АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3       

 

1    ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ………………………………..6

1.1 Жаһандану ұғымы және оның  теориялық — әдіснамалық негіздері…………..6

1.2 Жаһандану үдерісіндегі батыстық және шығыстық

 құндылықтар жүйесі………………………………………………………………………………….13                                                                                                        

 

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН

ФОРМАЛАРЫН МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ……………………..29

2.1 Қазіргі қазақ мәдениетіндегі  жаһандану  үдерістерінің  кейбір 

бағыттары………………………………………………………………………………………………….29

2.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет…………………………36

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..53

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану — қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады.   Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.  

Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.

Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен үндес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды. (Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2О3О. Барлық қазақстандықтардың    өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.)

Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады.

Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде «Мәдениеттер майданы» жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде, болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр.

Зерттеу нысаны. Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін талдау.

Зерттеу пәні. Алдымен мәдениет үдерісінен, мәдени сұхбаттан  туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай отырып, рухани мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді болжам жасай отырып, анықтау. Жаһандану ықпалында қазақ рухани мәденитетінің дәстүрлік және инновациялық үдерістерін анықтау және талдау жасау.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсатына жаһандану кеңістігінде күш алып отырған батыстық және жаһандық ықпалдың қазақ мәдениетінің қалыбына тигізіп отырған әсерлері және одан шығып отырған позитивті және негативті нәтижелерге талдау жасай отырып, олардың себебін, табиғатын анықтау жатады. Мәселенің қойылуы мен өзектілігінен, оны зерттеудегі негізгі мәселелер мен туындаған бағыттардан бітіру жұмысының міндеттері айқындалады: 

Мәдениет күрделі және көп деңгейлі процесс ретінде мәдениеттанушылар мен философтар тұрғысынан талдау жасай отырып, әлемдік деңгейдегі ролін көрсету;

Процесс ретінде, уақыт ретінде және кеңістік ретінде жаһандану табиғатын экономика, саясат және мәдениет тұрғысынан талдау жасау;

Жаһандану процесінің кең өріс алу себептерін анықтау және бұл процестің болашаққа тигізуі мүмкін әсерлерді болжап анықтау;

Жаһандану кеңістігіндегі батыстық емес және батыстық мәдениеттердің бір-біріне әртүрлі деңгейлерде ықпал ету әсерлерін айқындау және оларға мәдениеттану тұрғысынан талдау;

Қазақ мәдениеті – Әлемдік мәдениеттердің бірі ретінде орны мен ролі туралы тарих және мәдениет тұрғысынан талдап көрсету;

Батыс және Батыстық емес мәдениеттердің ерекшелік белгілері мен ол белгілердің қазақ мәдениетімен үндестігін таба отырып, мәдениеттанулық-философиялық түсіндірме беру;

Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін (позитивті және негативті) атап көрсету және болашаққа болжам жасау.

Қазақ мәдениеті, жаһандану кеңістігінде өзіндік ерекшеліктерін бәсекелестік қабілетпен өзге ұлт мәдениеттерімен терезесі тең келуі немесе бәсекелесуге енжарлық көрсетіп, өзге ұлт мәдениетіне сіңіп, жеке-дара ұлт мәдениеті ретінде жоғалып кетуі мүмкін. Осындай позитивті және негативті үдерістің қандай жағдайларда болуы мүмкін екендігін барынша жан-жақты қарастырылып, зерттеліп, сарапталып, нәтижеленуі керек. Бұл – уақыттың талабы және қазақ зерттеушілерінің ұлт және ата-баба аруақтары алдындағы қасиетті парызы мен міндеті. Өзіңді танымай өзгелермен сұхбаттасу қауіпті нәрсе, өзіңнің тұғырың мен табиғатыңды анықтамаған және өзіңнің өмірлік принциптеріңді қалыптастырмаған  жағдайда өзге біреудің сыңары немесе одан да қауіптісі мәңгүрт болуың әбден мүмкін. Осындай үдеріс өз ұлтыңа да өзге ұлтқа да позитивтілік әкелмейді, керісінше, қоғамның, адамзаттың табиғатын мутацияға ұшыратып, бүкіл адамзатты рухани және, тіпті, материалды деградацияға ұшыратасың.

Жаһандану кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты.

Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен қазіргі уақытты және қазіргі уақыт пен болашақ уақытты байланыстыратын уақыт жалғастығы (сабақтастығы). Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері – яғни, қазақ мәдениетінің бұл уақыт талабына сай функциялары қалай өзгереді?

Қазақ мәдениеттің  ішкі теориялық, идеялық потенциалын анықтау барысында тек отандық ғалымдар теориялары мен концепцияларына негізделмей, мәдениет тарихы теориясы мен мәдениеттің концепциялары жақсы қалыптасқан Батыстық теориялық тұжырымдар тұрғысынан зерттелініп талдануы тиіс. Бұдан ешкім ұтылмайды. Қазақ ұлттық мәдениетін тек бір позиция көзқарасынан қарастыру оның ішкі рухани және материалды мәдениет байлығының көзін толық ашпайды, және де осындай жағдайда біз не істеуіміз керек өз мәдениетімізді қалай  сақтап қаламыз деген сұрақтарға жауап беру осы бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.  Дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық (инновация), батыс мәдениеті мен өркениетінің экспансиялық тарихы, батыстық және шығыстық мәдениеттердің өзара сұхбаты мен қақтығыстары ғалым-философтар да талқылаған мәселе болып келді. Бұл тақырыпты батыстық, ресейлік, шығыстық және отандық зерттеушілер әр түрлі, тіпті кейде қарама-қарсы позициялардан зерделеген. 

Дипломдық жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

 

  1.1 Жаһандану ұғымы және оның  теориялық-методалогиялық негіздері.

 

Жаһандану кеңістігіндегі өзгеріс үдерістерін зерттеп, сараптамас бұрын, осы ареалда жүзеге асып отырған процесті – жаһандану процесінің басталған уақыт пен себеп-салдарын анықтау басты шарт.

Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер пайымдаулары бойынша, жаһандану процесі анық 20 ғасырда көрінсе де, оның басталу тарихы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден бастау алады, яғни адамзаттың дүниеге келуі және бүкіләлемдік интеграция процестері бір-біріне байланысты және бір-бірінің себеп-салдарлары болып табылады. Бірқатар тарихшылар жаһандану процесін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады:

  1. Архаикалық жаһандану;
  2. Прото-жаһандану;
  3. Қазіргі кезеңдегі жаһандану.

Негізінен жаһандану процесі тарихы екі  кезеңдер бойынша жүрді және жүріп келеді, яғни:

  1. Локальды (жергілікті) жаһандану
  2. Жер бетін түгел алып отырған жаһандану

Локальды жаһандану процесі көршілес мемлекеттер, ру-тайпалар, халықтар арасындағы интеграциялық, сұхбаттық, қарама-қайшылықты қарым-қатынастар процесі кезінде айқын көрінеді. Мысалы, тарих беттерінен Рим империясы мен көршілес елдер арасындағы немесе қазақ даласында мекендеген ру-тайпалар арасындағы қарым-қатынастар жаһанды жаһандануға бастама, негіз болғанын тарих, уақыт көрсетіп отыр.

Ал жаһанды деңгейдегі жаһандану процесі бүкіл әлемді қамтитын жаһанды процесс, яғни әлемнің бір түкпірінде болып жатқан тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық позитивті немесе негативті оқиғалар өзгелерге белгілі бір уақыт көлемінде жеткізіліп, одан кейін сарапталып, қандай да бір тұжырым қалыптасады.

Жаһандану процесінің қарқынды адым алып дамуға бірқатар империялар-хандықтар әсер еткен болатын – Моңғол империясы, Осман империясы, Португалия империясы, Германия империясы, Испан империясы, т.б., соның ішінде қазіргі таңда батыстандыру немесе американдандыру процесі [1, 248-249 бб.].

Жаңарған әлем соңғы онжылдықтағы әлеуметтік институттармен әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерімен күшеюі арқылы және көрінбейтін динамика арқылы сипатталатын белсенді трансформация кезеңін басынан өткеруде. Жүріп жатқан процесстердің нәтижесі бір мемлекеттің, аймақтың және тұтастай әлем  сипатының  өзгеруі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл дәлелдер талас тудырмайды, бірақ уақытында трансформациялық процесстің мәніне қатысты ойлар соның соңғы нәтижелері. Және де оған арнайы  бақылаулар мен бағалар берілді.

Әлемдік бұл өзгеріс тенденциясына талдау жасағанда, өзгермелі әлемді түсінуге бірден — бір қадам жаңарған қоғамдағы гуманитарлық ғылымда жаһандану теориясы орын алады. Әлемдік даму тенденциясының негізі болып, жаһандану ықпалының көрінісі, эканомикалық – саяси процесстерде, сондай – ақ мәдени — өркениеттік саладағы өзара байланыстардан көрінеді. Ол мемлекеттердің алдына жаңарған үдерістегі жаһандық негіздерді иемденуші мәдени — өркениеттік тапсырмаларды қояды. Және де осындай жағдайда өзінің дәстүрлі арнайы құндылықтарын негіздейді [2, 52-63 бб.].

Соңғы уақытта жаһандану және жаһанданулық үдерістер көптеген зерттеушілердің назарын аудартқан обьект болды. Жаһандану теориясы халықаралық қатнастардағы саяси теориямен әлеуметтік жүйелік теорияның негізінде пайда болып, әлемдік жүйе мен әлемдік қауымдастық консепция шеңберінде тиімді өңделген. «Жаһандану» термині XX ғасырдың 60 – шы жылдарында  В. Мураның еңбегінде пайда болды. ( сондай – ақ жаһандық социология терминін айналымға енгізді) және М. Маллюэнаның еңбегінде біріншіден «жаһанданулық ауыл термині қолданды».

1980 жылдың ортасында «Жаһандану» түсінігін Р. Робертсон өңдеді, таратты. Сонымен қатар 1989 жылдың аяғында әлемдік трансформация теориясы шеңберінде жаһандану теориясына қатысты көптеген зерттеулер жасалды. 1990 жылы «жаһанданулық мәдениеттке» атты тақырыпқа жүйелі жинақ мақалалар шықты. Сондай – ақ алдыңғы қатарлы жаһанданудың теоретиктерінің еңбектерінің жариалануымен : И.Валлерстайн, М.Арчер, Р.Робсона, М. Фезерстауна, А. Аппадурай, Б. Теркеро және т.б. Сол уақытта жаһандану жайлы іргелі еңбектер бірінен соң бірі пайда бола бастады.

Бұл концепция 1990 жылдың бірінші жартысында кез – келген эканомикалық  және әлеуметтік өзгерістер жаһанданулық көзқарас пен қарастырылған кезде шырқырау шегіне жетті. Осы 8 – 10 жылдықта жаһандану бойынша еңбектер жылдам негіз алды. Егер осы тақырыпқа арналған 1980 жылдарда кітаптар мен мақалалалрдың саны жылына 1 -3 % өсті, тек қана 1990 жылдың ортасында жаһандануға қатысты жұмыстардың саны геометриялық өсіммен өсті [3, 52 б.].

Дегенмен он жылдықтардан бері жаһандану мәселелері бойынша пікірталастар жалғасып жатса да жалпы жаһандану терминін ашып бере алмады. Қанша зерттеу жұмыстары жасалса да «көп түсінігі бәрібір бұлдыр күйінде» қалды, және бұл тақырыпқа байланысты, әрбір автор өзіндік жеке ойларын береді. Қиындығы сол бұл ғаламдар әртүрлі түсіндіреді; кейде онда жаңа және комплексті мәселелер көрінеді. Сондай – ақ американдық социолог Р. Страйкер былай дейді, «жаһандану түсінігімен байланыстағы проблемалар жиынтығы ретінде зерттеушілердің назарын аударған обьект ретінде салыстырмалы түрде ұзақ болмады» және дәл осылай оның ойынша сол кездегі мәселе болып, нақты ойлау жүйесінде әлі де болса, жалпы түсініктегі постулаттарды реттеуге негіз болмады.

Жаһанданудың мазмұны мен мәнін түсіндірудегі айырмашылықтар туралы айтқанда бұл ұғымның көпжақты екенін айтпай кетуге болмайды. Жаһандық процесстер жалпылық сипатталады, ал оның әртүрлі аспектілері қазір барлық қоғамдық ғылыми пәндерде қолданылуда. Жаһандану термині олардың  әрқайсысында өзінің негізгі мағынасында қолданылады.

Экономистер жаһанданудың мәні ерекше типтегі әлемдік эканомикалық жүйенің пайда болуынан көреді. Соған сәйкес олар жаңа ғаламдық қаржы жүйесінің құрылуы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, трансұлттық эканомиканың қалыптасуы (Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жұмыс күші, капитал, шикізаттың әлемдік нарықтарының пайда болуы)  сияқты проблемаларды зерттеуге баса назар аударады.

Географтар жаһанданудың кеңістік өзгеруін зерттейді; үлкен қалалармен мегаполистегі проблемалар, жаһанданудың нәтижесінде бейбітшілік кеңістігінде пайда болып келе жатқан «эканомикалық архипелогтар».

Халықаралық қатынастармен халықаралық құқық ғылымының өкілдері басты назарды трансұлттанудың жылдам жүруі мен мемлекеттердің өзара тәуелділігінің күшейуін: мемлекеттің егемендік жағдайына, халықаралық құқықтық жаңару мен жаңа әлемдік тұрақтылықтың орнауына бөледі. Халықаралық қатнастағы транұлттық саясат версаль және подсдам жүйесінің күйреуінен кейін халықаралық қатнастар жүйесінде пайда болды. Ұлттық мемлекеттік принциптерге негізделетін «жабық» және өзара қатнас принциптеріне негізделген «ашық» деп сипатталған ескі және жаңа саясат түрінің арасында халықаралық қатнастар сферасының жаңару тенденцияларынын сараптаған кезде екеуінің қарама – қайшылығы айқын көрінді. XX ғасырдың басындағы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталған (өзін — өзі анықтауда ұлт құқығы, ұлттық мемлекеттік суверинитетті қорғау тағы сол сияқты) принципке қарағанда XX ғасырдың ортасынан бастап халықаралық қатнастар саласындағы зерттеулер басты назарды адам құндылықтары мәселесін шешуге (адам құқығындағы мәдени – этикалық құндылықтарды қорғау, жаһандық мәселелерге т.б) аударды [4, 35-36 бб.].

Әлеметтанушылар мен мәдениеттанушы зерттеушілер әлеуметтік-мәдени даму стратегиясына жаһанданулық тенденциялардың ықпалымен байланыстағы мультимәдениеттер мен проблемалардың феноменімен айналысуда.

Философтар да жаһандану феноменін талқылауда көп үлес қосуда. Біріншіден олардың зерттеу обьектісі болып адамзат құндылықтарының әмбебаптануымен  «жаһандық проблемалар» және жаңарған әлеммен байланысты.

Бүгінгі күні жаһандану жайлы көптеген елдің қайраткерлері жаңа әлемдік тұрақтылықтың қалыптасуына байланысты айтуда. Мысалы: 1998 жылы Рессейдің сол кездегі сыртқы істер министірі С.И.Иванов 1998 жылды   «халықаралық қауымдастықтағы жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуына жаһанданудың әсерін түсіну жылы» деп атауға шақырды [5, 56 б.]. Жаһандану  сияқты мұндай күрделі және көпжақты құбылыстарды біруақытта көптеген ғылымдардың зерттеп жатқанын аңғаруға болады, әрі олардың бір – бірімен қабыспайтын өзіндік тілі, әдіснамалық, категориялар жүйесі бар. Сондықтан жаһанданулық процесстердің мәнімен олардың интернационализация, модернизация, вестернизация, трансформация сияқты теориялық және практикалық  құбылыстармен байланысы туралы сұрақ анық күйінде қалып отыр. Жаһанданулық процесстердің қазіргі заманға, оның ішінде бұрынғы кеңестік мемлекеттерге ықпал етуі проблемасын қарастыру жаһандану теориясы саласында жасалынып жатқандарды қарастырмай өте алмайды.

Жаһандану дискурсының пайда  болуы көбінесе транформация  теориясының кеңістіктік  референциясы ретінде түсіндіріледі [6, 147 б.]. Жаһандану парадигмасы үшін  кеңістіктік референцияның маңыздылығын Г.Герборн былай түзеді: «Постмодернизм қазіргі заманға тән уақыт концепциясына сауал (вызов) тастаған кезде жаһандану кеңістіктік байлыққа бағытталады. Бұл мағынада жаһандану қазіргі заманның кеңістік шырқауы деп түсіндірілуі мүмкін [7, 15 б.]. Иә,  шындығында (адам баласы) жаһандану теорияларының көпшілігінде әлеуметтік ұйымдасудың дихотомиясы: «аймақтық ғаламдыққа қарсы» жатады. Бұл дихотомияда «ғаламдық» термині өзіне «интернационалдық» және «трансұлттық» ұғымдарын, ал «аймақтық» термині «ұлттық» және «мемлекеттік» ұғымдарын қамтиды. Жаһанданудың кеңістіктік парадигмасы шеңберінде әлеуметік ұйымдасу мен әлеуметтік өзара іс — әрекеттің кеңістіктік сипатының өзгеруімен байланысты процестерді түсіндіру  бейнелеу қабылданған.

Жаһанданудың  «кеңістігін» парадигмаларының пайда болуына әлемдік жүйені эканомикалық  және саяси қатнастар жүйесі ретінде қабылдайтын ұғымға негізделген теориялық модельдер негіз болды. Бұл дәстүрдің мысалы И. Валлерстайнның еңбегі болып табылады. Ол XV – XVII ғасырда пайда болған және (дәстүрлі) империя қоғамдарының  аймақтық интеграциясының дәстүрлі типінен түбірінен ерешеленетін «әлем эканомика» ұғымын алаға шығарды. Бұл әлемдік жүйе жаңа дәуірде бүкіл әлемге тараған әлемдік капиталистік эканомика болып табылады.

Әлем эканомика структурасы үшполюсті  болып табылады: орталық – жартылай периферия – периферия. Әрі онда зоналар географиялық жақындық бойынша емес, байланыс сипаты бойынша топтасады. Капиталистік әлем – эканомиканың орталығында кооперация мен бәсекелестік қатынасы орнайды. Орталық пен периферияның арасында  эксплутация (қанау) мен тәуелділік байланысы орнайды. Жартылай периферия атауынан  шерініп тұрғандай, орталық пен периферияның арасында аралас типтегі байланыста болады. Бұл құрылымның интеграциясы сауда және өндірістік өзара байланыстың арасында мүмкін болады, әрі ұлттық мемлекеттердің әлем – экономика құрылымына қосылуы біршама мәжбүрлік сипатта болды.

И.Валлерстайнның  әлем – эканомика моделіне жақын Э.Гидденстің жаһандану теориясы болып табылады. Гидденс жаһандану теорисының бүкіл әлемге тараған әлеуметтік қатнастардың  күшеюінен көреді. Яғни  жергілікті оқиғалар одан алыс жатқан жердегі жүріп жатқан оқиғалардың  әсерінен және бұған керісінше жағдай да жүреді. Гидденс жаһандануды тікелей модернизацияның жағасы деп түсінеді.

Гидденс бойынша жаһандану әлеуметтік қатнастардың жергілікті жағдайлардан автономизациялануы болғандықтан, деконтекстелген институттар іс — әрекетінің бүкіл әлемге таралуын модернизацияның жаһанданулық формасындағы жалғасы деп айтуға болады. Ол жаһандануды кез – келген әлеуметтік жүйе сияқты төрт институттың өлшемімен қарастырады: әлемдік капиталистік эканомика, ұлттық мемлекеттер жүйесі, әлемдік әскери тәртіп, халықаралық еңбек бөлінісі.

Валлерстайннан ерекшелігі Гидденс моделі жүйелердің өзгеруін тек жүйелік байланыс (ғаламдық) деңгейінде ғана емес, жүйенің байланысты элементтері деңгейінде (”жергілікті оқиғалар“) қарастырады. Сондықтан Гидденс үшін «жаһандану» термині мағынасы бойынша тек мемлекетаралық қатынастармен байланысты «интернационализация» терминінен гөрі анағұрлым адекватт [8, 214-215 бб.].

Мәдениет сферасына шешуші мән беретін Р.Робертсон 1980 жыл ортасында ұлттық мемлекеттер мен экономиканың өзара ғаламдық тәуелділігі жаһанданудың тек бір аспектісі ғана болып табылады, екінші аспект  — индивиттің ғаламдық санасы әлемнің  «біртұтас әлеуметтік мәдени орынға айналуы үшін маңызы зор» деген тезис көтерді. Робертсон жаһандануды әлеуметтік өзара әрекеттердің жалқы шарттары мен сипаттары мен әлемнің «біртұтас орынға»  айналу логикасы біріккен эмпирикалық анық көрінетін өзгерістер сериясы деп түсінеді. Бұл әлемнің шалғайындағы оқиғаның бір ғана әлеуметтік өзара әрекет процесінің элементі немесе талабы болуы мүмкін дегенді ұйғарады. Осылайша әлем сығылады элементтік кеңістікті ерекше зоналарға бөлетін шекаралармен  кедергілерден арылып, ада болып  біртұтас болады.

Ғаламдық процесстердің «әлемнің бірігуі» жоспарына әсер ету деңгейі мәселесінде зерттеушілер арасында  кәдімгідей ашықтық бар екенін айту керек. Мысалы, франсуз ғалымы , Париж саяси зерттеулер институтының профессоры Б.Бади жаһандануды «әлемнің гемогонизациялануы», «біртұтас прициптер, құндылықтар бойынша жүру, бір ғана ғұрып пен мінез – құлық нормасы бойынша»  жүру, барлығын әмбебаптауға ұмтылу деп түсінеді [9, 2 б.]. Ол бұл «гемогонизация» белгісі қазірдің өзінде  әртүрлі сфераларда көрініп  отыр деп санайды.

Француз саясатттанушысы Ж.Аттали өзінің болашақ туралы версиясын  суреттей келе әлемнің бірігуі және оның біртектілігі туралы айтады[10, 202 б.]. Бүкіл әлемде ақпараттық технологияның дамуымен бірге либералды – демократиялық идеология мен нарықтық  эканомиканың таралуы әлем біртұтастыққа келе жатыр, ғасырлар бойы үстем геосаяси реалдылық «үшінші дәуірде» келмеске кетеді дегенді ұйғарады. Біртұтас әлем «геоэканомика»  принципіне құрылған. «Геоэкономика»  — бұл геосаясаттың ерекше версиясы, ол өз талдауында басты назарды дәстүрлі институттарға, мемлекеттерге, мәдени және этникалық дәстүрлерге  емес, ғаламдағы эканомикалық тасқынның құрылымы мен географиясын зерттеуге көңіл қояды. Осылайша, негізгі акцент қай жерде әлемдік биржаның орталығы пайдалы қазбалар, ақпараттық орталықтар мен  ірі өндіріс бар сол жерге жасалады.

XIX — XX  ғасырдың әлеуметтік мәдени өзгерістерді «жаһандану» емес, «интернационализация» түсінігімен ұғындыратын зерттеушілермен келісуге болады. Аталған контекстегі интернационализация терминін эканомикалық  және саяси байланыстар жүйесінің ұлттық институттар деңгейінде  (мемлекет, үкіметаралық ұйымдар, үкіметтік емес, бірақ ұлттық маштабтағы ұйымдар ) өсуі деп, сондай – ақ  XIX ғасырда дамудың классикалық теориясының пәні болған өндірістік буржуазиялық қоғам институтының барлық елге таралуы  деп түсінуі керек. Мысалы 1848 жылы К.Маркс пен Ф.Энгельс жазған «Коммунистік партияның монифесінде» халықаралық эканомикалық байланыстар мен капиталистік қатынастардың территориялық экспаниясы адамзаттың  жаңа тарихи кезеңге өтуінің маңызды сипаттамасы ретінде суретеледі.

