АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

 

1  КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ

  1. 1 Кәсіпкерліктің экономика жүйесінде қалыптасуы және

кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері

  1. 2 Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері.

 

  1. 2. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗАҚСТАН     РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
    • Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму беталысы, кемшіліктері және оны шешу жолдары.

2.2   Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлікті дамытуда жүргізіліп жатқан шаралар мен қайшылықтары

2.3   Өндірістік кәсіпкерліктің тәжірбие жүзінде дамуы

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

 

Кіріспе

 

         Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының XX ғасырдың  90-жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Сол кезде елімізде экономикалық жүйемізде « кәсіпкерлік » түсінігі  пайда болды. Әлемдік тәжірбие мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылуы әлемдік экономиканың кең өріс алуына және де дүние жүзі бойынша сауданың дамуына бет бұрыс жасады.Соның нәтижесінде индустриялы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны айқын. Осыған орай елімізге инвесторларды тарту , сол арқылы кәсіпорындарды дамыту жүйесі көзделді. Алайда, ол өз жетістігі бола тұра, көптеген қиыншылықтарға тап болды. Сол қиыншылықтардың шешімін табу үшін елімізде көптеген шаралар қабылданды. Бірақ ол шаралар бізге ешқандай  жетістіктер бере алмады. Кәсіпорындарды дамытуда оның құрылу негізін,  бәселестерін, нарықта сұранысын зерттеу қажет. Бұл факторлар бізге қажет болғанмен де , әлемдік ақпарат жүйесінің жоғарғы қарқынмен дамуы бізге көптеген мүмкіндіктер беруде . Сол үшін де кәсіпорын қызметін    жетік меңгергеніміз жөн  .

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға  арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету  міндетін алға қойды.  Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын  пайдалану еліміз үшін , оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің даму практикасында теориялық дәйекті ұсыныстар қажет.

         Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: дипломдық жұмыстың мақсаты- қазіргі кәсіпкерлік жүйесінің ел экономикасына сапа және сан жағынан әсер ету бағыттарын белгілеу, қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді :

  • Кәсіпкерлік ортаның қазіргі заманғы қағидаларын анықтау,
  • Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуының бастапқы жағдайларына сипаттама беру және атқаратын рөлін анықтау;
  • Кәсіпкерлік формалары мен оның ерекшеліктерін қазіргі Қазақстан жағдайында қалыптасу жолдарын ашу;
  • Қазақстан экономикасындағы бәсекеге қабілетті орта, және шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру бағытттарын белгілеу,

Жұмыстың іс-тәжірбиелік мәні:

  1. Отандық бизнес – жоспарлау мен қазіргі заманғы кәсіпкерлік құрылымдарды дамытуды тереңдетуден:
  2. Аймақтық жағдайда кәсіпкерлік формаларды өркендету үшін тәжірбиелік ұсыныстар жасаудан көрінеді.

Оның жаңалығы мен нәтижелелері: экономика жүйесінде кәсіпкерлік теорияның  бағыттары, кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері және кәсіпкерлік қызметтің формалары мен қызмет ету механизмін зерттеу және оның нәтижелілік белгілері болып мыналар танылады:

  • Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері және оны Қазақстан Республикасында ынталандыру жолдары толықтырады.
  • Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерліктің жаңа формалары талданылады.
  • Кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

         Дипломдық жұмыс екі бөлімнен және бес бөлімшелерден тұрады. Бірінші бөлімде – кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары мен    

көрсеткіштері айтылған.   Кәсіпкерлік теориясының экономика жүйесінде қалыптасуы мен даму бағыттары көрсетілген . Бұл бөлімде кәсіпкерлікті  ең  алғаш рет ғалымдардың зерттегені  және кәсіпкерлік қызметтің әр елде өз ерекшеліктері мен кемшіліктері бойынша даму жүйесі болғандығы , оның басқа да ойшылдардың қөзқарас пікірі бойынша дамығандығы көрсетілген . Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен формалары , көрсеткіштері белгіленген. Ал, екінші бөлімде кәсіпкерлік қызметтің даму жүйесіндегі шаралардың тиімділігі мен қайшылықтары айтылған. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікке байланысты қолданылған шаралардың жетістіктері мен  кемшіліктері , кәсіпкерлік қызметті дамытуда алдыға қойған мақсаттарды талдауда нендей мәселеге жете мән беру керектігі көрсетілген  және де елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылған ұйымдардың  несие беру прогроммасында жіберілген қателіктері.

Дипломдық жұмыс бойынша анықталған мәселелер , ол: кәсіпкерлік ұзақ уақыт дамудан өткен және қазіргі экономика дамуының негізі болып табылатын елдер тәжірбиесі, кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мазмұнына үлкен мән бере отырып , оны  экономика дамуының стратегиялық факторы ретінде таныған жөн. Жұмыста қарастыратын   кәсіпкерлік қызметтің   экономикалық мазмұны Қазақстан Республикасының экономикасы дамуындағы кәсіпкерліктің алатын орны мен маңызын айқындайды және кәсіпкерлік теориясын ел экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипат береді.

         Жалпы кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы: концерндердің, холдингтердің , қаржы топтарының , траст компанияларының құруылуының дамуынан   көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                1  Кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары мен     

көрсеткіштері.

 

  1. 1 Кәсіпкерліктің экономика жүйесінде қалыптасуы және

кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері

 

           Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің ең маңызды түрі. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтық және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.  Осыған байланысты кәсіпкелердің теориясы мен  тәжірибесіне деген мүдделік өсіп отыр. Экономикада «кәсіпкерлік» түсінігі өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді.    Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р. Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет 1725 жылы кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады.   «Кәсіпкерлік-дегеніміз белгілі бір бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам»  [1,30-бет]   «Кәсіпкер-ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам деп пайымдаған» Дэвид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.[]

 Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестірулеріне тура келеді.  Бірақ кейбір зерттеулерде, Контильион  кәсіпкерлікке ең бірінші болып анықтама бергеніне күмән келтіріледі. Тарихтағы бірінші касбаның ( арабша «касб» — кәсіпкерлік) теориялық концепциясы. Сонау орта – ғасырда арабтың шығыста пайда болған деген пікір бар. Ибн Хальдунның (1332- 1406) «касб»  дегеніміз – «адам өз қабілетіне өз еңбегі арқасында жеткен билік», — деуі осыған дәлел. Сонымен қатар ол кәсіпкерлікті  өмір сүру құралы, «маом» және баю құралы (райаш) ретінде қарастырған. [2, — 8-б]  .

   Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым –кәсіпкерлікке тән тәукелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бода кәсіпкер-іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген.

   Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңінің ерекшелігі ұйымдасқан және кәсіпкерлік  икемділігінен қосымша фактордың бөлінуі.       А.Маршалл өз кезіндегі « кәсіпкерлік қызметтегі технологияны  үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиіледі» деп есептеген. [3.87-б].

  Адам Смит «кәсіпкер» терминін кәсіпорын иесі түсінігі  ретінде қолданған. Кантильион пікіріне қосыла отырып, А.Смит кәсіпкер капитал иесі бола отырып, қандайда бір коммерциялық максаттарды жүзеге асырып, пайда табу үшін тәуекелге барады деп көрсетеді.

 Жан Батист Сэй  кәсіпкерлік туралы өте кең түсінік берген. Ол кәсіпкерлік қызметті жоғарғы бағалаумен қатар, оның өнім жасаудағы белсенді ролін мойындайды. Ал Джон Милль пікірінше  «кәсіпкерлік» терминін қарастыруда кәсіпкерліктің негізгі қызметтеріне: басқару, бақылау өзіне, тәуекелділікті қабылдау деп жатқызады. [ 5,427-б].

Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңінің ерекшелігі кәсіпкердің ұйымдастырушылық және кәсіптік икемділігінің қосымша факторы  ретінде саналуы. XIX-XX ғасыр Альффред Маршалл «кәсіпкерлік қызмет технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиімді» деп есептеген. [ 3,87-б ].

Осы уақытан бастап, кәсіпкерлік түсінігі де, қызметтері де кеңейді, неміс социлогтары М. Вебер , В. Золбарт кәсіпкерлікті рух  категориясы арқылы қарастырады. Бұл авторларда рух терең философиялық ,  таза психологиялық сипат тұрғысынан емес, экономикалық әлеуметтік сатысына және шаруашылық обьектісіне тән тұрақты психикалық белгісінің жиынтығы ретінде көрінеді.

  Кәсіпкерліктің рухтық негізін орыстың ұлы кемеңгері Л.Н. Гумилев басқаша түсіндіреді. Ол кәсіпкерліктің  технологиясы экономикалық ғана емес,  сонымен қатар,  әлеуметтік және психологиялық көрініс деп қарастыра отырып  «кәсіпкерлік рухы»  деген түсінікті енгізді. [ 6,17-б ].

  «Кәсіпкер – экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық еңгізуші». Кәсіпкер таза күйінде сондайда бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан белгілі бір тәуекелге бармайды. Кәсіпкер- деп біз жаңа конбинацияларды іске асырып және соның белсенді  элементі болып табылатын шаруашылық обьектілерін айтамыз. [7, 84-б ].

  Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму теориясында 1964 жылы Питер Друкердің, Б. Карлоффтың тұжырымдары көңіл аударуға тұрарлық. Олар кәсіпкерлікті инновациялық менеджементпен байланыстырды. [ 8,28 -б].

 Питер  Друкер экономикалық ғылымға  және шаруашылықтың тәжірибеге «кәсіпкерлік кәсіпорын»; «кәсіпкерлік қоғам», «кәсіпкерлікті басқару» түсініктерін енгізе отырып, кәсіпкерлікті инновациялық  прогресс ретінде  көрсетті, сондықтан кәсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болып табылатын кәсіпкерлікті қоғамдық қалыптастыру идеясын ұсынады. [9, 36-б ]

 Оның дәлелдемесі ретінде -кәсіпкер қандай болмасын мүмүкіндікті пайдалана отырып,  ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.

Б. Карлофф -кәсіпкерліктің бизнеспен басқарумен байланыстырмай кәсіпкерліктің мәнін бизнесті жүргізу үшін мүмкіндікті анықтау және жүзеге асыру қабілетімен байланыстырады. «Кәсіпкерлік»  және «бизнес» түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн.

Сөз болып отырған әртүрлі ағымдардың тұжырымдары түсінікті, ғылыми көзқарас тұрғысынан қарағанда өте маңызды. Белсенді ізденушілік жұмыстарын жүргізгендіктерінің дәлелі. Кәсіпкерлікке берілген анықтамалар, оның мазмұнын барынша жақсы ашып көрсеткен. Сондықтан, кәсіпкерліктің барлық аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым шығуына себеп болды.  Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік –белгілі бір құнға ие болатын  жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер –осыған бар күші мен уақыттын жұмсай отырып орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын,  қаржылық , психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам

Кәсіпкерлік сөзінің аржағында  «іс» және  жай  ғана «іс» емес, «кәсіпорын» , яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады.

Р. Хизрич берген соңғы анықтамада кәсіпкерлік нақтылы бір нәрсені жасау үрдісі,  яғни, тікелей нақты қызмет екенін түсінеміз.

Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда олардың «кәсіпкер» мен  «бизнестің» жүйелі анықтамаларына сүйенетінін көреміз. Бизнес —  іс жүргізу жүйесі. Бизнес- адамдарға қажетті өнімнің өндірілуі және ол біздің әлеуметтік -экономикалық жүйеміздің орталық магистралі. «Бизнес»  және  «кәсіпкерлік » түсініктерінің ұқсастығымен қатар айырмашылықтары бар. Мысалы, «бизнес», «кәсіпкерлік» түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді.Кәсіпкерліктің субьектілері – жеке немесе заңды тұлғалар,  басқаша айтқанда,  кәсіпкер. Ал бизнес субьектілері:

  • Кәсіпкерлердің өздері және кәсіпкерлер ұжымы.
  • Жеке және ұжымды тұтынушылар.
  • Жалдамалы еңбек қызметімен айналысатын жұмысшылар
  • Мемлекеттік құрылымдар

Бизнестің негізгі түрлері:

  1. Кәсіпкерлік бизнес-
  2. тұтынушы бизнес
  3. еңбек ету бизнесі
  4. мемлекеттік бизнес

Кәсіпкерліктердің жеке қасиеттерін көптеген теоретиктер қарастырды. Бірақ 1934 жылы Йозеф Шумпетер ғана    оларды жүйелеуге тырысты. Кәсіпкер – бұл ойлап табушы да емес, тек сол ойлап тапқандарды экономикалық түрде жүзеге асырушы адам.Ол кәсіпкерлікті-жаңа техналогияларды өңдеуші жаңашыл ретінде суреттеді.      

             Нарық  қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды қажетсінеді,  әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды роль атқарады. Нарықта экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Негізгілері икемді нарық жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту.  Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қытынастар кезінде ғана емес,  қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.

        Ал, кәсіпкерліктің Қазақстан өңірлеріндегі қалыптасуы мен дамуы,  сонау ерте замандағы  алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар-тауар) формасында болған.  Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді. Елімізде кәсіпкерліктің пайда болу тарихы міне осыдан басталды.

    Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты – жаулап алу нәтижесіңде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.  Кәсіпкерліктің пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.

   Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарында қиыншылық тудырумен байланысты көпестердің бірігуіне,  сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына –Ост-Индиямен, гудзон шығанағымен  сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте , банк саласында ары қарай жалғасын тапты. Ол-менеджер.

    Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерция жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған .    Ежелгі түрік дәуірінде

Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес ,    сонымен қатар,   мұнда

сауда және қолөнер орталықтары болған.

  XXI   ғасыр  мен   XY ғасырдың  алғашқы ширегіңде Оңтүстік 

Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында

маңызды роль атқарған   Батыс –Шығыс  халықаралық сауда жолы

болған.

         18 ғасырда қазақтар  орта  Азия,  Ресей,  Қытай ,  Иран,

  патшалықтарымен –мал, жылқы , тері, жүн және аң аулау

 бұйымдарымен сауда жасаған .   Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан

Ресейге керуендер жөнелтілген   Орынбор ,   Тобыл,    Семей арқылы

сауда жасау өте маңызды болған.

       Осы кезеңде қазақ даласында сауда-тауар ақша қатынастарының

  дамуы көшпелі –айырбасты,   жәрмеңкелі  және  стационарлық болды.

 Қазақстанның экономикалық өміріне сауда және коммерциялық

қызметі үшін –Трансібір магистралі мен Орынбор –Ташкент темір

жолдары елеулі қызмет атқарған . Осы және бірнеше осындай

жергілікті темір жол нүктелері тек Қазақстан ішінде ғана емес ,

сонымен қатар шетке шығатын саудада маңызды орын алды.

