Мазмұны
Кіріспе
- Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
ұйымдастырылуы
1.1 Кәсіпорынның есеп саясаты
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
ұйымдастырылуы
- Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және
әдістері
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері
2.3 Ағымдағы активтерді талдаудың әдістері
- Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
3.1 Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
3.3 Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін және іскерлік
белсенділігін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілі салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себптерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік менші жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушлық тәртіп, ұқыптылық және үнемдлікпен алмастыру – нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзге ше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспан үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шарушалықты жүргізуші кәсіпорын ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтақанда ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдаымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші кәсіпорындардың қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімд басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қаблдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Ұсынылып отырған осы оқу құралының мақсаты – студенттерге кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу. Бұл болашақ жас мамандарған талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынынң қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қоыртынды беруге, өндірстік өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасз ететін, жоғарыда көрсетілген еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үйлесімді бесқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
- Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
1.1.Кәсіпорынның есеп саясаты
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргзу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шарушалық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құру барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігін көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі;
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- шарушалық операцияларды бақылау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдау мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргатехника жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық сақтық , қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болуы қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шарушалық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілімейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз етуі керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері — әр айдың соңғы календарлық күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетиклақ есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтарының барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есепту әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгігі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
- Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
- өндіріс шығындарын және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
- Материалдық қорларды бағалау әдістері;
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
- Курстық айырманы есептеу;
- Тағы да басқалар.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
Өндірістік технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- нормативтік әдіс;
- өндірістік өңдеу сатысы;
- тасырыстық әдіс.
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.
Жанама шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге байланысты тікелей шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
- материалдық шығындардың сомасы;
- сметалық мөлшерлеме;
- өткізілген өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
- нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы крсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынынң есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделунуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
- Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
1.2. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалетрілк есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қоланың қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалетрлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орандалған шарушалық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашық көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шарушалық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шарушалық операцияларын бастапқы құжатқа түсірду бухгалетрлік есеп териясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шарушалық құбылыстарының әр түрлі болсы себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемлер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалетрлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
- құжаттың аты, нысанның қоды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шарушалық операциясының мазмұны;
- шаруашылық оперциясының өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық оперцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылқ операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әртүрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келісілгендей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырсу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негізі болатын құжаттар және тағы басқалар.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
- ауылшарушалық өнімі мен шикізаты
- еңбек және еңбекақы;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
- материалдар;
- кем бағалы және тез тозғыш заттар;
- капиталдық құрылыстағы жұмыс;
- құрылыс машианалары мен механизмдердің жұмысы;
- автокөліктегі жұмыс;
- түгендеу нәтижелері;
- кассалық операциялар;
- сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалу барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикты қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және де басқа олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетулі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырсу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысанда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалаған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тесті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілген жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.
Есептеу үрдісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша
Мақсаты бойыша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалетрлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді.
Үкім құжатында – шарушалық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шарушалық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық құжаттар – шарушалық операциялардың орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтті толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған оперцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар – ұйымның бухгалтериясы жасаған әртүрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергенен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтыратын орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз – белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың мұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауар-материалдық құндылықтардың ішкі қозғалыс барысында толтырылатын жүкқұжаттарды, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін, есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Сырттық құжаттарға – кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды, сенімхаттарды және де тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы құжаттар және жиынтық құжаттар деп бөліп қарастырылады.
Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысал: Акционерлік қоғамнан бір күнде бостылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпараты-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шарушалық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруын байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегенміз – кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы, немесе басқаша түрде олардың жасалуынан, яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технолгиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетілп бекітіледі.
Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үрдісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудық уақыттылығы қамтамасыз етіледі.
Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
- бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
- бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқалығын дайындау;
- кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құрау;
- есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
- істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
- құжаттың бағалы сараптамасы және істі ұзақ сақтауға дайындау.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
- бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
- қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
- шарттық негізде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер-маманына беру;
- кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналмының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кесте немесе тәсім құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларда барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақытылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс рәсімделуін тексеру керек. Ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсақауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметиклақ тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді. Ол тауралық-материалдық қорлардың көлемін оның бағасына көбейту арқылы орындалады.
Тексеріп болғаннан кейін бухгалтер құжаттарды өңдейді. Өңдеу құжат бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек болған жағдайда біртекті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік есепшоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалетриясында құжаттар белгілі бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып бөлек папкаларға тіркеледі. Папкаларда құжаттың нөмірі, орындалған уақыты, жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға тігілген құжаттар архивке өткізіледі. Бухгалетрлік алғашқы құжаттардың папкаларға тігіліп нөмірлену сақтаудың тәртібі және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамсыз етуге арналған
Сақтау мерзімдері әртүрлі құжаттар бірге орналастырылмайды. Номенклатурадағы істердің бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және олардың өзара байланысына қарай белгілі бір жүйелілікпен орналастырулары қажет.
Жыл сайын кәсіпорынның сараптама комиссиясы белгілеген сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жабылуға жататын құжататрмен іс-қағаздарын белгілеп, оларға тиісті актілер толтырады.
Жалпы құжаттарды сақтау мерзімі құжаттарын Мемлекеттік мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар үшін белгіленген. Мұндай Мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар, өз іс-құжаттарын (тәжірбиелік қажеттілігі жоқ және тізімге сәйкес сақтау мерзімі өткен) мұрағат органдарымен келіспей жоя алады. Кәсіпорындағы жоюға іріктелініп алынған құжаттарға акт жасалып, жойылатын құжаттар мен шикізаттарды қата өңдеумен айналысатын кәсіпорынға өңдеуге беріледі. Құжаттарды жоюға берген уақытта қабылдау-өткізу жүкқұжаттары толтырылады. Кәсіпорындардағы негізгі бухгалтерлік құжаттарды сақтау мерзімі олардың түрлеріне қарай әртүрлі болып белгіленген.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамсыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:
- нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
- нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлі есеп мәліметтерімен салыстыру;
- есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.
Жалпы кәсіпорындардағы мүліктік және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер дегеніміз – бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге – банк несиелері, заемдар және тағы басқа кредиторлық борыштар жатады.
Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің түрлері мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және де тағы басқадай мүліктер), сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағы басқалар.
Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда бар құндылықтардың толық және дәлеме-дәл тексерілуін қамтамасыз ететіндей етіп жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс күшімен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықатырмен қамтамасыз ету).
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеулерді міндетті түрде жүргізу қажет болған жағдайды басқа ретте ұйым басшысымен анықталады).
Бухгалетрлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелігі, онда ақшалай өлшем кеңінен қолданылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың активтері мен қорлану кездері туралы ақпараттарының жинақ түрде, яғни белгілі бір экономикалық талдау жасауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінде барлық объектілер тек қана ақшалай өлшемде көрсетіледі.
Бағалау – объектілер есебінің ақшалай көрінісі (мүліктер, міндеттемелер және шаруашылық операциялар). Ол бухгалтерлік есеп беруде шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы бағалау мынадай жолдармен жүргізеледі:
- ұйымның сатып алған мүліктері оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады;
- басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ақысыз, тегін берген мүліктері сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны (бағасы) бойынша бағаланады.
- Ұйымның өз өндірісінде өндіріліп кіріске алынған мүліктері сол өнімді өндіруге кеткен шығындардың құнын сәйкес бағаланады.
Нақты өндірістік шығындардың құрамына мынадай шығындар жатады:
- мүлікті кіріске алу барысында жұмсалған шығын;
- коммерциялық несиені алғаны үшін төленетін пайыз сомасы;
- үстеме баға, үстеме (наценки, надбавки);
- делдалға төленетін ақы (қызмет көрсетудің құны);
- кедендік баж салықтары;
- тасымалдауға (жеткізіп беруге) және сақтау үшін кететін шығындар.
Басқалардан ақысыз, тегін, қайтарымсыз алынған мүліктің нарықтық бағасы сол мүлікті кіріске алған күні баға негізінде құрылады. Ол баға туралы мәліметтер экспертті жолмен расталып және оған сәйкес құжаттар болуы қажет.
Өндіріліп шығарылатын (дайындалатын) өнімнің құны сол өнімді өндіруге кеткен нақты шығындардан тұрады. Ал бұл шығындардың құрамы өндіріс үрдісінде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациясы, материалдар, жанармай, энергия, еңбек ресурстары және басқа да өнімді өндіруге кететін шығындардан құралады. Ұйымдағы дайын өнімдер бухгалтерлік есепшоттарында және баланаста нақты өзіндік немесе нормативтік (жоспарлы) құнымен есептелінеді.
Кәсіпорындар өздері сатып алған тауарларды бухгалетрлік есепшоттарында олардың сатылып алынған құны бойынша, ал баланста нақты өзіндік құнымен көрсетеді.
Материалдық ресурстар (шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) бухгалтерлік баланста нақты құнмен есептеледі. Ал материалдық ресурстардың нақты құны оларды кіріске алуға кететін нақты шығындармен анықталады.
Ұйымдар негізгі құралдарын бугалтерлік есепшоттарында бастапқы немесе қалпына келтіретін құны бойынша есептейді, ал баланста – қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастап көрсетеді. Бюджеттік кәсіпорындарда бастапқы құнымен көрсетіледі.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның бухгалтерлік есепшоттарында бастапқы құны бойынша, ал баланстарда – қалдық құны бойынша көрсетіледі.
Белгілі бір орындалған жұмыстар бойынша жұмсалған шығындарды топтастыру тәсілін және қандайда бір объектінің өзіндік құнын анықтау тәсілін калькуляциялау деп атаймыз.
Кәсіпорынның белгілі бір материалдық объектіні жасап шығаруға жұмсаған ақша қаражаттарының көлемі — өзіндік құн деп аталады. Ал оның көлемін есептеу мүмкіндігі өзіндік құнның калькуляциясы болып табылады.
Калкуляциялау көмегімен ұйымдардағы әртүрлі есеп объектілерінің, яғни негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, өндірілген дайын өнімнің, сатып алынған материалдық ресурстардың, көрсетілген қызметтің, орындалған жұмыстың және тағы басқалардың өзіндік құны анықталады.
Калькуляциялау, яғни өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мәліметтері кәсіпорынды басқаруға, жоспарланған жұмыстың орындалуына бақылау жасауға, шарушалық әрекеттерінің рентабельдігін арттыруға, резервтерді құру және еңбек шығындарын төмендету жолдарын қарастыруда кеңінен қолданылады.
Калькуляция – бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі бола отырып, басқа элементтермен тығыз байланысты болады. бірінші кезекте бухгалтерлік есептің шоттарымен, себебі объект есебінің өзіндік құнының (әртүрлі шығындардың сомасы) анықтау үшін алдын ала шоттарда көрсетеді.
