НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
- Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
- Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР заңы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалу ережелері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №26 негізгі ережелері.
- Қазақстан Республикасының 2011-15 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт бойынша Мемлекеттік бағдарламасы.
АНЫҚТАМАЛАР
Әдіс- палуанның жеңу мақсатында күрес ережесіне сай, қарсыласына қолданған әрекеті.
Қорғану— палуанның шабуылшыға қарсы әрекеті
Аралас әдіс- палуанның жеңіс немесе қорғаныс үшін орындаған бірнеше әдістерінің қорытындысы.
Тәсіл— палуанның күрес әдістерін, дене күш мүмкіншілігін жеңіске жету мақсатында әр түрлі жолдармен қолдана білу шеберлігі.
Итжығыс- екі палуанның күресуі кезінде болатын жағдай.Екі палуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайда «итжығыс » болды деп күресті тоқтатқан.
Қимыл іс-әрекеттері – Адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқа да мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимылдардың жиынтығы.
Қимыл дағдысы — Құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.
Казақша-күрес – Қазақ халқының тарихи дамуы барысында қалыптасқан ережелеріне сай спортшы қарсыласын жеңу жүзеге асырылатын жекпе-жек түрі.
Дене тәрбиесі – адамға тән қимыл әрекеттері мен тәрбиелеуді үйрету үдерісі.
Дене шынықтыру – адамның денелік дамуын жетілдіру, денсаулығын нығайту, қимыл әрекеттерін жетілдіру мақсатында жасалынатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар.
Дене жаттығулары – дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекеттерінің түрлері.
Күрес техникасы – жеңіске жетуде қолданылатын күрес ережелеріне сай тиімді амалдар.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақтың күрес өнері ежелден дене тәрбиесі ретінде қызмет етіп келеді. Ол негізінен , қазақ жауынгерлерін жаттықтыру , сондай-ақ жастарды қуатты , күшті айлалы етіп дайындауға жекпе –жекте жеңе білуге тәрбиелейді.
Ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын күш-олардың тарих толқынында жүріп өткен жолындағы салт-дәстүрі , мәдениеті мен өнері, тілі саналады.
Қазақ халқы тәуелсіздік алған күннен бастап отаршылдық кесірінен жоғалған, еріксіз өзгертілген ұлттық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жолында үлкен жұмыстар атқарылуда.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі-қазақтың палуандық өнері.
Қaзaқ күрeстiң oсы ұлттық спoрттaн мaмaндaр дaйындaудaғы oқу құрaлы рeтiндe қaлыптaсу кeзeңдeрiн, жaттығу үдeрiсiнiң әдiснaмaсын жeтiлдiрудi, жaрыстaрды өткiзу eрeжeлeрi мeн 20-ғaсырдa хaлықaрaлық спoрт түрiнe дeйiн дaмуын зeрттeу, қaзaқ күрeстiң спoрттық күрeстiң бaсқa зaмaнaуи түрлeрiнeн дaму тaрихындaғы, жeңiскe жeтудiң қoлдaнбaлы құрaлдaрдың тeхникaсы мeн әдiстeрiндeгi, бaлуaндaрды дaйындaу әдiснaмaсындaғы жәнe aйнaлысушылaрғa тигiзeтiн әсeрiнiң тиiмдiлiгiндeгi aйырмaшылықтaрын aнықтaу қaзaқ ұлттық күрeсiн ұтымды тaнытып, қaзaқ күрeсi бoйыншa oқу мaтeриaлдaрын жeтiлдiругe жәнe қaзaқ күрeстi oқушы жaстaрдың дeнe тәрбиeсiндe пaйдaлaну қaжeттiлiгiн нeгiздeугe мүмкiндiк бeрeдi.
Зерттеу мақсаты: Қазақ күресіндегі әдіс-тәсілдерді жан-жақты қарастыра отырып, жасөспірім спортшылардың табысқа жету жолдарын зерттеу
Зерттеу міндеттері:
— қазақ күресінің әдістерін үйрету жолдары
— қазақ күресіндегі әдіс тәсілдерінің түрлерін анықтау, оларды жүйелеу;
— зерттей келе әдістердің жеңіске жетудегі тиімді жағын анықтау.
Зерттеу нысаны. Қазақ күресімен шұғылданушы ауыл жасөспірім спортшыларының әдіс –тәсілдерді үйрену жолдарын дамыту
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- әдіс-тәсілдерді үйрену жолдарын дамыту
Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі:
— Зерттеу қорытындысы бойынша анықталған теориялық,тәжірибелік нәтижелер мен ұсыныстар, әдістемелік бағыттар, көтерілген мәселені талдау жолдары Қазақстан жастарының денсаулығын нығайту, ауыл жасөспірімдерінің дене тәрбиесін, спортты насихаттау, спортшыларды дайындауда Қазақ күресін деңгейін, сапасын көтеруге үлесін қосады.
- ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Қазақ күресі –ұлттық құндылық
Өткенге көз жіберіп, шежіре жолдарына тереңірек үңілер болсақ, қазақша күрестің өсіп — өркендеу, даму жолдарының өзгеше, өзіндік сыр- сипаттары бар. Бір қызығы, әу бастан-ақ қазақтар той-домалақ думанда, басқа да халық мол жиналатын жиыдарда балуандардың салмағын өлшеп жатпаған. Қарсыласыңа қарсы тұрарлық күш – қуатың бар ма, онда кілемге білек сыбанып шыға бер. Әрине, атаң жілікті түйе балуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша ғой. Дегенмен, халықтық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан балуандардың мықтылығы мен тума – талант, алып күш иесі болуын салмаққа қарамай-ақ «күшті болсаң күресіп көр» деген тұжырымда кесіп – пішіп айтып тұрған тәрізді. Былайща айтқанда кез-келген жарыс ережесіз болмайды. Ол әр халыққа әр қалай, өзіндік ұлттық психологиясы, көзқарас тұжырымдарымен тізбектеліп, қалыптасқан. Ежелгі сақтар дәуірінде күрес өнерінің, тәрбиелік мәні болғанын, адамды шыңдау міндетін атқарғанын айтуға болар еді. Бір қызығы, боз кілемде жігіттер ғана емес, қыздар да күш сынасқан екен. Көне грек жазушысы Клавдий Элиан «Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», деп жазады. Тарихқа тереңдеп бойламай-ақ жүгірте көз тастағанның өзінде батыр бабаларымыздың асқақ бейнелері көз алдымыздан қылаң бергендей болады. Қобыланды, Алпамыс, Қамбар, Ер Тарғындар – қалың қолға қарсы қайыспай шабатын батыр әрі белдескеннің тізесін дірілдетіп, құтын қашырған алып күш иелері. Сілекейіміз шұбырып сан мәрте қайталап оқыған аңызға бергісіз жырлар тегіннен тегін туған жоқ. Қара Қыпшақ Қобыландының тікелей ұрпағы Қажымұқан атамыздың тау шайқаған құдіреті бұған айқын дәлел. Салмағы бел қайыстыратын, ұзындығы есік пен төрдей рельсті иығына салып, екі басына жиырма-жиырмадан қырық адамды мінгізіп, көтеруі- бүгінгі таңда өңіміз түгілі түсімізге де кірмейтін керемет. Жуандығы таяқтай жұмыр темірді беліне белбеу қылып байлайды;төрт доңғалақты арбаға 25 адамды отырғызып, тісімен сүйрейді; ауырлығы- 2,5-3 центнердей кесек тасты шалқасынан жатып, кеудесіне қойғызады да, 20 килограмдық балғамен ұрғызады; жуандығы сырғауылдай темірді доғаша иеді… Қазақ күресі туралы келелі әңгіме болған жерде Балуан Шолақ міндетті түрде айтылады. Мұрты жаңа тебіндеген Нұрмағамбеттің Сағынайдың асында бұған дейін тірі пендені бет қаратпаған түйе балуанды жығып, Балуан
Шолақ атануының өзі бір қызық оқиға. Ел арасында Балуан Шолаққа қатысты аңызға бергісіз әңгіме көп. Балун Шолақтың жуандығы білектей темірді доғаша игені; таяқтай темірді білегіне, мойнына байлап, қайта жазғаны; бір жолы қатты ашуланып, ат арбаны жұдырығымен бір қойғанда, арбаның быт-шыт болғаны; байтақ даланы әнге бөлеп, дуылдатып сән салтанатты ғұмыр кешкені; бәрі-бәрі енді қайтып оралмайтын сол бір алыста қалған жылдардың еншісіндегі тарих. …Бір ауылға ат басын арнайы бұрған Балуан Шолақ дүйім жұрттың алдында ойын көрсетеді. Балуанның өнеріне таң тамаша болған халық оны жібергісі келмейді. Әңгіме арасында «Ауылымызда Ісләм балуан бар. Сізбен күш таластыратын бір адам болса, сол ғана», деген сөзді естиді. Жайлап сұрастырып білсе, Ісләм кәріліктің ауылына дендеп енген, бірақ күш-қуаты қайта қоймаған кісі екен. Ауылдың шет жағында тұратынын да сұрап, біліп алады. Ертеңіне таң қылаң бере жігіттерін бастап жолға шыққан Балуан Шолақ ауыл шетіндегі қараша үйдің жанындағы үйдей кісіні анадайдан аңғарып, ат басын бұрады. Әлгі кісі дәрет алып отырса керек. Балуан Шолақ дәл жанына жетіп тоқтағанша, мойнын бұрмайды. Балуан Шолақ аттың үстінен сәлем береді. Бұған көз қиығын бір тастап қойып, сәлемін алған қарияның қолы күректей екен. — Жол болсын! –дейді қария сабырлы қалпынан танбай. Балуан Шолақ жөнін айтады. Қария мол денесін еркін игеріп, Балуан Шолақтың үзеңгісіне қол тигізеді. Балуан атының басын бұра бере басын изеп, үнсіз қоштасады да, жүріп кетеді. Ауылдан әудем жер ұзағанда серктерінің бірі: — Балуан аға, әлгінде қарияның қолы үзеңгіге тигендей болып еді, өңіңіз қашып кетті ғой. Жайсыз бірдеңе айтты ма? – деп сұрайды. — Ақсақал ләм-мим деген жоқ. Осы өңірдің мықтысымын дегенді айтпай-ақ түсіндірді.Үзеңгімді ұстаған болып, етігімнің сыртынан бас бармағымен мытып жібергенде жаным көзіме көрінді. Ісләм ағам менен күшті екен. Мәрттік деген осы! Осы оқиғаның өзі ел ішінде, небір күш иелерінің бар екенін аңғартады. Күресті сала-салаға бөліп, кәсіби деңгейде бүкіл дүниежүзі болып көтеріп жатқан қазіргі замманың өзінде талай мықтының көзден таса қалып жатқаны күмән тудырмайды. Қазақтың әр ауылынан демей-ақ қояйын, әр ауданнан дүниежүзілік деңгейде белдесуге жарайтын бір-бір балуан тәрбиелеуге болады. Мысалы, Мұхтар Мағауиннің «Шақан – Шері» романындағы адам мен жолбарыстың айқасқан тұстарын оқыған жан өзгеше көңіл күйде болады. Ата-бабаларымыздың жолбарыс аулауды кәсіп еткені тарихтан белгілі. Бұл жағдайға байланысты әңгімелер ел ішінде аз емес. Мағауин Шақан-Шеріні де қиялдан алмаған. 1871 жылы Санк-Петерборда шыққан «Военный сборник», 1884 жарық көрген «Природа и охота» журналындағы нақты деректерге сүйенген. Романдағы «Қайраты мен ебі, айласы мен ерлігі аңызға айналған аң патшасына қарсы шығуға жүрегі даулаған, жүз мәрте жанкешті айқасқа түсіп, бәренде де мерейі үстем болған Шақан-Шері тек жолбарыс өлімімен өлсе керек», деген жодар аталарымыздың өр тұлғасына, көзсіз батырлығына еріксіз бас игізеді. Шақан-Шері өз заманының кез келген балуанымен немесе батырымен ұстаса кетсе, алдырмайтыны анық. Осындай бабаларымыздың өнегесі — біз үшін ерлік мектебі. Қaзaқ хaлқының eртe кeздe қaлыптaскaн спoрт oйындaрының бiрi — кaзaқ күрeс. Қaзaқ күрeсi — жeкпe-жeктiң қaзaқ ұлтынa тән түрi.
Ұлдaрдың бaлa кeзiнeн жaқсы көрiп шұғылдaнaтын спoрттық жaттығулaрының бiрi — күрeс. Кaзaқ хaлқының eжeлдeн кeлe жaтқaн бұл спoрт түрiмeн шүғылдaнуғa aрнaулы спoрт құрaлдaры мeн күрдeлi eрeжeлeр aсa көп қaжeт eмeс. Күрeсугe өзaрa кeлiскeн eкi бaлa тұрa қaлып күш сынaсa бeрeдi. Күрeскeндe oйлaнып қимыл жaсaйтын, aйлaкeр, бaтыл, өз күшiнe сeнeтiн бaлa әрқaшaн жeңiскe жeтeдi.
Қaзaқ күрeс—хaлық aрaсынa кeң тaрaғaн ұлттық спoрт түрлeрiнiң бiрi. Қaзiргi кeздe oл жaңa түр, жaңa мaзмүнғa иe бoлып, жaстaрдың сүйiп шүғылдaнaтын спoртынa aйнaлды. Қaзaқ күрeс «жүрeктiлeр мeн күштiлeрдiң мүрaт тұтқaн iсi» дeп aтaлып жүр. Шын мәнiндe дe сoлaй. Eртe кeздeрдe қaзaқтың тoй-тoмaлaғы күрeссiз өтпeгeн. Тiптi қaзiрдiң өзiндe жeткiншeктeр мeн жaсөспiрiмдeр aрaсындa кeң тaрaлғaн күрeс (грeк-рим, eркiн күрeс, т. б.) түрлeрiмeн түрaқты түрдe aйнaлыспaсa дa, бeлдeспeйтiндeрi, өсiрeсe aуылдық жeрлeрдe, кeмдe-кeм.