 Сол кездегі кәсіпкерлер династиясының өкілі ретінде-Мусин

отбасын атап өтуге болады.    Бұл көпестік династияны орыс

банкирлері мен өнеркәсіпшілері де өте жақсы таныған. Мұндай сый-

сияпатқа ие болған Мусин отбасы өте мол көлемде капиталдың

қожасына айналды. Олар –қымбат жүн, теріден жасалған

бұйымдармен сауда жасады.

Қорыта айтқанда ,    кәсіпкерлік рыноктық экономикада құлашын

кең жайған құбылыс.  Кәсіпкерліктің негізгі және маңызды

нышандары мыналар:

  1. Шаруашылық субьектілерінің жеке даралылығы және тәуелсіздігі Әрбір кәсіпкер өндірістік, коммерциялық,   қаржылық және тағы басқа да мәселелерді жеке дара тәуелсіз шешеді.
  2. Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға тартушы күші мен факторы –экономикалық -әлеуметтік тиімділік. Өз пайдасын көздей отырып , кәсіпкер,  сонымен қатар,  қоғамдық мүдделерге де қызмет етеді.
  3. Новаторлық , творчестволық алғы шарт Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі өнімнің жаңартылуы , ешкім ойламаған мүлдем жаңа шешімдер қабылдау қабілеті, икемділігі ,  біліктілігі , туындаған  жағдайды дұрыс және дәлме-дәл бағалауы, батыл шешім қабылдап оны жүзеге асыруы.
  4. Шаруашылықтағы тәуекелділігі. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу әрқашан тәуекелмен жүзеге асатын, күрделі де жауапты шаруа.  Мамандар бағалауы бойынша, тексеруден өткізілген жаңа ойлардың ішінен тек екеуге жуығы ғана өз қолдауын табады.
  5. Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.

Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі жағдайда болады.

   Кәсіпкерлік қызметті ұдайы өндіріс циклі бойынша топтап бөлуге болады.

Ұдайы өндіріс циклінің төрт фазасы болатындығы белгілі.

Олар:

  • өндіріс
  • айырбас
  • бөлу
  • тұтыну

Жоғарыда аталған фазаларға байланысты ,  кәсіпкерлік қызметтің түрлерін айтқан жөн.Олар:

  • өндірістік
  • коммерциялық
  • қаржылық

Соңғы кездері қызметтің тағы бір түрі  «кеңес беру»   орын алып келеді.

 Осы аталған кәсіпкерлік түрлерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Өйткені олар қызмет түрлерінің өз алдына жеке түрі және даралық салыстырмалы сипаты  болып табылады.

         Демек олар бір-бірімен тығыз байланыста, өзара тәуелді. Сонымен кәсіпкерліктің барлық түрлерін анықтаушы және буындастырушы-тауар өндіруші.    Ол өндірістік кәсіпкерлік деп  аталады.

Ол ең ұзақ және еңбекті көп қажет ететін поцесс. Сондықтан,  кәсіпкер тез пайда алуға ұмтылғанда,  оның қызметі көп жағдайларда коммерциялық сипат алады.

Кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің өзі бірнеше тармақшаларға бөлінеді. Осылайша, өңдірістік кәсіпкерлік инновациялық, ғылыми-техникалық қызмет,  тауарлардың тікелей  өндірісі,  қызмет көрсету,  оларды өндірістік тұтыну және де осы салалардағы ақпараттық қызмет түрінде болады.

Өндірістік кәсіпкерліктің обьектісі-тауарлар,  қызмет көрсету және капитал. Соңғы жағдайдан қаржылық кәсіпкерлік келіп туындайды.

Өндірістік кәсіпкерліктің зерттеу пәні -өндіріс және капитал, қызметтерді тұтыну сферасы.

Кәсіпкерліктің осы түрінің қызметі өндірістік кәсіпорындармен ұйымдарда іске асырылады,  қызмет жүргізу субьектісі –кәсіпкер –тауар өндіруші.

Кәсіпкер жаңа өндіріс немесе тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрін өндіргісі келген жағдайда , өзінің мүмкін болатын тұтынушыларын анықтап алуы қажет. Демек ұсынылатын қызметтің сұранысын анықтауы қажет. Сондықтан кәсіпкер өзінің қызметінің келесі кезеңінде–нарыққа маркетингтік талдау жасау керек.

Өндірістік кәсіпкерліктің факторларын таңдап алу үшін қажетті қаржылық шығындарын есептейді. Шығынды нақтылы жан-жақты есептегеннен кейін өндіріске қажетті кәсіпкерлік факторлар алынады. Олар- өндіріс қорлары, жұмысшы күші және ақпарат.

Өндіріс қорлары негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі қорға –ғимараттар,  машиналар,  құралдар, жабдықтар,  техника, көлік, ал айналмалы қорға –шикізат , негізгі және көмекші материалдар,  жанармай, қосымша бөлшектер ,   жартылай фабрикаттар жатады.

Сонымен қатар, өндірісті тиімді жүргізуге қажетті мамандандырылған білікті кадрлар жайлы ойластырылады. Өндірістің келесі факторы –ақпарат.  Қазіргі жағдайда мұның өзі маңызды фактор. Ақпарат нарықтық жағдайында дер кезінде дәлме-дәл көрсетіп ақиқатты ашып тиімді нәтижелі жұмыс істеудің алғы шарты және қүралы. Кәсіпкер өндіріс факторларының барлығы дайындалғаннан кейін өнімді өндіруге кіріседі. Тауарды өндіру үшін екі негізгі мәселе өте маңызды. Біріншісі- өндіру техналогиясы. Екіншісі- өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру.

Өндіріс техналогиясы –тауарды өндіруге қажетті операциялар,  қызметтер, жүйелі іс-әрекетттер жиынтығы.

 Өндіріс техналогиясының сапалы қажетті деңгейде болуы. Өндірілген тауарлардың жеке қасиеттеріне  және  сапасына  тікелей  тәуелді.

       Тауар өндіру кезінде,  өндірісті ұйымдастыру кезеңінде өнімнің жеке қасиеттері, дайындау техналогиясы және тауарға деген сұраныс сипаттамалын ескеру  өте маңызды. Өндірістік кәсіпкерліктің келесі кезеңі дайын өнімді сатып өткізу арқылы пайда табу. Пайда жалпылама және баланстық болып бөлінеді. Дәл осы кезеңде өндірістік кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі туындайды.

   Өндіруші кәсіпкердің соңғы қызметі –салықтар ,  әр түрлі есеп айырысулар, айып-пұл төлеу және ақтық немесе таза пайда табу.

Отандық кәсіпкерліктің кең тараған түрі бар.Ол-коммерциялық кәсіпкерлік. Бұны көптеген себептермен түсіндіруге болады. Негізгілері:  коммерциялық кәсіпорыннның пайдасының жоғары болуы; жылдам қайтарымдылығы, жүзеге асыру процесінің оңайлығы,  басқару жүйесінің жеңілдігі , тиімділігі.

“Коммерция” латын сөзінен аударғанда “сауда” мағынасын береді. Олай болса коммерциялық кәсіпкерлік- пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық ,  сауда дайындық жұмыстарының жиынтығы.

Коммерциялық кәсіпкерлік ең алдымен, ақша –тауар, сауда-айырбас операцияларының анықтаушы роль атқаратындығымен сиптталады. Сондықтан,  коммерциялық кәсіпкерліктің мәні-сату,  сатып алу бойынша , яғни ,  тауарларды қайта сату операциялары болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі зерттеу обьектісі –тауар, капитал. Капитал кезінде қаржылық кәсіпкерлік пайда болады.

   Коммерциялық операциялар:

  • Коммерция
  • Коммерциялық қызмет
  • Коммерциялық-делдалдық қызмет:
  • Сыртқы сауда қызметі
  • Кедендік операциялар
  • Лизингтік операциялар

Коммерциялық операцияларды коммерциялық шарттар жасау мақсатында мәмілелер жатады. Сауда процесінде негізгі тұлға -коммерсант. Демек коммерциялық кәсіпкерліктің субьектісі- кәсіпкер-коммерсант. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі қызмет ету сферасы –тауар биржасы мен сауда-коммерциялық құрылымдары. Қызметтің негізі-бизнес –жоспар құру және жұмысын белгілі бір көрсеткіштер арқылы бағалауға болатын сауда-коммерциялық құрылымның түрін,  формасын таңдау. Бұл өте маңызды болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерліктің дамуы, оның экономикалық,  құқықтық , әлеуметтік,  техналогиялық, географиялық және де басқа да қызмет жасау орталарымен тығыз байланыста. 

Коммерциялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру үрдісі өндірістік кәсіпкерлік түріне өте ұқсас болғанымен ,  өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, тауар түрін таңдау өндіріс емес, коммерция үшін жүзеге асырылады,  сондықтанда  белгілі бір талаптарға сай болуы қажет.  Атап айтқанда :

  • Берілген өнімге жеткілікті сұраныс болуы. Олай болмаса сату кезінде өте күрделі мәселелер туындауы мүмкін
  • Белгіленген нысандағы пайданы алу үшін , өткізу бағасы өнімді сатып алу бағасынан жеткілікті түрде жоғары болуы.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі нышандарын атап өткен жөн. Олар:

  • Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі операциялары (сауда және коммерция) адам дамуының барлық кезеңдерінде және әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге тән. Өзіндік ерекшеліктері бар.
  • Коммерциялық кәсіпкерлік –динамикалық үрдіс. Демек, статистика қызметін атқармайды,.Әрдайым сату және сатып алу, тауарлардың, капиталдың үнемі ырғағын біліп отыруы қажет. Кәсіпкер тек бір сағатқа ғана жұмыс істемейді, оның қызметі тұрақты негізде белгілі уақыт мерзімін қамтиды.
  • Коммерциялық операциялар негізіне келісім мәмілелері жатады. Оларға нарықтық агенттерінің ұйымдастырушылық –техникалық қыры мәміленің контрагентін іздеуде, техникалық жағы-техника мен айырбас техналогиясында, ал, экономикалық қыры –пайда табу болып табылады.
  • Коммерциялық кәсіпкерліктің негізі –тұтыну заттарына деген жеке меншікті құрайды.

Коммерциялық кәсіпкерлік –бұл жүйелік құбылыс. Оның дамуының ішкі даму күштері болады. Олар: бәсекелестік, ұдайы өндіріс және қамсыздандыру жүйесі, іскерлік қатынас субьектілерінің тікелей байланыстары; жеке инфрақұүрылымдар. Бұған банктер, биржалар, ақпараттық жүйелер,  консалтингтік және  аудиторлық компаниялар жатады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің обьектісі капитал болғанда қаржылық кәсіпкерлік қызмет туындайды. Демек,  қаржылық кәсіпкерлік ерекше түрі деген тоқтамға келген жөн.

Қаржылық кәсіпкерліктің обьектісі- ерекше тауар. Олар: ақша. валюта, бағалы қағаздар. Қаржылық кәсіпкерлік –айналыс сферасындағы, құн айырбас саласындағы процестер. Оның негізі –ақша, валюта ақшалық –қатынастар. Дәлірек айтқанда бір ақшалардың тікелей немесе жанама формасындағы сатылуы.

Субьектісі-қаржылық кәсіпкер. Қызмет жасау ортасы –коммерциялық банктер , қор биржалары.

Қаржылық кәсіпкерлік бағалы қағаздарды талдаудан басталады. Ол үшін:

  • Коммерцияға “қаржылық тауар” түрін таңдауға әрекет жасау.Ерекше тауар түрлері ақша ,  валюта немесе бағалы қағаздар;
  • Болашақтағы тұтынушыларды іздеу , табу және тарту:

Қаржылық кәсіпкердің қорытынды кезеңі-мемлекеттік немесе жергілікті бюджетке салықтар мен басқа төлемдерді төлеу.

Қаржылық кәсіпкерлік сонымен қатар, өндірістік кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері. Осындай жағдайда кәсіпкер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде көрініс алады. Қаржылық кәсіпкерліктің бұл формасы негізіне ,  кәсіпкерлік –кәсіпорындар үшін қажетті.

Кеңес беру кәсіпкерлігі басқа кәсіпкерлік түрлеріне  қарағанда өте табысты . Жұмысты іске асыру формалары сан алуан.  Олардың ішінен кең тарағаны бір мәрте ауызша кеңес беру,  ең жиі кездесетіні –консалтингтік жобалар. Кеңес беру кәсіпкерлігінің алғы шарты,  ол-қажеткер-тапсырысшының болуы. Тапсырыстың әртүрлі бағытта түсуі мүмкін. Бұл фирманың жалпы басқаруына және жеке өзекті мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда әкімшілік, қаржылық басқару шешімдері, кадрларды басқару, маркетинг, арнайы қызметтер .

           Ол үшін кеңес беруші –фирмаға тапсырыс беруші фирма жайында , оның өндірістік,  қаржылық, коммерциялық кадрлық және басқа да мәселелері бойынша кең мағлұмат беруі қажет. Алынған ақпарат бойынша,  фирма жағдайының жақсаруының жолдары мен әдістері анықталады.

Жұмыстың келесі кезеңі –кеңес беруші және тапсырыс беруші –фирмалар арасында мәмілеге келуі. Мәміледе жұмысты іске асыру формасын, тапсырысты орындау мерзімдері келісіледі.

Жобаны жасау кезінде кеңес беруші фирма компания мүддесін сақтап қалуы үшін,  ынталы жоғары деңгейде жұмыс жасайды. Біріншіден, жобаны жүргізу мерзімін мұқият қадағалайды. Екіншіден,  көрсетілетін қызметтің өзіне тән сипатына байланысты , жұмысты жүргізу барысында тапсырыс берушілердің мүддесімен санасу , оларға әр түрлі ыңғайлы және тиімді жолдарын ұсынады.

Қорытынды кезеңде жобаны іске асыру бойынша жазбаша есеп беру және қосымша ұсыныс жасау тізімін берген жөн.

           Жалпы қарастырып өткен кәсіпкерлік теориясының дамуы мен түрлерін талдауда біз кәсіпкерліктің тұлғалық экономикалық және ұйымдастырушылық, жаңашылдық тәуекелге барушылық сипатын көрсететін қызметтік көзқарастың басылымдылығын байқаймыз. Қарастырылған кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы орны мен маңызын айқындайды. Кәсіпкерліктің экономикалық  табиғаты ынталылықты, коммерциялық тәуекелділікті шаруашылық жауапкершілікті, жаңашылдықты өндіріс факторларын икемдеуді талап ететіндіктен Қазақстан Республикасы экономикасында кәсіпкерліктің өркендеуіне кәсіпкерліктің жоғарыда аталған ерекшеліктері  маңызды және ынталандырумен сипат береді деп ойлаймыз. Кәсіпкерліктің қазіргі кезеңі фирмалардың  қызметтік ерекшеліктеріне байланысты және меншік қатынасының өзгеру миханизімімен міндетті түрде бірігеді. Екіншіден  кәсіпкерлік теориясында негізгі  обьектілері тек кезеңдерге ғана бөлінбейді, олардың іс-әрекеттері мен де көрсетіледі. Отандық кәсіпкерлікті  дамыту тұрғысында оның тарихи белгілеріне қарағанда субьективті белгілері маңызды роль атқарады.

