МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ |
|
І |
КӘСІПОРЫН-ЖОСПАРЛАНАТЫН НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БІРІ |
|
1.1. |
Жоспар нысаны және оның түрлері |
|
1.2. |
Жоспарлаудың негізгі обьектілері |
|
1.3. |
Жоспарлаудың түрін таңдауға әсер ететін факторлар және жоспарды ұйымдастыру |
|
ІІ |
КӘСІПОРЫН ҚАРАЖАТЫН ЖОСПАРЛАУ |
|
2.1. |
Кәсіпорын қаражатын жоспарлаудың мақсаты және міндеттері |
|
2.2. |
Қаражат жоспарының құрылымы |
|
2.3. |
Кәсіпорынның қаражат жоспарын әзірлеу әдістемесі |
|
2.3.1 |
Табыс пен қаражаттың түсуін жоспарлау |
|
2.3.2 |
Шығын және аударым жарнасын жоспарлау |
|
2.3.3 |
Кәсіпорынның қаражат жоспарын тексеру |
|
2.3.4 |
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау |
|
ІІІ |
Кәсiпорынның қаржылық стратегияСЫН қалыптастыру |
|
3.1. |
Кәсiпорындардың қаржылық белсендiлiгiн арттыру жолдары мен олардың iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары |
|
3.2. |
Кәсiпорынның қаржылық портфелiн қалыптастыру және Ұтымды басқаруда қаржылық стратегиялар құралдарын жасау |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
|
КІРІСПЕ
Кәсіпорын экономикадағы ең негізгі буын болып табылады. Егер кәсіпорындар тиімді жұмыс істесе, олардың өзара қатынастары орында және тиімді болса, соғұрлым жалпы экономика тиімді болуына мүмкіндік мол болады. Сондықтан кәсіпорынды басқару, жұмысын ұйымдастыру ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сыртқы ортаның өзгерісінің жылдамдығына байланысты, тек қана ішкі және ағынды мәселеге ғана көңіл аудару арқылы кәсіпорынның қызыметін тиімді ету мүмкін емес. Сыртқы ортадағы, жеткізушілер мен сатып алушылардағы өзгерістер, бәсекеліктің өсуі, ғылым мен техникадағы өзгерістер жағдайына болашақтағы кәсіпорынның жағдайын анықтау барған сайын қиынға айналып барады.
Сондықтан, алда жасалынатын жұмыстардың жоспарын жасау қажеттігі күннен — күнге артып келеді. Ол жоспардың сапасы, құны және жоспар жасауға кететін уақыттың шамасы кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының арқасында күнделікті есеп — қисаптарды компьютерлер арқылы дәл жылдам жасау мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі заманда мамандардан жағдайды талдап, болашақты көргендік пен болжамай білуді талап етеді. Осы талаптан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселені қамтиды.
Жоспарлау кәсіпорынды басқарудағы ең маңызды буын болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсаты жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуін зерттеу. Төменде, әр тарауда кішігірім кіріспеде, жоспарлаудың мәні мен маңызы тағыда нақтылап айтылады.
Бұл жұмыстың барысында мынадай мәселелерді қарастырғым келеді:
— жоспардың түрлері, оның бір-бірінен айырмашылығын;
— әр жоспардың алдында қойған мақсаттары мен атқаратын қызметін;
— жоспарды жасауға қажетті материалдар, ол материалдарды жинау, сақтау және талдау тәсілдері, сонымен қатар олардың құнын;
— әр жоспарды құру күнделігіне, жоспар жасалған мерзімнің ұқасатығының әсерін;
— жоспардың кәсіпорынның қызметі мен өндіретін өніміне байланысты күрделілігін;
— жоспарлау барысында қолданылатын тәсілдер мен әдіснамалардың түрлерін;
— жоспарлау ісінде статистикалық мәліметтердің атқаратын орнын;
— жоспарлау ісіне мәліметтің құрамы мен құрылымының әсерін;
— жоспардың сапасын;
— жоспарға ағымды өзгерісер енгізу мүмкіндігі және оның өнеркәсіп қызметінің нәтижесіне әсерін;
— қаражат жоспарының басқа жоспарлармен байланысы мен өзара әсерлерлесін;
— жоспарлау ісінде мамандардың атқаратын орнын.
Адам баласы қандайда бір істі бастамас бұрын: қай іспен айналысу керек, қашанға, қалай және ол үшін қандай қаражатты пайдаланатынын тиянақты ойластырып алады. Сондықтан, кез-келген қызметте алдымен мақсатты және оған жету жолын белгілеп алу керек.
Алдына мақсат қою үшін көргендік, болжам, жоспар керек. Сонымен жоспар мақсатын анықтауға және оны орындауға қажетті құралдың бірі болып саналады.
Жоспарлау процесі төрт этаптан құралады:
- жалпы мақсатты анықтау;
- жалпы мақсатты кезеңдерге бөліп, әр кезеңнің өз мақсатын нақты, дәлірек анықтау;
- мақсатқа жетудің жолдары мен қажетті қаражаттың мөлшерін анықтау;
- нақты көрсеткіштерді жоспармен салыстыру арқылы мақсатқа жету барысын қадағалау.
Кәсіпорында жоспарлау жүйесін жасау белгілі бір мөлшерде шығынды қажет етеді. Бірақ өндірісті тиімді ұйымдастыру барысында түсетін түсім бұл шығынды анықтайды. Сондықтан ішкі жоспарлаудың өндірістік емес шығын деп қарау дұрыс деп айтуға болмайды. Бұл жағынан қарағанда , өндірістік емес еңбекке жата тұра жоспарлау еңбек өнімділігін арттыруға себепкер болады . Өндірістік емес еңбек деп қарастыратын кәсіпорындар оған қажетті шығынды азайтуға тырысады.
Қазiргi кезде көпшiлiк кәсiпорындар дамудың болашақтағы бағыттары мен түрлерiн ғылыми әдiстемелiк негiздеу, кәсiпорынды дамыту мақсаты мен сыртқы, қаржылық ортаға ыңғайлану арқылы қаржылық iс-әрекеттi саналы басқару қажеттiлiгiн мойындауда. Елдегi макроэкономикалық көрсеткiштерде, нарықты мемлекеттiк реттеу жүйесiнде, қаржылық нарық конъюнктурасында елеулi өзгерiстер орын алғанда және соған байланысты белгiсiздiктер пайда болғанда қаржылық стратегия кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiн келешекте басқарудың маңызды құралы болып табылады. Қаржылық стратегия кәсiпорынның жалпы даму мiндеттерi мен қаржылық идеялогиялары және оған қол жеткiзудiң бiршама ұтымды жолдарын таңдау арқылы анықталатын қаржылық iс-өрекеттiң ұзақ мерзiмдi мақсаттар жүйесiн қамтиды.
Отандық және шетелдiк компаниялар бәсекелестiгi жағдайында iшкi және сыртқы қаржылық орта факторларының мүмкiн өзгерiстерiне ыңғайластырылған қаржылық стратегия құрмай кәсiпорын құру және дамыту қиынға соғады. Мұндай жағдайда кәсiпорынның жеке құрылымдық бөлiмшелерiнiң қаржылық шешiмдерi әртүрлі сипат алып қарама-қайшылықтар туындайды және қаржылық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн төмендетедi.
Жаңа коммерциялық мүмкiндiктерге байланысты кәсiпорынның шаруашылық iс-әрекетiнiң түбегейлi өзгеруi қаржылық стратегияны жасаудың алғышарты болып табылады. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру өндiрiстiк ассортименттердi өзгертудi, жаңа өндiрiстiк технологияларды енгiзудi, өнiмдi өткiзудiң жаңа нарықтарын игерудi және т. б. талап етедi. Мұндай жағдайда кәсiпорынның қаржылық белсендiлiгiнiң едәуiр артуы және оның қаржылық iс-әрекет аясын кеңейту нақты қаржылық стратегияларын жасауды қамтамасыз ететiн болжамды сипатта болады.
Қазiргi отандық экономикалық зерттеулерде макроэкономикалық қаржылық саясатқа қарағанда кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетi, iшкi және сыртқы нарықтарда ұтымды қаржылық стратегияларды жасау мәселелерi өте аз зерттелген. Айтылған мәселенiң теориялық және қолданбалы жақтарының аз зерттелгендiгi осы дипломдық-ғылыми жұмыстың маңыздылығына негiз болды.
Кәсіпорынды қайта құру өте қиын жағдайда, яғни сырттан келетін шикізат, қуат өндіргіштер, айналым қорының жетіспеушілігі және бюджеттік қаражаттың шектеулілігі өндіріс сферасын ынталандыруға толық мүмкіндік бермейді. Тәжірибеден белгілі, нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарда жоспарлауды ұйымдастыру мәселесі нашар жолға қойылған. Сондықтан, шаруашылықты тиімді жүргізу шараларын кәсіпорын деңгейінде қарастыру қажет. Мұндай мәселені жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорында стратегиялық жоспарлау жақсы жолға қойылған болуы керек. Нарықты экономикаға сай өндірісті басқару және ұйымдастыру тетігін дұрыс жолға қойылған жоспарлаусыз жасау барлық жағдайда жақсы нәтиже бере бермейді.
- КӘСІПОРЫН — ЖОСПАРЛАНАТЫН НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БІРІ
1.1. Жоспар нысаны және оның түрлері
Жалпы жағдайда жоспарлануды болашақта не жасау керек екендігі туралы шешім қабылдау деп қарастыруға болады. Жоспарлаудың нәтижесі болып басшы органдардың не, қашан, қайда және қалай жасалу керек екендігі туралы шешімдері табылады. Жоспарлау барысында әртүрлі нұсқаулар қарастырылып, соның ішінен тиімдісі таңдалады. Басшының шешімі төменгі бөлімшелерге тартылып , оларға өз жоспарын құруға негіз болады. Жоспар дегеніміз — алда күтіп тұрған жағдайды ескере отырып жасалған мақсат, оны іске асыру жолдары және кәсіпорын қызметкерлерінің іс әрекеттері туралы шешім дайындау, оның әртүрлі нұсқауларын қарастырып, салыстыру нәтижесінде тиімдісін таңдау.
Жоспарлы шешім қабылдау әр қашан ресурстарды пайдаланумен байланысты. Қысқаша айтқанда жоспар кәсіпорынның ресурсын пайдаланудың бір нұсқасы болып табылады. Сондықтан, кәсіпорынның ресурсы жоспарлауды қажет етеді.
Ресурсты жоспарлаудың мақсаты — оны пайдалануды оңтайландыру болып табылады.
Ресурстарды жоспарлау оның шығынның мөлшерін, бағытын және пайдалану мерзімін, пайдалану тәртібін, өзара ауыстырылымдығын қарастырады.
Ресурсты жіктеу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан жиі кездесетін талаптарды атап өтейік:
Еңбек ресурстары. Еңбек ресурстары деп — еліміздің еңбекке қабілетті, денсаулығы мен білімі бар тұрғындарын айтамыз. Еңбек ресурстары сан және сапа жағынан бағаланады. Сан жағынан бағалау, еңбек ресурстарының санының көрсеткіштерімен сипатталады. Еңбек қабілеті бар тұрғындар екі группаға бөлінеді: экономика жағынан белсенді және белсенсіз.
Экономика жағынан белсенділерге мыналар жатады: халық шаруашылығына еңбек етіп жатқандар, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген жұмыскерлер: балалы әйелдер; әскери қызметкерлер; жәрдем ақы алатын жұмыссыздар.
Экономика жағынан белсенсіздерге мыналар жатады: еңбек ету жасындағы оқушылар; еңбек ету жасындағы мүгедектер; бас бостандығынан айырылған адамдар; уақытша жұмыссыздар.
Экономикалық белсенді және белсенсіздердің ара салмағы кейбір мемлекеттік — экономикалық, саяси және демографиялық факторларға байланысты.
Еңбек ресурсының құрамының сапсы мыналар арқылы сипатталады: денсаулық дәрежесі; білім және біліктілік дәрежесі; жұмыскерлердің жыныстық жас шама құрамы; жұмыскерлердің мұқтаждары.
Кәсіпорын еңбек ресурсы дегеніміз — оның мамандары. Шет ел мамандары кәсіпорынның құрамын мүлік және адам капиталы түрінде қарастырады, оның ішінде бастысы болып адам есептеледі. Еңбек ресурсының кәсіпорында алатын орны мына факторлар арқылы анықталады:
— қазіргі замандағы өндіріс ғылымды және үлкен қаржыны қажет ететіндігіне байланысты, мамандарға қойылатын талаптар да өсті;
— бәсекенің өсуіне байланысты, өнімнің сапасы және оның ғылыми- техникалық дәрежесіне баса назар аударыла бастайды,
оның деңгейі кәсіпорынның мамандарына байланысты;
— жаңа технологиялар енгізудің қажеттілігі еңбекке шығармашылықпен қарауға және жоғары дәрежедегі маман болуды қажет етеді;
— еңбектің ұжымдық түрі ұлғайып келеді, сондықтан бірге қимыл жасау, ынтымақтастық, қарама — қайшылық тәрізді мәселелер пайда болады;
— қызметкерлердің еңбегі, мемлекеттік кәсіпорындардың өзінде де кәсіпкерлік мағына болып отыр.
Жоғарыда айтылған факторлар, еңбек ресурсын жоспарлауда қызметкердің жекелеген қасиетін, әрбіреуінің жеке мүдделігі мен еңбекке деген шығармашылық қатынасын есепке алуды қажет етеді.
Мамандарды өндірістің тиімділігін көрсететін әлеумет ретінде мынандай аспектілер қарастырылады:
— мамандарды таңдау, орналастыру және оны дәрежесін көрсету жөнінде орынды жоспарлаған саясат;
— дайындау, қайта дайындау және мамандық деңгейін көрсету;
— кәсіпорынның мамандар құрамының тұрақтылығын және икемділігін қамтамасыз ету;
— қызметкерлерді моральді және материалды ынталандыру;
Мамандардың құрамы кәсіпорын өндірісінің құрамымен анықталады. Барлық жұмыскерлер екі категорияға бөлінеді: өндірістк және өндірістік емес деп.
Атқаратын міндетіне байланысты жұмысшы және қызметші болып бөлінеді.
Кәсіпорынның мүлкіне қатысы бойынша меншік иесі және жалданушы жұмыскерлер болып бөлінеді.
Кәсіпорындарда еңбек ресурсын жоспарлауда мынадай көрсеткіштер қарастырылады:
— жұмысшы мамандардың саны мен құрамы;
— еңбек өнімділігі;
— еңбек ақы;
— жұмыс күшінің қажеттілігі және маман дайындау мәселесі;
— қол еңбегінің мөлшерін азайту ;
— мамандар резерві ;
— жұмыс уақытының нормасы, өндірім, өндіріс программасының еңбек сиымдылығы, өндіріс циклының ұзақтығы және т.б.
Өндірістік қор. Кәсіпорын жұмысшылары еңбек құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер ету арқылы дайын өнім шығарады. Ақшалай түрде бағаланған еңбек құралдары кәсіпорынның өндіріс қорын құрайды. Өндіріс процесіндегі атқаратын қызметіне, оның бағасының дайын өнімге ауысу тәсіліне, еңбек құралы және еңбек затын қайта өндіруде атқаратын роліне байланысты негізгі және айналымды қор болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндірістік қор — өндірістік қордың өндіріске ұзақ мерзімде қатысып, өзінің алғашқы түрін сақтай отырып, бағасын дайындаған өнімде пайдалануға байланысты, белгілі бір мөлшерде беріліп отыратын өндірістік қордың бөлігі. Оларды күрделі қаржы жұмсаламы арқылы толақтырылады.
Негізгі өндірістік қор кәсіпорынның материалды- техникалық негізін құрайды, сондықтан жоспарлаудың ең негізгі объектісі болып табылады. Оның мөлшері кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбек құралдарының техникалық деңгейін көрсетеді. Нақты экономика жағдайда негізгі қор экономикалық өсуді, өндірісті сәйкестендіруді, сапаны жақсартуды, ғылыми–техникалық деңгейін және өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ететін басты фактор деп саналады. Өнеркәсіпте негізгі өндірістік қор әртүрлі мақсаттарға пайдаланатын, көптеген әртүрлі еңбек құралдарын қамтиды.
Негізгі өндіріс қорын жоспарлаудың мақсаты — кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына жетуді қамтамасыз ететін негізгі қордың құрамын және құрылысының тиімді мөлшерін табу және белсенді элементтердің қызметін дұрыс ұйымдастыру.
Негізгі қорды жоспарлау барысында мынадай көрсеткіштер қарастырамыз:
— негізгі қорды қарқынды және интенсивті пайдалану;
— еңбектік қормен жарақтандырылуы, қор қайтарымы, өнімнің іс қор сиымдылығы;
— күрделі құрылыс бойынша шаралар және негізгі қорды жаңғырту;
— машина паркінің мөлшері мен құрылымы;
— кәсіпорынның өндірістік қуаты және оның бөлімшелері:
— жаңа өндірістік қуаттар мен негізгі қорды іске қосу;
— құрал жабдықтардың жұмыс істеу кестесі және т.б.
Негізгі қордан заңда көрсетілген тәртіп бойынша бюджетке төлем төленеді. Төлемді есептеу нысаны кесте 1 — де келтірілген.
Өндіріс процесінде негізгі қормен қатар кәсіпорынның айналым қоры болу керек. Айналым қоры- өндірістік қордың әрбір өндіріс циклы кезінде түгел пайдаланылатын бөлігі және оның құны дайын өнім құнына толық ауысады. Бұл қордың мөлшері, өнім өндіру қаншаға, өссе сондай пропорцияда өседі. Ғылыми-техниканың жаңалықтарын пайдалану арқылы, өнімді өндіруге кететін шығынды азайтуға болады. Айналым қоры 4 бөліктен тұрады, олар:
- өндірістік босалқы қор;
- аяқталмай қалған өндіріс;
- жартылай дайын меншікті өнім;
- болашақтағы шығын.
Кесте 1. – Төлемді есептеу нысаны
№ |
Көрсеткіштер |
Жылдық жоспар 2006 ж |
1 |
Өндірістік және өндірістік емес негізгі қордың жоспарлы кезеңнің басындағы құны |
539928 |
2 |
Салықтан босатылған, жеңілдік берілген негізгі қорлар: |
|
|
Барлығы: |
97285 |
Оның ішінде : |
|
|
Қысқа мерзімге аренда берілген негізгі қор |
15387 |
|
3 |
Салық төленген негізгі қордың құны (1 жол-2 жол) |
442643 |
4 |
Негізгі қордың тозуы (орташа 45 %) |
199290 |
5 |
Негізгі қордың салық салынатын бөлігінің құны (3 жол-4 жол) |
243353 |
6 |
Салық мөлшерлемесі (4%) |
0,04 |
7 |
Салық мөлшері (5 жол *6 жол) |
9734 |
Айналым қоры өнімді өткізу мен шикізат сатып алуы үздіксіз процеске айналдыруға қажетті элемент. Оларға мыналар жатады: дайын өнімнің қоры, ақшалай қор,шикізат сатып алуға, материал, отын, энергия, еңбек ақы төлеуге арналған қор. Айналым қоры дайын өнімді тұтынушыға айналу ортасы арқылы өткізуді қамтамасыз етеді. Айналым қоры және айналыс қоры аталамдар мен қатар айналым қаражаты деген аталымды қолданамыз: ол айналым қоры мен айналыс қорының ақшалай сипатталғандағы түрі. Айналым қаражаты жоспарлау объектісіне жатады.
