АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                           

 

КІРІСПЕ                                                                                                                

 

І БӨЛІМ.  КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ                        

1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі                  

серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы-экономикалық жағдайы

1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы              

 

ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН

ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ                                                                                          

2.1. Бухгалтерлік баланс- қаржылық талдаудың ақпараттық

негізі   ретінде                                                                                                   

2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп                     

2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп                                                                                                                     

 

ІІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ                      

3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері          

3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен     құрлымының динамикасын талдау                                                           

3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау                                          

3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау                                      

 

ҚОРЫТЫНДЫ ПІКІРЛЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР                                                       

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                                    

ТІРКЕМЕЛЕР                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандартын – БЕХС және ҚЕХС (International Accounting Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті жүргізу үшін ҚЕХС қолданады.

       Соңғы жылдары Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаржылық  есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда №88-Р өкіметтік “2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын” бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: “бугалтерлік есептің жүйесін реформалау мақсаты – бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру. Реформа міндеті келесіден тұрады: пайдаланушыларды, соның ішінде инвесторларды, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету; Қазақстандағы бухгалтерлік есеп реформаларының халықаралық деңгейдегі стандарттардың негізгі үндесу тенденцияларымен үйлестіруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік есептің үлгілерін түсіну мен ендіруде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету”. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есептілікті құрудың жаңа методологиясы терең зерттеу жүргізуді талап етеді.

       Диплом жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есепті құрудың теориялық мәселелерін зерттеу , нақты бір ұйымның қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының мазмұны мен құрылымына зерттеу жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ субъектінің қаржылық жағдайына талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты дипломдық жұмыста алдымызға мынадай міндеттер қойылды:

       — нарықтық эконмика жағдайында қаржылық қорытынды есеп берудің теориялық мәселелерін зерттеу;

       —  нақты кәсіпорынның экономикалық даму жағдайына зерттеу жүргізу;

       — субъектінің қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының құрылымы мен мазмұнына зерттеу жүргізу және оны ары қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

       — кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

       Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен методикалық нұсқаулары, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.

       Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.  Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық  есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бөлім. «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі

                шектеулі серіктестігінің экономикалық сипаттамасы.    

 

1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі

       серіктестігінің ұйымдыққаржықұрлымы, экономикалық жағдайы.

 

       Жеке меншікке негізделген « Индустреальное снабжение » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – құрылыс материалдарын шығарып сату. Сонымен қатар Серіктестік Ресей, Испания, Германия елдерінен әкелінген арнайы құрылысқа арналған киімдерді, аяқ киімдерді сатып өткізумен айналысады.   Жеке кәсіпорын » Индустриальное снабжение »  жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады , дербес балансы , жарғылық қоры бар .

       Кәсіпорын қызметінің мақсаты — жоғары сапалы өнім шығару, заңды және      жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру, ең аз шығынды шығарып, табысты көп табу. Құрылыс компанияларының қажеттіліктерін қанағаттандыру .

       Қазақстан Республикасында кәсіпорынның бірнеше филиалдары бар. Олар: Батыс қазақстандағы Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақсай қалаларында,   Астанада және Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында орналасқан. « Индустриальное снабжение » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Альянс Банк», және «Банк ЦентрКредит» ашық акционерлік қоғамында ашылған есеп айырысу шоты бар.Альянс Банктегі есеп айырысу шоты №005477835, БанкЦентрКредиттегі есеп айырысу шоты №008357431.

       « Индустриальное снабжение » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шет елдермен тығыз экономикалық қарым-қатынаста, атап айтсақ Германия мемлекетіндегі «ВТІ» құрылыс материал шығаратын компания, Испаниядағы құрылыс жүргізу үшін арнайы киім тігетін фабрика, Ресейдегі « ОМАХ » компания.

       Салық төлеуші ретінде Әуэзов аудандық салық комитетіне 2005 жылдың аяғында тіркелген, салық төлеу бойынша тіркеу №000678008540.

                         Басқару органдарына  жататындар:

       1 Кәсіпорын кеңесі. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – Қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Ол жылына бір рет сайланады. Оның құрамына басқару аппаратында жұмыс істейтін адамдар кіреді Бұл жоғарғы орган серіктестіктің қызметімен байланысты кез келген мәселені талқылауға құқықты.

       2 Функционалдық қызметтер мен бөлімдер.

 «Индустриальное снабжение» ЖШС-нің ұйымдық құрлымы төмендегі сызбада (1.) келтірілді.

       Кәсіпорынды басқару функциясын жүзеге асырушы — бас директор . Ол өз орынбасарын (директор), құрылыс бөлімшелердің басшыларын , қызмет басшыларын және бөлімдерін  тағайындайды және жұмыстан босатады. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын одан әрі жоғарылату үшін басқадай амалдарды қарастырады.

       Директор     құрылыс бөлімшелерінің басшыларын өндірістік цехтардың , учаскелердің , бөлімшелерінің басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады.

       Серіктестік төмендегі құжаттарға сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады:

  • «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысы;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының серіктестік туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының басқадай заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері.

                                                                                                               Сызба 1.

«Индустриальное снабжение » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық ұрлымы.

 

БАС ДИРЕКТОР

       
     
   
 

 

 

ДИРЕКТОР

 

 

       
       

 

ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ

 

 

 

БАС БУХГАЛТЕР                              АҒА МЕНЕДЖЕР

 

 

1-ші бухгалтер                                           1-ші менеджер

 

 

2-ші бухгалтер                                           2-ші менеджер

 

 
   

 

 

Кассир                                                        3-ші менеджер

 

 

               Бухгалтерия бөлімі

       Бас бухгалтердің міндеті:

  • Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық жасау;
  • Бюджетпен есеп айырысу операцияларына бақылау жасау;
  • Салық бойынша қорытынды есепті, қаржылық есептілікті дайындап тапсыру.

      1-ші бугалтердің міндеті:

       Кәсіпорынның аванстық есебін есептеп тапсыру, әр күн сайын басқа филиалдардан келіп отыратын қаржылық жағдайын, яғни  олардың кассаларында қаншалықта бар нақты ақшаны көрсетіп, директордың алдында есеп беру.

       2-ші бухгалтердің міндеті:

       Кәсіпорынға әкелінген тауарлардың, бөлшектердің,жабдықтардың құжаттарын қабылдап, 1 С компьютерлік бағдарламадағы « тауарларды қабылдау» бөліміне еңгізу. Тауарларды сатылған уақытта, сатылғандығы жөнінде накладной толтырып жазып беру. Кәсіпорын директорының, бас бухгалтердің қолы толтырылған құжатта тұруы тиіс.

