АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ — қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

Қазақ — қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу

 

 

Мазмұны

Кіріспе

I. Тарау. Қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің мағыналық- құрылымдық ерекшеліктері

1.1. Еліктеу сөздердің зерттелу тарихы жөнінде қысқаша шолу

1.2. Еліктеу сөздердің мағыналық сипаты мен қалыптасу жолдары

  1. Тарау. Қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің синтаксистік сипаты

2.1. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері

2.2. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі

 

 

 

Кіріспе 

Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік.

Тақырыптың өзектілігі

     Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер әр екі тілде өз алдына жеке зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыра зерттеу жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Екіншіден, еліктеу сөздерді жан-жақты зерттеу практикалық қытай тілі пәнін оқыту процессінде студенттердің еліктеу сөздердің ерекшеліктерімен толық танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет. Үшіншіден, біз диплом жұмысын жазу барысында еліктеу сөздер жөніндегі қытай тіл мамандарының  көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі көзғарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзғарастар бұдан кейінгі еліктеу сөздерді зерттеушілер мен еліктеу сөздер жөнінде жазылатын оқу құралдарына пайдалануға болатын құнды материал деп білеміз.

Жұмыстың зерттеу нысаны

Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер, олардың зерттелуі, лексика-грамматикалық ерекшеліктері.

Зерттеу әдісі

Жұмыста салғастырмалы зерттеу тәсілі қолданылды.

Жұмыстың мақсаты

Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер жөніндегі бұрын-соңды жарық көрген ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, екі тілдегі еліктеу сөздердің ортақтықтары мен айырмашылықтарын айқындау, қазақ тілімен салғастыра отырып қытай тіліндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын, әсіресе, еліктеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету. Сөйтіп, қытай тіліндегі еліктеу сөздерді оқытуда кездесетін қиын түйіндерді теориялық тұрғыдан да практикалық жағынан да талдап түсіндіру болып табылады..

Жұмыстың негізгі міндеті

Зерттеу мақсаттарына сай, қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің  лексика-семантикалық сипатын, жеке сөз табы болуындағы негізгі грамматикалық белгілерін айқындау, еліктеу сөздердің морфологиялық құрамын, жасалу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсету.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы

Қытай        тілін оқыту практикасында студенттердің қытай тіліндегі еліктеу сөздерді үйрену, игеру барысында кездесетін қиыншылықтар ескеріле отырып, еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты, әсіресе, қолданылу ерекшеліктері, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қызметі, фонетикалық ерекшеліктері, морфологиялқ құрамы нақты мысалдар арқылы жан-жақты көрсетілді. Екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері салғастырыла отырып, олардың ортақ және өзгеше жақтары сараланды. Қытай тіліндегі үнемі қолданылатын еліктеу сөздер іріктеліп алынып, әр қайсысы жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді.

Жұмыстың теориялық мәнділігі

Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуі, лексика грамматикалқ ерекшеліктері, қолданылуы, синтаксистік қызметі т.б. туралы байымдаулар мен талдаулар алдағы уақытта қытай тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеуге қызығатын студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарына теориялық жақтан пайдалануына негіз болады деп ойлаймыз.

Жұмыстың практикалық мәнділігі

Жұмыста келтірілген қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерге қатысты көнтеген нақты мысалдар мен оған қатысты талдау, сипаттаулар студенттердің практикалық қытай тілін оқу барысында кездесетін еліктеу сөздерге байланысты қиын түйіндерді түсінуіне көмектеседі деп ойлаймыз.

Тілдік материадардың сипаттамасы

Жұмыста еліктеу сөздер жөнінде қазақ-қытай тіл мамандары жағынан жазылған арнаулы зерттеу еңбектері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы қытай филологиясымен шұғылданатын оқушылар мен оқытушыларға арналғн оқу құралдары негізгі материал ретінде пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы

Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Тарау. Қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің мағыналық- құрылымдық ерекшеліктері

1.1. Еліктеу сөздердің зерттелу тарихы жөнінде қысқаша шолу

Еліктеу сөздер алуан түрлі дыбыстарға тіл дыбыстары арқылы еліктеуден пайда болған сөздер. Дүниеде дыбыс түрі сан алуан және өте күрделі. Ал тіл дыбыстары болса шекті. Адамзат шекті тіл дыбыстары арқылы шексіз дыбыстарды шығара алатын болса да, әлемдегі сонша көп, күрделі дыбыстарды өз қалпында айнытпай, дәл бейнелей алмас еді. Сондықтан, тілдегі еліктеу сөздері аты айтып тұрғандай тілдік дыбыс тұрғысынан басқа дыбыстарға еліктеу, жақынырақ бейнелеу ғана. Мұндай еліктеп бейнелеу кейде дәл түссе де, кейде бастапқы дыбысқа жақынырақ келумен ғана шектеліп отырады. Бұл бір, мәселенің екінші жағы әр тілдің дыбыс жүйесі бір келкі емес және табиғат дүниесіндегі дыбыстарды қабылдау, сондай-ақ оны сол тілдің дыбыс жүйесі бойынша бейнелеу барысы да бірдей емес. Сол себепті, ұқсас бір дыбыс әр тілде әр басқа бейнеленеді. Мысалы, қазақша “Есік тарс етіп жабылды”  “Шар тарс етіп жарылып кетті” деген сөйлемдердегі “тарс” сөзі қытайша “门关上了”,  “乓的一声气球踩破了”  乓(pang) деген дыбыспен бейнеленеді. Мұндағы “тарс” пен 乓(pang) екі тілде екі түрлі ұқсамаған дыбыс болғанымен, олар арқылы білдіріліп отырған ісжүзіндегі дыбыс біреу ғана, яғни, есіктің қатты жабылуынан немесе шардың жарылуынан шыққан дыбыс. Демек дыбыстық еліктеудің өзі де әр ұлттың тіл дыбыстарымен ғана емес, сол ұлттың ұлттық болмысымен, дүние танымымен және ойлау дағдысымен де тіке қатысты деуге толық негіз бар.

         Қытай тілінде де қазақ тіліндегідей еліктеу сөздері дербес сөз табы ретінде, тіпті, негізгі сөз табы ретінде қарастырылады. Оған біріншіден, еліктеу сөздердің басқа бір дыбыстың еліктеу жолымен жасалған көшірінді дыбысы бола тұрса да, өзіндік лексикалық мағынаға ие болады деп қаралуы болса, екіншіден, сөйлем ішінде өз алдына жеке сөйлем мүшесі бола алатындығы. Үшіншіден, еліктеуіш сөздер мейлі бір дыбыстан немесе одан да көп дыбыстан құралсын, бәрі бір мәлім бір мағынаны білдіре алатын тілдік дыбыс формасына ие сөз болып есептелетіндігі. Міне осы ерекшеліктер еліктеуіш сөздерді қытай тілінің негізгі сөз таптарының қатарына қосуға негіз болған.

