АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ халқының зергерлік бұйымдары

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Тарих факультеті

 

Археология және этнология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Қазақ халқының зергерлік бұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Алматы — 2008

                                                    МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….3 – 8 

 

1    ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ     

1.1 Қазақстан территориясындағы қолөнердің қалыптасу

      тарихынан………………………………………………………………………………………..9 — 13 

1.2 Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары ………………………………………13 — 23

 

       ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ӘШЕКЕЙЛЕУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

       ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу ………………………………………………..24 — 31

2.2 Зергерлік бұйымдарды өңдеу тәсілдері  ………………………………………..32 — 42

 

      ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………….43 — 45

      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………………47 — 48

      ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………………………49 — 57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   КІРІСПЕ

        

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақытта техникалық прогресте біршама жетістікке жетсек те, ата-баба мұрасының көбін ұмыта бастағанымыз ащы шындық. Дегенмен де ХХ ғ. 80-90 жылдары ұлттық санамыздың оянып, ұлтымыздың өткен тарихына зерде салып, болашағымызға көз жіберіп, халқымыздың мәдени мұрасын жоқтауымыз бүгінде өзекті мәселелерге жатады.

         Қазір еліміздің тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағылымымен, халқымыздың бай, өзіндік ерекшелігі бар мұрағаттарымен таныстыру қасиетті міндет. Ұлтымыздың қолөнердегі жетістігін қауым игілігіне айналдыру, жергілікті жерлерде халық шеберлерінің істерін жас ұрпаққа насихаттау, әдемі қолөнері бұйымдарын қазіргі заманға сай қолдана білуге үйрету уақыт міндеті. Бұл міндетті орындауда  әр халықтың  зергерлік өнерінде тек өзіне ғана тән,  ғасырлар бойы қалыптасқан, әшекей сәндік өнердің бастамасы болды. Әр туынды өзіндік қайталанбас формасы, көркемдігі және техникалық әдістің  күрделілігі секілді  факторлар шебердің  жоғары дәрежесін дәлелдейді.  Осындай  жан – жағынан да келіскен өнер туындыларын қазақтың да шеберлері жасағанын  тарихтан біле аламыз.

         Зергерлік өнер өзінің кең мағынасында  әшекей бұйымдарын  жасайтын  өнер  түрі  ғана емес, сондай – ақ  ол  күнделікті үй тұрмысына қажетті  заттарды да жасауды  білдіреді. Зергерлік өнердің бір туындысы — әшекей, ұлттық  киімнің ажырамас бөлігі болып табылады.  Киімнің  формасы,  матаның түсі, ою — өрнектің  тігісі  мұның бәрі әшекей бұйымының қандай  болатынын анықтайды. Шығыс халықтарының киімдерінде түстердің  үлкен әсемдік пен гармонияда ерекше үйлесіп тұруына үлкен мән беріледі. Олар сәндік үшін де, қажеттілік үшін де қолданылады. Орта Азия және Қазақстан  халықтарының  киімдеріндегі  әшекейлердің  пішіні жан – жақты көркем – техникалық  әдіспен жасалған. 13 [12]

         Жалпы  зергерлік кәсіпті шеберлер  негізінде мал шаруашылығы және егіншілікпен қатар  біріктіріп  алып жүрді. Ұқыпты және әртүрлі  үлгіде жасалған әйелдердің  әшекей  бұйымдары, сонымен қатар аттың ер тоқымы және тағы басқа заттары   ерекшеленіп тұратын. Себебі,  бірінші жағдайда әйелдер әрдайым сұлулыққа және әшекейге құмар болғандығынан десек, екінші жағдайда өмірінің жартысын аттың үстінде өткізетін  халықтар үшін жақсы тұлпар мен жақсы ер оның қасиеті мен өмірдегі жетістігін көрсететінін ескерсек, бұл заңды да.

Кез келген  қолөнердің  түбірі – халықтың көркем шығармаларымен  тығыз байланысты.  Дәл осы қолөнер шеберлерінің  кәсіпқой өнерімен түптеліп, көркем дәстүрдің тікелей және маңызды қайнар көзі болды. Сондықтан Кавказ тауларынан Жапон аралдарына дейінгі Шығыстың  зергерлік өнері әрі бай, әрі оны мекендейтін халықтар секілді бір – біріне мүлде ұқсамайтын әртүрлі болып келеді. 11. [30]

         Тақырыптың зерттелу деңгейі.  Орта  ғасырлардан бастап, Орта Азияны және Қазақстан халықтарының кәсіптік бұйымдары және әсемдік қолданбалы өнер туындылары  Шығысқа келген Европалық саяхатшыларды қызықтыра бастады. 

         XV – XVI ғ.ғ қазақ халқының  тұрмыс – тіршілігін бірден – бір нақты көрсететін деректі, Бұқарлық  атақты тарихшы  Фазлаллах  Рузбиханның еңбегінен табуға болады. Ол «Орталық Қазақстан мен Сырдария бойындағы қалаларды, Жетісу өңірін  кәсіпкерлік  өнердің орталығы болды» – деп жазады.  Сонымен қатар «Бұрындық хан кезінде ( XV – XVI ғ. басы)  қазақтар Дешті – қыпшақтың өндірістік дәстүрін жалғастырып, базарлардағы қазақтардың  зергерлік бұйымдары көз тартады»  — деп жазады. 20 [98]

         Алғаш рет қазақ зергерлерінің бұйымдары 1865 жылы Петербор қаласында Ресей  халықтарының кәсіптік этнографиялық  көрмесінде  көрсетілген болатын. Үлкен көлемдегі көрме 1867 жылы Мәскеу университетінің  жаратылыстану, антропология және этнография қоғамының ұйымдастырумен болды. Экспонаттар арасында ең құндысы генералдар Н. А. Кржижановский мен  Л.Ф. Баллюзек Батыс Қазақстаннан алып келген бұйымдар болды. 26 [19]

         1868 жылы Қазақстанға патша Александр II – нің үлкен ұлы князь Владимердің келуіне байланысты, Сібір ведомствасының дала  округтарының  ұйымдастыруымен қазақ халқының кәсіптік мәдениетін көрсететін көрме өткізілді. 10 [№24] Міне, осылардың барлығы қазақ халқының зергерлік өнерін әлемге танытудағы алғашқы қадамдар еді.

       Шығыс  халықтарының  мыңдаған жылдар бойындағы  тарихында, қазақ халқының  тарихына арналған жазбалар жетерлік.  Сол тарихи жазбалардың  көбі  керемет өнер шеберлеріне арналған. Олар тек  адам өміріне қажетті бұйымдар жасаумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар  ғажайып қайталанбас храмдар мен  қамалдар, мешіттер мен медреселер салып, фрескалар мен миниатюралар  жасап,  қарапайым адамдардың өмірін әсем әрі әдемі етті. Солардың ішінде зергерлік өнердің шеберлері үлкен орын алады. Шеберлердің  таланты мен үлкен техникалық мүмкіндіктерінің ұштасуы нәтижесінде баға жетпес дүниелер жасалып,  адамдардың игілігіне жараған болатын. 12 [37]

             Көрме экспонаттарының ішінде ерекше көзге түскен заттар мыналар болды: аң терісінен жасалған маржан тастармен және қауырсындармен әшекейленген қалпақ,  алтын және күміспен қапталған, сердолика мен бирюза сынды әшекей тастармен сәнделген ер кісінің ері  сонымен қатар таза күміспен күптелген  әйел адамның ері болды.

                   Шығыс халықтарының қолөнер  әшекей бұйымдарына үлкен қызығушылық туғызған ол 1890 жылы Вена қаласында өткен көрме еді. Еуропа әлемінің алдында сол көрме арқылы бай эстетикалық  қолөнер мәдениеті ашылған болатын. Көрсетілген үлгілер  Шығыс халықтарының ою өнерінің бай әрі  жан – жақты алуан екендігін көрсетіуде көрменің  атқарған ролі өте маңызды болды. 53.[131]

         Қазақ халқының өнерін зерттеуде  орыс халқының ғалымдары да біршама еңбектер қалырды.  Оның ішінде ерекше атап өтетін ғалым ол —   В.В.  Стасов.   Г.Н. Потанинмен және оның әйелі А.В. Потанинамен жақсы достық қарым – қатынаста болатын. Сол себептен де оларға  қазақ халқының қолөнер ескерткіштерін музей үшін жинауды ұсынған болатын.

Сонымен қатар Қазақстанды зерттеушілердің бірі  М.А Леваневский  өте шебер жасалған «күміс белдіктерге, айырбас тоғаға, бейне бір інжу іспетті көрінетін  күміс доңғалақтарға, алтын және күміс жіптермен қапталған зергерлік бұйымдарға» қызыға, таңдана қарайтын. 32 [том 1, 163]

Павлодар уезін зерттеген М. Чормановта осы аймақтағы ел арасындағы зергерлік өнердің қазақ тұрмысында алатын орнына, әшекей бұйымдарға олардың жасалыныу технологиясына және де осы елдегі белгілі зергерлерге сипаттама берген. 52 [65]

         Революцияға дейінгі кездегі  көптеген зерттеушілердің ойынша көшпелі қазақ халқының  ұлттық, өзіндік қолөнері болған жоқ деп  ойлайтын. Кейбір түрлері болса да, олардың пікірінше ол заттар тұрпайы, анайы, ешбір талғамсыз болып есептелініп, қандай да бір ғылыми қызығушылықты туғызуы мімкін емес деп есептелінді. Кейбір дамыған салаларымызды көрсе  оны басқа Шығыс халықтарынан келген өнер деп есептейді.

         XX ғасырдың басында жазылған еңбектердің көбі  қазақ өнерінің шығармашылық мүмкіндігіне дұрыс баға бермегендктен және зерттеудегі методологиялық, әдіс – тәсілдегі қателіктен. Соңына дейін өз дәрежесінде жазылып аяқталмады.

         Қазақ халқының зергерлік өнері және зергерлік бұйымдар жөнінде жан-жақты талдау жасай отырып, оның басқа да халықтарда кездесетіндігіне салыстырмалы түрде зерттей білген ғалымдарға О.А.Корбе мен Е.И.Махованың еңбегін жатқызуға болады.

         Орта Азия мен қазақстанның зергерлік бұйымдарына жан-жақты талдау жасаған Н.С. Сычеваның еңбегін де атамай кете алмаймыз.  

         С. И. Руденко, Е.В. Шнейдер  және қазақтың өнерін бірнеше жылдар бойы зерттеген ірі ғалым — өнертанушы С.М. Дудиннің, т.б ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы  соншалық  олар жалпы ұлттық жетістігімізді көрсетеді. Халықтың баға жетпес асыл қазынасы, атақты шеберлердің қолымен ғасырлар бойы жасалып, бүгінде өзінің тиісті бағасын алып отыр. 

         Әрине қазақ халқының зергерлік бұйымдары мен өнері, ел арасындағы зергерлердің алатын орнын өзіміздің қазақ ғалымдарынан артық ешкім сипаттап, жан жақты сараптап бере алмас. Солардың бірі де бірегейі этнограф  ғалым,  академик А.Х. Марғұланның  атақты еңбегін  ерекше атап өту қажет. Қазақтың қолөнеріндегі зергерлік бұйымдар  жөнінде «Казахское народное прикладное искуство» зерттеуінде қолөнер жайлы толық жазылған. Бұл екі томдық еңбек қазақ қолөнерінің биік шыңдарын көрсететін, қазақ өнерін бүкіл әлемге танытатын еңбекке жатады. Бұнда қазақ щеберлерінің киізден, ағаштан, сүйектен, темірден және т.б. заттардан жасалған бұйымдары түрлі – түсті плпамастративті материалдармен безендіріліп, берілген. Қайталанбас қазақ халқының зергерлік өнерінің шедеврлары, өнертанушы ғалымдардың зерттеуі арқасында көп ұлтты Қазақстан мемлекетінің ұлттық мұрасына айналып отыр.

         Қазақ халқының зергерлік бұйымдары жөніндегі зерттеулер Э.А Масановтың, Т.К Басеновтың, Ш. Тоқтабаеваның, Х. Арғынбаевтің,   Н.А. Оразбаеваның  және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тауып отыр. Бұлардың еңбектерінен өзінің әсемдігімен ерекшеленетін зергерлік бұйымдардың еліміздің қол жетпес қазыналарының бірі екендігін байқаймыз.

         Осы еңбектердің ішінде Ш. Тоқтабаеваның еңбегін айрықша атап өтейік.  Бұл кісі 2006 жылы осы тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол өзінің соңғы шыққан еңбегінде қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдарын білезік, жүзіктердің түрлі – түрлі атауларымен олардың жасалу жасалу техникасын» жан – жақты баяндаған. Сонымен бірге әйелдердің әшекей бұйымдарын бір жүйеге келтіріп жазған. Әйелдердің тағатын әрбір бұйымының атауына, тағатын мәніне жан-жақты талдау жасайды. Оның еңбегінің артықшылығы сонда, ол қазақтың зергерлік бұйымдарына классификация да жасай білген. 48[118-119]

Ал, Н.А. Оразбаева Батыс Қазақстанда тұратын қазақ  әйелдерінің  әшекей бұйымдарының ерекшеліктері жөнінде жаза отырып, еліміздің басқа өңіріндегі әшекей бұйымдарымен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылықтары жөнінде толық баяндап береді.  33[131]

         Халықтың қолынан шыққан, халық өзі жасаған қайталанбас зергерлік өнер туындылары бүгінгі таңда аз ғана зерттеуші мамандардың арасында таралып қана қоймай, қалың жұртшылыққа яғни халықтың өзіне оралуы тиіс. Осының арқасында халық шығармашылығының қайта заман талабына сай қанат қағуын жандандыру қажет.

         Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Қазақ халқының зергерлік  бұйымдары” атты диплом жұмысымда қазақ халқының қолөнерінің бір саласы зергерлік өнердің  қазақ тұрмысында алатын орнына, оның қалыптасу тарихы мен зергерлік бұйымдар түрлерін,  жасалыну технологиясын жан жақты зерттеп, сипаттап жазу. Осы мақсатқа жету үшін мен алдыма мынандай міндеттерді қойды:

— Қазақстан территориясындағы зергерлік өнердің қалыптасу тарихын, сол кезеңдердегі зергерлік бұйымдарды анықтау;

— қазірге дейін қазақ қыздары мен әйелдерінің әшекей бұйымдарына айналған зергер бұйымдарды көрсету;

— зергерлік бұйымдарды әшекейлеу мен өңдеу тәсілдеріне

көңіл бөлу;

— зергерлік өнердің қоғам өмірімен, халық санасымен, психологиясымен, тарихымен байланыстылығына көз жеткізу;

— қазақ халқының заттай мәдениетінің құрамдас бір бөлігі зергерлік бұйымдарды зерттеу арқылы қазақ мәдениетінің зерттелуіне үлес қосу;

  • зерттеу нәтижесінде жасалынған тұжырымдар арқылы жас ұрпақты ұлттық дәстүрді сақтауға, аялауға тәрбиелеу, ол жөнінде білімін арттыру болып табылады.

          Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымда мен негізінен Х1Х -ХХ ғғ. кезеңдеріндегі қазақ халқының зергерлік бұйымдарына тоқталдым. Зергерлік өнер қазақтың атадан балаға мирас болып саналатын қасиетті өнері. Сондықтанда мен зергерлік бұйымдардың қазақ тұрмысындағы орнын көрсету мақсатында жұмысымда қазақ халқындағы қолөнердің қалыптасу тарихына да қысқаша тоқталып кеттім.

