АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ халқының саятшылық өнерінің заманауи жолдарын анықтау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

Ұлттық спорт түрлері кафедрасы

 

Алғожа Айбын

 

 

 

Қазақ халқының саятшылық өнерінің заманауи жолдарын анықтау

 

Дипломдық жұмыс

 

Мамандығы:                   5В010800 — Дене шынықтыру және спорт

Мамандану саласы:          ұлттық спорт түрлері

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

Ұлттық спорт түрлері кафедрасы«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ.к..профессор

——————Е.М.Мухиддинов

———————2015

 

 

 

 

АЛҒОЖА АЙБЫН

 

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЯТШЫЛЫҚ ӨНЕРІНІҢ ЗАМАНАУИ ДАМУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ» тақырыбына жазылған      диплом жұмысы

 

 

Мамандығы:                       5В010800 — Дене шынықтыру және спорт

Мамандану саласы:               ұлттық спорт түрлері

Орындаған:                                                                 Алғожа Айбын

Ғылыми жетекшілері: 

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

Профессор                                                                   Е. М .Мухиддинов

Аға оқытушы                                                              Н. О. Өтенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы -2015

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР—————————————————……….4

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР—————-………..-5

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………………6

1 САЯТШЫЛЫҚ АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА……………….9

    1.1  Адамзаттың рухани мұрасы ………………………………………………………………9

    1.2 Қазақтың құсбегілік дәстүріі ……………………………………………………………..13

    1.3 Саятшылықтың қазақ жеріндегі дамуы ………………………………………………19

    1.4 Саятшылық жайлы ақын-жазушылардың еңбектері ……………………………25

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ…………………………..30

    2.1 Зерттеу әдістері…………………………………………………………………………………30

    2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы……………………………………………………………..30

3 «ҚЫРАН БҮРКІТ НЕ АЛМАЙДЫ САЛСА БАПТАП»……………………….32

     3.1 Түз құстарын ұстау және баптау……………………………………………………….32

     3.2 Саят құстарының түрлері, аңға қосу …………………………………………………34

     3.3 Құстардың түлек жастары  ……………………………………………………………….53

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………58

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………………59

 

 

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.

 

Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР заңы.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінің бұйрығымен бекітілген 18 наурыз 2008 жылғы №125 білім алушылардың оқу үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациялануын жүргізу ережелері. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесі. Негізгі ережелер. 2009.09.01.

 

Қазақстан Республикасының 2011-15 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт бойынша Мемлекеттік бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

АНЫҚТАМАЛАР,  БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Желбесін құс— етін жеп ,мамық жүнін шаруаға жұмсайтын пайдалы құстар тобы.

Тұяқты құстар-адамның қолына үйретуге  икемді  қыран құстар тобы

Шүйгін тарлан-қаршығаның сирек тұқымды түрі.

Қызыл қайың —қаршығаның  енді бір тегін  «қызыл қайың» деп атайды.Бұлай аталуы қаршығаның бұл тұқымы қайыңға ұялайтындықтан туған.

Тірнек-саят құстарының жүні тозып ,саңылтырланып ,аңдармен  көп алысып, алдындағы түлекті сағынып отыратын жасы

Мәдениет – адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе жинақтау барысында түзілген материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы.

Даму – табиғатта, қоғамда және адамның түйсінуінде төменгіден жоғары сатыларға өтудегі қимыл-қозғалыстардың, құбылыстардың, өзгерістердің жалпылама үдерісі .

Дене дайындығы – таңдап алынған спорт түрінің әдістемелік ерекшеліктерінің талаптарына сай жүзеге асырылатын арнайы мамандандырылған үдеріс .

Үйрету – ең алдымен тәрбие берудің білім беру элементтерін меңгеруге арналған педагогикалық үдеріс .

Әдіс – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің маңызды міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық іс-шаралардың ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз етудің жолы, амалы.

Әдістемелік амал – педагогикалық үдерістің жекелей мәселелеріне таңдаулы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті  қолданудың жекелей жолы .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:  саятшылықтың қазақ  халқының тарихындағы, мәдени дамуындағы маңызын айқындау. Саят құстарының жаратылыстағы ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәдени істің бірі ретінде қарау.

        Ойлы көзбен қарап,  зерделі сөзбен санап көрсең,  қазаққа тән жақсы қасиет мол екеніне көз жеткізесің. Бағалай білсек, ондай ұлттық үлгілеріміз

 жетіп артылады. Солардың  қатарында  қазақтың саятшылық  дәстүрінің  де лайықты орны бар. 

          Содан да құс салатын азаматтарды аттай қалап,  атан  түйедей, елдеріне

шақырып қызықты сәттерге  куә болып жүргендер қатары  толыға түсуде. 

Иә, арғы бергі тарихқа көз жіберіп, ой тоқтатсақ,құсбегілер біраз елде болған. Бірақ дәл қазақ секілді қалыбында сақтапқала алмаған. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлтымыздың ұлылығынан шығар,ұлттық үлгілерін ұрпағына сырын кетірмей, сынын бұзбай жеткізіпотырған ғой. Мұның әдібін хаттап қағазға түсірмесе де, көзініңашықтығынан даласындай дархан көңіліне бәрін түймедей түйіп, көкейіне сақтаған түп төркінінде арғы

қазақтың алғырлығы жатыр.                

       Оған бұл арада дәлелдәйек іздеп жатпасақ та тарихи дүниелерден көріп-біліпотырмыз. Жердегіні қойып, көкті шарлаған қыранды қолға ұстап баулуы,алтын арқауды үзбеуі халқымыздың зеректігін, жадының таза екенін

көрсетеді.  Қазақ халқының осы саятшылық өнерін зерттеу – Қазақстан тарихындағы ең бір актуальды мәселелерінің бірі болып отыр.Әсіресе қазіргі таңда халықтың өткен тарихы мен мәдениетін зерттеуде саясаттан тыс ғылыми көзқарастар қалыптаса бастаған кездегі маңызы ерекше.                       Дипломдық жұмысымның мақсаты,қазақ халқының ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішіндегі кейінгі кездерде назарға көп ілінбей жүрген қазақтардың аңшылық кәсібі туралы болмақ. Солардың бірі —  саятшылық өнері. Саятшылықтың әсіресе қазақ халқының тарихында, мәдени дамуында маңызы зор болған. Қазақ тілінде осы саятшылыққа байланысты көптеген сөздер бар, олар қазір де небір тарихи жазбаларда, көркем әдебиетте кеңінен қолданылып жүр. Саятшылықты халық ежелден өнердің  бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс санамаған.                                             

Зерттеу нысаны –  саятшылық, оның қазіргі кездегі даму жолын анықтау.Қазақ халқының аңшылық кәсібіне тоқтала отырып, саят құстарының түрлерін зерттеу.

Зерттеу мақсаты –қазіргі кездегі саят құстарының ,саятшылық өнерінің даму жолын анықтау.Қыран құстардың жаратылысын, қолға үйрету жолдарын айқындау.

Зерттеу әдістері- халқымыз қыран құстарды ерекше қадір тұтқан, әлі де құсбегілік ұрпақтан ұрпаққа беріліп жалғасып келеді. Құсбегілік -дәстүріміз бен мәдениетіміздің бір бөлшегі әрі ұлттық спорттың бір түрі ретінде зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Саятшылықтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
  2. Саятшылықтың заманауи даму деңгейін айқындау.

Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық  құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.

Ғылыми жаңалығы:

  • Саятшылықтың ерекшеліктерін, жетілдіру жолдарын анықтау  ;
  • Саятшылық негізінде қазақ халқының дәстүрлі  бүркітшілік өнеріне  зерттеу сараптама  жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:

— саятшылық  негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;

— саятшылық ұлттық этностық-мәдени, құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізу.

Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарының теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты  мүмкіндіктерін көрсетеді.

Тәжірибелік маңыздылығы  – алынған нәтижелер саятшылықтың заманауи  жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жұмысымның мақсаты,қазақ халқының ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішіндегі кейінгі кездерде назарға көп ілінбей жүрген қазақтардың аңшылық кәсібі туралы болмақ.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1 САЯТШЫЛЫҚ АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА

 

  • Адамзаттың рухани  мұрасы

 

       Айтар сөздің әлқиссасын саятшы­лыққа қарай бұрсақ, бұл кәсіп басында нәсіпті ажырату үшін пайдаланылса керек. Бірте-бірте ата-бабаларымыз оны бекзат өнерге ұластырған. Биік дәрежеге жет­кізген. Тек­тілігі мен тегеуріні мықты қы­ран құсты баласындай баулып, алақа­нында ұстаған. Сән-салтанат кезінде жұрт­қа көрсетіп, бабына келгенде дала тағысына салған. Сонар кезіндегі ерекше сәттер кімнің де болса көңіліне қанат бітіріп, жан-дүниесіне сезім шуағын шашып, ұлан-асыр қуанышқа кенелткен. Балапан баптап, қыран ұшырудың сондай бір әдемі көрінісін ұлы жазушы Мұхтар Әуе­зов: «Аңшылықтың үміт, қуа­нышы көп. Ыстық оттай қызулы минөті көп, мағы­налы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл – салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніңдей ыс­тық сезім өмір. Өйткені, бір минөттің ішін­де қуанатын да, жүдейтін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүр­гендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түл­кінің құ­тыл­мақ болған айласына, құс­шының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшы­лық өмірінен ілгері-соң­­ғыдан қалған талай қызықты, жанды сұлу әңгімелер көп», дейді. Ұлттық құн­дылықты тап басып танып, оның кере­метіне шын сүйсініп, түй­сінген адам ғана осылай тамылжытып айта алса керек. Ондай ұлылық осы арада ұлы жазушыға бұйырғанын көреміз [1].

       Саятшылық негізі – қыран баптап, құмай тазы жүгіртуде жатыр. Бұл туралы тарихи жазбаларда қызықты деректер көп­теп кездеседі. Бір ғана мысал, Ба­ба­құмар Хинаят пен Қуаныш Исабековтің «Саят­шылық – қазақтың дәстүрлі аңшы­лығы» (Алматы кітап, 2007) атты әдеби-танымдық кітабын оқып отырғанда оған айқын көз жеткізесің. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардан хабардар ететін тастағы ойма суретте құс ұстаған адамдар бейнеленген. Сол секілді Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыс­тардың нәти­жесіне үңілсең де алтын ұстап, темір қорыт­қан ата-бабалары­мыз­дың құсбегі­лікті, тазымен аң аулауды қатар алып жүргенін аңғарасың. Оған Атыраудан бас­тап Алтайға, одан Ала­тауға, Арқаға дейін­гі аралықты алып жатқан құт мекеннің кез келген жерінен табылған құсбегілік туралы деректер дәлел бола алады. Қыран мен сұңқар, төрт аяқты тұлпар бейнеленген алтын құймалар Атыраудағы Аралтөбе қоры­мы­нан, Алматы маңындағы Есік қорға­нынан табылғаны баршаға мәлім [2].

Саятшылық туралы алуан түрлі көрі­ністерді көркем дүниелерден де оқуға болады. Оған бір мысал мынадай. Мың жылға таяу уақыт бұрын жазылған «Қабус­­наманың» он жетінші тарауы түгел­дей саятшылыққа арналған. Жоға­рыда айтқан кітапта төрт­күл дүниені түгел билемек болған Шың­ғыс ханның сұңқар салғандығы, Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагер­лерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір қолы бос кезде құс салып, ит жүгіртуді әдепті әдетке айналдырғаны айтылады. Бұған қоса Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны, тіпті мұны мемле­кеттік деңгейге дейін көтер­гені, саят­шылық әскери жаттығуда ең ма­ңызды рөл атқарғаны да алға тартылады [3].

Италия саяхатшысы Марко Поло, орыс тарихшысы Николай Карамзин, поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич се­кіл­ді шетелдік ғалымдардан қалған ең­бек­терді парақтасаң, бұл өнердің небір керемет­теріне қанық боласың. Мәселен, Күйік ханның ордасында 4 айға жуық болғанда М.Поло жиырма мың құсбегі мен аң­шының жүргенін хатқа түсірген. Он мың қызыл, он мың көк түсті киім киген аңшылар, ханмен бірге саятқа шы­ғады екен. Бұлардың ішінде екі мың адам тазы мен төбет иттерді жетектеп жүретін болыпты. Күншілік жерден шең­­бер құрып, аң мен құсты үркітіп қыспаққа алу сәтіндегі көріністердің ерекше болатынын да жазып қалдырған. Ал Жошы ханның айналасында үш мың қыран, Абылай ханның 500 бүркіт, 300 қаршыға, сұңқар ұстаған құсбегілері туралы да деректер баршылық [4].

Орта ғасырда саятшылық өнерді ерекше құрметтегендер туралы әңгіме қозғал­са, оның көш басында көшпенділер тұр. Себебі, құсбегілік көшпенділер өмірін­де үлкен рөл атқарған екен. Түбіміз бір делінетін түрік сұлтаны І Баязидтің (1354-1403) 6000 сұңқаршысы болған көрі­неді.

 Ал атақты Бабырдың (1483-1530) «Бабырнама» атты кітабында саят­шылық жайлы ой таратылып, қыран құс жоғары бағаланады. «Хасан Әли Жалайыр құсбегі әрі ақын еді», дейді. «Саят­шылық» деген іргелі еңбек авторлары: «Мұндағы жалайыр (жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады», дейді. Мұны күмәнсіз дәйекті байлам деп тұжырамыз [5].

Көне Руссияны билегендер сұңқар бекеттерін жасақтап, құсбегілік туралы қарар қабылдаған. Мәскеу төңірегіндегі Сокольники деген жер соған дәйек секілді. Біздің мемлекетіміздің анау ғасырларда іргетасын қалаған алыптары да ұлттық үлгіге сергек қараған. Оған Тәуке ханның тұсында қабылданып, қазақ­тың әдет-ғұрпын тиянақтаған әйгілі «Жеті жарғы­да» аңшылыққа ерекше мән берілгені мысал бола алады. Айтулы құжатта: «Аңға салатын итті, құсты, (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», делінген. Осының өзінен-ақ саят­шылыққа қазақтың қаншалықты мән бергенін көру қиын болмасы анық [6].

Жоғарыда аталған кітаптағы мына бір деректерді келтіре кетсек дейміз: «Еуропада үлкен қызығушылыққа ие болған құсбегілік өнер аристократтардың ермегі орнында жүргенімен, жалпыхалықтық қолдауға ие болып, ХVІ ғасырда шарық­тау шегіне жетті, – дейді венгр ғалымы Ласло Дьюла. – ХХ ғасырда адамзаттың технократтық өркениеті мен ату қару түрінің көптеп өндірілуі және жалпы адамзат санасының қатыгезденуі салдарынан көптеген құстармен бірге жырт­қыш, аушы құстар оққа ұшып, олардың қатары сиреп кетті. Бұл тенденцияны экологиялық факторлар мен табиғатты игеру, қалалану (урбанизация) үрдісі де ушықтырып жіберді. 1905 жылы бір ғана Венгрияда 6115 бүркіт, 57923 сұңқар тектесті, 11 мыңдай үкіні атып құртқан екен». Мұндай қатыгездікке не дерсің? Та­биғаттың тепе-теңдігі осындайдан бұ­зылады? Ал адамға жасалған арсыздық­тың да кесір-кесапатын жұрт біледі [7].

