КІРІСПЕ
Шетелдік және отандық басылымдарда жарияланғандай тұзды күмбездердің морфологиясы мәселесімен көптеген зерттеушілер айналысты. Дегенмен бұл проблема осы күнге дейін ол толық шешілген жоқ, көп нәрсе анық емес және аяғына дейін шешілмеген. Бұл ең алдымен күштердің шығу тегі мәселесімен, тұзды құрлымдардың пайда болуымен және жасалу механизімімен байланысты. Бұл мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар туды, көптеген зерттеушілер тұзды құрлымдардың жеке геологиялық жағдайдағы дамуын осы және басқа аудандағы берілген мәліметтердің геологиялық ғылыммен байланысын тарту, яғни осы көзқарастарды барлық жақтардан қарастырып, меселені толығымен шешуге тырысты. Сонымен теріс рөлді қатар нашар зерттелген тұзды күмбез облысының тереңдік тектоникалық құрылымы әсер етті.
Тұзды күмбездер тұзды шөгінділер генезисімен тығыз байланысты. Бұл арада XIX ғасырмен XX ғасырдың басында геологтар арасындағы әртүрлі көзқарастар болды. Біреулер тұзды жанартаулық жарылыстан пайда болды десе, ал басқалар галогендік шөгінділер теңіздік тұзды су қоймаларында пайда болды деп болжауда, ал үшіншілері тіпті тұздардың пайда болуын континенталді көп жағдайлармен байланыстырды. Осыған байланысты тұзды құрлымдардың пайда болуы жайлы көптеген әртүрлі концепциялар туды, олар табиғи минералды тұздардың шығу тегінің логикалық гипотезасы болып табылады.
Солтүстік Каспий маңы ойпаты Орыс платформасының ең төмен орналасқан бөлігі. Шығысында ол Орал және Мұғалжар тауларымен, оңтүстігімен оңтүстік шығысында көмкерілген герцинидтермен, солтүстігінде жалпы Сыртпен және батысында — Доно-Медведиц және Саратов дислокацияларымен шектеседі. Бұл жерде астыңғы тұзды шөгінділер зерттелмеді десе болады. Мұнда ұңғыма максимальдық тереңдікте артин ярустық жыныстарды шығарды, ол жоғарғы және орта корбондық платформалы фациялық көрініс берді. (В.С.Журавлев, 1960). Тұзды шөгінділер кунгур ярусына жатады. Одан жоғары пермьдік, триастық, юралық, борлық және үштік құрылымдар орналасқан. Бұлардың жалпы қалыңдығы ойпаттың ортаңғы бөлігінде 10 километрге жетеді. Бұл облыстардың терең құрылымдарын зерттеу өте қиын. Сондықтан тұз қабатын зерттеу геофизикалық зерттеулерге тікелей қатысты. Зерттеушілер осы күнге дейін бір көзқарасқа келген жоқ.
І ТҰЗДЫ КҮМБЕЗДІ ҚҰРЫЛЫМДАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Тұзды жыныстар туралы жалпы мәліметтер.
1.1.1.Тұзды жыныстардың минералдық құрамы.
Табиғи минералды тұздар таужыныстары топтарын құрайды, оларды тұзды, галогенді және гидрохимиялық деп атайды. Бұл жыныстар өзара генезисімен химиялық және физикалық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Тұзды жыныстар минералдармен қабатталған, оларда тұзды немесе галогенді деп аталады. Бұл хлориттер мен натрий, калий, магний, кальций сульфаттары. Хлор мұнда хром мен йодпен араласқан. Барлығы отыздай тұзды минерал белгілі, бірақ та олардың әр қайсысы жыныс құруда бірдей емес. Тек қана бірнешеуі басты жыныс құрушы минерал болып табылады, ал қалғаны салыстырмалы түрде кездеседі олар аз мөлшерде және екінші дәрежелі мағына береді. Мұнда бір жыныста негізгі бір ғана жыныс құрушы минерал, ал қалғандары — басқаша.
Негізгі жыныс құрушы минералдарға хлорлардан басқа галит (NaCl), сильвин (KCl) және карналит (KCl*MgCl2*6H2O) жатады және сульфаттардан-ангидрит (CaSO4), ал көптеген жағдайда гипспен (CaSO4*2H2), кизеритпен (Mg SO4*H2O), каинитпен (KCl*Mg SO4*3H2O), лангбейнитпен (K2 SO4*2mG SO4) және полигалитпен (K2 SO4*Mg SO4*2Ca SO4*2H2O) аралас. Тұзды жыныстар құрамына жиі біруақытта біреше минералдар кіреді, мұндай минералдар гипс, ангидрит және галит жиі мономинералды жыныстарды құрады.
Галогенді жыныстарды олардың құрамына қарай үш топқа бөледі: а) гипстер және ангидриттер, ә) тасты тұздар, б) калий тұздары. Олардың ішінде кең тарағандары гипстермен ангидриттер, аздап тасты тұздар салыстырмалы түрде, аз және сирек калий тұздары. Егер тұзды қабат тұздар кешенімен қабатталса, онда оның төменгі бөлігі әдетте ангидриттермен (гипстермен) бөлінген, одан жоғары тасты тұздар жатыр және тағы одан жоғары калий тұздары. Бірақта тасты тұздар жиі ангидриттермен, әктастармен, мергельдермен қабаттасып жатады.
Галогендік минералдардан басқа, тұзды жыныстар құрамында әдетте аз мөлшерде бытыраңқы және тегіс жұқа қабатшалы басқада минералдар кіреді. Жиірек кварц түйіршігі, батпақты минералдар, карбонаттар, битумдар кездеседі. Вертикальді кескінде бұл қоспалар біркелкі орналаспаған. Бұл тұзды жыныстарда қабаттылықтың пайда болуына әкеліп соғады.
Тұзды қабаттың құрамына (тұзды формация) терригендік және карбонатты жыныстар қабатшалары кіреді. Бұл қабатшалардың мөлшері және олардың қалыңдығы біршама кең өзгеріп отырады. Мысалы: Иркутск амфитеатр территориясындағы Усальск қабаты қабатталған, А.А. Ивановпен Ю.Ф. Ливицский мен (1960) келсе отырып, тасты тұздың қабатының қалыңдығы бірнеше сантиметрден елу – жетпіс метрге және көбірек доломиттермен, ангидридтермен кезектесе отырып және олардың арасынан өтетін айырмашылықтар сериясы; бума қуаттылығы және осы жыныстардың қабаты 0,5-тен 50-60 метр аралығында өзгереді. Берілген қабаттың тұзға қану коэффиценті орта есеппен 60-65%-ға жақын. Ал осы аудандағы бельск қабатының тұзға қану коэффиценті 52-54%-ға жетеді. Березовск ойпаты ауданында тас тұздар қабатының қалыңдығы 5-6 метрден 30-35 метр аралығында өзгереді. Припятск қолатында тұзға қану коэффиценті 40-50%-дан 70-80%-ға дейін өзгереді./17/
1.1.2. Тұзды жыныстардың пайда болу жағдайы.
Табиғи минералды тұздардың кен орны белгілі және адамдар көптеген жүз жылдар бойы пайдаланып келген. Мысалы: Автриядағы Халяйнск тұзды тауынан тұзды ерте тарихи уақытта өндірген (W. Medwenitsch, 1958). Закарпатьедегі Солотвинское тұзды кен орны Римдік империя кезінде өндірілген, ал Батыс Карпат алды алдындағы Величка кен орны (Поляк Халық Республикасы) – Х-ғасырда (A. Dlugosz, 1958), осы ауданда Бохнянск кен орны ХІІІ-ғасырда жұмыс істеген (Poborski, 1952). Бірақ бірінші ғылыми талпыныстар табиғи минералды тұздар кен орындарын тек ХІХ-ғасырда пайдаланғанын түсіндіреді. Нәтижесі мәліметтер тұзды кен орындардың шығу тегі ретінде қызмет етті, бір жағынан тұзды кен орындардың морфологиясы және оған жататын қабаттардың сипаты және екінші жағынан қазіргі қабат құрудың жағдайлары болды. Осыған сәйкес тұздардың кен орындарының әртүрлі концепциялары пайда болды. Соңғысы үш топқа бөлінуі мүмкін, тұзды құруды жанартаулық іс-әрекетпен табиғи тұзды су қоймаларына тұздың шөгінділермен түсуінен және континенттегі құрғақ шөлді климатпен сәйкестендіреді./16/
Жанартаулық гипотезаға сәйкес, ХІХ-ғасырда әртүрлі варианттар ілгері жылжыды, тұздың құрылуы осы немесе басқа пішінде жанартаулық іс-әрекетпен байланысты болды. Мысалы: Орнерод 1842 жылы бір ой айтты, онда тұздардың бастауы болып ағылшындардың тұзды кен орындарында жанартаулар табылды, болса да кен орындарының пайда болуы тұздардың сұйық ортаға түсу жолымен өтті деген (Fr. Lotze, 1957); Томас 1860 жылы оңтүстік Луизианада (АҚШ) тұзды кен орындарнының пайда болуы тұздардың теңіз суына түсуі одан жанартаулық ыстық арқылы булануы туралы болжам айтқан (E. De Golyer, 1918); Мидлемисс (C. S. Middleviss, 1891) Пакистандағы тұзды дөңнің тұзды жыныстары жанартаулық интрузия нәтижесінде пайда болды деп есептеген. Ол тереңде жатқан магма тұз бөледі,белгілі жағдайда оның жыныстарын қолдануы мүмкін деп болжаған, ол тұзды массивті ерекше бір жанартаудық іс-әрекеті ретінде қарастырады. Өзіндік гипотеза Войтиштиде айтқан (I. P. Vjitesti, 1921) ол тұзды жер бетіне шыққан қатты жер қабығы деген, ол атмосферада 700-8000-та болды деп есептеген. Судың конденсациясында хлоридтер бөлініп қалған, жоғарғы температура мен қысымда олар жер бетінің қабығы ретінде қалды. Дегенмен жер қабығының температурасы жоғары болған, су буланып кеткен, ал тұз жер бетінде қалып қойған.
Шөл жағдайында тұзды кен орындарының гипотезасын Вальтер (F.Walther 1903, 1908) ұсынды. Өзінің саяхаты кезіндегі мәліметтерге сүйене отырып мынандай қорытындыға келді, тұздың құрылуы негізінен шөл территориялармен байланысты, онда ағындар жоқтығымен сипатталады. Тұздардың қайнар көздері теңіз сулары болып табылады, өйткені олар таужыныстарын ылғалдап және тұздап өтеді. Жер құрлық болған кезде тұз атмосфералық жауын-шашынмекн шайылып кетеді, едеуір төмен учаскелерде жиналып ол жэерде кендер түрінде аккумуляцияланады.
Галогенді жыныстардың теңіздік шығу тегі жайлы концепцияны алғаш болып құрған Оксениус (C. Ochsenius, 1877) болды. Ол барлар теориясы деген атауға ие болды. Тұздардың құрылуы, осы теорияға сәйкес бөлшектенген теңіз басейінінің бір бөлігі құмды қайраңмен, судың булануымен және тұздардың шөгінділерге түсу жолымен өтеді. Бастапқы кезеңде құралған лагуна негізгі бассейінде бірнеше хабарларды сақтайды, соның себептерінен оған жаңа тұзды сулар үлесі түседі және сонымен тұздардың мөлшерін көбейтеді. Соңғы кезеңде негізгі бассейіндегі қарым-қатынастар тоқтайды, лагунада толық судың булануы жүреді және тұз құралу циклы бітеді. Бұл процесстің қазіргі аналогы сапасында Қара –Бұғаз-Көл шығанағында тұздың құралу жағдайлары өтті.
Геология бойынша жинақталған жаңа фактілерге негізделген материалдар жер шарындағы әртүрлі аудандардағы тұз кен орындары және кейінгі зерттеулер тұз түзуші жағдайда құйылған, қанша болмасын барлық тұз өндіретін кен орындар олардың су қоймаларының құрғау нәтижесінде пайда болды. Тұзды минералдар (хлоридтер мен сульфаттар) табиғатта жанартаулық шығу тегі жағынан сирек кездеседі және біршама кешірек мөлшерде. Жанартаулық үрдіс әрекетінен бөлінген тұздың біраз бөлігі ерітінді күйінде теңіз аңғарларына апарылады.
Бірақ бірнеше тұзды формациялардың құрылуын теңіз бассейіндері мен байланыстыру қиын. Мысалы: осындай тұзды қабаттар Шу, Нарын, Кетмель-Тюбинск және Ферғана ойпаттарында белгіглі. Тұзды кендердің түзілуі таужынстарынан тұз ерітіндісін айыруда сілтілер әрқашан ең болмаса 1%-ке дейін болады және олардың ерітінді оларды ойпаттарға жинайды, мұнда бұл сулар құрғақ климат жағдайында буланып, кристалдарға айналады және біртіндеп олар аккумуляциялық тұздар болады (С.С. Щульц, 1948; М.Н. Гримм, 1951, 1953). Мұндай кен орындар табиғатта сирек кездеседі, А.А. Иванов бұл жергілікті су қоймалары ірі континенталді тұзды бассейінмен қосылған деген.
Оксениус концепциясы бойынша теңіздік гологендік жыныстардың шығу тегі Брансонның (E.B. Branson, 1915), Крулдің (O. Krull, 1927), Борхерттің (H. Borchert, 1940) және т.б. жұмыстарында ары қарай дамуға ие болды. Оксениустың түсінігі галогенді шөгінділердің пайда болуына аз ғана қолайлы жағдай туғызды. Осының орнына мынандай болжам келді, яғни тұздардың пайда болуы барлық аңғарларда өтті, олардың дүние жүзі мұхиттарымен байланысы болады. Тұздардың осы аңғарларда пайда болуына қажетті жағдайды тұщы судың келуі мен булануы болып табылады. Қазір бұл бассейіндердің үйлесімділігі болып Қара және Азов теңіздері болар еді, егер олар мейлінше құрғақ климат зонасында орналасса.
Дегенмен қазіргі аңғарлардың ұқсастығы мынада, оларда кезінде тұздар түзілген орын болып теңіздік суқоймалары саналады, тұз түзілу процесін теңіз суларының тұзды құрамы деуге болады.
Теңіз суларында элементтер 30 элементтен асады, бірақ олардың көбі өте аз концентратты. Тек металдың иондары Na, Mg, Ca, K және теріс иондар Br, Cl, SO4, CO3 біршама көп мөлшерде. Мысалы: 1л судағы ерітінділердің грамм бойынша мөлшері:
Хлорлы натрий 27,21
Хлорлы магний 3,81
Магний сульфаты 1,66
Кальций сульфаты 1,26
Калий сульфаты 0,86
Кальций көмірқышқылы 0,12
Магний бромиді 0,08
Тұздардың шөгінділерге түсуі ерітінділердің осы немесе басқа тұздарға қанығу жағдайымен өтеді. Соңғысы бізге белгілі болғандай температура мен қысым, сонымен қатар түрі және тұз ерітінділерінің мөлшері функциялары болып табылады. Бұл факторлардан табиғатта басты рольді тұз ерітінділерінің концентрациясының көбеюімен судың булануы атқарады.