Осы көзқараспен қарағанда интернационализациядан жаһанданудың өзіне өту дегеніміз бірқалыпты жүріп жатқан алдыңғы тенденциялардан  одан кейінгі әлемдік дамуға, секіретін динамикалық тенденцияға өту болып табылады.

Бұл өтпелі кезеңнің негізгі белгісі даму параметрлерінің өзара қайшылықтарының саны болады. Жаһандану түсінігі интернационализациялық процестердің күшеюін қамтиды, сондай – ақ субнациональді деңгейдегі әлеуметтік ұйымдастырудың өзгеру факторы тікелей орнықты және де трансұлттық, индивитаралық, топаралық өзара қарым – қатынастар күшейді.

Жаһандану мәселесіне арналған  әртүрлі саладағы  білімдердің  зерттеулеріне сараптама жасауда жаһанданудың процесіне жататын негізгі факторлармен процестердің  топтамасын айқындап алу шарт.

  1. Шексіз өсу мен транстериториялық байланыстардың күшеюі мен өзгеруінің нәтижелері транспорт және масмедиадан электронды байланыс, компьютерлі сеттерге дейінгі әртүрлі комуникациялық құралдардың даму нәтижесі. Ақпараттық және мәдени айырбассаласында көптеген дәстүрлі шекаралардың жойылуы; бірізділік мәдениет пен этиканың таралуына әкеледі.
  2. Трансұлттық корпарациялардың пайда болуы, капитал қозғалысы мен халықаралық сауданың өсімі, халықаралық қаржы айналымының күшеюі, әлемдік бағаға бағытталу, жеке технологиялар, жұмыс күшінің миграциясы сонымен қатар экономиканың интернационализациясына әкеледі.
  3. Белгілі бір идеологиялық прициптердің таралуы, яғни демократия приципі, капиталистік кәсіпкерлік және нарықтық механизмдер.
  4. Халықаралық қатнастардағы қоғамдық пікір мен үкіметтік емес ұйымдардан трансұлттық қозғалыстар мен ұлттан жоғары (наднациональный) деңгейге дейінгі әлемдік саясатта жаңа субьекттердің пайда болуы; мемлекетараалық институттар мен халықаралық құқық жүйесінің дамуы.
  5. Перспективада адам ағзасына әсер ететін жаңа құралдарды ойлап табу, яғни ядролық, химиялық обьекттер, терроризм, экологиялық дағдарыс және ресурстардың таусылуы осындай бұқараалық күйреумен байланысты қауіпсіздікке төнетін қатерлердің трансұлтты және фундаментальді сипаты.

Жаңа әлемдік гемогонизация негізінде жеке тенденцияның болуын күдіксіз тағы бір дәлелмен келтіруге болады [11, 77 б.].

Әлемдік қауымдастықта жаһанданудың бірінші талаптары алғашында біртекті әлем құрылым мүмкіндіктеріне қарсы әрекеттері де көрінді. Жаһанданудың логикасының өзі жаһандану әлемдегі ерекшелікті сақтап қана қоймай сонымен қатар осы ерекшеліктердің  жинағын да білдіреді. Сондықтан да кейбір зерттеушілер жаһандану процесіндегі жалпы гемогенизация мүмкіндігін жоққа шығарады.

Әлеуметтік кеңістік ешқашан біржақты болмаған және әлемдік қатынасты кейбір көрсеткіштермен ғана сараптайтын (эканомикалық стратегия және саясат)  қазіргі жаһандану қатнастарымен процестері әлеуметтік кеңістіктің біржақтылығын күшейтуге әсер септігін тигізеді. Әлемдік эканомикалық жүйенің құрылымы әлем мемлекеттерінің дамуы бір қалапты емес  екенін жоққа шығармайды. Мысалы; орталық және периферияда болу жағдайы  ұзақ уақыттың практика нәтижесі тек қана эканомика саласында болмады.

Валлерстайн былай болжайды; әлемнің жеке аймақтарындағы теңсіздіктің күшеюі әлем – экономика өзінен шығады. Капитал жинақтау жүйесінің болуы ирархиялық жүйенің болуын талап етеді, бірақ содан түсетін табыс көздері барлығына теңдей бөлінбейді[12, 74-82 бб.].

Экономист Д.Сорос былай деп тұжырымдайды; әлемдік капитализмнің жаңа  жүйесін империямен  байланыстыруға болады, қаншалықты ол империя периперияны иемденеді, немесе периферияның  негізінен орталық қаншалықты пайда көреді. Маңыздылығы сол әлемдік капитал жүйесінде империалистік тенденция  бар. Қазір қандай да нарық немесе ресурстар бар кезде ол тұрақты болмайды, сонымен қатар әлі де оның орбитасына тартылмаған [13, 155 б.].

Бұл жағдайлар Ұлы Александр немесе Атилла Гұн империясынан өзгешелігі аз, олардың экспанциялық ренденциялары олардың империясының құлдырауының басы болды.

Россиялық постиндустриялық өркениеттер және жаһандану процесінің бірден  — бір атақты зерттеушісі В. Иноземцев мынандай тұжырым жасайды. Оның ойынша жаһандану бір бағытты процесс болып қалады, әлемнің иллюзиялық бірігуі дамыған елдердің күш салуымен анықталады. Ал Үшінші әлем елдерінің белсенділігі американ социологы Сила Вен Хабиб атаған кері жағдайдан көрінеді, банальный  миграцияда периферия елдерінің халқы орталық периферияға көшеді. Бүгінгі таңдағы периферия елдеріндегі мәдени және әлеуметтік дәстүрлерге қызығушылығы ол дамыған елдерде антропологиялық түрінде ғана болады.

Қазіргі кезде жаһандану процестері қандай нәтижеге алып келмесе де оның негізі әлемдік эканомикалық капиталистік жүйенің қалыптасуымен қатар жүрген  мәдени — әлеуметтік қозғалыстардан көрінеді. Сонымен  жаһандану Батыс әлемінің периферияны игеруінің нәтижесі болып табылады, ол «периферия» орталығының қарсыласуы жалғаса береді. Бұл қарсыласудың қасиеттері өзгереді – орталық мемлекеттер  постиндустриялды даму жағдайында тұрып өздерінің басты назарын  біліммен жаңа техналогияны игеруге аударады. Сондықтан да олар бүгінгі таңда «периферия» елдерінің табиғи және еңбек ресурстарына қызығушылығы сондай үлкен емес. Соңғы онжылдықта орталықтың «периферияны»  экспация жасауға емес, олардың бейқамдығы күшейді. Егер капиталдың ағыны бүгінде де көп бағытта болса, потенциялды білім иелері тек қана перифериядан орталыққа көшуде. Әлемдік маштаптағы әлеуметтік полиаризация процесі қолмен бақылауға келмейтін болды.

Футуролоктардың айтуына қарағанда дамымаған дефресивті аймақтың төмендеп бара жатқан   экономикалық  маңыздылығы міндетті түрде  қоғамдық назарды солардың мәселелерін қарауға итермелейді. Сонымен қатар Батыс елдерінің өздеріндегі әлеуметтік теңсіздік мәселесі постиндустриялды державалардың  жеке аймақтарына әсер етеді[14, 123 б.].

Дамушы елдердің проблемасы мүмкін тіпті трагедиясы аталған процестердің барлығы; әлеуметтік полиаризация, орталықтың дамуындағы теңсіздік,  периферия тасқын түрге ене бастады. Сан көрсеткіші бойынша постиндустриялды эканомиканы қуып жетеге тырысқан дамушы мемлекеттер қалыптасқан эканомикалық және мәдени — әлеуметтік арақашықтықты қысқарта алмайды. Бұндай жағдайда артта қалушылықтан құтылу дамушы елдердің және жеке мемлекеттердің дамуындағы ең басты мәселелердің бірі болмақ.

 

         1.2 Жаһандану үдерісіндегі батыстық және шығыстық құндылықтар жүйесі

 

ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропа елдерінде буржуазия ұлттық мемлекет құру ұранын көтерді. Және осы ұранның арқасында Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды да. Бұл ұлттық мемлекеттер ұлттың өзін-өзі сақтау құралы ретінде дүниеге келді. Бірақ, халықаралық құқық жүйесі ұлттардың егемендігін бекіткенімен, мемлекет ұлттың өзін-өзі сақтау, даму құралы болғанымен нақты өмірде бұлай болмады. Мұндағы бір парадокс ұлттық мемлекеттер дәуірінде мемлекеттердің көбі түрлі ұлыстардан, этностардан құралды. Барлық мемлекеттер осы ретте осы ұлыстардың әсіре ұлтшылдыққа ұрындырмауға, сөйтіп, мемлекеттің тұтастығын бұзып алмауға ұмтылды. Ғылыми теориясына жүгінсек ұлтшылдық дегеніміз бір мемлекетте тұратын екі немесе одан да көп этностардың біреуі немесе барлығы бірдей өз ұлтының тілін мемлекеттік тілге айналдыруды, билік органдарын өз өкілдерінің басқаруын, мемлекеттің өзінікі болуын қалайды, сол үшін саяси тәсілдермен күреседі. Ұлтшылдық кейбір тарихи кезеңдерде, бірде тұрғын халық отарлаушылардың кетуін талап етіп, бірде екі ұлыс мемлекеттегі билікке, саяси ықпалға таласып ел тұтастығына, ішкі тұрақтылық пен дамуға қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай ұлтшылдықтың тамырына Еуропада ертерек балта шабылды. Яғни, өндірістік-индустриалдық мәдениет қалыптасып, этникалық мәдениеттерді ығыстырып шығарды. Сондықтан, Еуропалықтар этникалық тұтастықтан гөрі, мемлекеттік тұтастық, саяси бірлікті «ұлт» деп таныды. Батыс Еуропаның қоғамдық ғылымында да бірнеше этнос бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүретін болса, ол мемлекеттің жұртшылығы біртұтас ұлт болып есептелді.

Ал, Шығыс елдерінің тарихы, мәдениеті, индустриясының даму деңгейі Еуропа мемлекеттерінің тарихынан, даму дәрежесінен, өркениетінен, діни түсінігінен бөлек еді. Бұл елдердің мәдениеті де, ондағы ұлттардың қалыптасу тарихы да басқаша өрбіді. Сондықтан, ұлт пен мемлекеттің жігін ашып, ұлттық мемлекет деген ұғымды толық түсіну үшін біз ұлт, этнос жайындағы ғылыми теорияларды шолып шығуға тиіспіз. «Жаһандану жағдайында көпұлтты Отанымызда қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ұлттық саясатта қандай мақсаттарды таңдауға тиіспіз? Қазақстан халықтарын біріктіру үшін қандай құндылықтарды насихаттау керек? Бізге бір ұлт болып ұйысу мүмкін бе?»,- деген сұрақтарға жауап беру үшін осы «ұлт» ұғымының ғылыми тұжырымдамаларын сүзіп шығуға міндеттіміз. Батыс ғалымдарының түсінігі бойынша және Батыс Еуропаның бүгінгі өмірінің ерекшеліктеріне қарағанда ұлт дегеніміз – дамыған қоғамдағы этностың жетілген түрі. Ұлт дегеніміз — феодалдық ыдыраңқылық жойылып, капитализм орнаған кезде, яғни шаруашылық және басқа да экономикалық-кәсіби қатынастар күшейген кезде, жаппай сауаттылық тарап, бір тілде әдебиет жазылып, білім беру мен өндірістік қатынастар бір тілде жүргізілгенде, сол тіл арқылы ұлттық сана-сезім пайда болғанда қалыптасатын тұтастық.   Бұл анықтама Шығыс елдеріндегі ұлт анықтамасына сәйкес келмегенімен, Еуропа елдерінің тарихына сәйкес, дұрыс анықтама.

Шындығында Батыс Еуропа ұлттары капитализмнің арқасында қалыптасты. Капитализм жеке меншік пен саудаға негізделген құбылыс, сондықтан ол демократия шеңберінде ғана дамиды. Ал, демократиялық мемлекет бейбіт өмір сүре алатын, біртұтас халықтың мемлекетінде ғана орнығады. Батыс Еуропада жеке меншік сезімі, нарықтық қатынастар ерте бастан бекіді. Мұнда әр адам еңбегі мен өнімін сатып, қаражат қорын жинайды. Ал, сауда жүру үшін бір ғана тауар емес, алуан түрлі бұйымдар сатылуы керек. Бәсекеде озып шығу үшін қаражат қорын өндірісті кеңейтуге салу қажет. Бұл капитализмнің бастапқы талаптары ғана еді. Сауда мен бәсеке адамдарды өндірістің тиімді жолдарын іздестіруге итермеледі. Адамның ғылымға құмар табиғаты да индустрианың дамуына әсер етті. Осының өзі Батыс Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің нығаюына әкелді. Мысалға, Ұлыбритания мен Францияда 19 ғасырда қарқынды дамыған өндіріс ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. негізі қаланған ұлттық мемлекетті мықты державаға айналдырды. Буржуазия бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті орнататын мемлекетті пайдаланып қоғамды ұйымдастыруды, сол арқылы өздерінің мәртебелерін, байлықтарын көбейтуге мүдделі болды. Бұған, олардың патриоттық сезімдерін қосамыз. Сонда, капитализм мен өндірістік технологияның дамуы ұлттық мемлекеттің негізгі институттарын, мысалға, экономикада ішкі нарық пен өндіріс стандарттарының, әлеуметтік-мәдени салада ортақ баспасөз бен білім беру жүйесін, саясат саласында бюрократиялық орталық үкімет пен ортақ заңдарды, идеологиялық салада ұлттық бірлік идеологиясын қалыптастырды [15, 239-240 бб.]. Сондықтан, ұлттардың пайда болуы Еуропада демократиялық мемлекеттердің құрылуымен тікелей байланысты болды. Ал, капитализм мен ұлттың қайсы бірінші пайда болды деген сұраққа тарих әрқалай жауап береді. Мысалы, бірінші мәдени туыстық бойынша саяси билік орнайды (Франция), содан кейін бұл билік тілді, мәдениетті, әдебиетті барлық ұсақ ұлыстарға ортақ дүниеге айналдырады. Екінші бір елде тілі, діні бөлек ұлыстардың үстінен бірінші саяси билік орнап, одан кейін ортақ тіл, ұлттық символдар пайда болады (Италия). Дегенмен екеуі бір-бірімен диалектикалық байланыста өріліп жатқан дүниелер. Феодалдық ыдыраңқылық жойылғанда қай ұлыс қай астанаға бағынып кетті сол күйі ұлттық мемлекет құруға кірісті. Мысалға, Италиян ұлтында түркі халықтарындағыдай бір адамнан тараймыз деген аңыз да, ұлттық тұтас мәдениет те болмаған. Италиян ұлты 19 ғасырда орталық үкімет пен халық арасындағы клиенттік қатынастар арқылы бірікті. Яғни, ортақ нарық, ортақ саяси биліктің, ортақ заңдардың арқасында ала шұбар халық бір ұлтқа айналды. 1860 жылы халықтың 3 пайызы ғана италиян тілінде сөйлейтін. Өндірісті, ғылымды, білім жүйесін, баспасөзді, заңдарды орталық үкімет италиян тілінде дамытып әкеткендіктен ғана қазіргі Италиан ұлты пайда болды [16, 94-95 бб.]. Үкіметтің ұлтты қалыптастыруының жарқын мысалын біз Францияның тарихынан да көре аламыз. 1789 жылы Франция халқының жартысы француз тілін білмейтін.

Францияда 1833 жылы әрбір коммуна бір мектеп ашсын деген заң шығады. 1847 жылы мектептер екі есе көбейді. Мектептерде сабақ тек француз тілінде жүрді. 1881 жылы бастауыш мектепте оқу тегін болды да, 1882 жылы бастауыш мектепте оқу міндетті деп жарияланды. Сөйтіп, 1863 жылы халықтың 80 пайызы французша сөйлей алатын дәрежеге жетті. 1880 жылы Бретон түбегіндегі жағдай туралы Франция Үкіметіне берілген есепте түбекті Францияның құрамына қосып алу үшін алдымен мектептер салу керектігі жазылған. Мектеп салудың маңызы «түбекті Францияға толық қосып береді және тарихи аннексия, мәдени тұтастану процесін аяқтайды» деп анықталған. Бірақ, бұл ғасыр демократияның орнығуының алғашқы сатысы болғандықтан, француз тілінде оқытатын мектептер зорлықпен салынды және балалардың санасына ұлттық патриотизм мектептер арқылы «қолдан» сіңірілді. Француз тілін үйрене алмай, бретон тілінде сөйлеп жүрген балаларды кемсіту, тіпті әкімшілік шара қолданып жазалау тәсілдері кеңінен қолданылды [17, 15 б.]. Сөйтіп, Батыс Еуропа елдерінде ұлттар азаматтық негізде, саяси бірліктің арқасында қалыптасты. Мемлекет базарларында адамдар өз өнімдерін сату үшін немесе білім алып, заңдарды пайдаланып, саяси карьера жасау үшін сол мемлекеттің заңдарын, тілін, білім стандарттарын, яғни жоғары мәдениетін қабылдауға мәжбүр. Мұның атын ағылшын этнологы Энтони Д. Смит «азаматтық ұлт» деп атады. Ол,- «Капитализм белгілі бір территорияда экономикалық интеграцияны күшейтіп, сауда мен айырбастың дамуына жағдай жасады. Мемлекет салық жинау мен кейбір салаларда өзінің монополиясын орнатудың, күш қолдану құқының арқасында қоғамда билігін күшейте түсті. Біртіндеп мемлекеттің билігі жүретін жердің барлығына бірдей стандарт кәсіптер мен біліктілік жүйесі орнады. Адамдардың білім алуын, экономикалық машығын қалыптастыруды өз қолына алған мемлекет ұлтты жасап шығатын қуатты тәрбие орны ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып болды»,- деп жазды. Мысалға, ХХ ғасырда Франциядағы негрлер мен еврейлерге үкіметтің сыңаржақ саясаты қатты әсер етті. Олардың мәдениетін, тілі мен дінін үкімет мүлдем ескерген жоқ. Олар сол әлеуметке сіңіп, өмірде өз орындарын тауып кету үшін француз мәдениетін игеруге мәжбүр еді. Сөйтіп, француз еврейлер, француз негрлер пайда болды. Бұл Францияның капиталистік, индустриалдық мәдениетті француз мәдениетінің, француз тілінің негізінде қалыптастырғанынан болды. Осындай индустриалды мемлекеттік мәдениетті Еуропа «ұлт» деп түсінеді. Осы франция мәдениеті арқылы біріккен құрама халық – Франция егемендігінің негізі болды. Яғни, заңдар мен әлеуметтік, құқықтық институттардың ортақтығы ұлттық бірлік деп түсінілді. Батыс Еуропаның ұлтты экономикалық-саяси бірлік деп түсінуіне тағы бір аса маңызды фактор әсер етті. Бұл ХVІ ғасырда басталған процесс еді. Осы уақытта рухани сала Еуропада реформацияның ықпалына түсті. Шіркеуді тәркілеумен бірге, қоғамдық сананың діннен ажырауы жүріп жатты. ХVІІ ғасырдың ортасынан бастап христиан әлемінде латын тілінің ролі төмендеді. Бұл біріншіден христиандық шіркеудің өз ішінде жүріп жатқан ыдыраңқылыққа байланысты болса, екінші жағынан буржуазия мен сауданың ықпалы артып, Еуропаның жеке-жеке аймақтарындағы саяси һәм шаруашылық коммуникациялардың күшейе бастағанына да байланысты еді. 17 ғасырдың ортасынан бастап Еуропада латын тілінде кітап басу азайды. Еуропаны біріктіріп тұрған дін тілінің құлдырауы өте терең тарихи процестің басталуына түрткі болды. Еуропаның діни тұтастығы бұзылып, мұның соңы бұрынғы мемлекеттік-аймақтық жікшілдіктің күшейе түсуіне ұласты [18, 78-79 бб.]. Сөйтіп, секуляризация процесінің ықпалымен аймақтық діндер Еуропа ұлттарының қалыптасуында негізгі роль ойнаған жоқ [19, 62 б.]. Сондықтан, Еуропада дін ұлттың негізгі белгісі саналмайды. «Ұлт» ұғымы экономикалық-саяси бірлік тұрғысында ғана қаралады. Ұлт сөзі Шығыстағыдай бостандық, ар-ождан, намыс, имандылық, адалдық, айнымастық сияқты рухани-моральдық категорияларымен байланысты емес. Батыс Еуропадағы тілдік бірлік негізінде қалыптасқан азаматтық ұлттардың ортақ саяси биліктің ықпалымен қалыптасуының сыры да осында. Яғни, әр түрлі ұлыстардың ұлттық мемлекеттерге бірігу кезінде діннің жіктеуші, жауластырушы ықпалы болған жоқ. Сөйтіп, мұнда ұлттың азаматтық негіздегі түсінігі қалыптасып шықты. Мысалға, қазір Шығыс елдерінен барған адамдарды Франция азаматтығын алған соң француз деп атай береді. Олар өздерінің мүдделерін мемлекеттік саясатқа енгізіп, мәдениетін, тілін дамыту құқықтарын саудалай алмайды. Өйткені, мұндағы мемлекет пен ұлттың арасы ажырағысыз. Индустрия жұмысының, кәсіби қатынастар мен білім жүйесінің бір тілде қалыптасып қалған коммуникациялық әдетін иммигранттарға бола өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, адамдардың ұлты азаматтығына, яғни сол мемлекетте қалыптасқан индустриалды жоғары мәдениетті қабылдауына қарай анықталады. Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХХ ғасырда халықтың ортақ идентификациясын арнайы «қолдан» қалыптастыру проблемасы болған жоқ.