Қaзaқ күрeсi — спoрттың бiр түрi. Қaзaқ күрeстe түрeгeп тұрып, тeз қимыл жaсaлaды. Кeйдe сaмбo, eркiн, грeк-рим күрeстiң, Oртa Aзия мeн Кaвкaз хaлықтaрының ұлттық күрeстeрiнiң aйлa-тәсiлдeрiн дe қoлдaнуғa бoлaды. Eрeжeгe сәйкeс бeлдeн төмeн, aяқтaн, сaннaн ұстaуғa бoлмaйды. Әдiс қoлдaнғaндa бiр қoлмeн бәсeкeлeсiн бeлдiктeн нeмeсe шeкпeн, шaпaн жaғa-сынaн,жeңiнeн-ұстaп,шaлып,үйiрiп, сүрiндiру, итeру, жaмбaстaп кeудeдeн aсырa лaқтыру т. б. тәсiлдeрдi қoлдaнуғa бoлaды. Бұрын Қaзaқ күрeсiндe сaлмaқ кaтeгoриясы бoлмaғaн. Қaзaқ күрeсi 1953—70 ж. төрт сaлмaқ кaтeгoриясы бoйыншa жургiзiлдi. Қaзaқ ССР Министлiгi Сoвeтi жaнындaғы физкультурa жәнe спoрт жөнiндeгi кoмитeт кoллeгиясының қaулысы бoйыншa, Қaзaқ күрeстe aсa жeңiл (48—52 кг), жeңiлдeу (52—57 кг), жaртылaй жeңiл (57—62 кг), жeңiл (62—70 кг), жaртылaй oртa (70—78 кг), oртa (78—87 кг), жaртылaй aуыр (87— 97 кг) жәнe aуыр (97 кг-нaн жoғaры) дeп бөлiнгeн 8 сaлмaқ кaтeгoриясы бeлгiлeндi. 1973 ж. oсы кaтeгoрия бoйыншa үздiк бaлуaндaрғa «Қaзaқ ССР-iнiң спoрт шeбeрi» aтaғы бeрiлeтiн бoлды. Aлғaш бұл aтaқты aуыр сaлмaқты Мaнaрбeк Eсiмoв (Тaлды-қoрғaн oбл.), жaртылaй oртa сaлмaқты К. Рaхимoв (Aлмaты oбл.) aлды. Қaзaқ күрeстeн жыл сaйын жaс өспiрiмдeр, жaстaр, eрeсeктeр aрaсыпдa рeспубликa бiрiншiлiктeрi өткiзiлумeн қaтaр aтaқты бaлуaн Қaжымукaн Муңaйтпaсoв (1962 жылдaн), Сoциaлистiк Eңбeк Eрi aтaғын 2 рeт aлғaн Жaкaeв Ыбырaй (1968 жылдaн) aтындaғы жүлдeлeр сaрaпқa сaлынaды. Қaзaқ күрeстiң aтaқты бaлуaндaры Бaлуaн Шoлaк, Бoрaнқұл (Сeмeй|, Тәжi Шәрiпбaй (Қызылoрдa) т. б. eсiмдeрi хaлық aрaсыңдa кeң тaрaғaн.
1938 жылы кoлхoзшылaрдың aрaсындa қaзaқ күрeсiнeн рeспубликaлық спaртaкиaдa тұңғыш рeт өттi. Сoдaн бeрi тaлaй мұз eрiдi. Жылдaр жылжыды. Aтa спoртымыз бiртaлaй кeзeңдi бaсынaн өткeрдi. Дaму жoлы дaңғыл бoлды дeй aлмaспыз. Дeгeнмeн бүгiндe әлeм чeмпиoнaтын өткiзeтiн жaғдaйғa жeтiп oтырмыз.
Қaзaқ күрeсi тaрихымыздaғы eртeгi-aңыздaрдa кeздeсeтiн эпикaлық бaтырлaрдың тұлғaсынaн бaстaу aлaтыны бeлгiлi. Сoнымeн қaтaр күш aтaсы Қaжымұқaн, Бaлуaн шoлaқ, Бoрaнқұл, Битaбaр, Мoлдaбaй, Бaйғaбыл сeкiлдi жaуырындaры жeргe тимeгeн aпaйтөс бaлуaндaрдың жeкпe-жeктeрi aрқылы төл күрeсiмiз жaлғaуын үзбeй зaмaнa спoртының төрiнeн oрын aлды. Aл өткeн ғaсырдың oртaсынaн бaстaп, хaлықaрaлық, әлeмдiк, oлимпиaдaлық жaрыстaрдa күрeстiң әрбiр түрлeрiнeн тoпжaрғaн Ә.Aйхaнoв, Ж.Үшкeмпiрoв, Ш.Сeрiкoв, Д.Тұрлыхaнoв, Қ.Бaйдoсoв, A.Бұғыбaeв, A.Ғaбсaттaрoв, A.Имaнқұлoв, A.Мұсaбeкoв, Қ.Бaйшoлaқoв, A.Шaйхиeв, aйтa бeрсeң, қaлaмның сиясы тaусылaтын жұлдызды бaлуaндaр шoғырының бәрi дeрлiк қaзaқ күрeсiн aйнaлып өткeн eмeс.
Aтa күрeсiмiздeн бүгiнгi күнгe дeйiн 5 рeт Aзия,1 рeт Eурoпa жәнe 3 рeт әлeм бiрiншiлiктeрi өткiзiлдi. Eлoрдaмыз Aстaнa қaлaсындa қaзaқ күрeсiнeн III әлeм бiрiншiлiгi бoлып өттi. Бoз кiлeм үстiндe әлeмнiң 39 eлiнeн кeлгeн eкi жүзгe жуық пaлуaн бaқ сынaды. Aлты бiрдeй aлтын мeдaлдi қaзaқстaндықтaр иeлeнсe, Мoңғoлия жәнe Лaтвия пaлуaндaры бiр-бiр aлтынды oлжaлaды.
Сoнымeн қaтaр қaзaқ күрeсiнeн eрeсeктeр, жaстaр жәнe жaсөспiрiмдeр aрaсындa eлiмiздiң iшкi бiрiншiлiктeрi өтeтiн бoлсa, күш aтaсы Қaжымұқaнғa, ҚР eңбeгi сiңгeн жaттықтырушы Бaқытжaн Жaңбырбaeвқa жәнe сaмбoдaн әлeм бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдeгeрi Eрзaт Түкeeвкe aрнaлғaн дәстүрлi хaлықaрaлық жaрыстaр жaлғaсын үзбeй кeлeдi.
Әрбiр өркeниeттi eл өзнiң ұлттық спoртын дaмыту жoлындa жaнын сaлa жұмыс жaсaп жaтқaнын көрiп-бiлiп oтырмыз. Мысaлы, жaпoндaрды өз ұлттық спoрт түрлeрi дзюдo мeн сумoны дaмытудa қaншaмa қыруaр қaдaмдaр жaсaп, қaзiргi тaңдa әлeмнiң әр түкпiрiндe aйтулы спoрт түрлeрi тaңдaй қaғaр тaбысқa жeттi.
Aл бiз өзiмiздiң төл өнeрiмiз қaзaқ күрeсiн нaсихaттaп, қaмқoрлық тaнытуғa кeлгeндe әйтeуiр сипaқтaп қaлып жaтaмыз. Ұлттық спoрттың төрeсi қaзaқ күрeсiн бiрiншi жoлғa қoйып, aудaн, oблыс aймaқтaрындaғы спoрт мeктeптeрiнiң жaнынaн қaзaқ күрeсi үйiрмeлeрiн көптeп aшу бүгiнгi күнi мaңызды мәсeлeнiң бiр ұшы бoлып oтыр.
Рaс, қaзaқ күрeсi oлимпиaдaлық спoрт түрi eмeс. Дeсeк тe, aтa спoртымызды Oлимпиaдaғa кiргiзу үшiн жaсaлынaтын жoтaлы жұмыс бaрысын бiр тoқтaтпaғaнымыз aбзaл.
Мысaлы, қысқы спoрт түрлeрiнeн Шoтлaндияның кeрлинг oйыны 1992 жылы Нaгaнa Oлимпиaдaсының бaғдaрлaмaсынa кiргeлi бeрi, бұл спoрт қaзiр әлeмнiң әр түкпiрiнe кeңiнeн тaрaп кeттi. Aл сoл кeрлинг пeн қaзaқ күрeсiн сaлыстыруғa кeлe мe? Әринe, жoқ. Дeгeнмeн қaзiргi күнi әлгi кeрлингтiң бaғы бiздiң күрeстeн бaсым бoлып тұр. Сoндықтaн aтa күрeсiмiз бoлaшaқтa кeрлинг сияқты Oлимпиaдa бaғдaрлaмaсынaн oрын aлып жaтсa, қaзaқ хaлқы үшiн oдaн aсқaн бaқыт бoлмaс eдi.
«Түйeсi жoқ aуылғa тaйлaқ aтaн көрiнeр» дeмeкшi, қaзaқ көп шoғырлaнғaн oблыс, aудaн oртaлықтaрындa өзгe спoрт түрлeрiнe көңiл көп бөлiнiп, төл күрeсiмiз бүгiндe кeнжeлeп қaлғaн жaйы бaр. Oсы oлқылықты oңaлтaр уaқыт жeттi.
Eлiмiздeгi қaзaқ күрeсi фeдeрaциясы төл өнeрiмiздi туғaн жeрiмiздe ғaнa eмeс, әлeм aрeнaсынa шығaру жoлындa aянбaй eңбeк eтудe.
Сeрiк Түкeeв мырзa бaсшылық eтeтiн дүниeжүзiлiк қaзaқ күрeсi фeдeрaциясының aлқaлы oтырысындa төл күрeсiмiздiң бoлaшaғы төңiрeгiндe көптeгeн кeлeлi мәсeлeлeр көтeрiлiп, шeшiмiн тaуып кeлeдi. Дeгeнмeн өкiмeт тaрaпынaн қoлдaу көрсeтiлмeсe, тың iздeнiстeр тұйыққa тiрeлeрi хaқ. Өкiнiшкe oрaй, «жaны aшымaстың бaсы aуырмaс» дeмeкшi, көңiлгe қoнымды нәтижeлeр әлi дe бoлсa, көрiнбeй тұр. Сoл сeбeптi қaзaқ күрeсiнe қырын қaрaмaй, eл бoлып eлeңдeп, жұрт бoлып жұмылып әлeмгe тaнытуғa жәрдeм бeрiп, бeлсeнe жұмыс iстeйтiн уaқыт жeттi.
- Қазақ күресінің ережесі
Күрестің әрбір жеке атауы мен айтатындай мүмкіндік жоқ. Бірақ дәл түсіну үшін әдістің дұрыс аталуының маңызы зор. Сондықтан әдіске ат берілгенде оның құрылымына қарамайды. Әдістің атын анықтау үшін мынадай ереже бар: әдістің аты екі не үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі негізгі техникалық белгіні, негізгі жіктелу топтың атын білдіреді. Мысалы лақтыру. Екінші бөлігі әдіс құрылымындағы негізгі элементі сипаттайды, негізгі әрекетті орындау ерекшелігін көрсетеді. Мысалы, шалқайып лақтыру, тобықтан қағып лақтыру. Үшінші бөлігі әдістің детальдарын, қосымша қимылдарды, ұстау түрлерін, олардың бағытын және ерекшеліктерін анықтайды.Мысалы,қолынан және кеудесінен ұстап шалқаиып лақтыру;қолынан ұстап тобықтан қағып лақтыру. Кеңінен таралған кейбір атауларды қысқартыпта қолдануға болады. Мысалы, «тобықтан қағып лақтыру»деудін орнына тобықтан қағу десе де болады.
Әдетте, әдіс атының техниканың түрлі детальдарын көрсететін үшінші бөлігінде сөз көп. Мысалы, онда қай қолдан (аттас), сондай- ақ қайжағынан ұстау керектігі көрсетіледі. Бұл үшін бірнеше шарттастық алынады. Мысалы, қозғалыс бағыты мен бастапқы орында тұру жөнінде мынадай атаулар бар.Қозғалыстын барлық түріде оны орындайтын палуанға байланысты анықталады; жоғары, төмен, алға, артқа,жанына қарай, өзіне қарай, өзінен ары, артына қарай, өзін айналдыра қозғалдыру, өзінің үстінен өткізу. Шабуылдаушы қарсыласына қарай оның алдына немесе бір жағына қарай болуы мүмкін. Екі элементті немесе қозғалысты қосу үшін «және», «мен» жалғаулары қолданылады. Егер сенен жекелеген бөктерінен қалай ұстауды анықтағанда «және» жалғаулығы қолданылған болса, онда бір қолмен дененің бір бөлігі, екінші қолымен екінші бөлігі ұсталатындығы көрсетіледі. Мысалы, кеудеден және қолдан ұстау. Егер «мен» жалғаулығы қолданылса, онда қарсылас денесінің екі бөлігі қоса ұсталып, қолдардың айқастырылатыны сөз болғаны, мұндайда «қаусырап» деген атауды пайдалануға болады. Мысалы, кеудемен қолдан ұстау (қолдары мен кеудесін қаусырап ұстау). Егер екі элемент несе әрекет қатар айтылатын болса, онда бірінші әрекет (қимыл) негізгі, екіншісі қосымша болғаны. Мысалы, шалқалап шалып лақтыру. Мұнда шалқалау – негізгі, шалу-қосымша әрекет. Егер екі әрекет «және» жалғаулығы арқылы қосылатын болса, онда олардың маңызы бірдей болғаны. Барлық жағдайда да қимыл әрекет аттарын қысқа , анық және дәл болатындай етіп қою керек.
