Мазмұны
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы ………………….
1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы…………………………..
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты…………………………………………………………..
ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері …………………………….
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі……………………………………………………….
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі……………………………………….
ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау……………..
3.2 Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік
көрсеткіштерін талдау………………………………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………. .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – негізгі құралдар түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі объектісі ЖШС «Капланбек» ұйымы болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімінде – негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын талдау
есебі, оған түгендеу жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары
қарастырылады.
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралджар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономикалық барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар-деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және ағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
- Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
- Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
- Көлік құралдары;
- Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құрлдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істейтін негізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындржатады:
- алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау шығындары;
- тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
- орнатуға байланысты шығындар;
- архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активты шоттарда жүргізіледі:
2411-шот – жер;
2412-шот – үйлер мен ғимараттар;
2413-шот – машиналар мен жабдықтар;
2414-шот – көліктер құралдары;
2415-шот – компьютерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;
2416-шот – кеңсе жиһазы;
2417-шот — өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірлген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвертарлық номер негізгі құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсетілетіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
— Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
— Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
— Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
— Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
— Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
- «АВК Капланбек» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы
Капланбек шарап заводының негізі 1934 жылы құрылған.1994 жылға дейін мемлекет меншігінде болып өнім беріп келген.Кеңестер одағы тарағасын 1994 жылдан бастап завод жекешелендіріліп «Капланбек Агровинкомбинат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.
Міне содан бері 13 жыл көлемінде шарап түрлерін өндіріп өз алдына жеке құрылып өндірістің көптеген қыр-сырын игеріп шарап өндіру мен сатып-өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.
- Заводтың болашақ жоспарында жүзімдіктерді көбейтіп, ескірген жүзімдіктерді жаңартып және жаңа жүзім сорттарын өсіру арқылы шараптың жаңа түрлерін шығару қаралған.
- Шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырып және жергілікті тұрғындармен жеке жүзім өндірушілермен келісім-шарт арқылы жүзім шикізатын көбейтеді.
- «Капланбек АВК» ЖШС-нің шығарған өнімдерін Қазақстанның қалалары аудандары және алыс жақын шет елдерге жіберіледі.
- Сатып өткізу негізінен келісілген көтерме сауда арқылы және дүкендер арқылы жүргізіледі.
Өндірістік өнім өндіру көлемі шамамен жылына 6,7 млн теңгеге жетеді.заводтың негізгі бәсекелестері болып:
- «Бахус» Ашық Акционерлік Қоғамы;
- «Конысбаев» — шарап заводы және Абай аудандағы «Назико» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі;
- Өзбекстандағы шарап заводтары есептеледі.
«Капланбек АВК» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірден-бір ірі шығаратын кәсіпорын болып есептеледі.
Заводтың барлық инфраструктура мен жарақталған шарап өнімдерін шығару үшін технологиясы барлық стандартқа сай құрылған.
Өндірістің негізіне жүзімді өңдеу арқылы маркалы шараптың 8 түрі өндіріледі.
Олар: «Херес», «Капланбек», «Мускат», «Ақ-бұлақ», «Ислам», «Жоламан», «Ерке-Тумаш», «Қызыл-Таң» және де орденді шараптың үш түрі бар,олар: «Ахдам», «Талас», «Рубин».Бұл шараптар 12 халықаралық сайыстардың жеңімпазы аталған.1995 жылы завод бөлім-бөлімімен қайта жаңартудан өтіп бірнеше ғимараттар мен үлкен жертөле салынды.Заводтың шарап шығару қуаты жылына 20000 долл.1997 жылы шарап өндіру цехы тоқтаусыз және көпжақты ашыту бойынша қайта жарақталып,1200 гкал/сағ мұздатқышы, 4-16 т/сағ қазандығы қойылды.
Заводта:
- сөткесіне 850 тонна жүзімді өңдейтін 8 желі бар;
- сөткесіне 75 тонна жеміс өңдейтін 2 желі бар;
- сағатына 1500 шөлмек құятын 2 желі бар;
- сағатына 5000 шөлмек құятын 1 желі бар;
- сөткесіне 500 долл беретін спирт колоннасы құрастырылып жатыр;
- сөткесіне 280 дол беретін коньяк колоннасы жұмыс істеп тұр.
Басқарма ғимараты 2 қабаттан тұрады.Осы ғимаратта керекті құралдармен жабдықталған зертхана орналасқан.Зертханада шараптардың және шарап өнімдерінің сомасына талдау жүргізіледі.
Есеп шоты – 009467183 Халық Банкі
Шымкент қаласы МФО – 195801604
СТН – 581200001712
Қаржылық шаруашылық іс-әрекеті туралы көрсеткіштер Кесте-1
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2005 г |
2006г |
2007г |
1.Өндіріс көлемі |
Мың долл |
228,94 |
114,56 |
19201,5 |
2.Өндіріс көлемі |
Мың долл |
91396,0 |
93406,2 |
97506,8 |
3.Өндіру көлемі |
Мың долл |
16,69 |
67,83 |
35,95 |
4.Сатудан түскен пайда |
Мың теңге |
12633,7 |
25131,6 |
24397,5 |
5.Өндірілген өнімнің өзіндік құны |
Мың теңге |
48028,3 |
126,25 |
5208,2 |
6.Сатудан түскен өнімнің өзіндік құны |
Мың теңге |
11747,7 |
19252,5 |
19728,3 |
7.Сатудан түскен өнімнің қаржылық нәтижесі |
Мың теңге |
+886,0 |
+15145,0 |
+5403,3 |
8.Амортизациялық шегерім |
Мың теңге |
2136,8 |
2620,7 |
3494,3 |
9.Салықтар ж/е басқа да шығындар |
Мың теңге |
125,2 |
13953,2 |
2615,0 |
10.Қаржылық нәтиженің барлығы (+,-) |
Мың теңге |
-1250,8 |
-1428,9 |
-706,0 |
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты
Есепке алуды және қайта есептеуді жүргізеді: мемлекеттік және жергілікті бюджетке және бюджеттен тыс қорларға, филиалдың қызметтеріне жалақыны, сондай-ақ басқа да қажетті төлемдерді, алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік жазба мәліметтері негізінде бухгалтерлік есепті дер кезінде жасауды, оны белгіленген тәртіпте қоғамға және тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақшаны және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсауды болдырмау, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзу жөніндегі шараларды қабылдайды. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, жоғалтулар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуге қатысады. ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына қайшы операциялар бойынша құжаттардың орындалуын және рәсімделуін болдырмау жөніндегі шараларды қабылдауды жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайларында кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.
Есепті халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудыңсапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктерін, спецификасын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техника мен технологиясын көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 12 қарашадағы №3 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына көшті. Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Яғни, зерттеліп отырған кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен мәнін арттыруда аса маңызды болмақ.