         Жұмыстың құрылымы.  Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мақсат міндетім және зерттелу деңгейіне сипаттама берілді. “Қазақ халқының зергерлік өнері” атты бірінші тарауда қазақ территориясындағы қолөнердің қалыптасу тарихына тоқтала келіп, жұмыстың негізгі мазмұнын ашатын зергерлік бұйымдарға жан жақты тоқталып өттім. Екінші тарауда осы зергерлік бұйымдарды әшекейлеу және өңдеу тәсілдерінің түрлеріне, бұйымдардың жасалыну технологиясына, зергерлік бұйымдардың материалына жан жақты салыстырмалы түрде талдау жасап, сипаттама бердім. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1    ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ

 

     1.1 Қазақстан территориясындағы  қолөнердің қалыптасу тарихынан

 

Қазақ халқының зергерлік өнері  ұлттың мәдениет тарихында үлкен орын алады. Оның  бастаулары мыңдаған жылдарға яғни тереңге кетеді. Еліміздің территориясында мыстың,  қалайының, алтынның  және басқа да құнды металдардың  өндіріп, одан зергерлік бұйымдардың жасалғандығы,  олардың жоғары  дәрежеде өте шебер шыққаны  қазба жұмыстарынан белгілі болды.  Қорытпалардың формасының,  көркемдік  жасалуының өте сәтті шыққанын  Есік обосынан, Шымкент  және  Бесшатыр қорғандарынан, Қарғалы көмбесінен  табылған үйсіндердің  полихромды  алтын әшекейлерінен және де ғұндар кезіндегі  алтын бұйымдардан, сонымен қатар Бурабай көлінің маңынан табылған  немесе  кейіннен  обалардан  табылған    әшекей бұйымдардан  байқауға болады.  23. [11]

    Көп ғасырлық тарихы бар қолөнер қоғаммен бірге дамып, алғашқыда ешқандай жіктеліске түспей, кейін  таптық қоғамда заманның қоғамдық – көркемдік ойлау формасын көрсетті. Тұрмыстық заттардың қарапайым әшекейлерінен және өндірістік құралдарынан , бүгінгі нақты озық үлгідегі әшекейлермен қолөнерге дейін сюжетт — орнаментті мотивпен дамып,  жоғары өнер дәрежесіне дейін айналадағы шынайы көріністі  керамикада, ағашта, сүйекте, күмісте және т.б. көрсететін дәрежеге дейін жетіп отыр. Бұл дамудың жолы әрине бүкіл халықтың дамуымен тығыз байланысты.  33 [100]

Қазақ халқының бай ұлттық дәстүрі  мен өнерінің ерекшелігімен даңқы шыққан. Қазақтың қолөнері көшпелі мал шаруашылығымен қатар пайда болып, қатар дамыды. Көшпелі қазақ өміріндегі зергерлік бұйымдар – тұрағын, киімін және т.б. тұрмыс заттарын әшекейлеп, сәндеуге бағытталды.  5 [46]

         Қолөнер түсінігіне әр түрлі заттардың көркемдік әсемдеуі мен үй – іші тұрмысында қолданатын құралдар  кіреді. Өнер ретінде ол  — қоғамдық ой – сананың бірден – бір формасы болып, көркемдік образды шынайылықпен біріктіріп көрсететіндіктен, өзінің пайда болуында және дамуында өсудің барлық заңдылықтарына бағынды. Қолөнердің көркемдік образы сюжетті — тематикалық компазициямен және ойдың эмоцианалдық құрылымымен затты әшекейлендіреді. 5[87]    Ерте кездегі қолөнердің дамуында, өз халқының дәстүрлі – көркемдігін сақтап қалған. 1 [93]                   

Алғашқы қауымдық кезеңдегі қолданбалы өнер. Бейнелеу өнерімен жалпы қолөнердің Қазақстан территориясында ерте кезден – ақ болғандығына Андронов мәдениетінің – таптық қоғамға дейінгі ескерткіштері дәлел бола алады  (б.ғ.д. екінші мыңжылдықтың  II – ші жартысы, б.ғ.д. I  — мыңжылдық).  Оған Павлодар ауданындағы Досыбай шатқалындағы  бейнелер, Өскемен қаласындағы жазулар, Киргельді өзеніндегі алғашқы қазба материалдары т.б. 2 [90]

         Ежелгі замандағы авторлардың еңбектерінде  ( Герадот, Страбон, Ктесий)  қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген сақ, массагет тайпаларының  барлық заттары әшекейлендірілді. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, олардың киімінің пішіні өзгеше, үшкір шашақ бөріктер, кафтан және теріден жұмсақ аяқ киім. Осының бәрі оюмен өрнектелген екен.  

         Зергерлік өнердің керемет бұйымдары болып табылатын алтын жапырақтармен қапталған, тайпалардың қола әшекейлері. 31 [125] Герадот жазбаларында «найзаның, жебенің ұшы секілді барлық заттары  алтын немесе күмістен  жасалынған. Сонымен қатар бас киімдері, белдіктері, баулары және  т.б.  заттары алтынмен әсемделеді. Бас киіммен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай ақ ат омырауындағы өмілідірктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы т.б. бөліктері түгелдей алтынмен өрнектеліп, безендірілген » —  делінген.  9 [40]

         Алғашқы қауымдық кезеңде, яғни сақтар мен массагет тайпаларының дәуірінде (VIII – III ғ.ғ  б.ғ.д.) қолөнер бұйымдарында ерекше «антикалық»  ою — өрнек қалыптасты. Оған, керамикадағы, терідегі алтыннан жасалған бұйымдар, ағаштан, сүйектен жасалған әсем әшекейлер дәлел бола алады.  Жоғарыда атап өткен бұйымдарда бұғының, арыстанның, қойдың, тау текенің, бүркіттің бейнелері салынып, осының арқасында бұл туындылар халыққа бүгінге дейін жетіп тұр. 31 [25] Мысалы, Орталық Қазақстандағы атақты қоладан жасалған бұйымдар, сонымен қатар алтыннан, мүйізден, сүйектен жасалған аңдық стильдегі бұйымдар кіреді.  24 [37]

         Сақ әйелдері өрнексіз былғары қапталған қасаба киіп, ал шаштарына кестеленген шолпы таққан. Сақ әйелдері эстетикалық жағынан жоғары деңгейде жасалған зергерлік бұйымдарды асыл тастардан көз салынған алқалар мен моншақтарды мойындарына таққан. Сақ пен қазақ әйелдерінің арасында зергерлік бұйымдар мен киім үлгілерінде өзіндік айырмашылықтар болды. Соған қарамастан ортағасырда қалыптасқан қазақ ұлттық киімдерге қарағанда сақтардың киім үлгілері мен нақыштау мәнерлері әлдеқайда талғаммен жасалған деп тұжырымдауға болады. 39 [81]

         Бұл бұйымдарға тән заңдылық сақ стилінде жасалынып, барлығында да бір мақсатқа ұмтылушылық және ішкі бірліктің көркемдігі мінезделеді.  Бұйымды әшекейлендіру үшін қолданылатын барлық әдіс – тәсілдер алдын – ала белгіленіп қойылады. Сондықтан сақ шеберлерінің өнерінің негізгі ерекшелігі сонда, қолөнер ретінде де, сәндік өнер ретінде де көрініп, сол мезетте қоршаған әлеммен нақтылы және шынайы әр – алуан әрекеттікте болады.  38 [131]

         Бір жағынан тек сақтарда аңдық стиль ғана біріңғай көркемдік идеал ретінде, сақ мәдениетін кең түрде түсіндіретін теорияның негізгі дерек көзі болып табылады. 

         Сақ өнеріне тән ортақ ерекшелік, ол жергілікті  салт —  дәстүрмен байланыстырып, ұсталардың нақты бұйымдары болып табылады. Бұл бұйымдарда дамудың нақты ерекшеліктері көрсетіледі.  35 [17]

         Қазба жұмысы барысында әр алуан қола, алтын, сүйек, темір бұйымдар мен әшекейлер көбіне қорғандардан табылып, қола дәуірінен  мұрагерлікке қалған металл өңдеудің сүйек және ағаш өңдеу өнерінің жоғары дәрежесінің нақты дәлелі болып табылады. Бұл жағынан Қазақстан  территориясындағы халықтар сақ дәуіріндегі басқа да көшпенді тайпалардан артта қалмай, мыстың және алтынның бай қорларын өндіруде алдыңғы қатарға шықты. 30 [74]

         Ертедегі малшылар алтын зергерлік бұйымдарды жасауда да белгілі бір дәреже жетістікке жеткен болатын. Алтыннан әшекей бұйымдар жасауда ағаш кеңінен пайдаланылды.

         Өзінің көркемдік жетістігімен  Берікқара тоға (арыстанның құсты аузына ұстап тұрған) және алтын қарғалы диодемасы  таң қалдырады.  Бұл бұйымдар Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық кезеңнің соңғы сатысына сәйкес келеді.  2[89]

         Бұл қымбат металл алтыннан жасалған заттар қоғамдағы таптық деференциацияының  басталғандығын  және аристрократияның басталғандығын дәлелдейді. .  11 [72]

Алтын диодема көрнекті етіп, аң аулау көрінісі бейнеленген. Адамның жеке мүсіні , аңдардың мүсіні мифтік құбылыстар, мұның бәрі күрделі компазициядағы  оюмен жасалып, шынайы өмірден бастау алатын өнер екендігін , жоғары көркемдік және техникалық деңгейін сол дәуірдегі қолөнердің жетістігін көрсетеді. 54 [50]

             Орта ғасыр кезеңіндегі қолөнер.  Ерте феодалдық мемлекеттердің түрік қағанаты және VIII – IX ғ.ғ. – Қарлұқ кезеңі) Қазақстанда қолданбалы өнердің диоференциациясының қатар жүргендігін көрсетеді.  11 [69]

Бай феодалдық  тап өкілдерінің  тұрмыстық және үй кәсәпшілігіндегі  заттар бағалы металдан әшекейленіп жасалса, керісінше кедейлердің  тұрмыстық және үй кәсіпшілігіндегі заттары анағұрлым тұрпайы, қарапайым болғанымен бірақ оюмен  әсемделеді. Осылайша ою — өрнек арқылы   әсемдеу барлық жағдайда да қолданылып халықтық дәстүрді сақтап қалып отырады. 11 [73]

        Қарахан мемлекеті кезеңінде б.з. X — XII ғ.ғ  қолөнермен бірге, көшпенділердің бай феодалдары өздерінің киіз үйлерін, сонымен қатар   тұрмыстық бұйымдарды бағалы әшекейлермен  сәндеуге тырысты.

Бір жағынан қалаларда қолөнер дамыды (керамикадан, алтын және басқа да әшекейлерден), екіншіден архитектурамен байланысты монументалды  — әсемдік өнер қарқынды түрде дамыды  19 [152]

Бұл кезеңнің бір ерекшелігі отырықшы халықтарда бейнелеу өнері монументалды — әсемдік жоспарда  дамыса, ал көшпенді аудандарда – киіз үйді, тұрмыстық бұйымдарды және ең көбірек киім – кешекті әшекейлеуге тырысты. 31 [55] Әрине, бұл отырықшы   аудандарды мекендейтін халықтар тұрмыс бұйымдары мен киімдерін әшекейлемейді деген сөз емес, ол тек олардың  әшекейлеу дәрежесіне байланысты ғана айтылған сөз болып табылады.

IX – XII ғ. дейін кейбір заттардың ілгектері, тұтқалары, аяқтары, белбеудің бөліктері т.б. заттар аңдардың денесінің бір бөлігін бейнелеу арқылы әшекейленсе, ислам дінінің келуімен тірі жан – жануарлардың, аңдардың суретін бейнелеу, қолөнерден мүлде жойылды. Стильдік ою — өрнек бұйымдардың жалғыз әшекейі болып қалды. 42 [90]

Осы кезеңдегі прогрессивті құбылыс ол – монументалды — әсемдік өнердің дамуы, ал аңдардың бейнелерінің жойылуы реакциялық құбылыс болды. 

Моңғол шапқыншылығы Қазақстанды бірнеше ғасыр артқа тастап, елдің өндіргіш күштерін әлсіретіп, мәдениеттің дамуын тежеді. Экстенсивті мал шаруашылығымен айналысатын моңғолдардың билеушілері шаруашылықтың негізгі формасы ретінде монументалды — әсемдік өнерді тоқырауға ұшыратты.  27[59]

Қолөнер туындылары билеуші феодалдар мен  дін басыларының  тұрмыстық қажеттіліктерін ғана өтеді. Халық шығармашылығын бейнелеу өнері, феодалдардың және олардың жанұясының байлығын (киімін, қару – жарағын т.б. әшекейлеу)   көрсетуге бағытталды. Талан – таражға түскен кедей шаруашылықтары өздерінің  тұрмыстық бұйымдарын  әшекейлеуге мүмкіндіктері болмады.

Қазақ қолөнерінің  дамуына Темір заманы да жаңа еш нәрсе алып келмеді. (XIV – ғ.)  Бір жағынан алып қарағанда Темір және тимуриттер тұсында шарықтай шалықтап дамыған өнер мен мәдени ошақтардан Қазақстанның басым территориясы шалғай орналасты. Оның үстіне мәуренахр мен қазіргі Қазақстан территориясын  мекендеген халықтар арасында тұрақты қарым – қатынас болмай, Ақсақ Темірдің Қазақстан территориясындағы мемлекеттерге жиі жасаған қанды жорықтары халық шығармашылығының қарқынды дамуына жол ашпады.  42 [3] Тарих сахнасында осындай қайғылы  жағдайларға байланысты қазақ халқы өзінің қалыптасу кезеңінің аяқталуына қарай XV ғ. киіз үйді безендіруге және тұрмыс заттарын сәндеуге арналған онша бай емес техника, аз ғана түрлі материалдарды мұрагерлікке қолөнерден алып қалды.  35 [64]      

Жоңғар шапқыншылығы (XVII – XVIII ғ.ғ.) қазақ халқына орны толмас қайғы қасірет алып келді. Бұл жағдай әрине өз кезегінде халықтық өнердің тоқырап, құлдырай құлауына алып келді. Оған дәлел архитектуралық, әсемдік және қолөнер ескерткіштері. XIX – ғасырдың ортасына қарай қазақтың дәстүрлі  мәдениетін орыс мәдениетіне біріктіру процесі басталды. Патша самодержавиесінің Қазақстанда феодалдық,  рулық қатынастың дамуын қаламауы, қызығушылықтың болмауы бейнелеу өнерінің толық қанды қанат  жайып дамуына жол ашпады. 5[39]

Осылайша өзінің даму тарихында қазақ халқының қолөнері бірде шарықтау шегіне жетіп, бірде құлдырауды бастан кешіріп отырды. Бүгінгі тәуелсіз елімізге сонау сақ заманынан    жеткен  қолнер жәдігерлері  азды – көпті сақталынып келеді.

     

  1. 2 Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары

 

Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдардың ішінде әйелдердің зергер әшекей бұйымдарына ерекше назар аударып, бар ынтасын сала, аса бір әсемпаздықпен, нәзіктікпен жасай білген. Қай қазақ болмасын қыздарының, әйелдерінің әшекей бұйымдарына көңіл қойып, зергерлерге неше түрлі алтын – күмістен жасалған сырға, сақина, алқа, шашбау,  белбеу т.б. бйымдар жасататын.

         Алтын мен күмістен және небір асыл тастардан соғылатын әйел жасаулары: шолпы, білезік, сақина, жүзік, қапсырма, сәукелеге тағылатын моншақ жағалы киімдерге лайық түйме, неше түрлі өңіржиек ұстадан ерекше шеберлікті талап  етеді. Өңіржиектер негізінен Батыс Қазақстанда  Атырау мен Ақтау облыстарында көп тараған. Оларда полихрам стилінің нышаны сақталған. Полихрам стилінде  күміс білезіктер мен жүзіктер де жасалған.

         Әйелдерге арналған әшекейдің ең көбі – білезік. Оны қыз – келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салады. Білезік көбіне күмістен, кейде таза алтыннан да жасалады. Тек күмістен соғылған білезіктердің өзі Қазақстанның әр өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті өзгешеліктер оның жасалуынан, әшекейлеу тәсілінен, көлемінен, сыртқы мүсінінен де байқалады. Мәселен: Қазақстанның шығыс, оңтүстік – шығыс аудандарында кеңінен жұмырланып және төрт қырлканып, соғылатын білезіктер жасау тән болса, солтүстік және орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке сом білезіктер, ал батыс пен оңтүстік – шығысқа өте көлемді сырты алтынмен буланатын  көзді білезіктер тән. Әрине, осы білезік түрлерінің әрқайсысының ішінде айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Бұған қоса бірнеше асыл тастардан тұратын үзбелі білезіктер де кездеседі. Олардың негізі күмістен жасалады да, сырты алтынданып, әр үзбенің үстіне әртүрлі тастардан көздер орнатады. Мұндай білезіктерге жиі қолданылатын асыл тастар:  ақық, перезе, азот т.б.  48 [97]

         Білезіктің бауыры топса арқылы ашылып, жабылатын  да түрі бар. Мұндай білезіктерді білекке салу да оңай, олардың көркемділігі де айтарлықтай әдемі болады.  Қаралаға топсалы білезіктерді  (Ақтау, Көкшетау)  Қазақстан Республикасының орталық музейінде кездеседі.  Жалпақ білезіктердің бетіне неше түрлі иректелген өрнек жүргізіледі. Аппақ күмістің бетінде қарайтылған белгілер бірден көрініп тұрады. Белгілі бір геометриялық формаларды қатаң сақтап, әшекейленген білезіктер әлде қайда көркие түседі. Үш жерден  жапырақты зер салған білезік – нағыз үлкен шеберліктің айғағы. Нәзік зер білезіктің жиегін айнала өрнектей өтіп, дәл ортасына келгенде таңғажайып гүл шоғы іспетті жанады. Бүкіл білезіктің беті көркем жасалған.