Жалпы тәсілдер: қазақша күрес те айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған кезде тепе – теңдік сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет. Күрес үстінде шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе – теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе – теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе – теңдіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе – теңдікті сақтай алмайды. Өйткені ондай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп, күрес кезінде екі жақта ұдайы тепе – теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады. Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе.
Жалпы ауырлық центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе – теңдік бұзылады. Сандықтан палуан қимылдаған кездеауырлық орталығының түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор. Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орталығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дене орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш.Орнықтылық бұрышы (Х) дененің ауырлық орталығы төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алысырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ алса немесе көбірек бүгіп жіберсе, спротшы денесін шапшаң игере алмай қалады.
Тепе – теңдікті сақтау өнері мына сияқты: тіреу алаңын тез өзгертіп, «қауіптті бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсыластын жұмсаған күшін бейтарап немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық еттерін қатайту немесе босату. Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайдыкүрестте палуанн ың тұрысы деп аттайды.Бұл мынадай жағдай; аяқтары иығынан сөл алшақтау, бір аяғя(сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген қимылда тез бағыттауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған алдынғы аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылады. Жалпы ауырлық центіріне ерекше көңіл аудару қажет.Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасынды) болуы тиіс.
Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуанның өзінің тұрған күйін сақтауындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қою арқылы арттыруға болады.
Тұрған күйінде қозғалтудың алғашқы сәті, ауырлық орталығы вертикалын (тік сызығын) тіреу алаңың алғы шетінен асырып, тепе – теңдіктен шығумен байланысты.Алайда тепе – теңдіктен сәл айырылудың өзін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір тұрған жағдайда (айқасу кезінде) ауырлық орталығын тіреу алаңынаң шығарған да аса сақ болған дұрыс.Аяқты аттағанда (егер шабуылдауғы байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жақын тұрған аяқтты аттау керек және оған салмағын бірден түсірмей қажет.салмағы әуелі орындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсу қажет. Бұдан соң арттағы аяқтарын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтықта қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықттылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе – теңдігін тез қалпына келтіруіне болады.
Қорғану мақсатында бір аяғын екінші аяғына жақын қоюға нем есе айқастыруға болмайды. Өйткені бұлай қозғалған да салмағы басқан жаққа денесі ауып, палуан тепе – теңдігінен айырылады да қайтадан тік тұрып кету қиынға соғады. Күресуші дұрыс тұрып,қозғалатын болса, қорғанғанда қатты қарсылық көрсетіп, шабуылдауына да ыңғайлы болады. Шабуылды бастуда, әдетте, спортшы оны тактикалық әрекеттерімен дайындап алады. Егер палуан дұрыс тұратын болса, шабуылдаушының әрекет етуі қиындайды, ал шабуылға ұшыраған спортшының тепе – теңдігін сақтап қалу оңай.
Қарсыласы шабуылдаған палуан мынадай жолдармен тік тұрған қалпын сақтайды: Бұлшық еттеріне күш түсіреді және денесін алғашқы күйінде қатайта ұстайды; Денесін қарсыласының жұлқыған немесе итерген жағынан қарсы жаққа қозғалтады.
Оны осылайша белсенді қарсылық көрсетуне салмағы да көмектеседі. Кейбір жағдайларда қарсыласының жұмсаған күшін дененің кей жерін босаңсыту (қолдарын, кеудесін) арқылы да бейтараптауға болады.
Кеудесін дұрыс ұстап, аяқтарын жақсы тіреп тұрса, осы әрекеттерді орындау үшін қолайлы жағдай жасалады. Шабуылдаушы күрескен кезде қарсыласының тепе – теңдігінен айырылатын және оны сақтайтын сәттерін ескеру қажет. Көптеген адамдар шабуылдаушының өзінің тепе – теңдігінен айырылып қалуына да байланысты. Осылайша тепе – теңдіктен айырылу тәсілді орындау бағытында қатты қозғалыс жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бұл кезде қарсыластың орнықтылық дәрежесін міндетті түрде ескеріп, оны орнынан тайдырып жығу бағытында әдіс қолдану қажет. Қорғану мақсатында жасалатын қимылдар да көбінесе қарсыласты теп – теңдікте негізделеді. Мұндай жағдайда ұшыраған палуан қорғана тұріп, шабуыл бағытында(қарсы жаққа тепе – теңдігін жоғалту есебінен) шабуылдаушы тойтара алмайтындай орнықтылық бұрышын жасайды. Сонымен: «қауіптті бағытта» орнықтылық дәрежесін арттыра тұрып, денесінің кейін тез өзгерте алу және қарсыласының әрекетіне белсенді табындылық көрсетіп,ауырлық центрін тіреу алаңы ортасының барынша аз ауытқытып қозғалу – күрес кезінде тепе – теңдікті сақтаудың негізі; Қарсыласының да,өзінің де тепе – теңдіктен айрылуын шабуылды, қарсы шабуылды күшейтіп, жақсы қорғану мақсатына пайдалана алу- күрестегі жоғары техникалық әрекеттер негізі.
Күрес тәсілдерінің құрылымы дегеніміз — жекелеген қарапайым қозғалыстарды бірінен соң бірін үзіліс жасамай бір мезгілде бір әрекет сияқты етіп орындап шығу. Күрес техникасында құрылымның негізі және оның варианттары деп бөледі.
Негізі – құрлыстардың өзгермейтін тұрақты бөлігі (негізгі қарапайым қозғалыстардың жыйынтығы), варианттары құрылым негізіне басқада қарапайым қозғалыстар қосылуы және ондай қозғалыстардың қосылу, уақытпен күш жұмсау орындалу әдістері.Классикалық күрес техникасында қазіргі уақытта амалдар құрылымының ең тұрақты бөлігі денені қозғалту болып табылады. Дененің жеке қарастырылатын түрлі қыймылдары (еңкею, бұрылу, иілу) палуандардың қарапайым қыймылдары болып есептеледі. Классикалық және еркін күреспен айналысатын палуандардың қыймыл ерекшеліктеріне қарай дене бұлшық еттері аса жақсы жетіледі. Дененің ерекше (әр күреске тән) қыймылдарына қолдың және аяқтын көп орындалатын қозғалыстары қосылғанда амал құрылымдары негізі шығады. Бұдан әрі дене қозғалысына аяқ пен қол қыймылдарының әр уақытта және әр қалай күш жұмсап орындалатын түрлері қосылғанда осы топтағы амалдардың жаңа құрылымдары пайда болады.
Тәсіл түрлерінің құрылымы. Бір әдістің өзі қозғалыс формасы, қарапайым қозғалыстар саны бойынша, яғни құрылымы жағынан әр түрлі болып орындалуы мүмкін. Ол әдіске жаңа қосымша элемент қосылғандықтан да, сондай – ақ элементтердің орындалу әдісі бойынша да өзгеше болады, сонымен қатар бір әдістің өзі уақыты, бағыты, жылдамдығы болады, және жұмсалатын күші жағынан да әр түрлі орындалады; бір элементтер бір мезгілде, басқалары бірінен соң бірі және бұлшық ет күші түрліше дәрежеде жұмсалып орындалуы мүмкін. Осылайша негізгі тәсілдердің түрлері шығады. Бірақ тәсіл түрлерінің осылайша көп болу мүмкіндігіне қарамастан жеке – жеке әдістердің құрылымының қажеттілігінен орындалу формасында ортақ жалпы заңдылықтар болады. Әдіс жасағанда палуан оның қозғалыстары жиынтығының көп күш етпейтіндей болып әрі оңай орындалып, жеңіске жетуіне мүмкіндік беруіне көңіл аударуы тиіс. Ол қимылдар жиынтығын орындағанда айналу оңай бола ма, бұлшық еттерге күш қалай түседі, өзінің салмағын палуан тиімді пайдалана ала ма, қарсыласты ауырлық центірінен оңай тайдыруға бола ма, сөйтіп аз уақытты жұмсап жеңіске жетуге мүмкін бе? Міне, осының бәрі палуанның назарында болуы керек. Осы тұрғыдан мына әдістің құрылымын қарастырайық.
Спорттық әдебиетте күрестегі белгілі тәсілдер тобының бірі – шалқайып лақтыру құрылымының негізі көбірек жазылып жүр. Ол мынадай қозғалыстардан тұрады: қарсыласты ұстау; артқы жақтағы аяқты алдыңғы аяқтың қатарына қою; қарсыласты кілемнен көтеріп алу; қарсыласпен қоса шалқайып кілемге құлау және кеудені кілемге қратып үлгеру. Міне, бұл шалқалап лақтыру құрылымыеың ерекшелігі ұстау әдісінде (жаңа элемент ретінде) ғана болмайды. Жоғарыда жазылғандай, тәсіл құрылымының айырмашылығы және элемент қосуда ғана емес, сондай – ақ ол элементтерді орындау әдісіне де болады. Ең жетік палуандар шалқалап лақтыруға қарсыласының денесін ұратын тиімді әдіс қолданады. Бұл үшін бұлар салмағын жақсы пайдаланады, қарпайым қозғалыстарды орындалатын уақыты бойынша тиімді ұштастырады, әр күшінде ұтымды қолданады. Бұл тәсілдің құрылымы қазір бұрынғыданда жетілдіре түскен. Мысалы, қарсыласты тепе – теңдіктен, шығарып оны кілемнен көтеріп кезіндегі қимылдар былай ұштастырылады;палуан иілген күйден басын шалқайтпастан артқа құлай бастайды. Артқа өзі шалқайып және басын шалқайтпастан бұрын міндетті түрде қолдарымен әрекет етеді: шалқайып және тізелерінен бүгілген аяқтарын тіктеп және өзіне әрі жоғары қарай жұлқу есебінен қарсыласын көтеріп әкетеді. Қимылдарды осындай ретпен жүзеге асырғанда қолайлы болады, өйткені палуан қарсыласын оның жалпы ауырлық орталығынан әлдеқайда төменнен қағады, ал қарсыласын кеудесінен қысқан қолдары айналуға жақсы мүмкідік береді. Сонымен бірге, күрес амалдарының құрылымы дегеніміз қарапайым қимылдардан формасы бойынша құрылған қозғалыс қана емес, сондай – ақ ол қимылдардың биолгиялық байланыстар бойынша да ұштасуы мүмкін (яғни бұлшық ет топтарының белгілі бір күшпен және шапшаңдықпен бір мезгілде немесе бірінен кейін жиырылуы).
Амалдарды орындаған кезде бұлшық еттердің қатты қимылдайтыны және қимылға оңша қосылмайтыны да болады. Тіпті бір амалды әр палуан орындағанда да олардың бұлшық еттері әр түрлі қозғалады. Мысалы, жоғарыда жасалған шалқалап лақтырған кезде палуандардың, балтыр және иық бұлшық еттеріне көбірек күш түссе, екіншілерінің иық және балтыр еттеріне күш көбірек түседі. Мұның өзі палуандардың әр қайсысының өзіне тән биологиялық ерекшеліктерінің болатындығының дәлелі.
Күрес кезінде төмендегідей бес қолайлы сәт кездеседі:
- жығатын бағытта қарсыластың орнықтылық бұрышын жеңуге болатын сәт;
- жығатын бағыттағы қарсыластың орнықтылық бұрышы оның ауырлық орталығының тіреу алаңының шетіне жақындау есебінен азаю сәті;
- қарсыластың жалпы ауырлық орталығы шапшаң жоғары жылжыйтын сәт;
- жалпы ауырлық орталығының тіреуін оңай қағып жіберуге болатын сәт;
- қарсылас өлі нүктеде болатын сәт (жалпы ауырлық центірінің бір бағыттағы қозғалысы тоқтап,екінші бағыттағы қозғалысы басталмаған сәт). Әдетте, әдісті қолдануға дайындық пен әдісті орындау тұтаса келетін шабуыл палуанды жеңіске жеткізеді. Тәсілдерді, қорғану амалдары мен қарсы әдістерді қолданғанда қарсыластың ауырлық күшін, тіреу рекциясын, инерция және қарсыласу күшін пайдалану – күрес техникасындағы, палуаның шеберлігін жетілдіру жолындағы елеулі факторлардың бірі. Мұның бәрі қозғалыс механизіміне тәсіді орындау кензіндегі биомиханикалық заңдарға тікелей байланысты.Қазақша күрес техникасында қозғалыс механизімінің негізінгде қарсыласының денесін белгілі бір бағытта айналдыратын қозғалыс жатыр. Өйткені шабуылдаушы палуаның қыймыл формасымен қозғалыс механизіміне қарсы палуаның денесінің айналу бағытымен байланысты. Егер түрегеліп тұрған палуанды арқасы мен немесе кеудесі мен кілемге қарай бұру қажет болса, онда ол көлденең осі бойынша айналады. Сөйтіп, кілеге кеудесі немесе арқасы тигенше оның денесі шамамен 90 градусқа тең бұрышқа бұрылады. Бұл оның кілемге құлайтын ең қысқа жолы.
Қарсыласты көбінесе кілемге жауырынымен түсірген дұрыс. Мұндай жағдайда таза жеңіске жету мүмкіндігі молырақ. Сондықтан қарсыласты арқасына қаратып айналдыру шабуылдаушыға тиімді, ал оған қауіпті. Алайда, қарсылас мұндай әрекетке көбінесе қарсы тұрады. Ол еңкейеді, бір аяғын артқа қойып палуан ал алмайтын орнықтылық бұрышын жасайды. Мұндай жағдайда палуан қарсыласын бір қырына немесе алға құлату арқылы арқасына аудара алады. Қарсыласты бір қырына құлатқанда қырымен, алға итеріп құлатқанда кеудесімен ғана түседі. Мұндайда оны арқасынан түсіру үшін оның денесін 270 градустай бұрып аудару керек. Бірақ мұны орындау мүмкін оңай емес, өйткені қарсы палуан жеңіліп қалмау үшін қарсылық көрсетіп, қорғанып, қайткен жағдайда да кілемге етпегенінен түсуге тырысады.
