АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ қоғамындағы батырлар мен батырлар институты

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

                                                                      

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1   ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР МЕН БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

1.1 Батыр ұғымы мен  қазақ қоғамындағы  батырлардың саяси — әлеуметтік құрылымы туралы зерттеулер

1.2 Батырлар институтының пайда болуы, қалыптасуы туралы зерттеулер

 

2   ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР МЕН БИЛЕР ИНТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

2.1 Би сөзі мен қазақ қоғамындағы билердің орны туралы зерттеулер

2.2  Билер институты мәселесінің зерттелуі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БАТЫР ҰҒЫМЫ МЕН ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАРДЫҢ САЯСИ — ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

 

Казіргі кезде  «батыр» сөзінің этималогиясы туралы нақты ғылыми дәлелденген ортақ пікір жоқ.  Бірақ бұл сөздің бір ерекшелігі қандай тіл құрамында қолданылмасын барлық тілдердегі ұғымы бір. Сонымен бірге  «батыр» сөзі Қиыр Шығыстағы алтай тіл семьясына жататын халықтардан бастап, батысында Шығыс Европадағы славян тілдес халықтарда, солтүстігінде  фин-угор тіл семьясына жататын халықтарды, ал оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары арасында кең тараған сөз болды. Бұл феноменнің басты себебі көшпелі дүниенің қозғалысқа түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ «батырлардың» қалыптасуы болды.

Қазіргі кезеңдегі тарихи зерттеулерге талдау жасай отырып, «батыр» сөзінің этималогиясына байланысты зерттеулерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топка  «батыр» сөзі көне түркі тілінде қалыптасқан ұғым деген  пікірді қолдаушыларды жатқызуға болады.

1891 жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздікте «богатырь» -түрік сөзі. Бахгатур, багадур, батур, батырь, батор – деген әртүрлі формада қолданылған және ол багатырь сөзінің ең алғаш  Серницкийдің 1585 жылғы кітабында кездеседі дегенді атап көрсеткен. [107, 147 б.].

Профессор И.Е. Андреевскийдің энциклопедиялық сөздігінде «батыр» сөзінің ешқандайда орыстық тамыры жок, ол алғашқы кезде татарлардың әскер басы титулы ретінде қолданылғанын және батырлардың тек ттарлар заманынан бастап пайда болды деген пікірден аулақ екенін фйта келіп, татарлар кезеңіне дейін бұл сөздің синонимдері – храбрь сияқты сөздеодің пайдаланылғанын айтады. [108, 147 б.].  Ал  М.Фасмер сөздігінде «батыр» сөзінің орталық Волга жерінде артель старшинасы, жүкшісі деп қолданылғаны туралы айта келе Соболевскийге сілтеме жасай отырып, бұл сөз түріктің «батыр» сөзінен шыққан дейді. Ол  «ержүрек, күшті, шаба алатын адам» орыстың «богатырымен» ұқсас деп есептейді. Сематикалық тұрғыдан атамен сөзімен салыстыруға болатындығын атап өтеді. [109, 135].

Бір қатар зерттеушілер «батыр» сөзінің этималогиясына ерекше мән бере отырып, оның түрк халықтарының арасында кеңінен тарауын VІ ғасырдан бастау алып, ІХ-Х ғасырларда Волга бойындағы түркі тілдес булгарлар мен хазарлар арасында тарай бастады деп есептейді. Мысалы, белгілі түркітанушы С.Г. Кляшторный «багатур» термин-титулы көне түркілер арасында VІ ғасырдан бастап тарай ьастады деп есептесе [110, 113 б.], ал Минорский Х ғасырда хазарлар арасында кеңінен тараған «багатар» титулын Аланияның билеуші топтары қолдана бастады. Бұл сөзді «багаир» түрінде аландар арасында кеңінен тарағанын Ибн Руст жазып кетсе, ал грузин хроникаларында да осы ұғым кездеседі деп жазды [111, 221 б].         В.Б. Пфафф «осетин княздарында татарлардың  құрметті «Багатар» титулы VІІ ғасырда хазарлармен араласудың нәтижесінде пайда боды деп жазса [112, 19 б], ал В.Ф. Миллер «түрік сөздері, соның ішінде Багатар сөзі де, осетин тіліне ХІІІ ғасырдағы татарлардың Солтүстік кавказды бағындырған кезіне дейін енген сияқты. Бахатур сөзі қыпшақтарда болған сияқты» деп жазды. [113, 117 б]. Г. Моравчик б.э. І мыңжылдығының екінші жартысында түркі тайпаларында кеңінен тарады, соның ішінде булгар ақсүйектері ІХ-Х ғасырларда қабылдады деп есептесе, де ал Артомонов осы кезеңде хазарларда да тарады деп жазды [114, 83 б].

Қазақстандық белгілі зерттеуші И. Ерофеева: «тюрко-монгольское слово «батыр», «багатур», «бахадур» первоначально означало храбреца, вызывающего врага перед битвой на противоборство. В этой транскрипции оно еще в ХІV в. проникло  в русский язык, потеснив более ранний, автахтонный термин южнославянской книжности «храбр», т.е. «воитель». Наряду с русской калькой данного термина — «богатырь»  — в Московском государстве конце ХV- первой трети ХVІ в для обозначения иноземных храбрых воинов уже использовался собственно тюркоязычный термин «батыр», подтверждением чему могут служить одельные земечания небезызвестного автора «Записок о Московии», германского посла Сигизмунда Герберштейна (1486-1566), впервые услышавшего это найменование от русских людей», — деп тұжырым жасайды [57, 33 б.].

Сондай-ақ «батыр» сөзінің моңғолдарға дейін де болғандығын патша әскерінің генерал-лейтенанты, әскери-оқу комитетінің бас штаб мүесі болған М.Иванин еңбектерінде: «… из оставшихся сведений видно, что отец и дед Темудзина был храбрыми воинами, грабили Китай и за свои военные подвиги получили название батырей (багату или багадур ), т.е. выражая по нашему, богатырей или степных героев» [59, 36], -деген деректер келтіріледі.

«Батыр» немесе «багатурь» сөзі орыс жылнамаларында тек монғол-татар кезеңінде пайда болғанымен белгілі ақын, зерттеуші Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь полкы туралы» жырдағы «бойтур» сөзін «батыр» сөзімен байланыстырады.  Ол батыр сөзінің  -буйтур, батыр, батур, боотур, богатырь делініп пайдаланылғанынғ мүндағы буйтур сөзінде буй-ағы, жабайы дегенді білдірсе, тур-өгіз, бұқа деген мағынада айтылады, осы екі сөз косылып айбынды, күшті, өгіздей күшті дегенді білдірсе керек деген болжамдар жасап өтеді.[115, 51 б.] О.Сүлейменовтың бұл пікірледі кей жағдайларда VІІ-VІІІ ғасырлардағы оғыз батырлар жыры туралы баяндалатын Қорқыт ата кітабіндағы «Дерсе хан ұғлы  Бұқаш хан туралы жырымен түйіндес болып келеді.  Бұл жырда басты кейіпкер Дерсе ханның құдайдан сұрап алған жалғыз ұлы күшті бұқамен айқасып, жіңіске жетіп, осыған орай оның азан шақырылып қойылған атты өзгертіліп бұқаны жеңген айбатының құрметіне Бұқаш өзгертілгені бізге жыр жолдарынан белгілі » [83, 11 б].

Зерттеушілердің екінші бір тобы «батыр» сөзінің түп төркіні көне арийлерден басталады деп есептейді. Мысалы, О.Ф. Миллер «багадур» сөзі татар сөзі емес, санкриттік «bagadhara», яғни бақыт иесі, жолы болғыш дегенді білдіреді , ал орыстың богатырь сөзі праарейлік бастауға тән- дген пікір ұстанады. [116].

Ал енді зерттеушілердің үшінші тобы- «батыр» сөзін бастауын монғол тілінен іздейді. Мысалы, В.В. Радлов «батыр» сөзін монғол тіліне жатқызады [117, 95-96 бб.]. Сондай-ақ Б.Я. Владимирцев «батыр» лауазымының моңғол дәуірнде де болғанын және оның кейбір кірме сөздермен ауысып «тайшы», «бұйрық», «ноян», «тегін», «бұйрық» аталғанын айтады [29, 74 б].

«Батыр» сөзі көнеарийлік немесе монғол тілінен шықты деп дәлелдеп жүрген зерттеушілердің басым болігі көне руникалық жазулар мен түркі дәуіріндегі жазба деректерде «батыр» сөзінің болмауын алға тартады. Осыған байланысты ерте түркі дәуірінде «батыр» сөзінің орнына «ер» сөзінің кең қолданылғанын айтып өткіміз келеді. Мысалы, Р.С. Липец Күлтегіннің Үлкен және кіші жазбасының өн бойында кездесетін эпосқа тән баяндау тәсілдерін талдай келсе,  ескерткіштің лексикасы да эпосқа тән екендігін алға тартады.[80 84 б].

Ал енді «батыр» сөзінің «этнонимінің, яғни мағынасына келетін болсақ онда зерттеушілердің басым бөлігі ортақ пікірде сияқты.

Белгілі қазақ тарихын зерттеушілердің бірі М.В. Вяткин «батыр» сөзінің екі түрлі нұсқасын ұсынған болатын: бірінші нұсқасы бойынша «батыр» қара халық арасынан шыққан батыл, жауынгер, ер жүрек адамды айтса, екінші нұсқасында «батыр» деп ерекше жауынгерлік өнер иесі [19, 108 б]. –дей келе бұл сөздің түп-төркінін моңғолдың — «bagatur», орыстың — «богатырь» сөздерінің мағынасымен төркіндес келеді деп өз ойын жалғастырады. [19, 109]

М. Вяткин «батыр» сөзінің ХVІ ғасырға дейін де адамның есіміне қосылып айтылатын титул ретінде пайдаланып келе жатқанын, ал «бахадур», «багатур», ерекше батылдығы үшін кей жағдайда «толы батыр» яғни толық батыр деп те қолданылады және ХV ғасырға дейін бұл титул «бек» деп  аталып моңғолдың нойан, араб-парсылардың әмір лауазымымен мағыналас болып, ХV ғасырдан бастап оның би лауазымымен орайласқаны туралы тұжырым жасаған. Революцияға дейінгі кезеңдегі белгілі ғалым Л. Костенко өзінің зерттеуінде «батыр» сөзі түркі-моңғолдың «баһадур, ba,tur, багадур, бакхату»-деген сөздерден шыққан, негізгі мағынасы ер жүрек, қаһарман, батыл дегенді білдіретінін атап өтеді. [6, 42 б].

ХХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ тарихындағы есімі ерекше аталатын тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов еңбектерінде «батыр» — термині түріктің «багадур», «бакхатур» деген сөздерінен шыққан. Ол тіпті сонау ықылым замандардан-ақ сыртқы жаудан қорғану үшін арнайы топтардың топтасқнын айта келіп, оны әсекри қолбасшы басқарғанына тоқталады. Осындай топтардың ерекше көзге түскен каһармандарын батыр деп атаған. Батыр сөзі қазақ және түркі тілдерінде де «күресуші, күшті, батыр, ержүрек» дегенді білдіреді деп тұжырымдайды. Зерттеуші Кенесары ханның жақын серігі Төлебай батырды жеке батырлық ерекшелігімен көзге түскендігіне байланысты «Жеке батыр» атағаны туралы дерек келтіреді [17, 98 б].  Е. Бекмаханов кейінгі кезеңдері руаралық қақтығыстар кезінде немесе барымтаға шығып көзге түскендерді де «батыр» атай бастағанын қынжыла жеткізеді. Батыр атағына кедей адамдар да қол жеткізе алған. Олардың қатарына Арғын Бүхарбай батыр, шұбыртпалы Ағыбай батырларды қосады [17, 99 б].

«ХV- ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихына қатысты материалдар» атты еңбек авторлары қазақтар өздерінің ерлігімен де, қуат-күшімен де бүкіл әлемге танылған халық дей келе, батырлықтың халық арасында ежелден бар екенін жазады [19, 28 б]. «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы» атты еңбек авторлары Р. Сыздықов мен М.Койгелдиев «бахадур» тұлғасы екі мағынада: бірінші-батыр, жүректі адам, екіншісі- сол батыр адамға берілетін атақты білдіреді. Бахадур сөзі моңғол билігі тұсында феодалдық қоғамдағы әскери иреарзияның титулы болған, ал «бек» сөзі ханнан кейінгі билеушінің титулы деп жазады.[118, 57 б; 68 б].

Кеңестік дәуір кезіңіне тән көптеген сөздіктерде «батыр» терминінің мәні В.В. Радлов, М.П. Вяткин, Е. Бекмаханов пікірлерімен бір арнаға тоғысып жатады. Атап айтса, Қазақ Кеңес Энциклопедиясында [119, 199 б]. Көне түркі сөздігінде [120, 89б], «Большая Советская энциклопедия» [121, 339 б], және т.б. сөздіктерде «батыр»- «араб және иран тілдеріндегі «бахадур»- жауапкершілік кездерімен, әскери жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдара берілетін құрметті атақ» — деген мәліметтер келтірілген. «Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» деген еңбекте «Батыр ел қамы үшін жаумен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер» деген анықтама берілген. [122, 152 б]. В. Даль сөздігінде Волга бойында батыр деп ат үстінде бұзықтық жасаушыларды, жігіттік көрсетушілерді, батырлық жоруылдар жасаушыларды атайтындығы, батырлықтың мүрагерлікке қалдырылмайтыны жазылған. Сонымен қатар В. Даль «батыр» азиаттықтарда  білікті күш иесі, батыл, жеңіскер, сабаз, шабандоз дегенді білдіреді, -дей келе батыр лауазымының атаққа берілетініне де тоқталған.[123, 54-55 бб].

Орыстың филологиялық сөздігінде  батыр-күшті адам, сабаз, шабандоз мағынасын білдіретінін оқуға болады. [124, 77 б]. Ал, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кездерде жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының екінші томында «батыр» сөзі парсының баһадур-ержүрек, батыл, батыр-әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан қаһарман адамға берілетін құрметті атақ»,-делінген [125, 184 б].

 Соннымен батыр сөзінің мәні ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік меңгерген, ерлігімен атты шыққан деген мағына беретіндігіне көз жеткіземіз. Ал, батыр атағы тек ғана адамның жеке бас қасиеттеріне, яғни батыр сөзінің жоғарыдағы анықтамасына ғана сәйкес келетін тұлғаға ғана берілетін атақ деген тұжырым жасаймыз.

Енді қазақ қоғамындағы батырлардың орны мен батырлықтың өлшеміне тоқтала кетсек, себебі дәстүрлі қазақ қоғамындағы жауынгерлік дәстүрді жалғастырушылар ретінде өзіндік ерекшелігін айқын әлеуметтік топты құраған қазақ батырларының өзіндік ұғымдық бет-бейнесі қалыптасқаны анық.

Батырлардың қоғамдығы портреті мен атқарған қызметі бейбіт заманда нақты көрінбесі анық. Сондықтан батырлардың тұлғасы мен ерлік істері жаугершілік замандарға тән екені белгілі. Қай кезеңде болмасын батырлар – жауынгерлік дәстүрді жалғастырушылар ретінде бағаланды.

Елдің елдігін сақтауға айтулы үлес қосып, қазақ халқын ортақ жауға қарсы ұйымдастырып, оның келешегі үшін топ алдында сөз сөйлеп, халықты бір арнаға тоғыстырып, оның келешегі үшін топ алдында сөз сөйлеп, халықты бір арнаға тоғыстырып, оларды қазақ мыңдығы мен түменбасыларына топтастырып, ұйыстырып, әскердің жігерін жани түсетін, айбарына айбар қосатын батырлар институты «қазақ тарихының феномині» ретінде қарастырылады.[126].

Батырлар өздерінің қарамағындағы рулары мен тайпаларын бастап шығар жолбастары, қолбасы, рубасы, жөн сілтері болды. Олардың мүдделерін қорғап, үлкен-үлкен басқосуларда артында қалған руластарының талап-тілегін жеткізді. Себебі қазақтың кез-келген батыры сөз қадірін жете білетін, түсінетін жоғары интелектуалды дәрежеде еді.

Абай: «Біздің қазақтың жүрегі кісі дегені –батыр кісі», — деп анықтама берсе [12, 68], профессор Ғарифолла Есім Райымбек батырдың әулиелік қасиеті туралы жазған мақаласында, батырлық туралы философиялық түрғыдан тұжырымдайды. Сонымен қатар, «батырлық», «ерлік» ұғымдары туралы үлкен анализ жасай отырып: «Ерлік адам болмысының ерекше қасметі. Жаратушы ерекше жандардың табиғи болмысына ерлік куатын береді, бірақ сол қуатты адам қандай мақсатқа пайдаланбақ… Ер адам мерт болам демейді, себебі, оған қуат беретін –намыс. Ерлік деген тек бір сәттік көрініс емес, ерлік батырдың қалыпты жағдайы», -деп түйіндейді ғалым. Ерлік идеологиялық ұғымға айналғанда, оның табиғи болмысындағы ізгілік өзге іске, зұлымдыққа айналып кету мүмкіндігі үнемі болып тұрады. Қалмақ батырлары да батыр, алдайда, олардың ісі ізгілікті ме. Олай болса ерліктің өлшемі не болмақ? Ерліктің өлшемі-ізгілік [127, 16 б.],-деп анықтама береді.

Одан әрі зетттеуші қазақ батырларының мақсаты елін, жерін қорғау, -дей келе, Райымбек батырды әулие дегенде ол елдің қорғаны, қалың жұрттың көшбасшысы, адасқан шақта жол табатын кемеңгер әулиелігін айтады. «Әулие арлы адам, арлы адам намысшыл келеді, сондықтан Райымбек бабамыздың батырлығы, ел қорғаны болғаны да әулеліктің көрінісі»,- деп тұжырым жасады.[127, 17].

Қазақ қоғамы үшін батырлықтың белгісі ең алдымен сыртқы жауға қарсы күрестегі ерлік. Мәселен, халқымызбен бірге  келе жатқан «каһармандық эпоста белгілі бір жырдың басты кейіпкері ең мықты батыр болып көрсетіледі. Ол жеңілу дегенді білмейді, онымен тең келер, күш таластыра алар жан жоқ «Алпамыс» жырында ешкім Алпамыстың бетіне шыдай алмайды, «Қобландыда» ноғайлының ең үлкен батыры осы Қобландының өзі, ал, «Ер Сайын» жырында Сайынның ерлігі Қобландыдан асыңқырап кеткендей болады. Батырлық жырлардағы негізгі мотив – ерлік, сыртқы жауларға қарсы күрес. Әйтседе жыр батырлық деп аталмас та еді» [128, 186 ; 192 б.].

Қазақ ұғымында «батыр» атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Ел ушин жанын қиған батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарын қастерлеген. Ата-бабаларынан бері қарай «Батыр» атанып келе жатқан жараланса да ұрыс даласын тастамағандар «қара Батыр» не «қара Берен Батыр» , қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам «жеке Батыр» атанған. Талай рет қақпа бұзып жау қамалына ойран саған ерлерін қазақ «қамал бұзған қас батыр» деп ерекшелеп атаған [61, 3 б].