Калькуляция – бухгалтерлік есептің бағалау әдісінің негізі болып табылады. Өйткені калькуляция көмегімен алынған мәліметтер кәсіпорындағы объектілерді бухгалтерлік есепте ақшалай өлшеммен есептеуде, яғни бағасын анықтауды негізгі дәлел болатын элемент ретінде қолданылады.
Кәсіпорындағы өндірістік немесе коммерциялық қызметтің нәтижесінде болып отыратын әртүрлі өзгерістерді түсініп, бақылап отыру үшін сандық және сапалық деп аталатын есеп көрсеткіштері пайдаланылады.
Сандық көрсеткіштер – кәсіпорында орындалған қандайда бір шарушалық үдерісінің салдарынан болған өзгерістің сандық өлшемде қандай көлемде өзгерегенін сипаттайды.
Сапалық көрсеткіштер – кәсіпорындағы орындалған жұмыстың және атқарылған қызметінің соңғы нәтижелерінің экономикалық тиімділігін сипаттайды.
Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:
Өнеркәсіп саласында — өндірілген өнім көлемі, сатып алынған өндірісті кқордың көлемі және тағы басқалар.
Маркетинг және сауда саласында – көтерме және бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі, тауар қорының көлемі және тағы басқалар.
Қоғамдық тамақтану саласында – тауар айналымының көлемі, бұл өзі өндіретін өнімнің айналымынан және сатылып алынған тауарлардың көлемінен қалыптасады.
Тасымалдау қызметімен айналысатын салаларда – жол аралығына қарай тасымалданатын адамдар мен жүктің саны, көлемі.
Құрылыс саласында – орындалған немесе пайдалануға тапсырылған құрылыс-монтаж жұмысының көлемі.
Сапалық көрсеткіштердің ең маңыздысы кәсіпорынның орындаған жұмысы мен атқарған қызметінің нәтижесін, қаржылық қорытындысын сипаттайтын табыс және рентабелді (тиімділік, пайдалылық) болып табылады.
Таза табыс (пайда) – бұл абсолютті экономикалық көрсеткішт. Ол барлық кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық қызметінің нәтижесінде алынатын кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылықпен анықталады.
Рентабельділік (немістің – rentabel – табыстылық деп аталатын сөзінен шыққан) – салыстырмалы көрсеткіш. Ол ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы (есепті кезеңіндегі) атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.
Өндірісте рентабельділік табыстың абсолютті сомасының негізгі және айналым капиатылының жалпы сомаларын қатынасын айқындайды. Бұл көрсеткіш негізгі және айналым капиталы сомасының бір тегесіне келетін табыстың экономикалық нәтижесін сипаттайды.
Өндірісте, ауыл шарушылығында, құрылыста және басқа да халық шарушалығы салаларында өнімнің өзіндік құны деген сапалық көрсеткіш маңызды орын алады. Бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсаған шығындарымен сипатталады. Өнімнің өзіндік құнының төмендеу (орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің) ұйымның табыстылығының жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.
Сапалық көрсеткіштерді бақылау, нақтылы орындалған жұмыс пен жоспардың мөлшерін салыстыру шарушылықты қызметінің эконмоикалық тиімділілгінің динамикалық дамуына аса маңызды рөл атқарады. Бұл еңбек өнімділігінің жоғалыуына, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және капиталды ұтымды пайдалануға кәсіпорынның рентабельділігінің жоғарылауына ықпалын тигізеді.
Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есепшоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарыдағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, тізімдемелер мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есептік тіркелімдер қоладнылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орын бойынша талдамалық есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-жәшіктерде сақталады.
Кітаптар — өз алдына белгілі бір пішінде жазылған қағаз беттері болып табылады. Оларды маңызды, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелетін бөлімдерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген, себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәліметпен екі немесе одан да көп адамдар жұмыс істейтін жағдайда оны бухгалтерия қызметкерлері арасында бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ (әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек). Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы – жеке беттерді жаңаға ауыстырудың мүмкін болмауы, яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау мүмкіндігі төмендейді.
Жеке беттер – үлкен пішіндегі есеп тіркелімдері болып табылады және карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын қамтиды. Олар біріктірілген тіркелімдер рөлін атқарады, яғни синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық есепті жүргізуге арналған. Сонымен қатар, бұлар, яғни әртүріл тізімдемелер мен журнал-ордерлер бухгелтерия қызметкерлері арасында міндеттерді ұтымды бөлуге мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы болып табылады.
Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және біріктірілген болып бөлінеді.
Хронологиялық тіркелімдер шарушалық операцияларын жұмыстардың орындалу мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қолданылады. Мұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын, шарушалық операцияларды есептеу кітабын және тағы да басқаларды жатқызуға болады.
Жүйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтап және бірыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Жүйлеік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.
Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: Бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронолгиялық ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша (ақпаратты бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер синтетикалық, аналитиклаық және біріктеліген болып бөлінеді.
Синтетикалық тіркелімдерде жазба тек ақшалық нысанда құжат нөмірі мен толтырылған уақыты көрсетіліп жүргізіледі. Бірақ әдетте оларда түсініктемелік мәтін болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журанл-ордерлердің барлығын дерлік жатқызуға болады.
Аналитикалық тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үші қолданады. Оның шінде құжаттың нөмірі, толтырылған уақыты, шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натуралдық өлем көрсеткшітері қолданады. Бухгалтерлік есепте қолданылатын талдамалық тіркелімдерге карточкалр, кітаптар және тізімдемелер жатқызылады.
Синтетикиалық және аналитикалық есепте қатар қолданыла беретін тіркелімдер – біріктірілген тіркелімдер болып табылады.
Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде тіркелімдер өз алдына карточкалар, тізімдемлер, журанал-ордерлер және тағы басқадай форма түрінде алына алатын машиограммалар болып табылады.
Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай немесе көшірмелі әдістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір ғана дана етіліп жасалытн болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен бір уақытта бірнеше дана етіліп жасалады.
Есеп тіркелімдерінде жазбалар өзгертусіз және таза жазылып толтырылуы керек. Тіркелімдерді толтыру барысында немесе басқа да жіберілген қателіктерді түзету үшін есеп тіркелімдерінде келесі әдістер: түзетпелі, қосымша жазу және қызыл түзетпе қолданылады.
Егер қате баланс құрылғанға дейін анықталса және шоттар корреспонденциясына өзгеріс енгізу қажет болмаса түзетпелі әдіс қолданылады.
Осы жерде қате жазбаны (соманы немесе мәтінді) кейіннен оқылуға мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген және бухгалтердің қолтаңбасымен бекітілген болуы керек.
Егер шоттар корреспонденциясы дұрыс, бірақ шарушалық операциясының сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл қате есеп тіркелімінде қорытынды жасалғаннан кейін анықталса, онда қатені түзету қосымша жазу әдісі арқылы жүргізіледі.
Мысалы: кәсіпорынға басқалардан келіп түскен 130 000 теңге материалдарға мына түрдегі екі жақты жазу жазылған делік.
Д-т: Материалдар шоты 100 000тг.
К-т: Жабдықтаушы – мердігерлер шоты 100 000тг.
Бұл қатені түзету үшін айырма сомаға (130 000-10000)= қосымша жазу жазылады.
Д-т: Материалдар шоты 30 000 тг.
К-т: Жабдықтаушы мердігерлер шоты 30 000тг.
Егер қате бухгалтерлік балансты жасағананн және оны тиісті органға тапсырғаннан кейін белгілі болса, ондай қате «қызыл түзетпе» әдісі арқылы түзетіледі.
Мысалы: кәсіпорынның кассасына жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан 500000 теңге келіп түсті делік. Осы операцияға мына түрде жазу азылған.
Д-т: «Валюталық» шоты 500 000тг.
К-т: «Есеп айырысу» шоты 500 000тг.
Қатені түзету үшін осындай жазу арқылы, бірақ қызыл бояумен, яғни сторно етіліп жазылады.
Д-т: «Валюталық» шоты 50 000тг.
К-т: «Есеп айырысу» шоты 50 000тг.
Одан кейін мына түрде дұрыс жазу жазылады:
Д-т: «Касса» шоты 500 000тг.
К-т: «Есеп айырысу» шоты 500 000тг.
Мұндағы қызыл түзетпе мәні бұрыс жазу теріс санмен алынып тасталаып, оның орнына дұрыс сома жазылады.
Бухгалтерлік есеп нысандары деп – белгілі бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып, бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп тіркелімін айтады.
Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей түрлері қолданылады: мемориалдық-ордерлі, бас-журнал, журнал-ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).
Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі нысандары қазіргі кезде қолданылатын ескі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдер жүргізіледі. Синтетикалық есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық есеп үшін көбінее карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есеппте екі жақты жазу жазылып және ол мемориалдық-ордерлі нысан түрінде ресімделеді.
Мысалы: қоймадан материалдарды босату туралы әрбір жүк құжаттың есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қорытынды мәліметтері негізінде мемориалдық-ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе құжатқа сілтеме жасалады, шот корресподенциясы және сомасы көрсетіледі. Мемориалдық-ордерге солардың негізінде жазбалар жасалған басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалдық-ордерлер жасалғаннан кейін арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалдық-ордерге реттік нөмір беріледі. Тіркемелі журналдағы жазбадан кейін мемориалдық-ордер мәліметтері ай сайын синтетикалық есептің тіркелімі болып табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады. Әрбір синтетикалық есептің дебит және кредит айналымдары корреспонденциялары шоты бойынша сәйкес кестелерге бөлек жазылады.
Айдың соңында бас кітаптың қорытындысы негізінде синтетикалық есептің шоттары бойынша жай немесе шахматты нысандағы айналым тізімдемесі құрылады. Бас кітаптың мәліметтер синтетикалық және аналитикалық есептің айналым тізімдемелерін, бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру үшін қолданылады.
Мемориалдық-ордер формасы аналитикалық есептік кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық есеп тіркелімдеріндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге қоса берілген құжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер – сәйкес синтетикалық шотпен біріктірілген аналитикалық шот тобына бір ведомость (тізімдеме) құралады. Бұл тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық шоттармен біріктірілген аналитикалық шоттардың сальдосы мен айналымдарының қорытындыларын салыстыру үшін қажет. Мемориалдық-ордер есеп жазбаларының сызбасы 1-суретте көрсетілген.
Есептің мемориалдық-ордерлі нысаны есептік тіркелімдерінің жеңілдігімен және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанның кемшілігі ретінде – құжаттардағы бір ғана ақпараттық мәліметтердің тізімдемелерге, мемориалдық-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық және аналитикалық есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дұрыс.
Басқа нысандарға қарағанада мемориалдық-ордер нысанын жүргізіу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас журнал нысаны. Мұнда негізгі есеп тіркелімі карточкалар мен бос беттер емесе, бас журнал деп аталады. ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.