«Атбегі – аттың тұяғына қарар, құс­бегі – құстың қияғына қарар», деп текті­ліктің үлгісі, басқаны былай қойғанда, Күлтегін, Білге қағаннан бастап, Абайға дейін, одан кейін де әспеттелген. Білге қаған құс бейнелі тәж кисе, Көкшегір, Қарашолақ­тай бүркіт баулыған, «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» деген Абай: «Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға… Бүркітші тау басында, қағушы ойда… Қыран құс көзі көріп самғағанда, Қанат, құйрық суылдап, ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйыл­ғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады. Жеке батыр шық­қандай қан майданға, Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы», дей келіп: «Қыр – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қы­зыл… Қыран бүктеп астына дәл басқанда. Құсы да, иесі де қоразданар», дейді. Қас пен көздің арасында болатын осы бір сәтті ұлы ақын өлең-суретпен бейнелегенде құсбегіліктің бүкіл болмысы мен мұн­да­лап тұрғаны хақ. Сол дәуірдегі қазақ жақ­сыларының өміріне бойласаң, қыран тағ­дырлас бол­ғанын, заман шетке қағып, замандасы не тындырар дейсің деп аузын баққанда астындағы атына, қолындағы құ­сына, ерткен тазысына мұңын шағып, бебеулеген ғой. Ақан серінің «Қараторғайы», «Көкжендеті» сөзімізге дәлел Саятшылық өнерді біз ұлтаралық («межнациональное») деп те айта аламыз.Өйткені көптеген халықтар сонау көне дәуірден бірімен –бірі көрші келеді және олардың өмірлік әдет-ғұрыптары,дәстүрлері және мәдениеті де өте ұқсас болды. Осыдан қазақ пен қырғыздың,түркімен және қарақалпақтың аңшылық өнері жағынан көптеген ұқсастықтары бар. Осыдан қоғамның әртүрлі саласындағы рухани және материалдық өміріндегі ұқсастықтар-ұлтаралық дәстүрлерді жақындастырды. Халықтың мәдени мұрасының тарихына аса ұқыптылықпен  қарау керек. Осы дипломдық жұмысымда қазақтың аңшылық өнеріндегі жетістіктерін ашуды өз мақсатым деп түсінем [8].

        

  • Қазақтың құсбегілік дәстүрі

 

Саятшылдық тарихын белгілі бір жылмен шектеу артық болар. Адамзатпен бірге жасап келе жатқан кәсіп десек, қателесе қоймаспыз. «Сен-дағы жерден нәр алдың, Мен-дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың, Біреуден мен де жаралдым… Сүрейік өмір алмасып», деп ақын Мұқа­ға­ли Мақатаев айтқандай, қыранмен қанатта­сып, күн кешіп келе жатқан қазақ – қыран­ды бағалаудай-ақ бағалаған. Кейін ғой за­манға күйлейміз деп саябырсытып алға­ны­мыз. Оған қазақ ұлтының алтын тамыры болып саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрпы­мыздың шырақ­шысы болып, артына өлмес мұра қал­дырған академик Әлкей Мар­ғұлан­ның мына бір толғамын оқып көрелік: «Қазақ­станның көптеген ежелгі мәдени ескерт­кіштерінің ішінде кейінгі кезде назар­ға аса көп ілінбей жүрген біреуі бар дегім келеді. Ол – саятшылдық өнері… Саят­шылдық­тың, әсіресе, қазақ халқының тарихында, мәдени дамуында маңызы зор болғаны белгілі. Қазақ тілінде осы сая­сатшылдыққа байланысты туған мың жарымдай сөз бар, олар қазір де небір тарихи жазбаларда, көркем әдебиетте кеңі­нен қол­данылады [9].

 Саятшылдықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс көзі санамаған. Біз бір кездерде қалың жұртты қайран қал­дырып, талай­лардың таңдайын қақтырған осынау өнер­дің біртіндеп сиреп, қайталан­бастай болып, жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз. Саят­шылдық – ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Ол халық жүрегіне жол тап­қан көптеген әдеби, мәдени және музы­калық шығармалар тудырды… Ал даму­дың шырқау биігіне шық­қан, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған біздің заманымызда сол саятшылдық жо­ғалып бара жатқанына қайтіп өкінбеске. Саятшылық өнер арқылы халық табиғатпен қоян-қол­тық араласып, оған жақындығын сезінетін, енді осы сезім сейілсе, бір кезде дамып қанат жайған халық мәдение­тінің де бір бөлшегі ұмытылғаны емес пе?» депті. Осы арада ұлы ғалымның Ахмет Бай­тұрсынов айтқан: «Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабық­паймын, Ел – бүгін үшін, менікі ертеңгі үшін» деп бүгінді емес, ертеңге алаң болған көрегендігі көсемдік қой. Дәл қазір ғұла­маның …«бозторғай жұмыртқа­лаған біздің заманымызда…», деген сөзін еске түсіріп, тәуелсіздік тұ­сын­да саятшы­лық өнерді әлем­дік дең­гейге шығарсақ, оның да ал­ғашқы бастауы қазақ жұртында шығар деген алдағы байламымыз ақиқатқа айналатынына иманымыз кәміл.

Қазақ қыранды баптап, құмай тазыны жүгіртумен шектелген жұрт емес. Зерек­тігі мен зерделігінен шығар, құстың да, иесіне адал иттің де «тілін» білген. Қыран болар балапанды қиядан, ұшқыр тазыны ұядан таныған. Балапанды баулып, жетіл­діріп түлекке жеткізіп түлетіп ұшырған.

Иә, құсбегілік екінің біріне ермек өнері емес. Қасиеті ерен, киесі бөлек. Ақылыңа айлаң сай болмаса, құс салып ит жүгір­темін деу бос далбаса. Құс тілін таппасаң, баулып бағын ашпасаң, тегеу­рінін қайы­рып, тұяғын мұқалтып, қияғын жұтатып, қанатын қобыратып, шақар шаңқылын қарғаның қаңқылына апаруың мүмкін [10].

Қазақ даласынан қыранмен бірге самғап шыққан талантты құсбегілер аз болмаған. Солардың бірегейі: «Аспанда ұша берсем қанатым талады, жерге қон­сам жалайыр Шора алады», деп зар шеккен қыранның бүкіл болмысын алақа­нындағыдай таныған жалайыр Шора көз алдындағыны қойып, көз ұшында ұшып бара жатқан құстың қасиетін біліп, қайда қонатынын айтып, алғыр екен, алып келіңдер, не қоянға да шамасы жетпейтін жарға қонар жапалақ секілді әуре бол­маңдар, дейді екен. Тіней құсбегі туралы да аңызға бергісіз әңгімелер баршылық. Оның Сарықұсы қасқыр, түлкі, бұғы, марал, аюға түседі екен. Өмірден көзі ашық өткен этнограф, саятшылық туралы сөз қозғағанда күнді күнге, түнді түнге жал­ғап сөз қозғайтын Жағда Бабалы­құлы: «Тінейдегі қасиет – ұялас екен Сарықұс­пен, Шорадағы қасиет – тілдес екен бар құспен», деп отыратын. Мұндай айтулы бүркітшілер туралы айта беруге болады. Бірақ саятшылықтың құпиясын ашып, елдік деңгейге көтеру ісі басты мақсат болып тұр. Құпиясы өздігінен ізденгендер­дің азын-аулақ жазған, сыз­ғандарында айтылады. Шындығына келгенде, құсбегі­ліктің әлі де ашылмаған сыры, шешіл­меген жұмбағы жетіп артылады. Мұны ғылым тіліне арқау етіп, зерттеп, зерделеу келешектің еншісінде, кезі келер деп жүргенде қазір саусақпен санарлықтай болып қалған көнекөздерден соң көп дүние көмескіленіп қалмас па екен деген бір ой мазалай береді. Сол көнекөздердің көзі тұрғанда олардың бойындағы, ойын­дағы ұлттық үлгілерді жас бүркітшілерге дарыта алсақ, сабақтастық жалғасын табар еді-ау! Мұны ұлтқа керек деп атқара алмасақ, бір кездері әттең-ай деп сан соғып қаларымыз шүбәсіз. Бұл тұрғыдан келгенде «тәжірибе» жоқ емес!

Кітап оқыған бір басқа, көзбен көріп, қолмен ұстаған, құлақпен естіген бір бас­қа ғой. Егер саятшылықты ғылым тіліне көшіріп, зерделейтін болсақ, аңшы­лық тарихының бастау басынан бастап, даму кезеңдері, шарықтау шегі, қазақтың құс­бегілік дәстүрі, оның ішінде саят түрлері, құрал-жабдықтар, жол-жорал­ғысы, жем беру, қайыру, киім үлгілері, жеті қазына­ның бірі құмай тазы – бәрі де осы күнгі­дей тарыдай шашылмай, бір арнада тоғысар еді-ау! Академик Әлкей Марғұ­лан данамыз айтқан 1500-дей сөз рухани қазынамызды толықтырып, тілдік қорымызды молайтар еді. Мұндай тірлік­ті тиянақты жүргізбесек, әркім өз білер­мендігіне салып, тіпті әр өңір өзінің топшылауымен тон пішіп, ұлттық байлық саналатын саятшылық дәстүрімізді құл­ды­ратып, су аяғы құрдымға жіберуіміз де ғажап емес. Қазірдің өзінде ондай ырың-жырың анда-санда байқалып қалып жатады. Сол себептен де ұлт ісіне жұрт болып бірігетін күн осы кез деп білеміз. Мысалы, асыл тасты күміспен көмкеріп, оны былғарыға бекіткен томаға, балақбау, ағаштан, жан-жануарлардың мүйізінен жасаған тұғыр, балдақ, жем қалта, су беретін саптаяқ, белдік – бәрі де ұлттық өнеріміздің жауһары екені сөзсіз. Осыны ғылыми тұрғыда дәйектеп, оны нағыз шеберлер жасап, әлемдік деңгейде құс салудан жарыс өткізсек, әлгі өнер туындыларынан көрме ұйымдастырсақ, кімнің де болса көзінің жауын алып, көңілін марқайтары айдан анық [11].

       Жүргізілген археологиялық қазба жұмыс­тардың нәти­жесіне үңілсең де алтын ұстап, темір қорыт­қан ата-бабалары­мыз­дың құсбегі­лікті, тазымен аң аулауды қатар алып жүргенін аңғарасың. Оған Атыраудан бас­тап Алтайға, одан Ала­тауға, Арқаға дейін­гі аралықты алып жатқан құт мекеннің кез келген жерінен табылған құсбегілік туралы деректер дәлел бола алады. Қыран мен сұңқар, төрт аяқты тұлпар бейнеленген алтын құймалар Атыраудағы Аралтөбе қоры­мы­нан, Алматы маңындағы Есік қорға­нынан табылғаны баршаға мәлім [12].

Саятшылық туралы алуан түрлі көрі­ністерді көркем дүниелерден де оқуға болады. Оған бір мысал мынадай. Мың жылға таяу уақыт бұрын жазылған «Қабус­­наманың» он жетінші тарауы түгел­дей саятшылыққа арналған. Жоға­рыда айтқан кітапта төрт­күл дүниені түгел билемек болған Шың­ғыс ханның сұңқар салғандығы, Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагер­лерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір қолы бос кезде құс салып, ит жүгіртуді әдепті әдетке айналдырғаны айтылады. Бұған қоса Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны, тіпті мұны мемле­кеттік деңгейге дейін көтер­гені, саят­шылық әскери жаттығуда ең ма­ңызды рөл атқарғаны да алға тартылады.

       Италия саяхатшысы Марко Поло, орыс тарихшысы Николай Карамзин, поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич се­кіл­ді шетелдік ғалымдардан қалған ең­бек­терді парақтасаң, бұл өнердің небір керемет­теріне қанық боласың. Мәселен, Күйік ханның ордасында 4 айға жуық болғанда М.Поло жиырма мың құсбегі мен аң­шының жүргенін хатқа түсірген. Он мың қызыл, он мың көк түсті киім киген аңшылар, ханмен бірге саятқа шы­ғады екен. Бұлардың ішінде екі мың адам тазы мен төбет иттерді жетектеп жүретін болыпты. Күншілік жерден шең­­бер құрып, аң мен құсты үркітіп қыспаққа алу сәтіндегі көріністердің ерекше болатынын да жазып қалдырған. Ал Жошы ханның айналасында үш мың қыран, Абылай ханның 500 бүркіт, 300 қаршыға, сұңқар ұстаған құсбегілері туралы да деректер баршылық [13].

Орта ғасырда саятшылық өнерді ерекше құрметтегендер туралы әңгіме қозғал­са, оның көш басында көшпенділер тұр. Себебі, құсбегілік көшпенділер өмірін­де үлкен рөл атқарған екен. Түбіміз бір делінетін түрік сұлтаны І Баязидтің (1354-1403) 6000 сұңқаршысы болған көрі­неді.

 Ал атақты Бабырдың (1483-1530) «Бабырнама» атты кітабында саят­шылық жайлы ой таратылып, қыран құс жоғары бағаланады. «Хасан Әли Жалайыр құсбегі әрі ақын еді», дейді. «Саят­шылық» деген іргелі еңбек авторлары: «Мұндағы жалайыр (жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады», дейді. Мұны күмәнсіз дәйекті байлам деп тұжырамыз [14].

         Көне Руссияны билегендер сұңқар бекеттерін жасақтап, құсбегілік туралы қарар қабылдаған. Мәскеу төңірегіндегі Сокольники деген жер соған дәйек секілді. Біздің мемлекетіміздің анау ғасырларда іргетасын қалаған алыптары да ұлттық үлгіге сергек қараған. Оған Тәуке ханның тұсында қабылданып, қазақ­тың әдет-ғұрпын тиянақтаған әйгілі «Жеті жарғы­да» аңшылыққа ерекше мән берілгені мысал бола алады. Айтулы құжатта: «Аңға салатын итті, құсты, (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», делінген. Осының өзінен-ақ саят­шылыққа қазақтың қаншалықты мән бергенін көру қиын болмасы анық [15].

Саятшылдықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс көзі санамаған. Біз бір кездерде қалың жұртты қайран қал­дырып, талай­лардың таңдайын қақтырған осынау өнер­дің біртіндеп сиреп, қайталан­бастай болып, жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз. Саят­шылдық – ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Ол халық жүрегіне жол тап­қан көптеген әдеби, мәдени және музы­калық шығармалар тудырды… Ал даму­дың шырқау биігіне шық­қан, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған біздің заманымызда сол саятшылдық жо­ғалып бара жатқанына қайтіп өкінбеске. Саятшылық өнер арқылы халық табиғатпен қоян-қол­тық араласып, оған жақындығын сезінетін, енді осы сезім сейілсе, бір кезде дамып қанат жайған халық мәдение­тінің де бір бөлшегі ұмытылғаны емес пе?» депті. Осы арада ұлы ғалымның Ахмет Бай­тұрсынов айтқан: «Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабық­паймын, Ел – бүгін

үшін, менікі ертеңгі үшін» деп бүгінді емес, ертеңге алаң болған көрегендігі көсемдік қой. Дәл қазір ғұла­маның …«бозторғай жұмыртқа­лаған біздің заманымызда…», деген сөзін еске түсіріп, тәуелсіздік тұ­сын­да саятшы­лық өнерді әлем­дік дең­гейге шығарсақ, оның да ал­ғашқы бастауы қазақ жұртында шығар деген алдағы байламымыз ақиқатқа айналатынына иманымыз кәміл.

Қазақ қыранды баптап, құмай тазыны жүгіртумен шектелген жұрт емес. Зерек­тігі мен зерделігінен шығар, құстың да, иесіне адал иттің де «тілін» білген. Қыран болар балапанды қиядан, ұшқыр тазыны ұядан таныған. Балапанды баулып, жетіл­діріп түлекке жеткізіп түлетіп ұшырған.

Иә, құсбегілік екінің біріне ермек өнері емес. Қасиеті ерен, киесі бөлек. Ақылыңа айлаң сай болмаса, құс салып ит жүгір­темін деу бос далбаса. Құс тілін таппасаң, баулып бағын ашпасаң, тегеу­рінін қайы­рып, тұяғын мұқалтып, қияғын жұтатып, қанатын қобыратып, шақар шаңқылын қарғаның қаңқылына апаруың мүмкін [16].

