ашқанда мұғалім жүргізетін пәндердің тізімі беріледі. Мұғалім тақырыптарды жазады, жояды немесе архивке көшіреді, ал білімгер мұғалім әзірлеген тақырыптарға пікір айта алады.

 

23-сурет.

Тақырыпты көру үшін тақырыпты басыңыз (24-сурет). Пән тізімдеріне оралуға «Кері» баспасына баспаңыз.

 

 

24-сурет.

 

Жаңа хабарламаны қосу үшін хабарлама тізімдерінің астында берілген форманы толтыр (25-сурет). Оны толтырып фоманың  төменгі жағында орналасқан «Жауап қайтару» баспасын бас, және диалог терезесінен өз сұранысыңызды бекітіңіз.

 

Ескертпе:  [http://] – басқа сайттарға сілтемелер жасауға мүмкіндік береді.

[QUOTE] – цитата түрінде мәтінді белгілейді.

[B] – орта қалыңдық шрифтімен белгілейді.

[I] – мәтінді курсивпен белгілейді.

 

Сөздік

 

1) Оқу процесінің  администраторы – оқу процесін ұйымдастырушы, оның қызметі: оқу группаларын өңдеу, тьюторларды тағайындау, басқа группаларға көшіру мәселелерін, оқуды тоқтата тұру және тағы басқа оқуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша білімгерлермен қатынас жасау.

2) Аттестатау шараларының графигі – бақылау шараларының түрлері және орындалу мерзімі көрсетілетін курсты оқыту нұсқамасының құрлымдық бөлігі.

3) Виртуальды  дискуссия – Интернет – форум жүйесін пайдаланып бірнеше білімгерлердің тьютор жетекшілігімен оқу курсын талқылау.

4) Электронды тест – Қашықтықтан оқу арқылы алған білімді автоматты түрде балайтын электронды курстың бір бөлімі.

5) Дистанционды білім (Distance education) – бұл оқыту (teaching) және өзіндік оқу (learning), мұнда өзіндік оқу оқытудан бөлек жүреді. Кей кезде дистанционды оқытуға синоним ретінде қолданылады.

6) Дистанционды оқу ((Distance learning) – көптеген формаларда болады: 1) білімгердің оқытушыдан бөлетін кеңістік ретінде және  2) бірнеше технологияларды пайдаланып білімгермен оқытушының қарым қатынасы.

7) Дистанционды коммуникация (Distance communication) — әр түрлі административті функцияларды ұйымдастыру үшін қолданылатын телекоммуникациалық технология.

8) Тапсырма (Assignments) – білімді бағалау және оқытушының білімгермен өзара қарым қатынас жасау мақсатында қолданылатын білімгерлердің жұмысы.

9) Интерактивтілік (Interaction) – білмгермен оқытушы арасында ақпаратпен, пікірлермен, жаңа ойлармен алмасу қарым қатынас.

10) Қашықтықтан оқыту консорциумы (Distance education Consortium) – қашықтықтан оқытуды ұйымдастыратын немесе оны оқытатын екі немес бірнеше ұйымдар.

11) Электронды хабарландыру тақталары (Electronic Bulletin Boards) – қоланушының өзіне қажетті ақпаратты қарауға немесе өзінің ақпаратын енгізуге болатын қызмет.

12) Консультанттар (Counsellors) –жеке немесе академиялық мәселелерді шешуге білімгерлерге көмектесетін оқыту төңірегіндегі мамандар.

13) Дистанционды білім бөлімі (Distance education Unit) – қашықтықтан оқыту қызметтерімен қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің арнайы бөлімі.

14) Дистанционды білімнің жүйесі (Distance education system) – құрамында оқыту, коммуникация,  жобалау және менеджмент болатын процестін барлық комплексі.

15) Телекоммуникация (Telecommunication) – электронды немесе электромагнитті технологияны пайдалану арқылы қашықтықтан ақпаратты жіберу және алу процессі. Ақпарат дауыстық, бейнелік немесе мәлімет түрінде болуы мүмкін.

16) Қашықтықтан білім беру мекемесі (Distance education Institution) – қашықтықтан оқыту қызметтерімен қамтамасыз ететін колледж, университет, немесе мектеп.