         Еліктеуіш сөздер қытай тілінде өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері қарай сөз таптарының бірі ретінде қытай тілі грамматикасына арналған ғылыми еңбектерге енгізіліп біршама жүйелі зерттеліп келеді. Оған дейін қытай тіліндегі сөздерді алғаш таптастырған Ма Жяньжұң болды. Оның 1898 жылы шыққан “马氏文通” атты еңбегінде қытай тіліндегі негізгі сөздерді беске, көмекші сөздерді тоғыз түрге бөліп көрсеткен. Еліктеуіш сөздер арнаулы сөз табы ретінде көрсетілмегенімен, одағай сөздер көмекші сөз табы ретінде көрсетіліп, еліктеуіш сөздер одағайлардың қатарына жатқызылған. 1924 жылы шыққан Ли Жин щи-дің “新著国语文法” кітабында сөз таптары тоғыз түрге бөлініп, еліктеуіш сөздер одағайлар ретінде қарастырылған. Лүй Шушяң-ның “中国文法要略” (1942 ж.) еңбегінде еліктеуіш сөздер жеке дара қолданылатын шылау сөздерге жатады деп көрсетілген. Қытай тілінің сөз таптарының қатарына сан есімдерді алғаш қосқан ғалым УаңЛи-дің “中国语法纲要” (1946 ж.) кітабында еліктеуіш сөздер де, одағайлар да жеке сөз табы ретінде қарастырылмаған. ГауМиңкай да одағайларды көмекші сөздер дей отырып, еліктеу сөздерін одағайлармен бірге қарастырған. 1962 жылы ғана Диң Шыңшу өзінің “现代汉语语法讲话”   атты еңбегінде еліктеу сөздерін  қытай тіліндегі 10 сөз табының бірі ретінде алғаш рет жеке сөз табы деп көрсетті. Содан бері еліктеу сөздер қытай тілінде жеке сөз табы ретінде қаралып келеді. Еліктеуіш сөздер содан бері Хуаң Борұң, Ло Анюань, Сұн Дыжин, ШауЖиңмин қатарлы  белгілі ғалымдардың еңбектерінде біршама жүйелі зерттелді. ШауЖиңмин қатарлы ғалымдар жазған “қытай тілінің грамматикасында” (2001 ж.) қытай тіліндегі одағайлар мен еліктеу сөздері негізгі сөздер қатарына кіргізіліп, оларды негізгі сөздердің ішіндегі дыбыстық сөздер қатарына жатқызған. “ Дыбыстық сөздер” дегенде одағайлар да, еліктеу сөздерді де дыбысқа қатысты пайда болады деп қаралады.. Қытай тілінде бұл екі сөз табының ортақтығы ретінде де олардың дыбысқа қатысты пайда болу ерекшелігі аталады. Соған байланысты қытай тілінде еліктеу сөздерін қазақ тіліндегідей дыбыстық еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер деп бөлу дағдысы жоқ, еліктеуіш сөздер ұғымы тек дыбыстық жолмен еліктеу арқылы пайда болған сөздерге қаратылады. Қытай тіліндегі еліктеуіш сөздерді негізгі сөздерге де, көмекші сөздерге де жатпайтын өзіндік ерекшелікке ие сөз табы деп қарайтындар да бар. Сұн Дыжин “ Қазіргі қытай тілінің грамматикасы” еңбегінде “Еліктеуіш сөздер қытай тіліндегі негізгі сөздерге де, көмекші сөздерге де жатпайтын ерекше сөз табы” деген пікірін білдіреді. Олай деуге қытай тіліндегі еліктеуіш сөздердің сөйлем ішінде мәлім синтаксистік тіркес шарты жағдайында ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы себеп болса керек. Қорыта айтқанда, қытай тілінде өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейін ғана еліктеуіш сөздер жеке сөз табы ретінде қарастырыла басталды және қытай тілінде қазақ тіліндегідей еліктеуіш сөздердің бейнелеуіш түрі жоқ, яғни, бейнелеуіш сөздер еліктеуіш сөздер қатарында қаралмайды. Енді бір жағынан еліктеуіш сөздердің тарихында, олар бастапта одағайлар ретінде қарастырылса, кейінтін одағайлардан бөліп жеке сөз табы ретінде қаралды. Қытай тіліндегі еліктеуіш сөз деген атаудың (象声词) өзі де тіке аударғанда “дыбысқа еліктеу сөзі” болып шығады. Сөйтіп, қытай тілінде еліктеуіштер де одағайлар да дыбыс негізінде пайда болады деп есептелінеді.

         Қазақ тіл білімінде еліктеу сөздерді бірінші рет жеке сөз табы ретінде тану керек деген ғалым А. Ысқақов. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздердің өзіндік белгілері жөнінде профессор А. Ысқақов бірнеше еңбек жазған. Ғалым Ш. Сарыбаев та Ысқақовтың пікірлерін қолдай отырып қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер жөнінде өзіндік тың ойлар айтады. Аталған ғалымдардың еліктеуіш сөздер жөніндегі пікірлерінде үлкен алшақтық болмаса да, еліктеу сөздердің терминдік атауында және әрбір әрбір құбылыс-бейнелерді баяндауда аздаған өзгешеліктер барлығы байқалады. А. Ысқақов қазақ тіліндегі мимемаларды еліктеу сөздер дей келе, оларды семантикалық жағынан еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер деп үлкен екі топқа бөледі. Ал Ш. Сарыбаев мимемаларды еліктеуіш сөздер деп жалпы атап алады да, оларды дыбыстық еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер деп бөледі. Еліктеуіш сөздер тілімізде тарихи бар, бұрыннан қалыптасқан, әдеби көркем шығарма тілінде жиі қолданылады. Бірақ, ертеректе шыққан мектеп оқулықтарында өкінішке орай, еліктеу сөздер одағайлар қатарында қарастырылып келді. Кейінтін еліктеу сөздерінің өзіндік грамматикалық белгілері айқындалып, тіл мамандары жағынан мойындалғаннан соң, оқулықтар мен грамматикалық ғылыми еңбектерге қазақ тіліндегі тоғызыншы сөз табы болып енді. Қытай- қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелу тарихына ортақ бір жағдай олардың екі тілде де бастапта одағайлар қатарында қаралуы деуге болады. Жоғарыда баяндалғандай қытай тілінде де өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін еліктеу сөздері одағай делініп, оқулықтар мен оқу құралдарында солай аталып келсе, қазақ тіл білімінде еліктеу сөздер 1971 жылы ғана мектеп оқулықтарына жеке сөз табы ретінде енгізілген. Мұның басты себебі де бұл екі сөз табының негізінен дыбыс негізінде қалыптасуында жатса керек.

Еліктеу сөздер табиғат дүниесінде нақты кездесетін құбылыстардың құлақ сезімі арқылы қабылданатын түрлі дыбыстарға еліктеуден, көру мүшесі арқылы танылатын әр қилы көріністердің бейнеленуінен пайда болатын сөздер. Грамматикалық тұрғыдан алғанда еліктеу сөздері негізгі сөздер тобына жатады. Мысалы: Есік сарт етіп жабылды. От жылт-жылт етеді. Жүрегім лүп-лүп етіп аузыма тығылды. Дегенлегі сарт құлаққа естілетін дыбыстық ұғымның атауы, жылт-жылт сөзі көзге көрінген, байқалған бейне құбылыстың атауы, лүп-лүп дыбыстың да, бейненің де атауы емес, адамның денесінде болған сезімнің атауы ретінде жұмсалып тұрған еліктеу сөздер.

1.2. Еліктеу сөздердің мағыналық сипаты мен қалыптасу жолдары

         Адам ойы қандай күрделі болса, тілдегі сөздердің мағыналары да сондай күрделі, соған орай қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің мағыналары да алуан түрлі болып қолданыла береді. Мысалы:

噔噔 dengdeng  (Жол жүргендегі аяқ дыбысы)

正在这时,远处传来了噔噔的脚步声。

Дәл осы кезде алыстан сықырлаған аяқ дыбысы естілді.

哗哗 huahua  (Жаңбырдың сіркіреуі)

哗哗地下个不停。

Жаңбыр сіркіреп тоқтайтын емес.

轰隆 honglong  (Найзағайдың шатырлауы, зеңбіректің гүрсілі)

山上硝烟弥漫,炮声隆隆

Тау басы қою тұман, дүркін-дүркін зеңбіректің гүрсілдеген дауысы естіледі.