Сондай-ақ «батыр» атағының сонау Шыңғыс заманынан «феодалдық әскери көшпелі білеушілердің» өкілдеріне, сондай-ақ көшпелі қоғамның кез-келген мүшесіне жаумен шайқаста жеке басының ерлігі үшін берілгендігі», «.. тағдырдың тәлкегімен әлеуметтік таптың төменгі сатысына іліккен Абылай хан болғанда тек Шыңғыс тұқымы болғандықтан ғана емес, ең алдымен майдандағы ерлігі мен ел басқарған көсемдігі үшін хан сайланды» [28, 80] деген ғалым тұжырымдарынан шығатын қорытынды қазақ қоғамындағы батырлардың мирасқорлықпен емес, тікелей жеке бастың ерлігімен келетіндігіне келтірілер тағы да бір тарихи дәлелдер болса керек.

С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султанотың «Казахстан – летопись трех тысячелетий» зерттеуінде «За личную храбрость в сражении и за умелое руководство военными действиями присваивался почетный титул «батыр». Особо выдающиеся рубаки, многократные герои поля брани получали, как свидетельствует источник ХV в., титул или прозвание толубатыр /толубахадур/ -собственно «полный багатырь», то есть человек безкерный отваги, стойкость, силы. Как титул слово батыр прибавлялось к собственному имени храбреца» [129, 345 б],- деп жазады. Қазақ батырларының дәрежеленуі (яғни, жеке батыр, хас батыр және т.б. атақтарымен аталуы) ежелден келе жатқан дәстүр.

Мәселен, Герадоттың мәлімдеуінше скифтерде соғыста көзге түскен жауынгеолерге ерекше құрмет көрсетілетіні айтылады.[130]. Билеуші арнайы дайындататын тостағаннан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана сусын ішетін, ал жауды өлтіре алмағандар шетте отырып, мұны өздері үшін нағыз масқара ретінде қабылдайтын дәстүр болған. Дәл осыған ұқсас дәстүр ғұндарда болғаны белгілі [131, 41 б]. Басқаша айтқанда батырлық көшпелі халықтарда ежелден жоғары бағаланған әрі бұл олардың дәстүрлі қоғамының басты идеологиясының ерекшеліктерінің бірі ретінде жаңа заманда да сақталып отыр.

Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың ролінің артуы осындай мәртебелеу жүйесімен де тікелей байланысты болған. Себебі, соғыста көзге түскен көзсіз батырларды мәртебелеу жүйесі арқылы әскери атақ үлестіру, жақсы соғысқан жауынгерге онбасы, жүзбасы немесе батыр атағы берілген. Бұған қоса, батырларға жаудан түскен олжаның бір бөлігі, атақ, дәреже, меншікке жер, қала ұлыстар беріліп, заттай, қаржылай сый-сияпат жасалып, хан кеңесіне қарастыылуы сынды т.б. марапат көрсетіліп отырған. [61, 230].

Батырларды мәртебелеу шарасы туралы академик Әлкей Марғұлан жариялаған Олжабай батыр туралы ел аузында сақталған әңгімелерден көруге болады. Онда Олжабай батыр үш жүздің сайдауыт қолын бастап Түркістанға әмірі жүргізіп тұрған жоңғарларды Сырдариядан, одан ары Жетісудан қуып, Қытай жеріне ысырып тастағаны баяндалады. Батырлардың ерлік істеріне разылықтарын білдірген Әбілқайыр, Сәмеке, Әбілмәнбет хандар Яссауи мешітінде көп заманалардан бері сақтаулы тұрған алтын балдақ, қайқы қылышты сыйға тартады. Бұл қылыштың әуелгі иесі Әмір Темір. Мешітке сый ретінде берген де өзі екен тәрізді де батырлыққа деген елдің құрмет сезімін арттыра түсетіні белгілі [132].

Тарихшы Б. Берлібаев батырларды – жауынгерлік дәстүрді жалғастырушылар деп анықтама бере отырып: «Қазақтың әскери жауынгерлік өнері көшпелі өмірдің әсерімен көршілес елдермен тұрақты атыс-шабыстарда, сыртқы жаулардың шапқыншылықтарынан қорғау барысында шындалған», -деп түйіндейді [133, 46-53 бб.].

Батырлардың сын сағаттарында шыңдалатыны туралы ғалым М. Қозыбаев төмендегідей тұжырым жасайды: «Олардың қай-қайсысы да болмысын « сарапқа түсіп, сын кеше жүріп, қаттыны біліп, қалыңды жарып, толқымай өтіп барып», жарқырап жүзі, жалтырап алмас бойы ашылған жандар. Ел іші-кен дейді халық. Қиын-қыстау заманда халықтың болмысы тарих сахнасына шығып, оның бүгінгісі мен ертеңі сарапқа түскенде ел ортасынан ел үшін, Отаны үшін, ар-намысы үшін, ел намысын ер намысын ұштастырған ерлер шығады. Замана деген ұста ерлерді тудырды, олардың өлмес атын өшпес іспен нүрландырды» [134, 60 б.].

Барлық зерттеушілер көшпелі халықтардың жауынгнрлігі, батырлығы, тіпті жалпы құндылықтар жүйесінде әскери ерлікті ерекше жоғары бағалайтындығын атап өтеді.  Көшпелілер өміріндегі соғыстың орны мен олардың жалпы өмірінің әскерилену ерекшелігі олардың психологиясы мен идеологиясына өз әсерін тигізген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлық, ерлік қасиеттердің халықпен бірге жасасып келе жатқан, ұлттық ерекше қасиеттерінің қыры екендігіне шет елдік саяхатшылар мен зерттеушілер де баса назар аударғанын көреміз. Мәселен, қазақ даласын  аралап, елдің тұрмысы мен салт-санасын зерттеген шет елдік саяхатшылардың бірі Н. Зеланд: «Қазақтардың бойында қажет жағдайда батыр жауынгер болатындай барлық қасиеттер бар. Даладағы өмір қауіп-қатерге үйретеді» [135, 67 б.]

Батырлардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін санамай келе, Қ.Ахметжанов: «Батырлардың жеке ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың басты ерекшелігі олар тек қана әскери кәсіппен айналысты. Жапонның самурайлары, француздардың рыцарлары, индиялықтардың кшатрийлері сияқты әскери қызмет қазақ батырларының қоғамдық монополиясы еді. Басқа кәсіппен шұғылдануды олар өздеріне ар санайтын. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлардың өмірлері осылай өтті», — деп жазады [61, 15 б].

Тарихшы Е. Бекмахановтың еңбегіндегі: «… батырлардың әлеуметтік рөлінің өсуіне қазақтардың жоңғарлармен, одан кейін Орта Азия жаулап алушыларымен болаған соғыстары ерекше ықпал етті. Осы соғыстардың нәтиесінде батырлар ру басшысы тізігінін  қолдарына алып, қоғамдық өмірдегі жетекші тұлғаға айналған. Бұл туралы қазақ ағартушысы Ш.Уәлиханов былай деп жазды: «Батыр- қазақтар арасында сұлтаннан кейінгі ең атақты тұлға… Ол ең беделді адам, оның кеңестері халық арасында салмақты…» [17, 101 б.]-деген сөйлемдеріде осыны көрсетеді.

Ғалым М. Абдировтың «Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость» атты кітабында тарихшы А. Рябиннің еңбегіне сілтеме жасай отырып, мынандай дәйексөз келтіреді: «Жайық қазақтарында өліспей беріспейтін бір ғана жау болды- ол қазақтар еді. Олар қорқу мен шаршауды бімейтін өте қайсар және қажымайтын жау болды. Жайық казактары оларға қарсы қиян-кемкі нағыз соғыс жүргізді» [179, 112 б]. Бұл жерде зерттеушінің патша  өкіметінің қазана есебінен жыл сайын бөліп отыратын қару-жарағына ие Жайық казактарына қарсы қарапайым қаруланған Кіші жүз қазақтарының қайтпас қайсарлығын бағалағаны анық.

Қазақ сарбааздарының бұл сынды шабуылдары Н. Рычковтың күнделіктеріндеде кездеседі: «Қазақтың ең атақтылары көрші елдерді тонау үшін маңайына жасақтар да жинайды. Қарақалпақтар, аралдықтар, ташкенттіктер олардан ылғи да жапа шегеді» [180, 26 б.].

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей зерттеушілері мен әскери – әкімшілік қызметкерлері бұл құбылыстың мазмұнын ұғына алмай, қарақшылықтың бір түрі деп сипаттады. Мәселен, орыс деректерінде «қазақтар барымтадағы ержүректілігі арқасында батыр деген құрметке ие болады», — деп жазса [181, 63 б.], Л. Костенко: « Ештенеден тайсылмайтын қарақшылар мен ұрылар халық арасында құрметке ие болып, батыр деген атқа лайық болатын», — деп атап өтеді [6, 42]. Олардың бұлай қорытынды жасауының басты себебі, біріншіден өзге мәдениет өкілдері болғандықтан, екіншіден тұрмыс салты отырықшылыққа негізделгендіктен қазақ қоғамының бомысын түсіне алмады. Есесіне бұл мәселені зерттеуші С.  Толыбеков жан-жакты талдай келе төмендегідей қорытынды береді: тонаушылық пен қарақшылықты олар ұят іс деп санамайды, керісінше кім мұндай іс-әрекеттерді көп жасаса өз ортасында үлкен құрметке ие болып, оны алып күш иесі және ержүрек адам ретінде көпілік арасында мадақтады.  [139, 220 б]. Оның үстіне осы мәселе жөнінде адай руының ақсақалы айтқан төмендегі сөздер біраз жайытты аңғартса керек: « Біздің адайларды жабайы, тағы, ақылсыз тіпті тонаушылыр депте атады, айтса айта берсін … бірақ адайлар ұры емес» [182, 14 б].

Қазақ батырларының орталық езгіге қарсы күресінің алғашқы белгілері Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде көрінеді. Бір бекініске шабуылдан басталған бұл көрініс Еділ мен Жайық бойына және Батыс пен Солтүстік Қазақстанның аумағын қамтыған ірі соғысқа ұласады. Осы өңірлерде қоныстанып, Ресей тарапынан қысымшылық көрген қазақ ру-тайпаларының көтеріліске белсене араласуы орыс әкімшілігі тарапынан алаңдатушылық тудырған. Оған жазалаушы әскердің басшысы Бибиковтың орталыққа жазған мынандай сөздері дәлел бола алады: «… ең қиыны қазақтардың бұл көтеріліске белсене араласуы болып тұр» [211, 70 б].

Е. Бекмаханованың еңбегінде мәліметтерге сүйенсек Сырым батыр Е. Пугачев соғысы кезінде қол бастап, орыс бекіністерінің тыныштығын алған [212, 126 б]. Сырым Датұлынан басқа тарихи деректерде аталған көтеріліске Байбақты қолын бастаған Айдар мен Қара батырдың, Беріш қолын бастаған Құрбанбай батырдың, Алашаларды Баймұрат батырдың бастап қатысқандары келтіріледі [95, 27-28 бб.].  Аталған және де басқа да батырлардың көтерілістегі қызыметі шеп бойындағы бекіністерге шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алумен және малдарын айдап әкетумен сипатталады.

Ұлт-азаттаттық көтерілістердің мазмұны оны басқарған батырдың мақсаты мен міндеттеріне қарай анықталды.  Оларды біз екі топқа бөліп жіктеуімізге болады. Алғашқысы бойынша батырлардың азаттық күресі жергілікті билік өкілдеріне бағытталды. Оның басты себебі Ресейге арқа сүйеген сұлтандар қарапайым халыққа және батырларға тізелерін батыруға тырысты. Соның салдары оларға деген өшпенділікті тудырған еді. Мұны «Бекет батыр» жырынан көреміз. Сырым бастаған көтерілісті де бірінші топқа жатқызуға болады. Мәселен, батыр өз жақтастарымен келісе отырып, Орынбор губернаторы О. Игельстромға жолдаған хатында, егер Ресей Кіші Жүздің билігіне Әбілқайыр ұрпақтарынан алатын болса ғана, күресті тоқтатанындықтарын мәлімдеген болатын. [93, 53 б]. Соған сәйкес Нұралы хан биліктен кетіп, Кіші Жүзді басқару О. Игельстром реформасы бойынша батырлар мен билерге берілген болатын. Алайда реформаның жетілмегендігін байқаған Ресей әкімшілігі Кіші Жүздегі хандық билікті қайта қалпына келтіреді. Бұған наразы болған Сырым батыр 1792 жылы Ресейге соғыс жариялауға дейін барса, 1797 жылы оның жсақтары Ресейдің тарапынан бекітілген Есім ханды өлтіреді. [19, 298, 339 бб]. Бұл топқа жатқызылған көтерілістердің басты ерекшеліг оның басшыларының яғни батырлардың орыс әкімшілігімен ымыраға келуінде және олардың басшылары өздерінің наразылықтарын жергілікті билікке қарсы шығу арқылы көрсетуге күш салған.

Екінші топқа жататын қозғалысты ұйымдастырушы батырлар мен отарлаушылар арасында келісушілік болуы мүмкін емес еді. Олай дейтініміз бұл топқа батырлардың алға жоспарлаған мақсаттары маңызды және Ресейге қойған талаптары саяси тұрғыдан ауқымды болды. Мәселен, Жоламан Тіленшіұлының Орынбор әскери-губернаторына жолдаған хатында Елек өзені бойына орнатылған әскери бекіністерді алып тастауды, қазақтарға Елек және Жайық өзендері арасында көшіп-қонуына   рұқсат беруді және Ішкі Ресейде тұтқында отырған Арынғазы сұлтанды қайтару туралы талап қояды [93,  433-434 бб].  Әрине бұл талаптардың ешқайсысын Ресей әкімшілігі орындамайды, нақтырақ айтқанда олар отарлық саясаттың жобасымен үйлеспейтін еді. Сондықтан да Жоламан батырдың Ресеймен келісімге келуі екіталай болатын. Екінші топқа жататын батырлардың қызметін И. Бламберг жақсы ашып көрсетеді: «Жоламан бастаған көтерілісшілер ата қоныс үшін соғысып қан төкті. Олар ата-жұрттан айырылғанша, жан қиғандарын қалайтындықтарын жеткізеді» [5, 96 б].

Қазақ ұғымында батыр болып туу тумысынан Құдайдың артық адам етіп жаратуының нақ көрінісі. Себебі, батырлық әркімнің қолынан келе бермейтін  қасиетті іс. Бұл туралы Шал ақынның «Құдай артық жаратқан Сары, Баянды деп олардың батырлық қабілеті Тәңірден нәсіп болғанын еске салады [106, 191].

Зерттеуші Қ. Ахметжанов батырлардың тұлғалық қасиеттерін былай айқындап өтеді: соғыс ісін кәсіпке айналдырған, өмірі соғыста өтетін, кәсібі әулетіне жалғасыпотыратын, елдік, мемлекеттік, билікті қолдарына ұстаған, әртүрлі меншік иелері болған, хандық билікпен тығыз байланысты, өздерінің жеке идиологиясы, моралдық этикасы, жауынгерлік намыс кодексі, өзіндік салт-дәстүрі, діни нанымы, ырым жоралғылары бар көшпелілер қоғамының, қазақ қоғамының крекше жігі [61, 28 б.].

Батырлардың рухани бет-бейнесін ашатын басты қағида олардың өлімге деген көзқарасына байланысты. Батырларға соғыста өлу қасиетті саналып, үйде, төсекте өту өкініш болды. Түркі-моңғол халықтарының ұғымында хас батырдың шайқаста шейіт болуды армандағаны туралы       Р.Г. Липец: «Его костям место в поле, как и костям его сотоварища-боевого коня. Лишняя гореть праха, несколько лишних капель крови на земле-так и должен кончать жизнь мужчина! Позор – умереть в юрте от старости и болезней» [80, 113 б,], — деп тұжырым жасайды.

Батырлар жауынгерлік этикасын қатаң ұстанатын. Осындай тәрбиелік мәні бар дала кодексінің бірі – батырларға қойылатын талаптар жүйесі болды. Бұл талаптарды екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, соғыс барысында қолданылатын жазылмаған заңдар – жекпе-жекке шықанда кезекті бұзбау, жеңілетін дұшпанына достарымен қоштасуға рұқсат беру, қаруды дұрыс пайдалану. Үлкен айқастарда жекпе-жекке қатысу батырлардың басты міндеті. Жауынгерлердің шын мәнінде батыр атануы осы жекпе-жекте жеңуден басталатын.

И. Ерофеева жекпе-жекте батыр атанудың өзіндік шарттары болғанын атап өтеді. Мәселен, зерттеуші ХVІІІ ғасырдың аяғы- ХІХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамына қатысты мәліметтер жинаушылардың еңбектерінен нағыз батыр атағын иелену үшін соғыс кезінде жау жағына үш рет өтіп, қылыш немесе найзамен жау батырын түйреп өлтіргенде ғана батыр атануға болатыны туралы мәліметтер кездестіргенін алға тартады. [127]

Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, якут, башқұрт, алтай, өзбек т.б. эпостарындағы батырлар бейнесін ашуды мақсат тұтқан Р.С. Липец өзінің еңбегінде батырлардың жекпе-жегі кезең-кезеңмен өтетінін жазады. Алдымен садақтан атысады, одан кейін алыстан шауып келіп найза түйреп, аттан жұлып түсіруге тырысады, соңынан қылыш сермеседі. Бойларындағы барлық қару-жарақтары күйреп, сынып іске жарамсыз болып қалған соң қоян-қолтық ұрысқа кіріседі [80, 94].

Қазақ батырының бір ерекшелігі – олардың жыраулық дәстүрді жалғастырушылар ретінде көрініс беруінде. Жалпы жыраулық дәстүрдің өзі батырлар идеологиясымен тығыз байланысты. Қазақ әдебиетінің тарихында белгілі жыраулардың басым бөлігі батырлар әулетінен шыққан немесе өзі атақты батыр ретінде белгілі болған тұлғалар. Батыр жыраулар батырлық идеологияны, батырлық рухты дәріптеушілер [228, 158 б].

Батырдың қазақ қоғамындағы құндылықтар жүйесіндегі алатын орнын қазақ эпостарындағы батырдың тұлпарының бейнесімен бірге қарастыру қажет. Себебі батырлардың басты өзгешеліктерінің бірі – өздеріне сай арғымақтарының болуы. «Ер қанаты-ат» демекші батырлар өзінің қол жеткізіп жүрген жеңістеріне астындағы аттарының көмегімен ғана қол жеткізе алады. Сондықтан олардың аттары да өздеріне сай ақылды, сүйікті, ірі, тұрқты болып келген.  Р.С. Липец эпостағы арғымақтардың батырларға берер көмегі мен олардың күтімі туралы барынша толық баяндап жазып кеткен. [80, 120 б]. Ал, қазақ эпосындағы ат образы жеке бейне емес, эпостың бас кейіпкерімен біртұтас бір бейне ретінде көрінеді. Сондықтан батырларды ат бейнесіне бөліп алып қарастыру мәселені толықтай зерттеуге мүмкіндік бермейді.

