МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………….…………………………………………………………..……5
- КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесінің мәні …….………….…..…..7
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері……………………12
1.3 Қаржы менеджментінің ақпараттық базасы…………………………..21
2. КӘсіпорынның қаржысын оперативті басқаруды ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау………………………………………..30
2.2 Активтерді пайдалануды талдау……………………………………………………35
2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау………………………………………………………………………………………..45
- кӘсіпорындарында қаржыны басқаруды оңтайландырудың мӘселелері
3.1 Кәсіпорындардағы қаржыны басқаруды оңтайландыру бойынша ұсыныстар…………………………………………………………………………………………………56
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………..67
КІРІСПЕ
Басқару жүйесі басқарылатын объектіге қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Басқару қызметі лауазымды адамдар мен ұйымның мамандандырылған бөлімшелері арасында бөлінеді. Басқару жүйесінің буындары желілік, атқарымдық, желілі-атқарымды, атқарымды-желілі әр түрлі комбинацияларда бола алады. Басқару жүйесі буындарының қосарлы, бірақ бөлінетін бағыныштылығы кезінде ол қалыптамалық болып табылады.
Қаржыны басқару (немесе қаржы менеджменті) ақшалай қаражаттарды, қаржы ресурстарын олардың қалыптасу және қозғалыс, бөліну және қайта бөлу, және де пайдалану процесінде басқаруды көрсетеді; бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептесумен, ақшалай қаражаттар қозғалысымен, ақша айналымымен, шаруашылықтың оңтайлы түпкілікті нәтижесін алу үшін мақсатты бағыттауда ақшаны пайдаланумен шартталатын, экономикалық қатынасқа зерделі және нысаналы әсер ету, осының бәрі осы тақырыптың көкейтестілігі болып табылады.
Көптеген қазақстандық кәсіпкерлердің ең үлкен қателіктері олардың қаржылық менеджментті (қаржы ағынын басқаруды) жеткілікті бағаламауымен қорытындыланады. Кейбір кәсіпкерлер мұны қаржы мәселелерінің ерекше күрделілігімен түсіндіреді, сондықтан да өзінің кілеттігін бағыныштыларына табыстайды. Мұндай ұстаным қателікті: түсетінде, шығатында ақшалай ағымды ешуақытта, ешқандай дербес бағыттауға да, бақылауға да болмайды. Дәл осы ағындар қозғалысында кәсіпкерлік белсенділіктің нақты нәтижесі шоғырланады және кәсіпкер іздестіретін бизнестің нәтижелілігін жоғарылату мүмкіндіктері жасырылған. Сондықтан отандық кәсіпкерге бәрінен бұрын, қаржыны басқарудың барлық негізгі принциптері мен тәсілдемелерін игеру, оларды талдай білуі қажет, әйтпесе ол табыссыз болады. Сонымен, қаржы менеджментінің барлық потенциалын, барлық құпияларын игеру проблемалары бұл – бизнестің өмірі мен өлімінің мәселесі, әсіресе қазақстандық нарықтың өзіндік жағдайларында.
Біздің елімізде өтіп жатқан нарықтық өзгерістер, жаңа жағдайларда шаруашылық жүргізу тәжірибесін игеру және оны тиімді пайдалану қажеттігін зәру етеді. Кәсіпорынның қызмет атқару жағдайлары мен принциптері, қызметтерінің нәтижелері, енді оларды өнімдерінің нарықтағы бәсекеге жарамдылығына тікелей тәуелді болады. Нақты нарықтардың қоятын талаптарына бейімделуде ең маңызды болып табылатындар: болжау, өнімнің техникалық-экономикалық параметрлерінің сапалық деңгейінің бағалануы, оның бағасы, жеткізу мерзімдері. Және де, мұны алдын-ала жаңа өнімнің әзірлену сатысында, жаңғырту, шығарылатын өнімді жетілдіру кезінде, өндірістік циклдің басталуына дейін жүргізу қажет. ¤ткізу саясатын әзірлеу үшін де, барлық қажетті істік ақпараттың болуы өте маңызды.
Қазақстан Республикасында нарықты экономика үлкен күшке ие болуда. Сонымен бірге, шаруашылық жүргізу процесінің негізгі реттеу механизмі ретінде бәсекелікте күштене түсуде. Сондықтан да, шаруашылық жүргізуші субъектіге бәсекеге жарамдылықты, оның қарамағындағы қаржылық ресурстар мен капиталдың қозғалысын дұрыс басқару ғана қамтамасыз ете алады.
Кез-келген кәсіпорынның жұмыс істеу процесі циклдік сипатта болады. Бір циклдің шектеуінде жүзеге асырылады: қажетті ресурстарды тарту, оларды өндірістік процесте байланыстыру, өндірістік өнімді өткізу және соңғы қаржылық нәтижелерді алу. Нарықты экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару жүйесінің объектілерінде және мақсатты қондырғыларында басымдылықтың ығысуы жүреді. Басқарудың жалпы қызметінің қосымша аясын құрайтын, ірілендірілген және салыстырмалы дербес экономикалық объекті болып ақша қаражаты (дәлірек айтсақ, қаржы ресурстары), еңбек ресурстары, еңбектің құралдары мен заттары табылатыны белгілі.
Орталықтандырылып жоспарланған экономикада осы объектілерді басқарудағы басымдылықтар, қағидаға сай, орналастырылмайды. Экономиканың бұл типіне мүлтіксіз жоспарлау, орталықтандыру тән, сонымен қатар ресурстардың лимиттенуі оларды қатаң қорландыруды енгізуді қарастырды. Ресурстардың алмастырылу еркіндігі, олардың өзара орын басу жағдайлары барынша шектеулі болды. Одан өзге, кәсіпорындар қатаң қаржылық шеңберге алынып және олар барлық пайдаланылатын ресурстардың ең тиімді (солардың көзқарасында) құрылымын таңдай алмайды.
Нарықтық экономика жағдайларында бұл шектеулер едәуір дәрежеде алынып тасталады (лимиты тоқтатылады, орталықтандырылған қамтамасыздандырудың ролі төмендейді ), ал тиімді басқару кәсіпорынның ресурстық потенциалын (әлуетін) оңтайландыруға болжау жасайды. Бұл жағдайда қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың мәнділігі күрт жоғарылайды. Олардың негізгі және айналым қаражатына, және де жұмыс күшін ынталандыру қаражатына қаншалықты тиімді және пайдалы түрленуіне тұтас кәсіпорынның, оның иеленушілерінің және жұмыскерлерінің қаржылық игіліктілігі тәуелді болады. Бұл жағдайлардағы қаржылық ресурстар бірінші дәрежедегі маңыздылыққа ие болады, өйткені ол – ресурстардың кез-келген басқа түріне тікелей және минимал уақытша кешеуілдеумен түрленетін, кәіпорын ресурстарының жалғыз түрі. Қандай да бір дәрежеде, басқарудың барлық деңгейлерінде, қаржы ресурстарының ролі өте маңызды (стратегиялық, тактикалық, оперативтік), дегенмен ол кәсіпорынның даму стратегиясы жоспарында ерекше мәнге ие болады.
Осылай, қаржыны басқару (қаржы менеджменті) басқару аппаратының негізгі функцияларының бірі ретінде нарықты экономика жағдайында өзекті рольге ие болады.
- 1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесінің мәні
«Менеджмент» ұғымын үш жағынан қарастыруға болады: экономикалық басқару жүйесі ретінде, басқару органы ретінде (басқару аппараты), кәсіпкерлік қызметінің нысаны ретінде. Менеджментті (ағыл. management — басқару) жалпы түрде басқарудың принциптерінің, әдістерінің, нысандарының және тәсілдерінің жиынтығынан тұратын өндірісті экономикалық басқарудың жүйесі ретінде анықтауға болады. Менеджменттің өзіне басқару теориясы мен тиімді басшылық жасаудың тәжірибелік үлгілері жатады, оны басқару өнері деп түсінсек болады. Екі бөлімі де басқарумен кешендік және нақты құбылыс ретінде қатынаста болады.
Басқару – бұл басқарушы әсердің өндірілуі мен жүзеге асырылуы. Басқарушы әсер – басқару мақсатына жетуге арналған, басқару объектісіне ықпал ету. Басқарушы әсерді өндіруге – қажетті ақпаратты жинау, беру және өңдеу, шешімдерді қабылдау кіреді. Басқарушы әсерді жүзеге асыру басқарушы әсерді беруді және түрлендіру қажет болған жағдайда басқару объектісімен тікелей қабылданатын олардың нысанын қамтиды. Менеджмент өзінің барлық шешімдерінде экономикалық тұжырымдарды жетекшілікке алады. Сондықтан, менеджменттің кез-келген әрекеті — бұл экономикалық сипаттағы шара.[1]
Қаржы менеджменті, бәрінен бұрын, ақша ағымы мен айналым қаражатын басқаруға бағытталған. Сондықтан, қаржы менеджментін инвестициялық шешімдерге жатқызып және оны инвестициялық шешімді қабылдау туралы ғылым тұрғысынан ғана қарастыру заңсыз болады.
Қаржы менеджменті – бұл ақша ағымын, қаржы ресурстарының қозғалысын және қаржы қатынастарының сәйкес ұйымдарын басқарудың өзіндік жүйесі.
Қаржы менеджментін, айқындалудың әртүрлі нысанында болатын интегралдық құбылыс ретінде қарастыру керек.
Мысалы, атқарымдық көзқараста, қаржы менеджменті экономикалық басқару жүйесін және қаржы механизмінің бөлігін көрсетеді.
Түйсіктік көзқараста, қаржы менеджменті – басқару органы.
Ұйымдастыру -құқықтық көзқараста, қаржы менеджменті – бұл кәсіпкерлік қызметінің түрі.
Қаржы менеджменті шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, қаржы ресурстарының қозғалысы процесінде пайда болатын қаржы ресурстары мен қаржылық қатынастарды басқаруға бағытталған. Бұл қозғалыстар мен қатынастарды қалай шебер басқаруға болады деген сұраққа жауапты қаржы менеджментінің мазмұны құрайды. Қаржы менеджменті қаржыларды басқарудың мақсатын өндіру процесін және оларға қаржы механизмінің әдістері мен рычагтары көмегімен әсер етуді жүзеге асыруды көрсетеді.
Сонымен қатар, қаржы менеджментіне басқарудың стратегиясы мен тактикасы кіреді. Берілген жағдайда стратегия деп жалпы бағыт пен қойылған мақсатқа жету үшін қаражаттарды қолдану әдісін түсінуге болады. Бұл әдіске шешімді қабылдауға арналған ережелер мен шектеулердің белгілі бір жиынтығы сәйкес келеді. Стратегия басқа нұсқалардың бәрін тастап, қабылданған стратегияға қарама – қайшылықсыз шешімнің нұсқаларына күшті шоғырландыруға мүмкіндік береді. Қойылған мақсатқа жеткеннен соң, стратегия оған жетудің бағыты мен құралы сияқты өзінің қатысуын тоқтатады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегияны әзірлеу міндетін қояды.
Тактика – бұл нақты жағдайлардағы қойылған мақсатқа жетуге арналған нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті барынша оңтайландырылған шешімді және басқарудың әдістері мен тәсілдерінің берілген шаруашылықты жағдайларға барынша қолданбалысын таңдау болып табылады.[2]
Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде екі қосалқы жүйеден тұрады: басқарылатын қосалқы жүйеден немесе басқару объектісінен, және басқарушы қосалқы жүйеден немесе басқару субъектісінен. Сұлбалы түрде оны келесідей көрсетуге болады.
Кез-келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтардың қойылуы мен жауабынан басталады:
- Кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін, кәсіпорынның активтерінің шамасы мен оңтайландырылған құрамы қандай болуы қажет?;
- қаржыландыру көзін қайдан табуға болады және олардың оңтайландырылған құрамы қандай болады?;
- кәсіпорынға төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ететін, қаржы қызметінің ағымды және келешекті басқаруын қалай ұйымдастыруға болады?
Осы сұрақтардың бәрі, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінде өзекті қосалқы жүйелерінің бірі болатын қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі. Оның жұмыс істеу логикасы 1.1-суретте келтірілген.
|
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылың басқару жүйесінің және де оның кадрлық құрамының ұйымдастырылу құрылымы, кәсіпорынның мөлшеріне және оның жұмысының түріне қарай әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі компания үшін, бухгалтерия мен қаржы бөлімін қамтитын, қаржы вице-президентімен (қаржы директорымен) басқарылатын арнайы қызмет бөлімінің ерекшеленуі барынша сипатты болады.
Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін бас бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы не фирманың басшыларының жоғары буындарының жұмысының бір бөлігін құрайды, немесе оған қаржы сипатындағы, басшылық шешімін қабылдау үшін қажетті және тиімді талдамалы ақпаратты берумен байланысты. Қаржы менеджері тұрақты түрде қаржыландыру көзін таңдау проблемасымен түйіседі. Оның ерекшелігі тағы да қандай да бір қаржыландыру көзіне қызмет көрсету кәсіпорынға бірдей жағдайда болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өзіндік бағасы болады,
Ақпараттық база қаншалықты жақсы және объективті болса, соншалықты қаржылық сипаттағы шешім дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкес екендігіне байланысты. Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтердің ерекше маңыздылығы көрсетіледі (“Fortune” журнал. 1976 ж. ірі америкалық корпорацияның жоғарғы қызметкерлерінің 25,3 % өзінің қызметін қаржы саласында бастағаны туралы атап көрсетілді). Фирманың ұйымдастыру құрылымына тәуелсіз, қаржы менеджері қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда шешім қабылдауға немесе жоғарғы басшылыққа ұсыныстар әзірлеуге жауапты болады.
Қызметтің бөліп көрсетілген бағыттары бір мезгілде менеджер алдында тұрған негізгі міндеттерді де анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей бөлшектене алады.
Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:
— кәсіпорын активтері және олардың қалыптасу көздері;
— кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық потенциалын ұстап тұру үшін қажетті, ресурстардың шамасы мен құрамы және оның жұмысын кеңейту;
— қосымша қаржыландыру көздері;
— қаржы ресурстарын тиімді қолдану және күйді бақылау жүйелері.[3]
Екінші бағыт бөлшекті бағалауды болжайды:
— талап етілетін қаржы ресурстарының көлемін;
— оларды ұсыну нысандарын (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-қол ақша);
— қол жетерлік дәрежесі және ұсыну уақытын (қаржы ресурстарының қол жетерлігі алғы шарттармен анықтала алады; қаржы қажетті көлемде және қажетті уақытта қол жетерлік болуы қажет);
— ресурстың берілген түрін қамту құнын (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың берілген көзінің ұсынуындағы басқада нысандық және нысандық емес шарттар);
— берілген қаражат көзімен байланысты тәуекелді.
Сурет 1.1 — Кәсіпорындағы қаржыны басқару жүйесінің жұмыс істеу құрылымы мен процесі.
Үшінші бағыт инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:
— қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оңтайлы болуын (материалдық, еңбектік, ақшалай);
— негізгі қорлар салымының тиімділігі мен орындылығын, олардың құрамы мен құрылымын;
— айналым қаражатының оңтайлылығын;
— қаржылық салымның тиімділігін.
1.2 сурет — Қаржы менеджері қызметінің өзекті салалары
Қаржы менеджері қызметінің салалық бөліну логикасы, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық күйін көрсететін негізгі есеп беру нысаны ретіндегі баланс құрылымымен тығыз байланысты (1.2 сурет).
Келтірілген бағаларды қолдану шешімінің қабылдануы өтімділіктің, қаржылық орнықтылық пен пайдалылық талаптарының араларындағы ымыраны ескеретін баламалы шешімді талдау нәтижесінде орындалады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеттерінің бөлінуі, мәнді дәрежеде, бухгалтерлік есеп беру мазмұнымен анықталады.
Табысты қаржы басқармасының белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін тұжырымдап көрейік:
— фирманың бәсекелестік күрес жағдайларындағы өміршеңдігі;
— кәсіпорындағы қаржы басқармасының құрылымдануы.
- банкротқа ұшыраудан және ірі қаржылық сәтсіздіктерден сақтану;
- фирма “бағасын” барынша көбейту;
- фирманың экономикалық әлуеттілігінің өсуінің қолайлы қарқындылықтары;
- өндіріс пен өткізу көлемдерінің артуы;
- пайданы барынша көбейту;
- шығындарды барынша азайту.
Қандайда бір мақсаттың басымдылығы кәсіпорынның өзімен туындаған жағдайларға байланысты анықталады.
Мақсаттар әртүрлі қаржы құралдарының қолданылуы жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаржы құралы» ұғымын түсіндірудің әртүрлі тәсілдемелері бар. Жалпы түрде қаржы құралы ретінде, сол бойынша бірмезгілде бір кәсіпорынның қаржы активтерінің және екінші кәсіпорынның қаржылық міндеттемесінің артуы жүретін кез – келген өзара шарт қабылданады. Қаржы құралдары біріншілікті (бастапқы) (ақша қаражаттары, құнды қағаздар, ағымды операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар), және қайталама немесе тума (қаржы опциондары, фьючерстер, форвардтық өзара шарттар) болып бөлінеді.[4]
«Қаржы құралы» ұғымының барынша жеңіл түсіндірілуі де бар. Оған сәйкес аржы құралдарын үш негізгі категорияға бөледі: ақша қаражаттары (кассадағы және есеп шотындағы қаражаттар, валюта), несие құралдары (облигациялар, фьючерстер, опциондар және басқ.) және жарғылық капиталда қатысу әдістері (акциялар және пайлар).
Қаржылық басқару әдістері сан алуан. Олардың негізгілері болатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзіндік қаржылану, несиелендіру, есептеу жүйесі, қаржылық көмек жүйесі, қаржылық ықпалшара жүйесі, амортизациялық аударым жйесі, ынталандыру жүйесі, баға белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар, факторинг, жалға беру, лизинг. Келтірілген әдістердің құрама элементі болып қаржы басқармасының арнайы тәсілдері табылады: несиелер, қарыздар, пайыздық мөлшерлемелер, дивидендтер, валюта бағамын белгілеу, акциз, дисконт және басқ. Қаржы басқармасы жүйесінің ақпараттық қамтамасыздандыру негізін қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат құрайды:
- бухгалтерлік есеп-қисап;
- қаржы органдарының жарияламасы;
- банкілік жүйе органдарының ақпараты;
- тауарлық, қорлық және валюта биржаларының ақпараты;
- басқа ақпараттар.
Қаржы басқармасы жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның жеке және өте маңызды элементі болып табылады. Қағазсыз технологияға (банк аралық есептесулер, өзара есептесулер, несиелік карточкалар көмегімен есептесу және басқ.) негізделген, көптеген қазіргі уақыттың жүйелері ЭЕМ желісінің қолдануынсыз, дербес компьютерлерсіз, қолданбалы бағдарламаның функционалдық пакеттерсіз мүмкін емес.
Қаржыны басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі әрекеттегі құқықтық және нормативтік қамтамасыздықтың шеңберінде жүзеге асырылады. Оған жататындар: заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқамалар, әәдістемелік нұсқаулар және басқ. [5]
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері
Нарықтық қатынасың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және (қаржылық талдау) талдау деп білуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдары кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есептік кезендегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газетер мен бюлетеньдерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезендегі жағдайы болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметерің жарйалайды. Есеп берудің екенші түрі – басқару талдауы , бұл кәсіпорын шығаратын өнімдерінің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтар мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорының жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындары мен салыстыру, кім қалай жұмыс істейтін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есепті, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
- көлденең (уақытша) талдау;
- тікелей талдау;
- трендтік талдау;
- салыстырмалы талдау;
- факторлық талдау;
- қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең талдау — есеп берудің әр бабын өткен кезеңмен салыстыру.
Ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік салыстырмалы ауытқуын анықтауға болады.
Тікелей талдау — әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін анықтайды.
Трендік талдау — барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын ар қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және терендік, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшелігі мен кездейсоқ жерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясының анықтауды көрсетеді.
Коэффиценттер — салыстырмалы соммалар болып табылады. Оларды есептеу шамалардың бірлік ретінде алып, ал екіншісін қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттердің есептеу баланстың баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде құбылыстарға алуға мүмкіндік беретін екі арасында өзара материалдық қатынастарды көрсетеді.
Салыстырмалы (кеңестіктін) талдау — бұл фирманың, еншілес фирмалардың бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша құрамы көрсеткіштерін щаруашылық ішіндегі талдау, сондай – ақ берілген фирманың көрсеткіштерін салалық және орташа жалпы фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау — жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Сонымен қатар, факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономиканың, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистикалық дәстүрлі тәсілдері қолданады.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістері мен тәсілдеріді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігін байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор, қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады. Сондай – ақ объективті және оның баға беруді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпкерлердің тыйыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау – басқару шешімін қабылдаудың негізі. Нарықтық экономикаға өту, меншіктіліктің және шаруашылықтың әртүрлі нысанындағы өндірісін ұйымдастыруда, кәсіпорынның қаржылық күйін талдауға барынша ұқыпты және жүйелі (кешенді) тәсілденуді талап етеді.
Кәсіпорынның қаржылық талдамасы келесі талдауларды қамтиды:
- алдын-ала;
- қаржылық орнықтылық;
- баланс өтімділігі;
- қаржы коэффициенттері;
- қаржы нәтижелері;
- пайдалылық пен істік белсенділік коэффициенттері.