Осындай тарихи үдерістің нәтижесінде ұлттың қалыптасуын әр түрлі тұрғыда қарастыратын түрлі концепциялар пайда болды. Бұл теориялардың бәрін болмаса да негізгілерін талдап шығу бізге Еуропадағы мемлекеттердің мәдени тұтастығының негізі, яғни мемлекеттік егемендік принципінің ерекшелігі мен Шығыс елдерінің, соның ішінде Қазақстанның ұлттық егемендігінің идентификациялық негіздерін түсіну үшін қажет. Ұлтты саяси-экономикалық феномен деп санайтын тұжырымдамаларды конструктивистік теориялар деп атайды. Осы теориялардың  ішінде Еуропаның ұлт жайлы түсінігін біршама толық сипаттаған Эрнест Геллнердің тұжырымы болды. Э. Геллнердің «Ұлт және ұлтшылдық» атты еңбегінде ұлттың қалыптасуының Еуропаға тән себептері талданған. Оның тұжырымы бойынша ұлттың пайда болуы индустрияның дамуымен байланысты. Э. Геллнер кез-келген қоғамның ұлтқа айналуы жазу-сызудың, стандарт кәсіптердің (индустрияның), сол кәсіптерді үйретіп, өндіріске маман даярлап отыратын білім жүйесінің пайда болған кезінде іске асады деп қорытады. Яғни, индустрия дамымай тұрып ұлт қалыптаспайды. Өйткені, ұлттың түрлі кәсіп игеруге негізделген және жалпы ұлттық білім, заң стандарттары арқылы интеграцияланған индустриалды мәдениетін тек ұлттық білім жүйесі мен ортақ заңдары арқылы жасауға болады. Ал, бүкіл ұлттың білім жүйесін қаржыландыру, яғни, оның мамандарын дайындау, кітабын шығарып, жекелеген пәндерін дамыту, ғимаратын салып, методикасын жетілдіріп отыру мемлекеттен басқа ешкімнің де қолынан келмейді. Жеке кәсіпкер болсын, мектеп пен жоғары оқу орындарында балаларын оқытатын ата-аналар болсын мұндай аса маңызды және сала-салаға бөлінген тармақты жүйенің жұмысын тұрақты түрде қаржыландырып отыра алмайды. Сондықтан, мемлекет пен ұлт ажырағысыз ұғымдар және индустриалды қоғамның ғана ұлт болып саналуға хақысы бар. Ал, аграрлы немесе жартылай индустриалды мәдениеттер көп салалы, жоғары индустриалды мәдениеттердің ықпалына төтеп бере алмай тарих сахнасынан кетеді [20, 110-111 бб.]. Э. Геллнер ұлттың қалыптасуын индустриалды мәдениетпен байланыстырғанымен, кез-келген ұлттың тамыры ежелгі этнографиялық-дәстүрлі мәдениетте жатыр деп санайды. Бірақ, дәстүрлі этнографиялық мәдениеттің толыққанды ұлттың қалыптасуына жеткіліксіз екенін айтады. Э. Геллнердің пікірінше индустриалды мәдениет жазу-сызудың пайда болуына, іргелі ғылымдар мен білім стандарттарына тәуелді. Яғни, ұлттың кез-келген өкілі сол ұлттың мемлекеттік мәдениетін, ұғымдарын, стандарттарын қолданып қана өмір сүре алады [21, 112-113 бб.]. Мемлекеттің міндеті де қоғамда мәдени ерекшелік, түсініспеушілік тудырмау. Өйткені, көп салалы индустрия адамдар бір-бірін еркін түсінген жағдайда ғана дамиды. Егер, мәдени ерекшелік туындаса ол мемлекеттің, немесе білім жүйесінің өз жұмысын дұрыс атқармағаны болып саналады. Білім жүйесінің міндеті өз кәсібін шебер меңгерген, тұтынушы қоғаммен тығыз жұмыс істей алатын мамандар дайындап шығару [22, 75 б.]. Сөйтіп, тіл мен мемлекет Геллнер концепциясы бойынша ұлттың іргетасы. Бұл тұжырым ұлттың бірлігін қамтамасыз етуді маңызды мақсат ретінде белгілегенімен адамдардың этникалық ерекшеліктеріне мән бермейді. Тұжырымдаманың мазмұны шыққан тегіне қарамастан адам белгілі бір қоғамның мәдениетін, тілін меңгерсе ол сол ұлттың өкілі болып шыға алады, сондықтан, ұлттық мәдениетті қолдан жасауға да болады деген пікірге саяды.

Ұлттық азаматтық негізде, мемлекеттен ажырағысыз етіп түсіндіретін тұжырымдардың ішіндегі қабырғалысы Бенедикт Андерсонның «ұлттық тұтастықтың елесі» концепциясы. Б. Андерсон «Антропологияға сүйеніп ұлттың мынадай анықтамасын ұсынамын: ұлт дегеніміз адамдардың ойындағы тұтастық елесі және ол тұтастық егеменді қоғам түрінде елестейді»,- дейді. Яғни, ұлт деген — елес. Өйткені, ең шағын ұлыстың адамдары да бірін-бірі түстеп танымайды. Тіпті түгелі бір уақытта бір жерге жиналмайды. Ұлт өкілдерінің тағдыры туралы да жекелеп білмейді. Бірақ, ұлыс өкілінің есінде өзінің ұлт мүшесі екені сақталады. Және ұлт әрқашан достық, туыстық қатынастар түрінде елестейді. Дәл осы елес мыңдаған жылдар бойы адамдарды ерлік жасауға, жан қиюға, бірін-бірі өлтіруге итермелеп келеді. Сондықтан болар белгісіз солдаттан артық қазір ұлттық символ жоқ. Оның қабірінде ешкім жатпауы да мүмкін. Бұл ұлттың адамдар санасында елес, идеал ретінде өмір сүретінінің белгісі [23, 80 б.]. Андерсонның айтуынша бұл елестің күшті болатын себебі «Адамдардың түсінігінде ұлт -киелі феномен. Адам дүниеге келгенде ұлтын таңдамайды. Сондықтан, ұлтты өзінің пешенесіне жазылған тағдыры, құдайдың сыйы деп түсінеді. Сөйтіп, өз болмысына, өзінің жоқтан бар болып жаралғанына құрмет сезімімен, аялай қараса, өзінің ұлтына да сондай ыстық сезіммен қарайды. Кейде бұл өзін-өзі сақтау түйсігімен астасып та жатады». Андерсон «…адамдардың санасындағы ұлттық тұтастықты сақтауға баспасөз бен әдебиет еңбек етеді…»,- дейді. Әсіресе, роман кейіпкерлері тарих пен ұлттық мінездің елесінен туындайды. Кейіпкерлер дәл солай өмір сүрмеген болуы, тіпті ондай адамдардың болмауы да мүмкін. Бірақ, ұлттық роман ұлт тағдырындағы тауқыметтің, болмаса ерлік кезеңнің нақты елесін береді. Газет оқу да іштен, үндемей отырғанда жүретін процесс. Газет оқыған адам өзі сияқты миллиондаған адамдардың да сол мезетте тура сол газетті оқып отырғанын бейсана түрде сезеді. Андерсоннның айтуынша осы баспа ісі пайда болған кезде ұлтшылдық та адамдардың санасына сіңе бастады. 1520 жылдан бастап Батыс Еуропада кітап басу ісі қарқынды дамыды. Кітап басу дамыған сайын ұлттардың топтасуы да күшейді. Баспа ісі туыстас диалектілердің бірігіп, ұлттық тілге айналуына әсер етті. Біртұтас тіл ортақ сана-сезімнің қалыптасуына жағдай жасады. Бірінші, бірегей ұлттық коммуникация өрісі пайда болды. Екінші, тіл тарихты, ұлттың өткенін, болашағын суреттеудің құралына айналды. Тарихпен бірге ел қорғаған батырлар бейнесі, ұлттық мінез түйткілдері, ортақ құндылықтар айқындалды. Үшінші, баспа тілі миллиондаған адамдарға ортақ әкімшілік, билік органдарының ортақ тілін жасап берді [24, 85-86 бб.]. Сөйтіп, Б. Андерсон тілдері бір-біріне ұқсамайтын тайпалар баспа тілі арқылы бірігіп ұлтқа айналды дейді. Яғни, бұл жерде де Э. Геллнердің тұжырымындай адамның ұлтын анықтауда шыққан тегінен гөрі өзі саналы түрде таңдап алған мәдениетіне мән беру басым. Геллнердің тұжырымдамасы мен Андерсонның тұжырымдамасының ұқсастығы — ұлтты мемлекетпен, капитализммен, территориямен біріктіріп түсіну, қан, тұқым бірлігіне мән бермеу. Екі зерттеуші де мәдениет бірлігін қалыптастыру мен сол мәдени бірлікті сақтаудың маңыздылығын анық көрсеткен. Бұл жалпы мемлекетті сақтаудың, егемендікті нығайтудың әмбебап жолы. Мұны ескермесе бұл тұжырымдар саяси жағынан піспеген, шикі тұжырымдар болар еді. Оның ішінде екеуінде де тіл бірлігіне көп көңіл бөлінеді. Жалпы конструктивистік теориялардың барлығы да ұлт мәдениетті қолдан жасау арқылы қалыптасады деген тұжырымға негізделген. Бұл және өзінің жемісін берген, нақты өмірде дәлелденген тәсілдер. 

Жоғарыда сипатталған тұжырымдарды толықтыра түсетін тағы бір зерттеуші Карлтон Хэйес. Оның пікірінше ұлт деп тілі мен мәдениетінің айырмашылығына қарамастан бір мемлекетті мекендейтін халықтарды айта береді. Мемлекет тұтастығын сақтау үшін барлық азаматтардың өздерін белгілі бір мәдениетке жатқызғаны ауадай қажет. Ал, бұл ұлттық идентификация егемендіктің негізі. Бірақ, ұлттар ұлттық мемлекетсіз де өмір сүруі мүмкін. Хэйес «ХV-ХVІІ ғ.ғ. ұлттық сананың қалыптасуына Еуропаның монархтары көп ықпалын тигізді» — дейді. Яғни, «Монархты ұлттық бірліктің символы деп қарау арқылы алғаш ұлттық сана қалыптаса бастады»,- дейді. Бірақ, ұлттық сана-сезімнің кемелденуі тек ұлттық білім беру жүйесі құрылғанда, барлық адамға бірдей әскери борыш жүктелгенде, бір тілде арзан һәм ықпалды газет-жорналдар тараған кезде ғана іске асады. К. Хэйес, «Мемлекет қаржыландырып, басқарып отырған білім жүйесі арқылы ұлттылық қалыптасты», — деп қорытады [25, 23-23 бб.].  Яғни, ғасырлар бойы жергілікті аймақтарда қалыптасқан менталитет пен тарихи дәстүрлердің басын біріктіріп мемлекет мәдениет жасайды да, соны бір тілде туыстас халықтардың бойына сіңіреді. Француз революциясынан кейін бұл тәсілді (білім беру жүйесі мен газет-жорналды) басқа халықтар да қолдана бастады. Сөйтіп, К. Хэйестің тұжырымы бойынша ұлт бір мемлекетті мекендейтін халықтардың жиынтығы, жасанды мәдени тұтастық. Мәдени тұтастық табиғи емес, жасанды болған соң, сол ұлттылықты этникалық, генеологиялық ерекшелігіне қарамастан білім жүйесі арқылы бойына сіңірген адамдардың бәрі ұлттың құрамына кіре береді.

Ұлт ұғымын Еуропалық тұрғыда түсінудің тағы бір классикалық тұжырымын Фред Риггс жасады. Оның пікірі ғылымда қалыптасқан ұлтты этникалық және азаматтық негізде жіктеу принципіне бағынбайды. Ф. Риггс «Адамның сыртқы пішіні, мысалға түр-түсі, тілі мен діні, ата-тегінің шежіресі, туған жері оның қай ұлттың өкілі екенін білдірмейді. Біз оның бойына сіңірген мәдениетіне қарауымыз керек. Яғни, адамның қай этностың өкілі болатындығы оның табиғи жаратылысымен емес, психологиялық, моральдық, интеллектуалдық қасиеттерімен анықталады»,- деп жазды [26, 11-12 бб.].  «Өзін-өзі бір этносқа жатқызу әлеуметтік қарым-қатынастардан шығатын дүние. Яғни, адамдар ұлтын өздері анықтайды. Бірақ, кейде этнос ол адамды қабылдамауы мүмкін»,- дейді. Сондықтан, адамдар өзінің ұлтын анықтаған кезде бұл мәселені өзі ғана шешпейді, «…ең соңғы сөзді этносқа бұрын қабылданған адамдар айтады». Ф, Риггс ұлттың пайда болуын жеке адамдардың шешімі, психологиялық талғамы деп санайды. Жалпы қисыны бойынша бұл да ұлтты қолдан жасауға, ұлттылықты таңдауға болады дейтін азаматтық ұлт теориясының бір түрі.

Ұлт мәселесін классикалық тұрғыда зерттегендердің бірі Ханс Кон. Ол ұлт демократия мен индустрия пайда болған кезде шықты дейді. «Ұлт,- дейді Х. Кон,- ХVІІІ ғасырдан екінші жартысында ғана пайда болды. Пайда болуының алғы шарттары, мүмкін, арғы ғасырларда қалыптасқан шығар. Бірақ, бұл бертінгі құбылыс». Оның пікірінше ұлт пайда болуы үшін халық егемендігі идеясы мен қоғамдық сананың секуляризациясы, индустриалдық өндірістің орнығуы мен орта таптың күшеюі керек. Х. Кон тарихшы ретінде «Ұлт дегеніміз табиғи құбылыс немесе мәңгілік бір заңдылықтың салдары емес, ол тек белгілі бір тарихи кезеңдегі әлеуметтік қатынастардың сипаты»,- дейді. Х. Конның пікірінше халықтардың этникалық ерекшеліктері ұлттың қалыптасуына керекті «этнографиялық материал» ғана. Сондықтан, ұлт деген қан, тек, тұқым бірлігінің әсерінен емес идеяның, мұрат-мақсаттардың бірлігінің ықпалымен қалыптасады, яғни, ұлт дегеніміз интеллектуалдық, әлеуметтік конструкция. Егер кез-келген адам сол конструкцияның, яғни мемлекеттің заңдылықтарын, тілін, мәдениетін игерсе, сол ұлттың өкіліне айналады.

Ұлттың конструктивистік тұжырымдары Еуропа ұлттарының тарихи қалыптасу ерекшелігінен шықты дегенімізбен бұлардың Шығыс елдері үшін де өзекті, қажетті болуы мүмкін. Өйткені, Азия елдерінің көбі, тіпті барлығы дерлік көпұлтты немесе қосұлтты екені белгілі. Осы жағдайда бір мемлекетте тұратын әр түрлі этностардың бір «ұлтқа» айналу тұжырымдамасын Эрик Хобсбаум жасады. Оның пікірінше либерализм мен ұлтшылдық, демократия мен революциялар дәуірінде Үкімет ешқашан ештеңеден қауіптенбей, қаннен қаперсіз отыра алмайды. Оның пікірінше біртұтас ұлттың басы құралуы үшін жұрттың ақырындап ортақ тарихи жадысы, құндылықтары, символдары, ортақ кейіпкерлері мен батырлары пайда болады. Бірақ, Э. Хобсбаум Э. Геллнер сияқты әр түрлі этностардың бір ұлтқа айналғанға дейінгі тарихи мұрасын жоққа шығармайды. Дегенмен, осы этникалық мәдениеттерге сүйене отырып, барлық азаматтарға ортақ құндылықтар, символдар қалыптастыру, яғни ортақ жаңа мәдениет қалыптастыру, «дәстүрлерді қолдан жасау» ұлттың пайда болуының бірден-бір жолы дейді. Бірақ, Э. Хобсбаум өз тұжырымын таза Еуропалық менталитетке есептеп, секуляризацияланған санаға лайықтап құрған. Оның бұл тұжырымы индустриалды мемлекетте ғана іске асуы мүмкін. Ал, Шығыс елдерінің индустриалды даму сатысына әлі жетпегені белгілі.

Қазіргі тарих биігінен қарағанда ұлт жайындағы бұл тұжырымдамалардың Еуропа өркениетінің әлеуметтік шындығынан туындағанын көруге болады. Ұлттық мәдениеттердің тек конструкция болып саналуы, адамдардың ұлтын айрбастағаны үшін моральдық жауапкершілік көтермеуі, ұлттылықтың ар-ождан, сенім, айнымас адалдық деген сияқты моральдық категорияларымен өлшенбеуі, рухани құбылудың, мәдениет айырбастаудың «сатқындық» категориясына жатпауы Батыс өркениетіндегі бейбітшілікке себін тигізгенімен, бүгінгі ұлттық ыдырау, бұқаралық мәдениетке бет бұру процесіне ықпал етіп отыр. Бүгінгі Еуропа ХХ ғасырда екі дүние соғысын туғызған ұлтшылдық санадан айығып, космополиттік қоғамға аяқ басты. Пост модерн ізденістері ұлттық дүниетаным шеңберінен шығып, мүлде жаңа интеллектуалды позициялар мен конструкцияларға көшті. Бірақ, секуляризацияның кесірінен болар, Еуропа жастарының көкірегінде әлеуметтік парыздар, қоғамдық борыштар тізімі қысқарып барады. Қоғамдағы әлеуметтік ынтымақтастық талаптарына енжар қарайтын адамдарға нашақорлар мен отбасын құрмаған, түрлі субмәдениет өкілдерін, яғни хиппи, рокер, рэпер, сайтанға ергендер (сатанистер) т.б. анти әлеуметтік дүниетаным өкілдерін қоссақ, отбасы институтының мәні мен қажеттігінің Батыс елдерінде әлсіреп бара жатқанын көруге болады. Яғни, кейінгі жастар үшін отбасын құру, бала-шағаны жеткізу сияқты адамдардың ежелден келе жатқан әлеуметтік тілек-мақсаттары қоғамды дамытатын ынталандырушы фактор болудан қалды [27, 45-46 бб.]. Жалпы индустриалдық қоғамға өту үшін негізгі алғышарттары толыспағанмен Шығыс елдерінің әзірге әлеуметтік ұйымдасу потенциалы жойылған жоқ. Бұған ықпал еткен ұлттың примордиалистік тұжырымдамасы немесе ұлтты бабалардың рухани тәжірибесіне құрмет, рухани сабақтастық, айнымас адалдық деп түсіну, яғни ұлтқа қызмет ардың ісі деген ұғым деп болжауға негіз бар. Бірақ, Шығыстағы ұлтшылдық діни фанатизммен ұштасып, шектен шыққан радикалды қимылдармен өз мемлекеттеріндегі саяси тұрақтылыққа, экономикалық дамуға зиянын тигізіп отырғанын да ескеруіміз керек.

Сонымен, біз ұлттық тұжырымдарды азаматтық негіздегі ұлт теориясы және этникалық негіздегі ұлт теориясы деп жіктедік. Және осыған орай конструктивистік тұжырым мен примордиалистік тұжырымдарға бөлдік. Әлбетте, бұдан басқа көптеген типологиялар да бар. Мысалға, ұлттың контекстуалды, инструментальді теориялары, тіпті ешқандай тұжырымға жатпайтын қысқа-нұсқа анықтамалары да жетерлік. Біз бұл жерде ұлттың мағынасы мен мемлекеттің мағынасын анықтап алуды мақсат тұтамыз. Өйткені, Еуропа ұлттарының қалыптасу тәжірибесі — ұлт мәселесі саясаттың маңызды факторы болып отырған жаһандану заманында төтенше керек дүние. Мемлекеттің ұлттық саясатының бағыты айқын болмаса немесе Қазақстан халықтарының «примордиалистік» менталитетін мүлде ескермей, жұрттың бойы үйренбеген азаматтық ұлт идеясын дүркін-дүркін ел алдына ұсына берсек қоғамдық тұрақтылыққа сызат түсуі де ғажап емес. Оның үстіне елімізде Еуропалық ұлттардың қалыптасуына негіз болған алғышарттар жоқ. Еуропа мемлекеттерінде тілдік бірлік мектептерді күштеп салып, тіл үйренбегендерге әкімшілік жаза қолдану сияқты авторитарлы тәсілдер арқылы қалыптасса, сонау ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.-да бұл қалыпты жағдай саналатын еді. Қазіргі демократиялық-нарықтық жаһандану заманында біз мұндай тәсілдерді қолдана алмаймыз. Біздің этникалық тарихымыз да басқаша өрбіді. Осы жағдайда Қазақстан халқының мәдени тұтастығын қалыптастыру мәселесіне қандай тұрғыда қарауға тиіспіз? Осы сұраққа жауап беру үшін біз әрине ұлттық мемлекет пен ұлттық тұтастық феномендерін барлық қырынан зерттеуге тиіспіз.

Шығыс адамдары өз елдерінде секуляризацияға ұшыраған ортақ білім жүйесі, индустрия мен ортақ заңдар жүйесі ежелден қалыптаспағандықтан ұлттық ортадағы этникалық дәстүрлі қарым-қатынастар мемлекеттік тұтастықтың кепілі деп түсінді. Шығыста заң кодекстері мен билік институттарын, білім жүйесін Еуропалық тәжірибеге ұқсатып құрғанда әдет-ғұрыптарды, мистикалық түсініктерді де араластырып, кірістіріп отырды. Ислам елдеріндегі, Қытайдағы құқықтық қатынастарды реттеу тәжірибесінен осыны көреміз. Бұл этникалық ұлттардың мемлекеттерінде стандартты кодекстер мен институттар болмайды деген сөз емес, тек олар Шығыс халықтарының идеологиялық ұлттық бірлігін қамтамасыз етуде шешуші роль атқармайды. Шығыс елдерінде стандартты құқық кодекстері мен мемлекеттік институттардан гөрі этнографиялық дәстүрлер мен діни түсініктер, дәстүрлі институттар (ақсақалдар соты, шариғат, мешіт, ұлттық аңыздар т.б.) ұлттық тұтастыққа пайдалы әсер етеді. «Бірақ, — дейді Э.Д. Смит, — Шығыс елдерінің көбіне этнос пен мемлекеттің тұтастығы бірдей нәсіп болмаған. Мысалы, Түркия көпұлттылық әсерінен этникалық пантүркизм идеясынан бас тартуға мәжбүр болды. Шағын территорияға, азаматтық құқықтарға, бірыңғай азаматтық кодекске, зайырлы саяси мәдениетке және азаматтардың сенім бостандығына сүйеніп қазір қуатты мемлекет құрды. Бірақ, ұлттың территориялық және этникалық тұжырымдарының дуализмі әлі шешілген жоқ»,- дейді. Түркия қоғамында да қақтығыс қаупі жоғары.

Батыс елдерінде бір тілде жүретін капиталистік қатынастарға, индустрияның ортақ стандарттарына, кәсіп игеру үшін сол елдің білім жүйесіне адамның сіңіп, жұтылып кетуі мүмкін. Еуропада қалыптасып қалған индустриалдық мәдениетке енді этникалық мәдениетті енгізу, таңу мүмкін емес. Бірақ, ұлтты басқаша түсінетін Шығыс адамы стандартты кодекстер мен зайырлы әкімшілік тәртіпке, белгілі бір ұлттық тілге негізделген индустриалды мәдениетке өзін жатқыза алмайды. Бәрібір оның этникалық идентификациясы индустриалды мәдениетке деген құрметінен жоғары тұрады. Сондықтан, Шығыс елдеріндегі ұлт тұжырымдамасы мемлекет халқының егемендігі, яғни территориялық тұтастығы принципімен санаспайды. Шығыста халық егемендігі емес, этникалық мемлекет деген түсінік орныққан. Азиядағы мемлекеттердің ішінде жүріп жатқан ұлттық қақтығыстардың өршіп кетуі осыдан.

Жаһандану арқылы индустриалдық мәдениет талаптары, демократия мен плюрализм принципі Шығыс елдерінің қоғамдық санасына еніп жатыр. Бірақ, жаһандандық капитализм Шығыс елдерін Батыс Еуропа мен АҚШ-қа, әлемдік қаржы институттарына кіріптар етуде. Осындай әлеуметтік-экономикалық, технологиялық дағдарыс жағдайында көптеген Шығыс елдерінде (Түркия мен Ирандағы күрдтер мәселесі, Ирактағы күрдтер мен парсылар және арабтар, Ауғанстандағы өзбектер мен тәжіктер, пуштундар, Пәкістандағы кашмирліктер мен үндістер, Қытайдағы Шыңжаң мәселесі, Ресейдегі шешендер проблемасы т.б.) ұлтшылдықтың агрессиялық формасы осы Шығыстағы «ұлтты» этникалық негізде түсіну әдетінен шығып отыр. Э. Смит «Барлық мемлекеттер өз іштерінде біртұтас мәдениет құруға ұмтылмайды, көп елдер өз ішіндегі саяси тұрақтылықты нығайту үшін аз ұлттардың да мәдениетін дамытуға құқық береді»,- деп жазады. Э. Смиттің бұл ойы Шығыс елдеріндегі бір мемлекетте тұрып жатқан әртүрлі ұлттардың бір тілге қантөгіссіз өтіп, біртұтас мәдениет құрып кете алмайтынын түсінгеннен кейін айтқан пікірі болуы керек.