Сондықтан қарсыласып лақтырып арқасынан түсіруге болады. Бұл үшін оны кілемнен көтеріп алып, лақтырып түсіретін күрделі тәсіл жасалады. Сонда екі күш: қарсыласты айналдыратын, яғни кілемнен көтеріп алатын және оның денесін ауада ұшыратын күш әсер етеді. Сол сияқты, мысалы, арқаға салып лақтырғанда қарсыласты денесінің төменгі жағынан (ауырлық центірінен төмен) қағатын екі күш бірдей әсер етеді.
Сонымен, спортшының техникалық шеберлігін жетілдіру үшін бір жағынан тәсілдерді дайындап, жеке әдістерін кеңейте түсу керек, ал екінші жағынан сол әдістерді тұрақтандырып, дәл, шапшаң орындайтын дәрежеге жету қажет.
Қарсыласын тепе – теңдігінен жұлқып тайдыру. Бұл тәсіл қарсылас тепе – теңдігінен айырылғанда немесе аяқтарын дұрыс қоймағанда, алшақ қойғанда, сол аяғын бір аяғына салғанда, шабуылдаушының өзіне сүйенгенде қолданылады. Мұндай амал орташа немесе алыс қашықтықтан шапшаң қолданылуы мүмкін. Осы тәсілге салғанда, қарсыласын жеңінің үстіңгі, не астыңғы жағынан, жағасы мен жеңінен, жағасынан ұстайтын бірнеше варианты бар. Мысалы, жұлқып тепе – теңдігінен тайдырғанда шабуылдаушы бір бүйірі мен артына қадам жасап, қарсыласын төиен бір қырына және өзіне қарай қос қолдап қатты жұлқиды. Төмен қарай жұлқығында палуан қарсыласының денесін шыркөбелек аналдыру керек.
Тәсілді қолданғанда көбінесе мынадай қателіктер жіберіледі: қарсыласын шыркөбелек айналдыруға тырыспай, қолын өзіне қарай бір бағытта тартады; аяғын артқа қарай жеткілікті қашықтыққа қоймайды; денесінің салмағын пайдаланбай тек қолдарымен тартады.Техникалық даярлық; қарсыласын жаңылыс бастыруға ұмтылып, кілем үстінде әр түрлі жарыс жасайды. Қорғану амалдары: аяғын жұлқу бағытына қою; шабуылдаушыны итеріп жіберу, аяқтарын бүгіп еңкею; кейін қарай шұғыл жұлқынып, қарсыласының қолынан босанып шығу.
Қарсы амалдар: Аяқтарын жұлқитын жаққа қойып алдын-алу: арттан шалу. Бұл әдіс қарсыласы өте төмен бүгіліп тұрғанда, шабуылдаушыға сүйенбей оны өзіне тартып тұрғанда қолданылады. Жағадан және жеңнен, қолтығынан және жеңнен, ұстауға болады. Қарсыласын өзіне және төмен қарай тартып, содан соң кілемге қарата қатты итеріп қалып, жауырыннан түсіреді; өзі бұл кезде аяғына күш салып қарсыласының бір жанынан өтеді.
Мұнда кететін қателер: қарсыласын айналдырмай артқа итеріп, итеру кезінде кідіріс жасалады. Тактикалық даярлық: қарсыласты жұлқып тепе-теңдіктен тайдыру, бұл кезде ол еріксіз артына қарай қозғалады. Қорғану: бойын тіктеп, бір аяғын артқа қою.
Қарсы амалдар: тобықтан қағу, аударып лақтыру.
Шалып лақтыру. Арттан шалу. Белбеуінен ұстаған кезде қарсыласы оған жауап ретінде тұрған күйін өзгертіп және арқасынан асырып лақтырудан қорғану үшін, ұстауға еңкейіп, аяқтарын сәл бүгіп т ұрғанда осы тәсіл қолданылады. Ең қолайлысы- орташа және жақын қашықтық. Тәсілді орындау үшін тізесі тізесіне тиетіндей етіп қарсыластың аттас аяғын сырт жағынан орап, оны өзіне бір жанына , алға қарай тартып қалу керек. Дене салмағы есебінен тарту күшін арттыру үшін қарсыласты лақтыратын жаққа құлау қажет. Арттан шалып лақтырғанда қарсыласын аттас жағынан асыра белбеуінен, қарсыласты ұстап алған қолдарын айқастыра, жағасымен аттас жеңінен, әр аттас иығымен басқа жеңінен белбеуінің бүйір жағы және жеңінен, белбеуінің алдыңғы жағымен жеңінен, иығының үстіңгі жағынан, мойын мен жеңінен ұстауға болады. Тактикалық даярлық. Бастапқы жағдайда тұрғанда палуан қарсыласын арқасынан асыра лақтыратын сияқты болып өзіне қарай тартады. Бұл кезде ол қарсыласының оң аяғына шабуыл жасайтындай тиісте. Ол оң аяғын тартып алғанда сол аяғынан шалу керек.
Көп жіберілетін қателер: шабуылдаушы аяғын алға қойғанда шалқаяды да қарсыласына қажетінше жақындамайды: өзіне қарай жұлқымайды. Қарсыласының салмағын өзі шалатын аяғына түсірмейді. Қорғану: аяғын кейін қойып, қолын қарсыласының ілгері қойған аяғы жағынан белбеуіне тіреп, аяғын шабуылдаушының аяғынан аттап, кейін қою.
2 Зерттеу жұмыстары
2.1 Зерттеу әдістері
Өзіндік фактілі материалдарды алу мен жинақтау берілген зерттеу міндеттеріне толығымен дерлік сай жүргізілді. Бұл жерде «қазақша күресті» үйренудің практикасында ұсынылатын және қолданылатын әдістемеге, «қазақша күрес» бойынша эксперименталды бағдарламаның тиімділігін айқындау мен жалпы курсты оқытудың эксперименталды бағдарламасын жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұның барлығы біз жасаған зерттеу болжамына және оның арнайы ұйымдастырылған эксперимент жағдайларында жүзеге асырылу жолдарына бағынышты болды.
Қарастырылып отырған бағдарламада нақтылы материаллды жинақтау әдісіне ерекше көңіл бөлінді (кесте 1).
1 кесте — Қолданылған зерттеу әдістері
№ |
Зерттеу әдістерінің атаулары |
1 |
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы |
2 |
Педагогикалық қадағалау |
3 |
Сауаланма жүргізу және сұхбаттасу |
4 |
Сараптамалы бағаламалар әдістері |
5 |
Педагогикалық эксперимент |
6 |
Математикалық статистика әдістері |
2.2 Қазақ күресінің әдістерін үйрету жолдарын зерттеу
Өзінің практикалық мәні жағынан қазақша күрестегі ең күрделі іс ол, әдістер тобы. Бұл әдістер негізінен аяқты шалу арқылы орындалады. Аяқтан шалу әдістері іштен, сырттан, қапталдан, қырқа шалу болып бірнешеге бөлінеді. Аяқтан шалу әдістерін орындау үшін алдымен қарсы балуанды тепе-теңдік қалпынан шығарып, оның бір аяғының кілемнен көтерілуін қамтамасыз ету. Осындай сәтте аяқтан шалынған екінші аяқ та кілемнен көтеріліп, балуанның құлауына жағдай туғызады. Бұл үшін көптеген тактикалық әдіс-айлалар бар. Аяқпен шалу әдістерін қазақ балуандары әрқашан да жақсы меңгерген. Солардың арасында еркін күрестен СССР-дің чемпионы – Әбілсейіт Айхановты ерекше атап айту керек. Ол дүниежүзінің көптеген елдерінде Түркияда, Иранда, Жапонияда, Индияда, Пакистанда, Монғолияда, Чехословакияда, Герман Демократиялық республикасында тағы басқа елдерде болған кезінде қазақша күрестің осы қарапайым әдістерін қолданып, талай атақты балуандарды жеңді. Мұның өзі аяқтан щалу әдістері еркін күреспен, самбомен айналысушы балуандар үшін өте қажетті екендігін көрсетеді.
Белдіктен немесе жеңнен ұстап алдынан шалу. Бұл әдіс негізінен жақын және орта қашықтықтарда қолданылады. Ол үшін бәсекелесіңді жеңнен немесе белдіктен мықтап ұстау керек. Оң не сол қапталға арқамен бұрылып, аяқты қарсы балуанның оң не сол аяғының алдына қойып, оның ыңғайына қарай жұлқи тарту керек. Міне, осы кезде алдында тұрған аяққа сүрінген балуан тепе-теңдік қалпын сақтай алмай кілемге жығылады. Бұл сәтте белдіктен не жеңнен ұталған қолдар босатылмайды.
Бұл әдісті тізерлеп отырып та орындауға болады.
Жіберілетін қателер. 1. Аяқты қапталға қою. 2. Қарсы балуанның тізесіне шалатын аяқты тіреу.
Қорғаныс. 1. Белдіктен дұрыс ұстау. 2. Шалатын аяқтан аяқты асырып жіберу.
Қарсы әдістер. 1. Шалқалай иіліп барып лақтыру. 2. Аяқты сырттан шалу. Жеңнен немесе иықтан ұстап сырттан шалу. Бұл көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады. Мысалға, шабуыл жасаушы бәсекелесін шалқалап иіліп лақтыруға әзірленді делік. Міне , осы кезде шалу әдісі жиі қолданылады. Бұл үшін бір аяқты қарсы палуанның сыртына шығарып, тізе буынынан қатты қағу керек. Ал тізе буыны күресте өте әлсіз жерлердің бірі екені белгілі. Міне, осы жерде тізе буынның бүгілуінен шабуыл жасаушы палуан өз денесінің тепе –теңдік қалпын сақтай алмайды да кілемге құлайды.
Шалып жығу әдісі.Бұл да күрес әдістерінің бір түрі.Қазақша күресте көбінесе аяқпен іштен немесе сырттан шалып жығу әдістері бар. Палуанның аяғы шалынған кезде шабуыл жасаушы кеудесімен ,иығымен қағып оны сүріндіріп құлатады. Аяқпен іштен шалу әдістері қарсы палуан екі аяғының арасын алшақ ұстаған кезде оны жығу үшін қолданылады. Мұндай сәтте шабуыл жасаушы оны өзіне қапсыра тартып , аяқтан шалып жығу жолдарын іздейді. Яғни аяғын қарсы палуанның аяқтарының арасына қойып, тізе буыны тұсынан аяқпен шалып құлату сәтіне келеді. Содан кейін ол алға қарай сәл-пәл еңкейіп , бәсекелесін сүріндіріп құлатады.
Сырттан шалып жығу- бұл да бәсекелестер аяқтарын бір –біріне жақын ұстаған сәтінде қолданылады. Қазақстан палуандарының ішінде аяқтан шалу әдістерін өте шебер орындағандардың бірі-Амангелді Мұсабеков.
Белдіктен екі қолмен ұстап аяқтың сыртынан шалу. Бәсекелестер бірінен –бірі орташа қашықтықта тұрады. Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белінен қапсыра ұстап , жоғары көтере өзіне тартады да, сол немесе оң аяғын бәсекелесінің сыртына шығарып, тізе буынынан сәл төменіректен аяғын шала жоғары көтереді. Осы сәтте ол бәсекелесін иығымен немесе денесінің салмағымен алға қарай қозғау керек. Сонда өз денесінің және бәсекелесінің салмақ күші жалғыз аяққа түскен қарсы палуан кілемге құлайды.
1 сурет — Жеңнен және жағадан ұстап алдынан шалып тастау әдісі
2 сурет — Жеңнен және жағадан ұстап алдынан шалып тастау әдісі
2.3 Қазақша күреспен шұғылданушы ауыл жасөспірімдерінің оқу-жаттығу жұмысының ерекшелігі
Адамның денсаулығы зор, төзімді, қайратты етіп тәрбиелеуде спорт түрлерінің,соның ішінде қазақ күресінің ерекше мәні бар.
Әр жас ұлан өзінің күшін сынауды,мүмкіндігін байқауға құмартып тұрады.Сондықтан да болуы керек спорттың күрес түрлері жастар арасында кең тарауда.
Көптеген жастардың өмірде өздері аңсап,соған ұқсағысы келетін кейіпкерлері болады.Ол кейіпкерлердің денсаулығы зор,небір қиындықты жеңе білетін қайратты жандар болып келеді де,жастар оларға еліктеп,солардай болу үшін спортпен достасу керек деген байлам түйеді.Әсіресе күрес,бокс,штангы сияқты спорт түрлері жастарды көп қызықтырады.
Әйгілі балуандар Қажымұқан мен Поддупныйдың, Медведь пен Айхановтың есімін білмейтін жастарды сирек кездестіреміз.Міне,солардай болсам деген арман оларды спорт залдарына еріксіз жетелейді.
Кейде күрес өнерінің шеберлігін шыңдауда сол сияқты күрес мектебінің бар сырын меңгеруге жұмсалатын толассыз жаттығулар жүйесі асығыстыққа соқтырып,тезірек чемпион не разраядты спортшы даярлау керек.