Талдау бірқатар экономикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және компанияның белсенділігін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер жиынтығы, зерттеу тереңдігіне тәуелді болады; дегенмен қаржылық жағдайдың талдау дістемелерінің көбісі индикаторлардың келесі топтарының есептеуін болжайды: қаржы орнықтылығын, төлеу қабілеттілігін, іскерлік белсенділікті, пайдалылығын.
Алдын – ала талдау нәтижесі болып қаржы күйінің жалпы бағасы, сонымен қатар кәсіпорын балансының төлеу қабілеттілігі мен қанағаттанарлық құрылымын анықтау табылады. Қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін, келешегін және одан шығу жолдарын айқындау үшін, кәсіпорынның қызметін егжей-тегжейлі, тереңдете және кешенді талдау жүргізіледі. Талданады: баланс валютасының динамикасы, пассивтер құрылымы, айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері және олардың құрылымдары, негізгі қаражаттар мен басқа айналымнан тыс активтер, кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижелері.[6]
Пассивтер құрылымын талдау кезінде келесі мақсаттар жүзеге асырылады:
а) кәсіпорын қаражаттарының қарыз және меншікті көздері арасындағы қатынас анықталады;
б) кәсіпорынның қорлары мен шығындарының меншікті көздермен, сонымен қатар ұзақ мерзімді, содан соң қысқа мерзімді несиелермен қамтамасыз етілуі айқындалады; бұл талдау қорлардың қамтамасыз етілуі және қаржыландырудың меншікті көздерінің шығыны туралы барынша толық көрініс береді;
в) несие қарыздардың (кәсіпорынға байланысты, байланыссыз) пайда болу себептері, оның кәсіпорын міндеттемелеріндегі меншікті салмағы, уақыты өткен қарыздың динамикасы, құрылымы, үлесі қарастырылады.
Пассивтер құрылымының талдауы айналым қаражатының қалыптасу көздерін талдаумен өзара байланысты жүргізіледі. Талдауды жүргізу кезінде ұзақ мерзімді несие кәсіпорынның меншікті көздеріне теңестіріле алады, өйткені ол, ең бастысы, негізгі қорларды қалыптастыру үшін пайдаланылады. Одан өзге, айналым қаражатының қалыптасуының басқада көздерін (келешек кезеңдер кірісі, алдағы шығындар мен төлемдер резервтері, күдікті қарыздар бойынша резервтер) белгілі бір жағдайларда, меншікті көздер құрамында ескеру қажет.
Қаржы орнықтылығының типі және оның өзгерісі бойынша, төлеу қабілеттілігі тұрғысынан, кәсіпорынның сенімділігі туралы айтуға болады.
Қаржы орнықтылығын талдау қаржы күйінің орнықтылығының мәнін айқындайтын көрсеткіштерден басталады. Ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары ерекше негізгі құралдар мен күрделі қаржыға бағытталатынын ескере отырып, төлеу қабілеттілігінің шартын орындау үшін қорлар мен шығындарды меншікті айналым қаражаты шамасында шектеу қажет.
Қорлар мен шығындардың меншікті және қарыз көздерімен қамтамасыз етілу көрсеткіштеріне сәйкес қаржының орнықтылығының келесі типтерін бөліп көрсетуге болады:
1) қаржы жағдайының абсолюттік орнықтылығы – меншікті айналым қаражаты қорлар мен шығындарды толығымен қамтамасыз етеді; өте сирек кездеседі;
2) қалыпты орныққан қаржылық күй –қорлар мен шығындар меншікті айналым қаражатымен және қысқа мерзімді қарыз көздерімен қамтамасыз етіледі;
3) орнықпаған қаржылық күй — қорлар мен шығындар меншікті айналым қаражатымен, ұзақ мерзімді қарыз көздерімен және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар есебінен, яғни қорлар мен шығындардың қалыптасуының барлық негізгі көздерінің есебінен қамтамасыз етіледі;
4) дағдарысты қаржылық күй — қорлар мен шығындар оларды қалыптастыратын көздермен қамтамасыздырылмайды; кәсіпорын банкроттық шегінде тұрады.[7]
Баланстың өтімділігін талдау кәсіпорының несиені өтеу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, яғни өзінің міндеттері бойынша есептесу қабілеттілігін. ¤тімділік – кәсіпорынның міндеттерін, ақшаға түрлену мерзімі міндеттерді өтеу мерзімімен сәйкес келетін, оның активтерімен жабумен анықталады.
Ең өтімді активтер (кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен құнды қағаздары) ең мерзімді міндеттерден (несиелік қарыздар) жоғары немесе тең болуы қажет; жылдам өткізілетін активтер (дебиторлық қарыздар мен басқа активтер) – қысқа мерзімді пассивтерден үлкен немесе тең болуы керек; баяу өткізілетін активтер (келешекті кезең шығындарын есептемегендегі қорлар мен шығындар) – ұзақ мерзімді пассивтерден үлкен немесе тең; қиын өткізілетін активтер (материалдық емес активтер, негізгі құралдар, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырғыға жабдықтар) – тұрақты пассивтерден (меншікті қаражаттар көздеріне) кем немесе тең болуы қажет.
Осы шарттар орындалған кезде баланс абсолютті өтімді деп есептеледі. Егер, ең болмағанда шарттың біреуі орындалмаса, баланстың өтімділігі үлкен немесе кіші дәрежеде абсолюттіктен ерекшеленеді. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражаттың жетімсіздігі, құндылығының шамасы бойынша, басқа топта олардың артықшылығымен өтеледі. Нақты жағдайларда төменгі өтімділікті активтер жоғары өтімділікті активтердің орнын баса алмайтынын ескеру қажет.
Баланс өтімділігін кешенді бағалау үшін (өтімділік тұрғысынан қаржы жағдайын бағалау, ең сенімді серіктесті таңдау) өтімділіктің жалпы көрсеткіші есептеледі(fө):
|
|
НЛА + 0,5*БРА + 0,3*МРА
(1.1)
мұндағы НЛА – ең өтімді активтер;
БРА – жылдам өтімді активтер;
МРА – баяу өтімді активтер;
НСО – ең мерзімді активтер;
КСП – қысқа мерзімді пассивтер;
ДСП – ұзақ мерзімді пассивтер.
Кәсіпорынның орнықтылығының өзгерісін зерттеу немесе бірнеше бәсекелес фирмалардың салыстырмалы талдауын жүргізу үшін қаржы коәффициенттері қолданылады; олардың негізгілері 1.1- кестеде келтірілген
- кесте – Қаржы коэффициенттері
Коэффициенттің атауы |
Есептеу тәртібі |
Нормативі |
||
1. Тәуелсіздік |
П1 / ИБ |
0,5 аса |
||
2. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасы |
П6 |
Макс. 1 |
||
3. Меншікті көздермен қорлар мен шығындардың қамтамасыздандырылу |
П4 + П5 — А1 |
1 |
||
4. ¤тімділік |
(НЛА + БРА) / П6 |
0,8 — 1 |
||
5. Абсолюттік өтімділік |
НЛА / П6 |
Мин. 0,2 |
||
6. Жабу (төлеу қабілеттілігі) |
А2 / П6 |
Мин. 2 |
||
7. ¤ндірістік тағайындалымды мүліктің нақты құны |
ОС + ПЗ + НП
|
Мин. 0,5 |
мұндағы ИБ – баланс сальдосы;
ОС – негізгі қаражат;
ПЗ — өндірістік қорлар;
НП – аяқталмаған өндіріс;
А1 – баланстыңң I активі бөлімінің қорытындысы;
А2 — баланстың II активі бөлімінің қорытындысы;
П4 — баланстың IV пассиві бөлімінің қорытындысы;
П5 – баланстың V пассиві бөлімінің қорытындысы;
П6 — баланстың VI пассиві бөлімінің қорытындысы.
Кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдаудың бірінші кезекті міндеттері болып келесі бағалар табылады:
- пайда көрсеткіштерінің динамикасы (оның пайда болуын және нақты шамасының бөлінуін негіздеу, пайдаға ықпал етуші әртүрлі факторларды айқындау және өлшеу, пайданың әрі қарай өсуінің мүмкіндікті қорларын бағалау);
-келесі көрсеткіштермен сипатталатын, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен пайдалылығы (1.2 кесте).
мұндағы Пр . — пайда; В — өнімді өткізуден (жұмыстан, қызмет көрсетуден) түскен түсім; ГП – дайын өнім қалдығы; ДЗ – дебиторлық қарыз;
КЗ – несиелік қарыз; А — кәсіпорын активтерінің құны; ПФ — өндірістік қордың орташа жылдық құны.
- кесте – Кәсіпорынның пайдалылығы мен іскерлік белсенділігінің коэффициенттері
Коэффициент атауы |
Есептеу тәртібі |
Сипаттама |
||||
1. Кәсіпорынның бүкіл капиталының пайдалылығы |
Пр. / ИБ |
Кәсіпорынның барлық мүлігінің қолданылу пайдалылығын көрсетеді |
||||
2. Сату пайдалылығы |
Пр. / В |
¤ткізілген өнімнің бір бірлігіне пайда-ның қандай мөлшері келетінін көрсетеді |
||||
3. Негізгі қаражаттар мен басқа айналымнан тыс активтердің пайдалылығы |
Пр. / А1 |
Негізгі қаражаттар мен басқа айналымнан тыс активтердің қолданылу тиімділігін көрсетеді |
||||
4. Меншікті капитал пайдалылығы |
Пр. / П4 |
Меншікті капиталды қолдану тиімділігін көрсетеді |
||||
5. Капиталдың жалпы айналымдығы |
В / ИБ |
Кәсіпорынның бүкіл капиталының айналым жылдамдығын көрсетеді |
||||
6. Меншікті капитал айналымдығы |
В / П4 |
Меншікті капиталдың айналу жылдамдығын көрсетеді |
||||
7. Икемді қаражаттың айналымдылығы |
В / А2 |
Барлық икемді қаражаттардың айналу жылдамдығын көрсетеді |
||||
8. Материалдық айналым қаражаттарының айналымдылығы |
В / ПЗ |
Кәсіпорынның қорлары мен шығындарының айналым санын көрсетеді |
||||
9. Дайын өнімнің айналымдығы |
В / ГП |
Дайын өнімнің айналу жылдамдығын көрсетеді |
||||
10. Дебиторлық қарыздың айналымдығы |
В / ДЗ |
Кәсіпорын беретін коммерциялық несиенің артуын (коэффициенттің өсуі) немесе кемуін (төмендеу) көрсетеді |
||||
11. Дебиторлық қарыз айналымының орташа мерзімі |
365*ДЗ / В |
Дебиторлық қарыздың жабылуының орташа мерзімін сипаттайды |
||||
12. Несиелік қарыздың айналымдығы |
В / КЗ |
Кәсіпорынға берілетін коммерциялық несиенің жоғарылауын немесе төмендеуін көрсетеді |
||||
13. Несиелік қарыз айналымының орташа мерзімі |
365*КЗ / В |
Дебиторлық қарыздың жабылуының орташа мерзімін сипаттайды |
||||
14. Негізгі қаражаттар мен басқа айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы |
В / А1 |
Негізгі қаражаттар мен басқа айналымнан тыс активтердің қолданылу тиімділігін сипаттайды |
||||
15. Орташа тізімді 1 жұмыскерге есептегендегі өнімділік, млн. тг. |
А (ПФ, Пр.) Ч |
1 жұмыскерге активтердің, өндірістік қорлардың, пайданың қаншасы келетінін көрсетеді |
||||
Кәсіпорынның балансы құрылымының және төлеу қабілеттілігінің қанағаттанарлығын бағалау үшін, соңғы есеп-қисаптық мерзімге үш көрсеткіш есептелетін, критериялар жүйесін пайдалануға болады:
- Ағымды өтімділік коэффициенті (КТЛ):
|
Активтің II бөлімінің қорытындысы
Пассивтің VI бөлімінің қорытындысы-№ 640,650,660 қатарлар сомасы
Минимал нормативтік мәні КТЛ (1.2)
2) Меншікті қаражаттармен қамтамасыздану коэффициенті (КОСС):
|
Пассивтің IV бөлімінің қорытын. – Активтің I бөлімінің қорытын
Активтің IІ бөлімінің қорытындысы
Минимал нормативтік мәні КОСС = 0,1
(1.3)
а) егер талдау барысында аталған коэффициенттердің ең болмаса біреуі қанағаттанарлықсыз мәнге ие болса, онда үшінші коэффициент есептеледі – төлеу қабілеттілігін қалпына келтіру (КВП):
|
(КТЛ к г + КТЛ н г) * 6
|
12
2 (1.4)
Егер бұл коэффициенттің мәні бірге жетпесе, онда кәсіпорынның жақын жарты жылдың ішінде өзінің төлеу қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігі болмайды;
б) егер КТЛ және КОСС бойынша оң мәндер алынса, онда жақын үш айдағы төлеу қабілеттілігін жоғалту мүмкіндігі коэффициенті есептеледі (КУП):
|
(КТЛ к г + КТЛ н г) * 3
|
12
2 (1.5)
Егер бұл коэффициент бірден кем болса, онда жақын тоқсанда төлеу қабілеттілігінің жоғалу мүмкіндігі бар.
Сонымен, кәсіпорынның қаржылық күйінің талдауын сұлбалы түрде келесідей көрсетуге болады (1.3 сурет).[8]
Қаржы күйін талдау келесі негізгі тәсілдердің көмегімен жүргізіледі: салыстыру және топтау, тізбекті ауыстыру, айырмалар. Жеке жағдайларда экономикалық-математикалық модельдеу әдістерінің (регрессиялық талдау, корреляциялық талдау) қолданылуы мүмкін.
Салыстыру тәсілі есеп беру кезеңіндегі қаржы көрсеткіштерін олардың жоспарлы мәндерімен және алдыңғы кезеңдегі көрсеткіштерімен салыстырумен қорытындыланады. Салыстыру нәтижелері талдаудың дұрыс қорытындыларын беруі үшін, салыстырылатын көрсеткіштердің салыстырымдылығын қамтамасыздандыру қажет, яғни олардың біртектілігін. Жиынтықтау және топтау тәсілдері ақпараттық материалдарды аналитикалық кестелерге біріктірумен қортындыланады. Бұл қажетті салыстырулар мен қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Аналитикалық топтаулар талдау процесінде әртүрлі экономикалық құбылыстар мен көрсеткіштердің өзара байланысын айқындауға мүмкіндік береді; ең маңызды факторлардың ықпалын анықтауға және қаржы процестерінің дамуындағы қандайда бір заңдалықтар мен беталыстарды айқындауға мүмкіндік береді.[9]
1.3 — сурет Кәсіпорынның қаржылық күйін талдаудың сұлбасы
Тізбекті ауыстыру тәсілі жеке факторлардың олардың жалпы кешенді ықпалындағы жиынтықты қаржы көрсеткішіне әсерінің шамасын есептеу үшін қолданылады. Бұл тәсіл, көрсеткіштер арасындағы байланысты функционалдық тәуелділік нысанында математикалық түрде көрсету қажет болған жағдайларда қолданылады. Тізбекті ауыстыру тәсілінің мәні әрбір есептік көрсеткішті базистікпен бірізді ауыстыра отырып, барлық қалған көрсеткіштердің өзгеріссіз ретінде қарастырылуымен түсіндіріледі. Мұндай ауыстыру әрбір фактордың жиынтықты қаржы көрсеткішіне әсерінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Тізбекті ауыстыру тәсілін қолдану жеке факторлардың ықпалын анықтауда қатаң бірізділікті ұстануды талап етеді. Бұл бірізділік, бірінші кезекте сандық көрсеткіштердің ықпалыныңң дәрежесініңң анықталуымен қорытындыланады.
Айырым тәсілі, зерттелетін фактор және жиынтықты қаржы көрсеткіштері бойынша алдын-ала абсолюттік немесе салыстырмалы айырымдардың (базистік көрсеткіштен ауытқу) анықталуынан тұрады. Содан соң бұл ауытқу (айырма) әрбір фактор бойынша басқа өзара байланысты факторлардың абсолюттік мәніне көбейтіледі. Айырымдар тәсілі мен тізбекті ауыстыру тәсілі, “элиминирлеу” атауын алатын тәсілдердің бір түрі болып табылады. Элиминирлеу – функционалдық байланысты зерттеу кезінде қолданылатын логикалық тәсіл, бұл кезде бір фактордың ықпалы бірізді бөлініп алынады және барлық қалған факторлардың ықпалы алынбайды.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандардың негізінде айтуға болады, қаржылық талдау кәсіпорынның қаржылық күйінің, оның бухгалтерлік есеп-қисабының негізінде, бағалануының және болжануының әдістерін көрсетеді. Қаржы күйі, өз кезегінде, кешенді ұғым бола отырып, көптеген факторларға тәуелді болады және қаражаттардың болуы мен орналасуын, нақты және әлуетті қаржылық мүмкіндіктерді көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Сондықтан, қаржы күйін талдау кезінде өзіндік ерекшелікті әдістер қолданылады. Олар үлкен әртүрлілікпен ерекшеленеді, бірақ келесідей жалпылықтары болады:
а) өндіріс тиімділігінің өсуі жайғасымынан кәсіпорынның қызметін бағалау;
б) жеке факторлардың кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижелеріне ықпалын анықтау.
Қаржылық талдауды жүргізу барысында кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайына баға беріледі, оны жақсартудың мүмкіндікті резервтері айқындалады, осы резервтерді қолдану бойынша шаралар әзірленеді. Осының бәрі тағыда бір рет кәсіпорындардағы қаржылық талдау эпизодтық сипатта емес, жүйелі сипатта болуы қажет екенін көрсетеді.
1.3 Қаржы менеджментінің ақпараттық базасы
Қаржылық есеп-қисап — бұл пайдаланушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайлары мен қызметтері, сонымен қатар осы пайдаланушылардың белгілі бір іскерлік шешімдер қабылдауы үшін ыңғайлы және түсінікті нысанда, есеп беру кезеңіндегі оның қаржылық жағдайындағы өзгерістері туралы қорытындыланған ақпаратты беру мақсатында, қаржылық есептің деректері негізінде құрастырылған есеп-қисап нысандарының жиынтығы. Қаржылық есеп, өз кезегінде, жинақталатын және компанияның ішкі қолданыс үшін пайдаланылатын өндіріс есебінің мәліметтерін қорытындылайды. Жаңа жағдайларда бухгалтерлік есептің қаржылық есеп пен өндірістік болып функционалдық бөлінуінің қажеттігі, жоспарлы экономика мен нарықтық экономикадағы есептің міндеттерінің принципиалдық айырмалықтарымен анықталады.
Жоспарлы экономикада бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері басқарудың мемлекеттердің органдары үшін ақпаратты жинау және өңдеу болады — министрліктер мен ведомстволар, статистикалық және салық органдары үшін. Жоспарлау, бағаны белгілеу, сатып алу және жеткізу, жұмыскерлер жалақысы және басқалары сияқты кәсіпорынның қызыметі туралы барлық маңызды мәселелер «жоғарыдан» шешіліп отырды. Кәсіпорын мемлекеттік меншікті басқару бойынша жеке буын ретінде ғана қарастырылды, ал бухгалтерлік есеп олардың сақталуы туралы ақпаратты қамтамасыз етті. Мемлекетбірмезгілде әрі меншіктенуші, әрі кәсіпорынның инвесторы болып табылды[10].
Бұл жағдайларда кәсіпорынның есеп-қисабы, мемлекеттік тапсырманың орындалуын, мемлекеттік бюджетке аударымның дұрыстығын және статистикалық ақпаратты жинаудың тексеру құралы қызметін атқарды. Осы кезде бухгалтерлік есепке және есеп-қисапқа келесідей талаптар қойылды:
- қатаң сәйкестендірілу;
- өндірістік тапсырманы орындауды көрсететін көрсеткіштерге бағдарлану;
- салық салудың және бюджетке түсетін басқа да аударымдардың базаларын есептеу.
Нарықты экономикада бухгалтерлік есеп принципиалды басқа функцияларды орындайды. Бұл, біріншіден, нарық жағдайларында меншіктенудің құрылымының өзгеруінен туады және мемлекеттік меншік меншік түрлерінің бірі ғана болып қалады; оған өздерінің қаражаттарын салғандықтан, кәсіпорынның қызметі нәтижелеріне мүдделі көптеген жаңа меншіктенушілер пайда болады. Екіншіден, кәсіпорын оған бәсекелік күресте жеңісті және қажетті қаржы нәтижелерін қамтамасыздандыратын басқару шешімдерін іздеуге мәжбүрлі болады. Осы мақсатта ол нарықтық конъюнктураны зерттейді, өзінің қызметін дербес жоспарлайды, жеткізушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б. Үшіншіден, бюджеттік ғаржыландыру және мемлекеттік несиелендіру көптеген жағдайларда, кәсіпорын үшін негізгі қаржы ресурстарының көздері бола алмайды. Сондықтан кәсіпорын тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана бәсекелік күреске түспейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелік ресурстары және де басқа да әлуетті инвесторлардың қаражаты үшін де күреседі.
Осының бәрінің нәтижесінде кәсіпорынның, бір жағынан, басқарушы шешімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін бағалау үшін дер кезіндегі және толық ақпараттың болу қажеттілігі пайда болады. Екінші жағынан, кәсіпорын оған өзінің қаражатын инвестициялаушыға (немесе инвестициялауға жиналушыға) сәйкес ақпаратты беруі қажет. Сонымен қатар, нарық жағдайларында мемлекет алдында салық аударымдарының дұрыстығы туралы есеп беру қажеттігінің сақталуы жалғасуда.
Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жағдайларында бухгалтерлік есеп есепшілік және статистикалық функция болуын тоқтатады және мүдделі жақтар өздеріндегі бар қаражаттарын қалай дұрыс инвестициялауы керектігі туралы негізделген шешім қабылдауы ұшін, шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы ақпаратты жинау, өңдеу және беру құралына айналады.
Кәсіпорынның жұмысы туралы ақпаратқа мүдделі жақтарды, шартты түрде екі негізгі категорияға бөлуге болады: сыртқы және ішкі пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушыларға кәсіпорынның басқарушы қызметкерлері жатады. Ол өндірістік және қаржылық сипаттағы әртүрлі шешімдерді қабылдайды. Мысалы, есеп-қисап негізінде кәсіпорынның келесі жылға қаржы жоспары құрылады, өткізу көлемінің жоғарылатылуы немесе төмендетілуі, сатылатын тауарлардың бағалары, кәсіпорынның ресурстарын инвестициялау бағыттары, несиені тарту тиімділіктері және т. б. туралы шешімдер қабылданады. Әрине, мұндай шешімдерді қабылдау үшін толық, дер кездегі және дәл ақпараттар талап етіледі, өйткені қарама – қарсы жағдайларда кәсіпорын үлкен зиянға ұшырайды және тіпті банкротқа отырады.
Одан өзге, қаржылық есеп-қисап кәсіпорын мен оның сыртқы ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Нарықты жағдайларда сыртқы пайдаланушыларға кәсіпорынның есеп-қисабын беру мақсаты, бәрінен бұрын қаржы нарықтарында қосымша қаржы ресурстарын алу болып табылады. Сондықтан, қаржы есеп-қисабында ненің көрсетілгеніне, кәсіпорынның келешегі тәуелді болады.
Кәсіпорын мен қаржы нарықтарының арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету үшін жауапкершілік, кәсіпорынның жоғары басқарушы буынның қаржылық менеджерлеріне жүктеледі. Сондықтан, олар үшін қаржының есеп-қисабы өте маңызды, өйткені олар сыртқы пайдаланушылардың қандай ақпарат алатынын және оның өздері абылдаған шешімдерге қалай ықпал ететінін білулері қажет. Бұл, көп жағдайларда қаржы есеп-қисабы негізгі ақпарат көзі болатын, сыртқы пайдаланушылардан айрықша, менеджердің қол астында кәсіпорынның қызметі туралы қосымша ішкі ақпарат жоқ деген сөз емес. Бірақ, барлық бірдей жағдайларда, сыртқы пайдаланушылардың шешімдері қаржы есеп-қисабының көрсеткіштерінің шектелген шеңбері негізінде қабылданатындықтан, дәл осы көрсеткіштер қаржы менеджерінің көңілін аударады және кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы қабылданған басқарушы шешімдердің ықпалын бағалау барысында аяқтаушы нүкте болып табылады.
Қаржы есеп-қисабын пайдаланушылар ішінде, өз кезегінде, екі топ бөлінеді: компанияның қызметіне тікелей мүдделі пайдаланушылар (1), және оған делдалды мүдделі пайдаланушылар (2).
Бірінші топқа жататындар:
- кәсіпорынның қазіргі және әлуетті меншіктенушілері, олар кәсіпорынның меншікті қаражаттарының үлесін арттыруды немесе төмендетуді анықтаулары қажет;
- қазіргі және әлуетті несиегерлер, олар есеп-қисапты несиені берудің немесе мерзімін созудың тиімділігін бағалау, несиелендірудің шартын анықтау, несиені қайтару кепілдігін анықтау, клиент ретінде кәсіпорынға сенімділігін бағалау үшін қолданады;
- жеткізушілер мен сатып алушылар, олар белгілі клиентпен істік байланыстың сенімділігін анықтайды;
- мемлекет, ең алдымен салық органдары тұлғасында, олар есептік құжаттардың, салық есептерінің дұрыс құрастырылғанын тексереді, салық саясатын анықтайды;
- компания қызметкерлері, олар осы кәсіпорындағы олардың жалақысы және жұмысының келешегі деңгейіндегі тұрғыдан есеп-қисаптың деректеріне мүдделі.
Сыртқы қаржылық есеп-қисапты пайдаланушылардың екінші тобы — бұл пайдаланушылардың бірінші тобының мүдделерін қорғауы үшін есеп-қисапты зерделеу қажет болатын заңдық және жеке тұлғалар.
Бұл топқа кіретіндер[11]:
- аудиторлық қызметтер, олар инвесторлар мүдделерін қорғау мақсатында, есеп-қисаптың мәліметтерін заңға және есеп жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкестігін тексереді;
- қаржы сұрақтары бойынша кеңес берушілер, олар есеп-қисапты, өздерінің клиенттеріне олардың капиталдарын қандай да бір компанияға орналастыруына қатысты ұсыныстар әзірлеу мақсатында қолданады;
- бағалы қағаздар биржалары;
- тіркеуші және басқа мемлекеттік органдар, олар фирмаларды тіркеу, компанияның жұмысын тоқтату, есеп-қисапты есептеу және құру әдістерінің өзгертілу қажеттілігін бағалау туралы шешімдер қабылдайды;
- заң органдары;
- заңгерлер, олар өзара шарттардың орындалуын, пайданы бөлу және дивиденттерді төлеу кезінде заң нормаларының сақталуын бағалау, сонымен қатар зейнетақымен қамтамассыздандыру шарттарын анықтау үшін есеп-қисапты қажетсінеді;
- баспасөз және ақпараттық агенттіктер, олар шолулар дайындау үшін, жеке компаниялар мен салалардың қызметтерінің даму беталысы мен талдауын бағалау үшін, қаржы жұмысының қорытынды көрсеткіштерінің есебін бағалау үшін есеп-қисапты қолданады;
- сауда-өндірістік ассоциациялар, олар есеп-қисапты салалар бойынша статистикалық қорытындылау үшін және салалық деңгейде қызмет нәтижелерін салыстырмалы талдау мен бағалау үшін пайдаланады;
- кәсіподақтар, олар жалақы мен еңбек келісімінің шарттарына қатысты өздерінің талаптарын анықтау үшін, және де осы кәсіпорын кіретін саланың даму беталысын бағалау үшін қаржылық ақпаратқа мүдделілер.
Нарықты экономикалы елдерде есеп-қисаптың қаржы нарығындағы және оны реттеуде қаржылық шешім қабылдаудығы ерекше мәнділігіне байланысты, оған үлкен көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, сәйкес ұйымдармен әзірленетін қаржылық есеп пен есеп-қисаптың принциптері мен стандарттары бар. Солардың негізінде компаниялардың бағалы қағаздар биржаларындағы тіркелуі жүреді.
Бұл стандарттардың ұлттық айырмашылықтарына қарамастан, олардың ең маңызды жалпы сапасы, жеке инвесторларды қосқанда, кәсіпорын мен қаржы нарығы арасындағы толық құнды ақпараттар ағынын қамтамасыз етуге икемделген. Мұндай жұмыс қазіргі кезде Қазақстанда да жүргізілуде. Дегенмен қазақстандық кәсіпорындардың есептері мен есеп-қисаптары қазіргі кезде, жоспарлы экономика жағдайларында олар орындаған функциялардан нарықты экономика жағдайларындағы функцияға түрлену сатысында тұр. Осыған байланысты қазақстандық кәсіпорындардың есеп-қисабы, әзірше қаржы шешімдерін қабылдау үшін алдын-ала түзетусіз барлық қаржылық ақпаратты тікелей алу мүмкіндігін көп жағдайларда бере алмайды.
Сондықтан біздің елімізде қаржы менеджерлері үшін, дамыған нарықтық экономикалы елдерде кеңінен қолданылатын, қаржы менеджментінің әдістерін пайдалану үшін, есеп-қисаптың қолдағы жүйесіне қандай түзетулердің қажеттігі және қандай қосымша көрсеткіштерді есептеу қажет екенін білуі өте маңызды.
Нарық жағдайларында қаржы есеп-қисабын жасау бірқатар принциптерге негізделген, ол оны қаржылық басқарудың жеткілікті тиімді құралына айналдырады. Осы принциптерді қазақстандық кәсіпорындардың есеп-қисап жүйесіне біртіндеп енгізу, қаржылық менеджменттің мақсаттары үшін оны пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дамыған қаржы нарығының сыртқы пайдаланушыларына берілетін (ұсынылатын) ақпараттарға қойылатын негізгі талап, олардың осы пайдаланушылар үшін пайдалы болуымен қорытындылады, яғни осы ақпаратты негізделген істік шешімдерді қабылдау үшін қолдануға болатындай деңгейде болуы. Пайдалы болуы үшін, ақпарат сәйкес критерияларға жауап беруі қажет.
Орындылық осы ақпараттың маңыздылығын және пайдаланушымен қабылданатын шешімге ықпал ете алатынын көрсетеді. Және де ақпарат орындылықты деп есептеледі, егер де ол перспективті және ретроспективті талдау мүмкіндігін қамтамассыздандыра алатын болса, яғни өткен, ағымдағы және келешек шешімдер туралы болжау әзірлей алса, сонымен қатар пайдаланушының алдыңғы шешімдерінің дұрыстығын мақұлдай алса немесе олардың қателікті болғанын айқындаса. Орнықтылық берілген ақпараттың дер кезділік екенін болжайды, өйткені ақпарат қажетті мерзімінен кейін алынған болса, онда ол шешімнің қабылдануына ықпал ете алмайды.
Ақпараттың растығы оның шыншылдығымен, заңдық нысаннан экономикалық мазмұнның басымдылығымен, тексеру мүмкінділігімен және құжаттық негізделуімен, және де деректердің бейтараптығымен анықталады.
Ақпарат шыншыл деп есептеледі, егер ол қатесіз және бұрмалаушы бағалығы болмаса, және де шаруашылықты тіршілік уақиғалары жалған болмаса. Заңдық нысаннан экономикалық мазмұнның басымдылығының талабы, олардың заңдық нысаны басқаша түсіндіруді көздегенімен, есеп-қисапқа енгізілген мәліметтер ең алдымен олардың экономикалық мазмұны тұрғысынан қарастырылатынын көрсетеді.
Бейтараптық, қаржы есеп-қисабының жалпы есеп-қисапты пайдаланушылардың бір тобының мүддесін қанағаттандыру үшін екінші топқа зиян келетініне акцент жасамайтынын көрсетеді.
Түсініктілік, пайдаланушылардың есеп-қисап мазмұнын арнайы кәсіптік дайындықсыз-ақ түсіне алатынын көрсетеді.
Салыстырмалылық осы кәсіпорындағы бухгалтерлік есептеудің қолданылатын әдістерінің бірізділігінің сақталуын және сол арқылы бірнеше есеп беру кезеңіндегі кәсіпорынның жұмысы туралы деректердің салыстырылуы қамтамасыз етілуін талап етеді.
Ақпараттың әрбір бірлігі есеп-қисапқа осы қаржылық ақпараттың есебі есептеудің белгілі бір принциптері негізінде жүргізілгенінен шыға отырып, есептік ақпаратқа мәліметтердің енгізілуінің қолдағы шектеуін ескере отырып енгізіледі.[12]
Қаржы менеджментіндегі ақпараттық базаның көрсеткіштерінің құрамы.
Шешім қабылдау үшін, қаржы менеджеріне кәсіпорынның алдағы кезеңдердегі әлуетті қаржылық мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беретін өткен кезеңдердегі кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты білуі қажет.
Мұндай ақпараттарда келесі бағыттар үшін қажетті деректер болуы керек:
- кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайының, оның активтерінің, міндеттері мен меншікті капиталының бағасы, сонымен қатар осы баптардағы белгілі бір кезеңдердегі өзгерістердің бағасы;
- кәсіпорынның ақша қаражатының ағындары, олардың сомалары, ағынның кіру және шығу уақыты және осымен байланысты тәуекелдік факторының бағасы;
- инвестициялық шешімдерді қабылдау және қаржыландыру көздерін таңдау бойынша шешім қабылдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер баланста келтірілген. Баланс кәсіпорынның белгілі бір мерзімдегі қаржылық жағдайын сипаттайды және кәсіпорын ресурстарын олардың құрамы мен қолдану бағыттары бойынша бірегей ақшалай бағада көрсетеді, бір жағынан (актив), және оларды қаржыландыру көздері бойынша — екінші жағынан (пассив).
Баланс кәсіпорын ресурстарының егжей-тегжейлі сипаттамасын береді. Дегенмен менеджментті қаржыландыру үшін, өткен есеп беру кезеңінде қабылданған шешімдердің тиімділігін сипаттайтын және алдағы қаржылық шешімдердің базасы болып табылатын негізгі параметрлерді кейбіреуін бөліп көрсету қажет. Бұл көрсеткіштерге жататындар:
- кәсіпорын активтерінің жалпы құны;
- активтердің жалпы сомасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің үлесі;
- активтердің жалпы сомасындағы нақты және қаржы активтерінің салым үлесі;
- меншікті капиталдың жалпы құны;
- салынған капитал құнының өсуі;
- қарыз капиталдың құны;
- пассивтердің жалпы сомасындағы қаржыландырудың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді көздерінің үлесі.
Бұл көрсеткіштердің кейбіреуі тікелей баланста болады. Ақпараттың үлкен көлемі түсіндірме жазбахатта болады. Дегенмен бірқатар көрсеткіштер қосымша есептеулер көмегімен, баланстың деректерін қайта топтаумен немесе бухгалтерлік есептің деректерін тартумен алынуы қажет.
Кәсіпорынның активтері компаниямен оның жұмыс істеу кезеңіндегі уақытта қабылданған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Баланс активтерінің орналасу баптарының негізінде өтімділік критериясы (кәсіпорын құралдарының қолма-қол ақшаға айналу қабілеттігі) жатады, ол қаржы менеджментіндегі ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.[13]
Қаржы менеджменті үшін принципиалды болатын, ол активтердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінуі. Ұзақ мерзімді активтер — бұл бір есеп беру кезеңінен артық уақытқа қолданылатын құралдар, шаруашылық жүргізу қызметінде қолдану мақсатында сатып алынады және жыл ішінде сатыла алмайды. Ұзақ мерзімді активтер баланстың бірінші бөлімінде «Негізгі құралдар мен айналымнан тыс активтер» келтірілген. Қысқа мерзімді активтер немесе айналымды қаражаттар (активтер) — бұл бір есеп беру кезеңінің ішінде қолданылған, сатылған немесе пайдаланылған құралдар, ол бір жылға жасалады. Айналым активтері баланстың активінің екінші және үшінші бөлімдерінде келтірілген.
Қаржы шешімін қадбылдау үшін айналым қаражаты құрамынан ресурстардың келесі топтарын бөліп көрсету маңызды:
- ақшалай қаражат;
- қысқа мерзімді қаржылық жұмсалым;
- дебиторлық қарыз;
- материалдық-өндірістік қорлар.
Айналымды активтердің ең өтімді бөлігі — ақшалай қаражат. Бұл кассадағы ақшалай қаражат және валютадағы ақшалай қаражатты қоса есептегендегі, банкілердегі ақшалай қаражат. Ақшалай қаражат ағымды ақшалай төлемдер үшін қолданылады. Жұмсалуына белгілі бір шектеулер қойылған және сәйкес цикл ішінде банк шотынан алына алмайтын, және де ағымды төлемдерге тағайындалмаған ақшалай қаражаттар, талдау кезінде қаржы менеджерімен айналымдағы қаражат құрамына енгізілмеуі керек.[14]
Кәсіпорын үшін оңтайландырылған қолма-қол ақша сомасы қарама-қарсы беталыс ықпалымен анықталады. Фирманың іскерлік репутациясы және мүмкіндікті конъюнктуралық күрделіліктер кәсіпорында белгілі бір ақша қорының болуына міндеттейді. Атап айтқанда, бұл ағымдағы міндеттерді өтеу, еңбекті төлеу, өндірістің дамуы үшін және тағы басқаларға қажетті. Ақшалай қаражаттың болмауы кәсіпорынды банкроттыққа әкелуі мүмкін.
Кәсіпорынның ақшалай қаражат сомасына едәуір ықпалды инфляция көрсетеді. Бір жағынан ол, бос ақшалай қаражаттың құнсыздану қауіптілігін жоғарылатады. Екінші жағынан, инфляция есебінен сәйкес төлемдер үшін көп ақша талап етіледі. Сонымен бірге, ақшалай қаражаттың ірі сомасы осы қаражаттар қозғалысын есептеу мен бақылау проблемасын күрделендіреді. Қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар кәсіпорынның басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарына, облигацияларға және де бір жылдан артық емес мерзімге қарыз беру инвестицияларын көрсетеді.
Қаржылық менеджмент жүйесінде осы бағалы қағаздарды сатып алу (мемлекеттік немесе жекеше) өткізу нарығын жеңіп алу немесе басқа компанияларға ықпал ету мақсатында емес, ал уақытша бос ақшалай қаражатты тиімді орналастыру мүдделілінде жүргізіледі. Бұл жұмсалымдарды, компания ақшалай қаражаттың ағымдағы міндеттерін өтеу немесе басқа да ағымды төлемдерге талап етілмейтін кезең ішінде ғана жасайды. Мұндай қаражаттарды орналастыру тиімділігінің шарты осы бағалы қағаздардың өткізімділіктері болып табылады. Ол кез-келген талап ететін кезеңде оларды сату үшін жеткілікті сыйымдылықты нарықтың болуын талап етеді.
Баланстың келесі бабы — дебиторлық қарыз, яғни фирмаға тиесілі, бірақ ол әліде алмаған қаражат. Айналым қаражатында, өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын дебиторлық қарыздар көрсетіледі. Дебиторлық қарыз баланста өткізудің нақты құны бойынша есептеледі, яғни осы қарызды өтеу кезінде алынуға тиіс ақшалай қаражат сомасынан шыға отырып. Дегенмен қаржы менеджменті үшін дебиторлық қарыздың барынша нақты кескінін алу қажет. Осы мақсатта таза дебиторлық қарыз есептелуі тиіс — ол дебиторлық қарыздың нақты сомасы мен күдікті қарыздар бойынша резевтің арасындағы айырма. Баланстың мәліметтері бойынша есептелетін келесі ірілендірілген бап — «Материалдық-өндірістік қорлар». Материалдық-өндірістік қорлар – бұл материалдық активтер, олар келесілер үшін тағайындалған:
- кәдімгі істік цикл ішіндегі сатуға;
- кәсірорын ішіндегі өндірістік қолдануға;
- өткізілетін өнімнің ары қарай дайындалуы мақсатындағы өндірістік қолданыста.
Бұл бапқа шикізаттар мен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, сонымен қатар өнімнің өткізілуіне бас болатын, кәсіпорынның ақшалай қаражатын шаруашылық қызметіне қысқа мерзімді жұмсауды сипаттайтын басқа да баптар кіреді. Материалдық-өндірістік қорлар айналымды активтердің барлық баптарының ішіндегі ең өтімсіз бабы болып табылады. Бұл баптың ақшалай қаражатқа айналуы, тек қана сатып алушыны табу үшін емес, сонымен қатар одан өнімнің ақысын алу үшінде уақытты талап етеді. «Материалдық-өндірістік қорлар» бабын талдау тиімді қаржылық басқару үшін үлкен маңызы бар. Қорлар тек қана айналым активтерінде емес, сонымен қатар кәсіпорынның тұтас активтеріндеде біршама меншікті салмаққа ие бола алады. Бұл кәсіпорынның өзінің өнімін өткізуде қиындықтарға түсетінін куәлендіреді, ол өз кезегінде, өнімнің төменгі сапасымен, өндірістің технологиясының бұзылуымен, өткізудің тиімсіз әдістерінің таңдалуымен, нарықтық сұраныстың және конъюнктураның жеткіліксіз зерттелуімен шарттала алады.
Материалдық-өндірістік қорлардың оңтайландырылған деңгейінің бұзылуы компанияның жұмысындағы зияндарға әкеледі, өйткені қорларды сақтауға жұмсалатын шығынды жоғарылатады, айналымнан өтімді қаражаттарды алады, қорлардың құнсыздануын жоғарылатады және олардың тұтынушылық сапасының төмендеуіне әкеледі, егер ол дайын өнімнің қандай да бір сипаттамаларының бұзылуымен пайда болған болса, клиенттерді жоғалтуға әкеледі. Сонымен, қорларды анықтау және оның оңтайландырылған көлемін ұстау қаржы менеджментінің ең маңызды бөлімі болып табылады.[15]
2. КӘсіпорынның қаржысын оперативті басқаруды ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Қаржы жағдайын талдаудың маңызды этапы болып баланстың өтемпаздығын талдау табылады. ¤темпаздықты талдау кәсіпорынның несиелендірі қабілеттілігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, яғни оның өзінің міндеттемелері бойынша өз уақытында және толық шамада есептесу қабілеттілігін. Баланстың өтемпаздығы, ақшаға айналдыру мерзімі міндеттемесін өтеу мерзімімен сәйкес, кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады. Баланстың өтемпаздығынан активтер өтемпаздығын ажырата білу керек. Активтер өтемпаздығы олардың ақша қаражатына айналуы үшін қажетті уақытқа кері шама ретінде анықталады. Активтердің осы түрінің ақшаға айналуына қаншалықты аз уақыт кететін болса, соншалықты олардың өтемпаздығы жоғары болады.
Баланстың өтемпаздығын талдау, олардың өтемпаздық дәрежелері бойынша топтастырылған, міндеттемелерімен, төлем мерзімінің дәрежесі бойынша сыныпталған активтің қаражаттарымен салыстырмалы қорытындыланады.
¤тімді дәрежесіне тәуелді кәсіпорын активтері келесі топтарға сыныпталады.