Кристолизациямен осы немесе басқа тұздардың шөгінділерге оның концентрациясы қанығу кезінен басталады. Егер ерітіндіде бір уақытта бірнеше тұздар болса, онда олардың кристализациясы ретпен жүреді, алдымен олар ериді сосын кристалдану процесі жүреді. (ең алдымен CaCO3 және CaSO4, сосын NaCl және ең соңында K2SO4, K2MgSO4 тұздары).
Борхермен келіссек егер теңіз суына қарағанда тұз концентрациясы суда 2 есе көп болмаса, онда шөгінділерге тек қана кальцит пен доломит түседі. Суда тұздардың концентрациясының мөлшері 12-ге дейін болса, онда гипс пайда болады, тасты тұздардың концентрациясы ерітіндіде 12,1 есе бастапқы теңіз суларының тұзды концентрациясынан көп болған жағдайда ғана жүреді, шөгінділерге калий тұздарының түсуі бастапқы су концентрациясында 63,6 есеге көбейтеді.
Тұздардың кристалдануы сарамандық жағдайда ғана анықталады. Ол жалпы айтқанда, деректерге негізделген геологиялық материалдармен дәлелденеді. Мысалы: Батыс Орал тауында төменде батпақты-ангидритті қабат, жоғарылау тұзды, одан жоғары калий тұздары жатыр./10/
Қазіргі уақытта тұзды қабаттардың құрылу процесін зерттеушілер екі сатыға бөледі; олар: жалғасу мен дайындық және тұз түзілудің салыстырмалы қысқа сатысы. Дайындалу сатысы уақытында аңғар суының минералдануы біртіндеп көбейеді және тұзды қабаттың батпақты-корбонатты бөлігінің пайда болуы. Екінші сатыда жүйелік бөліну мен галогендік минералдардың кристалдануы басталады. Тұзды жыныстардың элементарлы қабаты жылдық тұздар деп саналады. Дегенмен бұл процесс су аңғарларының қысқару түрінде жүрсе, онда тұздың құрылу кезеңі жер қабығының даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл концепция Н.М. Страхов бойынша нақты дәлелденді. Бұрынғы КСРО-ның галогендік формациясын зерттеуде, А.А. Иванов пен Ю.Ф. Левицкий (1960) 102 тұзды формацияларды тапты./17/
1.1.3. Тұзды тектоника пішіндерінің қалыптасуы.
Барлық шөгінді формациялар бүкіл тарихта азды-көпті маңызды тектоникалық дислокациялардан өтті. Шөгінді қабаттың дислокациясының негізгі ерекшелігі, өзінің қабатында тұз қабатының болуы, олардың дисгормониясы болып табылады, яғни тұз астында, тұзда, тұз үстіндегі жекелеген кескін бөліктеріндегі геометриялық пішіндердің бірдей болмауы. Бұл дисгормониялылық тұздарды үш қабатқа бөлінуіне әкелді – тұз үсті, тұзды, тұз асты. Егер кескінде галогендік жыныстың екі қабаты болса, онда мынадай орын алады, мысалы, Днепр-Донецск ойпатының оңтүстік шығыс бөлігі девондық, пермдік тұзды формация тараса, онда оларды бес қабатқа яғни – тұз асты, екі тұзды, тұзаралық және тұз үсті болып бөлінеді./7/
Құрылымдық пішіндердің жиынтығы, тұзды жыныстардың дислокациясынан пайда болған, сонымен қатар бұл дислокациялардың процестері кәдімгі тұзды тектоникаға ие. Дегенмен бұл терминді сәтті деп мойындауға болмайды, бірақ ол отандық және шетелдік геологиялық әдебиеттерге нақты түрде бекініп алды, енді оны басқамен ауыстыру мүмкін емес. Солармен бірге осы күнге дейін бір жалпы анықтамалар жоқ. “Словарь геологий нефти” сөздігінде тұзды тектоника “күмбезді геологиялық құрылымдар пішіндері” ретінде болады, олар тұз массалары қабаттарының көтерілуімен және қысыммен байланысты. Бұл анықтамалар тұзды құрылымдардың морфологиялық еркешеліктері және шығу тегі туралы қақтығыстар қатарына жатады. Олар негізінен қандайда болмасын бір көзқарасты суреттейді және олар жан-жақты болып есептелінбейді.
Қазіргі зерттеулер кезеңінде қарастырылып отырған тұзды тектоника біздің пікіріміз бойынша анықталуы тиіс, яғни морфологиялық құрылыс ерекшеліктерімен тұзды жыныстардың дислокациясы және басқалардың құрылымды болжаудағы пікірі емес. Бұл жоспарда дислокацияның жалпы ерекшелігі мен сипаты тұзды формациямен байланысты, оларды дислокациялылық деп есептеуге болады. Ал қалған белгілері дәрежелі немесе сапалық сипат емес мөлшерлік сипат болып табылады. Осыған сейкес тұз асты тектониканың шөгінді қабаттарын дисгормониялық дислокация деп түсінуге болады, олардың құрамындағы тасты тұз және т.б. тұздарды осы дислокациялық процестермен байланыстыруға болады. Басқа сөзбен айтқанда тұзды тектоникаларды үйлесімсіз қатпардың бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Шөгінді қабаттың үйлесімсіз дислокациясы галогенді жыныстардың алғашқы қабаттарының өзгеруімен (үлкеюі немесе кішіреюі) байланысты. Бұл тұздардың бір жерден ығыстырылып екінші жерге өтуі. Көбіне тектоникалық пішіндер көрінісі осындай қозғалыс кезінде байқалады, олар тұзды қабаттардың желмен үрлеп толтыру болып табылады. Тұздар одан әрі қарай көп жағдайда
бөлшектеніп немесе бүтіндей жоғары жатқан кешен түрінде ағып, дамып отырады.
Ескеретін бір жәйт, егер осы уақытқа дейін тұз үсті шөгінділердің сейсмикалық оқу әдісін салыстырмалы түрде жақсы меңгерсе, онда төменгі тұзды қабаттарындағы барлау жұмысы тек Каспий маңы ойпатының, Припятск қолатының, Солтүстік герман ойпатының бірнеше аудандарында өтті. Геологиялық интерпретация нәтижесі бұл жұмыстарда біршама қиындау. Тұзды қабаттың ішкі деформациясын оқуға тек шахталық өндірістерде үзілмейтін жұқа қабат жолымен ғана болады. Біркелкі құрлымдық түзілу жеке тұз қабаттары үшін берілген ұңғыманы барлау мақсатында бұрғылау және барлаудың геофизикалық әдістерінің материалдары бойынша жасау мүмкін емес./8/
1.1.4. Тұз асты құрлымдық қабатының қалыптасуы.
Үлкен тереңдіктегі тұз асты қабаты және жоғары жатқан шөгінділердің дислокациялық дисгормониясы туралы және тұз асты құрылымдық қабаттардың тұзды күмбезді облыстары туралы мәліметтер біршама мардымсыз және олар соншалықты бағалы емес. Бір облыс бойынша барлау мақсатында бұрғылау мәліметтері қатарына тек геофизикалық зерттеулер жатады, олар басқалары бойынша әртүрлі геологиялық интерпретацияны жиі кіргізіп отырады. Кейде тұз асты шөгінділерінің тектоникалық ерекшеліктері бойынша тұз үсті жыныс кешендерінің тектоникалық сипатын жанама түрде салыстыруға болады.
Бүгінгі күнде Каспий маңы ойпатының, Лена-Ангар синеклизасының, Орал алды қолатының, Орыс платформасының шығыс беткейінің, Днепр-Донецк ойпатының, Припять қолатының, Загросс алды қолатының және басқа аудандардың тұз асты құрылымдық қабаттарының бар болуы туралы мәліметтер бар.
Каспий маңы ойпаты өз алдына терең шөккен Орыс платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Солтүстік пен батыста ірі Жадовск және Волгоградск ойыстары бар. Оның шығысында қатпарлы Орал және онымен жалғасқан Орал алды қолаты жатыр. Ал оңтүстігінде көп мөлшерде қырқалы субендік бойынша герцинидтер Донбасстан Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатыр./8/
Бұл жерде астыңғы тұзды шөгінділер зерттелмеді десе болады. Мұнда ұңғыма максимальдық тереңдікте артин ярустық жыныстарды шығарды, ол жоғарғы және орта корбондық платформалы фациялық көрініс берді. (В.С.Журавлев, 1960). Тұзды шөгінділер кунгур ярусына жатады. Одан жоғары пермьдік, триастық, юралық, борлық және үштік құрылымдар орналасқан. Бұлардың жалпы қалыңдығы ойпаттың ортаңғы бөлігінде 10 километрге жетеді. Бұл облыстардың терең құрылымдарын зерттеу өте қиын. Сондықтан тұз қабатын зерттеу геофизикалық зерттеулерге тікелей қатысты. Зерттеушілер осы күнге дейін бір көзқарасқа келген жоқ.
Каспий маңы ойпатында тұз асты шөгінді жыныстар Н.В.Неволин (1961) бойынша кең және терең ойпатты құрайды, ол шығыс Каспий маңы моноклиналі және батыс Каспий маңы депрессиясы және оның өңірлері болып бөлінеді. Каспий маңы ойпатындағы тұз асты қабатының қүұрылымдық ерекшеліктері сейсмикалық зерттеу әдісіндегі толқындар профилінде, яғни Ақаткөл-Қорсақ, Терең-Үзік-Қосшағылда көрінді. Тереңдігі бойынша тұз асты жыныстар қабат түрінде жатыр, олар тегіс бетті қабатты құрайды, ол солтүстік батысқа қарай еңіс. Ойпаттың орталық бөлігінде ол 8000-9000м тереңдікте, оңтүстік Ембі ауданында 5000-6000м және соңғы ойпаттың оңтүстік шығысында тұзды күмбезді тектоникалар 2500-3000 метрде орналасқан. Н.В.Неволин күмбез-алыптарды қарастыру барысында мынадай қорытындыға келді, яғни мұншалықты үлкен күмбездердің пайда болуын тек тұз асты қабаттының тегіс еместігімен түсіндірген./14/
1.1.5.Тұзды құрылымдық қабаттың қалыптасуы.
Тұзды қабаттың тектоникалық жылжуы басқа таужыныстардың жылжу сипатынан ерекшеленеді. Тұзды қабаттың табанында тұз асты таужыныстар бедері жатыр. Тұзды қабаттың жабындысының бұзылуы оның табандарының о бұзылуымен сәйкес келмейді, олар бір-біріне тәуелді емес. Бұл шөгінді қабаттың үйлесімсіздігінің пайда болуына әкеледі, оның құрамына тұзды жыныстар кіреді.
Тұзды қабат жабындысы тұз жыныстарын тосқауылдайтын қозғалысын және олардың жылжу сипатын анықтайды. Мұнда екі негізді ажыратуға болады: тұздар табандарының әртүрлі құрылымдағы өзара қарым-қатынасы және келісімді, келісмсіз жоғарыда жатқан жыныстар. Бірінші жағдайда тұз үсті шөгінділер тұзды жыныстардың бетінде жатады, бұл екі қабат бірдей сипатқа ие. Екінші жағдайда тұз үсті қабаттың тұтастылығының бұзылуын бақылау және олардың соңы тұздарға енуі, яғни тұзды жыныстар жоғарыда жатқан құрылымдарға енеді, ену бөлшектік және бүтіндей болуы мүмкін.
Тұзды жыныстар табандарының жылжуы болмаған кезде күмбез тәрізді және үйінді тәрізді көтерілімдер пайда болады. Өздерінің қарқындылығымен бұл бұзылулар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, үйінді массивтерінің өлшемдері әртүрлі, олар ұзындығы бойынша ондаған кейде жүздеген километр болуы мүмкін, ал ені бірнеше километр. Мұндай массивтердің табаны домалақтанған нобай береді.
Тұзды шөгіділердің көтерлімдері шток және қырқа тәрізді пішіндегі ірі дене, тіп-тік бүйірлі дуалдар түзеді. Бұл жерде тағы да тұзды жыныстардың жоғарыда жатқан шөгінділермен әртүрлі қарым қатынасын бөлуге болады. Бірінші жағдайда тұз үстіңгі қабатты тесіп өтеді, ал келесісінде тек көтеріп қана қояды.
Тұздың аккумуляциясы бір учаскеде тұз қабатының кенет өсуінен және оның құрамына кірген тұз қабаттарынан пайда болды. Бұл қабаттың қалыңдығы басқа учаскеде бөлшек немесе толықтай тұз массаларының сығуы әсерінен кішірейген./17/
1.1.6. Тұз үсті құрылымдық қабатының қалыптасуы.
Платформалық тұзды күмбезді облыстардағы тұз үсті шөгінділерге келесі ерекшеліктер тән.
1) Бір құрылымды тұзды массивтердің көптеген облыстарында тек жоғары жатқан шөгінділер олардың ағуынсыз көтеріледі, ал басқаларда тұз үсті қабатының осы немесе басқа бөлігі ағады, үшіншіден барлық тұз үсті шөгінділер ағады және олар жер бетіне шығады, кейбір облыстарда тұзды тектоника салыстырмалы түрде әлсіз.
Егер тұз жоғарыда жатқан шөгіділерді теспесе, онда басқаларыда дәл осылай болады. Мұндай пішіндер күмбезаралық кеңістіктерде орын алған. Тұздардың ағу жағдайы оның шөгінділерін тосқауылдау сипатымен олардың байланыстары әртүрлі болуы мүмкін, яғни ол құрылымдар пішіндерінің жағдайына тәуелді. Олар мынадай байланыс типтеріне бөлінеді: а)келісімді (тұз қабат табаны тұзбен байланысады), б)трангрессивті (мейлінше жас таужаныстардың табаны тұзбен байланысады), в)жарылымды (тұз тұз үсті жынысты қабатпен тектоникалық жарылым арқылы байланысады), г)бүйірлік жанасу арқылы байланыс (әртүрлі жастағы тұз үсті қабат қабатты тұзды массивтермен тектоникалық жарылымсыз байланысады). Жеке күмбездерде екі немесе үш байланыс типтері кездеседі. Тұздар мен тұз үсті қабат жыныстарының байланыс зоналарында әрқашан брекчиялық жыныстар зонасы байқалады. Трангрессивті байланыста бытыраңқы жыныстар зоналары көбейеді. Бұл зонаның максималды қабатының қалыңдығы тұзды массивтер күмбезіне тән. Осы кепрок немесе тасты қалпақ деп аталады. Оның қалыңдығы бірнеше жүздеген метрге жетуі мүмкін.
2) Тұздардың көтерілуі араларында тұз үсті жыныстар қабаты көп жағдайда синклиналь жасамайды. Мұнда таужыныстар қабаты барлау жұмыстарының және сейсмобарлау жұмыстарының мәліметтері бойынша олар горизонталь түрінде жатыр немесе көлбеу ойыс жасайды. Кейбір күмбездер бөлшектеніп ойыстармен қаршалған. Мысалы, ойыстардың мұндай типі Логобинск және Колмаков күмбездері Днепр-Донецск ойпатындағы үштік жынысатарда анық көрінген. Мұндай ойыстар компенсациялы, шеткі немесе сақиналы синклальдар деп аталады.