       Кассирдің міндеті:

       Кассалық кіріс, шығыс ордері бойынша касса кітабын жүргізеді. Кассадан берілген немесе кассаға түскен нақты ақша қаражатының құжаттарын толтырып, оған кәсіпорын басшысының , бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылады. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң қол қояды. Сонымен бірге кассир еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомастары бойынша төлейді. Жұмыс күннің соңында кассир кітап бойынша кіріс және шығыс операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған қалдықты анықтайды, оның  ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп көрсетеді.   

                                         Менеджмент бөлімі:

       Бас менеджер – менеджерлердің жұмысын қадағалап отырады.

       1-ші менеджер шет мемлекеттен алып келетін құрылыс үшін арнайы құрылыс киімдерді  Қазақстандағы құрылыс компанияларына сатып өткізумен айналысады.

       2-ші менеджер құрылыс материалдарын сатып өткізумен айналысады және басқа кәсіпорынға жарнамалайды.

       3-ші менеджер құрылыс материалдарын зауыттардан, цехтардан сатып алумен айналысады.                                  

       «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 97100  мөлшерінде жарғылық капитал құрылған.

       Қойылған мақсаттардың шешіміне жету үшін кәсіпорын көптеген функцияларын жүзеге асырады. Құрылыс өнімді ( жұмысты, қызметті) сатып өткізер алдында берілген тариф бойынша немесе сатып алушылармен келіскен бағамен сатады .

       Есеп жағына келетін болсақ кәсіпорынға түсетін барлық ақша қаражаттардың, тауарлы материалдық босалқылардың, негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді.    

       Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның  құқықтары және міндеттемелері келесідей болады :

  1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті дербес жүзеге асырады .
  2. Сату , ауыстыру , жалға тапсыру ; ғимаратты басқа кәсіпорындарға және уақытша пайдалануға беру, жабдықтау, көлік құралдарын жалға беру, шикізат және басқа құндылықтың , сонымен қатар баланстан жойуға құқығы бар,егер олар тозған немесе моральдық ескірген болса.
  3. Заттық және ақшалы қорларды тапсыру құқығы бар, сонымен бірге еңбек ұжымының келісуімен басқа кәсіпорындарға экономикасын ынталандыру үшін және «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмыс орындайтын, қызмет көрсететін кәсіпорынға ақшалай көмек беру.
  4. Бекітілген жарғыны, нормативті құжаттарды, меншік иесінің шешімдерін  міндетті түрде орындау тиіс.
  5. Кәсіпорынның сауда құпиясын міндетті сақтау.

       Қызметкерлердің еңбек ақы төлеу ең аз мөлшері Қазақстан Республикасының заң шығаратын актілерінде бекітілген. Атқаратын жұмыс мөлшеріне байланысты еңбек ақы төлеудің мөлшері кәсіпорын басшысы өз еркінмен белгілейді.

       Қайта ұйымдастыру ( қосылу , бөліну , бөліс , өзгерту ) және қызмет тоқтату жөніндегі шешім Қазақстан Республикасының заңында бекітілген.

       Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

       Қаржылық жағдайына талдау жасауға табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды көрсеткіш қарастырылады.(кесте 1.1)

       Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс ол қаржы –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталынып көрсетіледі.

       Кестеде келтірілген мәліметтерден «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысының 2006 жылды өткен жылмен салыстырғанда  156819035,4 теңгеге көбейгенін көреміз.

       Өнімді  сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 125556159,6 теңгеге көбейген .

       Жалпы табыс – ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмысты , қызметті) сатып өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының айырмасы болып табылады. Жалпы табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 31262875,87 теңгеге көбейген.

                                                                                Кесте 1.1.

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2005-2006 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш.

 

 1

Көрсеткіштер

2005ж

2006ж

Ауытқулар         (+;-) тг.

 1

                        2

       3

        4

            5

1

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс  тг.

 

11922485,2

 

168741520,7

 

156819035,4

2

Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны  тг.

 

11083726,5

 

136639886,1

 

125556159,6

3

Жалпы табыс  тг

838758,77

32101634,64

31262875,87

4

Басқадай табыс тг.

       —

1260,19

1260,19

5

Кезеңдік шығыстар  тг.

894458,79

31710451,93

2276593,14

6

Салық салынғанға дейінгі табыс тг.

  -55700,02

392442,9

392442,9

7

Табыс салығы бойынша шығыстар тг.

 

       —

        117732,87

 

 117732,87

8

Салық салынғаннан кейін табыс тг.

-55700,02

274710,03

 274710,03

9

Таза табыс (зиян)  тг.

-55700,02

274710,03

 274710,03

 

 

 

Басқадай табыс өткен жылы боған жоқ. Есепті жылы ол 1260,19 теңгені құрады.

       Өнімнің өзіндік құнына кірмей шегерістерге жататын кезеңдік шығыстар өткен жылы 894458,79 теңгені құрса, еспті жылда олар 2276593,14 теңгеге көбейген. Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылда 392442,9 мың теңгеге құрса,  өткен жылы 55700,02 теңгеге зиян шеккен, 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 448142,9 теңгеге көбейген. Есепті жылы табыс салығы 117732,87теңгені құрады.

       Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын таза табыс сомасы есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 274710,03 теңгеге көбейгенін көреміз.

 

1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы.

 

       Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардыңпайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.

       Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

  • шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарынөкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;
  • өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;
  • бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;
  • шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.

“Индустриальное   снабжение”   жауапкершілігі   шектеулі     серіктестік

бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

       Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру проблемасын шешуде бірінші кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

       Бірінші кезеңде – есеп апаратының бөлімдерінде есептеу техникаларының негізінде бухгалтердің жеке автоматтандырылған жұмыс орнын құру болжанады.

       Екінші кезеңде – есеп апаратының ішінде бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнының локалдік желісі жасалынады.

       Үшінші кезеңде – құжаттаудың және есеп ақпараттарын өңдеудің локалдық желісі ұйымдастыру және есептеу техникасының құралдарымен бір жүйеге бірігеді.

       Бұл келешекте ақпараттарды өндеудің қағазсыз технологиясын жасауға мүмкіндік береді.

       Қазіргі кезде басқару және есеп аппаратының жұмыскерлері үшін автоматтандырылған жұмыс орның құрудың бірінші және екінші кезеңдерінің міндеттерін шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.

       Электрондық есептеу машинасынан алынатын жүйелік және хрнологиялық жазулары бар кез келген құжат есеп регистрі бола алады.

       Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру бугалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Бугалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламаларпайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қарапайым есепті жүргізуде де, қосарланған есепті жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңынан туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында жұмыс істей алады. “1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегінде, провдкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.

       Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

  • есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) жоғарлатады;
  • Аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;
  • Қол еңбегінің, қағаз өндеу шығындарын азайтуға жағдай туғызады.

Бухгалтерлік есетің 30 “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі”  деп

  аталатын қазақстандық стандартына сәйкес кәсіпорынның есеп саясаты деп —  бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді,пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.

       Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процесінің барлық аспектілерін қамтиды — әдістемелік, техникалық, ұйымдық.

       Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.

       Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын (жеңілдетілген, автоматтандырылған) анықтайды.

       Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды.

      Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінде “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізгі құралдардың тозуын есептеген уақытта бірқалыпты әдіспен есептейді. Өндіріске босатылатын материалдарды бағалау кезінде серіктестік орташа құн әдісімен есептейді. Зерттеу жүргізілген серіктестікте типтік құжаттар қолданылады. Қаржылық есептілікті тапсырған уақытта кәсіпорын ескі Бас шот жоспарын қолданады.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

                      ақпараттық негізі

 

       2.1. Бухгалтерлік баланс қаржылық талдаудың ақпараттық

              негізі ретінде.

 

       Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

       ҚР  “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңына сәйкес  қаржылық есеп берунысандарына мыналар жатады:

  • бухгалтерлік баланс;
  • табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
  • ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;
  • меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.

       Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс

       Субъектілерге қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

  • зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айып пұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
  • қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
  • активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

       «Қаржылық есептің мақсаты – бугалтерлік есепті» №30 «Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз етуі болып табылады [12].

       Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына  ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

       Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілік шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.

       Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

       Баланс есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

       Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

       1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық  қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке  элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

       Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

       Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.

       Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының          «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

       Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).

       Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

       «Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

       Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

       Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

       Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

       Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

  • қысқа мерзімді активтер;
  • ұзақ мерзімді активтер;
  • қысқа мерзімді акитивтер;
  • ұзақ мерзімді актив;
  • меншікті капитал.

       Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған. 

                                                                                                                                                      Кесте 2.1.

 

                          Активтер

 

 

Жол коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең үшін

                              1

   2

      3

       4

 І. Қысқа мерзімді активтер

 

 

 

Ақша қаражаты және оның эквиваленттері

 010

150321,98

10654293,4

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

 011

 

 

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

 012

7569543,4

63584739,5

Қорлар

 013

6965439,3

21277952,5

Ағымдағы салықтық активтер

 014

 

 

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

 015

 

 

Өзге де қысқа мерзімді активтер

 016

 

 

Қысқа мерзімді активтердің жиыны

 100

14685304

95516985,6

ІІ. Ұзақ мерзімді активтер

 

 

 

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

 020

 

 

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

 021

 

 

Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар

 

 022

 

 

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

 023

 

 

Негізгі құралдар

 024

     ——

1322604,5

Биологиялық активтер

 025

 

 

Барлау және бағалау активтері

 026

 

 

Материалдық емес активтер

 027

55344,2

41381,9

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

 028

 

 

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

 029

 

 

Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

 200

55344,2

1363986,4

 

                                                                                               Кесте 2.1. жалғасы

                                   1

  2

       3

      4

Теңгерім (100-жол+200-жол)

 

14740648

96880972,7

                    Пассивтер

 

 

 

ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 030

 

 

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

 031

 

 

Салықтар бойынша міндеттемелер

 032

23707

158508,74

Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

 033

 

 

 

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

 034

640875,26

71491099,16

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

 035

 

 

Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер

 036

4104660,7

 

1401406

Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

 300

4769248,9

73051013,9

ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

 

 

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

 040

9930000

23404436

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

 041

 

 

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

 042

 

 

Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер

 043

 

 

Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер

 044

 

 

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

 400

9930000

23404436

V. Каптал

 

 

 

Шығарылған капитал

 050

97100

97100

Эмиссиялық кіріс

 051

 

 

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар

 

 052

 

 

Резервтер

 053

 

 

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

 054

-55700,02

996742,88

Аздық үлесі

 055

 

 

Капитал жиыны

 500

41399,98

433842,88

Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)

 

14740648

96880972,7

 

Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез арада құтылуынан басталады.

       Зерттеу жүргізілген «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында отыр.  №1 форма 1-ші тіркемеде көрсетілген. Яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай орналасқан.

 

       2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп.

 

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық есептілігіне талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

       Табыстар дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін, активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар есепке алынады.

       Шығыстар дегеніміз – акционерлік капиталдың қатысушылары арасында бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе міндеттемелердің көбеюімен байланысты болашақ экономикалық пайдада азаю пайда болса, онда қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте шығыстар ретінде есепке алынады.

       “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” №30 стандарттың ішіне “Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп” кіреді. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

       БЕХС-қа (IAS) көшу үшін ҚР-сының Қаржы Министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсанда  №427 бұйрығымен бекітілген.

       БЕХС (IAS) сәйкес табыстар мен шығыстар жөніндегі есеп төмендегі 2.2. кестеде келтірілген.

Кесте 2.2

Табыстар мен шығыстар женіндегі қорытынды есеп

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең үшін

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен табыс

 

010

 

168741520

 

11922485,2

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

 

020

 

136639886

 

11083726,5

Жалпы пайда (010-020)

030

32101634,6

838758,77

Қаржыландырудан түскен табыстар

040

     ——

     ——

Өзге де кірістер

050

1260,19

     ——

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060

     ——

     ——

Әкімшілік шығыстар

070

29296676,9

894458,79

Қаржыландыруға арналған шығыстар

080

2413775

    ——

Өзге де шығыстар

090

    ——

    ——

Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының /залалының үлесі

100

 

 

    ——

 

 

    ——

Жалғасатын қызмет кезіндегі пайда (залал) (030+040+050-060-070-080-090+/-100)

110

 

 

392442,9

 

 

-55700,02

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120

 

      ——

 

     ——

Салық салынғанға дейінгі пайда 110+/-120

130

392442,9

-55700,02

Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар

140

 

117732,87

 

     ——

Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (130-140)

150

 

274710,03

 

-55700,02

Аздық үлес

160

     ——

     ——

Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (150-160)

170

 

392442,9

 

-55700,02

Акцияға арналған пайда

180

     ——

     ——

 

 Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

 

2.3. Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.

 

       “Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі маңызды болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

       Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

       Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:

  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
  2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

       Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

       Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:

       Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасыншығарады.

       Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

       а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша қаражаттары;

       ә) көрсетілген қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;

       б) басқадай әртүрлі сипаттағы табыстардың келіп түсуі.

       Ақша қаражаттарының шығуы:

       а) келіп түсетін тауарлар және көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушыларға        және мердігерлерге ақша төлеу;

       ә)  атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;

       б) еңбек ақы төлеу;

       в) бюджетпен есеп айырысу;

       г) басқадай төлемдер.   

      Жанама әдіс – бұл таза табысқа несие зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.

       Бұл әдіс бухгалтерлік баланс және табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің ақпараттарына негізделген.

       Жанама әдісте табыстар мен шығыстар жөніндегі  қорытынды есептің әрбір бабын түзету (корректировкалау) көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру мерзіміндегі таза табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен салыстырғандағы өзгеру корректировкаланады.