Қ. Ахметжанова батырлардың арғымақтары туралы ондағы қолданылып келген «Қазанат», «Пырақ», «Дүлдүл» сөздеріне түсінік беріп кетеді. Сондай-ақ зерттеуші арғымақ жергілікті жерге бейімделген, қазақтың өзіндік сұрыпталып өсірілген асыл жылқы тұқымы деуге болады.  Сондықтан бұл жылқы тұқымы батырлар сословиесімен тікелей байланысты, — деп тұжырым жасайды [64, 34 б]. Көбінесе батырлар жырында батырдың аты өзіне серік, жебеуші, құтқарушы, қасиетті жануар ретінде суреттеледі. Батырлар жырындағы Алпамыстың Байшұбары, Ертарғынның Тарланы, Қобландының Тайбурылы өте әсіреленіп берілсе де жоңғарлар мен өзге де сыртқы жануарларға атойлап қарсы шапқан қазақ батырларының арғымақтары жауды жеңіп шығу жолында елеулі үлес қосып, иелерін қауіпті сәттерде аман алып қалып отырған.

Ғалым М. Мағауин өзінің қазақ эпостарындағы батырлар жырына арнаған «Тозбас мұра» зерттеуінде Тарғынның Тарлан атты арғымағының да дене бітімі бөлек болып суреттелгеніне арнайы тоқталады. [128, 174 б.].

ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрі мен фольклорын зерттеуге үлес қосқан Бронислав Залескийдің «Қазақ даласының тіршілік-тынысы» еңбегінде «Қазақты ат үстінде тану қажет. Жер түбіне дейін шаршамай-шалдықпай ат үстінде жүре берер төзімділігін, ептілігін көргенде қазақтар осы ер үстінде жаралғандай көрінеді» деген жолдарды кездестіреміз [232, 145 б.].

Белгілі зерттеуші Амбразон қырғыздарда 6-7 жастағы ұл балалардың алдымен қойға, содан кейін арнайы ер-тұманмен тайға мініп, сондай-ақ олар арнайы садақтармен құс атып, ауылдан жырақта түнеуге үйрететіндіктерін атап өтеді. Сонымен бірге ұл балаларды тәрбиелеуде олардың қару қолдану біліктілігін артыру мен әскери өнерге баулуға ерекше назар аударылатындығын атап өтеді. [166, 179].

М.В. Вяткин «егер ежелгі германдықтарда әскери көсем өзінің айналасына адал берілген жастарды жинаса, қазақтарда да батырлар ерекшеленіп, оның айналасына да адал берілген жігіттер топтасады»,- деп атап өтеді [19, 108 б.]. Мәселен, тарихи деректерде атақты батыр, тархан Жәнібек Қошқарұлының И. Неплюевпен келіссөз жүргізуге 1742 жылы 14 маусымда Ор бекінісіне келгенде қасына 513 жігіт ертіп келгені айтылады. Мұндағы бір назар аударарлық жағдай барлық жігіттер бір түсті ат мініп, біркелкі киінген. П.И. Рычков мұндағы сән-салтанаттың көне құрлықтың ешбір мемлекетінде кездеспейтінін айтып, тамсана жазған. [240, 53 б].

Зерттеушілер аңшылықтың әскери мектеп ретінде рөлін атап өтеді. Мәселен, К.И. Бочаров жауынгерлер аңшылыққа шықпас бұрын іс-қимылды қалай жүргізу керек екендігін алдын-ала келісіп алды. Аңшылар үш тактикалық бірлікке бөлінді: орта, оң және сол қанат. Бұл өз кезегінде көшпелілердің негізгі соғыс тактикасы болғанына назар аударады [242, 9 б.]

         Батырларды жігерлендірудің басты құралына айналған ұран туралы Н.И. Гродеков зерттеулерін арнап, жазып қалдырған: «Боевой количь состоитъ вы названий предка въ 7-10-мъ колене. Беруть кличемъ также имя какого нибудь аксакала новейшаго врем….» [194, 1 б.].

         Ру-тайпалардың ұрандары туралы профессор А. Сейдімбек өзінің өзінің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінде тоқталып өтеді. Жаңадан ұранға шыққан тұлға тек қандай да бір рудын ұран деңгейінде ғана қалып қоймай, көрсеткен ерлік-істеріне қарай тайпаның тіпті, жүздің ұранына айналған [225, 660 б.]. Сондықтан ұранға айналу кезкелген адамның қолынан келе бермейтін іс. Бұл мәртебеге жаугершілік соғыста елі мен жері үшін жанын қиюға тәуекел етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсету сияқты сынақтан өткен, оның барысында руластары мен тайпаның белді батырлары мен билері мойындаған, құптаған батырлар мен түлғалар ғана ие болған. Нәтижесінде ұранға айналған адам руы мен  тайпасының атын асқақтатып, соның барысында өзі де оларға арқа сүйеп отырған.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұранның мән-мағынасы мен ролі туралы «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» көп томдығында да талданған [248, 122-134 бб.].

С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султановтың «Казахстан-летопись трех тысячелетий» зерттеуінде де ұранның дәстүрлі қазақ қоғамындағы мәні мен мағынасына орын берген. Онда «Родоплеменной отряд представлял собой самостоятельную войсковую единицу: во главе его стоял предводитель рода, каждое ополчение имело свой боевой стяг и свой уран- боевой призывный клич» [129, 340 б].

Бұл туралы «Қазақтың көне тарихы» кітабында «Қазақтар ерте кезде қайтыс болған ата-бабаларының аруақтарына сиынған, ол аруақтар өзінің ұрпақтарын, руластарын қолдайды деп сенген. Сондықтан соғыс, шайқасқа кіргенде, ат бәйгеден келе жатқанда, палуан күресінің жұлқыстарында қазақ ру-тайпалары ата-бабаларының атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен»,- деп жазылған.[249, 373 б.].

Қазақ руларын жете зерттеген Л. Мейер де ұрандарының өзгеруіне қатысты мынандай пікір білдіреді: «Эти слова однако не так строго сохраняются как тамги и изменяются от времени, вследствие разных причин; иногда ураном становится имя известного человека, управлявшего долго родом или отделением, иногда он изменяется вследствие вражды с родом, имеющим тот же уран. Наконец, по мере замирения степи, значение этого отличительного знака само собою должно было уменьшиться» [7, 94 б].

Қазақ батырының қару-жарақ түрлері мен әскери өнері ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қазақтар ұрыс салғанда әскер сапы азиялық ондық жүйесі бойынша, яғни ондық, жүздік, мыңдық, түмен болып бөлінеді. Көшпелілердің соғыс тәсілдерінің осыған ұқсас тағы бір ерекшеліктері әскери бөлімдерді орталық, оң және сол қанат, авангард (алдыңғы бөлім) және тосқауыл деп жіктеді.

С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султановтың «Казахстан-летопись трех тысячелетий» еңбегінде қазақ жүздерінің өзіндік орны мен ноқталығы мынадай бірнеше қағидатқа байланысты деп көрсетіледі: 1. Соғыс жағдайындағы орын белгілеу барысында. 2. Соғыс барысында қолға түскен олжаны бөліске салу т.б. [129, 350 б.].

Көшпелі жұрттың эпостық жырларын жете зерттеген Р.Г. Липец: «Түркі- моңғолдардың атты әскері ортаңғы шеп және оң қанат, сол қанат болып, көшпелілердің ұрыс салу дағдысына қарай орайластырған. Бұлай шеп құру жау әскерін жылдам қоршауға алуға тиімді еді. Тағы бір қосатын жайт, атты әскер бытыраңқы болып шабуылға шықса, емін еркін ұрыс салуға ыңғайлы, оңтайлы деп есептелінді» деп жазды. [80, 102]. Көшпелі халықтардың әскери жүйесі оң қанат, сол қанат, орта болып шеп құру жайында зерттеуші Қ. Ахметжанов та жазып қалдырған. Оның еңбегінде майдан даласы былай суреттеледі «Айқас алдында сап түзуды «шеп құру» деді. Оң қанат, сол қанат болып екіге бөлінеді, олардың алдында жаудың бағытын аңлайтын қарауыл тобы бөлінуі мүмкін. Бұл әскердің кезуілші бөлігі болды. Хан басқолбасы ретінде өзінің басқару тобымен, айқасты бақылап, басқарып отыру үшін әскердің артын ала орналасады, оның жолында айнала қоршаған хан жасағы қорған тұрады. Бұл тосқауылшы бөлігі. Ең арт жақта әскердің запас аттары, обоздар, жабдық заттары салынған арбалар, малшылар, қызметшілер, әскердің шаруашылық бөлігі орналасады.

Әскер саны «ондық», «жүздік», «мыңдық», «түмен» болып құрылады. Әр ондық, жүздіктердің әскери байрақтары, мыңдық, түмендердің әскери турлары болды. Көшпелілер әскерді тумен, байпақпен есептеген [61, 178-184 бб.].

А. Левшин өзінің «Описание орд и степей казахов» еңбегінде қазақтардың қару-жарақтары туралы жаза отырып, 1771 жылы Еділ қалмақтарының ата-жұртына үдере көшу кезінде оларды тоқтатуға қатысқан капитан Рычковқа сілтеме жасайды. Онда ол қазақтардың қарапайым қара оқдәрімен қоса, түсті оқдәрі де жасай алатындықтарын жазып қалдырған. Бұған қоса, қазақтардың аспид немесе басқа металдан оқ құятындығын да айтып кеткен.[4, 37].

М. Тевкелев жазбаларында қазақтардың қарулары туралы деректер келтіріледі. Елшінің құжаттарында «Қазақтар зеңбірек қаруын құймайды екен. Олар соғыста зеңбірек қолданбайды. Сондай-ақ, мылтық та жасамайды. Олар мылтықты Хиуа мен Бұхарадан қойға, жылқыға айырбастап алады. Ал, селитра мен оқ-дәріні әркім өзіне керегінше жасап алады. Басқандай зауыттары жоқ. Соғыста садақты сирек қолданады, көбінесе шүріппесі жоқ білтелі мылтықтар қолданады. Ал, башқұрттар ұрыс кезінде көбінесе садақпен қаруланады, керісінше отты қарулары жоқ» [94,86 б].

Орынбар экспедициясының бастығы И. Криловтың жазбасында қазақтардың оқ-дәрі жасау технологисы турасында айтылған. Құтатта Сырдария өзенінің жақын тау жоталары мен Арал теңізіне жақын өлкелерде қорғасын, селитра, күкірт шикізатының көп екендігі, оларды қазақтар қажетіне жаратып оқ-дәрі жасайтындығы, қорсынды балқытып оқ құятындығы баяндалған. [94, 111 б].

Қарастырылып отырған  кезеңдегі қазақтардың қару-жарақтары туралы П.И. Рычков: «Ружье имеютъ огненное съ фитилями, и порок рочти каждой изъ них самъ про себя делаетъ» [1, 6 б.],- деп жазады.

Шоқан Уәлиханов та қазақ батырларының ерте кездегі қару-жарақтарына тоқталып өтеді. Ғалым садақ, жақ, сауытбұзар, қозыжауырын /ертоқымнан аударып түсуге арналған/, жебе түрлеріне, найза, қылыш, наркескен сынды қару түрлеріне талдау жасап өтеді.  Дегенмен, Шоқан Уәлиханов қазақ даласында мылтық түрлерінің қазақ даласында сирек қолданыста болғандығын айтады.[174, 35 б.].

Сібір корпусының аудармашысы Филипп Назаровтың жазғандарында қазақтардың пілтелі мылтық, шоқпар, сойыл, сақпан, қылыш, садақ сынды қару түрлерінің тізімі ұшырасады. [94, 97 б.]

Бронислав Залескийдің «Қазақ даласының тіршілік – тынысы» еңбегінде қазақтардың қару-жарақ түрлеріне де берілген: «Жорыққа шыққанда кездерінде олар ұзын сапты найзаны тастамайды, жанына қайқы қылыш іліп, қазір қолдаудан қалып бара жатқан жебелер салынған қорамсақ, кейбіреулері пистолет байлайды. Бірақ қазақ жауынгерлері пілтемен от алатын ауыр да тым ұзын мылтықты жиі пайдаланады, көздеген кезде осы нысанаға дөп тию үшін жерге тірейтін мылтықтың ұзын сирақтары да бірге жүреді. …Шығыс халықтарына тән суын келтіріп, әбден шынықтырып соғылған қылыш пен пышақтары қашан да ұстарадай болып қылпып тұрды» [232, 152 б.].

Қазақ халқының қару-жарақтарын жете зерттеп, осы тақырыпқа елеулі еңбегін арнаған Қ. Ахметжанов өзінің «Жараған темір кигендер» кітабында соғыс құралдарын атқаратын қызметіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші, Шабуыл құралдары- «қару», қорғаныс құралдары-«жарақ». Сондай-ақ, зерттеуші, ер қаруы – бес қаруды жіктей отыра, 1. Өзіндік жұмсау тәсілібар, 2. Батырлар ғана ұстайтын, 3. Соғысқа ғана қолданылатын, 4. Жекпе –жек сайысын өткізуге болатын, 5. Әскери бөліктерді құруға негіз болатын, 6. Әскери тактиканы анықтайтын, 7. Әртүрлі жоғары дәрежелі әскери лауазымды белгілейтін қарудың бес түрін- садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта деп көрсетеді. [61, 46 б.].

Бұдан кейін зерттеуші қару-жарақтардың өзін: Ату қарулары –жақ, садақ, мылтық. Түйрейтін қарулар – найза, сүңгі, жыда. Кесу қарулары – қылыш, семсер, сапы. Шабу қарулары –айбалта. Соғу қаруларына – шоқпар, гүрзі дей келе, қосымша құралдар ретінде қанжар, пышақ, арқан сынды заттардыда атап кетеді. Қ. Ахметжанов бұл зерттеуінде әр қаруға жеке-жеке тоқталып, жіліктеп кетеді. [61, 47-96].

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтардың соғыс өнері мен қару-жарақ түрін зерттеп, елеулі еңбегңн арнаған А.К. Кушкумбаевтың еңбегін парақтап отырсаңыз, жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл ұйымдастырар алдында, швед инжинерінің басшылығымен 20 дана аса зеңбірек жасатып алып, басқыншылық соғысқа тыңғылықты әзірленгені байқалады. Бұдан кейін ХVІІІ ғасырда Жоңғарияның жеке артилериясы құрылады. 1726 жылы Жоңғарияның Ыстық көл аумағында артилериялық қару-жарақ жасайтын зауыт іске қосылады.[58, 115 б].

Зерттеушілер З. Сәнік пен Б. Садыхан Қабанбай батыр туралы қалдырған еңбектерінде де Қабанбай батырдың жауды өз-өзімен соғыстыру және отпен ойрандау соғыс тәсілдерін қолданғаны туралы дерек келтіреді. [231, 71 б].

Тарихшы Манаш Қозыбаев та Абылай ханның жиырма екі жасынан жауға шауып, «Абылайша» деген шабуыл тактикасын тұңғыш рет қолданып жеңіске жеткенін жазады [135, 35].

Сондай-ақ тарихшы Б. Берлібаев Райымбек батырдың соғыс кезінде «Тұлғама» әдісін пайдаланғанын, қажет болған шақта жанын шүберекке түйіп, жаудың ішіне жасырын еніп кететін тәуекелшіл қасиетін жатық баяндап кетеді. Бұған қоса, Райымбек батыр он жеті жекпе жекті басынан кешіргені туралы жазады. [133, 62-63 бб.] Райымбек батыр өзіне тиесілі соғыстан түскен үлесті, олжаны мерт болғандардың бала-шағаларына, мүгедектерге, қарттарға, жетімдерге жөнелтіп отырған. Райымбек батыр қазақ қоғамындағы ұстаханалық өнерді халық ішіндегі байлық көздерін пайдалану арқылы оны жауынгерлік дәстүрмен байланыстырған. Ол соғыстан дамылдаған сәттерде қару-жарақ жасап, оны көбейтуге мән беріп отырған. Осыған қарағанда оның жасағында қару-жарақты ретке келіретін қосын болған. Шикізатты «Темірлік», «Көмірші» деген жерлерден алып отырған болуы керек. ….Жауынгерлік жорық кезінде арнайы қазақ қосыны көшпелі ұстахана көрігін алып жүрген. Оны «Желбуаз көрік» деп атаған. Мұндай ұстахана соғыс кезінде майысқан қару-жарақты түзеп, сөгілген сауыт-сайманды жамаумен айналысқан. Жауынгерлердің босаған қорамсағын дер кезінде жебемен толтырған. Аттың тағалануы, ер-тұрманның жөнделуі, ат әбзелдерінің ретке келтірілуі, қылыштар мен найзаларды қайрау сияқты соғыс кезінде қауырт істелетін нәрсенің бәріне осы көрік ұсталары жауап берген. [133, 62-63 бб].

Дала жауынгерлері-батырлық рухы, идеалы тек қазақ қоғамында ғана емес, моңғол,   башқұрт, қалмақ, және т.б. көшпелілерінің кейінгі ұрпақтарының бойынан өше бастады. А.И. Перщиц Орталық Азия, Төменгі Еділ бойы, Орта Азия көшпелілері Қытай, Ресей, Орта Азия халықтары сияқты мемлекеттердің құрамында өтумен басталған бейбіт өмірдің нәтижесінде өздерінің жауынгерлігі мен батырлық рухын жоғалта бастады. Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап моңғолдар, Еділ қалмақтары, қарақалпақтар, түрікмендер және т.б. «бейтітсүйгіш» халықтар ретінде аталады. Мұның себебі бейбіт қоғамның әскериленуінің қажеттілігін жойғандықтан бірте-бірте көшпелілер психологиясы да өзгере басды деп тұжырым жасайды. [41, 165 б.]. Автордың негізгі тұжырымымен келісе отырып, дегенмен көшпелілердің жауынгерлік рухының жойылуы, дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың өз маңызынан айырылуы Ресей империясының ұзақ уақыт бойы жүргізген мақсатты отарлау саясатының нәтижесі екендігін деп атап өтуіміз қажет. Сондықтан да көшпелілер тарихын зерттеуде кейбір зерттеушілер «малшылық өмір жалқаулыққа тәрбиелейді…, инерттілікті, жауынгерлік рух пен ептіліктің жоғалуына ықпал жасайды. Себебі көшпелілер өмір сүріп жатқан шексіз түзу дала біркелкі, өзгеріссіз және олардың өмірі де сұрықсыз, әскери құлшыныстан айырылған», — деген пайымдаулаға да келген. [251, 8-9 бб.].