      XX ғасырдың басына дейін индустриялды өндіріс өткен «дәстүрлі өндірістің» ірі тарихи кезеңінде болмаған, экономикада өндірістік ресурстарды рационалды пайдалануға алып келді. Нақ осындай экономикада өзінің  белгілі бір даму сатысында өндірісті  ұйымдастырудың   коорпаративті формасына қажеттіліктің негізгі нысаны болды. Ресурстардың (қажеттілік пен салыстырғанда) немесе қажеттілікті (ресурстармен салыстырғанда) басымдылығы туралы мәселе практикада өзекті мәселе болып табылады. Оның қолданбалы мәні экономиканы тұтасымен толық ұйымдастыруды талап етеді.

  Рынок экономикасы қалыптасып, ілгері дамыған  кезеңінде еркін бәсеке кең тарады,  рыноктың қызметтің өкілі ретінде жеке капитал болды. Мақсаты өз шығындары мен пайдасын есептеу және өндірісті рыноктың ұйымдастыру барысында өнеркәсіпті шоғырландыру болғанымен, оның үлес салмағы айтарлықтай көп болмады.  Өндірісті шоғырландыру  тенденциясы күшейді. Оның басты мақсаты — өз шығындары мен табыстарын жүйелеу немесе реттеу. Бірақ өндірістің рыноктық ұйымдастыру өндірісінің шоғырлану тенденциясын күшейтеді. Бірте-бірте өндірістік бизнестің ұйымдық құрылымының жіктелуі байқалып, жеке капитал формаларымен қатар құрылым формалары- монополиялар пайда бола бастады. Монополия билігі бәсекені  күшейтті. Ол бәсекелестік күрестің өте қатаң және жаңа формаларының туындауына әкеліп соқты. Анықтаулар бойынша таза монополия жағдайында жеке бәсеке болмайды,  яғни монополия бәсекенің карама- қарсылығы болып табылады.. Бәсекелестік – мүддеге байланысты ,ал мүдде монополияны туындатады. Қысқаша айтқанда бәсекелестік монополияға айналады;  сонымен қатар ол — өзі-ақ бәсекені туындатады.

   Пайданы жоғарлату немесе ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік сектор капиталды болу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да қызмет етуші өндірістік және ақшалық деп болу нәтижесінде акцонерлік қоғамдар құрылып кең өріс алды.

  Акционерлік қоғамдар- бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен құрылатын капиталисті бірлестік. Алғашқы  ашық акционерлік қоғамдар Англияда (1600 ж ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік капитал экономикалық құрылымның маңызды құрамына айналып, капиталды жинақтау болып табылады.

Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін  жүргізудегі тұтыну мен байланысты.

Акционерлік қоғамда меншік жоғары икемділікпен  сипатталады. Біріншіден уақытша бос құралдарды шаруашылыққа кең қолдану, және екіншіден  жұмысшының қоғамдылық шеттетіуін  реттеу,  ішкі өндірістік процестегі экономикалық қатынастарды үйлестіруге себеп  спецификалық ерекшелігінің мәні-жұмысшылар арасында, акцияларды тарату, компания ісіне жеке қатысуының деңгейі  аз болғанынына қарамастан, біріге иемдеушілік сезімін тудыру.

Кәсіпкерлік қызметтінің акционерлік формасының ары-қарай дамуы меншіктің жаңа үлесіне негізделетін шектеулі жауапкершілікті қоғамдар әртүрлі серіктестер, яғни компанияның ұйымдық –құқықтық формасының  құрылуынан көрінеді.

Жауапкершілігі шектеулігі серіктестік тек мүліктік емес, өз аайырмашылықтары бойынша ғана, жауапкершілігі болатын қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтары төмендегідей:

  1. акционерлік капиталдық жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының құрылтайшы компанияның акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды, ол сонымен қатар жазылым инкорпароциясы процессінде барлық тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен құрылады. Жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оны құрылтайдың пайыздық салымдары есебінен де  құрыла алады.
  2. Акционерлік қоғамды-құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері және бір акцияның ең аз мөлшері анықталуы қажет. Жеке меншік шаруа қоғам құру үшін, жарғылық қоры көп мөлшері аз болады.
  3. Акционерлік қоғамды құру үшін қатысушылардың белгілі бір мөлшері қажет, әдетте акционерлердің жоғарғы шегі орнатылмайды, әдетте, жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы акционерлік санына қарағанда өте аз мөлшерлігі болады., ал кейбір мемелекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы   пайщылардың саны, компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамда  бір адам да (мысалы Жапония мен Германияда мемлекеттерде құра алады.) бола алады.
  4. Егер, антиманополиялық заңдылықты бұзбаса, акцияның бір меншік иесінен екіншісіне өтуі шектелмейді. Акционелер қор биржаларында рыноктық бағамен еркін сатылып және сатылып алынады. Жеке шаруа қоғамда пайда беру серіктесінің көбісінің немесе барлығының қолдауы арқылы жүргізіледі.
  5. Жауапкершілігі шектеулі қоғамды құру тәртібі акционерлік қоғамға қарағанда жеңіл, ал оған кеткен уақыт пен құралдың шығыны да төмен.

       Қазіргі экономикадағы  өте ірі фирмалар көп. қаржыны және өндірістік ресурстарды ұзақ мерзімді инвестицияларды капиталды сарттық капиталды талап ететін  бизнес, тап осы екі құқықтық формада қызмет етеді. Сондықтан,  қазіргі кезеңде корпарациялар құқықтық формада болады.

Форманың өндірістік қызметі:

 Максималды  арнайылылық, монополицияға әкелетін факторларды ескермеу, шығындарды үнемдеу сияқты элементтермен сипаталады. Болашақта мақсатты қойылымға ілесу фирма аралық өзара қатынастарды дамытып онан әрі «бәсеке-монополия » байлықтың қайшылығын күшейту. Осы қарама-қайшы бірлікті шешу әдістерінің бірі-корпаративті кәсіпкерлікті құру. Осындай жағдайларда дамытатын орта-корпаративті бизнес секторы, «жетілген бәсекемен» қатар, нарыққа жат монополизнен кетуге ұмтылады. Осы корпаративті бизнестің мәні – нарықтық жүйені қамту .

Кәсіпкерлік жүйені құру барысында оның өзіндік құрылымына , көрсеткіштеріне  және  де түрлеріне аса жоғары түсіністікпен , шыдамдылықпен қараған жөн. Өйткені , нарықтық экономикада кәсіпкерлікті басқаруда көптеген қиындықтырға тап боласың . Ол жағдай Үкімет тарапынан кездесіп отырады , сондықтанда    нарықтық экономикада өмір сүру үшін кәсіпкерліктің барлық жағдайын еске ұстаған жөн .

     Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке әсер ететін көрсеткіштердің бір түрі ол– салық салу формасы. Салық салу кезінде алдымен алынған табысқа күрделі – үдемелі ставка көрсеткіші қлданылады: жеке кәсіпкерлер үшін үш деңгейлі , заңды тұлғалар үшін  – төрт деңгейлі. Жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген нысан бойынша салынған салықты жеке бастық табыс салығы мен әлеуметтік салық , ал , арнайы салық тәртібін қолданушы заңды тұлғалар үшін корпоративті табыс салығы мен әлеуметтік салық алмастырады.

Қорыта айтқанда, кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар өте көп және кәсіпкерліктің даму тенденциясына да көңіл бөлген жөн. Экономика кәсіпкерліктің дамуы,  ойшыл- ғалымдардың көзқарастары да кәсіпкерлікті ашып көрсете алмайды .  Өйткені, кәсіпкерліктің дамуына алдыға қоймаған мақсаттар кері әсерін беруі мүмкін. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызмет экономика дамыған сайын жаңа үрдістер мен түрлерге ие болып отырады. Бұның бәрін назарда ұстап отыру мүмкін емес,  алайда , ол назардан тыс қалуға да болмайды.  

 

 

  1. 2 Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері.

 

         Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау мақсаттарына байланысты болады:

  • Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай да бір элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
  • Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
  • Жоспарлау міндеті. Түрлі реурстардың немесе осы ресурстардың түрліше ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
  • Басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу.

     Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және коммерциялық қызметі қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген түрлеріне ықпал етеді. Сонымен, оларды пайдалану мәселесі мынадан тұрады: олардың бірде- бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада , бизнесте қол жеткен табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туады. Сондықтан да, практикада әр уақытта бір- бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын көрсетеді.

 

Сурет № 1. Кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері.

Принциптері.

Принциптің мазмұны.

 

Нақтылығы

Талдау нақтылы деректерге негізделеді , оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдалынады.

Жиынтылығы

Процессті обьективті  бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу.

Жүйелілігі 

 Бір- біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу , бірақ оқшаулау емес.

Тұрақтылығы

Талдауды түпкілікті , алдын  ала белгілі аралық уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға  дейін емес.

Обьективтілігі

 Экономикалық құбылыстарды тәжірбиелі және әділ зерделеу , обьективтік қорытындылар жасау.

 

Пәрменділігі

Практикалық мақсатқа пайдалану , өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қортындысының жарамдылығы.

Үнемділігі

Талдауды жүргізуге байланысты шығындар , оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.

Салыстырымдылығы

 

 

 

 Деректеу және талдау қорытындылары бір бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) түрде жүргізуге қорытындылардың сабақтастығы сақталуы қажет.

Ғылымдылығы

Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

 

     Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөленеді. Талдау мақсатына байланысты көрсеткіштер:  абсалюттік , салыстырмалы және орта мөлшерлік нысаны түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық анықтықты   (кеңістік, уақыты және мөлшері)   болады.

Нарықтық қатынастарға өтуде экономикалық,  қаржылық және статистикалық көрсеткіштер жүйесі олардың есеп айырысу бөлігі және есеп жүргізуі қалай болса,  шешімдерді негіздеу рөлі солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге ұшырайды. Мысалы,  шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында кәсіпорын қызметін бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды рөл атқарады:  жоспарлы орындау,  тауарлы өнімнің  мөлшері, жалпы өнім мөлшері ,    ал  нарықтық жағдайда:  бірінші кезекте сату мөлшері,   пайда,  пайдалылығы және толып жатқан оңтайландырулар.

Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге болады:

  • Бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі немесе не ол,  не бұл қызмет нәтижесін сипаттайды.
  • Жұмсалмалық, қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты жұмсалатын шығындар деңгейі .

Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды бағалық көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • Кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері,
  • Жалпы табыс
  • Шартты таза пайда
  • Шартты таза өнім
  • Процент төленгеннен кейінгі пайда
  • Салық төленгеннен кейінгі пайда
  • Барлық қосымша төлемдерден кейінгі пайда
  • өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі өтімділігі,
  • дивиденд төленгеннен кейінгі өтімділік.

 

 

 

 

Сурет-2   Өнімді пайдаланудың тиімді жақтарын бағалау.

 

 

Өнімді дайындау процесінде .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың практикалық қызметінде кәсіпорын өзін ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды. Сатудың жалпы мөлшері – бұд тауарлар және қызмет көрсету құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формуламен анықтайды :

                            Q=   Б×N

Мұнда ,  Q – сату мөлшері ;

                 Б- тауардың бір өлшемінің бағасы,  теңге

                 N – сатылған тауардың мөлшері,  теңге

   Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізін  қорытындылайтын баға көрсеткіші болып есептелінеді.

Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар,  материалдар,  жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элеметтерінің құнын анықтайды.

Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланады.

Шектік таза өнім-бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы  (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер , амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.)

Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсіткіштермен қаралады:

  1. Кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
  2. Өнім сапасының көрсеткіштері ,
  3. Тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері
  4. Кадрларды дайындау , қайта даярлау көрсеткіштері.

Есеп айрысуда ең күрделісі – сапа көрсеткіштері болып табылады. Сол себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты  жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың  кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары (өнімдер), тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша бағаланады.

  Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең таралғандары:

  • өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері
  • өндіріс шығындары құрылымының көрсеткіштері

Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:

  1. Кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда деңгейі;
  2. Сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі
  3. Шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың арақатынасы.

 

 

Екінші топқа жататындар :

  1. Жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда деңгейі,
  2. Тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы құнының қор деңгейі.

 

 

Сурет-3.              Тауардың бәсекеге жарамдылығының блок-схемасы

Тауарға қойылатын талапты тұжырымдау

 

 

Бағалауға жататын параметрлар тізбесі

 

 

Параметрлерді салыстыруды топтастыру

 

 

Экономикалық

 

Пайдаланушылық

 

Техникалық

 

 

Қанағаттанарлық

 

Бағалау

 

Қанағаттанарсыз

 

Бәсекеге жарамдылықты арттыру шараларын әзірлеу

 

Тауар өндірушілер

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын қызметін жүйелі жан –жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:

  • Жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
  • Тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке алу;
  • Баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысын  анықтау.
  • Жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу мәселесін табу.

Әр уақытта мынаны естен шығармау керек , шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту мүмкін емес . Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін , басшы кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі керек.

     Кәсіпорынның инновациялық  қызметі  — бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,  не қызмет көрсетуі, оларды  өндірудің  жаңа  әдістерін қолдану  мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты,  сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын  қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

   Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

  • өнімділік
  • үдерістік

        Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның  түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа  технология негізделеді,  не  тіршілікте қолданылып жүрген технологияның  жаңа  түрінде пайдалануын  ұштастырды.

    Процестік инновация –  бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс  тәсілін және технологияны  едәуір жетілдіру, жабдықтарды  және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

     Жаңалық дәрежедегі инновация  негізінде жаңа, яғни өткен, отандық  және  шетелдік  практикада ұқсастығы жоқ және жаңа  нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып  ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет  көрсетуі басымдық , абсалюттік  жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп  нұсқасы болып табылады.