Көптеген ұйымдарда кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін негізгі құрлдар құрайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және оның тартымдылығын бағалаған кезде негізгі құралдардың құрылымы мен көлемі туралы ақпараттың аса маңызы бар. 2400 «негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2410 – «Негізгі құралдар»,
2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы».
Негізгі құралдар дегеніміз – материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі дегеніміз- сипаты және ұйымның қызыметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас активтердің бірлестігі. Мыналар:
- жер;
- үй және ғимараттар;
- машиналық құралдар; кемелер;
- ұшақтар;
- автокөліктік құралдар,
- жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымылы мүлік;
- кеңсе жабдығы жекелеген түрлердің мысалдары болып табылады.
Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге бөлуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай, оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағлау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындарды шоғырландыруға 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) – кәсіпорынның қаржылық жай-күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді. Мәселен, ЖШС «Арман» компаниясының басшылығы пайдаланушылырға қаржылық есептерді сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында ХҚЕС-на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс-шаралар жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
«ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілік» термині оның ХҚЕС-на айқын және сөзсіз сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық талаптарын қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсіндірме бар алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.
Осындай мәлімдеме жасау үшін ЖШС «Капланбек» компаниясының кең көлемде алдын ала жұмыс жүргізу қажет болады.
ЖШС «Капланбек» компаниясы жұмысының кезеңдерін негізгі құралдарды есепке алу мысалымен қарастырайық, өйткені негізгі құралдарды есепке алу бухглтерлік есептің аса күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады.
ЖШС «Капланбек» компаниясының мамандары мынадай алдын ала жұмыс жүргізеді:
- негізгі құралдарды есепке алуға қатысты компания қолданатын есепке алу принциптеріне тлдау және бағалау жүргізіледі және олардың ХҚЕС-ндағы принциптерге сәйкестігі тестен өткізілді;
- жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде ЖШС «Капланбек» компаниясының Есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының ережелеріне сәйкес келтіру үшін белгілі бір оқиғаларға, операцияларға және мәмілелерге қатысты кәсіби пайымдаулар қалыптастырылды;
- қалыптастырылған кәсіби пайымдаулар ескеріле отырып, компанияның ХҚЕС-дағы тиісті принциптерге сай келетін Есеп саясатының ережелері әзірленеді.
Осыған байланысты іс жүзінде әрбір халықаралық стандарттың кәсіби пайымдауды пайдалануды болжайтынын айта кеткіміз келеді.
Бухгалтерлік есептің әдіскерлері шаруашылық жағдайын сипаттау үшін және шын мәнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін ол жөнінде кәсіби бухгалтердің әділ айтқан пайдалы пікірін «кәсіби пайымдау» деп түсінген жөн.
ЖШС «Капланбек» мамандары негізгі құралдарды есепке алуға қатысты қолданылатын есепке алу принциптеріне талдау жүргізді және оларды ХБЕС-дағы принциптерге сәйкестеген өткізді.
Бүгінгі күні Республикада ХҚЕС-ның ресми бекітілген мәтінінің жоқ екендігін ескере отырып, біз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі әзірленген және ұсынған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз.Жоғарыда аталған ХБЕС-ын қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде көмек көрсету үшін әзірленгенін бірден айта кетеміз, олар шын мәнінде ХҚЕС-ның дәл өзі болып табылмайды және нормативтік-құқықтық актілер болып танылмайды.
Әдістемелік ұсынылымдардың мәтінін сіз 2006 жылғы «Справочник бухгалтера» анықтамалығының 1-нөмірінен таба аласыз. Негізгі құралдар объектілерін ХБЕС-на сәйкес есепке алудың және ҚБЕС-мен салыстырғандығы айырмашылықтарының негізгі болып саналатын аспектілеріне тоқтала кетуге тырысамын.
Негізгі құралдар ЖШС «Капланбек» барлық активтерінің едәуір бөлігін құрайды, сондықтан негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай-күйі туралы сенімді ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді. ХБЕС-да негізгі құралдарға мынадай анықтама беріледі: «Негізгі құралдар – бұл:
- компания тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызмет көсету үшін, басқа компанияларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланатын;
- және бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын материалдық активтер».
16 ХҚЕС-на сәйкес, негізгі құралдардың объектісі, компанияның активке байланысты болашақ экономикалық пайдалар алуы ықтималдықтың көп үлесімен расталған жағдайда, актив ретінде танылуы тиіс.
Болашақ экономикалық пайдалар алу компанияның:
- активке байланысты байлық алуына;
- өзіне тиісті тәуекелдер алатынына қатысты айқындаманы білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оны сатып алуға жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
16 ХҚЕС-да активті пайдаланудан болашақ экономикалық пайдалар алуға көңіл аударады, сондықтан да 16 «Негізгі құралдарды есепке алу» ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптерінен басты айырмашылығының болуымен сипатталады.
Активті танудың екінші міндетті шарты оның құнын сенімді бағалау, яғни активті сатып алуға жұмсалған нақты шығынды сенімді бағалау болып табылады. Осыған қоса айтатыным, қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар таратылуы мүмкін, өйткені үшінші тараптың пікірі жұмсалған шығынның сенімді дәлелі болып табылады.
Жоғарыда аталған объектілерді жіктеу кезінде компанияның бухгалтерлік қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін бағалау едәуір қиындық туғызады.
Мынаны ескерте кетемін, экономикалық пайда алу негізгі құралдар объектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылуы:
- ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріліп пайдаланылуы;
- сатылуы немесе басқа активке ауыстырылуы;
- міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;
- ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Менің пікірімше, біріншіден, теледидар, гүлдер, суреттер сатып алу бойынша операциялар компания үшін, атап айтқанда, активтердің туындауына немесе кәсіпорынның шығыстар жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау қажет.
Мұнда алдыңғы жоспарда біз басында айтып кеткен кәсіби пайымдау тұрады. Бухгалтердің активтерге енгізілген болашақ экономикалық пайданың компанияға келіп түсу ықтималдығының бар екенін айқындаған жөн.
ЖШС «Капланбек» компаниясының қаржы директоры емдік сулар, ауыз суымен бірге , шараптық сулар фирма қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау үшін ғана сатып алынғанын және алдағы уақытта компания басшыларында оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ екендігін түсіндірді. Атап айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты орындағанда, қызмет көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріп те пайдалануды жоспарламайды, сондай-ақ оларды сату немесе басқа активке айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына беру, ұйымның меншік иелері арасында бөлу ниеті жоқ.
Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі құралдарды, әдетте пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелмейтін болса, онда оларды кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ.
Осылайша, ЖШС «Капланбек» ыңғайлы еңбек жағдайын жасау үшін активтер сатып алуда тек қана шығын шекті.