ХVІІ-ХVІІІ ғасырмен салыстырғанда ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамына әсер еткен ішкі-сыртқы факторлар Ресей патшалығының отарлық саясатының күшеюімен жаңа мазмұнға ие болды. Ендігі тұста қазақ қоғамының рухани-мәдени, қоғамдық-саяси дамуының жолындағы күресін жаңа күштер-рухани тұлғалар бастады. Басқаша айтқанда, билер, шешендер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен имамдар өздерінің рухани-шығармашылық, қоғамдық қызметтері арқылы қазақ қоғамының отаршылдыққа қарсы азаттық күресіне жаңаша мазмұн берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Дауытбекова М.Қ. «Қазақ қоғамындағы батырлар институты ( ХVІІІ-ХІХ ғ. алғашқы жартысы), тарих ғыл. Кан.дисс. Алматы
  2. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии / Ответственный редактор А.Н. Кононов. – М. : Наука, 1964.-214 с.
  3. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик.- Алматы: Санат, 1999.-336 с.
  4. Иванин М. О военном искусстве при Чингисхане и Таменрлане. Алматы: Санат, 1998. -239 с.
  5. Сүлейменов О. АЗиЯ. – Алматы, 1992. – 288 с.
  6. Қорқыт ата кітабы. – Алматы: Жазушы, 1986. — 32 б.
  7. Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М.: Наука, 1984. – 264 с.
  8. Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М.Л.: Изд-во АН СССР, 1947. -390 с.
  9. Бекмаханов Е. Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оу құралы). – Алматы: Санат, 1994. – 416 б.
  10. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с.
  11. Сыздықов Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. – Алматы: Қазақ уни-ті, 1991.- 271 б.
  12. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1973. –Т. 2. – 640 б.
  13. Древнетюркский слоарь. – Л.: Наука, 1969.- 676 с.
  14. Большая Советская Энциклопедия. / Гл. Ред. В.Г. Панов. М.: Сов.энциклопедия, 1990.-вып. 34. -556 с.
  15. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1976. – Т.2. – 695 б.
  16. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы / Бас. Ред. Нысанбаев Ә.А.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999.- Т.2.-720 б.
  17. Ерофеева И. Батыры как феномен истории казахского народа // Казахстанская правда. – 1992.- 25 сентября.
  18. Есім Ғ. Әулие Райымбек жолы елдікке бастайды: Райымбек батырдың туғанына 300 жыл // Жетісу. – 2005. – 30 шілде.
  19. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 432 б.
  20. Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырдың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері.-Алматы: Дәуір, 1996. – 256 б.
  21. Қаражан Қ.С. ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресіндегі қазақ батырларының ролі // Шапырашты Наурызбай. Наурызбай батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 185 б.
  22. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата, 1992. – 384 с.
  23. Марғұлан Ә. Олжабай // Жұлдыз. – 1984. — №2.-170-175 бб.
  24. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994.- 192 б.
  25. Абдиров М. Завоевание Казахстана Царской Россией и борьба казахского народа за независимость. – Астана: Елорда, 2000. – 302 с.
  26. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХVІ-ХІХ веках. – Алма-Ата, 1959. – 448 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ қоғамындағы батырлар институтының  зерттелуі

 

Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институты тарих ғылымында  әлеуметтік институт ретінде кешенді түрде зерттелген емес. Дегенмен қазақ қоғамында ғана өте ерекше мәнге ие болған батырлар институтының кейбір мәселелері ХVІІІ ғасырдан бастап орыс патшасының отарлау саясатына байланысты қазақ даласына аяқ басқан орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерінде көрініс берген. Мәселен, П.И.Рычков [1], И.Г. Андеев [2], Е.К. Мейендорф [3], А.И. Левшин [4], И.Ф. Бларамберг [5], А.Костенко [6] еңбектерін атап өтуге болады.

         П.И.Рычковтың күнделігінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ батырларының өмірі мен қызметіне қатысты, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілген. Әсіресе, П.И. Рычков Жәнібек батырдың сін-салтанаты туралы тамсана жаза отырып, осы кездегі қазақ батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі беделі мен орны туралы тұжырымдарын келтірген [1, 39, 73, 88 б.]. Ал негізінен орта жүз қазақтары туралы этнографиялық еңбектердің авторы И.Г. Андреевтің еңбектерінде қазақ батырларының қоғамдық-саяси өмірдегі әртүлі қызметтері туралы мәліметтер бар.  [2, 112 б.].

         Е.К. Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасында қазақтарды негізінен ақсақалдар, билер, батырлар, сұлтандар мен хандар басқарады  дей келе: «  … батырами называют людей храбрых, справедливых и предпримчивих, во время войны это наездники», -деп анықтама береді [3, 41 б.]. Ал, А. Костенко  «бұрынырақта ұрылар мен қарақшылар  халық арасында зор беделге ие болған және олар батыр атағын иеленген»  деген қорытынды жасаған[6,42 б.]

Ал, ХІХ  ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын мақсатты түрде зерттеуге кіріскені аян. Л.Мейер [7], И.И. Крафт [8], В.Н. Витевский [9], А.И. Добрамыслов [10] сияқты патша әкімшілігінің әскери шенеуліктерінің зерттеулерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы батырлар институтының ішкі-сыртқы саяси өмірдегі атқарған қызметттері туралы мол мағлұматтар келтірілген.

          ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының тарихын зерттеуде  Ш.Ш. Уәлиханов [11], А.Құнанбаев[12] еңбектерінің орны ерекше. Ш. Уәлиханов ең алғаш болып қазақ батырлары туралы аңыз әңгімелерді хатқа түсіріп, батырлардың тек қазақ қоғамыны тән өзіндік орны мен рөлі туралы құнды тұжырымдар жасаған [11]. Ал, Абай философиялық тұрғыдан батыр, батырлық ұғымдары туралы пайымдауларын ұсынған [12].

         Батырлар  институтының тарихын зерттеуге қатысты тұжырымдарды ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылырының еңбектеріне кездестіруге болады. А.Байтұрсынұлы [13], Х.Досмұхамедұлы [14], еңбектерінде батырлық ұғымы мен батырлық туралы талдау жасалған.  А.Байтүрсынұлының: «батыр әңгімесі өтірік –шыны аралас қойыртпақ әңгіме болды. Шын жағы –бұрын батырлар болуы. Батырлар заманнда соғыс болуы, батырлар халық үшін қайрат қылу, жұртын қорғауы.  Өтірік жағы –олардың мінген атын, тұтынған затына, өздеріне бітпеген қасиеттерді тану, болаған күштерді, болмаған істерді телу», -деп жазуы батырлар институтының зерттелуіне қатысты сонау ХХ   ғасыр басынан бастап әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бетін ашып түр[13,236 б.].

         Ал, Х. Досмұхамедұлы еңбегінде аламандық пен батырлық ұғымы талданады. Зерттеуші аламандық пен батырлықтың сипатын ашып көрсете  отырып: «Бастықтың лұқсатының біреуді шабуға, олжалауға аттанған тәртіпсіз топты аламан дейді.  Аламандықтан өзімшілдік,  бәсекелестік туады»,- дей келе, ауыз әдебиеті үлгілері мысалында алдын-артын ойламай, жау жеке дара шапқан, ел бірлігі мен отаншылдық сезімін өзінің менмендігімен төмен қойған әрекеттерді талдайды[14, 147-148 бб.].

         ХХ ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері, белгілі зерттеуші М.Тынышпаев зерттеулерінің орны ерекше деп атап көрсетуге болады. Қазақ тарихы туралы ғылыми жүйеленген , алғашқы іргелі зерттеулердің авторы болып табылатын М. Тынышбаевтың «Ақтабан шұбырынды» атты ғылыми  мақаласында дәл осы  ХVІІІ ғасырда гүлдену дәуірін басынан өткереген батырлар институты туралы тұжырымдарды жекелеген батырлардың өмірбаяндық фактілерін    келтіруден гөрі, олардың осы кезеңдегі әлеуметтік жік ретіндегі қоғамдық- саяси өмірдегі қызметі талданған [15].

Ал, кеңестік кезеңдегі зертеушілердің ішінен ең алғаш С.Асфендияровтың еңбегінде батырларды билеуші феодалдық ақсүйектердің тобы ретінде көрсете отырып, хандардың әскери жасағы- батырлар олжаның ең көп бөлігін иеленіп отырды және т.б. артықшылықтарды пайдаланды деп жазады [16, 90 б.] . Әрине  С.Асфендияровтың тұжырымдары таптық тұрғыдан тұжырымдалғанына қарамастан, зерттеуші бірінші рет батырларды әлеуметтік топ ретінде қарастырғанын атап өтуіміз қажет.

     ХVІІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамыны тән батырлар институтының зерттеуіне елеулі үлес қосқан зерттеушілер ретінде Е.Б. Бекмаханов [17-18],  М.П.Вяткин  [19] еңбектерін айрықша атап өтуге болады. Е.Бекмаханов Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттей отырып, осы кезеңдегі  қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін қарастырады. Е.Бекмаханов алғаш рет қазақ қоғамына тән «ақсүйек», «қарасүйек», «төре»,  «төленгіт», «қарашы», «сұлтан», «би», «батыр», «бай» деп аталған ұғымдар мен әлеуметтік категорияларды ғылыми тұрғыдан талдаған [17].

         Зерттеуші қазақ қоғамында елеулі күш болып саналған қазақ батырының қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігінің өсуінің себеп-салдарын талдай отырып, кейбір жекелеген еңбектерінде ХІХ ғасырдағы батырлардың әлеуметтік сипаты туралы мәселеге арнайы тоқталды [18, 62-64 бб.]. Е.Б.Бекмаханов батырлар институтының әлеуметтік категория ретінде пайда болуы әскери-феодалдық ақсүйектердің пайда болуымен тығыз байланысты, ал «батыр» сөзінің ежелгі замандардан бастау алатындығын тұжырым жасайды [18, 62 б.].

         Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының зеттелу тарихында М.Вяткин еңбектерінің маңызы зор. Зертеуші батырлардың түркі халықтарының бәрінде кең таралғандығын жаза келе, дегенмен ол тек дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән ерекше құбылыс ретінде көрініс береді деп бағалайды. Бірақ зерттеуші  «батыр»  терминін әлеуметтік-таптық мәні жоқ ұғым ретінде қарастырып, ХVІІІ ғасырлардағы тарихи кезеңдегі қоғамдық сипаты анықтау жөн деген тұжырымға келеді [19, 115 б.]. Тарихты таптық түрғыдан ғана қарастырған зерттеушінің дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың  «ақсүйек» , «қарасүйек» өкілдерінен де шығуы, олардың аса бай немесе жалғыз атты кедей ретінде де өмір сүруіне байланысты өзіндік ерекшелігін талдаудың басты ұстанымының қате болғаны белгілі.

         ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік терминдер мен категориялар, соның ішінде батырлар институтының өзіндік ерекшеліктері Н.Г.Аполлованың зерттеулерінен көрініс тапқан [20-21]. ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын зерттей отырып, аталған кезеңдегі қазақ хандығының саяси құрылымын арнайы тарау ретінде қарастырады. Зерттеуші хан билігі, халақ жиналысы хан сайлау дәстүрлі, ақсақалдар мен билер кеңесі, сондай-ақ батырлардың саяси, әлеуметтік функцияларын талдайды.  ХVІІІ ғасырдың алғашқы жвртысында қазақ қоғамында батырлардың рөлі күрт өскеніне тоқтала отырып, олардың тек әскери жорықтар кезінде ғана емес, бейбіт кезеңдерде де елшілер, ақсақалдар кеңесінің белді мүшелері ретінде маңызды рөл атқарғандарын атап өтеді [21].

         Мәселені зерттеп талдау жасай отырып бұдан кейінгі жылдары жарық көрген, қазақ қоғамының әлеуметтік-саси құрылымына байланысты іргелі зерттеулерде батырлардың жеке әлеуметтік ретінде қарастырылмағандығын көреміз. Бірақ ХVІІІ-ХІХ ғасырың алғашқы жартысындағы батырлардың  [қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі олардың әлеуметтік, қоғамдық, саяси қызметтері туралы тұжырымдарды аталған кезеңдегі қазақ-орыс қатынастары, Қазақстанның Ресейге қосылуы мен отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестер, қазақ қоғамының  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жазылған еңбектерден кездестіруге болады. Осы жылдары тек жекелеген ғылыми мақала көлемінде жазылған М.Бижановтың ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамындағы    әлеуметтік категориялардың  орыс зерттеушілерінің еңбектерінде зерттелуін талдаған еңбегі де маңызды болып табылады. Бұл еңбегінде зерттеуші батыр әлеуметік категория емес, ол ең алдымен құрметті атақ деген тұжырымын    ұсынады [22, 166 б.]           

         Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының зерттелуінде Қазақстан Республикасы    тәуелсіздігін алғаннан кейінге жылдары жарық көреген, еңбектер жатады. Біз қарастырып отырған мәселеге байланысты К.Л,Есмағамбетов    [54-53], Ж.Қ. Қасымбаев [55], М.Ж. Абдиров [56], И.В.Ерофеева [57], Қ.С.Қаражан [28], еңбектерін атап өтуге тиіспіз. К.Л. Есмағамбетов еңбектерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ батырлары, олардың тархандық құқықтары туралы шет елдік зерттеушілердің еңбектері талданған. Ж.Қ. Қасымбаев,  М.Ж. Абдиров еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының салдарлары ұлт-азаттық күрестер, қазақ жеріндегі орыс-казак әскерлерінің тарихы мәселелері қарастырылғанымен, бұл зеттеулер біздің тақырыбымыз үшін де маңызды бола түспек.  К.Л. Есмағамбетов қазақ қоғамына тән батырлар институтын                                     «қазақ мемлекеттілігімен бірге жасасып, қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жолын бастан кешірген ерекше құбылыс », — деп бағалайды [54, 21 б.].  Тарихшы – ғалым Қ.С. Қаражан  «ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы ұзаққа созылған қарулы қақтығыстар, көрші мемлекеттердің сыртқы саясаты қазақ қоғамындағы билер мен қазақ жасақтарының басшылары – батырлардың беделінің одан әрі түскендігін айта келіп, олардың көшпелі халықтардың әскери дәстүрін сақтап, жалғастырушылар»  болғанын тарихи деректермен дәйектейді. [28, 80 б.].

         Аталған зерттеушілердің ішінде И. Ерофееваның зерттеулерін ерекше атап өтуге болады. Зерттеуші батырлардың қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы мен потестарлық – саяси үйымдасудағы орнына ерекше назар аударады. Сондай-ақ  ХVІІІ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы батырлардың рөлінің өсуін сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі мен қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуындағы әскери – потестарлық құрылымдардың рөлінің өсуімен байланыстырады [57, 33-35 бб.].

         Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жарық көрген еңбектердің қатарында батырлар институтының алғышарттары мен қалыптасуы мәселелерін қарастыруда іргелі тарихи еңбектер қатарында  т.ғ.д., профессор Қуаныш Сүлейменұлы Қаражан және жазушы Қуанышпай Құрманғали басшылығымен құрастырылып, баспадан қайта басылып шыққан патша әскерінің генерал-лейтенанты М.И. Иваниннің  «О военном искусстве при Чингисхане и Тамерлане» атты еңбегінен өз замандарының заңғар әскери қолбасшылары бола білген Шыңғыс хан мен Әмір Темірдің осындай жоғары білікті саясаткер деңгейіне көтерілуіне мол әскери қолдың болуы шарт емес, керісінше әскери тактикамен жеке бастың ерлігі, батылдығы арқылы жеткендігіне  көзжеткізе аламыз. [59].

         Батырлар институтының кейбір мәселелерін зерттеу А.К. Кушкумбаев [58],  Т.К. Алланиязова [259], Ш.Е. Картаева [60],  Қ. Ахметжанов [61], сынды зерттеушілердің қазақ халқының соғыс өнері мен жауынгершілік дәстүріне арналған еңбектерінде көрініс тапқан.

         Батырлар институтының қалыптасуы, оның негізгі атқарған қызметтері туралы тың тұжырымдар соңғы жылдары жарық көрген  Н.А. Абдоллаев,  Е.С. Сатыпалды [62],  Г. Қайырғалиеваның [63] ғылыми мақалалары мен  М.Қ. Дауытбекованың [0] кандидаттық диссертациясында көтерілген. Ал,  А.Тоқтабайдың еңбегінде барымтаның батырлық мектебі ретіндегі орны қарастырылған [64].

         Сонымен қатар тақырыптың зерттелуін қарастыру барысында соңғы жылдары көптеп жарық көріп жатқан тарихи – әдеби тұрғыдан жазылған зерттеулерді атап өтуге болады. Аталған тақырыпта қалам тарттқан әуесқой зерттеушілердің еңбектерінің өзіндік маңызын мойындай отырып, дегенмен бұл бағыттағы еңбектердің төмендегідей кемшіліктерін де атап өтуге тиіспіз. Мәселен, ерлігі мен атқарған істері бойынша батырлардың өзіндік,  шынайы бағасын алуына қатысты. Себебі, өз руының ғана батырларын дәріптеп, өз тайпасының ғана күйін күйіттеп жүрген әуесқой зерттеушілердің салдарынан әр рулар мен тайпалардан шыққан аттас батырлардың өзге руларға телініп, ауыстырылып жатуы шынайы тарихты бұрмалауға әкеліп соғуда.

         Бұл бағыттағы еңбектердің тағы бір атап өтетін кемшілігі белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүрген, белгілі бір батырлардың тым әсіреленіп көрсетілуі. Әуесқойзерттеушілердің сөзіне сенсек, қазақ батырларының бірі алып айдаһармен соғысып жеңсе, енді бірі найзасын бір сермегенде ондаған сарбазын жайпап өтетін алып тұлға болып суреттеледі. Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған енді бір мақалаларда  «Аузын айға білеген»  Жоңғарияның атақты қонтайшысы Қалдан  Бошақтының өзін қазақ биінің сөзден масқаралап жеңіп, әскерін кері бұрып әкетуіне мәжбүр еткендігі айтылады.  Мұндай мысалдар әрине, тарихи шындыққа жанаспайды, арзан ауыз-екі әңгіме деңгейінде ғана бағаланады.

         ХVІІ ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырдың ортасында қазақ-жоңғар соғысы кезінде ерен еңбек көрсеткен білікті де жүректі батырлар қай ру немесе тайпадан шықса да олар сайы келгенде қазақ елінің ортақ батырлары болып қалды. Сондықтан тарихтың терең қойнауына сіңіп бара жатқан батырларымызды, ел аузындағы ауызша тарихымыз арқылы, ерте кезеңдерде жазылып кеткен деректер мен материалдар арқылы да сүзіп алып, болашақ ұрпақ алдына дәріптеу тарих саласының ең өзекті міндеттерінің бірі.  Жоғарыда айтып өткеніміздей, жеңіл – желпі зерттеуге негізделген шығармалар болашақ ұрпақ алдында өзінің салдарын тигізіп, әртүрлі қоғамдық пікір қалыптастырып отыр.