       Инвестициялық қызмет дегеніміз – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.

       Иенвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

 —    негізгі құралдарды сатып-өткізу;

  • басқалары.
  1. Ақша қаражаттарының шығуы:

 —   негізгі құралдарды сатып алу;

       Қаржылық қызмет – кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.

       Қаржылық қызметтің нәтижесіндеболатын ақша қаражаттарының қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
  • басқалары.
  1. Ақша қаражаттарының шығуы:

Қажлылық қызметте зерттеліп жатқан кәсіпорында ақша қаражаттарының шығуы 2006 жылда көрсетілмеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

 

        3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және

              әдістері.

 

       Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

       Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

       Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.

       Қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі.

       Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

  • пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
  • нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
  • құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
  • әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және бойынша.

       Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

       Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрлымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

       Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

       Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрлымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігіде өте маңызды болып табылады.

       Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген.

       Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалайй табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрлымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарынның жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

       Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

       Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

       Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

       Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылыаушы кезеңі болып тбылады. Және ол сатыны қамтиды: жабдықтау. өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштермен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұсап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

       Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

       Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайына елеулі көрініс табады.

       Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау днп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

       Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен билютендерге, арнайы анықтамаларды басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауғамүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінщі түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

       Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  • 1) көлденең талдау;

       2) тікелей талдау;

       3) трендік талдау;

       4) салыстырмалы талдау;

       5) факторлық талдау;

  • 6) қаржылық коэффиценттер әдісі.

       Көлденең (уақыттық) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдігімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

       Тікелей (құрылымдық) талдау — әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

       Тікелей және көлднең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

       Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткішдинамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

       Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

       Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады,оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік береін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

       Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуынның ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, салдағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткен тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер ету мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Катынсаты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

       Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диогностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда треңдетілген талдау қатынаснегізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

       Қаржылық талдауы салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріліп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

       Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

       Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдерді көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жікткгенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

       Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық , сондай-ақ экономикалық және математикалық стстистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, мүмкіндік береді.

 

 3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау.

 

       Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылықжағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

       Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

       Диплом алдындағы зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер серіктестіктің қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға тікелей байланысты элементтер болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрлымы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі.

       «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің баланс мәлііметтері бойынша активтердің құрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынады. (кесте 3.1.)

       Кестеде келтірілген мәліметтерден «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің нақты құнын көрсететін  

                                                                                                                Кесте 3.1.

«Индустриальное снабжение» ЖШС-гі 2006 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы

 

Көрсеткіштер

2006ж. басы

2006ж аяғы

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Сома  тг.

%

Сома  тг.

%

 тг.

%5/1*100

Активтердің құны барлығы

 

14740648,9

 

100

 

96880972,08                

 

100

 

82140324

 

557,2

Ұзақ мерзімді активтер

 

55344,2

 

0,37

 

1363986,46

 

1,4

 

1308642,2

 

2364,5

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Материалдық емес активтер

 

 55344,2    

 

0,37

 

41381,94

 

0,042

 

-13962,2

 

-25

2 Негізгі құралдардың қалдық құны

 

 

     ——

 

 

 

  ——

 

 

1322604,52

 

 

1,36

 

 

1322604,5

 

 

  ——

Ағымдағы активтер

14685304,7

99,56

95516985,62

98,59

80831681

550,4

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1Тауарлы материалдық босалқылар

 

 

6965439,35

 

 

47,25

 

 

21277952,57

 

 

21,96

 

 

14312513

 

 

205,4

а) Материалдар

 

1130,43

 

0,007

 

123071,73

 

0,12

 

121941,3

 

10787,1

ә) тауарлар

6964308,92

47,24

21154880,84

21,83

14190572

203,7

2 Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар

 

 

7569543,41

 

 

51,35

 

 

63584739,56

 

 

65,63

 

 

56015196

 

 

740

а)Алынуға тиісті борыштар

 

6562159,2

 

44,51

 

45991603,05

 

47,47

 

39429444

 

600,8

ә)Берілген аванс

    ——

 ——

7648848,54

7,89

7648848,5

 ——

Б)Басқадай дебиторлық борыш

 

1007384,21

 

6,83

 

9944287,97

 

10,26

 

8936903,7

 

887,1

3Ақша қаражаты

150321,98

1,019

10654293,49

10,99

10503972

6987,6

 

баланс валютасының 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда  82140324

теңгеге немесе 557,2 пайызға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Сонымен бірге кестенің мәліметтерінен ұзақ мерзімді активтердің кәсіпорын активтерінің құрамындағы үлесі ағымдағы активтердің үлесіне қарағанда төмен екендігін көреміз. Егер есепті жылдың басында ұзақ мерзімді активтердің үлесі ағымдағы активтердің үлесінен 99,19 %-ға (99,56-0,37) кем болса, жыл аяғында 97,19%-ға (98,59-1,4) кем болды. Яғни, кесте мәліметтерінен кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің есепті жылы ішінде 2%-ға көбейгенін көреміз. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 0,2 есеге кем (550,4-2364,5) болып отыр.

       Ұзақ мерзімді активтердегі материалдық емес активтер есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13962,2 теңгеге жыл бойындағы өзгеріс болды немесе –25%-ға төмендеген. Негізгі құралдардың қалдық құны өткен жылы мүлдем болған жоқ, есепті жылы ол 1322604,52 теңге немесе 1,36% құрады.

       Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильдік) коэффицентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффицент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағыжағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігін, өскендігін көрсетеді.

       Талдау жүргізіліп отырған «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл коэффиценттің деңгейі жыл басында 0,99 (14685304/14740648), ал жыл соңында 0,98 (95516985/96880972) құрады.

       Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффиценті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

       Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмау тиіс.

       Талдап отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында 265,3 (14685304/55344,2), ал жыл аяғында 70 (95516985/1363986) құрады.Бұл коэффицент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 6,5 есеге (95516985/14685304), ал екіншілері 24,6 (1363986,4/55344,2) есеге өскен. Кәсіпорын  ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарртың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэфиценті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэфицентінен артық болуы керек.

       3.1. кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерін жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 10503972 теңгеге көбейген. Ең мобильді қаражаттар сомасының жоғарлауы және кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоғары екендігін сипаттауға болады.

      Серіктестігінің тауарлы материалдық босалқылардың айналым қаражаттары есепті жылы 205%-ға өсті және ол жыл аяғында 21277952,57 теңге немесе 21,96% құрады, өткен жылы 6965439,3 теңге немесе 47,25% құраған. Олардың үлесі 25,29 пунктке азайғанын көруге болады. Бұл жағдайда тауарлы материалдық босалқылардың айналым қаражаттардың құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие. Материалдар мен тауарлардың айналым қаражаттары есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 108,8-ге және 3 есеге жоғарлағанын көреміз.