         Қазақ зергерлері жасап жүрген  білезіктердің: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік, көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа білезік (қуыс) деген түрлері бар. Бұлардың үлкенді – кішілігі,  ауыр – жеңілдігі  әркімнің қалауынша әртүрлі бола береді. Білезіктердің аталу түрлеріне қарай, олардың бетіне жүргізетін өрнектер де түрлі – түрлі.  Енді осыған қысқаша тоқталып кетейік.

Қос білезік. Мұндай білезік жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі беті қатарласқан қос жұмыр болады. Бұған көбінесе  «сыңар өкше»,  «ырғақ», «бұрама»,  «көз»  өрнектері салынады.  Қос  білезік салушылар көбіне Солтүстік Қазақстанда кездеседі.

Бес білезік. Бұл білезіктің бауыр сырты жалпақ, сағат бау белдігі тәрізді. Ортасында топсасы болады. Білезіктің екі басы түйісіп, түймеленеді.  Білектің сыртқы жағында  күміспен немесе алтын шынжырмен шыжымдап қойған бес сақина бар. Сақиналар да өрнектеліп, тастан көз орнатылып әшекейленеді. Білезікті білекке салардан бұрын  осы бес сақинаны бес саусаққа киіп алады.  Бұдан кейін білезікті топсалап сыртына қарай қайырып,  білекке салады да, екі басын қайтадан түйістіріп,  түймелеп қояды.  Бес білезікке асыл тастардан  алуан түрлі көз орнатса, үстіңгі бетіне «ирек»,  «мүйіз», «құс қанаты», «бөріқұлақ» сияқты күрделі өрнектер жүргізуге болады. Бес білезік Жетісуда яғни Үйсін, Дулат руларында көбірек кездеседі.

Орама білезік. Қолға орай салатын белдік бейнелі жалпақ білезік.  Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп, сызықталады. Ортасына жануарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар сияқты күрделі өрнектер жасалады.

«Хан тәңірі»  білезігінде  тастардың оптикалық және түсі шырайлы және сәтті пайдаланылған. Шебер күмісті  сәдеп пен аметисті тұтас әсемдікке біріктіріп, материал сапасы көзің жауын алатын шығарма жасалатын. Өзгеше өрілген, білекте қақтаған бұрама  қыруар қырлы,  бедерлі таспа өрімге айналған. Суретші оның бүйірін білезікке дәнекерлеп, ұя жасап, оған шыңылтыр сәдеп орнатқан. Суретші қара бұрама шеңберді таққан қызыл інжу салпыншақтарымен көздерімен жайнататын «жіптер»     атты әсем сырға жасады. Жалпақ шыршық түріндегі жиегіндегі түрлі шыныдан жасалған салпыншағы бар сырға да күңгірт металл мен шынының көгілдір түсі тамашы астасады. 48[46] 

         Шебер өзінің бұрама бұйымдарын,  әдетте тастан көз  салу  арқылы әшекейлеп, жайнатады. Олар жұлдызша, бұжыр немесе сәуле тәрізді жақтаудан жарқырап көрінеді. Мәселен, өрнекті тығыршықшалармен әшекейленген «Солтүстік шұғыласы» білезігі салтанатты сәнмен жарқырайды. Бұл көлемдердің сәнді бұрама жиһаздары ақшыл көк күмістің күңгірт жылтырына жарасатын аметист көздерімен өрнектелген. Бұйымды жасауда үш компанентті – күмісті,  таспен әсем өңдеуді  айқын көрсету принципі ұсталған. Алтын, күміс әшекейлері  гаухар – інжу тастары мол сәукелелердің құны тіпті қымбат болады.  Мәселен, осындай қымбат сәукелелердің Бөкей ордасында  кездескен бір түрінің құны күміс ақшамен мың сомға бағаланған екен. Негізгі айырмашылық олардың әшекейленуінде ғана. Осы аталған зергерлік бұйымдардың  көптеген түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің қорында бар. Бұл әшекей бұйымдардың көбі XVIII -ғасырдың аяқ кезімен — XX ғасырдың басында жасалған.  Музейге әйелдердің өзгеше ерекшелігімен көзге түсетін әртүрлі әшекейлік бұйымдары көптен қойылған. Әйелдердің мерекелік киімдерінің құрамына кіретін зергерлік бұйымдар бүкіл қазақтардың территориясы бойынша біркелкі.

Жұмыр білезік. Білезік салатын кісінің қалауынша жуандығы әртүрлі жұмыр күміспен иіліп істелетін.  Бұл білезік халық арасында ең көп тараған. Білезікті  кейде қолының басынан білекке қарай кигізетін етіп, екі басын түйістірген шығыр формасында жасайды. Кейде қоспасын ашып, білезік қырынан қаптыратын етіп, түйіскен жерін ашық жасайды. Жұмыр білезікті көбінесе соғып, егеп  киеді. Жақсы өрнекті қалыпқа құйып шығаруға да болады.  Жұмыр білезіктің қоспаға түйіскен екі басын қою шытырман өрнектермен сыртын неғұрлым нәзік және сирек өрнектермен оюлайды. Жұмыр білезіктің екі басынан басқа жерінде көбінесе өрнек болмайды.

Бұрама білезік. Бұл жасалуы жағынан өте оңай, түр жағынан жарасымды білезік. Білезік екі не үш жұмыр күміс шыбықтарды қосып бұрау арқылы істеледі. Бұрама білезіктің екі басына әр алуан бедері бар бунақтар, бұршақтар, жиектер келтіріп, кейде олардың үстіне тас көздер орнатып әшекейлейді. 38 [25-26]

Кавказ білезік. Мұны қарала білезік деп те атайды. Бұл білезікті жасау кавказ білезіктің  ақ күмісіне қара көк түсті өрнек жүргізіледі де, күміс қара ала болып  көрінеді.  Кавказ үлгісімен мүйіз, ирек, гүл жапырақ өрнектері салынады.

Көзді білезік.  Жұмыр немесе жалпақ күмістен, алтыннан бетіне бедерлі өрнеулер жасап, ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер орнатылады. Көздері ұстап тұратын өрнеулі ұялар батыру, сызу, бедерлеу, бұрыштау әдістерімен өрнектеледі.

         Өрме білезік. Сәнделіп дайындалған жуан алтын, күміс жіптерді өріп, құрастырып та  білезік жасайды.  Мұндай білезіктің екі жақ басы екі алақан сияқты тұтас келеді. Осы алақанның бетіне  «жүрекше»,  «қос ырғақ»  өрнектердің бірін жүргізеді.

Үзбелі білезік. Шығыр, доғабас, ішек тәрізді етіп соғып, бөлек – бөлек  күмістерден жасаған білезікті «үзбелі білезік» дейді. Күмістен, алтыннан үзбелеген осындай білезіктерді қол сағаттың  бауы есебінде де пайдаланады.

Топсалы білезік.  Ортасынан екі бүктеуге, ашылуға болатын, яғни қолға саларда ортасынан сыртқа қақпақша ашылатын  етіп,  топса салып жасаған білезікті «топса білезік»  деп атайды.

          Қолқа білезік. Сырты жұмыр, іші қуыс бұл білезікті кей жерлерде «шұжық білезік» деп те атайды. Қазақ халқының әдет – ғұрпында білезікті әйелдер ғана салса, сақина, жүзікті ерлер де тағатын болған.  Бойжеткен қыз сүйген жігітіне  бірін – бірі ұнатудың белгісі ретінде жүзік сыйлаған.  Жігіт қызға өз кезегінде білезік сыйлаған.  «Абайға хат» дейтін бір өлеңде: «Шаһизат келер болсаң тезірек кел, білезік ауып кетер шар саларға……» дейтін жолдар бар.

         Әйелдердің құлаққа салатын сырғалары  әркелкі болып жасалады. Сырғаны бойжетке қыздар, жас келіншектер тағады. Ал жасы келген әйелдердің сырғалары болғанымен, оны құлақтарына тақпайды. Өйткені, революцияға дейіңгі қазақ әйелдері жаулық тартып, кимешек киген. Кимешек кулакты жасырып тұратын болғандықтан сырға тағудың қажеті болмаған.

         Сырғаны айшықты сырға, ай сырға, тұмарша сырға, салпыншақты сырға, күміс сырға, қоңырау сырға, күмбезді сырға, сояу сырға деп аталатын түрлері бар. Сырғалардың атаулары негізінен олардың сыртқы көрінісіне, қандай металдан жасалғандығына немесе  жасалу тәсіліне қарай қалыптасып аталған. Олардың да көркемдігі алуан түрлі.   Өте шеберлікпен нәзік етіп жасалған зер сырғалардың құрылымы өзгеше. Олар сым шашақты майда қоңыраушалардар тұрады. Сырғалардың атына заты сай әсем түрі  — ай сырғаны – республиканың кез – келген түпкірінен кездестіруге болады. Діни сенімдегі қазақтар Айды о бастан қасиетті деп санап, қатты қастерлеген. Осыған орай ай сырға да аспан әлеміндегі денелердің түрімен әшекейленеді. 37[69]

         Тарам – тарам салпыншақтан жасалатын тамшылы сырға, құрылымы күрделі қоғалы сырға, іші қуыс жұмыр сырға – осылардың әр қайсысы өзінің өрнегімен және көркемдігімен  көз тартады.

         Пішінінің сұлулығы мен түсіінң байлығы тұрғысынан алғанда, «Хатун» атты сырға тамаша аса сәндік үшін автор өрнектерді қиюластрып, неше түрлі бұраманың келісті жарасымын табады. Маржандар басты ұрымтал жерге орналасқан, мұнда әшекейде қосалқы роль атқарады. Әртүрлі тастардың теңдігі кейбір жерлерге алтын жалатылуы айқын көп түстілік жасаған.  Шынжырлар дәстүрлі салпыншақ емес пішін жасайтын белсенді элемент ретінде пайдаланылған жеңіл әрі еркін салбырап тұратын олар, әсем кескінді композицияға жалғасады. Күмістің әртүрлі таспен жарасымын аса нәзік сезетін суретші туындысында тастың пішініне, тұрқына әрі табиғи сапасына қарай металды жаңаша өңдейді. Сондықтан, өрнектің сипаты метал бетінің ерекшелігі таспен ене қабысады. 22[6]

         Зергерлер белгілі бір көркем идеяны ерекше толық сипаттауға ұмтылған барынша айқындыққа жеткенше күмістің таспен алуан түрлі жарасымын айшықтаған. Мәселен, бетінде қызыл маржандар бадаласы жарқырап тамаша білезіктер сериясын жасады. Маржандар білезіктің сыртына айнала тізілген жақтауға тек бауыры ғана ілініп тұр. Бұйымның бүкіл құрылымына өрілген бұрама қайталанбас өрнек жасаған. Тегіс, бұрымдай етіп өрілген бұрама сым маржанның бауырынан өтіп барып, дөңгелек сәуле болып тарап, күмістің үстіне қойғанда аса сұлу сызықты өрнектер жасайды. Зергерлер творчествосына өзек болған басты идея зергерлік әшекейдің сұлулығын, олардың адамдарға әкелетін қуанышын паш ету еді.

         Қазақ зергерлерінің көп жасайтын әшекейінің бірі — әйелдерге арналатын әртүрлі сақинаны, көбінесе, күмістен, кейде алтыннан жалатады. Өйткені, оның сыртынан шапқымен , бізбен безеу, әдісімен орындалатын қарапайым ою — өрнек жасалатыны да аз емес. Көп жағдайда қазір сақина мен балдақ сақинаны жүзік деп атай береді. Бірақ бұл екеуінің жүзіктен біраз айырмашалағы бар. Мысалы, сақинаның бауыры шығыр болып келеді де, қолдың сырт жағына түрлі тастардан көз салынады. Ал балдақ сақинада көз болайды және ол бірыңғай етіліп жасалынады. Көзді сақинаға бөлек орнату арқылы немесе оны арнайы түрде жасалған орыншық арқылы жасала береді. Дегенмен сақина негізінен сом күмістен соғылады Сондай ақ алтын сақина таза алтыннан да жасай береді. Алайда сақиналардың көпшілігі оған көз ретінде орнатылған асыл тасқа байланысты айтылады. Мысалы “ақық сақина”, “алтын сақина”, “күміс сақина”, т.с.с. материалына қарай да айтылады.

 Ал жүзік жасау – анағұрлым күрделі және оның сан алуан түрлері басады. Жүзіктің үстінгі бетіне әртүрлі асыл тастардан, түсті шынылардан немесе күмістің  өзінен   көз, балдақ, отау, құс тұмсық орнатылады. Бұл қосымша жүзіктер мүсіндер жүзік сақинасының үстінгі жағына дәнекерленеді.

         Жүзіктің бірнеше түрі бар. Кейбіреуі қолға әзер ілінетіндей нәзік, ал енді біреулері саусақты көміп кетерліктей үлкен. Жүзіктің Қазақстанның барлық облыстарында дерлік кең тараған түрінің бірі – құсмұрын жүзік.

         Құс ежелден – ақ еркіндік пен бақыт, қайырымдылық пен бақыт, бейбіт өмір белгісі іспетті. Құсмұрын жүзік негізінен қалыпқа салу әдісімен жасалып неше түрлі ою — өрнекпен, зерлеу мен майда салынған өрнектермен әшекейленеді. Әсіресе, қызықтысы ішіндегі қуысқа құм ұсақ тастар салынып, сыңғырлаған әсем жүзіктер. Қазақстанның оңтүстік батысында құдағи жүзік деп аталынатын өте көлемді және аса сәнді жүзік жасалынады. Мұның бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Ал жүзік беті көлемді болып келеді. Сонымен бірге, асыл түсті шыныға қоса міндетті түрде алтындалып әсемделеді. Мұның құдағи жүзік аталу себебі де бар. Оны ұзатылған қыздың енесіне яғни құдағиларына бір жылдан  соң тарту үшін арнайы жасатады. Бірақ, барлық құдағиларға бірдей мұндай дәстүрлі тарту жасалмайды. Құдағи жүзік жаңа түскен келініне ананың мейірім шуағын төге білген парасатты құдағиларға ғана сыйға тартылатын дәстүрлі сыйлық. Оны әдетте, оң қолының ортаңғы екі саусағына кигізгенде төрт саусақ сыртын төгел жауып тұрады.

Қазақстанның оңтүстігінде көйлекті түймелейтін тана да тағынған, оның көлемі 4-5 см. келетін дөңгелек қаңылтырдан тұрды. Оны қыздар да әйелдер де мерекелерде  тағынса, ал байлар күнделікті тағынатын болған.

         Қыздар да алқа мен өңірше кең тарады. Осындай атаумен тағы басқа да күмістен жасалынған тек бағалы киімдерге тағынатын әшекей бұйымдар да болған. Олардың формалары әртүрлі болған. Батыс қазақстанда (Оралдан Торғайға дейін) және Оңтүстік Қазақстанда күміс шынжырға бекітілген ауыр күміс әшекей бұйымдар болды. Ауыр қаңылтырларға тастар тағынатын болған. Шашбауларға ірі моншақтар, маржан тастар, теңгелер, майда күміс теңгелер тағынады.

Осылардың ішіндегі көлемділігінен де, ерекше байлығымен де көзге түсетін мойынға тағатын әшекей бұйым. Сипатына қарай олардың өзі бірнеше түрлі болады. Өзіндік құрылымы мен әшекейлеу әдістерімен ерекше назар аударатын бұйым — өңіржиек. Ол көбіне геометриялық формасы біркелкі бір-бірінен тіркескен жалпақша бөлшектерден жасалады.  Төрт қатар етіп тіркелген шығыршықтар ірілі – уақты табақшалар,  түрліше салпыншақтар компазициялық  біртұтас жүйе жасап, әсем үйлесіп тұрады.23 [35] Мойынға тағатын әшекей заттардың бірі – тұмар. Олар тек сән үшін ғана емес, пәле – жаладан сақтану үшін қажет деп есептелген. Олардың ішкі жағы тегіс болады да, оған әдетте  қағазға жазылған дұға теңіз немесе өзен ұлуларының  үкі қауырсыны  ішегі бар деп есептелетін  қой мен түйе жүні салынды. Мойнына тағатын тұмар: тұмарша және бойтұмар деп екіге бөлінді. Үш бұрышты тұмаршаға алтын жалатылады да, шет – шетіне көгілдір перезе тастары тізіледі. Ортасына қарайтылып ою — өрнек салынады. Жалтыраған алтын аспан түстес  көгілдір асыл тастар салынған ою — өрнек бұйымға ерекше көрік береді. Бұған қоса, тұмаршаның сылдырлауықтары да болады. Жапырақ тәріздес салпыншақтары бар ұзын шыжырлы  бойтұмар да бірнеше сәнді заттың үстіңгі беткі жиегі, айнала өрнектелген.  7[51]

         Мойынға тағып жүретін әшекейдің біреуі – тұмарша. Оны шеберлер күмістен бұрыштап не жұмырлап түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Онда дұға сақталады.  Мұның өзі ертедегі қараңғы халықтың дінге деген нанымынан туған. Тұмар адамды пәле – жаладан, тіл көзден сақтайды деп білген. Сондықтан тұмаршалардың осындай қасиетіне табынған жұрт оны күмістен жасатып, сыртына неше түрлі зер жүргізіп, алтынмен булатқан. Тұмардың да бірнеше түрлері бар. Жастық тұмар- төрт бұрышты түсті металдан жасалса, қиық тұмар- сәндік үшін мойынға тағылатын жылтырақ заттардан істелген тұмар. Сондай ақ лағыл, алтын тұмар болса, сіркелі қолтық тұмар-бетіне сіркелеп өрнек салған тұмар. Тұмарша-асыл тасты күмістен жасалған, көінесе қыздар мойнына тағатын әшекей.