6-тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
Күні |
Проводка нөмірі |
Мәтіні |
Айналым сомасы |
Касса шоты |
Есеп айырысу шоты |
Дебиторлық борыш шоты |
|||
|
|
|
|
Д-т |
К-т |
Д-т |
К-т |
Д-т |
К-т |
|
|
1 қаңтардағы қалдық |
|
25000 |
|
50 000 |
|
7000 |
|
3.01 |
1 |
1 кіріс ордері |
10 000 |
|
|
|
|
|
|
5.01 |
2 |
5 төлем тапсырмасы |
5000 |
|
|
5000 |
|
|
5000 |
|
|
Қаңтар айындағы айналым |
15 000 |
1000 |
|
5000 |
|
|
5000
|
|
|
1-ақпанға қалдық |
|
35000 |
|
45000 |
|
2000 |
|
Бас журналдың бұлай құрылуы оған жазылған жазуды көзге көрнекті болып және оған шолуды жеңілдетеді. Журналда шығарылған қалдықтар синтетикалық шотар бойынша дайын айналым тізімдемесі бола алады да, бөлек айналым тізімдемесін жасауды қажет етпейді. Бас журналда алғашқы және соңғы қалдық шығарылып отырылады, сондықтан да кез-келген уақытта бас журналдың негізінде баланс жасауға болады. Бас журналды жүргізгенде бөлек немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық-ордерлер жасалады.
Журналда жазбалар мемориалдық ордерлердің нөмірлері мен күнін, корреспонденцяланушы шоттардың кодтарын, жеке және жалпы сомаларды көрсетумен бірге дебит және кредит бойынша жүргізіледі. Содан кейін әрбір шот бойынша бір айдағы айналым есептеліп, соңғы сальдо анықталады. Бас кітаптың көрсеткіштері негізінде синтетикалық шоттар бойынша бухгалтерлік баланс құру үшін қолданылатын айналым тізімдемесі толтырылады.
Журнал-ордерлі нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын тіркеудің нігізгі принципі – жинақталымдық тізімдемелерде алғашқы құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл нысанның негізгі есеп тіркелімі Журнал-ордер болып табылады. Журнал-ордерлерде алғашқы құжаттардан немесе жинақталымдық тізімдемелерден алынатын хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп көрсетіледі. Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал-ордер ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шотардың дебитіне жазылатын шаруашылық операциялар көрсетіледі. Құралдардың қозғалысын бақылауды күшейту үшін журнал-ордердің жинақталымдық тізімдемелері бірге қолданылады. Кейбір журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есептерінде жүргізілуі мүмкін. Бірақ аналитикалық есептің карточкалары қолданылмайды және айналым тізімдемелері құрылмайды. Журнал-ордерлерде типті шот корреспонденциясы қойылуы мүмкін. Бұл тіркелімдерді түсініктірек етіп көрсетіледі және қателер санын азайтады.
|
|
Құжаттар |
|
|
|
|
|
|
|
Тізімдемелер |
|
Журнал-ордерлер |
|
Кассалық кітап |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аналитикалық есеп карточкалары |
|
|
|
|
|
Баланс және есеп-қисаптың басқа да нысаны |
|
Бас кітап |
|
Аналитикалық шот бойынша айналым тізімдемесі |
1-сызба. Есептің журнал-ордер нысаны жазбаларының сызбасы
Бастапқы құжат мәліметтерін жалпы бірыңғай шаруашылық операциялар бойынша журнал-ордерлерге немесе жинақталымдық тізімдемелерге жазады, ал қорытынды көрсеткіштер журнал-ордерлерге көшіріледі. Журналда аналитикалық есебі жүргізілмейтін шаруашылық операциялар бойынша мәліметтер аналитикалық есептің карточкаларында көрсетіледі (негізгі құралдардарды есептеу)
Ай соңында барлық карточкалар журнал-ордерлер және солардың тізімдемелері бойынша қорытынды сомалар есептеледі. Карточкалардың қорытындысы аналитикалық шот бойынша айналым тізімдемелеріне көшіріледі, ал ал журнал-ордерлер мен тізімдемелердің қорытындысы басқа журнал-ордерлердің тізімдемелері мен корреспонденцияланушы шоттармен құжаттар (тауарлы және кассалық есеп берулер, банк көшірмесі және тағы басқалар) бойынша салыстырылады. Өзара салыстырудан кейін кредит айналымының ортақ сомасын әрбір журнал-ордерлерден бас кітаптың сәйкес шотына жазады. Бас кітаптың әрбір синтетикалық шотының дебит бойынша айналымдарын әртүрлі шоттардың кредиті бойынша айналымдар корреспонденциясымен бірге әртүрлі журнал-ордерлерден жинақтайды. Осындан кейін бас кітаптағы әрбір шоттың дебиті бойынша ортақ қорытынды есептеледі, ай соңындағы қалдық шығарылады және бухгалтерлік баланс пен есеп беру тағы басқа нысандары құрылады. Баланс құрудан бұрын айналым тізімдемелерінің қорытындысын бас кітаптың сәйкес шоттарының қорытындысымен салыстыру қажет.
Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлі нысаны есептің бас-журнал нысанымен кейбір ортақ қасиеттеріне ие, арнайы журналдардағы бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша жалпы бірыңғай операциялар туралы ақпарат жинақтау, бір тіркелімде синтетикалық және аналитикалық есепті біріктіру, бас кітапта синтетикалық шоттар мен сальдо және тағы басқалар бойынша ағымдағы айналымдарды көрсету.
Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп нысанының жай немесе жеңілдетілген түрін қолдана алады.
Есептің жай нысаны шаруашылық операцияларын есептеу кітабында қарастырылады. Ол кітап кәсіпорындарда қолданылатын барлық шоттарды қамтиды, сондай-ақ синтетикалық және аналитикалық есепті біріктірді, яғни біріктірілген тіркелім болып табылады. Бұл құжатқа жазылатын ақпараттар алғашқы құжаттардан алынып, хронологиялық тізбекте бір уақытта шотар бойынша топтау арқылы жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы 2-ші сызбада көрсетілген.
|
|
Құжаттар |
|
|
|
|
|
|
|
Кассалық кітап |
|
Шаруашылық операциялар- дың есеп кітабы |
|
Еңбек төлемдері бойынша қызметкерлер мен есеп айырысу тізімдемесі |
|
|
|
|
|
|
|
Бухгалтерлік баланс және есеп берудің басқа нысандары |
|
|
2-сызба. Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы.
Кітап ұйымының кез келген уақыттағы мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп айырсу – төлем тізімдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.
Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша жүрген операцияларды есептеу үшін қолданылады.
Бастапқы құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шарушалық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде – шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіден – корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.
Жеке тізімдемелердегі қаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалары).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы-шарушалық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шарушалық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шарушалық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауға үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жаинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс»
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылыған көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
- Ғылымның мақсаты мен мазмұны;
- Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
- Зерделеу объектісі;
- Ақпарат көздері
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметті нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әртүрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне шаруашылық жүргузуші субъектінің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының толықтығы мен анықтығын тиянақты текеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.
Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалған немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуметті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашалық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резрвтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісім-шартпен толықтырылу мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына оның қолданыстағы заңның талаптарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашалық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызметті жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашалық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашалық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін текеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есеп саласындағы әртүрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпаратық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруне қарай артады.
Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әртүрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» — «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.
Отандық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде, ТМД елдерінде әдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т.Белухинде «тексеру (ревизия)» — бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында іріктемес құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру – бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әртүрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі, материалды жауапты тұлғаның түсінктемесі).
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігін бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшілкітерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әртүрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әртүрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудитор, адвокат, дәрігер, музыкант, суретші және шығармашылықтың адамдары сияқты еркін кәсіптің өкілі болып табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде дамыған елдерде беделі жоғары. Шетелдік сарапшы ұйымдар жиі өткізетін қоғамдық сұрау салудың қорытындысы бойынша бухгалтер-аудитор кәсібі адвокат және дәрігер кәсіптерімен тең бәсекелесіп, алғашқы үш орыннын бірін тұрақты иеленеді екен. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында біздің елімізде пайда болған аудиторлық кәсіп бухгалтерлік есеп, қаржы, бақылау, құқық, мендежмент, стратегиялық және ағымдық жоспарлау, ұлттық экономиканың әртүрлі салаларын басқаруды ұйымдастыру салаларындағы жоғары білікті мамандар үшін келешегі зор әрі абыройлы қызмет түріне айналып үлгірді.
Аудит және оның рәсімі эволюцияның үш сатысынан өтті: растаушы аудит, жүйелі-бағдарламалы аудит, тәуекелге негізделген аудит. Бастапқы аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берулерде көрініс тапқан операциялардың шындыққа жанасымдылығын тексеру және растаушы түрінде болды.
Растаушы аудитте негізінен бухгалтерлік тіркелімдер мен есеп берудің формаларын дұрыс жасау мәселелері қарастырылады, сол себепті де бұл кезең «кітапты аудиттеу» деп аталады.
Аудитке жүйелі-бағдарламалы тәсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады әрі аудиторлар сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді. Бұл операцияны бақылайтын жүйені қадағалауға мүмкіндік берді. Егер іштей бақылау жүйесі тиімді жұмыс істейтін болса, онда егжей-тегжейлі тексерудің қажет болмайды, өйткені нормалардың бұзылуы мен қателерді анықтау ісінде іштей бақылау жүйесіне белгілі бір деңгейде сенім білдіруге болады. Аудиторлық фирмалар кеңес беру қызметіне, аудиторлық рәсімді нысандауды жүзеге асыруға және болатын тексерулердің сапасын арттыра түсуге көп көңіл бөлетін болды.
Аудиттің жүйелі – бағдарламалы тәсілін жетілдіруге қарамастан, оның өз кемшіліктері бар. Мысалы, жүйелі-бағдарламалы аудит әкімшілікті ішкі бақыламайтын жағдайда қызметкерлердің үстінен бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бұл арада аудиттің рәсімі басқарушы – инвесторларды емес, керісінше персонал-менеджерді алдап тұр ма, жоқ па, соны анықтауға бағдарланған.
Тәуекелге негізделген аудит – бұл кәсіпорынынң жұмыс жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар әрі қиын межелеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін тәуекелдікті есерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудитінің айырықша маңызы – аудитордың немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жоғалту және клиенттен айырылып қалудың ықтималдығында ғана емес, сонымен бірге, аудиторлық компаниялардың арасындағы қатаң бәскелестікте, ірі айыппұл мен моралдық зиянда, осы аталған қатерлерге ұрынып қалудың ықтималдығында болып тұр. Мәселен, мұндай жағдай үшінші бір тұлғаға немесе клиентке елеулі материалдық зиян шектіруге себеп болатын аудитордың ықылассыз және бұрыс қорытынды шығарушысынан болады. Кәсіби беделден айырылу қаупі нақты аудитордың немесе аудиторлық компанияның толық күйреуімен бірдей десе де болады. Сондықтан да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жан-жақты кешенді тексеруді жүргізуге мұқият дайындалып, басты назарды кадрларды іріктеуге бағдарламаларды жасауға алдағы жұмысты жоспарлауға және т.б. аудару қажет.