Шабуылдаушы үшін техникалық жағынан дененің мықты беріктігі маңызды. Ол дене проекциясы тірелу ауданынын ортасына түскен кезде пайда болады. Қарсыласты кілемнен жұлу үшін оның денесі шабуылдаушының тірелу ауданы шебінде болуы керек. Әдетте шабуылдашы тірелу ауданын қарсыластың астына жылжытып оны өзіне қарай тарту нәтижесінде оған қол жеткізуге болады. Мұндай қалып оған алдын-ала жұлумен де, тәсілді орындау барысында жұлумен де лақтыру әдісін орындауға мүмкіндік береді.
Лақтыру бағытын қарсыластың беріктігінің ең аз бұрышына қарай бағыштау жане соған сәйкес күш жұмсау-шабуылдаушы үшін тәсілді жемісті орындауына маңызды шарт болып табылады.
Балуандардың дене ауырлық орталары олардың іс-әрекеттеріне байланысты кілемге қатысты вертикальді немесе горизонтальды болып өзгеріп отырады. Егер тәсілді орындау бағыты қарсыластың ауырлық ортасының қозғалысының бағытына сәйкес келсе, онда тәсілді орындау жеңіл соғады.
Тәсілді орындау жылдамдығы көптеген факторлардан құралыды. Қапсыра ұстаудан кейін қарсыластың жауыпты іс-әрекетін қолдану тәсілді орындауға жеңілдіктер туғызады.
Қапсыра ұстаудан кейін ең күрделі деген тәсілдің өзі бір секундтан ұзаққа созылмайды. Сондықтан тәсілді жылдам орындау үшін ол бір бағытта белгілі бір амплитудамен дамуы абзал.
Негізгі бөлігін белгілі бір жылдамдықпен орындауды қажет ететін тәсілдер бар. Бұл ең алдымен лақтыруларға қатысты. Шектен тыс жылдамдықпен бәсеңсіту күш, жылдамдық жане тәсіл амплитудасынын арасындағы табиғи байланысты бұзып, қозғалыстың бүкіл құрылымының сәтсіз шығуына алып келеді.
Барлық лақтыруларды орындау үшін шабуылдаушы қарсыласын кілемнен белгілі бір биіктікке жұлуы қажет. Алайда тым жоғары көтеру амплитудасы тәсілдін орындалу уақыты ұзартып қарсыласқа қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік туғызады.
Тәсілді орындаудағы қозғалыс бағыты, жылдамдығы жане амплитудасы өзара тығыз байланысты, өйткені әрбір тәсіл қалайда тез принципі бойынша орындалмайды, ол қарсылас ерекшеліктеріне сол тәсілдің құрылымына, дұрыс тандалған бағытқа, уақытқа және тәсіді орындайтын жерге байланысты орындалады.
Жоғарыда аталған тәсіл мінездемелері (бағыт, жылдамдық және амплитуда) қорғану мен қарсы әдістерге де тән.
Сонымен, биомеханикалық заңдылықтарды қолдана отырып әрбір балуанға ең рационалды тәсілмен қарсыластын қарсыласуын жеңе отырып оның қалпын кілемге қатысты өзгертуге теңдей мүмкіндік береді.
Күрес тәсілі-қарсыластың кілемге қатысты қалпын өзгертуге бағытталған балуанның аяқталған жеке іс-қимылы.
Осыдан күрес техникасы дегеніміз жеңіске жету мақсатымен қолданылытын рационалды, тәртіптерге сай іс-қимылдар немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.
Белгілі бір тәсілдерді орындаудағы жеке биомеханикалық факторлардың қызметтерін қарастырайық. Тәсілді орындауда шабуылдаушы қарсыласының беріктік тепе-теңдік бұрышын кемітуге немесе одан мүлдем айыруға тырысады.
Күрестегі өзара әрекеттестік формасы дегеніміз шабуылдаушы мен қарсыластың бір уақыттағы күш сәттерінің қозғалысы. Сондықтан қарсыластың беріктік сәті төңкеру сәтіне жауап ретінде пайда болады да оның иығындағы дене салмағының қосындысынан тен болады (мүмкін болатын айналу білігіне (осіне) қатысты ).
Тәсілді орындауда шабуылдауыш қарсыласының беріктік бұрышын азайтуға,не болмаса одан мүлде айыруға тырысады.
Дене ауырлық ортасының проекциясын тірегін ауданынын тыс шығару балуанның дене беріктігінің азаюының алып келеді.Егер тірелу ауданын уақытының дененің жаңа ауырлық ортасымен сәйкестендермесе ,бұл процес кері қайтпайтын процеске айналады.
Бұл күрестегі тәсіл техникаларын орындау мүмкіндігін анықтайтын басты биомеханикалық факторлардын бірі болып табылады.Сондақтан шабуылдаушы қарсыласына қорғану әрекетімен тірелу ауданын өзгертуіне мүмкіндік бермеуге тырысады.
Тірелу ауданын өзгертуге мүмкіндік бермеу арқылы көптеген тәсілдер орындалады.
Қазақ күресіндегі дене жаттығулары биомеханикадағы орын ауыстыру қозғалыстарына жатады.Орын ауыстыру қозғалыстары сыртқы физикалық дененін (мысалы қарсыласын немесе серіптесін) қажетті (кейде максималды)жылдамдықпен қажетті орын ауысуы үшін қолданылады .Орын ауыстыру қозғалыстар өз бетінше жаттығулар ретінде бола алады.Күрестегі көптеген қозғалыстардың (қарсыласты лақтыру) негізі бола алады.Орын ауыстыратын обьектілердің әртүрлі сипаттарынан ,салмағымен формасына және жарыстармен тактикалардың ережелеріне байланысты орын ауыстыратын қозғалыстары , сыртқы формалары да әртүрлі.Орын ауыстыру қозғалыстары әдетте биокинематикалық тізбектің көптеген буындары арқылы орындалады.Орын ауыстыратын дененің бастапқы жылдамдығы әрдайым максималды болуы шарт емес.Модулі бойынша үлкен болатын жылдамдық негізін алысқа орын ауыстыруды қажет ететін жаттығулар үшін керек.Кейде ол тактикалық жағынын қарастырғанда қажет(мысалы,күрестегі лақтырулар).
Орын ауыстыру қозғалыстарының фазалары. Биомеханика бойынша орын ауыстыру қозғалыстары олардың орындалу шарттарының әртүрлігі бойынша ерекшеленеді.Күрестегі лақтыруларда қарсыластың салмағы ауыр;контакт-тәсілді аяғына дейін орындағанға дейін созылады.
Орын ауыстыру қозғалыстарының төрт фазасы бар.Олардың біріншісі-бастапқы старттық жағдай-күреске сәйкес келмейді,өйткені күресте лақтыру эффективтілігі талап етіледі,әрі ондағы жағдайлар әртүрлі.
Алдын-ала іс-шара жасау фазасы да күреске келінкірей бермейды.Ол бастапқы жылдамдық максималдық болуын талап ететін спорт түрлеріне лайықты.
Бірлескен қарқын (екпін) және буындарды басып озу фазасы күрестегі тактикалық алдаулардан маңызды рөл атқарады(мысалы,күрестегі лақтыруға дайындық).
Соңғы күштеу фазасы-күресте шабуылдаушы қарсыласын лақтырғаннан кеиін кілемге тықсыра түсу үшін шешуші фаза болып табылады.
Жоғарыда тұрған фазалдардың екеуі ғана грек-ри м күресіне сәйкес келеді.
Өйткені басқа спорт түрлерімен салыстырғанды қазақ күресінде үлкен жылдамдық жинауға уақыт көп жұмсалмайды,керісінше ,қарсыласын күтпегун жерден оқыс шаршаңдықпен кілемнен жұлып лақтыру орындау сәтті аяқталу үшін аз уақыт кетірген тиімдірек.Әрі оның тәртібі боәйынша да 6 минут қана беріледі.
Қазақ күресіндегі тұрып күресу әдеттеріне биомеханикалық факторлар ерекше маңызға ие.оларды ескерместен жаңадан дайындаушылар үшін де ,бұрыннан бері дауындалып жүргендер үшін де күрестің ткхникаларын сәтті орындау ойлары іске аспайды.Өйткені кез келген лақтыру әдісін орындауда балуан өзінің ғана күшін ,мүмкіндіктерін, жылдамдығын,тірелу беріктігін ,амплитутасын ,бағытын ескеріп қана қоймай ,сонымен қатар қарсыласының да өзіндік ерекшеліктерін ескеруі қажет.
- ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ АЙЛА-ТӘСІЛДЕРІ
3.1 Жасөспірім спортшының күрес тәсілдерін жетілдіру жолдары
Палуанның қолындағы басты күрес құралы- оның әдіс-айласы. Нағыз шеберлік осы құралы қаншалықты детік меңгергеніне байланысты бағаланады. Ол там-тұмдап жиналады. Бұл әділ-айлаларды палуан қалай меңгеретіндігін жекпе-жек кездеріндегі белдесулер арқылы аңғарамыз. Біз сөз етіп отырған қазақ күресінің әдіс-айлалары күрделілігімен, сан қилы олалымдылығымен ерекшеленеді. Әрине, бұл ұлттық спорт түрінің кейбір әдістерінің басқа да туысқан халықтардың ұлттық күрестерінің әдістеріне ішін ара ұқсастықтары да жоқ емес. Алайда қазақ күресінің өзіндік ерекшеліктері өте көп Қазақ күресі әдістері күрделі деп айттық. Сонымен бірге белдесу кезінде оңай және оңтайлы қолданылатын әдістер де бар. Олар: қырқа шалу, жамбастап тастау, шырқ айналдыра үйіре лақтыру және т.б.Әдіс айлалар көбінесе шабуылда қолданылады. Сонымен бірге қарсы шабуыл жасағанда да қолданылатын өдістер көп. Сондықтан да оларды өзі шабуылға шыққан кезде қолданылатын әдіс және қарсыласының қарсы қолданатын әдісі, яғни әдіс деп атаймыз.Осы соңғы әдісті қорғаныс әдісі деп те атап жүрміз. Өйткені шабуылшы палуанға қарсы әрекет жасалады немесе әдіс қолданылады. Бір жағынан қорғану мақсатында бұл әдісті сәтті қолданып,жеңіс тұғырынан бір-ақ көрінуі де мүмкін.
Қазақ күресі әдістері уақыт өткен сайын жетіле түсуде.Дегенмен бір ескертетін жай,ұлттық спорт өнерімізді жетілдіру үстінде оның ұлттық ерекшеліктерін жойып жіберуге болмайды. Енді қазақ күресінің ережелері туралы бірер сөз.Жекпе-жек басталғанша екі палуанның да белден,белбеуден ұстауға құқы жоқ. Мұның бәрі төреші ысқырғаннан кейін ғана жасалатын әрекеттер.
Жекпе-жек басталғанна кейін,аталған екі әрекеттен басқа жеңнен, жағдан, қолдан, мойыннан қос қолмен де ұстауға, соларқылы күрес әдістерін пайдалануға болады. Аяқтан ұстауға рұқсат етілмейді.Әдістерді қолданған сәтте палуанға оңтайлы да оңтайсыз да сәттер жиі кездеседі. Жаттықтырушы жаттығулар үстінде шәкірттеріне әдістерді үйреткен кезде оларды құбылта меңгеруді, қилы-қилы комбинацияларды тактикамен ұштастыра үйреткені абзал.
Қауіпсіздендіру. Палуанның көзсіз күресе беруі жөен емес.Күреске келдің бе, ең алдымен үйренетінің-мысықша құлауға шебер болуың керек. Оның өзіндік әдістері бар,егер де бұл әдістерді білмесең немесе орашолақ, құлай бере тобығың тайып кете берсе,әрине,онда сенен жақсы палуан шықпауы мүмкін. Сондықтан да ең керегі де осы- өзіңдң-өзің қауіпсіздендіру.
Сонымен қауіпсіздендіруде палуанның мынаны есте ұстағаны жөн:қарсыласыңды лақтырған кезде оның жайсыз құламауы үшін демеген дұрыс. Қарсыласың басымен төмен қарай құлап бара жатқанда оған айналу қозғалысын беруге тырысу керек, сондай-ақ лақтырған кезде өзіңнің тепе-теңдігінді жоғалтып алғаныңды сезінсең, қарсыласыңның үстіне құламауға тырысу қажет.
Өзіңді-өзің қауіпсіздендіру.Бұл – өзің құлап бара жатқанда қолданылатын сан түрлі әдістер. Мұндай кезде өзіңді-өзің кездейсоқ соққылардан және естен танып қалудан сақтауың,құтқаруың қажет. Палуан бұларды кез келген сәттерде(құлап бара жатып та) қолдана білуге дағдылануға тиіс. Бұл оп-оңай жасалмайды, арнаулы жаттығуларға мұқият зейін қоя қарап, ондағыәдістерді үйренге жөн. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен өзіңді-өзің қамшылап, зорлап жаттығулар жасап, жеке қалғанда басыңмен жер тіреп, алға-артқа қозғала берген дұрыс. Сондай-ақ екі иыққа қарай оңға-солға қозғалуды да әдетке айналдырған жөн. Алдымен бұл қозғалысты бірқалыпты бастап, сонан соң жылдамдықты өсіре берген абзал.
Бұдан басқа алға, артқа, қырыңмен, арқаңмен құлауға үйрену де керек. Әрине, мұның бәрін ә дегенде үйрене салу оңай емес, аянбай тер төккенде және ұзақ уақыт жалықпай үйренгенде ғана бұл қиындықтар сенің алдында бас имек.
Тік тұрып күресу және қозғалыс. Палуан кілем үстінде қандай бір жағдайға да дайын болуы тиіс. Жойқын шабуыл жасауға қас қағым сөтте даяр тұру немесе қарсыласыңның күтпеген шабуылына тойтарыс беруге өзір болу керек. Тік тұрып күрескенде палуан денесі тура қалыпта болады,тізе аздап бүгіңкі және аяқ иық деңгейінде ғана алшақталауға тиіс. Аяқтардың бір-бірінен тым қашық тұруы палуанның өдіс қолдану ептілігін тежейді. Аяқтардың тұру жағдайына қарай денені тік ұстау қалпында күресудің мынадай түрлері болады:бетпе-бет,оң және сол қырынан тұрыс.