Жаһандануды ұлттың Еуропалық конструктивистік теориясы мен Шығыстағы примордиалистік тұжырымының қақтығысы деп те айтуға болатын сияқты. Өйткені, ұлтты примордиалистік тұрғыда түсіну жалпы Шығыс халықтарына тән. Және ұлттық эстремизм, ұлтаралық қақтығыстардың да ушығып тұрған аймағы — Азия. Себебі, ұлттың примордиалистік тұжырымы бойынша адамның ұлты оның табиғи жаратылысымен анықталады. Этностар тарихта ежелден шешуші роль ойнап келеді, болашақта да солай болады. Тіпті, кейде примордиалист ғалымдар жануарлардың тұқымдары сияқты ұлттар та адамның түрлі тұқымы деген пікірлер айтады. Мысалға, сиырдың ешқашан жылқылардың арасына сіңбейтіні сияқты этностар да бір-біріне сіңбейді. Мысалға, Уоллерштейн «Этникалық сана-сезім латентті түрде барлық қоғамда болады. Бірақ, тыныш жатқан осы сезім ұлт басына қауіп төнген сын сағатта ғана іске қосылады. Әсіресе, ұлттың саяси құқықтарын кеңейтуге мүмкіндік туып тұрған кезде күшейеді»,- дейді. Егер ұлттық сана-сезім «барлық халықтың бойында латентті түрде жасырынып тұратын болса, оның іске қосылуы үшін алдыңғы заманда болған бір мәдени қуат керек»[28, 261 б.]. Яғни, ұлтты күреске шығару үшін тарихтан қазып ұлттық батырлардың бейнесін, немесе ерлік символдары мен халықтық ұрандарды алып шығу керек. Дәл осы механизммен ғасырлар бойы ұлттық қақтығыстар тұтанып, ұлт-азаттық күрестер жүріп келеді. Олай болса, ұлттың примордиалистік концепциясы бойынша ұлттық сана-сезім -ешқашан жойылып кетпейтін, адамдардың санасын билейтін құбылыс [29, 10 б.].

Примордиалистік теорияны дәлелдеу үшін неміс ойшылы И.Г. Гердердің айтқаны біршама ақылға қонымды. Бір қызығы примордиалистік тұжырымдарды да көбінесе Батыс Еуропа ғалымдары жазған. Көбі неміс ойшылдары (фашизмнің ықпалы болуы мүмкін). Дегенмен, бұлардың ұлтшылдығы Германияның қазіргі қоғамына сәйкес келмегенмен Шығыс елдерінің дүниетанымына сай келеді. И. Гердер «Ұлттың өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан, кез-келген ұлт жасанды (мысалға, түрлі субмәдениет стильдері) ережелерге бағынса, тілі мен діні жат халықтың тарихи тәжірибесін қайталауға ұмтылса ондай ұлт ыдырап, жойылып кетеді»,- дейді. «Табиғат адамдарды отбасы арқылы тәрбиелейді. Сол табиғи отбасының ең үлкені мемлекет. Қоғамға соғыс қаупін төндіретін ең қатерлі нәрсе бір шатырдың астында алуан түрлі нәсілдердің араласып тұруы»,- дейді. Шынында да ұлттық дүниетанымының негізінде дін жатқан Шығыс халықтары бір мемлекет ішінде өзара бәсекеге түсіп қалса, ол ұзақ теке-тіреске айналса, онда сол ұлттардың бітісе қоюы қиын. Өйткені, Шығыстағы әр ұлттың бойына әр алуан дін сіңген. Қай дінде болмасын «иман» деген мызғымас, құбылмас дүние және күмән келтіруге төзбейтін құбылыс. Сондықтан, секуляризацияға ұшырамаған ұлттар бір мемлекеттің ішінде біртұтас ұлттық мәдениетке өте алмайды. Бір діннің екінші дінге ең дұрыс қарағаны — дүниеде ол діннің, сондай халықтың бар екенін мойындап, бейбіт қатар өмір сүруге келісуі. Діндер арасында бірігуді айтпағанда диалогтың өзі қиын шаруа [30, 11-14 бб.]. Барлық ұлттардың табынатын киелі мәтіндері, әулие-әнбиелері, пайғамбарлары бар. Бұл мәтіндерде көбінесе Құдайдың бар екені, дүниеқоңыздықтың, нәпсі мен сайтанның азғырғанына ерудің ауыр күнә екені баса айтылады [31, 38 б.]. Бір ұлттың әдет-ғұрпы, киімі мен тағамы екінші халық үшін күнә, Құдайға емес басқа нәрсеге табыну, сайтанның сайқымазағы болып көрінуі мүмкін. Сондықтан, Еуропаның индустриалды, либералдық, зайырлы мәдениеті мен сексуалды революциясы Шығыс халықтарының бойында ксенофобия мен діни сезік, күнәліден аулақ жүруге тырысушылық сезімдерін тудырады. И. Гердердің айтып отырған «Кез-келген ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан, бір ұлттың жасанды (индустриалды мәдениеттің этикасы, түрлі субмәдениет стильдері) ережелерге бағынуы, жат халықтың тарихи тәжірибесін қайталауға ұмтылуы оны іштен ірітіп, ыдыратып жіберуі мүмкін» деген пікірі шындығында да нақты өмірде жоғарыдағы себептермен болуы мүмкін. Яғни, Шығыс халықтары өзінің ұлттық дүниетанымына араласа бастаған Батыстағы тұтынушы индустриалды қоғамның мәдениеті мен сексуалды революциясының ықпалын өз еліне кіргізбеуге, аластауға тырысады. Осындай жағдайда бабасының сенім-нанымын, ғұрыптарын айырбастаған адам «мунафиқ», «сатқын» немесе «мәңгүрт» аталады. Шығыс этностарының сана-сезіміне ұлттың азаматтық концепциясының сәйкес келмейтіні осыдан.

Шығыс халықтары ұлтты примордиалистік тұрғыда түсінетін менталитеттерінен бас тартпаса да, конструктивистік тұжырымдаманың пайдалы жақтарының бар екенін мойындаулары қажет. Өйтпеген жағдайда, әсіре ұлтшылдық пен фундаменталистік догмаларға ұрынған халық міндетті түрде жаһанданудың ұлттық егемендікті әлсіретуіне қарсылық көрсетіп, жабық жүйеге, ұлттық диктатураға ұмтылуы мүмкін. Сондықтан, Шығыс мемлекеттерінің азаматтары өзінің ішкі ұлттық-діни мәдени мазмұнын өзгертпесе де «бостандық», «теңдік», «махаббат», «бейбітшілік» сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды бойларына сіңіруге тиіс. Ұлттың конструктивистік тұжырымдамасына негізделген менталитетті бойына сіңіру  менталиеті «примордиалистік» халықтар үшін қиын шаруа. Әсіресе, ислам елдерінің азаматтарына діни ксенофобиядан құтылу кәдік дүние. Діни фанатизмге ұшырамаған қазақ халқына да өзіндік «примордиалистік» менталитетінен арылу оңайға тимейді. Өйткені, қазақтардың ұлттық дүниетанымында примордиалистік тұжырымға сай келетін сенім-нанымдар, әдет-ғұрыптар мол. Топырақтан жұғатын мінезден, батырлық дәстүрден бастап, ата-баба сүйегі мен ана сүті арқылы даритын тектілік, рулық шежіренің әсері, қаншылдық, туысқандық ұғымы қазақ менталитетінің мызғымас салттары іспетті. Оның үстіне қазақ халқының тарихы кісінің көңілін босататын тауқыметке толы. Мұның қазақы нативизмді күшейтпесе, әлсіретпейтіні белгілі. 

Қазір әлемдік экономиканың талаптарына өз экономикасын сәйкестендіру үшін Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттері, кейбір ислам елдері саяси жағынан өзара жақындасып, өзара тиімді келісімдерге отырып жатыр. Өзара тиімді деген есеппен бір келісімге біріккен мемлекеттер мойындарына экономикалық, саяси міндеткерліктер алып отыр. Және жаһандану дәуіріндегі мемлекетаралық қатынастар халықаралық терроризм, есірткі саудасы, босқындар проблемасы, жасырын қару сату т.б. мәселелермен шиеленісе түсті. Бұл қауіптермен күресуде де мемлекеттер бір-біріне тәуелді. Осы жағдайда мемлекеттердің өзара деген сенім талаптары, бірігіп қимылдауға деген мұқтаждықтары артты. Өзара сенім шараларын өңдеп шығаруға, ендігі заман өзара қарым-қатынаста осы сенім шараларына сүйенуге ынталы мемлекеттер күн санап көбейіп келеді. Осы қажеттілікті аңдап, Азия мемлекеттері арасындағы сенім шараларын нығайту бастамасын Қазақстан (СВМДА) көтеріп отыр. Бұған еңбек бөлінісінен туатын еларалық экономикалық кооперация талаптары мен тауарларын өткізу үшін ортақ рыноктік кеңістіктерге бірігуді қосамыз. Осының барлығы жиылғанда мемлекеттік биліктің ядросы – ұлттық егемендік толық жойылып кетпесе де, біршама дәрежеде әлсірейді. Ұлттық биік рухтың орнына ғаламдық экономикалық институттардың көңілін аулау, соларға жағыну дәуірі келе жатыр. Ал, егемендік ұғымы мемлекет билігін белгілі бір территориядағы бөлінбес, мызғымас билік деп қарастырады. Жаһандану жағдайында ұлттың егемендігі мемлекеттің кейбір міндеттерін дұрыс атқара алмағандығынан; мысалға қауіпсіздікті дербес қамтамасыз ете алмағандықтан, өндірісті дамытуда, сауда-саттықта жеке дара саясат ұстана алмағандықтан халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдардың арасында бөліске түседі. Яғни, кейбір мәселелерде (қорғаныс, қауіпсіздік саласында, халықты жарықпен, газбен қамтамасыз ету т.б.) ұлттық биліктің өкілеттігі Үкіметтің құзырынан алынып, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық келісімдерге тапсырылады. Мемлекеттің кейбір реттеуші қызметтерін әлемдік рынок, тарнсұлттық корпорациялар атқара бастайды. Сондықтан, ендігі жаһандану заманында мемлекеттік егемендік деген ұғымның мағынасы біршама өзгереді. Яғни, егемендік болған күннің өзінде ол шектеулі, әр түрлі халықаралық ұйымдар арасында мемлекет билігі бөлінгендіктен жартыкеш немесе формальді егемендік болады. Бұл жағдайға әрине ұлтты конструктивистік тұжырым тұрғысында түсінетін халықтар дайын да, ал примордиалистік менталитеттегі ұлттар әзірге дайын емес. Бейбітшілік философиясы мен ымырашылдық мәдениетін игермеген ұлттардың жаһандық капитализмнің ықпалында отырып ішкі тұрақтылығын сақтауы қиын мәселеге айналмақ.

Шығыс елдерінің көпшілігінің экологиялық һәм экономикалық сауатсыздығы, өз ішінде тұрақтылықты сақтауға қабілетсіздігі, әсіре ұлтшылдықпен аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіруі адамзат тағдырына алаңдап отырған ірі елдерді ақыл-кеңес айтуға, тіпті болмаса дамушы елдердің ішкі ісіне араласуға, сауда-саттық арқылы, саяси-экономикалық тетіктер арқылы ықпал етуге мәжбүрлейді. Экологиялық сауаттылықты көтеріп, діни фанатимзнен арылу, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дамушы елдердің халқының менталитеті, дүниетанымы, рухани ахуалы өзгеруі керек. Дамушы елдердегі демократияның орнауын Батыс Еуропа мен АҚШ-тың қадағалауы үш түрлі мемлекет моделін туғызды. Бірінші, нақты-саяси модельдегі мемлекет. Бұлар Шығыстың теократиялық елдері. Бірақ, бұлардың жабық мемлекеттілікті сақтап қалу мүмкіндігі жаһандану процесі тереңдеген азая түсетін сияқты. Ерекшеліктері: егемендікті негізгі фактор деп түсінеді. Адам құқы бұл елдерде мемлекеттік сот жүйесінің шаруасы. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар кеңес берушінің қызметін ғана атқара алады. Екінші, мемлекеттің интернационалдық модельі. Мұнда адам құқын қорғауда мемлекет басты роль атқарады. Дегенмен, мемлекет басшылыққа адам құқының халықаралық стандарттарын алады. Мысалға, БҰҰ адам құқын қорғау комиссиясының Қытайға қарағанда Канадаға ықпалы көп. Үшінші модель — космополиттік мемлекет. Космополиттік модельді жақтайтындар барлық мемлекеттерде БҰҰ-ның адам құқын қорғайтын институттары орналасуы қажет деп санайды. Қазір, саяси режимі демократиялық принциптерге сәйкес келмейтін елдерге дүниежүзілік қауымдастық тарапынан, болмаса АҚШ пен Еуропа комиссиясы тарапынан ескертулар айтылып, саяси қысым жасалады. Тіпті экономикалық блокада тәсіліне дейін қолданылады. Бір жағынан бұған теократиялық ислам елдеріндегі халық менталитеті де кінәлі. Бәлкім бұл елдердің азаматтары өздерінің құқықтары бұзылып жатыр деп ойламайтын да шығар. Бәлкім, діни фундаментализм ықпалына түскен көпшілікке керегінің өзі сол теократиялық жүйе болуы ықтимал. Яғни, бұл жерде экономикалық немесе жалпы адамзаттық мүдделермен қатар өркениеттердің мәдени қайшылығы да бар. Сондықтан, жаһандану процесі капиталистік индустриалды қоғамның, Еуропа өркениетінің, қала берді ұлттың азаматтық тұжырымының жер бетіне таралуының көрінісі сияқты. Қазір, Шығыс елдеріне трансұлттық корпорациялардың, әлемдік қаржы рыногінің, түрлі саяси комиссиялардың қысымының, халықтың рухани-интеллектуалды потенциялының әлсіреуінің кесірінен Батыстың оларға қойған талаптарының бірқатары орындалмай келеді. Дамушы елдердің түгелге жуығы қазір өздерінің халқын баспанамен, азық-түлікпен, кәсіби біліммен қамтамасыз ете алмайды, жұрттың денсаулығын жақсартуға мүмкіндіктері аз. Кенже қалған елдердің барлығының да қарыздарын қайтарып, бюджет тапшылығын жоюға жағдайлары жоқ. Дамушы елдердің түгелге жуығы өз экономикасының инфрақұрылымын жаңартуға шамасы келмейді. Көптеген Азия, Африка, Күнгей Америка елдері өз іштеріндегі билікке күш, қару қолдану арқылы ықпал етуге тырысатын топтарды ауыздықтауға құзырлары жетпей жатыр. Қазір әлемдегі барлық мемлекеттер ақшаның, жұмыс күшінің, материалды және рухани құндылықтардың ел аралық қозғалысын қадағалай алмайды. Осындай әлеуметтік қиыншылықтардан бұл елдер әлемдік нарықтың кез-келген түкпірін қадағалап отырған Батыс өркениетінің ықпалымен, өзара тиімді жағдайда ынтымақтаса отырып қана шыға алады. Егер дамушы елдер Батыс корпорацияларына және мамандарына есікті айқара ашпаса әлемдік нарық постиндустриалды мемлекеттерге ғана қызмет етуі мүмкін.

Дегенмен, Батыс елдерінің өздері де алдыңғы бөлімде айтып өткендей проблемасыз емес. Олардың ең басты қиыншылығы — қол еңбегін білім мен капиталдың алмастыруы. Еңбек рыногінен босап қалған адамдар өздерінің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмау қатері бар. Еуропа Одағы елдері соңғы 20 жылда 50-70 пайызға байыды. Экономиканың өсу қарқыны халық санының өсімін он орайтын жағдайда болды. Бірақ, сонда да Еуропа Одағы елдерінде бүгінде 20 миллион жұмыссыздар, 15 миллион кедей адамдар, 5 миллион үйсіз-күйсіз кезбелер бар. АҚШ-та соңғы жылдары жиылған байлық бүкіл халықтың 10-ақ пайызының арасында бөлінген. Бұл 10 пайыз адамдар байлықтың 96 пайызын жамбасқа басқан да, қалған ел 4 пайызын місе тұтқан. Еуропада да жағдай осындай. Мысалға, Германияда 1979 жылдан бері кәсіпорындардың түсімі 90 пайызға өскен, бірақ жалақы 6 пайызға ғана көбейді. Осыған қарамастан адамдардың жеке пайдасынан, яғни айлығынан алынатын салық екі есеге өсті, ірі корпорациялардың төлейтін салықтары керісінше азайды. Және ірі концерндер дамушы елдерге көшіп жатыр. Олар ол жақта да салықты төмен мөлшерде төлейді. Нәтижесінде дамыған елдерде де, дамушы елдерде де шағын және орта бизнес пен табысы әлі көбеймей келе жатқан жеке адамдар трансұлттық корпорациялардың мүддесіне ыңғайланып құрылған тиімсіз салық жүйесінің салмағына жаншылып, болашақта да ауыр салықты төлеп отыра бермек. Ал, жаңағы әлемдік рынок барлық жағдайын жасап берген ірі концерндер байлыққа кенеле бермек. Құдды бір тарихтың әжуа-тәлкегіне ұқсайтын мынадай жүйе қалыптасып келеді: жаһандану процесінде ұтылатын қарапайым халық сол мемлекеттің барлық әлеуметтік қызметіне керекті қаражатты мол салық төлеу арқылы беріп отыр. Ал, жаһанданудың тетіктерін пайдаланып байып жатқан ірі корпорациялар демократияның, яғни халыққа қызмет көрсететін мемлекеттің қоржынына қаражат салмайтын болды. Өте бай концерннің менеджерлері, мысалға, салықты аз салатын Үндістанға офистерін көшіріп, бірақ баласын халық берген салық арқылы жұмыс істейтін Еуропа университеттерінде оқытады. Бұл бала күтімі мен дамуына қыруар қаражат кететін қымбат театрларға барады, таза көшелер мен саябақтарда жүреді, жақсы жабдықталған аудиторияларда білім алады. Ал, сол саябақтар мен театрды мемлекетке салық төлеу арқылы қаржыландырып отырғандар — табысы көбеймейтін, тіпті қол еңбегін капитал мен технология алмастырған соң жұмыссыз қалып, кедейленіп бара жатқан қарапайым халық, қатардағы азаматтар. Шығыс елдерінде де осы жағдай орнап келеді. Онсыз да дамымай жатқан отандық өндіріс салықтың астында жаншылып отыр да, өзінің мүддесін ғана ойлайтын трансұлттық қаржы ұйымдары мен шетелдік ірі корпорациялар аз мөлшерде салық төлеп отыр. Осының кесірінен мемлекеттер өздерінің әлеуметтік қызметтерін толық атқара алмайтын, халықтың әжептәуір бөлігі, 20-30 пайызы еңбексіз, жұмыссыз қалатын заманға жақындап келеміз.

Дамушы елдерде халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлап, рухани-интеллектуалдық тұрғыда құлдырауы мәдени-этникалық жікшілдікке ұласып, қарулы қақтығыстарға шиеленісуде. Осы жағдайда кенже қалған елдердің алдында жаһанданудың саяси-экономикалық талаптарына (демократия, ашық қоғам принциптерін қабылдау) бейімделумен қатар, оның антиәлеуметтік мәдени ықпалымен күресу, бейбітшілік құндылықтарын анықтау, сол символдар мен құндылықтарды жұрт санасына сіңіру, яғни өз халықтарының мәдени бірлігін нығайту міндеті тұр. Ендігі заманда бұл мемлекеттердің толыққанды егеменді елге айналуы олардың осы міндеттерді шешуіне байланысты болып тұр. Егер дамушы мемлекеттер аталған міндеттерді дұрыс атқара алмаса, саяси еркі, экономикалық дербестігі жоқ, егемендігі күмәнді құрылымдарға айналады. Және бұл процесстің тамыры тереңге кететін түрі бар. Біз дамушы елдердің өзінің саяси тұрақтылығы мен егемендігін сақтау үшін жаһанданудың талаптарына бейімделе отырып, қандай қимылдарға баруы керектігі жөніндегі стратегиялық сұрақтарға жауап іздемейміз. Біз тақырыпқа қатысты — Қазақстанның көп ұлтты халқының мәдени тұтастығын жаһандану жағдайында сақтау, ұлтаралық өркениеттік қайшылықтар мен қақтығыстарға жол бермеудің амалдарын қарастырамыз. Сол амалдарды анықтау барысында біз осыған дейін анықталған жаһандану үдерісінің заңдылықтары мен ұлт ұғымының конструктивистік жене примордиалистік концепцияларына сүйенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ФОРМАЛАРЫН МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

 

 2.1 Қазіргі қазақ мәдениетіндегі жаһандану үдерістерінің кейбір бағыттары

 

Қазіргі уақыт кезеңін жаһандану кезеңі деп  атайды. Жаһандану процесі туралы бірқатар бір-біріне қарама-қайшы келетін ой-пікірлер бар. Мысалы, жаһандану  процесі Батыстық немесе Американдық сипатқа ие 20 ғасырдың 50-60-шы жылдары басталған процесс деп бірқатар американдық, еуропалық, ресейлік және қазақстандық ғалымдар ой-пікірлер айтады. Яғни олар былай түсіндіреді: «жаһандану процесін тудырған саяси, экономикалық және мәдени күш – бұл Америка Құрама Штаттары және Батыс Еуропа». АҚШ және Батыс Еуропа саясаты бойынша бүкіл Әлемге өз билігін жүргізу үшін өз елдерінің саяси институт жүйелерінінің жетістіктерін, экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығын және мәдениет салаларының (ән-би, кино туындылары, т.б.) ерекшеліктерін дүние жүзіне тарата бастады және дәріптеді. Кино туындылары, деректі фильмдер, тамаша ән-би туындылары, яғни бұқаралық мәдениет туындылары арқылы Екі Дүниежүзілік соғысты бастарынан кешірген немесе сезінген халық, мемлекеттер, топтар, қоғам және қарапайым адам баласы сол жеңіл де көңілді, мәнді де сәнді өмір сүру әдет-ғұрпын бойына, ойына сіңіріп, сол бағыт бойынша өмір сүре бастауға талпынды. Нәтижесінде, мәдени, саяси, экономикалық-әлеуметтік маргинал болып шықты деуге болады. Яғни, «не анда жоқ, не мұнда жоқ», сөйтіп өмірдің тығырығына келді немесе келеді. Бұның өзі мемлекет, ұлт, этнос, қоғам және адам баласының қайталанбас және өзгелерге ұқсамайтын ерекшеліктерді жоғалтуға апаратыны сөзсіз. Бірдей болу немесе қайталанушылық рухани және материалды дамудың негізі бола алмайды және бұл өмірдің қатаң да әділетті сұрыптау процесі – диалектикалық заңға қарама-қаршы процесс.

Буддизмнің негізін салушы Сидхартта Гаутама негізгі қағидасы бойынша – өмір дегеніміз қайғы-қасірет, оның себептері және одан құтылу жолдары мен мүмкіндіктері бар. Сонда бұл тығырыққа келудің өзіндік бір себептері және одан шығу жолдар болғаны ма? Даналар мынадай өмірлік мән-маңызға ие ой айтады: «Өмір адам баласын белгілі бір қиыншылықтарға кезіктіріп, сынайды». Сонымен, тығырық  өмір сынағы болып шықты.

