АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғы шарттары

қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақ хандығы құрылуының саяси алғы шарттары

 

Алматы-2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

 

1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

  • «Көшпелі өзбектер» ұлысы және оның ішкі саясаты………………………………..10

1.2  Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары………..14

 

2  XV ҒАСЫРДАҒЫ МОҒОЛСТАН МЕН ТЕМІР ӘУЛЕТІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ

2.1 Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Моғолстан………………………………….26

2.2 XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси өмірі……………………………………………………………………………………………………39

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..56

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен «қазақ» атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарым-қатынастары өзінше рөл атқара алды. XV ғасырдың 50-ші жж. аталған территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті де Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы  аталған аймақтардағы мемлекеттер: Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларына назар аударып, біз қарастырып отырған мәселеге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау өзекті болып табылады.  

          XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы оның ішкі саяси жағдайымен қатар дамып, бір-бірімен үндесіп жатты. Ішкі саяси өмірдегі көптеген мәселелер сыртқы саясатта да көрініс береді. Сол себепті де Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы сыртқы саяси жағдайы хандықтың осы кезеңдегі жалпы саяси жағдайын қалыптастырып, оның саяси өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болып есептелетіндіктен, оны талдау да Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын түсінуге, білуге мүмкіндіктер береді. Әбілқайыр хандығының Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы саяси мәселелеріне қатысты зерттеулердегі көлеңке тұстарын анықтап, тәуелсіз Қазақстан тарихы ғылымы тұрғысынан объективті баға беру, жанжақты талдау қазақ тарихнамасындағы күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

     Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы, яғни XV ғасырдың 50-ші жылдарындағы Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы Керей мен Жәнібек сұлтандарға жаңа мемлекеттің Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне қолайлы жағдайлар жасады дейміз. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр мемлекетіндегі феодалдық алауыздықтардың, феодалдық қанау мен езгінің күшеюіне байланысты, 20 мың қазақтың шығыс дешті қыпшақтан Моғолстандағы Жетісуға қоныс аударуы және батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, Моғолстан мемлекеті мен қазақ халқының тарихи тағдырына қатысты аса маңызды оқиға болды. Бұл мезгілдегі Моғолстан қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды. Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Моғолстанның ішкісыртқы жағдайын зерттеу саяси алғышарттардың барысын айқындауға мүмкіндік береді.

           Қазақ хандығының құрылуына саяси жағынан өзіндік әсер еткен мемлекеттердің бірі Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекеті болды. Егерде XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығындағы этносаяси жағдайлар жаңа мемлекеттің қалыптасуына толық алғышарттар даярласа, оның көршісі Моғолстандағы ішкі этносаяси жағдайлар Қазақ хандығының Моғолстан аумағында ту көтеруіне алып келді. Ал нақты Моғолстанның батысында Қазақ хандығының құрылуы – оның Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетімен XV ғасырдың ортасында жүргізілген саяси қарым-қатынастардың нәтижесі болып саналады. Сондықтан да біз үшін XV ғасырдың орта тұсындағы Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы жағдайын білудің маңызы зор.

     Диплом жұмысының деректік қоры. Қазақ хандығының тарихын зерттеуде атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегінің деректік маңызы өте зор. Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына байланысты мәселелерде зерттеушілер бүгінгі күнге дейін осы дерекке сүйенеді. Қазақ хандығының құрылуы туралы Мырза Хайдар: «… сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек пен Керей хан одан қашып, Жете яғни Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, Жетенің батыс жағындағы Шу маңын және Қозыбасыны берді»/1. 110/ деп жазады. М. Х. Дулати XV ғасырдың ортасындағы Моғолстан мен Мәуереннахр қарым-қатынасына байланысты маңызды мәліметтер қалдырады. Атап айтқанда, Моғолстан ханы Есенбұғаның Мәуереннахрдың шығыс аймақтарына жасаған жорықтары, Әбу Сайд мырзаның Есенбұғаға алғаш тойтарыс беруі, Моғолстан ханының Мәуереннахрға үнемі қауіп-қатер төндіріп отырғандығы туралы баяндайды. Ал енді XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы «көшпелі өзбектер» мен моғол елдері арасында болған нақты қарым-қатынастарға келсек, жазба деректер саяси қарымқатынастардың барысы жөнінде ешқандай мәліметтер бермейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметтерінен саяси қарым-қатынастардан гөрі, осы кезеңде этникалық байланыстардың жиі жүргенін байқаймыз/2. 120/.

     Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер XV ғасырдағы Қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар (МИКХ) жинағында кездеседі/3/. Әбілқайыр хан мен Темір әулеті билеушілерімен қарым-қатынасы «Тарих-и Абулхаирханида»/4/ келтірілген. Ал «көшпелі өзбектер» басшысы мен маңғыт ұлысының байланыстары «Таварих-и нузида-йи нусрат наме»/5/, «Фатх наме»/6/ деректерінде және Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағында»/7/ баяндалады. Әбілғазы өзінің «Түрік шежіресінде»/8/ Әбілқайыр ханның Мәуереннахрға жорығы мен Мұхаммед Жөкімен байланыстары туралы нақты мәлімет береді. Алтын Орда тарихының материалдар жинағында (СМИЗО)/9/ Мәуереннахр билеушілері Әбу Сайд пен Абдолланың күресі, Әбу Сайдтың саясаты жөнінде деректер бар.    

     Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттары мәселесіне байланысты кеңестік дәуірде бірнеше еңбектер жарық көрді. Зерттеуші Б. А. Ахмедов өзінің «Көшпелі өзбектер мемлекеті» (1965) еңбегінде Әбілқайыр хандығының көршілес мемлекеттермен, Батыс Сібірдегі Шайбан әулетімен, Темір әулеті мемлекетімен қарым-қатынасы, Әбілқайыр ханның ішкі-сыртқы саясаты мәселелерін қарастырады. Б. А. Ахмедов Әбілқайыр хандығының Мәуереннахрдағы темір әулетімен саяси қарым-қатынасын: «Өзбектер Сырдарияны иелену арқылы Темір әулеті мемлекетінің тікелей көршісіне айналды және Темір ұрпақтарының билік үшін өзара күрестеріне белсене араласты, сондай-ақ өздерінің үздіксіз жорықтарымен Мәуереннахрдың отырықшы аудандарындағы тұрғындарды талантараждарға ұшыратып, үнемі оларды мазалап отырды»/10. 59/ деп түсіндіреді. Алайда, зерттеушінің бұл пікірі толық емес. Зерттеуші К. А. Пищулина/11. 70/ Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекеттерінің қарым-қатынасы әртүрлі дәуірде әртүрлі сипат алып тұрды дейді.

     1969 жылы К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдиннің құрастыруымен Қазақ хандығының тарихына байланысты материалдар жинағы/3/ жарық көрді. Жинақта Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай мен Моғолстан, Әбілқайыр және Темір мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасы туралы мәліметтер бар. Еңбекте XV ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстандағы саяси бытыраңқылық пен қалмақ шапқыншылығы жайында әңгімеленеді/3. 168-193/. Орта Азиядағы темірлік әулеттің тарихы мәселелері тарих ғылымында жақсы қарастырылған деуге болады. Тіпті, оның XV ғасырдағы жекелеген мәселелерінің  өзіне арналған арнайы зерттеулер бар. Атақты зерттеуші В. В. Бартольд шығармаларында мәселеге қатысты саяси оқиғаларға деректер негізінде жанжақты талдау жүргізіледі. Шахрух тұсындағы саяси бытыраңқылықтың басталуы, тақ мұрагерлігі үшін күрес, Ала ад-Даула мен Ұлығбек, Ұлығбек пен Абдаллатиф арасындағы күрестің барысы, себептері мен нәтижесі, Әбу Саид тұсындағы мемлекеттің жағдайы мәселелерін қарастырады. Сол арқылы Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Мәуереннахрдың ішкі саяси өмірінің тұрақсыз болғанын дәлелдейді/12. 147-169/. Мәселеге тікелей қатысты мәліметтер автордың «Түркістанның мәдени өмірінің тарихы»/13/ еңбегінде де бар. Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайын зерттеуге А. Ю. Якубовский/14/, Б. А. Ахмедовтың/15/ қосқан үлесі зор.

    М. Г. Сафаргалиев/16/ өз еңбегінде Әбілқайыр хандығы мен Батыс Сібірдегі Шайбан әулеті байланыстарын қарастырса, ал С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сұлтанов/17/ Әбілқайыр ханның саяси қызметі, Моғолстан мен Темір мемлекетінің саясаты, Қазақ хандығының құрылу барысы т.б. туралы баяндайды. Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектердің бірінің авторы Н. Мыңжан М. Х. Дулати дерегі негізінде XIV-XV ғасырлардағы Моғолстанның саяси жағдайын қарастыра отырып, Керей мен Жәнібек бастаған қазақ руларының Моғолстан территориясына көшіп келуі алғышарттарын көрсетеді. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы жалпы жағдайға сипаттама береді/18. 219-228/. Қ. С. Қаражан басшылығымен шығарылған оқулықта XV ғасырдың ортасындағы саяси жағдайы қысқаша баяндалады/19/.

     Мәселеге қатысты негізгі еңбектердің көпшілігін тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Қазақ хандығының тарихымен арнайы түрде айналысып жүрген зерттеуші Б. Б. Кәрібаев еңбектері құрайды. «Түркістан және Қазақ хандығы» (1999)/20/ еңбегінде Әбілқайыр хандығы мен Темір әулеті мемелекетінің арақатынасына байланысты Дешті Қыпшақтың оңтүстік өңірлерінің геосаяси ролі туралы талқылайды. Мәселеге тікелей қатысты автордың бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді. Атап айтқанда, Қазақ хандығы құрылуның қарсаңындағы Әбілқайыр мемлекетінің саяси жағдайы «Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары»/21/ атты мақалада жанжақты баяндалады. Мақалада хандықтың шекарасын айқындау, Батыс Сібіірдегі Шайбан әулеті, Моғолстан мемлекетімен байланыстарын көрсету мәселелері қарастырылып, Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілерінің саяси қарым-қатынастарының сипатын, үздіксіз күрестердің себептерін ашып көрсетеді/21. 97-106/. Осы кезеңдегі Темір әулетінің саяси жағдайы автордың «Темір әулетінің тағдыры»/22/, «XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайы»/23/ т. б. мақалаларында баяндалады. «Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Дешті Қыпшақ, Мәуереннахр және Моғолстанның саяси жағдайы (XV ғ. 50-ші жылдары)»/24/, «XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілқайыр хандығының Моғолстан және Мәуереннахрмен саяси қарым-қатынастарының мәселелері жөнінде»/2/ мақалаларында Қазақ хандығының құрылуына қолайлы жағдай туғызған саяси алғышарттар талданады. Жан-жақты зерттеу нәтижесінде автор төмендегідей ғылыми тұжырымдар жасайды: 1) XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы Әбілқайыр ханның көрші елдермен жүргізген саяси қарым-қатынастарының достық қатынаста болмауы Қазақ хандығының құрылуы үшін саяси алғышарттар даярлады; 2) ХV ғасырдың ортасындағы Моғолстандағы саяси бытыраңқылық Керей мен Жәнібектің Шу, Қозыбасы өңіріне көшіп келуіне жағдай жасады; 3) Мәуереннахрдағы ішкі саяси жағдай мен Моғолстанмен қарымқатынасы Қазақ хандығының құрылуының маңызды алғашарты болды.

    Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси алғышарттарды зерттеу. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Мәселеге қатысты зерттеулер, деректер мен материалдармен танысу;
  • Мәселенің көлеңке тұстарын айқындау;
  • XV ғасырдың ортасындағы «көшпелі өзбектер» мемлекетінің ішкі саяси жағдайын айқындау;
  • Әбілқайыр хандығының көрші мемлекеттермен өзара байланыстарын талдау;
  • Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан мемлекетінің саяси жағдайын қарастыру;
  • XV ғасырдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайын талдау;
  • Мәуереннахр мен Моғолстанның саяси байланыстарын көрсету;
  • Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын тұжырымдау.

    Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Жұмыстың теориялық негізін тарих ғылымының дамуы барысында қалыптасқан және Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуде жасалынған жаңаша тарихи ойлау тұжырымдарының бірлігі құрайды. Диплом жұмысында міндеттелген мәселелерді зерттеуде сол кезеңнің тарихи жағдайын зерттеуді мақсат ету және тарихи үрдістер мен құбылыстарды нақты жағдайлармен тығыз байланыста қарастыруға бағытталған тарихилық принципі басшылыққа алынады. Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы тұрғысынан тарихнамалық тәжірибені кеңінен қолдана отырып, деректерге салыстырмалы талдау жасау арқылы алынған нәтижелерге объективті баға беру міндеттеледі. Кеңестік тарихнамада орын алған методологиялық қателіктерге жаңа өркениеттілік теориясы тұрғысынан өзгертулер енгізіледі.

    Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен «қазақ» атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларыныңбасын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарымқатынастары өзінше рөл атқара алды. Диплом жұмысының негізгі жаңалығы да – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы  аталған аймақтардағы мемлекеттер: Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларын салыстыра талдау болып табылады. XV ғасырдың 50ші жж. аталған территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандарКерей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді.

     Диплом жұмысының негізгі нәтижелері – Қазақ хандығы құрылуының қарсағындағы Әбілқайыр, Моғолстан, Темір әулеті мемлекеттерінің саяси жағдайы мен өзара байланыстарын талдай отырып, Қазақ хандығының ққрылуына ықпал еткен қолайлы жағдайларда анықтау.

     Диплом жұмысының хронологиялықтерриториялық шеңбері. Диплом жұмысында XV ғасырдың басынан XV ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі саяси оқиғалар қамтылады. Әсіресе, XV ғасырдың  40-50- ші жылдарындағы оқиғалар назарға алынады. Территориялық шеңбері XV ғасырдағы Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мәуереннахр және оларға көршілес аймақтарды қамтиды. 

     Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысында «көшпелі өзбектер», Моғолстан және Мәуереннахрдағы XV ғасырдың басынан Керей мен Жәнібек Моғолстан территориясына көшіп келгенге дейінгі саяси мәселелер мен алғышарттар қарастырылады.

 

 1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

 

  1. 1 «Көшпелі өзбектер» ұлысы және оның ішкі саясаты

 

     Қазақ хандығының тарихы XV ғасырдың екінші жартысынан басталады. С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов пікірінше, Қазақ хандығының құрылуы 1458 және 1462 жж. аралығындағы Өзбек ұлысы халқының Орыс хан ұрпақтары бастаған бір бөлігінің Моғолстан аумағына көшуі мен 1468 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін «көшпелі өзбектер» мемлекетінің ыдырауымен байланысты/17. 217/.

     XV ғасырдың 20-шы жылдарында Өзбек ұлысы (Шығыс Дешті Қыпшақ) территориясында бірнеше тәуелсіз иеліктер болды: Арал теңізінен солтүстікке қарай Сарысу және Ембі өзендерінің аралығында Шайбанилық Жұмадық хан ұлысы; батысқа қарай – Ғази би бастаған маңғыт ұлысы болды, Шайбанилық Мұстафа хан Атбасарда, Кебек би мен Адаббек бүркіт Тура аймағында билік етті; Тобылда Махмұд Қожа хан иелігі орналасты. Осындай саяси жағдайда тарихи сахнаға Әбілқайыр хан шықты.

     В. В. Бартольд Әбілқайыр ханның (1428-1468) билік етуінің тарихи маңызын «көшпелі өзбектердің» күшеюі мен оның билігі тұсындағы ыдырау барысында қазақтардың бөлініп шығуымен байланыстырады. Оның шығу тегі: Әбілқайыр хан – Дәулет шайх – Ибрахим – Пулат – Мөңке Темір – Бадақұл – Жошы Бұқа – Банииал Бақадүр – Шибан – Жошы – Шыңғыс хан/25. 218/. XV ғасырдың 30-60-шы жылдарындағы саяси оқиғалар туралы Масуд б. Осман Кухистани, Мырза Хайдар, Махмұд б. Вали, т. б. авторлар нақты мәліметтер береді. «Әбілқайыр ханның тарихы» атты тарихи шығарманың авторы Кухистани мәліметтері бойынша, Әбілқайыр хан 1412 жылы Айдахар жылында туылған. Ол жастайынан жетім қалады. Әбілқайыр хан Шибан ұрпағы Жұмадық ханға қызмет етіп, оның билік үшін күрестеріне белсене араласады. Жұмадық ханның маңғыт бектеріне қарсы жорығында он алты жасар Әбілқайыр тұтқынға түсіп, маңғыт билері рұқсатымен босатылады. Жұмадық хан қайтыс болғаннан кейін ол тез арада Өзбек ұлысы басшыларының қолдауына ие болады. 1428 жылы Тура аймағында (Батыс Сібір) он жеті жасар Әбілқайыр хан болып тағайындалады. Дерек мәліметтеріне қарағанда хан сайлауына тек сұлтандар тайпа және ру басылары, бахадүрлер ғана емес, мұсылман рубасылары да қатысты. Әбілқайыр жақтастары қатарында төмендегідей тайпалар өкілдері болды: қияттар, маңғыттар, чинбайлар, йиджандар, табғұттар, дурман, қосшы, найман, тувай, таймас, барақ, ұйғыр, қарлұқ, кенегес, үйсін, қоңырат, т. б./4. 336/.

     Әбілқайыр хан Шайбан әулеті мүшелеріне ғана емес, XV-XVI ғасырдың басындағы Өзбек ұлысының саяси өмірінде маңызды рөл атқарған, көп санды маңғыт әмірлеріне де сүйенді. Маңғыт әмірі Едігенің ұлы Мансұр Барақ ханның жақтасы болса, Едігенің немересі Уақас би Әбілқайырды хан көтеруге қатысты. Жас Әбілқайыр алғашқы жылдары Нураддиннің баласы Уақас бимен достық қарым-қатынаста болды. Қадырали бектің айтуынша, олар «бір кеседен ас ішкен»/7/. Кейінірек Уақас би Әбілқайыр ханның қарсыласына айналып, Мұстафа ханмен бірге ханға қарсы күресті. Көшпелі қоғамның ықпалды өкілдеріне қарыздар болған Әбілқайыр солардың мүддесіне сай саясат жүргізуге, жорықтар ұйымдастыруға міндетті болды/17. 219/. Мемлекеттің ішкі саяси жағдайы Әбілқайырдың қырық жылдық билігіне қарамастан тұрақты болды. Әбілқайыр хан Өзбек ұлысының жоғары билігіне таласқан Жошы ұрпақтарына қарсы аяусыз күрес жүргізуге мәжбүр болды. 1430 жылы хан сайланғаннан кейін Әбілқайыр Шайбанилық Махмұд Қожа ханға жорыққа аттанады. Қарсыластар Тобыл өзенінің жағалауында кездеседі. Соғыс барысында Махмұд Қожа хан жеңіліс табады. Махмұд Қожа хан Әбілқайыр хан бұйрығымен ұсталып, өлім жазасына кесіледі. Ал Махмұд Қожа ханның ай сипатты әйелі Ағанақ бикені мұсылман дәстүрі бойынша әйелдікке алады. Қолға түскен байлық пен әскери пайда әскерлер арасында бөлініске салынады. Жоғары дәрежелі сұлтандар мен әмірлерге құнды заттар, белдік және жоғарғы шендер беріледі/17. 221/.