3) Аймақтық стратитграфиялық келіспеушілік тұз үсті қабаттардың тұзды көтерілімдері жергілікті тектоникалық келіспеуліктермен байланысты. Мысалы, Днепр-Донецск ойпатында мұндай келіспеушіліктер тұзды құрылымдарда девон мен тас көмір арасында, таскөмірмен пермь, юра мен бор және бор мен үштік шөгінділер арасында кездеседі.
Бұрыштық келіспеушіліктер тұз үсті шөгінділердің көтерілу нәтижесінде пайда болған, олардың эрозионды-денудациялық процесстері жаңа седиментация циклінде жүреді. Сонымен қатар олардың литологиялық-фациялық құрамы көтерілім аралық учаскесінде бөлібейтін сипатқа ие. Мысалы: Днепр-Донецск ойпатында таскөмірлі шөгіділер қандай болмасын фациялық өзгерістермен бақыланбайды немесе олардың қалыңдықтары қысқармайды.
4) Криптодиапирлік құрылымдардағы тұзды массивтер оларды жауып жатқан шөгінділерді қандайда жер бетінің келіспеушілігінен тесіп өтеді. Мысалы: Солтүстік герман ойпатының территориясының бетінде шектеулі тұзды массивтер юра мен бор арасындағы келіспеушіліктер болып табылады. (Альберсдорф, Эйзендорф, Хейде, Бооштедт, Эцель т.б. күмбездер).
5) Тұз үсті қабатының жыныстары тұзды құрылымдарда өте қиын және әртүрлі. Мұнда өте кең жарықтармен орналасқан түрлі бағдарлаулар және амплитудалар тараған, күмбездер тұз үсті жыныстарды өлшемдері бойынша әркедкі блоктарға бөледі, яғни бір-біріне қарама-қарсы бағыттарға ауысады.
6) Көптеген тұзды құрылымдар геоморфологияда оң және теріс бедер пішіндеріне бөлінеді. Тұзды күмбезді облыстар жер бедерімен тұзды құрылымдар арасындағы байланыс Днепр-Донецск ойпатында, Каспий маңы ойпатында, Германия территориясында, Иранда және көптеген аудандарда анықталған./17/
Сонымен тұзды күмбезді құрылымдардың негізгі жыныс құрушы минералдарға хлорлардан басқа галит (NaCl), сильвин (KCl) және карналит (KCl*MgCl2*6H2O) жатады және сульфаттардан-ангидрит (CaSO4), ал көптеген жағдайда гипспен (CaSO4*2H2), кизеритпен (Mg SO4*H2O), каинитпен (KCl*Mg SO4*3H2O), лангбейнитпен (K2 SO4*2mG SO4) және полигалитпен (K2 SO4*Mg SO4*2Ca SO4*2H2O) аралас. Тұзды жыныстар құрамына жиі біруақытта біреше минералдар кіреді, мұндай минералдар гипс, ангидрит және галит жиі мономинералды жыныстарды құрады.
ІІ КАСПИЙ МАҢЫ ОЙПАТЫНЫҢ ТҰЗДЫ КҮМБЕЗДІ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
2.2. Солтүстік Каспий маңы ойпатының тұзды-күмбезді құрылымдарының пайда болу механизмі.
2.2.1. Оңтүстік Жайық-Ембі ауданының гравитациялық түсірілімі.
Солтүстік Каспий маңы ойпаты гравитациялық жағынан ауырлық күшінің минимумдарымен максимумдарының тең алмасуымен сипатталады. Орташа есеппен 1000 шаршы шақырымға ауырлық күшінің үш минимумы сәйкес келеді. Бұл минимумдарға толығымен солтүстік Каспий маңы ойпатының сонымен бірге оңтүстік Ембінің тұзды-құрылымдары жатады.
Көптеген геологтармен тұзды-күмбезді құрылымдармен байланысты ауырлық күштер тартылатын негізгі тектоникалық сызықтарды табуға әрәкеттер жасалды. Бұл тектоникалық сызықтар әдетте Орал таулы қыратына қарай, немесе Донбасс пен Манғышылақтың негізгі тектоникалық сызықтарымен байланыстырады. Бірақ, гравитациялық маршруттық тусірілімдермен геологиялық тусірілімдердің мәліметтері көрсеткендей, бірнеше аталған бағыттарда тұзды-құрылымдардың көбірек орналасуы байқалмайды. Оңтүстік Ембінің аномалиялық картасымен оған қойылған тұзы-құрылымдардың геологиялық картографиялаудың мәләметтеріне сүйене отырып бірнеше заңдылықтарды сипаттауға болады.
Картаның негізіне ауырлық күшінің аномалиялары болып түсірілген гравитациялық минимумдардың өстері және оның ундиляциялары, ауырлық күштерінің максимумдеріне қарағанда айналдыра қоршаған жағдайда жатыр. Мысалы, Доссор, Кошак-Танатар, Қожағали, бекет Искине, Төлеген тұзды-күмбезді құрылымдары ауырлық күшінің үлкен минимумы Донгардың шеткі аймақтарында орналасқан, оны барлық жағынан айналдыра қоршап. Доссор, Төлеген, Бисмулюк, Сағыз, Мақат күмбездері максимумның екінші зонасын айналдыра қоршап жатыр т.с.с.. гравитациялық минимумдар өстері әдетте тұзды-күмбезді құрылымдардың грабендерімен сәйкес келеді. Бұл көрініс геологиялық картаны гравитациялық түсірілімдер картасына беттестіргенде жақсы байқалады./1/
Тұзды-күмбезді құрылымдардың геологиялық құрылысы кеңістіктер жағдайы мен ауырлық күшінің минимумдар санына (күмбез аралық кеңістікке) теуелді. Жеке тұзды-күмбезді құрылымдардың геологиялық картасымен
гравитациялық түсірлімдердің мәліметтерін қарай отырып, біз, әр тұзды-күмбезді құрылым қанатына сай ауырлық күшінің максимумы бар. Оны біз мына гравитациялық карталардан көре аламыз (сурет. 4, 5, 6, 7, 8,).
Мысалы, Қосшағыл тұзды-күмбезді құрылымының геологиялық түсірілімдерінің мәліметтері бойынша оңтүстік, солтүстік және солтүстік-батыс қанаттарынан тұрады, және қанаттардың әрқайсысына өзінің ауырлық күшінің максимумы немесе өзінің күмбез араплық кеңістігі болады. Бұдан басқа шығысындағы гравитациялық мәліметтерге сүйенсек, оның төртінші қанатының болуы мүмкін. шыныменде, толық геологиялық түсірілімде төрт қанаты көрсетілген. Мұндай қатынастар толық гравитациялық түсірілімдер жүргізілген барлық тұзды-күмбезді құрылымдарда көрінеді: Нармунданак (сурет 5), Күлсары (сурет 6), Тюлюс (сурет 7), бекет Искине (сурет 8)./1/
Жеке күмбездерінің толық гравитациялық және геогиялық карталарының өзара салыстыруы өте сенерліктей, көптеген жағдайларда гравитациялық минимум өстері осы құрылымның грабен бағытына сәйкес келеді және күмбездің әрбір қанатына өзінің максимумы немесе өзінің күмбез аралық кеңістігі сәйкес келеді.
Сонымен, осы карталарды салыстыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады:
- Солтүстік Каспий маңы ойпатының тұды-күмбезді құрылымдары ауырлық күшінің минимумдарымен ұштасады.
- Ауырлық күшінің минимумдары сәйкесінше, тұзды-күмбезді құрылымдар ауырлық күшінің максимумдарына (күмбез аралық кеңістік) қарағанда айнала қоршап орналасқан.
- Тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттары гравитациялық минимумдар өстерімен құрылған секторлар төбелеріне ұштасады, ал тұзды күмбездегі жеке қанаттарды өзара бөлетін грабендер гравитациялық өстермен сәйкес келеді.
- Тұзды-күмбезді құрылымдардың беткі геологиялық құрылысы (күмбездің қанаттар саны және олардың жағдайы) максимумдар орналасуы мен санымен тығыз байланыста болады: әдетте екі максимум болғанда біз екі қанатты күмбез құрылысын көреміз (Кошак-танатар, Сағыз, Бисбулюк және т.б.), үш максимум болғанда үш қанаттықұрылыс (Нарпмунданак және т.б.), төртке тең болғанда төрт қанатты күмбез құрылысы (Искине, Қосшағыл).
2.2.2. Тұзды-күмбезді құрылымдар.
Тұзды-күмбезді құрылымдарды геологиялық материалдар анализдері мынандай өзгеше ерекшеліктерін көрсетеді:
- Жеке тұрған тұз үсті қабаттардың қалыңдығы күмбездерден күмбез аралық кеңғістік бағытына қарай жылжығанда үлкееді. Бұл көрініс оңтүстік Ембінің барлық тұзды-күмбезді құрылымдарында жақсы көрінеді (Доссор, Мақат, Қосшағы, Байчунас, Искмне және т.б.)
- Тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке стратиграфиялық кен қабаттарының қалыңдығында тұзды ядро тереңірек жатады, әдетте тұзды ядросы онша терең емес тұзды-күмбезді құрылымдармен салыстырғанда қалыңдығы жоғары болады.
- Бір стратеграфиялық кен қабаттарының қалыңдығы тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттарымен осы қанаттардың жеке алаңдарында қатты өзгереді және аймақтық себептермен түсіндірге болмайды. Мысалы, Кұлсары күмбезінде неокомдық шөгінділершығыс қанатта 230 м жетеді, және олар жоғарғы және төменгі бөлімдерімен көрсетілген. Сол қанаттың неокомдық шөгінділері біріншіден 4-5 шақырым қашықтықта орналасқан, оның 110 м қалыңдықта тек неокомдікі. Мұндай қалыңдықтар суреттерін жоғарғы юраданда көруге болады: Кұлсары күмбезінің шығыс қанатында юра толық қалыңдығымен (80-90 м), солтүстік қанатын ол толығымен және де орта юраныңбір бөлігіндежайылып кеткен. Мұндай көрініс Қосшағылда, Тюлюсте, Искинеде және оңтүстік Ембіде және басқа да тұзды-күмбезді құрылымдарда кең тараған.
Бір тұзды-күмбезді құрылымдарда қалыңдықтардың өзгеруі жиі үлкен диапозондармен ерекшеленеді, әртүрлі қанаттар мен алаңдарда апта, неоком, жоғарғы және орта юра және пермотриас шөгінділерімен көрінген.
Тұзды-күмбезді құрылымдардың қанаттары бойынша жеке стратиграфиялық қабаттардың қалыңдықтарының ауытқуы күмбезден күмбез аралық кеңістікке қарай тегістеліп, қалыңдықтың өзі күмбез аралық кеңістікте өзінің шекті көлеміне дейін өседі. Және де шайып кету құбылысы тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттар аумағында жақсы дамыған және одан шыққанда тез жоғалады.
- Әдетте тұзды-күмбезді құрылымдарда жыныстардың құлау бұрышы тереңдеген сайын үлкееді. Мысалы, Қосшағылдағы құлау бұрыштары: апта қабатында — 10-120,
- неокомда — 15-170, юрада — 20-250, пермотриастың ала қабаттарында жыныстың құлау бұрышы оданда көп.
Бірақ тұзды-күмбезді құрылымдардан күмбез аралық кеңістікке қарай жыныстардың құлау бұрышы бірте-бірте азаяды және тегістеу болып келеді.
- Жеке қабаттар мен тәуелсіз алаңдарда жыныстардың құлау бұрышы қатты өзгереді. Геофизикалық мәліметтермен (сынған және шағылған толқындар сейсмикасы) және терең бұрғылау мәліметтері көрсеткендей тұзды жауып тұрған жыныстардың құлау бұрышы тұздың бүйір беттерінің құлау бұрыштарымен сәйкес келеді, сонымен жеке қанаттардың тік құлау бұрыштары тұз бетінің құлау бұрыштарымен бірдей болады. Бірақта тұз бетінің құлау бұрышы оны жауып жатқан жыныстарға қарағанда тігірек болады.(сурет 9. 10.). Осыған байланысты жылжымалы массалардан тұратын тұзды ядро үстінде жатқан шөгінділерді тек көтеріп қана қоймай, олардың арасына бірте-бірте кіреді.
- Тұзды-күмбезді құрылымдарда дизъюнктивтісипаттағы бұзылулар кең тараған. Бұл бұзылыстардың негізгі ерекшелігі ығысу жазықтықтарының жас таужыныстарға қарай үздіксіз құлауы және басқа стратиграфиялық
қабаттың қалыңдығының азаюы болып табылады. Түскен қанатқа ығысушының кері бағыты мен қалыңдықтың екі еселенуі еш жерде байқалмаған.
- Әдетте тұзды-күмбезді құрылымдардың тектоникалық бұзылулары екі категорияға бөлінеді: Бұзылулардың біреуі үлкен амплитудалы болады, кейбір күмбездерде 1500 метрге дейін жетеді; олар тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттарын шектейді. Олардың жайылуы гравитациялық минимумдар өсінің созылып жатқан жерлерге дейін жетеді (Қосшағыл, Күлсары, бекет Искине және т.б. сурет 4. 6. 8.). Тұзды-күмбезді құрылымдар бірнеше қанаттардан тұрса, онда негізгі бұзылуларда бірнеше болады. Олардың әрқайсысы топтары жеке қанаттарды шектейді.
Тұзды-күмбезді құрылымдарды шектейтін негізгі бұзылулардан басқа қанаттардың өзінде оларды алаңдарға бөлетін амплитудасы кіші бұзылыстар болады.эксплуатациялық алаңдарды толық бұрғылау көрсеткендей, жеке қанаттарда бұзылулар саны көп болады. өздерінің сипатына қарай олар негізгі ығыспаларға ұқсайды: осы бұзылыстар нәтижесінде жеке қабаттардың құлулары жүреді және ешқашан қалыңдықтың екі еселену болмайды.
- Өзінің жағдайына қарай тұзды-күмбезді құрылымдарға қатысты бұзылулар бойлай және көлденең бұзылулар болып екіге бөлінеді. Бойлай бұзылу амплитудасы көлденең бұзылуға қарағанда әрқашан үлкен болады. Осыдан бойлай ығысчпа жазықтығының құлау бұрышы көлденең ығыспажжазықтығыныңқұлау бұрышына қрағанда кіші болады. Мұндай заңдылық былай түсіндіріледі, көлденең өстегі тұз бетінің тіктілігі ұзын өске қарағанда әрқашан үлкен.
- Көптеген тұзды-күмбезді құрылымдарға грабендер тән, әдетте олар үштік және жоғарғы бор шөгінділерінен құралған. Бірақ кейбір құрылымдарда оданда көне таужыныстар грабен түзуші болып табылады, мысалы, Искине кен орнында альб-апта және сеноман таужынысстарынан түзілген. тұзды-күмбезді құрылымдардың түзілуінде грабендерге жер бетінің төменірек учаскелері бейім. Бұл әсіресе оңтүстік Ембінің ашық жатқан күмбезі Иманкарда жақсы көрінеді, мұнда көне Каспий трансгрессиясының шаю процессі өте әлсіз, күмбездің көтеріңкі қанаттары жер бетінің көтерілген бөлігін, ал грабендер екі қанаттыбөлетін төмен учаскелерде орналасқан./1/
Дегенмен тұзды-күмбезді құрылымдардағы біркелкі емес эрозия нәтижесінде грабендерде басқа да морфологиялық ерекшеліктері байқалады: сонымен тұзды-күмбезді құрылымдардың көтеріңкі қанаттары төменгі юра немесе альб-сеноман шөгінділерінен тұрады, олар негізінен құмды таужыныстардан құралған және олар көне Каспий трангрессиясынан жақсы шайылған, сондықтан грабендер жер бедерінің көтеріңкі бөліктеріне таралған.