      Есепті жылда зерттеу жүргізілген кәсіпорынның дебиторлық борышының сомасы көбейген. Егер бұл көрсеткіштің шамасы есепті жылдың басында 7569543,41 теңгені құрса, жылдың аяғында 63584739,56  теңге болған, яғни 8,4 есе көбейген. Бұл көрсеткіш шамасының жоғарлауы кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.Алынуға тиісті борыштары 39429444 теңгеге өсті (45991603,05-6562159). Берілген аванс қысқа мерзімді дебиторлық борыштың 7,89%-ын құрап отыр. Басқадай дебиторлық борыш 2 жыл арасын салыстырғанда үлесі жағынан 3,43 (10,26-6,83)пунктке жоғарлады немесе 9,8 есеге өсті.

       Ақша қаражаттарының сомасы 2006 жылы 2005-ші жылмен салыстырғанда 70,8 есеге өсті.     

       «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына талдау жасаудың келесі кезеңінде баланс активтерінің құралу көздеріне талдау жасалынады. Мұнда кәсіпорынның мүлкі меншікті капиталдың және міндеттемелердің есебінен құралатындығын ескеру қажет.

       Меншікті капитал мен міндеттемелердің арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді.

       Қаржылық қорытынды есеп активтері құралу көздерінің құрамы мен құрлымына талдау төмендегі кесте (3.2.) бойынша жасалынады.

      Меншікті капиталының құралу көздері мыналар саналады: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, жалгерлік міндеттемелер, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар,тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары бойынша резервтер, баланс пассивінің екінші бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары жатады.

                                                                                                Кесте 3.2.

«Индустриальное снабжение »  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құралу көздерінің 2006 жылдың құрамы мен құрлымы.

      

 

          Көрсеткіштер

 

 

 2006 ж басы

 

    2006 ж аяғы

Жыл ішіндегі     өзгеріс

Сома тг

 

  %

Сома тг

 

  %

теңге         %5/1  

(3-1)           *100

                1

        2             3

        4              5    

    6           7     

Кәсіпорынның барлық капиталы

 

14740648,94         100

 

96880972,7       100

 

82148643,8    557,2

Оның ішінде:

 

 

 

1 Меншікті капиталдың барлығы

41399,98               0,28

433842,88         0,44

  392442,9      947,9

а)жарғылық капитал

97100                    0,65

97100                0 ,1

     —                 —

ә)жабылмаған табыс(зиян)

 -55700,02            -0,37

336742,88         0,34  

392442,9       -704,5

2 Міндеттемелердің барлығы

 

14699249              99,7

 

96455449,9       99,55   

 

81756200,9    556,1

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

9930000                67,36

 

23404436           24,15      

 

13474436       135,6

Оның ішінде:

 

 

 

Банктен несие алу

9930000                67,36

23404436          24,15

13474436       135,6

Ағымдағы міндеттемелер

4769248,9             32,35

73051013,9       75,39

68281765       143,1

Оның ішінде:

 

 

 

Қысқа мерзімді кредиторлық борыш

 

640875,26             4,34      

 

71491099,16     73,78                  

 

70850223,9   11055

а)жабдықтаушылармен есеп айырысу

 

640875,26                       

 

  4,34

 

67227350,7       69,38      

 

66586475,4   10389

ә)алынған аванс

        —                  —

4263748,34         4,4

4263748,4          —

Бюджетпен есеп айырысу

23707                    0,16

158508,74          0,16

134801,74      568,6

Басқадай кредиторлық борыштар

 

4104666,7             27,8         

 

1401406             1,44

 

-2703260,7    -65,8

а) жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу

        —                 —

 

1048508,9          1,082

 

1048508,5           —

ә) басқалар

4104666,7      

  27,8   

 

 

352897,49           0,36    

 

-3751769,2    91,4

Тәуелсіздік коэффицент

          —

 0,28

      0,44

     —                 —

Қаржыландыру

коэффицент

          —

 

 0,997

           —               

                           0,995

     —                 —

           

БЕС-№30 стандартына сәйкес меншікті капиталға жарғылық, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

       Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 392442,9 теңгеге немесе 947,9%-ға көбейген. Кәсіпорынның жарғылық капиталының сомалары өзгеріссіз қалған 97100 теңге, бірақ пайыз жағынан өткен жылы есепті жылмен салыстырғанда 0,55%-ға жоғары. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есепті жылда 392442,5 теңгеге өсті. 2005 жылда кәсіпорынның жабылмаған зияны 55700,02 теңгені құраған. Ал 2006 жылдың бөлінбеген табысы 336742,88 теңге құрады.

       Сырттан пайдалануға алынған капиталдың (міндеттемелердің) шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 81756200,9 теңгеге немесе 556%-ға жоғарлаған.

       «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұзақ мерзімді міндеттемесі, яғни банктен алған несие есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13474436 теңгеге өсті.

       Қысқа мерзімді міндеттемелері 1 жылда 68281765 теңгеге немесе 15,3 есеге артқан. Оның құрамына қысқа мерзімді кредиторлық борыштар, бюджетпен есеп айырысу және басқадай кредиторлық борыштар кіреді.

       Қысқа мерзімді кредиторлық борыш жылдың басында оның мөлшері 640875,26 теңге болған болса, жыл аяғында 71491099,16 теңгені құрады, яғни 111,5 есеге көбейген, нәтижесінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 4,34%-дан 73,78%-ға өскен.

       Жабдықтаушылармен,мердігерлермен есеп айырысуы үлес салмағы бойынша 4,34%-дан 69,38%-ға жоғарлаған немесе 104,8 есеге артқан. Алынған аванстары жылдың басында көрсетілмеген, жыл аяғында ол 4263748,46 теңгені құрады.

       Бюджетпен есеп айырысқан кезде үлес салмағы өзгеріссіз қалды, ал сомасы 134801,74 теңгеге артқан.

       Басқадай кердиторлық борыштар есепті жылы 2703260,7  теңгеге азайған.

       Меншіті капиталдың көлемін анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффиценті – бұл коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффиценті меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталады:

                      К тс = М к / Ак

 

Мұндағы:  Ктс  — тәуелсіздік коэффицент                                    

                   Мк  — меншікті капитал

                   Ак   — барлық капиталы (баланс валютасының жиыне, яғни                  қаржыландырудың жалпы сомасы)

       «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте тәуелсіздік коэффиценті есепті жылы 0,28-ден 0,44-ке дейін немесе 0,16 пунктке жоғарлағанын көрсетеді. Есепті жылдағы тәуелсіздік коэффиценті нарықтық қатынастары дамыған елдерде ( Еуропа, АҚШ ) жоғары болып саналатын коэффицент шамасынан (0,5-0,6) төмен болып отыр. Сондықтан зерттеу жүргізілген кәсіпорында қаржылық тұрақтылық деңгейі өте төмен деп айтуға болады.

       Егер бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігіжоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азайғанын көрсетеді.