Сондықтан қарастырылып отырған жағдайда ХҚЕС-ның мына ережесін қолданған жөн: егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оған жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
Алайда бұл жерде бухгалтерлерде мынадай сауал туындайды: Осындай объектілерді кәсіпорын ұзақ уақыт пайдалануды болжайтын болса, олардың талдау есебін жүргізуді және сақталуын бақылауды қалай ұйымдастырған жөн.
Дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары үшін компаниялардың:
- осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізу;
- оларды материалды жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;
- ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізу қажет.
16 ХҚЕС-да қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық құндылықтар ретінде есепке алынып, олардың пайдалануына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны айқындалған.
Алайда, егер компания ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықты бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, компанияның басшылығы олардың негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені жөн.
Әдістемелік ұсынылымдарда жоғарыда көрсетілген 16 ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуға тиіс.
Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізде алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.
ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.
Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауда жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.
Осылайша негізгі құралдардың нақты құнына ол пайдалануға дайын болған кезде активті қалпына келтіруге дейін пайда болған барлық болмай қалмайтын шығындар кіреді.
Компания шығарған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу принциптері сияқты негізде айқындалады. Жоғарыда, барлық айтылғандарды ескере келсе, 2400 «Негізгі құралдарды есепке алу» ХҚЕС бойынша активті тану шартын негізгі өлшемдері бойынша ХБЕС-ның ережелеріне қайшы келмейді деп айқындауға болады.
ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері
Негізгі құралдар – материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылады;
б) Әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген №6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тсымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объекткүрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші қорқайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектігі тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
- тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;
- қоймада тұрады (қорда) – жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
- жалға берілген немесе алынған- басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар
|
|
||||||||||
1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғындар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемімен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құбылыс объектілері. Әр бір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік құрылыс объектілер. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Қондырғылар – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор машиналар, түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигательмашиналары.
Жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар.
Есептеу техникасы – процесстерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар.
Басқадай машиналармен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал жабдық.
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесемеханикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өндеу үшін машиналарға бекітілген кесетін, соғатын және нығздайтын еңбек құралдары. Басқа мүлік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары орындықтар, шкафтар, кілемдер. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатын өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек малмүліктік объект болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы;
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін,кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуінжәне бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар есебі» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
«Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқалары жатады. Тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1-графасынан 30%-кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51 ден 64%-іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65 тен 79% ке дейінгі тозу дәрежесі -4 графадан, 80-нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.
Мысалы: Үй бастапқы құны 5300800 теңге, есептелген тозу сомасы 2120320 теңге, тозу дәрежесі 40%. 2 графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта есептейік:
- Ағымдағы құн 5300800 теңге * 1,054 =5587043
- Тозу сомасын түзетейік 2120320 теңге х 1,054 = 2234817 тенге.
- Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы
2410 «Үйлер» шоты дебеті
541 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал» шот кредиті
5300800 тенге – 5587043 тенге = 286243 тенге
Тозуды қайта бағалау:
541 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал» шот дебеті.
2234817 тенге – 2120320 тенге = 114497 тенге.
№6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес активті пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы амортизация есептеу тәсілінде қолданылуға сәйкес айқындалатын мөлшерлердегі бөлінбеген табысқа ауыстырылады.
Құнды ұлғайту сомасы (актив құнының өсуі):
(300800 тенге – 5587043 тенге) – (2234817 тенге – 2120320 тенге) = 171746 тенге.
Артық бағалаудың барлық сомасы тек активтің себебіне қарамастан істен шыққан сәтінде ғана бөлінбеген табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай жазба түседі:
541 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал» шот дебеті
561 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шот кредиті – 171746 тенге.
Көлемінің үлкенді кішілігіне, бағасының азды көптілігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салдарына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандарттарында негізгі құралдарды бағалаудың түрлері келесі 8 кестеде көрсетілген.
2 кесте
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
№ |
Атауы |
Мазмұны |
1. |
Өзіндік (бастапқы) құн |
Төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны. |
2. |
Амортизацияланушы (тозушы) құн |
Жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнның орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома. |
3. |
Жойылу құны |
Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома. |
4. |
Әділетті (сатып-өткізу) құн |
Бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома. |
5. |
Баланстық құн |
Жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құралдар (баланста есепке алынатын сома. |
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
- Шотта көрсетілген сату бағасы;
- Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;
- Сатып алу-сату кркаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу;
- Салықтар мен алымдар;
- Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар. Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
- Материалдар;
- Еңбекақы төлеу;
- Үстеме шығындардың тиісті үлесі;
- Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу;
- Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіне берілген кредиттер бойынша проценттер.
Негізгі табынқа қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлетудің нақты өзіндік құнынан құрылады. Негізгі табынты қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу №1 нысанындағы актімен рәсімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамында есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында НҚ құрамына шығарып тастау үшін пайдаланылады. Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ бірнеше объектілерін қабылдау-өткізу рәсімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданса, рұқсат етіледі. Акт рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттар мен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдеген кезде акт екі данада жасалады. НҚ басқа объектіге сатылған кезде акт үшданада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі НҚ қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды «жас өсімдіктер» тобына есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді «пайдаланудағы өсімдіктер» тобына ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен рәсімделеді. Акт белгіленгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухглтеряға тапсырылады.
Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды рәсімдеуде қолданылады.
Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық номері, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілер көрсетіліп бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін көрсету арқылы жалпы санын жазады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2400 шоттарында жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2420 шоттары арналған.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленген пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайын келтіру мен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құны:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайды мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін слықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі.
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар, тағы да басқалар енгізіледі.
Алайда, құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да ағымдағы шығын қатрына жатады және де негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалар, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелінген пайыздар сомасы, заңгерлерге архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалынған мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорын жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепке әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады.
Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объектінің бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу құнымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: Кәсіпорындарда жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен бірге 500000 теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Субъектінің оларды сатып алу барысында төленген шығындарды 25000 теңге. Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 теңге. Осы мәліметтерді қорытатын болсақ, сатылып алынған жердің бастапқы құны 560000 теңгені құрайды. Кәсіпорында негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
- үлес қосушылыр мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
- Кәсіпорын негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
- Кәсіпорын негізгі құраладрды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша әексепттік жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралы нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны – негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталатын негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасндағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдарды бастапқы құндары тек мына жағдайларға ғана өзгертіледі:
- Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзылғанда, жойғанда және бөлшектегенде.
- ҚР үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Сол сияқты пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ.
Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы – жалпы негізгі құралдарды өндіру, салу жағдайы.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың белгілі бір уақыттағы құны сол кезде жасап шығаруға, өндіруге, салуға қажет болатын, жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды уақыт өте қайтадан бағалап тұрады.Негізгі құралдарды қайта бағалау үкіметтің қаулысымен барлық жерде шаруашылық субъектілерінде белгілі бір күнде, мезгілде жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі салу, өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорында негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген баға сәкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау жүргізілген кезінде кәсіпорындағы негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
2.3. Негізгі құралдардың түсу есебі
Негізгі құралдар негізінен өдірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табына ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсәмдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қос, комиссия қызмет ету мерзімі және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады.