         Қазақ әйелдерінің сәндік бұйымдарының  тамаша үлгісінің бірі —  алқа.  Алқаның аса көркем  әрі күрделі түрі – Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс өңірінде кездеседі.  Оны  — өңіржиек деп атайды.  Бұл алқалар бір – біріне шығырлық арқылы жалғанады.  43 [115] Әрине алқаның түрлері өте көп. Дегенмен де оның өте көркем түрлері батыс және оңтүстік Қазақстан өңірлерінде кездеседі. Алқаны Маңқыстау, Атырау облыстарында өңір жиек деп атайды. Мұндай алқалар бір-бірімен негізінен шынжыр арқылы немесе шығыршық арқылы жалғасады. Сондай ақ олардың бірнеше төрт бұрышты әшекейден құрастырылатындары болады. Әрбір алқа әшекейлерінің ортасына және шет жиектеріне асыл тастар орнатылады. Мұндай әшекейлер әбден жұқартылған және іші қуысталған күміс қаатынан жасалады және арасына балшық толтырылатын болған.

          Мойынға тағатын әшекей бұйымдар ескі деп есептеліп, ХІХ ғасырдың аяғында әйелдер тағуды азайта бастады. Сол себептен де олардың қаншалықты дәрежеде тарағанын айту қиынға соғады. Мәселен, Жетісуда  ауқатты отбасылардың қыздары – тамақша киетін болған. Тамақша – тамаққа тағатын, кішкене ғана матадан тігіліп, оған күміс тиындар жапсырылып немесе моншақмен безендірілген, кей жағдайда күлгін тігіспен безендірілген артынан түймеленіп жабылатын әшекей.

         Ал солтүстік аймақтарда мойынға тағатын әшекей ретінде – тік жаға кеңінен тараған екен. Ол бархыттан тігіліп, алтын жіптермен немесе басқа да қымбат әшекейлермен жасалған  бұйым.

         Өз кезегінде Ақтөбе облысының  қыздары, екі ірі күмістен жасалған тоғаны  (диаметрі 4-5 см болатын)  — тамақша таққан екен.   

         Қазақ әйелдерінің киімге тағатын  күміс түйме, әшекейлері де мол болған. Бұлардың қатарына қапсырма, (қаптырма) тана және басқа да әртүрлі түймелер жатады. Қапсырма екі бөлек жасалады да, бір – бірімен ілгек арқылы жалғасады да, оны  түйме орнына қолданылады. Қапсырманың өңірге тағылған екі бөлігінің сыртқы формасы да, бетіне жүргізілетін ою — өрнегінің де ортасына орнатылатын  тастары да бірдей. Солардың ішінде қарала жүргізу арқылы әсемделген  қарапайым бір үлгідегі  жасалған түрлері өте көп.  9[том 5, 42]  Қазақстанның  оңтүстік батысында жасалған бұдан басқа да өте көркем қапсырмалар сақталған.  Бұлар үш бөлек.  Олардың тастарын жеке – жеке күміс негізге орнатып, өзара ілгектермен бірігетін етіп жасаған.  Әрқайсысының астыңғы ілгектерінен  шынжырлы салпыншақтар және әкі шеткісінің жанынан қос шынжыр ілген. Мұның бәрі әдемілік үшін жасалған.  Қапсырманың сым қаптау тәсілі  арқылы оймалы өрнектермен  сәнделіп, ортасына асыл тастар олрнатылатын күрделі және әдемі түрі болған. 

         Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын  әшекейлерінің бірі – үлкенді – кішілі түймелер. Оны көбінесе, ішін қуыстап, әр түрлі кескін бере күмістен жасайды.  Сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түйме деп атайды.  Шағын түймелерді көбінесе,  асыл тастарды тесіп, оған күміс өткізу арқылы кейде түсті жұмыр тастарды қоршауға орнатып та жасай берді. Зергерлердің әйелдерге лайықты дөңгелек күміс тана, күміс оймақ.  Әйелдер тағатын тананың пішімі ерекше назар аударатындай болған. Олардың балық, қошқар мүйіз, ұшқан құс, лотос гүлі, шығыс қияры, күн мен ай, жұлдыздар т.б. пішіндері болған.  

          Шашқа тағынатын әшекей бұйымдардан көбіне шолпы мен шашбау болды. Шашбау-шашқа тағынады, ол жіптен тұрып оның төсенгі жағына күмістелген ромбик не теңге тәріздес байланады, ал шолпы –күмістелген қаңылтыр ол да шашқа тағынады.

         Шашбау әйелдердің бас киімінің бір бөлігі саналып, Х1Х ғасырға дейін сәукелемен бірге сақталды. Х1Хғ. екінші жартысында жалпақ лента тәріздес бір сомдық не елу тиындық күміс теңгелерден тұрды. Әдетте теңгелер екі қатардан тұрып,  ең үлкені жоғарыға тағылады. Шашбауды көбіне қыздардың әшекей бұйымдары дегенмен де кимешек астынан жас келіншектер де тағынған.

         Шолпы  ол да шашқа тағылады. Ол көбіне күміс қаңылтырдан бір-бірімен шынжырлап бекіген, оның жоғары жағына жіп байланып шашқа өріледі.  Шашқа тағынатын әшекей бұйымдар әртүрлі болған. Х1Х ғ. зергерлер шашбауларды әртүрлі көлемде жасады.  Бір ғана теңгеден жасалынған шолпы шаш теңге деп аталды. Кейде оларды жылтыр темір қалдықтарынан да әр түрлі формада жасады. Ірі қаңылтырларға әсемделген тас не шишалар ілінетін. Шолпының шашбаудан айырмашылығы ол екі қатардан тұрып, оны қыздар шаштарының ұштарына тағынатын.

         Сондай ақ қыздардың шашына  тағынатын қоңыраулы шолпыларда болды. Шашқа тағынатын әсемделген түйреуіштер, матадан тігіліп зерленген шашқаптардың да бірнеше түрлері болды.

         Бойжеткен қыздар шолпы тағатын болған.  Шолпыны күміс  теңгелердің бірнешеуін бір – біріне кішкене шығыршықтар арқылы  жалғастырып жасайды. Ең үстіңгісіне  күміс шынжырдан немесе матадан  жасалған бау тағады. Бауды әдетте, бурым тәсілмен ортасына тас орнатып  немесе  қолдан созылған күмістаналардың  бетіне  қарала жүргізіп, шетін өрнектеп жасайды.  Халық арасында шолпының да неше түрі бар. Қазақ қыздары шолпыны сәндік үшін және оның салмағынан шаш ұзын болып өседі деген мақсатпен таққан. Сосын шолпы бақ дәулеттің белгісі ретінде де бағаланған. Шолпының ел ішінде қоңыраулы шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш теңгелі шолпы секілді көптеген түрлері қолданылған.

         Қоңыраулы шолпы- бір-біріне тізбектеле жалғанған күміс құтышылардан құралады. шолпы, маржанды шолпы, шаш теңгелі шолпы секілді көптеген түрлері қолданылған.          Қыздар шашына шығыршық сыммен қоскан тастарына көз салынған әшекейлі шашпау мен шолпы тағады. Тастың табиғи әсемдігін күміс теңгелер тізілген жіптердей нәзік өрнектері бар темір жиек аша түседі.  Жалпы шолпыда құтышылар мен қоңыраулар көп болып, қызға көрік беріп, сыңғырлаған әсем дыбыстар шығарып отыратын болған.

         Үзбелі шолпы- шашқа ілуге арнайы дайындалған теңге, темір тиындардан тізбекетеле жасалады. Бұлардың алақандары әр бұрымға екі бөлек жасалып ілінеді. Теңгелер мен теңгелер арасындағы үзбелер күміс баулықтамен ұсталады да, кейде теңгелерді тесіп байлау арқылы шашқа байланады.

         Көзді шолпы-алақандары екеу, үшеу, төртеу болып, әртүрлі сопақша табақтардан тұрады. Табақшалар көбіне сым күмістерді алтындарды өрмелеп, тоқымалап, ернеулерін ескен алтынмен көмкеріп, ортасына асыл тас отырғызу арқылы айшықталады. Бұл ретте әр түсті асыл тастар үшкірленіп, дөңгелектеніп отырғызылады. Бұлар да көп салпыншақты,  нәзік шынжыр шашақты немесе нүктеленген тас түймелі болып келеді.       

         Музейде жалпақ, жіңішке, бұрама білезіктердің де бірнеше үлгілері бар.Ою-орнегі құрылымы бір-бірімен жымдасып жатқан сақиналары жіңішке шынжырмен жалғастырылған білезік өзіндік сонысымен қайран қалдырады.15 [42]

         Өткендегі талантты зергерлер жасаған тамаша бұйымдар ұлттық мәдениетімізге косылған үлкен үлес болып табылады. Олармен танысу кімді болмасын қуанышқа бөлейді. 

         Ерлердің де әшекей бұйымдары болған. Әшекейлердің көбісі киімге арнайылап тігілген тігіс. Ол: қамзолда, бешметте, замштан тігілген  кең шалбарларда, күміс тоғаларда, таналарда және  оюлы түймелерде. Ою – өрнекпен, түрлі тігіспен  бас киімдер де тігілген. Тақия, шляпа, тіпті мәсі секілді аяқ – киім. Тігіс салған  бұйымдардан  өзге әшекейлерге сақина, жүзік, көбіне күміс печаткілер. Байларда өздерінің есімі жазылған, мөрдің қызметін атқарған ірі жүзіктер  болған. 12 [178]

 

 

 

 

 

 

2    ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ӘШЕКЕЙЛЕУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

 ТӘСІЛДЕРІ

 

2.1 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу

 

Зергерлік — өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлікті барлық халық жоғары бағалап, оны өнер етті. Сондықтан халық өз ортасынан осындай озық өнер иесі – зергерлерді шығарды.  Тарихи  этнографиялық музейіндегі археологиялық  сәнді бұйымдар мен қарулар,  ыдыс – аяқтар,  теңге – моншақтар, алтын мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбат заттар – он саусағынан өнер тамған шеберлердің халықтық мұралары.

         Қазақ тілінде алтын, күміс,  жез,  мыс сияқты түсті металдардан жіңішкелеп, суытылған жіптерді – зер деп атайды. Мысалы: «зерлі тон», «зерлі шапан», «зерлі кимешек» және т.б. деген сөздер бар. Кейде  «зер», «зерделі»  деген сөз – «асыл», «таза», «жігер», «намыс» деген ұғымдарда да қолданылады.  Зергерлік өнер терминологиясының қалыптасуына, оның баи түсуіне көне дәуірден мирас болып келе жатқан осы өнер түрін қазақ шеберлерінің өте жоғары дәрежеде меңгеріп, дамытып өз жұмыстарында қаптау, оқтау,  күптеу, бедерлеу,  құйма, термелеу,  үзбелеу, лажылау, қостау, сірнелеу т.б. көптеген күрделі тәсілдерді қолдана отырып жасайтын сәндік, тұрмыстық бұйым түрлерінің молдығы айтарлықтай ықпал етті.

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі әдет-ғұрып пен халық мәдениетінің қарым-қатынасы негізінде дамыған. Зергерлік іс, қазақтың қолөнер кәсібінің басқа түрлерінен айырмашылығы,  өзіне тән өндіріс ерекшелігі бар кәсіби мінез танытты.

         Қазақ зергерлері ­­–(«зерзар»-парсы тілінен аударғанда «алтын») жеке дара жұмыс істеді.  Өз шеберліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырды.   Олар белгілі бір мамандыққа арналған аспаптар жинағына ие болды, алдын-ала оқып үйренді. 48 [11]

         Жоғарыда айтылғандай, металл өңдеуге байланысты ұсталық және қолөнер кәсібі  Қазақстан территориясында өте көне заманда пайда болды, ол кезде адамдар мыс пен қорғасыннан бұйымдар жасап үйренді.  Сол уақыттан бастап қолөнер кәсібі тарихында бірнеше рет гүлдену және құлдырау кезеңдері болды.33 [59]

         Зергерлік бұйымдар өндірумен және аттың ер-тұрмандарын, ыдыс-аяқ, бас киімдерді, ерлер мен әйелдердің белдіктерін асыл таспен әшекейлеумен асқан қолөнер шеберлері айналысты. Революцияға дейінгі әдебиетте бұл шеберлерді  күмісшілер, яғни қазақша айтқанда, басқа да Орта Азия халықтары сияқты,- зергерлер деп атады. 34[95-96]  Олар темір ұсталарынан бөлек, өз бетінше жұмыс жасады.  Кейбір саяхатшылар атап өткендей,  қазақ зергерлері кейде темір ұстасының да жұмыстарын орындаған.  Шын мәнінде, темір ұстасы мен зергерлік өнердің бір адамның бойында табылуы бұл сирек құбылыс. Зергерлік техниканың күрделілігі сонда, белгілі тәжірибе мен арнаулы құрал-сайманның болуы,  тапсырыстардың өсуі және басқа себептер зергерлік өнердің ұсталық шаруашылықтан бөлінуіне және оларға қатысты терминдердің шығуына мүмкіндік болмады. Бірақ    XIX – ғасырдың басы,   XX – ғасырдың аяғында  қазақтарда ұсталық кәсіптің дамуы өз алдына металл өнімдерін өндірумен айқындалса,  бұл тұста зергерлік өнер де жандана түсті. Бұл алтын мен күміс бұйымдарының өте бай және ерекше қайталанбас түрлерін берді.

М. Чорманов  XIX – ғасырдың  60 –жылдары  қазақтарда күмісті пайдалану арқылы  бұйым жасау  шеберлігі «шарықтау шегіне жетіп, өздігінен дамыды» —  деп,  атап көрсетті.  52 [15]

         Қазақ күмісшілері орыс бәсекелестігінен қорықпады, өйткені Ресей өнеркәсібі  қазақ  жұртына арналған зергерлік бұйымдар шығарған жоқ. Оның үстіне, орыстың зергерлік бұйымдары қазақ ауылдарына тасып әкелінбеді. Бұдан басқа, қазақтарға зергерлік бұйымдарды орыс көпестерінен сатып алғаннан гөрі өз шеберлеріне тапсырыс берген тиімдірек болды. Егер орыс көпестеріне олар ақшалай немесе малмен өтесе,  ал қарызға алған жағдайда үстіне едәуір пайызбен қайтарса, өз зергерлеріне шаруа —  шылығындағы өнімдермен  өздеріне ыңғайлы уақытта төлеп отырды. Бұл тапсырыстар оларға  салыстырмалы түрде арзанға түсті, себебі олар зергерлерге  күміс және алтын теңге түрінде өздерінің жиған материалдарын беріп отырды.13 [127]

         Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық өкілдері арасында үлкен сұраныс тапқан  әйелдердің зергерлік әшекейлері болды, өйткені ол табиғат сұлулығын ғана емес, сонымен қатар әдет-ғүрып пен діни құрылымның белгілерін танытты.23 [10]

         Зергерлер жасап шығаратын заттар кең көлемде болды  оларға әйелдердің әшекейлері, киім өрнектері, туалет бұйымдары, киіз үйдің керегелері, асхана бұйымдары, жиһаз, ағаш және тері ыдыстар, музыкалы аспаптар, қару-жарақтар, аттың ер-тұрмандары  үшін жасалған  қаңылтыр белгілер жатады. Зергерлер өздерінің жұмысына  материал үшін алтынды, көбінесе күмісті пайдаланды. Зергерлер  жасаған бұйымдарын асыл тастармен безендірді. Зергерлердің жасаған заттары көлемі жағынан кішкентай болуы мүмкін, ал бірақ көркемдік мағынасы,  сұлулығы монументальды  өнер туындыларынан ешқандай кем емес. Кей жағдайда олардан артығырақ болып, халықтың өмір сүруіндегі  ұлттық ерекшелігін және сол кезеңнің маңызды тұстарын  сезінуге  көбірек көмектеседі.