Айналым қоры мен айналыс қорының жоспарлау көрсеткіштеріне мыналар жатады:
— шикізаттың аталымдары мен мөлшері, материалдардың, отындардың, жартылай дайын өнімдердің, бөлшектер, негізгі қорды жөндеуге қажетті босалқы заттар;
— аяқталмаған өнім қоры , меншікті аяқталмаған өнім, бөлшектері;
— өнімді және оның бөлшектерін дайындау үшін кететін тауарлы- материалды құндылықтардың шығынының нормасы;
— материалды ресурстарды пайдаланудың тиімділігі;
— сапа көрсеткіші сенімділігі, бәсекелестігі өнімнің, шыдамдылығы.
Инвестиция. Инвестиция құрамына қаржы және материалды ресурстарға қоса мүлікті және интелектуалды құндылықтардың кәсіпкерлік және де басқа іс- қимылға пайда табу мақсатында қосуға болатын барлық түрі кіреді.
Маңыздылығына байланысты жоспарлауға инвестицияның үш түрін жатқызуға болады:
— нақты- материалды өндіріске ұзақ мезімді қаржыландыру;
— қаржылық –құнды қағаз және мүліктік құқық салып алу;
— интелектуалды, мамандарға, лицензия, «ноу-хау», ғылыми зерттеулерді қаржыландыру.
Инвестициялық қызметті жоспарлау объектісі ретінде жаңадан құрылған және жаңғыртылған негізгі қор, айналымды қор, құнды қағаздар, ақыл-ой құндылығы, ғылыми-техникалық өнім қарастырылады. Мысалы инвестициялық объекті ретінде жерді қарастыруға болады.
Кәсіпорынның стратегиясының бір элементі болып «протфельдік» стратегия табылады. «Протфельдік» стратегия мыналарды қарастырады:
— кәсіпорын немесе оның акцияларын сатып алу;
— бірлескен кәсіпорын құру;
— тиімсіз және болашағы жоқ өндірістік саладан бірте-бірте шығып кету;
— кәсіпорынды, оның кейбір бөлімшелерін немесе акцияларын сату;
— бос ресурстарды, капитал түрінде орналастыру.
Кәсіпкерлік дарын. Кәсіпкерлік дарын ресурс ретінде қабылдау, барлық жағдайда дұрыс деп атауға болмайды. Ол өндірістік қызмет пен коммерциялық қызметі оңтайлы пайдалану, жаңалықтарды пайдалану, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және қызметкерлердің жекелеген қасиетіне байланысты. Кәсіпкерлік табиғаттың берген дарыны. Кәсіпкерлік дарынды тәрбиелеу оңай шаруа емес . Бұл арада адамның ойлау қаблеті, оның қимылының себептері, эмоциясы, шешім қабылдауға және оны іске асырудағы шыдамдылығы негізгі мәселе болып табылады. Жоспарлы шешімдерді қалай болса адамдар қабылдайды, сондықтан қаншама маңызды болғанымен техникалық құралдар тек көмекші ғана болып табылады.
1.2 Жоспарлаудың негізгі обьектілері
Нарықты экономика жоспарлаудың барлық элементтерін қайта қарастыруға мәжбүр етті. Кеңес үкіметі кезінде халық шаруашылығының жоспары болатын. Жоспарлау экономиканы басқару жүйесі экономиканың дамуына байланысты түрін өзгертеді. Біздің елімізде экономиканы басқару мынандай жағдайларда қалыптасқан болатын:
— мемелекеттік кәсіпорындардың басымдылығы, ол дегеніміз мемлекеттік меншік басым деген сөз;
— кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланысы қатал белгіленеді;
— шаруашылық субъектісінің өндірістік — шаруашылық дербестігі шектеулі болады;
— өндірісті шоғырландыру , өндірістің мақсаты шаруашылықты есеп тиімділігі емес, халық шаруашылығы тиімділігіне бағытталады;
— біртұтас халық шаруашылығы кешенінің тұйықтығы.
Мұндай жағдайда халық шаруашылғын жоспарлаудың мынадай принциптері негізге алынады:
— біртұтас халық шаруашылығы кшенін басқарудың бір ортаға шоғырландыру;
— жоспарлау басқарудың басқа қызметтерінен жоғары бағаланады, атап айтқанда жоспар қалай орындалу керек болды;
— мемлекет тұрғысынан қатал бақылау;
— жоспар шешімдері басшылық нұсқау болып табылады;
Халық шаруашылығы жоспарының негізгі мақсаттары:
— қоғамдық өндіріс дамуының үдемелері үйлесімділікті қамтамасыз ету, тұрақты үйлесімді өсу және халық шаруашылық кешендерін оңтайлы орналастыру;
— экономиканың барлық бөлімдерін аз шығын жасай отырып халық шаруашылығының жоғары нәтижесіне жетуге бағыттау;
— қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың жан-жақты үдемелі формаларын пайдалануды дамыту;
— ғылыми-техкалық жаңалықтарды жылдам ендіру;
— өндірістік қор, материалдар және еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануды жақсарту, табыстың тиімділігін өсіру.
Экономикалық даму тарихы жоспарлау — басқарудың ең бір маңызды құралдарының бірі екенін дәлелдейді. Жоспарлау тиімді болады, егер мына жағдайда қолданылса: біріншіден, экономикалық даму барысының нақты шарттарын есепке ала отырып жасалынса; екіншіден, басқарудың басқа да тәсілдерімен есептеп жасалынса.
1 ) Жоспарлы шешімнің міндеттілігі тұрғысынан қарастырсақ бағыттама (басшы) және ниет жоспары деп бөлуімізге болады.
Бағыттама (басшы) жоспарлау міндетті түрде орындалуы қажет шешімдер дайындау процессі деп қарастырамыз . Кеңестік халық шаруашылық жоспар белгілі бір адреске бағытталған болады және тым бөлшектеп жатуды қажет етпейді. Мысалы: қоршаған ортаны қорғау ; қорғаныс; әлеуметтік саясат; экономиканың құрылымын қайта құру. Жоспарлау мамандары бағыттама жоспары нарықты экономикаға қайшы емес екенін көрсетеді.
Ниетті жоспарлау басшылық жоспарлауға керісінше, орындауға міндетті емес жоспар. Ниет жоспарының құрамында міндетті тапсырмалардың болуы мүмкін, бірақ оның саны шектеулі. Жалпы алғанда, ол бағыттаушы, ұсыныс ретінде қолданылады.
Ниет жоспарының тапсырмалары индикатор деп саналады. Индикатор-әлеуметтік — экономикалық саясатты қалыптастыру барысында мемлекеттік басқару мекемелерінің таңдап алған экономиканың даму жағдайын және бағытын сипаттайтын көрсеткіш, сонымен қатар осы көрсеткіштерге жету үшін мемлекет тарапынан шаруашылық процессіне әсер ету мөлшерін белгілейді.
Ниет жоспары кішігірім деңгейдегі объектілер үшін де пайдалануға болады. Болашақ жоспарды жасауда ниет жоспары қолданылады, ал ағынды жоспарлауда — басшылық жоспар пайдаланады. Көптеген шет ел зерттеушілер міндет пен жоспардың өзгешелігін жетік түсіну керек екенін атап көрсетеді. Жоспарға қарағанда міндет нақты шара қолдану үшін шешім қабылдаушымен байланысты.
Мынадай мысал қарастырайық.
Компания бес жылдық ниет жоспары бойынша жұмыс істейді. Онда көздеген мақсатқа жету үшін мыналар жоспарланған :
- өндірістік қуатты өсіру;
- өнімді жақсарту жолдарын кеңейту;
- іскер мамандарды жұмысқа тарту.
Кейбір бөлімшелер, асығыстық жасап өндіріс қуатын дамытуға, құрал-жабдық алуға, мамандар шақыруға міндет алып қояды. Бір жылдан кейін міндет өзгеріп кетті, сондықтан, күрделі қаржы жұмсалымының құрамы басқаша болуы керек екені түсінікті. Егер асығыстың болмаған жағдайда, келесі жоспар кезінде есептеу барысында капиталды дұрыс пайдалану нәтижесіне жетуге болар еді.
2) Жоспар жасалынатын мерзімнің мөлшеріне байланысты және жоспарлы есептеулерді бөлшектеу дәрежесіне байланысты жоспарлар ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып, табылады.
Ұзақ мерзімді жоспар. Ұзақ мерзімді болашақ жоспарлар 5 жылдан артық мерзімдерге, жасалынады. Мысалы: 10, 15 және 20 жыл. Мұндай жоспарлар кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясын (әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық даму) анықтайды.
Ұзақ мерзімді (болашақ) жоспарлауды болжам жасаудан айыра білу керек. Нысаны бойынша олар ұқсас процесс, ал мағынасы жағынан әр түрлі болып келеді. Болжам жасау – ғылыми негізделген ықтималды үлгі негізінде құрылған жоспарлау объектісінің болашақтағы дамуын анықтайтын көргенді процесс. Бұл жағынан қарағанда болжам жасау, ұзақ мерзімді жоспарлаудың бір этапы болып табылады. Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік — экономикалық процесстер үшін болжам жасау өз алдына басқару қызметін атқаруы мүмкін. Сондай – ақ, кейбір процесстер мен құбылыстарды жоспарлау мүмкін болмауы, ал басқару барысында есепке алу керек, мысалы; демографиалық процесстер, әлеуметтік өмір.
Макроэкономикалық деңгейде болжам жасау мыналар үшін жасалынуы мүмкін: жалпы ішкі және ұлттық өнім; еңбек ресурсы; еңбек өнімділігі; өндіріс қоры; күрделі қаражы жұмсау; ағынды нарықтандыру; қаражат ағымдары т.б. Кішігірім деңгейде, яғни шаруашылық субъектілерінде мыналарға болжам жасауға болады: баға деңгейі; еңбек күшінің құны; өнім өткізу көлемі; нарықтағы алар орны; табыс және тиімділік; негізгі бәсекелестер; ғылым мен техникалық зерттеулер мен әзірлемелер; қажетті күрделі қаржы; тәуекелділік.
Орташа мерзімдік жоспар: 1 жылдан 5 жылға дейін уақытты қамтиды. Кейбір кәсіпорындарда бұл жоспар, ағынды жоспардың орнына пайдаланады. Ағымды жоспар 1 жылға дейін қамтиды.
3) Жоспар шешімнің мазмұны бойынша стратегиялық, тактикалық және шұғыл — күнтізбелікті жоспар болып бөлінеді.
Стратегиялық жоспарлау. Ұзақ мерзімге және шаруашылық субъектілеріне негізгі бағытын анықтауға арналады. Стратегиялық жоспарлау барысында мынадай шешімдер қабылданады: табыскерлік бағытындағы қызметтік қалай дамыту керек; табыскерліктің жаңа бағыттарын анықтау; тұтынушылардың қажетін қанағатандыруды ынталандыру; нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін не жасау керек; қай нарықта қызмет жасау; қандай өнім және көрсету керек; табыскерлікті кімдермен бірге жасауға болады. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортаның серіпіністі дамуы жағдайында тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік жасау болып табылады. Стратегиялық жоспар нәтижесінде кәсіпорын болашақтағы мақсатын анықтап, соған жетудің жолдарын белгілейді.
Тактикалық жоспарлау. Егер стратегиялық жоспарлаудың мақсаты кәсіпорынға жаңа мүмкіндіктер іздеу болса, тактикалық жоспар сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасау, ал шұғыл — күнтізбелік жоспар оларды жүзеге асыру болып табылады. Тактикалық жоспар нәтижесінде кәсіпорынның әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспары жасалынады, яғни өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметтерін толық қамтитын бағдарлама түрінде жасалынады.
Тактикалық жоспар негізінде мыналар жүзеге асады: кәсіпорынның құрамындағы бөлімшелер арасындағы байланыс анықталады; ғылыми негізделген өндіріс; негізгі қызметтер бойынша бюджет (смета) жасалынады және оның орындалуына бақылау жасалынады. Жақсы жасалынған жоспар үйлестірудің негізін құрайды, ал бақылау жасау жоспар және үйлестірусіз мүмкін емес.
Шұғыл — күнтізбекті жоспар. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың ақырғы этапы болып есептеледі. Шұғыл — күнтізбелік жоспарының міндетті тактикалық жоспардың көрсеткіштерін дәлірек анықтау арқылы кәсіпорынның күнделікті жұмысын ұйымдастыру.
4) Жоспарлау теориясы мен тәжірибесінде жоспарлаудың басқада түрлері қолданылуы мүмкін. Жоспарлауда мынандай шарттар бар:
а) қамту деңгейі бойынша :
— жалпы жоспарлау барлық проблеманы қамтиды;
— жекелеген облыс және параметрлерді қамтитын ішінара жоспарлау;
б) жоспарлау объектілері бойынша :
— стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтауға арналған нысанылы жоспарлау;
— мақсатқа жету үшін қажетті қаражатты анықтау үшін (құрал- жабдық, жұмыскерлер, қаражат, ақпаратты жолдау) қаражат жоспары;
— нақтылы бағдарлама әзірлеу және жүзеге асыруға байланысты бағдарлама жоспарлары; мысалы өндіріс және өнімді өткізу бағдарламасын жоспарлау;
— іс-әрекетті жоспарлау, мысалы; арнайы сауда, мамандарды жалдау;
в) сала бойынша жоспарлау:
— өнімді өткізуді жоспарлау (өнімді өткізу мақсаты, іс-әрекет бағдарламасы, өнім өткізуге қажетті шығын, өнім өткізуді дамыту);
— өндірісті жоспарлау (өндіріс бағдарламасы, өндірісті дайындау, өндірістің барысы);
— жұмыскерлерді жоспарлау (қажеттілікті анықтау, жалдау, мамандарды қайта дайындау, жұмыстан шығару);
— сатып алуды жоспарлау (қажеттілікті анықтау, сатып алу, ортақ мүліктерді сату);
— қаражатты жоспарлау;
г) ауқымдылығы бойынша жоспарлау:
— берілген контурмен шектелген біріктірме жоспарлау;
— егжей – тегжей жоспарлау, мысалы; жоспарланып отырған процесс немесе объектіні егжей – тегжей сипаттамасы және есептемесі;
д) мәліметтердің өзгеруін есепке алу бойынша;
— қатал жоспарлау;
— икемді жоспарлау;
1.3 Жоспарлаудың түрін таңдауға әсер ететін факторлар және жоспарды ұйымдастыру
Жоспарлаудың түрін талдауға, көптеген факторлар әсер етеді. Негізгі фактор болып, кәсіпорынның немен кәсіп ететіні есептеледі. Мысалы; киім-кешек шығаратын кәсіпорын өз өнімінің бір-екі жылдан ұзаққа жоспарламайды, ал кеме жасайтын кәсіпорында 5-10 жылдан кем болмауы керек.
Жоспарлаудың түріне әсер ететін көптеген факторлардың ішінен үш топты бөлуге болады:
а) кәсіпорынның кәсібіне байланысты, мысалы; қаражатты шоғырлануды механикаландыру және автоматтандыру деңгейі кәсіпорынның географиялық орналасуы және т.б.
б) сыртқы ортаның факторлары , мысалы; мемлекеттік реттеу жүйесі, бәсекеліктің деңгейі мен сипаты;
в) жоспарлаудың ерекшелігіне байланысты, мәселелер, мысалы; толықтығы, егжей – тегжейлігі, дәлдігі, анықтығы, икемділігі, тиімділігі және пайдалылығы т.б.
Кәсіпорынның жоспары өзінің мазмұны бойынша қарамағындағы ресурсты тиімді пайдалану және өнімді тиімді өткізуге бағытталған шаралардың жиынтығынан құралады. Жоспарлау жүйесінің табыстылығы мен тиімділігі оның ұйымдастыру жағдайына байланысты болады.
Жоспарлау жүйесінің негізгі элементтері ретінде мыналарды қарастырамыз:
а) ұйымдастырушы құрылымды құрайтын қызметкерлер;
б) жоспарлау тетігі;
в) жоспардың шешімдерін негіздеу, қабылдау және жүзеге асыру (жоспарлау процесі);
г) жоспарлау процесін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар (ақпараттық, техникалық, математика — бағдарлаулар, ұйымдастырушы және лингвистикалық).
Барлық жоспарлауды ұйымдастыру жүйесі, өндіріс пен басқару процессін жетілдіруге ыңғайлы жағдай жасау мүмкіндіктеріне бағытталуы керек.
Жоспар қызметкерлері. Жоспар қызметкерлерінің қатарына барлық жоспарлау мәселесіне қатысы бар маман қызметкерлер кіреді.
Кейбіреулері үшін, жоспарлау негізгі міндеті болса, кейбіреулері үшін қосымша міндет болуы мүмкін.
— мамандарды жинау ( іздестіру, таңдау және жалдау);
— мамандарды орналастыру;
— белсенділігін және сыйақы мөлшерін ескере отырып, тапсырмалармен қамтамасыз ету;
— дәрежесін өсіру;
— қызметтен босату (тұрақтамаушылық, босату).
Жоспар қызметкерлерінің ролінің өсуін мына мәселелер арқылы түсіндіруге болады:
— өндірістегі күрделі қаржы жұмсау және ғылымның қажеттігінің өсуі;
— бәсекелестік жағдайында өнімнің сапасы мен ғылыми — техникалық деңгейінің артықшылығының өсуі;
— барлық жұмысшылардың еңбегінің шығармашылықтығының өсуі;
— техникамен технологияның күрделігінің өсуіне байланысты, еңбектің ұжымдық мәнінің өсуіне;
— еңбекте кәсіпкерліктің дамуы.
Шет елдерде жоспарлау бөлімінің мамандырының жасы 30 — дан 45-ке дейінгі қызметкерлерден құралады. 30-дан жасы кішілердің тәжірибесі аз деп есептелінсе, 45- тан жоғарылар өз мүмкіндіктерін пайдаланып біткен деп есептелінеді.
Жоспарлаудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жоспарлаудың ұйымдастырушы құрылымы әртүрлі факторларға байланысты болады, олардың ішінен мыналарды атап өткен жөн болады:
— өндірістің мамандану дәрежесі, яғни негізгі өнімнің жалпы өндіріс өніміне қатынасы;
— жаппай өндіріс деңгейі , яғни бір түрлі өніснің шығару мөлшері;
— шаруашылық субъектісінің ұйымдық — құқықтық түрі;
— шаруашылық субъектісінің құрамына кіретін өндірістік бірліктердің байланысының тығыздығы;
— шаруашылық субъектісі мен оның бірлестіктерінің мөлшері:
өндіріс көлемі; жұмысшы саны; негізгі өндіріс қорының құны;
— шаруашылық субъектісінің құрылымы: өндірістік бірліктердің және құрылымдық бөлімшелердің құрамы; өндіріс көлемі бойынша өзара қатынастары;
— сыртқы өндірістік – шаруашылық байланыс;
— жеткізушілер мен тұтынушылардың саны;
— мамандардың құрылымы мен құрамы, және олардың материалды- техникалық базасы;
— кәсіпорынның ғылыми — техникалық жаңашылдықтың дамуына және жаңашылдық саясаты;
— өнімнің сапасы, өнімнің ғылыми – техникалық және бәсекелестік деңгейі;
— ресурстарды пайдаланудың тиімділігі;
— өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру тәсілдері және де басқалар.
Ұйымдастыру құрылымының қасиеттері жоғарыда айтылғандармен ғана шектеліп қоймайды. Сонымен қатар, әлеуметтік — психологиялық, идеялогиялық, еңбек ұжымының имандық қасиеттері әсер де етеді.
Әрбір кәсіпорын ұйымдастырушы құрылымын жоспарлауды өз еркімен таңдап алады. Сонда да, кәсіпорындардың үлгі ретінде жиі кездесетін кейбір тобын бөліп көрсетуге болады.
Мұндай жеткізуге салалық белгі негіз бола алады. Кәсіпорындардың салалық белгі бойынша үш топқа бөлуге болады: салалық, көп салалы және сала аралық.
Салалы топқа өнеркәсіптің бір саласында жұмыс жасайтын кәсіпорындар жатады. Мұндай шаруашылық субъектілерінде жоспарлауды ұйымдастырушының құрылымы қарапайым. Кейбіреулеріне жоспарлау бір орталықтан жүргізіледі, орталықтың міндетті бөлімшелерге жүктелген .
Жоспарлау тетігі. Жоспарлау тетігі ретінде жоспар шешімін қабылдау және оны жүзеге асыру үшін қажетті құрал — жабдық пен тәсілдің жиынтығын қарастырамыз.
Егер ұйымдастырушы, құрылым жоспарлау жүйесінің сыртқы бейнесін сипаттайтын болса, жоспарлау тетігі оның ішкі бейнесін, мән-мағынасын сипаттайды.
Жоспарлау тетігіне мыналар кіреді: жоспарлаудың мақсаты мен міндетті; жоспарлаудың қызметі ; жоспарлаудың тәсілдері.
Енді осы мәселелерді жеке-жеке қарастырамыз. Жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері. Нарықты экономика кәсіпорынның мақсаты мен міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізуі, жоспарлы экономика кезінде олар басқарушы мекемелердің көрсетуімен анықталады. Нарықты экономика кезінде тұтынушылардың қажетіне байланысты кәсіпорын өздері анықтайды.
Жалпы жағдайда мақсатты анықтау дегеніміз:
Болашақта жасалатын қимыл туралы жоспарлы шешім қабылдау деп қарастыруымызға болады. Қалған бөлімшелердің мақсаттары бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана кәсіпорын қызметінің барлық жағына мән бере қарауға мүмкіндік болады.
Тек қана жоғары бөлімнің басшылары ғана мақсат пен міндетті кәсіпорынның бөлімшелерінің кәсіпорынның жалпы мақсаты мен тиімді байланыстыруға мүмкіндігі бар.
Кәсіпорынның мақсаты мен оған жету жолындағы міндеттерін бір жүйеге келтіру кәсіпорынның стратегиясын анықтайды. Саясат мақсатқа жетудің тетігін жасау үшін әзірленеді. Оның үстіне, жоғарғы бөлімнің мақсаты төменгі бөлімнің де мақсаты болуы керек. Кәсіпорын қызметін күнделікті басқару саясат өте қажет. Ол шешуді қажет ететін мәселелерді анықтауға және оны тұжырымдауға мүмкіндік береді, адамдардың қызметінің нәтижесін мақсатқа жету жолындағы тексеруге, әртүрлі жағдайдың қалай дамитындығы болжауға, мақсаттың маңыздылығын анықтауға, мақсатты қою және жүзеге асыру барысында, басқару жүйесінің қызметкерлерінің тәжірибесін талдау.
Кәсіпорынның мақсат жүйесі бес құрамнан байланысты болады: кәсіпорынның мүмкіндігі мен шектеулерден; кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктері мен шектеулер; тәуекелділігінен.
Ішкі мүмкіндіктермен шектеулер еңбек, қаржы және материалды ресурстармен анықталады: сыртқы құрамы жағынан қарастыратын болсақ, экономикалық, технологиялық, құқықтық т.б. деп жеткізуге болады. Кәсіпорын қызметінің мақсат жүйесі мынандай шарттарды орындауы қажет:
— әр деңгейдегі басшылар өзінен төмендегілерге жеңіл түрлендіріп жеткізе алатын болуы үшін атқарымды болуы керек;
— ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттардың арасында, уақыт бойынша байланыс болуы керек,
— ішкі мүмкіндіктер нақты жағдайлармен үйлесімді болуы үшін, мақсат қайталанып қаралып тұруы қажет;
— мақсат ресурстар мен қуатты біріктіруге жағдай жасау керек;
— жалғыз емес, бірнеше мақсат қою қажет;
— мақсат кәсіпорын қызметін жан-жақты қамтуы қажет.
Жоғарыдағы шарттарды жүзеге асыруға болады, мақсатты жоспарлауды түйелі тетігі бар болса. Қойылған мақсатқа жету, жоспарлау кезінде қалай бөлшектенуіне байланысты. Әртүрлі мақсат бір-бірімен әр түрлі байланыста болуы мүмкін:
— бәсеке мақсаттар, яғни бір мақсатқа жету үшін екіншісіне тежеу арқалы;
— кей мақсатқа жету, басқа мақсаттың жүзеге асуына жол ашып беруі;
— байланыссыз мақсаттар.
Жоспарлаудың қызметі (міндеті). Жоспарлаудың қызметінің құрамына мыналарды қосуға болады. Жоспар құрудың күрделігін азайту жоспарлаудың ең негізгі міндеті болып, объектілер мен құбылыстарды жоспарлауға кездесетін қиындықтардан өту жолдарын ойластыру. Бұл үшін жоспарлау кезінде маңызды байланыстар мен тәуелділікті анықтау, оларды бір модулге біріктіріп, қызмет әсерінің аумағын шектейтін және біртұтас жоспардың құрылымдық элементтердің бірі болып есептеледі. Осындай тәсілді жоспарлау процесін жекелеген есептемелерге бөлшектеп жоспарды әзірлеу және оны жүзеге асыру процесін жеңілдетеді, сонымен қатар жоспардың орындалу барысын бақылау.
Уәждемелеу. Жоспарлау процессінің көмегімен кәсіпорынның материалды және зиялы әлеуметін тиімді пайдалануына ынтагерлік білдіруі керек.
Болжамдау. Жоспарлаудың қызметтерінің бірі болып болжамдау есептеледі, сыртқы жағдайды және ішкі ортаны дәлірек болжау, барлық факторлардың жүйелі талдау арқылы болжамның сапасы жоспардың да сапасы болып табылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жоспарлау тәуелділік факторын есепке алып отыру керек. Тәуелділік жасамау немесе мөлшерін азайту мақсатында.
Онтайландыру. Жоспарлаудың бұл қызметі ресурстарды пайдаланудың тиімді жағдайын қамтамасыз ету.
Үйлестіру және біріктіру қызметі. Жоспарды дайындау және оны жүзеге асыру барысында адамдарды біріктіріп, жанжалдың алдын алу және кәсіпорынның әр түрлі қызметтерінің бірігуін ескеру.
Реттеу қызметі. Жоспарлаудың көмегімен кәсіпорын жұмыскерлерінің барлығы үшін бір тұтас тәртіп жасалынады.
Бақылау қызметі. Жоспарлау өндірістік — шаруашылық қызметті бақылау жүйесінің тиімді құруға және барлық бөлімшелердің жұмысын талдауға мүмкіндік береді.
Құжаттау қызметі. Жоспарлау өндірістік — шаруашылық қызметті құжат түрінде көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тәрбиелеу және үйрету қызметі. Жоспарлаудың тәрбиелік мәні бар және жіберген қателерді талдау арқылы үйретуге мүмкіндік жасайды.
Жоспарлау тәсілі жоспарлаудың түріне байланысты болады және екі мәселені қарастырамыз:
а) жоспарлаудың бағыты;
б) жоспар параметрлерін негізін құралы.
Жоспарлаудың үш бағытын атап көрсетуге болады; үдемелі, ретрогратты және айналмалы.
Үдемелі жоспарлау (төменнен жоғарыға қарай тәсілі). Бұл жоспарлау тәсілі кәсіпорынның төменгі денгейін жоғарыға қарай жоспарланады. Кәсіпорынның төменгі бөлімдері өздерінің егжей-тегжей жоспарын жасайды, ал жоғарғы басшылар осы жоспарлы біріктіру арқылы кәсіпорын жоспарын жасайды.
Ретрогратты жоспарлау (жоспардан төмен). Бұл жағдай алдымен кәсіпорынның жалпы жоспары жасалынып, бөлімшілерге көрсеткіштерді жіктеу жолымен таратылады. Сонымен қатар төменгі бөлімшелер келіп түскен жоспарды өзінің деңгейіне байланысты түрлендіру қажет.
Айналымды жоспарлау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде («Жоғарыдан төмен») басты мақсаттар бойынша ағынды жоспар жасалынады. Екінші кезеңде («Төменнен жоғарыға») жіктелген көрсеткіштер жүйесі бойынша нақты жоспар жасалынады. Сонымен қатар жоспарға ең сәтті шешімдер қабылданады.
ІІ. КӘСІПОРЫН ҚАРАЖАТЫН ЖОСПАРЛАУ
2.1 Кәсіпорын қаражатын жоспарлаудың мақсаты және міндеттері
Кәсіпорынның қаражат жоспары — ақшалай қаражат түсімі мен шығысының мөлшерін көрсететін құжат. Кәсіпорынның табысы мен шығынның бағыты, бюджетке төленетін төлемді ескере отырып теңгерім жасау.
Нарықты экономика қаражатты жоспарлау әдіснамасына, қаражаттың кәсіпорынды басқарудағы шаруашылық тұтқасындағы орны мен қызметіне елеулі өзгерістер енгізеді. Өндірістік — шарушылық қызметте тиімділіктің өсуіне ынталандырудағы маңызын күшейтті. Қаражат жоспарларында директивті бағыт (басшылық нұсқау) мөлшері азайды. Ақшалай қаражат мөлшерін қалыптастыру, бөлу және оны қалай пайдалану жолдарын, кәсіпорындардың өздері таңдап алатын болады. Қаражат жоспары мен оны бақылаудың жаңа әдіснамасы шаруашылық құжаттары мен бюджеттің өзара қатынасын белгілі бір жүйеге келтіреді. Бұл жағынан қарағанда, қаражат жоспарын жасау тәртібі біршама жеңілдетілді. Екінші жағынан қаражат қызметкерлерінің жоспар жасаудағы жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынның даму стратегиясын анықтауда қауіп мөлшері ұлғайды; табыспен жұмыс істеу немесе тақырға отыру .
Сондықтан қаражат қорын тиімді пайдалану шаруашылықтың жүргізу стратегиясы мен техникасында, жаңартымдар мен қаражаттандыру тұрғысында шешім қабылдау кезінде ең негізгі өлшем болып табылады. Кәсіпорындарды нарықты басқару концепциясы, басшылар мен мамандардың назарын шет елдердің қаражатты жоспарлау тәсілдеріне назар аударуға мәжбір етті. Шет елдерде пайдаланатын тәсілдерді білу, жаңа мамандарды жұмысқа қабылдауда кәсіпорын басшыларының негізгі талаптарының біріне айналды.
Қаржыны жоспарлау қаржы қарым — қатынастарын кең көлемде қамтиды. Мұндай қарым – қатынастарға мыналар жатады:
— кәсіпорындар мен шаруашылық, жүргізуші субъектілер арасындағы өнімді өткізу процесіндегі (жұмыс, қызмет көрсету) немесе коммерциялық несие айырбасы кезіндегі;
— кәсіпорынның меншік иелері, еңбекшіл ұжымды және жекелеген жұмыскермен еңбек ақы төлеу барысындағы;
— ортақ міндетті атқаруға құрылған қаражат ресурсының орталық қорын ұйымдастыру және ондағы ресурсты пайдалану кезіндегі бірлестіктің құрамына кіретін шаруашылық ұжымдары арасындағы;
— бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төлем төлеу кезінде және бюджет бойынша бөлінген қаржыны бөлісу кегіндегі бірлестікпен,
кәсіпорындар және мемлекеттік бюджет арасындағы;
— алынған несие және оның пайыз төлемін төлеу кезіндегі кәсіпорындар және коммерциялық банкпен арадағы;
— кәсіпорынның мүлік сақтандыру кезіндегі кәсіпорын және сақтандыру мекемелерімен арадағы;
Қаражат жоспары бұл қатынастарды бір жүйеге келтіріп, кәсіпорын қызметінің арқасында жеткен жетістіктің қаражат нәтижесін алдын ала көріп отыруға мүмкіндік береді. Стратегиялық және тактикалық жоспарында белгіленген мақсатқа жету үшін қаражат ағымын қалай пайдалану жолын ұйымдастыруға көмектеседі. Қаражат жоспарының негізгі мақсаты, болашақтағы шығындарды кәсіпорынның қаражат мүмкіндігімен теңгерімге келтіру.
Қаражат жоспарын жасау барысында мынандай мәселелердің қарастырылуы керек:
- меншікті қаражат ресурсының көзі және оның мөлшерін анықтау (табыс, амортизациялық аударым, орныты пассивтер және т.б.)
- құнды қағаздар шығару, несе, қарыз алу арқылы сырттан қаражат ресурсын тарту жөнінде шешім қабылдау;
- кәсіпорынға қажетті қаражат ресурсының мөлшерін анықтап, ішкі шаруашылық қажеттігіне болама бөліс мөлшерін анықтау, артық қаражатты басқа кәсіпорындарға үлес ақы, табыс алу мақсатында жұмсау;
- жоспарланған инвестицияның (күрделі қаражы жұмсалымы) экономикалық тиімділігі мен мақсатқа сай екенін нақтылау;
- өндірістің тиімділігін арттыру, табыс табу мақсатында, кәсіпорынның өндірістік қуатын, негізгі қорларын және айналым қаражатын тиімді пайдалану мүмкіндігін зерттеу;
- басшы мекемелер, банк және мемлекеттік бюджетпен кәсіпорын арасындағы қаражат қатынасын анықтау.
Қаражат жоспары кәсіпорында жоспарлы — экономика және қаражат бөлімдерінде жасалынады. Жеке қаражат бөлімдері негізінен ірі және орташа кәсіпорындарда құралады. Бөлімнің құрамына мыналар кіреді:
- қаражат жоспарлау бөлімі;
- қаражат және шаруашылық жағдайын талдау бөлімі;
- кассалық операция бөлімі.
Қаражат бөлімінің жоспарлау бағытындағы қызметі:
- барлық ресурстарды тиімді пайдалану және ішкі шаруашылық мүмкіндіктерін толық жұмылдыра отырып қажетті есептеулер
арқылы қаражат жоспарының жобаларын жасау;
- белгіленген мерзім ішінде несиелік сұраулар және кассалық жоспарларды құрастырып банк бөлімшелеріне ұсыныс және оны талқылауға қатысу;
- өнімді сату жоспарын құруға қатысу. Жылдық баланстық табысты және табыстылық көрсеткіштерін анықтау;
- автоматизациялық төлемнің жоспарлы мөлшерін анықтау және оны негізгі қорды қалпына келтіру және күрделі жөндеуге бөлу;
- меншікті айналым қаражатының элементтері мен нормаларын анықтауға қатысу;
- негізгі қорды күрделі жөндеуден өткізу жоспарын жасау;
- баланстық табысты және амортиззациялы төлемді бөлу жоспарын жасау;
- ғылыми — зерттеу және тәжиребелік — конструкторлық жұмыстарды қаржылау жоспарын жасауға қатысу:
- жеткізу мен мердігерлердің кінәрат — талаптары бойынша есеп- қисап жасау;
- тоқсандық қаражат көрсеткіштерін айларға бөлу;
- қаражат жоспарының көрсеткіштерін және одан шығатын тапсырмалар, шектеулер және нормаларды кәсіпорынның барлық бөлімшелерін жеткізу;
- айлық оперативтік қаражат жоспарын жасау;
- ақшалай сипаттамадағы өнімді өткізу және табыстың оперативтік жоспарын жасау;
- тауарлы өнімді жөнелтудің оперативтік жоспарын жасау;
- нормадан жоғары босалқы қор жиналып қалмас үшін тауарлы материалды құндылықтарды жеткізу ісін бақылау;
- қаражат, несе және кассалық жоспарлаудың орындалуын қамтамасыз ету;
- төлемдерді бақылау;
- күнделікті оперативті есеп-қисап жүргізу.
2.2 Қаражат жоспарының құрылымы
Қаражат жоспары табыс пен шығыстың теңгерімдік, сонымен қатар теңгерімнің баптарын анықтайтын есеп айырысу формасы түрінде құрылады.
Табыс пен шығыс теңгерімі мынадай бөлімшелерден тұрады:
— табыс пен қаражат түсімі ;
— шығыс және қаржы аударымы;
— бюджетке төлем;
— бюджет бойынша қаржы бөлу.
Қаражат жоспарының көрсеткіштерінің құрамы әртүрлі дәрежеде бөлшектелген болуы мүмкін, сондықтан қаражат жоспарының нысанын жоғары мекемелермен және жоспар ұсынылған мекемелермен (қаражат және салық мекемелері) келісілген болуы керек. Жекелеген баптар неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылған болса, соғұрлым қабылдаған қаражат жоспарындағы шешімдер сенімді және негізделген болады.