Ең өтемпазды активтер (Е¤А) — оған кәсіпорынның ақшалай қаражатының барлық баптары және қысқа мерзімді қаржы жұмсалымы жатады (бағалы қағаздар). Ақша қаражаты мен бағалы қағаздар айналымды қаражаттың ең жұмылдырғыш бөлігі болып табылады. Ақша төлемге бірден дайын, ал бағалы қағаздар ақшаға жылдам қолма-қол ауыстырыла алады. [16]
«НарОйл» АҚ 2005 жылғы балансының мәліметтеріне сүйенсек, бұл баптар жыл басында 1,423,430 мың тенгеге теңесті. Ал жыл аяғында 2,143,834 мың тенгеге дейін жоғарылады.
Жылдам өткізілетін активтер (Ж¤А) — есеп беру күнінен соң 12 ай ішінде төлемдер күтілетін, дебиторлық берешек (қысқа мерзімді), Дебиторлық берешек бойынша сома есеп айыру шотына белгілі бір мерзімде түседі, сонымен қатар өзінің міндеттемелерін төлеуге бағыттала алады.
«НарОйл» АҚ бойынша, жылдам өткізілетін активтер, 2005 жыл басында 7,368,215 мың тенгені құрады және жыл аяғында біраз көтерілді, сөйтіп 8,288,519 мың тенгені құрады.
Баяу өткізілетін активтер (Б¤А) – қорларды және басқа айналымдағы активтерді қамтитын (ұзақ мерзімді инвестициядан басқа субъектілердің жарғылық капиталын алып тастағанда) баланс баптары. Бұл кезде «Келешек кезеңдер шығыны» бабы жойылады. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру күрделірек болады: сатып алушыны табу қажет, ол белгілі бір уақытты қажет етеді.
«НарОйл» АҚ баяу өткізілетін активтері 2005 жылдың басында 2,555,312 мың тенгені құрады, ал жыл аяғында 2,625,453 мың тенгені.
Қиын өткізілетін активтер (Қ¤А) – негізгі қаражат және материалдық емес активтер сияқты айналымнан тыс активтер.
Қиын өткізілетін активтер, «НарОйл» АҚ есеп-қисабына сәйкес, 2005 жылдың басында 49,025,410 мың тенге болды және жыл аяғында едәуір жоғарылап, 56,040,012 мың тенгеге жетті.
Балансты қаржыландыру көздеріде төлем мерзімділігінің дәрежесі бойынша төрт топқа топталады:
Ең мерзімді міндеттемелер (ЕММ) – оларға қысқа мерзімді несиегерлік берешек жатады.
«НарОйл» АҚ есеп-қисабына сәйкес, қысқа мерзімді несиегерлік берешек 2005 жылдың басында 6,174,849 мың тенгені құрады және жыл аяғында 7,056,919 мың тенгені құрады.
Қысқа мерзімді міндеттемелер (ҚММ) – бұл қысқа мерзімді қарыздың қаражаты және басқа қысқа мерзімді пассивтер.
«НарОйл» АҚ қысқа мерзімді міндеттемелері 2005 жылдың басында 8,621,581 мың тенгені құрады және жыл аяғында 10,390,803 мың тенгеге дейін жоғарылады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер (ҰММ) – бұл ұзақ мерзімді несиелер және қарыз қаражаты, жәнеде келешек кезеңдер табысы.
«НарОйл» АҚ ұзақ мерзімді міндеттемелері 2005 жылдың басында 12,273,263 мың тенгені құрады және жыл аяғында 13,649,028 мың тенгеге дейін жоғарылады.
Қаржыландырудың тұрақты көздері немесе орнықтылықты (ҚТК) — бұл меншікті капитал. Сыныпталған топтардың балансын сақтау үшін осы топтың қорытындысы «Келешек кезеңдер шығыны» бабына сәйкес шаманың сомасына төмендетіледі.
«НарОйл» АҚ бойынша тұрақты қаржыландыру көздері 33,302,674 мың тенгеге теңесті және жыл соңында 38,001,068 мың тенге болды.
Баланстың өтемділігін анықтау үшін келтірілген топтардың активтері және қаржыландыру көздері бойынша қорытындыларды салыстыру қажет. Баланс, абсолютті өтімділікті деп саналады, егер келесі қатынастар орын- далса:
Е¤А >= ЕММ; Ж¤А > = ҚММ; Б¤А >=ҰММ; Қ¤А = < ҚТК.
Егер осы жүйенің бірінші үш теңсіздігі орындалса, онда бұл төртінші теңсіздіктіңде орындалуын тартады, сондықтан бірінші үш топтың активтері мен пассивтері бойынша қорытындыларын салыстыру маңызды. Төртінші теңсіздік «баланстаушы» сипатты болады, және ол терең экономикалық ойлы: оның орындалуы қаржылық орнықтылық жағдайының – меншікті айналымды қаражаттың бар екенін – сақталуы туралы куәлендіреді.
Жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігі, оптималды нұсқада белгіленгеннен кері белгіде болса, баланстың өтімділігі көп немесе аз дәрежеде абсолюттіктен айрықшаланады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражаттың жетіспеуі басқа топ бойынша, құндық бағада, артықша өтеледі, нақты жағдайда аз өтімділікті активтер жоғары өтімділікті активтердің орынын баса алмайды.[17]
2.1 – кесте «НарОйл» АҚ балансына сәйкес өтімділік топтары бойынша активтер мен қаржыландыру көздерінің қатынасы 2004 және 2005 ж.ж.
|
01.01.2004ж-ға |
01.01.2005ж-ға |
|
01.01.2004ж-ға |
01.01.2005ж-ға 2г |
01.01. 2004ж-ға |
01.01. 2005ж-ға |
Е¤А |
1,423,430 |
2,143,834 |
ЕММ |
6,174,849 |
7,056,919 |
А1 < П1 |
А1 < П1 |
Ақшалай қаражат |
1,407,501 |
2,143,834 |
Задолжполж. по налогам |
683,976 |
571,581 |
|
|
Қысқа мерз. ФИ |
15,929 |
— |
Несиег. берешек |
5,490,873 |
6,485,338 |
|
|
Ж¤А |
7,368,215 |
8,288,519 |
ҚММ |
8,621,581 |
10,390,803 |
А2 < П2 |
А2 < П2 |
АғымдыДБ |
7,368,215 |
8,288,519 |
Қысқа мерз. несиелер |
2,167,500 |
3,664,880 |
|
|
|
|
|
Ұзақ мерз. Ағымды бөл. |
6,454,081 |
6,725,923 |
|
|
Б¤А |
2,555,312 |
2,625,453 |
ҰММ |
12,121,958 |
13,455,395 |
А3 < П3 |
А3 < П3 |
ТМЗ |
2,555,312 |
2,625,453 |
Ұзақ мерз. несиелер |
10,100,553 |
8,021,673 |
|
|
|
|
|
Басқа мінд. |
— |
3,225,653 |
|
|
|
|
|
Мерз. Ұзарт. салықтар |
2,075,811 |
2,273,000 |
|
|
|
|
|
Келеш. Кез. Шығ. |
— 54,406 |
— 64,931 |
|
|
Қ¤А |
49,025,410 |
56,040,012 |
ҚТК |
33,453,979 |
38,194,701 |
А4 > П4 |
А4 > П4 |
НМА |
637,478 |
844,223 |
У Капитал |
12,136,529 |
12,136,529 |
|
|
ОС |
40,585,357 |
49,879,600 |
Алынған капитал |
— |
-2,652,636 |
|
|
Аяқталмаған.күрд.құр. |
6,612,797 |
4,564,900 |
Қос. төлен-бейтін капитал |
9,743,577 |
5,611,552 |
|
|
Ұзақ мерз. ФИ |
1,189,778 |
511,007 |
Резервтік капитал |
143,503 |
1,820,479 |
|
|
Ұзақ мерз. ДБ |
— |
240,282 |
Бөлінбеген табыс |
11,355,176 |
21,257,378 |
|
|
|
|
|
Кел.мер.табысы |
96,899 |
128,702 |
|
|
|
|
|
Кел.мер.шығыны |
— 21,705 |
— 107,303 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
60,372,367 |
69,097,818 |
БАРЛЫҒЫ |
60,372,367 |
69,097,818 |
|
|
Ақпарат көзі «НарОйл» АҚ есептік мәліметтер негізінде.
Активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 1 тобының қорытындыларын салыстыру жақын уақыттағы түсім мен төлем қатынастарын көрсетеді. 5 кестеден байқағанымыздай, активтердің бірінші тобы (ең өтімді активтер) қаржыландырудың көздерінің бірінші тобынан аз (ең мерзңмдң міндеттемелер). Демек, жылдың басындада, аяғында да баланс өтімділіксіз, және бұл кезеңдерде жақсару жағдайы жоқ.
Активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 2 тобын салыстыру төлем тәртібі күйінің жақын уақытта жақсаратыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, дегенмен, егер бірінші шарт талап етілетін нормаларға сәйкес келмесе, онда, сөзсіз, келесі шарттарда оған сәйкес келмейді.[18]
Жалпы активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 1 және 2 топтарын салыстыру ағымды өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қаралатын кезеңге жақын уақыт аралығындағы төлеу қабілеттілікті (немесе төлеуге қабілетсіздікті) куәлендіреді. Егер жоғарыда келтірілген кестені қарастыратын болсақ жақын уақыттағы төлеуге қабілетсіздік туралы қорытынды жасауға болады.
Баяу өткізілімді активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру келешектегі өтімділікті көрсетеді және алдағы түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлеу қабілеттілігін болжайды, яғни ең кейінгі мерзімдердегі қаржы жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын болжауға мүмкіндік береді.
Активтер мен балансты қаржыландыру көздері баптарының 4 тобының қорытындылары шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктенушілер алдындағы міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл субъект жойылған жағдайда ғана қажетсініледі. Үздіксіздік немесе әрекеттенуші субъект принципін сақтау, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті айналымды капиталы болуын талап етеді. Ал ол үшін төртінші теңсіздіктің орындалуы қажет, яғни шашыраған активтерден меншікті қаражат көздерінің жоғары болуы.
Ал төртінші теңсіздікте, кестеде келтірілген деректерге сәйкес, орындалмайды және үздіксіздік принципі бұзылған деп айтуға болады, және бәрінен бұрын, қаражаттың үлкен бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталады деп қорытынды жасауға болады, ал қарыздарды тарту көрсетілген қызметтер тарифтері бойынша түсетін меншікті қаражаттардың жеткіліксіздігімен байланысты. Тарифтер мемлекетпен реттелетін болғандықтан, әрине онда жаңғырту үшін қажетті қаражаттарды қарастыру мүмкін емес, ал орнықтырылған тарифтер арқылы негізгі қаражаттар амортизациясы ретінде түскен қаражат негізгі қорларды жаңалау үшін жеткіліксіз.[19]
Көбінесе төлеу қабілеттілігін анықтау үшін үш көрсеткіш қолданылады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, мерзімді өтімділік коэффициенті (аралық) және ағымды өтімділік коэффициенті.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді қаржы инвестициясының ең мерзімді ағымды міндеттемесіне қатынасы ретінде есептеледі. Ол арқылы жеткізушілер тұрғысынан төлеу қабілеттілігінің деңгейі бағаланады.
АҚар + Қар Е¤А
Аб.ө.к. = =
МА ЕММ (2.1)
01.01.2004 ж. бұл коэффициент «НарОйл» АҚ балансы бойынша 0.23 (1,423,430/ 6,174,849) тең және 01.01.2005 ж. — 0.30 (2,143,834/7,056,919) тең.
Ол ағымды берешектің қандай бөлігі, балансты құру күніне немесе жақын уақытта, өтеле алатынын көрсетеді. Бұл, ағымды міндеттемелердің қандай бөлігінің тез арада өтелетінін көрсететін, төлеу қабілеттілігінің ең қатаң критериясы. Әлемдік тәжірибеде оның мәні 0.2 – 0.3 деңгейінде қабылданады. Кәсіпорын бойынша есептеуден алынған нәтижелерден, бұл коэффициенттің ұйғарынды деңгейде екенін көреміз.
Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті есептеу үшін алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық берешектік және басқада активтер қосылады, ал бөлімі болып сол көрсеткіш қалады — ағымды міндеттемелер. Ол банкирлер тұрғысынан төлеу қабілеттілікті талдау үшін қарастырылады.
АҚар + Қар + ДБ Е¤А + Ж¤А
М.ө.к. = =
МА ЕММ + ҚММ (2.2)
Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті 01.01.2004 ж. «НарОйл» АҚ балансының деректері бойынша 0.6 (1,423,430 + 7,368,215/6,174,849 + 8,621,581)) тең және 01.01.2005 ж. тура солай 0.6 тең (2,143,834+8,288,519/ 7,056,919 + 10,390,803).
Ол дебиторлармен есеп айырысуды өз уақытында жүргізу жағдайлары кезіндегі төлеу мүмкіндіктерінің болжамын көрсетеді, яғни ағымды міндеттемелердің қандай бөлігі тек қана ақшалай қаражат есебінен емес, сонымен бірге жіберілген өнімдерден, орындалған жұмыстан немесе көрсетілген қызметтен күтілетін түсімдердің есебіненде өтелетінін сипаттайды.
Бұл коэффициент болжалды 0.5 — 0.7 тең болуы керек, яғни ең мерзімді қысқа мерзімді міндеттемелердің әрбір теңгесіне ақшалай қаражат пен дебиторлық берешектің 50 – 70 тиыннан кем емес шамасы келуі керек. Осы коэффициенттің есептелуінен байқағанымыздай, ол ұйғарынды деңгейде орналасқан.
Жалпы өтімділік коэффициенті барлық ағымды активтердің (келешектегі кезеңдер шығынын алып тастағанда) ең мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасын көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелер шамасына (келешектегі кезеңдер табысын алып тастаумен). Бұл коэффициент акционерлер мен инвесторлар жайғасымымен пайдаланылады.
АА Е¤А+ Ж¤Ах0,5 + Б¤Ах0,3
Ж.ө.к. = =
МА ЕММ+ ҚММх0,5 + ҰММх0,3 (2.3)
1,423,430+7,368,215х0.5+2,555,312х0.3 5,874,129
= = 0.42
6,174,849+8,621,581х0.5+12,121,958х0.3 14,122,226
2,143,834+8,288,519х0.5+2,625,453х0.3 6,985,729
= = 0.43
7,056,919+10,390,803х0.5+13,455,395х0.3 16,288,938
«НарОйл» АҚ 01.01.2004 ж. балансының мәліметтері бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті 0.42 тең (5,874,129/14,122,226) және 01.01.2005 ж. – 0.43 (13,057,806/17,447,722).[20]
Ол ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді қандай еселікте жабатынын орнықтыруға мүмкіндік береді, және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді қолайлы өткізу жағдайлары кезінде ғана бағаланатын емес, сонымен қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарының басқа элементтерін сатумен бағаланатында, шаруашылық жүргізуші субъектінің төлеу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде, шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымды өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі.Оның кеңінен қолданылуының себебі келесілер болып табылады: біріншіден, ол ағымды активтермен ағымды міндеттемелердің жабылу дәрежесін көрсетеді: бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеуде соншалықты сенімділік жоғары болады; екіншіден, ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден артуы ағымды активтерді сату немесе жою кезінде зиянның пайда болуына кедергі жасайды (ақшалай қаражаттан өзге): қарама – қарсы әрекет қаншалықты күшті болса, соншалықты несиегерлер үшін жақсы болады. Бұл артықшылықты жұмысшы капитал деп атайды.
Бұл коэффициент 1-2 шегінде болуы керек. Төменгі шекара, ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы керектігімен шартталады, әйтпесе шаруашылық жүргізуші субъект төлеу қабілеттіліксіз болып қалады. Ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден екі еседен артық артуы орынсыз деп есептеледі, өйткені ол компанияның өзінің қаражатын тиімсіз жұмсайтыны және оны тиімсіз пайдаланатыны туралы куәлендіреді.Көріп отырғанымыздай, төменгі шекара осы кәсіпорын бойынша коэффициентті бағалау үшін сақталмайды. [21]
Жоғарыда келтірілген үш көрсеткіштердің әрқайсысы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы жағдайының анықталған жағын көрсетеді, бірақ оның бәрі қаржы жағдайы мен төлеу қабілеттілігінің бағдарлы индикаторы ғана болып табылады.
Атап айту керек, көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қатаң өтімділіктің төменгі коэффициенттерінің ағымды өтімділіктің жоғарғы коэффициенттерімен ұштасуы сирпатты болады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектіде шикізаттың, материалдардың, құраушылардың, дайын өнімнің артық қорының болуымен, кейде аяқталмаған өндірістің ақтаусыз жоғарылығымен байланысты.
Бұл шығындардың негізсіздігі ақырында ақша қаражатынығ жетіспеуіне және төлеу қабілеттілігінің нашарлауына әкеледі. Осыдан, ағымды өтімділіктің жоғары коэффициенті кезіндеде оны құраушылардың күйі мен динамикасын айқындау қажет, әсіресе баланс активтерінің үшінші тобына кіретін баптар бойынша. Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімдердің, аяқталмаған өндірістің айналымдығын есептеу қажет.
¤тімділікті қаражаттардың айналымдылық көрсеткіштерінің нашарлауы кезіндегі төлеу қабілеттілігін барынша объективті бағалау үшін, осы нашарлаудың себептерін айқындау қажет. Бұл кезде, тұтынушылармен өнім мен көрсетілген қызметке өтеудің кідіруі, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және т.б. қорларының артық жиналуы себептерімен егжей-тегжейлі тексеріп анықтау керек. Бұл себептер, талданатын субъектіге соншалықты тәуелді емес сыртқы болу мүмкін, ішкі болуыда мүмкін. Бірақ, бәрінен бұрын, өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеу, олардың деңгейіндегі ауытқуды анықтау және оларға әртүрлі факторлардың ықпалының мөлшерін анықтау қажет.
Жоғарыда көрсетілген коэффициенттер нәтижелері бойынша, «НарОйл» АҚ жылдың басында және аяғында жеткізушілер мен банкирлер жайғасымынан төлеу қабілеттілікті деп, ал акционерлер мен инвесторлар жайғасымынан – төлеу қабілеттілігі жоқ деп бағаланды. Баланс деректері бойынша, жалпы өтімділік коэффициентінің 1-ден төмен болуы салдарынан, жұмысшы капитал теріс мәнде болады. Жаңғырту үшін қаржы қаражаттарының тұрақты жетіспеуі мен оны сырттан тартудың жетіспеуі өтімділік коэффициенттеріне өте үлкен ықпал етеді. [22]
2.2 Активтерді пайдалануды талдау
Кәсіпорын активтері құрылымының өзгерісін зерттеу өте маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мысалы, мүліктегі ағымды активтердің үлесінің артуы келесідей жағдайларды куәлендіреді:
- ұйым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге ықпал ететін, активтің ең жұмылдыру құрылымдарын қалыптастыру;
- ағымдағы активтердің бір бөлігін дайын өнімді тұтынушыларды, көрсетілетін қызметті, еншілес кәсіпорындарды, басқа дебиторларды несиелендіруге оқшауландыру;
- өндірістік базалады қысқарту;
- олардың бухгалтерлік есебінің қолданудағы тәртібі салдарынан негізгі қорлардың нақты бағаларының бұрмалануы және т.б.
Активтер құрылымындағы осы пропорцияның өзгеру себептері туралы дәл қорытындылар жасау үшін, баланс активінің жеке баптары мен бөлімдеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет, жекелеп айтқанда, кәсіпорынның өндірістік әлуетінінің жағдайын, негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді тиімді қолдануды, ағымдағы активтер айналымының жылдамдығын бағалау жүргізу.
Баланс активінің бірінші бөлімін талдау кезіндеаяқталмаған құрылыс сияқты элементтің өзгеру беталысына көңіл аудару қажет, өйткені бұл бап өндірістік айналымға қатыспайды және, демек, белгілі бір жағдайларда оның үлесін арттыру қаржы – шаруашылықты қызметтің нәтижелілігіне жағымсыз ықпал етеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық жұмсалымның болуы кәсіпорын жұмсалымының инвестициялық бағыттылығына сілтейді.
Негізгі қаражаттардың меншікті салмағының сыртқы факторлар ықпалы салдарынан өзгере алатынын ескере отырып, мысалы, шикізатқа, материалға, дайын өнімге баға жеткілікті жоғары қарқында өсіп жатқан кезінде, инфляция жағдайларындағы негізгі қаражат құнының кешіктірілген түзетулері жүруі кезіндегі оларды есептеу тәртібі, есеп беру кезеңіндегі абсолюттік көрсеткіштер өзгерісіне көңіл аудару керек.
Кәсіпорын құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйыммен инновация ретінде таңдалған стратегияны жанама сипаттайды, өйткені ол қаражатты патенттерге, лицензияларға, басқада зияткерлік меншікке салады.
Ағымды активтердің (абсолюттік және салыстырмалы) өсуі тек өндірістің кеңеюі немесе инфляция факторлары әрекеті туралы куәлендірмейді, сонымен қатар айналымның баяулауында көрсетеді. Бұл олардың массасын арттырудың қажеттілігін объективті тартады.