Жоғарыда көрсетілгендей, тұзды-күмбезді құрылымдардың грабендері өздерінің орналасуы мен бағытына қарай гравитациялық өстердің бағытына сәйкес келеді. Әдетте тұзды-күмбезді құрылымдарда грабендер саны гравитациялық минимумдер өсінің санына тең.
Тұзды-күмбезді құрылымдарда грабендер әдетте ұзын өс бойымен құрылымды жеке қанаттардан бөліп, құрылымды толығымен кесіп өтеді (сурет 4. 5.).
Кейде тұзды-күмбезді құрылымдардың терең шайылу нәтижесінде грабендер күмбездерде толығымен кетеді. Бұл жағдайда құрылымдардың жеке қанаттары грабендердің жайылуынан қалған ығыспалармен бөлініп қалады. Грабендердің өздерінде тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттарында сияқты кіші амплитудалы бұзылыстар дамыған./3/
2.2.3. Тұзды ядролар.
Соңғы уақытта күмбездердің тұзды ядролары туралы жаңа мәліметтер алынды. Бұрын көрсетілгендей, тұзды ядролар беттері горизонтальді, ал олардың өздері дұрыс геометриялық формалы екені шындыққа сәйкес келмейді. құрылымдардан өткен сынған және шағылған толқындардың сейсмикалық мәліметтері көрсеткендей, ядролардың күмбездік және бүйірлік беттері күрделілігімен епекшеленеді. Тұз беттерімен жүргізілген изогипсалар картасына қарағанда, тұзды ядролардың барлық беттері айтарлықтай күрделі және күй таңдағыш, тұзды ядролар жиі пережимы және жеке дөңесті бетті болады.
Кен орындарының толық қатарымен (Искине, Доссор, Карашұнғұл, Күлсары және т.б.) геофизикалық және бұлғылау мәліметтерінен тұздардың ядросы айтарлықтай тік беикейлі екені анықталған. Бірақ тұзды беткейлердің тіктілігі тұрақсыз, ол әртүрлі ядроларда да және жеке ядролаода да қатты өзгереді. Тұз ядросының жер бетіне жақындаған жағдайларда, ядроның бүйір бөліктері әрқашанда дерлік тік болады, бірақ тұз беткейлерінің тіктілігі бірдей емес. Ядроның беткі және бүйір беттерінің құрылысының күрделілігі және де жеке қанаттардың құлау бұрышының әртүрлілігі, төменде көрсетілгендей, күмбез аралық кеңістік облыстарынан әр уақытта тұздары біркелкі емес болып енуінің нәтижесі болып табылады.
Тұздың өзін қоршап жатқан таужыныстармен жалғасып жатқан болыстарда жиі тектоникалық брекчиялар табылады (Карачунгул, Қара өзен).
Бұрғылау мәліметтері бойынша, күмбездер ядросындағы тұз қабатының қалыңдығы үлкен болады, мысалы, Доссордағы №304 ұңғымасы тұзды қабатпен 2100м дейін жетті және тұздан шыққан жоқ, Қара өзеннің №2 ұңғымасы 1920м тұзбен өтті және тұздан шықпаған.
Геофизикалық материалдарды талдау нәтижесінде, жоғарыда айтылғандай ядролардағы тұзды қалыңдығы 4000-5000м және одан да жоғары болуы мүмкін. Бірақ тұзды ядролардың мұндай қалыңдығы хемогенді шөгінділер қалыңдығын сипаттамайды. С.В.Шумилин [1] мәләметтері бойынша, бұл қалыңдықтағы тұзды ядроның қалыптасуы тұзды қабаттың барлық ауданында тең қалыңдықты жиналуы жеткілікті. Геофизикалық мәліметтер негізіндегі жаңа есептеулер өте үлкен сандарды көрсетеді.
Тұзды ядро күмбездерінде жиі гипсті және әктасты шапкалар (кепроктар) жиналады. Жеке зерттеулер мәліметтері бойынша, Ембі ауданында екі типті кепроктар кездеседі:
- Тұздардың сілтіленуінен пайда болатын кепроктар, олар екінші диагенетикалық процесстер нәтижесінде болады.
- Қозғалмалы тұз әсерінен тереңдегі гипс пен ангидрид қабаттарының жоғары қарай көтерілуі нәтижесінде пайда болатын кепроктар.
Айта кететін жәйт, тұзды ядроны қоршап жатқан таужыныстар, онымен түйісу зонасында біраз өзгерістерге ұшырайды, құрамына қарай саз қатты гипстенеді және тығыздалады, құмдар құмдақтарға айналады, әдетте кальцитті немесе гипсті цементпен, галичникті свиталар кангломератқа айналады, сонымен түйіскен жерлерде екінші диагенез процесстерімен байланысты цементация зоналары дамиды.
Тұзды-күмбезді құрылымдарда тұзды штоктар ядроларының жатуы бойынша, соңғылары былай классификацияланады (Шумилин бойынша):
- Тесіп өту типті тұзды-күмбезді құрылымдар. Бұл типке тұзды ядросы оны жауып жатқан таужыныстарды тесіп, жер бетіне шығып жатқан құрылымдар жатады. Оңтүстік Ембіде күмбездердің бұл типіне Карачунгул, Черная река, Индер т.б. жатады. Тесіп өту типті тұзды-күмбезді құрылымдардың өзінің құрылысы бойынша диапирлік құрылымтарға жақын.
- Тығылып тесіп өту тұзды-күмбезді құрылымдар типі. Бұл тпитегі құрылымдарға, тұзды ядросы перм, юра, кейбір жағдайларда бор шөгінділерін тесіп өтетін құрылымдар жатады. Геофизикалық және геологиялық жұмыстар көрсеткендей, бұл типке оңтүстік Ембінің көптеген құрылымдары жатады (Қосшағыл, Күлсары, Искине, Женгелді, Бекет N2 т.б.).
- Тұзды ядролары терең жатқан тұзды-күмбезді құрылымдар. Көрсетілген типтер құрылымдарында жоғарғы перм және триас шөгінділерінде ғана кішкене тұзды тесіктер болуы мүмкін. Бұл типке Қаратон, Қараарна, Тереңөзек, Сарнияз, Үлкен төбе, Тәжіғалы т.б. тұзды-күмбезді құрылымдарды жатқызуға болады./2/
2.2.4. Күмбезаралық кеңістіктер.
Күмбезаралық кеңістіктерге тұзды-күмбезді құрылымдар арасындағы, және гравитациялық жағынан ауырлық күшінің салыстырмалы максимумдары сипаттайтын алаңдар жатады. Қазіргі кезде күмбезаралық кеңістіктерде қазылған саңылаулар саны көп емес, соңғылардың құрылысын геофизикалық жәнежанама геологиялық мәліметтермен сипаттауға тура келеді. Соңғыларға мынандай мәліметтер сәйкес болады.
Тұзды-күмбезді құрылымдарда дамыған дезъюнктивтік бұзылыстардың көпшілігі күмбезаралық кеңістікте жоғалады. Күмбездерде байқалған стратиграфиялық келіспеушілік пен шайып кету құбылысы күмбезаралық кеңістік бағытына қарай бірте-бірте азаяды (Қаратон, Искине және т.б.). жер бетіне шығып тұрған тұзды-күмбезді құрылымдардың үстіндегі жеке
стратиграфиялық қабаттар күмбезаралық кеңістікке жылжыған сайын өзінің қалыңдығын көбейтіп үлкен терңдіктерге кетеді.
Тұзды-күмбезді құрылымдардың (Қаратон, Искине) қанаттарының батып жатқан жерлерінде бұрғыланған саңылаулар, сонымен қатар күмбезаралық кеңістіктердің өзінде қазылған саңылаулар жасырақ шөгінділерді ашады. Көрсетілген геологиялық мәліметтер мынандай көрініс береді, күмбезаралық кеңістіктер тұзды-күмбезді құрылымдарға қарағанда қалыңдығы жоғары тұздардн басқа барлық шөгінді комплекстермен толтырылған терең мульда немесе синклинальды ойпаң жер болып табылады. Күмбезаралық кеңістіктерді зерттеу үшін арналған арнайы геофизикаялық зерттеулерде күмбезаралық кеңістіктерде үлкен синклинальды ойпаң бар екні дәлелденді.
Ауырлық күшінің максимумдары күмбезаралық кеңістіктерге сәйкес, олар негізінен тұзды құрылымдарда жиналғантұздар тығыздығының әртүрлілігі және күмбезаралық кеңістіктегі таужыныстар арқасында құралады.
Солтүстік Каспий маңы ойпатының борттық және борт маңы бөліктерін зерттеу, қабаттардағы тұз ядросы салыстырмалы түрде аз қалыңдықты болғаны, мынадай қорытындыға әкеледі, алғашқы тұзды массалар жоғарғы палеозой шөгінділерінен құралған брахиоқабаттарында шоғырланған.
Тұзды-күмбезді құрылымдардың, күмбезаралық кеңістіктің және тұз ядроларының құрылысы туралы фактілік мәліметтерді қарап, олардың спецификалық ерекшеліктерін түсідіретін тұзды-күмбезді құрылымдар мен олардың ядроларының пайда болу механизміне тоқталу қажет./1/
2.2.5. Тұзды-күмбезді құрылымдардың қалыптасу механизмі.
Тұзды-күмбезді құрылымдардың қалыптасу механизмінде басты рольді бұрығы геологтар айқандай Каспий маңы ойпатын құрайтын шөгінділердің литологиялық сипаты алады. Литологиялық сипаты бойынша бұл шөгінділерді 3 кешенге бөлуге болады: төменгі қатты кешен, төменгі пермь және оданда төменгі қабаттар жатады; ортаңғы кешен, күнгүрлік гидрохимиялық шөгінділерден (тұз, гипс) тұрады; және жоғарғы кешен, жоғарғы пермь, мезозой және оданда жас шөгінділерден құралған. Өзінің қасиеті бойынша жоғарғы кешен төменгі кешенге жақындайды, салыстырмалы қаттылығымен. Ауданның тектоникалық суретінің қалыптасуындағы басты рольді, барлық геологтар айтқандай ортаңғы кешеннің хемогенді шөгінділері ойнайды.
Табиғи жадайдағы бақылаулармен және лобораториялық зерттеулермен делелденгендей, тұз қысым әсерінен пластикалық күйге ұшырап, ағу қабілетін алады. Төменгі пермьнің күнгүр уақытында Солтүстік Каспий маңы ойпатында тұздар мен гипстер едеуір қалыңдықта жиналған. Тұз тұнғанда тұтас қабат құрамайды, ол ангидрид пен басқа таужыныстардың салыстырмалы қабатшалары болып қаюбаттасқан, мұны Доссор, Мақат, Черная река терең барлау саңылауларынан көруге болады, тесіп шыққан құрылымдардың тұзды ядролары 1300-2100м тереңдікде. Мысалы, Черная река күмбезіндегі тұзды ядро аумағының 1587-1602м тереңдікте өсімдіктердің көмірлі қалдықтарымен пириттелген әктас кездеседі. Доссорда тұзды ядроның 1093-1098м тереңдікте пириттелген әктастар бар т.с.с.
Алғашқыда (1930-1940жж) Солтүстік Каспий маңы ойпатында жиналған тұздың орташа қалыңдығы 200-250м деп есептеген, келесі есептеуден шыққандай: оңтүстік Ембі құрылымдарындағы тұзды ядролардың орташа көлемі, сол кездегі геофизикалық және геологиялық жұмыстардың мәліметтері бойынша 70-80км3 өлшенген, 10000км2 жерге орта есеппен 30 тұзды-күмбезді құрылым келеді./3/
Сонымен, тұзды-күмбезді құрылымдардың ядроларында жиналған тұздың көлемі көрсетілген аумақта 2100-2400км3 деп есептеледі. Егер тұз тұзды-күмбезді құрылымдардың барлық жерінде жиналған десек, онда шөгілген тұздардың алғашқы қалыңдығы 200-250м болады.
Солтүстік Каспий маңы ойпатындағы геофизикалық жұмыстардың көбеюінен анықталғандай, шөгілген тұздың алғашқы қалыңдықтары оданда көп деп есептеу керек. Шағылған толқын тәсілімен түсірілгенсейсмикалық мәліметтеркөрсеткендей, оңтүстік Ембіде 35-40 тұзды күмбездер табылған, олардың тұзды ядроларының орташа өлшемі 10х6х4км, бұл ядролардағы тұздың көлемі 240км3 екенін көрсетеді. Сонымен қатар, осы ауданда шөгілген тұздардың барлығы күмбездердің ядроларында ауысып жүреді. Күмбезаралық кеңістіктерде қалған тұз бөліктері тұзды бөгеттер (тілдер) түзеді, олар жеке күмбездерді бір-бірімен жалғастырады. Сонымен, оңтүстік Ембіге жиналған хемогенді қабаттың алғашқы қалыңдығын 720-800м-ден аз еместігін қабылдау қажет.
Шөгілген тұз және басқа да гидрохимиялық шөгінділер жоғарғы пермьнің қалың түрлі-түсті қабатымен көмкерілген. Күмбездердің қабатында қазылған саңылаулар мәліметтері бойынша жоғарғы пермь қаьаттарының қалыңдығы 2000м-ден жоғары және жоғары пермь таужыныстарының қысымы тұзды пластикалық күйге ұшыратуыны жеткілікті.
Жоғарғы пермь уақытының соңында Солтүстік Каспий маңы ойпатын әлсіз Орал тектоникалық қозғалыстары басты. Нәтижесінде брахи қабаттары пайда болды, барлық шөгіділермен бірге төменгі пермьнің күнгүр ярусының тұзды формацияларыда қатысты. Тереңдеген сайын Солтүстік Каспий маңы ойпатында брахи қабаттары өзінің бағыттылығын жоғалтады және бір-біріне қарағанда сақина тәрізді болады./3/
Брахиантиклинальдардағы созу күштерімен брахисинклинальдардағы қысу күштері тау түзілу қозғалыстарынан құрылған. Бұл жағдайлар брахиантиклинальдардың күмбездерінде бос таужыныстар, ал брахисинклиналдардың мульдаларында тығыздалған таужыныстар болуы себеп. Бұдан кейін болған төменгі юра эрозиясы, оның күші төменгі юрада қалың галичникті қабаттардың жиналуымен көрінеді, брахиантиклинальдардың күмбездерін шайып, брахисинклинальдар облыстарына қосымша қабаттар қосты, нәтижесінде тұзға түсетін күштің қайта бөлінуі болды: брахиантиклинальдарда тұз жер бетіне жақындады және түсетін күш аз, ал брахисинклиналдарда тұз массаларына тектоникалық факторлармен бірге қосымша гравитациялық фактор қосылды.