Қаражат жоспары мынадай мәліметтердің негізінен жасалады:
— жоспар жасап отырған мерзімнің алдындағы 2-3 жылдық бухгалтерлік баланыстың нақты деректері;
— өнімді өндіру және өткізу жопарының көрсеткіштері;
— өндірістің шығын сметасы немесе кәсіпорынның өнім өндіруге, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметке жұмсалған қаражат қорытындысы;
— әлеуметтік және мәдени — тұрмыстық объектілерді ұстауға кететін шығын сметасы;
— инвестиция мен күрделі қаржы жұмсалымының мөлшері жөніндегі деректер;
— негізгі қорлар мен айналым қаражатының өзгерістері жөніндегі деректер;
— өткізу бағасының есептеулері;
— амортизациялық аударымның нормалары;
— меншікті айналым қаражатының мөлшері;
— бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төмен өтелімінің мөлшерлемесі;
— шығынның жекелеген баптарына қойылған шектеулер шамасы, мысалы фирмалық киім, өкілдік және іссапар шығындары, қоршаған ортаға шығарылған зиянды заттар үшін төлем;
— өнімді сатып алушы , шикізат жеткізуші, несие берген банк және салық жөнінде бюджетпен есептеу шарттары.
2.3 Кәсіпорынның қаражат жоспарын әзірлеу әдістемесі
Қаражат жоспарын құру алгоритмі мынадай кезеңдерден құралады:
— кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау;
— табыс пен қаражаттың түсуін жоспарлау ;
— шығын және аударым жарнасын жоспарлау;
— қаражат жоспарын тексеру.
Жоғарыда айтылған кезеңдерді жеке-жеке қарастырамыз.
2.3.1 Табыс пен қаражаттың түсуін жоспарлау
Табыс және қаражат түсімін жоспарлау өнеркәсіптің жоспар жылындағы ақша ағыны қозғалысының есептеріне жүгіне отырып, жасалады. Ақша ағымының қозғалысын есептеудің негізгі мақсаты, кәсіпорын шаруашылық қызметінің арасындағы ақша қозғалысын бақылауға мүмкіндік алу. Ақша ағыны, ақша қорының артықтылығын немесе жетімсіздігінің мөлшерін анықтауға және қажетті несие ресурстарының мерзімін, мөлшерін, несие пайызын анықтауға болады.
Табыс және қаражат түсімінің көздері мыналар болып табылады:
— өндірістік — шаруашылық қызметтерінің нәтижесіндегі табыс;
— амортизациялық төлем;
— орнықты пассивтер;
— құнды қағаздарды сатудан, уақытша бос ақшаны қаржы операциясына қосу арқылы түскен қаржы;
— заңды және жеке тұлғадағы еңбек коллективтерінің мүшелерінің мүшелік жарнасы;
— ұзақ мерзімді банк несиелері;
— құрамалдық және қайырымдылық жарнасы;
— құрылысқа үлестерлікпен қатысу нәтижесіндегі түсім қаржысы;
— құрылыс процесінде жұмылдырылған қаражат ресурстары, сонымен қатар осы жұмыстардың өзіндік құнын төмендету және ішкі ресурстарды жұмылдыру нәтижесінде түскен түсім.
Негізгі табыс және түсімнің көздерін жоспарлаудың әдістемесін қарастырамыз.
Табыс. Табыс жөніндегі жоспарды былай құруды ұсынады:
— жоспарлау жылының бағасы және шарттары бойынша;
— алдыңғы жылдың бағасы және шартарымен үйлесетін жағдайда;
— қолда бар баға мен шарттар бойынша.
Бағаның өзгерісін толық және жан-жақты есепке алу, былтырғы жылдың есептемесінің деректерін пайдалану және болашақ пен алдағы жоспардың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін табыс алғашқыда былтырғы жылдың бағасы мен шарттарында есептелінуі керек. Болашақ жоспармен салыстыру үшін есептеулер болашақ жоспарда белгіленген бағамен есептелуі керек.
Сонымен қатар өндіріс шығыны және табысқа бағаның, тарифтің, еңбек ақы төлеу шартарының және де басқа факторлардың әсерінен орындау болып табылады.
Жоспардың нәтижесі болып балансты табыс болып табылады. Ол мыналардан құралады:
— негізгі өндірістің өнімдерін сату, жұмыс істеу және қызмет көрсету
нәтижесінде түскен табыс;
— басқа өтімдерден түскен табыс, мысалы, негізгі қорды және кәсіпорындағы керексіз болған мүлікті сату;
— өткізуден тыс операциялардан түскен қаржы.
Өнімді өткізуден табысты шаруашылық қызметкерлерінің түрлері бойынша жеке-жеке есептеген орынды. Былай есептеудің орындылығы, кейбір қызметтің түрлері табыс және қосымша құн салықтарынан босатылған. Сонымен қатар салық базасын есептеудің дәлдігі мен негізділігін арттыруы, табыс пен салақтың шамасын дәлірек негізделген түрде есептеуге мүмкіндік береді.
Өнімді өткізуден түсетін пайданы мына формула арқылы есептеуге болады.
п
Пб = ∑ (В р i – O ф i — H a i — HДС i – C i ) , (1)
i=1
мұндағы В р i — і түрдегі өнімді кәсіпорынның өткізу бағасымен сатқандағы ақша түсімі млн, тенге; O ф i -і түріндегі продукцияны өткізу бағасына қосылған бюджеттен тыс қорға жіберілген төлем, млн, теңге. H a i — акциздық салық, млн. теңге; HДС i — қосымша құн салығы; C i-і түріндегі өтімді өнімнің толық өзіндік құн; п — өнімнің түрінің саны.
Жоспарлы табыс шамасы әр өнім (қызмет) түрі үшін тікелей есеп жолымен жүргізген орынды. Қосынды кәсіпорын бойынша жалпы жоспарлық табысты көрсетеді. Содан қосынды 2.2 кестеге жазылады.
Нақты өнімнің табысын есептеу жоспарлы жылдың басындағы өнімнің қалдығын есептеуден басталады.
Қалдық деп, қоймадағы немесе сатып алушыда жауапты сақтауда жатқан, жөнелтуге дайындалмаған (төлем және жол құжаттары дайындалмаған) дайын өнімді айтады.
Жоспарды талдау басындағы қалдық жөніндегі деректі бухгалтерлік есептің деректерінен алуға болады. Жоспар жасалынып жатқан кезде бұл деректер жоқ, себебі есепті жыл әлі аяқталған жоқ. Сондықтан есеп беру жылының аяғында дайын өнімнің қалдығы, балама болжам әдісімен есептелінеді. Есепті кезеңнің ақырындағы дайын өнім қалдығы, болжамды әсер етуші факторларды бағалау арқылы жасалынады: өткізу мөлшері; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі; бартерлік өткізу мөлшерлері; төлем қабілеті бар сұраныс.
Содан кейін өткізілмей қалған дайын өнімді жоспарлы жылдың ақырына есептеу керек. Ол мына формула бойынша есептелінеді.
П Т* Н О
ОП к =
360 (2)
мұндағы П Т — өткізу бағасы бойынша есептелген тауар өнімінің жылдық мөлшері ; Н О — қоймадағы дайын өнімнің қалдығының нормасы, күн; 360- жылдағы есеп күндері.
Дайын өнімнің жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы қалдықтары және толық өз құнын және босату мөлшерлерінің өзгерістерінің негізінде өткізілген өнімнің мөлшері ( өзіндік құны мен босату бағасы бойынша) анықтаймыз. Табыстың мөлшері мына формула бойынша есептелінеді:
Д В = Д ВН + ДВ m — ДВК (3)
мұнда Д В — табыс, ДВ m — тауарлы өнімді өткізуден түскен табыс, Д ВН -жоспарлы жылдың басындағы дайын өнімнің қалдығы, ДВК – жоспарлы жылдың аяғындағы дайын өнімнің қалдығы. Өнімнің әр түрі
бойынша түсетін табыс мөлшері, өндіріс жоспары бойынша, өткізілмей қалған дайын өнімінің өзгерісінің жоспары, сату бағасы және өндіріс шығынының сметасы бойынша мына формуламен есептеледі:
ДВ i = ВP i – С i (4)
мұнда ВP i— і түрлі өнімді өткізуден түкен ақшалай түсім, С i-і- түрлі өнімді өндіруге кеткен шығынның сметасы бойынша есептелген толық өзіндік құн.
Шығын сметасының негізінде, жалпы өнімнің шығыны; туарлы өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын; өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептейміз, айналымды қорды нормалау жасалынады.
Соңында өнімнің әр түрінен өткізу нәтижесінен түсетін жоспарлы табыстың мөлшерін мына формула бойынша есептейміз.
ПВ i = Д B i — ОФ i – Н а i — НДС i (5)
мұндағы Д B i – і түрлі өнімді өткізуден түскен табыс; ОФ i –і түріндегі продукцияны өткізу бағасына қосылған бюджеттен тыс қорға жіберілген төлем, млн. теңге; Н а i — акциздық салық, млн. теңге; Н а i— құн; n- өнімнің түрлерінің саны.
Өнімді өткізуден түскен жалпы табыс мына формула бойынша есептеледі.
n
ПB = ∑ П B i (6)
i=i
мұндағы n – жоспарлы жылы жоспарланған өнімнің түрлерінің саны.
Табысты жоспарлағанда тікелей есеп әдісін пайдалану есеп кезеңінде көптеген деректер бар деп есептеледі. Бірақ, сыртқы ортаның серпіністері, экономикалық жағдайдағы белгісіздіктер, кейбір деректерді дәлірек болжауға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайларда бағалама есептеулермен ғана қанағаттануға тура келеді. Баламалы табыс мөлшері мына формуламен есептеледі.
П б = П б о * I и (7)
мұнда П б о — есепті жылдығы алынған нақты табыс. I и — баламалы жылдық инфляция индексі.
Егер жоспардағы шикі-зат пен дайын өнімнің инфляция денгейі сәйкес келмейтін болса, онда [ 16,24,28] авторлаы саралап түзету коэффицентерін енгізуді ұсынды. Есептеулер мынадай формула бойынша жүреді:
ПВ = (ВP i – ОФ i – Н а i — НДС i )\ (1+ m)12 — Сi (1+n )12 , (8)
мұндағы ВP i – і түрдегі өнімді кәсіпорынның өткізу бағасымен сатқандағы ақша түсімі млн, тенге; ОФ i –і түріндегі продукцияны өткізу бағасына қосылған бюджеттен тыс қорға жіберілген төлем, млн. тенге. Н а i — акциздық салық, млн. тенге; Н а i — қосымша құн салығы; Сi –і түріндегі өтімді өнімнің толық өзіндік құн ; (1+ m)12 — кәсіпорынның өнімінің құнсыздану коэффиценті; (1+n )12— кәсіпорын пайдаланатын шикі заттардың құнсыздану коэффиценті.
Табысты болжауда тиімді, құралы деп, шығындар, сату мөлшері, табыс және баға арасындағы күрделі байланыстарды ескеретін табыстылықтың графигі есептейді. Ол көптеген сұрақтарға жауап бере алады, мысалы : «Өндіру, өнімінің мөлшерін азайтсақ, табыс қалай өзгереді», «Баға, жоғарыласа, шығын азайса, сату мөлшері азайса, табыс қалай өзгереді».
Өндіретін өнімнің өзіндік құнының құрамында шикізатқа кететін шығын мөлшері көп болатын болса және оның бағасы тым өзгергіш болса, жарнамаға кететін шығын сату мөлшерімен тыз байланысты болса, өндіріс технологиясы тез өзгеріп тұрса, табыстың графигі осы факторлардың болашақтағы мәндерін талдауда таба алсақ қана көмек көрсетеді.
Баланстық табыс, өнімді өткізуден түскен табыстан басқа, басқадай өткізулерден түскен табыс және өткізуден тыс амалдардың нәтижесінде түскен табыс қосылады.
Басқадай өткізуден түскен табыс деп, негізгі қор, шикі-зат, материалдар, материалды емес активтер, патент, сату маркасы, құнды қағаздар, шет ел валютасы және басқа мүліктерді өзгертуден түскен түсім. Табыс өткізу бағасы мен мүліктің толық құнын, өткізуге кеткен шығын, бюджеттен тыс қорға жіберілген өткізу бағасына қосылған салық пен төлемдердің айырмасы болып табылады.
Өткізуден тыс табыс (зиян) кәсіпорынның табыс табу жолындағы қосымша мүмкіндіктері. Оларға мыналар жатады:
— мүлікті жалға немесе лизингке беруден түскен табыс;
— қысқа және ұзақ мерзімге жұмсалым (құнды қағаз сатып алу және басқа кәсіпорындардың қызметіне үлесті араласу, облигация сатып алу, қарыз беру)
— төленген және алынған айып пұл, өсімақы, тұрақсыздық айыбының қалдығы (мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорларға төлем есептердегі ықалшалардан тыс).
— басқадай табыс (өткен жылдардың есепті кезенде байқалған табыс, тауарды қайта бағалаудан түскен табыс, есепшоты және депозитте жатқан ақшадан түскен үлес табысы ).
Өткізуден тыс амалдарды жоспарлау кезінде тек табысты емес, зиянды да есептеу қажет. Зиянның көзі болып мыналар табылады:
— есепті кезінде байқалған өткен жылдар шығыны;
— тауардың құнсыздануынан келген зиян;
— дебиторлық берешекті есептеп шығару;
— күшін жойған тапсырыс шығыны;
— сот шығыны.
Жоспарлы жылдың балансты табыс қорытындысы кесте 3 — те келтірілген.
Кесте 3 – Жоспарлы жылдың балансты табыс қорытындысы.
№ |
Көрсеткіштер
|
Базистік жыл |
Жоспарлы жыл |
Тоқсан бойы |
|||||
Жоспар |
Есепті кезеңдегі |
Орындалым |
1 |
2 |
3 |
4 |
|||
1 |
Негізгі өндірістен түскен табыс |
85000 |
63750 |
21250 |
102000 |
25500 |
|||
2 |
Басқадай өткізуден түскен табыс |
10000 |
7500 |
2500 |
12000 |
3000 |
|||
3 |
Өткізуден тыс операциядан түскен табыс (+-) |
26000 |
19500 |
6500 |
31200 |
7800 |
|||
4 |
Балансты табыс (жол1+жол2+жол3) |
121000 |
90750 |
30250 |
145200 |
363000 |
Амортизациялық аударымды жоспарлау. Амортизациялық аударым табыстан кейінгі кәсіпорынның қаражат ресурсының екінші көзі болып табылады. Олар кәсіпорынның негізгі қорларынан жай және кеңірек қалпына келтіруге кететін шығынды қаржыландыруға пайдаланады. Амортизациялық аударым жоспарлы кезеңдегі негізгі қордың орташа жылдық бағасы мен амортизациялық аударымның нормасы бойынша мына формуламен анықталады:
Соф п* Н а
О а п =
100 (9)
мұнда О а п — амортизациялық аударымның жоспары шамасы, млн. тенге; Н а – жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың есептемесі бойынша нақты амортизациялық аударымның орташа мәні; Соф п – негізгі қордың жоспарлы орташа құны, млн. тенге.
О а ф
Н а = * 100 (10)
Соф ф
Мұнда О а ф – есепті кезеңдегі нақты амортизациялық аударым :
Соф ф— нақты негізгі қордың жылдың орташа құны.
Егер тездетілген амортизация әдісін пайдаланған жағдайда, орташа нақты қалаптасқан амортизация нормасы кәсіпорын бойынша, екі еседен көпке өспеу керек. Кішігірім кәсіпорындарда амортизациялық аударым есептеудің ерекшеліктері бар, сонымен қатар жалға берілген негізгі өндіріс қорының амортизациялық аударым есептеуде де. Бұл мәліметтерді заң құжаттарынан алуға болады. Мысал ретінде кішігірім кәсіпорындардағы бірінші жұмыс жылында амортизациялық аударым түрінде қызмет ету жылы 3 жылдан кем негізгі қорлардың 20 % — ке дейін құнын есептеп шығаруға рұқсат берілген. Егер кәсіпорындар өзінің кейбір негізгі өндірістік қорын жалға берген жағдайда, амортизация жоспарланады және ол өнімді сатудан тыс амалдардың шығынының қатарына жатады, ал арендатордан түскен төлем өтілімнен тыс амалдардан түскен табысқа есептелінеді. Егер жалға кәсіпорын толық немесе жекелеген құрылымы берілген болса, онда жалға алынған негізгі қордың амортизациялық аударымы жалға алынған кәсіпорын өндірістік өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді.
Құрылыс қаражат ресурсы. Қаражат ресурсы, құрылысқа бағытталған, шаруашылықтың ішкі есеп айырысу жағдайында шаруашылық әдіспен жұмыс жоспарланады. Бұл жағдайда жөндеу –құрылысы жұмыстарын жүргізетін бөлімді қаражат көрсеткіштерімен таныстыру керек: өзіндік құнды төмендету үшін тапсырма; айналым қорының нормалары.
Қаражат ресурсының көздеріне мыналар жатады:
— күрделі құрылыстың ішкі ресурстарды жұмылдыру;
— құрылыста жоспарлы нормалау және үнемдеу.
Құрылыста ішкі ресурстырдың жұмылдыру кәсіпорынның құрылыс бөлімінің айналым қаражатын қысқарту және оның айналымын жылдамдату арқасында жасауға болады, оны мына формула бойынша есептейміз:
Соб= (Он –Ок )-(Кн -Кк) (11)
мұнда Он – құрылыстың жоспарлы негізінің басындағы айналым активі млн. тенге. Ок— жоспарлы жылдың аяғына қажет айналым активі, Кн— , Кк— құрылыстың жоспарлы жылдың басы және аяғындағы кредиторлық қарызы, млн. тенге.
Егер жоспарлы кезеннің аяғына қажет айналымды қаржы жыл басында бар қаржыдан көп болса, күрделі құрылысты қаржыландыруды ұлғайту керек. Шаруашылық жолмен жүргізілген құрылыс жұмыстары бойынша жоспарлау қорлану (Н п), мына формула бойынша есептеледі:
У * П
Н n=
100 (12)
мұнда У- құрылыс-монтаж жұмысының жоспарлы төлемі,
П- жоспардағы қорлану пайызы.
Құрылыста үнемдеу құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнның төмендету арқылы жасалынады. Өзіндік құнды төмендету тапсырма пайыз (П с) және (З с ) түрде беріледі. Есептеулер мына формула бойынша жасалынады:
(У-Н n )
З с = * П с
100 (13)
Орнықты пассивтерді жоспарлау. Орнықты пассив қатарына кәсіпорынның қарамағына жатпайтын қаржы есептеледі, бірақ есептеу шарты бойынша үздіксіз айналымды болады. Кәсіпорын қарызды өтегенше бұл қаражатты өз жағдайларына қарай пайдалануға болады. Мұндай жағдай жиі болып тұруы мүмкін. Сондықтан оны жоспарлау керек. Қаражат ресурстары ретінде орнықты пассивтерді мүмкіндігінше өз мөлшерінде жоспарлаған орынды болады.