     Әбілқайыр ханның Өзбек ұлысындағы билігін нығайтудағы келесі қадамы Махмұд және Ахмад хандарға қарсы жорық ұйымдастыру болды. Өзбек ұлысындағы билік үшін күрес туралы нақты мәліметтерді қамтитын «Тарих-и Абулхаир хан-идың»/4/ авторы Махмұд және Ахмад хандарды тек Жошы ұрпақтары деп атайды. Ұлыс хандарының шығу тегі туралы Махмұд б. Вали нақты мәліметтер келтіреді. «Бахр ал-асрардың»/26/ авторы Махмұд және Ахмад хандардың шежіресін төмендегідей көрсетеді: Мұхаммад хан – Темір хан – Темір Құтлұқ хан – Тоқай Темір – Жошы.

     Көшпелі өзбектер басшысы 834/1430-1431 жж. Хорезмді жаулап, Үргенішті талқандағаннан кейін Махмұд және Ахмад хандарға қарсы жорыққа аттанады. Икри Тупа жерінде Әбілқайыр Махмұд пен Ахмад ханды жеңеді. Әбілқайыр хан «Дешті Қыпшақтың астанасы болып табылатын» Орда Базарды иеленеді, қалада ханның атымен теңге соғылады. Одан кейін Әбілқайыр хан біршама уақыт «Саин (Бату)» ханның тағын иеленеді. Алайда Махмұд және Ахмад хандар өз иеліктерін қайтарып алады. Әбілқайыр хан мен Махмұд, Ахмад хандардың шайқастары туралы Махмұд б. Вали мәліметтерін нумизматикалық деректер де растайды. Махмұд хан теңгелері Қажытархан, Бекбазар, Ордабазарда соғылды.

     Жас Әбілқайыр өзінің көптеген қарсыластарын жеңіп, Шығыс Дешті Қыпшақты біртұтас Көшпелі Өзбек мемлекетіне біріктіреді. Көшпелі қоғамның ықпалды өкілдері мен Өзбек ұлысының көптеген тайпаларының қолдауы Жошы ұрпақтарымен күрестегі алғашқы жеңістер Әбілқайыр хан билігін нығайта түседі.Алайда көптеген Жошы ұрпақтары, соның ішінде Ибақ хан, Береке сұлтан, Жәнібек сұлтан мен Керей т. б. Әбілқайырға бағынғысы келмеді. 1446 жылы Мұстафа хан қарсы күреске шығады. Дала басшысының ұлысы Есіл өзені мен Атбасар аймағына орналасты. Әбілқайыр ханның бұрынғы одақтасы Мұстафа ханның жорығы сәтсіз аяқталып, барлық мал-мүлік пен құнды заттар әскери табыс ретінде сұлтандар, әмірлер мен жауынгерлер арасында бөліске түсті. Мұстафа өзеннің арғы жағалауына қашып барып, Темір ұрпақтарынан Хорезмді басып алады және онда XV ғасырдың 60-шы жылдарына дейін билік құрады. 1446 жылы Әбілқайыр хан сырдария жағалауы мен Қаратау бөктеріндегі: Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Өзкент өалаларын жаулайды. Сығанақ хандықтың астанасы болып белгіленеді (Сығанаққа дейін ұлыстың астанасы Тұра, кейіннен Ордабазар қалалары болған). В. В. Бартольдтың пікірінше, Әбілқайыр ханның Сырдарияда тұрақтауы саяси маңызды тарихи оқиға болды/25. 220/.

     Зерттеуші Т. И. Сұлтанов «Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуы. Қазақ хандығының тарихы» еңбегінде Қазақ хандығының құрылу жағдайын төмендегідей баяндайды. XV ғасырдың 20-шы жылдарында Дешті Қыпшақта соғыс қимылдары жүріп жатты. Сол шайқастардың бірінде 1428 жылы Орыс ханның немересі Ұлы Даланың ханы Барақ қайтыс болып, Шығыс Дешті Қыпшақта билікке Шибан ұрпағы Әбілқайыр хан келген еді. Әбілқайыр өзінің қырықжылдық билігінде бірқатар оқиғалар орын алды. Солардың ішінде билікке көңілі толмаған дешті тайпаларының мемлекет территориясынан көшіп кетуі болды. Әбілқайыр хан мен сұлтандар да бұл оқиғаның мемлекет тағдырына айтарлықтай әсер ететінін күтпеген еді/27. 37/.

     «Фатхнаме» авторы Шадидің айтуынша, хижраның 864 жылы (1459 жылдың қазаны – 1460 жылдың қыркүйек айлары) Әбілқайырдың үлкен ұлы ШахБудаг сұлтан қайтыс болады/6. 45/. Басқа деректер XV ғасырдың 50-ші жылдарында Дешті Қыпшақта билік үшін күрес өршіді. ШахБудақ сұлтан тақты сақтап қалу жолында осы шайқастардың бірінде қайтыс болуы мүмкін. Осыдан кейін Әбілқайыр өзінің қарсыластарына тойтарыс берді. Деректе өзінің үлкен ұлының кегін қайтаруда Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының ханзадаларын талқандап, жанжаққа таратып жіберді. Әбілқайыр ханның саяси қарсыластарының қатарында Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар да болды. Олар қиын қыстау жағдайда «көшпелі өзбектер» мемлекетінен көшіп кетуге мәжбүр болды. Моғолстан мемлекетінде тұрақтаған қазақ сұлтандары Әбілқайыр ханға қауіп тудырды. Сол себепті Шығыс Дешті Қыпшақ билеушісінің Моғолстанға жорық ұйымдастырғаны туралы Махмуд ибн Уалидің «Бахр-әл-асрар» дерегінде айтылады. Әбілқайыр хан жорыққа 874/1469 жылы аттанады. АлаТаға аймағынан асқан хан әскері Жетіқұдық деген жерде тұрақтайды. Біраз уақыттан кейін қатты жел тұрып, қар борайды. Осы жорықта 57 жасында Әбілқайыр хан қайтыс болды/27. 40/. Қорыта айтқанда, XV ғасырдың бірінші жартысындағы саяси жағдай қазақ сұлтандары бастаған рулардың Моғолстан аумағына көшіп келіп, болашақ Қазақ хандығының негізін құруымен аяқталды.

 

  1. Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары

 

     XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы оның ішкі саяси жағдайымен қатар дамып, бір-бірімен үндесіп жатты. Ішкі саяси өмірдегі көптеген мәселелер сыртқы саясатта да көрініс береді. Сол себепті де Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы сыртқы саяси жағдайы хандықтың осы кезеңдегі жалпы саяси жағдайын қалыптастырып, оның саяси өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болып есептелетіндіктен, оны талдау да Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын түсінуге, білуге мүмкіндіктер береді. Жазба дерек мәліметтерінде хандықтың сыртқы саяси жағдайын бейнелейтін, көрсететін деректер жүйелі түрде кездеспейді, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бірақ та жанама деректердің көмегімен, логикалық ой қорытулар арқылы бұл мәселені нақтылы түрде болмаса да, жалплама түрде шешуге болады/21. 97/.

    Біз Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы мәселесін қарастырғанымызда, хронологиялық тұрғыдан 1446 жылдан кейінгі кезеңдерді талдаймыз. Өйткені, бұл жылға дейін Әбілқайыр хан бар болғаны Шығыс Дешті Қыпшақтағы Шайбан ұлысының ғана билеушісі болды. Ондай ұлыстар 1446 жылға дейін бірнешеу болатын. Әбілқайыр хан 1446 жылы Мұстафа ханның ұлысын, Керей мен Жәнібек сұлтандардың ұлысын бағындыру нәтижесінде ғана бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісіне айналады. Әбілқайыр хандығы деген терминнің өзі осы жылдан кейінгі саяси құрылымға қатысты/21. 98/.

     Әбілқайыр хандығының  XV ғасырдың орта тұсындағы көрші елдермен саяси қарым-қатынастарын білу үшін біріншіден, хандықтың нақты шекарасын білу керек, ал содан кейін оның қандай мемлекеттермен шекаралас мемлекеттермен шекаралас болғандығын анықтау қажет.

     Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың оңтүстіктегі шекарасы XV ғасырдың 40-шы жж. екінші жартысында Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы өңірлер арқылы өтіп, сол бағытта Мауереннахрдағы Темір әулетінің иеліктерімен шектессе, оңтүстік-шығыс бағыттағы шекара Балқаш көлі арқылы анықталады. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Көкше теңіз» (Балқаш көлін айтып отыр – Б.К.) Моғолстан мен Өзбекстан арасын бөліп тұрған көл», – деп жазады/28. 404/. Осы бағытта Әбілқайыр хандығы моғол хандарының иеліктерімен түйісіп жатқан болатын. Ал шығыстағы шекараға келсек, Ертіс өзені «көшпелі өзбектер» елі мен қалмақ тайпалары арасындағы табиғи шекара Батыс Сібір аймағының оңтүстік бөлігімен түйісіп жатты да, мұндағы шайбанилық Ибақ ханның иелігіне қарасты жерлер «көшпелі өзбектер» құрамындағы ру-тайпалар жерімен шекараласып жатты. Ал батыстағы шекара мәселесіне келсек, оның бірнеше рет өзгеріп, ауысып отарғандығын байқаймыз. Әбілқайыр хан мен маңғыт биі Оқастың достығы жарасып, «бір кеседен бал ішіп жүрген» кездерінде, маңғыт тайпалары «көшпелі өзбектердің құрамында болғандықтан, олардың аумағы да Әбілқайыр хандығының аумағына жатқызылатын. Соған байланысты Оқас бидің өліміне дейін Әбілқайыр хандығының шекарасын батыста Еділ өзені арқылы өткен деуге болады. Ал Оқас бидің өлімінен кейін маңғыт Ұлысын бөлініп жеке саяси құрылым ретінде батыстағы көрші елге айналады да, екі ел арасындағы шекара Ембі (Жем) өзені арқылы өтіп жатады. М. Г. Сафаргалиев ағылшын саяхатшысы Дженкинсонның картасы негізінде ноғайлардың Арал теңізі жағалауларына дейін Қарақұм, Борсық құмдарға дейін, Сырдың төменгі ағысы бойына дейін көшіп жүрген деп айтады/ 16. 482/.

     Батыстағы шекараны нақты айту қиын, өйткені, әр кезеңдегі саяси құрылымдардың қуаттылығына байланысты ру-тайпалардың көші-қондары да өзгеріп отырған. XV ғасырдағы шекара туралы айтқанда, біз Б. А. Ахмедовтың пікірін негізге алып, Әбілқайыр хандығы мен маңғыт жұртының арасын Ембі бөліп жатқан деп есептейміз/10. 42/.

     Шекара мен көршілес елдерді анықтап алғаннан кейін, Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың орта тұсындағы осы мемлекеттермен саяси қарым-қатынасын жеке-жеке қарастырарлық. Алдыменен, «көшпелі өзбектер» елінің Батыс Сібірдегі Шайбан әулетімен қарым-қатынасынан бастаған жөн болар.

     Батыс Сібір аумағы XIII ғасырдың басынан Жошы ұлысының құрамында болғаны белгілі. Сол кезден бері онда Шайбан ұрпақтары билік құрып, XV ғасырдың бірінші жартысындағы Алтын Ордада орын алған саяси таластар мұнда да байқалады. Жазба деректер мен оларға негізделген зерттеу еңбектерінде XV ғ. 20-шы жылдары Батыс Сібірде шайбанилық әулеттің өкілдері билеген бірнеше ұлыстар болады/4. 141-143/. Оларға Хажы Мұхаммед ханның – 1420 немесе 1421 жылы хан болып сайланған, Жұмадық ханның – 1425/1426 жж. хан болып сайланған және Махмуд қожа ханның ұлыстары жатады /29. 155/.

     Осы жерде өзіміз жиі сілтеме беріп отырған М. Г. Сафаргалиевтің кейбір пікірлерінің қате екендігіне көзімізді жеткізіп, оны көрсете кетелік. Бірінші пікірге, оның шайбанилық хандар – Хажы Мұхаммед хан мен Махмұд қожа ханды бір тарихи тұлға деп санауы жатады/16. 458/. Ол «Тарих-и Абулхайр-ханидың» авторы шайбанилық әулет өкілдері арасында ұрыстың болғандығын және Әбілқайырдың Хажы Мұхаммед ханның өзін жеңгендігін жазады», – дей келе, «Хафиз ал-Ташкенди Хажы Мұхаммедті Махмуд қожа хан деп атайды», – деп түсіндіреді. Одан ары ол Әбілқайырдың Хажы Мұхаммедті тұтқынға алып өлтіргендігін, «мұсылман әдеті бойынша Хажы Мұхаммедтің әйелін алғандығын айтады. М. Г. Сафаргалиев тағы да Хафиз әл-Ташкендиге сүйене отырып, Әбілқайыр аң аулап жүргенде Махмұд қожаны садақпен атып өлтіреді, сөйтіп оның әйелін алды», – деп Махмұд қожаны Хажы Мұхамед деп оқу керек деген ескерту жасайды /16. 458/.

     Бұл пікірдің дұрыс еместігін жоққа шығармаса да, Б. А. Ахмедов өз еңбегінде Махмуд қожа ханды шайбанилық хандардың бірі деп көрсетедіде, оны Хажы Мұхаммед ханмен байланыстармайды/10. 43/. Т. И. Сұлтановта, 1998 жылғы Қазақстан тарихының II томындағы осы мәселені жазған К. А. Пищулинада 1430 жылы Әбілқайырдың Тобыл өзені бойында Хажы Мұхаммед ханды емес, Махмұд қожа ханды жеңгендігін айтады/17. 220-221/. Байқап отырғанымыздай, ортағасырлық Қазақстан тарихының, оның ішінде XIII-XVII ғасырлардағы кезеңінің белгілі маман тарихшылары өз зерттеулерінде Махмұд Қожа хан мен хажы Мұхаммед ханды бір тарихи тұлға деп қарастырмаған. Алтын орда тарихының ірі маманы М. Г. Сафаргалиев неге мұндай қателікке орын берген дей келе, оны төменде өзіміз түсіндіріп көрелік.

     Біздің анықтағанымыздай, М. Г. Сафаргалиевтің мұндай қате тұжырым жасауына ол сүйенген XVI ғасырдағы араб тарихшысы Ал Дженнабидің (1590-1591 жж. Алеппо қаласында қайтыс болған) деректері негіз болған/9. 538/. Дерек мәліметіне деректанулық тұрғыдан қарасақ, мынадай жәйттерді байқаймыз: 1) Дерек авторы Ал-Дженнаби XV ғасырдың бірінші ширегіндегі Дешті Қыпшақта болған оқиғалардың тікелей куәгері емес, Дешті Қыпшақта болмаған, оқиғаны шамамен 150 жыл өткеннен кейін араб елінде жазған; 2) Дерек авторы мәліметті парсы тілінде жазылған өзге автордың еңбегінен аударып алып отыр, ал ол деректі қайдан алғаны белгісіз. Ал-Ташкенди деген тегіне қарағанда XV ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген шайбанилық авторлардың бірі болуы мүмкін; 3) Деректің өзі Алтын Орда тарихындағы оқиғаларды өте қысқа, өте жұпыны баяндайды; 4) Деректе мынадай дәлсіздіктер бар: а) Махмұд қожа ханды Дешті Қыпшақтың ханы деп хабарлайды, ол бар болғаны Шайбан Ұлысындағы бірнеше ханның біреуі ғана; ә) Әбілқайыр ханды Өзбектің ұрпағы деп айтады, ол Шайбан әулетінің өкілі; 5) «Тарихи Абул хайр ханида» Махмұд қожа ханның аң аулауда емес, ұрыста қолға түсіріліп өлтіргендігі нақты айтылады/3. 148/.

     М. Г. Сафаргалиевтың осындай сенімсіз деректерге сүйеніп, тұжырым білдіргені біз үшін түсініксіздеу. Оған Кухистани еңбегінің С. К. Ибрагимов аудармасындағы мәліметтері белгілі болса да, ол екі тарихи тұлғаны бір адам деп қабылдайды. Түсініксіздеу болуы үшін «Таварих-и гузида-йи нусрат наме» дерегіндегі мәліметтерге сүйеніп, XV ғасырдың бірінші жартысында Шайбан ұлысы мен Дешті Қыпшақта хан болған Шайбан ұрпақтарының шығу тегін кесте түрінде көрсетелік/3. 34-37/.

     Кестеден көріп отырғанымыздай, Махмұд қожа хан да, Әбілқайыр хан да, Иадгар хан да, Жұмадық хан да, Хажы Мұхаммед хан да – Шайбан әулетінің ұрпақтары, Мыңтемір ханның төрт ұлынан тарайтын өкілдер. XV ғасырдың 20-шы жылдары Шайбан ұлысында бытыраңқылық пайда болған тұста Махмұд қожа хан, Хажы Мұхаммед хан өз ұлыстарында хан атанады. 1429 жылы билікке келген Әбілқайыр хан алғашында бүкіл Шайбан ұлысын біріктіру үшін алғашқы жорықтарының бірін туысы Махмұд қожа ханға бағыттаған. М. Г. Сафаргалиевтың екінші бір қате пікіріне Әбілқайыр хан жорық жасаған Ахмед хан мен Махмұд ханды шайбанилық Хажы Мұхаммед ханның ұлдары деп есептеуі жатады /16. 459/. Бұл мәселе жөнінде Б. А. Ахмедов/10/ та, Т. И. Сұлтанов/17/ та, К. А. Пищулина/11/ да бірауыздан бұл хандарды Тоқай Темірлік Кіші Мұхаммед ханның ұлдары деп санайды. Хандар шежіресіне назар салсақ, Хажы Мұхаммед ханның үш ұлы болған, олар: Сайидек хан, Махмұдек хан және Шиба-Гази/3. 37/. Б. А. Ахмедов Махмұд ибн Валидың дерегіне сүйеніп, Әбілқайыр ханның қарсыластары Ахмед хан мен Махмұд ханның одағында әкелері Кіші Мұхаммед хан, бауырлары Джавак сұлтанның, Башйак сұлтанның (Таварих-и гузида-йи нусрат намеде» Джуак сұлтан, Бахшайш сұлтан) болғандығын жазады/10. 51/. «Таварих-и гузида-йи нусрат наме» дерегіндегі «Жошы ұрпақтарының шежіресі» атты бөлімінде Ахмед ханның, Джуак сұлтанның, Бахшайш сұлтанның Тоқай Темірдің ұрпағы Темір Құтлық ханның шежіре тармағында айтылуына қарап, біз Ахмед, Махмұд хандарды Кіші Мұхаммед ханның ұлдары деген пікірді жақтаймыз/21. 100/.