         Қазақ қоғамындағы батырлар институты туралы зерттеулерге талдау жасау барысында эпостардың, батырлар жырларының зерттелуіне тоқталмай кетуге болмайды. Негізінен батырлар жырының әдеби-филологиялық тұрғыдан зертелгені белгілі. Сондықтан біз бұл зерттеулердің батырлар институтының рухани қызметін талдауда маңызы зор. Эпостарды жан-жақты зерттеу, ғылыми тұрғыдан саралауда М. Әуезов [67],  Ә. Марғұлан [68], М. Ғабдуллин [99],  Б. Кенжебаев [70],  Ә. Қоңыратбаев [71], Н.Смирнова [72],  Р. Бердібай [73],  Ә. Қайдаров [74],  Т.Қоңыратбаев [75] және т.б. отандық зерттеушілер мен қатар түркі – маңғол халықтарының эпос мұрасы бойынша жан – жақты зерттеулер жүргізген А. Веселовский [76],  В. Жирмунский [77],  Е. Мелетинский [78],  А. Орлов [79],  Р. Липец [80],  С. Суразаков [81] және т.б. еңбектерінің батыр бейнесі мен оның өзіндік ұстанымдары, ар-намыс кодекстері, бет-бейнелері туралы тұжырымдары біздің зерттеуімізде маңызды орын алады.7

         Тарихнамалық тұрғыдан талдау қазақ қоғамындағы батырлар институты тарихының күні бүгінге дейін кешенді түрде, жан – жақты түрде арнайы зерттелмеген тың тақырып екендігі туралы тұжырым жасаймыз.

 

 

 

 

Би сөзі мен қазақ қоғамындағы билердің орны туралы зерттеулер

 

«Би» сөзінің этимологиясы жайлы қазіргі күні бірауызды келісіліп – пішілген тұжырымды пікір жоқ. Бұл мәселеге алғаш көңіл аударған Ш. Уәлиханов «би» сөзінің түбірін көне түркінің «бек» және «бей» сөздеріне тіреп, оның негізгі мағынасы «сотты» білдіретінін атап көрсеткен. [1, 87 б].  Мұнан кейінгі уақытта А. Леонтьев «би» сөзін «билеу» етістігінен туындата келіп, оның «басқарушы» мағынасында қолданылғанын айтса, [2, 54 б], В.В. Бортольд  «би» түркінің  «бек» лауазымының варианты, осман түркілерінде бұл термин «бей» фопмасында қолданылып, біріншіден, қара халықтан да, билеуші династиядан да бөлек тұрған  «шонжарларды», екіншіден тайпа немесе рудың жетекшісі ретінде  «князьды», үшіншіден сөздің кең мағынасында кез келген «басқарушыны» білдіреді дейді. [3, 35-36, 225-226, 502 бб.].  В. Бортольд тәрізді В. Радлов та «би» сөзінің үш түрлі мағынасын келтірген болатын: « би»- князь, патша, қожайын (господинь); «би» — сот (судья); «би» — дана, шешен. [2, 54 б.]. Кеңес дәуірінде жарық көрген кейбір сөздіктерде «би» термині осы В. Радловқа негізделе отырып  «билеуші, қожайын, көсем, князь» мағынасында түсіндіріледі. [2, 54 б].

         Құрбанғали Халид  «Би – бектен, бек – бүюктен» қысқарған атаулар. «Бүюк – үлкен, зор» мағынасында айтылған, — дейді. [4, 87 б.].

         Кейінгі зерттеушілер арасында мұндай тұжырымды О. Сүлейменов қайталайды. [5, 54 б].

         Аталмыш терминнің шығу төркініне байланысты С. Аманжолов айрықша көзқарас ұстанады. Оның ойынша, «берік» (мысалы, «ақыл берік» мағынасында айтылатын) сөзінен  «бек» ( «бек мықты»), ал одан  «би» сөзі туындайды. Ендеше  «бек» сөзі – белгілі танымал, бекзат ұғымын, ал «би» — сот, судья билеуші ұғымын білдіреді. [2, 55 б.].

         Қазіргі ғалым – зерттеушілердің басым көпшілігі Ш. Уәлиханов пен А. Леонтьевтің тұжырымын қолдайды. Мәселен, «ХV-ХVІІІ – ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихына қатысты материалдардың» автролары академик В.В. Бартольдты қайталап,  «бек», «би»  сөздерінің  «рубасы» мағынасын білдіретінін және осы мағынада ол арабтың «әмір», сол сияқты моңғолдың «ноян» сөздерінің синонимі болып табылатынын айтса [6, 35, 64 бб.],  Т. Сұлтанов келтірілген пікірге қоса, «би» сөзінің ежелгі түркінің «бек» сөзінен бас алатынын және бұл орйда терминнің ХV-ғасырға дейінгі деректерден мүлдем ұшыраспайтындығын айтады. [7, 351 б.].  «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы» атты құнды зерттеу  еңбегінің авторлары  Р. Сыздыкова мен М. Койгелдиев «би» сөзін «бек» сөзінің бір варианты ретінде қарастыра келіп, «бек» — ханнан кейінгі билеушінің титулы», ал «би» вариантымен ру-тайпаның басшысын, билеушісін немесе билеуші топтың өкілін атаған» деп жазады. [8, 68 б.].

         Қарастырылып өткен ғылыми болжамдардың айналып келгенде бір ғана пікір төңірегінде тоқаласып жатқанын байқау қиын емес. «Би» сөзі ежелгі түркінің «бек» сөзінен бас алады да, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету» ұғымдарын білдіреді. Олай болса, «би» сөзінің пайда болу уақыты да ежелгі түркі заманына тірелетіні даусыз. Десек те, «терминдерге (шендер мен әскер түрлерінің атаулары, топонимдер мен этнонимдерге т.б. ) келетін болсақ, егер тарихшының өзі, әр түрлі жеке сөздердің этимологиясына емес, оқиғалар комплексіне сүйене отырып, мәселені өзі шешіп алмаса, бұл сөздердің мәнісін ашу ісінде… ешкім көмек бере алмайды, өйткені әлгі оқиғалар шоғырын сипаттау үстінде осынау қиын сөздер әр түрлі  үйлесімде кездесіп отырады ғой». [9, 17 б.]

         Шын мәнінде де, V – VІІ – ғасырларға жататын көне түркі жазбаларнда «би» сөзі ұшыраспағанымен, «бек» сөзі жиі кездеседі. Мәселен, «Күлтегін» ескерткішінің кіші жазуында түркі қағанының оңындағы – «шад апат бектер», солындағы «таркандар», бұйрық бектер» жайлы айтылатыны бар. [10, 53 б.]. Бұл жерде  «бек» сөзінің мағынасы қағаннан кейінгі лауазым білдіріп тұрғаны айқын. Алайда, ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік жүйесінде қаған (хан) әулетіне жататын аксүйек ябғулар, шадтар, тарқандар және бұйрықтармен қатар қара халықтан шыққан бектердің болғаны да әбден дәлелденген нәрсе. А. Бернштамның көрсетуінше: түркі қағаны қалыптасып келе жатқан жаңа таптың – бектердің мүддесін қозғаушы». Соңғыларының бір бөлігінің сот билігін атқарушылар мен салық жинаушылар ретінде хан әулетіне тікелей қатысы бар». [2, 56 б.].  Ал бектердің екінші бөлігі болса, ол негізінен қара халық – «будынмен» байланысты. Ал енді, ХІ – ғасырдың туындысы болып табылатын Махмуд Қашқаридің  «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі тілдерінің сөздігі» кітабіндағы «бек» сөзінің мағынасы да белгілі бір лауазым иесін білдіретіні шек келтірмейді. Мысалы: «Күнде сығат жоқ, бетте қайту жоқ», «Батырмен ұрыспа, бектермен тұрыспа» [11, 36, 42 бб.] және тағы сол сияқты. VІІ- ІХ ғасырлар туындысы болып есептелетін «Оғыз-нама» жырында «Оғыз қаған бектері мен ел-жұртына қарап:

Мен сендерге болдым қаған!

Алалық жай, тағы қалқам!

Тамға бізге болсын бұйан

Көк бөрі болсын ұран» —

дейтіні бар. 

Назар аудару қажет, О. Сүлейменов «Игорь полкі туралы» жырдаға Сятославтың Игорьді үш рет «буим» деп атағанын, жырда «буим» сөзінің көп кезестіріліп және «буй» түбірінің, жырдың аудармашылары айтқандай «буйный», яғни «ашушаң», «қатігез»  мағынасында емес, «атағы биік», «атақты» мағынасында қолданылатындығын дәлелдейді. [5, 54-55 бб.]. Оғыз қағанының жоғарыда келтірілген сөзіндегі «бұйан» сөзі көне түркі тілінде «ізгілікті» мағынасын білдіретіндіктен, [2, 57 б.] V-ХІІ ғасырлар аралығын қамтитын түркі кезеңінде «бек» сөзі тек қана лауазым иелерін ғана емес, сонымен қатар рулар мен тайпалардың бетке ұстар игі-жақсыларын білдірген болар деп ойлаймыз. Жалпы, түркі тіліндегі «бек» термині «игі-жақсы» мағынасында осы күнге дейін қолданылады: «бек жігіт, «бек көркем» және т.с.с., ал әйелдерге қатысты «бегім» термині жағымды кейіпте кеңінен айтылатыны белгілі: «бегім сұлу», «бегім айдай» , т.б.

         Л. Гумилев ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастыру барысында бектердің қара  халықты билеуге қойылған ел басқарушылары ретінде сипаттайды. Мұның дәлелі ретінде көне түркі жазуларындағы «бектер» мен «будын», яғни қара халықтың үнемі қосақтала аталуы және будынның қатардағы жауынгерлерді, ал бектердің көп аса әскербасылар санын құрайтындығы көлденең тартылады. [12, 60 б.] Шындығында да, ежелгі түркілер дәуірі мен ІХ-ХІІ ғасырлардағы Оғыз мемлекеті, Қарлұқ мемлекеті, Түркеш қағандығы, Қарахан мемлекеті тәрізді саяси бірлестіктердің әлеуметтік құрылымынан дәстүрлі түрде орын алған бектер, ақсүйектік және мұрагерлік заңына негізделген қағандыққа қарағанда, әлеуметтік топтардың төменгі жіктеріне біршама жақын, халықтың қайнаған ортасынан шығып, табиғи талантының арқасында абырой  беделге ие болған ру-тайпа жетекшілерінен құралған деуге толық негіз бар.

         Экономикасы көшпелі шаруашылыққа негізделген ерте ортағасырлық қоғамдардың әлеуметтік құрылымындағы мұндай ерекшелікті ғалымдардың көбісі атап көрсетеді. Мысалы, А. И. Треножкин  б.з.д. скифо-сақтар қоғамының әлеуметтік құрылымы хақында: «Аппарат государства у скифов был, очивидно, столь же прост, как и у всех кочевых народов. Так, в кочевых феодальных государствах,  организация которых  в настоящее время изучена  лучше, аппарат этот состоит из главы государства, приближенных к нему дружинников – слуг и исполнителей, нескольких правителей назначаемых над определенными территориями или родо-племенными группами, которым были, в свою очеред, подчинены старшины, избиравшиемся родами или родовыми подразделениями. В основе государственный аппарат у кочевников был построен на принципе всемирного использования родовой и племенной структуры, свойственной предшествующим периодам истоии дневного общества, которая благодаря такому ее использованию очень стойко сохраняется у всех кочевых и полукочевых народов плоть до новейшего времени», [2, 46 б]- дей келіп, скиф ру – тайпаларының басында ақсақалдар тұрғанын, ал соңғыларының арнайы жиналатын кеңесінде қоғамдық өмірдің көрші елдермен қарым-қатынас, соғыс пен бітім, жайылым бөлінісі, дау-дамайларды шешу тәрізді мәселелер талқыланып отырғанын атап көрсетеді. [2, 48 б.].  Сақ қоғамындағы ру-тайпа жетекшілерінің елеулі рөлін грек тарихшысы Лукиан  Самосатский де көрсетіп өтеді: «…..если кто ударить кого-либо из равных или, повалить на землю, или разорвет платье, то старейшины налагают за это большие наказания, даже если обида будет нанесена при немногих свидетелях…». [13, 230 б.].  Ал, отандық тарихшы, ежелгі сақ қоғамы тарихының білгірі К. А. Ақышев скиф, савромат және сақ мәдениетіндегі  ортақтық пен ішкі және сыртқы факторлар нәтижесіндегі тарихи біртектілікті айта келіп, скиф мәдениетінің шеңбері тек Скифияныі ғана емес, сонымен қатар Батыс Қазақстан мен Тобыл өзенінің оңтүстігіне қарай созылатын сақтар территориясын да толығымен қамтитындығын атап айтатының есте ұстар болсақ [14, 43, 55 бб.], скифтер мен сақтардың әлеуметтік құрылымындағы ұқсастықтарда белгілі бір заңдылық барын байқау әсте қиын емес.

         Қазіргі Қазақстан территориясының орын тепкен ерте орта ғасырлардағы саяси бірлестіктерді былай қойғанда, тіпті VІІ-Х-ғасырлар аралығында Шығыс Еуропаның қуатты мемлекетіне айналған түркі тілдес Хазар қағанатында бектер мемлекет басқару ісінде айтарлықтай ықпалға ие болғаны,  ал Х-ғасырлара олар іс жүзінде қағанды биліктен тайдырғаны белгілі. [2, 60 б.].

         Қазақтарихындағы билер есімі белгілі алғашқы өкілі – Майқы би. Ол Шыңғыс – ханның замандасы әрі оны «ақ киізге отырғызып, хан көтерген» 12 бидің төбе биі. [2, 60б.]. Халық жадында Майқы би тек сот үкім-кесімдеріне байланысты билік айтып қана қоймай, сонымен бірге үлкенді-кішілі саяси мәселелерді түйіндеп, шешім шығара білген қоғамдық қайраткер асебінде сақталған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген мәтел осының дәлелі.  Билер сол тұстың өзінде-ақ тек қана әлеуметтік немесе құқықтық ғана емес, сонымен қатар саяси роль атқарғанын Майқы бидің  «хан атаулының қызығы, қара бұқараның азығы» аталуынан да аңғаруға болады. [15, 12 б.].

         Майқы бидің Шыңғыс ханның жақын серігі әрі ақылгөйі болғандғын, Ш. Уәлиханоав та растай түседі. [2, 60 б].

ХІІІ-ХІV ғғ. Аралығындағы монғол үстемдігі тұсыеда бек, би қатаң әскери-әкімшілік  жүйеге сүйенген әлеуметтік құрылым тасасында қалып, қоғам өміріндегі өзінің дәстүрлі үлес салмағын біршама жоғалтып алды. Кезінде қатардағы ру-тайпалардың арасынан шығып, халық алдындағы беделі арқылы қағанға да қарсы шығудан қаймықпаған жекелеген қайраткерлердің көмегімен «ақ киізге көтеріліп, хан сайланған» Шыңғыс хан келе-келе  өзі «найзаның ұшы, біліктің күшімен» құрған алып империяның түбіне жететін осы ру-тайпа басшылары тарапынан төнер қатер болатының жақсы түсінсе керек. Монғол империясының әлеуметтік-қоғамдық өмірі ондық, жүздік, мыңдық және түмендік қатаң сатылы әскери жүйеге негізделуінің бір сыры осында еді. Ендеше, Шыңғыс ханның көзі тірісінде де, кейінгі Алтын Орда  тұсында да сонау Ұлы Түркі қағанаты мен одан кейінгі саяси бірлестіктердің барлығына бірдей тән халық жиналыстары, құрылтайлар, билер кеңестері күрт кеміп, оның есесіне хан тұқымы мен ақсүйек төрелердің жеке билгі тым белең алып кеткені кездейсоқ емес. Мәселен, Шыңғыс хан сайланған 1206 жылдан  кейін құрылтай бар болғаны бір-ақ мәрте – 1235 жылы шақырылып, онда да, Шыңғыс ханның немересі Батудың Батысқа жорық жасау мәселесін ғана шешкені мәлім.  

         Алтын Орданың қоғамдық – саяси және әлеуметтік құрылымы Шыңғыс әулетінен тараған хандардың абсалютті билігімен сипатталады. Тарихи деректер бұл тұста «хандардың таң қаларлықтай билікке ие болғаны» туралы бірауыздан қайталайды. Мысалы, 1245-1247 жылдар аралығында қазіргі Қазақстан, Орта Азия және Монғолия жерлеріне саяхат жасаған П.Карпини былай деп жазады: « Император же этих татар имеет изумительную власть над всеми – никто не смеет пребывать в какой-нибудь стране, если где император не укажет ему. Сам же он указывает, где пробывать вождям, вожди же указывают места тысячникам, тысячники сотникам, сотники же десятникам. Сверх того, во всем том, что он предписывает во всякое время, во всяком месте, по отношению ли к войне, или к смерти, или к жизни, оги повинуются без всякого  противоречия» [16, 40 б.].  Хан билігінің мұндай шексіздігіне Шыңғыс ханның заңдар жинағы «Ұлы жаза» елеулі ықпал еткені айқын. Мәселен, «Жазаның» бір бабы ру-тайпа басшыларының ең беделді дегенінің өзі, кінәлі болған  жағдайда, ханның жазалау үшін жұмсаған қарапайым қызметшісінің өзіне сөзсіз бағынуы тиіс екендігін қаулы есте, келесі бір бабы монғолдарға бағынышты рулар мен тайпалардың жетекшілерінің қандай да бір лауазым иеленуіне тиым салады.  [17, 185-186 бб.].

         Шыңғыс хан орнатып кеткен темірдей әскери тәртіптің жаңғырығы әлі құлақтан кете қоймаған ХІІІ ғасырдың аяғы мен  ХІV ғасырдың басында басқаша болуы мүмкін емес те еді. Қайткен күнде де, монғол үстемдігі тұсында әлеуметтік жік ретіндегі бек, бидің маңызын жоғалтып алғанын байқаймыз. Бұл орайда Алтын Орда тарихының білгірі В. Л. Егоров былай деп жазады: « …. специфичные условия, в которых приходило становление и развитие Золотой Орды как государства, постепенно рождали новые формы общественной и государственной жизни, оттесняя традиционные кочевнические обычи… Отпала необходимость созывать из разбросанных кочевий родовитых князей…» [2, 62 б.].

         Алайда хан тұқымдарының байлық үшін жанталастыққа, тақ үшін бақталастыққа ұрынып, өзара қырқысқа түскен  ХІV –ғ. аяғына қарай жергілікті ру-тайпа жетекшілерінің ролі қайта күшейе бастады. Себебі, әр қайсысы өз алдына ұрыс болып, жеке хандық құрғысы келген төре тұқымдары халық арасынан  шыққан жеке қайраткерлерсіз қарамағындағы ру-тайпалардың қолдауына ие бола алматындығын өте жақсы түсінді. Сөйтіп, ендігі жерде «қарадан шығып хан болған»  бек, би, әмірлердің күні туғандығы байқалды.

         Қазақ  халқы үшін моңғол жаугершілігінің кері әсері сонда, ол VІІІ ғасырда ыдырап, Оғыз, Қимақ-қыпшақ және Түргеш, Қарлұқ, Қарахан тәрізді саяси бірлестерге бөлініп кетуіне белгілі бір заңдылық болған Түркі қағанаты,  ХІ-ХІІ-ғ. Дешті-Қыпшақ деген жаңа атаумен, тың этникалық-саяси бірлестікке қайта бірігу процесін тежеп тастайды. Сөйтіп қазақ халқының өз алдына мемлекет ретінде тарих сахнасына шығуы екі ғасырға кейін шегерілді.