Орнықты пассивтерге мыналар жатады:
— кәсіпорынның жұмысшыларымен қызметкерлеріне еңбек ақы бойынша қарызы;
— еңбек ақы қоры бойнша бюджеттен тыс қорға төленетін төлемнің қарызы, сонымен қатар, болашақта қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төлем;
— фактурасыз жеткізілген заттар үшін жеткізушіге қарыз, аванстық төлемдер;
Қаражат жоспарын жасауда қаржы ресурсы ретінде орнықты пассивтердің өсуі жоспарланады. Оны есептеу үшін біріншіден орнықты пассивтер жоспар кезінің аяғында қандай болатынын анықтайды. Содан соң салыстыру әдісімен жоспар жылының аяғындағы мәні мен басындағы мәнін, салыстыра отырып қарыздың өзгерісін анықтаймыз. Есептеулер қосымшада келтірілген кестеде көрсетілген нысан бойынша жасалынады.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақы бойынша қарызының төменгі шамасын мына формуламен есептейміз:
З з = Рзс * Д р (14)
Рзс — орташа күндік еңбек ақы;
Д р — төленген күн айының соғы күніне дейінгі күн саны.
Еңбек ақыға байланысты бюджеттен тыс қорға төленетін төлем (У п фон) мына формула бойынша есптейміз:
ЗЗ * П
У п фон =
100 (15)
мұндағы ЗЗ – еңбек ақы бойынша қарыздың жалпы мөлшері;
П- бюджеттен тыс қорға төленетін проценті.
Алдағы төлемдер резерві (З омн) жұмыскерлердің демалыс ақылары осы шот бойынша қалдықтың соңғы 12 айындағы қалдық, жоспарлы кезеңдегі еңбек ақы қорының өзгерісін ескере қарастырғанда. Есептемелер мына формула бойынша жасалады:
З оmn = Зomn min * I фон (16)
Мұнда Зomn min – алдағы төлемнің ең кіші қалдығы.
I фон — жоспарлы кезеңдегң еңбек ақы қорының өзгеру индексі.
Фактурланбаған жеткізулер үшін жеткізушілерге қарыз, жоспарлы кезеңнің алдыңғы жылғы жылдың қорытындысы баланс бойынша
ең кіші қарыздың 50% жоспарланады. Құнсыздану жағдайында бұл шама материалдардың бағасының өзгеру индексіне байланысты өзгертілуі керек.
Басқадай табыстар. Басқадай табыс құрамына мыналар кіруі мүмкін:
- құнды қағаздарда түскен табыс;
- еңбк ұжымдарының мүшелік жарнасы.
Құнды қағаздарды шығарудан түсетін табыс құнды қағазға жазылу мөлшеріне, кәсіпорынның қарамағында қалатын және сатуға арналған бөлігінің мөлшеріне байланысты жоспарланады. Құнды қағаздан түсетін табысты жоспарлауда оның тиімді құрылымын, яғни құнды қағаздардың түрлерінің ара қатынастары. Кәсіпорындар акциялар мен облегацияға аса назар аударады. Облегация шығару егер кәсіпорынның иесі, мүлікке ие болу және пайдалану құжатына басқалардың ие болуын қаламаған жағдайда пайдаланады. Сонымен қатар, басшылар кәсіпорынның құнды қағаздарын сатудан түскен табысты дұрыс тиімді пайдалана отырып, уақытында қарызды төлей алатынына сенімді болуы керек. Құнды қағазды шығару және оны орналастырудан түскен табыс, кәсіпорынның меншікті капиталын құрайды. Аукционның бірнеше түрі бар. Оларға дағдылы және артықшылықты акциялар жатады. Акциялардың түрлері:
- жиынтықты;
- жиынтықсыз;
- қайтармалы,
- қайтармасыз;
- айырбасталымды;
- ретрективті;
- ордерленген акция.
Үлестік жарна түрндегі қаржы ресурсы ұжымдық меншіктегі кәсіпорындарға тән мәселе. Мүшелік жарна кәсіпорынды құру кезінде немесе жарғылық капиталды өсіру кезінде болады.
Мүшелік жарна бірлестік кәсіпорындар үшін жасалынған. Мұндай түсімдер тұрақты және белгілі бір мерзім және кезекпен түсіп тұруы мүмкін, және қаражат жоспарларында көрсетілуі керек.
2.3.2 Шығын және аударым жарнасын жоспарлау
Кәсіпорынның шығыны және төлемі қаражат жоспарының 2-ші бөлімін құрайды. Қаражат жоспарлау шығын бөлімінде шығынның мынадай баптары қарастырылады:
— қорлану, тұтыну, резервтегі қорға жіберілетін төлемдер мен қайырымдылық мақсатындағы төлемдер;
— кәсіпорынның қарамағында қалатын еркін табыс;
— кәсіпорынның қарамағындағы қалатын амортизациялық өтелім;
— басқадай шығын ;
— шығындар мен өтелімдердің қорытындысы;
— табыстан шығыстың асып түсуі (+), немесе шығыстың табыстан
асып түсуі (-).
Қаражат жоспарының бұл бөлімінде кәсіпорынның табысы мен басқадай қаражат ресустарынан қаржыланатын кәсіпорынның өндірісінің өсуі мен өркендеуіне, әлеуметтік — мәдени және еңбек коллективінің тұрмыстық мұқтажын қамтамасыз етуге қажетті және де басқа шығындар қарастырылады.
Қаражат ресурсын пайдаланудың нақты бағыты мен пропорциясын кәсіпорын өзі анықтайды Бұл стратегиялық жоспарлаудың жетістігі болып табылады.
Заң жүзінде мемлекет бюджетіне салық және түсім шамасына әсер ететін табыс құрамы ғана реттеледі.
Нақты экономика теңдемелі стратегия такика жағдайында тиімді қызмет ету үшін кәсіпорынның үш қоры болған жөн:
- қорлану қоры;
- тұтыну қоры;
- резервтік қоры.
Қолдану қоры мына жағдайлар үшін керек:
— күрделі құрлысты қаржыландыру, меншікті айналым қорын өсіру, ғылыми — зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;
— ұзақ мерзімді несиенің пайыздық төлемін өтеу.
Тұтыну қоры мынандай шығындарды жабуға пайдаланады:
— жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымына берілген сый ақы;
— бір жолғы еңбек ұжымының мүшесіне көрсетілген көмек;
— өндірістік тапсырманы аса маңызды орындағаны үшін жұмыскерге берілген сыйлық ақы;
— кәсіпорынның жұмыскерлеріне мәдени — тұрмыстық қызмет көрсету;
— тұрғын үй, балалар және мәдени — спорттық бөлімшелерді салу және күрдел жөндеуден өткізу;
— еңбек ұжымының мүшелерін тамақтандыруға демеу қаржы.
Бұл қорлардың ара салмағын кәсіпорын өзі анықтайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтеріне қарағанда ең тиімді ара салмақ: қорлану қоры -60 %, тұтыну қоры 40%. Резервтік қор кәсіпкерлік қызмет кезіндегі қауіптік нәтижесінде алынбай қалған табыстың орнын толтыру үшін қажет. Бұл қаражат, жоспардың кейбір тармақтарын өзгертуге жұмсалуы мүмкін, егер әртүрлі жағдайларға байланысты жоспардың орындалу барысы жоспарда көрсетілгеннен басқаша жолмен кесте.
Қаражат жоспарының негізгі шығын баптарын жосарлаудың әдістемесін қарастырамыз.
Күрделі қаржы жұмсалымы. Күрделі қаржы жұмсалымы қаржыландырудың көлемді бөлігін құрайды, ұлғайту, қайта құру және өндірістің және өндірістік емес негізгі қорды техникалық құруға жұмсалады.
Күрделі қаржы жұмсалымының көлемі және құрылымы кәсіпорынның өздері анықтайды. Қаржыландыру қызметі мемлекет тұрғысынан реттеледі, сондықтан жоспар құру кезінде кейбір шектеулер болуы мүмкін. Күрделі құрлыс қызметін көрсету үшін лицензия болуы керек. Оны жүргізу үшін проектіге, төлемнің декларациясы және қаржыландыру көзіне мемлекеттік экспертиза қажет. Күрделі құрылыста жоспарлауға қажетті негізгі құжаттар болып мыналар табылады:
— қаржыны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ететін проект- сметалық құжаттар;
- лицензия;
- мемлекеттің құрылысқа жер бөлуі туралы шешім;
- құрылысты жүргізушімен келісім.
Күрделі қаржы жұмсалымының көздері меншікті және қарыз қаражат ресурсы болуы мүмкін. Оның құрамы және құрылымын жоспарлау кезінде қаржыландыру белгісі бір тәртіп бойынша жасалынуы керек.
Барлық есептемелер қосымшадағы кестеде көрсетіледі.
Меншікті айналым қаржысының өсімі. Қаржыландырудың жоспарын жасауда меншікті айналым қаржысының көлемін ұлғайтудың негізі болып, айналымды қаржыны жоспарлы кезеңнің аяғына құру есептемелері жатады. Жоспарлы жылдың басымен салыстыру арқылы оның өзгерісін байқауымызға болады.
Айналым қордың нормасы деп — айналым қаржысының ең кіші мәнін азаймайтын жағдайды қалыптастратын қаражат ресурсының көлемін айтамыз. Айналым қоры деп отырғанымыз, шикізат, материалдар, отын, қоймадағы дайын өнім. Нормативтің өзгерісін есептеу үшін қосымшадағы 6-шы кестеде жазылады. Есептеуде мынадай ереже ұсынған жөн:
Шикі-зат, негізгі және қосымша материалдар, отын нормаларын анықтағанда, өндіріске кететін шығынның әрбір мәлімет бойынша бір күндік шығынды оның күндік босалқы қор нормасына көбейту арқылы есептеу керек.
Айналымды қордың күндік нормасы шикізат пен негізгі материалдардың түрлері бойынша мыналардан құралады:
— босалқы қор жолы — ақысы төленген матеиалдың жолға кеткен уақыты;
— босалқы қор технологиясы — түсіруге, қоймаға орналастыруға және өндіріске дайындауға кеткен уақыт:
— сақтандыру босалқы қоры (ағынды босалқы қордың 50% -ті)
Аяқталмаған өндіріс және қоймадағы дайын өнім бойынша көлемі босалқы қор нормасы жалпы өндірістік өнімнің өзіндік және тауарлы өнімнің өндірістік өзіндік құнына енетін бір күндік шығынға көбейту арқылы есептеледі.
Айналымды қордың аяқталмаған өндіріске байланысты көлемі өндірістік циклдің ұзақтығын шығынның өсуі коэффицентіне (К) көбейту арқылы есептеледі. Шығынның өсу коэффиценті әруақытта 1- ден кіші. Ол аяқталмаған өндірістің өзіндік құнының жалпы жоспарлы шығынға қатынысы мына формула бойынша есептейміз:
З е +0,5 * З п
К =
З е + З п (17)
мұнда З е — өндірістік циклдың басындығы бір жолғы шығын, З п — өндірістік циклдың соңына дейінгі шығын (еңбек ақы, басқадай шығындар).
Қосалқы бөлшектер, азбағалы және істен шығатын заттар бойынша норматив айналымды қордың нормасы мен сол норма есептелген баптардың көрсеткіштеріне көбейту арқылы есептеледі.(Өндірістік және қуат құралдыры, жұмыскерлердің саны)
Дайын өнімнің босалқы қор нормасы мына формула бойынша есептеледі:
Н m = З с (И о — В о) (18)
мұнда З с — өнімді өндіруге келетін орташа күндік шығын мың тенге;
И о— дайын өнімді тиуге қажет уақыт, күн;
В о – төлем құжаттарын дайындауға қажет уақыт, күн.
Кәсіпорын бойынша жалпы мемлекетті айналым қорының нормасы жекелеген элементердің нормаларының қосындысы бойынша анықталады.
Жоғарыда айтылған айналымды қордың нормасын анықтайтын әдіс тым күрделі. Сондықтан, тәжірибеде жоспарлау әдісіне ұдғайтылған тәсіл пайдаланылады. Мысалы еңбекте, жалпы өнеркәсіп бойынша бір күндік материалдық құндылықтың шығынын орташа босалқы қор нормасына көбейту арқылы есептеуді ұсынады. Кей жағдайда коэффицент тәсілі пайдаланылады, яғни өндіріс өнімінің және босалқы қордың нормасының өсу қарқынының коэффицентін есептеу арқылы. Бұл жағдайда айналымды босалқы қор нормалауға болатын екі топқа бөлінеді: өндіріс өніміні көлеміне байланысты және байланыссыз деп. Бірінші топтың нормасы айналым қорының жыл басындағы мәні өндіріс өнімінің өсу индексіне көбейту арқылы табылады. Ал екінші топтың өзгеріссіз қалуы мүмкін, немесе құнсыздану пайызына байланысты өзгертілу мүмкін.
Ұзақ мерзімді несие пайызы. Ұзақ мерзімді несиенің шығынын қамтамасыз ету несие беруші немесе жасалынған шарт және пайыз мөлшерінің өзгеруі туралы банктің деректеріне негізделіп, сонымен қатар пайызды есептеу әдісімен байланысты жоспарланады. Несиені пайдаланған үшін төленетін пайыз ставкасы мынандай әдістермен есептелінеді:
— жәй пайыз әдісімен, жыл сайын белгіленген мөлшерде есептелініп және төленеді;
— күрделі пайыз әдісі. Бұл жағдайда, есептелінген пайыз несие мерзімі біткенше төленбейді, несие бойынша қарызға қосылып, келесі кезеңдерде несие берушіге оның өздері пайыз алып беріп отырады;
— төмендейтін процент әдісі. Жылда төленетін процент мөлшері төмендейді, ал келешектегі процент төлемін қалған қарыздың мөлшерінен есептейді.
Тұтыну қорының сметасы бойынша шығын. Бұл шығындарды жоспарлау кезінде, коллективтік шарт, кәсіпорын жарғылық құжаты мен салалық тарифтің келісімдерде көрсетілген еңбек коллективін әлеуметтік сақтандыру міндеттерін ескеле отырып жасалынады.
Арнайы баптарды есептеу кезінде мынандай факторларды ескеру керек:
- жұмыскерлер саны;
- кәсіпорындағы орташа еңбек ақы тұрмыс шартары;
- қызметкерлердің орналасу жағдайлары.
Тұтыну қорының баптарының жобасы қосымшадағы кестеде келтіліледі.
Бюджетке төлем. Кәсіпорынның қаражат жоспарында бюджетке төленетін төлемдердің табысқа байланысты ғана көрсетілмей, басқа да төлемдер көрсетілу керек.
Оларға :
— жылжымайтын мүлік салмағы;
— түсім салығы ;
— табыс салығы.
Бюджетке және бюджеттен тыс қорға төленген басқадай төлемдер жоспарда байтаныстан тыс «Анықтамалық» деп көрсетілуі керек. Бюджетке төленетін салық мөлшері мемлекеттік салық комитетін ұсыныстары, қосымша жеткізілген бостандық пен жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.
Жылжымайтын мүлік салығын есептеу формасын қосымшадағы кестесінде көрсетілген. Қосымша баға, салығы мен акциздер мына формула бойынша жоспарланады.
Оо б * П и
Н =
100 (19)
мұнда Н- салық мөлшері, Оо б — жоспарлық салық салынатын айналым, П и — өткен жылдағы орташа пайызы.
2.3.3 Кәсіпорынның қаражат жоспарын тексеру
Бұл процедураның мақсаты шығынның әр бір бабы бойынша қаражаттандыру көзін анықтау және табысты белгілі бір бағытта бөлу. Табыс пен шығыстың кәсіпорынның тепе-теңдігі мынандай қағидамен жүргізіледі: шығандарды жабу үшін ең алдымен меншікті табыстар жұмсалады. Бұл жағдайда табыстың мақсатқа сай пайдалану және шығын бабының бағытының кезегі ескеріліп отыру керек. Меншікті қаржат жетіспеген жағдайда шығында жабуға банктік несие немесе басқадай қарыз ресурстар пайдаланылады. Тексеру кестесі қосымшадағы кестеде көрсетілген. Тексеру кестесін құрау, кәсіпорынның табысы мен шығыннының әрбір бап бойынша есептелген қорытындысын жазулан басталады. 10-шы жолда 2-10 бағаналарға жоспарланған табыс жазылады, ал 10-шы бағананың 1-10 жолдарына жоспарланған шығын жазылады. Осыдан соң табыс пен шығынның әрбір бабы балансқа келтіріледі.
2.3.4 Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың негізгі міндеттері:
— объективті және субъективті факторлардың кәсіпорынның қаражат көрсеткіштеріне әсерінің мөлшерін анықтау;
— кәсіпорынның қаражат жағдайын және оны өзгерту факторларын бағалау;
— кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қаражат жоспарының көрсеткішін қамтамасыз етудегі іс әрекеттерін бағалау;
— қаражат, есеп және несие тәртіптерінің орындалуын алдау;
— табыстылықты көтерудің жаңа жолдарын іздестіріп, оны пайдаланудың тәсілдерін қарастыру.
Қаражатты талдау процессінде мына мәселелер зерттеледі:
— кәсіпорында бар қаражаттар, оның құрамын және құрылымы, олардың өзгертудің себептері мен нәтижелері;
— кәсіпорынның қаражат көздерінің барлығы, құрамы мен құрылымы, өзгеру себептері мен нәтижелері;
— ұзақ мерзімді активтердің жағдайы, құрылымы және өзгеру серпіні;
— дебиторлық берешек;
— қаражатты пайдаланудың тиімділігі.
Ақырында мынандай талдау, жоспарлау кезеңіндегі нақты шаруашылық жағдайды ескере отырып, қаражат нәтижелерін болжауға мүмкіндік беру керек.
Қаражатты талдаудың мәлімет көзі болып, кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, пайда мен залал туралы есеп беру нысаны, бухгалтерлік баланстың қосымша және де басқа есеп құжаттары табылады.
Кәсіпорынның қаражат жағдайы мынандай көрсеткіштермен сипатталады: ағымды және келешектегі төлем қабілеттіліг, қаражат айналымдағы, меншікті және қарыз қаражаттың барлығы, оны пайдаланудың тиімділігі және басқа. Қаражат жоспарының шешімін нақтылауға арналған қаражатты талдау әдістемесінің өзіне тән ерекшелігі болады. Талдау кәсіпорынның активтерінен басталады.
Кәсіпорынның активтерін талдау барысында оның барлығы, құрамы, құрылымы, серпінісі зерттеледі. Жоспар жасалынып жатқан мерзімнің алдындағы жылымен салыстырғанда кәсіпорынның жалпы қаржысы қаншаға өскенін немесе кемігенін, қаражаттың ұзақ мерзімдік және ағымдық активтері арасындағы бөлініс қалай өзгергенін анықтаймыз.