嘀铃铃 dilingling  (Қоңыраудың сылдыры)

突然一阵嘀铃铃的电话铃声打断了他的思路。

Кенет шыр еткен телефон дауысы оның ойын бөліп жіберді.

呼噜 hulu  (Ұйқы кезіндегі қорылдаған дыбыс)

呼噜了两声, 就睡着了。

Ол қор етіп ұйықтап кетті.

哈哈 haha  Күлкі үні.

怦怦 pengpeng  Жүрек лүпілі.

扑腾扑腾 puteng puteng Жүректің дүрсілдеп соғуы.

呼哧呼哧 huchi huchi  Ентіккен дыбыс.

噗噜噜 pululu Көз жасының тырсылдап тамған дыбысы

咕咕 gugu  Қарын ашқандағы құрсақтың шұрылы.

咕嘟咕嘟 gudugudu Суды қылқылдатып жұтқандағы дыбыс.

咚咚 dongdong  Есік қаққандағы тықылдаған дыбыс.

铛铛 dangdang  Қоңыраудың сыңғыры

砰砰 pengpeng  Мылтықтың тарсылы.

噼哩啪啦 pilipala  Шапалақтың шартылы.

唧唧喳喳 jiji chacha  Құстардың сайрауы

嗡嗡 wengweng  Араның ызыңы т.б.

  1. Жалаң және қос буынды еліктеу сөздердің барлығын қайталап айтуға болады. Мысалы: 呼——呼呼,嘀嗒——嘀嘀嗒嗒,嘀嗒嘀嗒
  2. Қос буынды еліктеу сөздердің жоғарыдан басқа өзгеріп қайталанатын формасы да бар. Мысалы: 滴里嘟噜,咪里麻啦 乒零乓郎,噼里啪啦,叽里咕噜,稀里哗啦。
  3. Еліктеуіш сөздер жеке тұрып сөйлем бола алады. Мысалы:

轰隆隆隆……雷声响个不停。

“突突突……”,一辆摩托车开来了。

砰!子弹向别处飞去。

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде етістіктің, сандық мөлшер сөздердің алдында тұрады. Мысалы:

心里怦怦地跳着。(етістіктің алдында)

只听见嚓的一声刹车了。( сандық мөлшер сөздердің алдында)

  1. Жалаң буынды еліктеу сөздер сандық мөлшер сөздерді анықтап келгенде құрылымдық шылау的 қосылып айтылады да, қос буынды еліктеу сөздер сандық мөлшер сөздерді тікелей анықтай береді. Мысалы:

几只家雀噌的一声飞走了。(жалаң буынды)

没留神,刺溜一下滑倒了。(қос буынды)

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде етістіктің алдында тұрғанда етістікпен құрылымдық шылау地 арқылы байланысады. Сөйлем мағынасына қарай кейде地 шылауын қоспауға да болады. Мысалы:

子弹刺溜地从耳边擦过去。(地 шылауы арқылы)

嘀嗒嘀嗒地流水。   (地 шылауы арқылы)

小雨嘀嗒嘀嗒下个不停。(地 шылауынсыз)

石头叽里咕噜往下滚。(地 шылауынсыз)

         Қазақ тілінде еліктеуіш сөздер семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы тұрғысынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұрады.

         Еліктеу сөздер семантикалық жағынан, біріншіден, сан алуан заттар мен құбылыстардан шығатын түрлі дыбыстарға, аң-құс, жан-жануарлардың дыбыстарына еліктеуден пайда болса, екіншіден, осы заттар мен құбылыстардың, тіршілік дүниесінің сыртқы сын- сипаты, қимыл-әрекетінің көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: тарс-тұрс, сарт-сұрт, жалп, желп, жалт-жұлт, шаң-шұң, тарбаң-тарбаң, арбаң-құрбаң, арс-ұрс, тық-тық, тырс, шарт, қырт, ыңқ, қыңқ, қалт-құлт т.б.

         Қазақ тілінде еліктеу сөздер зат немесе құбылыстың я болмаса жан-жануардың дыбыстарына еліктеу мен сыртқы түр-тұрпатына, қимыл-қозғалысына еліктеуге байланысты дыбыстық еліктеу сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екі топқа бөлінеді.

         Дыбыстық еліктеу сөздер табиғат құбылысында кездесетін алуан түрлі жанды заттардың дыбыстау аппараттарында, жүріс-тұрыстарында және жансыз заттардың өзара бір-біріне тиюі, соқтығысуы, қақтығысуларынан пайда болады. Мұндай сөздердің қолданылуы да, мағыналары да өте кең. Мысалы: Машина дүр ете түсті.(С. М.) Адамдар дүр етіп есікке ұмтылды. Кекілік ұшып дүр етті. (Х. Ес.) Мұндағы дүр сөзі үш түрлі мағынада қолданылған. 1-мысалда машинаның таза өз дыбысы бйнеленсе, 2-мысалда адамдардың қимыл-әрекетін дыбыстық жолмен әсірелеп көрсету басым тұр. 3-мысалдағы дүр дыбысының деңгейі 1-мысалдағы дүр сөзіне қарағанда әлде қайда солғын. Бір еліктеу сөзінің әлде неше мағынада қолданылу ерекшелігі қытай тіліндегі еліктеу сөздеріне де тән құбылыс. Мысалы:

那扇门一开就嘎吱嘎吱地响。  

Анау есікті ашсаң болды шиқылдай жөнеледі.

一翻身床板就嘎吱嘎吱的

Аунасаң төсек сықырлайды.

Осындағы 嘎吱 gazhi сөзінің екі сөйлемдегі дыбысты бейнелеу деңгейі бірдей емес. Бұдан шығатын қорытынды ұқсас бір еліктеуіш сөз екі тілде де бірнеше мағынада қолданылуы мүмкін. Кейбір мағынасы арқылы бастапқы дыбысты дәлірек, жақынырақ бейнелеуге болса, кейбір мағынасы бастапқы дыбыстан алысырақ, тіпеті кейде бенелеу, обыраздау сияқты ауыспалы мағыналарда қолданылады.

         Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің екінші бір түрі бейнелеуіш сөздер. Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін әр қилы құбылыстар мен заттардың, жан-жануарлардың сыртқы көрінісі мен олардың қозғалысқа түскен іс-әрекеттерінің көру қабілеті арқылы танылатын бейнелік сипаты болып табылады. Мысалы: Қиюы қашқан тақтайлар быт-шыт болып кетті. (С. М.) Осымен қалың топ жапыр-жұпыр бірнеше рет айқасты. ( М. Ә.) Толған ай шілдедегі жалт-жұлт еткен. (С.Тор.) Сұлу торы жарға сумаң етіп шыға келді.( М.Ә.) Қали одырайып қарап тұр. (С. Ер.) Мен бет аузымды тыржитып, екі езуімді ырситып, денелерім дірілдеп, аяғымды жерге тіреп, кірпік қақпай ежірейіп тұрмын. (Б.Тұр.)

         Кейбір бейнелеуіш сөздердің мағынасында дыбыс та, бейне де жарыса қолданылады. Мысалы: Сылқ-сылқ жұту. Қарш-қарш шайнау. Кеңк-кеңк күлу т.б.

         Қытай тілінде еліктеу сөздер тек дыбыстық еліктеуден пайда болған сөздерге ғана қаратылады. Қазақ тіліндегідей бейнелеуіш сөздер қарастырылмаған. Қытай тілінде морфологиялық өзгеріс жоқтың қасы дерлік. Сондықтан, қазақ тіліндегідей сөйлем ішінде көсемше тұлғасымен тұратын бейнелеуіш сөздер қытай тілінде сөйлемнің анықтауыш, пысықтауыш, толықтырғыш мүшелері арқылы білдіріліп отырады. Мысалы:

她吓得浑身发抖。       

Ол қорыққанынан дірілдеп кетті.