         Әрине, тарихи процесс тежелуі мүмкін, бірақ, мүлдем тоқтап қалуы мүмкін емес. Ежелден көшіп қонып, қатар жайлаған рулар мен тайпалардың барлығына бірдей тән тарихи тағдырластық сезімі, белгілі бір саяси және мәдени құндылықтар төңірегінде үйлесімділік, ортақ әлеуметтік-экономикалық болмыс, табиғи-эологиялық орта секілді факторлардың барлығы қоюлана келе тұтас бір этникалық сана-сезімнің кешенді құбылысын құрайтыны белгілі. Ал соңғысы, тарихи дами келе қандай да бір дербестікке ие болады да, мұның өзі, тіпті, территориялық немесе саяси-әлеуметтік, мәдени шашырыңқылық жағдайында да жоғалмай, сақталып қала бермек. [2, 63 б.].

         Осы тұрғыдан келгенде, Алтын Орда ыдырап, сонау ХІV-ғ. аяғынан ХVІ-ғ. басына дейін созылған Шыңғыс әулеті үстемдігінің өзара қырқысқа толы аумалы-төкпелі кезеңіндн қоғамдық өмірдің алдыңғы қатарына елді саяси бірлікке үндеп, тектес, қандас ру-тайпаларды этникалық-мәдени интеграция процесіне жетелеген жекелеген қайраткерлердің қарапайым халық арасынан шығуы заңды құбылыс еді. Ал мұндай қайраткерлердің бұдан былай өзінше бір әлеуметтік топ ретінде көрінуі – көшпелі қазақ қоғамындағы билер эволюциясының сапалы түрде жаңа сатыға көтерілуінің айғағы еді.

         Шыңғыс тұқымдарының жергілікті ру-тайпалар арасындағы беделі құрт төмендеп, ендігі жерде олар қара халықтан шыққан қайраткерлердің қолдауына зәру болып қалған, тіпті, кейде саяси дағдарысқа тап болған жағдайы ХІV-ғ. жасаған Сыпыра жыраудың төмендегі толғауынан айқын аңғарылады:

«… Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, аязды күнде қалшылдап, арасан оты жанғанда, бура мұздан тайғанда, шықырлаған буыршын, бас көтеріп тұрғанда, ханнан қайрат кеткенде, биге медет жеткенде, хан қашып, би қуғанда..» [2, 64 б.].

         1376-1395 жж. Алтын Орданы билеген Тоқтамыс ханның ақылгойі Сыпыра жырыу, іс жүзінде, Тоқтамыстың Жайық пен Еділ өзендерінің аралығын мекен еткен ноғайлы жұртын Алтын Ордадан бөліп әкетіп, өз алдына дербес ұлыс құрған Едіге биден жеңілісін меңзегені сөзсіз. Ал Ноғай Ордасының саяси құрылымында би – ең жоғарғы мемлекеттік лауазым болған. Бұл орайда, Б-А. Б. Кочекаев: «Во главе Орды стояли бий, избираемые предводителями племен и родов. Сыновья бия  и другие члены бийского рода назывались мурзами. После смерти бия на его место обычно вступает страший из членов бийского рода, родной брат или старший сын бия. Вся Орда считалась владением бия. Внутри нее имелись улусы, управляемые мурзами –вассалами бия» — деп жазады. [18, 38 б.].

         ХV-ХVІ-ғғ. Қазақ халқының тарихы мейлінше аз зерттелініп, белгілі белестерінен көлеңкелі қалтарыстары көп кезең. Мұның өзі көп аса аталған дәуірге байланысты қандай да бір жазбаша дерек көздерінің тапшылығынан туындап отырғаны анық.

         Шын мәнінде, басым бөлігі ХVІ-ғ. жататын мұсылман авторларының шығармалары мен Мұхамедд Хайдар Дулатидің (1499-1551 жж. өмір сүрген) «Тарихи-и-Рашиди», Қадырғали Жалаиридің (1530-1605 жж. өмір сүрген) «Жами-ат-Тауарих» еңбектерінен басқа қазақ тарихының осы бір тұсынан тікелей хабар беретін жазбаша түп деректер жоқтың қасы. Алайда бұл жерде, ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміздің көбі осы күнге дейін аса мән беруден бой тартып келе жатқан ауызекі деректер мен халық ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының аса бай әрі жан-жақты мұралары зор көмек бере аларын атап айту қажет.

         Қазақ халқының өз алдына жұртқа айналып, өз ұлттық мемлекеттілігін орнықтыруда  ХV-ғ. 50-60-жылдары аса маңызды кезең болғаны белгілі. Бір қызығы, мұндай айтулы оқиғалардың себеп-салдарлы астарының өзі би тығыз астасып жатыр. Мәселен, кейінгі шежірелер мен зерттеуші-ғалымдардың қай-қайсысы болса соқпай өте алмағаны былай тұрсын, іргетасы ауызекі дерек екендігі бірауыздан мойындалған аңыздардың біріне сәйкес, көшпелі Өзбектер мемлекетінің билеушісі, Шейбан ұрпағы Әбілхайыр хан мен Жошының үлкен ұлы Орда-Ежен ұрпақтары Керей мен Жәнібек арасындағы саяси тайталастың қарадан шығып ел билеген арғын руының биі, әділеттілгі мен адалдығы үшін ел арасында Ақжол би аталып кеткен Дайырқожның есіміне тығыз қатысы бар. Аңыздың Шәкәрім Құдайбердіұлы келтірген нұсқасына сәйкес, Әбілхайырдың жақын көретін қолбасшысы Қобыланды батыр Ақжол биді өлтіреді де, «қанға-қан, жанға-жан» жолымен  Қобыландының басын сұраған Керей мен Жәнібек, ханның Қобыланды   батырдың айыбына құн төлемек ниетіне қанағаттанбай, Есен-бұға билеп тұрған Шағатай ұлысына қарасты Шу мен Қозыбасы төңірегіне ауа көшсе керек. [19, 22-23 бб.]

         Аталған  оқиғаның тарихи негізі бар екендігі күән туғызбайды. Себебі, халық жадында Ақжол бидің әкесі Қотан жыраудың:

«Қарақыпшақ Қобыландыда нең бер еді, құлыным!

Сексен асып, таяғанда тоқсанға

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?!-деген жоқтауы тайға таңба басқандай жатталып қалған. 

         ХІV-ХVІ-ғғ. қазақ қоғамынның әлеуметтік өмірдегі билер өзіеше бір дербес, ара-жігі басқалай әлеуметтік топтардан ажыратылған құрылым деуге келмейді. Аталып өткен Ақжол халық аузында тек би ғана емес, батыр ретінде де айтылады.  Ал енді, халық аңыздарының көбісіне Майқы бидің алтыншы ұрпағы есептелетін атақты Асан –қайғы (шамамен 1370-1466 жж. өмір сүрген) тек ел қамын ойлап, қайғы шеккен жырау ғана емес, сонымен бірге Әз-Жәнібектің ақылгөй биі де болғаны белгілі. [4, 154-155 бб.].        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Пайдаланған әдебиеттер

Би сөзі мен қазақ қоғамындағы билердің орны туралы зерттеулер

  1. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе. Суд биев в древней народной форме \\ Сбор.соч. в пяти томах. Т.4 Алма-Ата, 1985. 87-бет.
  2. Оразбаева А. И. Қазақ қоғамындағы билер институты. \\ канд. дис.Алматы 1998, 54-бет
  3. Бортольд В.В. Бег. \\ Сочинения. Т.V. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. М., 1968. 35-36, 225-226, 502 беттер.
  4. Халид Құрбанғали. Тауарих хамса: (Бес тарих). Алматы, 1992. 87-бет
  5. Сүлейменов О. Аз и Я. Алматы, 1992. 54-бет.
  6. Бортольд В. В. Улугбек и его время. \\ Сочинения. ТІІ. Часть 2. Работы по одельным проблемам Средней Азии. М., 1964. 35, 64-беттер; Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков. Алма-Ата, 1969. 493-бет.
  7. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахтан. Летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992. 351-бет.
  8. Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991. 68-бет.
  9. Гумилев Л.Н. Қиял патшалығын іздеу: «Пірәдар Ионның мемлекеті» туралы аңыз. Алматы, 1991. 17-бет.
  10. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы, 1990. 53-бет.
  11. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі (Диуани лұғат ат-түрік). Алматы, 1993. 36,42-беттер.
  12. Гумилев Л. Древние тюрки. М., 1993. 60-бет
  13. Лукиан. Анархасис, или о гимнастиях. \\ Скифы: Хрестоматия. М., 1992. 230-бет
  14. Акишев А. К. Саки азиатские и скифы европейские. (Общее и особенное в культуре). \\ Археологические исследования в Казахстане. Алма-Ата, 1973. 43, 55-беттер.
  15. Арын М. Ғ. Хан атаулының қазағы қара бұқараның азығы. Қазақ халқындағы би статусы (тұрғысы жайлы). \\ Саясат, 1996, № 12. 71-бет; Нысанбек Төреқұл. Билер сөзі — ақылдың көзі. Алматы, 1996. 12-бет.
  16. Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Гельома де Рубрука. Серия: Путешествия. Открытия. Приключения. Алматы, 1993. 40-бет.
  17. Хара-Даван Э. Чингис-хан как полководец и его наследие. Культурно-исторический очерк Монгольской империи ХІІ-ХІV веков. Алматы, 1992. 185-186-беттер.

 

 

 

Билер институты мәселесінің зерттелуі

 

Қазақ қоғамындағы билер институты мәселесі революцияға дейінгі авторлар болсын, немесе кеңес дәуірі ғалымдары тарапынан болсын қандай да бір арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қарастырылмаса да, аталыш мәселе жанама түрде көтерілген еңбектер баршылық. Бұл ретте тарихшылар қазақ қоғамындағы билер туралы шағын болса да өте бағалы пікірлер жазып қалдырған  Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа көп борыштар. Қазіргі күні, Ш. Уәлихановтың қазақ қоғамындағы билер институты хақындағы құнды тұжырымдары, бұл мәселені одан ары зерттеушілер үшін аса маңызды методологиялық негіздеме болып табылады десек артық айтқандық емес. Ең бастысы, Шоқан сол уақыттың өзінде-ақ көтеріліп отырған мәселенің қоғамдық маңызын айқындап берген болатын: «Если 40-летнее русское владычество,  внесшее много совершенно новых элементов в общественную жизнь киргизского  народа, не имело никакого влияния на древний киргизкий суд биев, если суд этот мог устоять против неблагоприятных условий русского законодательства…, ясно что он вполне удовлетваряет настояшему развитию киргизского народа» . [1, 90 б.]

         Қазақ даласының Ресей империясының қол астына қарауына байланысты,  ХVІІІ-ғвсырда қазақ өлкесіне орыс оқымысты чиновниктері   көптеп келе ьастағаны белгілі. ХІХ-ғасырдағы дала өлкесінің жалпы жағдайы, қазақ халқының арғы-бергі тарихы, шарувшылығы мен әлеуметтік-саяси хал-ахуалы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жайында бірқатар құнды пайымдаулар қалдырған  А. И. Левшин, Н. П. Рычков, Н. И. Гродеков,  Д,Андре, И. А. Козлов,  Л. Ф. Баллюзек өз жазбаларында негізінен сол Шоқан еңбектеріне сүйенген.

         Аталмыш орыс чиновниктерінің жазбалары қазақ халқының әлеуметтік және этникалық тарихын зерттеумен айналысқан революцияға дейінгі шығыстанушылар еңбектерінің үрдісінде, этнографиялық мәліметтерді жинақтау және сипаттаудан аса алмай,  фактілік материалдарды эмперикалық тұрғыдан тіркеумен ғана шектеледі. Десек те, аталмыш автордың жазбалары қазақтың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетінің атрибуттік сипаттамасын беру арқылы белгілі бір бағыттамалық құндылыққа ие. Мысалы, қазақтың тұңғыш конституциясы іспетті «Жеті жарғы»  ескерткішінің  Г. Спасскийден кейінгі барынша  толық нұсқасын алғаш болып келтірген А. Левшин би институтының кей кезеңдерде хан институтынан да үстем түсіп отырғандығын айтса, [2, 165 б.]  Н. Рычков бидің беделі ол шыққан ру немесе тайпаның саны мен күш-қуатына тәуелді леп көрсету арқылы,  жалпы би институтының қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымына тығыз байланысты қарастыру қажеттігін негіздеді. [3, 23-24 бб.] Осыған ұқсас пікірді  А. Добросмыслов та қайталайтыны бар. [4, 24 б.]  Ал Н. Гродеков болса, кейбір елеулі дейтін емес қылмыстардың билер құзырына кірмейтінін, оның  есесіне «биге тілі тигендердің» жауапқа тартылатынын сөз етеді. [5, 35 б.]

         1846 жылы қазақ даласына келіп, жергілікті халықтың әдет-ғұрып құқығына байланысты материалдар жинаған айрықша тапсырмалар чиновнигі Д, Андре, Торғай облысының губернаторы болған  Л. Баллюзек, Ақмола облыстық басқармасы статистика бөлімінің хатшысы И. Козлов тәрізді ресей әкімшілік өкілдері жазбаларының құндылығы сонда, олар елге танымал би, батыр, ақсақалдардың өз аузынан жазып алынып, би институтының практикалық қырына көңіл аудару арқылы түрлі әлеуметтік топтардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындауға тырысады. [5, 124,128, 136, 217-219, 225 беттер].

         Дегенмен, бұл авторлардың жазбалары ХІХ-ғасырдың ортасында жинақталып, сол ғасырдың 60-80 жылдары жариялануы себепті.  Өзінің қоғамдық эволюциясында шырқау биікке көтерілген ХVІІІ-ғасырдағы би институтты мен саяси-әлеуметтік дағдарысқа ұшыраған ХІХ-ғасырдағы би институты ешбір салыстыруға келмейді.

         Көрнекті орыс ориенталисі, Таяу және Орталық Шығыс елдері халықтарының филологиясы, тарихы, географиясы, мәдениеті мен діні хақындағы 400-ден аса көлемді ғылыми еңбектердің авторы академик В. В. Бартольд Орта Азия тарихын түпдеректер негізінде жүйелі түрде зерттеген алғашқы оқымыстыдардың бірі. Көтеріліп отырған мәселеге қатысты оның «би» сөзінің шығу төркініне байланысты пікірлері ден қойдырады. 

         Қазақ қоғамындағы билік һәм билер институты турасында терең де дәл тұжырымдар Абай Құнанбаев пен оның творчествалық сын мектебінің өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріндеде кездеседі. [7, 42-46 бб.]  Атап, айтқанда, өзінің  «Қара сөздерінде» Абай: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келе бермейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күлтөбенің басында күнде кеңес» болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек», [8, 13-14 бб.] – деп жазады. Іс жүзінде,  Абай бір жағынан Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және  «Жеті жарғы» араларындағы тарихи байланысқа меңзеп отырса, екінші жағынан келтірілген үзіндіден зерттеуші «Жеті жарғының» пайда болу уақыты жөнінде жанама дерек алып отыр.  Айта кету керек, Абай қазақ қоғамындағы би институты жайлы жазып қана қоймай, сонымен қатар 1885 жылы Қарамолада жиналып, арнайы ереже жасап шығапған билер кеңесінің жұмысына белсенді түрде ат салысқан, ат салысып қана қоймай, ереже авторларының бірі болғандығы белгілі. Сол сияқты,  Абайдың 1890 жылдары төбе би сайланғаны туралы мәліметтер де кездеседі.

         Қазақтың би және билік құрылымдары турасында Абайдың туысы әрә шәкірті Шәкәрім де бірқатар бағала пікірлер айтқан кісі. Өзінің 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Би һәм билік туралы» атты мақаласында ол қазақ билеріне тән, бірақ ұмыт болған ескі жолдар мен ережелерді қайта көтеріп, қолайлысын уақыт талабына сай бейімдеп, жаңғырту қажеттігін негіздейді. Ол би институтының ХІХ-ғ. аяғы мен ХХ-ғ. басындағы дағдарысының себебі «билік туралы қазақтың ескі жолының жазылмай алғандығынан» деп есептейді. [9, 59 б.]

         Дегенмен, тарих ғылымының бүгінгі даму деңгейі тұрғысынан  алғанда аталған авторлардың еңбектері жалпы алғанда баяндамалық дәрежесінен көрінді. Сондықтан да, олардың информациялық мазмұны басым деп айтуға негіз бар. Әрине, революцияға дейінгі еңбектердің қазақ қоғамындағы билер институтының тарихи панорамасын ғылыми түрде бейнелей алуы мүмкін емес. Оның үстіне, хронологиялық жағынан алғанда, бұл авторлар сөз боп  отырған кезеңге біршама жақын тұр да, ал қандай да бір тарихи құбылыстың ішкі мазмұны уақыт өте келе айқындала түсетіндігі мәлім.

         1917 жылғы Ресейде басталған Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де қазақ даласындағы әдет-ғұрып заңдары мен оған қатысты саяси-әлеуметтік мәселелерге  А. Байтұрсынов,  Ә. Бөкейханов,  Б. Сыртанов сынды қоғамдық һәм саяси қайраткерлердің қай-қайсы да  көңіл бөлген. Алайда, олардың барлығының зерттеу объектісі сол кездегі қалыптасқан саяси ахуалға байланысты қазақ еліндегі сот билігінің мүмкін құрылымы болғандығы заңда еді.  Мәселен, А. Байтұрсынов өзінің 1911 жылы «Тағы да народный сот хақында» атты мақаласында қазақтың дәстүрлі билік институтына халық соты деген анықтама бере келіп былай дейді:  «Народный сот дегеніміз қазақтың ғадетіндегі қағидалар бойынша айтылатұғын билік. Бұрынғы әділ биліктің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын дәрі еді… Қазақта қандай уақиғалар турасында қандай қағидалар бар – жиыстырып, кемі болса, толықтырып, ескірегі болса, жаңартып, ақсақалдар, яки народный судьялар сондай қағида қазақта барлығын куәландырып, тиісті орынға бекіттіріп, бастырып шығарса, билерге ол қазық болар еді..» [10, 211-212 бб.] Осыған ұқсас пікірді үш жыл өткен соң Ә. Бөкейханов та қайталап, қазақ қоғамына тән би мен билік дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері барлығын, ендеше оны өзгерттуге тырысудың мүлдем қажетсіздігін дәлелдейді: «Бұл биді, билікті жоғалтып, қазақты орыс судьясына қарату керек деп орыс айтады, шариғатқа қарату керек деп біздің    моллалар айтады. Біз мұның екеуіне де қол қоймаймыз». [11, 167 б.]  Ал енді, кейбір зерттеушілер «Ынтыммақ» ережесі аталып, Қапал маңындағы  бір қауым ел арасында жетекшілікке алынған жергілікті басқару ережесінің авторы болған  Б.Сыртанов  «халық соты» ретінде дәстүрлі би институтының орнына ақсақалдар билігін орнықтыру қажеттігін негіздеген деп есептейді. [12, 48-49 бб.].

         Қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік институттары, оның ішінде билер статусы жөнінде бірқатар құнды тұжырымдар қалдырған қазақ зиялылырының қатарында М. Тынышпаевтың орны айрықша. Оның 1925 жылы Ташкент қаласында жарық көрген «Қазақ халқының тарихына байланысты метериалдар» атты еңбегі ғылыми деректігі мен методологиялық тиянақтылығы жағынан әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.  Бұл  еңбекті, кейіннен жазылып,  ХVІІІ- ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары мұқият талдаған «Ақтабан шұбырынды» мақаласымен толықтыра түскен  М. Тынышбаев, басты назарды билер институты мен оның жекелеген өкілдерінің сот ретіндегі емес, әкімшілік-басқару және рухани-идеологиялық функцияларына аударуға бейім. [13,  151, 161 бб. ] Мұның өзі, М. Тынышпаевтың тұстасы, қазақ маман-тарихшыларының алғашқы буынына жататын С. Асфендяровтың оны «шовинистік» пиғылы үшін айыптауына жол ашқаны айқын. Әрине, бұл жерде С. Асфендияровты қандай да бір ғылыми немесе азаматтық көзқарас тұрғысынан кінәлау тіпті де орынсыз. Себебі, таптық идеологияға негізделген тоталитарлық жүйе енде-енді орныға бастаған ХХ-ғасырдың 30-жж. басқаша болуы мүмкін де емес еді. Олай болса, іргетасы сол кезде-ақ қалана бастаған ғылымның саяси идеологияға бағындырылуы сияқты келеңсіз құбылыстан өзінің 1935 жылы басылып шыққан «Қазақстанның ежелгі дәуірден бергі тарихы»  еңбегінде  С.Асфендияров та сырт қала алмағаны әбден түсінікті. [14, 111-112 бб.] Оның үстіне, мұндай келеңсіздік бұдан былайғы кезеңде кеңестік, оның ішінде отандық тарих ғылымында жалпылама тән құбылысқа айналғандығы ақиқат. Сондықтан болар, 1935-1985 жж. аралығында билер институты қазақ қоғамының дәстүрлі әдет-ғұрып құқығы шеңберінде қарастырылып, негізінен заң ғылымы, оның ішінде мемлекет және құқық тарихы саласымен шектеліп келеді.

         КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің жария түрде диссертация қорғау туралы 1934 ж. 13 қаңтардағы қаулысынан бергі уақыт ішінде қозғалып отырған тақырыпқа жазылған ғылыми диссертациялар өте аз. [15.]  Біз бұл ретте қазақ қоғамына тән дәстүрлі әлеуметтік қарым-қатынастардағы билер институтының рөлі турасындағы мәселе жанама түрде қарастырылған ғылыми еңбектерқатарында сонау 1945 жылы филология ғылымы саласынан қорғалған Әмина Мәметованың  «Қазақтың шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны» диссертациясын ғана айтай аламыыз.

          КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтында қорғалған А. Мәметованың диссертациясы қазақстандық тарих ғылымында ауыз әдебиетінің үлгілері тарихи дерек ретінде қарастырылған алғашқы ғылыми жұмыс болып табылады.

          Диссертацияның өз атынан-ақ көрініп тұрғандай, еңбекте шешен билер, олардың өмірбаяндары, айтқан билік-шешімдері турасында әңгімелер келтіріліп, шешендік сөздердің әдеби-филологиялық анализі жасалады. Дегенмен, А. Мәметова билер институтының «мәдени мұраны сақтау, әлпештеужөнінде бұлай ата салтын бұзбай ұстап, нақыл сөздерін, өнегелі істерін, өрістетіп, төңірекке жаюға,  кейінгі буынға жеткізуге сеп ьолған» тарихи рөлін өте орынды атап өтеді. [16, 65 б.] Сонымен қатар, А. Мәметова шешендік өнерге анықтама беруге тырысып, оның тарихилығына, халық арасына үгіт-насихат, үлгі-өнеге тарату мен кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беру тәрізді аса маңызды әлеуметтік қырына назар аудартады. [16, 73, 127 бб.]

         Дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік тарихына байланысты мәселелермен Ұлы Отан соғысы тұсында ресейлік зерттеушілер, оның ішінде Қазақстанға келіп, көбі 1946 жылы құрылған Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтында қызмет істеген ғылымдар көп айналасқаны белгілі. Шын мәнінде,  Е. Бекмаханов,   М. П. Вяткин, А. Г. Аполлова сияқты ғылымдардың отандық тарих ғылымына, әсіресе қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын зерттеуге қосқан үлестері қомақты.

         Е. Бекмахановтың Қазақстанның Россияға қосылу процесі мен оның объективті салдары аса бір ғылыми байыптылықпен талқыланып,  ХVІІІ-ғасырдың аяғы мен ХІХ-ғасырдың басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жан-жақты зерттеген «Қазақстан ХІХ-ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегі (1947 ж.) патша өкіметі белсенді түрде жүргізіле бастаған отаршылдық қанауға байланысты түрлі әлеуметтік жіктердің бірігу тенденциясын айқындап қана қоймай, халық пен билеуші топтардың ортақ мүдде- саяси тәуелсіздік жолында тізе қосқан күресінің тарихи көрінісін объективті түрде сипаттап берген болатын. Сондықтан да, монография таптық идеология тұрғысынан зиянды деп табылып, оның авторы болса көп жылдар бойы саяси қысым мен қуғынға түсті.

         Іс жүзінде қазақ қоғамындағы «ақсүйек», «қарасүйек», «төре», «қарашы» ұғымдары мен «сұлтан», «би», «батыр», «бай», «төленгіт»  тәрізді әлеуметтік категориялардың алғаш рет талдаған  Е. Бекмахановтың пікірінше, қазақ қоғамындағы билер айрықша құқықтық және экономикалық артықшылықтарға ие билеуші топ өкілдері. Ақсүйек тұқымы боп есептелетін сұлтандармен салыстырғанда билер көшпелі қауымның өз ортасынан шыққан ру-тайпа игі-жақсылары. [17, 75 б.]

         Өзінің 1947 жылы шыққан «Батыр Сырым». Қазақстандағы ХVІІІ-ғасыр соңындағы азаттық қозғалысы» атты монографиясында М. Вяткин      Е. Бекмахановтың соңын ала қазақ қоғамындағы түрлі әлеуметтік категориялар мен олардың термиологиясына талдау жасайды.  Атап көрсететін жәйт сол,  М. Вяткин қазақтың «билері» мен қырғыздың «манаптары» арасындағы тарихи байланыстылық пен  саяси-әлеуметтік біртектілікке  Ш. Уәлихановтан сон арнайы назар аударған зерттеуші.                М. Вяткин би институтын шығу төркінін «сонау Дешті-Қыпшақ қоғамына дейінгі дәуірден» іздеу керек деген пікір айтады. [18, 107-109 бб.]

         Соғыстан кейінгі жылдары жарық көріп,  ХVІІІ-ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік терминология мен әлеуметтік категориялар мұқият қарастырған ғылыми монографиалардың бірі Н.Г. Аполлованың «Қазақстанның  ХVІІІ-ғасырдың 30-40 жж. Россияға қосылуы» болып табылады. Орталық архивтерден алынған құжаттарды сыни сараптау, көлемді тарихи материалдардың тарихи анализін жасау тұрғысынан өте шебер орындалған Н.Г. Аполлованың еңбегі, орыс-қазақ қарым-қатынастары және Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің сыртқы және ішкі факторларын жан-жақты қарастырумен қатар, түрлі әлеуметтік топтардың аталмыш мәселеге көзқарасын талдау арқылы ерекшеленеді. Монографиялық жұмыстың  ХVІІІ-ғасырдағы қазақ хандығының саяси құрылымы арнайы қарастырылған тарауында Н. Г. Аполлова хан билігі, халық жиналысы, хан сайлау дәстүрі, ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, батырлар тәрізді саяси және әлеуметтік институттарға тоқтай келіп, олардың тарихи функцияларын атап өтеді. Мәселен, монография авторының ойынша ХVІІІ-ғасырдың алғашқы ширегі билер институтының айтарлықтай күшейген тұсы. [19, 95 б.]

         50-жылдардың басында қайта жандана  бастаған отандық қоғамдық ғылымдар қатарында тарихи зерттеулер де бар болғанымен, қозғалып отырған тақырып төңірегіндегі еңбектер негізінен қазақ қоғамындағы дәстүрлі әдет-ғұрып құқығы шеңберінде заң ғылымы саласы бойынша жүзеге асырыла бастады. Дегенмен, 1955 жылы шыққан Т.М. Құлтелеевтің «Қазақтардың қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.  (Қазақстанның Россияға қосылуынан совет өкіметінің орнауына дейін)» еңбегін билер институты тәрізді әлеуметтік құбылыс төңірегінде бірқатар бағалы тұжырымдар жасалған тарихи зерттеу деп бағалауға болады. Қазақ қоғамының таптық құрылымы мен феодалдық қанау формаларын талқылай келіп, Т. М. Құлтелеев сол уақытқа тән таптық-ғылыми идеология шеңберінен шыға алмай «билер деп ру-тайпалардың феодалдарға айналған жетекшілерін атаған.  «Қарасүйек» феодалдардың басқа топтарымен салыстырғанда, билер басқару және сот функйияларын атқанған» деп жазады. [20, 35 б.] Алайда, мұның өзі 1867-1868 жж. патша өкіметінің қазақ даласында жүргізген саяси-әкімшілік реформалары, олардың себебі мен салдары, дәстүрлі билер институтын саналы түрде жоюға бет алған отаршылдық саясаты әшкереленген бұл монографиялық еңбектің маңызына еш нұсқан келтіре алмаса керек.

         ХVІІІ-ХІХ-ғасырлардағы қазақ қоғамында әлеуметтік институттар мен олардың қоғамдық ролі турасында бірқатар бағалы пайымдаулар мен тұжырымдар жасалған ғылыми еңбектер 1958-1971 жж. аралығында жарық көріп, отандық тарих ғылымына тың серпіліс алып келгені белгілі. Олардың арасында С.З. Зиманов,  С. Аманжолов,  С. Толыбеков, С.Л. Фукс тәрізді ғалым-зерттеушілердің еңбектері айрықша назар аударуға тұрады.

         1958 жылы жарық көрген «ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы», одан екі жыл кейін шыққан «ХVІІІ-ғасырдың соңы және ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси құрылысы» (1960 ж.) атты монографияларында  С. Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік, саяси және экономикалық қарым-қатынастарды, олардың көшпелі қоғам жағдайындағы ерекшеліктерін, меншік түрлері мен жер қатынастарын зерттей келіп, қазақ халқына тән саяси билік формаларына тоқталады.  Е. Бекмаханов,  М. Вяткиндердің ізімен С. Зиманов мол архивтік, нормативтік және ауызекі деректер негізінде «сұлтан», «би», «тархан», «старшина», «бай», «кедей», «шаруа», «жатақ», «құл», «төлеңгіт» тәрізді әлеуметтік топтарға ғылыми талдау жасап, олардың қазақ қоғамының саяси және экономикалық өмірінен алатын орнын біршама тиянақты түрде дәлелдейді. [21, 184-287 бб.]  Әсіресе, заңгер-ғалым билер институтының ХVІІІ-ғасырдың соңы мен ХІХ-ғасыр барысындағы қоғамдық қызметін жіті зерттеп, оның патша өкіметі тарапынан жүргізілген саяси-әкімшілік реформалары нәтижесінде дағдарысқа ұшырау процесін, хандық институт пен билер институтының ара қатынасын мұқият саралайды. [22, 117-127 бб.]

         Көрнекті тіл маманы әрі тарихшы С. Аманжоловтың «Қазақ тілінің диалектикасы мен тарихының мәселелері» монографиясы тек қазақ тілі мен қазақ тарихы емес, сол сияқты жалпы түркология саласындағы іргелі еңбектердің бірі болып табылады.[23, 66 б.]

         Алайда, алғаш рет 1959 жылы «ХVІІ-ХІХ-ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылысы» тақырыбымен жарық көріп, 1971 өңделіп, толықтырылған түлде «ХVІІ-ғ. – ХХ-ғ. басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы» деген атпен қайта шыққан ғылыми еңбектің авторы С. Толыбеков «Тәуке хан жыл сайын үш жүз өкілдерінің басы қосылатын феодалдық съездер шақырып отырды. Осындай съездердің бірінде Тәуке ханның Ережесі (Жеті жарғысы ) қабылданған еді» деп жазған С. Зимановты сынға алып, «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ көшпелі хандығы мемлекеттіліктің бастапқы сатысында тұрған «әскери демократия» үрдісінде соғыс және тонаумен ғана айналысты. Қазақ сұлтандары мен батырлары, билері мен байлары тонаудан басқаны білген емес… Жыл сайынғы съездер Тәуке хан енгізген қандайлық бір жаңа институт емес, қайта нағыз «әскери демократия» дәуірінің қалдығы» деп біржақты әрі атүсті қорытынды жасайды. [24, 342, 344 бб.] Мұның өзі, тоқырау жылдарындағы тарих ғылымының шектен тыс идеологияландырылуы желісінде орын алғаны анық.

         С. Фукстың ХVІІІ-ғасыр мен ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдет-ғұрпына арналған еңбегі осы саладағы соңғы көлемді ғылыми монография болып табылса да, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір тың мәлімет, жаңа қорытынды жасалған жұмыс деуге келіңкіремейді. Алайда, аталмыш автор, би институтының ХVІІІ-ғасыр аяғында, яки Абылай хан билігі тұсында-ақ әлсірей ьастағанын, бұл ретте кінәліні өлім жазасына кесу тәрізді қашанда халық жиналысы мен билер кеңесінің құзырында болып келген мәселені хан институтының жекелеген өкілдері өз бетінше шеше бастағанынан көруге болатынын дұрыс атап  көрсетеді. [25, 106-107 бб.]

         Көшпелі қоғамдағы билер институтының тарихи эволюциясы, оның дәстүрлі қоғамдық қатынастардан алатын орны мен үлес-салмағын айқындау үстінде Қазақстанның ерте және кейінгі орта ғасырлар тарихына ьайланысты жазылған кеңес дәуірі тұсындағы ресейлік ғалымдарының, атап айтқанда Л.Н.Гумилев [26, 62 б], С.А. Плетнева [27, 128 б.], А.Новосельцев [28, 264 б.] еңбектері біршама септігін тигізе алады.

         Бұрынғы КСРО ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзін дерлік қамтыған және Қазақстанды дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына алып шыққан 90-жылдардың басындағы геосаяси құрылымдық өзгерістер отандық ғылымызға, оның ішінде тарих ғылымына тың серпін алып келгені даусыз. Саяси және идеологиялық қасаңдық пен ғылыми тарөрістілік, таптық сыңаржақтылық салдарынан өн бойы, әсіресе кеңес дәуіріндегі жылнамасы түгелдей «ақтандаққа» айналған қазақ тарихына байланысты көптеген еңбектер жарық көріп, әлә де болса жарық көруде. Отандық тарих ғылымындағы мұндай сапалық өзгерістерді диплом жұмысымның бір тараушасына алынған билер институты, осы мәселемен тығыз байланысты қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып құқығына арналған зертеулерден де айқын аңғарылады. Бұл орайда Н.Өсерұлы, З.Кенжалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.

         1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдарда отандық қоғамдық ғылымдар көшпелі қоғамның өзіндік ерекшеліктері, оның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы тарихи жалпылық пен жалқылықтың арақатынасы мәселелеріне ден қоя бастағаны байқалып отыр. Мәселен, ғалым-зерттеуші ретінде қазақ әдет-ғұрып құқығы, оның ішінде «Жеті жарғы» мәселесімен көп айналысқан Н. Өсерұлы билер институтын өз алдына бөлек әлеуметтік құрылым ретінде емес, оның жекелеген өкілдері арқылы бағалауға бейім. Сондықтан да болар, ол билердің тек шежіре-тарихнамалық, шешендік және заңгерлік рөлдерін тиянақтаумен шектеледі.[30, 13 б.]

         Заң ғылымы саласынан жазылғанымен, қазақ қоғамындағы дәстүрлі әдет-ғұрпы ғана емес, сол сияқты әлеуметтік-мәдени және   рухани таным-тіршілігіндегі өркениеттілік ерекшеліетерді ашуға ұмтылуы себепті тарих және филисофия ғылымдары үшін де бағалы болып табылатын  З.Кенжалиевтің «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» атты еңбегінде билер институтының сипаттамасын мүлдем тыңынан түсіндіріп, қазақ әдет-ғұрып құқығының нормалары мен институттарының тарихи функциясы «дау-дамайлардың алдын алу, оларды болдыртпауға әрекет жасау, ал талас-тартыс туындап жатса уақытысында жылдам, қоғамда қалыптасқан әділдік, теңдік ұғымдары және принциптері негізінде шешу еді», — деп көрсетеді.[31, 69 б.]  Айта кету керек, З. Кенжалиев бұрын белгісіз болып келген ХІХ-ғасырға жататын «билер ережелерінің» бірқатар нұсқаларын айналымға түсірген зерттеушілердің бірі. [32]

         Аталған заңгер ғалымдарға қарағанда, тарихшылар Р.Сүлейменов, В. Моисеев, Б. – А.Б. Кочекаев,  М.Арын, М.Қойгельдиев, Р.Сыздықова, Ж.Артықбаев, С.Өтениязовтар басты назарды билер институтының тарихи даму барысындағы қоғамдық әлеуметтік және саяси рөлдеріне аударады.

         Б. –А.Б. Кочекаев өзінің зерттеу нысанасына айналған ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы ноғай-орыс қарым-қатынастарын қарастыру барысында Ноғай ордасының саяси құрылымын тиянақтап өтуге тырысады. Алайда, билер институты тап осы Ноғай ордасы тарихында ең жоғарғы рөл атқарғандықтан, автор ноғай билерінің формаьды түрдегі мәртебесін атап қана қоймай, [33, 38-39 бб.] оның саяси және әлеуметтік эволюциясына, қоғамдық мазмұнына шолу жасауы керекті.

         Сол сияқты, Р.Сүлейменов пен В.Моисеев қазақ қоғамындағы билер институтына қатысты өздерінің алдарындағы зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып тұжырым жасаудан аса алмай, Төле, Қазыбек және Әйтеке сияқты қазақ билерінің жекелеген тарихи оқиғаларға байланысты рөлін айтумен шектеледі.  [34, 108 б.]

         М. Арын бидің басқа халықтарға қарағанда қазақтар үшін төл ұғым екендігіне, әлеуметтік статусы жағынан оның батырдан жоғары тұрғандыған дәлелдесе, [35, 71-72 бб.] М. Қойгелдиев билер институты жекелеген өкілдерінің қазақ хандығының сыртқы саясатында атқарған дипломатиялық рөліне көңіл қояды. [36] Ал Р. Сыздықова болса, өзінің М. Қойгелдиевпен бірігіп жазған «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы» атты зерттеу еңбегінде де, сол сияқты одан екі жыл бұрын шыққан «Жалаири «Жәми ат-Тауарихының» тілі» монографиясында да «би» сөзінің этималогиясына үңіліп, оның алғашында, яки орта ғасырларда «рубасы», тек кейінен барып, ХVІІІ-ХІХ ғғ. ғана «сот» мағынасын білдіре бастағанына ден қояды. [37, 68 б.]