Көрсетілген екі фактордың комбинациясы брахисинклинальдардан брахиантиклинальдардың күмбездеріне қарай тұздың қозғалуына импульс берді. Бірақ айтып кететін жәйт, алғашқы брахи қабаттардың қалыңдықтары мен көтерілу амплитудалары әртүрлі болғандықтан, брахисинклинальдар облыстарынан қасында тұрған брахиантиклинальдарға тұз қозғалысы әртүрлі уақытта және әртүрлі қарқындылықпен жүрген. Қазіргі тұзды-күмбезді құрылымдардағы тұзды ядролардың тереңдіктерімен өлшемдерінің әртүрлі болуы осымен түсіндіріледі.
Бірнеше қанаттарда бақыланған стратиграфиялық қабаттар арасындағы бұрыштық және эрозиялық келіспеушіліктер өте айқын көрінеді және ол региональдық тектоникалық қозғалыстармен байланысты күмбез өсуінің қарқынды фазасының болуына куә. Бұл келіспеушіліктер жоғарғы пермь мен төменгі юра, юра мен неоком, жоғарғы бормен үштік таужыныстар арасында көрінеді және олар Оралдың, Манғышлақтың және Кавказдың оргенді қозғалыстарымен байланысты.
Тұзды-күмбезді құрылымдарда тұзды массалардың көтерілуі мен концентрациясы мынаған әкеледі, күмбездердегі тұз үсті қабаттардың қалыңдығы күмбез аралық құрылымдармен салыстырғанда азырақ. Көптеген геологтармен көрсетілгендей, тұзды-күмбезді құрылымдардың күмбездері мен күмбез аралық кеңістіктеріндегі тұз үсті шөгінділер қалыңдықтарының айырмашылығы 3000-4000м-ге жетеді.
Жоғарыда берілген заңдылықтар мына көзқараспен қарағанда жақсы түсіндіріледі, тұзды-күмбезді құрылымдардың ядроларында тұз қозғалысы олар шеткі аймақтарында орналасқан күмбез аралық кеңістіктерде жүреді. Онда тұзды-күмбезді әрбір қанаттары оған жақын жатқан күмбез аралық кеңістік жақтан тұзды массалардың келуі нәтижесінде түзіледі. Тұз массаларының қозщғолу басында және олардың әр күмбез аралық кеңістіктегі қозғалыс қарқындылығы салыстырмалы тәуелсіз, өйткені күмбез аралық құрылымдардың өлшемдері, оларға түсетін күш (нагрузка) дәрежесі және оларды алғашқы брахиантиклинальдардан арақашықтығы әртүрлі болған. Сондықтан, алғашқы брахиантиклинальдарда тұз қозғалысы басталғанда жеке қанаттардың алғашқы брахиқабаттарының кейінгі дамуы тәуелсіз жолмен жүрді, және тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттарында өзінің тәуелсіз шаю зонасы болуымен және олардың геологогиялық құрылысының симметриялы еместігімен түсіндіріледі. Мұнай шөгуінің әртүрлі жағдайы және тұзды-күмбезді құрылымдардың алаңдары мен қанаттарының әртүрлі қасиеттері осымен түсіндіріледі./1/
Тұзды-күмбезді құрылымдарда жаңа тұзды массалар ағысын көбеюі нәтижесінде тұз үсті таужыныстар өзінің бетін тұз бетіне жатуына бейімдеу қажет, нәтижесінде тұзды-күмбезді құрылымдардың күмбездері мен қанаттарында бұзылыстар торы дамиды. Тұз үсті таужыныстары өзінің көлемін үлкейте және өзінің бетін тұз бетіне бейімдей алады, немесе олардың кейбір бөліктерін тұзбен қысу нәтижесінде, немесе олардың беттерін үлкейтетін жырулар жолымен. Тұз үсті таужыныстарының бетін жарылулар арқылы үлкейту тек, жарылулар беттері еңістеу болып, жас таужыныстар бағытына қарай құлаған кезде болады.
Көрсетілген көзқарас бойынша жеке тұзды-күмбезді құрылымдарды қосатын тұзды грабендердің түзілуін түсінтіруге болады. Көршілес күмбез аралық кеңістіктерден жеке күмбездерге ұмтылған тұзды ағындар шекараларында бір-бірімен кездеседі, бірге тоқтолып, шекара бойымен бірте-бірте тұзды-күмбезді құрылымдарға қарай көтерілген тұзды массалардың жиналуына әкеледі.
Тұзды-күмбезді құрылымдардың тұзды ядросын күмбез аралық кеңістіктіктен келген жеке тұзды массалардың арсында спайка нәтижесінде пайда болған күрделі дене ретінде қарау керек. Тұз ядросының бетінің тегіс еместігі, бүйір беттердің гофрировкасы карниздердің бар болуы осымен түсіндіріледі.
Сонымен, Солтүстік Каспий маңы ойпатының тұзды-күмбезді құрылымының түзілуі қайталанған тангенциалды және радиальды қозғалыстардың күрделі комбинациясы нәтижесінде жүрген, мына нұсқа бойынша:
- Солтүстік Каспий маңы ойпатына әлсіз қозғалыстар түсіп жеткен жергілікті тау түзу қозғалыстары қабат түзуді, ауданның тұзды формацияларын енгізіп, алғашқы қабаттарды қалыптастырды.
- Бұл қабаттар шайылуға және күмбез бөлігін жеңілдеуіне әкелген эрозияға ұшыраған. Нәтижесінде грвитациялық фактор жұмыс істей бастайды және тұзды массалар алғашқы қабаттар күмбезіне қозғалыс импульсын алады.
- Тегістелген беттерді жаңа қабаттар жабады.
- Әлсіз түрдегі жергілікті қозғалыстардың келесі этаптары күмбез аралық кеңістіктен тұзды-күмбезді құрылымдарға қарай тұз ағындарының күшеюіне әкеледі. Көптеген жағдайларда тұздың қозғалыс импульсі тұзды-күмбезді құрылымдарға өзінің қарқындылығы осы құрылымды қоршап жатқан жеке күмбез аралық кеңістіктерде әртүрлі.
- Брахиқабаттарда тұздың жиналуы жауып жатқан таужыныстардың қарқынды көтерілуін әкелетін радиальдық қозғалыстарды шақырады.
Әлсіз қозғалыстар түрінде көріген жергілікті тектоникалық қозғалыстары Орал қатпарлығының бірінші фазада, Манғышлақ және Кавказ қатпарлықтарының келесі фазаларда әсерлері болған.
Жиі байқалатындай тұзды-күмбезді құрылымдарының қанаттарының сыртынан қарағанда геологиялық құрылысы ұқсас, және мұнай-газ көлемдері әртүрлі, кейбіреулерінде мүлдем жоқ.
Көршілес жатқан тұзды-күмбезді құрылымдардың мұнай-газ өнімділігімен қатты айырмашылықтары байқалады. Күлсары күмбезінде бір-бірінен 2-3км арақашақтықта орналасқан шығыс және солтүстік қанаттары жер бетінде альб-сеноман шөгінділерінен құралған. Шығыс қанаттағы барлау жұмыстары альбта, апта және неокома табанында мұнайлы қабаттарды көрсетті, және де юра мен пермотриас шөгіділеріндегі көптеген мұнай мен газ қабаттары Күлсары кәсіпшілігіне көп пайдакелтірді. Солтүстік қанатта бұл құрылымдардың альб, апт, неоком және юра шөгінділерінің қалыдығы екі есе аз және мұнай қабаттарының қалыңдығы өте аз және өндіріске жарамсыз тотыққан мұнайдан тұрады.
Солтүстік қанатта төменгі бор және юра шөгінділері осы қанатқа тұз массаларының қарқынды ағу кезеңінде шөгілген, бұл осы шөгіділердің қалыңдықтарының азаюна себеп. Бұл жағдай қанаттағы мұнайлы қабаттардың толығымен шайылып кеткенін көсетеді. Мұндай көріністер басқа да тұзды-күмбезді құрылымдарда табылған: Қосшағыл, Нармунданак, Байчунас және т.б./13/
ІІІ ТҰЗДЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУ ПРИНЦИПТЕРІ.
Тұзды құрылымдар дегенде үйлесімсіз қатпарларды түсінеміз, ол тұзды жыныстардың пластикалық деформациямен (ағысымен) байланысты. Тұзды құрылымдарды үйлесімсіз қатпарлардың бір түрі ретінде қарастыруға болады. Олардан оң құрылымдарды – тұзды көтерлімдерді және теріс құрылымдарды – тұзды ойыстарды бөлуге болады.
Қазіргі уақытта тұзды көтерілімдер азды-көпті зерттелген. Ал тұзды ойыстар өте аз зерттелген, өйткені олар тереңде және көтерілімдермен салыстырғанда пайдалы қазбаларды іздеуде олардың практикалық маңызы аз.
3.1.Оң тұзды құрылымдар (тұзды көтерлімдер).
Қарастырып отырған құрылымдарды жиі диапирлі қатпарлар немесе тұзды диапирлер деп атайды. “Диапирлі” қабаттар деген ұғымды бірінші болып геология әдебиетіне 1907 жылы Мразекпен негізілді, ол Карпат алды қолатының оңтүстік бөлігіндегі қатпарлар типін анықтау мақсатында болды (L.Mrazek, 1907). Бұл қатпарлардың негізгі белгілері деп тесіп өту ядросын айтқан. Ол бір шөгінділердің басқа шөгінділерді тесп өту құбылысын “диапиризм” деп атады (L.Mrazek 1915). Кейіннен Мразек диапирлі қатпарларға бірнеше басқа анықтама берді, ол диапирлі қатпарлар деп ядрода мейлінше тік түсетін қатпарларды атады. Сосын ол бірінші анықтамасына оралды, соңғысы “астыңғы қабаттың көтеріліп жоғарғы қабаттарды тесіп өту” (L.Mrazek 1935). “Қалыпты” диапирде Мразек үш тектоникалық элементтерді бөледі: ядро, тесілген қабат және күмбез. Диапирлік қатпарлардың ерекше белгісі деп ол сонымен қатар жер қыртысы жылжуындағы үйлесімсіздігін есептеді./6/
Кейін “диапиризм” термині геологиялық құбылыстарды сипаттауда пластикалық массалардың жоғарыда жатқан түзілімдерге енгізуге байланысты тек қана шөгінді таужыныстарда ғана емес, сонымен қатар магмалық түзілімдерде қалданды (H.Stille, 1923; C.E.Wegmann, 1930; В.И.Павлинов, 1947; K.Birkenmajer6 1959; B.Milovanovic, S.Karamata, 1960 және т.б.).
Кеңестік геологиялық әдебиетте “диапирлік қатпар” терминіне бірнеше әртүрлі анықтамалар берілді. В.Е.Хаин (1938) алғаш рет бұл терминді кең мағынада түсіндірді – бұл типтегі қатпарларға ол мәні бойынша барлық тұзды құрылымдарда, сол сияқты тұз жоғарыда жатқан түзілімдерді тесіп өткен құрылымдарды (диапирлі және криптодиапирлі), және тұз өзін жауып жатқан түзілімдерді тесіп өтпеген құрылымдарды (диапироидты және криптодиапироидты қатпарлар). Кейіннен ол тек диапирлі және жабық диапирлі қатпарларды бөлді, сөйтіп оларды үйлесімсіз қатпарлар түрлерінің бірі ретінде қарастырды (В.Е.Хайн, 1954). Г.Д.Ажгирей (1956) диапирлік қатпарлардың сипатты белгісі деп қатапрлардың бекінісіндегі қабаттар қалыңдығының азаюын айтты. Н.И.Буялов (1957) диапирлі қатпарлар деп “көмілген үстірт антиклинальды қатпардың күмбезін тескен қатпарды” түсінеді. Осыған байланысты “үйлесімсіз қатпарларды” ол бір қабаттан басқа қабатқа өткенде өзінің геометриялық пішіндерін күрт өзгерткен қатпарлар дейді.
Бұл көзқарастардың ішінде В.Е.Хаиннің көзқарасын дұрыс деуге болады. Сонымен барлық тұзды құрылымдарды үйлесімсіз қатпарлар тобына жатқызуға болады. Тұзды көтерілімдер – тұзды ядродан, тұз үсті және тұз асты құрылымдардан және де жиі тасты қалпақтан (кепроктан) тұрады.
Тұзды ядро тұздардың белгілі бір жерге жиналуын білдіреді, ол тектоникалық процесстер нәтижесінде тұздардың бір учаскеден басқа учаскеге ығыстырылып шығаруымен белгіленеді. Ол әртүрлі пішінде болуы мүмкін – линза тәрізді, үйінді тәрізді, қырқа және шток тәрізді. Тұзды көтерілулер деп тұз шатырының көлденең бойымен көтерілуін атайды, оның биіктігі изометриялық пішініндегі диаметрінен аз, немесе оның созылған пішініндегі енінен кішірек. Ол көп жағдайда жоғарыда жатқан тізілімдерді теспей, тек қана жоғары көтереді. Линза тәрізді денелер олармен шекаралас учаскелермен тұз біршама сығылу жағдайда пайда болады. Үйінділер көлденең қимада тұзды линза сияқты тура осындай пішінде болады, бірақ ұзындығы еніне қарағанда біраз ұзын. Тұзды линзалар мен үйінділер үстінде жатқан түзілімдерді теспейді. Шток деп цилиндрлі немесе соған ұқсас пішінді тұзды ядроны атайды, оның биіктігі диаметрінен үлкен болады. Егер шток созылыңқы пішінде болса, онда оны тұзды қырқа деп атайды; оның ені биіктігінен кіші болады. Тұзды штоктар мен қырқалар тесіп өту ядросын түзіп, жауып жатқан шөгінділердің арасына кіреді.
Тұзды көтерулермен, штоктармен және қырқалармен қатар әдебиеттерден тұзды жабындылар және глетчерлер белгілі. Оларды тұздың жер бетіне тіл тәрізді ағып шығуы деп түсінеді. Мұндай тұзды пішіндер оңтүстік Иранда Д.В.Гариссон (1933) және Г.М.Лийс мәліметтерінен белгілі. Ю.А.Косыгин (1950) бойынша, бұл глетчерлердің түзілуі Гариссон мен Лийстің айтқанындай тұздың деформациясынан (ағуынан) емес, тұздың сұйық күйінде тасымалданып және кейінірек оның кристалдануымен байланысты. Осындай жағдайда тұздың шөгуі солтүстік Испанияда да табылған (F. Lotze, 1955).
Тұз үсті құрылым деп тұз ядросына жақын жатқан тұз түзілімдердің құрылымдық пішіндер қабатын айтады. Олар тұзды ядроның пішінімен тығыз байланысты. Мысалы, тұзды көтерілулер үстіндегі тұз үсті қабат тұз шатырының деформациясын қайталайды; тұзды шток үстіндегі таужыныстар тұзды шток бағытына қарай кішкене көтеріңкі болады, тұзды шток бұл шөгінділерді кейде жарым-жартылай, кейде толық тесіп өтеді.