Ал болжамдық жою құны негізінен кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0% дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған,техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типі заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты тұлғаға бекітіп мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады (9 кесте)
Кесте 3
Негізгі құралдарды кіріске алу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы
№ р/н |
Шаруашылық операциясының мазмұны |
Сома, мың теңге |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
|||
1. |
Негізгі құралдарды кәсіпорынның өз ішінде орын ауыстыру |
200000 |
2410 |
2410 |
2. |
Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынады: келісім шарттық құнына ҚҚС сомасына |
150000 24000 |
2410 1420 |
3310 3310 |
3. |
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына салған негізгі құралдар |
600000 |
2410 |
5020 |
4. |
Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді және бақыланатын кәсіпорындардан алынды: 1. баланстық құнына 2. ҚҚС сомасына (13%) 3. беруші жақтың есептеген тозу сомасы |
250000 40000 100000 |
2410 1420 2410 |
6160 2420 2420 |
Жиыны (бастапқы құны) |
350000 |
х |
х |
|
5. |
Тегін алынған негізгі құралдар кірістеледі: 1. баланстық құнына 2. берілген күнге дейін есептелген тозу сомасына |
132000 28000 |
2410 2410 |
6160 2420 |
Барлығы (бастапқы құны) |
160000 |
х |
х |
|
6. |
Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталады: 1. негізгі құралдардың әксперттік жолымен анықталған қалдық құнына 2. негізгі құралдардың әксперттік жолымен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына |
64000
18000 |
2410
2410 |
6160 2420 |
Барлығы |
82000 |
х |
х |
|
7. |
Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі құралдары: 1. негізгі өндіріс цехында 2. көмекші өндіріс цехында |
300000 200000 |
2410 2410 |
8110 8310 |
|
Барлығы |
500000 |
х |
Х |
Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерін субъект ішінде орын ауыстыру кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілері туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдарды сатып алу, салу, құрылтайшылырдың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарына беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол азүута татаиътащалтан лссллиссия алдъшен опардад іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- объектінің аты;
- объект қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- құрылыстың салынып біткен уақыты;
- амортизациялық аударым мөлшері;
- бастапқы құны; басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалары мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыста, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Д-т: 2400Негізгі құралдар – шоты
К-т:1040 Ақшалар – шоты;
Еншілес серіктестіктерге қарыз – шоты;
Қоюшы мердігерлермен есеп айырысу – шоты;
Төленбеген капитал – шоты;
Үкімет органдарының субъсидиялары – шоты;
деп атлатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланылып және оларға тозу сомасы есептелсе, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Д-т:2400 Негізгі құрал – шоты
К-т: 2420Негізгі құралдың тозуы – шоты
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі
Кәсіпорын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара жойылады. Кәсіпорын балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа кәсіпорынға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапты тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлері баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механик, инженер-энергетиктер, инженер гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтер, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және тағы басқа мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілер мен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептері, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдалану мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, әтаптық жоспарлварын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және басқа да бар құжаттарды пайдаланады.
Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар – тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар – биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толық жоғалтқанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.
Негізгі құрал-жабдықтарды толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің бірінші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтарды сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, матеиалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басмқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекіткеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.
Негізгі құрлдарды есептен шығарудың қабылданған тәтібінбұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, проиборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын жәнеөнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады. Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншісіне беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдар кәсіпорынның өз ішінде орын ауыстыру кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде құрал-жабдықтарды бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғады. Негізгі құралдар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға да, талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясын 11 кестеде қарастырайық.
Кесте 4
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі
шоттардың корреспонденциясы
|
Шаруашылық операцияның мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
|||
|
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінде өндіріс құрал-жабдықтары есептен шығарылады: -объектінің пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасына -объектінің баланстық құнына |
349860
5140 |
2420
7410 |
2410
2410 |
|
Жиынтығы |
355000 |
— |
— |
• |
Объектіні бөлшектеу үшін еңбек ақымен қоса аударымдар бірге есептелінеді: |
|
|
|
|
-есептелген еңбек ақы сомасы -аударған әлеуметтік салық |
13700 2590 |
74710 6210 |
3350 3150 |
• |
Тасымалдағаны үшін автокөлік шаруашылығының шоты акцептеледі |
5500 |
6210 |
3310 |
|
Негізгі құралды жоюдан түскен материалдар кіріске алынады |
18000 |
1310 |
6210 |
|
Негізгі құралдар бір цехтан екіншісіне беріледі |
300000 |
2410 |
2410 |
Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол «Негізгі құралдар» бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есептен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, табиғи апат, зіл-залал жағдайында бүлінгенде шығарады. Сонымен қатар өздеріндегі меншігіндегі негізгі құралдары басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.
Негізгі құралдарды есептен шығару №6 БЕС-да қаралған тәртіп бойынша жүргізіледі. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» және үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
- объектінің салынып біткен уақыты;
- шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріске алынған уақыты;
- пайдалануға берілген уақыты;
- объектінің бастапқы құны;
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты;
- көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;
- негізгі құралдардың істен шығару себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
- сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданатын шараларды іс актіге жазды.
Кәсіпорында негізгі құралдарды сатқаннан, бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады.
Кәсіпорында есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 7410-«Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдарын есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына 2420-«Негізгі құралдардың тозуы» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.
Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: 1330-«Материалдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 6210-«Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар және де басқа да активтер» — деп аталатын 3-бөлім және «Ақшалай қаржылыр» — деп аталатын 4 – бөлім шоттары тиістілерінің дебетіне, «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған табыстар мен шыққан шығындар – «Жиынтық табыс» шотына апарылады.
Басқа кәсіпорында, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 «Қабылдау табыс ету актісі» екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе заңды тұлғаларға берілетін негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралды алушыға беріледі. Негізгі құралды және оның инвентарлық карточкасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.
Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін алушыға берілген негізгі құралдарын бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат жолдауы керек. Бұл хат, яғни авизо төрт дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған субъектінің немесе заңды тұлғаның бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.
Сонымен басқа шаруашылық субъектілерге, заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау – табыс ету актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына негізделініп шығарылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулар мен бірдей жазылады.
ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
«АВК Капланбек» ЖШС- нің нарықтық қатынастардың дамуына байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлкінің құрамында материалдық емес активтер деп аталатын активтердің жаңа түрі пайда болды. Олар субъектнің бухгалтерлік балансында ұзақ мерзімді активтер баптарының бірінші тобында көрсетіледі.
Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші субъект мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты болады.