孩子们把小屋弄了个乱七八糟

Балалар кішкентай бөлменің аптар-тептерін шығарды.

战士们把敌人打得个落花流水

Сарбаздар жаудың быт-шытын шығарды.   

电灯光照房里白亮白亮的

Електр шамы үй ішін жарқыратып тұр.

他急得象热锅上的蚂蚁。

Ол сасқанынан шыж-пыж болды.

哭了一会儿,她默默地给女儿擦干了脸上的血迹,长久地看着那没有血色的苍白的面孔,突然俯下头去,用嘴唇吻着女儿冰冷的脸腮。

Ол біраз жылап алып, қызының бетіндегі қан дақтарын үн-түнсіз сүртті де, оның қан-сөлсіз бозарған бетіне ұзақ қарап отырып, кенет еңкейіп қызының мұздай шекесінен сүйді.

Бұл мысалдарда қытай тіліндегі 发抖, 乱七八糟, 白亮白亮的, 象热锅上的蚂蚁, 默默地, 没有血色的苍白的 сөздері бейнелеуіш сөз есептелмейді. Олар сөйлем ішінде теңеу, әсірелеу мақсатында қолданылған басқа сөз таптарына жататын сөздер. Ал олардың сөйлемдегі қазақша аударма баламасына келсек, дірілдеп, быт-шытын, жарқыратып, шыж-пыж, үн-түнсіз, қан-сөлсіз сөздері жеке-жеке еліктеу сөздердің бейнелеуіш түріне жатады.

         Еліктеу сөздердің дыбыстық ерекшеліктері

         Қазақ тілінде еліктеу сөздердің дыбыстық құрамы басқа сөз таптары сияқты ала-құлаланып, түрліше болып келмейді. Өйткені еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында бір ізге келтірілген жүйе, дыбыстық форма бар. Еліктеу сөздер өздерінің осы дыбыстық ерекшеліктерімен басқа сөз таптарынан оқшауланып, өзгешеленіп отырады. Ол ерекшеліктер:

  1. Еліктеу сөздер мұрын жолды ң дыбысымен аяқталады. Көбінде дыбыстық еліктеуіш сөздер болып келеді. Мысалы: дың, дің, сың, сің, шың, шің, ызың, даң-дұң, щаң-шұң т.б.
  2. Еліктеу сөздер р дыбысымен аяқталады. Көбінде дыбыстық еліктеуіш сөздер болып келеді. Мысалы: сыр, пыр, шар, шор, зыр, гүр, дыр, дір, дүр, бар-бар т.б.
  3. У дыбысына аяқтайды. Мысалы: лау-лау, кеу-кеу, су, гу-гу, ду-ду т.б.
  4. П дыбысына бітеді. Мысалы: шоп-шоп, шөп-шөп, шып-шып, сып-сып, шап-шұп т.б.
  5. Ұяң з,ж дыбыстарына бітеді. Мысалы: баж-бұж, шыж-быж, қаз-қаз т.б.
  6. к,қ дыбыстарының біріне бітеді. Мысалы: тақ-тақ, сық-сық, дік-дік, тік-тік т.б.
  7. рс дыбыс тіркесімен бітеді. Мысалы: тарс, пырс,дүрс, қорс, бырс т.б.
  8. рт дыбыс тіркесімен бітеді. Мысалы: шарт, сырт, кірт, борт, күрт т.б.
  9. рқ дыбыс тіркесімен бітеді. Мысалы: қорқ, сырқ, бырқ, қарқ т.б.

         Қазақ тілінде еліктеу сөздердің құрамы екі, үш, төрт дыбыстан құралып, бір буынды болып келеді. Еліктеу сөздердің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстар өзі қатысты сөздердің семантикасына аз да болса мағыналық бояу беріп тұрады. Мысалы: “Дік ете түсті” мен “тік ете түсті” деген еліктеуіш сөздерді өзара салыстырсақ, олардың айырмашылығы сөз басындағы д мен т дыбыстарында ғана. Бірақ, мағыналық жағынан қарағанда, дік дыбысы жұмсақ, ауырырақ заттардың өзара тиісуінен пайда болса, тік дыбысы қатты жеңілірек заттардың соғылысуынан шығады.

         Дыбыстық еліктеуіш сөздердің құрамында жуан дауысты дыбыс болса, онда құлаққа естілетін дыбыс та қарқынды, күшті, дөрекі, жуан болады. Мысалы: қорс-қорс, борт-борт, бұрқ-сарқ, баж-баж т.б.

         Дыбыстық еліктеуіш сөздердің құрамындағы дауыстылар жіңішке болса, онда құлаққа естілетін дыбыстар да қарқынсыз, әлсіз, солғын, ащы болады. Мысалы: шіңк, шиқ-шиқ, күрт-күрт, тік-тік, шөп-шөп т.б.

         Бейнелеуіш сөздердің құрамында жуан дауысты болса, онда көзге көрінетін бейненің ұнамсыз дөрекілігін білдіреді. Мысалы: жалп ету, қопаң-қопаң ету, балпаң-балпаң басу, борп-борп ету т.б.

         Бейнелеуіш сөздердің құрамында жіңішке дауысты болса, онда көзге көрінетін бейненің нәзік, жинақы екендігін білдіреді. Мысалы: елп-елп, кілт-кілт, мөлт-мөлт, бүлк-бүлк, селк-селк, желп-желп т.б.

         Қытай тіліндегі еліктеу сөздері дыбыстық ерекшеліктері жағынан төрт тонмен де айтыла береді. Бірақ жазылуы жағынан әрқандай бір еліктеу сөзін алсақ та, олардың алдына 口 бөлшегі қосылып жазылады. Бұл қытай тіліндегі дыбыспен тікелей қатысты лебіздік шылауларға, одағайларға және еліктеу сөздерге тән бірден-бір белгі деуге болады.

Мысалы:

呼呼, 嘎吧,咔嚓,啪,哇哇,呀,当啷, 吱担,呜呜,呱呱,咕嘟

吱吱,叮当,叮铃,噔噔,哐啷,哗哗,哇啦,呼噜,唰唰,啪啦

Бұлар қытай тілінде жиі қолданылатын еліктеу сөздер. Олардың барлығы дерлік алдына 口 бөлшегі қосылу арқылы жасалған.

 Еліктеу сөздердің буын құрамы

         Қазақ тілінде еліктеу сөздердің жалаң түрлері екі, үш, төрт дыбыстан құралып, бір буынды болып келеді. Еліктеу сөздердің екі дыбыстан құралған ашық және тұйық буынды түрлері өте аз. Мысалы: су, гу, ду, ар, ыр, ыз, ық т.б.

Тіліміздегі енді бір бөлім еліктеу сөздер үш дыбыстан құралған тұйық буынды болып келеді. Мысалы: ырс, арп, елп, ірк, еңк, ыңқ т.б.

         Еліктеу сөздердің көпшілігі үш дыбыстан құралып, бітеу буынды болып келеді. Мысалы: сыр, шұр, шар, шыр, зыр, дір, гүр, шыж, шып т.б.

         Еліктеу сөздердің негізгі көпшілігі төрт дыбыстан құралып, бітеу буынды болады. Мысалы: Қалт-құлт, бырт, сылқ, зырқ, қорс,жылп, жарқ, гүмп т.б.

         Туынды еліктеу сөздер екі және үш буынды болып келе береді. Мысалы: арбаң, ербең, томпаң, ежірең, ажыраң, арсалаң, серең т.б.