Бетпе-бет тұрыс. Иық пен тізе аздап бүгіңкі,аяқ табандары бірдей қалыпта тұрады,өкше сәл ішке бұрылып,дене сәл алға еңкейеді.
Оң жақ тұрыс. Оң аяқ қарсыластың оң аяғына таман ұш жағымен қаратылады,сол аяқ сәл артта,дененің салмағы екі аяққа бірдей немесе оң аяққа көбірек түсіріледі,аяқтар сәл бүгіңкі.
Сол жақ тұрыс. Сол аяққа алға таман, дененің салмағы қос аяққа бірдей немесе сол аяққа көбіректүседі,аяқтар сәл бүгіңкі.
Тік тұрып күресуде жоғары,орта және төменгі тұрыстар болады. Егер палуан тым төмен бүгілсе,онда қарсыласыңның шабуылына онша төтеп бере алмайды. Мұндайда бойды тііңкіреп ұстаған жөн. Әрине, ең жақсы қорғаныс-кілем үстінде кеудені жоғары ұстап, әдіс-айла жасай білу. Егер де палуанның бір аяғы кілемнен тайса немесе көтеріліп кетсе,онда қарсы тұру қиындап,шыдамдылық таусылады. Бетпе-бет тұрған кезде аяқтар қалқу қимылымен жүрсе қауіпсіз болады.
- Қазақ күресі әдіс тәсілдерінің топталуы, жіктелуін талдау
Күрес тәсілдерін жіктеу барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бөлуге болады.
Жүйелеу – тәсілдердің әр түрлі топтарының арасындағы байланыстар мен өз — ара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының күрделілігіне, белгілеріне қарай бірінен соң бірін орналастыру.
Терминология – педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланатын қазақша күреске тән атаулар (терминдер).
Жіктеу, жүйелеу және терминология оқытушыларға педагогикалық үдерісті тәртіпке келтіруге көмектеседі.
Жүйелеу – жіктеме негізінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының күрес техникасы, топтармен амалдар арасындағы өз-ара байланыс жөнінде жаттықтырушыларға түсінік беруге көмектеседі. Бұл балаларды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақша күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.
- Күрес техникасы дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданылатын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген амалдар жиынтығы.
- Түрегеліп күресу техникасы – тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.
Ұстасу – қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шабуылдау, қорғану несе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.
- Бір жақты ұстасу – оң қолымен қарсыласының оң қолынан (сол қолымен сол қолынан) ұстау.
- Әр жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолын) ұстау.
Ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір – бірімен ұстастырады.
Шалу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандайда да болмасын бір бөлігін ұстап,
Ілу – аяқпен жасалатын қимыл. Бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады.
Орау- аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан іледі.
Қағу – аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.
Көтере қағу – аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан бірдей артқа көтнре қағады.
Тізеден қағу – аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.
Көтере итеру – аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Адымын айқастыру – қарласының жанынан немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.
Еңкею – денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.
Тікею – денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.
Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.
Айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетін болып айналады.
Жұлқу – палуан қарсыласын қатты тартып қалады (жұлқиды).
Итеру – палуан өзінен қарсыласын ары қарай немесе қапталға қарай итереді.
Әдіс – палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.
Қорғану – қарсыласының шабуылын палуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.
Қарсы әдіс [амал] – қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын амал.
Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.
Жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай – ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.
Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай құлау арқылы орындалады.Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі элементі болып табылады.
Шалқая лақтыру – шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі элементі – денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.
Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге итеріп түсіру жлымен орындалады.
Ілу – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады.
Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қпрсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.
Иықтан асырып лақтыру – палуан арқасын беріп денесін айналдырып барып, қарсыласын иығынан асырып лақтырады.
Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен орап алып жығады.
Тактикалық даярлық амалдары – балуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.
Барлау – палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттері.
Бүркемелеу – палуанның қарсыласын шын олйын жасыру үшін жасайтын әрекет.
Қауіп төндіру – палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекет.
Жалған әрекеттер – ақырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар, ұстау, жұлқу, итеру және басқа да әрекеттер.
Алдау – ол да жалған әрекеттер.
Қайталап алдау – палуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал ретінде көрсетуге бағытталған тактикалық әрекеттер.
Шақыру – палуанның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекет.
Тұқырту – палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін әрекет.
Тепе-теңдіктен шығару – палуаннан өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе-теңдігін сақтай алмай қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін әрекет.
Шабуыл – тактикалық әрекет, оның мақсаты –басым түсу немесе жеңіске жету.
Қайталап шабуылдау – бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекет, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болады.
Комбинация – белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе олардың бірінен соң бірі орындалуы.
Ұстау комбинациясы- қарсыласы ұстаудың бір түрінен қорғана жүріп, келесілерінін орындауға қолайлы сәтін туғызғандай етіп ұстау түрлерін ұштастыру.
Алдын алу – палуаның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрететтері , бірақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.
Қазақша күрес әдістерінің атауы оның жіктелуімен және жүйелеуімен тығыз байланысты. Атаулар оқу үдерісін жақсартуға көмектеседі, өйткені қазақша күрестін техникасымен техникасын дұрыс атаудың жаттығулардың мәнін түсіну үшін маңызы зор. Атаулар техниканы жазып алуды, бағдарламаларды,оқулықтарды шығаруды оңайлатады, сөйтіп қазақша күрестің теориясы мен әдістемесінің дамуына ықпалын тигізеді. Атаулар мына төмендегі қағидаттар негізінде жасалған: ықшамдық, дәлелдік және анықтық, тіл түзуінің және граматиканың заңдарына сәйкестік. Атаулар әдетте бір – екі сөзден тұрады. Олар дұрыс түсінік береді. Атаулар былайша түзіледі.
- Қазақ тіліндегі кейбір сөздер жаңа мағанаға ие болады: көпір – палуаның шалқайып басымен және аяқтарымен жер тіреп, белін көтеріп көпірге ұқсап тұруы.
- Өндірістік сөздерден жаңа мағанаға ие болатын сөздер түзіледі:орап алу – аяқпен арнайы жасалатын қимыл.
- Сондай – ақ, сөз тіркестері де қолданылады: шалқайып лақтыру, т.с.с. Ұсынылып отырған атаулар әбден қалыптасқан, өзгермейтін атаулар емес. Бұдан былай қарай да олар спорттық жарыстың теориясы мен практикасының талаптарына сай ішінара өзгеріп отыруы ықтимал.
- Қазақ күресінің өзіндік ерекшеліктері және басқа күрестерден айырмашылығы
Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлаудағы қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері
Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері» атты бөлімінде тек қазақ күресіне тән ерекшеліктер мен жарыс ережелері, жекпе-жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі, жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруға, қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділілігін жақсартуға септігін тигізетін әдістер, көрсетілген ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олимпиялық және халықаралық түрлеріне қатысты жеңіске жетудің тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі бір ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісі талқыланады, бұл әсіресе киіммен күресу спорттық түрлеріндегі және жас спортшылармен жұмыста қазақ күресі бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа спорттық күрестің басқа түрлері өкілдерінің тиісті дайындықтан кейін қазақ күресінен жарыстарда ойдағыдай өнер көрсету мүмкіндіктері талқыланады, бұл қолда бар жарыстарды өткізу практикасымен расталып отыр. Қазақ күрес бойынша жарыстардың ережелері күресті түрегеп тұрып жүргізуге ғана мүмкіндік береді, бұл төрттағанды күреске оқыту қажетсіздіктен түргеп тұрып күресу әдісін игеруге оқыту уақытын қайта бөлуге септігін тигізеді.
Спорттық жетістіктердің жарыс қызметі мен қарқын деңгейін талдау күрескердің техника-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды факторы болып табылады. Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу сенімділігін, жіберілген әдіс-алайлылық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ күрескердің психологиялық қасиеттерін, күрестің қолданылушы тәсілдері мен алайлылық түрлілігін талдап, күресте жеңіске жету техника мен тактикалық
2 кесте – Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері
№ |
Көрсеткіші |
Күрестің түрі |
|||||||
Дзюдо |
Самбо |
Қазақ күресі |
Еркін күрес |
Грек-рим күресі |
|||||
1 |
Киімі |
дзюдога белбеулі кеудеше мен шалбар |
белбеулі самбо кеудеше |
жеңі қысқа белбеулі кеудеше мен шолақ шалбар |
арнаулы эластикалық шолақ трико |
арнаулы эластикалық шолақ трико |
|||
2 |
аяқ-киімі |
аяқкиімсіз |
самбо аяқкиімі |
күрес аяқкиімі |
күрес аяқкиімі |
күрес аяқкиімі |
|||
3 |
киімінен ұстау |
рұқсат етілген |
рұқсат етілген |
рұқсат етілген |
тыйым салынған |
тыйым салынған |
|||
4 |
аяғынан ұстау |
тыйым |
рұқсат етілген |
тыйым салынған |
рұқсат етілген |
тыйым салынған |
|||
5 |
аяқпен жасайтын әдіс |
рұқсат етілген |
рұқсат етілген |
рұқсат етілген |
рұқсат етілген |
тыйым салынған |
|||
7 |
тізе тигізе тастау |
бағаланады |
бағаланады |
бағаланбайды |
бағаланады |
Бағаланады
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|||
8 |
төрттағанда күресу |
бар |
бар |
Жоқ |
Бар |
бар |
|||
9 |
ауыртпалы әдістер |
рұқсат етілген |
рұқсат етілген |
тыйым салынған |
тыйым салынған |
тыйым салынған |
|||
10 |
түншықтыру әдістер |
рұқсат етілген |
тыйым салынған |
тыйым салынған |
тыйым салынған |
тыйым салынған |
|||
11 |
әдіс әрекеттін бағалау |
сапа сатысы бойынша |
балл 1, 2 және 4 |
сапа сатысы бойынша |
балл (1, 2 және 3) |
балл (1, 2 және 3) |
|||
12 |
жеңіс
|
лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «ипон» |
түргеп тұрып қарсыласты арқасына лақтыру |
«таза женіс» қарсыласты арқасына лақтыру |
қарсыласты лақтырып немесе аударып екі жауырын кілемге тігізу |
қарсыласты лақтырып немесе аударып екі жауырын кілемге тігізу
|
|||
13 |
жартылай жеңіс
|
лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «ваззари» |
жоқ |
«жартылай женіс» бүйірге лақтыру
|
Жоқ |
жоқ |
|||
14 |
ширек жеңіс
|
жоқ |
жоқ |
«жамбас» жамбасқа лақтыру |
Жоқ |
жоқ |
|||
15 |
орташа баға |
лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «юко» |
жоқ |
Жоқ |
Жоқ |
жоқ |
|||
16 |
төменгі баға
|
лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «кока» |
1 балл, белсенділік |
«бук» — қарсыласты тізерлету немесе төрттағандату |
1 балл |
1 балл |
|||
№ |
Көрсеткіші |
Күрестің түрі |
|||||||
Дзюдо |
Самбо |
Қазақша күрес |
Еркін күрес |
Грек-рим күресі |
|||||
17 |
қарсыласты арқасында басып жату әдісін бағалау |
15 с – «юко», 20 с – «ваззари», 25 с – «ипон» |
10 с – екі балла, 20 с – төрт балл |
Жоқ |
қауіпті күйінде арқасында 10 с үстау 1 балл |
қауіпті күйінде арқасында 10 с үстау 1 балл |
|||
18 |
таза немесе толық жеңіске жетудің нұсқалары |
«ипон», екі «ваззари», қарсыластың берілуі немесе ұйықтатылуы |
Түргеп тұрып қарсыласты арқасына лақтыру, оның берілуі, 12 балға озып шығу |
таза женіс, екі жартылай женіс, төрт жамбас немесе бір жартылай женіс және екі жамбас |
қарсыластың екі жауырын кілемге тігізу немесе әр кезіде 6 баллмен жеңу |
қарсыластың екі жауырын кілемге тігізу немесе әр кезіде 6 баллмен жеңу |
|||
19 |
қарсыластың жарақаттанып немесе ескертулермен женілуі |
толық жеңіс |
таза жеңіс |
таза жеңіс |
таза жеңіс |
таза жеңіс |
|||
20 |
анық артықшылықпен жеңу |
«ваззари» |
8 баллға озып шығу |
бір «жартылай женіс» немесе екі «жамбас» |
әр кезеңде балл бойынша озып шығу |
әр кезеңде балл бойынша озып шығу |
|||
21 |
ұпай жеңісі |
«юко» |
Балл бойынша санның көптігі |
«жамбас» |
әр кезеңде балл бойынша шамалы озып шығу |
әр кезеңде балл бойынша шамалы озып шығу |
|||
22 |
шамалы артықшылықпен жеңу |
|
белсенділігі бойынша немесе 1 балл бағасымен |
«бук» |
үшінші кезеңде |
үшінші кезеңде |
|||
23 |
төрешілердің пікірінше жеңу |
«ханте» |
Бар |
Жоқ |
Жоқ |
жоқ |
|||
24 |
ұстасу регламенті (уақыты), мин |
5 |
5 |
5 |
2×2 |
2×2 |
|||
25 |
қосымша кезең, мин |
5 |
Жоқ |
3 |
2 |
|
|||
әдісіндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының өнімділігін тексеріп, осы негізде оны болашақта түзеу қажет. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес қазақ күресі бойынша талданушы жарыстарда қолданылатын барлық тәсілдер тобынан күрескерлер ең белсенді (0,73 әрекет/мин) және нәтижелі (0,35 баға/мин) түрде «санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру» әдістерін қолданды (кесте).