Материалдық емес активтер деп- табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып- өткізу операцияларына, әкімшілік мақсатарға ұзақ уақыт (1 жылдан артық ) пайдалануға және басқа субъектіге жалға беруге арналған, айқындауға болатын субъект келешекте экономикалық табыс ( пайда ) күтетін ақшалай емес активтерді айтады.
Бухгалтерлік есептің 28 «Материалдық емес активтердің есебі » және 38 «материалдық емес активтер» ХҚЕС стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана ретінде танылады:
-Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
-Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егерде материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқада ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл маериалдық емес активпен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерді тиесілігіне, пайдалану мақсатына және ақаратын міндетті қызметіне байланысты топтастыруға болады.
Тиесілігі бойынша материалдық еемес активтер мынадай топтарға бөлінеді:
- Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер (ұйымдастыру шығындары, ноу-хау, ЭЕМ –ын бағдарламалық жабдықтау, табиғат ресурстарын пайдалану құқығы);
- Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер (тауар белгілері, сауда маркілері)
- Пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер (патенттер, лицензиялық келісімдер, өндірістік үлгілер).
Пайдалану мақсаты және атқаратын міндетті қызметі бойынша:
- интелектуалдық меншік (патентер, лицензиялар, тауар белгілері, ноу- хау, өндірістік үлгілер, гудвилл)
- табиғат ресурстарын пайдалану құқығы ( жер учаскесін, қазба байлықтарын пайдалану құқығы, қазба байлықтар жөніндегі геологиялық және басқа ақпараттарға құқық);
- кейінгі қалдырылған шығындар (ұйымдастыру шығындары, ғылыми зерттеу және конструкторлық- тәжірибе жұмыстры бойынша шығындар).
Субъектінің өзінде жасалынған объектілердің бастапқы құны материалдық емес баптардың материалдық емес активтер анықтамасына және олардың танылу критерилеріне сәйкес келген сәтінен бастап шығарылған активті жасауға және оны белгіленген мақсатқа пайдалану үшін дайындауға бөліп таратылуы мүмкін қосымша шығындар мен нақты ікелей шығындардың сомасынан тұрады. Объектіні жасауға оның материалдық емес активтер анықтамасына және танылу критериилеріне сәйкес келген сәтіне дейін шығарылған шығындар активтің бастапқы құнына кірмейді, олар өздері шығарылған есепті кезеңнің шығындары болып табылады. Ұқсас активке айырбастау нәтижесінде қабылданған объектінің бастапқы құны айырбасталған активтің баланстық құны бойынша анықталады. Мұндай айырбас табыс әкелмейтін келісім болып табылады. Актив ретінде бастапқы танылуынан кейін материалдық емес активтер жинақталған амортизация сомасын алып тастаған бастапқы құны бойынша көрсетіледі.
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу жәе реттеу аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісті:
- егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
- егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар – деп өндіріске қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Экономиканың салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономиканың салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түрінде жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызмеі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін өндіру процессіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
- Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қоралары, мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін мұнаралар, суландыру жүйелері, көң қоймалары);
- Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш бергіш қондырғылар, электр двигательдер, бумен жұмыс істейтін двигательдер, топырақ өңдейтін, егін салатын, тұқым себетін және егін жинайтын машиналар мен құралдар, жем-шөп әзірлейтін машиналар, мал фирмасының жабдықтары, электр жүйелері, жылу энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге арналған құралдар, телефон және радио жүйелер);
- Көлік құралдар (автокөліктердің барлық түрлері, автоприцептер, қайық және катерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және шаналар);
- Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық құрал-жабдықтар, өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе ағаштар, тағы басқалар).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатды.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау қағидалары үлкен рөл атқарады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандарттарында негізгі құралдарды бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: өзіндік (бастапқы) құн, жойылу құны, амортизацияланушы (тозушы) құн, әділетті (сатып-өткізу) құн, баланстық құн.
Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдер әділетті құны.
Амортизацияланушы құн – жойылу құнын алып тастағаннан кейін активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнының орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.
Жойылу құны – негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейін алынады деп күтілетін таза сома.
Әділетті құн – бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.
Құнды төмендетуден шеккен зиян – активтің (негізгі құралдың) баланстық құнының оның төленген құнынан артық сомасы.
Баланстық құн – жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құралдар) баланста есепке алынатын сома.
Бухгалтерлік есептің 16-ші «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы (есепке алыну) мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік (бастапқы) құны бойынша бағалануға тиісті.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік (бастапқы) құнына сатып, сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, саып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез-келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегідей шығындар жатады:
- алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау шығындары;
- тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
- орнатуға байланысты шығындар;
- архитекторлардың және инженерлердің жұмыстары сияқты кәсіби қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған (жасалынған) негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі қағидалардың негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс (пайда) ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
- негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
- негізгі құралдардың қайта бағаланғанда.
Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы) құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен қайта бағалау уақытының арасында айырмшылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданвылатын техниканың шығыны, жұмысшылырдың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі-бір себептермен өзгеріп отырады. Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың баланстық құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды оқтын-оқтын қайта бағалау тұру қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті құны анықталады. Егер машиналар мен жабдықтардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады.
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың өзіндік құнының өсуі Бас шоттар жоспарындағы 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті шоттарының дебетіне және 5321 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан резерв» шотының кредитіне жазылады.
Қайта бағалау жүргізілген күні кәсіпорында негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың есебін жүргізуде екі маңызды міндет айқындалады.
Бірінші – ағымдағы есеп беру мерзімінде негізгі құралдар құнының қандай бөлігі шығынға жатқызылатындығы айқындалады.
Екінші – баланста көрсетілетін қалдық (баланстық) құнды есептеу. Бұл міндеттерді шешу үшін бухгалтерлік есеп мынадай сұрақтарға жауап беруге тиісті:
- Негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құны қалай анықталады?
- Негізгі құралдар құнының белгілі бір бөлігі кәсіпорынның шығынына қалай апарылады?
- Негізгі құралдарды пайдалануға және жөндеуге байланысты шығындардың есебі қалай жүргізіледі?
- Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебін қалай жүргізу керек?
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы мүмкін:
- Нақты ақша қаражаттарына сатылып алынады;
- Несиеге алынады;
- Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен) алынады;
- Басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде (тегін) алынады;
- Салу (құру), жасау арқылы алынады;
- Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар «негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін» (№НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды қабылдағанда мына мәліметтер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі. Қабылдаған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады. Құжат төменде келтірілген.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдың әрбір түріне инвентарлық номер беріледі. Олар тұрақты түрде белгіленеді. Инвентарлық номер негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдың өзіне бояумен жазылады.
Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектілері бойынша есебі типтік нысандағы Мүліктік (инвентарлық) карточкаларда жүргізіледі (№ НҚ-6 нысанындағы).
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар бас шоттар жоспарының 16 «негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттарының дебеті бойынша кіріске алынады.