Тұз асты құрылым деп тұзды ядро астына төселіп жатқан таужыныстардың құрылымдық пішіндерін атайды. Олар әртүрлі пішінде болуы мүмкін – қабаттардың көлденең жатуы, моноклиналь, синклиналь, антиклиналь, флексура және т.с.с., кейде бұл жату жағдайлары тектоникалық қозғалыстардың жарылымдарымен бұзылуы мүмкін.
Айтып кететін жәйт, тұзды көтерілімдердің морфологиясын бейнелеуде әлі тұз асты құрылымдарға көңіл бөлінген емес. Бұл тұз астындағы қабаттардың аз зерттелгенімен байланысты. Сонымен қатар тұзды құрылымдардың түзілуі тек қана тұзды және оны жауып жатқан түзілімдердің деформациясы деп есептелген. Негізінде бұл көзқарастар қате. Үйлесімсіз қатпарлануға тұзды тектоникада кіреді, пластикалық қабаттың дислокациялық сипаты – оны жауып және төселіп жатқан түзілімдерді анықтайды. Осыған байланысты тұзды ядро мен тұзды құрылымдардың түзілуі тұз асты қабаттың дислокациялық сипатын ескергенде түсінікті болады.
Тұзды көтерілімдердің пішіндері мен аттары негізінен тұзды ядролар пішіндерімен анықтылады. Сонымен, тұзды көтерілулерді, линзаларды, штоктарды – тұзды күмбездер деп, ал тұзды үйінділер мен қырқаларды тұзды антиклинальдар деп атайды.
Тұзды көтерілімдердің құрылысы (геометриялық пішіндері) басқа да таужыныстардың қатпар пішіндерімен бірдей болуы мүмкін. Егер бөліну негізіне құрылымдық геологияда қабылданған белгілерді қойсақ, онда оңтұзды құрылымдар арасында келесі қатапр пішіндері болуы мүмкін: 1)қатпарлардың көлденеңге қарағанда салыстырмалы еңістігі – түзу, еңісті және аударылған қатпарлар; 2)қатапарлар өсінің пішіні бойынша – сызықты қатпарлар, брахиқатпарлар (брахиантиклинальдар) және күмбез тәрізді қатпарлар немесе күмбездер; 3)өсті бетпен салыстырғанда қатпарлар қанатының орналасуы бойынша – түзу және қисық қатпарлар; 4)қорған пішінді – сандықты немесе қорапты және үшкір бұрышты қатпарлар; 5)қапарлар қанаты мен қорғандарындағы таужыныстар қабаттарының бастапқы қалыңдықтарының өзгеруі бойынша – тәрізді, даипирлі және үйлесімсіз қатпарлар.
Айтылған жүйелеу белгілерінің барлығы немесе бір бөлігі тұзды көтерілімдерді сипаттау үшін қолданылуы мүмкін.
Тұзды көтерілімдер құрылысының әртүрлілігіне байланысты жоғарыда келтірілген қатпарларды жүйелеу сұлбасы жеткіліксіз болды. Оған жеке зертеушілермен тұзды-күмбезді құрылымдардың арнайы жүйелеулер ұсынылды. Олардың көбісінің негізіне құрылымдардың морфологиялық ерекшкліктері жатқызылған, бірақ кейбір сұлбаларда осы құрылымдардың генезисі мен түзілу жағдайын түсіндіруге тырысқан. Ал қазір жүйелеулердің кеңірек таралғандарына тоқталайық.
Диапирлік құрылымдар мен тұзды көтерілімдердің алғашқы жүйелеулерінің бірі кеңес геологтарымен ұсынылған В.Е.Хаиннің (1938) жүйелеуі болып табылады. Құрылымдарды бөлудің негізіне ол тек морфологиялықнегіздерін алды. Ол құрылымдардың төрт типін бөледі: а)диапирлік қатпарлар (ашық ядролы қатпарлар); ә)криптодиапирлік қатпарлар (жабық ядролы қатпарлар); б)диапиройдты қатпарлар (мұнда массивті ядро үстінде жатқан шөгінділерді теспей, тек кішкене көтереді және қатпардың күмбезінің үстінде жұқаланған орны бар қатпарлар); в)криптодиапиройдты қатпарлар (бұл қатпар диапиройдтықтан қатпар күмбезінде тұз үсті қабаттың жұқаланған қабатшасының болмауымен ерекшеленеді).
Ю.А.Косыгин тұзды күмбездерді “қатпарлану белгілері” бойынша жүйелейді, ол тұзды антиклинальдар, тұзды күмбездер және платформалық қатпарлар типті тұзды құрылымдардыц белгілейді. Бірақ қатпарлардың типке бұл бөлінуі морфологиялық сипатта, Ю.А.Косыгин оған бірнеше гинетикалық мағынасын қосады. Ол тұзды антиклинальдардың түзілуі қатпарлы тектоникалық қозғалыстар мен “тұзды тектогенездің” бірге істеген жұмысы деп ойлайды, тұзды күмбездердің пайда болуы оның ойынша, тұз жиналу орталықтары анық көрінетін тұзды тектогенез нәтижесінде; платформалық қатпарлар типті құрылымдарында тұзды тектогенездің көбірек дамыған “ламинарлы ішкі тектониканың” бейнесі болып көрінеді. Тұзды құрылымдардың көрсетілген топтарын Ю.А.Косыгин типтер қатарына бөледі. Әсірісе тұзды күмбездер толық жүйеленеді./16/
Жоғарыдағы жүйелеумен әсіресе Ш.А.Панахидің (1955) ұсынған тұзды құрылымдар жүйелеуі ұқсайды, оларды геосинклиналь типті тұзды құрылымдар, өтпелі типті тұзды құрылымдар және платформалық типті тұзды құрылымдарға бөлінеді. Осы типтердің әрқайсысы бірнеше подтиптерге бөлінеді. Мысалы, платформалық типті құрылымдар қатты жылжыған (дислоцированные) күмбездерге, әлсіз жылжыған күмбездерге, созылған тұз үсті қабатты күмбездерге, домалақ, сопақ, дұрыс емес және үзілмеген тұзды құрылымдарға бөлінеді./17/
Н.В.Неволин (1961) Каспий маңы ойпатындағы тұзды күмбездердің морфологиялық ерекшеліктері негізінде – терең, жасырын үзілген, үзілген, бір қанатты және ашық тұзды күмбездерге бөледі.
Кейбір зерттеушілер жеке облыстардағы тұзды құрылымдарды жүйелеуде біріншіден осы облыста дамыған құрылымдарды және типтерді бөледі, кейін қай типке қай құрылым жататынын анықтайды. Осылай Бартон ГФР территориясындағы тұзды құрылымдарды төрт типке бөледі: 1)стассфурттық, тұз қалыңдығы 1000 метрге дейін жететін ұзын антиклиналь; 2)ассийлық, тұз өзін жауып жатқан жыныстарға жарылым қуысымен ішіне кіруі; 3)лейіндік – тұздың екі қанат арасына қысылып сынған антиклиналь; 4)ганноверлік – биіктігі 3000 метрге дейін жететін тұзды штоктар. Р.Е.А.Айзенштадт (1956) Каспий маңы ойпаиындағы тұзды күмбездерді – доссорлық, мақаттық және т.б. типтерге жүйеледі, яғни олар осы облыстың тұзды күмбездер жүйелеуінің эталоны ретінде қызмет етуі қажет. Каспий маңы ойпатының күмбездерін жүйелеуде Н.А.Калининде (1958) осы принципті ұстанды, бірақ эталан ретінде басқа күмбездер алынған, және М.В.Червинская Днепр-Донецк ойпатының тұзды құрылымдарын жүйелеуде осы принципті қолданды.
Қорытындыға Н.Ф.Балуховскийдің диапирлік құрылымдарының “генетикалық” жүйелеуін келтірейік, ол келесі диапирлік топтарға бөлінеді: 1)терең жаралымдар тобы – шток пішінді, тектоникалық брекчиялармен қоршалған диапирлер; 2)жанасып жататын диапирлер тобы – жарылымдардың жатқан қанаттарында дамитын иапирлер; 3)жылжымалы диапирлер тобы, олардың көпшілігі тангенциалды қысымда түзілгендер; 4)қысылған қатпарлар тобы – орталық көтерілімдер мен терең жарылымдар арасында қысылған диапирлер; 5)сақиналы антиклинальдар тобы – бұл диапирлер гравитациялық күштер әсерінен пайда болған. Көрсетілген жіктеулер сұлбасының ішінде В.Е.Хаиннің сұлбаы универсалды болып келеді. Қай облыстың болса да барлық тұзды көтерілімдерді осы сұлбаға сәйкес топтарға бөлуге болады. Оның негізгі
1 кесте. Тұзды көтерілімдердің жіктелуі (Китык бойынша, 1960)
Тұзды антиклинальдар |
Тұзды антиклинальдармен байланысы жоқ тұзды күмбездер |
Криптодиапироиды қатпарлар |
|
|
|
Жоғарыда жатқан девон тузілімдерді тұз
|
|
Криптодиапиройдты қатпарлар |
Тұзды антиклинальдарда орналасқан тұзды күмбездер |
Криптодиапиройдты қатпарлар |
Тұздары жоғарыда жатқан девон шөгінділерін тесіп өтетін күмбездер |
|
Тұздары жоғарыда жатқан девон мен таскөмір шөгінділерін тесіп өтетін күмбездер |
|
Тұздары жоғарыда жатқан палеозойлық, триастық, юралық шөгінділерді тесіп өтетін күмбездер |
|
Тұздары жоғарыда жатқан палеозойлық, мезозойлық шөгіділерді тесіп өтетін күмбездер |
Диапирлік қатпарлар ашық ядро тесіп өтеді |
кемшілігі, ол өте үлкен, осы құрылымдар топтарының әрқайсысы типтер және типшелер қатарына бөліне алады. Ю.А.Косыгин мен Ш.А.Панахидің жіктеу сұлбасының ерекшелігі, оның негізіне тұзды құрылымдар құрылысының басты ерекшеліктерімен қатар қосымша ерекшкліктер тұрады, сондықтан олар өте үлкен және оларды практикада қолдану қиын. Ю.А.Косыгин (1958, 1960) өзінің тұзды құрылымдар типтеріне арнаған жұмыстарында өзінің жіктеу сұлбасын қолданбаған, құрылымдарды басқа белгілермен бөлген. Н.Ф.Балуховскийдің жіктеу негізіне тұзды құрылымдардың түзілу жағдай көрінісі алынған. Тұзды құрылымдардың пайда болуы дискуссиялық және айтысты болғандықтан, осының негізінде жасалған диапирлі құрылымдарды жүйелеу сұлбасы да айтысты болып қалады.
Жіктеу сұлбасы геологтардың қолдануына ыңғайлы болу үшін, ол тұзды құрылымдардың құрылыс ерекшеліктеріне құрылу керек. Жіктеудің әрқайсысы практикалық мақсатты көздеу керек, сонымен тұзды құрылымдардың практикалық қолданудағы сұрақтарды шешеу үшін өңделу керек.
В.И.Китыкпен (1959 б) Днепр-Донецк ойпатының және Карпат қолатының кеңестік бөлігінің (В.I.Кітик 1960 а) тұзды құрылымдары жіктелінді. Днепр-Донецк ойпатының тұзды құрылымдарын жіктеу сұлбасы 1 кестеде көрсетілген.
Берілген жіктеуде тұзды массивтер мен оларды жауып жатқан түзілімдердің құрылыс ерекшеліктері (морфологиясы) ескеріледі. Осы кезде тұз асты құрылымдарға назар аударылмайды. Олармен Припят қолаты күбездерінің жалпы жүйелеу сұлбасы ұсынылды, ол жердің тұз асты түзілімдері тереңде емес (В.И.Китык, 1959 а)./17/
3.2. Теріс тұзды құрылымдар (тұзды ойыстар).
Тұзды ойыстар деп тұз қабатының қалыңдығының жергілікті өзгеру нәтижесінде тұзды формацияның шатыры мен оны жауып тұрған түзілімдерінде пайда болған ойыстарды атайды. Мұндай ойыстар тұзды көтерілімдердің күмбездерінде және осы көтерілімдер арасында кездеседі.
Тұзды көтерілімдердің күмбезді бөліктерін күрделендіретін ойыстар – Голф ойпапында (F.H.Lahee, 1931, W.B.Ferguson, J.W.Minton, 1936), Каспий маңы ойпатында (Ю.А.Косыгин, 1950; А.С.Хоментовский, 1953) және Днепр-Донецк ойпатында (В.І.Кітик, 1961; В.И.Китык, Г.С.Брайловский, 1962) табылған. Бұл ойыстардың түзілуі бір жағдайларда тұзды массивтердің жоғарғы бөліктерінің сілтленуімен, кейбір жағдайларда тұз жыныстарының пластикалық деформация әсерінен тұзды массивтердің темендеуімен түсіндіріледі. Сондықтан бұл ойыстар екі типке бөлінуі мүмкін: а)тұзды жыныстардың сілтіленуімен байланысты ойыстар; б)тұзды ядроның деформациясымен байланысты ойыстар./14/
Күмбездер арасындағы ойыстар барлық тұзды күмбезді облыстарда кездеседі. Олар әзірге аз зерттелген және олардың табиғаты көбінесе олардың пайда болу жағдайымен анықталады. Осы көзқарастан шығу тегі әртүрлі ойыстардың үш типін бөлуге болады: а)тұздардың тангенциалды ағысының әсерінен және оларды жауып жатқан шөгінділердің отыруынан пайда болған ойыстар; б)тұздардың бөлек учаскелерге ығыстырылып, осы учаскелерде тұз үсті шөгінділердің көтерілу нәтижесінде пайда болған ойыстар; в)тұз асты қабаттың жергілікті төмендеу әсерінен пайда болған ойыстар.
Осы айтылған ойыстардың ішінен бірінші пайда болатыны, тұз үстінде жатқан шөгінділерді салмақ күші әсерінен тұздардың тұзды көтерілімдерге тартылатын ойыстар. Қанша дегенмен тұздардың қозғалысы радиальды сипатта болуы тиіс, бұл ойыстар міндетті түрде тұзды көтерілімдерді жан-жағынан қоршап тұруы керек. Осыдан олар шеткі және сақиналы синклинальдар деген атауға ие болды. Кеңестік геологиялық әдебиеттерде олар әдетте компенсациялы ойыстар немесе синклинальдар деп аталады./17/
Ескере кететін бір жәйт шеткі және компенасционды ойыстар әлі күнге дейін даулы болып келеді, дегенмен ол тек кеңестік әдебиеттерде ғана емес сонымен қатар шетелдік әдебиеттерде талқыланған. Кейбір геологтар барлық тұзды күмбездердің маңында ойыстар болады деп есептесе, енді біреулері оны теріске шығарып, тұзды күмбезді облыстарда ойыстар болуы заңдылық емес ерекшеклік болып келеді дейді. Тұзды күмбезді облыстар қатарында тұз үсті қабаттың бұзылуы мәлім, оларды компенсациялы және шеткі ойыстар деп қарастыруға болады. Сондықтан мұндай облыстарды жоққа шығаруға болмайды. Бұл ойыстардың қаншалықты кең тарағандығы ддискуссиялық мәселе болып табылады.