Осыған орай аудиторлар клиент бизнесін жүйелі зерделеумен жоспарлау кезеңдеріне көп уақыт бөлетін болды. Қауіп-қатері көп салаларға аудиторлық жұмыстарды шоғырландыру арқылы тәуекелі төмен салаларды тексеруге кететін уақытты үнемдеуге болады. Осылармен уақыт және клиентке қызмет көрсетудің шығындарын үнемдеу тұрғысынан әлдеқайда тиімділікті қамтамасыз етуге қол жеткізеді.
Бақылаушы-талдамалы қызметтің осы заманғы даму кезеңінде тәуекелге негізделген аудиттің маңызы зор. Оның технологиясы кәсіпорындар қызметіндегі болжаулы кемшілктер мен қиындықтарға белгілі бір жағдайларға қарай іріктеп алынған тексеруді жүргізуге негізделген.
Бұл арада мынан ескеру керек, кәсіби аудит саласындағы бинеске мына негізгі факторлар әсерін тигізеді:
а) бақылау ортасы;
ә) кірістерге айла-әрекет істеу мақсатымен басқарушыларға әлеуетті қысым жасау;
б) қатысушы тараптардың мүдделері;
в) саладағы және экономикалық ортадағы клиенттің ұстанымы.
Осылайша, растаушы аудитте қаржылық құжаттар мен бухгалтерік есеп тіркелімі тексеріледі. Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тәсілдемесі операцияны бақылайтын тұтас жүйе ретінде шаруашалық жүргізуші кәсіпорындардың қызметін қадағалауға мүмкіндік тудырады. Тәуекелге негізделген аудитте осы жүйені бақылайтын адамдардың қызметі қарастырылады. Соңғы екі кезең аудиторлардан кітаптан бастарын көтеріп, барлық назарын бизнестің өзіне аударуды талап етті. Бизнес саласындағы аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақылаушының, сараптаушылық, басқарушылық, кеңес берушілік, өндірістік және ақпараттық.
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш.Дүйсембаевтың еңбегінде келтірілген фунциялар мен қосалқы фунциялар тізбесі қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік фунциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.
Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақытылы анықтауы қажет. Бұл кәсіпорындар қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шартталған. Тәулесіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және әлеуметтік функцияларды орындайды.
Оған қоса, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және ұлттық экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеудің маңызды құралына айналып отыр.
- 2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері
2.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайдында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциляқ серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегенміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
В.М. Радионова мен М.А.Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады.
М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор И.Т.Балабанов «Шаруашылық кәсіпорынының қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен қапиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық кәсіпорындарының алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық кәсіпорынының қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» — деп жазады.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндыруі тиіс.
Біздің кафедра мамандарының көзқарасы бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілетіттілігін көрсетеді – деп жазады.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауды ұсынады:
Кәсіпорын қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шарушалық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық кәсіпорындары қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізігі бөлігі болып табылады». Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қылуы қажет.
Айта кету керек, біздің кафедра мамандары қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырды, әйткенмен олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмайды. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» — деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Олардың ойынша бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі – деп түсіндереді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілеген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды факторлардың бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен оларды таратудағы рационалды және падаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолююттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесіне меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамаыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
2.2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беуге мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндерме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген кәсіпорынның есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған кәсіпорынға әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржлық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негіззі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге беймдей отырып, реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыт өзгерді.
«Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, — бұл қолданушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпарттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы ақша ағымдарын және осы кәсіпорынға сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер кәсіпорынның ақша қаржаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, кәсіпорынның өз жұымысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпарттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкінідігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көшілігі қаржылық есепке қарыжылқ ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шарушалық кәсіпорынының мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл кәсіпорын нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару боайынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылраы сияқты сыртқы қолданушыларға дапайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеру жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпарттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс –қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылмын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кездегі шарушалық қызмтке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталадыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін таыбстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің беркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі мұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшлік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байлансты мына прицип бойынша: өтімділік дәрежесі аз актвитерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, сондан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғаы өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаржаттары болып табылады. Олар қысқа мерзімді қаржылқ салымдар, кассадғы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мне элементтерде жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық эконоикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысынддағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студеттерге арналған ағылшын авторының «Бухгалтерлік талдау» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, осыны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иеілігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс».
Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер, пассивтер және капитал.
Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен элементтері келесідей анықталады:
«Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шынынан әкеліп соқтырады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».
Меншік капитал – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері.
Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және мідеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық шамасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігін БЕС-2-нің 7-пунтінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: «барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс». Бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.
1-Кесте
БЕС-2 негізіде құрастырылған бухгалтерлік баланс
Активтер |
Меншік капитал және міндеттемелер |
1 |
2 |
І. Ұзақ мерзімді активтер |
І. Меншік капитал |
Негізгі құралдар: — жер |
— жарғылық капитал — дивиденттер |
— құрылыстар мен ғимараттар |
Қайта бағалау сомасы |
— машиналар мен жабдықтар |
— негізгі құралдардың -инвестицияың |
— басқа негізгі құралдар |
Резервтік капитал |
— жинақталған тозуы — аяқталмаған күрделі құрылыс |
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) |
Материалдық емес активтер: |
Жиынтығы: |
— гудвилл |
ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
Патенттер, тауарлық белгілер және басқалар |
— қайтарылуы қамтамасыз етілген несиелер |
— метериалдық емес активтердің амортизациясы |
— қайтарылуы қамтамасыз етілмеген несиелер |
Инвестициялар: — еншілес серіктестіктерге инвестициялар |
— негізгі шарушалық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің бір-біріне берілетін несиелері |
— тәуелді серіктестерге инвестициялар |
|
— басқадай инвестициялар |
— кейінге қалдырылған салықтар |
Дебиторлық борыш: |
Жиыны: |
— алынуға тиісті боррыштар |
ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер |
— алынған вексельдер |
— қысқа мерзімді несиелер және овердрафт |
— ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің арасындағы бедиторлық борыш |
— ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі |
— кредиторлық борыш |
|
— акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының дебиторлық борышы |
— төленуге тиісті вексельдер және шоттар |
— акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының дебиторлық борышы |
— төленуге тиісті вексельдер және шоттар |
— басқадай дебиторлық борыш |
|
— алдағы кезең шығындары |
|
Жиыны: |
— сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстер |
ІІ. Ағымдағы активтер |
|
— тауарлық-материалдық қорлар |
— салық бойынша борыш |
— алдағы кезең шығындары |
— төленуге тиісті дивиденттер |
— ақша қаражаттары — қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
— негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы борыш |
— Дебиторлық борыш: |
— акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыш |
— ағымдағы активтерді сатып алуға қажетті аванстық төлемдер |
— басқада несиелік борыштар |
— алынуға тиіс шотыр — алынған вексельдер |
— төленуге берілген шығындар |
— ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің арасындағы дебиторлық борыш |
— алдағы кезең кірістері |
— Акционерлік қоғамдағы лауазымды тұлғалардың дебиторлық борышы |
— алдын ала қарастырылмаған жағдайға байланысты бөлінген төлемдер |
Жиыны: |
Жиыны: |
Барлығы: |
Барлығы: |
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элементі – табыс және шығын – қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Және бұл баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгіл мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар «материалдар», «дайын өнім», «тауарлар», «дебиторлық борыш» және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорлардың үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.
Бұл баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шарушалық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығынар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементттер кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы кәсіпорынның ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.
Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.
2.3 Ағымдағы активтерді талдаудың әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашалық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте кәсіпорынның шарушалық қызметін динмикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнынның нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашалық жүргізу деңгейін анықтау шығындары мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әртүрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қарай әсер етуін зерттеу шешуші рөль атқарады. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандарылған әкімшілік сипаты жояды. Ол, алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарытық конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашалық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынынң өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынынң қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциялды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдалаушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
- көлденең талдау;
- тікелей талдау;
- трендтік талдау;
- салыстырмалы талдау;
- факторлық талдау;
- қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдерімен салыстырғандағы бухгалетрлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау — әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштері және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасында сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткішердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффициентерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелдеп салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжіриебесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткішерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштері орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашалық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), содай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашалық кәсіпорынының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылғын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы әдістемесін А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынынң қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойына, кәсіпорынынң қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А.Андреев (20) және В.В.Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашалық кәсіпорынының даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай кол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашалық кәсіпорынының қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлы түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
- Кәсіпорынның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
3.1. Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлеріің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкндік береді.
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін испаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгей баланстық есептің ноиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтанда олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кесте құрылады.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9-ға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобльділігін анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негзгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.
Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. «Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К ³ 0,5 қалыпты болып есептеледі» — деп жазады А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында – 20143 мың теңгені, жыл соңында – 20855 мың теңгені құрайды, яғни 712 мың теңгеге немесе 3,53 пайызға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пункте кемігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.
4-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пункте аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пункте асып кетті (52,33-47,67) және 52,33%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32:6,56) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырсу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 1,42 (13781: 32551), ал жыл соңында 0,52 (21956:41957) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгей 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында – 0,73 =(13781: 18770), ал жыл аяғында – 1,1=(21956:20001) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражатар 1,6 есеге (21956: 13781), ал екіншілері – 6,6%-ға (20001:18770 100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалу осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынтығындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында – 57,27%-ды, ал жыл соңында – 46,7%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалп ықұнындағы оның активті бөлігінің үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. алайда біздің кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негзгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынының барлық негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде арта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны – 23,9%-ға өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 5,9%-ға өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында — 0,63, ал жыл соңында — 0,68 құрайды, яғни 0,05 пункте өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.
Әрі қарай, келесі 5-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылмын талдау қажет:
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Өсуі(+), кемуі (-), % |
||
|
Сомасы, мың тг. |
Үлес салмағы, % |
Сомасы, мың тг. |
Үлес салмағы, % |
||
1 |
Ағымдағы активтер, соның ішінде: 1.1. Тауарлы-матер-иалдық қорлар 1.2. Дебитоарлық борыш 1.3. ақша қара-жттары және қысқа мерзімді инвестициялар 1.4. Басқа да ағым-дағы активтер |
13781
11153
1165
1463
— |
100
80,93
8,45
10,62
— |
21956
17617
1671
1425
1243 |
100
80,24
7,61
6,49
5,66 |
+59,3
+57,9
-43,4
-2,6
+566 |
Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді, оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесіде қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 38 мың теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.
Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағ төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым тері бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаға сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 57,9%-ға өскен және ол жыл аяғында 17617 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пункте азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген, олардың көлемі жыл аяғында 14538 мың теңгені құрады, бұл жыл басындағымен салыстырғанда – 0,9 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға азайған.