Ұзақ мерзімді активтер — қаражатты жылжымайтын дүние — мүліктер, құнды қағаздар (акция, облигация), бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына жұмсау. Ұзақ мерзімді активтерге материалды емес активтер де жатады.Ұзақ мерзімді активтерді талдау, оған жасалған жұмсаудың қауіп дәріжесін , гудвилл және олардың өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Негізгі назарды ағымдық активтердің құрылымын талдауға аударған жөн. Құрылымда материалдық айналым қаражатының (өндірістік сақтаулы қор, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, жөнетілген товар); ақша (қолда бар ақша, қысқа мерзімді құнды қағаз): дебиторлық берешек және басқадай активтер (болашақ мерзімнің шығыны т.б.) үлес самағының қалай өзгергенін анықтау керек. Талдау барысында ағымды активтердің есепті кезіндегі құрамын нашарлатуға әсер еткен жағымсыз себептерді табу, жоспарлау кезеңінде осы факторларды жою және қаражат стратегиясын жасау керек.
Ішкі және сыртқы факторлардың жиынының әсерінен құрылған қаражат жоспарының өзіндік стратегиясы болуы керек.
Олардың ең маңыздылығына мыналар жатады:
— құндыздану. Бағаның құндыздануы мен айналымды қордың айналымдылы арасына байланыс бар; айналымдылық неғұрлым баяу болса, табыс сонша көтермелі болады.
— активтердің құрылымы (ақшалай және ақшалай емес деп бөлінуі)
Құндыздану кезінде ақшалай пассивтің өскіні пайдылы немесе ақшалай активтің өскіні пайдасыз.
— қаражаттау тәсілі. Тұрақты процентпен өтелетін қарыз неғұрлым көп және ұзақ мерзімге болса, соғұрлым кәсіпорынның активтері құнсызданудан сенімді сақталған болып табылады.
— өндірістік сақтау қорының дәрежесі. Өндірістік сақтау қорының үлес салмағының өсуі ішкі заттың, жартылай өнімнің пайдалану қасиетін жоғалтады, сонымен қатар өнімнің сапасын төмендетуі. Сонымен қатар қаражатты босалқы қорға оқшауландандыру қаражат жағдайының тұрақсыздығының бір белгісі болып есептеледі. Босалқы қордың мөлшерінің азайуы шикі- заттың, материалдардың қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігін туғызып, өндіріс кестесін бұзуы мүмкін. Сондықтан тиімді стратегия босалқы қорды белгілі бір деңгейде ұстаған дұрыс деп есептейді.
Ағымды активтерді талдау кезінде, дебиторлық берешек маңызды орын алады, себебі ол айналым қорының елеулі бөлігін құрауы мүмкін. Бұл жерде, дебиторлық берешектің жалпы шамасы мен оның құрылымын зерттеу керек. Талдау мына тұрғыда жүргізілуі керек:
— сатып алушылар және тапсырма берушілермен есеп айырысу;
— векселдік есеп айырысу ;
— аванс бойынша есеп айырысу;
— кінәрат бойынша есеп айырысу;
— бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу;
— еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
— еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу және басқалар.
Талдау барысында дебиторлық берешектің жоспарлау кезінде оны қайтарудың жолдарын қарастыру керек. Бұл мүмкіндік дебиторлық берешектің сапасына байланысты: кім?, жағдайы қалай?, жоспары қандай?
Пассивті талдау. Талдау барысында меншікті және қарыз қаражаттың мөлшерін бағалау керек. Бұл талдау мынандай бөлімдерде жүргізілуі керек: меншікті қаржы (жарғылық қор, мақсатты қор, арнайы қор, алдағы шағын мен төлемдер қоры, мақсатты қаржыландыру, құрылтайшы мен есеп айырысу, бөлінбеген табыс); қарыз (ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері, ұзақ мерзімді банк несиесі, ұзақ мерзімді қарыз, қысқа мерзімді қаражат міндеттемесі, қысқы мерзімді несие, қысқа мерзімді қарыз, есеп айырысу және басқада қысқа мерзімді несиелер).
Меншікті және қарыз мөлшерінің өсуін немесе азайуын, өзара қатынасының өзгерістерін анықтау керек. Нақтылы экономика жағдайында меншікті қаржының жалпы қаржының мөлшеріне қатынасы 60% болса, дұрыс пен есептелінеді. Меншікті қаражаттың жалпы қаражат қатынасы меншікті коэффициент деп аталады.
Кей жағдайларда айналымды қаражатты қаржылау үшін жарғылықты капитал пайдаланылады. Айналмалы қаражат қорына бағытталған жарғылық қордың мөлшері жарғылықты капиталдан меншікті капиталдың ұзақ мерзімді және материалды емес активке жұмсалған қаржыны алып тастағанға тең. Талдау барысының негізгі бөлігі, меншікті айналым қаражатының мөлшеріне әсер ететін факторларды табу болып табылады, келешекте қаржы жоспарында көрсету үшін.
Талдау кредиторлық қарыздарды бағалаумен аяқталады. Қарыз болудың себептері дәл анықтау керек. Ол үшін қарыздарды мынандай бөліктерге бөлеміз:
— тауар, жұмыс және қызмет үшін;
— вексельдер үшін;
— аванс үшін;
— сақтандыру үшін;
— бюджеттен тыс төлемдер;
— бюджетке төлемдер;
— еңбек ақы және әлеуметтік қажеттіліктер үшін төлем;
— еншілес кәсіпорындармен арадағы төлем.
Айтылған мәселелер дебиторлық берешек пен кредиторлық қарызды салыстыруға және оны азайту жолдарының жоспарын құруға көмектеседі.
Талдаудың қорытындысында төлем қабілеттілігі мен қаржы жөніндегі орнықтылықты бағалау керек.
Төлем қабілеттілігі мынадай көрсеткіштердің көмегімен бағаланады:
— ағымдағы өтімділік коэффиценті;
— сына өтімділік коэффиценті;
— жалпы өтімділік коэффиценті;
— меншікті қаржымен қамтамасыздықтың коэффиценті;
— төлем қабілетін қалпына келтіру коэффиценті;
Қаражат жөніндегі орнықтылық болашақтағы өлем қабілеттілігін бағалайды, сондықтан қаражатты жоспарлауда оның орны жоғары. Сонымен қатар ол қарыз, меншікті және қорытынды капиталдың ара қатынастарын көрсететін коэффиценттер арқылы бағаланады. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады:
— қарыз қаржының жалпы капиталдағы үлес салмағы;
— қарыз қаражатының меншікті капиталдағы үлес салмағы;
— ұзақ мерзімді несие мен қарыздардың активтерді
қаражаттандырудағы меншікті қаржылармен салыстырғандағы үлесі;
— меншікті қаржыны оңтайластыру коэффиценті;
— амортизацияның жинақтау коэффиценті;
— негізгі қордың нақты бағасының жалпы қаржыға қатынасы коэффиценті;
— кәсіпорынның несиенің проценті төлеу қабілеті.
ІІІ. Кәсiпорыннның курделi салымын бағалау және қаржылық стратегияларды қалыптастырудың тиiмдi ҚұралДарын қалыптастыру
3.1 Кәсiпорындардың қаржылық белсендiлiгiн арттыру мәселелерi мен олардың iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары
Ел экономикасын әрi қарай өркендету үшін бүгiнде жеке инвесторлардың қаржы ағыны, ең алдыменнарық жағдайына тез бейiмделе алатын және қаржыланатын қаражаттан жоғары қайтарымды қамтамасыз ете алатын iрi корпоративтiк Ұлттық капитал қажет.
Қазақстан экономикасының қаржылық тығырықтан шығуына қазiргi танда елде жинақтауға iшкi ресурстардың қажеттi көлемiнiң болмауы кедергi келтiрiп отыр.
Қаржылық белсендiлiктiң жоғарылату және экономиканың қайта құру мәселелерiн тек қана мемлекеттiк қаржылаудың көлемiн бiршама жоғарылату есебiнен тiршiлiктi қамтамасыз ете алатын өндiрiстердi қаржылық қолдаудың шұғыл мiндеттерi мен шектелген бюджеттiк қаржының жоғары ңбайланыстылығың және сыртқы қаржылар мен әлеуметтiк саланың коммерциялық емес қаржылық жобаларын жүзеге асыру қажеттiлiгiне қарап шешу мүмкiн емес. Дағдарыстан нақты шығу, нақты құрылымдық өзгерiстер жасау, жоғары жетiстiктерге жету кәсiпорындардың қайта құруды, оларды техникалық қайта қаруландыруды, олардың профилiн еңейтудi, жаңа өнiмдi тез игере алатын тиiмдiлiгi жоғары өндiрiстi құруды талап етедi.
Мұның барлығы бiр-бiрiнсiз болмайтын инновация мен қаржылардың қажеттiлiгiн бiлдiредi. Бұл өзөнiмi мен өндiрiсiнiң бәсекеқабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн, нарықта өз қуысын тапқан кәсiпорын құруды мақсат еткен жалғыз процесс. Мұны тек қолда қаржы бар болғанда және оны Ұтымды пайдаланудың қаржылық стратегиясын қалыптастырғанда ғана жүзеге асыруға болады.
Нарықтық шаруашылыққа тән қаражат көзi — ұзақмерзiмдi қаржылық несие кең өрiс алмай отыр. Оған себеп, несие қойылымының тым жоғарылығы.
Кәсiпорынның өсуiнiң ұзақ мерзiмдi болашағын анықтайтын қаржы саясатын талдау бiр жағынан, меншiктi қаражаттарының қалыптасуының және қосымша қаржы ресурстарын тартудың негiзгi көздерiн зерттеудi, ал екiншi жағынан, қолда бар қаржы қаражаттарын пайдалану бағыттарындағы басымдылықты бағалауды қамтиды.
Экономикалық қайта құрудың нақты кезеңiнде, ең басты мәселе, елiмiзде iшкi жинақтардың шектелген мүмкiндiктерiнiң сақталуын және қаржылық процестердi тереңдету және кеңейту үшін капитал салымдарының жетiспеушiлiгiн толық түрде жабу жеке инвесторлардың қабiлетсiздiгiнде болып отыр.
Төлемдердiң төленбеу дағдарысының толық шешiлмеуi қаржылау процесiмен қаржылық белсендiлiктiң төмендеуiне ықпал етуде.
Тағы бiр басты мәселе — құнсыздануға қатысты несие ресурстарының бағасының жоғары болуы. Бұл өз кезегiнде оны нақты секторға қол жетпейтiндей етедi.
Қарқынды инвесторлар өз қаражаттарын өндiрiстi дамытуға қарағанда, бiршама табысы жоғары, әрi сенiмдi активтерге салуды жөн көредi. Екiншi жағынан, шетел қаржыларының болжанған шамасы нарық сыйымдылғы, табиғи ресурстар мен өндiстiк қуат көлемi, жұмыс күшін iң бiлiктiлiгi мен құны, сонымен қатар қожалық етудiң нарықтық механизмдерiне көшу барысындағы қайта-құрулар сияқты ҚР сипаттайтын негiзгi көрсеткiштерге сәйкес келмейдi.
Бүгiнде қолайлы қаржылық ортаны қалыптастырумен қатар өзара байланысты екi мiндет: мемлекеттiк, өнеркәсiптiк және банктiк капиталдардың үлесiне қарай қатысуына негiзделген көлемдi қаржылық жобаларды қаржыландыру механизмiн құру және iске қосу; осы заманғы институционалды ортаны құруға негiзделген капитал ұйымдастырудың титiмдi түрлерiн қалыптастыру бiрiншi кезекке шығып отыр. Ол қаржылық, өнеркәсiптiк, инновациялық және ұйымдастырушылық әлеуетi қуатты институттар негiзiнде құрылуы керек. Мұндай институттарға бiр немесе бiрнеше технологиялық байланысқан iрi өндiрушi—кәсiпорындарды, сонымен қатар бөлiмшелiк желiсi дамыған банктiк құрылымдарды және шешiмдер қабылдау, жүзеге асыру үшін өндiрiс пен басқару субъектiлерiнiң қызығушылықтары мен жауапкершiлiгiн ынтымақтастығы пайдасын құратын басқа да ңкәсiби корпорациялардың жатқызуға болады.
Мемлекет мiндеттi түрде қаржылық құрылым жасаушы консорциум құрылуына көмек көрсетуi қажет. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, ұкiметтiң өзiнiң тiршiлiкке қабiлетiн көрсеткен iрi қаржылық және өнеркәсiптiк құрылымдармен әрекетiнiң тығыз үйлестiгi экономикалық дағдарыстан шығуына және қарқынды дамуына мүмкiндiк бередi. Қаржылық процестi ұйымдастырудың тиiмдi түрлерiн құру қаржы-өнеркәсiптiк топтарды (ҚӨТ) құру процесiн белсендiрудi бiлдiредi. ҚӨТ қалыптасуы қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыруда капитал тарту үшін қосымша мүмкiндiктердi қамтамасыз етедi. Экономиканың ѕнемi тұрақтандыру және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарылату факторларының бiрi болып табылады. ҚӨТ қатысушылардың қаржылық ресурстарының бiрiгуi олардың жалпы iшкi қаржылық мүмкiндiктерiн едәуiр кеңейтедi және ең бiр басты бағыттарда шоғырлануына мүмкiндiк бередi.
Қаржылық салаға бағытталатын қаражаттарды шоғырландыру бойынша тұрақты жұмысты белсендiрудiң маңызды да, қажеттi. Сонымен қатар осы саладағы шетелдердiң тәжiрибесiне сүйене отырып, үкімет жақын арада қаржылық банктi акционерлiк қоғам ретiнде құру туралы ұсыныс қабылдауы қажет. Бұл банк келесi негiзгi қызметтердi атқаруы қажет:
а) мемлекеттiк құнды қағаздармен операциялар жасау есебiнен тиiмдiлiгi жоғары қаржылық жобаларды жүзеге асыру үшін қаражаттарды жұмылдыру;
б) жекешелендiрген кәсiпорындардың акцияларымен операциялар жасау және оларды басқа мемлекеттердiң қор нарықтарында орналастыру;
в) байқаудан өткен, тиiмдiлiгi жоғары қаржылық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде құрылған кәсiпорындардың мемлекеттiк пакет акциясын мемлекет атынан басқару;
г) тиiмдiлiгi жоғары нақты қаржылық жобаларға немесе сақтандыру үшін қолданылатын тиiмдi қаржыларға салынатын капиталды өз елiне қайта қайтару туралы ұсыныстарды дайындау.
Сурет 1. Кәсiпорынның маркетингтiк iс-әрекетiн дамытудың негiзгi бағыттары
Бiрақ, қазiргi кезде баңктер әлi елеулi қаржылық ресурстардың шоғырланушысы және оның тиiмдi операторы бола қойған жоқ. Бұл шешудi қажет ететiн түйіндi мәселе.
Қазiргi танда қаржылық механиздердi iске қосуға және шаруашылық субъектiлерiнiң қаржылық белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн үйлестiрiлген бiрiншi кезектi шаралар кешенiн қабылдау керек. Бiздiң ойымызша, мұндай шараларды жүзеге асыру үш бағыт бойынша жүргiзiлуi тиiс: қаржылық процестi қамтамасыз етудегi мемелекеттiң рөлiн белсендiру бiрiншi бағыт болуы тиiс. Бұл қаржыларға мемлекеттiк шығындардың үлесiн тiптiм арттыра беру керек деген сөз емес, бiрақ мұндай шығындар көлемiн көтеру керек. Ең алдымен, мемлекеттiк кепiлдiктер механизмiн дамыту, сонымен қатар қаржылық қызметтер ұйымдастырушылық және институционалдық алғышарттарын құруда мемлекеттiң координациялық рөлiн жоғарылату керек.
Осы ұйымдастырушылық және институционалды алғышарттарды банк және қаржылық қызметтер салаларында құру мiндеттi түрде екiншi бағыт болуы тиiс.
Қаржыға қолайлы баламалық заңдылық шарттарды бекiту үшін шi бағыт болып табылады. Көрсетiлген бағыттарды дамыту үшін мыналар қажет:
— экономиканың мемлекет секторының қаржылық ресурстарын және табиғи монополияларды мемлекеттiк қаржылық бағдарламалардың қажетiне бағыттап iске қосу;
— халық шаруашылығын қайта құру үшін валюталық қарыз беру мүмкiндiктерiмен мемлекеттiң кепiлдiгi арқылы ұзақ мерзiмдi мақсатты қаржылық салымдар тәжiрибесiне өту;
— қаржылық және кәсiпкерлiк жобаларды сақтандыру және қайта сақтандыруға бағытталған сақтандыру қарызын жүзеге асыру;
— берiлген қаржылық несиелер көлемiне қарай салыстырмалы ұзақ мерзiмге сақтауға салынған тұрғындардың салымдары бойынша мiндеттi резервте сақтау мөлшерiн қайта қарау. Бұл қаржылық несиелердi кәсiпорындар үшін арзаң етуге мүмкiндiк бередi;
— ресурстарды шоғырландыруға және қаржылық тәуекелдердi төмендетуге мүмкiндiк беретiн ұжымдық қаржыландыру және жобалық қаржыландыру институттарын дамыту;
— ұкiметтiң жеке кепiлдерiмен қаржылық бағдарламаларды қаржыландыруға қатысатын банктер үшін тұрғындардың жинақтарын тартудың жоғары нормативтерiн бекiту;
— Салық кодексiнде банктер мен басқа да несиелiк ұйымдардың қаржы лизингi операцияларын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзiмдi несие беруден түскен пайдаға салынатын салықтан босатуды қарастыру;
— несие ұйымдарын оны, қаржының жандану және экономикалық өрлеудi қамтамасыз ете алатын банк жүйесiнiң құрылымын қалыптастыруға бағыттау арқылы банкроттық сiңiсу және қосылу процесiн тәртiпке келтiру;
— мемлекеттiң қатысуымен iрi қаржылық жобаларды жүзеге асыруға шақырылған банктердi таңдау процедурасын заңды түрде өңдеу және бекiту. Мүмкiн оларға арнайы мәртебе беру туралы мәселеге қайта оралу қажет шығар.
Елдегi экономикалық өрлеудiң кепiлi болу үшін банктер қаржылық процесте өз орындарын табулары қажет. Аталған қаржылық циклдi жүзеге асыру өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен банктердiң өзара әрекеттесуiнiң негiзi болып табылады. Олардың өзара әрекетi қаржылық процестiң тиiмдiлiгi мен көлемiн жоғарлатуға, бағыттарын кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
2005-2006 жылдары қаржылық процеске халық жинағының белсендi тартылуы тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыруға қатыстырылуы тиiс. Осы мақсатта өз қаражаттары есебiнен мемлекеттiк жеңiлдiктер және ұзақ мерзiмдi несиелер көмегiмен тұрғын ѕйдi иеленуге және салуға, жағдайлар жасалуы қажет.
Кәсiпорындардың қаржылық байқау нәтижелерi бойынша қаржылардың алған қаржылық бағдарламада қарастырылған бағыты мен мерзiмi бойынша қолданған жағдайда инвесторларды салық салудан босату тәжiрибесiн сақтаған дұрыс . Сонымен қатар, шағын инвесторлардың және тұрғындардың қаржысын құнды қағаздарға салу сенiмiн қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн салымшылар мен акционерлердiң құқығын қорғаудың тиiмдi механизмiн құру қажет. Iрi өндiрiстiк-қаржылық капитал мен шағын кәсiпкерлiк арасындағы өзара тиiмдi әрекеттестiк мәселесi қаржыяялық саясат шеңберiнде шешiлуi қажет. Шағын кәсiпкерлiктер iс- әрекетiн мемлекеттiк қолдау қаржылық саясаттың жақын болашақтағы басым мiндеттерiнiң бiрi болып отыр.