Қарастырып отырған ойыстардың екінші типі тұздардың ығыстырылуы нәтижесінде және осыған байланысты тұз үсті шөгінділерінің көтерілуімен пайда болған. Бұл ойыстардың компенсациялық және шеттік ойыстардан негізгі ерекшелігі олар тұзды қабаттардың төмендеуі емес, көтерілу нәтижесінде пайда болады. Тұздардың тангенциалды ағысы мұнда тұз асты қабаттың жеке учаскелерінің көтерілуімен компенсацияланады. Ойыстардың бұл типі әзірге арнайы атауға ие емес. Қалдықты көтерілімдердің аналогы ретінде компенсациялық ойыстардың құрылуы кезінде пайда болған ойыстарды қалдықты деп атауға болады. Тұзды күмбезді облыстарда тұз үсті шөгінділердің жату жағдайына байланысты күмбез аралық ойыстардың көбісі осы типке жатады.
3.кесте Тұзды ойыстардың жіктелуі (В.И.Китык бойынша, 1959).
Тұзды көтерілімдерге қарағанда орналасуы бойынша ойыстардың жіктелуі |
Түзілу тәсілі бойынша ойыстардың жіктелуі |
Тұзды көтерілімдердің күмбездерінде орналасқан ойыстар — күмбезді ойыстар |
1. Тұзды жыныстардың сілтіленуі нәтижесінде пайда болған ойыстар 2. Тұзды массивтердің үстіңгі бөлігінің төмендеуі нәтижесінде пайда болған ойыстар |
Тұзды көтерілімдер арасында орналасқан ойыстар – күмбез аралық ойыстар: а) тұзды көтерілімдерді қоршап жатқан ойыстар — шеттік және сақиналы синклинальдар ә) барлық күмбез аралық жерлерді алып жатқан ойыстар |
3. Компенсациялық ойыстар 4. Қалдықты ойыстар 5. Қалыптасуы тұзды тектоникалық процестермен байланысты ойыстар |
Ақырында, ойыстардың соңғы типі, тұз асты қабаттың жергілікті шөгу кезінде пайда болған ойыстар, оьлыстардың құрылымын зерттелуіне қарай бөлінеді, яғни ондатұзды тектоника жоқ (мысалы, Волга-Орал болысында). Бұл ойыстар тұзды ойыстарға жатпайды және дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет емес. Олардың дамуын бір мақсатпен ғана ескеру керек, яғни оларды тұзды ойыстардан ажырата білу.
Жоғарыда айтылғанға қарап тұзды күмбезді облыстарда жергілікті ойыстардың жіктелу сұлбасын ұсынуға болады.
Табиғатта әртүрлі типтегі ойыстардың бірінің үстіне бірі орналасуы мүмкін. Мысалы, жеке күмбезді ойыстарда ол тұздың сілтіленуі және тұзды массивтердің үстіңгі бөлігінің төмендеуінен болады, ал күмбез аралық тойыстар тұз асты қабаттың төменедеуінен және тұздың тангенциалды ағуынан бөлуы мүмкін т.с.с… Мұндай жағдайларда осы немесе басқа ойыстардың пайда болуына себепті негізгі және қосымша факторларды ажырата білу керек. Сонда да жоғарыдағы көрсетілген жіктеу сұлбасы тұзды облыстардағы ойыстар типтерін және олардың пайда болу жағдайын білу үшін қажет болуы мүмкін./16/
3.3. Оңтүстік Ембі тұзды күмбездерінің жіктелу сұлбасы.
Орал-Ембі тұзды күмбезді облысының геологиялық және геофизикалық мәліметтері көрсеткендей, бұл жерде морфологиясы мен тектоникасы жағынан екі бірдей күмбез жоқ. Күмбездер бірдей болуы мүмкін емес, өйткені кейбіреулері ертерек, кейбіреулері кешірек, біреулері гологендік кешеннің қалыңдығы жоғары зонада, ал біреулері қалыңдығы төмен зонада, бір күмбездер аймақты көтеріңкі учаскелерде, басқалары аймақты төмендеген учаскелерде пайда болған; біреулерінде тұзды ядроның көтерілуі тез, кейбіреулерінде жәй болған; тұз үсті жыныстардың қалыңдығы ауданның барлық бөліктерінде бірдей емес.
Ембінің күмбездерін жіктеуде әртүрлі принциппен көптеген зерттеушілер айналысқан. Академик Миронов 1920 жылы күмбездердің үш типін бөледі: мақаттық (жарылусыз), доссорлық (ығыспамен) және иманкариндік (қырқамен); бұл жіктеу сол кездегі білім деңгейіне тең болды. Бірте-бірте ауданның зерттелген құрылымдар санының өсуі мен геологиялық білімнің тереңдеуінен кейін, күмбездерді жіктеу қиындай берді. Күмбездерді жіктеумен И.Г.Пермяков, Н.А.Калинин, Ю.А.Косыгин, А.В.Ульянов, Н.В.Неволин және Н.А.Швембергер айналысты./13/
Әдебиеттердегі Ембінің тұзды күмбезді құрылымдар жіктеулерінің ішінде 1947 жылы Н.А.Швембергермен ұсынылған жіктеу назарға ие бола алады. Ол ең алдымен екі ірі топқа бөледі – тұзды күмбездер және тұзды антиклинальдар. Күмбездер тесілген және жасырын тесілген, ал тұзды антиклинальдар – симметриялы және симметриялы емес болып бөлінеді; симметриялы антиклинальдар тағы терең және таяз болып бөлінеді. Н.А.Швембергермен “антиклиналь” терминін оңтүстік Ембі тұзды күмбездеріне қолдану дұрыс емес, өйткені антиклинальдар негізінен қатпарлы
құрылымдарға сәйкес келеді, оларға мезозойлық кайнозойлық геосинклинальдық облыстардан алыс жатқан Ембіні кіргізу мүмкін емес.
“Тесілген” және “жасырын тесілген” терминін қолдану жіктеудің анықтығын жоғалтады, және әртүрлі авторлар осы терминге әртүрлі мағына береді. Осыдан сұрақ туады, не тесілген, не тесілмеген? Тесілген тек қана пермотриас па, немесе пермотриас пен юра ма, немесе бор мен үштік шөгінділерді бірге алғанда, барлық тұз үсті жыныстар кешені ме, және тұз жер бетіне шығып жатыр ма?
Шынын айтқанда, тесілген болып Ембідегі барлық күмбездер жатуы мүмкін, “тесілген” және “жасырын тесілген” терминдерінің әр жағдайда мағынасын ашу керек болады.
Ал күмбездердің симметриялыққа және асимметриялыққа бөлінуіне келсек, күмбездердің көбісі асимметриялық болып табылады, симметриялық күмбездер мүлдем кездеспейді. Күмбездердің асимметриясы тұзды ядроның морфологиясы мен тұз үсті таужыныстардың құрылымдарынан көрінеді. Жоғарыда жіктеуге ұқсас басқа қиын жіктеулерді сұрақтар шешуге әрқашан қолдану мүмкін емес.
Қазіргі кездегі бар барлық жіктеулерді қарамай-ақ автор қазіргі кезде тек уақытша жіктеулерді ғана шығаруға болады дейді, өйткені пермь мен триас кезеңдерінде пайда болған тұзды күмбездер мәліметтері жеткілікті емес. Тек соңғы кезде ғана сейсмобарлау мен терең бұрғылаулардың арқасында жақсы мәліметтер шыға бастады. Бірақ бұл мәліметтер өте аз, және пермотриастың стратиграфиясы толығымен нақтыланбаған. Сондықтан қазіргі кезде тек қана бірінші (пермотриастық) және екінші (мезо-кайнозойлық) тұзды күмбездерді жіктеуге болады. Шындығы мен ұштастырылуы: 1) Байшұнас-Тентексор типті құрылымы аймақтыққа, Байшұнас-Тентексор ойысына ұштастырылады (ІІ реттегі құрылым), оған барлық ярустың қалың қабаттары тән (қасындағы күмбездермен салыстырғанда); 2) Суешбек типті күмбездері Оңтүстік Ембі аймақтық гравитациялық максимум зонасына ұштастырылған, ол жерден сейсмобарлау мәліметтерінен тұз асты жыныстарының көтерілуі анықталуда және осының нәтижесінде галогендік қабаттың қалыңдығы азаю керек; 3) Индерлік типті құрылым, тұз асты төсегінің айтарлықтай төмендеу зонасына ұштастырылады, М.И.Баренбойм ойынша, тұз қалыңдығының өсуіне әкелуі мүмкін дейді; 4) Искиндік типті күмбездерді – теңіз маңы зонасына, бұл жерде үшттік уақытта күшті төмендеуге ұшыраған, бұл осы ауданда қалыңдығы 2,5–3км дейін жететін үшттік шөгінділердің жиналуын қамтамассыз етеді. Осы және басқа да зоналарды керекті делдікпен пішіндерін салу әзірше мүмкін емес.
Г.Е.-А.Айзенштадттың Ембі күмбездерін жіктеуі тек қана екінші (мезо-кайнозойлық) күмбездерді қамтиды. Оңтүстік Ембінің тұзды күмбездерін жіктеуде Г.Е.-А.Айзенштадт келесі типтерді бөледі (1 кесте)./5/
Суешбек типі (Азнагүл, Көктөбе, Қарақыз және басқалары). Тұзды тектониканың басылуы және платформалық типті құрылымдарға ауысу зонасына ұштастырылған. Бұл күнгүр бассейінің жағалық зонасында тек галогендік кешеннің қалыңдығының азаюы ғана емес, сонымен қатар оның құрамында ангидриттер мен терригендік жыныстардың пайда болу өзгерістері
болады. Тұзды ядро шатырының тереңдігі туралы нақты мәліметтер жоқ, шамамен тұз 3000м тереңдікте, сол жерде ол жайпақ күмбез тәрізді көтерілімдер түзеді. Жер бетінде төрттік шөгінділер астында негізінен үштік шөгінділер дамыған. Тұз үсті жыныстардың қимадағы келіспеушілігі өте жәй
байқалады. Күмбездердің көтерілу амплитудасы аз болғандықтан, қанаттарындағы жыныстардың қүұлау бұрышы шамамен 3-50, кейде 1,50-ке дейін азаяды. Бел-белес ені 5-6км дейін жетеді. Кейде бел-белес болмай, құрылым күмбезді ығыспамен қиылысады.
Қаратон типі (Шығыс Тереңөзек, Жантай және басқалары). Күмбездердің өлшемі бойынша салыстырмалы үлкен, ауданы 150–200км2, тұзды ядро тереңде орналасқан (2000 метрдей), сәйкесінше бетінде жас жыныстар (үштік, сенон-турон). Бел-белес енді (2–3км); тұз үсті таужыныстардың құлау бұрышы 5–80 арасында ауытқиды. Бұл типтегі күмбездердің периодтық көтерілу амплитудасы үлкен емес, сондықтан қимадағы келіспеушілік әлсіз байқалады. Тұзды ядромен үстінде жатқан таужыныстарды тесу мүлдем жоқ, немесе пермотриас жыныстарына тиіп әлсіз дамыған.
Нармұнданақ типі (Алтыкөл және басқалары). Тұзды күмбездер ұзынырақ пішінді, біраз көлемді, тұз шатырының тереңдігі 900–1200м. Тұзды ядро төбесінің ауданында көтерілген және төмендеген беткейлер көрінеді. Тұзбен пермотриастың және жарым-ждартылай юраның жыныстары тесілген. Бетінде төрттік жыныстардың астында жоғарғы альба және сенон-турон жыныстары жақсы дамыған. Бел-белестің ені 1,5-тен 2,5-ке дейін. Қанаттарындағы жыныстардың құлау бұрышы 7–100 арасында. Көтеріңкі қанаттардың күмбездік бөліктерінде тереңдігі 50–60м периодтық шайылулар байқалады.
Құлсары типі (Сағыз, Мұнайлы, Кандаурово, Қосшағыл және басқалары). Тұзды күмбезді құрылымдар негізінен бір бағытта созылған (олардың ұзындығы енінен бірнеше рет асып түседі), жиі жіңішке, терең емес тұзды бел-белестер (250–300м) кездеседі. Көлденең қимасында тұзды ядролар сипатты асимметриялық профильде болады – бір беткей еңістеу, екіншісі – тік; оларға тұз үсті таужыныстардағы көтеріңкі және төменделген қанаттар сейкес келеді.
Көтеріңкі қанаттарда тұз үсті таужыныстар тұз шатырымен бірдей болып жатады, төменделген қанатында олар апта деңгейіне дейін тұзбен тесілген. Көтеріңкі қанат күмбезінде төрттік шөгінділер астында жиі неоком, юра таужыныстары ашылған; төменделген қанатында – жоғарғы альб, сеноман, сенон-турон. Төмендеоген қанат стратиграфиялық қиманың салыстырмалы толықтығымен, ал көтеріңкі қанат керісінше, қимада жеке қабаттардың, қалқандардың, ярустардың жоқтығымен сипатталады. Тұзды тік беткейдің еңкішке қарай майысу жерінде әдетте жіңішке бел-белес орналасады. Ядро беткейінің құлау бұрышы 45–600 (тікте) және 10–150 (еңкіште); тұз үсті таужыныстардың құлау бұрышы 10–150, кейде 20–250 көтеріңкі қанатта және 5–80 төменделген қанатта. Бұл күмбездер типі ауданның орталық және оңтүстік бөліктерінде кездеседі. Бұл типтегі күмбездердің көтеріңкі қанаттар перийфериясында тура тік беткейлі ежелгі (пермьдік) тұзды күмбездер кездеседі.
Доссор типі (Мақат, Солтүстік Қошқар және басқалары). Бұл типтегі күмбездер азды-көпті изометриялық бейне болады, тұз ядросы күмбез төбесінде орналасқан, орташа тереңдігі (300-500м), күрделі (жұлдыз тәрізді, “табан тәрізді”) пішінді және кескін үйлесімі, тұз беті күрделі бедерлі, бұл тұзды ядроның бірнеше рет көтерілуі және соған сәйкес тұз үсті таужыныстардың құрылымының қайта түзілгенін көрсетеді. Бұл осы типтегі күмбездерде өзінің бейнесін бір-бірін жапқан бел-белес кешенінен табады, күмбездер тұз үсті таужыныстарды бірнеше қанаттарға бөледі (5-6-ға дейін). Төрттік шөгінділер астында барлық қанаттарында әдетте төменгі бор немесе юра, бел-белестерде жоғарғы бор дамыған. Бұл типтегі күмбездердің перийфериялық бөліктерінде мезо-кайнозой қанаттарының астында қалың тұзды карниздер табылған.
Байчунас типі (Тентексор және басқалары). Бұл типтегі күмбездерде тұзды ядро төбесі орташа және аз тереңдіктерде (300-500м) және көбінесе еңіс беткейлі, бір көтерілу фаза аралығында, жеке учаскелерде кейбір тесу жағдайларында тік беткейлер қалыптасады. Бетінде төрттік шөгінділер астында негізінен жоғарғы бор, кейбір жерлерде төменгі бор шөгінділері дамыған. Барлық қанаттардың тұз үсті таужыныстар қимасында терең шайылулар және келіспеушіліктер, толық жүйелердің жоғалуы (мысалы, юраның) көрінеді, осы жер өткен заманда бірнеше рет (бірнеше жүз метр амплитудамен) ядро көтерілуіне ұшыраған.