Неліктен шығыстық, тіпті африкандық адамзат батыстық нышанды мәдениетке шөл болды, оны сусындады және нәтижесінде өзгеріске ұшырап отыр? Қандай қасиетімен батыстық өркениет өзгелерді қызықтырды? Бұл көптеген ғалымдардың және қоғам қайраткерлерін толғандырған мәселелер болып табылады. Батыстық менталитетке, психологияға сай қасиет — өмірде тек жақсылыққа ие болуың керек, яғни адам баласы өзіне өмірдің бар қызығын көрсетуі керек және өзін өзгелерден бұрын бірінші орынға қоюы керек деген принциптің басымдылығы. «Карма», «сансара», «сяо» (осыған ұқсас принциптер бойынша шығыс және африкандық халықтар өмір сүрді және өмір сүріп келеді) принциптерімен өмір сүріп отырған батыстық емес мемлекеттер, халық, ұлт, этнос ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан «өмірлік маңызды» қағидалар олардың жеке «Менінің» мүдделері ескермегенін және олардың рухани да материалды  қажеттіліктерін қанағаттандырмағанын көрсетті деп айтуға болады. Нәтижесінде өзінің «туған» мәдениеті бермеген не көрсетпеген жақсыны «өзге» мәдениет көрсетті және бағыттап отыр. Бұл жерде эгоистік сезім үстемдік ете бастайды. Адам баласы өзінің өмірден еш жақсылықты көрмегенін, сезбегенін түсінеді. (Шын мәнсінде, мұндай жағдай – қалыпты жағдай). Өз мәдениетінен бас тартып өзге мәдениет салты, саяси жүйесі және экономика құрылымы бойынша өмір сүре бастайды.  Сөйтіп маргинал болып шығады. Ал маргинлдылықтың берер позитивтілігі бар ма? Маргиналдылық (ағыл. marginal – шеткі, аралықтағы, категориялар аралығында орналасқан) бұл – уақыт талабы және заңдылығы. Жаһандану – бұл Әлемдік деңгейдегі «ашық қоғам», яғни әр мемлекет, ұлт, этнос, қоғам бір-бірімен еш кедергісіз ашық кеңістікте экономика, саясат, әлеуметтік және мәдениет салалары тұрғысында сұхбаттасады және бір-біріне әсер етеді. Әр нәрсенің жақсы және жаман жақтары болады демекші, бұл ашық қоғамның өзіндік жағымды-позитивті және жағымсыз-негативті жақтары бар.  

Сыртқы бейне алдамшы демекші … Әскери қарулы күштің Әлемдік деңгейде үстемділігі өмір сүру еркіндігі бірақ, бақытқа қарай мұндай жағдай көп уақытқа созылмайды, «ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» демекші, әр ұлт, этнос азаматы өз мәдениетінің түп тамырына қайта келеді.

С.Хантингтон өзінің аты шулы «Өркениеттер қақтығысы» (2003) деген  еңбегінде мынадай ой-пікір айтқандай болатын, яғни, «жалпы, ұлт болған жерде ұлттық идея болады.» Менің өзімнің пікірімше (бұл кітаптың да мазмұнында бар), ұлт болу үшін үш үлкен ұлттың тірегі бар. Бірінші — ұлттың жері, екінші — ұлттың тілі, үшінші — ұлттың мәдениеті. Бұл мәдениетке мен дінді де қосамын. Дін сенім емес, дін — мәдениет. Сондықтан осы үш тірек мықты болса, ұлт жұтылып кетпейді. Ұлттық идеяны осы үш маңызды қырынан қарап, осы мәдени, рухани жағынан ұлтқа күш беретін факторлар осылар.

Мой национальный идеал — это идеал, когда нация занимает соответствующее место в своем государстве. Я считаю, что (в духовном смысле это не мой термин, это термин социологов, политологов Европы) казахи находятся во внутреннем колониализме, то есть когда нация освобождается от внешней команды, допустим, от Москвы, но внутренне в языковом, культурном, информационном пространстве он остается во внутреннем колониализме. Это не мой термин, он был придуман в 60-ые годы, после того, как Африка и Азия получили независимость.

Процесс деколонизации сложен. Поэтому освободиться от внутреннего деколониализма и быть самим собой, в то же время не мешать жить другим, это идеал. Я не националист, я национализатор своей нации.

Президенттің пікірінше, «еуразия» бұл — ХХI ғасырдың идеясы. Ал, жаһандану заманында еуразиялық ықпалдасудың болашағы зор. Бұл идеяны сынаушылар да барлығын еске салған Елбасы, үш нәрсе — Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Еуразия болашағын қамтамасыз ететін құрамдас ұйымдар екенін айтты. «Мен болашақта осы ұйымдар бірлесіп, үлкен еуразиялық идея мен еуразиялық құрлықтың тұтастығы жеңіп шығады деп ойлаймын. Бұл идеяға рухани және ғылыми база қажет. Бұл ғылыми база — Еуразия ұлттық университеті болуы керек. Ал, елордамыз Астана — Еуразияның жүрегі бола алады», деді Елбасы. Елбасының пікірінше, жаһандану ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне аса жоғары талаптар қойып отыр. Сондықтан бүгінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігі ғаламдық экономика мен саясаттағы ықпалды тұжырымдардың бірі болып саналады. Ал, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болу үшін ғылым мен білімді, жаңа технологияларды дамыту қажет. Соған орай, алдағы 10 жылда мемлекетімізді бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосу үшін біз ғылым мен білімнің технологияның ғаламдық дамуын мүлт жібермей қадағалап отыруымыз керек.

Кез келген ұлттың тек мәдениеттің арқасында ғана ұлт болып қала алатыны баршаға белгілі. Әсіресе, жаһандану дәуірінде.

Американ мәдениеттанушысы Л.Фоллерстің: “Ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің ең елеулі мәселелері көбіне көп экономикаға, саясатқа және қорғанысқа қатысты емес, материалданбаған, көзге көрінбейтін символдарға қатысты болып келеді”

Жаһанданудың экономикалық мағынасы:

Экономика саласындағы жаһандану – бұл халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың жаңа түрі. Экономикалық жаһандану процесі тауар, капитал, коммерциялық қызметтердің және сонымен қатар, өндіріс процестерінің  тұтас жаһанды нарықтың қалыптасуымен және өз еліндегі мен Әлемнің түкпір-түкпіріндегі өндірістерді басқаратын трансұлтты корпорациялардың пайда болуымен байланысты.

Халықаралық саяси-экономияның өкілдері Гилпен Р. және Стренч С. жаһанды нарық экономика дамуының механизмдері мен салдарына, экономикалық және саяси өзгерістердің өзара тәуелділік мәселелеріне және жаһандану процесіне мемлекеттердің саяси жолмен жүруіне көңіл бөлген  болатын. Олардың пікірі бойынша, жаһандану процесінде ішкі және сыртқы шекараларға бөлудің еш мәні жоқ [32, 7-18 бб.]. Мемлекет құрамына кіретін барлық саяси күштер халықаралық дәрежедегі акторлар бола алады. Сонымен қатар, жаһандану экономика саласында жағдайларда көрінеді:

Шаруашылық өмірдің, шаруашылықпен айналасатын субъектілердің әрекеттерін трансұлттандыру;

Экономикасы жақсы дамыған мемлекеттер мен дамушы мемлекеттер арасындағы өте үлкен алшақтықтың болуы;

Өндіріс пен тұтынушылықты стандарттау;

Еркін  нарық қызметтіне негізделген қоғамның экономика ұйымдарында үстемдік етуі;

Постиндустриалды сипаттағы қоғамның даму деңгейін көрсететін ақпарат дәуірінің болуы.

Жаһанданудың саяси мағынасы:

Қазіргі уақытта қазіргі Әлемде саяси жаһанданудың негізігі белгілері демократия идеясының кең таралуы және ХХІ ғасырдың идеологиялық бағыттардың әмбебапты жүйесі ретінде адам баласының құқығын бекітілуі болып табылады. Жалпы қабылдаған «ойын ережелерінің» болуы;

Әлемдік жаңа тәртіптердің және барлығына міндетті болатын саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі орталықтардың қалыптасуы;

       Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа концепцияларының дамуы, қорғау саясатының дамуы және олардың критерийлерін анықтау;

«Саясаттың экономикаландырылуы»;

Ішкі және сыртқы саясат арасында белгілі бір шекараның болмауы, бірақ кейде біріншісі екіншісіне бағынышты болады;

Саяси реализмнің категориялары ретіндегі ұлттық және мемлекеттік егемендік, ұлттық мүдде ұғымдарының жаңа мазмұнын нақтылау және қалыптастыру;

Әлем мен халықаралық процестердің басқарылуы туралы мәселелер мәнділігінің өсуі;

Саясатқа бұқараның қатысуы және халықтың тікелей басқаруы;

Мемлекетке деген прагматистік (рационалды) қарым-қатынас;

Мемлекеттік егемендіктің – халықаралық-құқықтық жүйе негіздерінің табиғатының өзгеруі.

Жаһандану процесі мен идеялары адамзатқа жаңалық емес. Антика полистерінің, тіпті, Ұлы Географиялық Ашылыстар нәтижесіндегі отарлау процестердің өзі локальды жаһандану процесі болып табылады.

Әр түрлі мәдениеттердің бір-бірімен қарама-қарсы келмей, керісінше, бір-біріне жақындасу түсуі — Әлемдік үйлесімділік күйінің тұрақтылануына зор ықпал етеді. Әлемдегі әр түрлі әмбебапты және қайталанбас мәнге ие мәдениеттердің болуы, бір-бірімен араласуы – осылардың бәрі тектен тек дүние емес. Белгілі бір халық немесе ұлт мәдениетін микроәлем-адам баласы ретінде алып қарасақ, адамдар бір-бірімен араласа отырып жетіле түседі, руханилық және материалдық байлыққа ие болады (бұл әрине адамның жеке өзіне, оның сана-сезіміне байланысты [33, 15 б.].

Жаһандану заманында әрбір жеке этностың мәдени өзіндік болмысын сақтап қалу, оны одан әрі даму өзекті мәселе боып табылады.

Идентификация (лат. Identificare теңдестіру немесе сәйкестендіру)  ұқсастық белгілеріне сүйене отырып, әр түрлі нысандарды сәйкестендіруді анықтайды. «Жаһандану процесінің кең ауқымды кеңістікті алудың негізгі 5 типтері бар:

Көшпелі халықтардың (арийлықтар, арабтар, моңғолдар, германдықтар және түрік тайпалары) әрекетімен байлынысты;

Аграрлық империяларға (мысырлықтар, үндістер, қытайлықтар, парсылар, гректер, римдіктер және сматрлықтар) байланысты

Сауда-саттылым керуен жолдарына байланысты (Ұлы Жібек жолы)

Индустрия империяларға байланысты (Ресей елі, Жапон елі, Еуропа елдері және Америка елдері)

Қазақ мәдениеті, Еуропа мен Азияның арасында орналасқан Еуразия қалыптасқан мистикалық дүние мен шынайы дүниені шебер тоғыстырған  құрылымы дәйекті жүйе болып табылады.

«Адамзаттың алғашқы миграциялық процестің басталу кезеңі осыдан 160 мың жылдай бұрын басталған еді». Оксфорд университетінің профессоры, антрополог Стефен Оппенхаймер археологиялық-антропологиялық экспедиция нәтижесінде табылған адам баласының сүйектеріндегі ДНК және хромосомада сақталынған ақпараттарды зерттей отырып, осындай тұжырымға келген болатын. Homo Sapiens-тың алғашқы мекендеген территория – бұл шығыс Африка жері, ал қазіргі қазақ жеріне көшіп-қоныстаған уақыты шамамен 40,000-45,000 жыл бұрын..

Жаһандану процесі әртүрлі аспектілер мен салаларды  бұл экономиканың жаһандануы (Батыс мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық модельдердің әлемнің басқа кең етек алуда), саяси жаһандану (қоғамға және мемлекетке қарағанда жеке тұлғаның еріктілігін, таңдау құқығын және с.с. жоғары қоятын батыстық типтегі демократия принциптерінің басым болуы), сонымен қатар, мәдени жаһандануды қамтиды. Мәдени жаһандану – барлық Әлем мәдениеттеріне тән, жеке тұлғалар арасындағы, топтар арасындағы және индивид пен топтар арасындағы сұхбатты (коммуникация) қамтамасыз ететін қалыптар мен жүйелердің қалыптасуы. Соңғы аспект – мәдениет жаһандануы қалған басқа аспектілердің негізі болып табылады, өйткені осы аспектіге байланысты экономика саласындағы нарықтық механизмдердің қалыптасуы және заңдарға негізделетін саяси режимдердің пайда болуы мүмкің болып отыр.

Дәстүр – бұл ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын және ұзақ уақыт мерзімде белгілі бір қоғамдарда және әлеуметтік топтарда сақталынатын әлеуметтік және мәдени мұраның элементтері.  «Tradition» сөзін ағылшын аударғанда бірнеше мағыналарды береді – дәстүр, ескі салт; аңыз-әңгіме; ауызша ақпарат немесе мәлімет тарату.  Аңыз-әңгімелер – практикалық имитация арқылы немесе фольклор арқылы беріледі. Тасымалдау адекваттылығына бірнеше қайталану арқылы, таңбалық тексттер (мифология, аңыз) және әрекеттер (ритуал) жүйелері арқылы қол жеткізуге болады. Қоғам институттары күрделенуі нәтижесінде дәстүрдің ролі мен маңызы да арта түсті. Қазіргі уақытта дәстүрді әлеуметтік институттар мен нормаларды қайта жаңғырту механизмі ретінде ұғынылады. Дәстүр бірнеше функцияларды атқарады:

Мәдениет жалғастығын қамтамасыз етеді;

 ә)Мәліметтер мен құндылықтарды сақтау және оларды ұрпақтан ұрпаққа беретін көпір ролін атқарады;

 б)Әлеуметтендіру және адамдарды инкультурациялау механизмінің қызметін атқарады;

 в)Сәйкес келетін мінез-құлық пен құндылықтарды таңдап алатын селектив функциясын атқарады.

«Мәдениеттер мен өркениеттердің өзара араласуы және өзара қарым-қатынасы әр уақытта болған жағдай, осының бәрі  соңғы кезде оларды сұхбатқа шақыру қажеттілігі туралы мәселе туды. Сұхбат – бұл екіжақты және тең дәрежелі, тең құқылы процесс. Жаһандық рөлге ие болуға қол жеткізе алатын халықаралық тілдер болып тек еуропалық тілдер мүмкіндік алды және алуда, ал соңғы уақыттарда бұл үдеріс ағылшын тіліне тиесілі.

Жаһандану кеңістігіне тән жағдайлар ─ мәдениеттер қақтығысы, ақпараттық қоғам дамуы, саясат, экономиканың күшеюі, т.б. ─ осылардың бәрі қазақ мәдениетіне қалай әсер етеді?

Жаһандану теориясы және тарихы мәдени үдерістер тек мәдениет саласында ғана емес, сонымен қатар саясат, экономика және қоғам өмірінде де орын алады. Жаһандану бүгiнгi таңда ең көп тараған әрi жиi қолданылатын ұғымға айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, «Үлкен сегiздiк» елдерi мен Еуроодақтың саммитерiнде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда (бұқаралық ақпарат құралдарында) жиi айтыла бастады. Бұл сөз бiреулерде сүйiнiш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу тудыратын болды.

Дегенмен, жаһандану қазiргi таңда тоқтатуға келмейтiн уақыт талабына айналды. Ол дүниежүзiлiк экономиканың дамуына, жетiлген компьютерлiк технологияға, бiрiккен ақпараттық кеңiстiк құруға негiзделген. Сондықтан бұл жерде бөлектенiп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдiсi адам өмiрiнiң барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Бұл салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан бiз жаһанданудың күрделi, көпдеңгейлi, қарама-қайшылықты үрдiс екенiн көремiз.

     Осы жерде жаһанданудың объективтi үрдiсiнен шет қалмай, өз мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiн, ұлттық «Мен»-iн, Қазақстан халықтарының төлтума, бiрегей мәдениетiн, халық даналығының көпғасырлық тәжiрибесi жинақталған дәстүрлi мәдениеттiң баға жетпес байлығын қалайша сақтап қаламыз деген өткiр мәселе қойылады.

     Қазiргi батыстық үлгiдегi жаһандану тек материалдық құндылықтарға ие болуды көздеген, рухани-адамгершiлiк бағыттан айрылған «мәдениеттiң» бекуiне әкеледi. Мұндай жалған, бүркеме мәдениет қоғамға күшке табыну, қатыгездiк, өзге адам құқығын аяққа басу, қандай жолмен болсын басымдыққа ұмтылу сияқты келеңсiз заңдылықтарға жол бередi.

Бұл ұрпақ тәрбиесiн жаңаша жүргiзу мен iзгiлендiру мәселесiн күн талабына қойып отыр. Тек адамгершiлiгi жоғары, рухани жаңарған тұлға ғана жаһанданудың жағымсыз жақтарына қарсы тұра алады.

Ә. Нысанбаев жаһандану заманы туралы былай дейді: «XX ғасырдың 90-шы жылдары әлемдік жаһандану процесінің шарықтаған заманы, яғни барлық мемлекеттер арасындағы өзара тәуелсіздік, бір-бірімен өзара немесе тікелей аралық әсерлестік пен өзара ықпалдастық күшейген дәуір». 

Вестернизация дегеніміз тек бір жалғыз дәстүрлі емес мәдениеттің (батыс мәдениеті) барлық басқа дәстүрлі мәдениеттерге  үстемдік етуі. Жаһандану процесін әлемде болып жатқан интеграциялық процестерді пайдалана отырып вестернизация процесіне айналдыру мақсатты күштерді көруге болады. Кейбір батыс зерттеушілері мен саясаткерлер «жаһандану» терминін либералды демократия және ашық нарықтың синонимі ретінде пайдаланады. Өзіндік қазіргі замандық экономикалық және саяси потенциалы бойынша батыс өркениеті үстемдік етуші позициясын алып отыр. Батыс әлеміне еш қатысы жоқ көптеген елдерге таңдау жасау керек:  Ештеңені де өзгертпеу; Вестернизация жолын таңдау, яғни батыс мәдениетіне ассимиляцияну және әруақытта аутсайдер ролін ойнауға келісім беру; өзінің мәдени ұқсастық шегінен шықпайтын қалып пен механизмдерде модернизацияны бейімдеу және, сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктерді дұрыс та тиімді пайдалану.

Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады. Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде «Мәдениеттер майданы» жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде, болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр. Жаһандану кеңістігіндегі қазақ мәдениеттінің инновациялық үдерістері – қазіргі уақыт талаптарына барлық салаларда өз ерекшелігін жоғалтпай жауап бере білу.

Әр ұлттың тілі мен дінінен басқа өзіне тән этностық ішкі құрылымы түріндегі иммунитеті болады, бұл құрылым мемлекеттік әкімшілік – аумақтық бөліністің ең төменгі сатысын қалыптастырады. Аталмыш бөлініс негізінен отырықшыл сипатты халықтарда кеңістік-материалдық ресурс бойынша, ал көшпелі қоғамда адам ресурсы бойынша жүзеге асады. Көшпелі қазақ (қазіргі қазақ үшін ауыл болғанымен) үшін өзінің жеті аталы руы мемлекеттік құрылымның негізгі мәйегі еді. Тіпті, қазақ руына қосылмайтын қожалық және төлеңгіттік институттардың өзі де белгілі бір дәрежедегі сословиелік мемлекеттік құрылымның рулық көрінісі болатын. Қазақ құрылымының бұл төменгі деңгейінің беріктігі сонда, қазақ уды да, суды да руымен ішетін. Бұл құрылымның бір өзі көшпелі ортада қазіргі жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін өзі басқару (дұрысы — меңгеру) аталатын институттарды айырбастап келген. Кез келген қазақтың қазақтығы оның белгілі бір рулық етенелікке тиістілігімен өлшенетін. Тіпті, қазаққа кірген басқа кірме жұрттардың өзі де өзіне сай «аспан алып», руын жасақтайтын. Алайда, қазақтың рухани иммунитетін жоюға бағытталған кеңестік идеологияның қазақтың сүйегінен өткені сондай, қазір бұл турасындағы әңгіме ұлттық антитақырып деңгейіне жетті, яғни қозғауға болмайтындай самоцензура қалыптасқан. Ал, біз тарихтың мұрағатына айналған рулық бөліністі аңсамасақ та, қайта қалпына келтірмесек те, қазақ үшін жаһандану алапатына этностық деңгейде қарсы тұрарлық қауқарды қанша жасырсақ та, жеті аталық туыстық қарым-қатынастан ұлттық иммунитеттің ұшығын көреміз. Бұл туыстық шетелге шашыраған қазақтардың өмірі арқылы сынақтан өткен бүгінгі ең тиімді этностық құрылым болып отыр.

       Мәдениет – бұл жүйе, оның құрамындағы элементтер – бұл бірнеше ғасырлар бойы сол территорияда мекендеген халықтардың өмір сүру әдет-ғұрыптары мен салттары және дәстүрлері. Ал бұл элементтердің кейбіреулері уақыт заман талаптарының сұранысына сай болмай ұмытылып немесе негізін сақтай отырып, қайта жаңғырады. Сондықтанда әрбір ұлт мәдениеттері өзгеріске ұшырап отырады деп айтылуы заңды құбылыс.

Мәдениет – бұл иерархиялық құрылым, бұл иерархиялық құрылым да заман талаптарына сай өзгереді.

Инновация дегеніміз жоқтан жаңаның пайда болуы емес, инновация – бұл  ескінің өз негізін сақтай отырып сұранысқа жауап түрінде қайта жаңғыруы. Мәдениет адамзат әрекетінің нәтижесі болып табылғандықтан, адамдар жиынтығысыз тіршілік ете алмайды. Бұл жиынтық, тұтастық мәдениет субъектісі және оның жаратушысы, сонымен қатар мәдениет тасымалдаушысы болып табылады [34, 49-50 бб.].

Әрбір ұлт өз мәдениетін қалыптастырып, оны сақтауының басты мақсаты – халықаралық аренада өз құқығын жүзеге асыру. Ұлт мәдени шынайлық ретінде өзін әртүрлі сфераларда – дәстүр, ерік-жігерінің бағыттылығы, құндылық бағыттылығы, тіл, жазба үлгілері, поэзия, дін және т.б. көрсетеді. Бұл әр ұлттың ең басты міндеті және сол үшін қызмет етуі қажет, яғни, өзін ерте заманнан атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра, мирас болып келе жатқан сүйеккке сіңген  ұлттылықты жоғалтып алмау және қадірін аяқ астына тастамау. Сонымен қатар, ұлт өз өмір сүру ареалында мемлекетті құрып, оның егемендігін сақтауы қажет.

Өзіндік ерекшелікті сақтаужәне оны нық етіп бекіту ұлттың ішкі күштерінің белсенділігіне және ұлттық ішкі энергияларды сыртқа шығаруға да байланысты. Тұтастықтың, жиынтықтың мәдениеті жеке тұлғалар мәдениетінен құралған нәтиже болып табылмайды және ол жеке тұлғалық қасиеттен жоғары; ол адамдар тұтастығының құндылықтар жиынтығы, шығармашылық нәтижелер және мінез-құлық стандарты болып табылады. Мәдениет – бір адам баласын адамдар тұтастығының бір мүшесі ретінде қалыптастыратын жалғыз күш.