     Енді негізгі мәселеге қайта оралайық. Біз бұған дейін Батыс Сібір аумағындағы Шайбан ұлысында XV ғасырдың 20-шы жылдары бірнеше кішігірім ұлыстардың болып, оларды шайбанилық хандар мен сұлтандардың басқарғанын айтқанбыз. Сондай  ұлыстардың бірі шайбанилық Хажы Мұхаммед ханның ұлысы болған. Болашақ Сібір хандығының билеушісі Ибақ ханның (деректерде Абақ деп те айтылады – Б. К.) атасы осы – Хажы Мұхаммед хан. Қадырғали Жалайыр ол туралы жіне оның ұрпақтары туралы мынадай мәліметтер береді: «…Ол уақытта Хажы Мұхаммед оғлан еді. Бір уалайаттан бір уалаятқа еркін өтіп барар еді, өзі иулак [жас], баһадүр, ұзын бойлы, бір бет [сынлығ] еді, оқтары ұзын еді. Онан Едіге биге хабар береді, оны өз алдына шақыртты. …Ол жолы Хажы Мұхаммед оғланды әскерге бастық қылды. Көп ұрысты. Қадірбеді ханды ол алтын садағымен кесе атты. Негізінде Өзбекия арасында кең тараған хикаяда былай айтылады. Едіге би опат болды. Мансұр би болды. Хажы Мұхаммед оғланды Мансұр би хан көтерді. Бірі хан, бірі би болып жүрер еді. …Өзбекия арасында Мансұр биді Барақ хан өлтірді. Онан соң бір күні Хажы Мұхаммед ханды Барақ хан өлтірді. Және тағы Хажы Мұхаммед ханның ұлы Мұхаммед тек [өзі] хан еді. Оның ұлы Құлұқ хан еді. Оның ұлы Айбақ [Ибақ] хан еді»/7. 119/. Қадырғали Жалайыр дерегіне талдау жасай келе, М. Г. Сафаргалиев Сібір хандығының негізін шайбанилық Хажы Мұхаммед қалады деген тұжырымға келеді/16. 476/. Хажы Мұхаммед ханды Барақ хан өлтіргеннен кейін Сібір хандығының билігіне оның ұлы Махмудек хан келеді. Міне, осы Махмудек ханның мұрагерлері XV ғасырдың 40-60 жылдары Шығыс Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр ханмен қарым-қатынасқа түседі.

     Әбілқайыр хандығы XV ғасырдың орта тұсында солтүстігінде Сібір хандығымен шектесіп жатты. Екі жақ арасындағы саяси қарым-қатынастардың негізгі нысанына біздің ойымызша, территориялық таластар, сауда-саттыққа бақылау орнату, саяси ықпалдылыққа ұмтылу жатқан. 1446-1469 жылдар аралығындағы саяси қарым-қатынастар туралы жазба деректерде ешқандай мәліметтер кездеспейді. Бұған қарап екі ел арасында ешқандай қатынастар болған жоқ деп пікір айту дұрыс емес. Негізінен, 1446 жылдан бастап Әбілқайыр ханның сыртқы саясаты оңтүстік бағытта белсенді жүргізіліп, жазба деректерінде ол жөнінде мол мәліметтер кездеседі, Сібір хандығымен болған қатынастар жылнамашылардың назарынан тыс қалған секілді/21. 101/.

     Дегенмен де, Әбілқайыр хандығы мен Сібір хандығы арасындағы қатынастарға жалпы сипаттама берер болсақ, біз оны достық сипатта болған деп айта алмаймыз. Өйткені, 1469 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагеріне қарсы ашық күреске шығып, Шайбанилар әулетіне қарсы соғысқан күштердің қатарында Сібір хандары тарапынан Хажы Мұхаммед ханның ұлы Сайидек хан мен Махмудек ханның ұлы Ибақ (Абақ) хандар есімі айтылады/30. 19/. Әбілқайыр ханды деректер Ибақ ханның өлтіргендігін баяндайды /3. 99/.

     Жалпы алғанда, Әбілқайыр хандығының Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Сібір хандығымен саяси қарым-қатынасын айта келе, Шайбанилар әулетінің өкілдері билікте болған екі ел арасындағы қарым-қатынастар достық қатынаста болмай, Қазақ хандығының құрылуына қолайлы саяси алғышарттар туғызған деген қорытындыға келеміз.

     XV ғасырдың ортасындағы Әбілқайыр хандығының оңтүстік-шығыстағы көршісі Моғолстан мемлекетімен сыртқы саяси қарым-қатынастарының Қазақ хандығының құрылуында ерекше маңыз атқарады. Әбілқайыр ханнан бөлініп, Керей мен Жәнібек сұлтандардың бастауымен Ордаежендік ру-тайпалардың Моғолстан аумағына қоныс аударуы екі ел арасындағы қатынастардың нәтижесінен туындаған Егер де сол тұстағы Моғолстан билеушісі Есенбұға ханның Әбілқайыр ханмен қатынасы өте жақсы болған болса, онда «көшпелі өзбектер» ханының қарсыластары оның жақтасына бармаған болар еді. Олай болса, шайбанилық әулет пен шағатайлық әулет билеушілері арасындағы саяси қарым-қатынастарда жақсы болған деп айта алмаймыз. Енді осының бәрін қолда бар дерек мәліметтеріне сүйеніп ашып көрсетіп көрелік.

     Жалпы, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы ордаежендік әулеттің болсын, шайбанилық әулеттің бролсын шағатай әулеті билеген Моғолстан мемлекетімен жүргізген саяси қарым-қатынастары әртүрлі тарихи кезеңде әртүрлі сипат алып тұрды. Деректер мен оларға негізделген зерттеулер екі елдің бір-бірімен достық та, жаулық та қарым-қатынастарда болғандығын хабардар етеді. Мысалы, 1380-ші жылдардың соңында Шығыс Дешті Қыпшақ билеушісі Тоқтамыс хан мен моғол әмірі Қамар ад-дин Әмір Темірге қарсы бірігіп, одақ құрған /11. 70/. Ал, XV ғасырдың бірінші жартысында моғол ханның қарсыластары Шығыс Дешті Қыпшаққа барып, ондағы билеуші әулеттен пана сұраған/28. 400/. Ал енді XV ғасырдың 40-50-ші жылдырында «көшпелі өзбектер» мен моғол елдері арасында болған нақты қарым-қатынастарға келсек, жазба деректер саяси қатынастардың барысы жөнінде ешқандай мәліметтер бермейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметтерінен саяси қарым-қатынастан гөрі, осы кезеңде этникалық байланыстардың жиі жүргенін байқаймыз.

     Оның обьективті себептері бар. Моғолстанның құрамдас бір бөлігі болып саналатын Жетісу жері өзінің географиялық орналасуына қарай батысында Түркістан өңірімен, солтүстігінде Дешті Қыпшақпен шектесіп жатқандықтан, ондағы тұрғындармен әртүрлі бағыттағы байланыстарға ешқандай кедергілер болмады. Егер де Моғолстанның  ең маңызды аймақтары саналатын Жетісу мен Шығыс Түркістан аймақтарын Тянь-Шанның биік асулары бөліп жатып, екі аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың өзі жылдың бір қолайлы мезгілдерінде ғана жүргізіліп тұрса, Жетісудың солтүстігі мен батысында ондай табиғи географиялық кедергілердің болмауы Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағындағы тұрғындардың Жетісу тұрғындарымен мәдени, рухани, этникалық, экономикалық байланыстарға кең жол ашып отырды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл аймақтың түрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі саяси құрылымдардың құрамында болуы Жетісу аймағын Дешті Қыпшақтан алыстатып тұрғандай көрсетеді.

     Ал саяси жағын соңғы қатарға қойып, алдыңғы қатарларға географиялық, этникалық, мәдени, рухани тұрғыларды шығарсақ, онда Жетісу, Дешті Қыпшақ, Түркістан аймақтары тұтас бір жүйенің, толық бір құрылымның бірбірінен ажыратуға болмайтын, бір-біріне аса қажетті бөліктері болып табылады. Мұхаммед Хайдар Дулати екі аймақтың тұрғындары арасындағы этномәдени және шаруашылық байланытарға дәлел болатын мынадый тарихи фактілерді келтіреді: «Өзбекстан мен Моғолстанның арасын Көкше теңіз (Балқаш көлі) бөліп тұрады, қыс мезгілінде Көкше теңізде мұз қататын. Өзбектер мұздың үстінен өтіп, Моғолстанға баратын. Олар екі тәулік бойы жылдам жүріп отырып, мұздың үстінен басып өтетін. Қыстың аяғында қайтқан кезде де дәл сондай жылдамдықпен мұздың үстінен жүріп өтетін»/28. 404/. Ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық өмірдегі бұл байланыстар екі аймақтың ру-тайпалары арасындағы этно-мәдени байланыстарды одан әрі тереңдетеді. Екі аймақтағы саяси құрылымдарда саяси дағдарыстар өршіп, ру-тайпалар үшін қиыншылықты жағдайлар туындаған кезде екі жақтағы ру-тайпалар емін-еркін екінші жаққа өтіп отырған. Тағы да Мұхаммед Хайдаридың дерегіне сүйенсек, онда Есенбұға ханның саясатына наразылық ретінде моғолдық қалушы (калучи), бұлғашы (булгачи) және т. б. тайпалардың Дешті Қыпшаққа көшіп кеткендігі жөнінде баяндалады/28. 109/.

     Дәл осылай, XV ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Дешті Қыпшақтағы ордаежендік тайпалар өздерінің басшыларымен бірге Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға көшіп келеді. «Менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағидаға сай, моғол ханы Есенбұға жауларының Әбілқайыр ханға баруы, сол сияқты Әбілқайыр хан жауларының Есенбұға ханға келуі Әбілқайыр хан мен Есенбұға хан арасында онша жылы қатынастардың болмағандығын көрсетеді. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасында осындай саяси қарым-қатынастардың орын алуы Қазақ хандығының құрылуына қолайлы алғышарттар туғызған деген қорытындыға келеді/28. 109/.

     Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы Мәуереннахрдағы темір әулетімен жүргізген сыртқы саяси қарым-қатынастарда белгілі бір дәрежеде Қазақ хандығының құрылуына ықпал жасады. Біз бұған дейін Әбілқайыр хандығының ішкі саяси жағдайы мәселелерін қарастырғанымызда оның XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы темір әулеті мемлекетімен жүргізген саясатына қысқаша тоқталғанбыз. Сондықтанда бұл жерде ол мәселеге кең тоқталық.

     Б. А. Ахмедов Әбілқайыр хандығының Мәуереннахрдағы темір әулетімен саяси қарым-қатынасын бір ғана сөйлеммен былай деп түсіндіреді: «Өзбектер Сырдарияны иелену арқылы темір әулеті мемлекетінің тікелей көршісіне айналды және темір ұрпақтарының билік үшін өзара күрестеріне белсене араласты. Сондай-ақ өздерінің үздіксіз жорықтарымен Мәуереннахрдың отырықшы аудандарындағы тұрғындарды талан-тараждарға ұшыратып, үнемі оларды мазалап отырды»/10. 59/. Тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі қол жеткізген жетістіктеріне сүйенсек, Б. А. Ахмедов айтып отарған пікір толық емес, жеткіліксіз. Тіпті біздің ойымызша, тарихшы екі жақты жалпы қарым-қатынастардың тек салдарларын ғана айтып отыр. Қарым-қатынастардың басты себептері мен негізгі обьектісі оның назарынан тыс қалған/20. 64/.

     Жалпы, Әбілқайыр хандығы мен темір әулетінің мемлекеті арасында саяси қарым-қатынастарды ұғыну үшін оны көшпелілік пен отырықшылық шаруашылықтар тұрғысынан қарау қажет.

     Дешті Қыпшақ тұрғындарының басым бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындықтан, олардың негізгі байлығы мал мен мал өнімдері болғандықтан, олар мал санын арттыруды, сақтауды бірінші орынға қойған. Ол үшін ең басты қажетті нәрсеге жайылым жатқан да, жылдың төрт мезгіліндегі жайылым түрлерін өте тиімді пайдаланып отырған. Көшпелілер экстенсивті мал шаруашылығын дамыту үшін негізінен табиғи жайылым түрлерін пайдаланған. Дешті Қыпшақтың көшпелілері үшін қысқы жайылым мен қыстаулар ретінде Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы жайылым жерлер мен өзеннің сол жағындағы Қызылқұмның қысы жұмсақ өңірлері болған. Қызылқұмның Сыр бойынан оңтүстікке қарай созылып жатқан құмды және шөлді жерлері Мәуереннахр мен Дешті Қыпшақтың табиғи шекарасы рөлін атқарады. Сөйтіп, солтүстікке Тобыл өзенінің жоғарғы және орта ағысы бойы мен оңтүстікте Қызылқұмға дейінгі орасан зор аймақ Дешті Қыпшақтың мал шаруашылығымен айналысатын ру-тайпалар үшін өмір сүру кеңістігі болып есептеледі. Бір типті шаруашылықтың басым болуы және оның шаруашылық өмірде жетекшілік роль атқаруы – шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ өзеніне дейінгі, солтүстікте Тобылдан оңтүстікте Қызылқұмға дейінгі кеңістікте өмір сүрген ру-тайпалардың этно-мәдени, саяси-рухани өмірінде аса маңызды роль атқарып, олардың жеке этнос болып қалыптасуында ерекше орын алады. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы көшпелі мал шаруашылығы үшін аса қолайлы болып, ондағы ру-тайпалардың этникалық жағынан бірігуіне маңызды роль атқарса да, ол процесс XV-XVI ғасырларға дейін жүзеге аспады. Өйткені әрбір тарихи кезеңдерде Дешті Қыпшақтың жекеленген аймақтары ондағы саяси жағынан бірліктің болмауына байланысты көрші мемлекеттердің қоластына қарап келді. Әсіресе, бұл жағдай Дешті Қыпшақтың оңтүстік аймақтарына көп қатысты. Сыр бойы мен Қызылқұмдағы қыстауларда қыстап шыққаны үшін ру-тайпалар ондағы билеушілер мен олардың тағайындаған әкімдеріне есепсіз салықтар төлеуге мәжбүр болады. Сол себепті де Дешті Қыпшақ тайпалары үшін Сыр бойы мен Қызылқұм өңірлерінің тек қана Дешті Қыпшақ билеушілеріне қарағаны өте тиімді болатын. Бұл оңтүстік өңірлердің шаруашылық өмірдегі маңызын көрсетсе, ондағы қалалардың саяси-әкімшілік, мәдени-рухани, сауда мен экономикалық білім мен ғылымның орталықтары ретіндегі маңызы өте жоғары/28. 45/. Сондай-ақ аймақтың Дешті Қыпшақ билеушілері үшін геосаяси маңызы да өте тиімді болып саналады.

     Жалпы ағанда, Сыр өңірі мен ондағы қалалы, далалы өңірлердің Дешті Қыпшақтың ру-тайпалары үшін атқаратын рөлі мен маңызын былайша тұжырымдап беруге болады: 1) этношаруашылық, рухани-мәдени өмірдің тұтас болуы үшін оның маңызды бөлігі болып саналатын территориялық кеңістік те тұтас болуы қажет. Сондықтан да Сыр бойы да солтүстіктегі Тобыл, Есіл бойлары секілді Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөліктері болып саналады; 2) Сыр бойының маңызы өте жоғары болғандықтан, ол аймаққа саяси жағынан кім үстемдік орнатса, сол бүкіл Дешті Қыпшаққа ықпал ете алады. Міне, осы жағдайлар Шығыс Дешті Қыпшақ билеушілерін осы аймаққа үнемі үстемдік орнатуға тырысқан Мәуереннахр билеушілерімен күрес жүргізуге итермелейді. XI ғасырда қыпшақтар мен оғыздардың, XII-XIII ғасыр басына дейін Хорезм билеушілері мен қыпшақтардың, одан кейінгі Орыс хан мен Әмір Темірдің, Барақ хан мен Ұлығбектің арасындаңы болған күрестердің басты себептері осылар. Әбілқайыр хан мен темір әулеттің, Қазақ хандары мен шайбанилық әулеттің, одан кейінгі аштарханилық әулеттің арасындағы күрестің себептеріне осы факторлар жатады.

     Біз осындай тұрғыдан келгенде ғана Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілері арасындағы қарым-қатынастардың жалпы сипатын, ал нақты алғанда XV ғасырдың орта тұсындағы Әбілқайыр хандығы мен Темір әулеті арасындағы үздіксіз күрестердің себептерін ұғынамыз/21. 104/.

     Әбілқайыр хан 1446 жылы Сыр бойын иеленгеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың дербес билеушісі ретінде ол Мәуереннахрдың ішкі саяси өміріне назар аударуға міндетті болды. Бұл кезде ондағы билеуші Шахрух мырза қайтыс болып, билік үшін темірлік әулет өкілдері арасында соғыс өрті тұтана бастаған болатын. Мұндай жағдайда кез-келген көрші елдің билеушісі ондағы жағдайды өз пайдасына шешуге тырысатыны, билікке таласушылар арасынан бір үміткерді таққа отырғызып, өзінің саяси ықпалын онда да нығайтуға күш салатыны белгілі. Осындай жағдайлар Әбілқайыр ханды Темір әулетімен саяси қарым-қатынастар жүргізуге итермелейді.

     Әкесінің орнына келген Ұлығбек мырзаны туған ұлы Абд-ал-Латип мырза  1449 жылы өлтіріп, билікке келеді. Бірақ көп ұзамай өзі таластартыстың құрбаны болады да, билік үшін күрес одан ары өршиді. Темірдің ұрпақтары Абдулла мырза мен Абу-Сайд мырза арасында болған күресте соңғысы жеңіліске ұшырап, қашуға мәжбүр болады. Сөйтіп ол 1451 жылы Әбілқайыр ханнан көмек сұрайды.

     Кухистани 1451 жылы Әбілқайыр ханның Самарқан қаласын алып, билікке келген Әбу Сайд мырзаны отырғызғанын айтып өтеді/4. 167/. Бірнеше жылдан кейін Әбу Сайд мырза мен Абд-ал-Латиф мырзаның ұлы Мұхаммед Жөкі арасында билік үшін күрес қайта тұтанғанда, Әбілқайыр хан соңғысына қолдау көрсетеді. Әбілғазының жазуы  бойынша «көшпелі өзбектер» ханы Мұхаммед Жөкіге Самарқан тағын алып беру үшін өзі бармай, шайбанилық сұлтан Бурекені 30 мыңдық әскермен аттандырады/8. 124/. Бұған дейін айтып өткеніміздей, Буреке сұлтан бұл тапсырманы орындай алмайды. Абу Сайд мырзаның әскерімен тікелей шайқасқа түсуден бас тартып,Мәуереннахр өңірін талан-таражға салады да, мол олжамен кейін оралады/8. 125/. 1455 жылы болған «көшпелі өзбектердің» бұл жорығы Әбілқайыр ханның Мәуереннахрға соңғы жорығы және Темір әулетінің ішкі ісіне араласуының соңы болды. Өйткені, 1457 жылғы қалмақтардан жеңіліс «көшпелі өзбектердің» екінші рет бөлініске түсуіне алып келіп, Әбілқайыр ханның сыртқы саясатта белсенділік роль танытуына мүмкіндік бермеді.

     Жалпы, XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының Мәуереннахрдағы Темір әулетімен жүргізген саяси қарым-қатынастарын қарастыра келе мынадай қорытындыларға келеміз. 1) Әбілқайыр хандығы мен Мәуереннахрдағы Темір әулеті арасындағы саяси қатынастарды тек «көшпелі өзбектер» тарапынан болған тонаушылық сипаттағы жорықтармен көрсету мәселені толық ашып бере алмайды. Саяси қарым-қатынастардың негізгі себептерін: шаруашылық, этникалық, рухани, мәдени, геосаяси факторларды түсінгенде ғана саяси қарым-қатынастардың астарларын көреміз. Біз оған Сыр бойы мен Қызылқұмның Дешті Қыпшақ үшін атқарған маңыздарын жатқызамыз. 2) XV ғасырдың 40-шы жж. екінші жартысында Әбілқайыр хандығы өз дамуының ең шегіне жетсе, дәл сол тұста оңтүстіктегі көршіде билік үшін күрестер басталады. Бұл жағдай Әбілқайыр ханға екі жақты қарым-қатынаста белсенділік роль атқаруға, Мәуереннахрдың ішкі  саяси ісіне араласуға, ондағы билікке өз адамын отырғызуға мүмкіндіктер береді. 3) Өзі отырғызған Әбу Сайд мырзаны биліктен кетіріп, орнына басқа Темір ұрпағын отырғызуға күш салуы және оны жүзеге асыра алмауы Әбілқайыр ханның Әбу Сайд мырзамен қарым-қатынасы шиеленісіп кеткендігін және өз жағдайының әлсірей бастағандығын көрсетеді. Ал біз оны Қазақ хандығының құрылуына қолайлы жағдай жасаған саяси факторға жатқызамыз/21. 104/.

     Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп кетіп, олардың Қазақ хандығының құруына қолайлы саяси жағдай туғызған келесі бір факторға Әбілқайыр хандығының Маңғыт Ұлысымен жүргізген сыртқы саяси қарым-қатынастарға жатты. Маңғыт биі Оқастың тұсында Әбілқайыр хан оның көмегімен бүкіл Шығыс Дештіні бағындыруға қол жеткізді. Әбілқайыр хан мен Оқас бидің арасында болған достық қатынасты Қадырғали Жалайыр былайша суреттеп береді: «Олар туралы «бір кесенің бір жағынан бір әселді ішер еді, екіншісі екінші жағынан ішер еді» дейтін. Араларында көп достығы бар еді. Бір уақыт бірі хан, бірі би болып жүрген еді»/7. 120/. Матвей Меховский Оқасты «Ұлы ханның атақты қызметшісі әрі жауынгері» деп атаса, мұсылман авторлары Бинай, Кухистани Оқастың екі рет Әбілқайыр хан тағын алып бергендігін айтады/3. 155/. Жалпы алғанда, Оқас би тұсындағы «көшпелі өзбектер» елімен арадағы достық қатынастар би қайтыс болғаннан кейін тоқтатылып, бидің мұрагерлері Аббас би, Мұса, Жаңбыршы билер Әбілқайыр ханнан бірден қол үзеді де, басқа шайбанилық хан Йадгар ханмен жақындасады. Ал жазба дерек мәліметтері Оқастың мұрагерлері мен Әбілқайыр ханның арасында XV ғасырдың 40-50-ші жылдары аралығында қарым-қатынастар жөнінде ештеңе айтпайды. Соған қарағанда екі жақ арасында саяси қарым-қатынастарға елеулі өзгерістер әкелетіндей маңызды оқиға бола қоймаған секілді. Ұзақ жылдарға созылған Оқас би дәуіріндегі достық қатынастар үзіледі, бірақ ол Оқастың мұрагерлері тарапынан ашық түрдегі жаулық қатынастарға айнала қоймайды. Бірақ та қарым-қатынастың жаулық түрдегі жабық формасының болғандығын Әбілқайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы күрескен топ ішінде Маңғыт билері Аббас бектің, Мұса, Жаңбыршы мырзалардың қатысқандығы дәлелдейді/5. 19/.

     Осылайша, XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы Әбілқайыр хандығының маңғыт билерімен саяси қарым-қатынастарына қысқаша тоқтала келе, Оқас бидің қайтыс болуынан кейін, маңғыттардың шайбан әулетінен бөлінуі Әбілқайыр хандығын әсіретіп, ол өз кезегінде Қазақ хандығының құрылуына қолайлы саяси алғышарттар әзірледі деген қорытындыға келеміз.

     Енді жоғарыда айтылған Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың орта тұсында көрші елдермен жүргізген саяси қарым-қатынасы мәселесіне байланысты айтқан ойларымыз бен пікірлерімізді жинақтап қорытындылайық.

     Біріншіден, Әбілқайыр ханның бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты бағындыруы Жошы Ұлысының сол қанатындағы басқа саяси құрылымдардың (Сібір хандығы, Ноғай Ордасы) күшті қарсылығын туғызады да, ол өз кезегінде сол мемлекеттермен жүргізілген саяси қарым-қатынастардың сипатын анықтайды.

     Екіншіден, Әбілқайыр ханның Мәуереннахр және Моғолстандағы темір, шағатай әулеттерімен көрші болуы олардың ашық қарсылығын туғызбаса да, ұнатпағаны белгілі. Өз іштеріндегі саяси дағдарысқа байланысты олар Сыр бойының Әбілқайыр ханға бағындырылуын мойындауға мәжбүр болады. Ал, Әбілқайыр хан болса, Темір әулеті арасындағы өзара күресті өз пайдасына шешуге тырысады. Алғашында ол саясат нәтижелі болғанымен, кейінгі жылдары Мәуереннахрдың ішкі саяси өміріне оның ықпалы азаяды.

     Үшіншіден, XV ғ. 40-50-ші жылдарындағы Әбілқайыр ханның көрші елдермен жүргізген саяси қарым-қатынастарында ешбір елмен қатынастардың достық сипатта болмағандығына көзімізді жеткізіп, ол Қазақ хандығының құрылуы үшін аса қолайлы саяси алғышарттар даярлаған деген жалпы қорытындыға келеміз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 XV ҒАСЫРДАҒЫ МОҒОЛСТАН МЕН ТЕМІР ӘУЛЕТІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ

 

2.1 Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Моғолстан

 

     «Моғол туралы айтсақ, ең алдымен Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих и Рашиди» атты еңбегіндегі этникалық атаулардың тегі мен шығу тарихын айқындап алғанымыз дұрыс борлар. Әйтпесе, мысалы: моғол, мұғал, мугул, мағұл, моғұл сияқты бірнеше нұсқаларды шатыстыру мүмкін» дей келе, зерттеуші И. Жеменей «моғол» және «моңғол» терминдерінің ара-қатынасын төмендегідей түсіндіреді.

     «Моғол» сөзінің Мырза Хайдар заманында қолданысқа енуін түсіну үшін, Шыңғыс дәуіріне қайта оралу қажет. Шыңғыс хан қайтыс болғанда, оның империясы төрт ұлысқа бөлініп, оның төрт ұлына берілді. Екінші ұлы Шағатай ханға (1227-1242) орталық ұлыс берілді, оған Трансоксиана, Хорезм (қазіргі Өзбекстан), Ұйғыр жерлері ( Қазіргі Қытайдағы Шығыс Түркістан), Қашғар (Қазіргі Қытайдағы Батыс Түркістан), Бадахшан, Балх, Ғазиндер жері Үнді өзеніне дейін (қазіргі Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның солтүстік-батыс аудандары) қарады. 1270 жылға дейін Шағатай хандары қалыпты, мазасыз дәуірді бастан кешірді, ал содан кейін хандық үшін ауыр заман басталды. Билік үшін таласушы бірнеше топ бір-бірімен қырқысып, бірнеше билеуші пайда болды. Бұл кезең, Мырза Хайдардың айтуынша, XIV ғасырда Тоғлық Темірдің хандықтың шығыс бөлігіндегі билік тізгіні алғанына дейін жалғасты. Сол қиын кезеңде  Шағатай ханның ұлысы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді: батыс бөлігінің хандары Шағатай хандары деп аталып кетті, ал шығыс бөлігінің жерлері Моғолстан деген атпен белгілі болды және сол жерді мекендеген адамдар Моғолдар деп аталды. Олардың бәрі де ортақ түркі тілде сөйлеп, бір түркі даласын мекендеген, бір атадан шыққан халықтар еді»/31. 19-20/.

     Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати өз еңбегінде «Тарих-и- Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Қазіргі күнде Моғолстан атанып отырған территорияның көлемі ұзыннан көлденеңіне 7-8 айлық жол. Оның шығыс шеті (Моңғолияның) қалмақтар жерімен шектесіп, Барыскөл (Баркөл), Еміл және Ертіс өзендерін қамтиды. Оның жеріне солтүстікте Көкше теңіз (Балқаш), Бум және Қаратал өзендері кіреді. Моғолстан батыс жақта Түркістан және Ташкентпен шектеседі, ал оңтүстікте Ферғана уалаятымен, Қашқар, Ақсу, Шалшы және Тұрпанмен шектеседі…»/1. 238/. Моғолстанда Жайқұннан (Амудариядан) қалыспайтын көптеген ұлы өзендер бар, олар Іле, Еміл, Ертіс, Чұйлық (Шу өзені) және Нарын, бұл өзендер Сайқұннан (Сырдариядан) кем емес. Бірқыдыру өзен сулары Көкше теңіз (Балқаш көліне) құяды. Көкше теңіз – Моғолстан мен Өзбекстанның (Шығыс Дешті Қыпшақтың) арасын айырып тұрады»/28. 176/. Алайда, тарихи оқиғаларға байланысты Моғолстанның жер көлемі бірде кеңейіп, бірде тарылып отырды. Дулат феодалдарының тәуелді иелігі болған Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстанға кейде бірігіп, кейде айрылып отырды. Моғолстанның алғашқы ханы Тұғлұқ Темір XIV ғасырдың 60-шы жылдарында бір мезет Мәуереннахрдың едәуір бөлігін жаулап алған кезі де болды. Бірақ бұл жерлер баянды болмады, ұзаққа бармай-ақ Әмір Темірдің қолына өтті. Моғолстан елінің негізгі жері – Іле өңірі, Жетісу және қазіргі Қырғызстан өлкесі еді. Моғолстан мемлекетінің астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды, Тұғлұқ Темір осы Алмалықта қайтыс болған, оның мазары да осы арада.

     Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар дулат, (дуғлат), қаңлы (бекчік), үйсін, керей (керейт), арғынот (арғын), барын, барлас, бұлгач, т.б. Бұлардың басым көпшілігі ежелден осы өңірде жасаған түркі тілдес халықтарына сіңісіп түріктеніп кеткен моңғол тайпалары да болды. Ал Моғолстанның бір бөлігі алты Шәрінің (қазіргі оңтүстік Шиншианның) негізгі халқы ұйғырлар еді/19. 220/.

     Орта ғасырдағы тарихшылардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырда жоғарыда аталған ру-тайпалар «моғол» қалыптасқан халықтың аты емес, әскери саяси одақтың аты болды. XIV ғасырдың ортасында осы «моғол» одағын негіз етіп құрылған хандық «Моғолстан» аталды, «моғол» сөзі мен «моңғол» этнонимі арасында меңзестік бары мәлім. Соның үшін көптеген деректерде моғолдар моңғол тектес деп топшыланған. Іс жүзінде бұл кезде «моғол» одағына біріккендер моңғол тілдес тайпалар емес, түркі тілдес тайпалар еді. XIII ғасырдағы әйгілі тарихшы Жамал Қарши моғолдарды «жете» (ете) деп атаған, кейін «моғол – чете» деген қосарынан қолданылып жүрген. Қадырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати жзбаларына сүйеніп, Ш. Уәлиханов: «Моғол-четені моңғолдармен шатастыруға болмайды. В. В. Григорьев: «моғол-четені нағыз моңғол деуге болмайды»/32. 78/ дейді. Әйгілі ғалым В. В. Бартольд та: «Ол кезде Моғолстан атанған оңтүстік-шығыс Қазақстанның негізгі тұрғындарының түркі тілдес халықтар болғандығын дәлелдейді» /25. 212/. Осы «моғол» одағына енген ұлыстар – дулат, қаңлы, т. б. қазақ ұлы жүздерінің негізгі тайпалары еді.

     Моғолстан хандығының алғашқы хандығы Тұғлұқ Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін хан тағына отырған соң ұзақ өтпей-ақ мұсылман болған. Сонымен бірге өзіне қарасты ел арасына ислам дінін таратқан. Моңғол тіліндегі шежіредерегінде бұл туралы: «Әмір Болатшы оны он алты жасында алып келді. Тұғлұқ Темір 18 жасында хан тағына отырды. 22 жасында мұсылман болды. 34 жасында қайтыс болды» /33. 79-80/  делінген. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и-Рашидида: Тұғлұқ Темір хан өзі мұсылман болуымен бірге Моғолстанда ислам дінін жалпыластыруға мейлінше күш жұмсағандығын, оның нәтижесінде қауым халықтың ислам дініне жаппай жұмылғандығын баяндай келіп: Моғолстанда бір күнде ақ жүз алпыс мың адам мұсылман болды /1. 236/ дейді. Бұл дерек тарихшы Махмұд ибн Уәлидің «Бахыр әл- асырар» атты еңбегінде де айтылады.

     Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы ежелден бері осы өңірде жасаған дулат, қаңлы, үйсін, керей (керейт), арғын, т. б. тайпалары еді. Моғолстан мемлекетінде көшпенді және жартылай көшпенді тайпалардың тарихи дәстүріне сай ұлттық жүйе сақталды. Жоғарыдағы ұлыстарды ұлыс бектері биледі. Олар хан қазынасына өзіне қарасты ұлыстардан алым-салық жинауға міндетті болды. Осы ұлыстық жүйенің өмір сүруі мемлекетте феодалдық бытыраңқылықтың бедел алуына мұрындық болды. Моғолстандағы ұлыс бектері әскери-феодалдық ақсүйектер еді. Бұл ақсүйектер, оның ішінде талай заманнан бері Жұңғария мен Жетісуды жеке билеп келген дулат ұлысының ұлыс бектері мен әмірлері хандық өкіметті қолжаулық етті. Өздеріне жақпаған жарлықтардан бас тартып, тойтарыс берді. Моғолстанның алғашқы хандары Тұғлұқ Темір хан мен Ілияс Қожа хандардың Моғолстанды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруда және Мәуереннахрды бағындыру жолында жасаған әрекеттері мен жорықтары елдегі ішкі феодалдық алауыздық салдарынан сәтсіздікке жолықты. Бұл орайды пайдаланған Мәуереннахр билеушісі Әмір Темір Моғолстанның ішкі істеріне килігіп, шапқыншылық жорықтар жасап отырды/19. 222/.

     Моғолстандағы ішкі феодалдық тартыс әскери-феодалдық ақсүйектердің хандық үкіметке қарсы күресінен басталды. Дулат тайпасының белді билеушілерінің бірі – Қамариден Дулати бұрыннан ханға қарсы болып келген адам еді. Дулат әмірі Болатшы қайтыс болғаннан соң, Тұғлұқ Темір хан жарлық жариялап, Болатшының жас балалы Құдайдатты әкесінің орнына әмір етіп тағайындап, Болатшының үлкен ұлы Қамариден Дулатиді қақпайлап билік басынан ығыстырмақ болады, Моғолстанға үстемдік еткен дулат тайпасының көсемі болып отырған Қамариден Дулати Тұғлұқ Темір ханның бұл жарлығына батыл тойтарыс беріп, хан үкіметіне қарсы күреске аттанады/1. 22/.

     Әйгілі тарихшы Мұйнаддин Натанзидің айтуынша, Қамариден Дулати өзінің туысы Шаһиден Дулатимен бірлесе отырып, Ілияс Қожа Оғланды хан тағына отырғызды/34. 248/. Кейін Қамариден Ілияс Қожаны өлтірді. Шарифиден Язди: Ілияс Қожа өлген соң Қамариден бүлік тудырды дегенді айтады. Мұхаммед Хайдар Дулатидың айтуынша, Қамариден Тұғлұқ Темір ханның тұқымын түгел құртып жібереді, Тұғлұқ Темір ханнан қалған жалғыз тұяқ жас бала Қызыр Қожа Оғланды ұлыс бегі Әмір Құдайдат жасырып қорғап қалады/33. 82/.

     Хандық үкіметке қарсы күрескен Қамариден Дулати осы оқиғадан соң Моғолстанның белді билеушісіне айналады. Алайда, әскери-феодалдық ақсүйектер билеген, бір-бірінен шалғай жатқан көшпенді және жартылай көшпенді ұлыстар мен тайпалардың басын біріктіру Қамариден Дулатиге де оңай түспейді. Нәтижеде Моғолстан территориясында іс жүзінде бірнеше феодалдық тәуелсіз мемлекет пайда болады. Орта Азия тарихшылары Низамиден Шами, Шарифиден Язди, Мұйнаддин Натанзилардың жазба деректеріне қарағанда Дулат Әмір Қамариден Дулати Жетісу жерінің басым бөлігін иеленіп Іле өңірінен Қаратау бөктері мен Шу алабына дейінгі тайпаларды, яғни Моғолстан орталық өңірін билейді, Іле алқабынан Тарбағатай тауына дейінгі жерлер мен тайпалар Еңке Төрге бағынады. Ыстықкөл маңындағы булғач тайпасы басшыларының ұлысы күшейеді. Әскери феодал ақсүйектер басқарған қаңлы, керейт (керей), арғынот т. б. тайпалар өз алдына жеке саяси шаруашылық иеліктерге айналады/19. 223/.

     Бұл мезгілде дулат тайпасының билеушісі Әмір Қамариден Дулати жіне оның туыстары Моғолстан тайпаларына үстемдік етті. Алайда ақсүйектер арасында өзара қырқыстар мен құнарлы да шұрайлы жайылымдарды басып алуға бағытталған қантөгіс қақтығыстар толассыз жүріп жатты. Бұл жөнінде Шарафиден Язди: «Жете (Моғолстан тайпалары) әмірлері үнемі өзара жауласып отырды. Қамариден Дулати Кебек Темір және Ширауылмен әскери күш біріктіріп, арғынот Қажыбекке қарсы соғысты»/3. 44/. – деп жазды.

      XIV ғасырдың 70-90-шы жылдарында Орта Азия билеушісі Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға қайтақайта шапқыншылық жасады. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғашқы жорығы 1371-1372 жылдардан басталды. Бұл жорықта Әмір Темірдің әскерлері Алмалық маңына дейін келді және осы өңірдегі Керей тайпасын талан-таражға ұшыратты/1. 23/. Әмір Темірдің шапқыншылық жорықтары Ақ Орда мен Моғолстан халқын ауыр апатқа жолықтырды. Егін шаруашылығы бүлінді, қала-қыстақтар қирап, сауда мен қолөнер құлдырап, мал басы кеміп кетті. Моғолстан билеушісі Қамариден Дулати Еңке Төремен тізе қоса отырып, Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы күрес жүргізіп, Моғолстанның ерікті елдігін қолдауға елеулі еңбек етті. XIV ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды/35. 207/.Бұл одаққа Моғолстан билеушілері Қамариден Дулати, Еңке Төре, Моғолстанның жаңа ханы Қызыр Қожа (1389-1399) және Ақ Орда билеушісі Тоқтамыс қатысты, бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдырып, Шығыс Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып, тәуелсіздігін сақтап қалды.