Қорлар құрылымын зерттеу кезінде негізгі көңілді ағымдағы активтердің келесідей элементтерінің өзгеру беталысын айқындауға аударған тиімді: шикізат, материалдар және басқа осыған ұқсас бағалылықтар, аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім және қайтарма сатуға арналған тауарлар, тиелген тауарлар.[23]
¤ндірістік қорлардың меншікті салмағын арттыру келесі салдарлардан шығады:
- ұйымның өндірістік потенциалын арттыру;
- өндірістік қорларға салу арқылы кәсіпорынның ақшалай активтерін инфлияция ықпалынан құнсызданудан қорғауға ұмтылу;
- шаруашылықтық стратегияның тиімсіз таңдалуы, соның салдарынан ағымдағы активтердің маңызды бөлігі, өтімділігі жоғары болмайтын, қорларға шашырайды.
Осылай, қорларды өсіруге бетбұрыс кейбір уақыт аралығында ағымдағы өтімділік коэффициентінің жоғарылауына әкелетініне қарамастан, бұл жоғарылаудың активтердің өндірістік айналымнан негізсіз оқшаулануынан жүрмегендігін талдау қажетті, ол, ақырында, несиегерлік берешектің өсуіне және қаржы жағдайының нашарлауына әкеледі.
Баланстың позитивтік өзгерісінің белгілері болып табылатындар:
- баланс валютасы есеп беру кезеңінің аяғында бастапқысымен салыстырғанда жоғарылады;
- айналым капиталының өсу қарқыны негізгі капиталдың өсу қарқынына қарағанда жоғары;
- кәсіпорынның меншікті капиталы қарыз капиталдан артық және оның өрлеу қарқыны қарыз капиталының өрлеу қарқынынан жоғары;
- дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсу қарқындары жуық шамамен бірдей.
Қаржы жағдайының жалпы сипаттамасынан және оның есепті кезеңдегі өзгерісінен кейін, қаржы жағдайын талдаудағы маңызды мәселе кәсіпорынның қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін зерттеу болып табылады. Талдаудың осы блогі үшін, қаржы жағдайының орнықтылығының мәнін қандай көрсеткіштер көрсете алатыны туралы сұрақ шешуші роль атқарады. Оған берілетін жауап, бәрінен бұрын, талдау шығатын баланстық модельмен (үлгімен) байланысты. Нарық жағдайында бұл модель келесідей түрде болады:
F + Z + Ra = Ис + КТ + Кt + Rp, мұндағы шартты белгілер 2 кестеде келтірілген мәндерге ие.
Мұндай әдістемелік тәсілдеме, қайтару мерзімдері, қарыз қаражаттары шамалары көзқарасымен, біртектілерді бөлу үшін бухгалтерлік баланс баптарының белгілі бір қайта топталуын болжайды. Бәрінен бұрын баланстың пассивтік бөлігі бөлімінің баптарының біріктірілуі негізінде КТ және Кt шамалары алынады. [24]
Қаржылық талдау негізінде, оның экономикалық ұйғарылуынан басталатын, бухгалтерлік баланстың зерттелуі жатыр. Және балансты экономикалық ұйғару, бұл келесі негізгі шарттардың сақталуын тексеру деген сөз:
— баланс бойынша меншікті капитал сомасы ұзақ мерзімді активтер құнынан аспауы керек (Ис > F). Бұл меншікті капиталдың тек қана ұзақ мерзімді активтерге емес, сонымен қатар бір бөлігінің ағымдағы активтерді қалыптастыруға салынуы керектігін көрсетеді.
2.2- кесте «НарОйл» Ак балансы (біріктірілген түрде).
Млн.тенге
АКТИВТЕР |
Шарт. бел. |
01.01. 2005 ж-ға |
01.01. 2006 ж-ға |
Қаражат-тандыру көздері |
Шарт. бел. |
01.01. 2005 ж-ға |
01.01. 2006 ж-ға |
1.Негізгі қаражаттар мен жұмсалым. |
F |
49,079,816 |
56,104,943 |
1.Менш. қараж. көздері |
Ис |
33,378,785 |
38,173,302 |
АКТИВТЕР |
Шарт. бел. |
01.01.2005 ж-ға |
01.01.2006 ж-ға |
Қаражат-тандыру көздері |
Шарт.бел. |
01.01.20055 ж-ға |
01.01.2006 ж-ға |
2.Қорлар мен шығындар |
Z |
2,577,017 |
2,732,756 |
2.Есеп айырысу және басқа пассивтер |
Rp |
8,347,559 |
9,458,621 |
3.Ақшалай қаражат, есеп айырысу және басқа активтер |
Ra |
8,791,645 |
10,432,353 |
3.Несиелер және басқа қарыз қара-жаттар |
К |
18,722,134 |
21,638,129 |
Оның ішінде: |
|
|
|
Оның ішінде: |
|
|
|
Ақша қаражаты және қысқа мерз. Қаржылық жұмсалым |
Д |
1,423,430 |
2,143,834 |
Қысқа мерз. Несиелер мен қарыз қар. |
Кt |
8,621,581 |
10,390,803
|
Есеп айырысу және басқа активтер |
rа |
7,368,215 |
8,288,519 |
Ұз. Мерз. Несиелер мен қар. Мерз. өт-елм. не-сие |
КТ
Ко |
10,100,553 |
11,247,326 |
БАЛАНС |
В |
60,448,478 |
69,270,052 |
БАЛАНС |
В |
60,448,478 |
69,270,052 |
Ақпарат көзі «НарОйл» АҚ есептік мәліметтер негізінде.
- осының есебінен меншікті капитал өндірістік циклдің жүзеге асырылуында тікелей қатысады және осылай жұмысшы капиталдың өрлеуіне ықпал етеді.
«НарОйл» АҚ үшін бұл шарт
жыл басында 33,378,785 /> 49,079,816
жыл аяғында 38,173,302 /> 56,104,943
- ағымдағы активтер сомасы кәсіпорын міндеттемелерінің шамасынан асуы керек (Z + Ra > Rp + К). Бұл ағымдағы активтер тек қана қарыз қаражаттармен қаржыланбай, сонымен қатар бір бөлігі меншікті капиталмен қаржылануы керектігін көрсетеді.
«НарОйл» АҚ үшін бұл шарт
жыл басында 11,368,662 /> 27,069,693
жыл аяғында 13,165,109 /> 31,096,750
— табысты пайдалану осы табыстардың өз шамасынан артпауы керек, кері жағдайда кәсіпорын балансының сәйкес бабында залалдың орынын толтыру көрсетіледі, бұл қаржы ресурстарын пайдалануды теріс бағалауға мүмкіндік береді.
«НарОйл» АҚ үшін бұл шарт
жыл басында 11,355,176 бөлінбеген табыс
жыл аяғында 21,257,378 бөлінбеген табыс.
Келтірілген мысалдардан, жыл басындағы және аяғындағы балансқа сәйкес, жоғарыда айтылған шарттардың орындалмайтынын көреміз, яғни қаржы жағдайы барынша қиындықты болып табылады.[25]
Осылай, материалдық айналым қаражатының құнының және олардың қалыптасуының меншікті және қарыз көздерінің шамаларының қатынасы кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығын анықтайды. Қорлардың қамтамасыздануы мен қалыптасу көздерінің шығыны қаржының орнықтылығының мәні болып табылады, ал төлеу қабілеттілігі оның сыртқы байқалуы болып табылады. Сонымен бірге қорлар мен шығындардың көздермен қамтамасыздану дәрежесі, қамтамасыз етілу салдары ретінде алынатын төлеу қабілеттілігінің (немесе төлеу қабілетсіздігінің) белгілі бір дәрежедегі себебі болады.
Қаржылық орнықтылық келесідей көрсеткіштермен сипатталады: тәуелсіздік коэффициенті, қаржыландыру, меншікті және қарыз қаражаттар қатынасы, қаржылық орнықтылық, оңтайландыру.
Тәуелсіздік коэффициенті, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаншалықты қарыз қаражаттарға тәуелсіз және меншікті қаражаттармен оңтайландыру қабілеттігі бар екенін көрсетеді. Меншікті капиталдың жалпыға, жиынтықты жалпы капиталға (баланс валютасына) қатынасымен, келесі теңдеу бойынша анықталады:
Кт = Мк : Жк
Оның өрлеуі қаржылық тәуелсіздіктің жоғарылауы, келешек кезеңдерде қаржы қиыншылығының тәуекелдігінің төмендеуі туралы куәлендіреді. Кәсіпорынның меншікті қаражаты көп болған сайын, оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жеңілдірек болады және нарық жағдайларын жеңіп шығады. Сондықтан ең болжағыш кәсіпкерлер меншікті капитал сомасын, әртүрлі текті резервтік қорларды құру және жарғылық капиталға бөліндеген табысты тікелей есепке алу жолдарымен ұлғайтуға ұмтылады.
Егер осы коэффициентке «НарОйл» АҚ балансының деректерінен шыға отырып қарасақ, онда 01.01.2005ж. және 01.01.2006 ж. жағдайлар бойынша оның мәні 0.55 (33,378,785/60,448,478 және 38,173,302/69,270,052) тең. Бұл компания активтерінің үлкен бөлігі меншікті (акционерлік) капитал есебінен, ал қалған бөлігі берешек есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Тәуелсіздік коэффициентінің жеткілікті жоғары деңгейі, меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы 0,5 – 0,6 тең болғанда саналады. Бұл жағдайда несиегерлердің тәуекелдігі минимумға келеді: меншікті қаражат есебінен қалыптастырылған мүлігінің жартысын сатып, шаруашылық жүргізуші субъект өзінің қарыз міндеттемелерін өтей алады.
Қаржылық орнықтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш, меншікті капиталдың қарыз капиталға қатынасын көрсететін, қаржыландыру коэффициенті болып табылады:
Кқ = Мк : Қк
Осы коэффициенттің деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым банктер мен инвесторлар үшін қаржыландыру сенімдірек болады.
Коэффициент, шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қандай бөлігі меншікті қаражат есебінен, ал қандай бөлігі қарыз есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициентінің шамасы < 1 кезіндегі жағдай (мүліктің үлкен бөлігі қарыз қаражаттар есебінен қалыптасқан), төлеу қабілетсіздігі қауіпін көрсетеді және көбінесе несие алуды қиындатады.
«НарОйл» АҚ балансының деректері бойынша қаржыландыру коэффициентінің мәні 01.01.2005 ж. 1.78 тең және 01.01.2006ж. – 1.76, (33,378,785/18,722,134 және 38,173,302/21,638,129) және қызметтің үлкен бөлігінің меншікті көздер арқылы қалыптасатыны туралы айтады.[26]
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентіне қарағанда оның кері көрсеткіші кеңірек қолданылады. Ол тартылатын капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын, қарыз және меншікті қаражаттар коэффициенті:
Кқ = Қк : Мк
«НарОйл» АҚ балансы бойынша 01.01.2005 ж. бұл қатынас 0.56 құрады және 01.01.2006ж. – 0.57.
(18,722,134/33,378,785 и 21,638,129/38,173,302)
Бұл коэффициент, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті қаражаттар активіне салынған бір тенгесіне қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді. Кәсіптік әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін дұрыс шектеу < 1.
Егер оның мәні 1 асса, онда шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тәуелсіздігі мен орнықтылығы сыни межелге жетеді. Бірақ барлық уақытта жауап осындай бірмәнді бола бермейді. Бұл коэффициент салалық ерекшеліктерге, субъектінің шаруашылықтық қызметінің сипатына, айналым жылдамдығына, бәрінен бұрын айналым қаражатына тәуелді. Материалдық айналым қаражатының айналымдығының жоғары көрсеткіштері кезінде және дебиторлық берешектің оданда жоғары айналымдығы кезінде коэффициенттің сыни мәні, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық автономдығына соншалықты ықпал етпестен, бірден біраз асып кетеді.[27]
Шаруашылық жүргізуші субъектінің тәуелсіздігі (автономдығы) дәрежесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі – қаржы орнықтылығының коэффициенті болып табылады. Ол жалпы капиталдағы (баланс валютасы) меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының үлесін сипаттайды және келесі теңдеумен анықталады:
Мк + Ұо
Кқо = (2.4)
Жк
Батыс тәжірибесінде, оның мәні 0.9-ға жуыққа тең болғанда дұрыс деп саналады. «НарОйл» жағдайында осы коэффициенттің мәні 01.01.2005 ж. 0.72 тең және 01.01.2006 ж. – 0.71. ((33,378,785 + 10,100,553)/60,448,478 және ((38,173,302 + 11,247,326)/ 69,270,052) болды. Байқағанымыздай, жуық шамамен бір деңгейде және кәсіпорын қаржы ресурстарының үлкен бөлігімен ұзақ уақыт пайдалана алатынын көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъекті капиталының құрылымын сипаттай отырып, жеке топтар мен көздер құрылымының өзгерісінің беталысын көрсететін көрсеткіштерді пайдалану керек. Ондай көрсеткіштерге, бірінші кезекте, қарық қаражаттарды тартудың ұзақ мерзімді коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелер қосындысына қатынасымен анықталады. Көрсеткіштің есептеу теңдеуі келесідей:
Ұм
Кұм =
Мк + Ұм (2.5)
«НарОйл» АҚ балансының деректері бойынша бұл коэффициент 01.01.2005 ж. 0.27 құрады және 01.01.2006 ж. — 0.26.
(12,176,364/33,378,785+12,176,364 және
13,520,326/ 38,173,302+13,520,326).
Осы коэффициент, меншіктімен қатар қаржы есеп-қисабының активтерін қаржыландыру үшін тартылатын ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар үлесін көрсетеді және өндірісті жаңарты және кеңейту үшін, шаруашылық жүргізуші субъекті, қарыз қаражаттарды қаншалықты қарқынды пайдаланатынын бағалайды.[28]
Капитал құрылымын қалыптастыру оптималдығын анықтау үшін, меншікті капиталдың негізгі капиталға қатынасымен есептелетін инвестициялау коэффициентін қолдану ұсынылады. Активтерді қалыптастырудың мүлтіксіз нұсқасы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын нұсқа табылады.
Егер «НарОйл» АҚ балансына қарасақ, онда негізгі капиталдың (ұзақ мерзімді активтер) мәнінің меншікті капиталдікінен үлкен екенін көреміз. Бұл үлкен дәрежеде, соңғы жылдары зор көңіл бөлінетін, қызмет көрсетілетін нарықта онсыз қиыншылықты болатын, негізгі қорлардың жаңғыртылуымен түсіндіріледі.
Әртүрлі жайғасымнан меншікті, қарыз және жалпы капиталдың қатынастарын сипаттайтын коэффициенттермен болатын жағдайлар, меншікті және қарыз капитал құрылымдары мен есеп беру кезеңіндегі оның өзгерісін зерттеуді талап етеді.
Меншікті капиталды зерттеу кезінде, меншікті айналым қаражаты болуымен өтетін өзгерістерге көңіл бөлу керек, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі шашыранды сипаттағы құндылықтарға бекітілмегенін және осы қаражаттармен бірқатар еркін реттеуге мүмкіндік беретін нысанда орнықтыру қажет. Меншікті айналым қаражаттарының шамасын анықтау үшін, меншікті капитал сомасынан баланстың 1 бөлімінің қорытындысын алып тастау қажет, яғни ұзақ мерзімді активтер. «НарОйл» АҚ балансына сәйкес, 01.01.2005 ж. және 01.01.2006 ж. бұл көрсеткіш теріс шамада болады (33,378,785 – 49,079,816 = — 15,701,031 және сәйкесті 38,173,302 – 56,104,943 = — 17,931,641) және оның жоғарылауы туралы айту керек. Компания активтерінің жалпы сомасында, ұзақ мерзімді активтер (айналымнан тыс) 81 % және 80.9 % сәйкесті құрайды.[29]
Ұйымның тұрақты қаржы орнықтылығы үшін динамикада меншікті айналым капиталының үлесі ғана жоғарылап қоймай, сонымен қатар меншікті капиталдың өркендеу қарқыны қарыз капиталының өркендеу капиталынан жоғары, ал дебиторлық және несиегерлік берешектің өркендеу қарқыны бір-бірін теңестіруі керек.
2.3 — кесте Меншікті және қарыз капиталының өсу қарқыны
|
01.01.2004 |
01.01.2005 |
01.01.2006 |
2005ж/ 20056ж., % |
2006ж./ 2007 ж., % |
Меншікті капитал мың тенге |
30,880,690 |
33,378,785 |
38,173,302 |
108.1 |
114.4 |
Қарыз капитал мың тенге |
19,498,862 |
18,722,134 |
21,638,129 |
96.0 |
115.6 |
Ақпарат көзі «НарОйл» АҚ есептік мәліметтер негізінде.
Кәсіпорын айналымына қарыз қаражаттарды тарту – дұрыс құбылыс. Бұл қаржы жағдайының уақытша жақсатуына ықпал етеді, бірақ олардың ұзақ уақытқа айналымға тыйым салынбаған және өз мерзімінде қайтарылу жағдайларында.
Дебиторлық және несиегерлік берешекке келетін болсақ, онда, несиегерлік берешек шамасы баланс қорытындысының 10 % құрайтынын ескеру керек. Баланс құрылымында дебиторлық берешек 12 % құрайды.
Дебиторлық және несиегерлік берешек мәндері туралы деректер, талдау уақыты ішінде, келесідей түрде болады:
2.4 – кесте Дебиторлық және несиегерлік берешек мәндері
|
31.12.2004 |
31.12.2005 |
31.12.2006 |
Дебиторлық берешек, мың тенге |
7,476,716 |
7,368,215 |
8,288,519 |
Несиегерлік берешек, мың тенге |
5,005,850 |
6,174,849 |
7,056,919 |
Ақпарат көзі «НарОйл» АҚ есептік мәліметтер негізінде.
Егер келтірілген несиегерлік берешегінің құрылымын қарайтын болсақ, ондағы деректерден, негізінен жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешектің жоғарылағанын байқаймыз (2004ж. – 1,763,919; 2005ж. – 2,0602,475; 2006ж. – 3,373,744), бірақ бюджет алдындағы берешек едәуір төмендегенін көреміз (2004ж. – 1,092,874; 2005 ж. – 786,965; 2006ж. – 707,621).
Жалпы атап айту керек, жиынтықты активтер құрылымы, олардың құрамындағы айналымнан тыс қаражаттардың едәуір артықтығымен сипатталады ол 2004 жылдың басында 80.7 % құрады. Ал 2006 жылдың аяғында оның үлесі біршама жоғарылады, 81.0 % дейін. Баланс құрылымындағы айналымды активтер 2005жылдың басында 19.3 % құрады және 2006 жылдың аяғында оның шамасы 19 % құрады. Айналым қаражатының мәнді бөлігін жылдам өткізілетін активтер құрайды, бұл дебиторлық берешек (12 %), бұл кездегі ең өтімділікті активтердің шамасы өте аз, осы кезеңде ол баланс құрылымында 1.6 % -дан 3.1 %-ға өскеніне қарамастан. Мұндай жағдай несиегерлер мен инвесторлар үшін дұрыс болып саналады.[30]
Баланстың пассивтік бөлімі меншікті көздердің азғана басымдылықты меншікті салмағымен сипатталады. Қарастырылатын кезеңде меншікті капитал үлесі, баланс қорытындысынан, 53.7-дан 55.1 % дейін ауытқыды. Меншікті және қарыз пассивтердің мұндай қатынастары кәсіпорынның тұрақтылығы, оның нарықты байланыс жағдайларындағы тәуелсіздігі мен автономдығы туралы айтады және жалпы алғанда, ұйымның қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді.
Берілген екі жыл ішінде қарыз қаражат құрылымы маңызды өзгерістерге ұшыраған жоқ. Дегенмен, ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары төмендеу беталасында болды: 2005 жылдың басында олар пассивтер құрылымында 24.6 % құраса, ал 2006 жылдың аяғында ол 19,5 % дейін төмендеді.
Баланс валютасының, активтер құрылымының және ұйым пассивтерінің динамикасын талдау ағымдағы өаржылық – шаруашылықты қызметтерді жүзеге асыру үшінде, келешекке басқару шешімін қабылдау үшінде қажетті бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, есеп беру кезеңіндегі баланс валютасының төмендеуі (абсолюттік шамада) ұйыммен шаруашылықтық айналымның қысқартылуы туралы белгілейді, бұл оның төлем қабілетсіздігіне әкеледі.
Деректерін талдай отырып, берілген уақыт аралығында баланс валютасының артуы белгіленді, мұның негізгі қорларды артықша бағалау еместігі екенін ескеру қажет. Егер 2005 жылдың басында активтер құны 57,496,507 мың тенгені құраса, ал 2006 жылдың аяғында 69,270,052 мың тенгеге дейін жоғарылады
Баланс валютасының артуы негізгі қаражаттардың тұрақты жаңаруының, сонымен қатар көрсетілетін қызмет спектрінің кеңіюінің, бірінші кезекте жаңғырумен байланысты қаржылық – шаруашылықты қызмет көлемінің жоғарылауының және осыған байланысты көрсетілетін қызмет көлемінің артуына арналған қосымша техникалық мүмкіндіктерінің салдары болып табылады.
Егер, дебиторлық және несиегерлік берешектердің өсу қарқыны 2005 жылдың аяғында жуық шамамен бірдей екенін, меншікті капиталдың (оның өсу қарқындылығының қарыздікімен салыстырғанда бірдейлігіне қарамастан), қарыз капиталынан жоғары екендігін, сонымен қатар ағымдағы активтердің өсуі 2005 жылдың аяғында ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынына қарағанда жоғары екенін ескерсек, «НарОйл» АҚ 2005 жылғы балансындағы өзгерістер туралы оң қорытынды жасауға болады.[31]
2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайына іскерлік белсенділік деңгейі көп ықпал етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық аспектідегі іскерлік белсенділігі, ең алдымен, капиталдың айналымының жылдамдығымен айқындалады. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өзінің қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік беретін, айналымдылықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің деңгейлері мен динамикасын зерттеумен қорытындыланады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы, активтерге жұмсалған қаражаттың нақты ақшаға айналуының қаншалықты тез жүргеніне тікелей тәуелділікте болады.