 

2.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет

 

Еліміздегі батыстандыру үдерістері көбінесе «бұқаралық мәдениетің (масскульт) деген феноменнің тоқтаусыз жайылуы арқылы жүзеге асып жатыр. Қазіргі зерттеушілердің  еңбектерінде  бұқаралық мәдениет пайда болуының  түрлі уақыты көрсетіледі. Ол тіпті ежелгі  өркениеттерде өмір сүрді деп кейбіреулер пайымдайды. Біз, кім бұқаралық мәдениет оған тән  урбандану және жалпылама  білім беру қасиеттерімен сипатталатын, қазіргі өркениеттің жемісі  деп есептейтіндермен келісеміз. ХХ ғасырдың басына дейін  бірінен-бірі  анық ажыратылған  элитарлық және халықтық мәдениеттер өмір сүрген. Біріншісі, таланттарға сай білім мен тәрбие алуға мүмкіндіктері бар, қалалықтардың арасында кең таралды. Екіншісі сауатсыз, бірақ дәстүрлерді сақтап келген, адамдармен   қалыптастырылады.

Батыстық бұқаралық мәдениет тарихын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейінгі мерзімді қамтиды. Оның басты белгілері: рухани өндірістің тауарлық сипатының алға шығуы, көңіл көтеру индустриясының бұқаралық мәнге ие болуы, сөздің дәл мағынасындағы бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы,  модернистік өнер түрлері т.т. Екінші кезең негізінен өркениеттің ақпараттық толқынымен және постмодерндік ұстынның тіршіліктің барлық салаларын қамтуымен  байланысты

Шаруалар мен ұсақ буржуазияның  үлкен тобын қалаларға  көшірген, урбанизация процесі, бұрын халықтық мәдениетке қарсы болып келген, табиғаттан ажыратылған адамдар, ол тек қана қарапайым  оқу мен жазудың дағдыларын ғана емес, бірақ  біршама  зор білімділікті, уақытты және  материалдық    мол    мүмкіндіктерді    талап   ететін,    қалалық     мәдениетке  икемделе алмай қалды. Жаңа қалалық бұқара  мәдениеттің  өздерінің  қолдары жететін  формаларына  мұқтаждық танытты. Қашан ұстаздан  шәкіртке берілетін  білім мен тәжірибенің  орнына  институционалдандырылған  транляция келетін  әлеуметтік-мәдени  тәжірибені трансляциялаудың  түбегейлі өзгерген формалары  жағдайында оның  мазмұны  унификацияланады, оны тек  таңдаулылар  меңгерген арнаулы тілден, күнделікті түсіну тіліне “аудару” қабілеттілігі туындағандықтан,  ақпарат қарапайымдалады. Бұл процестермен қатар бұқаралық коммуникация  құралдары қызу дамыды және  Бұл бұқаралық  мәдениет  индустриясының  жасалуына әкелді.

Бұқаралық мәдениеттің  төмендегідей көрініс  салалары аталып өтіледі:

— Бұл қоғамда  құрметтелетін түпкі  құндылық ұстанымдарының  негізін қалайтын, стандартталған нормалар мен тұлғалық мәдениеттің  үлгілерін  қалыптастыруға  бағытталған, “балалық субмәдениет”  индустриясы;

— балаларды әлеуметтендіруге  қажетті  стандартты  қылық дағдыларын тәрбиелейтін, типтік бағдарламалармен сай оларды  таңдау  жүзеге асатын, ғылым мен білім негіздерімен оқушыларды үйлесімді таныстыратын  және оларды  меңгеретін бұқаралық жалпы білім беруші мектеп;

— қоғамдық пікірдің  “сұранысына” қажетті күнделік  оқиғалардың  объективтік түсіндірмесін қалыптастыратын,  халыққа ақпарат беру  сылтауымен өз  мақсаттарын алға қоятын, бұқаралық  ақпарат құралдары (БАҚ);

— азаматтардың санасында  билеуші элита  мүдделеріне  манипуляциялар жүргізетін және бұқаралық саяси қозғалыстарды қалыптастыратын  ұлттық немесе мемлекеттік  идеология мен насихат жүйесі;

— “бұқара адамына”  өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік  өмірге және т.б. қатыстымын деп сезінуге мүмкіндік  беретін, бұқаралық сана қабаттарына  арнаулы зерттеу және  сәйкес ғылыми  дайындықты қажет ететін күрделі құбылыстарды, “халықтық” тілге “аударып” енгізетін, бұқаралық  әлеуметтік мифология;

— түрлі әлеуметтік  игіліктерді  шексіз тұтыну процесін тіршілік мәні мен мақсатына  айналдыратын қатардағы тұтынушының  сұранысын басқаратын, беделді мүдделер мен  мұқтаждықтар, өмір салты мен сапасының стандарттарын қалыптастыратын, жарнама мен сән  индустриясы;

— тәндік  имидж  индустриясы: бұқаралық спорт пен дене  шынықтыру қозғалысы, аэробика,  культуризм, косметология және т.б.;

— демалыс  индустриясы: бұқаралық  көркем мәдениет (детектив, бульвар әдебиеті,  триллерлер, кич, оперетта, поп-музыка, шоу- индустрия, туризм және т.б.), онымен адамның  психологиялық релаксация эффектісі  жүзеге асады [35, 17 б.].   Қазіргі батыстандыру үдерістері әлем мен Қазақстанда негізінен рухани мәдениетте, ең алдымен өнерде, жүріп жатқан процестермен байланысты. Өркениеттің ақпараттық толқыны өнер мен көңіл көтеру мәдениетін түбегейлі өзгертіп жіберді, «бұқаралық қоғам» мен оның мәдениеті қалыптасты. Мәселе  ғылыми әдебиетте жеткілікті талқылағандықтан, соның түйіні деп бағалауға тұратын, философтар дайындаған «Мәдени философиялық энциклопедиядағы анықтамалармен шектелейік: «Бұқаралық мәдениет    (ағыл.  mass culture — бұқаралық мәдениет) — ХХ ғасырда Батыс елдеріне тән мәдени тип. Бұқаралық мәдениет  ұғымында қазіргі  өркениетті елдерді қамтыған төмендегідей құбылыстар көрініс тапты: ақсүйектік (элитарлық) мәдениеттен оның бұқаралық бітіміне ауысу, бұқаралық ақпарат бұлақтарының жан-жақты дамуы, мәдени өнімдерді тұтынудың индустриалдық-нарықтық түрлерінің үстемдік етуі, адамның рухани өмірін стандарттау және оны жарнама арқылы реттеу, адамдардың көңіл-күйі мен бос уақытын нарықтық мақсаттарда қолдану т.б. Б.м. адам тіршілігіндегі жалғыздық пен көпшілдік, руханилық пен пендешілік, сезім мен парасат сияқты түбегейлі парадигмаларды шешуге бағытталған. Ондағы қойылып отырған тағы бір мәселе — ұйқы мен жұмыс арасындағы бос уақытты қалай өткізу туралы. Егер постиндустриалдыққа дейінгі қоғамда тек азын-аулақ ақсүйектердің қолы бос болса, қазіргі Б.м. бұл деңгейге халықтың көпшілігі жете алды және оны қызықты өткізуге мүмкіндіктер туды. Б.м. тағы бір ерекшелігі оның жазу мәдениетінен экрандық өркениетке өту заңдылықтарымен байланыстылығында. Интернет жүйесімен тұтастырылған Б.м. ұлттық мемлекеттік шектен шығып әмбебапты жалпыадамзаттық сипатқа ие бола бастады, мәдени сұхбатты бір стильге келтіру оның қарым-қатынастық мүмкіндіктерін арттырды. Алайда Б.м. ішкі қайшылықтарға толы және оны барлық ұлттық мәдениеттерге үлгі ретінде ұсыну дұрыс емес. Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайданы көздеу, ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдылықты, зорлық-зомбылықты, нәсіпқұмарлықты,  арсыздықты, руханисыздықты дәріптеуге әкеп соғады. Б.м. үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет. Авторлармен келісе отырып, алайда бұл мақаланың анықтамалық сипатын еске алған жөн. Батыстандырудың осы бағытының нақтылы тетіктерін ашу мақсатында «бұқаралық қоғамдың іштен зерттеген Эдуард Шилздің «Бұқаралық қоғам және оның мәдениеті» деген еңбегінің кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық. Автордың сараптауы бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін негізгі батыс елдерінде «бұқаралық қоғам»  деп аталатын нық орнықты [36, 82-99 бб].  Оның төмендегідей белгілерін атап өтуге болады:

А. Бұқаралық қоғам жаһандану процестерімен тығыз байланысты. Қазір, жаһандану заманында өмірдің әлеуметтік саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау ерік бермес процесі, іс жүзінде тежеуге көнбейтін, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр, яғни, бір қоғам бар қорғанғысы келеді-ақ, бірақ мүмкіндігі жоқ, енді бір қоғам бар өзінің дамуы өресінде жаһандық экспансиялық бағдарламасына қандайда бір айтарлықтай тосқауылды сезінбейді.

Ә. Бұқаралық қоғам – бұл азаматтық қоғам. Мемлекет бұл жағдайда өзі өзін басқаратын азаматтық коғамға өзінің көптеген функцияларын береді. Бірақ абсолютті келісімділікті адамзат өзінің ешқандай ұйымдасу формаларында жете алмай отыр. Бұқаралық қоғамның иерархиялық және бюрократиялық құрылымдары дара тұлғаның құқықтарын шектеудің жаңа формаларын дүниеге әкелді. Өркениеттік, әлеуметтік, этникалық және тұлғаралық қайшылықтар аморфты бұқаралық қоғамның іргетасын шайқалтып келеді. Бұл мемлекетаралық қатынастарда да өз жалғасын тауып келеді. Мысалы, жаңа мыңжылдықтың басында БҰҰ «Бейбітшілік мәдениеті деген бағдарламаны қабылдауының ізін суытпай, халықаралық жанжалдар онан сайын өршіп кетті: Америкаға террористердің  шабуылы және өз кезегінде АҚШ бастаған әрекеттерден кейін бейбіт халықтың Ирак, Ауғанстан  ж.т.б елдерде қырылуы.

Б. Бұқаралық қоғамның мәдениеті үш деңгейге ажыратылады: «ақсүйектік» немесе таңдаулы, «орташа» немесе стандартталған, «тұрпайы» немесе төмен. Бұл бөлінудің түбінде жоғарыда аталған қоғамдағы жіктелу, ымырасыздық пен келіспеушіліктің артуы жатуы әбден ықтимал [37, 127-141 бб.]. Қазір Қазақстанда да нышан беріп келе жатқан «жоғары мәдениеттің феномендеріне, қайтадан ренессанстық кейіпке еніп келе жатқан көркемөнер туындылары (театр, роман, мюзклдер, детектив, теледидар т.т.), философиялық, діни, ғылыми еңбектер, этикет, сәулет, комъпютерлік ойындар т.б. жатады. Орташа мәдениетте шығармашыық элементтер аз кездеседі, ол репродукциялық сипатта, жалпы тұтынушыға ұсынылған формаларда болады.  “Жоғары” және “орташа” мәдениеттердің және «төменгі мәдениеттің арасындағы айырмашылық шартты болып келеді. Мысалы, романдар философиялық толғамдарға толы, жоғары эстетикалық деңгейде немесе адамның тек нәпсіқұмарлығын қоздыратын сипатта бола алады, Төменгі мәдениетке тек өнер туындылары ғана емес, сонымен бірге бокс, бәйге сияқты көңіл көтеру формалары да жата алады. Басты критерийге адам болмысына енудегі тереңдік пен нәзіктік емес, ал тұрпайы гедонистік сезімдер осындай «бұқаралықң мәдениетте алға шығады.

       В. Төмендетілген мәдениет жеке тұтыну мотивтерінің таза еліктеушілік табиғатына сүйенеді. Кез келген зат, темекі маркаларынан бастап қымбат автокөліктерге дейін, жеке адамның әлеуметтік беделінің рәмізіне айналады. Француз социологі Г. Лебонның пікірінше, тұтынушы адамда интеллектуалдық қабілеттіліктің орнына, еліктеу мен бейімделу инстинктері жетекші қызмет атқарады. Мемлекет, дейді ол, осы бұкара инстинктерін өз мақсаттарына пайдаланады [38, 300 б.].

Ә. Әлімжанованың пайымдауынша, соңғы онжылдықтарда «тұлғалық нарық» деп аталатын бағдар қалыптасты. Ондағы және тауар нарығындағы бағалаулардың принциптері бірдей: біріншісінде тұлға сатуға ұсынылса, екіншісінде – тауар . Табыс көбіне адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» қаншалықты тартымдылығына, оның қаншалықты сергек, берік, жіті және сенімділігіне, оның отбасылық жағдайына, қандай клубқа жататындығына, керек адамдармен таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға рыногында сәнді болуы тиіс, ал сәнді болу үшін тұлғаның қандай түрінің сұранысқа ие екендігін білуі тиіс. Мұндай үлгілердің картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді.

Қазіргі адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де қабылдағандықтан оның өзін-өзі бағалауды өзінен тыс жағдайларға бағынышты. Егер ол үлгеріп отырса — құны бар, ал олай болмаса – ол құнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен біртұтас емес, өйткені оны қолдану процесіндегі өзін көрсету емес, оларды сату процесіндегі оның табысы маңыздырақ [39, 297 б.].

«Ыстық» технологияларды қолдану дәстүрлі қоғамның иерархиялық құрылымын шайқалтып жіберді. Мысалы австралиялық аборигендерде тас балтаны жасау еркектердің үлесінде болған, кейін миссионерлер тас балталарды үлкен көлемде әйелдер мен балаларға таратқаннан кейін, еркектердің әлеуметтік статусы біршама төмендеп кетіп, дәстүрлі құндылықтарды шайқалтып жіберді. «Теледидарлық балта», дейді                  М. Маклюэн, бүкіл Шығыстың дәстүрлі өнерінің тамырын шапты, «ыстық» джаз, тыныштық пен табиғатқа еліктеуге негізделген Шығыс өнерін өртегендей болды. Теледидар батыстық ықпал кеңмәтінінде адамның парасатына емес, ал оның сезімдік-тылсымдық қатпарларына бағытталған және сол арқылы түрлі дәстүрлі мәдениеттерді өз мақсаттарына сай өзгертуге болады. Бекерден бекер батыстандыру үдерістерінде неше түрлі шоу, комикс, детектив, триллерлер жетекші рөл атқармайды.  М. Маклюэн өзінің «Механикалық қалыңдық» деген кітабында эротиканы мифологияландыру арқылы, соны жарнамамен күшейту нәтижесінде бизнесмендер автокөлікті сатуды кең жолға қоя білді дейді. «Жарнама, -дейді ол,- 20 ғасырдың үңгірлік өнері. Үңгірдегі тасқа салынған суреттер сияқты, ол адам миының терең қатпарларында өшпес ізін қалдыруға ұмтылады. Бұл — жаңа трайболист, корпоративтік адам жігерінің құйыны. Жаңа ақпараттық ортада бизнес пен мәдениет ажырамас күшке айналды» [40, 45-56 б.]. Осының көрінісіне, мысалы, Қазақстандағы алып корпорациялардағы бизнес этикасы туралы кодекстері жатады. Олар тура әлемдік ұйымдардан көшіріліп алынғандай.

Батыстандырудың көптеген ерекшеліктерін, мәнері М. Маклюэннен бөлектеу, Дэниел Белл өзінің «Постиндустриялық қоғамның жақындауы» деген еңбегінде көрсетеді және оның біршама қағидалары қазіргі қазақстандық қоғамды түсіну үшін де маңызды. Оның пікірінше, табыс пен пайдаға негізделген Батыс қоғамының анық байқалып тұрған қайшылықтары протестанттық этика және Батыс пен Шығыстың рухани дамуының түйіні ретінде алынған жаңа рухани мәдениет арқылы шешіледі.  Мәдениет  түрлі конвенциялар жасап шығарудың құралына айналады. Осындай мәдениетті, ірі корпорациялар жалдап алған, маман теоретиктер жасап шығарады, сосын олар Голливуд сахналарынан өткізіліп, кейін тұтынушыға жеткізіледі. Әр жыл сайын кемінде 40 млн. комикс кітапшалары сатылады, 70 млн.  адамнан артық комиксстрипс деп аталатын газеттерді оқиды. Егер бұрын әдеби қаһармандар ретінде түрлі әскери, саяси мәдени қайраткерлер ұсынылса, қазір олардың орнын неше түрлі құбыжықтар мен «суперадамдар» алып кетті. М. Вебер ұсынған «әмбебап рационалдықтың» орнына постмодернизмдегі симулякрумдар (елестің елесі) келе жатыр. Жер бетіндегі «алтын миллиардтан» (батыс адамы) басқасы қарапайым тұтынушы мен шикізат өндіруші болып қалуы керек. Осы жөнінде кубалық сыртқы істер министрі Фелипе Перес Роке БҰҰ–да батыстық елдер сясатын, әсіресе Югославия, Ауғанстан, Ирактан кейін әшкерелей келе, мынадай айғақтар келтіреді (стильді сақтау мақсатында үзіндіні орыс тілінде берейік): 

«Скромные задачи «Декларации Тысячелетия» не будут выполнены. Мы придем к пятой годовщине Саммита в худшей ситуации.

—  Мы задались целью к 2015году уменьшить наполовину число в 1 миллиард 276 миллионов человек, живущих в крайней бедности, которое было в 1990 году. Требовалось бы уменьшать их число более чем на 45 миллионов бедняков ежегодно. Однако, если исключить Китай, в период 1990-2000 годов крайняя бедность выросла на 28 миллионов человек. Бедность не уменьшается, а растет.

—  Мы хотели к 2015 году снизить наполовину число в 842 миллиона голодающих, зарегистрированных в мире. Требовалось бы уменьшать их число на 28 миллионов в год. Однако число голодающих сокращается едва ли на 2,1 миллиона в год. В таком темпе эта задача будет решена к 2215 году – двести лет спустя преусмотренного, и только если род человеческий выживает в условиях разрушения окружающей среды.

—  Мы провозгласили надежду достичь к 2015 году начального образования для всех в мире. Однако более 120 миллионов детей – 1 из каждых 5 этого школьного возраста – не посещают начальную школу. Па данным ЮНИСЕФ, при нынешнем темпе эта задача будет достигнута после 2100 года» [41, 5-7 бб.].

Әрине, кубалық министрдің дәлелдерін бұл елге тән АҚШ-ты ұнатпауымен де түсіндіруге болады. Бірақ, О.Шпенглерден бастап, күні бүгінге дейін, көптеген батыс ойшылдарының өздері вестернизацияның шектілігіне назар аударады. Мысалы, «Жас қазақ» газетінде (2006, 4 тамыз) журналист Нұраддин Садық ықшамдап аударған. Патрик Дж Бюкененнің «Батыстың ажалы» деген мақалада осы мәселе өз жалғасын таба білді.        

Батыстандыруды кейбір ғалымдар ақ нәсілдің әлемдегі экспансиясының формасы деп түсінеді. Оған О. Тоффлер «нәсіл» деген терминнің өзінің айқындалмағанын, адамзатты кейде үш, кейде төрт, кейде тоғыз нәсілге түрлі критерийлер бойынша бөлуге болатынын, соның ішінде 32 нәсілдердегі топ олардың біріне де енбейтінін атап өтеді [42, 106 б.]. Осыған байланысты П. Бюкенен мынадай ойларын алға тартады:

 «Олар барлық батыс мәдениетін «зорлық мәдениеті» — өшпенділік мәдениеті, нәсілшіл мәдениет, езіп-жаншу мәдениеті, тұлғаға қысым жасайтын мәдениет деп айыптады. Әрине, мұндай мәдениеттің өмір сүруге хақысы болмайтындықтан, оған қарсы мүлдем басқа – қазіргі заман адамын  мақсат ететін, жаппай теңдік тұжырымдамасы ұсынылды. Сырттай қарағанда, «жаңа мәдениеттің» құндылықтары адамзаттың бостандығы мен теңдігін көздейтіндіктен әлдеқайда тартымды көрінгенмен, іс жүзінде мүлдем басқаша, болатын. Бұл жердегі бостандық ұғымы – адамдарды күллі міндеттен (балаларды – ата-ана алдындағы, әйелдер мен еркектерді отбасы алдындағы, азаматты — өзге азаматтар мен мемлекет алдындағы) азат ету деп түсіндірілді. Ал барлық дінді, идеологияны, өнерді, нәсілдер мен халықтарды тең жариялау – бірінші кезекте ұлттық (қара нәсілділер), сексуалдық (гомосексуалистер), әлеуметтік азшылықтан тұратын маргиналдық топтарды заңдастару деп түсінідірілді. Соның салдарынан, олар қоғам санаға ықпал ету мүмкіндігінен айырылды.

Бұл нағыз мәдени төңкеріс болды. Қазір ол толық жеңіспен аяқталды. Қоғамда «жаңа мәдениет» үстемдік құрып, америкалықтар үшін қалыпты болған құндылықтар шетке ығыстырылып шығарылды. Енді бұқаралық ақпарат құралдары тұтастай «жаңа элитаның» бақылауында болып, дәстүрлі отбасылар АҚШ-та бірге тұрып жатқандардың ширегін құрады. Қоғамда салтанат құрушы негізгі идеология – феминизм болып, христиансыздандырылған мектептер мен колледждерді бітірген миллиондаған әйелдер күйеуге тимеуге, ана болмауға бел байлайды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның әйелі, американың бұрынғы бірінші ханымы, қазіргі сенатор – Хиллари Клинтонның барлық жоғары саясаткерлер үшін саналатын католиктердің мерекесі Әулие Патрик күнінде Нью-Йорк көшелерінде өтетін шеруге қатыспай, сол Нью-Йоркте өткен гомосексуалистердің шеруіне қатысуы – АҚШ –тағы қазіргі ахуалдың қай дәрежеде екендігінен хабар берсе керек.

Американың былайша азып-тозуына жаппай жүргізілген христиансыздандыру науқаны себеп болды. Мәдени төңкерістің қанатымен бірге ұшып келген «жаңа дін» революциялық катехизиске негізделген. Бұл катехизиске Чарльз Дарвиннің адам маймылдан жаралған деген ілімін негізге алады. Яғни, оның өзінің «Құдай жоқ, ғаламда абсолюттік құндылықтар жоқ, санадан тыс күштерге сену – ақмақтық» деген секілді негізгі қағидалары болды.

Қысқасы, Америка «ішкі жаудан» ойсырай жеңіліп, батыс өркениеті ауыр жағдайға душар болды. Бұрын Еуропа Африканы, Азияны және Латын Америкасын отарласа, енді бұл этностар Еуропа мен Құрама Штаттарды билеп-төстейді. Ұлтты біріктіріп, біртұтас халыққа айналдыратын ортақ құндылықтар – тіл, дін, тарих болатын болса, қазір бізде олар да жоқ. Өйткені, біз әр атадан таралғанбыз. Біз енді бір тілде сөйлемейміз. Біз енді бір дінге сенбейміз. Біз енді тек католик, протестант, иудей ғана емеспіз, біз енді – мормон, мұсылман, индуист, буддист, даосист, синтоист, «нью-эйдж», вуду, агностик, атеист, гуманист, растафар және сатанистпіз. Біз енді жер жаралғанда Құдай бар ма, жоқ па, не нәрсе әдепке сай, не нәрсе бейәдепті – бір келісімге келе алмаймыз. Біз енді «қантөгіс, қатыгез соғыста» иықтасып, қоян-қолтық соғыса алмаймыз. Бізде ортақ құндылық, ортақ тарих және ортақ қаһарман қалмады.