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында – 1165 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол – 1671 мың теңгені құрайды немесе 43,4%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды.
Дебиторлық борыш неге мұнша өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін, зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, айта кеткен жөн, ақша қаражаттарының бір бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында 504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басымен, яғни 128 мың теңгемен салыстырғанда 3,9 есеге көп.
Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құныдылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығын бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістредің негізділігін және оның себептерін бағалау қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылыесеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлме қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өөткелмеген болып екіге бөлінед. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліпп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалауын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық б орышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрам және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеу мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.
Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда, оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескерту қажет, мысалы, қатарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:
- Бір немесе бірнеше негізгі қарз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);
- Негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;
- Қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;
- Ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;
- Тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқы.
Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.
Сапа дегеніміз – бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса, оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.
Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.
3.2. Кәсіпорынның табыстылығын талдау
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызметтеуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткшітерінен тұрады, олар. өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс;
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімдлік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Менің ойымша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қатарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорының негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынынң бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелерді орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділгі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның актвитеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады.
Алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділгін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әртүрлі көрсеткіштеір жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті таллдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарладың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізудентүсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнім өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
13-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.
13-Кесте.
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру
№ |
Көрсеткіштер |
Есептік бағасы бойынша, мың. тг. |
1 |
Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы |
8360 |
2 |
Тауарлы өнім шығару |
29000 |
3 |
Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы |
15940 |
4 |
өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар +2қатар -3 қатар) |
21420 |
5 |
Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс |
20850 |
6 |
Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар) |
570 |
Көрсетілген кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20850 мың теңгені емесе, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артықорындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмау мүмкін. Бұндай жағдай нақты заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына де қатысты.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға таурады тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырсудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзім өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
- Біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
- Екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
- Үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта)
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түсен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлемін көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынанжоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкететі. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеу ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп банк жүйесі жұмысындағы кемшілктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсу есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылқ қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады.
14-Кесте
1996 жылғы «Аз Эталон» АҚ-ның жалпы табысы
(мың теңге)
№ |
Көрсеткіштер |
Жоспар бой-ынша |
Нақты өткіз-ілген өнімге жоспар бойынша |
Нақты |
1 |
Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс |
20850 |
19745 |
23179 |
2 |
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны |
16435 |
15741 |
16996 |
3 |
Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) |
4415 |
4004 |
6183 |
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
- өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
- өнім бірлігінің бағасы;
- өткізілген өнім көлемі (саны);
- өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
- Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізлген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
Пs = S QHi ×SHi — S QHi ×Sжi
QHi — өткізілген өнімнің нақты көлемі;
SHi — өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
Sжi — өнім бірлігінң жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізіліген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті.
- Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
ПЦ = S QHi ×РHi — S QHi ×Ржi
Мұндағы РHi және Ржi — өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге өсті.
- Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсыналады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлемін ғана емесе, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген өнімнің рентабельділіген де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан бізідің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелі б олып табылады.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:
- NCЖ = SH × 100.
Sж
Мұндағы: NCЖ — өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;
SH, Sж — өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны;
- ПП = ПЖ× NCЖ
100
ПП – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;
ПЖ – жоспарлы жалпы табыс.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспрады 3,4%-ға асыра орындады, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған – 4415.
Талдау жұмысның теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
- «өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
- «өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер теу соммасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінеген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы.
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінегн, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ |
Көрсеткіштер |
Сомасы, мың тг |
Жоспарды табысқа % |
1 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны-ның өсуі |
— 1255 |
+ 28,4 |
2 |
Келісілген бағалар деңгейнің өсуі |
+ 3434 |
+ 77,7 |
3 |
Өнімді өткізу көлемінің артуы |
+ 150 |
+3,4 |
4 |
Өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер |
— 560 |
— 12,7 |
|
Жиынтығы: |
+ 1768 |
+ 40,0 |
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзінідік құнының өсуі нәтижесіне азаюын кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшілктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынынң өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстарғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
- өткізілген өнімдердің бағасыынң өзгеруі;
- өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
- өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығыдарының өзгерісі.
Олардың есеті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық 16-кестені құрайық.
16-Кесте
Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылғы |
Есепті жылғы |
1 |
Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен |
24392 |
23179 |
2 |
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны |
20689 |
16996 |
3 |
Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) |
3703 |
6283 |
4 |
Баға индексі |
1,00 |
1,05 |
5 |
Өткізілген өнімнен түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
24392 |
22075 |
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
- Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен
23179 : 1,05 = 22075
Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:
23179 – 22075 = 1104 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынынң еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.
- Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткезілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпал, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстармалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кем есебінен жалпы табыс көлемінеің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
ДН = ДЖ — РК
Мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған табыс;
ДЖ – жалпы табыс;
РК – кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құныныа кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындардға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Бұдан былай біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы рөлін қарастырамыз және маржинальды табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қазметтен алынатын табыстың өзгеруіне әртүрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.
- Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынынң іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынынң өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие боады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдық, жабдықтау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әртүрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымы (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді – бұл шағын бизнестің бір артықшлығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қарыжлық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынынң іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс валютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.
Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымыдлық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизациясын назарға ала отырып бағаланса, екінішсіне басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффицентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.
Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдыық коэффиценті өткен жылы 0,80 ре құраса – (24392), ал есе беру жылында – 0,62 рет (23179) болды.
30512 37254
Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер өткен жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 80 тиын келтірсе, есеп беру жылында ол 18 тиынға кеміді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өткен жылмен салыстарғанда 6709 мың теңгеге (-0,18 ×37254) кеміді. Жалпы (авансталған) капиталдың орташа шамасының жыл бойы 1,22 есе (37254:30512) өсуі, өткен жылмен салыстырғанда өнім сату көлемін 5394 мың теңгеге (37554-30512) × 0,80= 6747×0,80= 5394) арттыруға мүмкіндік береді. Осы екі факторрдың жиынтық әсері бізге сатылған өнім көлеміндегі жалпы ауытқуды береді: — 1312 – 6706+5394.
Негізгі құралдардың айналымдылығы.
Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасын бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффицентнің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда, бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрседеі.
Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігн сипататйды.
Ол мына формула бойынша шығарылады:
KOC = ДN
CK
Мұндағы KOC меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
ДN өнімді сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
CK баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. керісінше, коэффициенттің төмендеігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында да бұл көрсеткіштің деңгей едәуір төмендеді. Егер меншікті капитал өткен жылы 0,92 рет айналса (23179), ал есе беру жылында 0,77 рет айналды (23179), 37254
30092
бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінң төмендегенін дәлелдейді.
Ағымдағы активтер (мобилдік қаражат) немесе айналым капиатылынң айналымыдлық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
KOTA = ДN
TaC
Мұндағы: KOTA — ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
TaC — ағымдағы активтердің орташа шамасы.
Ағымдағы активтердің (баланс активінің ІІ бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:
TАC= OH+OK
2
Мұндағы: TАC – ағымдағы активтердің орташа шамасы;
OH — OK – сәйкес жыл басындағы және аяғындағы активтер шамасы.
Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады. Сонда активтердің шамасы формуламен белгіленеді:
TАC = 2 + O2 + O3 + + O n-1 + 2
n – 1
Мұндағы: On – n айындағы активтер шамасы.
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэфициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зертетлген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өндіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.
Кәсіпорынынң ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылы |
Есеп беру жылы |
Ауытқуы |
1 |
Өнімді сатудан түскен табыс, мың теңге |
24392 |
23179 |
— 1213 |
2 |
Кезеңдегі ағымдағы активтердің орташа шамасы, мың теңге |
13551 |
17868 |
+ 4317 |
3 |
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті (1 қатар 2 қатар) |
1,80 |
1,30 |
— 0,50 |
4 |
Ағымдағы активтердің бір айналымының күнмен есептелген ұзақтығы (360:3) |
200 |
277 |
+ 77 |
5 |
Айналым қаражатын бекіту коэффициенті (2 қатар:1қатар) |
0,56 |
0,77 |
+ 0,21 |
Кестеден ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығының 1,8-ден 1,3 есеге дейін қысқарғаны көрінеді, нәтижесінде бір айналымның ұзақтығы 77 күнге артқан, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын куәландырады (талданып отырған кезеңде ағымдағы активтерге салынған қаражаттың толық циклден өтуі мен қайтадан ақша түріне келуі былтырғы жылға қарағанда 77 күнге – ұзақ болады). Осының салдарынан кәсіпорынға былтырғы жыл деңгейінде өндірістік-коммерциялық қызметін жалғасытру үшін қосымша қаражат жұмылдыру қажеттігі туындайды.
Материалдық айналым қаражатының айналымдлық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта солғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда туардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділіген кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында – сатудан түсккен табыс, ал бөлімінде – кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірісті қорлардың құнының орташа шамасы.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) қны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
КОЗ = SN
ЗС
Мұнда: КОЗ – материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;
SN — сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
ЗС — өндірістік қорлардың орташа құны.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.
Өндірістік пен өнімді өткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аоз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екіндігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігі-нің күрт азайғанын куәләндірады.
Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасын оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет.
Қазіргі уақытта материалдық қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорынның құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикаснды бірінші рет біздің кәсіпорындар шет елдерде кеңінен танымал және қолданылатын ЛИФО мен ФИФО сенімді материлды бағалау тәсілдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. ЛИФО әдісі ең соңғы сатып алынған материалды біірнші кезекте өндіріске шығынға шығаруды көздейді. Сонда баланстағы қалдықтың шамасы бірінші сатып алынған материалдың өзіндік құнынан туындап анықталады.
Керісінше ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдық қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған һнімнің өзіндік құнына олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шығарылады.
Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.
Біздің еліміззе орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау б олып келді. Кәсіпорын үшін оны пайдалаудың жағымсыз салдарын мыналарды жатқызуға болады. бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендететід (табыс пен одан төленетін салықты шамадан тыс көтереді), екініш жағынан материалдың қалдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады, демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.
Материалдар қорын соңғы сатып алу (ЛИФО) құны бойынша бағалау әдісін қолдану, салық салу тұрғысынан инфляция жағдайында өте тартымды болғанымен (сол сатылған өнімнің өзіндік құнын тым жоғарылататындықтан), материалдар қалдығы шамасының бұрмалануына, яғни азаюына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде бұл жағдайда да актвитердің айналымдылық көрсеткішінің анықтығы төмендейді.
Тауарлы-материалдық құныдылық қорларын бірінші сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілі қолдану, сатылған өнімнің өзіндік құны материалға деген ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталпы құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары құны бойынша қбағалауына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналып қаражатынң және бүтіндей ағымдағы активтердің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қаралған тәсілдерге қарағанда обективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынан есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджердің көзқарасынша әдістің бұл артықшылығы, снымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін).