   Инновацияның өмірлік  кезеңі  өзара  байланысты  процестердің және  жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік  кезеңі  уақыт  аралығы  ретінде  идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастанға дейінгі  инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

     Кәсіпорынның инновациялық қызметін  әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

  • жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа  түрлерін,  жаңа  констукцияны және  бұйымдарды  дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық  жұмыстарды  жүргізу ;
  • өнімнің жаңа түрлерін дайындау  үшін  шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін  таңдап  алу;
  • жаңа өнімді дайындауға технологиялық  процесті әзірлеу;
  • қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау,   сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
  • жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
  • қажетті ақпараттық ақпаратпен ресурстарды және инновацияны қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
  • қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді  арнайы әдіспен іріктеу;
  • лицензиялау, патенттеу, ноу –хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
  • инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

          Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде– жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және техника мен технологияның тиімділігі.

Техникалық –ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері ,   яғни техниканың , технологияның, ұйымдастырудың,  басшылықтың және ғылыми–зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық –ұйымдастыру  деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары,  еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткішті,  еңбек өтімділігі,  қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның  экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар  қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

   Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:

  • еңбек өтімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
  • материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсіну), материалық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
  • негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор сиымдылығының төмендеуі) негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
  • айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
  • қарқындату есебінен еңбек материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
  • пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі ;
  • кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.

        Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу–ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты.

       Инвестициялық қызметтің кәсіпорын саласында алатын рөлі өте ерекше . Өйткені,  инвестиция қызметі арқылы кәсіпорын өз ісін бастай алады. Сол үшін де инвестиция қызметін ашып көрсетуміз қажет.

      Негізгі қорға қаржы жұмсау  ( өндірістің негізгі қоры)   қосалқы қорларға,  резервтерге , сондай – ақ пайда дивиденд және басқа да табыстар  табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды.  Инвестицияны материалдық–заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады.  Материалдық –заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес обьектілер,  жабдықтар,  машиналар және т.б., сонымен қатар,   ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған,  ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық––заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

    Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестициясы деп атайды. Ол – негізгі капиталдың (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталған. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі – амортизация. Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.

       Екінші біріктіршісі  таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы жұмсауы,  негізгі қорларды арттыру,  өсіре беру,  ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндірістің салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік– мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын обьектілерге, олардағы қолданылып жүрген техникамен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

       Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында  инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін,  өнімнің сапасын арттыратын,  шығындарды азайтатын,  өндіріс қуаттарын кеңейтетін,  өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және нарықта өзінің жайғасымын нығайтатын болса,  онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы  айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.

        Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:  көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

  Сонымен,  жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар,  акциялар және басқа  да  құнды қағаздар,   технология,  машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер,  кез келген басқа да мүліктер    немесе мүліктер құқығы,  зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда  (табыс )  және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.

       Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға,   сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.

 Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты.   Инвестиция – бұл ресурс,   оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады:   ресурс шығындары және нәтижелілік ,   яғни инвестициялар    өз нәтижелерін бермесе , онда олар пайдасыз болғаны.

 Инвестициялар қаржы ресурстарын  пайдалануда қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді  күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелділік (венчурлік), тікелей портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.

       Венчурлық капитал – үлкен тәуекелге  байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар  формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлық капиталға жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды.   Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік кәсіпкерлік.

     Тікелей инвестициялау – шаруашылық субьектілердің табыстар түсіруіне және осы субьектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталдың жұмсалуы болып табылады.

 Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты  (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы)  және құнды қағаздарды  сатып алу,    сол сияқты басқа  да  активтер болып есептелінеді .

Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін,  сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

         Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға,  тауар өндіру және қызмет етуді  жоғары  тиімділікпен нарық қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.  Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту,  ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.   Күрделі қаржы өндірісті дамытудағы инвестицияның негізі ретінде бұл жаңадан салынатын құрылысқа,  кеңейтуге,  қайта құруға, техникамен қайта жабдықтау және қолданыстағы өндірісті қолдауға, сол сияқты тауар–өндірістік қосалқы қорлар жасауға,  қаржыларының өсуіне және материалдық емес активтерге қаржы жұмсау.

  Күрделі қаржы – капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар. Күрделі қаржы кәсіпорынның тіршілік етуінің қажетті жағдайы болып табылады. Оның құрамына кіретіндер: құрылыс–мантож жұмыстарына кететін шығындар;  негізгі қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар, ғылыми – зерттеу,   жобалау– іздестіру жұмыстарының шығындары.

  Күрделі қаржыларды пайдаланудың маңызды бағыттары:

  • жаңа құрылыстар,  яғни жаңадан игерілетін алаңда жаңа кәсіпорындар салу,
  • қолданыстағы кәсіпорындарды екінші және кейінгі кезеңдерде салу арқылы оларды кеңейту, қосымша цехтар мен өндірісті іске қосу, әлдеқашан жұмыс істеп тұрған негізгі және көмекші цехтарды кеңейту;
  • қайта құру немесе жаңғырту, яғни кәсіпорынның қызмет процесіндегі жаңа құрылысты салусыз немесе қолданыстағы негізгі цехтарды кеңейтусіз жүзеге асырылатын ішінара немесе толық өндірісті қайта жайластыру;
  • қолданыстағы кәсіпорындарды техникамен қайта жабдықтау, яғни жаңа техниканы, технологияны игеру, механизациялау, автоматтандыру, тозған жабдықтарды қайтадан жаңғырту арқылы кейбір өндіріс учаскелерін және агрегаттардың техникалық деңгейін арттыру.

          Қорыта айтқанда, күрделі қаржыны мемлекет тарапынан қаржыландыру  келешекте сөзсіз азая бастайды,   бірақ олардың көлемінің  кемуінен  кәсіпорынның меншікті қаржы есебінен толықтыруға болады. Ол үшін кәсіпорындарға мемелекет тарапынан тиісті жағдайлар жасау қажет. Сонымен, күрделі қаржы кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметін басқарудың басты  экономикалық  тетігі  инвестициялық саясатты анықтаудың негізгі құралы болып саналады. Кәсіпорындарға бөлінетін күрделі қаржы, біріншіден, банктер тарапынан несие беру арқылы, екіншіден, мемлекеттік бюджеттен, үшіншіден, кәсіпорындардың өздерінің қаражаттарынан құралады.   Басқаша айтқанда,  негізгі өндірістік қорларға жұмсалған күрделі қаржы есепке алынады деген сөз, ал өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларға жұмсалған күрделі қаржының тиімділігі құрылыс пен қор сақтау шығындарын жеке қызмет көрсету дәрежесі және осы обьектілердегі басқа да нормалары бойынша салыстыру арқылы есепке алу керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2. Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан     Республикасында даму жағдайы.

 

  • Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму беталысы, кемшіліктері және оны шешу жолдары.

 

          Қазақстан Республикасының нарықтық экономика  даму жолында көптеген     қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін   жеңе  білуде,   кейбіреуінің салдары әлі білінуде.

Республикамыздың үкіметіміздің алдында жоғары   аталған,   яғни нарықтық экономиканың амал -тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлік пен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз-тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту,     әлем таныған өркениетті ел болу.

Ел экономикасын дамытуға отандық өндірістің қай меншікте болмасын өндіріс орындарында  шағын, орта және ірі кәсіпорындар нарықтық экономика жағдайында көрсету ел экономикасына  мемлекеттік бюджетке тиімді болып табылады. Қазақстанның нарықтық экономикасында кәсіпорындардың  дамуының баяу болуы ; 

  1. Өндіріс құралдарының тапшылығы
  2. Тауар тораптарының тапшылығы:
  3. Сұраныс тапшылығы:
  4. Ресурстар тапшылығы .

   Қазақстандағы кәсіпорындардың дамуына кедергі болып тұрған негізінен    макроэкономикалық факторлар ,   атап айтқанда:

  • қаржы ресурсарының жеткіліксіздігі мен инвестициялық белсенділіктің        әлсіздігі,
  • бюджеттің әлеуметтік тұрғыдан алғандағы қатаң жобасы, жұмыссыздықтың жоғарғы   деңгейі,  төлем қабілетін төмендетіп, бюджет тапшылығы жағдайында өндіріс талаптарын бере алмауы, өнімді өткізудегі қиындықтар
  • импорттық өсуі жағдайында ұлттық тауардың бәсекелік қабілетінің төмендеуі:
  • салық жүйесінің жетілмегендігін атап көрсетеді.

Республика экономикасын ойдағыдай  реформалаудың  маңызды  индикаторларының  бірі  негізгі  өндіретін және салық төлейтін орта және ірі кәсіпорындардың  қаржы жағдайы  болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіштерді ескере отырып еліміздегі кәсіпорындардың даму тенденциясына көз жүгіртейік.

      2005  жылдың  бірінші жарты  жылдығында  республиканың орта және ірі кәсіпорындары  (ұйымдары)  1599,6 млрд.  теңге сомада  өнімдер  шығарды  және  қызметтер көрсетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 20,8℅- ға (1323,9 млрд. теңге ) жоғары.  Меншік нысандары бөліндісінде  өндірілген өнімдер  көлемінің қомақты  үлес  салмағы жеке меншік  нысанындағы кәсіпорындар  -15,4℅( 245,9млрд. теңге)  үлесінде,  мемлекеттік меншік нысанындағы  кәсіпорындар  үлесі  3,1℅(49,4) млрд. теңгені  құрады.  Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің негізгі  өндірушілері болып тұрақты түрде өнеркәсіп  орындары  қалып отыр -58,3℅ (2004 жылғы тиісті кезеңде-61,5℅),  соның ішінде шикі мұнай және  және табиғи газ өндіру -33,4℅(24,5℅).

Өндірілген өнімдердің жалпы көлемінің негізгі бөлігі -1523,9 млрд. теңге  (95,3%) іске асырылады.  Тауарларды,   қызметтерді  өткізуден түскен  табыс 2361,5млрд. теңге сомасында қалыптасты  және 2005 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 26,2%-ға  (1872млрд. теңге ) асып түсті.  Өткізуден  түскен  табыстың негізгі үлесі -97% (2290млрд.теңге)  ақшалай есеп айырысуға жатады.

Өңірлік деңгейде өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер ) шығару көлеміндегі қомақты үлестегі салмақ   Астана -19%( 304, 4 млрд.теңге ) мен Алматы – 17, 1 %  (273,8 млрд.теңге),  Атырау облысы – 13, 1% ( 210, 2 млрд. теңге) кәсіпорындарының еншісінде.

 

 

 

 

2005 жылдың бірінші жарты жылдығындағы кәсіпорындардың кәдуілгі қызметімен байланысты шығыстары 1980,9 млрд. теңге сомасында  қалыптасты және 2004  жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 22,8%- ға (1612,7 млрд.теңге)  жоғары болды. Өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар -69,6% (1378,8 млрд.теңге), кезең   шығыстары -24,6% (486,8млрд. теңге ) және негізгі емес қызмет шығыстары 5,8% (115,3 млрд. теңге ) құрайды.

Кәсіпорындардың жалпы шығыстары құрамында  мөлшері бойынша қомақты жол – материалдық шығындар,   олардың үлесі 2005  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 4,2 пайыздық пункте  өсті және  47,1% (933,2млрд. теңге) құрады.   Шығыстардың жалпы сомасынан   13,5%  ( 267,4 млрд. теңге), негізгі құрал- жабдықтар мен материалдық емес активтердің амортизацияларынан 8,1% (169,5млрд. теңге) құрал, еңбек ақы төлеуге  шығыстар үлесі 0,8 пайыздық  пункте өсті.

           Шығарылған өнімдердің ( тауарлардың, қызметтердің ) 1 теңгесіне есептелген  материалдар шығысын  бейнелейтін  материал   сиымдылық коэффициенті, 2004 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда тұтастай  республика  бойынша 0,52   теңгеге қарсы  0,58    теңгені құрады. Шығарылған  өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) 1 теңгесіне есептелген еңбек ақы төлеуге жұмсалған  шығындарды көрсететін еңбек  сиымдылық коэффициенті дерлік  2004  жылдың тиісті  кезеңіндегі деңгейде  қалды. Өткізілген өнімдердің    теңгесіне  жұмсалған шығынды  ағымдағы бағада 2005  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  0,60 теңгеге қарсы 0,61 теңгені құрады.

2005 жылдың бірінші жарты жылдығындағы республиканың орта және  ірі кәсіпорындарының   қаржы- шаруашылық қызметінің  нәтижесі 611,4 млрд.теңге табысты  құрады  және 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45,8-ға (419,2млрд. теңге)  өсті.  Табысты  кәсіпорындардың үлес 2,4 салмағы   пайыздық пункте өсті және есеп  бергендердің жалпы  санынан   60,8 құрады.   Табыс  негізгі  қызметтен де, негізгі емес  қызметтен де құралды. Экономикалық қызметтің барлық  салаларында оң нәтиже  қалыптасты, ал мөлшері бойынша аса мол  табыс өнеркәсіп  -470,2  млрд.теңге (76,%) , көлік және  байланыс -94млрд.теңге (15,4%) сияқты салаларда орын  алады. 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында республиканың ірі және орта кәсіпорындарының шеңбері  бойынша тұтастай  алғанда пайдалылық деңгейі өткен жылдың  тиісті кезеңіндегі  қорытындымен  салыстырғанда 5,6  пайыздық пункте (27,9%-дан5%-ға)   көтерілді,  бұған бірінші кезекте,   кәсіпорындардың негізгі  емес қызметінің   қаржы нәтижесінің өсуі себептігін тигізді. Өнеркәсіп   кәсіпорындарының қызметі  аса табысты болды ,   одан кен өндіру  өнеркәсібі — 57,8%  өңдеу-30,2%,  электрэнергиясын, газ бен су өндіру және бөлу бойынша  — 6,1%. 

_Өндірістің пайдалылығы кәсіпорыннның қаржы жетістігінің    негізі және салықтар мен алымдарды дер кезінде төлеудің кепілдігі болып табылады. 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында бюджетке түскен салық төлемдерінің сомасы -406 млрд теңгені құрады немесе аударымдар деңгейіне   

 

92,1%. Кен өндіру саласында кәсіпорындары- 40,9% , көлік және байланыс кәсіпорындары-   12,7% негізгі   салық төлеушілері болып табылады. Өңірлік деңгейде салық төлемдерінің қомақты үлесін Атырау-22,3%, Маңғыстау              7,1% облыстары, Астана -16,2% мен Алматы-3,5%  қалары қамтамасыз етеді.

        Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынына шаққандағы саны кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік практикада қабылданған көрсеткіші болып табылады.Халықаралық кәсіпкерлік белсенділігі Алматы (1000 тұрғынына шаққанда 26,6 кәсіпорын ) және Астана (18,9) қалаларында , сондай-ақ  Маңғыстау(9,1) және Атырау (7,0) облыстарында аса жоғары. Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің  1000 тұрғынына шаққандағы 44,4 шаруа қожалығы ),  ал Алматы- 31,5 және Шығыс Қазақстан 22,3  облыстары көзге түседі.