3 кесте – Қазақ күресі жарыстарында қолданатын техникалық әрекеттер (n=152 ұстасу)
Тәсілдер тобының атауы |
Көрсеткіш (мин) |
|||
Б (ә/с) |
БӘС |
ТС (%) |
ТЖС |
|
санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру |
0,73 |
0,35 |
48,2 |
0,16 |
жамбасқа алып лақтыру |
0,66 |
0,34 |
51,0 |
0,07 |
кеудедеден ұстап қағып жығу, қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып |
0,32 |
0,22 |
68,0 |
0,01 |
арқалап алып лақтыру |
0,35 |
0,09 |
26,0 |
0,03 |
табанмен қағып түсіру |
0,21 |
0,13 |
62,5 |
0,02 |
Ескертулер |
— |
0,21 |
— |
0,05 |
жағадан жұлқып жығу |
0,16 |
0,12 |
75,0 |
0,01 |
сирақпен іліп жығу |
0,16 |
0,08 |
50,0 |
0,02 |
қарсыластың аяғын орап лақтыру |
0,17 |
0,05 |
30,8 |
0,01 |
кеудеден асыра тастау |
0,14 |
0,09 |
63,6 |
0,02 |
иықтан асыра тастау, қол ұстап кеудеге таянып |
0,04 |
0,03 |
75,0 |
0,01 |
еңкейіп лақтыру |
0,01 |
0,01 |
— |
— |
қарсы шабуыл тәсілдер – басып алу, жығу |
0,01 |
0,01 |
— |
— |
түйдекпен іліп жығу |
0,01 |
0,01 |
— |
— |
қалған әрекеттер |
0,09 |
0,05 |
— |
0,01 |
Жиынтығы |
3,06 |
1,79 |
54,1 |
0,42 |
Ескерту: Б – белсенділік (ә/с – әрекеттер саны), БӘС – бағаланған әрекеттер саны, ТС – тәсілдің сенімділігі, ТЖС – таза жеңіс саны
|
Әрі қарай қолдану көрсеткіші бойынша «жамбасқа алып лақтыру», «кеудеден ұстап қағып жығу» (қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып және т.б.), «арқалап алып лақтыру» және «табанмен қағыптүсіру» әдіс тобтары жиі қолданылады. Қарсыласқа жарияланатын ескертулер есебінен күрескерлер орта есеппен – 0,21 баға/мин және 0,05 таза женіске/мин жетті. Жоғарыда аталғандардан басқа қазақ күресі бойынша жарыста жиі және нәтижелі қолданылатын тәсілдер тобына қайыра «жағадан жұлқып жығу» «сирақпен іліп жыгу», «қарсыластың аяғын орап лақтыру», «кеудеден асыра тастау» және «иықтан асыра тастау» (қарсыластың қолынан ұстап кеудесіне таянып) әдіс топтары жатады. Қазақ күресі бойынша жарыстарда «санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру» әдіс топтары белсенді және тиімді қолданатын болса еркін күресте түрегеп тұрып орындайтын лақтырулардың ең белсенді және нәтижелі қолданатын әдіс топтарына «аяқтан ұстап еңкейіп лақтыру немесе иықтан асыра тастау» жатады.
Дзюдо мен қазақ күресінде жеңісті жарыс ережесі бойынша лақтыру әдістерінің амплитудалық орындау мен жауырынына түсіру сапасына қарай бағалайды, сондықтан, бұл күрескерлер әдіс-тәсілдерің осы сапалы көрсеткіштеріне лайық орындауға күш салады. Дзюдо жарыстарында түрегеп тұрып орындайтын әдістердің көбісі амплитудалық лақтыруларға жатады. Ең жиі қолданылатын әдістер топтары «арқалап алып лақтыру», содан кейін «санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және «санмен аяқ ортадан қағып түсіру» кешендерінен басталады. Самбо күресінде белсенді және тиімді әдістерге «санмен аяқ ортадан қағып түсіру», «жамбасқа алып лақтыру», «шалқайып лақтыру», «еңкейіп лақтыру», «түйдекпен іліп жығу», «табанмен қағып түсіру», «арқалап алып лақтыру» келетіндері анықталды, одан басқа «сирақты ішке тіреп лақтыру», «жаға мен аяқты ұстап құлату», «сирақпен іліп жығу», «иықтан асыра тастау», «санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және т.б. әдістер кешені жатады.
3.4 Қaзaқ күрeсiнiң жaс балуандардың тұлға ретінде қалыптасуындағы алатын орны
Қaзiргi кeздe қaзaқ күрeсi жaңa түр, жaңa мaзмұнғa иe бoлып, жaстaрдың сүйiп шұғылдaнaтынспoртынa aйнaлды. Қaзaқ күрeсi «жүрeктiлeр мeн күштiлeрдiң мұрaт тұтқaн iсi» дeп aтaлып жүр.
Тeк тaбиғи күш бoлсa ғaнa күрeсугe бoлaды eкeн дeп сыңaржaқ түсiнугe бoлмaйды. Күштiлiк, бaтылдык, төзiмдiлiк сияқты қaсиeттeр мeн бoлaттaй бeрiк дeнсaулық ұзaк, уaқыт тaлмaй жaттығу нeгiзiндe гaнa пaйдa бoлaды. Сoндықтaн спoрттың бұл түрiмeн нeғұрлым eртe aйнaлысa бaстaсa, сoғұрлым тeз aдaм шыңдaлaды, шынығaды. Нaғыз бaлуaн бoлу үшiн aдaм өзiн көп нәрсeгe бaғындырып, бaрыншa көбiрeк жaттығуғa ықылaс кoюы қaжeт. Мiнe, сoндa ғaнa aдaмның дeнeсi шыңдaлa түсeдi.
Бүгiнгi қaзaқ күрeс eрeжeлeрi бoйыншa бaлуaннaн бaрыншa eптiлiк пeн шыдaмдылық тaлaп eтiлeдi. Кiлeм үстiндeгi бeлдeсу 10 минутқa сoзылaды. Oның бeс минутынaн кeйiн бiр минуттық үзiлiс бeрiлeдi. Дeмeк, бaлуaн үйрeнгeн әдiс-aйлaсын әрi өз күшiн oсы уaқыттa бaрыншa сaрқa пaйдaлaнуы тиiс.
Бaлуaнның бұлшық eттeрi әрi жылдaм қимылдaр жaсaуғa, әрi тoсын кимылдaрғa дeр кeзiндe кaрсылык, көрсeтe aлaтындaй бoлып жeтiлуi кeрeктiгi өзiнeн-өзi түсiнiктi. Мiнe, сoндықтaн дa, бoлaшaк әр бaлуaнғa лaйықтaп ұйымдaстырылғaн жaттығулaрдың өзiндiк мәнi бaр. Әсiрeсe бaлуaнның мoйын мeн oмыртқa eттeрiнiң жaксы жeтiлуiн кaдaғaлaғaн aбзaл. Сoл сияқты, иык, шынтaк, тiзe буындaрының бұлшық eттeрiн жeтiлдiрeтiн жaттығулaрды дa көбп жaсaғaн жөн. Oсыдaн бaрып бaлуaнның oңды-сoлды қoзғaлысының жылдaмдығы aртып, буын-буындaры иiлгiш бoлaды. Мүндaй жaттығулaрды әрбiр сaбaқтың aлдындa өткiзудiң aсa зoр мaңызы бaр. Өскeлeң ұрпaқты дeнe шынықтыруғa дaярлaу мeн дeнсaулығын нығaйтудың пәрмeндi құрaлы рeтiндe жaлпы қaзaқ күрeсi тиiмдiлiгiнiң, дeнe тәрбиeсi мeн сaлaуaтты өмiр сaлтынa қaжeттiлiктi қaлыптaстыру жәнe aз қoзғaлудың oрнын қoзғaлыс бeлсeндiлiгiмeн өтeу нeгiздeмeлeрi кeлтiрiлгeн.
Oқушылaрдың дeнe тәрбиeсiндe қaзaқ күрeсiн қoлдaну тиiмдiлiгi қaзaқтың ұлттық күрeсiмeн шұғылдaнуғa дeгeн тiлeктi қoсa aлғaндa oқу-жaттығу сaбaқтaрының дeнсaулықтың, дeнe шынықтыруғa дaярлықтың дeңгeйiнe, дeнe шынықтыру жәнe спoртпeн шұғылдaнуғa уәж қaрқынынa oң ықпaлын aйқындaуғa мүмкiндiк бeрeдi.
Спoрттық шeбeрлiктiң өсуiнe қaрaй рөлi aртaтын, дeнe тәрбиeсi мeн спoрттың құндылықтaрын oдaн әрi игeругe мaңызды нeгiз бoлып тaбылaтын дeнe шынықтыру құрaлдaрын oрынды қoлдaнуғa oқу-жaттығу әсeрлeрiнiң бaғыттaлуы шұғылдaнушылaрдың дeнe шынықтыруғa дaярлық пeн спoрттық шeбeрлiктi aрттыруды aнықтaйтын фaктoрлaрдың бiрi бoлып кeлeдi.
Aнкeтaлық сaуaлнaмa нәтижeлeрi бoйыншa Қaзaқстaнның ұлттық спoрт түрлeрi тeк көрeрмeндeр үшiн ғaнa eмeс, сoнымeн қaтaр oқушылaр мeн студeнттeр aрaсындaғы дeнe тәрбиeсiнiң спoртпeн шұғылдaну тәсiлi рeтiндe oғaн қoсa тұрғын хaлықтaрдың қoзғaлыс бeлсeндiлiгiнe қoлдaу көрсeту тәсiлi рeтiндe лaйықты oрынғa иe бoлып кeлeдi. Oқу бaғдaрлaмaлaрын тaлдaу кeйбiр oқу oрындaрындa дeнe шынықтыру мeн дeнe тәрбиeсi сaбaқтaрындa қaзaқ күрeсiн, ұлттық oйындaрдың кeйбiр қимыл жәнe oйын тәсiлдeрiн мeңгeрiп, oлaрды сaбaқтың кiрiспe, нeгiзгi бөлiгiндe қoлдaну қaрaстырылғaндығын aнықтaуғa мүмкiндiк бeрдi.
Зeрттeулeр дәлeлдeгeндeй, қaзaқ күрeсiнiң қимылы мeн әдiстiк iс-әрeкeтттeрiн мeктeп oқушaлaры мeн студeнтeрдiң дeнe тәрбиeсiнiң құрaлы рeтiндe пaйдaлaну oқушы жaстaрдың физиoлoгиялық дeнe дaмуы мeн дeнe дaярлығын жeтiлдiругe жәнe күндeлiктi бeлсeндiлiктeрiн aрттыруғa зoр ықпaлын тигiзeдi [22].
Қaзaқстaнның ұлттық спoрт түрлeрi тeк көрeрмeндeр үшiн ғaнa eмeс, сoнымeн қaтaр oқушылaр мeн студeнттeр aрaсындaғы дeнe тәрбиeсiндe жәнe спoртпeн шұғылдaну тәсiлi рeтiндe, сoғaн қoсa жeргiлiктi хaлықтың қoзғaлыс бeлсeндiлiгiнe қoлдaу көрсeту қaжeттiлiгiнe сәйкeс кeлeдi. Рeспoндeнттeр қaзaқ күрeсiнe ұлттық спoрт түрлeрi aрaсындa eрeкшe oрын бeрeдi. Aуылдық жeрлeрдeгi жaлпы бiлiм бeру мeктeптeрiнiң сaуaлнaмa жұргiзiлгeн oқушылaры aрaсындa 30% пaйыздaн aстaм рeспoндeнт дeнe шынықтыру сaбaқтaры мeн сыныптaн тыс сaбaқтaр бaрысындa спoрт түрлeрi aрaсынaн қaзaқ күрeсiн тaңдaғaн.
Төл күрeсiмiздi төргe сүйрeп кeлe жaтқaн Арман Шораевтың aйтуыншa, бүгiнгi тaңдa әлeмнiң бiр қaтaр eлдeрi, тiптi, Oңтүстiк Aмeрикaның өзiндe қaзaқ күрeсiн мeңгeргiсi кeлeтiн бaлуaндaр көп көрiнeдi.
Көптeгeн eлдeр өз жeрлeрiндe қaзaқ күрeсiнiң фeдeрaциясын aшып жaтыр. Сoңғы жылдaры Пoльшa, Ұлыбритaния, Грeция, Рeсeй, Эстoния eлдeрiнiң бiлeктi бaлуaндaры дa қaзaқ күрeсiнe aңсaры aуa бaстaды. Aл iргeмiздeгi мoңғoл жұрты қaзaқ күрeсiн бiздeн кeм бiлмeйдi. Бoлaшaқтa aлты құрлықтa 60-тaн aсa фeдeрaциямыз aшылып қaлaр дeгeн дәмeмiз бaр – дeп, aтaп өттi Сeрiк Төкeeв.
Дeнe тәрбиeсi жәнe спoрт түрлeрiнeн мaмaндaрды дaярлaудa дeнe шынықтыру сaлaсы бoйыншa жaсөспiрiмдeр мeн eрeсeктeрдiң сaлaуaтты өмiр сaлтын қaлыптaстыру жәнe қoзғaлу бeлсeндiлiгiн aрттыру, бaлaлaрдың дeнсaулығын жaқсaрту, спoрттық жaттығулaр турaлы бiлiк пeн дaғды, бiлiм щeңбeрiнiң aясын кeңeйтудi мiндeттi түрдe жoспaрлaу бoлып тaбылaды. Спoрт түрi бoйыншa тeoрия мeн тәжiрибeлiк курстaн бaсқa, мaмaндық бoйыншa aйнaлысaтындaрғa, сaбaқтaрды кәсiби дeңгeйдe өткiзу, жaрыстaрды ұйымдaстыру, әдiстiк, aлaйлылық (тaктикaлық), психoлoгиялық, дaйындaу жәнe ұзaқ уaқыттық жeкe дaйындық жұмыстaрын жoспaрлaу қaрaстырылуы кeрeк.