Сонымен, тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың үш қаларлған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымыдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзінді кқұны негізнде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффиценті өткен жылы 1,73 рет, ал есеп беру жылында 1,18 рет құрады, оның 0,55 пункте төмендеуі ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті деңгейіне кері әсер етті.
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
KOr = ДN
r
Мұндағы: KOr – дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;
r — баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.
Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуне байланыты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдереді.
Біздің кәсіпорында өткен жылы дайын өнімнің айналымдылығының коэффициенті 2,27 рет (24392) ел есеп беру жылында – 20,7 рет (23179) құрады.
10756 11174
Сатып алушылардың төлем қабілеті жоқтығы мен өнімге деген сұраныстың төмендеуі себепті, кәсіпорында дайын өнім қоймасында тауар шамадан тыс жиналы қалды. Жыл аяғында жыл басына қарағанда дайын өнімнің қалдығы 1,9 рет (14538) көбейді. 7810
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
KOД13 = ДN
Д3
Мұндағы: KOД13 — дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д3 — дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс бойынша есептелсе, оның өсуі – несиеге сатудың азйғанын , ал төмендеуі – несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен шығарылады:
KOД/3 = 360 = Д3 ´ 360
KOД/3 ДN
Мұндағы: KOД/3 — дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі.
Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеу – оң, ал артуы – теріс бағаладанады.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:
KOД13 = ДN
Д3
Мұндағы: KOД13 — дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д3 — дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффиценті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегені көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі – кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі – несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.
Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:
KOД/3 = 360 = К3 ´ 360
KOД/3 ДN
Мұндағы: KOД/3 – кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемлерін қоспағанда) көрсетеді.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффиценті. Кәсіпорынның ырғақты қызмететуі үшін ақша қаражаты қозғалысыны ңжылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, мұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшанаың құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімдлігіні бағалау қажеттіг туындайды.
Мұндай талдаудың әртүрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барметрі кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінің көлемінің өсуі жағдайында, оның ағымдағы активтері құрамында ақша қаражатының үлесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай бідің кәсіпорынымызда орын алып отыр. Сонымен, егер ақша қаражатының ағымдағы активтердегі үлес салмағы жыл басында 10% құраса, жыл соңында оның мөлшері 6,5% болды, яғни 1,6 есе азайды, ал ағымдағы міндеттемелер 4643 мыңнан 9681 мың теңгеге дейін, яғни 2,1 есе өсті. Сондықтан ақша қаражаты мен жедел міндеттемелердң арақатынасын ай сайын талдау, кәсіпорындағы ақша қаражатының шамадан тыс көптігін жеткілікті түрде сипаттап береді.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
KOДС = ДСО
ДСС
Мұндағы KOДС — ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
ДСО – талдау кезіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДСС – ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойынша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:
ДСО1 + ДС2 + ДС3 + + ДСn
2 2
ДСС = n – 1
Мұндағы: ДСn — n айының басындағы қалдықтар;
n — кезеңдегі айлар саны.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 «Есептесу шотындағы барлық» шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшіліг өздерінің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, қызмткерлредің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында – сатудан түскен табыс, бөлімінде – кезеңдегі инвестицяланған каиталдың орташа шамасы:
КОИ.К = ДN
ДИ + КИ
Мұндағы: ДИ – және КИ – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициелер.
Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың, яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылыө коэффициентімен салыстарған абзал.
Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс, бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілегн формула бойынша есептеледі.
КОФ.К = ДN
ФК
Мұндағы: ФК – істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағанын көруге болады. Өзінің дамуын салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұл коэффициенттің алынған мағынасы кәсіпорынынң сатудан түскен табысына тікелей әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.
Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:
КОПЕР = ДN
Пер/К
Мұндағы: Пер/К – перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқса, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.
Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кездегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылыған көбейту арқылы есептеледі:
ИД/А = ДN ´ ДО
ФК S
Мұндағы: ДN — істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
ФК
ДО – негізгі қызметтің табыстылығы;
S
ДО — негізгі қызметтен түскен табыс;
ДN — өнімді сатудан түскен табыс.
Іскерлік белсенділік көрсеткішіне Т.Б.Крылова еңбек өнімділігін де кіргізуді ұсынады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл көрсеткіш қор қайтарымы секілді, шарушалық жүргізуші субъектінің қызметінің тиімділігін көбірек сипаттайды.
Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық, оларды талдау, кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдаумен қатар, кәсіпорынның базарлық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан-жақты талдап қорыту керек.
Бизнес-жоспарды жасағанда басшылықтың негізгі назары өндірістің тиімділігі көрсеткіштеріне аударылуы керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті авансталған немесе қолданылған ресурстармен салыстыра отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігіні бірқатар көрсеткіштеірн анықтауға болады. оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
- қорытындылаушы;
- техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі қор қайтарымдылығы, материалдар қайтарымдылығы, капитал салудың қайтарымдылығы жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінң көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б; энергия, жанар-жағар май, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызылады. Бұл елдің кәсіпорындарының қаржылық есебінде есептелген түрінде мынадай еңбек өнімділігі коэффициенттері келтіріледі:
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы = . Сату көлемі .
сату көлемі Қызметкерлердің жылдық орташа саны
Бір жұмыс істеушіні ұстау үшін = Еңбекке кеткен шығындар
кеткен шығындар Қызметкерлердің жылдық орташа саны
Бір жұмыс істеушіге негізгі = Негізгі қызметтен түскен пайда
қызметтен түскен пайда Қызметкерлердің жылдың орташа саны
Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшығы шаққандағы ортша өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
W = ДN = ДN х r = ДN x r
R x r r R
Мұндағы: ДN — өнім сатудан түскен табыс (ақша);
R — жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;
r — жұмысшылардың тізімдік орташа саны;
ДN — бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім;
r
r — жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы.
R
Формуладан, біз бөлшекті бір санға (r) көбейтіп және бөліп көбейткіштер алдық, одан бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз.
Осы себептердің бизенс-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз.
Осы себептердің бизнес-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілгеннің өзгеруіне әсерін 25-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйеніп қарастырайық.
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнімнің өзгеруіне әсер ететін себептерді талдауға арналған бастапқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
Жоспар бойынша |
Іс жүзінде |
Ауытқуы (+ , — ) |
1. |
Босатылған бағамен өн-імді сатудан түскен таб-ыс (ақша), мың тг. |
15022 |
14537 |
— 485 |
2. |
Жұмыс істеушілердің ті-зімдік орташа саны, адам |
546 |
538 |
— 8 |
3. |
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнім, теңге |
27513 |
27020 |
— 493 |
4. |
Жұмыс істеушілердің ті-зімдік орташа саны, адам |
355 |
345 |
— 10 |
5. |
Жұмыс істеушілер құра-мындағы жұмысшылар-дың үлес салмағы, |
65,02 |
64,13 |
— 0,89 |
6. |
Бір жұмысшыға шақ-қандағы орташа жылдық өндірілген өнім, тг. |
42 315 |
42 136 |
— 179 |
Олардың әсерін тізбектеп ауыстыру тәсілімен анықтауға болады, оның негізгі мәні есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштердің базистік шамасын осы көрсеткіштердің нақты шамасымен кезегімен алмастыру және жүргізілген ауыстырудың зерттеліп отырған қорытындылау көрсеткіші шамасының өзгеруіне әсерін өлшеуде болып табылады. Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастырған сайын есептеу формуласында ескерілген барлық математикалық амалдарды орындап, алынған нәтижеден алдыңғысын (аталған көрсеткішті ауыстырғанға дейінгі) алып тастайды. Нәтиже айырмасы осы жеке көрсеткіштің өзгеруінің қорытындылаушыға әсерінің ізделген шамасын көрсетеді, өйткені салыстырмалы кезегімен жүргізілген есептеулерде, басқа барлық жеке көрсеткіштер шамалары жағынан бірдей болып келеді.
Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастыру, ауыстыру деп аталады. ауыстыру саны есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштер санына тең, ал жүйемен есептеу бір санға артық болады, өйткені қорытынды көрсеткіштің өзгеруінің жалпы шамасын анықтау үшін барлық көрсеткіштері базистік шамада көрсетілген базистік есептеу жүргізіледі.
Біздің мысалымызда, бір жұмыс істеушіге жылдық орташа өндірілген өнім түріндегі қорытынды көрсеткішке жұмыс істеуші құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндірілген сияқты екі жеке көрсеткіш әсер етеді. Тізбекті ауыстыру тәсілін қолданып, олардың әсер ету көлемін анықтаймыз.
26-кесте
Рет нөмірі |
Өзара әсер ететін жеке көрсеткіштер |
Қорытынды көрсеткіші |
Алдағы есептеу ден ауыт қуы, теңге |
Ауытқуының себеп тері |
||
есептеудің |
ауыстырудың |
Жұмыс-шылар-дың үлес салмағы |
Жұмыс-шының еңбек өнімділігі |
Жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруі, теңге |
||
1. |
— |
Жоспар 0,6502 |
Жоспар 42315 |
Жоспар 27513 |
— |
— |
2. |
1 |
Нақты 0,6412 |
Жоспар 42315 |
Есептеу 27137 |
— 376 |
Жұмысшылар-мен қамтама-сыз етілмеуі |
3. |
2 |
Нақты 0,6412 |
Нақты 42136 |
Нақты 27020 |
— 117 |
Жұмысшының еңбек өнімді-лігінің төмен-деуі |
Жұмысшылардың үлес салмағы мен жұмысшының еңбек өнімділігінің өзгеруінің бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жыллдық өнім өндірудің жоспардағыдан ауытқуына әсерін есептеу
Кестеден көрінгендей, жұмысшыларды жеткіліксіз мөлшерде алғандықтан және бір жұмысшыға шаққан орташа жылдық өндірудің төмендеуі нәтижесінде еңбек өнімділігінң негізгі көрсеткіші 493 теңгеге төмендеді, ол баланстың ауытқуымен дәеледенеді:
[27020 – 27513 = (- 376) + (- 117) ] = — 493, соның ішінде сандық көрсеткіштерден (жұмыс істеушілер мен жұмысшылар санынан ) туындайтын құрылым көрсеткіштің үлесіне, қорытындылау көрсеткішінің жоспардағы шамасымен салыстырғанда 76,3% -ға төмендеуі тиеді.
Өз кезегінде, бір жұмысшының жылдық орташа өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге – уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін себептер жатады. Бұлайша бөлу тек шартты түрде қажет, өйткені жұмыс уақытын пайдалану негізінен еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға, ал сағаттық өнім өндіру — өнімнің еңбек сыйымдылығы деңгейін анықтайтын кәсіпорынның техникалық және жұмысшылардың мамандығы деңгейіне байланысты.
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
- бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
- жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
- бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Бұл жағдайда жұмыс күнініңорташа саны – негізгі сандық көрсеткіш, ал орташа жұмыс күнінің ұзақтығы әр жұмысшының жұмысқа шығуына байланысты болғандықтан – туынды көрсеткіш болып саналады.