     Әмір Темірмен күрестегі сәтсіздіктер салдарынан Қамариденнің мемлекеттік билігінің әлсіреуін пайдаланған ұлысбегі Құдайдат 1389-шы жылы Тоғылық Темірдің баласы Қызыр Қожаны хан тағына отырғызды/33. 82/. Бірақ хан деген атағы ғана еді, іс жүзінде билік Әмір Қамариден Дулатидің қолында болды. Қамариден қайтыс болған соң, Қызыр Қожа хан бүкіл Моғолстанға билік жүргізді, орталық үкімет біршама күшейді. Қызыр Қожа хан өлгеннен соң, оның балалары: Шаки Жахан, Мұхаммед Ұғлан, Шерғали хан, Шах Жахан хандар билеген кездерде өзара талас-тартыс қайта өршіді. Бұл тартысқы Шағатай әулетінен шыққан Шерғали Ұғланның баласы Уәйіс хан араласты. Уәйіс хан тегінде Қызыр Қожа ханның жиені еді. Ол 1418-ші жылы нағашысы Шахи Жаханды өлтіріп өзін хан жариялады. 1421-ші жылы Қызыр Қожа ханның тағы бір баласы Шермұхаммед Ұғлан Мәуереннахрдағы Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің (1394-1449) әскери көмегіне сүйене отырып, Моғолстанның хан тағын қайтарып алды да, 1425-ші жылға дейін Моғолстанды аз ғана уақытқа біріктірді. Уәйіс хан Шермұхаммед ханға қарсы бірнеше рет шайқас жүргізіп, Тараз маңындағы Қайыңды деген жердегі шайқаста жеңілген соң, Моғолстанның шығыс-оңтүстік жағына қашып кетті. Ол маңда көшіп-қонып жүріп, өз атырабына күш топтап, жақтастар жинады. Бәр мезгіл оңтүстік Шинжандағы Топ, Катек және Сары ұйғыр деген жерлерді мекен етіп, 1422-ші жылы Тұрпан атырабын басып алды. Осы мезгілдерде Әмір Темір әулетінің Қашқарды Моғолстаннан бөліп әкету әрекетіне қарсы қажырлы күрес жүргізді. Ақырында өзінің астанасын оңтүстіктен Жетісудағы Іле Балық қаласына көшіруге мәжбүр болды. Бұл арада да ұзақ тұрақтай алмай, Түркістан қаласына барды да, Түркістан қаласының әмірі қыпшақ Шаих Нұрадденнің қызына үйленді. Бұл оның беделі мен күш-қуатын арттыра түсті. Қыпшақтардың қолдауына сүйенген Уәйіс хан Моғолстанның үкімет билігін қайта алуға аттанды. Бұл кезде Ұлықбек пен Шермұхаммед хан арасы бұзылып, өзара жауласып, Ұлықбек Моғолстанға жорық жасап, 1425-ші жылы Шермұхаммедті өлтіріп, әскерін жеңді. Моғолстандағы үкімет қайтадан Уәйіс ханның қолына көшті /36. 274/. Уәйіс хн Моғолстан тағына қайта отырған (1425-1428) мезгілде Моғолстандағы дулат, қыпшақ, ұйғыр, найман, иңчықылы, қоңчыға сүйеніп, Моғолстанның шығысоңтүстік шекарасынан шапқыншылық жасаған ойрат жоңғарларына қарсы күресті, 1428-ші жылы Ыстықкөл маңындағы Сатұқ ханмен ұрыста қаза болды.

     Уәйіс хан қаза болғаннан соң, Моғолстанда ішкі феодалдық тартыс бұрынғыдан әрмен үдеп, хан тағына таласқан екі топ жорыққа шықты. Дулат тайпасының әмірі ұлысбегі Мермұхаммед шах Дулати бастаған бірінші топ Моғолстанның хан тағына Уәйіс ханның 11 жасар баласы Есенбұға сұлтанды отырғызбақ болды. Ал Баарын тайпасының әмірі Ерзен бастаған екінші топ хан тағына Уәйіс ханның 13 жасар баласы Жүніс сұлтанды отырғызуға ұрынды. 1433-1434 жж. Есенбұға сұлтанды жақтаушы Мермұхаммед тобы жеңіске жетіп, Есенбұға сұлтанды Моғолстанның хан тағына отырғызды. Жүніс сұлтанды жақтаушы Ерзен тобы өздерімен бірге отыз мың үйелменді ертіп Мәуереннахрға қоныс аударып, Ұлықбекке барып паналады. Ұлықбек Жүніс сұлтанды Персияға жіберді.

     Есенбұға хан болғаннан кейін (1434-1464) билік еткен феодалдардың өзара тартыстарын баса алмады, тек Қашқарияның бір бөлігін билеумен ғана шектеледі, Тянь-Шань мен Жетісу өңірін мекендеген тайпалар Есенбұғаға бағынбады. Моғолстан мемлекетіндегі әскери әкімшілік билікке мұрагерлік етіп отырған дулат әмірлерінің бірқатары да Есенбұғаны хан деп мойындамады. Өз алдына іс жүргізді. Мысалы: Меркемберді Дулати Алабұға деген жерге қамал орнатып, Ферғана аймақтарына әскери жорық жасады. Ал Мерхамберді Ыстықкөл мағына орналасып алып Сайрам мен Түркістанға шабуыл жасады. Барын және шорас тайпаларынан әскери-феодалдық шонжарлары өздеріне қарасты тайпаларды ертіп, Жетісудың шығыс-солтүстік шекараларына ауып барып, ойрат жоңғарларының жетекшісі Амансанжы тайшаға қосылды. Қалушы және бұлғаш тайпаларының жетекшілері өздеріне қарасты қауымды бастап, Шығыс Дешті Қыпшаққа қоныс аударып, Әбілқайыр ханға бағынды. Моғолстанның орталық өңірі – Жетісудағы тайпалардың жанжаққа қоныс аударуы салдарынан елдің шаруашылығы ойсырап кетті/19. 225-226/.

     Моғолстан мемлекетінің сыртқы жағдайы да нашарлай түсті. Бұрынғы Дешті Қыпшақтағы Ақ Орданың орнын басқан Әбілқайыр (1428-1468) мемлекеті күшейді. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сырдария бойындағы сауда мен қолөнер орталығы болған стратегиялық қалаларды — Аққорған, Сауран, Аркөк, Созақ қалаларын жаулап алып, Моғолстанға батыс жақтан қауіп тудырды. Шығыс жақтан ойрат шонжарлары Моғолстанға шабуыл жасай бастады. 1456-1457 жж. ойрат, жоңғар әскери феодал ақсүйектері Шу алқабы арқылы Сырдария бойындағы қалаларға баса көктеп кіріп, Сығанақ қаласының түбінде Әбілқайыр ханның әскерлерін талқандады/4. 339/. Бірақ олар бұл өңірде тұрақтамай, батыс Монғолияға қайтып кетті.

     XV ғасырдың 40- жылдарының аяғы 50-жылдарының басында Есенбұға ханның ықпалы Тянь-Шань мен Жетісу тайпаларына жүре бастады. Ол осы өңірде бекінісін нығайтып алған соң бұл арада көшпелі ақсүйектермен бірігіп, Мәуереннахрдағы Әмір Темір әулетімен жауласып, Сайрамға, Ташкентке, Ферғанаға жорық жасады. Әмір Темір әулетінен шыққан Әбусағит мырза оған қарсы соғысып, Аспара мағында Есенбұға ханның әскерін талқандады, келесі бір шайқаста Есенбұғаны Таразға дейін қуды.

     1433-1434жылдары Моғолстандағы хан тағы үшін таласта інісі Есенбұғадан жеңіліп, Мәуереннахрға барған Жүніс сұлтанды Ұлықбек Персия ға жіберген еді. Жүніс Персияда 20 жылдай уақыт тұрып, мұсылманша (ислам мәдениетінің ілім-білімдерін) толық біліп алды. XV ғасырдың 50-жылдары Мәуереннахрдың билеушісі Әбусағит мырза Жүністі Персиядан шақыртып алды/37. 530/. Әбусағит мырза Моғолстанда жаңадан қырқыс тудырып, Есенбұғаны әлсірету мақсатымен 1455 жылы Жүністі Есенбұғаға қарсы аттандырды. Бұл ұрыста Есенбұғадан жеңілген Жүніс сұлтан Моғолстаннан сырттап, Жетісу мен Ферғана шекарасындағы Жетікент қаласына орналасты. Бұл қаланы Әбусағит оған арнап берген еді. Жүніс сұлтан осы жеңілістен соң Моғолстан тағына таласуды доғарып, Есенбұға өлгенге дейін осы Жетікентте тұрды.

     1456 жылы бұрынғы Ақ Орда ханы Орыс ханның немерелері Керей хан мен Жәнібек хан Әбілқайырңа қарсы шыққан қазақтарды бастап, Жетісуға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есенбұға қазақтарды қарсы алып, өзінің ішкі және сыртқы жағдайын нығайтуға пайдаланбақ болды. Есенбұға оларға Шу өзені мен Талас бойынан қоныс берді. Керей хан мен Жәнібек хан  осы батыс Жетісуды орталық ете отырып, қазақ хандығын құрды.

   1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болды. Осыдан кейін Жүніс хан (1462-1487) билік басына шықты да, Әбусағиттың көмегіне сүйеніп, Моғолстанның батыс шегін басып алды. Қашқарияны билеген Есенбұғаның баласы Досмұхаммед хан қайтыс болған соң, Жүніс хан Ақсуды басып алды. Жүніс хан 1472 жылдың қарсаңында Ташкент пен Ферғанадан Ақсу мен Қашқарияға дейінгі жерді, Моғолстанның батыс бөлігі мен Қашқарияны өз қоластына біріктірді. Осы жылы ойраттар Жетісуға шабуыл жасады. Жүніс хан Іле бойындағы соғыста Амансанжы бастаған ойраттардан ойсырай жеңіліп, Сырдария бойына қашып кетті. Ол арада Жүніс ханды Ташкент билеушісі қолға түсірді. Бір жылдан соң Жүніс хан босатылып, Моғолстанға жіберілді. Жүніс хан Әбусағит мирасқорларының  таластартысына араласып, Сайрамды, Ташкентті басып алды…XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі қырқыс Моғолстан хандығының ыдырауына әкеліп соқты. Ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр, т.б. қазақ тайпалары Жетісуда құрылған қазақ хандығының негізгі бөлігімен бірікті/19. 226-227/.

        XV ғасырдың 30-жылдарында оңтүстік-шығыс Қазақстанда Моғолстан мелекеті өмір сүріп жатты. Бұл кез М. Х. Дулаттың жазуына қарағанда моғол ханы Уәйіс ханның қаза болып, ел ішінде билік үшін және үстем тап өкілдерінің арасында талас-тартыстың күшейіп тұрған мезгілі еді. М. Х. Дулати Уәйіс ханның екі ұлы бар еді, үлкені Жүніс хан болса, кішісі Есенбұға еді, әмірлердің көпшілігі осы Есенбұғыны хан көтергенде Жүніс ханды жақтаушылар оны алып, Самарқанға кеткен еді деп хабарлайды /38. 104-105/. Жүністің Орта Азияға қарай кетудегі басты мақсаты онда Әмір Темірдің немересі Ұлықбек мырзадан көмек алып, түбі моғол билігін алуға ірекет жасау еді. Сөйтіп Моғол мемлекетінің билеушілері екі топқа бөлініп билік үшін күрестің басталғаны көрініс тапты.

     Жүніс ханды жақтаушылар Самарқанға кеткенмен де Моғолстанда тыныштық орнай қойған жоқ. Атақты күшейіп алған байлар жас ханға (Есенбұғы) бойсынғылары да келмеді. Ал дулат руынан шыққан жаңа әмір болған  Сайид Алидің елді айтқанына көндіріп ханға бағындыруға шамасы келмеді. Оның үстіне өзінің иелігіндегі Маңғылайсүбе жерінің біразы және Қашғар қаласын Әмір Темірдің ұрпақтары жаулап алған, соны қайтарыпа алудың қамында жүріп көп нәрсеге қолы тимей жүрген. Сондықтан да ірі байлар өз білгендерінше ханнан алыстап кеткен еді. Мәселен, дулат руынан Әмір Кәрімберді Моғолстан шекарасында Әндіжан мен Ферғана бағытында Алабұға деген жерде бір төбенің басына қорған салдырып, өзінше жеке тұрған. Ал өзі мұсылмандарға шабуыл жасаумен айналысқан. Ал Әмір Хақберді бекжа Ыстықкөлдің Қой суы деген жерінде қорған салдырып, онда балашағасын қалмақтардың шабуылынан қорғап, өзі Түркістан, Сайран жеріне шабуыл жасаған/38. 109/. Мұндай ірі байлар осындай бытыраңқылыққа кетіп жатса, кейбір монғол тайпалары шорас, барин тайпаларының әмірлері Исан тайпасының баласы Амансанжы Тайшы қалмаққа ауып оларға қосылып келіп жатты. Ал колучи (қалушы), бұлғашы (булгачи) т. б. бірнеше тайпалар Әбілқайырдың қоластына кетсе, кейбір құнжы тайпаларының әмірлері тағы басқалары Моғолстан даласында бұнт шығарып, халыұтың берекесін ұшырған/3. 193-199/. Тайпалардың басқа иеліктерге көтеріле көшулері Моғол хандығы үшін аса ауыр жағдай еді. Өйткені мемлекеттің халқынының санының азаюы оның толық жойылуына әкеліп соғатыны сөзсіз. Мұндай жағдай елдің тек саяси бірлігін құлдыратып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық жағдайының құлдырауына әкеп соғатын еді.

     Моғол мемлекеті өз ішінде осындай саяси бытыраңқылыққа түсіп жатқанда шығыстан қалмақтар да шабуыл жасап елдің берекетін кетіріп жатты. Жалпы қалмақтардың моғол жеріне шапқыншылығы Уәйіс (1418-1428) ханның кезінде ақ дамыл бермеген. М. Х. Дулаттың дерегіне қарағанада Уәйіс хан қалмақтармен 61 рет шайқасқан, соның бір ретінде ғана жеңіске жеткен. Бірнеше рет тұтқынға да түсіп, соңғы рет қарындасы Махтулла ханымды қалмақ тайпасына беріп құтылған/39/.

     Тарихшы И. Я. Златкиннің ғылыми зерттеулеріне қарағанда, XV ғасырдың 30-40 жылдары ойраттардың шабуылы шығысқа емес, батысқа Моғолстанға қарай жүрген еді/11. 249/. Ал өзбек тарихшысы Б. А. Ахметовтың жазуы бойынша, қалмақтар Уәйіс ханның кезінде Жетісу жері мен Шу аймағын басып алған еді деген пікірдің дұрыс еместігін К. А. Пищулина теріске шығарады. Өйткені дейді ол, ол кезде қалмақтар тек шабуыл жасап өз жеріне  қайта шығып кетіп отырғандығын дәлелдейді/38. 109/ .

     Моғол мемлекетінің саяси бытыраңқылығы басқа мемлекеттердің  өз жағдайларын жақсартып алуларына әсерін тигізді. Әсіресе осы кезде Әбілқайыр хан өзінің территориясын кеңейтіп, Сырдария бойындағы Сығғанақ, Созақ, Үзгенді сияқты қалаларды басып алған. Бұл жағдай Әбілқайыр ханның келешегі Моғол хандығына да қол салатындығына жасалған бағыт болатын. Өйткені бұл екі хандықтың саяси және экономикалық жағынан Түркістан үшін бақталастығы бетпе-бет тоқайласып қалуы сөзсіз. Бұл шара солай болды да, екі хандықтың арасында бірбіріне деген қайшылық пайда болды/40. 29/.

     Дегенмен XV ғасырдың 50-ші жылдарының басында моғол ханы Есенбұға дулат тайпасының өзіне сенімді көсемдерінің арқасында Жетісу мен Тянь-Шань аумағындағы ру-тайпаларын бағындырып алады. М. Х. Дулаттың жазуына қарағанда әсіресе «бірінші болып оның жағына дулаттың әмірі Мұхаммед шаһ ханның алдына келді. Одан соң барлық ел ханға қайтып оралды» дейді /38. 109/. Хан осыдан кейін һзінің ықпалын күшейтіп, алғаш рет Сайрам (Испиджаб), Түркістан, Ташкент (Шаш) қалаларына шабуыл жасап жеңіспен оралған. Өйткені бұл қалалар Шағатай ұлысы кезінде соған қарайтын. Сол мезгілде өзіне қаратуға жасаған әрекеттері еді. Алайда екінші бір жорық кезінде әмір Темір ұрпағы Әбу Сайид мырза Есенбұға ханды Таразға дейін қуып одан ары баруға жүрексініп қайтқан. М. Х. Дулаттың хабарына қарағанда, моғолдар ешбір ұрыссыз қайтып кеткен /38. 110/.

     Моғол ханы да бұдан кейінде Орта Азияға шабуылын тоқтатпаған. Оның үшінші бір шабуылы Әндіжанға болды. Хан сұлтан Әбу Сайидтың Хорасанға кеткенін пайдаланған. Бұл кезде Есенбұға ханның әскер санының өскен кезі еді. Мықты салынған Әндіжан қаласын өзінің әскерімен үш қайыр етіп қоршап жерасты жол қазып қаланы алады. Қаланың әкімі өз еркімен беріліп ханға көп сыйлықтар беріп, татуласып келісімге келуге мәжбүр болған. Ал Есенбұға қала тұрғындарын және бұл қалаға ауып кеткен өз адамдарын Қашғар мен Моғолстанға қайтарған /38. 111/.

     Бұл жағдайды сұлтан Әбу Сайид мырза естіп жатты, алайда Есенбұғаға қарсы аттануға өзінің әлсіз екендігін байқады. Өйткені Моғолстан Қазақстанның кең байтақ оңтүстік-шығыс аймағын алып жатты. Егер оған қарсы шабуыл мен барған күнде оны табудың өзі қиын, ол кең аймақтың бір түкпіріне кетуі мүмкін. Екіншіден, оның да әскер санының өзі көбейген, сондықтан оған қарсы шабуылға бас тарқан еді.

     Алайда Әбу Сайид мырза Есенбұғаға қарсы екінші бір жолды ойлап табады. Ол өзіне бас сауғалап келген Есенбұғаның ағасы Жүніс ханды әскер беріп, оған қарсы аттандыруды ойластырады. Сонда олар өзара бір-бірімен соғысып жатса, жерінің шекарасы тынышталатынына мүмкіндік туатындығын біледі /29. 153/.

     Сөйтіп,  XV ғасырдың орта кезінде Жетісу жеріндегі Моғол хандығының саяси жағдайы Әмір Темірдің ұрпақтары арасында шешілмеген таластартыстың арасында қалған еді. Екіншіден, моғол ханы өзінің ағасы Жүніс хан екеуінің арасындағы билік үшін тартыс күшейе түскен еді. Сонымен хандықтың жағдайы онша оңалмай тұрған кез болды. 

     XV ғасырдың ортасында Моғол хандығына шығыстан Есентайшы бастаған қалмақ шапқыншылығы күшейе бастайды. Қалмақтар 1452 жылы Моғолстан аумағына жетіп, Шу өзенінің жағасына дейін ішкі аудандарға басып кіреді. Есенбұға хан бұл кезде Қашқардағы болып жатқан алауыздықты басудан қолы тимей жатқан. Сондықтан қалмақтарға ойдағыдай қарсылық көрсете алмаған /3. 168/. Ал қалмақтар болса жергілікті елді тонап қайта шығып өз жеріне тартып отырған. Мұндай ауы-қауық шапқыншылық жиі болып тұрған. Ойраттардың аса бір басқыншылық шабуылы 1457 жылы да болған. Бұл кезде де моғол ханы Қашқарияда ішкі жағдайды тыныштандырумен жүрген. Қалмақтар Жетісуға басып кіріп, оның батысында Шу бойына арбаларын, балашағаларын қалдырып, өздері жеңіл-желпі салт аттарымен Әбілқайыр ханның жеріне басып кірген. Әбілқайырмен Көккесене түбінде шайқас болып, хан жеңіліп Сығанақ қаласына бекінген /11. 250/. Өзінің жеңілгенін мойындаған хан бір баласын ӨзТемір тайшаға беріп, келісімге келген.

     Осындай ірі шапқыншылықтан кейін қалмақ ханы ӨзТемір қайтар жолында Сайрамды да шауып, қайта Шу бойына келіп қалдырған арба, балашағаларын алып, өз жеріне қайта оралған. Қалмақ ханы не себепті Жетісуда немесе Оңтүстік Қазақстанды мекендеп қалмады деген сұраққа К. А. Пищулина, В. А. Моисеев те, И. Я. Златкин де нақты жауап бермейді/40. 30/.