       Бірақ саятшылықтың құпиясын ашып, елдік деңгейге көтеру ісі басты мақсат болып тұр. Құпиясы өздігінен ізденгендер­дің азын-аулақ жазған, сыз­ғандарында айтылады. Шындығына келгенде, құсбегі­ліктің әлі де ашылмаған сыры, шешіл­меген жұмбағы жетіп артылады. Мұны ғылым тіліне арқау етіп, зерттеп, зерделеу келешектің еншісінде, кезі келер деп жүргенде қазір саусақпен санарлықтай болып қалған көнекөздерден соң көп дүние көмескіленіп қалмас па екен деген бір ой мазалай береді. Сол көнекөздердің көзі тұрғанда олардың бойындағы, ойын­дағы ұлттық үлгілерді жас бүркітшілерге дарыта алсақ, сабақтастық жалғасын табар еді-ау! Мұны ұлтқа керек деп атқара алмасақ, бір кездері әттең-ай деп сан соғып қаларымыз шүбәсіз. Бұл тұрғыдан келгенде «тәжірибе» жоқ емес! [17].

        Кітап оқыған бір басқа, көзбен көріп, қолмен ұстаған, құлақпен естіген бір бас­қа ғой. Егер саятшылықты ғылым тіліне көшіріп, зерделейтін болсақ, аңшы­лық тарихының бастау басынан бастап, даму кезеңдері, шарықтау шегі, қазақтың құс­бегілік дәстүрі, оның ішінде саят түрлері, құрал-жабдықтар, жол-жорал­ғысы, жем беру, қайыру, киім үлгілері, жеті қазына­ның бірі құмай тазы – бәрі де осы күнгі­дей тарыдай шашылмай, бір арнада тоғысар еді-ау! Академик Әлкей Марғұ­лан данамыз айтқан 1500-дей сөз рухани қазынамызды толықтырып, тілдік қорымызды молайтар еді. Мұндай тірлік­ті тиянақты жүргізбесек, әркім өз білер­мендігіне салып, тіпті әр өңір өзінің топшылауымен тон пішіп, ұлттық байлық саналатын саятшылық дәстүрімізді құл­ды­ратып, су аяғы құрдымға жіберуіміз де ғажап емес. Қазірдің өзінде ондай ырың-жырың анда-санда байқалып қалып жатады. Сол себептен де ұлт ісіне жұрт болып бірігетін күн осы кез деп білеміз. Мысалы, асыл тасты күміспен көмкеріп, оны былғарыға бекіткен томаға, балақбау, ағаштан, жан-жануарлардың мүйізінен жасаған тұғыр, балдақ, жем қалта, су беретін саптаяқ, белдік – бәрі де ұлттық өнеріміздің жауһары екені сөзсіз. Осыны ғылыми тұрғыда дәйектеп, оны нағыз шеберлер жасап, әлемдік деңгейде құс салудан жарыс өткізсек, әлгі өнер туындыларынан көрме ұйымдастырсақ, кімнің де болса көзінің жауын алып, көңілін марқайтары айдан анық.

 

 

 

  • Саятшылықтың қазақ жеріндегі дамуы

 

Кеңес заманының желігімен біраз жерге барып, баршылыққа басы айналып, артынан ақыл кіріп, осы біз кім едік, ілікке алынар неміз бар деген тұста, яғни өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасына қарай саятшылық қайта жандана бастаған еді. Қашанда ұлт үшін жаралған ұлт зиялыларының жөні бөлек қой. Ол қай уақытта да көш ілгері жүреді, төңі­регін түгендеп, бардың бағасына жетеді. Оған салтанатты сарайдан, іс басында қарайған лауазым иесінен гөрі, халқының қасиеті, ұлтының үлгісі қымбат. Көп жұрт ескінің сарқыншағы, көненің қалдығы, бұл етекке оралғы, етке таңба, бетке шіркеу деп жүргенде, әлгіндей асылдарымызды ойы озық зиялылар хатқа түсіріп отырған. Соның бір дәлелі деп жоғарыда Әлкей Марғұланның зар сөзін келтірдік [18].

Сол ұлы ғалым ескерусіз қалды деген дәстүрімізді жаңғырту мақсатында алғаш рет, 1987 жылы: құсбегілік, наурыз, ораза, айт, тағы басқа ғұрыптарымыздың қыр-сырын зерттеп, зерделесек деген ниетпен этнографиялық «Жерұйық» қоғамы құ­рыл­­ған еді. Оның басы-қасында атақты этнограф Жағда Бабалықұлы, Әбілхақ Тұр­дыбайұлы, Әбен Тоқтасынұлы, тағы да басқа ұлтшыл азаматтар жүргенін бі­ле­­міз. Олар сөзбен барды қағазға түсі­румен шектеліп қалған жоқ. «Тірі» көріністі қайтсек халыққа көрсетеміз деп талпынды. Соның алғашқы қадамы ретінде «Сонар-89» атты республикалық салтанатты рәсім өткізді. Ол Алматы қаласының қақ ортасында, қасіреттен аман, халқына адал қызмет етіп жүргенде бабалар үлгісін мұрат тұтып, қыран ұста­ған дауылпаз ақын, нұр төгілген дидарымен, ғаламат серілігімен талайдың таңдайын қақтырған Сәкен Сейфуллиннің ұлы өнегесін жаңғыртып, асқан ұқыпты­лықпен стадионда ұйымдас­тырғанына куәміз. Бұл үлкен сілкініс туғызды [19].

Құстарын ұстап, ат үстінде сап түзеген құсбегілерді көргенде бүкіл жұрт, әсіресе, үлкендер тәубе деп орындарынан тік тұрып, ілтипат танытты. Жастар жағы осындай да дәстүріміз бар екен-ау деп қызыға қарасты.Сол сәттегі бүркіт, қаршыға ұстаған алдыңғы толқыннан бүгінде қалғандар бірлі-жарым ғана. Олар нағыз тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы еді. Тақтайдай тастың бетінде аттарының тағасы сартылдап, жұрттың дүрмегінен бүркіттері бұл не сұмдық дегендей шаңқылдағанда, шошынып қалар деп басына томағасын кигізіп, «О, Алла, бұған да шүкір! Біздің жанымызды түсінетін жандар бар екен ғой, оларға алғыс, аман болсын!» – деп күбір­легені әлі күнге дейін құлақтың түбінен кетпейді. Ол кезде ілуде біреу болмаса, бүркітшілер санаулы болатын. Олардың өзі шолақ белсенділердің көзіне күйіктей көрінетін. Етектен тартқан ескілік, жаңаға бейімделмеген, желкесі­нің шоры жазыл­маған пенделер ғой деп қарайтын.Кейбір кедергілерге қарамай, сәтімен басталған істі баянды ету жолында мыс­қалдап болса да, жұмыстар жүріп жатты. Кері тартқандардың беті бері қарай бастады. Менің аталарым бүркітші болыпты дегендер де табылды. Өзіне меншіктей қойсам деген шенеуніктер де шығып жатты. Бірақ ұлтқа тән нәрсе жекенің қор­жынына қайдан сыйсын [20].

1997 жылы жалайыр Шора атындағы құсбегілер орталығы шаңырақ көтерді. Бұл игілікті іс бұрыннан құсбегілер әуле­ті мекен еткен Алматы облысы, бұрынғы Шелек қазіргі Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылынан бастау алды. Алтын арқауын сол ауылдағы құсбегілермен көптен бері барыс-келісте жүрген этнограф, ғылыми атағы жоқ болса да энцик­лопедиялық білімімен ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Жағда Бабалықұлы, өзге де зерделі азаматтар тартып берді. Барлық жұмысқа ұйытқы болу журналист Бағдат Мүптекеқызына жүктеліп еді. Ол бұл міндетті, яғни бүркітшілердің сайысын содан бері жыл сайын қолдаушы­лардың көмегімен Отанымыздың әр өңі­рінде зор жауапкершілікпен үзбей өткізі­ліп келеді [21].

Осы арада мына ір нәрсені де айта кетсек дейміз. Бүркіт, бүркітшілікті елі­мізде алғаш қолға алған Нұра ауылы  болатын. Жүздеген жылдардан бері құсбегіліктің дәстүрлі арқа­уын үзбей келе жатқан құт мекені­міздегі  бүркітші Тоқтасын деген қазыналы қария еді. Қашан көрсең де Ақжелке деген қыран құсын «Бопам-бопам!» деп отыратын. «Құстың бабын білмесең түз тағысын қорлама, киесі ұра­ды», деген сөзді жиі естуші едік. «Бүр­кітіңді зар күйіне келтіремін деп әлсіре­тіп алма, семіртіп жіберсең қайыруын біл. Еңбек қылып алған аң-құсынан ауыз тигізбесең, бүркіті қорланады», дейтін. «Адамға көргенінен бермеу қандай қия­мет болса, құсқа да сондай қасірет», дей­тін. Бүркіт қалғып кетсе, үндемей соның ұйқысын бағатын. Балақ жүнінен бастап, басына дейін сипап шығатын. Мәшинеге жолатпайтын. «Жүрегі шайлы­ғады, жал­тақ болып қалады. Құлағы тұнады», деп отыратын. Орта жайлауға, 200 шақырым ұлы жайлауға балдақты ердің алдыңғы қасына байлап, биялаймен қолына қонды­рып аттың үстінде апарушы еді. «Құсты торға қамап қойып, торықтыруға болмайды. Кең далаға алып шығып, кереге қана­тын жаюға мүмкіндік жасап отыруың керек», дейтін. Құстың басынан құс ұшыр­майтын. Ол кісінің бүркітті баптауы ерекше еді. Кейде сүйек жұтқызатын. Жұтып жіберіп, мойнын толғағанда әлгі сүйек күтірлеп кететін. «Міне, қыранның құді­реті осындай. Мұндай құдірет адамда да жоқ!» дейтін. Ол кісінің Ақжелкесіне бір жылы құдасы құда түскенде бүркітін емес, астындағы жүйрік атын түсіп бер­гені бар. «Бүркіт әртүрлі болады», дейтін. Біріншісі, көбіне қыран болып келетін тау бүркіті, екіншісі, дала бүркіті, үшіншісі, ергежей­лі бүркіт дейтін. Бір жылы әлгі серік болып келе жатқан Ақжелкесін аңға алып шыққанда қырдан көріне салып қашқан қасқырды көріп, томағасын тарт­қанда қолдағы қыран талпыныпты. Алып жүр­ген қасқыры ғой деп жібергенде тік көтеріліп барып, қайта құйылып, қасқыр­дың шүйдесіне найза тырнақтарын салып, екінші аяқпен артқы бөкседен алып, екі бүктей бергенде әлгі көкжалдың серігі бір жырадан шыға келіп, бүркіттің басын жұлып алып кетіпті [22].

Тоқтасын атамызды бүкіл ауылымыз тәте дейтін еді. Тәтеміз бүркітінің қос қанатын қанжығасына байлап келгенде, қоңырқай түсі түтігіп кеткен еді. Біраз күнге дейін ішкі өксігін баса алмай жүрді. Тұғырымен балдақты, томаға мен биялайды өзі жататын бөлменің бұрышына жиып қойды. Аңшылықты серік қылған адамның қолына бұдан кейін бүркіт түсе қоймай, қар бір жауғаннан кейін тазы иттерімен түлкі аулайтын. Алған түлкісі­нен өзі керемет тұмақ тігіп киетін. Қас­қыр ішігі болушы еді. «Көрдіңдер ме от ұрып тұр. Ақ боранда мұртың қисай­майды! Сұлуынан жылуы қымбат қой», дейтін. Ол кісінің киімі сол тұста бір түрлі көрінетін.

Тоқтасын тәтем өмірден озғаннан ке­йін, үлгісін інісі Молдажан мен баласы Әбен жалғады. Қолдарындағы бүркіті туралы сұрасақ, әңгіменің тиегін ағытқанда балақ­тан басқа дейін талдап беретін. «Мынау сұқ саусақ – жембасар деп аталады. Ал мынау – ортаңғы саусақ – сығым, шына­шақ – шең­гел делінеді» дейтін [23].

Ал бүркіт­тің жасына қарай атауларын Әбен аға төмендегіше тарататын. «Бір жас – балапан, екі жас – қантүбіт, үш жас – тір­нек, төрт жас тас­тү­лек, бес жас – мұзба­лақ, алты жас – көк­түбіт, жеті жас – қана, сегіз жас – жана, то­ғыз жас – майтүбіт, он жас – бар­қын, он бір жас – баршын, он екі жас – шөген, осылай кете береді. Бұл – мен білетін аттар. Кейбір бүркітшілер мұ­ны өздерінше құ­был­тып айтады. Қатып қалған не бар», дейтін.

Әбен аға көзі тірісінде көп жақсы азаматтармен араласты. Олармен сыйласты, сырласты. Қадірін білгендердің қатарын­да Кәдірбек (Сегізбаев), Алтынбек (Сәр­сенбаев), Мұхтар (Құл-Мұхаммед), т.б. бар [24].

Нұра ауылында жас бүркітшілер бар. Солардың ішінде көненің көзіндей болып Сейітжан Байжүнісұлы жүр. Қазір бүр­кітші болғанмен, құстың құдіретін түсін­ген, соны бүкіл өміріне серік еткен құс­бегі жоққа тән. Біз бүркітші кім, құсбегі кім дегенді ғылыми тұрғыдан анықтап алсақ, ата кәсіптің, ұлттық дәстүрдің беті айқындалар еді. Құс ұстағанның бәрі құсбегі емес, әуесқойлар көп. Оларға жалған атақты арқалап құсты қорлама, әліңді біл, босқа әлекке түспе деген байлам айту да керек болар. Дүрмекпен кете берсек, киелі өнердің қасиетін кетіріп алуымыз мүмкін [25].

         Даланың еркесі мен елдің серкесі тіл табысқан саятшылық дәстүр қазір өрісте­гендей көрінеді. Бірақ жоғарыда әлде­неше рет тілге тиек еткеніміздей толық­қанды елдік биікке көтеріле қойған жоқ. Ортақ тұжырым да жасалмаған. Жылына бір рет «Салбурын» мерекесі өтеді. Соны келесі жылға дейін місе тұтамыз. Заманға қарай бүркітшілік те бизнеске айналып бара жатқандай көрінетіні және бар. Той десе, бабына қарамай қызық үшін бәйгеге қосатын тұлпарларын мәшинесінің тірке­ме­сіне салып алып, ойға-қырға шапқылап жүрген кейбір атбегілер секілді, бәлен жерде жарыс болады десе, құстарын құшақтап бара жатқан бүркітшілерді бай­қайсың [26].

Нағыз құсбегіге қыран қымбат болушы еді. Ол саятқа жүз ойланып, мың толғанып барып шыққан. Бабын келтір­мей баққа ұмтылмаған. Ары-бері томаға­сыз алып жүрмеген. Өтпеді дегеннен гөрі, өтті деген белгі қою үшін ұйымдасты­рылатын шараларды болашақта сиретіп, құстың да, құсбегінің де абыройын асыратын ұлттық саятшы­лықты қалыптас­тырсақ, қазақтың абыройы асып, жер бетіндегі бір қазынасы төрткүл дүниені өзіне қаратар еді. Бұлай деуімізге себеп, ЮНЕСКО саятшылықты: «Адамзаттың материалдық емес, рухани мұрасы», деп таныды. Бұл – үлкен баға. Осы бағаны бағалау қазақ үшін парыз. Соңғы 2-3 жылдың ішінде жалайыр Шора атындағы бүркітшілер мек­тебінің саятшыларын ұлы­британия­лықтар шақырып, осы ұлт­тық дәстүрі­мізді қызықтап жүр. Мынандай бір жағдайға куә болғанымыз бар. Германияда тұратын дәрігер, сондағы бүр­кіт­шілер одағының президенті Нұра ауылына арнайы келіп, тірі құсты көр­генде: «Мынау неткен керемет, тау тағы­сын қолға үйрет­кен адамдардың бойында бір сұмдық қасиет бар шығар», деп жиырмадан аса бүркітшімен тілдесіп, өз еліндегі одақ тек суреттер мен кітаптар­ды, киноларды малданып отырғанын айт­қан еді. Нұра ауылындағы Исабековтер табанақы, маңдай терлерін тегін ұйым­дастырған, қазір көп жәдігер жиналған құсбегілер мұражайын көргенде, Алматы, Қарағанды облыстарында бүркітшілер мектебі жұмыс істеп жатқанын естігенде «Бәрі қазақта екен, қазақта», дей бергің келеді. Ендеше, осындай керемет өнері­мізді, ұлттық дәстүрі­мізді келешекте игілікке жаратсақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Атам қазақ ежел­ден-ақ қыранды қасиет санап, бүр­кіт­шіні құрмет тұтқан, «Бүркіт сілкінсе мың пәле кетеді», деген. «Қиядағыны қыран, ұядағыны жылан көреді», «Хас сұңқардың баласы шыңнан тоят тілейді, қас тұлпардың баласы шап­қан сайын үдейді», деп бір қайырып тас­тайды. Осын­дай ұлттық дүниеміздің қадіріне жетсек, бабалар дәстүрін жалғап, кейінгі ұрпақ қолына шашпай-төкпей, сырын кетіріп, сынын бұзбай табыстасақ, ойд­а­ғы міндет орындалып, парызымыз ақта­лар еді [27].