Елдегi жағдайды талдау, реформа жылдары iшiнде шағын кәсiпкерлерлiк экономиканың тез өсiп жатқан секторының бiрi екенiн көрсетiп отыр. Ол капиталдың жоғары қайтарымдылығын және ресурстарды қолдануда тиiмдiлiгiн қамтамасыз етушi басқа секторлардан босаған еңбекке қабiлеттi тұрғындардың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамти отырып, әлеуметтiк мәселелердi шешетiн сектор болып отыр. Осыған орай, шағын бизнес үшін әрекет етушi жеңiлдiктер жүйесiн сақталуы және осы жеңiлдiктер бекiтiлген аймақтарда кең түрде қосымша өкiлеттiктермен толықтырылуы қажет. Сонымен қатар, мемлекеттiк деңгейде ҚӨТ шағын қамтамасыз етiлетiн және технологиялық жағынан байланысқан өндiрiстердi қосу бойынша шара жүйесiн жасау қажет. Бұл бағыттағы бiрiншi қадам шағын кәсiпорындардың бизнес жоспарлары және өндiрiстiк мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер жинағын қалыптастыру ғЗұКЖ орындауға байқаулар және тендерлер туралы қаулыларды жасау, iрi өндiрiстер үшін шағын фирмалардың жұмыстары мен қызмет көрсетулерi болуы тиiс.
Қазақстан Республикасында қаржылық қызметтi жандандыру үшін мыналар қажет:
— қаржылар үшін қолайлы климатты қалыптастырудың қаржылық механизмiн құру;
— банк жүйесiнде қажеттi қаржылық құралдарын халық шаруашылығының салалары дамуының басты, болашақты бағыттарына капиталдардың құйылуын жүзеге асыруға болатындай етiп шоғырландыру;
Дамыған елдерде қаржылық процеске мемлекеттiң қаржыларды несие жеңiлдiгi ретiнде және қаржыланатын пайдаға жеңiлдетiлген салық салу бюджет есебiнен субсидиялар ұсыну, шетелдiк қарыз қаражатын бөлу, шеттен шикiзатпен құрал-жабдықтарды әкелу кезiнде және дайын өнiмдi шығарғанда кедендiк салығын төмендету арқылы оң ықпал ету, ынталандыру тәжiрибелерi жинақталған. Дамыған елдердiң қаржылау тәжiрибесi көрсеткендей, қаржылық және инновациялық iс-әрекеттердi интеграциялау келесi жағдайларда жемiстi болады:
- кәсiпорындардың меншiктi айналым қаражаттары мен тұрғындардың ақшалай қаражаттарын тартудың механизмi қуатты болса;
- құнды қағаздар нарығы жақсы дамығанда;
- лизинг және сақтандыру компанияларының, қаржылық қорлар, ипотекалық несиелеу мүмкiндiктерiн пайдаланғанда;
Мақсатты несиелеудi, ғимараттарды жалға беру шартын жеңiлдетудi және құрал-жабдықтар лизингiн кеңiнен қолдану арқылы жаппай шағын өндiрiстiк және инновациялық кәсiпкерлiктi қалыптастыруға ынталандыру қажет.
Республикалық және жергiлiктi кәсiпкерлiк қорларының қаржылық мүмкiндiктерiн кеңейту, шағын кәсiпкерлiк жобаларын қаржыландыруда зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының қаражаттарын тартуға жағдай жасау.
Шағын инвестор үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда кәсiпорындар мен тұрғындардың бос қаражаттарын кәсiпқой басқаруға жұмылдырған өзара қорлар сияқты институтционалды инвесторларды дамытуға ынталандыру саясатының маңызы зор.
Қазақстандық экономикаға шетелдiк капиталды бiршама белсендi тарту мақсатында қолайлы қаржылық климатты қалыптастыруды тездету шетелдiк инвесторларға өз қауiпсiздiгiмен қатар, салынған қаржыларды коммерциялық емес тәуекелден сақтау, кепiлдiк беру, тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ету, қаржыны реттеу үшін нормативтi-құқықтiық негiзiн қалыптастыруды аяқтау керек.
Қазақстан экономикасына шетелдiк қаржылардың ағыны елiмiздiң әлеуметтiк-экономиалық даму мәселелерiнiң шешiлуiне жәрдемдесуi қажет. Мұндай мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:
— Қазақстан тауарлары мен технологияларын сыртқы нарыққа шығару;
— экспорттық әлеуеттi әртараптандыруға және кеңейтуге көмек көрсету, импорт орын басатын өндiрiстi дамыту;
— жұмыс күшi мол аймақтарға капиталдың ағылуына көмектесу;
— кәсiпкерлiк саласында қазiргi заманғы нарықтық қатынастарды меңгеру.
Жақын шет елдермен қаржылық қарым-қатынас жасау, сол елдерге қажеттi өнiмдердiң мамандануын, кооперациясын және өндiрiсiн ескеретiн келiсiлген эконмикалық саясат негiзiнде жүргiзiледi. Бiздiң көзқарасымызша, мұндай қарым-қатынастың негiзгi түрлерi мыналар:
— қаржылық жобаларды бiрiгiп мемлекеттiк коммерциялық қаржыландыру;
— Қазақстан кәсiпорындарының және қаржылық институттарының, сонымен қатар ТМД елдерiнiң кәсiпорындары, олардың iшiнде бiздiң ел экономикасы үшін ең басты жабдықтаушылар болып табылатын кәсiпорындардың қатысуымен халықаралық қаржылық-өнеркәсiптiк топтар құру;
— халықаралық қаржылық лизинг;
— қаржылық қызметтi жүзеге асыру үшін консорциум сияқты келiсiмдi бiрiккен ұйымдар құру.
Бiздiң пiкiрiмiзше, ұсынылған шараларды жүзеге асыру нәтижесiнде қаржылық қызметтiң ең алдымен, iрi корпоративтiк Ұлттық капиталдардың шағын және орта бизнес кәсiпорындарының бос қаражаттарының тиiмдiлiгiн жоғарлатады және жеке инвесторлардың қаражаттарын қаржылық салаға тарту көлемi ұлғайтады.
Қорыта келе, инвесторларды меншiктi қаржылық ресурстардың тиiмдi бағыттары орналастыруда да, сыртқыларын оптимальдi тартуда да қаржылық стратегияларды жасау және жүзеге асырудың тиiмдi құралдары мен әдiстерiмен жабдықтау маңызды мiндет болып табылады.
Шаруашылық субъектiлерiнiң тиiмдi қаржылық стратегияларын қалыптастыру, бағалау қолданбалы зерттеу және талдау әдiстерiне диссертациялық зерттеу жұмысының үшін шi тарауы арналады.
2006-2005 ж.ж. ҚР қаржылық процестi талдау арқылы 2004 жылғы қаржылық белсендiлiкке төмендегiдей болжам жасауға болады:
- 2006-2005 ж.ж. қалыптасқан негiзгi конъюнктуралық факторлар үйлесiмiне қарап 2004 жылы қаржылық процесте iркiлiс болу ықтималдығы бар;
- әлемдiк нарықта мұнай бағасы деңгейiнiң құлдырау ықтималдығы жоғары;
- сыртқы iрi қарыздарды төлеу қажеттiлiгi Қазақстан ѕкiметiнiң онсыз да шектеулi қаржылық мүмкiншiлiктер аясын тарылтады;
- табиғи монополистер өнiмдерiнiң тарифтерiнiң өсуi кәсiпорындардың қаржы жағдайын едәуiр нашарлатуы мүмкiн.
Қаржылық iс-әрекеттi ынталандыруды жүйелi қарастыру үшін қаржылық және ақша-несие жүйесiн қалыпқа келтiру, салық заңын жетiлдiру сияқты шарлармен қатар бiздiң ойымызша төмендегi шарлар жүзеге асырылуы тиiс:
- экономиканың ұдайы өндiрiс процестерiн қалпына келтiру және отандық өнiмдердiң бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында қаржылық iс-әрекеттердiң нақты бағыттарын анықтау;
- мемлекеттiк қаржыларды тиiмдi пайдалану, мемлекеттiк қаржылық бағдарламаларды қалыптастыру механизмiн жетiлдiру;
- институтционалды қайта құруға, оның iшiнде құнды қағаздар нарығын қайта құруға және жинақтардың қаржыға транформациялаудың тиiмдi жүйесiн құруға мемлекеттiң араласуы;
- банктердiң қаржылық iс-әрекетке бағыттылығын күшейту мақсатында банк сферасын қайта құру;
- өндiрiс саласына бағытталған қаржыларға кепiлдiк берудiң тиiмдi жүйесiн құру жұмысын жалғастыру;
- шаруашылық субъектiлерiнiң қарыз шамсын төмендету, төлем айналысынан квазиақша қаражаттарын шығару, кәсiпорындардың қаржылық салымдағы меншiктi қаражаттарын арттыру мақсатында амортизациялық саясатты жетiлдiру шараларын жүргiзу.
2005 жылғы қаржылық саясатта өңдеу дәрежесi жоғары өнiмдер өндiретiн салалар үлесiн арттыруға қарай құрылымдық өзгерiстер енгiзу мақсатында экономиканың бәсеке қабiлеттi секторларын дамытуды ынталандыруға, орын алған құрылымдық кемшiлiктерге тѕзетулер енгiзуге басты көңiл бөлiнуi қажет. Бұл кезеңде мемлекеттiң әлеуметтiк сфералардағы қордаланған мәселелердi қаржылық шешу, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру үшін мемлекеттiң қаржылық мүмкiншiлiктерiн кеңейту қажет. Сонымен қатар өндiрiстiк инфрақұрылымның тiршiлiктi қамтамасыз етушi объектiлерiнiң барлығын жаңартуда мемлекеттiң қаржылық белсендiлiгiн едәуiр арттырудың маңызы зор.
3.2 Кәсiпорынның қаржылық портфелiн қалыптастыру және Ұтымды басқаруда қаржылық стратегиялар құралдарын жасау
Сенiмдiлiгi жоғары және пайдалылығы жеткiлiктi тез таратылатын активтерге жиналған қаржыны қаржылау, тиiмдi орналастыру маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады. Осыған орай, компания жетекшiсiне ңтәуекел-табыстылықң шкаласында оптимум нѕктесiн iздеуге тура келедi.
Активтер портфелiнiң құрылымын оптимизациялау компания қызметiнiң жеткiлiктi ұзақ мерзiмге қозғалысы мен жағдайын үлкен сенiмдiлiкпен болжауға мүмкiндiк бередi. Оптимизация болашақта портфельдi құрайтын актив түрлерiне бекiтiлген бағамен барлық портфель бағасының ауытқуының салдарын ңтеңестiредiң. Компанияның қаржылық портфелiнiң құрылымын оптимизациялаудың бiз ұсынып отырған моделi екi бөлiмнен тұрады.
Қаржыларды құнды қағаздарға салғанда тәуекелдi бағалаудың ңбағаның ауытқуын талдау моделiң (сарitаl аssеt mоdel) деп аталатын әдiс кеңiнен қолданылады. Ол құнды қағаздардың жекелей түрлерiнiң бағасының немесе құнды қағаздардың жалпы портфель құнын өткен уақыттағы белгiлi бiр кезеңiндегi құнды қағаздар нарығындағы бағаның жалпы деңгейiнiң ауытқуымен салыстыру арқылы тәуекел деңгейiн анықтауға негiзделген.
Жекелей құнды қағаздар бағасы немесе барлық портфель бағасының өзгеру шамасының дәл сол уақыт кезеңiндегi құнды қағаздар нарығында баға деңгейiнiң өзгеру шамасына қатынасы b-деп белгiленедi. b шамасымен бiрге қаржының тәуекел деңгейiде артады.
Құнды қағаздарға қаржылау бойынша табыстың b-коэффициентiне тәуекелдiгiн сызба түрінде келтiруге болады. Бұл сызбада Оу өсiнде инвестор иеленгiсi келетiн акцияның немесе құнды қағаздар портфелiнiң орташа табыс берiлсе, ал Ох өсiнде нақты кезеңдегi b1 мәнi көрсетiлген.
Әрбiр елде кез-келген уақытта мемлекеттiк облигацияларға салым салу оның тәуелсiздiгiн қамтамасыз етедi. 21 суретте тәуекелсiз салым нѕктесi (b=1) — бұл график сызығының Оу өсiмен қиылысу нѕктесi. Бұл жағдайда қаржы табыстылығы — 6%. b шамасымен бiрге үміттенетiн табыстылық мөлшерi де өседi.
Бұл шаманың тәуекелсiз мөлшерден жоғары болуы тәуекел үшін сыйлығы деп аталады. Мысалы, b = 0.71 болғанда үміттенетiн табыстылық мөлшерi 11 пайызды, ал тәуекел жасағаны үшін сыйлық 5 пайызды құрайды. Қаржылық активтерiнiң портфелiне кiретiн b коэффициентiнiң салыстырмалы орташа шамасы келесi өрнек арқылы анықталады:
b = bi * di, (1=1.2.3 … n), (20)
мұндағы,
bi- портфельдегi i активiнiң b коэффициентiнiң мәнi;
b — портфельдiң b коэффициентiнiң мәнi;
di — i активiнiң портфельдегi үлесi;
n — әртүрлі қаржы активтерiнiң портфельдегi саны.
Сыйлық шамасы b шамасына қарай өседi. b = 1 болғанда құнды қағаздардың нақты нарығы үшін табыстылық мөлшерi орташа шамаға (қалыптасқан жағдайда 13%) жетедi.
ҚҰнды қағаздар портфелiнiң құны нарықтағы бағаның ауытқуына қарай ѕнемi не артып, не төмендеп отырады. Егер инвестор өз ақшаларын ұзақ уақыт бойы құнды қағаздар ұстап тұра алатын болса, онда бұл ауытқулар ол үшін аса маңызды емес. Бiрақ, инвесторға тез арада ақша қажет болып, портфель бағасы қайта өсе бастағанша күте алмайтын болса, құнды қағаздардың өткен кезеңiндегi бағасының ауытқуы көрсеткiшiн тәуекел деңгейiн бағалау үшін қолдануға болады.
Бұл әдiстi қолдану шеңберi бiршама шектеулi. Бұл әдiстi корпорация, әрi кәсiпкер тұрғысынан сынға алуға болатын екi негiзгi жағдайды саралауға болады:
1) өткен кезеңдегi бағаның ауытқуын бағалау болашақтағы осындай ауытқуларды анықтау ықтималдығына тең емес;
2) әрбiр нақты жағдайдың тек бiр ғана нәтижесi болады. Сондықтан ықтималдық бағасы әрқашан өте субъективтi.
Сурет 2. Құнды қағаздар табыстылығы мен жүйелi тәуекелдiң байланыс моделi.
Ri = Rтс+Вi*( Rорт — Rтс) (21)
мұндағы
Ri — нақты компанияның акциясының үміттенетiн табыстылығы;
Ктс — тәуекелсiз құнды қағаздар табыстылығы;
Rорт — ағымдық кезеңдегi құнды қағаздар нарығының орташа табыстылығы;
Вi — ветта i-түрлі құнды қағаздың салымының тәуекел деңгейiнiң коэффициентi.
Егер:
В =1 жалпы нарықта қалыптасқан тәуекел деңгейi орташа; В<1 нақты нарықтағы тәуекел деңгейi орташадан төмен; В>1 нақты нарықтағы тәуекелдiң деңгейi орташадан жоғары.
Құнды қағаздар портфелiмен байланысты тәуекел дәрежесiн ақшаны әртүрлі құнды қағаздарға салу арқылы бiршама төмендетуге болады. Олай болса, мәселе құнды қағаздардың бiр түрінiң бағамының қозғалысын бақылау емес, қаржыны жеткiлiктi деңгейде диверсификациялауға қол жеткiзуге келiп тiреледi. Бiз қаржының үміттенетiн табыстылығын бағалауға қолданылатын амалдың шегiн едәуiр кеңейту үшін эксперттiк бағалау әдiсiн қолдану әдiстемесiн ұсынамыз. Ол қарастырылып отырған экономикалық процестiң сандық және сапалық талдауы мен осы мәселе бойынша алдыңғы қатарлы мамандарды — эксперттердi тарту арқылы болжамды баға алуды мегзейдi.
Эксперттiк бағалау әдiсiнiң модельдерiн шартты түрде екi топқа бөлуге болады:
1) жекелей эксперттiк бағалау модельдерi;
2) топтық эксперттiк бағалау модельдерi.
Жекелей эксперттiк бағалау модельдерi бағалауларды қалау әдiсi бойынша алу және өңдеуге негiзделген. Мұнда эргатив қайсы бiр эксперттiк бағалауды өз қалауымен таңдайды. Жекелей эксперттiк бағалау моделiнiң кемшiлiгi қорытынды бағаны алуда шешiм қабылдаушы тұлғаның арасалмақты субъективтi тағайындауында.
Компания активтерiнiң портфелi m түрлі құнды қағаздардан тұрады және әрбiр түрінiң өткен кезендегi табыстылығы белгiлi болсын. Тәуелсiз эксперттердiң m тобы құнды қағаздардың әрбiр түрінiң алдағы кезеңдегi табыстылығына баға бередi делiк. Бiрақ-та, эксперттер берген бағалардың бiреуiн де бастапқы мән ретiнде қабылдай алмаймыз. Ол үшін эксперттiк бағалау әдiстерi бойынша эксперттiк топтардың ойларын үйлестiру процесiн жүргiзу керек.
Көптеген жағдайларда экспертiк бағалау үшін бiрыңғай топтарға бiрiктiрiлген әртүрлі бағыттағы мамандар тартылады. Мұнда олардың бiреуiн қалау өте қиын. Бiз ұсынған әдiстеме әрбiр топ iшiндегi эксперттердiң бағаларының үйлесуiн және әрбiр топ бойынша келiсiлген бағаларды өңдеуге ойын — теориясың әдiс-амалын қолдануды қамтиды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұзақ жылдар жоспарлы социалистік қоғамды бастан өткізіп, жоспар туралы мәселе көтеру оңай шаруа емес. Екінші жағынан кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру, басқару, оның даму бағытын анықтап, оған жету жолдарын қарастыру жоспарлаусыз мүмкін емес екені де айқын. Сондықтан, жоспарлауды бастамас бұрын, оны егжей-тегжейлі зерттеп, мән-мағынасын дұрыстап түсіну қажет. Осыған орай, бұл жұмыста жоспардың мақсаты, оның кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару мәселесіндегі алатын орыны, атқаратын қызметі қарастырылған.