 

 

 

 

2005жылғы  1  қаңтарға, есептік деректер бойынша республиканың шағын бизнес      кәсіпорындарының жұмыс істейтіндер саны  2004 жылғы  1  қаңтарға қатысты  8,7% өсті    және     524,6 мың адамды құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандың   31% -дан астамы сауда, автомобильдерді тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу саласына қатысты шағын бизнес кәсіпорындарында,  -16,9%  құрылыс және 15,1% өнеркәсіп кәсіпорындарында  жұмыспен қамтылған.

 

 

 

 

 

Тіркелген кәсіпорындар, бірлік

 

76743

87995

102182

116924

130779

145087

157568

Тіркелген жеке кәсіпкерлер, бірлік

 

…….

…….

144257

197213

260937

321838

394672

Тіркелген шаруа қожалықтары

 

…….

105170

119060

137870

149357

176110

186882

Республика бойынша тіркелген шаруашылық жүргізуші субьектілердің жалпы санындағы тіркелген шағын бизнес субьектілерінің үлес салмағы , пайызбен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

……..

….…..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

87,1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

88,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

89,8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

90,8

91,4

Шағын бизнестің жұмыс істеп  тұрған субьектілері 

Соның ішінде:

…….

…….

289496

366434

431503

497871

569127

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар , бірлік

63422

67059

77398

87173

93494

103291

115126

жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер

бірлік

…….

……

119038

169781

215116

247688

297234

Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары, бірлік

……

76373

93060

109480

122893

146892

156767

Республика  бойынша жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субьектілерінің жалпы санындағы шағын бизнестің бизнестің жұмыс істеп тұрған субьектілердің салмағы, пайызбен

……

……

84,6

88,3

89,3

90,1

90,7

 

         Өңірлер  бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Алматы   (8,3) қаларындағы , сондай-ақ Шығыс Қазақстан (8,2%) және Қарағанды (7,4%) облыстарындағы шағые бизнес кәсіпорындарында шоғырланған.

      Белсенді кәсіпорындардың көпшілігі  (35,9% ) саудаға; автомобильдердің, тұрмыстық бұымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуге маманданады, өйткені қызметтің бұл түрі шағын бизнес кәсіпорындарында кеңінен таралған. Белсенді кәсіпорындардың 15,6%  — і құрылыспен  ,   14,6%- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялармен , жалға беру және  тұтынушыларға қызмет көрсетумен, 13%-өнеркәсіптік қызметпен айналысады , олардың көпшілігі өңдеу өнеркәсібіне келеді.

   2006 жылдың 1 қаңтарында республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны есептік деректер бойынша 538,7% мың адамды құрады. Шағын бизнес  кәсіпорындарында   барлық жұмыспен қамтылғандардың 30% -дан астамы саудаға: автоиобильдерді. тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуге,  17,7% -құрылысқа және 14,7%  өнеркәсіпке келеді.

  Сонымен қатар көптеген кәсіпорындар өзара берешектер салмағы аса жоғары, олар кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайына кері  ықпалын тигізіп отыр.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың  экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген іс-шаралар қарастыратын,  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту концепциясын жасау қажет. Өйткені, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін концептуалды түрде шешу үшін шағын және орта бизнес саласына бағытталған өнеркәсіптік саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ,  кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.

Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық –базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де, мемлекеттің де, мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөлімдерден тұрады.

Концепцияның мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін өңдеу болып табылады.

     Осы мақсатқа  жету үшін келесідегідей басты міндеттерді шешу қажет:

  • Құқықтық өндірістік ресурстармен қамсыздандыру:
  • Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру.
  • Нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту.
  • Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру:
  • Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау:
  • Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру .

    Концепцияда келесідей кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:

  1. шағын және орта бизнесті қолдау;
  2. дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту;
  3. жаңа техналогияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру;
  4. қайта өңдеу өнеркәсіптері жүйесін дамыту.

     Халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде

  1. отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
  2. импортты алмастырушы тауарларды өңдеу;
  3. экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару.

    Жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:

  1. ғылым сыйымды өндірістерді ұйымдастыруда және дамыту;
  2. шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін , аймақтық инновациялық және техналогиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту;
  3. көлік , байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде техналогиялық және зерттеу парктерін, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру;
  4. Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.

Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған,  қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен жаңа заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар, жалпы кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірбиесі үйретіліп, кәсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуы мен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі.

       Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың экономикадағы  өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да,  кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдері мен бірге пайданылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал жабдықтарды,  жер учаскілері мен алаңдарды, аяқталмаған құрылыс обьекетілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына  беру мақсатында санақтан өткізу керек.

       Кәсіпкерліктің қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдағы табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып,   инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса мыңызды.

       Шағын және орта бизнеске шет елдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту процесстерін  күшейту қажет.

Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің осы саладағы басты жобаларды атқаруына қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған.

        Шағын және орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру ісі,  несие және салық жүйелеріне қажетті өзгерістерді енгізу қарастырылған . Сондай-ақ  экономиканың барлық салаларында, әсіресе , халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік өндірісінде шағын бизнестің дамуына мүмкіндік туғызатындай деңгейде салықтық алымдар міндетті төлемдер мөлшерін белгілей отырып , салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.

Кәсіпкерлікті иститутционалды тұрғыдан қамтамасыз ету процесі барлық шаруашылық субьектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс өнімдерін өткізу , шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейін төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы процесті жүзеге мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы экономиканы тұрақтандырып ,   әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым қызметтерін толығымен қолдануға тырысады.

      Кез-келген кәсіпорынның, оның ішінде шағын және орта бизнес субьектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігін  қалыптастыруы тиіс. Сондықтан да ,  Қазақстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып отыр.

Республикамыздың шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында маманданған мемелекеттік акционерлік банктерді құру аса маңызды .

     Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады . Әсіресе , оның мәні шағын және орта бизнес саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан, кәсіпкерлік қызмет саласын сақтандыруға бағытталған компанияларға қолдау көрсетуі тиіс. Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлі қиянатынан  кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сақтандыру компаниялардың қызметін лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшін арнайы бақылау –реттеу органын құру қажет. Инвестициялық қызмет саласында,  әсіресе жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алу тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурстарды сатып алуға ниет білдірген кез-келген шаруашылық субьектісіне қызмет көрсетеді. Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтырды құру ұсынылады.

       Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер,  шағын және орта кәсіпорындар қызметіне  қажетті құрал-жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие.емес. Сол себептен, өндірісті ұйымдастыру барысында лизингтік фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық саудаларды жүргізетін орталықтарды қызмет көрсете отырып,  маңыздылығын арттыру тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйыдастыру және жүргізу үшін консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық, құқықтық және т.б маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуі керек. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік  компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.

Сондай-ақ экономиканың өзге салаларында  да кәсіпкерлік құрылымды дамыту   керек.

  Кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін    қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып,  тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек.

 

     Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:

  • Шағын және орта  кәсіпорындарға шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнатып,  ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік компаниялардың қатысуымен шетелдік техналогиялар құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субьектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру:
  • Шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру:
  • Экспорттық тауарларды өнддіретін кәсіпорындарды ынталандыру шараларын атқару және импорттық, экспорттық өнімдерді шығаруға лицензия бере отырып , кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау.
  • Ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несие мен көптеп қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану.
  • Шетелдік инвестициялар туралы заңдарда шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша тәртіпті орнату.

         Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементі нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбір кәсіпкер табысқа жету үшін маркетингтік, қаржылық менеджмент, бизнесті басқару және т.б. жүйелерін міндетті түрде зерттегені жөн.

Акционерлік  бірлестікті негіз еткен орта және шағын  кәсіпорындар кейбір жақтардан нақты табысты  болғанымен, кейбір көптеген мәселелер мен басқада жаңа қайшылықтар ұшырайды  Осындай  жаңа ескі мәселелер ұштасып, уақытында үйлесімді де өнімді түрде қиыншылықтарды шешу қиынға  соғады. Осындай жағдай болғанда шағын және орта кәсіпорындардың қиыншылықтан құтылуы қиындай түседі. Ал бұларды қазіргі уақытта жүргізіліп отырған шараларға сүйеніп мақсатқа жету өте қиын .   Бұндай уақыттарда кәсіпорындардың реформалық тұлғасын өзгертіп,  кәсіпорындар басты рөлді қолына алып , өзі дербес басқару бағытына өзгерту жағдайын жасау керек. Сол үшін шағын және орта кәсіпорындарды  тығырықтан шығаруда төмендегі істерге көңіл бөлуіміз қажет.

  1. Шағын және орта кәсіпорындардың қызмет барсында кездескен кейбір мәселелерін шешудің негізгі көзқарастары мыналар: шағын және орта кәсіпорындарды басқару қолайлы болғанымен , бірақ шағын болған жағдай астында ұзақ уақыт бойы кәсіпорындардың құрылымында көп өзгерістер болмайды, төмен өресіндегі болмыстың қайталануы басым, оның үстіне жайласуы ретсіз, өнімді қызмет бөлісу жағдайы жеткіліксіз, кәсіпорындардың көлемі мен кәсіптік басқаруы салыстырмалы түрде бір бірімен сәйкеспейді. Қазақстан мемлекетінің нақты жағдайында негізделгенде экономикасы дамымаған кейбір облыстардың шағын және орта  кәсіпорындарының көлемі де өте шағын болып, өндірілген өнімнің үлес салмағы өте төмен болады. Жақындағы бірсыпыра зерттеулерге негізделгенде  XXI ғасырда Қазақстан экономикасының даму бағытының бір шағын және орта кәсіпорындардың алдындағы  қиыншылықтарын жеңіп, олардың көлемін арттыру . Бірақ кәсіпорындардың көлемі ұлғайған сайын жақсы бола бермейді. Мысалы мынадай бір сұрақтар туындайды «Кәсіпорындардың қасиетінде» бәсекелестік қысымның әсерінде кәсіпорындар  дами келе бүкіл нарықты иемдене алмайды, бұдан мынандай ой туындайды,  үйлесімді көлем кәсіпорындардың бәсекелестікті жеңіп шығудағы маңызды факторларының бірі болып табылады. Алайда үйлесімді көлемді нақты түрде шекарасын бөліп айту қиын, оның үстіне байланысын бірлесу, өзіне қосып алу сияқты формадағы жағдайлар үйлесімді түрде жоғарыдағы айтылған мәселелерді шеше алмайды. Егер де осындай жағдай болғанда , үкімет  амалсыздан басты рөл атқаруға тура келеді, бірақ нарықтық механизмнің рөлін толық жандандыруға болмайды. Сол үшін кәсіпорындар өзін дербес басқаратын жеке тұлға ретінде ,   өзіне -өзі шешім жасап, жаңадан өзгерістер жасап,  сол арқылы өзінің артықшылығын арттырғанда ғана шағын және орта кәсіпорындардың жолы ашылады.

      Қытайдағы бір-бірімен еркін сабақтасу кәсібінің дамуы, шетелдегі өзара байланыс бар интернеттік жүйедегі ұйымдардан, Испаниядағы кооператив, Жапониядағы шаруашылық серіктестік сияқтылардан кәсіптік бөлісті барған сайын айқындай түседі. Қоғамдық бөліс пен кооперативтік артықшылығы кәсіпорындарды нарықтық бағытының арнасында шағын және орта кәсіпорындардың шартты бірлескен тұлғаны құруына ынталандырып, тұрақты икемділік қасиетін сақтап қана қалмастан өзара бәсекелестік байланыстан кооперативтік байланысқа өзгереді, әрі жұмыс бөлінісінің селбесуіне пайдалы.  Сондай-ақ үздіксіз қозғалыс барысында ең жақсы кәсіпорын көлемін қалыптастырып,  көлемді экономиканың өнімді іске асуын жүзеге асырады.

      Өнімді экономикалық ұйым экономиканың өрлеуінің басты түйіні. Мысалы «қазіргі заманғы акционерлік компаниялық ұйымның пайда болуы иелік құқық етуші басқа иелік етушімен бірлесуді таба білуінде,  оның үстіне байлықтарды пайдалануда пайдасы бар.»  Сол сияқты мұндағы айтып отырған  шағын және орта кәсіпорындардың шарттасып бірлесуі,  әрбір иелік құқық жағынан дербес кәсіпорындарды тоқтам арқылы ортақтық пайдасын іздеп ,  бірлесе жұмыс жасап ,  сондай-ақ өздерінің мүдделері ортақтасады, бірақ бұл ұйымдағы мүшелер жай адам немесе екі адам арасындағы бірлесу емес қайта заңды адамдар болып табылады. Бұл ұйымдарды әрбір кәсіпорындар өздерінің уәкілдерін шарттасып бірлескен тұлғаның құрылымын жүргізуге жіберіп , шешім жасау барысында «Бір кәсіпорында бір билеттен » деген ережеге сүйеніп, құрылымдық белгілемеге шарт астында кәсіпорындар өз еркімен  ұйымға кіруіне  немесе шығып кетуіне болады.

  1. Осы орайда үкімет пен жеке тұлға рөлінің мехнизмдік тепе-теңдігін сәйекестендіруді қажет етеді. Мұнда айтылған ұйымдық басқарудың формасы тек мәлім мөлшерде үкіметтің араласуын азайтып қана қоймастан, иелік етуші немесе басқарушының иелік құықығын тежеудегі анықсыздығынан өзінің басқа кәсіпорын тұлғаларына жүргізілген өндірістік байлықтың қаржылық құю қозғалысына деген қысымын азайтуға болады. Бұл үлгіде үкімет нарықтық экономиканың шарты астында кәсіпорындардың қызмет   көрсету, рөлін қамтамасыздандыру  жағында бір саты  айқындала түседі.  Кәсіпорындардың экономикалық қозғалыстың басты тұлғалық орны да айқындала түсіп, нарықтық экономика одан ары жандана бастайды. Жалпы алғанда өзгерістен кейін ұйымдық басқарудың  үлгісінде  мынадай артықшылықтар болады:
  • иелік құқықтық басқарылуы жүйеленеді
  • макролық реттелудің аралық байланысы күшейеді
  • кәсіптік басқарылуы қоғамдасады.

     Шарттасып бірлесен  бұл байланысты ұйым байланысы бар шағын және орта кәсіпорындарды бірлестіріп көлемді басқарып, ал әлсіз топтар болса бірлесудің артықшылығын пайдаланып, кәсіпорындардың  өнім сапасын арттыруға көмектеседі.