Одан туындайтыны, тізбектеп ауыстыру тәсілін пайдаланғанда, көрсеткіштер шамасын алмастыру, олардың бір-біріне тәуелділігін назарға ала отырып жүргізіледі.
27- кестеде осы себептердің базистік шамасымен салыстырғанда бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің өзгеруіне әсерін есептеу келтірілген.
Кестеден, орташа сағаттық өнім өндірудің артуы нәтижесінде, жоспармен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі 2696 теңгеге өскенін көреміз. Алайда жұмыс уақытын ішкі және толық күндік жоғалтулар, жоспардағыға қарағанда оның шамасын 2875 теңгеге кемітті, бұл уақыт бірлігіндегі жұмысшының өнімділігінің оң әсерін жауып тастады.
Талдау есептеулері дұрыс жүргізілген, өйткені жеке көрсеткіштер шамасының өзгеру әсер етуден болған ауытқуларыдң алгебралық сомасы қорытындылау көрсеткішінің жоспарынан ауытқуына тең. Ауытқулар балансы:
42136 – 42315 = ( — 684) – (- 2191) – 2696 = — 179
Сонымен, еңбек өнімділігі деңгейін сипаттайтын негігі көрсеткіш бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташ аөнім өндіру болып табылады.
Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Жоспар |
Есеп беру |
Орындалуы, %-бен |
1. |
Жылына бір жұмыс істеушіге есептеген өнім өндіру, теңге |
27513 |
27020 |
98,2 |
2. |
Жылына бір жұмыс-шының өнім өндіруі, теңге |
42315 |
42136 |
99,6 |
3. |
Күніне бір жұмысшы-ның өнім өндіруі, теңге |
170,62 |
172,66 |
101,2 |
4. |
Сағатына бір жұмыс-шының өнім өндіруі, теңге |
22,45 |
23,98 |
106,8 |
Кестеде келтірілген өнім өндіру көрсеткіштерінен, бір жұмыс істеуші мен жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі бойынша жоспардың орындалмағаны көрініп тұр, бұл жұмыс істеушілердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағының төмендегенін дәлелдейді. Осылай, біздің кәсіпорынымызда оның шамасы 65,02%-дан 64,13%-ға дейін төмендеді.
Еңбек өнімділігін талдағанда, істегеніне қарай еңбекақы алатын жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындауы туралы мәселені айналып өтуге болмайды.
Еңбек ресурстарын, еңбек шығындарын азайта отырып тиімді пайдалану қажет, ең бірінші кезекте, қол және ауыр дене еңбегін қысқарту, еңбекті ұйымдастыру мен технологияны жақсарту, өндірістік процесті механикаландыру мен атоматтандыру деңгейін көтеру керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі – қор қайтарымы, ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Ол талдау кезеңінде өнім сатудан түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың жылдықорташа қнына қатынасымен формула бойынша анықталады:
f = DN
F
Мұндағы: f — қор қайтарымы;
F – негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны;
DN — өнім сатудан түскен табыс (ақша).
Қор қайтарымы кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы
1 — немесе F — ретінде есептеледі.
f DN
Қор сыйымдылығы көрсеткішінің бір артықшылығы, оның алымын құрамдас бөліктер, жеке цехтар мен қондырғылар тобы бойынша жіктеуге болады. бұл әрбір өндірістік учаскеде техниканы пайдаланудың, қорларды пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қор қайтарымын анықтағанда өнімнің көлемі құндық, заттай және шартты өлшемдермен есептелуі мүмкін.
Негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын заттай өнім көлемімен есептелген қор қайтарымы көрсеткіші дәл бейнелейд. Алайда, заттай және шартты заттай өнім көлемінің өлшемдерін тек бір ғана өнім түрін шығаратын кәсіпорындарда немесе оны бір салмаққа теңестіруге болатын болса қолдануға болады.
Талдау барысында, ең алдымен негізгі өндірістік қорлар мен қор қайтарымының белсенді бөлігінің құрылымының еңбек құралдарын пайдаланудың қортындылау көрсеткіші деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтау қажет. Негізгі өндірістік қорлар құрылмының қор қайтарымына әсері негізгі өндіріс қорларының әртүрлі категорияларының өндірістік процеске бірдей қатынасуына байланысты. Қор қайтарымы есептегенде, олардың белсенді бөлігі негізгі өндірістік қорлардан бөлінеді және өндіріс көлемінде тиімді пайдалануына байланысты ол еңбек құралдарына (жұмыс машинасы мен жабдықтар) тікелей әсер етеді. Қор қайтарымын талдаудың бұл екі факторлық моделі өте қарапайым болады. осы факторларда қор қайтарымының тәелділігі мына формуламен бейнеленеді:
f = Fa ´ DN
F Fa
Мұндағы: f – қор қайтарымы;
Fa – негізгі қорлардың белсенді бөлігі;
F – негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны;
Fa — өндірістік негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің
F үлес салмағы;
DN — негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымы.
Fa
Бұл факторлардың шамасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер 29-кестеде келтірілген.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымының және олардың белсенді бөлігінің өзгерунің қор қайтарымына әсерін анықтау үшін бастапқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылы |
Есеп беру жылы |
Ауытқуы (+ , — ) |
1. |
Босатылған бағамен өнім сатудан түскен табыс (ақша), мың тг. |
11890 |
14537 |
+2647 |
2. |
Негізгі өндірістік қорлардың жылдық-орташа құны, мың тг. Соның ішінде: Белсенді бөлігінің, мың тг. |
3054
910 |
5015
2388 |
+ 1961
+1478 |
3. |
Белсенді бөлігінің үлесі, % |
29,8 |
47,6 |
+17,8 |
4. |
Белсенді бөлігінің қайтарымы, тг. |
13,06 |
6,09 |
— 6,97 |
5. |
Қор қайтарымы, теңге |
3,98 |
2,90 |
— 0,99 |
Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының өзгеруінің және оның қайтарымы деңгейінеің еңбек құралдарын пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерінің мөлшерін тізбекті ауыстыру тәсілімен анықтауға болады.
Қор қайтарымының өзгеруіне себептердің әсерін есептеу
Рет № |
Бірігіп әсер ететін жеке көрсеткіштер |
Қорытынды көрсеткіші |
Алдыңғы есептен ауытқуы, теңге |
Ауытқу себебі |
||
Есептеудің |
Ауыстыру дың |
Белсенді бөлігінің үлесі |
Белсенді бөлігінің қайтарымы, теңге |
Қор қайтарымы, теңге |
|
|
1. |
— |
Базистік 0,298 |
Базистік 13,06 |
Базистік 3,89 |
— |
— |
2. |
1 |
Нақты 0,476 |
Базис 13,06 |
Есептеу 6,22 |
2,33 |
Негізгі қор-лардың бел-сенді бөлігі нің үлес салма ғының артуы |
3. |
2 |
Нақты 0,476 |
Нақты 6,04 |
Нақты 2,90 |
— 3,32 |
Негізгі қор-лардың бел-сенді бөлігінің қайтарымының төмендеуі |
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң ықпалын тигізді. Алайда негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қайтарым деңгейнің төмендеуі бірінші себептің әсерін басып тастады, ол қор қайтарымының өткен жылмен салыстырғанда 0,99 теңгеге азаюына әкеліп соқты, ауытқулар балансы осыны дәлелдейді:
2.90 – 3.89 = 2.33 – 3.32 = — 0,99
Арнайы әдебиетте қор қайтарымын талдағанда, оған экстенсивтік және интенсивтік факторлардың әсерін ашып көрсететін толық моделді пайдалану ұсыналады. Бұл моделдің формуласы мынадай:
f = Fa ´ DN ´ ТСМ ´ 1 ´ Т ´ N
F Fa Qg C TCM T
Мұндағы F – істеп тұрған машина мен жабдықтың құны;
ТСМ – істелген станок ауысым саны;
Qg — істеп тұрған жабдықтар саны;
Тч – істелген станок-сағат саны;
N – босатылғна баға бойынша шығарылған өнімі.
Бұл формула қор қайтарымының динамикасына мына себептердің әсерін анықтауға мүмкіндік береді: қордың жалпы құны ішіндегі белсенді бөлігінң үлесінің
FA — негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің құнындағы істеп тұрған машина
F мен жабдықтардың үлесін
Fg жабдық жұмысының ауысымдық
Fa
коэффициентін
TCM жабдық бірлігінің орташа құныны (с), станок ауысымның
Qg
ұзақтығын Т4 жабдықтың бір станок-сағатта өндірген өнімін N
ТСМ Tч
Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңзыды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол таура өнімі құнының жұмсалған материалдық ресерстар құныныа қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерінен алымында өнімді сатудан түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Осы қатынастар тнәтижесінде алынған бөлім жоғарыда қаралған материалдық ресурстардың айналымдылық көрсеткіші болады. Сондықтан оны қаталау артық болар. Осы жерде бір айта кететіні, басқару талдауын жүргізгенде материал қайтарымдылығы көрсеткішіне кері – ол өнімнің материал сыйымдылығына үлкен назар аударылатындығы, өндіріс тиімдлігін арттырдың маңызды бағыты болып табылады. Материал сыйымдылығы көрсеткішіне, жұмсалатын материал сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды. Талдағанда, ең алдымен оған құндылық себептерінің әсерін болдырмау қажет. Осы мақсатта материалдар мен өнім оның барлық талдау кезеңінде салыстыру бағасымен бағаланады. Одан кейін жеке себептердің әсері зерттеледі.
Материал сыйымдылығын талдау, материал құрамынан оның басты түрлерін бөлу (машина жасауда — металдың), жалпы материал шығынына оның жеке құрамдастарының – таза салмғының және қоспасының әсерін анықтау жолымен жіктеледі.
Материалдың орташа үлес шығыны бөлек саналады, өйткені жүргізілген ұйымдастыру-теникалық шаралары мен үнемдеу тәртібі, кооперацияға кірген кәсіпорындардың жартылай фабрикаты мен сатып алынған бұйымдарға кеткен шығындарына емес, материлдардың шығындалуына көбірек әсерін тигізеді.
Кейбір біртекті шикізатты пайдаланатын өндірісте қорытындылаушы нақты көрсеткіштер есептеледі, олар шикізатты пайдалы қолданғандығын сипаттайтын, осы шикізаттан шыққан өнім коэффициенті түрінде бейнеленеді (қант қызылшасынан қанттың шығуы мөлшері, қоспа жүн немесе мақтадан алынған жіп өнімі).
Әртүрлі шикізаттар ішінен алынатын осы өнімнің шығу көлеміне әдетте, тек лимиттік материал әсер етеді, сондықтанол бірінші кезектегі талдау нысаны болуы керек. Бір қатар жағдайларда шикізаттың бұл түрін жеткілікті мөлшерде ала алмаса, оны басқасымен ауыструға болады. материал сапасының өзгеруі өндіріс процесіне әртүрлі әсер ете береді. Егер материал сапасы өнім шығымын анықтаса, онда ол оның көлеміне де ықпал етеді. Мысалы, рудадағы металдың мөлшері одан шығатын металға, қант қызылшасының қанттылығы – қанттың шығымына әсер етеді.