         Металды көркем өңдеу – декоративті, қолданбалы өнердің ертеден келе жатқан түрі. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзіінде адамдардың күнделікті  қолданатын тұрмыс заттарын  әсемдеуге,  қару – жарағын, культін әріден өзін – өзі әсемдеуге ұмтылыс пайда болған еді. Осы кезден бастап, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып беріліп келді.  Металл өңдеудің  ескі техникалық тәсілдері  ұмытылмай уақыт өткен сайын  жаңа жасау тәсілдері мен өңдеу түрлері пайда болып,  өзге халықтардан да  алынып, өнер өздігінен дами берді. 54  [12-13]

         Қазақ қолөнершілерінің  құрал-саймандары мен зергерлік техникасын қарастырайық. Құрал-саймандардың көп бөлігін  зергерлер өздері дайындаған. Егеулер мен іскенжелерді  олар орыстардан сатып алса, қыш-қаш, киізден жасалған тақтайшаларды, қайшыларды жергілікті ұсталарға жасатты.  Қазақ ұсталары егеулерді де жасады. Зергерлер егеулердің түр-түрін қолданды. үш қырлы егеу, төрт қырлы егеу, жалпақ егеу, жұмыр егеу, сопақ егеу. Әр егеу өзінің пішіндерімен ерекшеленді. Ұсталық іскенжелер( тиски) кәдімгідей шағын көлемді болды. 48 [23]

         Жұмыстарына әр түрлі қыш-қаштар, шанқылар және тескіштер(пробойники) пайдаланды. Ұзын және серіппелі шымшуырмен отқа қыздырылатын заттарын ұстады. Топсаға бекітіліп екі желіден жасалған үлкенді-кішілі қыш-қаштар темір соғу үшін қажет болды. Металл кесетін шанқылардың (зубила) тұтқасы  көбінесе ағаштан жасалды. Тескіштермен  заттың астына  белгілі тереңдіктегі диаметрі бар темір пластинкалар қойып ойықтар  істеді. Темір ұсталарынікіндей, балғалар да әртүрлі пішінде болды. Жұқа металл мен сымдарды арнайы қайшылармен кесті. 34 [69-70]

         Таспа жұмыстарына арналған алтын, мыс және күміс сымдарды арнайы темірден  немесе  болаттан жасалған сым тартып қалатын құралдар арқылы кесті. 13 [170] Зергерлер күміс құймаларды қойдың жауырынынан және ағаш көмірдің  түбін тереңдетіп жасаған күміс құятын ожауларға балқытты. Металл ожаулардан басқа күмісшілер балшықтан жасалған ожауларды да иемденді. Күмісті балқыту үшін ағаш көмір және сексеуілді пайдаланды.  Құймалардың формаларын өздері немесе қажеттілігіне байланысты темір ұсталарына тапсырыс беру арқылы дайындады. Жұмсақ қорғасыннан  тапталып жасалған формаларды жиі қолданды. Ол үшін белгілі  мөрді балғамен қорғасынға ұрып, нәтижесінде жаншылған кескін шығарды. Оның үстіне балқытылған металл құйып, қатырылған затты ажарлап өңдеуге берді. 7[97] Зергер өздерінің бұйымдарын теңге түрінде алған орыс және қытай күмістерінен жасады. Қазақтар өз істеріне орыс және қытайдың күмістерінен басқа  XIX ғасырдың аяғы  — XX  ғасырдың басында Орта Азияда кеңінен таралған Поляк күмісін де пайдаланды.  33 [57]. Зергер бұйымдарын дайындау үшін, зергер тағалаудан  басқа да техникалық әдістерді, атап  айтқанда оймалау, күміске бағдар қондыру, эмаль, таспа, түйіршік және металды қалыпқа шығарып салу, металды ойып орнату, кертік, күмістеу және алтындау, асыл тастарды өңдеу тағы сол сияқты әдістерді қолданды. 37 [65]   

Қазақ зергерлері кез – келген әшекей бұйымның өзін әлденеше түрге келтіріп,  көз жауын алатындай құбылта білді.  Әшекей заттарының негізгі топтарынан басқа оның сан алуан түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін неғұрлым айқын дәл білдіру қажеттілігін тілімізде соларға ізгілес келетін әлденеше жүздеген атаулар  келіп шықты. Қазақ шеберлерінің зергерлік бұйымдарды жасауда және үй жиһаздары мен ертұрманды,  қару – жарақты т.б. әшекейлеуде қолданатын өзіндік әдіс – тәсілдері болды. Олар атап айтқанда,  мынадай тәсілдер еді: металдарды қалыпқа кұю, отқа қыздырып жосыту, қақтау, алтынмен аптау, күміспен күптеу,  жұмырлау, металдарды жапсыру, сірнелеу, алтын шабу,  күміс шабу, қаралау, сым кәптеу, тынып елеу, бізбен  безеу,  ложылау, бедерлеу, оймалау, көз орнату,  дәнекерлеу – топсалау.  Сымға тарту т.б. Мұндай тәсілдер халық зергерлігінің ұстаның кәсібінен мүлдем бөлек, шеберліктің жоғары деңгейіне көтерілген өнер түрі екендігін көрсетеді.

         Зергерлер әшекей жасауға қажетті материалдарды алтын, күміс теңгелер мен әртүрлі көлемдегі қалбырларды балқыту арқылы дайындайды. Ол үшін Ресейдің алтын – күміс ақшалары, Польша күмістері пайдаланды. Алтын мен күмісті, асыл тастарды зергерге негізінде әшекей бұйымды жасатушының өзі тауып береді. Міне, осындай алтын яки күмісті шойын ожаудан балқытып алған соң арнаулы қалыпқа құяды, оны суытады.  Содан кейін әртүрлі әдіспен өңдейді, көз қондырады.

Күмістен күптеу.  Тілімізде жиі қолданылатын зергерлік тәсіл атауларының бірі – күмістен күптеу. Күміспен күптеу әдісінің де пайда болу себебі бар. Алтынға қарағанда күмісті табу оңай болғанымен, зергерлер күмісті де ұқыпты пайдалануға,  орнымен ұстауға ысырап етпеуге мән беріп отырған. Бұйым жасатушының тұрмыс жағдайы мен талап – тілегі де шеберлер назарынан тыс қалмайды. Соған орай зергерлер кейбір әшекейлер мен тұрмыс бұйымдарының бөлшектерін темірден жасап, оның бетін қақталған  жұқа күміспен қаптайды. Көркемдеуіміздің осы тәсілі «күміспен күптеу» деп аталады.  Күптеу әдісі қақталған күмісті темір бетіне түсірілген бедерлерге салып болғанмен ақырындап соғып отырып сіңдіру,  жапсыру арқылы орындалады.        

Қақтау. Зергерлер бұйымдардың бетін күмістеу (күптеу) үшін алдымен күмісті қақтап жұқартады.  Қақтау деп күмісті қыздырып, оны балғамен соғып отырып жұқартуды, тіпті қаңылтырдай формаға келтіруді айтады. Жұқа күмісті тісті түсірілген темір бетіне қойып, балғамен соғып жапсырту процесін, күміспен әшекейлеу түрін де күміс қақтау дейді. Қақталған күміс айрықша жарқырап тұрады. Қазақтың жарқыраған айды,  жарқыраған көлді күміске теңеуі, Ұлы Абайдың сұлу қыз бейнесін  «қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деп,  суреттеуі де күмістің осындай қасиетінен туған. Тарихи тұрғыдан келсек, күмісті қақтау, қақтап жапсыру әдісі қазақ жерінде б.з.д. VII – VI  ғасырларды пайда болып, екі мың жылдан астам уақыт бойы сол күйінде сақталып қалған. 47 [65-67]

Қара ала жүргізу.  Қазақ зергерлері күмістің бетіне қара ала жүргізіп,  әшекейлейді.  Қарала жүргізу  әдісі де ертеден келе жатыр.  Арнайы дайындаған қоспаны  күміс бетіндегі ойылған өрнектелген жерге құйып жапсыру арқылы немесе  қоспаны (ұптау арқылы)  үнтақ күйінде жазу, себу нәтижесінде қарала болып көрінетін өрнек түсіру тәсілін – қарала жүргізу деп атайды. Халық тілінде бұл әдіс қарала жүргізу, қара жүргізу, қара алтындау, қара бағдарлау деп түрліше аталады. Бұл атаулардың   «қара» деген сөзбен тіркеліп айтылуының себебі дайындалатын қоспаның түсіне байланысты болған. Күміс, мыс, қорғасын, күкіртті қосып балқытып, қорыту арқылы алынған қоспаны зергерлер қара немесе қарала дейді. Өйткені қоспаның түсі қара ала болып көрінеді. Қоспаны зергерлердің өздері жасап алатын болған.  Олар қанша мөлшерде не қосу керек екенін жақсы білген. Сонымен бірге зергерлер қара ала қоспасын яғни бояуды пайдаланбай – ақ қара ала болып көрінетін өрнек салуды да қолданып отырған екен. Ол әшекейлердің  негізі алдымен темірден соғылып, оның бетіне күміс шабылады.  Күміс шабу үшін  темір әшекей бетін айқыш – ұйқыш етіп асыл шапқымен шекиді,  шеки отырып тұтас торлайды, оның бетіне қақталған жұқа күмісті қойып, балғамен ақырындап соққанда, жұмсақ күміс шекілген жерлерге кірігіп,  жабысып қалады. Мұны – күміс шабу дейді. Бұл әдістің түрі барлық жерлерге мәлім. Күміс шапқан темір әшекей бетінен ою — өрнек ойылады.  

Алтынмен оптау. Зергерлердің күміс бетіне адтын жалатып әшекейлеу тәсілі тілімізде  — Алтынмен оптау деп аталады. Оның мәні мынадай, таза алтыннан зергерлер әртүрлі әшекейлерді қалыпқа құйып та жасайтын.  Дегенімен,  сол алтыннан соққан не құйып жасаған білезік, сақина, алқа т.б. өте қымбатқа түсетін.  Сондықтап бұйымды таза алтыннан құйдыруға барлық адамның қалтасы көтере бермейтін де, оны тек дәулетті адамдар ғана жасататын. Осыған байланысты күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату немесе қақталған өте жұқа алтынмен көркемдеу жиі кездесетін. Бұл алтынның аз кетуіне  мүмкіндік береді.  Аптау үшін сынап пен араластырылған дәнекер себілген күміс бұйымның бетіне алтын ұнтағы да қоса себіледі де ол отқа қыздырылады. Сол кезде себілген алтын түйіршіктер үнтағы жылдам ериді.  Еріген алтынды түтікпен  үріп, күміс бетіне түгел жағады.  Бұл тәсілді  зергерлер «алтынмен оптау» деп атаған.

Алтын шабу.  Зергерлер темір, шойын бұйымдарды тек қақталған алтынмен көркемдеп отырған.  Қазақ арасында ағаштан, сүйектен,  былғарыдан жасалған ыдыс – аяқ, үй жиһаздары мен ер – тұрман жабдықтары, домбыра секілді заттардың беттеріне алтын немесе күміс шытыралар (көлемі де, формасы да әртүрлі уақталған алтын, күміс)  қондырып әшекейлеу әдісі кең тараған.  Көркемдеудің бұл түрі — алтын шабу,  күміс шабу деп аталады. Бұл атаудың да  көне заманнан келе жатқанын ауыз әдебиетіндегі мына бір тілдік дерек айғақ бола алады: — «Анау төбенің астында бір ауыл отыр, оның шетінде бір шетін алтын шапқан үй бар, сол біздікі», — дейді.                       

 Көз орнату.  Көз орнату – жүзік, білезік, сырға, өңіржиек  сияқты әшекей заттарға, асыл тас не түсті тас оронату. Кейде асыл тастың орнына шыны пайдаланған. Көз,  зергерлік өнерде екі түрлі  мағынада қолданылады. 1) Сәндік бұйымдарға қондырылған асыл тас, шыны; 2) тасты бекітетін ойық, ұя. Көз дегеніміз асыл тас блғандықтан, асыл таспен әшекейленген  зергерлік  бұйымдар көзді жүзік, көзді білезік, көзді сырға деп  аталатын болған.

Сымға тарту – алтын, күміс шыбығын әртүрлі диаметрлі жасауы бар қалыпқа салып созу, жіңішкерту, қалып арқылы сым дайындау. Зергерлер сымға тарту арқылы  алтын мен күмісті шаштай  болғанша жіңішкерте алатын болған. Жіңішкертетін қалып – сым деп аталады. Сонда бұл атау толық түрінде сымға  салып тарту болып шығады.  Бұл әдіс қазақ зергерлеріне ертеден  белгілі болған.

Сымкәп жүргізу – ортасына асыл тас орнатып күміс сымдарын күміс шеңбердің ішіне араларын ашық қалдырып отырып, ұштарын шеңбердің ішкі жиегіне  дәнекерлеу. Бұл тәсіл Қазақстанның барлық өңіріне кең тараған.

         Зергерлік өнерде бұлардан да басқа сан алуан тәсілдер  қолданылады. Солардың ішінде неғұрлым кең  жайылған тәсілдердің атаулары: бедерлеу, бағдарлау, өрнектеу, ою салу, мәнерлеу, нақыштау, күміс бетін ою — өрнектермен әшекейлеу,  қалыптау, қалыпқа құю, затты белгілі бір формаға келтіру, балқыту, қорыту, металды еріту, бізбен безеу,  бізден ою — өрнек түсіру, әшекейлеу, суын табу,  металды шынықтыру т.б.

Ою салу. Бұл тек зергерлік емес,  қолөнердің қай саласында болмасын, өте жиі қолданатын көркемдеу тәсілдерінің бірі. Ою салу – арнаулы аспаптармен  заттың бір бұйымының  бетіне ою -өрнек, бедер, нақыш түсіру. Аталған көркемдеу тәсілдерінің   халық тілінде түрліше атаулары сақталған. Мысалы: нақыштау,  оюлау, ою түсіру, өрнектеу, өрнек түсіру, өрнек жүргізу, шимайлау, бедерлеу, бағдарлау, ою бастыру т.б.47 [71-76]

         Ою — өрнек – заттың бетіне  түсірілген әдемі нақыш, бедер, геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып  отыратын  әрі үйлесімділікке құрылған өрнек  нақыш.

         Ою — өрнек өз алдына бір өнер. Қолөнердің кез – келген түрін де ою — өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданады. Қолөнер  бұйымдарының  ою — өрнекпен  безендірілмейтіні жоқ, өйткені ол затқа көркемдік сипат беріп,  эстетикалық мәнін аша түседі.  Бұл туралы өз кезінде  ғұлама ғалым  Ә.Х. Марғұлан: «Қазақтар ою — өрнек әлемінде өмір сүреді» деген, асыра айтқандық емес.  Халық шеберлерінің қолынан шыққан  тұрмыс заттарының ою — өрнекпен әшекейленбегені жоқ.  Тұрмыстық бұйымдарға, ыдыс – аяққа,  қару – жараққа, ер тұрманға және киім кешекке ою — өрнек салынған», — деген болатын.  8[55]

         Белгілі зерегер, ұста, суретші,  өнертанушы Дәркембай Шоқпарұлы:  «қолөнер ең  әуелі ою — өрнекпен бастадады» — дейді. / Шоқпарұлы 1980/ Қазақ ою — өрнек өнері өте ежелгі замандарда пайда болып, біздің заманымызға келіп жетті.

Зергерлер жасайтын бұйымдар.  Зергерлер сән – салтанат  бұйымдарын, жүлдеге берілетін заттарды  және әртүрлі әшекей  жиһаздарын  жасады.  Бірақ мұның бәрі де халықты қанаушы озбырлардың  жеке басының мүддесі үшін, солардың үй жасауларына  көрік беріп тұратын бұйымдар ретінде ұсталды. Алайда, халық дарыны тоқыраған жоқ, қазынасы ортаймады.  Халықтың қамын ойлаған шеберлер ел сүйген ерлерді, маңдайлы батыр,  таңдайлы шешен,  еліне пана,  жеріне тұлға ұл – қыздарын  зергерлік өнерге баули білді.  Қарапайым еңбекші бұқараның эстетикалық талғамын өсіріп,  рухани мейірімін қондыратын,  еңбекке баулып, ерлікке бастайтын жаңа мазмұнды,  жаңа нәрлі өнерді тауып отырды.  Сондықтан «алтын қылыш – ерге сән»,  «жақсы ұнасым – жан нұры» деген тәрізді  сөзді,  жарасымдылықты ел еріне , елдің ақылгөй  жақсысына арнап,  халық даналығын да солармен байланыстырды. 