Жоғарыда айтылып өткендей, активтердің жеке түрлері айналымның әртүрлі жылдамдығында болады, яғни олардың ақшалай нысанға түрлену жылдамдығында. Қаражаттың айналымда болу ұзақтығы, сыртқы және ішкі сипаттағы бірқатар әртүрлі бағыттағы факторлардың жиынтықты әсерімен анықталады. Біріншілердің қатарына субъектінің қызмет саласын (өндірістік, қамтамасыздандыру-өткізімдік, делдалдық және басқа), салалық (станок жасаушы зауыттың және кондитер фабрикасының айналымдылығы объективті айрықшылықты болады), субъекттің масштабтарын (шағын субъектілердің қаражат айналымдылығы іріге қарағанда едәуір жоғары) және бірқатар басқаларды жатқызуға болады. Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдайларда және сонымен байланысты субъектінің шаруашылық жүргізу жағдайларыда аз әсер етпейді. Мысалы, инфляциялық процестердің болуы және көптеген субъектілердің жеткізушілермен және сатып алушылармен реттелген байланысының болмауы, қаражаттың айналым процесін едәуір баяулататын, қорлардың мәжбүрлі жиналуына әкеледі.[32]
Іскерлік белсенділік коэффициентінің субъектінің қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттар айналымының жылдамдығы субъектінің төлеу қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Одан өзге, қаражаттар айналымының жылдамдығын арттыру, басқалай теңдей жағдайлар кезінде, өндірістік – техникалық әлуеттікті көрсетеді.
Іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне келесі коэффициенттер жатады.
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жыл бойында өндірістің қанша толық циклі мен айналысы өтетінін, және активтердің әрбір ақша бірлігі қанша өткізілген өнімнің ақшалай бірлігін әкелетінін көрсетеді. Бұл көрсеткіш өткізілген жұмыстан (көрсетілген қызметтен) түскен түсімнің жалпы капиталға (кезеңдегі баланс валютасына орташа) қатынасымен анықталады.
¤т
К а.к. =
Жк (2.6)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, бұл коэффициент 2005 жылы 0.67 тең болды ((38,584,626+899,024/(57,496 507+60,448,478):2) және 2006 жылы оның мәні 0.76 болды ((45,880,679+3,847,668/(60,448,478+69,270,052):2).
Бұл коэффициент шаруашылық жүргізуші субъектінің іскерлік белсенділігі туралы қорытынды көріністі береді. Ол бүкіл капиталдың айналымдарының санын көрсетеді және олардың тартылу көздеріне тәуелсіз, барлық қолдағы ресурстардың тиімді қолдануын сипаттайды. Бұл көрсеткіш өндірістік процестің ерекшелігін көрсете отырып, салаға байланысты түрленеді.
Әртүрлі жылдар үшін, бір немесе әртүрлі субъектілер үшін жалпы айналымдылық коэффициентін салыстыру кезінде, активтердің орташа жылдық сомасының бағасында бірдейлік қамтамасыз етілгенін тексеру қажет. Бұл көрсеткіш басқада теңдей жағдайлар кезінде, субъектінің негізгі құралдары қаншалықты тозған болса, соншалықты жоғары болады.
Дегенмен, тұрақты түрдегі жаңғырту мен тозған негізгі құралдарды жаңаға ауыстыруды ескере отырып, қарастырылған субъект бойынша капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентінің жоғарылауын белгілеуге болады.[33]
Негізгі қаражаттың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қор қайтарымын көрсетеді, яғни осы кезеңде субъектінің негізгі өндірістік қорларының қолданылу тиімділігін сипаттайды. ¤ткізілім табысының негізгі қаражаттарының, олардың қалдық құны бойынша, осы кезеңдегі орташа шамасына бөлу арқылы есептеледі.
Тө
Н қ.ак =
НҚ (2.7)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, негізгі қаражаттың айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жыл үшін 0.96 тең болса (38,584,626+899,024/(41,403,610+40,585,357):2 , ал 2006 жылы 1.09 дейін жоғарылады.
(45,880,679+3,847,668/(40,585,357 + 49,879,600):2.
Бұл коэффициенттің жоғарылауы негізгі қаражаттардың салыстырмалы жоғары емес меншікті салмағы есебіненде, олардың жоғары техникалық деңгейіменде алына алады. Әрине, оның шамасы сала мен оның капиталды қажет етуіне тәуелді ауытқиды. Дегенмен бұл жердегі жалпы заңдылықтар келесідей, қаншалықты коэффициент жоғары болса, есеп беру кезеңінің шығыны соншалықты төмен. Төмен коэффициент өнімді өткізуден түсетін табыстың жеткіліксіздігі туралы немесе активтердің бұл түрлеріне ерекше жоғары деңгейдегі салым туралы куәлендіреді.
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. ¤ткізілімнен түскен табыстың баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасына қатынасы ретінде қарастырылады.
Тө
М к.а.к. =
Мк (2.8)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, меншікті капиталдың айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жылы 1.14 теңесті (38,584,626+899,024/(30,880,690+33,378,785):2 және 2006 жылы 1.28 дейін жоғарылады.
(45,880,679+3,847,668/(33,378,785+38,173,302):2.
Бұл көрсеткіш қызметтің әртүрлі аспектілерін сипаттайды: коммерциялық көзқараста ол сату артықшылығын немесе олардың жетімсіздігін анықтайды; қаржылық көзқараста – жұмсалған меншікті капитал айналымының жылдамдығын; экономикалықта — меншіктенушілер тәуекелденетін ақша қаражатының белсенділігін анықтайды. Егер коэффициент өте жоғары болса, бұл жұмсалған капиталдан сату деңгейінің едәуір артықтығын белгілейді, онда бұл несиелік ресурстардың арттырылуын және осы шекке жету мүмкіндігін тартады, несиегерлер меншіктенушілерге қарағанда көбірек қатысады. Бұл жағдайда меншікті капиталға міндеттеме қатынасы жоғарылайды, несиегерлердің қауіпсіздігі төмендейді, және кәсіпорын табыстың төмендеуімен байланысты қиындықтарға тап болады. Керісінше, төменгі коэффициент меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз қалатынын көрсетеді. Бұл жағдайда коэффициент меншікті қаражаттарды осы жағдайларға сәйкес, табыстың басқа көзіне жұмсау қажеттігіне сілтейді.[34]
Талданылған субъект бойынша меншікті капитал айналымының жылдамдығы, жоғарылады және коэффициент 12 % өсті, несиелік ресурстарды тарту әрине жоғарылады, бірақ егер негізгі қаражаттардың жаңғыртуын ескерсек және меншікті капиталдың абсолюттік тұлғалауда жоғарылауын және негізгі қаражат құнының абсолюттік артуын қарасақ, онда 01.01.2005ж. меншікті капитал 01.01.2003ж. салыстырғанда 7,292,612 мың тенгеге артты және соған сәйкес негізгі қорлар 18,272,848 мың тенгеге.
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті. Ол өткізілімнен түскен табыстың айналымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Тө
А а.а.к. =
АА (2.9)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жылы 3.43 тең болды (38,584,626+899,024/(11,114,705+11,368,662):2 және 2006 жылы 4.41 дейін жоғарылады.
(45,880,679+3,847,668/(11,368,662+11,165,109):2.
Ол ағымдағы активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді, яғни кезеңдегі бүкіл айналым қаражатының айналу мөлшерін. Ағымдағы активтердің айналымдылығының жеделдетілуі оған қажетсінуді азайтады, қосымша өнім шығару үшін айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.[35]
Айналымның жылдамдану нәтижесінде айналым қаражатының заттай элементтері босатылады, шикізаттар мен материалдар, отын және т.б. қорлары аз талап етіледі, демек, осы қорларға бұрын жұмсалған ақша ресурстары босатылады. Босатылған ақшалай ресурстар ең өтімділікті активтерді арттырады, соның нәтижесінде оның қаржылық жағдайы жақсарады, төлеу қабілеттілігі беріктенеді.
Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы олардың айналым санымен ғана емес, сонымен қатар айналымның тәуліктік ұзақтығыменде сипатталады және келесі теңдеумен анықталады:
360 Тө 360 х АА
Ұ ай. = = 360 =
А а.а.к. АА Тө (2.10)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, ағымдағы активтердің айналымдылығы 2005 жыл үшін 102,5 күнге тең болды (360 х ((11,114,705+11,368,662):2) : (38,584,626+899,024) және 2006 жылы 81,6 күнге дейін азайды және ағымдағы активтер тезірек айнала бастады.
(360 х ((11,368,662+11,165,109):2)/ (45,880,679+3,847,668)
Кезеңнің ұзақтығы көрсеткіш шамасын жылға есептеу кезінде 360 тәулікті құрайды, 90 тәулік — тоқсанға, және 30 тәулік — айға.
Сонымен, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті бүкіл жұмылдырылған қаражаттың айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі оң сипатталады, егер материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің өсуімен ұштасса, және теріс болады, егер соңғы төмендейтін болса.
Материалдық айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті. Талдану жүргізілген кезеңдегі тауарлы-материалдық қорлардың айналым санын көрсетеді, яғни олардың өткізілім жылдамдықтарын. Жалпы, осы коэффициенттің мәні қаншалықты жоғары болса, соншалықты осы ең өткізілімді бапта қаражат аз байланысқан, жәнеде айналым капиталында қаншалықты ең өткізілімді құрылым болса, соншалықты қаржы жағдайы тұрақты болады. Және керісінше, теңдей жағдайлар кезінде тауарбастылық іскерлік белсенділікке теріс әсер етеді. Коэффициентті есептеу, өткізілген өнімнің (қызметтің) өздік құнының тауарлы – материалдық қорлар құнының кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен жүргізіледі.
Sр
Мқ.а.к. =
ТМҚ (2.11)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, материалдық қорлардың айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жылы 9.4 тең болса (25,177,088/(2,702,681+2,555,312):2, ал 2006 жылы ол 10.14 дейін жоғарылады.
(26,823,392/(2,555,312+2,732,756):2.
Көрсеткіш жоғары болған сайын, қорлар қолда бар қаражатқа тезірек айналады. Төмендеуі өндірістік қорлардың және аяқталмаған өндірістің салыстырмалы артқаны туралы немесе дайын өнімге сұраныстың төмендегені туралы куәлендіреді.
Бір айналымның, тәулікке шаққандағы, ұзақтығы келесі теңдеумен анықталады:
360 Sр 360 х ТМҚ
Мқ.А.ұ. = = 360 =
Мқ.а.к. ТМҚ Sр (2.12)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, қорлардың материалдық айналымдығы 2005 жылы 38,3 тәулікке тең болды (360 х ((2,702,681+2,555,312):2)/ 25,177,088) және 2006 жылы 35,5 тәулікке дейін төмендеді.
360 х ((2,555,312+2,732,756):2)/26,823,392.
Қорлардың бір айналымына қажетті тәулік санын көрсетеді. Қорлар сапасы оларды пайдалану және жоғалымсыз жою қабілеттілігін сипаттайды. ¤ткен жылдар деңгейінен төмен айналымдылық деңгей, көнелігіне қарай сұранысқа ие болмайтын, соның салдарынан баяу айналымдылықта болатын элементтердің қорларға енгені туралы алдын — ала қорытынды жасауға әкеледі. Немесе айналымдылықтың баяулығы, келешектегі өзара шарт міндеттемелеріне сәйкес қордың құрылуымен өтеді.[36]
«Дәл мезгілінде» қорын басқару тәсілдемесі туралы білу керек, қамтамасыздандыру, өндіріс, сату және бөлу функцияларын біріктіру арқылы қорларды ең төменгі деңгейде ұстау қажет. Бұл тәсілдемені жүзеге асыру қорлардың айналымдығын жылдамдатуға әкеледі.
Есептеуден көргеніміздей, айналымға кететін күндер бойынша ТМҚ төмендеді, бұл оң жағдайды көрсетеді.
Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті. ¤ткізілімнен түсетін табыстың дебиторлық берешектің кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Тө
Дб.а.к. =
ДБ (2.13)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жылы 5.32 тең болды (38,584,626+899,024/(7,476,716+7,368,215):2 және 2006 жылы 6,35 дейін жоғарылады.
(45,880,679+3,847,668/(7,368,215+8,288,519):2.
Ол дебиторлық берешектің және оның көлемінің сапасын бағалау үшін пайдаланылады, субъекті беретін коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсетеді.
Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентінің көрсеткішімен қатар дебиторлық берешектің айналымының орташа мерзімінде анықтау қажет, ол келесі теңдеумен анықталады:
360 Тө 360 х ДБ
Дб.а.ұ. = = 360 =
Дб.а.к ДБ Тө ( 2.14)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, дебиторлық берешектің айналымдылығы 2005 жылы 67,7 тәулікке тең (360 х (7,476,716+7,368,215):2)/(38,584,626+899,024) және 2006 жылы 56,7 тәулікке дейін төмендеді.
(360 х (7,368,215+8,288,519):2)/ (45,880,679+3,847,668).
Дебиторлық берешекті инкассолау үшін қажетті орташа тәуліктер санын көрсетеді. Инкассолау кезеңін өткізілім жағдайымен қарастырылған кезеңмен салыстырады. Қоғам бойынша дебиторлық берешекті инкассолау кезеңінің төмендеуі оң фактор болып табылады, жәнеде айналымнан ақша қаражатының, 2004 жылмен салыстыру бойынша, уақыттың аз кезеңіне алынатынын көрсетеді.
Егер артықшылық байқалса, онда бұл келесі себептермен шартталған:
- берешекті тиімсіз өндіріп алу;
- инкассолауға шығындалған күшке қарамай, төлемді мерзімінде алу қиындығы;
- сатып алушылардың қаржылық қиындықтары.
Барлық уақытта келесідей ықтималдық бар, орташа мән бүкіл дебиторлық берешектік үшін өкілдікті болып табылмайды. Инкассолаудың орташа мерзімі сатып алушылардың бір бөлігімен төлем мерзімін өткізіп жіберуін көрсетпеуі әбден мүмкіндікті, бәрінен бұрын, бір немесе екі ең ірі сатып алушылардың төлеу тәртібін бұзуымен шартталуы мүмкін.
Несиелік берешектің айналымдылық коэффициенті. ¤ткізілімнен түсетін табыстың несиелік берешектің кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Тө
Н б.а.к. =
НБ (2.15)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, несиелік берешектің айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жылы 7.06 теңесті (38,584,626+899,024/(5,005,850+6,174,849):2 және 2006 жылы 7.512 дейін көтерілді.
(45,880,679+3,847,668/(6,174,849+7,056,919):2.
Ол дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентіне ұқсас коммерциялық несиенің кеңеюі мен төмендеуін көрсетеді. Олардың айырмашылығы несиелік берешектің айналымдылық коэффициенті, субъектімен емес, керісінше субъектіге берілетін коммерциялық несиенің кеңеюі мен төмендеуін көрсететінінде. Бұл коэффициенттің өсуі субъектінің берешегінің төлену жылдамдығының жоғарылағанын көрсетеді, төмендеуі — несиеге сатып алудың өсуін.
Осымен біруақытта несиегерлік берешектің айналымының орташа мерзімі келесі теңдеумен, анықталады:
360 Др 360 х КЗ
Д об.к.з. = = 360 =
Ко.к.з. КЗ Др (2.16)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, несиелік берешектің айналымдылығы 2005 жылы 50,9 тәулікке теңесті (360 х (5,005,850+6,174,849):2)/(38,584,626+899,024) және 2006 жылы 47,9 күнге дейін төмендеді.
(360 х (6,174,849+7,056,919):2)/ (45,880,679+3,847,668).
Бұл көрсеткіш субъект қарызының орташа қайтару мерзімін анықтайды (банк алдындағы міндеттемелер мен басқа қарыздар бойынша), және қоғам бойынша несиелік берешектің айналу кезеңі төмендегендіктен, бұл оң фактор болып табылады. [37]
Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті шаруашылық жүргізуші субъектінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициясының айналу жылдамдығын көрсетеді, меншікті даму инвестициясын қоса отырып. ¤ткізілімнен түсетін табыстың инвестицияланған капиталдың кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен анықталады (меншікті капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелер).
Тө
К и.к. =
МК + ҰМ (2.17)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициентінің мәні 2005 жылы 0.91 тең (38,584,626+899,024/(30,880,690+12,237,486 + 33,378,785+ 10,100,553):2, ал 2006 жылы 1.07 дейін жоғарылады.
(45,880,679 + 3,847,668/(33,378,785 +10,100,553 + 38,173,02 + 11,247,326):2. Осы коэффициенттің жоғарылауы, инвестицияланған капиталдың айналу жылдамдығының артқаны туралы баяндайды.
Осы көрсеткіштерді талдаумен қатар, акция табысы және бір акцияның баланстық құны сияқты көрсеткіштердіде қарастыру қажет.
Акция табыстылығы коэффициентін таза табыстан артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді алып тастап, оны шығарылған және қолдағы кәдуілгі (қарапайым) акциялардың жалпы санына бөліп есептейміз, анықтау теңдеуі келесідей:
Тт – Дарт.ак.
Д а =
Акәд. (2.18)
Бір акцияның табысы, таза табыстың (артықшылықты акциялар бойынша төленген дивиденттерді алып тастағанда) қандай үлесі айналыстағы кәдуілгі бір акцияға келетінін көрсетеді. Айналыстағы акциялар шығарылған акциялардың жалпы саны мен портфелдегі меншікті акция арасындағы айырым ретінде анықталады.
«НарОйл — Тельф» АҚ акционерлік капиталы дауыс беру құқығы бар кәдуілгі акциялардан және дауыс беру құқығы жоқ артықшылықты акциялардан тұрады. Кәдуілгі және артықшылықты акциялардың атаулы құны 1,000 тенгеге тең. Барлық кәдуілгі акциялардың бірдей дауыс беру құқығы бар. Артықшылықты акциялар дивидендтер алу және тарату кезінде басымды болады, бірақ дауыс беру құқығы болмайды. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер атаулы құнның 30 % кем емес мөлшерінде төленеді.
Дауыс беру құқығы жоқ, артықшылықты акциялар, Қоғам бойынша тіркелген, шығарылған және толығымен төленген 1,213,653 акцияны құрайды (атаулы құны 1,000 тенге); дауыс беру құқығы бар кәдуілгі акциялар, тіркелген, шығарылған және толығымен төленген 10,922,876 акцияны құрайды (атаулы құны 1,000 тенге).
2006 жылы «НарОйл — Тельф» АҚ 810,232 дана артықшылықты акциялар алынды.
Қолдағы бар деректерге сәйкес «НарОйл — Тельф» АҚ бір акцияға келетін табыс коэффициентін есептейміз:
Тт – Дарт.ак. 2,858,679 – (1,213,653х30%)
Д а 2005ж. = = = 228 тенге
Акәдуіл. 10,922,876
Тт – Дарт.ак. 11,697,765 – (403,421х30%)
Д а 2006ж. = = = 1,060 тенге
Акәдуіл. 10,922,876
Есептеулерден көргеніміздей, бір акцияның табыстылығы 2005 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 4,6 есеге өсті.
Акция табысы — бұл сол бойынша төленетін жыл сайынғы табыс. Бұл көрсеткіш субъектінің қаржы жағдайын жанама сипаттайды, бірақ қаржы стратегиясының үлкен ықпалында болады, өйткені субъектінің өзінің табысын өндіріске қосымша қайта инвестициолау қажеттігі акция бойынша төленетін табыстың мөлшерінің азаюына әкеледі.
Дамыған нарықтық экономика жағдайларында бір акцияға келетін табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына ықпал ететін, ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады[38].
Талдау жоспарындағы оның негізгі кемшілігі — әртүрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей болмауынан кеңістікті салыстыру мүмкіндігінің болмауы.
Бір акцияның баланстық құны шаруашылық жүргізуші субъектінің, бухгалтерлік есе және есеп-қисап мәліметтеріне сәйкес бір кәдуілгі акцияға келетін, таза активтерінің (меншікті капиталының) құнын көрсетеді. Бұл көрсеткіш акционерлік капитал құны мен артықшылықты акциялар құнының айырмасының айналымдағы кәдуілгі акциялар санына қатынасымен анықталады.
Қ ак.кап. – Сарт.ак.
Қ ак.бал. =
Акәд . (2.19)
Жоғарыда келтірілген мысалдың акциялар бойынша мәліметтерінен шыға отырып, «НарОйл — Тельф» АҚ бір акцияның баланстық құнын есептейміз.
Қ ак.кап. – Қарт.ак. 33,378,785 – 1,213,653
Қ ак.бал.= = = 2,944.75 тенге
2005ж. Акәд. 10,922,876
Қ ак.кап. – Қарт.ак. 38,173,302 – 403,421
Қ ак.бал.= = = 3,457.87 тенге
2006ж. Акәд. 10,922,876
Есептеуден бір акцияның баланстық құнының өскенін көреміз, ол 2005 жылға қатынасы бойынша 17 % өсті немесе абсолюттік белгілеуде 513.12 тенгеге.
Іскерлік белсенділікті бағалау үшін кәсіпорынның пайдалылығының бағалану көрсеткіштері қолданылады. Олар шаруашылық қызметінің тиімділік сипаттамасында ең қорытындыланған болып табылады. Оларға өнімнің пайдалылық көрсеткіші мен капитал қайтарымы көрсеткіші әсер етеді.