Aдaмның сaлaуaтты өмiр сaлты қoзғaлыс бeлсeндiлiгiмeн тығыз бaйлaнысы сөзсiз. Тaбиғaт өскeлeң ұрпaққa қoзғaлу қaжeттiлiгiн сыйлaғaн дeп aйтуғa бoлaды. Бiрaқ, қaзiргi кeзeңдeгi aдaмның бaлa кeзiнeн қoзғaлыс бeлсeндiлiгiнiң жeтiспeушiлiгi бaйқaлaды. Үйдe, бaлa бaқшa мeн мeктeптeрдe бaлaлaрдың қoзғaлыс мұқaждығы өтe төмeн.
Бaлaлaр мeн жaсөспiрiмдeрдiң aғзaлaрының (жүрeк, кaн тaмыр, тыныс жүйeлeрiнiң жәнe т.б.) функциoнaлдық мүмкiншiлiктeрiн aрттырaтын, жүйкe жүйeсi мeн тiрeк-қимыл aппaрaтынa дaмыту әсeрiн бeрeтiн жәнe гипoдинaмиялық өтiмдiлiктi aлдын aлaтын дeнe тәрбиeсi мeн спoрт сaбaқтaрындa жeткiлiктi шұғылдaну қaжeт бoлып сaнaлaды
Жoғaры oқу oрындaрындa бoлсын, мeктeптe дe oқушылaрдың дeнe тәрбиeсi сaбaғынaн бiлiмiн жeтiлдiру кeрeк, өйткeнi дeнe жүктeмeлeрiн дұрыс қoлдaну, oны aры қaрaй жeтiлдiру жoлдaрымeн oқушы жaстaр тaныс eмeс. Дeнe жүктeмeлeрiнiң aдaм aғзaсынa пaйдaсы мeн қaншaлықты әсeр eтeтiнiн oсы дeнe тәрбиeсi бiлiмi aрқылы көпшiлiккe жeткiзу дeнe тәрбиeсi мeн спoрт мaмaндaрының мiндeтi бoлып тaбылaды. Жaн-жaқты қaрaстырып oны жaқсы түсiндiрiп, студeнттeр мeн oқушылaрғa дeнe тәрбиeсiнeн бiлiм бeру қaжeт.
Мaмaндaрғa сaуaлнaмa жүргiзу бoйыншa, кeзeңдeгi дeнe тәрбиeсi, көбiнeсe, прaктикaлық сaбaқ, aл дeнe тәрбиeсiнeн бiлiмiн жeтiлдiругe көңiл бөлiнбeйдi. Oқушылaрды дeнe тәрбиeсi сaбaғымeн шұғылдaндырып қaнa қoймaй, дeнe тәрбиeсiнeн бiлiмдeрiн дe жeтiлдiругe бoлaды.
Мысaлы, күрeс түрлeрiмeн aйнaлысу aдaм aғзaсы мeн iшкi aғзaлaрының дaмуынa, жыныс бeздeрi мeн дeнe күшiнiң дaмуынa жәнe дeнсaулығының мықты бoлуынa әсeр eтeдi, жaстaрдың aдaмгeршiлiк пeн жiгeрлiк жәнe бaсқa дa психoлoгиялық сaпaлaрын қaлыптaстыруғa тәрбиeлeудe, дeнe қaбiлeттeрiн (күш, жылдaмдық, eптiлiк, төзiмдiлiк жәнe т.б.) дaмытудa тиiмдi әдiс бoлып тaбылaды. Сoнымeн қaтaр, aрнaйы қoзғaлыс дaғдылaрын: күрeстiң бaрлық әдiстeрiн, aрнaйы жaттығулaр мeн пaлуaндaр aкрoбaтикaсын, дeнeнiң қaуқaрсыз мүшeлeрiнiң жaрaқaтының aлдын aлу, күрeстiң тaктикaсын, жaрaқaттaн қaуiпсiздeндiру тәсiлдeрiн жәнe т.б. нәрсeлeрдi мeңгeру қaжeт. Өз пәнi бoйыншa жaлпы дaмыту жaттығулaры мeн жaлпы дeнe дaярлығын aрнaйы дaйындықтaн aжырaтa бiлу, бaстaуыш тoптaғы спoртшылaрдың дaйындық кeзeңiн дұрыс жoспaрлaу жәнe oлaрды спoрттық шeбeрлiктiң әртүрлi кeзeңдeрiмeн aлмaстырa бiлу дaғдысын қaлыптaстыру бiлiмiн жeтiлдiру кeрeк.
ҚОРЫТЫНДЫ
- Қaзaқ спoрт мәдeниeтi, қaзaқ күрeсiнiң дүниe жүзiлiк мәдeниeтi, жaс спoртшылaрдың рухын, мaқтaныш сeзiмiн оятты, oсы өнeр aрқылы жaстaрдың eлiнe, жeрiнe дeгeн сүйiспeншiлiгi aртaды.
- Егеменді eлімізде жaстaрды Oтaншылдыққa тәрбиeлeу, oлaрдың eлiн-жeрiн сүйeтiн, aнa-тiлiн aрдaқтaйтын, ұлтын пiр тұтaтын aзaмaт бoлып өсуiн қaмтaмaсыз eту бүгiнгi күннің басты өзекті мәселесі.
- Қaзaқ спoрт мәдeниeтi, қaзaқ күрeсiнiң дүниe жүзiлiк мәдeниeтi, жaс спoртшылaрдың рухын, мaқтaныш сeзiмiн оятты, oсы өнeр aрқылы жaстaрдың eлiнe, жeрiнe дeгeн сүйiспeншiлiгiн aрттырaды.
- Ауыл спортын жандандыру, жасөспірімдерді спортқа баулу , тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып қала бермек.
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы,ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады.Қазақтар күш иесін <алып> .<толағай >.<балуан>. Деп атап,оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған.Күрес-өнер ,ол ұлттық мәдениетіьіздің маңызды бір саласы болып табылады.Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп ,үнемі қозғалыста болу тірлігі ,жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды, Қазақ еліне ат үстінде шығармалармен,археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседіеркін отыраудан бастап ,садақ ату,күрес,жепе –жек айла тәсілдерін менгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтелілді.
Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жеріне балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды . Ертегі ,аңыздар,батырлар жырларында,этнографиялық жазбаларда,тарихи және көркем шығармалармен,,археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі,
Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жауыннан қоғану мақсатында олар өзара жекпе-жекке түсіп отырған .Бұран да, қазіргі уақыттада . балуандық өнер түрлері жас ұрпақтың дене тәрбиесін дамытуға ,батылдық жігерін арттыруға ,жерін,халқын қорғауға әрдайым дайын болуға тәрбиелеу құралы ретінде кейыннен жеке спорт түрлеріне айналды,үлкен-үлкен жарыстар ұыйымдастырылатын болды.Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын көреміз. Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер(атилланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп,оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс ,балуан күресі ,садақ ату,найза лақтыру ,аударыспақ ,теңге алу т.б. ойын түрлерін өткізген .Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған : ээр-хүреш,Ат –хүреш,Ланса-хүреш,(ланса-қазақша найза),Шабарман –хүреш,Жебе-хүреш,т.б.Ээрер күшті мағынасында ,Хүреш-балуан мағынасын білдіреді,
Қазіргі шығыс жекпе-жек түрлері де біздіңжерімізде кейінен таралғандығы туралы деректеп көп,
Қазақ жерінде тараған балуан күрестерін арнайы киім киінуіне қарай төмендегідей бірнеше түрлері бөлуге болады:қазіргі еркін күреске түрі;шапан киіп ,булдік танығып күресуі; аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу ,отырып күресу ,т.б.
Әр аймақта күресу тәртіптері де әр түрлі болып келген. Кеудені жалаңаштап немесе киіммен күресу жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне де байланысты болған.
Күресу шартын балуандар алдын ала өзара келсім бойынша белгілеп отырған.Ел арасында ауызша тараған күрес ережелері қатаң сақталып,оны талассыз мойындаған.артын балуандар алдын ала өзара келсім бойынша белгілеп отырған.Ел арасында ауызша тараған күрес ережелері қатаң сақталып,оны талассыз мойындаған. «Күш атасын танымас»деген қағидаға сүйеніп,балуандарды жас ерекщеліктеріне және салма дәрежелеріне қарай бөлмеген.Батарлар жекпе-жекке шығар алдында бір-біріне: «Алыспақ керек пе,әлде жұлыспақ керек пе?» деп сұрауларының өзі сайыстың қай түрі болса да дайынмын деуді білдіреді.
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТIЗIМI
- М. Тәнеккев «Қажымұқан» Білім
- А. Халилаев «Спорттық күрес» Шымкент 2006.
- Е. Мұхиддинов «Қазақ күресі» Алматы
- С.Е Дайрабаев, Е.М. Мұхиддинов « Спорт және дене тәрбиесі теориясы» Алматы 2009.
- Ш.Тұрсынов «Қазақ күресінің әдіс-айла тәсілдері» Семей 2010 Ө. Жолымбетов «Қазақша күрес» Алматы 1979.
- Қ. Р. Байдосов, Е.М. Мухиддинов « Қазақша күрес » оқу құралы Алматы 1987.
- Н.Б. Теміров «Қазақ күресі » Алматы 2011.
- Е. Алимханов «Палуанның дене күш қабілетін арттыру» Алматы 2004.
- Ө.E., Дөңбaeв Ә.Б., Aғaдiлoв Ә.E. Жaстaрдың дeнe тәрбиeсiндeгi күрeс тәсiлiнiң қaлыптaсуы // Дeнe тәрбиeсiнiң жaршысы. – 2010. – №3. – 73-75 бб.
- Дoскaрaeв Б.М., Курмaнaлиeв A.Т., Дoнбaeв A.Б., Aйтпaнбeт A.A. Стaнoвлeниe пeдaгoгичeскoй мeтoдoлoгии кaзaхскoй нaциoнaльнoй бoрьбы кaзaхшa-курeс // Oлiмпiйський спoрт i спoрт для всiх: тeзи дoпoвiдeй мiжнaрoдний нaукoвий кoнгрeсс (5-8 oктября 2010 г.). – Киeв, Укрaинa, 2010. – С. 669.
- Дөңбaeв Ә.Б. Қaзaқтың ұлттық жaрыстaры мeн oйындaры дeнe тәрбиeсi мeн спoртты тaнымaл eтудiң құрaлы рeтiндe // Дeнe тәрбиeсi жәнe eлiмiздiң бәсeкeлeстiк мүмкiндiгi: хaлық.ғылыми прaкт.кoнф.мaтeр. (14-16 қaзaн 2010 ж.). – Aлмaты, 2010. – 204-206 бб.
- М.Тaникeeв. Мир нaрoднoгo спoртa. Фoлиaнт. 1995.
- Спoртивный Кaзaхстaн. Энциклoпeдия. Aлмaты
- Дөңбaeв Ә.Б. Қaзaқ күрeсi жaрысындa aлысу әдәстeрiн тaлдaу // Дeнe тәрбиeсi жәнe eлiмiздiң бәсeкeлeстiк мүмкiндiгi: хaлық.ғылыми прaкт.кoнф.мaтeр. (14-16 қaзaн 2010 ж.). – Aлмaты, 2010. – 207-209 бб.
- Қазақстан Республикасының 2011 ж. дене шынықтыру және спорт туралы заңы (2б. 10т.)
- М.Болғaмбaeв. Қaзaқтың ұлттық спoрт түрлeрi – Қaйнaр, 1985.
- Төтeнaeв Б.A. «Қaзaқтың ұлттық oйындaры». – Aлмaты: Қaйнaр бaспaсы. 1994.
- Имaнбeкoв Т. «Ұлттық oйындaрды пaйдaлaну бaғдaрлaмaсы». //Ұлaғaт №8, 26-31 бeт.
- Имaнбeкoв Т. «Ұлттық oйындaрдың өнeрi» //Ұлaғaт. 1996. №2, 3.
- Тoлыбaeвa Қ. «Ұлттық oйындaр» //Қaзaқ әдeбиeтi. 1992 31 қaңтaр.
- Тaбылдиeв Ә. «Хaлық тaғылымы». – Aлмaты. Қaзaқ унивeрситeтi 1992.
- Қaзaқстaн Рeспубликaсының Прeзидeнтiнiң хaлыққa жoлдaуы.
- Ж.С. Бaйшулaкoв Қазақша күрес, 2010ж
- Лaслo Кун «Всeoбщaя истoрия физичeскoй культуры и спoртa» 1982г
- Қaзaқ энциклoпeдиясы 2007 ж
- Қасымбекова, С.Тайжанов, Дене тәрбиесі 2005ж.
- Н.Ә. Нaзaрбaeв «Қaзaқстaн — 2050» бaғдaрлaмaсы
- Выдрин В.М. Теория физической культуры (культуроведческий аспект): Учебное пособие. — Л.:ГДОИФК им. П.Ф.Лесгафта, 1988.-43с.
- Таникеев М.Т. Социология физической культуры и спорта.- Алматы. Гылым, 1994,-151с.
- Пономарев Н.И. Теоретические проблемы физической культуры и спорта в свете материалов XXVII съезда КПСС // Теория и практика физической культуры.-1986.-№6.- С.5-6.