 Шағын және  орта кәсіпорындарының шарттасып бірлесуінің кәсіпорынға  әкелетін пайдасы.   Оның көлемі мына жағдайға  да байланысты,   яғни шағын және  орта кәсіпорындарының көлемі кіші болған сайын өнім мөлшері де төмен болады. Сол үшін шағын және орта кәсіпорындар шарттасып бірлескен серіктестік құру қажет. Осы арқылы өзара сәйкесіп жұмыс істеуіне пайдалы, соның нәтижесінде ең тиімді кәсіпорын  көлемін қалыптастырып, экономикалық көлемін жақсартуға болады.

    Саудадағы нақты бағасы азаяды, немесе кәсіпорындардың саудадағы бағасының жоғары-төмендігі кәсіпорындардың нарықтағы бәсекелестік күшіне байланысты болып келеді. Ішкі нарықтандыру теориясына негізделгенде нарық құрылымының ішкі жеткіліксіздігі нарықтың жетілмеуіне әкеліп соқтырды. Сонымен бірге нарықтағы нақты бағасы өседі, әрі кәсіпорындар арасындағы тауарлық иелік құқығындағы айырбас сыртқы сауда құнының жоғары болуының себебін келтіріп шығарады.     Ал кейбір басқарудағы сәйкеспеушілік басқару шығындарын жоғарылатады, сол үшін кәсіпорындар арасында тиімді мүдде сәйкестік құрылымын орнатып, өзара бәсекелестік мүддені жүзеге асыруға сәйкесу керек.  Сондай-ақ бірлікте тауар шығарып өзара ақпарат алмасу кәсіпорын арасындағы нақты бағаны азайтады.

  • Кәсіпорын капиталының келу мәселесін шешуге болады алдымен шарттасып  бірлескен серіктестікте ақпарат көздерінің жүзеге асуы біршама еркін, толықтай тасымалданып, кәсіпорын арасындағы ақпаратты толық игеруіне кәсіпорынға сену дәрежесін жоғарылатып, кәсіпорын арасындағы сенімді сауда жасауына тиімді.  Сондай-ақ  кәсіпорындардың  айналысын тездетіп капиталдың шығыны мен сенімсіздік қаупін азайтады. Бірлесе жұмыс істеу,  жұмыс бөлісіндегі селбестіктің өзі  өндіріс көлемінің  нақтылы  ұлғайғандығын көрсетеді. Сондай-ақ кәсіпорынның жұмыс сапасын жоғарылатады.   Келісіп бірлесудің немесе бірлесіп жұмыс істеудің өзі өндіріс көлемін кеңейтіп, кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.  Сонымен  кәсіпорындар ақпараттарды толық пайдаланып  өздеріне қажетті капиталға ие болады. Кәсіпорындардың әлсіреуі банкроттыққа әкеп соғады,  сол үшін шспуарттасып бірлескен құрылымды пайдаланып, мүліктерді үйлісімді айналысқа келтіріп , өндірістік шығындарды азайтып , қажетті жоқ мүліктердің жоғалып кетуі мен босқа тұрып қалуынан  сақтануға болады.
  • өндіріс шығындарын азайтып, сенімді арттыруға болады, сондай-ақ шарттасып бірлескен әрбір мүшелер арасында ынтымақтасудың тиімділігін арттырып, бірлесіп, тауарлардың кең көлемде сатылуы мен техниканың жаңалануына және зерттеулер мен қызмет көрсету жұмыстарын бірлесе алып жүреді. Осы арқылы жұмыс күшін, сапасын жоғарылатып, дербес істеу барысында ұшырайтын артық шығындар мен қауіпті жағдайларды азайтады.
  • Ұзақ уақыттық болашаққа көз тастағанда, жұмыс басқару сапасын жоғарлатады . Шарттасып бірлескен серіктестік арасында ақпараттың қайнар көзін толық пайдаланып , бірлесіп жұмыс істеу  кәсіпорындардың  нарықтағы орнын  жақсартады, әрі бірлесіп жұмыс істегенде ірі кәсіпорындармен нәтижелі сауда  шартын орнатып,   нарықтағы күшін арттыруға болады. Кәсіпорындардың қазіргі  уақыттағы мүддесі мен ұзақ мерзімдік мақсаты ұштасып,  кейінгі жұмыстарын сәтті   жүргізуіне негіз болады.
  • өнімді бәсеке барысында кәсіпорынның өміршеңдігін арттырады. Бірлесе жұмыс істеу үйлесімді бәсекені ығыстырып шығармай керісінше бір-бірімен байланысты бәсекелесті арттыруда үлкен роль атқарады.

Кәсіпкерлікті дамытуда ең маңызды орын алатын фактор ол-салық жүйесі болдып табылады. Салық салу процесіннің кейбір аспектілері кәсіпкерлікке өз ықпалын тигізеді. 

Адам Смит пікірі бойынша салық-ол үкіметтің билігіне өтетеін елдің өнімдері мен еңбектерінің бір бөлігін құрастырады және олар үнемі соңғы табысы мен капиталынан төленіп отырады. Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайы салық салу саясатында негізгі фактор ретінде қала береді. Шаруашылық субьекетілері мен халық неғұрлым бай болса,  соғұрлым салық базасы да кең,  яғни салықтық түсімдердің көлемі де жоғары.

  Орта және шағын кәсіпкерлікке қолданылатын салық саясатын жетілдіруде келесі мәселелерді ұстанған жөн:

  • халыққа салық салуда халықтық әл-ауқатымен санасу;
  • Жеке кәсіпкерлерге мемлекет тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсету
  • Салық ауыртпалығын мейлінше жеңілдету

Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру-өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысында кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.

     Елімізде кәсіпкерлік қызметті дамыту күрделі мәселе. Алайда,        дамыған елдердің тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға,  жаңа жұмыс орындарын құруға , бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

    Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтық шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап , өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге   қабілеті жоғары  және елдің ғылыми –техникалық  күш  қуатын   көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет. Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау барысында салық жеңілдіктері мынандай мақсаттарды көздейді:  монополияға қарсы күрес ,  бәсекелестікті қолдау мен дамыту, өндіріске ғылым жаңалығын енгізуге жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту, өндірілген өнімге, тауарға көрсетілген қызметке деген тұтынушы сұранысының артуына жағдай жасау. 

Шағын кәсіпкерлікті болашақта дамыту үшін оның алдағы мақсаттағы стратегиялық жобасын анықтау қажет  және де Үкімет тарапынан қолдауға ие болатын кәсіпорындарды табу арқылы олардың бәсеке қабілеттілін арттыру қажет.   

 

2.2   Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлікті дамытуда жүргізіліп жатқан шаралар мен қайшылықтары.

 

        Еліміздегі кәсіпкерлік ортаның  дамуы мемлекеттің қатысуымен алға жылжуы керек, алайда ол шаралардың  жүзеге асырылуы бір адамның қолында емес .

Барлық Үкімет орнында отырған тараптардың қолынан келетін болса онда біз шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикада өрлеуіміз әбден мүмкін.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Президентіның 1997 жылғы 6-наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру шаралары туралы»қаулысы қабылданды. Жарлықты  орындау үшін және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталатын қаржылық қаражатын тиімді пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі

№ 665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорын құру туралы» Қаулысының негізінде құрылды.

Қордың міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру шаралары туралы» жарлығының

3)-тармақшасымен айқындалды, онда Қордың негізігі қызметі несиелерді  шағын кәсіпкерлікті жобалары бойынша дербес бөлу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банкілерде Қордың қаражаты конкурстық негізде шартты түрде орналастыру жолымен беруге бағытталуы тиіс делінген.

     Көрсетілген міндеттер Қор Жарғысында өз көрінісін тапты және оның басты мақсатына айналды. Қор Жарғысының 4.1-тармағына сәйкес Қордың , Қор қызметінің басты мақсаты жаңа өндірістерді және жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту туралы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, жобалар мен іс-шараларды орындаудың аясында меншікті қаржылық қаражатты және мемлекеттің Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлігін дамытуға бөлінетін қаражатын тиімді пайдалану, сонымен қатар шаруашылық қызметіне табыс табу және оны Дара акционердің мүддесіне пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі № 665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорын құру туралы» Қаулысымен Қордың негізгі функциялары анықталған болатын:

  • шағын кәсіпкерлікті қаражат жағынан қолдау туралы мемлекеттік бағдарламаларды жасауға және орындауға қатысу;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың басты бағыттарын, тауарлардың және қызметтердің нарық конъюктураларын және жекеленген аймақтардағы әлеуметтік — экономикалық жағдайдың ерекшіліктерін ескере отырып, заңды тұлға құрылмай-ақ дара кәсіпкерлікті қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне конкурстық негізде екінші деңгейдегі банкілер арқылы және дербес мақсатты түрде несие беру;
  • шағын кәсіпкерлік және өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ету саласында жаңа жұмыс орындарынашуға көмектесу;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банкілерден несие алуы үшін олардың пайдасына кепілдіктер беру;
  • шағын кәсіпкерліктің бизнес орталықтарын және инкубаторларын, кеңес беретін, оқу-әдістемелік, лизингтілік және шағын кәсіпкерлік саласындағы басқа да нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға көмектесу;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметінің белгілеген тәртібімен несие беру бағдарламаларына қатысу.

Сонымен, Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің 2000 жылғы 6 наурыздағы банкілік заңнамамен көзделген операцияларды теңгемен және шетел валютасымен жүргізуге № 4 лицензиясының негізінде банкілік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын Ұйым болып табылады. Лицензия операциялардың төмендегідей түрлерін жүргізуге құқық береді :

  • теңге және шетел валютасымен банкілік операциялар:
  • қарыз беру операциялары (ақылылық, қауырттылық және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда несие беру);
  • ломбард операциялары (кепілге ұсталынатын, оңай өткерілетін бағалы қағаздар және жылжымалы мүліктерді қысқа мерзімге несиеге беру);
  • банкілік заңнамамен көзделген басқа операциялар:
  • жалға берушінің жалға беретін мүлкіне меншіктік құқықығы сақтала отырып, мүлікті шарттың (лизингінің)  қолданылатын күллі мерзіміне жалға беру.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының да қызметтері, индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында агрессивті және үйлестіру сипатына ие болуы керектігіне аударды. Шағын бизнес нысандарының жаңа технологиялық идеяларға және бәсекелестік мүмкіндігі бар, баламасы жоқ тауарлар шығаратын өндірістерге деген ынтасын арттыра түсетін формалар жасалуы  керек.
Құрылған Қордың қазіргі таңдағы қайшылықтары өте көп , ол шағын кәсіпкерлікті дамыту емес бас пайданы ойлайтын тұлғалар қолында қалып отыр. Міне сондықтан біз өркениетті елдің шыңына жету үшін елдегі жұмыссыздық жағдайын шектеу арқылы жете аламыз. Алайда оның көрінісі алыста екені белгілі .  2005 жылғы   құрылған есеп комитетінің  бақылауы осыған дәлел болып отыр.      Есеп комитетінің бақылау іс-шаралары барысында жалпы сомасы 836,2 млн. теңгенің нормативтік құқықтық Есеп комитетінің қорытындысы бойынша Министрлік пен Агенттікте шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі жұмыс тиісті дәрежеде жүргізілмеген, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың кешенді қағидасы сақталмаған. Бұдан басқа, қызметтер көрсету саласына басымдықпен бағытталған, қызметтің өндірістік саласына бағытталмаған көптеген жобалар бойынша бюджет қаражаттарын шашып жіберуге жол берілген фактілер белгілі болды, актілері мен шарттық міндеттемелерінің бұзылғандығы анықталды. Бұдан басқа, Министрлік 2005 жылы 94,1млн. теңгені игермеді. Агенттік 27 млн. теңге сомасында дебиторлық берешекті жасырған, ал «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы» ЖАҚ 14,4 млн. теңге сомасына республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынған мүліктердің сақталуы қамтамасыз етілмеген.

        Атап айтқанда, 5,9 млн. теңге сомасындағы серверлік жабдықтар тексеру кезінде бухгалтерлік есепте көрсетілмеген және қолма-қол ақша күйінде де болмай шыққан. Соңдай-ақ ақпараттық базаның болмау себебінен 2003-2004 жылдары ақпараттық жүйені сүйемелдеу жөнінде іс-шаралар көзделгендігі белгілі болды. Солай бола тұрса да, жеткізіп берушілермен есеп айырысу бойынша «РИВЦ» ЖАҚ-да 126 млн. теңге сомасында кредиторлық берешегі бола тұра Министрлік банкроттықты рәсімдеместен «РИВЦ» ЖАҚ-ын таратуға бастама көтерген және бастап кеткен.

Өңірлерде төрт семинар мен бір конференция өткізу үшін   «Астана қаласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық» Қоғамдық заңды тұлғаға бөлінген 3,4 млн. теңге сомасында жұмсалған шығыстарды растайтын қаржылық құжаттар ұсынылмаған.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (Қор) шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғаларға несие  беруді заңды бұза отырып жүзеге асырған; шағын қалаларда инвестициялық жобаларды несиелеу үшін көзделген 200 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражаты басқа жобаларды іске асыруға жұмсалған; 283,8 млн. теңге сомасында мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуына жол берген.