     Зерттеуші Б. Б. Кәрібаев Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстанның саяси жағдайы Әбілқайыр хандығының жағдайыны да ауыр болғандығын айтады/24. 75/. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» кітабының бірінші бөлімінде осы ханның тұсындағы оқиғаларға үш тарауды арнайды/28.104/. Тіпті осы үш тараудың бірі «Исан Бұға ханға қарсы әмірлердің қарсылығы және сол кездерде болған оқиғалар туралы баяндау» деп аталады/28. 103/. Бұл тарауда моғол әмірлерінің Есенбұға ханға бағынбауын, кейбір тайпалардың Моғолстандағы бассыздығы мен олардың толық тәртіпсіздіктерін айта келе, автор «Ханнан бөлініп кеткен моғол әмірлері өздеріне қамал тұрғызып алып, ханға толық бағынбады. Түбінде қайтып келер деген үмітпен, хан оларға кедергі жасамады», – деп қорытынды жасайды.

     Егер де Әбілқайыр ханға көшпелі өзбектер әмірлерінің қарсылығы жабық түрде байқалып, тек нақты бір оқиғалар барысында ашық көрініс берсе, Есенбұғаға қарсылық әмірлер тарапынан бірден ашық түрде байқалады. Бұл жағдай да XV ғасырдың орта тұсында Моғол мемлекетінің ішкі саяси ахуалының әлсіздігін көрсетіп, Қазақ хандығының құрылғанына қолайлы жағдай қалыптастырған деп ой түюге мүмкіндік береді. Біз жоғарыда «көшпелі өзбектер» мен моғолдардың саяси қарым-қатынасының қандай екенін білдік. Енді Моғолстан мен Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті арасындағы саяси қарым-қатынастарға тоқталып кетелік. Бұл қатынастарды анықтау Қазақ хандығының Моғолстанның неге батыс бөлігінде құрылды деген сұраққа жауап бола алады/24. 76/.

     1449 жылы Мәуереннахр билеушісі Ұлығбек өлтірілгеннен кейін, онда алты айдай Абдал-Латиф билік етіп, ол да тақтан айырылады. Сөйтіп 1451жылға дейін Ақсақ Темір ұрпақтары арасында үздіксіз күрес жүріп, ақырында Әбу Сайид мырзаның жеңіске жететіндігі белгілі. Билікке келгкен жаңа билеушіге атадан қалған империяны сақтау үшін бірден екі майданда соғысу қажет болды. Бірі батыстағы жау Жахан шахқа қарсы күрес, Жахан шахтың Хорасанды бағындыруға қарсы жасаған әркеттеріне қарсы тұру болса, екіншісі шығыстағы жау болды. Ол Есенбұға хан болатын.  Мәуереннахрдағы саяси дағдарысты пайдаланып, моғол ханы бірнеше рет Сайрам, Түркістан және Ташкентке жорықтар жасайды/28. 104/. Және де ол Әбу Сайд мырзамен ашық айқасқа ада бармайды, тек тонаушылық сипаттағы жорықтар жасап тұрады. Осындай жағдайда Мәуереннахр билеушісі шығыстағы жауды – Есенбұғаны  екінші қатарға қояды да, негізгі күшін басқыншылық сипаттағы жауға қарсы жұмылдырады. Ал моғол ханына қарсы басқа бір амал ойлап табады. Ол Есенбұғаға қарсы туған ағасы Жүністі қарсы қолдану еді.

     «Ол (Әбу Сайд) Иракқа адам жіберіп, Есенбұғаның  ағасы Жүніс ханды алдыртты және оны інісіне қарсы жіберді. Ондағы ойы ағайынды екі хан соғысып жатса, оның мемлекетінің шекарасы қауіпсіздікте болар еді»,деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулати/28. 105/.

     Көріп отырғанымыздай, Мәуереннахр мен Моғолстанның саяси қарымқатынасы XV ғасырдың 50-ші жылдарында шиеленіскен халде, соғыс жағдайында болатын. Қалыптасқан екі ел арасындағы жағдай Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуіне теріс әсерін тигізген жоқ. Керісінше, енді Жүніс пен Есенбұға хан арасындағы жағдай өте ауырлап кетеді.

     Әбу Сайд мырзаның қолдауымен Моғолстанға аттанған Жүніске Есенбұға ханға наразы бірнеше әмірлер келіп қосылады. Сөйтіп, аз ғана уақыт ішінде Жүністің маңына моғолдық біршама әмірлер топтасады. 1456-1457 жылдары Жүністің Қашқарға алғашқы жорығы басталады. Бірақ бұл жорық Жүніс үшін сәтсіздікпен аяқталады да, ол Мәуереннахрға қайта оралады /28. 110/. Ал Әбу Сайд мырза болса, Жүніске Мәуереннахрдың шығысында Жетікент деген аймақты иелікке береді. Махмуд ибн Уәлидидің жазуынша бұл жер Есенбұғаның иелігіндегі жерлердің  жаны болды/26. 352/. Есенбұға ханға енді Мәуереннахрға жорық жасамақ түгілі, өз билігін сақтап қалу басты мәселеге айналады. Сондықтан да ол қай жақтан одақтас табылса, соларға Моғолстаннан, оның ішінде Жүністің иелігіне қарсы жерден жер беруге әзір болды.

     Мәуереннахр мен Моғолстан арасындағы қалыптасқан саяси қатынастар XV ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында Жүніс пен Есенбұға хан арасындағы тақ үшін күресті туғызады. Ал бұл күрестің Моғолстан жеріне ауысуы оның ресми ханына одақтастарды қажет еткізеді. Бұл қалыптасқан саяси жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жүніс пен Есенбұға ханның иеліктерінің арасындағы аймақ Шу алабы мен Қозыбасы өңіріне көшіп келіп, аталған аймақта  Қазақ хандығының іргетасын қалауға тікелей қолайлы жағдай жасайды/24. 77/.

     Жоғарыда айтылған барлық ой-пікірлерімізді тұжырымдай келе, Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы, яғни XV ғасырдың 50-ші жылдарындағы Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы Керей мен Жәнібек сұлтандарға жаңа мемлекеттің Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне қолайлы жағдайлар жасады дейміз. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр мемлекетіндегі феодалдық алауыздықтардың, феодалдық қанау мен езгінің күшеюіне байланысты, 20 мың қазақтың шығыс дешті қыпшақтан Моғолстандағы Жетісуға қоныс аударуы және батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, Моғолстан мемлекеті мен қазақ халқының тарихи тағдырына қатысты аса маңызды оқиға болды. Бұл мезгілдегі Моғолстан қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды. Жетісуда қазақ хандығы құрылған соң көп ұзамай-ақ Моғолстанның хандары өздерінің Жетісу өңіріндегі билігінен айырылды. Ондағы қазақ тайпалары қазақ хандығының негізгі бөлігімен бірікті.

 

2.2 XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси өмірі

 

     Қазақ хандығының құрылуына саяси жағынан өзіндік әсер еткен мемлекеттердің бірі Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекеті болды. Егерде XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығындағы этносаяси жағдайлар жаңа мемлекеттің қалыптасуына толық алғышарттар даярласа, оның көршісі Моғолстандағы ішкі этносаяси жағдайлар Қазақ хандығының Моғолстан аумағында ту көтеруіне алып келді. Ал нақты Моғолстанның батысында Қазақ хандығының құрылуы – оның Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетімен XV ғасырдың ортасында жүргізілген саяси қарым-қатынастардың нәтижесі болып саналады. Сондықтан да біз үшін XV ғасырдың орта тұсындағы Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы жағдайын білудің маңызы зор.

     Орта Азиядағы темірлік әулеттің тарихы мәселелері тарих ғылымында жақсы қарастырылған деуге болады. Тіпті, XV ғасырдағы жекелеген мәселелердің өзіне арналған арнайы зерттеулер бар. Сондықтан біз XV ғасырдың 40-50 жылдарындағы Мәуереннахрдың ішкі және сыртқы саяси жағдайы мәселелерін қарастырғанымызда бұрыннан белгілі болған мәселелерге жалпылама түрде қарап, ал Қазақ хандығының құрылуына қатысы бар мәселелерге тереңірек тоқталамыз.

     Ақсақ Темірдің жаулап алу соғыстары нәтижесінде құрылған оның империясы этносаяси, мәдени, экономикалық дамуы жағынан алғанда біркелкі болмады. Әкеден қалған тақты иеленген Темірдің кіші ұлы Шахрух империяны 40 жылдай басқарса да, империяның әр аймақтарында әлсін-әлсін болып тұратын толқулар мен сепаристік бағыттағы қимылдар оның негізі берік емес екендігін көрсетіп отырды. Болашақтағы саяси бытыраңқылықтар мен тақ үшін талас-тартыстардың негізі Шахрухтың тірі кезінде-ақ, XV ғасырдың 40-шы жылдарының басында қалана бастайды. Сол тұста тақ мұрагеріне қатысты мәселе бойынша билеуші әулеттің өз арасында бірнеше үміткерлер пайда болып, олар жасырын түрде болса да болашақ күрестерге дайындала бастайды. В. В. Бартольдтың көрсетуі бойынша Шахрух әбден қартайып, кәрі жасқа жетсе де, ол өз ұлдары мен немерелері арасынан ешкімді ресми түрде тақ мұрагері етіп жариялаайды /12. 147/. Соған қарамастан 40-шы жылдардың басында Герат тағынан үміттенген бірнеше үміткерлер пайда болады. Бірінші және ең басты үміткер – Шахрухтың үлкен ұлы,  Самарқанның билеушісі Ұлығбек болса, екінші үміткер –  Шахрухтың келесі бір ұлы, Балх аймағының билеушісі – Мұхаммед Жөкі болып есептелінді. Империяны іс жүзінде басқарып отырған Шахрухтың әйелі Гаухар-шад билікке немерелерінің бірі – Ала ад-дауланы отырғызуға ниет қылса, Шахрухтың өзі көп немересінің бірі, Ұлығбектің ұлы Абдаллатифті ресми түрде тақ мұрагері етіп жарияламаса да, өзіне жақын тартқан/41. 466/. Шахрухтың тірі кезінде тақтан үміттенгендер өз ойларын жасырын ұстайды. Бірақ та әрбір үміткер тақты қандай жолмен болса да иеленуге даярлана бастайды.

  1444 жылы Шахрухтың қатты ауырып қалуына байланысты үміткерлер арасында болған оқиғалар Шахрухтың өлімінен кейін Темір әулеті арасында жан берісер күрестердің болатынын хабардар етеді. Шахрух ауырып, бүкіл Герат оның қайтыс болғандығы туралы хабарды күтіп отырғанда, үміткерлердің бірі Мұхаммед Жөкі Балхтан тез аттанып Гератқа келеді, ал мұнда Гаухар шадтың талап етуімен империяның әскери күштерінің басшысы Жалал ад-дин Фирузшах мұрагер ретіндегі Ала ад-даулаға ант беріп қояды. Бір қызығы, қатты ауырып, өлім халінде жатқан Шахрух жазылып кетеді. Тақтан үміткер Мұхаммед Жөкі белгісіз жағдайда сол жылы қайтыс болады. Сондай-ақ сол жылы Ала ад-даулаға ертерек ант берген Жалал ад-дин Фирузшах пен оның ұлы да өмірден ерте қош айтысады/12. 147-148/. Міне, осы оқиғалардың өзі Шахрухтан кейін темір әулетінде тақ үшін шиеленіскен талас-тартыстардың болатынын білдірген алғашқы қоңырау секілді болды. Соған қарамастан ресми түрде тақ мұрагері болып ешкім жарияланбайды. Мұхаммед Жөкінің белгісіз жағдайдағы өлімінен кейін тақтан үміткер ең басты екі адам қалады. Бірінші – Ұлығбек, ал екінші – үміткер Ала ад-даула болды.

     1447 жылы наурыздың 14-де (басқа бір деректер бойынша 12 наурызда) Шахрух Хорасанның батыс аймақтарының бірінде жүріп ауырады да, көп ұзамай қайтыс болады/15. 5/. Шахрухтың денесі жерге тимей жатыпақ Герат тағына үміттенушілер арасында күрес басталып кетеді. В. В. Бартольдтың еңбегінде бұл күрестер жақсы қарастырылғандықтан, біз оған тоқталып жатпай, тек оның кейбір тұстары мен нәтижелеріне ғана назар аударамыз/12. 148/.

     Егерде Шахрух өлгеннен кейінгі темір әулеті арасындағы тақ үшін күрестерді бірнеше кезеңдерге бөліп қарасақ бірінші кезеңге 1447 жылдың наурызы мен сол жылдың соңғы айларына дейінгі аралық жатады. Негізгі оқиғалар Хорасан аймағында өтеді де, Герат тағына басты үміткердің бірі Ала ад-даула иемденеді. Ұлығбек болса Амударияның сол жағалауындағы Балх аймағын иеленіп, онда ұлдарының бірі – Абдаллафитті отырғызады. Ала ад-даула Гератты иеленгенімен, оның билігі бүкіл Хорасанға жүрмейді. Ондағы Мазендаран аймағына Шахрухтың немересі, Байсұңқардың ұлдарының бірі – Әбілқасым Бабырдың билігі орнайды.

     1447 жылдың соңында Мәуереннахр мен Хорасан билеушілері арасында уақытша болса да бейбіт келісімдерге қол жеткізіліп, тыныштық қалыптасады/12. 150/. Бірақ та бұл тыныштық ұзаққа созылмайды. 1448 жылдың көктемінде Ұлығбек Хорасан аймағына еніп, Темір әулеті арасындағы күрестің екінші кезеңін бастап жібереді.

     Екінші кезеңдегі басты оқиғаларға мыналар жатады:

     а) Ұлығбек пен Абдаллатифтің 90000 әскері Герат маңындағы Тарнаба қалашығы түбінде Ала ад-даула әскерін жеңіліске ұшыратады; ә) Ала ад-даула қашып, Әбілқасым Бабырды паналауға мәжбүр болады; б) Ұлығбек Герат пен оның төңірегіндегі қалалардың бірін күшпен, бірін ұрыссыз иеленеді де, бүкіл Хорасанды бағындыру үшін батысқа қарай жорығын жалғастырады. Гераттағы әмірлердің бүлігі Ұлығбекті кейін оралуға мәжбүр етеді, сөйтіп ол қарашаның соңында Гератқа қайтып келеді; ал «көшпелі өзбектер» елінің билеушісі Әбілқайыр ханның Самарқанға жорығы оны Хорасаннан Мәуереннахрға қайтып оралуға мәжбүрлейді; Ұлығбек ұлы Абдаллатифті Гератта қалдырып, өзі Самарқанға қайтып оралады; екі аптадан кейін Әбілқасым Бабыр Абдаллатифті Гераттан қуып шығады/13. 156/.

     Темір әулеті арасындағы күрестің екінші кезеңін қорытындылай келе, күрес барысындағы басты рольді Ұлығбек атқарса да, нәтижесі ол үшін өте тиімсіз болды дейміз. Күрестің бастапқы сатыларында ол қалай жеңіске жетсе, соңғы сатыларында ол қол жеткізген жеңістерінің  бәрінен айырылады. Абдраззак Самаркандидың айтуына қарағанда, 1448 жылғы тақ үшін жүргізілген күрестер әскер мен жергілікті тұрғындар арасында Ұлығбектің беделін күрт төмендетіп жібереді/12. 156/.

     1449 жылдың көктемінде Ұлығбек Хорасанға қайта жорық жасаудыжоспарлайды, бірақ ол оны жүзеге асыра алмайды. Өйткені, Ұлығбекке қлы Абдаллатифке қарсы күресуге тура келеді. Сөйтіп, 1449 жылдың көктемінде Темір әулеті арасындағы күрестің үшінші кезеңі басталып кетеді. Күрес Мәуереннахр аумағында әкесі мен ұлы арасында жүреді. Ұлығбек пен Абдаллатифтің арасындағы күрестің  себептерін В. В Бартольд өте жақсы ашып көрсеткен /12. 124-125/. Әкесі мен ұлы арасындағы күрес 1449 жылдың қазан айының соңында Ұлығбектің жеңіліп, кейіннен һөлтірілуімен аяқталады. Осылайша, үшінші кезеңнің соңында Мәуереннахр тағын Ұлығбектің ұлы Абдаллатиф иеленеді.

     Осы жерде Ұлығбек өмірінің соңғы айларында Мәуереннахр мен Дешті Қыпшақ билеушілері арасындағы саяси қарымқатынастарды көрсететін бірекі фактіге тоқтала кетсек дейміз. Б. А. Ахмедов Масуд бен Осман Кухистани мен Даулатшахтың деректеріне сүйеніп, Ұлығбек ұлынан масқара болып жеңілгеннне кейін, Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр ханға барып, одан көмек алуды ойластырды, бірақ ол ойынан қайтып, ұлы оған қастандық жасай қоймас деп, Самарқанға қайтып келеді де, билікті ұлына тапсыруды, зі ғылыммен айналысуды жоспарлағандығын айтады /15. 63/. Ал кейінгі дәуірде жазылған деректің бірінде Ұлығбектің Әбілқайыр ханға барғандығы, бірақ одан көмек ала алмай, Самарқанға қайтып оралғандығы айтылады/15. 64/.

     Ұлығбектің Әбілқайыр ханнан не себепті қолдау таппағандығын анықтау онша қиын емес. 1446 жылы Сырдария өзенінің орта ағасы бойындағы қалалар мен аймақтарды иелену арқылы «көшпелі өзбектер» елінің бллеушісі бүкіл Дешті Қыпшақтың қожайыны ғана емес, сонымен бірге Мәуереннахрдың ішкі істеріне араласуға, Мәуереннахрды өзіне тәуелділікте ұстауға мүмкіндік алған болатын. Шахрухтың өлімінен кейінгі темір әулеті арасындағы тақ үшін күрестер ол үшін өте тиімді еді. Әсіресе, 1449 жылғы әкесі мен баласы арасындағы күрестер оның бұл ойының жүзеге асуына бір қадам болса да жақындата түседі. Сол себепті де ұзақ жылдар бойы Самарқанды билеген, 55 жастағы Ұлығбекке қолдау көрсету, оның билігін қайтадан нығайту Әбілқайыр ханның жоспарының жүзеге асуына кедергі келтірген болар еді. Біздің  ойымызша, осындай себептер оны Ұлығбекке қолдау көрсетуден бас тартқызады.

     Осылайша, Мәуереннахрда  40 жылдан аса уақыт билік жүргізген Ұлығбек ұлынан жеңіліс тауып, солтүстіктегі көршісінен қолдау таппай, ақырында өз ұлының қолына қайтып келеді. Ал Абдаллатиф болса жасырын түрде бұйрық беріп, сол жылдың 25 қазанында атақты Ұлығбекті өлтірткізеді. 2-3 күннен кейін бауыры Абд-ал-Азиз де өлім жазасына кесіледі/12. 159-160/.

     Ұлығбек пен оның ұлы Абдаллатифтың арасындағы күрес кезінде Темірдің басқа ұрпақтары көзге түсе бастайды. Шахрухтың Ибрагим атты ұлынан туған Абдолла мырза мен Мираншахтың Сұлтанмахмуд атты ұлының баласы Әбу Сайд мырза Ұлығбек жағында болып, қолға түсіріледі де, қамауға алынады, бірақ өлтірілмейді.