        Аң аулау дәстүрі сонау көне заманда адамдардың күн көріс кәсібімен бірге туғаны белгілі. Ертеде адамдар аң мен құсты таспен ұрып,сойылмен соғып,інге паналағандарын сумен тұншықтырып тағы басқа тәсілдерді қолданған болса, бертін келе үйретілген иттерді қосты,атпен қуды,құс салды. Найзалы садақ пен мылтықты әр дәуірге орай жетілдіре пайдаланды. Осы қару –жарақтардың бәрін немесе бірнеше түрін пайдаланып,аң аулаған адамдарды аңкөс адам деп танитын. Атадан балаға мирас болып қалған көне кәсіпті жаңғыртып,жандандыру  үшін Егеменді еліміз тұңғыш рет 1992 жылы Республикалық «Бүркітші» ассоциациясын құрып төл өнерімізге деген халқымыздың ықыласын аударып игілікті бастама көтергенімен де ол түрлі себептерге байланысты өрістеп өркендей алмады. Дегенмен де бұл өнердің бірден-бір мұрагері ретінде көне кәсіптің дүниеге танылып,қанат жаюына үлес қосу парыз.  

 

  • Саятшылық жайлы қазақ зерттеушілерінің еңбектері

 

       Жұмысты жазуда көптеген авторлардың шығармаларындағы деректерге сүйендім. Қазақ халқының этнографиясымен шұғылданған ,соның ішінде саятшылық өнері туралы жазған ғалымдар —  Ш.Уалиханов,М.Д. Сеитов, М.Шорманов, И. Орехов және басқалар. Осы аталған ғалымдардың еңбектерінің ішінде көптеген этнографиялық құнды деректер бар. Мәселен,М.Д. Сеитовтың «Охота с ловчими птицами у казахов» деген еңбегінде,құсты ұста уәдісі,оны баптау мен аңға салу әдістері туралы көптеген деректер берген [28].

       1967 жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрген Ш.Айманов пен С.Бегалиннің «Қыран туралы хикая» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітапта авторлар қазақ халқының құс салу,ит жүгірту өнерін жазған.Аңшы иттердің тегіне,олардың мінез- құлқына кең тоқталып ұғымдық түсінік жазған.Сонымен олар иттерді асырау,ізшілік,иісшілдік қасиетке баулуды да түсінікті жатық тілмен жеткізген. Мылтық жайында да көп тәжірибелер берілген.Кітап ішіндегі көркем әңгімелер де аңшылық,құсбегілік ,мергендік өнерін үлкен шабытпен баяндайды.

       1973 жылы шыққан «Қазақстан аң байлығы» атты кітаптың авторлары Қыдырбаев пен Бекенов, Қазақстан жерінде мекендейтін аңдар, қай аңның саны қай жерде қанша екені, олардың өсіп өнуі жөнінде қызғылықты баяндайды. Терісі, еті, мүйізі үшін ауланатын аңдарды қалай аулау, ұстау, әдістері де жазылған [29].

       Төрехан Әлішеровтың «Саятшылық» атты кітабы 1974 жылы «Қайнар»баспасынан жарық көрген. Бұл жинақта қыран,бүркіт,алғыр тазы,жүйрік ат епті жігіт әңгімеленеді. Қыран құстарды баулудың,аңға салудың әдістері бейнеленеді.

       1983 жылы «Қайнар»баспасынан жарық көрген Жағда Бабалықов пен Абдолла Тұрдыбаевтың «Қырандар» деген еңбегі қазақ халқының бұрыннан келе жатқан өнері- құсбегілік туралы көптеген этнографиялық ғылыми деректер толы. Бұл еңбек 1989 жылы «Саят» деген атпен толықтырылып қайта басылды.

       Саятшылық өнерін кәдесіне жаратудан жаңылыс таппағн туған халқымыз ат баптап,ит жүгірту,құс қайырып аңға салуды дала төсінде табысқан өмірдің бір өлеусіз  шаттықты шақтарына бағалаған. Аңшылықпен жан жадыратып,көңіл келтірер қызықтарға молынан жолыққан момақан жұрт туған топырағын барынша сүюге үйренді,оның сан алуан сырларын көңілге түюге үйренді. Туған дала төсінен түлеген қыранын тұғырға қондырып,қайырып баптауға машықтанды.саятшылықта жүріп ізгілік пен жомарттыққа табысты.Табандылық пен алғырлыққа,сезімталдық пен зеректікке жаттықты. Жер бедерін із ажарын байқағыштыққа ұмтылып,туған өлкенің ұшқан құс,жүгірген аңның қадыр-қасиетін бағалауға жетісті.

        Қоғалы көлден құс қағып,орманды түз тағысын тосқан небір тарлан саяткерлер болған. Олардың тамаша өнерлері ауыздан-ауызға ызыңдай айтылып,ұрпақтан-ұрпаққа есімдері естен кетпес ескерткішьей сақталып қалған. Ақан сері,Біржан сал,Үкілі Ыбырай,Балуан Шолақ творчествосына зер салсаңыз саятшының не бір тамаша үлгілері өлең тілімен өрнектелгенін айқын аңғаруға болады. Жүйрік ат,қыран бүркіт қазанатым, Құлақ сал Телқоңырға азаматым,-деген Біржан сал үнінде де саяткерлер соқпағымен табыстырар бір шындық жатқандығы даусыз. Халық мәдениеті мен әдебиеттің аса көрнекті қайраткерлері Шоқан Уәлиханов «Жоңғар очерктері» атты еңбегінде  қазақ халқының аңшылық дәстүрлері жақсы баяндалған. Мұхтар Әуезов «Өскен өркен» атты романында белгілі аңшы Жақсымбет туралы, оның  аңшылық кәсібінде  қолданған әдістері туралы баяндайды. Жақсымбет аңкөс адам болған, ол әрбір аңның тіршілк ету әдісін, өсіп-өрбу жолдарын білген [28].

       Халық мәдениеті мен әдебиеттің аса көрнекті қайраткерлері Шоқан Уалихановтың «Жоңғар очеріктері» атты еңбегінде қазақ халқының аңшылық дәстүрлері жақсы баяндалған. Мұхтар Әуезов «Өскен өркен» атты романында белгілі аңшы Жақсымбет туралы, оның аңшылық кәсібінде қолданған әдістері туралы баяндайды. Жақсымбет аңкөс адам болған, ол әрбір аңның тіршілік ету әдісін, өсіп-өрбу жолдарын білген.

        Абай, Ақан Сері тағы да басқа біздің ұлы ақындарымыз саятшылық өнерін қатты ұнатқанын біз олардың өлеңдерінен білеміз

       Тауда жиде тергендей ала берсе,

        Бір жасайсың құмарың әр қанғанда.

        Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,

        Аң болады кеңесің құс салғанда.

        Ешкімге зияны жоқ өзім көрген,

        Бір қызық ісім екен сұм жалғанда,-

деп ұлы Абай атамыз осы өлең  шумақтарында,-еркін табиғатта еркін жүріп, аң қуып, бүркіт салу, саят құру, қазақтың бай табиғатын тамашалау, сол байлықтан ләззәт алу, рахат табу-дүниедегі бір қызық екенін білдірген.

        Аңның тәтті етін жеп, қымбат терілерін алып, әрі саяхат,әрі денсаулыққа пайдалы,таза ауа тамаша қызық екені рас.  Ал Үкілі Ыбырайдың көпке мәлім «Аңшының әні» деп аталатын туындысы саяткерлік өнердің тамаша қасиеттерін суреттеуде озық тұрған жыр үлгілерінің бірі екені ақиқат. Ыбырайдың өзі жазда қаршыға, тұйғын салуды,қыс бүркіт салып, ит жүгіртуді кәсіп еткен адам [29].

        Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа,

        Мінген ат шабуылмен танауласа,  

        Кигенің іші қызыл орман түлкі,

        Құлпыртып жез сабаумен сабаласа.

        Бүркітің сонда тұрса саңқ-саңқ етіп,

        Күтіліп саяқшымен бабы жетіп.

        Қанды көз,қайқы тұмсы

       Қазақтардың басқа да бай ауыз-поэтикалық творчествосы- халықтың өткен тарихын және мәдениетін зертеудегі таусылмайтын деректер болып табылады. Қазақ халқының бай және көптеген мәдени мұраларының арасындағы ең маңыздыларын алатын да осы аңшылық саятшылық. Саятшылық — ғажап құбылыс,үлкен өнер, көптеп зерттейтін ғылым десе де болады.саятшылық қазақ халқының жүрегіне жол тапқан көптеген аңыз әңгімелер, өлеңдер, мәдени және музыкалық шығармалар тудырғанын білеміз.Саятшылық күнкөрістің кәсіптік көзі ғана емес, сауық-сайран салтанатының белесіне көтереді.  Қазақ  халқының ертеден мән берген аңкөстік саласы қырандар тобын пайдалану болды. Олар- бүркіт, тұйғын, қаршыға, сұңқар, лашын, ителгі, қарақылыш, бидайық, қырғи, тұрымтай, жағылтай секілді алғыр құстар [30].

        Далада ұшып жүрген құсты ұстап алып,өзіне үйретеді. Оның бабын,биологиялық ерекшеліктерін біліп,құсқа алғызып,адамның қызығына, пайдасынв қолдану,бұл өте қызықты саяттың бірі. «Құс салып,ит жүгірту»  қазақ халқының ежелден, сонау ҮІ-ҮІІ ғғ келе жатқан тарихи ескерткіш екеніне күмән жоқ. Сондықтан да саятшылық мәдени ескерткіштер қатарына жатады.

 

 

 

 

 

 

2 ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

 

2.1 Зерттеу әдістері

 

Қазақтардың ұлттық ойындары мазмұнының ғылыми-әдістемелік және педагогикалық негіздемесін зерттеу қағидалы-ғылыми және нақты-әдістемлік мәнді бірқатар ережелерді түзуге мүмкіндік берді.  

Біздің пікірімізше, таңдап алынған тақырып мәселелерінің шешімі қағидалы, орнықты, мазмұнды және қажетті, яғни біршама толық болып табылады.

   Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер сараптамасы, сауалнама жүргізу, сарапашылармен сұхбаттасу сияқты бірқатар әдістер қолданылды.

 

2.2 Зерттеуді ұйымдастыру

 

Ғылыми және ғылыми-әдістемлік әдебиеттер сараптамасы

Қазақ халқының ұлттық ойындары мәселелері бойынша әдеби мәліметтер сараптамасы бірқатар жайттарды анықтауға мүмкіндік берді:

— ұлттық дене мәдениеті салаларыі;

— ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде саятшылықты болашақ ұрпақты денелік тәрбиелеуде қолдану мәселелері;

— бағдарламалық материалды және т.б. жүзеге асыруда оқу-шынықтыру қызметін ұйымдастыру.

Сауалнамалық сұрақ-жауап алу

         Сауалнама мақсатты-бағытты болды, сырттай, жеке басылы жүргізілді. Осы жағдайды ескере отырып, сауалнамалар әрбір респондентке жекелей жүргізілді, олар оны өз бетімен толтырды. Сұрақтың ішінде ашықтары да, жабықтары да болды. Олар біршама тиімді нұсқаларын (дене тәрбиесінің

құралдарының, түрлерінің және ұйымдастырылуының) келтіру қарастырылды. Сұрақтардың бір бөлігі бақылаулы бағытты болды.

       Ақсақалдармен сұрақ-жауап жүргізу дене тәрбиесі күйіне тікелей бағалама беру, оның құралдарының, жаңа түрлерінің деңгейін анықтау арқылы жүргізілді. Оның көмегімен тұрғындардың қазақтың ұлттық спорт түрлеріне, ұлттық қимыл-қозғалысты спорт түрлеріне және дене жаттығуларына, оларға қойылатын талаптарға деген көзқарасы анықталды.

       Сұхбат алу, егер қандай да бір себептермен сұрақ-жауап жүргізу қиындық туғызып, тиімсіз болса жүргізілді. Оның барысында әңгімелесушілердің қазақтың ұлттық спорт түрлерімен, ұлттық қимыл-қозғалысты ойындар мен дене жаттығуларымен шұғылдану мәні мен түрлері туралы көзқарастары мен пікірлері қарастырылды.

 

 

 

 

3 «ҚЫРАН БҮРКІТ НЕ АЛМАЙДЫ САЛСА БАПТАП»

 

3.1 Түз құстарын ұстау және баптау

 

Ал енді сол құстарды баптау және ұстау жағына келетін болсақ. Ұлы Абай: «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» дегенді өте орынды айтқан.Ұлы адамның даналық тұжырымына үңіле қарасақ: «Баптай білсең ғана» дейді де,жауапкершілікті қыранға емес бапкерге артып отырғаны байқалады.