         Қытай тілінде сөздердің буын саны иероглифтер арқылы белгіленеді. Яғни, бір иероглиф бір буын болып есептеледі. Баырғы қытай тілінде бір буынды сөздер көп болған болса, қазір сөздердің екі буындану тенденциясы айқын байқалып отыр. Тіпті көп буынды сөздер де тілдік қолданыс барысында дыбыс құрамының қысқаруы себебінен екі буынды сөздерге айналу процессі бар. Бұл қазіргі қытай тілі лексикасының негізгі даму бағыты ретінде қаралады. Қытай тіліндегі еліктеу сөздер де буын құрамы жағынан осы бағыттан алшақ кетпейді. Атап айтқанда, қытай тілінде алғаш қалыптасқан бір буынды еліктеу сөздермен қатар, қос буынды еліктеу сөздер де бар. Бір буынды еліктеу сөздер:

吧, 叭, 嗖, 嘎, 呼, 咣, 咪, 喵, 呜, 喔, 噌, 吱, 嚓,咩, 噗, 咴儿

Қос буынды еліктеу сөздер:

咯吱, 咯噔, 啾啾, 嘎吱, 哐啷, 嘀嗒, 啁啾, 唰啦, 咣啷,嘎吧,咔嚓,噗嗵 т.б.

         Қытай тіліндегі бір буынды еліктеу сөздер көбінде сөйлем ішінде қайталанып қолданылады да, сөз мағынасына тағы да мәлім қосымша мағыналық реңктер қосылып, әрленіп отырады және айтпақы, жеткізбекші болған ой тиянақы айтылады.Мысалы:

“啪啪”枪声响了,敌人立刻倒了下去。

过了一会儿,远处又“喔喔喔!”传来了第二遍鸡叫。

Бұл сөйлемдердегі қайталанып айтылып тұрған啪啪, 喔喔喔 еліктеу сөздерін啪 немесе喔 түрінде айтқанда еліктеу мағынасы толық шықпайды және сөйлемде айтуға да тиянақсыз болар еді.

         Еліктеу сөздер қазақ тілінде морфологиялқ құрамына қарай жалаң туынды еліктеу сөздер және күрделі еліктеу сөздер болып екіге бөлінеді.    Жалаң туынды еліктеу сөздер түбірге жұрнақ қосылу арқылы төмендегідей жолдармен жасалады.

  1. Түбірге –ң, -ың, -ің, -аң, -ең жұрнақтары қосылу жолымен жасалады. Мысалы: томпаң, мөлтең, тырбаң, былғаң, ырғаң, тылтың, кірбең, қартаң, жымың, қиқаң, желпең т.б.
  2. Түбірге –лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары қосылады. Мысалы: арсалаң, еңкелең, ыржалаң, былғалаң, ирелең, шұбалаң т.б.
  3. –қ, -к, -ақ, -ек, -ық, -ік жұрнақтары арқылы. Мысалы: сықақ, ыржақ, жалтақ, дірдек, бұлғақ, күбежек, далбақ т.б.
  4. –лақ, -лек, -алақ, -елек, -лық, -лік, ылық, -ілік жұрнақтары арқылы. Мысалы: бұлталақ, елбелек, бұлғалақ, қозғалақ, бөгелек, сырғалақ, жыпылық, қаңғалақ, қыпылық т.б.
  5. –ыр, -ір жұрнағы арқылы. Мысалы: бұжыр, мөлдір, ақыр, секір, жылтыр т.б.

         Күрделі еліктеу сөздер жалаң еліктеу сөздердің қайталанып, қосарланып келуі арқылы жасалады.

  1. Негізгі, туынды түбірлі еліктеу сөздердің ешбір өзгеріссіз қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: сырт-сырт, лүп-лүп, сақ-сақ, арбаң-арбаң, елбең-елбең, жымың-жымың, бақ-бақ т.б.
  2. Кейбір жеке-дара тұрғанда лексикалық мағынаға ие бола алмайтын сөздердің қайталанып келуі арқылы күрделі еліктеу сөздері жасалады. Мысалы: жұлым-жұлым, арса-арса, мылжа-мылжа, түте-түте, дода-дода т.б.
  3. Қайталанып келетін сөздердің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыстың қысаң дауысты дыбыспен ауысып, фонетикалық өзгеріске ұшырауынан да күрделі еліктеу сөздері жасалады. Мысалы: жалт-жұлт, қарқ-құрық, қалт-құлт, қалтаң-құлтаң, шатыр-шұтыр, жалбаң-жұлбаң, саңқ-сұңқ т.б.
  4. Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы жоқ кейбір сөздердің қайталанып екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыстың қысаң дауысты дыбысқа ауысып қолданылуынан күрделі еліктеу сөздер жасалады. Мысалы: жалба-жұлба, дал-дұл, айқыш-ұйқыш, қапыл-құпыл т.б.
  5. Сыртқы тұлғасы басқа-басқа, мағыналары бір-біріне жуық екі сөздің қосарланып келуі арқылы күрделі еліктеу сөздер жасалады. Мысалы: қыңқ-сыңқ, быж-тыж, быт-шыт, бұрқ-сарқ, бұлтың-сылтың, қипаң-сипаң, елпең-селпең т.б.
  6. Кейбір сыңар мәнді қос сөздердің қосарланып келуінен де күрделі еліктеу сөздер жасалады. Мысалы: апыр-топыр, бұлқан-талқан, тас-талқан, көл-көсір, ағыл-тегіл т.б.
  7. Жеке тұрғанда ешқандай лексикалық мағынаға ие бола алмайтын екі түрлі сөздің қосарланып келуінен де күрделі еліктеу сөздер жасалады. Мысалы: қиқа-жиқа, үйме-жүйме, алай-дүлей, әңкі-тәңкі, ығы-жығы, апыл-құпыл т.б.
  8. Тарау. Қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің синтаксистік сипаты

2.1. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері

Еліктеу сөздердің екі тілде сөйлемде атқаратын  синтаксистік қызметін сөз етпестен бұрын, олардың сөйлемдегі басқа сөздермен болған байланысын  айқындап алу керек. Соған байланысты қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің сөйлемдегі басқа сөздермен байланысын төмендегідей бірнеше жаққа жинақтап көрсетуге болады.

  1. Еліктеу сөздің жалаң түрі мен күрделі (қосарланған) түрінің

қай-қайсысы болса да өздеріне тән атау формада тұрғанда бірен-сарандаған жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сөздер етістік атаулының бәріне бірдей еркін тіркесе бермейді. Оның жалаң (дара) түрі де, қосарланған түрі де өзге етістіктермен таңдап тіркессе де, ет көмекші етістігімен еркін тіркеседі. Мысалы: Жанып жатқан от майлы көбік тамғанда, пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қайтадан тез лап ете жанды. (С. Сейфуллин); Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді (Ғ. Мұстафин) т.б.

  1. Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бәрімен де бірдей тіркесе бермейді, олардың ішінен тек өздерінің мағыналарына орайласатындарымен ғана еркін тіркеседі. Мысалы: Абай селк етіп жалт қарады (М. Әуезов); Машина кілт бұрылды (С. Шаймерденов) т.б.
  2. Еліктеу сөздер етістіктерден өзге сөздермен некен-саяқтап қана тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді. Мысалы: Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты (С. Сейфуллин); Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды (С. Көбеев).
  3. Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Өйткені, жоғарыдағыдай, шаңда-шұң дауыс шықты (С. Сейфуллин); сарт-сұрт төбелес болды да қалды (С. Көбеев) дегендердегідей. Зат есімдермен тіркесіп, орын жағынан олардан бұрын тұрып қолданылатын шаңда-шұң, сарт-сұрт тәрізді еліктеу сөз, әрине, анықтауыш болады. Ал, еліктеу сөздер негізінде етістіктермен тіркесетін категория болғандықтан, олардың негізгі снтаксистік қызметі де сын-қимыл пысықтауыш екендігі күмәнсіз. Еліктеуіш сөздің жалаң (дара) түрі мен күрделі (қосарланған) түрі көмекші етістікпен де, негізгі етістікпен де тіркесе береді. Ет көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер қашан да болсын құранды мүшенің құрамына енеді де, сол құрам, ет көмекші етістігінің қай формада тұруына қарай, тұтасымен тұрып бір күрделі мүше болады. Мысалы: Сергей Петрович елең етті (Ғ. Мұстафин); Қараңғылықтан қылаң етіп бір аттылы адам шыға келді (С. Ерубаев) деген сөйлемдердегі елең етті тіркесі баяндауыш болса, қылаң етіп тіркесі пысықтауыш болып тұр т.б.