«Бостандық», «теңдік» іспетті үйреншікті сөздер әр жерде әртүрлі мағынада қолданылатын болды. Яғни Джон Стюарт Милль ескерткендей, «Әртүрлі ұлтар қоныс тепкен елде бостандық орнату мүмкін емес. Әртүрлі тілде сөйлеп, оқитын адамдар арасынан ортақ қоғамдық пікір қалыптастыру мүмкін емес». Бұл сөз қазір шындыққа айналып отыр.

Енді бізге Батысты сақтаудың жолын қарастыру қажет. Оның жолы –өте қарапайым. Ол жол – шынайы протестантизмді қайта өркендету. Бұл ақ америкалықтарды қоғамдағы патриархалдық құндылықтар мен дәстүрлі жанұясын қалпына келтірудегі крест жорығы болмақ. Тек бұл мәдени төңкеріске қарсы қоғамдық контрреволюция мен діни, рухани қайта өркендеу ғана Батысты қажетті тура жолына ғана бағыттай алады. Әйтпесе, Батыстың ажалы таяп келеді…

…Қазір Батыс елдері үлкен дағдарыста. АҚШ пен Еуропадағы бұл дағдарысқа басты себеп – халықтың депопуляциясының артуы. Яғни, бала туу деңгейінің төмендеп, өзге елдерден келетін имигранттар санының өсуі әсер етіп отыр.

Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ, қазіргі кезде  бала туу деңгейі ең аз жиырма ұлттың он сегізі – еуропалықтар. Еуропадағы бала туудың орташа деңгейі соңғы кездері 1,4 адамға дейін түсіп кетті. Ал халықтың тым болмаса, қазіргі санын сақтап қалу үшін, бұл деңгейдің шамасы 2,1 болу керек. Нәтижесінде Еуропа құруға қарқынды түрде бет алып, еуропалықтар «жоғала бастаған түрге» айналып барады. Бұл турасындағы болжамдар да өте көңілсіз. 2000 жыл мен 2050 жылдар аралығында жер бетіндегі халықтың саны 3,5 миллиардқа өсетін көрінеді. Алайда бұл өсім тек Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің есебінен болады. Осы жүзжылдықта Құдай көрген бейнеті мен қиындығының өтеуіне қытайлықтарға, мұсылмандар мен латынамерикалықтарға қарасатын шығар. Сонымен қатар әлемнің билеушісі болу мүмкіндігі де осы халықтарға туып тұрған секілді. Ал 100 миллион еуропалық жер бетінен өзінен-өзі жоғалып кетеді. 1960 жылы еуропалық нәсілділер әлем халқының ширегін құраса, 2000 жылы алтыдан бірін, ал 2050 жылдарға таман бұлар бар болғаны оннан бірін құрайды.

Батыс өліп барады. Өйткені, Батыстың халқы өздерін көбейтуді тоқтатып, шапшаң азайып барады. ХІҮ ғасырда Еуропа халқының үштен бірін отап кеткен Қара өлімнен кейін, біз аса үлкен қауіппен бетпе-бет келмеген едік. Ал мына дағдарыстың батыс өркениетін құрту қаупі бар.

Дәл осы секілді көрініс Құрама Штаттардан да байқалады. Бұған қоса, 1969 жылы Ричард Никсон президенттік ант қабылдағанда, Құрама Штаттарда 9 миллион иммигрант болған. Ал кіші Буш таққа отырған уақыт ішінде мұндай америкалықтардың саны 30 миллионға артқан.

Мұндай қысқа мерзім ішінде ешқандай ұлт осыншалықты кең көлемді этникалық өзгеріске ұшырамаған. Мұның басты себебі – Америка қазір, Израэль Зангвилл айтқандай, «Құдайдың металл қорытатын ыдысы» болудан қалған.   Ол қазір ұлттарды араластырып, қорытып шығармақ түгілі, екі ұлтқа, ортақ ештеңе байланыстырмайтын екі бөлек халыққа бөлінген. Американың бұлайша «өзге» Америкаға айналуына белгілі бір әлеуметтік факторлар әсер етті.

Бірінші фактор – күйеуі тұрмыстық қажеттіліктерді тауып, асыраушы қызметін атқаратын, әйел үй шаруасы және бала тәрбиесімен айналысатын дәстүрлі отбасылардың бұзылуы. Қазір мұндай отбасылар келмеске кетті. Бұл шаңырақтан индустриалды қоғам еркекті суырып алып, фабрика, зауыттарға жіберсе, постиндустриалды қоғам жоғары жалақы төлейтін офистер мен фирмалардан жақсы жұмыс тауып беріп, әйелдерді шығарып алды. АҚШ –тағы әйелдердің жалақысы әжептәуір өсіп, есесіне, еркектердің еңбекақысы айтарлықтай төмендеді. Әйелдер экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, отбасы олар үшін өзінің мүмкіндігін жүзеге асыратын орын болудан қалды. Жас америкалық қыз-келіншектер отбасынсаз-ақ өмір сүріп, дербестік пен тәуелсіздікке қол жеткізе алатынын түсініп, күйеуге тиюге асықпайтын болды. 1970 жылы 20 мен 24 жас аралығындағы әйелдердің тек 36 пайызы ғана күйеуге тимеген болатын. 1993 жылы осы жас аралығындағы әйелдерлдің 68 пайызы ешқашан үйленбегендердің санатына жатқан. Ал 20 мен 25 жас аралығындағы «өмір бойы күйеуге шықпауға бел байлағандардың» пайыздық көрсеткіші 10 пайыздан 35 пайызға дейін өскен. Сондай-ақ 2000 жылдың санағынан байқағанымыздай, Америка тарихында алғаш рет әрбір төрт үйдің біреуінде ғана толық (әке, шеше, бала) отбасы тұратын болса, жалғыз басты америкалықтар ел халқының 26 пайызын құрайды екен. Яғни, бұл неке «сәннен» қалды деген сөз. Америка әйелдерінің көпшілігі, Еуропа әйелдері секілді, үй шаруашылығы мен ана болу бақытына қарағанда, қызметтік өсуді «қуаныш» көреді.

Екінші фактор — әлеуметтік қозғаушы күш ретіндегі «ерікті ұрпақтың» дүниеге келуі. Американың соғыстан кейінгі, яғни сол кезде құрылып жатқан «берекелі қоғамның» ұрпағы АҚШ тарихында тұңғыш рет жоғары білім алуға кең мүмкіндік алды. Бұл ұрпақ дәстүрлі отбасыдан университет аудиторияларына көшіп алды. Сөйтіп, әке-шешесінің қайырымды қамқорлығымен емес, бұқаралық ақпарат құралдарыны, соның ішінде теледидар мен «жылтырақ» баспасөздің «тәрбиесімен» өсті. Ақырында бұл ұрпақ – Американың дәстүрлі құндылықтарынан елеулі айырмасы бар құндылықтарды бойға сіңірді.

Бұл жаңа қүндылықтар ата-аналардың, мектептердің, қоғамдық институттардың беделін жоққа шығарып, контрацептивтердің  пайда болуына байланысты, бей-берекет төсек қатынастарына үндейтін еді. «Бәрі де сен үшін» деп, ойын-сауық пен дырду-думанның түр-түрін ұсынды. Дәл осы жерде аналық өмірдің қуанышын көруге кедергі келтіретін «балаға қарсы соғыс», аборт, гомесексуалдық байланыстар, христиандық пен азаматтық парызды күлкіге айналдыру насихатталды. Жаңа ұрпақ санасындағы басты нәрсе – Американы ұлы держава қылған діни принциптер емес, «осы жерде және қазір» ләззат алуды қалайтын эгоистік гедонизм бола бастады. Руханияттың орнын – қызмет пен ақша, отбасының орнын – шектеусіз төсек қатынасы мен «ерікті» өмір сүру, Жаратушы берген қасиетті өмірдің орнын – есірткі мен өз еркімен өлімге мойынсұну басты. Мұның бәрі сол кезде жүріп жатқан «мәдени төңкерістің» аясында жүзеге асып жатты» [43, 8-12 бб.].

Зерттеушілердің пікірінше, батыстандырудың қайшылығы  оның адамдық құндылықтардан ауытқып кетуінде тұр. Мысалы, атышулы «мәдениет индустриясын» алайық. Бұл терминді ұсынған Т. Адорно мәдениет индустриясында адам мүлдем құндылық, субъект емес, ол тек объектіге айналып кетеді дейді. Мәдениет индустриясында, тауардың қалай алынғаны мәселе емес, табыс әсері компъютер арқылы есептеліп қойылған, стандартталған өнімдерді бағалаудың критериіне айналған. Ғасырлар бойы адамды жойқын табиғи және әлеуметтік күштерден қорғап келген мәдениет, енді адамның өзін утилитарлық мақсаттарда пайдаланатын құралға айналып кетеді. Оның идеологиясы коммерциялық өнерден шыққан «жұлдыздарды» пайдалануда және оны электронды жолмен жалпылама таратуда тұр. Безендірілген журналдар, «бітпейтін» сериалдар, шлягерлер, жұлдызнамалар т.б. сыртқы көзге демократияшыл болып көрінгенімен, олардың ішкі мазмұны тек конформистік мүдделермен шектеледі. 

Т. Адорно адамдар өздері бұл алдауға, тым болмаса бір сәт өмір қиындықтарын ұмыту үшін барады, дейді [44, 320 б.]. Ал «мәдениет индустриясының» қолдаушылары бұл феномен осы ретсіз әлемде адамға белгілі бір тұрақтылық, бағдар береді дейді. Нарық сұранысы бойынша әрекет ететін мәдениет индустриясы барлық адамдардың  санасына манипуляция жасап, оны өзі стандарттап берген үлгі-модельге жақындатқысы келеді. Рухани-мәдени құндылықтарды утилитарлы-заттық мақсаттарға айналдыру туралы соншама көп еңбектер жазылғандықтан, соны еске сала кету дұрыс деп есептейміз, өйткені оларды санап шығудың өзі бірнеше парақтарды алар еді. Тіпті Францияда «Шовизм» деп аталатын (француз тілінен «зат» деп аударылады) арнаулы мәдени-әдеби бағыт та қалыптасты.

Енді біздің елімізде де жүріп жатқан батыстандыру процесінің кейбір нақтылы тетіктері мен әдістеріне тоқталып өтелік.

Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде, адамдар бұрын партиялық беделдің басқаны құрметтемеген жағдайында, батыстық құндылықтар бұқаралық мәдениет барынша дәріптейтін «имидж» (тұлға бейнесі) және «престиж» (бедел, артықшылық) түсініктерімен таралады, солар бойынша неше түрлі социологиялық зерттеулер мен «рейтингтер» жүргізіліп отырылады. Әдетте бұл дайын үлгі-модельдердің түбінде американдық мұраттар мен құндылықтар тұрады.

Батыстандыру үдерістері, қазіргі батыс идеологиясы да, философиясы да, ұстанымы да – постмодернизм жариялағандай, бейрационалдық, плюралистік, реалистік, орталықсыздандырылған, жаһанданған әдіснама негізінде жүргізіледі. Француз ғалымы Жан Эллюль атап өткендей, батыстандыру қазіргі кезде ұрандар мен теориялар арқылы емес, ал байқатпай өмір шындығына еніп кету арқылы жүргізіледі, ол адамға оның күнделікті әдеттері, мінез-құлық стереотиптері, салт-ғұрыптары арқылы енгізіледі; бұл — иландырудың жаңа формасы; адам жаңа құндылықтарды өз еркімен таңдағандай болып тұрады. Бірақ, шын мәнісінде, ол жаңа ұжымдық сана — бұқаралық мәдениеттің көзсіз орындаушысына айналып кеткен.

Батыстандыру қазіргі заманда бұрынғыдай тек қару күшімен немесе миссионерлік әрекеттен гөрі, өзіне тиімді жаңа мифологиялық тарату арқылы жүзеге асырылады. Осы  мәнісінде бұқаралық ақпарат құралдарымен кең насихатталып жүрген жаңа мифтердің кейбіреуін сараптайық.

Қазіргі мифтер – бұлар ерекше тектегі елестер мен жалған бейнелер, «муляждар». Егер ертедегі миф қауымдық адамның білім жоқ жағдайында қоршаған дүниені сол қалпында қабылдауға негізделсе, қазіргі миф ерекше технологиямен жасалған, шындық арнаулы рәміздермен бұрмаланған форма болып табылады. Қазіргі миф таным формасы емес, ал әлеуметтік басқару және көпшілікті манипуляциялаудың құралына жатады. Ол дүниені түсіндірмейді, керісінше, сана немесе бейсана фантомдарын құрастырып, «ерекше тектегі» симулакрумдарға сүйенеді.

Қазіргі батыстық мифтердің арасында «табысқа жету туралы миф» ерекше орын алады. Атақты «американдық арман» деген сана артефактысынан бастау алатын, бұл мифке батыс демократиясында кез келген адамның бақытқа деген құқы өзінше көрсетіледі. «Өзінді өзін жасай аласың» дейді бұл миф қолдаушылары. Бұл мифтің балама формаларына «Золушка» (жетім қыз) туралы ертегінің бұл заманға үйлестірілген формалары, «Қарапайым Мариялар» т.б. жатады.

«Бақытты өмір туралы» мифтер, әдетте, ғылымиландырылған кейіпке енді, Дейли Карнеги сияқты мамандардың осы жөнінде мыңдаған кітаптары мен кітапшалары жарияланады. «Көп күш салмай-ақ, қалай табысқа жетуге болады», «Қалай миллион жинап алу керек», «Қалай достарды баурап алу керек» т.б.

Осы мәселе туралы итальяндық философ және өнертанушы Никола Кьяроментаның «Тарих парадоксі» деген еңбегі көңіл аударарлық. Ол ХХ ғасырды жалған, елес сенімдер ғасыры деп атайды. Себебі батыстық өркениет бұл ғасырда өзінің басты  ұстаны утилитаризмді абсолютке айналдырып жіберді, ал бүкіл адам құндылықтарын оның бір сапасына әкеп тіреу, қашанда оның өмірін жалғандандырып жібереді. Осыған дейін адамзат ғылым мен ақылға сеніп келді. Бірақ батыс қоғамындағы әлеуметтік катаклизмдер, дүниежүзілік соғыстар, рухани жұтаңсыздық т.б. бұл сенімді мүлдем шайқалтып жіберді. Осы кезеңнен бастап нигилизм бүкіл батыс қоғамын баурап алады және оның философиясы постмодернизм де қалыптасады. Арзан сенім шынайы сенімді ауыстырады.

Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін демократия ұғымы әлемдік алпауыттардың құралына айналып кетеді, тұлғалық еркін таңдау мен барлық азаматтардың заң алдындағы теңқұқылығын білдіретін бұл ұғым бұқараны бюракратияландырылған басқару формасына айналады, Мысалы, АҚШ терроризммен күресті желеу етіп, азаматтық құқықтарды өз елінде де, әсіресе басқа елдерде бақылап, шектеуге ұмтылады. Осы сипатта «демократияшыл емес» деп жаряланған елдер халықтарының төбесінен бомбаларды жаудыру неге тұрады?

Шынайы сенімнің жоқтығынан жалған сенімдер мен мифтер қаулап өсіп кетеді. Бірден пайда әкелмейтіннің бәрі утопиялық деп жарияланады. Тағы бір жалған сенімге өмірдің материалдық сапасының артуы автоматты түрде жағымды рухани өсуге әкеледі деген миф жатады. Алайда әбден байлықтан масаттанған Батыста әдепсіздік пен руханисыздықтың неше түрлі «монстрларын» кездестіруге болады. Қазіргі батыс мәдениетіндегі қайшылықты түйіндей келе, Никола Кьяромонте мынадай қорытындыға келеді:

«Господствующий миф нашего времени можно охарактеризовать так: эксплуатация всех естественных и технических ресурсов для удовлетворения материальных потребностей человека должна привести к всеобщему благосостоянию, к созданию самого лучшего из всех миров. Однако автоматизация, умножая физическую силу человека культивирует насилие, его способность творить добро атрофируется; большинство людей полагают, что власть человека над материей, возможность приобретать материальные блага устраняют все другие проблемы. На самом деле данный миф – лишь проявление чудовищной формы эгоцентризма, коренного извращения современной культуры. Сама природа человека оказалась тем самым в плену у мира, устроенного так, чтобы вести его от тщеславия к пресыщению, от пресыщения к скуке» [45, 1341-45 бб.].

Біз бұл жерде батыс ойшылының дәлелдемелерін батыс өркениетін таза бекерлеу үшін келтіріп отырғанымыз жоқ. Батыстандыру процесінің жағымды жақтары жеткілікті қарастырылған. Қазақстан батыс өркениетінің позитивті құндылықтарын қабылдауды өзінің стратегиялық міндеттерінің бірі етіп қойды.

Батыстық мәдениеттің тұтынушылық бағдарының түп-тамырын кезінде М. Монтень көңіл көтеру индустриясымен түсіндіреді. Адам, дейді ол, қоғамдық өмірдің қиындықтарынан бос уақытында оңашалынып, көңілін көтергісі келеді [46, 142 б.]. Қазіргі ағылшын ғалымы Мэтью Арнольд өзінің « Мәдениет және анархия деген еңбегінде мәдениет индустриясы мәдениеттің өзіне қауіп төнгізеді дейді, Н. Бердяев сияқты, өркениет барған сайын механикаландырылған, тірі емеске айнала береді деп, сын айтады [47, 210 б.].  

Осыны ХХ ғасырдың басында байқалған көркемдік дағдарыстарға байланысты деп айтуға болады. Сондықтан өнер құндылығы, жалпы алғанда уақыт талаптары қойып отырған позициялық критерийлерге байланысты бағаланады. Сөйтіп, өнер бұрынғы реалистік формаларын жоғалтады. Оның орнына таза бояу таңбалары, оның кенеп бетіндегі шашырандылары, геометриялық формалар үйлесімділігінде құралған композициялар келді. Ол ол ма? ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттардан бастап жыртылған, өртенген кенептер, кейінрек сыраның, пепси — коланың банкілері, көптеген шегелер тізбегі қағылған орындықтар мен музыкалық аспаптар, бірге — бір орындалған адам муляж көшірімдері тағы басқа кездейсоқ немесе көрмеге әдейі дайындалған нәрселер әкеліне бастады. Одан кейін бейнелеу өнері ашық табиғат аясына шықты. Суретшіге кей жағдайда кәсіби машықтылығын жетілдірудің өзі қажет болмай қалды. Себебі өнер қатты индивидуальді сипатқа ие болып, кәсіби машықтылықтың орнына, кей жағдайда, интеллектуализм жетекші орын алды. Бұлардың бәрі ХХ ғасырға тән көркем құбылыстар еді.

Философия мен психология саласындағы жаңа теориялық тұжырымдар, рационалдық пен иррационалдық, санаға байланысыздық, астарлық, интуиция, тұрақсыздық, олардың философиялық, психологиялық теориялық негіздемелерінің пайда болуы қоршаған ортаға жаңаша көзқарас бейнелеу өнеріне соны бағыттар әкелді.

Енді суретші қоршаған ортаны меңгеруге емес, өзінің санасындағы болмысқа қатыссыз психологиялық шиеленіс формаларын ұғуға, оны өзінің астарлы дүниесімен байланыстырып бейнелеуге ұмтылды. Немесе қоршаған ортаны, нақтылы объектіні өзінің эстетикалық көзқарасына байланысты шешуге, өзгертуге бағыт алды. Осы құбылыстың бүкіл формалары қазіргі Қазақстан кескіндемесінде, мүсін өнері, графикасы және қол өнерінде көрініс тапты [48, 87 б.].

«Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. Қандай қауым, қандай тапты алсақ та қаны мен жанының суретін өнер айнасына  түсірмей отыра алмайды. Өнерден қуат алмаса, тіршілік шырағы өшеді», — дейді жазушы М.Әуезов [49, 415 б.].

Иррационалдықты пір тұту, түсінікті формалардан ауытқу өнер туындысын көпшілік үшін түсініксіз етті. Өнер бұл жағдайда өзін түсінетін зиялы аз топқа қана қызмет етсе, оның өзі көпшіліктің жұртшылық жаңа өнерді түсінуден бас тартты. Шындығында да жаңа өнер олар үшін абсурдты, түсініксіз болды. Ол шындықтан ауытқып, өнерден алшақ кетті. Бұл аз топқа арналған, негізінен суретшілердің өзіне ғана бағытталған «таза өнер» еді. Өнер өнер үшін жасалады.

Мұндай өнерді Ортега-и-Гассет өз еңбектерінде өте жақсы сипаттап шықты. Ол адамдарды осындай өнерді түсінушілерге және түсінбеушілерге бөлді: «Әлеуметтік жағынан қарағанда, менің ойымша, жаңа өнер адамдарды түсінетіндерге және түсінбейтіндерге бөледі. Басқа сөзбен айтқанда біреулерге өнерді түсінуге бағытталған арнайы орган бар, екіншілерінде ол жоқ – бұл адамдардың екі түрлі тұқымы. Жаңа өнер, романтизм секілді барлық адамдар үшін жасалмаған сыңайлы. Ол басынан таңдаулы азшылыққа бағытталған. Өнерді түсінетін адамға өнер шығармасы ұнамаған кезде ол өзінің артықшылығын сезеді, егер өнер туындысы түсініксіз болған жағдайда адам түршігіп, өзін қорланғандай сезінеді. Осы жағдайда ол өзінің «толық» адам емес екендігін біледі. Сондықтан өнер шығармасының алдында өзін ақтап алуға тырысады» [50, 655 б.].

Уақытта бұқаралық мәдениет өнімдерін таратудың жаћандық құралына айналып бара жатқан бұқаралық коммуникацияның осындай формасы да еніп келеді. Әлемде “жаһандық жаулап алу”  (Маклюэн) болып бара   жатыр. Электрондық   құралдардың   пайда   болуы  әлеуметтік-мәдени тәжірибені, адамдық қарым-қатынастар формаларын және т.б. тарату тәсілдері туралы дәстүрлі көптеген түсініктерді өзгертеді. Алайда бұл құбылыс және оның әлеуметтік мәдени  салдары  арнаулы зерттеуді қажет етеді.

Бұқаралық мәдениет  шектерінде қалыптасқан  бағыттардың  тек осы тізімі; ол бүкіл мәдени  кеңістіктің құрылымының органикалық  бөлігі  екен деген  ойда  шегелейді.  Бұл әмбебапты толықтырмалық  принциптің жүзеге  асқандығы туралы  тұжырымға  әкеледі: қоғам,  ол  әр текті  болғандықтан,  тек  элитарлық  мәдениетпен  шектеле  алмайды,  және де,  сондықтан,  адамдар  өмірі  динамикалық  және  олар  көптеген  рөлдерді  ойнайтын  болғандықтан, бұқаралық  мәдениет  енді  өзінің  тамырларын  ұжымдық  бейсаналықтың  архетиптеріне  жайып  үлгерді,  ол  сананың  мифологендік  құрылымына  берік  орнықты  және  сол  мезгілде  қазіргі мифологияны  туындатты.

Сөйтіп,  бұқаралық  мәдениет —  бұл  мәдениеттің   қазіргі  кезеңіндегі  көпфункционалды,  объективтік  құбылыс,  онымен  міндетті  түрде  тұрғындардың  барлық  қабаттарды  қамтылған,  және  мәселе,  біздің  ойымызша,  бұқаралық  мәдениет  динамикасын  басқаруда,  яғни  оның қажетті  және  ұтымды  бағыттарын  таңдаудың  тиімді  тетіктерін  қалыптастыруда  және  мәдени  құндылықтар мен  үлгілерді  құлдырауға  жеткізетін  түрлеріне  шек  қоюда  тұр.