     Аталған агенттік пен министр­лік­те шағын кәсіпкерлікті қолдау­дың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру мен үйлес­тіру ісінде жұмыс жеткілікті дәре­жеде жүргізілмеген. Көптеген жоба­лар бойынша қаржы қалай болса со­лай жұмсалған. Қызметтің өндірістік түріне емес, қызмет көрсету саласы­на қарай қаржы көбірек бағытталған. Есеп комитетінің бақылау шара­лары барысында нормативтік құ­қық­тық актілер мен келісім-шарт­тық міндеттемелер бойынша 836,2 млн. теңге қаржы есепсіз жұмсалға­ны анықталды. Индустрия және сауда министрлігі 2005 жылы 94,1 млн. теңгені игермеген. Ал агенттік 27 млн. теңге дебиторлық қарызды жасырып қалған. «Астана қаласындағы кәсіпкер­лер құқығын қорғау жөніндегі Ас­социация» аймақтарда төрт семи­нар, бір конференция өткізген. Осы мақ­сатта жұмсалған 3,4 млн. теңге­нің ізі ұшты күйлі жоқ. Оны растай­тын қаржылық құжаттар да ізім-қайым.  Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры заңды белінен баса отырып, шағын кәсіпкерлікке жатпайтын заңды тұлғаларға несие беріп отыр­ған. Шағын қалалардағы инвест жо­ба­ларды несиелеуге арналған бюд­жет қаржыларынан 200 млн. тең­геден астамы мүлдем басқа жобалар­ға жұмсалған. 283,8 млн. теңгенің мемлекеттік активі тиімді пайда­ланылмаған. Займды мақсатты жұмсау ісіне қор жеткілікті көңіл бөлмеген. Мәселен, «Инсар» ЖШС-і ағаш кесу материалдарын өңдемек ниет­пен ұсталық цех ашу үшін несие алған. Осы мақсаттағы 6 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға жұмсалыпты. Қор несиені мақсатты жұмсау ісіне жүрдім-бардым қараған. Соның салдарынан қор мен «Меркас» ЖШС-і арасындағы келісім-шарт арада тоғыз ай өтпей жатып қайта бұзылған. Басында 10 млн. теңгенің сүт өнімдерін өндіру жабдықтарын алмақ болған серіктестік аяғында тұрмыстық техникаға қызмет көр­сету ісімен айналысып кете барған. Осындай фактілер толып жатыр.  Есеп комитетінің отырысында жоғары­дағы және басқа фактілер бойынша бақылау шараларын күшейту, жауапты адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту мәселелері қаралды. Қордың осы жағдайын ескере отырып келешектегі шағык кәсіпкерлік мәселесі шешілмей қалуы да мүмкін . Өркениетті елдің шаңына жете аламыз ба, жоқ па оны әзірге бізге уақыт көрсетпек. Уақыттың өзі бір орнында тұрмайтын қүбылыс сондықтан Үкімет тарапынан шағын кәсіпкерлікті дамытуда болашақта ешқандай қайшылыққа ие болмайтын Қаулы немесе іс– шаралар жүйесін құрса бұл бізге таптырмас алтын болып табылар еді. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру міндетін адал бәсекелі орта болған кезде ғана шешуге болады, бұл өз кезегінде, күшті монополияға қарсы жүйенің қалыптасуына байланысты. Сондықтан Үкімет бәсекелі ортаны дамыту және нарықтың монополиялануын болдырмау мәселелеріне бұдан әрі де баса назар аударатын болады.  Бәсекелестікті дамыту саласындағы негізгі міндеттер нарық субъектілерінің үстеме жағдайды асыра пайдалануының алдын алуға, теріс пиғылды бәсекені және бәсекеге қарсы келісімдердің жасалуын болдырмауға, экономикалық шоғырлануды бақылауға және де  нарықтарының тиімді әрі серпінді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға келіп тіреледі.  Үкімет 2007 жылдың аяғына дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту саласында орта мерзімді салалық бағдарлама әзірлеуді ұйғарып отыр.    Ішкі бәсекелестікті арттыру үшін монополияға қарсы заңнама күшейтіледі. Қазіргі уақытта Үкімет «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» қағидаттық жаңа заң жобасын әзірледі, бұл таяу арада республика Парламентінің қарауына енгізіледі.  Мегахолдингтердің және мемлекеттік монополиялардың бейінді емес активтері мен функцияларын бәсекелі ортаға беру жөніндегі жұмыс жалғасады.  Монополияға қарсы органның өкілеттіктерін күшейту, адал бәсеке ережелерін бұзушыларға санкциялар қолдану жөніндегі тиісті функцияларды ұсына отырып, оның монополияға қарсы реттеу жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту көзделіп отыр. Табиғи монополия салаларын тарифтік реттеуді дамытудың негізгі бағыттары табиғи монополия субъектілеріне қатысты жүргізілетін тарифтік саясатты экономикалық дамудың жалпы мемлекеттік саясатына табиғи түрде қосу қағидатымен айқындалған. Бұл бағыттар ағымдағы жылы қолданыстағы нормативтік базаны жетілдіру және тариф белгілеудің макроэкономикалық өлшемін айқындау әдіснамасын әзірлеу арқылы дамытылатын болады. Табиғи монополия субъектілері жұмылдырылатын экономика салалары тарифтерінің инвестициялық тартымдылығының болжамдылығы мен артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қолда бар реттеу құралдарын, олардың инфрақұрылымдық желілерін жаңғырту және кеңейту жөніндегі міндеттерді іске асыруды кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Осылай, таяу арадағы бірнеше жылда нормативтік базаға рәсімдік процесті оңайлатуға ықпал ететін қажетті өзгерістер енгізе отырып, базалық табиғи монополия субъектілерінің көпшілігін орта және (немесе) ұзақ мерзімді кезеңге арналған белгіленген тарифтер бойынша реттелетін қызметтер көрсетуге көшіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Айналыс шамасына қарай инвестициялық тарифтер белгіленетін болады, оларды есептеу қағидаттары мен әдістерін Агенттік әзірлеп қойған және олар тиісті әдістемелерде ескерілген. Тиімді бәсеке үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау республиканы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін болады. Үкімет серіктестік қатынастар негізінде кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қолдау көрсету қажет деп санайды. Бұл ретте салық режимін жетілдіру мемлекет саясатының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құралдарының бірі ғана болып табылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін басты басымдық бәсекені дамыту болуы тиіс.   Үкімет кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мен тарату жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік субсидияларды емес, жеке капиталды тарту үшін бәсекелестік негізді құру жөніндегі жұмысты жүргізетін болады. Мұндай көзқарастың әртүрлі нұсқалары Австрия, Испания, Польша және Америка Құрама Штаттары сияқты елдерде табысты қолданылған.  Кәсіпкерлік қызметті дамыту мемлекеттік реттеудің қарапайым әрі тиімді режимімен ынталандырылатын болады. Мысалы, энергияны қажетсінетін салаларда Үкімет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды енгізетін компанияларды ынталандыру мәселесін қарайды.  Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері арқылы кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер туғызу тұрғысында мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.  Бизнесті дамыту үшін барлық ықтимал әкімшілік кедергілерді азайтуға арналған нақты қадамдар қабылдау болжанып отыр. Жеке кәсіпкерлікті тексерулердің барлығы заңмен ғана реттелетін болады. Бұл нормалардың барлығы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңда қарастырылған. Шағын ксіпкерлікті дамыту қоры тарабынан шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық-кредит саясатында елеулі өзгерістер болжанып отыр. Ол өздерінде бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруды қалайтын халықтың әр түрлі жіктері үшін нақты көмекші болуы тиіс. Қордың филиалдық-өкілдік желісін кеңейту, өңірлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, әсіресе ақпараттық-талдау, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну бөлігіндегі жұмыстарды күшейту қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл жасауы үшін қажетті жағдай жасалатын болады. Үкімет шағын кәсіпорындарды озық технологиялармен және басқару тәжірибесімен алмасуы бойынша мемлекеттік көтермелеу, олардың халықаралық стандарттарды енгізуі мен халықаралық нарықтарды игеруі тетіктерін әзірлеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты халықаралық қаржы институттарымен, бірінші кезекте Қазақстанда экономиканың жеке секторына кредит беру жөніндегі жобаларды іске асырушы Азия Даму Банкімен және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен тығыз ынтымақтастыққа негізгі назар аударылатын болады. Бұған қоса, өндіруші емес салаларға инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жандандырылатын болады. Әрі бұл экономикаға қаржы капиталынан басқа, жаңа технологиялар әкелетін, біздің бизнес-менеджменттің кәсіпқойлығының өсуіне ықпал ететін, іріктелген басым кластерлердің қосымша құндары тізбектерінің жетіспейтін тұстарын толықтыратын, нәтижесінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін инвестиция болуы тиіс. Осыған байланысты Үкіметтің алдағы кезеңге арналған бағдарламасында трансұлттық және ірі шетелдік компанияларды экономиканың шикізат емес секторына тарту жөніндегі тұтас іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің жанынан сауда миссиялары құрылатын болады, олардың міндеттері шетелдік инвестицияларды Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына тарту ғана емес, сонымен бірге Қазақстандық кәсіпорындардың тауарлары мен инвестицияларын сыртқы рыноктарға экспорттауға жәрдемдесу болады. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпорындардың қатарынан отандық инвесторлардың класын дамыту қажет. Бұл үшін инвестициялық заңнаманы, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ отандық компаниялар арасында инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылданатын болады. Жеке компаниялар, қарқынды дамып келе жатқан өндірістер мен салалардың, мысалы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі қатысушылары үшін қазіргі заманғы жабдықтар лизингін кеңейту мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда. Үкімет жеке меншікті қорғау, инвесторлардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар шараларды әзірлеуді және қолдануды жоспарлап отыр. Даулар мен төрелік рәсімдерді тәуелсіз қарау жүйесін нығайту көзделіп отыр. Өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) желісі құрылатын болады, олардың қызметі инвестицияларды тартуға және жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде жинақталған пайданың бір бөлігі өңірдегі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталатын болады. Бұл корпорациялардың қызметі бүкіл елімізде де, одан тысқары жерлерде де жүзеге асырылатын жаңа жобаларды тартуға бағытталатын болады. Кез келген ӘКК-нің қызметі әкімшілік округтен үлкен аумаққа таралатын болады және өндірістік байланыстарға мейлінше жуық болады. Үкімет Қазақстанда 5 ӘКК құру орынды деп санайды. Олардың қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу мен ынталандыру шараларының кеңейтілген жүйесі қолданылатын болады. Әрбір ӘКК мөлшері бойынша елеулі игерілмеген жер учаскелерін қоса алғанда, елдің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқаратын холдингілік компанияны білдіреді. Жергілікті атқарушы органдардың аудандық және қалалық әкімдіктердің жанынан құрылған кәсіпкерлік бөлімдері ұйымдастырушылық рөл атқаратын мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі рөлі күшеюі тиіс. Құрылған Кәсіпкерлік практика жөніндегі республикалық оқу орталығының мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл үшін оған құрылған Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталықтардың желісі арқылы өңірлерде өкілдігі бар кәсіпкерлік проблемалар ғылыми-зерттеу орталығы мәртебесін беру болжанып отыр.     Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар жұмыстарының нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік еркіндігі индексін сынау және рейтингілік бағалау жүйесін енгізу жүреді, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамды дамыту шеңберінде бизнес пен биліктің әлеуметтік серіктестік қағидалары сыбайлас жемқорлық әрекеттерге өркениетті қарсы күш болады. Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін рентабельді емес кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану шараларын қабылдайтын болады. Қайта капиталдандыру және  өңірлік холдингілерге енгізу арқылы рентабельді емес кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. Қазақстанға инвестициялар тарту процесі ескі активтерді қайта сату емес, жаңа салаларға шоғырлануы тиіс.    Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін негізі ретінде жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды пайдалану жөніндегі жұмысты жүргізетін болады. Бұл рентабельді емес кәсіпорындардың активтерін пайдалана отырып, жаңа басқаруды, жаңа технологияларды немесе өндірістің жаңа факторларын енгізу негізінде оларды «ширату» жүргізілетін болады. Үкімет, сондай-ақ бірқатар рентабельді емес кәсіпорындарды оларды толық кедейлегенге дейін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады. Мұндай кәсіпорындардағы ахуал дағдарысқа қарсы басқаруды енгізу арқылы жақсы жағына өзгеруі мүмкін. Оларды қайта капиталдандыруға немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға беруге болады. Рентабельді емес кәсіпорындардың базасында жаңа өндірістер мен технологияларды дамыту мақсатында оларды нәрлендіру және қайта құрылымдау жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру үшін мыналар жоспарланады:

  1. Нәрлендіру және қайта құрылымдау рәсімдерін қолдану мүмкін болатын рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру тәртібін бекіту.
  2. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және олардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг және талдау жүргізу тетігін айқындау.
  3. Қаржылық жағдайға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша нәрлендіруды және қайта құруды жүргізу жолы мен жаңа технологиялар мен жаңа өндірістерді қолдану мүмкін болатын кәсіпорындардың дерекқорын қалыптастыру. Осылайша, Үкіметтің технологиялар мен инновациялар саласындағы жұмысы төрт бағыттағы міндеттерді шешуге бағытталады:
  • Экономиканың нақты секторы үшін озық шетелдік технологиялар импортын басқару тетігін құру.
  • Телекоммуникациялар және технологиялық сервис саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
  • Әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған өңірлерінде қазіргі заманғы үрдістердің тұрақты мониторингінің тетіктері арқылы серпінді секірісті инновациялық технологиялар импорты жүйесін қалыптастыру.
  • Технологиялар мен инновациялар импортын қолдаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

Бұдан басқа, Үкіметтің жұмысы жаңа өсу нүктелерін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секіріс жасауы үшін негіз болатын макро-жобаларды іске асыруға шоғырландырылатын болады. Бұл мақсаттар үшін мұндай жобаларды сәйкестендіру әдістемесі әзірленеді және оларды мемлекет тарапынан қолдау шараларының жүйесі айқындалады.  Инновациялық жүйе элементтерін ақпараттық қамтамасыз ету үшін «Ауани технопарк» инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру болжанып отыр.  Инвестициялаудың басым бағыттары ақпараттық технологиялар, энергияның баламалы көздері, биотехнологиялар мен фармацевтика, жаңа материалдар мен нанотехнологиялар, көмірсутекті сектор мен онымен байланысты сервистік салалар үшін жаңа технологиялар болып табылады   Жалпы алғанда кәсіпкерлік Қордың құрылу алғышарты елдегі кәсіпкерлердің мүддесін қорғай отырып , ел экономикасының жаңа нысандарын ашуға  көмектесетін қор болуы тиіс еді. Алайда, Қордың келеңсіз жақтары кәсіпкерлерді емес басқа  сала бойынша жұмыс істегені мәлім болып отыр.

        3.3   Өндірістік кәсіпкерліктің тәжірбие жүзінде дамуы.