Дербес мағыналары бар негізгі етістіктермен тіркескенде, еліктеу сөздер қимыл мен іс-әрекеттің сын-сипатын білдіреді де, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Абай кілт бұрылып, жалт қарады (М. Әуезов); Атшы жігіт мырс-мырс күледі (С. Көбеев); Ардақ томп-томп желеді, екі ұрты бүлк-бүлк қозғалады (Ғ. Мұстафин).

  1. Еліктеу сөздер субстантивтеніп, есім формаларында жұмсалуына мүмкін. Мысалы: Осы сөзден соң Жігітек екі ұдайылықтан, былқ-сылқтан арылып, сөзді бір арнаға түйген-ді (М. Әуезов); Жер бетінде болатын шақұр-шұқыр, жарқ-жұрқтың бәрі де сарайларға қамалып, қазір бір үлкен дүмпудің тұтасқан гуілін ғана естисің (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі субстантивтеніп, шығыс септік формасында жұмсалған былқ-сылқтан деген еліктеу сөз толықтауыш болады да, ілік септік формасында тұрған шақұр-шұқыр (жалғауы жасырынып тұр), жарқ-жұрқтың деген еліктеу сөздер анықтауыш болып қызмет етеді.

         Қытай тілінде сөйлем ішінде еліктеу сөздердің орны біршама тұрақты бірнеше формада көрініс табады.

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде оқшауланып, жеке сөйлемдік мағынаға ие болады. Мысалы:

“突突突……”,一辆摩托车开来了。

Мұндағы дыбыстық еліктеу сөз“突突突……” сөйлем мүшесі емес, мәлім көрініс, жағдайды атау арқылы өз алдына толық ойды бейнеліп тұр және ол ой сөйлемнің соңғы бөлігі арқылы айқындала түскен.

  1. Еліктеу сөздер өзінен кейінгі етістік сөздерімен құрылымдық шылау 地 арқылы байланысады. Мысалы:

心里怦怦地跳着。

  1. Жалаң бұынды еліктеу сөздерден кейін міндетті түрде的一声, 地一声 формалары қосылады. Онсыз жалаң буынды еліктеу сөздер сөйлемде синтаксистік байланысқа қатыса алмайды. Мысалы:

只听见嚓的一声刹车了。

汽车嘎地一声刹住了。

  1. Әдетте қытай тілінде сөйлем ішінде得 шылауы келгенде онымен қатар 地 шылауы да қолданылатын жағдай кездеспейтін болса, еліктеу сөздер қатысқан сөйлемде шылаудың осы екі түрі де қолданылады. Мысалы:

扁担压得咯吱咯吱地直响。

  1. Қос буынды еліктеу сөздерден кейін地, 的 сөздері қосылмай-ақ, 一声 тіркесі тіке тіркесе береді. Мысалы:

喀嚓一声,树枝撅断了。

         Қытай тіліндегі еліктеу сөздердің қолданылу ерекшелігіне байланысты үнемі кездесетін еліктеу сөздердің дыбысталуы мен қолданылу орындарын, мағынасын төмендегі нақты мысалдардан түсінуге болады.

吧 ba:

吧的一声,杯子就炸了。    吧的一声,树枝折了。

吧嗒 bada:

吧嗒一声,门就关上了。小鹿吧嗒吧嗒地吃奶。

吧唧 baji:

吧唧一声,他挨了一个耳光。 他在泥里吧唧吧唧地踩。

嘣 beng:

吓得她心里嘣嘣直跳。

嚓 ca:

只听见嚓的一声刹车了。

chua:

大队人马走起来 chua。     chua一声飞了出去了。

 拉 chuala:

chua一声,把菜倒进油锅里了。

噌 ceng:

几只家雀噌的一声飞走了。

琤琤 chengcheng:

几个玉石杯子碰得琤琤地响。      溪水琤琤地流。

刺 ci:

刺的一声,撕了一个口子。     电焊的时候刺刺地冒火星。

刺棱 cileng:

小猫刺棱一下跑了。

刺溜 ciliu:

没留神,刺溜一下滑倒了。  子弹刺溜地从耳边擦过去。

淙淙 congcong:

泉水淙淙。溪水淙淙

当 dang:

当当地敲脸盆。      当当地砸门。

嘀嗒 dida:

嘀嗒嘀嗒地流水。    小雨嘀嗒嘀嗒下个不停。

冬 dong:

一上来就冬冬地敲门。 锣鼓冬冬响。

嘎 ga:

汽车嘎地一声刹住了。        鸭子嘎嘎地交。

嘎吧 gaba:

天线嘎吧一声断了。

嘎吱 gazhi:

那扇门一开就嘎吱嘎吱地响。    一翻身床板就嘎吱嘎吱的

咯噔 gedeng:

一听说他去世了我心里咯噔一下子。  只听见皮靴子咯噔咯噔地响。

咯吱 gezhi:

扁担压得咯吱咯吱地直响。

呱哒 guada:

穿一双趿拉板儿呱哒呱哒地走。

呱呱 guagua:

池塘里青蛙呱呱呱呱地叫。     撵得鸭子呱呱叫。

呱唧 guaji:

全场都呱唧呱唧地鼓掌。   唱得好,大家呱唧呱唧

哈哈 haha:

惹得大家哈哈大笑。    哈哈哈哈笑个不停。

呼 hu:

北风呼呼地吹。      他累得呼呼直喘。

哗 hua:

鸽子哗的一声飞到房顶上去了。

哗啦 huala:

哗啦一声,房子倒了。 雨哗啦啦地下个不停。哗啦啦地下雨。

咴儿 huir:

小鸟咴儿咴儿地叫得多好听!

唧唧 jiji:

草地里好多虫子唧唧地叫。

叽叽喳喳 jijizhazha:

树上的麻雀叽叽喳喳地叫。

叽叽嘎嘎 jijigaga:

满屋子的人叽叽嘎嘎地笑。

叽里咕噜 jiligulu:

叽里咕噜地说些什么?     石头叽里咕噜往下滚。

叽里呱啦 jiliguala:

他总是叽里呱啦说个没完。

戛然 jiaran:

一群仙鹤戛然长鸣。

啾啾 jiujiu:

许多小鸟啾啾地叫。

喀吧 kaba:

喀吧一声,胳膊折了。

喀嚓 kacha:

喀嚓一声,树枝撅断了。

喀哒 kada:

喀哒一声,他把电话筒撂下了。

哐 kuang:

哐的一声,水桶掉井里了。

哐啷 kuanglang:

哐啷一声,大门关上了。

咪咪 mimi:

小猫咪咪叫。

喵 miao:

老猫额得喵喵叫。

咩 mie:

那只羊咩咩地叫个不停。

乓 pang:

乓乓地放枪。 乓的一声门关上了。 乓的一声气球踩破了。

怦 peng:

心里怦怦直跳。    心里怦怦地跳着。  

砰 peng:

砰的一声,煤气瓶爆炸了。砰的一声,木板倒下来了。

噼里啪啦 pilipala:

炮仗噼里啪啦地响。  噼里啪啦说了一大堆。

噼啪 pipa:

噼啪的打靶声不断响。 孩子们噼噼啪啪地拍掌。

乒 ping:

乒的一声枪响了。  两个人乒乓的乱砸一通。

噗 pu:

,两口气就吹灭了。 高压锅噗噗地直冒气儿。

噗噜噜 pululu:

眼泪噗噜噜地往下掉。 

噗哧 puchi:

噗哧一声,气球撒气了。 惹得他噗哧一笑。

嘁嘁喳喳 qiqichacha:

他们嘁嘁喳喳地说个不停。

锵 qiang:

锵锵地敲锣。 锣声锵锵

嗖 sou:

救火车嗖的一声开过去了。,子弹乱飞。

嘡 tang:

嘡地敲锣。,一声锣响。

嗵 tong:

心里嗵嗵直跳。 他一个劲儿嗵嗵地往前走。

突突 tutu:

心里突突的。 摩托车突突地开过来了。

咻咻 xiuxiu:

小鸟咻咻地叫着。 他咻咻地喘气。

吁吁 xuxu:

跑得他气喘吁吁

哑哑 yaya:

正是哑哑学语的时候。 说不清楚,只会哑哑地。

咿呀 yiya:

这孩子咿呀咿呀地学起话来了。

嘤 ying:

其名也,求其友声。

喳 zha:

一群麻雀喳喳地叫。

啁啾 zhoujiu:

鸟声啁啾

吱 zhi:

小耗子吱吱地叫。

啊  a:Қайталап сұрай беру мағынасын білдіреді. 2- тонмен айтылады. Мысалы:

啊,你说什么?啊,你到底来不来呀?

啊 a:Таңқалу, күмәндануды білдіреді. 4-2-тондармен айтылады. Мысалы:

啊,这是怎么回事啊?

啊  a:Қабыл көру, мақұлдауды білдіреді. Созылмай қысқа айтылады. Мысалы:

啊!好吧。

啊  a:Мадақтауды немесе бір нәрсенің кілт ойға келуін білдіреді. Мысалы:

啊!伟大的黄河!    啊!怨不得他不敢吭声阿。

哎  ai:Ойламаған жағдайдың болуын білдіреді. Мысалы:

哎!这真是想不到的事。 哎!你怎么能这么做呢?

哎  ai:Бір істі еске салуды, ескертуді білдіреді. Мысалы:

哎!我出个谜语给你猜。

哎呀 aiya:Таңқалуды немесе наразы болу мағынасында қолданылады. Мысалы:

哎呀!你脑子真够用啊! 哎呀!你怎么不早说呢!

哎哟 aiyo:Таңдану, опық жеу мағынасында қолданылады. Мысалы:

哎哟!他们已经走了。 哎哟!我的腿都走肿了。

嗳  ai:Болымсыздықты білдіреді. Мысалы:

嗳!别那么挖苦人了!  嗳!不是那么回事!

嗳  ai:Өкіну мағынасын білдіреді. Мысалы:

嗳!早知今日,何必当初。 嗳!要不看那广告,我就不买了。

唉  ai:Құп көруді білдіреді. Мысалы:

唉!来了。唉!我知道了。

唉  ai:Өкінуді білдіреді. Мысалы:

唉!让他给弄糟了。  唉!我就误了大事了。

咄咄 duoduo:Қатты таңқалуды білдіреді. Мысалы:

真是咄咄怪事!

诶  ei:Назар аударуды білдіреді. Мысалы:

诶!你快来。 诶!你也来了。

诶  ei:Таңдану, аң-таң болуды білдіреді. Мысалы:

诶!你怎么没来呀! 诶!他也走了

诶  ei:Басқалардың пікіріне қосылмауды білдіреді. Мысалы:

诶!你这么说可就不够意思了。 诶!别跟人过不去呀!

诶  ei:Мәлім міндет, тапсырманы өз мойнына алуды білдіреді. Мысалы: 诶!我这就办! 诶!就是这个意思!

哈  ha:Қуануды білдіреді. Мысалы:

哈哈!这瞒不了我吧。  哈哈!我说的没错儿吧。

嗨哟 haiyo:Топтық жұмыла жұмыс істегенде қимыл-әрекеттің бірдейлігін сақтау үшін адамдардың бір ауыздан дауыстап айтатын дыбысы. Мысалы:

加油干呐,海哟! 抬起来呀,海哟!

嘿 hei:Еске салу, ескерту мағынасында қолданылады. Мысалы:

嘿!小伙子啊,该走了。嘿!我说了半天你记住了没有?

咳  hai:Өкіну, күрсіну дыбысы.

咳!我怎么一点儿都不知道呢?咳!真有这种怪事!

哦  o:Сенер-сенбестікті білдіреді. Мысалы:

哦!是这样吗? 哦!我怎么没听说?

呸  pei:Жазғыруды, жеккөруді білдіреді. Мысалы:

呸!谁稀罕这种玩意儿! 呸!少来这一套!

嘻  xi:Таңдану.

嘻!一日千里!

呀  ya:Сескену, таңдану.

 

呀!一条蛇! 呀!下这么大的雪。

 

2.2. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі

         Қазақ тіліндегі еліктеу сөздер басқа сөз таптары сияқты заттанып, тіліміздегі төрт түрлі жалғаумен түрленіп, сөйлемде барлық мүшенің қызметін атқара алатын және өзіндік сөйлемдік қасиеті бар, синтаксистік ерекшелігі мол сөз табы болып табылады.

  1. Еліктеу сөздердің жалаң және күрделі түрлері сөйлемде негізгі

етістіктегі іс-әрекеттің қимыл-сынын, сипатын білдіріп, сын-қимыл пысықтауыштық қызметін атқарады. Мысалы: міне заулап отарбадай желеміз, кейде жүйткіп, кейде бүлк-бүлк желеміз. (С. С.)

Келеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.(Ж. С.) Ол жымың етіп күлді.(Б. Май.)

  1. Еліктеу сөздердің жалаң және күрделі түрлері көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыштық қызмет атқарады. Мысалы: Бексұлтан ырқ-ырқ етеді. (Ғ. Сл.) Тәрбиенің құлағы селтең ете қалды.
  2. Еліктеу сөздердің жалаң және күрделі түрлері зат есімдермен тіркесіп,қабыса байланысып, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Шып-шып тер сорғалап ағады. (С. Ер.) Шаң-шұң дауыс адамның үрейін аларлық.(Б. Май.) Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ.(А.)
  3. Еліктеу сөздер заттанып, атау тұлғада тұрып бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Даң-дұң жуырда басылмады. (Ғ. Мүс.) Сол арада сыбыр-күбірлер естіліп қалды.(С. М.)
  4. Еліктеу сөздер септік жалғаулары жалғанып келгенде толықтауыш болады. Мысалы: Әкесінің жаңағы томпаңына аз күлгеннен кейін, Айша өз сөзін тағы бастады. (М. Ә.) Сылпыңды әуес қылып жүре берме. (А. Тоқ.)
  5. Еліктеу сөздер жалаң, күрделі мүше болумен қатар, сөйлемде біріңғай мүше де болады. Мысалы: Әлде қасқыр келіп таласты ма, анда-санда шаң-шұң, арс-ұрс етісіп те қалады. (С. М.) Тағы екі рет тарс етіп, жарқ-жұрқ етті. (М. Ә.)

         Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметіндегі тағы бір ерекшелік, олар кейде сөйлемдік сипатқа ие болып, өзінен бұрын не кейін тұрған сөйлемдердің мағыналарын айқындап, толықтырып тұрады. Мысалы: Сырт-сырт, шақ-шақ, тақ-тақ, дүрс-дүрс, кірш-кірш. Міне бұл дыбыстар, шынында би емес пе?

         Қытай тілінде сөздердің морфологиялық түрленуі болмайтындықтан, еліктеу сөздерінің сөйлемдегі қызметі қазақ тіліндегідей икемді деуге келмейді. Олар қытай тілінде көмекші сөздердің, анығырақ айтқанда, құрылымдық шылаулардың дәнекерлігімен ғана сөйлемнің кейбір мүшесі бола алады:

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш болады. Мысалы:

锣鼓冬冬地敲着。

刚过11点半,鞭炮声就噼噼啪啪地响了起来。

山间的小溪哗哗地流着。

大街上的雪有一尺多厚,人走上去吱吱吱地响。

那天夜里,西北风呼呼地刮着,吹得窗户纸哗哗地直响。

这几天春雨唰唰地下个不停。

天刚刚亮,大雨哗哗地下了起来。

咕嘟咕嘟地喝了一杯水走了。

地 құрылымдық шылауы қытай тілінде пысықтауыштың белгісі саналады. Бірақ, қытай тілінде пысықтауыш атаулының барлығы地 шылауы арқылы жасала бермейді. Ал еліктеу сөздерінің пысықтауыш мүше болуы жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, тек осы地 шылауының көмегімен ғана жүзеге асатындығы байқалады.  

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы:

噼里啪啦的鞭炮放起来了。

噼里啪啦的枪声持续了一阵。

坐在床前,听着屋外哗哗的雨声,内心颇不平静。

突然,远处传来了”“枪声。

的 шылауы қытай тілінде анықтауыштың белгісі, яғни, 的 шылауының алдында тұрған сөздер, егер的-дан кейін зат есім сөзі тұрса, міндетті түрде анықтауыш болады. Дегенмен, анықтауыштардың бәрі的 арқылы жасала бермейді. Ал еліктеуіш сөздер анықтауыш болғанда, жоғарыдағы мысалдардағыдай, тек осы的 шылауы арқылы анықтауыш бола алатындығын көруге болады.                  

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде баяндауыш болады. Мысалы:

耳边子弹嗖嗖的

雷声轰隆轰隆的,雨马上就要来了。

国力的粥还得咕嘟一会儿。

呼噜了两声,就睡着了。

         Еліктеу сөздер сөйлемде тек的 тіркесті тұлғада тұрғанда және етістік мәніне ие болғанда ғана баяндауыш мүше бола алады. Жоғарыдағы 1-2мысалдардағы 嗖嗖的, 轰隆轰隆的 дегендер的 арқылы жасалған тіркестер де, 咕嘟, 呼噜 сөздері етістік мәніне ие болған еліктеу сөздер.

  1. Еліктеу сөздер сөйлемде толықтырғыш мүше болады. Мысалы:

玻璃碎得稀里哗啦的。

这家伙把地板跺得咕咚咕咚的

窗户被震得哗啦哗啦的。

         Еліктеу сөздер толықтырғыш болғанда да, баяндауыш болғанда да құрылымдық шылау的 қосылады және еліктеу сөздердің қайталанған формасы қолданылады.

         Сөйтіп, қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің синтаксистік қызметтерінде өзіндік ортақтықтар мен өзгешеліктер бар. Ортақ жақтары: Екі тілде де еліктеу сөздер жеке-дара сөйлем бола алады. Еліктеу сөздердің лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай отырып, екі тілде де ол ерекше сөз табы ретінде қарастырылады. Өзгешелігі: қытай тілінде сөздер түрленбейтіндіктен, ондағы еліктеу сөздердің сөйлем мүшесі қызметін атқаруы қазақ тіліндегі еліктеу сөздердей икемді емес. Атап айтқанда еліктеу сөздер қытай тілінде тек пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш және толыұтырғыш мүше ғана бола алады. Олар сөйлемнің басқа бастауыш, толықтауыш мүшесі қызметін атқара алмайды. Ал қазақ тілінде еліктеу сөздер жеке өз мағынасында тұрып та, заттану арқылы жалғауларды қабылдап та сөйлемнің барлық мүшесі, сөйлемнің біріңғай мүшесі болады.       

                           Қорытынды

         Диплом жұмысында қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын жап- жақты ашып көрсету мақсатында қазірге дейінгі екі тілдегі еліктеу сөздер туралы пікір-көзғарастар негізге алына отырып, екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері, өзара ортақтықтары мен өзгешеліктері барынша сараланып көрсетілді. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, қолданылуы, қайталанып айтылуы, сөйлемдегі орны, синтаксистік қызметі жеке тақырыптарға бөліне отырып, нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

         Қорыта айтқанда қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздері екі тілде де басқа сөз таптарына ұқсамайтын өзіндік дара сипаттарымен көрінеді. Яғни, еліктеу сөздер екі тілде де жеке тұрып сөйлемдік мәнге ие болады. Қалыптасуы жағынан қытай тілінде еліктеу сөздер дыбыстық еліктеу жолымен пайда болса, қазақ тілінде оған қоса еліктеу сөздердің бейнелеуіш түрі бар. Қытай тілінде қазақ тіліндегідей бейнелеуіш сөздер арқылы білдірілетін мағына басқа сөз таптарының сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері арқылы көрініп отырады. Қытай тілінде морфологиялық түрлену болмайтындықтан, еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі қазақ тіліндегідей икемді емес. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі мәлім бір тұрақты формалар арқылы ғана жүзеге асады. Қазақ тілінде еліктеу сөздер өз мағынасында тұрып та, заттану арқылы септік жалғауларын қабылдап та, сөйлемнің кез-келген мүшесінің қызметін атқара алады. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.张志公《汉语语法常识》新知识出版社1956年版。

2.《语法和语法教学》人民教育出版社,1957,第20页。

3.丁声树等著《现代汉语语法讲话》商务印书馆1961年版。

4.张静主编《现代汉语》上海教育出版社1979年版。

  1. 黄伯荣、廖序东主编《现代汉语》下册,高等教育出版社1997年版,第21页。

6.卢福波著《对外汉语教学实用语法》,北京语言文化大学出版社1996年版,第63页。

7.李嘉耀,李熙宗著《实用语法修辞教程》,复旦大学出版社2000年版。

8.邵敬敏主编《现代汉语通论》上海教育出版社2001年版

9.李大魁主编《现代汉语》,中国人事出版社2000年版。

  1. 李祥瑞等编《基础汉语》(哈文版),伊犁人民出版社1999

年版。

  1. 11. 胡裕树主编《现代汉语》,上海教育出版社1979年版。
  2. 张静《汉语语法问题》,中国社会科学出版社1987年版。
  3. 13. 陈燕燕 编著《汉哈对比语法》,新疆教育出版社1990年版。

14.史锡尧、杨庆蕙主编《现代汉语》北京师范大学出版社  1986年,北京。

  1. 15. 倪宝元、张宗正著《使用汉语语法》,福建人民出版社1985年版。

16.王松茂主编《汉语语法研究参考资料》,中国社会科学出版社1983年版。

  1. 17. 耿世民 著《现代哈萨克语语法》,中央民族学院出版社1989年版。

18.А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991. 344-350 бб.

19.Қазақ тілінің грамматикасы. 1-том, морфология, Алматы, 1967. 253-257 бб.

20.Ш. Ш. Сарыбаев. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. Алматы, 1960.

21.Ш. Ш. Сарыбаев. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982. Методикалық кеңес және бақылау пысықтау жаттығулары.

22.Б. Ш. Кәтембаев. Еліктеу сөздерді оқыту. Алматы, 1974.