         Қазір зергерлік ісінің түрлері көбейіп,  жұмыстың бұл салалары техникңғаландыруда. Престер,  өрнекті қалыптар, әр алуан жонғыш,  сызғыш,  оймыштағы құрал – саймандар, электрмен  жұмыс  істейтін машиналар көбейді.  Соның нәтижесінде  жаппай  тұтатын  көпшілік  қолды зергерлік  бұйымдар  молынан шығатын  болған.  Бұл істің техникамен  жабдықталуы  оның  прогрессивті  қарқынмен  алда болуына,  жұмыстардың бәрі  сапалы әрі өнімді  болуына жағдай  жасады.  Халықтық мұраның  жақсы мәнерлерін  жаңа өрнек  ұнасым,  іс әдістермен  жаңартуға  мүмкіндік  берді.         Қарағандылық  Қошқарбергеновтың  сүйектен ойып 40 түрлі  оймыш — өрнектер  салып,  күмістеген асадалы,  осындағы  Абылаев Асқар  жасаған алтын,  күміс бұйымдар,  Дүйсенқұловтың  күміс ері,  Солтүстік  Қазақстандағы  Қаппаның  сақина,  жүзіктері,  Семейдегі Нұражанов пен  Павлодардағы  Есалиевтің  асқан  шеберлікпен  істеген асыл заттары  зергерлік дамуының  жаңа белесі  болып табылады. 

         Ел арасындағы  халық шеберлері түрлі көркем,  нәзік істерді  көбінесе қарпайым   әдістермен   орындайды.  Зергерге аса қажетті қасиет – суретшілік, дәлділік, шыдамдылық.  Осыған қарағанда халық арасындағы: «зергердің көзі өткір,  қолы ұсынақты, ойы жүйрік»,  «ерінбейтіндігі  ерге күміс шабудай» деген сияқты  мәтелдер зергерлікті  әрі құрметтеу,  әрі зергерге талап қою негізінде туған болуы мүмкін. 16 [23]

         Халық зергерлерлері көбінесе білезік,  өңіржиек,  сақина,  сырға, тіс шұқығыш,   (бұрын алтын, күміспен  өрнектеп  жасап,  қалтаға салып жүретін болған) қиықша,  қозы,  шолпы, алқа, қапсырма,  сәукеле,  түйреуіш, мық, інгет, созат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, дәубет, кемер белдік, нісе сияқты адамның өз бабаын әсеидейтін заттарды жасады. Ыдыс – аяқ , ағаш төсек, ер тұрман, қару жарақ,       жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай тақша, опа сауыт домбыра, қобыз, сырнай, және т.б музыка аспаптары сияқты алуан түрлі жиһаздарды әшекейлейді.  Әшекейлегеннен кейін олар ерекше тартымды және әсем көрінеді.

 

2.2     Зергерлік бұйымдарды өңдеу тәсілдері

 

Зергелікті орындау әдістеріне қарай техника жолымен, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыпқа құю, бір металға екінші металды жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу арқылы өрнектеу, металдарға алтын, күміс жалату, металдарды қақтау, қуыстау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау және тағы басқа әдістермен жасау сияқты бірнеше түрге бөлуге болады.

         Халық творчествосының мол әдіс, тәжірибелерінің ішінде металдарды талшықтап, бұрау, өру, таңу, түйіндеу, өріп шашақтау, бунақтау, кесек металдарды үзбелестіру сияқты әдістері өте көп. Осылардың ішінен тұрмыста игеру мүмкіндігіне қарай қолданылып келген қазақтың ұлттық зергерлігіне тоқталып бұл заттардың қалай жасалатынын әңгіме етейік.

         Қақтап әшекейлеу зергерлігі. Мұндай әдіс ер тұрман, осатал, шытырман қазық, қанжыр, селбе, сембе, семсер, айбалта, найза, садақ, орындық, босаға аңшылық мүліктеріне және осылар сияқты көлемді жиһаздарға қолданылады. Мысалы: ердің қосын күмістеуді алайық. Күмістелетін ағаш ер әдейі соған арналып, бөлек шабылады. Содан даяр ердің қосына өлшенгени жалпақ темірді кейде тұтас күйінде, кейде оның өзінде оюлап кесіп егеп алады. Содан кейін күмісті қақтап жабыстырады. Ол үшін күміс қақталатын әлгі өлшеніп және оюланып  алынған темірдің бетін ең алдымен түрпі сияқтандырып  алып шопқымен шабады.  Қолдан жасалған түрпі  ұсақ болу керек.  Сымға тартылған күмісті  осы түрпінің үстіне өрнектей отырып бағамен батырады.  Мұны зергер  тілінде қақтап жапсыру дейді.

          Күмісті  (сезге) сымға салып тарту. Соғуға, созуға қолайлы болу үшін қоспасыз өте таза күмісті таңдап алады. Таза күміс ірімей жақсы соғылады, және сымға салып, жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы болады. Таза күміс  жәй қарағанда да көрікті келеді. Сондықтан да қазақ зергерлері  ең таза күміс деп жамбы  күмістерді  ұстайды.  Жамбы деп кесек, қорытылып құйылған  күмістерді атайды.  Жамбы күмісінің үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар.  Оларды үлкенінен бастап айтқанда  «бесін жамбы», «ат бас жамбы»,  «қой бас жамбы», «тай тұяқ жамбы»,  «қой тұяқ жамбы»   деп атайды.  Бір айта кететін жайт,  жамбы күмістері қараймайды.   22 [62]

Күмісті жіңішкертіп созатын сайманды сым деп атайды. Сым дегеніміз ұзындығы 20 – 25 см. Көлденеңі 3 – 4 см, қалыңдығы 2 см. Төрт қырлы ұзыншақтау темір. Бұл темірдің ортасында кеңдігі шеге сыйғандай іші өте кірленген тесіктен бастап бір тал шаш өтетіндей болғанша беретін, бірінен бірі кіші 11 – 12 тесік, бұлардың араларында үлкенді – кішілі шар, жарты шар кейіп тес шұңқыр ұялар болады. Шеберлер бұл ұяға шегелер сала отырып, әртүрлі көлемдегі шегелердің түйіртпектерін жасайды.

Күмісті қорытып, тазартып алған соң, оны шегенің көлеміндей етіп, ұзындығын 10 – 15 см шамасында жұмырлап соғады да, оны сымның ең кең көздерімен өткізіп тартады.Күміс әрбір тесіктен өткен сайын тартыла тартыла келіп, адамның шашындай болып сщзылып шығады. Созылған күміс машина жібінің ағашына оралады немесе кесте жіп сияқты домалақтанып жиналады. Мұны күмісті (сымға) сезге тарту дейді. Халық арасында «сымға тартқан күмістей әдемі, сыптығыр» теңеу осыдан шыққан. Осы күміс жіптің ұшын әлгі шабылған түрлі бетіне өрнектеп сала отырып, балғамен бір қалыпты ұрады. Ұрылған күміс түрпілердің бұжырыла жапсарласып, өзінің жуан – жіңішкелік мөлшеріне қарай жалпақтала, өрнектеліп қақталады. Күмісті қақталған ердің қасын тегістеп егейді. Тегістелген бұл бұйымға оқ беру үшін қайрақпен және түрпі қағазбен, одан кейін киізбен, ең ақырында жұмсақ матамен ысқылайды. Мұны күміс қақтау дейді. Күміс қақталатын темірден шеге қазылатын болса, онда оны күміс қақталмай тұрып тесіп алады. 51 [45-47]

 Құйма алтын, күмістерді өрнектеу. Жұмыр, домалақ, қырлы, төрт бұрыш және т.б бейнелердей заттарды тұтас құйма алтын, күмістен жасайды. Бұларға әртүрлі бейнеде құйылған жамбы, ат бас алтын, күмістен жасайды. Бұларға әртүрлі бейнеде құйылған жамбы, ат бас алтын, ділдә, құйма білезік, құйма жүзік, алтын аяқ, ақ жамбылар жатады. Алтын, күмісті ерітіп қалыпқа құйып бедерлеу әдісімен алтын қасық, күміс ожау, сағат қаптарды сияқты заттар да істеледі Құйма алтын мен құйма күміс халық дәстүрінде асыл қазына, үлкен мұра деп есептелген. Жоғарыдағыдай кейбір көлемді нәрселерді бейнелеп соғу, егеу жолымен де жасалған.

Құймалы алтын мен күмісті өрнектеу үшін, щған қажетті қалып жасалады. Мұндай қалыптарды халық шеберлері қалайыдан қорғасыннан, жезден немесе майдаланған саз балшықтан, қатты ағаштан, мүйізден жасап алады. Қалыптың ішкі бетіне жасалатын өрнекті ояды немесе қалыптың өзін сол өрнекке қаптап жасайды. Осындай қалыпқа құйылып шыққан сом алтын, күмістер сол қалыптың ішіндегі әртүрлі өрнектермен бедерленіп шығады. Қалыптар кейде әртүрлі өрнектермен бедерленіп шығады. Қалыптар кейде әртүрлі заттардың бейнесін не бір заттың бейнесін шығады. Сол күміс пен алтынның беттерін асыл бізбен, дүзі үшкір қашаумен, пышақтың ұшымен жазып өрнектеуге де болады. Қолөнер шеберлері өрнектеліп болған заттарды әдемілеу үшін әртүрлі қағазбен, шұғамен, барқытпен, жұмсақ матамен ысқылап жалтыратады. Білезік, сақина,сырға,шолпы сияқты заттарды қазақ зергерлері көбінесе осындай әдіспен жасайды. Тезге (сымға) тартылып, біркелкі созылған күміс жіптерді бұрап, өріп, тоқып, кейде алтын, күміс заттарға әртүрлі асыл тастардан көз орнатып, оларға мың шеге қағу арқылы  өрнекті, сәнді жиһаздар жасайды. Мәселен, атақты зергерлердің бірі Түсіпжан Омаралин әйелдерге сыйлыққа тартуға арналған салмағы 300 грамдық сыңар жұмыр білезікті былай жасаған. Жұмсақ ақ бордан иленген ұзындығы 20 – 21 см жұмыр таяқшаның әуелі ортан белін, одан кейін екі жақ басын біздің ұшымен сызып өрнектеп, өрнегінің мінсіздігін тексереді.

Бұл үшін мұндай тәсіл қолданған: керосин құйған панжарасыз (жайдақ) шам жағып, өрнектелген таяқшаның екі басын шамның түтініне ұстап қарайтып алады. Одан кейін жұмсақ ақ қағазға таяқшаның басын кезек – кезек ауната басса, бор таяқшаға сызылған өрнек ақ қағаздың бетінде ап – айқын мөрдей болып басылып шығады. Зергер бірлі – жарым өрнек сызығының мінін түзетіп, мұны зергерлер іш қалып деп атайды. Енді сырт қалып жасауға кіріскен шебер өсімдік майына иленген замазканы алады да, әлгі таяқшаға жапсырып, қалып жасайды. Сәл тобарсыған соң, пышақтың өткір жүзімен қалыптың сыртын екі жанынан басып тіледі де, таяқшаны алып тастап, қалыпты қайтадан қосады. Замазкадан жасалған қалыптың сырт пішіні мен үлкендігі бір кесек кір сабынға ұқсас келеді де, таяққа жасалған ұяның бір жақ басы тұйық болады. Шебер қалыптың аузын жоғары қаратып, май қосып мүсәтір араластырған күмісті ожаушаның түтікше щүмекше суатынан тез ағызып, қалыпқа құяды. Енді үш – төрт минут өткеннен кейін мінсіз түзу, әсем өрнекті жұмыр күміс таяқша дайын болады.

Ширақ қимылдап жүрген шебер ыстық таяқшаны темір қысқышпен ептеп қана көтеріп, қорғасын қалыпқа салады. Бұдан кейін қорғасын қалыптың сыртынан арнаулы темір қысқышпен дөңгелектеп, мызыр бейнесіне келтіріп игенде, ол нағыз білезік түріне келеді. Бірақ күміс білезіктің сырты әлі де жылтыр, тегіс емес, сондықтан зергер оны өзінің егеулерінің ішіндегі ең майдаларымен әр жерін кезек – кезек егейді. Одан кейін түрпі қағазбен, муза лентасымен, ең соңында барқытпен үйкелеп, майға ерітілген сынап тотығымен тағы да ысқылағанда, зауыттың шық қандай болып жарқырайды. Осыған қарағанда халықтың: «Күмістің жанын зергер салады» деуі бұл өнерді орынды бағалаудан туған жай.

Зергер Абылаев қынама бел, көн барқыт камзолдың алдыңғы қаусырмасына тағу үшін қызыл жақұт тасымен бұршақтап, екі алтын түйме жасауды ұсынады. Зергер түйменің сабағын күмістен, тасының қабын жалатқан жіппен тоқып әшекейлейді. Бұл үшін керекті алтын мен күмісті тезге тарту әдісімен жіптіктеп әзірлеп алады. Алтын жіп №10 машина жібінің жіңішкелігіндей, күміс жіп оқушылар жазатын жай қарындаштың ұшындай жуандау болады. Зергер күміс сымның бір ұшын 3 см жерден екі қабаттап, кейін бүктейді де, екінші ұшын әлгі екі бүктеуге жеткен бірінші ұшықтың тұсынан жуантық бізге екі орап бұрайды. Бұл – түйменің сабағы даяр деген сөз.  Шебер енді сабақтың бұраудан тыс қалған 1 см тұйық басына шахмат сызығымен бұжырланған жақұт моншақты кигізеді де, әзір тұрған алтын жіптігін күміс сабақтың моншақтан әктен шығып тұрған бүлдіргесінен өткізіп алып, бұжырдың шахмат сызықтары бойымен тоқып шығады. Алтын жіптің екі ұшы да мұқият екітіліп, алтын түйме әзір болады.  4 [87]

Қазақ халқының қолөнерінде зергерлік металдармен қатар сүйекке, мүйізге, ағашқа, былғарыға алтын, күміс әшекей жасау  жұмыстарында да кеңінен қолданылған.  Алтынмен оптау, күміспен күптеу, бедерлеу, алтын, күмістерден әртүрлі бейнеде сауыттар жасау – зергерлік өнердің тым қарапайым болса да дамуының нәтижесі. Кезінде зергерлік өнердің тамаша туындыларын көрсететін көрмелер көптеп болатын. Қазір бұндай жағдай бірен – саран. Болса да белгілі бір мәселе төңірегінде іс – шаралар аясында өтеді.  Өз заманында асқан шеберлер деп танылған көптеген зергерлеріміз ортаға салып, талапты жастарға үлгі — өнеге көрсететін.

Абылаев, Баймағанбетов, Қошқарбергенов, Беков, Дүйсенқұлов, Смағұлов, Нұржанов,   Есалиев, Қобландин, Рақымбеков сияқты зергерлер жас өнерпаздарға ғана ұстаз емес, зергерлік өнерін сүйіп, құрметтейтін қайсысына да ұстаз болатын.

Күміс қақтаушы  шебер қазақ еліндегі әдет бойынша заказ берушінің  материалымен жұмыс істейді, еңбек ақысы жөнінде алдын – ала шешіліп алынатын еді. Дерек бойынша, көптеген қарттардың айтуына қарағанда                   ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында еңбек ақысы заттай немесе малмен төленіп отырған. Зергердің жасаған затының көлеміне қарай белгілі мөлшерде ақы берілген. Мысалы, атқа қажетті әбзел – саймандарды күміс не әшекейлердің ақысы бір бас тай болып есептелген. Күміс әшекейлі еркек белдігін жасауға шебер ақы ретінде 4 – тен 8 – дейін қой алып отырған. Қолөнердің барлық түрі секілді зергерліктің де ерекшелігі оның қарапайым құралдарында болады.  15 [45-48]

Қазақ зергерлері әйелдерге арнап сәндік бұйымдарының  көптеген түрлерін жасады: алқа, сақина, білезік, сырға, түйме, қаптырма, сәукеле, ер тұрман әбзелдері сияқты  т.б. бұйымдарды  безендіретін. Өздеріне қажетті құрал – сайманның көпшілігін зергерлер өздері жасады, егеулер мен іспекжені орыстардан сатып алып отыратын.  Қысқыштар, см жасайтын тақтай, қайшыларды жергілікті ұсталар дайындайтын болған.