Искине типі (Новобогатинск, Абжель, Ракуша, Сугур және басқалары). Үштік шөгінділерімен жасалған, қалыңдығы 2,5-3км мульдалармен жалғасады. Тұзды ядро үлкен емес тереңдікте (100-200м) жатқан үлкен тегіс тұзды “стол” сияқты, қалыңдығы көп емес мезо-кайнозой шөгінділерімен жабылған. Олардың қимасында үлкен стратиграфиялық келіспеушілік байқалады, таужыныстар көптеген жылжымалармен кесілген. Тұзды ядроның кейбір беткейлері тік (45-700), кейбіреулері салыстырмалы еңіс (15-25-300).
Қоршап жатқан таужыныстармен қатынасы тектоникалық. Ядроның тесілген беткейінің тұз үсті жыныстарының құлау бұрышы – еңіс, тұз үсті жыныстар штокпен бірге жатқан жерлерде тік беткейде құлау бұрышы тік, еңіс беткейде еңіс.
Осы күмбездерге ядроның өте тік беткейлері тән, мұнда тұз үсті жыныстар тұзбен бірдей жағдайда жатады. Бұл типтегі күмбездер солтүстік теңіз маңы зонасында таралған.
Қара өзен типшесі (Құсанбай және басқалары). Әдетте үштік шөгінділерден құралған, қалыңдығы үлкен (2,5-3км) мульдалармен жалғасады. Тұзды ядро (кепрок), үлкен емес ауданды (30-15км2) алып, жер бетіне шығып жатыр және домалақ (Құсанбай) және сфералы үшбұрышты (Черная Речка) пішінді.
Ядроның барлық беткейлері тік (45-700). Тұз үсті таужыныстардың жату жағдайы Искине типті күмбездер жағдайының аналогы болып келеді. Қоршап жатқан таужыныстармен қатынасы кейде тектоникалық, кейде қалыпты. Теңіз маңы зонасында таралған.
Кейбір жағдайларда тесілген күмбездер кездеседі, кепроктың шектеулі ауданымен жер бетіне шығады және ауданның басқа да бөліктерінде. Бұл мынадай жерлерде болады, кейде тік бұрышты әртүрлі бағыттағы құрылымдық сызықтар, немесе құрылым өстерінің кенет бұрылу болған жерлерде, күмбезде қиылысады; кейде мұнда горсттар түзіледі, оларда негізінен юра ашылған, кейде ол жер бетіне шығуы және кепрок болуы мүмкін. Бұл учаскелер өзінің түзілу процессінде қайтадан көтерілуге қосымша импульстар алған.
Осы типтегі күмбездер көлемінде (искинелік) новобогатинсктік типшені бөлуге болады, новобогатинскіде және оның қасында орналасқан басқа күмбездерде тегіс күмбез аумағындағы тұзды ядро үштік мшқөгінділермен жабылған, ал Искинеде, Абжеліде және басқа күмбездерде тұз пермотриаспен, кейде юрамен жабылған; Күмбездер түзілу тарихының айырмашылығын бейнелейтін бұл құрылымдық ерекшеліктербарлау әдістемесін өңдеу керек. Новобогатинскіде мысалы, қарапайым әдіспен картаға түсіру мүмкін емес (қалыңдығы 100м жоғары үштік шөгінділерінің толық жауып жатуына байланысты), ал Искинеде – мұндай қиыншылықтар кездеспейді.
Новобогатинск тобындағы күмбездердің Құттыбай, Индер, Тамдыкүл, Аралсор және басқа да күмбездермен көп ұқсастығы бар. Бұлардың барлығында жоғарғы қабат күмбезі (мезо-кайнозойлық күмбезі) толығымен немесе айтарлықтай эрозиямен жойылған.
Құттыбай типі (Тұқтыбай, Ұнғар және басқалары). Күмбездерімен күмбез аралық кеңістіктерінің мезо-кайнозойдың қалыңдықтарының азайған аудандарына ұштастырылған, осыған байланысты зерттеліп отырған облыстың басқа көршілес аудандарға қарағанда мұнда тұз шатырының деңгейі жоғары орналасқан. Күмбез ядросының үлкен көлемді (150км2-қа дейін) жазық төбесі бар, терең емес жерде (шамамен 200м) жатыр. Төрттік шөгінділер астындағы күмбез төбесінде көбінесе төменгі бор таужыныстары дамыған. Бұл жерге жылжымалардың қалың торы және қималарында айқын келіспеушіліктер көрінеді. Ядро беткейлері салыстырмалы көлбеу (300-350, кейде 450); қаршап жатқан таужыныстардың бір бөлігі тұзбен тесілген, бір бөлігі ядро беткейімен бірдей жағдайда жатыр, және олардың қималарында күмбезге жақын жерлерде келіспеушіліктер кездеседі.
Индер типі. Бұл типтегі күмбездердің тұзды ядросы үлкен көлемді, тегіс, күмбезі стол тәрізді, ауданы шамамен 500км2 және бір бөлігімен жер бетіне шығып жатыр. Ядро негізінен күрделі пішінді, терең емес жерлерде (100-200м) тегіс күмбез төбесінен басталатын бірнеше жалпақ сілемдері бар. Стол тәрізді күмбез бір жерлерінде ені бірнеше километр (3-4км) еңіс терраса тәрізді тұздың терең емес (300-400м) жату зонасымен қоршалған, осыған вертикальдыға жақын тұзды ядро батуы жалғасады; басқа жерлерде тұзды тік жарлар жазық төбенің шетінен басталады. Ембілік күмбездердің көбісі сияқты мұнда да штоктан алыс емес арақашықтықта тұз үсті таужыныстардың бір беткейлерінде қабаттар көрінетін үйлесімділікпен (үштік шөгіділерден басқасы және сенон-турон сияқты), ал басқаларында – ежелгірірек шөгінділер үзіктермен және келіспеушілікті болып келеді.
Басқа да табиғи құбылыстарды жіктеудегі сияқты мұнда да екі аудан арасында орналасқан күмбезді осы типке немесе көрші типке жатқызу қиындық туғызуы мүмкін. Күмбездердің даму стадиясын бейнелейтін, табылған жеке күмбездер типтерінің арасында бірнеше генетикалық қарым-қатынас болуы мүмкін, олар толығымен ешқашан қайталанбайда және күмбез түзетін нақты жағдайларға тәуелді болады. Бір күмбездің ауданында, оның әртүрлі бөліктерінде, жату тереңдігі мен ядро бедеріне қарай, әртүрлі типті күмбездердің сипатты элементтерімен жеке белгілерін көруге болады. Бұл негізінен тұздың тереңде жатып, осы күмбездің көрші күмбезбен қосып мойнақ түзетін жерлерде байқалады. Мұндай жағдайларда осы немесе басқа күмбездерге ұқсайтын негізгі ерекшеліктерінің көптігіне назар аудару керек./7/
ҚОРЫТЫНДЫ.
Тұзды күмбезді құрылымдардың негізгі жыныс құрушы минералдарға хлорлардан басқа галит (NaCl), сильвин (KCl) және карналит (KCl*MgCl2*6H2O) жатады және сульфаттардан-ангидрит (CaSO4), ал көптеген жағдайда гипспен (CaSO4*2H2), кизеритпен (Mg SO4*H2O), каинитпен (KCl*Mg SO4*3H2O), лангбейнитпен (K2 SO4*2mG SO4) және полигалитпен (K2 SO4*Mg SO4*2Ca SO4*2H2O) аралас. Тұзды жыныстар құрамына жиі біруақытта біреше минералдар кіреді, мұндай минералдар гипс, ангидрит және галит жиі мономинералды жыныстарды құрады.
Тұзды күмбезді құрылымдар тұзды көтерілімдерден және тұзды ойыстардан тұрады. Тұзды көтерілімдер – тұзды ядродан, тұз үсті және тұз асты құрылымдардан және де жиі тасты қалпақтан (кепроктан) тұрады. Тұзды ядро тұздардың белгілі бір жерге жиналуын білдіреді, ол тектоникалық процесстер нәтижесінде тұздардың бір учаскеден басқа учаскеге ығыстырылып шығаруымен белгіленеді. Ол әртүрлі пішінде болуы мүмкін – линза тәрізді, үйінді тәрізді, қырқа және шток тәрізді. Тұзды көтерілулер деп тұз шатырының көлденең бойымен көтерілуін атайды, оның биіктігі изометриялық пішініндегі диаметрінен аз, немесе оның созылған пішініндегі енінен кішірек. Ол көп жағдайда жоғарыда жатқан тізілімдерді теспей, тек қана жоғары көтереді. Линза тәрізді денелер олармен шекаралас учаскелермен тұз біршама сығылу жағдайда пайда болады. Үйінділер көлденең қимада тұзды линза сияқты тура осындай пішінде болады, бірақ ұзындығы еніне қарағанда біраз ұзын. Тұзды линзалар мен үйінділер үстінде жатқан түзілімдерді теспейді. Шток деп цилиндрлі немесе соған ұқсас пішінді тұзды ядроны атайды, оның биіктігі диаметрінен үлкен болады. Егер шток созылыңқы пішінде болса, онда оны тұзды қырқа деп атайды; оның ені биіктігінен кіші болады. Тұзды штоктар мен қырқалар тесіп өту ядросын түзіп, жауып жатқан шөгінділердің арасына кіреді.
Тұзды көтерілімдердің пішіндері мен аттары негізінен тұзды ядролар пішіндерімен анықтылады. Сонымен, тұзды көтерілулерді, линзаларды, штоктарды – тұзды күмбездер деп, ал тұзды үйінділер мен қырқаларды тұзды антиклинальдар деп атайды.
Сонымен, Солтүстік Каспий маңы ойпатының тұзды-күмбезді құрылымының түзілуі қайталанған тангенциалды және радиальды қозғалыстардың күрделі комбинациясы нәтижесінде жүрген, мына нұсқа бойынша:
- Солтүстік Каспий маңы ойпатына әлсіз қозғалыстар түсіп жеткен жергілікті тау түзу қозғалыстары қабат түзуді, ауданның тұзды формацияларын енгізіп, алғашқы қабаттарды қалыптастырды.
- Бұл қабаттар шайылуға және күмбез бөлігін жеңілдеуіне әкелген эрозияға ұшыраған. Нәтижесінде гравитациялық фактор жұмыс істей бастайды және тұзды массалар алғашқы қабаттар күмбезіне қозғалыс импульсын алады.
- Тегістелген беттерді жаңа қабаттар жабады.
- Әлсіз түрдегі жергілікті қозғалыстардың келесі этаптары күмбез аралық кеңістіктен тұзды-күмбезді құрылымдарға қарай тұз ағындарының күшеюіне әкеледі. Көптеген жағдайларда тұздың қозғалыс импульсі тұзды-күмбезді құрылымдарға өзінің қарқындылығы осы құрылымды қоршап жатқан жеке күмбез аралық кеңістіктерде әртүрлі.
- Брахиқабаттарда тұздың жиналуы жауып жатқан таужыныстардың қарқынды көтерілуін әкелетін радиальдық қозғалыстарды шақырады.
Әлсіз қозғалыстар түрінде көріген жергілікті тектоникалық қозғалыстары Орал қатпарлығының бірінші фазада, Манғышлақ және Кавказ қатпарлықтарының келесі фазаларда әсерлері болған.
Жиі байқалатындай тұзды-күмбезді құрылымдарының қанаттарының сыртынан қарағанда геологиялық құрылысы ұқсас, және мұнай-газ көлемдері әртүрлі, кейбіреулерінде мүлдем жоқ.
Көршілес жатқан тұзды-күмбезді құрылымдардың мұнай-газ өнімділігімен қатты айырмашылықтары байқалады. Күлсары күмбезінде бір-бірінен 2-3 км арақашақтықта орналасқан шығыс және солтүстік қанаттары жер бетінде альб-сеноман шөгінділерінен құралған. Шығыс қанаттағы барлау жұмыстары альбта, апта және неокома табанында мұнайлы қабаттарды көрсетті, және де юра мен пермотриас шөгіділеріндегі көптеген мұнай мен газ қабаттары Күлсары кәсіпшілігіне көп пайда келтірді. Солтүстік қанатта бұл құрылымдардың альб, апт, неоком және юра шөгінділерінің қалыдығы екі есе аз және мұнай қабаттарының қалыңдығы өте аз және өндіріске жарамсыз тотыққан мұнайдан тұрады.
Қолданылған әдебиеттер.
- Авров П.Я., О генезисе солянокукольных структур Урало-Эмбенской области, ДАН СССР, т. 73, № 3, 1950.
- Авров П.Я., О динамике процесса формирования Прикаспийской солянокупольной провинции, геол. сб. ВНИГРИ, ІІІ (ІV) 1, Гостоптехиздат, 1956.
- Авров П.Я., Космачева Л.Г., Механизм образования солянокупольных структур Северо-Прикаспийской впадины, Изв. АН КазССР, серия геол., вып. 1 (38), 1960.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Схема классификации соляных куполов Южной Эмбы, Геол. сб. № 2, Труды ВНИГРИ, нов. серия, вып. 95, 1956.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Схема классификации зележей нефти на соляных куполах Эмбы, Геол. сб. № 2, Труды ВНИГРИ, нов. серия, вып. 95, 1956.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Тектоническая история развития Прикаспийсклй впадины, Труды ВНИГРИ, вып. 128, Гостоптехиздат, 1958.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Геологическое строение и нефтеностность Южноэмбенского района, Труды ВНИГРИ, вып. 132, Гостоптехиздат, 1959.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Днепров В.С., Колтыпин С.Н., Соколова Е.И, Перспективы нефтегазоносности Южноэмбенского района и прилегающих с юга территорий, “Геология нефти и газа”, № 9, 1958.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Неволин Н.В., Эвентов Я.С., Геологическое строение и нефтегазоносность Прикаспийской солянокупольной области, Труды Межунар. Геол. конгр., 21-я сессия, 1960.
- Айзенштадт Г.Е.-А., Нефтеносные толщи Приксапийской впадины, Л. 1967.
- Апресов С.М., Соляная тектоника и диапиризм, “Нефтяное хозяйство”, № 4, 1954.
- Баренбойм М.Й., Схема строения поверхности подсолевого ложа юго-восточной части Прикаспийской впадины, ДАН СССР, т. 101, № 1, 1955.
- Косыгин Ю.А. Механизм образования соляных куполов. “БОИМП, отд. Геолог.”, 1945, ¹ 5-6.
- Косыгин Ю.А. Соляная тектоника платформенных областей. Гостоптехиздат, 1950.
- Косыгин Ю.А., Швембергер Н.А., Никитина Ю.П. О некоторых закономерностях расположения соляных куполов Южной Эмбы., БМОИП, отдел геол., т. 23 (2), 1948.
- Косыгин Ю.А. Особенности изучения соляной тектоники., сб. “Методы изучения тектонических структур”, вып. 2, Изд-во АН СССР, 1961.
- Кытик В.И., Условия образовония соляных структур. Киев, Изд-во Акад. Наук УССР, 1963.