Жалпы пайдалылық жалпы табыстың мүліктің кезеңдегі орташа құнына (баланс активтері) қатынасымен есептеледі.
жалпы табыс
П жал. = х 100
Мүл.орт.құны (2.20)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, жалпы пайдалылық 2005 жылы 22.7 % құрады ((13,407,538 / (57,496,507+60,448 478):2)х100 және 2006 жылы жалпы пайдалылық 29,4 % дейін артты.
((19,057,287 / (60,448,478+ 69,270,052):2)х100
Пайдалылықтың жоғарылауы қоғамның қызметіндегі оң фактор ретінде бағаланады, мүлік барынша белсенді пайдаланылады.
Таза пайдалылық таза табыстың мүліктің кезеңдегі орташа құнына (баланс активтері) қатынасымен есептеледі.
Таза табыс
Птаза = х 100
Мүл.орт.құны (2.21)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, 2005 жылғы таза пайдалылық 4,8 % құрады ((2,858,679 / (57,496,507+60,448 478):2)х100 және 2006 жылғы жалпы пайдалылық 18,0 % дейін артты. ((11,697,765 / (60,448,478+ 69,270,052):2)х100
Бұл көрсеткіш бүкіл қолданылған капиталдың экономикалық пайдалылығын сипаттайды және ол талдау жүргізілген кезеңде едәуір артты.
Меншікті капиталдың таза пайдалылығы таза табыстың меншікті капиталдың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.
Таза табыс
Птаза МК = х 100
МК орт. Құны (2.22)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, 2005 жылғы меншікті капитал пайдалылығы 8,9 % құрады ((2,858,679 / (30,880,690+33,378,785):2)х100 және 2006 жылғы жалпы пайдалылық 32,7 % дейін жоғарылады.
((11,697,765 / (33,378,785+ 38,173,302):2)х100
Бұл көрсеткіш қаржылық пайдалылықты сипаттайды, және осы көрсеткіштің талдау кезеңіндегі мұндай өсуі жұмсалған акционерлік капиталдың пайдасының жоғарылағанын куәлендіреді.
¤ндірістік қорлардың жалпы пайдалылығы жалпы табыстың негізгі өндірістік және ағымдағы материалдық активтердің орташа құнына қатынасыменен есептеледі
Жалпы табыс
П жал.өнд.қор. = х 100
Нег.өнд.орт.құн.+АМҚ (2.23)
«НарОйл — Тельф» АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша өндірістік қорлар пайдалылығы 2005 жыл үшін 30.7 % құрады ((13,407,538 /(41,403,610+2,702,681+40,585,357+2,555,312):2)х100 және 2006 жылғы жалпы пайдалылық 39.8 % дейін артты.
((19,057,287 / (40,585,357+2,555,312+49,879,600+2,732,756):2)х100.
¤ндірістік қорлар пайдалылығы күрт жоғарылады, бұл өткен кезеңмен салыстыру бойынша өндірістік қорлардың тиімді пайдаланылатынын көрсетеді.[39]
3.кӘсіпорындарында қаржыны басқаруды оңтайландырудың мӘселелері
3.1 Кәсіпорындардағы қаржыны басқаруды оңтайландыру бойынша ұсыныстар
Фирманың қаржы саласындағы сәттілігі сыртқы да, ішкі де факторлардың әрекеті есебінен қамтамасыз етіледі, және де кәсіпкер үшін, ол өзгерте алмайтын және соған бейімделуге мәжбүрлі болатын, сыртқы жағдайлар ерекше маңызды болады. Фирманың ішкі мүмкіндіктері, сыртқы факторлады тиімді әрекеттестіру мақсатында пайдаланылады.
Сыртқы ортаның талдауы, соның көмегі арқылы менеджерлер әлуетті қатерлерді алдын-ала көре алатын және дер кезінде жаңадан ашылатын мүмкіндіктерді әрекетке енгізе алу мақсатында факторларды ұйымдастыруға қатынасы бойынша сыртқы факторларды бақылайтын құрал қызметін атқарады. Сыртқы ортаны зерттеу фирмаға өз уақытында нарықтық қатерлердің пайда болуын болжауға, ойда болмаған жағдайлардың пайда болуы кезінде соған дайын болуға, компанияларға алдына қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін және әлуетті қатерлерді тиімді мүмкіндіктерге айналдыруға болатындай стратегияны әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сыртқы орта – бұлда сол сыртқы факторлар, олар фирманың қызметіне ықпал етеді және, өз кезегінде, өзіне оның әсерін сезінеді. Оған жататындар: географиялық, халықаралық, ұлттық, саясаттық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқада факторлар.
Қазақстанда қалыптасып келе жатқан нарықты экономикаға, ондағы жұмыс істеуші кәсіпкерлік құрылымдарға анықталатын ықпал көрсететін, негізгі факторларды санап шығайық: Қазақстанның табиғи ресурстары, Қазақстанның еңбек ресурстары (саны, демографиялық жағдайлар, білім деңгейі, біліктілік, мәдениет), елдің территориясы (мөлшері, регионалдық және ұлттық ерекшеліктер), ұлттық менталитет (тіршілік түрі, қызмет, психология, дәстүрлер, елдің дағдалануы), халықаралық қатынастар (елдің халықаралық жағдайлары, дүниежүзінің әртүрлі елдерінің Қазақстан экономикасына және ресурстарына мүддесі), Қазақстанның мемлекеттік – саясаттық құрылымы (мемлекеттік билік органдары мен басшылықтарының кәсіпкерлікке қатынасы), елдегі құқықтық тәртіп күйі, меншіктікке қатынастар (қорғалушылық, кепілдік), экономиканың монополизациялану дәрежесі, бәсекелестіктің даму күйі (ішкі және сыртқы), инфрақұрылымның дамуы (ақпараттың, көліктің, байланыстың, банк жүйесінің, тауармен қамтамасыздандырудың, маркетингтің, жарнаманың, сақтандыру ісінің, аудиттің), елдің экономикалық дамуының деңгейі (өндірістің көлемі мен динамикасы, еңбек өнімділігі), инфляция (деңгей және динамика), салық салу (деңгей және динамика), деңгей, халықтың әлеуметтік қорғалу күйі (жұмысқа тұру жүйесі, кадрларды дайындау және қайта дайындау, минимал жалақы деңгейі, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар), теңгенің айырбасталымдығы (ұлттық валютаның параллель айналымда болуы), техникалық және технологиялық факторлар.
Әртүрлі қауіптер сыртқы қоршаған ортаның әртүрлі саласында пайда болуы мүмкін. Бұл салаларды зерттеу ұйымның сыртқы ортасының дамуының құралған беталыстары туралы толық көріністі алуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сипатты, экономикалық факторларды талдау кезінде әншейінде инфляцияның, салықтың қарқындарын, елдің жұмыс істеу сипаты мен деңгейін, кәсіпорын – серіктестердің төлеу қабілеттіктерін, ақшалай есептесу күйлерін және тағы басқаларды қарастырады.
Саяси факторларды қарастыру кезінде заңның өзгеру күйі мен динамикасын, биліктің жергілікті органдары мен орталықтанған үкіметтің нормативтік актілерін, экономиканың құқықтық реттеудің даму деңгейін, атап айтқанда, монополияға қарсы заңдарды, несиелік саясатты, несиені алуға қойылатын шектеулерді және жұмыс күшін жалдауды және басқ. қарастырады.
Нарықтық факторлар компанияның тиімді жұмысына тікелей ықпал етеді. Оларды зерттеу, фирманың басшыларына стратегияны нақтылауға және оның нарықтағы жайғасымын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл жерде демографиялық жағдайлардың өзгерісін, саладағы бәсекелік деңгейін, нарықтың үлесін, оның үкіметпен қорғалу жағдайларын және т. б. зерттейді.
Фирма басшылары, ұйымның түршілік-тынысына күрделілік тудыратын, оларда өтетін өзгерістердің пайда болу кезеңін жіберіп алмау мақсатында, технологиялық сыртқы ортаны тұрақты түрде бақылауға тиісті.[40]
Бәсекелік факторларын талдау фирманың басшылары жағынан бәсекелестерінің әрекетін тұрақты бақылауы қажеттігін бағдарлайды. Осы салада төрт диагностикалық аймақты бөліп көрсетуге болады: бәсекелестердің келешек мақсаттарын талдау, олардың ағымдағы стратегиясын бағалау, бәсекелестердің нақты мүмкіндіктерін бағалау, бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын зерттеу.
Сыртқы ортаның әлеуметтік факторларын есептеу өзгеріп отыратын қоғамдық құндылықтармен, қатынастармен, күтулермен және мінездермен байланысты. Экологиялық тұрақтылық болмаған жағдайларда, тура осы әлеуметтік ортада көптеген проблемалар туындайды, олар фирма үшін үлкен қатерлер туғызады. Осы проблемаларды табысты жеңіп шығу үшін, ол өзіде әлеуметтік жүйе сияқты, сыртқы ортаға бейімделе отырып, өзгеруі қажет.
Ақырында, халықаралық факторларды қарастыру, сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны алып тастағаннан соң, отандық ұйымдар үшін бұл ерекше маңызды орынға ие болды. Көптеген ірі және орташа компаниялар халықаралық нарықта белсенді әреке етуде. Фирмалардың басшылары осы сегменте болатын жағдайларды бақылауға шақырылады.
Сыртқы ортаны талдау, жоғарыда қарастырылған оның аяларын зерттеу, фирманың басшыларының келесі сұрақтарға жауап беруін жеңілдетеді: Фирманың стратегиясына сыртқы қоршаған ортадағы қандай өзгерістер ықпал етеді? Қандай факторлар ұйымның ағымды стратегиясына ерекше қатер төндіреді? Жалпы фирмалық мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктер мүдделі болады?
Фирманың сыртқы жағдайларының маңызды аспектілерінің динамикасын жүйелі қарастыруында, оның меншікті әлуеттерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Бұл жерде бағалануы маңызды: пайда болатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алатындай фирманың ішкі күштерінің бар екендігі, оның әлсіз жақтары қандай, қиындау сыртқы қатерлермен байланысты проблемаларды шешуді күрделендіреді. Ішкі проблемалардың диагностикасы үшін қолданылатын әдіс басқарушылық зерттеу деп аталады. Ол ұйымның әртүрлі функционалдық аймақтарын кешенді зерттеуге негізделген және қойылған міндеттерге байланысты қарапайымда, күрделіде бола алады. Зерттеуге бес функционалдық аймақтың қаралуы кіреді: маркетинг, қаржы мен есеп, өндіріс, қызметкерлер, және де ұйымдастыру мәдениеті және ұйымның имиджі.
Фирманың маркетингілік жүйесін талдау кезінде, ережеге сай, зерттеудің жеті маңызды сегментін бөледі. Бірінші – нарық үлесі және бәсекеге жарамдылық. Нарық үлесі пайызбен оның жалпы сыйымдылығына қатынасы, ұйымның жұмыс істеу деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналады, өйткені фирманың нарықтық үлесі мен оның жұмысының тиімділігі (пайдасы) арасында белгілі бір тәуелділік болады.
Ұйымның орнықтылығын көп жағдаймен анықтайтын, ассортименттің әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие болады. Бұл жерде әртүрлі тәсілдемелер мүмкіндікті. Бір фирма шектелген ассортиментке бағдарланады, өйткені өзінің басты табысын өнімнің сапасын қамтамасыздандырумен бағалайды. Екінші фирма жыл сайын ондаған және жүздеген жаңа бұйымдарды игереді.
Нарықтық демографияның маңызын асқын бағалау қиын. Мұндай текті өзгерістерді нарықта және клиенттер құрылымында зерттеу – фирма үшін өте қиын міндет. Қоғамның әлеуметтік бөлінуі, халықтың негізгі массасының табыс деңгейінің өзгерісі, қоғамдық құндылыұтың түрленуі оны күрделендіреді.
Нарықтық зерттеулер мен әзірлеулер өте маңызды. Тұрақты бәсекеге жарамдылықты ұстап тұру үшін, фирмаға кең конъюнктуралық зерттеулер жүргізу, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді әзірлеу, жаңа нарықтарды іздеуді жүзеге асыруы қажет.
Клиенттерге сатуға дейінгі және кейінгі қызмет көрсету бірте-бірте маңызды роль атқаруда. Сатудан кейінгі тиімді және дұрыс қызмет көрсету сату көлемін арттыруға, оны қалыптастыруға және сатып алушылардың фирмаға деген көзқарасын жақсартуға ықпал етеді, сату бағасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Соңғы уақыттарда өткізу, жарнама, тауарды жылжыту өте үлкен маңызды орынға шығуда. Бұл көрсеткіштер талдаудың орталық орынын алады. Фирма нарықтағы табысқа қол жеткізе алады, егер ол өзінің тауарлары мен көрсететін қызметін өткізу үшін құзыретті және белсенді өткізушілерді тартса, шығармашылықты жарнамалар әзірлесе, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алушыға жылжуының тұтас жүйесін әзірлесе.
Дегенмен, әрине, ең бастысы – бұл пайдалылықты талдау. Пайда – кез – келген коммерциялық ұйымның қызметінің тиімділігінің қорытындыланған көрсеткіші. Сондықтан қызметтің барлық бағытынан, әртүрлі тауарлар мен көрсетілетін қызметтен түсетін пайданы тұрақты бақылау, басқарудың маңызды функциясы болып табылады.
Ұйымның қаржылық күйі, нарықта басшылардың қандай тактика мен стратегия таңдауын анықтайды. Қаржылық күйді жан-жақты талдау, осы салада ұйымның әлуметтік резервтерін айқындауға көмектеседі. Қаржылық күйді талдау қаржылық тексеру әдістерімен жүргізіледі.
Фирманың өндірістік әлуетін талдау әдістемесі, өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалаудың кәдімгі әдістемесінен көп айырмашылықты болады. Бұл, бірінші кезекте, стратегиялық басқаруға, дамып келе жатқан нарықтық қатынасқа бағытталумен түсіндіріледі. ¤ндірісті тұрақты түрде зерттеу фирманың ішкі құрылымының сыртқы қоршаған ортадағы өзгерістерге дер кезінде бейімделуіне және оның нақты ортадағы өміршілдігіне өте үлкен маңызы болады.
Егер менеджмент бағыныштыларының көмегімен үлкен ақша көлемін қалай жасауға болатынын түсіндіретінін ескеретін болсақ, онда қазіргі компаниялардың көптеген проблемаларының шешімі кәсіптік білікті мамандармен қамтамасыздандыруға, және олардың басқаруына тәуелді болады. Теңестірілген команда нарықтық жағдайда, жақсы басшылық жасалған кезде, көп нәрсеге қабілетті.
Фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен имиджіне ерекше тоқталып өту қажет. Әлеуметтік орта келесі кісілерден тұрады: басшылар, бағыныштылар. Ұйымдастыру мәдениеті ұйымдастыру аясындағы адамдардың мінез-құлқынан тұрады. Жалпы, мәдениет алдын-ала берілген, бұрын анықталған бола алмайды. Ол – қоғамдағы өзара әрекеттің нәтижесі, ең бастысы қатынастар мен оқу арқылы беріледі және ұсталады. Фирма шеңберіндегі мәдениет оның ұжымының мүшелерінің тәртібі, мінез-құлқы арқылы айқындалады.
Ұйымның сыртқыда, ішкіде имиджі қызметкерлерінің, клиенттерінің көмегімен және тұтас қоғамдық пікірден алынатын әсермен анықталады. Қоғам алдындағы жақсы ат пен атақ, фирмаға ұзақ уақыт өзінің серіктестерін сақтауға, тапсырыскерлер санын арттыруға көмектеседі. Фирманың қаржылық нәтижелері көбінесе оның ортасының жалпы мәдениетіне тәуелді болады.
Қазақстандағы бүгінгі жағдайларда, кәсіпорындарға өзінің өміршеңдігін сақтау үшін нарықтағы әрбір қадамын есептеп отыруы керек, кадрлар мен кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновация енгізу қажетті. Ең күрделі жағдайлардан оңтайлы шығудың амалын табуы және тәуекелдікке ойлы баруы қажет. Сондықтанда фирманың білікті менеджерінің және бүкіл командасының білікті, кәсіптік жұмысы өте маңызды.
Тиімді басқару мен команданың жоғары сапалылығы кәсіпорынды кез-келген дағдарыстан алып шыға алады. Фирманы басқарудың бүкіл механизмі қысқа, сонымен қатар барлығын қамтыған болуы қажет; оған кіруге міндетті: өнімнің ассортиментін басқару жүйесіде, кәсіпорын қарыздарын басқару жүйесіде, қаржылық және салықтық жоспарлау жүйесіде, маркетингілік жүйеде және көптеген басқалары. Басқарудың осындай тиімді рычагтарын кәсіпорын қаншалықты жақсы игеріп, қолданса, соншалықты оның өміршеңдігі артады, және қазіргі ауыр өтпелі кезеңде табысқа жету сенімі жоғарылайды.
Бірінші кезекте фирманың қаржылық табысының технологиясына тоқталу қажет. Оның әрбір жұмыскерінің әлеуметтік және материалдық қорғалынуы, ол жұмыс істейтін компанияның қардыжық орнықтылығына тәуелді болады. Сондықтанда, фирманың қаржылық-экономикалық жағдайларын жақсартуды менің есебінен жүргізуге болатыны туралы мәселелер тек қана жетекшіні, басқарушыларды, акционерлі ғана толқытып қоймайды, бұл мәселе үшін оның түгелдец ұжымының, барлық жұмыскерлерінің басы ауырады. Қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі бүгінгі таңда инвестициялық – тартымды болып табыламайды (олардың 40 % жуығы – залалды, және жуық шамамен соншасы орнықпаған қаржылық жағдайда болып тұр).
Инвесторлардың ұсынатын шарттары, көп жағдайда кәсіпорын үшін өте тиімсіз болуыда. Осыған байланысты күйі нашар кәсіпорындар, тәжірибелік түрде, қаржылық қолдау көре алмай келеді. Мүмкін, жақын уақыттарда күйсіздік қарызгер-кәсіпорындардың сатылуының басты себебі болатын шығар. Сондықтанда кәсіпорынның қызметінде ішкі реформалау мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұжым болып іздеу қажетті мәселе болып тұр. Бұл меншікті әлуетті белсенді қолдану және оны барынша дамытуды көрсетеді, және бірінші кезекте – басқару жүйесін жетілдіру арқылы.
Кәсіпорынның қаржылық тиімділігін жоғарылатудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
Жылдам өткізілетін резервтерді тиімді басқару шешімдері есебінен пайдалану (ең алдымен — «тәртіпке келтіру» және нәтижелер бойынша басқару технологиясына өту). Мұндай өзгерістер бары-жоғы 2-4 ай ішінде өткізіледі және тиімділіктің 20 % дейін артуына ықпал етеді.
Ассортименттік саясаттың түпкілікті жетілдірілуі (пайдалылығы төмен өнімнің үлесін төмендету) және техникалық саясат (тиімсіз техника мен технологияның қолданылуының меншікті салмағын төмендету) есебінен жүргізілетін құрылымдық өзгерістер. Бұл шаралар 5-8 айдың ішінде жүзеге асырылады , 40 % дейін тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.[41]
Инновациялық процестерді қалыптастыру, оған енетіндер: жаңа тиімді қызметтерді, өнімдерді, технологияларды жасау мен енгізу (оның ішінде өзгерістерді стратегиялық басқарудың технологиялары мен жүйелері), экономикалық механизмдер және тағы басқалары. Бұл өзгерістердің жүзеге асырылуы бір-біржарым жылды қажет етеді. Бір жылдан соң олар тиімділіктің 10-20 % артуын, екі жылдан соң – 60-70 % дейін ұлғаюын бере алады. Ал ары қарай жыл сайын 30 % дейін және 2-3 жыл ішінде.
Бір реттік шара болып табылмайтын және тұрақты түрде қадағалауды қажет ететін, фирманың дамуының инновациялық жолының ақырғысы – бұл фирманың бәсекеге жарамдылығы.
Шаруашылықтық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында кәсіпорынды реформалауға мүдделілер:
- компаниялардың өздері, өйткені олардың қаржылық-экономикалық жағдайлары жақсарады;
- мемлекеттік билік (бюджеттің кіріс бөлімінің артуы қамтамасыз етіледі, халықтың өмірінің деңгейі жоғарылайды);
- күйсіздік пен банкроттық туралы істер бойынша мемлекеттік басқарманың территориалық агенттігі;
- банктер, инвестициялық қорлар және басқа инвесторлар, өйткені несиелердің қайтарылмау тәуекелі төмендейді.
Фирманың қаржы табысы көп жағдайда оның жетекшісінің, бас бухгалтерінің және заңгерінің біріккен жақсы жұмысына байланысты болады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері конструктивті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін өте маңызды. Фирма жетекшісінің бүгінгі күндегі байыпты проблемаларының бірі – қолдағы бухгалтерлік ақпараттың негізінде оңтайландырылған басқару шешімін қабылдау мүмкіндігінің болмауы. Осыдан қазақстандық бухгалтердің басты мақсаты – кәсіпорынды айып пұлдпн қорғау немесе, болмады дегенде, оны төмендету.