Зергерлер егеудің бірнеше түрін пайдаланады. Үш қырлы егеу, төрт қырлы егеу, жалпақ егеу, жұмыр егеу, сопақ егеу. Ұсталық ішекжелеркәдімгідей кішілеу болады. Балғалар мен қысқыштардың бірнеше түрі болатын болған. Жіңішке метал мен сымдарда арнаулы қайшылар мен қырқып отырады. Жарамды металдарды қолмен жасалған безбенмен өлшейтін еді. Зергерлер төсінің де үлкенді – кішілі түрлері болады. Дәнекерлеу және сызба белгілер салу кезінде диаметрі  1 см, ұзындығы 30 – 51 см мыс түтікпен отты үрлейтін еді.  Гейнестің ойлары бойынша Ақтөбе облысының батыс жағында тұратын адайлықтарды  дәнекерлегіш түтік орнына  түбінде тесігі бар ағаш үрлеуіш ауыстырған.

Күміс құятын ожаулардың  металдан жасалған түрімен бірге балшық ожаулар да болады. Құятын қалыпты не өздері, немесе ұсталарға жасатты. Сонымен бірге жұмсақ қорғасыннан жасалған қалыптарды  да  пайдаланған. Зергерлер өнімдеріне орыс және қытайдың күмістерінен жасады. Оларды монета түрінде алатын еді. Қазақ зергерлерінің  орыстың күміс монеталарын пайдаланғаны жөнінде көптеген деректер бар. Мысалы,  Р. Каутц  1910 жылы былай деп жазады: «күміс сом сандықтан бұрын,  ерлердің қалтасынан бұрын,  кезбе зергердің еріткішінен  әйелдердің бұрымына, жүзікке, алқаға кететін еді».

Орыс және қытай күмісімен бірге қазақтар поляк күмісін де пайдаланды. Бұл ХІХ  — ХХ  ғасырда Орта Азияда кең тараған жағдай еді.  Зергерлік заттар дайындауда қыздыру мен  құюдан бөлек зергерлер гравировка, қарайту, эмаль, штамповка, чеканка, шапқылау, күмістеу, алтындау әдістерін қолданды. Гравировка — болаттан жасалып, ұшы егілген темірмен жүргізіледі. Алдымен инемен белгілеп алып, темір арқылы суреттің бейнесін тереңдетіп түсіріп отырды. Бетіне  өрнек салынған күміс бұйымға зергерлер қара жүргізетін.

Зергерлердің тағы бір кең тараған әдісі –  «шаппашының» әдісі деп аталады. Шаппашылықтан да тараған бір әдіс күміс заттарды алтындау. Ол барлық жерлерде белгілі болады. Тек қана ерлер мен әйелдердің заттарын алтындап қана қойған жоқ, сонымен қатар атты әбзел – сайманының металдан жасалған  және жиһаз бен ыдыс – аяқ қапталған күмістерді де алтындады. Алтын жалатқан қазақ зергерлерінің бұймдары кезінде бүкіл Рессейлік талай көрмелерде көрсетілді.

Рельефтік  бейнелеуді қазақ зергерлері қалып (чехол) көмегімен шындалған темірден жасалып,   жұмыстың соңына таман тіс тәріздес өрнек белгілері бар зат арқылы жасады. Осындай қалып арқылы өнім өндіру кезінде бұйымның үлкен кішісіне қарай  іспенжеге бекітіп қойып, балғамен жылдам бір соққы жасайтын. Осылай қалып өзгертіп отырып шебер өзі ойлаған суретті  салып шығатын болады. Күмісшілер өздерінің көптеген бұйымдарына қымбат бағаны не жартылай қымбат бағалы тастарды   түсті шынылар құю арқылы әшекейлеп отырды. Осылай әшекейлеген заттарды қарап тексергенде онда ешқандай табиғи кемшіліктің жоқтығын, бұл өнердің қазақтарда қандай  жоғары сатыда болғанын көреміз. Бұйымдарды көркемдеу үшін  зергерлер алмасты, асыл тасты, маржанды, меруерт, сыңғыр тас т.б. тастарды Қазақстан территориясынан  тауып немесе сатып алып пайдаланып отырған. Белдіктермен күміс кішелерді сәндеу өнері де ежелден келе жатқан әдістердің бірі.  Қазақта «Етігі жаман төрге шыға алмас» деумен бірге «белдігі жаман мықынын тірей алмас» дейтін де мәтел бар. Белдіктің өң бойында бөлек – бөлек темір, мыс, жезден істелген бүркеншікті теңгелер, үшбұрыштар, сопақшалар, әр түрлі үлкен қалыпты мықтар қозғалып, үстіне өрнек жүргізіліп, отырған.  Күмістен өрнек жүргізілген бүркеншіктердің үстіне әр түсті асыл тастан көз орнатлып, айналасын күміс қуамақтармен  өрнектеп дәнекерлейді.  46 [55-59]

Белдіктердің  ақ бетін көне ауыр былғары, қызыл, сары көзелдермен оюлап, күміс әшекей жүргізу де өте ұнамды. Үйкенің беті ақ, жақсы иленген қайыспен, былғарымен  сатарлап, шет – шеті тарамысып қиюланып тігіледі. Қазақ күмісшілері жөніндегі аздаған хабарлар осындай, олардың бұйымдар жасау әдістері, техникаларының   қарапайымдылығына қарамастан  қазақтардың зергерлік өнері өте жоғары даму сатысында болады. Басқа халықтарға қарағанда қазақ халқының зергерлік бұйымдарының  ассортименті аздау болады. Бірақ бұл жағдай зергерлік өнердің тұйық қарапайымдылығымен емес, қазақ халқының көшпелі  тұрмысы мен ұлттық ерекшеліктеріне байланысты болды. Зергерлер өз бұйымдарын геометриялық өсімдік тәріздес және т.б. ою — өрнекпен әшекейлейді. Осы түрліше ою — өрнекті қолдану  шебердің қалауына ғана қараған жоқ, сонымен бірге техникада да, яғни қандай құрал – сайманмен ғана жасалса, соған да байланысты еді. Қалыпқа бола салып жасалған бұйымдарға көбінесе геометриялық  ою — өрнекті пайдаланады. Ақ қаралау немесе шаппашының  әдісте — өсімдік тектес ою — өрнек пайдалануы да кездеседі. Геометриялық бейнелер , түйіндер тіке иреле деген сызықтар, нүкте, крест, дөңгелекшелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, ромбиктер, көпбұрышты бұйым жасауда шеберлер жекелей де, күрделі де ою — өрнек жасай біріктіріп те пайдаланып отырды. Бұл қаншама көз майын тауысатын жұмыс болса да  қазақ зергерлері абыроймен орындап отырды. Қазақ халқының қолөнерінде зергерлік металдармен қатар сүйекке, мүйізге, ағашқа, күмістен әшекей жасауда кеңінен қолданылған. Алтынмен оптау, күміспен күптеу, бедерлеу алтын және күміспен әртүрлі бейнеде сауыттар жасау зергерлік өнерінің  даму бағасын аңғартады.

Жүзік жасау ісі көп қиыншылық тудыра қоймайтын. Шебер алдымен сақинаны жасап алатын. Сонан соң балдақты орнататын. Құйма жұзіктер сирек кездесетін бөлек жасалған балдақ пен сақинаны дәнекерлеп жүзік жасайтын еді. Жүзіктің балдағы формасы жағынан неше түрлі болып келеді. Әбір шебер оларға өз ойынан жаңа түр қосатын. Кейде тапсырыс берушінің де қалаған пішінін жасап беретін. Түрі, пішіні жағынан олар әр түрлі: дөңгелек көпжақты,  тік бұрышты,  төрт бұрышты, сопақ т.б. болып отыратын. Кейбіреуін тек қана металдан жасаса, кейбіреуін қымбат бағалы тастар орнатып жасайтын. Формасы жағынан қазақ жүзіктерінің балдақтарына көрші халықтардың әсері мол. Мысалы, орыс және Поволжье, сібір, Алтай және орта Азия халықтарының жүзіктерінде балдақтар бірдей. Бұны 1904 жылы орыс және татар сақиналарын зерттегенде  Н.Ф. Катанов дәлелдеді. Осында суреттелген сақина балдақтарының қазақтардікінен еш айырмашылығы жоқ.  34 [91-95]

Қазақ  шеберлері көрші халықтардың зергерлік бұйымдарына көп көңіл бөліп, олардың жақсыларын өз бұйымдарын жасау жолында әрқашанда іске асырып отыратын. Бұл жағдайды осы мәселені зерттеген көптеген зерттеушілер байқаған. Солардың ішінде  А.К.Гейнсте бар. Ал өз кезегінде Дм.  Львович 1914 жылы Торғай даласында әйелдердің жүзіктерін көргеннен кейін былай деп жазады: «шындығында әуесқойлықпен қарайтындар таңғажайып етіп күміс сымнан жасалған сол металдан салпыншақтары бар көздері  не ахық және керезе тастары орнатылған бұл шығыс өнері, талғамның қол жеткен табысы».

Әйелдердің сырғасы да бірнеше түрлері болады. Оларды доға сақина,  ілгек, үшбұрыш, ромб салпыншақтары тәрізді етіп жасайтын салпыншақтарына қымбат бағалы тастар орнататын. Үлкен және салмақты сырғалар жасау қазақ зергерлерінің дәстүрлі жұмысы болса керек. А.О. Пальчевский 1868 жылы үлкен сырғалар жөнінде: «барлық қырғыз,  қазақ  әйелдері  күміс және мыс сырғалар тағады,  олар үлкен болған сайын қымбат болып келеді» – деп жазды.

Зергерлік өнерде әрқашанда бірінші орынға әйелдерге әшекей бұйымдар жасау алып отырды.  Әйел білезіктерін көбінесе арнаулы формада құйылған пластинкалардан, оларды қыздырып алып соғып жасайтын еді. Сол кезде шебер бір мезетте төрт сақина жасап шығарады. Парктің пешінде төртеуін бірдей қызарғанша қыздырып,  кезекпен бір –бірлеп алып өзі көздеген ұзындыққа жеткенше соза беретін. Қанша етіп ұзартса да ол зергерге байланысты еді. Орташа алғанда оның ұзындығы 12-13 сантиметрболатын, ені 2 сантиметр. Бұдан соң әр пластинкада төрт бұрышты және жартылай дөңгелек етіп болат штамппен соғып ойық жасайды да осы процесс кезінде пластинкалар бұрынғыдан да тағы 4-5сантиметрге ұзарады. Бұдан соң оларды қайтадан пешке салып, әбден қызарғанша қыздырады да қысқашпен алып тағы біреуі жылтырағанша ысқылап, оларға гравировка немесе қалып тәріздес ою жүргізеді. Соңына дайын болған білезікті ыстық күйіндемүсәтірге салып ағартатын және майда құммен ысқылайтын. Күмісті ағарту үшін ашудасты пайдаланады. 43 [23-25]

Ж.Сыздықовтың айтуы бойынша жалтыратылған күміс бұйымдарды күміс күміс ысқышқа бекітілген терімен сүртетін болған.1 Осы айтылған білезік жасау әдісі қазақ шеберлеріне белгілі көп әдістің бірі ғана болған. Кейбір шеберлер күміс пластинкалардан кесетін білезікті, кейбіреулер құйма білезікті жасайтын. Ақтөбе обылысында жалпақ білезіктердің екі басын 4-5 тіс тәріздес етіп жасайтын болған. Қымбат білезіктерді сақиналарға салпыншақ пен щынжыр бау арқылы байлап қоятын еді. Бес білезік – бұл бес сақинаны білезік жалғастырған. Сондықтанда осылай аталады. Бұл торғай облысында көп негізделген. Солтүсті Қазақстан облысында қарапайым ғана көп кездескен бір басында қозғалмалы салғаннан кейін әлгіжылжыманы бекітетін екінші жағымен жалғастырылып қоятын.

Күмісшілерге тапсырысқа қалыңдықтың конус тәріздес бас киімі сәукелені алтын, күміспен әшекейлейтін болған. Тапсырыс берушінің байлығына байланыстығ кейбір сәукелелерді түгелдей қымбат бағалы металдар әшекейлегендіктен олардың салмағы ауыр болып кететін. Сондықтан да ондай бас киімді ұзақ уақыт киіп жүрудің өзі мүмкін болмай қалатын. Сәукелені сәндеп әшекейлеу жұмысы өте көп уақыт алатындықтан, бұндай сәукеленің бағасы  2 -3 мың сомға жететін. А.К. Гейнстің  айтуы бойынша 1865 –жылы оған кездескен бір шебер жақсы сәукелені бір жылда әрең бітірген