Төменгі сапалы материал қосымша технологиялық процестерді қажет етеді, бұл өнім көлемін өзгертуі мүмкін, бірақ та оның өзгеруі құнының артуын әкеліп соғады. Мысалы, жиһаз фабрикасына түскен ылғал ағаш кептіру камерасына жіберілуі керек, бұл қосымша жанармай, көлік, еңбекақы шығынын қажет етеді. Алайда егер кептіру камерасының өткізу қабілеті жеткіліксіз болса, ол өндірісті шектейді, сонда төменгі сапалы материал, шығатын өнім көлемін де азайтады.
Сайып келгенде, материалдың сапасыздығы өнім көлеміне де, өзіндік құнына да әсер етпеуі мүмкін, ал оның сапасына сөзсіз ықпал жасайды (тігін, аяқ киім өндірісінде және басқа). Өңделген шикізаттың сапасызыдғын білген соң, оның себептерін зерттеу керек, сапалы материал алу үшін кәсіпорынның басшылығы бар мүмкіндікті пайдаланғандығын анықтап, осы себептердің өнім көлеміне, сапасы мен өндірістік құнына ықпалын жан-жақты талдау қажет.
Шикізат пен материалдарды пайдаланудың қорытындылау көрсеткіші қатарына, жұмсалған материал құнына қатынасы бойынша қалдықтар пайызы да жатады. Бұл көрсеткішті талдаған кезде жоспардан тыс қалдықтарды анықтау қажет (технология барысында пайда болған сығынды, кебек және басқаларын санамағанда), қалдықтың арту себебін, бұл құбылысты болдырмау үшін қандай шаралар жүргізілгенін тексеру керек.
Жоспардан тыс қалдықтың, өнім көлемінің азаюына әсерін өлшеу үшін бастапқы құны бойынша бағаланған осы қалдықтың шамасын, тауар өнімінің бір теңгесіне жұмсалатын жоспарлық шығынына бөлу керек. Қалдықтың құны:
а) шикізат бағасы бойынша – 55 мың теге;
б) мүмкін пайдалану бағасы бойынша – 11 мың теңге болды дейік.
Сонда 1 теңге тауар өніміне орташа жоспарлық үлесті материал шығыны 0,025 теңге құрайды.
Жоспарлық өзіндік құны бойынша нақты шыққан қалдықты оның мүмкін болатын пайдалану бағасымен есептегенде 12 мың теңге құрауы керек еді, ал іс жүзінде 14 мың теңге, яғни 2 мың теңгеге артық (14-12) болды. Шикізат бағасы бойынша бұл 10 мың теңгені құрайды.
Жоспардан тыс қалдықтар мүмкін болатын тауар өнімі көлемін 400 мың теңгеге (10000:0,25) қысқартты.
Өнеркәсіптің көптеген салаларында калькуляция парақтарында калькуляцияланған өнімді дайындауға кеткен материалдар, жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар туралы мәліметтер келтіріледі. Өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық дамуның жоспарының орындалуы, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету шаралары, кәсіпорынның өз немесе жабдықтаушылар кінәсінен өндірістің технологиялық процесінің бұзылуы сияқты себептердің, нақты өндіріліген өнімге жоспарлық норма бойынша шығындардың, шикізат пен материалдардың нақты шығынының ауытқуларына қалай әсер ететіндігн анықтау өте маңызды.
Өндіріске кеткен шығындарды дұрыс ұйымдастырылған нормативтік есептеу жағдайында, жоспрда қарастырылған және шикізат пен материалдың немесерецептураның (қымбат, тапшы материалдарды жартылай немесе толығымен алмастыру) жұмсалу мөлшерін азайтуға әсер ететін техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізу себептері бойынша ағымдағы шығындар нормасының өзгеру түрінде бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Белгіленген шығын нормасынан ауытқулар себептері бойынша ұғындырылады. Ол үшін мүмкін нормалардың өзгеру мен одан ауытқулардың себептерінің классификаторы құрастырылады, әрбір бөлінген себепке жеке код беріледі.
Машинограммаларда шикізат пен материалдың жеке түрлерінің нақты шығыны мен оның мөлшерден ауытқуы және өзгеру көрсетіледі, соның ішінде кодталған себептер бойынша да белгіленіп жазылып қойылады. Осы мәліметтерді даму қорытындысымен жинақтау, жоспарлы шараларды орындаудың барысын жинақы басқаруға және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды бақылауды іске асыруға мүмкндік береді.
Сөйтіп, біз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жан-жақты талдадық.
Оларды дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олрадың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндіріс тиімділгін арттыру резервтерін кеңірек ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар жасауға, оның қаржылық жағдайның жақсарып, бекуне мүмкіндік береді.
Қорытынды
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға бірден-бір қажетті ғылым болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы № 329-ІІ 27. 06. 2002 жылғы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі қоғамдары мен жалпы тәртібін, ішкі бағалау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Мен зерттеген кәсіпорынның ағымдағы активтерінің есебі де экономикалық мәселелердің басты қажеттілігі болып табылады.
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымын терңінен ұғынуды, мен осы кәсіпорынның есеп саясатымен танысудан бастағам. Әрі қарайғы зерттеуде бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттары да өз септігін тигізбей қоймады. Жалпы алғанда, кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары, дебиторлық борыштары мен ақша қаражаттарының жағдайының оңды болуы лезде өтелуі тиіс. Міндеттемелерді жабу үшін қолайлы болып келеді.
Дегенмен, жоғарыда аталған ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымының өзгерісіне, оның есебінің қолайлы жүзезеге асырылуына ерекше бөлуді олардың аудитін жүргізу арқылы іске асыруға болады. өйткені ағымдағы активтер арқылы жүргізілетін операциялардың дұрыстығы мен әділеттілігіне жүз пайыздық деңгейіндегі сенімділіктің болуы екі талай. Әрбір кәсіпорын жыл сайын өзінің қызметін, бухгалтерлік есеп жүйесін аудиттен өткізіп отыруы тиіс. Бұл оның өзінің нақты жағдайын, әсіресе қаржылық жағдайын объективті түрде көруге мүмкіндік береді. Мен зерттеген кәсіпорынның ағымдағы жүзеге асырылатын операциялардың рәсімделетін құжаттардың еш бұрмалауға ұшырамағаны байқалады. Ағымдағы активтерге жүргізілген функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен үрдістерді сатылай және цикл арқылы қалыптастыру бойынша іске асты.
Қазіргі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үрдісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстарының жағдайын көрсетеді. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана кәсіпорынның қызметін объективті бағалап, оның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Мен кәсіпорынның ағымдағы активтерін оның құрамы мен құрылымының динамикасын талдау, кәсіпорынның табыстылығын, қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау арқылы зерттедім.
Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорынның жекелеген мүліктерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге ммүкіндік беертіні аңғартты. өйткені активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау олардың рационалды түрде таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылық жүргізуші кәсіпорынның өзге де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің бірі жалпы табыс болып табылады. Меніңше, шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табысты өсіру үшін материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету керек.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі оның қаражат айналымының жылдамдығынан көрінеді. Іскерлік белсенділікті таладу кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретінін таладу барысында байқадым.
Қызметті жүзеге асырмас бұрын басшылықтың басты назары өндірістің тиімділігі көрсеткіштеріне аударылуы керек. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін таладу өнім динамикасы мен ресурстар динамикасының арақатынасы арқылы экономикалық өсуді анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, мен нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын, кәсіпорынның табыстылығы мен қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдап, кәсіпорынның оңды қаржылық жағдайы туралы ақпарат алдым. Сонымен қатар — кәсіпорынның ағымдағы активтерінің аудиттен өтуі олардың еш бұрмалауға түспегенін аңғартты.
Қорыта келгенде, зерттелген кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүйесі, жыл сайынғы жүргізіп отыратын аудиті ұйымдасқан күйде белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағдайы жақсы тенденцияға жетелейтіні талдау барысында байқалды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Құдайбергенов Н.А., Әжібаева З.Н., Кеулімжаев К.К. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, Экономик’с 2003ж.
- Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы, Экономика 2005 ж.
- Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы, Экономика 2001ж.
- Радостовец В.В., «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы, 1999ж.
- Русак Н.А. «Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности и промышленности». Под общ. ред. В.И.Стражева – Минск: Вышэйшая школа, 1995.
- Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
- Артеменко В.Г., Блендир М.В. Финансовый анализ: учебное пособие. – издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
- Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник /И.А.Богдановская, Г.Г.Виноградов, О.Ф.Моргун и др.: Под.общ. ред. В.И.Стражева. – Минск: Высшая школа, 1995./
- Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). – Алматы: Издательский дом «БИКО», 1997.
- Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Негашев Е.В. методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қарашадағы «Қазақстан Республикасы аудит» туралы заңы (2001ж. Енгізілген толықтырулар)
- «Қазақстан -2030» Стратегиялық бағдарлама, Алматы, 1997-2002ж.
- Бухгалтерлік есеп стандарттары мен ұсыныстар,Алматы,1998ж.
- Әбдіманапов. «бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы,1995ж.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003ж. 24 қаңтардағы №91 қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 11 қаңтардағы №41 қаулысы.
- «Оптика» АҚ есеп саясаты.
- Стандарты по аудиту РК, Алматы,1995ж.
- Радостовец В.К. ,Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятии», Изд. «Центраудит – Казахстан», Алматы, 1998ж.
- Ажибаева З.Н., Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1999ж.
- Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета», Москва, «Аудит»,1999ж.
- Тулегенов Е.Т., Бралиевв Н.Б., Стороженко Л.А., Матвеева И.А. «Бухгалтерские информационные системы» , Алматы, Экономика, 1999г.
- Дюсембаев К.Ш. «Теория аудита», Алматы, 1995г.
- Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия», Алматы, 1998г.
- Тасмаганбетов Т.А., Тлеужанова М.А., Омаров А.Ш., Мурзагалиев Ж.Н., Юсупова Н.П. «Анализ и аудит в системе управления предпринимательской деятельностью», Алматы, 1999г.
- Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» , 2002ж.
- Радостовец В.К. ,Родостовец В.В. «Финансовый и управленческий учет», Алматы, 2003г.
- «Бюллетень бухгалтера» № 24,26,31,41. 2004-2005г.
- Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Экономика, Алматы, 2005ж.
- Ажибаева З.Н. «Аудит», Экономика, Алматы, 2004ж.
- Назарова В.Л., «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Экономика, Алматы, 2003г.
- Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н, Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп». Экономика, Алматы, 2001 г.
- Абдыманапов А., «Концептуальные основы и принципы бухгалтерского учета» Алматы, 2003