     Жеке дара билікті иеленген Абдаллатиф қатаң шаралар арқылы өзіне қарсы келгендер мен қарсы шыққандарды аяусыз басып отырады. Оның билігіне наразылар көтеріліс жасауға дәті бармайды, дегенмен де қастандық арқылы жаңа билеушінің көзін құртуға бел буады. В. В. Бартольдтың дәлелдеуінше, қастандықты ұйымдастырушылар Ұлығбек пен Абд ал-Азиздің бұрынғы нөкерлері болып, олар өз бектерінің өлімі үшін кек алуды мақсат еткен/12. 161/. 1450 жылдың  8 мамырында Абдаллатиф қастандық арқылы өлтіріліп, оны ұйымдастырушылар билікке қамауда жатқан Абдолланы әкеледі.

     Абдолланың билікке келуімен Мәуереннахрдың саяси өмірінде тыныштық орнай қоймайды, керісінше билік үшін күрестің оты одан ары қыза түседі. Бұхарада қамауда отырған Абу Сайд мырзаны дін басылары мен қала әкімі тұтқыннан босатып, оған ант береді. Абу Сайд мырза бірден Самарқанға аттанады. Бірақ та Абдолла мырзадан жеңіліс тауып, солтүтіктегі көрші «көшпелі өзбектер» еліне қашуға мәжбүр болады.

     Осы тұста Хорасан аймағында да Шахрухтың үш немересіСұлтан Мұхаммед, Әбілқасым Бабыр және Ала ад-даула арасында Герат тағы үшін күрес қызып, Балх, Хисар және Шапурган аймақтарының билігіне Ала ад-даула келеді де, ол Самарқандағы Абдолла мырзаға қарсы аттанады. Өз кезегінде Абдолла мырза да оған әскермен қарсы шығады. Бірақ екі жақ арасында ашық шайқас болмай, қарсыластардың бірі — Балхқа, екіншісі Самарқанға қайтып оралады. Ала ад-дауланың шайқасқа шықпай, кейін оралуына Әбілқасым Бабырдың Хорасанға қауіп төндіруі жатса, біздің ойымызша, Абдолла мырзаның Самарқанға қайтуына солтүстік аймақтарда қашып жүрген Әбу Сайд мырзадан төнген қауіп-қатерлер себеп болады. Әбу Сайд мырза сол кездерде Темір әулетіне тәуелді Сыр бойының қалаларының бірі Яссыны (Түркістан) басып алған болатын. Қалаға қарсыласының мықтап бекуіне жол бермеу үшін Абдолла 1450-1451  жылдың қыс айларында Сыр бойына әскер жібереді. Бірақ та одан ешқандай нәтиже шықпағандықтан, Абдолла мырзаның өзі аттанады. Әбу Сайд мырза болса, Әбілқайыр ханнан әскери көмек сұрауға мәжбүр болады. «Көшпелі өзбектер» елінің ханы оның бұл ұсынысына қуана келісіп, Дешті Қыпшақтың әскерін өзі бастап шығады. Абдраззак Самарканди екі жақ әскерінің шайқасын керемет суреттеп баяндайды/9. 199-200/. Шайқастың нәтижесі бойынша Мәуереннахр әскері жеңіліске ұшырап, Абдолланың өзі қаза табады да,  1451 жылдың маусымының соңы шілдесінің басында Әбу Сайд мырза Самарқан тағының егесіне айналады/9. 200-201/.

     Осылайша, Шахрухтың қайтыс болғанынан Әбу Сайд мырзаның билікке келгенге дейінгі 4 жарым жылдай уақыт ішіндегі Темір әулеті билік құрған империяның ішкі саяси жағдайын қарастыра келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады. Біріншіден, империяның негізі берік  болмай, орталық биліктің әлсіреуіне байланысты ол бірнеше аймақтарға бөлініп кетеді. Билеуші әулет арасында ортақ мүдденің, бірліктің болмауы тақ үшін күрестердің болуына алып келеді.

     Екіншіден, тақ үшін күрестер алғашында Хорасан аймағында Шахрухтың үлкен ұлы Ұлығбек пен Шахрухтың тағы бір баласы Байсұңқар ұлдарының арасында өтсе, күрестің келесі кезеңінде билік үшін тартыстар одан ары шиеленісе түсіп, Хорасандағы күрес Байсұңқардың ұлдары арасында жүреді. Ал Мәуереннахрдағы күрестің отын Ұлығбек пен ұлы Абдаллатиф қыздырады. Нәтижесінде, әкесін өлтіріп,  ұлы билікке келеді. Үшіншіден Мәуереннахрдағы күреске соңғы кезеңде Әмір Темірдің өзге ұлдарынан тараған өкілдер де белсене араласып, аз уақыт болса да, тақты иеленелі.

     Төртіншіден, Мәуереннахрдағы билікке таласушылар арасында өте беделді, көпшіліктің қолдауына сүйенген дара тұлғаның болмауы таластартыстарды үздіксіз етеді де, үміткерлер міндетті түрде сыртқы күштерге арқа сүйеуге мәжбүр болады. Әбу Сайд мырзаның билікке келуін осымен түсіндіруге болады.

     Бесіншіден, саяси бытыраңқылықтардың нәтижесінде Мәуереннахр аймағында Гератқа бағынбайтын жеке саяси құрылым пайда болып, билік үшін күрестердің тоқтамауы – ғасырдың ортасында оны да өте әлсіретіп жібереді. Міне, Шахрух қайтыс болғаннан кейінгі Темір әулеті билеген Мәуереннахрдың 4-5 жыл ішіндегі ішкі саяси жағдайы осылай қалыптасады/23. 48/.

     Әбу Сайд мырза Мәуереннахрды 1451 жылдан бастап 18 жыл бойы билесе де, оған өз билігін, сондай-ақ Мәуереннахрдың тұтастығын сақтап қалу үшін үнемі сыртқы күштер мен ішкі күштерге қарсы соғыс жүргізуіне тура келеді. Тек 1457 жылы Гератта Әбілқасым Бабаырдың қайтыс болуынан кейін, ол Хорасанды бағындырады, бірақ Гератқа тұрақты билік жүргізу үшін Иранның батысындағы Қара Қойлы, Ақ Қойлы әулеттерімен күрес жүргізуіне тура келеді. Міне, осындай Мәуереннахрдың саяси өміріндегі оқиғалардың оның шығысындағы көршісі Моғолстан аумағында Қазақ хандығының құрылуына қалай ықпал еткенін білу үшін, Әбу Сайд мырзаның 1451-1457 жылдардағы билігіне, осы жылдардағы Мәуереннахрдың ішкі және сыртқы саяси жағдайына үңілелік.

     Әбу Сайд мырзаның билігіне алғашқылардың бірі болып баға берген В. В. Бартольд «Ұлығбектің қырық жылдық үстемдігі Әбу Сайд мырзаның Ташкенттен алдырған Қожа Ахра, нақышбандық топ өкілдерінің қырықжылдық үстемдігімен ауысты», – деп жазады/12. 166/. Біз бұл жерде XV ғасырдағы Мәуереннахрдың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, діни тарихы мәселелерін талдаудан аулақпыз. Бірақ та бұл мәселелер әсіресе діни факторлардың ықпалы Әбу Сайд мырзаның өмірінде, жүргізген саясатында байқалады. Орта Азиядағы сопылықтың негізін нақышбандық негізін қалаған Қожа Ахрар ол – Хазірет Қожа Ұбайдоллах, Қожа Насыр ад-дин Убайдаллах, Хазірет Ишан (1404-1489-90 жж.) XV ғасырдың ортасы мен екінші жартысында Мәуереннахрдың саяси өмірінде үлкен рөл атқарады. В. В. Бартольд Әбу Сайд мырзаның Қожа Ахрардың ықпалында болғандығын айтып өтеді/12. 168/. В. В. Бартольдтың бұл пікірін Ұлығбектің билігі жылдарындағы Мәуереннахрдың мәдени өмірін одан кейінгі жылдардағы мәдени өмірмен салыстыру үшін айтылған пікір деп түсінуіміз керек. Ал саяси өмір болса біршама тұрақтанып, билік үшін ашық түрдегі күрестер бәсеңдегенімен ішкі саяси өмірді толығымен бейбіт қалыпқа түсті деуге болмайды.

     Әбу Сайд мырзаның18 жылдық билігінің алғашқы жылдарында Самарқан тағын ұстап қалуына бірнеше факторлар әсер етеді. Оның біріншісіне – Ұлығбектің 40 жылдық билігі тұсында саяси биліктен алыс болса да, халық арасында ықпалы күшті болған сопылық бағыттағы нақышбандық топ жетекшілерінің Әбу Сайд мырзаға қолдау көрсетуі жатса, екіншісіне – өзін тікелей билікке отырғызған Әбілқайыр ханның қолдауы болды. Самарқан тағының иесі болған қызметі үшін мол сыйлықтар беріп, Ұлығбектің Рабиға Сұлтан бегім атты қызын ұзатады/9. 201/. Осындай мықты қолдауға ие болған Әбу Сайд мырза алғашқы жылдары өзіне қарсы шыққандар мен бас кқтергендерді жеңіліске ұшыратып, қатаң жазалап отырады. Темір әулетінің тарихшыларының бірі – Абраззак Самарканди Әбу Сайд мырзаның тақты иеленуін барынша мадақтай келе, оның алғашқы жасаған әрекеттері туралы былай деп жазады: «Ақылды адамдардың көңілінен шыққан оның бірінші және маңызды ісі Абдаллатиф мырзаны өлтіргендерден кек алу болды. Оларды ұстатып, өлтірткізеді де, Абдаллатифті өлтірген жерде өртетіп жібертті» /9. 201/. Әбу Сайд мырза осы әрекеті арқылы өзінің  Ұлығбектің ұзақ жылдардағы саясатын қолдаушылар мен жақтаушылар алғашқы кезде тым-тырыс қалғандай болады да, бірте-бірте өз қарсылықтарын білдіре бастайды.

     Алғашқы бас көтеру 1455 жылы Отырар қаласында болады, бірақ оны Әбу Сайд мырза тез басып тастайды. Бір қызығы, Отырардағы бас көтергендерге Әбілқайыр хан көмек береді. В. В. Бартольдтың пікірінше, бүлікшілерге Бұқарадағы дін басылары қолдау көрсеткен/12. 169/. Біз оларды Ұлығбектің саясатын қолдаушыларға жатқызамыз. Ал Әбілқайыр ханның Отырардағы бүлікшілерді қолдауын мынадай себеппен түсіндіреміз. Әбу Сайд мырзаның билікке келгеннен кейін бірнеше рет Моғолстан әскерлерін жеңуі, уақытша болса да, 1454 жылы Гераттағы Әбілқасым Бабырмен бейбіт келісімге келуі, оның беделін көтеріп, абыройын асырады. Халық арасында ықпалы өсіп, билігі күшейе түседі. Солтүстіктегі көршіге бұл ұнамай, Отырардағы бүлікшілер арқылы ол Әбу Сайд мырзаның билігін төмендетіп ұстауды мақсат еткен секілді. Кезінде, яғни 1449 жылы Әбілқайыр хан Ұлығбектің күшейіп кетуіне жол бермеу үшін оған ұлымен қарсы күресте әскери көмектен бас тартқан болатын.

     1455 жылғы Отырардағы Әбу Сайд мырзаға қарсы жасалған бас көтерудің жеңіліске ұшырауына – онда Темір әулетінен шыққан өкілдің жетекшілік етпеуі жатады. Темір әулетінің бір өкілі басқарып, жетекшілік еткен болса, онда ол жөнінде Самарканди немесе Кухистани міндетті түрде хабарлаған болар еді.

     Ал келесі көтеріліске Темір әулеті өкілдерінің бірі жетекшілік етеді. Ол көтерілістің Мәуереннахрдың сол жылдардағы ішкі саяси өміріне тигізген әсері біршама болғандықтан, оған тоқтала кетелік.

1451-1457жылдары Мәуереннахрдың ішкі саяси өмірінде болған ірі оқиғалардың біріне Ұлығбектің немересі, Абдаллатифтің ұлы Мұхаммед Жөкінің Әбу Сайд мырзаға қарсы жасаған көтерілісі жатады. В. В. Бартольд Абдраззак Самаркандидің дерегіне сүйеніп, Мұхаммед Жөкінің көтерілісі 1461 жылы басталды деп жазса/33. 170/, Әбілғазы болса, Мұхаммед Жөкінің көтерілісіне қатысты оқиғалардың бәрін, яғни Ұлығбек немересінің Әбу Сайд мырзаның оны Шахрухия қамалында қоршауға алғанын, кейіннен оны тұтқындап Гератта, түрмеде ұстағанын хижраның 860 (1455) жылы болып еді деп баяндайды/8. 123-125/. Шахрух пен Әбу Сайд мырзаның билік құрған жылдары Гератта билеуші әулеттің жанында болған Абдраззак Самаркандиге (1413-1482) мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі белгілі болып, әр жылғы оқиғалар қағазға түсіріліп отырғылған. Мұхаммед Жөкінің көтерілісі, оның «көшпелі өзбектер» ханына әскери көмек алып, Әбу Сайд мырза әскерімен соғысы және т. с. с. оқиғалар Мәуереннахр өміріндегі маңызды оқиғалардың қатарына жатқандықтан, Самарканди сол оқиғалардың тұстасы бола тұра, олардың болған мерзімін қате айтуы мүмкін емес.

     Ал Әбілғазыға көмек Мұхаммед Жөкіге қатысты оқиғалар 200 жылдан кейін баяндап отырғандықтан оның оқиғалардың болған жылдарын қате айтуы немесе шамамен болжап айтуы әбден мүмкін. Сондықтан да біз, Мұхаммед Жөкінің Әбу Сайдқа қарсы көтерілісі 1461 жылы басталды деген деректі қолдаймыз.

     Мұхаммед Жөкінің көтерілістің алғашқы кезінде тез арада Мәуереннахрдың жартысынан астам аумағын бағындаруы – біріншіден, Әбілқайыр ханның әскери көмегінің арқасында болса, екіншіден, Мәуереннахрда Мұхаммед Жөкіні қолдайтын күштердің көп болуынан деп түсінеміз. Ұлығбек немересін қолдайтындардың Әбу Сайд мырзаның қарсыластары екені өзінен өзі-ақ түсінікті. Отырардағы бас көтеру басып тасталғаннан кейін Әбу Сайдтың қарсыластарды көтеріліске кең ауқымдылық беру үшін міндетті түрде Ұлығбектің немересін көтерілістің жетекшілігіне тартып, Мұхаммед Жөкіні билікке әкелуді ойластырған. Біздің ойымызша, көтеріліс 1461 жылы басталғанымен, оның дайындығы 1455 жылғы Отырар көтерілісі басылғаннан кейін бірден басталған/23. 50/.

     Жалпы алғанда, бұл айтып өткен бас көтерулер мен көтеріліске дайындықтар Әбу Сайд мырзаның билігінің алғашқы жылдарында Мәуереннахрдың ішкі саяси өмірінің әлі де болса тұрақсыз, құбылмалы жағдайда тұрғандығын көрсетеді.

     Осы қарастырылып отырған жылдар ішіндегі Мәуереннахрдың сыртқы саяси жағдайының барысынан, оның ішінде Моғолстанмен, Хорасанмен және Хорасанның батысындағы Қарақойлықтар әулетімен жүргізген саяси қарым-қатынастарының Қазақ хандығының құрылуына қандай дәрежеде қолайлы жағдайлар жасағанын анықтауға болады. Сондай-ақ осы қатынастар шеңберіндегі жазба деректер негізінде нақты анықталған оқиғаларды салыстыру арқылы Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келген мерзімін білуге болады. Олай болса, 1450-ші жылдардың бірінші жартысындағы Мәуереннахрдың көршіліс елдермен қарым-қатынастарын талдап көрелік.

     Алдыменен Мәуереннахрдың Моғолстанмен жүргізген қарым-қатынастарынан бастайық. Біз бұған дейін бұл қарым-қатынастарды Моғолстан тұрғысынан қарастырғанбыз. Сондай-ақ қысқаша болса да, кезінде Шағатай ұлысының құрамында болған екі аймақтың жеке мемлекет болғаннан бергі қатынастарына шолу жасағанбыз. Ондағы қарастырылған мәселелерді бұл жерде қайталап жатпай, тек жалпылама түрде айтсақ, екі ел арасындағы қатынастардың өзгермей, ауыспалы болғанын байқаймыз. XIV ғасырдың 50-60 жж. қарым-қатынастарында Моғолстан жетекшілік рөл Мәуереннахрға көшеді. Ұлығбектің билігі тұсында да Мәуереннахр бұл жетекші ролді сақтап қалады. Ал Шахрухтың қайтыс болған жылынан бастап, Темір әулеті арасындағы билік үшін болған өзара күрес жылдары екі ел арасындағы саяси қарым-қатынаста белсенділік қайтадан Моғолстан жаққа аударды да, Мәуереннахр жағы тек қорғанушы рөлін атқаруға мәжбүр болады.

     Біз бұған дейін Моғолстанның Мәуереннахрмен жүргізген қарым-қатынасын қарастырып, Есенбұға ханның ол елге жасаған бірнеше жорықтарын, Әбу Сайд мырзаның Ианги түбінде моғол әскерлеріне тойтарыс бергендігін айтып өткенбіз. Бұл жерде оны қайталап жатпай, тек оқиғаларға Мәуереннахр тұрғысынан сипаттама берелік.

     1451 жылға дейін, яғни Әбу Сайд мырза билікке келгенге дейін Есенбұға ханның Темір әулеті арасындағы билік үшін болған күрестерді пайдаланып, Мәуереннахрдың шығыс аймақтарына бірнеше рет тонаушылық сипатта жорықтар жасайды. Есенбұға үшін бұл жорықтар қалай сәтті болса, Мәуереннахр үшін керісінше, қайғылы аяқталып отырады. 1447-1451 жылдардағы темір әулеті арасындағы күрестің қызған кезінде, әсіресе, Ұлығбектің Хорасан аймағы үшін, оның өз ұлымен сондай-ақ Абдаллатиф мырзаның Абдаллахпен, Абдаллахтың Әбу Сайдпен күрестері кезінде Мәуереннахрдың шығыстағы аймақтары ешбір қорғаусыз қалып, Мұхаммед Хайдар Дулатидың айтуынша, Есенбұға «Сайрам, Түркістан, Ташкентте жорық жасап, ойрандап қайта оралып» отырады. Мәуереннахр тарапынан қарсылық болмаған соң Есенбұға хан «сол жерге екінші рет шабуыл жасайды» /27. 109/.

     1451 жылы Самарқан тағына Әбу Сайд мырзаның келуімен жағдай күрт өзгереді. Мұхаммед Хайдар Дулати, Әбу Сайд мырза Есенбұға ханды қуып, Иангиге дейін тықсырды, моғолдар ұрыссыз қашып кетті»,  – деп жазса, Бабыр «Сұлтан Сайд мырза таққа отырғаннан соң, Есенбұға ханға қарсы жорыққа шықты. Янгидің арғы жағында Ашпарада, Моғолстанда ол Есенбұға ханның быт-шытын шығарды», – деп баян етеді/42. 30/. Әбу Сайд мырза осылайша Есенбұға ханға алғаш рет тойтарыс берсе де, оның тонаушылық жорықтарына тұрақты тосқауыл қоя алмайды. Самарқан билеушісінің сыртқы саясаттағы басты бағыты – Хорасан аймағын жаулау екендігін білген Моғолстан ханы Мәуереннахрдың шығыс аймақтарына жорықтар жасап, үнемі қауіп-қатерде ұстайды, ал егер Самарқан әскері қарсы шықса, шегініп кетеді, олар кейін оралса, тағы да қауіп төндіре бастайды. Міне, Мәуереннахр билеушісі үшін Моғолстан ханымен нақты бір принциптерге негізделген саяси қарым-қатынастар жүргізу мүмкін емес болатын.