Бірінші тарауда, жоспарлауға жататын ресурстар қарастырылған: еңбек ресурсары ; өндірістік қор; инвестициялар; ақпарат; уақыт; кәсіпкер дарын.
Басты ресурс ретінде еңбек ресурсы, оның ішінде мамандарға ерекше назар аударылады. Қандай да бір болмасын білікті, жанашыр мамансыз ол істі сапалы, уақытында жүзеге асыру мүмкін емес. Кәсіпорын үшін өндірістік қордың маңызы баршаға мәлім.
Бұл жұмыста ақпарат ресурсының өндірістің тиімділігіне, бәсекелестігіне және өнімнің сапасына әсері толық қарастырылады.
Мақсаттың өзі әр түрлі болады:
— жан бағу;
— тез пайда табу;
— орнықты пайда табу;
— шығармашылық;
— жаңашылдық;
— ілгершілдік және т.б.
Алдымызға қойған мақсат бойынша бірінші тарауда жоспардың қандай түрлері бар екені қарастырылған. Сонымен қатар, жоспардың қай түрін таңдауға әсер ететін факторлар қарастырылған.
Жоспардың сапасы неғұрлым жоғары болса, соншалықты жоспар өз қызметін толық атқарады. Ал жоспардың сапасы оны құру және жүзеге асыруды ұйымдастыру мәселесі жақсы жолға қойылған жағдайда ғана қанағаттанарлық дәрежеде болады.
Бірінші тараудың үшінші тармағы осы мәселеге арналған. Сонымен, бірінші тарауда жалпы жоспардың мақсаты, кәсіпорынды басқаруда алатын орыны, оның түрлері мүмкіндігінше егжей-тегжейлі қарастырылады.
Кәсіпорынның шаруашылық, әлеуметтік, экологиялық қызметтеріне байланысты сан алуан жоспарлар құру қажет болады.
Екінші тарауда қаражат жоспарын құру мәселесі қарастырылған. Кәсіпорынның әр шаруашылық қызметінің өз мақсаты және атқаратын қызметі қарастырылады. Ең басты қызметі ретінде алдына қойылған мақсат пен қаражат мөлшерін баламалау мәселесі қойылады. Бұл жұмыстың мақсаты қаражат жоспарын жасаудың әдіснамасын жасау болып табылады. Нақты жоспар жасау ісіне бірнеше бөлімшелердің жоспары және оның мамандары қатысуы қажет. Сондықтан, нақты жоспар жасау ұжымдық мәселе. Бір адамның нақты қаражат жоспарын жасауы мүмкін емес. Екінші тараудың үшінші тармағында жоспарлау әдіснамасы толық қарастырылған. Оның құрамына мыналар кіреді:
— кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау;
— табыс пен қаражат түсуін жоспарлау;
— шығын және аударым жарнасын жоспарлау;
— қаражат жоспарын тексеру.
Екінші тарауда кейбір шағын кәсіпорындарда пайдалануға болатын табыстылық кестесі әдісі толық қарастырылған.
Табыс көздеріне байланысты табыстың мөлшерін есептеуге арналған формулалар келтіріледі.
Шығын көздеріне байланысты шығын мөлшеріне есептеу мәселесі қарастырылады.
Үшінші тарауда жоспарлауға қажетті норма негіздері мен мәлімет көздері қарастырылған. Норма негіздерінің жоспарлау ісінде алатын орыны, тқаратын қызметі және жоспардың сапасына әсері қарастырылды.
Бухгалтерлік есептемелер қаражат жоспарын құруға қажетті мәлімет көзі болып табылады. Осыған байланысты, бухгалтерлік стандарттың қаражат жоспарын құруға қажетті бөлігі үшінші тарауда келтіріледі.
Жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi бойынша төмендегiдей қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:
- Экономиканың нақты секторындағы, әсiресе, өндiрiстiк саладағы қаржылық қызмет оның әлсiз бiршама звеносы күйiнде қалуда. Бұл мәселенi бiрiншi кезекте, кәсiпорындардың өздерiнiң меншiктi жинақтарына негiзделген қаржыны қаржыландырудың сенiмдi көздерiн iздеу және реттеу арқылы шешуге болады. Екiншi жағынан ұзақмерзiмдi қаржы салымы үшін тұрақты ынталандыру механизмiн құру қажет. Кәсiпорындардың өндiрiстi кеңейтуiн және өндiрiстiк қорларды жаңартуына тұрақты қажеттiлiк тудыратын және қаржыға ыңғайлы, қолайлы нарықтық ортаны қалыптастыру.
- Капитал қозғалысының тұрғысынан талдап, ұсынылған қаржылық процесс кескiндемесi қаржылық институттардың жүйесiн және қаржы нарығының негiзгi құрылымының жiктемесiн ұсынуға мүмкiндiк бередi. Қаржылардың бiздiң пiкiрiмiзше, барлық таралу және әрекет ету салаларын қамтитын қаржылық процестiң жiктеу белгiлерiнiң жиынтық кескiндемесiн ұсынамыз. Сонымен қатар, бiз жоғарыда ұсынған кезеңдiлiк қағидасы мен қаржыларды капиталдың қозғалысы түрінде қарастыру қаржылық процестiң ңұлғаймалы ұдайы өндiрiстi өмiрлiк циклiнiң кезеңдерi бойыншаң жаңа жiктеу белгiлерiн ұсынуға мүмкiндiк бередi. Қаржылық процестiң жiктеу белгiлерiн жасау бiзге жиынтық қаржылық процесте қаржылардың, инвесторлардың және инфрақұрылымның келесiдей жiктеудi ұсынуға мүмкiндiк бередi
Қаржылық процестiң ұсынылған жiктеуi және негiзгi құрлымдарын талдау жоғарыда көрсетiлгендерге қосымша бiзге қаржылық саясаттың бағыттарын өңдеуге мүмкiндiк бередi.
- Шетел капиталы ағынын Ұлттық табиғи ресурстарды тiкелей пайдаланумен байланысты өндiрiстiк инфракүрылымға телекоммуникациялық және спутниктiк байланыс салаларында шектеу керек. Аталған салаларда шетел капиталдарын тартудың ѕлгiсiнде тiкелей инвестицрыға альтернативтi түрлерiн қолданған жөн. Жалға алу немесе концессия республикаға тiкелей шетел қаржыларын тартудың басым түрі болып табылады. Қаржыны қаржыландыруда ұзақ мерзiмдi несиенiң ролiн тек қана несиелер ғана емес, депозиттер бойынша да ұзақ мерзiмдi пайыздық қойылымдар арқылы күшейтуге болады. Бұл жағдайда несие және депозиттер бойынша нақты банктiк пайыздан және құнсызданудан тұратын өзгермелi пайыздық қойылымды енгiзу арқылы өзгертуге болады. Мұндай жағдай несие алушы үшін құнсызданудың кез-келген қарқынында несиенiң төлемдiлiгiн, ал салымшы үшін нақты табысты қамтамасыз етедi. Бұл салымшылардың бос ақша құралдарын банкте сақтауда қызығушылығын арттырады.
- Мемлекеттiк қаржылық қызметтiң тартылу орталығы аймақтық деңгейге сыиюы керек. Ол үшін бюджет қаражаттарының едәуiр үлесiн жергiлiктi орында, әсiресе, қаржылық қызметтi жандандыратын орында қалдыру керек. Жергiлiктi және мемлекеттiк бюджеттiң әлеуметтiк шығындарын қатаң нормативтiк негiзге аудару керек. Бюджет табысының ең төменгi нормативтен жоғары шамасын шаруашылық кешендердi қайта құру жобаларын қаржыландыруға бағыттау қажет. Егер мемлекеттiк қаржы 40-50 пайыз, ал қалған бөлiгi өзiн-өзi басқаратын органдар және тартылған жеке капиталдармен қаржыландырылатын болса, онда аймақтық жобаларды аралас қаржыландыру түрі тиiмдi болуы мүмкiн.
- Мемлекеттiк, аймақтық, қаржылық саясат екi бағытта жүргiзiлуi керек. Бiрiншi бағыт — отандық және шетелдiк инвесторлар үшін I-II топ аймақтарында қолайлы қаржылық климатты қалыптастыру. Ол үшін келесi шараларды: елiмiзге капитал ағымын реттейтiн заңды тѕзету; өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту; бiлiктi мамандар даярлау; энергияның жеткiлiктi шамасын қамтамасыз ету; төлем қабiлеттi сұранысты ынталандыру; жергiлiктi тауар өндiрушiлер мен нарықтық қарым- қатынасты дамыту; елден инвестор елiне табысты әкете алатындығына кепiлдiк беру шараларын жүзеге асыру. Екiншi бағыт — мемлекет тарапынан қаржылық салымды күшейту, яғни, аймақтардың алғашқы екi тобы үшін экономиканың келесi секторларына: көлiк, телекоммуникация, қызмет көрсету, ең алдымен, тамақ, жеңiл және ауылшаруашылық өнеркәсiптерiнiң тауарлары өндiрiсi мен өндеуге шетел инвесторларын тiкелей және жанама ынталандырудың Ұлттық бағдарламасын жасау қажет. Жан басына шаққандағы табыс көлемi бiршама жоғарылығымен сипатталатын аймақтардың үшін шi тобы үшін қаржы құралдарын: салықтар, несие, субсидияларды тиiмдi пайдалана отырып iшкi жинақтың жоғарғы деңгейiн ынталандыратын саясат жүргiзу қажет. Мұндай саясат жалпы елдiң қаржы жағдайының жақсаруын күтпей, жуық арадағы жалпы мақсатпен: шикiзатты бiршама тереңiрек өндеу және соңғы өнiмдердi әлемдiк стандарттар деңгейiнде шығару негiзiнде аяқталған көпсалалық кешендер құру мақсатымен қатар жүзеге асырылуы қажет.
- Зерттеу нәтижесi көрсеткендей қаржылық белсендiлiктi арттыру үшін кепiлдiк беру механизмiн жетiлдiрудiң маңызы зор. Ең алдымен, қаржылаудың мемлекет үшін басым бағыттарына жеке инвесторларға берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктер жүйесiн дамыту арқылы экономиканың нақты секторына қаржыны ынталандыру керек. Бұл бағытта бiз мемлекеттiк кепiлдiк қоры жүйесiн қолдану арқылы өндiрiске қаржыны тарту және ынталандыру механизмiн ұсынамыз. Бұл кепiлдiк мүліктi кепiл қорлары мемлекет қаражаттарының қатысуымен қызмет атқаруы қажет, тек сонда ғана қаражаттарды ұзақ мерзiмдi сенiмдi сақтауды және бұл үшін белгiлi бiр өтем ақы (компенсация) алуды қарастыратын тұрғындардың қаражатын салу үшін тартымды болады. Мұндай қорлар құру республикалық бюджеттен көмек сұрамай-ақ кепiлдiк беру мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Қаржылар механизмiн iске қосу үшін алғашқы кезектегi шаралардың қарайлас кешенiн қабылдау керек. Мұндай шараларды жүзеге асыру үш бағыт бойынша жүргiзiлуi тиiс: Қаржылық процестi қамтамасыз етудегi мемелекеттiң рөлiн белсендiру бiрiншi бағыт болуы тиiс. Бұл қаржыларға мемлекеттiк шығындардың үлесiн тiптiм арттыра беру керек деген сөз емес, бiрақ мұндай шығындар көлемiн көтеру керек. Ең алдымен, мемлекеттiк кепiлдiктер механизмiн дамыту, сонымен қатар қаржылық қызметтер ұйымдастырушылық және институционалдық алғышарттарын құруда мемлекеттiң координациялық рөлiн жоғарылату керек. Осы ұйымдастырушылық және институционалды алғышарттарды банк және қаржы қызметтер салаларында құру мiндеттi түрде екiншi бағыты болуы тиiс. Қаржыға қолайлы баламалық заңдылық шарттарды бекiту үшін шi бағыт болып табылады.
- ңАймақтыңң қаржылық тартымдылығында және оған шетел инвесторларын тартуда ңқұқықтардың толық байламың — деп аталатын құқық принцiптерiн сақтау маңызды шарт болып табылады. ңҚҰқықтардың толық байламың төмендегiлердi қамтиды:
қожалық құқығы, пайдалану құқығы, басқару құқығы, табысқа құқығы, қайта қалпына келтiруге құқығы, қауiпсiздiкке құқығы, мѕраға қалдыру құқығы, мүліктi мәңгi пайдалану құқығы, сыртқы ортаға залал келтiретiн әдiстерге тиым, сөгiс түрінде жауапкершiлiкке құқығы. Бұл бағытта экономикалық және құқықтық реформалаудың болашақтағы зертеулерiн тереңдетуi қажет.
- ОҚ облысындағы iрi, орта және кiшi кәсiпорындарға жасалған социокарта негiзiнде жүргiзiлген респонденттiк сұрау қаржылық iс-әрекеттi ұйымдастыруға немесе кеңейтуге кедергi болар негiзгi факторларды саралауға мүмкiндiк бердi. Барлық дерлiк респонденттер келесi факторларды ең негiзгi ретiнде көрсеттi: заңды кепiлдемелердiң жоқтығы — 67 %; қаржы кепiлдемелерiнiң жоқтығы — 73 %; инвесторлық қызметтi тиiмдi жүзеге асыру құралдары мен тәсiлдерiнiң жоқтығы және бiлмеуi — 61 %; қаржылаудың объектiлерi және субъектiлерi жөнiнде толық мәлiметгердiң жоқтығы — 72 %; қаржылық қызмет процесiнде капиталды ңжоғалтуң тәуекелiнен сақтандыратын қаржылық институттарының жоқтығы — 47 %. Сонымен, өткiзiлген респонденттiк сұрау және алынған ақпараттарды талдау: қаржылық институттардың және инвесторлардың жүйесi өз бетiмен жұмыс iстейтiнiн көрсеттi. Жалпы қаржы процесiнiң мұндай ұйымдастыру аймақта қаржылық қызметтi дұрыс қызмет етуiне қаншалықты әсер етедi. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, жалпы қаржылық процестi ұйымдастыру және қамтамасыз ету механизмiн ұсынып отырмыз. Бұл механизм: заң, қаржы — кепiлдiк, сақтандыру көмегiнiң жүйелi кешеннiн және қаржылау объектiлерi мен субъектiлерi туралы толық банк мәлiметтерiмен және қаржы бойынша эксперттермен, қаржылық процестi қамтамасыз етудiң ақпараттық қызметiн құрумен қаржылық iс-әрекетке қызмет етудi қамтиды.
- Эксперттiк бағалау және ойын теориясы негiзiнде оптимальды қаржылық портфельдi қалыптастыратын қаржылық салымдарды талдаудың моделi мен әдiстемесi жасалды.
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
- Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Финансы и статистика, 1997.
- Бирман Г., Шмидт С. Экономиеский анализ инвестиционных проектов / пер. с англ. под ред. Л.П. Белых. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997.
- Ван Хорн Дж. Основы управления финансами: Пер. с англ. / Под ред. И. И. Елисеевой. / Гл. Ред. серии проф. Я.В. Соколов. — М.: Финансы и статистика, 1996.
- Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учеб. пособие. — М.: Финансы и статистика, 1994
- Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /Под ред. Б.С. Стояновой. — М.: Перспектива, 1996.
- Рэдхед К., Хьюс С. Управление финансовами рисками: Пер. с англ. — М.: Инфра-М, 1996.
- Болшаков С.В. Финансовое прогнозирование: теоритические аспекты /Уч финансы. — 1999.
- Подшиваленко Г.П., Клепальская С.В. Оценка эффективности реальных инвестиций: Учебн. пособие. — М.: Финансовая академия, 1998.
- Хамитов Е.Н. Инвестиции в реальный сектор экономики: Проблемы оценки и развития. Алматы, ңЭкономикаң, 1999.
- Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношениям. — Известия НАН РК, серия общественные науки, 1993, 2.
- Кредиты. Инвестиции, — М.: <ПРИОР>, 1994. — 144с.
- Шарп У.Ф., Александер Г. Дж., Беили Дж. Инвестиции: Пер. с англ. — М.: Инфра-М, 1997.
- Попов Е., Бородаевский А. Экономические права человека: рынок труда и собственность — МЭМО. 1991
- Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов. — М.: Финансы и статистика, 1998
- Липсиц И.В., Коссов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа. Учебно-справочное пособие. — М.: Изд- во БЕК, 1996.
- Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: Пер. с англ. / Под ред. С.А. Табалиной. — М.: Аудит, ЮНИТИ, 1994.
- Ириков В.А., Ириков И.В. Технологии финансового планирования и управления. Управление финансовыми потоками. Библиотека технологий управления. — МФТИ, 1997.
- Лившиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс). — Российский экономический журнал, 1993.
- Долан Э. Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. — Л., 1991.
- Фридман Д., Ордуэй Н. Анализ и оценка приносящей доход недвижимости: Пер. с англ. — М.: Дело Лтд, 1995.
- Справочник финансиста предприятия. — М.: Инфра-М, 1996.
- Основы управления финансами — М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2005.
- Финансы / Под ред. М.К. Шерменова. — М.: Финансы и
статистика, 1997.
- Финансы / Под ред. В.М. Родиновой. — М.: Финансы и статистика, 1993.
- Денежное обращение и кредит в СССР/ Под ред. И.В. Левчука. — М.: Финансы и статистика, 1986.
- Болдырев Г.И. Лекции по финансовой науке. — М., 1928.
- Абалкин Л.И. Конечные нороднохозяйственные результаты: Сущность, показатели, пути повышения. — М.: Экономика, 19982.
- Аганбегян А.Г. Управления и эффективность. — М.: Экономика, 1981.
- Карр Ч., Хоув Ч. Количественные методы принятия решений в управлении и экономике: Детерминированная теория и приложения: Пер. с англ. — М.: Мир, 1966.
- Холлендер М., Вульф Д. Непараметрические методы статистики: Пер. с англ. — М.: Финансы и статистика, 1983. — 518с.
- Первозванскии А.А., Первозванская Т.Н. Финансовый рынок: расчет и риск. — М.: Инфра-М, 1994.
- Селигман Б. Основные течения современной эконом. мысли. М.: Наука, 1968.
- Риск в современном бизнесе. — М., 1994. С. 58; Балабанов И.Т. Риск — менеджмент.-М., 1996. Ащепков Л.Т. Лекции по оптимальному управлению: Учеб. Пособие.- Владивосток, 1996.
- Долан Э.Д., Линдсей Л. Микроэкономика. -Спб.,1994
- Харрод Р.Ф. К теории экономической динамики — М.:1959; Ховад Р.А. Динамическое программирование и марковские цепи -М.: 1964; Шумпетер Й. Теория экономического развития. — М.: 1982.
- Зачем нам инвестиционные фонды? Идем к рынку — М.: <Начала-Пресс>, 1993.
Сурет-1 Кәсіпорын шаруашылығының қызметі.
|
|
|