Жерді сатып алу кезінде оның құнының басқа төленетін қосымша шығындар жиі пайда болып отырады. Бұл шығындарды жердің құны сияқты 2410 «Жер» шотының дебетінде көрсету керек. Ондай шығындарға: агенттерге төленетін ақы, адвокадтар қызметінің төлемі, сатып алушы төлейтін салық сомасы, жерді құрғату, тазалау, тегістеу шығындары жатады.
Дайын ғимараттарды сатып алу кезінде оның өзіндік құнына сатып алу бағасы жөндеуге және басқа да ғимаратта жұмыс істейтін жағдайға жеткізу үшін жұмсалған шығындар кіреді. Егер фирма ғимаратты өзі салатын болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына барлық қажетті шығындар (материалдар, еңбек ақы, сәулетші қызметінің ақысы, құрылыс жүргізу мерзіміндегі сақтандыру шығындары, құрылыс жүргізу мерзімі ішіндегі объектіге берілген несие бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргізуге берілген рұқсатың құны) кіреді. Егер ғимаратты салу кезінде мердігерлердің қызметі қажет болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына келісім бағасымен бірге салынып жатқан объектіні пайдалануға беруге қажетті шығындар да кіргізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдардың барлық түрі шаруашылық процесіне қатыса отырып, бірте- бірте тозады, яғни бастапқы сапасын жоғалтады. Сөйіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге жарамай қалады да оларды жаңамен алмастыруға тура келеді.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш болып мобильді және имобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті табылады.
Мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобилдігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айрысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әліде болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Қорлардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп слқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Кесте 5
Мүлік құнының құрылымын талдау
(2006-2007) «АВК Капланбек» ЖШС
Көрсеткіштер |
2006 |
2007 |
ауытқу |
Мүлік құны (теңге) |
1178343958 |
1242795503 |
64451545 |
Иммобильдік қорлар |
999407421 |
1120076742 |
120669321 |
Мүлік құнына % |
84,8 |
90,1 |
5,3 |
Мобильдік қорлар |
178936537 |
122718761 |
56217776 |
Мүлік құнына% |
15,2 |
9,9 |
-5,3 |
Кестеде көрсеткендей қоғамның мүлік құны 64451545 мың теңгеге өсті. Берілген қоғамда мұндай өсу иммобильдік қор, яғни ұзақ мерзімді активтердің нәтижесінде пайда болған. Осымен иммобильдік қордың үлесі 5,3 пайыз немесе 120669321 мың теңгеге көбейген. Бұның өсуінің себебі жаңа құрал жабдықтарды жаңа негізгі құралдарды өндіріске енгізу болып табылады. Мобильдік қор есеп беру кезінде 56217776 мың теңгеге немесе -5,3 пайызға төмендеді. Бұл төмендеу қаржы нәтижесіне керіәсерін тигізуі мүмкін.
Кесте 6
Қаржылық қорлардың құрылымын талдау
(2006-07 жыл) «АВК Капланбек» ЖШС
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
Ауытқу |
Қаржылық қорлар (теңге) |
1178343958 |
1242795503 |
64451545 |
Меншікті капитал |
1074229849 |
1141813841 |
67583992 |
Қаржылық капиталға (%) |
91,2 |
91,9 |
0,7 |
Тартылған капитал |
104114109 |
100981662 |
-3132442 |
Қаржылық капиталға (%) |
8,8 |
8,1 |
-0,7 |
Талдау жасалынған акционерлік қоғамның қаржылық қор сомасы 64451545 мың теңгеге өскенін байқаймыз. Мұндай өсу біріншіден меншікті капиталдың өсу нәтижесінде болған. Меншікті капитал 67586992 мың теңгеге өскен. Яғни тартылған капиталының сомасы 3132442 мың теңгеге азайған. Осымен акционерлік қоғамның қазіргі таңда қаржыланудың бар жоғы екі жолы бұл:
- меншікті капиталды ұлғайту;
- сырттан тартылған капиталды көбейту.
Мына осы екі қаржыланудың жолдарын ұлғайту керек екендігін көріп отыр.
Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07 жыл «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 7
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
Құрылымның өзгеруі |
|||
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
мың тг (3гр-1гр) |
үлес салмағы % |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қысқа мерзімді активтердің барлығы |
178936537 |
100 |
122718761 |
100 |
-56217776 |
— |
Ақша қаражаттар |
3229440 |
1,8 |
2964154 |
2,4 |
-265286 |
0,6 |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары |
10361504 |
5,8 |
3945878 |
3,22 |
-6415626 |
-2,58 |
Еншілес ұйымдардың дебиторлық борыштары |
152542 |
0,09 |
— |
— |
152542 |
0,09 |
Басқа да дебиторлық борыштар |
12631610 |
7,06 |
42953939 |
35 |
30322329 |
28 |
Алдағы кезең шығыстары |
63732 |
0,04 |
9372 |
0,008 |
-54360 |
-0,32 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер |
— |
|
— |
— |
— |
— |
Қорлар |
152012491 |
85 |
72845420 |
59,4 |
-79167071 |
-25,6 |
Басқа да қорлар |
485217 |
0,27 |
— |
— |
485217 |
0,27 |
Кестеде көрсеткендей қысқа мерзімді активтер 56217776 мың теңгеге төмендеген. Бұл қысқа мерзімді активтердің есеп беру жылы төмендегенінің себебі ақша қаражаттар 265286 мың теңгеге азайды. Және де сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары -6415626 мың теңге ал қорлардың 79167071мың теңгеге төмен мәнге ие болғаны қорлардың айналымы нашар болғандықтан осындай жағдайға ие болып отыр.
Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07 жыл «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 8
Көрсеткіштер |
Жыл басы
|
Жыл аяғы |
Жыл бойындағы өзгеріс (+,-) |
Құрылымының өзгеруі (4гр-2гр) |
|||
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
мың тг. (3гр-1гр) |
(5гр/1гр * 100) |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Активтердің құны |
10514520 |
100 |
11151876 |
100 |
637356 |
6,06 |
— |
Ұзақ мерзімді активтер |
10280092 |
97,7 |
10838696 |
97,1 |
558604 |
5,4 |
-0,6 |
Ағымдағы активтер |
234428 |
2,22 |
313180 |
2,8 |
78752 |
33,6 |
0,58 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 637356 мың теңгеге немесе 6,06%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрә қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильдігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықау қажет, ол туралы арнайы түрлі көзқарастар кездеседі.