       Түз құстарын қолға түсірудің бес-алты түрлі əдісі белгілі. Олар: аумен ұстау, тор жаю, қарға орану, тояттатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу. Аумен ұстау үшін шарық жіптен тоқылған ауды елсіз иен жерге құрады. Ол үшін бес-алты талды жерге əлсіздеу қадап, тормен қоршайды да, ау ортасына мықтап қазық қағады. Қазыққа тірі түлкі немесе қоян, кейде бір-екі тауық байлап қояды. Түз құстары төбесі ашық тордан ішіне оңай кіргенмен, еш уақытта тік көтеріліп ұшпайды. Жүгіре көтеріліп ұшамын дегенде торға оралады. Тор жаю əдісі қыс айларында қар түскен соң қолданылады. Ол үшін қар түстес ақ шаңқан торды қар үстінен бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі немесе қоян байлайды. Жемін көріп шүйіліп түскен қыран құс аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бүркіттің аяқ тіреп, серпіле ұшуына кедергі жасайды. Қарға орану əдісі қар бекіген соң ғана қолданылады. Ол үшін екі адам бүркіттің аңға түскен сəтін аңдып жүріп, ұшырып жібереді де, біреуі қарға көміліп, жемді төбесіне қойып жатады. Суық сорып, аш өзек болып жүрген жыртқыш кешікпей жемге оралғанда, қар астындағы жасырынған адам оны ұстап алады. Тояттатып ұстау үшін түз тағысының аңға түскен немесе жемтікке қонған сəтін аңду керек. Сол сəтте аңшы ұшқыр атқа мініп, əбден мелдектеп тойған бүркітке тұтқиылдан тап береді. Күн желтең болса, құстың жел жағынан шықса, тойған құс ыққа қарай жүгіргенде бетегесімен жер соғып, көтеріліп кете алмайды. Сол кезде ұшқыр атпен төніп келіп құстың үстіне шапан сияқты киімді жаба салады.  Құсты ұядан алу үшін аңшының əдісқойлығы, ептілігі қажет. Бұл жағдайда түз тағыларының сары ауыз балапандарын енесі жоқ кезді пайдаланып, ұясынан алады. Бұдан кейінгі ең маңызды мəселе – түз тағысын қолға үйретіп, аңға салуға дайындау. Бұл өте көп еңбекті, ұзақ уақытты, табандылықты қажет етеді. Мұны нақтырақ түсіну үшін қазақ құсбегілерінің бүркітті баптау тəжірибесімен танысып көрейік. Түзден ұстаған құсты үйрететін адам құстың сырына қанық, ерекше шыдамды болуы керек. Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізіп үйретеді. Томаға кигізген соң ырғаққа (тербелмелі əткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып тербетіп, ұйықтатпайды, яғни екі күн болсын, үш күн болсын, құс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал. Құс əрі ұйқыдан, əрі аштықтан шаршап, қажығанда қарсылығы азайып тыныштала бастайды. Осы шақта жемді қолдан беріп үйретудің де пайдасы көп. Бүркіт иесінің қолынан жем жеуге үйренген соң алыста тұрып шақырып, құсты өздігінен келіп жем жеуге баулиды. Оған үйренген шақта ат үстінде тұрып жем көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Бұлайша баулуды «шырғаға тарту» деп атайды. Мұнан соң далбайға түсіріп үйретеді. Далбайға түсіру деп тұлып етіп сойылған аң терісінің (көбінесе, түлкі терісі) үстінен жем алғызуды айтады. Жемді аң терісінің бас жағына тығыздап тығып, екі көзінен болар болмас қызартып көрсетіп қою керек. Сосын тұлыпқа ұзын жіп байлап сүйретеді де, бүркітті ат үстінде ұстап тұрып көрсетеді. Егер құс томағасын сыпырғанда далбай тұлыпқа талпынып, лап қойса, əрі қарай сүйретпей тастай салу керек. Сол жерде далбайдағы қант бүркілген тəтті етті бір-екі рет шоқытқан жөн. Осылайша қайталай берудің еш зияны жоқ. Бүркітті аңға салмас бұрын аяғы өреленіп, ауызы тұмылдырықталған тірі түлкіге түсіріп көреді. Мұны құсбегілер тілінде «тірілету» деп атайды. Бүркітті бұлайша баулу əдістерінің қай-қайсысына кіріскенде де, тіпті аңға саларда да қолдағы құсты аш ұста- ған жөн. Құсбегілер қолындағы бүркітін аңға салуға мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқта, қызыл сияқты маңызды жем беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді «қызылға отырғызу» немесе «түлету» деп атайды. Құстың бабы жақсы болса, аз күнде-ақ түлейді. Бүркіттің түлегі біткенде бой жүні таралып, қанат-құйрығы жинақты болып жетіледі. Осы кезде қайтадан арықтатып (күрт арықтатпау керек) шырғаға тартады. Ұшырып жемдейді. Бұл жаңа шыққан қауырсындарының жетілуіне, топшысының берік болып шынығуына себепші болады. Осылай аңға баулып, шынықтырып, əбден бабына келтірген құс жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде ғана аңға салады.       

       Құсбегілерден «қайыру» деген сөзді жиі естиміз. Бұл сөз құсты əр кезде əр түрлі бапта ұстау үшін оған берілетін жеміне байланысты айтылады. Мəселен, құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалаған бір бабына келтіру үшін мына сияқты жемнің түрлерін береді: Қансоқта – өлген аңның немесе малдың туралмаған, қаны сорғалаған кесек еті. Қызыл – құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қан- сөлі өзінде болуы тиіс. Тартпа – малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандыры сияқты құнары аз сіңірлі жерлері. Сарбөртпе – туралған соң суға екі-үш рет шайып, сығып, біршама қан-сөлінен арылтқан ет. Ақжем – майдалап турап, суға салып қойып, əбден сығымдап, бар маңызынан айырған ет. Тоят – құс өзі алған аңның етін жұлып жеуі. Үрген өкпе немесе боз өкпе – сойылған малдың яки аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айырылып, құсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады. Құсбегілер қолындағы құстың жай-күйін бағып отырады да, қажет болса, бүркітке «ақжем» мен «боз өкпені» жүдету ін, «сарбөртпені» құсты бір қалыпта ұстау үшін береді. Мұны қазақ «ойтамақ» деп те атайды.

 

3.2 Саят құстарының  түрлері, оларды аңға қосу

 

        Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі – бүркітпен аң аулау, бүркіт ұстап саятшы болу. Бүркіттің салмағы 2840 – 4100 г, дене тұрқы 95 см-дей, жайылған қанаты 2 метрге жуық болады. Қанатының шеткі қауырсындарын «шалғысы», құйырығының ортасындағы екі қабат əлді қауырсындарын «көбесі», қалғандарын «жебесі» деп атайды. Аяғы 4 саусақты: оның артқысын «тегеуріні», ішкісін «жембасар», ортаңғысын «сығымы», шеткісін «шеңгелі» дейді. Жасына қарай бүркіт былай аталады: бір жас – балапан құс, екі жас түбіт, үш жас – тірнек, төрт жас – тас түлек, бес жас – мұзбалақ, алты жас – көк түбіт, жеті жас – қана, сегіз жас – жаңа, тоғыз жас – май түбіт, он жас – барқын, он бір жас баршын, он екі жас – шөгел, осылайша, он бес, жиырма жасқа дейін атала береді. Құсбегі салбурынға қатысушыларды алдын ала бес топқа бөліп топтайды. Олар: тұрғышылар – бүркіт ұстап биікте тұрушылар; қағушылар – аң жүретін жерді тінте сүзіп қуып шығушылар; тосқауылшылар – қашқан аңды ін-қорымнан, таулы-тастақты жерлерден қайтарып, жасқап тұру үшін жолын тосушылар; ізшілер – аңды ізіне түсіп жүріп, бойын көрушілер; қызылшы немесе бақыршылар – қоста қалып ас əзірлеушілер немесе аң союшылар. Дұрыс баулынып, жақсы бап көрген бүркіт түлкі, қарсақ, қоян алады. Ал кейбір өжет қырандар қасқыр, киік, арқарға да түседі. 

         Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңқар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мəртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық ал- ғырлығы үшін қызығады. Сұңқар тұқымдастарының бір түрі болып есептелетін лашын – Қазақстанда мейлінше сиреген құс. Қазір Қызыл кітапқа енген. Лашынның ұябасарының шалғылығы – 80 – 120 см; салмағы – 1,5 кг, ал шəулісінің шалғылығы – 29 – 34 см, салмағы – 500 – 800 г. Екі көзі қарақаттай мөлдір, көк сұр түсті, өткір ілмек тұмсықты, қос жанарының алдында көлеңкедей тартылған қос жолағы бар, салалы саусақты, ту сырты көк сұр тартқан, балақ жүні қою, топшысы шығыңқы, төбесі басыңқы, қияғы айқаса бітіп құйрығы- мен теңесіп тұрады. Осынау бітімі оның көз ілеспес ұшқырлығына себепші. Ғылыми деректерде лашын қатты екпін алып құсқа шүйілгенде секундына 100 метрге дейін шапшаңдықпен ұшатыны айтылады. Ол үйрек, қаз, дуадақ сияқты құстардың бəрін ала береді. Көп ретте алар жемін жерден ілмей, үнемі аяғымен теуіп қағып түсіреді.

      Сұңқар Қазақтың кəнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мəселен, ақ сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі əр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, мінез-қарымында көп айырмашылық болмайды. Солай болғанымен, қазақ құсбегілері ақ сұңқарды қолға түсіруге тырысқан. Ақ сұңқардың түсі ақшылтым сұр, жон жағы көк сұр, омырау алқымы шұбар болады. Қазақстанда қара сұңқар ақ сұңқарға қарағанда жиірек ұшырасады. Мұның түсі қара сұр, қара бояуы жасылдана құбылып тұрады. Қабағының үсті ақ шулан, жолақ болып келеді. Ал ақ бас сұңқардың сыртқы түр-түсі қара сұңқарға ұқсас. Тек қабақ үстіндегі  ақ жолағы мен самайындағы ақ сағал ашықтау, ақтау болып біткендіктен қазақ құсбегілері айырып атау үшін ақ бас сұңқар деп атайды. Жақсы бап, қайыру көрген сұңқар үйрек, қаз алады. Алатын құсын тек қана жасқап ұшырып барып, ауада теуіп түсіреді. Сұңқарлардың дене тұрқы – 45 – 55 см, салмағы – 800 – 1200 г болады ( 1 сурет).

 

1 сурет – Сұңқар құс

 Тұйғын – қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардың ішіндегі ең ұш- қыр, қырағы, шалымды құс. Қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай, көбі- не се, ақ тұйғын деп атайды. Оның жоны ақ, дене бітімі жұп-жұмыр болып келеді. Салмағы 500 – 1090 г шамасында (2 сурет).    

2 сурет — Тұйғын

 

Тұйғынның қаршығадан түр-түсінің өзгешелігі болмаса, қанат-құйрығының жа- ратылысы мен сүйек бітімінде айырмашылық шамалы. Алайда қазақ құсбегілерінің арасында қаршығадан гөрі тұйғын көбірек қадірленеді. Ол қаршығаға қарағанда шалымды келеді. Егер қаршыға мен тұйғынды құсқа қатар жіберсе, қаршыға жер ортаға жеткенше, тұйғын нысана еткен құсын бір түйіп үлгереді. Тағы бір ерекшелігі – сырт тұлғасы дөңгелектеу жəне қаршығадан кішілеу, сүйкімділеу болады. Құсбегілер тұйғынды сырт бітіміне орай, түр-түсіне қарай өз ішінде саралап, үш түрге бөліп атайды. Тұйғынның сырт жүні мұнтаздай таза, күмістей ақ болса, оны «ақ тұйғын» деп атайды. Жоны болмашы қоңырайып, сұрғылт тартып тұрса, «кір тұйғын» дейді. Ал жонынан бастап, бой жүніне дейін сұрғылт түс дендеген жоны қоңыр көкшіл тартқан тұйғынды «құл тұйғын» дейді. Осылайша үш түрге бөліп атағанымен, бұл үшеуінің де сыртқы түсінің айырмашылығы болмаса, қырандық қарымында, сүйек бітімінде, мінезінде айырмашылық болмайды. Жақсы бап көрген тұйғын үйрек, қаз сияқты құстардан бастап, қарсақ, түлкі, қоян сияқты аңдарды да алады.

        Тұрымтай Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі – тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сəл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді. Дене тұрқы – 30 см. Тұрымтайдың жоны қара қоңыр, бауыры қызғылт, сұр болып келеді. Ұясын жерге, жартасқа, ағаш басына салып, 3 – 5 жұмыртқа басады. Балапандарын ұсақ жəндіктермен асырайды да, жетіле келе балапандарына ұсақ құстар мен дала тышқандарын тасиды. Тұрымтай, əсіресе, ұсақ құстарды ілетін ұшқыр құс. Онымен бөдене, бұлдырық, тарғақ, қызғыш сияқты құстарды аулауға болады. Əдетте, тұрымтай алатын құсын теуіп түсіреді. Тұрымтайды да қырғи сияқты бауырын оң қолдың алақанына жатқыза, уыстай ұстап, нысана еткен құсына тас сияқты лақтырады. Мұны құсбегілер тілінде «мүскектеп салу» дейді. Тұрымтайдың басқа құс- тарда бола бермейтін бір ғажап қасиеті – адамға ерекше үйірсектігі. Міне, осындай қасиет үшін тұрымтай қазақ құсбе гі лерінің сүйкімді де сүйік ті құсы болған. Жағалтай Жағалтай көгершіннен сəл-ақ үлкен. Дене тұрқы – 35 см, салмағы 170 – 350 г. Жағалтай аталу себебі – сырт түсі қара жағал болып келеді. Жағалтайдың ту сырты қара қоңыр, бауыры ашықтау, сары жолақ тартып, сағал- сағал болып тұрады. Тамағы мен мойыны аппақ. Сарғыш сирағының саусақтары салалы келеді. Сүйірлене біткен ұзын қанаты құйрығынан асып тұрады. Сырт тұлғасындағы бұл бітімдері сұңқар тектес екенінің анық белгісі болып табылады. Оның бір ерекшелігі – үнемі дыбыс шығарып, шаңқылдап отырады. Жақсы бап көрген жағалтай бөденені, бұлдырықты, қараторғайды алады. Əдетте, түзден ұстаған, есейіп кеткен жағалтай қолға тұрмай, қашып кете береді. Мұндайда қазақтың құсбегілері жағалтайдың қанатының ұшын шырпып қана кесіп қоятын болған.

        Ителгі – дүние жүзінде кең тараған құс. Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бəрінде кездеседі. Əсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде мол ұшырасады. Ителгіні баптау, жалпы, қыран құсты қолға үйрету тəжірибесінің тəртібімен жүзеге асырылады. Қыран атаулының ішіндегі тез көндіккіші осы ителгі. Ителгі қоян, үйрек, қырғауыл, құр, шіл, кекілік, т.б. ұсақ аң-құстарды алады. Ителгінің көзі дөп-дөңгелек, мөлдір қара болады. Сырт тұлғасы сұңқарға ұқсас болғанымен, түсінде көп айырмашылық бар. Мəселен, ителгінің сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры сарғыш тартып тұрады. Тамағы ақ сары келеді. Танау тесігі дөңгелене біткен. Тұмсық имегі доғалдау, бірақ өткір. Сұңқар тектес құс болғанымен, құсбегілер ителгіні өзінше жіктеп, бітім- ерекшеліктеріне орай айырып танитын болған.  Құсбегілер ителгіні ақ шұбар, қара шұбар, қызыл шұбар, терлік, құрым сары деп атайды.

        Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін қолға ең көп ұстайтын құсы – қаршыға (3 сурет).

Дене тұрқы – 28 – 114 см, салмағы – 800 – 1500 г. Қос шалғылығының арасы – 100 – 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанаты ның қысқалығы, оның есесіне, құйрығының ұзын дау бітетіндігі, əсіресе, ұшқанда айқын аңғарылады.

         Қазақстанда қаршыға тұқымдасына жататын қырғи, тұйғын, мықи деп аталатын түрлері кең тараған. Қаршығаны да бүркіт сияқты баптап, баулиды. Ырғаққа қондырып көндіктіріп, қолға ұстап үйретеді. Егер бүркітті далбайға

түсіріп, тірілтетін (тұмылдырықты тірі түлкіге түсіру) болса, қаршыға сияқты құстарға есірік бастыртады. «Есірік бастырту» деп қанаты қысқартылған үйректі тасадан лақтырып, қаршыға салуды айтады. Жақсы бап көрген қаршыға қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, қырғауыл, құр, саңырау

3 сурет – Қырағы көз қаршыға

 

құр сияқты құстарға түседі. Аяқты аңдардан қоян, тиін, алақоржындарды іледі. Егер бап күйінде ет қызумен құныға ұшып жүріп кезіксе, қарсақ пен түлкіге түсетіндері де болады. Қаршығаны жаяу салуға болмайды. Көл құсын үркітетін дабыл алып шығып, ат үстінен екпіндете серпе ұшырса, шабытына демеу болады.

         Қырғи – қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оның түр-түсі де қаршығаға мейлінше ұқсас. Қырғидың дене тұрқы – 30 – 43 см, қанатын жайғандағы ұзындығы – 18 – 26 см, салмағы 120 – 280 г. Ұябасары шəулісіне қарағанда кесектеу. Шəулісінің жоны көк сұр, бауыры ақ сары, қоңырқай дақтары бар, төбесі қара, көзінің айналасы ақ, ал ұябасарының жоны қоңыр, бауыры ақ сұр, қоңыр жолағы бар, құйрығының ұшы ақ болады. Қырғи ұшып жүргенде қанатының қысқалығына, құйрығының ұзындығына қарап, оны бірден айыруға болады. Қарымы шағындау, күші аздау болғандықтан да қырғи көп ретте үйрек, тарғақ, бұлдырық, бөдене сияқты құстарға түседі. Тұрымтай, ителгі сияқты қырғи да қазақ ауылының жаңа талап, жас бозбалаларының ермек ететін, саятшылыққа жаттығатын құсы. Шақырайған түс кезінде, желді күндері, ыстықта қырғиды құсқа салмайды. Мұндайда құстың шабыты болмайды. Қырғиды құсқа мүскектеп салады. Мүскектеп салу деген – құстың қанатын қомдатып, сол қолмен жауырынынан уыстай ұстайды да, сол бетінде бауырын алақанға тигізе оң қолына алады. Кейін бетін желге қаратып, салатын құсқа қарай сілтеп жібереді. Бір ұмтылғанда «жемін» іле алмаған қырғи да қаршыға сияқты отырып қалады. Мұндайда құсқа зекімей, белгі бере шақырып алып, сылап-сипап ықылас көрсеткен пайдалы.