       Тәуелсіздік коэффиценті неғұрлым жоғары болған уақытта, бұл қаржылық көздерінің тұрақты құрлымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрлымды таңдар еді, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғырлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп,нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі.

       Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын (міндеттемелер) көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.

 

                       Кқ = Мк / Қк   

 

Мұндағы:  Кқ – қаржыландыру коэффиценті

                   Мк – меншікті капитал

                   Қк – қатыстырылған капитал (міндеттеме)

       Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғырлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді болады.Бұл коэффицент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландыратынын көрсетеді.

       Зерттеужүргізілген кәсіпорында есепті жылдың аяғында қаржыландыру коэффиценті 0,995-ке тең болды. Қаржыландыру коэффиценті < 1 болып отыр, бұл төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайда жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

 

  • Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

 

       Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

       Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

       Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

        Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

      А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

       Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма — қол ақшаға тез айналады.

       А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез елген дебтор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борыштан да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

       Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.

       А3 Баяу өткізілетін активтер – Баланс активтерінің екінші бөлімнің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” (жарғылық қорға кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайталған) бабы.

       Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті. Немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алаида амирикан кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

       А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияар” бабы бойынша соманың бір ғана бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

       Баланс активтерінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның “өтімділігін” (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы –материалды қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылады. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

       П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың  алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктіңмақсатты қарыздарын  өз мақсаты бойынша пайдаланбаған дығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

       П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

       П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

       П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бірінші бөлімнің “Меншікті капитал”баптары. Активы пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.

       Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

                 А1 > П1

             А2  > П2                                               (1)

            А3 > П3   

            А4 < П4

       Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

       Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

       Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы нұсқаға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділігінің азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде актмвтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орын баса алады.

       Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баланс мәліметі негізінде кәсіпорынның өтімділігін талдаймыз кесте (3.3)

       Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, екінші бөлігі де осындай.

       Актив пен пассив баптарының бірінші тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

       Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру  жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің  (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

  Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

                        Кесте 3.3.

“Индустриальное снабжеие” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері негізінде баланс активтерінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

 
 
 
Актив

 

        Сомасы тг

 

 

 

Пассив

 

        Сомасы  тг

төлеу артықшылығы (+),жетіспеушілігі(-)

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

1 Ең өтімді активтер

 

 

 

15021,98

 

 

 

10654293

1 Тез арада теленуге тиісті міндет-лер

 

 

 

4769248,9

 

 

 

73051013

 

 

 

-4618927

 

 

 

-62396720

2 Тез өткізілетін активтер

 

 

7569543,4

 

 

63584739

2 Қысқа мерзімді міндет-лер

 

 

     —-

 

 

    —-

 

 

7569543,4

 

 

63584739

3 Баяу өткізілетін активтер

 

 

 

6965439,3

 

 

 

21277952

3 Ұзақ мерзімді міндет-лер

 

 

 

 

 

9930000

 

 

 

23408436

 

 

 

-2964506,7

 

 

 

-2126484

4 Қиын өткізілетін активтер

 

 

55344,2

 

 

1363986

4 Тұрақты міндет-лер

 

 

41399,98

 

 

433842,88

 

 

1394,22

 

 

930143,6

Жиынтығы

14740648

96880972

Жиынтығы

14740648  

96880972

    —-

    —-

 

Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі бар деуге болады. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердін сомасы жыл басында 7719865,3 теңге (153021,98+7569543,41) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер –4769248,9 теңге, бұл – 2950616,4 теңге (4769248,9-7719865,3) немесе (4618927+7569543,4) төлем қаражатынан аз.Жыл соңындағы төлем қаражаты 1188019,15 теңгені (10654293,49+63584739,56)-(73051013,9+0) құрады.

       Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер жыл басында оның мөлшері –296456,7 теңге болған болса, жыл аяғында –2130484 теңгені құрады, немесе есепті жылы 0,7 есеге өсті.

       Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдыңдағы міндеттемелерін жаба алу мүкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс:  А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

       Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 13944,22 теңге және 930143,6 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағжайының нашарлағанын көрсетеді. Себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.

       Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді:

 

Кжө = а1А1+а2А2+а3А3 / а1П1+а2П2+а3П3                       (2)

 

Мұндағы :   Кжө — жалпы өтімділік коэффиценті.

                     а1,а2,а3 – салмақтық коэффиценттер.

                     А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының   жиындары.

       Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффиценттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

       Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффиценттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

      а1 > а2 + а3;

      а2  > а3;                                                                                           (3)

      а3 < 0.              

       Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.

       Салмақтық коэффиценттердің жиыны сәйкес келеді:

а1 = 1;  а2 = 0,5;  а3 = 0,3.                                                                 (4)

       Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі;

Кжө = А1+0,5А2+0,3А4 / П1+0,5П2+0,3П3                              (6)

       Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көлемі жыл басында 0,7, ал жыл соңында 0,6 құрады, яғни 0,1 пунктке төмендеген, бұл көрсеткіш теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейді, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.

       Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффиценті, жабудың аралық коэффиценті және жабудың жалпы коэффиценті.

 

  • Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

 

        Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

       Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

       Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

       Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

       Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

       Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздары өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

       Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

       Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарынның сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

       Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

       Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлде қайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни , өтеуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

       Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенәң мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

       Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

       Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффиценті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.

       Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.

       Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффиценттері талданады.

       Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалвқ көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

       Үш көрсеткіш жиі падаланылады:

  • абсолютті өтімділік коэффиценті ;
  • аралық өтеу (жабу) коэффиценті;
  • жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.

       Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімдіміндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

       Ол баланс жасаған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағықарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

       Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

                                         Ка.ө.  > 0.2-0.25

       Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатан белгісі.

       Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:қауіпті өтім коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

       Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық босалқыларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

       Аралық өтеу коэффицентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

                              Кар.ө >= 1.

В.Ф.Палий “бұл коэффиценттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр” деп есептейді

       Қауіпті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.

       Ағымдағы өтімділік коэффиценті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жкдкл және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

       Жалпы өтеу коэффиценті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

       Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:

  • біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
  • екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражатынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп деп атайды.

       Жалпы өтеу коэффиценті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалары әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады.

                                         Кағ.ө. >= 2.

       Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффиценті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезендегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

       Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол — әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

  • кәсіпорын және оның қызметініңкөлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);
  • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
  • материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
  • жалпы экономикалық коньюктура.

       Егер ағымды активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де  Кағ.ө  мәні 1:1арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

       Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.

       Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффиценті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффиценттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффиценті (Кағ.ө) бойынша бағалайды.

       Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффицентінің жалпы өтімділіктіің жоғары коэффицентіне сай келуі тәе екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материалдар, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффицентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек. 

       Зерттелініп жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтімділігін анықтау үшін ауытқуларын және олардың әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау үшін төмендегі (3.4) кестеге назар аудару керек.