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07) жыл «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 9
Көрсеткіштер |
2006 |
2007 |
Айырма |
|||
сома |
пайыз |
сома |
пайыз |
сома |
пайыз |
|
Ұзақ мерзімді активтер |
999407421 |
100 |
1120076742 |
100 |
120669321 |
— |
Материалдық емес активтер |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Негізгі құралдар |
912224078 |
91,3 |
1120076742 |
100 |
207224664 |
8,7 |
Ұзақ мерзімді инвестициялар |
|
|
|
|
|
|
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз |
|
|
|
|
|
|
Аяқталмаған құрылыс |
87183343 |
8,7 |
— |
— |
87183343 |
8,7 |
Талдау бойынша «Капланбек»ЖШС –нің ұзақ мерзімді активтері есеп беру жылы 1120076742 мың теңгеге ал өткен жылмен салыстырғанда 120669321 мың теңгег жоғарылады. Осы ұзақ мерзімді активтердің өткен жылдық көрсеткіштері бойынша 91,3 пайызға негізгі құралдар, 8,7 пайызды аяқталмаған құрылыс ие болған. Осы жылы тек негізгі құралдар 100 пайызға ие болып отыр.
3.2. Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік көрсеткіштерін талдау
Негізгі құралдардың тозуы табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Негізгі құралдардың олардың барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардын әсерінен де болады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналармен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей ақ құнсызданып, өндіріс процесінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық процесінің нәтижесі. Техникалық процестің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшан және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналарды табиғи тозығы жетпей-ақ ескіріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес, тозу деп- негізгі құралдың тозушы (тозған бөлігінің) құнын оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиісті.
Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімі дегеніміз- актив кәсіпорында пайдаланылады деп күтілетін кезең не болмаса активті пайдаланудан алынады деп күтілетін өнім бірліктерінің немесе сол сияқты көрсеткіштердің саны. Негізгі құралдар объектісінің тиімді қызмет ету мерзімі кезең сайын қайта қаралып отыруға тиісті және де егер болжамдарын бұрынғы бағалаулардан елеулі айырмашылығы болса, ағымдағы және алдағы кезеңдерде тозуға жасалынатын ауударым сомасы түзетілуге тиісті
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік – аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайының көрсеткіштерін талдау
(2006-07 жыл) «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 10
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
ауытқу |
||||
|
|
сома |
пайыз |
сома |
пайыз |
сома |
өсу қарқыны |
1 |
Негізгі құралдардың бастапқы құн |
10380407 |
100 |
10615804 |
100 |
235397 |
1,02 |
2 |
Негізгі құралдардың тозуы |
288169 |
— |
336674 |
— |
48505 |
1,16 |
3 |
Негізгі құралдардың қалдық құны |
10092238 |
|
10279130 |
|
186892 |
1,01 |
4 |
Жарамдылық коэффициент (3/1)*100 |
|
97,2 |
|
96,8 |
|
-0,4 |
5 |
Нақты құн коэффициент (3/баланс валюта) *100 |
|
95,9 |
|
92,1 |
|
-3,8 |
6 |
Баланс валюта |
10514520 |
|
11151876 |
|
637356 |
1,06 |
7 |
Тозу коэффициент (2/1) *100 |
— |
2,77 |
— |
3,17 |
|
0,4 |
Кестеде көрсеткенталдау бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны 235397 теңгеге және 1,02 есе өскен. Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер болып тозу коэффициентіжәне жарамдылық коэффициенттер табылады. Тозу коэффициентінің төмендеу тенденциясына бейім, осыдан талданбайтын акционерлік қоғамның 3,17 пайыз негізгі құралдардың 96,8 пайызы эксплуатацияға жарамды деп есептеледі.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдағаннан кейн негізгі құралдардың қолдану көрсеткіштері оқылады. Кез келген акционерлік қоғамдағы негізгі құралдардың тиімділігі келесі көрсеткіштерімен сипатталады:
- Қор қайтарымдылық коэффициент;
- Қор сыйымдылық коэффициент;
- Интегралды көрсеткіш коэффициент.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайының көрсеткіштерін талдау
(2006-07 жыл) «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 11
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
ауытқу |
||||
|
|
сома |
пайыз |
сома |
пайыз |
сома |
өсу қарқыны |
1 |
Негізгі құралдардың бастапқы құны |
912224078 |
100 |
1263866138 |
100 |
351642060 |
— |
2 |
Негізгі құралдардың тозуы |
— |
— |
143789396 |
11,4 |
143789396 |
11,4 |
3 |
Негізгі құралдардың қалдық құны |
912224078 |
100 |
1120076742 |
88,6 |
207852664 |
-11,4 |
4 |
Жарамдылық коэффициент (3/1)*100 |
|
100 |
|
88,6 |
|
-11,4 |
5 |
Нақты құн коэффициент (3/баланс валюта)*100 |
|
77,4 |
|
90,1 |
|
12,7 |
6 |
Баланс валюта |
1178343958 |
|
1242795503 |
|
|
|
7 |
Тозу коэффициент (2/1)*100 |
|
— |
|
11,4 |
|
11,4 |
8 |
Жинақталған тозу коэффициент |
|
— |
|
11,4 |
|
11,4 |
Талдау бойынша негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенті кәсіпорынның материалды-техникалық базасын сипаттайды. Нақты құнды анықтағанда қалдық құны бойынша негізгі құралдар сомасын баланс валютасына бөлу арқылы анықталады. Және осының қолайлы мәні 0,5-тен кем емес болуы керек. Біздің талдаудан қарағанда 12,7 мәнді көрсетті.
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды. Осы коэффициенті – негізгі құралдардың тозу сомасын негізгі құралдардың бастапқы құнына бөлу арқылы анықтайды. Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті анықтағанда негізгі құралдардың қалдық құнын негізгі құралдардың бастапқы құнына бөлу арқылы есептейді. Оның теориялық мәні 0,5-тен кем емес.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау
(2005-06 жыл) «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 12
№ |
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
Ауытқу |
1 |
өнімді өткізуден түскен түсім |
178245 |
182262 |
4017 |
2 |
Таза табыс |
58000 |
67805 |
9805 |
3 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны |
10045574 |
10185684 |
140110 |
4 |
Қор қайтарымдылық коэффициент (1/3)*100 |
1,77436 |
1,78939 |
0,01503 ж.шама 0,02 |
5 |
Қор сыйымдылық коэффициент (3/1)*100 |
5635,8237 |
5588,4847 |
-47,339 |
6 |
Интегралды коэффициент |
1,33 |
1,34 |
0,01 |
Талдау жүргізілген акционерлік қоғамда орташа жылдық құны негізгі құралдардың 140110 мың теңгеге өскен. Талдау жасалынатын акционерлік қоғамда негізгі құралдарды пайдалануы тиімді, себебі, өткен жылмен салыстырғанда қор қайтарымдылық коэффициенті 0,02-ге жоғарлады. Интегралды көрсеткіші 0,01-ге өскені байқалды. Бұл өзінің негізгі құралдарын жақсы пайдаланғанының дәлелі.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау
(2006-07 жыл) «АВК Капланбек» ЖШС
Кесте 13
№ |
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
Ауытқу |
1 |
Өнімді өткізуден түскен түсім |
1176000 |
5488000 |
4312000 |
2 |
Таза табыс |
900000 |
950000 |
50000 |
3 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны |
775500825 |
1016150410 |
240649585 |
4 |
Қор қайтарымдылық коэффициент (1/3)*100 |
0,15 |
0,54 |
0,39 |
5 |
Қор сыйымдылық коэффициент (3/1)*100 |
65943,9 |
18515,8 |
-47428 |
6 |
Интегралды коэффициент |
0,13 |
0,022 |
-0,108 |
Талдау бойынша өнімді өткізуден түскен түсім 4312000 мың теңгеге өткен жылмен салыстырғанда жоғарлады. Осының нәтижесінде таза табыс 50000 теңге жоғарлады. Және де негізгі құралдар 240649585 мың теңгеге жоғарлағаны байқалды. Қор қайтарымдылық коэффициенті 0,39 пайызға жоғарлады.
Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің Бас шоттар жоспарына сәйкес субъект меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозу сомасын жинақтау үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттары пайдаланылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты қорыта келгенде, еліміздің экономикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады. Оның ішінде еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесі – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуі. Сондықтан қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шраларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Нарықтық экономика жүйесінде бухгалтерлік есепке қойылатын талаптиар мен міндеттер күрделірек болып отыр. Өйткені бухгалтерлік есеп қазіргі экономиканы ұйымдастыру мен басқару, іскерлік, экономикадағы саясат пен шешім, стратегия мен тактиканы қабылдау ісіне мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып табылады.
Осыған байланысты біз ең алдымен бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерімен танысып, оны үйренуімізге мүмкіндік аламыз. Жалпы бухгалтерлік мамандықты игеру үшін алдымен бухгалерлік есепте қолданылатын әдістерді білуіміз керек. Оның ішінде бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін, екі жақты жазуды, бухгалтерлік балансты тағы басқаларды жақсы білуіміз керек. Сонымен қатар негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін де білуіміз керек.
Негізінен негізгі құралдар айналымнан тыс активтерден құралады. Шаруашылық операциялар субъектілердің өмірінде болған фактілерді, кәсіпорын мүліктерінің, меншікті және сырт капиталдарының қозғалысына байланысты шаруашылық процестерін жүзеге асыру барысында кәсіпорынның жұмыс істеу негізін құрайды.
Шаруашылық прцесті жалпы бір-бірімен тығыз байланысты еңбек құралдары (машина, жабдықтар) түрінде көруге болады.
Мұндағы еңбек құралдары үйлер мен құрылыстар, жүк тартатын және жұмыс машиналары, көлік және басқа да құралдар, бұлардың көмегімен өнім дайындалады, белгілі бір жұмыс атқарылады. Олар өндіріс процесінде өзінің бастапқы түрлерін өзгертпейді. Жаңадан жасалынған өнімге немесе атқарылған жұмысқа өз құндарын біртіндеп-біртіндеп (амортизация) түрінде сіңіріп отырады. Шаруашылықта олар өндірістің көптеген циклдары бойына, яғни бірнеше жыл бойы пайдаланылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруыын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілдуін қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпоында дипломдық жұмыс келесі сұрақтармен көрінеді:
- кәсіпорынның есеп саясаты;
- методикалық және мекемелік бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды есепте шығару есебі мен талдауын ұйымдастыру;
- негізгі құралдар есебі;
- кәсіпорындар негізгі құралдарды есептен шығару есебі мен талдауын жүргізу көрінеді.
Пайдаланылатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып есептеледі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007-жылдың 28-ші ақпанындағы №234-ІП Қазақстан Республикасының Заңы,
- «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы 1998-жылғы 20-қараша (2006 ж. 5-мамырдағы өзгертулер мен толықтырулармен № 139-1),
- Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бектікен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен)
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі 12.06.2001 жыл №209-11 (өзгерістер мен толықтырулармен),
- Бухгалтерлік есеп шоттарының иптік жоспары 18.09.2002 ж. №438 (№372 21.10.2003 ж. өзгертулермен),
- «Аудит», под редакцией доктора экономических наук, профессора М. Юнити, В.И.Подольского 2000г-560с,
- Андреев В.Д. Практически аудит, М.Экономика 1994г-500с.
- З.Н.Ажибаев, Аудит. Учебник, Алматы, Экономика,2005.
- Әбдіқалықов Т.Ә, Сәтмурзаев А.А Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, А., ҚазМБА. 1996.
- З.Н.Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит, Оқулық, А. 2006.
- Байдәулетов М, Байдаулетова С.М. Аудит, А., Қазақ университеті. 2004-226 бет.
- Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, А. 2005,
- Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами, А., Экономика. 2000ж-320 бет.
- Дюсембаев К.Ш, Егембердиев С.К, Дюсембаев З.К, Аудит и анализ финансовой Отчетности, А, Қаржы – қаражат. 1998ж.
- Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 2001 ж-378 бет.
- Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Жантаева Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001 ж-400 бет.
- Ержанов М.С., Аудит-1. (Бозовый учебник). Алматы, Бастау. 2005г.
- Коволев В.В, Волкова О.Н, Анализ хозяиственной деятельности предпрятия, М., Сервис. 2000г-450с.
- Козлова Г.Н, Бухгалтерский учет в организациях, М., Дело. 1999г-520
- Кондраков Н.П, Кпаснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета, ФБК-Пресс. 1997г-450с.
- Кутер М.П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета, М., Финансы и статистика. 2000г-543с.
- Назаров В.Л, Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. Алматы.Экономика 2005ж.
- Родостовец В.К, Ғабдулин Т.Ғ, Родостовец В.В, Шмидт О.И, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан – орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы А., 2003ж-410 б.
- Родостовец В.К, Шмидт О.Н, Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета А., Центр аудит Казахстан. 2000г – 310с.
- Сатмурзаев А.А, Укашев Б.Е, Аудиттің теориясы, А., Ұлағатуниверситеті. 1998ж.
- Төлегенов Ә.Т, бухгалтерлік ақпарат жүйелері, А., Экономика. 2001ж-200 б.
- Тасмағамбетов Т.А, Омаров А.Ш, Әлібеков Б.А, Рабатов О.Ж, Байболтаева Н.Ә, Родостовец В.К, Қаржы есебі, А., Дәуір 1998ж-390 б.
- Укашев Б.Е, Әжібаев З.Ы, Бухгалтерлік есеп теориясы А., Ұлағат университеті 1999ж-220 б.
- Хорнгрен Ч.Т, Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: Пер. С англ. Под. Ред. Я.В.Соколова, М.,Финансы и статистика. 2000г-416с.
- Бюллетень бухгалтера. №18(196), 2006 ж.
- Библиотека бухгалтера и предпринимаетеля №14 (139), январь 2006г.
- Бухгалтер бюллетені, №10,12,15, қаңтар, 2006 ж. БИКО.
- Экономика и жизнь №12,14,15-2006г.