       Түр –тұлғасында күші мен жігері молаң,батырлығы, өжеттілігі, қайсарлығы мығым,сезімталдығы мен қимылы тез,өзін шамалауы мен жауын мөлшерлеу есебі бар,айлалы да әдісқой, табиғатында қырандығы мен қырағылық қасиеті жетерлік қолға түсірудің өзі де игілікті іс екені рас. Тіпті қолға  түсіргеннен кейін де осы қыран тұлғаны баптай білуде машақаты өте-мөте көп жұмыс екені сөзсіз.

        Ұлы жүздің Жалайыр руынан шыққан Шора деген адамның құсбегілік даңқы бүкіл қазаққа жайылыпты. Жұрттың айтуына қарағанда,жалайыр Шора құс атаулының тілін біліпті.Тіпті ұшып өткен құстың жасын,оның қыран не қыран емес екенін айыра біледі екен.

        Бұған қарағанда құсбегілік ғылымының сырлары мен жұмбақтары тым ерте ашылған болар деп ойлаймыз. Егер құсбегілік өнерін ғылым деп санасақ,онда «бап» осы ғылымның ең басты,ең күрделі саласы. Бапкер бола білмеген адам құс стап,игілігін де саятшылық жасап,қызығын да көре алмайды. Бапкерлік дегеніміз-аңның мінез-құлық,сырын білу деген сөз. Бапкер болу ең алдымен үміт,ниеттен басталады да,соған қызыға білуден барып адам өмірінен орын алады.Бұл -әрі нәзіктікті,әрі сабыр-тақат,шыдамдылықты талап ететін жұмыс.

         Қырандардың барлығы да асыл текке жатқызылады. Кейбір ғұлама құсбегілердің айтуынша халық ұғымында қыран құстар табиғи туыстығы,қабілеті,түс өзгешелігі жағынан шартты түрде төрт топқа бөлінеді екен. Атап айтқанда:

  1. Бүркіттер тобыбайқасқа,қараша,ақиық,көктабан,шөгел
  2. Қаршыға тобы-тұйғын,қаршыға,шәулі,қырғи
  3. Ителгі тобы- сұңқар,ителгі,пәрін,күйкентай
  4. Лашын тобы-бидайлық,лашын,жағалтай,тұрымтай.

         Ал,солардың ішінде қыран тектілер мол шығатыны да – бүркіт. Оны бапқа келтіру өте қиын жұмыс. Қыранның тамақ,ұйқы,өзін қорғау,қарсыласу,арақатнас,қуаныш,реніш, кебер, ұрпақ қалдыру,еркін жүру-тұру,ұшу-қону,тазалық сияқты табиғи талабын түсіну, ұғыну, оған көңіл аудару еріккендікте тумайды. Ол бапкерлік парыз-қарыздардан тұрады. Қай құс болсын бойында тәкаппарлық мінез болады.солай болғанымен құсбегілер олардың мінез-қылығына назар аудармай қоймайды.  Қолға  түскеннен кейін асау қырандар табиғи қорғану дағдысымен шошынып,абыржып қорынып,секем алып,әрбір сәт сайын қауіп-қатерден өзін арашалауға дайын тұрады.

Қазақ құсбегілері құс салу әдістерімен қоса,құс табиғатын да жете білген.Тіпте қолда үйрене бастаған құстың кейде сырқаттанғанын байқап,ауру құсты әртүрлі дерттерден тез айықтыратын болған.

Қазақ құсбегілері: топқа,текке айыра білетін,оларды өз ішінен жікке,туыстыққа бөле білетін адам.қыран құстардың түр-тұлғасына,сүйек бітіміне,қанат-құйрық,жүн,қауырсындарына қарай құсты сынай білетін сыншы адамдар.

Қырандардың бір түрін немесе бірнеше түрін үйрете білетін,түлете білетін,баптай білетін,оны зар күйіне келтіріп аңға сала білетін адам. Құс метріксе,сүйегін салатын сынықшы бола алатын,ауырса емдей алатын адамдар құсбегі-бапкер деп аталады.

        Аспан еді екі көзім құс қараған,

        Білмейді құс қадірін ұстамаған…

Құсбегілер «кеп», «тірі»   шығармалар арқылы түз құстарын алдап қолға түсіреді,қандай қыран болса да оның тамаққа деген мұқтаждарын пайдаланып,ырық еркін тәуелді ету тек қана тек шырға арқылы жүзеге асырылады.

        Кеп. Қарға- сауысқанның, кекілік –шілдің,қырғауыл мен тауықтың,қаз –үйректің,қоян мен түлкінің  терілерінен бітеу сояды да,оның ішіне шөп,сабан тығып кептіреді,құсбегілер бұны шырға ретінд пайдаланып,торға байлайды( тордың ішіне қояды). Табиғи сыйқы бұзылмаған кептерді көрген түз құстары ертелі-кеш шабыт кезінде олжалай салуға бой ұрады да,қапыда торға түседі.Түз қырандарын алдап торға түсіруге пайдаланған осы шырғаны құсбегілер «кеп» деп атаған.Қай кеп болмасын оның табиғи түрі бұзылады. Осыны кейде түз құстары байқап,кепке де,торға жоламай,шүйілмей айналып өтеді.осындай сәтсіздіктердің болмауы үшін құсбегілер мүмкіндігі болғанша  кепті жаны бар,жанды кейпі,әрекеті бар аңға,құсқа ұқсатып жасайды.

Егер құсбегі болса оны жерден дән теріп жүргендей жер шоқытып,сақтандырғандай қайта-қайта басын көтертіп қояды. Кердең-кердең бастырып жүргізеді. Мұны қуыршақ ойнатқандай жіңішке жіптермен алыстау жерге жасырынған құсбегінің өзі басқарады. Басқа хайуан кептерін де дәл солай тіміскілетіп,жортқызып,жүгіртіп,қашыртып жасырынтады.

Мұндай әрекеттерді көрген қырандар оңай олжаға қызығып,дереу құйылып келіп торға түседі.қолдан жасалған  жалған әрекеттерді құсбегілер «ойнату» деп атаған.

        Баска хайуан кептерін де дәл солай тіміскілетіп, жортқызып, жүгіртіп,

қашыртып,жасырынтады. Мұндай әрекеттерді көрген қырандар олжаға қызығып ,дереу құйылып келіп торға түседі. Қолдан жасалған жалған әрекеттерді құсбегілер «ойнату» деп атаған. 

       Қырағы қырандар табиғаты бұзылмаған кептерге де,кептерді ойнатуға да  көп алданып қызыға бермейді. Сондықтан да құсбегілер кептердің орнына хайуандардың тірі түрлерін шырға тартуға көбірек көңіл аударған.Торға қаз,үйрек, қырғауыл-тауық,қарға сауысқан,қоян,түлкі сияқты хайуандарды тірілей байлау,әрине ұтымды шырға.Қазақ құсбегілері тірі хайуандарды торға байлауда бірнеше түрлі әдістерді қолданған.

       Қарға, сауысқан т.б. торға байланғанда, олардың жанынан мол жемтік тасталады.Бұл құстардың қайсысы болса да оы жемтікті қорек ету керек. Ал, алайда мол жемді олжаны жалғыз жәукемдеп жатқн сорлыны көрген бүркіттің қызғаншақтық, өткемді мінезі қозып, оны қуып шығып олжаны өзі иемденуді ниеттенеді де, алды-артына қарамастан шүйіліп келіп торға түседі. Бүркітті тормен ұстаудың ең ұтымды түрі осы.

       Бүркіт жасы туралы құсбегілер аузында айтылып жүрген атаулардың түр-түрі кездеседі.             

         Құсбегілер құс ұстау үшін  торды бет алды құра бермейді.

         Ең алдымен сол өңірде мекен еткен құстардың бар жоқтығын,қай өңірге шабыттап,қайда қонақтайтынының алдын-алады. Тіпті құстың әлді-әлсіздігін,алғырллығын да топшалап,оның алып жүрген аңын байқап шығады. Құстың ұшуынан,қанат қағысынан,қанат құйрық қауырсындарының өңінен не шаңқылдаған дауысынан оның қай жастағы бүркіт екенін мөлшерлейді.

        Дарынды құсбегілердің бұдан басқа да қилы-қилы жорамалдары аз емес. Егер өзі байқап  жүрген құсты ұстағысы келсе,оның көп ұшатын шабыт өңірін тауып,сол маңға тор құрады да,әйтеуір бір күні қолға түсіреді.

        Тор-түз қырандарын ұстауға арналған құрал.Бұл тордың белгілі өлшемі,үлгісі болады.Тодың жайғандағы биіктігі құлаш өсжара(2метрдей),тордың көзжақтауы сынақ сүйем /10сантиметрдей/,дөңгеленіп құрғандағы ені /диаметрі/ құлаш төсжардан сәл кеңдеу (2-2,5метршамасы),келеді.

       Тор тоқылған жіптің әрі жіңішке, әрі мықты болғаны дұрыс.Тордың басын ышқырлайтын жіпті «шыжым»деп атайды. Оның жіңішкелігі /2-2,5мм/болып мықты жіптен ширатылады.жіптің өңі жер қыртысы түстес. Ұсталған қырандарды алып жүруге арналған құндақ болады. Құндақ дегеніміз- бір ағаштан немесе екі ағаштан иіп жасалған сопақтау шеңбер. Оның іші құс денесі сиярлықтай етіп,ұяланып тіглген киіз,шүберек,не әрібері шандылған жіп. Құсты сол құндаққа көсілте салып,етпетінен жатқызады да,қыс күндері жылылау,жаз күндері жеңілдеу орап бөлейді. Орау қауырсын –жүндерінің бүлінбеуі үшін. Құндақталған құсты түйенің үстіне артқан жүктің үстіне жайластырып байлайды. Егер жүріс ұзаққа созылып,қатты суыт жүруге тура келсе,құсты алып жүрген адам міндтті түрде өз арқасына таңып алады.

       Қазақ құсбегілері бүркітті ұстаудың алуан түрлі амалын білген. Соладың бірі- бүркітті мылтықпен атып ұстау. Бұл әрине,құралайды көзге ататын асқан мергендікті,өте ептілік пен шеберлікті талап ететін әдіс.

       Құстың бейғам отырғанын көрген мерген оның қарсы алдынан ұрымтал жерге жақындайды да,құстың қапталын жалата атып,бір жақ шалғысын оқпен қиып түсіреді.Егер оқ сәтті тиіп,бір жақ шалғысын оқпен қиып түсірсе немесе бірнеше талын қиып кеткен болса,құс өз денесін теңеп ұша алмайды.Ұшқан күнде де шарықтап кете алмайды. Мұндайда кемтар қуып жүріп ұстап алу қиынға да соқпайды.

        Құсбегілер — өз кәсібінің мықты маманы. Сондықтан олар «жемтік айыру»,«жемтік тастау», «оба жинау» сияқты түрлі –түсті орайлы әдістерді пайдалана отырып,бүркітті қақпанмен де ұстай біледі.

        Бүркітті өзі ұстап отырған жемтігіне,құсбегілер қақпан құрады.Ал бүркіт болса,жаңа ғана өзі тастай жөнелген жемтікке күдіктенбей-ақ қайтып оралады да,жемтікті әрі жұлқып,бері жұлқып жүріп қақпанды басады.Өзі ұстаған аңның жемтігінен бүркітті қуып жібереді,оған қақпан құруды құсбегілер «жемтік айыру »деп атайды.Құс қақпан-төсек,қандауыз,сыңар серпер,ағаш тиек,киіз тиек сияқты бөлшектерден құралады.

Құсбегілердің алғашқы байланысы жағымды дыбыс, баяу үн беруден, шақшиып, ішіп-жеп тесіле қарамай, мүләйім жылы қараудан басталатын көрінеді. Өйткені адам дыбысы мен адам көзінен қорықпайтын хайуан болмайды.Соны ескере отырып, қайткен күнде де бапкер өзінің зиянсыз дос екенін оған сезіндіруге тырысады. Ол әуелі құстың көзіне анық көрінетін жағынан және құс шамданып шамырқанбайтын топшылары мен қанат қыраннан, содан кейін басынан, желкесінен, арқасынн, шалғы құйрығынан, балағынан, санын сылап-сипау арқылы өз қолының қауіпсіз қол екенін сездіре отырып, ақырындап қымсынбайтын, күдіктенбейтін дәрежеге жеткізеді. Бұл-ақырындап, абайлап, уақыт өткізетін, баяу түрде орындалатын жұмыстар.Бұл-ақырындап, абайлап, уақыт өткізетін, баяу түрде орындалатын жұмыстар.

         Бапкердің ұрмай-соқпай ақырып- зекімей тартқан сай табағы талпынғанға үзілмейтін аяқбау,жарық дүниеден тайсалмайтын томаға,күндіз-түні ұйқысын алған ырғақ,кезекпен,тұрғызатын сергек күзет көп кешікпей-ақ асау қаранның бойындағы жын-сайтаның қағып,қырын атқызып жібереді.

Ырғақ деген- көлденең асып қойған жіңішке ағаш. Құсты ырғаққа қонақтатып,ұйқы бермей тербетіп отыру керек. Бапкердің айла шарасынан ығыр болған асау қыран бұдан былай бір сәт тыныш отырып,көз шырымын алуды ғана армандайтын хәлге жетеді.

Жаңа үйреткен асау жылқы сияқты,тұз құсы да қолға түскенде жан таласып,тулайды.Сонда семіз құс қызыл май болып кетеді.Тіпті түтігіп өліп кетуі мүмкін. Сондықтан оған егер бар болса тақыл-тұқыл немесе мұз жұтқызып,болмаса түтікпен ауызына су құйып  тұру керек. Қанаттарының астына су бүркіп тұрған да пайдалы.

 Асау қолға түскен заматта қазақ құсбегілері оның басын төмен қаратып,аяғы жоғары көтере ұстайды да,құстың жемсауындығы еттерден ептеп сипап,сасығы ауызынан шығарып тастайды.Кейде қолда отырған жуас құстар да жеген тамағын түгел үйіре алмай,жемсауында қалдырады.   Егер оған байқамастан жем берсе,құс оны да жеп алып,сіңбей қалған жемді жемсауында және қалдырады. Ал осы жағдай қайталана берсе,жемсаудағы қалдық жем шіріп ,бүлінеді. Оны қазақ құсбегілері « сасық жемсау» деп атайды. Оны болдырмау үшін алдын ала жоғарыда айтылғандай тазалап отыру керек. Ескі жемнен арылған құс,қарны ашқан соң жем тілеп жан-жағына жалтақтай береді. Сонда бір кесек жас етті көрсету керек.Оны ә дегенде ала қоймауы мүмкін. Мұндайда бүркіттің екі қанатын тақыммен қыса,үстіне атша мініп тұрып,аузына етті тастап,жұтқызып жіберу керек. Сөйте-сөйте ол алыстан-ақ жемге ұшып келетін болады.