Сәукеледен басқа күмісшілер ерлер мен әйелдердің кемер белбеулерін жасайтын еді. Еркектердің пісе белбеулерін пышақ қабы мен оттық салатын,   оқ – дәрі  салатын және басқа да қалталарды даярлайтын. Оларды күміс, алтыннан  әр түрлі бейнелі бияхалармен теріні өңдеп әшекейлейтін, ал әлгі алтын, күміс әр түрлі формадағы белдікше мыс шегелермен  бекітетін еді. Мұндай белдіктер ерте заманда сарбаздар мен аңшылар арасында кең тараған еді. Ал, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қажеттіліктен емес, дәстүр бойынша тағатын. Әйелдердің кемер белбеулерін өте шеберлікпен жасайтын 1956 жылы Қостанай академиясының экспедитциясы Семей облысында 1920 жылы жасалған кемер белбеуді тексерді. Белдіктің ұзындығы – 127 см, ені – 9 см, белдікте алтын жалатылған ірі күміс бияха қаптырма бар екен. Әрбір бияха арасында  бос жер тігіспен жабылған. Әрбір түтігіне барлық бияхаларда көк және жасыл түсті  жиырма тастан бар.  Қазақ зергерлері негізінен түсті металдардан сан – алуан әсемдік бұйымдар жасады. Әсіресе күмістен соғылатын көптеген бұйымдар: сәукеле әшекейлері,  сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, белбеу, қожырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден – ақ кең тараған заттар. Жоғарыда көрсетілген сәндік бұйымдар негізінен орыс және қытай күмісінен жасалды. Күмісті әсіресе алтырды, асыл тастарды, көбінесе сәндік бұйымдар жасататын адамдар өздері тауып берді. Кейбір қала маңында мекендейтін зергерлер өз күмісінен де сәндік бұйымдарды жасауда көптеген тәсілдерді қолдана білді. Солардың ішінде ен кең жайылған тәсілдер: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау — темір бетіне күміс жабу, сіркелеу, бізбен безеу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан күміс орнату және т.б. Қазақ халқының этнограф ғалымы  Масановтың зерттеуі бойынша күміс бетіне қарала жүргізу өнері Орта Азия зергерлеріне ХIII – XV  ғасырлардан бері белгілі екен. Оның үстіне қазақ зергерлерінің ойынша, олар қараны өздері жасапты. Оның құрамында: күміс, мыс, қорғасын және күкірттен тұратын көрінеді. Қараланы көбінесе әйелдерге арналған күміс білезік, қапсырма, сырға, жүзік, белбеу т.б. жиі пайдалынатын сым кептеу тәсілімен әйелдерге арналған қапсырма, шолпы, түйреуіш, білезік сияқты шағын күміс әшекейлер жасалады. Әдетте, сым кептеу тәсілімен жасалған әшекейлер қызылды – жасылды бағалы тастармен үндесіп, әсем көрінеді. Қазақстанның батыс, оңтүстік – батыс және оңтүстік аймақтарында әйелдерге арналып жасалатын алтындалған үлкен білезік, жүзік, сақина, алқа, өңіржиек, қолтықшалар беттеріне сіркелеу тәсілімен геометриялық өрнектер жүргізіледі екен. Құйылған немесе қақталған күміс бетіне сірке түсіру үшін темір қалып арқылы күмістен жіңішке сым жүргізіп, созып оны өткір пышақпен ұсақтап, турайды. Содан соң оларды тегіс бетті екі жалпақ темірдің арасына салып, айналдырады да, домалатудың нәтижесінде күміс кесінділерінің біркелкі домалақ сірнеге айналдырады. Күміс бетіне «бура» деп аталатын ақ үгінді дәнекер себеді. Оның үстіне белгілі тәртіппен қажетті әртүрлі өрнек күміс сірнелері отқа қыздырылған уақытта себілген орнында дәнекерленіп, бұйым бетіне біте қайнасып, жабысып қалады. Сірне түсірілген бұйым бетіне үлкенді – кішілі асыл тастар, маржандар, түсті шынылар орнатып көркемделеді. Сонымен бірге көпшілік жағдайда бұйымның бет жағы түгелдей алтынмен буланады. Оны   «алтындау», «алтын жалату» деп те атай береді. Күміс тана салпыншақтары, түйме және үй бұйымдарының бетіне шегелейтін күміс әшекейлерді жасау үшін көбінесе ақ күмісті жұқартып қақтайды. Оны арнайы  жасалған қалпында қорғасын жиегімен қоса балғамен соғу арқылы яғни кептеу тәсілімен  дайындайды. Қалыптың өзін екі түрлі етіп темірден жасайды. Бір түрі қыздырылған қалың темір жиегіне белгілі күміс форманы батыра ұрып,  қалып жасау.  Кейде қорғасын жиегіне қойылған қақталған күмістің үстінен жұмыр басты қадау бастармен соғып,  күміс әшекейлердің бетіне бедерлі ою — өрнектер де жасайды. Мұндай әдіспен көбінесе күміс таналар мен шашбау шолпыларын дайындайды. Салу және құю арқылы жасалатын білезік, жүзік, сырға, тана сияқты күміс бұйымдардың бетіне кішкене шапқы немесе ұшында әртүрлі өрнектері бар қадаубастармен шену тәсілімен де оюлар түсіріледі. Қазақ зергерлері таза алтыннан білезік, сырға, сақина, жүзік соққан. Сонымен қатар құю әдісімен де жасаған. Бірақ, таза алтыннан жасалатын бұйымдар өте қымбатқа түсетіндіктен оны тек ірі байлар ғана жасатқан. Қазақстанның батысы мен оңтістігі күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату, алтынмен булау немесе қақталған жұқа алтынмен  көркемдеуі жиірек кездеседі. Зергерлердің айтуынша, күміс бетіне алтын жалату алтын мен алтын булаудың аса бір айырмашылығы болмаған. Бұл тәсілді «алтынмен оптау» деп атаған екен. «Аптау», «булау», «жалату»  деген ұғымдар бір – бірімен үйлеседі. Бетіне сынаппен араластырған дәнекер себілген күміс бұйымға алтынның ұнтағын қоса себіп, отқа қыздырылғанда алтын жылдам ериді. Алтын ертіндісін түтікпен үріп, күміс бетіне түгел жаюды алтын жалату алтынмен оптау, немесе булау дейді. Алтынмен булау деудің де жаны бар. Өйткені, қыздырылған сынаптан бу шығарады да, алтыннын күміс бетіне берік жабысып қалуына жағдай жасайды. Күміс бетіне берік жабысып қалуына жағдай жасайды. Күміс бетіне алтын жабыстырудың тек қана отқа қыздыру арқылы орындалатындығы туралы бұдан бұрын жарық көрген әдебиеттерде де деректер бар. Күміс бетіне жағылатын алтыннан жұқалығы сондай, онын алтындағы  күміс бетіне сызу безеу арқылы жүргізілетін өрнектер  анық көрініп тұрады. Ақ темірден не шойыннан жасалатын үй бұйымдарының бетін жалату тәсілімен алтындауға болмайтындығын оларды тек қақталған алтын оны қорғасын құю арқылы  темір бетіне дәнекерленеді.  22 [55 — 56] Кез – келген күміс бұйымдардың беттеріне әртүрлі тастармен түсті шынылар орнату тәсілін қазақ зергерлері жиі қолданады.  Ол былай жасалынды. Көз есебінде орнатылатын дөңгелек, сопақ, не төрт бұрышты  тастарға күмістен жүргізілген  жиектер арқылы  дәнекерленіп орнатылады. Қазақ зергерлері жиектерге орнатылатын тастың түсіп қалмауын ойластырумен бірге оның әсемділігін де ескеріп отырған. Әртүрлі бұйымдарды  көз салып әсемдеу үшін қолданатын асыл тастардың түрі көп. Оның үшінде  гаухар, лагыл, інжу, сустал (хрусталь) сияқты аса багалы тастармен қоса ел ішіне кеңінен  тараған ақық, маржан, сынғыр, перезе және түрлі түсті шынылар көгілдір жиі қолданады.  Бұл тастардың көпшілігін сатып алып отырған, ал кейбіреулері  қазақ даласынан да табылып жатты. Әшекейге көз салатын асыл тастар мен  түсті шынылар болмай қалғанда, жай түссіз шыны астына қызылды, жасылды мата төсеп, немесе көзді күмістен жасап, оның бетіне қарала жүргізген көрінеді. Негізінде қазақ зергерлерінің  ісі қазақ  әшекейлерін  жасауға байланысты болса, сол әшекейлердің ең бастыларны жеке –жеке тоқтауымыз артық болмас. Әйел әшекейінің ең қымбаты – ұзатылған қыздың үстіне киіп шығатын бас киімі – сәукеле. Оның негізін ақ киізден биік конус тәріздендіріп жасайды. Сыртын қызыл шұға немесе кажкамен тыстап, алтынмен, күміспен әр түрлі асыл тастардан түсті шынылардан  әшекейлер тағып, құндызбен жиектеледі. Сәукеле ұзатылған қыз әкесінен тапсыруы бойынша алдын – ала дайындалады.    17[61] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қазақ халқының әсемдік қолөнерімен  байланысты өнері, атадан балаға сан ғасырлар бойы еш өзгеріссіз беріліп келеді. Соңғы жылдары халық арасында ертедегі зергерлік үлгілерге деген қызығушылық  артуда. Бұл әрине қоғамдық мәдениеттің көтерілуі (дамуы) және халық мұрасының ұлттық стиліне терең, әрі обьективті баға беруге деген үлкен  ұмтылысты аңғартса керек. 15[54]      

         Республикамызда ұлттық қолөнер қайта жанданып, жаңа өнер туындылары пайда болады. Мұның бәрі еліміздегі техникалық прогрестің дамуымен және халықтың мәдени сұраныстан туындап отыр. 12[25]

         Қазақ халқы еретеден қалыптасқан  көне мәдениеттің тікелей мұрагері  және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. өз тұрмысы мен мәдениетінің қолөнерін мұра тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сан – саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған. Халқымыздың сонау арғы кезеңдердегі мәдени өмірінде ой жүгіртіп көрсек, ерте заманда да он саусағынан да өнер тамған ісмер, зергерлердің, қолөнер шеберлерінің мыс, қола, алтын, күміс сияқты металдардан қорытып істеген әсем бұйымдары бүгінде таңғажайып шежіре болып бүгінде шертіледі.

         Басқа салалардай емес, зергерлік өнер аса бір шеберлікті нәзік талғамды қажет етеді. Оның үстіне зергер өнерінің өзегі халық әшекейімен, дәстүрімен қалай да сабақтасып жатады.

         Айтуымыз керек, халықтың  көне әшекей бұйымдары барлық уақытта  үлкен сұранысқа ие болатын. Оны мына жағдайдан – ақ байқауымызға болады. Исламды ұлттық дәстүрлермен синтездеген қазақ халқы, алтын немесе күміс сақина  тақпаған әйелдің қолынан ас ішпеген. Бұл, қай кезде де зергерлердің қажет болғанын және олардың қоғамда атқаратын ролінің жоғары болғандығын дәлелдейді.

  Кейінгі жылдарда да зергерлік өнерге  деген қызығушылық артып келеді. Бұл жерде еліміздегі халықтың тұрмыс – жағдайының жақсаруы, туризмнің дамуы және көрші елдермен техникалық, мәдени байланыс басты себеп.

         Естелік бұйымдарды таңдауда да өзгеріс пайда болды. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан сырт елдерге естелікке тек керамикалық заттар ғана алып кете алатын  болса, ал қазіргі уақытта  ұлттық әшекейлер, ұлттық киім, теріден, ағаштан, сүйектен және мүйізден жасалған қолөнер туындылары, арнайы тігілген шағын кілемшелер,  текемет, түскиіздер  және т.б.  бұйымдар дайындалып шығарылуда.

         Зергерлік бұйымдарға деген үлкен қызығушылық бүгінгі кезге дейін сақталып, дәл осы мезетте ол жоғары талғамның сұранысын қанағаттандырып келеді. Диплом жұмысын жазу барысында байқағаным, қазақ халқының зергерлік бұйымдары шет елдерде өте жоғары бағаланып, қымбат бағаға сатылып келеді. Оларды жасаушы шеберлер де әрбір жасаған бұйымдарын жалғыз экземплярда шығарып, оның құнын арттырып келеді. Бүгінде таза күмістен жасалған, шебердің  қолынан  шыққан дүние базарлар мен дүкендерде көздің жауын алып, толып тұрған шет елден келген бұйымдардан өте жоғары бағаланып келеді.  Заманымыздың зергерлері ұлттық дәстүрлі  металл өңдеуді мұхият үйреніп, шығармашылық өңдеуден өткізіп, жаңа бұйымдар жасап шығаруда.

         Еліміздегі музейлерде ертедегі металдан жасалған бұйымдар жиналып сақталуда. Осы шебердің қолынан шыққан туындылардың ішінде ерекше көзге түсетін бұйымдар да жетерлік. Олардың жасалу техникасына қарап ертедегі ұсталар мен зергерлердің шеберлік деңгейінің өте жоғары болғандығын, сонымен қатар талғамының да бар екенін байқаймыз. Оған  Шілікті қорғанынан табылған археологиялық материалдар дәлел бола алады.

         Өнертанушы – ғалым А. Канцедикас өз заманында былай деп жазған. «Таяуда ғана  халықтың ұлттық өнеріне жойылу қаупі бар, себебі тіпті қарапайым ауылдық ортада оған сұраныс азаюда.  Дегенімен  осы мәселе туындағаннан бастап, халықта ұлттық өнерге деген сұраныс пайда болды,

Ендігі жерде құлдырап бара жатқан халық өнері, өзінің жаңа бастау дәуірін бастан кешіріп жатыр деген тұжырым лайық. »

Халықтың өнер мұрасынсыз кез келген материалдық рухани салада алға жылжу болмайтынын өткен күндерден де байқауға болады. Өнері, мәдениеті жоқ елде тарихтың да болмайтыны ақиқат. Бұл жағдай орын алса да халық өзінің түп – тамырын яғни мәдениеті мен өнерін  қайта  жасауына тура келеді. Ұлы орыс ғалымы  М.В. Ломоносов: «Жоқтан пайда болмайды, бар зат жоғалып кетпейді» демекші, атадан балаға мыңдаған жылдар бойы мирас болып келе жатқан қазақтың зергерлік өнері ешқашан жоғалып кетпек емес. Қайта ұрпақтар сабақтастығы арқасында жаңарып, гүлденіп, дамудың жаңа сатысына көшуде. 

Тек өнер туындыларының өзі ғана  халықтың өткен тарихынан сыр шертіп тұрғандай.  Себебі өнер  өзіне барлық қоғамда болған өзгерістерді, жақсыны мен жаманды сіңіре отырып, өткен күндер айнасы болады.

Біздің еліміздегі  кәсіби өнер халықтың ұлттық өнерінің  артық екендігін дәлелдеп отыр. Ұлттық өнерден ғана жалпы ұлттық мәдениеттің қайнар көзін табуға болады.                                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Акишев К.А. Курган Иссык. Искуство саков Казахстана. М., 1978.
  2. Акишев К.А. Новые художественные бронзовые изделия сакского времени.

    Прошлое Казахского времени. // Прошлое Казахстана по археологическим

    источникам, Алматы, 1976. 

  1. Акишев. К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки

    Или.  Алматы, 1963 .

  1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987.
  2. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана. Алматы, 1958 .
  3. Борозна Н. Г. Виды женских ювелирных украшений у народов Средней

     Азий и Казахстана (ХІХ – ХХ вв.). // Советская этнография.  М.,  1974 . № 6

  1. Борозна Н.Г. Вопросы типологий женских ювелирных украшений народов

     Средней Азии и Казахстана ( XІX – XXв.в.) // Тезисы  докладов VІ  

     Всесоюзной конференции по проблемам искусства народов Закавказья,

     Средней Азии и Казахстана и восточных республик РСФСР.  М., 1970.

  1. Брякин И., Зәуірбеков З. Шебердің өзі, көненің көзі. Алматы, 1989.
  2. Валиханов Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алматы, 1972.
  3. Войнов В. Народый киргизскии праздник по случаю прибытия в Сибирь

      Великого Князя Владимира Александровича // «Современная

      летопись».1867,№24

  1. Веймарн Б., Сысоев П.М. Народное декоративно – приклодное искусство

      СССР . М-Л.,1949.

  1. Востров В.В. , Кауанова Х.А. Материальная культура казахского народа на

      современном этапе . Алматы, 1972.

  1. Востров В.В. Некоторые изделия казахских мастеров. //Труды института

      истории, археологии и этнографии       АН КазССР.  Алматы, 1959 .

  1. Востров В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище. Алматы, 1989 .
  2. Джанибеков У.Д. Культура казахского ремесла. Алматы, 1982 .
  3. Жолдасбаев С. XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының материалдық

      мәдениеті. Алматы, 1975.

  1. Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Мужская и женская одежда казахов ( XІX

       нач. XX в.в.) //Труды ИИАЭ АН КазССР,1963.

  1. Захаров И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская нацианальная одежда казахов ( XІX

       –начала  XXв.в.) //Труды ИИАЭ АН КазССР. 1964.

  1. Заседная И.П. Золотые украшения гуннской эпохи. //По материалам особой

      кладовой  Государственного Эрмитажа. Л.,1975.

  1. Ибн Рузбихан. Михман-наме-ий Бухара (Записки бухарского гостя).

      Перевод, предисловие и примечание. Р.П. Джалиловой//М;1976                    

  1. Искуство Казахстана : Ежегодник -80. Живопись. Графика. Алматы, 1982.
  2. Касиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1969.
  3. Казахские ювелирные украшения казахского народа. Алматы, 1985
  4. Кадырбаев М.К. , Агапов П.В. Сокровища древнего Казахстана. Алматы,

      1979.

  1. Казахское прикладное искусство. Каталог М., 1958.
  2. Киргизы. Этнографическая выставка 1867г.//ИОЛЕАЭ,1878,тXXІX.
  3. Канцедикас А. Искусство и ремесло. М., 1979.
  4. Корбе О.А., Махова Е.И. Декоративное искусство колхозниц Казахстана.

      М.-Л.,1950.

  1. Қазақстанның сәндік өнері. Алматы, 2002.
  2. Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. М., 1964.
  3. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя

      культура Центрального Казахстана. Алматы, 1966.

  1. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искуство. Алматы, 1986.
  2. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского

      народа в СССР. Алматы, 1966.

  1. Масанов Э.А. Кузнечное и ювелирное ремесла в казахском ауле. // Труды

       института археологии, истории и этнографии АН КазССР. Алматы, 1961.

  1. Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы ,
  2.  
  3. Мюллер В.Ф. Систематическое описание коллекций Дашковского

       этнографического музея// М; выпуск 1

  1. Оразбаева Н.А. Комплекс женских украшений работы мастеров Западного

       Казахстана в собраниях Центрального государственного музея КазССР.

       Алматы, 1968. вып. № 6.

  1. Оразбаева Н.А. Народное декоративно – прикладное искусство казахов. Л.,

       1970.

39 . Өмірбекова  М.Ш. Сақ – скиф тарихы мен мәдениеті.  Алматы, 2004.

  1. Позднякова Г., Синенькая Н. Казахские сувениры. Алматы, 1976.
  2. Пржевальский Н.М. Из Зайсана через Хами в Тибет. М., 1948
  3. Руденко С.И. Искусство Алтая и Передней Азии. М., 1961.
  4. Сычева Н.С. Ювелирные украшения народов средней Азии и Казахстана.

     М., 1970.

  1. Ставиский В., Мясина М. Народное прикладное искусство средней Азии и

       Казахстана.  М., 1970.

  1. Стасов В.В. Письма к деятелям русской культуры. М.,1962.
    46. Симонов Н.Е. Искусство Средней Азии. СПБ., 1896.
  2. Тажімұратов Э. Шебердің қолы ортақ. Алматы, 1977.
  3. Тохтабаева Ш.Ж. Казахское ювелирное украшение. 2006.
  4. Уткин П.И. Кузнец, ювелир, художник. М., 1978.
  5. Уткин П.И. Современные ювелирные украшения и костюм. М., 1963.
  6. Федоров – Давыдов Г.А. Искусство кочевников и Золотой Орды. // Очерки

      культуры и искусства народов Евразии. М., 1976.

  1. Чорманов М. Заметки о киргизах Павлодарского уезда. // Записки Западно –

       Сибирского отделения РГО. Омск, 1906.

  1. Чепелев В. Об искусстве казахского народа. В ведение к альбому

      «Казахский  народный орнамент». М., 1939.

  1. Шнейдер Е.В. Казахское орнаментика // Материалы Особого комитета по

      обследованию союзных и автономных республик. Выпуск 2. Серия

      Казахстанская. Л., 1927.

  1. Ювелирное искусство народов Востока // Материалы и выставки советских

     художников. М., 1974.