 Шаруалар мен ұсақ буржуазияның  үлкен тобын қалаларға  көшірген, урбанизация процесі, бұрын халықтық мәдениетке қарсы болып келген, табиғаттан ажыратылған адамдар, ол тек қана қарапайым  оқу мен жазудың дағдыларын ғана емес, бірақ  біршама  зор білімділікті, уақытты және  материалдық    мол    мүмкіндіктерді    талап   ететін,    қалалық     мәдениетке  икемделе алмай қалды. Жаңа қалалық бұқара  мәдениеттің  өздерінің  қолдары жететін  формаларына  мұқтаждық танытты. Қашан ұстаздан  шәкіртке берілетін  білім мен тәжірибенің  орнына  институционалдандырылған  трансляция келетін  әлеуметтік-мәдени  тәжірибені трансляциялаудың  түбегейлі өзгерген формалары  жағдайында оның  мазмұны  унификацияланады, оны тек  таңдаулылар  меңгерген арнаулы тілден, күнделікті түсіну тіліне “аудару” қабілеттілігі туындағандықтан,  ақпарат қарапайымдалады. Бұл процестермен қатар бұқаралық коммуникация  құралдары қызу дамыды және  бұл бұқаралық  мәдениет  индустриясының  жасалуына әкелді.

Бұқаралық мәдениеттің  төмендегідей көрніс  салалары аталып өтіледі:

— Бұл қоғамда  құрметтелетін түпкі  құндылық ұстанымдарының  негізін қалайтын, стандартталған нормалар мен тұлғалық мәдениеттің  үлгілерін  қалыптастыруға  бағытталған, “балалық субмәдениет”  индустриясы;

— балаларды әлеуметтендіруге  қажетті  стандартты  қылық дағдыларын тәрбиелейтін, типтік бағдарламалармен сай оларды  таңдау  жүзеге асатын, ғылым мен білім негіздерімен оқушыларды үйлесімді таныстыратын  және оларды  меңгеретін бұқаралық жалпы білім беруші мектеп;

— қоғамдық пікірдің  “сұранысына” қажетті күнделік  оқиғалардың  объективтік түсіндірмесін қалыптастыратын,  халыққа ақпарат беру  сылтауымен өз  мақсаттарын алға қоятын, бұқаралық  ақпарат құралдары (БАҚ);

— азаматтардың санасында  билеуші элита  мүдделеріне  манипуляциялар жүргізетін және бұқаралық саяси қозғалыстарды қалыптастыратын  ұлттық немесе мемлекеттік  идеология мен насихат жүйесі;

— “бұқара адамына”  өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік  өмірге және т.б. қатыстымын деп сезінуге мүмкіндік  беретін, бұқаралық сана қабаттарына  арнаулы зерттеу және  сәйкес ғылыми  дайындықты қажет ететін күрделі құбылыстарды, “халықтық” тілге “аударып” енгізетін, бұқаралық  әлеуметтік мифология;

— түрлі әлеуметтік  игіліктерді  шексіз тұтыну процесін тіршілік мәні мен мақсатына  айналдыратын қатардағы тұтынушының  сұранысын басқаратын, беделді мүдделер мен  мұқтаждықтар, өмір салты мен сапасының стандарттарын қалыптастыратын, жарнама мен сән  индустриясы;

— тәндік  имидж  индустриясы: бұқаралық спорт пен дене  шынықтыру қозғалысы, аэробика,  культуризм, косметология және т.б.;

— демалыс  индустриясы: бұқаралық  көркем мәдениет (детектив, бульвар әдебиеті,  триллерлер, кич, оперетта, поп-музыка, шоу- индустрия, туризм және т.б.), онымен адамның  психологиялық релаксация эффектісі  жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұқаралық мәдениет өнімдерін таратудың жаћандық құралына айналып бара жатқан бұқаралық коммуникацияның осындай формасы да еніп келеді. Әлемде “жаћандық жаулап алу”  (Маклюэн) болып бара   жатыр. Электрондық   құралдардың   пайда   болуы  әлеуметтік-мәдени тәжірибені, адамдық қарым-қатынастар формаларын және т.б. тарату тәсілдері туралы дәстүрлі көптеген түсініктерді өзгертеді. Алайда бұл құбылыс және оның әлеуметтік мәдени  салдары  арнаулы зерттеуді қажет етеді.

Бұқаралық мәдениет  шектерінде қалыптасқан  бағыттардың  тек осы тізімі; ол бүкіл мәдени  кеңістіктің құрылымының органикалық  бөлігі  екен деген  ойда  шегелейді,  Бұл әмбебапты толықтырмалық  принциптің жүзеге  асқандығы туралы  тұжырымға  әкеледі: қоғам,  ол  әр текті  болғандықтан,  тек  элитарлық  мәдениетпен  шектеле  алмайды,  және де,  сондықтан,  адамдар  өмірі  динамикалық  және  олар  көптеген  рөлдерді  ойнайтын  болғандықтан, бұқаралық  мәдениет  енді  өзінің  тамырларын  ұжымдық  бейсаналықтың  архетиптеріне  жайып  үлгерді,  ол  сананың  мифологендік  құрылымына  берік  орнықты  және  сол  мезгілде  қазіргі мифологияны  туындатты.

Сөйтіп,  бұқаралық  мәдениет қазіргі  кезеңде  көпфункционалды,  объективтік  құбылыс,  онымен  міндетті  түрде  тұрғындардың  барлық  қабаттарды  қамтылған,  және  мәселе,  біздің  ойымызша,  бұқаралық  мәдениет  динамикасын  басқаруда,  яғни  оның қажетті  және  ұтымды  бағыттарын  таңдаудың  тиімді  тетіктерін  қалыптастыруда  және  мәдени  құндылықтар мен  үлгілерді  құлдырауға  жеткізетін  түрлеріне  шек  қоюда  тұр.

Табиғи ассимиляция — әртүрлі этникалық топтардың тікелей қатынасы нәтижесінде, мысалы, аралас неке арқылы іске асса, ал зорлық-зомбылықты ассимиляция бөтен этникалық ортада этнос дамуының күшпен, қысыммен ассимиляцияның жасанды жеделдетілуін білдіреді. Этногенетикалық миксация да этнобіріктіруші процестерге жатады және бірнеше туыс емес этностардың бір-бірін физикалық алмастыруы арқылы іске асатын өзара әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Шетелдік әдебиетте бұл процесті белгілеу үшін “амальгация” немесе “мисцегенация” ұғымдары қолданылады. Бұл типтер неғұрлым тығыз этникалық процестермен сипатталады және, әдетте, жаңа этностардың түзілуімен аяқталады. Осы барлық біріктіруші процестердің барлығының ішінде этносарлық интеграция ерекше көзге түседі. Этнобіріктіруші процес ретінде этносаралық интеграция тілі мен мәдениеті әртүрлі этностардың өзара әрекетін білдіреді және осының нәтижесінде өзіндік сананың бірқатар ортақ элементтері мен сипаттары пайда болып, жаңа этностың емес, метаэтникалық немесе этносаралық қауымның пайда болуына әкеледі.

Этникалық процестердің даму кезеңдерінің де өз күрделі құрылымы бар. Бұл, ең алдымен, жеке этникалық және этносаралық процестер. Жеке этникалық процестер өзінің құрылымы жағынан аса күрделі емес, өйткені бұл шетелдік қоғамтану ғылымында “сақырлап қайнап жатқан қазан” деп сипатталатын ішкі этникалық процеспен байланысты. Және бұл этникалық қайта өрлеумен және этностық ішкі топтасуымен байланыстырылады. Ал этносаралық процестердің, әсіресе этнобірігуге негізделген процестердің құрылымы анағұрлым күрделірек.

Бұл берілген жағдайда этносаралық процестер бірнеше жекелеген кезеңдерге бөлінеді. Этносаралық процестердің ең бастапқы және қарапайым формасы алғашқы түйісу болып табылады және бұл жерде этносаралық контакт емес, бір этнос өкілдерінің келесісінің мәдениеті және тұрмысымен танысу ғана орын алады. Тек “адаптация” (бейімделу) мен “аккомодация” ғана этностар арасындағы нақты байланысты, бөтен этникалық ортаға бейімделуді білдіреді. Шетелдік әдебиеттерде адаптацияның бастапқы кезеңін маргиналдық кезең деп те атайды және бұл кезең автостереотиптің өзгере бастауы мен өзін жаңа қоғаммен бірегейлендіре бастауының аралығын сипаттайды. Қазіргі батыстық әлемде этникалық плюрализм формасы кеңінен таралған. Бұл кейбір жекелеген элементтері ортақ, тұтас ұлттық-мемлекеттік қауымдастықты білдіретін әртүрлі этностардың қатар өмір сүруі болып табылады. Бұл ұғым жоғарыда қарастырылған “этносаралық интеграция” түсінігімен белгілі деңгейде сәйкес келеді. Этникалық плюрализм бірнеше түрлерге бөлінеді. Мәдени плюрализм немесе аккультурацияның нәтижесінде өзге этностың кейбір жекелеген элементтерін, нормаларын, құндылықтарын игерумен байланысты этнос мәдениетінде өзгерістер болады. Келісімдік плюрализм шетелдік әдебиеттерде этникалық тиесіліктің, этникалық ұйымдасудың және этникалық өзіндік бағыттың ерекшеліктері сақталатын этносаралық процестер деп анықталады. Дұшпан плюреализмде этносаралық қайшылықтар шиеленісе түседі. Және, соңғысы, ресми плюрализм аз топтардың ерекшелігін құқықтық қорғау мен олардың автономиясының кепілін білдіреді.

Этносаралық процестердің келесі кезеңі өте тығыз байланыспен сипатталып, ассимиляция ұғымымен түсіндіріледі және аз топтың жойылып, бірте-бірте үстем этноспен сіңісуін білдіреді. Шетелдік әдебиетте ассимиляция қуғындау, жою және сегрегация жолымен жүретін — зорлық-зомбылықты және өзге мәдениетті үнемі игеру арқылы іске асатын — бейбіт ассимиляция деп бөлінеді.

Берілген жағдайда ағылшындандыруды зорлық-зомбылықты ассимиляция деп айтуға болады, өйткені ол ағылшындық құндылықтарды таңып, өз тіліңнен, мәдениетіңнен және т.б. бас тартуды білдіреді. Бұл процеспен салыстырғанда дұрыс қазан прогресивті, өйткені ол дискриминацияны, бір этникалық топтың үстемдігін теріске шығарады.

“Дұрыс қазан” барлық этникалық айырмашылықтарды қайта қайнату нәтижесінде жаңа этностың пайда болуын білдіреді. Дұрыс қазанның үш тұтастықты процесі бірқатар кезеңнен өтеді: конфессионалдық, кейіннен мемлекеттік ортақтық шеңберіндегі айырмашылықтарды өшіру.

Этносаралық процестердің соңғы кезеңі шетелдік әдебиетте „амальгамация” немесе  „мисцегенация” деп белгіленеді және нәсілдік-мәдени топтардың биологиялық алмасуын білдіреді. Этникалық және этносаралық процестердің сипаттамасын және олардың классификациясын аяқтай отырып, бұл процестердің қозғалыссыз қалпында берілген типологияға сәйкес келгенімен, динамикада мұның көрінісі бір мағынада бейнеленбейді. Бұл процестер этникалық қауымдардың  әр түрлі деңгейлерінде және әртүрлі бағыттарында бір мезгілде іске асады. Этносаладағы нақты процестер мен оқиғаларды талдау барысында біз әрқашанда оның күрделілігін, бірмезеттілігін, қайшылықтылығын және әртүрлі бағыттылығын ескеруіміз қажет.  

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық дүние болып қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда өсіп жетеді, этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен дүниетүсінуінің ерекшелігін әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының қайталанбайтындығын бекіте отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих тәжірибесіне ашық, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл мәдениеттермен өзара әрекет етуге дайын, тек сондай мәдениет үшін ғана болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық рухани мәдениет ашық, өзін өзі ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде дамуға міндетті. Бұл үшін жағдайды жасау — өзіне өркениеттік шұғыл өзгерістердегі қазақстандық қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін алған, жаңа ақпараттық қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар әлеміне еніп бара жатқан, мемлекеттің ісі.

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық барлық салаларда дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап өткіміз келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес, осы сынды  Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға қарамай, қазақ рухани мәдениеті өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.

Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.

Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай, мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Бұл жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени және тарихи мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған объектілерді де), ұлттық рухани мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, мәдени құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және оның ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады.

Қазақ рухани мәдениетінің әлемдік қауымдастыққа интеграциялануында, оған Қазақстан 1992 жылы кірген, ЮНЕСКО халықаралық ұйымының рөлі маңызды. ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген ауқымды шаралардың арасында Абайдың 1995 жылғы 150 жылдық мерейтойын және 1997 жылғы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын халықаралық аталып өткенін ескерген жөн. Париждегі коллоквиумға және Алматыдағы конференцияға қатысқан, француз философтары Ж.Перар мен М.Перро Абай шығармашылығын зерттеу мен талдауға ерекше үлес қосты және оған жаңа тұрғыдан келіп, Абай мен Серен Кыркегордың көзқарастарына салыстырмалы талдау берді.

Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты түрде жасап шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет пен өнер саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту ойластырылған және мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және кадрларды ротациялауда тұтас жүйені құру, менеджерлер мен әлеуметтік қызметкерлер сияқты, жаңа мамандықтар бойынша мамандар дайындау ісіне басымдылық керек.  Кәсіби өнерді қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген және біздің Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен, халықтық, фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие.

Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт институционализациясының жүйеқұрастырушы факторы болып табылады.

Рухани мәдениет қайта жаңғыруының мысалына қазақ мәдениетіндегі жаңа есімдердің жарық шоғыры жатады.

Беделді дүниежүзілік сахналарда Жәния Аубакирова, Айман Мұсаходжаева, Марат Бисенғалиев, Гаухар Мырзабекова, Әмір Тебенихин, Алан Бөрібаев сияқты дарынды қазақстандық музыканттар табыстарға жетіп жүр.

Шетелдердегі үздік қазақстандық әншілердің мойындалуы қуатты вокальдық мектептің бар екендігінің және әрекет ететінің куәсі бола алады. Осының дәлеліне халықаралық конкурстар мен гастрольдерде Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Ерік Құрманғалиев, Майра Мұхаммедқызындай орындаушылардың жетістіктері жатады.

Қазақстандық кинода да «Жаңа толқын» өз орнына ие. Бұл халықаралық кинофестивалдардағы Серік Апрымовтың «Үш аға-іні», Дәріжан Өмірбаевтың «Қайрат», Әмір Қарақұловтың «Көгілдір дабыл қағушы», Талғат Теменовтың «Қызғыш құс», Ермек Шынарбаевтың «Бос арбадағы орын», Болат Қалымбетовтың «Соңғы суықтар», Виктор Пұсырмановтың «Қайсар», Сатыбалды Нәрімбетовтың «Жас аккордеонист өмірінің сәттері», Ардақ Әмірқұловтың «Отрардың күйреуі» және т.б. фильмдері үшін алған жүлделері.

Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық процестері жүзеге асуда, сондықтан этнос рухани мәдениеті әлемдік мәдениет кеңмәтінінен тыс өмір сүре алмайды. Ұлттық мәдениеттің қайталанбайтындығы оның адамзаттың өркениеттік қозғалысынан бөлектенуін ұйғармайды.

Дегенмен жаһандану процесі біздің көп дәстүрлі – мәдени құндылықтарымызды  жойылып жатыр, бірақ біз бұдан шет қала алмаймыз, өйткені бұл тоқтаусыз жүре беретін процесс. Біз жоғарыда атағандай бұл үдерісте, бір жағынан, ұлт өз мұрасын сақтап, өзінің тарихи субъект мәртебесінен айырылғысы келмесе, екінші жағынан, әр ұлт жаңаруға, басқадан үйренуге бейімді. Осы екі үдерісті ұштастыру оңай емес әрине. «Жапония рухы, Батыс технологиясы» («Японский дух, Западная технология») қағидасын жүзеге асырып, жапондықтар өз мәдениетін сақтап дамытуда. Бұл қағиданы басқа да Оңтүстік Азия мемлекеттері басшылыққа алуда. Бұлардың ұстанымы: «Ойың әр жақта, әрекетің дәл, нақты болсын («думай глобально, действуй локально»).

Осы мемлекеттер сынды бізде жаһандану процесіне сенімді интеграциялануымыз қажет. Біздің рухани мәдениетіміз бай, тамыры терең. Қайта сол батысқа, яғни еуропа мемлекеттеріне біздің мәдениетті сіңіріп жіберуіміз қажет. Әрине бұл негізде біз бірінші өзімізді танып алуымыз қажет, өзімізді танып алмай, өзгеге таныта алмаймыз. Ресей ғалымдарының көбісі бұл жаһандану процесі ұлтты жойып жіберітін жойқын күш деген пікір білдіруде. Олар: А.Панарин.А.Н. Чумаков т.б.

Бұрынғы Қытай философы Конфуций былай деген екен: бір мемлекеттің жойылып немесе аман қалуы, оның халқының аз көптігіне байланысты емес, ол халықтың рухани бірлігіне байланысты. Осы айтылғандай біз өзіміздің осы XXI ғасырда, яғни жаңарған ғасырда сол байырғы рухани құндылықтарымызды жаңғыртсақ, бұл жаһандану процесінен ұтылмаймыз қайта бұл процесте негізгі орынды алыуымыз ғажап емес. Н.Ә.Назарбаев айтқандай: ұлттық идея елдің құрылымы, ұлттың фундаменті, бұл құндылықтарды бүгінгі қоғамға биімдеп дамытуымыз қажет.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Степин В.С.Проблемы цивилизационного развития и глобальные процессы // Диллемы глобализациии. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. — М.., Вариант, 2002.– 420с.
  2. См. Златев В.В.Вектор перемен и глобализация. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. — М., Вариант, 2002.– 215с.
  3. Вебер А.Б. Глобализация и устойчивое развитие: проблемное поле. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. — М., Вариант, 2002.– 283с.
  4. Тимофеев Т.Т. Парадигмы глобализации. – В кн.: Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. М., «Вариант», 2002.– 300с.
  5. Бледсо У. Глобализация и цивилизации. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. М., Вариант, 2002.– 331c.
  6. Шиков Ю.В. Глобализация экономики – продукт индустриализации и информатизации социума. // ОНИС – 2002.- 250c.
  7. Бенсон С.А. Фактор сионизма. Влияние евреев на историю XX столетия. – М., Руский вестник, 2001.- 120c.
  8. Новая философская энциклопедия. – М., Мысль»., раздел Капитализм, 200-420c.
  9. Цит.по: Клесников А. Незаконченная история? — Известия, №93 за 29 мая 2001.- 220c.
  10. Бело У. Вазможности и переделы глобализации. // «Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. М., Вариант, 2002.- 488c.
  11. Стиглиц Джозеф. Ревущие девяностые. Семена Развала. – М., Современное экономика и право, 2005.- 280c.
  12. Кастельс М. Глобальный капитализм и навая экономика: значение для России. // Постиндустриальный мир и Россия. И., 2001.- 220c.
  13. Там же. 2001.- 276c.

14.Уолден Белло. Вазможности и переделы глобализации. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: Иллиузии и риски. М., Вариант, 2002.-485c.

  1. 15. Р. Петрелла. «Националистические и региональные движение в Западной Европе». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 320c.
  2. 16. М. Шадсон. «Культура и интеграция национальных обществ». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 150c.
  3. 17. М. Шадсон. «Культура и интеграция национальных обществ». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 250c.
  4. 18. Б. Андерсон. «Воображаемые общности. Размышления о происхождении и распространении национализма». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 350c.
  5. 19. А.Б. Капышев. «Глобализация и духовное развитие личности». Глобализация и диалог конфессий в странах Центральной Азии. Материалы междунар. научно-прак. конф. Алматы, ИФиП, 2002.- 150c.
  6. 20. Э. Геллнер. «Нации и национализм». М; «Прогресс». 1999.- 350c.
  7. 21. Э. Геллнер. «Нации и национализм». М; «Прогресс». 1999.- 350c.
  8. 22. Э. Геллнер. «Национализм». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 400c.
  9. 23. Б. Андерсон. «Воображаемые общности». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 200c.
  10. 24. Б. Андерсон. «Воображаемые общности». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 200c.
  11. 25. В.В. Коротеева, Теория национализма в зарубежных социальных науках. Рос. гос.гум. универ. 1999.- 250c.
  12. 26. Ф. Риггс. «Аспекты содержания этничности». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 190c.
  13. 27. М. Чешков. «О видении глобализирующегося мира».//МЭ и МО., № 6. 1999.- 350c.
  14. 28. Казахстанская политологическая энциклопедия. Гл. ред. Т.Т. Мустафин. А; КазГУ. 1998.- 396c.
  15. 29. Энтони Д. Смит. «Образование наций». Этнос и политика. Хрестоматия. М, Изд-во «УРАО», 2000.- 401c.
  16. 30. В.В. Коротеева. Теории национализма в зарубежных социальных науках. Рос. гос. гум. универ. 1999.- 120c
  17. 31. Дж. Коммарофф. «Национальность, этничность, современность: политика самоосознания в конце ХХ века». Этничность в полиэтничных государствах. Мат. междунар. научно-практ. конф. М; Изд-во «Наука», 1994.- 250c.
  18. 32. Ю.А. Васильчук. Социальное развитие человека в ХХ веке. Фактор культуры. // ОНС. № 1. 2003.- 190c.
  19. 33. Л. Демидова. Сфера услуг в постиндустриальной экономике. // МЭиМО. № 1999.- 240c.
  20. 34. В.Г. Хорос. Актуальные проблемы глобализаций // МЭ и МО. № 47 1999.-495c.
  21. Қазақстан Республикасы мәдени дамуының тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазӨМҒЗИ, 2002.– 209б.
  22. Шилз Э. «Массовое общество» и его культура // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
  23. Темирбеков С.Т. Национальная культура в контексте современной рыночной цивилизации // Современные проблемы развития национальной культуры. – Алматы: ЮКГУ, 1998.– 327c.
  24. Лебон Г. Психология народов и масс. – СПб, 1896.- 342с.
  25. 39. Алимжанова А.Ш. Эстетическая культура // Философия: Раритет, 2006.- 38с.
  26. Маклюэн М. Культурная коммуникация: срелства «горячие» и холодные» культура // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
  27. Фелипе Перес Роке. Выступление на 59-й сессии ГА ООН. //Казахстанская правда. – 2006.- № 23.-c.5-7.
  28. Тоффлер Э., Тоффлер Х. Создание новой цивилизации // Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. — № 1-2 (8-9). — 2000.– 106с.
  29. Бюкенен П. Дж. Батыстың ажалы //Жас қазақ. – 2006.- № 30.- б.8-12.
  30. Adorno T. Ohne Leitbild. // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
  31. Кьяромента Никола. Век ложной веры. // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.

46 Монтень М. Опыты. – М.-Л.: Искусство, 1960. — Кн. 3.– 387с.

  1. Бердяев Н. Судьба России: Опыты по психологии войны и национальности. – М.: Философское общество СССР, 1990. — Репринтное воспроизведение издания 1918 года.– 240с.
  2. Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. — № 1-2 (8-9). — 2000.– 106с.
  3. Әуезов Мұхтар. Таңдамалы: монография, зерттеулер, мақалалар. Алматы: Қазақ энцикл., 1997.- 512c.
  4. Ортега-и-Гассет Х. Человек и человечество // Избранные труды. – М.: Весь мир, 1997.– 704с.