 

Кесте 3.4

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер

2006 жыл басы

2006 жыл аяғы

Өзгеріс (+;-)

1

Ағымдағы активтер оның ішінде:

  14685304,74

95516985,6

  80831681

1.1.

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.

 

 

  150321,98

 

 

10654293,4

 

 

  10503972

1.2.

Дебиторлық борыш және басқа да активтер.

 

  7569543,41

 

63584739,5

 

  56015196

1.3.

Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдар.

 

 

 

 

 

 

6965439,35

 

 

 

 

 

 

21277952,5

 

 

 

 

 

 

  14312513

2.

Қысқа мерзімді міндеттемелер

Оның ішінде:

 

  4769248,96

 

73051013,9

 

  68281765

2.1.

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар.

      —-

 

       —-

      —-

2.2.

Кредиторлық борыш.

  640875,26

71491099,1

  70850223,9

2.3.

Бюджетпен есеп айырысу

  23707

158508,74

  134801,74

2.4.

Басқа да ағымдағы міндеттемелер.

 

 

  4104666,7

 

  1401406

 

  -2703260,7

3.

Өтімділік көрсеткіштері

      —-

      ——

     ——

3.1.

Абсолюттік өтімділік коэффиценті (1.1.қ:2.)

 

  0,03

 

  0,1

 

   0,07

3.2.

Аралық өтімділік коэффиценті (1.1+1.2):2қ

 

  1,61

 

  1,02

 

  -0,59

3.3.

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффиценті (1.1қ+1.2қ+1.3қ):2қ

 

 

  3,07

 

 

  1,3

 

 

  -1,77

 

 

 

Жыл аяғындағы аралық өтімділік пен жалпы өтімділік жыл басына қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, аралық өтімділіккоэффиценті 0,59 пунтке, ағымдағы –1,77 пунктке төмендеді. Ал абсолютті өтімділік коэффиценті керісінше 0,07 пунтке өсті. Абсолютті өтімділік өскенімен, ол халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне  (0,2-0,25)  сәкес емес.           Аралық коэффиценті –0,59 пунтке төмендеген болса да, теорияға сәйкес.Абсолютті өтімділік коэффиценті керісінше 0,07 пунтке өсті. Абсолютті өтімділік өскенімен, ол халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне  (0,2-0,25)  сәкес емес. Аралық коэффиценті –0,59 пунтке төмендеген болса да, теорияға сәйкес.

       Жалпы өтімділік коэффиценті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге жауап береді, бірақ жыл басына қарағанда 1,77 пунтке төмндеді. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін қарай отырып, оларды есептеу әдісімен көрсетеміз.Кесте (3.5)                                                                                                                                                          

                                                                                               Кесте 3.5.

Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффиценті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі

Көрсеткіштер

Жыл басында

Ағымдағы активтермен жыл басында және қысқа мерзімді міндеттемелер мен жыл соңында

Жыл аяғында

Ауыт-қулар (+;-)

Соның ішінде өзгеру есебінен

Ағымдағы қысқа

активтер    мерзім         3гр-2гр       міндет

                   ( 2-1) 

 

1

Ағымдағы активтер

14685304

14685304

95516985,6

     х

      х             х

2

Ағымдағы міндет-лер

 

4769248,9

 

73051013

 

73051013,9

     х

      х                х                    

3

Өтімділіктің (ағымдағы) жалпы коэффиценті

 

 

 3,07

 

 

  0,201

 

 

 

      1,3

 

 

-1,77

 

  1,099         -2,869

 

       Кесте мәліметтері өтімділіктің жалпы коэффицентінің өсуіне ағымдағы активтердің абсолютті өсімі оң әсер еткенін көрсетеді, соның есебінен өтімділік коэффиценті 0,201 пунтке өсті (1,3 — 0,201). Осы көрсеткіштің өзгеруіне ағымдағы міндеттеменің күрт өсуі теріс әсер етті, ол 2,869 пунтке төмендеуіне әкелді (0,201 – 3,07).

       Өтімділік коэффицентін жан-жақты бағалау үшін, оларды құрайтын факторлардың өзара байланысын білу маңызды. “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы өтімділік коэффицентінің өзгеру факторларын қарастырайық.

       Ағымдағы активтер баптары үшін үлестік қатысу коэффиценті – 0,000103, ал ағымдағы міндеттемелердің баптары үшін – 0,000306 құрады.

       Жалпы (ағымдағы) факторлардың әсерлерінің есебі (3.6) кестеде келтірілген.                                                                                                                  

                                                                                                             Кесте 3.6.

       Жалпы  (ағымдағы) өтімділік коэффиценті деңгейінің өзгеруіне

                        нақтыланған факторлардың әсерінің есебі

 

Факторлар

Есептеу

Факторлардың әсер еиу деңгейі

1.

Ағымдағы активтердің өзгеруі

1,3 – 0,201

 

 

1,099

1.1.

Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар

 

10503972*0,000103

 

       1081,909

1.2.

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

 

56015196*0,000103

 

        5769,569

1.3.

Тауарлы-материалдық босалқылар

 

14312513*0,000103

 

      1474,188

2.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің өзгеруі

 

      0,201 – 3,07

 

         -2,869

2.1.

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

            —-

 

           —-

2.2.

Кредиторлық борыш

70850223,9*(-0,000306)

    -21680,168

2.3.

Бюджетпен есеп айырысу

134801,74*(-0,000306)

      -41,249

2.4.

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

 

-2703260,7*(-0,000306)

 

      827,197

 

Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффицентіне дебиторлық борыштар (8,4 есе) мен тауарлы материалдық қорлардың (3 есе) күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кредиторлық борыштың 110 есе, бюджетпен есеп айырысу (6,6 есе) өсті және басқа да ағымдағы міндеттемелердің (0,34 есе) төмендеуі, сонымен бірге өтімді активтердің көбеюі осы көрсеткіштердің оң болуына әкеледі.

       Осылайша, біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саясат және экономикалықжағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталымен қамтамасыз етілуі,дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы және басқалары әсер етеді.

       Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар

 

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде төмендегі қорытынды пікірлерге тоқталамын.

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – құрылыс материалдарын шығарып сату. Кәсіпорын қызметінің мақсаты – жоғары сапалы өнім шығару, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру. Аз шығынды шығарып, табысты көп табу, құрылыс компаниялардың қажеттілігін қанағаттандыру.

        Кәсіпорынның көрсететін қызметі қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі 2005 жылы 55700,02 теңге зиян шексе, 2006 жылы кәсіпорын 392442,9 теңге таза табыспен аяқтады.