       Қыран құстарға қандай жануарлар етін беруге болады  соған тоқталайық.          Малдың ішінде қойдың, сиырдың,әсіресе жылқының еті құсқа пайдалы,ешкі еті зиянды. Ал аңдардың ішінде суырдың етінен басқасының барлығы жарамды.Суыр еті бүркітке шөл бітіреді. Оның сүйегін бүркіттің асқазан қорыта алмайды.  Әдетте  құсты бір қайырғанда бірнеше амал қабат қолданылады.Оның тәсілі мынандай жемді түстен кейін жуып,сөлін кептіріп,қоянның бір саны шамасында қолға ұстап отырып жегізеді. Жем беріп отырған «айтқа» деген сөзді жиі-жиі айтып,құлағына сіңіре берген дұрыс. Басқа уақытта айтпаған жөн.жем беріп отырғанда сөлге жиі-жиі түкірік бүркеп отыру керек. Мұның мәнісі-түкірік құс еті үшін әрі тәтті,әрі оны тамаққа тез еліктіретін болады.

        Бұдан соң кешқұрым аппақ киізді құстың аузына сиятындай  сопақшалау етіп жұтқызады. Жұтқан қояны құс азанда аузынан тастған кезде  оның түсі өзгеріп,сап-сары болып түседі,яғни шараны жұғады. Қоянды күнде жұтқызған абзал. 10-15 күн жұтқзған соң киіз қоянға ештеңе жұқпай,тап-таза болып түседі. Сол кезде ғана құстың іші тазарады деуге болады, бұл қоянның мәні зор: біріншіден іші тазарады. Екіншіден,қояны тастағанда соның орны босап қалады,құс өзіне шабыт тілейді. Аңға салып жүргенде жүн қояны үзбей жұтқызып отыру керек. Егер жұтқызуды тоқтатса,құстың іші қайта кірлеп,әрі шабыты төмендеп қалады.  Құстың іші таза болмаған жағдайда ол көп ұшпай алқынып отырып қалады. Киіз қоянды те қаршығаға салуға болмайды, ал одан басқа құстардың бәріне жұтқызған жөн. Қаршығаға тек ақ матаны жұтқызу керек. Құсты сипап отырып , түнде саңғытуға үйретеді. Құс саңғысымен сол мезгілде тұғырына қондырып, түнгі сағат бірге дейін жиі-жиі саңғытып, жемсаудағы жемін басып-басып қойған жөн.Егер құс өз еркімен саңғыса , жемсауы басылмағандықтан , шабыты кеш келіп, әрі тез семіріп кетуі мүмкін. Же бірінші күннен бастап үш-бес метр жерден шақырып беріледі. Жем берген сайын «айт-қа» деп шақыру керек.

        Құс бабын ойлағанда жемді ауызға алмай өтуге болмайды.Өйткені жем-құс бабының ең бастысы, ең негізгі бөлігі. Жемнің артық-кем болуынан бабы бұзылатыны рас. Солай болғанмен қазақ құсбегілері бүркіт жемін таразылап көрген емес. Олар тек жемнің түр-сипатына , салмағына, көлеміне көңіл бөле отырып, жем беру әдісін ,тәртібін ұстана отырып жұмыс жүргізген.Сонымен бірге қазақ құсбегілері бүркітке жем беруді «тамак үшін және бап үшін» дейді де, мына төмендегіше екі түрлі шартты жағдайға бөледі. Тамақ үшін жем беру.Мұнда қолда отырған құстың әдеттегі қарапайым тіршілігіне тән күнделікті еслі тамағын беру, азықтандыру ғана көзделеді. Бүркіт жай отырғанда оған еттің семізі де, арығы да, мал еті,құс еті бәрі де жарай береді.Тек берілетін ет бұзылған сасып-шіріп және тұздалған ет болмау керек.   

        Бап үшін жем беру. Бүркіт аталатын қыранның бабына өте көп шартты жағдайлар керек. Ал соның ішінде жемнің орны тым ерекше. Бап жемі қыранның түлек кезінде берілетін жем,қыранды қайырып жүргенде берілетін жем және зар күйінде аңға салып жүргенде  берілетін жем болып үш кезеңді түрге бөлінеді.   Аңға салынатын бүркіт біршама қоңды,жемге шабытты, сергек күйде болуы керек.Сондықтан әр бүркіттің тегіне,қырандығына,мінезіне,жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы: «Қан соқпа», «жылы жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда,құстың еті төмендеп кеткен кезде берледі.

      «Тартпа», «толарсақ» дейтін жемдер бүркітті ширықтыру үшін берілсе, «сарбөрпе» (турап алып 1-2 рет суға шайған ет)құстың етін бір қалыпты ұстау үшін, «ақ жем» (туралған суға сығымдап көк сөлін алған ет)құстың етін төмендетпеу және ашқарақтану үшін беріледі. Бүркітшінің түлекті осындай түрлі жеммен баптауын «қайыру» дейді. Құсты тамыз айынан бастап қыркүйекке дейін     қайырады. Қайыру дегеніміз-семіз құсты жарату,саятқа дайындау.бұл кезде құсқа бөртпе жем беріледі. Бөртпе дегеніміз-суға бір тәулік бөрттірілген жем. Бұл жем-құсты іш майынан айырып,қара етін толтырады.

       Тағы қыранды неғұрлым қолға ұстап,қолға дұрыстап қонып отыруды үйрету,көп уақыт аттылы –жаяу алып жүруге баулу,үй ішінде,балалы –шағалы жерде,адамды көп ортада,малды- жанды,иті,құсы бар жерлерде жиі ұстап   көз таныс жасап,оларға қарап шабыттануға болмайтындығын сезіндіру,ондай орталардың қауіпсіз орта екендігін қайта-қайта көрсетіп дағдыландыру,сондай орталарға етене етіп тәрбиелеу-қыранмен тілдесудің,оны қолға үйретудің  әліппесі де,негізгі қағидалары да осы деуге болады.

        Асау құсты алғаш байқағанда қанаты жан жағына соғылмайтын,құйрығы бір нәрсеге тимейтін орынға байлайды.Тұяғын мұқалтпау үшін талпынатын  жақ астына сырмақ,тулақ, түйе жабу сияқты төсеніш тастайды. Ең бастысы-асаудың әптігі басылғанша жанынан адам кетпей,күзетіп отырғаны абзал.

       Құс аяқ баулары- балақ (білезік) бау, шолақ  аяқбау ,ірге (ортақ желі) бау. Соның ішінде талғам-талабы ,шарты көбі-балақ бау. Балақ баудың іші жұмсақ (ең тиімдісі қайыс,жарғақ,былғары) сияқты ұрпа заттардың бедерсіз,жылтыр өң жағын ішіне қаратып астарласа,қозғалғанда аяқ түгін қозғамайды,арасына жұқа киіз,жүн немесе мақта салса тіптен жақсы,сырты мықты,жұмсақ қайыс не былғары болумен бірге құстың жіліншегіне дәлме-дәл болуы да шарт. «Жылқы ұстамақ болсаң-құрығыңды,құс ұстамақ болсаң -бауыңды»,деген аталы сөз де осыған орай айтылған болар.                               Жалпы алғанда құс біткен екі аяғынан байланады. Соған орй екі аяққа екі балақ бау,екі балақ бауға жеке-жеке шолақ аяқ бау байланып щолақ аяқ баулардың ұштарындағы екі шығыршықты біріктіретін бір алмалы – салмалы 7ірге бау болады. Ол бау құсты бір орынға қондырғанда байлау үшін керек. Ал құсты алғашқы баулау,қызылға шақырып,шырғаға шақырып,тірлетіп жүргенде ірге баудың орнына бес –алты құлаш шыжым жалғанады.

        Асау құстарды алғашқы күннен бастап томағалауға болады. Бірақ томағалаудың өзі шартты түрде жүргізілетін жұмыс. Асауды бір мезгіл жарық дүниеден бөліп тастау немесе томағалы өмірге үйрету үшін томаға кигізеді. Сонымен бірге құсты қолға алуға уақыт болмаған жағдайда жоқтаг өзгеден сескеніп қауіп-қатер күтетін,жоқтан өзгеге талпына беретін құстарды да томағалап қою теріс емес. Солай болса да өз төңірегін өзі барлап,қауіпсіз-қатерсіз ортада отырғанын өзі сезіну үшін асау құстың көп мезгіл томағасыз болғаны жақсы.Түзден түскен семіз құс өзінің мәйектілігі менмінез құлқына қарай алғашқы күндері жемге жоламайды, бірақ екі-үш күнде оның тәбеті тартпай қоймайды.Бұл сәтте оған қолдан жем беруді бастаған жөн. Қырандар қолдан жегісі келмей жалтақтайды,бірақ жемді жерге тастап беріп үйретпеген дұрыс,себебі кейін ол құс қолдан жем жемейтін болады.Бұл құсты қолға үйретуге бөгет болатын жаман әдеттердің бірі.Сондықтан жемді қолдан беріп үйреткен дұрыс.Жем беріп отырып «айт-қа»деп дыбыс шығарып отыру керек.

        Жем жегізе отырып, сылап-сипау құс пен бапкердің бетпе-бет тілдескен және қолға үйтетудің ұтымы сәттеріне жатады. Айта берсе бапкердің шеберлігі мен мамандығына қатысты істер көп-ақ. Егер асау құс тұғырда отыруды ,қолға қонуды үйренген болса ,атты-жаяулы қолға алып жүруге дағдыланып,үй-ішін, бала –шағаны жатырқамайтын,адамы көп ортаны тосырқамайтын,сылап-сипағанға қытымырланып қымсынбай, қолдағы қызылға шақырғанда тартынбай келетін болса,мұндай құсты біршама жуасыды деуге болады.Және  мұндай құс ауру-сырқаудан сау болса, енді оны аңға салу үшінбаптай беруге де болады.

       Қыранды аңға салу баптың бапкердің өз мамандығы мен шеберлігін байқататын сын екені анық.Қыранды аңға салу үшін баптауға кіріскен адам ең алдымен құстың күнделік мінез-қылығына,көңіл –күйіне, ажары мен жанарына, қас-қабағына, талабы мен тілегіне назар аударып қадағалау керек.  Бұл ретте құстың шаттануы мен жабырқауы,қағынуы мен қауырсын дыбыстары, тарануы, сылануы, тұяғыменқасынуы, тұрар қысуы, ұйқысы мен қағілез сергектігі, жан-жағына қарауы мен қылмың-жылмыңы бәрі-бәрі мұқият бақылануы тиіс. Жем иіруі мен саңғыруы, арық-семіздігі, майының бар-жоғы, етінің тығыздығы мен босауы-ең басты хабар дабылдарға жатады. Жоғары да айтылғандар жәй адам үшін ғана жұмбақ. Ал бапкер соның бәріне қиял жүгіртіп,оп тастап шама-шарқын біліп отыру қажет. Асау құсты қолға шақырудың да бап баспалдағы болады. Алғашқы кезде ірге бауды шешіп,оның ұшын қолға ұстап отырып,сол ірге бауы ғана аралықта тұғырдан қолға шақырады. Осы әдісті қайталай беріп,қолдағы қызылға дәндетіп алған соң,құсты бір орынға отырғызып,өзі шыжымның ұшынан ұстап,бірнеше адым қызылға шақырады.Мұндай шақыруды құсбегілер «шыжымның ұшымен шақыру»деп атайды.Егер шыжымның ұшымен шақыру сәтті өткені байқалса,шыжымды  бос тартып шақыра бастайды.  Мұндай шақыру шыжым бойынан бастап,әр жолы алыстай беруі,тіпті жүздеге адым,бара –бара да алыстауы мүмкін.Шыжыммен шақырылып жүрген құстың бөтен сыңайы байқалмаса, онда бүркітті ірге баумен шақырады.Шолтаң қаққан ірге баумен шақырылып жүрген кездерде көңіл бұзу ,қобалжу, жат мінезі болмаса,енді ірге бауды да тастап, шолақ аяқ баумен шақыру басталады. 

        Ал шолақ аяқ бау мен бау қолдағы құстың асауында да,жуасында да   болуы керек. Бұл екі бау құс байлаулы отырғанда да аңға салғанда да ұүстың аяғынан алынбайды. Бұл баулар арқылы құс өз аяғының ылғи байлаулы екенін сезінеді. Асау жуаси келе аң мен құстың далбайына шақыру басталады. Бұл-аңға баулудың алғашқы тәсілдері. Ал далбайға шақыру сәтті шығатындай,тіріге шақырылады.

        Тірі дегеніміз қоян, қарсақ, түлкі сияқтыларды зыта жөнелмейтіндей етіп,аяғын тұсап өрлеп,тірсегін буып,жыртқыштардың аузын тұмылдырықтап,тақыр алаңға жіберу.Тірі шырғаның осы түрі бірнеше қайталағанда сәтті шықса,онда қоян,қарсақ,түлкі қол-аяғы байланбай-ақ жіберіледі.Шырғаның осы түрінің маңызы өте зор.Өйткені ауыл төңірегінде жатқан қалың малдың , ит пен мысық, бала шағаның арасында жүргізілген бұл сынақ, ертең аңға жібергенде, аң мен иалды айырудың басты негізі болады.

        Бапкер өз  күдігін айықтыру үшін аңға үйретілген жуас құстарды ала шығып,солар алған аңды жаны бар күйінде тірі айырып алып,енді құсқа бастырып көреді. Мұндай бастыруды құсбегілер «баулу,бау ашу» деп атайды.Ал егер асаудың өзі барып тағы түлкіні басып алса, «құс ақ аяқтанды» деп атайды. Құстың өзі басып алған түлкісін «тырнақ алдысы» деп атайдыда,құс иесі түлкіні өзі байлайды.Ал егер осы құс және бірлі алса,онда түлкіні осы қуанышқа ортақтасып жүрген қадірлі адамға,қызылшыға не қағушыға байлайды.

       Байлау дегеніміз- өз бүркіті алған түлкіні басқа біреудің қанжығасына байлап беру деген сөз.Тұңғыш тіріні айырғанда құсқа атпен шауып не алқын –жұлқын жүгіріп бармай,қарсы алдынан,не бір жаққырынан аяңдап баяу барғаны жөн.Бас салардай үстіне өңмеңдемей,жақын барғанда жүрелей отырып,ақырын жылжып,қолды төмендеу созып апарған дұрыс болады.Қалай болса солай қатты дауыстап,сұсты көзбен қадала қарап,шақшиып,құсты шошытпаған жөн. Жақындаған сайын сабырлы үн, «әй-әй,қа-қа»  деген бұрыннан құлағына сіңген таныс дыбыстарды қайталап,аңның аяғына қол тигеннен кейін-ақ аңды айыруға бейімделген жөн. Егер бергісі келмесе,аңның бір жақ шолақ санын дереу суырып алып,соны шоқыту арқылы бүркіттің жембасарын еппен көтеріп,биялайға шығаруға болады.

        Осы арада ,құс пен құсбегінің екеуі де өз сабырларын жоғалтып алуы мүмкін. Сондықтан құста болатын қызғаншақтық,басқанын бермей отырып алу немесе жалтақ-жасқаншақ,қашқалақ болу,тіпті иесіне кек сақтап,жауыға қарау сияқты нашар мінез де осындай сәттерде қалыптасады.Мұндайда  олжалы болып отырған құстың да,құсы аң алып отырған аңшының да көңіл-күйін айтып түсіндіру өте қиын.

  Бап туралы айта берсе өте көп. Солардың ішінде түлек бабына тоқтала кетейік. Хайуанаттардың барлығы да минуты, сағаты,күні, айы жылы өткен көнерген түлектерін жылына бір рет түгелдей тастап, оның орнына жаңаны ауыстырып отырады. Табиғаттың бұл заңы қырандар өмірінде де кездесіп отырады .Әсіресе қолдағы құстың ескі мамық, ескі жүн, қауырсындарын тастап,оның орнына жаңаны ауыстыру түлек кезіндегі табиғи талабы мен оған жасалған түлек бабына байланысты. Ал қыранның түлек бабы дегеніміз-бапкерлік қабілеті мен құдіретіне тән жұмыс.