         Ж. Артықбаев пен С. Өтениязовтарға келсек, бұлардың алғашқысы соңғы уақытта ресейлік ғалымдар афро-азиялық көшпелі тайпалардың қоғамдық жүйесіне байланыстырып жүрген патронимиялық жүйені, қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымына сәйкестендіруге бейім. Ж.Артықбаевтың пікірінше «би дегеніміз қара халық өкілдерінің көтерілетін ең биік шегі». Бұл жерде би институтының саяси үлес-салмағы айтылып отырғаны түсінікті. [38, 118 б.] Ал енді би институтының патша өкіметі тарапынан жүргізілген әкімшілік-саяси реформалар жағдайындағы дағдарысы мен ХІХ-ғасырдағы жіктелісін С. Өтениязов сипаттайды. Оның ойынша, аталған уақытта қазақ арасында билердің екі түрлі болған: «біріншісі –ертеден келе жатқан дәстүрді жалғастырушы, яғни халық таңдаулылары. Екіншісі – патша өкіметінің нақсүйері, халыққа жек көрінішті болса да, пышағы май үстінде жүрген, яғни қызметкер би, өкіметтен жалақы, халықтан пара алушы». [39, 154 б.]

         Қазақ қоғамындағы билер институты жайлы сөз қозғалған тұста оның шешендік өнері тәрізді құбылысқа тығыз байланыстылығын атап өту мүмкін емес. Жоғарыда айтылып өткен Ә. Мәметованың ізімен бұл мәселе турасында кейінгі кезде бірқатар ғылыми зерттеулер жүзеге асырылып, жарық көрді. Мәселен, С.Қасқабасов, Б. Адамбаев, А. Бұлдыбаева,    Б.Шканова, С. Негимовтер шешендік сөздердің табиғаты, логикалық-композициялық құрылысы, тақырыбы мен түрлері, әдебилігі мен тарихилығы, ұлттық әдебиет пен өнер фольклор дамуындағы орны туралы теориялық пайымдаулар жасаса, [40] Н. Төрекұл, М. Қазбековтер қазақ тарихындағы есімі белгілі билер мен шешендердің сөздерін жинастырып құрастырушылар ретінде танымал. [41] Алайда, бұл еңбектердің теориялық-методологиялық негізін М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Қоңыратбаев тәрізді ғалымдар қалап кеткені белгілі.

         Осы кезеңге дейін зерттешілер билер институтының тарихи маңызын тек құқықтық тұрғыдан қарастырып келе жатыр. Ал оның саяси, мәдени және әлеуметтік-этникалық мән-мағынасына назар аударатын салиақты еңбектер кемде-кем. Мұндай олқылықтың орны соңғы уақытта біршама толықтырылғандай. Алайда әлі де болса тереңдей зерттеуді қажет ететін мәселелер жетерлік.

         Мәселен, өзінше бір «дала конститутциясы» ретінде билер институтының қоғамдық-әлеуметтік рөлін айқындауда аса құнды жанама дерек болып табылатын «Жеті Жарғының» «Хандар мен сұлтандар, ақсақалдар мен рубасылар күздің күні даланың орта кіндігіне жиналып, халық мәселелерін талқылауы тиіс»,[лев. Опи.]-дейтін арнайы бабына сәйкес ХVІІІ-ғасырға қарай жыл сайын көктем мен күзде Сайрам маңындағы Мәртөбеде де халық мәслихаты өтіп отырған. Көңіл аударуға тұрарлық нәрсе сол, әңгіме біріншіден, өкілеттілік билік туралы (халық өкілдерінің жиналысы түрінде), екіншіден, бұл өкілеттік биліктің хан, сұлтан немесе рубасы, билердің жеке басы мәселелері емес, «халық мәселелерін» талқылауы туралы ( М. Гродековтың айтуынша мұндай халық мәселелерінің саны негізінен төртеу: жайлау, қыстау, соғыс және бітім жариялау[ораз. 77б]), үшіншіден, сөз жоқ, мұндай халық мәслихаты-құрылтайдан хан сайлау мәселесі де тыс қалмағандықтан, іс жүзінде сайлау туралы сөз қозғалып отыр. Олай болса, біздің көз алдымызда – көшпелі қоғам талаптарына сәйкестендірілген демократиялық саяси жүйе. Қазіргі заманғы саясаттану ғылымында мұны плебисцитарлық, яғни «тікелей бұқаралық» демократия деп атайды.

         «Жарғының» аталған бабынан көрініп тұрғандай, хан мен сұлтандар бар да, ақсақалдар мен рубасылар бар. Алғашқыларының қоғамдық-саяси функциясы атқару билігі болса, халық атынан өкілдік ету рубасылар мен ақсақалдар кеңесіне, яки дала парламентіне тиесілі. Қоғамдық құрылымның ата, ру, тайпа, жүз тәрізді әлеуметтік буындарының жетекшілері ретінде соңғылары қашанда жергілікті өзін-өзі басқару принциптерінің сақталуына мүдделі. «Многочисленный киргизкий народ живет в  неограниченной вольности… Каждый киргиз живет так, как вольный госпадин..Однако каждое поколение или аймак имеет над собой главного, которому все происшедшие от одного колена отказывают добровльное послушание»- деп жазады П.С. Паллас.[паллас.] Ал, жағынан хан мен халық арасындағы, екінші жағынан ауыл мен ауыл, ру мен ру, тайпа мен тайпа, жүз бен жүз, яки халықтың түрлі топтарының өз арасындағы қарым-қатынастарға төрелік ететін үш жүз немесе «алты алаштың» өкілдерінен тұратын билер кеңесі-  жоғарғы сот органы сияқты еді. Мұның өзі қазіргі заманғы мемлекеттік жүйе шеңберіндегі биліктің көлбеу және жоғарылы бөлінісін еске түсіреді. В.В. Вельяминов-Зернов айтатындай «принцип разделения властей в своеобразной форме роевлялся в Казақстане еще в середние века..» [78 б. 3]

Ендеше, демократиялық үрдіс ХVІІІ-ғ. қазақ қоғамының саяси құрылымына ғана емес, сол сияқты мемлекеттік құрылымына да тән нәрсе екен.

         Тағы бір айтатын нәрсе сол, «Жеті жарғының» баптарынан байқалатындай, билердің мақсаты қандай да бір жаза белгілеу, айып кесу кінәліні тұқыртып, жазалау емес, адамгершілікке тәрбиелеу. «Көшпелілер ұғымы бойынша адам үшін ең басты әрі негізгі сот- ол адамның өз соты, ішкі соты, ар соты» [79 б.1]  Бұл жөнінде орыс шенеулігі И.А. Козлов кезінде былай деп жазғанды: «..самыми светлыми сторонами киргизкого суда являются постоянное обращение его к совести тяжущихся лиц и дух примирения, господствующий почти в каждом решении его … Усвоение нравственных идей расширяет понятия справидливого и несправедливого и представляет возможность провести более точную границу между ними..» [79 б. 2] Бұл енді «Жеті жарғының», оны жасаушы заңгерлердің көшпелі қоғам мен көшпелі мемлекеттің табиғи, өркениеттілік ерекшеліктерінен туындайтын әлеуметтік-этникалық, психологиялық мәтіні.

         Тереңірек үңілсек, хан мен халық бірлесіп талқылайтын жоғарыда айтылған бес мәселе, яки жайлау, қыстау, соғыс және бітім, хан сайлау мәселелерінің бесеуі де билер институтының еркінен тыс шешіле алмағандығынан аңғарамыз. Қыстау мен жайлау түптің түбінде жер мәселесі болғандықтан, соңғы сөз ру-тайпа жетекшілері ретінде билерге тигендігі анық. Соғыс және бітім мәселелерінде байланысты сыртқы жаумен келіссөздерге көбіне билер жүргендіктен, түпкі шешімді шығару сөз саптаған шешендерге-билерге жүктелгені даусыз. Ал, хан сайлау тәрізді аса маңызды қоғамдық рәсімді атқару сонау Шыңғыс ханнан бастап негізінен билер атқарып келгені ақиқат.

         Айта кетуге тиіспіз, қазақ қоғамының, оның ішінде ХVІІІ –ғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі, билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды. Бұл ретте олар негізінен орыс шенеуліктерінің жазбаларына сүйенгендігі анық. Мәселен, д,Андре «би өзінің лауазымын мәртебесі жөнінен ханнан немесе сұлтаннан кейінгі екінші орында тұрады», -деп жазатыны бар.Осыған жүгіне келіп, академик С.Зиманов «билер-қоғамдық құрылымда сұлтандардан бір саты төмен орналасқан ру шонжарлары» екендігін айтса, [80 б. 2] А. Еренов олардың қазақ қоғамындағы билік органдарының жоғарғы тобына жататындығы жайлы біршама жалпылама тұжырымға келді. [80 б. 3]

 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын оыс оқымыстыларының еңбектері негізінде арнайы зерттеген М.Бижанов би институтын әлеуметтік билік топтарының ортаңғы буынына жатқызып, С. Зимановтың пікіріне қолдау білдіреді. [80б. 4] Сол сияқты, «Қазақ ССР-нің мемлекет және құқық тарихы» оқулығының авторлары да би институтын қазақ қоғамындағы әлеуметтік сатысында хан және сұлтандардан кейінгі орынға қойса, [80 б. 5] Т.Сұлтанов қазақ қоғамының әлеуметтік сатысында сұлтандар мен билерді қатар орналастыруға бейім. [81, 1] Ал енді Ж.Артықбаев болса, би институтын ру-тайпа шонарларының төменгі буынына жатқызады. [81, 2]

Біздіңше, мәселе барынша нақтылай түсуді керек етеді және бұл ретте, жоғарыда айтылып өткендей, қандай да бір әлеуметтік институттың маңызы оған деген объективті қажеттіліктің күрт артып, жоғарылауына немесе кеміп, төмендеуіне кеміп, төмендеуіне байланысты ауытқып отырғандығын үнемі есте сақтаған жөн. Осы тұжырымға иек артар болсақ, ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында билер институты барынша өрлеп, тіпті хандық институтымен иық тірісе әрекет еткен кезеңі болды деуге мүмкіндік бар.  Анығында, архив құжаттарынан байқалатындай, аталған уақыт қазақ қоғаындағы хан билігінің ықпалы мүлдем әлсіреген тұс. [81, ораз]

ХVІІІ ғасырда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында би институты формальды түрде хан, сұлтан тәрізді әлеуметтік топтардан кейін орналақанымен, іс жүзінде қолына бүкіл ішкі саяси-әлеуметтік билік тетіктерін шоғырландырған және нақты іс-әрекетке қабілетті бірден-бір қоғамдық институт рөлін атқарды деуге толық мүмкіндік бар.

Мұның кезекті дәлелі ретінде халықтың ауызша тарих айту дәстүрі туындыларын кеңінен тарта аламыз. Мәселен, ескінің жолын жоқтап, хан институтының Әз-Жәнібек, Қасым хан, Хақназар, Есім замандарындағыдай қуаттылығын аңсаған, елдің өз бірлігінен айырылғанын осы хан билігінің дағдарысынан көрген Бұқар жыраудың (1668-1781 жж.): «Ақтың жолын күзетпей, жамандықты тұтқан жұрт. Мамыр асып, бай болып, байсал тауып жортқан жұрт. Ханға тізгінін салмады, хан жарлығын алмады. Баяғыдай баршындап, бірауызды болмады» [86, 1.]-деп күйзеле жырлайтыны бар.

ХVІІІ ғасырда қазақ қоғамындағы билер институтының аса елеулі маңызы әлсін-әлсін жиналып отырған халық құрылтайларынан көрініс табады. Осындай құрылтайлардың бірінде қазақ тарихының ежелгі дәуірлеріден бастап ауыздан ауызға беріліп келе жатқан дағдылы әдет-ғұрып нормаларының, оның ішінде «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа» жолы тәрізді ауызекі ғұрыптық құқыққа негізделе отырып жүйеленген, әркелкі ғұрыптық нормалар бір ізге түсіріліп, реттелген заңдар ережесі «Жеті жарғы» қабылданғаны белгілі. Мазмұн-мағынасы жөнінен «дала конституциясы» деуге келерлік. «Жеті жарғының» нақты қабылдану яки бекітілу мерзімі белгісіз. Әйтсе, де зерттеушілердің басым көпшілігі оның ХVІІІ-ғ. басында пайда  болғандығына ден қояды. [90, 1] Жеті жарғының пайда болу уақытын барынша нақтылай түсуге дәлел-дәйек жетерлік.

Біріншіден, аталмыш  құжаттың 1680-1718 жж. билік еткен Тәуке хан тұсында қабылданғаны яки бекітілгені даусыз. Аталмыш кезең халық жадында «қой үстінде бозторғай жұыртқалаған заман» ретінде сақталып қалған. Ал ХVІІІ ғасыр 70-90 жылдары қазақ хандығы үшін аса жайлы болған еместі. Сыр бойындағы қалалар, оның ішінде Түркістан, Ташкент үшін аштарханидтен әулетімен жүргізілген үздіксіз соғыстарда қазақтар үстем түссе де, 1670-1697 жж. ойрат қонтайшысы Қалдан-Бошақты Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, үш рет Сайрамды қоршап, соңғысында ақыры ойрандап кеткені, ал Жетісуды ХVІІІ ғ. дейін қол астында ұстағаны белгілі.[90, 2]

Екіншіден, ауызекі деректерге қарағанда, «Жеті жарғы» Ташкентке жақын Күлтөбедегі бас қосулар нәтижесінде дүниеге келген. М. Тынышбайұлы халық аузындағы «Күлтөбеде күнде жиын»  деген сөз осыдан қалған деп есептейді. [90, 3] Ал ХVІІІ ғасырға қатысты деректерден халық жиналысы – құрылтайлар туралы мәлімет кездеспейді.

Үшіншіден, халық аузындағы атадан балаға беріліп келе жатқан әңгімелердің бірі «Жеті жарғының» Тәуке хан үш жүзден шақыртқан Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің көмегімен құрастырыпты десе, екінші бір әңгңмеге сәйкес оны Ұлы жүзден Үйсін, Төле би, Орта жүзден Қаракесек Қазыбек би, Кіші жүзден Алшын Әйтеке би, қара қырғыз Қоқым би, қарақалпақ Сасық би және құрама Мұхаммед би тәрізді ел ағалары жасап шығарған. [91, 2]

Егер «Жеті жарғы» Т.И.Сұлтанов сыңай танытқандай ХVІІ-ғ. 70-жылдарында пайда болса, онда 1663 жылы дүниеге келген Төле би де, 1667 жылы туған Қазыбек би де, 1682 жылы туған Әйтеке би де әлі тым жас. «Жарғы» ХVІІ-ғ. нақ аяғында пайда болды дейтін десең, қарақалпақтар мен қырғыздар Қазақ хандығына осы ғасырдың 90-жылдары ғана тәуелдікке түскені белгілі. [91, 4]

Назар аударарлық жәйт сол, «Жарғы» авторларының саны алтау. Яғни, бір қарағанда жарғының жетеу екендігін оны жасаушылардың санына байланыстыру қисынсыз. Алайда, жетінші автор Тәуке ханның өзі екендігін ескерсек, аталмыш болжамның шындыққа келетінін байқау қиын емес.

Билердің халық тарапынан сайлауын Қазанғап Байболұлының «Төле бидің тарихы» дастанында келтірілетін мәліметтер де растай түседі. Мәселен, Төленің әкесі Әлібек Ұлы жүздің «сөз тияр» игі жақсыларының арнайы жиынында би сайланған:

«Сөз тиярлар жиылып, басын қосып ұлы жұз, би сайлайық деді енді. Қалауын айтып бәрі де, сипаттап өтті ерлерді. Ұнатпастан өзгені, Әлібекке келеді. Ақ пейіл, жарлы, мінезі кең, қой айдаса үстінен, кешірімді, ашуы кем. Аз сөйлейді, тура айтып. Қондырады бір айтып. Және атаның баласы, бар жағдайы келеді. Осыған бәрі жөн көреді, қаңлы құран, қарасай, Серкелі де қожабек, бәрі бата береді».

Бұдан байқайтынымыз сол, біріншіден би сайланбалы лауазым; екіншіден, би сайлау үшін дүние-малға бай дәулетті болу міндетті емес, ақыл-парасатты, кешірімді де турашыл болу керек; үшіншіден, тек атаның, яки, бұл жерде би тұқымынан болуы тиіс.

«Төле бидің тарихында» Әлібектің әкесі, Төленің атасы Құдайбердінің де би болғаны айтылады:

«Би сайланған Әлібек, Құдайберді биден соң, опат болып жасында, Құдайменде ағасы».[95, 3]

Сол сияқты Қаз дауысты Қазбектің әкесі Келдібек те, баласы Бекболат та би болған кісілер.

Дегенмен, би лауазымына сайлау үшін мұрагерлік жолына бағына қоймағандығын атап айту қажет. Мәселе тек, Бұқар жырау жырлағандай, «атадан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан» дегенге тіреліп отырса керек-ті. Ш. Уәлиханов «Возведение в звание бия не обуславливалось у казахов каким-либо формальным выбором со стороны народа и утверждением со стороны правящей народом власти; только глубокие познания в судебных обычаях, соединенные с ораторским искусством, давали казахам это почетное звание…Дети лиц носивших звание биев, имея большую юридическую практику, обыкновенно наследовали знания и вместе с тем и звания биев было у казахов когда-либо наследственным..» [96, 1]- деп келтіреді. Назар аударатын бір жәйт, Шоқан Шыңғысұлы би лауазымының сайланбалығын жоққа шығарып отыр. Біздің ойымызша, мұндай қарама-қайшылық ғұлама ғалымның би институтының негізінен сот ретінде функциясына көңіл бөліп, оның әкімшілік-саяси, әскербасылық, әлеуметтік-идеологиялық функциясын жете бағаламаушылығынан туындаса керек. Өйткені, жоғарыда айтылған Төле бидің әкесі Әлібекке қатысты халық жадында сақталып қалған қандай да бір дау-дамайдың әділ шешімі дерлік әңгіме жоқтың қасы. Ендеше, би сайланғанда Әлібек тек сот функциясын атқару мақсатында ғана емес, ру басы, тайпа жетекшісі ретінде әкімшілік лауазымға сайланған. Мұны жырда айтылатын:

«Құдайберді би болған, қазақ жаулап қалмақты. Есім хан мен Барыста, Алтай мен ұлы Ертісте, жеті жыл жүрді алыста, басшылық етіп тұруға, билердің болды керегі», — деген жолдар нақтылай түседі. «Сөз тияр» ел жақсыларының би сайлау үшін жиналғандағы басты себеп осы. Би институтының тарихи эволюциясы ең алдымен оның осы әкімшілік-саяси функциясына тығыз байланысты.

Патша шенеулігі Д,Андренің жазбаларына қарағанда, бидің мақсаты «кінәліні жазалау емес, тәртіпке шақырып, дау-дамай, жанжалдардың ушығып кетуіне жол бермеу, ауылдың, елдің тыныштығын сақтау.. Одан басқа, сот-билерді, әскербасы-билермен шатастыруға болмайды. Соңғыларының міндеті білгірлігімен қол бастап, халықтың қамын ойлау, отандастарын жаудан қорғау»[97,2 ]