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестікте есеп жұмысының соңғы этапы қаржылық қорытынды есепті құру болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мақсаты – заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, шаруашылық қызметінің нәтижесі және есепті кезең ішіндегі оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету. Зерттеу жүргізілген субьектінің қаржылық қорытынды есебі бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығыстар туралы қорытынды есептен, меншікті капиталдағыөзгерістер туралы қорытынды есептен және түсіндірме хаттан тұрады. Бухгалтерлік баланс қаржылық қорытынды есепте үлкен маңызды рөл атқарады. Ол белгілі бір мезгілдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді. Бухгалтерлік баланс субъектінің активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталын көрсетеді.

       Қаржылық қорытынды есептің негізгі нысаны бола отырып, бухгалтерлік баланс есеп беретін мерзімге кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттемелердің нақты барын, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайы мен динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

       Бухгалтерлік балансқа тігінен және көлдеңінен талдау жасау кезінде кәсіпорынның мүлкі жағынан келесі баға беруге болады. Активтердің нақты құнын айқындайтын баланс валютасы 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 82140324  теңгеге немесе 557,2 пайызға өскен. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсетеді, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Ұзақ мерзімді активтердің баланс валютасының үлесі, ағымдағы активтердің үлесіне қарағанда төмен екенін көреміз. Есепті жылдың басына ұзақ мерзімді активтердің үлесі ағымдағы активтердің үлесінен 99,19 пайызға (99,56-0,37) кем болса, жыл аяғында 97,19 пайызға (98,59-1,4) кем болды. Яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді активінің есепті жылы ішінде 2 пайызға көбейгенін көреміз. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 0,2 есеге кем (550,4-2364,5) болып отыр.  

       Есепті жылда зерттеу жүргізілген кәсіпорынның дебиторлық борыштың сомасы көбейген. Егер бұл көрсеткіштің сомсы есепті жылдың басында 7569543,41  теңгені құрса, жылдың аяғында 63584739,56 теңге болған, яғни 8,4 есе көбейген. Бұл көрсеткіш шамасының жоғарлауы кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.

       Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 392442,9 теңгеге өсті. Міндеттеменің шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 81756200,9 теңгеге жоғарлаған. Банктен алынған несие есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13474436 теңгеге немесе 135,6 пайызға өсті. Теория бойынша кәсіпорынның жағдайы оң болу үшін дебиторлық борыш кредиторлық борыштан 2 есе жоғары болу тиіс. Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бұл теорияға сай емес. Кәсіпорынның тәуелсіздік коэффиценті есепті жылы 0,28-ден 0,44-ке дейін немесе 0,16 пунтке жоғарлағанын көрсетеді. Тәуелсіздік коэффиценті нарықтық қатынастары дамыған елдерде жоғары болып саналатын коэффицент шамасынан (0,5-0,6) төмен болып отыр. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі өте төмен жағдайда. Серіктестікте есепті жылдың аяғында қаржыландыру коэффиценті 0,995-ке тең болды. Қаржыландыру коэффиценті бірден төмен болып отыр, бұл төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Баланс өтімділігіне келтін болсақ, ол өтімді емес. Себебі белгіленген 4 теңсіздіктің ішінен біреуіне ғана сай болып отыр. Ол дегеніміз тез өткізілетін активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден артық. Қалған үш теңсіздік белгіленген нормаға сай келмейді. Өтімділік коэффицентке келетін болсақ абсолютті өтімді коэффиценті халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне сай емес. Яғни жақын мезгілде ағымдағы қарыздың бөлігі өтелмейтінін көрсетіп отыр. Аралық өтімділік коэффиценті белгіленген кәсіпорын үшін ұтымды мәніне сай. 1,02 коэффицентін құрап отыр. Жалпы өтімділік коэффиценті өткен жылы 0,7 ал жыл соңында 0,6 құрады. Осы коэффицент теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейд, яғни кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетіп отыр.“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік қаржылық қорытынды есебіне зерттеу жүргізу нәтижесінде кәсіпорынның осы уақытқа дейін өзінің 30 “Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру” деп аталатын Қазақстандық стандартына сәйкес құратындығы анықталды. Қазіргі таңда барлық кәсіпорындар халықаралық стандартқа көшіп жатыр. “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық қорытынды есебін халықаралық стандартқа сәйкестендіруді ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. 1 “Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” Халықаралық стандарт

  2001

  1. Қазақстан Респубдикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық

        қорытынды есеп беру туралы” Заңы. Алматы 2002

  1. Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарты. Алматы Есеп 1998
  2. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж..Г. Жумағалиева “Кәсіпорынның

        қаржылық жағдайын талдау” Оқу құралы. Алматы Экономика 2001

  1. Бухгалтер бюллетені — №3, қаңтар2006 БИКО баспа үйі
  2. Бухгалтер бюллетені — №6, ақпан 2006 БИКО баспа үйі
  3. Бухгалтер бюллетені — №14, сәуір 2007 БИКО баспа үйі
  4. Байболтаева Н.Ә. Бухгалтерлік ескп принциптері. Алматы 2006
  5. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық

негіздері. Алматы: Қаржы-қаражат, 1996

  1. Сборник методических рекомендаций по применению

        Международных Стандартов Финансовой Отчетности. Алматы: БИКО

        2006

  1. Ефимова О.В. Как анлизировать финансовое положениепредприятия

(практическое пособие). Интел-синтез,1994

  1. Ковалев А.И. Привалов В.П. Анализ финансового состаяния

        предприятия. Москва: Центр экономики и маркетинга, 1995

  1. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік

        есеп. Оқулық Экономика 2005

  1. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т., Шмид О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік

        есеп. Алматы: «Қазақстан орталық аудит» тәуелсіздік аудиторлық

        компаниясы, 2003

  1. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.С. Методика финансового анализа. Москва

        Информ 1995

  1. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной

         деятельности и аудит Москва перспектива 1994

  1. Энтони Р., Рис Дж. Учет: ситуации и примеры. Москва: Финансы и

         статистика, 1993

  1. Финансовый анализ деятельности фирмы. Москва: ИСТ-Сервис, 1994
  2. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего

        субъекта: Учебное пособие. Москва: Финансы и статистика. 1994

  1. Финансовый учет 1. Учебное пособие. Алматы: Институт

        профисиональных бухгалтеров и аудиторов РК.

  1. Финансовый менеджмент:теория и практика. Учебник под ред.

        Е.С.Стояновой. Москва: “Перспектива” 1996

  1. Клейнер Г.Б., Петросян Д.С. Отценка финансового предприятия.

      Финансовые и бухгалтерские консультаций. Контакт Инвест Фонд 1995

  1. Палий В.Ф. Основы калькулирования. – М.: Финансы и статистик1987
  2. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия РК Алматы

        1996

  1. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности.

         Утверждены директором Департамента Методологии бухгалтерского

         учета и аудита.Министерство финансов РК 21.05.97г №7 Бюллетень

         бухгалтера,1997

  1. Радионова В.М. Федотова М.А.Финансовая устойчивость предприятия

         в условиях инфляции. Москва “Перспектива” 1995