          Кәсіпорынның құрылу тарихы:    « Агросервисі»  ЖШС 1999 жылдың қыркүйек айында құрылды. Қызметінің   негізгі  бағыты — өсімдік өсіру. Кәсіпорын иелігінде Балтабай массивіндегі  650  га  суармалы  жері бар. «Агросервис» өзінің қосымша консервленген жеміс шығаратын «Агро-фуд» заводын аукционнан     2003 жылы  сатып алды.  Завод Алматы облысында орналасқан. Оның негізгі территориясы  1,885  га. Балансында өндірістік ғимараттар мен құрал – жабдықтар,    шикізатты қабылдайтын жабдық, тырмалар, тазалағыш заттар, ұштағыш заттар, тосаптарды қайнататын құрылғылар, стерилизацияланған автоклавалар, қоймалар және  басқа да техникалық құралдар бар. Завод қуаты —  жылына 3 млн өнімдер дайындайды.  «Агросервис»  Алматы  нарығы  бойынша  былтырғы жылдан бастап ауыл шаруышылық өнімдерін өндіруден алда келе жатыр. 1992-2000 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығының төмендеуі тауар және тұтыну өнімдері импортының жоғарғы дәрежесі  Республикада өнеркәсіп салаларының стратегиялық дамуын қажет етті. Соның ішінде жергілікті ауыл шаруашылық өнімін өңдеу және жергілікті өнім шығарушылармен бәсекелес болып табылады. Соңғы жылдары мемлекеттік және қаржылық инститтутар ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығының жағдайын қарастыра бастады. Сол себепті қазіргі кезде жергілікті өнім шғарушылар суармалы жерлерін үлкейтіп және жеміс жидектен жақсы өнім ала бастады. Осыған сәйкес өсірген өнімді өңдеуге сұраныс көбейді. Себебі бұлар отандық тауарлар және биологиялық   жағынан таза тауарлар.       Бәсекелестер: 1991 жылға дейін Алматыда    11 жеміс консервісін шығаратын әртүрлі қуаттағы заводтар қалыптасты. Ал, қазіргі уақытта оның үшеуі ғана жұмыс істейді . «Ақжол» ЖШС тек концентраттар мен жұмыс істейді; «Южные дары» ЖШС жергілікті шикізат өнімдерін өңдейді. Жылына   бір миллионға жуық өнім шығарады. Сонымен қатар, «Голдпродукт» ЖШС нарыққа енді және Қапшағайдағы жемісті өңдеу заводы бәсекелес болып табылады.

Нарықтағы сұранысы: Республикадағы статистикалық агентің мәліметтері бойынша елімізде жылына орта есеппен алғанда бір адамға жеміс 56кг, көкөніс 70 кг      тұтынады. Осы өнімдерді қолдану дәрежелерінің жылдық өсу тенденциясы бар. Егер Алматы және Алматы облысында 3 млн адам тұратынын ескерсек, онда  «Агросервис»   өһнімдері  нарықтағы сұранысқа жауап бере алады.    Тұрақты тұтынушысы  осы кәспорынның серіктісі «Крафт-фуд» ЖШС болып табылады.

Шикізат жеткізушілері:   жақын аудандардағы көптеген фермерлік және шаруа  қожалықтары,  Алматыда қант орталығы , Алматы облысындағы көтерме сауда орындары; шыны – «Саф» заводынан , банкаларға қақпақ – «Вариолайн» түрік компаниясының филиалынан этикеткалар «Ринато» компаниясынан , орап-қаптау көтерме сауда орындарынан, энегетикалық ресурстар аудандақ энергетикалық желілерінен алынады және мазуттың көтерме  бағамен жеткізушілері бар.

 

Екінші жарты жылдыққа өнімді өндіру жоспары (мың теңге)

 

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Алма шырыны

0

0

0

2 900

3 625

3 625

Абрикос шырыны

0

0

0

3 100

3 875

3 875

Абрикос сусыны

3 750

0

0

0

0

0

Шие сусыны

3 750

0

0

0

0

0

Марин. қияр-0,7л.

500

1 000

0

0

0

0

Марин.қияр -1л.

600

1 200

1 200

0

0

0

Марин. қияр -2л.

2 250

3 750

2 250

750

0

0

қияр-қызанақ ассортиі

0

2 250

3 750

750

0

0

қияр-қызанақ-сәбіз ассортиі

0

2 250

3 750

750

0

0

Томат шырыны

0

0

0

2 600

3 250

3 250

Барлығы

10 850

10 450

10 950

10 850

10 750

10 750

 

 

Өнімнің өзіндік құнының есебі (теңге)

 

Шикі

зат

Қосымша матер.

шыны

Қақпақ

Эти

кетка

орап қаптау

энерг. ресурст.

Еңбек ақы

1 банка

Алма шырыны,2л

59,4

6,0

38,0

4,5

1,8

1,0

7,3

5,0

123,0

Абрикос шырыны,2л

59,4

6,0

38,0

4,5

1,8

1,0

7,3

5,0

123,0

Абрикос сусыны,2л

50,0

6,5

38,0

4,5

1,8

1,0

6,5

5,0

113,3

Шие сусыны,2л

55,0

6,5

38,0

4,5

1,8

1,0

6,5

5,0

118,3

Марин.қияр-0,7л

30,0

10,0

24,0

9,0

1,8

1,0

3,5

5,0

84,3

Марин.қияр-1л

35,0

10,0

27,0

9,0

1,8

1,0

3,5

5,0

92,3

Марин.қияр-2л

60,0

15,0

38,0

4,5

1,8

1,0

4,0

5,0

129,3

қияр-қызанақ,2л

65,0

15,0

38,0

4,5

1,8

1,0

4,0

5,0

134,3

қияр-қызанақ-сәбіз,2л

65,0

15,0

38,0

4,5

1,8

1,0

4,0

5,0

134,3

Томат шырыны,2л

50,0

6,0

38,0

4,5

1,8

1,0

7,3

5,0

113,6

 

Өнім шығару стартегиясы жылына консервантталған өнімнің нноминалды түрде үш милионға жуығын шығарады. Осыған орай жылдық орташа жоспар:

  • Алма шырыны, 2 литр сиымдылығымен  175 мың банка;
  • Абрикос шырыны, 2  литр сиымдылығымен  175 мың банка;
  • Абрикос сусыны 2  литр сиымдылығымен  70 мың банка;
  • Шие сусыны 2  литр сиымдылығымен  80 мың банка
  • Маринатталған қияр 0,7литр сиымдылығымен 25мың банка
  • Маринадталған қияр 1 литр сиымдылымен 30 мың банка;
  • Маринадталған қияр 2 литр сиымдылымен 60 мың банка;
  • Қияр мен қызанақ ассортиі 2 литр сиымдылымен 55 литр мың банка;
  • Қияр , қызанақ пен сәбіз ассортиі 2 литр сиымдылымен 55 литр мың банка;
  • Қызанақ шырыны 2 литр сиымдылымен 175 мың банка;

2006 жылы  бірінші жарты жылдығына   «Агросервис» ЖШС компаниясы  9753   мың  теңге сомасына тұратын  30%  дайын өнім қорын іске асыруды, 2981 мың теңге сомасына 50% дебиторлық қарызды өтеуді және 4300 теңгеге өнім шығаруды  жоспарлаған болатын. Ал, екінші жарты жылдығына дайын өнімнің қалған қорын  22758 мың теңгеге толығыменіске асыруды , қалған дебиторлық қарыздарды 2981 мың теңгеге өтеуді және өнімді 8087 мың теңгеге өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен кәсіпорын 2006 жылы  қарыздарын  115461мың теңгеге өтей алады және заводтың қалтқысыз жұмысына жеткілікті құралдар мен шикізат қорларын құрамдастыруға ағымдағы шығындарын өтеуге мүмкіндік алады.

 

 

      2007 жылға кәсіпорын орташа жылдық есеппен көлемін 12% өсіруді жоспарлауда. Ол  дегеніміз, жылына бір миллион сегіз мың өнім шығару, ал 2008 жылы  бір миллион отыз бес мың өнімге көбейтіп, яғни кәсіпорынның өнім өткізу қабілетін  15% өсірмекші, 2009- 2010   жылдар аралығында өнімді бір миллион 80 мыңға, яғни өндіру көлемін 20% өсіруді жоспарлауда.

 

 

Концерванталған өнімдерді өндіру кескіні:

  • Алма , абрикос және томат шырындарын қазан және мамыр айына дейін концентраттан шығаруды жоспарлауда
  • Абрикос сусынын жаңа піскен жемісжидектерден-маусым, шілде айлары
  • Шие сусынын жаңа піскен жеміс жидектерден – маусым , шілде айлары
  • Маринаталған қиярлар жаңа піскен көкөністен – маусым, қазан айлары
  • Қияр қызанақ  және  сәбіз  ассортиін жаңа піскен көкөністен – тамыз қазан айлары.

Өндіру   кескіні  жеміс жидек пен көкөністердің піскен уақытымен есептелінген  

 

 

 

Бірінші жарты жылдыққа өнімді өндіруді жоспарлау.

 

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

Алма шырыны

3625

3625

3625

3625

3625

0

Абрикос шырыны

3875

3875

3875

3875

3875

0

Абрикос сусыны

0

0

0

0

0

3750

Шие сусыны

3750

0

0

0

0

3750

Марин.қияр

3750

0

0

0

0

500

Марин.қияр

500

1000

0

0

0

600

Марин.қияр

600

1200

1200

0

0

2250

қияр-қызанақ ассортиі

2250

3750

2250

750

0

0

қияр-қызанақ-сәбіз ассортиі

 

2250

3750

750

0

0

Томат шырыны

 

2250

3750

750

0

0

Барлығы

10750

10750

10750

10750

10750

10850

               

 

 

Нарықтағы каоньюктурасы :   бұрындары Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде ең мықтылардың бірі болған , бірақ 1991-2000 жылдары аралығында өнім шығару дәрежесі күрт төмендеп еліміз ауыл шаруашылық өнімдерін импорттық тұтынушысы болып келді. Ал қазір елімізде тәжірбие бойынша тосап, сусындар шығарылмайды. Консервантталған көкөністердің 90% шет елден алынады. Импортттық тауарлар химиялық және консервантты қоспалармен келетіндігін айта кеткен жөн. Мұндай заттар көбіне қытай тауарларынан кездеседі. Соңғы жылдары халықтың жағдайы  жақсарып  келе  жатыр, сондықтан, тұтынушылар қытайдан келген арзан тауарды  емес, адам  ағзасына  зиян  келтірмейтін және  экологиялық таза жергілікті  өнімді алады.  2001 жылдан  бастап   көптеген  фермерлер  және  шаруақожалықтар  көкөніс,  жеміс – жидек өнімдерін өндіру кеңдігін үлкейтті.  Мұндай  жағдайда,  тез  бұзылатын мысалға, малина,  клубника, шие, абрикос  сияқты  тауарларды  терең  өңдеуге  сұраныс  пайда болды.  

    «Агросервис» кәсіпорыны    жеміс  консервілеу  кезінде  тез бұзылатын  өнімдерді ұзақ  уақытқа  дейін  сақтау  үшін  түрлі  тәсілдерді  қолданады.  Олар  шартты  түрде  физикалық,  химиялық  және  биохимиялық  болып  бөлінеді.

    Физикалық   түріне  кептіру, төменгі  температура қолданып мұздату  яғни  термикалық  әдістерді  жатқызамыз.

    Химиялық  әдістерде  түрлі  спирт,  қант,  тұз,  уксус  қышқылын  және антисептика яғни  бензойқышқылды  натрий  мен  түссіз  қышқылын қолданады.  Ал биохимиялық  әдіске  тұздау және  тағы да басқалары жатады.

 

 

Консервілеу  үшін піскен   жеміс – жидектерді қолданады. Жемістің  піскенін    дәрежелерге  бөлуге болады.

    Шикізат арнайы  автотранспорттармен   тасылады. Заводтың  қоймалары  жемістерді  белгілі  бір  температурада  ұстауға  арналған. Жемістар  қайта  тұқымданбауы  үшін  қолдан салқындату  жасалынады.

    Дайындау  жұмыстарына  сорттау, тазалау,  жуу процесстері жатады. 

    Жемістерді  арнайы  ванналарда, микроорганизмдерін және өсіру кезінде  қолданған улы химикаттарды кетіру  мақсатында жуады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған   әдебиеттер

 

  1. Бусыгын. А. Предпринимательство .

Инфарм -1997г .

 

  1. Жатканбаев. Е.Б. Малое препринимательство.

Теория, мировой опыт- Алматы; Қазақ Университетеі 2001жыл.

 

  1. Маршалл А Принципы   экономической науки.

                             Москва ; Прогресс- Университет , 1993г

 

  1. Милль. Основа    экономики.  

                          Москва -1993г

  1. Шумпетер Й . Теория экономического  развитие.

                          Москва . Прогресс – Университет , 1982г

 

  1. Глущенко . Е. Основы предпринимательство.

                           Вестник 1996г.

 

  1. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері.

Алматы-1998жыл.

 

  1. Кенжеғазин . А.         Экономика 10- томдық жинақ.

         Редакция алқасы .Алматы-1998жыл.

 

  1. Дашков. Л. П. Предпринимательство и бизнес.

Маркетинг. Алматы-1996 жыл.

 

  1. Джуманов Қ. Предпринимательство- ключевой фактор повышение эффективности производства.

Алматы-2001г.

 

  1. Догиль . Л. Предпринимательства и малый бизнес.

Минск-1997г.

 

  1. Нысанбаев С. Н. Коммерциялық  кәсіпкерлік негіздері.

Алматы-2004 жыл.

 

  1. Амирханова И. В. Гражданское – прававое обеспечение развитие препринимательство в Казахстане.

Қазақ Университет-2003жыл.

 

  1. Г. А.Медиева , сиоскатель Казахской главной архетектурно- стоительной академии. Оснавные направление технического равитие предприятий  и пути его осуществления.

КазЭУ хабаршысы -2004 №1.

 

  1. К. Х. Хамзин.   Соискатель Карагандинского экономического университета Казпотребсоюза  .

Проблемы  малого бизнеса и пути их преодоление .

КазЭУ хабаршысы. 2003г   № 4 .

 

  1. Г. Ким   Особенности кредитование  малого и средного бизнеса .

Вестник КазНУ . Серия экономическая №4 (44) . 2004г

 

  1. А. Е. Наурызбаева .  Особенности регионального развития малого бизнеса за рубежом.

Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3  (43).   2004 г

 

19      Б. Д. Такенов, соискатель . Факторы производства в условиях        рыночной экономики.   Вестник  КазЭУ №9  2003г

 

  • Г.С Каипова. Современное состояние развитие малого бизнеса.

Вестник КазЭУ.№1  2004г.

 

  • Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің , доценті , э.ғ.к. Б. Исабеков.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру .АльПари №4  2005 жыл.

 

  • О. Ершат , Т. Рысқұлов атындағы КазЭУ аспиранты .

Шарттасып бірлесу: шағын және орта кәсіпорындарды тығырықтан      шығару жолдары. КазЭУ хабаршысы №4  2005 жыл.

 

  • С.Умирзаков, э. ғ.к. доцент Т. Рысқұлов атындағы КазЭУ .

Кәсіпорынның   бәсекеқабілеттілігін басқару жүйесі мен статегиясы .

АльПари №3  2005 жыл.

  • К.Шөнеқызы «Шығындар –нәтижелер» әдісі бойынша кәсіпорындардағы талдаудың кейбір мәселелері.

КазЭУ хабаршысы   №3  2005 жыл.

  • П. С. Исахова . Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі.  АльПари №4  2005 жыл.

 

  • К.О. Шаяхметова , А. Шаяхмет . Қазақстан Респуьликасындағы екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несилеу жағдайы.
  • КазНУ хабаршысы . №1. 2005 жыл.