Осы және басқа проблемаларды шешу үшін шығындарды басқару механизмі қажет болды. ¤німнің өзіндік құнының шығындарының адекватты есептелуі қажет. ¤зіндік құнды есептеудің логикалық жүйесін құру үшін, фирма шығаратын өнімнің бүкіл ассортиментін ұқыпты сыныптаудан өткізу қажет. Бұл әсіресе ассортименті өте кең, жүздеген немесе мыңдаған атауларды (өнімдерді) шығаратын кәсіпорындар үшін өте көкейтесті болады. Сыныптаудың мақсаты – ассортиментті басқару мүмкіндігін қамтамасыздандыру болып табылады. Содан соң шығындардың осыған ұқсас «ағашын» жасау қажет. Егер шығын түрлерінің түрлілігі бір деңгейде өте көп болса және олар абсолюттік шамалары бойынша бір-бірінен ондаған есеге айырмашылықты болса, онда шығынның есебі тиімсіз болады. Сондықтан оларды менеджерге немесе фирманың директорына қалай ыңғайлы болса, солай сыныптау қажет.
Неліктен бұл менеджер үшін соншалықты маңызды? Ол ұқсас тауарлардың нарығындағы сыртқы жағдайларды зерттеуге міндетті. Сәндік, техникалық және ғылыми прогресс сияқты жағдайлар ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұрақты түрде жаңарып тұруын талап етеді.
Бәсекелік күресте тіршілікті жалғастыру мақсатында, кәсіпорын бағаны белгілеу механизмін өзгертуге мәжбүрлі болады, ол шығындық негізде құрылады (өзіндік құн баға үшін негіз болған жағдайда). Баға нарықпен маркетингілік ақпарат негізінде анықталуы тиісті.
Толық бағалы экономикалық қызметті құру өте маңызды. Ол үшін тиімді:
- арнайы бөлімшелерді қалыптастыру, олар өзіндік құнның есептелуінің динамикалық әдісін және басқару есебінің жүйесін әзірлейді және қолданады;
- менеджер өзінің жұмысына негіз етіп алған, негізқұраушы принциптерге сәйкес, ассортименттің сыныпталуын және шығындарын қамтамасыздандыру;
- шығындардың құрылымы мен механизмін анықтау үшін барлық өндірістік бөлімшелерді тексеру, және де олардың тиімділігі мен негізділігін анықтау үшін.
Қазақстанда көптеген нәрсе басқа елдердегідей емес. Егер тауар шығарылған күнде де, ал маркетингілік зерттеу оның сатылуы туралы оңтайлы болжау жасасада, тыныштыққа орын болмайды. Қазіргі уақыттағы қазақстандық бизнестің ең маңызды проблемаларының бірі – төлемеу. Кәсіпорын жіберілген тауар немесе көрсетілген қызметі үшін ақшаларын ала алмайды. Осыған байланысты қойылатын сұрақ: жұмысшылардың жалақысы қайдан шығады, бюджет пен бюджеттен тыс салықтарды төлеу қандай қаражат есебінен жүргізіле алады?
Төлемеу – екі басты таяқтай. Мемлекет бюджет жыртығын бітеу мақсатында салықты арттырады, ал салықты жинау деңгейі төмен, және осындай әрекеттері арқылы мемлекет оны одан әрі төмендетеді. Дәл сол салық жүйесі, бүгінгі күні, бүгінгі түрінде экономикалық өсудің басты кедергісі болып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда сынау мен қателіктер әдістерімен осы проблеманы шешудің белгілі бір жолына шығуда, дегенмен осы жолдың тартылып жатқанына көп жыл өтті десек болады. Басқа елдердің салықтық жүйесі ондаған жылдармен, тіпті ғасырлармен салынған. Олар өзінің мемлекеттерінің тарихи дамуына сәйкес. Қазақстанда қазыналық қызметтер тоталитарлық мемлекет міндетін орындайды – қоғамды бақылайды, ал шын мәнінде демократиялық елдерде қоғамның мемлекетті басқаруы сипатты. Табысты жинау мәселелері бюджеттік дағдарыстың басты себебіне айналды.
Мемлекеттің өзінің бюджетін салық жинау арқылы қаншаға көтеретіні белгісіз, оны болжап айту қиын, бірақ бұл бағыттың өзінің табысын әртүрлі әдістермен жасырып қалатын кәсіпорындардың санын ұлғайтатыны даусыз, сөзсіз және осы арқылы бюджетке түсетін салықтың мөлшері одан әрі кемитініне әкелетінінеде дәлелдің қажеті жоқ. Қазақстандық фирмалардың басшыларына осы мәселені шешудің жолын іздестіруге тура келеді. Фирманың жұмыскерлерінің материалдық жағдайларының да кәсіпорынның өміршеңдігіне және табысты болуындағы атқаратын ролі зор. Егер менеджер табысының бір бөлігін жасырып қалмаса, онда ол өзінің жұмыскерлерін жоғалтады (әрине бірінші кезекте ең жақсы жұмыскерлерін, өйткені олар басқа фирмаға, жалақыны жұмысына сай төлейтін, және жалақысы көлеңкелі қызметтен төленетін жерге кетеді). Сонымен, мемлекеттік заңдар, жарлықтар, ережелер, нұсқаулар, жарғылар және т.б. кәсіпорынның оларды бұзуына, жәнеде салықтан жасырынуына мәжбүр ететін сияқты. Сонымен бірге, банкротқа отыратын кәсіпорындардың саны күрт жоғарылайдынемесе көбісі дағдарыстық күйге түседі. Дегенмен ең аяғына нық тұрған, күшті кәсіпорындар түршілігін жалғастырады және одан әрі дамиды. Олардың мәселелерін менеджер мен бүкіл ұжым шешеді [42]
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоба алдына қойылған барлық мақсаттарды орындағаннан соң, әрбір тарау бойыншы шағын қорытындылар жасауға болады.
Қазіргі уақыттың менеджменті — бұл басқару шешімдерінің мыңдаған мүмкіндікті нұсқалары мен нюанстары, оның ішінде қаржы саласында да. Бұл ешқандайда қасаң қағидашылық емес, айқындалуына, нақты жағдайларға сәйкес, тұтақты түрде түзетулер жасалып отыратын, өте динамикалық көп жоспарлы құбылыс. Қалай менеджмент нарықты жағдайлардың нақты қажетсінулерінен қалып қояды, солай ол қойылатын талаптарға жауап бере алмайды. Бір кәсіпорынмен әзірленген және өзінде жақсы пікірлер туғызған басқару шешімдері, екінші кәсіпорын үшін тиімсіз ғана емес, сонымен қатар өте қауіптіде болуы мүмкін.
Нақты нарықтардың қоятын талаптарына бейімделуде ең маңызды болып табылатындар: болжау, өнімнің техникалық-экономикалық параметрлерінің сапалық деңгейінің бағалануы, оның бағасы, жеткізу мерзімдері. Және де, мұны алдын-ала жаңа өнімнің әзірлену сатысында, жаңғырту, шығарылатын өнімді жетілдіру кезінде, өндірістік циклдің басталуына дейін жүргізу қажет. ¤ткізу саясатын әзірлеу үшін де, барлық қажетті істік ақпараттың болуы өте маңызды.
Шешімдердің көп нұсқалылығы және менеджмент жүрісінің көп нысандығы, шаруашылық жүргізу комбинацияларының икемділігі мен сөзсіздігі, әрбір басқару шешімінің нақты ерекшелікті жағдайдағы бірегей сипаты басқарудың негізін құрайды. Сондықтан менеджерлер жұмысы стандарты шешімдерге сүйенбейді, ал шаруашылықты жағдайларды жылдам және дұрыс бағалау қабілеттілігіне және нақты жағдайларда оңтайлы болатын мүмкіндікті тәсілдемені табу болып табылады.
Қазіргі уақыттың менеджменті үшін сипатты:
- өндірістің тиімділігін жоғарылатуға және жалпы бизнесті көтеруге тұрақты ұмтылу;
- шаруашылықты жағдайларды жылдам және дұрыс бағалау қабілеттілігі мен басқарудың негізі;
- нарық күйіне, сыртқы органың өзгерісіне тәуелді мақсаттар мен бағдарламаларды тұрақты түрде түзету;
- ұйым жұмысының жоспарланған ақырғы нәтижесіне жетуге бағдарлану;
- басқару шешімдерін қабылдау кезінде көп нұсқалы есептеулер үшін қазіргі уақыттың ақпараттық базасын қолдану;
- жоспарлау функциясының ағымдағыдан – келешекке өзгеруі;
- қаржы менеджментінің кәсіпорынды басқарудың барлық жүйесінде алдыңғы шепке шығуы;
- фирма қызметін жақсартудың барлық негізгі факторларына күш салу;
- басқаруды тек қана нақты қол жеткен ақырғы нәтижелер негізінде тұтастай бағалау;
- математикалық әдістерді және ЭЕМ негізінде ақпараттың жетістіктерін максимал пайдалану;
- фирманың барлық қызметкерлерін оны басқаруға тарту;
- өзгерістер мен икемді шешімдер табу негізінде басқаруды жүзеге асыру;
- ұйымның жұмысының әрбір сегментінде инновацияға сүйену, стандарттық емес шешімдер;
- әрбір басқарушылық шешімнің тереңдетілген экономикалық талдауын жүргізу;
- ақылды тәуекелге бел буу қабілеттілігі және тәуекелді басқару;
- бизнестегі маркетинг ролінің өзектіге дейін артуы.
Қазақстандағы шаруашылықтық жағдайлар дамыған нарықты экономикалы елдердің жағдайларынан соншалықты айырмашылықты, сондықтан бүгінгі күнде біздің елімізде қазіргі уақыттың менеджментінің тәсілдері мен әдістерін қолдану шығармашылық, пионерлік, жаңалықшыл сипатта бола алмайды, өйткені әрбір регионның, еңбектенуші ұжымдардың, тұтас алынған елдің ерекшеліктері, дәстүрлері максимал түрде ескеріледі.
Бірінші тараудан, әрбір елде шағын бизнес туралы өзінің меншікті ұғымы болатыны түсінікті болды. Ол негізінен өндірістегі жұмыс ісітейтін жұмыскерлердің санынан шыға отырып, және жылдық айналымның мөлшерінен шыға отырып анықталады. Ал, шағын кәсіпорындардың ролі шынындада өте зор: жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыздандыру, нарықта бәсекелестік атмосфера жасау, қызмет саласын тез арада түрлендіру, жаңа технологияларды енгізуді үздіксіз жүргізу; жалпы айтқанда шағын кәсіпкерлік экономиканы тұтастай сауықтыру жолына келтіруде.
Шағын кәсіпорындар қызметінің құқықтық негіздері бойынша келесі аспектілерді бөлуге болады: ШК (шағын кәсіпорындарды) жасау және жою үшін нормативтік негіз болып, «Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызметтер туралы заң табылады. Құрылтайшылық құжаттар болып кәсіпорынның жарғысы мен құрылтайшылардың алғы шарттары табылады. Басшылықты директор жүзеге асырады, директор болып құрылтайшылардың бірі тағайындала алады.
Қазақстандағы шағын бизнестің проблемалары мен келешегі туралы үшінші тараудың мазмұнын ескере отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады: біздің мемлекетімізде қызметтің осы тегін дамыту және бекіту мақсатында көптеген жұмыстар жасалынды, бұл шағын бизнесті қолдау барысында, осы бағытта жасалынған әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар, мемлекетпен құрылған арнайы қорлар деп атауға болады.
Әрине шағын кәсіпкерліктің дамуына бірден-бір ықпал етуші сауатты құрылған салықтық саясат, бұл тұрғыданда қарағанда Қазақстанда қазіргі уақытта жақсы жұмыстар жүргізіліп, дұрыс бағытқа қойылып келе жатыр. Қазақстан республикасында шағын кәсіпкер субъектілеріне салық салу үш жүйенің негізінде жүзеге асырылады: салық салудың жалпы орнықтырылған жүйесі, салық салудың жеңілдетілген жүйесі, шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін есеп пен есеп-қисап және жүктелген табыс принципі бойынша салық салудың жүйесі, кәсіпкер оған шын мәнінде тиімді болатын нәрсені өзі таңдай алады.
Және ақырында, қосып айтқымыз келетіні, шағын кәсіпкерлік – бұл өркениетті нарықтық шаруашылықтың маңызды құраушысы, соған қатысты бәсекелік механизмнің бөлінбес элементі. Бұл кәсіпкерлік құрылыс нарықты экономикаға қажетті икемділікті береді, ірі қаржылық және халықтың өндірістік ресурстарын жұмылдырады, өзінде күшті монополияға қарсы әлует болады, құрылымдық қайта құрудың байсалды факторының қызметін атқарады және ғылыми – техникалық прогрестің бірқатар бағыттары бойынша бұзып өтуді қамтамасыздандыру, көп жағдайда жұмысты болу проблемасын шешеді және нарықты шаруашылықтың басқа да әлеуметтік проблемаларын шешеді. Сондықтанда шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы реформациялық экономикалық саясаттың стратегиялық міндетін көрсетеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Бригхэм Юджин, Гапенски, Луис Финансовый менеджмент:Полный курс. В 2-х томах. Т.2 – 2001.
- Финансовый менеджмент:теория и практика.Учебник/Под ред.Е.С. Стояновой – М.: Перспектива, 1999.
- Стратегический менеджмент. Учебник./Под ред. Уткина Э.А. – М.: Ассоциация авторов и издателей «ТАНДЕМ». Изд-во ЭКМОС, 2001.
- Крейнина М. Финансовый менеджмент. Учебное пособие М.: Изд-во «Дело», 2001.
- Дюсембаев К.Ш. Аудит и Анализ финансовой отчетности Алматы. «Каржи — Каражат» 2001.
- А.Я.Пономарев. Введение в административный и экономический менеджмент. Санкт-Петербург. 2000.
- Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы. ЦентерАудит Казахстан,2000.
- Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорында қаржы жағдайларын талдау» Алматы 2003.
- Томпсон А.А., А.Дж. Стрикленд Стратегический менеджмент М.: «Банки и биржи», 2001.
- Овситчук М.Ф.,Сидельников Л.Б. Финансовый менеджмент. Методы инвестирования капитала.М.,Юрайт:1999.
- Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. Как управлять экономикой. М., «Финансы и статистика», 1999.
- Дж. К. Шим, Дж. Г. Сигел. Финансовый менеджмент. М., «Филинъ», 1999.
- Джеймс К., Хорн, Джон М, Вахович, Основы финансового менеджмента. Киев, Перевод с английского , 2005г.
- Джеймс К. Хорн, Джон М.Вахович. Основы финансовой менеджмента. Киев, Перевод с английского, 2005.
- Радостовец В.К. Радостовец В.В. Шмит О.И. Бухгалтерски учет на предприятия, 2002.
- Рындин А.В., Шамаев Г.А. Организация финансового менеджмента на предприятии. М., РДЛ, 2000 .
- Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы, Экономика 2000 г.
- Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового состояния предприятия». Алматы, 2001 г.
- Павлова Л. Н. Финансовый менеджмент. Управление денежным оборотом предприятия. М., «Банки и биржи», 1998.
- Крейнина М. Н. Финансовое состояние предприятия. Методы оценки. М.,ДиС,
- Финансовый менеджмент (под ред. Е. С. Стояновой). М., «Перспектива», 2000.
- Ковалев В. В. Финансовый анализ. М., «Финансы и статистика», 1999.
- Радостовец В. К. Финансовый и управленческий учет в условиях рынка Алматы.: НАК «Центраудит», 2000 г. С 362
- Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности промышленного предприятия». Минск: ИСЗ, 1999 г
- Шеремет А.Д., Баканов М.И. «Курс экономического анализа хозяйственной деятельности предприятий». Учебник. — М.: «Финансы и статистика», 1994 г.
- Ефимова О.В., Финансовый анализ. Москва. Изд. Бухучет, 2005г
- Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ. М.:ДИС,1997
- Савицкая Г. В. «Анализ хозяйственной деятельности промышленного предприятия». Минск: ИСЗ, 1999 г.
- Яцюк Н.А.,Халевинская Е.Д. Оценка финансовых результатов деятельности предприятия.Аудит и финансовый анализ.2002г.№1. стр 80
- Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности. Москва. Финансы и статистика. 2000г.
- Нитецкий В.В., Гаврило А.А. Финансовый анализ в аудите. Москва.Дело, 2001г.
- Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2004 г.
- Дюсембаев К.Ш.,Егембердиева А.К., Дюсембаев З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы, Экономика, 2000г.
- Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2002 г.
- Ефимова О.В., Финансовый анализ. Москва. Изд.Бухучет, 2002г
- Джеймс К., Хорн, Джон М., Вахович. Основы финансового менеджмента. Киев.2002г.
- Бараненкова С.А. Управленческий анализ. Москва, Финансы и статистика 2002 г.
- Коротков Э.М.Концепция менеджмента; М: Издательство-Консалтинговая Компания.2000.
- Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Годовая и квартальная бухгалтерская отчетность. М: Дело и Сервис, 1999г.
- Майданчик Б.И.,Грязнова А.Г.Методы экономического анализа и обоснования хозяйственных решений — М.: «Финансы и статистика 1991.
- Мерсер Д.Упровление в самой преуспевающей корпорации. Пер, с англ. М: Прогресс,2000.
- Грачев А.В., Анализ и управление финансовой предприятия. Москва, Изд. Финпресс, 2005г.
- Мельников В.Д.,Ли В.Д. Общий курс финансов. Алматы: Институт развития Казахстана, 2005 г.
[1] Бригхэм Юджин, Гапенски, Луис Финансовый менеджмент: Полный курс. В 2-х томах. Т.2. – 2001.
[2] Финансовый менеджмент: теория и практика. Учебник / Под ред. Е.С. Стояновой – М.: Перспектива, 1999
[3] Стратегический менеджмент. Учебник. / Под ред. Уткина Э.А. – М.: Ассоциация авторов и издателей «ТАНДЕМ». Изд-во ЭКМОС, 2001.
[4] Крейнина М. Финансовый менеджмент. Учебное пособие М.: Изд-во «Дело», 2001
[5] Дюсембаев К.Ш. Аудит и Анализ финансовой отчетности Алматы. «Каржи — Каражат» 2001.
[6] А.Я. Пономарев. Введение в административный и экономический менеджмент. Санкт-Петербург. 2000.
[7] Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы. ЦентерАудит Казахстан,2000
[8] Д‰йсенбаев К.Ш. «Кєсіпорында ќаржы жаѓдайларын талдау» Алматы 2003.
.
[9] Томпсон А.А., А.Дж. Стрикленд Стратегический менеджмент М.: «Банки и биржи», 2001
[10]Овситчук М.Ф.,Сидельников Л.Б. Финансовый менеджмент.Методы инвестирования капитала.М.,Юрайт:1999.
[11] Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. Как управлять экономикой. М., «Финансы и статистика», 1999.
[12] Дж. К. Шим, Дж. Г. Сигел. Финансовый менеджмент. М., «Филинъ», 1999.
[13] К., Хорн, Джон М, Вахович, Основы финансового менеджмента. Киев, Перевод с английского, 2005г.
[14] Джеймс К. Хорн, Джон М.Вахович,Основы финансовой менеджмента. Киев, Перевод с английского, 2005.
[15] Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Алматы: «Институт развития Казахстана», 2005 г.
[16] Рындин А.В., Шамаев Г.А. Организация финансового менеджмента на предприятии. М., РДЛ, 2000
[17]Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ финансовой отчетности».Алматы, Экономика 2000 г.
[18] Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового состояния предприятия». Алматы, 2001 г.
[19] Павлова Л. Н. Финансовый менеджмент. Управление денежным оборотом предприятия. М., «Банки и биржи», 1998.
[20] Крейнина М. Н. Финансовое состояние предприятия. Методы оценки. М.,ДиС, 2000.
[21] Финансовый менеджмент (под ред. Е. С. Стояновой). М., «Перспектива», 2000.
[22] Ковалев В. В. Финансовый анализ. М., «Финансы и статистика», 1999.
[23] Радостовец В. К. Финансовый и управленческий учет в условиях рынка Алматы.:НАК «Центраудит», 2000 г. С 362
[24] Савицкая Г. В. «Анализ хозяйственной деятельности промышленного предприятия». Минск: ИСЗ, 1999 г
[25] Шеремет А. Д., Баканов М. И. «Курс экономического анализа хозяйственной деятельности предприятий». Учебник. — М.: «Финансы и статистика», 1994 г.
[26] Ефимова О.В., Финансовый анализ. Москва. Изд.Бухучет, 2005г
[27] Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ. М.:ДИС,1997
[28] Савицкая Г. В. «Анализ хозяйственной деятельности промышленного предприятия». Минск: ИСЗ, 1999 г.
[29] Яцюк Н.А.,Халевинская Е.Д. Оценка финансовых результатов деятельности предприятия.Аудит и финансовый анализ.2002г.№1.стр 80
[30] Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности. Москва. Финансы и статистика. 2000г.
[31] Нитецкий В.В., Гаврило А.А. Финансовый анализ в аудите.Москва.Дело,2001г.
[32] Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2004 г.
[33] Дюсембаев К.Ш.,Егембердиева А.К., Дюсембаев З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы, Экономика, 2000г.
[34] Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2002 г.
[35] Ефимова О.В., Финансовый анализ. Москва. Изд.Бухучет, 2002г
[36] Джеймс К., Хорн, Джон М., Вахович. Основы финансового менеджмента. Киев.2002г.
[37] Бараненкова С.А. Управленческий анализ. Москва, Финансы и статистика 2002 г.
[38] Коротков Э.М.Концепция менеджмента; М: Издательство-Консалтинговая Компания.2000.
[39] Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Годовая и квартальная бухгалтерская отчетность. М: Дело и Сервис, 1999г.
[40] Мерсер Д.Упровление в самой преуспевающей корпорации. Пер, с англ. М: Прогресс,2000.
[41] Грачев А.В., Анализ и управление финансовой предприятия. Москва, Изд. Финпресс, 2005г.
[42] Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Алматы: Институт развития Казахстана, 2005 г .