 

3.3 Құстардың түлек жастары

 

Қазақ құсбегілері ескі жүн,қауырсындарын түгел ауыстырған бүркітті жақсы түлеген,толық түлеген деп атайды. Ал жақсы түлеген бүркіттің жүні мен қауырсындары көгілдір тартып,сынып қайтқан жарықтың сағымы арқылы құбылып,шыңыт беріп көздіалдай береді. Соған орай толық түледі,жақсы түледі деген сөздің орнына «шаңыт түлек», «көк шаңыт түлек» деп атайды.

 Құс қашанда өзінің ішкі табиғи құбылысына, денсаулығына, тамағына, сыртқы ортасына,бабына қарай түктерін кейде аз,кейде көп мөлшерде жаңалайды.Мәселен,ол тозған,әлсіреген,кемтігі,және күсі бар жүндер мен қауырсындарын түгелдей жыл сайын,ал шалғы,арқанат,іргеқанат,құйрық қауырсынадыр жыл аралатып,не екі-үш жылда бір кезектеп ауыстырады.

        Құс табиғи түлек кезінде тамағының тоқ болғанын қалайды. Егер қолда отырған бүркіттің тамағы бірде бар,бірде жоқ немесе бірде тапшы,бірде аста-төк болып отырса,түлеу дәрежесі де бірдей болмайды. Бап ауқымына қарай кейде түлеп,кейде түлемей отырып,қала береді.мұндай сәтсіздіктерді болдырмау үшін түлекке отырғызған құстың тамағын біркелкі беріп оған жайлы жағдайлар жасау керек.

         Барлық табиғаттың жыл басы наурыз (17мен 21 марттың аралығы)айы болғаны сияқты бүркіттің де табиғи түлек басы наурыздан басталып,тамызда аяқталады.Түлекке отырғызылған құстың бап тәртібі  де әрқалай. Қазақстанның шығысынан батысына дейін,оңтүстігінен солтүстігіне дейін мекен еткен қазақтардың құс аңшылығы мен құсбегілік өнерінің ұқсас жақтары да,ұқсамайтын жақтары да бар. Өйткені әр өңірдің  өзіне тән құс баптау әдісі мен тәжрибесі бар.

        Түлек мерзімінде негізгі мәселелердің бірі-ең алдымен құстың арық –семізін байқау қажет болады.Түлекке отырғызылатын құстың құбатөбел арықтауы қажет. Өйткені май жоқ,тор еті толық құс қайта көбеңсіген кезде жақсы түлейді.

        Түлекке отырғызған күннен бастап-ақ оған еттің нәрлісін құнарлысын беру керек.Мал еті,аң еті,құс еті- бәрін де беруге болады.Әсіресе жаңа сойылған жылы қанды еттерді тояттата беру өте пайдалы. Мұндай құсбегілір тілінде «жылы қан» деп атайды. Ал кейде түлек бабын бақылап отырған құсбегілер  түлекті жиілету мақсатында-суыр,борсық,ит,күшік,түлкі,қарсақ сияқты аңдардың еттерін «жылы қан» күйінде бірнеше рет беруді жөн көреді.Кейбір құсбегілер қаз,сарыала қаз еттеріне,малдың бауырына бие сүтін сәл ашытып,соны береді. Кейде малдың сүтінен жасалған ақ ірімшік беретіндер де бар.Бүркіт түлекке отырған кезде жемдеуден басқа да көңіл аударатын ,жұмыстар өте көп. Соның ішінде ерекше бақыланатын істің бірі түк тастау барысы мен оның орнын толтыру шамасы.Тыныш отырып біркелкі баппен семіртіліп,түгін бұрқырата тастап отырған құстың семіртіліп,аяқ астынан түлікті баяулататын не толықтыратын кезі де болады.Мұндай сәтсіздік ұнамсыз жем жеуден,артық жеп, күпті болудан «сасық жемсау» болудан, өте семіріп, шайланудан, қатты шошынудан,аса албырынды бой алдырудан,қазал май болудан, сыртқы соқтығыстың әсерінен өзінен болуы мүмкін.

       Құстың ескі жүн ,қауырсындарының түсінен теуіп өсіп келе жатқан өсінділер тебіндеп шыққан кезде көне түктердің түбі босап,өзінен-өзі түсіп қалады. Бір жағынан құстың өзі де тұмсығымен тарап түсіріп тастайды.Ал,көне түк түскен орнынан іші қанға толы,сырты былқылдақ,көк сүйір зат сыртқа теуіп шығады.Құсбегілер оны «көк соқты» деп атайды.Көне жүн қауырсынның орнына шыққан осы көк соқты келесі жаңа жүн,жаңа қаырсын болып жетіледі. Сондықтан жаңа шыққан үлбіреген,нәзік көк соқты жараланбай,зақымдалмай,өзінің табиғи жолымен жетілуі шарт. Көк соқтының зақым болуынан кейде оның түбі кезек алып,асқынып жараға айналады. Бұл жараны құсбегілер «құр қанат» деп атайды. Құрт қанаттан кейде құс өзі жазылады немесе құсбегілер емдеп жазады. Аңға салынған  құстың қашан да қанат –құрығы бүтін болғаны дұрыс. Кейде аңмен арпалыста немесе басқадай сәтсіз жағдайларда құстың қанат қауырсындары сынады,мыжылады,майысады. Ал құсбегілер оның сынғанын дереу жалғайды. Мыжылғанын қалпына келтіреді,майысқанын түзетеді. Егер түлекке отырған құс өткен жылғы кетік қауырсындарын өзі түлетсе,құсбегі оны қолдан түлетеді.қауырсындардың бір қасиеті қайта-қайта жылы су бүрке отырып бармақпен сылап-сипаса,табиғи қалпына келеді.құсбегілер аздап майысып қалған қауырсындардың көбін осы әдіспен түзетеді. Бұл ең жақсы ең тиімді жол. Құс қуа  қауырсындарын жалғап – жамау,таңу — өте ұқыптылықты,мұқияттылықты талап ететін жұмыс.

        Түлек бабында айтылатын бұдан басқа да шарттар бар Мәселен,түлекке отырғызылған бүркіттің балақ жүндерін дұрыс жетілдіру үшін қашан аңға салынғанға дейін жіліншіктегі қажалған, зақымдалған жерлерін сауықтыру үшін құстың балақ бауын тақпай, көбінесе тегеурінінен байқаған жөн.Тұяқтарын жетілдіру үшін құсты сазды ,томаршалы жерге байлап, шымына тұғыр жасап қойған дұрыс.Сайып келгенде,бұл айтылғандардың бәрі де,түлік бабына жататын шарттардың бір бөлігі деуге болады.

       Құстың салуы жеткен уақытта оны айнаға қарату керек. Егер ол суретінен өзі қорқып,жүнін үрпитіп дауыс шығарса,онда салуға болғаны. Егер өз суретінен қорықпай,қарсы ұмтылса,онда салуға болмайды.

       Аң ілетін құстардың қолға үйрету әдістерінің түрі көп. Соның ішінде Батырбек Бақтияров деген құсбегінің қаршыға тобындағы құстарды қолға үйрету әдістері төмендегідей екен. « Құсты алғаш ұстаған күні екі көзінің астыңғы терісінен аттың қылын түйреп өткізіп,көзін жауып туру үшін төбесіне тартып байлап қояды.Әйтпесе бұрын адам көрмеген құс жүрегі жарылып кетуі мүмкін. Немесе қалбын жүрек болып не болса соған шошынғыш келеді. Көзі таңулы кезінде адам көп болатын жерге отырғызады да ,екі-үш күн өткен соң, қылды суырып тастайды,және осы мезгілде құсты қолға қондырып,арқасын,бауырын,төсін сипалап,бойын үйретеді. Сонда барып әбден шаршаған құс ырыққа көне бастайды. Жемді қолына қондырып отырып  береді және үнемі дауыстап отырады. Сонда құс иесінің дауысына үйреніп оны – «жатырқамайтын» болады.  Қаршыға — тез кеселденгіш құс. Бірақ ауырып жүріп те ол ала береді. Әр күн сайын құстың құлағына қамыс салдырлатсаң,аузын ашып есінейді. Егер есінемесе құстың кеселденгені.Құста үш кесел бар- бас маңқа,құрт маңқа және оқала. Оларды емдеу біршама қиындау.

        Қаршығаның өз әлінше құс алмайтыны болмайды.Алмасқа оның үш есебі бар.Семіз, арық, қызылмай.Қаршығаның қызыл майы,семіздіктен арықтатқанда,біртіндеп азайтпай кенеттен ашықтырғандықтан қауырсынында,үлпершегінде май қалады да,ондай қаршыға қолда отырғанда құс көрсе талпынады, ал ұшса еті қызып қайнап кетеді.Онысын жою үшін қаршығаға жемді көп беріп семірту керек,содан қайта қайырып біртіндеп арықтату керек.Қаршыға, қырандардың алатын құстарының ең құндысы қаз,дуадақ және үйректер.Бұлардың ішінде қаршығаға алуы қиын қаз болады. Қаршығаны қаздың тобына жіберсең,көтеріле бергенде бірін іліп жерге түссе, басқа қаздар сол жерге қона қалып,қанатының шыбығымен қаршығаны сабалай бастайды.Таяқ өткен қаршыға қазын тастап қаша шығады. Дуадақ та өзінше қаршығаға алуан түрлі амал жасайды.Отырған дуадақтар қаршыға келе жатқанда,жүнін қорбитып,үлкенқаптай болып тұра қалады. Қаршыға екпінмен үрпиген жүнінен іліп түскенде, дуадақ тұра ұшады. Қалың жүннен дуадақтың қауырсынына таяқ ілінбей, жүнді шеңгелдеп, жұлып алып қаршыға отырып қалады.Қаршыға ителгі, лашын салу өз қызығы өзіне толы ол да  бір саятшылық дәурен.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1.   ЮНЕСКО саятшылықты: «Адамзаттың материалдық емес, рухани мұрасы», деп таныды. Бұл – үлкен баға. Осы бағаны бағалау қазақ үшін парыз.
  2.  Құс салып ит жүгірту қазақ халқының ежелден келе жатқан кәсібі, заманына қарай тудырған берері көп өнері болған.Аңшылықты кәсіп етпей тек бос уақыттарын демалып көңіл  көтеру үшін ғана қыран бүркіт,алғыр қаршыға,айллы сұңқарға құс ілдіріп,қызықтау үшін қолданып келгені белгілі.
  3.        Нағыз құстың тілін білген құсбегілік ата-бабамыздан бері келе жатқан көне өнер. Құсбегі болу үшін білмегінді ұмтылған шексіз ынта керек. Жар құлағы жастыққа тимейтін қажырлылық құбылыстың сыр-сипатына терең үңіле білетін зерде, естілігі мен көргенін қамсыз есте ұстайтын алғырлылық керек. Осыған қарағанда саятшылық өнерін шексіз мегерген ата-бабаларымыздың зерделілігінің ұлан –ғайыр екендігін көреміз. Осы еңбекті жазуда саятшылық өнерін шексіз меңгерген құсбегілердің,құсты баптау,оны ұстау жем беру,түлекке отырғызу және де аңға салу әдістері туралы зерттеулерге талдау жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  • Марғұлан.Ә. «Саят құстары» Жарыс. 2014.
  • Орехов М. « Охота с ловчими птицами у киргизов»: // Туркестанские ведомости.Ташкент,1910,N 66-68
  • Әлішеров Т. Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» // Ауыл,1993,N 46,17,18 қараша
  • Әбутәліпұлы А. Аңшылық – ол бір өнер тіл білгенге: // Көкшетау,1993,7 қазан.
  • Кәмалашұлы Б. Аң аулауға қажетті құрал саймандар: // Ана тілі,1993, 4 қараша.
  • Шоқпарұлы Д. Саятшылық саймандары: Тұғыр // Жетісу,1993,29 мамыр.
  • Мұхамеджанова А. «Итке қос артқан далада қалады» // Халық кеңесі,1994,28 қыркүйек.
  • Таникеев М. Охота с беркутом. // Комсомольская правда,1953, 7 апреля.
  • Бабалықов Ж.., Тұрдыбаев А. «Қырандар» // Алматы, «Қайнар», 1983,12б
  • Әділханұлы А. Қайта жаңғыртып өркендету парыз. // Сарыарқа         самалы. 1993,12 тамыз.
  • Сукретов-Досымбетов В. С беркутом и сабакой: //   Простор,1978,N 10
  • Әлішеров Т. Саятшылық. Алматы,1974,-Б.82.
  • Юсупов М.  Құсбегілер. //Туған жер қазынасы,- Алматы,1983 Б 127.
  • Сеитов М.Д. Охота с ловчими птицами у казахов:// Семипалатинского края.- с.48.
  • Айманов Ш., Бегалин С. Қыран туралы хикая. – Алматы 1967,- Б. 64
  • Молдабергенов А. Атамекен,53б.
  • Хищные птицы-друзья и враги. Новосибирск,1960,С.9
  • Балашенов Ж. Білмейді құс қадірін ұстамаған. // Туған жер қазынасы. — «Қайнар», 1983,-Б.145
  • Қайымов К. «Қызықты зоология».-Алматы,1975,-Б.99
  • Мұхамеджанова А. Итке қос артқан далада қалады// Халық кеңесі,1994, 28 қыркүйек.
  • Уалиханов Ш. Қансонарда бүркітші шығады аңға. Алматы 1961,-Б.68
  • Қайымов К. «Қызықты зоология».-Алматы,1975,-Б.99
  • Әділханұлы  А. Қайта өркендету парыз: // Сарыарқа  самалы,1993, 7 қазан.
  • Кәмәлашұлы.Б.«Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі » «Өнер» баспасы 2006 ж Кошаев М.Н., Кульназаров А.К. Превратим занятия физической культурой и спортом в Казахстанский образ жизни // Вестник физической культуры, научно-практический журнал ННПЦФК МОН РК.-2002.-№2.- С.6-11.
  • Выдрин В.М. Теория физической культуры (культуроведческий аспект): Учебное пособие. — Л.:ГДОИФК им. П.Ф.Лесгафта, 1988.-43с.
  • Таникеев М.Т. Социология физической культуры и спорта.- Алматы. Гылым, 1994,-151с.
  • Пономарев Н.И. Теоретические проблемы физической культуры и спорта в свете материалов XXVII съезда КПСС // Теория и практика физической культуры.-1986.-№6.- С.5-6.
  • Круглова Л.К. Основы культурологи: Учебник для ВУЗов. — СПб., 1995.- 220с.
  • Рождественский Ю.В. Введение в культуроведение. — М.: Физкультура и спорт, 2001 . – С. 38-41.
  • Бальсевич В.К. Онтокинезиология человека. — М.: Теория и практика

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Алғожа Айбынның «Қазақ халқының саятшылық өнерінің заманауи жолдарын анықтау » тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына ғылыми жетекшісінің берген

                                               

ПІКІРІ

 

          Айбын дипломдық жұмыс жазу барысында қазақ халқының этнографиясымен шұғылданған көптеген авторлардың еңбегіне сүйенген.

          Қазақ халқының  саятшылық өнерін зерттеу – Қазақстан тарихындағы ең бір өзекті мәселелерінің бірі болып отыр . Айтжан Қуаныштың дипломдық жұмысында осы тақырып кеңінен қарастырылған.. Қазақтың аңшылық кәсібі туралы жазған ғалымдардың еңбектерін орынды қолдана білген. Осы еңбекті жазуда саятшылық өнерін шексіз меңгерген құсбегілердің,құсты баптау,оны ұстау жем беру,түлекке отырғызу және де аңға салу әдістері туралы зерттеулерге талдау жасалынған.. Қорыта келе, студент  Алғожа Айбын  жазған дипломдық жұмысын қорғауға ұсынамын. Академиялық бакалавр атағын беруге лайықты  дипломдық жұмыс жазды деп есептеймін. Дипломдық жұмыс жақсы дәрежеде жазылып қорытындысы шығарылды, жұмысты « өте жақсы»   (96 балл)  деп  бағалауға  ұсынылды.

 

Ғылыми жетекші :

Ұлттық спорт түрлері

кафедрасының аға оқытушысы :                                                         О.Н. Өтенов