     Мәуереннахр билеушілерінің XV ғасырдың 50-ші жылдарындағы сыртқы саясаттағы басты бағыты – оңтүстік-батыс бағыт, яғни орталығы Герат қаласы болған Хорасан аймағын Әмір Темірдің билігі кезіндегідей Мәуереннахрға қайта қосу болды. Сол себепті де ол Моғолстанның тонаушылық жорықтарына қарамастан Хорасаннан айырылып қалмау үшін бар күштерін салады. Әбу Сайд мырзаға бірден бір мезгілде екі майданда күрес жүргізуге тура келеді. Біріншісі – шығыс бағыттағы Моғолстан болса, екіншісі – оңтүстік-батыс бағыттағы Хорасан үшін темір әулетінің басқа өкілдерімен, сондай-ақ Хорасанға қауіп төндіріп отырған Қарақойлы әулетінің билеушісі Жахан шахпен күрес болды. Осы екі бағыттағы күресте Әбу Сайд мырза басты бағыт ретінде Хорасан бағытын ұстанады да, өзінің негізгі күштерін сонда бағыштайды. Ал шығыс бағытты екінші орынға қояды. Мұны біз 1457-1458 жылғы оқиғалар барысынан көреміз/23. 51/.

     Мәуереннахр үшін негізгі бағыт болып саналған Хорасанға келсек, онда 1447 жылы Шахрух қайтыс болғаннан кейін саяси билік жиі ауысып отырады. 1448 жылы Ұлығбектің Хорасанға жасаған екінші жорығынан кейін, ондағы билікті Ұлығбектің інісі Байсұңқардың үш ұлы иемденеді де, 1451 жылға дейін билік үшін күрестер Сұлтан Мұхаммед мырза, Әбілқасым Бабыр және Ала ад-даула арасында өршиді. А. Мюллердің жазуынша «ағайынды үш бауырдың арасындағы қатынастар Ұлығбек әулеті арасындағы қатынастарға ұқсайды. Мұхаммед мырза мен Ала ад-даула Бабырға қарсы аттанады. …Олар өздерін қаншама қарапайым етіп көрсеткенімен, іс насырға шауып, ұрыс болады. Бабыр жеңіске жетіп, екі бауырын да тұтқынға алады. Ол Мұхаммедті өлтіруге бұйрық береді, ал ад-дауланың екі көзін ойып алғызады» /43. 350/. Осылайша, Бабыр 1451 жылы Хорасан билігіне таласқан негізгі қарсыластарын толығымен жеңеді, бірақ оған жаңа қарсыластар пайда болады. Оның бірі – Мәуереннахрда билікке келіп, оған Хорасанды қосуды алдына мақсат етіп қойған Әбу Сайд мырза болса, екіншісі – Хорасанның батысындағы Қарақойлы әулетінің билеушісі –   Жахан шах (1436-1467 жж.) болатын. Мәуереннахрдағы Әбу Сайд мырзаға Есенбұға хан мен Бабыр қандай қауіптер туғызып отырса, Хорасанды иеленген Бабырға да Әбу Сайд мырза мен Жахан шах дәл сондай қауіптер туғызады.

     1457 жылы Герат билеушісі Әбілқасым Бабыр кенеттен қайтыс болып, сол жылдың аяғында Әбу сайд мырза Гератты иеленеді. Ал келесі жылы Гератқа түпкілікті билігін орнатып, 1469 жылға дейін бүкіл Хорасанды Мәуереннахрға қосады. 1457 жылы Хорасан аймағындағы саясатын ойдағыдай жүргізу үшін және Мәуереннахрдың шығыс аймақтарын Есенбұғадан қорғау үшін Шираз қаласынан Есенбұға ханның ағасы Жүніс ханды шақыртып, оны інісіне қарсы қояды. Жалпы алғанда, Қазақ хандығының құрылған датасын анықтауда Жүніс ханның Моғолстанға келуі Керей мен Жәнібектің де Моғолстанға көшіп келуімен қатар болғандықтан, бұл оқиғаның Қазақ хандығының құрылуы үшін өзіндік маңызы бар деп есептейміз.

     Осылайша, Мәуереннахрдың XV ғасырдың орта тұсындағы ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болып, ондағы билік үшін саяси күрестер әсіресе, Мәуереннахрдың Моғолстанмен қарым-қатынасы осы кездерде моғолстанның батыс бөлігінде ұлттық сипаттағы Қазақ хандығының құрылуына қолайлы саяси алғышарттар әзірледі деген қорытындыға келеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен «қазақ» атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарым-қатынастары өзінше рөл атқара алды. Диплом жұмысының негізгі жаңалығы да – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы  аталған аймақтардағы мемлекеттер: Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларын салыстыра талдау болып табылады. XV ғасырдың 50ші жж. аталған территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді.

     Диплом жұмысының негізгі нәтижелері – Қазақ хандығы құрылуының қарсағындағы Әбілқайыр, Моғолстан, Темір әулеті мемлекеттерінің саяси жағдайы мен өзара байланыстарын талдай отырып, Қазақ хандығының ққрылуына ықпал еткен қолайлы жағдайларда анықтау. Енді жоғарыда айтылған Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың орта тұсында көрші елдермен жүргізген саяси қарым-қатынасы мәселесіне байланысты айтқан ойларымыз бен пікірлерімізді жинақтап қорытындылайық.

     Біріншіден, Әбілқайыр ханның бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты бағындыруы Жошы Ұлысының сол қанатындағы басқа саяси құрылымдардың (Сібір хандығы, Ноғай Ордасы) күшті қарсылығын туғызады да, ол өз кезегінде сол мемлекеттермен жүргізілген саяси қарым-қатынастардың сипатын анықтайды. Екіншіден, Әбілқайыр ханның Мәуереннахр және Моғолстандағы темір, шағатай әулеттерімен көрші болуы олардың ашық қарсылығын туғызбаса да, ұнатпағаны белгілі. Өз іштеріндегі саяси дағдарысқа байланысты олар Сыр бойының Әбілқайыр ханға бағындырылуын мойындауға мәжбүр болады. Ал, Әбілқайыр хан болса, Темір әулеті арасындағы өзара күресті өз пайдасына шешуге тырысады. Алғашында ол саясат нәтижелі болғанымен, кейінгі жылдары Мәуереннахрдың ішкі саяси өміріне оның ықпалы азаяды. Үшіншіден, XV 40-50-ші жылдарындағы Әбілқайыр ханның көрші елдермен жүргізген саяси қарым-қатынастарында ешбір елмен қатынастардың достық сипатта болмағандығына көзімізді жеткізіп, ол Қазақ хандығының құрылуы үшін аса қолайлы саяси алғышарттар даярлаған деген жалпы қорытындыға келеміз. 

     Мәуереннахр мен Моғолстан арасындағы қалыптасқан саяси қатынастар XV ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында Жүніс пен Есенбұға хан арасындағы тақ үшін күресті туғызады. Ал бұл күрестің Моғолстан жеріне ауысуы оның ресми ханына одақтастарды қажет еткізеді. Бұл қалыптасқан саяси жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жүніс пен Есенбұға ханның иеліктерінің арасындағы аймақ Шу алабы мен Қозыбасы өңіріне көшіп келіп, аталған аймақта  Қазақ хандығының іргетасын қалауға тікелей қолайлы жағдай жасайды.

     Жоғарыда айтылған барлық ой-пікірлерімізді тұжырымдай келе, Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы, яғни XV ғасырдың 50-ші жылдарындағы Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы Керей мен Жәнібек сұлтандарға жаңа мемлекеттің Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне қолайлы жағдайлар жасады дейміз. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр мемлекетіндегі феодалдық алауыздықтардың, феодалдық қанау мен езгінің күшеюіне байланысты, 20 мың қазақтың шығыс дешті қыпшақтан Моғолстандағы Жетісуға қоныс аударуы және батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, Моғолстан мемлекеті мен қазақ халқының тарихи тағдырына қатысты аса маңызды оқиға болды. Бұл мезгілдегі Моғолстан қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды. Жетісуда қазақ хандығы құрылған соң көп ұзамай-ақ Моғолстанның хандары өздерінің Жетісу өңіріндегі билігінен айырылды. Ондағы қазақ тайпалары қазақ хандығының негізгі бөлігімен бірікті.

     Қазақ хандығының құрылуына саяси жағынан өзіндік әсер еткен мемлекеттердің бірі Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекеті болды. Егерде XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығындағы этносаяси жағдайлар жаңа мемлекеттің қалыптасуына толық алғышарттар даярласа, оның көршісі Моғолстандағы ішкі этносаяси жағдайлар Қазақ хандығының Моғолстан аумағында ту көтеруіне алып келді. Ал нақты Моғолстанның батысында Қазақ хандығының құрылуы – оның Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетімен XV ғасырдың ортасында жүргізілген саяси қарым-қатынастардың нәтижесі болып саналады. Сондықтан да біз үшін XV ғасырдың орта тұсындағы Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы жағдайын білудің маңызы зор.

    Ақсақ Темірдің жаулап алу соғыстары нәтижесінде құрылған оның империясы этносаяси, мәдени, экономикалық дамуы жағынан алғанда біркелкі болмады. Әкеден қалған тақты иеленген Темірдің кіші ұлы Шахрух империяны 40 жылдай басқарса да, империяның әр аймақтарында әлсін-әлсін болып тұратын толқулар мен сепаристік бағыттағы қимылдар оның негізі берік емес екендігін көрсетіп отырды. Болашақтағы саяси бытыраңқылықтар мен тақ үшін талас-тартыстардың негізі Шахрухтың тірі кезінде-ақ, XV ғасырдың 40-шы жылдарының басында қалана бастайды. Сол тұста тақ мұрагеріне қатысты мәселе бойынша билеуші әулеттің өз арасында бірнеше үміткерлер пайда болып, олар жасырын түрде болса да болашақ күрестерге дайындала бастайды. Негізгі күрес Ұлығбек, Абдаллатиф пен Ала-ад-Даула арасында жүреді. Тақ үшін күрестерді өз пайдасына қолдануға тырысқан Әбілқайыр Ұлығбекке көмектесуден бас тартады. Шахрухтың қайтыс болғанынан Әбу Сайд мырзаның билікке келгенге дейінгі 4 жарым жылдай уақыт ішіндегі Темір әулеті билік құрған империяның ішкі саяси жағдайын қарастыра келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады. Біріншіден, империяның негізі берік  болмай, орталық биліктің әлсіреуіне байланысты ол бірнеше аймақтарға бөлініп кетеді. Билеуші әулет арасында ортақ мүдденің, бірліктің болмауы тақ үшін күрестердің болуына алып келеді.

     Екіншіден, тақ үшін күрестер алғашында Хорасан аймағында Шахрухтың .лкен ұлы Ұлығбек пен Шахрухтың тағы бір баласы Байсұңқар ұлдарының арасында өтсе, күрестің келесі кезеңінде билік үшін тартыстар одан ары шиеленісе түсіп, Хорасандағы күрес Байсұңқардың ұлдары арасында жүреді. Ал Мәуереннахрдағы күрестің отын Ұлығбек пен ұлы Абдаллатиф қыздырады. Нәтижесінде, әкесін өлтіріп,  ұлы билікке келеді. Үшіншіден Мәуереннахрдағы күреске соңғы кезеңде Әмір Темірдің өзге ұлдарынан тараған өкілдер де белсене араласып, аз уақыт болса да, тақты иеленелі.

     Төртіншіден, Мәуереннахрдағы билікке таласушылар арасында өте беделді, көпшіліктің қолдауына сүйенген дара тұлғаның болмауы талас-тартыстарды үздіксіз етеді де, үміткерлер міндетті түрде сыртқы күштерге арқа сүйеуге мәжбүр болады. Әбу Сайд мырзаның билікке келуін осымен түсіндіруге болады.

     Бесіншіден, саяси бытыраңқылықтардың нәтижесінде Мәуереннахр аймағында Гератқа бағынбайтын жеке саяси құрылым пайда болып, билік үшін күрестердің тоқтамауы – ғасырдың ортасында оны да өте әлсіретіп жібереді. Міне, Шахрух қайтыс болғаннан кейінгі Темір әулеті билеген Мәуереннахрдың 4-5 жыл ішіндегі ішкі саяси жағдайы осылай қалыптасады.

     Әбу Сайд мырза Мәуереннахрды 1451 жылдан бастап 18 жыл бойы билесе де, оған өз билігін, сондай-ақ Мәуереннахрдың тұтастығын сақтап қалу үшін үнемі сыртқы күштер мен ішкі күштерге қарсы соғыс жүргізуіне тура келеді. Мәуереннахр билеушілерінің XV ғасырдың 50-ші жылдарындағы сыртқы саясаттағы басты бағыты – оңтүстік-батыс бағыт, яғни орталығы Герат қаласы болған Хорасан аймағын Әмір Темірдің билігі кезіндегідей Мәуереннахрға қайта қосу болды. Сол себепті де ол Моғолстанның тонаушылық жорықтарына қарамастан Хорасаннан айырылып қалмау үшін бар күштерін салады. Әбу Сайд мырзаға бірден бір мезгілде екі майданда күрес жүргізуге тура келеді. Біріншісі – шығыс бағыттағы Моғолстан болса, екіншісі – оңтүстік-батыс бағыттағы Хорасан үшін темір әулетінің басқа өкілдерімен, сондай-ақ Хорасанға қауіп төндіріп отырған Қарақойлы әулетінің билеушісі Жахан шахпен күрес болды. Осы екі бағыттағы күресте Әбу Сайд мырза басты бағыт ретінде Хорасан бағытын ұстанады да, өзінің негізгі күштерін сонда бағыштайды. Ал шығыс бағытты екінші орынға қояды. Мәуереннахрдың XV ғасырдың орта тұсындағы ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болып, ондағы билік үшін саяси күрестер әсіресе, Мәуереннахрдың Моғолстанмен қарым-қатынасы осы кездерде моғолстанның батыс бөлігінде ұлттық сипаттағы Қазақ хандығының құрылуына қолайлы саяси алғышарттар әзірледі деген қорытындыға келеміз.

     Нәтижесінде қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ мемлекеттілігінің бастауы болды. Әбілқайыр билігімен келіспеушілікке келген қазақ рутайпаларына Моғолстан билеушісі Есенбұға қоныс берді. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін өзбек ұлысының  шаңырағы шайқалды. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы Жетісуға келіп ес жиып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті Қыпшақ көшпенділері Әбілқайыр ханның қоластынан шығып, Қазақ хандығына келіп жатты.XV ғасырдың 50-70-ші жылдарында Әбілқайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп келді.1462 жылы Есенбұға хан қайтыс болып, ойрат шонжарларының Моғолстанға жорығының күшеюі Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына келіп қосылуын үдете түседі. Бұл өз кезегінде жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыруға септігін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарихи Рашиди, парсы тіліндегі қолжазба нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. Басқарған және алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісәлі, Алматы: Тұран, 2003, 616 б.
  2. Кәрібаев Б. Б. XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілқайыр хандығының Моғолстан және Мәуереннахрмен саяси қарым-қатынастарының мәселелері жөнінде// ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. № 1-2 (39-40). 2009.
  3. Материалы по истории казахских ханств в XV-XVII вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  4. Тарих-и Абулхаир-хани// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  5. Таварих-и гузида-йи нусрат-наме.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  6. Фатх-наме.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  7. Қадырғали Жалайыр. Жылнамалар жинағы. – Алматы, 1997.
  8. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1992.
  9. СМИЗО
  10. Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. – М.,1965.
  11. Пищулина К. А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI вв. (Вопросы политической и социально-экономической истории). – Алма-Ата, 1977.
  12. Бартольд В. В. Улугбек и его время. Соч., Т. II., Ч.2. – М., 1964.
  13. Бартольд В. В. История культурной жизни Туркестана. Соч., — Т.I., Ч.1. – М., 1963.
  14. Якубовский А. Ю. Самарканд при Тимуре и Тимуридах. – Л., 1993.
  15. Ахмедов Б. А. Из политической истории Хорезма XV в. Известия АН УзССР, 1960. — №5.
  16. Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды// На стыке континентов и цивилизаций…(Из опыта образования и распада империй X-XIVвв.). – М., 1996.
  17. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1992.
  18. Нығмет Мыңжан. Қазақтың көне тарихы.
  19. Қазақстан тарихы/Қаражан
  20. Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. – Алматы, 1999.
  21. Кәрібаев Б. Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары// Ақиқат, №11, 2008, — 97-106 бб.
  22. Кәрібаев Б. Темір әулетінің тағдыры// Ана тілі, №52 (941). Желтоқсанның 25-і, 2008 жыл. 36-бет.
  23. Кәрібаев Б. Б. XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайы// ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы.№4 (45). 2008, 45-53 бб.
  24. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Дешті Қыпшақ, Мәуереннахр және Моғолстанның саяси жағдайы (XV ғ.50-ші жылдары)// Қазіргі Қазақстан ғылымындағы әлемдік тарих мәселелері. Проблемы всемирной истории в контексте современной казахстанской науки: Респ. ғыл.-теор. конф. материалдары. Материалы Респ. науч.-теор. конф. Ред. кол. А. И. Купчишин, К. Т. Жумагулов: Каз. Гос. Нац. ун-т им. Аль-Фараби. – Алматы , 2001, — 74-78 б.б.
  25. Бартольд В. В. Соч., — Т.V., — М. 1964.
  26. Бахр аль Асрар.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  27. Султанов Т. И. Рождение казахской государственности. История Казахского ханства. – Алматы: Мектеп, 2003. – 160 с. – (Серия «Слово Седьмое»).
  28. Мырза Хайдар Дұғлат. Тарих и Рашиди., Теһран: Мирас мәктуб, 2004.
  29. Қазақстан тарихы. – Алматы,
  30. Шайбанинаме.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  31. И. Жеменей. Моғолдар және дулат әмірлігі.// ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №1(44). 2007. – 19-24 бб.
  32. Қазақ совет энциклопедиясы, 7-том.
  33. Бартольд В. В. Соч., — Т.ІІ., — М. 1963.
  34. Муйнаддин Натанзи. Мунта хап ат-тауарих муйни.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
  35. Қырғыз ССР тарихы, 1-том, — Фрунзе, 1968.
  36. Қазақ совет энциклопедиясы, 2-том.
  37. Қазақ совет энциклопедиясы, 4-том.
  38. Мирза Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. Введение, перевод с персидского А. Урунбаева, Р. П. Джалиловой, Л. М. Епифановой. – Ташкент, 1996.
  39. Златкин И. Я. История Джунгарского ханства (1635-1758) ИНА АН СССР. М., 1964.
  40. Дәуірбаева Н. XV ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.// ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №1(44). 2007. – 29-30 бб.
  41. История Узбекской ССР. Т. 1. С древнейших времен до середины XIX века. – Ташкент, 1967.
  42. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. Толықтырылып екінші басылуы. – Алматы, 1993.
  43. Мюллер А. История ислама с основания до новейших времен. – Спб., 1896.