17) Электронная почта (Electronic Mail) – Локальды жүйе немесе Интернет арқылы бір немес бірнеше адамдардың жылдам әрі жеңіл және арзан байланысу амалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Жоғарыдағы келтірілген тұжырымдаулардан мынадай қорытындыларға келуге болады:

  1. Қашықтықтан оқыту жүйесі оқулық курстарын ұйымдастырудың ең тиімді жолы модульдік принципті пайдалану болып табылады. Өйткені оқулық курс оқулық модульдер жиынтығы түрінде құрылады, оқытудың мақсатына немесе оқытудың ерекшелігіне сәйкес оқушының таңдауы бойынша оларды әртүрлі ретпен (тізбекпен) өтуге болатын болады.
  2. Курсты пайдаланудың контексті оқушының білімін бастапқы бағалау нәтижесінде анықталады, соған сәйкес оқытудың әртүрлі траекториясы анықталады. Жалпы жағдайда курстың ішкі құрылымы қажетті жағдайға, талапқа бейімделіне алатындай болады, ал курсты өту траекториясы оқытудың модульдік деңгейінде арнаулы ережелер бойынша анықталады.
  3. Оқытушы модуль берілген (көрсетілген) деңгейде және көлемде білім алу міндетін шешетін ақпаратты-құрылымды-логикалық жүйе түрінде жасалынатын болады.

          Сонымен, сапалық деңгейде қашықтықтан білім алу курстарын құру әдістемесіне қойылатын негізгі талаптарды былайша тұжырымдауға болады:

         — қашықтықтан оқыту жүйесі курстарын модульдік принцип бойынша құру керек;

         -қашықтықтан оқыту жүйесі модулін дайындау бірыңғай формальді модель негізінде жүргізілуі тиіс;

         -модульдердің ақпараттық элементтері өз бетінше оқуға бағытталынған педагогикалық тәсілдер (әдістер) базасында құрылуы (жасалынуы) тиіс.

           Осы келтірілген талаптар жалпы жағдайларды қамтиды және  қашықтықтан оқыту жүйесін жасауды унификациялаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, сонымен қатар курсты іске асырудың тәсілдеріне (жолдарына) тәуелді емес.

       Қашықтықтан оқыту жүйесі курстарын телекоммуникациялық ортада пайдалана бастағанда қосымша талаптар курсты іске асырудың технологиясын таңдауға сәйкес анықталатын болады.

        Электронды оқулық (структурасы) мазмұнына, оның әр кезеңінің мақсаты және міндеттеріне көңіл аударатын болсақ, мына жағдайларды байқаймыз.

        Біріншіден, әдістемелік ұйымдастыру тұрғысында электронды оқулық сапалы, талаптарға сай дайындауда мына негізгі  үш бағытқа(бөліктерге) баса назар аудару қажет болады:

         мақсаты – болжамдық мақсаттың оперативті деңгейі көрсетіледі және дайындық бағдарламасы бойынша алдыңғы электронды оқулық мақсаты жалғасы ретінде алға жылжудың элементар көлемдегі нәтижесін анықтайды;

         мазмұны — көрсетілген(тұжырымдалған) мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін оқулық материал ұсынылады және ол текстік, иллюстративтік (көрнекілік) материалдарды қамтиды, қажет жерде осы электронды оқулық оқулық элемент мазмұнын толықтыруға, тереңдетуге бағытталынған сілтемелер(олардың саны көп болмауы тиіс) келтіріледі;

         бақылау( өзін-өзі бақылау) – сұрақтар( немесе тестік сұрақтар), нақты тапсырмалар(немесе жаттығулар) көмегімен оқулық элемент мақсатына жету деңгейі тексеріледі(бақыланады).

         Электронды оқулық құрылымының қалған кезеңдері осы үш бөліктің бір мазмұнда, бір мақсатта және бір бүтін болуын қамтмасыз етуге, оқулық элементті тиімді түрде оқып-үйренуге қызмет етеді.

         Осындай талап бүтін бір модульге байланысты оның оның құрамына енетін оқулық элементтер және бүткіл курсқа байланысты оның модульдері үшін де қойылатын болады. Осы атап отырған талап орындалған жағдайда ғана модульдік оқыту тәсілінің тиімділігі және оның негізгі принциптерінің(қашықтықтан оқыту технологиясы принциптерінің де) іске асырылғандығы туралы айтуымызға, қорытынды жасауымызға болады.

         Бұл дипломдық жұмысты кезкелген пән оқытушысына ( әсіресе тьюторларға) педагогикалық программалық құралдар, оның ішінде электрондық оқулықтар жасауда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын  жүргізуді ұйымдастыруда, қашықтықтан оқыту курстарын және супертьюторлар дайындауда әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады деп ойлаймын.